text
stringlengths
342
563k
Сәулет ескерткіші болып табылатын өрт бақылау мұнарасы Семейде 1927 жылы тұрғызылған. Екі қабатты ғимараттың жобасы бойынша сол кезде өрт сөндіру бригадасына арналған негізгі және қосалқы бөлмелер болған. Өрт сөндіру бекетінің ғимаратында өрт сөндіру көліктері шығатын бес қақпалы көлік тұрағы мен екі мұнара салынған. Оның бірі аймақты қарауға арналған болса, екіншісі өрт сөндіру құбырішектерін кептіруге арналған. Сонымен қатар ескі қалада ғимараттардың басым көпшілігі ағаштан жасалған әрі бір-біріне жақын салынған. Өртті байқаудың басқа мүмкіндігі болмағандықтан өрт бақылау мұнарасы қала тірлігі үшін өте қажет болды. Онда үнемі күзет қойылып отырды. Қатаң талаптарға сәйкес болған адамдар ғана күзет қызметі алынған. Олар ұқыпты, шыдамды болып қана қоймай, қаланың барлық ауданын жақсы білуі, түтіннің түсіне қарап, өрттің ауқымын анықтай білуі тиіс еді. Олар тәуліктің кез келген уақытында, жылдың кез келген күнінде өрт сөндірушілерге өрт апаты туралы ескертіп отырды. 1950-ші жылдардың басында мұнарада кезекшілік ету тоқтатылды.
Білімі Жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінде саясаттану мамандығын алған. Еңбек жолын 09.1998-03.2001 жж Сарыағаш ауданы №13 кәсіби-техникалық мектебінің мұғалімі болып бастаған. 12.2001-05.2003 жж Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының жетекші маманы, Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бас маманы, кейіннен бөлім бастығы; 05.2003-02.2004 жж ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің ішкі саясат департаментінде бас маман, бөлім бастығы; 12.2004-11.2006 жж ҚР Президенті Әкімшілігінде Ішкі саясат бөлімінің аға сарапшысы, бас сарапшысы; 11.2006-08.2008 жж Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі саясат департаментінің директоры; 08.2008-12.2009 жж ҚР Президенті Әкімшілігінің баспасөз қызметінде Ұйымдастыру секторының меңгерушісі; 12.2009-03.2010 жж ҚР Әділет министрлігінің Дін істері жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары; 03.2010-09.2015 жж Шымкент қаласы әкімінің орынбасары. 09.2015-07.2018 жж «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы, «Азиялық газқұбыр» ЖШС-нің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша газ тасымалдау басқармасының директоры. 07.2018-12.2021 «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары 2021 жылдың 15 қаңтарынан бастап Шымкент қаласының мәслихат хатшысы Нарымбетов Бахадыр Мәдәліұлы еңбек жолында атқарған еселі жұмыстары үшін «Астана қаласының 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарымен, «Белсенді қызмет үшін» Nur Otan партиясының төс белгісімен, Елбасының және ҚР Президентінің алғыс хаттарымен,облыстық мәслихаттың Грамоталарымен марапатталған.
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова, ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы. Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз. Ескерткіш Үйреткіш Этномәдени сөздік Жәй сөздік Деректер Іздеу Көмек Контакт қаз рус eng © Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген "Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.
1 «KM Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» Акционерлік қоғамының Астана қаласы бойынша филиалы 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Алматы ауданы, Темірбек Жүргенов көшесі, үй 18/2, т.е.б. 27 8 776 310 10 10 09.00-18.00, түскі үзіліс 13:00-14:00 2 «KM Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» Акционерлік қоғамының Алматы қаласы бойынша филиалы 050000, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Жароков көшесі, үй 124, офис 206 8 776 310 10 10 09.00-18.00, түскі үзіліс 13:00-14:00 3 «KM Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» Акционерлік қоғамының Шымкент қаласы бойынша филиалы 160023, Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Абай ауданы, Казығұрт шағын ауданы, К. Жандарбеков к-сі, 91/1 үй 8 776 310 10 10 09.00-18.00, түскі үзіліс 13:00-14:00 4 «KM Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» Акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалы 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Қызыл Жар көшесі , үй 138 8 776 310 10 10 09.00-18.00, түскі үзіліс 13:00-14:00 5 «KM Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» Акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалы 030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Ораз Тәтеұлы көшесі, үй 15, 1 корпусы, пәт. 77 8 776 310 10 10 09.00-18.00, түскі үзіліс 13:00-14:00 6 «KM Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» Акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалы 040800, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Шағын ауданы 8, Малайсары көшесі, үй 8 8 776 310 10 10 09.00-18.00, түскі үзіліс 13:00-14:00 7 «KM Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» Акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалы 060027, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Шағын ауданы Алмагүл, үй 22, пәт. 103 8 776 310 10 10 09.00-18.00, түскі үзіліс 13:00-14:00 8 «KM Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» Акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы 070020, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Өтепов көшесі, үй 28/1, пәт. 10 8 776 310 10 10 09.00-18.00, түскі үзіліс 13:00-14:00 9 «KM Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» Акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалы 080000, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, 4 Ағаділ Сухамбаев тұйық көшесі, үй 2 8 776 310 10 10 09.00-18.00, түскі үзіліс 13:00-14:00 10 «KM Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» Акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы 090000, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Студенческая көшесі, үй 3, пәт. 407 8 776 310 10 10 09.00-18.00, түскі үзіліс 13:00-14:00 11 «KM Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» Акционерлік қоғамының Қарағанды облысы бойынша филиалы M01T3M8, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Қазыбек Би атындағы ауданы, Карбышев көшесі, үй 15/2, пәт. 104 8 776 310 10 10 09.00-18.00, түскі үзіліс 13:00-14:00 12 «KM Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» Акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы 1110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Ы.Алтынсарин көшесі, үй 106, пәт. 79 8 776 310 10 10 09.00-18.00, түскі үзіліс 13:00-14:00 13 «KM Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» Акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы 120000, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Мұхтар Әуезов көшесі, үй 55, пәт. 35 8 776 310 10 10 09.00-18.00, түскі үзіліс 13:00-14:00 14 «KM Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» Акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалы 130001, Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Шағын ауданы 3, үй 20Б, пәт. 26 8 776 310 10 10 09.00-18.00, түскі үзіліс 13:00-14:00 15 «KM Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» Акционерлік қоғамының Павлодар облысы бойынша филиалы 140000, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Академик Бектұров көшесі, үй 29, пәт. 42 8 776 310 10 10 09.00-18.00, түскі үзіліс 13:00-14:00 16 «KM Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» Акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы 150000, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Евней Букетов атындағы көшесі , үй 18 8 776 310 10 10 09.00-18.00, түскі үзіліс 13:00-14:00 17 «KM Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» Акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалы 161200, Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, М.Балақаев көшесі, үй 35А 8 776 310 10 10 09.00-18.00, түскі үзіліс 13:00-14:00 18 "KM Life" Өмірді сақтандыру компаниясы" акционерлік қоғамының Абай облысы бойынша филиалы F17F6K6, Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Семей қаласы, 8 Краснознаменная көшесі, үй 2Б 8 776 310 10 10 09.00-18.00, түскі үзіліс 13:00-14:00 19 «KM Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының Жетісу облысы бойынша филиалы 040000, Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Қазақстан көшесі, үй 197 8 776 310 10 10 09.00-18.00, түскі үзіліс 13:00-14:00 20 "KM Life" Өмірді сақтандыру компаниясы" акционерлік қоғамының Ұлытау облысы бойынша филиалы 100600, Қазақстан Республикасы, Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, А. Кусаинов көшесі, үй 40 8 776 310 10 10 09.00-18.00, түскі үзіліс 13:00-14:00 Жұмыс уақыты: Дүйсенбі - Жұма, 9:00 - 18:00 Өнімдер Өмірді сақтандыру Аннуитеттік сақтандыру Жазатайым оқиғадан сақтандыру Ауырған жағдайдан сақтандыру Қызметкердi жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру Қайта сақтандыру МҚҰ қарыз алушыларын ерікті сақтандыру ЕДБ қарыз алушыларын ерікті сақтандыру Информация Компания туралы Cұрақтар мен жауаптар Жаңалықтар Байланыс деректерi Инсайдерлерге Сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру агенттерінің комиссиялық сыйақыларының мөлшерлері Медициналық қызмет Медициналық қызмет көрсету сұрақтары бойынша Медициналық Ассистансқа, медициналық картаның кері бетінде көрсетілген телефон нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз. Клиентті қолдау қызметі +7 727 310 10 10 +7 776 237 10 10 «KM Life өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ өз қызметін Қазақстан Республикасының Қаржы Нарығын Реттеу және Дамыту Агентігі берген 2022 жылғы «11» қазандағы № 2.2.5 лицензия негізінде жүзеге асырады. © 2019 «KM Life» өмірді сақтандыру компаниясы» Акционерлік қоғамы Сайт құру – Интернет-агенттіктің сайтын құру «Пантера»
Қазақстандағы Еріктілер жылы аясында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Студенттік ректоратының бастамасымен 2020 жылдың 29 ақпанында Алматы қаласының мектеп оқушылары арасында волейболдан қалалық турнир өткізді. Ректор Кубогына арналған «ABAI UNIVERSITY CUP» волейболдан қалалық турниріне сегіз ауданнан 250 оқушыдан құралған 18 команда қатысты. Іс-шараның мақсаты - жас волейбол әуесқойларының біліктілігін арттыруға деген қызығушылығын қолдау, бұқаралық спортты дамыту. Турнирдің салтанатты ашылуында университет ректоры Такир Балықбаев Мемлекет басшысының «Спорт - денсаулықтың басты кепілі» деген сөзін еске сала отырып, ол өскелең ұрпақ арасында белсенді және салауатты өмір салтының маңыздылығын атап өтіп, қатысушыларға табыс пен жаңа жеңістер тіледі. Іс-шараның құрметті қонағы, белгілі ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов кез-келген жастағы адам денсаулығын қадағалап, спортпен шұғылдануы керек екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл күнделікті өмірде: жұмыста және оқуда өте көмектеседі. Турнир олимпиадалық жүйе бойынша қыздар арасында өтті. Тартысты күресте №154 және 176 мектептер жеңімпаз атанды. Жарыс қорытындысы мен әлеуметтік желілердегі дауыстарды санау бойынша №26 мектептің оқушысы Ләйля Ибраимкулова «Үздік пост» номинациясын жеңіп алды. «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша №165 мектептің оқушысы Таңшолпан Асат жеңімпаз атанды. Ал «Үздік қорғаушы» атағына №26 мектептің оқушысы Карина Ғабдуллаева ие болды. «Үздік үйлестіруші» деп № 176 мектеп оқушысы Нұршапағат Біржан танылды. Жарысқа қатысушы мектептер арасында үшінші орынды №26 мектеп, екінші орынды №154 мектеп иеленді. Абай атындағы ҚазҰПУ ректорының кубогы мен бірінші орынды №176 мектептің қыздар құрамасы жеңіп алды. Турнир нәтижесі бойынша қатысушыларға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар, сондай-ақ жүлделі кубоктар мен медальдар табыс етілді. Недавние посты Смотреть все Делегация Министерства науки и высшего образования провела ряд встреч в Пакистане В Астане прошла церемония награждения успешных школьников и студентов Асхат Аймагамбетов о нововведениях в работе колледжей и предоставлении им академической свободы © 1999-2022 Редакция республиканского журнала "Современное образование" ​ новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости | Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021
Отырыста Еуропа Кеңесі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттер тобының ұсынымдары талқыланды Фото: akorda.kz Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады Elorda.info. Отырыста Еуропа Кеңесі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттер тобының (ГРЕКО) ұсынымдары талқыланды. Жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл қабылдау мақсатында ГРЕКО ұйымымен өзара қарым-қатынас орнатуға баса назар аударылды. Мемлекеттік кеңесші шетелдік сарапшылардың ұсынымдарын пысықтау және іске асырудың нақты тетіктерін әзірлеу жөніндегі жұмысты жандандыру қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ, отырыста Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспарды орындау мақсатында мемлекеттік органдар атқарып жатқан жұмыстардың жай-жапсары талқыланды. Жиында аталған Кешенді жоспарды өз деңгейінде іске асыру, оның орындалуына нақты мониторинг жүргізу және көлеңкелі экономиканы азайту үшін қабылданатын шараларға түзетулер енгізу жайында айтылды. Комиссия отырысындағы талқылаулардан кейін жиында қарастырылған мәселелер бойынша нақты ұсынымдар әзірленді.
Жанры хор концерті тарихында орыс кәсіби музыка болып табылады, бәлкім, жалғыз жанр, просуществовавшим астам үш ғасырлар. Осындай ұзақ кезеңде құрады негізделді, бір жағынан, ерекше функциясы орындалатын, ал екінші жағынан — қабілеті бейімделуге, жаңа стилистикалық шарттарына. Хор концерті бөлігі ретінде шіркеу рәсімді орындады функциясын кульминационной интермедии онда: толтыру үзіліс кезінде причащения діни Әулиелер Таин. Ол пайда болған жанр ретінде екінші жартысында 17 ғасырдың Украинада, күшті әсер батыс еуропалық өнер, тарихи негізделген, поляк-украин байланыстары бар. Ол ешқандай өз музыкалық прототип алдыңғы кезеңде дәуірінде монодического ән-жұлдызына өнімі партесного үлгідегі многоголосия. Истоками оның болды мұндай несхожие бір-бірімен жанрлары ретінде орыс кант және батыс-еуропалық концерт атауын алған мотет. Әсер батыс еуропа хор концерт көрінді композиционном переосмыслении канонов католик шіркеу қызметі-да пайда болған жаңа үлгідегі многоголосия — партесного ән (латын білдіреді ән партиялары бойынша), бұл алдымен әкелді тарату және қарқынды дамуына жанрының партесного концерт. Негізгі заңдылығымен партесных концерттер болып табылады: многоголосная хор фактурасы айнымалы типті болжанған оның членением жекелеген хоры, содан кейін тембровые топтар; аккордово-гармоникалық қойма біртіндеп бөліп, одан мелодической желісі; фактуралық-гармоникалық түрі тематизма, вобравший өзіне ықпал ету халық әндері, канттың, шешендік тәсілдері мен музыкалық-риторических фигуралар, знаменного распева; келісу парағы ұйымның дауыс және кезеңділігі өрістету материал (метричность); расчлененность сөздік және музыкалық қатардан; повторность принципі ретінде еріп расчлененность, выразившийся айрықша назарды сөзге және пайда болуы бөлімдерін имитациялық сипаттағы; нығайту нөмірді үндік принципін, азайту рөлін модальности; салыстыру топтары хор немесе хор мен ансамбль көрінісі ретінде қағидатын концертирования; возвышенный сипаты мен мазмұнының ерекше оның бағыты тыңдаушы; жарқын көрінісі көркем функциялары, делающей концерт құбылыс өнер жоғары қоғамдық дыбыстау және выводящий оның шегі шіркеу. Қолданылатын нақты үлгілерге партесного концерт, осы заңдылықтар көрінді ерекше ұйымының музыкалық бүтін, отразившей жаңа қабылдау музыка тыңдаушы Барокко дәуірінің. Әрбір жоғарыда аталған тармақтарын көрсетеді көптігі жанрлық параметрлерін партесного концерт және сол немесе өзге де түрде байланысты формообразованием оған қатысып құру көркем тұтас. Қабылдау процесінің изложени музыкалық материалды партесном концертте опиралось білу тыңдаушылардың уақыт көлемін азайтады оның дискреттілік және сол уақытта үздіксіз, осыдан шығатын жетістіктері көмек бірқатар қабылдаулар. Өзара тығыз байланысы осы факторлардың көрінісі олардың іс-әрекеттері әртүрлі деңгейде ықпал етті сезім структурноя тұтастығын музыкалық туындылар. «Партесных концерттерге көрінеді жаңа қабылдау шындыққа, басқа сезім ағысының уақыт пришедшее ауысымда средневековому. Сезім ортағасырлық замкнутости, үздіксіз қозғалыстың болатын бір жай-күйі ауысты деген сезінуге ауысымда осы жағдайлар. Бұл жағдай әкелді қалыптастыру ерекше тәсілдерін дамыту музыкалық материалдың пайда болуына жаңа формасының белгілері. Үрдісіне жаңаша көзқарас қалып үлгілерінің партесных концерттерге тұрғысынан тақырыптық дамыту болып шықты бірнеше усложненным осыған орай, бұл тақырып, негізгі тасушыны ұстау және конструктивті бірлік, партесном концертте әлі айқындалды. Нысаны концерттер тұтастай анықтауға контрастно-құрамдас. Бірақ ескеру қажет аз дәрежесі тақырыптық керісінше бөлімнен. Мелодико-интонационные ұяшықты өседі бірі басқа, вариантно толықтыра отырып, бір-біріне олар құрайды жаңа түрлі көптеген ұштастыру, қайталанады да, реттілігі, сондай-ақ бір мезгілде. Дамыту партесного стилін тарих орыс музыкалық өнерін ұсынады тұтас эпеоху: 17 ғасырдың дейін бірінші үштен бір 18 ғасырдың. Жылдың басынан 17 ғасырдың ортасына дейін 70-хгодов деп санайды кезеңі қалыптасу партесного концерт жанр ретінде, ол өседі қиылысында екі салаларын музыка өнері: діни және зайырлы, выделяясь арасында басқа жанрлар шіркеу песнопений ерекше сипатына байланысты музыка. Ортасынан бастап 70-ші жылдардың жаңа мерзім басталады атауын алған кемел концертирующего стилі. Дәл осы кезеңде пайда бірінші теориялық трактат — «Грамматика мусикийская».Дилецкого, — обобщивший композициясының заңдылықтары мысал жанрының партесного концерт. Неғұрлым толық ерекшеліктері көрсетеді екінші кезеңі эволюция жанрдағы шығармашылық В. Титов, гүлденуі, оның үлесіне Петровское. Байланысты ерекше сипатына байланысты жұмыс істеуі кәсіби музыкалық шығармашылық, алған мүмкіндігі іске асырылуы тек табыну, жанр хор концерт болды жалғыз мүмкіндігі композиторлар сол айналдыруы өзінің көркем ойларын. Хор концерттер Барокко дәуірінің ретінде зерттеушілер, өте қарқынды сплелись зайырлы әсер ету және діни салт-дәстүр жасап, бұл жанр «орталық элементі» бүкіл жанрлық жүйесін кәсіби музыкалық шығармашылығының екінші жартысы мен 17 ғасырдың басы. Арқылы кант хор концерт еніп зайырлы әсерін халықтық ән дәстүрін, сондай-ақ ансамблевый түрі хор фактурасы. Өйткені дәл осы сәттерді мүлдем жаңа үшін қолда бар қазірдің өзінде рухани концерт және олар кейіннен болды негізделген, қажет егжей-тегжейлі тоқталып сипаттамасы жанрының кант. Кант — многоголосная (көбінесе трехголосная) песня полупрофессионального шығарылған мәтінмен тұрмыстық зайырлы немесе рухани-моралистического ұстау таралған Украинада, Белоруссия және Ресей 17-18 ғасырларда. Әдетте, кант — синкретическое шығарма ақын мен композитор бір тараптан, санаторий дәстүрін анонимдік (тіпті жағдайларда, авторы белгілі). Маңызды ерекшелігі музыкалық стилистика канттың болады қысқаша жинақтай төмендегідей: үшін кантов тән трехголосное баяндау басым болуымен терцовости қозғалыста екі жоғарғы дауыс болуымен басового дауыс туғызатын гармоническую тірек болады; принципі қайталану куплетной; бірте-бірте прояснение мажорного және минорного лада, сүйену тонику — бұл жоқ қазіргі знаменном алға ұсынып; болуы қайталанатын попевок деп аталатын ритмомелодических формулалар, переходили бір туындыны басқа, құру үшін белгілі бір өмір, сипаты, көңіл-күй. Сонымен қатар, деңгейлеп салыстыру украин кантов с лирическими, би және шуточными халық әндерімен түрлі фольклорлық жинақтар көрсеткендей, кант және халық әні көп жалпы, бұл ауызша дәстүр құрады, бірыңғай қағидаттары мелодического дамыту, орныққан ритмоформулы, сондай-ақ көптеген мәтіндік ұқсастығы ( белгілі, мысалы, әзіл кант «Ой під вишнею» және аттас украинская песня). Зайырлы қанты бірікті тақырыптық топтар: әзіл-шыны аралас, лирикалық және әлеуметтік. Сонымен қатар, зайырлы жиектер салынған еді топ рухани кантов (деп аталатын «псальмами») жазылған мәтіндеріне псалмов жазылған өлең түрінде. Авторлары олардың көрнекті қоғамдық-саяси және шіркеу қайраткерлері 17-18 ғасырлар Дмитрий Туптало, Епифений Славинецкий, Тимофей Щербацкий және т. б. Осылайша, украин кант — құбылыс, ерекше және терең құрастырған, заложившее негіздері мәдениет жаңа типті көрсеткен әсері қалыптасу процесі ұлттық, сол сияқты бүкіл классикалық музыкалық-поэтикалық өнер. Сонымен, дамыту, 17 ғасырдағы кәсіби музыка және дамыту, кескіндеме және әдебиет бойынша барлық үлкен күшейту зайырлы, әрі зайырлы енеді және церковную қазақша түбегейлі өзгертіп, оның сипаты мен нысанын жүзеге асыру. Бастан өзіне әсері зайырлы сала және жанры хор концерті. Бірте-бірте жоғалады покаянная тақырып, тарату 18 ғасырда және әсері, опералық, аспаптық және би музыка әкеледі орындау концерттер шіркеу болды қарама-қайшы церковным екен. Және хор концерт екінші жартысы 18 ғасырдың айналып, дербес көркемдік шығарма. Ең жарқын үлгілері осы кезеңнің эволюциясы жанр болып табылады хор концерттер М. Березовка, Д. Бортнянского, Ал .Веделя. С. Дегтярева. Шарықтау шегі дамуындағы хор концерт тәжірибесі болды, олардың орындалу тыс шіркеу. Мерзімді басылымдарда уақыт помещались хабарландырулар орындалуы туралы үй-жайда қандай да бір театр, сарайы немесе дворян клубының рухани концерттер.Бұл арқасында мүмкін болды кіруге стилистику осы жанрдағы көптеген музыкалық қасиеттер тән зайырлы музыкалық өнер саласындағы. Заңдылықтарымен, жанрдың осы кезеңінде болып табылады: жаңа имитационно-жанрлық қорытпасы тематизма, енгізген кант, «ресей» әнін, халық әні мен би, марш, батысеуропалық кәсіби жанрлар (опера және аспаптық), тұрмыстық тыңдау, ту алып жүруші распев; маусым айының екінші жартысындағы циклдік құрылымның тұтас, негізделген салыстырмалы темповом контрасте бөліктері; үстемдік тонально-үйлесімді жүйесін күрделі функционалдық зависимостями; рөлін күшейту әуен, жетекші дауыс многоголосной мата сақтай отырып, үйлесімді қоймасының фактуралар; елеулі рөлі полифония, проявившаяся кіріспеде фугированных эпизодтар, кейде үстем бүтін бөлігін концерт; кіріспе партияның жеке орындаушылар, олардың айтарлықтай сындарлы рөлі нысанында ұштастыра отырып ансамблі кері әсерін айтты барлығы хор;
Әкімдіктегі жиынға шақырылдық. Отыз қазақ отырмыз. Жас-кәріміз аралас. Төрде отырған жуан бастық ыңқылдап-күрсілдеп сөз бастады. Тілі «автоматты» түрде орысша шығып кетті. Біз пақыр шыдай алмадық. «Отыз қазақ отырмыз, орысшаңды қой!» дедік. Ана бейбақ алақ-жұлақ етті. Еліміз тәуелсіздік алғалы ол кісіге ешкім олай деп көрмепті. Сөйлейін деп еді, қазақшасы құрғыр бөбежігіне келді де, кептеліп тұрып қалды. Қылқынып өліп барады… өңі көгеріп кетті. Шошып қалдық. Құдай-ай, мына жазған қазақ тіліне қақалып өлетін болды-ау… Ол өлмеді. Кездейсоқ оқиға сәтін салды. Ана кісі демі бітіп, шалқалап құлап бара жатқанда, есіктен әкімдікте жұмыс істейтін еден тазалаушы Вера Василевна кіріп келгені. Божбан сары кемпірді көргенде, бастықтың бөбежігінде бітеліп тұрған қазақ тілі майдай еріп жоқ болды да, ауызынан ақырып орысшасы шыға келді. Бәріміз терімізді сүртік. Біреу сенер, біреу сенбес. Сәл көркемдігі болмаса, оқиғаның сорабы шын. Мемлекет қызметінде отырған заты қазақ кім болсын, мейлі, президент, министр, департамент директоры, балабақша меңгерушісі, шопыр… бір орысты көрсе, қазақша тілін жұтып қояды. Ол сөйлемейін демейді, қазақша сөйлеуге рухы, намысы, қуаты жетпейді. Құлдық деген осы. Осындайларды көргенде бала күнімде куә болған мына бір оқиға есіме түседі де тұрады. Сол жылы біздің ауыл Күреңті басын жайлап отырған. Іргелес қоңсы қонған жездеміздің Аламойнақ дейтін нән төбеті болды. Арс-арс еткенде атты кісіні қорқытады. Бірақ осы таудай төбет үйден ұзап шықпайды, киіз үйдің күн қуған көлеңкесін сағалап милығып жатады. Бір күні ауылға ит ататын адамдар келді. Жездей әлгілерді шақырып алды да, «мына таудай төбетті атып, алып кетіңдер!» деп үкім шығарды. Онымен қоймай, Аламойнаққа қарап, «арамтамақ, сатқын..» деп, біртүрлі кіжініп қойды. Үлкен әкей, «қол асыраған күшігің емес пе, атқызбай-ақ қой» деп еді, жездей: «күшігінде таланған бұл ит болмайды» деп айналып жүре берді. Әлгі сөзді естіген әкейде, «е, бәсе, біліп ем» деп, ит атқыштарға қарап, иек қақты. Сөйтіп адам баласы қорқатын алып төбет Аламойнақ атылып кетті. Аламойнақтың атылған себебі біреу: ол күшігінде таланған. Оқиға былай бопты. Аламойнақ күшік кезінде, қоралы қойға қасқыр шапқан. Сыралғы үлкен иттер жұп жазбай, сырғақтай үріп, сақсына ұмтылып, «борышын» адал атқарып жатқанда, Аламойнақ күшік шәуілдей жүгіріп, қасқырдың алдына жетіп барған. Көкжал қасқыр кішкентай күшікті көк желкеден алғанда, екі сілкіп, есінен тандырып, үстіне сарып тастаған. Арада қанша жылдар өтсе де, алып төбет Аламойнақ қасқырдың иісін сезсе болды, есінен танып, құлап қалады екен. Бірде жездей дәу төбетін жылқы бағуға ертіп шыққан екен, қасқыр сарыған әлгі бейбақ жылқыны қайта қасқырға қайырып беріп, масқара бопты. Енді мына қызыққа қараңыз: келер жылы жазда жайлауға келсем, әкей ауылдың барлық итін аттырып тастапты. «Неге бұлай болды?» деп сұрағанымда, әкей, «тексізден тексіз туады деген шын екен» деп, ауыр күрсінді. Әрине, қол асыраған күшіктерін қимай отыр. Қысқасы, Аламойнақ таптырған күллі ауылдың күшігі «қасқыр көрсе қашатын» дертке шалдыққан. Аламойнақтың ішіне кіріп кеткен «қасқыр» үрей, қанымен жүйткіп, тұқымына дейін дарыған. Сөйтіп, біздің ауыл бүкіл итін атып жүріп, «құлдықтан» әзер құтылғаны бар. Қанға сіңіп кеткен «үрей» қиын екен.
Өзектілігі. Жүктілік кезінде,эмбрионның даму және қалыптасу барысында айналымда цинк жетіспеушілігі жиі нәрестенің шала туылуы және перинатальді өлім жітім қауіпі, уақытынан бұрын қағанақ суының кетуі, гипертензиялық ауытқулар, геморрагий, инфекциялық ошақтардың артуына әкеліп соғады. Статистика комитетінің мәліметінше, Қазақстан Республикасында 2016 жылы сәби өлімі 100 мың тірі туылған балаларға шаққанда 8,6% құрады. Бұл көрсеткіш 2015 жылмен (9,37%) салыстырғанда 8,2 % төмен. 2017 жылы шетінеп кеткен сәбилер тірі туылған балалардың 8,7% құрады.[1] Біз қарастырып отырған эмбрион дамуының перинатальді кезеңінде гемодилюция және альбумин қорының азаюына байланысты плазмада мырыш байланыстырушы нәруыздар ауытқуы, гормондық өзгерістер әсерінен цинк сіңірілу 35%-ға дейін төмендеп анадан балаға өтуі нашарлайды. Ал бұл болашақта нәрестенің даму ауытқуларына әкеліп соғатын бірден бір себеп болып отыр. Зерттеу мақсаты және міндеті. Цинк жетіспеушілігінен туындайтын түсік тастау, шала туу, кеш туу, даму ақаулары, ұрықтың немесе нәрестенің шетінеуі, геморрагиялық синдром,ұрықтың жатыр ішіндегі дамуының кідіруі, цинк жетіспеушілігінің тератогенді әсерін зерттеп олардын туындау себептерін анықтап,алдын алу шараларын ұйымдастыру және жүкті әйедерге (2 типті:ет өнімдерін тұтынатын және мүлдем тұтынбайтын) цинк құрамы жеткілікті, ұрық дамуына кері әсері жоқ тағамдармен тамақтану рационын құрастыру. Зерттеу материалдары және әдістер: Жүктілік мерзімдерінің өту ерекшелектерін және жүкті әйелерде жиі кездесетін қиындықтарды білу және дәрігер акушер-гинекологтар ұсынатын дәрі-дәрмектер жүйесімен танысу мақсатында маманнан сұхбат алу: Жүктілік және бала емізу мерзімінде әйел адамдардың жиі тұтынатын тағамдарын, дәрі-дәрмек түрлерін,сусындарын анықтау мақсатында сауалнама жүргізу (30 келіншектен анкета алынды); Зертханалық жануарларға(6 екіқабат егеуқұйрықтарға) in vitro әдісі бойынша,жүктілік мерзімінде және жүктіліктен кейін цинк абсорбциясын төмендетуші, жоғарылатушы тағамдар мен сусындар,дәрі-дәрмектер қолданып ұрықтарының дамуын зерттеу; Зертханалық жануарлардың қан плазмасында біз жүргізген зерттеулерге дейінгі және кейінгі өзгерістерге биохимиялық талдау жүргізу; Дүниеге келген ұрықтардың дамуын (ауытқу болу болмау көрінісін ) өзара салыстыру; Жүкті әйелдердің алғашқы және соңғы триместріндегі биохимиялық тексеру нәтижелеріндегі цинктің концентрациясын анықтау,себебін талдау Зерттеу нәтижелері. Қ.А.Ясауи атындағы клиника-диагностикалық орталықтың дәрігер акушер- гинеколог Ю.А.Хамидуллаевнамен алынған сұхбат барысында қазіргі таңда ана мен бала арасында кең таралған дерттермен және ұсынылатын дәрі-дәрмектермен хабардар етілдік. Сұхбатта жиналған мәліметтерге байланысты жүктілік және бала емізу мерзіміндегі әйел адамдарға арналған сұрақ-жауап анкетасы алынды. Қатысқан 30 қыз келіншектің 30% мүлдем дәрі-дәрмек , зиянды заттар тұтынбағаны, 40% цинк деңгейі төмен,алайда кальций мол тағамдарды жиі тұтынатындығы , 29%арнайы ғаламтор желілерінен ізденіп, пайдалы рацион ұстанғаны, тек 1келіншектің ғана цитрусты жемістерге жерік болып оны көптеп қабылдағаны мәлім болды. 2,5 айдан астам уақыт зерттеуге алынған 9 егеуқұйрықтың(2-і бақылау нысандары)2-еуі зерттеу барысында өлімге ұшырап, қалған 7-еуінің жағдайы ұрық дүниеге келгенше және дамуына дейін жалғасты. Дүниеге келген ұрықтардың 21 ұрықтың 9-ы 48 сағат көлемінде көз жұмды, қалғандарының ішінен 4-еуінің дене салмағы өте аз,кішкене болып туылғанымен тіршілігін жалғастырып,дамыды және бақылау жүргізілген егеуқұйрықтардан туылған 3 ұрықта тіршілігін жалғастырды. Ал 5 егеуқұйрықтанзерттеулерге дейінгі және кейінгі өзгерістерге биохимиялық талдау жүргізу мақсатында декапитация әдісімен қан алынды және гистологиялық зерттеулерге биоптат алынды. Нәтижесінде цинк абсорбциясын төмендетуге кальций, темір макроэлементтерінің жоғары концентрациясы әсер ететіндігі, қарапайым цитрусты жемістер, кофе, алкоголь түрлері, альбумин қорының азаюы тікелей қауіп факторларын шақыратындығы,бауырда өтетін ДНК және гистондардың метилденуін тежейтіндігі анықталып алдын алу мақсатында жүкті және бала емізетін әйелдерге (2 типті:ет өнімдерін тұтынатын және мүлдем тұтынбайтын) цинк құрамы жеткілікті, ұрық дамуына кері әсері жоқ тағамдармен тамақтану рационы құрастырылды. Сонымен қатар жүкті әйелдерге құрамында кальций және темір мол дәрі- дәрмектерті шекті қолдану мәселесі алға тартылды. Әдебиеттер 1. Шейбак, М. П. Недостаточность цинка у детей /М. П. Шейбак, Л. Н. Шейбак // Рос. Вестник перинатологипедиатрии – 2000. – Т.45, № 1. – С.48-52 2. Штыкова, О. Н. Цинкдефицит как фактор риска формирования хронической патологии удетей / О. Н. Автордың аты-жөні, тегі: Тоғызбаева Д.Ү., 2 курс, «Медицина» факультеті,Елтай Д.Қ., 2 курс, «Медицина» факультеті Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті,Түркістан қаласы, Қазақстан Республикасы Ғылыми жетекшісі: Шырынбекова Б.Ж.,аға оқытушы,«Зертханалық пәндер»кафедрасы
Украинаның Жоғарғы Радасы 6 желтоқсанда Украина мен Ресей арасындағы достық туралы келісімді тоқтататын заң жобасын мақұлдады. "Украина мен Ресей Федерациясы арасындағы достық, ынтымақтастық және әріптестік жөніндегі келісімді тоқтату туралы" заң жобасын 277 депутат қолдап дауыс берді. Заң жобасын парламентке 3 желтоқсанда Украина президенті Петр Порошенко ұсынған. Оған Керчь бұғазында Ресей әскерилерінің Украинаның үш кемесін атқылап, тұтқындағаны себеп болған. Заң жобасы осыған байланысты жедел қаралды. Украина сыртқы істер министрі Павел Климкин украин дипломаттары осы кезге дейін Ресеймен 48 келісімді тоқтатқанын, енді таяу уақытта тағы 40 шақты келісімнің күші жойылатынын мәлімдеді. Украина мен Ресей арасындағы достық және ынтымақтастық жөніндегі келісімге 1997 жылдың 31 мамырында сол кездегі екі ел президенті Леонид Кучма мен Борис Ельцин қол қойған. Келісім он жылға (одан әрі өздігінен ұзара береді) арналған. Келісім 1999 жылдың 1 сәуірінен бастап күшіне енген. 6 желтоқсанда Украина Жоғарғы Радасы шекарашыларға ел аумағына басып кіру қаупі төнген жағдайда ескертусіз оқ атуға рұқсат берді.
Таяуда РҒА-ның Шығыс­тану институтында ресейлік сарапшылар қоғамы алдында тұсауы кесілген Сұлтан Әкімбековтің «Ауғанстан тарихы» атты жаңа кітабынан тарихи ғана емес, сонымен бірге, қазіргі заманның ең бір көкейкесті сауалдарына жауап табуға болады. Белгілі қазақстандық тарихшы және саясаттанушы, тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының директоры ауған факторы тақырыбын жаңа жалпытарихтық ракурста біздің бүкіл құрлығымыздың тағдырымен тұтастыра отырып ашады. Оның «Ауған түйіні және Орталық Азиядағы қауіпсіздік проблемасы» атты алғашқы іргелі кітабы 1998 жылы жарық көріп, 2003 жылы қайтадан басылған болатын. Содан бері Ауғанстан мен оның көршілерінің сыртқы жағдайлары мен тенденция­сына қатысты көптеген өзгерістер болды. Бірақ Ауғанстанның өзі сол күйінде, Шығыстың да, сондай-ақ, Батыстың да саясаттанушы сарапшылары үшін сол бұрынғы жұмбақ күйінде қалды. Тек бұл елде болып жатқан оқиғаларға оның тарихы арқылы қарау ғана көптеген сауалдарға жауап табуға жағдай жасайды. Автор ауған шындығына осы елдің түрлі тарихи кезеңдеріндегі тарихи, өңірлік және геосаяси аспектілер тұрғысынан, әсіресе, тарихи тәжірибеге салмақ сала отырып талдау жасайды. Нәтижесінде, бір қарағанда, таңғаларлық және түсінуге қиын болып көрінетін осы елдің өткені мен бүгініндегі көптеген жайттар белгілі бола түседі. Автор қазіргі уақытта сарапшылар қауымдастығын алаңдататын көптеген сауалдарға айқын және қисынды жауаптар қайтарады. Ауғанстанда не болды және болашақта қалай болмақ? Оның дамуы осы өңірге қалай әсер етеді? 40 жылға жуық уақыт бойына Ауғанстан алдымен бұрынғы Кеңес Одағы үшін, кейінірек Орталық Азия мемлекеттері мен бүкіл әлем үшін проблема болып келді. Қазіргі күні де онда болып жатқан оқиғалар айтарлықтай оптимизм тудыра қоймайды. Бүгінде «Талибан» мен есірткі тасымалына ДАИШ проблемасы қосылып отыр. Осы сауалдарға жауап беру тұрғысынан келгенде, С.Әкімбе­ков­тің кітабы тек Қазақстан саясаттану саласы ғана емес, Ресей, тіпті, бүкіл еуразиялық құрлық үшін де елеулі оқиға. Кітаптың Мәс­кеуде Шығыстану институтында өткен тұсаукесерінің кең ауқым­ды сарапшылар пікірсайысы үшін себеп болуы да тегіннен-тегін емес. Талқылауға Ресейдің Ауған­стандағы елшісі Вячеслав Трубни­ковтің, Шығыстану институты директорының орынбасары Вя­чеслав Белокриницкийдің, Қазіргі заманғы Ауғанстанды зерттеу ор­талығының директоры Омар Нессар­дың және басқа да белгілі маман­дардың қатысқанын айта кету қажет. Пікірсайысқа қатысушылар кітаптың Орталық Азиядағы шешуші ел болып табылатын Қазақстанда жазылуының да айрықша маңызды екенін атап көрсетті. Бұл 1990-жылдардан бастап Ауғанстандағы оқиғалар қалыптастырып отырған қауіп-қатерлерге жақын орналасқан өңір. Сондықтан, дәл осы Қазақстанда ол елдегі, сондай-ақ, оның төңірегіндегі ахуалдарды кешенді түрде көру айрықша құнды. С.Әкімбеков мемлекеттің өзі мен хал­қының тарихын ғана емес, осы мем­лекеттің дамуына көптеген жағдайда алғышарттар жасап, оны ұйымдастыру қағидат­тарын қалыптастырып отыр­ған территориясының тарихын да қозғайды. Оның сыртында С.Әкім­беков ұсынған Ауғанстан хроникасы – ол қоршаған әлем тарихы, өйткені, шекараларды қалыптастырып, дамудың жолдары мен бағыттарын айқындайтын да соның өзі. Кітапта ел билеушілерінің оны дамытудың үздік нұсқаларын іздестіруінің ұзын-сонар тарихы келтіріліп, сондай-ақ, олар түрлі уақыттарда жіберген қателіктерге талдау жасалған. Бұл – созылмалы соғыс, елдің ішінде де сол сияқты оның төңірегінде де жүріп жатқан ұзақ та қиын мүдделер қақтығысы туралы кітап. Сонымен бірге, автордың пікірінше, бүгінде Ауғанстан тарихы реформалар жүргізуде өте бағалы тәжірибе екенін де түсіну аса маңызды. Бәлкім, ұзақ уақыттар бойы жазылмай келе жатқан ауған жарасын емдеу сыртқы ойыншылар арасындағы қарым-қатынастарға да байланыс­ты болуы мүмкін. Автор жекелеген державалардың көзқарасына байланысты болып келген Ауғанстанды жаңғырту проблемасына дұрыс салмақ салып отыр, деп түйіндеді ойын Ресейдің Ауғанстандағы төтенше және өкілетті елшісі В.Трубников.
«В» лигасының Регламенті бойынша 10 команда алдымен өзара бір айналым өткізіп, үздік шыққан алтауы келесі кезеңге өтеді де, «А» лигасының үш жолдамасына таласады. Сондықтан, командалардың қателесуге құқықтары жоқ. Әр ойында үш ұпай үшін арпалыс жүріп жатыр. Маусымның тұсаукесер турында алдымен алаңға «National Geographic Qazaqstan» мен «Еуразия+ОРТ» командалары шықты. БАҚ лигаға өткен маусымда қосылған «табиғат жыршылары» үшін биыл «А» лигаға өтудің екінші мүмкіндігі. Былтыр 5-орынмен шектелген. Әйтсе де, бұл жолы үздіктер қатарынан көрінуді көздейтін секілді. Ә дегеннен-ақ «Еуразия+ОРТ» командасын 7:1 есебімен ойсырата жеңді. Дебютанттар дербиінде «Kazaknews.kz» сайтының жігіттері негізінен спорт журналистерінен құралған «№1 Sportchannel» командасының қақпасына жауапсыз 4 гол соқты. Дегенмен, Доған Йылдыз бастаған командаға жеңіс оңай келді деп айта алмаймыз. Бірінші таймда комментаторлар командасы тегеурінді қарсылық көрсетіп бақты. Гол соғатын мүмкіндіктері де болды. Өкініштеріне қарай, тепкен доптары қиыс ұшып жатты. Ал өз кезегінде «Kazaknews.kz» қателікті кешірген жоқ. Үзілістен кейін Кеңес Әбдіманап хет-трик жасап, Наурызбек Лесов бір гол соқты да, таблодағы көрсеткішті 4:0-ге жеткізді. «Қаламгердің» қауырсыны қатайыпты. Үшінші маусым БАҚ лигаға қатысқан команда екі біріншілік бойы бір құраммен ойнап келеді. Сондықтан шығар, қарсыластары «Qsport.kz»-ке қарағанда жинақылау көрінді. Жүйе бар, сәйкесінше ойындары да түлеп келеді. Кездесудің бесінші минутында-ақ әккі шабуылшы Тұрлыжан Әйтенов гол соғып, артынша Ермек Кеншімбек есепті еселеген. Үзілістен кейін «Шалқар» радиосының жүргізушісі Еламан Әмірғазы мен «Qsport.kz» сайтының бас редакторы Жандос Қоныспаев таразы басын теңестіргенімен қарқынын қайта күшейткен «Қаламгер» Нұркен Тоқмурзин, Ержан Әмірханов және Кеншімбектің дублі арқасында ойынды 5:2-мен аяқтады. «Мазмұндама» мен «Aiqyn+Литер» де мазмұнды, мәнді ойын көрсетіп, көрермендердің қошеметіне ие болды. Дебютанттар да мықты екен, жарты жыл футболдан қол үзіп, әбден шөлдеп қалған «Мазмұндама» қақпашысы Қанат Базылханды әбден шаршатты. Ол да қайтпайды екен, әр допқа баяғы Оливер Кан сияқты атылып, қақпасына доп дарытқан жоқ. Ал екінші таймда газет тілшілері аздап шаршап қалды да, алдымен Елбол Каримов Айдын Қожахметтің бұрыштамадан асырған добынан кейін өз қақпасына гол соғып алды да, көп ұзамай, капитан Қожахметтің өзі айып соққысын тамаша орындап, есепті 2:0-ге жеткізді. Маусымға ең соңында қосылған «Спорт 59» бен «Қазмедиа В» арасындағы кездесу де қызықты өтіп, командалар бір-біріне лайықты қарсылас екендіктерін дәлелдеді. Аян Қайырбаевтың үзіліске дейін соққан голынан кейін екінші таймда Айдос Атагельдиев таразы басын теңестірген. Бірақ, Қайырбаевтың екінші голына қарсы «қазмедиалықтардың» айтар уәжі қалмады. BAQ league алтыншы маусымының серіктестері: «Egemen Qazaqstan» газеті, Астана футбол федерациясы, Қазақстан футбол федерациясы, “Астана” футбол клубы, “Life football” спорттық дүкені, «Halva» кафесі, «Spectrum» халықаралық мектебі.
Қазақ халқы КСРО құрамында болған жетпіс жылдан астам уақыт ішінде ашаршылықтан, 30-шы жылдардағы қуғын-сүргіннен 4 милионнан астам адамынан айрылыпты. Әлихан Бөкейхановтың мақаласындағы дерекке қарасақ, 31-33 жылдардағы аштықта қазақ 4,3 миллион адамынан, яғни, халықтың үштен екісінен айрылған. Оған қоса, ұлт зиялылары түгелге жуық жойылды. Ол аз десеңіз, тіліміз бен дінімізден, салт-дәстүрімізден де қол үзіп қала жаздадық. Коммунистік идеология тарихи бағасын алған жоқ Әлемге екінші жаһан соғысын таңып, миллиондарды қырған неміс фашистерінің идеологиясы, яғни фашизм идеологиясы тарихтан нақты бағасын алды. Нюрнбергте фашист көсемдері сотталып, бұл партияның адамзат баласына жат, қауіпті екендігі айқындалды. Ал, кеңес одағының халықтарын аштықтан, саяси қуғын-сүргіннен миллиондап қырған коммунистер заң алдындағы жазаға да, тарих алдындағы жауапкершілікке де тартылған жоқ. Миллиондаған адамдардың өліміне кінәлі жекелеген коммунистердің солақай теріс саясатын деген сияқты желеумен партияға тарихи баға берілмеді. Оны айтасыз, коммунистер әлі күнге дейін қызыл жалауларын желбіретіп Парламентте отыр. Олардың көсемі Косарев тіпті, Лениннің қатырылған мүрдесін Қазақстанға әкелейік деген ұсынысын да шімірікпестен айтып жатыр. Коммунистер орнатқан қаратүнек Кеңес үкіметінің алғашқы күнінен бастап дін қызметкерлері қуғындалды. Атеистік, яғни құдайсыздықты баста қағидат етіп ұстанған коммунистер шіркеулер мен мешіттерді қиратып, дін қызметкерлерін құдайға сенгендері үшін ғана қуғынға ұшыратты. 30-шы жылдардың соңындағы саяси қуғын-сүргін кезінде қазақ тілінен басқа бір тіл білмейтін және өмірі ауылдан алысқа ұзап шықпаған қазақтар «жапонның, «германияның» шпионы деген айып тағылып, итжеккенге жер аударылды немсе атылды. Күні кеше бірге жүрген, ауылдан ұзап шықпаған адамның «жапонның шпионы» еместігін аылдастары білсе де, коммунистерге қарсы бір ауыз сөз айта алмады. Намазды жұрттан тығылып, жасырын оқитын, арақ ішіп, темкі тарту заманауи озық әдет деп түсінетін, дінсіздік білімдарлық деп бағаланатын заман туды. Павлик Морозов, Болатбек Омаров сияқты туған әкелерін үкіметке ұстап беретін «батыр пионерлер» шықты. Ата-ана балаға, туған туыстар бір-біріне сенбейтін заман келді. Көрші отырып, «пәленше үкіметке қарсы сөз айтты» деп жоғарыға арыз жазып, еш жазықсыз адамдар сотталып, жазаға ұшырады. Коммунизм – сайтани жол Бүгінгі күнге дейін көп адамдар «коммунистердің идеяларының бәрі дұрыс, тек жекелеген басшылардың қателігінен осындай жаман нәрселер орын алды» деп айтып жатады. Бұл қаншалықты шындыққа жанасымды? Егер зер салып қарасаң, Маркс пен Лениннің идеялары, ілімі бастан-аяқ «бостандық, теңдік, әділеттік» деген сияқты тамаша сөздермен көмкерілген. Оқып отырып, шынында да айтқандарының бәрі жөн-ау деген ойға қаласың. Адамды қанауға жол бермеу, кедей мен байды теңестіру, әркімнің еңбегіне қарай деген принцип – шынында бәрі тамаша емес пе. Бірақ, бастан-аяқ осындай тамаша идеяларға құрылған сайтани ілім адамзатты құрдымға құлатып, қаратүнекке қамаудың амалын жалғыз ауыз сөзге сыйғызып қояды. Ол қандай сөз дейсіз ғой? Ол мынадай сөз: «бұндай игіліктердің бәрі өздігінен келмейді, оны революция жасап, қолға қару алып, буржауйлардан тартып алу керек» дейді маркс-ленин және «пролетариаттың бұғаудан басқа жоғалтары жоқ» деп онсыз да миы айналып, сонша игілікке жетемін деп сілекейі шұбырғандарды онан әрі желіктіре түседі. Осылайша, маркс-лениннің революция жасау қажет дегенін санасына сіңірген бейбақтар қолдарына қару алып, елді қызыл қанға бояды. Бірақ, коммунистер уәде еткен коммунизмді көре алмады. Оның орнына таусылмайтын қуғын-сүргін, аштық, кедейшілік тауқыметінен құтылмады. Міне, сайтани ілімнің жеткізген «ұшпағы» осындай болды.
Семейдегі ПТР-тест зертханасындағы кезекке қатысты түсініктеме берілді Ведомство өкілдері кезекке қатысты мәселе шешілгенін айтты. "Әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде Өскемен және Семей қалаларының тұрғындары зертханаларда уақытылы ПТР-тест тапсыра алмағаны туралы хабар тарады. 2020 жылдың 2 қарашасында сағат 12:00-ге дейін осындай жағдайдың болғаны рас. Шығыс Қазақстан облысының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті бұл проблеманы реттеп, кезекке қатысты мәселені шешті", - дейді департамент өкілдері. 3 қарашадан бастап қосымша екі зертхана ашылады. Жалпы Шығыс Қазақстан облысында 10 клиника зерттеу жүргізеді. "Облыс бойынша 298 547 зерттеу жүргізілді. Орта есеппен күніне 2000-2200 зерттеу жасалады", - дейді ұйым өкілдері. Еске салайық, кеше Семейдегі ПТР-тест зертханасының алдында ұзын-сонар кезек пайда болғаны хабарланған еді. Зертханалардағы жағдай көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысы шыққаннан кейін басталған көрінеді. 2 қарашадан бастап шығыс қазақстандықтарға жолаушылар пойызы мен ұшаққа ПТР-тестінің нәтижесі болмаса өңірден шығуға тыйым салынған.
Атақты ориенталист және өлкетанушы Александр Людвигович Кун 1840 ж. мұғалімнің отбасында дүниеге келген. Бастауыш білімді Ставрополь губерниясындағы гимназияда алған, сосын Петербург университетінің шығыс тілдері факультетіне түсіп, оны 1865 ж. «араб-парсы-түрік топтары бойынша» кандидат дәрежесімен бітірді. Өз мансап жолын А.Л. Кун 1866 ж. Оренбург генерал-губернаторлығыкеңсесінің үстелбастығы болып бастады. 1868 ж. 24 қарашада Түркістан генерал-губернаторлығына шенеунік қызметіне ауысты, ол генерал-губернатордың қарамағында болды. 1874 ж. 1 мамырда Түркістан генерал-губернаторлығы қарауындағы оқу ісі жөніндегі жеке тапсырмалар бойынша аға шенеунік болып тағайындалды. Ташкентте Түркістан өлкесінің оқу ұйымдарының Басқармасы құрылған кезде, А.Л. Кун оның бірінші инспекторы болды. Ол бұл қызметте 1876 ж. 1 қаңтарынан 1882 ж. 20 қыркүйегіне дейін болды. Түркістанда қызмет атқарған жылдары ол Әулие Станиславтың 3-ші дәрежелі (1873 ж.), Әулие Аннаның 3-ші дәрежелі (1872 ж.) ордендерімен, Георгий-Владимир лентасына тағылған «Хива жорығы үшін» медалімен (1873 ж.) және Әулие Владимирдің қылыштары бар 4-дәрежелі орденімен (1874 ж.) марапатталды. А.Л. Кун Түркістандағы қызметінен 1882 ж. кетті: генерал-губернатор К.П. фон Кауфманның созылмалы ауруы кезінде генерал-губернаторлықтың әкімшілігінде үлкен өзгерістер орын алды. Ресей империясының Ағартушылық министрлігінің ұсынысы бойынша Кунды Вильноға ауыстырды, онда ол Вильно оқу өлкесінің басшысының көмекшісі б олды. Бұл қызметті о л өзінің 1888 ж . 24 қазан, 48 жаста қайтыс болуына дейін атқарды. А.Л. Кун Түркістанның тарихы мен мәдениетін зерттеуге үлкен үлес қосты, зерттеушілер үшін көлемді мәліметтер қалдырды. Түркістандағы 15-жылдық қызметі барысында ол Орталық Азияның түрлі аймақтарындағы көптеген ғылыми экспедициялар мен әскери жорықтарға қатысты. Соның ішінде Ескендіркөлдегі ғылыми экспедиция (1870 ж.) және Шахрисабзға (1870 ж.), Хиваға (1873 ж.) және Қоқанға (1876 ж.) жасалған жорықтар бар. 1870-1872 жж. А.Л. Кун Түркістанның этнографиялық, археологиялық, тарихи және кәсіптік-техникалық көрінісіне арналған «Түркістан альбомын» жасаушылардың бірі болды. Одан басқа, ол ғылыми-зерттеу жұмысымен, сондай-ақ түрлі мәдениет пен өнер ескерткіштерін, қолжазбалар мен құжаттар жинақтаумен айналысты. А.Л. Кун Лондондағы халықаралық ориенталисттер съездіне өкіл болып барды және Париждегі Тірі шығыс тілдері институтының корреспондент-мүшесі болып сайланды (1874 ж.). 1875 ж. ол Петербургтағы Халықаралық ІІІ ориенталисттер конгресін дайындау бойынша комитетте жұмыс істеді, ал 1876 ж. наурызда Ресей археологтар қоғамының толық мүшесі болды. Түркістанда қызмет ету жылдары А.Л. Кун үлкен көлемді материалдар жинай алды, оның ішінде қолжазба кітаптар, тарихи құжаттар мен Орталық Азия бойынша түрді сапар жазбалары қамтылған. Осы материалдардың үлкен көлемі қазіргі кезде Санкт-Петербургте Шығыс қолжазбалары институтының жанындағы Шығыстанушылар архивіндегі оның жеке қорында сақталуда. Бұл Орталық Азияның этнографиясы мен тарихын зерттеу үшін құнды дереккөз. Қор 300-ден астам мұрағат істерінен тұрады. Кезінде Б.В. Андрианов сол жерде сақталып тұрған Хива хандығының тарихы бойынша материалдарды зерттеген. Осы жерда біз Ахмед Ясауи мазарының вакфтық шаруашылығына қатысты тарихи құжаттарға сараптама жасауға тырысамыз. Бұл құжаттардың Кун мұрағатында болуы кездейсоқтық емес. 1870-ші жылдары оның негізгі қызметі Орталық Азияның мәдениеті мен тарихы бойынша түрлі жазбаша ескерткіштерді жинақтауға бағытталды. Мұны оның өзі де: «Шахрисабз қожалықтарындағы экспедицияны пайдалана отырып, мен, Заравшан округінің бастығы генерал-майор Абрамов мырзаның рұқсатымен оның отрядына қосылдым. Менің бұл экспедицияға қатысудағы міндетім жергілікті тілдердегі кітаптар, қолжазбалар мен құжаттарды мүмкіндігінше көп жинау болатын», деп атап өткен. 1873 және 1876 жылдарындағы Хива және Қоқан әскери жорықтарына қатыса отырып, Кун одан да көп құжаттар жинай алды. Нәтижесінде 1870 жылдан 1878 жылға дейін Түркістан генерал-губернаторы К.П. фон Кауфман Императорлық бұқаралық кітапханаға А.Л. Кунның еңбегінің арқасында Орта Азияны жаулау барысында иелік еткен көптеген қолжазабалар мен материалдарды жеткізді. Фон Кауфманның топтамасы деп аталатын қорда, қолжазбалық кітаптардан басқа, 4000-ға жуық тарихи құжаттар бар. Ахмед Ясауи Орталық Азия тарихындағы танымал тұлғалардың бірі болды. Оның Түркістандағы мазары осы аймақ халықтарының әлеуметтік және рухани өмірінде терең із қалдырды. А.Л. Кун дәл осындай тұлғаларға қызықты. Ол мазарларға, медреселер менмешіттерге қатысты, сондай-ақ хандар мен шенеуніктердің кеңселеріне қатысты көп тарихи құжаттар жинақтады. Зерттеуші мүмкіндігінше түпнұсқаларды жинауға тырысты, бірақ ол қолынан келмесе, жергілікті әкімшіліктің көмегімен көшірмесін жасады. Ахмед Ясауидің ұрпақтарынан мазар құжаттарының түпнұсқаларын алу мүмкін болмағандықтан, А.Л. Кун уезд бастығынан олардың сенімді көшірмесін алуға ықпал етуін сұрады. Мұның дәлелі – 1872 ж. 15 маусымдағы Түркістан уездінің бастығы майор А.Г. Реймерстің А.Л. Кунге жазған жауап хаты. А.Л. Кунде екі түрлі мақсат болған деген болжам жасауға болады. Біріншісі – Петербургке жіберу үшін дайындалған құжаттар топтамасын байыту. Екіншісі – Түркістандағы вақф мәселесін зерттеуге деген айқын жеке қызығушылық, бұл өз кезегінде әкімшілік тәжірибеде пайда болған мәселелерді жақсы түсінуге мүмкіндік берді. Осы ретте 1872 ж. 29 мамырда «Туркестанские ведомости» газетінде жарияланған «Вакуфы» мақаласын еске салған дұрыс. Онда Түркістандық құжаттар аталмайды, дегенменде соңғы көшірмелер ол жақтан 20 мамырда алынған. Оның жеке мұрағатында Ахмед Ясауи мазарының тарихына қатысты бірде-бір мақалалар жобасы немесе жұмыс материалдары жоқ. 1874 ж. Түркістанның оқу ісі бойынша ерекше тапсырмалар бойынша аға шенеунік қызметіне тағайындалғаннан кейін А.Л. Кун өзінің осы қызметіне көп көңіл бөліп, шынайы ғылыми жұмыстан алыстап кеткен болуы да мүмкін. А.Л. Кун өзінің Түркістандағы қызметі аяқталғаннан кейін, 1882 ж. құжаттар көшірмесін өзімен бірге алып кетті. А.Л. Кун қайтыс болғаннан кейін олар басқа да іс құжаттарымен бірге шығыстанушының жеке мұрағатына кірді және ұмытылды. Құжаттардың бұл көшірмелері де және олардың түпнұсқалары да ХІХ ғ. ортасы – ХХ ғ. вақфтық қатынастарды зерттеу бойынша өткізілген кең ауқымды зерттеулерден тыс қалды. Тіпті 1974 ж. Түркістанда және Атабай ауылында құжаттардың жаңа топтамасы табылған кезде де, ешкім Кунның мұрағатындағы құжаттарды есіне алмады. Мазар құжаттарын ғылыми айналымға енгізу, 1897 ж. 29 тамызда Түркістан әуесқой археологтар үйірмесінің (ТКЛА) отырысында Н.П. Остроумовтың мазарға Тимурдың берген сый грамотасы туралы баяндамасынан басталды. Бір жылдан кейін құжаттың тексті жарияланды. 1901 ж. Құжат А.А. Диваев тарапынан тағы бір рет жарияланды, ал Н.П. Остроумов 1910 ж. екінші рет осы грамотаға жүгінді. 1912 ж. А.И. Добросмыслов грамотаның ескіорысша аудармасын жариялады. А.А. Диваевтың орыс және қазақ тілдеріндегі мақаласы 2006 ж. Түркістанда қайта жарияланды. Сый грамотасында Садр Шайхтың (Ахмед Ясауидың ағасы) ұрпағы Мир-‘Али Шайхқа Қожа Тұмасы бұлағынан бастау алатын Янгич арығы мен онымен суарылатын жерлер, сонымен бірге Қожа Тұмасынан алыс емес жердегі бақты әулиенің мазары пайдасына вақф ретінде беру туралы айтылады. Сый грамотасының түпнұсқалығына қатысты әртүрлі пікірлер айтылды. Алайда құжаттың түпнұсқалық дәрежесіндегі кемістікке қарамастан, ол бірнеше ғасыр бойы оның иегеріне аталған меншікке иелік ету құқығымен қамтамасыз етті және билік ауысқан жағдайда жаңа құжаттар алуға негіз болды. Ахмед Ясауи мазарының құжаттарымен байланысты маңызды оқиғалардың бірі, 1974-1975 жылдары Түркістан қаласы мен Атабай ауылында жаңа құжаттардың табылуы болды. Бұл табылу туралы алғашқы жарияланымға сәйкес, ол XVIII ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басына қатысты 1000-нан астам құжаттар жинағынан тұрды. Кейіннен В.К. Шуховцов осы жинақтан ХІХ ғасырға қатысты 12 құжаттың суреттері мен орыс тіліндегі аудармасын жариялады. Бізге белгілі болғанындай, қазіргі кезде, Алматы қаласында тұратын В.К. Шуховцовтың қолында құжаттар сақталған. Өкінішке орай, бізге бұл құжаттармен танысу мүмкіндігі кәзірше туған жоқ. А.Л. Кун мұрағатындағы Ахмед Ясауи мазарының құжаттар топтамасы әлі күнге дейін ғылыми айналымға енгізілмеген, ал оның құрамы тіпті мамандарға да беймәлім. Сондықтан біз осы мәліметтердің бастапқы сараптамасын ұсынамыз. Ахмед Ясауи мазарына қатысты А.Л. Кун мұрағатындағы құжаттар, 175 (96 парақ) іс бумасында, тек біреуі ғана 174 (бір парақ) іс бумасында сақталады. Жоғарыда аталып өткен Түркістан уезді басшысының А.Л. Кунге жазған хаты, сонымен бірге құжаттардың мазмұнының сараптамасы олардың Ахмед Ясауидің қызы Гаухар Хуш-тадждан тараған немересі, Шейх Ахмед Қарашықының ұрпақтары болып саналатын Рахматоллах-қожа нақиб ‘Али-Акбар-қожа нақиб-ұлына, Шариф-қожа ‘аздер Бехбуд-қожа ‘аздер-ұлына, сондай-ақ Насроллах-қожа шайх ал-ислам Исхак-қожа шайх ал-ислам-ұлына тиесілі түпнұсқалардан көшірілгенін көрсетеді. Насроллах-қожадан 21 сый грамотасының, 2 ивайат, бір талап арыздан бас тарту актісі (хатт-и иқрар), бір вақф грамотасы және бір шежіренің көшірмесі жасалғанын оның мөрі дәлелдейді. Екі жерде Рахматоллах-қожадан 18 сый грамоталарының, екі вақф грамоталарының, бір хатт-и иқрар және бір шежіренің көшірмесі жасалғаны туралы жазбалар бар. Сонымен қатар, Шариф-қожадан сый және вақф грамоталарының, сондай-ақ шежірелердің көшірмелері жасалғаны айтылады, бірақ олардың саны көрсетілмеген. Біздің есеп бойынша, жинақта парсы және түркі-шағатай тілдеріндегі 77 құжаттар сақталған, ол Алматы топтамасынан әлдеқайда аз. Мұның себебі, мазарға қатысты барлық құжаттардың көшірмесі емес, тек маңызды деп есептелгендерінің көшірмесі жасалған. Көшірмелерде мөр иелерінің аттары жазылған, олардың сенімділігі куәландырылған және олардың түпнұсқалармен тексерілгені көрсетілген. Көшірмелер Құл-Ахмед-қожа а‘лам Хал-Мұхаммед-шейх ‘аздер ұлының және Түркістан қаласының ақсақалы Шер-Мұхаммед мыңбасы Мулла Бай-Мұхаммед ұлының мөрлерімен расталған. Көшірме жасау жұмыстары 1872 ж. 20 мамырында аяқталып, құжаттар дәптерлерге тігілген және мөрленген. Алматы топтамасы 30 сый грамоталары мен билеушілер және наместниктердің үкімдерінен тұрады. Осындай типтегі құжаттардың Кунның топтамасында (соңына дейін көшіріліп үлгермеген құжатты есепке ала отырып) 60 данасы (заттаңбалар мен ‘инаятнамалар) бар. Ең алдыңғысы болып шибанид Абу Са‘ид-ханның (1531-1534) сый грамотасы табылады, оның датасы джумада ал-аууал айы 931 х.ж. (1530 желтоқсан – 1531 қаңтар). Ең кейінгі құжаттар қоқан ханы Сұлтан Саййид-хан (1863-1865) және оның регенті ‘Алимкули амирлашкар (1865 ж. қайтыс болған) тарапынан раби‘ ал-аууал айы1280 х.ж. (1863 тамыз-қыркүйек) берілген. Шибанидтер (1501-1601), Аштарханидтер (1601-1747), Маңғыттар (1747-1920) және Мингтер (1711-1876) әулеттерінің билеушілері, олардың өкілдеріг, сондай-ақ қазақ хандары (1465-1847)мен сұлтандары берген сый грамоталары. Бұл құжаттарда Ортақ және Суйра арықтары вакф болып табылатыны туралы, сонымен қатар Түркістан қаласында шейх ал-исламның, нақибтың, мирасадтың және мутаваллидің ағайындалуы туралы айтылады. Өз заманында сыйграмоталары Шейх Ахмед Қарашықы ұрпақтарының Ахмед Ясауи мазарын бақылау мен вақф меншігін басқаруды талап ету үшін дәлел қызметін атқарды. Онда Шейх Ахмед Қарашықы ұрпақтарының шежіресінен көптеген аттар аталады. Бізде Алматы топтамасында шежіре туралы мәлеметтер жоқ. Ал А.Л. Кунның топтамасында Ахмед Ясауи ұрпақтарының шежіресі (ХІХ ғ. редакцияланған) түркі-шағатай және парсы тілдеріндегі 5 көшірмесі бар. Үш шежіре мазмұны бойынша бір-біріне жақын. Оқиғалар Исхақ Баб дәуірінен басталады және шейх ал-ислам, нақиб және ‘аздер шежіресімен аяқталады, ХІХ г. мазардың бақылауы солардың қолында болды. Төртінші шежіреде, ол Рахматоллах-қожа нақиб тарапынан көшіріп жазу үшін берілген, онда ‘Абд ал-‘Азиз ибн Катта-қожа парсы тілінде өлең түрінде жазылған «Насабнаме-йи манзума» атты шығарма келтірілген. Бұл шығарманың сыни тексті шығарылған. Түркі-шағатай тіліндегі бір шежіренің соңы жоқ. Шейх ал-ислам, нақиб және ‘аздер отбасыларының алғашқы үш шежіресінде, егер кей оқиғалар суреттемесін ескермесек, өзара айтарлықтай үлкен айырмашылық немесе ешқандай қайшылықтар жоқ. Бұл үш шежірелер, осыған ұқсастармен салыстырғанда, олар әкесі тарапынан Ахмед Ясауидің кіші інісі Садр-шейхпен байланыстырылмағанымен ерекшеленеді. Шежірелерде ‘аздер, шейх ал-ислам және нақиб отбасылары Ахмед Ясауидің ұрпақтары болып табылатыны көрсетілген. Шейх Ахмед Қарашықының қасиеттері ерекше аталып өткен – оның шығу тегі де, рухани байлығы да. Мысалы, Ахмед Ясауи немересі үшін Ахмед деген атты өзі таңдаған, оны қызы Гаухар Хуштадж Сүлеймен Уәлиден туған. Ахмед Қарашықы туылған кезде Ясауи оның аузына үш рет түкірген және сәби кезінен оның тәрбиесімен айналысқан. Осылайша, шежірелерде оның иегерлері өз легитимациясын Ахмед Ясауидің ұрпағы ретінде негіздегісі және өз шығу тегін қоғамға жаңа тәсілдермен көрсеткісі келді. Олардың әрекеттері сәтті аяқталды, және ХІХ ғ. басынан бастап Садр-шейхтың ұрпақтары Ахмед Ясауи мазарындағы билігінен толықтай айырылды. Кейбір жазбаларда көшірмелерге қатысты, Насроллах-қожада екі риуаят бар болды деп айтылады. Топтамада үш риуаят бар. Онда мазар вакфын басқарушылар мен Ортақ және Суйры арықтарындағы вақфтық жерлерді пайдаланушы шаруалар арасында пайда болған келіспеушіліктер көрініс тапқан. Мысалы, олардың бірінде Ортақ арығындағы вақфтық жерлерді пайдаланушы және сол үшін өнімнің 1/5 көлемінде танабана төлейтін шаруалардың оның орнына өнімнің 1/10 көлемінде ушр төлеуді талап еткен арыздары туралы айтылады. Алайда риуаятта, Түркістан жерлеріне харадж салығы төленетіндіктен шаруалардың арыздары негізсіз екендігін атап өтеді. Риуаяттарға қосымша қойылған мөрлердегі аттар олардың Қоқан хандығы дәуірі мен патшалық кезеңге жататынын айқындайды. Топтамада парсы тіліндегі үш вақфтық грамоталар сақталуда. Олардың бірі – Түркістаннан тоғыз шақырым қашықтықта орналасқан Қарашықтағы Асадоллах-шейх ибн ‘Алим-шейхтың ханақахының вақф-намесі. Басқа екі вақфтық грамоталар Ташкенттің билеушілері ‘Азиз Парваначи (ережеп 1263 х.ж. / 1847 ж. маусым-шілде), сонымен бірге құсбегі Нар-Мұхаммед (зу-л-хидджа 1269 / 1853 ж. қыркүйек-қазан айы) тарапынан берілген. Осы грамоталардың ішінде 822 х.ж. раби‘ ал-ахар (1419 ж. сәуір-мамыр) айымен белгіленген Асадоллах-шейхтың вақф-намесі ерекше маңызға ие. Вақф-наменің көшірмесінде датаның астында Шахрух сұлтанның, ақза ал-құзат Хусамуддиннің және Тұрсын Ахмед ибн Сүйініш-қожа-ханның есімдері көрсетілген. Бұл дата Шахрух сұлтан дегенде Тимурид Шахрух (1409-1447) екенін болжауға мүмкіндік береді. Вақфтық грамотаға сәйкес, ханақах ғимаратын Исхақ Баб салдырған, ондасондай-ақ оның қасында ескі медресе, рабат және кесене бар екендігі айтылады. Асадоллах-шейхтың қолында Әмір Темірдің ұлы сияқты, беделді билеушіден вақфтық грамота болуын, ең дұрысы, Садр-шейхтың ұрпақтарына берілген сый грамотасына жауап деп қабылдауға болады. Вакф-намеде көрсетілген Асадоллах-шейх үш шежіренің иелері – нақиб Рахматоллах-қожаның он бірінші, шейх ал-ислам Насроллах-қожаның жиырма екінші және ‘азизлар Шариф-қожаның жиырмасыншы буындағы атасы болып табылады. Вақфтық грамота мазарды басқаруға деген талаптарда маңызды рөл ойнады. Вақф-наменің маңызды нүктелерінің бірі болып, онда көрсетілген Исхақ Баб салған ханақах табылады. Агиографиялық шығармаларда Сайрамдағы Исхақ Баб Меккеден қажылықтан келгеннен кейін Қағбаға ұқсатып салған Чубин мешіті туралы айтылады. Бұл сюжет кейіннен Исхақ Бабтың ұрпақтары шежірелеріне өтті. Вақфтық грамотада бұл сюжет басқаша түсіндірілген: Исхақ Баб салған Қарашықтағы қасиетті ханақах және Шейх Ахмед Қарашықының ұрпақтары ие болған оның шейхы қызметі шығу тегінің тектілігіне тағы бір дәлел болып табылады. Топтамада түрлі мазмұндағы тағы бес құжат бар, олар отарлық дәуірге жатады. Бұл 19 шаруаның шейх ал-ислам Насроллах-қожаның, нақиб ‘Али Акбар-қожаның және ‘аздер Шариф-қожаның Ортақ және Сүйрі арықтарындағы вақфтық жерлерге қамқоршы ретінде тағайындалуын мойындаған құжаттар (1271 х.ж. сапар айы / 1854 ж. қараша-желтоқсан); генерал Черняевтың мазарды тексерген кезінде Ахмед Ясауи ұрпақтарының генеалогиясын бекіту туралы анықтама (1864 ж.); Ортақ арығындағы вақфтық жерлерді пайдалану туралы мазардың әкімшілігі мен шаруалар арасындағы талас шешімі (1284 х.ж. раби‘ ал-ахар айы / 1867 ж. тамыз); Түркістан уезді басшысының нақиб Рахматоллах-қожаны мутавалли қызметіне тағайындау туралы бұйрығы (1868 ж.); Бахадыр-шейхтың ұлы Ибрахим-шейхтың Қоқанға жасаған қызметтік сапары туралы рұқсат-анықтама (1878 ж.). 174 іс бумасында тек бір құжат бар, онда Ахмед Ясауи мазары вақфының кірістері туралы қысқаша анықтама берілген. Құжат уезд бастығының сұранысынан кейін дайындалған, сондықтан ол «бек дәрежеліге и‘лам қыламын», яғни «билеуші дәрежесіне ие шенеунікке хабарлаймын» деп басталады. Құжатта Ортақ және Сүйрі арықтары бұдан былай мазардың вақфтық меншігіне кірмейтіні және мемлекеттік қазына пайдасына салық салынатыны анықталған. Құжатта Түркістан және Ташкент қалаларындағы вақфтық керуен-сарайлардың кірістері туралы ақпараттар келтірілген. Мұнда келесі сұрақ туындайды: құжаттардың түпнұсқалары қайда? Көрсетілген сый грамоталары расында болды ма? Мысалы, Насроллах-қожа, шейх ал-ислам отбасының мүшесі, отарлаушы әкімшілерге түрлі орталық азиялық билеушілерінің өзінің ата-бабаларын шейх ал-ислам қызметіне тағайындағаны туралы 18 сый грамоталарын көрсеткен. Оның 14-ін біз Кунның топтамасынан кездестіреміз. Ал кейбіреулері Ахмед Ясауи ұрпақтарының басқа арыздарында айтылады. Жоғарыда көрсетілген үш отбасының (‘аздер, шейх ал-ислам және нақиб) өкілдері түпнұсқаларын қолдарында сақтап қалған болуы мүмкін. Бүгінгі күнге дейін олар Өзбекстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатының сәйкес қорларында анықталмаған (ӨР ОММ). Тек ‘Азиз Парваначиның вақф-намесінің түпнұсқасы ӨР ОММ қорында сақталған. Ол көшірмесімен текст бойынша да, сфрагистикалық детальдары бойынша да ұқсас. В.К. Шуховцов пен А.Л. Кунның топтамасында сақталып келе жатқан құжаттар бір-бірін толықтырады, олардың арасында өзара байланыс пен логикалық бірізділік бар деген болжамымыз бар. Мысалы, В.К. Шуховцовтың мақаласындағы нөмірі Т-262п (бір сурет) құжаттың текстін алайық. Бұл белгісіз билеушінің 1258 х.ж. рамазан айында (1842 ж. қазан-қараша) жасалған Шариф-қожаны‘аздер қызметіне тағайындау туралы өкім, дәл осы құжат А.Л. Кунның топтамасында да бар. Сондықтан, А.Л. Кунның топтамасындағы көптеген көшірмелерінің түпнұсқалары Алматы топтамасында сақталуы әбден мүмкін. Қорытынды ретінде, мазарлар туралы мәліметтер нарративті дереккөздерде жиі кездесетінін айтуға болады, алайда бұл ақпараттар зерттеліп жатқан тақырып бойынша тарихи процесстің тұтастығын қайта қалпына келтіруге мүмкіндік бере бермейді. Дегенменде тарихи құжаттарда макротарихта мінсіз әлеуметтік-экономикалық картина қалыптастыра алмайды. Бірақ, бір мазарға қатысты материалдарды кешенді зерттеу,микротарихта және просопографиялық аспектіде лайықты нәтижелер береді. А.Л. Кунның топтамасындағы құжаттар нақиб, шейх ал-ислам және ‘аздер қызметінің иелеріне тиісті болды, олар ХІХ ғ. Ахмед Ясауи мазарын және Түркістан қаласының рухани өмірін өз бақылауларына алды. Ахмед Ясауи мазары құжаттарының негізінде тек мазардың тарихын ғана емес, сонымен қатар Сырдария алқабындағы XVI ғ. – ХХ ғ. басындағы қалалардағы жер-су қатынастарын да айшықтауға болады. Ең маңыздысы, құжаттар әлеуметтік топтар мен Ахмед Ясауи ұрпақтарының түрлі буындары арасында болған қақтығыстарды зерттеуде айтарлықтай дереккөз қызметін атқарады. Екі топтамадағы құжаттарды салыстырмалы зерттеу Орталық Азия тарихының түрлі салаларын зерттеуде айқындық енгізеді. Султонов Уктамбек. (қазақ тіліне аударған Жансая Бек) ИСТОРИЧЕСКИЕ ДОКУМЕНТЫ МАВЗОЛЕЯ ХОДЖА АХМАДА ЙАСАВИ Серия «Религиоведческие исследования в ЕНУ им. Л.Н. Гумилева» кітабынан алынды
Елімізде күніне үш мыңдай табиғат қорғаушы инспекторлар өз бастарын қауіп-қатерге байлап, сұлу да көрікті табиғатымызды, оның аясындағы жүгірген аң мен ұшқан құсын, шалқар суындағы балықтарын қорғайды. Заң бойынша табиғат қорғаушы инспекторларының өз өмірін және отбасын қорғауға ешқандай өкілеттіктері тегі жоқ. Қаңтар айының басынан бері браконьерлермен күресіп, қан майдан болмаса да, ажал құшқан үш қорықшының қазасы ненің белгісі дерсіз. Табиғат қорғаушы инспекторларның заңмен қорғалмаған шарасыздығынан браконьерлер басынып бара жатыр. Олар да заңның осындай осал тұсын біледі. Соның кесіренен адам да, жазықсыз жануарлар да жапа шегіп отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев браконьерлікпен күресу үшін, заңнамаға тиісті түзетулерге енгізуді Үкіметке тапсырды. Үкіметтегілер мен құзырлы ведомстводағылар президенттің бұйрығын жақын арада орындаулары керек. Дегенмен браконьерлер елімізде тыйылар емес. Тыйылатын түрі де жоқ. Солтүстік Қазақстан облысында заңсыз елік атты деген күдікпен ауыл тұрғындары ұсталған. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Жамбыл аудандық полиция бөліміне сағат түнгі 01.30 шамасында Солтүстік Қазақстан облысы Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы аудандық бөлімінің басшысынан заңсыз аңшылық жөнінде хабарлама түседі. Табиғат қорғаушы инспекторлары рейд барысында аудан орталығы Пресновка елді мекенінен 60 шақырым жердегі Суаткөл ауылының маңында ВАЗ-2104 көлігін тоқтатқан. Көлікте үш ер адам болған, салоннан еліктің еті мен аңшы мылтығы табылған. Аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы оқиға орнына жетіп, көліктің жүксалғышынан сібір елігінің етін және пышақты алды. Сондай-ақ тіркелмеген оқтаулы ТОЗ-63 мылтығын тәркіледі. «Тексеріс барысында сол түні Явленка ауылының 40 жастағы тұрғынының екі танысымен Тимирязев ауданына жұмыстарымен шыққаны белгілі болды. Айтуларынша, Жамбыл ауданымен шекарада олар ауыл ішілік жолда елікті көріп қалып, атып алыпты. Сол түні Солтүстік Қазақстан облысы Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы мамандары рейдке шыққан екен. Олар бейсауат жүрген көлікті тоқтатып, тексерген», - дейді Жамбыл аудандық полиция бөлімінің бастығы Асан Мейрамов. Бұл факті «Заңсыз аңшылық» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктіге «шақырғанда міндетті түрде келу» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қару мен аң еті сараптамаға жіберіліп, соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданбақ. Солтүстік Қазақстан облысы еліміздегі жан-жануарға бай аймақтың бірін осы өңірде браконьерлер де ен жайлап отыр. Президент бұйрығы орындалса, бұл жұмыс ретке келер. Сондай-ақ, Ақмола облысында өтіп жатқан «Браконьер» жедел алдын алу шарасы барысында төрт елік атқан 3 браконьер ұсталған. Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазанның 18-де Көкшетау қалалық полиция бөлімшесінің кезекшілік бөліміне «Тұлпар-2» экипажы хабарласып, «Көкшетау-Рузаевка» автожолының 25 шақырымында Көкшетау қаласының 28 жастағы тұрғыны басқарған «Нива» көлігі тоқтатылғаны және көлік ішінен төрт еліктің еті, тегіс ұңғымалы 16 колибрлі мылтық пен 26 оқ-дәрі табылғанын айтқан. Тексеріс кезінде бұларға рұқсат құжаттары болмаған. Көлік ішінде жүргізушіден бөлек, облыс орталығының 28 және 52 жастағы тұрғындары болған. «Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 337 бабының 1 бөлігі «заңсыз аңшылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деді ведмстводан. Сонымен бірге, табиғатты қорғау полициясы бөлімінің қызметкерлері мен «Охотзоопром» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының инспекторлары Зеренді ауданының Викторовка ауылының маңындағы Айдабол көлінде заңсыз балық аулау оқиғасы анықталған. Ақмола облысында көл көп. Балық та көп. Аптаның демалыс күндері қала тұрғындары да аймақтағы көлдерге балық аулауға шығады. Олардың дайындықтары да бар. Аулары, қармақтары, тағы басқалары. Әр жануар өз ареалын мекендейді. Соған байланысты әр аймақта барконьлерлердің ұңғысы мен ауына ілінетін жан-жануарлар әртүрлі. Мәселен, Алматы облысында полицейлер браконьерден тау ешкінің еті мен екі мылтықты тәркілеген. Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде «Браконьер» жалпы республикалық жедел алдын алу іс-шарасы ұйымдастырылған. Соның аясында Райымбек ауданының полицейлері Талғар ауданының 36 жастағы тұрғыны басқарған «Тойота Марк-2» маркалы автокөлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде көліктің ішінен тау ешкісінің еті және екі ойық аңшылық мылтық табылып, тәркіленді.Олар сараптамаға жіберілді. Бұл іс бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 337-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Ұсталған адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу кезеңінде қолхатпен босатылған. Қорыта айтпағымыз, табиғат қорғау инспекторлары қазіргі кезде жан-жануарлар дүниесін қорғап-ақ жүр. Қазір олардың өзін де қорғайтын заң керек. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсында қоршаған ортаны қорғаудың игі шараларының бірі ретінде Қазақстанның ұлттық парктеріндегі заң бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында жуырда жедел желінің іске қосылғанын айтты. 2020 жылғы 28 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің жедел желісі: +7 777 678 52 52 whats app нөмірі жұмыс істейді. Яғни, енді кез келген азамат ұлттық парктегі заң бұзушылықтар, атап айтқанда заңсыз ағаш кесу, заңсыз балық аулау, аң аулау фактілері және басқа да заң бұзушылықтар туралы тікелей хабарлай алады. Мұнда келіп түскен әр шағым бойынша тексеріс жүргізіледі. Осылайша, елміздің әрбір азаматы жан-жануарларды қорғауға атсалыса алады.
