lang
stringclasses
3 values
title
stringlengths
3
277
original_text
stringlengths
69
182k
processed_text
stringlengths
42
181k
category
stringlengths
4
50
processed
bool
2 classes
url
stringlengths
33
293
date
stringlengths
10
24
kk
Алматыда жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше қоғамдық көліктің бағыты өзгерді
АлматыдаШаляпин көшесіндегі жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше қоғамдық көліктің бағыты өзгерді, деп хабарлайды "Алматы" арнасы. 18-20 тамыз күндері Шаляпин көшесіндегі жол жөндеу жұмыстарына байланысты қалалық маршруттардың қозғалыс сызбасы: №4 солтүстік бағытта – Гроза көшесі- Қонаев көшесі – Яссауи көшесі – Шаляпин көшесі – одан әрі сызба бойынша; кері бағытта - Шаляпин көшесі – Яссауи көшесі – Қонаев көшесі – Рысқұлов көшесі – одан әрі сызба бойынша; №15оңтүстік бағытта – Әшімов көшесі – Абай даңғылы – Яссауи көшесі – Шаляпин көшесі – одан әрі маршрут бойынша; Кері бағытта – Шаляпин көшесі – Яссауи көшесі – Абай даңғылы – Әшімов көшесі – одан әрі маршрут бойынша; №44 батыс бағытта – Шаляпин көшесі – Яссауи көшесі – Жандосов көшесі – Рысқұлов көшесі – одан әрі сызба бойынша; Кері бағытта – Гроза көшесі – Жандосов көшесі – Яссауи көшесі – Шаляпин көшесі – одан әрі маршрут бойынша; №50оңтүстік бағытта – Яссауи көшесі – Абай даңғылы – Әшімов көшесі – одан әрі сызба бойынша; Кері бағытта – Әшімов көшесі – Абай даңғылы – Яссауи көшесі – одан әрі сызба бойынша; №110 оңтүстік бағытта – Аспандияров көшесі – Абай даңғылы – Момышұлы көшесіне бұрылу – одан әрі кері бағытта қозғалыс, соңғы аялдаманы "Бауыржан Момышұлы метро бекеті" (солтүстік) аялдамасына көшіру; Кері бағытта – "Бауыржан Момышұлы метро бекеті" - Абай даңғылы – Аспандияров көшесі – әрі қарай сызба бойынша; №137 шығыс бағытта – Әшімов көшесі – Абай даңғылы – Яссауи көшесі – Шаляпин көшесі – одан әрі сызба бойынша; кері бағытта – Шаляпин көшесі – Яссауи көшесі – Абай даңғылы – Әшімов көшесі – одан әрі сызба бойынша.
АлматыдаШаляпин көшесіндегі жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше қоғамдық көліктің бағыты өзгерді, деп хабарлайды "Алматы" арнасы. 18-20 тамыз күндері Шаляпин көшесіндегі жол жөндеу жұмыстарына байланысты қалалық маршруттардың қозғалыс сызбасы: №4 солтүстік бағытта – Гроза көшесі- Қонаев көшесі – Яссауи көшесі – Шаляпин көшесі – одан әрі сызба бойынша; кері бағытта - Шаляпин көшесі – Яссауи көшесі – Қонаев көшесі – Рысқұлов көшесі – одан әрі сызба бойынша; №15оңтүстік бағытта – Әшімов көшесі – Абай даңғылы – Яссауи көшесі – Шаляпин көшесі – одан әрі маршрут бойынша; Кері бағытта – Шаляпин көшесі – Яссауи көшесі – Абай даңғылы – Әшімов көшесі – одан әрі маршрут бойынша; №44 батыс бағытта – Шаляпин көшесі – Яссауи көшесі – Жандосов көшесі – Рысқұлов көшесі – одан әрі сызба бойынша; Кері бағытта – Гроза көшесі – Жандосов көшесі – Яссауи көшесі – Шаляпин көшесі – одан әрі маршрут бойынша; №50оңтүстік бағытта – Яссауи көшесі – Абай даңғылы – Әшімов көшесі – одан әрі сызба бойынша; Кері бағытта – Әшімов көшесі – Абай даңғылы – Яссауи көшесі – одан әрі сызба бойынша; №110 оңтүстік бағытта – Аспандияров көшесі – Абай даңғылы – Момышұлы көшесіне бұрылу – одан әрі кері бағытта қозғалыс, соңғы аялдаманы "Бауыржан Момышұлы метро бекеті" (солтүстік) аялдамасына көшіру; Кері бағытта – "Бауыржан Момышұлы метро бекеті" - Абай даңғылы – Аспандияров көшесі – әрі қарай сызба бойынша;
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2033112-almatyda-zol-zondeu-zumystaryna-bailanysty-birnese-qogamdyq-koliktin-bagyty-ozgerdi/
18 тамыз 2023, 23:15
kk
Загребтегі Гран-при: атыраулық дзюдошы әлемдік жарыстан алғашқы жүлдесін жеңіп алды
Хорватия астанасы Загребте өтіп жатқан дзюдодан Гран-при турнирінде қазақстандық Айболат Ыстыбай қола жүлдегер атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды. 66 келі салмақта сынға түскен Айболат турнир барысында Украина, Латвия, Израиль балуандарын жеңді. Ширек финалда ол испаниялық Давид Гарсия Торнға есе жіберіп, жұбаныш белдесуінде әзербайжандық Карамат Хусейновты ұтты. Ал қола медаль үшін күресте кипрлық балуаннан ескерту саны бойынша басым түсті. Атырау облысының тумасы Айболат Ыстыбай бұл дзюдодан әлемдік жарыста жеңіп алған тұңғыш медалі екенін еске саламыз.
Хорватия астанасы Загребте өтіп жатқан дзюдодан Гран-при турнирінде қазақстандық Айболат Ыстыбай қола жүлдегер атанды. Бұл туралы хабарлайды. 66 келі салмақта сынға түскен Айболат турнир барысында Украина, Латвия, Израиль балуандарын жеңді. Ширек финалда ол испаниялық Давид Гарсия Торнға есе жіберіп, жұбаныш белдесуінде әзербайжандық Карамат Хусейновты ұтты. Ал қола медаль үшін күресте кипрлық балуаннан ескерту саны бойынша басым түсті.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2033114-zagrebtegi-gran-pri-atyraulyq-dzyudosy-alemdik-zarystan-algasqy-zuldesin-zenip-aldy/
18 тамыз 2023, 22:49
kk
Қазақстандық мергендер Бакудегі әлем чемпионатында үздік жетілікке енді
Бүгін Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан нысана көздеуден әлем чемпионатында кезекті жүлде жиынтығы сарапқа салынды. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады. Пневматикалық тапаншамен нысана көздеуден аралас жұптар арасында қазақстандықтар Валерий Рахимжан мен Ирина Юнусметова үздік нәтиже көрсетті. Олар 578 ұпай жинап, жетінші орынға табан тіреді. Ал Эльдар Иманқұлов пен Валерия Попелова (Қазақстан-2) әр серияда тұрақты бақ сынай алмай, 32-сатыда қалды. Барлығы іріктеуде 65 жұп қатысқанын айта кетейік. Жарыс басынан топ бастаған Үндістан-2 құрамасы финалда түркиялық қарсыластарына еш мүмкіндік бермей, алтыннан алқа тақты. Қола жүлде Қытайдың еншісінде кетті. Қазір жалпы есепте Қытай көш бастап келе жатыр (5 алтын, 2 қола). Одан кейінгі Үндістан мен АҚШ-тың қоржынында 1 алтыннан бар. Қазақстан спортшылары әлі медаль жеңіп алған жоқ.
Бүгін Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан нысана көздеуден әлем чемпионатында кезекті жүлде жиынтығы сарапқа салынды. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады. Пневматикалық тапаншамен нысана көздеуден аралас жұптар арасында қазақстандықтар Валерий Рахимжан мен Ирина Юнусметова үздік нәтиже көрсетті. Олар 578 ұпай жинап, жетінші орынға табан тіреді. Ал Эльдар Иманқұлов пен Валерия Попелова (Қазақстан-2) әр серияда тұрақты бақ сынай алмай, 32-сатыда қалды. Барлығы іріктеуде 65 жұп қатысқанын айта кетейік. Жарыс басынан топ бастаған Үндістан-2 құрамасы финалда түркиялық қарсыластарына еш мүмкіндік бермей, алтыннан алқа тақты. Қола жүлде Қытайдың еншісінде кетті. Қазір жалпы есепте Қытай көш бастап келе жатыр (5 алтын, 2 қола). Одан кейінгі Үндістан мен АҚШ-тың қоржынында 1 алтыннан бар.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2033110-qazaqstandyq-mergender-bakudegi-alem-cempionatynda-uzdik-zetilikke-endi/
18 тамыз 2023, 21:46
kk
Ақмола облысында ер адам септикке құлап қайтыс болды
Ақмола облысында 66 жастағы ер адам септикке құлап, қайтыс болды. Жазатайым оқиға түнгі уақытта жеке үйдің ауласында болған, деп хабарлайды Ақмола облысы полиция департаменті Instagram парақшасында. Полиция мәліметінше, оқиға 16 тамыз күні болған. 66 жастағы ер адам түнгі уақытта септикке құлаған. "Қарт адам туыстарына қонаққа келгені белгілі болды. Қазіргі уақытта полиция бөлімі болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған тексеру іс-шараларын жүргізуде. Сараптама тағайындалды", - деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаменті.
Ақмола облысында 66 жастағы ер адам септикке құлап, қайтыс болды. Жазатайым оқиға түнгі уақытта жеке үйдің ауласында болған, деп хабарлайды Ақмола облысы полиция департаменті Instagram парақшасында. Полиция мәліметінше, оқиға 16 тамыз күні болған. 66 жастағы ер адам түнгі уақытта септикке құлаған. "Қарт адам туыстарына қонаққа келгені белгілі болды. Қазіргі уақытта полиция бөлімі болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған тексеру іс-шараларын жүргізуде.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2033108-aqmola-oblysynda-er-adam-septikke-qulap-qaitys-boldy/
18 тамыз 2023, 21:25
kk
Биыл 28 мыңнан астам студент жатақханасыз қалуы мүмкін
Биыл 28 мыңнан аса студент жатақханасыз қалуы мүмкін. Орын әсіресе Алматы мен Астана қаласында сондай-ақ Солтүстік Қазақстан, Абай, Түркістан облысында тапшы, деп хабарлайды "КТК" арнасы. Арна мәліметінше, елордада 15 мыңнан астам орын тапшылығы бар. Бұл мәселені 15 маңдайалды оқу ордасы шешеміз деп отыр. Егер талапкерлер қаладағы 53 жатақханаға сыймаса, онда меморандум арқылы қосымша орын тауып бермек. Әзірге жауапты министрлік Астанадағы 30-ға жуық хостелмен келісімшарт жасасты. Жатақхана тапшылығы 3 мың орынға азайып отыр. Сонымен қатар "КТК" арнасының айтуынша, биыл грант иегерлерінің саны едәуір көп. Олардың елордаға ағылатыны да белгілі. Бұл қатарда ақылы оқуға түскендер де бар. Демек меморандум аясындағы бұл жұмыстар толық сұранысты өтей алмай жатыр. "Аграрлық университеттің өзі 4 инвестормен меморандумға отырып, оқу жылының басына дейін 4 жатақхананы іске қосып жатыр. Қазіргі уақытта әкімдіктің инвесторлар фронт офисінің жұмыстарымен 1658 адамдық жатақханалар іске қосылайын деп жатыр. Меморандумға отырған күннің өзінде жатақхана жетіспеушілігі мәселесі бар", - деді Астана қаласы бойынша студенттік омбудсмен Аружан Бақытова. Сондай-ақ арна мәліметінше, білім іздеп, құжаттарын қолтығына қысып келген студенттер сенделіп далада қалмас үшін білім ордалары қонып шығатын орындар дайындап қойған. "Ахуал орталығы" паналайтын жер таппай қалғандар үшін тәулік бойы үздіксіз жұмыс істейді. "Бұл орталық яғни әр студент үшін бір күнге рұқсат берілген. Бұл жерде университетке құжаттарын тапсырып біткенше осы жерде бір түн қонып шығуға жағдай жасалған. Біз қазіргі таңда тапсырыс бойынша 10 адамға орын дайындап отырмыз. 5 қыз, 5 ұлғағ яғни 10 адамға ахуалдық орталықтың орыны дайын", - деді Университеттің студенттер үйлері дирекциясының директоры Мерей Шаменов. Арна мәліметінше, ғылым және жоғары білім министрлігі барлық студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мүмкін емес дейді. Жаңа оқу жылында жатақханаға мұқтаж студенттер саны 134 мың болса, соның 106 мыңы жатын орынмен қамтылады екен. Ал қалғанына хостелдер мен қонақүйлерде орын ұсынылады. "Бүгінде біз Республикада 28 мың орынға тапшылық болады деген болжам жасап отырмыз. Оның ішінде ең үлкен қажеттілік Алматы қаласында болады деген болжам бар. Хостелдардың әрі қарай да саны артуы мүмкін. Сондықтан бұл бағытта жұмыс, қатып қалған сан жоқ, әрі қарай бұл сан өзгеруі мүмкін. Сосын кейбір жастар үй жалдап, пәтер жалдап тұрамыз деген балалар мен студенттер бар. Сондықтан құжаттар қазір жатақханадан орын беру үшін құжаттар әлі қабылдану үстінде", - деді Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан.
Биыл 28 мыңнан аса студент жатақханасыз қалуы мүмкін. Орын әсіресе Алматы мен Астана қаласында сондай-ақ Солтүстік Қазақстан, Абай, Түркістан облысында тапшы, деп хабарлайды "КТК" арнасы. Арна мәліметінше, елордада 15 мыңнан астам орын тапшылығы бар. Бұл мәселені 15 маңдайалды оқу ордасы шешеміз деп отыр. Егер талапкерлер қаладағы 53 жатақханаға сыймаса, онда меморандум арқылы қосымша орын тауып бермек. Әзірге жауапты министрлік Астанадағы 30-ға жуық хостелмен келісімшарт жасасты. Жатақхана тапшылығы 3 мың орынға азайып отыр. Сонымен қатар "КТК" арнасының айтуынша, биыл грант иегерлерінің саны едәуір көп. Олардың елордаға ағылатыны да белгілі. Бұл қатарда ақылы оқуға түскендер де бар. Демек меморандум аясындағы бұл жұмыстар толық сұранысты өтей алмай жатыр. "Аграрлық университеттің өзі 4 инвестормен меморандумға отырып, оқу жылының басына дейін 4 жатақхананы іске қосып жатыр. Қазіргі уақытта әкімдіктің инвесторлар фронт офисінің жұмыстарымен 1658 адамдық жатақханалар іске қосылайын деп жатыр. Меморандумға отырған күннің өзінде жатақхана жетіспеушілігі мәселесі бар", - деді Астана қаласы бойынша студенттік омбудсмен Аружан Бақытова. Сондай-ақ арна мәліметінше, білім іздеп, құжаттарын қолтығына қысып келген студенттер сенделіп далада қалмас үшін білім ордалары қонып шығатын орындар дайындап қойған. "Ахуал орталығы" паналайтын жер таппай қалғандар үшін тәулік бойы үздіксіз жұмыс істейді. "Бұл орталық яғни әр студент үшін бір күнге рұқсат берілген. Бұл жерде университетке құжаттарын тапсырып біткенше осы жерде бір түн қонып шығуға жағдай жасалған. Біз қазіргі таңда тапсырыс бойынша 10 адамға орын дайындап отырмыз. 5 қыз, 5 ұлғағ яғни 10 адамға ахуалдық орталықтың орыны дайын", - деді Университеттің студенттер үйлері дирекциясының директоры Мерей Шаменов. Арна мәліметінше, ғылым және жоғары білім министрлігі барлық студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мүмкін емес дейді. Жаңа оқу жылында жатақханаға мұқтаж студенттер саны 134 мың болса, соның 106 мыңы жатын орынмен қамтылады екен. Ал қалғанына хостелдер мен қонақүйлерде орын ұсынылады. "Бүгінде біз Республикада 28 мың орынға тапшылық болады деген болжам жасап отырмыз. Оның ішінде ең үлкен қажеттілік Алматы қаласында болады деген болжам бар. Хостелдардың әрі қарай да саны артуы мүмкін. Сондықтан бұл бағытта жұмыс, қатып қалған сан жоқ, әрі қарай бұл сан өзгеруі мүмкін. Сосын кейбір жастар үй жалдап, пәтер жалдап тұрамыз деген балалар мен студенттер бар.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2033106-biyl-28-mynnan-astam-student-zataqxanasyz-qaluy-mumkin/
18 тамыз 2023, 21:14
kk
Әлемдік Гран-при: қола медальға күрескен Абиба Әбужақынова санаулы секундта ұтылып қалды
Хорватия астанасы Загребте дзюдодан әлемдік Гран-при турнирі өтіп жатыр. Бүгін төрт салмақта жеңімпаздар анықталуда, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Бүгін Қазақстан сапынан екі спортшы қола медальға таласу мүмкіндігін алды. 48 келідегі Абиба Әбужақынова турнирдің кіші финалында испаниялық Лаура Мартинес Абелендамен белдескен болатын. Өкінішке қарай, қазақстандық спортшы санаулы секундтар ішінде иппон ұпайымен жеңіліс тапты. Ал ерлер арасында 66 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Айболат Ыстыбай Гран-при турнирінің қола медалі үшін күреседі.
Хорватия астанасы Загребте дзюдодан әлемдік Гран-при турнирі өтіп жатыр. Бүгін төрт салмақта жеңімпаздар анықталуда, деп жазады . Бүгін Қазақстан сапынан екі спортшы қола медальға таласу мүмкіндігін алды. 48 келідегі Абиба Әбужақынова турнирдің кіші финалында испаниялық Лаура Мартинес Абелендамен белдескен болатын. Өкінішке қарай, қазақстандық спортшы санаулы секундтар ішінде иппон ұпайымен жеңіліс тапты.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2033107-alemdik-gran-pri-qola-medalga-kuresken-abiba-abuzaqynova-sanauly-sekundta-utylyp-qaldy/
18 тамыз 2023, 21:13
kk
Сенбі күні еліміздің өңірлерінде қандай ауа райы күтілуде
Синоптиктер сенбі яғни 19 тамыз күні еліміздің өңірлерінде ауа райы қандай болатынын болжады. Мамандар ертең Республиканың көп бөлігінде күн жауын-шашынсыз болатынын мәлім етті, деп хабарлайды "Қазгидрометке" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. Синоптиктер болжамынша, Қазақстанның солтүстігінде, оңтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында, таулы аймақтарында фронтальды бөлімдер өтуімен, найзағаймен қоса өткінші жаңбыр жауады. Бұршақ, дауыл болуы ықтимал. Республика бойынша екпінді жел болжануда. Ал еліміздің солтүстік-батысында түнгі және таңертеңгі уақытта тұман күтіледі. Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының батысы мен оңтүстігінде 35-38 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, Түркістан облысының солтүстігі мен батысында және оңтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі күтіледі. Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау облыстарында, Алматы облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде, оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында жоғары өрт қауіпікүтіледі.
Синоптиктер сенбі яғни 19 тамыз күні еліміздің өңірлерінде ауа райы қандай болатынын болжады. Мамандар ертең Республиканың көп бөлігінде күн жауын-шашынсыз болатынын мәлім етті, деп хабарлайды "Қазгидрометке" сілтеме жасаған . Синоптиктер болжамынша, Қазақстанның солтүстігінде, оңтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында, таулы аймақтарында фронтальды бөлімдер өтуімен, найзағаймен қоса өткінші жаңбыр жауады. Бұршақ, дауыл болуы ықтимал. Республика бойынша екпінді жел болжануда. Ал еліміздің солтүстік-батысында түнгі және таңертеңгі уақытта тұман күтіледі. Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының батысы мен оңтүстігінде 35-38 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, Түркістан облысының солтүстігі мен батысында және оңтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі күтіледі.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2033103-senbi-kuni-elimizdin-iri-qalalarynda-aua-raiy-qandai-bolmaq/
18 тамыз 2023, 20:41
kk
Ақтөбеде жол апатынан кейін жүргізушіге көмектеспек болған ер адам көз жұмды
18 тамызда Ақтөбедегі Ақшат ауылы маңында жол апатына ұшыраған жүргізушіге көмектеспек болған ер адам қайтыс болды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. Ведомствоның хабарлауынша, 18 тамызда Сhevrolet Lanos автокөлігінің жүргізушісі Ақтөбе-Родниковка автожолымен жүріп келе жатып, Ақшат ауылы маңында жолдан өтіп бара жатқан жылқыға соқтығысқан. "Жол-көлік оқиғасынан кейін жүргізушіге көмек көрсету үшін екінші көліктің 46 жастағы жолаушысы жүгіріп келген. Осы кезде басқа Nissan Note Hybrid автокөлігінің жүргізушісі жолда жатқан жылқыға соғылып, қозғалыс бағытын өзгертіп, көмекке келген ер адамды қағып кеткен", - делінген хабарламада. Ведомство мәліметінше, аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысында көліктің дөңгелегі жарылып, апатқа ұшыраған болатын. Салдарынан үш адам көз жұмды.
