audio audioduration (s) 2.9 19.2 | transcript stringlengths 61 206 |
|---|---|
екеуінің басы қосылған соң не уайымы бар бесінге қарай көк жүзін түгел бұлт торлап алды ауадағы | |
бір түрлі жұмсақ бұйығы тыныштық бейне алғашқы қан сонардай манаурап тұр табиғаттың осындай күйі не күзде | |
осындайда қоспан өзін өзі билей алмай бұлдыр үміт тәтті қиялға елігіп бойына шым-шымдап рақат кіреді | |
табиғатпен бірге қатқыл көңілі жібіп жаны бусанып көкірегін үнсіз дыбыссыз күй кернейді | |
оқшау тұрған дөңқара жұқа қардан бойы асқан қараған тобылғысы қарауытып жап-жақын боп көрінеді | |
ырғағы белгісіз майда қоңыр күй бұл кезде өзін жалықтырған жалғыздыққа қоспанның жаны жайыла түсетіндей одан батысқа | |
оның да бергі беткейіндегі ойпаңы шүйгін бірақ қазір қары қалың қой тұяғына жеткізбейді аспанды түгел жапқан | |
құнжыңдап жайылып жатқан алты жүз қой мен қоспаннан басқа бұл өңірде қыбыр еткен тіршілік иесі көрінбейді | |
бірақ жым-жырт тына қалған табиғат бір нәрсені бағып тұрғандай сонау дөңеске қылаң етіп түлкі шыға келе | |
мамықтай майда қар тығыздалған ескі қардың бетін жаңартып қалқып келіп түсіп жатыр ауаның да салқын-сергек лебі | |
қоспан атын жетелеп қойына қарай аяңдады жаңағы бір тәтті көңілі әлі бұзылған жоқ тек бұлттың беталысын | |
жауған қарды елең қылмай қойлар жайылып жүр жоталары аппақ бір елі қар тұрған жақындай бергенде көкшулан | |
көгілдір аралас құлпырып тұратын түгі аппақ қалай ар жағыңа ел қонды ма иесіне жауап қатқандай көкшулан | |
өзге қойлар да жерден басын алып бақташысына қарайды әлденеге елегізген түрлері бар ма қалай қойдың арғы | |
жаңа ғана құйрығы қайқаңдап құтпанның алдында көлеңдеп жүр еді енді мүсәпір бола қапты | |
арлан төбет құтпан еш нәрсемен ісі жоқ маңқиып қойдың шетінде оқшау жүр | |
тыныш жатқан малдың ұйтқысы бұзылайын деді мүләйім көзімен иесіне жыламсырай қарап қыңсылап қояды қоспанның бетін шымырлатып | |
ышқына соққан зәрлі жел ауаны осып-осып жіберді де ішін тартып тына қалды | |
теріскейден ызғар лебі келе жатыр тыныш жатқан малдың ұйтқысы бұзылып өре тұрды қоспанның да көңілі мұздап | |
желдің тығыны қайтадан ағытылып кеткендей қалыңдап жауған жапалақ қарды түтіп ала жөнелді | |
қоспан тез атына мініп топырлап ыққа қарай ойыса бастаған қойларын желге қарсы қайырды | |
бұрқыраған қарлы боран қаптап келеді лезде ақ боран қоспанды қойымен бірге қоршап алды ойы тезірек дөңқараның | |
бірақ қылшық жүнінің арасына ызғарлы жел кеулеп кірген қой бүрсеңдеп боранға қарсы беттей алатын емес | |
тор төбелін борбайлата қамшылап шәйт шәйт деп айқайлап қойдың бетін солай бұра берді алдыңғылары бүйірлеп шегіншектеп | |
желдің өтіндегілері сытылып шығып кейін қарай қашады оған ілесе өзгелері де жапырылады ұйтқыған боран омырауына мойнына | |
алдыңғы жақ ақ түтек жаңа теңкиіп тұрған дөңқара көзден ғайып болған қоспан тор төбелді тақымдап қамшы үйіріп айқай | |
бетіне төпелеп ұрған қар кірпік астын жасқа толтырып көзін аштырмайды ат үстінде аласұрып жүрсе де көкірегін | |
қара басып күн райын неғып байқамай қалды мана ертерек айдап кеткенде ендігі дөңқараның түбегінде болар еді | |
әншейінде күннің қабағын қапы жібермеуші еді жамандыққа көрінбесе не қылсын қорқынышты ойлар қобалжытқан сайын қоспан ширығып | |
не де болса боранды маңдайымен сүзіп жылжи бермек бірақ аттаған қадамы кейін кетеді адам деген де | |
жадырап келіп күлімдеп қолын созғанда қоспан кірерге тесік таппай көзімен жер шұқып қалмаса қайтсын | |
осындай жан ұшырған алас-қапаста үзіліп-жыртылып қай-қайдағы ойлардың ұштығы елестейді көз алдында қасболат жалт береді мына боранның | |
дөңқараға тырнағын іліктірсе жарар еді-ау бірде көзіне үйде қалған жаңыл елестейді бүгін орталықта жүр ғой | |