САТУ ЖҮЙЕСІ / ӨНЕРКӘСІПТІК ӨҢДЕУ ЖӘНЕ HORECA КӘСІПОРЫНДАРЫНА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ / МАРКЕТИНГІЛІК ЗЕРТТЕУЛЕР / МАРАПАТТАРЫ / ЖАҢАЛЫҚТАР / БОС ЛАУАЗЫМДАР ЖАҢАЛЫҚТАР Қараша айында Eurasian Milk зауыты іске қосылды 2020 жылдың қарашасында Петропавл қаласындағы Eurasian Foods Corporation холдингі – «Eurasian Milk» ЖШС сүт зауытында жабдықтарды тестілік іске қосу болды. Зауатты жаңғыртуға $12 000 000 қаражат бағытталды. Бұл – жаңа кәсіпорынның құрылысымен салыстырғанда қомақты сома. Зауытта негізгі корпустың қабырғаларынан басқаның бәрі ауыстырылды. Техникалық жарақтандыру деңгейі бойынша «Eurasian Milk» ЖШС еліміздің сүт өндірістерінің ең заманауи өндірісі болып табылады. Зауытта бірнеше желі орнатылған: сүтті қабылдау және өңдеу бойынша германиялық желі, сары май өндірісі бойынша швейцариялық желі, ірімшік өндірісі бойынша австриялық желі мен «моцарелла» типті ірімшіктерді шығаруға арналған арнайы итальяндық желі. Зауыттың мұндай кешенділігі бүгінгі таңда Қазақстанда бірінші және жалғыз болып табылады. Кәсіпорын бірінші кезеңде сары май, қаймақ, ірімшіктің бірнеше түрін шығаруға бағытталады. Жақында біз қазақстандықтарды қолжетімді бағадағы дәмді де сапалы отандық өніммен қуантамыз.
Тараз қаласы сотында сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену, ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген айыппен төрт азаматқа қатысты іс қаралады, – деп хабарлайды Halyq Uni. Жамбыл облыстық сотының хабарлауынша, іс №2 қалалық сотының өндірісіне 2022 жылғы 19 қыркүйекте түскен. Айыпталушылардың арасында Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Ерлан Күлкеев және Елжан Елібай бар. Олар тергеу изоляторында отыр. Ал Марат Дайрабаев пен Дидар Молдақалық үйқамаққа алынған. Айта кетейік, үйқамаққа алынған Дайрабаев пен Молдақалық «Ауыл» партиясы атынан кезектен тыс президент сайлауына кандидат ретінде ұсынылған Жигули Дайрабаевтың ұлдары екені айтылды. Осыған байланысты Жигули Дайрабаевқа телефон арқылы хабарластық, алайда ол сөйлесуге уақыты жоқ екенін айтты. 30 қыркүйекте елордада «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кезектен тыс ХХ съезі өтті. Жиын барысында партия төрағасы Әли Бектаев алдағы президент сайлауына партия атынан Қазақстан фермерлер одағы қауымдастығының президенті Жигули Дайрабаев үміткер болатынын мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев референдумға байланысты Қазақстан халқына бейнеүндеу жасады: 03 маусым 2022, 18:11 - жаңалықтар Alashainasy.kz Басты Саяси бюро Саяси сахна Қасым-Жомарт Тоқаев референдумға байланысты Қазақстан халқына бейнеүндеу жасады 03 маусым 2022, 18:11 Конституциялық реформа адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін барынша күшейтеді. Сонымен бірге еліміздегі саяси бәсекенің әділ және ашық болуын қамтамасыз етеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. Құрметті отандастар! Қазақстан өте маңызды әрі бетбұрысты кезеңге қадам басқалы тұр. 5 маусым күні азаматтарымыз жалпыұлттық референдумда дауыс береді. Конституцияға түзетулер енгізу мәселесі бойынша шешім қабылдайды. Бұл – мемлекеттің және бүкіл қоғамның болашағын айқындайтын жауапты сәт. Ел тағдыры ешкімді бей-жай қалдырмайтыны анық. Біз қазір барлық саланы жаңғыртуға кірістік. Осы жолда мемлекетті басқару үлгісін түбегейлі өзгерту қажеттігі туындады. Сол себепті мен наурыз айындағы Жолдауымда саяси жаңғырудың ауқымды бағдарламасын ұсындым. Оның басты мақсаты – елімізді одан әрі демократияландыру, халықтың мемлекетті басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейту. Сондай-ақ Үкіметтің тиімділігін арттыру. Бұл өзгерісті толық жүзеге асырсақ, ықпалды парламенті бар президенттік республика үлгісіне біржола көшеміз. Конституциялық реформа адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін барынша күшейтеді. Сонымен бірге еліміздегі саяси бәсекенің әділ және ашық болуын қамтамасыз етеді. Біз Ата заңымыздың отыздан астам бабына өзгеріс енгізгелі отырмыз. Оның бәрі азаматтарымыздың мүддесіне толық сай келеді. Осылайша мемлекетімізді түбегейлі жаңғыртамыз. Сол арқылы Екінші Республиканың негізін қалаймыз. Құрметті отандастар! Еліміздің тарихында Конституцияға енгізілетін өзгерістер алғаш рет жалпыхалықтық референдум арқылы жүзеге асырылады. Референдум өткізу – Қазақстанда дамыған демократиялық қоғам құру жолындағы маңызды қадам. Ата заңға енгізілетін түзетулер жобасы елімізде бір ай бойы қызу талқыланды. Түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қоғамда конституциялық реформаға қатысты пікірлер көп айтылып жатыр. Оның ережелері Президенттің артықшылықтары мен өкілеттігін күшейтуге емес, билік тармақтары арасындағы үйлесімді және тепе-теңдік жүйені нығайтуға, барлық азаматтың мүддесін, құқығы мен еркіндігін қорғауға бағытталған. Бүкіл халықтың Конституцияға енгізілетін өзгерістерге қатысты ерікті таңдауы Жаңа, Әділетті Қазақстанның берік іргетасын қалайды. Біз бірлесе отырып, шын мәнінде, Жаңа Қазақстан құрамыз. Онда әлеуметтік әділдік жаңа қоғамдық келісімнің басты құндылығы және негізгі өзегі болады. Референдум қоғамымыздың азаматтық кемелдігі мен саяси саналылығын бағалауға мүмкіндік береді. Референдумның орталық комиссиясы мен басқа да уәкілетті мемлекеттік органдар сайлау заңнамасындағы барлық норманың мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етеді. Дауыс беру барысын халықаралық бақылаушылар мен еліміздегі қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қадағалайды. Сайлау учаскесіндегі сіздің дауысыңыз қоғамдық өмірдің әділ әрі түсінікті жаңа ережелерін айқындауда маңызды және шешуші рөл атқаруы мүмкін. Сіз сайлау учаскесіне келу арқылы халқымыздың бірлігі мен ынтымағы мығым екенін көрсетесіз. Бұрын-соңды болмаған құбылмалы геостратегиялық жағдайда және еліміздің алдында тұрған күрделі міндеттерді орындау үшін біздің бірлігіміз бекем, ынтымағымыз берік болуға тиіс. Шынайы демократия әрбір азаматтың ортақ іске белсенді әрі саналы түрде қатысуын білдіреді. Сіз жаңа түзетулерге дауыс бере отырып, жемқорлыққа, тамыр-таныстыққа, саясат пен экономикадағы монополияға батыл қарсы шығасыз. Құрметті отандастар, сіздерді тарихи таңдау жасауға шақырамын. Өйткені, бұл Қазақстанның даму бағдарын айқындайды. Әрқайсыңыз біртұтас Қазақстан халқының ажырамас бөлшегісіз және тұтас ұлттың болашағына ықпал ете аласыз. Демек, бұл – өз тағдырыңыз деген сөз. Отанымыздың тағдыры сіздерге байланысты. Алдағы референдум мемлекетімізді нығайтуға және қоғамды тың серпінмен дамытуға жол ашады. Мен әрбір азаматымызды ел тағдырын айқындайтын тарихи таңдау жасауға шақырамын. Бұл референдумда әр азаматтың дауысы – маңызды. Әрбір азамат тұтас ұлттың тағдырына, яғни тікелей өз тағдырына оң ықпал ете алады.
Өзбекстанның Қашқадария облысындағы мешітте жергілікті кәсіпкердің шамамен 40 мың доллары ұрланған. Құқықорғау органдары екі күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлады Өзбекстан ІІМ баспасөз қызметі. Ресми мәлімет бойынша, Қашқадария облысындағы Шахрисабз қаласының ішкі істер басқармасына жергілікті бір кәсіпкер 38,7 мың доллары ұрланғаны туралы шағым түсірген. Ақша қол сөмкеде болған. «Жәбірленуші ақша салынған қол сөмкесін жергілікті мешіттердің біріндегі жуынатын бөлмеде тастап кеткен. Қайтып келіп, сөмкенің ұрланғанын білген», - делінген хабарламада. ІІМ мәліметі бойынша, шұғыл іздестіру шаралары нәтижесінде екі күдікті - Бұхара облысы мен Ташкент қаласының тұрғындары ұсталды. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасып жатыр. Ұрлық жасаушы бес жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
Жыл сайын білім беру саласындағы жаһандық трендтер soft skills - икемді дағдыларды дамыту қажеттілігін көрсетеді. Болашақ мамандықтар жас ұрпақтан заманауи құзыреттілік дағдысын талап етеді. Бүгін біз білім беру және оқытушылар саласындағы трансформациялық процестің куәсі болып отырмыз. Қазақстандық мектептерде сыни, креативті ойлауды дамыту енгізіле бастады. Бірақ қазақстандық педагогтар балаларға осы білімді беруге дайын ба? Мәселе мынада, мектеп оқушылары осы дағдылардың аттарын ғана біліп үйренеді. Өкінішке орай олар жаңа білімді қабылдай алмайды, өйткені мұғалімдердің өздері бұл дағдыларға ие емес. Қазіргі мұғалімде интерактивті оқытудың заманауи дағдылары болуы керек. Тек осындай тәрбиешілер балаларға осы құзыреттерді үйрете алады. 2022 жылғы 26-28 қазан аралығында Астана қаласында Smart Ustaz жобасы шеңберінде қазақстандық педагогтар мен психологтар үшін көптен күткен Тraining of Trainers - «Тренерлерге арналған Тренинг» (ТоТ) өтуде. Қарқынды оқытудың 3 күнінде қатысушылар еліміздің жетекші коучтері мен жаттықтырушыларымен «Тиімді ойлау және когнитивтік икемділік дағдылары» курсының ең өзекті тақырыптары бойынша 4 модульде жұмыс істейді. Тренингтің басты мақсаттарының бірі – әр қатысушы материалды игере отырып, болашақта өз аймақтарындағы басқа мұғалімдерді оқыта алады! Осылайша, мүмкіндігінше қазақстандық мұғалімдер заманауи құзыреттіліктерге сәйкес келе алады, білімдерін дамытып, оны басқалармен бөлісе алады. «Smart Ustaz - академияның жаңа жобасы, ол басқа жобалар сияқты, ең алдымен білім сапасын арттыруға және мектептер арасындағы білім алшақтығын азайтуға бағытталған, осылайша әрбір оқушы ынталы және озық педагогтан сапалы білім алады. Бұл жерде әдіснамалық көмек қана емес, сонымен қатар курстан өткен әрбір педагог алған білімдерін әріптестеріне бере алатындай, сол арқылы білім мен дағдыларды кеңейте алатындай ұмтылыс көрсетіледі», - деп атап өтті Асланбек Амрин. Курстың соңында мұғалімдер дағдыларды тек кәсіби даму үшін ғана емес, сонымен қатар қазіргі әлемде өте маңызды жеке даму үшін де игере алады. Мұғалімдер сыни және креативті ойлауды қалыптастыру элементтерін қолдана отырып сабақтар құруды, стигматизацияның алдын алу үшін практикалық құралдарды қолдануды, олардың құндылықтары мен жеке миссияларын анықтауды, мақсаттар мен жоспарларды сауатты тұжырымдауды үйренеді. Smart Ustaz жобасының идеологиясының негізінде педагогты кәсіби жағынан да, жеке жағынан да кешенді дамыту міндеті тұр. Өз құндылықтарын нақты білетін, мақсаттар қоя алатын және оларға қол жеткізе алатын, сыни және шығармашылық ойлауын жетілдіретін, уақыты мен эмоцияларын тиімді басқара алатын әрбір мұғалім сөзсіз ақылды және озық ұрпақты тәрбиелей алады. Бағдарламаны толық аяқтағаннан кейін қатысушылар екі сертификат алады: https://smartustaz.kz/ онлайн курсын өту туралы және екіншісі - жаттықтырушы сертификаты.
Қазақстанның мезозой фаунасының зерттелуіне келтірілген шолу қазба фаунасының жаңа, бірегей үлгілерін анықтау үшін белгілі жерлердің жоғары әлеуетін көрсетеді. Маңғыстау, Қызылорда облысы (төменгісырдария көтерілімі), Торғай депрессиясы бор-палеоген шекарасындағы жер үсті және теңіз омыртқалылары қауымдастықтарының құрамындағы өзгерістер, яғни динозаврлар фаунасының жойылу дәуірі және сүтқоректілер фаунасының қалыптасуы туралы мәліметтерге қатысты өте перспективалы. Читать далее “Қазақстандағы бор омыртқалыларын зерттеу перспективалары” Поиск: Басқа мақалалар Орта Азия мен Қазақстандағы герпетологиялық зерттеулер: бауырымен жорғалаушыларды зерттеудің қысқаша тарихы, XXI ғасырдағы негізгі жетістіктер мен болашағы Қазақстан Республикасының Маңғыстау және Атырау облыстарындағы оқжылан Psammophis lineolatus (Brandt, 1838) (Serpentes: Lamprophiidae) Ортаазиялық тасбақаның Agrionemys horsfieldii (Gray, 1844) (Testudines, Testudinidae) таралуын, жүйеленуін және экологиясын зерттеу нәтижелері Қазақстандағы қосмекенділердің жүйелі тізімі: қысқа қалыптасу тарихы, қазіргі таксономиясы, өзектілендіру мәселелері
Ұшақ кешіккен жағдайда билет құнының бір бөлігі қайтарылады. Бұл туралы Сенатта «Көлік және жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша» Заң жобасын таныстырған - Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі айтты. Талап бойынша қаржы тек әуе компаниясы тарапынан әбестік кетсе ғана төленеді. Қазіргі қолданыстағы заң бойынша әуе компаниялары рейсті белгілі бір уақытқа кешіктірсе, ыстық тамақпен, жатын орынмен қамтамасыз ету керек. Шарт толықтай орындалып жүр ме? Абай облысының тұрғыны Алмас Ахасұлы 13 қарашада Астана-Семей бағытына билет алған. Денсаулығы сыр берген әкесімен ұшпақ болған жолаушы белгіленген уақытта ұша алмайды. Таң атқаннан кеш батқанға дейінге уақытта әуежайда өткіздік, дейді. Әуе компаниясының өкілдер ешқандай түсінік бермеген көрінеді. Тіпті, ішерге ас, жатарға орын қарастырмапты. Алмас Ахасұлы, Абай облысының тұрғыны: Адамша шықпайды, бүгін де ертеңде болмайды ұшақ, сабыр сақтаңыздар немесе билеттеріңізді өткізіңіздер болмаса осы күнге алған билеттеріңізді ауыстырып, сол күнге алыңыздар деп айтса болады ғой. Ол кісілерге бізге жауып бермей қазір ұшады, қазір ұшады деумен болды. Біреулер жаназаға кетіп бара жатыр, біреулер іс-шараға, әке-шешесінің туған күніне кетіп бара жатыр. Сенат отырысына қатысқан министрдің өзі ұшақтардың уақыты ұшпайтын жағдайлары жиілегенін мойындап отыр. Есінде тек «Эйр Астана» әуе компаниясына 7 рет айыппұл салғаны қалыпты. Бүгінгі ұсынған заң жобасында да жолаушылардың қауіпсіздігіне қатысты тармақтар қарастырылған. Сондай-ақ, ұшақтар кешіксе билет құнының бір бөлігі қайтарылатынын да айтып қалды. Қайырбек Өскенбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі: Әуе компаниясының кінәсі болып ұшақ уақытында ұшпайтын болса, әр сағатына билет төлемақысынан 3 пайызын қайтаруы керек. Ол үшін әуе компаниясына арыз жазу керек. Егер, әуе компаниясы оны орындамаса одан бұл мәселе сот арқылы шешіледі. Мемлекет тарапынан ондай тәртіп бұзушыларға айыппұл салынады. Егер ұшақтың себепсіз кешігуі бірінші рет тіркелесе, 200 АЕК, екінші рет қайталанса 1000 АЕК айыппұл төлейді. Мұндай тәртіпке бағынбайтын жағдайдың әр қайсысы бақылауда, дейді министр. Сондай-ақ, Қайырбек Өскенбаев Қазақстаннан ұшатын рейстердің 80 пайызы кестеден кешікпейтінін жеткізді. Бұдан бөлек, елде шетелдік әуе рейстерінің билеті арзандауы мүмкін. Қазір ведомство «ашық аспан» бағдарламасы аясында лоукостерлермен келіссөзді бастап кетті. Ол келер жылдан бастап жүзеге асырылмақ.
Мерген атаның келіні 76 жастағы Күлән Сейілова: Қазіргі күнде бірге туғандардың арасында бауырмалдық азайып барады. Осыларға ой салайын деп, ашаршылық кезінде аталарымның балалар үйінен 15 баланы асырап алып, Сақыпжамалдай апамды екі баласымен бауырына басқаны жайында айтып берейін. -Мен келін болып түскенде енем Ұлбала осы жайды айтып отырушы еді. Детдомнан 15 бала асырап алған атам ертерек дүниеден өтіпті, Ал атамның асырап алған балалары жетпісінші жылдары енем дүниеден қайтқанға дейін қатынасып тұрды. Әлі де олардан қалған ұрпақтарының хабарын естіп қалып жатамын. Қайда жүрсе де, әйтеуір аман жүрсін. Отызыншы жылдары Сыр бойынан ағайынды Сәдуақас және Мерген Нұрымбетовтер отбасымен Оралға ауып барған екен. Енемнің айтуынша, келген бетте босқындарды жинап, тасқалаға қамауда ұстайды. Ондағы үш жүздей адамның біразы аштан өліп, саси бастайды. Ақырында тірілерін қамақтан шығарып жібереді. Осы кезде жүруге жарайтындары Ташкентке баратын поезд туралы естіп, жол бойына қарай жөңкіледі. Содан отарбаға отырып бірнеше күн дегенде Ташкентке жетеді. Жол бойында, атамның інісі алдын ала хабарын естіген болу керек, қарсы алады. Енем: «соңғы құртты сорып зорыққан, аштықтан теңселіп тұрған біздерге шырақжан қолындағы бөтелкеден су ұрттатты. «Тоя ішсең өліп қаласың, аздап әлденіп ал» деп ыдысқа созған қолымызды қайырып, үйіне алып келді. Екі-үш күн әлденіп, күш жинап алдық. Ерте көктемнен мақтаға шықтық. Жаспын ғой, қайратым бойымда тынбай еңбек етіп, «озат» атандым. Оған азық, бөз береді. Біртіндеп қазанымыз толып, әлдендік. Сөйтіп жүргенде Шырақжан жүгіріп келді. «Біздің елден босып келген 15 баланы басқа жақтың детдомына әкеткелі жатыр. Соларды алып келсем ренжімейсің ба?» деді. «Неше бала болса да алып кел, ренжімеймін» дедім. Содан топырлатып бәрін үйге алып келді. Баларды «Мергенұлы» деп атына өткізіп алды. Қобыраған қағаздарын реттеп, маған тығып қой деп тапсырды. Бірінде сорпа қайнатып, екіншісіне көже пісіріп, күніне екі қазан тамақ істеймін. Балалардың ересектері қозыпая алып келеді. Үпір-шүпір болып тірлігіміз қайнап кетті. Шырақжан бір қызметте екен, табысы бар. Бір күні қызметіне бара жатса ағаштың көлеңкесінде жылап отырған екі сәбиі бар келіншекті көреді. Жетімге жаны ашып жөн сұраса: «баратын жерім жоқ, көке» деп көзінің жасын бұлайды ғой. Жүре ғой, деп оны да үйге алып келіп, жақындағаннан «Ұлбала, мыналарды да алып келдім, ренжімейсің ба?» депп дауыстайды. Жүрегі кең енем қайдан қарсылық білдірсін. Он сегізге енді толған жас келіншекті жатсынбай, екі баласына тамақ беріп бауырына басады. Келіншектің де жоқ құжатын туралап, атына аударып, заңымен реттеп қояды. Өз атын өзгертіп, Сақыпжамал деп атайды. Күз түсе, балалардың алымдыларын таңдап, жетеуін бірдей оқуға береді. Мұғалімдіктің оқуына Сақыпжамалды да қосады. Содан Сақыпжамал оқуын бітіріп, қолына қағазын алғаннан кейін, бар баласын шұбыртып атамыз елге жиналады. Келсе, Оспан деген інісі ауылсовет екен. Ол бір қойын бауыздап, жақын маңдағы Аққұм, Ақарық, Шаған деген жердің жасы үлкен қарттарын шақырып құран оқытып жібереді. Артынан жағдайды түсіндіріп, мына балалардың жақын-жегжаттары табылар ма екен деп ақылдасыпты. Сол жиында Сақыпжамал да қазан-табаққа араласып жүріпті. Үйге кірсе де шықса да бір кісінің өзінен көз алмай қарап отырғанын байқап енеме айтыпты. –Е, оны құдай айналдырсын, қайтесің елең қылмай тірлігіңді жасай бер дейді. Ел тарқарда, «Қожеке қызыңды шақыршы» деп, әлгі шал өтініш айтады. Сақыпжамалдан әкеңді білесің ба деп сұрайды. Сақыпжамал: «Білемін, Ырысмахан, таздардың қызымын» дейді. Сонда шал орнынан ұшып тұрып, қалбалақтап атамызды құшақтап: «Қожеке, аруағыңнан айналайын, мен мұны өліп қалды ма деп жүр едім» деп жылап жіберіпті. «Қызымды алып келген аяғыңды жалайын, өзің қойған атын да фамилясын да өзгертпеймін!» депті. Ырысмахан Аққұмда тұрады екен. Бес-алты күннен кейін сәлем-сауқатын әкеліп, қызын жиендерімен қосып алып кетеді. Сақыпжамал апамыз Аққұмда көп жыл ұстаздық етті. Қыздарын да оқытты. Қазір олар өзімдей кемпір, бірі мұғалім, екіншісі акушерлік оқыды. Бірі -Тасбөгетте, бірі – қаланың ішінде отыр. Сақыпжамал апамыз аласапыран заманда туыстарынан көз жазып қалса керек. Бойжетпей жатып, біреудің босағасын аттап, қиянат көрді ма кім білсін?! Атам 1952 жылы қайтыс болды. 1964 жылы енем қатты ауырды. Баласын шақырып алып, «Бір ауырғанда кетіп қалармын. Саханжанды алып келші, екі қызды да қалдырма» деді. Маған палау істе деп өзі екі тауықты сойып берді. Содан қыздары келіп көңілі жайланған соң, әңгімесін бастады. -Саханжан сен ренжімесең, мына екі қыздың алдындағы борышымнан құтылып, ана ауылға адал барайын. Құдайға аян, мойныма қарыз болмасын, әкесінің атын да, барын да айтайын» деп алдымен қыздардың шешесінен рұқсат алады. Алдын ала сұрастырған болуы керек, екі қыздың әкесінің атын, тұратын жеріне дейін көрсетіпті. Бірақ, қыздар әкелерімен қатыспады. Сақыпжамал апамыз мұғалім болып қызмет етті, анда-санда келіп, көйлек-көншек, матасын, қант-кәмпитін алып келіп тұратын. Ажал ғой, енемнен бұрын дүниеден өтті. Енем: «Бижан деген баламыз ғана қаттылау болды, сол ғана қатынамады» деп отырушы еді. Сол жолы он бес баланың бірсыпырасының жегжаттары табылып, иелерін тауып кетті. Ал заманның түзелгені бертінде ғана ғой. Ата-енеміз кетіп, өз балаларымызды тәрбиелеп, тірлік ете бердік. Бірақ есігім құлыпталған жоқ. Байқоңырда үлкен қызым тұратын. Ресейден там беріп жатыр дегенді естіп, бұл да құжаттарын жібереді ғой. Басқалармен еріп, Озерск қаласына да барады. Алтыншы сыныпта оқитын қызына қарап мен отырдым. Бір барды, екі барды. Тағы бір барғанында құжат қабылдап жатқан қыз, қызымның фамилиясына қарап: «Мергенов деген депутат кіміңіз?» деп сұрайды. тосылмастан, әкемнің інісі, менің ағам дейді қызым.Аржағын қазбалап сұрамай, үйдің бар құжатын үш сағатта даярлап қолына ұстатады. Шынымен де, сол жердің депутаты Мергенов қазақ екен. Жақын танысуға батылы бармайды. Сол жерден алған үйін сатып жіберіп үйге қайтады. Ол депутат он бес Мергеновтың бір жұрыншағы ма, әлде әруақтар риза болып, Мерген атымен шарапатын тигізді ма, кім білсін?!
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі кедендік әкелу баждарын төлеу бойынша алты айға дейінгі мерзімге пайызсыз мерзімін ұзартуды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін жаңа негіз туралы шешім қабылдады.. Енді Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінде белгіленген негіздерге қосымша мерзімін ұзарту немесе бөліп төлеу жүйе құраушы және (немесе) қала құраушы кәсіпорындар (ұйымдар) тауарларды (өндірісте пайдаланылмайтын акцизделетін тауарларды қоспағанда) әкелу кезінде ұсынылуы мүмкін, оларға мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес олардың экономикаларының орнықтылығын арттыруға бағытталған шараларды іске асыру мақсатында қолдау көрсетіледі. Мұндай негіз уақытша негізде – 2022 жылғы 30 қыркүйекті қоса алғанда қолданылатын болады. Мұндай мерзімін ұзартуды немесе бөліп төлеуді алу үшін кеден органына ұлттық заңнамаға сәйкес берілген уәкілетті мемлекеттік органның растамасын ұсыну қажет. Анықтама Кедендік әкелу бажын төлеу бойынша мерзімін ұзартуды немесе бөліп төлеуді ұсыну тәртібі ЕАЭО Кеден кодексінің 58 және 59-баптарында реттеледі.
Activia йогурты - бұл сапалы ингредиенттер мен сараптамалық тәсілді қолдану арқылы қол жеткізілетін бірегей дәм, текстура және ішек денсаулығы үшін пайда. Жаңа сауылған сүт Біздің фермерлерден ұқыпты жеткізіледі. Пастерленеді және тексерудің барлық кезеңдерінен өтеді, сондықтан біз оның өзгермейтін сапасына сенімдіміз. Пайдалы бактериялардың бірегей қоспасы Арнайы іріктеліп алынған 5 бірегей бактерия, соның ішінде сүйікті пробиотиктеріміз, міне, біз жаңа сүтке қосатын, оны пайдалы йогуртқа айналдыратын осы нәрсе. 100% табиғи ингредиенттер Шырынды жемістерден бастап дәнді дақылдарға дейін, өйткені біз әрқашан өзіміз үшін ең жақсысын таңдаймыз... сіздер үшін де. Ашыған сүт өнімдерін жасауда 30 жыл тәжірибе Жеңіл текстура, табиғи дәм және бірегей ActiRegularis пробиотигі кездейсоқ пайда болмаған! Біз 1989 жылдан бастап классикалық ашыту процесін жетілдіріп келеміз. Активиа бүгін - бұл біздің көпжылдық жұмысымыздың нәтижесі. Температура мен ашыту уақытының мінсіз балансы тірі дақылдардың (бактериялардың) және миллиардтаған пробиотиктердің өсуін сақтайды.
Қағидалары, адамгершілік нормалар жүйесі, анықтайтын міндеттері адам қатысты қоғамға, басқа адамдарға, сәйкес наурыз аруы шетелдік сөздерді деп аталады моралью, ол нысандарының бірі қоғамдық сана, мораль туралы ілім, адамгершілік, нысандарының бірі ретінде қоғамдық сана — этикаға. Соңғы жүйесі болып табылады нормалар адамгершілік адамдардың мінез-құлық, олардың қоғамдық борышын, олардың міндеттеріне қатысты, отбасы және бір-біріне. Кәсіби мораль – бұл түрлендіру қоғамдық адамгершілік. Ал зерттейтін кәсіби ерекшелігін мораль деп аталады, кәсіби этиканы. Мамандық ұсынады журналист құқығы және міндеті шығаруға қоғам атынан көпшілік моральдық үстінен сот құбылыстармен, привлекающими қоғамдық қызығушылық. Тақырыпты таңдау және іздеу мекенжайын, тақырыпты анықтау жарияланымдар іріктеу және фактілерді, бағалау, мінез-құлық батыры іріктеу және фактілерді, тіпті құру, материалды – әрбір осы «технологиялық операциялардың міндетті түрде пайда болады және қатынасы журналист сол, кім туралы және не үшін жазады. Яғни, адамгершілік қарым-қатынас вплетены мазмұны, оның, ал ол басынан аяғына дейін кітапта да адамгершілік сипаты бойынша қызметі. Демек журналистік мораль ретінде қарастыруға болады нысаны қоғамдық сана және объективті жағдайы жеке және нақты қоғамдық қатынас. Адамгершілік мінез-құлық реттеу журналист деңгейінде жүзеге асырылады принципі мен нормалары. Олардың айырмашылығы – дәрежелі конкретности. Адамгершілік принципі бар дүниетанымдық сипатқа ие, бұл – байланыс идеалдың отырып, реттеуші мінез-құлық. Адамгершілік нормасы – бағдары, іс жүзінде. Тетігі пайда болған адамгершілік нормаларын мынадай: жағдай – баға – әрекет – нәтиже. Нормалар міндетті (мысалы, тыйым салу, плагиат), рұқсат етілген (талап тексеруге мәліметтер кем категорично), дискуссионными (бірыңғай пікір жоқ, мысалы, жол берілетіні туралы совмещения кейбір кәсіптер немесе пайдалану туралы диктофонмен жасырын жылғы әңгімелесуші). Нормалары кәсіби мораль ие дәрежесі әр түрлі қауымдастықтар. Біреулері береді маманға ең төменгі бағдарын шегінде ғана жеке жағдайды: «түзету кезінде емес искажай мағынасын оқырман хаттары», «бұрын жариялауға құжат, ал келісім иесінің». Басқа да талап жалпы сипатта. Осындай нұсқама шеңберінен шығатын жеке жағдай деп атайды принциптері кәсіби мораль. Жүйеге қойылатын талап журналисіне кейбір зерттеушілер ретінде қарастырады үшөлшемді пирамида. Жоғарғы қабатта орналастырылады, мұндай санаттағы кәсіби борыш, міндет, жауапкершілік, ар-ұят, абырой, қадір-қасиетіне. Екінші деңгейін құрайды производно-этикалық принциптері көрініс қазірдің өзінде неғұрлым нақты талаптар мінез-журналист. Тобына реттеуіштер үшінші деңгейіне жатады тыйымдар немесе ниеттің реттейтін барлық аспектілері мінез-құлық журналистің нақты өндірістік жағдайларда өзіндік кәсіби-этикалық нормалары[1]. Журналист мамандығы өте қызықты, бірақ бұл да ұмытпау керек, ол сонымен қатар өте жауапты: журналист міндетті ұстануға тиіс белгілі бір этикалық нормалар бара жатырмын аша өз курстық. Таңдау мен дәл осы тақырыпты курстық негізделген ең алдымен ниетімен танысуға басты заповедями жұмысына журналист ретінде бұл, әрине, пригодится маған болашақта көмектеседі түсіну негізгі принциптері осы. Жазуда курстық түсініксіз әдебиетке осындай авторлардың, Лазутина Г. В., Ворошилов в. В., Прохоров Е. П., В. А. Челышев 1. Қандай «жасы» журналистік мораль? Ғылыми әдебиетте ше пайда кәсіби мораль журналист бар екі көзқарас. Жауап бір: ол кіші кәсіп туындаған кезде кәсібі болды бұқаралық және журналистер сезінді өзін бірыңғай мәні[2], болды, онда өткен ғасырдың ортасында. Сәйкес екінші, ол, бәлкім, ең үлкен кәсіп. И. А. Кумылганова жазады, осы мәселе бойынша мынадай: «Тарихи шолу көрсеткендей, туындаған кезден бастап ең журналистика кәсіби мораль болды оның ажырамас құрамдас бөлігі. Яғни қалыптастыру процесінде ерекше функцияларын баспа жүйесінде әлеуметтік шындығы, бөліну процесінде журналистика дербес саласына еңбек қызметінің қалыптасты және адамгершілік санасы қызметкердің бұл саласы»[3]. Дұрыс айтасыз, пожалую екі зерттеуші де кереғар, бірінші көзқарас. Дамыған қоғам біледі екі қызметін ұйымдастыру формасы: любительство және кәсібилік. Туады сол кез келген қызмет ретінде әуесқойлық. Любительство – бірінші фаза қызметін дамыту және бірінші, лайықты нысаны оны ұйымдастыру. Әуесқойлық қызметі байқалды, яғни жүзеге асырылады, адамның жеке бейімділігін, шеңберінен тыс қандай да бір лауазымдық міндеттерін, арнайы дайындықсыз, қатаң жауапкершілік нәтижесі. Ал кәсіби іс-әрекет процесінде қалыптасады, қоғамдық еңбекті бөлу негізінде әуесқойлық, бірақ жұтып – олар қазіргі уақытта бар параллель. Айналып адам үшін негізгі родом занятий, кәсіби қызметі жаңа сипат. Ол ағады орындау түрінде тиісті лауазымдық міндеттерін шеңберінде ынтымақтастықтың басқа оның қатысушылары, байланысты жауапкершілігі нәтижесі үшін, арнайы дайындығын талап етеді, бір сөзбен айтқанда айналады кәсіп. Осылайша, бұл мамандық қашанда кіші қызмет, ол құрылды. Біздің журналистика да бірінші фазасы оны дамыту, және өте ұзын, растянувшаяся ғасырлар бойы, дәлірек айтқанда, тіпті мыңжылдық. Алғашқы белгілері қатар, бұл қоғам қажет ақпараттық өнім, ол жедел ориентировал адамдардың болып жатқан оқиғалар мен расширял тәжірибесі жеке адамның, обнаружились өте маңызды. Материалдар антикалық әлем мәдениеті сақтап, көптеген куәліктер мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын, олар кеңінен танымал. Әдетте, біз қарастырамыз ретінде предреформ журналистика ұқсастық газетінің Ежелгі Қытайда, гипс тақтаны известиями үшін сенат пен халық үшін ежелгі Римде, хабарлар, рассылавшиеся тілшілері доброхотами знатным рим. хат келгенде отлучались қаласының (айтпақшы, бұл қазірдің өзінде жұмыс үшін ақы!). практикасы ауызша тарату таспасы. Қызықты деректер, сөйлейтін, бұл қажеттілік мұндай өнімдер және ұқсас қызмет осознавалась. Мысалы, Плутарха оқимыз: «бұл цезарь бірінші келді менің ой сөйлесіп, достарымен жөнінде шұғыл істер арқылы хаттарды, мөлшері және қала айрықша жұмыспен қамту мүмкіндік бермеді кездесіп, өзі»[4]. Ол маңызды емес, бұл жағдайда туралы хат алмасу, достармен: факт болып табылады, осы сөзбен көрсетіледі саналы қажеттілік жедел қарым-қатынас жөнінде кезек күттірмейтін іс. Өтеді әлі өте көп уақыт бұрын пайда мамандығым «журналист». Бірақ қоғамның қажеттілігі өнім, тудырады оның өмір мәлімделсе, және қазірдің өзінде басталды іздеу жолында оның құру – іздеу тәсілі. XV ғасыр, оған тарихшылар журналистика байланыстырады пайда болуы қолжазба известий, рассылавшихся белгілі бір ақыға нақты тапсырыс берушілерге қалдырған жоқ сенімді куәліктердің, қабілетті бізге елестету, дәл керек кезде өнім берушілерден мұндай «aviso». Бірақ сол қалай өзгерді, олардың мазмұны, болады, сенімді деп болжауға мұнда біз ісі реакциясы сұраулар, тілектер немесе талаптар тапсырыс берушілер. Түсіндіре отырып, тарихи фактілер осындай, Д. С. Авраамов деп жазады: «Егер XV ғасырда бірдей маңызды мәліметтермен туралы императорском ауласында, театр әскери іс-қимылдар, тарату реформация» известиях кездеседі наивные және легковерные туралы хабарлама саяси пророчествах, кереметі, уродах, кометах, кровяном жаңбыр, найзағайда әр түрлі опасениями және гүлдену, онда XVI ғасырда газеттерінде қазірдің өзінде басым объективті, сау және іскерлік тон есеп. Оларда көптеген саяси мәліметтер, сирек түсіп қалуда туралы хабарламаны сауда. Қазандағы жергілікті тұрғындардың сүйікті росказней кереметі туралы және приведениях қалмады, іздің. Үрдісі правдивому оқиғалардың баяндалу көрінеді мұндай салыстыру жеткілікті определенностью. Ең алдымен, алғаш рет газетчики кезде басшылыққа жарияланымдар таспасы емес отвлеченными адамгершілік ой-пікірлерді, ал қажеттіліктеріне оқырман. Негізгі ақпаратты тұтынушы сол жылдары буржуазия, өткір нуждавшаяся объективті білу міндеттерін шешу үшін революциялық міндеттер. Үрдісі правдивому баяндауға оқиғаларға жауап беруі сол объективті қажеттілігі»[5]. XVII ғасыр ашты журналистика тарихы келесі бетке. Өнм «жасаушылардың таспасы» бірте-бірте тұрса, барлық долее кең аудиторияға және обретала мұндай қасиеті ретінде кезеңділігі. Саяси институттар қоғамның, және, ең алдымен, мемлекеттік билік, бастаған түсіну көмегімен жаңа ақпараттық өнімнің олар шешуге өз міндеттері, ең алдымен шешілді арқылы ауызша сөздер. Дәл сол кезде түпкілікті және белгіленді орын журналистика қоғамда: ол включилась екі реттеу контурының тіршілік қоғамдық организм. Алайда, өте жақында үрдістері билік құрылымдарының үшін байыпты оған қойылатын талаптар: — өнімге, болат қатты және пайдакүнемдік боялған. Туындаған салмақты жоғалту қаупін қатар курс, қойылды объективті себептерге определившими оның дүниеге келуі. Тұрғысынан деректер мән-жайлар, принципті маңызы болды фактісі жарияланымдар ортасында XVIII ғасырдың жұмыс М. В. Ломоносов «Ойлау міндеттері туралы журналистерге баяндау кезінде олар шығарма, қолдау үшін арналған, бас бостандығынан философия»[6]. «Журналистік ортада жиі айтылады бұл туралы шығармалар ретінде бастағаны туралы ғылыми әзірлеу кәсіби-этикалық мәселелер журналистика біздің елімізде. Ол ережелер бар, өзекті кәсіби журналист этикасы және бүгін. Тікелей себеп, побудившим Михаил Васильевич сөйлеуге тақырыпқа айналды жарияланған лицейским ғылыми журналмен дұрыс жұмыс туралы ақпарат Ломоносов. Шағым кеңесінің өнімге еңбек незадачливого автордың болды да зор, ол өзіне тән основательностью засел үшін мәселені зерделеу. М. В. Ломоносов кездесуде мен жұмысшыларға өз көзқарасын өнім, күтілетін қоғам атынан журналистердің және жеке қасиеттері журналистер. Ол өзін көрсете білді ғана емес, зерттеуші, бірақ және азаматы болып табылса, өте нәзік чувствующим қажеттіліктер мен азаматтық қоғам. Осылайша, ол жасады қарама-қарсы қарқынды распространяющемуся қатысты журналистика ретінде придатку билік. Ол іс жүзінде предвратил сол көзқарас, ол, ол кейінірек әкелді күрес, оның тәуелсіздігі «әкелер негізін қалаушы» еркін американдық суретші. Олардың бірі, Томас Джефферсон, араға 33 жыл деп жазды: «Егер маған шешуге тура келді, бұл жақсы болуы тиіс үкімет жоқ газет немесе газет жоқ үкімет, я, не колеблясь таңдаған еді соңғы»[7]. Сонымен қатар, дәл сол журналистика болды пайдаланылуы билік құралы ретінде басқару ойластыруға бағыттады дамыту және оның техникалық базасын және шекарасын кеңейту аудитория жасап, оны бұқаралық. Бір мезгілде жаппай сипат алды және мамандығым журналист. Маңызды, құбылыс, закрепившим айналдыру журналистика орнықты әлеуметтік институт болды «қатты пресс» — арзан басылымдар халықтың қалың жігі үшін, дерлік өсе пайда болған көптеген елдерде, қарсыластар бірінші үштен бірі XIX ғасырдың басы. Деп санауға болады, бұл момен6ту өзінің бекітілген қоғамдық өміріне журналистика қызмет түрі ретінде қарапты өзінде белгілі бір тәжірибесі бар. Оқыту осы тәсілі қызметін жүрді іс жүзінде арқылы формировавшиеся кәсіби дәстүр, әрі тұрды, тек технологиялық және кәсіби-адамгершілік бағдарын. Сәйкес қойылымдар арқылы қоғам туралы қажетті сипаты журналистік өнімнің кәсіби журналистік ортада поддерживались, шағын ғана көріністері жеке ықпал жасауға, мұндай өнім, демек, және беделін нығайту және амандық мүшелерінің журналистік қауымдастықтар. Көріністері жеке, өткерген кедергі шешімі осы міндеттер, әрине порицались және осуждались. Бірақ разнонаправленность қоғамдық талаптарды өнімге усилившаяся нәтижесінде, сонымен қатар, журналистика включилась басқару контуры реттеу қоғам өмірінің алмады әкелуі различности сапасының критерийлерін өнім. Бұл пайда разнобой және бағалар тұлғалық көріністерін, оның жасаушылары. Өйткені мүшелерінің кәсіби қауымдастық журналистер характеризовал түрлі деңгейі мораль, мұндай анық еместігі критерийлерін және бағалау кәсіби мінез-құлық оборачивалась тәуекел факторы. Ғана емес, журналистік қауымдастықтың, жалпы қоғамның, өйткені ол намаз алу, мұндай жағдайларда журналистика «дисфункциональный өнім» болатын зиянды күшпен. Дәл осы жағдай туғызды, өмір процесі, оған тура келді болуға тұрақты сызықпен күрес журналистік «цех» бірлік » кәсіптік-адамгершілік позициясы өз қатарында, сонымен бірге және мызғымастығын қоғамдық маңызы бар журналистика, жоғары беделі мен абыройын кәсіп, жинақтау процесі мінез-құлық нормаларын және внутригруппового олардың сақталуын бақылау. 2. Қалыптастыру ерекшеліктері журналистік этика. Бастау нормаларын кодификациялау деп санауға болады, бір жағынан, куәлікпен туындаған кәсіби-этикалық көзқарастарды, ал екінші жағынан – растау, ақыры аяқталды продолжавшееся ғасырдың қалыптастыру кәсіби журналистік мораль, және ол жұмыс істей бастады жеткілікті дәрежесімен нәтижелілігі. Бірақ, бұл елдерге жүрді табиғи дамуы өркениет, деформация переплетенных контурларды реттеу қоғамның кибернетической. Ресей жоқ, бұл саны. Алдыңғы қатарлы идеологтары Коммунистік партиясы, претендовавшие тануға маркстік-лениндік ілімнің шынайы ғылыми және сондықтан бірден-бір дұрыс берді әсерлі талдау бастауында әділетсіз бөлу игіліктер қоғамда. Осы негізде олар әзірледі әлеуметтік утопию, өте соблазнительную ретінде практикалық бағдарламасын қайта қоғамдық өмір. Полигон сынақтары осы бағдарламаның қар айналуы. 1917 жылдан бастап оның дамуы болды анықталуы асыра рөлін субъективті векторлар объективті процестер жұмыс істеуі социумның көрінеді произвольностью араласу адамның естественноисторические механизмдері. Бұл тигізді қарым-табиғатпен және ұйымдастыру. «1/6 бөлігін Жерлер пайда руководимое Коммунистік партия бағдарланған мемлекет жүзеге асыру задуманной идеологтары бағдарламасы қоғамдық қайта орналастыруды көздейтін бағытталған қалыптастыру белгілі бір тұлғалық типті («коммунистическое воспитание»). Осы бағдарламада аз бағалы тұрғысынан қоғамның даму идеяларының, оның ішінде қатысты моральдық қарым-қатынастар, бірақ ниет «осчастливить адамзат бұл ешқандай да» бастапқыда қолайсыздыққа зорлық-зомбылыққа және несло өзіне қауіп деформация қоғамдық мораль – тетігін негізделген аталып өтілді индивидтердің. Сондықтан, іске асыру үшін биліктік функцияларын мемлекет болмады кең көлемді командалық-әкімшілік жүйесі, снабженная қуатты аппараты, мәжбүрлеу бағытталған, негізінен, инакомыслящих. Престің осы жағдайларда айналды «подругного» партияның құрамдас бөлігі болды әкімшілік-командалық жүйе, бұл онжылдықтың нақты вывело журналистік корпус Ресей шеңберінен әлемдік кәсіби қауымдастық, журналистер. Кәсіби-адамгершілік қарым-қатынастар соншалықты сайлауалды жұмыстар жоғары деңгейде жүргізілді партия тәуелді журналист, жоғалтып өзіндік мәні бар. Мазмұны кәсіби борышын қызметкерлерінің баспасөз Жарғысында КСРО журналистер Одағының саналды тек міндеттері, аяқталуы алдына КПСС, іс жүзінде ерекшелігін есепке алу журналистика[8]. Бірде қандай кодекстерде, декламирующих моральдық принциптері кәсіби мінез-құлық батыры, журналист, соңына дейін 80-жылдардың сөйлеу жүргізілді. Көбінесе қалған белгісіз қызметкерлер ортасында біздің редакциялар мен халықаралық құжаттар болмаған қатынасы журналистік этика. Кәсіби этика оқу пәні ретінде саналып сыйыспайтын принципіне партийности журналистика, определившим оның жұмыс істеуі және оқу жоспарында болмаған. Бұл туралы заңдарды баспа дейін 1991года да жоқ елестетуге болады, неше қиын болды отандық журналистикада сақтап, адалдық өз исконному арналуы, жоғалтуы анықтайтын қасиеттер. Жағдайларда, журналистер шешілді жұмыс істеуге сәйкес өзінің ұсына отырып, кәсіби борыш, олардан керек болды шын мәнінде даңқты батырларының күш недюжинная тапқырлық үшін, олардың материалдары жарық көре алмады. Алайда, мұндай мысалдар көп емес. Көбінесе өкілдері журналистік «цехының» приспосабливались мән-иронизируя тұрғысында нередких алшақтық өз тәжірибесін талаптарына жалпы мораль. Бағдарлану жариялылық және плюрализм мәлімделген 1985 жылы ретінде доминант жаңа саяси желісі, билік құрылымдарының КСРО, объективті означала үшін журналистика оралу оған құқықтары болуы мүмкін ең болып табылады. Престі жұмысқа изпод жоғалтпа, Коммунистік идеология. Сөз бостандығы, еркіндік, шығармашылық өзін-өзі білдіру үшін ғана емес, жай ғана жариялаған, ал заңнама жүзінде бекітілген. Бірақ ол, және өте бірінші сынақ кәсіби-адамгершілік кемелдену біздің журналистік корпус. Депутат бұл тұрғыда сен бірталай артта әріптестердің көптеген елдер. Журналистер ресей баспасөзінің бастады ғой шығуға шекараның этикалық дәліз айқындалатын еркін шығармашылық кеңістік. Сөз бостандығы жиі болды оборачиваться журналистік произволом – осындай түрімен кәсіби мінез-құлық мәтінінде немесе кәсіби қарым-қатынас, ол келмейді де нормалар мораль, бірде-мүдделерімен, қоғам бір басқа, жеке «менің». Сонымен қатар, дәл үгедейдің артта? Жинақтау процесі кәсіби эпосының журналистер басталған демократиялық мемлекеттерде ХХ ғасырда, бойында қарқынды қызметпен сақталуын бақылау жөніндегі нормаларын тарапынан редакциялық ұжым. Соңына қарай ғасыр, бұл процесс әкелді анық көрінетін нәтижелері. Біріншіден, «отстоялся», «жауды » тұнба» пласт кәсіби-адамгершілік түсініктерді, онда объективті түрде қалыптасқан міндеттері журналистиканың қоғамдағы объективті қажетті өнім сапасын журналистика, көп мазмұны кодекстер қабылданған халықаралық журналистік зерттеулер ұйымдары мен жекелеген редакционными ұжымдарымен кездесті. Екіншіден, анықталды алгоритмі қолданылу кәсіби мораль мен нысанын әсер ету кәсіби ортақтығы негізінде өз мүшелерінің дәлелдейді көптеген мысалдарын тәжірибе журналистік ұйымдардың әр түрлі елдерде. Үшіншіден, жалпы түрде белгіленді өзіндік кәсіби-адамгершілік келбеті журналист. Оған тән жеткілікті жоғары деңгейі жалпы моральности, терең адалдық, кәсіби борыш және өткір сезім кәсіби жауапкершілігін. Бұл болды бірнеше рет көз жұмысын бақылай отырып, шетелдік әріптестер елімізде кезінде төтенше жиналыстар (бүлігі 1991года, октябрьские оқиғалар 1993 жылғы қарулы қақтығыс Шешенстан). Мемлекеттік билік отстранилась жылғы протекционизм нарыққа баспасөз және материалдық қолдау, БАҚ, бар, талпыныстар журналистика бекіп қалуға ретінде тәуелсіз сын билік құрылымдарының er-жинағы саяси, экономикалық және әкімшілік әдістерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін айтарлықтай нажим оған. Журналистер одағы, Ресей мәжбүр болды тіпті қажет 1997 жылы жұртшылық туралы баяндама жасады. исекешев ресейлік БАҚ, охарактеризовав бірлескен ереже журналистер, арнайы атап өтті: «… Қалыпты қарым-қатынас журналистерге болады зорлық-зомбылық. Жиілеп шабуыл, издевательств және тіл тигізу. Олардың мекен-жайына таратылады қауіп, көптеген фактілер қатыгез жаңалықтар олармен, тіпті кісі өлтіру»[10]. Мұндай жағдайды кәсіби-адамгершілік возмужание журналистік «цехының» біздің еліміздің ең негізгі мәселе маңыздылығы. 3. Кәсіби-адамгершілік сапасын, журналист. Бұл кәсіби журналистің парызы? Бұл қазылған достастығымен журналистер ұсыну туралы міндеттемелер қоғам алдында, журналистер адал өзіне санаса отырып, орны және рөлімен, өз кәсібі. Тұлғалық өзін-өзі кәсіби борышын туғызады сенім қажеттілігі жеке өзі орындауға қатысу қабылданған ортақтығымен міндеттемелерді («онда кім?»), ал нәтижесінде туындауына алып келеді жүйесінің ішкі ниетпен, тұрақты кәсіби қондырғылар. Мазмұны кәсіби борыш қазіргі заманғы журналист сипатталған, атап айтқанда, «Халықаралық қағидаттарға журналистік этика» қабылданған IV консультациялық кездесуде аймақтық және халықаралық журналистік ұйымдардың, өткен 1984 жылы Париж және Прага. Бұл құжат былай делінген: «Бірінші міндет-журналист – кепілдік адамдарға алуға шынайы және дәйекті ақпарат арқылы адал көрсетуге объективті шындық». Дәл осындай кепілдік мәміле өзек жалпы формулалар кәсіби борыш. Сөздер «кәсіби парыз» және «міндеттері» жиі жақын естіледі дерлік синонимично. Алайда, бұл емес, синонимдер. Міндеттері, ұжым немесе адам алдына, туынды кәсіби борыш, өнімді өзара беру туралы кәсіби борыш нақты мән-жайлар шындыққа сай, өнім автоматты түрде қосу нұсқамалары» кәсіби борыш жағдайларда білдіретін кәсіби қызығушылық. Бұл сәт деп атайық оның «самовозложение борыш» — бар референтный сипаты: егер ол соқтырады мінез-журналист, демек, біздің алдымызда адам әбден жетілген кәсіптік адамгершілік жоспары. Және одан жетілу деңгейі, терең, қиын, табиғи майлар, минералдар міндеттері, оларды шешу алынады мұндай профессионал, бағына дауыс борыш. Негізін мазмұн санаттағы «кәсіби жауапкершілік» құрайды нақты қолданыстағы арасындағы тәуелділік нәтижесі кәсіби қызмет және сол салдары, ол болуы мүмкін үшін қоғамның, нақты адамдар. Кез келген кәсіби қызметі, егер ол шығармашылық сипаты, белгілі бір дәрежеде ұмтылмаған арналған күтпеген салдарын, оның нәтижесі. Және түпкі мақсаты, және кезең-кезеңмен аралық міндеттері мұндай қызмет процесінде мазмұндық қалыптасады белгісіздік жағдайында. Міне, сондықтан, барлық қызығушылық субъектісінің қызметіне табыс, шешімінің іс-әрекеттері туралы ол сөзсіз қабылдайды, ескере отырып, ықтималдық, олардың баламалы нәтижесіне. Бұндай типі қабылданған шешімдер ретінде айқындалуы мүмкін тәуекел. Ықтималдығы нәтижесіне қызмет баламалы журналистік намерениям өте зор, әсіресе артып келе жатқан еркіндік, шығармашылық. Табиғи қарама-қарсы, бұл ықтималдық – кәсіби жауапкершілік. Көріністері кәсіби жауапкершілігін байланысты емес, оның «моральдық» жауапты болуы. Қажет тағы және жоғары деңгейі, азаматтық жетілу, сондай-ақ кәсібилік, алдын ала анықтау, ол өмір жауап бере алады біздің сөз («біздің сөз қамтылған…»). Кәсіби жауапкершілігін керек емес, тек қана үйренуіміз, бірақ оқып, оған. Кәсіби жауапты – бұл кепілдік қоғамға сапалы орындау, өзінің кәсіби парызын білу және табу, бұл үшін мүмкіндіктер кез келген мән-жайлар. Тағы бір кепілі сапалы орындауды борыш – кәсіби ар-ождан. Бұл категория білдіреді берудің кәсіптік сана-сезімін, сақталатын ұжымдық жады кәсіби ортақтығы туралы эмоционалдық жай-күйі, переживаемых адам жұмыс барысында образующим сол арқылы ішкі ортаға процесс. Бұл жерде көрінеді орнату ерекше тұлға, ерекше көңіл-күй – кәсіби іс-әрекетіне төндіруге қабілетті жай-күйі, жан тыныштығын, ішкі жайлылық. Қалыптастыру және осы қондырғының басталады бірге процесін кәсіби қалыптасуы. Көрінеді кәсіби ар двояко: Біріншіден, ол – сезімтал индикатор сәйкестігін жеке мінез-құлық журналист өлшем кәсіби қауымдастықтар: өзіндік термометр, измеряющий «температурасын» кәсіби қылықтарының. Қалыпты «температура» — адамға жақсы, ортасында тыныш. Бірақ жұмсалды «температуралық іркілістер» ар на дыбы, грызет, жан айырады адам ұйқы мен тыныштық. Екіншіден, кәсіби журналистік ар – «айдап салушы» оңтайлы шешуге проблемалық жағдайлар. Бір қадамы ол итермелейді, басқа кедергі келтіреді. Әрине, бұл жағдайда кәсіби ар-ождан болса, журналист бар. Санаты «кәсіптік қадір-қасиетін» және «кәсіби» да көрсетеді доминантный бірқатар түсініктерді кәсіптік адамгершілік сананың негізін айқындайтын кәсіби позиция маман. Жасырын емес, бұл лайықты ресейлік журналист дәуірінің нарыққа көшу емес, барлық тәртіппен. Тұр қарап, әскерге парламенттік тілшілердің, және олар диктофонами арналған перевес толпой кидаются — выходящему мәжіліс залынан депутатқа жаздады сбивая бір-біріне көмектеседі. Ни дать, ни взять – папарацци! Ал бұл кейбір тамаша кәсіби элита… Орнату жеке тұлға үшін әрбір поступком, әрбір әрекетімен сәйкес жоғары маңыздылығы өз кәсібінің қалыптасуы мүмкін жағдайда ғана, бұл жоғары маңыздылығы осознана кәсіби ортақтығымен және болды ол үшін құндылық. Санаты «кәсіптік құрметіне» аяқталады келген нақты қолданыстағы арасындағы байланысты адамгершілік деңгейі сол немесе өзге де кәсіби қауымдастық және қатынасымен қоғамның осы мамандық. Қашан айтады: «ар-намыс ісі — дәрігер …», «ар-намыс педагог — …», «ардың ісі — ғалым …» және т. б. бар болуына байланысты, қажеттілігі поставить акцент сәйкес кәсіптің жалпы адамгершілік заңы бойынша бас негіз: орындалу сапасына кәсіби борыш. Маман туралы жоғары көтереді, өзінің кәсіби ар-намысын, әрдайым қалыптасып орнықты одобрительное қоғамдық пікір. Көбіне ол қабылдайды нысаны беделі – кенеттен определившейся және кеңінен распространившейся жоғары бағалау оның кәсіптік-адамгершілік бейнесін. Істің ар-намыс журналистің де орындамаса, өздерінің кәсіби міндеттерін, бұқаралық ақпараттық ағындар қоғамның засорялись «шумами», псевдоценностями және өздерін қызмет етуге сенімді құралы көмектесетін адамзатқа тұрақтылықты сақтауы уақыт және кеңістікте. Барлық жоғарыда сипатталған кәсіби-адамгершілік сапасын, журналист – лайықты бағдарларды ауыр қалыптасу жолындағы кәсіби позициясы.