18 тамызда Ақтөбедегі Ақшат ауылы маңында жол апатына ұшыраған жүргізушіге көмектеспек болған ер адам қайтыс болды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. Ведомствоның хабарлауынша, 18 тамызда Сhevrolet Lanos автокөлігінің жүргізушісі Ақтөбе-Родниковка автожолымен жүріп келе жатып, Ақшат ауылы маңында жолдан өтіп бара жатқан жылқыға соқтығысқан. "Жол-көлік оқиғасынан кейін жүргізушіге көмек көрсету үшін екінші көліктің 46 жастағы жолаушысы жүгіріп келген. Осы кезде басқа Nissan Note Hybrid автокөлігінің жүргізушісі жолда жатқан жылқыға соғылып, қозғалыс бағытын өзгертіп, көмекке келген ер адамды қағып кеткен", - делінген хабарламада. Ведомство мәліметінше, аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысында көліктің дөңгелегі жарылып, апатқа ұшыраған болатын.
Оқыс оқиғалар
false
https://kaz.nur.kz/accidents/2033095-aqtobede-zol-apatynan-keiin-zurgizusige-komektespek-bolgan-er-adam-koz-zumdy/
18 тамыз 2023, 19:53
kk
Тоқаев "Қазақфильм" төрағасы Азамат Сатыбалдыны қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақфильм" АҚ төрағасы Азамат Сатыбалдыны қабылдады, деп хабарлайды Ақорда. Кездесуде отандық кинематографияны және жалпы мәдениет саласын дамыту мәселелері талқыланды. Азамат Сатыбалды президентке "Қазақфильм" қызметіндегі түйткілді мәселелер туралы баяндап, киностудияның статусын көтеруге қатысты ұсыныстарын жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев: Мемлекет басшысы отандық кинематографияны одан әрі дамыту мәселесі айрықша бақылауда болатынын айтты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақфильм" АҚ төрағасы Азамат Сатыбалдыны қабылдады, деп хабарлайды Ақорда. Кездесуде отандық кинематографияны және жалпы мәдениет саласын дамыту мәселелері талқыланды. Азамат Сатыбалды президентке "Қазақфильм" қызметіндегі түйткілді мәселелер туралы баяндап, киностудияның статусын көтеруге қатысты ұсыныстарын жеткізді.
Саясат және экономика
false
https://kaz.nur.kz/politics/2033096-toqaev-qazaqfilm-toragasy-azamat-satybaldyny-qabyldady/
18 тамыз 2023, 19:40
kk
Атыраулық мүгедектігі бар әйел өз тағдырластарына тегін психология кабинетін ашты (фото)
Атыраулық белсенді, II топ мүгедегі Гүлмира Мерекен "тар қапаста қамалып қалған мүгедектерді қоғамға бейімдеймін" деген ойын жүзеге асырып, өз тағдырластарына тегін кеңес беретін психологиялық көмек орталығын ашты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды. 34-жастағы Гүлмира Мерекен мүгедек жандардың психологиялық тұрғыда кедергілерге жиі тап болатынын айтады. Ал сағы сынған уақытта жанын түсінетін тәжірибелі психолог мамандарына жүгінуге екінің бірінің жағдайы жете бермейді дейді ол. Осыны ескеріп, атыраулық келіншек арнайы жоба жасақтап, грант ұтып алған. Осылайша "Өз өзіңе көмектес" деп аталатын шағын кабинетін ашқан. "Мен "Инва-такси" орталығында оператор болып жұмыс жасадым. Сол жерде, шыны керек, маған өте көп мүгедек жандар хабарласатын, жан сырын, мұңын ақтаратын. Кейбіреулер тіпті суицид жасағысы келетінін айтатын. Оларды райынан қайтару үшін өз тәжірибеммен бөлісіп, кеңестерімді беріп отыратынмын. Өйткені, мен де бала кезден мүгедекпін, олар кездескен кедергіден өзім де күнделікті өтіп жүрмін. Қаламызда тәжірибелі психологтар бар, бірақ олардың бағалары ұшып тұр. Екінің бірінің олардан кеңес алуға шамасы жете бермейді. Одан бөлек, сау адам мүгедектің жанын 100 пайыз түсінбейтіні тағы бар. Өзім психологияға бұрыннан қызығушылығым бар еді, біршама кітапты оқып тауыстым, жоғарғы оқу орнында психолог мамандығын да алып шықтым. Қоғамға қалай пайдамды тигіземін деп ойланған кезде осындай орталықты ашу бірден ойыма келді", – дейді Гүлмира KAZ.NUR.KZ тілшісіне берген сұхбатында. Кейіпкеріміздің айтуынша, мамандардың көмегімен жобасын дүниеге әкелген. Оны сәтті қорғап шығып6 мемлекеттен берілетін гранттың иегері атанған. Бүгінде аядай бөлмені жалға алып, жұмысты бастап кеткен. "Шыны керек, мен мұндай психологиялық кабинеттің сұранысқа ие болатынын білдім. Өйткені қаламызда мүгедектерге тегін психологиялық көмек беретін орталық жоқ. Бірақ осыншама көп адам хабарласады деп ойламаппын. Орталығымыз ашылғалы телефонға үздіксіз хаттар мен хабарламалар түсуде. Кабинетімізді іздеп келіп жатқандар да аз емес. Мүгедектің жанын кез келген адам түсіне бермейді, ата-анамыздың өзі бізді 50 пайызға түсінетін шығар. Мүгедекті мүгедек қана 100 пайыз түсінеді деп ойлаймын. Өйткені біз тағдырласпыз, бір-бірімізді өзімізден артық ешкім түсінбейді", – деді Гүлмира Мерекен. Гүлмираның сөзінше, ол әзірге бір бөлмелі времянканы жалдап отыр. Бұл жерде мотивациялық кездесулер, практикалық сабақтар, психологиялық жаттығулар, тренингтер өтеді. Ал болашақта Гүлмира кеңсені үлкейтуді жоспарлап отыр. "Мүгедектер өздеріне керек кеңесін алып, қамалған төрт қабырғадан шығып, қоғамнан өз жолдарын тауып жатса, текке жұмыс жасап жатқан жоқпыз деп ойлаймын. Өзімінің тағдырластарыма бұл өмірде ешқандай кедергіге сынбау керектігін, біз де басқа сау адамдар сияқты жетістікке жете алатынымызды жеткізгім келеді. Ең бастысы адам өз проблемасымен өзі қалып қалмау керек. Ешнәрсеге қарамастан әдемі өмір сүру өз қолымызда екенін әрбір мүгедек жанға жеткізгім келеді", – дейді ол. Егіздің сыңары Гүлмира көп жанға үлгі. Мүгедектік туылған кезінен тағдырына жазылса да ешқашан мойымаған. Әпкесінің сүймелдеуімен қатарынан қалмай, мектепке барып, білім алған. Кейін университетке оқуға түсіп экономист мамандығын алып шыққан. Психологияға қызығушылығы артып, кейін психолог мамандығына оқыған. Дәрігерлердің "бала көтеруге болмайды" дегеніне қарамастан, өмірге перзент әкеліп, бүгінде қыз тәрбиелеп отырған ана. "Алладан қызымның өмірге сау болып келуін сұрадым. Тілегенім орындалды. Сол сәтте маған ешнәрсе кедергі емес екендігін тағы да түсіндім. Ел қатарлы жұмысқа орналастым, қатарластарымнан қалған емеспін. Барлық адам бақытқа лайық екенін жеткізгім келеді. Қаншама мүгедек жан қоғамның пікірінен қорқып үйде қамалып отыр, үлкен депрессияны бастан кешуде. Сол жандарды үйден алып шығып қоғамға қосқым келеді", – деп аяқтады сөзін Гүлмира Мерекен. Авторы: Әйгерім Сайқын
Атыраулық белсенді, II топ мүгедегі Гүлмира Мерекен "тар қапаста қамалып қалған мүгедектерді қоғамға бейімдеймін" деген ойын жүзеге асырып, өз тағдырластарына тегін кеңес беретін психологиялық көмек орталығын ашты. Бұл туралы тілшісі хабарлайды. 34-жастағы Гүлмира Мерекен мүгедек жандардың психологиялық тұрғыда кедергілерге жиі тап болатынын айтады. Ал сағы сынған уақытта жанын түсінетін тәжірибелі психолог мамандарына жүгінуге екінің бірінің жағдайы жете бермейді дейді ол. Осыны ескеріп, атыраулық келіншек арнайы жоба жасақтап, грант ұтып алған. Осылайша "Өз өзіңе көмектес" деп аталатын шағын кабинетін ашқан. "Мен "Инва-такси" орталығында оператор болып жұмыс жасадым. Сол жерде, шыны керек, маған өте көп мүгедек жандар хабарласатын, жан сырын, мұңын ақтаратын. Кейбіреулер тіпті суицид жасағысы келетінін айтатын. Оларды райынан қайтару үшін өз тәжірибеммен бөлісіп, кеңестерімді беріп отыратынмын. Өйткені, мен де бала кезден мүгедекпін, олар кездескен кедергіден өзім де күнделікті өтіп жүрмін. Қаламызда тәжірибелі психологтар бар, бірақ олардың бағалары ұшып тұр. Екінің бірінің олардан кеңес алуға шамасы жете бермейді. Одан бөлек, сау адам мүгедектің жанын 100 пайыз түсінбейтіні тағы бар. Өзім психологияға бұрыннан қызығушылығым бар еді, біршама кітапты оқып тауыстым, жоғарғы оқу орнында психолог мамандығын да алып шықтым. Қоғамға қалай пайдамды тигіземін деп ойланған кезде осындай орталықты ашу бірден ойыма келді", – дейді Гүлмира тілшісіне берген сұхбатында. Кейіпкеріміздің айтуынша, мамандардың көмегімен жобасын дүниеге әкелген. Оны сәтті қорғап шығып6 мемлекеттен берілетін гранттың иегері атанған. Бүгінде аядай бөлмені жалға алып, жұмысты бастап кеткен. "Шыны керек, мен мұндай психологиялық кабинеттің сұранысқа ие болатынын білдім. Өйткені қаламызда мүгедектерге тегін психологиялық көмек беретін орталық жоқ. Бірақ осыншама көп адам хабарласады деп ойламаппын. Орталығымыз ашылғалы телефонға үздіксіз хаттар мен хабарламалар түсуде. Кабинетімізді іздеп келіп жатқандар да аз емес. Мүгедектің жанын кез келген адам түсіне бермейді, ата-анамыздың өзі бізді 50 пайызға түсінетін шығар. Мүгедекті мүгедек қана 100 пайыз түсінеді деп ойлаймын. Өйткені біз тағдырласпыз, бір-бірімізді өзімізден артық ешкім түсінбейді", – деді Гүлмира Мерекен. Гүлмираның сөзінше, ол әзірге бір бөлмелі времянканы жалдап отыр. Бұл жерде мотивациялық кездесулер, практикалық сабақтар, психологиялық жаттығулар, тренингтер өтеді. Ал болашақта Гүлмира кеңсені үлкейтуді жоспарлап отыр. "Мүгедектер өздеріне керек кеңесін алып, қамалған төрт қабырғадан шығып, қоғамнан өз жолдарын тауып жатса, текке жұмыс жасап жатқан жоқпыз деп ойлаймын. Өзімінің тағдырластарыма бұл өмірде ешқандай кедергіге сынбау керектігін, біз де басқа сау адамдар сияқты жетістікке жете алатынымызды жеткізгім келеді. Ең бастысы адам өз проблемасымен өзі қалып қалмау керек. Ешнәрсеге қарамастан әдемі өмір сүру өз қолымызда екенін әрбір мүгедек жанға жеткізгім келеді", – дейді ол. Егіздің сыңары Гүлмира көп жанға үлгі. Мүгедектік туылған кезінен тағдырына жазылса да ешқашан мойымаған. Әпкесінің сүймелдеуімен қатарынан қалмай, мектепке барып, білім алған. Кейін университетке оқуға түсіп экономист мамандығын алып шыққан. Психологияға қызығушылығы артып, кейін психолог мамандығына оқыған. Дәрігерлердің "бала көтеруге болмайды" дегеніне қарамастан, өмірге перзент әкеліп, бүгінде қыз тәрбиелеп отырған ана. "Алладан қызымның өмірге сау болып келуін сұрадым. Тілегенім орындалды. Сол сәтте маған ешнәрсе кедергі емес екендігін тағы да түсіндім. Ел қатарлы жұмысқа орналастым, қатарластарымнан қалған емеспін. Барлық адам бақытқа лайық екенін жеткізгім келеді. Қаншама мүгедек жан қоғамның пікірінен қорқып үйде қамалып отыр, үлкен депрессияны бастан кешуде.
Қоғам
true
https://kaz.nur.kz/society/2033086-atyraulyq-mumkindigi-sekteuli-aiel-oz-tagdyrlastaryna-tegin-psixologiya-kabinetin-asty-foto/
18 тамыз 2023, 19:07
kk
Тоқаев Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаевты қабылдады
Кездесу барысында Асқар Жұмаділдаев Ұлттық ғылым академиясының соңғы үш айда атқарған жұмыстары туралы баяндап, отандық ғылымды дамытуға қатысты ұсыныстарын жеткізді. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. Президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, академик қазақ тілін латын графикасына көшіру жөнінде ой-пікірін білдірді. Мемлекет басшысы ғалымның айтқан барлық ұсыныстары қарастырылатынын және Үкіметке тиісті тапсырма берілетінін айтты. Президенттің пікірінше, ғылыми-академиялық қоғамдастық елімізде жаратылыстану, инженерлік-технологиялық бағыттағы іргелі ғылыми орталықтардың пайда болуына, зерттеу жұмыстарын жетілдіруге, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты ғылымға негізделген ұсынымдар беруге ұйытқы болуға тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев академик Асқар Жұмаділдаевтың қоғамдағы абырой-беделі зор екенін атап өтіп, оның Ұлттық ғылым академиясындағы жауапты жұмысына табыс тіледі. Сондай-ақ Асқар Жұмаділдаев мемлекет басшысына отандық ғылымды дамытуға қатысты ұсыныстарын айтты.
Кездесу барысында Асқар Жұмаділдаев Ұлттық ғылым академиясының соңғы үш айда атқарған жұмыстары туралы баяндап, отандық ғылымды дамытуға қатысты ұсыныстарын жеткізді. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. Президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, академик қазақ тілін латын графикасына көшіру жөнінде ой-пікірін білдірді. Мемлекет басшысы ғалымның айтқан барлық ұсыныстары қарастырылатынын және Үкіметке тиісті тапсырма берілетінін айтты. Президенттің пікірінше, ғылыми-академиялық қоғамдастық елімізде жаратылыстану, инженерлік-технологиялық бағыттағы іргелі ғылыми орталықтардың пайда болуына, зерттеу жұмыстарын жетілдіруге, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты ғылымға негізделген ұсынымдар беруге ұйытқы болуға тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев академик Асқар Жұмаділдаевтың қоғамдағы абырой-беделі зор екенін атап өтіп, оның Ұлттық ғылым академиясындағы жауапты жұмысына табыс тіледі.
Саясат және экономика
false
https://kaz.nur.kz/politics/2033091-toqaev-ulttyq-gylym-akademiyasynyn-vice-prezidenti-asqar-zumadildaevty-qabyldady/
18 тамыз 2023, 18:48
kk
Туризм индустриясы комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Дастан Рыспеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты Туризм индустриясы комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. Бұл туралы үкімет Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. "Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Дастан Адайұлы Рыспеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы қызметінен босатылды", - делінген хабарламада. Primeminister.kz ақпаратынша, Рыспеков Дастан 1984 жылы Жезқазған қаласында туған. Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін және ҚазМЗУ Алматы заң академиясын бітірген. Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласындағы Экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің болжамдау және түсімдер бөлімінің бас маманы ретінде бастаған. 2007-2016 жылы Алматы қаласында Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде, Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясында, Астана қаласы республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеген. 2018-2019 жылы — Павлодар облысы Кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының басшысы болған. 2019 жылдың сәуір айынан бастап "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ Экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің директоры қызметін атқарды.
Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Дастан Рыспеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты Туризм индустриясы комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. Бұл туралы үкімет Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. "Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Дастан Адайұлы Рыспеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы қызметінен босатылды", - делінген хабарламада. ақпаратынша, Рыспеков Дастан 1984 жылы Жезқазған қаласында туған. Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін және ҚазМЗУ Алматы заң академиясын бітірген. Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласындағы Экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің болжамдау және түсімдер бөлімінің бас маманы ретінде бастаған. 2007-2016 жылы Алматы қаласында Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде, Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясында, Астана қаласы республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеген. 2018-2019 жылы — Павлодар облысы Кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының басшысы болған.
Саясат және экономика
false
https://kaz.nur.kz/politics/2033090-turizm-industriyasy-komitetinin-toragasy-qyzmetinen-bosatyldy/
18 тамыз 2023, 18:46
kk
Елімізде алдағы үш күнде ауа райы қандай болмақ
Синоптиктердің болжамынша, 19-21 тамыз күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінде хабарлады. Метеорологтардың болжауынша, алдағы үш күнде Қазақстан бойынша ауа райы тұрақсыз болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстікте қатты жауын-шашын күтіледі және бұршақ жаууы мүмкін. Сондай-ақ республика бойынша жел күшеюі мүмкін деген болжам бар. Солтүстікте ауа температурасы күндіз 20-25 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде, ал Қазақстанның қалған бөлігінде температуралық фон өзгеріссіз қалады.