әлде екі өкпесін қолына алып бет-бетіне бытырай қашқан тоқтыларды қуып жанығып жүр ме екен | |
үсті-үстіне ұйтқып бетіне түскен қар еріп мұздай су болып қайта тоңазып екі бетіне қылқандай қадалады кірпігінде дымқыл қырау | |
тоқтыларын шашыратпай қораға қамап алса жарар еді әйел байғұсты жалғыз тастап кеткені төңірек кеугім тартып қараңғыланып | |
тұмсығына қар кептелген тор төбел мойнын төмен салып пысқырып алады кейде қылаң етіп ат аяғына оралған | |
уақыт өтіп болар емес бірақ қойлардың жүрісі де өнбеді кім біледі мүмкін дөңқараға жақындаған да шығар | |
биік дөңнің қалқасына кірсе желдің ызғары қайтып сала берер еді қоспан айқайлап қамшы үйіреді қойларды желге | |
бір кезде байқаса үйірілген қой бір орнынан тапжылмай қалған бұл тек шетке шашау шыққанын қайырумен ғана | |
оларды ілгері жылжытайын деп атпен омыраулай бергенде тұтасып ұйысып тұрған қой қақ жарылып кейін қарай лоқси жөнелді | |
тағы да жан дәрмен қылып тырбанып еді болмады бір-екеуінің алдын бөгесе жүзі ағытылып кетеді сонысы енді | |
күннің қабағы бұзыла бастаған соң-ақ жаңыл тоқтыларын қораға қарай айдады өңшең марқалар ыққа қарай қутың-қутың жүгіріп | |
лезде түтеп кеткен ақ боран жақындап қалған аласа қораны бұлдыратып көзден жасырды | |
жаңыл қойын алысқа айдап кеткен күйеуін ойлап күннің райы тез бұзылды ғой апыр-ай аман болса игі еді деп | |
күн ұзаққа иесіз тоңазып қалған үйіне кіріп шам жақты қазан астына от тұтатып шай қойып жіберді | |
мұздай үйде бетін қидың түтіні шарпып бойы жылып келеді бірақ жападан-жалғыз езі тынышталып отыра алмады күйеуін | |
осындайда қара болатын қайтып оралмады бірақ оған асықпай-ақ қой қалқам жолдан шалдың үйіне қонарсың | |
олай демегенде қайтсын баласыз жаңыл қаламүшті іштен шыққан перзентінен кем көрмейді бірақ қаламүш мінайдар шалдың кіші | |
қоспанды аға жаңылды апа деп өз үйінен гөрі көбіне осылардың қолында болды | |
бұлар көшіп келгенде бес жасар еді жаңылға көбірек үйір боп бауыр басып кетті сол кезде елуден | |
еркелетіп кішкентайында қаламүш атап еді биыл он тоғызға шықса да сол атымен келе жатыр | |
шын аты ғалымжан екі үйдің ортасындағы тел қозы өткен жылы оныншы класс бітірді де қоспанға көмекші | |
екеуі тапқан-таянғанын осы баланың аузына тосып үстіне жапсырады бірақ мінайдар қарттың аузынан бердім деген сөз шыққан | |
елгезек халге түсіп көңілдері лүпілдеп тұрады шығар қиналып қалар деп баспай қойды | |
қаламүшжан жөнінде құлақ қағыс қылсайшы деп еді ол өзі де аңғаратын парастты кісі ғой сірә үндемеуі тегін емес | |
әрине оған бола енді өз құрсағынан перзент дәметпейтін жаңылдың қаламүшке деген ықыласы ортайған жөн қайта арта түсті | |
жаңыл қоспанға шалдың ұлы да бар қызы да бар бетін қыздыра шарпыған жалыннан көзі жұмылып кірпігі | |
жаңыл тағат тұтып отыра алмады пальтосын кие салып далаға шықты қас қараюға жуықтаған боран үдей түскен | |
есіктің алды омбы қар жиырма-отыз қадамдай ұзап барды да селтиіп тұрып қалды түтеп тұрған бораннан еш | |
бірақ не дәрмен қыларын білмей дал болып тұра берді ауыз бөлмеде керосин шам сығыраяды үйдің іші | |
қазандағы су қайнап кетіпті ас салуды ұмытқан екен күні бойы қой жайып денесін суық қарып қалжыраған | |
жаңыл шай ішті қойшы әйелі жалғыздыққа жалықпайтын бірақ осы жолы елегізіп ішкен асы бойына сіңбеді қой | |
үйдің іші қара көлеңке ошақта қи шоғын қоламта басып қызылы семіп барады жым-жырт далада ұлыған боранның | |
жаңыл қыбыр етпестен ұзақ отырды ойы екі жаққа жүгіреді бірі қаламүш бірі қоспан бала күннің бұзылғанын | |
әрине осындай жалғыз елегізіп отырғанда оның келгені жақсы болар еді бірақ мына боранда жол таба ала | |
далада үсіп қасқырға ұшырап жүрсе япырай балалық жасамаса не қылсын терезенің кішкене әйнегіне тысырлап қар соғады | |
есік жақта да бір нәрсе сықырлай ма жаңыл әр дыбысқа селк етіп апшысы қуырылып берекесі қашты | |