Естеріңізге сала кетейік, 2006 жылы ауданаралық мамандандырылған экономикалық соттың шешімімен аталған мекеменің қызметі әуелі уақытша, кейін толықтай тоқтатылды. Сондай-ақ, 2019 жылдың желтоқсан айында олардан 900 мың теңгеге жуық айыппұл өндірілген болатын. Міне үлкен тазалық жұмыстары да сол жылы басталған еді. Ұзақ жылғы күрестен кейін жеңіске экология департаментінің басшысы да дән риза. Оның айтуынша, мекеменің сот шешімін уақтылы орындамауы бірнеше рет кедергі болған. Бүгінде «Қазақстан темір жолдары» АҚ өкілдері «Ақжайық» ЖБС аумағынан барлығы 390 тонна мазутталған топырақ және мұнай өнімдерінің қалдықтары бар 5 цистерна шығарылды. Сондай-ақ, бул жерді облыстың меншігіне өткізіп, кәдеге жарату да қарастырылып отыр екен. Әзірге жобаның сметалық құжаттамалары толық дайын емес. Дегенмен әкімдіктің талабы таудай. Тегтер: Caspian БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу Facebook Instagram Youtube Telegram Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.
6В07210 — «Мұнайгаз инжиниринг» білім беру бағдарламасының миссиясы мұнай-газ саласындағы жұмыспен қамтылу нәтижелері мен еңбек дағдыларын жақсарту үшін білім сапасын арттыру. 6В07210 — «Мұнайгаз инжиниринг» білім беру бағдарламасы Маңғыстау және ҚР Каспий маңы өңірлеріндегі заманауи мұнай өндіру кәсіпорындарының қажеттіліктерін қанағаттандыратын, кәсіби қызмет саласында көшбасшы және құзыреттіліктерге ие бола алатын, мұнай-газ саласындағы инженерлік, көп тілді және көп мәдениетті тұлғаларды жоғары білімді, бәсекеге қабілетті, кәсіби кадрлар даярлауды жүзеге асырады. 6В07210 — «Мұнайгаз инжиниринг» білім беру бағдарламасы патриотизмді, азаматтық жауапкершілікті, сыйластық, ынтымақтастық, ашықтық негізгі құндылықтар ретінде анықтайды. 6В07210 — «Мұнайгаз инжиниринг» білім беру бағдарламасының пайымы: саланың маман ресурстарына қажеттілігін қанағаттандырудың тиімді жүйесі. Бітірушіге 6В07210— Мұнайгаз инжиниринг білім беру бағдарламасы бойынша техника және технология бакалавры академиялық дәрежесі беріледі. 6В07211 6В07211 — «Бұрғылау инжиниринг» білім беру бағдарламасының миссиясы кәсіби саланың нақты мәселелерін шешуге қажетті білім, дағдылар мен біліктілікке ие маман қалыптастыру. «Бұрғылау инжиниринг» білім беру бағдарламасы заманауи кәсіби қызметтің теориялық және тәжірибелік міндеттерін шығармашылықпен шеше алатын түлектерді дайындауға бағытталған. 6В07211 — «Бұрғылау инжиниринг» білім беру бағдарламасы Қазақстанның мұнай-газ саласын қуатты өндірістік әлеуетпен және құрлықта және теңізде бұрғылау процесінде заманауи технологиялардың сәтті қолданылуын қамтамасыз етеді. 6В07211 — «Бұрғылау инжиниринг» білім беру бағдарламасының пайымы: түлекке қойылатын әлеуетті жұмыс берушінің талабы бойынша кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру. Қазақстанда да, шетелде де мұнай-газ компанияларына, ғылыми-зерттеу және жобалау институттарына қызмет көрсету саласында жоғары ақы төленетін жұмыс алу мүмкіндігі. Көптеген жұмыс кеңселік және далалық жұмыстарды, заманауи компьютерлік бағдарламаларды қолдану мен далалық жобаларды бақылау сапарларын қамтиды. Бітірушіге 6В07211— Бұрғылау инжиниринг білім беру бағдарламасы бойынша техника және технология бакалавры академиялық дәрежесі беріледі. 6В07212 6В07212 — «Мұнай мен газды тасымалдау және сақтау» білім беру бағдарламасының миссиясы мұнай мен газды тасымалдау және сақтау саласындағы қызметкерлердің жұмыспен қамтылу және еңбек дағдылары саласындағы нәтижелерін жақсарту. 6В07212-Мұнай мен газды тасымалдау және сақтау білім беру бағдарламасы магистральдық мұнай-газ құбырлары жүйесі бойынша мұнай мен газды тасымалдау және сақтау бағытында білім алуға сапалы, тиімді, бәсекеге қабілетті қызмет көрсетеді. 6В07212-Мұнай мен газды тасымалдау және сақтау бағыты бойынша білім беру бағдарламасы дуалды оқытуды, қолжетімді ақылы оқуды, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлықты, Маңғыстау облысының жетекші мұнай компанияларында тәжірибелердің барлық түрлерінен өтуді ұсынады. 6В07212 — «Мұнай мен газды тасымалдау және сақтау» білім беру бағдарламасының пайымы қолданыстағы біліктілік жүйесін одан әрі дамытуды қамтамасыз ету, қызметкерді тиімді пайдалану және оны оқыту. Бағдарлама түлектері мұнай – газ өнеркәсібінің әртүрлі салаларында — мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдаумен, еліміздің әртүрлі аймақтарында құбыр жүйесінің құрылысымен және пайдалануы және т.б. айналысатын кәсіпорындарда жұмыс істейді. Бітірушіге 6В07212— Мұнай мен газды тасымалдау және сақтау білім беру бағдарламасы бойынша техника және технология бакалавры академиялық дәрежесі беріледі. 7М07210 «Мұнай-газ ісі» жалпы білім беру бағдарламасының миссиясы – практикалық дағдылармен нығайтылған, инновациялық технологиялар мен жаңа өнімдерді қолдануға, шетелдік оң тәжірибені мұнай-газ өндірісінің қазақстандық жағдайларына жалпылауға және бейімдеуге, қалыптасқан жағдайда тез бағдарлануға және тиісті креативті шешімдер қабылдауға қабілетті жеткілікті теориялық білімі бар жоғары білікті кадрларды даярлау, сондай-ақ магистрге қоғамдық қажеттіліктер мен күтулерге барынша сәйкес келетін және қажет болған жағдайда түбегейлі қайта құрылатын басқа да кәсіби құзыреттер болып табылады. 7М07210 – «Мұнай-газ ісі» білім беру бағдарламасы, түлектердің жалпы мәдени құзыретін қалыптастыру, сонымен қатар мұнай-газ өндіру кәсіпорындарының, ҚР Каспий маңы өңірлерінің оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының қажеттіліктеріне сәйкес келетін кадрлардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру. Білім беру бағдарламасының пайымы: мұнай өндіру өнеркәсібінің жоғары білікті кадрларын даярлаудың ғылыми-білім беру процесін, жоғары және арнайы оқу орындарында, ғылыми – зерттеу институттарында білім беру жүйесін ұйымдастырудың және қамтамасыз етудің тиімді жүйесі. Ғылыми-педагогикалық бағыттағы түлекке 7M07210 – «Мұнай-газ ісі»білім беру бағдарламасы бойынша техника ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі беріледі. Бейіндік бағыттағы бітірушіге 7M07210 – «Мұнай-газ ісі»білім беру бағдарламасы бойынша техник және технолог магистрі академиялық дәрежесі беріледі. 8D07210 8D07210 — «Мұнайгаз ісі» білім беру бағдарламасының миссиясы — ғылым саласы мен еңбек нарығының заманауи талаптарына сай келетін ғылыми-педагогикалық әлеуетті арттыру. Тек Қазақстанның еңбек нарығы үшін ғана емес, сонымен қатар барлық Каспий маңы аймақтары үшін білім беру деңгейлері бойынша жоғары білікті мамандарды сапалы дайындауды жүзеге асыру үшін ғылыми, дәрежеге ие кадрлар қажет. Бұл кадрларды осы білім беру бағдарламасы арқылы дайындауға болады. Yessenov University 8D07210 — Мұнайгаз ісі білім беру бағдарламасының артықшылығы – Маңғыстау өңірінің Каспий теңізінің жағасында географиялық орналасуы, көмірсутекті кен орындардың және ғылыми-зерттеу институттарының көп болуы, ол арқылы докторанттар теорияны тәжірибемен тығыз байланыстырады, сонымен қатар экологиялық тәуекелділікті бағалай отырып, құрғақтағы және теңіздегі кен орындарды игерудің өзекті мәселелерін зерттей алады. 8D07210 — «Мұнайгаз ісі» білім беру бағдарламасының пайымдауы докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмысының үрдісін жоспарлай, үйлестіре және жүзеге асыра алатын, ғылыми зерттеулердің теориялық және қолданбалы мәселелерін шеше білетін, тәжірибелік сұрақтарға шешім таба алатын қабілеттерін қамтамасыз етуге бағытталған. Бағдарламаны бітірушілердің кәсіби қызметінің нысаны болып мұнай-газ кешені кәсіпорындары; мұнай және газ өндіру басқармалары; ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдары; ғылыми-өндірістік орталықтар; ұлттық мұнай компаниялары; жоғары оқу орындары табылады. Бітірушіге 8D07210 — «Мұнайгаз ісі» бағдарламасы бойынша философия докторы (phD) академиялық дәрежесі беріледі.
Продюсер Тимур Бақтыбаевтың “Папа поневоле” отбасылық комедиясы көрерменге жол тартты. Туындыны бүгіннен бастап кинотеатрлардан тамашалауға болады. Фильм сюжеті 31 желтоқсан күні болған оқиғаны баяндайды. Полицейден қашқан кейіпкер бір пәтерге тап болады. Онда тілек айтып отырған екі баланы көреді. Олар жаңа жылда әкеміз келсе деп тілейді. Содан, бас кейіпкер күтпеген жерден екі балаға “еріксіз әке” (папа поневоле) болады. Бас рөлдерде — Тәуекел Мүслім, Жанель Макажан, Айбар Танғыт, Олжас Әлжанов, Ернар Сақұпов және Алима Дүйсен. Фильм продюсері brod.kz-ке берген сұхбатында “Папа поневоле” комедиясы 15 күнде түсірілгенін айтты. Tags: Айбар ТанғытЖанель МакажанПапа поневолеТәуекел МүслімТимур Бақтыбаев Opa.kz — мәдениет, өнер, сән, спорт, денсаулық, технология әлеміне қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған медиа ресурс.
Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалық етуімен Шетелдерде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті 2013 жылғы 27 наурыз Бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті 2013 жылғы 12 наурыз Бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин Румынияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Николае Урекені қабылдады 2013 жылғы 05 наурыз Бүгін Ақордада Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Кеннет Фэйрфаксты қабылдады 2013 жылғы 01 наурыз Бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы болып өтті 2013 жылғы 21 ақпан Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммедтің төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті 2012 жылғы 10 желтоқсан Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммедтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті 2012 жылғы 15 қараша Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммедтің төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы болып өтті 2012 жылғы 10 қазан Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті Елшісі Өмер Түзелді қабылдады.
Баспана Хит бағдарламасы бойынша қазақстандықтарды барынша қызықтырған сұрақтарды бір шолып өтіп, ипотекалық ұйым басшысы Қайрат Алтынбеков бар ойын үш тезиске сыйғызды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады. “Баспана Хит расымен де хитке айналды. «Баспана» ипотекалық ұйымының колл-орталығы күн сайын жүздеген қоңырау қабылдайды, әлеуметтік желілер және сайттағы кері байланыс түрі арқылы келіп жатқан сұрақтар легі толастар емес”, – деп бастады басшы. 1. Жаңа да, ескі үй де жарайды Иә, дәл осылай. Баспана Хит жаңадан салынған үйді де, қолданыста болған, бұрын салынған үйді де иеленуге мүмкіндік береді. Бұл ретте, егер сіз пәтерді жаңа салынған үйлер нарығынан сатып алғыңыз келсе және басыңызда тіркелген үй болмаса 7-20-25 бағдарламасына назар аударуға кеңес берер едім. Ал атыңызда үй болса, онда сіз 7-20-25-ке қатыса алмайсыз. Баспана Хит бағдарламасында мұндай шарт жоқ, меншігіңізде пәтер бола тұра жаңа үйге де, бұрын салынған тұрғын үйге де ипотека алуға болады. Баспана Хиттың жалғыз ғана шектеуі – өтелмеген басқа ипотекалық кредитіңіз болмауы тиіс. 2. Клиент үшін пайыз үстемесі өзгермейді Қазір Баспана Хит бағдарламасының номиналды үстемесі жылына 11%-ды құрайды. Үстеме Ұлттық банкінің базалық ставкасына тікелей байланысты, тек оған 1,75 пайыз қосылады. Бүгінгі күні Ұлттық банкінің базалық ставкасы 9,25%-ды құрайды. Демек, соған 1,75%-ды қосамыз да, 11% мөлшеріндегі қорытынды үстемені аламыз. Мысалы, егер ертең Ұлттық банктің базалық ставкасы 6 пайызға түссе, Баспана Хиттың жылдық пайызы 7,25%-ды құрар еді. Мұндай жағдайда бізге мынадай сұрақтар көп түсуде, азаматтар Баспана Хит бойынша кредит алып қойғаннан кейін оны өтеу барысында жылдық ставка өзгеріп кетпей ме деп алаңдап жатады. Жоқ, шарт жасалған кезде көрсетілген ставка сол ипотека төленіп біткенше өзгермейді. 3. Баспана Хит бойынша ипотекалық кредитті қайдан алуға болады Бүгінгі күні біз Баспана Хит бағдарламасы бойынша екінші деңгейлі бес банкпен қосымша келісімге отырдық. Олар Цеснабанк, Халық банк, Банк ЦентрКредит, BankRBK және Еуразиялық банк. Жуырда тағы екі банк қосылады деп отырмыз. Осылайша Қазақстанның 7 ірі банкі сіздерге Баспана Хит бағдарламасы бойынша ипотека беруге дайын.
Поможем с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой Выберите тип работыЧасть дипломаДипломная работаКурсовая работаКонтрольная работаРешение задачРефератНаучно - исследовательская работаОтчет по практикеОтветы на билетыТест/экзамен onlineМонографияЭссеДокладКомпьютерный набор текстаКомпьютерный чертежРецензияПереводРепетиторБизнес-планКонспектыПроверка качестваЭкзамен на сайтеАспирантский рефератМагистерская работаНаучная статьяНаучный трудТехническая редакция текстаЧертеж от рукиДиаграммы, таблицыПрезентация к защитеТезисный планРечь к дипломуДоработка заказа клиентаОтзыв на дипломПубликация статьи в ВАКПубликация статьи в ScopusДипломная работа MBAПовышение оригинальностиКопирайтингДругое Нажимая кнопку "Продолжить", я принимаю политику конфиденциальности 1.1.Инвестиция түсінігі және оның түрлері Инвестиция (латын.investire – салым, салым жасау) – табыс алу, меншік капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат. Инвестицияның қаржыдан күрделі айырмашылығы бар. Инвестицияда қаражат тек материалдық құндылықтарға ғана салынбай, қаржылық және бейматериалдық активтерге де салынады. Инвестиция қаржы институттары, инновациялық және әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанамалай да салынады. Кең танымал «Экономикс» кітабының авторлары инвестицияны өте кең түсінеді. Олардың инвестиция анықтамасы – «өндіріс шығындары және өндіріс қаражаттарын жинақтау және материалдық қордың жоғарлауы», яғни өндірістің барлық шығындары мен жинақтары. Батыс елдерінің экономикалық теория мектептері инвестициялық процесін былай түсінген: кез келген қаржыны жұмсаудың мақсаты табыс, пайда немесе пайдалылық табу. Бұған акция, облигация, жинақ сертификаттары, сақтық және зейнеткерлік қорға және басқаларға жұмсалған шығындар жатады. Инвестиция қайнар көзіне кәсіпорынның көптеген пайдасы, ірі банктердің еркін ақшалай қоры, тұрғындардың жинаған ақшалары, мемлекеттік ақшалай қаржылары, яғни мемлекттік табыстары (салық, кеден салығы және т.б.) жатады. Одан барлық шығындар алынып тасталады. Тұтынуға кеткен барлық ресурстар – жинақталған ресурстар болады. Олар инвестиция ретінде жаңа кәсіпорынды салуға, жол құрылысына, денсаулық сақтау, оқу-ағарту, мәдени объектілеріне бағытталады, яғни капиталдық қорлануына жұмсалады. Инвестиция теориясын ағылшын экономисті Дж.Кейнс өзінің «Еңбекпен қамту, процент және ақшаның жалпы териясы» (1936ж) еңбегінде қарастырады, онда ол инвестицияны өндіріске жан бітіретін және тиімді сұранымның басты факторы ретінде анықтайды. Құнды қағаздардың қозғалысы (мемлекеттік облигацияларды сатып алу сату) инвестицияға тікелей қатынасы болмайды. Инвестиция жүргізу тікелей тауарлық нарықпен байланысты. Инвестициялардың игіліктер нарығына қысқа және ұзақ мерзімдегі әсері бірдей болмайды. Қысқа мерзімде жасалатын инвестициялардың нәтижесінде игіліктер нарығында тек сұраныс өседі. Ұсыныстың көлемі өзгермейді, өйткені салынып жатқан объектілерден өнім мен қызметтер түрінде қайтарылым болмайды. Ұзақ мерзімді инвестициялардың әсерімен сұраныс та, ұсыныс та өзгереді. Инвестициялар дәрежесі қоғамның ұлттық табысының көлеміне елеулі әсер етеді, оның динамикасы ұлттық экономиканың көптеген макропропорцияларына әсер етеді. Көпшілік халықтың жинақтары, инвестициялардың көзі болып табылады. Бірақ осы адамдар нақты игіліктердің өсуімен байланысты капиталдың салымын жасамайды. Қызмет жасайтын әр түрлі фирмаларда инвестицияның көзі болады. Осы жағдайда жинақтаушы мен инвестор бір тұлға болады. Инвестицияға анықтама берген кезде назарды тек инвестицияның мазмұнды сипатына ғана емес, оның мақсатты бағытталуын қарастыру қажет. Демек, инвестиция – жалпы ұлттық өнімнің өндірісіне жұмсалатын табыстардың маңызды бөлігі және өндірістің кеңеюі мен жаңаруының шығындарын көрсетеді, яғни капитал құрылуымен, ақша капиталына қарағанда жеке капиталдың кеңеюімен байланысты. Инвестициялар - кәсіпкерлік қызметтің және нәтижелі пайда құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің объектілі жұмсалған мүліктік және интелектік құндылықтардың барлық түрлері, капиталдың ел ішіндегі және шетелдік экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы. Инвестициялар нақты және қаржы инвестициялары болып бөлінеді. Нақты инвестициялар капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құралға жұмсалымы. Қаржы инвестициялары – мемлекеттен, кәсіпорындардан, инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар мен акцияларды сатып алуға бағытталған. Бірінші жағдайда, инвестор, өзінің өндірістік капиталының көлеміне - өндірістік негізгі қорлар мен айналым қорларын ұлғайтады. Екінші жағдайда, инвестор бағалы қағаздардан дивиденд алу арқылы өзінің қаржы капиталын ұлғайтады. Сонымен қатар инвестициялар тікелей және жанама болып бөлінеді. ҚР-ғы «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қорғау» Заңы бойынша тікелей инвестициялар - республиканың тәуелсіздік кепілдігіне байланысты және арнайы техникалық көмек пен грантқа арналған инвестициялардан басқа барлық инвестиция түрлері. Жанама инвестициялар - қоржындағы инвестициялар, басқаша айтқанда құнды қағаздар мен мүліктік бағалы заттар. Инвестициялық қоржынға кіретін бағалы қағаздар олардың атқарымдық мақсатына қарай ірі банкілердің инвестициялар қоржыныда жетекші ролге ие болып отырған меншіктік инвестицияларға және қайталама өтімді резервтер дейтін, яғни өтімді активтерге ең алдымен мемлекеттік міндеттемелерге бөлінеді. Инвестицияның негізгі түрлері: · Мемлекеттік басқару ұйымдарының талаптарын орындауға бағытталған инвестициялар. Бұл инвестициялар кәсіпорындардың, мемлекеттік ұйымдардың экологиялық стандарттар, өнімнің қауіпсіздігі жағдайында қолданылады; · Венчурлық инвестициялар – тәуекелдік деңгеймен байланысты Кәсіпорынның өндірістік – шаруашылық іс-әрекетінің маңызды бір бөлігі өзінің өндірістік экономикалық потенциялын сақтау және әрі қарай дамыту. Кәсіпорынның бұл саладағы іс-әрекеті инвестициялық іс-әрекет деп аталады. ҚР-ның нақты инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы заңы бойынша инвестициялық іс-әрекетке инвестицияларды атқаруға байланысты кәсіпкерлік іс-әректі жатады. Инвестициялық іс-әрекеттердің субъектілеріне инвесторлар, тапсырыс берушілер, жұмысты орындаушылар, инвестициялық іс-әрекеттің объектілерін қолданушылар, сонымен бірге жеткізушілер, заңды тұлғалар және басқа да инвестициялық процестің қатысушылары жатады. Тапсырыс берушілерге инвесторлар және басқа да инвестициялық жобаны іске асырушы жеке және заңды тұлғалар жатады. Жоспарланған, іске асырылған инвестициялар инвестициялық жобалар үлгісін қабылдайды. Инвестициялық жоба капиталдарды ұлғайту мақсатымен экономиканың әр түрлі салалары мен сфераларына құюға бағытталған - жоспарланған және орындалатын шаралар жиынтығы. Инвестициялық жобаларды құру және іске асыру мынандай кезеңдерден тұрады: 1. инвестициялық ұғымды қалыптастыру; 2. инвестициялық мүмкіндіктерді зерттеу; 3. жобаны техникалық экономикалық негіздеу; 4. жер көлемін алу немесе жалға алу; 5. келісім құжаттарын дайындау; 6. құрылыс – біріктіру жұмыстарын жүргізіп іске беру; 7. объектіні қолдану, экономикалық көрсеткіштердің мониторингі. Инвестицияның тағы бір түрі қаржы инвестициялары, яғни кәсіпорындардың бағалы қағаздарды алуға кеткен шығындары,кәсіпорындағы үлестік қатысулар, басқа да борыштық міндеттемелер, нарық экономикасындағы есептің аса маңызды объектісі болып табылады. Әрбір фирманың іс-әрекетінің маңызды бір бөлігі инвестициялық операциялар болып табылады, яғни жобаларды іске асырудағы жіберілген ақша қаражаттары жайлы операция. Коммерциялық тәжірибеде мұндай инвестицияның түрлері: - табиғи активтерге инвестициялар; - ақша активтеріне инвестициялар; - материалдық емес активтерге инвестициялар қарастырылады. Табиғи активтерге - өндірістік ғимараттар мен құрылымдар, қызмет ету уақыты бір жылдан асатын әр түрлі машиналар мен жабдықтар және өндіріс процесінде қолданылатын басқа да мүліктер жатады. Ақша активтеріне - басқа да жеке және заңды тұлғалардан ақша қаражатын алуға болатын құқық жатады. Мысалы, банкіде - депозиттер, облигациялар, акциялар, несиелер, қарыздар ,кепілдер. Материалдық емес активтерге - фирмалардың жұмысшыларын қайта жеке оқыту және біліктіліктерін жоғарлату арқылы,сауда белгілерін жасау, патенттер мен лицензия алу, өнімге сертификат алу,жерді қолдануға құқық алу арқылы алынған құндылықтар жатады. Нақты активтерге байланысты инвестициялар мынандай топтарға бөлінеді: · Тиімділікті арттыруға бағытталған инвестициялар.Олардың негізгі мақсаты жабдықтарды ауыстыру,персоналды оқыту және өндіріс қуаттарын, өндірістің тиімді жағдайы бар аймақтарға қарай ауыстыру арқылы фирманың шығындарын азайтуға жағдай жасау; · Өндірісті кеңейтуге бағытталған инвестициялар. Негізгі мақсаты – өндіріс орындарының нарыққа тауар шығару қабілеттілігін кеңейту; Жаңа өндіріс орындарын ашуға бағытталған инвестициялар. Жаңа өнімдер, тауарлар шығара алатын жаңа кәсіпорындар салуға бағытталған. Доверь свою работу ✍️ кандидату наук! Имя Поможем с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой Выберите тип работыЧасть дипломаДипломная работаКурсовая работаКонтрольная работаРешение задачРефератНаучно - исследовательская работаОтчет по практикеОтветы на билетыТест/экзамен onlineМонографияЭссеДокладКомпьютерный набор текстаКомпьютерный чертежРецензияПереводРепетиторБизнес-планКонспектыПроверка качестваЭкзамен на сайтеАспирантский рефератМагистерская работаНаучная статьяНаучный трудТехническая редакция текстаЧертеж от рукиДиаграммы, таблицыПрезентация к защитеТезисный планРечь к дипломуДоработка заказа клиентаОтзыв на дипломПубликация статьи в ВАКПубликация статьи в ScopusДипломная работа MBAПовышение оригинальностиКопирайтингДругое
Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа “Бейбітшілік кілемі” табысталды. Ұлт көшбасшысы ерекше сыйлықты Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Мұхаммед әл-Джабердің қолынан алды. Елбасының баспасөз қызметінің мәліметінше, Назарбаевтың елшімен кездесуі барысында екі жақты қатынастарды нығайтудың, Қазақстан мен БАӘ арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудың, мәдени байланыстарды кеңейтудің маңыздылығы жайлы айтылды. “Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бері біздің қарым-қатынасымыз өте қарқынды дамып келеді. Біз әрдайым БАӘ басшылығымен тығыз байланыста болдық. Осының арқасында елдеріміз арасындағы визасыз режим мәселесін шештік, рейстердің санын көбейттік. Бұл туристердің артуына жол ашып, тұтастай экономикалық қатынастардың кеңеюіне әсер етті, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Ал Мұхаммед аль-Джабер БАӘ басшылығы атынан Қазақстанның одан әрі табысты дамуы мен өркендеуін тілей отырып, Нұрсұлтан Назарбаевты және Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады. “Қазақстан Орталық Азиядағы маңызды серіктестердің бірі. Біз визасыз режим туралы келісімге қол жеткізуді оң бағалаймыз. Бұл кәсіпкерлер арасындағы байланыстарды жеңілдетуге және инвестициялық белсенділікке ықпал етеді”, – деді елші. Сонымен қатар, дипломат Нұрсұлтан Назарбаевқа мәртебелі шейх Фатима бинт Мұхаммед бин Заидтің гуманитарлық жобасы аясында жасалған “Бейбітшілік кілемін” табыстады. Гуманитарлық жоба кілем тоқудың дәстүрлі қолөнерін насихаттауға және соғыс бейнелерінің осы өнерге енуіне қарсы тұруға бағытталған. Жоба аясында қолөнершілер бейбіт және гүлденген өмір туралы өздерінің көзқарастарымен кілемдер тоқиды. Соңғы жаңалықтар Көп оқылғандар Барлығы Kyzylorda-news.kz Ⓒ 2011-2022. «KYZYLORDA-NEWS.KZ» ақпарат агенттігі. ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің Мерзімді баспасөз басылымын және ақпараттық агенттікті есепке қою туралы №14458-ИА куәлігі 11 шілде 2014 жылы берілген.
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы кеше онлайн жиын өткізіп, өңірдің бас имамдарына санитарлық талаптарды қатаң сақтауды, халыққа психологиялық қолдау білдіріп, көбірек истиғфар, салауат айту және садақа ниетімен құрбандық шалуды ұйымдастыруды тапсырған болатын. Осыған орай Бас мүфти бүгін елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешіті ауласында құрбан шалып, ел амандығы үшін Жаратқаннан дұға тіледі. «Ел басына қиындық туған осындай алмағайып сәттерде бабаларымыз құрбан шалып, Алладан медет сұраған. Қазіргі уақытта жұқпалы аурудың кеңінен тарауы елімізді, жұртымызды сарсаңға салды. Қаншама ел азаматтары ауырып жатыр, дүние салып жатқандары да бар. Мұндай қиын кезеңде құрбан шалып, көбірек истиғфар, салауат айтып Жаратқаннан медет, шипа сұрауымыз қажет» деп атап өтті Бас мүфти. Наурызбай қажы Тағанұлы еліміздің барлық мешітінде осындай құрбан шалу шаралары өткізіліп, індеттің беті бері қарауы үшін Алла Тағаладан көбірек дұға тілеуге шақырды. Previous Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының COVID-19 індеті кезінде жаназа және құдайы ас өткізуге қатысты мәлімдемесі
Латын қарпіне көшетініміз туралы шешім қабылданды. Алайда, әріптерді дұрыс таңбалауға қатысты ұсыныстар мен жобаларға шектеу қойылған жоқ. Бұл ретте біз қазақтың «кеңесіп пішкен тон келте болмайды» дейтін даналығына жүгініп отырмыз. Тілші-ғалым Бижомарт Қапалбектің мақаласын да көпке ой салып, пікір талқысына салу үшін ұсынғанды жөн көрдік. Үкімет отырысында мақұл­данған емле жобасында бұл ереже ескіше қалдырылған. Бұған көп ғалым қарсы. Дауыссыз и мен у-дың алдындағы қысаң дауысты дыбыстарды (і, ы, ү, ұ) түсіріп жазу бірді-екілі маманның шешетін шар­уа­сы емес, үнемдейміз деп мәселенің тек экономикалық жа­ғын ға­на басты өлшеуіш ретінде ұс­тануға болмайды. Бұндай қадам­ды сөздің морфемалық құрамын, буын-жігін анықтауда, сөз та­сы­малдауда, ең бастысы, үндесім заңы­ның бұзылуына, әсіресе кір­ме сөздердің қазақ тілінің дыбыстық заңына икемделуіне тигі­зер кері әсерін парықтап ба­рып, көп болып әбден ойланып шешуіміз керек. Емледе и мен у-ға бес параг­раф арналған екен. Олар бірінде айтылғанды екіншісі жоққа шыға­рып, бесеуі бес жаққа қарап тұр. Қараңыз: §6. ı, ý әріптері төл сөз­дер­де дауыссыз дыбыс ретінде таң­баланады: аı, úı, oıshyl, ıaǵni, qoıan, saıa; aý, sáýkele, demeýshi, qaýyn, aıýan, keıýana. Біріншіден, төл сөздерде дауыс­­сыз дыбыс ретінде таңбала­нады деп кесіп айтуға болмайды. Жетін­ші параграфтағы төл сөздер (игі­лік, иман, киім, тиын, сия, би, си­яқ­ты және т.б. сөздер) мұны жоқ­қа шығарып тұр. Қараңыз: §7. Ай­тылудағы yı (ый), iı (ій) дыбыс тіркестері сөздің барлық буынында і әрпімен жазылады: ıgilik, ıman; кıіт, tıyn, sıa, sıaqty; bı, tarıhı; ınstıtýt, kıno, granıt. Осындағы «айтылудағы» де­ген сөз қате қолданылған. Бұл айтылу­дағы түлкү сөзін түлкі деп жазамыз дегенмен бірдей. Тіліміздегі ый, ій, ұу, үу деген дыбыс тіркестерін үнем үшін кіріктіріп жазамыз деген күннің өзінде, оның ережедегі берілуі мүлдем дұрыс емес. Тілдің табиғатында тау дегенде де, тұу дегенде де, тай дегенде де, тый дегенде де үш дыбыс бар екендігі анық. Бірақ біз жазуды үнемдеу үшін бұрынғы ережеде де, қазіргі ережеде де қысаң дауыстыны түсіріп жазамыз. Айтылудағы деп бүркемелемей, осыны ашып айтуымыз керек. Осы параграфтың ескертуін қараңыз: E с к e p m y. Қосар уı (ый) әріптері тек syı (сый), tyı (тый) сѳздерінде (оларға қосым­ша жалғанғанда) жазылады: syılyq, syıymdylyq, syıý; tyıym, tyiylý, tyiý. Бір ғана ый және ій дыбыс тір­­кестері ережеде бірде ай­тыл­у­­дағы дыбыс тіркестері, бірде қо­сар әріптер болып екі түрлі атал­ған. Қайсысы дұрыс? Екеуі де дұрыс емес. Айтылудағы дегенді жо­ғарыда айттым, ал қосар деп бір дауыссыз дыбыс­тың түбір сөздерде қосарланып кел­уін айтады. Мысалы: ашшы, тұш­шы, қатты, тәтті және т.б. (Ғ.Қал­иев. Тіл білімі термин­дерінің түсіндірме сөздігі. Ал­маты, 2005 ж.). Яғни, ый, ій, ұу, үу дыбыс тір­кес­терінің құрамындағы қысаңдар ешқандай айтылудағы да емес, қосар да емес. Бұлар а, ә, е, о, ө ды­быстары сияқты дербес дауыстыларға жатады. Сондықтан, оларды біресе бы­лай, біресе олай атап, жұртты ша­тыстырмаған жөн. Кез келген ереженің термин­дері анық, стилі жатық, берілген ойы нық болуы керек. … (Толық нұсқасын газеттің №8 (3642) санынан оқи аласыздар) ПІКІР ҚОСУ Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться. Редакция Бас редакторлар Газет туралы Бізбен байланыс "Қазақ әдебиеті" — Қазақстан Республикасының әдебиет, мәдениет және өнер газеті. Әр апта сайын, жұма күні шығады. Газет 1934 жылдың 10 қаңтарынан бастап шыға бастады. «Қазақ әдебиеті» газеті — Қазақстан жазушылар одағының органы ретінде тұңғыш саны 1934 жылдың қаңтарында жарық көрген.
Муниципалитет (неміс тілінде Munіzіpalіtät, өзін-өзі басқару құқығы бар қала) – Батыс Еуропа мен Американың кейбір елдеріндегі өзін-өзі басқарудың сайланбалы органы. Муниципалитет мэр, бургомистр, тағы басқа басқаратын сайланбалы алқа мен шенеуніктік атқарушы аппараттан құралады. Муниципалитет өзі басқаратын аумақтағы қоғамдық кәсіпорындардың, тұрғын үй қоры мен басқа да дүние-мүліктің меншік иесі бола отырып, мемлекеттік мектептердің, жергілікті полицияның, медициналық, әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерінің жұмысын басқарады. Муниципалитеттің негізгі кіріс көзі – халықтан жиналатын жергілікті салықтар. Қаржымен қамтамасыз етілуі жағынан орталық үкіметке тікелей тәуелді болғанына қарамастан, муниципалитеттер – демократиялық маңызды институттардың бірі. Муниципалитетке халықтың әртүрлі әлеуметтік топтарының өкілдері сайланады және олар тұрғындармен тікелей жұмыс жасайды.[1] Муниципалитет, муниципия — 1) бірқатар елдердегі (мыс., Бразилиядағы муниципия және т.б.) төменгі әкімшілік- аумақтық бірлік; 2) АҚШ пен Батыс Еуропаның кейбір елдеріндегі жергілікті өзін- өзі басқаратын орган.[2] ДереккөздерӨңдеу ↑ Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3 ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6 Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
Кеңестің негізгі міндеті - жұртшылықтың және азаматтық қоғамның пікірін ескере отырып маңызды стратегиялық проблемаларды қарау. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамы мынадай, деп хабарлайды Zakon.kz. Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы – Қазақстан Республикасының Президенті, төраға. Көшербаев Қырымбек Елеуұлы – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төраға орынбасары. Қарин Ерлан Тынымбайұлы – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, хатшы. Ұлттық кеңестің мүшелері: Арыстанбеков Қайырбек Төлендіұлы – Экономикалық саясат институтының президенті (келісім бойынша) Ахметбеков Жамбыл Әужанұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша) Әбдіғалиұлы Берік – Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің "Архив-2025" ғылыми-әдістемелік орталығының басшысы (келісім бойынша) Әбенов Мұрат Абдуләмитұлы – қоғам қайраткері, "Серпін" Ұлттық білім беру және инновация палатасының төрағасы (келісім бойынша) Әміртаев Азаматхан Сайлауұлы – "Байтақ болашақ" экологиялық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша) Әшімбаев Данияр Рахманұлы – қоғам қайраткері, саясаттанушы (келісім бойынша) Байтасов Арманжан Мерекеұлы – Қазақстан Медиаодағының тең құрылтайшысы (келісім бойынша) Бұқарбай Бақытжан – қоғам қайраткері, "Мен ояндым" акциясының қатысушысы (келісім бойынша) Дорофеев Михаил Викторович – журналист, "Informburo.kz" мультимедиялық ақпараттық-талдау порталының бас редакторы (келісім бойынша) Еспаева Дания Мәдиқызы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша) Жандосов Ораз Әлиұлы – "Ракурс" экономикалық талдау орталығының директоры (келісім бойынша) Жолдыбайұлы Қайрат – қоғам қайраткері, дінтанушы (келісім бойынша) Жұмалы Расул – қоғам қайраткері, саясаттанушы (келісім бойынша) Илеуова Гүлмира Тоқшалыққызы – әлеуметтанушы, "Стратегия" әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы» қоғамдық қорының басшысы (келісім бойынша) Иса Қазыбек Жарылқасынұлы – қоғам қайраткері, "Қазақ үні" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің президенті (келісім бойынша) Кенжеханұлы Рауан – "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қорының атқарушы директоры (келісім бойынша) Қалиев Талғат Бегімұлы – "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығының директоры (келісім бойынша) Қожахметов Асылбек Базарбайұлы – "Қазақстанның Азаматтық альянсы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша) Қожық Жәнібек – қоғам қайраткері (келісім бойынша) Қуат Дәурен – журналист, "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы (келісім бойынша) Құттықадам Сейдахмет Рысқожаұлы – қоғам қайраткері (келісім бойынша) Мусин Бағдат Батырбекұлы – кәсіпкер, IT-маман (келісім бойынша) Мұқибек Ауыт – қоғам қайраткері, "Nur Otan" партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің консультанты (келісім бойынша) Мырзахметов Абылай Исабекұлы – "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша) Нұрбек Саясат – саясаттанушы, "BTS Digital" білім беру жобаларының басшысы (келісім бойынша) Нұров Қанат Ильяұлы – Алматы жоғары басқару мектебінің және "Аспандау" ғылыми-білім беру қорының президенті (келісім бойынша) Омарова Айман Мұратқызы – адвокат, "Құқық қорғаушылар" қоғамдық қорының тең құрылтайшысы (келісім бойынша) Орынбек Айгүл – құқық қорғаушы қайраткер (келісім бойынша) Ошақбаев Рахым Сәкенұлы – "Талап" қолданбалы зерттеулер орталығының директоры, "Nur Otan" партиясы Саяси кеңесінің мүшесі (келісім бойынша) Рақымбеков Төлеутай Сатайұлы – "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша) Садырбай Асхат Мұратұлы – "Team Qazaqstan" жастар қозғалысының жетекшісі (келісім бойынша) Саиров Ерлан Бияхметұлы – Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары (келісім бойынша) Сарым Айдос Әміроллаұлы – қоғам қайраткері, саясаттанушы (келісім бойынша) Споткай Максим Александрович – Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, "Жаңғыру жолы" республикалық жастар қозғалысының жетекшісі (келісім бойынша) Тайжан Мұхтар Болатханұлы – қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша) Тұрмағамбетова Жеміс Өтегенқызы – "Адам құқықтары хартиясы" қоғамдық қорының атқарушы директоры (келісім бойынша) Тұрсынов Ермек Кәрімжанұлы – Қазақстан киноматографистер одағының төрағасы, режиссер (келісім бойынша) Тілеухан Бекболат Қанайұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, қоғам қайраткері (келісім бойынша) Чеботарев Андрей Евгеньевич – "Альтернатива" өзекті зерттеулер орталығының директоры (келісім бойынша) Шибұтов Марат Мақсұмұлы – "Транспаренси Қазақстан" қоғамдық қоры Қамқоршылар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша) Шораев Арман Төлегенұлы – "Қазақстан барысы" даму қоры Қамқоршылар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша) Ұлттық кеңестің негізгі міндеттері Ұлттық кеңестің негізгі міндеттері: тұжырымдамалардың, мемлекеттік бағдарламалардың және нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қоғамдық сараптама жүргізу; жұртшылықтың және азаматтық қоғамның пікірін ескере отырып маңызды стратегиялық проблемаларды қарау; жұртшылықтың, саяси партиялардың, үкіметтік емес сектордың және мемлекеттік органдардың өкілдері арасында сындарлы диалогты қамтамасыз ету; өзінің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Түн. Бөлме іші тас түнектей қараңғы. Далада да бір үн жоқ. Тек сыртқы бағананың күн нұрындай қанық жарығы тереземен еден бойлай, онсыз да көңілі алаңдаулы Айымның мазасын қашырды. Бұл оның осылай өткізіп жатқан үшінші түні болатын. Ары бір аунап, бері бір аунап, дөмбекшіп ұйқысы қашқан Айым телефонына үңілді. Сағат түнгі екі жарым. Кенеттен көптеген адам аяғының сыбдыры естіле бастады. Орнынан шошып тұрған Айым, сыртқа, терезеге қарай ұмтылды. Есік алды толған полицейлер мен ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері. Дәл осы сәтте, артынан жау қуғандай зырғып, төменге қалай жеткенін Айымның өзі де аңғармай қалды. Кіре берісте, полиция қызметкері өз әкесін тұтқындап жатқанын көрген байғұс қыздың жүзінен өңі қашқан. Осының бәрін көріп тұрған анасы: - Тоқтаңдар! Сендер не істеп тұрғандарыңды білесіңдер ма? Кімге жала жауып тұрсыңдар, өздерің? - Сіздің күйеуіңізді, қазіргі қала әкімін, өзінің мемлекеттік қызметін асыра пайдаланды деген күдікпен уақытша қамауға алынды, - деп сөзін тәмамдаған полиция қызметкері қала әкімін көлігіне салып ала жөнелді. Ал Айым болса, бір бұрышта, әкесінің: "Менің ешқандай да кінәм жоқ!" - деген сөзінен басқа түкте естімей, құдды бір мүсін сынды қатып тұра берді. Айым Сәрсенқызы - жасы жиырма төртте, қазіргі қала әкімінің жалғыз қызы. Қаладағы орта мектепті тәмамдаған соң, әкесінің ықпалымен, Лондондағы атағы жер жарар, мен мен деген университетке оқуға түседі. Оқуын үздікке бітіріп, елге оралып, Қазақстандағы белгілі бір компанияға жұмысқа кіреді. Ол өз ортасында "әкімқызы" деген лақап атпен танымал. Сәйкесінше оның достарының да көпшілігі ауқатты отбасылардың бір-бір еркесымақтары. Айым негізінен атасы мен әжесінің қызы. Оларды қатты жақсы көретінгі соншалық, әкесі мен анасына сен деп сөйлеп, тіпті жиі араздасып та тұратын еді. Себебі кішкентай кезден бері ата-әжесінің тәрбиесінде болған соң, оның бойында өр көкіректілік, жағымпаздылық, екіжүзділік және көпшілік қала қыздарына тән жеңілтектілік іспеттес қасиеттер мүлдем жоқтың қасы. Керісінше нағыз қазақ қызына сай кішіпейіл, өте қарапайым, тым мейірімді, аса қамқор және ең бастысы ар намысын сақтаған ибалы қыз болатын. Таң атты. Күн ұясынан шыққан шақта, нөсер жауыннан кейін саңырауқұлақша қаптаған журналистер, қала әкімі үйінің алдына жиналып қалған. Бәрінің де сұрары мен сұрағы, тайға таңба басқандай анық еді. Терезеден сығалай қараған анасы, журналистердің көптігіне аса таң қала қоймады. Құдды бір бұрындары да келіп жүргендей. Артқы есіктен шыққан әкімнің отбасын алдын ала дайындалып қойған көлік күтіп тұрған болатын. Қалалық полиция бөліміне келген әкімнің отбасын, ол жақта да үлкен тосын сый күтіп тұрғанын олар мүлдем сезбеді. Мерекелік шараға жиналған қауымша адамдар арасында ине шаншар орын жоқ. Жүздері сұсты, қабақтары қатқан күйде тұрған халықтың ашуында шек болмады. Көліктен түсе берген сәтте, оларға, жұмыртқа мен тас лақтыра бастады. Әйтеуір өйтіп-бүйтіп сытылып шығып ішке кірген соң, әкім қамауда отырған бөлмеге қарай беттеді. Әйелі мен қызының, адам сенгісіз келбеттерін көрген әкім мырза не айтарын білмей, сасқалақтап, мылқау сияқты тілден айырылды. - Әкесі, қалайсыз? Жағдайыңыз жақсы ма? Біз түнімен көз ілмей, сіздің хәл-жағдайыңызды уайымдап, ұйықтай алмадық, - деп, жаңа түскен келіндей майысып сөз бастады анасы. Оған әкесі: - Ия, жағдайым жаман емес. Тек мені не үшін қамағандарын түсіне алар емеспін, - деп жауап қатты. - Қатты уайымға салына бермеңізші. Әйтпесе қан қысымыңыз көтеріліп кетер, - деп одан сайын қылмия түсті анасы. Ал Айымда сол баяғыша үн жоқ. Әкесіне деген көзқарасы да өзгеше. Бұрынғыдан да суық түрімен әкесіне қарап: - Егер мен сені әке ретінде қабылдағанымды қаласаң, онда барлық кінәңді мойында. Қашанға дейін халықты ақымақ етпексің? Сендей арсыз, ұяттан жұрдай, еліне опасыз, халқының жағдайына пысқырып та қарамайтын әке керек емес. Сенің жаныңда даладағы қаңғыбас ит артық, - деп ішіндегі бар өкпесін ақтарыла айтқан Айым бөлменің есігін тарс жауып кете барды. Арадан бір күн өтпестен әкімнің үйі және жеке заттары тәркіленді. Анасы мен қызы далада қалды. Қала көшелерінде жаяу жүру де, тіпті таксимен де жүру мүмкін емес. Журналистер әлдеқашан олардың жүздерін теледидардан көрсетіп, бетін ашқан келіндей елге таныстырып қойған. Енді не істеп, қайда барарын білмей есеңгіреген олар, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылды. Айым өзінің достарына, ал анасы құрдас-құрбыларына хабарласа бастады. Бірақ бәрінің жауабы бір - сатқын. Жеткен жеріміз осы енді деп, тығырықтан шығарға амалдары қалмаған екеуі, ауылға қарай, ата-әжесінің үйіне жол тартты. Осының бәрін естіп, біліп отырған әкесі соңғы сәтте ойлана бастады. Қызының сөздері ауыр тиді ме екен, әйтеуір бір мазасыздық әкесінің көзіне жас ұялатты. Расында да ол өзінің арам жолмен табысты болып, соның арқасында шалқып, жалғанды жалпағынан басып жүргенін ұмытып кеткенін аңғарғандай. Екі аптадан соң. Бүгінгі күн барша қала халқы үшін маңызды. Әсіресе Жұмағалиевтер әулеті үшін. Себебі қаншама жылдар бойы бюджеттен бөлінген қаржыны өз игіліктеріне жаратып келген бұрынғы қала әкімінің соты. Сот келді. Сот барысы әдеттегідей айқай-шусыз бітпейтіні белгілі. Оның үстіне білдей қала әкімін соттағалы жатыр. Арадан біраз уақыт өткен соң, сот қос тарапты тыңдай отырып мынадай қорытындыға келді: - Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің үш жүз сегізінші бабының, үшінші тармағы бойынша кінәлі деп танылып сегіз жылға бас бостандығынан айырылсын. *** Түн. Ғимарат іші тып тыныш. Бәрі де тәтті ұйқыда. Қабырғалары мен едені, арктиканың салқын мұзындай бөлмеде жатқан Сәрсеннің ұйқысы жоқ. Бәлкім бұл түн оның осы бөлмедегі соңғысы болғандықтан болар, әйтеуір жүзінен әлде қандай бір жылулық сезіледі. Шалқасынан жатқан оның бетіне шағылысқан ай бейнесі оған қызын еске түсірді. Осыдан отыз екі жыл бұрын: - Сәрсен Жұмағалиев кім екен? - деді дәрігер. - Мен... мен ғой. Жұбайымның жағдайы қалай, дәрігер? Босанды ма өзі? - деп тіл қатты отағасы. - Біз сізді шын жүректен құттықтаймыз, сіз айдай сұлу нәзіктінің әкесі атандыңыз, - деп сүйіншісін сұрады дәрігер. - Рас айтып тұрсыз ба? Енді менің сұлу да сүйкімді қызым болады ма? - деп өз құлағына өзі сенбей, қуанышын жасыра алмады әкесі. Анасының толғағы түн жарымда, жер бетіне өз жарығын төккен, ақ сүттей аппақ айдың кешінде келіпті. Сол себепті әкесі қызының есімін Айым деп қойған екен. Бірақ бұл қуанышы алысқа ұзамай, әкесінің жұмысындағы беделі артқан соң, жалындаған отқа су сепкендей басылыпты. Артынша әкім болды, атағы артты. Ақшасы да көбейе түсті. Ақылынан алжасқан адамша, ақша мен абыройын ойлап, отбасы мен жақындарына көңіл бөлуді ұмытып кеткен ол ендігі жерде кірерге тесік таппады. Көзінен аққан өкініш жасын сүрте беріп: - Айым. Қошақаным. Бұйыртса аз қалды, шыда, - деп өз-өзіне күш-қуат беріп, кеудесіндегі қара жанын жігерлендіріп қойғандай. Таң. Маңызды күн. Сәрсеннің жүрегі қатты соққаны соншалық, қазір қызы мен жұбайы келгенде не айтарын білмей, есеңгіреп қалам ба деп шошына бастады. Есік ашылды. Алдынан өзі күткендей отбасы тұр екен. Әне-міне дегенше де сегіз жылда құс қанатындай зулай өте шығыпты. Кешкілік ас. Дастархан басында отырғандардың ешқайсысында бір ләм сөз жоқ. Бәрі бір нәрседен ұялып, не қысылып отырғандай. Үйдің иесі ретінде сөзді әкесі бастады: - Мен осы жылдар бойы, бастарыңа көп қиындықтар туындаттым. Әкім кезінде сендерге мүлдем көңіл бөлмеппін. Өміріміздің мәні мен сәніне айналған бір жыртым жылтыр қағазды жинаймын деп, отбасымнан айырыла жаздаппын... - деп отағасы көз жасына ерік берді. - Әкесі, жыламаңыз. Бәріміз де пендеміз. Кім қателеспесін? Оданда алға қарай ұмтылуды ойластырайық, - деді анасы үлкен өзгерістерден кейін. - Бірақ менің түсінбейтінім - біреу. Мені осылай соттатып, адам қылған, ақ пен қараның аражігін ажыратуды үйреткен, отбасыма қайтарған адам кім болды екен? - деді өксіктеп әкесі. - Мен, - деп тілдеді Айым күлімдеп. Әкесі мен анасының жүздері бозарып, беттерінде қан жүрмей қалғандай ағарып, қыздарының айтқанына сенбей, қолдарындағы қасықтарын түсіріп алған олар, көпке дейін естерін жия алмады. - Мен сенің құйтұрқы әрекеттеріңнің бәрін білген соң, артыңнан аңдып жүрдім. Бірақ сенде тоқтау деген ұғым болмады. Сондықтан да осы істі тоқтатуды өзім қолға алдым. Бірақ мұның бәрі енді артта қалды. Анам айтқандай енді тек алға қарай ұмтылуымыз қажет. Осы ісім үшін сіз маған ренжімейсіз деп ойлаймын, әке, - деп сөзін тәмамдады Айым. Қуаныштан тағы жылаған әкесі, жасын тия алмай, осы күнге жеткізген Жаратқанға сансыз алғыз айтып, Айымды құшағына ала бауырына басты. Қаншама жылдан бері оның "әке" деген сөзіне зар болған ол, осыдан кейін тек отбасының қамы үшін адалынан еңбек етіп, жақындарының жанында болуды мақсат етті.
Құмар Ақсақалов өңірдің ең шеткі аудандарының біріне жасаған іс-сапарын “Ақселеу” серіктестігінің мал шаруашылығы кешенінен бастады. Аталған қожалық 10 жылдан бері ірі қараны бордақылаумен айналысады. Қазіргі таңда фермада герефорд тұқымды 544 тұяқты бар. Жазда Зеңгі баба төлі ұзындығы 22 шақырым болатын арнайы қоршалған жайылымда бағылады. СЕРІК МАЛАЕВ, “Ақселеу” ЖШС директоры, Ғ.Мүсірепов ауданы: – Біз суықта өсіру әдісін қолданамыз. Яғни, малдар базға кірмейді. Қыста далада тұрады. Бұзауларға арналған базымыз бар. Далада тұрған төлдерге күні-түні ыстық су келіп тұрады. Жылына 100 млн теңге пайда көреміз. Кәсіптен нәсіп көріп отырған азамат ауылдағы ағайынға да көмектеседі. Қазіргі таңда Ковыльное елді мекеніндегі 67 нысан орталық жылыту жүйесіне қосылған. Оның 59-ы – тұрғын үй. СЕРІК МАЛАЕВ, “Ақселеу” ЖШС директоры, Ғ.Мүсірепов ауданы: – Бір ауысымда 10-12 бума зығыр сабаны жағылады. Яғни, бір тәуліктегі қажеттілік – 24 бума. 47/ Мұның енді күлі де аз. Қызуы да жақсы. Бұрындары бұл сабанды өртейтінбіз. Қазір енді ауылға жылу беру үшін қолданудамыз. Іссапары барысында Құмар Ақсақалов “Ақселеу” серіктестігінің сыйымдылығы 12 мың тонна болатын астық сақтау орнында да болды. Мұнда 10 адам еңбек етуде. Әрқайсысының жалақысы 200 мың теңгеден асады. Агроқұрылымға тиесілі танаптар мен техникалар толығымен цифрландырылған. Даладағы әрбір процесс қашықтықтан есепке алынады. Мұндай жүйені серіктестік 2017 жылы 47 млн теңгеге іске асырған екен. Жақында “Ақселеу” тағы бір бағытты қолға алмақ. Жарма өнімдерін өндіретін цехтің құрылысы аяқталуға жақын. Арпа, жасымық өңдеуге бағытталған жобаға 150 млн теңге инвестиция құйылып отыр. Аталған нысандарды аралағаннан кейін өңір жетекшісі жергілікті ағайынның базынасына құлақ түрді. ДАНИЯР ҒАББАСОВ, Ковыльное ауылының тұрғыны, Ғ.Мүсірепов ауданы: – Ауруханаға жету үшін әлекке түсеміз. Жедел жәрдем көлігін шақырта алмай қиналамыз. Ұлымның аллергиясы бар, демікпе дертіне шалдыққан. Баламды Новоишимское немесе Чистопольедегі ауруханаға апарсақ, бізді Петропавлға жібереді, ал облыс орталығы біз үшін тым алыс. ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі: – Медициналық көмекке мұқтаж жанның әрбірін Петропавлға апарудың қажеті жоқ. Олай болған жағдайда облыс орталығындағы ауруханалардың қауқары жетпейді. Сол себепті, біз Новоишимскоеда аумақаралық аурухана ашып жатырмыз. Мекеме бірнеше ауданның тұрғындарына қызмет көрсетуі қажет. Ағайынның тыныс-тіршілігімен танысып, базынасын тыңдағаннан кейін облыс әкімі Ставрополка ауылына ат басын бұрды. Бұл – аталған елді мекендегі орта мектеп. 100-ден астам бала білім алатын нысан екі жыл ішінде адам танымастай өзгерген. Мұнда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліпті. Ескі есік-терезелері ауыстырылып, шатыры жаңарған. Қасбетіне сән кіріп, жылы беру жүйесі жаңғыртылыпты. Асхана мен кітапхана ажары да ашыла түскен. Аталған жұмыстардың барлығына 129 млн теңге жұмсалған. ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі: – Мектептерді жөндеуге қыруар қаражат бөлініп жатыр. Нәтижесінде қазіргі таңда облысымыздағы оқу ошақтарының 70%-ы қалыпқа келтірілді. Ставрополка ауылында биыл су құбырларын тарту жұмыстары бастау алды. Оған 724 млн теңге бөлінген. Бүгінге дейін мердігер серіктестіктің жұмысшылары біраз жұмыстың басын қайырған. ҚАЛДАСБАЙ БАЗАРОВ, мердігер серіктестіктің өкілі: – Жұмысты тамыз айында бастадық. Жобаның өзі 5 бөлімнен тұрады. Қазіргі таңда ұзындығы 14 шақырым болатын ауылішілік су құбырларын тартып қойдық. 5,5 шақырым магистраль тартылды. Қазір жұмыстар насос станциясында жүріп жатыр. Қажетті жабдықтар қараша айының соңында жеткізілмек. Биылғы жылы жұмыстың басым бөлігін бітіріп, келесі жылы жобаны толығымен іске асырамыз. Ставрополкадан да облыс әкімі тұрғындармен кездеспей кете алмады. Ағайынмен өңір жетекшісі елді мекеннің демалыс орталығында кездесті. Аталған мекеме ішінде фитнес зал бар, карате, қолкүрес сынды спорт түрлерімен айналысуға болады. Сондай-ақ, бильярд ойнауға да болады.
Ересек адамның денесінде орташа дене салмағында (70 кг) шамамен 5-6 литр қан айналымы үздіксіз жүреді. Қан массасы дене салмағының 1/13 құрайды. Ғылыми зерттеулер дені сау донордан 500 мл қан немесе 600 мл плазма алу оның ағзасына ешқандай теріс әсер етпейтінін дәлелдейді. Сондықтан алынатын қанның (плазманың) дозасы физиологиялық деп аталады, донордың денсаулығы үшін өте қауіпсіз және ол қанның сұйық бөлігін – 18-20 сағат ішінде қалпына келетін плазманы жоғалтады. Адамның қаны үнемі жаңарып отырады. Қан жасушаларының өмір сүру мерзімі шектеулі, олар қартайған сайын жаңаларына ауыстырылады. Қан тапсыру пайдалы, өйткені бұл донордың қан жасушаларының жаңаруына ықпал етеді. Бұл ретте донорлардың жақсы сезімдері, көңіл-күйі және еңбекке қабілеттілігі сақталады. Қан қызметі мамандарының бақылауымен жүзеге асырылатын донорлық зиянсыз. 2. Қан мен оның компоненттерін донациялау рәсімі, сондай-ақ науқастарды емдеу үшін қан компоненттерін пайдалану қажеттілігі туралы Он сегіз жасқа толған, тиісті медициналық тексеруден өткен және қарсы көрсетілімдері жоқ, медициналық мақсаттар үшін қан мен оның компоненттерін донациялауды жүзеге асыруға ерікті түрде ниет білдірген жеке тұлға қан мен оның компоненттерінің доноры болуға құқылы. Қан қызметі ұйымдарында донорларды қабылдау жеке басты куәландыратын құжаттардың (паспорт, жеке куәлік) немесе мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер үшін әскери есепке алу құжаттарының негізінде жүргізіледі. Облыстық қан орталығының тіркеуіне әрбір жүгінген кезде донор донорлар және қан мен оның компоненттерінің донорлығына жатпайтын адамдар туралы компьютерлік деректер базасы арқылы тексеріледі. Донорлық-бұл мыналарды қамтитын іс-шаралар кешені: – донорды тегін медициналық тексеру; – дәрігердің донорды медициналық куәландыруы; – донордан қан немесе қан компоненттерін дайындау; – донор қанының компоненттерін сақтау және емдеу мекемелеріне беру. Қан мен оның компоненттерін дайындау рәсімі – бұл донор организмінен қанды, плазманы немесе қан жасушаларын аппараттық немесе аппаратсыз (қолмен) тәсілмен бір реттік алу. Дайындау әдісін таңдау туралы шешімді (аппаратты немесе аппаратты емес) қан орталығының дәрігері емдеу ұйымдарының қанның қандай да бір компоненттерін өндіруге арналған өтініміне байланысты қабылдайды. Зертханалық зерттеулер жүргізу үшін қанды есептемегенде (30-35 мл) тапсырылған қанның бір реттік көлемі 450 ± 10% мл құрайды. Қанды донациялау рәсімінің ұзақтығы шамамен 25 минут, қан орталығында болудың жалпы уақыты 1-1, 5 сағат. Плазманы немесе қан жасушаларын донациялау рәсімінің ұзақтығы 1,5 сағат, жалпы болу уақыты – 2-2,5 сағат. Дозасына қарамастан, қан донациясының арасындағы аралық 60 тәуліктен кем болмауы тиіс. Ерлерде жылына қан донациясының ең жоғары рұқсат етілген саны 6, әйелдерде-4. Плазма донациялары арасындағы аралық 14 тәуліктен кем болмауы тиіс. Қазіргі уақытта тұтас қан құйылмайды, бірақ оның компоненттерін: плазманы, эритроциттерді, тромбоциттерді, лейкоциттерді бөледі және қолданады. Заманауи жабдықтар донация кезінде бірден қажетті компоненттерді алуға мүмкіндік береді. Алынған қан компоненттері мен препараттары науқастарды (реципиенттерді) емдеу үшін пайдаланылады. Эритроциттік жүзіндіні және тромбоциттерді ұзақ сақтауға болмайды, сондықтан олардың инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін олар қосымша өңдеу әдістеріне: эритроциттік жүзінді – лейкофильтрлеуге, ал тромбоциттер – лейкофильтрлеуге және вирусинактивациялауға ұшырайды. Бірақ қан плазмасын сақтауға болады және бұл қасиет карантиндеу арқылы инфекциялардың қосымша алдын-алу үшін қолданылады. Донорлардан алынған плазма трансфузия үшін дереу медициналық ұйымға берілмейді, төрт ай бойы ұсталады және донорды В гепатитіне, С гепатитіне, АИТВ инфекциясына, мерезге қайта тексерудің теріс нәтижелері болған кезде ғана беріледі. Бұл тексеру донорларға өз денсаулығының жай-күйін бақылауға және донация кезінде олардың сау екеніне көз жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар карантиндеу әдісі медициналық ұйымға құю үшін берілетін қан компоненттерінің қауіпсіздігіне кепілдік беруге мүмкіндік береді! 3. Қан мен оның компоненттерінің донорлығына қарсы көрсетілімдер туралы Барлық адамдар донор бола алмайды, сондықтан қан орталығына келгендердің бәрі, ең алдымен, медициналық тексеруден өтеді. Бұл донордың және қан құйылатын науқастың денсаулығына қамқорлықпен байланысты. Қан мен оның компоненттерінің донорлығына жол берілмейді: – Туберкулезбен, АИТВ-мен, мерезбен, гепатитпен ауыратын науқастар. – Денсаулығы нашар адамдар. – Мас күйдегі адамдар, созылмалы маскүнемдер, нашақорлар. – Түнгі ауысымнан, тәуліктік кезекшіліктен кейінгі жұмысшылар. Жүктілік және лактация кезеңіндегі әйелдер (босанғаннан кейін 1 жыл, лактация аяқталғаннан кейін 3 ай), етеккір кезінде және ол аяқталғаннан кейінгі 5 күн. 4. Анамнездің шынайы деректерін алудың маңыздылығы, қанды, оның компоненттерін беруге (донациялауға) ерікті түрде хабардар етілген келісімнің маңыздылығы және донорларды зертханалық тексеру мақсаттары туралы Донорлық қан компоненттері мен препараттарының сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қанды донациялау ерікті, ал донор өзі туралы хабарлаған мәліметтердің дұрыс болуы өте маңызды. Донор өзіне белгілі мәліметтерді хабарлауға міндетті: – барлық бар немесе бұрын болған аурулар туралы, – олардың есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды пайдалануы туралы, – белгілі бір өмірдің әдеттері мен медициналық мәселелері туралы. Мұндай ақпаратты жасыру донордың қаны құйылған науқасқа зиян тигізуі мүмкін. Қан орталығының тіркеу орнында донордың деректерін донорлыққа қарсы көрсетілімдері бар адамдардың электрондық базасымен салыстырып тексеру жүргізіледі. Әрбір донорға жеке сәйкестендіру нөмірі беріледі және оны тіркеу жүргізіледі. Қанды донациялау алдында донор міндетті тегін медициналық тексеруден өтеді. Қауіп факторларының болуына күдік болған немесе анықталған кезде және клиникалық көрсетілімдер бойынша Медициналық тексеру көлемі донацияға жіберуді жүзеге асыратын дәрігердің қалауы бойынша кеңейтілуі мүмкін. Донор тапсырған қанның әрбір порциясы топтық және резус тиістілігіне, қан арқылы берілетін, гемотрансмиссивті деп аталатын инфекциялық аурулардың (В және С вирустық гепатиттері, АИТВ, мерез, бруцеллез) болуына зерттеледі. 5. АИТВ 1, 2 антиденелерін және В және С вирусты гепатитінің маркерлерін және донор қанындағы басқа да трансфузиялық инфекцияларды анықтау неге әкеледі? Қанында АИТВ, вирустық гепатиттер, басқа да трансмиссивті инфекциялар маркерлері анықталған донорлар донорлықтан біржола шеттетіледі. Олардан дайындалған қан мен қан компоненттері жойылады, бұл туралы ақпарат міндетті түрде тиісті денсаулық сақтау ұйымдарына (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары, ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық, тұрғылықты жері бойынша отбасылық дәрігерлік амбулаториялар) берілетін болады. 6. Донордың жеке мәліметтерінің құпиялылығына кепілдік және оның зерттеп-қарау нәтижелері туралы ақпарат алу құқығы туралы Қазақстан Республикасының 18.09.2009 ж. №193-IV «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес донорлар туралы ақпарат қатаң құпияда сақталады. Облыстық қан орталығы донордың жеке мәліметтерінің құпиялылығына және донордың оны тексеру нәтижелері туралы ақпарат алу құқығына кепілдік береді. 7. Донордың қан мен оның компоненттерін тапсырудан (донациялаудан) бас тарту құқығы туралы Донор қан мен оның компоненттерін донациялау рәсіміне дейін немесе кез келген уақытта донациялау рәсіміне дейін донациялаудан бас тартуға құқылы, бұл оған қандай да бір теріс салдарларға әкеп соқтырмайды. 8. Қан мен оның компоненттерін беруге (донациялауға) байланысты болуы мүмкін уақытша жағымсыз реакциялар туралы Қан мен оның компоненттерін донациялау процесінде адам денсаулығы мен өміріне қауіпті болып табылмайтын уақытша жанама әсерлер (әлсіздік сезімі, тершеңдік, артериялық қысымның төмендеуі, естен тану, көктамырды тесу орнында гематоманың пайда болуы) болуы мүмкін. 9. Қан мен оның компоненттерін тапсырғанға (донацияға) дейін донор сақтауға тиіс талаптар туралы Қан донациясына: -алкогольді ішкеннен кейін 48 сағат ішінде; – мұрыннан судың ағуы, жөтел, бас ауруы, дене қызуының көтерілуі, көгеру, жаралар, дақ, терідегі бөртпелер болған кезде; – тұмаумен, ЖРЗ-мен, ангинамен ауырып жазылған донорларға (сауыққаннан кейін кемінде 1 айдан кейін тексеруге және қан (плазма) беруге келуге болады); – ұйқысыз түннен кейін келу ұсынылмайды. Донация алдында екі сағат бұрын темекі шегуге болмайды. Донациядан үш күн бұрын майлы тағамдарды жеуге болмайды (өсімдік және жануар майы, май, сүт өнімдері, ысталған ет, балмұздақ, жұмыртқа, майшабақ, жаңғақтар, шекілдеуік). Сондай-ақ, қуырылған және сүтті тағамдарды рационнан шығарып тастау керек және алкогольді, соның ішінде сыраны ішпеу керек. Кешке, донация қарсаңында, кешкі ас ішу оңай. Донор аш қарынға қан тапсырмауы керек. Донация күніндегі таңғы ас жеңіл болуы керек: шай немесе кофе, джем қосылған нан немесе тоқаш, майсыз печенье, майсыз шұжық, қайнатылған ет пен көкөністер, жұмыртқа. Донор донациялау рәсіміне душ қабылдап, таза киіммен келуге тиіс. Ақшалай өтемақы үшін қан мен оның компоненттерін тапсыратын донорлар, егер оны медперсонал тағайындаған болса, белгіленген уақытта келуге тиіс. Қан немесе қан компоненттерін донациялау алдында донор печенье қосылған тәтті шай түрінде тегін таңғы асты алады. Қоректік заттардың қанға енуі қан ағымының жақсаруын және донордың әл-ауқатын қамтамасыз етеді, бұл донация процедурасынан ыңғайлы өту үшін өте маңызды. 10. Қан мен оның компоненттерін тапсырғаннан (донациялағаннан) кейін донор сақтауға тиіс талаптар туралы Инені тамырдан алып тастағаннан кейін стерильді мақта түйіршігін тесу орнына басып, созылған қолды 2 минутқа көтеру ұсынылады, содан кейін таңғышты қолдану үшін қолыңызды төмен түсіріңіз. Қан орталығының ғимаратында кем дегенде 10 минут болып, сұйықты көп ішу және демалу ұсынылады. Назар аударыңыз! Өзіңізді нашар сезінген жағдайда қан алу пунктінен шығуға болмайды, бұл туралы қан орталығы қызметкерлерінің біріне дереу хабарлау қажет! Сізге міндетті түрде білікті медициналық көмек көрсетіледі, содан кейін қан орталығынан тек медперсоналдың рұқсатымен кетуге болады. Донациядан кейін үш күн ішінде көп мөлшерде сұйық ішу режимі қажет (шырындар, компоттар, шай, шөп шайлары, ауыз су). Екі ай ішінде ет өнімдері мен темірге бай тағамдарды жеткілікті мөлшерде тұтыну керек. Донациядан кейін: – көлік құралдарын басқару, өйткені эмоционалды қозу салдарынан назар аударылып, апатқа әкелуі мүмкін, – екі сағат ішінде темекі шегу ұсынылмайды. Донациядан кейін 12 сағат ішінде: – назар аударуды және дәлдікті қажет ететін жұмыс; – биіктікте жұмыс істеу; – ауыр физикалық еңбек; – күшейтілген физикалық жаттығулар, – қан алу жүргізілген қолмен дене жүктемесіне байланысты ауырлықты көтеру және іс-әрекеттер жасау алып тасталады; -алкогольдік сусындарды қолдану, бұл донордағы ауыр асқынулармен тамырлардың күрт реакциясын тудыруы мүмкін. 11. Донордың жалпы қабылданған мінез-құлық нормаларын міндетті түрде сақтауы туралы Қан орталығының қызметкерлерімен қарым-қатынас барысында донорлар жалпы қабылданған мінез-құлық нормаларын сақтауы тиіс. Қан қызметі жөніндегі бұйрықтардың талаптарын орындаудан бас тартқан қан орталығының қызметкерлеріне өзіне қауіп төндіруге, агрессияға, балағат сөздер айтуға жол берген адамдар қан орталығының дәрігерлік құрамының комиссиялық шешімімен донорлықтан шеттетілуі мүмкін. 12. Тұрақты донорлардың денсаулық жағдайын бақылау туралы Қан орталығында донордың денсаулық жағдайын тұрақты және тегін бақылау жүзеге асырылады. Бірқатар жағдайларда әрбір донация кезінде жүзеге асырылатын тексеру донордың өзі күдіктенбейтін денсаулықтың кейбір бұзылыстарын (туа біткен немесе жүре пайда болған) анықтауға көмектеседі. Ауруларды ерте анықтау кейінгі уақтылы және сәтті емдеуге ықпал етеді.
