lang
stringclasses
3 values
title
stringlengths
3
277
original_text
stringlengths
69
182k
processed_text
stringlengths
42
181k
category
stringlengths
4
50
processed
bool
2 classes
url
stringlengths
33
293
date
stringlengths
10
24
kk
Ақтөбе облысындағы перзентханалардың бірінде жүкті келіншек қайтыс болды
Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы перзентханада ана мен сәби өлімі тіркелді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. Шалқар аудандық ауруханасының бас дәрігері Жангелді Былқайыровтың сөзінше, қайғылы оқиға 22 тамыз күні болған. 39 жастағы келіншек аудандық ауруханаға айы күні жетіп, толғатып барған. Қазіргі уақытта толғақ үстінде қайтыс болған келіншектің өліміне қатысты тергеп, тексеру жұмыстары жүріп жатыр. “Бұл оқиға Шалқардағы перзентханада болды. Облысқа жіберетін жағдай емес, ауданның өзінде де перзентханамыз бар. 1984 жылы туған келіншек жүктілік кезінде тіркелген, айы күні жетіп тұр. Толғақпен ауруханаға түсті. Босану кезінде қайтты. Осыған қатысты тексеру жүріп жатыр. Комиссия қорытындысынан кейін ғана ақпаратты толық бере аламыз”,- деді Шалқар аудандық ауруханасының бас дәрігері Жангелді Былқайыров. Бас дәрігердің айтуынша, бұл марқұм келіншектің бірінші рет босануы емес. Осыған дейін бір қызы болған. Ана мен бала өліміне қатысты комиссия қорытындысы қосымша хабарланбақ. Авторы: Ардақ Ерубаева
Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы перзентханада ана мен сәби өлімі тіркелді, деп хабарлайды тілшісі. Шалқар аудандық ауруханасының бас дәрігері Жангелді Былқайыровтың сөзінше, қайғылы оқиға 22 тамыз күні болған. 39 жастағы келіншек аудандық ауруханаға айы күні жетіп, толғатып барған. Қазіргі уақытта толғақ үстінде қайтыс болған келіншектің өліміне қатысты тергеп, тексеру жұмыстары жүріп жатыр. “Бұл оқиға Шалқардағы перзентханада болды. Облысқа жіберетін жағдай емес, ауданның өзінде де перзентханамыз бар. 1984 жылы туған келіншек жүктілік кезінде тіркелген, айы күні жетіп тұр. Толғақпен ауруханаға түсті. Босану кезінде қайтты. Осыған қатысты тексеру жүріп жатыр. Комиссия қорытындысынан кейін ғана ақпаратты толық бере аламыз”,- деді Шалқар аудандық ауруханасының бас дәрігері Жангелді Былқайыров. Бас дәрігердің айтуынша, бұл марқұм келіншектің бірінші рет босануы емес. Осыған дейін бір қызы болған.
Қоғам
true
https://kaz.nur.kz/society/2034439-aqtobe-oblysyndagy-perzentxanalardyn-birinde-zukti-kelinsek-qaitys-boldy/
29 тамыз 2023, 13:33
kk
"Екі рет ота жасалды": актриса Сара Амангелді дерті жайлы жан сырын ақтарды (фото)
Актриса, әнші Сара Амангелді ел білмейтін құпиясын бөлісті. Өнер иесі бала кезінен құлағы ауыратынын Instagram парақшасында ашып айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Кішкентай кезімнен құлағым ауырады. Екі рет ота жасалды, сонда да әлі ауырады. Онсыз да дұрыс естімеймін. Сол үшін намыстанып жылаймын. Дәрігерім "Қалай ән айтып жүрсіз" деп таңғалады. Сәл құлағым ауырса, қатты күйзеліске түсіп кетемін. Естімей қаламын деп қорқамын. Әлеуметтік желіден көрінбей кетуімнің себебі осы", - деп жазды Сара Амангелді.
Актриса, әнші Сара Амангелді ел білмейтін құпиясын бөлісті. Өнер иесі бала кезінен құлағы ауыратынын Instagram парақшасында ашып айтты, деп жазады . "Кішкентай кезімнен құлағым ауырады. Екі рет ота жасалды, сонда да әлі ауырады. Онсыз да дұрыс естімеймін. Сол үшін намыстанып жылаймын. Дәрігерім "Қалай ән айтып жүрсіз" деп таңғалады. Сәл құлағым ауырса, қатты күйзеліске түсіп кетемін. Естімей қаламын деп қорқамын.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2034433-eki-ret-ota-zasaldy-aktrisa-sara-amangeldi-derti-zaily-zan-syryn-aqtardy-foto/
29 тамыз 2023, 13:19
kk
Шымкент қаласы полиция департаментінің басшысы ауысты
Президент әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен полиция генерал-майоры Думан Таев Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Telegram-дағы ресми жаңалықтар арнасында хабарлады. Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Шымкент ПД жаңа басшысын мегаполис активіне таныстырды. Ведомство дерегінше, Думан Таев 1967 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ішкі істер органдарында қызметін 1988 жылы бастаған. Әр жылдары полиция бөлімшелерінде басшылық қызметтерде болған. Бұған дейін соңғы рет Ақмола облысы полиция департаменті бастығының қызметін атқарған. Сондай-ақ бұрын Шымкент полициясын басқарған полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков ротация тәртібімен енді Алматы қаласы, Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша жаңадан құрылған Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының міндетін атқаратын болады.
Президент әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен полиция генерал-майоры Думан Таев Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Telegram-дағы ресми жаңалықтар арнасында хабарлады. Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Шымкент ПД жаңа басшысын мегаполис активіне таныстырды. Ведомство дерегінше, Думан Таев 1967 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ішкі істер органдарында қызметін 1988 жылы бастаған. Әр жылдары полиция бөлімшелерінде басшылық қызметтерде болған. Бұған дейін соңғы рет Ақмола облысы полиция департаменті бастығының қызметін атқарған.
Саясат және экономика
false
https://kaz.nur.kz/politics/2034436-symkent-qalasy-policiya-departamentinin-bassysy-auysty/
29 тамыз 2023, 13:17
kk
ДСМ Көкшетауда әскерге шақырылғандардың жаппай науқастануына қатысты пікір білдірді
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқызы үкімет отырысында Ақмола облысындағы әскери бөлімшеде сарбаздардың жаппай ауырып қалуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды. "Бүгінгі күні Ақмола облысының әскери бөлімшесінде жұқпалы ауруға шалдыққан 45 адам тіркелді. Әскерге шақырылғандар жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды. 41 науқас ауруханада, біреуі жансақтау бөлімінде жатыр, қазіргі таңда жағдай жақсарды", – деді министр. Ажар Ғиниятқызы ауруханаға жатқызылған сарбаздар арасында менингококк инфекциясы тіркелгенін, ал кейбіреуінде энтеровирустық инфекция бар екенін айтты. "Қазір миксинфекция маусымы басталды. Біреу ауырып, басқаларға жұқтырған сияқты. Қарым-қатынаста болғандардың барлығы тексерілді, симптомдары бар адамдар оқшауланды. Жаңа адамдар кіргізілмейді. Ауыр жағдайлар жоқ", – деп мәлімдеді ол. Еске сала кетейік, бұған дейін Көкшетауда бір аптада 40-тан астам әскерге шақырылған сарбаз ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылғаны туралы жазған едік. Жауынгерлер бас ауруына, әлсіздікке, дене қызуының көтерілуіне шағымданған.
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқызы үкімет отырысында Ақмола облысындағы әскери бөлімшеде сарбаздардың жаппай ауырып қалуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы хабарлайды. "Бүгінгі күні Ақмола облысының әскери бөлімшесінде жұқпалы ауруға шалдыққан 45 адам тіркелді. Әскерге шақырылғандар жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды. 41 науқас ауруханада, біреуі жансақтау бөлімінде жатыр, қазіргі таңда жағдай жақсарды", – деді министр. Ажар Ғиниятқызы ауруханаға жатқызылған сарбаздар арасында менингококк инфекциясы тіркелгенін, ал кейбіреуінде энтеровирустық инфекция бар екенін айтты. "Қазір миксинфекция маусымы басталды. Біреу ауырып, басқаларға жұқтырған сияқты. Қарым-қатынаста болғандардың барлығы тексерілді, симптомдары бар адамдар оқшауланды. Жаңа адамдар кіргізілмейді. Ауыр жағдайлар жоқ", – деп мәлімдеді ол. Еске сала кетейік, бұған дейін Көкшетауда бір аптада 40-тан астам әскерге шақырылған сарбаз ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылғаны туралы жазған едік.
Денсаулық
false
https://kaz.nur.kz/health/2034426-dsm-koksetauda-askerge-saqyrylgandardyn-zappai-auyruyna-qatysty-tusinikteme-berdi/
29 тамыз 2023, 13:12
kk
Екінші рет үйленген Қыран Талапбек әйеліне көлік сыйлады (фото, видео)
Айжұлдыз Адайбекованың бұрынғы күйеуі жақында екінші рет шаңырақ көтерген болатын. Мобилограф Қыран Талапбек әйеліне су жаңа көлік сыйлап, тосынсый жасады, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Мобилографтың жұбайы Гүлзада Тұрлаш Instagram парақшасында видео жариялап, күйеуінің тосынсыйын көпшілікке көрсетті. "Маған көлік сыйлады. Әлемдегі ең керемет күйеу, Аллаға сансыз шүкір", - деп жазды Гүлзада Тұрлаш. Видеодан Қыран Талапбектің алдымен әйеліне қызғылт түсті Geely Panda Mini көлігін сыйлап, пранк жасағанын байқауға болады. Ал кейінірек мұның қалжың екенін түсіндіріп, ZEEKR 001 көлігін сыйға тартты. Айта кетейік, Қыран Талапбек сыйға тартқан ZEEKR 001 көлігінің нарықтағы құны шамамен 25 млн теңгеден басталады.
Айжұлдыз Адайбекованың бұрынғы күйеуі жақында екінші рет шаңырақ көтерген болатын. Мобилограф Қыран Талапбек әйеліне су жаңа көлік сыйлап, тосынсый жасады, деп жазады . Мобилографтың жұбайы Гүлзада Тұрлаш Instagram парақшасында видео жариялап, күйеуінің тосынсыйын көпшілікке көрсетті. "Маған көлік сыйлады. Әлемдегі ең керемет күйеу, Аллаға сансыз шүкір", - деп жазды Гүлзада Тұрлаш. Видеодан Қыран Талапбектің алдымен әйеліне қызғылт түсті Geely Panda Mini көлігін сыйлап, пранк жасағанын байқауға болады. Ал кейінірек мұның қалжың екенін түсіндіріп, ZEEKR 001 көлігін сыйға тартты.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2034412-ekinsi-ret-uilengen-qyran-talapbek-aieline-kolik-syilady-foto-video/
29 тамыз 2023, 12:10
kk
Kaspi бөлімшесіндегі кепілге алуға қатысты іс: Астанада сот басталды (фото)
Биыл маусым айында елордада Kaspi банкінің бөлімшесіне жасалған шабуылға қатысты сот отырысы басталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Әбинұр Қарабаевтың сөзінше, айыпталушы Әлихан Мұрадов 1993 жылы туған. Ол Жамбыл облысының тумасы. Оның ісі Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы, атап айтқанда 188-бабының 1-бөлігі және 261-бабы 2-бөлігінің 4, 8, 9-тармағы, яғни қару ретінде пайдаланылатын затты қолдана отырып, ұрлық жасау және пайдакүнемдік ниетте екі немесе одан да көп адамды кепілге алу бойынша қаралуда. Ер адамда бұған дейін соттылығы жоқ екені атап өтілді. Сот отырысы барысында белгілі болғандай, ол өз-өзіне қол жұмсамақ болып, белгілі бір препаратты тұтынған, бірақ әрекеті сәтсіз болған. Сондықтан ол банк бөлімшесіне шабуыл жасауды ұйғарған. Сотталушы банк бөлімшесінде адамдарды кепілге алу кезінде атып өлтірілетініне үміттенген.
Биыл маусым айында елордада Kaspi банкінің бөлімшесіне жасалған шабуылға қатысты сот отырысы басталды. Бұл туралы хабарлайды. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Әбинұр Қарабаевтың сөзінше, айыпталушы Әлихан Мұрадов 1993 жылы туған. Ол Жамбыл облысының тумасы. Оның ісі Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы, атап айтқанда 188-бабының 1-бөлігі және 261-бабы 2-бөлігінің 4, 8, 9-тармағы, яғни қару ретінде пайдаланылатын затты қолдана отырып, ұрлық жасау және пайдакүнемдік ниетте екі немесе одан да көп адамды кепілге алу бойынша қаралуда. Ер адамда бұған дейін соттылығы жоқ екені атап өтілді. Сот отырысы барысында белгілі болғандай, ол өз-өзіне қол жұмсамақ болып, белгілі бір препаратты тұтынған, бірақ әрекеті сәтсіз болған. Сондықтан ол банк бөлімшесіне шабуыл жасауды ұйғарған.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2034419-kaspi-bolimsesindegi-kepilge-aluga-qatysty-is-astanada-sot-bastaldy-foto/
29 тамыз 2023, 12:08
kk
Семейде "Сергек" камерасы сағатына 206 км жылдамдықпен жүрген Lada Granta көлігін тіркеген (видео)
Семейде Lada Granta жүргізушісі сағатына 206 км жылдамдықта жүріп өткені үшін тоқтатылған. Полицейлер жүйеде техникалық ақау кеткенін айтты, деп хабарлайды қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. Видео OO OSA FAMILIES Instagram парақшасында пайда болды. Жазба авторының ақпаратынша, патрульдік полиция қызметкерлері оны жылдамдықты асырғаны үшін тоқтатқан. Автор патрульдік көлікті және жылдамдықты артқаны туралы хабарлама келген полиция қызметкерлерінің қызметтік планшетін көрсетті. "Оның сөзінше, мен мына "Гранта" маркасында сағатына 206 шақырым жылдамдықта жүріп өтіппін. Фотода Land Cruiser Prado, Toyota көрсетілген. Ал мен артта келе жаттым. Сонда қалай маневр жасадым деген сұрақ туындайды", – деді жүргізуші. Видеода полицей "Сергек" камерасына сондай көрсеткіш түсіп қалғанын айтты. Оқиғаға қатысты Семей қаласының полиция басқармасында пікір білдірілді. Тәртіп сақшылары техникалық ақау болғанын хабарлады және жүргізуші жауапкершілікке тартылмайтынын айтты. "Бұл шағым "Сергек" аппараттық-бағдарламалық кешенінің Астанадағы әзірлеушілеріне жолданды. Техникалық ақаулар бар, ешбір жол-көлік ережесі бұзылған жоқ", – делінген ведомство хабарламасында. Мұндай жағдайда кез келген азамат бұйрыққа шағымдануға құқылы екені атап өтілді. Ол үшін адам тұрғылықты жері бойынша әкімшілік полиция бөліміне хабарласуы керек.
