lang
stringclasses
3 values
title
stringlengths
3
277
original_text
stringlengths
69
182k
processed_text
stringlengths
42
181k
category
stringlengths
4
50
processed
bool
2 classes
url
stringlengths
33
293
date
stringlengths
10
24
kk
Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілуі мүмкін
Маңғыстау атом энергетика комбинатындағы апатқа байланысты Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимін енгізу мәселесі қарастырылуда. Бұл туралы Almaty.tv арнасында хабарланды. Телеарнаның хабарлауынша, режим енгізілген жағдайда Маңғыстау облысында тұрғындар күніне 3-5 сағатқа электр қуатынан ажыратылатылып отырады. Ең жоғары шектеуді өнеркәсіп орындарына енгізу жоспарлануда. Бұл шешім электр қуатын тұрмыстық жағдайда қолданатын тұрғындарға ыңғайсыздық тудырмау мақсатында қабылданды. Сондай-ақ телеарна мәліметінше, аурухана, балабақша сияқты әлеуметтік маңызы бар құрылыс нысаны электр қуатымен толық қамтамасыз етіледі. "Маңғыстау облысының басшылығымен жедел штаб құрылды. Оған барлық коммуналдық қызметтің өкілдері кірді. Маңғыстау облысының әр жеріндегі елдімекендерде жарықты циклдық, яғни кезегімен өшіру туралы шешім қабылданды. Өз тарапымыздан Маңғыстау өңірінің тұрғындарына апатты жағдай толық жойылғанша электр энергиясы үнемделетінін ескертеміз", – деді "МАЭК" АҚ Орталық-реттеу қызметінің бастығы Өмірбек Нұғиев.
Маңғыстау атом энергетика комбинатындағы апатқа байланысты Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимін енгізу мәселесі қарастырылуда. Бұл туралы Almaty.tv арнасында хабарланды. Телеарнаның хабарлауынша, режим енгізілген жағдайда Маңғыстау облысында тұрғындар күніне 3-5 сағатқа электр қуатынан ажыратылатылып отырады. Ең жоғары шектеуді өнеркәсіп орындарына енгізу жоспарлануда. Бұл шешім электр қуатын тұрмыстық жағдайда қолданатын тұрғындарға ыңғайсыздық тудырмау мақсатында қабылданды. Сондай-ақ телеарна мәліметінше, аурухана, балабақша сияқты әлеуметтік маңызы бар құрылыс нысаны электр қуатымен толық қамтамасыз етіледі. "Маңғыстау облысының басшылығымен жедел штаб құрылды. Оған барлық коммуналдық қызметтің өкілдері кірді. Маңғыстау облысының әр жеріндегі елдімекендерде жарықты циклдық, яғни кезегімен өшіру туралы шешім қабылданды.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032450-mangystau-oblysynda-totense-zagdai-rezimi-engizilui-mumkin/
14 тамыз 2023, 23:43
kk
Қостанай облысында бес келіден асатын алып бала дүниеге келді
Қостанай облысы Рудный қаласында салмағы шамамен 5,5 келіні құрайтын алып бала дүниеге келді. Бұл туралы Рудный қалалық емханасының Instagram-дағы ресми парақшасында хабарланды. Желіде жарияланған ақпаратқа сәйкес, нәрестенің бойы 62 см, салмағы 5 кг 640 г. Есімі - Назар. Ол 9 тамызда Рудный қалалық көпсалалы ауруханасының перинаталдық орталығында дүниеге келген. Сәбидің анасына ота жасалды. Қазір ана мен баланың жағдайы тұрақты. Назар - шахтер Маргарита Кунцевичтің тұңғыш баласы, ол 23 жаста. "Ұлым менің туған күнімде дүниеге келді десе болады, осындай сыйлық. Біз ұл болатынын білдік, бірақ салмағын болжай алмадық, олар маған тексеруден кейін ұл баланың ең үлкен салмағы әдетте 4,5 келі болатынын айтты... Сәби толықтай бізге тартқан: мен де, әкесі де 5 келіге жуық салмақпен дүниеге келдік", - деді келіншек. Сондай-ақ орталық мәліметінше, бұған дейін 12 тамыз күні перинаталдық орталықта салмағы 5 келі 300 г. құраған Арина есімді қыз бала дүниеге келген. Қыз 33 жастағы кенші Мария Цветкованың үшінші баласы. "Салмағы үлкен болды. Қызымды өзім босануға бірнеше сағат тырыстым, кейін операция жасады. Қазір бәрі жақсы, шығуға дайындалып жатырмыз. Бірінші балам - ұл, ол кәдімгі 3 кг 400 гр салмақпен дүниеге келген, екінші қызым 4 кг 200 гр болып туылды, ол кезде табиғи түрде босанған едім. Дәрігерлер қыздарымды "семіртіп жатқанымды" айтты, бірақ мен қыздарыма аяғым ауыр болғанда тіпті артық салмақ та қосқан жоқ едім, соның өзінде қыздарым алып батыр, әсіресе кішісі", - деп бөліседі Мария Цветкова. Орталық ақпаратынша, баланың туған кездегі дене салмағы 4000-5000 грамм болса, ол ірі бала болып саналады. Ал салмағы 5000 грамнан асатын нәрестені алып деп атайды. Медицина қызметкерлерінің сөзінше, орталықта алып сәбилердің туылуы — сирек жағдай, жылына бір рет қана дүниеге келеді, ал бір аптаның ішінде салмағы 5 келіден асатын екі алып сәбидің дүниеге келгені бірінші рет тіркелген.
Қостанай облысы Рудный қаласында салмағы шамамен 5,5 келіні құрайтын алып бала дүниеге келді. Бұл туралы Рудный қалалық емханасының Instagram-дағы ресми парақшасында хабарланды. Желіде жарияланған ақпаратқа сәйкес, нәрестенің бойы 62 см, салмағы 5 кг 640 г. Есімі - Назар. Ол 9 тамызда Рудный қалалық көпсалалы ауруханасының перинаталдық орталығында дүниеге келген. Сәбидің анасына ота жасалды. Қазір ана мен баланың жағдайы тұрақты. Назар - шахтер Маргарита Кунцевичтің тұңғыш баласы, ол 23 жаста. "Ұлым менің туған күнімде дүниеге келді десе болады, осындай сыйлық. Біз ұл болатынын білдік, бірақ салмағын болжай алмадық, олар маған тексеруден кейін ұл баланың ең үлкен салмағы әдетте 4,5 келі болатынын айтты... Сәби толықтай бізге тартқан: мен де, әкесі де 5 келіге жуық салмақпен дүниеге келдік", - деді келіншек. Сондай-ақ орталық мәліметінше, бұған дейін 12 тамыз күні перинаталдық орталықта салмағы 5 келі 300 г. құраған Арина есімді қыз бала дүниеге келген. Қыз 33 жастағы кенші Мария Цветкованың үшінші баласы. "Салмағы үлкен болды. Қызымды өзім босануға бірнеше сағат тырыстым, кейін операция жасады. Қазір бәрі жақсы, шығуға дайындалып жатырмыз. Бірінші балам - ұл, ол кәдімгі 3 кг 400 гр салмақпен дүниеге келген, екінші қызым 4 кг 200 гр болып туылды, ол кезде табиғи түрде босанған едім. Дәрігерлер қыздарымды "семіртіп жатқанымды" айтты, бірақ мен қыздарыма аяғым ауыр болғанда тіпті артық салмақ та қосқан жоқ едім, соның өзінде қыздарым алып батыр, әсіресе кішісі", - деп бөліседі Мария Цветкова. Орталық ақпаратынша, баланың туған кездегі дене салмағы 4000-5000 грамм болса, ол ірі бала болып саналады. Ал салмағы 5000 грамнан асатын нәрестені алып деп атайды.
Денсаулық
false
https://kaz.nur.kz/health/2032447-qostanai-oblysynda-bes-keliden-asatyn-alyp-bala-duniege-keldi/
14 тамыз 2023, 22:53
kk
Ұлытау облысындағы шахтерлер ереуілі: қос тарап мәмілеге келді
Бүгін "Қазақмыс" корпорациясының жүздеген шахтері жұмыс істеуден бас тартып, басшылыққа бірқатар талап қойып, ереуілге шықты, деп хабарлайды корпорацияның баспасөз қызметі. Ұлытау облысындағы нысанда жұмыс істейтін "Қазақмыстың" жүзге жуық шахтері ереуілге шықты. Бұл туралы бүгін белгілі болды. Жұмысшылар жұмыс жағдайын жақсарту, жабдықтарды жаңарту, сыйақылар төлеу және медициналық сақтандыру жағдайларын қайта қарауды талап етті. Ереуілге шыққандар шамамен барлығы 15-ке жуық талап қойған. Бұған дейін "Қазақмыс" баспасөз қызметіндегілер шахта жұмысшыларының бас көтергені туралы ақпаратты растаған болатын. "14 тамыз күні Сәтбаев өндірістік алаңының №65 шахтасындағы мердігерлік ұйымының түнгі ауысымға ауысқан шахтерлерлі мен жұмысшылары жұмысты тоқтататынын мәлім етті. Оқиға орнына «Қазақмыс» басшылығы, прокуратура қызметкерлері, жергілікті атқарушы билік өкілдері жеткен. Қазіргі таңда "Қазақмыс" басшылығы туындаған мәселелерді шешу үшін бастамашыл шахтерлер тобымен келіссөздер жүргізуде. Өңірлік жедел штаб жұмыс істеуде", - деп мәлім етті баспасөз қызметіндегілер. Кешке қарай кездесу нәтижесінде тараптар мәмілеге келгені анықталды. Жұмысшылар айтқан арыз-шағымның бірсыпырасы сол жерде-ақ қанағаттандырылған. Шахтерлер қойып отырған талаптардың екінші бөлігі заңнамалық өзгерістерге қатысты болған. Осыған байланысты бұл мәселелерді шешу үшін қосымша уақыт қажет болады: олар арнайы құрылған, құрамына жұмысшылар мен жұмыс берушінің өкілдері кіретін бастамашыл топтың қатысуымен шешілмек. "Қазақмыс" баспасөз қызметінің хабарлауынша, келіссөздерден кейін кәсіпорындағы жұмыстар қалпына келтірілген, ал ереуілге шыққандар ешқандай тәртіптік жауапкершілікке тартылмайды.
Бүгін "Қазақмыс" корпорациясының жүздеген шахтері жұмыс істеуден бас тартып, басшылыққа бірқатар талап қойып, ереуілге шықты, деп хабарлайды корпорацияның баспасөз қызметі. Ұлытау облысындағы нысанда жұмыс істейтін "Қазақмыстың" жүзге жуық шахтері ереуілге шықты. Бұл туралы бүгін белгілі болды. Жұмысшылар жұмыс жағдайын жақсарту, жабдықтарды жаңарту, сыйақылар төлеу және медициналық сақтандыру жағдайларын қайта қарауды талап етті. Ереуілге шыққандар шамамен барлығы 15-ке жуық талап қойған. Бұған дейін "Қазақмыс" баспасөз қызметіндегілер шахта жұмысшыларының бас көтергені туралы ақпаратты растаған болатын. "14 тамыз күні Сәтбаев өндірістік алаңының №65 шахтасындағы мердігерлік ұйымының түнгі ауысымға ауысқан шахтерлерлі мен жұмысшылары жұмысты тоқтататынын мәлім етті. Оқиға орнына «Қазақмыс» басшылығы, прокуратура қызметкерлері, жергілікті атқарушы билік өкілдері жеткен. Қазіргі таңда "Қазақмыс" басшылығы туындаған мәселелерді шешу үшін бастамашыл шахтерлер тобымен келіссөздер жүргізуде. Өңірлік жедел штаб жұмыс істеуде", - деп мәлім етті баспасөз қызметіндегілер. Кешке қарай кездесу нәтижесінде тараптар мәмілеге келгені анықталды. Жұмысшылар айтқан арыз-шағымның бірсыпырасы сол жерде-ақ қанағаттандырылған. Шахтерлер қойып отырған талаптардың екінші бөлігі заңнамалық өзгерістерге қатысты болған. Осыған байланысты бұл мәселелерді шешу үшін қосымша уақыт қажет болады: олар арнайы құрылған, құрамына жұмысшылар мен жұмыс берушінің өкілдері кіретін бастамашыл топтың қатысуымен шешілмек.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032448-ulytau-oblysyndagy-saxterler-ereuili-qos-tarap-mamilege-keldi/
14 тамыз 2023, 22:12
kk
"ҚазМұнайГаз" компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы ауысты
Бүгін ҚМГ директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы қызметінен кетіп, орнына Ернат Бердіғұлов сайланды. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" қорының Telegram-дағы ресми арнасында хабарланды. Ведомствоның хабарлауынша, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында Ернат Бердіғұлов директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. "Экс-басшы және тәуелсіз директор Кристофер Уолтон компанияның Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес, директорлар кеңесінің құрамынан шықты", – делінген хабарламада. Қор мәліметінше, 2010 жылы Ернат Бердіғұлов "Болашақ" бағдарламасы бойынша Торонто университетінде (Канада) Мемлекеттік саясат және халықаралық зерттеулер бакалавры дәрежесін, 2018 жылы Уорвик университетінде (Ұлыбритания) Бизнесті басқару магистрі дәрежесін алған. Сондай-ақ ол 2023 жылы Гарвардтағы іскерлік мектебінде (АҚШ) Көшбасшылықты дамыту бағдарламасынан өтті. Бұған дейін ол Whiteshield Partners халықаралық консалтингтік компаниясында жоба менеджері, "Самұрық-Қазына" АҚ стратегия, тұрақты даму және цифрландыру бойынша тең басқарушы директоры болып жұмыс істеген. Бүгінде ол Қордың стратегия және активтерін басқару жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарып жатыр. Сонымен қатар бүгін "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ акционерлерінің кезектен тыс жиналысында Сая Мыңшәріпова тәуелсіз директор болып сайланған. Сая Найманбайқызы – Institute of Directors (Ұлыбритания) сертификатталған тәуелсіз директоры, аудитор, Қазақстан Республикасының 1 санаттағы салық кеңесшісі. 1992 жылы Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін, 2010 жылы М.Ю.Ломоносов (Executive MBA) атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Жоғары іскерлік мектебін бітірген. Бұған дейін ол АХҚО Әкімшілігінің Салық саясаты департаментінің директоры, "Қазақстан инжиниринг" ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары, "Самұрық-Қазына" АҚ Аудит және бақылау департаментінің директоры қызметін атқарған. ҚМГ ресми сайтының хабарлауынша, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ 2002 жылы құрылған және Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласындағы мүддесін қорғайды. Бұл акционерлік қоғам "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы мен "Мұнай және газ тасымалдау" ұлттық компаниясының бірігуі нәтижесінде құрылған. Компанияның мемлекетке тиесілі үлесі 100 пайызды құрайды. ҚМГ Қазақстандағы мұнай-газ саласындағы ұлттық деңгейде көшбасшы және көмірсутегін барлау мен өндіруден бастап тасымалдауға, өңдеуге және т.б. қызметтерді көрсетуге дейінгі барлық өндірістік үдерістің активтерін басқарады.
Бүгін ҚМГ директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы қызметінен кетіп, орнына Ернат Бердіғұлов сайланды. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" қорының Telegram-дағы ресми арнасында хабарланды. Ведомствоның хабарлауынша, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында Ернат Бердіғұлов директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. "Экс-басшы және тәуелсіз директор Кристофер Уолтон компанияның Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес, директорлар кеңесінің құрамынан шықты", – делінген хабарламада. Қор мәліметінше, 2010 жылы Ернат Бердіғұлов "Болашақ" бағдарламасы бойынша Торонто университетінде (Канада) Мемлекеттік саясат және халықаралық зерттеулер бакалавры дәрежесін, 2018 жылы Уорвик университетінде (Ұлыбритания) Бизнесті басқару магистрі дәрежесін алған. Сондай-ақ ол 2023 жылы Гарвардтағы іскерлік мектебінде (АҚШ) Көшбасшылықты дамыту бағдарламасынан өтті. Бұған дейін ол Whiteshield Partners халықаралық консалтингтік компаниясында жоба менеджері, "Самұрық-Қазына" АҚ стратегия, тұрақты даму және цифрландыру бойынша тең басқарушы директоры болып жұмыс істеген. Бүгінде ол Қордың стратегия және активтерін басқару жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарып жатыр. Сонымен қатар бүгін "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ акционерлерінің кезектен тыс жиналысында Сая Мыңшәріпова тәуелсіз директор болып сайланған. Сая Найманбайқызы – Institute of Directors (Ұлыбритания) сертификатталған тәуелсіз директоры, аудитор, Қазақстан Республикасының 1 санаттағы салық кеңесшісі. 1992 жылы Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін, 2010 жылы М.Ю.Ломоносов (Executive MBA) атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Жоғары іскерлік мектебін бітірген. Бұған дейін ол АХҚО Әкімшілігінің Салық саясаты департаментінің директоры, "Қазақстан инжиниринг" ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары, "Самұрық-Қазына" АҚ Аудит және бақылау департаментінің директоры қызметін атқарған. ҚМГ ресми сайтының хабарлауынша, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ 2002 жылы құрылған және Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласындағы мүддесін қорғайды. Бұл акционерлік қоғам "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы мен "Мұнай және газ тасымалдау" ұлттық компаниясының бірігуі нәтижесінде құрылған. Компанияның мемлекетке тиесілі үлесі 100 пайызды құрайды.
Саясат және экономика
false
https://kaz.nur.kz/politics/2032443-qazmunaigaz-kompaniyasynyn-direktorlar-kenesinin-toragasy-auysty/
14 тамыз 2023, 22:06
kk
Алматы маңындағы тас жолда 10 шақты адам көкпар тартып, көпшілікті әбігерге салды (видео)
Алматы облысындағы тас жолдың бойында көпкар тартып, көлік қозғалысына кедергі келтірген он шақты адам ұсақ бұзақылық бабы бойынша жауапқа тартылады. Бұл туралы Қазақстан Ішкі істер министрлігі Telegram-арнасында хабарлады. EGOV.PRESS Telegram-арнасында бір топ ер адам атқа мініп, жолдың қақ ортасында көкпар тартып жүрген сәтінен видео жарияланды. Видео сипаттамасында оқиға Құлжа тас жолында болғаны айтылған. Полицейлер ақпаратына сәйкес, 14 тамыз күні әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг нәтижесінде ұсақ бұзақылықтың дәлелі болатын видео анықталған. Онда Талғар ауданы автожолдарының бірінде 10 адамнан құралған топ көкпар ұлттық ойынын ойнап, сол арқылы көлік құралдарының жол қозғалысына кедергі келтірген сәт түсірілген. Аталған дерек бірден Талғар ауданының ПБ-да тіркелді. "Тексеру барысында оқиғаның 12 тамызда болғандығы анықталды, қазіргі уақытта осы дерек бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі 434 бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды", - делінген хабарламада. Іс материалдары сотқа жолданып, оның шешімі бойынша кінәлі тұлғалар қолданыстағы заңнама шеңберінде жауапқа тартылатын болады, деп қосты тәртіп сақшылары.
Алматы облысындағы тас жолдың бойында көпкар тартып, көлік қозғалысына кедергі келтірген он шақты адам ұсақ бұзақылық бабы бойынша жауапқа тартылады. Бұл туралы Қазақстан Ішкі істер министрлігі Telegram-арнасында хабарлады. EGOV.PRESS Telegram-арнасында бір топ ер адам атқа мініп, жолдың қақ ортасында көкпар тартып жүрген сәтінен видео жарияланды. Видео сипаттамасында оқиға Құлжа тас жолында болғаны айтылған. Полицейлер ақпаратына сәйкес, 14 тамыз күні әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг нәтижесінде ұсақ бұзақылықтың дәлелі болатын видео анықталған. Онда Талғар ауданы автожолдарының бірінде 10 адамнан құралған топ көкпар ұлттық ойынын ойнап, сол арқылы көлік құралдарының жол қозғалысына кедергі келтірген сәт түсірілген. Аталған дерек бірден Талғар ауданының ПБ-да тіркелді. "Тексеру барысында оқиғаның 12 тамызда болғандығы анықталды, қазіргі уақытта осы дерек бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі 434 бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды", - делінген хабарламада.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032436-almaty-manyndagy-tas-zolda-10-saqty-adam-kokpar-tartyp-kopsilikti-abigerge-saldy-video/
14 тамыз 2023, 19:56
kk
Қаңтар оқиғасы кезінде 4 жасар қыз көз жұмды: Бас әскери прокуратура мәлімдеме жасады
Еліміздің Бас әскери прокуратурасы ресми сайтында Қаңтар оқиғаы кезінде көз жұмған 4 жасар қыздың әкесін сот отырыстарына кіргізбей жатыр деген ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады. "Алматы гарнизонының әскери сотымен кәмелетке толмаған Айкөркем Мелдеханның өліміне әкеп соққан билікті асыра пайдаланды (ҚК 1-тармағының 451-бабы 2-бөлігі) деген айыппен әскери қызметші А.И.Жұманға қатысты қылмыстық іс қаралуда. Сот процесі іс материалдарында жариялауға жатпайтын құпия құжаттардың болуына байланысты жабық режимде өтуде. Бүгін қайтыс болған Айкөркемнің әкесі - Айдос Мелдехан БАҚ өкілдеріне мемлекеттік құпияларға рұқсаттың болмауынан сот процесіне жіберілмейтінін айтты. Айдос Мелдеханға мемлекеттік құпияларға рұқсатты рәсімдеу бірнеше рет, оның ішінде ағымдаы жылғы 19 шілдеде Бас әскери прокуратура басшылығымен жеке қабылдауда ұсынылғанын мәлімдейміз. Алайда ол оны рәсімдеуден және арнайы тексеруден өтуден бас тартты", - делінген хабарламада. Құзырлы орган мұны қылмыстық іс материалдарында тіркелген өз қолымен жазған арызы куәландырады. "Мемлекеттік құпиялары бар барлық қылмыстық істер бойынша рұқсатты рәсімдеу міндетті талап болып табылатынын айтып өткеніміз жөн", - деді ведомстводан. Прокуратураның ақпаратынша, сәуір және маусым айларында адвокат пен қаза тапқан Айкөркемнің туған ағасы – Мелдеханов Бауыржанға мемлекеттік құпияларға, тиісінше қылмыстық істің барлық материалдарына рұқсат берілген. "Жәбірленушілердің құқықтарының сақталуын олардың мүдделерін білдіретін кәсіби адвокат қамтамасыз ететінін атап өтеміз. Сонымен қатар көрінеу жалған мәліметтерді тарату заңнамада белгіленген жауапкершілікке әкеп соқтыратынын түсіндіреміз. Азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз", - деп хабарлады ведомстводан. Қайғылы оқиға 2022 жылғы 7 қаңтарда болған еді. Бала құқықтары жөніндегі бұрынғы уәкіл Аружан Саин кешке, сағат 19.00-де Сейфуллин мен Сәтпаев көшелерінің қиылысында әпкелі-сіңлілер отырған көлік оқтың астында қалғанын хабарлады. 4 жасар қыз оқиға орнында жан тапсыррған. Ал оның 15 жастағы әпкесі оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілді. 4 жасар қыздың өліміне қатысты істі Алматы гарнизонының әскери соты қарап жатыр. Алғашқы сот отырысы биылғы 26 шілдеде өтті. Процесс іс материалдарында жариялауға жатпайтын құпия құжаттар болуына байланысты жабық режимде өтуде. Бұған дейін Бас әскери прокуратура марқұмның әкесі мемлекеттік құпияға қол жеткізуден бас тартқанын хабарлаған. Бас тартудың салдары туралы да ескертілгенін мәлімдеді.
Еліміздің Бас әскери прокуратурасы ресми сайтында Қаңтар оқиғаы кезінде көз жұмған 4 жасар қыздың әкесін сот отырыстарына кіргізбей жатыр деген ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады. "Алматы гарнизонының әскери сотымен кәмелетке толмаған Айкөркем Мелдеханның өліміне әкеп соққан билікті асыра пайдаланды (ҚК 1-тармағының 451-бабы 2-бөлігі) деген айыппен әскери қызметші А.И.Жұманға қатысты қылмыстық іс қаралуда. Сот процесі іс материалдарында жариялауға жатпайтын құпия құжаттардың болуына байланысты жабық режимде өтуде. Бүгін қайтыс болған Айкөркемнің әкесі - Айдос Мелдехан БАҚ өкілдеріне мемлекеттік құпияларға рұқсаттың болмауынан сот процесіне жіберілмейтінін айтты. Айдос Мелдеханға мемлекеттік құпияларға рұқсатты рәсімдеу бірнеше рет, оның ішінде ағымдаы жылғы 19 шілдеде Бас әскери прокуратура басшылығымен жеке қабылдауда ұсынылғанын мәлімдейміз. Алайда ол оны рәсімдеуден және арнайы тексеруден өтуден бас тартты", - делінген хабарламада. Құзырлы орган мұны қылмыстық іс материалдарында тіркелген өз қолымен жазған арызы куәландырады. "Мемлекеттік құпиялары бар барлық қылмыстық істер бойынша рұқсатты рәсімдеу міндетті талап болып табылатынын айтып өткеніміз жөн", - деді ведомстводан. Прокуратураның ақпаратынша, сәуір және маусым айларында адвокат пен қаза тапқан Айкөркемнің туған ағасы – Мелдеханов Бауыржанға мемлекеттік құпияларға, тиісінше қылмыстық істің барлық материалдарына рұқсат берілген. "Жәбірленушілердің құқықтарының сақталуын олардың мүдделерін білдіретін кәсіби адвокат қамтамасыз ететінін атап өтеміз. Сонымен қатар көрінеу жалған мәліметтерді тарату заңнамада белгіленген жауапкершілікке әкеп соқтыратынын түсіндіреміз. Азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз", - деп хабарлады ведомстводан. Қайғылы оқиға 2022 жылғы 7 қаңтарда болған еді. Бала құқықтары жөніндегі бұрынғы уәкіл Аружан Саин кешке, сағат 19.00-де Сейфуллин мен Сәтпаев көшелерінің қиылысында әпкелі-сіңлілер отырған көлік оқтың астында қалғанын хабарлады. 4 жасар қыз оқиға орнында жан тапсыррған. Ал оның 15 жастағы әпкесі оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілді. 4 жасар қыздың өліміне қатысты істі Алматы гарнизонының әскери соты қарап жатыр. Алғашқы сот отырысы биылғы 26 шілдеде өтті. Процесс іс материалдарында жариялауға жатпайтын құпия құжаттар болуына байланысты жабық режимде өтуде. Бұған дейін Бас әскери прокуратура марқұмның әкесі мемлекеттік құпияға қол жеткізуден бас тартқанын хабарлаған.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032440-qantar-oqigasy-kezinde-4-zasar-qyz-koz-zumdy-bas-askeri-prokuratura-malimdeme-zasady/
14 тамыз 2023, 19:55
kk
"Марқұм Жанар Хамитоваға ұқсайды": көптің назарына іліккен жас әнші туралы не білеміз
Соңғы кездері әлеуметтік желіде марқұм әнші Жанар Хамитоваға ұқсайтын қыз танымалдылыққа ие болуда. Алайда Дильназ Бердалиева бұл ұқсастықтың қайдан және қалай пайда болғанын түсінбей аң-таң. Ол өзін марқұм Жанармен салыстыруды қалай қабылдағанын KAZ.NUR.KZ тілшісіне айтып берді. Дильназ - Меркінің тумасы. 20 жастағы студент қыздың болашақ мамандығы - мұғалім. "Мен қазір мұғалім мамандығы бойынша білім алудамын. 4 курста оқимын. Бірақ университетті бітірген соң дипломды жинап қойып, басқа салада қызмет жасайтын шығармын. Себебі - мамандық таңдауда қателескенімді мойындаймын. Алайда өкінбеймін", - деп ару ағынан жарылды. "Әлеуметтік желіде танымал екеніңізді қашан қалай сезіне бастадыңыз деген" тілші сұрағына Дильназ өзін танымал сезінбеймін деп жауап берді. "Танымалдылықты аса сезініп жатырмын деп айта алмаймын. Жалпы өзімді аса танымал әнші, блогерлердің қатарына қоса алмаймын. Тек бағым жанып, айтқан әндерім көпшілікке ұнап, тез таралып кетті. Осылайша шағын бір аудитория қалыптасты", - деді ол. Оның сөзінше, бүгінде жас әншіні тойға шақыратындар да аз емес көрінеді. Өзге блогерлер сияқты Instagram-нан миллиондап ақша таппаса да, анда-санда жарнама жасап, табысты болып қалатынын жасырмады. Желіде Дильназды марқұм әнші Жанар Хамитоваға ұқсатып, пікір қалдырушылар өте көп. Мұны жас әншінің өзі жақсылыққа балап жүр. "Жанар Хамитова ерекше дауыс иесі ғой. Кейде оған менің дауысымды, өзімді ұқсатып жатса іштей марқайып қалатыным бар. Алайда әр адам жеке тұлға екенін ұмытпау қажет. Адамдар бір-біріне ұқсай береді. Бірақ олардың тағдырын Алла біледі. Әркім өз таңдауын өзі жасайды. Сондықтан, марқұм Жанар әпкемізге тағдырым да ұқсап кетеді деп қорықпаймын. Ондай ырым-тыйымдарға сенбеймін. Жалпы мен өзімді ешкімге, ешкімді өзіме ұқсатпаймын", - деді Дильназ. Бір қызығы әдемі дауыс иесі болашағын сахнамен мүлдем байланыстырмайды. Тек әнді хобби ретінде қолданып жүр екен.
Соңғы кездері әлеуметтік желіде марқұм әнші Жанар Хамитоваға ұқсайтын қыз танымалдылыққа ие болуда. Алайда Дильназ Бердалиева бұл ұқсастықтың қайдан және қалай пайда болғанын түсінбей аң-таң. Ол өзін марқұм Жанармен салыстыруды қалай қабылдағанын тілшісіне айтып берді. Дильназ - Меркінің тумасы. 20 жастағы студент қыздың болашақ мамандығы - мұғалім. "Мен қазір мұғалім мамандығы бойынша білім алудамын. 4 курста оқимын. Бірақ университетті бітірген соң дипломды жинап қойып, басқа салада қызмет жасайтын шығармын. Себебі - мамандық таңдауда қателескенімді мойындаймын. Алайда өкінбеймін", - деп ару ағынан жарылды. "Әлеуметтік желіде танымал екеніңізді қашан қалай сезіне бастадыңыз деген" тілші сұрағына Дильназ өзін танымал сезінбеймін деп жауап берді. "Танымалдылықты аса сезініп жатырмын деп айта алмаймын. Жалпы өзімді аса танымал әнші, блогерлердің қатарына қоса алмаймын. Тек бағым жанып, айтқан әндерім көпшілікке ұнап, тез таралып кетті. Осылайша шағын бір аудитория қалыптасты", - деді ол. Оның сөзінше, бүгінде жас әншіні тойға шақыратындар да аз емес көрінеді. Өзге блогерлер сияқты Instagram-нан миллиондап ақша таппаса да, анда-санда жарнама жасап, табысты болып қалатынын жасырмады. Желіде Дильназды марқұм әнші Жанар Хамитоваға ұқсатып, пікір қалдырушылар өте көп. Мұны жас әншінің өзі жақсылыққа балап жүр. "Жанар Хамитова ерекше дауыс иесі ғой. Кейде оған менің дауысымды, өзімді ұқсатып жатса іштей марқайып қалатыным бар. Алайда әр адам жеке тұлға екенін ұмытпау қажет. Адамдар бір-біріне ұқсай береді. Бірақ олардың тағдырын Алла біледі. Әркім өз таңдауын өзі жасайды. Сондықтан, марқұм Жанар әпкемізге тағдырым да ұқсап кетеді деп қорықпаймын. Ондай ырым-тыйымдарға сенбеймін. Жалпы мен өзімді ешкімге, ешкімді өзіме ұқсатпаймын", - деді Дильназ. Бір қызығы әдемі дауыс иесі болашағын сахнамен мүлдем байланыстырмайды.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2032430-tagdyrym-uqsaidy-dep-qoryqpaimyn-marqum-zanar-xamitovaga-uqsaityn-aru-salystyrulardy-qalai-qabyldaganyn-aitty/
14 тамыз 2023, 19:37
kk
Ақмола облысында ер адам тоққа түсіп көз жұмды
Ақмола облысында тоққа түскен ер адам тіл тартпай кетті. Қайғылы жағдай 11 тамызда су сорғышты жөндеу кезінде болған, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Целиноград ауданының полиция бөліміне жедел жәрдем станциясының фельдшерінен ауылдардың біріндегі үйде ер адам қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы 1988 жылғы ауыл тұрғынының су сорғышты жөндеу кезінде тоқ соғудан қайтыс болғанын анықтады. Аталған факті бойынша сараптама тағайындалды. Тексеріс жүргізіліп жатыр. Еске салсақ, бұған дейін Павлодарда үш адамды тоқ соғып, екеуі жансақтау бөліміне түскені туралы жазған едік. Зардап шеккендердің бірінің денесін екі пайыз, 21, 22 жастағы екі жігіттің денесін 30 және 40 пайыз күйік шалған болатын.
Ақмола облысында тоққа түскен ер адам тіл тартпай кетті. Қайғылы жағдай 11 тамызда су сорғышты жөндеу кезінде болған, деп хабарлайды тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Целиноград ауданының полиция бөліміне жедел жәрдем станциясының фельдшерінен ауылдардың біріндегі үйде ер адам қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы 1988 жылғы ауыл тұрғынының су сорғышты жөндеу кезінде тоқ соғудан қайтыс болғанын анықтады. Аталған факті бойынша сараптама тағайындалды. Тексеріс жүргізіліп жатыр. Еске салсақ, бұған дейін Павлодарда үш адамды тоқ соғып, екеуі жансақтау бөліміне түскені туралы жазған едік.
Оқыс оқиғалар
false
https://kaz.nur.kz/accidents/2032434-aqmola-oblysynda-er-adam-toqqa-tusip-koz-zumdy/
14 тамыз 2023, 19:13
kk
Алматыда мектеп формасы мен кеңсе заттарын кім тегін ала алады
Алматыда "Жалпыға бірдей білім беру" қорынан 2023 жылы мектеп формасы мен кеңсе керек-жарақтарын сатып алу үшін бір балаға 43 мың теңге жұмсалады. Осы орайда мектепке қажет заттарды сатып алу тұрғысынан көмек кімге берілетінін Almaty.tv арнасы жария етті. Алматы қаласы білім басқармасының ақпараты бойынша, "Жалпыға бірдей білім беру" қорынан ХӘОТ (халықтың әлеуметтік осал топтары) санатындағы 15 мыңнан астам оқушы көмек алып үлгерген. "Жалпыға бірдей білім беру" қоры жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. Осы қордан көмек алуға мына санаттағылар құқылы: Ата-ана, баланың заңды өкілі материалдық көмек алу үшін egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы немесе халықты жұмыспен қамту орталығына өтінім береді. Басқа жағдайларда-білім беру ұйымына растайтын құжаттарды ұсыну қажет. Қаржылық және материалдық көмек алуға арналған тізім оқу жылы ішінде бір рет жасалады. Жоғарыда аталған санаттарға жатпайтын оқушылар "Мектепке жол" республикалық акциясы аясында демеушілер мен меценаттар есебінен көмек ала алады. Биыл бұл акция ағымдағы жылдың 1 тамызында "Жақсылық жаса" девиізімен басталып, 30 қыркүйекке дейін жалғасады. "Мектепке жол" акциясына қатысу үшін оқу орны бойынша білім беру ұйымына өтініш беру қажет. Бүгінгі таңда білім беру ұйымдарына 500-ге жуық өтінім берілді. Демеушілер, меценаттар және балаларға көмек көрсеткісі келетін қаланың барлық қамқор тұрғыны аудандық білім бөлімдеріне сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін хабарласа алады. Акция туралы қосымша ақпаратты мына жедел желі телефондары арқылы білуге болады:
Алматыда "Жалпыға бірдей білім беру" қорынан 2023 жылы мектеп формасы мен кеңсе керек-жарақтарын сатып алу үшін бір балаға 43 мың теңге жұмсалады. Осы орайда мектепке қажет заттарды сатып алу тұрғысынан көмек кімге берілетінін Almaty.tv арнасы жария етті. Алматы қаласы білім басқармасының ақпараты бойынша, "Жалпыға бірдей білім беру" қорынан ХӘОТ (халықтың әлеуметтік осал топтары) санатындағы 15 мыңнан астам оқушы көмек алып үлгерген. "Жалпыға бірдей білім беру" қоры жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. Осы қордан көмек алуға мына санаттағылар құқылы: Ата-ана, баланың заңды өкілі материалдық көмек алу үшін электрондық үкімет порталы арқылы немесе халықты жұмыспен қамту орталығына өтінім береді. Басқа жағдайларда-білім беру ұйымына растайтын құжаттарды ұсыну қажет. Қаржылық және материалдық көмек алуға арналған тізім оқу жылы ішінде бір рет жасалады. Жоғарыда аталған санаттарға жатпайтын оқушылар "Мектепке жол" республикалық акциясы аясында демеушілер мен меценаттар есебінен көмек ала алады. Биыл бұл акция ағымдағы жылдың 1 тамызында "Жақсылық жаса" девиізімен басталып, 30 қыркүйекке дейін жалғасады. "Мектепке жол" акциясына қатысу үшін оқу орны бойынша білім беру ұйымына өтініш беру қажет. Бүгінгі таңда білім беру ұйымдарына 500-ге жуық өтінім берілді. Демеушілер, меценаттар және балаларға көмек көрсеткісі келетін қаланың барлық қамқор тұрғыны аудандық білім бөлімдеріне сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін хабарласа алады.
Қаржы
false
https://kaz.nur.kz/nurfin/2032431-almatyda-mektep-formasy-men-kense-zattaryn-kimder-tegin-ala-alady/
14 тамыз 2023, 18:48
kk
Қазақстанда тәрбиешілердің жалақысы тағы да 30 пайызға өседі
Қазақстанда 2020 жылдың басынан бастап тәрбиешілердің жалақысы жоспарлы түрде көтеріліп келеді. Олардың жалақысы биыл да отыз пайызға өсетін болады. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің қызметкерлері қанша алатынын KAZ.NUR.KZ журналистері анықтап көрді. Қазақстан Оқу-ағарту министрлігі ақпаратына сенсек, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың қаңтарына дейін тәрбиешілердің жалақысы жыл сайын 25 пайызға өсіп жатыр. 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап олардың жалақысы тағы 30 пайызға артады. Осылайша, Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 97 мыңнан астам педагогтің жалақысы 2,5 есе өседі. Ведомство мектепке дейінгі білім беру мекемелері қызметкерлерінің еңбекақысы жыл сайын көтеріліп жатқаны оң нәтиже беріп отырғанын алға тартты. Бұл кадрлық әлеуетті нығайту бағытында атқарылып жатқан шаралардың бірі. Мектепке дейінгі білім беру саласындағы орташа айлық жалақы 2023 жылғы екінші тоқсанда 168 767 теңгені құрап отыр. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша 2019 жылдың төртінші тоқсанында, яғни жалақыны өсіре бастағанға дейін сектордағы орташа жалақы екі есе аз болған - 83 103 теңгені құраған. Сондай-ақ мектеп мұғалімдерінің жалақысы жыл сайын 25%-ға өсіп жатыр, бірақ олар тәрбиешілерге қарағанда көбірек алады. Мәселен, орта білім саласында орташа айлық жалақы соңғы мәліметтер бойынша 376 911 теңгені құрайды.
Қазақстанда 2020 жылдың басынан бастап тәрбиешілердің жалақысы жоспарлы түрде көтеріліп келеді. Олардың жалақысы биыл да отыз пайызға өсетін болады. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің қызметкерлері қанша алатынын журналистері анықтап көрді. Қазақстан Оқу-ағарту министрлігі ақпаратына сенсек, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың қаңтарына дейін тәрбиешілердің жалақысы жыл сайын 25 пайызға өсіп жатыр. 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап олардың жалақысы тағы 30 пайызға артады. Осылайша, Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 97 мыңнан астам педагогтің жалақысы 2,5 есе өседі. Ведомство мектепке дейінгі білім беру мекемелері қызметкерлерінің еңбекақысы жыл сайын көтеріліп жатқаны оң нәтиже беріп отырғанын алға тартты. Бұл кадрлық әлеуетті нығайту бағытында атқарылып жатқан шаралардың бірі. Мектепке дейінгі білім беру саласындағы орташа айлық жалақы 2023 жылғы екінші тоқсанда 168 767 теңгені құрап отыр. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша 2019 жылдың төртінші тоқсанында, яғни жалақыны өсіре бастағанға дейін сектордағы орташа жалақы екі есе аз болған - 83 103 теңгені құраған. Сондай-ақ мектеп мұғалімдерінің жалақысы жыл сайын 25%-ға өсіп жатыр, бірақ олар тәрбиешілерге қарағанда көбірек алады.
Қаржы
false
https://kaz.nur.kz/nurfin/2032423-qazaqstanda-tarbiesilerdin-zalaqysy-tagy-da-30-paiyzga-osedi/
14 тамыз 2023, 18:22
kk
СІМ Оңтүстік Кореяда ер адамға пышақпен шабуыл жасаған қазақстандыққа қатысты ақпарат берді
Сыртқы істер министрлігі брифингте Оңтүстік Кореяда автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасаған қазақстандық әйелге қатысты ақпаратқа пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі. "Жақында біз Сеулден біздің азаматымыз жергілікті азаматқа шабуыл жасады деген ақпарат алдық. Анықтадық. Ол снда біраздан бері тұрады, кәсіппен айналысады және оған этникалық виза берген. Яғни, оның ұлты кәріс, көптен бері сонда күйеуімен тұрады. Бірақ 2020 жылдан бері арнайы ауруханада станционарлық ем қабылдайды. Оқиға кезінде ол дәрілік препараттың әсерінде болған... Бір-екі күнде консул оны барып көруі керек, бақылауда ұстаймыз", - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров. Еске сала кетсек, бұған дейін оңтүстіккореялық БАҚ қазақстандық әйелдің жүргізушіге пышақпен шабуыл жасағанын хабарлаған еді.
Сыртқы істер министрлігі брифингте Оңтүстік Кореяда автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасаған қазақстандық әйелге қатысты ақпаратқа пікір білдірді, деп жазады тілшісі. "Жақында біз Сеулден біздің азаматымыз жергілікті азаматқа шабуыл жасады деген ақпарат алдық. Анықтадық. Ол снда біраздан бері тұрады, кәсіппен айналысады және оған этникалық виза берген. Яғни, оның ұлты кәріс, көптен бері сонда күйеуімен тұрады. Бірақ 2020 жылдан бері арнайы ауруханада станционарлық ем қабылдайды. Оқиға кезінде ол дәрілік препараттың әсерінде болған... Бір-екі күнде консул оны барып көруі керек, бақылауда ұстаймыз", - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032427-sim-ontustik-koreyada-er-adamga-pysaqpen-sabuyl-zasagan-qazaqstandyqqa-qatysty-aqparat-berdi/
14 тамыз 2023, 18:09
kk
Әкімдік Алматыдағы Көк базардың бірқатар бутигі не себепті сүріліп жатқанын түсіндірді
Алматыдағы Көк базарда кеңсе тауарларын сататын бірнеше бутик сүріліп жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісіне қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы хабарлады. Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының хабарлауынша, Жібек жолы даңғылындағы бутиктер бүгінде сүріліп жатыр. Бұған Алматыдағы қала құрылысын бақылау басқармасының заңбұзушылықтар анықталғаннан кейін шығарған бұйрығы себеп болған. Жалпы ауданы 557,6 шаршы метрді құрайтын үш заңсыз сауда павильоны анықталған. Сондай-ақ аумағы 112,5 шаршы метр болатын заңсыз жапсарлас құрылы, заңсыз металл күмбез бен жалпы ауданы 1262,5 шаршы метр болатын барлығы 213 бейстационар сауда объектісі анықталып отыр. "Сонымен бірге Қазақстан заңнамасы және өзге де нормативтік құқықтық актілері бұзылғаны туралы Медеу ауданының Төтенше жағдайлар басқармасының бұйрығы бар - ғимараттан 18 метр қашықтықтағы уақытша құрылыстарды, Жібек жолы даңғылында салынған бутиктерді алып тастау қажет", - делінген хабарламада. Аталған ғимараттар 2023 жылғы 4 қыркүйекке дейін сүрілуі керек. Басқармада атап өткендей, алдағы жаңғырту туралы хабарламалар жалға алушыларға алдын ала жіберілген. "2023 жылдың ақпан айынан бастап жалға алушыларға "Көк базардың" жаңа павильонында бос сауда орындары ұсынылды, онда кеңсе тауарларын сататындар үшін бөлек орын ұйымдастырылды, себебі Жібек жолы даңғылындағы бутиктерді жалға алушылардың жартысына жуығы кеңсе тауарларын сатумен айналысады", - деп қорытындылады басқармада.
