Dataset Viewer
Auto-converted to Parquet Duplicate
audio
audioduration (s)
4.2
22.2
transcript
stringlengths
55
180
бұрын бұл қаланың айналасы ит тұмсығы батпайтын жыныс орман екен енді жан-жағы үш-төрт шақырым жерге дейін
каторжниктер қашып арасына тығылып қалмасын деп орманды жағалай отап өртеп жіберген деп
не болған десек білетін орыстар айтады бодойбоның түрмесінде біз нағашымыздың ауылына келгендей болып қалдық тұңғыш рет
ауқатты да біршама берді тоя жейтін болдық сөйтсек бұл жаңа тозақ алдындағы аз күн бой жасау
алыс жолдан арығандарды аз ғана әлдендіріп алған соң түрмеден айдап шығып түксиген жартастың етегіне алып барды
мұны жартас кеніші деп атайды екен бүкіл бодойбодағы ең терең ең ауыр кеніш осы болса керек
жер астындағы қараңғы көрге тірідей кіргізді көлбеу сатымен бір-бірлеп қаздай тізіліп түсеміз әр жерде жылтырап шырағдан
төбеден су тамшылайды шиқылдақ жаман ағаш саты тайғанақ абайламай тайып кетсең көрің терең апан үңгірдің түбіне
ал кеп тасты соққыла қазылған тас пен топырақты тәшкеге салып сыртқа шығарады алматының түрмесінде сен атқора
алтын деген жарықтық басындай болып жатады екен десек кәдімгі құдайдың қу құм топырағы
алтын дегеніміз осы екен соны жоғары шығарып сулы науамен важгерт төгеді екен важгерт дегені кәдімгі киіз
үлкен киіз алтын қиыршығы құмнан ажырап сол киізге ұйығып қалады екен жұмыстың бар түрі осы тұрар
тізеңнен шылқылдаған су кешіп жүріп қараңғы жердің астын көртышқанша қаза бересің қаза бересің
бірақ бұл нағыз тозақ қарауыл деген ит жаналғыштан жаман сәл дамылдасаң аямайды жердің астына таң қараңғысында
шахтадан шыққанда бізді бараққа кіргізіп анамыздан жаңа туғандай тыр жалаңаш шешіндіріп қойып тінтеді
сондықтан біз күннің жүзін көрмейміз қомыт киімнің жыртық-тесігін түгел тіміскілеп шығады алтын ұрлайды деп күдіктенеді бірақ
бәрі құм топырақ оның алтыны қайсы құмы қайсы айыру қиын каторжниктің миын бұл ой күндіз-түні шаққылайды
бірақ қаша қалғанның өзінде қаржы керек әрине алтының болса елге жету оңайырақ әсіресе көктем шыға жаның
қар кетіп көк шыққанда түстіктен құстар қайтқанда сол құстар келген жаққа каторжниктің көзі мұңая қарағанын көрсең атасына налет
бодойбода не көп кеніш көп каторжниктер соның бірінде ғана істейді басқаларында жай жұмысшылар істейді көбісі ресейден
бодойбодан байып қайтпақшы болған бейбақтар яғни каторгаға өз еркімен келгендер аяқ-қолында кісені жоқ демесең олар да
бір кило жарма ресейде екі сом ол мұнда төрт сом бір пұт тұз ресейде қырық тиын
тапқаны қу тамағына жетпейді көзі ашық орыстар айтады саймасайлар мұнда да бар жұмысшы сорлы бала-шағасын асырау
қарызданып тәуелді болған сорлы өмір-бақи құлдықта қалады құтыла алмас құлдық қамыты мұнда да көп бас-басына үй
ішіне торғай қамасаң тұрмайтын жыртық барақтарға бала-шағасы да бойдағы да араласып сығылысып жататын көрінеді
оларға қарағанда түрме бейіш дейді біздің орыстар жыртық барақтарын жамаудың амалын қара ол сірескен мұз болып
мұз сылақты қаланың адамдары ақыры азапқа шыдай алмай бастыққа барып жұмыс жағдайын жақсартып жалақыны көбейт деп
талап қоймақ болып бәленбай мыңы жиналып ұлығына бара жатқанда солдаттар қарусыз бейшараларды мылтықпен атып жусатып
бұл сұмдықты біз көре алған жоқпыз бірақ түрме қанша бітеу болса да сырттағы хабар абақтының қамалынан өтіп
сөйтіп жатақтың жыртығы бітеледі сол сойқаннан кейін бізге де қарауыл бұрынғыдан бетер күшейтілді лена қырғыны деген
көзі ашық орыстар айтады патшаның күні таусылды енді көп ұзамас жағдай өзгереді бізге де бостандық болады
әйтеуір бір зор дауылдың жақындап келе жатқанын оқымасам да мен сезетін сияқтымын
ондай атты күн болса сенімен қауышар күн туар тұрар сол дауыл адам өміріндегі жоқшылық алдау-арбау бәле-жала
