audio
audioduration (s)
1.92
10.5
sentence
stringlengths
9
100
Сауынсыздың жазы болмайды, қауынсыздың күзі болмайды.
Білмеген жердің ой-шұқыры көп, көрінген таудың алыстығы жоқ.
Ата тұрып, ұл сөйлегеннен без, ана тұрып, қыз сөйлегеннен без.
Менмен — жігіттің соры, төменшек — жігіттің қоры.
Ақылдының ақылы сарқылмайтын көлмен тең.
Жақсы жігіттің арын сақта.
Қызмет қыл да, міндет қыл.
Тойшыл жігіт ойшыл болмас, ойшыл жігіт тойшыл болмас.
Қасықтап алғанмен, көл таусылмайды, қанша ұры алғанмен, ел таусылмайды.
Жаңа дос келгенде, ескі достың көзінен жас шығады.
Атсыздың атасы құнсыз кетеді.
Жігіт жанған шоқ болсын, шоқ болмаса, жоқ болсын.
Жаман адамға іс түссе, жаныңды сұрар шешуге.
Алтын, күміс жауған жерден де туып-өскен ел артық.
Шешесі өсекшінің — қызы өтірікші.
Ит баласы жүре азар.
Қатын ер қасында, қараша хан қасында.
Түйе тайғақ келеді, табанынан мөр кетсе.
Ескісіз жаңа болмас, жамансыз жақсы болмас.
Жас — кәрінің көретін көзі, кәрі — жастың түзейтін тезі.
Ауыр ой адамды тұңғиыққа да батырады, ерлік іске де шақырады.
Іші таудан табылды, тысы қайдан табылды, қырылғырдың қыздары қылып берер дейсің бе?!
Көргеннен көзақы сұрама.
Ат қартайса, сүріншек болар, ер қартайса, жаңылшақ болар.
Бақыт келерінде жігітті ұйықтатпайды, бақыт кетерінде жігітті оятпайды.
Жолдасың соқыр болса, бір көзіңді қысып жүр.
Егін піспей тұрып, қап сайла.
Қыдырлы қонақ қыдырып келер, қыдыры артынан шұбырып келер.
Қарыстан сүйем жуық.
Білімдімен жолдас болсаң, білікті боларсың.
Атадан бала туса игі, ата жолын қуса игі.
Ер қаруы — бес қару.
Ет жегеннің бәрі қонақ, енші алғанның бәрі бөрік.
Шын би сөзіңді бағады, сұм би көзіңді бағады.
Басы қату болса, аяғы тату болады.
Жаман етке келеді, жақсы ниетке келеді.
Ішкен мас, тойған тоқ.
Қыз жақсы болса, елдің көркі, жаман болса, үйдің жұты.
Баланың өзі туғандай, келіннің өзі келгендей.
Ит пысқырса, мал өледі, қожа пысқырса, адам өледі.
Азғыруға адамның шайтаны жаман.
Қыз өссе, үйге жұт, ұл өссе, үйге құт.
Көз сыртында көз бар, тіл астында тіл бар.
Байлар ашты тоқ санар, аш жаманын жоқ санар.
Арық атқа қамшы жау, жыртық үйге тамшы жау.
Ұрлық қылып, мал берсе, адалдықтан не пайда?
Ақсақ қой түстен кейін маңырайды.
Жүздің жүзін танығанша, бірдің атын біл.
Жаманмен жолдас болсаң, кесірі жұғар.
Шөлдегі шұқанақ суға тоймас.
Бұл сексен көрейін деген жасым ба еді, быламық ішейін деген асым ба еді?
Ақшасыздың қолы келте, жалқаулардың тоны келте.
Ісің ақ болса, Құдайың жақ болады.
Жаны күйген Тәңірін қарғар.
Жолсызда кібіртіктеп қорғалайды.
Жақсы кісі мақтанса, «Жаманнан жата беріп қалдым» дер.
Талапты бала талпынған құстай, құмары қанбас, аспанға ұшпай.
Жауға батыл бол, дауға бақыл бол.
Жақсыға айтсаң, біледі, жаманға айтсаң, күледі.
Ағадан іні ақылды болса, үш жасы үлкен болады.
Баланы жастан, қатынды бастан.
Ел ағасыз болмас, тон жағасыз болмас.
Баласы бардың өзі ойнар, баласы жоқтың көзі ойнар.
Жастықта бейнет бер, қартайғанда зейнет бер.
Гүрілдеп келген жаудан, күлімдеп келген қас жаман.
Күрекке жұмыс табылар.
Тоңға жатқан мал оңбас, тобырға түскен іс оңбас.
Қатын шайпау болмай, ер жалғыз үй қонбайды.
Өсер бала өрісшіл, өспейтін ұл керісшіл.
Жұмысы жоқ ит ойнатар.
Күншілдің күні шықпайды.
Жақсы болса алғаның, үйіңнен кісі кетпейді, жаман болса алғаның, тек жүргенге жетпейді.
Көлдің құты кетсе, құтаны үш күн бұрын кетер.
Бала, баланың ісі шала.
Сабырлық қуанышқа жетер, ашу күйінішке кетер.
Жолы қырсыққан итке боқ кездеспес.
Тәуекелдің кемесі суға батпайды, отқа жанбайды.
Айласыз батыр алдырар.
Қой егіз туады: бірі қонаққа сойылады, бірі қошқар қойылады.
Теңі келсе, тегін бер.
Шыбын да аңқаудың аузын аңдиды.
Өз сөзіңді шекер дейсің, өзге сөзді бекер дейсің.
Бұйырмаған ауыздан кетер.
Тоғызымыз жиылып, тоқты жыққан батырмыз.
Аттың жалында атанның қомында.
Иттен сауын болмас, иттүйнектен қауын болмас.
Көш жүре түзеледі.
Байтал түгіл, бас қайғы.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.
Иттің боғы дәрі болса, дарияға тышады.
Арам жесең, аянбай же.
Кішкентай өспей ме, көкейіңді теспей ме!
Қазақтың салт-дәстүрлері ежелден келе жатыр.
Жүйрік атқа жал бітпес, тақтаққа мал бітпес.
Не ақсағанда аларсың, не қақсағанда аларсың.
Жер дауынан жесір дауы қиын.
Боранды күні бала құтырар, желді күні ит құтырар.
Жығылсаң, жер көтереді.
Шам көрмеген шам көрсе, күндіз шамы сөнбейді.
Жүргенге жөргем ілінеді, жатқанға жан жуымайды.

Dataset Card for "common_voice_11_0_kk"

More Information needed

Downloads last month
49
Edit dataset card