Алматыдағы Көк базарда кеңсе тауарларын сататын бірнеше бутик сүріліп жатыр. Бұл туралы тілшісіне қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы хабарлады. Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының хабарлауынша, Жібек жолы даңғылындағы бутиктер бүгінде сүріліп жатыр. Бұған Алматыдағы қала құрылысын бақылау басқармасының заңбұзушылықтар анықталғаннан кейін шығарған бұйрығы себеп болған. Жалпы ауданы 557,6 шаршы метрді құрайтын үш заңсыз сауда павильоны анықталған. Сондай-ақ аумағы 112,5 шаршы метр болатын заңсыз жапсарлас құрылы, заңсыз металл күмбез бен жалпы ауданы 1262,5 шаршы метр болатын барлығы 213 бейстационар сауда объектісі анықталып отыр. "Сонымен бірге Қазақстан заңнамасы және өзге де нормативтік құқықтық актілері бұзылғаны туралы Медеу ауданының Төтенше жағдайлар басқармасының бұйрығы бар - ғимараттан 18 метр қашықтықтағы уақытша құрылыстарды, Жібек жолы даңғылында салынған бутиктерді алып тастау қажет", - делінген хабарламада. Аталған ғимараттар 2023 жылғы 4 қыркүйекке дейін сүрілуі керек. Басқармада атап өткендей, алдағы жаңғырту туралы хабарламалар жалға алушыларға алдын ала жіберілген.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032418-akimdik-almatydagy-kok-bazardyn-birqatar-butigi-ne-sebepti-surilip-zatqanyn-tusindirdi/
14 тамыз 2023, 17:39
kk
Таразда 460 пәтерлі 6 тұрғын үй пайдалануға берілді
Бүгін Тараз қаласындағы "Ұлы дала" шағын ауданында 460 пәтерлі 6 тұрғын үй пайдалануға берілді. Салтанатты шараға Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков, облыстық мәслихат төрағасы Абдалы Нұралиев, ардагерлер кеңесінің мүшелері мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Алғашқы болып сөз алған Абдалы Тоқбергенұлы көпшілікті қуаныштарымен құттықтады. Бұдан кейін қала әкімі ізгі тілегін жеткізді. "Соңғы онжылдықтың бедерінде Тараз қаласында жаңа ықшам аудандар бой көтеріп, тұрғын үй саны арта түсті. Жалпы, соңғы 4 жыл көлемінде Тараз қаласы бойынша 5 800 пәтер берілсе, мемлекеттік бағдарламалар арқылы 3 844 азамат баспаналы болды. Ал пәтер кезегінде тұрған азаматтар 1 956 пәтерге қол жеткізді. Сондай-ақ ағымдағы жылы қала аумағында 42 тұрғын үйдің құрылысын жүргізіп, жыл қорытындысымен 2 820 пәтерлі тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл үрдіс алдағы уақытта да үзілмей жалғасын табады", – деген шаһар басшысы "Бақытты отбасы" бағдарламасы арқылы баспанаға қол жеткізген пәтер иелеріне баспана кілттерін табыстады. Келесі кезекте облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, "Отбасы банк" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшановтар лебіздер легін жалғап, ақжарма ниеттерін жолдады. Жалпы 2019-2022 жылдар аралығында өңірде "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша 1 154 отбасы жаңа баспанаға ие болған. Сонымен қатар биылғы жылдың соңына дейін жаңа тұжырымдама бойынша 1 040 пәтерге 16 нысанды іске асыру жоспарлануда.
Бүгін Тараз қаласындағы "Ұлы дала" шағын ауданында 460 пәтерлі 6 тұрғын үй пайдалануға берілді. Салтанатты шараға Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков, облыстық мәслихат төрағасы Абдалы Нұралиев, ардагерлер кеңесінің мүшелері мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Алғашқы болып сөз алған Абдалы Тоқбергенұлы көпшілікті қуаныштарымен құттықтады. Бұдан кейін қала әкімі ізгі тілегін жеткізді. "Соңғы онжылдықтың бедерінде Тараз қаласында жаңа ықшам аудандар бой көтеріп, тұрғын үй саны арта түсті. Жалпы, соңғы 4 жыл көлемінде Тараз қаласы бойынша 5 800 пәтер берілсе, мемлекеттік бағдарламалар арқылы 3 844 азамат баспаналы болды. Ал пәтер кезегінде тұрған азаматтар 1 956 пәтерге қол жеткізді. Сондай-ақ ағымдағы жылы қала аумағында 42 тұрғын үйдің құрылысын жүргізіп, жыл қорытындысымен 2 820 пәтерлі тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл үрдіс алдағы уақытта да үзілмей жалғасын табады", – деген шаһар басшысы "Бақытты отбасы" бағдарламасы арқылы баспанаға қол жеткізген пәтер иелеріне баспана кілттерін табыстады. Келесі кезекте облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, "Отбасы банк" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшановтар лебіздер легін жалғап, ақжарма ниеттерін жолдады. Жалпы 2019-2022 жылдар аралығында өңірде "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша 1 154 отбасы жаңа баспанаға ие болған.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032413-tarazda-460-paterli-6-turgyn-ui-paidalanuga-berildi/
14 тамыз 2023, 17:39
kk
Елімізде апта басында биржадағы доллар құны күрт көтерілді
Дүйсенбі, 14 тамызда Қазақстан қор биржасында доллар бағамы шамамен 3 теңгеге қымбаттады. Бұл туралы KASE ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы өткен сессиядан бері 2,55 теңгеге көтеріліп, 448,55 теңгені құрады. NUR.KZ-тің айырбас бағамы парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, қазақстандық екінші деңгейлі банктер долларды мынадай бағамен саудалауда: в Алматы: покупка – 446-449,5 тенге, продажа – 451-452 тенге; в Астане: покупка – 446-447 тенге, продажа – 451-452 тенге; в Шымкенте: покупка – 446-447 тенге, продажа – 451-452 тенге. Ал қазақстандық айырбастау пункттерінде, Kurs.kz мәліметінше, долларды мынадай бағамен сатып алуға және сатуға болады:
Дүйсенбі, 14 тамызда Қазақстан қор биржасында доллар бағамы шамамен 3 теңгеге қымбаттады. Бұл туралы KASE ресми сайтына сілтеме жасаған хабарлайды. Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы өткен сессиядан бері 2,55 теңгеге көтеріліп, 448,55 теңгені құрады. -тің айырбас бағамы парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, қазақстандық екінші деңгейлі банктер долларды мынадай бағамен саудалауда: в Алматы: покупка – 446-449,5 тенге, продажа – 451-452 тенге; в Астане: покупка – 446-447 тенге, продажа – 451-452 тенге; в Шымкенте: покупка – 446-447 тенге, продажа – 451-452 тенге.
Қаржы
false
https://kaz.nur.kz/nurfin/2032415-elimizde-apta-basynda-birzadagy-dollar-quny-kurt-koterildi/
14 тамыз 2023, 17:14
kk
Ақтөбе телеарнасының үш бірдей бұрынғы қызметкері жеті жылға сотталды
Ақтөбедегі жергілікті телеарнаның бұрынғы бас есепшісі, заңгер және касса қызметкері 89 млн теңге жымқырды деген айыппен әрқайсысы жеті жылдан бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. Ақтөбе қаласы №2 сотында телеарнаның бұрынғы қызметкерлеріне үкім шықты. Қызметкерлерге Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша қызмет бабын пайдалана отырып, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, аса ірі мөлшерде бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін иемденді деген айып тағылды. Іс материалдарына сүйенсек, тергеу "Қазақстан республикалық телерадиокорпорациясы" АҚ Ақтөбе филиалының 2018 жылғы ақпаннан 2021 жылғы желтоқсанға дейінгі кезеңде жүргізілген. Бас есепші К. сатып алу жөніндегі маман-заңгер Е. және есепші У. алдын ала сөз байласу арқылы бағдарламаларды түсіруге, іс-шараларды ұйымдастыруға, сурдоаударма жасауға, мерекелік бағдарламаларды өткізуге, дезинфекциялауға, декорациялауға байланысты қызметтерді көрсету бойынша жалған төлем операцияларын жасаған. Нәтижесінде компанияға 89 093 879 теңге сомасында материалдық залал келтірген. Айыпталушылардың кінәсі куәлардың айғақтарымен, алу хаттамаларымен, сараптама қорытындыларымен, аудиторлық тексерумен және басқа да дәлелдемелер жиынтығымен расталады. Сот олардың қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде жасөспірім және кәмелетке толмаған балалардың болуын ескерді.​ Сотталушылардың қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайлар сотта анықталмады.​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Сот үкімімен коммерциялық және мемлекеттік ұйымдарда басшы лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, айыпталушылар 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Сотталғандардан жәбірленушіге келтірілген залал ортақ тәртіппен өндірілді. Авторы: Ардақ Ерубаева
Ақтөбедегі жергілікті телеарнаның бұрынғы бас есепшісі, заңгер және касса қызметкері 89 млн теңге жымқырды деген айыппен әрқайсысы жеті жылдан бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды тілшісі. Ақтөбе қаласы №2 сотында телеарнаның бұрынғы қызметкерлеріне үкім шықты. Қызметкерлерге Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша қызмет бабын пайдалана отырып, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, аса ірі мөлшерде бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін иемденді деген айып тағылды. Іс материалдарына сүйенсек, тергеу "Қазақстан республикалық телерадиокорпорациясы" АҚ Ақтөбе филиалының 2018 жылғы ақпаннан 2021 жылғы желтоқсанға дейінгі кезеңде жүргізілген. Бас есепші К. сатып алу жөніндегі маман-заңгер Е. және есепші У. алдын ала сөз байласу арқылы бағдарламаларды түсіруге, іс-шараларды ұйымдастыруға, сурдоаударма жасауға, мерекелік бағдарламаларды өткізуге, дезинфекциялауға, декорациялауға байланысты қызметтерді көрсету бойынша жалған төлем операцияларын жасаған. Нәтижесінде компанияға 89 093 879 теңге сомасында материалдық залал келтірген. Айыпталушылардың кінәсі куәлардың айғақтарымен, алу хаттамаларымен, сараптама қорытындыларымен, аудиторлық тексерумен және басқа да дәлелдемелер жиынтығымен расталады. Сот олардың қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде жасөспірім және кәмелетке толмаған балалардың болуын ескерді. Сотталушылардың қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайлар сотта анықталмады. Сот үкімімен коммерциялық және мемлекеттік ұйымдарда басшы лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, айыпталушылар 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
Қоғам
true
https://kaz.nur.kz/society/2032412-aqtobe-telearnasynyn-buryngy-us-birdei-qyzmetkeri-zeti-zylga-sottaldy/
14 тамыз 2023, 17:04
kk
Қазақстан өңірлерінің бірінде қар жауды (фото)
Бүгін, 14 тамыз күні Шығыс Қазақстан облысында қар жауды. Қар таңғы уақытта Белуха тауының маңында жауған. Бұл жайттың фотолары Altay-pro лагерінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында жария болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. "Қайырлы таң! Соңғы 10 жылда мұндай мезгілде қар жауғаны есімізде жоқ. Біз Белуханың етегінде алғашқы қардың куәсі болдық", - делінген жарияланған суреттің астында. Қазгидрометтің мәліметінше, түнде Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, бұрқасын) күтілген. 15 тамызда күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, секундына 15-20 метрге дейін жететін жел соғуы мүмкін. Еске салсақ, бұған дейін синоптиктер 14 тамызда күндіз Жетісу облысының таулы аймақтарында жаңбыр мен бұрқасын түріндегі қатты жауын-шашын болуы мүмкін ескерткен еді. Облыстың оңтүстігінде, шығысында және таулы аймақтарында найзағай ойнап, бұршақ жауады деп болжануда. Сонымен қатар бүгін таулы аймақтарда синоптиктер желдің күші 15-20 м/с-ке, кейде 23-28 м/с-ке дейін жетеді деп болжап отыр.
Бүгін, 14 тамыз күні Шығыс Қазақстан облысында қар жауды. Қар таңғы уақытта Белуха тауының маңында жауған. Бұл жайттың фотолары Altay-pro лагерінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында жария болды, деп хабарлайды . "Қайырлы таң! Соңғы 10 жылда мұндай мезгілде қар жауғаны есімізде жоқ. Біз Белуханың етегінде алғашқы қардың куәсі болдық", - делінген жарияланған суреттің астында. Қазгидрометтің мәліметінше, түнде Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, бұрқасын) күтілген. 15 тамызда күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, секундына 15-20 метрге дейін жететін жел соғуы мүмкін. Еске салсақ, бұған дейін синоптиктер 14 тамызда күндіз Жетісу облысының таулы аймақтарында жаңбыр мен бұрқасын түріндегі қатты жауын-шашын болуы мүмкін ескерткен еді. Облыстың оңтүстігінде, шығысында және таулы аймақтарында найзағай ойнап, бұршақ жауады деп болжануда.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032408-qazaqstan-onirlerinin-birinde-qar-zaudy-foto/
14 тамыз 2023, 16:49
kk
Қарағандыдағы жантүршігерлік жол апатында ер адамды көліктер екі рет басып өтті
Қарағандыда жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған 50 жастағы ер адам көлік астында қалып, қаза тапты. Оны көліктер екі рет басып өткен, деп хабарлайды өңірдегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі. Қайғылы жағдай 14 тамызға қараған түні Майқұдықтағы Магнитогорская көшесінде болған. Қарағанды облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдымен жаяу жүргіншіні ВАЗ-21099 көлігінің 22 жастағы жүргізушісі қағып кеткен. Оқиға шамамен кешкі сағат 22:39-да болған. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген видео жарияланды. "Ер адам жолды рұқсат етілмеген жерден оңнан солға көлік бағытына қарай кесіп өткен. Осыдан кейін сол бағытта келе жатқан Chevrolet Cobalt көлігінің 32 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншіні көлігімен басып өткен", - деп хабарлады ведосмтвода. 50 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Полиция тергеу жүргізіп жатыр. "Факті тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп қосты Қарағанды облысының ПД-де.
Қарағандыда жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған 50 жастағы ер адам көлік астында қалып, қаза тапты. Оны көліктер екі рет басып өткен, деп хабарлайды өңірдегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған тілшісі. Қайғылы жағдай 14 тамызға қараған түні Майқұдықтағы Магнитогорская көшесінде болған. Қарағанды облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдымен жаяу жүргіншіні ВАЗ-21099 көлігінің 22 жастағы жүргізушісі қағып кеткен. Оқиға шамамен кешкі сағат 22:39-да болған. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген видео жарияланды. "Ер адам жолды рұқсат етілмеген жерден оңнан солға көлік бағытына қарай кесіп өткен. Осыдан кейін сол бағытта келе жатқан Chevrolet Cobalt көлігінің 32 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншіні көлігімен басып өткен", - деп хабарлады ведосмтвода. 50 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Полиция тергеу жүргізіп жатыр. "Факті тіркелді.
Оқыс оқиғалар
false
https://kaz.nur.kz/accidents/2032404-qaragandydagy-zantursigerlik-zol-apatynda-er-adamdy-kolikter-eki-ret-basyp-otti/
14 тамыз 2023, 16:31
kk
LRT құрылысына байланысты Астананың екі қиылысында жол қозғалысы қиындауы мүмкін
Астанада LRT станциясы мен эстакадасының темір-бетон құрылымдарының құрылысы басталды. CTS Instagram аккаунтындағы ақпаратқа сәйкес, бұл үшін елорданың екі қиылысында уақытша құрылыс ағаштары орнатылады. Компанияның хабарлауынша, бүгінде әуежайдан жаңа вокзалға дейінгі Қабанбай батыр, Сығанақ, Қалдаяқова және А82 көшелерінің бойындағы LRT желісінің барлық учаскесінде эстакада мен станциялардың темір-бетон конструкциялары орнатылып жатыр. "Осыған байланысты Тәуелсіздік даңғылы мен Шәмші Қалдаяқов көшесінің қиылысында, сондай-ақ Сауран және Сығанақ көшелерінің қиылысында уақытша қонструкциялар мен құрылыс ағаштары орнатылып жатыр. Бұл іс-шаралар жеке типтегі монолитті арқалықтарды орнату үшін ұйымдастырылуда", - деп атап өтті сарапшылар. Олар жол қозғалысы қашан қалпына келетінін айтты. "Арқалықты құю және оны берік ету жұмыстары аяқталғаннан кейін уақытша құрылымдар құрылып, даңғылдың бүкіл ені бойынша қозғалыс қалпына келтіріледі", - деп сендірді CTS-те. Жұмыстың жоспарланған аяқталу мерзімі — 2023 жылғы 30 қараша. Бұл ретте компания көлік иелері мен қала тұрғындарынан жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарап, маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрап отыр. Сондай-ақ 15 тамызға дейін елордада Сығанақ көшесінен Есіл өзені арқылы өтетін көпірдің жанынан "Қазақстан" орталық концерт залы мен Министрліктер үйіне қарай көліктердің қозғалысына ішінара шектеу енгізілді. Одан бөлек бүгіннен бастап 18 тамызға дейін қалада Әл-Фараби даңғылының Ж.Досмұхамедұлы көшесінен А.Пушкин көшесінің бойындағы көлік қиылысына дейінгі бөлігінде көліктердің қозғалысы жартылай тоқтатылғанын еске саламыз. Ал 20 тамызға дейін Қошқарбаев даңғылының бойындағы Момышұлы даңғылынан Тәуелсіздікке дейінгі учаскедегі жолдың бір бөлігі де жартылай жабылды.
Астанада LRT станциясы мен эстакадасының темір-бетон құрылымдарының құрылысы басталды. CTS Instagram аккаунтындағы ақпаратқа сәйкес, бұл үшін елорданың екі қиылысында уақытша құрылыс ағаштары орнатылады. Компанияның хабарлауынша, бүгінде әуежайдан жаңа вокзалға дейінгі Қабанбай батыр, Сығанақ, Қалдаяқова және А82 көшелерінің бойындағы LRT желісінің барлық учаскесінде эстакада мен станциялардың темір-бетон конструкциялары орнатылып жатыр. "Осыған байланысты Тәуелсіздік даңғылы мен Шәмші Қалдаяқов көшесінің қиылысында, сондай-ақ Сауран және Сығанақ көшелерінің қиылысында уақытша қонструкциялар мен құрылыс ағаштары орнатылып жатыр. Бұл іс-шаралар жеке типтегі монолитті арқалықтарды орнату үшін ұйымдастырылуда", - деп атап өтті сарапшылар. Олар жол қозғалысы қашан қалпына келетінін айтты. "Арқалықты құю және оны берік ету жұмыстары аяқталғаннан кейін уақытша құрылымдар құрылып, даңғылдың бүкіл ені бойынша қозғалыс қалпына келтіріледі", - деп сендірді CTS-те. Жұмыстың жоспарланған аяқталу мерзімі — 2023 жылғы 30 қараша. Бұл ретте компания көлік иелері мен қала тұрғындарынан жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарап, маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрап отыр. Сондай-ақ 15 тамызға дейін елордада Сығанақ көшесінен Есіл өзені арқылы өтетін көпірдің жанынан "Қазақстан" орталық концерт залы мен Министрліктер үйіне қарай көліктердің қозғалысына ішінара шектеу енгізілді. Одан бөлек бүгіннен бастап 18 тамызға дейін қалада Әл-Фараби даңғылының Ж.Досмұхамедұлы көшесінен А.Пушкин көшесінің бойындағы көлік қиылысына дейінгі бөлігінде көліктердің қозғалысы жартылай тоқтатылғанын еске саламыз.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032388-lrt-qurylysyna-bailanysty-astananyn-eki-qiylysynda-zol-qozgalysy-qiyndauy-mumkin/
14 тамыз 2023, 16:16
kk
Түркістанда егде жастағы әйел лифт шахтасына құлап мерт болды
Түркістан қаласында 74 жастағы әйел лифт шахтасына құлап көз жұмды. Оқыс оқиға 13 тамыз күні сағат 18.00 шамасында болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. Түркістан қаласы Жаңа қала шағынауданындағы көпқабатты тұрғынүйдің лифт шахтасына 74 жастағы әйел құлап мерт болды. Бейресми деректерге сүйенсек, лифт есігін ашып кіргенде бірден шахтаға құлап кеткен көрінеді. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметі мертіккен әйелді ауруханаға жеткізген. 1949 жылы туған әйел алған жарақаттарының салдарынан ауруханада көз жұмған. "1949 жылы туған науқас жедел жәрдем көмегімен 13 тамыз күні сағат 18:15 уақытта Түркістан қалалық орталық ауруханасының жарақат бекетіне келіп түсті. Келген кездегі науқастың жалпы жағдайы өте ауыр болған. Кезекші реаниматолог, хирург, травматолог, кардиолог дәрігерлері қарап жедел түрде алғашқы медициналық көмек көрсетіліп жатқанда науқастың жағдайы күрт төмендеді. Өкпе-жүрек реанимациясы жасалынып, 50 минут шамасындағы алғашқы өкпе-жүрек реанимациясы өз нәтижесін бермеді. 18:40 клиникалық өлім тіркелді. 19:30 биологиялық өлім тіркелді”,- деп хабарлады Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оқыс оқиға болған үйдің лифтінде жөндеу жұмыстары жүріп жатқан. Бұл туралы тұрғындарға алдын ала хабарланған екен. "Қазір аталған іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде",- деп мәлімдеді әкімдіктің баспасөз қызметі.
Түркістан қаласында 74 жастағы әйел лифт шахтасына құлап көз жұмды. Оқыс оқиға 13 тамыз күні сағат 18.00 шамасында болған, деп хабарлайды тілшісі. Түркістан қаласы Жаңа қала шағынауданындағы көпқабатты тұрғынүйдің лифт шахтасына 74 жастағы әйел құлап мерт болды. Бейресми деректерге сүйенсек, лифт есігін ашып кіргенде бірден шахтаға құлап кеткен көрінеді. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметі мертіккен әйелді ауруханаға жеткізген. 1949 жылы туған әйел алған жарақаттарының салдарынан ауруханада көз жұмған. "1949 жылы туған науқас жедел жәрдем көмегімен 13 тамыз күні сағат 18:15 уақытта Түркістан қалалық орталық ауруханасының жарақат бекетіне келіп түсті. Келген кездегі науқастың жалпы жағдайы өте ауыр болған. Кезекші реаниматолог, хирург, травматолог, кардиолог дәрігерлері қарап жедел түрде алғашқы медициналық көмек көрсетіліп жатқанда науқастың жағдайы күрт төмендеді. Өкпе-жүрек реанимациясы жасалынып, 50 минут шамасындағы алғашқы өкпе-жүрек реанимациясы өз нәтижесін бермеді. 18:40 клиникалық өлім тіркелді. 19:30 биологиялық өлім тіркелді”,- деп хабарлады Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оқыс оқиға болған үйдің лифтінде жөндеу жұмыстары жүріп жатқан. Бұл туралы тұрғындарға алдын ала хабарланған екен.
Оқыс оқиғалар
false
https://kaz.nur.kz/accidents/2032405-turkistanda-egde-zastagy-aiel-lift-saxtasyna-qulap-mert-boldy/
14 тамыз 2023, 15:56
kk
Қазақстанда тұрғын үй кезегіне кімдер автоматты түрде қойылады
Елімізде белгілі бір мемлекеттік бағдарламалар арқылы кезек бойынша баспана алуға болады. Кезекке өтінішсіз-ақ кімдер тұра алатынын KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз. Қазақстандықтарды баспана алу үшін кезекке қою мәселесі Invisible Government жобасы аясында қаралған, деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму минитрлігі ресми сайтында. Денсаулық сақтау министрлігі, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инспекциясы басқармасының, Отбасы банкінің, Балаларды қолдау орталығының өкілдері және халықтың әлеуметтік осал топтары өкілдерінен тұратынтоп жиналды. Бірлескен талқылау барысында кейбір қазақстандықтар үшін баспана алу үшін автоматты кезек енгізу ұсынылды. Пікірталасқа қатысушылар атап өткен негізгі мәселелердің бірі тұрғын үй кезегінде ұзақ тұру, жалған ажырасулардың болуы және мүгедектік тағайындаудың қиындығы болды. Талқылау нәтижесінде пилоттық санаттағы тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға: жетім балалар мен 1 және 2 топтағы мүгедектерге автоматты түрде кезекке тұрғызу туралы шешім қабылданды.
Елімізде белгілі бір мемлекеттік бағдарламалар арқылы кезек бойынша баспана алуға болады. Кезекке өтінішсіз-ақ кімдер тұра алатынын материалынан оқыңыз. Қазақстандықтарды баспана алу үшін кезекке қою мәселесі Invisible Government жобасы аясында қаралған, деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму минитрлігі ресми сайтында. Денсаулық сақтау министрлігі, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инспекциясы басқармасының, Отбасы банкінің, Балаларды қолдау орталығының өкілдері және халықтың әлеуметтік осал топтары өкілдерінен тұратынтоп жиналды. Бірлескен талқылау барысында кейбір қазақстандықтар үшін баспана алу үшін автоматты кезек енгізу ұсынылды. Пікірталасқа қатысушылар атап өткен негізгі мәселелердің бірі тұрғын үй кезегінде ұзақ тұру, жалған ажырасулардың болуы және мүгедектік тағайындаудың қиындығы болды.
Қаржы
false
https://kaz.nur.kz/nurfin/2032400-qazaqstanda-turgyn-ui-kezegine-kimder-avtomatty-turde-qoiylady/
14 тамыз 2023, 15:47
kk
Синоптиктер: Алдағы күндері елімізде күн күркіреп, жел күшейеді
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде күн жылынатынына қарамастан, көптеген өңірде жаңбыр жауып, жел күшейе түседі. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Синоптиктердің болжамынша, 15-17 тамыз аралығында Қазақстанда атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Көптеген ауданда найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді. Алайда оңтүстік облыстарда ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Осылайша республиканың басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп көтеріле бастайды. Тек батыс аймақтарда аптап ыстық аздап басылатын болады. Өңірлік ТЖД ресми сайтында хабарланғандай, дауылды желдер жиі кездесетін табиғи апаттардың бірі болып табылады. Дауыл жел (24 м/с дейін) ағаштарды құлатып, электр желілерін үзуі мүмкін. Сондықтан қатты жел кезінде қауіпсіздіктің жалпы шараларын білу маңызды. Қатты жел кезінде ағаштардың, билбордтардың немесе электр сымдарының астына көлікті қоюға болмайтынын есте ұстаған жөн.
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде күн жылынатынына қарамастан, көптеген өңірде жаңбыр жауып, жел күшейе түседі. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған хабарлайды. Синоптиктердің болжамынша, 15-17 тамыз аралығында Қазақстанда атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Көптеген ауданда найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді. Алайда оңтүстік облыстарда ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Осылайша республиканың басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп көтеріле бастайды. Тек батыс аймақтарда аптап ыстық аздап басылатын болады. Өңірлік ТЖД ресми сайтында хабарланғандай, дауылды желдер жиі кездесетін табиғи апаттардың бірі болып табылады. Дауыл жел (24 м/с дейін) ағаштарды құлатып, электр желілерін үзуі мүмкін. Сондықтан қатты жел кезінде қауіпсіздіктің жалпы шараларын білу маңызды.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032382-sinoptikter-aldagy-kunderi-elimizde-kun-kurkirep-zel-kuseiedi/
14 тамыз 2023, 15:09
kk
Желіде көп отырады, кітапты аз оқиды: зерттеушілер қазақстандық балалар бос уақытын қалай өткізетінін айтты
Қазақстандық зерттеушілер Қазақстандағы ата-аналар мен бала тәрбиесіне қатысты ауқымды зерттеу жүргізді. Зерттеуге ата-аналар 30 мыңнан астам ата-ана қатысқан. Зерттеу нәтижелері "Сенімен Болашақ" III жалпыұлттық ата-аналар форумында талқыға салынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. "Сенімен Болашақ" РҚБ төрағасы Жансая Бердімұраттың айтуынша, көктем айында жүргізілген әлеуметтік сауалнамаға 33 пен 55 жас аралығындағы 32 755 ата-ана қатысқан. Оның 37,3 пайызы әкелер болса, 62,7 пайызы арналар болған. Одан бөлек, зерттеуге 13 пен 17 жас аралығындағы 24 613 жасөспірім (оның 48,6 пайызы - ұл бала, 51,4 пайызы - қыз бала) қатысқан. Сауалнама нәтижесі бойынша қазақстандық ата-ана бүгінде әйелдер екендігі анықталған. "Саналы тәрбие туралы дискурс салыстырмалы түрде жақында пайда болғанымен, біздің еліміздің ата-аналар қауымы бұдан хабардар және қызығушылық танытуда. Сауалнама нәтижелері бойынша ата-аналардың 51 пайызы бала тәрбиесіне қатысты түрлі басылымдар мен ақпараттық материалдарды үнемі оқиды. Сондай-ақ баламен оң қарым-қатынас құруда аймақтар арасындағы саралау таңқаларлық: солтүстікке қарай неғұрлым оң көрсеткіш. Демек Ақмола, Павлодар, Қостанай, СҚО өңірлерінде ата-аналардың 80 пайызға жуығы баласына жылы сөз айтуды, қалжыңдауды, сүйіп отыруды күнделікті әдетке айналдырған. Оңтүстік облыстарда (Шымкент, Түркестан, Қызылорда, Жамбыл облыстары) бұл көрсеткіш 67 пайыздан төмен", – дейді Жансая Бердімұрат. Сондай-ақ оның айтуынша, ата-аналардың шамамен 79 пайызы кез келген жағдайда барлық істерін тастап, баласына қамқорлық жасауға дайын екен. Сондай-ақ ата-аналардың 76 пайызы аптаның 1 күнін үнемі баласымен бірге өткізеді, бірақ тәрбиелік мәні өте маңызды болып саналатын, өткізген күнді қорытындылайтын кешкі әңгімелесу әдеті тек ата-аналардың 60 пайызында ғана байқалып отыр. Сауалнама қорытындысы бойынша ата-аналардың жартысына жуығы демалыс күндерде туыстардың үйіне баруды қалап тұрады екен. 30 пайызы демалыс күндерді бірге өткізу шопинг пен саябақты аралау деп түсінсе, тек 12 пайызы ғана мәдени іс-шараларға, яғни кинотеатрға, концерттерге және театр қойылымдарына барады. Баланы еңбекке тәрбиелеумен ата-аналардың 86 пайызға жуығы айналысады, оның 60 пайы еңбек баланың міндеті деп санаса, тек 26 пайызы еңбек тәрбиесіне саналы түрде қарайды. Одан бөлек, зерттеуге сай ата-аналардың шамамен 55 пайызы кейде үй тапсырмасын бірге орындауға қатысады, ал респонденттердің 23 пайызы бірге орындайтынын атап өтті. Сондай-ақ ата-аналардың шамамен 21 пайызы бұл процеске мүлде қытыспайтынын көрсетіп отыр, яғни олар баланың үй тапсырмасына қанша уақыт жұмсайтынын немесе оның орындалуында қадағалаймайды екен. “Бірінші тарапта ата-ана баланың оқу-тәрбиелік міндеттерін орындауға қатысуы баланың эмоционалдық жағдайына оң әсер етеді, стресс пен алаңдаушылық деңгейін төмендетеді. Екінші тарапта біз балаға қажетті өмірлік дағдыларды дамытуға және меңгеруге кедергі жасай отырып, оған зиян келтіруіміз мүмкін болатынына келісіңіз. Сауалнама нәтижелері ата-аналарға балаға үй тапсырмасын орындауға көмектесу процесін дұрыс құру туралы көбірек дағдылар мен лайфхактар беруіміз керек екендігін көрсетті”, – деп пікірін бөлісті Жансая Бердімұрат. Оның мәліметінше, қазақстандық бала бос уақытында үй шаруасына көбірек араласады, достарымен серуендейді немесе спортпен айналысады, интернетте көп отырады, теледидарды көп көреді және кітапты аз оқиды.
Қазақстандық зерттеушілер Қазақстандағы ата-аналар мен бала тәрбиесіне қатысты ауқымды зерттеу жүргізді. Зерттеуге ата-аналар 30 мыңнан астам ата-ана қатысқан. Зерттеу нәтижелері "Сенімен Болашақ" III жалпыұлттық ата-аналар форумында талқыға салынды, деп хабарлайды . "Сенімен Болашақ" РҚБ төрағасы Жансая Бердімұраттың айтуынша, көктем айында жүргізілген әлеуметтік сауалнамаға 33 пен 55 жас аралығындағы 32 755 ата-ана қатысқан. Оның 37,3 пайызы әкелер болса, 62,7 пайызы арналар болған. Одан бөлек, зерттеуге 13 пен 17 жас аралығындағы 24 613 жасөспірім (оның 48,6 пайызы - ұл бала, 51,4 пайызы - қыз бала) қатысқан. Сауалнама нәтижесі бойынша қазақстандық ата-ана бүгінде әйелдер екендігі анықталған. "Саналы тәрбие туралы дискурс салыстырмалы түрде жақында пайда болғанымен, біздің еліміздің ата-аналар қауымы бұдан хабардар және қызығушылық танытуда. Сауалнама нәтижелері бойынша ата-аналардың 51 пайызы бала тәрбиесіне қатысты түрлі басылымдар мен ақпараттық материалдарды үнемі оқиды. Сондай-ақ баламен оң қарым-қатынас құруда аймақтар арасындағы саралау таңқаларлық: солтүстікке қарай неғұрлым оң көрсеткіш. Демек Ақмола, Павлодар, Қостанай, СҚО өңірлерінде ата-аналардың 80 пайызға жуығы баласына жылы сөз айтуды, қалжыңдауды, сүйіп отыруды күнделікті әдетке айналдырған. Оңтүстік облыстарда (Шымкент, Түркестан, Қызылорда, Жамбыл облыстары) бұл көрсеткіш 67 пайыздан төмен", – дейді Жансая Бердімұрат. Сондай-ақ оның айтуынша, ата-аналардың шамамен 79 пайызы кез келген жағдайда барлық істерін тастап, баласына қамқорлық жасауға дайын екен. Сондай-ақ ата-аналардың 76 пайызы аптаның 1 күнін үнемі баласымен бірге өткізеді, бірақ тәрбиелік мәні өте маңызды болып саналатын, өткізген күнді қорытындылайтын кешкі әңгімелесу әдеті тек ата-аналардың 60 пайызында ғана байқалып отыр. Сауалнама қорытындысы бойынша ата-аналардың жартысына жуығы демалыс күндерде туыстардың үйіне баруды қалап тұрады екен. 30 пайызы демалыс күндерді бірге өткізу шопинг пен саябақты аралау деп түсінсе, тек 12 пайызы ғана мәдени іс-шараларға, яғни кинотеатрға, концерттерге және театр қойылымдарына барады. Баланы еңбекке тәрбиелеумен ата-аналардың 86 пайызға жуығы айналысады, оның 60 пайы еңбек баланың міндеті деп санаса, тек 26 пайызы еңбек тәрбиесіне саналы түрде қарайды. Одан бөлек, зерттеуге сай ата-аналардың шамамен 55 пайызы кейде үй тапсырмасын бірге орындауға қатысады, ал респонденттердің 23 пайызы бірге орындайтынын атап өтті. Сондай-ақ ата-аналардың шамамен 21 пайызы бұл процеске мүлде қытыспайтынын көрсетіп отыр, яғни олар баланың үй тапсырмасына қанша уақыт жұмсайтынын немесе оның орындалуында қадағалаймайды екен. “Бірінші тарапта ата-ана баланың оқу-тәрбиелік міндеттерін орындауға қатысуы баланың эмоционалдық жағдайына оң әсер етеді, стресс пен алаңдаушылық деңгейін төмендетеді. Екінші тарапта біз балаға қажетті өмірлік дағдыларды дамытуға және меңгеруге кедергі жасай отырып, оған зиян келтіруіміз мүмкін болатынына келісіңіз. Сауалнама нәтижелері ата-аналарға балаға үй тапсырмасын орындауға көмектесу процесін дұрыс құру туралы көбірек дағдылар мен лайфхактар беруіміз керек екендігін көрсетті”, – деп пікірін бөлісті Жансая Бердімұрат.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032381-zelide-kop-otyrady-kitapty-az-oqidy-zertteusiler-qazaqstandyq-balalar-bos-uaqytyn-qalai-otkizetin-aitty/
14 тамыз 2023, 14:43
kk
"Тыңдап отырып, ұялдым": ұзату тойда ән салған Қайрат Нұртастың әйелі сынға қалды (видео)
Актриса Жұлдыз Абдукәрімова енді әншілікке бет бұра бастады. Ол ұзату тойларының бірінде ән шырқаған, деп жазады актрисаның желідегі парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. "Қызымызды ұзаттық. Арайжан, аттаған босағаң ақ болсын! Барған жерің құт болсын, бақытың еселеніп жұп болсын! Бағың баянды болсын!", - деп жазды актриса. Осы орайда Жұлдыздың ұзату тойда ән салғанын құптаушылар көп болды. Олар Жұлдыз сияқты көпбалалы әрі үлгілі ананың қызды ұзатқанын жақсы ырымға балаған. Ал кейбір желі қолданушылары Жұлдыздың даусы мен әншілік қабілеті жоқтығын алға тартты. "Осы жерден қоя саласың-ау. Тыңдап отырып, өзім ұялдым. Салтанат ұзатса - дауысы бар, Қарақат ұзатса - дауысы бар, ал енді сенікі - ұят. Жұлдыз, күтпедім сенен"; "Ренжімеңіз, бірақ ән айтқанда дауысыңыз жаман", - деп жазды желі қолданушылары. Айта кетелік, бұған дейін Жұлдыз Абдукаримова мен Айгүл Иманбаева дуэт орындаған болатын.
Актриса Жұлдыз Абдукәрімова енді әншілікке бет бұра бастады. Ол ұзату тойларының бірінде ән шырқаған, деп жазады актрисаның желідегі парақшасына сілтеме жасаған . "Қызымызды ұзаттық. Арайжан, аттаған босағаң ақ болсын! Барған жерің құт болсын, бақытың еселеніп жұп болсын! Бағың баянды болсын!", - деп жазды актриса. Осы орайда Жұлдыздың ұзату тойда ән салғанын құптаушылар көп болды. Олар Жұлдыз сияқты көпбалалы әрі үлгілі ананың қызды ұзатқанын жақсы ырымға балаған. Ал кейбір желі қолданушылары Жұлдыздың даусы мен әншілік қабілеті жоқтығын алға тартты. "Осы жерден қоя саласың-ау. Тыңдап отырып, өзім ұялдым. Салтанат ұзатса - дауысы бар, Қарақат ұзатса - дауысы бар, ал енді сенікі - ұят. Жұлдыз, күтпедім сенен"; "Ренжімеңіз, бірақ ән айтқанда дауысыңыз жаман", - деп жазды желі қолданушылары.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2032383-tyndap-otyryp-uyaldym-uzatu-toida-an-salgan-qairat-nurtastyn-aieli-synga-qaldy-video/
14 тамыз 2023, 14:43
kk
Өрт кезінде қаза тапқан орманшылардың отбасыларына өтемақы төленбек
Экология министрлігі қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан мемлекеттік орман күзету қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы құжатты "Ашық НҚА" порталында талқылауға ұсынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Құжат 12 тамыз күні ашық талқылауға жарияланған. Ол Орман кодексінің 70-бабының 1-тармағына және президенттің Абай облысындағы табиғи өртті жою бойынша 2023 жылғы 11 маусымдағы Жедел штаб отырысында берген тапсырмасына сәйкес әзірленген. "Ақшалай төлем қызметтік міндеттерін (мемлекеттік орман күзету міндеттерін) атқару кезінде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердің отбасы мүшелеріне жүргізіледі", - деп жазылған құжатта. Құжатқа сәйкес, қызметкердің, курсанттың, мемлекеттік орман күзету қызметшісінің отбасы мүшелеріне жұбайы, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін немесе жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде күндізгі оқу орнын бітіргенге дейін жиырма үш жастан аспайтын балалары, оның ішінде асырап алған балалары, бірге тұратын өгей ұлдары мен өгей қыздары жатады. Ақшалай төлемді рәсімдеу үшін қандай құжат керек: Жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметтері, неке қию туралы (2008 жылғы 1 маусымнан кейін), қайтыс болу туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін), балалардың тууы туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін) куәліктер "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін. Осы тармақта көрсетілген тиісті құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда өтініш ол берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қайтарылуға тиіс. Сондай-ақ уәкілетті жауапты құрылымдық бөлімшесі осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттардың толық әрі дұрыс ресімделуін тексереді және осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттар, оның ішінде: Жауапты құрылымдық бөлімше осы тармақта көрсетілген мәліметтерді жаңарту не нақтылау үшін уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелерінен немесе мемлекеттік органдардан қажетті құжаттарды сұратады және оларды жеке істің материалдарына қосады. Жауапты құрылымдық бөлімше әскери-дәрігерлік комиссия (сараптама) қорытындысын (қаулысын) алғаннан кейін өтініш берген адамды қабылданған шешім туралы бес жұмыс күні ішінде хабардар етеді. "Ақшалай төлемді тағайындау қызметкердің, курсанттың, әскери қызметшінің қаза табуының (қайтыс болуының) себебі мен оның қызметтік міндеттерін (әскери қызмет міндеттерін) атқару кезінде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) арасындағы тікелей себеп-салдарлық байланыс болған кезде жүргізіледі", - делінген хабарламада. Қызметкердің, курсанттың, әскери қызметшінің қаза табуы (қайтыс болуы) мен оның қызметтік міндеттерін (әскери қызмет міндеттерін) атқару кезінде мертігуінің (жарақаттануының, жаралануының, контузия алуының) себеп-салдарлық байланысы туралы қорытындыны (қаулыны) әскери-дәрігерлік комиссия (сараптама) шығарады. Егер мемлекеттік орман күзеті қызметкерінің қызметтік міндеттерін (орман күзеті міндеттерін) атқару кезінде (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) мынадай жағдайда қайтыс болса, оған ақшалай төлемдер жүргізілмейді: Қаза тапқан мемлекеттік орман күзету қызметкерінің, келісімшарт бойынша әрбір отбасы мүшесіне ақшалай төлем қаза тапқан мемлекеттік орман күзету қызметкерінің, келісімшарт бойынша қызметшінің соңғы атқарған лауазымы бойынша ақшалай қаражатының 40 пайызы төленеді. Бұл ретте отбасының барлық мүшесіне төленетін ақшалай төлемдердің ең жоғары мөлшері ақшалай қаражаттың 100 пайызынан аспауға тиіс. Отбасы мүшелері үшеу және одан көп болған кезде әрқайсысына ақшалай төлемдердің мөлшері ақшалай қаражаттың 100 пайызына тең үлес ретінде есептеледі. Аталған құжат 28 тамызға дейін "Ашық НҚА" порталында қоғамдық талқылауда болады.
Экология министрлігі қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан мемлекеттік орман күзету қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы құжатты "Ашық НҚА" порталында талқылауға ұсынды. Бұл туралы хабарлайды. Құжат 12 тамыз күні ашық талқылауға жарияланған. Ол Орман кодексінің 70-бабының 1-тармағына және президенттің Абай облысындағы табиғи өртті жою бойынша 2023 жылғы 11 маусымдағы Жедел штаб отырысында берген тапсырмасына сәйкес әзірленген. "Ақшалай төлем қызметтік міндеттерін (мемлекеттік орман күзету міндеттерін) атқару кезінде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердің отбасы мүшелеріне жүргізіледі", - деп жазылған құжатта. Құжатқа сәйкес, қызметкердің, курсанттың, мемлекеттік орман күзету қызметшісінің отбасы мүшелеріне жұбайы, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін немесе жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде күндізгі оқу орнын бітіргенге дейін жиырма үш жастан аспайтын балалары, оның ішінде асырап алған балалары, бірге тұратын өгей ұлдары мен өгей қыздары жатады. Ақшалай төлемді рәсімдеу үшін қандай құжат керек: Жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметтері, неке қию туралы (2008 жылғы 1 маусымнан кейін), қайтыс болу туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін), балалардың тууы туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін) куәліктер "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін. Осы тармақта көрсетілген тиісті құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда өтініш ол берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қайтарылуға тиіс. Сондай-ақ уәкілетті жауапты құрылымдық бөлімшесі осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттардың толық әрі дұрыс ресімделуін тексереді және осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттар, оның ішінде: Жауапты құрылымдық бөлімше осы тармақта көрсетілген мәліметтерді жаңарту не нақтылау үшін уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелерінен немесе мемлекеттік органдардан қажетті құжаттарды сұратады және оларды жеке істің материалдарына қосады. Жауапты құрылымдық бөлімше әскери-дәрігерлік комиссия (сараптама) қорытындысын (қаулысын) алғаннан кейін өтініш берген адамды қабылданған шешім туралы бес жұмыс күні ішінде хабардар етеді. "Ақшалай төлемді тағайындау қызметкердің, курсанттың, әскери қызметшінің қаза табуының (қайтыс болуының) себебі мен оның қызметтік міндеттерін (әскери қызмет міндеттерін) атқару кезінде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) арасындағы тікелей себеп-салдарлық байланыс болған кезде жүргізіледі", - делінген хабарламада. Қызметкердің, курсанттың, әскери қызметшінің қаза табуы (қайтыс болуы) мен оның қызметтік міндеттерін (әскери қызмет міндеттерін) атқару кезінде мертігуінің (жарақаттануының, жаралануының, контузия алуының) себеп-салдарлық байланысы туралы қорытындыны (қаулыны) әскери-дәрігерлік комиссия (сараптама) шығарады. Егер мемлекеттік орман күзеті қызметкерінің қызметтік міндеттерін (орман күзеті міндеттерін) атқару кезінде (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) мынадай жағдайда қайтыс болса, оған ақшалай төлемдер жүргізілмейді: Қаза тапқан мемлекеттік орман күзету қызметкерінің, келісімшарт бойынша әрбір отбасы мүшесіне ақшалай төлем қаза тапқан мемлекеттік орман күзету қызметкерінің, келісімшарт бойынша қызметшінің соңғы атқарған лауазымы бойынша ақшалай қаражатының 40 пайызы төленеді. Бұл ретте отбасының барлық мүшесіне төленетін ақшалай төлемдердің ең жоғары мөлшері ақшалай қаражаттың 100 пайызынан аспауға тиіс. Отбасы мүшелері үшеу және одан көп болған кезде әрқайсысына ақшалай төлемдердің мөлшері ақшалай қаражаттың 100 пайызына тең үлес ретінде есептеледі.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032369-ort-kezinde-qaza-tapqan-ormansylardyn-otbasylaryna-otemaqy-tolenbek/
14 тамыз 2023, 14:30
kk
Лондоннан ұшып келген Айгүл Иманбаева марқұм әкесінің жетісін өткізді
Лондонда білім алып жатқан Айгүл Иманбаева әкесінің қазасына байланысты Қазақстанға келді. Бұл туралы әншінің желдегі парақшасында белгілі болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Иманбаеваның марқұм әкесінің жетісін өткізіп жатқанын радиожүргізуші Гүлмира Нәлібай хабарлады. "Айгүл Иманбаева Лондоннан таңертең ұшып келіп, әкеснің жетілігін өткізіп жатыр. Роза апай жұбату сөзін айтып, көңілді босатты", - деп жазды жүргізуші. Айта кетелік, Айгүл Иманбаеваның әкесі 73 жасында көз жұмды. Әнші әкесі жайлы жан тебірентер жазба қалдырған болатын. "Кеше ғана тауып, жанында өзімді кішкентай Айгүл сезініп, балалығыма оралған қуанышымды Аллам маған өлшеп берген екен. Шүкір дедім. Жүрегімдегі тасты жұлып тастап, 46 жасымда әкемнің жанында бақытты бала болдым, еркеледім, еркелеттім. Маған Лаура мен Дәулеттей бауыр сыйлады. Сіңілім Райханмен арадағы үзілген жіпті жалғадым. Анам мен әкем ішінде қалған ренішті кешіріп, енді ғана әдемі сыйластық басталған еді. Үзілді…", - деп жазды әнші.