баяғы алматының түрмесіндегі тамыр ескендірдің айтқан ленин деген кісісін мұнда ауызға жиі-жиі алады
естіген сайын құлағым елеңдеп менің бір жақын адамымды атап жатқандай ішім жылып қалады
сол ескендір шынында көреген екен алғаш содан естігенде нана қоймап едім енді мұндағы халықтың бар сенгені
жартас кенішінің түбінде майып болмасам жақсылыққа мен де жететін шығармын деген үміт жанды жылытады
сол пушкин патшаға қарсы шығып каторгаға бұдан жүз жыл шамасы бұрын айдалған декабристерге мына өлеңмен сәлем жолдаған екен
во глубине сибирских руд храните гордое терпенье не пропадет ваш скорбный труд дум высокое стремленье деп
оқыған орыстар пушкин деген ақынның өлеңін айтады қазір мен орысшаны біліп қалдым ғой сол пушкин тағы
кісендер талқандалып абақтылар қирап бостандық таңы атады сонда қолдарыңа алдаспан алып жауды жайратасыңдар депті пайғамбар ақынның
аяқ-қолдағы ауыр кісенге бауыр басып кеткенім соншалықты егер оның кілті ашыла қалған күнде тастамай ескерткішке ала кетемін
патшаның иттерінің басын шауып сол қанжарды жау қанына суарсам менде қандай өкініш бар
мүмкін бұл кісеннен қанжар соғуға тұра келер тағы бір арман-тілек кісенімнің қанжардан артылған бір түйірінен мен
сенің туған анаң қалипа дүниеден ерте көшті тұрар қолына сақина сала алмадым
одан кейінгі алғаным ізбайша сенің туған анаңнан кем болған жоқ шиеттей екі нәрестені сенімен түйметайды аналық
құла дауыл қу тіршіліктің күйбеңімен жүріп оның да саусағына сақина кигізе алмадым
жылдар жүзіне ер адам жар құшағынсыз күн кешудің ахиреттей қасірет екенін мен саған тәптіштеп жатпаймын ұлым
несін жасырайын сібірдің ұзақ түндерінде мен ізбайшаны да көп ойладым сен де ер-азамат болып өсіп қалған
ал менің неғайбыл нәлет жолыма қарап әлі де күтіп жүрген болса мен кісеннен соққан темір сақинаны оның періштелі
құдай саған алдағы күнде алған жарды адалынан берсін ізбайша менің адал жарым еді ақылы болса мұнысы
бірақ жылдар бойы серік болған сұр темірге ет үйренді ол да менің бір мүшемдей бойға сіңісіп кеткен
егерім менің алғаным ізбайша әлі бар болса сағыныш жалынына тапталған қасірет буына суарылған менің шыдамыммен шыңдалған темір сақинаны
бодойбодан бір сақиналық алтын да табар едім бірақ алтын сақина рысқұлдың жары ізбайшаға жараспаса керек
рас темір кісен аяғыма тұсау болып адымымды аштырмады менен арылмай келе жатқан бір арман сыры осындай
тұрар бауырым менің бұл хатымды мен жұлдыздарға тапсырдым біріне-бірі қол жалғап саған жеткізер аян берер әкеңнің
менен күдер үзбегейсің менің оңайлықпен жан бермейтінімді сен білесің ғой аспандағы жұлдыздар сағыныштың киесі көрінеді бодойбоның
сені менің сағынышым желеп-жебеп жүргей тұрар жарық дүниенің жүзінде көрісуге жазсын тағдыр екеумізді әкең рысқұл ташкенттен
бекет-бекетте ат ауыстырып аз тыныстап аялсыз салып ұрып жүріп отырғанның өзінде араға екі күн салып әулие-атаға әрең жетті
атшабардың астындағы керуен сарай бекетінде ауыстырар ат жоқ болып шықты ташкенттен келе жатқан ротмистр бекетшіні жағасынан
бекетші да құдайдың пендесі ғой дегенде ротмистрдің қолын жағасынан жұлқып тастап-ақ еді екі иығына екі кісі
мінгендей бадырақ көз дембелше қазақ генерал-губернатордың есімін естіген соң желі шыққан торсықтай солып сала берді
тез тап аттарды деді әлгінде ғана тың аттарды ояздың өкілі жегіп жүріп кетті да меркеге бара
ояздың мекемесі қай жерде кауфман көшесінде мырза үлкен сары үй жүріңіз мен ертіп апарайын деп елпеңдей
күймедегі жолаушылар жерге түсіп аяқ-қолын жазды ташкенттен мінген ғалым-этнограф саквояжын ашып тамақ жеуге кірісті тұрар өзінің
аш өзек үзіліп кетердей сазып тұр соны байқаған этнограф дәмге шақырып еді тұрарды намыс жібермеді онсыз
қашанғы масыл бола береді рақмет тамаққа тәбетім жоқ деді жоғарыдағы атшабарға шығып қайтпақшы болып бір тұрды