Синоптиктердің болжамынша, 19-21 тамыз күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінде хабарлады. Метеорологтардың болжауынша, алдағы үш күнде Қазақстан бойынша ауа райы тұрақсыз болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстікте қатты жауын-шашын күтіледі және бұршақ жаууы мүмкін. Сондай-ақ республика бойынша жел күшеюі мүмкін деген болжам бар.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2033084-elimizde-aldagy-us-kunde-aua-raiy-qandai-bolmaq/
18 тамыз 2023, 18:32
kk
Шымкент қаласының тұрғыны іссапармен Алматыға барып, жоғалып кеткен
Шымкент тұрғыны пойызбен Алматыға келіп, кейін туыстарымен байланысын тоқтатқан. Оқиғаға қатысты Шымкент полиция департаменті түсініктеме берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Instagram-дағы _volontery_shymkent_LIDER.KZ парақшасында Шымкент қаласының тұрғыны, 1977 жылы туған Малиновский Дмитрий Михайловичтің бірнеше күн бойы туыстарымен байланысқа шықпай жатқаны туралы жазба пайда болды. Еріктілердің айтуынша, 13 тамыз күні сағат 22:55-те ер адам пойызбен Алматыға кеткен. 14 тамыз күні сағат 15:30-да өзінің қалада екенін айтқан. Содан бері оның қайда екені белгісіз. Шымкент қалалық ішкі істер департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді. "16 тамызда Әл-Фараби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан күйеуінің жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Әйелдің сөзінше, ер адам 13 тамыз күні сағат 21:45-те Алматы қаласына пойызбен іссапарға кеткен. 14 тамыз күні сағат 15:35-те ол келгені туралы хабарлаған, бірақ содан кейін әйел адам ер азаматқа хабарласа алмаған. Аталған факті әл-Фараби аудандық полиция басқармасында тіркелді. Қазіргі уақытта жиналған материалдар Алматы полиция департаментіне жіберілді", – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Шымкент тұрғыны пойызбен Алматыға келіп, кейін туыстарымен байланысын тоқтатқан. Оқиғаға қатысты Шымкент полиция департаменті түсініктеме берді. Бұл туралы хабарлайды. Instagram-дағы volontery shymkent LIDER.KZ парақшасында Шымкент қаласының тұрғыны, 1977 жылы туған Малиновский Дмитрий Михайловичтің бірнеше күн бойы туыстарымен байланысқа шықпай жатқаны туралы жазба пайда болды. Еріктілердің айтуынша, 13 тамыз күні сағат 22:55-те ер адам пойызбен Алматыға кеткен. 14 тамыз күні сағат 15:30-да өзінің қалада екенін айтқан. Содан бері оның қайда екені белгісіз. Шымкент қалалық ішкі істер департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді. "16 тамызда Әл-Фараби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан күйеуінің жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Әйелдің сөзінше, ер адам 13 тамыз күні сағат 21:45-те Алматы қаласына пойызбен іссапарға кеткен. 14 тамыз күні сағат 15:35-те ол келгені туралы хабарлаған, бірақ содан кейін әйел адам ер азаматқа хабарласа алмаған. Аталған факті әл-Фараби аудандық полиция басқармасында тіркелді.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2033082-symkent-qalasynyn-turgyny-issaparmen-almatyga-baryp-zogalyp-ketken/
18 тамыз 2023, 18:12
kk
Түркістан облысында 8 мектеп жаңа оқу жылына дайын емес
Түркістан облысында 8 мектеп жаңа оқу жылына дайын емес. Оның бесеуінде жөндеу жұмыстары кешіктірілілсе, бір мектепте тіпті жөндеу жұмыстары басталмаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. тілшісі. Түркістан облысындағы 8 мектеп жаңа оқу жылында оқушыларға есігін айқара аша алмайды. Өйткені 5 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары кешіктірілген. Тағы 3 мектепте мемлекеттік лицензия жоқ. Бұл туралы Түркістан облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Жанар Қасымова хабарлады. Оқу ағарту министрлігінің тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті 8 мектепті анықтап, сонымен қатар мониторинг барысында 14 мектепте жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарына баса назар аударған. "Қазіргі таңда облыста мектеп ғимараты толық жөндеуден өтіп жатқан 5 мектеп, ал шатыры, ішкі мен сыртқы қабырғалары, терезе, есік, едендері жөнделіп жатқан 7 мектеп, электр жүйесі, демонтаж, ішкі сү, кәріз жүйесі, терезе, шатыры жөндеуден өтіп жатқан 1 мектеп, күрделі жөндеуге конкурс жарияланып, жөндеу жұмыстары басталмаған 1 мектеп бар. Жоспар бойынша 2023-2024 оқу жылына 14 мектептің 9-ы тамыз айының соңына дейін тапсырылса, бес мектептің күрделі жөндеу жұмыстары кешіктіріледі деп күтілуде. Демек 5 мектеп оқушыларды қабылдауға дайын емес. Атап айтқанда Төлеби ауданындағы «Қаратөбе» жалпы орта мектебі мен "Қостөбе" ШЖЖОМ. Одан бөлек, Түлкібас ауданындағы А.Оразбаева, Ордабасы ауданындағы Е.Ерназаров, Кентау қаласындағы №24 Т.Рысқұлов атындағы жалпы орта мектептері. Осы ретте жөндеу жұмыстары кешіктірілген мектептердің оқушылары көрші мектептерге тасымалданады деп жоспарлануда", - дейді Жанар Сатыбалдықызы. Ал бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сарыағаш ауданындағы мектептің күрделі жөндеу жұмысын созбалаңға салған мердігерге 1 апта уақыт берді. Жаңа оқу жылы жақындағанына қарамастан білім ұясының құрылысын әлі аяқтамаған «Шаңырақ» ЖШС өз міндеттемелерін орындай алмаған жағдайда іс сотқа беріледі. "Әліңіз келмей ме, тапсырыңыз. Осыншама уақыт созып, енді сылтаумен тойдырмақсыз. Сіз 1300 баланы далада қалдырайын деп отырсыз. Мемлекет қаражатын алып, халықты алдап отырсыз. Шамаңыз келмесе неге аласыз?Біз үшін әр сәт қымбат. Сізге соңғы мүмкіндік беріледі. Бір апта. Атүсті жүріп жұмыс істеген соң сапа да оңбайды. Сапасын бақылау күшейтіледі", -деді Дархан Сатыбалды. Құрылыс компаниясы күрделі жөндеуді осыдан 1 жыл бұрын бастаған. Осыған дейін жұмысты жылдамдату туралы талай рет ескерту алған екен. Сонымен қатар Түркістан облысында күрделі жөндеу жұмыстарынан бөлек, жаңа 2023-2024 оқу жылына тағы мемлекеттік лицензиясыз білім беру қызметін жүргізіп жатқан үш мектеп оқушыларды қабылдауға дайын емес боп шықты. "Атап айтқанда, Сарыағаш ауданындағы №78 жалпы орта мектебі, Қазығұрт ауданындағы №1 жалпы орта мектебі, Төлеби ауданындағы Лашкар Тәжібаев атындағы шағын жинақты негізгі орта мектебі 5-9 сынып оқушыларын қабылдай алмайды. Бұл мектептердің білім беру қызметімен айналысуға лицензиялары мен лицензияға қосымшалары берілмеген",- деп мәлімдеді Түркістан облысы бойынша білім сапасын бақылау департаменті директорының орынбасары Жанар Қасымова.
Түркістан облысында 8 мектеп жаңа оқу жылына дайын емес. Оның бесеуінде жөндеу жұмыстары кешіктірілілсе, бір мектепте тіпті жөндеу жұмыстары басталмаған, деп хабарлайды . тілшісі. Түркістан облысындағы 8 мектеп жаңа оқу жылында оқушыларға есігін айқара аша алмайды. Өйткені 5 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары кешіктірілген. Тағы 3 мектепте мемлекеттік лицензия жоқ. Бұл туралы Түркістан облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Жанар Қасымова хабарлады. Оқу ағарту министрлігінің тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті 8 мектепті анықтап, сонымен қатар мониторинг барысында 14 мектепте жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарына баса назар аударған. "Қазіргі таңда облыста мектеп ғимараты толық жөндеуден өтіп жатқан 5 мектеп, ал шатыры, ішкі мен сыртқы қабырғалары, терезе, есік, едендері жөнделіп жатқан 7 мектеп, электр жүйесі, демонтаж, ішкі сү, кәріз жүйесі, терезе, шатыры жөндеуден өтіп жатқан 1 мектеп, күрделі жөндеуге конкурс жарияланып, жөндеу жұмыстары басталмаған 1 мектеп бар. Жоспар бойынша 2023-2024 оқу жылына 14 мектептің 9-ы тамыз айының соңына дейін тапсырылса, бес мектептің күрделі жөндеу жұмыстары кешіктіріледі деп күтілуде. Демек 5 мектеп оқушыларды қабылдауға дайын емес. Атап айтқанда Төлеби ауданындағы «Қаратөбе» жалпы орта мектебі мен "Қостөбе" ШЖЖОМ. Одан бөлек, Түлкібас ауданындағы А.Оразбаева, Ордабасы ауданындағы Е.Ерназаров, Кентау қаласындағы №24 Т.Рысқұлов атындағы жалпы орта мектептері. Осы ретте жөндеу жұмыстары кешіктірілген мектептердің оқушылары көрші мектептерге тасымалданады деп жоспарлануда", - дейді Жанар Сатыбалдықызы. Ал бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сарыағаш ауданындағы мектептің күрделі жөндеу жұмысын созбалаңға салған мердігерге 1 апта уақыт берді. Жаңа оқу жылы жақындағанына қарамастан білім ұясының құрылысын әлі аяқтамаған «Шаңырақ» ЖШС өз міндеттемелерін орындай алмаған жағдайда іс сотқа беріледі."Әліңіз келмей ме, тапсырыңыз. Осыншама уақыт созып, енді сылтаумен тойдырмақсыз. Сіз 1300 баланы далада қалдырайын деп отырсыз. Мемлекет қаражатын алып, халықты алдап отырсыз. Шамаңыз келмесе неге аласыз?Біз үшін әр сәт қымбат. Сізге соңғы мүмкіндік беріледі. Бір апта. Атүсті жүріп жұмыс істеген соң сапа да оңбайды. Сапасын бақылау күшейтіледі", -деді Дархан Сатыбалды. Құрылыс компаниясы күрделі жөндеуді осыдан 1 жыл бұрын бастаған. Осыған дейін жұмысты жылдамдату туралы талай рет ескерту алған екен. Сонымен қатар Түркістан облысында күрделі жөндеу жұмыстарынан бөлек, жаңа 2023-2024 оқу жылына тағы мемлекеттік лицензиясыз білім беру қызметін жүргізіп жатқан үш мектеп оқушыларды қабылдауға дайын емес боп шықты. "Атап айтқанда, Сарыағаш ауданындағы №78 жалпы орта мектебі, Қазығұрт ауданындағы №1 жалпы орта мектебі, Төлеби ауданындағы Лашкар Тәжібаев атындағы шағын жинақты негізгі орта мектебі 5-9 сынып оқушыларын қабылдай алмайды.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2033079-turkistan-oblysynda-8-mektep-zana-oqu-zylyna-daiyn-emes/
18 тамыз 2023, 18:01
kk
ШҚО-да қайта қалпына келтіру жұмысы барысында Ленин ескерткіші құлады (видео)
Әлеуметтік желіде Владимир Ильич Лениннің құрметіне орай құрылған ескерткіштің құлаған видеосы пайда болды. Оқиға Шығыс Қазақстан облысындағы қалалардың бірінде қайта жөндеу жұмысы кезінде болған. Жергілікті әкімдік оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Владимир Ленин ескерткішінің құлаған видеосы gde_novosti_uka Instagram парақшасында жарияланған. Ескерткіш Шығыс Қазақстан облысында Алтайдағы орталық алаңда орнатылған. YK-news.kz хабарлауынша, 15 тамызда қалада орталық алаңды абаттандыру жұмыстары басталған болатын. Жөндеу жұмыстары бойынша жоспарға Ленин ескерткіші тұғырының гранит плиталарын қалпына келтіру жұмыстары да енгізілген болатын. Мердігердің айтуынша, жұмыс барысында ескерткіш өз-өзінен құлаған. Оқиғаға қатысты Алтай өңірінің әкімдігінде түсініктеме берілді. "Әлеуметтік желіде жөндеу жұмыстары кезінде жүк көтергіш ескерткішті жылжытып жіберіп, салдарынан ол тұғырдан құлап кеткенінің видеосы тарап жатыр. Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр", – делінген хабарламада. Ескерткіш құлаған кезде мүсіннің білегі сынып қалғаны атап өтілді, бірақ мүсінге үлкен зияны тиген жоқ. Бұл ретте жөндеу жұмыстарымен айналысып жатқан мердігер компания мүсінді жөндеп, қайта орнына қоятынын айтты.
Әлеуметтік желіде Владимир Ильич Лениннің құрметіне орай құрылған ескерткіштің құлаған видеосы пайда болды. Оқиға Шығыс Қазақстан облысындағы қалалардың бірінде қайта жөндеу жұмысы кезінде болған. Жергілікті әкімдік оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы хабарлайды. Владимир Ленин ескерткішінің құлаған видеосы gde novosti uka Instagram парақшасында жарияланған. Ескерткіш Шығыс Қазақстан облысында Алтайдағы орталық алаңда орнатылған. хабарлауынша, 15 тамызда қалада орталық алаңды абаттандыру жұмыстары басталған болатын. Жөндеу жұмыстары бойынша жоспарға Ленин ескерткіші тұғырының гранит плиталарын қалпына келтіру жұмыстары да енгізілген болатын. Мердігердің айтуынша, жұмыс барысында ескерткіш өз-өзінен құлаған. Оқиғаға қатысты Алтай өңірінің әкімдігінде түсініктеме берілді. "Әлеуметтік желіде жөндеу жұмыстары кезінде жүк көтергіш ескерткішті жылжытып жіберіп, салдарынан ол тұғырдан құлап кеткенінің видеосы тарап жатыр. Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр", – делінген хабарламада. Ескерткіш құлаған кезде мүсіннің білегі сынып қалғаны атап өтілді, бірақ мүсінге үлкен зияны тиген жоқ.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2033070-sqo-da-qaita-qalpyna-keltiru-zumysy-barysynda-lenin-eskertkisi-qulady-video/
18 тамыз 2023, 17:22
kk
Жылына 200 млн еуро: әлемдегі ең көп жалақы алатын он футболшы анықталды
Әлемдегі жалақысы ең көп футболшылардың ондығы анықталды. Бұл туралы Sport24.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. Жалақысы көп ойыншылардың басым бөлігі Сауд Арабиясының чемпионатында доп тебеді. Әлемдегі қымбат ойыншылар ондығы: 1. Криштиану Роналду, "Әл Наср" - жылына 200 млн еуро 2. Карим Бензема, "Әл-Иттихад" - жылына 200 млн еуро 3. Неймар, "Әл Хилаль" - жылына 100 млн еуро 4. Н'Голо Канте, "Әл-Иттихад" - жылына 100 млн еуро 5. Киллиан Мбаппе, "ПСЖ" - жылына 70 млн еуро 6. Лионель Месси, "Интер Майами" - жылына 45 млн еуро 7. Садио Мане, "Әл Наср" - жылына 40 млн еуро 8. Джордан Хендерсон, "Әл-Иттифак" - жылына 40 млн еуро 9. Рияд Марез, "Әл Ахли" - жылына 35 млн еуро 10. Калиду Кулибали, "Әл Хилаль" - жылына 30 млн еуро.
Әлемдегі жалақысы ең көп футболшылардың ондығы анықталды. Бұл туралы сайтына сілтеме жасаған . Жалақысы көп ойыншылардың басым бөлігі Сауд Арабиясының чемпионатында доп тебеді. Әлемдегі қымбат ойыншылар ондығы: 1. Криштиану Роналду, "Әл Наср" - жылына 200 млн еуро 2. Карим Бензема, "Әл-Иттихад" - жылына 200 млн еуро 3. Неймар, "Әл Хилаль" - жылына 100 млн еуро 4. Н'Голо Канте, "Әл-Иттихад" - жылына 100 млн еуро 5. Киллиан Мбаппе, "ПСЖ" - жылына 70 млн еуро 6. Лионель Месси, "Интер Майами" - жылына 45 млн еуро 7. Садио Мане, "Әл Наср" - жылына 40 млн еуро 8. Джордан Хендерсон, "Әл-Иттифак" - жылына 40 млн еуро 9. Рияд Марез, "Әл Ахли" - жылына 35 млн еуро 10.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2033077-alemdegi-en-kop-zalaqy-alatyn-on-futbolsy-anyqtaldy/
18 тамыз 2023, 17:10
kk
Тоқаев Алматы қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Ол былтыр күзде Алматы жұртшылығымен кездесу барысында қаланы дамытудың басты бағыттары айқындалғанын атап өтіп, нәтижесінде Алматыны дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы қабылданып, шаһардың 2040 жылға дейінгі Бас жоспары бекітілгенін айтты. Бұл туралы Ақорда ресми сайтында хабарлады. "Алдағы 20 жылда Алматы халқының саны 3 миллионға жуықтайды деген болжам бар. Болашақта қала ішіндегі бес аумақ орталық ретінде дамиды. Сонда орталықтағы қазіргі ахуал біршама жеңілдеп, барлық ауданға бірдей салмақ түседі. Соңғы 10 жылда қала өте жылдам әрі ретсіз өсті. Алматының аумағы екі еседен астам кеңейді. Бірақ инфрақұрылымның дамуы әр жерде әртүрлі болып отыр. Қалада тұрғындар саны орташа алғанда жыл сайын 70 мың адамға көбейіп келеді. Жұмысқа, сабаққа бару үшін іргелес елді мекендерден күн сайын 500 мың адам Алматыға келіп кетеді. Мұндай түйткілдерді уақтылы анықтап, дер кезінде шешіп отыру қажет", – деді Мемлекет басшысы. Кеңес барысында қаланың коммуналдық, жол және әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ білім, экология және медицина салаларында қордаланып қалған проблемаларды шешу жолдары мәселелері талқыланды. Президент Алматы қаласын дамытуға қатысты негізгі проблемаларды шешу үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет екенін айтты. Ол таяуда "Ақкент" ықшамауданындағы көпқабатты тұрғын үйде болған өртті мысалға келтіріп, өрт қауіпсіздігі саласындағы ахуалды сынға алды. Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрлігіне өрт кезінде сақталуға тиіс қауіпсіздік шаралары жөнінде халықтың сауатын арттыру үшін жаппай оқу-жаттығу шараларын ұйымдастыруды тапсырды. Ал қала әкімдігіне өртке қарсы күрес қызметінің материалдық-техникалық базасын күшейту үшін пәрменді шаралар қабылдау міндеті жүктелді. Сондай-ақ оның сөзінше, Алматының экологиялық ахуалын жақсарту үшін қаладағы көлік қозғалысын реттеп, электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту қажет. Қала әкімі Ерболат Досаев 2025 жылдың соңына дейін қаладағы қоғамдық көлік саласы толықтай экологиялық стандартқа көшірілетінін баяндады. Бұдан бөлек, қажетті инфрақұрылымды дамыту арқылы халықтың электромобильге деген сұранысын арттыру мүмкіндіктері қарастырылып жатыр. Алматы қаласындағы инженерлік инфрақұрылымның жай-күйі де президент назарынан тыс қалмады. Мемлекет басшысының айтуынша, еліміздегі ең басты сын-қатердің бірі – сапалы ауызсумен қамтамасыз ету. Тәжірибе көрсеткендей, Алматыда да бұл тұрғыда жағдай мәз емес. Мемлекет басшысының айтуынша, шаһарда судың үздіксіз берілуіне кедергі келтіретін апатты жағдайлар тым жиілеп кетуі сумен қамтамасыз ету саласындағы проблемаларды кезек күттірмей шешу қажет. Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы кезде сел жүріп, өзен суларының лайлануы жиілеп кеткені алаңдаушылық туғызатынын айтты. Соның салдарынан шілде айының соңында коммуналдық қызметтер қаланың жоғарғы бөлігіндегі аудан тұрғындарына су беруді шектеуге мәжбүр болды. Медеу ауданындағы 50 көппәтерлі үй мен 4 мыңнан астам жеке тұрғын үй сусыз қалды. Бұл тұрғындардың орынды наразылығын туғызды. Президент еліміздің ең үлкен шаһарындағы су шаруашылығын ретке келтіру үшін атқарылуға тиіс негізгі міндеттерді айқындап берді. Атап айтқанда, Үкімет пен қала әкімдігіне мердігерлердің кінәсінен кешіктірілген Қарғалы су жинақтау нысанын биыл қазан айының соңына дейін пайдалануға беру, қаланың су шаруашылығына толық тексеріс жасау және Алматының жоғарғы бөлігін сумен толық қамту үшін жерасты су көздеріне гидрогеологиялық барлау жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ "Балқаш" станциясындағы резервуар мен төрт скважинаның құрылысын аяқтау міндеттері жүктелді. Сонымен қатар Тоқаев тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға қатысты бірқатар проблемаға тоқталды. Мемлекет басшысының пікірінше, ең алдымен, NEET санатына жататын жастардың арасындағы жұмыссыздық мәселесіне айрықша назар аудару қажет. Үкіметке және әкімдікке жастарды жұмыспен қамту үшін арнайы бағдарлама әзірлеу жөнінде тапсырма берілді. Президент көтерген тағы бір маңызды мәселе – Алматының денсаулық сақтау саласындағы ахуал. Мемлекет басшысының айтуынша, қазір қаладағы денсаулық сақтау ұйымдары шамадан тыс жүктемемен жұмыс істеп жатыр. Әбден тозығы жеткен инфрақұрылымды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаржысы есебінен және мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізіндегі жобаларды жүзеге асыру арқылы кешенді түрде жаңғырту қажет. Президент Денсаулық сақтау министрлігіне медицина мекемелеріндегі қаржы тапшылығын жою үшін кешенді шаралар қабылдауды тапсырды. Бұдан бөлек, кеңес барысында Алматы экономикасын әртараптандыру мәселелері талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта кәсіпкерліктің даму әлеуетіне оң баға берді. Келтірілген мәліметтерге сәйкес 2022 жылдың өзінде Алматы мемлекеттік бюджетке төрт триллион теңгеден астам қаржы құйды. Қаладағы салық түсімдерінің басым бөлігі шағын және орта бизнестің төлемдеріне тиесілі. Президент мегаполистегі бизнес-ахуалды жақсарту үшін жүйелі шаралар қабылдау жөнінде міндет жүктеді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, жеке капиталды тарту, кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын күшейту, жаңа көлік-логистикалық орталықтарына қолдау көрсетудің тың шараларын қарастыру, креативті индустрия, туризм салаларын дамыту Алматы экономикасына тың серпін беруге тиіс. Сонымен қатар жиын барысында Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, премьер-министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова сөз сөйледі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Ол былтыр күзде Алматы жұртшылығымен кездесу барысында қаланы дамытудың басты бағыттары айқындалғанын атап өтіп, нәтижесінде Алматыны дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы қабылданып, шаһардың 2040 жылға дейінгі Бас жоспары бекітілгенін айтты. Бұл туралы Ақорда ресми сайтында хабарлады. "Алдағы 20 жылда Алматы халқының саны 3 миллионға жуықтайды деген болжам бар. Болашақта қала ішіндегі бес аумақ орталық ретінде дамиды. Сонда орталықтағы қазіргі ахуал біршама жеңілдеп, барлық ауданға бірдей салмақ түседі. Соңғы 10 жылда қала өте жылдам әрі ретсіз өсті. Алматының аумағы екі еседен астам кеңейді. Бірақ инфрақұрылымның дамуы әр жерде әртүрлі болып отыр. Қалада тұрғындар саны орташа алғанда жыл сайын 70 мың адамға көбейіп келеді. Жұмысқа, сабаққа бару үшін іргелес елді мекендерден күн сайын 500 мың адам Алматыға келіп кетеді. Мұндай түйткілдерді уақтылы анықтап, дер кезінде шешіп отыру қажет", – деді Мемлекет басшысы. Кеңес барысында қаланың коммуналдық, жол және әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ білім, экология және медицина салаларында қордаланып қалған проблемаларды шешу жолдары мәселелері талқыланды. Президент Алматы қаласын дамытуға қатысты негізгі проблемаларды шешу үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет екенін айтты. Ол таяуда "Ақкент" ықшамауданындағы көпқабатты тұрғын үйде болған өртті мысалға келтіріп, өрт қауіпсіздігі саласындағы ахуалды сынға алды. Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрлігіне өрт кезінде сақталуға тиіс қауіпсіздік шаралары жөнінде халықтың сауатын арттыру үшін жаппай оқу-жаттығу шараларын ұйымдастыруды тапсырды. Ал қала әкімдігіне өртке қарсы күрес қызметінің материалдық-техникалық базасын күшейту үшін пәрменді шаралар қабылдау міндеті жүктелді. Сондай-ақ оның сөзінше, Алматының экологиялық ахуалын жақсарту үшін қаладағы көлік қозғалысын реттеп, электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту қажет. Қала әкімі Ерболат Досаев 2025 жылдың соңына дейін қаладағы қоғамдық көлік саласы толықтай экологиялық стандартқа көшірілетінін баяндады. Бұдан бөлек, қажетті инфрақұрылымды дамыту арқылы халықтың электромобильге деген сұранысын арттыру мүмкіндіктері қарастырылып жатыр. Алматы қаласындағы инженерлік инфрақұрылымның жай-күйі де президент назарынан тыс қалмады. Мемлекет басшысының айтуынша, еліміздегі ең басты сын-қатердің бірі – сапалы ауызсумен қамтамасыз ету. Тәжірибе көрсеткендей, Алматыда да бұл тұрғыда жағдай мәз емес. Мемлекет басшысының айтуынша, шаһарда судың үздіксіз берілуіне кедергі келтіретін апатты жағдайлар тым жиілеп кетуі сумен қамтамасыз ету саласындағы проблемаларды кезек күттірмей шешу қажет. Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы кезде сел жүріп, өзен суларының лайлануы жиілеп кеткені алаңдаушылық туғызатынын айтты. Соның салдарынан шілде айының соңында коммуналдық қызметтер қаланың жоғарғы бөлігіндегі аудан тұрғындарына су беруді шектеуге мәжбүр болды. Медеу ауданындағы 50 көппәтерлі үй мен 4 мыңнан астам жеке тұрғын үй сусыз қалды. Бұл тұрғындардың орынды наразылығын туғызды. Президент еліміздің ең үлкен шаһарындағы су шаруашылығын ретке келтіру үшін атқарылуға тиіс негізгі міндеттерді айқындап берді. Атап айтқанда, Үкімет пен қала әкімдігіне мердігерлердің кінәсінен кешіктірілген Қарғалы су жинақтау нысанын биыл қазан айының соңына дейін пайдалануға беру, қаланың су шаруашылығына толық тексеріс жасау және Алматының жоғарғы бөлігін сумен толық қамту үшін жерасты су көздеріне гидрогеологиялық барлау жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ "Балқаш" станциясындағы резервуар мен төрт скважинаның құрылысын аяқтау міндеттері жүктелді. Сонымен қатар Тоқаев тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға қатысты бірқатар проблемаға тоқталды. Мемлекет басшысының пікірінше, ең алдымен, NEET санатына жататын жастардың арасындағы жұмыссыздық мәселесіне айрықша назар аудару қажет. Үкіметке және әкімдікке жастарды жұмыспен қамту үшін арнайы бағдарлама әзірлеу жөнінде тапсырма берілді. Президент көтерген тағы бір маңызды мәселе – Алматының денсаулық сақтау саласындағы ахуал. Мемлекет басшысының айтуынша, қазір қаладағы денсаулық сақтау ұйымдары шамадан тыс жүктемемен жұмыс істеп жатыр. Әбден тозығы жеткен инфрақұрылымды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаржысы есебінен және мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізіндегі жобаларды жүзеге асыру арқылы кешенді түрде жаңғырту қажет. Президент Денсаулық сақтау министрлігіне медицина мекемелеріндегі қаржы тапшылығын жою үшін кешенді шаралар қабылдауды тапсырды. Бұдан бөлек, кеңес барысында Алматы экономикасын әртараптандыру мәселелері талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта кәсіпкерліктің даму әлеуетіне оң баға берді. Келтірілген мәліметтерге сәйкес 2022 жылдың өзінде Алматы мемлекеттік бюджетке төрт триллион теңгеден астам қаржы құйды. Қаладағы салық түсімдерінің басым бөлігі шағын және орта бизнестің төлемдеріне тиесілі. Президент мегаполистегі бизнес-ахуалды жақсарту үшін жүйелі шаралар қабылдау жөнінде міндет жүктеді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, жеке капиталды тарту, кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын күшейту, жаңа көлік-логистикалық орталықтарына қолдау көрсетудің тың шараларын қарастыру, креативті индустрия, туризм салаларын дамыту Алматы экономикасына тың серпін беруге тиіс.