Лондонда білім алып жатқан Айгүл Иманбаева әкесінің қазасына байланысты Қазақстанға келді. Бұл туралы әншінің желдегі парақшасында белгілі болды, деп жазады . Иманбаеваның марқұм әкесінің жетісін өткізіп жатқанын радиожүргізуші Гүлмира Нәлібай хабарлады. "Айгүл Иманбаева Лондоннан таңертең ұшып келіп, әкеснің жетілігін өткізіп жатыр. Роза апай жұбату сөзін айтып, көңілді босатты", - деп жазды жүргізуші. Айта кетелік, Айгүл Иманбаеваның әкесі 73 жасында көз жұмды. Әнші әкесі жайлы жан тебірентер жазба қалдырған болатын. "Кеше ғана тауып, жанында өзімді кішкентай Айгүл сезініп, балалығыма оралған қуанышымды Аллам маған өлшеп берген екен. Шүкір дедім. Жүрегімдегі тасты жұлып тастап, 46 жасымда әкемнің жанында бақытты бала болдым, еркеледім, еркелеттім. Маған Лаура мен Дәулеттей бауыр сыйлады. Сіңілім Райханмен арадағы үзілген жіпті жалғадым. Анам мен әкем ішінде қалған ренішті кешіріп, енді ғана әдемі сыйластық басталған еді.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2032379-londonnan-usyp-kelgen-aigul-imanbaeva-marqum-akesinin-zetisin-otkizdi/
14 тамыз 2023, 14:23
kk
"Сөзі ұнамаған": танысының басын балтамен ұрған павлодарлық тұрғынға сот үкім шығарды
Павлодар облысында 37 жастағы ер адам танысымен сөзге келіп, оны басынан балтамен ұрып жіберген. Павлодардың №2 соты айыпталушыға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. Ер адамдар арасындағы жанжал 2023 жылғы мамыр айында таңғы сағат 5-те болған. Екеуі бірге спирттік ішімдік ішіп, артынша сөз таластыра бастаған. Ақыры танысының сөзін ұнатпаған 37 жастағы ер адам оның басынан балтамен ұрып жіберген. "Қаракөл ауылындағы тұрғын үйлердің бірінің верандасында балтамен қаруланып, жанжалды одан әрі жалғастыру мақсатында, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді көздейтін қылмыстық ниетін жүзеге асыра отырып, алдын ала дайындалған балтаны оң қолына алып, оны қылмыс қаруы ретінде пайдаланып, күшін жинақтай отырып, балтаның доғал бөлігімен өмірлік маңызды органға – жәбірленушінің басынан бір рет соққы жасаған, салдарынан жәбірленуші есінен танып қалған", – деп көрсетілген Павлодар қаласының №2 сотының үкімінде. Қылмыстық кодекстің 106-бабының 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Зардап шегуші жабық бассүйек-ми жарақатын алып, бас миы шетке және төмен ығысып кеткен. Сотта 37 жастағы ер адам өз кінәсін мойындап, сот оған 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Айта кетсек, Қазақстан Қылмыстық кодексінің 106-бабы 1-бөлігіне сәйкес денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру үшін үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Павлодар облысында 37 жастағы ер адам танысымен сөзге келіп, оны басынан балтамен ұрып жіберген. Павлодардың №2 соты айыпталушыға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды тілшісі. Ер адамдар арасындағы жанжал 2023 жылғы мамыр айында таңғы сағат 5-те болған. Екеуі бірге спирттік ішімдік ішіп, артынша сөз таластыра бастаған. Ақыры танысының сөзін ұнатпаған 37 жастағы ер адам оның басынан балтамен ұрып жіберген. "Қаракөл ауылындағы тұрғын үйлердің бірінің верандасында балтамен қаруланып, жанжалды одан әрі жалғастыру мақсатында, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді көздейтін қылмыстық ниетін жүзеге асыра отырып, алдын ала дайындалған балтаны оң қолына алып, оны қылмыс қаруы ретінде пайдаланып, күшін жинақтай отырып, балтаның доғал бөлігімен өмірлік маңызды органға – жәбірленушінің басынан бір рет соққы жасаған, салдарынан жәбірленуші есінен танып қалған", – деп көрсетілген Павлодар қаласының №2 сотының үкімінде. Қылмыстық кодекстің 106-бабының 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Зардап шегуші жабық бассүйек-ми жарақатын алып, бас миы шетке және төмен ығысып кеткен. Сотта 37 жастағы ер адам өз кінәсін мойындап, сот оған 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Оқыс оқиғалар
false
https://kaz.nur.kz/accidents/2032371-sozi-unamagan-tanysynyn-basyn-baltamen-urgan-pavlodarlyq-turgynga-sot-ukim-sygardy/
14 тамыз 2023, 14:11
kk
Ақмола облысындағы жол апатынан бір отбасы ажал құшты
Ақмола облысында бензин тасығыш жүк көлігімен болған жол апаты салдарынан бір отбасы ажал құшты. Бұл туралы Polisia.kz ақпараттық-медиа порталы хабарлады. Қайғылы оқиға 14 тамыз күні Көкшетау-Рузаевка автожолында болған. Lexus LS 430 көлік құралы мен DAF бензин тасығыш көлігі бетпе-бет соқтығысқан. Апат салдарынан жеңіл автокөлік өртеніп кеткен. "Оқиға орнында Lexus-тың 42 жастағы жүргізушісі, оның жұбайы мен баласы қайтыс болды. Жанармай көлігінің жүргізушісі түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды. ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сараптама тағайындалды", - делінген хабарламада.
Ақмола облысында бензин тасығыш жүк көлігімен болған жол апаты салдарынан бір отбасы ажал құшты. Бұл туралы ақпараттық-медиа порталы хабарлады. Қайғылы оқиға 14 тамыз күні Көкшетау-Рузаевка автожолында болған. Lexus LS 430 көлік құралы мен DAF бензин тасығыш көлігі бетпе-бет соқтығысқан. Апат салдарынан жеңіл автокөлік өртеніп кеткен. "Оқиға орнында Lexus-тың 42 жастағы жүргізушісі, оның жұбайы мен баласы қайтыс болды. Жанармай көлігінің жүргізушісі түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды. ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Оқыс оқиғалар
false
https://kaz.nur.kz/accidents/2032374-aqmola-oblysyndagy-zol-apatynan-bir-otbasy-azal-qusty/
14 тамыз 2023, 13:45
kk
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі журналист Сандуғаш Дүйсеноваға қатысты оқиғаға пікір білдірді
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз хатшысы Нұрбек Амиша Facebook парақшасында журналист Сандуғаш Дүйсеноваға қандай да бір құқықтық көмек көрсетуге дайын екенін мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Ведомство мәліметінше, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ішкі істер органдарына хабарласып, мәселенің мән-жайын білген. "Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Сандуғаш Талдықорғанда жеке өмір мәліметтерін тарату туралы арыз бойынша ұсталып, ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхатпен шығарылған. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Министрлік мәселені назарда ұстайды және журналиске қандай да құқықтық көмек көрсетуге дайын", - деп жазды Нұрбек Амиша Facebook парақшасында. Еске салсақ, 13 тамыз күні Талдықорғанда белгілі қазақстандық белсенді және журналист Сандуғаш Дүйсенованың ұсталғаны туралы белгілі болды. Ол Қылмыстық кодекстің 147-бабы 5-бөлігі ("Адамның жеке өмірі туралы оның жеке немесе отбасы құпиясын құрайтын мәліметтерді тарату") бойынша қозғалған қылмыстық істің фигуранты саналып отыр. Кейін белсендінің адвокаты Ильмира Назырова Дүйсенованың қамауға алынуын заңсыз деп санайтынын мәлімдеді. "Қазіргі уақытта бұл факті бойынша Талдықорған қаласының прокурорына арыз жолданды. Әділ және жан-жақты тергеу болады деп үміттенеміз", – деді ол. Ал 14 тамыз күні белсенді журналист Сандуғаш Дүйсенова полиция ұстау кезінде заңсыз әрекетке барды деп хабарлаған болатын. Жетісу облыстық полиция департаменті аталған жайтқа түсініктеме берді.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз хатшысы Нұрбек Амиша Facebook парақшасында журналист Сандуғаш Дүйсеноваға қандай да бір құқықтық көмек көрсетуге дайын екенін мәлім етті, деп хабарлайды . Ведомство мәліметінше, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ішкі істер органдарына хабарласып, мәселенің мән-жайын білген. "Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Сандуғаш Талдықорғанда жеке өмір мәліметтерін тарату туралы арыз бойынша ұсталып, ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхатпен шығарылған. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Министрлік мәселені назарда ұстайды және журналиске қандай да құқықтық көмек көрсетуге дайын", - деп жазды Нұрбек Амиша Facebook парақшасында. Еске салсақ, 13 тамыз күні Талдықорғанда белгілі қазақстандық белсенді және журналист Сандуғаш Дүйсенованың ұсталғаны туралы белгілі болды. Ол Қылмыстық кодекстің 147-бабы 5-бөлігі ("Адамның жеке өмірі туралы оның жеке немесе отбасы құпиясын құрайтын мәліметтерді тарату") бойынша қозғалған қылмыстық істің фигуранты саналып отыр. Кейін белсендінің адвокаты Ильмира Назырова Дүйсенованың қамауға алынуын заңсыз деп санайтынын мәлімдеді. "Қазіргі уақытта бұл факті бойынша Талдықорған қаласының прокурорына арыз жолданды. Әділ және жан-жақты тергеу болады деп үміттенеміз", – деді ол. Ал 14 тамыз күні белсенді журналист Сандуғаш Дүйсенова полиция ұстау кезінде заңсыз әрекетке барды деп хабарлаған болатын.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032366-aqparat-zane-qogamdyq-damu-ministrligi-ustalgan-sandugas-duisenovaga-qatysty-oqigaga-pikir-bildirdi/
14 тамыз 2023, 13:07
kk
Жемқорлық себеп болды: Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу қиындай түсті
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ішкі істер министрлігімен бірлесіп арнайы ХҚКО қызметіне мониторинг жүргізіп, онда анықталған заңсыздықтар емтихан тапсыру ережелеріне өзгерістер енгізуге себеп болды. Бұл туралы Антикор Telegram-дағы ресми арнасында хабарланды. Ведомствоның хабарлауынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг барысында автокөліктерді заңсыз тіркеу және жүргізуші куәліктерін заңсыз беру жағдайлары анықталды. "Ақпараттық жүйелердің осалдығы, процесстердің жеткіліксіз цифрлануы, автокөлікті тіркеу рәсімінің жетілмегендігі, емтихандарды қабылдау рәсіміндегі құқықтық олқылықтар, автомектептерде атүсті оқыту – осы факторлардың барлығы заңсыз делдалдық қызметтердің пайда болуына ықпал етті", – делінген ведомство хабарламасында. Мониторинг нәтижесі бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі уәкілетті мемлекеттік органдардың атына 22 ұсыныс жолдаған. Бүгінде ұсыныстардың жартысынан көбі орындалған. "Мәселен ІІМ өзінің барлық аумақтық бөлімшесінде автокөлік құралдарының дерекқорын түзетуге қолжетімділікті шектеді. Сонымен қатар Ішкі істер министрінің бұйрығымен жүргізуші куәлігін беру рәсімі күшейтілді. Онда емтиханнан өтушілердің міндетті биометриясы мен тестілеудің барлық процессін бейнетіркеу енгізілді және емтихандарды қайта тапсыру регламенті өзгертілді", – делінген хабарламада. Ведомство ақпаратынша, арнайы ХҚКО мен IІМ-де пилоттық режимде жаңа ақпараттық жүйелер іске қосылған. Жүйеде автомобильдердің деректерін, міндетті төлемдер мен алымдарды, айыппұлдарды автоматты цифрлық салыстыру тетіктері көзделген, кез келген түзетулер үшін мүмкіндіктер алынып тасталды. Сондай-ақ арнайы ХҚКО қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілері қатарына жатқызу ұсынылды. Заң жобасы парламентте қаралуда. "Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, мамандандырылған ХҚКО-ларда әлі құжаттарды ресімдеуге көмек ұсынатын тұлғалар болуы мүмкін. "Көмекшілердің" заңсыз қызметтеріне жүгінбеуіңізді сұраймыз. Егер сіз бұл фактіге тап болсаңыз, онда Антикорға 1424 қысқа нөмірі бойынша дереу хабарлаңыз", – деп ескертті Антикор қызметкерлері. Арнайы ХҚКО қызметіндегі сыбайлас жемқорлық факторларын жою Антикоррупциялық қызметтің бақылауында.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ішкі істер министрлігімен бірлесіп арнайы ХҚКО қызметіне мониторинг жүргізіп, онда анықталған заңсыздықтар емтихан тапсыру ережелеріне өзгерістер енгізуге себеп болды. Бұл туралы Антикор Telegram-дағы ресми арнасында хабарланды. Ведомствоның хабарлауынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг барысында автокөліктерді заңсыз тіркеу және жүргізуші куәліктерін заңсыз беру жағдайлары анықталды. "Ақпараттық жүйелердің осалдығы, процесстердің жеткіліксіз цифрлануы, автокөлікті тіркеу рәсімінің жетілмегендігі, емтихандарды қабылдау рәсіміндегі құқықтық олқылықтар, автомектептерде атүсті оқыту – осы факторлардың барлығы заңсыз делдалдық қызметтердің пайда болуына ықпал етті", – делінген ведомство хабарламасында. Мониторинг нәтижесі бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі уәкілетті мемлекеттік органдардың атына 22 ұсыныс жолдаған. Бүгінде ұсыныстардың жартысынан көбі орындалған. "Мәселен ІІМ өзінің барлық аумақтық бөлімшесінде автокөлік құралдарының дерекқорын түзетуге қолжетімділікті шектеді. Сонымен қатар Ішкі істер министрінің бұйрығымен жүргізуші куәлігін беру рәсімі күшейтілді. Онда емтиханнан өтушілердің міндетті биометриясы мен тестілеудің барлық процессін бейнетіркеу енгізілді және емтихандарды қайта тапсыру регламенті өзгертілді", – делінген хабарламада. Ведомство ақпаратынша, арнайы ХҚКО мен IІМ-де пилоттық режимде жаңа ақпараттық жүйелер іске қосылған. Жүйеде автомобильдердің деректерін, міндетті төлемдер мен алымдарды, айыппұлдарды автоматты цифрлық салыстыру тетіктері көзделген, кез келген түзетулер үшін мүмкіндіктер алынып тасталды. Сондай-ақ арнайы ХҚКО қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілері қатарына жатқызу ұсынылды. Заң жобасы парламентте қаралуда. "Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, мамандандырылған ХҚКО-ларда әлі құжаттарды ресімдеуге көмек ұсынатын тұлғалар болуы мүмкін. "Көмекшілердің" заңсыз қызметтеріне жүгінбеуіңізді сұраймыз. Егер сіз бұл фактіге тап болсаңыз, онда Антикорға 1424 қысқа нөмірі бойынша дереу хабарлаңыз", – деп ескертті Антикор қызметкерлері.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032359-zemqorlyq-sebep-boldy-qazaqstanda-zurgizusi-kualigin-alu-qiyndai-tusti/
14 тамыз 2023, 12:28
kk
Қылмыстық қақтығыстарға дайындалған: Ақтауда қару-жарақ арсеналы тәркіленді
Маңғыстау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында облыс орталығында күдікті топты анықтады. Алдын ала болжам бойынша ұсталғандар қылмыстық қақтығыстарға дайындалған. Бұл туралы Polisia.kz ақпараттық медиа-порталында хабарланды. Ведомствоның хабарлауынша, тінту кезінде ұсталған адамдардан тапаншалар, мылтықтар, 100-ден астам оқ-дәрі, пышақтар және екі магазинді "UZI" моделінің пулеметі тәркіленді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. "Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 287 бабы ("Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды", – делінген хабарламада. Полиция департаментінде тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етілмейтіні атап өтілді.
Маңғыстау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында облыс орталығында күдікті топты анықтады. Алдын ала болжам бойынша ұсталғандар қылмыстық қақтығыстарға дайындалған. Бұл туралы ақпараттық медиа-порталында хабарланды. Ведомствоның хабарлауынша, тінту кезінде ұсталған адамдардан тапаншалар, мылтықтар, 100-ден астам оқ-дәрі, пышақтар және екі магазинді "UZI" моделінің пулеметі тәркіленді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. "Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 287 бабы ("Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды", – делінген хабарламада.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032349-qylmystyq-qaqtygystarga-daiyndalgan-aqtauda-qaru-zaraq-arsenaly-tarkilendi/
14 тамыз 2023, 12:00
kk
"Далада қаңғып қалдым": 62 жастағы жетісулық әлем чемпионы жанайқайын айтты
Бұдан төрт жыл бұрын ардагерлер арасында грем-рим күресінен әлем чемпионы атанып, елге абыройлы алтын медаль әкелген Қасенхан Серғазиев өзгенің есігін жағалап, жалдамалы пәтерде күн кешіп жүр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. Қасенхан Серғазиевтің есімін Панфилов ауданында білмейтін жан кемде-кем. Өңірде спорт саласының, оның ішінде күрестің дамуына зор үлес қосып жүрген азамат жастайынан туған топырағының есімі әлемде ұлықталуына жанкештілікпен атсалысуда. Кеңес үкіметі кезінде Қазақстан бойынша 9-дүркін чемпион атанып, 1981 жылғы КСРО чемпионатында 1-орын иеленген. Осыған дейін түрлі халықаралық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға қол жеткізген ол халықаралық дәрежедегі спорт шебері дәрежесіне де ие. Ең негізгісі — 2019 жылғы Әлем чемпионатында 62 келі салмақ дәрежесінде Жаркенттен шыққан Қасенхан Серғазиев ардагерлер арасында әлем чемпионы атанып, көк туды желбіреткен. Бұдан бөлек чемпион Тұрпан және Сарыбел ауылдарында спорт мектебін ашуға мұрындық болғандардың бірі. Ол ауыл балаларының кәсіби спортпен айналысуы үшін маман ретінде қолынан келгенін жасағанын жеткізді. Десе де кей жағдайларда тәрбиеленушілер қолдың қысқалығынан әлемдік жарыстарға бара алмай қалып жатады, деп қынжылады Қасенхан аға. Ардагердің айтуынша, бүгінде жас спортшылардың әлеуеті жақсы. Тек ауыл-ауылдарда заманауи жабдықталған, жаңа спорт мектептерін ашып, жағдай жасау керек. Мәселен, аудандық спорт мектебі жөндеуге жабылғалы шәкірттері жаттығатын зал таппай сенделуде. Ал бұл жаттығуға кететін «алтын уақытты» жоғалту дейді ол. Ең өкініштісі, өзі жасы пайғамбар жасына жетіп қалса да, үйсіз. Бүгінде пәтер жалдап тұрады.
Бұдан төрт жыл бұрын ардагерлер арасында грем-рим күресінен әлем чемпионы атанып, елге абыройлы алтын медаль әкелген Қасенхан Серғазиев өзгенің есігін жағалап, жалдамалы пәтерде күн кешіп жүр, деп хабарлайды тілшісі. Қасенхан Серғазиевтің есімін Панфилов ауданында білмейтін жан кемде-кем. Өңірде спорт саласының, оның ішінде күрестің дамуына зор үлес қосып жүрген азамат жастайынан туған топырағының есімі әлемде ұлықталуына жанкештілікпен атсалысуда. Кеңес үкіметі кезінде Қазақстан бойынша 9-дүркін чемпион атанып, 1981 жылғы КСРО чемпионатында 1-орын иеленген. Осыған дейін түрлі халықаралық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға қол жеткізген ол халықаралық дәрежедегі спорт шебері дәрежесіне де ие. Ең негізгісі — 2019 жылғы Әлем чемпионатында 62 келі салмақ дәрежесінде Жаркенттен шыққан Қасенхан Серғазиев ардагерлер арасында әлем чемпионы атанып, көк туды желбіреткен. Бұдан бөлек чемпион Тұрпан және Сарыбел ауылдарында спорт мектебін ашуға мұрындық болғандардың бірі. Ол ауыл балаларының кәсіби спортпен айналысуы үшін маман ретінде қолынан келгенін жасағанын жеткізді. Десе де кей жағдайларда тәрбиеленушілер қолдың қысқалығынан әлемдік жарыстарға бара алмай қалып жатады, деп қынжылады Қасенхан аға. Ардагердің айтуынша, бүгінде жас спортшылардың әлеуеті жақсы. Тек ауыл-ауылдарда заманауи жабдықталған, жаңа спорт мектептерін ашып, жағдай жасау керек. Мәселен, аудандық спорт мектебі жөндеуге жабылғалы шәкірттері жаттығатын зал таппай сенделуде. Ал бұл жаттығуға кететін «алтын уақытты» жоғалту дейді ол. Ең өкініштісі, өзі жасы пайғамбар жасына жетіп қалса да, үйсіз.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2032356-dalada-qangyp-qaldym-62-zastagy-zetisulyq-alem-cempiony-zanaiqaiyn-aitty/
14 тамыз 2023, 11:43
kk
Қазақстан Қарулы күштерінің тыл бастығы лауазымына жаңа басшы тағайындалды
Арман Мансұров Қазақстан Қарулы күштерінің тыл бастығы болып тағайындалды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Қорғаныс министрінің бұйрығымен Қазақстан президенті әкімшілігінің келісімі бойынша полковник Арман Мансұров ҚР Қарулы күштерінің тыл бастығы болып тағайындалды. Арман Нұрланұлы – Петропавл жоғары әскери училищесінің түлегі. 2010 жылы Санкт-Петербургтегі армия генералы Хрулев атындағы Тыл және көлік әскери академиясын және 2018 жылы Мәскеудегі Ресей Федерациясы Қарулы күштері Бас штабының Әскери академиясын бітірді. Батальонның әскери-шаруашылық жабдықтарының бастығы, полк қызметінің бастығы, құраманың бастығы, полк және бригада командирінің тыл жөніндегі орынбасары, "Шығыс" және "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылықтары қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды. Арман Мансұров Қарулы күштердің Тыл бастығы лауазымына тағайындалғанға дейін ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары болған.
Арман Мансұров Қазақстан Қарулы күштерінің тыл бастығы болып тағайындалды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады . Қорғаныс министрінің бұйрығымен Қазақстан президенті әкімшілігінің келісімі бойынша полковник Арман Мансұров ҚР Қарулы күштерінің тыл бастығы болып тағайындалды. Арман Нұрланұлы – Петропавл жоғары әскери училищесінің түлегі. 2010 жылы Санкт-Петербургтегі армия генералы Хрулев атындағы Тыл және көлік әскери академиясын және 2018 жылы Мәскеудегі Ресей Федерациясы Қарулы күштері Бас штабының Әскери академиясын бітірді. Батальонның әскери-шаруашылық жабдықтарының бастығы, полк қызметінің бастығы, құраманың бастығы, полк және бригада командирінің тыл жөніндегі орынбасары, "Шығыс" және "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылықтары қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032347-qazaqstan-qaruly-kusterinin-tyl-bastygy-lauazymyna-zana-bassy-tagaiyndaldy/
14 тамыз 2023, 11:29
kk
Құны 1,6 млрд теңге: Ақмола облысында орман қорының учаскесі мемлекетке қайтарылды
Ақмола облысы Ақкөл ауданының прокуратурасы жалпы ауданы 264 гектар, сауықтыру, туристік және спорттық мақсаттар үшін ұзақ мерзімге пайдалануға берілген орман қорының учаскесін мемлекетке қайтарды. Бұл туралы Ақмола облысы прокуратурасының ресми сайтында хабарланды. Ведомствоның хабарлауынша, учаске 2018 жылдан бастап көзделген мақсатта пайдаланбаған, жалдау ақысы төленбеген. Сондай-ақ орман өрті қаупінің жоғары дәрежесіне қарамастан, олардың алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізілмей, өртке қарсы жоспарлар әзірленбеген. Ведомство мәліметінше, жоғарыда аталған мәселе аудан прокуратурасының актісі бойынша уәкілетті органмен сотқа жүгінуге негіз болды. "Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты бұзылып, жалпы құны 1,6 млрд теңге болатын учаске мемлекет меншігіне қайтарылды", – делінген хабарламада.
Ақмола облысы Ақкөл ауданының прокуратурасы жалпы ауданы 264 гектар, сауықтыру, туристік және спорттық мақсаттар үшін ұзақ мерзімге пайдалануға берілген орман қорының учаскесін мемлекетке қайтарды. Бұл туралы Ақмола облысы прокуратурасының ресми сайтында хабарланды. Ведомствоның хабарлауынша, учаске 2018 жылдан бастап көзделген мақсатта пайдаланбаған, жалдау ақысы төленбеген. Сондай-ақ орман өрті қаупінің жоғары дәрежесіне қарамастан, олардың алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізілмей, өртке қарсы жоспарлар әзірленбеген. Ведомство мәліметінше, жоғарыда аталған мәселе аудан прокуратурасының актісі бойынша уәкілетті органмен сотқа жүгінуге негіз болды.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032342-quny-16-mlrd-tenge-aqmola-oblysynda-orman-qorynyn-ucaskesi-memleketke-qaitaryldy/
14 тамыз 2023, 11:06
kk
Белгілі журналист Сандуғаш Дүйсенова полицейлерді заңсыз әрекет етті деп айыптады
Жуырда қамауға алынған белсенді журналист Сандуғаш Дүйсенова полиция ұстау кезінде заңсыз әрекетке барды деп хабарлады. Жетісу облыстық полиция департаменті аталған жайтқа түсініктеме берді. Дүйсенованың мәлімдемесі журналист Оңғар Қабденнің Telegram-арнасында жарияланды. Жарияланған жазбада қамауға алу кезінде белсендінің бір топ адамның алдында шешінуге мәжбүр болғаны және ол сәт камераға түсірілгені айтылған. Алайда полиция департаменті берген түсініктемеге сай, сотқа дейінгі тергеу аясында 11 тамызда соттың рұқсатымен ұсталған Дүйсеноваға неліктен жеке тінту жүргізілгенін түсіндірді. "Тінту рәсімі Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарын қатаң сақтай отырып, тергеуші сот-медициналық сарапшының және екі куәгердің (тінтіліп жатқан адаммен жынысы бір) қатысуымен жүргізілді. Аталған тергеу әрекетін іске асыру кезінде ғылыми-техникалық құралдарды (бейнекамера) пайдалану міндетті және Қылмыстық іс жүргізу кодексімен реттеледі", – деп атап өтті тәртіп сақшылары. Тінту кезінде оның үстінен тыйым салынған заттар табылмаған. Еске салсақ, 13 тамыз күні Талдықорғанда белгілі қазақстандық белсенді және журналист Сандуғаш Дүйсенованың ұсталғаны туралы белгілі болды. Ол Қылмыстық кодекстің 147-бабы 5-бөлігі ("Адамның жеке өмірі туралы оның жеке немесе отбасы құпиясын құрайтын мәліметтерді тарату") бойынша қозғалған қылмыстық істің фигуранты болып табылады. Кейін белсендінің адвокаты Ильмира Назырова Дүйсенованың қамауға алынуын заңсыз деп санайтынын мәлімдеді. "Қазіргі уақытта бұл факті бойынша Талдықорған қаласының прокурорына арыз жолданды. Әділ және жан-жақты тергеу болады деп үміттенеміз", – деді ол.
Жуырда қамауға алынған белсенді журналист Сандуғаш Дүйсенова полиция ұстау кезінде заңсыз әрекетке барды деп хабарлады. Жетісу облыстық полиция департаменті аталған жайтқа түсініктеме берді. Дүйсенованың мәлімдемесі журналист Оңғар Қабденнің Telegram-арнасында жарияланды. Жарияланған жазбада қамауға алу кезінде белсендінің бір топ адамның алдында шешінуге мәжбүр болғаны және ол сәт камераға түсірілгені айтылған. Алайда полиция департаменті берген түсініктемеге сай, сотқа дейінгі тергеу аясында 11 тамызда соттың рұқсатымен ұсталған Дүйсеноваға неліктен жеке тінту жүргізілгенін түсіндірді. "Тінту рәсімі Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарын қатаң сақтай отырып, тергеуші сот-медициналық сарапшының және екі куәгердің (тінтіліп жатқан адаммен жынысы бір) қатысуымен жүргізілді. Аталған тергеу әрекетін іске асыру кезінде ғылыми-техникалық құралдарды (бейнекамера) пайдалану міндетті және Қылмыстық іс жүргізу кодексімен реттеледі", – деп атап өтті тәртіп сақшылары. Тінту кезінде оның үстінен тыйым салынған заттар табылмаған. Еске салсақ, 13 тамыз күні Талдықорғанда белгілі қазақстандық белсенді және журналист Сандуғаш Дүйсенованың ұсталғаны туралы белгілі болды. Ол Қылмыстық кодекстің 147-бабы 5-бөлігі ("Адамның жеке өмірі туралы оның жеке немесе отбасы құпиясын құрайтын мәліметтерді тарату") бойынша қозғалған қылмыстық істің фигуранты болып табылады. Кейін белсендінің адвокаты Ильмира Назырова Дүйсенованың қамауға алынуын заңсыз деп санайтынын мәлімдеді. "Қазіргі уақытта бұл факті бойынша Талдықорған қаласының прокурорына арыз жолданды.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032329-belgili-zurnalist-sandugas-duisenova-ustau-kezinde-policeilerdi-zansyz-areket-etti-dep-aiyptady/
14 тамыз 2023, 10:42
kk
"Бұл - бассыздық": Хабиб Нурмогамедов ерлер мен әйелдер бірге баратын дәретхананы сынға алды
UFC чемпионы Хабиб Нурмогамедов ерлер мен әйелдерге арналған АҚШ-тағы дәретханаға таңданысын жасырмайды. Бұл туралы fightnews.info сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Бұл жағдай Калифорниядағы кофеханалардың бірінде болған. "Мен тек әйел мен еркекті білемін. Оның ортасында ештеңе жоқ. Бұл - бассыздық. Бірнеше апта бұрын Калифорниядағы кофеханаға кірдім. Дәретханаға барғым келді де, маған қайда бару керектігін көрсетті. Барсам, есікте: "Барлық жынысқа арналған" деген тақтайша ілініп тұр. "Бұл не? Қайда тап болдым?", - деп ойладым. Мұндайды бірінші рет көрдім", - дейді Хабиб. Айта кетелік, бұған дейін Хабиб Илон Маскты Марк Цукербергке қарсы өтетін кездесуге дайындаудан бас тартқан еді.
UFC чемпионы Хабиб Нурмогамедов ерлер мен әйелдерге арналған АҚШ-тағы дәретханаға таңданысын жасырмайды. Бұл туралы fightnews.info сайтына сілтеме жасаған хабарлайды. Бұл жағдай Калифорниядағы кофеханалардың бірінде болған. "Мен тек әйел мен еркекті білемін. Оның ортасында ештеңе жоқ. Бұл - бассыздық. Бірнеше апта бұрын Калифорниядағы кофеханаға кірдім. Дәретханаға барғым келді де, маған қайда бару керектігін көрсетті. Барсам, есікте: "Барлық жынысқа арналған" деген тақтайша ілініп тұр. "Бұл не? Қайда тап болдым?", - деп ойладым. Мұндайды бірінші рет көрдім", - дейді Хабиб.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2032289-bul-bassyzdyq-xabib-nurmogamedov-erler-men-aielder-birge-baratyn-daretxanany-synga-aldy/
14 тамыз 2023, 10:04
kk
Қыркүйектен бастап бастауыш сынып оқушылары тегін тамақпен қамтылады
Биыл 1 қыркүйектен бастап мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша аз қамтылған отбасыдан шыққан 1,5 млн астам оқушыға, сондай-ақ әлеуметтік мәртебесіне қарамастан 1-4 сынып оқушыларына тегін тамақтандыруды ұйымдастыру жоспарлануда. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасында хабарланды. Ведомство мәліметінше, бүгінде Қазақстанда тегін тамақтану құны орта есеппен 577 теңгені құрайды, ал ең жоғары баға мөлшері Алматы қаласында - 800 теңге. "Алдыңғы жылдары 1-4 сынып оқушыларын тегін тамақпен қамту 56,6 пайызды құрады. Бұл Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда және Атырау облыстарының оқушылары. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында қалған өңірлердің оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді, осылайша жаңа оқу жылынан бастап 100 пайыздық көрсеткішке қол жеткізілетін болады", - деп бөлісті Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің басқарма басшысы Дана Мақтаева. Сонымен қатар бүгінде министрлікте мектептегі тамақтану сапасын арттыру мәселесі пысықталып жатыр.
Биыл 1 қыркүйектен бастап мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша аз қамтылған отбасыдан шыққан 1,5 млн астам оқушыға, сондай-ақ әлеуметтік мәртебесіне қарамастан 1-4 сынып оқушыларына тегін тамақтандыруды ұйымдастыру жоспарлануда. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасында хабарланды. Ведомство мәліметінше, бүгінде Қазақстанда тегін тамақтану құны орта есеппен 577 теңгені құрайды, ал ең жоғары баға мөлшері Алматы қаласында - 800 теңге. "Алдыңғы жылдары 1-4 сынып оқушыларын тегін тамақпен қамту 56,6 пайызды құрады. Бұл Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда және Атырау облыстарының оқушылары. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында қалған өңірлердің оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді, осылайша жаңа оқу жылынан бастап 100 пайыздық көрсеткішке қол жеткізілетін болады", - деп бөлісті Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің басқарма басшысы Дана Мақтаева.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032325-qyrkuiekten-bastap-bastauys-synyp-oqusylary-tegin-tamaqpen-qamtylady/
14 тамыз 2023, 09:43
kk
2023 жылғы 14 тамыз: Алматы, Астана және Шымкенттегі қолма-қол валюта бағамдары
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми деректеріне сәйкес, бүгін, 2023 жылғы 14 тамыз күнгі жағдай бойынша теңгенің долларға шаққандағы бағамы – 445.81 (+0.00), еуроға шаққандағы бағамы – 489.28 (+0.00) және рубльге шаққандағы бағамы – 4.53 (+0.00). Алматының ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 447.00 (МиГ) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 449.50 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 490.00 (МиГ) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 492.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.50 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.65 (CenterCredit).* Астананың ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 446.50 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 449.50 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 487.69 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 492.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.50 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.65 (CenterCredit).* Шымкенттің ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 446.50 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 449.50 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 487.69 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 492.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.50 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.65 (CenterCredit).* Ақпарат ресми дереккөздерден – қазақстандық банктердің және Алматы, Астана, Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау орындарының сайттарынан алынды. Қалаңыздағы ең тиімді валюта бағамдары туралы ақпаратты бірінші алғыңыз келе ме? Telegram-да біздің ботқа жазылыңыз. *Валюталарды сату және сатып алу бойынша ең тиімді бағамдарға қатысты ақпарат мақаланы жариялаған сәтте өзекті.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми деректеріне сәйкес, бүгін, 2023 жылғы 14 тамыз күнгі жағдай бойынша теңгенің долларға шаққандағы бағамы – 445.81 (+0.00), еуроға шаққандағы бағамы – 489.28 (+0.00) және рубльге шаққандағы бағамы – 4.53 (+0.00). Алматының ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 447.00 (МиГ) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 449.50 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 490.00 (МиГ) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 492.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.50 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.65 (CenterCredit).* Астананың ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 446.50 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 449.50 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 487.69 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 492.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.50 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.65 (CenterCredit).* Шымкенттің ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 446.50 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 449.50 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 487.69 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 492.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.50 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.65 (CenterCredit).* Ақпарат ресми дереккөздерден – қазақстандық банктердің және Алматы, Астана, Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау орындарының сайттарынан алынды. Қалаңыздағы ең тиімді валюта бағамдары туралы ақпаратты бірінші алғыңыз келе ме? Telegram-да біздің ботқа жазылыңыз.
Қаржы
false
https://kaz.nur.kz/nurfin/2032321-2023-zylgy-14-tamyz-almaty-astana-zane-symkenttegi-qolma-qol-valyuta-bagamdary/
14 тамыз 2023, 09:24
kk
Бұрынғы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді жаңа қызметке тағайындалды
14 тамызда, дүйсенбі күні, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен бірқатар ауыс-түйіс болды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды. Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды. Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Данат Өмірбайұлы Мұсаев Қазақстан Республикасының Андорра Князьдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, БҰҰ Дүниежүзілік туризм ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
14 тамызда, дүйсенбі күні, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен бірқатар ауыс-түйіс болды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды. Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды.
Саясат және экономика
false
https://kaz.nur.kz/politics/2032324-buryngy-syrtqy-ister-ministri-muxtar-tileuberdi-zana-lauazymga-tagaiyndaldy/
14 тамыз 2023, 09:17
kk
Смартфон себеп болуы мүмкін: Өскеменде тоғыз қабатты тұрғын үйден шыққан өрттен 20 адам эвакуацияланды
Өскеменде көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт болды. Алдын ала болжам бойынша өрт тоққа қосулы күйде қалып қойған смартфонның салдарынан туындаған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтында хабарланды. ТЖМ хабарлауынша, 13 тамызда Өскемен қаласында Славский атындағы Набережная көшесінде орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйдің жетінші қабатындағы пәтерде өрт шықты. Оқиға орнына Шығыс Қазақстан облысы ТЖД өрт сөндірушілері жедел жеткен. Өрт сөндірушілер 20 адамды, оның ішінде 5 баланы эвакуациялады. ТЖМ мәліметінше, өрт ауданы 20 шаршы метрге жеткен. Ол арнайы техника арқылы сөндірілді. Өрт ошағы болған пәтерде ешкім болмағаны анықталды. Қайтыс болған және зардап шеккен адамдар болған жоқ. "Өрттің алдын ала себебі – электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы, яғни қуат көзінде қосулы күйде қалған ұялы телефон болды", - делінген хабарламада. Өртті сөндіруге ШҚО ТЖД жеке құрамынан 18 адам және 6 арнайы техникасы жұмылдырылды. ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау керектігін еске салды: Өрт кезіндегі тәртіп ережелері:
Өскеменде көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт болды. Алдын ала болжам бойынша өрт тоққа қосулы күйде қалып қойған смартфонның салдарынан туындаған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтында хабарланды. ТЖМ хабарлауынша, 13 тамызда Өскемен қаласында Славский атындағы Набережная көшесінде орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйдің жетінші қабатындағы пәтерде өрт шықты. Оқиға орнына Шығыс Қазақстан облысы ТЖД өрт сөндірушілері жедел жеткен. Өрт сөндірушілер 20 адамды, оның ішінде 5 баланы эвакуациялады. ТЖМ мәліметінше, өрт ауданы 20 шаршы метрге жеткен. Ол арнайы техника арқылы сөндірілді. Өрт ошағы болған пәтерде ешкім болмағаны анықталды. Қайтыс болған және зардап шеккен адамдар болған жоқ. "Өрттің алдын ала себебі – электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы, яғни қуат көзінде қосулы күйде қалған ұялы телефон болды", - делінген хабарламада. Өртті сөндіруге ШҚО ТЖД жеке құрамынан 18 адам және 6 арнайы техникасы жұмылдырылды.
Оқыс оқиғалар
false
https://kaz.nur.kz/accidents/2032317-smartfon-sebep-boluy-mumkin-oskemende-togyz-qabatty-turgyn-uiden-syqqan-ortten-20-adam-evakuaciyalandy/
14 тамыз 2023, 09:13
kk
"Қолдана алмаймын": АҚШ-та тұратын Василий Жиров Қазақстан төлқұжатын не істеді
Әйгілі қазақстандық боксшы Василий Жиров Қазақстан төлқұжатын сақтап қойған. Бұл туралы fightnews.info сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Кәсіби бокстан әлем чемпионы Василий Жиров ұзақ уақыттан бері АҚШ-та тұрады. Ол Қазақстан заңы рұқсат етпесе де, өз елінің төлқұжатын сақтап қойғанын айтты. "Мен өзімді әлемнің адамы деп есептеймін. Қазақстандық төлқұжатым бар, бірақ қос азаматтыққа рұқсат болмағасын, оны қолдана алмаймын. Қазақстанда менің отбасым, анам, бауырларым мен қарындастарым қалды. Көптеген досым да бар. Өзімді толысқан адаммын деп есептеймін бе? Әлі мұнымен жұмыс істеудемін. Бұл біздің бүкіл өміріміздің жұмысы. Ал боксшы ретінде жетістіктерге жеттім", - деді Жиров. Василий Жиров Қазақстан құрамасы сапында 1996 жылғы Атланта Олимпиадасының жеңімпазы атанған.
Әйгілі қазақстандық боксшы Василий Жиров Қазақстан төлқұжатын сақтап қойған. Бұл туралы fightnews.info сайтына сілтеме жасаған хабарлайды. Кәсіби бокстан әлем чемпионы Василий Жиров ұзақ уақыттан бері АҚШ-та тұрады. Ол Қазақстан заңы рұқсат етпесе де, өз елінің төлқұжатын сақтап қойғанын айтты. "Мен өзімді әлемнің адамы деп есептеймін. Қазақстандық төлқұжатым бар, бірақ қос азаматтыққа рұқсат болмағасын, оны қолдана алмаймын. Қазақстанда менің отбасым, анам, бауырларым мен қарындастарым қалды. Көптеген досым да бар. Өзімді толысқан адаммын деп есептеймін бе? Әлі мұнымен жұмыс істеудемін. Бұл біздің бүкіл өміріміздің жұмысы. Ал боксшы ретінде жетістіктерге жеттім", - деді Жиров.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2032288-qoldana-almaimyn-aqs-ta-turatyn-vasilii-zirov-qazaqstan-tolquzatyn-ne-istedi/
14 тамыз 2023, 09:05
kk
Дастарханның сәні: жеміс-жидектерді қонақтарға әдемі етіп ұсынудың оңай тәсілдері
Жемістерді әдемілеп кесіп ұсыну дастарханның сәнін келтіретіні сөзсіз. Оны безендіру үшін әр түрлі жеміс-жидекті турау әдістері қолданалады. Food Network, F.N.Sharp, Womans Day интернет-басылымдары жемістерді сәндеудің арнайы дизайн идеяларын ұсынады. Құлпынайдан гүлдер жасап шығаруға болады. Безендіру үшін ірі, қаттылау, езілмеген жемістерді таңдаңыз. Құлпынайдың жасыл жапырағын алып тастамаңыз. Раушан гүлін шығару үшін келесідей жасаймыз: Раушан түрінде жасалған құлпынайлардан букет жасауға болады. Бұл әдіспен дайындалған құлпынаймен, торт немесе десерттерді безендіруге болады. Дастарханның үстінде түрлі-түсті жемістердің болуы ерекше әсемдік сыйлайды. Қарапайым алма тропикалық жемістермен өте керемет үйлесім таба алады. Жемістерді дастарханға қалай әдемі ұсынуға болады? Ол үшін келесідей жасаңыз: Жемістер композициясын кивимен толықтыруға болады. Кивиді тазалап, бір бөлігін гүл тәрізді етіп жасап, екінші бөлігін слайс ретінде кесіп, апельсиннің жанына қоюға болады. Қарбыз ең шырынды әрі ең ірі жеміс түрі болып табылады. Оны әркім өз қалауынша турап, дастарханға ұсынып жатады. F.N.Sharp интернет-порталы қарбызды турау үшін бас аспаздың пышағын, сантоку немесе нан кесетін пышақты пайдаланған дұрыс деп кеңес береді. Қарбызды дұрыс турау үшін келесідей жасаңыз: Адам саны көп болса, қарбызды бірнеше тарелкаға салып дайындаңыз. Туралған соң, көп ұзатпай дастарханға ұсыныңыз. Сонда қарбыз өз балғындығын сақтап қалады. Бұл экзотикалық жемісті әр түрлі әдіспен турап, дастарханға ұсынуға болады. Food Network журналы оны келесідей турауға кеңес береді: Бөлініп қалған манго кубиктарын басқа да тағамдарға қолдануға болады. Кірпі пішіндегі манго - дастарханға ерекше көрік беретіні сөзсіз. Дастарханға бананды қалай дұрыс турап қоюға болады? Мерекелік дастарханға бананды екі әдіспен қояды: сыртын тазалап немесе ішкі бөлігін сыртынан ажыратпай. Дастарханыңызға екі әдіспен де бананды қойыңыз: Womans Day журналының пікірінше бананды тазаламай-ақ, кесіп қоюға болады. Ол әсіресе балаларға ұнауы мүмкін. Ірі, қара дақтарсыз, сары түсті банан таңдаған дұрыс. Әдемі кесіліп ұсынылған банан, балалар мерекесіне таптырмас безендіру құралы болып табылады. Дастарханның сәнін әр түрлі жемістен жасалған ассорти келтіретіні анық. Жеміс ассортиіне не кіреді? Ассортиге 5-10 түрлі жеміс-жидек түрін қолданыңыз. Оларды әр түрлі формада немесе қарапайым тілімдермен, үйлестіріп жинауға болады. Жеміс-жидек ассортиінің ең қарапайым түрі: Қалауыңызша жүзіммен безендіруге болады. Жасыл алманы қызыл алмамен алмастырып, композияцияға тартымдылық сыйлауға болады. Жеміс-жидекті дұрыс ұсыну арқылы, мерекелік дастархан өте сәнді көрінеді. Ерекше композиция жасау үшін бір немесе бірнеше жеміс пайдаланып, берілген әдістерді қолдануға болады.