Достар, SCAT әуе компаниясында акциялардың қарша борауы жалғасуда. Біз Сіздерге Мәскеу және Ыстамбұл бағыттары бойынша тиімді тарифтерді қуана ұсынамыз. 23/12/2015 Құрметті достар, 25 желтоқсанда біздің көптен күткен акциямыз «Жаңа жылдық рейс» басталады. Дайындық қызу жүріп жатыр. 22/12/2015 Қымбатты достар, көбіміз келесідей ырымға сенеміз: «Жаңа жылды қалай қарсы алсаң, жылыңды дәл солай өткізесің». Біздің жарқын, жаңажылдық журналымызда біз Сіздер үшін көптен күткен мерекені қалай қарсы алу туралы ең қызықты ойларды жинадық. Фестивальдарды шолудан бастап армандар шындыққа айналатын орындарға дейін. SCAT әуекомпаниясымен ұшып көптеген қызықты жаңалықтарды біліп жүріңіздер! 18/12/2015 Құрметті жолаушылар! Біздің әуекомпания жыл сайын Қазақстан бойынша, ТМД елдеріне немесе Грузияға бір бағытта ұшу не барып-қайту бір тұрақты рейсіне Ұлы Отан Соғысының (ҰОС) барлық қатысушыларына, ҰОС мүгедектеріне және келесі дәрежедегі тұлғаларға тегін ұшуды ұсынады: 15/12/2015 Қымбатты достар, Сіздермен керемет жаңалықты бөліскіміз келеді! 03/12/2015 Достар! Сіздермен керемет жаңалық бөліскелі отырмыз! Біздің әуе кемелеріміздің борттарында ASPAN журналының жаңа жыл қарсаңындағы саны ұшып жүр, одан сіздер көптеген жаңалықтар мен қызықты ақпараттарды таба аласыздар. Беттер: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52
Көктем айында ауа райына байланысты пайда болатын өрттің алдын алуға үлкен мән беріліп, соған байланысты үгіт-насихат жұмыстары күшейтіледі. Ауданымыздың төтенше жағдайлар бөлімі де осындай жағдайлардың орын алмауы үшін өткен аптада рейд өткізіп, қауіпсіздік шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Күн жылып, көктем шыққалы аудан тұрғындары тазалық жұмыстарына кірісті. Бірақ, шөп пен қоқысты өртеймін деп, бұл іске салғырт қарағандықтан өрт шығу оқиғалары тіркеліп жатыр. Жуырда округтердің бірінде қоқыстың көзін құртамын деген адамның қатесінен қасында орналасқан көрші үйдің өртеніп кеткені соған дәлел. Осы ретте, көктем және жаз айларында орман және дала өртінің көбейетіндігіне орай, өткен аптаның жұмасы күні аудандық төтенше жағдайлар бөлімі Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне апаратын жолдың бойында орналасқан Қаскелең бақылау бекетінің аймағында рейд жүргізді. – Көктем уақытында тұрғындар аулаларында тазалық жұмыстарын атқарып, жиналған қоқыстардан құтылу мақсатында оны өртейді. Бірақ, оның барысында көбінің қауіпсіздік шараларына бей-жай қарайтындықтарынан тазалық шараларының соңы жазатайым жағдайларға әкеп соқтыруы мүмкін. Бұл ең бірінші кезекте адамдардың өздеріне, сондай-ақ, сол аймақта мекендейтін жәндіктер мен жануарлардың өмірлеріне қауіп төндіреді. Сондықтан біз қазіргі уақытта түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Осы бағыттағы жұмыстар ары қарай да жалғаса береді, – дейді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, азаматтық қорғау полковнигі Руслан Абдыкапаров. Рейд барысында бөлім қызметкерлері алдымен бақылау бекетінде тұрған қызметкерлерге өрт қауіпсіздігін болдырмау жайлы кеңінен айтып, ондай жағдайда дер кезінде қандай шаралар жасау керектігін түсіндірді. Мұнан кейін олар осы пункт арқылы өтіп жатқан жолаушыларға өрттің салдары мен оның алдын алу жолдары көрсетілген ақпараттық жадынамалар таратып, сақтық ережелері жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау лейтенанты Әйгерім Қаныбекқызының айтуынша, ауданымызда биылғы жылыту маусымы кезінде 90-ға жуық өрт оқиғасы орын алып, 6 адам жарақаттанып, 7 адам көз жұмды. Осындай жағдайлардын алдын алу мақсатында бөлім қызметкерлері осы уақытқа дейін тұрғындармен 176 жиын өткізіп, қауіпсіздік ережелері жазылған 104500 жадынама таратқан. Сонымен қатар, адамдар шоғырланған жерлерде дауыс ұлғайтқыш құрылғыларының көмегімен 892 ақпарат берілген. Мұнан бөлек, басылым беттерінде 60-қа жуық, әлеуметтік парақшаларда 128 мақала жарияланған.
Ерлі-зайыптылар арасындағы қатынасты жиі бұзатын не нәрсе? Әр жұптың араздастыратын өз себебі және өз түсінбеушіліктері болады деген уәж логикаға сыяды. Бірақ эксперттер қатынастардың ұзақтығы мен ерекшеліктеріне қарамастан қақтығыстарға алып келетін жалпыға бірдей жеті себептің бар екендігін бөліп айтады. Ажырасып кетуге жақын қалған жүздеген жұптар араға араздық түсірген мәселенің бастауын, тығырықтан шығу, некені бұзбай аман алып қалудың жолдарын сұрап сексологтарға, психологтарға және психотерапевтерге күнбе күн хабарласып жатады. Бір загрузка... қызығы: олардың әрқайсысы өздерінің бірге өткізетін өмірін қалай өткізу керектігі туралы нақты жауап алғысы келеді. Оның себебі, бір жағынан алдында бағдардың жоқтығы болса, екіші жағынан өзара қатынастағы жауапкешілікті барынша азайтуға тырысудан. Бірге өмір кешіп жүріп, жауапкершіліктен қашқақтаудан басқа тағы қандай кедергілерге тап келуге болады? 1. Тұтасқан бітеқайнасқандық (симбиоз) Қаншама парадокс болса да ең осал одақ — бастапқыда бітеқайнасып кеткендей болып көрінетін, жұптардың бір біріне: көңілдес те, дос та, туыс та, бала да бола алардай жақындасып кеткен одағы. Олар сызат түспестей бірлігіне араласып, өзгеріс енгізердей бір нәрсе пайда болған күнге дейін елсіз аралда жалғыз қалған жандардай күн кешеді. Бұл балның дүниеге келуі болуы да (бұған дейін бірі үшін бірі күн кешіп жүрген екі адамның өмірін үш адамға қалай лайықтауға болады?), жұбайлардың біреуінің ойында қызғылықты жобаның пісіп жетілуі, көп жағдайда жұбайлардың біреуінің «қажып кеттім-ау» деген ойға бекінуі де болуы мүмкін. Бұл әріптестердің біреуінің көңілі қалып, екішісінің жолым болмады деген ойға бекінуі- тығырықтың бастауы. Көп жағдайда бұндай жұптар бір бірінен бейбіт жолмен қол үзбейді. 2.Ерекшеліктерді мойындаудан бас тарту Сүйіктің сенің көшірмең емес деген ұғым теориялық тұрғыда мойындалса да, өмірде басқаша қабылданады. Небір үлкен жанжалдар, біз ескере бермейтін, немесе мойындағымыз келмейтін ұсақ-түйектен басталады. Әріптесіміздің біз қуанғанға қуанып, ренжіген жағдайымызға бірге ренжімегендігін біздер қабылдай алмаймыз. Бұлай болуы біздерді басында таңдандырып жүрсе, бара бара ашуымызды қайнататын түбінде оған деген көңілімізді суытатын жағдайға әкеледі. «Ерім өзінің сезімі жайлы маған айтпайды», «Әйелім осы әлетке жету үшін менің арқа етім-арша, борбай етім-борша болып жүргендігін түсінбейді», «Әйелім менің қауышқым келгенде секстен бас тартады» деген сыяқты уәждер, терапиялық сеанстарда айтылатын ерлі -зайыптылардың бір біріне артатын кіәларының бір парасы осылар.Түптеп келгенде осылардың барлығы ері мен әйелінің бірінен бірінің айырмашылығын мойындағысы келмеу ғана, бұлай ету оладың бірлескен өмірін майдан алаңына немесе, бітіспес соттасуға айналдырып жібереді. 3.Сөйлесіп пікірлесудің жетіспеуі Жұбайлар бір бірімен сөйлесіп пікірлесудің бірін бірі түсініп ұғынысуға үйренуге жол ашатындығын естерінен жиі шығарып алады. Қасыңдағы адамның ойындағысы мен нені қажетсінетіндігін қалай білесің? Бірлескен жоспарды қалай құрасың? Тек қана сөйлесу арқылы. Олай істемеген жағдайда біз қасымыздағы адамның, тіпті біз ойлап елестеткендей жан емес екендігіне ерте ме кеш пе біздің көзіміз жете бастайды. Бұған қоса пікірлесудің аздығы түсніспестікке алып келеді. «Не деп жауап беретіндігін біліп тұрсам, оған бірнәрсе айтудың қажеті бар ма?» Бірін бірі білетіндігіне сенімді жұбайлар өзара сөйлесудің қажеті шамалы деп есептейді. Олар бір біріне кінә таға жүріп, бірігіп өмір сүрудің орнына қатар өмір кеше береді. 4. «Емдегіш» жұп Бұл жұптардың өз арасында өздері де байқай бермейтін және көлденең көзге көрінбейтін, бір біріне тәуелді болу туралы шарт жасасып қойылғандай: жетекші әріптес сыңарын торығудан, ішімдіктен, кәсібі жолыболмаушылықтан емдеп жазуға міндеттенгендей. Өзіне «құтқарушының» ролін арқалаған әріптес өзінің орнытолмастығын, қажеттігін сезінгісі келеді. Өстіп билікжүргізушілікке ұмтылыстың негізінде дүниеге келген қатынастың бетпердесі әрдәйім сорайып көрініп тұрады. Көбіне «емделуші» айығып, «емдеушінің» де, өзі басынан кешкен қыйындықтардың куәсінің де оған қажеттілігі жоғалатын кез келеді. Немесе ол өзін тәуелділікке ыңғайлаған осы бір байланыстың өзіне еркіндік берудің орнына, бағындырып бара жатқандығын сезінетін кез келеді. Оссының негізінде бейбіт жолмен шешілуі мүмкін болмайтын «бунт» қарсылық басталады. 5. Белгілі жоспардың болмауы Алға жылжу үшін ерлі-зайыптылар жоспарлар жасаулары керек. Бірақ алғашқы күндердің көңілді көкке ұшырар эйфориялары жас жұбайларды ертеңге жоспар жасамай-ақ, «бүгігі күннің қуанышымен күн көре беруге болады» деген сенімге әкеледі. Нәтижесінде, құштарлықтың қуанышы ептеп басылар кез таянғанда болашақ деген ұғымның орыны қаңырап бос тұрады. Бірге кешкен өмір жаңа құлшыныстар туғызып, қанағаттанғандық сезім сыйлай алмай қалады. Бас қосып жағдайды талдап өздері күткен игілік туралы сөйлесудің орнына, жбайлар томаға тұйық күй кешіп, әр кім өз ісімен болып кетеді, бар көңілін жұмыс істеге жұмылдырады. Кезі келгенде жұбайлардың біреуі өзімен өзі, жалғыз өсіп келе жатқандығын түсінеді де, байланысты үзу туралы шешім қабылдайды. Немесе шешімнің кең тараған түрі: екеуі де «бірге жүріп, жалғыз өмір сүруге» мойынсұнып, ешнәрсені өзгертпестен тірліктерін жалғастыра береді. 6.Өзгерістерді қабылдамау Уақыт өткен сайын адамдрдың дене құрылысы ғана емес психологиясы да өзгерістерге ұшырап отырады. Тіпті одақтары берік жұптардың өзі жұбайларының бойындағы өзгерістерді ескеріп, оларға бейімделіп отырмаса, белгілі бір уақыттан кейін тығырыққа тіррелуі мүмкін. Өзгерістер ешқашан қолмен қойғандай болып бір сәтте өтпейтін болғандықтан әріптесіңнің бойынан бірден байқаудың өзі мүмкін емес. Оған қоса өз әріптесің басқа адамдар сияқты, ешқашан өзгермейді, менің жұбым бұрын қандай болса, өзгерген жоқ баяғы қалпында деген сенімнен айығудың өзі қиын. Біздер өзіміздің жоспарларымыз бен алданыш армандарымыздан ешқашан арыла алмағанымыз сыяқты, жұбымыздың бойындағы өзгерістерді де қабылдай алмаймыз. 7.Жалқаулық пен фатальизм «Біз бір бірімізді сүйеміз сондықтан бәрі жақсы болуы тиіс», «Егер бір нәрсе ойлағыдай болмай қалса, онда сезімнің шын махаббат болмай шыққаны», «Егер біздер төсек ләззәтін бөлісе алмасақ, онда біздер бірге өмір сүру үшін жаралмағанбыз». Көп адамдар жұбайлық өмір алғашқы сәттен сәтті жүруге тиісті деп есептейді де, аздаған кикілжіңнен кеін ақ «бизге бірге болу жазылмаған» деп шыға келеді. Ғашық болып жүрген кездегі арманында қалыптастырған тұлғаның бейнесі олардың жасына сай қалыптасқан қатынас кезеңін қабылдай алмайды, бұл кезде құштарлық әлсізденіп бұрынғыдан да ересек сезімге айналады. Бұндай жұптар нәтиженің қол ма қол шығуына үйренген, жұбайлық қатынастың бір тұрінен екінші тұріне ауыспай- ақ ,көкейіне оралған тілекті қолма қол жүзеге асыру үшін «бәрін бірден» алуға тырысады. Сендер үшеу болдыңдар. Көптеген жұптар бала туа салысымен,сыйқыршының қимылдатқан таяқшасының әсеріндей, бар мәселе шешіліп орнына келе салады деп есептейді.Керісінше,бұл шарадағы суды шайқаған соңғы тамшыдай,өзі титықтап тұрған мәселені шиеленістіре түседі. Бұрын сөйлесіп пікірлесу аз ба еді? Одан да азая түседі. Жігі білінбес гармония ма? Бала оның бытшытын шығарады,осыған байланысты жұптардың біреуінің көңілінде оның сүйікті адамының жұрегіндегі бұның «орнын» басқа біреу ұрлап алғандай күй кешеді. Болашаққа деген бірлескен жоспар жоқ па еді? Бала ата-анасының біреуінің мақсатының орталағына айналып,екіншісі «түксіз» қалады. *** Бір бірімен пікірлесудің жетіспеуі,біріне бірі билік жүргізуге талас, бірлескен жоспардың болмауы сықты тығырық тұзағынан құтылудың бірден бір тәсілі – өзіңді өзің тану жолына түсу. Бұл үшін эксперттің көмегіне жүгіну, немесе өз әрекеттеріңді көкей көзінен өткізіп талдау қажет. Бұл туралы сексолог және психотерапевт Массимо Шер: «Мен біздің әрқайсымызға психотерапевтің көмегі қажет дееген ойдан аулақпын, әрине, — дейді түсіндіргенде,- Дегенмен өз әрекетіңе сырт көзбен қараудың алар орны үлкен. Бұлай жасау ара қатынасқа, ата-аналар, немесе бұрынғы «махабаттардың» іздерінің елесітернен, басқаша көзбен қарап құтылу ақылы, жаңаша қарауға мүмкіндік ашады.»
Талдауға суреттелген көзқарас басқалармен салыстырғанда маңызды артықшылықтарға ие: ол зерттеудің кешенділігі мен мақсаттылығын; өндіріс тиімділігінің арту резервтерін табудың әдіснамалық негізделген схемасын; шаруашылық нәтижелерін объективті бағалауды; шапшаңдық, әрекеттілік, негізін, талдау мен оның қорытындыларының дәлділігін қамтамасыз етеді. Алынған экономика-математикалық үлгі талдауда қайта-қайта қолданылуы және басқарушылық шешімдерді негіздеудің жақсы құралы ретінде қызмет етуі мүмкін. Содержание Экономикалық талдау және теориялық таным Экономикалық талдау және экономикалық теория Экономикалық талдау жүйелілігі мен кешенділігі Скачать полностью (95.10 Кб) Сколько стоит заказать работу? Работа содержит 1 файл 4.doc — 438.50 Кб (Скачать) Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: корреляциялық (стохастикалық) байланыс, қос корреляция, көптік корреляция, вариация коэффициенті, орташашаршылық ауытқу, факторлық көрсеткіш, нәтижелі көрсеткіш, тузусызықтық байланыс, қисықсызықтық байланыс және т.б. Алдынғы тарауларда факторлық зерттеудің шарттарын шешуі қарастырылды. Бірақ тәжірибеде барлық экономикалық құбылыстар мен процесстер осы методика арқылы орындалады, себебі факторлық көрсеткіштің мөлшеріне нәтижелік көрсеткіштің жалғыз мөлшері сәйкес келгенде олардың көбісін функционалдық тәуелділікпен қосуға болмайды. Экономикалық зерттеулерде стохастикалылығымен ерекшеленетін корреляциялық тәуекелділіктер жиі кездеседі. Бұл жерде әрбір факторлық көрсеткіштің мөлшеріне нәтижелік көрсеткіштің бірнеше мағынасы сәйкес келеді. Мысалы, жұмысшы еңбегінің қормен жарақтануы өсуі әртүрлі кәсіпорындарда әртүрлі еңбек өнімділігінің өсуін береді. Ол еңбек өнімділігіне ықпал етуші барлық факторлар өзара байланыста және кешенді болатынымен түсіндіріледі. Әр түрлі факторлардың қандай оптималдықта үйлесуінен байланысты нәтижелік көрсеткішке олардың әрқайсысының ықпал ету деңгейі бірдей болмайды. Зерттелетін факторлар мен нәтижелік көрсеткіштердің арасындағы байланысты зерттеу үшін көп объектілерді алып, олардың мәндерін салыстырғанда шығады. Сонда үлкен сандар заңына сәйкес басқа факторлардың нәтижелік көрсеткішіне әсері жойлады. Бұл зерттелуші құбылыстардың арасындағы қатынасты құруға мүмкіндік береді. Корреляциялық (стохастикалық) байланыс – бұл жаппай бақылауда ғана байқалатын көрсеткіштердің арасындағы толық емес мүмкінді байланыс. Қос және көптік корреляцияны бөліп айтамыз. Қос корреляция – бұл екі көрсеткіштің арасындағы байланыс: біріншісі- факторлық, екіншісі- нәтижелік. Көптік корреляция – бірнеше факторлардың нәтижелік көрсеткішпен өзара қатынасынан пайда болады. Корреляциялық қатынастарды зерттеу үшін келесі экономикалық зерттеудің тәсілдері қолданылады: қатарласқан және динамикалық қатарларды салыстыру, графиктер, аналитикалық топтастыру. Бірақ олар байланыстың жалпы сипатын және бағытталуын көрсетеді. Факторлық талдаудың негізгі міндеті - әрбір фактордың нәтижелік көрсеткішке әсерін анықтау. Бұл мақсат үшін корреляциялық, дисперсиялық, компоненттік, көпөлшемді факторлық талдаудың тәсілдері қолданылады. Корреляциялық зерттеуді қолданудың қажетті шарттары, жағдайлары: Зерттелуші факторлар мен нәтижелік көрсеткіштердің шамасы жөнінде жеткілікті үлкен бақылаулар саны болуы; Зерттелуші факторлардың сандық өлшемі және ақпарат көздерінде сипаты болуы тиіс. Корреляциялық талдауды пайдалану келесі міндеттерді шешуге жол береді: 1) бір немесе бірнеше факторлардың әсерінен нәтижелік көрсеткіштің өзгерісін анықтау; 2) нәтижелік көрсеткіштің әрбір фактордан тәуелділік деңгейін айқындау. Корреляциялық зерттеудің негізгі міндеттерінің бірі ретінде факторлардың нәтижелік көрсеткішке (абсолюттік өлшемде) әсерін анықтау. Бұл міндетті шешу үшін сәйкес математикалық теңдік тандалады. Ол зерттелуші байланысты бейнелеуі (тузусызықтық, қисықсызықтық және т.б.) тиіс. Бұл корреляциялық талдауда маңызды роль атқарады. Себебі, регрессияның теңдігін дұрыс тандаудан есептің нәтижелері және шешуі байланысты. Байланыс теңдігінің негізделуі қатарласқан қатарларды салыстыру, топтық деректердің және сызықтық графиктердің көмегімен жасалады. Нүктелердің графикте орналасуы зерттелуші көрсеткіштердің арасында (тузусызықтық, қисықсызықтық және т.б.) қандай байланыс құрылғанын көрсетеді. Қарапайым теңдіктің бірі - екі көрсеткіш арасындағы тузусызықтық тәуелділікті сипаттайды: Ух = а + в*х Мұндағы х- факторлық көрсеткіш; У- нәтижелік көрсеткіш; а және в- табу керек регрессиялық теңдікьің параматрлері. Бұл теңдік факторлық көрсеткіштің белгілі бір шамаға өзгеруімен байланысты нәтижелік көрсеткіштің мәнінің бірқалыпты өсуі немесе төмендеуі байқалатын екі белгі арасындағы байланысты сипаттайды. а және в коэфициентінің мәндері кші квадраттар әдісі бойынша алынған теңдік жүйесінен алынады. Бұл жағдайда теңдік жүйесі келесі түрге тән: { na + b∑x = ∑y { a∑x + b∑x² = ∑xy Мұндағы n- бақылау көлемі, мәндері ∑х, ∑у, ∑ху,∑х²- берілген нақты деректерің негізінде есептелінеді. Осы қағида бойынша зерттелуші құбылыстардың арасындағы қисықсызықты тәуелділігі байланысы теңдігі шешіледі. Егер бір көрсеткіштің өсуімен басқа көрсеткіштің мәні белгілі бір деңгейге дейін өссе, ал содан соң төмендей бастаса, онда бұндай байланысты жазу үшін екінші деңгейдегі парабола сәйкес келеді: Ух = а + вх + сх² Кіші квадраттар әдісіне сәйкес а, в, с параметрлерін анықтау үшін келесі теңдік жүйесін шешу керек: { nа + в∑х + с∑х ²= ∑у { а∑х + в∑х² + с∑х ³= ∑ху { а∑х² + в∑х³ + с∑х4 = ∑х²у ∑х, ∑у, ∑ху, ∑х²у, ∑х², ∑х³, ∑х4- мәндерін берілген деректердің негізінде анықталады. Көбінесе, экономикалық анализда қисық сызықты тәуекелділерде гипербола қолданылады: Yx = a + b/x Оның параметрлерін анықтау үшін келесі теңдеу жүйесін шешу қажет: { na + b∑ 1/x = ∑y; { a∑1/x + b∑(1/x)2 =∑ (1/x)y. Гипербола екі көрсеткіш арасындағы тәуелділікті бейнелеп көрсетеді. Біріншісінің ауыспалы мәні белгілі бір деңгейге дейін өскен уақытта, келесісің мәні белгілі бір деңгейге көтеріледі, содан кейін өсіңкілік төмендей бастайды. Анағұрлым күрделі жағдайларда зерттелуші құбылыстар арасында күрделі параболалар (үшінші, төртінші дәрежелік), сонымен қатар квадраттық, дәрежелік және т.б. пайдаланылады. Сонымен, осы не басқа да математикалық теңдеулерді қолданумен, зерттелетін құбылыстар арасындағы тәуелділік деңгейін анықтауға болады. Бірақ байланыс тығыз ба, жоқ па, берілген фактордың нәтижелік көрсеткіштің шамасына әсері шешуші ме, әлде жанама ма, регрессиондық талдау жауап бермейді. Факторлық және нәтижелі көрсеткіштер арасындағы байланыс тығыздылығын өлшеу үшін корреляция коэффициенті анықталады. Зерттелетін көрсеткіштер арасындағы байланыс түзу сызықтық жағдайда корреляция коэффициенті мына формула бойынша есептеледі: Корреляция коэффициенті 0-ден ±1-ге дейін мәндерді қабылдайды. Оның мөлшері 1-ге жақын болған сайын, зерттелетін құбылыстар арасындағы байланыс тығыздығы көбееді және керісінше. Егер корреляция коэффициентін квадраттасақ, онда детерминация коэффициентін аламыз. Қисық сызықты форма тәуелділігінде байланыс тығыздығын өлшеуде, мұнда түзу сызықты коэффициент емес, корреляциялық қатынас анықталады: мұнда, Бұл көрсеткіш универсалды болып табылады Оны кез келген тәуелділік формасында қолдануға болады. Бірақ оның мөлшерін анықтау үшін, алғашында регрессия теңдеуін (Yx) мен нәтижелі көсеткіштің мағынасын есептеу, содан алынған теңдеуге x және x2 мәндерін жас топтарына сәйкес қоямыз. Корреляциялық талдаудың көптікті методикасы. Экономикалық құбылыс пен кәсіпорынның шаруашылық қызметінің процессы көп көлемді факторларға тәуелді болады. Ережеге сәйкес, әрбір фактор жекеше түрде зерттелінетін құбылыстарды барлық толықтықта анықтай алмайды. Факторлар кешені ғана және олардың өзара байланысында ғана зерттелуші құбылыстар сипаты жөнінде анағұрлым толық көрініс бере алады. Көп факторлы корреляциялық талдау бірнеше кезеңдерден тұрады. Бірінші кезеңде зерттелуші көрсеткішке факторлардың ықпалын анықталады және корреляциялық талдау үшін анағұрлым маңыздылары іріктеліп алынады. Екінші кезеңде корреляциялық талдау қажет бастапқы ақпараттар жиналады және бағаланады. Үшінші кезеңде нәтижелі көрсеткіш пен факторлар арасындағы өзара байланыс сипаты зерттеліп, үлгіленеді және зерттелуші байланыстың мәнін анағұрлым толығырақ мазмұндайтын математикалық теңдеу таңдалып негізделеді. Төртінші кезеңде кореляциялық талдаудың негізгі көрсеткіштерінің байланысының есебі жүргізіледі. Бесінші кезеңде корреляциялық талдаудың нәтижелеріне және практикалық қолданылуына баға беріледі. Корреляциялық талдау үшін факторларды таңдау экономикалық талдауда маңызды кезең болып табылады. Қаншалықты дұрыс таңдау жасаудан,талдау қорытындысының нәтижесі дәл болады. Факторларды таңдау кезіндегі басты ролі теория, сонымен қатар талдаудың практикалық тәжірибесі болып табылады. Бұл жағдайда келесі ережелерді ұстану қажет: Факторларды таңдаған кезде бірінші кезеңде көрсеткіштердің арасындағы себепті-салдарлы байланысын ескеру қажет, өйткені тек олар ғана зерттелетін құбылыстардың маңызын ашылады. Ал нәтижелік көрсеткішпен тек математикалық арақатынаста болатын факторлардың талдауының практикалық мәні болмайды. Көп факторлы корреляциялық моделді жасаған кезде нәтижелі көрсеткішке шешуші әсер ететін тек мәнді факторларды ғана таңдау қажет, өйткені практика жүзінде барлық жағдайларды қамту мүмкін емес. Барлық факторлар сандық өлшемді болуы міндетті, бұл өлшем бірлігі болу қажет және есеп пен есептілікте олар туралы ақпарат сақталу міндетті. Сызықтық үлгідегі корреляциялық модельге нәтижелік көрсеткішпен байланысы қисықсызықтық жағдайда болатын факторларды еңгізу ұсынылмайды. Корреляциялық модельге өзара байланысты факторларды еңгізу ұсынылмайды. Егер екі фактор арасындағы қос корреляциялық коэффициенті 0,85-н жоғары болса, онда корреляциялық талдау ережеге сәйкес оның бірін шығарып тастау керек, әйтпесе бұл талдау нәтижелерін дұрыс көрсетпейді. Корреляциялық модель құрамына нәтижелі көрсеткішпен байланысы функционалдық сипатқа ие факторларды еңгізуге болмайды. Факторларды талдауда корреляциялық модель үшін үлкен көмек аналитикалық топтаулар, сызықтық графиктер, қатарласқан және динамикалық қатарларды салыстыру тәсілдері көрсетеді. Олардың нәтижесінде зерттелінетін көрсеткіштердің арасындағы байланыстың нысаны, бағыты анықталады. Сонымен қатар, факторларды талдауды Стьюдент критерий бойынша олардың маңыздылығын бағалау негізінде корреляциялық талдау теңдеулерін шешу процессінде жүргізуге болады. Жоғарыдағы талаптарға сай және факторларды таңдау тәсілдерін қолдануынан, көпфакторлы корреляциялық модельдің рентабельдік деңгейі үшін (Y) келесі факторлар іріктеліп алынған: X1 – материал қайтарымдығы, тенге X2 – қор қайтарымдылығ, тиын X3 – еңбек өнімділігі (бір жұмысшының орташа жылдық өнімділігі) X4 – кәсіпорын айналым құралдарының айналым ұзақтығы, күндер. X5 – өнім сапасының ең жоғары категориясының үлес салмағы, % Корреляциялық байланыс жеткілікті айқындықпен және толықтықпен жаппай бақылауда ғана байқалады, мәліметтерді сұрыптау көлемі көп болуы міндетті, өйткені тек жаппай бақылауда басқа факторлардың ықпал жасауы тегістеліп жатыр. Объектілер жиынтығы көбірек зерттелсе, талдау қорытындысы дәлірек болады. Талдаудың келесі кезеңі ол корреляциялық талдауда қолданылатын бастапқы ақпаратты жинау мен статистикалық баға беру. Жиналған бастапқы ақпарат дәлдікке, біркелкілікке және заңға сай тексерілуі қажет. Ең алдымен, ақпараттың анықтығына көз жеткізу, қаншалықты ол ақиқатқа талапқа сай болуын. Анық , дұрыс емес ақпаратты қолдану, талдау қорытындысының дұрыс болмауына әкеледі. Корреляциялық талдаудың шарттарының бірі – зерттелінетін ақпараттың біркелкілігі және оны орта деңгейде үйлестіру. Егер жиынтықта орта деңгейден ерекшеленілетін объектілер тобы болса, ол бастапқы ақпараттың біркелкі емес екендігін көрсетеді. Ақпараттың біркелкілік критериі орташаквадраттық ауытқу мен вариация коэффициенті болып табылады, олар әр фактор мен нәтижелі көрсеткіш бойынша есептеледі. Орташашаршылық ауытқу дербес мәндердің орташа арифметикалықтан абсолютті ауытқуын көрсетеді. Ол мына формула бойынша анықталады: Вариация коэффициенті дербес мәндердің орташа арифметикалықтан қатысты ауытқуын көрсетеді. Ол мына формула бойынша есептеледі: Вариация коэффициенті көп болған сайын, соғұрлым зерттелінетін объектілердің қатысты үлкен шашырандылығы орын алады. Қорытынды Экономикалық зерттеулерде стохастикалылығымен ерекшеленетін корреляциялық тәуекелділіктер жиі кездеседі. Корреляциялық (стохастикалық) байланыс – бұл жаппай бақылауда ғана байқалатын көрсеткіштердің арасындағы толық емес мүмкінді байланыс. Қос және көптік корреляцияны бөліп айтамыз. Корреляциялық қатынастарды зерттеу үшін келесі экономикалық зерттеудің тәсілдері қолданылады: қатарласқан және динамикалық қатарларды салыстыру, графиктер, аналитикалық топтастыру.
Бір ғана Қалжыр ауылдық округінен жылқы үйірімен жоғалып жатыр. Бірақ бүгінге дейін бірде-бір мал табылмаған. Тұрғындардың айтуынша, аудандық полиция мен прокуратура қызметкерлерінде пәрмен болғанымен, ұрлыққа келгенде дәрмен жоқ. Елдің шетінде, желдің өтіндегі Қалжыр ауылының халқы тек төрт түлікпен күнелтіп келеді. Алайда соңғы 3 жылда мал мен жаннан маза кетті. Өткен күзден бері алақандай ауылдан 75 жылқы жоғалған. Қуаныш Миязов, Қалжыр ауылының тұрғыны: - Үйірден 5 басты алып кетеді. Ауылдан қанша мал шығып жатыр. Жылда осы қайталанады. Қалжыр ауылының тұрғындарын осы ұрлық құртты. Айымгүл Ерманованың екі жылқысы екі кештің арасында қораның қасынан жоғалған. Мал иесінің айтуынша, кейбір жоғалған малдың ауылға кірген ізі бар да, шыққан ізі жоқ. Халық осыған аң-таң. Айымгүл Ерманова, Қалжыр ауылының тұрғыны: - Ұшы-қиыры жоқ недеген ұрлық?! Полицияға арыз жаздық, ешқандай нәтиже жоқ. Ауылда осы малмен күн көріп отырмыз. Халық жоғалған малды полиция қызметкерлері ізін суытпай іздеуге кіріспейтініне қынжылады. Олжас Керейхан, тілші: - Марқакөл мен Күршім өңіріндегі жылқы жыл он екі ай тебінде болады. Бірақ соңғы бірнеше жылда ұрлық көбейгендіктен, халық күндіз жайып, түнде қораға қамауға мәжбүр. Бірақ ұрылар қас пен көздің арасында қолды қылады. Аудандық полиция бөлімінің қызмектерлері: «Халық малды бақпайды, байламайды», – деп айыптап отыр. Дегенмен соңғы 2 жылда жалпы барымта 30% азайыпты. Серік Манапов, Күршім аудандық полиция бөлімінің бастығы: - Мал иелері өз малдарын қармайды, өздері жаймайды, не бақташы жалдамайды. 12 жиналыс өткіздік. Азаматтарға, тұрғындарға мал жаю мәселесін айттық. 269 мал айыппұл тұрақтарына жабылды. Оның 81-ін әкімшілік жауапкершілікке тарттық. Ұрлық-қарлықты тыю үшін полиция қызметкерлері Бұқтырма су қоймасындағы өткелге кезекшілік ұйымдастырған. Бірақ одан әзірге нәтиже болмай тұр. Авторлары: Олжас Керейхан, Аслан Төлепов Тегтер: # ШҚО # Күршім ауданы # мал ұрлығы # Ішкі істер департаменті # Қалжыр ауылы # әкімшілік жауапкершілік # Өзекті жаңалық # полиция қызметкерлері
Ол сендерді бір ғана жаннан жаратты һәм сол жан (жұбына) бауыр басып, жаны жай тапсын деп, оның өз болмысынан жұбын жаратты. Сөйтіп, екеуі көңіл қосып, ер жұбайын «бүркегенде», жұбайы жеңіл ғана жүкті болып, оны біраз уақыт көтереді. Содан ай-күні жақындап, аяғы ауырлай түскенде, екеуі Раббылары Аллаға: «Егер бізге он екі мүшесі сау перзент берсең, ант етеміз, шүкіршілік ететін құлдарыңнан боламыз!» – деп жалбарынады. («Ағраф» сүресі, 189-аят) Осылай сөз жазып отырған мен де, оны оқып жатқан сіз де бір кезде Жаратқан Хақтың қалауымен анамыздың құрсағына ендік. Оның ақиқаты Алла түсірген аятта келтірілген. Кейін біз құрсақта алғаш жетілген соң, жарық дүниенің есігін айқара ашып, жаңа мекенімізге кіріп келдік. Бәріміз де сәби болдық. Алғашқы кезде орнынан өздігінен тұра алмас қалдегі біз кейін бұғанамыз бекіп, өсіп жетілдік. Құран аятына зер салыңыз: «Біз адам баласына ата-анасына барынша жақсылық жасауды бұйырдық. Анасы оны қинала жүріп (бірнеше ай) көтерді һәм қиналып босанды. Оның ана құрсағында жатуы мен емшектен шығуы (ең кемінде) отыз айға созылады. Сөйтіп, адам баласы есейіп, (тәндік һәм рухани жағынан) кемеліне келіп, қырықтың қырқасына шыққанда: «Уа, Раббым! Маған һәм ата-анама нәсіп еткен қисапсыз нығметтеріңе лайықты түрде шүкіршілік етуді және үнемі Өзіңді разы ететін игілікті істер істеуді көңіліме ұялатқайсың! Сондай-ақ маған (иманды, ата-анасын құрметтейтін) ізгі ұрпақ нәсіп еткейсің! Расында, мен тәубе етіп, бір Өзіңе жан-тәніммен бет бұрдым. Анығында, мен Өзіңе қалтқысыз мойынсұнғандардың бірімін», – деп айтады». («Ақхаф» сүресі, 15-аят) Аятта Алла біздің құрсақтағы кезең мен одан шығып, жетілу процесін мезгілге бөліп тамаша түсіндірген. Ал аяттың екінші жартысында рухани кемел адамның өзін өмірге әкелген ата-анасына қалай дұға қылатынын айтады. «Рухани кемел» деген қандай адам? Есейген шағында ата-анасына дұға жасайтындай етіп баланы қалай тәрбиелеуге болады? Енді ойланатын сәт келді. Біле білсек, тәрбие атты мәні терең, тағылымы биік дүние екі кезеңге бөлінеді екен. Бұлар құрсақтағы және құрсақтан кейінгі кезең. Бұлар аятта анық көрсетілген. Яғни туылғанға дейінгі һәм туылғаннан кейінгі десек түсінікті шығар. Дүниеге келер біріңіздің балаңыз, біріміздің бауырымыздың баянды болашағы үшін бұл кезеңдер өте маңызды екендігін есте ұстауымыз қажет. Құрсақтағы кезең. Ең ұлы құдірет Иесінің пәрменімен жаратылып, кішкентай жүрегіне жан біткеннен соң жарық әлемге шығатын сәтке дейін анасының құрсағында болатын әрбір сәби біз үшін бағасы жоқ құндылық болуы қажет. Бұл қалай? Мәселен, арамыздағы кез-келгеніміздің бір қымбат бұйымымыз бар делік. Біз оны көптің көзінен таса, қауіпсіз таза жерде ұстаймыз. Оған тазалық жасап, қай кезде болмасын барынша байыппен қарауға тырысамыз. Міне, сәби де сол сияқты. Ол да құнды. Тіпті, келтірілген мысалдан да бағалы. Ақиқатында біз сол бөбектің сау өсіп, аман жетілуін, ата-анасын ардақтап, бауырларын басқадан артық көріп тұрар азамат болуын қалаймыз. Ал, біз қалаған сол баланың келешекте елінің ертеңі болар ер жігіт не бойжеткен атануын қаласақ, оның пайда болған кезінен бастап іске көшуіміз керек. Құрсақтағы сәбиге берілетін тәрбиені талдап түсіндіретін ғылыми дәлелелдер жетерлік. Мәселен, өткен ХХ ғасырдың 70-ші жылдарына дейін жүктілік кезінде басты назар балаға емес, ұрыққа аударылды. Сол үшін олар әлі туылмаған балаға жеке тұлға емес, өзіндік талғамы мен мүмкіндіктері жоғары адам ретінде қарайды. Сондықтан қазіргі көп ата-аналар ұрықты белсенді дамытуға көп көңіл бөледі. Ал әлі туыла қоймаған құрсақтағы баланы тәрбиелеуді көп ата-аналар абсурд дүние деп санайды. Басқалары болса бұған басты назар аударады. Есіңізде болсын! Кішкентай заттың (крохи) пайда болуы үшін алдын-ала бір ғана физикалық тұрғыдан емес, сондай-ақ психологиялық тұрғыдан дайындалуыңыз керек. Сіз жүктілік кезеңінде балаңыздың дүниеге аман-есен келуін тілеп, адал ниетпен оған көңіл бөлуіңіз қажет. Ал өмірге келуін асыға күтіп, іңгәлаған даусын естуді қуана арман еткен ата-ананың баласы емін-еркін туылып, емін-еркін өсетін болады. Ондай балалар келешек өмірінде сондай ашық, жетістікке ие, өмірге риза адамдар боп қалыптасады. Құрсақтағы баламен байланыс орнатудың екі бағыты бар. Біріншісі – түстер терапиясы. Бұл бағытта жүкті ана балаға қоршаған ортаның табиғи иісін сезіп, түсін көру секілді нығметтері арқылы әсер ете алады. Екінші бағыт – ананың әлемге эмоцианалды тұрғыда қарап, бақыт гормонын бөлу арқылы жүреді. Баланың орталық жүйке жүйесін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін: жүкті ана эмоциясына мән беруі қажет. Нәрестені құрсақта тәрбиелеу кезінде оның анасы құр бос жүріп, іш пыстырарлық нәрселермен айналыспағаны жөн. Керісінше, ол іштегі сәбиді қуантатын амалдарды жасау қажет. Анасы би билеп, кесте тігумен айналысса да өз еркі. Тек қарапайым дүниелермен шұғылданбаса болғаны. Ғалымдардың пікірі бойынша, жүкті әйелді қызықтыратын кез-келген өнер, музыка немесе кескіндеме сынды дүниелер бастысы, іште дамып жатқан ұрықтың (баланың) физикалық жағдайының жақсарып, физикалық белсенділікке ие болуына оң әсер етеді. Спортпен айналысудың да, балаға пайдасы мол. Мәселен гимнастика, жүзу сынды спорт түрлері жүкті анаға жақсы сәйкес келеді. Ал, оны босанғанға дейін жасаса, баланы ойдағыдай босана алады. Ал йоганың пайдасы ол байламдарды созып қана қоймай, жүкті ананы физикалық тұрғыда дайындап, оның ішкі жағдайын қалыпқа келтіреді. Дегенмен біз осы орайда намаз деп аталатын «рухани медитаияның» жүкті анаға әсерін баса айтқымыз келеді. Намаз – бұл ұлы құлшылық, Жаратқанмен байланыс. Оның рухани һәм физикалық та пайдасы бар екенін ұмытпағанымыз жөн. Назарыңызға жүкті әйел үшін намаздың 7 пайдасын ұсынамыз: Тазалық сақтау үшін дәрет алу. Дәрет алудың өзіндік қағидалары бар: ол алдымен қос қолды жуу, кейін ауыз бен мұрынды шаю (3 рет), содан соң бетті жуып (3 рет), қолдарды шынтаққа дейін жуу (3 рет) бас пен құлақты дымқыл қолмен сипау (мәсіх тарту) және ең соңында аяқты башпайларымен қоса жуу. Неліктен бірінші кезекте қолды жуу керек? Мәселе мынада, микробтардың таралуын болдырмау үшін қолдарыңыз таза болуы керек. Жүктілік кезінде тазалық сақтап, микробтан қорғану маңызды. Бұл иммундық жүйеге жақсы әсер ететін қосымша қорғаныс қабатын жасауға көмектеседі. Жүктілік кезінде аурудың басталуын тудыратын бактериялар мен вирустар аналарға ғана емес, сонымен қатар әйелдің іш қуысында өсіп келе жатқан ұрыққа да әсер етеді, ең қауіптісі бұл өлімге әкелуі мүмкін. Дегенмен жеке гигиенаны үнемі сақтау арқылы мұның алдын алуға болады. Сырт сымбат пен тепе-теңдікті жақсарту үшін тәкбір алып, қиямда тұру. Егер сіз йогамен таныс болсаңыз, онда тәкбір сізге тау тұрысын (поза) еске түсіреді. Тәкбір мен қиям өзінің мен тепе-теңдік артықшылықтарымен танымал. Жүктілік кезінде, әсіресе үшінші триместрде қозғалыстағы кейбір шектеулерге байланысты дұрыс тепе-теңдік тұрысты сақтау қиын. Дегенмен, тәкбір – бұл кез келген адам, соның ішінде жүкті әйелдер де оңай жасай алатын қарапайым қимыл. Бұл қимыл сонымен қатар жоғары қан қысымын жақсартуға көмектеседі, бұл преэклампсия белгілерінің пайда болуын болдырмауға көмектеседі. Тәкбір астма және жүрек аурулары бар науқастардың әл-ауқатын жақсарту үшін де қолайлы. Рукуғта тұрып, бұлшық етті созу. Алдымен қос қолды тізеге қойып, дәл сол күйде басты арқамен бір түзу қатарда ұстаңыз. Тізені жақсылып ұстаған қолдарды бүкпей, денені тіреп тұру керек. Бұл тұрыс 90 °C-та болса дұрыс шығады. Дәл осы қимыл йогада алға иілу ретінде белгілі. Рукуғтың қандай кереметі бар? Қол омыртқаның төменгі бөлігіне өте пайдалы, сондай-ақ бұл жиі арқа ауруымен ауыратын жүкті әйелдерге жақсы. Сонымен қатар, іш қату – жүктілік кезінде әйелдерде кездесетін тағы бір мәселе. Қол арқылы рукуғта тұру іш бұлшықеттерін қатайтумен ішектің жұмысын жеңілдетіп, оны әлдеқайда жақсартады. Ми мен жүйке жүйесін жақсарту үшін сәжде жасау Сәжде – Жаратқанмен жасайтын қарым-қатынаста орны ерекше құлшылық саналады. Ардақты Пайғамбарымыз: «Алланың құлына жақын болатын кезі – сәждеге барған сәт», – деген. Сәжде құбылаға қараған күйде екі алақан мен маңдайды жерге (бас тиетін орын) тигізу арқылы жасалады. Сол кезде Алланы «Субхана Роббиәл ә’лә» деп кемшілік атаулыдан пәктейсіз (парыз, сүннет, уәжіп намаздарда). Ал нәпіл құлшылық кезінде сәждеде жатып кешірім сұрап, дұға қылсаңыз орынды. Расында дәл осы қимыл түрі жүкті әйелдер үшін ең маңызды саналады. Бұл әсіресе дәрігердің қабылдауында баланың әлі дұрыс позицияны қабылдамағаны белгілі болған кезде пайдалы. Құрсақтағы сәбидің қаліне әртүрлі факторлардың әсері болуы мүмкін, ал сәжде жасау балаға көбірек қозғалуға мүмкіндік береді. Сәжде жасау мойын бұлшықеттерін қозғалтып, жерден басты көтергенде миға тыныштық сыйлайды. Сондай-ақ намаз оқитын бұл қимылды көп жасағандықтан арқа бұлшықеттері қатаяды. Сол себепті арқа аурулары да болмайды. Адамның денесінен шығатын электромагниттік сәулелердің күшін жоюға көмектесетін құрал да осы – сәжде. Ғалымдар сәжде еткен кезде жердің гравитациясы өзіне барлық зиянды сәулелер мен толқындарды тартатындығын дәлелдеген. [1] Сонымен қатар, сәжде бас пен миға қан ағымын жақсартуға көмектеседі. Әрі бұл қимыл қан арқылы тасымалданатын оттегі ми мен жүйке жүйесінің жұмыс істеуі үшін өте маңызды. Метаболизмді жақсарту үшін «әт-тахият» отырысы Жүктілік кезінде, әсіресе үшінші триместрге жақындағанда, аяқ пен табан ісінген кезде, әт-тахият жасау қиын болуы мүмкін. Бірақ күш-жігер жұмсып осы қимылды жасасаңыз, оның пайдасы соған тұрарлық болады. Жүктілік кезінде дененің дұрыс метаболизміне (зат алмасу) кедергі келтіруі мүмкін көптеген факторлар бар. Ал намаз кезінде әт-тахиятта отыру жағымсыз белгілерді жеңілдетуі мүмкін. Сондай-ақ бұл отырыс ас қорытуды тездетуге және ішек жұмысын жақсартуға, іш қату қаупін азайтуға көмектесетінін білесіз бе? Әт-тахият тоқ ішектің жиырылуын жақсарту үшін пайдалы. Сонымен қатар, осынау отырыс ағзаның токсиндерден табиғи жолмен құтылуына әсер етеді, өйткені ол бауыр жұмысын жақсартады. Сәлем беру – қарапайым релаксация жаттығуы Күйзеліске түсіп, шаршағанда әдетте не істейсіз? Көптеген адамдар автоматты түрде иығына және мойнына массаж жасай бастайды. Мұның себебі – нерв жолдары тамақ пен мойыннан иыққа өтеді. Екі жаққа сәлем беру – бұл жүйке жүйесін, сондай-ақ иық пен арқадағы бұлшықеттерді босаңсытуға арналған қарапайым жаттығу. Жүктілік кезіндегі бас ауруы мен мигрень – екі қабат әйелдердің көпшілігінде кездесетін мәселе. Дәл осы сәтте олар ауырсынуды басатын дәрілерді қабылдай алмайды. Ал, бұл мәселені шешуге басты алдымен оң, сосын сол жаққа бұру әдісі септігін тигізеді. Оның үстіне намаз оқушы жан сәлемді екі иықтағы періштеге береді. Бұл әрі рухани әрі физикалық жақтан пайдалы қимыл саналады. Сәлем беру сондай-ақ мойындағы нервтердің кернеуі мен бас ауруы және мигреньді жеңілдетуге көмектеседі. Намаз арқылы психиканың қал-ақуалын сақтау Жоғарыда айтқанымыздай, намаз тек физикалық дене саулығына ғана емес, ақыл-сананың саулығына да өте пайдалы. Жүктілік кезінде сіз стрессті сезінбеуіңіз керек. Намаз өтеу адамды шыдамдылыққа, сабырлылыққа және шүкіршілікке үйретеді. Мұндағы кей дүние йогада да кездеседі. Сонымен қатар, намазда орындалатын барлық жаттығулар эмоционалды және психикалық денсаулықты сақтауға көмектеседі. Кейбір ғылыми зерттеулерде депрессиядан зардап шегетін адамдар «бақытсызбын» деп бас ауыртпай, Құдайға бет бұрып, көбірек шүкір ету керектігі көрсетілген. [2] Дәрет алып тазарудан сәлем беруге дейінгі жүктілік кезіндегі намаз әйел баласының физикасына орасан зор пайда береді. Егер жүктілік кезінде қандай да бір қиындықтарға тап болған әйел намаз оқыса, ерекше мол сауап алумен қатар денсаулығын да реттей алады. Құрсақтағы баламен байланыс Құрсақтағы тәрбие кезінде көбінесе қарым-қатынасқа назар аударылады. Сіз іштегі баламен жиі сөйлесіңіз, ішіңізді ақырын сипап, балаңызды тыңдаңыз. Уақыт өте келе ол да сізге белгілі бір қимылмен немесе аяғының соққысымен жауап бере бастайды. Негізінен түрлі дыбыстар құрсақтағы даму процесі кезінде үлкен маңызға ие. Мәселен, бесік жырын айту. Оны айтуға жалғыз ана емес, сәбидің әкесі де ат салысуы қажет. Ана дауысы мидың дамуына, жүрек жүйесіне, қол моторикасына оң әсер етеді, әкесінің дауысы аяқтың моторикасына әсер етеді. Ата-анасы туылғанға дейін де көңіл бөлген балалар жеңіл әрі оңай өмірге келетін болады дейді ғалымдар. Олардың есте сақтау қабілеті жақсы әрі ақыл-ойлары да жоғары деңгейде жетілетін болады. Жүктіліктің 35-ші аптасынан бастап, іштегі бала ойнап тұрған әуенді нақты есте сақтай бастайды. Ал, бұл кезеңде сіз де ұйқыға жатар алдын Құран тыңдасаңыз, бұл іштегі нәрестенің де тыныш демалуына әсер етеді. Сондай-ақ жанға жайлы күй мен даңзаға емес жайлы әуен тыңдау да көңіл-күйге әсер ететінін ескерген жөн. Ал құрсақтағы балаға анасының көңіл-күйінің әсері барын ұмытпаған абзал.
Эразмус+ – Еуропалық Одақтың білім беру мен оқыту, спорт және жастар саясаты салаларындағы академиялық ұтқырлыққа, әріптестікке, жобаларға қолдау көрсетуге бағытталған 2014-2020 жж. арналған жаңа бағдарламасы. Ағылшын тіліндегі толық ақпаратты мына сайттан көруге болады: http://ec.europa.eu/programmes/erasmus-plus/index_en.htm. Эразмус+ бағдарламасы білім беру мен оқыту жүйесінің тұрақты дамуы мен жаңартылуына, спорт және жастар саясатын дамытуға қолдау көрсетуге, сондай-ақ азаматтардың қабілеттерін арттыру арқылы олардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған. Жаңа бағдарлама адами потенциалға салынатын инвестициялар көлемін айтарлықтай арттыруды көздеп отыр. Бұл бағдарлама 2007-2013 жылдарда жұмыс істеген Өмір бойы білім алу бағдарламасы (Эразмус, Леонардо да Винчи, Комениус және Грюндтвиг), Жастар іс-қимылы, бес халықаралық ынтымақтастық бағдарламалары (Эразмус Мундус, Темпус, Альфа, Едюлинк және өнеркәсіп дамыған елдермен ынтымақтастық бағдарламасы) сияқты бағдарламалардың біріктірілуінен жасалған. Еуропалық Одақтың негізгі бастамаларының мұндай бірлестігі Бағдарламаның құрылымын ұтымды етуге ықпал етеді, алдағы уақытта гранттарға өтініш беру барысын жеңілдетеді, қаржы құралдарын қолдану тиімділігін арттырады және қайталауларды болдырмауға, қолданыстағы бағдарламалардың бөлшектенуін болдырмауға ықпал етеді. Бағдарламаның Халықаралық өлшемі (яғни серіктес елдермен әріптестік) әріптестік мүмкіндігі бар жоғары білімге, жастар саясаты саласына басым көңіл бөледі. Жоғары білім беруде екі бағдарлама (Бірлескен магистерлік дәреже және Жан Моне бағдарламасы) ЕО ішкі бюджетінен қаржыланады. Басқа екі бағдарлама (кредиттік тұтастық және мүмкіндіктерді арттыру)сыртқы әріптестікті дамыту қорынан қаржыланады. Эразмус+ бағдарламасы бойынша толық ақпаратты Сіз Эразмус+ бағдарламасы туралы нұсқаулықтан таба аласыз. Posted on 29.04.2015 29.04.2015 Author adminАйдар Халықаралық бағдарламалар Post navigation Previous Previous post: Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» Халықаралық стипендиясы Next Next post: TEMPUS project QUEECA http://journals.id/ojs/pages/slot-gacor/https://novosite.fsh.edu.br/wp-includes/assets/slot-gacor/https://nip.qau.edu.pk/wp/.tmb/slot-gacor/https://jocatia.acata.org/js/-/slot-gacor/http://adversus.org/revista/files/journals/slot-pulsa/https://ojs.isjn.or.id/files/journals/slot-gacor/https://dev.market.inixindojogja.co.id/blog/wp-includes/sitemaps/slot-gacor/https://amaraimusi.sakura.ne.jp/actiestim/wp/wp-includes/slot-dana/https://sncollegenattika.ac.in/c1/slot-gacor/https://fpok.upi.edu/wp-includes/certificates/ http://bdi-dr.cua.uam.mx/wp-includes/slot-gacor/https://www.akademik.interstudi.edu/pasca/.well-known/http://mpet.ifam.edu.br/.well-known/http://psychomed.crpitalia.eu/slot-gacor/https://sblab.sastra.edu/.well-known/slot-gacor/https://vestnikazgik.tmweb.ru/templates/slot-gacor/http://fls.herzen.spb.ru/wp-content/slot-pulsa/
Серіктестік вагондардың және олардың тораптарының жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында замануи технологияларды қолданумен сипатталады «Қамқор Вагон» ЖШС Серіктестік вагондардың және олардың тораптарының жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында замануи технологияларды қолданумен сипатталады «Қамқор Вагон» ЖШС Серіктестік вагондардың және олардың тораптарының жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында замануи технологияларды қолданумен сипатталады «Қамқор Вагон» ЖШС Серіктестік вагондардың және олардың тораптарының жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында замануи технологияларды қолданумен сипатталады
Төлежан Тұрсынұлы Барлыбаев Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан, Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды; Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды; Алмат Дәкібайұлы Айдарбеков Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды. Кері қайту Заңдар 2022 жылғы 24 қараша Мемлекет басшысы «Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің көрсетілген саладағы заңнамасын үйлестіру мақсатында жүзеге асыру қағидаттары мен тәсілдері туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға ресми сапары аясында мынадай құжаттарға қол қойылды:
Электр энергиясын тұрмыстық қажетіне қолданатын тұтынушылар ға арналған электрмен жабдықтаудың үлгілік шарты № Орал қ._______ж. Ары қарай «Сатушы» деп аталатын «Батыс Энергоресурсы» ЖШС тұтынушыларды электрмен жабдықтауды 23.02.2012 жылы берілген № 000767 Мемлекеттік лицензиясына сәйкес жүзеге асырушы, бас директоры Галиметденова Д.Е., Жарғыны негізге ала отырып қызмет етуші, бір жағынан, ары қарай «Тұтынушы» немесе оның Өкілі деп аталатын__________________________p;атынан _____________________________________, ______________ негізге ала отырып қызмет етуші,бұдан әрі Тараптар деп аталатындар төмендегілер туралы осы электрмен жабдықтау шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты: 1-тарау. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар 1. Осы Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) есептік кезең – тұтынылған электр энергиясы есепке алынатын және тұтынушыға төлеу үшін ұсынылатын электрмен жабдықтау шартымен айқындалатын уақыт кезеңі; 2) тұрмыстық тұтынушы – электр энергиясын тауарларды, жұмыстарды өндіруге (сатуға) және көрсетілетін қызметтерді ұсынуға байланысты емес өзінің тұрмыстық мұқтаждары үшін пайдаланатын жеке тұлға; 3) коммерциялық есепке алу аспабы – электр қуатын, электр энергиясын коммерциялық есепке алуға арналған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген техникалық құрылғы; 4) электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесі – электр энергиясы мен қуаты шығынын анықтауға арналған коммерциялық есепке алу құралдарының жиынтығы (электр энергиясын есептеуіш, ток пен кернеудің өлшеу трансформаторлары) және өзара белгіленген схема арқылы жалғанған құрылғы (коммутациялық аппарат); 5) электр энергиясын сату нүктесі – энергиямен жабдықтаушы ұйыммен электр энергиясын беру туралы шарты бар энергия беруші ұйымның жауапкершілігі шекарасында орналасқан нүкте. Осы Шартта қолданылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының электр энергетикасы мен табиғи монополиялар саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады. 2-тарау. Шарттың мәні 2. Сатушы сату нүктесіне дейін Тұтынушыға электр энергиясын беруге міндеттенеді, ал Тұтынушы осы Шарттың тәртібі мен талаптарына сәйкес тұтынған электр энергиясы үшін ақы төлеуге міндеттенеді. 3. Шарт Тұтынушымен оның Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен энергия беруші ұйымның желісіне тікелей қосылған жабдығы мен коммерциялық есепке алу аспаптары болған жағдайда ғана жасалады. 3-тарау. Тұтынылатын электр энергиясын есепке алу 4. Сатушы берген және Тұтынушы қабылдаған электр энергиясының көлемі коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткішімен, ал олар болмаған немесе уақытша бұзылған кезде – есептік жолмен анықталады. 5. Коммерциялық есепке алу аспаптарының саны осы Шартқа қосымшаға сәйкес коммерциялық есепке алу аспаптарының тізбесінде көрсетіледі. 6. Коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алуды Сатушының немесе энергия беруші ұйымның өкілдері сағат 21-00-ден кешіктірмей жүргізеді. Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелерін пайдалану кезінде көрсеткіштерді қашықтықтан алуға кез келген уақытта жол беріледі. Коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алу кезінде Тұтынушының өзіне-өзі қызмет көрсетуіне жол беріледі. Көрсеткіштерді алу және төлем құжаттарын төлеу кезінде Тұтынушы жіберген қателерді Сатушы және (немесе) энергия беруші ұйым олардың анықталуы бойынша алты айдан аспайтындай мерзім ішінде есепке алады. 4-тарау. Электр энергиясы үшін ақы төлеудің тәртібі 7. Тұтынушы төлемді Сатушы берген төлем құжаты негізінде есептік айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей жүргізеді. Есептік кезең бір күнтізбелік айды құрайды. Смарт-картасы бар коммерциялық есепке алу аспаптарын қолдануға негізделген электр энергиясының автоматтандырылған коммерциялық есепке алу жүйесі болған жағдайда, Тұтынушы тұтынған электр энергиясы үшін төлемді төлем құжатынсыз өз бетінше анықтаған көлемде өтейді. 7-1. Егер тұтынушы электрмен жабдықтау шартының талаптарын бұзғаны үшін ажыратылса, онда оны қосуды энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым тұтынушының бұзушылықтарды жоюды және қосу үшін қызметке ақы төлеуді растайтын құжаттары қоса берілген өтінішін бергеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүргізеді. 7-2. Тұтынушылар төлем құжаттарын пошта байланысы, интернет-ресурсы арқылы, энергиямен жабдықтаушы ұйымның персоналы немесе бірыңғай есеп айырысу ұйымы арқылы алады. Осы Шарттың акцептінде тұтынушының жазбаша келісімі болған жағдайда, төлем құжаттарын және қарыздардың болуы туралы хабарламаларды интернет-ресурс немесе бірыңғай есеп айырысу ұйымы арқылы ғана алуға жол беріледі. 7-3. Электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспабын электр желісінің теңгерімдік тиесілік шекарасынан тыс орнатқан жағдайда, электр желісінің теңгерімдік тиесілік шекарасынан электр энергиясының коммерциялық есепке алу құралдарын орнатқан жерге дейінгі учаскедегі электр энергиясының шығындары шарт негізінде теңгерімінде желінің көрсетілген учаскесі тұрған иегердің меншігіне жатқызылады және Тұтынушының келісімі бойынша энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның есептік жолымен анықталады. 7-4. Тұтынушылар кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын Шарт акцептінде көрсетілген тәсілдермен (электрондық пошта, факс, пошта жөнелтілімі, қысқа мәтіндік хабарлама, мультимедиялық хабарлама, қолданыстағы мессенджерлермен) электр энергиясын жеткізуді тоқтату (шектеу) туралы хабарлама алады. 8. Жаңа тарифтерді қолданысқа енгізу Тұтынушыларға 3 (үш) күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы алдын ала хабарлағаннан кейін жүзеге асырылады және осы Шартты қайта жасасу үшін негіз болып табылмайды. 5-тарау. Тұтынушының құқықтары мен міндеттері 9. Тұтынушы: 1) жасалған Шартқа сәйкес электр энергиясын алуға; 2) электр энергиясын оған қажетті мөлшерде пайдалануға; 3) жасалған Шарттың талаптарына сәйкес энергия өндіруші, энергия беруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан электр энергиясын жеткіліксіз жеткізуден немесе сапасыз жеткізуден келтірілген нақты залалды өтеуді талап етуге; 4) Шарт жасасуға және оны орындауға байланысты даулы мәселелерді шешу үшін сотқа жүгінуге; 5) тұтынылған электр энергиясы үшін оны тұтыну көлеміне қарай сараланған тарифтер бойынша ақы төлеуді жүргізуге; 6) Сатушыны күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын хабардар ету және тұтынылған электр энергиясы үшін толық ақы төлеу талабымен Шартты біржақты тәртіппен бұзуға; 7) тұтынылған электр энергиясының көлемі бойынша есептеулерді егжей-тегжейлі түсіндіре отырып, төлем құжатын Сатушыдан талап етуге; 8) қызмет көрсетуші энергиямен жабдықтаушы ұйымды жаңа энергиямен жабдықтаушы ұйымға ауыстыруға құқылы. 10. Тұтынушы: 1) электр энергиясын сатып алу-сату Шартында айқындалған энергия тұтыну режимдерiн сақтауға; 2) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесiндегi электр энергиясының стандарттық жиiлiгiн ұстап тұруға бағытталған нормативтiк талаптарды орындауға; 3) жасалған Шартқа сәйкес босатылған, берiлген және тұтынылған электр энергиясының ақысын уақтылы төлеуге; 4) энергиямен жабдықтаушы және энергия берушi ұйымдардың жұмыскерлерiн коммерциялық есепке алу аспаптарына, сондай-ақ мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi органның жұмыскерлерiн, жергілікті атқарушы органдардың уәкілетті өкілдерін электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйiн және пайдалану қауiпсiздiгiн бақылауды жүзеге асыру үшiн жiберуге міндетті. 6-тарау. Сатушының құқықтары мен міндеттері 11. Сатушы, энергия беруші ұйымды қатыстыру арқылы: 1) төлем болмаған, сондай-ақ Шартта белгіленген мерзімде электр энергиясы үшін толық төленбеген жағдайда кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын Тұтынушының шарт акцептінде (электрондық поштамен, факспен, пошта жөнелтілімімен, қысқа мәтіндік хабарламамен, мультимедиялық хабарламамен, қолданыстағы мессенджерлерді пайдалану) көрсетілген тәсілдермен Тұтынушыны хабардар ете отырып, электр энергиясын беруді толық немесе ішінара тоқтатуға; 2) Шартты жасаумен немесе орындалуымен байланысты даулы мәселелерді шешу үшін сотқа жүгінуге құқылы. 12. Сатушы: 1) жасалған Шартқа сәйкес электр энергиясын беруге; 2) Тұтынушыға келтірілген нақты залалды толық көлемде өтеуге; 3) Тұтынушыға хабарлама жіберу фактісін растауға мүмкіндік беретін тәсілмен электр энергиясы үшін төлемегені немесе толық төлемегені үшін электр энергиясын беруді тоқтата тұрғанға дейін кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын Тұтынушыны хабардар етуге; 4) Тұтынушыны электрмен жабдықтау қызметтерінің тарифтері, олардың өзгеруі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында кемінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабарландыру орналастыру жолымен, сондай-ақ төлем құжаттарындағы осы өзгерістер туралы ақпаратты көрсете отырып хабардар етуге; 5) Тұтынушыдан өзіне берілген электр энергиясы үшін өз кассалары арқылы, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төлемдерді қабылдауды қамтамасыз етуге міндетті. Тұтынушыдан өзіне берілетін электр энергиясы үшін интернет-ресурстар немесе терминалдар, төлем агенттері, төлем ұйымдары сияқты қосымша көздер арқылы төлемдер қабылдауға жол беріледі; 6) тұтынылған электр энергиясы үшін төлем құжатын Тұтынушыға ай сайын ұсынуға; 7) энергия беруші ұйымдар тарапынан жабдықты жөндеу және жаңа тұтынушыларды қосу бойынша жоспарлы жұмыстарды жүргізуге байланысты электр энергиясын берудің жоспарлы тоқтатылғаны туралы Тұтынушыны ажыратқанға дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірмей хабардар етуге; 8) табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісілген тарифтер бойынша электр энергиясын беруге міндетті. 7-тарау. Тараптардың жауапкершілігі 13. Электрмен жабдықтау Шарты бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, тараптар нақты келтірілген зиянды өз еркімен өтеуге немесе келіспеген жағдайда сот шешімі бойынша өтеуге міндетті. 14. Тараптар форс-мажор (зілзалалар, әскери әрекеттер, террористік актілер) жағдайларынан туындаған, сонымен қатар тараптардың еркінен тыс болған түрлі (электр беру желілерінің және басқа жабдықтардың зақымдалуы немесе ұрлануы) жағдайларда электр энергиясын берудегі үзілістер үшін материалдық жауапты болмайды. 8-тарау. Қорытынды ережелер 15. Шарт Тұтынушы қосылған желіге нақты қосылған сәттен бастап жасалған және бір жыл мерзімге жарамды болып есептеледі. Тараптардың бірінің мерзімнің аяқталуы туралы Шартты тоқтату немесе өзгерту туралы өтініші болмаған кезде, ол белгіленбеген мерзімге және оны жасасу кезінде Шартта көзделген талаптарда ұзартылған болып есептеледі. 16. Осы Шарттың талаптарын орындауға байланысты Сатушы мен Тұтынушы арасындағы барлық даулы мәселелер туындаған жағдайда, Сатушы 3 (үш) жұмыс күні ішінде даулы мәселені өз еркімен шешу үшін Тұтынушыға хабарлайды. 17. Шартқа тараптардың келісуімен енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар Шарттың ережелеріне қайшы келмеуі тиіс, олар қосымша келісім түрінде ресімделеді, тараптардың уәкілетті өкілдерінің қолы қойылып, заңнамада белгіленген тәртіп бойынша ресімделеді.