Саясат және экономика
false
https://kaz.nur.kz/politics/2033072-toqaev-almaty-qalasyn-damytu-maseleleri-zoninde-kenes-otkizdi/
18 тамыз 2023, 16:52
kk
Түркістан облысында көліктің дөңгелегі жарылып, апатқа ұшырады: үш адам көз жұмды
Түркістан облысында жол апатына ұшыраған Toyota Alphard көлігінің жүргізушісіне қатысты тергеу басталды. Бұл туралы Polisia.kz ақпараттық медиа-порталында хабарлады. Түркістан облысында жол апатына ұшыраған Toyota Alphard көлігінің жүргізушісіне қатысты тергеу басталды "18 тамыз таңғы сағат 05:00 шамасында Шымкент – Самара тас жолының 58-шақырымында жол апаты болды. Оқиға орнына шыққан полицейлердің анықтауынша, Алматы қаласынан Қызылорда қаласына бет алған Армения нөмірлі Toyota Alphard автокөлігінің артқы дөңгелегі жарылып, жүргізуші рөлге ие бола алмай, жол жиегіне аударылып кеткен. Салдарынан 3 адам көз жұмды (2 адам оқиға орнында көз жұмса, біреуі ауруханада). 3 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада. Сондай-ақ тексеру барысында көліктің дөңгелегі қыс мезгіліне арналғаны, яғни жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғаны анықталды. Одан бөлек техникалық жағдайы төмен дегейде болған. Оқыс оқиға болар алдын жүргізушіге Түркістан, Жамбыл облысының патрульдік полиция қызметкерлері жолда сақ болуын, жылдамдықты асырмауын, егер шаршаған жағдайда аялдап тынығып алуын ескерткені белгілі болды. Қазіргі уақытта аталған жайт Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша тіркеліп, тергеп-тексеру амалдары басталды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.
Түркістан облысында жол апатына ұшыраған Toyota Alphard көлігінің жүргізушісіне қатысты тергеу басталды. Бұл туралы ақпараттық медиа-порталында хабарлады. Түркістан облысында жол апатына ұшыраған Toyota Alphard көлігінің жүргізушісіне қатысты тергеу басталды "18 тамыз таңғы сағат 05:00 шамасында Шымкент – Самара тас жолының 58-шақырымында жол апаты болды. Оқиға орнына шыққан полицейлердің анықтауынша, Алматы қаласынан Қызылорда қаласына бет алған Армения нөмірлі Toyota Alphard автокөлігінің артқы дөңгелегі жарылып, жүргізуші рөлге ие бола алмай, жол жиегіне аударылып кеткен. Салдарынан 3 адам көз жұмды (2 адам оқиға орнында көз жұмса, біреуі ауруханада). 3 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада. Сондай-ақ тексеру барысында көліктің дөңгелегі қыс мезгіліне арналғаны, яғни жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғаны анықталды. Одан бөлек техникалық жағдайы төмен дегейде болған. Оқыс оқиға болар алдын жүргізушіге Түркістан, Жамбыл облысының патрульдік полиция қызметкерлері жолда сақ болуын, жылдамдықты асырмауын, егер шаршаған жағдайда аялдап тынығып алуын ескерткені белгілі болды. Қазіргі уақытта аталған жайт Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша тіркеліп, тергеп-тексеру амалдары басталды.
Оқыс оқиғалар
false
https://kaz.nur.kz/accidents/2033065-turkistan-oblysynda-koliktin-dongelegi-zarylyp-apatqa-usyrady-us-adam-koz-zumdy/
18 тамыз 2023, 16:40
kk
"Манчестер Сити" – "Ньюкасл": "сауысқандар" жаңа маусымда өрлеуін жалғастыра ала ма
АПЛ-дың екінші турының орталық матчы жанкүйерлердің қызығушылығын тудыратыны сөзсіз. Жексенбіде "Манчестер Сити" өткен маусымның басты жаңалықтарының бірі болған "Ньюкаслды" өз алаңында қабылдайды. Parimatch сарапшылары алдағы кездесуге қатысты өз пікірлерімен бөлісті. “Манчестер Сити” Өткен маусымда требл жасап жеңіске жеткен, "қала тұрғындары" мүлдем босаңсыған жоқ. "Сити" Премьер-Лиганы мықты ойын көрсетіп бастады, "Бёрнлиді" ойсырата жеңді. Бірақ бұл шайқас мүлтіксіз өтті деп айтуға болмас: матчтың 23-ші минутында Кевин Де Брюйне сіңір жарақатына байланысты ойын алаңында басқа ойыншымен ауыстырылды. Манкуниандықтардың көшбасшысы мен капитанының зақым алуы тым ауыр болғандай - бельгиялық спортшы алаңға енді 2024 жылдың басында ғана шыға алатын болады. Өткен маусымда жеңіп алынған требл, "қала тұрғындарын" мүлдем босаңсытпағандығын көрсетті. "Сити" "Бёрнлиді" ойсырата жеңіп, Премьер-Лиганы мықты ойынмен бастады. Бірақ бұл шайқас мүлтіксіз өтті деп айтуға болмас: матчтың 23-ші минутында Кевин Де Брюйне сіңір жарақатына байланысты ойын алаңында басқа ойыншымен ауыстырыған. Манкуниандықтардың көшбасшысы мен капитанының зақым алуы тым ауыр болғандай көрінді - бельгиялық спортшы алаңға енді 2024 жылдың басында ғана шыға алатын болады. “Ньюкасл” "Сауысқандар" өткен маусымда айтуға тұрарлықтай жақсарды. Қорғаныста жақсы құрылған ойын және жақсы таңдалған құрам "ақ-қаралардың" кестеде 4-ші орынға ие болуына, Чемпиондар Лигасына кіруіне септігін тигізді. Команда жаңа чемпионатты да "Астон Вилланы" жеңіп (5:1), өте жақсы басталды. . Маусымаралық шығындардың ішінде тек Аллан Сент-Максименді атап өткен жөн - вингер Сауд Арабиясына кетіп, осы жаздың трендін қолдады. Бірақ кіру трансферттері әсерлі болды: француздың орнына "Лестерден" Харви Барнс келді, сонымен қатар "Миланда" жүйе құрушы ойыншы болған Сандро Тоналимен келісімшартқа қол қойылды. Жаңадан келгендер бірінші турда өздерін мықты ойыншылар екенін бірден дәлелдеді: екеуі де "Астон Вилламен" өткен шайқаста бір голдан соғып, жалпы тамаша матч көрсетті. Parimatch аналитикасы мен коэффициенттері "Қала тұрғындары" соңғы 5 матчты "сауысқандардың" алаңында жеңіп алды, сондықтан бұл кездесуде айқын фавориттер болып табылады. Parimatch сарапшылары да осы тұжырыммен келіседі: "Ситидің" жеңіске жету коэффициентін 1.63-ке бағаласа, "Ньюкаслды" 5.40-қа теңестіріп отыр. Екі команда да бірінші турда қарсыластарын ойсырата жеңіп, екеуі де барлығы 8 гол соқты. Бұл жағдай ойын есебі "құрғақ" өтпейтіндігін көрсетеді: "тотал 2-ден жоғары" коэффициенті 1.33-ке тең. Parimatch сарапшылары екі клуб та гол соғатынына сенімді, сондықтан бұл нәтиже 1.76-ға бағаланған. "Манчестер Сити" мен "Ньюкасл" матчына ұтыс тігіп, Parimatch-пен бірге жарқын эмоциялар алыңыз! Жаңа ойыншыларға арнайы бонус қол жетімді – шотты алғаш рет толықтырғаныңыз үшін +300% бонус. Алыңыз да, игілігіңізге жұмсаңыз! Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ берілген.
АПЛ-дың екінші турының орталық матчы жанкүйерлердің қызығушылығын тудыратыны сөзсіз. Жексенбіде "Манчестер Сити" өткен маусымның басты жаңалықтарының бірі болған "Ньюкаслды" өз алаңында қабылдайды. Parimatch сарапшылары алдағы кездесуге қатысты өз пікірлерімен бөлісті. “Манчестер Сити” Өткен маусымда требл жасап жеңіске жеткен, "қала тұрғындары" мүлдем босаңсыған жоқ. "Сити" Премьер-Лиганы мықты ойын көрсетіп бастады, "Бёрнлиді" ойсырата жеңді. Бірақ бұл шайқас мүлтіксіз өтті деп айтуға болмас: матчтың 23-ші минутында Кевин Де Брюйне сіңір жарақатына байланысты ойын алаңында басқа ойыншымен ауыстырылды. Манкуниандықтардың көшбасшысы мен капитанының зақым алуы тым ауыр болғандай - бельгиялық спортшы алаңға енді 2024 жылдың басында ғана шыға алатын болады. Өткен маусымда жеңіп алынған требл, "қала тұрғындарын" мүлдем босаңсытпағандығын көрсетті. "Сити" "Бёрнлиді" ойсырата жеңіп, Премьер-Лиганы мықты ойынмен бастады. Бірақ бұл шайқас мүлтіксіз өтті деп айтуға болмас: матчтың 23-ші минутында Кевин Де Брюйне сіңір жарақатына байланысты ойын алаңында басқа ойыншымен ауыстырыған. Манкуниандықтардың көшбасшысы мен капитанының зақым алуы тым ауыр болғандай көрінді - бельгиялық спортшы алаңға енді 2024 жылдың басында ғана шыға алатын болады. “Ньюкасл” "Сауысқандар" өткен маусымда айтуға тұрарлықтай жақсарды. Қорғаныста жақсы құрылған ойын және жақсы таңдалған құрам "ақ-қаралардың" кестеде 4-ші орынға ие болуына, Чемпиондар Лигасына кіруіне септігін тигізді. Команда жаңа чемпионатты да "Астон Вилланы" жеңіп (5:1), өте жақсы басталды. . Маусымаралық шығындардың ішінде тек Аллан Сент-Максименді атап өткен жөн - вингер Сауд Арабиясына кетіп, осы жаздың трендін қолдады. Бірақ кіру трансферттері әсерлі болды: француздың орнына "Лестерден" Харви Барнс келді, сонымен қатар "Миланда" жүйе құрушы ойыншы болған Сандро Тоналимен келісімшартқа қол қойылды. Жаңадан келгендер бірінші турда өздерін мықты ойыншылар екенін бірден дәлелдеді: екеуі де "Астон Вилламен" өткен шайқаста бір голдан соғып, жалпы тамаша матч көрсетті. Parimatch аналитикасы мен коэффициенттері "Қала тұрғындары" соңғы 5 матчты "сауысқандардың" алаңында жеңіп алды, сондықтан бұл кездесуде айқын фавориттер болып табылады. Parimatch сарапшылары да осы тұжырыммен келіседі: "Ситидің" жеңіске жету коэффициентін 1.63-ке бағаласа, "Ньюкаслды" 5.40-қа теңестіріп отыр. Екі команда да бірінші турда қарсыластарын ойсырата жеңіп, екеуі де барлығы 8 гол соқты. Бұл жағдай ойын есебі "құрғақ" өтпейтіндігін көрсетеді: "тотал 2-ден жоғары" коэффициенті 1.33-ке тең. Parimatch сарапшылары екі клуб та гол соғатынына сенімді, сондықтан бұл нәтиже 1.76-ға бағаланған. "Манчестер Сити" мен "Ньюкасл" матчына ұтыс тігіп, Parimatch-пен бірге жарқын эмоциялар алыңыз! Жаңа ойыншыларға арнайы бонус қол жетімді – шотты алғаш рет толықтырғаныңыз үшін +300% бонус. Алыңыз да, игілігіңізге жұмсаңыз! Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2033068-mancester-siti-nyukasl-sauysqandar-zana-mausymda-orleuin-zalgastyra-ala-ma/
18 тамыз 2023, 16:31
kk
Көркем гимнастикадан әлем чемпионатында Қазақстан намысын кімдер қорғайды
Испанияда көркем гимнастикадан лицензиялық әлем чемпионаты өтеді. Аталған сынға қатысатын спортшылар анықталды, деп хабарлайды федерацияның ресми парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. Испанияның Валенсия қаласы 23-27 тамыз аралығында көркем гимнастикадан 40-әлем чемпионатын қабылдайды. Қазақстан құрамасы лицензиялық чемпионатта жекелей сында және топтық сында өнер көрсетеді. Жекелей сында ел намысын құрама үздігі Эльжана Таниева мен Эрика Жайлауова қорғайды. Ал топтық сында Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар: Аружан Қасенова, Айдана Шаяхметова, Баян Койбакар, Аружан Қалсаева, Ақсұңқар Әбдірахман, Аяулым Қадыр. Айта кетейік, топтық сында жолдаманы алғашқы бестікке енген командалар иелене алады. Ал жекелей сында Париж Олимпиадасының 14 жолдамасы сарапқа салынады.
Испанияда көркем гимнастикадан лицензиялық әлем чемпионаты өтеді. Аталған сынға қатысатын спортшылар анықталды, деп хабарлайды федерацияның ресми парақшасына сілтеме жасаған . Испанияның Валенсия қаласы 23-27 тамыз аралығында көркем гимнастикадан 40-әлем чемпионатын қабылдайды. Қазақстан құрамасы лицензиялық чемпионатта жекелей сында және топтық сында өнер көрсетеді. Жекелей сында ел намысын құрама үздігі Эльжана Таниева мен Эрика Жайлауова қорғайды. Ал топтық сында Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар: Аружан Қасенова, Айдана Шаяхметова, Баян Койбакар, Аружан Қалсаева, Ақсұңқар Әбдірахман, Аяулым Қадыр. Айта кетейік, топтық сында жолдаманы алғашқы бестікке енген командалар иелене алады.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2033061-korkem-gimnastikadan-licenziyalyq-alem-cempionatynda-qazaqstan-namysyn-kimder-qorgaidy/
18 тамыз 2023, 15:53
kk
Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарында қанша спорт түрінен медаль сарапқа салынады
Қытайдың Ханжчоу қаласында өтетін Азия ойындарының басталуына санаулы күндер қалды. Осы орайда, Азиада туралы қызықты деректі Спортты дамыту дирекциясы назарға ұсынды. Биыл біздің спортшылар үшін жылдың басты бәсекесі Азия ойындары екені анық. Жер шарындағы халықтың басым бөлігі мекендейтін сары құрлықтың жазғы Олимпиадасы белгілі себептеге байланысты бір жылға шегерілген. XIX жазғы дода биыл 23 қыркүйек пен 8 тамыз аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтеді. Бұл елде сары құрлық Олимпиадасы осыған дейін 2 мәрте - Бейжің (1990 жылы) мен Гуанчжоу қаласында (2010 жылы) болған. Қазақстан 1990 жылғы сынға делегация жіберген жоқ. Ал 2010 жылы біздің спортшылар 18 алтын, 23 күміс пен 38 қола медальге (79 жүлде) қол жеткізіп, жалпы есепте 5-орын алған. Ханчжоудың бәсекені қабылдайтыны 2015 жылғы 16 қыркүйекте Түркіменстан астанасы Ашхабадта өткен Азия Олимпиада Кеңесінің (OCA) ассамблеясында ресми түрде жарияланды. 2020 жылдың аяғында ойындар бағдарламасына киберспорт пен брейк-данс қосылып, спорт саны 42-ге жетті. Оның 28-і олимпия ойындарының бағдарламасына кіреді. Алғашқысы 2018 жылғы Джакартада демонстрация ретінде өтсе, кейінгісі келесі жылы Париж Олимпиадасының бағдарламасында бар. Осы бәсекелер үшін қала басшылығы 51 жарыс алаңын дайындап жатыр. Бұл қатарда 14 жаңа кешен салынады. Көптеген спорт түрінен жарысты Ханчжоу қабылдайды. Ал кейбір жарыстар Дэцин, Цзиньхуа, Нинбо, Шаосин мен Вэньчжоу сынды шағын қалаларда да болады. Кешенді жарысқа OCA кеңеске тұрақты мүше 45 елдің Ұлттық Олимпиада комитеті делегация жіберетінін айтқан. Ойындардың Конгконг, Ляньлянь мен Ченчен атты 3 бойтұмары бар. Олардың ортақ есімі - "Цзяннани жайлы естелік". Ал ойындардың ресми ұраны "Жүректен жүрекке". Бұл слоган 2019 жылғы 15 желтоқсанда ресми ашылуға 1000 күн қалғанда айтылды. Осы арқылы ұйымдастырушылар Азия ойындары құрлықтағы барлық ел арасындағы байланысты әспеттеуге тырысқан.