Жемістерді әдемілеп кесіп ұсыну дастарханның сәнін келтіретіні сөзсіз. Оны безендіру үшін әр түрлі жеміс-жидекті турау әдістері қолданалады. Food Network, F.N.Sharp, Womans Day интернет-басылымдары жемістерді сәндеудің арнайы дизайн идеяларын ұсынады. Құлпынайдан гүлдер жасап шығаруға болады. Безендіру үшін ірі, қаттылау, езілмеген жемістерді таңдаңыз. Құлпынайдың жасыл жапырағын алып тастамаңыз. Раушан гүлін шығару үшін келесідей жасаймыз: Раушан түрінде жасалған құлпынайлардан букет жасауға болады. Бұл әдіспен дайындалған құлпынаймен, торт немесе десерттерді безендіруге болады. Дастарханның үстінде түрлі-түсті жемістердің болуы ерекше әсемдік сыйлайды. Қарапайым алма тропикалық жемістермен өте керемет үйлесім таба алады. Жемістерді дастарханға қалай әдемі ұсынуға болады? Ол үшін келесідей жасаңыз: Жемістер композициясын кивимен толықтыруға болады. Кивиді тазалап, бір бөлігін гүл тәрізді етіп жасап, екінші бөлігін слайс ретінде кесіп, апельсиннің жанына қоюға болады. Қарбыз ең шырынды әрі ең ірі жеміс түрі болып табылады. Оны әркім өз қалауынша турап, дастарханға ұсынып жатады. F.N.Sharp интернет-порталы қарбызды турау үшін бас аспаздың пышағын, сантоку немесе нан кесетін пышақты пайдаланған дұрыс деп кеңес береді. Қарбызды дұрыс турау үшін келесідей жасаңыз: Адам саны көп болса, қарбызды бірнеше тарелкаға салып дайындаңыз. Туралған соң, көп ұзатпай дастарханға ұсыныңыз. Сонда қарбыз өз балғындығын сақтап қалады. Бұл экзотикалық жемісті әр түрлі әдіспен турап, дастарханға ұсынуға болады. Food Network журналы оны келесідей турауға кеңес береді: Бөлініп қалған манго кубиктарын басқа да тағамдарға қолдануға болады. Кірпі пішіндегі манго - дастарханға ерекше көрік беретіні сөзсіз. Дастарханға бананды қалай дұрыс турап қоюға болады? Мерекелік дастарханға бананды екі әдіспен қояды: сыртын тазалап немесе ішкі бөлігін сыртынан ажыратпай. Дастарханыңызға екі әдіспен де бананды қойыңыз: Womans Day журналының пікірінше бананды тазаламай-ақ, кесіп қоюға болады. Ол әсіресе балаларға ұнауы мүмкін. Ірі, қара дақтарсыз, сары түсті банан таңдаған дұрыс. Әдемі кесіліп ұсынылған банан, балалар мерекесіне таптырмас безендіру құралы болып табылады. Дастарханның сәнін әр түрлі жемістен жасалған ассорти келтіретіні анық. Жеміс ассортиіне не кіреді? Ассортиге 5-10 түрлі жеміс-жидек түрін қолданыңыз. Оларды әр түрлі формада немесе қарапайым тілімдермен, үйлестіріп жинауға болады. Жеміс-жидек ассортиінің ең қарапайым түрі: Қалауыңызша жүзіммен безендіруге болады. Жасыл алманы қызыл алмамен алмастырып, композияцияға тартымдылық сыйлауға болады. Жеміс-жидекті дұрыс ұсыну арқылы, мерекелік дастархан өте сәнді көрінеді.
Калейдоскоп
false
https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2031752-dastarxannyn-sani-zemis-zidekterdi-qonaqtarga-ademi-etip-usynudyn-onai-tasilderi/
14 тамыз 2023, 08:43
kk
Жаңбырлы: Астанада жеті күнде күн райы қандай болады
Алдағы жеті күнде Астанада ауа райы қандай болатынын KAZ.NUR.KZ порталы OpenWeather синоптиктеріне сілтеме жасап назарға ұсынады. 14 тамыз күні Астанада күн ашық болады. Орташа температура 16°C деңгейінде болғанымен, 15°C секілді сезіледі. Күндіз ауа температурасы 20°C-қа дейін көтеріліп, түнде 10°C-қа дейін түсуі мүмкін. Ауа ылғалдығы 27% деңгейінде болады, ал желдің жылдамдығы 6,2 м/с болмақ. 15 тамыз күні жаңбыр болады. Ауа температурасы шамамен 16°C-қа жеткенімен, 15°C секілді сезілетін болады. Ауа температурасының максималды көрсеткіші 21°C-қа дейін жетіп, ал минималды көрсеткіші 11°C деңгейіне дейін түседі. Ауа ылғалдығы 43% болып, ал желдің жылдамдығы 4,6 м/с-қа жетеді. 16 тамыз күні ауа райы күн ашық болады деп күтіледі. Орташа ауа температурасы 17°C болғанымен, 17°C секілді сезілетін болады. Күндіз ауа температурасы 23°C-қа дейін көтеріліп, түнде 11°C-қа дейін түседі. Ауа ылғалдығы 38% деңгейінде болып, желдің жылдамдығы 4,1 м/с-қа дейін жетеді. 17 тамыз күні синоптиктер Астанада күн ашық болады деп болжап отыр. Ауа температурасының орташа деңгейі 20°C болғанымен, 19°C секілді сезілетін болады. Ауа температурасының максималды көрсеткіші 25°C-қа дейін жетіп, ал минималды көрсеткіші 13°C-қа дейін түсуі мүмкін. Ауа ылғалдығы 34% деңгейінде, ал желдің жылдамдығы 2,9 м/с деңгейінде болады. 18 тамыз күні күн ашық болады. Орташа тәуліктік температура – 23°C болғанымен, 22°C секілді сезіледі. Күндіз ауа температурасы 28°C-қа дейін ысиды, ал түнде 15°C-қа дейін суитын болады. Ауа ылғалдығы 27% деңгейіне дейін жетіп, желдің жылдамдығы 2,4 м/с-қа дейін барады. 19 тамыз күні күн ала бұлтты болады деп күтіледі. Ауа температурасының орташа деңгейі 25°C болғанымен, 24°C секілді сезіледі. Максималды ауа температурасы 30°C болса, минималды температура 18°C болмақ. Ауа ылғалдығы 25%, ал желдің жылдамдығы 2,6 м/с-қа дейін үдейді. 20 тамыз күні синоптиктер болжамы бойынша жаңбыр болады. Орташа ауа температурасы 26°C болғанымен, 25°C секілді сезілетін болады. Ауа температурасы 31°C-қа дейін көтеріліп, түнде 23°C-қа дейін түсуі ықтимал. Ауа ылғалдығы 24% болып, желдің жылдамдығы 3,5 м/с-қа дейін жетеді.
Алдағы жеті күнде Астанада ауа райы қандай болатынын порталы OpenWeather синоптиктеріне сілтеме жасап назарға ұсынады. 14 тамыз күні Астанада күн ашық болады. Орташа температура 16°C деңгейінде болғанымен, 15°C секілді сезіледі. Күндіз ауа температурасы 20°C-қа дейін көтеріліп, түнде 10°C-қа дейін түсуі мүмкін. Ауа ылғалдығы 27% деңгейінде болады, ал желдің жылдамдығы 6,2 м/с болмақ. 15 тамыз күні жаңбыр болады. Ауа температурасы шамамен 16°C-қа жеткенімен, 15°C секілді сезілетін болады. Ауа температурасының максималды көрсеткіші 21°C-қа дейін жетіп, ал минималды көрсеткіші 11°C деңгейіне дейін түседі. Ауа ылғалдығы 43% болып, ал желдің жылдамдығы 4,6 м/с-қа жетеді. 16 тамыз күні ауа райы күн ашық болады деп күтіледі. Орташа ауа температурасы 17°C болғанымен, 17°C секілді сезілетін болады. Күндіз ауа температурасы 23°C-қа дейін көтеріліп, түнде 11°C-қа дейін түседі. Ауа ылғалдығы 38% деңгейінде болып, желдің жылдамдығы 4,1 м/с-қа дейін жетеді. 17 тамыз күні синоптиктер Астанада күн ашық болады деп болжап отыр. Ауа температурасының орташа деңгейі 20°C болғанымен, 19°C секілді сезілетін болады. Ауа температурасының максималды көрсеткіші 25°C-қа дейін жетіп, ал минималды көрсеткіші 13°C-қа дейін түсуі мүмкін. Ауа ылғалдығы 34% деңгейінде, ал желдің жылдамдығы 2,9 м/с деңгейінде болады. 18 тамыз күні күн ашық болады. Орташа тәуліктік температура – 23°C болғанымен, 22°C секілді сезіледі. Күндіз ауа температурасы 28°C-қа дейін ысиды, ал түнде 15°C-қа дейін суитын болады. Ауа ылғалдығы 27% деңгейіне дейін жетіп, желдің жылдамдығы 2,4 м/с-қа дейін барады. 19 тамыз күні күн ала бұлтты болады деп күтіледі. Ауа температурасының орташа деңгейі 25°C болғанымен, 24°C секілді сезіледі. Максималды ауа температурасы 30°C болса, минималды температура 18°C болмақ. Ауа ылғалдығы 25%, ал желдің жылдамдығы 2,6 м/с-қа дейін үдейді. 20 тамыз күні синоптиктер болжамы бойынша жаңбыр болады. Орташа ауа температурасы 26°C болғанымен, 25°C секілді сезілетін болады. Ауа температурасы 31°C-қа дейін көтеріліп, түнде 23°C-қа дейін түсуі ықтимал.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032307-astanada-bir-apta-isinde-aua-raiy-qandai-bolady/
14 тамыз 2023, 08:24
kk
Алдағы аптада Шымкентте ауа райы қандай болмақ
Алдағы жеті күнде Шымкентте ауа райы қандай болатынын KAZ.NUR.KZ порталы OpenWeather синоптиктеріне сілтеме жасап назарға ұсынады. 14 тамыз күні Шымкентте күн ашық болады. Орташа температура 23°C деңгейінде болғанымен, 22°C секілді сезіледі. Күндіз ауа температурасы 29°C-қа дейін көтеріліп, түнде 18°C-қа дейін түсуі мүмкін. Ауа ылғалдығы 19% деңгейінде болады, ал желдің жылдамдығы 7,0 м/с болмақ. 15 тамыз күні күн ашық болады. Ауа температурасы шамамен 24°C-қа жеткенімен, 22°C секілді сезілетін болады. Ауа температурасының максималды көрсеткіші 31°C-қа дейін жетіп, ал минималды көрсеткіші 15°C деңгейіне дейін түседі. Ауа ылғалдығы 11% болып, ал желдің жылдамдығы 7,3 м/с-қа жетеді. 16 тамыз күні ауа райы күн ала бұлтты болады деп күтіледі. Орташа ауа температурасы 26°C болғанымен, 24°C секілді сезілетін болады. Күндіз ауа температурасы 33°C-қа дейін көтеріліп, түнде 17°C-қа дейін түседі. Ауа ылғалдығы 10% деңгейінде болып, желдің жылдамдығы 4,7 м/с-қа дейін жетеді. 17 тамыз күні синоптиктер Шымкентте күн ашық болады деп болжап отыр. Ауа температурасының орташа деңгейі 29°C болғанымен, 27°C секілді сезілетін болады. Ауа температурасының максималды көрсеткіші 36°C-қа дейін жетіп, ал минималды көрсеткіші 20°C-қа дейін түсуі мүмкін. Ауа ылғалдығы 9% деңгейінде, ал желдің жылдамдығы 4,8 м/с деңгейінде болады. 18 тамыз күні күн ашық болады. Орташа тәуліктік температура – 30°C болғанымен, 28°C секілді сезіледі. Күндіз ауа температурасы 37°C-қа дейін ысиды, ал түнде 22°C-қа дейін суитын болады. Ауа ылғалдығы 9% деңгейіне дейін жетіп, желдің жылдамдығы 5,9 м/с-қа дейін барады. 19 тамыз күні күн ашық болады деп күтіледі. Ауа температурасының орташа деңгейі 30°C болғанымен, 28°C секілді сезіледі. Максималды ауа температурасы 36°C болса, минималды температура 21°C болмақ. Ауа ылғалдығы 12%, ал желдің жылдамдығы 4,1 м/с-қа дейін үдейді. 20 тамыз күні синоптиктер болжамы бойынша күн аздаған бұлтты болады. Орташа ауа температурасы 30°C болғанымен, 28°C секілді сезілетін болады. Ауа температурасы 36°C-қа дейін көтеріліп, түнде 22°C-қа дейін түсуі ықтимал. Ауа ылғалдығы 10% болып, желдің жылдамдығы 4,5 м/с-қа дейін жетеді.
Алдағы жеті күнде Шымкентте ауа райы қандай болатынын порталы OpenWeather синоптиктеріне сілтеме жасап назарға ұсынады. 14 тамыз күні Шымкентте күн ашық болады. Орташа температура 23°C деңгейінде болғанымен, 22°C секілді сезіледі. Күндіз ауа температурасы 29°C-қа дейін көтеріліп, түнде 18°C-қа дейін түсуі мүмкін. Ауа ылғалдығы 19% деңгейінде болады, ал желдің жылдамдығы 7,0 м/с болмақ. 15 тамыз күні күн ашық болады. Ауа температурасы шамамен 24°C-қа жеткенімен, 22°C секілді сезілетін болады. Ауа температурасының максималды көрсеткіші 31°C-қа дейін жетіп, ал минималды көрсеткіші 15°C деңгейіне дейін түседі. Ауа ылғалдығы 11% болып, ал желдің жылдамдығы 7,3 м/с-қа жетеді. 16 тамыз күні ауа райы күн ала бұлтты болады деп күтіледі. Орташа ауа температурасы 26°C болғанымен, 24°C секілді сезілетін болады. Күндіз ауа температурасы 33°C-қа дейін көтеріліп, түнде 17°C-қа дейін түседі. Ауа ылғалдығы 10% деңгейінде болып, желдің жылдамдығы 4,7 м/с-қа дейін жетеді. 17 тамыз күні синоптиктер Шымкентте күн ашық болады деп болжап отыр. Ауа температурасының орташа деңгейі 29°C болғанымен, 27°C секілді сезілетін болады. Ауа температурасының максималды көрсеткіші 36°C-қа дейін жетіп, ал минималды көрсеткіші 20°C-қа дейін түсуі мүмкін. Ауа ылғалдығы 9% деңгейінде, ал желдің жылдамдығы 4,8 м/с деңгейінде болады. 18 тамыз күні күн ашық болады. Орташа тәуліктік температура – 30°C болғанымен, 28°C секілді сезіледі. Күндіз ауа температурасы 37°C-қа дейін ысиды, ал түнде 22°C-қа дейін суитын болады. Ауа ылғалдығы 9% деңгейіне дейін жетіп, желдің жылдамдығы 5,9 м/с-қа дейін барады. 19 тамыз күні күн ашық болады деп күтіледі. Ауа температурасының орташа деңгейі 30°C болғанымен, 28°C секілді сезіледі. Максималды ауа температурасы 36°C болса, минималды температура 21°C болмақ. Ауа ылғалдығы 12%, ал желдің жылдамдығы 4,1 м/с-қа дейін үдейді. 20 тамыз күні синоптиктер болжамы бойынша күн аздаған бұлтты болады. Орташа ауа температурасы 30°C болғанымен, 28°C секілді сезілетін болады. Ауа температурасы 36°C-қа дейін көтеріліп, түнде 22°C-қа дейін түсуі ықтимал.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032306-symkentte-bir-apta-isinde-aua-raiy-qandai-bolady/
14 тамыз 2023, 08:22
kk
Алматыда бір апта ішінде ауа райы қандай болады
Алдағы жеті күнде Алматыда ауа райы қандай болатынын KAZ.NUR.KZ порталы OpenWeather синоптиктеріне сілтеме жасап назарға ұсынады. 14 тамыз күні Алматыда жаңбыр болады. Орташа температура 17°C деңгейінде болғанымен, 16°C секілді сезіледі. Күндіз ауа температурасы 22°C-қа дейін көтеріліп, түнде 13°C-қа дейін түсуі мүмкін. Ауа ылғалдығы 39% деңгейінде болады, ал желдің жылдамдығы 3,9 м/с болмақ. 15 тамыз күні күн аздаған бұлтты болады. Ауа температурасы шамамен 19°C-қа жеткенімен, 18°C секілді сезілетін болады. Ауа температурасының максималды көрсеткіші 25°C-қа дейін жетіп, ал минималды көрсеткіші 13°C деңгейіне дейін түседі. Ауа ылғалдығы 28% болып, ал желдің жылдамдығы 3,7 м/с-қа жетеді. 16 тамыз күні ауа райы күн ашық болады деп күтіледі. Орташа ауа температурасы 22°C болғанымен, 21°C секілді сезілетін болады. Күндіз ауа температурасы 28°C-қа дейін көтеріліп, түнде 15°C-қа дейін түседі. Ауа ылғалдығы 19% деңгейінде болып, желдің жылдамдығы 3,8 м/с-қа дейін жетеді. 17 тамыз күні синоптиктер Алматыда күн ашық болады деп болжап отыр. Ауа температурасының орташа деңгейі 24°C болғанымен, 23°C секілді сезілетін болады. Ауа температурасының максималды көрсеткіші 30°C-қа дейін жетіп, ал минималды көрсеткіші 17°C-қа дейін түсуі мүмкін. Ауа ылғалдығы 18% деңгейінде, ал желдің жылдамдығы 4,9 м/с деңгейінде болады. 18 тамыз күні күн ашық болады. Орташа тәуліктік температура – 25°C болғанымен, 23°C секілді сезіледі. Күндіз ауа температурасы 31°C-қа дейін ысиды, ал түнде 18°C-қа дейін суитын болады. Ауа ылғалдығы 20% деңгейіне дейін жетіп, желдің жылдамдығы 2,8 м/с-қа дейін барады. 19 тамыз күні күн ашық болады деп күтіледі. Ауа температурасының орташа деңгейі 26°C болғанымен, 24°C секілді сезіледі. Максималды ауа температурасы 32°C болса, минималды температура 19°C болмақ. Ауа ылғалдығы 17%, ал желдің жылдамдығы 4,2 м/с-қа дейін үдейді. 20 тамыз күні синоптиктер болжамы бойынша күн аздаған бұлтты болады. Орташа ауа температурасы 26°C болғанымен, 25°C секілді сезілетін болады. Ауа температурасы 33°C-қа дейін көтеріліп, түнде 20°C-қа дейін түсуі ықтимал. Ауа ылғалдығы 17% болып, желдің жылдамдығы 4,0 м/с-қа дейін жетеді.
Алдағы жеті күнде Алматыда ауа райы қандай болатынын порталы OpenWeather синоптиктеріне сілтеме жасап назарға ұсынады. 14 тамыз күні Алматыда жаңбыр болады. Орташа температура 17°C деңгейінде болғанымен, 16°C секілді сезіледі. Күндіз ауа температурасы 22°C-қа дейін көтеріліп, түнде 13°C-қа дейін түсуі мүмкін. Ауа ылғалдығы 39% деңгейінде болады, ал желдің жылдамдығы 3,9 м/с болмақ. 15 тамыз күні күн аздаған бұлтты болады. Ауа температурасы шамамен 19°C-қа жеткенімен, 18°C секілді сезілетін болады. Ауа температурасының максималды көрсеткіші 25°C-қа дейін жетіп, ал минималды көрсеткіші 13°C деңгейіне дейін түседі. Ауа ылғалдығы 28% болып, ал желдің жылдамдығы 3,7 м/с-қа жетеді. 16 тамыз күні ауа райы күн ашық болады деп күтіледі. Орташа ауа температурасы 22°C болғанымен, 21°C секілді сезілетін болады. Күндіз ауа температурасы 28°C-қа дейін көтеріліп, түнде 15°C-қа дейін түседі. Ауа ылғалдығы 19% деңгейінде болып, желдің жылдамдығы 3,8 м/с-қа дейін жетеді. 17 тамыз күні синоптиктер Алматыда күн ашық болады деп болжап отыр. Ауа температурасының орташа деңгейі 24°C болғанымен, 23°C секілді сезілетін болады. Ауа температурасының максималды көрсеткіші 30°C-қа дейін жетіп, ал минималды көрсеткіші 17°C-қа дейін түсуі мүмкін. Ауа ылғалдығы 18% деңгейінде, ал желдің жылдамдығы 4,9 м/с деңгейінде болады. 18 тамыз күні күн ашық болады. Орташа тәуліктік температура – 25°C болғанымен, 23°C секілді сезіледі. Күндіз ауа температурасы 31°C-қа дейін ысиды, ал түнде 18°C-қа дейін суитын болады. Ауа ылғалдығы 20% деңгейіне дейін жетіп, желдің жылдамдығы 2,8 м/с-қа дейін барады. 19 тамыз күні күн ашық болады деп күтіледі. Ауа температурасының орташа деңгейі 26°C болғанымен, 24°C секілді сезіледі. Максималды ауа температурасы 32°C болса, минималды температура 19°C болмақ. Ауа ылғалдығы 17%, ал желдің жылдамдығы 4,2 м/с-қа дейін үдейді. 20 тамыз күні синоптиктер болжамы бойынша күн аздаған бұлтты болады. Орташа ауа температурасы 26°C болғанымен, 25°C секілді сезілетін болады. Ауа температурасы 33°C-қа дейін көтеріліп, түнде 20°C-қа дейін түсуі ықтимал.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032308-almatyda-bir-apta-isinde-aua-raiy-qandai-bolady/
14 тамыз 2023, 08:21
kk
Қырғызстан неліктен Қазақстанға су беруді тоқтатқанын түсіндірді
Өткен аптада Қазақстанның Экология министрлігі Қырғызстаннан Жамбыл облысына су берудің тоқтағаны туралы мәлім еткен. Қырғызстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі аталған жағдайға байланысты түсініктеме берді. Бұл туралы 24.kg басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Ведомствоға сілтеме жасаған басылымның хабарлауынша, әдетте Қазақстанға жыл сайын вегетациялық кезең басталғанға дейін және Шу-Талас су комиссиясының тең төрағалары қол қойған кестеге сәйкес қана су берілетін. "Бірақ 2023 жылы бұл график маусым айында ғана келісіліп, бекітілді. Себебі су көздеріндегі су мөлшері аз болды", — делінген Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарламасында. 17-19 шілдеде Бішкекте Қырғызстан мен Қазақстан өкілдерінің Шу және Талас өзені бойындағы суды бөлу мәселесін шешуге арналған кездесуі өткен. Кейін қазақстандық тарап Талас өзені бассейніндегі күрделі жағдай туралы айтып, Жамбыл облысындағы су пайдаланушыларды суару суымен қамтамасыз ету үшін 18-31 шілде аралығында Киров су қоймасынан секундына 45 текше метрге дейін су ағынын арттыруды сұрады. Министрлік бекіткен кестеге сәйкес, қазақстандық ауданға секундына 40,0 текше метр су ағуға тиіс болғанын түсіндірді. "Қырғызстандық тарап судың аздығына байланысты су тапшылығы мәселесі туралы ескертіп, Шу және Талас облысында штабтар құрылғанын айтты. Су тапшылығына қатысты су тұтынушыларын суару суымен қамтамасыз ету үшін су айналымының кестесі әзірленген. Сондай-ақ қырғызстандық тараптың суды пайдалану мөлшері 1 тамызда секундына 45,0 текше метр ағынды құраса, Қазақстанның үлесі 3,54 млн текше метрді құраған. Егер суды тұтыну секундына 10,0 текше метрді құраса, су 2023 жылдың 4 тамызына дейін таусылады. Жоғарыда келтірілген есептер мен дәлелдерге қарамастан, Қазақстан тарапы өз өтінішінен бас тартқан жоқ. Бұл ретте қырғызстандық тарап су айналымының графигін енгізу арқылы су алу лимитін сақтаған болатын, дегенмен Қырғызстанның фермерлері де суару суына мұқтаж болған. Айта кетейік, Талас алқабының су көздеріндегі судың мөлшері әлі өте төмен", — делінген Қырғызстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарламасында. Кездесу қорытындысы бойынша тамыз айының екінші онкүндігінен бастап қазақстандық тарапқа су берілмейтіні туралы хаттамаға қол қойылды. Сонымен қатар Киров су қоймасына құйылатын ағын ұлғайған жағдайда Қазақстан Республикасынан су жинау мәселесі қарастырылатыны айтылды. "Өкінішке қарай бүгінде су қоймасындағы су шығыны секундына 1,0 текше метрді құрап отыр, ағынның ұлғаюы байқалмайды, 2022 жылы су ағыны секундына 13,7 текше метрге тең болған. Айта кетейік, Қазақстан Талас арнасынан мемлекеттік шекара бойындағы коллекторлық-дренаждық желі бойынша ағатын судың 5-тен 8 текше метрге дейін мөлшерін алуға мүмкіндігі бар", — деді ведомство өкілдері.
Өткен аптада Қазақстанның Экология министрлігі Қырғызстаннан Жамбыл облысына су берудің тоқтағаны туралы мәлім еткен. Қырғызстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі аталған жағдайға байланысты түсініктеме берді. Бұл туралы 24.kg басылымына сілтеме жасаған хабарлайды. Ведомствоға сілтеме жасаған басылымның хабарлауынша, әдетте Қазақстанға жыл сайын вегетациялық кезең басталғанға дейін және Шу-Талас су комиссиясының тең төрағалары қол қойған кестеге сәйкес қана су берілетін. "Бірақ 2023 жылы бұл график маусым айында ғана келісіліп, бекітілді. Себебі су көздеріндегі су мөлшері аз болды", — делінген Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарламасында. 17-19 шілдеде Бішкекте Қырғызстан мен Қазақстан өкілдерінің Шу және Талас өзені бойындағы суды бөлу мәселесін шешуге арналған кездесуі өткен. Кейін қазақстандық тарап Талас өзені бассейніндегі күрделі жағдай туралы айтып, Жамбыл облысындағы су пайдаланушыларды суару суымен қамтамасыз ету үшін 18-31 шілде аралығында Киров су қоймасынан секундына 45 текше метрге дейін су ағынын арттыруды сұрады. Министрлік бекіткен кестеге сәйкес, қазақстандық ауданға секундына 40,0 текше метр су ағуға тиіс болғанын түсіндірді. "Қырғызстандық тарап судың аздығына байланысты су тапшылығы мәселесі туралы ескертіп, Шу және Талас облысында штабтар құрылғанын айтты. Су тапшылығына қатысты су тұтынушыларын суару суымен қамтамасыз ету үшін су айналымының кестесі әзірленген. Сондай-ақ қырғызстандық тараптың суды пайдалану мөлшері 1 тамызда секундына 45,0 текше метр ағынды құраса, Қазақстанның үлесі 3,54 млн текше метрді құраған. Егер суды тұтыну секундына 10,0 текше метрді құраса, су 2023 жылдың 4 тамызына дейін таусылады. Жоғарыда келтірілген есептер мен дәлелдерге қарамастан, Қазақстан тарапы өз өтінішінен бас тартқан жоқ. Бұл ретте қырғызстандық тарап су айналымының графигін енгізу арқылы су алу лимитін сақтаған болатын, дегенмен Қырғызстанның фермерлері де суару суына мұқтаж болған. Айта кетейік, Талас алқабының су көздеріндегі судың мөлшері әлі өте төмен", — делінген Қырғызстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарламасында. Кездесу қорытындысы бойынша тамыз айының екінші онкүндігінен бастап қазақстандық тарапқа су берілмейтіні туралы хаттамаға қол қойылды. Сонымен қатар Киров су қоймасына құйылатын ағын ұлғайған жағдайда Қазақстан Республикасынан су жинау мәселесі қарастырылатыны айтылды. "Өкінішке қарай бүгінде су қоймасындағы су шығыны секундына 1,0 текше метрді құрап отыр, ағынның ұлғаюы байқалмайды, 2022 жылы су ағыны секундына 13,7 текше метрге тең болған.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032313-qyrgyzstan-nelikten-qazaqstanga-su-berudi-toqtatqanyn-tusindirdi/
14 тамыз 2023, 08:14
kk
Қазақ қызының тағдыры туралы ең әсерлі шығармалар топтамасы
Қазақ әдебиетінде болмысы нәзік қыз баласының өмірін суреттейтін шоқтығы биік шығармалар бар. ХХ ғасырдың басында әйел теңдігі тақырыбында жазылған қазақ романдары жарыққа шыға бастады. Бұл жазбамызда қазақ жазушыларының қыз баланың тағдыры туралы жазған әсерлі туындылары жайлы айтамыз. Бұл роман әйел затының басынан өткен ауыр тағдырды суреттейді. Байлық пен кедейлік, әйел теңдігі романда көтелірген негізгі тақырып болып саналады. "Бақытсыз Жамал" романы қалай өрбиді? Саумалкөл маңындағы Сәрсенбай ауылына ұлықтар келіп, ауыл абыр-сабыр күйге түседі. Осы сәтте байдың үйінде сәби дүниеге келеді. Көптен сәбидің иісін аңсаған Сәрсенбай қызды болады. Ол сәбидің есімі Жамал еді. Жамал бала күнінен тым зерек болатын. Ол ауыл молдасынан хат танып, сауатын ашады. Басқа балалардан бір төбе биік тұратын қыз сымбатымен де көзге түсетін. Оған қоса ақындық қасиеті де бар еді. Ол бойжеткенкезде оған сөз салғысы келетін ауыл жігіттері көбейеді. Ал Жамал болса, ондай жігіттердің ешқайсысына назарын салмайтын, тіпті сөйлетпейтін. Өзгедерден дара өскен Жамалдың аты басқа ауылдарға да таныла бастайды. Ел арасында "Сәрсенбайдың бек көркем қызы бар" екен деген сөз жүреді. Мұны естіген Байжан бай өзінің баласы Жұманға Жамалды алып беруге бекінеді. Байжанның байлығына қызыққан Сәрсенбай бұл ұсынысқа еш қарсылық танытпай, қызын беруге келісім береді. Осылайша екі жақ уағдаласып қояды. Ал болашақ күйеуінің қандай адам екенін білген Жамал оны жақтырмай жүреді. Жамалдың анасы да қызын Жұманға беруге қарсылық білдіреді. Алайда әкесі олардың қарсылығына да, көңіліне де қараған жоқ. Бір күні ауылда өткен жиын-тойда бітім-болмысы мен сөзі бөлек Ғали есімді жігіт пен Жамалдың сөзі жараса кетеді. Бір-бірін ұнатқан екі жас ән арқылы шерін тарқатады. Уағдаласқан мерзім жетіп, Жамал ұзатылатын күнге жеткенде Ғали мен Жамал қол ұстасып, қашып кетеді. Ал екеуінің артына қуғыншылар түседі. Елден қашқан қос ғашық Ғалидың шалғайдағы туыстарының үйін паналайды. Екеуі бас қосып, бақытты тірлік кешіп жатады. Бірақ аяқ астынан дертке шалдыққан Ғали қайтыс болады. Ғали дүние салғаннан кейін, Жамалды Жұманға қосады. Басынан бағы тайған Жамал ол үйдегілерден теперіш көріп, ауыр тіршілік кешеді. Күйеуінің қорлығына төзбеген Жамал қыстың күні үйінен қашып кетіп, Ғалидың бейітінің басына барады. Тағдырына нала болған Жамал сүйгенінің зиратының басында жылап жатып көз жұмады. Әдебиеттанушы ғалым Рымғали Нұрғалиұлы "Ақбілек" романының мазмұнын былай суреттеген: "Жүсіпбек Аймауытов қаламынан туған ең көлемді прозалық шығарма – “Ақбілек” романы былай басталады: “Өскеменнің аржағында, Бұқтырманың оң жағында әлемге аян Алтай бар. Сол Алтайдың күнгейінен құбыла жаққа құлай аққан, құлай ағып Ертіс түскен, күз күзеткен Күршім бар. Алтай, Күршім не заманнан қалың найман мекені. Сол Алтаймен, сол Күршімнің қысқы қыспақ, жазы самал. Күн жылт етсе, төрт түлік мал қарағайлы қарт Алтайдың, Алтай сынды анасының көкірегін аймаласып, тырандасып, мәйек басып, мамырласып жатқаны". Рымғали Нұрғалиұлы қазақ әдебиетінде реалистік роман принциптерін алғаш меңгерген қаламгерлердің бірі – Жүсіпбек Аймауытовтың прозадағы ырғақ, стиль, композиция, көркемдік құралдарға ерекше көңіл бөлгенін айтады. Соның ішінде халық тілінің сан алуан байлығын еркін қолдана отырып, Еуропа, орыс әдебиетіндегі бейне жасау, мінездерді даралау, сезім бұрқағын, ой толғауларды көрсету дәстүрлерін еркін пайдаланды. Жазушының талант мүмкіндіктері, әсіресе “Ақбілек” романында айқын көрінетінін жазған. "Ақбілек" романы қалай суреттелген? Алыстағы Алтай таулары, ақ қашып, қызыл қуып, аласапыран күрестер жүріп жатқан Азамат соғысының сұрапылы қазақ ауылдарында да жеткен, өрт шалмаған шаңырақ жоқ. Марқакөл жағасында, Терең шатты мекендеген момын шаруа Мамырбай ауылын банда шауып, әйелін өлтіріп, бойжетіп, оң жақта отырған қызы Ақбілекті солдаттар алып қашып кетеді. Сұмдық осыдан кейін басталады. Бірауыз орысша тіл білмейтін соры қайнаған жас қыздың азап-қорлыққа толы, өлім мен өмір, өң мен түс арасында былғанышты, жиіркенішті күндері басталады. Бұрын етегін жел көтермеген, еркек бетіне тіктеп қарамаған ақ періште, енді табиғаттан алған асыл қазынасын рәсуа етіп, еріксізден еріксіз, ұяттан күйіп, ар-иманы өртеніп, қайдағы бір қашқын, банда, тіпті атын да білмейтін ақ әскерінің офицері – қара мұртқа ермек болады. Он екіде бір гүлі ашылмаған бойжеткеннің көрген қорлығы, тапталған ар-намысы реалистік дәлдікпен, бейнелі, суретті, сенімді көрсетіледі. Романды оқыған оқырман жүрегі тілініп, Ақбілекпен бірге жылайды. Тұтқынға түскен сорлы қыздың не тілін, не дінін білмейтін, өмірінде бұрын көрмеген, жүріс-тұрысы, киім-киісі, тамақ ішісі бөлек, әдет-ғұрып, салт-санасы басқа – қара мұрт орыс офицеріне еріксіз әйел болу хикаясы айқын психологиялық саралаумен берілген, - делінеді. "Қамар сұлу" романының бас кейіпкері Қамар - Омар есімді жаңашыл, ашық пікірлі адамның қызы. Қамардың Қасен деген орысша оқып жүрген ағасы бар. Қасенмен бірге оқып жүрген Ахмет деген кедей, бірақ ісі оңды жігіт Қамарға ғашық болады. Ахметті Қамар да жақсы көреді, бірақ ол кездегі əдет-ғұрыпқа байланысты үйіндегілердің кедейге қыз бермейтінін ойлап, оған жақындай қоймайды. Ахмет хат жаза бастайды, ал Қамар берген жауабымен үмітін үзгісі келеді. Ахмет бұған қарсы болса да, кейін Қамардың қиналғанын, шынын айтқанын көріп, оған риза болады. Оған деген құмарлығын ішіне сақтап, сөз салуын тоқтатады. Олар хат жазысып жүргенде, Қамарға қолы жетпеген ауыл жігіттер Ахметтің бір хатын қолға түсіріп, неше түрлі әңгіме өрбітеді. Сөйтіп оны Омардың ағасы Оспанға береді. Ел ақсақалы саналған Оспан мұндай кемшілік үшін Ахметке жала жауып, абақтыға отырғыза жаздайды. Ол кездері кедейдің байдың қызын алам деуі байлар үшін кемшілік саналған деседі. Сол елде жорға Нұрым дейтін өзі бай, өзі болыс, өзі беделді, жасы қартаң тартқан адамның Қамарға көңілі ауады. Бұған Омар көнгісі келмесе де, Оспан еріксіз көндіреді. Өзіне бұйырмаған Қамарды Ахмет жорға Нұрымға қимай, қапа болып, "Жар-жар" орнына "Зар-зар" деген өлең шығарады. Жорға Нұрым малын берген соң Қамарды алып кетуге келеді. Қамар қарсыласқанымен, әкесі байға қызын береді. Той жасалып, некеқияр оқылатын кезде Қамар көнбей отырып алады. Неке қиюға шақырған молда Жорға Нұрымның сойылын соғып, Қамарды көндірмекші болады. Бірақ Қамар көнбейді. Молда айтып көндіре алмай, ақырында зорлай алмаймын деп кетіп қалады. Оспан мен жорға Нұрым молданың кетіп қалғанын кінəлап, айып ретінде астындағы атын алып қояды. Сол күні кешке Қамарды әйелдер қауымы күйеуге қинап апарады. Амалы құрыған Қамар Нұрымның қасынан қашып кетеді. Қызының мұндай халін көрген Омар қызын бермеймін деп кесіп айтады. Алайда Оспан мен ел адамдары бұған көнбейді. Ақырында Оспан және Жорға Нұрым жасырын алып қашатын айла ойластырады. Нұрым көп адаммен келіп Қамарды алып кетеді. Құса болған Қамар дертке шалдығады. Ел ішіндегідер мұны "Ахметтің дуасы" деп ойлайды. Нұрым оған сенбей ишан алдырып, емдетпек болады. Бірақ Қамардың дерті оған да жазылмайды. Сәбит Мұқановтың "Ботагөз" романы қазақ еңбекшілерінің бостандық-теңдік жолындағы күресін көрсететін туынды. Романның мазмұны el.kz сайтында былай баяндалған: Бұл роман - ауылдағы тап тартысын және оның дами келе Ленин бастаған ұлы революцияға қалай ұласқандығын марксизм-ленинизм оқуы тұрғысынан суреттеген қазақ совет әдебиетіндегі көлемді еңбек. Ғасырлар бойы екі түрлі қанаудың тепкісінде болып, шыдам таусылған кезде Ресейдегі революция дүмпуімен көтеріліс бастаған қазақ халқы 1916 жылғы июнь жарлығына байланысты қару алып күреске шығып, елдігі мен ерлігін көрсетті. Уақытша сәтсіздікке де ұшырады. Бірақ көтеріліс тек сонымен біткен жоқ. Аманкелді, не сол сықылдылардың туы астында шегіну, қайта өрбу жолдарын басынан өткізе келіп, Ресейдегі жалпы пролетариат революциясына ұштасқан, сөйтіп пролетариаттың жеңуші күштерінің сан бұлақтарының бірі болып қосылды. Сәбит Мұқановтың "Ботагөз" романында 1916 жылғы көтерілістің осы жағы дұрыс көрсетіліп, шығарманың идеялық мазмұнын күшейте түсті. Роман адамдар арасындағы қарым-қатынастарды қызықты сюжет, шиеленіскен тартысқа құра отырып, халықтың жуан ортасынан шыққан жаңа адамдарды: Амантай, Асқар сықылды қазақ революционерлерін, олардың өсу жолдарын, орыс революционерлерімен байланыс, олардың басшылық қамқорлығын шындық бейнеде суреттеп, сан алуан оқиғаны заңды түрде өрістетіп, дәлелді шешуін таба білді. Романда бұрын үстем болып келген тап өкілдері Итбай, Мадияр, Сарбас, Құзғынбаев, Кулаковтар революция толқынына бөгет болмақ боп қанша әрекеттенсе де, кейде жанға батыра жара салса да, ақыры күйреумен тынады. Ұлы Октябрь революциясының Ресей топырағындағы жеңістерінің тарихын еске алсақ, романдағы ерлік күрес, өжет қимылдардың өмірде дәл солай болғанына шәк келтірмейсің. Романның "Ботагөз" атануы да кездейсоқ емес. Революцияның алғашқы кезінде орысша оқып, сауатын ашқан қазақ қыздарының жалпы бостандық, теңдік, әсіресе өз жынысының теңдігі жолында аянбай, белсене күреске араласқандары аз емес. Ботагөз - жаңа дәуірдегі қазақ қызының ұнамды образы. Сондықтан да ол - жастар үшін үлгі, сүйкімді қаһарманның бірі. Өзінің көлемді романдарында Сәбит Мұқанов ұнамды, ұнамсыз образдардың әр алуан түрін жасады. Олардың ешқайсысы бірін-бірі қайталамайды. Бұл туынды ХІХ ғасырда қазақ даласында болған тарихи оқиғалар негізінде жазылған. Роман кейіпкері Есеней қалың Керей-Уақтың билігін қолына мықтап ұстаған аузы дуалы, атақты байы болған. Ол өткір сөзді, алып денелі, қара нардай қайраткер адам болды. Жас шағында жауынгерлік қабілеті де мықты болған. Ол қалың жылқысын өзінің досы Артықбай батырдың жайылымына байқамай қаптата жайып келе жатқан кезде алдынан ерекше киінген Ұлпан кездесіп, Есенейді еселі сөзбен жеңіп, айып төлетеді. Елуден асып, ел ағасы болған Есеней бір балаға зар болып жүріп, өзінен қырық жас кіші қараторы, сөзі өткір Ұлпан қызға ғашық болады. Сөйтіп, Ұлпанды екінші әйел етіп алады. Бас-аяғы он бес жылдың шамасында Ұлпан дүйім елді билейтін ақылды анаға айналады. Ұлпан күйеуі Есеней қайтыс болған соң одан қалған жалғыз қызы Біжікенді Торсан деген пысық жігітке үйлендіріп, қолына кіргізіп алады. Ол Есенейден қалған мал-мүлікті пайдаланып, ағайын-туғандарымен араздасып, Ұлпанды келеке етеді. Мұндай қорлыққа шыдай алмаған өр мінезді Ұлпан: "Маған көрсеткен қорлығың өз басыңа келсін!", - деп қарғап, бір түннің ішінде у ішіп өледі. Ел анасының қарғысына ұшыраған Торсанның үлкен ұлы Шоқан болыс әкесінің зұлымдығына шыдай алмай, өзіне-өзі пышақ салады. 1920 жылы Кеңес үкіметі кезінде Торсан өмірден өтеді. Ал балалары қаңғып кете барады. Қазақ ауылының жүз жылдық тұрмысы, әдет-ғұрпы, барымта, қалың мал, бай мен кедей арасындағы қарым-қатынас, ел ішіндегі жер дауы, жесір дауы секілді мәселелердің кеңінен суреттелуі романның басты ерекшелігі болып саналады. "Қалың мал" романының буктрейлері
Қазақ әдебиетінде болмысы нәзік қыз баласының өмірін суреттейтін шоқтығы биік шығармалар бар. ХХ ғасырдың басында әйел теңдігі тақырыбында жазылған қазақ романдары жарыққа шыға бастады. Бұл жазбамызда қазақ жазушыларының қыз баланың тағдыры туралы жазған әсерлі туындылары жайлы айтамыз. Бұл роман әйел затының басынан өткен ауыр тағдырды суреттейді. Байлық пен кедейлік, әйел теңдігі романда көтелірген негізгі тақырып болып саналады. "Бақытсыз Жамал" романы қалай өрбиді? Саумалкөл маңындағы Сәрсенбай ауылына ұлықтар келіп, ауыл абыр-сабыр күйге түседі. Осы сәтте байдың үйінде сәби дүниеге келеді. Көптен сәбидің иісін аңсаған Сәрсенбай қызды болады. Ол сәбидің есімі Жамал еді. Жамал бала күнінен тым зерек болатын. Ол ауыл молдасынан хат танып, сауатын ашады. Басқа балалардан бір төбе биік тұратын қыз сымбатымен де көзге түсетін. Оған қоса ақындық қасиеті де бар еді. Ол бойжеткенкезде оған сөз салғысы келетін ауыл жігіттері көбейеді. Ал Жамал болса, ондай жігіттердің ешқайсысына назарын салмайтын, тіпті сөйлетпейтін. Өзгедерден дара өскен Жамалдың аты басқа ауылдарға да таныла бастайды. Ел арасында "Сәрсенбайдың бек көркем қызы бар" екен деген сөз жүреді. Мұны естіген Байжан бай өзінің баласы Жұманға Жамалды алып беруге бекінеді. Байжанның байлығына қызыққан Сәрсенбай бұл ұсынысқа еш қарсылық танытпай, қызын беруге келісім береді. Осылайша екі жақ уағдаласып қояды. Ал болашақ күйеуінің қандай адам екенін білген Жамал оны жақтырмай жүреді. Жамалдың анасы да қызын Жұманға беруге қарсылық білдіреді. Алайда әкесі олардың қарсылығына да, көңіліне де қараған жоқ. Бір күні ауылда өткен жиын-тойда бітім-болмысы мен сөзі бөлек Ғали есімді жігіт пен Жамалдың сөзі жараса кетеді. Бір-бірін ұнатқан екі жас ән арқылы шерін тарқатады. Уағдаласқан мерзім жетіп, Жамал ұзатылатын күнге жеткенде Ғали мен Жамал қол ұстасып, қашып кетеді. Ал екеуінің артына қуғыншылар түседі. Елден қашқан қос ғашық Ғалидың шалғайдағы туыстарының үйін паналайды. Екеуі бас қосып, бақытты тірлік кешіп жатады. Бірақ аяқ астынан дертке шалдыққан Ғали қайтыс болады. Ғали дүние салғаннан кейін, Жамалды Жұманға қосады. Басынан бағы тайған Жамал ол үйдегілерден теперіш көріп, ауыр тіршілік кешеді. Күйеуінің қорлығына төзбеген Жамал қыстың күні үйінен қашып кетіп, Ғалидың бейітінің басына барады. Тағдырына нала болған Жамал сүйгенінің зиратының басында жылап жатып көз жұмады. Әдебиеттанушы ғалым Рымғали Нұрғалиұлы "Ақбілек" романының мазмұнын былай суреттеген: "Жүсіпбек Аймауытов қаламынан туған ең көлемді прозалық шығарма – “Ақбілек” романы былай басталады: “Өскеменнің аржағында, Бұқтырманың оң жағында әлемге аян Алтай бар. Сол Алтайдың күнгейінен құбыла жаққа құлай аққан, құлай ағып Ертіс түскен, күз күзеткен Күршім бар. Алтай, Күршім не заманнан қалың найман мекені. Сол Алтаймен, сол Күршімнің қысқы қыспақ, жазы самал. Күн жылт етсе, төрт түлік мал қарағайлы қарт Алтайдың, Алтай сынды анасының көкірегін аймаласып, тырандасып, мәйек басып, мамырласып жатқаны". Рымғали Нұрғалиұлы қазақ әдебиетінде реалистік роман принциптерін алғаш меңгерген қаламгерлердің бірі – Жүсіпбек Аймауытовтың прозадағы ырғақ, стиль, композиция, көркемдік құралдарға ерекше көңіл бөлгенін айтады. Соның ішінде халық тілінің сан алуан байлығын еркін қолдана отырып, Еуропа, орыс әдебиетіндегі бейне жасау, мінездерді даралау, сезім бұрқағын, ой толғауларды көрсету дәстүрлерін еркін пайдаланды. Жазушының талант мүмкіндіктері, әсіресе “Ақбілек” романында айқын көрінетінін жазған. "Ақбілек" романы қалай суреттелген? Алыстағы Алтай таулары, ақ қашып, қызыл қуып, аласапыран күрестер жүріп жатқан Азамат соғысының сұрапылы қазақ ауылдарында да жеткен, өрт шалмаған шаңырақ жоқ. Марқакөл жағасында, Терең шатты мекендеген момын шаруа Мамырбай ауылын банда шауып, әйелін өлтіріп, бойжетіп, оң жақта отырған қызы Ақбілекті солдаттар алып қашып кетеді. Сұмдық осыдан кейін басталады. Бірауыз орысша тіл білмейтін соры қайнаған жас қыздың азап-қорлыққа толы, өлім мен өмір, өң мен түс арасында былғанышты, жиіркенішті күндері басталады. Бұрын етегін жел көтермеген, еркек бетіне тіктеп қарамаған ақ періште, енді табиғаттан алған асыл қазынасын рәсуа етіп, еріксізден еріксіз, ұяттан күйіп, ар-иманы өртеніп, қайдағы бір қашқын, банда, тіпті атын да білмейтін ақ әскерінің офицері – қара мұртқа ермек болады. Он екіде бір гүлі ашылмаған бойжеткеннің көрген қорлығы, тапталған ар-намысы реалистік дәлдікпен, бейнелі, суретті, сенімді көрсетіледі. Романды оқыған оқырман жүрегі тілініп, Ақбілекпен бірге жылайды. Тұтқынға түскен сорлы қыздың не тілін, не дінін білмейтін, өмірінде бұрын көрмеген, жүріс-тұрысы, киім-киісі, тамақ ішісі бөлек, әдет-ғұрып, салт-санасы басқа – қара мұрт орыс офицеріне еріксіз әйел болу хикаясы айқын психологиялық саралаумен берілген, - делінеді. "Қамар сұлу" романының бас кейіпкері Қамар - Омар есімді жаңашыл, ашық пікірлі адамның қызы. Қамардың Қасен деген орысша оқып жүрген ағасы бар. Қасенмен бірге оқып жүрген Ахмет деген кедей, бірақ ісі оңды жігіт Қамарға ғашық болады. Ахметті Қамар да жақсы көреді, бірақ ол кездегі əдет-ғұрыпқа байланысты үйіндегілердің кедейге қыз бермейтінін ойлап, оған жақындай қоймайды. Ахмет хат жаза бастайды, ал Қамар берген жауабымен үмітін үзгісі келеді. Ахмет бұған қарсы болса да, кейін Қамардың қиналғанын, шынын айтқанын көріп, оған риза болады. Оған деген құмарлығын ішіне сақтап, сөз салуын тоқтатады. Олар хат жазысып жүргенде, Қамарға қолы жетпеген ауыл жігіттер Ахметтің бір хатын қолға түсіріп, неше түрлі әңгіме өрбітеді. Сөйтіп оны Омардың ағасы Оспанға береді. Ел ақсақалы саналған Оспан мұндай кемшілік үшін Ахметке жала жауып, абақтыға отырғыза жаздайды. Ол кездері кедейдің байдың қызын алам деуі байлар үшін кемшілік саналған деседі. Сол елде жорға Нұрым дейтін өзі бай, өзі болыс, өзі беделді, жасы қартаң тартқан адамның Қамарға көңілі ауады. Бұған Омар көнгісі келмесе де, Оспан еріксіз көндіреді. Өзіне бұйырмаған Қамарды Ахмет жорға Нұрымға қимай, қапа болып, "Жар-жар" орнына "Зар-зар" деген өлең шығарады. Жорға Нұрым малын берген соң Қамарды алып кетуге келеді. Қамар қарсыласқанымен, әкесі байға қызын береді. Той жасалып, некеқияр оқылатын кезде Қамар көнбей отырып алады. Неке қиюға шақырған молда Жорға Нұрымның сойылын соғып, Қамарды көндірмекші болады. Бірақ Қамар көнбейді. Молда айтып көндіре алмай, ақырында зорлай алмаймын деп кетіп қалады. Оспан мен жорға Нұрым молданың кетіп қалғанын кінəлап, айып ретінде астындағы атын алып қояды. Сол күні кешке Қамарды әйелдер қауымы күйеуге қинап апарады. Амалы құрыған Қамар Нұрымның қасынан қашып кетеді. Қызының мұндай халін көрген Омар қызын бермеймін деп кесіп айтады. Алайда Оспан мен ел адамдары бұған көнбейді. Ақырында Оспан және Жорға Нұрым жасырын алып қашатын айла ойластырады. Нұрым көп адаммен келіп Қамарды алып кетеді. Құса болған Қамар дертке шалдығады. Ел ішіндегідер мұны "Ахметтің дуасы" деп ойлайды. Нұрым оған сенбей ишан алдырып, емдетпек болады. Бірақ Қамардың дерті оған да жазылмайды. Сәбит Мұқановтың "Ботагөз" романы қазақ еңбекшілерінің бостандық-теңдік жолындағы күресін көрсететін туынды. Романның мазмұны сайтында былай баяндалған: Бұл роман - ауылдағы тап тартысын және оның дами келе Ленин бастаған ұлы революцияға қалай ұласқандығын марксизм-ленинизм оқуы тұрғысынан суреттеген қазақ совет әдебиетіндегі көлемді еңбек. Ғасырлар бойы екі түрлі қанаудың тепкісінде болып, шыдам таусылған кезде Ресейдегі революция дүмпуімен көтеріліс бастаған қазақ халқы 1916 жылғы июнь жарлығына байланысты қару алып күреске шығып, елдігі мен ерлігін көрсетті. Уақытша сәтсіздікке де ұшырады. Бірақ көтеріліс тек сонымен біткен жоқ. Аманкелді, не сол сықылдылардың туы астында шегіну, қайта өрбу жолдарын басынан өткізе келіп, Ресейдегі жалпы пролетариат революциясына ұштасқан, сөйтіп пролетариаттың жеңуші күштерінің сан бұлақтарының бірі болып қосылды. Сәбит Мұқановтың "Ботагөз" романында 1916 жылғы көтерілістің осы жағы дұрыс көрсетіліп, шығарманың идеялық мазмұнын күшейте түсті. Роман адамдар арасындағы қарым-қатынастарды қызықты сюжет, шиеленіскен тартысқа құра отырып, халықтың жуан ортасынан шыққан жаңа адамдарды: Амантай, Асқар сықылды қазақ революционерлерін, олардың өсу жолдарын, орыс революционерлерімен байланыс, олардың басшылық қамқорлығын шындық бейнеде суреттеп, сан алуан оқиғаны заңды түрде өрістетіп, дәлелді шешуін таба білді. Романда бұрын үстем болып келген тап өкілдері Итбай, Мадияр, Сарбас, Құзғынбаев, Кулаковтар революция толқынына бөгет болмақ боп қанша әрекеттенсе де, кейде жанға батыра жара салса да, ақыры күйреумен тынады. Ұлы Октябрь революциясының Ресей топырағындағы жеңістерінің тарихын еске алсақ, романдағы ерлік күрес, өжет қимылдардың өмірде дәл солай болғанына шәк келтірмейсің. Романның "Ботагөз" атануы да кездейсоқ емес. Революцияның алғашқы кезінде орысша оқып, сауатын ашқан қазақ қыздарының жалпы бостандық, теңдік, әсіресе өз жынысының теңдігі жолында аянбай, белсене күреске араласқандары аз емес. Ботагөз - жаңа дәуірдегі қазақ қызының ұнамды образы. Сондықтан да ол - жастар үшін үлгі, сүйкімді қаһарманның бірі. Өзінің көлемді романдарында Сәбит Мұқанов ұнамды, ұнамсыз образдардың әр алуан түрін жасады. Олардың ешқайсысы бірін-бірі қайталамайды. Бұл туынды ХІХ ғасырда қазақ даласында болған тарихи оқиғалар негізінде жазылған. Роман кейіпкері Есеней қалың Керей-Уақтың билігін қолына мықтап ұстаған аузы дуалы, атақты байы болған. Ол өткір сөзді, алып денелі, қара нардай қайраткер адам болды. Жас шағында жауынгерлік қабілеті де мықты болған. Ол қалың жылқысын өзінің досы Артықбай батырдың жайылымына байқамай қаптата жайып келе жатқан кезде алдынан ерекше киінген Ұлпан кездесіп, Есенейді еселі сөзбен жеңіп, айып төлетеді. Елуден асып, ел ағасы болған Есеней бір балаға зар болып жүріп, өзінен қырық жас кіші қараторы, сөзі өткір Ұлпан қызға ғашық болады. Сөйтіп, Ұлпанды екінші әйел етіп алады. Бас-аяғы он бес жылдың шамасында Ұлпан дүйім елді билейтін ақылды анаға айналады. Ұлпан күйеуі Есеней қайтыс болған соң одан қалған жалғыз қызы Біжікенді Торсан деген пысық жігітке үйлендіріп, қолына кіргізіп алады. Ол Есенейден қалған мал-мүлікті пайдаланып, ағайын-туғандарымен араздасып, Ұлпанды келеке етеді. Мұндай қорлыққа шыдай алмаған өр мінезді Ұлпан: "Маған көрсеткен қорлығың өз басыңа келсін!", - деп қарғап, бір түннің ішінде у ішіп өледі. Ел анасының қарғысына ұшыраған Торсанның үлкен ұлы Шоқан болыс әкесінің зұлымдығына шыдай алмай, өзіне-өзі пышақ салады. 1920 жылы Кеңес үкіметі кезінде Торсан өмірден өтеді. Ал балалары қаңғып кете барады. Қазақ ауылының жүз жылдық тұрмысы, әдет-ғұрпы, барымта, қалың мал, бай мен кедей арасындағы қарым-қатынас, ел ішіндегі жер дауы, жесір дауы секілді мәселелердің кеңінен суреттелуі романның басты ерекшелігі болып саналады.