Семейде Lada Granta жүргізушісі сағатына 206 км жылдамдықта жүріп өткені үшін тоқтатылған. Полицейлер жүйеде техникалық ақау кеткенін айтты, деп хабарлайды қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған . Видео OO OSA FAMILIES Instagram парақшасында пайда болды. Жазба авторының ақпаратынша, патрульдік полиция қызметкерлері оны жылдамдықты асырғаны үшін тоқтатқан. Автор патрульдік көлікті және жылдамдықты артқаны туралы хабарлама келген полиция қызметкерлерінің қызметтік планшетін көрсетті. "Оның сөзінше, мен мына "Гранта" маркасында сағатына 206 шақырым жылдамдықта жүріп өтіппін. Фотода Land Cruiser Prado, Toyota көрсетілген. Ал мен артта келе жаттым. Сонда қалай маневр жасадым деген сұрақ туындайды", – деді жүргізуші. Видеода полицей "Сергек" камерасына сондай көрсеткіш түсіп қалғанын айтты. Оқиғаға қатысты Семей қаласының полиция басқармасында пікір білдірілді. Тәртіп сақшылары техникалық ақау болғанын хабарлады және жүргізуші жауапкершілікке тартылмайтынын айтты. "Бұл шағым "Сергек" аппараттық-бағдарламалық кешенінің Астанадағы әзірлеушілеріне жолданды. Техникалық ақаулар бар, ешбір жол-көлік ережесі бұзылған жоқ", – делінген ведомство хабарламасында. Мұндай жағдайда кез келген азамат бұйрыққа шағымдануға құқылы екені атап өтілді.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2034405-semeide-sergek-kamerasy-sagatyna-206-km-zyldamdyqpen-zurgen-lada-granta-koligin-tirkegen-video/
29 тамыз 2023, 11:51
kk
Қазақстанда ережесіз жекпе-жектің трансляциясын шектеу жоспарлануда
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Qazaqstan TV телеарнасының Youtube арнасында шыққан сұхбатында елімізде ережесіз жекпе-жектің трансляциясын шектеу жоспарланып жатқанын айтты. Ақпарат және қоғамдық даму министрінің сөзінше, бұл балалар арасындағы қатыгездікпен жұмыс істеу үшін қабылданған шара. "Телеарналарда зорлық-зомбылықты азайту мақсатында ережесіз жекпе-жек сияқты спорт түрлеріне де шектеу қойып жатырмыз, себебі көп жағдайда сондай бағдарламаларды көрген жеткіншектер, әсіресе мектеп балалары сол әдіс-тәсілді қолдану мақсатында кейде бір-біріне қол көтеріп жатады. Біз оны кейде байқамай WhatsApp арқылы таратып жатамыз. Мысалы, қыздардың немесе ер балалардың бір-бірімен аяусыз төбелесіп жатқан сәтінен видеолар кейде (әлеуметтік желіде - ред.) шарлап жүреді. Ал зорлық-зомбылық немесе қатыгездіктен қатыгездік туындайтыны белгілі", - деді Қыдырәлі. Дархан Қыдырәлі осыған байланысты БҰҰ конвенциясына сәйкес арнайы нұсқаулық әзірленіп жатқанын атап өтті. "Мысалы, кейде баланың суретін жариялап жатады немесе оның аты-жөнін немесе тексерілмеген ақпаратты беріп жатады, оның баланың психологиясына қалай әсер ететінін біз кейде ескермей жатамыз. Соған байланысты жалпы БАҚ-тағы әріптестеріміздің де балалар зорлық-зомбылығы тақырыбына арнайы дайындықпен келгені абзал", - деп түйіндеді ол берген сұхбатында.
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Qazaqstan TV телеарнасының Youtube арнасында шыққан сұхбатында елімізде ережесіз жекпе-жектің трансляциясын шектеу жоспарланып жатқанын айтты. Ақпарат және қоғамдық даму министрінің сөзінше, бұл балалар арасындағы қатыгездікпен жұмыс істеу үшін қабылданған шара. "Телеарналарда зорлық-зомбылықты азайту мақсатында ережесіз жекпе-жек сияқты спорт түрлеріне де шектеу қойып жатырмыз, себебі көп жағдайда сондай бағдарламаларды көрген жеткіншектер, әсіресе мектеп балалары сол әдіс-тәсілді қолдану мақсатында кейде бір-біріне қол көтеріп жатады. Біз оны кейде байқамай WhatsApp арқылы таратып жатамыз. Мысалы, қыздардың немесе ер балалардың бір-бірімен аяусыз төбелесіп жатқан сәтінен видеолар кейде (әлеуметтік желіде - ред.) шарлап жүреді. Ал зорлық-зомбылық немесе қатыгездіктен қатыгездік туындайтыны белгілі", - деді Қыдырәлі. Дархан Қыдырәлі осыған байланысты БҰҰ конвенциясына сәйкес арнайы нұсқаулық әзірленіп жатқанын атап өтті. "Мысалы, кейде баланың суретін жариялап жатады немесе оның аты-жөнін немесе тексерілмеген ақпаратты беріп жатады, оның баланың психологиясына қалай әсер ететінін біз кейде ескермей жатамыз.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2034396-qazaqstanda-erezesiz-zekpe-zektin-translyaciyasyn-sekteu-zosparlanuda/
29 тамыз 2023, 10:59
kk
2023 жылғы 29 тамыз: криптовалюталардың долларға шаққандағы бағамы
Binance блокчейн-экожүйесінің ақпаратына сәйкес, криптовалюта нарығындағы 2023 жылғы 29 тамыз күнгі жағдай мынадай: Биткоиннің долларға шаққандағы бағамы өткен тәулік ішінде $70.53-ға өсті. Бүгін актив $26,054.71692674* төңірегінде саудаланады. Tronix криптовалютасы бүгін кешегі күнмен салыстырғанда $0.0011-ға төмендеді. TRX бағамы 2023 жылғы 29 тамыз күні $0.07692396*-ды құрап отыр. Ethereum-нің долларға шаққандағы бағамы $2.57-ға көтерілді. Аталған криптовалютаның құны бүгінде $1,646.8844919*-ды құрап отыр. Decentraland криптовалютасы тәулік ішінде $0.0019-ға қымбаттады. Қазіргі уақытта актив $0.29855336* деңгейінде саудаланып жатыр. True USD тәулік ішінде $0.0001-ға төмендеді. TUSD бағамы 2023 жылғы 29 тамыз күні $0.99944763*-ды құрап отыр. Litecoin криптовалютасы $0.57-ға нығая түсті. Актив $64.94812673* деңгейінде саудаланып жатыр. Ethereum Classic бағасы бүгінде $0.02-ға өсті. Криптовалютаның өзекті құны – $15.78644402*. Ripple өткен күнмен салыстырғанда $0.0012-ға қымбаттады. Криптовалютаның бүгінгі құны - $0.51851237*. Dogecoin кешегі күнмен салыстырғанда $0.00071-ға өсті. Қазіргі уақытта актив $0.0628632* деңгейінде саудаланып жатыр. *Материал Binance криптовалюталық биржасының деректері негізінде әзірленген. Бағамдарға қатысты ақпарат мақала жарияланған сәтте өзекті.
Binance блокчейн-экожүйесінің ақпаратына сәйкес, криптовалюта нарығындағы 2023 жылғы 29 тамыз күнгі жағдай мынадай: Биткоиннің долларға шаққандағы бағамы өткен тәулік ішінде $70.53-ға өсті. Бүгін актив $26,054.71692674* төңірегінде саудаланады. Tronix криптовалютасы бүгін кешегі күнмен салыстырғанда $0.0011-ға төмендеді. TRX бағамы 2023 жылғы 29 тамыз күні $0.07692396*-ды құрап отыр. Ethereum-нің долларға шаққандағы бағамы $2.57-ға көтерілді. Аталған криптовалютаның құны бүгінде $1,646.8844919*-ды құрап отыр. Decentraland криптовалютасы тәулік ішінде $0.0019-ға қымбаттады. Қазіргі уақытта актив $0.29855336* деңгейінде саудаланып жатыр. True USD тәулік ішінде $0.0001-ға төмендеді. TUSD бағамы 2023 жылғы 29 тамыз күні $0.99944763*-ды құрап отыр. Litecoin криптовалютасы $0.57-ға нығая түсті. Актив $64.94812673* деңгейінде саудаланып жатыр. Ethereum Classic бағасы бүгінде $0.02-ға өсті. Криптовалютаның өзекті құны – $15.78644402*. Ripple өткен күнмен салыстырғанда $0.0012-ға қымбаттады. Криптовалютаның бүгінгі құны - $0.51851237*. Dogecoin кешегі күнмен салыстырғанда $0.00071-ға өсті. Қазіргі уақытта актив $0.0628632* деңгейінде саудаланып жатыр. *Материал Binance криптовалюталық биржасының деректері негізінде әзірленген.
Қаржы
false
https://kaz.nur.kz/nurfin/2034388-2023-zylgy-29-tamyz-kriptovalyutalardyn-dollarga-saqqandagy-bagamy/
29 тамыз 2023, 10:29
kk
Жетісу облысында Көліктік бақылау инспекциясының басшысы ұсталды
Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаментімен бірлесіп, Көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасарының заңсыз қызметінің жолын кесті. Бұл туралы Антикор Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. "Ол өзінің сенімді адамының делдалдығымен облыс аумағында жүк көлігінің кедергісіз жүріп-тұруы үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алды деп күдіктелуде. Ай сайынғы сыйақы сомасы 1 автокөлік үшін 50 000 теңгені құрады", - делінген хабарламада. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Сондай-ақ Антикор Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын атап өтті. Агенттік ақпаратынша, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адам заңды күшіне енген сот үкімімен қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп танылмайынша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп саналады.
Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаментімен бірлесіп, Көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасарының заңсыз қызметінің жолын кесті. Бұл туралы Антикор Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. "Ол өзінің сенімді адамының делдалдығымен облыс аумағында жүк көлігінің кедергісіз жүріп-тұруы үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алды деп күдіктелуде. Ай сайынғы сыйақы сомасы 1 автокөлік үшін 50 000 теңгені құрады", - делінген хабарламада. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Сондай-ақ Антикор Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын атап өтті.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2034389-zetisu-oblysynda-koliktik-baqylau-inspekciyasynyn-bassysy-ustaldy/
29 тамыз 2023, 10:23
kk
"Азаматымнан айырылғаныма бір жыл болады": Ләйлә Сұлтанқызы жұбайының жылдық асын өткізді (видео)
Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының күйеуі Қайрат Беркінбаев былтырғы жылдың қарашасында өмірден өткен болатын. Ләйлә Сұлтанқызы күйеуінің туған жеріне беріп, жылдық асын берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Бұл жайлы тележүргізуші Instagram парақшасында айтты. "Уақыт деген жүйрік қой. Екі айдан кейін азаматымнан айырылғаныма 1 жыл болады. Күні кеше үйдің үлкендерінің шешімімен туған ауылы Қызылкөлде жылдық асын бердік. Ел арасында ішінара 6-7 ай өткен соң, күз мезгіліне сәйкес келсе, қатым құран оқылып, жылдық асы беріледі екен. Зымыраған жүйрік уақыт десеңші. Қисық қабырға, мойын болып, арқа сүйей алатын кездерімді сағындым. Отбасы, бауырлар мен ауылдастар құран оқып, бас қостық. Ағайын-туыс, жора-жолдастарға берілетін үлкен ас қараша айына жоспарлануда", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.
Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының күйеуі Қайрат Беркінбаев былтырғы жылдың қарашасында өмірден өткен болатын. Ләйлә Сұлтанқызы күйеуінің туған жеріне беріп, жылдық асын берді, деп жазады . Бұл жайлы тележүргізуші Instagram парақшасында айтты. "Уақыт деген жүйрік қой. Екі айдан кейін азаматымнан айырылғаныма 1 жыл болады. Күні кеше үйдің үлкендерінің шешімімен туған ауылы Қызылкөлде жылдық асын бердік. Ел арасында ішінара 6-7 ай өткен соң, күз мезгіліне сәйкес келсе, қатым құран оқылып, жылдық асы беріледі екен. Зымыраған жүйрік уақыт десеңші. Қисық қабырға, мойын болып, арқа сүйей алатын кездерімді сағындым. Отбасы, бауырлар мен ауылдастар құран оқып, бас қостық.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2034372-azamatymnan-aiyrylganyma-bir-zyl-bolady-laila-sultanqyzy-zubaiynyn-zyldyq-asyn-otkizdi-video/
29 тамыз 2023, 10:19
kk
Елорданың терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы тұрғындарға үндеу жасады
Бүгін, 29 тамызда Астанада терроризмге қарсы күрес бойынша оқу-жаттығу өткізіледі. Осыған байланысты елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы тұрғындарға үндеу жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. "Биылғы жылғы 29 тамызда сағат 09.00-ден 14.00-ге дейін Астана қаласының аумағында терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб жоспарлы терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізуді жоспарлап жатыр. Іс-шараның мақсаты - жедел штаб күштері мен құралдарының террористік көріністерге шұғыл ден қою бойынша міндеттерді орындауға дайындығын тексеру", - делінген елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы баспасөз қызметінің хабарламасында. Осыған байланысты жедел штаб азаматтарды өткізілетін оқу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдардың жұмылдырылған қызметшілерінің заңды талаптарын орындауға шақырды.
Бүгін, 29 тамызда Астанада терроризмге қарсы күрес бойынша оқу-жаттығу өткізіледі. Осыған байланысты елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы тұрғындарға үндеу жасады, деп хабарлайды . "Биылғы жылғы 29 тамызда сағат 09.00-ден 14.00-ге дейін Астана қаласының аумағында терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб жоспарлы терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізуді жоспарлап жатыр. Іс-шараның мақсаты - жедел штаб күштері мен құралдарының террористік көріністерге шұғыл ден қою бойынша міндеттерді орындауға дайындығын тексеру", - делінген елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2034381-elordanyn-terrorizmge-qarsy-kures-zonindegi-zedel-staby-turgyndarga-undeu-zasady/
29 тамыз 2023, 10:07
kk
Қалтырау, әлсіздік, дене қызуы: Көкшетауда 40-тан астам әскерге шақырылған сарбаз ауруханаға жатқызылды
Көкшетауда бір аптада 40-тан астам әскерге шақырылған сарбаз ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылды. Жауынгерлер бас ауруына, әлсіздікке, дене қызуының көтерілуіне шағымданған. Бесеуінен менингококк бактериясы табылған, деп хабарлайды КТК арнасы. Телеарна ақпаратынша, Көкшетау қаласында әскери бөлімшеде биыл жедел шақырылымның сарбаздары кенет бас ауруына шағымданып, қызуы көтерілген. Ауруханаға 44 сарбаз жатқызылды, бір науқастың жағдайы тым ауыр. Олардың бесеуінен менингококк бактериясы табылған. "Өзім таңертеңнен бір тұрдым. Сол кезде тоңып, басым ауыра бастады. Медициналық бөлімшеге бардым. Осы жерге алып кетті. Бірге түстік, сол түні тап екеуіміз бір уақытта ауырдық", — деді әскери бөлімшенің сарбазы Аян Тілеухан Телеарна хабарлауынша, кенет денсаулығы сыр берген сарбаздарды әскери бөлімшенің дәрігерлері тексерген, кейін барлық науқас шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Медицина қызметкерлерінің сөзінше, бір сарбаздың жүрегі тоқтап қалған, бірақ өлім ауызынан аман қалған. "Ауруханаға әкелгенде дене қызуы 40 градус болған, безгегі ұстап, қалтырап тұрды. Бірден алты адам түскен, кейін тағы науқас әкелінген. Бір сарбаздың жағдайы мүлдем нашар болды. Денесі құрысып, тартылып, тіпті жүрегі тоқтап, әйтеуір дәрігерлер жанын сақтап қалды. Ол әлі де жансақтау бөлімшесінде жатыр. Нақты толық есін жиды деп айта алмаймын", — деді Көкшетау көпсалалы аурухананың директоры Сәкен Қалымжанов. Оқиғадан кейін сарбаздардың сырқаттану салдарын анықтау мақсатында әскери бөлімшеге мамандар тартылған. Жағдай зерттелуде. Қазір әскери бөлімшенің барлық жауынгері толық тексеруден өтуде. Әскери бөлімшеге шектеулер енгізілген. Жас сарбаздарға тіпті қаладағы қоғамдық тәртіпті қадағалау үшін сыртқа шығуға және бір сапқа тұруға рұқсат берілмейді. Сондай-ақ сарбаздармен байланыста болған 278 адам толық тексерістен өткен. Әзірге сараптама қорытындысы дайын емес. Дереккөз: КТК
Көкшетауда бір аптада 40-тан астам әскерге шақырылған сарбаз ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылды. Жауынгерлер бас ауруына, әлсіздікке, дене қызуының көтерілуіне шағымданған. Бесеуінен менингококк бактериясы табылған, деп хабарлайды КТК арнасы. Телеарна ақпаратынша, Көкшетау қаласында әскери бөлімшеде биыл жедел шақырылымның сарбаздары кенет бас ауруына шағымданып, қызуы көтерілген. Ауруханаға 44 сарбаз жатқызылды, бір науқастың жағдайы тым ауыр. Олардың бесеуінен менингококк бактериясы табылған. "Өзім таңертеңнен бір тұрдым. Сол кезде тоңып, басым ауыра бастады. Медициналық бөлімшеге бардым. Осы жерге алып кетті. Бірге түстік, сол түні тап екеуіміз бір уақытта ауырдық", — деді әскери бөлімшенің сарбазы Аян Тілеухан Телеарна хабарлауынша, кенет денсаулығы сыр берген сарбаздарды әскери бөлімшенің дәрігерлері тексерген, кейін барлық науқас шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Медицина қызметкерлерінің сөзінше, бір сарбаздың жүрегі тоқтап қалған, бірақ өлім ауызынан аман қалған. "Ауруханаға әкелгенде дене қызуы 40 градус болған, безгегі ұстап, қалтырап тұрды. Бірден алты адам түскен, кейін тағы науқас әкелінген. Бір сарбаздың жағдайы мүлдем нашар болды. Денесі құрысып, тартылып, тіпті жүрегі тоқтап, әйтеуір дәрігерлер жанын сақтап қалды. Ол әлі де жансақтау бөлімшесінде жатыр. Нақты толық есін жиды деп айта алмаймын", — деді Көкшетау көпсалалы аурухананың директоры Сәкен Қалымжанов. Оқиғадан кейін сарбаздардың сырқаттану салдарын анықтау мақсатында әскери бөлімшеге мамандар тартылған. Жағдай зерттелуде. Қазір әскери бөлімшенің барлық жауынгері толық тексеруден өтуде. Әскери бөлімшеге шектеулер енгізілген. Жас сарбаздарға тіпті қаладағы қоғамдық тәртіпті қадағалау үшін сыртқа шығуға және бір сапқа тұруға рұқсат берілмейді. Сондай-ақ сарбаздармен байланыста болған 278 адам толық тексерістен өткен.