Астана, BAQ.KZ. Ғимаратқа 30 жылдың ішінде алғашқы рет жөндеу жұмыстары жасалған. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды. Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, жалпы құрылыс жұмыстарымен қатар, ғимараттың қасбеті жөнделді, сондай-ақ әрлеу және сырлау жұмыстары жасалды. «Перзентхананы күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 203 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Жұмыстар шілде айында басталды. Мердігер – «Су НВК» ЖШС», — деп жазылған хабарламада. Бұған қоса, қалалық мәслихаттың депутаты Николай Арсютин өз есебінен кіші ота залына жөндеу жүргізу үшін 1,2 миллион теңге қаржылай көмек көрсетті. Сондай-ақ, «Екібастұздың болашағы үшін» қоғамдық бірлестігі перзентхананың қасбетін сырлауға сегіз миллион теңге қаржы бөлді. Перзентханаға екі наркоз аппараты және бес тыныс алу аппараты, екі жүк лифті сатып алынды. Екібастұз перзентханасы мен Баянауыл ауданының жүкті және жаңа босанған әйелдеріне медициналық көмек көрсетеді. Перзентхана 105 төсекке есептелген. Ағымдағы жылдың 11 айында перзентханада 2000-нан астам нәресте дүниеге келді. Соңғы үш жылда және 2018 жылдың 11 айында Екібастұз өңірі бойынша ана өлімі тіркелген жоқ.
Ғылыми-практикалық конференцияларға, шығармашылық конкурстарға, семинарларға, дөңгелек үстелдерге, әртүрлі деңгейдегі педагогикалық оқуларға қатысу; мерзімді басылымдардағы, бұқаралық ақпарат құралдарындағы ғылыми-әдістемелік материалдар жарияланымдарының көшірмелері; Документы, свидетельствующие о научно-методической деятельности педагога: участие в научно-практических конференциях, творческих конкурсах, семинарах, круглых столах, педагогических чтениях различного уровня; копии публикаций научно-методических материалов в периодической печати, средствах массовой информации; Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1300008678 Презентациялар 45minut.kz Редакцияның семинардағы презентациясы. 2012-2013 жұмыс нәтижесі. Презентация және 2014 жыл жұмыс жоспары, Интернетте жұмыс істеудің ережелері Презентациялары жарияланды. Қарап танысыңыздар. Хабарландыру English Ағылшын тілі Бастауыш сынып Баяндамалар Биология География Жаңа сабақтар Жаңа сабақтар Информатика История Математика Мектепке дейінгі ұйым Мероприятия Начальные класссы Новости Психология Русский язык и литература Сызу және бейнелеу пәні Тарих пәні Технология Тәрбие сағаттары Физика Филология Филология (тілдер) Хабарландыру Химия диля сер Ғылыми жобалар Өзін-өзі тану пәні
АСТАНА. ҚазАқпарат – Президент сайлауына кандидат Қарақат Әбден БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Бүгін өмірімде маңызды қадам жасадым. Президенттікке кандидат ретінде тіркеліп, куәлік алдым. Осы орайда маған қолдау танытқан жандарға алғыс айтамын. Сондай-ақ, менің штабым және кәсіби әлеуметтік жұмысшылар бірлестігіне ризашылығым шексіз. Бүгінде сайлауалды бағдарламам дайын. Таяуда көпшілікке таныстырамын», - деді Қарақат Әбден ОСК-да өткен баспасөз мәслихатында. Сондай-ақ, кандидат үгіт-насихат жұмысына дайындық барысына тоқталды. «Иә, үгіт-насихатқа дайындалуға уақыт аз. Дегенмен заң бар. Саясаткер кез келген жағдайға дайын болуы тиіс. Еліміздің барлық өңірінде штаб жұмыс істейді. Барынша тырысамыз. Сайлауалды үгіт-насихат жұмысын жоғары деңгейде ұйымдастырамыз, оған сенімдімін. Мен бұл мүмкіндікті көп күттім. Себебі мен алға қойып отырған мәселелер жоғары деңгейде қаралуы керек. Менің әйел кандидат ретінде тіркеліп, трибунада сөйлеп тұрғанымның өзі біраз дүниеден хабар береді. Елімізде гендерлік тепе-теңдік бар. Әрине, жеңіске ұмтыламын және өзіме сенімдімін», - дейді ол. Бұған дейін хабарлағанымыздай бүгін орталық сайлау комиссиясы Қарақат Әбденді президент сайлауына кандидат ретінде тіркеді.
Өзбекстанның Наманган облысындағы Гова ауылында 14 қазанда салмағы 300 келі болатын қоңыр аюды атып тастады, деп хабарлайды centralasian.org. Наманган облысындағы эко-белсенді Марат Наумовтың айтуынша, қоңыр аюдың Гова ауылында жүргені туралы облыстық басқармаға хабарланған, бірақ мекеме ешқандай шара қолданбаған. "Аюды күні бойы қорада қамауда ұстады. Басшылық оны ұйықтатып, сосын тауға апарып тастауды, болмаса хайуанаттар бағына тапсыруды ұсынған. Бірақ облыста аюды ұйықтататын дәрі табылмады. Сосын екі аңшы аюды атып тастаған" деді Наманган облысы аңшылар бірлестігі төрағасының көмекшісі Анваржон Достонов. "Қоңыр аюды Гова ауылының тұрғыны Гүлбахор Миразахмедова көрген. Аю оның ауласында екі аяғымен тік тұрған. Әйел оған тас лақтырған соң, аю қораға қашып кірген. Тұрғындар оның есігін жауып, жарты күн күткен. Сосын екі аңшы келіп, оны атып тастаған" деді эко-белсенді. Қоңыр аю Халықаралық қызыл кітапқа енгізілген. "Өзбекстанда 200-250 қоңыр аю бар. Қазір одан да аз. Қоңыр аюды Тянь-Шань аюы деп те атайды. Қоңыр аюды өлтіруге тыйым салынған". Өзбекстанда үкімет қаулысы бойынша, қоңыр аюға зиян тигізгендерге 840 мың сум (шамаен 90 доллар) айыппұл салынады.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған келесі электронды өнімдерді (IP: 77.245.105.165) - қазақ тілін үйренуге бағытталған «Tilqural.kz», «Abai.institute», «Tilmedia.kz», «Balatili.kz» порталдары; - сөздік қорды байытуға бағытталған «Emle.kz», «Тermincom.kz», «Sozdikqor.kz», «Qazcorpora.kz» порталдары; - барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген «Qujat.kz»порталы; - жер-су атаулары жинақталған ономастикалық «Atau.kz» базасы; - еліміздегі латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін «Qazlatyn.kz» (портал және конвертер) ұлттық порталы;
Қазақстанда алдағы оқу жылында оқушыларға мектеп формасын кию міндеттелмейтін болады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты. «Мектеп формасы түсінігінің өзі, оның қағидаты мен талаптары ешқайда жоғалып кетпейді. Бірақ біз бұл бұйрыққа арнайы тармақ енгіземіз. Яғни ол тармаққа төтенше жағдай, карантин, шектеу шаралары мен басқа да форс-мажор жағдайлар жатады. Дәл осындай жағдайларда балаларға классикалық іскерлік киіммен келуге рұқсат береміз», - деді Асхат Аймағамбетов форматта өткен кездесуде. Министрдің сөзінше, егер ата-аналарда қазіргі уақытта мектеп формасын алуға жағдайы болмаса балаларға қарапайым классикалық киім алып беруге болады. «Осындай шешімді біз қабылдадық. Қазіргі жағдайда бұл шешімнің маңызы зор деп есептейміз. Мұны кеңес сипатында емес, Білім және ғылым министрлігінің әділет органдарында тіркеген бұйрығы негізінде жүргізіп жатырмыз. Шешімнің нормативті-құқықтық құжат ретінде сипаты болуы керек», - деді ол. Асхат Аймағамбетов десе де бұл өзгеріс уақытша екенін ескертті. Асхат Аймағамбетов мектеп формасы Ұқсас жаңалықтар: «AMANAT»: Асхат Аймағамбетов жас саясаткерлермен кездесті - 30.11.2022 . 15:01 Аймағамбетов: Ата-аналар баласы аутизммен ауыратынын мектепке барғанда бір-ақ біледі - 28.11.2022 . 10:21
Фото-архив Бас тақырып Бизнес Экология Қаржы Құқық Власть Бизнес-жаңалықтар Әскери журналистика Сайлау 2021 Дипломат миссиясы Әкімдердің рейтингі Коронавирус Ел Мәдениет Медиа Мінбер Дәстүрлі ән Эстрада Күй Сайлау 2021 Дәстүрлі ән NEWS Аймақтар Оқиғалар Қамшыгер Фото-баян Сөздік Қазақ дауысы Айтты-ей, бауырың! Қазақ дауысы (2 кезең) Қазақ дауысы (3 кезең) Қазақ дауысы (шешуші кезең) Әлем Тарих Қазақ дауысы (1-кезең) Әдебиет аймақтар Алматы облысы Атырау облысы Ақмола облысы Ақтөбе облысы Батыс Қазақстан облысы Жамбыл облысы Маңғыстау облысы Түркістан облысы Павлодар облысы Солтүстік Қазақстан облысы Шығыс Қазақстан облысы Қарағанды облысы
2.4 Кінә нысандарының және қылмыстың субъективтік жағының өзге белгілерінің қылмысты саралауға ықпалы 52 ІІІ – тарау . Қатысушылықпен жасалған қылмыстарды және қылмысты - құқылық нормалардың бәсекелестігі барысында қылмысты саралау 61 3.1 Қылмысқа қатысушылық түсінігі 61 3.2 Нормалар бәсекелестігі ұғымы және қылмысты саралау 68 Қорытынды 73 Сілтемелер 75 Пайдаланылған әдебиеттер 77 Кіріспе Қазақстан Республикасы егемен мемлекет ретінде халықаралық құқықтың дербес субъектісіне айналғанына он бес жылға жетер жетпес уақыт ғана өткен. Мыңдаған жылдарға созылатын адамзат тарихы үшін бұл мерзім теңіздегі тамшыдай ғана болсада біздің еліміз үшін өміршең маңызы бар жасампаз өзгерістер мен қайта құруларға толы жылдар болғандығы белгілі. Қоғамдық қатынастарды түбегейлі қайта құруды жүзеге асыру барысындағы мемлекеттің ең басты міндеттерінің бірі ол өзгерістердің құқықтық базасын жасақтау болып табылады. Осы бағытта Қазақстан Республикасында мемлекеттік маңызы бар көптеген шаралар жасақталып жүзеге асырылды. Құқықтану тарихының дәлелдеуі бойынша қоғамдық құбылыс ретіндегі құқықтың қайнар көздері болып: өзінің мақсаттары, қажеттіліктері және іс-әрекеттерімен адам және тұлғаның көрініс беру өрісі ретінде қоғам танылады. Адам өмірінің барлық үрдісінде құқық нормалары адамдар, қоғам мен мемлекет арасындағы әртүрлі қатынастарды реттейді белгілі бір құқықтар мен міндеттерді орната отырып олардың мүдделерін ажыратады. (Продолжение скрыто) Курсовые РК скачать, курсовая Казахстан скачать, контрольные РК скачать, контрольная Казахстан скачать, рефераты для РК, реферат для Казахстана Осы мақсатқа қол жеткізу үшін автор алдына төмендегідей міндеттер қояды: 1) Қылмысты саралаудың ғылыми негіздері мен заңи негіздеріне талдау жасау 2) Қылмысты саралаудағы қылмыс құрамының маңызын ашып көрсетіп қылмыс құрамының құрылымдық элементтеріне талдау жасау. 3) Қатысушылықпен жасалған қылмыстарды және қылмыстық-құқылық нормалардың бәсекелестігі барысында қылмысты саралаудың өзіндік ерекшеліктеріне мұқият талдау жасау. Жоғарыда көрсетілген міндеттерді шешу үшін автор өзінің жұмысын үш тарауға бөліп, олардың мазмұнын тиісті бөлімдерге жіктеуді дұрыс деп санайды. Зерттеу жұмысының теориялық негізін отандық және шетелдік негізінен алғанда ресейлік авторлардың зерттеу жұмыстары құрайды нақты қандай еңбектердің пайдаланғандығын біз жоғарыда атап өткенбіз. Дипломдық жұмыстың эмпириялық базасы болып Қазақстан Республикасын қазіргі қолданыстағы қылмыстық заңы 1998 жылдың 1-қаңтарынан күшіне енген Қылмыстық Кодексі табылады. Тақырыптың сипаты мен ерекшеліктері, сондай-ақ мұнда қозғалатын мәселелерді әзірлеу деңгейінің есебіне сәйкес кіріспе, үш тарау, қортынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұратын дипломдық жұмыстың құрылымы жасақталған. Біздің дипломдық жұмысымыздың негізгі міндеттерінің бірі қылмыс құрамының қылмысты саралаудағы және оның қылмысты саралаудың заңды негізі ретіндегі табиғатына талдау жасап, зерттеу жүргізу болғандықтан біз қылмыс құрамының жекелеген элементтері немесе олардың белгілері турасындағы қазіргі заманғы құқықтану ғылымындағы пікірталастарды тереңірек талдау міндетін қойғанымыз жоқ. Сондықтан біз өз жұмысымызды орындау барысында осы уақытқа дейін теориялық жағынан жеткілікті дәрежеде тұжырымдалған, зерттеуші ғалымдардың басым көпшілігінің қолдауына ие болған категориялар мен концепцияларды басшылыққа алдық. (Продолжение скрыто) Курсовые РК скачать, курсовая Казахстан скачать, контрольные РК скачать, контрольная Казахстан скачать, рефераты для РК, реферат для Казахстана Тарау І. Қылмысты саралаудың түсінігі және қылмыс құрамының қылмысты саралаудағы маңызы 1.1 Қылмысты саралаудың түсінігі Қылмыстық құқық теориясында қылмысты саралау құқық қорғау органдарының қылмыстық - құқылық нормаларды қолдануының бір сатысы ретінде қарастырылды. Ол тиісті лауазымды тұлғалармен алдын ала тергеуде, сот тергеуінде, аппеляциялық және бақылау өндірістерінде жүзеге асырылды. Б.А. Куриновтың есептеуінше қылмысты саралау құқық қолданушылық қызметінде ерекше орын алады, яғни құқықтық нормаларда қолданудың көптеген басқа түрлерін жүзеге асыру үшін алғы шарт болып табылады./1/ Мысалы, тек сотпен қылмысты саралау жүзеге асырылғаннан кейін ғана күдікті адамға бұл таратпау шарасын алу, кінәлі адамға әлде қандай жазаның түрін, сотталған адамға түзету немесе тәрбиелеу колониясының белгілі бір режимін белгілеу, жазаның орындалысын кейінге қалдыру т.б. мәселелерді қойып және шешуге болады. (Продолжение скрыто) Курсовые РК скачать, курсовая Казахстан скачать, контрольные РК скачать, контрольная Казахстан скачать, рефераты для РК, реферат для Казахстана 1.2 Қылмыс құрамы қылмысты саралаудың заңи негіздемесі Қылмыстық құқық теориясында қылмыстық заңды дұрыс қолдану үшін өте маңызды және әмбебап қылмыс құрамы туралы ілім бар. Бұл ілім тек заң ғылымдарының жетістігі негізінде ғана пайда болған жоқ. Онда философияның ұғымдары (объекті, себепті байланыс мәселелері). Медицина ұғымдары (есі дұрыс еместік ұғымын анықтаумен байланысты мәселелер) психологиялық ұғымдар (қылмыстық жауаптылық басталатын ең төменгі жас мөлшерін анықтау кінә, пиғыл ұғымдары) пайдаланылады. Аталған ілімнің әмбебаптағы бұл ілімді әртүрлі сипаттағы қылмыстық заңдарға қолдануға болады. Қылмыстық құқылық норма және жасалған іс-әрекеттің оқиғалық мән-жайы қылмысты саралау процессінде біріктірілетін құбылыстардың екі өрісі болып табылады. Аталған біріктіру осы құбылыстар үшін ортақ болып табылатын белгілерді табу жолымен жүзеге асырылады. (Продолжение скрыто) Курсовые РК скачать, курсовая Казахстан скачать, контрольные РК скачать, контрольная Казахстан скачать, рефераты для РК, реферат для Казахстана ІІ-тарау. Қылмыс құрамының жекелеген элементтері бойынша қылмысты саралау 2.1 Қылмыс объектісінің түсінігі және оның қылмысты саралаудағы рөлі Қылмыс қарсы бағытталған қоғамдық қатынастар қылмыс объектісі деп аталады. Заңнамада, сот практикасында және құқықтық әдебиеттерде «қылмыс» ұғымымен қатар бір мәндес ретінде «қылмыстық қол сұғушылық» ұғымы да жиі қолданылады. Бұл кездейсоқ емес адамның белгілі бір жүріс-тұрысы бір нәрсеге қол сұққандықтан ғана қылмыстық ретінде танылады, қоғамдық қатынастарға залал келтіреді немесе залал келтіру қауіпін тудырады. (Продолжение скрыто) Курсовые РК скачать, курсовая Казахстан скачать, контрольные РК скачать, контрольная Казахстан скачать, рефераты для РК, реферат для Казахстана 2.2 Қылмыстың объективтік жағының түсінігі және қылмысты саралау Қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға қол сұғатын тұлғаның әлеуметтік қауіпті жүріс-тұрысының сыртқы жағының көрінісі қылмыстың объективтік жағы болып табылады. Нақты қылмыс үшін жауаптылық қарастырылған ҚК-тің Ерекше бөлімінің баптарында ол барынша сипатталып жазылады. Адамның әрбір әрекетін соның ішінде қылмыстық әрекетін ой арқылы екі құрамдас бөлікке бөлуге болады: белгіленген мақсатқа қол жеткізудің жолдары мен құралдарын, сезіну, белгілі бір шешімді қабылдаудан тұратын интеллектуалдық - еріктілік және нақты әрекет арқылы яғни сыртқы объектіге белгілі бір ықпал ету жолымен ойластырған шешімді жүзеге асырудағы нақты әрекет. Адамның әрекетін ішкі және сыртқы жақтарға бөлу жоғарғы дәрежеде шартты болып табылады. Адамның қылығының жануардың жүріс - тұрысынан айырмашылығы да сол, оның барысында адамның санасы, еркі қатысты болады. Жалпылама түсінігінде қылмыстың объективтік жағы қылмыстық заңмен қорғалатын объектіге қоғамдық қауіпті қол сұғудан көрінетін адамның сыртқы жүріс-тұрысының актісі болып табылады. (Продолжение скрыто) Курсовые РК скачать, курсовая Казахстан скачать, контрольные РК скачать, контрольная Казахстан скачать, рефераты для РК, реферат для Казахстана 2.3 Қылмыс субъектісі, арнайы субъектісі бар қылмысты саралау Нақты жағдайда қоғамға қауіпті және құқыққа қарсы жасалған іс-әрекеттің субъектісі берілген іс-әрекеттің өзге де жақтары сияқты көптеген объективтік және субъективтік белгілерге ие болса, қылмыс құрамының субъектісі және өзге элементтері жасалған әрекетпен барынша ұқсасымен олардың қатаң шектелуі санына ие болады. (Продолжение скрыто) Курсовые РК скачать, курсовая Казахстан скачать, контрольные РК скачать, контрольная Казахстан скачать, рефераты для РК, реферат для Казахстана 2.4 Кінә нысандарының және қылмыстың субъективтік жағының өзге белгілерінің қылмысты саралауға ықпалы Қылмыстың субъективтік жағы кінә, ниет және мақсаттан тұрады. Жекелеген ғалымдар оның құрамына эмоцияларды да жатқызады алайда олар оны кінәнің мазмұнына кіргізеді. Жалпы қалыптасқан пікір бойынша қылмыстың субъективтік жағын қылмыстың кінәнің нақты нысанымен, ниет және мақсатымен сипатталатын тұлғаның жасаған қылмысқа деген психикалық қатынасы ретінде бағаланады. Қылмыстың субъективтік жағының белгілері негізгі (міндетті) және факультативті (қосымша) болып бөлінеді. Олардың біріншісіне кінә, дәлірек айтқанда оның қасақаналық және абайсыздық формалары жатқызылады. (Продолжение скрыто) Курсовые РК скачать, курсовая Казахстан скачать, контрольные РК скачать, контрольная Казахстан скачать, рефераты для РК, реферат для Казахстана ІІІ – тарау . Қатысушылықпен жасалған қылмыстарды және қылмысты - құқылық нормалардың бәсекелестігі барысында қылмысты саралау 3.1 Қылмысқа қатысушылық түсінігі Қазақ КСР-ның 1959 жылғы Қылмыстық кодексінің және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы жаңа ҚК-нің нормаларын салыстырмалы түрде талдау топтық белгі жаңа ҚК-тің Ерекше бөлімінің 120 бабында сараланған белгі ретінде ескерілген болса, Қазақ КСР-ның ескі ҚК-інде ол тек 30-бапта құрастырылған. Бұл топтанып қылмыс жасаудың қоғамдық қауіптілігінің өсе түскендігін дәлелдейді. Қатысушылық қылмыстық жауаптылықтың қандайда болмасын ерекше негіздемелерін туындатпайды. Қылмыстық кодекстің 3- бабында бекітілген қылмыстық жауаптылық негіздері қылмыс бірнеше тұлғаның күш біріктіруші арқылы жасауы жағдайына да толықтай тиісті болды. Алайда қатысумен жасалған қылмыстың қылмыстық жауаптылығы және оның қажетті элементтерінің бірі – қылмысты саралау өзіндік ерекшеліктерге ие болады. Олар негізінен төм ендегіден тұрады. Ұйымдастырушының, айдап салушының немесе көмектесушінің іс-әрекеттерін саралау көп жағдайда орындаушының әрекетіне (әрекетсіздігіне) тәуелді болады. Себебі тек соның әрекеттерінде ғана жасалғаны үшін барлық қатысушылар жауаптылыққа тартылуы тиісті қылмыс құрамының белгілері болады. (Продолжение скрыто) Курсовые РК скачать, курсовая Казахстан скачать, контрольные РК скачать, контрольная Казахстан скачать, рефераты для РК, реферат для Казахстана 3.2 Нормалар бәсекелестігі ұғымы және қылмысты саралау Қылмыстық заң нормаларының бәсекелстігі құқық теориясы және практикасының дербес институты ретінде оларды тергеу және тиісті соттың істерді тексеру барысында қолдануда белгілі бір қиындықтарды туындатады. Бұлардың бастауы қылмыстық-құқылық нормалардың құрастырылуының өзінде: жалпылама тұжырымдар және ҚК-тің баптарының диспозицияларын нақтылауда олардың бекітулері мен талаптарынан. Сондықтан қылмыстық заң нормаларын жасақтаушылар мен құрастырушыларға заңшығарушы тарапынан қойылатын талаптар өсе түседі. Олардың құқықшығармашылық қызметі барынша күрделі, тергеу және сот практикасын мұқият зерттеуді, жоғарғы деңгейдегі жалпы және арнайы теоретикалық дайындықты, құқық, юриспруденция өрісіндегі білімді талап етеді. (Продолжение скрыто) Курсовые РК скачать, курсовая Казахстан скачать, контрольные РК скачать, контрольная Казахстан скачать, рефераты для РК, реферат для Казахстана Қорытынды Біз «Қылмыс құрамы саралаудың заңды негізі» атты тақырыпқа жазылған дипломдық жұмысымызды қортындылаудан бұрын аталған тақырыптың қылмыстық заңнаманы жүзеге асырудағы және қылмыстылықпен күрестегі маңызын атап өтуді жөн санаймыз. Жұмысты орындау барысында біз қылмыс құрамының қылмысты саралауда негізгі маңызға ие болатындығына көз жеткіздік. Қылмыс құрамы заңшығарушымен қылмыстық-құқылық нормада бекітілген негізгі белгілерден құрала отырып өз кезегінде қандай іс-әрекеттің қылмыстық жауаптылықты туындататындығын және нақты қандай түрдегі немесе қылмыстың қай түріне жатқызылатындағын айқын көрсетеді. Қылмыс құрамының құқық қолдану практикасында шешуші маңызға ие болатындығын анық байқауға болады әрине біз бұл жерде құқық қолдану ретінде тек қылмыстық заңнаманы қолдану жөнінде әңгіме етіп отырғанымызды еске сала кетудің артығы болмас. (Продолжение скрыто) Курсовые РК скачать, курсовая Казахстан скачать, контрольные РК скачать, контрольная Казахстан скачать, рефераты для РК, реферат для Казахстана Сілтемелер 1 Куринов Б.А. Научные основы кваликфикаций преступлений. МГУ, 1976, 4 б. 2 Кудрявцев В.Н. Теоретические основы квалификаций преступлений. М., 1963, 3-4. б. 3 Сергиевский В., Рахметов С. Квалифакация преступлений – Алматы: Өркениет, 1999, 8 б. 4 Кудрявцев В.Н. Теоретические основы квалификаций преступлений. М., 1963, 6. б 5 Куринов Б.А. Научные основы квалификаций. МГУ. 1976, 12. б. 6 Сергиевский В., Рахметов С. Квалификация преступлений – Алматы: Өркениет, 1999. 9. б. 7 Сергиевский В., Рахметов С. Аталған еңбек. 10 б 8 Уголовное право. Особенная часть: Учебник (Под ред. д. ю н. Проф. Н. И. Ветрова и д. ю н. Проф. Ю.И. Ляпунова – М.: Новый Юрист,) 1998. 22 б 9 Кудрявцев В.Н. Аталған еңбек 16 б 10 Сериевский В., Рахметов С. Аталған еңбек 13 б. (Продолжение скрыто) Курсовые РК скачать, курсовая Казахстан скачать, контрольные РК скачать, контрольная Казахстан скачать, рефераты для РК, реферат для Казахстана Пайдаланылған әдебиеттер І Нормативті-құқықтық актілер 1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Түсініктеме. Алматы «Жеті жарғы», 1999 – 424 бет. 2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. Оқулық құрал – Алматы: ЖШС «Баспа», 2000 – 176 бет. 3. Комментарий к Уголовному кодексу Республики Казахстан. – Алматы. Баспа. 1999 – 808с. 4. Комментарий и постатейные материалы к Закону Республики Казахстан « О борьбе с коррупцией» Алматы, ТОО «Баспа», 2001, 248с. 5. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының «Әйел зорлағаны үшін жауапкершілікті белгілейтін Заңдарды соттардың қолдану тәжрибесі туралы» 1993 жылдың 23 – сәуіріндегі №1 қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Жаршысы 1993, №2). 6. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1993 жылғы 24 маусымдағы №3 «Жаза тағайындалғанда соттардың заңдарды дұрыс қолдануы туралы» қаулысы. (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Жаршысы №2, 1993). 7. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының «Соттардың рецидивті қылмыстар жөніндегі қылмыстық істерді қарау тәжрибесі туралы» 27 – мамыр 1994 жылғы қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Жаршысы, 1994 №3).
Таяуда Ютубтан бір мешіт имамының короновирус дерті адамдардың күнәсі үшін Алланың жазалауы емес пе деген біреудің сұрағына жауабын тыңдадым. Мешіт имамының айтуынша, барша әлемді қамтыған жұқпалы дерттің келуіне адамдарың күнәсінің еш қатысы жоқ. Бұл – Алланың адамдарға жіберген сынағы. Одан әрі мешіт имамы денсаулықты сақтаудың ислам дінінде уәжіп саналатынын, денсаулық үшін нақты әрекет ету қажеттігін айтты. Сынақ деген не? Бұл сұраққа бірер ауыз сөзбен жуап беру мүмкін емес, өйткені сынақ деген сөздің мағынасы өте кең. Сынақтың түр-түрі көп және соған байланысты оның мәні мен мазмұны да өзгере түседі. Мәселен, жар таңдаған қыздың жігітті сынауы. Бұл жағдайда қыз әлгі жігіт өзін бақытты ете ала ма, оның бойында өзі күткендей жақсы қасиеттер бар ма? –деген сауалдарға жауап тапқысы келеді. Егер жігіттің бойынан өзі күткендегідей жақсы қасиеттер байқалмаса, бойжеткен шешімін өзгертіп, оған жар болудан бас тарту құқығын сақтап қалады. Ал әкенің баласын сынауы бұдан гөрі, біршама басқарақ. Әке де баласының бойынан өзі күткендей жақсы қасиеттер тапқысы келеді, дегенмен ол бойжеткен сияқты егер баласының бойында әлгіндей қасиеттер байқалмаса, одан безбейді. Керісінше, баласын тәрбиелеп, оған өмірде сондай жақсы қасиеттердің қажеттігін айтып көзін жеткізуге күш салады. Мектепте ертеректе жыл соңында емтихан, яғни сынақ тапсыратынбыз. Жыл бойы оқыған сабақтарымызды қаншалықты меңгергенімізді көрсететін бұндай сынақтан сүрінген балалар алдағы сыныпқа өте алмай, келесі жылы бұрынғы сыныпты қайта оқуға мәжбүр болатын. Сол сияқты, бүгінде тапсыратын жүргізушілік куәлігін алу үшін сынақ бар. Егер жол ережесін дұрыс білмесеңіз, онда сынақтан сүрінесіз және куәлік ала алмайсыз. Оқушылардың білімін тексеретін тестілеу деген де сынақ. Жалпы, сынақ деген өмірде қадам басқан сайын кездесіп отырады. Ал осы айтылғандардан түйеріміз: сынақ деген – бұл адамдардың бойында жақсы қасиеттер немесе білім деңгейін, мінез-құлқын, көзқарасын анықтау үшін жасалатын шара екен және оның астарында – 1 – сынақтан сүрінгендердің әлдебір игіліктерден құр қалуы, 2 – бойындағы кемшіліктерін алдағы уақытта жоюға бағдарлау түріндегі тәлім-тәрбие беру сияқты әрекеттер көрінеді. Алла адамдарды не үшін сынайды? Сынақ дегеннің мән-мағынасын біршама түсініп алған соң, енді жоғарыда айтылған имамның сөзіндегі қазіргі дерт Алланың адамдарға жіберген сынағы дегеніне назар аударып көрелік. Сынақтың негізгі мәні – адамның бойындағы жақсы-жаман қасиеттерін, қарым-қабылетін, көзқарасын анықтау болса, оны жасаған пенделер үшін бұл жайды анықтаудың үлкен мәні болатынын ұғынамыз. Ал енді кез-келген мұсылманнан немесе христиан, иудей, басқа да дәстүрлі діндердің бірін ұстанушылардан «Алла адамдардың мінез-құлқын, қарым-қабылетін, көзқарасын біле ме?» деп сұрасаңыз «әлбетте, біледі. Алла бәрін білуші» деп жауап берер еді. Алла өткенді де, қазіргі болып жатқан жайларды, болашақта не болатынын – бәрін біледі және оны анықтау үшін әлдекімдерді сынаққа алудың Оған еш қажеттігі жоқ. Мәселен, Аллаға дерт арқылы адамдардың келген тауқыметке қаншалықты сабырлы, не сабырсыз екендігін сынап, анықтаудың қаншалықты қажеттігі бар? Жаратқан кімнің бойында қандай қасиеті барлығын бес саусақтай біледі емес пе. Ендеше сынақ үшін адамдарға дерт жіберудің не қажеті болды? Сынақ деген тек толымсыз пенделерге қатысты түсінік Соңғы кездерде дәстүрлі діндердегі, оның ішінде ислам дініндегі түрлі түсініктерге қатысты көкірек көздері ашық, оқыған қазіргі адамдардың тарапынан түсінбеушілік жайлар көбейіп барады. Бұның өзі бұл діндердің шарықтап дамып кеткен қазіргі технология талаптарына бейімделе алмауынан, сол ескі көзқарастары мен түсініктерінен айрылғысы келмеуінен туындап отырған сияқты. Жоғарыда айтылған сынақ дегенге қатысты имамның сөзінен осыны анық байқауға болады. Жалпы алғанда, Жаратқанның шексіз және толымды табиғатын түйсінген жан ешқашан да Аллаға қатысты «сынақ» деген сөзді қолданбас еді. Өйткені, жоғарыда айтып кеткеніміздей, сынау – сынаққа алу – бұл толымсыз пенделердің ғана бойында бар қасиет, ал барша әлемнің Әміршісі және Жаратушысы Алла үшін «сынақ» деген мүлдем қажетсіз. Өйткені, Алла онысыз да БӘРІН БІЛЕДІ. Ал бәрін біліп тұрған адам сынақ арқылы көңіліндегі күмәнін анықтауға талпынуы мүмкін бе? Жоқ. Егер сіз жарыңыздың адал екенін білсеңіз, оны сынап, маған деген пейілі қандай екен деп өзіңізді де, оны да әуреге салар ма едіңіз? Жоқ, әрине. Қазақта «дүмше молда дін бұзар» деген мақал бар. Түсінбеген нәрсені түсінген, білмеген нәрсені білетін жан сияқты айналасындағыларға айту – бұл өзгелерді адастырудың ең қатерлі тәсілі. Сондықтан, бір нәрсеге толық көз жеткізіп алмай тұрып, ол туралы пікір айту – қауіпті нәрсе және ол пікір Алла туралы болса, қатері жүздеген есе арта түседі. Алла неге адамды сынамайды? –деген мәселе туралы ведалық ілім тұрғысынан жан-жақты талдау мақаламызды сайтымыздан таяу арада оқитын боласыздар. Жаңалықтарды жіберіп алмаңыз, ол үшін сайтымызға үнемі кіріп, жаңа мақалаларға назар аударып отырыңыз.
Дін туралы түрлі пікірлер, түсініктер бар. Материалистік ғылым дін атаулыны түгел адамның табиғаттың алдындағы дәрменсіздігінен туған ойдан шығарылған түсінік деп санайды. Тіпті, дін жолымен жүретін адамдардың өздерінің арасында дін дегеніміз не, оның мәні, мақсаты қандай деген мәселелерге көңіл бөлмейтіндер көп. Ойдан шығарылған секталар мен діни ағымдарды былай қойғанда, бүгінде адамзат баласы ұстанып жүрген бес дәстүрлі діннің мән-мақсатына назар аударып қарайтын болсақ, адамның бойындағы ізгі қасиеттерді дамытып, жамандықтан жеріндіру екендігін бағамдаймыз. Жалпы дін атаулы ешқашан жаман бол деп айтпайды. Ислам діні – имандылықтың негізі Ислам дінінің тарата айтар болсақ қырық парызы бар екен, соның бірі – ілім-білім үйрену. Ілім-білім болғанда кәдімгі дүниәуи ғылымдар емес, дін ілімін үйрену. Ерте заманда Қожа Ахмед Яссауи бабамыз сияқты дін ілімінің шыңына көтерілген әулиелер көп болған. Атеистік түсінік белең алған кеңестік қоғам адамдардың санасын өзгертті. Соның салдарынан әлі күнге дейін арыла алмай келе жатқан жайымыз бар. Әсіресе, аға ұрпақ өкілдері арасында құдайсыздық түсінік көп кездесіп жатады. Жасына қарамай арақ-шарап ішетін қарияларымыз аз емес. Діннің масқаты не? Ислам дінін ұстанатын адам күнәлі істерден тиылып, діни парыздарын орындауға міндетті. Күнәлі істерден аулақ болу дегеніміз арақ-шарап ішпеу, зина жасамау, ұрлық, өтірік-өсектен тиылу, харам тамақ жемеу. Сондай-ақ мұсылман баласы бойына кішіпейілділік, қайрымдылық, қарапайымдылық, кешірімділік, сабырлылық сияқты имандылық қасиеттерді жинауы қажет. Сонымен бірге, ол бес уақыт намаз оқу, ораза ұстау, хажыға бару, қайыр-садақа беру сияқты діни парыздарын орындауы тиіс. Ал, енді шариғат жолымен жүріп, яғни күнәлі істерден аулақ болып, діни парыздарын орындаған мұсылман баласының бойында жоғарыда айтқанымыздай имандылық қасиеттер орнығып, жаман әдеттерден арыла бастамақ. Исламның басты мақсаты да адамды осындай имандылықты бойына сіңірген тақуалық деңгейге көтеру. Өкінішке орай, бүгінде исламның мақсаты мен мәнін түсінбейтіндер діни парызымызды орындап жүрсек жетеді деп ойлайтындар көп. Егер сіздің бойыңызда имандылық жақсы қасиеттер ақырындап орнығып, жаман әдеттерден арыла бастасаңыз, онда сіздің жасаған тағат-ибадаттарыңыз қабыл болып, рухани өсу жолына түскеніңіз даусыз. Ал егер бес уақыт намазыңызды оқып, ораза ұстағаныңызға қарамастан, бойыңызда тәкәппарлық мақтаншақтық, ашушаңдық, дүние, байлық, мансапқа құмарлық сияқты жаман әдеттер болса, онда сіздің намазыңыз да, оразаңыз да далаға кетіп жатыр деген сөз. Ілімсіз дін қураған ағаш сияқты Бүгінде дін атын жамылып жазықсыз адамдарды қырып-жоюмен айналысатын лаңкестер көбейді. Әлемдегі есірткінің 90 пайызын Ауғанстан өндіреді екен. Ал сол жазықсыз жандардың қанын төгіп жүрген діни экстремистер мен адамзаттың жауы – есірткіні өсіріп, таратумен айналысатындардың бәрі өздерін «мұсылманбыз» дейді. Олар бес уақыт намаздарын қаза жібермейді, ораза да ұстайды. Бірақ жасап жүрген істері дін түгілі, қарапайым адами қасиеттерге қайшы. Ілім-білімсіз дін фанатизм деп аталатын жазылмайтын қатерлі «ауруға» ұрындырады. Өздерін мұсылманбыз деп арабша сөздерді араластыра сөйлейтін, бірақ сөзі мені ісінен тәкаппарлықтың, мақтаншылықтың, өркөкіректіктің, басқа да сондай жаман қасиеттердің исі аңқып шығып тұрған адамдардың бойында шындығында ешқандай діни ілім-білім жоқ. Олардың жасап жатқан тағат ибадаттарының бәрі құмға құйған су сияқты із-түзсіз жоғалып жатыр. Өкінішті-ақ…
Сот қылмыстың ауырлығын және сотталушының жеке басын, оның ішінде жазаның өтелмеген бөлігінің жиынтық негізін ішінара қосылуын ескере отырып, оны 14 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Қостанай облысында әйелін пышақтаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды zakon.kz. Соттың анықтауы бойынша, 2019 жылдың 4 тамызында сотталушы тағы бір отбасылық жанжал кезінде ажырасқысы келетінін айтқан әйелінің мойны мен кеудесіне ас үй пышағын сілтеген. Жәбірленуші оқиға орнында қайтыс болды. Содан кейін сотталушы әйелін өлтіргені үшін қылмыстық жауапкершіліктен жалтару үшін өзін-өзі қорғану үшін істеген дегенге саю үшін өз мойынын, кеудесін және білектерін пышақпен тілгілеп, жарақаттаған. Сотталушының қасақана кісі өлтіргені жәбірленушінің, куәгерлердің айғақтарымен және іс бойынша сараптаманың қорытындыларымен дәлелденді. Марқұмның үш жас баласы бар, оның қамқоршысы - марқұмның үлкен апайы. Сот айыпталушының қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды анықтаған жоқ. Сот қылмыстың ауырлығын және сотталушының жеке басын, оның ішінде жазаның өтелмеген бөлігінің жиынтық негізін ішінара қосылуын ескере отырып, оны 14 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды, деп хабарлады сот. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 2019 жылдың 4 тамызында Заречный кентінде. 37 жастағы Кымбат Ибраева сотталушы Айдын Әбдинамен және үш баласымен бірге тұратын пәтерінде өлтіріліп, 40 рет пышақталған. Айдын Әбдин бұған дейін Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы болып жұмыс істеген. Бұған дейін ол пәтерге байланысты алаяқтық әрекеті үшін жауапқа тартылған болатын. Сотта ол әйеліне бірінші болып оған пышақпен шабуыл жасады деп куәлік берді. - Біз шай ішіп отырғанбыз, содан кейін ол үстелді жинай бастағанда ұрсыса бастадық. Мен ана жақта болғанда ол Арманмен бірге тұрған, содан қызғанатынымды айттым. Ол үстелден пышақты алып, мені ішіме сұқты. Мен дәлізге қарай жүгірдім, сыртқа шықпақ болдым, бірақ есікті аша алмадым. Қымбат мені ұстап алып, тағы 1-2 соққы жасады. Мен балконға жүгірдім. Сол жерде ол мені ұстап алды, сол кезде оның қолындағы пышақты тартып алдым, ол екінші рет ас үйге қарай жүгірді, тағы пышақ алып келіп, қарныма сұқты. Бірінші пышақты тартып алғанмын, содан кейін екіншісін де тартып алдым да өзіне қарай сілтедім, қанша рет пышақты сілтегенім есімде жоқ, - дейді Әбдин.
”Алтын Орда” маңындағы кептеліске қатысты полицейлер пікір білдірді: 22 қараша 2022, 18:57 - жаңалықтар Alashainasy.kz Басты Қоғам Мәселе "Алтын Орда" маңындағы кептеліске қатысты полицейлер пікір білдірді 22 қараша 2022, 18:57 Алматы полициясы жүргізушілер шағымданған "Алтын Орда" базары мен "Апорт" сауда орталығы маңындағы жолға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Тасжолдағы жағдай туралы жазба жарияланған соң тәртіп сақшылары арнайы рейдке шыққан. Полиция қызметкерлері аймақта патрульдік қызметті күшейтті. Жол ережесін бұзғандарға айыппұл салынады. Осылайша, автобус жолағымен жүретін жеңіл көліктер мен басқа да көлік түрлерінің жүргізушілері жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ, жолаушыларды дұрыс емес жерге түсірген автобус жүргізушілері де жазаланады. "Жергілікті полиция басқармасы адам өміріне қауіп төндіретін жол ережесін бұзу деректерінің алдын алу мақсатында осы аумақта қызметті күшейтті. Бұл ретте жүргізуші қызметкерлерінің жауапкершілігін күшейтіп, жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу бойынша автопарк басшыларымен де түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Рейдтік іс-шаралар жалғасып жатыр", - деді Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері. Еске салайық, бұған дейін алматылық жүргізушілер "Алтын Орда" маңындағы бейберекет жол қозғалысына шағымданған болатын.
Еуропа қызыққан Момышұлы мұрасын сарбаздарымыз білмейді : 09 мамыр 2012, 08:40 - жаңалықтар Alashainasy.kz Басты Өзге тақырыптар Көзқарас Еуропа қызыққан Момышұлы мұрасын сарбаздарымыз білмейді 09 мамыр 2012, 08:40 Бауыржантану ғылымы әскери сала үшін игерілмеген тың тәрізді. Оның әскери жорықтардағы көрсеткен тәжірибесі мен орасан зор теориялық еңбектері арнайы оқыту бағдарламасына еңбей, тәрбие сағатының деңгейінде қалып отырғаны көкірек көзі ояу жұртты еріксіз «әттеген-ай» дегізеді. Бүгінгі сарбаздық сапта жүргендер мен әскери оқу орны тәлімгерлерінің ұлт қаһарманы Бауыржан Момышұлының атын білгенімен, затын білмей, ұятқа қалып жататын кезі жиі ұшырасады. Мәскеу түбіндегі аңызға айналған шайқастарын айтпағанда, 27 рет соғыс тарихында болмаған тактикалық маневр жасап, әскери өнерге жаңалық енгізген Момышұлының ғылыми еңбектерін Еуропа елдерінде арнайы пән ретінде оқытады екен. Қазақстанда тіпті Баукеңе мектептің де аты берілмей тұрған кезде ең алғашқы болып Израиль мемлекеті бір әскери оқу орнының атын Бауыржан Момышұлының атымен атап, әскери оқу орындарына «Қанмен жазылған кітап» атты еңбегін оқытуды жүзеге асырыпты. Бұл – ұлттық батырымыздың ерен ерлік­терін мойындау ғана емес, соғыстағы озық тәжірибесі мен тағылымын өз игілік­теріне жұмсауды мақсат тұту. «Баукең туралы дабыраға толы әңгіме айтқаны­мызбен, ұлтқа пайдасы бар тұстарын зерделеп, пайдаға жаратуға келгенде ақсап жатамыз. Баукең көп қудалау көрді. Білімін қазақ пайдасына жұмсап қояды деп қатты қорыққан. Өйткені оның ұлтшылдығы бірден көзге ұрып тұратын. 1944 жылы Бауыржан Момышұлы ден­саулық жағ­дайымен Алматыдағы госпи­тальға түседі. Сол жылдар шама­сында ол жазушылармен кездесу өткізеді. Оның әскери білімін алып қалу мақсатында Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаевтар бір кітапқа арқау боларлықтай конспектілер жазып алған», – дейді Бауыржан мұрасын тірнектеп жи­нап жүрген ғалым Мекемтас Мырзахмет­ұлы.
Қазіргі таңда Қарақалпақстан Республикасының территориясында жерленген қазақ халқының ержүрек батырлары Ер Қосай мен Дәуіт Асауұлының зираттары жатыр. Бұл жерлер әлі күнге дейін халық арасында әулиелі жерлер саналып, басынан адам үзілмейді. Адай – қазақ халқының қалыптасуында көрнекті рөл атқарған тарихи тұлға. Шежіре бойынша сегіз арыс елі тарих сахнасындағы орны ерекше рулардан таралады. Адайлардың тарих сахнасындағы ролі XV ғасырға тұспа-тұс келеді. Адайлардың ең көп тараған іргелі аталардың бірі – Қосай [1, 129-б.]. Ер Қосай Құдайке батырдың баласы, Адайдың немересі. Құдайке батыр да ұлы сияқты қазақ халқының тарихында өзінің жарқын ізін қалдырған батыр болған. Құдайке де жорықтарда ерекше көзге түскен мемлекет қайраткерлерінің бірі, Қасымханның өте жақын одақтасы болған. Ол хан туының астында Шаштан жорыққа аттанған жауларына бірнеше рет тойтарыс берген тойтарыс берген. Қаншама ір шайқастарға қатысып, халқын бір тудың астына біріктіре берген қолбасшы болып табылады. Ол Ташкенттен 60 шақырым жерде жерленген. Күні бүгінге дейін осы жерді халық арсында «Құдайке – қазақ моласы» деп атап келеді. Оның ұлы Ер Қосай тарих сахнасында өзінің орны бар тарихи тұлға, Ақназар ханның ең жақын серігі болған. Қалмақ пен жоңғарларға қарсы күресте Ер Қосай бұрын-соңды болмаған ерлігімен халқының жадында сақталып келе жатыр. Кейіннен батырды халық Ер Қосай батыр деп, кейде оны Алшын батыр деп те атап кеткен екен. Ер Қосай батыр 1507-1594 жылдарында Маңғыстау жерінде орта ғасырда өмір сүрген. Қазақ хандығы күшейе бастаған кезде, қазақ хандығын нығайтуға өзіндік үлес қосқан батырдың- бірі.Сонымен қатар, қалмақтар мен жоңғарларға қарсы шайқаста ерекше көзге түскен батыр. Аңыз бойынша, бұрын ешкім жеңе алмаған, қалмақтың Доржы батырымен бетпе-бет келгенде,Ер Қосай өзіне тән жекпе –жек тактиксын өте жоғары дәрежеде пайдалана білгені туралы айтылады. Тарих сахнасында өткен ірі шайқастарда қазақтан шыққан қазақ батырларының еңбегін мақтанышпен айта аламыз. Жоңғарлар өздернің жеңілмейтін,ел аузында аты қалған батырларының бірі – Хорыл батырды жібереді.Ол жекпе-жекте жеңіп шығып,тіпті жоңғарлар мен ойраттарға қарсы шапқыншылық кезде де, ерекше ерлік көрсеткені мәлім. Қасым хан қайтыс болғаннан кейін, таққа Шығай хан отырған кезде, Ер Қосай жас ханмен ара қатынасын үзіп, оны тастап бөлек кетеді. Ер Қосай өзінің үзеңгілес батырларымен қоса, 40 мың алшындарымен (жауынгерлерімен) көшіп кетеді. Ол Сырдария алқабында, біраз уақыттан кейін Нұрата маңынан асып, Өзбекстанның жеріне қоныстанған деген пікір бар. Дерек көздеріне сүйенсек, қазіргі Қарақалпақстанның аумағы болып табылады. Әулиенің өмірі жолы қиын-қыстау уақытта өткені тарихтан белгілі болды. Қаһарлы қыстың бірінде халқымен бірге қыстауға көшіп-қонып жүргенде, мұз қатқан Сырдария өзенінен өткенде Ер Қосай батырдың барлық көшпелі қонысы мұз астына қалады.Көшті бастап келе жатқан батыр, Жаратқанның қалауымен аман-есен қалады. Батыр көп ұзамай, балалы-шағалы болып, үш ұлы болады, алайда тағдырдың жазуымен, өзінің тұрған ауылы да көктемде еріген дарияның астында қалады, қолынан келер қайыры болмаған соң, батыр «Ей, Алла Тағала, соңымды бер, соңымды берсең оңымды бер…», деп құдайға жалбарынған… Бірақ қанша жалбарынса да, қаншама қайратты ер дегенмен, қарт батыр жылай-жылай көзінен айырылып, соқыр болып қалады. Жорықтардың бірінде отбасы опат болған Ер Қосай екінші рет түркіменнің Ер Сары көсемінің қызы Оғылмеңліге үйленген болатын, одан тараған алты ұл – Байбол, Тікеней, Әйтей, Бөгей, Бәли, Сүйіндік кейіннен, Қосай руы болып таралған екен [2, 274-б.]. Қазақ ертегілерінде жез тырнақпен, таутайлақпен айқасып жеңген әйгілі Есекмерген, жорық жыршылары, ақындармен, жыраулардың өнер шеберлері Қалнияз, Абыл, Нұрым, Қашаған сынды дүлдүлдер тараған Ер Қосай батыр ұрпақтары деп тарихта аты қалған болатын. Бекет туылған кезде, «Мединеде Мұхаммед, Түркістанда Қожа Ахмет, Маңғыстауда пір Бекет атанғанғанға дейін Адай батырларының жауға шапқыншылығы туралы иісі қазақ халқы Адайдың ұраны болған Ер Қосайдың ұрпағы. Адайлар жиын-тойларда батаны үнемі Қосайдың ұрпағына арнайы бергізуді әдетке айналдырған, тіпті қол жинап, жауға аттанарда да батырлардың өзі «Араларыңызда, Қосай батырдың ұрпақтарынан кім бар екен», деп сұрауының өзі батырға деген қошеметі екенін аңғаруға болады. Тіпті Ер Қосай ұрпағынан ешкім болмай қалған жағдайда жорықты артқа қалдырып, отырғаны мәлім, кейбір тарихи деректерге сүйенсек, жақын маңда орналасқан ауылдарда бар болса рухына мал сойып, құран бағыштап жолға бірақ аттанатын болған. Ел аузындағы әңгіме бойынша Ер Қосай батырдың екінші әйелі, өте ақылды, парасатты жан екен. Бойында емшілік қасиеті дарыған. Кейбір аңыздарда әйелі Қосай батырдың зағип көзін жазып алған деген пікірлер де кездесіп қалады [2, 275-б.]. Батыр жерленген жерден адай руының таңбасы бар және құлпытас, араб-парсы жазуымен Ер Қосайға арналып қашалған мүкпен көмкерілген тас табылды. Кейбір деректерге көз жүгіртсек, дәл осы жерде өзінің соңғы қонысы табылған, сонымен қатар, оның есімімен байланысты көптеген топонимдік «Қосай көпірі», «Қосай төрткүлі» деген жерлер кездеседі. 2007 жылы қазан айында Ер Қосайдың 500 жылдығына арналған, ерлік өмірі зерттеліп, дәріптелген ғылыми-теориялық конференциялар өткізілді. Бүгінгі таңда, Жаңаөзен қаласында «Ер Қосай» атындағы мешіт тұрғызылған. Еліміздің батыс қақпасы саналатын Атырау облысындағы Ресеймен арадағы шекарада орналасқан бөлімшесіне Ер Қосай батырдың аты берілді [3]. Ер Қосай мен Оғылмеңлі апа қазіргі Қарақалпақстан Республикасының астанасы Нүкіс қаласына жақын Бестөбе деген жерде жерленген, ұрпақтары бастарына мазар орнатты (1-2 суреттер). Дәуіт батыр 1787 жылы шамамен Үстірт өңірлерінің бірінде дүниеге келген. Ол кіші жүздің Жетіру одағына қарайтын Шөмішті Табын руының Қарақойлы-Лабақ бөлімінен, оның ішінде қазақтың батыс далалары мен көршілес аумақтарда белгілі болған атақты Барақ әулетінен тараған. Барақ батырдың немересі болып келеді [4, 7-б.]. Дәуіттің әкесі Асау батыр да Кіші жүзбен Хорезм өңіріне аты шыққан атақты батыр әрі би болған. Асау Барақұлы өз кезеңінің белгілі тарихи тұлғасы, ол да көршілес Хиуамен тығыз қарым-қатынастар жасаған. Асау батыр 1822-1837 жылдары Жоламан батыр бастаған көтеріліс көсемдерінің бірі болды. Әкелі-балалы батырлардың есімдері ел арасында ортақ «Асау-Барақ» атымен тарап, батырлықтың нышаны ретінде танылған. Билігімен батырлығы үш атаға жалғасқан Барақ, Асау, Дәуіт батырлар қазақтың батыс өңірлері мен Хорезмге атақтары жайылған әулет болған. Алыс Үстірт, Хиуа аралықтарын мекен етсе де үшеуі де Ресей ықпалына қарсы күрестерге белсене қатысты, олардың ту ұстаған көсемдеріне айналды. Дәуіт Асауұлы атақты қолбасшы, батыр, ел басқарған бас би және көзі тірісінде әулие атанған кемеңгер. Өз ғұмырында отарлау саясатына қарсы үш бірдей ұлт-азаттық күреске қатысып, оның екеуіне басшылық еткен. 1822-1835 жылдары Ресейдің отарлау саясатына қарсы бағытталған Жоламан Тіленшіұлы бастаған азаттық күреске қатысқан. 1855 жылы Орынбор өлкесінде Есет Көтібарұлы мен Дәуіт бастаған шектілер мен табындардың наразылығы болды. Көтерілісшілер талабы: «…қазақ даласына жазалау отрядтарын жіберуді тиюды, қазақ қауымынан түйе жинауды тоқтатуды, түтін салығын жоюды, Жем, Елек, Кобда, Жайық өзендерінің бойларына көшіп-қонуға мүмкіндік жасап, шаруаларға жайылымдық жерлерге еркіндік беруді» – сұрады [5, 171-б.]. Осы көтерілісті тоқтату үшін, сол жылы Дәуіттің әйелі, ұлы мен қызы, жақын туысы патша өкіметінің қолына түсіп, бақылауында болды. Сол себептен, 1856 жылы туыстарын босату үшін ол – Дәуіт патша үкіметіне ант беруге мәжбүр болды. Анттан соң Дәуіттің отбасы мүшелері Шекара Комиccиясының қатысуымен түрмеден босатылып, бірден қайтарылады [6, 12-б.]. Түркімендер 1860 жылы көктемде қазақтың әр руынан сауда жасауға Бесқалаға шыққан керуендерін Қоңырат маңында шабуыл жасап тонауға ұшыратады. Қазақтың рулары – Адай, Таз, Шөмішті, Табын 1 мың сарбаз болып жасақталып түркімендерге қарсы бірлесе жорыққа шыққан. Түркімендерде 1 мың адам болған және оларды Атамұрат ханның ұлы басқарған. Бұрынғы дала дәстүрімен жекпе-жек айқасқа шығуға екі жақтан, бір-бір адамнан шыққан [4, 13-б.]. Сөйтіп, қазақтың батырлары бұл жекпе-жек шайқаста түркімен батырларын жеңіп, өлтіреді. Түркімендер батырларыннан айырылып, өз күштеріне сенімдері қалмаған. Қазақтар оларды түгелге дерлік қырып салды [7, 11 б.]. Ресей жағына берген антына қарамастан Дәуіт Асауұлы ел басына туған сын кезеңдерде өзінің азаттық күресі жолынан айнымайды. Дәуіт батыр Ресей үкіметінің 1867-1868 жылдары жүргізген әкімшілік және сот реформаларына наразылық білдіріп, 1869 жылы Орал мен Торғай облыстары қазақтарының көтерілісіне басшылық жасағандардың бірі болды [5]. 1869 жылы Батыс Қазақстанда болған көтеріліс кезінде 82 жастағы Дәуіт қолына тағы да қару алып Үстірт, Хиуа өңірлеріндегі көтеріліс көсемдерінің біріне айналды. Бұл көтеріліс далалық облыстарды басқару туралы Уақытша Ережеге қарсы тұтанған еді. Қарт батырдың осы күреске қатысуының өзі көтерілісшілерге үлкен рух берген. Бұл көтеріліске Дәуіттің інілері, ұлдары және басқа жақын туыстары да қатысқан. Патша өкіметіне қарсы шыққан рулардың, саны 8 мыңға жуық шаңырағы Хиуа иелігіне жақын көшіп келеді. Кезінде генерал-губернатор Крыжановский Дәуіт Асауұлының Орынборға алдыру туралы ұсыныс жасаған. Қарт биді аталған қалаға жіберу туралы бұйрық берген. Ресейдің 1873 жылғы жорығын басқарған генерал-лейтенат Веревкин Хиуа жерінен қайтпай жүрген көтерілісшілер мен оның көсемдеріне кешірім туралы прокламация таратады. Осы жылы, қарт батыр өзіне кешірім алған. Дәуіт Асауұлы кешірім алған соң, бір жылдан кейін, 1874 жылы 87 жасында өмірден озды. Ол өз жұртымен бірге мекендеген қазіргі Өзбекстан Республикасының Қарақалпақстан аумағында, Қоңырат ауданына қарасты «Хорезм қақпасы» деген жерде жерленген [6]. «…Соның бірі Дәуіт батыр бабамыз, Әрқашанда халқы сыйлар атамыз. Дұшпандарын қойдай қырып, айдаған, Мәңгілікке азат болды даламыз… Қайда жүрсең аман болшы ел-жұртым, Атамыздың әруағына дұға қып…» – деп, Өзбекстан және Қарақалпақстан Республикасының жазушылар одағының мүшесі Арепбай Халмұратов жырлаған [8, 16-б.]. Дәуіт Асауұлы бар ғұмыры отарлыққа қарсы күрестерге де, шапқыншылықтарға да, ел ішіндегі қым-қуыт оқиғаларға да толы болған. Ол өзінің тектен берілген биік дәрежесін көрсете алды, адал қызметі мен билігі, ақыл-парасаты үшін көзі тірісінде-ақ әулие, пір атанды. 2020 жылы Дәуіттің басына Өзбекстан Президенті Ш.Мирзиеев келіп, зиярат жасапты. Жол салуға қаржы бөлдіріпті. Үзілді-кесілді сойылып жатқан малдың қалдықтарын тазалатып, келешекте экологияға көңіл бөлуді тапсырған екен (3-4 суреттер). Әдебиеттер тізімі Маңғыстау энциклопедиясы. – Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2009. – 628 б. Қазақстан: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә.Нысанбаев. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2001. 2-том. – 720 б. Нетленная память народа новости Мангистау и Актау [2015] 12 август //Режим доступа.https: // mangystau media. kz>kulyt… Жетпісбай Н. Қазақтың қаһарманы Дәуіт батыр // Жұмабек жолы. № 4-5(2017). – 7-16 б. Қазақстан: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә.Нысанбаев. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2001. 3-том. – 720 б. Жетпісбай Н. Есімі ел үшін байрақ болған // Егемен Қазақстан. 2017 ж. 20 сәуір Жұмахметұлы Е. Дес бермес Дәуіт батыр // Алматы ақшамы. 2017 ж. 9 қыркүйек. Халмұратов А. Дәуіт ата рухына // Жұмабек жолы. – №4-5. – 2017. Тоқтабай А.У., т.ғ.д., профессор, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері
Біздіңше, солай болса керек. Ал, Сіздіңше қалай? Бәлкім екеу, әлде үшеу шығар? Әйтеуір, білетіндердің айтуынша, «аузы» болғанымен «көздері» жоқ, тастай қараңғы қораға қамалған қанатты түліктің жұмыртқалауы оп-оңай. Бұл үшін жарықты белгілі бір уақытта өшіріп, қайта жақса, жетіп жатыр екен. Қора іші самаладай жарқ еткенде, тауықтар «тұқымдарын» домалата салатын көрінеді. «Күлге аунаған тауықтай» деген, сол. Сонымен тауықтың жайы белгілі болды. Ендеше, оның қанша жұмыртқа табатынында не шаруамыз бар? Әлде, айтатын «басқа мәселе» қалған жоқ па? Әбден дұрыс сұрақ, алайда, мұны сол бір толғағы жеткен «басқа мәселе» мен тауықтың «босануының» ұқсастығына деген таңданыс деп біліңіз. Өзіңіз қараңызшы, шығармашылық адамының күн сайын шабыт шақырып, өлең мен әңгімені немесе ән мен күйді «домалату салуының» қисыны қалай, осы? Өкінішке қарай, кейбір тәп-тәуір жазушыларымыздың да қаламын «суытпаймын», отыра сала жазып тастаймын деп, шығармаларын «сұйылтып» алатынын да көріп жүрміз. Күн құрғатпай жаңа шығарма «туатындарды» және оларының көбінеки шала-шарпы дүниелер екенін көргенде еріксіз ренжисің. Мұншалық шабыт тасқынын түсіну де қиын-ақ. Бұл, әсілі «толғағы жетпеген әйелдің бебеулегеніндей» (М. Әуезов) жағымсыз болса керек. Біздіңше, тауық қана тәулігіне бір жұмыртқа табады. Бірақ, жаңа айтқанымыздай, сағаттың тілдері бір айналғанша бір емес, тіпті бірнеше «жұмыртқалайтын» ақын-жазушылар мен сазгер-күйшілер де бар көрінеді. Тауықтың жаңағылардан бір айырмасы, жан-жағына «қораздана» жар салмайды: «е, қойшы соны, үйреншікті жай ғой» дегендей, тұмсығының астынан қыт-қыттайды да қоя салады. Ал, шабыт «тұлпарының» үстінен түспей, оны ерқашты қылатындар үшін жаңа шығарма қуанышын елге жеткізу қазір оңайға айналды. Олар әлеуметтік желі арқылы «домалата салады» да, қарап тұрады. Тіпті, кейбірі жастыққа басыңды енді қоя бергенде ұялы телефоныңды балапан шығарғандай «шиқ-шиқ» еткізеді. Жұмыстан шаршаған, ұйқылы-ояу жанның жаңағы «жұмыртқаның» шикілі-пысылы екенін ажыратуға зауқы жоқ. Амал қайсы, «аяқ-қолын бауырына алып, бусанған» әріптестің көңілі үшін бас бармағыңды шошайтып, бес саусағыңды жұмып, мақтағанның ырымын жасайсың. Бұдан артықты «тұқымның» иесі де дәмете қоймаса керек. Ол да сатырлата шапалақ соғып, қуанғанның ишарасын білдіреді. Менің көз алдыма ұясында бойын жазып, қос қанатын қағып-қағып жіберген қанатты түлік елестейді. Келесі күні, ұйқың қанып тұрған соң, қолың бір қалт еткенде, кешегі «жұмыртқаларды» санап, сапасына үңілесің. Жаңағылардың арасында, әлбетте өз бетінше талпынып, ұша жөнелуге дайын «қара қанаттары» да ұшырасады. Оларға шын жүректен қуанып, енді жанды дауыспен тілек білдіресің. Бірақ, телефонмен келетін дүниенің көпшілігі бір-бірінен аумайды: әуесқой әуен, арзан ұйқастар немесе асыра мақтау мен жағымпаз сарын. Соның салдарынан кезінде «ләпбай тақсырлап», өте жиі толғатқандары үшін өкінетіндерді, тіпті ол мұрасынан бас тартқанды немесе «күй өртегенді» көріп, «үтік басқанды» да тыңдадық. Осы аздай, өткен замандарда да «сарай ақындары» болғанын көлденең тартып, ақталатындарды да естідік. Күлкілі ғой: ол заманда шайырлар еркін заманды, еркін елді, сол еркіндікті қорғаған батырлар мен халықтың өзі таңдаған хандарды жырлады. Олай болса, сыбайластық сырқатын асқындырған билікке соншалықты «тамсанып, таңдай қағуды» ақтау қисынсыз. Рас, көзімізді бақырайтып қойып жасалған «ұрлық-жырлық» торына түспеу қиын еді. Бірақ, екінің бірі биліктің алдында құрдай жорғалаған жоқ. Ал, күн сайын «шабыт» шақырып, «тұлпарын» босқа арам тер ететіндерге келсек, өлең-жыр мен ән-күйге қандай талап қойылатынынан ондайлар мақұрым қалғандай. Санамызда ұлы ақын жырлары күмбірлейді: «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы» немесе «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы, Сонда да солардың бар таңдамасы. Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын/ Қазақтың келістірер қай баласы?» (Абай). Әлеуметтік желіден алақайлап, тымақтарын аспанға атқан қарадүрсін шығармалар адамды мезі етеді. Шығармашыл әріптес шабытының шалқығанына, әсілі қызғаныш болуы мүмкін емес. Еңбегі жансын... алайда, «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ-барды, ертегіні термек үшін...» – деп, толғанады Абай, - «Құлақтан кіріп, бойды алар / Жақсы ән мен тәтті күй..» немесе «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар, Үннің тәтті оралған мәні оятар», ал «Құр айқай бақырған/ Құлаққа ән бе екен? Өнерсіз шатылған / Кісіге сән бе екен?». Олай болса, «Білімдіден шыққан сөз / Талаптыға болсын кез. Нұрын, сырын көруге / Көкірегінде болсын көз». Кейбір шығармаларды оқи немесе тыңдай отырып, шабыт тұлпарына «неге қамшы төпелеп, босқа қинайды екен» деген ойға қаласың. Тауық екеш тауық қана тәулігіне бір жұмыртқалайды, нағыз жүйріктің қамшы салдырмасы мәлім. Жекелеген қаламгерлер мен сазгерлердің сан қуып, сансыруына не жорық! Ал, күн сайын бәйгеге ат қосу – шабыт тұлпарын шабынан түрткендей қисынсыз-ақ. Мұны жаңағыдай «шабандоздардың» бетіне айтсаң, ренжіту аз, жау табасың. Сосын, біздіңше, бетке айту да білгендік емес. Сондықтан үндемей құтыласың... тіпті, кейбір ақындар мен сазгерлердің тылсым дүниеннің сырына бойлаймын деп, текке булығатыны немесе «аспанға асығатыны» таңдандырады: «шектеулі шектеусізді қайдан ұқсын» (Абай). Ғаламтордағылардың енді бір тобы адамға сенгіштігіне өкініп, ит, жылқы, бүркіт, бура сияқтылардың адалдығына, жүйріктігіне, алғырлығына, қара күшіне тамсанады. Шындығында, адамға сену – адамдық зор қасиет! Сондай-ақ, «махаббат жоқ», «достық болмайды», «адалдық бос сөз» деп, ақылгөйситіндер шықты. Шындығында махаббаттың да, достықтың да, адалдықтың да қадірін, оның дәмін татқан жан ғана біледі. Ол адами қасиеттер, әлбетте пендең үшін ғаламат сын мен ғажайып сый әрі терең тағылым. Олай болса, адам мен оның өмірін асқақ жырлай білу – киелі өнер, аса терең талғампаздықты талап ететін қанатты өнер. Оған, ағаш атты қамшылағандай, делебең қозып, күн сайын «домалатудың» жат екенін есте ұстаған ғанибет-ау. Шығарманың оқырманның да, тыңдаушының да көңілінен шыққанына не жетсін!