Калейдоскоп
false
https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2031519-qazaq-qyzynyn-tagdyry-turaly-en-aserli-sygarmalar-toptamasy/
14 тамыз 2023, 07:53
kk
Қытайда сел салдарынан 21 адам қайтыс болып, тағы алты адам із-түзсіз жоғалды (фото, видео)
Жұма, 11 тамыз күні кешке Қытайдың солтүстік-батысындағы Сиань қаласының маңында ірі сел жүрген болатын. Жексенбі, 13 тамызда 21 адамның қаза тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды "Синьхуа". Ведомствоның төтенше жағдайлармен күрес жөніндегі қалалық басқармасының мәліметіне сілтеме жасап хабарлауынша, Чанъань ауданының шетіндегі ауылдағы селдің жүруіне сол күні толассыз жауған жаңбыр себеп болған. Қазіргі таңда 20-дан астам қаза тапқаны белгілі, тағы алты адам із-түзсіз жоғалған. 980-ден астам адам мен 1110 техникадан тұратын 14 құтқару тобы іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастыруда. Құтқарушылардың айтуынша, сел тұрғын үйлерді, жолдарды, электр желілері мен байланыс мұнараларын зақымдаған. Төтенше жағдай аймақтарынан 200-ге жуық адам эвакуацияланды. Құтқару жасақтары көлік қозғалысын, электр қуатын және коммуникацияны қалпына келтіру үшін бұзылған жолдар мен инфрақұрылым нысандарын жөндеп үлгерді. Еске салайық, тамыз айының басында Қытай астанасында "Доксури" тайфуны соққан болатын. Артынша тайфун салдарынан болған су тасқыны салдарынан 11 адам қаза тауып, 27 адам із-түзсіз жоғалып кеткені туралы хабарланды. Бұл Қытайда соңғы жылдарда болған ең қатты дауыл екені атап өтілді.
Жұма, 11 тамыз күні кешке Қытайдың солтүстік-батысындағы Сиань қаласының маңында ірі сел жүрген болатын. Жексенбі, 13 тамызда 21 адамның қаза тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды "Синьхуа". Ведомствоның төтенше жағдайлармен күрес жөніндегі қалалық басқармасының мәліметіне сілтеме жасап хабарлауынша, Чанъань ауданының шетіндегі ауылдағы селдің жүруіне сол күні толассыз жауған жаңбыр себеп болған. Қазіргі таңда 20-дан астам қаза тапқаны белгілі, тағы алты адам із-түзсіз жоғалған. 980-ден астам адам мен 1110 техникадан тұратын 14 құтқару тобы іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастыруда. Құтқарушылардың айтуынша, сел тұрғын үйлерді, жолдарды, электр желілері мен байланыс мұнараларын зақымдаған. Төтенше жағдай аймақтарынан 200-ге жуық адам эвакуацияланды. Құтқару жасақтары көлік қозғалысын, электр қуатын және коммуникацияны қалпына келтіру үшін бұзылған жолдар мен инфрақұрылым нысандарын жөндеп үлгерді. Еске салайық, тамыз айының басында Қытай астанасында "Доксури" тайфуны соққан болатын. Артынша тайфун салдарынан болған су тасқыны салдарынан 11 адам қаза тауып, 27 адам із-түзсіз жоғалып кеткені туралы хабарланды.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032315-qytaida-sel-21-adamnyn-omirin-qidy-tagy-alty-adam-iz-tuzsiz-zogaldy-foto-video/
14 тамыз 2023, 07:48
kk
Тамыздағы қар: еліміздің қай өңірінде бүгін ауа райы бұзылады
Бүгін, 14 тамыз еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Қазгидромет бірқатар облыста сулы қар, бұршақ жауып, найзағай жарқырайтынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Атырау облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады. 14 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың орталығында тұман күтіледі. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында 14 тамызда түнде және таңертең найзағай күтіледі. Түнде және таңертен Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, сулы қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі.Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні15-20, кей уақытта 23-28 м/с. 14 тамызда облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады. 14 тамызда түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Ақмола облысының батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады. Түркістан қаласында төтенше өрт қаупі сақталады. Маңғыстау облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38 градус қатты ыстық сақталады. 14 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында 14 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 37 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қаласында 14 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады. Түнде және таңертең Костанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. 14 тамызда облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматы облысының шығысында, таулы аудандарда кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 14 тамызда Алматы облысының солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Алматы қаласында 14 тамызда кей уақытта найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады найзағай кезінде екпіні 15 м/с. Қонаев қаласында 14 тамызда кей уақытта найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Алматы облысының солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады. Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. 13-15 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында 13-15 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда облысында жел солтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. 13-15 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, шығысында, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. 12-14 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Бүгін, 14 тамыз еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Қазгидромет бірқатар облыста сулы қар, бұршақ жауып, найзағай жарқырайтынын айтты, деп хабарлайды . Атырау облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады. 14 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың орталығында тұман күтіледі. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында 14 тамызда түнде және таңертең найзағай күтіледі. Түнде және таңертен Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, сулы қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні15-20, кей уақытта 23-28 м/с. 14 тамызда облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады. 14 тамызда түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Ақмола облысының батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады. Түркістан қаласында төтенше өрт қаупі сақталады. Маңғыстау облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38 градус қатты ыстық сақталады. 14 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында 14 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 37 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қаласында 14 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады. Түнде және таңертең Костанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. 14 тамызда облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматы облысының шығысында, таулы аудандарда кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 14 тамызда Алматы облысының солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Алматы қаласында 14 тамызда кей уақытта найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады найзағай кезінде екпіні 15 м/с. Қонаев қаласында 14 тамызда кей уақытта найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Алматы облысының солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады. Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. 13-15 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында 13-15 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда облысында жел солтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. 13-15 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, шығысында, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032312-naizagai-bursaq-qar-bugin-elimizdin-qai-onirinde-aua-raiy-buzylady/
14 тамыз 2023, 07:23
kk
Көзінен ауыр жарақат алған қазақ балуаны ұзақ үзілістен соң тұғырдан көрінді
Германияның Дортмунд қаласында грек-рим күресінен Гран-при турнирі аяқталды. Қазақ балуандары ірі жарыстан алты медаль жеңіп алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Гран-при турнирінде Қазақстан құрамасы бір алтын, бір күміс және төрт қола медаль иеленді. Жарақатынан соң құрамаға қайта оралған Айдос Сұлтанғали олимпиадалық салмақ саналатын 60 келіде чемпион атанды. 55 келідегі Марлан Мұқашев турнирдің күміс жүлдесін қанағат тұтты. Ал қола жүлдегерлер қатарында Мейіржан Шермаханбет (67 келі), Ибрагим Магомадов (72 келі), Демеу Жадыраев (77 келі) және Әлімхан Сыздықов (130 келі) бар. Айта кетелік, 67 келідегі Мейіржан Шермаханбет бір жылдан аса уақыт бойы кілемге шыққан жоқ. Ол жаттығу кезінде бір көзін ауыр жарақаттап, Үндістанда бірнеше рет ота жасатқан болатын. Ұзақ үзілістен кейін Мейіржан халықаралық жарыстағы алғашқы медалін иеленіп отыр. Ол 2018 жылғы әлем біріншілігінің қола жүлдегері, 2022 жылғы Азия чемпионы.
Германияның Дортмунд қаласында грек-рим күресінен Гран-при турнирі аяқталды. Қазақ балуандары ірі жарыстан алты медаль жеңіп алды, деп хабарлайды . Гран-при турнирінде Қазақстан құрамасы бір алтын, бір күміс және төрт қола медаль иеленді. Жарақатынан соң құрамаға қайта оралған Айдос Сұлтанғали олимпиадалық салмақ саналатын 60 келіде чемпион атанды. 55 келідегі Марлан Мұқашев турнирдің күміс жүлдесін қанағат тұтты. Ал қола жүлдегерлер қатарында Мейіржан Шермаханбет (67 келі), Ибрагим Магомадов (72 келі), Демеу Жадыраев (77 келі) және Әлімхан Сыздықов (130 келі) бар. Айта кетелік, 67 келідегі Мейіржан Шермаханбет бір жылдан аса уақыт бойы кілемге шыққан жоқ. Ол жаттығу кезінде бір көзін ауыр жарақаттап, Үндістанда бірнеше рет ота жасатқан болатын. Ұзақ үзілістен кейін Мейіржан халықаралық жарыстағы алғашқы медалін иеленіп отыр.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2032287-kozinen-auyr-zaraqat-algan-qazaq-baluany-uzaq-uzilisten-son-tugyrdan-korindi/
14 тамыз 2023, 07:15
kk
Бүгінгі жұлдыз жорамал: 14 тамыз күні сізді не күтіп тұр
Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз. Күннің бірінші жартысында пайдалы істерді тындырасыз. Ақылыңызға жүгінсеңіз, ол сізге қалай әрекет ету керектігі тұрғысынан бағыт береді. Үйдегі тіршіліктерге байланысты жаңа мақсаттар пайда болады. Мүмкін болса, маңызды жұмыс тапсырмаларын ертеңге қалдырыңыз: бүгін оларды шешуге жеткілікті көңіл бөле алмауыңыз мүмкін. Сүйікті комедияңызды көру арқылы көңіл-күйіңізді көтеріңіз. Жақындарыңыздан көмек алудан тартынбаңыз, керісінше олар барынша көмек көрсетеді. Балаларға назар аударыңыз, оларға қиындықтарды жеңуге көмектесіңіз, тез шешім қабылдаңыз. Сүйіктісін енді тапқан жандар одан не күтетініңізді айқындап алыңыз. Қалауыңызға мән беріңіз. Тек ашық әңгіме арқылы ғана дұрыс қарым-қатынас құруға болады. Жаңа затты сатып алмас бұрын жақсылап ойланыңыз, кейінірек бұл зат сөреңізде шаң жинап, бос шығынға айналмасын десеңіз. Отбасыңызбен және жақын туыстарыңызбен жақсы қарым-қатынас орнатуға тамаша күн. Жұмыс пен уайым күткеннен де көп болады. Ашуланбаңыз, асығыстық таныту мен шатасудан аулақ болыңыз. Жұмыстарыңызға егжей-тегжейлі жоспар құрыңыз және оны қатаң түрде орындаңыз. Бұл сәтті күн болады. Таңертең жақсы жаңалықтар мен тосын сыйлар күтіңіз. Көптен күткен айқындылық пайда болады. Бүгін жұмыс мәселелерін шешкен кезде әріптестердің кеңесіне емес, өз пікіріңізге сенуге тырысыңыз. Қажетті адамдармен келіссөздер жүргізу үшін өзіңіздің туа біткен сүйкімділігіңіз бен харизмаңызды пайдаланыңыз. Бүгін өзгелердің ішкі жан-дүниесіне баса назар аударғаныңыз дұрыс: өзгенің орнына өзіңізді қойып көріңіз, осылайша оның сезімін түсінетін боласыз. Түріңізге сәйкес косметиканы таңдауға тырысыңыз, бұл сіздің сыртқы келбетіңіздің барлық артықшылығын көрсетуге мүмкіндік береді. Үйіңізде жиһаздар орнын ауыстырып көріңіз. Бұл үйдегі үйреншікті атмосфераны еш шығынсыз ауыстыруға мүмкіндік береді. Іш киіміңізді жаңартып, өзіңізді қуантыңыз. Сатып алғаныңызға кейін өкінбеу үшін ең алдымен ыңғайлылыққа артықшылық беріңіз. Сәндену үшін сылтау іздемеңіз. Киініңіз, макияж жасаңыз және/немесе шаш үлгісін жасаңыз, соның өзі сізге мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Құпияларыңызды ешкімге айтпаңыз. Бұрын дос деп жүргендер өздерін жаман жағынан көрсетуі мүмкін. Жаман адамдардан құтылыңыз, олар сізді артқа тартады. Балаларыңызға қатысты сабырлы, ұстамды әрі шынайы болуға тырысыңыз. Олардың пікірі немесе ойы сізге ұнамай жатса да, қолдаңыз. Қолдауыңыз олар үшін өте қажет. Жан-жағыңыздағы адамдарға назар аударыңыз: бәлкім сізді ренжітетін, жағымсыз эмоция сыйлайтын адамдардан аулақ болғаныңыз абзал шығар. Өміріңізде тепе-теңдікті сақтауға тырысыңыз әрі өзіңізге қуаныш сыйлауды ұмытпаңыз. Театрға, киноға, көрмеге барудың барлық мүмкіндігін пайдаланыңыз. Бүгін күн тәртібін реттеу үшін тамаша күн. Бүгін сіз эмоцияларға ерік бере аласыз, олар қандай болса да, өкінбейсіз. Басы бостар ештеңеге қарамай, кездесуге баратын уақыт келді.
Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз. Күннің бірінші жартысында пайдалы істерді тындырасыз. Ақылыңызға жүгінсеңіз, ол сізге қалай әрекет ету керектігі тұрғысынан бағыт береді. Үйдегі тіршіліктерге байланысты жаңа мақсаттар пайда болады. Мүмкін болса, маңызды жұмыс тапсырмаларын ертеңге қалдырыңыз: бүгін оларды шешуге жеткілікті көңіл бөле алмауыңыз мүмкін. Сүйікті комедияңызды көру арқылы көңіл-күйіңізді көтеріңіз. Жақындарыңыздан көмек алудан тартынбаңыз, керісінше олар барынша көмек көрсетеді. Балаларға назар аударыңыз, оларға қиындықтарды жеңуге көмектесіңіз, тез шешім қабылдаңыз. Сүйіктісін енді тапқан жандар одан не күтетініңізді айқындап алыңыз. Қалауыңызға мән беріңіз. Тек ашық әңгіме арқылы ғана дұрыс қарым-қатынас құруға болады. Жаңа затты сатып алмас бұрын жақсылап ойланыңыз, кейінірек бұл зат сөреңізде шаң жинап, бос шығынға айналмасын десеңіз. Отбасыңызбен және жақын туыстарыңызбен жақсы қарым-қатынас орнатуға тамаша күн. Жұмыс пен уайым күткеннен де көп болады. Ашуланбаңыз, асығыстық таныту мен шатасудан аулақ болыңыз. Жұмыстарыңызға егжей-тегжейлі жоспар құрыңыз және оны қатаң түрде орындаңыз. Бұл сәтті күн болады. Таңертең жақсы жаңалықтар мен тосын сыйлар күтіңіз. Көптен күткен айқындылық пайда болады. Бүгін жұмыс мәселелерін шешкен кезде әріптестердің кеңесіне емес, өз пікіріңізге сенуге тырысыңыз. Қажетті адамдармен келіссөздер жүргізу үшін өзіңіздің туа біткен сүйкімділігіңіз бен харизмаңызды пайдаланыңыз. Бүгін өзгелердің ішкі жан-дүниесіне баса назар аударғаныңыз дұрыс: өзгенің орнына өзіңізді қойып көріңіз, осылайша оның сезімін түсінетін боласыз. Түріңізге сәйкес косметиканы таңдауға тырысыңыз, бұл сіздің сыртқы келбетіңіздің барлық артықшылығын көрсетуге мүмкіндік береді. Үйіңізде жиһаздар орнын ауыстырып көріңіз. Бұл үйдегі үйреншікті атмосфераны еш шығынсыз ауыстыруға мүмкіндік береді. Іш киіміңізді жаңартып, өзіңізді қуантыңыз. Сатып алғаныңызға кейін өкінбеу үшін ең алдымен ыңғайлылыққа артықшылық беріңіз. Сәндену үшін сылтау іздемеңіз. Киініңіз, макияж жасаңыз және/немесе шаш үлгісін жасаңыз, соның өзі сізге мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Құпияларыңызды ешкімге айтпаңыз. Бұрын дос деп жүргендер өздерін жаман жағынан көрсетуі мүмкін. Жаман адамдардан құтылыңыз, олар сізді артқа тартады. Балаларыңызға қатысты сабырлы, ұстамды әрі шынайы болуға тырысыңыз. Олардың пікірі немесе ойы сізге ұнамай жатса да, қолдаңыз. Қолдауыңыз олар үшін өте қажет. Жан-жағыңыздағы адамдарға назар аударыңыз: бәлкім сізді ренжітетін, жағымсыз эмоция сыйлайтын адамдардан аулақ болғаныңыз абзал шығар. Өміріңізде тепе-теңдікті сақтауға тырысыңыз әрі өзіңізге қуаныш сыйлауды ұмытпаңыз. Театрға, киноға, көрмеге барудың барлық мүмкіндігін пайдаланыңыз. Бүгін күн тәртібін реттеу үшін тамаша күн. Бүгін сіз эмоцияларға ерік бере аласыз, олар қандай болса да, өкінбейсіз.
Калейдоскоп
false
https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2032074-bugingi-zuldyz-zoramal-14-tamyz-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/
14 тамыз 2023, 00:01
kk
Синоптиктер Алматыда сел жүруі мүмкін екенін ескертті
Алдағы күндері Алматыда қолайсыз ауа райы сақталады. Төтенше жағдайлар министрлігі мегаполис тұрғындары мен қонақтарына сел қаупі туралы ескертті, деп хабарлайды Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. Бүгін, 13 тамызда Кіші Алматы өзенінде сел қауіпі бар екені хабарланды. Сонымен қатар "Қазгидромет" ресми сайтында жарияланған дауылды ескертуге сәйкес, ертең, 14 тамызда мегаполисте өткінші найзағай күтіледі. Сондай-ақ төтенше жағдайлар департаменті сел қауіпі бар елдімекендерде сақтау керек қауіпсіздік ережесін ұсынды:
Алдағы күндері Алматыда қолайсыз ауа райы сақталады. Төтенше жағдайлар министрлігі мегаполис тұрғындары мен қонақтарына сел қаупі туралы ескертті, деп хабарлайды Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған . Бүгін, 13 тамызда Кіші Алматы өзенінде сел қауіпі бар екені хабарланды. Сонымен қатар "Қазгидромет" ресми сайтында жарияланған дауылды ескертуге сәйкес, ертең, 14 тамызда мегаполисте өткінші найзағай күтіледі.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032284-almatylyqtarga-sel-qauipi-zaily-eskertti/
13 тамыз 2023, 19:45
kk
Ақтөбеде өрт кезінде 44 адам эвакуацияланды
Ақтөбе облысының өрт сөндірушілері өрт кезінде 44 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. "Бүгін сағат 13:22-де Ақтөбе қаласының Жаманқұлов көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Бірінші қабаттағы пәтерде үй заттары өртенді. Шақыру орнына келген өрт сөндірушілер өртті сөндіруге және тұрғындарды эвакуациялауға кірісті. Барлау жүргізу кезінде өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында құтқару қалпақтарының көмегімен 4 адам құтқарылды. Сонымен қатар баспалдақ маршы арқылы 40 адам, оның ішінде 10 бала эвакуацияланды", - деп хабарлады Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. Сонымен қатар департамент баспасөзінің мәліметінше, 13.47-де өрт сөндірілген. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда. "Өртті сөндіруге Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаментінің 26 өрт сөндіруші мен 6 бірлік техникасы жұмылдырылды. Сондай-ақ, өрт орнына Апаттар медицинасы орталығы филиалының бригадасы барды. Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады", - деп хабарлады Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі.
Ақтөбе облысының өрт сөндірушілері өрт кезінде 44 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған . "Бүгін сағат 13:22-де Ақтөбе қаласының Жаманқұлов көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Бірінші қабаттағы пәтерде үй заттары өртенді. Шақыру орнына келген өрт сөндірушілер өртті сөндіруге және тұрғындарды эвакуациялауға кірісті. Барлау жүргізу кезінде өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында құтқару қалпақтарының көмегімен 4 адам құтқарылды. Сонымен қатар баспалдақ маршы арқылы 40 адам, оның ішінде 10 бала эвакуацияланды", - деп хабарлады Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. Сонымен қатар департамент баспасөзінің мәліметінше, 13.47-де өрт сөндірілген. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда. "Өртті сөндіруге Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаментінің 26 өрт сөндіруші мен 6 бірлік техникасы жұмылдырылды. Сондай-ақ, өрт орнына Апаттар медицинасы орталығы филиалының бригадасы барды.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032277-aqtobede-ort-kezinde-44-adam-evakuaciyalandy/
13 тамыз 2023, 19:03
kk
Бақыт Шадаева: Мені альфонс жігіттер де жиі жағалайды
Әнші Бақыт Шадаева өзін альфонс жігіттердің жиі жағалайтынын айтты. Өнер иесі NEGE.KZ сайтында осыған дейін үш рет тұрмыста болғанын да жасырмай баяндап берген болатын, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Мені аста-төк өмір сүреді деп ойлайтын болса керек, альфонс жігіттер де жиі жағалайды. Бірақ елуден асқан шағымда жас жігітпен қолтықтасып жүрсем қыздарыма не тәрбие беремін", - деді Бақыт Шадаева. Айта кетейік, Бақыт Шадаева осыған дейін үш рет тұрмыста болғанын айтқан еді. "Жасырмаймын, мен үш рет тұрмыста болдым. Үшеуі де өте қызғаншақ еді. Сол себепті Құдайдың құтты күні таяқ жеп отырмайын деп, олардан басымды аулақ әкеттім. Дегенмен, көңілін білдіретін азаматтар әлі де бар", - деген болатын Шадаева.
Әнші Бақыт Шадаева өзін альфонс жігіттердің жиі жағалайтынын айтты. Өнер иесі NEGE.KZ сайтында осыған дейін үш рет тұрмыста болғанын да жасырмай баяндап берген болатын, деп жазады . "Мені аста-төк өмір сүреді деп ойлайтын болса керек, альфонс жігіттер де жиі жағалайды. Бірақ елуден асқан шағымда жас жігітпен қолтықтасып жүрсем қыздарыма не тәрбие беремін", - деді Бақыт Шадаева. Айта кетейік, Бақыт Шадаева осыған дейін үш рет тұрмыста болғанын айтқан еді. "Жасырмаймын, мен үш рет тұрмыста болдым. Үшеуі де өте қызғаншақ еді. Сол себепті Құдайдың құтты күні таяқ жеп отырмайын деп, олардан басымды аулақ әкеттім.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2032272-baqyt-sadaeva-meni-alfons-zigitter-de-zii-zazalaidy/
13 тамыз 2023, 16:48
kk
Астанада Жастар күніне арналған іс-шаралар апталығы өтті
12 тамыз - халықаралық Жастар күні. Бұл күн республикамыздың барлық өңірінде атап өтілуде. Осы орайда Астана да жастар апталығын бастады. Әдеттегідей, бұл күн республикамыздың барлық өңірлерімен атап өтілуде. Елорда да тыс қалмады. 7 тамыздан бастап, Жастар апталығы басталды: эко-акциялар, бос орындар жәрмеңкесі, фестиваль, байқаулар, тренингтер ұйымдастырылды. Елордадағы Жастар саясаты мәселелері басқармасын Қамбаров Қайрат Тельманұлы басқарады. Лауазымына отырған 2,5 жыл ішінде көптеген бастамалар іске асырылды. Атап өтетін болсақ, Сондай-ақалдағы уақыттажұмысты жалғастыру және нығайту жоспарда: Жастарды бүгінгі мерекемен құттықтай отырып, оларға табандылық, креатив, ақ жол тілегіміз келеді. Жастарға арналған жобалар мен бағдарламалар туралы elorda_jastary Instagram парақшасынан таба аласыздар.
12 тамыз - халықаралық Жастар күні. Бұл күн республикамыздың барлық өңірінде атап өтілуде. Осы орайда Астана да жастар апталығын бастады. Әдеттегідей, бұл күн республикамыздың барлық өңірлерімен атап өтілуде. Елорда да тыс қалмады. 7 тамыздан бастап, Жастар апталығы басталды: эко-акциялар, бос орындар жәрмеңкесі, фестиваль, байқаулар, тренингтер ұйымдастырылды. Елордадағы Жастар саясаты мәселелері басқармасын Қамбаров Қайрат Тельманұлы басқарады. Лауазымына отырған 2,5 жыл ішінде көптеген бастамалар іске асырылды. Атап өтетін болсақ, Сондай-ақалдағы уақыттажұмысты жалғастыру және нығайту жоспарда: Жастарды бүгінгі мерекемен құттықтай отырып, оларға табандылық, креатив, ақ жол тілегіміз келеді.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032254-astanada-zastar-kunine-arnalgan-is-saralar-aptalygy-otti/
13 тамыз 2023, 16:40
kk
"Жасырмаймын": Бақыт Шадаева үш күйеуінен де не үшін ажырасқанын ашып айтты
Әнші Бақыт Шадаева осыған дейін үш рет тұрмыста болғанын ашып айтты. Өнер иесі Nege.kz сайтына сұхбат беріп, бұрынғы күйеулерінен не үшін ажырасып кеткенін баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Жасырмаймын, мен үш рет тұрмыста болдым. Үшеуі де өте қызғаншақ еді. Сол себепті Құдайдың құтты күні таяқ жеп отырмайын деп, олардан басымды аулақ әкеттім. Дегенмен, көңілін білдіретін азаматтар әлі де бар. Шүкір, қазір екі жиен немерем бар. Бұрын құдағиымның көзі тірісінде сол кісінің көңіліне қарап мені "Бақыт" деп атайтын еді. Қазір екеуі де "апалап"тұрады. Ендігі тілейтінім, солардың қызығын көру", - деп ағынан жарылды әнші.
Әнші Бақыт Шадаева осыған дейін үш рет тұрмыста болғанын ашып айтты. Өнер иесі сайтына сұхбат беріп, бұрынғы күйеулерінен не үшін ажырасып кеткенін баяндап берді, деп жазады . "Жасырмаймын, мен үш рет тұрмыста болдым. Үшеуі де өте қызғаншақ еді. Сол себепті Құдайдың құтты күні таяқ жеп отырмайын деп, олардан басымды аулақ әкеттім. Дегенмен, көңілін білдіретін азаматтар әлі де бар. Шүкір, қазір екі жиен немерем бар. Бұрын құдағиымның көзі тірісінде сол кісінің көңіліне қарап мені "Бақыт" деп атайтын еді. Қазір екеуі де "апалап"тұрады.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2032271-zasyrmaimyn-baqyt-sadaeva-us-kuieuinen-de-ne-usin-azyrasqanyn-asyp-aitty/
13 тамыз 2023, 15:53
kk
Шымкентте гүл дүкеніндегі жанжал: бұрынғы учаскелік инспекторға қатысты тергеу басталды
Шымкентте гүл дүкеніндегі жағдайдан кейін ішкі істер министрлігі өзіндік қауіпсіздік департаменті полиция департаменті қызметкерлеріне қатысты тергеу бастады. Бұрынғы учаскелік инспектор Мұхтар Бековтің үстінен сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Polisia.kz. Полиция мәліметінше, өзіндік қауіпсіздік департаменті бұрынғы учаскелік инспектор Мұхтар Бековтің ROMANTIC гүл салоны мен Eldorado ресто-барының жұмысшыларына қатысты жасаған заңсыз әрекеттеріне байланысты бұқаралық ақпарат құралдарында таралған мәліметтерді тексерілген. Бековке қатысты қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-бөлігі "Тонау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. "Шымкент қаласы полиция департаменті қызметкерлерінің іс-әрекеттерінің заңдылығын Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 371-бабының 1-бөлігі "Салғырттық" бойынша басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында өзіндік қауіпсіздік бөлімшесі тексеретін болады. Ведомство екі қылмыстық іс бойынша жүргізіліп жатқан тергеудің объективтілігі мен жан-жақтылығын қамтамасыз ететін болады", - деп мәлім етті полиция.
Шымкентте гүл дүкеніндегі жағдайдан кейін ішкі істер министрлігі өзіндік қауіпсіздік департаменті полиция департаменті қызметкерлеріне қатысты тергеу бастады. Бұрынғы учаскелік инспектор Мұхтар Бековтің үстінен сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Полиция мәліметінше, өзіндік қауіпсіздік департаменті бұрынғы учаскелік инспектор Мұхтар Бековтің ROMANTIC гүл салоны мен Eldorado ресто-барының жұмысшыларына қатысты жасаған заңсыз әрекеттеріне байланысты бұқаралық ақпарат құралдарында таралған мәліметтерді тексерілген. Бековке қатысты қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-бөлігі "Тонау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. "Шымкент қаласы полиция департаменті қызметкерлерінің іс-әрекеттерінің заңдылығын Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 371-бабының 1-бөлігі "Салғырттық" бойынша басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында өзіндік қауіпсіздік бөлімшесі тексеретін болады.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032266-symkentte-gul-dukenindegi-zanzal-buryngy-policiya-inspektoryna-qatysty-tergeu-bastaldy/
13 тамыз 2023, 14:21
kk
Алматы тауларында жоғалып кеткен жас жігіт табылды
Алматыда "Көкжайлау" шатқалынан қайта оралмаған турист табылды. Ол қатты жауған жаңбыр мен қараңғы батуына байланысты шатқалдан өздігінен түсе алмаған, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. Министрлік мәліметінше, 13 тамыз күнітүнгі сағат 1:15-те республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы туристі іздеуге тауға шыққан. "2005 жылы туылған жас жігіт 12 тамызда таңертең "Көкжайлау" шатқалына кеткен. Туристің телефоны өшірулі болған.Құтқарушылар тауда жоғалған адамды түнгі сағат үште тапты. Қатты жауған жаңбыр мен қараңғы түсуіне байланысты турист шатқалдан өздігінен түсе алмаған", - деп мәлім етті министрліктің баспасөз қызметі.
Алматыда "Көкжайлау" шатқалынан қайта оралмаған турист табылды. Ол қатты жауған жаңбыр мен қараңғы батуына байланысты шатқалдан өздігінен түсе алмаған, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған . Министрлік мәліметінше, 13 тамыз күнітүнгі сағат 1:15-те республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы туристі іздеуге тауға шыққан. "2005 жылы туылған жас жігіт 12 тамызда таңертең "Көкжайлау" шатқалына кеткен. Туристің телефоны өшірулі болған. Құтқарушылар тауда жоғалған адамды түнгі сағат үште тапты.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032264-almatyda-taudan-tuse-almagan-zas-zigitti-qutqarusylar-tapty/
13 тамыз 2023, 12:33
kk
Жетісу облысында су басқан елдімекендердің жағдайы белгілі болды
Төтенше жағдайлар министрлігі Жетісу облысындағы су басқан елдімекендердегі жағдай туралы қосымша ақпарат берді. Құтқарушылар тұрғындарға ауласын қоқыс пен балшықтан тазартуға көмектесуде, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. "Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, су басқан үйлер жоқ. Жұмылдырылған күш пен құралдар жүргізген инженерлік және су сору жұмыстарының нәтижесінде Жетісу облысының елдімекендерінің аулалары мен аулалар маңы аумағынан су кетті. Жалпы 3 456 текше метр су сорылды. Құтқарушылар тұрғындарға ауласын қоқыс пен балшықтан тазартуға көмек көрсетуде", - деп мәлім етті Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. Сонымен қатар департаменттің мәліметінше, эвакуациялау пунктінде 16 адам, оның ішінде 7 бала қалған.
Төтенше жағдайлар министрлігі Жетісу облысындағы су басқан елдімекендердегі жағдай туралы қосымша ақпарат берді. Құтқарушылар тұрғындарға ауласын қоқыс пен балшықтан тазартуға көмектесуде, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған . "Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, су басқан үйлер жоқ. Жұмылдырылған күш пен құралдар жүргізген инженерлік және су сору жұмыстарының нәтижесінде Жетісу облысының елдімекендерінің аулалары мен аулалар маңы аумағынан су кетті. Жалпы 3 456 текше метр су сорылды. Құтқарушылар тұрғындарға ауласын қоқыс пен балшықтан тазартуға көмек көрсетуде", - деп мәлім етті Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032263-zetisu-oblysynda-su-basqan-eldimekenderdin-zagdaiy-belgili-boldy/
13 тамыз 2023, 12:24
kk
2023 жылғы 13 тамыз: Криптовалюталардың долларға шаққандағы бағамы
Binance блокчейн-экожүйесінің ақпаратына сәйкес, криптовалюта нарығындағы 2023 жылғы 13 тамыз күнгі жағдай мынадай: Биткоиннің долларға шаққандағы бағамы өткен тәулік ішінде $16.49-ға өсті. Бүгін актив $29,424.16638829* төңірегінде саудаланады. Tronix криптовалютасы бүгін кешегі күнмен салыстырғанда $0.00007-ға өсті. TRX бағамы 2023 жылғы 13 тамыз күні $0.07746182*-ды құрап отыр. Ethereum-нің долларға шаққандағы бағамы $2.11-ға көтерілді. Аталған криптовалютаның құны бүгінде $1,850.19597894*-ды құрап отыр. Decentraland криптовалютасы тәулік ішінде $0.0001-ға арзандады. Қазіргі уақытта актив $0.37024297* деңгейінде саудаланып жатыр. True USD тәулік ішінде $0.0002-ға өсті. TUSD бағамы 2023 жылғы 13 тамыз күні $1.00014721*-ды құрап отыр. Litecoin криптовалютасы $0.46-ға әлсіреді. Актив $83.56215395* деңгейінде саудаланып жатыр. Ethereum Classic бағасы бүгінде $0.05-ға өсті. Криптовалютаның өзекті құны – $17.71053047*. Ripple өткен күнмен салыстырғанда $0.0004-ға арзандады. Криптовалютаның бүгінгі құны - $0.62861563*. Dogecoin кешегі күнмен салыстырғанда $0.00028-ға өсті. Қазіргі уақытта актив $0.07670849* деңгейінде саудаланып жатыр. *Материал Binance криптовалюталық биржасының деректері негізінде әзірленген. Бағамдарға қатысты ақпарат мақала жарияланған сәтте өзекті.
Binance блокчейн-экожүйесінің ақпаратына сәйкес, криптовалюта нарығындағы 2023 жылғы 13 тамыз күнгі жағдай мынадай: Биткоиннің долларға шаққандағы бағамы өткен тәулік ішінде $16.49-ға өсті. Бүгін актив $29,424.16638829* төңірегінде саудаланады. Tronix криптовалютасы бүгін кешегі күнмен салыстырғанда $0.00007-ға өсті. TRX бағамы 2023 жылғы 13 тамыз күні $0.07746182*-ды құрап отыр. Ethereum-нің долларға шаққандағы бағамы $2.11-ға көтерілді. Аталған криптовалютаның құны бүгінде $1,850.19597894*-ды құрап отыр. Decentraland криптовалютасы тәулік ішінде $0.0001-ға арзандады. Қазіргі уақытта актив $0.37024297* деңгейінде саудаланып жатыр. True USD тәулік ішінде $0.0002-ға өсті. TUSD бағамы 2023 жылғы 13 тамыз күні $1.00014721*-ды құрап отыр. Litecoin криптовалютасы $0.46-ға әлсіреді. Актив $83.56215395* деңгейінде саудаланып жатыр. Ethereum Classic бағасы бүгінде $0.05-ға өсті. Криптовалютаның өзекті құны – $17.71053047*. Ripple өткен күнмен салыстырғанда $0.0004-ға арзандады. Криптовалютаның бүгінгі құны - $0.62861563*. Dogecoin кешегі күнмен салыстырғанда $0.00028-ға өсті. Қазіргі уақытта актив $0.07670849* деңгейінде саудаланып жатыр. *Материал Binance криптовалюталық биржасының деректері негізінде әзірленген.