Денсаулық
true
https://kaz.nur.kz/health/2034369-qaltyrau-alsizdik-dene-qyzuy-koksetauda-40-tan-astam-askerge-saqyrylgan-sarbaz-auruxanaga-zatqyzyldy/
29 тамыз 2023, 09:54
kk
"Биыл чемпион боламын деді": Жәмила Бақбергенова Азия ойындарында жаңа салмақта бақ сынайды
Әйелдер күресінен Қазақстан командасының үздігі Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатына да, Азия ойындарына да қатысады. Бас бапкер спортшының салмақ ауыстыруына қатысты пікірін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатында 72 келіде сынға түссе, Азия ойындарында 76 келіде бақ сынайды. 72 келі Олимпиада бағдарламасына енбейді. Бас бапкердің айтуынша, Бақбергенова олимпиадалық салмаққа ауысуы мүмкін. "Бақбергенова биылғы әлем біріншілігіне 72 келіде қатысады. Бұл оның оң жамбасына келетін салмақ. Осы салмақтағы әлемдік рейтингте Жәмила бірінші орында тұр. Өкінішке қарай, 72 келі Олимпиада бағдарламасында жоқ. Десе де, балуан қызымыз биыл осы салмақта әлем чемпионы болуды көздеп отыр. Ал 76 келідегі құрама үздігі Эльмира Сыздықова жарақат алғандықтан, Азия ойындарына қатыса алмайды. Бақбергенова бұл салмақта да жаттығу жиындарында күресіп жүр. Сондықтан жаңа салмақта да өзін сынап көреді. Жәмила Токио Олимпиадасы қарсаңында 68 келіде сынға түсіп, екі лицензиялық турнирде де жеңілген еді. Енді оның олимпиадалық салмаққа ауысу мәселесі әлем чемпионатынан кейін анықталады. Ол 68 немесе 76 келіге өтуі мүмкін. Бірақ өзінің жеке бапкерімен шешеді мұны", - деді Қазақстан әйелдер күресі құрамасының бас бапкері Қайрат Сағадиев.
Әйелдер күресінен Қазақстан командасының үздігі Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатына да, Азия ойындарына да қатысады. Бас бапкер спортшының салмақ ауыстыруына қатысты пікірін айтты, деп жазады . Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатында 72 келіде сынға түссе, Азия ойындарында 76 келіде бақ сынайды. 72 келі Олимпиада бағдарламасына енбейді. Бас бапкердің айтуынша, Бақбергенова олимпиадалық салмаққа ауысуы мүмкін. "Бақбергенова биылғы әлем біріншілігіне 72 келіде қатысады. Бұл оның оң жамбасына келетін салмақ. Осы салмақтағы әлемдік рейтингте Жәмила бірінші орында тұр. Өкінішке қарай, 72 келі Олимпиада бағдарламасында жоқ. Десе де, балуан қызымыз биыл осы салмақта әлем чемпионы болуды көздеп отыр. Ал 76 келідегі құрама үздігі Эльмира Сыздықова жарақат алғандықтан, Азия ойындарына қатыса алмайды. Бақбергенова бұл салмақта да жаттығу жиындарында күресіп жүр. Сондықтан жаңа салмақта да өзін сынап көреді. Жәмила Токио Олимпиадасы қарсаңында 68 келіде сынға түсіп, екі лицензиялық турнирде де жеңілген еді. Енді оның олимпиадалық салмаққа ауысу мәселесі әлем чемпионатынан кейін анықталады. Ол 68 немесе 76 келіге өтуі мүмкін.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2034351-biyl-cempion-bolamyn-dedi-zamila-baqbergenova-aziya-oiyndarynda-zana-salmaqta-baq-synaidy/
29 тамыз 2023, 09:05
kk
"Махаббат пен өнер ұлт таңдамайды": Толқын Забирова 26 жыл отасқан күйеуін көрсетті (фото)
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал әнші Толқын Забирова алғаш рет 26 жыл отасқан жұбайы туралы жан сырын ақтарды. Өнер иесі үш ұлының әкесі жайлы Instagram парақшасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Біреу білсе, біреу білмейтін шығар, өмірлік жарыммен Алла қосқанына 26 жыл болды. Үш ұлымыз дүниеге келді. Бізді қосқан - өнер жолы. Махаббат пен өнер ұлт таңдамайды, жүрек таңдайды. Иә, ұлты қазақ болмағанымен, қазақ жерінде өмірге келді. Қазақ өнеріне қосқан үлесі ұшан-теңіз. Аттарын атамай-ақ қояйын, өздеріңіз сүйіп тыңдайтын өнерпаздың көбісі жолдасымның қолдауымен танымал болды. Адамгершілігі, жанының тазалығы, кең жүрегі болмаса, мен жанынан табылар ма едім? Одан да әр ару өз теңін тауып, бақытты болсын деп тілейік", - деді Забирова. Сонымен қатар Толқын Забирова өзіне сын айтатын көпшілікке де жазба арнады. "Таңдай соғып отырғандарға айтарым, мен үшін алаңдамай-ақ қойыңыз. Мен бақытты әйелмін. Адамды ұлты арқылы емес, ісінен бағалау абзал", - деп жазды Толқын Забирова.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал әнші Толқын Забирова алғаш рет 26 жыл отасқан жұбайы туралы жан сырын ақтарды. Өнер иесі үш ұлының әкесі жайлы Instagram парақшасында айтты, деп жазады . "Біреу білсе, біреу білмейтін шығар, өмірлік жарыммен Алла қосқанына 26 жыл болды. Үш ұлымыз дүниеге келді. Бізді қосқан - өнер жолы. Махаббат пен өнер ұлт таңдамайды, жүрек таңдайды. Иә, ұлты қазақ болмағанымен, қазақ жерінде өмірге келді. Қазақ өнеріне қосқан үлесі ұшан-теңіз. Аттарын атамай-ақ қояйын, өздеріңіз сүйіп тыңдайтын өнерпаздың көбісі жолдасымның қолдауымен танымал болды. Адамгершілігі, жанының тазалығы, кең жүрегі болмаса, мен жанынан табылар ма едім? Одан да әр ару өз теңін тауып, бақытты болсын деп тілейік", - деді Забирова. Сонымен қатар Толқын Забирова өзіне сын айтатын көпшілікке де жазба арнады. "Таңдай соғып отырғандарға айтарым, мен үшін алаңдамай-ақ қойыңыз. Мен бақытты әйелмін.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2034368-maxabbat-pen-oner-ult-tandamaidy-tolqyn-zabirova-26-zyl-otasqan-kuieui-zaily-qupiyasyn-bolisti-foto/
29 тамыз 2023, 09:04
kk
2023 жылғы 29 тамыз: Алматы, Астана және Шымкенттегі қолма-қол валюта бағамдары
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми деректеріне сәйкес, бүгін, 2023 жылғы 29 тамыз күнгі жағдай бойынша теңгенің долларға шаққандағы бағамы – 464.05 (+3.88), еуроға шаққандағы бағамы – 501.45 (+4.97) және рубльге шаққандағы бағамы – 4.87 (-0.02). Алматының ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 462.00 (МиГ) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 465.00 (МиГ).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 500.00 (Som Exchange) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 502.50 (МиГ).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.80 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.90 (Som Exchange).* Астананың ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 462.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 465.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 498.71 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 505.00 (Нурбанк).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.80 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 5.00 (CenterCredit).* Шымкенттің ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 462.00 (Нурбанк) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 465.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 498.71 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 505.00 (Нурбанк).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.80 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 5.00 (CenterCredit).* Ақпарат ресми дереккөздерден – қазақстандық банктердің және Алматы, Астана, Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау орындарының сайттарынан алынды. Қалаңыздағы ең тиімді валюта бағамдары туралы ақпаратты бірінші алғыңыз келе ме? Telegram-да біздің ботқа жазылыңыз. *Валюталарды сату және сатып алу бойынша ең тиімді бағамдарға қатысты ақпарат мақаланы жариялаған сәтте өзекті.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми деректеріне сәйкес, бүгін, 2023 жылғы 29 тамыз күнгі жағдай бойынша теңгенің долларға шаққандағы бағамы – 464.05 (+3.88), еуроға шаққандағы бағамы – 501.45 (+4.97) және рубльге шаққандағы бағамы – 4.87 (-0.02). Алматының ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 462.00 (МиГ) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 465.00 (МиГ).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 500.00 (Som Exchange) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 502.50 (МиГ).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.80 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.90 (Som Exchange).* Астананың ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 462.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 465.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 498.71 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 505.00 (Нурбанк).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.80 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 5.00 (CenterCredit).* Шымкенттің ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 462.00 (Нурбанк) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 465.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 498.71 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 505.00 (Нурбанк).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.80 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 5.00 (CenterCredit).* Ақпарат ресми дереккөздерден – қазақстандық банктердің және Алматы, Астана, Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау орындарының сайттарынан алынды. Қалаңыздағы ең тиімді валюта бағамдары туралы ақпаратты бірінші алғыңыз келе ме? Telegram-да біздің ботқа жазылыңыз.
Қаржы
false
https://kaz.nur.kz/nurfin/2034371-2023-zylgy-29-tamyz-almaty-astana-zane-symkenttegi-qolma-qol-valyuta-bagamdary/
29 тамыз 2023, 09:02
kk
Павлодарда жалаңаш қыз кішкентай баланың соңынан жүгірген
Бұған дейін қала тұрғыны Павлодарда жалаңаш жүгіріп жүріп, баланы қорқытқан қызға шағымданған болатын. Жергілікті полиция оның кім екенін анықтады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. Басылым мәліметінше, оқиға 27 тамызда Затонский базарының маңындағы Васильев көшесінде болған. Павлодар полиция басқармасының Оңтүстік бөліміне әйел адам жүгінген болатын. Ол бейтаныс жалаңаш қыз алты жасар ұлының соңынан жүгіргенін айтқан. Әйелдің сөзінше, қыз жануар сияқты ырылдап, баланы қорқытқан. Қала тұрғыны қыз психотроптық заттардың әсерінде болды деп болжайды. Полицейлер күдіктінің кім екенін анықтады, ол 19 жастағы Павлодар облысының тұрғыны болып шықты. Оған қоғамдық орындарда тиісу бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 449-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Бұған дейін қала тұрғыны Павлодарда жалаңаш жүгіріп жүріп, баланы қорқытқан қызға шағымданған болатын. Жергілікті полиция оның кім екенін анықтады, деп хабарлайды Басылым мәліметінше, оқиға 27 тамызда Затонский базарының маңындағы Васильев көшесінде болған. Павлодар полиция басқармасының Оңтүстік бөліміне әйел адам жүгінген болатын. Ол бейтаныс жалаңаш қыз алты жасар ұлының соңынан жүгіргенін айтқан. Әйелдің сөзінше, қыз жануар сияқты ырылдап, баланы қорқытқан. Қала тұрғыны қыз психотроптық заттардың әсерінде болды деп болжайды. Полицейлер күдіктінің кім екенін анықтады, ол 19 жастағы Павлодар облысының тұрғыны болып шықты.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2034363-pavlodarda-zalanas-qyz-ul-balanyn-sonynan-zugirgen/
29 тамыз 2023, 08:57
kk
Алматыда екі автобустың қозғалыс кестесі 2024 жылдың сәуіріне дейін өзгереді
Алматыда әуежай аймағын қайта жаңғыртуға байланысты екі автобустың қозғалыс кестесі сегіз айға өзгертіледі. Бұл туралы қалалық көлік холдингі Telegram арнасында хабарлады. Холдингтің мәліметінше, 2023 жылғы 29 тамыздан бастап 2024 жылғы 30 сәуірге дейін №3 және №92 маршруттардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді. Маршруттардың уақытша сызбасы:
Алматыда әуежай аймағын қайта жаңғыртуға байланысты екі автобустың қозғалыс кестесі сегіз айға өзгертіледі. Бұл туралы қалалық көлік холдингі Telegram арнасында хабарлады. Холдингтің мәліметінше, 2023 жылғы 29 тамыздан бастап 2024 жылғы 30 сәуірге дейін №3 және №92 маршруттардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2034361-almatyda-eki-avtobustyn-qozgalys-kestesi-2024-zyldyn-sauirine-deiin-ozgeredi/
29 тамыз 2023, 08:07
kk
Бас бапкер еркін күрестен Азия чемпионын әлем біріншілігіне неге апармайтынын айтты
Күрес түрлерінен әлем чемпионаты мен Азия ойындарына қатысатын балуандар анықталды. Лицензиялық әлем біріншілігіне қатысатын спортшылар қатарында Азия чемпионы Дархан Есенғали жоқ, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Еркін күрестен олимпиадалық салмақ саналатын 74 келіде Белградта өтетін әлем чемпионатына Нұрғожа Қайпанов қатысады. Нұрғожа биылғы Қазақстан Спартакиадасында Дархан Есенғалиден жеңілген болатын. Одан бөлек, Есенғали биыл Астанада өткен Азия біріншілігінде топ жарған. Бас бапкер Мадияр Құрамысовтың пікірінше, Дарханды жазғы Азия ойындарына қатыстыру туралы шешім қабылданған. "Иә, Дархан Есенғали ресми жарыста Қайпановты жеңді. Бірақ жаттығу жиындарында көріп жүрміз. Дархан Нұрғожадан жиі ұтылып қалады. Одан бөлек, әлемдік балуандармен кездесу жөнінен Қайпановтың тәжірибесі көп. Ал Есенғали бұл жағынан да ақсап тұр. Сондықтан оны Азия ойындарына қатыстыру туралы шешім қабылдадық", - деді бас бапкер. Еске сала кетейік, күрестен әлем чемпионаты мен жазғы Азия ойындарына қатысатын балуандар тізімі анықталған болатын.