Қытайдың Ханжчоу қаласында өтетін Азия ойындарының басталуына санаулы күндер қалды. Осы орайда, Азиада туралы қызықты деректі Спортты дамыту дирекциясы назарға ұсынды. Биыл біздің спортшылар үшін жылдың басты бәсекесі Азия ойындары екені анық. Жер шарындағы халықтың басым бөлігі мекендейтін сары құрлықтың жазғы Олимпиадасы белгілі себептеге байланысты бір жылға шегерілген. XIX жазғы дода биыл 23 қыркүйек пен 8 тамыз аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтеді. Бұл елде сары құрлық Олимпиадасы осыған дейін 2 мәрте - Бейжің (1990 жылы) мен Гуанчжоу қаласында (2010 жылы) болған. Қазақстан 1990 жылғы сынға делегация жіберген жоқ. Ал 2010 жылы біздің спортшылар 18 алтын, 23 күміс пен 38 қола медальге (79 жүлде) қол жеткізіп, жалпы есепте 5-орын алған. Ханчжоудың бәсекені қабылдайтыны 2015 жылғы 16 қыркүйекте Түркіменстан астанасы Ашхабадта өткен Азия Олимпиада Кеңесінің (OCA) ассамблеясында ресми түрде жарияланды. 2020 жылдың аяғында ойындар бағдарламасына киберспорт пен брейк-данс қосылып, спорт саны 42-ге жетті. Оның 28-і олимпия ойындарының бағдарламасына кіреді. Алғашқысы 2018 жылғы Джакартада демонстрация ретінде өтсе, кейінгісі келесі жылы Париж Олимпиадасының бағдарламасында бар. Осы бәсекелер үшін қала басшылығы 51 жарыс алаңын дайындап жатыр. Бұл қатарда 14 жаңа кешен салынады. Көптеген спорт түрінен жарысты Ханчжоу қабылдайды. Ал кейбір жарыстар Дэцин, Цзиньхуа, Нинбо, Шаосин мен Вэньчжоу сынды шағын қалаларда да болады. Кешенді жарысқа OCA кеңеске тұрақты мүше 45 елдің Ұлттық Олимпиада комитеті делегация жіберетінін айтқан. Ойындардың Конгконг, Ляньлянь мен Ченчен атты 3 бойтұмары бар. Олардың ортақ есімі - "Цзяннани жайлы естелік". Ал ойындардың ресми ұраны "Жүректен жүрекке". Бұл слоган 2019 жылғы 15 желтоқсанда ресми ашылуға 1000 күн қалғанда айтылды.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2033056-xanczoudagy-zazgy-aziya-oiyndarynda-qansa-sport-turinen-medal-sarapqa-salynady/
18 тамыз 2023, 15:45
kk
"Президент мырза, мен кездесуге кешігіп қалдым": оқушы өзінің жасаған қолөнерін Тоқаевқа сыйлады (видео, фото)
Мемлекет басшысының Алматыға іс-сапары кезінде үшінші сынып оқушысы президентке өзінің қолөнерін сыйға тартқан. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. Президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, үшінші сынып оқушысы Сәлім Көпеев Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуге кешігіп қалғанын айтып, әкесі екеуі жасаған жұмыс үстеліне арналған органайзерін мемлекет басшысына сыйлаған. "Президент мырза, мен кездесуге сәл кешігіп қалдым. Мынау сізге сыйлық – жұмыс үстеліне арналған органайзер", – деді оқушы. Мұғалімдердің сөзінше, бала бұл органайзерді 3D принтерде жинап құрған – бұл оның ғылыми жобасы. Сәлім өзінің қолөнері қаншалықты пайдалы екенін айтты. "Әдетте партада үнемі мектептің керек-жарақтары шашылып жатады, ал адам оларға алаңдайды және жинауға уақыт таппайды. Сондықтан әкем екеуміз осындай органайзерді жасап шығардық, мен оны бүкіл сынып үшін де басып шығардым", – деді бала сыйлығын президентке ұсына отырып. Айта кетейік, мемлекет басшысы Prometheus school мектебіне барды. "Президентке білім ордасының оқу кабинеттері, жаратылыстану зертханалары, мектепте сабақ оқытудың Daryn Go, Booky-Wooky авторлық әдістемелері, сондай-ақ оқу орнының жалпы инфрақұрылымы таныстырылды", – делінген хабарламада. Президенттің баспасөз қызметі ақпаратынша, Рrometheus school былтыр 9 қарашада ашылған. Мектеп 840 оқушыға арналған. Аумағы – 12 мың шаршы метр. Білім беру мекемесін салу үшін 5,2 миллиард теңге инвестиция тартылған. Сонымен қатар аз қамтылған отбасылардың дарынды балалары үшін білім гранттары бөлінетіні атап өтілді. Мектеп жыл сайын грант санын арттыруды жоспарлап отыр. Мемлекет басшысы Prometheus School мектебіндегі білім беру және оқушыларды даярлау форматының ерекшелігін атап өтті. Сондай-ақ ұстаздарға табыс тілеп, олардың қызметі қоғам үшін маңызды екенін айтты. Сондай-ақ Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мемлекет басшысына жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары туралы баяндады.
Мемлекет басшысының Алматыға іс-сапары кезінде үшінші сынып оқушысы президентке өзінің қолөнерін сыйға тартқан. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. Президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, үшінші сынып оқушысы Сәлім Көпеев Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуге кешігіп қалғанын айтып, әкесі екеуі жасаған жұмыс үстеліне арналған органайзерін мемлекет басшысына сыйлаған. "Президент мырза, мен кездесуге сәл кешігіп қалдым. Мынау сізге сыйлық – жұмыс үстеліне арналған органайзер", – деді оқушы. Мұғалімдердің сөзінше, бала бұл органайзерді 3D принтерде жинап құрған – бұл оның ғылыми жобасы. Сәлім өзінің қолөнері қаншалықты пайдалы екенін айтты. "Әдетте партада үнемі мектептің керек-жарақтары шашылып жатады, ал адам оларға алаңдайды және жинауға уақыт таппайды. Сондықтан әкем екеуміз осындай органайзерді жасап шығардық, мен оны бүкіл сынып үшін де басып шығардым", – деді бала сыйлығын президентке ұсына отырып. Айта кетейік, мемлекет басшысы Prometheus school мектебіне барды. "Президентке білім ордасының оқу кабинеттері, жаратылыстану зертханалары, мектепте сабақ оқытудың Daryn Go, Booky-Wooky авторлық әдістемелері, сондай-ақ оқу орнының жалпы инфрақұрылымы таныстырылды", – делінген хабарламада. Президенттің баспасөз қызметі ақпаратынша, Рrometheus school былтыр 9 қарашада ашылған. Мектеп 840 оқушыға арналған. Аумағы – 12 мың шаршы метр. Білім беру мекемесін салу үшін 5,2 миллиард теңге инвестиция тартылған. Сонымен қатар аз қамтылған отбасылардың дарынды балалары үшін білім гранттары бөлінетіні атап өтілді. Мектеп жыл сайын грант санын арттыруды жоспарлап отыр. Мемлекет басшысы Prometheus School мектебіндегі білім беру және оқушыларды даярлау форматының ерекшелігін атап өтті. Сондай-ақ ұстаздарға табыс тілеп, олардың қызметі қоғам үшін маңызды екенін айтты.
Саясат және экономика
false
https://kaz.nur.kz/politics/2033052-prezident-myrza-men-kezdesuge-kesigip-qaldym-oqusy-ozinin-zasagan-qolonerin-toqaevqa-syilady/
18 тамыз 2023, 15:39
kk
"Жұмысшыларға қамқорлық": "Қазақмыс" оқу-сауықтыру орталығына жолдамалар таратты
Жұмысшылар мен олардың отбасыларына қамқорлықты басты назарда ұстайтын «Қазақмыс» корпорациясы 2023 жылы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығымен шарт жасасты. Әлеуметтік бағдарланған компания осылайша қызметкерлерінің балаларына сапалы демалыс ұйымдастыруды қолға алған. Жоба аясында «Күміс Алқа» және «Алтын Алқа» алқалармен марапатталған көп балалы аналар қатарындағы жұмыскерлердің балаларына, өндірісте еңбек жарақатын және/немесе кәсіптік ауруға шалдыққан I және II топтағы мүгедектердің балаларына, сондай-ақ жазатайым оқиға салдарынан қаза тапқан жандардың балаларына жолдамалар тегін табыс етілді. Топ қызметкерлерінің басқа санаттары жолдаманың жалпы құнының 20%-ын төлей отырып, балаларын демалдыру мүмкіндігіне ие болды. Жылдың төрт мезгілінде «Қазақмыс» өндірістері бар өңірлердің балалары әлеуметтік қызметкерлермен, күзетшілермен және дәрігерлермен бірге темір жол арқылы Бурабай курортының үздік лагерьлерінің бірі – «Балдәурен» орталығына келді. Бүгінгі таңда бұл орталықтың ТМД елдерінде және Орталық Азия өңірінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру, сауықтыру, сондай-ақ олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау қызметтерінің спектрі бойынша баламасы жоқ. Мұнда балалардың оқуы мен демалысы үшін заманауи жайлы жағдайлар қарастырылған. Орталықта алты қабатты жатын корпусы, бес қабатты тәулік бойы жұмыс жасайтын медициналық кешені, кітап қорына бай заманауи кітапханасы, спорт және ойын залдарынан тұратын екі қабатты спорт корпусы, халықаралық стандарттар бойынша құрылған жабық бассейні және жаңадан жүзіп үйренушілерге арналған шағын бассейні бар. Күніне бес рет тамақтанудан басқа, демалушылар - массаж, су процедуралары, емдік ванналар, сауналар, коктейльдер, таза ауа сынды профилактикалық және сауықтыру шараларын қабылдады. Әр ауысымның ашылуы демалысқа келгендерге бір-бірімен танысуға мүмкіндік беру үшін концерттен басталды. Содан кейін әр балаға бос уақытында өз хоббиін табуға мүмкіндік беретін жан-жақты іс-шаралар ұйымдастырылып, күнделікті қызыққа толы бағдарламалар ұсынылды. Кез келген талғамға сай оқу-танымдық үйірмелер балалардың ерекше қызығушылығын тудырды. Бірі «жас дәрігер» болса, енді бірі робототехника немесе тоғызқұмалақ сияқты ұлттық ойындарына қызығушылық танытты. Ал лагерьдегі Ұлттық мұражайға барған кезде өнер туындыларымен танысу мүмкіндігіне ие болды. Жоғары сұранысқа ие үйірмелердің бірі – сурет сабақтары мен қыш ыдыстары үйірмелерінде балалар өздері жасаған туындыларды «Балдәуреннен» естелік ретінде өзімен бірге алып кету мүмкіндігіне ие болды. Бурабай курортының туристік орындарына экскурсиялар «Балдәуреннің» міндетті атрибутына айналды. Балалар Оқжетпес тауы, Абылай хан алаңы және Жұмақтас жартасы сияқты тарихи орындармен танысып, жылы және шуақты ауа райында Шортан көлінде шомыла алды. Сондай-ақ балаларға катамаранмен серуендеу үлкен қуаныш сыйлады. Ауысымның жабылуы әдетте шахмат, дойбы, үстел теннисі және футболдан үздік спортшыларды марапаттаумен аяқталады.
Жұмысшылар мен олардың отбасыларына қамқорлықты басты назарда ұстайтын «Қазақмыс» корпорациясы 2023 жылы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығымен шарт жасасты. Әлеуметтік бағдарланған компания осылайша қызметкерлерінің балаларына сапалы демалыс ұйымдастыруды қолға алған. Жоба аясында «Күміс Алқа» және «Алтын Алқа» алқалармен марапатталған көп балалы аналар қатарындағы жұмыскерлердің балаларына, өндірісте еңбек жарақатын және/немесе кәсіптік ауруға шалдыққан I және II топтағы мүгедектердің балаларына, сондай-ақ жазатайым оқиға салдарынан қаза тапқан жандардың балаларына жолдамалар тегін табыс етілді. Топ қызметкерлерінің басқа санаттары жолдаманың жалпы құнының 20%-ын төлей отырып, балаларын демалдыру мүмкіндігіне ие болды. Жылдың төрт мезгілінде «Қазақмыс» өндірістері бар өңірлердің балалары әлеуметтік қызметкерлермен, күзетшілермен және дәрігерлермен бірге темір жол арқылы Бурабай курортының үздік лагерьлерінің бірі – «Балдәурен» орталығына келді. Бүгінгі таңда бұл орталықтың ТМД елдерінде және Орталық Азия өңірінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру, сауықтыру, сондай-ақ олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау қызметтерінің спектрі бойынша баламасы жоқ. Мұнда балалардың оқуы мен демалысы үшін заманауи жайлы жағдайлар қарастырылған. Орталықта алты қабатты жатын корпусы, бес қабатты тәулік бойы жұмыс жасайтын медициналық кешені, кітап қорына бай заманауи кітапханасы, спорт және ойын залдарынан тұратын екі қабатты спорт корпусы, халықаралық стандарттар бойынша құрылған жабық бассейні және жаңадан жүзіп үйренушілерге арналған шағын бассейні бар. Күніне бес рет тамақтанудан басқа, демалушылар - массаж, су процедуралары, емдік ванналар, сауналар, коктейльдер, таза ауа сынды профилактикалық және сауықтыру шараларын қабылдады. Әр ауысымның ашылуы демалысқа келгендерге бір-бірімен танысуға мүмкіндік беру үшін концерттен басталды. Содан кейін әр балаға бос уақытында өз хоббиін табуға мүмкіндік беретін жан-жақты іс-шаралар ұйымдастырылып, күнделікті қызыққа толы бағдарламалар ұсынылды. Кез келген талғамға сай оқу-танымдық үйірмелер балалардың ерекше қызығушылығын тудырды. Бірі «жас дәрігер» болса, енді бірі робототехника немесе тоғызқұмалақ сияқты ұлттық ойындарына қызығушылық танытты. Ал лагерьдегі Ұлттық мұражайға барған кезде өнер туындыларымен танысу мүмкіндігіне ие болды. Жоғары сұранысқа ие үйірмелердің бірі – сурет сабақтары мен қыш ыдыстары үйірмелерінде балалар өздері жасаған туындыларды «Балдәуреннен» естелік ретінде өзімен бірге алып кету мүмкіндігіне ие болды. Бурабай курортының туристік орындарына экскурсиялар «Балдәуреннің» міндетті атрибутына айналды. Балалар Оқжетпес тауы, Абылай хан алаңы және Жұмақтас жартасы сияқты тарихи орындармен танысып, жылы және шуақты ауа райында Шортан көлінде шомыла алды. Сондай-ақ балаларға катамаранмен серуендеу үлкен қуаныш сыйлады.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2033051-zumyssylarga-qamqorlyq-qazaqmys-oqu-sauyqtyru-ortalygyna-zoldamalar-taratty/
18 тамыз 2023, 15:37
kk
Қарағанды облысында шахтадағы апаттан зардап шеккендердің қазіргі жағдайы қалай
Премьер-министр Әлихан Смайылов Қарағанды облысындағы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның "Қазақстан" шахтасында болған жағдай бойынша кеңес өткізді. Бұл туралы Primeminister.kz ресми сайтында хабарлады. Министрлік мәліметінше, бірінші кезекте үкімет басшысы оқиға салдарынан қаза тапқан кеншілердің туыстары мен жақындарына көңіл айтты. "Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев 17 тамызда сағат 10:05-те шахтада конвейерлік таспаның тұтануы орын алғанын баяндады. Жедел әрекет ету шеңберінде апатты жою жоспары дереу іске қосылып, жұмысшыларды жер үстіне шығару ұйымдастырылды. Оқиға болған кезде шахтада 227 адам болған. Сағат 13:50-дегі жағдай бойынша 222 кенші жер үстіне шығарылды. Шахтада қатты түтіннің болуына байланысты тағы бес кенші шыға алмады. Құтқару жұмыстары барысында сағат 17:20-да бір кеншінің денесі табылды. 18 тамызда сағат 08:10-да жоғалған екінші кеншінің денесі табылды. Қазіргі уақытта тағы үш кеншіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр", – делінген хабарламада. Министрліктің хабарлауынша, температураның жоғары болуына, шахтаны түтін басуына және сәйкесінше, өндіріс орнының қолжетімсіздігіне байланысты өрт ошағы әлі де оқшауланбаған. Қазір шыққан өртті шахтаның өзге жағынан сөндіру бойынша шаралар жүргізіліп жатыр. "Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев ақпаратынша, апат салдарынан 13 адам зардап шеккен. Олардың тоғызы улы газдармен уланып, оның ішінде ауыр дәрежеде иіс тиіп, Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Бүгінде екі шахташы жансақтау бөлімінен ауыстырылды. Науқастардың жағдайы – орташа ауырлық дәрежеде, тұрақты. Естерін біледі. Ауыр интоксикация синдромы мен энцефалопатия жағдайды ауырлатып тұр. Гемодинамикалық көрсеткіштер тұрақты", – деп атап өтті министрлікте. Тағы төрт адам Шахтинск қаласының орталық ауруханасына жеткізілген. Екі адам амбулаториялық емделуге жіберілген, тағы екі адам стационарлық ем қабылдап жатыр, олардың жағдайы – орташа ауыр деңгейде. Кеңес қорытындысы бойынша премьер-министр "Қазақстан" шахтасындағы апаттың себептерін жан-жақты тексеру үшін комиссияның жұмысын сапалы қамтамасыз етуді және зардап шеккен отбасыларға барлық қажетті көмекті көрсетуді тапсырды. "Әлихан Смайылов тиісті шешімдер қабылдау үшін ТЖМ мен Экология және табиғи ресурстар министрліктеріне "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-да жүргізіліп жатқан өнеркәсіп және экологиялық аудиттерді жедел аяқтауды талап етті", – деді министрліктің баспасөз қызметінде.
Премьер-министр Әлихан Смайылов Қарағанды облысындағы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның "Қазақстан" шахтасында болған жағдай бойынша кеңес өткізді. Бұл туралы ресми сайтында хабарлады. Министрлік мәліметінше, бірінші кезекте үкімет басшысы оқиға салдарынан қаза тапқан кеншілердің туыстары мен жақындарына көңіл айтты. "Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев 17 тамызда сағат 10:05-те шахтада конвейерлік таспаның тұтануы орын алғанын баяндады. Жедел әрекет ету шеңберінде апатты жою жоспары дереу іске қосылып, жұмысшыларды жер үстіне шығару ұйымдастырылды. Оқиға болған кезде шахтада 227 адам болған. Сағат 13:50-дегі жағдай бойынша 222 кенші жер үстіне шығарылды. Шахтада қатты түтіннің болуына байланысты тағы бес кенші шыға алмады. Құтқару жұмыстары барысында сағат 17:20-да бір кеншінің денесі табылды. 18 тамызда сағат 08:10-да жоғалған екінші кеншінің денесі табылды. Қазіргі уақытта тағы үш кеншіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр", – делінген хабарламада. Министрліктің хабарлауынша, температураның жоғары болуына, шахтаны түтін басуына және сәйкесінше, өндіріс орнының қолжетімсіздігіне байланысты өрт ошағы әлі де оқшауланбаған. Қазір шыққан өртті шахтаның өзге жағынан сөндіру бойынша шаралар жүргізіліп жатыр. "Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев ақпаратынша, апат салдарынан 13 адам зардап шеккен. Олардың тоғызы улы газдармен уланып, оның ішінде ауыр дәрежеде иіс тиіп, Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Бүгінде екі шахташы жансақтау бөлімінен ауыстырылды. Науқастардың жағдайы – орташа ауырлық дәрежеде, тұрақты. Естерін біледі. Ауыр интоксикация синдромы мен энцефалопатия жағдайды ауырлатып тұр. Гемодинамикалық көрсеткіштер тұрақты", – деп атап өтті министрлікте. Тағы төрт адам Шахтинск қаласының орталық ауруханасына жеткізілген. Екі адам амбулаториялық емделуге жіберілген, тағы екі адам стационарлық ем қабылдап жатыр, олардың жағдайы – орташа ауыр деңгейде. Кеңес қорытындысы бойынша премьер-министр "Қазақстан" шахтасындағы апаттың себептерін жан-жақты тексеру үшін комиссияның жұмысын сапалы қамтамасыз етуді және зардап шеккен отбасыларға барлық қажетті көмекті көрсетуді тапсырды.