Қаржы
false
https://kaz.nur.kz/nurfin/2032259-2023-zylgy-13-tamyz-kriptovalyutalardyn-dollarga-saqqandagy-bagamy/
13 тамыз 2023, 10:02
kk
"Кәмелетке толмаған жігіт басқарған": Жетісу облысында жол апатынан екі адам көз жұмды
Cарыөзек-Жаркент тас жолында болған жол апатынан екі адам қайтыс болып, бесеуі жараланды. Полиция мәліметінше, көлікті кәмелетке толмаған жігіт басқарған, деп хабарлайды Polisia.kz. Полиция мәліметінше, жол апаты Сарыөзек-Жаркент тас жолының 323 шақырымында Mercedes Benz және Mazda Cronos автокөліктерінің қатысуымен орын алған. "Алдын ала болжам бойынша, көліктердің бірін кәмелетке толмаған жігіт басқарғаны анықталды. Автокөліктер соқтығысқан кезде екі адам қайтыс болды. Сондай-ақ оқиға орнынан жергілікті ауруханаға бесеуі жеткізілді. Полиция көлік жүргізушілерінен "Жол жүрісі" ережелерін қатаң сақтауды талап етеді", - деп мәлімдеді полиция.
Cарыөзек-Жаркент тас жолында болған жол апатынан екі адам қайтыс болып, бесеуі жараланды. Полиция мәліметінше, көлікті кәмелетке толмаған жігіт басқарған, деп хабарлайды Полиция мәліметінше, жол апаты Сарыөзек-Жаркент тас жолының 323 шақырымында Mercedes Benz және Mazda Cronos автокөліктерінің қатысуымен орын алған. "Алдын ала болжам бойынша, көліктердің бірін кәмелетке толмаған жігіт басқарғаны анықталды. Автокөліктер соқтығысқан кезде екі адам қайтыс болды. Сондай-ақ оқиға орнынан жергілікті ауруханаға бесеуі жеткізілді.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032257-kameletke-tolmagan-zigit-basqargan-zetisu-oblysynda-zol-apatynan-eki-adam-koz-zumdy/
13 тамыз 2023, 09:54
kk
"Ештеңе етпес сүрініп, құлағаны": түрмеден шыққан Төреғалидің жазбасы желіде қызу талқыға түсті (видео)
Алматыда есірткіге мас күйде көлік жүргізіп, полицияға ұсталған Төреғали Төреәлі бостандыққа шыққаннан кейін жазба жариялады. Әншінің оқырмандары оның жазбасын қызу талқыға салды, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Ер жігіттің жарамас жылағаны, Ештеңе етпес сүрініп, құлағаны. Орнында бар оңалар, бәрін қойшы. Праваны айтсайшы, праваны", - деп жазды Төреғали Instagram парақшасында. Ал желі қолданушылары әншінің бұл жазбасына түрлі пікір қалдырды. "Жүргізуші куәлігін қоя берші. Ата-анаңның ауырған жүрегі мен абыройды айтсаңшы", "Сен өзің іздеп таптың ғой", "Кінәні өзіңнен іздеу керек", "Үкімді тек Алла шығарады", "Өлеңің дайын тұрады екен", "Тыныш жүрсең, таудай бәледен құтыласың", - деп жазды желідегілер. Еске сала кетсек, 14 маусымда әлеуметтік желілерде Алматыда жол бойында полиция қызметкерлерінің Lexus көлігінің жүргізушісін ұстаған сәтінен видео тараған еді. Куәгерлер ұсталған азаматтың танымал әнші Төреғали Төреәлі екенін байқаған. Кейін Алматы қаласының полиция департаменті желіде тараған видеоға қатысты пікір білдіріп, полиция қызметкерлері Майлин көшесінің бойында А. есімді азаматтың басқаруындағы Lexus автокөлігін тоқтатқанын хабарлады. Полицияның мәліметінше, жүргізушінің мінез-құлқы өрескел болып көрінген. Яғни, ол агрессивтілік танытып, полицияның заңды талаптарына бағынбай, тұрақта тұрған Chevrolet көлігіне зақым келтірген. Сондай-ақ ұсталған орнынан қашып кетпек болған. Полицейлер құқық бұзушының жолын бөгеп, оны ұстап, медициналық тексеруге алып барған. Сараптама қорытындысы бойынша оның есірткіге мас күйде екендігі анықталған. Бұл жайттан кейін Төреғали Төреәлі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 20 тәулікке қамауға алынды. Кейін әншінің қамау мерзіміне тағы үш күн қосылды. Ал 3 шілдеде өнер иесі ӘҚБтК-нің тағы екі бабы бойынша кінәлі деп танылып, қамаудағы мерзімі тағы 15 тәулікке созылғаны белгілі болды.
Алматыда есірткіге мас күйде көлік жүргізіп, полицияға ұсталған Төреғали Төреәлі бостандыққа шыққаннан кейін жазба жариялады. Әншінің оқырмандары оның жазбасын қызу талқыға салды, деп жазады . "Ер жігіттің жарамас жылағаны, Ештеңе етпес сүрініп, құлағаны. Орнында бар оңалар, бәрін қойшы. Праваны айтсайшы, праваны", - деп жазды Төреғали Instagram парақшасында. Ал желі қолданушылары әншінің бұл жазбасына түрлі пікір қалдырды. "Жүргізуші куәлігін қоя берші. Ата-анаңның ауырған жүрегі мен абыройды айтсаңшы", "Сен өзің іздеп таптың ғой", "Кінәні өзіңнен іздеу керек", "Үкімді тек Алла шығарады", "Өлеңің дайын тұрады екен", "Тыныш жүрсең, таудай бәледен құтыласың", - деп жазды желідегілер. Еске сала кетсек, 14 маусымда әлеуметтік желілерде Алматыда жол бойында полиция қызметкерлерінің Lexus көлігінің жүргізушісін ұстаған сәтінен видео тараған еді. Куәгерлер ұсталған азаматтың танымал әнші Төреғали Төреәлі екенін байқаған. Кейін Алматы қаласының полиция департаменті желіде тараған видеоға қатысты пікір білдіріп, полиция қызметкерлері Майлин көшесінің бойында А. есімді азаматтың басқаруындағы Lexus автокөлігін тоқтатқанын хабарлады. Полицияның мәліметінше, жүргізушінің мінез-құлқы өрескел болып көрінген. Яғни, ол агрессивтілік танытып, полицияның заңды талаптарына бағынбай, тұрақта тұрған Chevrolet көлігіне зақым келтірген. Сондай-ақ ұсталған орнынан қашып кетпек болған. Полицейлер құқық бұзушының жолын бөгеп, оны ұстап, медициналық тексеруге алып барған. Сараптама қорытындысы бойынша оның есірткіге мас күйде екендігі анықталған. Бұл жайттан кейін Төреғали Төреәлі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 20 тәулікке қамауға алынды. Кейін әншінің қамау мерзіміне тағы үш күн қосылды.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2032251-estene-etpes-surinip-qulagany-turmeden-syqqan-toregalidin-zazbasy-zelide-qyzu-talqyga-tusti-video/
13 тамыз 2023, 09:45
kk
2023 жылғы 13 тамыз: Алматы, Астана және Шымкенттегі қолма-қол валюта бағамдары
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми деректеріне сәйкес, бүгін, 2023 жылғы 13 тамыз күнгі жағдай бойынша теңгенің долларға шаққандағы бағамы – 445.81 (+0.00), еуроға шаққандағы бағамы – 489.28 (+0.00) және рубльге шаққандағы бағамы – 4.53 (+0.00). Алматының ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 447.00 (Som Exchange) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 448.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 489.50 (МиГ) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 493.00 (Som Exchange).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.50 (Som Exchange) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.65 (Som Exchange).* Астананың ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 445.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 448.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 488.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 494.19 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.50 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.74 (Нурбанк).* Шымкенттің ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 445.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 448.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 488.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 494.19 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.50 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.74 (Нурбанк).* Ақпарат ресми дереккөздерден – қазақстандық банктердің және Алматы, Астана, Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау орындарының сайттарынан алынды. Қалаңыздағы ең тиімді валюта бағамдары туралы ақпаратты бірінші алғыңыз келе ме? Telegram-да біздің ботқа жазылыңыз. *Валюталарды сату және сатып алу бойынша ең тиімді бағамдарға қатысты ақпарат мақаланы жариялаған сәтте өзекті.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми деректеріне сәйкес, бүгін, 2023 жылғы 13 тамыз күнгі жағдай бойынша теңгенің долларға шаққандағы бағамы – 445.81 (+0.00), еуроға шаққандағы бағамы – 489.28 (+0.00) және рубльге шаққандағы бағамы – 4.53 (+0.00). Алматының ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 447.00 (Som Exchange) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 448.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 489.50 (МиГ) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 493.00 (Som Exchange).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.50 (Som Exchange) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.65 (Som Exchange).* Астананың ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 445.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 448.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 488.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 494.19 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.50 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.74 (Нурбанк).* Шымкенттің ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 445.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 448.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 488.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 494.19 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.50 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.74 (Нурбанк).* Ақпарат ресми дереккөздерден – қазақстандық банктердің және Алматы, Астана, Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау орындарының сайттарынан алынды. Қалаңыздағы ең тиімді валюта бағамдары туралы ақпаратты бірінші алғыңыз келе ме? Telegram-да біздің ботқа жазылыңыз.
Қаржы
false
https://kaz.nur.kz/nurfin/2032253-2023-zylgy-13-tamyz-almaty-astana-zane-symkenttegi-qolma-qol-valyuta-bagamdary/
13 тамыз 2023, 09:17
kk
"8 градусқа дейін төмендейді": Бүгін еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болмақ
Синоптиктер жексенбі яғни 13 тамызға арналған ауа райы болжамын жасады. "Қазгидромет" мәліметінше, бүгін Алматыда күн жаңбырлы болмақ, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Алматыда бүгін тағы да жаңбыр жауады деп күтілуде. Ауа температурасы күндіз +23...+25 градус жылы, түнде +13...+15 градусқа дейін төмендейді. Астанада жауын-шашын күтілмейді, көшпелі бұлт шығады. Алайда күн айтарлықтай салқын болады деп күтілуде. Күндіз ауа температурасы +16...+18 градус болса, түнде +8...+10 градусты көрсетеді. Шымкентте жексенбіде күн жылы болады. Ауа райы жауын-шашынсыз. Мегаполисте күндіз +28...+30 градус ыстық күтілсе, түнде +15...+17 градусқа дейін суытады.
Синоптиктер жексенбі яғни 13 тамызға арналған ауа райы болжамын жасады. "Қазгидромет" мәліметінше, бүгін Алматыда күн жаңбырлы болмақ, деп жазады . Алматыда бүгін тағы да жаңбыр жауады деп күтілуде. Ауа температурасы күндіз +23...+25 градус жылы, түнде +13...+15 градусқа дейін төмендейді. Астанада жауын-шашын күтілмейді, көшпелі бұлт шығады. Алайда күн айтарлықтай салқын болады деп күтілуде. Күндіз ауа температурасы +16...+18 градус болса, түнде +8...+10 градусты көрсетеді. Шымкентте жексенбіде күн жылы болады. Ауа райы жауын-шашынсыз.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032250-8-gradusqa-deiin-tomendeidi-bugin-elimizdin-iri-qalalarynda-aua-raiy-qandai-bolmaq/
13 тамыз 2023, 08:51
kk
Бүгінгі жұлдыз жорамал: 13 тамыз күні сізді не күтіп тұр
Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз. Маңызды шешім қабылдайтын күн. Жұмыс, лауазым, үйіңіз немесе қоршаған орта арасында таңдау жасаңыз. Таңертеңнен кешке дейін көптеген маңызды оқиға болады. Табыстың өсуін, бонусты, көтерілуді күтіңіз. Әріптестермен бірігіп, жаңа белестерді бағындырыңыз. Тереңде тығылып жатқан балалық ерке сезімді оятыңыз. Қалаған затыңызды алуға өзіңізге тыйым салып жүрген болсаңыз, бүгін бұл қалауыңызды орындауға оңтайлы күн, өзіңізді қуантуды ұмытпаңыз. Жаңа затты сатып алмас бұрын жақсылап ойланыңыз, кейінірек бұл зат сөреңізде шаң жинап, бос шығынға айналмасын десеңіз. Өзгелердің кеңесіне құлақ аспаңыз: олардың кеңесінің пайдалы болуы екіталай. Саяхат, ойын-сауық және сауда жасаудан бас тартыңыз. Ақшаңызды босқа жұмсамаңыз. Әлеуметтік желілердегі дүкендерден зат сатып алу кезінде өте сақ болыңыз. Дүкеннің құрылған күнін, өзгелер қалдырған пікірлерді қараңыз және ақшаны алдын ала төлемеңіз, тек жеткізу кезінде қолма-қол төлем жасаңыз. Бұл алаяқтардан қорғануға көмектеседі. Жеке қарым-қатынасқа келгенде, түйсігіңізге сүйеніңіз. Екінші жартыңызға агрессия көрсетпеу керек. Өз көзқарастарыңызды өзгертуге тырысатын адамман қашыңыз. Егер ол адам сіздің сүйіктіңіз болса, онда тіптен аулақ болыңыз немесе оған екі адамның пікірі бір жерден шығуы міндет емес екенін түсіндіріңіз. Қос ғашықтың қарым-қатынасы өзара құрметке негізделген болуы керек. Кездейсоқ алынған ақпарат пайдалы болады. Қаржыға қатысты маңызды мәселелерді талқыламаңыз. Туған-туысты қадірлесеңіз, олардың пікіріне құлақ асыңыз. Оларға сеніңіз. Көмекті ризашылықпен қабыл алыңыз. Балаларыңыздың сырт келбетін еш уақытта сынамаңыз. Жақсы болсын десеңіз де, өз ойыңызды ішіңізде қалдырыңыз. Бұл есейген кезде баланың өзін-өзі бағалауына қатты әсер етуі мүмкін. Түріңізге сәйкес косметиканы таңдауға тырысыңыз, бұл сіздің сыртқы келбетіңіздің барлық артықшылығын көрсетуге мүмкіндік береді. Достарыңызға көмектесіңіз, жақсылық қайтып келеді. Олардың біреуі сырын ақтарғысы келсе, мұқият тыңдап, қолдау көрсетіңіз. Ұзақ уақыт көрмеген достарыңызға қоңырау шалыңыз: сіз әрдайым олардың есіндесіз және олар сізді сағынып жүр. Кішігірім қиындықтар кедергі болмайды. Ең бастысы - басқаларға мұқият болу. Кімнен көмек сұрайтыныңызды алдын ала ойластырыңыз. Тәжірибелі адамдарды тыңдаңыз. Жақындармен жанжалдасудан аулақ болыңыз, отбасылық мәселелерде ортақ мақсат үшін бірігіңіз. Бүгін бойдақтар болашақ сүйіктісін кездестіруі мүмкін. Ұйқыңыз бұзылып жүрсе, жатын бөлмедегі температураға назар аударыңыз: салқын бөлмеде ұйықтау жақсы, ұйықтар алдында бөлмені желдетуді ұмытпаңыз және тым қалың көрпе жамылып ұйықтамаңыз. Балаңыздың қаржылық сауатын арттырыңыз. Бұны мектепте де, жоғарғы оқу орнында да үйретпейді. Оған банк картасымен жұмыс істеуді үйретіңіз. Болашақта ол сізге риза болатыны анық. Өз балаңызды басқа балалармен салыстырмаңыз. Бұл бала психикасына кері әсерін тигізуі мүмкін. Өзіңіздің іс-әрекетіңіз арқылы ғана баланы тәрбиелеуге болады. Өз жұбыңызбен арадағы сезімдер туралы айтудан қашпаңыз. Жағымды ойларыңыз бен, жағымсыз пікірлеріңізді де үнемі айтып отырыңыз. Бұл сіздердің арақатынастарыңызды айтарлықтай берік етіп, босқа сөз таластырудан сақтайды. Кейбір кикілжіңдер мен түсініспеушіліктер тек қана сіздің ойыңыз ғана болуы мүмкін. Үйіңізді толық тазалайтын уақыт келді. Жағымды иісі бар өнімді пайдаланыңыз, осылайша таза әрі жұпар иіске толы бөлмелер сізге бұрын-соңды болмаған сергектік пен қанағаттану сезімін сылайды. Денсаулықтан артық байлық жоқ. Бірінші байлыққа мән беріп, кезекті тексерілуден өтіңіз. Жалғызбастылардың кездейсоқ адамдармен танысуы үшін жақсы күн. Бір жаққа барудың қажеті жоқ. Әдемі киініп алып, бейтаныс адаммен видео арқылы тілдесу де көңіл-күйіңізді көтеруі мүмкін.
Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз. Маңызды шешім қабылдайтын күн. Жұмыс, лауазым, үйіңіз немесе қоршаған орта арасында таңдау жасаңыз. Таңертеңнен кешке дейін көптеген маңызды оқиға болады. Табыстың өсуін, бонусты, көтерілуді күтіңіз. Әріптестермен бірігіп, жаңа белестерді бағындырыңыз. Тереңде тығылып жатқан балалық ерке сезімді оятыңыз. Қалаған затыңызды алуға өзіңізге тыйым салып жүрген болсаңыз, бүгін бұл қалауыңызды орындауға оңтайлы күн, өзіңізді қуантуды ұмытпаңыз. Жаңа затты сатып алмас бұрын жақсылап ойланыңыз, кейінірек бұл зат сөреңізде шаң жинап, бос шығынға айналмасын десеңіз. Өзгелердің кеңесіне құлақ аспаңыз: олардың кеңесінің пайдалы болуы екіталай. Саяхат, ойын-сауық және сауда жасаудан бас тартыңыз. Ақшаңызды босқа жұмсамаңыз. Әлеуметтік желілердегі дүкендерден зат сатып алу кезінде өте сақ болыңыз. Дүкеннің құрылған күнін, өзгелер қалдырған пікірлерді қараңыз және ақшаны алдын ала төлемеңіз, тек жеткізу кезінде қолма-қол төлем жасаңыз. Бұл алаяқтардан қорғануға көмектеседі. Жеке қарым-қатынасқа келгенде, түйсігіңізге сүйеніңіз. Екінші жартыңызға агрессия көрсетпеу керек. Өз көзқарастарыңызды өзгертуге тырысатын адамман қашыңыз. Егер ол адам сіздің сүйіктіңіз болса, онда тіптен аулақ болыңыз немесе оған екі адамның пікірі бір жерден шығуы міндет емес екенін түсіндіріңіз. Қос ғашықтың қарым-қатынасы өзара құрметке негізделген болуы керек. Кездейсоқ алынған ақпарат пайдалы болады. Қаржыға қатысты маңызды мәселелерді талқыламаңыз. Туған-туысты қадірлесеңіз, олардың пікіріне құлақ асыңыз. Оларға сеніңіз. Көмекті ризашылықпен қабыл алыңыз. Балаларыңыздың сырт келбетін еш уақытта сынамаңыз. Жақсы болсын десеңіз де, өз ойыңызды ішіңізде қалдырыңыз. Бұл есейген кезде баланың өзін-өзі бағалауына қатты әсер етуі мүмкін. Түріңізге сәйкес косметиканы таңдауға тырысыңыз, бұл сіздің сыртқы келбетіңіздің барлық артықшылығын көрсетуге мүмкіндік береді. Достарыңызға көмектесіңіз, жақсылық қайтып келеді. Олардың біреуі сырын ақтарғысы келсе, мұқият тыңдап, қолдау көрсетіңіз. Ұзақ уақыт көрмеген достарыңызға қоңырау шалыңыз: сіз әрдайым олардың есіндесіз және олар сізді сағынып жүр. Кішігірім қиындықтар кедергі болмайды. Ең бастысы - басқаларға мұқият болу. Кімнен көмек сұрайтыныңызды алдын ала ойластырыңыз. Тәжірибелі адамдарды тыңдаңыз. Жақындармен жанжалдасудан аулақ болыңыз, отбасылық мәселелерде ортақ мақсат үшін бірігіңіз. Бүгін бойдақтар болашақ сүйіктісін кездестіруі мүмкін. Ұйқыңыз бұзылып жүрсе, жатын бөлмедегі температураға назар аударыңыз: салқын бөлмеде ұйықтау жақсы, ұйықтар алдында бөлмені желдетуді ұмытпаңыз және тым қалың көрпе жамылып ұйықтамаңыз. Балаңыздың қаржылық сауатын арттырыңыз. Бұны мектепте де, жоғарғы оқу орнында да үйретпейді. Оған банк картасымен жұмыс істеуді үйретіңіз. Болашақта ол сізге риза болатыны анық. Өз балаңызды басқа балалармен салыстырмаңыз. Бұл бала психикасына кері әсерін тигізуі мүмкін. Өзіңіздің іс-әрекетіңіз арқылы ғана баланы тәрбиелеуге болады. Өз жұбыңызбен арадағы сезімдер туралы айтудан қашпаңыз. Жағымды ойларыңыз бен, жағымсыз пікірлеріңізді де үнемі айтып отырыңыз. Бұл сіздердің арақатынастарыңызды айтарлықтай берік етіп, босқа сөз таластырудан сақтайды. Кейбір кикілжіңдер мен түсініспеушіліктер тек қана сіздің ойыңыз ғана болуы мүмкін. Үйіңізді толық тазалайтын уақыт келді. Жағымды иісі бар өнімді пайдаланыңыз, осылайша таза әрі жұпар иіске толы бөлмелер сізге бұрын-соңды болмаған сергектік пен қанағаттану сезімін сылайды. Денсаулықтан артық байлық жоқ. Бірінші байлыққа мән беріп, кезекті тексерілуден өтіңіз. Жалғызбастылардың кездейсоқ адамдармен танысуы үшін жақсы күн. Бір жаққа барудың қажеті жоқ.
Калейдоскоп
false
https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2032073-bugingi-zuldyz-zoramal-13-tamyz-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/
13 тамыз 2023, 00:01
kk
Алматыда қоймадағы өртті сөндіру кезінде өрт сөндірушінің қызы өмірге келді (видео)
Алматының Жетісу ауданындағы ірі өртті сөндіру кезінде өрт сөндірушілердің бірінің қызы дүниеге келді. Қуанышты жаңалықты құтқарушының әріптестері ТЖМ Telegram арнасында хабарлады. "Алматыдағы ірі өртті жою кезінде №8 өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау капитаны Темірбаев Азаттың қызы дүниеге келді. Бұл қазір көп балалы отбасындағы төртінші бала. Үлкен ұлдары 15 және 11 жаста, қызы 8 жаста", - делінген хабарламада. Бүгінгі өртті сөндірудің үш учаскесінің бірін басқарған өрт сөндіруші қызметте 21 жыл жұмыс істеп келеді. Ол ірі өрттерді жоюға қатысып, ондаған адамның өмірін сақтап қалған. Еске сала кетсек, бүгін сағат 07:16-да Алматы қаласының Жетісу ауданында Москвин көшесіндегі қоймалар өртенген болатын. Өрт сағат 12:22-де сөндірілген. Қызыл жалын салдарынан қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндірушілер өрттің көрші құрылыстарға таралуына жол бермеді. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамның 120 адамы және 33 техникасы, сондай-ақ су тасу үшін Алматы қаласының коммуналдық қызметтері мен құтқару қызметінің 7 су тасығышы жұмылдырылды.
Алматының Жетісу ауданындағы ірі өртті сөндіру кезінде өрт сөндірушілердің бірінің қызы дүниеге келді. Қуанышты жаңалықты құтқарушының әріптестері ТЖМ Telegram арнасында хабарлады. "Алматыдағы ірі өртті жою кезінде №8 өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау капитаны Темірбаев Азаттың қызы дүниеге келді. Бұл қазір көп балалы отбасындағы төртінші бала. Үлкен ұлдары 15 және 11 жаста, қызы 8 жаста", - делінген хабарламада. Бүгінгі өртті сөндірудің үш учаскесінің бірін басқарған өрт сөндіруші қызметте 21 жыл жұмыс істеп келеді. Ол ірі өрттерді жоюға қатысып, ондаған адамның өмірін сақтап қалған. Еске сала кетсек, бүгін сағат 07:16-да Алматы қаласының Жетісу ауданында Москвин көшесіндегі қоймалар өртенген болатын. Өрт сағат 12:22-де сөндірілген. Қызыл жалын салдарынан қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндірушілер өрттің көрші құрылыстарға таралуына жол бермеді.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032239-almatyda-qoimadagy-ortti-sondiru-kezinde-ort-sondirusinin-qyzy-omirge-keldi-video/
12 тамыз 2023, 18:06
kk
Жетісу облысында қатты жаңбырдан аулаларды су басты: адамдар эвакуациялануда (видео)
Жетісу өңірінде сенбі күні ауа райы бұзылып, аулаларды су басты. Төтенше жағдайлар министрлігі өзінің ресми Telegram каналында аймақтағы жағдай туралы айтты. Бүгін, 12 тамызда Ескелді ауданындағы Ешкіөлмес ауылында толассыз жауған жаңбыр салдарынан еңіс ағыны қалыптасып, кейін төрт көшедегі аулаларды су басқан. Оқиға орнында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің күштері жұмыс істеп жатыр - 22 құтқарушы арнайы техникамен және техникамен, соның ішінде су көлігімен жабдықталған. Инженерлік жұмыстар, адамдарды жартылай эвакуациялау және суды сору жұмыстары жүргізілуде. Төтенше жағдай орын алған жерге Талдықорғаннан да қосымша күш жұмылдырылды. ТЖМ мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.
Жетісу өңірінде сенбі күні ауа райы бұзылып, аулаларды су басты. Төтенше жағдайлар министрлігі өзінің ресми Telegram каналында аймақтағы жағдай туралы айтты. Бүгін, 12 тамызда Ескелді ауданындағы Ешкіөлмес ауылында толассыз жауған жаңбыр салдарынан еңіс ағыны қалыптасып, кейін төрт көшедегі аулаларды су басқан. Оқиға орнында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің күштері жұмыс істеп жатыр - 22 құтқарушы арнайы техникамен және техникамен, соның ішінде су көлігімен жабдықталған. Инженерлік жұмыстар, адамдарды жартылай эвакуациялау және суды сору жұмыстары жүргізілуде. Төтенше жағдай орын алған жерге Талдықорғаннан да қосымша күш жұмылдырылды.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032236-zetisu-oblysynda-qatty-zanbyrdan-su-basty-adamdar-evakuaciyalanuda-video/
12 тамыз 2023, 17:14
kk
Оңтүстіккореялық БАҚ қазақстандық әйелдің жүргізушіге пышақпен шабуыл жасағанын хабарлады
Сеулде автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасаған деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды. Ер адам жарақат алған. Бұл туралы Оңтүстік Кореяның Insight басылымы хабарлады. 10 тамызда Сеул полициясы Қазақстан азаматына қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Басылым мәліметінше, 50 жас шамасында әйел өзімен шамалас жастағы автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасаған. Салдарынан ер адам жарақат алған. Полицияның хабарлауынша, әйел Ханнам көпірі ауданындағы жолда Кенбу тасжолының аумағында жолға шығып кеткен. Осылайша, ол алда кетіп бара жатқан туристік автобустың жолын бөгеген. Жүргізуші автобустан шыққан сәтте әйел оның білегіне пышақ сұғып алған. Бірнеше уақыттан кейін қазақстандық ұсталған. Басылымның жазуынша, оқиға болған сәтте автобуста жолаушылар болмаған. Ал зардап шегушіге медициналық көмек көрсетілген. NUR.KZ тілшісі оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне жүгінді.
Сеулде автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасаған деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды. Ер адам жарақат алған. Бұл туралы Оңтүстік Кореяның Insight басылымы хабарлады. 10 тамызда Сеул полициясы Қазақстан азаматына қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Басылым мәліметінше, 50 жас шамасында әйел өзімен шамалас жастағы автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасаған. Салдарынан ер адам жарақат алған. Полицияның хабарлауынша, әйел Ханнам көпірі ауданындағы жолда Кенбу тасжолының аумағында жолға шығып кеткен. Осылайша, ол алда кетіп бара жатқан туристік автобустың жолын бөгеген. Жүргізуші автобустан шыққан сәтте әйел оның білегіне пышақ сұғып алған. Бірнеше уақыттан кейін қазақстандық ұсталған. Басылымның жазуынша, оқиға болған сәтте автобуста жолаушылар болмаған. Ал зардап шегушіге медициналық көмек көрсетілген.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032227-ontustikkoreyalyq-baq-qazaqstandyq-aieldin-zurgizusige-pysaqpen-sabuyl-zasaganyn-xabarlady/
12 тамыз 2023, 16:16
kk
Қошанов Президенттің атынан Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 165-жылдығымен құттықтады
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Мемлекет басшысының тапсырмасымен Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 165-жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шараға қатысты. Алқалы жиын Павлодар облысы Баянауыл ауданында өтті. Мәжіліс спикері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді. "Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы халқымыздың ауыз әдебиетін, шежірелі тарихын және салт-дәстүрін жан-жақты зерделеп, ұлт руханиятын дамытуға өлшеусіз үлес қосты. Халықты өнер-білімге шақырған өлеңдер мен толғаулар, дастандар мен қиссалар жазып, төл әдебиетіміздің көкжиегін кеңейтті. Ұлы ойшылдың мол мұрасы әлі де талай ұрпақтың қажетіне жарары сөзсіз. "Салған мені бейнетке ғылым-білім" деп ақынның өзі жырлағандай, терең таным мен телегей білімнің арқасында елге танымал болып, "Мәшһүр" атанған абызды ұлықтап, еңбектерін жұрттың жадында жаңғырту – баршамыздың ортақ парызымыз", – делінген Президент құттықтауында. Ерлан Қошанов Ертіс-Баянауыл өлкесі ұлтымыздың тағдыры мен тарихына өшпес із қалдырған ұлы перзенттерді дүниеге әкелген киелі топырақ екенін атап өтті. Солардың бірі де, бірегейі – Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Мәжіліс төрағасы ақын өлеңдері мен көсемсөзі қазақ руханиятының алтын қорынан ойып тұрып орын алатынын айтты. "Ол кезде заман қандай болғанын білеміз. Сол аласапыран уақыттың өзінде қаншама шежірені, дастан-қиссаларды, ертегілерді, айтыс үлгілерін көзінің майын тамызып отырып жинағаны ерлікке пара-пар", – деді Мәжіліс төрағасы. Сөз соңында Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының есімі мен мол мұрасы халқымызбен бірге мәңгі жасай беретінін ерекше атап өтті. Мерейтой аясында облыста республикалық ақындар айтысы, жыршы-термешілер байқауы, көкпар, бәйге мен қазақ күресінен жарыс өтті. Мәжілістің Баспасөз қызметі 74-63-04. Суретті түсірген Ж.Жұмабеков
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Мемлекет басшысының тапсырмасымен Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 165-жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шараға қатысты. Алқалы жиын Павлодар облысы Баянауыл ауданында өтті. Мәжіліс спикері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді. "Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы халқымыздың ауыз әдебиетін, шежірелі тарихын және салт-дәстүрін жан-жақты зерделеп, ұлт руханиятын дамытуға өлшеусіз үлес қосты. Халықты өнер-білімге шақырған өлеңдер мен толғаулар, дастандар мен қиссалар жазып, төл әдебиетіміздің көкжиегін кеңейтті. Ұлы ойшылдың мол мұрасы әлі де талай ұрпақтың қажетіне жарары сөзсіз. "Салған мені бейнетке ғылым-білім" деп ақынның өзі жырлағандай, терең таным мен телегей білімнің арқасында елге танымал болып, "Мәшһүр" атанған абызды ұлықтап, еңбектерін жұрттың жадында жаңғырту – баршамыздың ортақ парызымыз", – делінген Президент құттықтауында. Ерлан Қошанов Ертіс-Баянауыл өлкесі ұлтымыздың тағдыры мен тарихына өшпес із қалдырған ұлы перзенттерді дүниеге әкелген киелі топырақ екенін атап өтті. Солардың бірі де, бірегейі – Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Мәжіліс төрағасы ақын өлеңдері мен көсемсөзі қазақ руханиятының алтын қорынан ойып тұрып орын алатынын айтты. "Ол кезде заман қандай болғанын білеміз. Сол аласапыран уақыттың өзінде қаншама шежірені, дастан-қиссаларды, ертегілерді, айтыс үлгілерін көзінің майын тамызып отырып жинағаны ерлікке пара-пар", – деді Мәжіліс төрағасы. Сөз соңында Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының есімі мен мол мұрасы халқымызбен бірге мәңгі жасай беретінін ерекше атап өтті. Мерейтой аясында облыста республикалық ақындар айтысы, жыршы-термешілер байқауы, көкпар, бәйге мен қазақ күресінен жарыс өтті. Мәжілістің Баспасөз қызметі 74-63-04.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032232-qosanov-prezidenttin-atynan-mashur-zusip-kopeevtin-165-zyldygymen-quttyqtady/
12 тамыз 2023, 15:49
kk
Түркістан облысында келіншек күйеуін өлтірді деген күдікпен ұсталды
Түркістан облысы Сарыағаш ауданында жоғалған күйеуін өлтірді деген күдікпен әйел адам ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz Telegram арнасында хабарланды. Ведомствоның ақпаратынша, 12 тамыз күні Сарыағаш полициясына жергілікті тұрғыннан екі күн бұрын 38 жастағы інісі жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Аудандық полиция бөлімінің барлық жеке құрамы жоғалған тұрғынды іздеуге жұмылдырылды. "Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полицейлер отбасылық жанжалдан кейін күйеуін өлтірді деген күдікпен ауданның тұрғынын анықтап, ұстады. Заттай дәлелдемелер тәркіленді", - делінген хабарламада. Қазіргі таңда күдікті әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицияның дерегінше, қайғылы жағдай орын алған отбасы ішкі істер органдарында есепте тұрмаған және отбасылық жанжал бойынша бұрын полицияға жүгінбеген. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде және болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.
Түркістан облысы Сарыағаш ауданында жоғалған күйеуін өлтірді деген күдікпен әйел адам ұсталды. Бұл туралы Telegram арнасында хабарланды. Ведомствоның ақпаратынша, 12 тамыз күні Сарыағаш полициясына жергілікті тұрғыннан екі күн бұрын 38 жастағы інісі жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Аудандық полиция бөлімінің барлық жеке құрамы жоғалған тұрғынды іздеуге жұмылдырылды. "Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полицейлер отбасылық жанжалдан кейін күйеуін өлтірді деген күдікпен ауданның тұрғынын анықтап, ұстады. Заттай дәлелдемелер тәркіленді", - делінген хабарламада. Қазіргі таңда күдікті әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицияның дерегінше, қайғылы жағдай орын алған отбасы ішкі істер органдарында есепте тұрмаған және отбасылық жанжал бойынша бұрын полицияға жүгінбеген.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032225-turkistan-oblysynda-kelinsek-kuieuin-oltirdi-degen-kudikpen-ustaldy/
12 тамыз 2023, 13:32
kk
Алматыда қоймалардан шыққан өрт сөндірілді
Алматының Жетісу ауданындағы қоймалардан шыққан өрт сөндірілді. Бұл туралы ТЖМ Telegram арнасында хабарланды. Ведомствоның мәліметінше, ірі өрт сағат 12:22-де сөндірілген. Қызыл жалын салдарынан қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндірушілер өрттің көрші құрылыстарға таралуына жол бермеді. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамның 120 адамы және 33 техникасы, сондай-ақ су тасу үшін Алматы қаласының коммуналдық қызметтері мен құтқару қызметінің 7 су тасығышы жұмылдырылды. Өрт орнында ІІМ қызметкерлерінің қатарынан қоршау қойылды.
Алматының Жетісу ауданындағы қоймалардан шыққан өрт сөндірілді. Бұл туралы ТЖМ Telegram арнасында хабарланды. Ведомствоның мәліметінше, ірі өрт сағат 12:22-де сөндірілген. Қызыл жалын салдарынан қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндірушілер өрттің көрші құрылыстарға таралуына жол бермеді. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамның 120 адамы және 33 техникасы, сондай-ақ су тасу үшін Алматы қаласының коммуналдық қызметтері мен құтқару қызметінің 7 су тасығышы жұмылдырылды.
Оқыс оқиғалар
false
https://kaz.nur.kz/accidents/2032220-almatyda-qoimalardan-syqqan-ort-sondirildi/
12 тамыз 2023, 13:15
kk
2023 жылғы 12 тамыз: Криптовалюталардың долларға шаққандағы бағамы
Binance блокчейн-экожүйесінің ақпаратына сәйкес, криптовалюта нарығындағы 2023 жылғы 12 тамыз күнгі жағдай мынадай: Биткоиннің долларға шаққандағы бағамы өткен тәулік ішінде $9.94-ға төмендеді. Бүгін актив $29,420.01150623* төңірегінде саудаланады. Tronix криптовалютасы бүгін кешегі күнмен салыстырғанда $0.00003-ға төмендеді. TRX бағамы 2023 жылғы 12 тамыз күні $0.07718897*-ды құрап отыр. Ethereum-нің долларға шаққандағы бағамы $1.14-ға көтерілді. Аталған криптовалютаның құны бүгінде $1,848.47279795*-ды құрап отыр. Decentraland криптовалютасы тәулік ішінде $0.0019-ға қымбаттады. Қазіргі уақытта актив $0.36936768* деңгейінде саудаланып жатыр. True USD тәулік ішінде $0.0001-ға өсті. TUSD бағамы 2023 жылғы 12 тамыз күні $1.00006387*-ды құрап отыр. Litecoin криптовалютасы $0.50-ға нығая түсті. Актив $83.26519138* деңгейінде саудаланып жатыр. Ethereum Classic бағасы бүгінде $0.06-ға төмендеді. Криптовалютаның өзекті құны – $17.64493209*. Ripple өткен күнмен салыстырғанда $0.0056-ға арзандады. Криптовалютаның бүгінгі құны - $0.63212588*. Dogecoin кешегі күнмен салыстырғанда $0.00059-ға өсті. Қазіргі уақытта актив $0.07572081* деңгейінде саудаланып жатыр. *Материал Binance криптовалюталық биржасының деректері негізінде әзірленген. Бағамдарға қатысты ақпарат мақала жарияланған сәтте өзекті.
Binance блокчейн-экожүйесінің ақпаратына сәйкес, криптовалюта нарығындағы 2023 жылғы 12 тамыз күнгі жағдай мынадай: Биткоиннің долларға шаққандағы бағамы өткен тәулік ішінде $9.94-ға төмендеді. Бүгін актив $29,420.01150623* төңірегінде саудаланады. Tronix криптовалютасы бүгін кешегі күнмен салыстырғанда $0.00003-ға төмендеді. TRX бағамы 2023 жылғы 12 тамыз күні $0.07718897*-ды құрап отыр. Ethereum-нің долларға шаққандағы бағамы $1.14-ға көтерілді. Аталған криптовалютаның құны бүгінде $1,848.47279795*-ды құрап отыр. Decentraland криптовалютасы тәулік ішінде $0.0019-ға қымбаттады. Қазіргі уақытта актив $0.36936768* деңгейінде саудаланып жатыр. True USD тәулік ішінде $0.0001-ға өсті. TUSD бағамы 2023 жылғы 12 тамыз күні $1.00006387*-ды құрап отыр. Litecoin криптовалютасы $0.50-ға нығая түсті. Актив $83.26519138* деңгейінде саудаланып жатыр. Ethereum Classic бағасы бүгінде $0.06-ға төмендеді. Криптовалютаның өзекті құны – $17.64493209*. Ripple өткен күнмен салыстырғанда $0.0056-ға арзандады. Криптовалютаның бүгінгі құны - $0.63212588*. Dogecoin кешегі күнмен салыстырғанда $0.00059-ға өсті. Қазіргі уақытта актив $0.07572081* деңгейінде саудаланып жатыр. *Материал Binance криптовалюталық биржасының деректері негізінде әзірленген.
Қаржы
false
https://kaz.nur.kz/nurfin/2032213-2023-zylgy-12-tamyz-kriptovalyutalardyn-dollarga-saqqandagy-bagamy/
12 тамыз 2023, 10:35
kk
БАҚ: Жеңіс голын соғып, шоқынған Криштиану Роналду қамауға алынуы мүмкін
Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубында өнер көрсететін футбошы Криштиану Роналду соққан голынан кейін шоқынды. Бұл іс-әрекеті үшін ол қамауға алынуы мүмкін, деп жазады Italy 24 News. 9 тамызда Араб елдерінің Чемпиондар лигасының жартылай финалында "Әл-Шорта" мен әлемдік футболдың жұлдызы Криштиану Роналду өнер көрсететін "Әл-Наср" клубтары кездесті. Матчта тек бір гол соғылды. Пенальтиден мүлт кетпеген португалиялық "Әл-Насрға" жеңіс сыйлады. Осыдан кейін Роналду шоқынып, артынша өзінің стилінде жеңісті тойлаған. Алайда басылымның жазуынша, Сауд Арабиясында христиан дінін ұстанатынын ашық түрде білдіруге тыйым салынған. "Роналду клубтың жоғарғы басшылығынан кем дегенде бір ескерту алу қаупі бар. Мұнда христиан дініне қатысты заттар мен белгілерді дұға ету немесе көпшілік алдында көрсету қылмыс болып саналады, ол үшін қамауға алынады", - делінген басылым мәтінінде. БАҚ-тың ақпаратынша, бұған дейін мұндай оқиға болған. "Әл-Насрдың" бұрынғы ойыншысы, колумбиялық Хуан Пабло Пино сауда орталығында Исаның бейнесі салынған татуировкасы жеңі жоқ көйлегінен көрініп қалғаны үшін қамауға алынды. "Бірақ Криштиануға келер болсақ, билік оған көз жұма қарауы мүмкін. Өйткен, Роналду - Сауд Арабиясы футболының бүгінгі күнге дейінгі ең құнды және жемісті активі", - деп жазады журналистер.
Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубында өнер көрсететін футбошы Криштиану Роналду соққан голынан кейін шоқынды. Бұл іс-әрекеті үшін ол қамауға алынуы мүмкін, деп жазады Italy 24 News. 9 тамызда Араб елдерінің Чемпиондар лигасының жартылай финалында "Әл-Шорта" мен әлемдік футболдың жұлдызы Криштиану Роналду өнер көрсететін "Әл-Наср" клубтары кездесті. Матчта тек бір гол соғылды. Пенальтиден мүлт кетпеген португалиялық "Әл-Насрға" жеңіс сыйлады. Осыдан кейін Роналду шоқынып, артынша өзінің стилінде жеңісті тойлаған. Алайда басылымның жазуынша, Сауд Арабиясында христиан дінін ұстанатынын ашық түрде білдіруге тыйым салынған. "Роналду клубтың жоғарғы басшылығынан кем дегенде бір ескерту алу қаупі бар. Мұнда христиан дініне қатысты заттар мен белгілерді дұға ету немесе көпшілік алдында көрсету қылмыс болып саналады, ол үшін қамауға алынады", - делінген басылым мәтінінде. БАҚ-тың ақпаратынша, бұған дейін мұндай оқиға болған. "Әл-Насрдың" бұрынғы ойыншысы, колумбиялық Хуан Пабло Пино сауда орталығында Исаның бейнесі салынған татуировкасы жеңі жоқ көйлегінен көрініп қалғаны үшін қамауға алынды. "Бірақ Криштиануға келер болсақ, билік оған көз жұма қарауы мүмкін.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2032215-baq-zenis-golyn-sogyp-soqyngan-kristianu-ronaldu-qamauga-alynuy-mumkin/
12 тамыз 2023, 10:33
kk
Талдықорғанда белгілі журналист Сандуғаш Дүйсенова ұсталды
Талдықорғанда белсенді, журналист Сандуғаш Дүйсенова ұсталды. Ол жеке өмір туралы мәліметтерді жариялды деген күдікке ілінген. Бұл туралы Жетісу облысы ПД Instagram парақшасында хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, 11 тамызда Талдықорғанда журналист Сандуғаш Дүйсенова ұсталған. Ол Қылмыстық кодекстің 147-бабы 5-бөлігі бойынша қозғалған қылмыстық істің фигуранты болып табылады. "Бұл бапта жеке өмір туралы ақпаратты, соның ішінде жеке немесе отбасылық құпияны көпшілік алдында сөйлеуде, жұмыста, бұқаралық ақпарат құралдарында, телекоммуникация желілері арқылы таратқаны үшін жауапкершілік қарастырады", - делінген хабарламада. Дүйсенова қалалық полиция бөліміне жеткізілген. Полицияның ақпаратынша, ол мойындау туралы куәлік беріп, процесуалдық іс-шаралар өткізілгеннен кейін ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхатпен шығарылды. Қазіргі таңда тергеу облыстық полиция департаментінің бақылауында. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.
Талдықорғанда белсенді, журналист Сандуғаш Дүйсенова ұсталды. Ол жеке өмір туралы мәліметтерді жариялды деген күдікке ілінген. Бұл туралы Жетісу облысы ПД Instagram парақшасында хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, 11 тамызда Талдықорғанда журналист Сандуғаш Дүйсенова ұсталған. Ол Қылмыстық кодекстің 147-бабы 5-бөлігі бойынша қозғалған қылмыстық істің фигуранты болып табылады. "Бұл бапта жеке өмір туралы ақпаратты, соның ішінде жеке немесе отбасылық құпияны көпшілік алдында сөйлеуде, жұмыста, бұқаралық ақпарат құралдарында, телекоммуникация желілері арқылы таратқаны үшін жауапкершілік қарастырады", - делінген хабарламада. Дүйсенова қалалық полиция бөліміне жеткізілген. Полицияның ақпаратынша, ол мойындау туралы куәлік беріп, процесуалдық іс-шаралар өткізілгеннен кейін ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхатпен шығарылды. Қазіргі таңда тергеу облыстық полиция департаментінің бақылауында.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032211-taldyqorganda-belgili-zurnalist-sandugas-duisenova-ustaldy/
12 тамыз 2023, 09:29
kk
Бүгін еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болады
Бүгін Астана мен Алматыда жаңбыр жауады. Ал Шымкентте күн ашық болады деп күтілуде. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 12 тамызда елордада күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы түнде 3-8 м/с, күндіз 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде +10...+12 градус, күндіз +15...+17 градус жылы болады. Сенбіде Алматыда күн бұлтты, күндіз қатты жаңбыр мен бұршақ жаууы ықтимал. Кейде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 3-8 м/с, найзағай кезінде 15-20 м/с, кейде 25 м/с дейін жетуі мүмкін. Оңтүстік астанада түнде +19...+20 градус, күндіз +26...+28 градус жылы болмақ. Бүгін Шымкентте күн ашық болады. Солтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 8-13 м/с, күндіз екпіні 20 м/с жетуі мүмкін. Түнде +18...+20 градус, күндіз +29...+31 градус жылы болады деп болжануда.