Күрес түрлерінен әлем чемпионаты мен Азия ойындарына қатысатын балуандар анықталды. Лицензиялық әлем біріншілігіне қатысатын спортшылар қатарында Азия чемпионы Дархан Есенғали жоқ, деп жазады . Еркін күрестен олимпиадалық салмақ саналатын 74 келіде Белградта өтетін әлем чемпионатына Нұрғожа Қайпанов қатысады. Нұрғожа биылғы Қазақстан Спартакиадасында Дархан Есенғалиден жеңілген болатын. Одан бөлек, Есенғали биыл Астанада өткен Азия біріншілігінде топ жарған. Бас бапкер Мадияр Құрамысовтың пікірінше, Дарханды жазғы Азия ойындарына қатыстыру туралы шешім қабылданған. "Иә, Дархан Есенғали ресми жарыста Қайпановты жеңді. Бірақ жаттығу жиындарында көріп жүрміз. Дархан Нұрғожадан жиі ұтылып қалады. Одан бөлек, әлемдік балуандармен кездесу жөнінен Қайпановтың тәжірибесі көп. Ал Есенғали бұл жағынан да ақсап тұр. Сондықтан оны Азия ойындарына қатыстыру туралы шешім қабылдадық", - деді бас бапкер.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2034350-bas-bapker-erkin-kuresten-aziya-cempionyn-alem-birinsiligine-nege-aparmaitynyn-aitty/
29 тамыз 2023, 08:04
kk
Атырауда мектепте жұмыс істемеген "қызметкерлер" 90 млн теңге жалақы алған
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Атырау облысындағы мектептердің бірінде жұмыс істемесе де, тұрақты түрде жалақы алып келген 41 қызметкерді анықтады. Бұл туралы "Хабар 24" арнасы хабарлады. Телеарнаның хабарлауынша, Антикор мұндай заң бұзушылықтарды 12 білім беру мекемесінде анықтаған. Мектеп директорлары қағаз жүзінде нақты бір қызметкерлерге шағын жөндеу, электр жұмыстары мен компьютерлік сыныптарға қызмет көрсету бойынша міндеттерді тапсырған. Бірақ шынтуайтында барлық жұмысты басқа қызметкерлер атқарған. Бұл ретте директорлардың туыстары, достары мен таныстарының есепшотына 90 миллион теңге түскен. "Тексеру нәтижесінде мектеп басшысы өзінің туыстарын: қызын, күйеу баласын жұмысқа алғаны анықталды. Бірақ іс жүзінде олар мүлдем жұмыс істемеген. Осы мекеменің өзінде ұрланған сома 20 млн теңгеден асқаны анықталды", - деді Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басқармасының басшысы Жәнібек Қаражанов.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Атырау облысындағы мектептердің бірінде жұмыс істемесе де, тұрақты түрде жалақы алып келген 41 қызметкерді анықтады. Бұл туралы "Хабар 24" арнасы хабарлады. Телеарнаның хабарлауынша, Антикор мұндай заң бұзушылықтарды 12 білім беру мекемесінде анықтаған. Мектеп директорлары қағаз жүзінде нақты бір қызметкерлерге шағын жөндеу, электр жұмыстары мен компьютерлік сыныптарға қызмет көрсету бойынша міндеттерді тапсырған. Бірақ шынтуайтында барлық жұмысты басқа қызметкерлер атқарған. Бұл ретте директорлардың туыстары, достары мен таныстарының есепшотына 90 миллион теңге түскен. "Тексеру нәтижесінде мектеп басшысы өзінің туыстарын: қызын, күйеу баласын жұмысқа алғаны анықталды. Бірақ іс жүзінде олар мүлдем жұмыс істемеген.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2034360-atyrauda-mektepte-zumys-istemegen-qyzmetkerler-90-mln-tenge-zalaqy-algan/
29 тамыз 2023, 07:50
kk
Бүгін еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болады
Сейсенбі күні, 29 тамызда Қазақстанның ірі қалаларында күн суытады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал және жел күшейеді деп күтіледі. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарлады. Синоптиктердің болжамынша, сейсенбі күні Астанада күндіз көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын түсіп, найзағай ойнауы мүмкін. Күндіз ауа температурасы +21...+23 градусты құрайды. Ал түнде жауын-шашынсыз, +10...+12 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы күндіз 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с жетеді. Алматыда бүгін көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Синоптиктер оңтүстік астанада күндіз ауа температурасы +23...+25 градусқа жетсе, түнде +11...+13 градусқа дейін төмендейді деп болжап отыр. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с құрайды. Шымкент қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз ауа температурасы +27...+29 градусқа жетсе, түнде ауа температурасы +12...+14 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с, жел екпіні кезінде 15-20 м/с-ке дейін жетуі ықтимал.
Сейсенбі күні, 29 тамызда Қазақстанның ірі қалаларында күн суытады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал және жел күшейеді деп күтіледі. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарлады. Синоптиктердің болжамынша, сейсенбі күні Астанада күндіз көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын түсіп, найзағай ойнауы мүмкін. Күндіз ауа температурасы +21...+23 градусты құрайды. Ал түнде жауын-шашынсыз, +10...+12 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы күндіз 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с жетеді. Алматыда бүгін көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Синоптиктер оңтүстік астанада күндіз ауа температурасы +23...+25 градусқа жетсе, түнде +11...+13 градусқа дейін төмендейді деп болжап отыр. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с құрайды. Шымкент қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз ауа температурасы +27...+29 градусқа жетсе, түнде ауа температурасы +12...+14 градусқа дейін төмендейді.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2034359-bugin-elimizdin-iri-qalalarynda-aua-raiy-qandai-bolady/
29 тамыз 2023, 07:29
kk
Қазақстанда бокстан әлем чемпионаты өтеді
Қазақстанда бокстан әйелдер арасындағы XIV әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы отандық бокс федерациясы мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Ресми келісімге Халықаралық бокс қауымдастығының (IBА) вице-президенті Абдулмуталим Абакаров пен Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев қол қойды. Әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионаты 2024 жылдың қазан айында Астанада өтеді. Бұл жарысы Қазақстанда өткізу туралы шешімді IBA директорлар кеңесі Ташкентте-2023 әлем чемпионатындағы ресми отырысында қабылдады. "Астанадағы бокстан әлем чемпионаты Қазақстандағы осы спорт түрінің күші мен рухын тағы бір рет көрсетудің тамаша мүмкіндігі! Еліміз бокстан негізгі жарысты лайықты түрде алып отыр. Оған себеп – жерлестеріміздің әлемдік рингтегі жоғары нәтижелері. Шаршы алаңдағы жұлдыздарға қарай отырып, бізде өскелең ұрпақ өкілдерінің жаңа толқыны өсіп шығатыны сөзсіз", - деді ҚБФ президенті Кеңес Рақышев кездесуден кейін. Бірінші орын үшін ұйымдастыру комитеті боксшыларға 200 000 доллар береді, ал жалпы жүлде қоры барлық 12 салмақ бойынша 4,8 миллион долларды құрайды. Бұл сомаға ұлттық құрамалардың бас бапкерлеріне тиесілі 10% кіреді. Айта кетейік, Қазақстанның астанасында бұған дейін 2016 жылы әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионаты өткен болатын.
Қазақстанда бокстан әйелдер арасындағы XIV әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы отандық бокс федерациясы мәлімдеді, деп хабарлайды . Ресми келісімге Халықаралық бокс қауымдастығының (IBА) вице-президенті Абдулмуталим Абакаров пен Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев қол қойды. Әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионаты 2024 жылдың қазан айында Астанада өтеді. Бұл жарысы Қазақстанда өткізу туралы шешімді IBA директорлар кеңесі Ташкентте-2023 әлем чемпионатындағы ресми отырысында қабылдады. "Астанадағы бокстан әлем чемпионаты Қазақстандағы осы спорт түрінің күші мен рухын тағы бір рет көрсетудің тамаша мүмкіндігі! Еліміз бокстан негізгі жарысты лайықты түрде алып отыр. Оған себеп – жерлестеріміздің әлемдік рингтегі жоғары нәтижелері. Шаршы алаңдағы жұлдыздарға қарай отырып, бізде өскелең ұрпақ өкілдерінің жаңа толқыны өсіп шығатыны сөзсіз", - деді ҚБФ президенті Кеңес Рақышев кездесуден кейін. Бірінші орын үшін ұйымдастыру комитеті боксшыларға 200 000 доллар береді, ал жалпы жүлде қоры барлық 12 салмақ бойынша 4,8 миллион долларды құрайды. Бұл сомаға ұлттық құрамалардың бас бапкерлеріне тиесілі 10% кіреді.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2034348-qazaqstanda-bokstan-alem-cempionaty-otedi/
29 тамыз 2023, 07:05
kk
US Open: Елена Рыбакина украиналық қарсыласын ойсарата жеңді
АҚШ-та теннистен "Үлкен дулыға" санатындағы жылдың соңғы додасы - US Open турнирі өтіп жатыр. Қазақстандық Елена Рыбакина жарысты жеңіспен бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Әлемнің төртінші ракеткасы Рыбакина алғашқы айналымды WTA рейтингінде 37-орында тұрған украиналық Марта Костюкпен кездесті. Бұл матч Рыбакинаға айтарлықтай қиындық тудырған жоқ. Ол қарсыласын 2 сет қорытындысы бойынша жеңді. Есеп - 6:2, 6:1. Еленаның келесі қарсыласы венгриялық Панна Удварди мен австралиялық Айла Томлянович жұбының жеңімпазы болмақ. Еске сала кетейік, турнирдің алғашқы айналымында қазақстандық Александр Бублик жеңіліс тапқан еді. Ол австриялық Доминик Тимге есе жіберді.
АҚШ-та теннистен "Үлкен дулыға" санатындағы жылдың соңғы додасы - US Open турнирі өтіп жатыр. Қазақстандық Елена Рыбакина жарысты жеңіспен бастады, деп хабарлайды . Әлемнің төртінші ракеткасы Рыбакина алғашқы айналымды WTA рейтингінде 37-орында тұрған украиналық Марта Костюкпен кездесті. Бұл матч Рыбакинаға айтарлықтай қиындық тудырған жоқ. Ол қарсыласын 2 сет қорытындысы бойынша жеңді. Есеп - 6:2, 6:1. Еленаның келесі қарсыласы венгриялық Панна Удварди мен австралиялық Айла Томлянович жұбының жеңімпазы болмақ. Еске сала кетейік, турнирдің алғашқы айналымында қазақстандық Александр Бублик жеңіліс тапқан еді.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2034353-us-open-elena-rybakina-ukrainalyq-qarsylasyn-oisarata-zendi/
29 тамыз 2023, 02:14
kk
US Open: Қазақстанның бірінші ракеткасы күтпеген жерден ұтылып қалды
АҚШ-та теннистен "Үлкен дулыға" санатындағы жылдың соңғы турнирі - US Open додасы басталды. Қазақстандық Александр Бублик бірінші раундта жеңіліс тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Бублик бірінші кезеңде 2020 жылғы US Open чемпионы, австриялық Доминик Тиммен кездескен болатын. Әлемнің 27-ракеткасы саналатын Бублик 81-сатыдағы Тимнен үш сет қорытындысы бойыншы ұтылды. Есеп - 3:6, 2:6, 4:6. Үнемі қызуқандылығымен көзге түсетін Александр Бублик бұл жолы да матч кезінде бейәдеп сөздер айтқан. Әзірге, ұйымдастырушылар тарапынан қандай жаза қолданылары белгісіз.
АҚШ-та теннистен "Үлкен дулыға" санатындағы жылдың соңғы турнирі - US Open додасы басталды. Қазақстандық Александр Бублик бірінші раундта жеңіліс тапты, деп хабарлайды . Бублик бірінші кезеңде 2020 жылғы US Open чемпионы, австриялық Доминик Тиммен кездескен болатын. Әлемнің 27-ракеткасы саналатын Бублик 81-сатыдағы Тимнен үш сет қорытындысы бойыншы ұтылды. Есеп - 3:6, 2:6, 4:6. Үнемі қызуқандылығымен көзге түсетін Александр Бублик бұл жолы да матч кезінде бейәдеп сөздер айтқан.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2034347-us-open-qazaqstannyn-birinsi-raketkasy-kutpegen-zerden-utylyp-qaldy/
29 тамыз 2023, 01:21
kk
Бүгінгі жұлдыз жорамал: 29 тамыз күні сізді не күтіп тұр
Бүгін жұлдыз жорамал бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз. Қандай да бір мәселеге қатысты күмәніңіз болса, достарыңыздан кеңес сұраңыз, сіз міндетті түрде мәселенің шешімін табасыз. Егер сіздің сыртқы түріңіздегі ықтимал өзгерістерге күмәніңіз болса - достарыңызбен кеңесіңіз. Олар сізге жақсы кеңес береді және шешім қабылдауға көмектеседі. Ойыңыз шаршаңқы болып тұрғанын сезінсеңіз және жұмысқа кірісу қиын болып жатса, демалыс алу туралы ойланғаныңыз жөн, кем дегенде бірнеше күн демалыңыз. Бүгін өз жұбыңызбен қарым-қатынаста абай болыңыз немесе оны жалғыз қалдырыңыз. Болмашы нәрсе үшін ұрыс шығуы мүмкін. Айналаңызға мұқият қараңыз: дос деп санайтын адамдарыңыздың арасында сізге жамандық тілейтіндер де бар болуы мүмкін. Зодиак белгісінің нәзік жанды өкілдеріне ерте тұруға тырысып, бұрын-соңды жасап көрмеген макияжға уақыт бөлуді ұсынамыз. Айналаңыздағылардың қошеметіне бөленетініңіз сөзсіз. Тыныштықтан, хоббиден ләззат алыңыз немесе кітап оқыңыз. Үйіңіздің қабырғалары жер бетіндегі ең жақсы орын сияқты көрінетін болады. Шам жағу артық етпейді. Достармен қарым-қатынаста өзара көмек пен шынайы қолдау кезеңі басталады. Зодиак белгісінің нәзік жанды өкілдеріне макияж трендтерін көзсіз қуалауға кеңес бермейміз: барлық адамның бет-әлпеті әр түрлі және бір макияж техникасы бәріне бірдей сәйкес келе бермейді. Шынайы болыңыз және өзіңізге жарасатын макияж жасаңыз. Әлеуметтік желіден бір күн демалыңыз, бұл сіздің психикалық денсаулығыңызды жақсартуға сеп болады. Үйде шағын мереке ұйымдастырңыз. Себепсіз кішігірім сыйлықтар немесе дәмді кешкі ас жасаңыз. Жақындарыңыз сіздің назарыңызға лайық. Бұл күнді қолайлы деп атауға болмайды, бірақ сізде көп нәрсені істеуге уақыт болады. Не істесеңіз де, арманыңызды ұмытпаңыз. Енді сіз қуатыңыз бен күшіңіздің арқасында жоспарыңызға оңай қол жеткізе аласыз. Сабыр сақтау оңай болмайды. Ұсақ-түйектердің өзі мазаңызды қашыратын болады, жағдай жоспарға сай болмаған кезде тепе-теңдікті жоғалтуыңыз мүмкін. Жаңа танысулардың арқасында берік достық орнатуға мүмкіндік туады. Дайын болыңыз. Бүгін сіз болашақта сәтсіздікке жол бермеуге көмектесетін баға жетпес сабақ пен тәжірибе аласыз. Бастысы асықпаңыз, сонда күн жақсы өтеді. Істер өз бағытымен жүрсін. Оқиғалар тез дамып жатқан жоқ, бірақ бәрі жақсы нәтиже береді. Тілектеріңізді жазып, олардың орындалатынына сеніңіз. Кез келген жағдайға дайын жүру үшін түйіндемеңізді жаңартып қойыңыз: жақын арада мамандығыңыз бойынша қызықты бос орын табасыз. Өзіңізге қуаныш сыйлаңыз, бүгін сіз еркелейтін күн. Десе де шектен шықпауға тырысыңыз және ұсақ-түйекке көп ақша жұмсамаңыз. Кейінірек бұл қаражат әлдеқайда маңызды дүниелерге қажет болады. Бүгін сіз болашақта серіктес, дос немесе ғашық болатын жаңа адамдарды кездестіресіз. Барлығын жүрекке жақын қабылдамаңыз. Қиындықтардың орын алуы - қалыпты жайт. Өзіңізді-өзіңіз жей бермеңіз, сонда кімді болса да оңай жеңе аласыз. Бүгін күйік шалу не жарақат алу қаупі жоғары. Ондайға жол бермес үшін өте мұқият және абай болыңыз. Достарыңызбен мүмкіндігінше әдепті болыңыз: олар бүгін сізбен құпияларын бөлісуі мүмкін, мұндайда кез келген сын мен турашылдық орынсыз. Бүгін денсаулығыңызға уақыт бөліңіз. Егер сізде аурудың белгілері болса, дәрігеріңізбен кездесуге жазылыңыз. Егер бүгін достарыңыздың бірі сізге қатысты мысқылдайтын болса, сабырлық танытыңыз. Сіз әдептілік пен сыпайылыққа лайықсыз.
