audio
audioduration (s) 1.92
10.5
| sentence
stringlengths 9
100
|
---|---|
Сауынсыздың жазы болмайды, қауынсыздың күзі болмайды. |
|
Білмеген жердің ой-шұқыры көп, көрінген таудың алыстығы жоқ. |
|
Ата тұрып, ұл сөйлегеннен без, ана тұрып, қыз сөйлегеннен без. |
|
Менмен — жігіттің соры, төменшек — жігіттің қоры. |
|
Ақылдының ақылы сарқылмайтын көлмен тең. |
|
Жақсы жігіттің арын сақта. |
|
Қызмет қыл да, міндет қыл. |
|
Тойшыл жігіт ойшыл болмас, ойшыл жігіт тойшыл болмас. |
|
Қасықтап алғанмен, көл таусылмайды, қанша ұры алғанмен, ел таусылмайды. |
|
Жаңа дос келгенде, ескі достың көзінен жас шығады. |
|
Атсыздың атасы құнсыз кетеді. |
|
Жігіт жанған шоқ болсын, шоқ болмаса, жоқ болсын. |
|
Жаман адамға іс түссе, жаныңды сұрар шешуге. |
|
Алтын, күміс жауған жерден де туып-өскен ел артық. |
|
Шешесі өсекшінің — қызы өтірікші. |
|
Ит баласы жүре азар. |
|
Қатын ер қасында, қараша хан қасында. |
|
Түйе тайғақ келеді, табанынан мөр кетсе. |
|
Ескісіз жаңа болмас, жамансыз жақсы болмас. |
|
Жас — кәрінің көретін көзі, кәрі — жастың түзейтін тезі. |
|
Ауыр ой адамды тұңғиыққа да батырады, ерлік іске де шақырады. |
|
Іші таудан табылды, тысы қайдан табылды, қырылғырдың қыздары қылып берер дейсің бе?! |
|
Көргеннен көзақы сұрама. |
|
Ат қартайса, сүріншек болар, ер қартайса, жаңылшақ болар. |
|
Бақыт келерінде жігітті ұйықтатпайды, бақыт кетерінде жігітті оятпайды. |
|
Жолдасың соқыр болса, бір көзіңді қысып жүр. |
|
Егін піспей тұрып, қап сайла. |
|
Қыдырлы қонақ қыдырып келер, қыдыры артынан шұбырып келер. |
|
Қарыстан сүйем жуық. |
|
Білімдімен жолдас болсаң, білікті боларсың. |
|
Атадан бала туса игі, ата жолын қуса игі. |
|
Ер қаруы — бес қару. |
|
Ет жегеннің бәрі қонақ, енші алғанның бәрі бөрік. |
|
Шын би сөзіңді бағады, сұм би көзіңді бағады. |
|
Басы қату болса, аяғы тату болады. |
|
Жаман етке келеді, жақсы ниетке келеді. |
|
Ішкен мас, тойған тоқ. |
|
Қыз жақсы болса, елдің көркі, жаман болса, үйдің жұты. |
|
Баланың өзі туғандай, келіннің өзі келгендей. |
|
Ит пысқырса, мал өледі, қожа пысқырса, адам өледі. |
|
Азғыруға адамның шайтаны жаман. |
|
Қыз өссе, үйге жұт, ұл өссе, үйге құт. |
|
Көз сыртында көз бар, тіл астында тіл бар. |
|
Байлар ашты тоқ санар, аш жаманын жоқ санар. |
|
Арық атқа қамшы жау, жыртық үйге тамшы жау. |
|
Ұрлық қылып, мал берсе, адалдықтан не пайда? |
|
Ақсақ қой түстен кейін маңырайды. |
|
Жүздің жүзін танығанша, бірдің атын біл. |
|
Жаманмен жолдас болсаң, кесірі жұғар. |
|
Шөлдегі шұқанақ суға тоймас. |
|
Бұл сексен көрейін деген жасым ба еді, быламық ішейін деген асым ба еді? |
|
Ақшасыздың қолы келте, жалқаулардың тоны келте. |
|
Ісің ақ болса, Құдайың жақ болады. |
|
Жаны күйген Тәңірін қарғар. |
|
Жолсызда кібіртіктеп қорғалайды. |
|
Жақсы кісі мақтанса, «Жаманнан жата беріп қалдым» дер. |
|
Талапты бала талпынған құстай, құмары қанбас, аспанға ұшпай. |
|
Жауға батыл бол, дауға бақыл бол. |
|
Жақсыға айтсаң, біледі, жаманға айтсаң, күледі. |
|
Ағадан іні ақылды болса, үш жасы үлкен болады. |
|
Баланы жастан, қатынды бастан. |
|
Ел ағасыз болмас, тон жағасыз болмас. |
|
Баласы бардың өзі ойнар, баласы жоқтың көзі ойнар. |
|
Жастықта бейнет бер, қартайғанда зейнет бер. |
|
Гүрілдеп келген жаудан, күлімдеп келген қас жаман. |
|
Күрекке жұмыс табылар. |
|
Тоңға жатқан мал оңбас, тобырға түскен іс оңбас. |
|
Қатын шайпау болмай, ер жалғыз үй қонбайды. |
|
Өсер бала өрісшіл, өспейтін ұл керісшіл. |
|
Жұмысы жоқ ит ойнатар. |
|
Күншілдің күні шықпайды. |
|
Жақсы болса алғаның, үйіңнен кісі кетпейді, жаман болса алғаның, тек жүргенге жетпейді. |
|
Көлдің құты кетсе, құтаны үш күн бұрын кетер. |
|
Бала, баланың ісі шала. |
|
Сабырлық қуанышқа жетер, ашу күйінішке кетер. |
|
Жолы қырсыққан итке боқ кездеспес. |
|
Тәуекелдің кемесі суға батпайды, отқа жанбайды. |
|
Айласыз батыр алдырар. |
|
Қой егіз туады: бірі қонаққа сойылады, бірі қошқар қойылады. |
|
Теңі келсе, тегін бер. |
|
Шыбын да аңқаудың аузын аңдиды. |
|
Өз сөзіңді шекер дейсің, өзге сөзді бекер дейсің. |
|
Бұйырмаған ауыздан кетер. |
|
Тоғызымыз жиылып, тоқты жыққан батырмыз. |
|
Аттың жалында атанның қомында. |
|
Иттен сауын болмас, иттүйнектен қауын болмас. |
|
Көш жүре түзеледі. |
|
Байтал түгіл, бас қайғы. |
|
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар. |
|
Иттің боғы дәрі болса, дарияға тышады. |
|
Арам жесең, аянбай же. |
|
Кішкентай өспей ме, көкейіңді теспей ме! |
|
Қазақтың салт-дәстүрлері ежелден келе жатыр. |
|
Жүйрік атқа жал бітпес, тақтаққа мал бітпес. |
|
Не ақсағанда аларсың, не қақсағанда аларсың. |
|
Жер дауынан жесір дауы қиын. |
|
Боранды күні бала құтырар, желді күні ит құтырар. |
|
Жығылсаң, жер көтереді. |
|
Шам көрмеген шам көрсе, күндіз шамы сөнбейді. |
|
Жүргенге жөргем ілінеді, жатқанға жан жуымайды. |