Бүгін Астана мен Алматыда жаңбыр жауады. Ал Шымкентте күн ашық болады деп күтілуде. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 12 тамызда елордада күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы түнде 3-8 м/с, күндіз 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде +10...+12 градус, күндіз +15...+17 градус жылы болады. Сенбіде Алматыда күн бұлтты, күндіз қатты жаңбыр мен бұршақ жаууы ықтимал. Кейде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 3-8 м/с, найзағай кезінде 15-20 м/с, кейде 25 м/с дейін жетуі мүмкін. Оңтүстік астанада түнде +19...+20 градус, күндіз +26...+28 градус жылы болмақ. Бүгін Шымкентте күн ашық болады. Солтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 8-13 м/с, күндіз екпіні 20 м/с жетуі мүмкін.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032209-bugin-elimizdin-iri-qalalarynda-aua-raiy-qandai-bolady/
12 тамыз 2023, 09:19
kk
2023 жылғы 12 тамыз: Алматы, Астана және Шымкенттегі қолма-қол валюта бағамдары
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми деректеріне сәйкес, бүгін, 2023 жылғы 12 тамыз күнгі жағдай бойынша теңгенің долларға шаққандағы бағамы – 445.81 (+0.78), еуроға шаққандағы бағамы – 489.28 (-1.10) және рубльге шаққандағы бағамы – 4.53 (-0.03). Алматының ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 446.50 (Som Exchange) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 448.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 490.50 (МиГ) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 493.00 (Som Exchange).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.50 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.69 (МиГ).* Астананың ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 445.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 448.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 488.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 494.19 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.50 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.74 (Нурбанк).* Шымкенттің ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 445.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 448.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 488.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 494.19 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.50 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.74 (Нурбанк).* Ақпарат ресми дереккөздерден – қазақстандық банктердің және Алматы, Астана, Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау орындарының сайттарынан алынды. Қалаңыздағы ең тиімді валюта бағамдары туралы ақпаратты бірінші алғыңыз келе ме? Telegram-да біздің ботқа жазылыңыз. *Валюталарды сату және сатып алу бойынша ең тиімді бағамдарға қатысты ақпарат мақаланы жариялаған сәтте өзекті.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми деректеріне сәйкес, бүгін, 2023 жылғы 12 тамыз күнгі жағдай бойынша теңгенің долларға шаққандағы бағамы – 445.81 (+0.78), еуроға шаққандағы бағамы – 489.28 (-1.10) және рубльге шаққандағы бағамы – 4.53 (-0.03). Алматының ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 446.50 (Som Exchange) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 448.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 490.50 (МиГ) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 493.00 (Som Exchange).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.50 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.69 (МиГ).* Астананың ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 445.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 448.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 488.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 494.19 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.50 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.74 (Нурбанк).* Шымкенттің ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 445.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 448.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 488.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 494.19 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.50 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.74 (Нурбанк).* Ақпарат ресми дереккөздерден – қазақстандық банктердің және Алматы, Астана, Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау орындарының сайттарынан алынды. Қалаңыздағы ең тиімді валюта бағамдары туралы ақпаратты бірінші алғыңыз келе ме? Telegram-да біздің ботқа жазылыңыз.
Қаржы
false
https://kaz.nur.kz/nurfin/2032208-2023-zylgy-12-tamyz-almaty-astana-zane-symkenttegi-qolma-qol-valyuta-bagamdary/
12 тамыз 2023, 09:02
kk
Алматының төменгі жағында қоймалардан шыққан өртті 85 адам сөндіріп жатыр (видео)
Алматыда Жетісу ауданында қоймалар өртеніп жатыр. Қазір өртті сөндіруге 85 өрт сөндіруші тартылған. Бұл туралы ТЖМ Telegram арнасында хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, 12 тамыз сағат 07:16-да Алматы қаласының Жетісу ауданында Москвин көшесіндегі қоймалар өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. "Жедел штаб, бірнеше өрт сөндіру учаскелері құрылды. Ғимараттың құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты жоғары температура жоғарылап, құрылымдардың құлау қаупі пайда болды. Көрші қоймаларды сөндіруге және қорғауға оқпандар енгізілді", - делінген хабарламада. Өртті сөндіруге ТЖД 25 техникасы, 85 адамы, сондай-ақ қаланың өзара іс-қимыл қызметі жұмылдырылды.
Алматыда Жетісу ауданында қоймалар өртеніп жатыр. Қазір өртті сөндіруге 85 өрт сөндіруші тартылған. Бұл туралы ТЖМ Telegram арнасында хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, 12 тамыз сағат 07:16-да Алматы қаласының Жетісу ауданында Москвин көшесіндегі қоймалар өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. "Жедел штаб, бірнеше өрт сөндіру учаскелері құрылды. Ғимараттың құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты жоғары температура жоғарылап, құрылымдардың құлау қаупі пайда болды. Көрші қоймаларды сөндіруге және қорғауға оқпандар енгізілді", - делінген хабарламада.
Оқыс оқиғалар
false
https://kaz.nur.kz/accidents/2032205-almatynyn-tomengi-zagynda-qoimalardan-syqqan-ortti-85-adam-sondirip-zatyr/
12 тамыз 2023, 08:59
kk
Арыста екі адамды атып кетті: полицейлер тапсырыс беруші мен орындаушыларды ұстады
Түркістан облысында полицейлер екі адамды өлтірді деген күдікпен үш адамды ұстады. Олар бір аптаға жуық уақыт іздеген еді, деп хабарлайды ІІМ Telegram арнасында. Ведомствоның мәліметінше, Арыс қаласында ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген үш адам, яғни тапсырыс беруші мен екі орындаушы ұсталды. Үш күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардан "Сайга" қаруы мен тегіс ұңғылы 12 калибрлі шолақ мылтық, мотоцикл мен бетперделер тәркіленді. Факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша тергеп-тексеру басталды. Еске сала кетсек, 5 тамыз күні белгісіз біреулер салынып жатқан үйдің аумағына кіріп, оқ атып, қашып кеткен. Үй иесі мен оның танысы алған жарақаттарынан қайтыс болып, тағы екі адам ауруханаға жеткізілді.
Түркістан облысында полицейлер екі адамды өлтірді деген күдікпен үш адамды ұстады. Олар бір аптаға жуық уақыт іздеген еді, деп хабарлайды ІІМ Telegram арнасында. Ведомствоның мәліметінше, Арыс қаласында ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген үш адам, яғни тапсырыс беруші мен екі орындаушы ұсталды. Үш күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардан "Сайга" қаруы мен тегіс ұңғылы 12 калибрлі шолақ мылтық, мотоцикл мен бетперделер тәркіленді. Факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша тергеп-тексеру басталды. Еске сала кетсек, 5 тамыз күні белгісіз біреулер салынып жатқан үйдің аумағына кіріп, оқ атып, қашып кеткен.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032202-arysta-eki-adamdy-atyp-ketti-policeiler-tapsyrys-berusi-men-oryndausylardy-ustady/
12 тамыз 2023, 08:18
kk
Бүгінгі жұлдыз жорамал: 12 тамыз күні сізді не күтіп тұр
Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз. Достардан көмек сұрау үшін сәтті күн. Олар мейірімділік пен қамқорлық танытады. Олардың мақтауларын қабылдап, көмектерін қабыл алыңыз. Жақындарыңызбен отбасылық мерекелерді тойлау мәселесін алдын ала ойластырыңыз. Туғандарыңызды қуантудан жалықпаңыз. Күйзеліске түсіретін жағдайлардан аулақ болыңыз, демалыңыз. Шығармашылықпен айналысыңыз немесе кішігірім сапарға шығыңыз. Сүйікті адамыңызды өсек-аяңнан сақтаңыз, оған сенетініңізді көрсетіңіз және оған барлық жағынан қолдау көрсетіңіз. Күн достармен және әріптестермен қарым-қатынас жасауға қолайлы болады. Басқаларға мұқият болыңыз, сонда күн жақсы өтеді. Қақтығыстардан аулақ болыңыз, басқалардың көзқарасын құрметтеңіз және жақын адамдарыңызға көңіл бөліңіз. Егер сіз үшін соңғы уақытта «киетін ештеңе жоқ» деген мәселе өзекті болса, өзіңізге капсулалық гардероб жасау уақыты келді. Осы тақырып бойынша мақалаларды оқыңыз, және сіз оны стилистердің көмегінсіз де жасай аласыз. Матаның құрамына назар аударыңыз: үтіктеуді ұнатпасаңыз, құрамында зығыр, жібек, мақта және вискоза бар мыжылған заттарды сатып алмаңыз, әйтпесе жаңа көйлек бірінші жуудан кейін шкафта ілулі қалады. Қанша қарапайым естілсе де, қаланы аралап жүріп табиғаттың сұлулығын бағалауға тырысыңыз. Қарапайым, әдемі, кішкентай нәрселерге назар аударыңыз, олар сізге ауыр ойлардан арылуға көмектеседі. Жақын адамдарыңызбен маңызды мәселелерді талқылаңыз. Жаңа затты сатып алмас бұрын жақсылап ойланыңыз, кейінірек бұл зат сөреңізде шаң жинап, бос шығынға айналмасын десеңіз. Бүгін ащы, майлы және тұзды тағамдардан бас тартыңыз: зиянды тағамды тұтынудың жағымсыз салдары болуы мүмкін. Тоңазытқышты тазалауды кейінге қалдырып келген болсаңыз, бүгін оны іске асырудың сәті түсіп тұр. Отбасыңызбен және жақын туыстарыңызбен жақсы қарым-қатынас орнатуға тамаша күн. Сәндену үшін сылтау іздемеңіз. Киініңіз, макияж жасаңыз және/немесе шаш үлгісін жасаңыз, соның өзі сізге мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Бүгін достарыңызға қажетсіз кеңес беруден аулақ болуға тырысыңыз: егер досыңыз өз өміріне шағымданғанымен, сізден бұған қатысты кеңес сұрамаса, жай ғана жанашырлықпен қолдау көрсетіңіз. Денсаулығыңызды нығайтыңыз, суық тигізіп алудан сақтаныңыз, алкоголь ішпеңіз. Жұмыста еркін кесте бойынша қызмет атқарып жүрсеңіз, жұмысты ерте бастап, ертерек бітіруге тырысыңыз. Сол кезде бос уақытыңыз көбірек болатынын сезінесіз. Достарыңызды бір шыны кофеге шақырыңыз, саябақта серуендеңіз,сыр ақтаруға уақыт бөліңіз. Спортпен шұғылданыңыз, ашық ауада көбірек уақыт өткізіңіз. Денеңіз бір рахаттанып қалатыны сөзсіз. Баланы өз мысалыңызда кітап оқуға баулыңыз. Кішкентай балаларды тартымды суреттері бар, мұқабасы әдемі кітаптармен қызықтыруға болады. Бірақ өзіңіз кітап оқымасаңыз, оны мәжбүрлемеңіз. Өзіңіз үшін цифрлық кітапхана жасап, сүйікті кітаптарыңыздың электрондық нұсқасын жинақтап көріңіз. Егер сізде қарапайым кітаптар болса, оларды достарыңызға немесе кітапханаға беріп, сатып жіберуге және оның орнына қолжетімді электронды нұсқаларды сатып алуға болады. Бұл сіздің үйіңізді артық заттардан босатуға мүмкіндік береді және кез келген кітап смартфонда немесе ридерде сіз үшін қолжетімді болады. Сүйікті комедияңызды көру арқылы көңіл-күйіңізді көтеріңіз. Туған-туысты қадірлесеңіз, олардың пікіріне құлақ асыңыз. Оларға сеніңіз. Көмекті ризашылықпен қабыл алыңыз.
Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз. Достардан көмек сұрау үшін сәтті күн. Олар мейірімділік пен қамқорлық танытады. Олардың мақтауларын қабылдап, көмектерін қабыл алыңыз. Жақындарыңызбен отбасылық мерекелерді тойлау мәселесін алдын ала ойластырыңыз. Туғандарыңызды қуантудан жалықпаңыз. Күйзеліске түсіретін жағдайлардан аулақ болыңыз, демалыңыз. Шығармашылықпен айналысыңыз немесе кішігірім сапарға шығыңыз. Сүйікті адамыңызды өсек-аяңнан сақтаңыз, оған сенетініңізді көрсетіңіз және оған барлық жағынан қолдау көрсетіңіз. Күн достармен және әріптестермен қарым-қатынас жасауға қолайлы болады. Басқаларға мұқият болыңыз, сонда күн жақсы өтеді. Қақтығыстардан аулақ болыңыз, басқалардың көзқарасын құрметтеңіз және жақын адамдарыңызға көңіл бөліңіз. Егер сіз үшін соңғы уақытта «киетін ештеңе жоқ» деген мәселе өзекті болса, өзіңізге капсулалық гардероб жасау уақыты келді. Осы тақырып бойынша мақалаларды оқыңыз, және сіз оны стилистердің көмегінсіз де жасай аласыз. Матаның құрамына назар аударыңыз: үтіктеуді ұнатпасаңыз, құрамында зығыр, жібек, мақта және вискоза бар мыжылған заттарды сатып алмаңыз, әйтпесе жаңа көйлек бірінші жуудан кейін шкафта ілулі қалады. Қанша қарапайым естілсе де, қаланы аралап жүріп табиғаттың сұлулығын бағалауға тырысыңыз. Қарапайым, әдемі, кішкентай нәрселерге назар аударыңыз, олар сізге ауыр ойлардан арылуға көмектеседі. Жақын адамдарыңызбен маңызды мәселелерді талқылаңыз. Жаңа затты сатып алмас бұрын жақсылап ойланыңыз, кейінірек бұл зат сөреңізде шаң жинап, бос шығынға айналмасын десеңіз. Бүгін ащы, майлы және тұзды тағамдардан бас тартыңыз: зиянды тағамды тұтынудың жағымсыз салдары болуы мүмкін. Тоңазытқышты тазалауды кейінге қалдырып келген болсаңыз, бүгін оны іске асырудың сәті түсіп тұр. Отбасыңызбен және жақын туыстарыңызбен жақсы қарым-қатынас орнатуға тамаша күн. Сәндену үшін сылтау іздемеңіз. Киініңіз, макияж жасаңыз және/немесе шаш үлгісін жасаңыз, соның өзі сізге мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Бүгін достарыңызға қажетсіз кеңес беруден аулақ болуға тырысыңыз: егер досыңыз өз өміріне шағымданғанымен, сізден бұған қатысты кеңес сұрамаса, жай ғана жанашырлықпен қолдау көрсетіңіз. Денсаулығыңызды нығайтыңыз, суық тигізіп алудан сақтаныңыз, алкоголь ішпеңіз. Жұмыста еркін кесте бойынша қызмет атқарып жүрсеңіз, жұмысты ерте бастап, ертерек бітіруге тырысыңыз. Сол кезде бос уақытыңыз көбірек болатынын сезінесіз. Достарыңызды бір шыны кофеге шақырыңыз, саябақта серуендеңіз,сыр ақтаруға уақыт бөліңіз. Спортпен шұғылданыңыз, ашық ауада көбірек уақыт өткізіңіз. Денеңіз бір рахаттанып қалатыны сөзсіз. Баланы өз мысалыңызда кітап оқуға баулыңыз. Кішкентай балаларды тартымды суреттері бар, мұқабасы әдемі кітаптармен қызықтыруға болады. Бірақ өзіңіз кітап оқымасаңыз, оны мәжбүрлемеңіз. Өзіңіз үшін цифрлық кітапхана жасап, сүйікті кітаптарыңыздың электрондық нұсқасын жинақтап көріңіз. Егер сізде қарапайым кітаптар болса, оларды достарыңызға немесе кітапханаға беріп, сатып жіберуге және оның орнына қолжетімді электронды нұсқаларды сатып алуға болады. Бұл сіздің үйіңізді артық заттардан босатуға мүмкіндік береді және кез келген кітап смартфонда немесе ридерде сіз үшін қолжетімді болады. Сүйікті комедияңызды көру арқылы көңіл-күйіңізді көтеріңіз. Туған-туысты қадірлесеңіз, олардың пікіріне құлақ асыңыз. Оларға сеніңіз.
Калейдоскоп
false
https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2032077-bugingi-zuldyz-zoramal-12-tamyz-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/
12 тамыз 2023, 00:01
kk
"Төбесі опырылуға шақ тұр": атыраулық оқушылар апатты жағдайдағы мектепте білім алуға мәжбүр
Атыраудағы Құрманғазы ауданында М.В. Ломоносов атындағы мектептің құрылғанына 80 жыл болған. Бүгінде білім беру мекемесінің жағдайы нашар. Бұл туралы Almaty.tv арнасында хабарланды. Телеарнаның хабарлауынша, мектеп құрылған уақытынан бері мүлдем жөндеу жұмыстарынан өтпеген. Білім беру мекемесінің қабырғалары сөгілген, едені шұрқ-тесік, төбесі опырылуға шақ тұр. Сондай-ақ мектеп директорының сөзінше, білім беру мекемесінде спорт алаңы мен асхана қарастырылмаған. "3 оқу кабинетін жабдықтап, оқушыларға бөліп-бөліп тамақ беруді ұйымдастырып отырмыз", – деді М.В. Ломоносов атындағы жалпы орта мектептің директоры Толқын Әжіғалиева. Сонымен қатар телеарна ақпаратынша, мектепте математика, орыс тілі пәні бойынша және бастауыш сынып педагог маманы тапшы, ал зейнет жасына жеткен мамандар зейнеткерлікке шықпаған. "Конкурстар жыл сайын қайта беріліп отыр. Соның нәтижесінде келіп жатқан түлектер бар. Алайда қажеттілік сол күйі сақталуда", – деді Толқын Әжіғалиева. Ал Құрманғазы ауданы әкімінің айтуынша, биыл "Жайлы мектеп" ұлттық жоба бойынша 2 білім беру мекемесінің құрылысы басталған. "Құрманғазы ауданында президенттің тапсырмасы бойынша "Жайлы мектеп" жобасымен 2 мектептің құрылысы басталды. Біреуі Ақкөл ауылында, екіншісі – Ломоносов атындағы орта мектеп", – деді Құрманғазы ауданының әкімі Абат Жанғалиев. Әкім мәліметінше, аталған мектептер 600 орындық, әрқайсында спорт алаңы қарастырылған. Әкім құрылыс жұмысын 2024 жылға дейін аяқтау жоспарланып отырғанын атап өтті. Авторы: Ұлағат Арғын, Нұрбек Шәден
Атыраудағы Құрманғазы ауданында М.В. Ломоносов атындағы мектептің құрылғанына 80 жыл болған. Бүгінде білім беру мекемесінің жағдайы нашар. Бұл туралы Almaty.tv арнасында хабарланды. Телеарнаның хабарлауынша, мектеп құрылған уақытынан бері мүлдем жөндеу жұмыстарынан өтпеген. Білім беру мекемесінің қабырғалары сөгілген, едені шұрқ-тесік, төбесі опырылуға шақ тұр. Сондай-ақ мектеп директорының сөзінше, білім беру мекемесінде спорт алаңы мен асхана қарастырылмаған. "3 оқу кабинетін жабдықтап, оқушыларға бөліп-бөліп тамақ беруді ұйымдастырып отырмыз", – деді М.В. Ломоносов атындағы жалпы орта мектептің директоры Толқын Әжіғалиева. Сонымен қатар телеарна ақпаратынша, мектепте математика, орыс тілі пәні бойынша және бастауыш сынып педагог маманы тапшы, ал зейнет жасына жеткен мамандар зейнеткерлікке шықпаған. "Конкурстар жыл сайын қайта беріліп отыр. Соның нәтижесінде келіп жатқан түлектер бар. Алайда қажеттілік сол күйі сақталуда", – деді Толқын Әжіғалиева. Ал Құрманғазы ауданы әкімінің айтуынша, биыл "Жайлы мектеп" ұлттық жоба бойынша 2 білім беру мекемесінің құрылысы басталған. "Құрманғазы ауданында президенттің тапсырмасы бойынша "Жайлы мектеп" жобасымен 2 мектептің құрылысы басталды. Біреуі Ақкөл ауылында, екіншісі – Ломоносов атындағы орта мектеп", – деді Құрманғазы ауданының әкімі Абат Жанғалиев. Әкім мәліметінше, аталған мектептер 600 орындық, әрқайсында спорт алаңы қарастырылған. Әкім құрылыс жұмысын 2024 жылға дейін аяқтау жоспарланып отырғанын атап өтті.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032197-tobesi-opyryluga-saq-tur-atyraulyq-oqusylar-apatty-zagdaidagy-mektepte-bilim-oquga-mazbur/
11 тамыз 2023, 23:21
kk
Астанада 15 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде болған азамат ұсталды
Полиция қызметкерлері 15 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде болған 37 жастағы Қырғызстан Республикасының азаматын ұстады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Telegram-дағы ресми жаңалықтар арнасында хабарланды. Ведомство мәліметінше, ұсталған ер адамға 2008 жылдың қазан айында өзгелердің сеніміне кіре отырып, олардың ұялы телефондарын қолды қылды деген айып тағылып отыр. 2010 жылы Бішкектің Свердлов аудандық ішкі істер басқармасы оны мемлекетаралық іздеуге жариялаған. Қазіргі уақытта ер адам Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оны Қырғызстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.
Полиция қызметкерлері 15 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде болған 37 жастағы Қырғызстан Республикасының азаматын ұстады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Telegram-дағы ресми жаңалықтар арнасында хабарланды. Ведомство мәліметінше, ұсталған ер адамға 2008 жылдың қазан айында өзгелердің сеніміне кіре отырып, олардың ұялы телефондарын қолды қылды деген айып тағылып отыр. 2010 жылы Бішкектің Свердлов аудандық ішкі істер басқармасы оны мемлекетаралық іздеуге жариялаған. Қазіргі уақытта ер адам Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032194-astanada-15-zyl-boiy-memleketaralyq-izdeude-bolgan-azamat-ustaldy/
11 тамыз 2023, 22:25
kk
"2026 жылы салынып бітеді": Астанада атышулы LRT құрылысы қайта жанданды
Астанада LRT жобасына мемлекеттік бюджеттен 1 млрд 152 млн доллар қаржы бөлінген. Бұл туралы Almaty.tv арнасында хабарланды. Телеарнаның хабарлауынша, Астанадағы LRT пойыздарына қашықтан басқару жүйесі енгізілуі мүмкін. Бүгінде жеңіл рельсті трамвай желісінің құрылысымен қытайлық компания айналысуда. Қала әкімдігі жобаны 3 жылда аяқтау жоспарланып отырғанын атап өтті. Телеарна мәліметінше, жобаны жеделдету мақсатында LRT құрылысы екі кезеңге бөлінеді: "Екінші кезеңде іске қосылатын кешеннің құны – 735 млн долларды құрайды... Сондай-ақ қосымша 14 станция салынады. Қаржы уақытында бөлінсе, 2026 жылы жұмыс толық аяқталады. Жылжымалы құрам ретінде "тритон" моделі қарастырылған. Оның қуаты – 115 квт, 652 адам қатынайды деп жоспарланып отыр", – деді құрылыс компаниясының атқарушы директоры Нұржан Беков. Сондай-ақ телеарна ақпаратынша, пойыздың жылдамдығы сағатына 80 шақырым болуы керек. Басқару жүйесі толығымен автоматтандырылады және жеңіл рельсті трамвай желісі 25 мың адамды тасымалдайды деп жоспарлануда. Жобаға сәйкес, LRT ұзындығы 22,4 шақырымға созылады. Құрылысқа мемлекеттік бюджеттен 1 млрд 152 млн доллар қаржы бөлінді. Сонымен қатар жеңіл рельсті трамвай желісінің құрылысы аяқталған жағдайда елордадағы әуежай мен "Нұрлы жол" теміржол вокзалын байланыстыру жоспарланған. Авторы: Кәмшат Мұхамеджан, Данияр Омар, Ринат Өтеев
Астанада LRT жобасына мемлекеттік бюджеттен 1 млрд 152 млн доллар қаржы бөлінген. Бұл туралы Almaty.tv арнасында хабарланды. Телеарнаның хабарлауынша, Астанадағы LRT пойыздарына қашықтан басқару жүйесі енгізілуі мүмкін. Бүгінде жеңіл рельсті трамвай желісінің құрылысымен қытайлық компания айналысуда. Қала әкімдігі жобаны 3 жылда аяқтау жоспарланып отырғанын атап өтті. Телеарна мәліметінше, жобаны жеделдету мақсатында LRT құрылысы екі кезеңге бөлінеді: "Екінші кезеңде іске қосылатын кешеннің құны – 735 млн долларды құрайды... Сондай-ақ қосымша 14 станция салынады. Қаржы уақытында бөлінсе, 2026 жылы жұмыс толық аяқталады. Жылжымалы құрам ретінде "тритон" моделі қарастырылған. Оның қуаты – 115 квт, 652 адам қатынайды деп жоспарланып отыр", – деді құрылыс компаниясының атқарушы директоры Нұржан Беков. Сондай-ақ телеарна ақпаратынша, пойыздың жылдамдығы сағатына 80 шақырым болуы керек. Басқару жүйесі толығымен автоматтандырылады және жеңіл рельсті трамвай желісі 25 мың адамды тасымалдайды деп жоспарлануда. Жобаға сәйкес, LRT ұзындығы 22,4 шақырымға созылады. Құрылысқа мемлекеттік бюджеттен 1 млрд 152 млн доллар қаржы бөлінді. Сонымен қатар жеңіл рельсті трамвай желісінің құрылысы аяқталған жағдайда елордадағы әуежай мен "Нұрлы жол" теміржол вокзалын байланыстыру жоспарланған.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032193-2026-zyly-salynyp-bitedi-astanada-atysuly-lrt-qurylysy-qaita-zandandy/
11 тамыз 2023, 22:22
kk
Талдықорғанда полицейлерден қашпақ болған жүргізуші қомақты айыппұл арқалады (видео)
9 тамыз күні Талдықорғанда полицейлерден қашпақ болған жүргізуші видеоға түсіп қалды. Бұл туралы Жетісу облысы полиция департаментінің Instagram-дағы ресми парақшасында хабарланды. Ведомство мәліметінше, 9 тамызда Абай көшесімен келе жатқан Lada Granta көлігі полицейлердің күдігін тудырған. Патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушіден тоқтауын талап еткенімен, күдікті ізін суытуға тырысып, бағдаршамның тыйым салынған белгісін елемей, аса жоғары жылдамдықпен көше қиылыстарынан өткен. Алайда оның бұл әрекеті сәтсіз аяқталып, полицейлер бірнеше көшеден кейін ер адамды ұстап, қалалық полицияға жеткізген. "Ұсталған азамат 37 жастағы Текелі қаласының тұрғыны болып шықты. Деректер базасын тексеру кезінде шілде айында ер адам Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 613 бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. Бүгінде оның үстінен бес әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды. Ұсталған азаматтың көлігі арнайы тұраққа қойылды", – деді Талдықорған қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция бөлімінің командирі Руслан Примжанов. Сондай-ақ желі қолданушылары полицейлерден жасырынбақ болған жүргізуші қашу кезінде сол не оң жаққа бұрылу туралы хабар ететін артқы шамын (поворотник) қосқанын байқаған. "Поворотнигін қосады екен, жарайсың", "Бастысы поворотник қосуды ұмытпаған", – деп жазды пікір білдірушілер. Ведомство ақпаратынша, полицейлерден қашу әрекеті үшін көлік жүргізушісіне 500 мың теңгеге жуық айыппұл салынды. Құқық бұзушы Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің мынадай бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.
9 тамыз күні Талдықорғанда полицейлерден қашпақ болған жүргізуші видеоға түсіп қалды. Бұл туралы Жетісу облысы полиция департаментінің Instagram-дағы ресми парақшасында хабарланды. Ведомство мәліметінше, 9 тамызда Абай көшесімен келе жатқан Lada Granta көлігі полицейлердің күдігін тудырған. Патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушіден тоқтауын талап еткенімен, күдікті ізін суытуға тырысып, бағдаршамның тыйым салынған белгісін елемей, аса жоғары жылдамдықпен көше қиылыстарынан өткен. Алайда оның бұл әрекеті сәтсіз аяқталып, полицейлер бірнеше көшеден кейін ер адамды ұстап, қалалық полицияға жеткізген. "Ұсталған азамат 37 жастағы Текелі қаласының тұрғыны болып шықты. Деректер базасын тексеру кезінде шілде айында ер адам Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 613 бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. Бүгінде оның үстінен бес әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды. Ұсталған азаматтың көлігі арнайы тұраққа қойылды", – деді Талдықорған қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция бөлімінің командирі Руслан Примжанов. Сондай-ақ желі қолданушылары полицейлерден жасырынбақ болған жүргізуші қашу кезінде сол не оң жаққа бұрылу туралы хабар ететін артқы шамын (поворотник) қосқанын байқаған. "Поворотнигін қосады екен, жарайсың", "Бастысы поворотник қосуды ұмытпаған", – деп жазды пікір білдірушілер. Ведомство ақпаратынша, полицейлерден қашу әрекеті үшін көлік жүргізушісіне 500 мың теңгеге жуық айыппұл салынды.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032190-taldyqorganda-policeilerden-qaspaq-bolgan-zurgizusi-qomaqty-aiyppul-arqalady-video/
11 тамыз 2023, 22:15
kk
"Полицейдің ұлы": желідегі видеодан соң Шымкент полициясында тергеу басталды
Әлеуметтік желілерді жас жігіт тізгіндеген қызметтік көліктің видеосы тарады. Аталған видеодағы жүргізуші лауазымды полицейдің туысы екені анықталды, деп хабарлайды IIM ресми Telegram-каналына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. Аталған видеоны желіге құқық қорғаушы Айгүл Орынбек өзінің Facebook желісіндегі парақшасына жүктеген. Оның айтуынша, Шымкент көшелерінде жас бала полиция көлігін тізгіндеген. Кадрлардан расымен де көліктің рөлінде жас бала отырғанын байқауға болады. Аталған жайтқа ІІМ пікір білдірді. "Автокөлікті полиция департаменті бөлімшелерінің бірінің басшысының туысы басқарғаны анықталды. Қаратау АПБ қызметкерлері лауазымды тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 5-бөлігі "Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы" бойынша әкімшілік хаттама толтырғанын хабарлаймыз. Қазіргі уақытта осы факт бойынша Шымкент қаласының ПД жеке құрамы инспекциясы қызметтік тергеу жүргізуде, оның нәтижелері бойынша атқаратын лауазымынан шеттетілгенге дейін тәртіптік ықпал ету шаралары қабылданатын болады", - делінген полиция хабарламасында.
Әлеуметтік желілерді жас жігіт тізгіндеген қызметтік көліктің видеосы тарады. Аталған видеодағы жүргізуші лауазымды полицейдің туысы екені анықталды, деп хабарлайды IIM ресми Telegram-каналына сілтеме жасаған . Аталған видеоны желіге құқық қорғаушы Айгүл Орынбек өзінің Facebook желісіндегі парақшасына жүктеген. Оның айтуынша, Шымкент көшелерінде жас бала полиция көлігін тізгіндеген. Кадрлардан расымен де көліктің рөлінде жас бала отырғанын байқауға болады. Аталған жайтқа ІІМ пікір білдірді. "Автокөлікті полиция департаменті бөлімшелерінің бірінің басшысының туысы басқарғаны анықталды. Қаратау АПБ қызметкерлері лауазымды тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 5-бөлігі "Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы" бойынша әкімшілік хаттама толтырғанын хабарлаймыз.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032183-policeidin-uly-zelidegi-videodan-son-symkent-policiyasynda-tergeu-bastaldy/
11 тамыз 2023, 19:55
kk
Алматы облысында балаларын ұрып-соқты деген ана жауапкершілікке тартылды
Алматы облысы Покровка ауылының тұрғындары ауылдасына шағым түсіріп, оны өз балаларын аяусыз ұрып-соғады деп айыптады. Бұл туралы zakon.kz басылымы хабарлады. Басылымның жазуынша, балалардың өзі де анасы мас күйінде күніне бірнеше рет ұрып-соғатынын жеткізген. Қыз және ұл бала тіпті денесіндегі көгерген және құлақ тұсының жырылған жерлерін көрсеткен. Ал балалардың үлкені басылымға үйден қашып кеткісі келетінін мәлім еткен. Аталған жайтқа Іле ауданының білім бөлімі пікір білдірді. "Әйелді Іле ауданы Полиция басқармасы қызметкерлері әкімшілік жауапкершілікке тартты. Балалар Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізілді", - делінген білім бөлімінің хабарламасында. Қазіргі таңда әйелді ана құқығынан айыру туралы мәселе қарастырылуда.
Алматы облысы Покровка ауылының тұрғындары ауылдасына шағым түсіріп, оны өз балаларын аяусыз ұрып-соғады деп айыптады. Бұл туралы басылымы хабарлады. Басылымның жазуынша, балалардың өзі де анасы мас күйінде күніне бірнеше рет ұрып-соғатынын жеткізген. Қыз және ұл бала тіпті денесіндегі көгерген және құлақ тұсының жырылған жерлерін көрсеткен. Ал балалардың үлкені басылымға үйден қашып кеткісі келетінін мәлім еткен. Аталған жайтқа Іле ауданының білім бөлімі пікір білдірді. "Әйелді Іле ауданы Полиция басқармасы қызметкерлері әкімшілік жауапкершілікке тартты. Балалар Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізілді", - делінген білім бөлімінің хабарламасында.
Оқыс оқиғалар
false
https://kaz.nur.kz/accidents/2032182-almaty-oblysynda-balalaryn-uryp-soqty-degen-ana-zauapkersilikke-tartyldy/
11 тамыз 2023, 19:26
kk
Абай облысының тұрғыны интимді фотосын таратпау үшін танысынан 1 млн теңге бопсалаған
Абай облысында танысының интимдік фотосын таратамын деп бопсалаған тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz Telegram арнасында. Ведомствоның хабарлауынша, ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыс орталығының тұрғынын ұстады. Ол шілде айының ортасынан бастап танысының "интимдік фотоларын таратамын" деп, 1 млн теңге бопсалап келген. Тергеу әрекеттері барысында 150 000 теңге тәркіленді. "Күдіктінің әрекеттері 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны көздейтін Қылмыстық кодекстің 194-бабы 1-бөлігі "Бопсалау" бойынша сараланады", - деді полициядан.
Абай облысында танысының интимдік фотосын таратамын деп бопсалаған тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Telegram арнасында. Ведомствоның хабарлауынша, ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыс орталығының тұрғынын ұстады. Ол шілде айының ортасынан бастап танысының "интимдік фотоларын таратамын" деп, 1 млн теңге бопсалап келген. Тергеу әрекеттері барысында 150 000 теңге тәркіленді.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032178-abai-oblysynyn-turgyny-intimdi-fotosyn-taratpau-usin-tanysynan-1-mln-tenge-bopsalagan/
11 тамыз 2023, 19:01
kk
Астанада екі жұмысшы салынып жатқан үйдің 15-қабатынан құлап, мерт болды
Елордада тұрғын үй құрылысы алаңында 2 жұмысшы биіктен құлап қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы басылымға қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткен. "2023 жылғы 10 тамызда "Алматы аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне "A-City" тұрғын үй кешенінің құрылыс объектісінде биіктен екі адамның құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. А.Байтұрсынов көшесінде салынып жатқан 20 қабатты тұрғын үй кешені қасбеттік жұмыстарды жүргізу кезінде монтаждау кабелінің үзілуі салдарынан 15-ші қабат биіктіктен 2 жұмысшының құлағаны анықталды", - делінген хабарламада. Полиция департаментінің ақпаратынша, 20 және 27 жастағы жұмысшылар оқиға орнында қайтыс болған. "Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Барлық қажетті сараптама тағайындалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды", - дейді ведомстводан.
Елордада тұрғын үй құрылысы алаңында 2 жұмысшы биіктен құлап қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы басылымға қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткен. "2023 жылғы 10 тамызда "Алматы аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне "A-City" тұрғын үй кешенінің құрылыс объектісінде биіктен екі адамның құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. А.Байтұрсынов көшесінде салынып жатқан 20 қабатты тұрғын үй кешені қасбеттік жұмыстарды жүргізу кезінде монтаждау кабелінің үзілуі салдарынан 15-ші қабат биіктіктен 2 жұмысшының құлағаны анықталды", - делінген хабарламада. Полиция департаментінің ақпаратынша, 20 және 27 жастағы жұмысшылар оқиға орнында қайтыс болған. "Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Барлық қажетті сараптама тағайындалды.
Оқыс оқиғалар
false
https://kaz.nur.kz/accidents/2032174-astanada-eki-zumyssy-salynyp-zatqan-uidin-15-qabatynan-qulap-mert-boldy/
11 тамыз 2023, 18:29
kk
Алматыда қоғамдық көлікте жүру ақысы көтерілді: жаңа тариф қашаннан бастап енгізіледі
Алматылықтар 10 күннен кейін қоғамдық көлікте жүру ақысын жоғары тарифпен төлей бастайды. Қала әкімі тиісті қаулыға қол қойды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі. Кеше, 10 тамызда қала әкімі Ерболат Досаев "Жолаушыларды тұрақты әлеуметтік маңызы бар тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы" қаулыға қол қойды. Дәл сол күні құжат жарияланды. Оған сәйкес, Алматы қаласы бойынша жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдау тарифтері төлем әдісіне қарай мынадай мөлшерде белгіленеді: Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Яғни, алматылықтар 2023 жылдың 21 тамызынан бастап автобустар жол ақысын көтерілген тарифпен төлейтін болады.
Алматылықтар 10 күннен кейін қоғамдық көлікте жүру ақысын жоғары тарифпен төлей бастайды. Қала әкімі тиісті қаулыға қол қойды, деп жазады тілшісі. Кеше, 10 тамызда қала әкімі Ерболат Досаев "Жолаушыларды тұрақты әлеуметтік маңызы бар тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы" қаулыға қол қойды. Дәл сол күні құжат жарияланды. Оған сәйкес, Алматы қаласы бойынша жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдау тарифтері төлем әдісіне қарай мынадай мөлшерде белгіленеді: Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032173-almatyda-qogamdyq-kolikterde-zuru-aqysy-koterildi-zana-tarif-qasannan-bastap-engiziledi/
11 тамыз 2023, 18:08
kk
Министрлік Қазақстандағы интернеттің сапасы қандай жағдайда 100 пайыз болатынын айтты
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ЦДИАӨ вице-министрі Асхат Оразбек Қазақстанда неліктен интернет сапасын 100 пайызға жақсарту мүмкін емес екенін айтып берді, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі. Қазақстандағы интернет сапасы тақырыбын талқылау кезінде ұялы байланыс операторлары қазір әлемде интернеттің сапасын түбегейлі жақсарту мүмкін емес екенін жеткізді. Олардың айтуынша, мұның себебі - трафик көлемі, халық саны және қалалар көлемі ұдайы өсіп жатқанында. "Мен трафикті 12 жастағы өсіп келе жатқан жасөспіріммен жиі салыстырам. Оның өзінің барлық киімі болғанымен, бір жылдан кейін ол өсіп, сізге оған қайтадан жаңадан киім сатып алу керек болады. Трафик өскен сайын, бұл киімді, ал киім дегеніміз - желі элементтері, ұдайы сатып алып тұру керек болады. GSMA болжамдары бойынша, 2030 жылға дейін трафик динамикалық түрде өседі деп болжануда. Егер бүгінгі күні Қазақстанда орташа тұтыну мөлшері 17 гигабайт болса, өсім 50 гигабайтқа дейін жетеді деген болжам бар. Сондықтан біз әрқашан саламыз, "ақаулар" қашан да туындауы мүмкін және олардың аумағындағы адамдар да әрқашан болады", - деді Beeline Қазақстан бас директоры Евгений Настрадин. Оның бұл ойын вице-министр Асхат Оразбек те қолдады. "Әріптестердің айтып отырғаны – технологиялар дамып келе жатыр, адамдардың талға Халық бүгін алып отырған қызмет көлемін ертең одан да көбірек алатын болады. Сондықтан технологиялардың дамуы тоқтағанда ғана Қазақстандағы интернеттің сапасы 100 пайыз болады", - деп түйіндеді ол.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ЦДИАӨ вице-министрі Асхат Оразбек Қазақстанда неліктен интернет сапасын 100 пайызға жақсарту мүмкін емес екенін айтып берді, деп хабарлайды тілшісі. Қазақстандағы интернет сапасы тақырыбын талқылау кезінде ұялы байланыс операторлары қазір әлемде интернеттің сапасын түбегейлі жақсарту мүмкін емес екенін жеткізді. Олардың айтуынша, мұның себебі - трафик көлемі, халық саны және қалалар көлемі ұдайы өсіп жатқанында. "Мен трафикті 12 жастағы өсіп келе жатқан жасөспіріммен жиі салыстырам. Оның өзінің барлық киімі болғанымен, бір жылдан кейін ол өсіп, сізге оған қайтадан жаңадан киім сатып алу керек болады. Трафик өскен сайын, бұл киімді, ал киім дегеніміз - желі элементтері, ұдайы сатып алып тұру керек болады. GSMA болжамдары бойынша, 2030 жылға дейін трафик динамикалық түрде өседі деп болжануда. Егер бүгінгі күні Қазақстанда орташа тұтыну мөлшері 17 гигабайт болса, өсім 50 гигабайтқа дейін жетеді деген болжам бар. Сондықтан біз әрқашан саламыз, "ақаулар" қашан да туындауы мүмкін және олардың аумағындағы адамдар да әрқашан болады", - деді Beeline Қазақстан бас директоры Евгений Настрадин. Оның бұл ойын вице-министр Асхат Оразбек те қолдады. "Әріптестердің айтып отырғаны – технологиялар дамып келе жатыр, адамдардың талға Халық бүгін алып отырған қызмет көлемін ертең одан да көбірек алатын болады.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032159-ministrlik-qazaqstandagy-internettin-sapasy-qandai-zagdaida-100-paiyz-bolatynyn-aitty/
11 тамыз 2023, 17:20
kk
"Челси" - "Ливерпуль": дағдарыстағы алыптардың қайсы маусымды жеңіспен бастайды
АПЛ-дың бірінші турының орталық матчы ешкімді бей-жай қалдырмайды. 13 тамызда "Стэмфорд Бриджде" "Челси" мен "Ливерпуль" ойын алаңында бас түйістіретін болады - олар өткен маусымда сәтсіздікке ұшыраған Премьер-Лиганың танымал үздіктері болған. Parimatch сарапшылары алдағы матч туралы өз пікірімен бөлісті. "Челси" Өткен маусымда лондондықтардың жағдайы құлдырау шыңына жеткен. Жаттықтырушылардың ауысулары, ойыншыларының жарақаттары және артқан үмітті ақтай алмаған жаңадан келгендер "көктерді" чемпионатта 12-орынға дейін шегіндіріп жіберді. Трансферге жұмсалған шығын, "отқа май құйғандай" көрінеді: 22/23 маусымда "ақсүйектер" 611 миллион еуро жұмсады. Бір сөзбен айтқанда, жаңа жаттықтырушы Маурисио Почеттино орын алған жағдайды түзетуі керек. Маусым аралығы "Челси" үшін қайта құру ұранымен өтті. Команда құрамынан ойыншылардың көп бөлігі кетіп қалды, олардың арасында Н'Голо Канте, Кай Хавертц, Мейсон Маунт және көпжыл бойы капитан болған Сесар Аспиликуета бар. Трансфер бойынша келгендердің ішінде Бундеслига жұлдызы Кристофер Нкунку, сондай-ақ Аксель Дисаси және Николас Джексонды атап өткен жөн. Шабуыл жасайтын футболға бағыталған жас ойыншылар және Почеттинодің жастарымен жұмыс істей алатын қабілеті, алдағы маусы сәтті өтеді деген үмітті оятады. "Ливерпуль" Өткен маусым мерсисайдтарды да біраз шайқап жіберді. Әдетте тұрақты болып көрінетін "Клопп бандасы" команда көшбасшыларының жарақаттарына, қорғаныс қателіктеріне және жаңадан келген Дарвин Нуньестің өзін көрсете алмауына байланысты қиындықтарға тап болды. Нәтижесінде - чемпионат барысындағы тұрақсыздық және оның айқын қорытындысы ретінде 5-нші орын. Бірақ соған қарамастан, Юрген Клопп көшбасшылықта қалды және жаңа маусымда "қызылдарға" алдыңғы қатарлардағы команда мәртебесін қайтаруға дайын. "Скаузерлер" үзілісті пайдаланып, команда құрамына жастарды қосуды ұйғарды. Командамен Джеймс Милнер, Роберто Фирмино және Фабиньо және капитан Джордан Хендерсон қош айтысты. Олардың орнына Клопптың шабуылдаушы жүйесіне өте ыңғайлы Алексис Мак Алистер мен Доминик Собослаи келді. Егер жаңадан келгендер жарақат алмаса, олар "Ливерпульге" тез бейімделетін болады, әсіресе Мак Аллистердің "Брайтон" үшін АПЛ-да ойнағанын ескерсек, оған тіпті жеңілірек болуы тиіс. Parimatch аналитикасы мен коэффициенттері. Екі команданың да уәждемесі айқын-өткен маусымдағы сәтсіздіктен кейін жеңіске жету. Parimatch сарапшылары клубтарға шамамен бірдей мүмкіндік береді: олар "ақсүйектердің" жеңісін 2.90-ға бағаласа, қарсыласын 2.37-ге бағалап отыр. Алайда соңғы 2 маусымда клубтардың бетпе – бет кездесулерін ескере отырып, тең ойын нәтижесінің ықтималдығы жоғары - 3.75. Почеттино мен Клопп өз клубтарына комбинациялық шабуыл футболын жасайтын болады, демек, Сіз көптеген гол болатынына күмәнданбауыңыз керек. Сондықтан, "тотал 2,5-тен жоғары" нәтижесінің коэффициенті өте тартымды-1.68. Екі команданың да гол соғу ықтималдығы жоғары - Parimatch сарапшылары бұл нәтижені 1.57-ге бағалайды. "Челси" мен "Ливерпуль" матчына ұтыс тігіңіз де, Parimatch-пен бірге жарқын эмоцияларға бөленіңіз! Жаңа ойыншыларға арналған арнайы ұсыныс - шотты алғашқы толықтырғаныңыз үшін +300% бонус. Алыңыз да, игілігіңізге жұмсаңыз! Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілген.