Бүгін жұлдыз жорамал бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз. Қандай да бір мәселеге қатысты күмәніңіз болса, достарыңыздан кеңес сұраңыз, сіз міндетті түрде мәселенің шешімін табасыз. Егер сіздің сыртқы түріңіздегі ықтимал өзгерістерге күмәніңіз болса - достарыңызбен кеңесіңіз. Олар сізге жақсы кеңес береді және шешім қабылдауға көмектеседі. Ойыңыз шаршаңқы болып тұрғанын сезінсеңіз және жұмысқа кірісу қиын болып жатса, демалыс алу туралы ойланғаныңыз жөн, кем дегенде бірнеше күн демалыңыз. Бүгін өз жұбыңызбен қарым-қатынаста абай болыңыз немесе оны жалғыз қалдырыңыз. Болмашы нәрсе үшін ұрыс шығуы мүмкін. Айналаңызға мұқият қараңыз: дос деп санайтын адамдарыңыздың арасында сізге жамандық тілейтіндер де бар болуы мүмкін. Зодиак белгісінің нәзік жанды өкілдеріне ерте тұруға тырысып, бұрын-соңды жасап көрмеген макияжға уақыт бөлуді ұсынамыз. Айналаңыздағылардың қошеметіне бөленетініңіз сөзсіз. Тыныштықтан, хоббиден ләззат алыңыз немесе кітап оқыңыз. Үйіңіздің қабырғалары жер бетіндегі ең жақсы орын сияқты көрінетін болады. Шам жағу артық етпейді. Достармен қарым-қатынаста өзара көмек пен шынайы қолдау кезеңі басталады. Зодиак белгісінің нәзік жанды өкілдеріне макияж трендтерін көзсіз қуалауға кеңес бермейміз: барлық адамның бет-әлпеті әр түрлі және бір макияж техникасы бәріне бірдей сәйкес келе бермейді. Шынайы болыңыз және өзіңізге жарасатын макияж жасаңыз. Әлеуметтік желіден бір күн демалыңыз, бұл сіздің психикалық денсаулығыңызды жақсартуға сеп болады. Үйде шағын мереке ұйымдастырңыз. Себепсіз кішігірім сыйлықтар немесе дәмді кешкі ас жасаңыз. Жақындарыңыз сіздің назарыңызға лайық. Бұл күнді қолайлы деп атауға болмайды, бірақ сізде көп нәрсені істеуге уақыт болады. Не істесеңіз де, арманыңызды ұмытпаңыз. Енді сіз қуатыңыз бен күшіңіздің арқасында жоспарыңызға оңай қол жеткізе аласыз. Сабыр сақтау оңай болмайды. Ұсақ-түйектердің өзі мазаңызды қашыратын болады, жағдай жоспарға сай болмаған кезде тепе-теңдікті жоғалтуыңыз мүмкін. Жаңа танысулардың арқасында берік достық орнатуға мүмкіндік туады. Дайын болыңыз. Бүгін сіз болашақта сәтсіздікке жол бермеуге көмектесетін баға жетпес сабақ пен тәжірибе аласыз. Бастысы асықпаңыз, сонда күн жақсы өтеді. Істер өз бағытымен жүрсін. Оқиғалар тез дамып жатқан жоқ, бірақ бәрі жақсы нәтиже береді. Тілектеріңізді жазып, олардың орындалатынына сеніңіз. Кез келген жағдайға дайын жүру үшін түйіндемеңізді жаңартып қойыңыз: жақын арада мамандығыңыз бойынша қызықты бос орын табасыз. Өзіңізге қуаныш сыйлаңыз, бүгін сіз еркелейтін күн. Десе де шектен шықпауға тырысыңыз және ұсақ-түйекке көп ақша жұмсамаңыз. Кейінірек бұл қаражат әлдеқайда маңызды дүниелерге қажет болады. Бүгін сіз болашақта серіктес, дос немесе ғашық болатын жаңа адамдарды кездестіресіз. Барлығын жүрекке жақын қабылдамаңыз. Қиындықтардың орын алуы - қалыпты жайт. Өзіңізді-өзіңіз жей бермеңіз, сонда кімді болса да оңай жеңе аласыз. Бүгін күйік шалу не жарақат алу қаупі жоғары. Ондайға жол бермес үшін өте мұқият және абай болыңыз. Достарыңызбен мүмкіндігінше әдепті болыңыз: олар бүгін сізбен құпияларын бөлісуі мүмкін, мұндайда кез келген сын мен турашылдық орынсыз. Бүгін денсаулығыңызға уақыт бөліңіз. Егер сізде аурудың белгілері болса, дәрігеріңізбен кездесуге жазылыңыз. Егер бүгін достарыңыздың бірі сізге қатысты мысқылдайтын болса, сабырлық танытыңыз.
Калейдоскоп
false
https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2034207-bugingi-zuldyz-zoramal-29-tamyz-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/
29 тамыз 2023, 00:01
kk
"Қосымша 5 тонна әк жеткізу жоспарлануда": Екібастұзда теміржол бойында күкірт қышқылы төгілді
Екібастұзда теміржол бойында күкірт қышқылы төгілді. Қазіргі уақытта мамандар күкірт қышқылының ағуын тоқтату бойынша жұмыстар жүргізуде. Бұл туралы Павлодар облыстық ТЖД Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады. Өңірлік ТЖД мәліметінше, 28 тамызда сағат 16.40-де Әскерилендірілген теміржол күзетінің кезекшісінен Екібастұз қаласы, Екібастұз-2 станциясында №6 жолдағы цистернадан күкірт қышқылының ағып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. "Тасымалданатын жүктің (күкірт қышқылының) жалпы көлемі 78,3 тоннаны (2 вагон) құрайды. Оқиға болған жерді полиция басқармасының, әскерилендірілген теміржол күзетінің қызметкерлері қоршауға алды. Сол жерде ЖАО, ТЖД, ҰҚК, прокуратура, ПБ, СЭД қызметкерлері мен тасымалдаушы өкілдерден тұратын штаб ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта цистернадан ағуды жою бойынша, қышқыл төгілген жерлерді құммен және әкпен үйіп тастау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі кезде ҚТЖ-ға 300 кг әк жеткізілді, қосымша Үшқұлын станциясынан 5 тонна әк жеткізу жоспарлануда", - делінген ТЖД хабарламасында. Сондай-ақ ведомство қышқылды басқа резервуарларға құю үшін Үшқұлын станциясынан транзиттік пойызбен екі қышқыл цистернасын (сыйымдылығы 65 тоннадан) жеткізу ұйымдастырылғанын атап өтті. "21.00-дегі жағдай бойынша цистерналар жолда. Қышқылды басқа резервуарларға құю бойынша жұмыстарды жүргізбес бұрын ТЖД құтқарушылары күкірт аққан жерге таңғыш салу жұмыстарын жүргізуде", - деп қосты ТЖД өкілдері.
Екібастұзда теміржол бойында күкірт қышқылы төгілді. Қазіргі уақытта мамандар күкірт қышқылының ағуын тоқтату бойынша жұмыстар жүргізуде. Бұл туралы Павлодар облыстық ТЖД Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады. Өңірлік ТЖД мәліметінше, 28 тамызда сағат 16.40-де Әскерилендірілген теміржол күзетінің кезекшісінен Екібастұз қаласы, Екібастұз-2 станциясында №6 жолдағы цистернадан күкірт қышқылының ағып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. "Тасымалданатын жүктің (күкірт қышқылының) жалпы көлемі 78,3 тоннаны (2 вагон) құрайды. Оқиға болған жерді полиция басқармасының, әскерилендірілген теміржол күзетінің қызметкерлері қоршауға алды. Сол жерде ЖАО, ТЖД, ҰҚК, прокуратура, ПБ, СЭД қызметкерлері мен тасымалдаушы өкілдерден тұратын штаб ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта цистернадан ағуды жою бойынша, қышқыл төгілген жерлерді құммен және әкпен үйіп тастау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі кезде ҚТЖ-ға 300 кг әк жеткізілді, қосымша Үшқұлын станциясынан 5 тонна әк жеткізу жоспарлануда", - делінген ТЖД хабарламасында. Сондай-ақ ведомство қышқылды басқа резервуарларға құю үшін Үшқұлын станциясынан транзиттік пойызбен екі қышқыл цистернасын (сыйымдылығы 65 тоннадан) жеткізу ұйымдастырылғанын атап өтті. "21.00-дегі жағдай бойынша цистерналар жолда.
Оқыс оқиғалар
false
https://kaz.nur.kz/accidents/2034338-qosymsa-5-tonna-ak-zetkizu-zosparlanuda-ekibastuzda-temirzol-boiynda-kukirt-qysqyly-togildi/
28 тамыз 2023, 22:38
kk
Қызылорда маңында жол апатынан үш адам мерт болды
Қызылорда маңындағы тасжолда жол апатынан үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды Telegram-дағы ІІМ ресми жаңалықтар арнасы. Полицейлердің мәліметінше, жол апаты бүгін, 28 маусымда сағат 12:15 шамасында Қызылорда-Павлодар А17 тасжолының 120-сыншы шақырымында болған. Анықталғандай, жеңіл автокөлікпен КаМАЗ жүк көлігі соқтығысқан. Салдарынан үш адам қаза тапқан. "Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр", - дейді полиция өкілдері. Айта кетейік, 23 тамызда Қызылорда облысында жеңіл автокөлік пен "Газель" соқтығысып, бес адам қайтыс болған еді.
Қызылорда маңындағы тасжолда жол апатынан үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды Telegram-дағы ІІМ ресми жаңалықтар арнасы. Полицейлердің мәліметінше, жол апаты бүгін, 28 маусымда сағат 12:15 шамасында Қызылорда-Павлодар А17 тасжолының 120-сыншы шақырымында болған. Анықталғандай, жеңіл автокөлікпен КаМАЗ жүк көлігі соқтығысқан. Салдарынан үш адам қаза тапқан. "Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр", - дейді полиция өкілдері.
Оқыс оқиғалар
false
https://kaz.nur.kz/accidents/2034334-qyzylorda-manynda-zol-apatynan-us-adam-mert-boldy/
28 тамыз 2023, 22:08
kk
Күрес түрлерінен Қытайдағы жазғы Азия ойындарына қатысатын балуандар кімдер
23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін Азия ойындарына қатысатын балуандар анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Азия ойындарына қатысатын балуандар тізімі бүгін Алматыда өткен арнайы баспасөз мәслихатында хабарланды. Сары құрлықтың Олимпиадасы саналатын басты додада төмендегі балуандарға сенім артылған: Грек-рим күресі: 60 келі - Айдос Сұлтанғали. 67 келі- Мерей Бекенов. 77 келі - Азат Садықов. 87 келі - Мақсат Сайлау 97 келі - Ислам Умаев 130 келі - Әлімхан Сыздықов. Бас бапкер- Юрий Мельниченко. Әйелдер күресі: 50 келі - Светлана Анкичева. 53 келі - Марина Седнева. 57 келі - Эмма Тисина. 62 келі - Ирина Кузнецова. 68 келі - Елена Шалыгина. 76 келі - Жәмила Бақбергенова. Бас бапкер- Қайрат Сағадиев. Еркін күрес: 57 келі - Рахат Қалжан. 65 келі - Мұхтар Санжар. 74 келі - Дархан Есенғали. 86 келі - Азамат Дәулетбеков. 97 келі - Әлішер Ерғали. 125 келі - Юсуп Батырмурзаев. Бас бапкер- Мадияр Құрамысов. Айта кетелік, Азия ойындарында күрес бәсекелері 4-6 қазан аралығында өтеді.
23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін Азия ойындарына қатысатын балуандар анықталды. Бұл туралы хабарлайды. Азия ойындарына қатысатын балуандар тізімі бүгін Алматыда өткен арнайы баспасөз мәслихатында хабарланды. Сары құрлықтың Олимпиадасы саналатын басты додада төмендегі балуандарға сенім артылған: Грек-рим күресі: 60 келі - Айдос Сұлтанғали. 67 келі- Мерей Бекенов. 77 келі - Азат Садықов. 87 келі - Мақсат Сайлау 97 келі - Ислам Умаев 130 келі - Әлімхан Сыздықов. Бас бапкер- Юрий Мельниченко. Әйелдер күресі: 50 келі - Светлана Анкичева. 76 келі - Жәмила Бақбергенова. Бас бапкер- Қайрат Сағадиев. Еркін күрес: 57 келі - Рахат Қалжан. 65 келі - Мұхтар Санжар. 74 келі - Дархан Есенғали. 86 келі - Азамат Дәулетбеков. 97 келі - Әлішер Ерғали. 125 келі - Юсуп Батырмурзаев. Бас бапкер- Мадияр Құрамысов.
Спорт
true
https://kaz.nur.kz/sport/2034335-kures-turlerinen-qytaidagy-zazgy-aziya-oiyndaryna-qatysatyn-baluandar-kimder/
28 тамыз 2023, 22:06
kk
Күрес түрлерінен әлем чемпионаты мен Азия ойындарына қатысатын құрам толық жарияланды
Бүгін Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы Алматыда баспасөз мәслихатын өткізіп, алдағы ірі екі жарысқа қатысатын балуандар тізімін атады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Баспасөз мәслихатына күрес түрлерінен ұлттық құраманың бас бапкерлері, Қазақстан күрес федерациясының бас хатшысы Димаш Сұлтанов, федерацияның вице-президенті Марат Мұзапаров пен баспасөз қызметінің жетекшісі Аспандия Есенжолов қатысты. Жиында сөз алған бас бапкерлер ұлттық құрама тізімін жариялады. Сербияның Белград қаласында өтетін әлем чемпионаты мен Қытайдағы жазғы Азия ойындарының өту мерзімі жақын болғанына қарамастан, кейбір салмақтағы балуандар екі додаға да қатысады. 16-25 қыркүйек аралығында өтетін лицензиялық әлем чемпионатына қатысатын балуандар тізімі: Грек-рим күресі: 55 келі: Марлан Мұқашев. 60 келі: Олжас Сұлтан. 63 келі: Мамырбек Мұхамедәли. 67 келі: Алмат Кебіспаев. 72 келі: Ибрагим Магомадов. 77 келі: Демеу Жадраев. 87 келі: Нұрсұлтан Тұрсынов. 97 келі: Олжас Сырлыбай 130 келі: Әлімхан Сыздықов. Бас бапкер - Юрий Мельниченко. Еркін күрес: 57 келі - Мейрамбек Қартбай. 61 келі - Дастанбек Өсімжан. 65 келі - Әділ Оспанов. 70 келі - Санжар Досжанов. 74 келі - Нұрқожа Қайпанов. 79 келі - Болат Сақаев. 86 келі - Азамат Дәулетбеков. 92 келі- Ризабек Айтмұхан. 97 келі - Әлішер Ерғали. 125 келі - Юсуп Батырмурзаев. Бас бапкер- Мадияр Құрамысов. Әйелдер күресі: 50 келі - Марал Тәңібергенова. 53 келі - Алтын Шағаева. 55 келі - Марина Седнева. 57 келі - Айнұр Әшімова. 59 келі - Диана Каюмова. 62 келі - Ирина Кузнецова. 65 келі - Ирина Казюлина. 68 келі - Елена Шалыгина. 72 келі - Жамила Бакбергенова. 76 келі - Іңкәр Жанатаева. Бас бапкер- Қайрат Сағадиев. Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарына қатысатын балуандар тізімін мына сілтемеден оқи аласыздар.