іс түлкібастан не меркеде базарлап келген ағайын кездесіп қала ма деген дәме
түлкібастықтардан бәлендей біреуді жыға тани қоймас бірақ жөн-жосық сұрастырса өзінің аты-жөнін айтса бұл тарапта мұның әкесін білетін қазақ-қырғыз
әйтпесе түйе табан қисық етіктің ізі рысқұлдың өмірінің жолындай бұралаңдап жатар еді
ал меркеліктердің бала-шағасына дейін біледі әкесі атшабарда кезінде талай болған әттең із қалмайды із қалмайды сөз
уақыт қалбыр елек сияқты ел аузында сөз сол ірілер туралы ғана сақталады түлкібаста тұрардың әкесі туған
бабасы жылқайдар жатқан шығар әне бір қырдың астында періштенің түсіндей пейіштің төріндей қайран түлкібас саған сірә
мынау заңғар алқаракөк аспан анау асқар тәңірідей таулар айдаһардай шапшып аққан асау ақжал өзендер қанық жасыл
иә бұл жәннатта тек адам-ата мен хауа-ана тектес адамдар ғана тұрса керек еді
бірақ пейіштің өзінде де өтірік-өсек қызғаныш пен қастандық жауыздық пен қараулық бағзы заманда адамзаттың бозала таңында бой көрсетсе
әйтпесе адам-ата мен хауа-анадан туған қабыл өзі інісі абылды қызғаныш қырсығынан таспен ұрып өлтірер ме еді
адам-ата мен хауа-ана өмір сүрген жұмақ та дәл осы түлкібастай-ақ болған шығар
төскейдегі шүйгінде семіздіктен мамырлап қалған шыжандай мал жауыздықтың төркіні пейіштің төрінен шыққан мұнда да абылдар бар
содан тараған ұрпақтан батыр да туған қатын да туған дана да шыққан шала да шыққан
бұл жерді жайлаған елдің арғы бабасы шілмембет деген кісі екен періште жүрген жерді шайтан аңдиды періштесіз
әйтпесе жиырма үй сәлік бұдан отыз жыл бұрын түлкібасты тастап ұлардай шулап үдере көшер ме еді
аспандағы алатаудан құлап аққан мөлдір бұлақтар дәу-бабаның бауырына келгенде қызғылтым тартатын сияқты
әлдеқашан бұдан отыз жыл бұрын төгілген қан әлі күнге дейін жуылып бітпесе мөлдір бұлақ қызармасқа не шара
рысқұлдың ағасы бердіқұлдың қаны төгілер ме еді бердіқұлдың қаны емес пе екен қорғансыз зиратқа кіріп кетіп
бердіқұл моласының үстіндегі шүйгін шөпті тілімен талмап сиырлар қомағайлана жалмайды зәңгі-бабаның құныққанына қарағанда сол жетім төбешіктің
шөп шырын сүтке айналар бердіқұлдың сүйегінен нәр алған сүтті адамдар ішеді дауылбай да ішетін шығар
содан бері отыз жыл өтіпті тау да орнында тас та орнында жиырма үй сәлік-сары жырақтап кеткені
теңбіл-теңбіл қаракөк орман ойдым-ойдым жасыл аралдар арасынан тоқал тамдар да ақ шаңқан шалқақ ақ үйлер де кездесіп қалады
ала-құла дүние анау бай мынау кедей деп пешенесіне жазып қойғандай әкесі алматының түрмесінде отырып айтқан әңгіме
мына қара қабылан таудың ар жағы иірсу келте масат шығысын ала ақсу-жабағылы
ұлар ұшып арқар жүгірген қыран қалықтап аю мекендеген жүз жылдық ағаштары ит мұрыны өтпес көр болып кеткен қара
сол дауылбай болмаса жиырма түтін сәлік-сары жел аударған қаңбақтай жер жаннаты түлкібастан ауып алатау бөктерін жебелеп алысқа кетер
күмісбастау қай тұста екен деп қойды тұрар жол бойы дауылбай әлі бар ма екен әділетсіз жеңіс
түлкібастың үстінен өтіп бара жатып тұрар өз әкесінің жан дүниесін енді терең түсіне түскендей болды
рысқұлды елден айырғанмен дауылбай мұратына жете алды ма мәселе қайда мынандай жұмақтан жырақтап кету үшін себеп
жұмақ бар да тамұқ бар жұмақта тек періштелер ғана тұрмайды бір күні түрменің терезесінен қияқтай болып
тұрар көке көке ананы қарашы деді саусағын шошайтып рысқұл баланың қолын қатып жіберді жаңа туған айта
қолыңа сүйел шығады деп еді сонда әкесінің үні жұмсарып әкесі де бала болған анау дәу-бабаның қырқасынан
бала рысқұл әне әне жаңа туған айға қараңдар деп саусағын шошайтқан болар сонда әкесі жылқайдар шошайтпа
End of preview. Expand in Data Studio
README.md exists but content is empty.
Downloads last month
13