АПЛ-дың бірінші турының орталық матчы ешкімді бей-жай қалдырмайды. 13 тамызда "Стэмфорд Бриджде" "Челси" мен "Ливерпуль" ойын алаңында бас түйістіретін болады - олар өткен маусымда сәтсіздікке ұшыраған Премьер-Лиганың танымал үздіктері болған. Parimatch сарапшылары алдағы матч туралы өз пікірімен бөлісті. "Челси" Өткен маусымда лондондықтардың жағдайы құлдырау шыңына жеткен. Жаттықтырушылардың ауысулары, ойыншыларының жарақаттары және артқан үмітті ақтай алмаған жаңадан келгендер "көктерді" чемпионатта 12-орынға дейін шегіндіріп жіберді. Трансферге жұмсалған шығын, "отқа май құйғандай" көрінеді: 22/23 маусымда "ақсүйектер" 611 миллион еуро жұмсады. Бір сөзбен айтқанда, жаңа жаттықтырушы Маурисио Почеттино орын алған жағдайды түзетуі керек. Маусым аралығы "Челси" үшін қайта құру ұранымен өтті. Команда құрамынан ойыншылардың көп бөлігі кетіп қалды, олардың арасында Н'Голо Канте, Кай Хавертц, Мейсон Маунт және көпжыл бойы капитан болған Сесар Аспиликуета бар. Трансфер бойынша келгендердің ішінде Бундеслига жұлдызы Кристофер Нкунку, сондай-ақ Аксель Дисаси және Николас Джексонды атап өткен жөн. Шабуыл жасайтын футболға бағыталған жас ойыншылар және Почеттинодің жастарымен жұмыс істей алатын қабілеті, алдағы маусы сәтті өтеді деген үмітті оятады. "Ливерпуль" Өткен маусым мерсисайдтарды да біраз шайқап жіберді. Әдетте тұрақты болып көрінетін "Клопп бандасы" команда көшбасшыларының жарақаттарына, қорғаныс қателіктеріне және жаңадан келген Дарвин Нуньестің өзін көрсете алмауына байланысты қиындықтарға тап болды. Нәтижесінде - чемпионат барысындағы тұрақсыздық және оның айқын қорытындысы ретінде 5-нші орын. Бірақ соған қарамастан, Юрген Клопп көшбасшылықта қалды және жаңа маусымда "қызылдарға" алдыңғы қатарлардағы команда мәртебесін қайтаруға дайын. "Скаузерлер" үзілісті пайдаланып, команда құрамына жастарды қосуды ұйғарды. Командамен Джеймс Милнер, Роберто Фирмино және Фабиньо және капитан Джордан Хендерсон қош айтысты. Олардың орнына Клопптың шабуылдаушы жүйесіне өте ыңғайлы Алексис Мак Алистер мен Доминик Собослаи келді. Егер жаңадан келгендер жарақат алмаса, олар "Ливерпульге" тез бейімделетін болады, әсіресе Мак Аллистердің "Брайтон" үшін АПЛ-да ойнағанын ескерсек, оған тіпті жеңілірек болуы тиіс. Parimatch аналитикасы мен коэффициенттері. Екі команданың да уәждемесі айқын-өткен маусымдағы сәтсіздіктен кейін жеңіске жету. Parimatch сарапшылары клубтарға шамамен бірдей мүмкіндік береді: олар "ақсүйектердің" жеңісін 2.90-ға бағаласа, қарсыласын 2.37-ге бағалап отыр. Алайда соңғы 2 маусымда клубтардың бетпе – бет кездесулерін ескере отырып, тең ойын нәтижесінің ықтималдығы жоғары - 3.75. Почеттино мен Клопп өз клубтарына комбинациялық шабуыл футболын жасайтын болады, демек, Сіз көптеген гол болатынына күмәнданбауыңыз керек. Сондықтан, "тотал 2,5-тен жоғары" нәтижесінің коэффициенті өте тартымды-1.68. Екі команданың да гол соғу ықтималдығы жоғары - Parimatch сарапшылары бұл нәтижені 1.57-ге бағалайды. "Челси" мен "Ливерпуль" матчына ұтыс тігіңіз де, Parimatch-пен бірге жарқын эмоцияларға бөленіңіз! Жаңа ойыншыларға арналған арнайы ұсыныс - шотты алғашқы толықтырғаныңыз үшін +300% бонус. Алыңыз да, игілігіңізге жұмсаңыз! Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2032151-celsi-liverpul-dagdarystagy-alyptardyn-qaisy-mausymdy-zenispen-bastaidy/
11 тамыз 2023, 16:10
kk
Тоқаев ЕҚЫҰ төрағасын қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы, Солтүстік Македония Республикасының Сыртқы істер министрі Буяр Османиді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда Telegram арнасында. Президент Буяр Османиге ілтипат білдіре отырып, оның ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы ретінде Қазақстанға сапары маңызды екенін атап өтті. "Сіздің сапарыңыздың біз үшін маңызы зор. Мен еліміздің осы ұйымға мүше сенімді мемлекет ретінде ЕҚЫҰ-ны қолдайтынын айрықша атап өткім келеді. Ұйымдағы пікірлер қайшылығына қарамастан, ЕҚЫҰ – баламасы жоқ ұйым. Сондықтан біз оның әлеуетіне қолдау білдіруге күш салуымыз керек. 2025 жылы Хельсинки қорытынды актісінің 50 жылдығын атап өту аясында ЕҚЫҰ-ның өзара диалогқа арналған бірегей платформа ретінде қызмететуін жалғастыруына қамтамасыз ету өте маңызды. Еліміздің ЕҚЫҰ-мен тығыз ынтымақтастығы, 2010 жылғы Астана саммитінің декларациясында бекітілгендей, қауіпсіз қоғамдастық құру туралы ортақ көзқарасқа негізделеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы қарым-қатынасты нығайту перспективаларына айрықша тоқталды. "Екіжақты қарым-қатынасымызда ешқандай мәселе жоқ. Біз ынтымақтастығымызды кеңейту тұрғысынан елеулі нәтижеге жеттік. Еліңізді Қазақстанның Еуропадағы өте маңызды серіктесі ретінде қарастырамыз және біз Скопьеде өз елшілігімізді ашу жөнінде шешім қабылдадық", – деді президент. Өз кезегінде Буяр Османи ЕҚЫҰ-ның Қазақстанмен және Орталық Азия өңірімен өзара байланысты дамытуға зор маңыз артып отырғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, 2010 жылы Астанада өткен ЕҚЫҰ саммиті Қазақстанның осы ұйым қызметінің негізгі бағыттарын қолдаудағы белсенді рөлін көрсетті. "Солтүстік Македонияның ұйым төрағасы ретіндегі ұраны – "Барлығы адамдар үшін". Бұл біздің адамға бағдарланған ұстанымымызды білдіреді. Сіздің реформалар бағдарламаңыз да адамдарға арналған әрі ол ЕҚЫҰ-ның қағидаттары мен міндеттемелерімен ғана емес, біздің ұйым төрағалығындағы басымдықтарымызбен де үндес. Сонымен қатар біз Қазақстанның өңірлік, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды рөлін атап өткізіміз келеді", – деді министр. Кездесу соңында мемлекет басшысы Солтүстік Македония президенті Стево Пендаровскийге ізгі тілегін жолдап, оны Қазақстанға сапармен келуге шақырды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы, Солтүстік Македония Республикасының Сыртқы істер министрі Буяр Османиді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда Telegram арнасында. Президент Буяр Османиге ілтипат білдіре отырып, оның ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы ретінде Қазақстанға сапары маңызды екенін атап өтті. "Сіздің сапарыңыздың біз үшін маңызы зор. Мен еліміздің осы ұйымға мүше сенімді мемлекет ретінде ЕҚЫҰ-ны қолдайтынын айрықша атап өткім келеді. Ұйымдағы пікірлер қайшылығына қарамастан, ЕҚЫҰ – баламасы жоқ ұйым. Сондықтан біз оның әлеуетіне қолдау білдіруге күш салуымыз керек. 2025 жылы Хельсинки қорытынды актісінің 50 жылдығын атап өту аясында ЕҚЫҰ-ның өзара диалогқа арналған бірегей платформа ретінде қызмететуін жалғастыруына қамтамасыз ету өте маңызды. Еліміздің ЕҚЫҰ-мен тығыз ынтымақтастығы, 2010 жылғы Астана саммитінің декларациясында бекітілгендей, қауіпсіз қоғамдастық құру туралы ортақ көзқарасқа негізделеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы қарым-қатынасты нығайту перспективаларына айрықша тоқталды. "Екіжақты қарым-қатынасымызда ешқандай мәселе жоқ. Біз ынтымақтастығымызды кеңейту тұрғысынан елеулі нәтижеге жеттік. Еліңізді Қазақстанның Еуропадағы өте маңызды серіктесі ретінде қарастырамыз және біз Скопьеде өз елшілігімізді ашу жөнінде шешім қабылдадық", – деді президент. Өз кезегінде Буяр Османи ЕҚЫҰ-ның Қазақстанмен және Орталық Азия өңірімен өзара байланысты дамытуға зор маңыз артып отырғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, 2010 жылы Астанада өткен ЕҚЫҰ саммиті Қазақстанның осы ұйым қызметінің негізгі бағыттарын қолдаудағы белсенді рөлін көрсетті. "Солтүстік Македонияның ұйым төрағасы ретіндегі ұраны – "Барлығы адамдар үшін". Бұл біздің адамға бағдарланған ұстанымымызды білдіреді. Сіздің реформалар бағдарламаңыз да адамдарға арналған әрі ол ЕҚЫҰ-ның қағидаттары мен міндеттемелерімен ғана емес, біздің ұйым төрағалығындағы басымдықтарымызбен де үндес. Сонымен қатар біз Қазақстанның өңірлік, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды рөлін атап өткізіміз келеді", – деді министр.
Саясат және экономика
false
https://kaz.nur.kz/politics/2032150-toqaev-eqyu-toragasyn-qabyldady/
11 тамыз 2023, 15:38
kk
Әйгілі Мәшһүр Жүсіптің туыстары жол апатынан көз жұмды
10 тамыз күні Павлодар облысындағы Жаңажол-Екібастұз тас жолында болған жол апатынан қазақтың ақыны, ойшылы Мәшһүр Жүсіптің туыстары қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. Павлодар облысы ПД мәліметінше, жол апаты 10 тамыз күні сағат 15:47-де болған. Жаңажол-Екібастұз тас жолында ВАЗ-2110 мен Lada Priora көліктері соқтығысған. Салдарынан ВАЗ-2110 көлігінің жолаушылары - 53 жастағы ер адам мен 31 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды. Төрт адам зардап шекті: ВАЗ-2110 көлігінің 32 жастағы жүргізушісі мен 2015 жылы туған кәмелетке толмаған жолаушы, сонымен қатар 31 жастағы Lada Priora жүргізушісі мен онда отырған 1998 жылы туған жолаушы. Олар Екібастұз ауруханасына жеткізілді. Жол апаты бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Көліктер айыппұл тұрағына қойылды, сараптамалар тағайындалды. Ал Жаңажол ауылдық округінің әкімдігі қаза тапқандар қазақ ақыны Мәшһүр Жүсіптің туыстары екенін мәлім етті. "Оқиға кеше болды. Марқұм Баянауыл ауданы, Жаңажол ауылының тумасы. Ол Мәшһүр Жүсіптің немересінің үлкен ағасының баласы, яғни Мәшһүр Жүсіптің шөбересі", - деп түсіндірді Баянауыл ауданы Жаңажол ауылдық округінің әкімі Сәбит Кенжалин. Сондай-ақ ол марқұм әйелдің де, жарақат алған 7 жасар бала да Мәшһүр Жүсіптің туысы екенін атап өтті. Отбасы 11 және 12 тамызда өтетін қазақтың ұлы ақынының 165 жылдығына орай ұйымдастырылған мерекеге дайындыққа атсалысуға барған.
10 тамыз күні Павлодар облысындағы Жаңажол-Екібастұз тас жолында болған жол апатынан қазақтың ақыны, ойшылы Мәшһүр Жүсіптің туыстары қайтыс болды деп хабарлайды тілшісі. Павлодар облысы ПД мәліметінше, жол апаты 10 тамыз күні сағат 15:47-де болған. Жаңажол-Екібастұз тас жолында ВАЗ-2110 мен Lada Priora көліктері соқтығысған. Салдарынан ВАЗ-2110 көлігінің жолаушылары - 53 жастағы ер адам мен 31 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды. Төрт адам зардап шекті: ВАЗ-2110 көлігінің 32 жастағы жүргізушісі мен 2015 жылы туған кәмелетке толмаған жолаушы, сонымен қатар 31 жастағы Lada Priora жүргізушісі мен онда отырған 1998 жылы туған жолаушы. Олар Екібастұз ауруханасына жеткізілді. Жол апаты бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Көліктер айыппұл тұрағына қойылды, сараптамалар тағайындалды. Ал Жаңажол ауылдық округінің әкімдігі қаза тапқандар қазақ ақыны Мәшһүр Жүсіптің туыстары екенін мәлім етті. "Оқиға кеше болды. Марқұм Баянауыл ауданы, Жаңажол ауылының тумасы. Ол Мәшһүр Жүсіптің немересінің үлкен ағасының баласы, яғни Мәшһүр Жүсіптің шөбересі", - деп түсіндірді Баянауыл ауданы Жаңажол ауылдық округінің әкімі Сәбит Кенжалин. Сондай-ақ ол марқұм әйелдің де, жарақат алған 7 жасар бала да Мәшһүр Жүсіптің туысы екенін атап өтті.
Оқыс оқиғалар
false
https://kaz.nur.kz/accidents/2032145-aigili-mashur-zusiptin-tuystary-zol-apatynan-koz-zumdy/
11 тамыз 2023, 15:30
kk
"РБ Лейпциг – "Бавария": "бұқалар" "рекордмайстерден" басым түсе ме
Сенбіден жексенбіге қараған түн Бундеслига жанкүйерлері үшін ерекше болып өтетіні анық, өйткені Германия Суперкубогы үшін күресте "РБ Лейпциг" пен Мюнхендегі "Бавария" бас түйістіретін болады. "Бұқалар" "рекордмайстерге" қарсы төтеп бере ала ма?" деген сұраққа Parimatch сарапшылары жауап берді. "РБ Лейпциг" "Ред Булл қанаттандырады" деген ұран саксондықтарды өте жақсы сипаттайтын сияқты: "бұқалар " – Германияның соңғы жылдардағы ең прогрессивті және тұрақты командаларының бірі. Өткен маусым да сәтті өтті: клуб Бундеслига қоласына ие болып, чемпионаттың соңында жеңіс сериясын жасаған болатын. Маусым аралығында Марко Розе клубы айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Жағымсыз жаңалықтарынан - жүйелендіруші ойыншылары кетті: Йошко Гвардиол, Доминик Собослаи және команданың үздік бомбардирі Кристофер Нкунку. Алайда, "бұқалар" олардың орнына - Николас Зайвальд, Кристоф Баумгартнер, Бенджамин Сешко және Лоис Опендтің төрт жас талантты футболшылармен күшейе түсті. "РБ Лейпциг" жастармен қалай жұмыс істейтінін ескеретін болсақ, жаңадан келгендердің үздік ойыншылар қатарына енуіне барлық мүмкіндік бар. "Бавария" Мюнхендік команда үшін өткен маусым сәтсіз өтті деп айтуға болады. Клуб жаттықтырушының ауысуы мен команда нәтижелерінің нашарлауына әкелген жанжалдар мен қақтығыстарға тап болды: "ротен" Чемпиондар Лигасы мен Германия кубогынан 1/4 финалында сәтсіздікке ұшырап шығып кетті, бундеслиганы дортмундтың "Боруссияның" соңғы турда жіберіп қойған қателігін пайдаланып жеңіске жете алды. Алайда, Томас Тухельді команданы басқаруға қалдырып, сенім несиесін берді, бұл жағдайды тұрақтандыруға оң әсерін береді деген ой қалыптастырады. "Рекордмайстердің" маусым аралық үзілісі команда құрамын жаңартумен өтті. Команда Люка Эрнандес, Садио Мане және Марсель Забитцерден айырылғанымен, құрамын айтарлықтай күшейтіп алды. Мюнхендіктер құрамын Ким мин Чжэ, Конрад Лаймер және Рафаэль Геррейро толықтырды, жаңадан келген ойыншылармен қорғанысын айтарлықтай күшейткенін байқауға болады. Тухельдің белсенді және комбинациялық футболын ескере отырып, жаңадан келгендер командаға оң үлес қосатыны анық. Parimatch аналитикасы және коэффициенттері Екі команда да көптеген комбинациялары бар жарқын және шабуылдаушы футболды жақсы көреді, сондықтан сіз көптеген гол болатынына күмәнданбауыңыз керек. Осы түйінмен Parimatch талдаушылары да келіседі: "тотал 2,5-тен жоғары" 1.56 коэффициентін құрайды. Екі команданың да гол соғу ықтималдығы жоғары: мұндай нәтиже 1.62 деп бағаланып отыр. Алайда өткен маусымдағы болған барлық қиындықтарына қарамастан, "Бавария" бұл матчтың айқын фавориті болып көрінеді. Parimatch сарапшылары "ротен" жеңісіне 1.58 коэффициентін ұсынса, "РБ Лейпциг"-ті 5.60 коэффициентімен бағалаған. Бундеслиганың көпжылдық басымдылық көрсетуші беделі, күшейтілген құрам және Томас Тухель басқарып отырған "рекордмайтерлердің" пайдасына шешуші факторлар болып табылады. Бундеслиганың жаңа маусымын Parimatch-пен бірге бастап, жарқын эмоцияларға ие болыңыз! Жаңа ойыншылар шотты алғаш толықтырғаны үшін арнайы - 300%-дық бонусқа ие болады. Алыңыз да, игілігіңізге жұмсаңыз! Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті РММ берілген.
Сенбіден жексенбіге қараған түн Бундеслига жанкүйерлері үшін ерекше болып өтетіні анық, өйткені Германия Суперкубогы үшін күресте "РБ Лейпциг" пен Мюнхендегі "Бавария" бас түйістіретін болады. "Бұқалар" "рекордмайстерге" қарсы төтеп бере ала ма?" деген сұраққа Parimatch сарапшылары жауап берді. "РБ Лейпциг" "Ред Булл қанаттандырады" деген ұран саксондықтарды өте жақсы сипаттайтын сияқты: "бұқалар " – Германияның соңғы жылдардағы ең прогрессивті және тұрақты командаларының бірі. Өткен маусым да сәтті өтті: клуб Бундеслига қоласына ие болып, чемпионаттың соңында жеңіс сериясын жасаған болатын. Маусым аралығында Марко Розе клубы айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Жағымсыз жаңалықтарынан - жүйелендіруші ойыншылары кетті: Йошко Гвардиол, Доминик Собослаи және команданың үздік бомбардирі Кристофер Нкунку. Алайда, "бұқалар" олардың орнына - Николас Зайвальд, Кристоф Баумгартнер, Бенджамин Сешко және Лоис Опендтің төрт жас талантты футболшылармен күшейе түсті. "РБ Лейпциг" жастармен қалай жұмыс істейтінін ескеретін болсақ, жаңадан келгендердің үздік ойыншылар қатарына енуіне барлық мүмкіндік бар. "Бавария" Мюнхендік команда үшін өткен маусым сәтсіз өтті деп айтуға болады. Клуб жаттықтырушының ауысуы мен команда нәтижелерінің нашарлауына әкелген жанжалдар мен қақтығыстарға тап болды: "ротен" Чемпиондар Лигасы мен Германия кубогынан 1/4 финалында сәтсіздікке ұшырап шығып кетті, бундеслиганы дортмундтың "Боруссияның" соңғы турда жіберіп қойған қателігін пайдаланып жеңіске жете алды. Алайда, Томас Тухельді команданы басқаруға қалдырып, сенім несиесін берді, бұл жағдайды тұрақтандыруға оң әсерін береді деген ой қалыптастырады. "Рекордмайстердің" маусым аралық үзілісі команда құрамын жаңартумен өтті. Команда Люка Эрнандес, Садио Мане және Марсель Забитцерден айырылғанымен, құрамын айтарлықтай күшейтіп алды. Мюнхендіктер құрамын Ким мин Чжэ, Конрад Лаймер және Рафаэль Геррейро толықтырды, жаңадан келген ойыншылармен қорғанысын айтарлықтай күшейткенін байқауға болады. Тухельдің белсенді және комбинациялық футболын ескере отырып, жаңадан келгендер командаға оң үлес қосатыны анық. Parimatch аналитикасы және коэффициенттері Екі команда да көптеген комбинациялары бар жарқын және шабуылдаушы футболды жақсы көреді, сондықтан сіз көптеген гол болатынына күмәнданбауыңыз керек. Осы түйінмен Parimatch талдаушылары да келіседі: "тотал 2,5-тен жоғары" 1.56 коэффициентін құрайды. Екі команданың да гол соғу ықтималдығы жоғары: мұндай нәтиже 1.62 деп бағаланып отыр. Алайда өткен маусымдағы болған барлық қиындықтарына қарамастан, "Бавария" бұл матчтың айқын фавориті болып көрінеді. Parimatch сарапшылары "ротен" жеңісіне 1.58 коэффициентін ұсынса, "РБ Лейпциг"-ті 5.60 коэффициентімен бағалаған. Бундеслиганың көпжылдық басымдылық көрсетуші беделі, күшейтілген құрам және Томас Тухель басқарып отырған "рекордмайтерлердің" пайдасына шешуші факторлар болып табылады. Бундеслиганың жаңа маусымын Parimatch-пен бірге бастап, жарқын эмоцияларға ие болыңыз! Жаңа ойыншылар шотты алғаш толықтырғаны үшін арнайы - 300%-дық бонусқа ие болады. Алыңыз да, игілігіңізге жұмсаңыз! Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2032134-rb-leipcig-bavariya-buqalar-rekordmaisterden-basym-tuse-me/
11 тамыз 2023, 15:16
kk
"Отбасы банк" клиенттері енді депозиттерді өзара сата алмайды
"Отбасы банк" салымшылары депозиттерді бір-біріне тегін немесе ақылы түрде бере алады. Бірақ депозиттерді сату қызметі жақын арада жабылмақ, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі. Қазіргі уақытта қазақстандықтар жинақтау жолын жеделдету және тұрғын үй несиесін тезірек алу үшін "Отбасы банкі" клиенттерінен депозит сатып ала алады. Өткен жылдың бірінші жартыжылдығында бұл мүмкіндікті 1647 адам пайдаланған. Биылғы жылдың осы кезеңінде депозиттерді сатып алып, несие алуға өтініш білдірген бірегей клиенттердің саны екі есеге дерлік азайып, 973 адамды құрады. Бұл ретте "Отбасы банк" барлығы 28 800 несие берген. "Бұл банк клиенттері жинақтау мәдениетін ұстана отырып, одан әрі тұрғын үй сатып алу үшін депозит ашып, сонда өз бетінше қаражат жинақтауды жөн санайтынын көрсетеді. Тек биылғы жылдың басынан бері 273 465 қазақстандық жаңа жинақ шотын ашты", - деп хабарлады банктің баспасөз қызметіндегілер. Осыған байланысты, 2023 жылдың 21 тамызынан бастап "Отбасы банкіндегі" депозитті сату қолжетімсіз болады. Бұл ретте банк клиенттері өз туыстарына депозитін ұсыну мүмкіндігі сақталады. Депозитті тегін ұсыну ерлі-зайыптыларға, ата-аналарға (асырап алушылар мен асырап алушыларға), балаларға (асырап алынған), туыстық байланысы бар кез келген адамға қол жетімді. Сондай-ақ банк бөлімшелерінде депозитті туыстық қатынасы жоқ, бірақ ортақ туыстары бар адамдарға да беруге рұқсат етілген. Мысалы, бір операцияның аясында туыс екенін растайтын құжат болған жағдайда салымшы салымды жұбайының ағасына тапсыруы мүмкін. Бұл операция "аралық буын арқылы тағайындау" деп аталады. Ал Otbasy bank мобильді қосымшасында онлайн-режимде депозитті беруді тек тікелей туыстар – ерлі-зайыптылар, ата-аналар (асырап алушылар), балалар (асырап алынғандар), қандас аға-інілер мен әпкелер арасында жүзеге асыруға болады. Осылайша, "Отбасы банктегі" депозиттерді сату 10 күннен кейін қолжетімсіз болады, бірақ клиенттері тегін түрде өзара бере алады.
"Отбасы банк" салымшылары депозиттерді бір-біріне тегін немесе ақылы түрде бере алады. Бірақ депозиттерді сату қызметі жақын арада жабылмақ, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі. Қазіргі уақытта қазақстандықтар жинақтау жолын жеделдету және тұрғын үй несиесін тезірек алу үшін "Отбасы банкі" клиенттерінен депозит сатып ала алады. Өткен жылдың бірінші жартыжылдығында бұл мүмкіндікті 1647 адам пайдаланған. Биылғы жылдың осы кезеңінде депозиттерді сатып алып, несие алуға өтініш білдірген бірегей клиенттердің саны екі есеге дерлік азайып, 973 адамды құрады. Бұл ретте "Отбасы банк" барлығы 28 800 несие берген. "Бұл банк клиенттері жинақтау мәдениетін ұстана отырып, одан әрі тұрғын үй сатып алу үшін депозит ашып, сонда өз бетінше қаражат жинақтауды жөн санайтынын көрсетеді. Тек биылғы жылдың басынан бері 273 465 қазақстандық жаңа жинақ шотын ашты", - деп хабарлады банктің баспасөз қызметіндегілер. Осыған байланысты, 2023 жылдың 21 тамызынан бастап "Отбасы банкіндегі" депозитті сату қолжетімсіз болады. Бұл ретте банк клиенттері өз туыстарына депозитін ұсыну мүмкіндігі сақталады. Депозитті тегін ұсыну ерлі-зайыптыларға, ата-аналарға (асырап алушылар мен асырап алушыларға), балаларға (асырап алынған), туыстық байланысы бар кез келген адамға қол жетімді. Сондай-ақ банк бөлімшелерінде депозитті туыстық қатынасы жоқ, бірақ ортақ туыстары бар адамдарға да беруге рұқсат етілген. Мысалы, бір операцияның аясында туыс екенін растайтын құжат болған жағдайда салымшы салымды жұбайының ағасына тапсыруы мүмкін. Бұл операция "аралық буын арқылы тағайындау" деп аталады. Ал Otbasy bank мобильді қосымшасында онлайн-режимде депозитті беруді тек тікелей туыстар – ерлі-зайыптылар, ата-аналар (асырап алушылар), балалар (асырап алынғандар), қандас аға-інілер мен әпкелер арасында жүзеге асыруға болады.
Қаржы
false
https://kaz.nur.kz/nurfin/2032135-otbasy-bank-klientteri-endi-depozitterdi-ozara-sata-almaidy/
11 тамыз 2023, 15:03
kk
"Қателесу керек": әнші Фариза Ескермес бойжеткендерге кеңес берді (фото)
Көпшілікке "Джейран" тобы арқылы танылған әнші Фариза Ескермес бойжеткендерге кеңес берді. Өнер иесі Instagram парақшасында қателікті қайталамау керектігін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Әншінің әлеуметтік желідегі парақшасына оқырмандарының бірі "Қыздарға айтар үлкен кеңесіңіз қандай? Неден қателеспеу керек деп ойлайсыз", - деп сауал жолдаған. Ал Фариза Ескермес қателесуден қорықпау керектігін айтты. "Әрдайым қателесу керек. Қателік бар жерде ой түйесің, жақсы жаққа өзгересің. Өмірден таяқ жеген сайын "апгрейд" болады. Бірақ, қате екенін біле тұра жасамасаңыз болды", - деп жазды өнер иесі. Айта кетейік, осыған дейін әнші қашан тұрмысқа шығатынын айтты. Сонымен қатар Фариза Ескермес осыдан біраз уақыт бұрын көпшілікке сүйіктісін таныстырған болатын.
Көпшілікке "Джейран" тобы арқылы танылған әнші Фариза Ескермес бойжеткендерге кеңес берді. Өнер иесі Instagram парақшасында қателікті қайталамау керектігін айтты, деп жазады . Әншінің әлеуметтік желідегі парақшасына оқырмандарының бірі "Қыздарға айтар үлкен кеңесіңіз қандай? Неден қателеспеу керек деп ойлайсыз", - деп сауал жолдаған. Ал Фариза Ескермес қателесуден қорықпау керектігін айтты. "Әрдайым қателесу керек. Қателік бар жерде ой түйесің, жақсы жаққа өзгересің. Өмірден таяқ жеген сайын "апгрейд" болады. Бірақ, қате екенін біле тұра жасамасаңыз болды", - деп жазды өнер иесі. Айта кетейік, осыған дейін әнші қашан тұрмысқа шығатынын айтты.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2032142-qatelesu-kerek-ansi-fariza-eskermes-boizetkenderge-kenes-berdi-foto/
11 тамыз 2023, 14:58
kk
Фариза Ескермес қашан тұрмысқа шығатынын айтты
Көпшілікке "Джейран" тобы арқылы танылған әнші Фариза Ескермес қашан тұрмысқа шығатынын айтты. Өнер иесі Instagram желісінде оқырман сауалына жауап берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Желі қолданушысының бірі әншіден "Қашан тұрмысқа шығасыз?", - деп сұраған. Ал Фариза Ескермес дәл қазіргі сәтте бақытты екенін айтты. "Негізі мұндай сұрақ қойылмауы керек. Бұйырған күні тұрмысқа шығамын. Ал тұрмысқа шығу бұйырмаса, жалғыз қалудан қорыққан емеспін. Дәл қазір бақыттымын", - деді Фариза Ескермес. Айта кетейік, осыған дейін Фариза Ескермес көпшілікке сүйіктісін таныстырған болатын. "2022 жыл керемет болды, алғысым шексіз. Ал 2023 жылды сенімен қарсы алатыныма қуаныштымын, көккөзім. Алла қаласа сенімен мәңгі біргемін", - деп жазған болатын Фариза Ескермес.
Көпшілікке "Джейран" тобы арқылы танылған әнші Фариза Ескермес қашан тұрмысқа шығатынын айтты. Өнер иесі Instagram желісінде оқырман сауалына жауап берген, деп жазады . Желі қолданушысының бірі әншіден "Қашан тұрмысқа шығасыз?", - деп сұраған. Ал Фариза Ескермес дәл қазіргі сәтте бақытты екенін айтты. "Негізі мұндай сұрақ қойылмауы керек. Бұйырған күні тұрмысқа шығамын. Ал тұрмысқа шығу бұйырмаса, жалғыз қалудан қорыққан емеспін. Дәл қазір бақыттымын", - деді Фариза Ескермес. Айта кетейік, осыған дейін Фариза Ескермес көпшілікке сүйіктісін таныстырған болатын. "2022 жыл керемет болды, алғысым шексіз. Ал 2023 жылды сенімен қарсы алатыныма қуаныштымын, көккөзім.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2032137-fariza-eskermes-qasan-turmysqa-sygatynyn-aitty/
11 тамыз 2023, 14:48
kk
Үкімет басшысы Ақтөбеде тозығы жеткен кәріздік тазарту қондырғыларын жаңартуды тапсырды
Ақтөбе қаласының кәріздік тазарту қондырғысының тозығы жеткен. Қолданыстағысының тозу деңгейі 80%-ды құрайды. Бұл – экология саласындағы өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Ақтөбеден жағымсыз иістің шығуының бірден-бір себебі де осы — тазарту қондырғыларының ескіруіне байланысты. Осы мәселені кешенді түрде шешу бойынша техникалық-экономикалық сараптама негіздемесімен аймақта іс-сапармен жүрген үкімет басшысы Әлихан Смайылов танысты. Мәселені шешу үшін Еуропалық қайта құру және даму банкінің қаражаты есебінен кәріздік тазарту құрылыстарын салу жөніндегі жобаны іске асыру жұмыстары басталды. Техникалық-экономикалық негіздеме дайындалып, мемлекеттік сараптамаға жіберілді. Өңір басшысы Ералы Тоғжанов, алдын ала есептеулерге сәйкес, жобаның жалпы құны шамамен 78 млрд теңгені құрайтынын жеткізді. Кәріздік тазарту құрылыстарын салу жобасы ағынды сулардың ластануын айтарлықтай азайтып, суаруға жарамды ағынды сулардың сапасын арттырады, қаланың санитарлық-эпидемиологиялық ахуалын жақсартады. Ағынды суларды тазарту үшін заманауи энергия үнемдейтін технологияларды және жаңа кәріздік тазарту қондырғысын салу қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға да оң әсерін тигізеді. Үкімет басшысы тиісті мемлекеттік органдарға жобаларды әзірлеуді жеделдетіп, ерекше бақылауда ұстауды және оларды жүзеге асыруға қатысты барлық мәселені тез арада шешуді тапсырды.
Ақтөбе қаласының кәріздік тазарту қондырғысының тозығы жеткен. Қолданыстағысының тозу деңгейі 80%-ды құрайды. Бұл – экология саласындағы өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Ақтөбеден жағымсыз иістің шығуының бірден-бір себебі де осы — тазарту қондырғыларының ескіруіне байланысты. Осы мәселені кешенді түрде шешу бойынша техникалық-экономикалық сараптама негіздемесімен аймақта іс-сапармен жүрген үкімет басшысы Әлихан Смайылов танысты. Мәселені шешу үшін Еуропалық қайта құру және даму банкінің қаражаты есебінен кәріздік тазарту құрылыстарын салу жөніндегі жобаны іске асыру жұмыстары басталды. Техникалық-экономикалық негіздеме дайындалып, мемлекеттік сараптамаға жіберілді. Өңір басшысы Ералы Тоғжанов, алдын ала есептеулерге сәйкес, жобаның жалпы құны шамамен 78 млрд теңгені құрайтынын жеткізді. Кәріздік тазарту құрылыстарын салу жобасы ағынды сулардың ластануын айтарлықтай азайтып, суаруға жарамды ағынды сулардың сапасын арттырады, қаланың санитарлық-эпидемиологиялық ахуалын жақсартады. Ағынды суларды тазарту үшін заманауи энергия үнемдейтін технологияларды және жаңа кәріздік тазарту қондырғысын салу қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға да оң әсерін тигізеді.
Саясат және экономика
false
https://kaz.nur.kz/politics/2032103-ukimet-bassysy-aqtobede-tozygy-zetken-karizdik-tazartu-qondyrgylaryn-zanartudy-tapsyrdy/
11 тамыз 2023, 14:48
kk
Ақтөбе облысында "Ауыл аманаты" жобасы қарқынды жүріп жатыр
Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың Ақтөбе облысына сапары барысында облыс әкімі Ералы Тоғжанов "Ауыл аманаты" жобасын іске асыру туралы егжей-тегжейлі баяндады. "Ауыл аманатын" іске асыру ауылдарды сақтап қалуға және халықтың қалаға көші-қонын қысқартуға, кәсіпкерлікті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын құруға, жұмыссыздықты азайтуға, халықты сапалы азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ауқымды жоба екенін атап өтті, Ералы Тоғжанов. Жобаның тиімді шарттарының бірі - кредиттері бар және аз қамтылған, көп балалы отбасыларға тауарлық кредит беру тетігі болып отыр. Ерекшелігі — бюджет қаражаты жұмсалмайды. Кепіл қажет емес, пайыздар жоқ. Қарызды төл есебінен жабады. Республика бойынша алғаш рет ұйымдастырылып отырған бірегей жоба аясында, 1300 ауыл тұрғынына саны 4 580 бас болатын тауарлық несие түрінде мал берілді. "Ауыл аманаты" жобасын іске асыру тәжірибесі барлық өңірге кеңінен таралуға тиіс. Биыл оған 100 млрд теңге бөлінді. Соның есебінен ауылда кәсіпкерлік бастаманы қолдау жоспарланып отыр. Келесі жылы тағы 100 млрд теңге бөлеміз. Жобаның арқасында ауылдық елді мекендерде өмір сүру деңгейі айтарлықтай жақсармақ. Ақтөбе облысы – жобаны іске асыру бойынша жетекші өңірлердің бірі. Осы қарқынмен бұл жұмысты жалғастыру қажет", — деді Әлихан Смайылов.
Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың Ақтөбе облысына сапары барысында облыс әкімі Ералы Тоғжанов "Ауыл аманаты" жобасын іске асыру туралы егжей-тегжейлі баяндады. "Ауыл аманатын" іске асыру ауылдарды сақтап қалуға және халықтың қалаға көші-қонын қысқартуға, кәсіпкерлікті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын құруға, жұмыссыздықты азайтуға, халықты сапалы азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ауқымды жоба екенін атап өтті, Ералы Тоғжанов. Жобаның тиімді шарттарының бірі - кредиттері бар және аз қамтылған, көп балалы отбасыларға тауарлық кредит беру тетігі болып отыр. Ерекшелігі — бюджет қаражаты жұмсалмайды. Кепіл қажет емес, пайыздар жоқ. Қарызды төл есебінен жабады. Республика бойынша алғаш рет ұйымдастырылып отырған бірегей жоба аясында, 1300 ауыл тұрғынына саны 4 580 бас болатын тауарлық несие түрінде мал берілді. "Ауыл аманаты" жобасын іске асыру тәжірибесі барлық өңірге кеңінен таралуға тиіс. Биыл оған 100 млрд теңге бөлінді. Соның есебінен ауылда кәсіпкерлік бастаманы қолдау жоспарланып отыр. Келесі жылы тағы 100 млрд теңге бөлеміз. Жобаның арқасында ауылдық елді мекендерде өмір сүру деңгейі айтарлықтай жақсармақ. Ақтөбе облысы – жобаны іске асыру бойынша жетекші өңірлердің бірі.
Саясат және экономика
false
https://kaz.nur.kz/politics/2032100-aqtobe-oblysynda-auyl-amanaty-zobasy-qarqyndy-zurip-zatyr/
11 тамыз 2023, 14:47
kk
Тоқаев Ақкенттегі өрт кезінде ерлік көрсеткен бір топ азаматты марапаттады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы "Ақкент" шағын ауданындағы өрт кезінде ерлік көрсеткен бір топ азаматты марапаттады, деп хабарлайды Ақорда Telegram арнасында. Мемлекет басшысының жарлығымен Алматыдағы "Ақкент" ықшам ауданында болған өрт кезінде адам өмірін сақтап қалуға байланысты қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азамат марапатталды: "Ерлігі үшін" медалімен: Еске сала кетейік, 1 тамыз күні Алматының Алатау ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты. Желіде оқиға орнынан түсірілген кадрлар жарияланды - онда адамдардың терезеден секіріп жатқанын көруге болады. ТЖД қызметкерлері шақыртудан соң оқиға орнына 6 минут ішінде келген. Онда 16 қабатты тұрғын үйдің 5-қабатында орналасқан пәтер өртеніп жатқаны анықталды. Лифт шахтасында 5-ші және 6-ші қабатта электр кабельдері жанғаны айтылды. Сол күні сағат 18:46-да өрт оқшауланып, сөндірілген болатын. Көпқабатты тұрғын үйде шыққан өрттен зардап шеккен әйел көз жұмған. Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, өртте барлығы 43 адам жапа шеккен. 16 қабатты тұрғын үйдегі ірі өрттің салдарынан 37 адам қаланың көпбейінді стационарларына жеткізілді, тағы 4 науқас балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Сондай-ақ Алматы әкімі Ерболат Досаев Ақкентте болған өрт салдарынан көз жұмған әйелдің отбасына көңіл айтқаны туралы жазған едік. Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Ақкенттегі өрт салдарынан ауруханада көз жұмған әйелдің нақты қандай диагнодан каза тапқанын мәлімдеген болатын.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы "Ақкент" шағын ауданындағы өрт кезінде ерлік көрсеткен бір топ азаматты марапаттады, деп хабарлайды Ақорда Telegram арнасында. Мемлекет басшысының жарлығымен Алматыдағы "Ақкент" ықшам ауданында болған өрт кезінде адам өмірін сақтап қалуға байланысты қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азамат марапатталды: "Ерлігі үшін" медалімен: Еске сала кетейік, 1 тамыз күні Алматының Алатау ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты. Желіде оқиға орнынан түсірілген кадрлар жарияланды - онда адамдардың терезеден секіріп жатқанын көруге болады. ТЖД қызметкерлері шақыртудан соң оқиға орнына 6 минут ішінде келген. Онда 16 қабатты тұрғын үйдің 5-қабатында орналасқан пәтер өртеніп жатқаны анықталды. Лифт шахтасында 5-ші және 6-ші қабатта электр кабельдері жанғаны айтылды. Сол күні сағат 18:46-да өрт оқшауланып, сөндірілген болатын. Көпқабатты тұрғын үйде шыққан өрттен зардап шеккен әйел көз жұмған. Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, өртте барлығы 43 адам жапа шеккен. 16 қабатты тұрғын үйдегі ірі өрттің салдарынан 37 адам қаланың көпбейінді стационарларына жеткізілді, тағы 4 науқас балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Сондай-ақ Алматы әкімі Ерболат Досаев Ақкентте болған өрт салдарынан көз жұмған әйелдің отбасына көңіл айтқаны туралы жазған едік.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032140-toqaev-aqkenttegi-ort-kezinde-erlik-korsetken-bir-top-azamatty-marapattady/
11 тамыз 2023, 14:44
kk
Жаңбыр, найзағай, бұршақ: алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болады
Синоптиктер алдағы үш, яғни 12-14 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы күтіледі. Атап айтқанда, еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында жаңбыр, кей уақыттарды қатты жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ, 15-28 м/с дейін екпінді жел күтіледі. Найзағай кезінде дауылды жел болуы ықтимал. Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі. Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде жауын-шашынсыз, күн ашық болады. 12-13 тамызда Атырау облысының оңтүстік-батысында 42 градусқа дейінгі өтте қатты ыстық сақталады. Ал солтүстік, шығыс және орталық облыстарда салқын ауа-райы күтіледі. Яғни ауа температурасы күндіз 12-20 жылыға дейін төмендейді, еліміздің оңтүстік-шығысында 20-28 жылыға дейін төмендеуі күтеледі.
Синоптиктер алдағы үш, яғни 12-14 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған . Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы күтіледі. Атап айтқанда, еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында жаңбыр, кей уақыттарды қатты жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ, 15-28 м/с дейін екпінді жел күтіледі. Найзағай кезінде дауылды жел болуы ықтимал. Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі. Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде жауын-шашынсыз, күн ашық болады. 12-13 тамызда Атырау облысының оңтүстік-батысында 42 градусқа дейінгі өтте қатты ыстық сақталады. Ал солтүстік, шығыс және орталық облыстарда салқын ауа-райы күтіледі.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032133-zanbyr-naizagai-bursaq-aldagy-kunderi-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/
11 тамыз 2023, 14:34
kk
"Атыс пен айғай естіліп жатты": Ақтаудағы түнгі жанжал видеоға түсіп қалды (видео)
Ақтаудың 16-ықшамауданында түсірілген ерекше кортеж видеоға түсіп қалды. Видеодан атыс пен айғайдың дыбыстарын естуге болады. Бұл туралы Lada.kz басылымына сілтеме жасап KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Басылымның хабарлауынша, әлеуметтік желіде бүгін, 11 тамызда бірнеше жол талғамайтын көлік пен жеңіл көліктен құрылған кортеждің видеосы пайда болды. Басылым мәліметінше, видеода атыс пен айғай анық естіледі. Бейнежазбадан жолаушылар көлік терезесінен қалай басы мен денесін толықтай шығарып алып, кетіп бара жатқанын көруге болады. Куәгерлердің сөзінше, бұл жайт тамыздың 10-нан 11-не қараған түні Ақтау қаласының 16-ықшамауданында болған. Түнгі заңсыздыққа қатысушыларды арнайы жасақ ұстаған. Басылым бұған қатысты сауал жіберіп, ресми органның жауабын күтуде.
Ақтаудың 16-ықшамауданында түсірілген ерекше кортеж видеоға түсіп қалды. Видеодан атыс пен айғайдың дыбыстарын естуге болады. Бұл туралы басылымына сілтеме жасап хабарлайды. Басылымның хабарлауынша, әлеуметтік желіде бүгін, 11 тамызда бірнеше жол талғамайтын көлік пен жеңіл көліктен құрылған кортеждің видеосы пайда болды. Басылым мәліметінше, видеода атыс пен айғай анық естіледі. Бейнежазбадан жолаушылар көлік терезесінен қалай басы мен денесін толықтай шығарып алып, кетіп бара жатқанын көруге болады. Куәгерлердің сөзінше, бұл жайт тамыздың 10-нан 11-не қараған түні Ақтау қаласының 16-ықшамауданында болған. Түнгі заңсыздыққа қатысушыларды арнайы жасақ ұстаған.
Оқыс оқиғалар
false
https://kaz.nur.kz/accidents/2032124-atys-pen-aigai-estilip-zatty-aqtaudagy-tungi-zanzal-videoga-tusip-qaldy-video/
11 тамыз 2023, 13:59