Бүгін Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы Алматыда баспасөз мәслихатын өткізіп, алдағы ірі екі жарысқа қатысатын балуандар тізімін атады. Бұл туралы хабарлайды. Баспасөз мәслихатына күрес түрлерінен ұлттық құраманың бас бапкерлері, Қазақстан күрес федерациясының бас хатшысы Димаш Сұлтанов, федерацияның вице-президенті Марат Мұзапаров пен баспасөз қызметінің жетекшісі Аспандия Есенжолов қатысты. Жиында сөз алған бас бапкерлер ұлттық құрама тізімін жариялады. Сербияның Белград қаласында өтетін әлем чемпионаты мен Қытайдағы жазғы Азия ойындарының өту мерзімі жақын болғанына қарамастан, кейбір салмақтағы балуандар екі додаға да қатысады. 16-25 қыркүйек аралығында өтетін лицензиялық әлем чемпионатына қатысатын балуандар тізімі: Грек-рим күресі: 55 келі: Марлан Мұқашев. 60 келі: Олжас Сұлтан. 63 келі: Мамырбек Мұхамедәли. 67 келі: Алмат Кебіспаев. 72 келі: Ибрагим Магомадов. 77 келі: Демеу Жадраев. 87 келі: Нұрсұлтан Тұрсынов. 97 келі: Олжас Сырлыбай 130 келі: Әлімхан Сыздықов. Бас бапкер - Юрий Мельниченко. Еркін күрес: 57 келі - Мейрамбек Қартбай. 61 келі - Дастанбек Өсімжан. 65 келі - Әділ Оспанов. 70 келі - Санжар Досжанов. 74 келі - Нұрқожа Қайпанов. 79 келі - Болат Сақаев. 86 келі - Азамат Дәулетбеков. 92 келі- Ризабек Айтмұхан. 97 келі - Әлішер Ерғали. 125 келі - Юсуп Батырмурзаев. Бас бапкер- Мадияр Құрамысов. Әйелдер күресі: 50 келі - Марал Тәңібергенова. 53 келі - Алтын Шағаева. 55 келі - Марина Седнева. 57 келі - Айнұр Әшімова. 72 келі - Жамила Бакбергенова. 76 келі - Іңкәр Жанатаева. Бас бапкер- Қайрат Сағадиев.
Спорт
true
https://kaz.nur.kz/sport/2034333-kures-turlerinen-alem-cempionaty-men-aziya-oiyndaryna-qatysatyn-quram-tolyq-zariyalandy/
28 тамыз 2023, 22:01
kk
Финалда есе қайтарды: тағы бір қазақстандық мерген Бакуде әлем чемпионы атанды
Бакуде өтіп жатқан спорттық атудан әлем чемпионатында ел қоржыны екінші алтынмен толықты. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Ауыспалы ритммен (баяу немесе жылдам) 10 метрден жылжымалы нысана көздеуде бас жүлде үшін талас соңғы сәтке дейін жүрді. Негізгі кезеңде 378 ұпаймен тең түскен қазақстандықтар – Зухра Ирназарова мен Александра Садуакасова екеуара алтынды сарапқа салды. Бұл жолғы финалда Александра мергендік танытып (19-13), чемпион атанды. Кешегі сында Зухра алтын, Александра күміс жүлдеге ие болған еді. "Зухра мен Александра екеуі осы жаттығуда алтын және күміс медальдан жеңіп алды. Олардың нәтижесіне көңілім толады. Бәріміз мақтан тұтамыз. Әлем чемпионатының қарсаңында бұдан жоғары көрсеткіш болады деп топшылағанмын. Алайда бәрі біз ойлағандай бола бермейді. Аз-кем үзілістен соң алдағы жарыстарға тыңғылықты дайындықты бастаймыз",-дейді спортшылардың бапкері Наталья Юнусметова. Қазір Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс, 1 қола жүлдемен жалпы есепте 9-орынға көтерілді. Бірнеше күн бұрын стенд атудың трап бағдарламадасында Мария Дмитриенко мен Даниил Почивалов (микст) үздік үштікті түйіндеген. Бакудегі бәсеке 1 қыркүйекте мәресіне жетеді. Тамыздың ортасынан бастап мұнда 101 мемлекеттен келген 1250 спортшы сынға түсті. Келесі жылы өтетін Париж Олимпиадасының 48 жолдамасы сарапқа салынды. Қазақстан құрамасы сапынан Ислам Сатпаев олимпия ойындарының лицензиясын жеңіп алды.
Бакуде өтіп жатқан спорттық атудан әлем чемпионатында ел қоржыны екінші алтынмен толықты. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған хабарлайды. Ауыспалы ритммен (баяу немесе жылдам) 10 метрден жылжымалы нысана көздеуде бас жүлде үшін талас соңғы сәтке дейін жүрді. Негізгі кезеңде 378 ұпаймен тең түскен қазақстандықтар – Зухра Ирназарова мен Александра Садуакасова екеуара алтынды сарапқа салды. Бұл жолғы финалда Александра мергендік танытып (19-13), чемпион атанды. Кешегі сында Зухра алтын, Александра күміс жүлдеге ие болған еді. "Зухра мен Александра екеуі осы жаттығуда алтын және күміс медальдан жеңіп алды. Олардың нәтижесіне көңілім толады. Бәріміз мақтан тұтамыз. Әлем чемпионатының қарсаңында бұдан жоғары көрсеткіш болады деп топшылағанмын. Алайда бәрі біз ойлағандай бола бермейді. Аз-кем үзілістен соң алдағы жарыстарға тыңғылықты дайындықты бастаймыз",-дейді спортшылардың бапкері Наталья Юнусметова. Қазір Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс, 1 қола жүлдемен жалпы есепте 9-орынға көтерілді. Бірнеше күн бұрын стенд атудың трап бағдарламадасында Мария Дмитриенко мен Даниил Почивалов (микст) үздік үштікті түйіндеген. Бакудегі бәсеке 1 қыркүйекте мәресіне жетеді. Тамыздың ортасынан бастап мұнда 101 мемлекеттен келген 1250 спортшы сынға түсті. Келесі жылы өтетін Париж Олимпиадасының 48 жолдамасы сарапқа салынды.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2034332-finalda-ese-qaitardy-tagy-bir-qazaqstandyq-mergen-bakude-alem-cempiony-atandy/
28 тамыз 2023, 21:48
kk
Тәжікстанда нөсер жаңбыр салдарынан 13 адам қаза тапты
Тәжкістанның бірқатар аймағында нөсер жаңбырдың әсерінен сел мен көшкін жүріп, төтенше жағдай салдарынан 13 адам қаза тапты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sputnik Тәжкістан агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. Агенттік мәліметінше, 27 тамыздағы нөсер жаңбыр сел мен көшкінге, сондай-ақ Тәжікстанның кей аймақтарында су тасқынына себеп болған. Төтенше жағдай салдарынан адамдар қаза болып, ғимараттар, жолдар бүлінген. Ресми мәлімет бойынша табиғи апаттан 13 адам қайтыс болған. Олардың 11-і Вахдат қаласының, екеуі Рудаки ауданының тұрғындары. Сонымен қатар су тасқынынан Душанбе - Худжанд тасжолы бүлінген. Басылым жазуынша, ел президенті Эмомали Рахмон табиғи апат салдарынан қаза болған жандардың отбасына көңіл айтып, елдің премьер-министрі Кохира Расулзодаға, Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитетіне және басқа да бейінді құрылымдарға марқұмдардың жақындарына көмек көрсетуді тапсырған. Бұдан бөлек Эмомали Рахмон табиғи апаттың салдарын жою үшін тез арада шаралар қабылдауды тапсырған. Сондай-ақ агенттіктің елдің Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитетіне сілтеме жасап хабарлауынша, құтқарушылар Вахдатта суға батып бара жатқан көліктен екі адамды алып шыққан. Елде су алған жолдардан бөлек, көпірлер, ауылдар арасындағы жолдар, қорғаныс ғимараттары, инфрақұрылым нысандары бүлінген. Душанбеде бірнеше ауданында ауыз су беру тоқтатылған. Қазіргі таңда оқиға орындарында арнайы қызметтер жұмыс істеуде. Олар табиғи апаттан келген шығынды есептеуде.
Тәжкістанның бірқатар аймағында нөсер жаңбырдың әсерінен сел мен көшкін жүріп, төтенше жағдай салдарынан 13 адам қаза тапты. Бұл туралы Sputnik Тәжкістан агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. Агенттік мәліметінше, 27 тамыздағы нөсер жаңбыр сел мен көшкінге, сондай-ақ Тәжікстанның кей аймақтарында су тасқынына себеп болған. Төтенше жағдай салдарынан адамдар қаза болып, ғимараттар, жолдар бүлінген. Ресми мәлімет бойынша табиғи апаттан 13 адам қайтыс болған. Олардың 11-і Вахдат қаласының, екеуі Рудаки ауданының тұрғындары. Сонымен қатар су тасқынынан Душанбе - Худжанд тасжолы бүлінген. Басылым жазуынша, ел президенті Эмомали Рахмон табиғи апат салдарынан қаза болған жандардың отбасына көңіл айтып, елдің премьер-министрі Кохира Расулзодаға, Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитетіне және басқа да бейінді құрылымдарға марқұмдардың жақындарына көмек көрсетуді тапсырған. Бұдан бөлек Эмомали Рахмон табиғи апаттың салдарын жою үшін тез арада шаралар қабылдауды тапсырған. Сондай-ақ агенттіктің елдің Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитетіне сілтеме жасап хабарлауынша, құтқарушылар Вахдатта суға батып бара жатқан көліктен екі адамды алып шыққан. Елде су алған жолдардан бөлек, көпірлер, ауылдар арасындағы жолдар, қорғаныс ғимараттары, инфрақұрылым нысандары бүлінген. Душанбеде бірнеше ауданында ауыз су беру тоқтатылған. Қазіргі таңда оқиға орындарында арнайы қызметтер жұмыс істеуде.
Әлемде
false
https://kaz.nur.kz/world/2034323-tazikstanda-noser-zanbyr-saldarynan-13-adam-qaza-tapty/
28 тамыз 2023, 21:08
kk
Полиция жол ережесін бұзған көлік Қайрат Нұртасқа тиесілі екенін растады
Жамбыл облысының ПД жол ережесін бұзған көлік шынымен де қазақстандық әнші Қайрат Нұртасқа тиесілі екенін растады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" агенттігі. "Видеода көрсетілген көлікті Қайрат Нұртас басқармаған. Көлікті бастығына асыққан жүргізушісі басқарған", - деді Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова. Еске салайық, бұған дейін желіде Жамбыл облысында жол қозғалысы ережесін бұзған видео тараған болатын. Сонымен қатар желі қолданушылары бұл қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың көлігі екенін айтқан еді. Алайда, бұл ақпарат ресми түрде расталмаған еді. "Бұл дерек Қордай ауданы "Алматы-Ташкент" тас жолының 215 шақырымында болды. Бұл құқықбұзушылықты жасағаны үшін Mercedes-222 маркалы көлігінің 37 жастағы жүргізушісіне Қазақстан Республикасы әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 601 яғни жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігін белгілеумен белгіленген талаптарды сақтамау бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. 10 мың 350 теңге көлемінде айыппұл салынды", - деп жазылды полиция департаментінің хабарламасында.
Жамбыл облысының ПД жол ережесін бұзған көлік шынымен де қазақстандық әнші Қайрат Нұртасқа тиесілі екенін растады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" агенттігі. "Видеода көрсетілген көлікті Қайрат Нұртас басқармаған. Көлікті бастығына асыққан жүргізушісі басқарған", - деді Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова. Еске салайық, бұған дейін желіде Жамбыл облысында жол қозғалысы ережесін бұзған видео тараған болатын. Сонымен қатар желі қолданушылары бұл қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың көлігі екенін айтқан еді. Алайда, бұл ақпарат ресми түрде расталмаған еді. "Бұл дерек Қордай ауданы "Алматы-Ташкент" тас жолының 215 шақырымында болды. Бұл құқықбұзушылықты жасағаны үшін Mercedes-222 маркалы көлігінің 37 жастағы жүргізушісіне Қазақстан Республикасы әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 601 яғни жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігін белгілеумен белгіленген талаптарды сақтамау бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2034320-policiya-zol-erezesin-buzgan-kolik-qairat-nurtasqa-tiesili-ekenin-rastady/
28 тамыз 2023, 19:58
kk
"Мәдениет төмендігінің белгісі": Астана әкімі Тәжікстан жәрмеңкесінде қоғамдық тәртіп бұзылғанын айтты
Демалыс күндері Астанадағы EXPO алаңында Тәжікстан фермерлері ұйымдастырған көрме-жәрмеңкеде тұрғындардың тауарларды таласып алып жатқаны түсірілген видео тарады. Оқиғаға қатысты Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram-дағы парақшасында пікір білдірді. Астана әкімі жәрмеңкеде 1000 тоннадан астам өнім сатылғанын, кейбір адамдардың орынсыз әрекетіне байланысты Астана қаласының барлық тұрғынына сөз тигенін атап өтті. "Өкініштісі, жәрмеңке мүлкіне зиян келіп, кейбір азаматтар шатырларды, сөрелерді, декорацияларды сындырды. Қоғамдық тәртіп те бұзылды. Бұл – мәдениеттің төменділігінің, адам еңбегін құрметтемеудің белгісі", - деді әкім. Жеңіс Қасымбек көрме-жәрмеңкеге 100 мыңға жуық адам қатысқанын, бұл іс-шарада қала тұрғындарының басым бөлігі мәдениетті болғанын да жеткізді "Мемлекет басшысы елорда тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Астана көшелерінде вандализм мен құқық бұзушылықтардың жиілеп кеткен жағдайларын болдырмау жөнінде тиімді шаралар қабылдау қажеттігін атап өткен болатын", - деп жазды елорда әкімі желідегі парақшасында. Сонымен қатар ол полицияға вандализм әрекеттерін жасаған және қоғамдық тәртіпті бұзған адамдарды анықтау жұмысы тапсырылғанын, құқық бұзушылар жауапқа тартылатынын айтты. Айта кетейік, Астанада өткен Тәжікстан тауарлары жәрмеңкесіне келген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолөнершілерден тегін зат алудан бас тартып, ақшаға сатып алып жатқаны көрсетілген видеосын жариялаған едік. Сондай-ақ, елордадағы Тәжікстанның мәдени күндері аясында өткен көрме-жәрмеңке уақытынан бұрын аяқталғанын, Астана әкімдігінің өкілі жеміс-жидектерді басып, жоғарыдан қарбыз алып жатқан тәжікстандық фермерлердің өздері екенін мәлімдеген еді.