АҚШ Мемлекеттік департаменті қараша айында Ұлыбританияның Солсбери қаласында жүйке жүйесін зақымдайтын химиялық "Новичок" затын қолданғаны үшін Ресейге қарсы "қатаң санкциялар" салатынын мәлімдеді. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады. Департамент өкілі Маниша Сингх қатаң санкциялар Мәскеу бұған дейін қойылған талаптарды орындаудан бас тартқан жағдайда салынатынын ескертті. АҚШ осыған дейін Ресейден химиялық қаруды қолданбайтынына кепілдік беруді және өз зертханаларына шетелдік бақылаушыларды жіберуді талап еткен. Сингх "әлемдік қауымдастық Ресей саясатына, әсіресе өз азаматтарына қастандық жасап, өлтіріп жатқан кезінде төзбеуі тиіс" екенін айтты. Санкциялар АҚШ-тың 1991 жылы қабылданған, химиялық және биологиялық қару қолданған елдерге қарсы шаралар қолдануға міндеттейтін заңына сай салынбақ. Вашингтон мұндай санкцияны бұған дейін Сирия үкіметіне оның "бейбіт тұрғындарға химиялық қару қолданғаны үшін" салған. Instagram бізге жазылыңыз Тамызда АҚШ Ұлыбританияда Ресей экс-тыңшысы Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлияның улануына байланысты Ресейге алғашқы "жеңіл" санкциясын енгізген. Санкция бойынша, Ресейге азаматтық және әскери мақсатта бірдей қолданылатын өнімдер мен АҚШ ұлттық қауіпсіздігі саласымен байланысты тауар және технологияны экспорттауға тыйым салынған. Бұған қоса, Ресейге мұнай-газ саласына қатысы бар электроника, технология мен қосалқы құрылғылар жеткізуге де шектеу қойылған. Болжам бойынша, санкцияның екінші кезеңінде АҚШ пен Ресей арасындағы санкцияға іс жүзінде толықтай эмбарго қойылады. Сонымен қатар, Ресейге авиациялық турбиналар жеткізуге және "Аэрофлоттың" АҚШ-та ұшуына тыйым салынбақ.
Жан жүрегімізбен қалаған істі болашақта болсын деп күтуді және Алла Тағаланың Ұлы құдіретіне арқа сүйеп, күткен жақсылығымыздың орындалатынына барынша сенім артуды бір сөзбен «үміт» дейміз. Жас өсемін, жалғыз көбейем, жарлы байимын, сырқат жазылам деп үміттенеді. Үміт – адамның тас түнек қараңғыда қалып, алған бағытынан ажырап, құрдымға бататындай сезініп, қайғыға батқанда, алыстан жақсылықтың нышанындай көрінген жарық сәуле. Асыл дінімізде «үміт» жасаған жақсылықтарымыздың қабыл болуын немесе біліп-білмей жасап қойған күнәлі істерімізге кешірім тілегенде тәубеміздің қабыл болуына жетелейтін жанның тыныштығы. Сондықтан адам баласы қаншалықты күнәхар болса да, ешқашан Алланың рақымынан күдерін үзбеуге тиіс. Өйткені Алла Тағала Құран Кәрімде: «(Уа Мұхаммед) Былай де: «Уа, шектен тыс күнә жасап, өздеріне зиян келтірген пенделерім! Алланың рақымынан үміттеріңді үзбеңдер. Алла күнәлардың барлығын кешіреді. Күмәнсіз, Ол тым жарылқаушы, әрі өте мейірімді» (Зүмәр сүресі, 53 аят) Өмірінде орны толмас қателік жасап, өкініштен өзегі өртенген жандарға осы бір аят үкілі үміт сыйлап, бақытқа жетелейді. Өйткені Алла Тағала уәдесінен таймайды. Үміт сенімнен, иманнан туындайды. Иманды жан әрқашан келешекке үмітпен қарайды. Ал үмітсіздік адамды күйзеліске ұрындырып, келешегін тұмшалап, бұл дүниеде өмір сүруге деген құлшынысын құрықтап тастайды. Қазіргі қоғамдағы аса қауіпті дерттің бірі – «суицид» өз өзіне қол жұмсау, өмірін қиюдың артында да осы үмітсіздік тұрғаны баршамызға белгілі. Үмітсіздікке салыну – Алланың аса Рақымды, өте Мейірімді, тым Кешірімді сипаттарын жоққа шығару деген сөз. Алла Тағала Хижр сүресінің 56 аятында: «Раббыңның рақымынан адасушылардан басқа кім үміт үзеді?» – дейді. Алайда бұл дүние уақытша сынақ, бұл дүниеде амал бар, есеп жоқ, ақыретте есеп бар, амал ету жоқ екенін ескеретін болсақ, үміт пен үрейдің арасында тепе-теңдік сақтауымыз керек. Қамшының сабындай қысқа ғұмырымызда күнәларды қорықпастан мейлінше көп жасап, «Алла кешіруші, өзі кешірер немесе «Құдай өзі кешірсін» деп тек тілдің ұшымен айта салу ақымақтың ісі. Кез келгеніміз сапарға шығарда жолға керекті жабдықтарымызды дайындаймыз, сол сияқты Алланың алдына бармастан бұрын, Алланың әмірлеріне құлақ асып, жақсылығымызды көбейтіп, сауапты істерімізді жасап, Алланың рақымынан үміт күткеніміз ләзім. Құранда Алла Тағала бұл жайлы арнайы бұйрық бар: «Үрей мен үміт арасында Аллаға жалбарыныңдар! Шын мәнінде, Алланың рақымы жақын» (Ағраф сүресі 56 аят) Сондықтан бұл дүниеде тепе теңдік сақтауда адам баласына үміт пен үрейдің екеуі де аса қажет. Үміт етем деп ақыреттен қорықпай қоюға, үрейленем деп жақсылықтан күдер үзуге жол жоқ. Пайғамбарымыздың бауыры, Алланың арыстаны Хамзаны шейіт қылған Уахшидың өзін Алланың елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) бірнеше рет Құраннан аяттар жолдап, Исламды қабылдауға шақырды. Уахши сол кезеңдерде көңілін зіл батпан басқан үмітсіздіктен арыла қою қиынға соқты. Уахши Хамзаны шейіт қылғаннан кейін «мен кешірімге лайық емеспін» дегенге өзін сендірген еді. Пайғамбарымыз үшінші рет Алланың барлық күнәні кешіретіні жайлы аятты жолдағанда ғана Уахшидың бойындағы күдік-күмән сейіліп, көкірегіне үміт оты маздап, мұсылманшылықты қабылдады. Әбу Хурайра (Алла оған разы болсын) Алла елшісінің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Мүминдер Алланың жазасын білсе, ешбірі жұмақтан үміт ете алмас еді. Кәпірлер Алланың рақымын білсе, ешбірі жұмақтан үміт үзбес еді» дегенін жеткізген. Қазақта «Үмітсіз – шайтан» деген. Бұл сөздің мағынасының өзі айтып отырғандай Алланың қарғысына ұшыраған ібіліс Алланың рақымынан үмітін үзген. Ал адам баласына Алла Тағала күнәсінің кешірілуіне түрлі мүмкіншіліктер беріп қойған. Егер Алла Тағала біздің жасаған қателіктеріміздің жазасын лезде беріп отырған болса, онда жағдайымыз мүшкіл болатын еді. Күніне 99 бәле көрсекте Алланың рақымына күдерімізді үзбейік, ағайын!
«Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университет» АҚ жанындағы әскери кафедра Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне запастағы офицерлерді даярлау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 тамызда № 1109 бұйрығымен құрылған. Әскери кафедрада «Шет тілі» және « Жалпыәскери бөлімшелерді, бөлім және құрамаларды әскери қолдану» әскери-есеп мамандықтары бойынша запастағы офицерлерді даярлайды. Студентерді әскери даярлау қосымша жасақтау болып табылады, сонымен қатар ол теориялық және практикалық түрде оқытылады. Запастағы офицерлерді әскери даярлау бағдарламасы мемлекеттік білім беру сұранысы бойынша және ақылы негізде жүзеге асырылады. Әскери даярлық әскери кафедра оқытушыларымен "әскери күн" әдісімен ұйымдастырылады және жүзеге асырылады.
Шымкент тұрғыны тергеу изоляторының қызметкеріне пара бермек болды: 07 маусым 2022, 08:53 - жаңалықтар Alashainasy.kz Басты Алаш-ақпарат Қылмыс Шымкент тұрғыны тергеу изоляторының қызметкеріне пара бермек болды 07 маусым 2022, 08:53 Шымкент тұрғыны тұтқындағы інісіне артықшылық алу үшін тергеу изоляторының қызметкеріне 1 млн теңге пара бермек болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап. Оқиға бүгін Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің аралас қауіпсіздік мекемесінде болды. 49 жастағы ер адам тергеу изоляторының қызметкеріне пара беруге тырысқан. Күдіктінің мақсаты - туысына белгілі бір артықшылықтар жасау болыпты. «Жеке қауіпсіздік басқармасына жүгінген тергеу изоляторының қызметкері жеке тұлғаның 1 млн теңге көлемінде пара ұсынғанын айтқан. Қызметші бұл туралы дереу басшылыққа және өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабар берген. Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері мен аумақтық ҚАЖД жедел қызметкерлері бірлесіп бірқатар тиісті шаралар қабылдады», – деп мәлім етті өңірлік департаменттің бастығы, әділет полковнигі Теңізжан Жәнібеков.
Бүгін, елордада «Балалар әлемі» республикалық балалар оқулары байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Аяжан Қабылқанова Send an email 03.11.2022 42 Іс-шараны Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдауымен «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ ұйымдастырды. Байқаудың мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, қазақ және шетел әдебиетін, ақын-жазушылардың шығармаларын терең зерттеуге ынталандыру, өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру. Байқауға еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің 3-10 сынып оқушыларынан 97 мыңнан астам бала қатысты. Қатысушылар 4 санат бойынша бақ сынады: «Ертегілер әлемінде» тақырыбында бастауыш 3-4 сынып оқушылары; «Кел, балалар, оқылық!» тақырыбы 5-6 орта сыныптағы оқушылары; «Ғасырлар тарихты жырлайды» тақырыбы 7-8 сынып оқушылары; «Ұлы Дала эпостары» және «Ұлы Даланың даңқы» тақырыбында 9-10 жоғары сынып оқушылары. Облыстық турлардың 80 жеңімпазы 2022 жылдың 2 қарашасында байқаудың ақтық сайысына қатысты. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсіміне ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі, Парламент депутаттары, Қазақстандағы ЮНИСЕФ басшысы, қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар мен журналистер қатысты. Іс-шараны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров ашты. «Республикалық балалар оқуына еліміздің түпкір-түкпірінен сүрінбей өткен жүзден жүйрік қатысушыларымызды байқаудың межесіне жетуімен шын жүректен құттықтаймын. Орайы келіп тұрғанда баршаңызды тұғырына қайта қонған ұлттық мерекеміз Республика күнімен де құттықтаймын», – деп ыстық ілтипатын білдірді. Сондай-ақ вице-министр байқау кітап оқу мәдениетімен қатар, мемлекеттік тілдің жас буын ортасында кең таралуына үлес қосатындығын атап өтті. «Аталмыш туындылар адамның өмір жолында өлшеусіз азық болып, парасатты, кемел жастарды қалыптастыруға ықпал етіп келеді. Осындай азаматтармен бірге біз Жаңа Қазақстанды және қоғамдағы ізгі құндылықтарды қалыптастырамыз», – деді вице-министр. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді бағалы сыйлықтармен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Сауытбек Абдрахманов пен Аманжол Әлтай, Қазақстандағы ЮНИСЕФ басшысының кеңесшісі Бағдад Құлназаров, ҚР Жазушылар одағының мүшелері, ақын-жазушылар Серік Негимов, Шархан Қазығұл, Дихан Қамзабекұлы, Қуаныш Жиенбай және Роза Мұқанова марапттады. Салтанатты рәсім барысында ең белсенді қатысушыларға алғыс хаттар мен «Marwin» сертификаттары табысталды. Аяжан Қабылқанова Send an email 03.11.2022 42 Facebook Twitter VKontakte Odnoklassniki Skype Messenger Messenger WhatsApp Telegram Хатпен жіберу Басып шығару
Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілиясов коронавирустан қайтыс болған науқас туралы мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz. 6 сәуірде Целиноград облысының 1929 жылғы тұрғыны қайтыс болды. Әйел бұрын КВИ-ден көз жұмған 1947 жылғы ер адаммен байланыста болғандардың қатарына жатады, - деді ол. Жалпы бұл ретте науқаспен байланыста болған 216 адам анықталды. Кейуана көз жұмғаннан кейін 7 сәуірде денені тексеру кезінде диагноз расталды. Кейуананың Паркинсон синдромы, созылмалы бронхит және басқа да бірқатар жанама аурулары болды. Төсекке танылуына байланысты науқастың жағдайы күрт нашарлады. 1 сәуірде науқастың жағдайы тағы да нашарлап кетті... . Созылмалы жүрек-өкпе ауруы, көптеген мүшелер патологиясының салдарынан науқастың хәлі біртіндеп нашарлай берді. 6 сәуірде биологиялық өлім тіркелді, - деді Ілиясов. Қазіргі уақытта CVI диагнозы қойылған науқастар оқшауланып, аймақтағы, сондай-ақ Нұр-Сұлтандағы ауруханаларға орналастырылып, емделіп жатыр.
anta: toqïdïm: anta: yanï: tüsdim: Čіk budunïγ: bïŋam süre: kelti: ...Tez bašï: čïtïmïn yayladïm: yaqa: anta: yaqаladïm: Čіk budunqa: tutuq bertim: Іš barïš: Tarqad: anta: anča oldum: ...antа: er kеlti: Qazluq költe: сонда: жеңдім: сонда: жаңа түстім: Чек бүтін (халық)ты: мыңдығым сүрте: келді: ...Тез басы: чытымды (құрылыс): жайладым: жағасын (шетін)сонда жағаластырдым: Чек бүтін (халық)қа: Тұтық бердім: Ыс Барыс: Тархат: сонда: соншалықты болдым: ...сонда: ер келді. Қазлұқ көлде:... Этномәдени сөздікпен қатар Түрік бітік мәтін қорында көне түрік-қазақ сөздігі бар. Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова, ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы. Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз. Ескерткіш Үйреткіш Этномәдени сөздік Жәй сөздік Деректер Іздеу Көмек Контакт қаз рус eng © Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген "Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.
«Далаиль Хайрият» (жақсылық дәлелдері) деп аталады. Араб тілінде жазылған, 1-204 бет. Мұқабасы қатты картоннан жасалып, бетіне жұқа сарғыш түсті қызыл бояумен әшекейленген, ортасында мөр тәріздес дөңгелектің ішінде жазуы бар қағаз жапсырылған. Бұл кітапта намаз дұғалары мен Аллаһ Тағаланың 99 есімі берілген. Намаз дұғалары мыналар: «Аллаһумма салли дұғасы». «Аллаһумма салли алә Мухаммадин уа алә әәли Мухаммәд кәмәә саллайтә алә Ибраһимә уа алә әәли Ибраһим, иннәкә хамидум мәжиид». Мағынасы: Аллаһым! Ибраһимге және Ибраһимнің жанұясына берекет бергенің сияқты Хазірет Мұхаммедке және оның жанұясына да берекет бер. Расында сен барлық жағынан мақтауға лайықсың әрі даңқың ұлы Хазіреті Мұхаммедтің Аллаһтың құлы әрі пайғамбары екеніне куәлік етемін. Ауырған кезде оқылатын дұғалар. Хадис шәрифте: «Лә хәулә уәлә қууәтә иллә билләһил алии ил-азыйм» кәлимасын оқу 99 дертке дауа болады. Бұлардың ең жеңілі қайғы. Бұған «тәмжид кәлимасы» деп айтылады. Қорыққан кездерде және жыннан қорғану үшін де оқылады. Мұхаммед (с.а.у) пайғамбардың қасиетті есімдері берілген. Олар: Мұхаммед, Ахмет, Хамит, Махмуд. Бұлар Құранда ең ерекше болғандары «Мұхаммед» және «Ахмет». Мұхаммед көп мақталған, Ахметте «көбірек шүкіршілік еткен» мағыналарын түсіндіреді. Құран Кәрімде Мұхаммед есімі 4 жерде, Ахмет есімі 1 жерде кездеседі. Пайғамбарымыздың өзі бір хадисінде: «Мен Мұхаммедпін де, Ахметпінде. Мен махимін мен хаширмін, мен ақибпін, хатемүл анбиямын сондай-ақ менен кейін ешкім нәби (пайғамбар) бола алмайды» деген. (Бухари, Мәнәқиб 17 ) «Әл-Хашир» — мағынасы біріктіруші. Біздің пайғамбардан (с.а.у) бұрын жіберілген пайғамбардың бәрі бір қауымға жіберілсе, біздің Пайғамбарымыз (с.а.у) бүкіл адамзатқа Хақ Тағаланың елшісі ретінде жіберілген. «Әл-Махи» -тазартушы. Мұхаммед (с.а.у) Алланың күпірлікті жоятын елшісі. «Ақиб» — орынбасар, мұрагер. Басқа пайғамбарлардан соң келуі себебінен біздің Пайғамбарымыз (с.а.у) солардың орынбасары әрі пайғамбарлардың мөрі, яғни соңғысы болып есептеледі. Бұл жайында Құранда «Сөзсіз, Аллаһ пен періштелер Пайғамбарымызға көп салауат айтады. Әй мүминдер! Сендерде Оған салауат келтіріңдер, толық мойын ие отырып, сәлем беріңдер!.. (Ахзаб, 56) деген». Ғалымдар Аллаһ елшісінің (с.а.у) есімдері мұнымен ғана шектелмейтінін айтады. Олардың айтуынша Құранда пайғамбарымыздың (с.а.у) сипаттары ретінде расул, нәби, шаһид, мубәшшир, бәшир, мунзир, сиражун-нур, муддәссир, муззәммил, хатамун нәбииун, сияқты есімдері айтылады. Аллаһ Тағала бұдан бөлек хақ елшісін (с.а.у) өзіне тән Рауф және Рахим атты екі есіммен марапаттап, қадірін айшықтай түскен. Олай болса Аллаһ елшісінің есімінің көптігі, оның қадірі мен мәртебесінің биіктігін көрсетеді.
Неке анты - кез-келген некелік қатынастың негізгі бөлігі. Жалпыға ортақ заң серіктестері көптеген адамдар алдында неке антын бермеген болуы мүмкін және тіпті оның маңыздылығын білмеуі де мүмкін. Алайда, сіз өзіңіздің сүйіспеншілігіңізді және / немесе өзіңіздің сезіміңізді серіктесіңізге немесе сіздің жақын адамыңызға білдірген сайын және мойындаған сайын, сіз неке антының негізгі принциптерімен келісесіз. Неке анттары сіз ойлағаннан да маңызды Ерлі-зайыптылардың анттары тек сүйіспеншілік пен немесе растау сөздерін ғана білдірмейді. Сөздердің өзі біздің қарым-қатынасымыздың қандай болатындығын анықтайтын тірі нұсқаулық. Мағыналы және жемісті одақтың канондық негізі. Мен бұл сөздермен кім сөйлесе алатынын білмеймін және кім болса да солай деп айтуға батылым бар, бізге кеңістік пен уақыттағы барлық қатынастар үшін ең тұрақты мұралардың бірін қалдырды. Жақында мен жемісті неке құру туралы Киелі кітапты зерттеу сабағын өткіздім, оны тек некеден бастау керек еді немесе егер сіз қаласаңыз, қарым-қатынасқа ант беріңіз. «Неке - бұл ерлі-зайыптылар арасындағы қасиетті одақ және ол үзіліссіз қалады. Бұл тұрақты және сүйіспеншілікті қарым-қатынастың негізі және екі жүректің, дененің және жанның қосылуы. Ерлі-зайыптылар бір-бірін қолдап, қуаныш пен қиыншылық кезінде сүйіспеншілік пен қамқорлық көрсетеді. Мен сізден екеуіңізге де талап етемін және егер сіздердің біреулеріңіз қасиетті некеге қосылмаудың қандай да бір себептерін білсеңіз, енді оны мойындауыңызды талап етемін ». (Англия шіркеуі) Англизмге қарамастан, неке төлемі тұрақты қарым-қатынастың нақты жоспарын ұсынады. Ерлі-зайыптылардың анттары, әдетте, ол қабылдағаннан гөрі маңыздырақ. «(Аты-жөні), сенде бұл әйел сенің заңды некеде тұрған жұбайың болып, қасиетті некеде мәңгі бірге өмір сүруің керек пе? Сіз оны жақсы көресіз бе, оны жұбатасыз ба, құрметтейсіз бе, оны ауруда және денсаулығыңызда, не бай, не кедей, не жаман, не жаман, басқалардың бәрін тастап, оны тек оның жанында ұстайсыз ба? өмір сүресің бе? »деп сұрады. Сіз өзіңіздің серіктесіңізге адал болсаңыз, сіз қарым-қатынаста болуға өмір бойы міндеттеме жасайсыз: жақсы және жаман күндерде - «Жақсыдан жаманға, байдан, кедейленуден, ауру мен денсаулықтан, сүйіспеншілікпен және өлімге дейін қастерлеумен бөлісеміз». Мен ерлі-зайыптыларға үйлену анттарын екінші рет оқып, сол туралы ой жүгіртуді ұнатамын. Отбасылық ант сіз ойлағаннан әлдеқайда маңызды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы ел тізгінін қолына ал­ған­да ең алғаш көтерген кө­кейтесті мәселелердің бірі – игерілмей жатқан жерлерге қатысты болатын. Міне, содан бері 3 жылдан асты, жағдай қан­шалықты өзгерді? Бұл са­ла­да жеткен жетістіктеріміз бен жіберіп алған мүмкіндікте­рі­міз қандай? Жер комиссия­сы­ның жұмысына байланысты алдан қандай тәуекелдер кү­тіп тұр? Осы мәселелерге жауап іздеп көрген едік. Президент осы жолғы Жол­дауында жер мәселесін тағы кө­терді: «Игерілмей жатқан жерді қайтарып алу жөніндегі комис­сияның қызметіне жеке тоқталғым келеді. Комиссия жұмысының аясында ауыл шаруашылығы мақ­сатындағы 2,9 миллион гектар жер мемлекетке қайтарылды. Жылдың соңына дейін кемінде 5 миллион гектар жерді қайтарып алу жоспар­ланып отыр. Игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген жер көлемі 10 миллион гектарға жуықтайды. Үкімет пен әкімдіктер келесі жыл­дың соңына дейін осы жерлерге қатысты нақты шешім қабылдауы тиіс. Қазір жер мәселесін тексеруге жарияланған мораторий де күшін жойды. Бұл қадам жұмысқа оң ықпалын тигізеді деп ойлаймын», – деді Қ. Тоқаев. Аталған комиссия биылғы сәуір айының соңында құрылып, кәдеге жаратылмай қалған және заңнаманы бұзып берілген жер­лерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмыс істеп жатыр. Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын бас­қару комитетінің аумақтық бө­лім­шелері жалпы аумағы 7,45 млн гек­тар телімді иеленген 2584 субъ­ек­тіге қатысты тексеру жүр­гізуді жоспарлаған (жайылым – 6,86 млн гектар, егістік – 585,2 мың гектар). Одан бөлек, 3 млн гектар учаскіні пайдалану­шы­лардың үстінен 900 жоспардан тыс тексеру жасалып, оның 1 млн 329 мың гектарына қа­тысты жер заңнамасын бұзу­шылықтар анықталды. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың ауыл шаруашылығы жерлерін беру жөніндегі 118 шешімі заңсыз деп танылды. Айта кетейік, Қазақстанда ауыл шаруашылығы жерлерінің жалпы ауданы 201,9 млн гектар (егістік – 26,1 млн гектар, жайы­лым – 80,6 млн гектар, басқалары – 7,3 млн гектар, қордағы жерлер – 87,9 млн гектар) құрайды, мұның пайдалануға берілгені –114 млн гектар. Асыра сілтеу болмасын!.. Бізде баяғыдан қалыптасқан бір дабыра дарақылық бар. Прези­дент тапсырмасынан кейін Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев 2023 жылдың соңына дейін 10 млн гектар игерілмей жат­қан жерлер бойынша нақты ше­шім­дер қабылданатынын айтты. Құзырлы орган тіпті Президент Жар­лығы шығар-шықпастан жер­лерді тартып алу шараларын бас­тап кетті. Оған жергілікті жерлер­дегі шолақ белсенділер қосылып, жақсы бастаманы жалаң науқан­шыл­дыққа айналдырып жіберді. Оны айтасыз, енді ауыл маңындағы жайқалып тұрған «егістікті, суар­малы жерлерді қайтарыңдар, ма­лы­мызды бағамыз» деген аран­датулар естіле бастады. Сөйтіп, әлеуметтік маңызы бар мәселе басталмай жатып үлкен дабыра-даңғазаға ұрынды. Ал министрдің бұл жұмыстарды жүзеге асыруға аудандар әкімдерінің және жер қатынастарына жетекшілік ететін облыс әкімдері орынбасарларының жауапкершілігін күшейту туралы ұсынысы әкімдердің қолымен от көсегісі келген, ертең оң нәтиже шық­паса, жауапкершілікті жер­гілікті мамандарға аудара салуға бекінген әрекетіне ұқсап барады. Осыған орай, Ауыл шаруашылығы комитетінің төрағасы Ниқанбай Омарханов қай істің де жаман-жақсылы шегі болатынын ес­кертеді. «Жүздеген мың гектар жерді жамбасына басқан байшыкештер мен 4-5 мың гектар алқабы бар орта шаруаны салыстыруға кел­мейді. Бұл істе «Екі түйе сүйкенсе, арасында шыбын өлетіннің» керін келтірмеу керек. Қайта, ұсақ ша­руалардың азын-аулақ жерлерін игере алмай жату себебін анықтау қажет. Оларға қандай қолдау керектігін зерттеп, көмектескен жөн. Министр шаруаның игере алмай жатқан жерін тартып алып, жеке аулаларға бөліп беріп, елдің аузын жабам десе, қатты қателеседі. Бұл халықты қатты алаңдатады. Голощекиннің «асыра сілтеу бол­ма­сын, аша тұяқ қалмасын» саяса­ты­ның көшірмесіне айнал­маса игі. Большевиктер 1928 жылдары жұрт­тың малын жаппай кәмпес­ке­леп, оның арты 32 жылдың ашты­ғына соқтырғанын ұмытпайық», – дейді Н.Омарханов. Ауыл шаруашылығы саласы­ның ардагері қазіргі күні жер дауы, жайылым мәселесі негізінен ауыл­дың басында есепсіз көп мал ұс­тайтын байшыкештердің кесірі­нен болып отырғанын, оны шешудің бірден-бір жолы «Жеке қосалқы шаруашылықтар туралы» заңды шұғыл қабылдау екендігін айтады. Сарапшы аз ғана жері бар ауыл адамдарын, шаруа қожалықтарын латифундистер қатарына қосып, жаппай бір дүрмектің астына алудың дұрыс еместігін ескертті. «Үкімет бос жатқан жерлерге толық ревизия жасап, пайдаланбай отырған әр адаммен жеке-жеке жолығып, оның себеп-салдарын анықтап алса, көп нәрсеге көзі жетер еді. Сондай-ақ бұл жұмыс­тарды жергілікті әкімдіктерге бере салмай, аудан, облыста құрылған қоғамдық кеңестерге жүктеу қажет. Ал қоғамдық кеңесті аудан, облыс әкімдері өздеріне ыңғайлы «ләп­пай, тақсырлардан» тағайындамай, халықтың сеніміне ие болған адам­дардан құрағаны дұрыс. Бұл про­цесс елге жанашыр, жердің жайын жақсы білетін адамдардан арасы­нан дауыс беру арқылы әділ ірік­телі­ніп алынуы тиіс. Яғни, қоғам­дық кеңес билікке емес, тек ха­лық­қа тәуелді болуы керек», – дейді Қоғамдық кеңес Ауыл шаруашы­лығы комитетінің төрағасы Ниқанбай Омарханов. Кезегін күткен мәселе көп Ал енді осы қоғамдық кеңестер тиянақты жұмыс жасаса, жермен байланысты басқа да талай пробле­маның басы ашылар еді. Өйткені егемендік алған отыз жыл ішінде шенеуніктердің шалағай шешім­дері мен латифундистердің «теп­кіні» тұрмысы төрт түліктің сүме­сіне қараған қазақты әбден шер­менде күйге түсірген. Жайылым мен шабындықтың тапшылығы мал басын көбейтуге кесірін ти­гізіп келеді. Ал оның өнімдері – жүн, тері ешкімге керексіз болып, шіріп жатыр. Ет, сүт, құрт-майды алыпсатарлар арзанға әкетеді. Қалыптасқан менеджмент жоқ. Сөйтіп, ауылдың 7 миллионнан астам тұрғыны әркі-тәркі жағдайда стихиялы тіршілік кешуде. Сарапшы осы олқылықтарды жою үшін жергілікті өндірістің барлық өнімдерін өткізу, сатып алу, материалдық-техникалық қамта­масыз ету проблемаларымен шұ­ғыл­данатын республикалық ауыл­шаруашылық электронды тауар биржасын ашу керектігін айтады. Ауыл шаруашылығы саласының ардагері биржа тек коммерциялық ұйым болмауы керек, ол Кана­даның бидай комитеті принципмен құрылуы тиіс деп санайды. Осы жерде айта кетейік, ауыл мәселесін тек жерге қатысты емес, біртұтас жүйе ретінде қарастырған жөн: несие беру, техникамен және технологиямен қамтамасыз ету, еңбек өнімділігі, инфрақұрылым, өнім өңдеу, өткізу, баға саясаты, азық-түлік қауіпсіздігі, экспорт, импорт, субсидия, еңбекақы, жәр­демақы, зейнетақы, демография, урбанизация, көпбалалы отбасы­лар, тұрғын үй мәселесі, кадр мә­селесі, жастар мәселесі, жұмыспен қамту, егіндік жерлер, мал санын реттеу – бәрі кешенді түрде қарас­тырылуы тиіс. Тек осы зерттеулер жүргізіліп, оның нәтижесі құзырлы органдардың отырысында қоғам­дық кеңес мүшелерінің қатысуы­мен егжей-тегжейлі сараланғаннан кейін ғана болашағы жоқ ауылдар­ды анықтап, қайтаратын жерлерді қайтарып, халыққа беретін көмекті нақтылаған жөн. Ал түбегейлі зерт­теу жүргізілмей, оған тисінше бақылау болмаған жағдайда қо­лын­да билігі бар кейбір шенеунік Президент тапсырмасын желеу етіп, әлдебіреудің жерін қиянатпен тартып алмасына кім кепіл? Әйт­песе, Мөңке би айтқандай, «Ха­лыққа бір тиын пайдасы жоқ, ай сайын бас қосқан жиын болады» демекші, жер комиссиясының мәжілісі құр хаттамалар толтыру­мен, уәкілетті өкілдердің қысыр есептерін тыңдаумен шектелмесе игі. Бұл онсыз да қажып жүрген ел­дің берекесін қашырады. Тұр­мысы тұралаған ауылдықтар онсыз да жетісіп жүрген жоқ.
Мемлекет басшысы италиялық бұл бренд 5-6 мың доллар болса, қазақстандық өнім одан бірнеше есе арзан екендігін әрі киюге де болатынын баса айтты. Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мəселелері жөнінде кеңесте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды отандық жеңіл өнеркәсіп өнімдерін алуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Біз осы жылдардың ішінде отандық жеңіл өнеркәсіпті жоғалтып алдық. Өзімізде тігілетін костюді қанша киіп жүрсем де, барлықтарың мына жерде Брионимен отырсыңдар. Қазақстанда тігілетін костюмдер одан жаман емес», -деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы италиялық бұл бренд 5-6 мың доллар болса, қазақстандық өнім одан бірнеше есе арзан екендігін әрі киюге де болатынын баса айтты. «Мен сендерге айтайын, біз қазақпыз ғой. Жас кезімізде аш-жаңалаш жүріп өстік. Көрмегенді көрдік, біздің әке-шешелеріміз түк көрген жоқ. Түк көрмегендіктен қалтамызға ақша түсіп еді, барлығымыз дәу машина алдық, үш қабатты үй салдық. Қазір сол жігіттер үйлерін не істерін білмей, сата алмай жүр. 3-4 қабатты үйге екі баласымен тұру деген қандай масқара. Оны күнде тазалау керек, қарайтын адам керек. Бастапқы кезде солай жасадық. Батыста бай адамдар өзінің бай екенін елдің алдында көрсетпейді. Нағыз бай адамдар солай болады. Ал біздікі «менің машинам ананікінен жақсы, үйім биік» деп көрсетуі керек. Бұл нағыз сауатсыздық саналады. «Ұлық болсаң, кішік бол», деп қазақ неліктен айтқан? Байлықты біреу көреді, біреу көре алмайды», - деді Елбасы. Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі қазақтың байлары мемлекет жүргізіп отырған саясаттың арқасында дәулетті болғанын айтты. Сонымен қатар оларды туған ауылдарын барып әлеуметтік нысандар салуға қаржы салуға үндеді.
«Өскемен ЖЭО» ЖШС Өскемен жоғары политехникалық колледжімен белсенді ынтымақтастық жасайды. Қосарлы оқыту келісімі аясында студенттер кәсіпорында өндірістік тәжірибеден өтіп, өздерін көрсете алады. Сөйтіп, 2020 жылдың 1 қыркүйегі мен 23 қарашасы аралығында Политехникалық колледжінің «Жылу энергетикасы» мамандығы бойынша 3 курс студенттері «Өскемен ЖЭО» ЖШС-нің білікті тәлімгерлерінің басшылығымен оқу-өндірістік тәжірибеден өтті. 2020 жылдың 6 қазанынан бастап колледждің 2 курс студенттері оқу-таныстыру тәжірибесіне кірді. Оқыту онлайн режимінде «Discord» бағдарламасының алаңында өтеді. Оларға сәттілік және мамандықты игеруде зор жетістіктер тілейміз! Евгений Осадчий, «Өскемен ЖЭО» ЖШС орталықтандырылған жөндеулер цехының бастығы: - Бізде бес студент болды. Біз оларды негізгі жөндеу бригадасына бекіттік. Мұнда олар цехтың жұмысын іштен көрді, жабдықтың жұмысы туралы максималды ақпарат ала алды. Біз үшін қазірдің өзінде студенттер болашақ әріптестер және ЖЭО қызметкерлері болып табылады. Олар оқуын бітіре салысымен, біз бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде іріктеу жүргізіп, оларды кәсіпорнымызға шақырамыз. Білімдерін жетілдіру үшін цехте қалып үйренулеріне жағдайлар жасаймыз. Білікті дәнекерлеуші ​​немесе слесарь болу үшін кемінде үш жыл дайындық қажет. Содан кейін олар өздері үйреніп, тартылады, біз талантты қызметкерлерді бақылап, жоғарылатамыз. Біздің кәсібімізде өз бетінше ойланып, шешім қабылдай білу өте маңызды. Мұны біз болашақ энергетиктерден де күтеміз. Алексей Стеблюк, «Өскемен ЖЭО» ЖШС қазандық цехының бастығы: - Біздің цехта студенттер ауысымда және жабдықты баптауда тәжірибеден өтті. Қысқа уақыт аралығында барлық жабдықтармен таныстырылды, олар өздерін өте тиімді жұмыскерлер ретінде көрсетті. Менің жас әріптестеріме тілегім – жұмыстарына қызығушылық таныту! Константин Пятков, «Өскемен ЖЭО» ЖШС турбиналық цехтың бастығы: - Тәжірибе барысында Өскемен жоғары политехникалық колледжінің үшінші курс студенттері алғашқы кәсіби дағдылар мен икемділіктерге ие болды, кәсіпорын жұмысымен танысты. Бұл бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие мамандарды дайындауға көмектеседі. Өскемен ЖЭО қызметкерлері тәжірибеден өтушілерге өздерінің барлық білімдері мен тәжірибелерін беруге тырысады. Топ кураторы Лазаренко Олеся Дмитриевна: - Қосарлы оқыту шынымен де нағыз мамандарды тәрбиелеуге мүмкіндік береді. 2020 жылдың 20 қарашасында біз Қорытынды Аттестация өткіздік. Барлық студенттер «Қазандық жабдықтар жөніндегі қараушы-машинист» біліктілігін ала отырып, емтиханды табысты тапсырды. Мен «Өскемен ЖЭО» ЖШС басшылығына мен корпоративтік оқыту орталығына, тәлімгерлерге, цех басшыларына алғысымды білдіремін. Тәжірибеден өту барысында біздің студенттер қолданбалы пәндер бойынша білімдерін бекітіп, осындай керемет ұжымда қарым-қатынас тәжірибесін де жинақтады. Студенттердің пікірлері: Адылғазы Аяна және Родина Карина: 1 қыркүйекте тәжірибеге келе салысымен бізге еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар беріліп, бізді кәсіпорынмен таныстырды. Жағдайлар өте жақсы болды: химиялық зертханада бізге барлық қажетті заттар, арнайы киімдер ұсынылды. Барлығы бізге тәжірибемізді кесте бойынша өтуімізге көмектесті. Тәжірибені ұйымдастырғандары үшін Өскемен Жылу электр орталығына үлкен рахмет! Қабдрахманов Саят: Мен өндірістік тәжірибемді турбина цехында өттім. Маған жұмыс орны бөлініп, арнайы киім берілді, қауіпсіздік техникасы, өндірістік қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтар өткізілді. Мен өндіріс туралы сұрақтар қойған кезде нақты жауаптар алдым. Мен үшін осы жерде тәжірибеден өту қызықты болды. Менің кураторларыма рахмет! Артқа Алға Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта) Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389 Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адан Гебрейесус күн суытатын жақын айларда коронавируспен ауырып ауруханаға жүгінушілер мен кісі өлімнің артуы ықтимал дейді, деп хабарлайды Alataunews.kz. alataunews 01.09.2022 Қоғам, Жаңалық WhatsAppTelegramFacebookTwitter «Қазіргі «омикрон штаммының» майда түрлері бұрынғыларына қарағанда әлдеқайда жұқпалы. Сондай-ақ алда қауіпті нұсқалардың туындау ықтималдығы жоғары», – ДДСҰ басшысы. Оның айтуынша вакцинациялау жәйі табысы төмен елдерде мәз емес. Дегенмен жағдайы жақсы мемлекеттерде де, мысалы денсаулық сақтау қызметкерлерінің 30% және қарт адамдардың 20% әлі де екпе алмаған. «Вакцинациялау ісіндегі бұл олқылықтар бәрімізге қауіп төндіреді. Сондықтан, егер сіз әлі екпе алмаған болсаңыз, бустерлі вакциналаудан (екі реттен кейін алынатын үшінші екпе) өтіңіз», – дейді Гебрейесус. ДДСҰ мәліметінше, 30 тамыздағы жағдай бойынша пандемия басталғаннан бері әлемде 599 071 265 адам КВИ жұқтырып, 6 467 023 адам қайтыс болды.
Үй иесі әрбір ұсақ нәрсеге мән береді. Төменде ұсынылатын кеңестер ақша үнемдеуге әрі еңбектің зая кетпеуіне септігін тигізеді. * * * Егер қолданудан бұрын тоңазытқыштың ең суық бөлігіне қойып қояр болсаңыз, май шамдар (свеча) ұзақ жанады. Ыдыс-аяқ жууға арналған майлықты (губканы) екіге теңдей бөліңіз. Жартысының өзі ыдыс жууға жеткілікті әрі ақша үнемдеу. Ал уксустың кішкене ғана тамызығы майлықты (губканы) таза әрі ұзақ ұстауға көмектеседі. Өзіңіздің сүйікті сұйық сабыныңызды сумен араластырып, екі бөтелкеге бөліп құйып қойыңыз (бос бөтелке табылып қалатын шығар). Егер суға азырақ спирт тамызар болсаңыз, гүл шоғы ұзақ тұрады. Ал егер арақ табылмай жатса, хлор тазалағыштардың бірін қосуға болады. Соустарды тоңазытқышта басын төмен қаратып қойған дұрыс. Көгеріп кетуден сақтайды. Банандарды жеке-жеке сақтаңыз. Банан ұзақ уақытқа жеуге жарамды болады. Жуа мен сарымсақты тесігі бар пакеттерде сақтаңыз. Үш ай бойына өзгермей тұра береді. Нанның дәмді күйін арасына балдыркөк қою арқылы (сельдерей) ұзақ сақтап көріңіз. Ірімшікті (сыр) кесу барысында қолыңызды тигізбеңіз. Саусағыңыздағы бактериялар өнімге жетіп, беті көгеріп кетуі мүмкін. Ең дұрысы, ірімшікті пластикалық пакет арқылы ұстаған дұрыс. Егер кір жуу барысында суға бір шөкім тұз тастар болсаңыз, киіміңіз жарқырап шыға келеді. Егер қолданбастан бұрын тоңазытқыштың қатты бөлігіне қойып қойсаңыз, колготки мен шұлық ұзақ уақытқа киюге жарайды. Төменгі температура талшықтардың мығымдылығына алып келеді. Джинсы шалбарын жуудан бұрын, бір сағатқа уксус қоспаның ішінде (бір қасық) ұстаңыз. Джинсылар өз түсін сақтап қалады. Тіс тазалауға тіс пастасының кішкене бөлігін ғана сыққан дұрыс. Ұзын тілкем шығару арқылы өнімді құр бекерге жұмсайсыз. Ноутбукті пайдаланбайтын сәтте желіден ажыратыңыз. Сол арқылы батарей ұзақ уақытқа шыдайды. Фен ұзақ уақыт жұмыс істеуі үшін сырт жағын шаңсорғышпен тазалап тұрыңыз. Бұл феннің күйіп кетуінің алдын алады.
Шерхан Мұртаза Қамалға арнаған бір хатында «жетпіс деген сөз Жет! Піс! деген екі сөзден құралады, яғни жетілген шағың, піскен кезің деген рас-ау», деген ой білдіріпті. Иә, ол рас, мен бұл сөзге көңіл аудармаушы едім. Осыны оқығаннан кейін маған бір ой келді. Мүмкін, әр санның өз мағынасы бар шығар. Қазір ойланып қарасам, бұл дұрыс айтылған ұғым екен. Рас, бұл жасқа жеткен де бар, жетпеген де бар. Шераға да осы жасқа жетіп қалыпты. Шерхан Мұртаза 1932 жылы 28 қыркүйекте бұрынғы Әулиеата уезі, қазіргі Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ топырағында дүниеге келген. Әкесі Мұртаза 1937 жылы сталиндік репрессияның құрбаны болып кетті. Шерхан 1941 жылы Талапты мектебінде бірінші кластың табалдырығын аттаған кезден бастап-ақ оқумен бірге еңбекке де араласты. Балалық шағы соғыстың қиямет, қиын-қыстау кезеңіне тұспа-тұс келді. 1950 жылы Жамбыл қаласында интернат үйінде жүріп, Жамбыл атындағы қазақ орта мектебін бітірген соң әуелі Мәскеу полиграфия институтыңда, үшінші курстан бастап Мәскеудің мемлекеттік Ломоносов атындағы университетінде оқып, журналистика факультетін 1955 жылы бітіріп шығады. Сол жылдардың өзінде-ақ ол башқұрт жазушысы Мұстай Кәрімнің бір повесін, Л. Лагиннің «Хоттабыч қарт» романын қазақшаға аударады. Шерхан Мұртазаның ел, қоғам, мемлекет, әдебиет үшін істеген еңбектері өте көп. Оның бәрін бір мақалада қамтып шығу мүмкін де емес. Алдымен өзі әдебиетке келген аударма ісінен бастасақ. Шерағаң әлемге әйгілі қырғыз елінің жазушысы Шыңғыс Айтматовтың негізгі шығармаларын қазақ тіліне аударыпты. Иә, Шыңғыстың сан-қилы пәлсапалық тұжырымдарға толы шығармаларын аудару кез келген қалам ұстаған адамға оңай шағыла салатын жаңғақ емес. Осының өзінен жазушының көп ізденгендігі, әрі жазушының ойын терең түсіне білгені анық көрініс береді. Шерағаң Шыңғыс Айтматовтың «Қош, Гүлсары», «Ботагөз», «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет», «Боранды бекет», «Жан пида» атты повесть, романдарын орысшадан аударды. Осы шығарманың кез-келгенін екі тілде алып оқып отырсаңыз, шығарманың шұрайлы тілмен өте көркем аударылғанын байқайсыз. Мен бұл жерде Шерағаңның тек жазушы, қоғам қайраткері ғана емес, үлкен аудармашы екенін де айтқым келеді. Шерхан Мұртаза өзінің шығармаларында адам бейнесін табиғаттың сұлулығымен астастыра өте көркем бейнелейді әрі әр кейіпкердің ойын терең түсіне отырып, адам мен табиғаттың тынысы бір екенін көрсете біледі. Шерағаңның «41-жылғы келіншек» атты әңгімесінде Хадишаның өмір бойы күткен Мақсұт есімді жары майданға кеткеннен оралмады. Хадиша күні-түні Мақсұтты күтумен болды; «Сорлысың, сорлы, - деп Ақшай ернін шығарды, ерніңе күйдіргі шыққыр. - Тағы отыз жыл күт, келеді Мақсұт,- деп кекетті. - Күтемін, - дедім. - Жүз жыл күтемін, -дедім. Сөйттім де, ызаға шыдай алмай, айқай салып далаға атып шықтым. - Қайдасың, Мақсұт! – деп айқайладым. Үйге енді кіріп отырғаным да осы еді, сен келіп қалдың, Мақсұт. Ақшай енді не бетін айтар екен, бәлем. Ол үндемеді. Бәрін үнсіз тыңдап босағада әлі тұр. - Неге үндемейсің, Мақсұт?! - деп, Хадиша сонда шыңғырып жіберді. - Хадиша өз даусынан өзі шошынып оянды. (Шерхан Мұртаза. Алты томдық шығармалар жинағы, Алматы, Қазығұрт, 2002. 41 жылғы келіншек. 301-бет) Бұндай эпизод Шыңғыс Айтматовтың шығармаларындағы әйелдер бейнесімен де үндесіп, сабақтасып жатады. Жазушының адам, әйел бейнесін жасаудағы шеберлігі, таным, түсінігі Шыңғыс Айтматовтың шығармаларын қазақшаға аудару үстінде де үнемі сезіліп отырады. Бұдан қорытынды: таланттар ұқсастығы, әдебиеттер байланысы, қазақ-қырғыз әйелдерінің әдеби толыққанды бейнесі ұқсас екені анық байқалып отырады. Жазушының кең құлашты, өзекті шығармасы - бес кітаптық «Қызыл жебе» эпопеясы. Қазақ халқының бір туар ұлы Тұрар Рысқұлов туралы бұл көлемді туынды Тұрар тағдыры арқылы қазақ халқының басынан кешкен қилы-қилы кезеңдерін қамтиды. «Қызыл жебе» халықтың ыстық ықыласына бөленген шығарма. Тағы бір айта кететін жай, «Қызыл жебе» романындағы Тұрар Рысқұловтың туған, жүрген жерін, әсем табиғатын аса бір шеберлікпен, керемет көркем оймен шынайы суреттеуі. Әрбір адам дөңгеленген тарихта әртүрлі оқиғаларға куә болып қана қоймай, сол күрделі оқиғаларға тікелей қатысты және жасаушы болып тарихта қалатынын оқырманның алдына тартады. Тұрар Рысқұлов сияқты күрделі тұлғаны әдебиетке әкелу жазушының үлкен ізденімпаздығы, тарихи оқиғаларды таразылауы үлкен ерлікке пара-пар деп айтсақ, асырып айтқандық емес. Шын мәнінде Шерхан Мұртаза Тұрар Рысқұлов сияқты ел тұтқасы бола білген азаматты әдебиеттендіру арқылы қазақ әдебиетіне үлкен бір сом туынды қоса отырып танытып берді. М. Әуезов «Абай жолы» романы арқылы қазақ халқының ғасырлық тарихын дүниеге паш етсе, Шерхан Тұрар бейнесі арқылы қарама-қайшылыққа тұнып тұрған қазақ халқының тарихындағы ең күрделі, ең ауыр кезеңін шынайы суреттей білді. Ал, проза саласында жазушының әдеби тұлғасын айқындай түскен шоқтығы биік шығармасы, көлем жағынан да мазмұны Шерхан Мұртазаның 70 жылдық мерейтойы қарсаңында 6-томдық шығармалар жинағы басылып шықты. Бұл оқиға жазушының 70 жылдық мерейтойына науқангершілікпен қарау емес, оның әдебиеттегі еңбегін бағалағандық деп айтуымыз орынды. Біздің ойымызша, жазушының аударма туындыларын жеке жинақ етіп шығарса да, артық болмаған болар еді. Себебі, аудармашылық қызмет әр жазушының қолынан келе бермейтін тіршілік. Аудармашылық - әдеби саладағы үлкен шығармашылық құбылыс. Оны жеке басылым етіп шығару, оған талдау жасау, жазушының төл туындысымен қатар санау, қадірлеу жазушының шығармашылық тұлғасын аша түседі. Шерхан Мұртаза 70 жасқа үлкен табыспен келді. Жазушының еңбектерінде үлкен саналы да сындарлы ой жатыр, ізденіс жатыр, еңбек жатыр, талант жатыр. Жазушының 70 жылдық тойы Тараздың 2000 жылдығымен қатар келіп отыр. Мұны бекер айтып отырған жоқпын, Шерағаң жазушы ретінде де, қайраткер ретінде де ой-санасымен де, жекелеген ісімен де қаланың, өңіріміздің гүлденуіне, өсуіне, еңбеккерлерінің рухани жағынан бай болуына үнемі күш салып келе жатқанын тараздықтар жақсы біледі. Оған бір мысал, қаланың орталық Төле би көшесінің бойынан арнайы өз қамқорлығымен Ш. Мұртаза деген тараздықтардың жиі баратын кітап дүкенінің ашылуы. Бұл біз үшін үлкен қуаныш десек, артық болмас. Бұл жасқа жазушы үлкен қаламгер, прозашы, публицист, аудармашы, ірі қоғам қайраткері, халықтың жанашыры, жоқтаушысы болып келіп отыр. Шерхан Мұртаза әлі де ізденіс үстінде. Болдым, толдым деп отырған жағдайы жоқ. Әлі де туған халқының рухани қажетін етей беруге қам жасау үстінде. Біз қашанда жазушының сол мақсаттарына жете беруіне тілектеспіз. «Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен кіріссеңіздер, сөз жоқ, жеңіске жетесіздер», деген екен Қаныш Сәтпаев. Жазушы да осындай жеңіске жетті. Шерағаңның ел, халық үшін атқарған еңбегін, 70 жасқа толған мерейтойы қарсаңында мақтанышпен айтсақ, жас ұрпақ тәлім-тәрбие алар өнегелі іс болады-ау деп ойлаймын. Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев қамауға алынған Дикий Арман лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевке араша түсті. Боксшы криминалды авторитеттің елге жасаған жақсылықтарын айтып, оны қамаудан босатуды сұрады. «Арман Жұмагелдиев бауырым үшін жүрегім ауырады. Оның құқық қорғау органдарының қолына түсіп, қонақ үй қабырғасына сүйене кеп отырған суреті тордағы қайрансыз қалған көкжалдың сұсты бейнесі көзіме елестейді. Иә, оны жұрт қылмыскер, банды санайды. Арман – қасқыр жігіт. Жемін түзден тауып жейтін. Шамасы келсе түзден тапқанын жұртымен қақ бөлісіп жейтін. Оны білеміз. Алғаш пандемияның кесірінен жұрт бір жұтым ауаға қинала жатып, қынадай қырылған кезде егілген жұрттың қыстыққан дауысын алғаш естіген бөрінің бірі сол еді» дейді Артаев. Бақтияр пандемия кезінде Арман Жұмагелдиев сол кезде тапшы болған ИВЛ аппараттарының санын арттырып, елге үлкен көмек бергенін еске алды. Арман бауырыма бостандық! «Иә, жұрт Арманның небір жақсылығын біледі. Көбі айта алмайды. Ал Арман бауырыма сөйлеуге оның намазы, мұсылмандығы жібермейді. Солай! Ел күшеніп кейде жұрт ішінен кешегі Бақыткелдіні, Атабаны, Сары Алмасты іздегісі келеді. Оның хайыры не? Олар тірісіне соқыр болса? Біз СубханАллаһ сондай жұртпыз ғой. Кешегі Шығыс Түркістан үшін жанын қиған Оспан батыр Исламұлын да өзі жұрты, өзі руласы өзгелермен қосылып алып оны «банды» қылған. Айтпағым, тағы Армандай дала бөрілері өз басым үшін бостандықта емін-еркін жорық салуы сондай қажетті. Олардың әлі «қазақ баласына» еліне, жұртына жасар жақсылығы шаш етектен екені шын дүние. Шіркін, Абай атам: «Қазақтың өлген кісісінде жаманы жоқ, тірі кісісінің жамандаудан аманы жоқ болатұғыны қалай». Айтпағым Арман бауырыма бостандық сұраймын. Елінің бөрісі аман бол» деді Артаев. Халық боксшының бұл бастамасын қолдағанымен оған журналист Гүлмира Әбіқай қарсы шықты. «Арманды көруге алаңға барып, аңырайып бетіне қарап тұрып, қаншама жас жазықсыз өлді. Азаматтығы бар шығар. Қылмысын қайда қоямыз? Қылмыс түбі – жаза. Мен үшін сен батырсың, Бақтияр Артаев. 2004 жыл, Афины олимпиадасы, соңғы күні барша қазақты жылатып, жұбатып, жалғыз медаль әкелген Алаш чемпионы. Өзің бар бол, аман бол! Арманды қайтесің, ертең-ақ оны шығарып алады. Ал сен бізге керексің» деді ол.
Мемлекет басшысының Қазақ­стан халқына арнаған «Қазақ­стан-2050» стратегиясы: қалып­тасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында айтылған басым­дықтарға және 2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасының іс-шара­ларына сәйкес әкімдік экономиканың нақты секторын кеңейту, әлеуметтік саланы дамыту және қала инфрақұрылымына инвестициялар тарту бойынша тәжірибелік жұмыстарды іске асыруда. 2013 жылдың 6 айында елорданы әлеуметтік – экономикалық дамытудың негізгі индикаторлары орындалды, сонымен қатар, жалпы 2013 жылға қойылған міндеттерді оңтайлы шешу үшін бар­лық мүмкіндіктер жасалған. 1. Қала экономикасын дамыту 2013 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша қаланың жалпы өңірлік өнімінің (ЖӨӨ) көлемі 609,3 млрд теңге болды. Бұл 2012 жылдың ұқсас кезеңінен 7,3 %-ға көп. Жалпы, Астананың үлесі – ЖІӨ-де 9 %. Бұл – республика бойынша үшінші көрсеткіш. Адам басына шаққандағы ЖӨӨ көлемі 775,5 мың теңгеге немесе 5,1 мың АҚШ долларына жетті (ел бойынша орташа көрсеткіш 2,7 мың АҚШ доллары). Өнеркәсіп өнімі көлемдерінің өсуі қамтамасыз етілді, ол 2013 жылдың есепті кезеңінде қолданыстағы бағада 124,2 млрд теңгеге жетті, сонымен бірге, 2012 жылдың тиісті кезеңінде физикалық көлем индексі 122,7%-ды құрады. Өндірілген өнімнің жалпы көлемінен 100,9 млрд теңге өңдеуші өнеркәсіп үлесіне тиеді немесе 81,3 %, ал электр энергиясын өндіру және тарату, газ, бу және ауа баптағыштарды беру бойынша кәсіпорындардың үлесті салмағы 15,6%-ды құрайды. Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (ҮИИДМБ) іске асыру шеңберінде өңірлік Индустрияландыру картасы бойынша елордада жалпы сомасы 356,3 млрд теңгеге 14 жоба іске асырылуда (5000 астам жұмыс орны), оның ішінде жалпы сомасы 4,5 млрд теңге 8 жобаны пайдалануға беру ағымдағы жылдың соңына дейін жоспарланып отыр, қалған 6 жоба кестеге сәйкес, 2014 жылдың соңына дейін іске асырылады. ҮИИДМБ бойынша осыған дейін жалпы сомасы 71,8 млрд теңгеге 10 жоба пайдалануға берілді, шамамен, 3000 жұмыс орны құрылды. Сонымен қатар, әкімдік Индустриялық паркті дамыту бойынша жұмыстарды іске асыруда. Оның аумағында қазіргі уақытта жалпы инвестиция көлемі 177,9 млрд теңге 47 инвестициялық жоба іске асырылуда, қазіргі таңда 51,5 млрд теңге игерілді. Жоспарланған өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігінің деңгейі қамтамасыз етілді, ол биылғы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 2012 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 28 % өсумен 22,3 мың АҚШ долларын құрады. Негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі бойынша елорда ел бойынша алдыңғы орындардың бірінде, оның үлесіне барлық тартылған инвестициялардың 8,6%-ы кіреді. Барлығы 2013 жылдың 6 айында қаланы дамытуға 195,3 млрд теңге тартылды. Инвестициялар құрылымында кәсіпорын, ұйымдардың және халықтың жеке қаражатының үлесі 49,9%-ды құрады, бюджет есебінен 65,9 млрд теңге тартылды. Ол инвестицияның жалпы көлемінің 33,8%-ына тең. «Moody’s Investors Service” Халықаралық рейтинг агенттігі Астана қаласы әкімдігімен жасаған келісім шегінде зерттеулер жүргізді және рейтинг бойынша болжамды қайтадан бір пысықтады. Сонымен, Агенттік ұсынған 2013 жылғы есепке сәйкес, Астана қаласының рейтингі болжамы «тұрақты» болжамнан «позитивті» болжамға ауысты, ал Ваа3 рейтингі бұрынғы деңгейінде сақталды. Болжамның өзгеруі серпінді дамып жатқан және әртараптандырылған қала экономикасының арқасында ағымдық көрсеткіштердің жақсаруына, қалалық бюджеттің профицитіне қол жеткізуге әсерін тигізді. Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі тұрақты өсуде, ол 2013 жылдың І жартыжылдығында 121,9 млрд теңгені құрады, бұл 2012 жылы жеткен деңгейден 3,5% жоғары. Астана құрылыс үлесі бойынша 1-орында және еліміз бойынша құрылыс жұмыстарының 15,2%-ын орындайды, сонымен бірге, жеке құрылыс ұйымдарының аса жоғары үлес салмағы қамтамасыз етілген (75,4%), ал шетелдік мердігер ұйымдардың үлесі – 24,5%. Барлығы 2013 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша халық, кәсіпорындар мен ұйымдар 144,9 млрд теңге сомасына негізгі құралдарды пайдалануға берді. Тұрғын үй құрылысына есепті кезеңде 37,2 млрд теңге бағытталды, бұл 2012 жылғыдан 1,9 есеге жоғары, тұрғын үй құрылысындағы жеке инвестициялардың үлесті салмағы 75,5%-ды құрады. 2012 жылмен салыстырғанда, олар 2,4 есеге көтерілді. Жартыжылдықта пайдалануға жалпы аумағы 364,3 мың шаршы метр 3 465 пәтер (үй) берілді, сонымен бірге, алты ай бойы жалпы аумағы 45,5 мың шаршы метр тұрғын үй берілді. Қазіргі уақытта салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің және жеке тұрғын үй құрылысы алаптарын қажетті инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз ету мәселелері шешіліп, жобалар әзірленді және инженерлік желілерді жүргізу үшін қаржы бөлінді. Көліктік – коммуникациялық кешен тұрақты түрде дамуда. Жүк тасымалы көлемі 52,7 млн тоннаны құрады. Жалпы жүк айналымы 3 143,1 млн т/км жетті. 2012 жылмен салыстырғанда, 10,6 %-ға артық жүк тасылды. Қаланың жолаушылар көлігі кәсіпорындары, жеке кәсіпкерлерді қоса алғанда, 941,1 млн жолау­шыны тасыды, оның ішінде жалпы қолданыстағы қоғамдық көлікпен 166,9 млн адам қатынады. Бірінші жартыжылдықта шамамен 10 км жаңа автожолдар салынып, 5 км жолағы жаңартылды. Телекоммуникация саласында ақпараттық технологиялар енгізілуде. Барлығы қаланың байланыс кәсіпорындары есепті кезеңде 70 млрд теңге сомасына қызмет көрсетті. Көтерме және бөлшек сауда айна­лым­дарының оң серпіні 2013 жылдың 1 шіл­десіндегі жағдайында барлық іске асыру жолдары бойынша бөлшек тауар айналымының жалпы көлемі 248,3 млрд теңгені құрады, ол 2012 жылмен салыстырғанда, 26,2 %-ға ұлғайды. 2013 жылғы маусымдағы инфляцияның жалпы көлемі 2012 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 101,7%-ды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына индекс – 102,1%, азық-түліктік емес тауарлар – 101,4%, тарифтер мен ақылы қызметтер – 101,6%. Инфляция деңгейі 2013 жылдың мамыр-маусымына қатысты 99,7%-ды құрады. Елорданың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және инфляцияны төмендету мақсатында ағымдағы жылы 4 көкөніс сақтау қоймасының құрылысы жүргізілуде. Онда жылына 29 мың тонна өнім сақталады. Жылына 3,5 мың тонна өндіретін 3 жылыжай кешені салынуда. Шағын және орта бизнес серпінді түрде дамуда. ЖӨӨ құрылымындағы оның үлесі – шамамен, 50 %. Бұл жерде жыл сайын 60% жаңа жұмыс орындары ашылуда. Барлығы осы салада 179,7 мың адам жұмыспен қамтылды, олар 1,1%-ға өсіп, 602,6 млрд теңгеге өнім өн­дірді және қызмет көрсетті. Анықтама үшін шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылған әрбір адамға елордада өндірілген өнімнің 6,3 млн теңгесі тиесілі (респуб­лика бойынша орта есеппен 1,6 млн теңге). Әкімдік шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы 1 041 млн теңге бөлді. Экономиканың нақты секторында бірінші жартыжылдықта барлығы 9 619 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде шағын бизнес саласында – 6 598 орын. 2. Әлеуметтік сала басымдықтарын іске асыру 2013 жылғы бюджет азаматтардың аз қамтылған санатын әлеуметтік қолдау бойынша іс-шараларды қаржылық қамтамасыз ету мәселесі анықталды. Жергілікті бюжеттен бөлінетін әлеуметтік төлемдердің жалпы сомасы 2013 жылдың басынан бастап 1 245,8 млн теңгені құрады, 42,5 млн теңге сомасына тұрғын үйлік жәрдемақылар төлемі жасалды, атаулы әлеуметтік көмек – 10,1 млн теңге, 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы – 14,1 млн теңге. Жұмыссыздық деңгейі 2013 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша 5,5 %-ды құрады, 2012 жылы 5,7 % болған. Сонымен қоса, өңірлік еңбек нарығында және халықты жұмыспен қамтуда жұмыс орындарына сұраныс пен ұсыныстың белгілі арақатынасы сақталғандығын айта кету қажет. 2013 жылғы 1 шілдедегі дерекке сүйенсек, қаланың жұмыспен қамту қызметінің деректер базасында 1,3 мыңға жуық бос орын және бос жұмыс орындары бар. Алайда, техникалық және кәсіптік дайындықты талап ететін (құрылыс, өнеркәсіп және тұрғын үй-коммуналдық саласы) жұмыс орындары қажет етілмей қалып отыр. Есептік кезеңде тіркелген жұ­мыс­сыздардың экономикалық белсенді халыққа шаққандағы үлесі 1,1%-ды құрайды. Халықтың табысы біршама өсті. Жұ­мыскерлердің орташа айлық еңбекақысы 146,5 мың теңгені құрады және 2012 жылмен салыстырғанда 6,3%-ға артты. Халықтың жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы зерттеу деректері бойынша биыл 3%-ға өсті. Тауарлар мен қызметтерге тұтынушылық бағаның өзгергендігін ескере отырып, сатып алу қабілетін сипаттайтын нақты еңбекақы индексі 2012 жылдың деңгейіне 101,6 %-ды құрады. Ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша күнкөріс минимумының көлемі 21 672 теңгені құрады, 2012 жылы ол 19 998 теңге мөлшерінде болған еді. Экономиканың және әлеуметтік саланың серпінді дамуы аясында қала халқы көші-қонының және табиғи өсуінің оң қарқыны сақталуда. Табиғи өсу есебінен биыл қала халқы 8 909 адамға, көші-қонның өсуінен – 5 668 адамға көбейді, туылғандардың саны артты, өлім-жітім азайды. Қаланың білім беру саласына 2013 жылы 33,9 млрд теңге жұмсалды – бұл, жаңа нысандарды, ғимараттарды жөндеуді және материалдық-оқу базасын нығайтуды ескере отырып, білім беру қызметінің сапасы және қолжетімділігі мәселелерін шешуге ықпал етті. 2013 жылы 1 480 орындық 6 мектепке дейінгі білім беру нысаны және 1 200 орындық 1 мектеп іске қосылды. Осылайша, «Балапан» бағдарламасы шең­беріндегі мемлекеттік тапсырысты ескере отырып, мектепке дейінгі мекемелердегі балаларды қамту 62,0%-ға дейін ұлғайды. Ағымдағы жылы тапшылықты қысқарту үшін 12 балабақша, сондай-ақ, 7 мектеп құрылысы жүзеге асырылуда. Кәсіби-техникалық білім беру нысандарына қатысты айтар болсақ, биыл Тілендиев даңғылы бойында 800 орындық құрылыс бейіні бойынша колледждің құрылысы аяқталады. Одан басқа, Бөгенбай батыр даңғылы бойынан 800 орындық байланыс және энергиямен қамтамасыз ету бейіні бойынша колледждің құрылысы басталып, сондай-ақ, 1200 орындық техникалық колледждің құрылысына жоба әзірленген, оған болашақта Техникалық колледж (бұрынғы № 4 кәсіптік лицей) көшірілетін болады. Есептік кезеңде 8 мектеп пен 1 колледжге күрделі жөндеу жүргізілді. Денсаулық сақтау саласында қолданылып жатқан шаралар І жартыжылдықта 1000 адамға шаққанда туылу көрсеткішінің 2012 жылғы 24,38-ден 26,63-ке дейін өсуіне, 1000 адамға шаққанда жалпы өлім-жітімнің 2012 жылғы 4,82-ден 4,55-ке дейін азаюына, сәби өлімінің 1000 тірі туылған балаға шаққанда 9,0-ден 8,3-ке дейін азаюына, қан айналымы жүйесінің ауруларымен алғаш ауырудың 7,5% төмендеуіне қол жеткізуге мүмкіндік берді. 2013 жылы ауысымда 350 келушіні қабылдауға арналған амбулаториялық-емханалық кешенді және ауысымда 150 келушіні қабылдауға арналған балалар емханасын қолданысқа енгізу жоспарланып отыр. Елдің мәдени орталығының имиджін растау мақсатында, елордада Классикалық опера және балет театрының бірегей ғимараты енгізілді. Халық үшін мәдени құндылықтар мен қызметтердің қолжетімділігі біршама өсті – есептік кезеңде 3 581 іс-шара өткізілді, 1,2 млн-нан астам мәдениет қызметтерін тұтынушыларға қызмет көрсетілді. Дене тәрбиесімен және спортпен жүйелі түрде айналысатын барлық жастағы халықты қамту жоспарлы 18,4%-дан 20,6%-ға дейін ұлғайды. Қоғамдық тәртіп пен ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына қатысты, қылмыстарды ашуда полицияның күші мен құралдарын кешенді пайдалану көмегімен аса ауыр қылмыстардың ашылу деңгейін 79,3%-ға дейін арттыруға қол жеткізілді. ЖКО-ға жол бермеу бойынша жедел-алдын алу іс-шараларын тұрақты өткізу 10 мың бірлік автокөлікке шаққанда ЖКО санын 10 оқиғаға дейін төмендетуге (2012 жылдың I жартыжылдығында – 17,7) ықпал етті. 3. ІІ жартыжылдыққа қойылатын міндеттер Жылдың соңына дейін экономиканы дамытудың оң нәтижелерін нығайту үшін әкімдік келесі бағыттар бойынша жұмысты жалғастыратын болады: 1. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын; Астана қаласын 2030 жылға дейін ор­нықты дамыту стратегиясын; Астана қаласының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету; 2. Экономикадағы, әлеуметтік саладағы оң қарқынды нығайту, Астана қаласы экономикасының 7% өсуіне қол жеткізуге бағытталған қаланың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз ету; 3. Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың 2010-2015 жылдарға арналған мем­ле­кеттік бағдарламасын іске асыру (2015 жылдың соңына дейін 14 жобаны іске асыру жоспарланған); 4. Индустриялық парк аумағында 47 инвестициялық жобаны әрі қарай іске асыру; 5. Астана қаласын ұлттық және өңірлік деңгейде инновациялық ХАБ ретінде ілгері жылжыту. «Смарт Астана» тұ­жырымдамасын іске асыру. 6. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде бизнес-бастамаларды қолдау және кәсіпкерлік әлеуетті күшейту; 7. Азық-түлік қауіпсіздігін және негізгі азық-түлік өнімдеріне бағаны тұрақтандыруды қамтамасыз ету шеңберінде: азық-түлік өнімдерін өндіру, өңдеу және сақтау саласында жаңа кәсіпорындар құру, сондай-ақ, астаналық агломерацияны дамытуға бағытталған іс-шаралар өткізу; 8.Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011-2014 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру; 9. Халықты жұмыспен қамтуды қам­тамасыз ету саласында жаңа жұмыс орындарын құру, жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруға көмек көрсету, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы шеңберінде іс-шараларды іске асыру; 10. ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу бойынша дайындық жұмыстары шеңберінде іс-шаралар өткізу; 11.Инженерлік, көлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыру.