Денсаулық
false
https://kaz.nur.kz/health/2033044-qaragandy-oblysynda-saxtadagy-apattan-zardap-sekkenderdin-qazirgi-zagdaiy-qalai/
18 тамыз 2023, 14:57
kk
Актриса Индира Еділбаева сырғалым атанды (видео)
Қазақстандық актриса Индира Еділбаева сырға салу рәсімінің қалай өткенін көрсетті. Өнер иесі тойға қызу дайындық үстінде, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Өміріндегі елеулі оқиға жайлы актриса Instagram парақшасында айтып берді. "Әр үйге осындай бақыт тілеймін", - деп жазды Индира Еділбаева. Осыған дейін Индира Еділбаева мен сүйгені заңды түрде некесін қидырып, қыркүйек айында той жасайтынын мәлімдеген болатын. Желі қолданушыларымен қатар танымал жұлдыздар Назима, Салтанат Бақаева, Гүлназ Жоланова да актрисаны жарыса құттықтап, ақ тілегін білдірді. "Бақытты бол", "Жарасымды жұп", "Ерке шоу-бизнестегі қыздардың жолын ашты", "Нәзік, әдемісіз", - деп жазды актрисаның оқырмандары.
Қазақстандық актриса Индира Еділбаева сырға салу рәсімінің қалай өткенін көрсетті. Өнер иесі тойға қызу дайындық үстінде, деп жазады . Өміріндегі елеулі оқиға жайлы актриса Instagram парақшасында айтып берді. "Әр үйге осындай бақыт тілеймін", - деп жазды Индира Еділбаева. Осыған дейін Индира Еділбаева мен сүйгені заңды түрде некесін қидырып, қыркүйек айында той жасайтынын мәлімдеген болатын. Желі қолданушыларымен қатар танымал жұлдыздар Назима, Салтанат Бақаева, Гүлназ Жоланова да актрисаны жарыса құттықтап, ақ тілегін білдірді.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2033043-aktrisa-indira-edilbaeva-syrgalym-atandy-video/
18 тамыз 2023, 14:53
kk
Шахтадағы апаттан кейін "АрселорМиттал Теміртау" басшылығы қандай жауапкершілікке тартылуы мүмкін
Шахтинскіде өткен брифингте Қарағанды облысы әкімінің орынбасары "Казақстан" шахтасында болған оқиғаға байланысты "АрселорМиттал Теміртау" басшылығы қандай жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Журналистер "Казақстан" шахтасында қайғылы оқиғаға байланысты "АрселорМиттал Теміртау" басшылығы қандай жауапкершілікке тартылатынын сұрады. "Оқиға мен қызметкерлердің өлімі себебін тексергеннен кейін материалдар сотқа жіберіліп, сот жазаны анықтайды. Комиссия материалдарында іс-әрекетімен қауіпсіздік ережелерін бұзып, міндетті нұсқаулықтарды елемеген тұлғалар көрсетіледі. Бұл сотпен реттеледі", - деді облыс басшысының орынбасары Вадим Басин. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі айтты. "Бұл топтық жазатайым оқиға, Қылмыстық кодекске сәйкес, егер соттың шешімімен шынымен басшылық кінәлі деп танылса, онда жеті жылға дейін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов. Сондай-ақ БАҚ өкілдері "төтенше жағдай кезінде компания иесі Лакшми Миталл басшылыққа хабарласты ма, ол адамдардың өліміне жауапкершілікті сезіне ме?" деп сұраған. Сонымен қатар журналистерді неліктен компания иесі төтенше жағдай орын алған кезде Қазақстанға келмегені қызықтырды. "Бізде өзара іс-қимылдың белгіленген тәртібі бар: біз акционердің өкілін хабардар еттік, олар бұл жағдайдан толық хабардар", - деп жауап берді "АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директоры Виктор Гафиулов.
Шахтинскіде өткен брифингте Қарағанды облысы әкімінің орынбасары "Казақстан" шахтасында болған оқиғаға байланысты "АрселорМиттал Теміртау" басшылығы қандай жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы хабарлайды. Журналистер "Казақстан" шахтасында қайғылы оқиғаға байланысты "АрселорМиттал Теміртау" басшылығы қандай жауапкершілікке тартылатынын сұрады. "Оқиға мен қызметкерлердің өлімі себебін тексергеннен кейін материалдар сотқа жіберіліп, сот жазаны анықтайды. Комиссия материалдарында іс-әрекетімен қауіпсіздік ережелерін бұзып, міндетті нұсқаулықтарды елемеген тұлғалар көрсетіледі. Бұл сотпен реттеледі", - деді облыс басшысының орынбасары Вадим Басин. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі айтты. "Бұл топтық жазатайым оқиға, Қылмыстық кодекске сәйкес, егер соттың шешімімен шынымен басшылық кінәлі деп танылса, онда жеті жылға дейін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов. Сондай-ақ БАҚ өкілдері "төтенше жағдай кезінде компания иесі Лакшми Миталл басшылыққа хабарласты ма, ол адамдардың өліміне жауапкершілікті сезіне ме?" деп сұраған. Сонымен қатар журналистерді неліктен компания иесі төтенше жағдай орын алған кезде Қазақстанға келмегені қызықтырды.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2033034-saxtadagy-apattan-keiin-arselormittal-temirtau-bassylygy-qandai-zauapkersilikke-tartyluy-mumkin/
18 тамыз 2023, 14:47
kk
"Тоттенхэм" - "Манчестер Юнайтед": ағылшындық клубтардың кездесуі қалай аяқталады
Ағылшын премьер-лигасының екінші туры бізге осы сенбіде өте қызықты матч сыйлайды. "Манчестер Юнайтед" Лондонның солтүстігіне команда құрамы өзгерген "Тоттенхэммен" кездесу үшін барады. Parimatch сарапшылары бұл кездесудің қайсысы фаворит болып көрінетіндігін айтты. “Тоттенхэм” Өткен маусымда "шпорлар" қайтадан жеңіс белестерінен көріне алмады. Киім ауыстыратын бөлмедегі қақтығыстар мен Антонио Контенің жанжалды кетуі лондондықтардың Премьер-лигада тек 8-ші орынға ие болуына әкеліп соқты, оған қоса, тіпті конференция Лигасына да кіре алмады. Оның нәтижесінде команда құрамын өзгертуге тура келген сияқты: клубтан мюнхендік "Баварияға" ауысып кеткен бас бомбардир Харри Кейн кетті. Бірақ "кіру" ауысымдарына үміт артуда: Лондонның солтүстігіне болашағы зор Педро Порро мен Мики ван де Вен, сондай-ақ "Лестердің" бұрынғы жетекші ойыншысы Джеймс Мэддисон келді. Клубтың бас бапкері де ауысты: "Селтиктен" австралиялық Анге Постекоглу келді. Өзгерістер бірінші турдан бастап байқала бастады - жаңа жаттықтырушы белсенді шабуыл енгізуге шешім қабылдады. Алайда, бұл әдіс "Брентфордты" жеңуге көмектеспеді:" шпорлар" мен "аралар" тең есеппен тарқады (2:2). “Манчестер Юнайтед” Өткен маусым клуб үшін түбегейлі өзгерістермен өтті. Эрик тен Хаг "қызыл сайтандарға" бірден тәртіпті, және тактикалық икемділікті жүктеді. Өзіміз көріп отырғандай, бұл жағдай өз жемісін берді: манкуниандықтар чемпионатта 3-ші орынға ие болды және өте тұрақты команда болып көрінді. Бұл команда басшылығын жоспарланған бағыттың дұрыстығына сендірді және голландиялық жаттықтырушыға сенім несиесі берілді. "Юнайтед" құрамды жаңартуын жалғастырды. Командадан Фред, Алекс Теллес және команда сапындағы көпжыл бойы келе жатқан қақпашы Дэвид де Хеа кетті, олардың орнына Мейсон Маунт пен Андре Онана келді. Сондай – ақ, клуб ақырында көптен шешілмей жүрген орталық форвардпен болған мәселені жауып тастады - "Аталантадан" келген Расмус Хойлуннмен келісімге қол қойылды. Бірінші турда "қызыл сайтандар" мықты болып көрінбеді, алайда Рафаэль Варанның голы мен жаңа қақпашының сейвтерінің арқасында "Вулверхэмптонды" басып озды. Parimatch аналитикасы мен коэффициенттері Командалар мықтылығы жағынан бір-біріне өте жақын, сондықтан кім жеңімпаз болатынын нақты айту қиын. Parimatch сарапшыларының пікірлері әртүрлі: олар "Тоттенхэмнің" жеңісін 2.75-ке бағаласа, "Манчестер Юнайтедтің" жеңісіне 2.46 коэффициентін ұсынуда. Постекоглу мен тен Хаг қысымға алу және шабуылдаушы футболға үміт артуда, яғни көптеген соғылған голдарды күтуге болады. Бұл нәтиже үшін Parimatch сарапшылары "тартымды" 1.66 коэффициентін ұсынып отыр. Олар матчта екі команда да гол соғатынына сенімді, сондықтан бұл нәтижені 1.56-ға бағалайды. "Тоттенхэм" мен "Манчестер Юнайтед" шайқасына ұтыс тігіп, Parimatch-пен бірге жарқын эмоциялардан ләззат алыңыз! Жаңа ойыншыларға арналған арнайы ұсыныс-шотты алғашқы толықтырғаныңыз үшін 300% бонус. Алыңыз да, игілігіңізге жұмсаңыз! Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ берілген.
Ағылшын премьер-лигасының екінші туры бізге осы сенбіде өте қызықты матч сыйлайды. "Манчестер Юнайтед" Лондонның солтүстігіне команда құрамы өзгерген "Тоттенхэммен" кездесу үшін барады. Parimatch сарапшылары бұл кездесудің қайсысы фаворит болып көрінетіндігін айтты. “Тоттенхэм” Өткен маусымда "шпорлар" қайтадан жеңіс белестерінен көріне алмады. Киім ауыстыратын бөлмедегі қақтығыстар мен Антонио Контенің жанжалды кетуі лондондықтардың Премьер-лигада тек 8-ші орынға ие болуына әкеліп соқты, оған қоса, тіпті конференция Лигасына да кіре алмады. Оның нәтижесінде команда құрамын өзгертуге тура келген сияқты: клубтан мюнхендік "Баварияға" ауысып кеткен бас бомбардир Харри Кейн кетті. Бірақ "кіру" ауысымдарына үміт артуда: Лондонның солтүстігіне болашағы зор Педро Порро мен Мики ван де Вен, сондай-ақ "Лестердің" бұрынғы жетекші ойыншысы Джеймс Мэддисон келді. Клубтың бас бапкері де ауысты: "Селтиктен" австралиялық Анге Постекоглу келді. Өзгерістер бірінші турдан бастап байқала бастады - жаңа жаттықтырушы белсенді шабуыл енгізуге шешім қабылдады. Алайда, бұл әдіс "Брентфордты" жеңуге көмектеспеді:" шпорлар" мен "аралар" тең есеппен тарқады (2:2). “Манчестер Юнайтед” Өткен маусым клуб үшін түбегейлі өзгерістермен өтті. Эрик тен Хаг "қызыл сайтандарға" бірден тәртіпті, және тактикалық икемділікті жүктеді. Өзіміз көріп отырғандай, бұл жағдай өз жемісін берді: манкуниандықтар чемпионатта 3-ші орынға ие болды және өте тұрақты команда болып көрінді. Бұл команда басшылығын жоспарланған бағыттың дұрыстығына сендірді және голландиялық жаттықтырушыға сенім несиесі берілді. "Юнайтед" құрамды жаңартуын жалғастырды. Командадан Фред, Алекс Теллес және команда сапындағы көпжыл бойы келе жатқан қақпашы Дэвид де Хеа кетті, олардың орнына Мейсон Маунт пен Андре Онана келді. Сондай – ақ, клуб ақырында көптен шешілмей жүрген орталық форвардпен болған мәселені жауып тастады - "Аталантадан" келген Расмус Хойлуннмен келісімге қол қойылды. Бірінші турда "қызыл сайтандар" мықты болып көрінбеді, алайда Рафаэль Варанның голы мен жаңа қақпашының сейвтерінің арқасында "Вулверхэмптонды" басып озды. Parimatch аналитикасы мен коэффициенттері Командалар мықтылығы жағынан бір-біріне өте жақын, сондықтан кім жеңімпаз болатынын нақты айту қиын. Parimatch сарапшыларының пікірлері әртүрлі: олар "Тоттенхэмнің" жеңісін 2.75-ке бағаласа, "Манчестер Юнайтедтің" жеңісіне 2.46 коэффициентін ұсынуда. Постекоглу мен тен Хаг қысымға алу және шабуылдаушы футболға үміт артуда, яғни көптеген соғылған голдарды күтуге болады. Бұл нәтиже үшін Parimatch сарапшылары "тартымды" 1.66 коэффициентін ұсынып отыр. Олар матчта екі команда да гол соғатынына сенімді, сондықтан бұл нәтижені 1.56-ға бағалайды. "Тоттенхэм" мен "Манчестер Юнайтед" шайқасына ұтыс тігіп, Parimatch-пен бірге жарқын эмоциялардан ләззат алыңыз! Жаңа ойыншыларға арналған арнайы ұсыныс-шотты алғашқы толықтырғаныңыз үшін 300% бонус. Алыңыз да, игілігіңізге жұмсаңыз! Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2033038-tottenxem-mancester-yunaited-agylsyndyq-klubtardyn-kezdesui-qalai-ayaqtalady/
18 тамыз 2023, 14:42
kk
Блогер Zheka Fatbelly сүйіктісімен заңды некесін қидырды (видео)
Блогер Zheka Fatbelly осыдан біраз уақыт бұрын сүйіктісімен мұсылманша некесін қидырған болатын. Жеңіс Омаров көпшілікке жұбайымен заңды түрде неке қидырғанын көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Блогер Instagram желісінде маңызды күннің видеосын бөлісті. "Біз енді заңды түрде әйелі мен күйеуіміз", - деп жазды Zheka Fatbelly. Видеодан Жеңіс Омаров пен жұбайының құжаттарға қол қойып, бір-біріне неке жүзігін таққанын көруге болады. Неке сарайында блогердің қуанышына ортақтасу үшін жақындары мен достары жиналған. Айта кетейік, осыған дейін блогер жұбайына 2000 дана раушан гүлін сыйлап, тосынсый жасаған болатын.
Блогер Zheka Fatbelly осыдан біраз уақыт бұрын сүйіктісімен мұсылманша некесін қидырған болатын. Жеңіс Омаров көпшілікке жұбайымен заңды түрде неке қидырғанын көрсетті, деп жазады . Блогер Instagram желісінде маңызды күннің видеосын бөлісті. "Біз енді заңды түрде әйелі мен күйеуіміз", - деп жазды Zheka Fatbelly. Видеодан Жеңіс Омаров пен жұбайының құжаттарға қол қойып, бір-біріне неке жүзігін таққанын көруге болады. Неке сарайында блогердің қуанышына ортақтасу үшін жақындары мен достары жиналған.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2033014-bloger-zheka-fatbelly-suiiktisimen-zandy-nekesin-qidyrdy-video/
18 тамыз 2023, 14:33
kk
"Қазақстан" шахтасындағы төтенше жағдай: үшінші кеншінің денесі табылды
Қарағанды облысындағы шахтада болған төтенше жағдайдан соң жоғалған үшінші адамның денесі табылды. Бұл туралы "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы ресми сайтында хабарлады. "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы ресми сайтының жазуынша, қазіргі уақытта анықтау жүргізілуде. "Марқұмның әріптестері, компанияның бүкіл ұжымы мезгілсіз қайтыс болған жолдастың туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады", - делінген хабарламада. Компанияның хабарлауынша, "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы қаза тапқан кеншілердің отбасыларына жан-жақты қолдау көрсетуде. Сондай-ақ компания мәліметінше, қызмет үстінде көз жұмған кеншілердің отбасына компания атынан мынадай көмек көрсетіледі: Еске сала кетейік, 17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенді. Өрт кезде жер астында 227 адам болғаны, олардың 222-сі жер бетіне шығарылып, бесеуінің іздестіріліп жатқаны белгілі болды. Кейін іздестіріліп жатқан бес жұмысшының бірінің денесі табылғаны хабарланды. "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының мәліметінше, ол 57 жастағы электрик Виталий Владимирович Слюнков. Марқұмның еңбек өтілі – 39 жыл. 18 тамызда АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директорының орынбасары Сергей Огай "Қазақстан" шахтасында төтенше жағдай кезінде қаза тапқан тағы бір жұмысшының денесі табылғанын хабарлады. Сондай-ақ өрттен зардап шеккендердің саны 13 адамға дейін өскені, Мақажанов атындағы ауруханаға зардап шеккен тоғыз кеншінің жеткізілгені айтылды. Шахтадағы өртке байланысты Қылмыстық-кодекстің 277-бабының 3-бөлігі (Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Бұдан бөлек мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан" шахтасында болған өртке байланысты үкіметке және Қарағанды облысының әкімдігіне апат себептеріне жан-жақты тергеу жүргізу, сонымен қатар зардап шеккендерге қажет барлық көмекті көрсету жөнінде тапсырма берді. Ал үкіметке осы кәсіпорынға иелік ететін шетелдік компаниямен жұмысшылардың қауіпсіздігін мүлтіксіз қамтамасыз ету жөнінде келіссөздер жүргізу тапсырылды. Сонымен қатар "АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директорының орынбасары Сергей Огай брифингте "Қазақстан" шахтасындағы апат туралы тың дерек айтқан болатын.
Қарағанды облысындағы шахтада болған төтенше жағдайдан соң жоғалған үшінші адамның денесі табылды. Бұл туралы "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы ресми сайтында хабарлады. "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы ресми сайтының жазуынша, қазіргі уақытта анықтау жүргізілуде. "Марқұмның әріптестері, компанияның бүкіл ұжымы мезгілсіз қайтыс болған жолдастың туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады", - делінген хабарламада. Компанияның хабарлауынша, "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы қаза тапқан кеншілердің отбасыларына жан-жақты қолдау көрсетуде. Сондай-ақ компания мәліметінше, қызмет үстінде көз жұмған кеншілердің отбасына компания атынан мынадай көмек көрсетіледі: Еске сала кетейік, 17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенді. Өрт кезде жер астында 227 адам болғаны, олардың 222-сі жер бетіне шығарылып, бесеуінің іздестіріліп жатқаны белгілі болды. Кейін іздестіріліп жатқан бес жұмысшының бірінің денесі табылғаны хабарланды. "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының мәліметінше, ол 57 жастағы электрик Виталий Владимирович Слюнков. Марқұмның еңбек өтілі – 39 жыл. 18 тамызда АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директорының орынбасары Сергей Огай "Қазақстан" шахтасында төтенше жағдай кезінде қаза тапқан тағы бір жұмысшының денесі табылғанын хабарлады. Сондай-ақ өрттен зардап шеккендердің саны 13 адамға дейін өскені, Мақажанов атындағы ауруханаға зардап шеккен тоғыз кеншінің жеткізілгені айтылды. Шахтадағы өртке байланысты Қылмыстық-кодекстің 277-бабының 3-бөлігі (Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Бұдан бөлек мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан" шахтасында болған өртке байланысты үкіметке және Қарағанды облысының әкімдігіне апат себептеріне жан-жақты тергеу жүргізу, сонымен қатар зардап шеккендерге қажет барлық көмекті көрсету жөнінде тапсырма берді. Ал үкіметке осы кәсіпорынға иелік ететін шетелдік компаниямен жұмысшылардың қауіпсіздігін мүлтіксіз қамтамасыз ету жөнінде келіссөздер жүргізу тапсырылды.
Оқыс оқиғалар
false
https://kaz.nur.kz/accidents/2033040-qazaqstan-saxtasyndagy-totense-zagdai-usinsi-kensinin-denesi-tabyldy/
18 тамыз 2023, 14:29
kk
Алматы облысындағы балабақшада баланы тістелеп тастаған
Алматы облысы Абай ауылындағы балабақшада біреу бүлдіршінді тістеп алған. Тәрбиешіге қатысты әкімшілік іс қозғалды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Оқиға туралы ақпарат EGOV.PRESS Telegram арнасында пайда болды. "Әлеуметтік желіде Алматы облысы Абай ауылындағы балабақшада бүлдіршін денесінің көп жері тістелінген фотосы тарап жатыр. Баланың ата-анасы бұл ересек адамның ісі деген пікірде", – делінген жазбада. Алматы облысының полиция департаменті оқиғаның болғанын растады. Ведомство мәліметінше, 16 тамызда Қарасай ауданы әкімшілігіне Абай ауылындағы балабақшалардың бірінде кәмелетке толмаған баланың жарақаттанғаны туралы хабарлама келіп түскен. "Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 141-бабы бойынша дереу аудандық ІІБ ТЖД-ға тіркеліп, ювеналды полиция қызметкерлері тиісті тексеру жұмыстарын жүргізді. Бұл ретте тәрбиешіге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қозғалды", – деді облыстық полицияның басшысы Бауыржан Әленов. Сондай-ақ аталған балабақша директорына қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 409-бабының 3-бөлігімен облыстық білім басқармасына хаттама дайындалды. Полиция департаментінде жоғарыда аталған тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша қосымша ақпарат берілетіні атап өтілді. Еске сала кетейік, осыған ұқсас оқиға былтыр Жамбыл облысында болған еді. Ол кезде екі жасар бүлдіршінді балабақшадағы өзге бала бірнеше жерінен тістеп алған болатын.