Демалыс күндері Астанадағы EXPO алаңында Тәжікстан фермерлері ұйымдастырған көрме-жәрмеңкеде тұрғындардың тауарларды таласып алып жатқаны түсірілген видео тарады. Оқиғаға қатысты Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram-дағы парақшасында пікір білдірді. Астана әкімі жәрмеңкеде 1000 тоннадан астам өнім сатылғанын, кейбір адамдардың орынсыз әрекетіне байланысты Астана қаласының барлық тұрғынына сөз тигенін атап өтті. "Өкініштісі, жәрмеңке мүлкіне зиян келіп, кейбір азаматтар шатырларды, сөрелерді, декорацияларды сындырды. Қоғамдық тәртіп те бұзылды. Бұл – мәдениеттің төменділігінің, адам еңбегін құрметтемеудің белгісі", - деді әкім. Жеңіс Қасымбек көрме-жәрмеңкеге 100 мыңға жуық адам қатысқанын, бұл іс-шарада қала тұрғындарының басым бөлігі мәдениетті болғанын да жеткізді "Мемлекет басшысы елорда тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Астана көшелерінде вандализм мен құқық бұзушылықтардың жиілеп кеткен жағдайларын болдырмау жөнінде тиімді шаралар қабылдау қажеттігін атап өткен болатын", - деп жазды елорда әкімі желідегі парақшасында. Сонымен қатар ол полицияға вандализм әрекеттерін жасаған және қоғамдық тәртіпті бұзған адамдарды анықтау жұмысы тапсырылғанын, құқық бұзушылар жауапқа тартылатынын айтты. Айта кетейік, Астанада өткен Тәжікстан тауарлары жәрмеңкесіне келген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолөнершілерден тегін зат алудан бас тартып, ақшаға сатып алып жатқаны көрсетілген видеосын жариялаған едік.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2034314-madeniet-tomendiginin-belgisi-astana-akimi-tazikstan-zarmenkesinde-qogamdyq-tartip-buzylganyn-aitty/
28 тамыз 2023, 19:35
kk
СІМ Ресей бас консулының Қазақстандағы орыс тілі туралы мәлімдемесіне қатысты жауап берді
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров брифингте Ресей Федерациясы бас консулының Қазақстанда орыс тілінің қолданыс деңгейінің төмендегені туралы сөзіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. БАҚ өкілдері бұған дейін Ресейдің бас консулы Евгений Бобров Қазақстанда орыс тілінің қолданысы төмендегенін, орыстілді мектептер мен сыныптар санының қысқарғанын, бірінші кезекте қазақ тілінде оқитын 1-сынып бағдарламадан "орыс тілі" пәнінің алынып тасталғанын мәлімдегенін атап өтті. "Мүмкін бұл адам еліміздегі барлық ақпараттан хабарсыз болған шығар. Менде Оқу-ағарту министрлігінен қандай мектептер қай тілде оқытатыны туралы мәліметтер бар. 7711 мемлекеттік мектептің 3957-сі тек қазақ тілінде білім береді. 1203 мектеп орыс тілінде оқытады. Ал 2551 мектепте оқушылар қазақ және орыс тілдерінде білім алады" - деді Айбек Смадияров. Сондай-ақ, ол еліміздегі мектеп оқушыларын "тек қана қазақ тілінде оқыту" деген пікірге қатысты да ойын айтты. "Елдегі барлық мектепті тек қана қазақ тілінде оқытуға толық көшіру жоспарда жоқ. Бүгінгі таңда әр азамат баласының қай тілде оқытатынын өзі таңдауға құқылы. Бұл қызметкер қазір Қазақстанда емес. Ол енді бұл жерде жұмыс істемейді. Ол дипломатиялық миссиясын аяқтады", - деп атап өтті СІМ өкілі.
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров брифингте Ресей Федерациясы бас консулының Қазақстанда орыс тілінің қолданыс деңгейінің төмендегені туралы сөзіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды . БАҚ өкілдері бұған дейін Ресейдің бас консулы Евгений Бобров Қазақстанда орыс тілінің қолданысы төмендегенін, орыстілді мектептер мен сыныптар санының қысқарғанын, бірінші кезекте қазақ тілінде оқитын 1-сынып бағдарламадан "орыс тілі" пәнінің алынып тасталғанын мәлімдегенін атап өтті. "Мүмкін бұл адам еліміздегі барлық ақпараттан хабарсыз болған шығар. Менде Оқу-ағарту министрлігінен қандай мектептер қай тілде оқытатыны туралы мәліметтер бар. 7711 мемлекеттік мектептің 3957-сі тек қазақ тілінде білім береді. 1203 мектеп орыс тілінде оқытады. Ал 2551 мектепте оқушылар қазақ және орыс тілдерінде білім алады" - деді Айбек Смадияров. Сондай-ақ, ол еліміздегі мектеп оқушыларын "тек қана қазақ тілінде оқыту" деген пікірге қатысты да ойын айтты. "Елдегі барлық мектепті тек қана қазақ тілінде оқытуға толық көшіру жоспарда жоқ. Бүгінгі таңда әр азамат баласының қай тілде оқытатынын өзі таңдауға құқылы. Бұл қызметкер қазір Қазақстанда емес. Ол енді бұл жерде жұмыс істемейді.
Саясат және экономика
false
https://kaz.nur.kz/politics/2034307-sim-resei-bas-konsulynyn-qazaqstandagy-orys-tili-turaly-malimdemesine-qatysty-zauap-berdi/
28 тамыз 2023, 19:11
kk
Екі мереке, бір қала: Сәтбаевтың 50 жылдығы мен Кеншілер күні қалай тойланды
Өткен демалыс күндері Сәтбаевта бірден екі айтулы оқиға – қаланың 50 жылдығы, кеншілер мен байытушылар күні аталып өтілді. Осы күнге орай Қаныш Сәтбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан бастап, ашық аспан астындағы мерекелік концертке дейін бірнеше іс-шара ұйымдастырылды. Қала тұрғындарының басым бөлігі облыстағы негізгі жұмыс беруші - «Қазақмыстың» тиісті салаларында жұмыс істейтіндіктен, «Кенші мен байытушы күні» - сәтбаевтықтар үшін жылдың көптен күткен мерекелерінің бірі. Биыл дәстүр бойынша мереке академик, ғалым Қаныш Сәтбаевтың ескерткішіне гүл қою және қаза тапқан кеншілерді бір минут үнсіздікпен еске алу рәсімінен басталды. Гүл қою рәсіміне Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ұлантай Үсенов, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев, кәсіпорын басшылары, ардагерлер мен өндіріс озаттары қатысты. Мереке кейіпкерлерін компания басшылығы құттықтап, олар корпорацияның гүлденуіне күн сайын үлес қосып жүрген сан мыңдаған ұжымның орасан зор бөлігі екенін атап өтті. «Бірінші жартыжылдық Корпорация үшін табысты болды. Кеншілер жоспарды 101 пайызға орындады, өңдеу зауыттары 15,5 миллион тонна кенді өңдеді. Өндіріс көлемін ұлғайтып, жұмысшылардың тұрмыс жағдайын жақсартып жатырмыз. Озық технологияларды пайдалана отырып, біз заманауи кластерлерді жасаймыз. Компания басшылығы кәсіпорындардағы еңбекақыны көбейтіп, әлеуметтік пакеттерді жақсарту арқылы әрбір қызметкердің жұмысын лайықты бағалайды», - деп атап өтті «Казақмыста». Басшылық кеншілер мен байытушыларға өндірістік көрсеткіштерінің және сұраныстарының артуын тілеп, адам ресурстары компанияның басты құндылығы екенін, сондықтан олардың қауіпсіздігі бірінші орында тұрғанын атап өтті. Жексенбі күні Сәтбаевтың Ш.Ділдебаев атындағы мәдениет сарайында қаланың 50 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Мерейтойлық іс-шараның басты қонақтары «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС тау-кен байыту кәсіпорындарының еңбек ұжымдарының өкілдері болды. Олармен кездесуде Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ұлантай Үсенов еңбек сіңірген кеншілерге «Еңбек ардагері», «Құрметті кенші» және «Кенші данқы» төсбелгілерін, сондай-ақ облыс әкімінің Құрмет грамоталарын табыс етті. Өз кезегінде «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев облыс кәсіпорындарының үздік жұмысшыларын «Кенші данқы» және «Еңбек даңқы» салалық төсбелгілерімен, сондай-ақ компания басшылығының құрмет грамоталарымен марапаттады. «Құрметті кеншілер мен байытушылар, бүгін мен осы мінберден сіздерді шын жүректен құттықтаймын, еңбектеріңіз үшін, кәсіпке адалдық пен берілгендіктеріңіз үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Бәріңізге шын жүректен толағай табыс, апатсыз жұмыс, зор денсаулық пен амандық тілеймін! Қалаларымыз гүлденіп, дами берсін, үлкейе берсін, инвестициялар тартылып, жаңа жұмыс орындары ашыла берсін, халқы көбейе берсін», – деді Нұрахмет Нұриев. Сәтбаевтың бас алаңында қазақ эстрадасының жұлдыздары Тұрар Ыдырыс, AYREE, Орда тобы және, әрине дүние жүзі бойынша миллиондаған жанкүйері бар қазақстандық танымал орыстілді рэп пен хип-хоп әртісі JahKhalib өнер көрсеткен концерт келушілерге ерекше шаттық сыйлады. Сәтбаевтықтар үшін бұл нағыз тосын сый болды, мыңдаған жиналған қауым сүйікті әртістерімен бірге ән шырқап, мерекеге риза болды.
Өткен демалыс күндері Сәтбаевта бірден екі айтулы оқиға – қаланың 50 жылдығы, кеншілер мен байытушылар күні аталып өтілді. Осы күнге орай Қаныш Сәтбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан бастап, ашық аспан астындағы мерекелік концертке дейін бірнеше іс-шара ұйымдастырылды. Қала тұрғындарының басым бөлігі облыстағы негізгі жұмыс беруші - «Қазақмыстың» тиісті салаларында жұмыс істейтіндіктен, «Кенші мен байытушы күні» - сәтбаевтықтар үшін жылдың көптен күткен мерекелерінің бірі. Биыл дәстүр бойынша мереке академик, ғалым Қаныш Сәтбаевтың ескерткішіне гүл қою және қаза тапқан кеншілерді бір минут үнсіздікпен еске алу рәсімінен басталды. Гүл қою рәсіміне Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ұлантай Үсенов, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев, кәсіпорын басшылары, ардагерлер мен өндіріс озаттары қатысты. Мереке кейіпкерлерін компания басшылығы құттықтап, олар корпорацияның гүлденуіне күн сайын үлес қосып жүрген сан мыңдаған ұжымның орасан зор бөлігі екенін атап өтті. «Бірінші жартыжылдық Корпорация үшін табысты болды. Кеншілер жоспарды 101 пайызға орындады, өңдеу зауыттары 15,5 миллион тонна кенді өңдеді. Өндіріс көлемін ұлғайтып, жұмысшылардың тұрмыс жағдайын жақсартып жатырмыз. Озық технологияларды пайдалана отырып, біз заманауи кластерлерді жасаймыз. Компания басшылығы кәсіпорындардағы еңбекақыны көбейтіп, әлеуметтік пакеттерді жақсарту арқылы әрбір қызметкердің жұмысын лайықты бағалайды», - деп атап өтті «Казақмыста». Басшылық кеншілер мен байытушыларға өндірістік көрсеткіштерінің және сұраныстарының артуын тілеп, адам ресурстары компанияның басты құндылығы екенін, сондықтан олардың қауіпсіздігі бірінші орында тұрғанын атап өтті. Жексенбі күні Сәтбаевтың Ш.Ділдебаев атындағы мәдениет сарайында қаланың 50 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Мерейтойлық іс-шараның басты қонақтары «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС тау-кен байыту кәсіпорындарының еңбек ұжымдарының өкілдері болды. Олармен кездесуде Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ұлантай Үсенов еңбек сіңірген кеншілерге «Еңбек ардагері», «Құрметті кенші» және «Кенші данқы» төсбелгілерін, сондай-ақ облыс әкімінің Құрмет грамоталарын табыс етті. Өз кезегінде «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев облыс кәсіпорындарының үздік жұмысшыларын «Кенші данқы» және «Еңбек даңқы» салалық төсбелгілерімен, сондай-ақ компания басшылығының құрмет грамоталарымен марапаттады. «Құрметті кеншілер мен байытушылар, бүгін мен осы мінберден сіздерді шын жүректен құттықтаймын, еңбектеріңіз үшін, кәсіпке адалдық пен берілгендіктеріңіз үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Бәріңізге шын жүректен толағай табыс, апатсыз жұмыс, зор денсаулық пен амандық тілеймін! Қалаларымыз гүлденіп, дами берсін, үлкейе берсін, инвестициялар тартылып, жаңа жұмыс орындары ашыла берсін, халқы көбейе берсін», – деді Нұрахмет Нұриев. Сәтбаевтың бас алаңында қазақ эстрадасының жұлдыздары Тұрар Ыдырыс, AYREE, Орда тобы және, әрине дүние жүзі бойынша миллиондаған жанкүйері бар қазақстандық танымал орыстілді рэп пен хип-хоп әртісі JahKhalib өнер көрсеткен концерт келушілерге ерекше шаттық сыйлады.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2034282-eki-mereke-bir-qala-satbaevtyn-50-zyldygy-men-kensiler-kuni-qalai-toilandy/
28 тамыз 2023, 18:55
kk
ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаев Тоқаевқа есеп берді
Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорда ресми сайтында хабаралады. Кездесуде президентке ведомствоның биылғы үшінші тоқсанның басынан бері атқарған жұмыстарының негізгі нәтижесі мен бұған дейін берілген тапсырмаларының орындалу барысы және алдағы кезеңге арналған жоспары туралы мәлімет берді. Сағымбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан аумағында лаңкестік әрекет жасауды жоспарлаған радикалды топтың құрықталғаны туралы баяндады. Террористік қылмыстар бойынша 7 сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды және 3 экстремист сотталды. Ермек Сағымбаевтың айтуынша, терроризмге қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіру мақсатында ҰҚК Терроризмге қарсы орталығы 103 оқу-жаттығу жиынын ұйымдастырды. Сонымен қатар мемлекет басшысына криминогендік ахуалды жақсарту жұмыстарының нәтижелері туралы баяндалды. Атап айтқанда, қоғамға қауіп төндірген 5 қылмыстық топ әрекетінің жолы кесілді. Заңсыз қару айналымына қатысы бар 2 арна жойылды. Ұлттық қауіпсіздік органдары полициямен бірлесіп, қару жасырылған 12 орынды анықтады. Жалпы саны 59 қару, 3 граната және 3 339 оқ-дәрі тәркіленді. Есірткіге қарсы күрес барысында 7 зертхана, 8 халықаралық және аймақтық есірткі тасымалының жолы кесілді. 660 келіден астам есірткі және 17 тоннадан аса прекурсор тәркіленді. Бұдан бөлек, мемлекеттік шекараны қорғау және заңсыз көші-қонмен күрес саласында 4 257 құқық бұзушы ұсталды. Құны 3,8 миллиард теңгеден асатын валюта мен тауарлардың заңсыз тасымалдануына жол берілмеді. Сондай-ақ қару, оқ-дәрі және есірткі алып өтуге қатысты 120 әрекетке тосқауыл қойылды. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында еліміздің аса маңызды инфрақұрылым нысандарына жасалған 36 миллионнан астам кибершабуыл мен 866 DDoS-шабуыл тойтарылды. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қауіпсіздік органдарының жұмыс бағыттары бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорда ресми сайтында хабаралады. Кездесуде президентке ведомствоның биылғы үшінші тоқсанның басынан бері атқарған жұмыстарының негізгі нәтижесі мен бұған дейін берілген тапсырмаларының орындалу барысы және алдағы кезеңге арналған жоспары туралы мәлімет берді. Сағымбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан аумағында лаңкестік әрекет жасауды жоспарлаған радикалды топтың құрықталғаны туралы баяндады. Террористік қылмыстар бойынша 7 сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды және 3 экстремист сотталды. Ермек Сағымбаевтың айтуынша, терроризмге қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіру мақсатында ҰҚК Терроризмге қарсы орталығы 103 оқу-жаттығу жиынын ұйымдастырды. Сонымен қатар мемлекет басшысына криминогендік ахуалды жақсарту жұмыстарының нәтижелері туралы баяндалды. Атап айтқанда, қоғамға қауіп төндірген 5 қылмыстық топ әрекетінің жолы кесілді. Заңсыз қару айналымына қатысы бар 2 арна жойылды. Ұлттық қауіпсіздік органдары полициямен бірлесіп, қару жасырылған 12 орынды анықтады. Жалпы саны 59 қару, 3 граната және 3 339 оқ-дәрі тәркіленді. Есірткіге қарсы күрес барысында 7 зертхана, 8 халықаралық және аймақтық есірткі тасымалының жолы кесілді. 660 келіден астам есірткі және 17 тоннадан аса прекурсор тәркіленді. Бұдан бөлек, мемлекеттік шекараны қорғау және заңсыз көші-қонмен күрес саласында 4 257 құқық бұзушы ұсталды. Құны 3,8 миллиард теңгеден асатын валюта мен тауарлардың заңсыз тасымалдануына жол берілмеді. Сондай-ақ қару, оқ-дәрі және есірткі алып өтуге қатысты 120 әрекетке тосқауыл қойылды. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында еліміздің аса маңызды инфрақұрылым нысандарына жасалған 36 миллионнан астам кибершабуыл мен 866 DDoS-шабуыл тойтарылды.