жүрегі құрғыры бір жамандықты сезе ме неге сонша дегбірі құрыды әлде екеуінің біреуі қора маңында адасып | |
көңілі далаға екі рет шықты тың тыңдады ысқырған боран желдің беті өзгермепті денесі жылып маужырап | |
жаңа ғана сыртта тұрып тоңып кіріп еді шығарыңқырап қойған ондық шамның сәулесі кірпік арасын қытықтайды қазан | |
жаңылдың құлағына ыдыс-аяқтың сылдыры дабырлаған әйел дауыстары келгендей болады олардың неге келгенін де біле бермейді осылар | |
әйтеуір бір жамандықтың нышаны бар бір қараңғы тылсым үрей төніп келе жатқан сияқты онда бір қатты | |
сол не нәрсе еді иә иә да осындай қысты күні қолында конверт майдандағы қоспаннан төрт-бес айдан | |
кенет лап еткен көңілі су сепкендей басылды сыртындағы адресі жат қолмен жазылған бір жамандықты сезгендей жүрегі | |
жаңыл алғашқыда хатқа жазылған сөздің мәнісін түсіне алмады сіздің күйеуіңіз хабарсыз жоғалып кетті қайда кетті неге | |
не де болса қоспан бір жамандыққа ұшыраған ғой апыр-ай тірі ме екен жүрегі зу етіп төмен | |
кенет өзі де қоспан мен бірге белгісіз үрейлі қараңғылыққа сүңгіп баратқандай болды | |
осыдан біраз уақытқа дейін оңала алмады жұмысқа да шықпады төрт жасар баласы мұратын құшақтап отырды да | |
үйдің ішін астан-кестен қылып асыр салып жүретін тентек мұрат анасының қасіретін түсінді ме бір түрлі жуасып қалды | |
көзі жаутаңдап шешесінің бетіне қарай береді жаңылдың жүнжіп баратқанын көрген көрші қатындар келіп кеу-кеулеп ортаға алды | |
қаза болды демепті ғой тірлігін сұра құдайдан тірі адам оралады ғой ойбай-ау тіпті қара қағаз алғандар | |
саған не болған сонша қой мұратыңды жүдетпе осы сөз ем болғандай басын көтерді бірақ көңіл қошы | |
тату-тәтті өмір қабақ шытыспаған жарастық тұрмыс бір ғана жалт етіп арылмас армап тастап кетті | |
қоспан сол кеткеннен хабарсыз кетті күн асқан сайын жаңылдың сағынышы аһ ұрған арманы үдей берді тағы | |
сығырайған соқыр терезесіне қарын ұстаған аласа кішкентай бөлме есік жақтағы қазақы пештің аузына қазан қондырған кішілеу | |
олардың әдеттегіден баяу қимылдарында қасірет көлеңкесі түскен жүздерінде күбірлеп сөйлескен сөздерінде қаралы салтанат бар | |
ішінде бір нәрсе қайнап жатыр бұрқ-бұрқ бу шығады кішкентай бөлменің іші толған әйелдер көбі кемпір кейбіреулері | |
қазаннан шыққан сорпаның тәтті жылы иісіне қабырғаның дымқыл шымының иісі қосылып оған біраздан бері пайда болған ауру жатқан | |
уһ деп кекіре күрсініп қояды жаңылдың жасы биыл онға қарады бәрін түсінеді анасы осыдан бір ай | |
басында жай ыңқыл-сыңқыл сияқты көрініп еді бірақ кейін кеселі ұлғайып бара жатты кішкентай жаңыл от жағып | |
кейін есін жиғанда шешесінен апа өлмейсің бе деп жалына сұрайтын өлмеймін қалқам өлмеймін сен тұрғанда неге | |
су алып берген қазан астына от жағып кіріп-шығып жүрген әйелдер бәрі де бір нәрседен үріккендей ұрланып аяғының ұшымен | |
бәрі көрінбейтін ұлы табалдырыққа таянғандай сол табалдырықтың ар жағы сыры белгісіз үрейлі киелі дүние | |
бүгін бір жамандықтың боларын іші сезді басын көтеріңдер аузына су тамызыңдар дейді әйелдер күбірлеп жаңыл үріккен | |
жаңылды қасына әкеліңдер бақұлдасқысы келіп жатыр ғой байғұстың жаңылды ұстап жетектеп төсекте жатқан шешесінің қасына әкелді | |
өз анасының қасына баруға шошып буыны дірілдеп әзер жетті апасының бет сүйегі шығып иегі үшкірленіп кеткен | |
жоқ бұл өз апасы емес жаңағы көрінбес табалдырықтың ар жағына шығып кеткен жат адам | |
жұпыны кішкене бөлменің ішіндегі болымсыз дүниені буып-түйіп ұштап аузы жалпылдап тынбай сөйлеп жүр | |
бұрын да жүдеу еді бірақ мына түрінен жаңыл шошып қалды жаңыл қорыққанынан шыңғырып жылап жіберді жаныңа |
End of preview. Expand in Data Studio
README.md exists but content is empty.
- Downloads last month
- 10