Алматы облысы Абай ауылындағы балабақшада біреу бүлдіршінді тістеп алған. Тәрбиешіге қатысты әкімшілік іс қозғалды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған хабарлайды. Оқиға туралы ақпарат EGOV.PRESS Telegram арнасында пайда болды. "Әлеуметтік желіде Алматы облысы Абай ауылындағы балабақшада бүлдіршін денесінің көп жері тістелінген фотосы тарап жатыр. Баланың ата-анасы бұл ересек адамның ісі деген пікірде", – делінген жазбада. Алматы облысының полиция департаменті оқиғаның болғанын растады. Ведомство мәліметінше, 16 тамызда Қарасай ауданы әкімшілігіне Абай ауылындағы балабақшалардың бірінде кәмелетке толмаған баланың жарақаттанғаны туралы хабарлама келіп түскен. "Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 141-бабы бойынша дереу аудандық ІІБ ТЖД-ға тіркеліп, ювеналды полиция қызметкерлері тиісті тексеру жұмыстарын жүргізді. Бұл ретте тәрбиешіге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қозғалды", – деді облыстық полицияның басшысы Бауыржан Әленов. Сондай-ақ аталған балабақша директорына қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 409-бабының 3-бөлігімен облыстық білім басқармасына хаттама дайындалды. Полиция департаментінде жоғарыда аталған тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша қосымша ақпарат берілетіні атап өтілді. Еске сала кетейік, осыған ұқсас оқиға былтыр Жамбыл облысында болған еді.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2033028-almaty-oblysyndagy-balabaqsada-balany-tistelep-tastagan/
18 тамыз 2023, 14:13
kk
"Қазақстан" шахтасындағы апат: шахта астындағы оттегі көлемі бес-ақ сағатқа жететіндей болған
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директорының орынбасары Сергей Огай брифингте "Қазақстан" шахтасындағы апат туралы тың дерек айтты. Айтуынша, шахта астындағы оттегі көлемі бес-ақ сағатқа жететіндей болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. "Түтінді атмосферада ауа қоры болды, бірақ оның көлемі шахтерлардың әрекетіне байланысты. Техникалық сипаттамаларға сәйкес, ондағы ауа мөлшері жүрсе – бір сағатқа, отырса – 5 сағатқа жететіндей еді", - дейді Сергей Огай. Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басин өрттің неден шыққан дәл қазір дөп басып айту қиын екенін атап өтті. "Өрттің себебі – қазір мұнымен айналысатын мүмкіндік жоқ. Бірінші кезекте адамдарды тауып, құтқаруымыз керек, екінші кезеңде, тексеруді бастау үшін - өртті өшіруіміз керек. Сондықтан, бірдеңе деп айту қиын", - дейді ол. Жалпы, аталған "Қазақстан" шахтасында тексеріс соңғы рет былтыр қараша-желтоқсан айларында жүргізілген. Ол кезде 168 заңбұзушылық анықталып, заңды тұлғаға айыппұл салынған. Сонымен қатар спикерлер АМТ басшылығының кінәсін сот анықтайтынын жеткізді. Еске сала кетейік, 17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенді. Өрт кезде жер астында 227 адам болғаны, олардың 222-сі жер бетіне шығарылып, бесеуінің іздестіріліп жатқаны белгілі болды. Кейін іздестіріліп жатқан бес жұмысшының бірінің денесі табылғаны хабарланды. "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының мәліметінше, ол 57 жастағы электрик Виталий Владимирович Слюнков. Марқұмның еңбек өтілі – 39 жыл. 18 тамызда АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директорының орынбасары Сергей Огай "Қазақстан" шахтасында төтенше жағдай кезінде қаза тапқан тағы бір жұмысшының денесі табылғанын хабарлады. Сондай-ақ өрттен зардап шеккендердің саны 13 адамға дейін өскені, Мақажанов атындағы ауруханаға зардап шеккен тоғыз кеншінің жеткізілгені айтылды. Шахтадағы өртке байланысты Қылмыстық-кодекстің 277-бабының 3-бөлігі (Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Бұдан бөлек мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан" шахтасында болған өртке байланысты үкіметке және Қарағанды облысының әкімдігіне апат себептеріне жан-жақты тергеу жүргізу, сонымен қатар зардап шеккендерге қажет барлық көмекті көрсету жөнінде тапсырма берді. Ал үкіметке осы кәсіпорынға иелік ететін шетелдік компаниямен жұмысшылардың қауіпсіздігін мүлтіксіз қамтамасыз ету жөнінде келіссөздер жүргізу тапсырылды.
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директорының орынбасары Сергей Огай брифингте "Қазақстан" шахтасындағы апат туралы тың дерек айтты. Айтуынша, шахта астындағы оттегі көлемі бес-ақ сағатқа жететіндей болған, деп хабарлайды тілшісі. "Түтінді атмосферада ауа қоры болды, бірақ оның көлемі шахтерлардың әрекетіне байланысты. Техникалық сипаттамаларға сәйкес, ондағы ауа мөлшері жүрсе – бір сағатқа, отырса – 5 сағатқа жететіндей еді", - дейді Сергей Огай. Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басин өрттің неден шыққан дәл қазір дөп басып айту қиын екенін атап өтті. "Өрттің себебі – қазір мұнымен айналысатын мүмкіндік жоқ. Бірінші кезекте адамдарды тауып, құтқаруымыз керек, екінші кезеңде, тексеруді бастау үшін - өртті өшіруіміз керек. Сондықтан, бірдеңе деп айту қиын", - дейді ол. Жалпы, аталған "Қазақстан" шахтасында тексеріс соңғы рет былтыр қараша-желтоқсан айларында жүргізілген. Ол кезде 168 заңбұзушылық анықталып, заңды тұлғаға айыппұл салынған. Сонымен қатар спикерлер АМТ басшылығының кінәсін сот анықтайтынын жеткізді. Еске сала кетейік, 17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенді. Өрт кезде жер астында 227 адам болғаны, олардың 222-сі жер бетіне шығарылып, бесеуінің іздестіріліп жатқаны белгілі болды. Кейін іздестіріліп жатқан бес жұмысшының бірінің денесі табылғаны хабарланды. "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының мәліметінше, ол 57 жастағы электрик Виталий Владимирович Слюнков. Марқұмның еңбек өтілі – 39 жыл. 18 тамызда АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директорының орынбасары Сергей Огай "Қазақстан" шахтасында төтенше жағдай кезінде қаза тапқан тағы бір жұмысшының денесі табылғанын хабарлады. Сондай-ақ өрттен зардап шеккендердің саны 13 адамға дейін өскені, Мақажанов атындағы ауруханаға зардап шеккен тоғыз кеншінің жеткізілгені айтылды. Шахтадағы өртке байланысты Қылмыстық-кодекстің 277-бабының 3-бөлігі (Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Бұдан бөлек мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан" шахтасында болған өртке байланысты үкіметке және Қарағанды облысының әкімдігіне апат себептеріне жан-жақты тергеу жүргізу, сонымен қатар зардап шеккендерге қажет барлық көмекті көрсету жөнінде тапсырма берді.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2033031-qazaqstan-saxtasyndagy-apat-saxta-astyndagy-ottegi-kolemi-bes-aq-sagatqa-zetetindei-bolgan/
18 тамыз 2023, 13:54
kk
"Донорды 7 жыл күттім": Алматыда жүрегіне трансплантация жасалған жас жігіт қазіргі жағдайы туралы айтты
Шілде айында Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ғылым-зерттеу институтында алғаш рет жүрек трансплантациясы жасалып, 23 жастағы жігітке донорлық жүрек салынған болатын. Араға бір айға жуық уақыт салып, пациент өзінің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды медициналық мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. Жүрек трансплантациясы 23 жастағы науқас - Даниярға жасалған. Ол кішкентай күнінен жүрек ауруынан зардап шеккен. Айтуынша, донорды 7 жыл бойы күткен. Оған 53 жастағы алматылық әйелдің жүрегі салынған. "Қазір өзімді қалыпты сезінемін. Күн сайын жағдайым жақсарып келеді. Жаңа жүрекпен өзімді әдеттегідей сезінемін – ешқандай өзгешелік жоқ. Күту тізімінде мен 2016 жылдан бері тұрдым және донорды 7 жыл күттім", - дейді ол. Данияр операцияға дейін физикалық белсенділікті көтере алмағанын айтады, ал толық қалпына келіп алған соң жұмысын өзгертіп, тіпті фитнес-залға баруды жоспарлап отырғанын жеткізді. "Арнайы жоспарым жоқ. Бірінші жылы толық қалпына келгім келеді, фитнес-залға барып, денемді шынықтырамын. Сондай-ақ жұмысымды өзгерткім келеді, бірақ мен нақты не істегім келетінін әлі шешкен жоқпын", - дейді Данияр. Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Рүстем Төлеутаевтың айтуынша, реципиент қан тобына, дене салмағының индексіне, бойына қарай таңдалады. Донордың салмағы реципиенттің салмағынан 30 пайыздан аспауы тиіс. Жүрек доноры 60 жастан аспауы керек. Өйткені мұндай жүректің кардиопатия мен жүрек жарақаты жоқ, қалыпты ЭКГ және ЭХОКГ бар қалпына келтіру үшін жеткілікті резерві бар. "Қазір Данияр ауруханадан шықты, үйінде. Біз онымен күнделікті байланыстамыз. Трансплантациядан кейін пациентті бақылауда ұстау екі фазадан тұрады: ерте индукция және ұзақмерзімді қолдау жүргізу. Оң жақ қарыншаның эндомиокардиалды биопсиясы алынды, бұл – трансплантты қабылдамау диагнозын анықтау үшін аса қажет стандарт. Ағзаны қабылдамау диагнозының алдын алу мақсатында иммуносупрессивті терапия жүргізіледі. Даниярдың жағдайы жақсы", - дейді дәрігер.
Шілде айында Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ғылым-зерттеу институтында алғаш рет жүрек трансплантациясы жасалып, 23 жастағы жігітке донорлық жүрек салынған болатын. Араға бір айға жуық уақыт салып, пациент өзінің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды медициналық мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған . Жүрек трансплантациясы 23 жастағы науқас - Даниярға жасалған. Ол кішкентай күнінен жүрек ауруынан зардап шеккен. Айтуынша, донорды 7 жыл бойы күткен. Оған 53 жастағы алматылық әйелдің жүрегі салынған. "Қазір өзімді қалыпты сезінемін. Күн сайын жағдайым жақсарып келеді. Жаңа жүрекпен өзімді әдеттегідей сезінемін – ешқандай өзгешелік жоқ. Күту тізімінде мен 2016 жылдан бері тұрдым және донорды 7 жыл күттім", - дейді ол. Данияр операцияға дейін физикалық белсенділікті көтере алмағанын айтады, ал толық қалпына келіп алған соң жұмысын өзгертіп, тіпті фитнес-залға баруды жоспарлап отырғанын жеткізді. "Арнайы жоспарым жоқ. Бірінші жылы толық қалпына келгім келеді, фитнес-залға барып, денемді шынықтырамын. Сондай-ақ жұмысымды өзгерткім келеді, бірақ мен нақты не істегім келетінін әлі шешкен жоқпын", - дейді Данияр. Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Рүстем Төлеутаевтың айтуынша, реципиент қан тобына, дене салмағының индексіне, бойына қарай таңдалады. Донордың салмағы реципиенттің салмағынан 30 пайыздан аспауы тиіс. Жүрек доноры 60 жастан аспауы керек. Өйткені мұндай жүректің кардиопатия мен жүрек жарақаты жоқ, қалыпты ЭКГ және ЭХОКГ бар қалпына келтіру үшін жеткілікті резерві бар. "Қазір Данияр ауруханадан шықты, үйінде. Біз онымен күнделікті байланыстамыз. Трансплантациядан кейін пациентті бақылауда ұстау екі фазадан тұрады: ерте индукция және ұзақмерзімді қолдау жүргізу. Оң жақ қарыншаның эндомиокардиалды биопсиясы алынды, бұл – трансплантты қабылдамау диагнозын анықтау үшін аса қажет стандарт. Ағзаны қабылдамау диагнозының алдын алу мақсатында иммуносупрессивті терапия жүргізіледі.
Денсаулық
false
https://kaz.nur.kz/health/2033016-donordy-7-zyl-kuttim-almatyda-zuregine-transplantaciya-zasalgan-zas-zigit-qazirgi-zagdaiy-turaly-aitty/
18 тамыз 2023, 13:30
kk
Тоқаев сел тасқынынан қорғайтын "Аюсай" бөгетіне барды (фото)
Алматы қаласына жұмыс сапарымен келген президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 1 маусымда пайдалануға берілген сел тасқынынан қорғайтын "Аюсай" бөгетімен танысты. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. "Аюсай" бөгеті Үлкен Алматы өзенінің бассейнінде орналасқан. Оның жоғары жағында сел қаупі бар 98 учаске, 89 мұздық, 20 мореналық және мұзды көл бар. Бөгет сел жүру қаупін барынша азайтып, 500 мыңнан астам халық пен 2 мыңға жуық нысанның табиғат апатынан қорғалуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ еліміздің биік таулы аймақтарында 970 мореналық көл бар. Оның ішінде 156 көлде сел жүру қаупі жоғары. Мемлекет басшысы қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін селден қорғау шараларын жүргізу маңызды екенін атап өтті. Бұл ретте президент Төтенше жағдайлар министрлігі, Алматы қаласы әкімдігі және "Қазселденқорғау" мекемесі өзара тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуі қажет екенін айтты. Бұдан бөлек "Аюсай" бөгетінде Қасым-Жомарт Тоқаевқа пилоттық жоба аясында орнатылған 31 цифрлық гидробекет таныстырылды. Бұл қондырғылар судың жылдамдығына, температурасына, лайлылығына және басқа да көрсеткіштерге онлайн-режимде мониторинг жүргізеді. Мұндай технологиялар келешекте еліміздің жеті таулы аймағында қолданысқа енгізіледі. Гидробекеттердегі мәлімет ТЖМ Дағдарыс жағдайын басқару орталығының бірыңғай ақпараттық жүйесімен интеграцияланатын барлық ғылыми ұйым мен салалық ведомстволарға қолжетімді болады. Сонымен қатар Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов президентке селдің алдын алу жұмыстары туралы баяндады.
Алматы қаласына жұмыс сапарымен келген президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 1 маусымда пайдалануға берілген сел тасқынынан қорғайтын "Аюсай" бөгетімен танысты. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. "Аюсай" бөгеті Үлкен Алматы өзенінің бассейнінде орналасқан. Оның жоғары жағында сел қаупі бар 98 учаске, 89 мұздық, 20 мореналық және мұзды көл бар. Бөгет сел жүру қаупін барынша азайтып, 500 мыңнан астам халық пен 2 мыңға жуық нысанның табиғат апатынан қорғалуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ еліміздің биік таулы аймақтарында 970 мореналық көл бар. Оның ішінде 156 көлде сел жүру қаупі жоғары. Мемлекет басшысы қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін селден қорғау шараларын жүргізу маңызды екенін атап өтті. Бұл ретте президент Төтенше жағдайлар министрлігі, Алматы қаласы әкімдігі және "Қазселденқорғау" мекемесі өзара тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуі қажет екенін айтты. Бұдан бөлек "Аюсай" бөгетінде Қасым-Жомарт Тоқаевқа пилоттық жоба аясында орнатылған 31 цифрлық гидробекет таныстырылды. Бұл қондырғылар судың жылдамдығына, температурасына, лайлылығына және басқа да көрсеткіштерге онлайн-режимде мониторинг жүргізеді. Мұндай технологиялар келешекте еліміздің жеті таулы аймағында қолданысқа енгізіледі. Гидробекеттердегі мәлімет ТЖМ Дағдарыс жағдайын басқару орталығының бірыңғай ақпараттық жүйесімен интеграцияланатын барлық ғылыми ұйым мен салалық ведомстволарға қолжетімді болады.
Саясат және экономика
false
https://kaz.nur.kz/politics/2033023-toqaev-sel-tasqynynan-qorgaityn-ayusai-bogetine-bardy/
18 тамыз 2023, 12:54
kk
"Үш айда әрең қойдым": отандық актриса кинодағы рөлі үшін темекі шегіп үйренгенін ашып айтты
Актриса Лаура Мырзахметова отандық "Бақыт" фильмінде басты рөлде ойнаған. Өнер иесі "Әйел энергиясы" бағдарламасында түсірілім барысында темекі шегіп үйренгенін ашып айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Шын өмірде темекі тартпаймын. Маған режиссер кастингтен өткеннен кейін "Темекі шегесің бе?" деп сұрады. Жоқ десем, "Қазірден баста. Сен кадрде бірнеше жыл тәжірибесі бар адам секілді, 2-3 тартып темекіні тауысуың керек" деді. Сонымен не істеймін? Үйге кеп, темекі шегіп тұрсам, күйеуім "Сенікі жай ма?" дейді. Маған темекі шегуді тапсырды десем, жұбайым "Сонда іш десе, ішесің бе?" деді. Енді менің мамандығым сол ғой. Мен темекі шектім, Ерболат Әлқожа ішті. Фильмде бар жаныңды салып ойнап жатқанда, түрің келмесе қалай болады?", - деді ағынан жарылған актриса. Сонымен қатар Лаура Мырзахметова түсірілім біткеннен кейін темекіні қою өте қиын болғанын айтты. "Кейін темекіні қою өте қиын болды. Үш айға дейін қоя алмай қиналдым. Мен театрда жұмыс істеймін. Ол жерде бағыт басқа, көзқарас басқа. Менде темекіге деген тәуелділік басталды. Үш айда әрең қойдым", - деді Лаура Мырзахметова. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін аталмыш фильмнің басты рөлін ойнаған Ерболат Әлқожа түсірілім барысында миы шайқалып, гематома пайда болғанын және кинодан кейін бір жылдай образдан шыға алмай жүргенін ашып айтты.
Актриса Лаура Мырзахметова отандық "Бақыт" фильмінде басты рөлде ойнаған. Өнер иесі "Әйел энергиясы" бағдарламасында түсірілім барысында темекі шегіп үйренгенін ашып айтты, деп жазады . "Шын өмірде темекі тартпаймын. Маған режиссер кастингтен өткеннен кейін "Темекі шегесің бе?" деп сұрады. Жоқ десем, "Қазірден баста. Сен кадрде бірнеше жыл тәжірибесі бар адам секілді, 2-3 тартып темекіні тауысуың керек" деді. Сонымен не істеймін? Үйге кеп, темекі шегіп тұрсам, күйеуім "Сенікі жай ма?" дейді. Маған темекі шегуді тапсырды десем, жұбайым "Сонда іш десе, ішесің бе?" деді. Енді менің мамандығым сол ғой. Мен темекі шектім, Ерболат Әлқожа ішті. Фильмде бар жаныңды салып ойнап жатқанда, түрің келмесе қалай болады?", - деді ағынан жарылған актриса. Сонымен қатар Лаура Мырзахметова түсірілім біткеннен кейін темекіні қою өте қиын болғанын айтты. "Кейін темекіні қою өте қиын болды. Үш айға дейін қоя алмай қиналдым. Мен театрда жұмыс істеймін. Ол жерде бағыт басқа, көзқарас басқа. Менде темекіге деген тәуелділік басталды. Үш айда әрең қойдым", - деді Лаура Мырзахметова.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2032998-us-aida-aren-qoidym-otandyq-aktrisa-kinodagy-roli-usin-temeki-segip-uirengenin-asyp-aitty/
18 тамыз 2023, 12:34
kk
Жетісу облысында жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты
Жетісу облысында жедел жәрдем көлігі жүк көлігіне соқтығысып, салдарынан жүргізуші мен фельдшер қайтыс болды. Бұл туралы Telegram-дағы Polisiа.kz жаңалықтар арнасы хабарлады. Полиция мәліметінше, жол апаты Ақсу ауданында жергілікті маңызы бар Көлтаба - Матай тасжолында болған. Белгілі болғандай жедел жәрдем көлігі мен "Урал" жүк көлігі соқтығысқан. "Жол-көлік оқиғасына жедел жәрдем көлігінің 57 жастағы жүргізушісі кінәлі екені анықталды, ол рөлді басқара алмай, жол бойында тұрған жүк көлігіне соқтығысқан. ЖКО салдарынан жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі мен 54 жастағы жергілікті фельдшер оқиға орнында көз жұмды", - делінген хабарламда. Полиция бұл факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті.