Саясат және экономика
false
https://kaz.nur.kz/politics/2034310-uqk-toragasy-ermek-sagymbaev-toqaevqa-esep-berdi/
28 тамыз 2023, 18:45
kk
Маңғыстауда жартасқа ойып жазу қалдырған ақтөбелік шенеунік халықтан кешірім сұрады
Маңғыстаудағы Ыбықты сай шатқалындағы жартасқа қашап жазу қалдырған Ақтөбе қалалық зағиптар қоғамы мәдениет үйінің директоры Манас Көшербаев кешірім сұраған видео-үндеу түсіріп, Facebook-тегі парақшасында жариялады. Манас Көшербаевтың сөзінше, Ыбықты Сай шатқалы - Маңғыстаудағы ең көрікті жерлердің бірі. Алайда ол видео-үндеуінде шатқалға барар жолдың нашарлығын, бұл жерде қоқыстың көптігін, жартастарда әдепсіз сөздер жазылғанын атап өтті. "Дөрекі сөзді әдемі есімге айналдырмақ ниетім болды. Аңдаусызда жаза бастым, ағайын. "Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ". Аса қатты сөкпеңіздерші. Тарихи жәдігерге қыл да болса қиянат қылу ойымда болған жоқ. Маңғыстау жұртының алдында, отандастардың алдында басымды иіп кешірім сұраймын", - деді мәдениет үйінің директоры. Айта кетейк, әлеуметтік желіде Ыбықты Сай шатқалында ер адамның жартасты балтамен ойып, жазба қалдырып жатқаны түсірілген видео тарады. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі ер адамның Ақтөбе қалалық зағиптар қоғамы мәдениет үйінің директоры екенін растаған болатын.
Маңғыстаудағы Ыбықты сай шатқалындағы жартасқа қашап жазу қалдырған Ақтөбе қалалық зағиптар қоғамы мәдениет үйінің директоры Манас Көшербаев кешірім сұраған видео-үндеу түсіріп, Facebook-тегі парақшасында жариялады. Манас Көшербаевтың сөзінше, Ыбықты Сай шатқалы - Маңғыстаудағы ең көрікті жерлердің бірі. Алайда ол видео-үндеуінде шатқалға барар жолдың нашарлығын, бұл жерде қоқыстың көптігін, жартастарда әдепсіз сөздер жазылғанын атап өтті. "Дөрекі сөзді әдемі есімге айналдырмақ ниетім болды. Аңдаусызда жаза бастым, ағайын. "Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ". Аса қатты сөкпеңіздерші. Тарихи жәдігерге қыл да болса қиянат қылу ойымда болған жоқ. Маңғыстау жұртының алдында, отандастардың алдында басымды иіп кешірім сұраймын", - деді мәдениет үйінің директоры. Айта кетейк, әлеуметтік желіде Ыбықты Сай шатқалында ер адамның жартасты балтамен ойып, жазба қалдырып жатқаны түсірілген видео тарады.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2034301-mangystauda-zartasqa-oiyp-zazu-qaldyrgan-aqtobelik-seneunik-xalyqtan-kesirim-surady/
28 тамыз 2023, 18:04
kk
Алматыда адамдар тұрған аялдамаға автокөлік соғылды: дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты
Бүгін Алматыда аялдамаға автокөлік соқтығысып, салдарынан 7 адам зардап шеккен болатын. Зардап шеккендердің арасында екі жасөспірім Балалар жедел жәрдем орталығына жеткізілді, деп хабарлайды қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. Бүгін, 28 тамызда түскі сағат 12-де Алматыда Абылай хан мен Райымбек көшелерінің қиылысында жеңіл автокөлік аялдамаға соқтығысты. Апат салдарынан жеті адам зардап шекті. "Алматы қалалық жедел жәрдем ауруханасына түрлі дене жарақаттармен бес зардап шеккен адам жеткізілді. Тексеруден кейін үшеуі амбулаторлық емдеуге жіберілді. Бір науқаста ығысусыз сол жақ сан сүйегінің сынығы, сол жақ тобығының ығысусыз жабық сынығы анықталды. Екінші науқастың миы шайқалған, сондай-ақ сол жақ жіліншік айдаршығының ығысқан жабық сынығы диагнозы қойылды. Олар травматология бөліміне жатқызылды", - делінген хабарламада. Денсулық сақтау басқармасының дерегінше, Алматыдағы Балаларға жедел жәрдем көрсету орталығына зардарп шеккен екі жасөспірім жеткізілген. Барлық тексерудің қорытындысы бойынша екі бала да нейрохирургиялық бөлімшеге жатқызылды. "15 жастағы балаға жабық бас-ми жарақаты, бас-сүйек миының шайқалуы, жұмсақ тіндердің көгеруі диагнозы қойылды. 16 жастағы екінші балада аралас жарақат, жабық бас-сүйек миының жарақаты, мидың шайқалуы, оң жақ жіліншіктің ортаңғы үштен бірінің жабық сынуы анықталды", - дейді дәрігерлер. Еске салайық, бүгін әлеуметтік желілерде Алматыдағы аялдамалардың біріне автокөліктің соғылғаны, адамдардың зардап шеккені түсіріліген видео пайда болды. Алматы қалалық ПД оқиға салдарынан 7 адамның зардап шеккенін мәлімдеген еді.
Бүгін Алматыда аялдамаға автокөлік соқтығысып, салдарынан 7 адам зардап шеккен болатын. Зардап шеккендердің арасында екі жасөспірім Балалар жедел жәрдем орталығына жеткізілді, деп хабарлайды қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған . Бүгін, 28 тамызда түскі сағат 12-де Алматыда Абылай хан мен Райымбек көшелерінің қиылысында жеңіл автокөлік аялдамаға соқтығысты. Апат салдарынан жеті адам зардап шекті. "Алматы қалалық жедел жәрдем ауруханасына түрлі дене жарақаттармен бес зардап шеккен адам жеткізілді. Тексеруден кейін үшеуі амбулаторлық емдеуге жіберілді. Бір науқаста ығысусыз сол жақ сан сүйегінің сынығы, сол жақ тобығының ығысусыз жабық сынығы анықталды. Екінші науқастың миы шайқалған, сондай-ақ сол жақ жіліншік айдаршығының ығысқан жабық сынығы диагнозы қойылды. Олар травматология бөліміне жатқызылды", - делінген хабарламада. Денсулық сақтау басқармасының дерегінше, Алматыдағы Балаларға жедел жәрдем көрсету орталығына зардарп шеккен екі жасөспірім жеткізілген. Барлық тексерудің қорытындысы бойынша екі бала да нейрохирургиялық бөлімшеге жатқызылды. "15 жастағы балаға жабық бас-ми жарақаты, бас-сүйек миының шайқалуы, жұмсақ тіндердің көгеруі диагнозы қойылды. 16 жастағы екінші балада аралас жарақат, жабық бас-сүйек миының жарақаты, мидың шайқалуы, оң жақ жіліншіктің ортаңғы үштен бірінің жабық сынуы анықталды", - дейді дәрігерлер. Еске салайық, бүгін әлеуметтік желілерде Алматыдағы аялдамалардың біріне автокөліктің соғылғаны, адамдардың зардап шеккені түсіріліген видео пайда болды.
Оқыс оқиғалар
false
https://kaz.nur.kz/accidents/2034294-almatyda-adamdar-turgan-ayaldamaga-avtokolik-sogyldy-darigerler-zardap-sekkenderdin-zagdaiy-turaly-aitty/
28 тамыз 2023, 17:23
kk
Қарағандыдағы арнайы орталықта уланған тағы бір бала көз жұмды
Қарағандыда арнайы әлеуметтік қызметтер орталығында уланып, ауруханаға түскен тағы бір бала қайтыс болды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасынан хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, қалалық көпсалалы балалар ауруханасында жатқан 2012 жылы туған бала 28 тамызда көз жұмған. Баланың жағдайы өте ауыр болған. Терапия тактикасы республикалық мамандармен талқыланған. Өлім себебі - жүрек жеткіліксіздігі. Тағы бес бала жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың жағдайы тұрақты ауыр деп бағалануда. Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағанды облысында әлеуметтік қызмет көрсету орталығында бірнеше бала уланып, ауруханаға жатқызылған. Жаппай улану салдарынан бір баланың көз жұмғаны белгілі болғаны туралы жазған едік. Кейін Қазақстанның бас санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова министрлер кабинетінің кулуарында Қарағандыда балалардың жаппай улануын тексеру барысында олардың тамақтан уланбағаны белгілі болғанын айтты. Сонымен қатар улану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, жағдайды Бас прокуратура бақылауға алды. Одан соң Қарағандыда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалардың жаппай улануынан кейін мекеме басшысының міндетін атқарушы мен 12 медицина қызметкері жұмыстан шығарылған болатын.
Қарағандыда арнайы әлеуметтік қызметтер орталығында уланып, ауруханаға түскен тағы бір бала қайтыс болды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасынан хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, қалалық көпсалалы балалар ауруханасында жатқан 2012 жылы туған бала 28 тамызда көз жұмған. Баланың жағдайы өте ауыр болған. Терапия тактикасы республикалық мамандармен талқыланған. Өлім себебі - жүрек жеткіліксіздігі. Тағы бес бала жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың жағдайы тұрақты ауыр деп бағалануда. Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағанды облысында әлеуметтік қызмет көрсету орталығында бірнеше бала уланып, ауруханаға жатқызылған. Жаппай улану салдарынан бір баланың көз жұмғаны белгілі болғаны туралы жазған едік. Кейін Қазақстанның бас санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова министрлер кабинетінің кулуарында Қарағандыда балалардың жаппай улануын тексеру барысында олардың тамақтан уланбағаны белгілі болғанын айтты. Сонымен қатар улану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, жағдайды Бас прокуратура бақылауға алды.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2034296-qaragandydagy-arnaiy-ortalyqta-ulangan-tagy-bir-bala-koz-zumdy/
28 тамыз 2023, 17:15
kk
"Өрмелеп шыққан Тәжікстаннан келген қонақтардың өздері": Астана әкімдігі шу болған көрме туралы айтты
Елорда әкімдігінің өкілі Мақсат Жаңабаев Астанадағы Тәжікстан көрмесінде болған жағдай туралы жауап берді. Бұған дейін әлеуметтік желіде адамдардың көрме тауарларын жапатармағай алып жатқаны түсірілген видео пайда болған еді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. БАҚ өкілдері Астана "кімдігі өкілінен Тәжікстан көрмесіндегі адамдардың іс-әрекетін азық-түлік қауіпсіздігін сезінбеуімен байланыстыруға бола ма деп сұрады. Бұған жауап ретінде Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жаңабаев көрмеге Тәжікстанның Соғды облысының 300-ден астам ауыл шаруашылығы кәсіпорындарынан 1000 тоннадан астам өнім әкелінгенін айтты. "Шынымен, бұл тауарларды адамдар алды ма деген сұрақ туындайды. Біздің әріптестеріміз, тәжік достарымыз бұл өнімді алып кетуге болатынын айтты, өйткені өнімдер күн астында бұзылып кетуі мүмкін. Тауарлар өте қызық болды. Бүгінгі күні біз Тәжікстаннан қарбыз әкелмейміз, өйткені бұл жерден тасымалдау өте қымбат болғандықтан, тұрғындар Тәжікстаннан келген тәтті қарбыз, тәтті қауын жеп көруге қызығушылық танытты. Шынымен өте дәмді, өзім дәм татып көрдім. Сондықтан адамдар тәжік достарымыз әкелген өнімдерден дәм татқысы келді деп ойлаймын", - деді ол. Оның айтуынша, шара өте жақсы өтті. "Ешқандай төбелес немесе басқа да (жағымсыз – ред.) сәттер болған жоқ. Олар екі күнде 1000 тонна өнім сатты. Бір бөлігін ақшаға, кейбірін өздері ерікті түрде халыққа тегін берді. Өрмелеп шыққандар - Тәжікстаннан келген қонақтарымыздың өздері. Ол жерден халыққа тегін алып берді. Пирамида секілді жасаған да фермерлердің өздері. Пирамадаға өздері шығып біздің тұрғындарға таратты. Бұл қауіпсіздік мақсатында болды" , - деп сендірді спикер.
Елорда әкімдігінің өкілі Мақсат Жаңабаев Астанадағы Тәжікстан көрмесінде болған жағдай туралы жауап берді. Бұған дейін әлеуметтік желіде адамдардың көрме тауарларын жапатармағай алып жатқаны түсірілген видео пайда болған еді, деп хабарлайды . БАҚ өкілдері Астана "кімдігі өкілінен Тәжікстан көрмесіндегі адамдардың іс-әрекетін азық-түлік қауіпсіздігін сезінбеуімен байланыстыруға бола ма деп сұрады. Бұған жауап ретінде Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жаңабаев көрмеге Тәжікстанның Соғды облысының 300-ден астам ауыл шаруашылығы кәсіпорындарынан 1000 тоннадан астам өнім әкелінгенін айтты. "Шынымен, бұл тауарларды адамдар алды ма деген сұрақ туындайды. Біздің әріптестеріміз, тәжік достарымыз бұл өнімді алып кетуге болатынын айтты, өйткені өнімдер күн астында бұзылып кетуі мүмкін. Тауарлар өте қызық болды. Бүгінгі күні біз Тәжікстаннан қарбыз әкелмейміз, өйткені бұл жерден тасымалдау өте қымбат болғандықтан, тұрғындар Тәжікстаннан келген тәтті қарбыз, тәтті қауын жеп көруге қызығушылық танытты. Шынымен өте дәмді, өзім дәм татып көрдім. Сондықтан адамдар тәжік достарымыз әкелген өнімдерден дәм татқысы келді деп ойлаймын", - деді ол. Оның айтуынша, шара өте жақсы өтті. "Ешқандай төбелес немесе басқа да (жағымсыз – ред.) сәттер болған жоқ. Олар екі күнде 1000 тонна өнім сатты. Бір бөлігін ақшаға, кейбірін өздері ерікті түрде халыққа тегін берді. Өрмелеп шыққандар - Тәжікстаннан келген қонақтарымыздың өздері. Ол жерден халыққа тегін алып берді. Пирамида секілді жасаған да фермерлердің өздері. Пирамадаға өздері шығып біздің тұрғындарға таратты.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2034288-ormelep-syqqan-tazikstannan-kelgen-qonaqtardyn-ozderi-astana-akimdigi-su-bolgan-korme-turaly-aitty/
28 тамыз 2023, 16:13

Description

A dataset with texts and the categories to which these texts belong.

Usage

This dataset can be used to check language models for the correct classification of texts by category.

Dataset structure:

  • lang: the language to which the text source belongs;
  • title: the title of the text;
  • original_text: original text taken from a web page;
  • processed_text: processed text using preprocessing functions;
  • category: the category to which the text belongs;
  • processed: flag indicating that one or more sentence has been deleted from the text;
  • url: link to the source;
  • date: date of publication of the text;

The creation process

This dataset was obtained by parsing news resources of countries and regions of native speakers of Turkic languages, such as Bashkir, Kazakh and Kyrgyz. During parsing, it was a priori believed that the language of the articles was written in the language of the region about which the news was written. After parsing, the text of the articles was processed through the preprocessing functions described on github.

The scheme of text preprocessing and validation is as follows:

  • cleaning the text from unnecessary constructions using regular expressions;
  • splitting text into sentences using the sentenize function of the razdel module;
  • making predictions for each sentence using the lid.176.bin model, as well as the fasttext module;
  • deleting sentences written in non-Turkic languages;
  • combining valid sentences into text and getting the processed_text column.
Downloads last month
102
Edit dataset card