Кәсіптік білім берудің негізгі тұжырымдары:оқыту үрдісінің шынайы үлгісі. Білім беру үрдісінің гуманистікүлгісі. Оқыту теориясындағы рационалисттік бағыт бихевиоризм идеясына сүйенетін технологиялық педагогиканың кейінгі дамуы болып табылады. Бихевиоризм- (англ. behaviour -құлық) - XIX - XX ғғ.,соңында Америкада пайда болған психологиялық ғылыми бағыт, оның негізінде сыртқы ортадағы әсерге қозғалыс реакцияларының жиынтығы ретінде адамның мінез құлығын түсіну деп анықталады.(Құлықтық психология) Бихевиоризмтеориясы адам іс-әрекетінің реттеушісі сана дегенді терістеп, барлық психологиялық үрдістер ағзаның ішкі реакцияларына байланысты. Осы теорияға сәйкес кәсіби іс-әрекет адамның қаншалықты танымдық, эмоционалдылық және психологиялық дағдыларды қабылдағандығымен анықталады. Білім рөлі ескерілмейді. Оқытудың рационалистікүлгісі«технологиялықүйрету» нәтижесінде репродуктивтілік негіздегі кәсіби даярлауды жүзеге асыру деп түсіндіріледі. Мұндай тәсілде өзіндік ойлау, шығармашылық әрекет пен коммуникативтік қабілеттіліктерді қалыптастыруда, тұлғаның кәсіби дамуының мәнін құратын дидактикалық мақсаттар жүзеге асырылуы мүмкін. Білім берудің гуманистік үлгісі кәсіби іс-әрекеттің субъекті ретінде тұлғаны дамыту мақсаты болады. Білім берудегі гуманистіктұжырымдаманың негізгі идеясы білім алушылардың оқыту үрдісіне бағыттылығын дамыту мен өзіндік дамуы, оның өзіндік бағалауына сендіру, шығармашылық өзіндік өзектілігіне арналған жағдайларды жасау.Білім беруді ізгілендіру идеясы кәсіби даярлау мен адамның кәсіби әрекеті сапасын қамтамасыз етуге арналған «біліктілік» терминінің жетіспеушілігін түсіндіруде әсер етті. Осыған байланысты өте кең ұғым «кәсіби құзыреттілік» кәсіби білім мен біліктіліктен басқа да дербестік, бірлестік, топпен жұмыс істеу іскерлігі, коммуникативті қабілеттіліктер, логикалық ойлау, іскерлік сапалары да кіреді. Білім берудің ізгілендірутұжырымдамасы соңғы жылдары эгоцентрлік бағытты бағындырды.Кәсіптік оқыту барысында коммуникативтік дағдыны дамытуға, кооперативтік әрекеттегі қабілеттілікке ерекше көңіл бөлінуде. «Мен-тұжырымдамасы» «Мен және Біз» тұжырымдамасына ауыстырылуда.
”Маңдайы, қабағының үсті тілініп кеткен”: Шымкент полиция ғимаратындағы ер адамның өліміне қатысты тың деректер белгілі болды: 11 желтоқсан 2021, 00:22 - жаңалықтар Alashainasy.kz Басты Алаш-ақпарат Қылмыс "Маңдайы, қабағының үсті тілініп кеткен": Шымкент полиция ғимаратындағы ер адамның өліміне қатысты тың деректер белгілі болды 11 желтоқсан 2021, 00:22 Шымкентке қалыңдығын әкетуге келіп, полиция департаменті ғимаратынан мәйіті шыққан 31 жастағы қостанайлықтың денесін жақындары үйіне жеткізді. Марқұмның туыстары оқиға туралы жаңа деректерімен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап. Олар сараптаманың қорытындысы, апталдай азаматтың ауыр соққыдан көз жұмғанын көрсеткен дейді. "Экспертиза қорытындысында "селезенкасы үзілген, сосын ішінен қатты соққы алған деп көрсетілген. Қатты шок алған. Бетінің екі жері жарылған. Маңдайы, қабағының үсті тілініп кеткен. Темірмен соққы алған сияұты. Сол жақ құлағы толығымен көгерген", - дейді марқұмның қарындасы Айдана Жұмабаева. Марқұмның әкесі ұлының мұрыны мен қабырғалары сынып кеткен деп тұр. Ол бұл жағдайға кінәлелердің алды қамала бастағанын айтты. "Кінәлілердің біреуін қамаға алыпты дейді. Енді екіншісін де қамауға алатын шығар", - дейді әкесі. Алайда, Шымкент қалалық полиция департаментіндегілер де, прокуратураның баспасөз қызметі де бұған қатысты ешқандай түсінік бермеді. Ал Ерқара Жұмабаев ұлының мәйітіне тағы да сараптама жасатпақшы. 17-ші желтоқсанда беташар тойы белгіленген қаралы отбасы ертең ұлдарын жер қойнына тапсырмақ. Еске салайық, 8-желтоқсан күні, Шымкент полициясы Қостанай тұрғынын досымен бірге "көлік ұрлығына" күдікті деп арнайы жасақпен қолға түсірген. Бірнеше сағаттан соң оның өлімі тіркелген. Полиция бұған кенеттен денсаулығы сыр бергенін желеу етті. Бірақ қара жамылған отбасы бұған сенбейді, олар ұлдарын тәртіп сақшылары "ұрып өлтірді" деп отыр.
Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді. Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2 Геральдика дәстүрінде әрбір түс белгілі бір ұғымды танытады. Мәселен, аспандай көк түс адам бойындағы адалдық, тазалық, сенімділік, мінсіздік сияқты қасиеттерді білдіреді. Сонымен қатар, көк түс түркі мәдениетінде терең символдық мәнге ие. Ежелгі түркілер аспанды тәңір-атаға балаған, ал олардың көк туы арғы ата-бабаларға деген адалдықты бейнеледі. Қазақстанның Мемлекеттік туында ол ашық аспанды, бейбітшілікті, игілікті білдірсе, түстің біркелкілігі еліміздің тұтастығын меңзейді. Геральдика қағидаттарына сәйкес, күн байлық пен молшылықты, өмірді және күш-қуатты бейнелейді. Сондықтан еліміздің туындағы күн шапағы дәулеттілік пен бақуаттылықтың символы – алтын масақ пішінінде берілген. Қазақстанның мемлекеттік атрибутикасында күннің бейнеленуі еліміздің жалпыадамзаттық құндылықтарды қастерлейтінін дәлелдейді және жас мемлекеттің жасампаздық күш-қуатын, серіктестік пен ынтымақтастық үшін әлемнің барлық еліне ашық екенін айғақтайды.. Қыран (бүркіт) бейнесі – көптеген халықтардың елтаңбалары мен туларында ерте кезден бері қолданылып келе жатқан басты геральдикалық атрибуттардың бірі. Бұл бейне әдетте биліктің, қырағылық пен мәрттіктің символы ретінде қабылданады. Күн астында қалықтаған бүркіт мемлекеттің қуат-күшін, оның егемендігі мен тәуелсіздігін, биік мақсаттар мен жарқын болашаққа деген ұмтылысын танытады. Бүркіт бейнесі еуразиялық көшпенділердің дүниетанымында айрықша орын алады және олардың түсінігінде бостандық пен адалдық, өрлік пен ерлік, қуат пен ниет тазалығы тәрізді ұғымдармен ұштасып жатады. Алтын бүркіт кескіні жас егемен мемлекеттің әлемдік өркениет биігіне деген ұмылысын көрсетеді. Мемлекеттік тудың сабының тұсына тігінен ұзына бойына кескінделген ұлттық өрнектер – оның маңызды элементі. Қазақ ою-өрнектері – дүниені көркемдік тұрғыдан қабылдаудың халықтың эстетикалық талғамына сай келетін ерекше бір түрі. Түрлі формалар мен желілер үйлесімін танытатын өрнектер халықтың ішкі әлемін ашып көрсететін мәнерлі көркемдік құрал болып саналады. Тудың сабын жағалай салынған ұлттық өрнектер Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін символдық тұрғыда бейнелейді.
Қымбатты достар, әуекомпания халықаралық бағыттарға тарифтерді мәжбүрлі көтергеніне қарамастан Сіздерге Алматы – Стамбул бағытына (Ақтау қаласы арқылы тоғысумен) теңдессіз акцияның басталуы туралы хабарлаймыз! 24/08/2015 Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының еркін айналымға ауысуына байланысты SCAT әуекомпаниясы 2015 жылдың 25 тамызынан бастап барлық халықаралық рейстерге тарифтің 20 пайызға мәжбүрлі өсуі туралы хабарлайды. 19/08/2015 Қымбатты достар, жиі қайталанып жатқан алаяқтық жағдайларға байланысты Сіздерден билетті рәсімдеуге қатты көңіл бөлулеріңізді сұраймыз. 13/08/2015 Қымбатты достар, біз Сіздермен қызықты жаңалық бөліскіміз келіп отыр! 30 шілде мен 2 тамыз аралығында Литвада, Тельшяй қаласында ең қызықты және қайталанбас Литваның әуеде жүзуден 23 ашық чемпионатты өтті. Чемпионатқа SCAT әуекомпаниясының 25 жылдық тәжірибесі бар ұшқышы, Боинг 737 командирі Валерий Мохнарылов қатысты. 12/08/2015 Қымбатты достар, біз Ақтөбе-Мәскеу-Ақтөбе бағыты бойынша тиімді тарифтердің екінші кезеңін бастағалы отырмыз. 17.08.2015 пен 23.08.2015 мерзімі аралығында екі жаққа билетті бар болғаны 32 000 теңгеге ала отырып Сіз ұшуды 07.09.2015 пен 26.03.2016 мерзімі аралығында жайлы Boeing 737-700 әуе кемесімен әр сәрсебі мен жұма күндері пайдалана аласыз. Беттер: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52
Жалпы білім беретін пәндері бойынша пән олимпиадасына оқушыларды дайындау жолдары тақырыбындағы вебинар материалдары «Бастауыш мектепте олимпиадалық және логикалық есептерді шешу тәсілдері», математика пәні мұғалімдеріне «Математикалық олимпиада есептерін шешу тәсілдері» 1сабақ «Бастауыш мектепте олимпиадалық және логикалық есептерді шешу тәсілдері», математика пәні мұғалімдеріне «Математикалық олимпиада есептерін шешу тәсілдері» 2 сабақ «Бастауыш мектепте олимпиадалық және логикалық есептерді шешу тәсілдері», математика пәні мұғалімдеріне «Математикалық олимпиада есептерін шешу тәсілдері» 3 сабақ «Бастауыш мектепте олимпиадалық және логикалық есептерді шешу тәсілдері», математика пәні мұғалімдеріне «Математикалық олимпиада есептерін шешу тәсілдері» 4 сабақ «Развитие логического мышления у младших школьников». Кудагельдинова Гульнара Серикхановна, учитель начальных классов средней школы № 9 г. Талдыкорган Кудагельдинова Гульнара Серикхановна, учитель начальных классов средней школы № 9 г. Талдыкорган (Мультфильм. Конфеты примирения) «Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілетін дамытудағы әдіс-тәсілдер». Кабдолданова Каракоз Аскербековна, Кербұлақ ауданы, «Күреңбел» қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі «Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін дамыту». Малжанова Шагала Бекмуратовна, Панфилов ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі «Бастауыш білім берудегі логикалық ойлауды дамытудың практикалық тәсілдері». Саргаскаева Гульмайраш Нургазиновна, Алакөл ауданы, Сәкен Иманасов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі «Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамытудағы әдіс-тәсілдер». Сауранбаева Арайлым Балтабаевна, Талдықорған қаласы, № 9 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі «Одаренный ребенок и талантливый педагог: психолого-педагогическое сопровождение одаренных детей». Тюленева Ксения Анатольевна, педагог-психолог средней школы № 2 г. Талдыкорган «Бастауыш білім берудегі логикалық ойлауды дамытудың практикалық тәсілдері». Джамбаева Багдат Адылгазиевна, Талдықорған қаласы, № 28 ІТ мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Математикалық олимпиадалар (дайындау әдістемесі) Методические рекомендации по организации и проведению IV этапа республиканской олимпиады по общеобразовательным предметам общественно-гуманитарного направления Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың I – IV кезеңдерiн ұйымдастыру мен өткiзуге арналған әдiстемелiк нұсқаулар
Қаламың да қарсылық көрсетіп, еркіңе көнбейтін, санаң ғана мәжбүр етіп, ағысқа қарсы жүзгізетін жайлар болады. Соңғы он жылда мұндай күйді бастан кешіп келе жатырмыз. Арасы жиілеп кетті ме, қайдам. Өйткені тағдырдың салғанына мойынсынсаң да, жандүниең қабылдамай, жансебіл күйге түсіреді. Кешегі қимастарың Оралхан, Сағат, Кеңшілік, Жарасқан, Жәнібек туралы өткен шақпен сөйлесең, жаныңның бір бөлшегіне айналып, жандүниеңмен араласқан оларды өміріңнен бөліп тастағандай ыңғайсыз, ыңғайсыз емес-ау, қорғансыз қалғандай жалғыздықты сезінесің. Солармен араласу арқылы қалыптасқан жандүниең, өмірлік көзқарасың, өмір сүру қалпың бұзылады. Көңіліңе алаң кіріп, әлдебір дегбірсіз күй кешкенде соларды іздейсің. Сондай қимас сезімдердің булығуы мен бұлқынысын, жандүние қарсылығын, жанымның да, жандүниемнің де тұтастығын сақтап қалуға тырысып, тағдырға да көнбегенсіп, қажет екендігін түсіне отырсам да Оралхан мен Жәнібек туралы естелікті жаза алмап едім. Енді, міне, соған Асқар қосылды... Не дерсің, оған да көнетін, көндігетін сыңайымыз бар. Барлығы Жаратқанның еркіндегі талайым. Амалсыз, шарасыз, ықлассыз, ішің күйіп отырып мәжбүрлікпен қолға қалам алатын болдық. «Жаз! Сол жазу үшін жаратылғансың! Жаза алмай кеткендер бар. Солар үшін жаз. Солар туралы жаз. Соларды есте қалдыру үшін жаз!» - дейсің қаламыңа құмыға қыстығырылып. Содан кейін көз алдыңа қимастай ғұмыр кешкен қимас марқұмдар...солардың соңы боп Асқар елестейді де өткен өмірдің қызықты-қиынды елестерін қуып кете барасың. Дәл қазіргі сәтте де, биылғы Асқарсыз өткен Алматыдағы жаз айларында да ол туралы ойласам: арасы онша алыс емес соңғы кездесу мен суық хабарды естіген сәттер менің санамда қатарласа қатталып, кейінгі қаралы күндердің (жеке басыма қатысты) кеудеге толған мұңы жүректі сыздатады. Қандайда бір көңіл-күй ауанында болсын санамды бір сәйкессіздік сезім билейді. Сеніп, сүйеніп, саялап өскен жалғыз бәйтерегім- апайым Айымханның жоқтығына, еш қаперсіз бақиға кете барған Асқарға сенгің келмейді. Ащы шындық, өкініш бар, бірақ кәміл сенім жоқ. Екеуінің қатарласа жалғаннан бақиға озғаны қалайда астасып кеткендей, алдыңғысының уыты соңғысын басып, алыстан естілетін үнсіз сенбейтін сарынға айналғандай. Екеуміздің де кейінгі он бес жылда ғылымға ойысқандығымыздан ба, осынау бір түсініп болмайтын, әрі берекелі, әрі нәтижесі бағалаусыз, жерден бауырын бір көтермейтін ауыр ой ілімі бізді бұйығыландырып, томаға тұйықтандырып жібергендей еді. Әуеліде жазушылар одағына барып, достарымызбен қауқылдасып, бойымызды жазып, ойымызды шамырқандырғандай болсақ та, оның да қызуын етекбасты тіршілік тез суытып жүрді. Қанша айтқанмен ішетін суың, мазасыздандыратын мүддең, дендеп жүретін күнделікті тобың, алысатын пікіріңнің тақырыбы басқа болған соң өз ортаңнан да саяқсына береді екенсің. Сондайда бірге қайтудың, оңаша пікір алысудың, сыр бөлісудің сәті жиі түсті. Курстастық, құрбыластық, пікірлестіктен де қатпары нәзік тереңдеу сырластыққа бет бұрды. Ол сырластықтың да өзіндік қызығы, құпиясы, күрделі мәселесі, шешетін түйіні бар. Оның үстіне көрші тұрдық. Кейін ол үйін әкесінее қалдырған соң енді үлкен кісінің өзімен жиі сырласудың орайы жиі келіп тұрды. Ал Астанаға ауысқан соң, Алматыға келген сайын әуелі оған хабарласып, екі-үш ауыз бастырмалата қалжыңдасып, ертеңінде кездесетінбіз. Шешіп тастаған ештеңең жоқ, сол баяғы Несіпбектің, Жүрсіннің, Намазалының, Жанболаттың, Сәулебектің, Қосылғанның, Есеннің, тағы да басқа сабақтастардың аттарын атап, түстерін түстеп, сөздің арасына тұздық салып, тәп-тәуір бусанып қалатынбыз. Әсіресе, Несіпбек, Жүрсін үшеуміз туралы «Үш бурлак» деген өлеңін жиі оқып, біздің қай мінезіміз қандай теңеумен берілген, соны өзінше талдайтын. Маған бұйырғаны Ғалдан-Серендік бопты. Әрине, ғылым да, поэзия да айтылады. Бірақ олар тез шешімін табатын. Өйткені ойластырған ісің екі-үш ауыз сөзбен, бір-екі сұрақпен бітетін. Тіпті бет көрісуіміздің өзі ол мәселенің шешілгенін білдіретін. Ғылым саласында бұл өзі маңызды болғанымен де, біз үшін жеңіл бітетін. Жұрттан оңашалануды, қара кофені бабымен ұрттап отыруды, әдетте өзарамызға ғана тән «жұмбақ сөзді» ұнататын. Тағы да сол әдетімізден дәметіп, қазан айында Алматыға барғанда Асқармен әдебиет институтында жолықтым. Жүзі сәл сынық. Кіртиіңкі. Алаңы да көп. Байыздап орнына отырмады. Менің одан басқа жұмысым жоқ. Әңгімеге солғын, қысқа жауап қайырды. Дік ете қалайын деп, әліптің артын бақтым да сыртқа шықтық. Ол өзінің көлігіне беттей бере: «Мен ауырып, ем қабылдап жүрмін. Үйіңе апарып тастайын ба. Онда тез отыр. Әйтпесе асығулымын»,- деді. Отыз жылғы достықтың ішінде «көрсеткен» ең өжет әрі кесімді сөзі осы еді. Әйтпесе, ол күліп тұрып бір қалжың айтып, не істейтінімізді өзіңнен сұрап, мақұлдатып алып, көңіліңнің жығылмайтынына әбден көзі жеткен соң ғана жөнін білдіретін. Бұл жолы тез айтты. Мен де асығыс ем. Тек жарты сағат шүңіклдесуді ғана күтіп тұрғамын. Оның бұл мінезін ауырлағандай болып: «Ей, сенен басқа мұнда менің еш жұмысым жоқ. Қазір мен Күлжиханға (зайыбы, ғылыми кітапхананың директоры) барамын. Онда шұғыл тапсырыстарым (архив істері) күтіп тұр. Дәрігеріңе дұрыстап қаран. Іздемеді деп өкініп жүрме, кейін әңгімелесуге маған қолың жетпей қалады»,- дедім. «Ренжімеші-ей» - деді. Екеуміз екі жаққа тарастық. Күлжиханға: «Жігітің әңгімелесуге жарамай қашып кетті» - деп «жамандап» алдым да өз жұмысыма кірістім. Шындығында да қайтып «шүңкілдесуге» қолымыз жетпей қалатынын қайдан білейік. Ертеңінде Астанама қайттым. Дүйсенбі жұмыс. Өз ойымша алдағы күндері алаңдамай жазуға кірісу мақсатымен бұрыннан «ойластырып жүрген шарамды» жүзеге асыру үшін Есілдің сол жағалауын парсы тілінің маманы Дәуренбекпен ұзақ аралап кеш қайттым. Кешкі бейуақта есік алдында балам Сұңқар кездесіп. «Папа, берік бол. Жүрсін аға сені шұғыл іздеп жатыр. Асқар аға дүниеден қайтыпты»- дегенде қарсы алдымдағы мешіттің алтын үшті мұнарасы «А-а-а!»-деп азан шақырып қоя бергендей болып, меңірейіп тұрып қалдым...Көз алдыма кіртиіңкі қабағы келе қалды. «Ауырып жүрмін!»- дегеніне сенбегендей, елемегендей болып едім. Ол жауабын енді түсіндім. Қандай жауапты не қиын істі қашан бітіріп алғанша тісінен шығармайтын, ауырғанын да жасыратын Асқардың сол сәтте «ауырдым» дегеніне қалай көңіл аудармадым екен. Демек, ол соңғы кездесуімізде жанына батып жүрген дерттің шындығын айтып қоямын деп сырт тартқан болды ғой. Міне, бұл Асқардың өз мінезі. Шындығында да солай екен. Оны кейін Күлжиханнан естідім. Құлындарымен – Сәулемен, Салтанатпен, Азаматпен бірге дастарханға барып, жарының қолынан бір кесе ыстық шай ішіп тұрып, маңдайын Күлжиханның алақанына қойып, о дүниеге жөней берген. Сыр сақтау, өзімен өзі күресу, жанындағы жандардың көңілін жықпау деген осы шығар. Тіпті дәрігерге де бар қиналысын ашып айтпаған шығар-ау. Барлық курстастар азасына жиналдық. Жүрсіннің қарымдылығы мен Намазәлінің жөн-жоба білуі Асқарды соңғы сапарға Күлжиханға салмақ салмай аттандыруға мүмкіндік жасады. Алматының әкімі Иманғали да ол жүкті жеңілдетті. Осы жолдарды жазбаса да болатын еді. Бірақ көз алдымда қалған достың соңғы дидары және одан кейінгі көңіл-күй ауаны өзге ойлар мен елестерді кейінге ысыра берді. Ол ауруын жасырған жоқ, бірақ қолқасын жарған дерт пен өксікті, өмірге деген намысшыл кекті (маған ылғи да солай көрінетін) ешкімге білдірмегені аян. Ашығын айтайын, Асқар сыртынан сыпайы көрінгенімен де оның іші толған намыс пен қайсарлық еді. Кейде тереңдеп сырласқаннан кейін мен оны тістеніп, қасарысып, сондай бір шыншыл қаталдықпен өмір сүріп жүргендей сезінетінмін. Сол ауыр күндері Жүрсін: «Асқардың жүректен өлетін жөні жоқ еді. Төрт құбыласы сай. Өмірден қиыншылық көрген жоқ. Әйелі қандай мәдениетті, сырлы, адал жан. Қыздары қандай кішіпейіл. Әкелеп алақандарына ұстайды. Жағдайы да, атағы да бар еді. Жүрекке түсіретін қандай салмақ болды екен?»- деді. Оның бұл айтқандарының барлығы да шындық. Ол ес білгелі өз тізгінін өзі қолына алды да, оны сондай бір баптылықпен, жұмсақ, бірақ үзілмейтін қайыс сияқты намысшыл беріктікпен ұстады. Онысын жары сезінсе сезінген шығар, бірақ жарыла айтты деп ойламаймын. Мұның тағдырлық себептері бар еді. Ол себептің басты таңбасы – қатал да дертті, ойыны қанбаған балалықта, ерте қайтқан шешенің жылуы жетпеген әкелі жетімдікте және ...соның барлығын тісіне басып ұстайтын берік те тұйық психологиясмында жатыпты. Мұны мен ол кандидаттық диссертация қорғаған күннің ертеңінде білдім. Ол тұста диссертация қорғау қияметтің қияметі және Асқар ғылымның өз адамы емес, «сырттан» болатын, яғни, баспасөз саласында жұмыс істейтін. Баласағұнның аудармасы да себепсізден себепсіз сынға ұшырап жүрді. Кешінде барлық курстастарымыз үйіне жиналып, айызымыз қанғанша әзілдесіп, емін-еркін отырғамыз. Ертеңінде моншаға бардық. Іштегі сіресіп қалған сіңірлерді жұмсартып, табиғи түрде жеке басымыздың тағдырыа ойыстық. Одан үйіне келіп қою шәйді бабымен демдеп берді: «Мен таңғы сағат төртте тұрып тура осындай етіп қою шәй ішемін де сегізге дейін жазуға отырамын. Жарты сағат дамылдап ап жұмысқа барамын. Қызметтен келісімен көз шырымын аламын. Содан сағат он бірге дейін тағы да жазуымды жалғастырамын. Күнде осылай. Бұл кестені барынша бұзбауға тырысамын. Күнде солай. Ал сендер әлі жүрсіңдер шуатылып»- деді жымиып. Бұл сөзді айтуының себебі: содан біраз жылдар бұрын Асқар Баласағұнды, Несіпбек Науаиды аударуға, мен Әуезов туралы еңбегімді жазуға кіріскенмін. Бұл үшеуміздің де кәсіптік деңгейге бет алған алғашқы жылдарымыз еді. Мен таңғы сағат төрттерде жатуға ыңғайланғанда Асқардың терезеснің шамы жанып тұратын. Ол екеуі бұл белестен қарқынмен шықты. Мен сол малтыққан күйімша қалып қалдым. Жиырма бес жылдан асса да әлі нүктесі қойылған жоқ. «Сен шығармашылық ең үлкен белесті біздің арамызда бірінші боп аттадың. Ғылымға да алғашқы боп ат ізін салдың. Енді бұл деңгейден түспе. Түбінде сен доктор болмай тынбайсың»- дедім. «Көр де тұр. Несіпбекті білмеймін, түбінде осыған сен де келесің. Ал мен сен сияқты поэзияны сатпаймын.» - деді. Содан кейін ...Асқар өз өмірі, балалығы, туған-туыстары, өткені туралы ашыла сөйледі. Оның мұндай сыршыл кейпінн бірінші рет көрдім. Сонда ғана біз кейде түсінбей қалатын оның «шектен шыққан «тәртіптілігінің» мағынасын ұғындым. Қайтып ол да, мен де «география мен биография мәселесіне» соқпайтын болдық. Мүмкін біздің достарымыз Асқардың мен емеуірін танытып отырған ішкі мінезін, нәзік те қатал намысшылдығы туралы менің пікірімді оқып, түсінбестік те танытар. Бірақ мен білген, маған сырын айтқан және әкесі Құрмашпен «Сарсүйек құда!» десіп қалжыңдасып жүргенде сезінген жайым осы еді. Оның мәнісі мынада және бұл қызықты қарасаңызшы: тоқсаныншы жылдары Асқар екеуміз ежелгі «құда» болып шықтық. Оның туған апайы Күлайым менің аталас ағамыз Сатыбалдыға осыдан жиырма жыл бұрын тұрмысқа шығыпты. Мұны екеуміз де білмеппіз. Мәскеуде оқу қуып жүрген Сатыпалдының да қаперінде туыс іздеу болмапты. Менің ата-енем Сейіт пен Күлғасыл ағайындардың аманатымен үлкендерден жөн сұрасып, іздеп жүріп Сатыпалдыны таппай ма. Кей кездесуде немесе бір істің ыңғайын шешкім келгенде Асқарға, не Күлжиханға салмағымды арттырғым келіп: «Бұл жолы құда Тұрсын ретінде хабарласып тұрмын» - дейтінім де болатын. Әсіресе, бұл қазақы құқымды кітапхананың директоры Күлжиханға біраз бұлдаған болуым керек. «Тұрсын, мен дос ретінде орындаймын ғой» - дейтін Күлжиханға құда мен құдағилықтың салмағын жақсылап түсіндіріп, менің теңім – Құрмаш әкеміз екенін, ал Асқар бар-жоғы құда бала екенін, құда мен құда балаға тартылатын сыбағаның арасындағы айырмашылықты айтып кететін едім. Асқар: «Дұрыс!»-дейтін күліп, ал Күлжихан: «Бәрібір достығымыз үшін орындаймын»-дейтін. Ал байырғы тәжірибелі мұғалім, ақ көңіл Құрмаш құдамнан кей жайды суыртпақтағанда: «Біз ол өмірді сызып тастағамыз! Мәселе қазірдің тәрбиесінде» - дейтін. Өте саңлаулы, сезгір, аса ақкөңіл, «сіз бен біздің» көңіл жықпас жүйрігі еді. Аңғалдығы да басым болатын. Әр нәрсені тура педагок құсап нақтылап біліп, педагок құсап тәрбиелі, астарлы ыммен ұғындырып, тәрбиелі жолмен мәдени түрде шешім қабылдайтын. Асқардың бойына әкесінің осы мінезі жұғымды сіңген сияқты. Әсіресе, інісі Мұхтар тосын қазаға ұшырағанда Асқар әкесінің нағыз жанашыры бола білді. Жетпістегі ата-анаға арыстай ұлынан айырылу оңай ма. Сынып қалды. Ал Асқарға да оңай болған жоқ. Алла салған өкініштің орынын толтыра алмаса да, адамға тән парыздың орынын толық толтырды. Құрмаш құда-әкеміз: «Енді алаңсызбын. Бәрін ана сенің досың а тапсырдым»-дейтін көзі жасаурап. Мен орынсыз болса да басқа амалын таппай: «Құда баламның» - деңіз деймін. «А, солай екен ғой»-деп күлген болады да әңгіменің ауанын ауыстыра қоямыз. Мен осы жайларды біле жүрсін деп Асқарға айтқанда: «Әңгімелесетін ауылын сағынып жүр. Тәтеміз тіпті ойсырап кетті»-дейтін. Мен бірден есейген кезіміздегі кексе тіршілікті айтып кеттім-ай деймін. Қазіргі қарағайдай-қарағайдай ел азаматы боп, алды еліміздің, соңы бір ауданның сөзін ұстап жүрген елу бір бозбала 1969 жылы Қазақ университетінің журналистика факультетінде бас қостық. Жасымыз да, мінезіміз де, қабілетіміз де әр деңгейде еді. Бірақ өлең жазбайтыны жоқ болатын. Тіпті ұстазымыз Рымғали Нұрғалиевтен жасы үлкен, біраз дәріс берушілерге «сен» деп сөйлейтін Айтмұқаш: «Сен, анау, мынау ақын болады. Намазалы бірінші курстан кейін өлеңнен жериді. Сақтансаң Несіпбектен сақтан. Сол пәле ақын ьолады. Ал Асқар туралы айтпаймын. Одан бәрін (ақындықты да, прозаны да, ғылымды да, журналистікті де) күтуге болады. Оны қызметтен көр» - дейтін өзінің турашыл мінезімен. Шындығында да Айтмұқаштың сол айтқаны келді. Асқар осы баспалдақтың бәрінен өтті. Біздің өміріміз бен тағдырымызды, мінезімізді, қабілет-қуатымызды курстастардың барлығы бес жылдың ішінде біліп болды. Оны жасырып ұстай алатындай ақыл тоқтамын ешқайсымыз ұстанғамыз да жоқ. Ал Асқар өзін-өзі ұстай білді. Мінезін де, жазғанын да, аралас-құраласын да. Ол курстастардан басқа қалам саласындағы үлкен-кішінің қайсысымен жақсы араласты, кіммен ымырасы бір еді, кімге қалай шықты, оны сол адамның өзінен басқа қатарлас достары білген жоқ десем, нағыз шындықтың өзі болар еді. Мәселе, жасырын ұстағандығында емес, оған өмір үйреткен, ол үйренген және мәжбүр еткен тәрбие тәлімі сол еді. Дүниенің егжей-тегжейі анықталып, өзінен не өзгеден естіген кезекті жаңалықты алдын ала айтпағанына ренжіп: «Сен тура «Жасынан түсін билеп, сыр бермеген. Ренжісе де, күлсе де білдірмеген»- деп Абайдың аудармасында берілген Онегиннің өзісің!»- дейтінмін. Ондайда, әрине, әуелі күліп барып: «Кетші-ей. Ренжіп қалдың ба? Болмай қала ма деп ыңғайсыздандым»- деп ол айыбын «жууға» бейімделе беретін. Осы тұйықтық оның қолқа тамырын емдетуге жібермеді ме деп те кейде күдіктенемін. Университетте араб тілі тобында бірге болдық. Нағыз әріптеп оқитын әліптанушылармыз. Әлемдегі грмамматикасы да, оқылуы да, дыбысталуы да қиын екінші тіл. Ұстазымыз Мәрзия Мәженова апай бізді ұстараның жүзінде қылпылдатып ұстады. Намысымызға да қатты тиетін. Кейде ол басынуға, қорлауға ұласып кететін. Барлығымызда бір-бір тулап, жағаласып, ренжісіп тындық. Тіпті Дәуітәлі мен Жүрсін оқудан бас та тартты. Араб тілінен мемлекеттік емтиханды үшке тапсырып шыққанда «солқылдап тұрып жылаған» Нұрқасымды: «Апайдан құтылғаның рас. Сенбесең, есіңде қалдыру үшін апаймен суретке түсейік»,- деп суретке түскеніміз әлі есімде. Сол бес жылда өзінің де, апайдың да көңілін жықтырмай, қалыпты ұстап шыққан осы Асқар болды. Ал мінезден, оның ішінде Мәрзия апайдың мінезінен хабары бар адам үшін мұның өзі қандай «қорлық сынағы» болғаны айтпаса да түсінікті. Асқар сол мінезін, ішкі беріктігін сақтап қалды. Ал араб тілін оқығанымыз оған да, маған да кейін, араға жылдар салып барып септігін тигізді. Тіпті өзгелерден артықшылығымызға айналды, көне заман тарихына, көне қолжазбалармен жұмыс істеуге, Баласағұн мен Қашқариге баруға тікелей ықпалын жасады, соған қақпайлап әкелді – десем асып айтқандық болмас. Өйткені бұл тақырыпқа бару үшін араб тілін білмесең, қараңғы бөлмеде кітап оқуға ұмтылумен бірдей еді. Араб тілі бізге сөздікпен жұмыс істеудің грамматикалық заңдылықтарын үйретті. Ал мұнсыз оны игеру мүмкін емес еді. Әрине, «Құранды» аударуға құдіретіміз жетпесе де, сөздікпен сөздің түбірін таба алатын деңгейге жеттік. Осының өзі біздің ғылымдағы жолымызды ашты. Асқар тәржімалаған «Құтты білік» пен «Түркі тілдеріннің сөздігі» соған толық дәлел. Асқардың айықпайтын жан дерті мен жан дауасы – поэзия болды. Өлең ол үшін өзге бар мақсаттан биік, барлық рухани қажеттіліктен жоғары, көркем сөздің бар жанрынан жанды, ғылымның бар саласынан қымбат болды. Басқа жанрға, басқа салаға қалам тартқанда тек өзінің ақын екендігін дәлелдеу үшін, поэзиясына салмақ беру үшін, өзінің парасатты пайымын мойындату үшін және ең бастысы, сол мәселеге ақынның көзқарасын білдіру үшін барды десем еш қателеспеймін. Баласағұнды да, Қашқариді де олардың ақын болғандығы үшін де шығармасын тәржімалауды қолға алды. Сын мақалалар мен зерттеулер жазғанда да ғұламалардың ақындық қуатын алдыға қойды да, содан кейін барып олардың көркем әлеміне, көркем жүйесіне ақын ретінде пікірін білдірді. Ол ақындықтың өзіне кәдімгі қазақы бейнелеу жүйесінен гөрі тосындау «бұрышты» таңдап алды. Ұлттық көркем әлемді көркем қабылдауы, көркем сезінуі, көркем жүйелеуі, көркем теңеулері, көркем тұжырымы бәрі нағыз қазақ поэзиясына тән. Бірақта соны көркем қорытуы, көркемдеп беруі, көркемдеп орындауы, ырғақ пен ұйқасы, қысқаша айтқанда, жазу мәнері қатаң болатын. Әйтпесе, сылдыратып та, сусылдатып та, төгілдіріп те, төкпелеп те жазу қолынан келетін. Лирикалық кейіпкерді ішіне кіргізіп алудан сескенгендей, бар сырымды ашып айтып қоярмын, ішімдегі беріктігімді жұмсартып алармын дегендей «ақындық менді» бұрышқа тұрғызып қоятын сияқты еді. Студент кезінде мінберден шығып өлең оқуды онша машық етпеуі де сондықтан шығар. Әйтпесе біздің бәріміздің де алғашқы оқырмандарымыз ҚазГУ мен ЖенПИ-дің студенттері болды. Сол арқылы ел аузына іліндік, бір-бірімізді таныдық қой. Өзі барынша тебіреніп, ұзақ әрі шабытты толғатып, түр мен бейнелеу тәсілін, көркемдік шешімін барынша қазақы өлеңге жақындатқан «Аламан» дастанында да ақын – Асқар мен кейіпкер арасындағы сол қашықтық оның өзінін еркінен тыс сақталып қалды. Жиі-жиі үзіндісін оқып, соңында «Түркістаннан» толық нұсқасын оқығаннан кейін де ол кәдімгідей «таңдану» күтіп жүрді. Идеясын, түрін, әсіресе, көркем тұжырымына орын таңдандым да. Бірақ: «Асқар-оу, өзің әлі бұрыштан қарап тұрсың ғой. Мынау араласып кететін аламаның емес пе. Өкпеңді төгетін жерің ғой!»- дененімде: «Кетші-ей, солай ма. Бірақ басқаша жаза алмаймын, жазғым да келмейді» - деді. Бұл шындығы еді. Бұл жинақтан үлкен баға, жақсы пікір емес, таңданысты жақсы пікір, биік баға күтіп еді. Бәрі де жақсы бағалады. Бірақ өзі күткен «таңданысты пікір» мен «өте жоғары бағаны» ала алмады. Тоқсаныншы жылдардың аяғындағы алакөңіл жұрттың оған мұршасы да, құлқы да, ынтасы да болмады. Ол «Кісілік кітабымен» өзін-өзі жұбатты. Ақыры жан ашуын прозадан алғысы келді. Проза демекші, оның ішкі қабылдау және жандандыру әлемі фапосты прозаға дайын болатын. Өлеңдерінен не, дастандарынан да, сыни және зерттеу жұмыстарынан да прозалық ырғақ пен жазу мәнері, қара сөздің толқынды лықсымалары анық аңғарылатын. Мен оның бұл қабілетін университеттің төртінші курстарында аңғардым. Стилистикадан сабақ беретін Бағиз Манасбаев деген тәртіпті, өзінше қатал, барынша ықтиятты, өзін барынша қатал ұстаймын деп есептейтін қарапайым да адал ұстазымыз болды. Стиль – жазушының өзі дегенді түсініп қалған кезіміз. Басында барынша ықтиятты қатыстық. Ақыры бұл грамматикалық стиль ме, көркем стиль ме, аражігі ашылмай бара жатқан соң ықыласымыз суи бастады. Қатты ұрысқанының өзі «айналайын» деп тұратын Бәкеңнің сабағына салақси бердік. Ол кісі Мұзағаңның – Мұзаффар Әлімбаевтің сүйіктісі деп Несіпбекті еркелетіп ұстады. Ал сабағынан қалмайтын Асқарды қатты силап, өзімен тең ұстады. «Стилімізді көрсету» үшін талқылау сабағында неше түрлі тәсілмен, неше түрі ырғақпен, неше түрлі бояумен, неше түрлі теңеумен шығарма жазып әкелдік. Дәрежесі Бәкеңнің мысалдарынан асып кетсе керек: «Бұлай жазуға болмайды. Менің кітабымда ондай мысал жоқ» - деуге көшті. Соңында сүйіктісі Асқар шығармасын оқыды. Қара түн. Тіпті қап-қара түн. Қап-қара түннен асқан тып-тыныш қара түн. Кенет аппақ сәуле қара түнді тіледі. Сырыл мен сәуле ғана. Ол аппақ сәуле – ананың ақ сүті екен. Сырыл және ананың ақ сүті қара түнді үнсіз тіледі. Шындығында да шағын, әсерлі, «бұрыштан көріп тұрып» жазылған шығарма. Ұстазымыз атып тұрып: «Міне, стиль деген осы!» - деді. Қошқарбай тұрып: «Бірақ сіздің кітабыңызда жоқ қой» - деді. Манасбаев та, Асқар да, біз де үнсіз қалдық. Оның басты себебі, шығармадағы ана және ананың ақ сүті деген құдіретті сөз бен оның әсері еді. Асқардың «Жұлдыз» журналында жарияланған Баласағұн туралы романында да сол бір студент кезіндегі прозалық ойлау және бейнелеу жүйесі нышан береді. Оқиға желісі, тартыс, образ деген сияқты романның қабырғасын бекітетін омыртқалары автордың және кейіпкердің пафостық толғауларымен бекіген. Әдетте әдебиетті өлеңмен аттаған барлық ақындардың прозалары осындай бір тосын көркемдік жүйеге құрылады. Бұдан философиялық көркем ой, ашық білдірілген көркем көзқарас ұтады, ал оқиғаны қуып оқып үйренген оқырманның ынтасын суытады. Егер Махмұд Қашқари туралы роман жазса да Асқар өзінің осы мәнерін сақтаған болар еді. Соңғы жылдарғы көзін қарықтырған бұл шығарма да толықтай қауым назарына жеткенде айтылатын пікір де толыға түсер деп ойлаймын. Асқардың шығармашылық және ғалымдық күнделікті жұмыс кестесін жоғарыда айтып өттім. Ол - ұшақтың ұшып-қонуы торға түскен және қатаң сақталуға тиісті аэоропорттың радары сияқты еді. Қатардағы дәбірлер әр күнгі сегіз сағаттық қызметтен шаршап шықса, сол салмақпен қоса нағыз «жұмыс уақыты» жұмыстан кейін басталатын шығармашылық иелері мен ғалымдар таңды таңға қосқан шығармашылықтан шабыт алып, сол шабытпен күндіз жұмысын бітіріп, кешке келесі міндетін атқару үшін қайтадан үйге асығады. Мұндайда, әрине, қатаң тәртіп керек. Сол темірдей тәртіпті Асқар сақтай білді. Тіпті іс сапарға шыққанда да «шпаргалкаларын» ала жүретін. Астанаға келген сайын сағат оннан кейін қонақүйге асығады да тұрады. Жұмыстан соңғы әңгімелескен екі-үш сағатты азсынып, созғың келгенде: «Жұмыс бар. Оны аялдатуға болмайды» - дейді. «Үй, сен әлгі ережеңді сапарда жүргенде де сақтайсың ба? Әй, бір шикілігің бар-ау»-десем: «Иә, ол ереже әдетке айналып кетті. Енді тоқтата алмаймын»- дейтін. Сондай бір сапарда көтеріп келген Баласағұнның аудармалары жазылған ескі дәптерлерінің біреуін алып қалып, «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығына қолжазба ретінде көрмеге қойдым. Одан шығармашылық психологиясы мен тәржімашының тәжірибесі анық байқалады. Ол да зерттелуін тілеп тұрған тақырып. Ал Асқардың бұл «ережесін» Жүрсін мен Намазәлі кейінгі кездері бұзып, тасқаяқ қууға үйретті. Ертеңінде соны айту үшін де кейде телефон шалатын. «Намазәлі екеуің ойыны қанбаған балаға қосылып, доктор деген атағымыздың беделін түсірдіңдер-ау»- дейтінмін. Әрине, қалжың. Әйтпесе Асқар екеуміз жетіскеннен доктор болғамыз жоқ. Жазушылығымыз жан бағуға себін тигізсе, сол Баласағұн мен Қашқариды, Науаиді былай да аударып, еркін кеңістікте жүре берер едік-ау. Кей-кейде, әсіресе докторлық қорғар алдында: Осы диссертация қорғаудың бізге қанша қажеттігі бар. Бас тартсақ қайтеді – дескен де кезіміз болды. Сол ырғақпен біраз жүріп те қалдық. Академик Серік Қирабаев: «Екеуіңе ақылым өтпейді. Бірақ айтпады демеңдер, қорғаңдар. Сонда қазір бас қатырып жүрген біраз шаруаларың өз-өзінен орнына келеді» - дейтін. Асқар жоғары кеңестің төрағасы Серікболсын Әбділдиннің баспасөз хатшысы, кеңесшісі, аударма редакциясының меңгерушісі, Астана ауысқанда Мемлекеттік қызмет академиясының Мәдениет жобасының (декан сияқты) жетекшісі болды. Соңғысы амалсыздықтың шарасындай көрінді. Енді докторлық қорғамаса өмір сүру формасы да тұйықталатындай сыңай танытты. Қызметтің де өзіндік қызық-шыжығы бар. Әйтеуір үйін кеңейтіп үлгергеніне тәубе етті. Мен де мұражайдан кетіп, шайқақтап жүрген кезім еді. Әуеліде Тұрсынбек Кәкішев, одан кейін Құныпия Алпысбаев, одан кейін Намазәлі «жарты жалақымен жарылқап», бірді-бірге жалғап жүрген кезім еді. Асқар: «Ей, бала! Қиқаңды қой. Маған сабақ беруге кел. Кілең тіс қаққандар. Бұларға қазақ сөзін қанына сіңіру керек боп тұр»-деді. Шындығында да аудан әкімәнәң орынбасарлары, мнистрліктің департамент бастықтарының орынбасарлары, кілең тағайындауды ған күтіп тұрған атжалмандар. Оларға қазақ сөзін қалай сіңіресің? Не болса ол болсын дедім де алғашқы сабақтың өзінде оларға «қазақы боқтықты үйреніп, соны сабақта бір-біріңе айтыңдар» деп тапсырма бердім. Таңданды.Түсінбеді. Кейі мұның түбінде бір пәле жатқанын аңғарды. Қойшы: біз боқтық үшін оқуға түскеміз жоқ. Біз мемлекет басқаруды үйренміз деп келдік – деп бастығыма барыпты. Асқар оларды: «Тұрсыннан артық оқытушыны таба алмаймын. Не айтса соны орындаңдар. Қалғанын кейін көреміз»- депті. Ал өзіме: «Ей, Қыртбаев, не бүлдірдің?»- деді. Түсіндіріп айттым. Қарқылдап күліп алды да: «Не істесең де өзің біл. Осылардың әптігін басып бер! – деді. «Аудио-видиосын қосып», екі-үш дәріс өткізгеннен кейін өздерін өздері жөндеп, табан жолға түсті де кетті.Қазір солардың барлығы Президенттік әкімшіліктен бастап, сенаттың, мәжілістің, министрліктердің, ең соңы облыстың іс қағаздарын басқаратын басты тұлғалар болып кетті. Асқар соған мәз болатын. Докторлықты сонда қорғады. Алты-жеті айдан кейін қатырма қағазы келді. Курстастар түн ортасынан асыра тойладық. Сағат онда дәріс бітіп, қоңырау соғыла салысымен Асқар мені бухгалтереяға ертіп апарды. Әуелі оның жалақысын, сосын менің жалақымды дауыстап айтып қолыма ұстатты. Бес-алты мың теңге жоғары алды. Ақшалы адамды қолға түсіргім келіп кассирге: «Егеубаевқа неге артық ақша бересіз. Сабақты мен жүргізем, ақшаны ол алады. Ол да кандидат, мен де кандидат»- дедім қалжыңдап. Ресми орынның адамы емес пе көзі бажырайып: Ол кісі директор ғой – деді. Сонда сасып қалған келіншекті жайдарлағысы кеп: «Бала! Ондай ақша алу үшін доктор болу керек!»- деп түнімен өзіміз «жуып, тазартып» қойған қатырманы жұлып алғаны! Бәрі күлді. Әдемі келіншектің көзінше жығылғым келмегенсіп: «Онда мен де доктор болам!»- дедім. «Қашан?»-деді қасымыздағы оқытушы келіншек. «Қазір» - деп телефонды ала сап жетекшім Секеңе – Серік Қирабаевқа телефон шалдым. Құдай кезін келтіріп трубканы өзі алғаны. Енді қайда қашасың, еріксіз батылданып: «Менің доктор болғым келеді және қазір» - дедім. «Е, боласың ғой. Әуелі авторефератты әкелші өзің. Содан кейін диссертация қайда қашады. Бірақ мен саған сенбеймін. Асқар әлі профессор атағын алған соң сенен екі есе көп жалақы алатын болады» - деп әңгімені тереңдетіп жіберді және Асқардың қасымда ақша алып тұрғанын аузына құдай қайдан салып тұр десеңші. Уәдені беріп жатырмын. Таң қалып бухгалтереядағылар қалды. Екеуміз кафеге барып, кофе ішіп, осыдан он жылдай бұрын «сен де ғылымға келесің» дегенін еске алысып отырып «баталасып» тарастық. Екі жарым ай Кенесары ханның бассүйегін іздеп келіп, төрт айдан кейін мінбеге шықтық. Сөйтіп, жаңағы тосын қалжың шындыққа ұласып кетті. Ебепке – себеп деген осы. Әрине, еңбектің де нәтижесі бар шығар. Бірақ түрткі салғаны анық. Менің сыншы ретінде баспасөзге араласуыма Асқардың «Қазақ әдебиетінде» жүргендегі салған қолқасының түрткі болғаны да бар. Енді не деуге болады, уақыт өткен сайын оның өзге мінездері мен өмірлік мақсаттары туралы ойланып, қадірі өтіңкіреп барып еске түсіріп, кеңінен әрі тереңдетіп жазуға мүмкіндік туар. Жыл айналып жылы толғанда, әлі өткен шақпен сөйлеуге жүрек дауаламай, өмір мен естеліктің аражігі ашылмай тұрғанда өзің сезінген жайлар ғана қалам ұшына ілінді. Оның артта қалған мұралары жинақыланып тұрған шығар. Ол жағына ұқыпты еді ғой. Дегенмен де бір жүйеге түсіріп, қатирадағы ойларын, күнделіктерін, мақала-зерттеулерін, енді қолына алмақ болған прозалық нұсқалардың жоспарын жүйелеп, жөнін келдтіріп, баспаға лайықтау керектігі сөзсіз. Оның сондай бір эпистолярлық мұраларын алпыс жасқа толуына қарай орайластырса Асқардың бейнесін өміршеңдендіретін естелік болар еді. 23-66 қыркүйек. 2007 жыл Каталог: repository -> history -> %D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B %D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> ТАҒдырлы тұЛҒА (Қабдеш Жұмаділ) %D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Елі үшін елжіреген азамат %D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Қаржаубай Сартқожаұлы туралы %D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Бұл түсініктен біз Қондыбай, Қанай кедей ауылдың адамдары екен, Семейден онша қашық тұрмайтын ауыл екен, жерін мал жаюға жалдап күн көретін адамдар екен деп ұғар едік дейді %D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Сөз асылын тізілдірген %D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Халық пікірі немесе шәКӘрім мұрасы қалай ақталды? Тұрсын ЖҰртбай %D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> КӨркемдік шындық ЖӘне тарихи тұЛҒА %D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> «рухани ұстазым қазақ халқы және абай » %D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Жұртбаев Т. Жазушы, ғалым қайым (Ғабдұдқайым) Мұқамедханов 75 жаста // Қазақ әдебиеті. 1991. 1 ақпан. 4 бет
Егер шындыққа тура қарап айтар болсақ, адамдардың көпшілігі алдарына нақты мақсат қоймай, бүгінгі күннің өлшешімен тірлік кешеді. Ондай жандар әдетте тамағы тоқ, киімі бүтін, жұмысы бар болса, соған қанағат етіп, «таңғы ас тәңірдің мойнында» деген пиғылмен өмір сүреді. Ондай адамдар әдетте ешқашан, ешқандай биік нәтижелерге жете алмайды. Мақсат дегеніміз не? Адамдардың көбінің мақсатсыз өмір кешетінін айтып кеттік. Десе де, мақсатсыз тірлік кешіп жатқандардың өзі бұл шындықты мойындамайды. Иә, саналы адам болғасын мүлдем арман-мақсатсыз өмір сүреді деуге болмайды. Тіпті, ақылы толыспаған жас сәбиде де арман-мақсат болады. Олар тәтті жегісі, ойнағысы, үлкендерге еркелегісі, басқа достарында жоқ ойыншық алғысы т.т. келеді. Бұның бәрі шындығында арман-мақсат. Ал жоғарыда айтып кеткен бүгінгі күннің өлшемімен тірлік кешіп жатқан жандарда да сол сәбидегі сияқты нақтыланбаған, бұлыңғыр арман-ниеттер болады. Олар да жалақысы көбірек жұмыс тапқысы, жақсы үйде тұрып, молшылықта өмір сүргісі, денсаулықтарының жақсы болуын, т.т. қалайды. Бірақ, бұның бәрі нақты емес, бұлыңғыр, «шіркін солай болса жаман болмас еді-ау» деген сияқты арман-қиял түріндегі мақсаттар. Осы арада «мақсат деген не?» деген сауалға нақты жауап беріп, мақсат туралы пікіріміздің басын ашып алу қажет. Арман-қиял түріндегі «шіркін, солай болса ғой» деген пиғылдағы және күн сайын сыртқы жағдайлардың әсерімен өзгеріп отыратын бұндай ниет – мақсат емес. Мақсат – ол нақты жүзеге асыруды ойлап, жоспар түрінде жасалған және оған жетсем мынадай жетістікке ие боламын деген нақты оймен бекітілген арман-ниет. Енді осы тұрғыдан алып қарасақ, адамдардың 90 пайызының нақты мақсаттары жоқ деп айтуға болады. Олардың бәрі жоғарыда айтқанымыздай «шіркін солай болса» деген арман-қиял түріндегі бұлыңғыр мақсат-ниеттің жетегінде жүреді және олардың мақсат-ниеттері үнемі өзгеріп отырады. Адамдардың 90 пайызының өмірде ойларына алғандары орындалмай, биік нәтижелерге жете алмай жатуының бірден бір және негізгі себебі осы дейді өзін өзі дамыту ғылымының білгірі Брайан Трейси. Мақсатқа жету үшін не істеу қажет? Брайан Трейси мақсатқа жетудің мынадай қарапайым және жұрттың бәріне қолжетімді тәсілін ұсынады. Айта кету керек, осы тәсілді пайдаланған мыңдаған, миллиондаған адам ойға алған мақсаттарына жеткенін өмір тәжірибесі көрсетуде. Яғни, бұл ойдан шығарылған теория емес, өмірде жұмыс істейтін және нақты нәтижеге жеткізетін тәсіл. Енді осы тәсілді кеңірек баяндайтын уақыт келгендей. Оқушыларға арналған қалың дәптер немесе блакнот сатып ал дейді Брайан Трейси. Бұл тәсілдің ең басты шарты – осы. Қойын дәптерді алдыңыз. Енді таңертең ертерек тұрып, жұмысқа барар алдында асықпай отырып, әлгі дәптерге ойыңызға алған 10 мақсатыңызды жазыңыз. Егер сіз бұрын мұндай шаруамен айналыспаған болсаңыз, қандай мақсат жазамын деп басыңызды ауыртуыңыз мүмкін. Тіпті, жазумен айналыспаған пенделердің он мақсатты жазып шығуы да екіталай. Сондықтан сіздің назарыңызға үлгі-мысал ретінде мынадай 10 мақсатты ұсынамын. Оны пайдаланасыз ба, жоқ па – ол өз еркіңізде және сіздің масқатыңыз бұдан гөрі, басқаша болуы мүмкін. 1 Айлық табысымды жыл соңына дейін 2 есеге арттырамын; 2 Тапқан табысымның 20 пайызын ай сайын депозитке салып, көбейтіп отырамын; 3 Қосымша бірнеше табыс көзін жасаймын: ол үшін интернет арқылы жұмысыма кедергі келтірмей қосымша табыс табатын мүмкіндіктерді қарастырамын; 4 Өзімді интелектуалдық жағынан жетілдіремін, ол үшін бизнес, инвестиция туралы кітаптарды күн сайын үзбей оқитын әдетті қалыптастырамын, айына кем дегенде 1 кітап оқып отырамын; 5 Ағылшын тілін меңгеремін, бұл болашағыма үлкен көмегін тигізеді, сондықтан күн сайын уақытымды бөліп, ағылшын тілі курсында оқитын боламын; 6 Жұмыс істеп, жақсы табыс табу үшін денсаулығым жақсы болуы керек, сондықтан денсаулықты нығайтуға үнемі көңіл бөлетін боламын, ол үшін күнде ерте жатып, ерте тұрамын, таңертең 20-30 минут дене жаттығуын жасаймын, күніне 1-2 сағат таза ауада серуендеймін, салауаттылықты ұстанамын; 7 Табысқа жетудің тағы бір кілті – адамдармен жақсы қатынаста болу, сондықтан бірге қызмет істейтін әріптестеріммен, туыс-бауырларыммен, тамыр-таныстарыммен, тіпті көшеде кездейсоқ кездескен адамдармен де жылы сөйлесіп, ұрыс-керістен аулақ боламын; 8 Алдағы 2-3 жылдың ішінде табысымды 10 есеге дейін көтеріп, бақуаттылыққа қол жеткіземін. Ол үшін қосымша табыс көздерін жасаймын, депозитке ақша саламын, құнды қағаздар сатып аламын, сөйтіп, табысымды көтеру жолдарын үнемі қарастырып, соны іске қосып отырамын; 9 Табысымды көтеру үшін қашықтан оқыту арқылы қазіргі заманғы бірнеше интернет мамандықтарды игеремін: атап айтқанда – МЛМ бизнесті жүргізу, әлеуметтік желілермен жұмыс істеп, клиенттер тарту, әріптестік бағдарламаларға қатысып, табыс табуды меңгеру, т.б. 10 Уақытымды әрдайым тиімді пайдалануды үйренемін, ол үшін: тамақтану, демалу тәртібін белгілеп, соны сақтаймын, пайдалы ақпараттар алуға уақыт бөлемін, өзімді жетілдіруге көңіл бөлемін, салауаттылықты ұстанамын, пайдасыз бос уақыт өткізуден бас тартамын, күн сайын, апта соңында және ай соңында жеткен жетістіктерім туралы өзіме есеп беріп отырамын. Түйін: Сіздің назарыңызға ұсынып отырған бұл қарапайым тәсіл кез-келген адамның қолынан келетін шаруа. Сіз күн сайын таңертең ойыңызға алған 10 мақсатыңызды жазып шығасыз. Келесі күні дәптердің екінші бетіне тағы жазасыз. Жазып жатқанда алдыңғы күнгі жазғандарыңызға қарамау қажет. Яғни, ойсыз көшіріп алмаңыз. Күн сайын ойланып отырып, 10 мақсатты жазып отырыңыз. Бір айдың ішінде ойыңыз нақтыланып, қандай мақсат екендігі анық көрінетін болады. Бұл мақсаттар енді сіздің санаңыздың терең түкпіріне еніп, түйсігіңіз арқылы сізді сол мақсаттарға жетуге итермелейді және мақсатыңызға жеткізетін адамдармен, мүмкіндіктермен табыстырады, жетелейді. Содан күндердің күнінде ойға алған мақсаттарыңыздың қалай орындалғанын өзіңіз де білмей қаласыз дейді Брайан Трейси. Бұған сеніп, қабылдайсыз ба, жоқ па – ол өз шаруаңыз.
Сізге қажеттінің бәрін бір жерде жасауға мүмкіндік беретін «бәрін-бәрін» құралын қалай алуға болады? SEO жеке бақылау тақтасы сізге ұсынады. Шынында да, бұл сіз үнемі армандаған мінсіз SEO құралы. Біздің мақаламыздың тақырыбынан байқағаныңыздай, бүгін біз осы керемет құрал туралы білуіңіз керек нәрсенің бәрін қарастырамыз. Бұл керемет емес пе? Сондықтан енді уақытты жоғалтпайық. Енді қаншалықты пайдалы екенін қарастырайық SEO жеке бақылау тақтасы болып табылады және неге оны бүгін қабылдау керек деп ойлау керек. Құралдың бірінші функциясынан бастайық, яғни сайттағы барлық жақсы кілт сөздерге бағыттау. SEO жеке бақылау тақтасы: негізгі кілт сөздерге бағыттау Біз бірдеңе іздегенде немесе сұрақ туындаған кезде біз әдетте тілді қолданамыз. Сөздер (кілт сөздер) тек суреттерді немесе қимылдарды қолдану арқылы үлкен күш-жігермен бейнеленетін ақпараттар мен контексттерді білдіру үшін қолданыла алады. Сондықтан Интернеттегі қарым-қатынасыңыз үшін сөздер мен іздеу шарттары өте маңызды. Күнделікті цифрлық емес өмірде ғана емес, сонымен бірге Интернетте болу үшін өнім немесе қызмет ұсынатын кез-келген адамға ұсыныс пен оның қасиеттерін мазмұнды сипаттайтын кілт сөздер қоры қажет. Бұл SEO жеке бақылау тақтасы сізге табақшада дәл ұсынады. Кілт сөздер туралы айтатын болсақ, қысқа кілт сөздерді ұзын құйрықты сөздерден ажырата білу керек. Қысқа түйінді сөздер мен ұзын құйрықты сөздер нені білдіреді? Кілт сөздер ұзындығы мен мазмұнына қарай әртүрлі типтерге бөлінеді. Ұзындығы бойынша екі вариация бар: Түйінді сөздер Бұл, ең алдымен, іздеу сұранысының өзегін анықтайтын жалғыз сөз (мысалы, «онлайн-маркетинг»). Олар жиі іздейді және әдетте қызу таласқа түседі. Longtail кілт сөздері Сөйлемдерді аяқтауға дейін бірнеше сөздердің тіркесімі. Олардың іздеу көлемі көбінесе қысқа кілт сөздерге қарағанда аз болады, сондықтан оларды аяқтау оңайырақ. Ұзын құйрықты іздеудің әдеттегі сұраулары, мысалы, сұрақтар («Кім», «Не»). Өзіңіздің ең жақсы беттеріңізді ашыңыз SEO жеке бақылау тақтасы сізге ең жақсы беттеріңіз туралы барлық ақпаратты жоғары және төмен білуге ​​мүмкіндік береді. Сонымен, сіздің ең көп кіретін беттеріңіз туралы жақсы біле отырып, сіз өзіңіздің күш-жігеріңізді қайда бағыттайтыныңызды біле аласыз. Бәсекелестеріңіз туралы бәрін біліңіз Біз күн сайын басқа жеткізушілермен клиенттердің бәсекелестігіне тап боламыз. Сайыспен салыстырғанда сіз өзіңіздің өнімділігіңізді білесіз бе? Ең бастысы, сіздің клиенттеріңіз сізді бәсекелестеріңізге қарағанда қалай қабылдайды? Сіз бұл сұрақтарға конкурстық талдаудың бір бөлігі ретінде жауап бере аласыз. Бұл компанияның қазіргі және әлеуетті бәсекелестерінің күшті және әлсіз жақтарына, болашақ әлеуетіне, өзінің бизнесіне ықтимал қауіп-қатерге және танылатын болашақ стратегияларына қатысты жүйелік талдауды қамтиды. Тиісті нарық деректері жүйелі түрде жазылғаннан кейін, олар өңделеді, түсіндіріледі және ұсынылады. Мұнда алғашқы зерттеулерге қарағанда екінші дәрежелі зерттеулер маңызды. Бәсекелестік талдаудың негізі салыстырмалы бәсекелестік артықшылықтарды алу болып табылады. Бәсекелестік талдаудың көптеген артықшылықтары бар, оларсыз жасамауға болмайды. Сіздің нарықта не болып жатқандығы туралы айтарлықтай жақсы ашықтықтан басқа, сіз сату кезінде күтуге болатын кез келген қарсы аргументтерді анықтау үшін бәсекелі талдауды пайдалана аласыз. Күнделікті операцияларда құрылымдық тәсіл бәсекелестік талдауды жүзеге асыруға ықпал етеді. Пайдалану Жеке басқару тақтасының SEO құралы, сізде Google-дің ең үздік 100 веб-сайтына қатысты барлық ақпарат бар. Бұл, әрине, талданатын сайтпен бір бағытта болатын және сол кілт сөздерді немесе олардың синонимдерін қолданатын веб-сайттар. SEO жеке бақылау тақтасы: веб-анализатор Веб-сайтыңызды тексеру үшін URL мекенжайын енгізіп, веб-сайтты растаңыз. Әдетте сканерлеу бірнеше минутты алады. Тексеруден кейін сіз автоматты түрде растауға шолу бетіне бағытталасыз. Мұнда сіз веб-сайт үшін анықталған жалпы ұпай санын көрсететін жалпы балды таба аласыз. Сондай-ақ, веб-сайттың құрылымынан бастап технологиясына дейінгі маңызды бөліктеріне толық шолу жасалған. ToDo тізімі табылған қателіктердің өзектілігін көрсетеді және рейтинг басқа тексерілген веб-сайттарға қатысты веб-сайттың позициясын көрсетеді. Кейбір қойындылар сізді мета элементтерден бастап бет құрылымының мазмұнына дейін тереңірек ақпарат алуға бағыттайды. Ең бастысы, барлық URL мекен-жайлары жарияланбаған және жасырын болып қалады. Плагиат тексерушісі Миллиондаған веб-сайттар мен миллиардтаған мазмұн бар. Сонымен, сіздің веб-сайтыңыздың мазмұны плагиатсыз екенін қайдан білесіз? SEO жеке бақылау тақтасы ұсынған плагиат тексерушісінің көмегімен веб-сайтыңыздың мазмұнының түпнұсқасын біліңіз. Бірнеше мақсатта жасалған, SEO жеке бақылау тақтасы сізге плагиатсыз веб-сайттар жасауға көмектеседі. SEO жеке бақылау тақтасына кіретін веб-сайттың плагиат тексерушісі веб-сайтыңызға кіру үшін қарапайым қадамдарды қажет етеді және плагиатпен күресуге көмектеседі. Бұл сіздің веб-сайтыңыздың SEO рейтингтері мазмұн қайталанған және басқа жерде қолданылған кезде қатты соққыға жығылатындығына байланысты. Іздеу жүйесі бастапқы дереккөзді анықтай алмайды. Сондықтан сіздің веб-сайтыңыздың трафигіне қатты әсер ету мүмкіндігі өте жоғары. SEO жеке бақылау тақтасы сізге ұсынатын веб-сайттың плагиат тексерушісінің көмегімен сіз плагиат туралы барлық мазмұнды плагиат туралы, ұқсастық пайызы мен сөздердің санымен егжей-тегжейлі есеп жасау арқылы жасай аласыз. Бет жылдамдығын анализатор Веб-сайт иелері өздерінің веб-сайттарының мінсіздігіне көз жеткізу үшін көп ақша мен уақыт жұмсай алады: тиімді CTA, ақпараттық дизайн және интуитивті навигация. Алайда, олар көбінесе олардың сайттың бет жылдамдығына (жүктеме жылдамдығына) әсерін елемейді. Платформаға немесе шолғышқа қарамастан, барлық пайдаланушылар бірден қол жетімді веб-сайтты жақсы көреді, өйткені пайдаланушылар шыдамсыз болып кетті. Гуглда да жылдам бет көбінесе SERP-дің жоғары деңгейімен марапатталады. Өз сайтыңыздың парақ жылдамдығын қарау үшін жеткілікті себептер! Оңтайландыруды бастамас бұрын сайттың жай-күйін білген жөн. Ол үшін сізге бірнеше құралдар қол жетімді. SEO жеке бақылау тақтасы - бұл сіздің ең жақсы таңдауыңыз. Құрал тегін және веб-сайтыңыздың өнімділігін егжей-тегжейлі өлшеуге мүмкіндік береді. Веб-сайтыңыздың URL мекен-жайын енгізгеннен кейін сіз жүктеу жылдамдығы туралы ғана емес, оны қалай жақсартуға болатындығы туралы ақпарат аласыз. Қай құралды қолданғыңыз келетіні, әрине, сізге байланысты. Маңызды: Сіздің күш-жігеріңіздегі «нақты» айырмашылықты көру үшін оңтайландыруға дейін және кейін сол құралды қолданыңыз. Бұл практика бойынша нақты кеңес болғандықтан, алдын ала білімді қажет етпейді. Менің веб-сайтым қаншалықты жылдам болуы керек? Негізінде веб-сайт пайдаланушының қанағаттанарлық тәжірибесін қамтамасыз ету үшін екі секундтан аз уақыт ішінде жүктелуі керек. Жүктеу уақыты неғұрлым аз болса, соғұрлым жақсы болады. Егер ол бір секундтан аз болса, онда бұл жақсы. Веб-сайтыңыздың жүктеу жылдамдығы әртүрлі факторларға байланысты. Олардың кейбіреулері OnPage оңтайландыруының көмегімен жақсартылуы мүмкін, ал басқалары сізге әсер етпейді. SEO жеке бақылау тақтасымен есеп беру орталығының артықшылығын пайдаланыңыз Есептер сіздің веб-сайтыңыздың жұмысын жақсарту үшін не істеу керектігін хабарлауымен өте маңызды. Егер сіз SEO жеке бақылау тақтасының пайдаланушысы, сізде жаңа есептеріңізді оңай жасау мүмкіндігі бар. Екінші жағынан, сіз жеткізу кестесін де анықтай аласыз. Қорытынды Осы мақаланың мазмұны арқылы біз SEO жеке бақылау тақтасы құралы туралы білуге ​​болатын нәрсенің барлығын аштық. Шынында да, сізге бұл құралдың SEO әлеуеті тұрғысынан сізге шынымен ұсынатындығын айту қиын болар еді. Осыған қарамастан, біз осындай құралды қолдану арқылы сізге пайда әкелетін ең жақсы нұсқаларды жинақтап көрдік. SEO құралы туралы жаңа түсіндіргендердің бәрінен анық, жеке басқару тақтасы - бұл сіздің және сіздің клиенттеріңіздің жұмысын жақсарту үшін қолдануды ойластыратын бірегей, бәріне бірдей құрал. Сонымен қатар, құрал сіздің барлық SEO қажеттіліктеріңізге бейімделген. Ал егер сіз жақсы құралды маркетинг арқылы ақша тапқыңыз келсе, сіз Semalt серіктес бағдарламасына кіру туралы ойлануыңыз мүмкін. Сізде осы құралды қолдануға қатысты мәселелер бар ма? Сіздің сұрақтарыңызға қуана жауап беріп, жауап береміз. Егер сіз жедел жауап алғыңыз келсе, жай бізбен байланысуды ойластырыңыз. Сондай-ақ, сіз біздің ақысыз SEO кеңестерімізден пайда көргіңіз келсе, кіріңіз біздің блог сіз үшін ең жақсысы. Біз онда барлық түрдегі мақалаларды жарияладық; сізге пайдалы барлық ақпаратты беретін.
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Семей қаласында М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжге барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап. Қ.Тоқаев оқу орнының тарихы мен жетістіктеріне, білім ордасынан білім алған ұлы тұлғалардың өміріне арналған көрмені аралап, оқытушылар ұжымымен және студенттермен пікірлесті. Еркін әңгімелесу форматында өткен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев педагог мамандарға ризашылығын білдірді. «Ұстаз деген – қасиетті мамандық. Бәріміз ұстазды сыйлаймыз. Себебі ұстаз – жоғары деңгейдегі тұлға. Балаларға лайықты білім беріп жатырсыздар. Білімсіз адам қауқарсыз деп айтуға болады. Қауқарсыз адам қазіргі бәсекеге толы әлемде қалай өмір сүреді? Сондықтан жас мамандарға мен ризамын. Өздеріңіз сияқты жастарды мемлекет те әрқашан қолдайды», – деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ Президент елімізде жастарға жағдай жасау үшін біраз реформа жүзеге асырылып жатқанын айтты.
2002 жылдың 19 қарашасында әлемде алғаш рет Дүниежүзілік дәретхана күні атап өтілді. Бұл атаулы күн 2001 жылы Сингапурде өткен дәретхана мәселелеріне арналған халықаралық конференция кезінде жарияланған болатын. Айтпақшы, конференция өтетін орын кездейсоқ таңдалған жоқ: Сингапур өз дәретханаларының мінсіз тазалығымен әлемде өте танымал. Бұл конференцияға 17 ұлттық дәретхана қауымдастығының өкілдері Азия, Еуропа және Солтүстік Америкадан келген 200-ден астам делегаттары өзекті мәселелерді талқылау және дәретханаларды дамытудың жаңа тұжырымдамаларын зерттеу үшін жиналды. Кездесудің нәтижесінде осы ерекше мерекені өткізудің бастаушысы болған Дүниежүзілік дәретхана ұйымы құрылды. Қазіргі кезде бұл атаулы күн біздің бәрімізге 3,6 миллиард адамның қауіпсіз санитарияға қолжетімсіз өмір сүретінін еске салады (яғни, олардың үйінде дәретханасы жоқ, немесе дәретханасы лас ағынды суларды қауіпсіз шығару үшін жабдықталмаған). Дүние жүзіндегі мектептердің үштен бірінде дәретхана жоқ. 900 миллион оқушы дәретхананы пайдаланғаннан кейін қолдарын жуа алмайды, тазалыққа қажет жағдайдың жеткіліксіздігінен аурулар көп тарап жатыр. Күн сайын бес жасқа дейінгі 700-ден астам бала жарамсыз су, санитария және гигиеналық талаптарға сай келмеу салдарынан болатын диареядан қайтыс болады. 2,5 миллиард адамның тиісті санитарияға қол жетімділігі жоқ, қарапайым дәретханалар немесе жәй ғана шұңқырлы дәретханалары да жоқ, сондықтан бұл жағдай олардың денсаулығына, қауіпсіздігіне, қоршаған ортаға және әлеуметтік-экономикалық дамуға кері әсер етеді. 2013 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы өзінің (A / RES / 67/291) «Баршаға арналған санитария» резолюциясымен 19 қарашаны Дүниежүзілік дәретхана күні (World Toilet Day) ретінде ресми түрде бекітті және Мыңжылдық даму мақсаттарының аясында санитарлық тазалықты жақсарту шараларын жүзеге асыруға шақырды.
Ескерту диктанты. Мұнда мұғалім мәтінді тұтас оқып шығады. Балалар жақсылап тыңдап отырады. Содан кейін түсініксіз деген сөздердің мағынасын түсіндіреді. Мұғалім әрбір сөйлемді қайта оқып шығады, оқылған сөйлемдер балалардың қатысуымен тыңдалады. Сөйлемді жазбас бұрын мұғалім балалардың зейінін ондағы қиын сөздердің жазылуына, өтіліп отырған ережеге аударады. Оқушылар тиісті дыбыстарды көрсетеді, ережесін айтып береді, олардың қателескен жері болса түзетеді. Осындай жұмыстардан кейін ғана балалар сөйлемді жазуға кіріседі. Алғашқы кезде әр сөйлем оқылып, талданып барып жазылады. Кейін балалар жұмыстың бұл түріне дағдыланған кезде, бірнеше сөйлем бірден оқылып, олардың ішінен мағынасы түсініксіз сөздер мен жазылуы қиын деген сөздер ғана талданады, ал одан әрі мәтін тұтас оқылады да, сөздер іріктеліп алып талданады, содан соң мұғалім әр сөйлемді оқып, балалар жазады. Егер балалар белсенділік көрсетіп, сөздердің қалай жазылуын, талдануын сұрап, сөздіктен қарайтын болса, онда диктанттің тиімді болғаны. Іріктеу диктанты. Мұның ескерту диктантынан айырмашылығы – балалар мұғалімнің айтқан сөздерінің барлығын жазып отырмайды, оның ішінен белгілі бір ережеге қажетті сөздерді немесе сөз тіркестерін іріктеп жазады. Диктанттың бұл түрінде уақыт үнемделеді, қажетті сөздер мен сөйлемдер көбірек жазылады, ең бастысы оқушылар мәтінді аса зейін қоя тыңдап отыруға мәжбүр болады. Түсіндіру диктанты. Мұнда мәтін жазылып болғаннан кейін ғана талданады, қателері түзетіледі. Диктанттың бұл түрін жазуға кірісерде қажетті ережелер еске түсіріледі. Мұны ескерту диктантынан бақылау диктантына өткел ретінде жүргізілетін жұмыс деуге де болады. Түсіндіру диктантының бір түрі ретінде жүргізілетін жұмыс деуге де болады. Түсіндіру диктантының бір түрі ретінде сөздік диктантын да жүргізуге болады. Онда сөйлем де, мәтін д е емес, жеке сөздер айтылады. Бұған оқушыларға қиындық келтіретін немесе ережелерге бағынбайтын сөздер алынады. Сөздік диктант ұзақ болмайды, 5-10 минут шамасы, көбінесе сабақтың аяғында жүргізіледі. Мұғалім жеке сөздерді айтады, балалар жазады, жазғандарын сөздіктен қарап түзетеді. Үнсіз диктант ұйымдастырылады. Онда мұғалім қажетті суреттер көрсетеді (аю, сиыр, жылқы, қоян, қозы, трактор, комбайн т.б.), ал балалар бірден жазады немесе керекті әрпі бар карточканы көрсетіп, сонан соң жазады. Сөздік диктант 10-15 сөзден аспауы тиіс. Творчествалық диктант. Мұғалім тақтаға қажетті сөздерді жазады. Кейде сурет немес бір серия картина беріледі: балалар бір тақырыпта сөйлемдер құрайды. Шамамен қолданылатын ережелер беріледі (еске түсіріледі). Балалар сөйлемдегі сөздерді дұрыс тұлғада тұрған-тұрмағанын байқайды, қажет болса, өзгертеді. Жұмыстың бұл түрін таза диктант деуге болмайды, сөйлемді балалардың өздері құрастыратын болғандықтан мұны шығарманың кіріспесі деуге болады. Творчествалық диктант балалардың тілін дамыту үшін де өте қолайлы, өйткені оқушылар мәтін құрауға белсенді қатысады, сөздерді де өздері ойлап табады. Ерікті диктант. Бұл мазмұндама деп аталады. Бірақ мазмұндамадан оңайлау. Диктант деу себебі – мұғалім мәтінді оқып тұрады, ал ерікті дейтініміз – балалар әдеттегі диктанттай, мәтінді мұғалімнің оқуы бойынша сөзбе-сөз емес, естерінде қалғандарын ғана жазады. Мәтін оқылмас бұрын қажетті ережелер еске түсіріледі. Мұғалім мәтінді әуелі тұтас, сонан соң оның 5-6 жолын оқиды. Әрбір оқылған үзінді оқушылар жаттау алатындай, өте қысқа болмауы керек. Оқушылар оқыған үзіндінің естерінде қалғанын ғана жазады. Диктанттың бұл түрі де тіл дамыту жұмысымен ұштасады. Осы көрсетілген жұмыстардың барлығы орфографиялық дағдыны автоматтандыру мақсатын көздейді. Бақылау немесе тексеру диктанты. Бұл балалардың алған білімдері мен қалыптасқан дағдыларына тексеру мақсатында жүргізіледі. Мұнда оқушы өзі білетін ережені қолданып, өз күшін өз бетімен байқай алады. Мұғалім қандай да болмасын бір орфографиялық ережені оқушылардың қалай меңгергендері жөнінде мәлімет алады. Қандай ереже қайталану керек, кімге қандай көмек керек – соны анықтайды. Егер диктанттың нәтижесі бүкіл класс бойынша нашар болса, қайталау диктанты жүргізіледі. Мұндай жағдайда сол мәтіннің өзі қайтадан алынады немесе соған ұқсас мәтін алынып, қайталанады, диктант жаздырылады.
Барлығымыз білетіндей,cnc өңдеуорталық жоғары жылдамдықты кесу өңдеу жабдығы болып табылады, оның шпиндель жылдамдығы 8000-10000 айн / мин жетуі мүмкін.Жоғары жылдамдықтағы жұмыс кезінде апат орын алса, ол жиі өте ауыр зардаптарға әкеледі, сондықтан өңдеу орталығының қорғаныс қақпағы таптырмас қорғаныс жабдығы болып табылады.Өңдеу орталығының қаңылтыр материалы соқтығысуға қарсы күшті, негізінен суық илектелген пластинадан және мырышталған пластинадан жасалған, кесілген, ойықталған, фланецті, штампталған, тесілген, қалыпталған, қырлы және басқа процестермен өңделген және беті пісірілген. бояумен өңдеу. Рөлдің түріне сәйкес cnc өңдеу орталығының қалқаны ішкі қорғаныс пен сыртқы қорғанысқа бөлуге болады, сөзбе-сөз мағынасынан түсіну қиын емес, ішкі қорғаныс негізінен станоктың негізгі компоненттерін, мысалы, бағыттаушы рельстерді, бұранданың рөлі темірді тасымалдауға және салқындатқыш сұйықтыққа зиян келтірмеу болып табылады, сондықтан материал жақсы болат пластинаны таңдайды.Сыртқы қорғаныс негізінен оператордың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, ол өңдеу аймағын және оператордың оқшаулауын ажырата алады. жасау үшін cnc өңдеуОрталық экран қауіпсіздікті сақтайды және сақтай алады, күнделікті техникалық қызмет көрсету жұмыстары, әрине, өте қажет, cnc өңдеу үшін орталық қалқанға техникалық қызмет көрсету негізінен келесі тармақтарды қамтиды: A: позициялау жұмысын жақсы орындау үшін орнату кезеңі. A: орналастырудың жақсы жұмысын орындау үшін орнату кезеңі, арматураның әрбір орналасу беті өңдеу орталығының шыққан жеріне, дәл болу үшін координат өлшеміне сәйкес келуі керек. B: күнделікті өңдеу, дайындаманың ішіндегі шпиндель жүрісін өңдеу керек. C: Бөлшектің монтаждау бағыты бағдарламалаудағы координаталар жүйесінің бағытымен сәйкес келеді.Құрамдас бөліктің қаттылығы жоғары болған кезде бағдар орнатуды азайту керек. D: Көп осьті өңдеу орталығының жұмысында кестені ескеру қажет.Үстел қозғалатын, жоғары демалатын, төмен демалатын және айналатындықтан, арматура мен машина арасындағы кеңістіктік кедергілерді болдырмау үшін арматураның дизайны ескерілуі керек. Өңдеу жады қалай жаңартылғанына және қайталанатынына қарамастан, қауіпсіздік әрқашан бірінші тақырып болып табылады, дайындаманы қауіпсіз және тиімді өңдеу, қызметкерлердің қауіпсіздігін және ядроның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін CNC өңдеу орталығын қорғауды жақсы орындаңыз. машинаның құрамдас бөліктері де өте маңызды буынға айналды. Ltd. жоғары дәлдікті cnc өңдеу орталығын өңдеуге ұмтылады, он бес жылдан астам тәжірибесі бар, компанияда орталықтандыру түрі CNC токарь, жүріс пышақ түрі бар.CNC токарь, сондай-ақ жоғары дәлдіктегі cnc өңдеу орталығы және композиттік өңдеу машинасы екі жүзден астам жиынтықтар, әртүрлі салаларға, дәл бөлшектерді теңшеуге және жаппай өндіріске, сәлемдесу сұрауларына төтеп бере алады.
«Ихсан дегеніміз – мәңгілік бақытқа жету үшін жан тазалау және ахлақ-мінезді түзету және іші мен сыртын дұрыстау жолдары, онымен білінетін ілім» және тасаууф ілімінің төс тұмарларының бірі - имам Жунейд (Алла ол кісіден разы болсын) «Тасаууф – Құран мен Сүннетке құралған жан тазалау ілімі» деген екен. Хақ Тағала әш-Шуғара сүресінің 88-89 аятында: «Ол күні мал да, балалар да пайда бермейді, бірақ кім Аллаға сау жүрекпен келсе ғана (пайда береді)”. Ихсан ол - көркемдік, тазалану, өзін-өзі бақылау және амалдағы ықылас пен адамның өзінен ішкі және сыртқы арсыздықтардан айырылуы. Алла Тағала әл-Ағраф сүресінің 33-аятында: «‘Күдіксіз, Раббым арсыздықтарды, Оның көрнеу, көмесін, күнәны, орынсыз озбырлықты, оған байланысты ешбір дәлел түсірілмеген нәрсені, Аллаға серік қосуларыңды және білмейтін нәрселеріңді, Аллаға қарсы сөйлеулеріңді арам қылды’ де» Ихсан іліміне ден қойғандар немесе сопы дегеніміз кім? Зуннун (Алла ол кісіден разы болсын) ихсан іліміне ден қойғандар жайлы: «Олар Алланы бүкіл нәрседен артық көріп, Алла оларды бүкіл нәрседен артық қылған қауым» десе, тағы бір сөзде олар: “Ахлуссуффа” дан қалған қауым деседі, яғни ізін жалғаушылар. “Ахлуссуффа” Пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) кезінде мешіттен шықпай, шариғат үйренген сахабалар еді. Тағы бір пікірде, олар - Пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ахлиссуффадағы сахабалары, табиғиндер және табаға табиғиндер секілді оның жолын ұстанған кісілер, Жунейд және оның жолдастары секілді бүгінгі күнімізге дейінгі жүрек ғалымдары. Имам Ахмад әр-Рифағи (Алла ол кісіден разы болсын) сопы дегеніміз - «Өзгеден өзін артық көрмей, дүниенің ластығынан өз жанын сақтаған жан» десе, Имам Бахауддин әр-Рауаси (Алла ол кісіден разы болсын): «Тақуа сопы дегеніміз - қайда болса да Хақ Жаратушымен болып, одан еш ажырамайтын (мағнауи тұрғыдан) адам» деген. Бишр ибн әл-Харис атты ғалым кісі (Алла ол кісіден разы болсын): «Сопы дегеніміз - Алла разылығы үшін жүрегін таза ұстаған адам». Сахл ибн Абдулла ат-Тустури (Алла ол кісіден разы болсын) сопы деген кім деген сұраққа: «Сопы дегеніміз - ластық атаулыдан аулақ болып, жүрегі Аллаға деген ой-пікірге толуымен бірге, Алладан басқаға бет бұрмаған кісі. Ол кісінің алдында алтын мен топрақ тең болған жан» дейді. Ғұлама Абу Туроб ан-Нахшаби (Алла ол кісіден разы болсын) айтады: «Сопы дегеніміз – оны еш нәрсе ластамайтын, керсінше онымен барлық нәрсе тазаланатын жан» деген. Ихсан ілімінің бастау алуы Мұсылмандар арасында көптен бері қозғалып, талқыланып жүрген мәселелердің бірі - араларындағы кей жандардың Кәлам іліміне, не фиқһ іліміне кірмей, көңілдері ауған жолмен жүруі болған еді. Ол жол Алланы жақсы көру, Оған жақындау, зуһдпен басқадан аулақ болумен және Алладан басқаға жүрек бұрмау еді. Міне, осы кісілерді - тасаууфшылар немесе ихсан іліміне бет бұрғандар дейтін. Тасаууф сөзі ең алғаш Куфа қаласында дүниеге келіп, Шам елінде һижри жыл санақ бойынша150 жылы қайтыс болған, Абу Һашим атты кісіге қолданылған болатын. Алғаш тасаууф ілімінің көзқарастарын бекітіп, оған түсініктеме жүргізген – имам Маликтің шәкірті Мысырлық Зуннун атты кісі болса (һиджри жыл санақ бойынша 245 жылы дүниеден өткен), осы ілімінің көзқарастарын түсіндіріп шарыхтаған, бөлімдерге бөлген және оны танымал қылып таратқан - Жунәйд әл-Бағдади болған (һиджри жыл санақ бойынша 297 жылы қайтыс болған). Тасаууф ғұламаларының кейбірі Тасаууф сөзі «суф» деген сөзден шыққан деседі. Суф дегеніміз – малдың жүні, кейде жүннен болған киімге де қолданылады. Оны дүниеге еш көңіл бөлмейтін кісілер киетін еді. Осы істегі олардың бетке ұстарлары Кәһф сүресінің 28-аятында мақталған Аһлуссуффа еді: «(Мұхаммед Ғ.С.) таңертең, кешке Раббыларына, Оның дидарын іздеп, жалбарынғандармен бірге өзің де сабыр ет. Дүние тіршілігінің сәнін қалап, көзіңді басқаға аударма. Қалауына еріп, ісі шектен шығу болған, Біз олардың жүректерін Бізді еске алудан басқаға бұрып қойғандарға әсте бағынба!». Ихсан ілімінің негіздері Расында ихсан – үлкен, қадірі жоғары, терең ілім. Оның негізі Исламнан екендігіне өте қуатты дәлелдер келеді. Сол себепті дүниелік және ақыреттік бақытқа жеткізуші болып қала бермек. Осы ілім - дүниеде иесінің ішкі жан дерттеріне шипа болса, ақыретте мәңгілік бақытқа, яғни жаннатқа жеткізуші. Ол - нәпсіні тәрбиелеуімен бірге, жанды тазалаушы жол. Бұл - бір Исламның рухани өмірі жайындағы айна іспетті. Әсілі, мақталған жақсы сипаттарды бойға сіңірумен, жамандалған сипаттардан арылуға және Пайғамбарымыздың, саңлақ сахабалардың артына еруге құрылған, адам жаны жоғарылайтын мақтаулы жол. (Тасаууф немесе Ихсан ілімінің негізі әлбетте Қасиетті Құраннан және шарапатты Хадистен негіз алады. Анық дәлел болған бір қатар аяттар мен сахих хадистерге көз салсақ: Хақ Тағала әр-Рағд сүресінің 28-аятында: «Әлбетте, жүректер тек Алланы еске алумен тынышталады» - дейді. ﴿أَلَا بِذِكْرِ اللهِ تَطْمَئِنُّ القُلُوبُ﴾ Және әл-Жұма сүресінің 2-аятында: «Ол өзінің аяттарын оларға оқып беретін және оларды тәрбиелеп, оларға кітапты және хикметті үйрететін өздерінен болған елші жіберген Құдай еді». ﴿هُوَ الَّذِي بَعَثَ فِي الأُمِّيِّينَ رَسُولًا مِنْهُمْ يَتْلُو عَلَيْهِمْ آَيَاتِهِ وَيُزَكِّيهِمْ وَيُعَلِّمُهُمُ الكِتَابَ وَالحِكْمَةَ﴾ Юсуф сүресінің 53-аятында Алла Тағала адам баласындағы нәпсінің болмысын ашықтауда: «Расында нәпсі - сөзсіз жамандыққа бұйырушы» «إِنَّ النَّفْسَ لَأَمَّارَةٌ بِالسُّوءِ» Дүниенің мәңгі қалар орын еместігін ән-Ниса сүресінің 77-аятында былай баяндайды: «Айт, дүниенің ләзаты аз ғана, ал Ахырет - қорыққан жан үшін хайырлы». « قُلْ مَتَاعُ الدُّنْيَا قَلِيلٌ وَالآَخِرَةُ خَيْرٌ لِمَنِ اتَّقَى» Пайғамбарымыздың (Алланың ол кісіге игілігі мен сәлемі болсын) Ибн Мажада келген хадисінде: «Дүниеден өзіңді аулақ ұста - Алла сені жақсы көреді, адамдардың қолындағыдан аулақ бол -адамдар сені жақсы көреді». «ازهد في الدنيا يحبك الله، وازهد فيما في أيدي الناس يحبك الناس» Және тағы бір хадисте: «Ихсан – Алланы көріп тұрғандай құлшылық ету, егер көріп тұрғандай болмасаң, онда Ол сені көріп тұр». حديث جبريل حيث سأل رسول الله صلى الله عليه وسلم عن الإيمان والإحسان Осы секілді аят-хадистер көптеп келеді. Расында, тақуалық қылу - Алланың шариғатын орындау, күмәннан сақтану немесе ахіретке зиян келер нәрседен өзін, ата-анасын, отбасын, туған-туысын сақтауы немесе соған ұмтылу. Міне, осы ихсанның нақ өзі!
"Мен бүгіннен бастап «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының сайланған төрағасы өкілеттігін доғаруды ұйғардым", деп мәлімдеді бүгін палата басшысы Тимур Құлыбаев. "Съезд делегаттары мен төралқа мүшелеріне маған сенім білдіргені үшін алғыс айтамын. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жоғары бақылау органын сегіз жыл бойы басқару мен үшін үлкен құрмет пен жауапкершілік болды. Қатардағы сарапшылардан бастап аудандық филиалдардың басшыларына дейін – «Атамекен» ұжымына бірлескен нәтижелі жұмыс үшін айрықша ризашылығымды білдіремін. Біздің жұмысымыздың басты қорытындысы – бизнес пен биліктің жолға қойылған сындарлы диалогы, қолайлы бизнес-ахуалды қалыптастыру. Біздің басымдығымыз әрқашан бизнес құқығын қорғау болды. Жоғарғы Сотпен, Бас прокуратурамен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен жұмыс жолға қойылған. Барлық өңірде кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңестер жұмыс істейді. 8 жыл ішінде ҰКП-ға 41 мың өтініш келіп түсті, олардың 40 пайызы шешімін тапты. «Атамекен» ҰКП бастамасымен бизнес-ахуалды жақсарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілді. Заңнамалық түзетулердің 8 пакеті қабылданды. Экономикалық қылмыстарды декриминализациялау жүргізілді. Экономика саласындағы қылмыстық істерді тіркеу 5 есе қысқарды. Қылмыстық кодекстен «жалған кәсіпкерлік» бабы алынып тасталды. Рұқсаттар, хабарламалар мен лицензиялар саны 4 есе қысқарды. Бақылау-қадағалау жүйесіне реформа жүргізілді – 17 мың немесе 58% талап алынып тасталды. 2021 жылдан бастап жаңа реттеуші саясатты – «таза парақтан» реттеуді енгізу басталды. 2024 жылға дейін барлық реттеу толық жаңа қағидаттармен қайта жазылады және цифрландырылады. Біз микронесиелеу механизмін байланыстырып, «Бастау» жобасын іске қостық. Мыңдаған жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар, әсіресе ауыл тұрғындары кәсібін бастауға мүмкіндік алды. Қазіргі кезде 180 мың адам оқып шықты. 60 мыңнан астам жоба іске қосылды, 70 мың жұмыс орны құрылды. Мектептер, колледждер мен жоғары оқу орындарында «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні енгізілді. Бұл пәнді 250 мыңнан аса жасөспірім меңгеріп жатыр. Бұл – біз бірлесіп атқарған жұмыстың бір паршасы ғана. Алдымызда жаңа үлкен міндеттер мен межелер тұр. 2022 жылғы 11 қаңтарда Мемлекет басшысы өзінің үндеуінде «Атамекен» мен бизнес-қоғамдастық үшін басым бағыттарды белгіледі. Халық табысын арттыру бағдарламасын әзірлеп, импортқа тәуелділікті төмендету, мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру, экономикада мемлекеттің үлесін төмендету бойынша кешенді шараларді іске асыру қажет. Мемлекет басшысының осы тапсырмалары – ҰКП жұмысының басым бағыттары. Біз жұмысымызда сайланған құрылымдардың кері байланысы мен олардың ұйым мүшелері алдында есеп беруіне қашанда назар аударып келдік. 2020 жылы тиісті өңірлердегі кәсіпкерлердің барлық өңірлік кеңесіне сайлау өткізілді. Аккредиттелген қауымдастықтар Төралқаның салалық комитеттерін құрады және төрағаларын сайлайды. Ашықтық, есептілік және тиімді кері байланыс енді цифрлық негізде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бүкіл жүйесі жұмысының негізгі қағидаттары болатынына сенімдімін. Сіздерге тағы да бірлескен жұмыс үшін ризашылығымды білдіремін және отандық кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі міндеттерді орындауда алдағы уақытта да табыс тілеймін", деді Құлыбаев. «Атамекен» ҰКП басқармасы Ұлттық палатаның заң нормаларына сәйкес құрылған барлық жұмыс істеп тұрған басқару органдары (төралқа мен басқарма, өңірлік кеңестер мен өңірлік палаталар) штаттық режимде жұмыс істейтінін атап өтеді. Төралқа төрағасын Съезд сайлайтынын ескере отырып, Төралқаның кезекті отырысында оның мүшелері төраға міндетін уақытша атқарушының кандидатурасын айқындайды. "Біз «Атамекен» ҰКП сайлау жүйесін нығайту жұмысын жалғастырамыз. 2020 жылы өңірлік кеңестерде сайлау өткізілді. Жақын арада ҰКП басқармасы бизнес-қоғамдастықтың талқылауына бұрыннан келе жатқан мәселе – Төралқа жанындағы салалық комитеттерінің мүшелерін тиісті салалардың кәсіпкерлері етіп сайлау тәртібін шығарады", делінген палата хабарламасында. Нәтижесінде 2022 жылдың күзінде кезекті съезге қарай Съезд және Төралқаның жаңа делегаттар құрамы жаңарады. Басқарудың жоғарғы органы ретінде Съезд өз уәкілеттігі аясында Төралқа төрағасы мен құрамы, сондай-ақ басқарма құрамына қатысты шешімін шығарады. Соңғы жаңалықтар Банкрот: Табысы күнкөріс деңгейіне жетпейтін немесе қарызын 12 ай төлемегендердің қарызы жойылады 01 желтоқсан 1124
Бұл суретшінің Nu2 Lupi планеталық жүйесі туралы әсері үш экзопланетаны көрсетеді. Егер біз Күнге ұқсас жұлдыздан Жерге ұқсас қашықтықта Жерге ұқсас планетаны бақылағымыз келсе, Күн тәрізді жұлдыздың жарығын шамамен 10-100 миллиардтың 1 бөлігіне дейін жауып тастауымыз керек. Бұл заманауи технология үшін қиын, бірақ мүмкін емес міндет. (ESA/CHEOPS ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ) Егер біздің ең жақын жұлдызымызда Жерге ұқсас планета болса, біз оны қалай көреміз. Жақыннан қарағанда, тек өмірдің ғана емес, біздің парасатты, технологиялық дамыған адамзат өркениетінің белгілері де анық. Біздің планетамызда континенттер, мұхиттар және жартылай бұлт жамылғысы, сондай-ақ полярлық мұздықтар бар. Жыл мезгілдері өзгерген сайын материктер жасыл және қоңыр және ақ түске өзгереді, бұл өсімдіктердің сәттілігіне және/немесе мұз бен қардың жамылғысына байланысты. Бұлттар әлдеқайда жылдамырақ өзгереді, кейде континенттерді, кейде мұхиттарды, кейде екеуін де қамтиды. Сонымен қатар, мұздықтар біздің осьтік көлбеу бағытымызға байланысты алға және шегініп, бетіміздің қасиеттерінің тағы бір жыл сайынғы өзгеруін қамтамасыз етеді. Біздің әлемде жердегі тіршіліктің басқа да белгілері бар. Атмосферадағы көмірқышқыл газының концентрациясы маусымдық түрде өзгереді және жыл сайын тұрақты түрде көтеріледі; атмосферада қосымша химиялық қосылыстар бар, олар адам әрекетінің нәтижесінде қосылды. Түнде, түнде жасанды жарықтандырудың арқасында біздің бетімізден көрінетін жарық сәулесінің аз мөлшері бөлінеді, ал Халықаралық ғарыш станциясы төмен жер орбитасынан түсірілген суреттер сияқты жеткілікті жоғары ажыратымдылықтағы кескін қалаларды аша алады. , фермалар және біздің бетіміздегі басқа да ауқымды мүмкіндіктер. Бұл бізді таң қалдыру үшін жеткілікті: егер бізге ұқсас басқа планетаны ашу бақыты болса, біз не көреміз? Бұл біздің технологиялық дамуымызбен ғана шектелетін қызықты сұрақ. Түнде Жер электромагниттік сигналдар шығарады, бірақ мұндай кескінді жарық жылдарынан жасау үшін керемет ажыратымдылықтағы телескоп қажет. Адамдар жер бетінде интеллектуалды, технологиялық тұрғыдан дамыған түрге айналды, бірақ бұл сигнал жойылса да, оны келесі ұрпақтың тікелей бейнелеуі арқылы анықтауға болады. (НАСА-ның жер обсерваториясы/NOAA/DOD) Сіз білуіңіз керек бірінші нәрсе, егер біз өз Күнімізден тыс кез келген жұлдыздың айналасында орналасқан планеталардың кез келгенін көргіміз келсе, біз сол планетаны тікелей бақылаудың жолын табуымыз керек. қарамастан оның ата-ана жұлдызына жақындығы. Көптеген жолдармен бұл астрономия үшін керемет сынақ: әлдеқайда жарқын, үлкенірек жарық көзінің жанында әлдеқайда әлсіз жарық көзін табу - керемет қиындық. Күн дискісіне жақын орналасқан бір отты ажырату өте қиын болғаны сияқты, оған әлдеқайда жарқын жұлдыз жақын жерде орналасқан кезде планетаның жарығын анықтау өте қиын. Егер біз өз Күн жүйесін алыстан қарайтын болсақ, Күн Жерден әлдеқайда, әлдеқайда жарқын екенін көретін едік: шамамен 100 миллиард (1011) есе жарық, бұл ~27,6 астрономиялық магнитудалық айырмашылыққа сәйкес келеді. Жерден қарағанда, бұл түнгі аспандағы Айдан басқа ең жарқын жалғыз нысан — Венера планетасын көру арасындағы шамамен бірдей айырмашылық. Плутонның серігі Никс : Плутон жүйесіндегі ең кішкентай, ең әлсіз ай, тек 2005 жылы ашылған. Жұлдыз жарығы транзиттік экзопланетаның атмосферасынан өткенде, қолтаңбалар басылады. Экзопланетаның атмосферасында әртүрлі атомдық және молекулалық түрлердің болуы немесе болмауын сәулелену және жұту ерекшеліктерінің толқын ұзындығы мен қарқындылығына байланысты транзиттік спектроскопия әдісі арқылы анықтауға болады. (ESA/ПЛАНЕТАРЛЫҚ ТРАНЗИТТЕР ЖӘНЕ ЖҰЛДЫЗДАРДЫҢ ТЕРБЕЛІСІ (ПЛАТОН) МИСИЯ) Тікелей кескінсіз планетаның қасиеттерін зерттеудің жолдары бар және біз олардың кейбірін сәтті пайдалана алдық. Мысалға: Жұлдыз орбитадағы планетаны гравитациялық түрде тартқанда, планета жұлдызды кері тартып, жұлдыз планетаның болуына жауап ретінде қозғалады, планета өзінің ата-ана жұлдызы мен біздің көру сызығының арасынан өткенде, ол жұлдыз дискінің бір бөлігін жауып тастайды, бұл бізге жұлдыздың жарықтығының мерзімді төмендеуін байқауға мүмкіндік береді, және егер жұлдыз бен біздің көру сызығының арасына енетін планетаның атмосферасы болса, онда бұл жұлдыз сәулесінің кішкене бөлігі сол планетаның атмосферасын сүзеді. Бірінші мысал экзопланеталық ғылымдарда радиалды жылдамдық әдісі ретінде белгілі және ол жұлдызды сүйрететін экзопланетаның массасы мен орбиталық периодын анықтауға мүмкіндік береді. Екіншісі транзиттік әдіс ретінде белгілі - NASA-ның Кеплер миссиясы арқылы ең танымал - және бізге экзопланетаның физикалық радиусы мен орбиталық кезеңін береді. Ақырында, үшінші транзиттік экзопланеталардың аз ғана бөлігі үшін ғана қолданыла алады, бірақ транзиттік спектроскопия ретінде белгілі. NASA-ның алдағы Джеймс Уэбб ғарыштық телескопы сияқты дұрыс жабдықтың көмегімен біз әртүрлі планеталардың атмосферасын су, метан, аммиак, көмірқышқыл газы сияқты қосылыстарға және өмір мен өмірдің көптеген белгілеріне немесе кем дегенде кеңестеріне зерттей алуымыз керек. күрделі химия. Жерден 129 жарық жылы қашықтықта орналасқан HR 8799 жұлдызын айналып өтетін төрт планетаның тікелей кескіні Джейсон Ванг пен Кристиан Маруаның жұмысы арқылы орындалды. Жұлдыздардың екінші ұрпағында олардың орбитасында жартасты планеталар болған болуы мүмкін, бірақ біздің экзопланеталарды тікелей суретке түсіру қабілетіміз жарқыраған жұлдыздардан үлкен қашықтықта орналасқан алып экзопланеталармен шектелген. (Дж. Ванг (Беркли университеті) және К. МАРУА (ГЕРЦБЕРГ АСТРОФИЗИКАСЫ), NEXSS (NASA), KECK OBS.) Бірақ егер біз қазіргі немесе көкжиектегі технология мүмкін болатыннан бір қадам алысқа барғымыз келсе ше? Егер біз экзопланеталарды тікелей суреттегіміз келсе ше? Қазіргі уақытта біз мұны істей аламыз, бірақ тек экзопланетаның өте аз бөлігі үшін. Атап айтқанда, біздің заманауи телескоптарымыз - үлкенірек диаметрлі жердегі және диаметрі кішірек, бірақ атмосферадан жоғары ғарыштық негіздегі - шешуге қабілетті жалғыз планеталар - олармен салыстырғанда бір уақытта үлкен (және шағылысатын) планеталар. ата-аналық жұлдыздар, сондай-ақ кеңістікте немесе олардың ата-ана жұлдыздарынан үлкен орбиталық қашықтықта жақсы бөлінген. Қазіргі уақытта біз мұны өте шектеулі параметрлер қажет болса да, коронаграфты қолдану арқылы жасаймыз. Бастапқыда күн астрономдарына күннің толық тұтылуын күтпей-ақ күн тәжін көруге мүмкіндік беретін Күннің дискісін жабу үшін қолданылған, экзопланеталық жүйелерге қолданғанда коронаграфты пайдалану бізге жарықты жабуға мүмкіндік береді. ата-аналық жұлдызды орбиталық планеталардың кейбіреулері, тіпті ең ішкі планеталар да дұрыс жабдықпен көрінуі үшін жеткілікті түрде қамтамасыз етеді. Күннің атмосферасы фотосферамен немесе тіпті тәжмен шектелмейді, керісінше, ғарышта миллиондаған мильге созылады, тіпті алауланбаған немесе лақтырылған жағдайда да. Күннің жарығын жауып, тәжді және шығарылатын жарқырауды көру үшін коронаграфты пайдалана алатынымыз сияқты, дәл сол принцип алыстағы жұлдыз жарығын блоктау және оның айналасындағы планеталарды көру үшін де қолданылуы мүмкін. (НАСА-ның КҮН ЖЕРІМЕН ҚАТЫНАСТАРЫН ОБСЕРВАТОРИЯСЫ) Өкінішке орай, көптеген қолданбалар үшін бұл әлі де өте шектеулі. Коронаграфтар жұлдыздың жарығын жауып тастай алады, бірақ тек бір нүктеге дейін. Есіңізде болсын, Күн тәрізді жұлдыздың айналасында Жерге ұқсас планетаны алу үшін, Күннің жарқырауының артындағы Жерді көру мүмкіндігіне ие болу үшін Күн сәулесін 100 миллиардтың 1 бөлігіне дейін жауып тастау керек еді. . Бүгінгі таңда бізде бар ең жақсы коронаграфтар әсерлі, бірақ жұлдыз жарығын 100 миллионның 1 бөлігінен ең көбі 10 миллиардтың 1 бөлігіне дейінгі диапазонда ғана бөгей алады. Технологиялық тұрғыдан бізге қажетті жарық қатынасын беруден әлі де біршама алшақпыз. Коронаграф технологиясы одан әрі жетілдіріледі деген үміт бар болса да, оның айналасындағы планеталарды жақсырақ көру үшін жұлдыздың жарығын жабудың жақсы нұсқасы бар. Жұлдыз жарығын блоктайтын оптикалық маска телескоп айнасының өзіне жақын орналасқан коронаграфты пайдаланудың орнына жұлдыздың жарығын одан да маңыздырақ жабу үшін геометриялық оптиканың басқа жиынтығы бар масканың басқа түрін қолдануға болады. дәрежесі: а жұлдызды көлеңке . Starshade концепциясы тікелей экзопланеталық кескінді Уэбб ұсынғаннан да жоғары етіп жасауға мүмкіндік береді және күн тәрізді жұлдыздардың айналасындағы Жер өлшеміндегі планеталарды анықтау үшін Нэнси Роман/WFIRST немесе LUVOIR сияқты ұсынылған обсерваторияға қосылуы мүмкін. Математикалық тұрғыдан тамаша пішінімен бұл ~1 AU-да ата-ана жұлдызынан 10 немесе тіпті 100 миллиард есе әлсіз планеталарды бейнелеуге және сипаттауға мүмкіндік береді. (НАСА және НОРТРОП ГРУММАН) Ғарыштағы бұл күнбағыс пішінді диск қарапайым себеппен сфералық коронаграфтан ерекшеленеді: ол сфералық кедергіден туындайтын конструктивті кедергіні толығымен жоюға арналған. Толқын тәрізді қасиетке ие жарық кедергіге тап болған кезде, кедергінің шетінен түсетін жарық оптикалық түрде бұрмаланып, кедергінің өзі жасаған көлеңке конусының ішінде де, сыртында да концентрлік сақиналардың таныс құбылысын жасайды. Дегенмен, жұлдызшамен кедергінің пішіні оптикалық тұрғыдан мінсіз болатындай етіп жасалған: барлық конструктивті кедергілер жойылады. Дизайн сезімталдығында ол ұқсас коронаграфқа қарағанда шамамен 10-дан 100 есеге жоғары контраст коэффициенттерін қамтамасыз ете алады, ақырында Күн тәрізді жұлдыздардың айналасында Жерге ұқсас қашықтықта Жер өлшеміндегі планеталарды тікелей кескіндеу мүмкіндігін ашады. Егер біз Жер тәріздес деген анықтамамызға сәйкес келетін кез келген әлемді тікелей бейнелеуді қаласақ, жұлдызды көлеңке оған жетудің бірден-бір жолы болып табылады. Бұл суретшінің тұжырымдамасы жұлдызды көлеңкеге сәйкестендірілген ғарыш телескопының геометриясын көрсетеді, бұл жұлдызды айналып өтетін планеталардың бар-жоғын анықтау үшін жұлдыз жарығын блоктау үшін қолданылатын технология. Тікелей экзопланеталарды бейнелеуге мүмкіндік беру үшін ондаған мыңдаған шақырым қашықтықта жұлдызды көлеңке мен телескоп мінсіз теңестіруге қол жеткізуі және қолдауы керек, бірақ бұл қазіргі технологиямен мүмкін. (NASA/JPL-CALTECH) Әрине, жұлдызшаның өзінде коронаграфта жоқ шектеулер бар. Коронаграф телескоп жинағының бөлігі болып табылады, яғни телескопты аспандағы басқа нысанаға бағыттау үшін айналдырғанда, коронаграф телескоппен бірге қозғалады. Тиісті калибрлеу және туралау кезінде коронаграф арқылы мақсатты жұлдызды бақылауға өзіңізді орнату үшін небәрі бірнеше сағат қажет болады. Бір аптаның ішінде, әсіресе ғарыштық телескоптың көмегімен, жарықты азайтудың сәйкес шегіне жете алсаңыз, Күн тәрізді жұлдыздардың айналасында Жер өлшеміндегі ~20 бірегей планеталарды байқауға болады. Бірақ жұлдызды көлеңке тиімді болуы үшін телескоптан алыс, алыс болуы керек. Бұл оның үлкен болуы керек дегенді білдіреді, сондықтан ол ата-аналық жұлдыздың дискісін елеулі түрде блоктау үшін дұрыс бұрыштық өлшем болуы керек ( ондаған мың шақырым ) телескоптан қашықтығы. Ол телескоппен де, жұлдызбен де мінсіз, дәл, оптикалық туралануы керек және ол бақылау барысында жаңа экстремалды ұшатын дәлдікті алып, тамаша тураланған болуы керек. Содан кейін - соңында - ол тағы бір рет үлкен қашықтықты жүріп, келесі нысанаға ұшып кетуі керек. Бір жыл ішінде бір жұлдызды көлеңке/телескоп комбинациясы тек бірнеше уыс жұлдыздың айналасындағы планеталарды ғана бейнелей алады. Дегенмен, жұлдызды көлеңкелердің жарықты азайту мүмкіндіктерінің арқасында экзопланета спектрінің ерекшеліктерін ашу үшін қажет бақылау уақыты қысқа болады; Жұлдызша көлеңкесі орнатылғаннан кейін, тек коронаграфқа қарағанда артықшылықтар орасан зор. Ұсынылған HabEx миссиясымен, мысалы, жылына ~22 жүйеге дейін жұлдызшамен өлшеніп, сипатталуы мүмкін; жоспарланған 5 жылдық миссиясы барысында ол Жер өлшеміндегі 100-ден астам экзопланеталар туралы керемет ақпарат ала алады. Егер Күн 10 парсек (33 жарық жылы) қашықтықта орналасқан болса, LUVOIR Юпитер мен Жерді тікелей суретке түсіріп қана қоймай, олардың спектрлерін алуды қоса алғанда, тіпті Венера планетасы жеткілікті жетілдірілген коронаграф немесе жұлдызды көлеңке арқылы бақылауға көнетін еді. Сатурннан Нептунға дейінгі сыртқы планеталар да сезілетін болар еді. (NASA / LUVOIR CONCEPT TEAM) Бұл технология, ол нәтижеге жеткенде, бізге Күн тәрізді жұлдыздардың айналасындағы Жерге ұқсас қашықтықтағы Жер өлшеміндегі экзопланеталардың алғашқы тікелей суреттерін беруі керек. Мұндай планета Жерге ұқсас әлем ретінде жарамды ма, оның бетіндегі сұйық су, жұқа, бірақ маңызды атмосфера және оның ең сыртқы қабаттарын мекендейтін биологиялық таза қосылыстары бар ма, әлі анықталу керек. Біз өлшей алатын планеталардың басқа қасиеттеріне сүйене отырып, бізде Жерге ұқсас планеталарға көптеген үміткерлер бар, бірақ бұл әлемдердің қайсысы шынымен де Жерге ұқсайтынын анықтау үшін ешқандай дәлелді деректер жоқ. Диаметрі небәрі жарты метр болатын ғарыштық телескоп Альфа Центаври сияқты жұлдыздың айналасында Жерге ұқсас планетаны таба алады; Бір өлшемі LUVOIR экзопланеталар үшін жақын маңдағы жүздеген жұлдыздарды зерттей алады. Бірақ біз болжаған жаңа буын технологияларымен, соның ішінде ұсынылған екі ғарыштық миссиясы HabEx және LUVOIR — біз бұл планеталарды аспаптарымызда бір пиксельден артық шеше алмаймыз. Бұл дұрыс емес, өйткені Жер өлшеміндегі экзопланетаның тікелей кескіні болатын бір пиксель болса да, біз оны уақыт өте келе оның қалай өзгеретінін көру үшін бақылай аламыз және жарықтың әртүрлі толқын ұзындығында спектроскопиялық түрде бақылай аламыз. бірден. Бұл екі факт біріктірілгенде бізге орасан зор ақпарат алуға мүмкіндік береді. LUVOIR ғарыш телескопының тұжырымдамалық дизайны оны L2 Лагранж нүктесіне орналастырады, онда 15,1 метрлік бастапқы айна ашылып, Әлемді бақылай бастайды, бұл бізге сансыз ғылыми және астрономиялық байлық әкеледі. Алыстағы Ғаламнан ең кішкентай бөлшектерге дейін ең төменгі температураға дейін және одан да көп іргелі ғылымның шекаралары қолданбалы ғылымның ертеңгі шекараларын қамтамасыз ету үшін өте қажет. Сонымен қатар, Жер өлшеміндегі экзопланеталар, соның ішінде Күн тәрізді жұлдыздардың айналасындағы Жерге ұқсас қашықтықтар тікелей ашылады. (NASA / LUVOIR CONCEPT TEAM; СЕРЖ БРУНЬЕР (ФОН)) Ұзақ уақыт бойы біз әртүрлі толқын ұзындығында бақылайтын кез келген планета вариацияларды көрсетеді және бұл вариациялар керемет ақпаратты болады. Уақыт өте келе өзгеретін экзопланетаның бір пикселінен біз мыналарды үйрене аламыз: планетаның айналу жылдамдығы қандай, уақыт өте келе оның бетінің қанша бөлігі бұлттармен жабылған, бұлттардың шағылыстыру қабілеті мен құрамы қандай, Дүние жүзінде материктер мен мұхиттар бар ма, егер бар болса, олардың екеуі де жер бетінің қанша пайызын алып жатыр, мұздықтар бар ма және бұл мұздықтар жыл мезгілінде қалай өсіп, шегінеді, толық планеталық төңкеріс барысында континенттер түсін өзгерте ме және қалай өзгереді, орбиталық өзгерістерге байланысты планетада үлкен ай немесе айлар жиынтығы бар ма, және егер Фарадей айналу әсері жеткілікті күшті болса, планета бүкіл планетада магнит өрісі бар екенін көрсетеді. Бұл керемет ақпарат көлемі және біз оны Күн жүйесінен тыс кез келген әлем туралы бірінші рет алған кезде атап өтуіміз керек. Дегенмен, біз бір күні жасай алатын тағы бір қадам бар: осы Жер өлшеміндегі планеталарды бір пиксельден артық етіп бейнелеуге жеткілікті үлкен телескоп жасау. Сол жақта DSCOVR-EPIC камерасынан Жер суреті. Дұрыс, дәл сол сурет 3 x 3 пиксел рұқсатына дейін нашарлады, бұл зерттеушілердің болашақ экзопланеталық бақылауларда көретініне ұқсас. Егер біз ~60–70 микро-доғалық секундтық рұқсат алуға қабілетті телескоп құрастыратын болсақ, біз Альфа Центаври қашықтықта осы деңгейде Жерге ұқсас планетаны бейнелей аламыз. (NOAA/NASA/СТЕПЕН КЕЙН) Бұл үлкен, бұрын-соңды болмаған бастама болар еді, бірақ техникалық тұрғыдан мүмкін емес. Егер сіз 4,3 жарық жылы қашықтықта орналасқан Альфа Центаври жүйесіндегі Күнге ұқсас екі жұлдыздың біреуінің айналасында Жерге ұқсас қашықтықта орналасқан Жер өлшемі бар әлем деп болжасаңыз, бұл ~65 микро-доғаға қарағанда жақсы ажыратымдылыққа ие телескоп. -секундтар нақты уақытта осы әлемдегі нақты мүмкіндіктерді шеше алады. Түнгі жағында жасанды шамдар болса, мұндай үлкен телескоп оларды аша алады. Егер осы әлемде өркениет ауқымында үлкен өзгерістер болған болса, мұндай телескоп оларды тікелей анықтай алады. Жалғыз мәселе? Мұндай ажыратымдылық деңгейін, тіпті ғарыштық телескоптан да алу үшін диаметрі 2-ден 3 километрге дейінгі оптикалық телескоп жасау керек. Бұл қазір салынып жатқан жердегі ең үлкен телескоптардың диаметрінен шамамен ~100 есе көп! Дегенмен, сіз небәрі 4,3 жарық жылы қашықтықта Жерге ұқсас планета болуы мүмкін және жақын болашақ технологиясы бар телескоп оның беткі ерекшеліктерін аша алатыны туралы ойласаңыз, бұл астрономияның мүмкіндіктерін ерекше көрсетеді. Біздің Күн жүйесінен тыс бірінші қоныстанған планетаны шынымен ашыңыз. Жарылыстан басталады жазған Этан Сигель , Ph.D., авторы Галактикадан тыс , және Трекнология: Трикордерлерден Warp Drive-қа дейінгі жұлдызды саяхат туралы ғылым .
Сұрақ: Жыл сайын көктен түскен сәкинадай* көңілімізді жібітіп, жайландырған, белгілі бір қалыпқа түсіретін Рамазан айын жекелей және қоғамдық өміріміз үшін барынша толық пайдалану үшін не ұсынар едіңіз? Жауап: Ораза, ауызашар, сәресі, тарауих секілді арбайтын әсемдіктерімен санамызда қылаң беріп, өзіне тән қасиетті ауан қалыптастырған Рамазан айының үсті-үстіне қысым үдеп, зорлық пен қатігездік әлінен асып, дауласуды артық көріп, көпшілік арасында айтарлықтай суық қатынас орын алған кезеңдердің өзінде адамдардың жан дүниесін қайтадан дұрыстап, жүрек, сезім және ой-пікірлердің оңалуы әрі қаталдықтың барлық түрі мен жауластықтарды басу тұрғысынан ерекше әсері бар. Өйткені жан тыныштығы, жұмсақтық пен нәзік сезімдер анық сезілетін осы мүбәрак айға деген халқымыздың айтарлықтай құрметі бары шындық. Осы тұрғыдан дәл қазір біз түрлі келеңсіздіктердің бел ортасында қалсақ та, егер еркімізді тиісінше қолға алып, осы бір құтты уақыт аралығына бар көңілімізді салып, берекетіне жүрегімізбен сеніп, оған тағзым әрі құрмет сезімімен бет түзей алсақ, ол да бізді бауырына тартып, төбемізден толайым рақымын төгіп, қатігездік пен зорлық, ашу-ызаның алдын алады, ал бұндай қоғамда бейбітшілік пен тыныштық қайтадан орнайды. Дәмнің көп түрі емес, қонақтың көптігі Осы бағытта атқарылуы керек істерге келер болсақ, мәселен, көпқабатты үйде тұратын кісі көрші-қолаңдарын, мейлі олар қандай мәдениет пен түсінікте болмасын, бірнеше күн бұрыннан хабар беріп, дастарханға шақырып, қолынан келгенше өзінің сыпайылығы мен мәрттігін көрсетсе болады. Тіпті астан кейін «Сіздерді асқа шақырып әуреледік. Сол үшін кішігірім сыйлығымыз да бар еді, қабыл алыңыздар» деп, алдын ала дайындап қойған кішігірім сыйлық та берсе құба-құп. Жағдайы көтерсе, әсіресе, бала-шағаларына сыйлық ұстату арқылы кінәсіз балдырғандарды қуантуға болады. Осы секілді мектепте мұғалім, университетте ұстаздық жасаушы немесе басқа да мекемелерде жұмыс істейтін кісі де ешкімді әлеуметтік мәртебесіне қарамастан үйінің есігін бәріне ашып, ауызашар дастарханын бөлісу арқылы қоғамдық бейбітшілікке үлес қоса алады. Біз осынау берекелі әрі нұрлы айды барынша тиімді қолдануымыз керек. Тіпті үйде қонақ келмеген ауызашарымыз болмауы тиіс. Иә, ауызашар дастарханы тағам түрлерінің көптігінен гөрі келген қонақ санының көптігі және әртүрлілігімен байытылуы тиіс. Өздеріңіз де білетіндей, ардақты Расулымыз (саллаллаһу алайһи уә сәлләм): َ طعَامُ الإثنينِ كافي الثَّلاثَةِ، وَطَعَامُ الثَلاثَةِ كافي الأَربعَةِ «Екі кісілік тағам үш кісіге, үш кісілік ас төрт кісіге жетеді» деген (Бұхари, Әтғима 11; Мүслим, Әшриба 179). Осы тұрғыдан келгенде өзіне тән алабөтен берекесі бар Рамазанда айында конақтың көптігін ауырсынбау керек. Осылай әрекет ету – әр түрлі топ арасындағы алшақтықтарды болдырмай, қате түсініктерді дұрыстауда маңызды дипломатиялық жол. Анығында күш-қуатпен шешілмеген, механизмделген жасақтармен реттеуге келмейтін көптеген түйткілді мәселелерді осы жолмен шешуге болады. Иә, сіз баршаға көңіліңізді ашық ұстап, адамгершілікті істеріңізбен араласқан жандардың жүрегін жаулап, баршаға көңілден орын ұсынсаңыз, сонша адамның көңілін өзіңізде ұстау арқылы еңсеруге келмейтін небір кек пен жеккөрушілік, ашу мен ыза, қан төгістер мен кісі өлімдерінің алдын аласыз. Оның үстіне, тарихта ешқашан қорқытумен мәселелердің шешілгені, қиындықтардың тігісі жатқаны байқалмаған. Қайта қорқытқан сайын адамдар ызаға булығып, өз білгендерінше одан әрі қызбаланып қиратпа әрекеттерге барған. Бір мақалда айтылғандай, бір күн дәм татқан жерге қырық күн сәлем. Осы себепті біздің берген бір ауызашарымыз көп уақыт есте тұрады. Осы тұрғыдан қайтарымы мүлдем басқаша болатын бұндай жомарттық міндетті түрде жасалуы тиіс. Біз біле бермейміз, мүмкін Рамазанның алабөтен берекесі де осында жатқан шығар. Яғни біз ораза ұстап, тарауих оқып ақыреттік азық жинағанымыздай, кісілердің көңілін жібіту арқылы да өзгеше табысқа кенелеміз. Көктің әрісінен жетіп, көңілде жаңғырған дауыс Екінші бір жағынан әлемнің түкпір-түкпірінде адамзатқа қызмет жолында тер төгіп жүрген қызмет ерлері де өзгелердің көңілін жібітіп, жүрегін жаулауда Рамазанды өте маңызды себеп ретінде игілікке жарата алады. Қалай Құрбан айтта шалған малдарды елдің кедей-кепшігінен бастап Азия мен Африкаға, төрткүл дүниенің төрт бұрышына жеткізу арқылы халқымыздың жомарттығы мен қамкөңілдігі көрсетілсе, құрбан шалып етін таратуды себепкер етіп талай жанның көңілінің кілті табыла басталса, осымен қатар, сенім артуға болатын халықтың бар екеніне деген оларда сенімге қозғау салынды. Дәл осы секілді Рамазан айында сәресі мен ауызашар мүмкіндігін баршаға ашық ұстау арқылы Рамазанда ұйымшыл іс бастап, небір адамдардың тілін тауып осы мүбәрак айды Алла разы болатын жағдайға жеткізуге болады. Неге десеңіз, өте-мөте шетелдерде ауызашар немесе сәресіге шақырылған қонақтар осындай іс-шаралардан әсер алатыны соншалықты, алған әсерлерін естіген кезіңізде істің маңызын жақсырақ түсінесіз. Мысалы, ауызашар алдында оқылған азан олар үшін тосын дауыс ретінде, жаңа әрі өте қызық көрінеді. Сондықтан араласып жүрген таныстарымызды өз әсемдіктеріміз бен өз байлықтарымызбен таныстыру үшін бұндай мүмкіндікті барынша тиімді пайдалану қажет. Жасалған бүкіл осы іс-шаралар араласқан жандардың мүмкін мұсылмандыққа жылы қарауына ғана түрткі болуы мүмкін. Алайда осы жайттың өзіне, меніңше, жеңіл қарамаған жөн. Кім біледі, барлық нәрсені таза қалпында естіген ол кісілер уақыт өте келе исламның әсемдіктерін одан да басқаша сезініп, демде өз кемелдіктеріне бойлауы мүмкін. Осы тұрғыдан бұндай нәтиженің туындауы үшін бір реттік ауызашар емес, олардың алдына күніне үш-төрт рет дастархан жайылса да, соған татиды деп ойлаймын. Бүгінгі адамзат, өкінішке қарай, мұсылмандықтың игіліктерінен мақұрым күн кешті. Өйткені олар мұсылманша іс-әрекет пен жүріс-тұрысты көрмеді. Сондықтан біздің ең басты міндетіміз отбасы кейпімізбен, әке-шеше мен бала қарым-қатынастарында, қонаққа шақыруымызбен, сыпайылығымызбен оларға шынайы мұсылмандықты көрсету. Егер әлдекім мұсылмандарды құбыжық секілді көретін болса, оны болдырмаудың жолы олармен қоян-қолтық араласуда. Осы себепті қасиетті Рамазан айында мұсылмандар қоғамдағы жағдайға байланысты ақыл, қисын, пайым және ақылдасумен әрекет етіп, құптарлықтай түрде осы істерді жүзеге асыруға тырысу керек. Ешбір амал рамазанда орындалмаған амалдардың орнын толтыра алмайды Жаратушы ие жауапкершілік ретінде бізге парыз еткен құлшылықтар орындау түрімізге қарай өзгеше мән иеленіп, Алла алдында біз үшін куәлік етеді. Біз осы кешірім айын қаншалықты қуантсақ, оның куәгерлігі де сол бағытта соншалықты зор болмақ. Тиімді өткізе алсақ, қасиетті Рамазан бізбен қоштасып кеткеннен кейін өзімізге жақсы куә болады, мүмкін біздің Райянға лайық екенімізді білдіретін болар. Осы тұрғыдан біз Алланың біздерге белгілеген құлшылықтарына құрмет көрсетіп, бәрін қадір тұтып, оларды барынша тиімді өткізуге талпынуымыз керек. Бұдан бөлек, адам ақыретте Алланың өзіне нәсіп еткен игіліктері қай амалдарының қайтарымы екенін біледі, бұл да ол адамға игіліктің өзіндей ләззат сыйлайды. Мүмкін өзі кенелген сонша нығметтерді көріп былай дейді: «Жаратушы иеме көп шүкір айтамын! Әуелі мені осы амалдарды жасау абыройына бөледі, енді соның марапатын алу абыройына бөледі». Иә, адам ол жақта ұстаған оразасын аузымен, мұрнымен, құлағымен таниды. Осы секілді ашыққаны, шөлдегені, тарауих намазында шаршағаны, сәресіге тұрудағы жан тебіреністері, ауызашардағы сый-құрметтерін ақырет әлемінің өлшемдерімен танып, соның ләззатын бастан кешетін болады. Кейбір құлшылықтардың тереңдігі әсіресе уақытына, орнына және жағдайына байланысты. Рамазан айында жасалатын ғибадаттар да осындай. Осы себепті Рамазан айында жасалған амалдар өзгеше бағаға жетеді. Бұл айда пенделер түрлі кейіпте Аллаға жақындайды. Бұл айда ұсталған оразаның сауабына ешбір ораза жетпейді. Жай уақыттардағы түнгі жиырма рәкат намаз да тарауихтың орнын алмастыра алмайды. Дәл осы секілді Рамазаннан тыс түндерде жасалған сәресілерден де Рамазандағы сәресінің сауабын ала алмайсыз. Сондай-ақ Рамазанның тысында ауызашар уақытындағы азанды күтулеріңіз де Рамазанға теңеспейді. Қысқаша айтқанда, басқа уақыттарда жасаған іс-амалдарыңызбен дәл Рамазанда жететін марапатқа жете алмайсыз. Ешбір амал Рамазаннан қалған олқылықтың орнын толтыра алмайды. Міне, осы себепті бұл ақиқатты ар-ұждандарында терең сезінген шынайы мүминдер бұл айдың кеткеніне кәдімгідей өзегі өртеніп, келесі Рамазанға дейін оның сағынышты зарын тартады. Кім білсін, дәл осы сағыныш оларды өзгеше бір Рамазан сауабына бөлеуі де мүмкін. * Сәкина: жүректің тыныштығы, жанның жай табуы – ауд. Танымал мақалалар Намазды уақытында орындау Уақыт – Алла Тағаланың адам баласына бұл дүниеде сыйға тартқан ең маңызды капитал. Дүниедегі сынақтан өту осы капиталды дұрыс қолдануға байланысты.... Сахабалар қоғамы – Құранның мұғжизасы Сахабалардың көктен түскен уахиға деген ықылас-пейілдерін, жан дүниесімен беріле бойұсынушылығын адамзат тарихында басқа еш бір қоғамнан кездестіру мүмкін емес. ... Адам және қатыгездік «Әдеттегіше кешкі жаңалықтарды қарап отырған Ахмет ағаның көңілі алабұртып әр хабар сайын бұзыла түсті....
Естуіңіз болса, туризмнің мұндай да түрі бар. Қарапайым анықтамасы «сауықтыру мақсатындағы саяхат» дегенге саяды. Қазір, қалталы қазақстандықтардың шетелге шығып емделуі былай тұрсын, құрсағындағы сәбиін шекара асып босануды сән санайтындары көбейіп кетті. Жасыратыны жоқ, шетелдік емдеу клиникаларының жағдайы да, жарнамасы да жақсы жолға қойылған. Мәселен, біздегілерді магниттей тартатын Малайзия, Сингапур елдерінің денсаулық сақтау саласы Азия аумағының ең үздік жүйесі ретінде танымал. Сингапур медицинасы жоғары сапалы қызмет, білікті маман, үздік технологиясы жөнінен алпауыт елдердің өзінен асып түседі. Мұнда емделудің құны да қолжетімді. Нақтырақ айтсақ, АҚШ пен Германия- да емделуден 40 пайызға, Ұлыбританияда емделуден 60 пайызға арзан. Онсыз да туристері тынбай ағылып жататын Корея, Түркия, Тайланд елдері де бүгінде медициналық туризмді дамытуға барынша күшін салуда. Өйткені, турист демалғаны үшін бір, ем-домы үшін екі төлеп, нәтижесінде мемлекет қазынасы қыруар қаржымен толығып отыр. Жалпы, денсаулық туризмін дамытуға біздің де таласымыз бар. Әлбетте, мұндай қызметтi көрсету үшін алдымен, маңдайалды медицина орталығы болуы қажет. Бұл жағынан келгенде қу шөппен ауыз сүртетіндей халде емеспіз. Астана қаласының медициналық кластеріне кіретін клиникалар жабдықталуы жағынан әлемдік деңгейдегі жоғары талаптарға жауап береді. Мәселен, Республикалық нейрохирургия орталығы бүкіл Орта Азиядағы бірден-бір орталық болып есептеледі. Ал, диагностикалық орталықта орнатылған аппараттар арқылы қатерлі ісікті бастапқы сатысында-ақ анықтауға мүмкіндік бар. Кластер құрамындағы әрбір клиникада қолданылатын осы тектес технологиялардың арқасында бұрын тек шетелдерде жасалатын күрделі операцияларды қазақстандық дәрігерлер жасай алатын күнге жетті. Статистикалық сандарға сенсек, Қазақстанның жалпы денсаулық сақтау жүйесі ешкімнен кем емес. 2005 жылдан бүгінгі күнге дейін медицинаны технологиямен жабдықтау жағы 2,5 есеге жақсарған. 2004 жылмен салыстырғанда, денсаулық саласына бөлініп жатқан қаржы төрт есеге ұлғайған. Денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарлама аясында соңғы бесжылдықта 400 медициналық нысан бой көтеріп, төрт мыңға жуық мекеме күрделі жөндеуден өткен. Сөйте тұра, дертіне дауа іздеп, шетел асушылар легі толастар емес. Неге? Қыруар қаржы кім үшін құйылып жатыр? Осы орайда Астанадағы заманауи озық технологиялармен қаруланған, өркениет талаптарына сай сапалы қызмет көрсетуге қауқарлы кластер арқылы елорданы денсаулық туризмінің орталығына айналдыруға толық мүмкіндік бар екенін айта кеткен жөн. Жалпы, Астана туристерден кенде емес. Олардың саны жыл өткен сайын артып келеді. Мәселен, 2010 жылы Астанаға келген туристер саны 464403 адамды құраса, 2011 жылдың қорытындысы бойынша, бұл көрсеткіш 560923 адамға жеткен. Алайда олардың жартысынан көбі, яғни 76,2 пайызы іскерлік мақсатпен келіпті. Тек 21,2 пайызы ғана демалу, емделу мақсатымен табан тіреген. Бұл, аз, әрине. Ендігі міндет осы соңғы мақсаттағы топтың үлес салмағын арттыру болмақ. Өйткені, Астананы одан әрі дамыту жайындағы биылғы жиында Нұрсұлтан Назарбаев «Астана жақын уақытта медициналық туризм орталығына айналдыру тиіс» деп жауапты жандарға нақты тапсырма жүктеді.