Жетісу облысында жедел жәрдем көлігі жүк көлігіне соқтығысып, салдарынан жүргізуші мен фельдшер қайтыс болды. Бұл туралы Telegram-дағы жаңалықтар арнасы хабарлады. Полиция мәліметінше, жол апаты Ақсу ауданында жергілікті маңызы бар Көлтаба - Матай тасжолында болған. Белгілі болғандай жедел жәрдем көлігі мен "Урал" жүк көлігі соқтығысқан. "Жол-көлік оқиғасына жедел жәрдем көлігінің 57 жастағы жүргізушісі кінәлі екені анықталды, ол рөлді басқара алмай, жол бойында тұрған жүк көлігіне соқтығысқан. ЖКО салдарынан жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі мен 54 жастағы жергілікті фельдшер оқиға орнында көз жұмды", - делінген хабарламда.
Оқыс оқиғалар
false
https://kaz.nur.kz/accidents/2033019-zetisu-oblysynda-zedel-zardem-koligi-apatqa-usyrap-eki-adam-qaza-tapty/
18 тамыз 2023, 12:21
kk
Kazakhmys Energy ЖШС бас директоры мен Ұлытау облысының әкімі Жезқазғанда бу-газ қондырғысын салуды көздейтін меморандумға қол қойды
Жезқазған қаласында Kazakhmys Energy ЖШС бас директоры Темірлан Өтегенов пен Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы Жезқазған ЖЭО алаңында қуаты ≈ 100 МВт бу-газ қондырғысын (БГҚ) салу жөніндегі жобаны іске асыру туралы меморандумға қол қойды. Сондай-ақ Темірлан Өтегенов Sinohydro Қазақстандағы өкілі Ли Тенгпен және оңтүстік-шығыс және Орталық Азиядағы Sepco корпорациясының бас директоры Уанг Гуанжонгпен БГҚ салу және қондырғының жобалық құжаттамасын дайындау туралы шарттарға қол қойды. Бұл жобаны іске асыру бойынша негізгі әріптес ҚХР Sinohydro Corporation Limited (power China концернінің құрамына кіретін) компаниясы болады. Жобаны іске асыру мерзімі-2023-2026 жылдар. Айта кету керек, бұл ауқымды жоба жалпы өңірдің дамуына оң әсер етеді дер күтілуде. Мәселен, БГҚ объектілерін іске асыру және кейіннен пайдалану кезеңінде жаңа жұмыс орындары құрылады. Пайдалану басталғаннан кейін қондырғы Жезқазған энергия торабының электр жүктемесінің тапшылығын 104 МВт-қа дейін қамтамасыз етеді, өз кезегінде бұл қосымша маневрлік қуат күшін қосуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, жобаны енгізу облыс бюджетіне қосымша түсімдерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ халықаралық инвесторларды тарту бойынша мүмкіндіктерді кеңейтеді. Сонымен қатар жаңа жобаны іске қосу қосымша қуатты өндіру кезінде табиғи газдың жанып кету себебінен экологиялық жағдайдың жақсаруына оң әсер етеді деп болжануда. Жобаның жалпы құны шамамен 80 миллиард теңгені құрайды.
Жезқазған қаласында Kazakhmys Energy ЖШС бас директоры Темірлан Өтегенов пен Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы Жезқазған ЖЭО алаңында қуаты ≈ 100 МВт бу-газ қондырғысын (БГҚ) салу жөніндегі жобаны іске асыру туралы меморандумға қол қойды. Сондай-ақ Темірлан Өтегенов Sinohydro Қазақстандағы өкілі Ли Тенгпен және оңтүстік-шығыс және Орталық Азиядағы Sepco корпорациясының бас директоры Уанг Гуанжонгпен БГҚ салу және қондырғының жобалық құжаттамасын дайындау туралы шарттарға қол қойды. Бұл жобаны іске асыру бойынша негізгі әріптес ҚХР Sinohydro Corporation Limited (power China концернінің құрамына кіретін) компаниясы болады. Жобаны іске асыру мерзімі-2023-2026 жылдар. Айта кету керек, бұл ауқымды жоба жалпы өңірдің дамуына оң әсер етеді дер күтілуде. Мәселен, БГҚ объектілерін іске асыру және кейіннен пайдалану кезеңінде жаңа жұмыс орындары құрылады. Пайдалану басталғаннан кейін қондырғы Жезқазған энергия торабының электр жүктемесінің тапшылығын 104 МВт-қа дейін қамтамасыз етеді, өз кезегінде бұл қосымша маневрлік қуат күшін қосуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, жобаны енгізу облыс бюджетіне қосымша түсімдерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ халықаралық инвесторларды тарту бойынша мүмкіндіктерді кеңейтеді. Сонымен қатар жаңа жобаны іске қосу қосымша қуатты өндіру кезінде табиғи газдың жанып кету себебінен экологиялық жағдайдың жақсаруына оң әсер етеді деп болжануда.
Саясат және экономика
false
https://kaz.nur.kz/politics/2032974-kazakhmys-energy-zss-bas-direktory-men-ulytau-oblysynyn-akimi-zezqazgand-bu-gaz-qondyrgysyn-saludy-kozdeitin-memorandumga-qol-qoidy/
18 тамыз 2023, 11:56
kk
Елена Рыбакина Цинциннати турниріндегі матчты жалғастырудан бас тартты
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Цинциннатиде (АҚШ) өтіп жатқан турнирді одан әрі жалғастыра алмады. Ол 1/8 финалда италиялық қарсыласы Жасмин Паолиниге қарсы ойнаған еді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sports.kz-ке сілтеме жасап. Матчтың алғашқы сеті 6:2 есебімен Рыбакинаның пайдасына аяқталған, алайда екінші сетте қазақстандық спортшы иық жарақаты салдарынан 2:5 есебімен ойынды аяқтауға мәжбүр болған. Осылайша, Елена Рыбакина турнирдегі ойынды аяқтады, ал Жасмин Паолини ширек финалға шықты. Еске салсақ, Цинциннатидағы турнирдің сыйақы қоры биыл 2 788 468 долларға тең. Турнирдің қазіргі чемпионы - франциялық Каролин Гарсия. Ол былтырғы финалда Чехиядан келген Петра Квитованың жеңген болатын (6:2, 6:4 есебімен).
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Цинциннатиде (АҚШ) өтіп жатқан турнирді одан әрі жалғастыра алмады. Ол 1/8 финалда италиялық қарсыласы Жасмин Паолиниге қарсы ойнаған еді, деп хабарлайды сілтеме жасап. Матчтың алғашқы сеті 6:2 есебімен Рыбакинаның пайдасына аяқталған, алайда екінші сетте қазақстандық спортшы иық жарақаты салдарынан 2:5 есебімен ойынды аяқтауға мәжбүр болған. Осылайша, Елена Рыбакина турнирдегі ойынды аяқтады, ал Жасмин Паолини ширек финалға шықты. Еске салсақ, Цинциннатидағы турнирдің сыйақы қоры биыл 2 788 468 долларға тең. Турнирдің қазіргі чемпионы - франциялық Каролин Гарсия.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2033007-elena-rybakina-cincinnati-turnirindegi-matcty-zalgastyrudan-bas-tartty/
18 тамыз 2023, 11:53
kk
"Ешкім тірі қалмады": Малайзияда ұшақ апатқа ұшырады (фото)
Бейсенбі, 17 тамызда Малайзия астанасы Куала-Лумпур маңында чартерлік ұшақ апатқа ұшырады. Қазіргі уақытта 10 адамның қаза тапқаны белгілі, деп хабарлайды CNN. Малайзия азаматтық авиация басқармасының хабарлауынша, бортында алты жолаушы мен екі экипаж мүшесі бар ұшақ Лангкави халықаралық әуежайынан ұшып шығып, Сұлтан Абдул Азиз Шах әуежайына бет алған. "Ұшқыштар ұшақ басқару мұнарасымен алғаш рет сағат 14:47-де хабарласқан (ред. - Астана уақытымен сағат 12:27-де), қонуға рұқсат сағат 14:48-де берілген. Жергілікті уақыт бойынша сағат 14:51-де диспетчерлік мұнара апат орнынан түтін шыққанын байқады, бірақ ұшақ апаттық сигнал бермеген", - делінген хабарламада. Жергілікті полицияның мәліметінше, ұшақ жеңіл көлік пен мотоциклге соқтығысқан. Көлікте және мотоциклде бір адамнан болған. "Сот-медициналық сарапшылар марқұмдардың денесін жинауда, оларды зерттеу үшін ауруханаға апарады", - дейді полиция басшысы Хусейн Омар Хан. Бұл ретте көлік министрі Энтони Локк тергеу жүріп жатқанын айтты. "Ұшақ апатынан ешкім аман қалмады", - дейді ол баспасөз мәслихатында. Еске салсақ, биыл Непалда 72 адам мінген ұшақ апатқа ұшыраған болатын.
Бейсенбі, 17 тамызда Малайзия астанасы Куала-Лумпур маңында чартерлік ұшақ апатқа ұшырады. Қазіргі уақытта 10 адамның қаза тапқаны белгілі, деп хабарлайды CNN. Малайзия азаматтық авиация басқармасының хабарлауынша, бортында алты жолаушы мен екі экипаж мүшесі бар ұшақ Лангкави халықаралық әуежайынан ұшып шығып, Сұлтан Абдул Азиз Шах әуежайына бет алған. "Ұшқыштар ұшақ басқару мұнарасымен алғаш рет сағат 14:47-де хабарласқан (ред. - Астана уақытымен сағат 12:27-де), қонуға рұқсат сағат 14:48-де берілген. Жергілікті уақыт бойынша сағат 14:51-де диспетчерлік мұнара апат орнынан түтін шыққанын байқады, бірақ ұшақ апаттық сигнал бермеген", - делінген хабарламада. Жергілікті полицияның мәліметінше, ұшақ жеңіл көлік пен мотоциклге соқтығысқан. Көлікте және мотоциклде бір адамнан болған. "Сот-медициналық сарапшылар марқұмдардың денесін жинауда, оларды зерттеу үшін ауруханаға апарады", - дейді полиция басшысы Хусейн Омар Хан. Бұл ретте көлік министрі Энтони Локк тергеу жүріп жатқанын айтты. "Ұшақ апатынан ешкім аман қалмады", - дейді ол баспасөз мәслихатында.
Әлемде
false
https://kaz.nur.kz/world/2032995-eskim-tiri-qalmady-malaiziyada-usaq-apatqa-usyrady-foto/
18 тамыз 2023, 11:16
kk
"Көре алмай жатыр деп ойладым": Құралай ханым дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаевадан кешірім сұрады
Дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева белгілі психолог, коуч Құралай ханым лақап есімімен танымал Құралай Ошақбаеваға қыз-келіншектерді адастырды деп айып таққан болатын. Құралай ханым "Алғашқы" бағдарламасында осы оқиғаға қатысты ашып айтып, дәстүрлі әншіден кешірім сұрады, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Бұл өзі екі жылға созылды ғой. Алғашында қабылдай алмадым. Мен тазамын, адалмын, елге берерім бар, менде қателік болмау керек деген пенделікпен қабылдай алмадым. Мені көре алмай жатыр деп ойладым. Кейін "Менде де бар екен ғой" деген түсінік келді. Сосын жасап жүрген нәрсемнен өзім ұялып кеттім. Айгүл Елшібаева маған көп көмек берді. Мен тоқсанға келіп, әлі адасып жүрер ме едім? Менің жаныма, рухыма көп көмек берді, есімді жиюға себеп болды. Ертең құда-жекжатым, қыздарым, немерелерім өскенде ұят қой. Етек-жеңімді жинап, көп қателігімді түсіндім. Меккеге барып келгенде Айгүлге рахметімді айттым. Адасып, сол қалпымда өліп қалсам, Құдайдың алдына не деп барамын? Ол кісіге хат та жаздым, шынымен ризамын", - деді Құралай ханым. Сонымен қатар Құралай ханым осы оқиғаға қатысты талай ұйқысыз түн өткізіп, көзі жасқа толғанын да ашып айтты. "Қанша түндер, ұйқысыз таңдарым атты. Өте қатты қиналдым. Соңғы рет денсаулығым құртыла бастады. Осы кезде жолдасым қатты қолдады. Бір жағынан осы жағдайдан кейін кімнің кім екенін байқадым. Жанымда отбасым, балаларым, бірнеше досым ғана қалды. Қатты құладым. Сол кезде маған түсінік келді. Өзімді әрең жинап алдым. Әлеуметтік желідегі жазбаны жариялау үшін маған екі жыл керек болды. "Кілемді шаңын шығару үшін ұрамыз ғой" сол секілді мені жақсылап тұрып тәрбиеледі. Жиырма жыл оқысам да, Айгүлден алғандай сабақ алмаппын. Жолдасымның әрдайым "Сенің ниетің дұрыс. Мен бармын ғой" деген қолдауы, маған сенгені көп көмек берді. Бетпе-бет кездесуден қашпаймын. Тіпті жазбамда "Астыңызға ат мінгіземін" деп айтқан болатынмын. Осы сәтті пайдаланып ол кісіден кешірім сұраймын. Өзімнің қырсық-қыңыр мінезіммен, көрсеқызарлығыммен, өте төмен, лас адам болып, мазасын алғаныма кешірім сұраймын", - деді коуч. Айта кетейік, осыған дейін дәстүрлі әнші, еліміздегі жыраулар мектебін жалғастырушы Айгүл Елшібаева халық арасында өзін психолог ретінде таныстырып, түрлі тренингтер өткізіп, "Құралай ханым" атымен танылған Құралай Ошақбаеваны әлеуметтік желіде ашық түрде сынап келеді. Айгүл Елшібаева KAZ.NUR.KZ тілшісіне арнайы сұхбат беріп, Құралай Ошақбаеваны "жалған психолог" деп атаған болатын.
Дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева белгілі психолог, коуч Құралай ханым лақап есімімен танымал Құралай Ошақбаеваға қыз-келіншектерді адастырды деп айып таққан болатын. Құралай ханым "Алғашқы" бағдарламасында осы оқиғаға қатысты ашып айтып, дәстүрлі әншіден кешірім сұрады, деп жазады . "Бұл өзі екі жылға созылды ғой. Алғашында қабылдай алмадым. Мен тазамын, адалмын, елге берерім бар, менде қателік болмау керек деген пенделікпен қабылдай алмадым. Мені көре алмай жатыр деп ойладым. Кейін "Менде де бар екен ғой" деген түсінік келді. Сосын жасап жүрген нәрсемнен өзім ұялып кеттім. Айгүл Елшібаева маған көп көмек берді. Мен тоқсанға келіп, әлі адасып жүрер ме едім? Менің жаныма, рухыма көп көмек берді, есімді жиюға себеп болды. Ертең құда-жекжатым, қыздарым, немерелерім өскенде ұят қой. Етек-жеңімді жинап, көп қателігімді түсіндім. Меккеге барып келгенде Айгүлге рахметімді айттым. Адасып, сол қалпымда өліп қалсам, Құдайдың алдына не деп барамын? Ол кісіге хат та жаздым, шынымен ризамын", - деді Құралай ханым. Сонымен қатар Құралай ханым осы оқиғаға қатысты талай ұйқысыз түн өткізіп, көзі жасқа толғанын да ашып айтты. "Қанша түндер, ұйқысыз таңдарым атты. Өте қатты қиналдым. Соңғы рет денсаулығым құртыла бастады. Осы кезде жолдасым қатты қолдады. Бір жағынан осы жағдайдан кейін кімнің кім екенін байқадым. Жанымда отбасым, балаларым, бірнеше досым ғана қалды. Қатты құладым. Сол кезде маған түсінік келді. Өзімді әрең жинап алдым. Әлеуметтік желідегі жазбаны жариялау үшін маған екі жыл керек болды. "Кілемді шаңын шығару үшін ұрамыз ғой" сол секілді мені жақсылап тұрып тәрбиеледі. Жиырма жыл оқысам да, Айгүлден алғандай сабақ алмаппын. Жолдасымның әрдайым "Сенің ниетің дұрыс. Мен бармын ғой" деген қолдауы, маған сенгені көп көмек берді. Бетпе-бет кездесуден қашпаймын. Тіпті жазбамда "Астыңызға ат мінгіземін" деп айтқан болатынмын. Осы сәтті пайдаланып ол кісіден кешірім сұраймын. Өзімнің қырсық-қыңыр мінезіммен, көрсеқызарлығыммен, өте төмен, лас адам болып, мазасын алғаныма кешірім сұраймын", - деді коуч. Айта кетейік, осыған дейін дәстүрлі әнші, еліміздегі жыраулар мектебін жалғастырушы Айгүл Елшібаева халық арасында өзін психолог ретінде таныстырып, түрлі тренингтер өткізіп, "Құралай ханым" атымен танылған Құралай Ошақбаеваны әлеуметтік желіде ашық түрде сынап келеді.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2032999-kore-almai-zatyr-dep-oiladym-quralai-xanym-dasturli-ansi-aigul-elsibaevadan-kesirim-surady/
18 тамыз 2023, 11:09
kk
"Есеп айырысатын кез келді": депутаттар "Арселор Миттал Теміртау" басшылығын жазалауды талап етті
Мәжіліс депутаттары, Amanat партиясы фракциясының мүшелері Ерлан Саиров пен Құдайберген Бексұлтанов "Арселор Миттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасындағы апатқа қатысты бірлескен мәлімдеме жасады. Олар компания басшылығын қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Депутаттардың айтуынша, көмір шахталарындағы жабдықтардың жай-күйі, сондай-ақ өндірісте еңбек ететін жұмысшылардың бей-берекет қысқартылуы осындай қайғылы оқиғаның орын алуына себеп болып отыр. "Бұған дейін Amanat партиясының депутаттары қаражат үнемдеп, отандастарымыздың өліміне әкеп соқтырарлық шешім қабылдайтын компанияның топ-менеджментін – шетелдік азаматтарын қылмыстық жауапқа тартуды талап еткен еді. Бірнеше ескертуге қарамастан, трансұлттық компанияның басшысы, Миттал мырза отандастарымыз апатқа ұшырамауы, жарақаттанбауы және қаза таппауы үшін тиісті шара қабылдауға мүлдем тырыспады. Біз бұл сөзімізді үкіметке қарата айтып отырмыз: есеп айырысатын кез келді – Миттал мырзамен жолымыз бір емес! Онымен қоштасатын уақыт келді!", – делінген мәлімдемеде. Бұл ретте халық қалаулылары Бас прокурорға жүгініп, "Арселор Миттал Теміртау" АҚ басшылығын жауапқа тартуды талап етті. Еске сала кетейік, 17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенді. Өрт кезде жер астында 227 адам болғаны, олардың 222-сі жер бетіне шығарылып, бесеуінің іздестіріліп жатқаны белгілі болды. Кейін іздестіріліп жатқан бес жұмысшының бірінің денесі табылғаны хабарланды. "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының мәліметінше, ол 57 жастағы электрик Виталий Владимирович Слюнков. Марқұмның еңбек өтілі – 39 жыл. 18 тамызда АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директорының орынбасары Сергей Огай "Қазақстан" шахтасында төтенше жағдай кезінде қаза тапқан тағы бір жұмысшының денесі табылғанын хабарлады. Сондай-ақ өрттен зардап шеккендердің саны 13 адамға дейін өскені, Мақажанов атындағы ауруханаға зардап шеккен тоғыз кеншінің жеткізілгені айтылды. Шахтадағы өртке байланысты Қылмыстық-кодекстің 277-бабының 3-бөлігі (Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Бұдан бөлек мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан" шахтасында болған өртке байланысты үкіметке және Қарағанды облысының әкімдігіне апат себептеріне жан-жақты тергеу жүргізу, сонымен қатар зардап шеккендерге қажет барлық көмекті көрсету жөнінде тапсырма берді. Ал үкіметке осы кәсіпорынға иелік ететін шетелдік компаниямен жұмысшылардың қауіпсіздігін мүлтіксіз қамтамасыз ету жөнінде келіссөздер жүргізу тапсырылды.
Мәжіліс депутаттары, Amanat партиясы фракциясының мүшелері Ерлан Саиров пен Құдайберген Бексұлтанов "Арселор Миттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасындағы апатқа қатысты бірлескен мәлімдеме жасады. Олар компания басшылығын қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етті, деп хабарлайды . Депутаттардың айтуынша, көмір шахталарындағы жабдықтардың жай-күйі, сондай-ақ өндірісте еңбек ететін жұмысшылардың бей-берекет қысқартылуы осындай қайғылы оқиғаның орын алуына себеп болып отыр. "Бұған дейін Amanat партиясының депутаттары қаражат үнемдеп, отандастарымыздың өліміне әкеп соқтырарлық шешім қабылдайтын компанияның топ-менеджментін – шетелдік азаматтарын қылмыстық жауапқа тартуды талап еткен еді. Бірнеше ескертуге қарамастан, трансұлттық компанияның басшысы, Миттал мырза отандастарымыз апатқа ұшырамауы, жарақаттанбауы және қаза таппауы үшін тиісті шара қабылдауға мүлдем тырыспады. Біз бұл сөзімізді үкіметке қарата айтып отырмыз: есеп айырысатын кез келді – Миттал мырзамен жолымыз бір емес! Онымен қоштасатын уақыт келді!", – делінген мәлімдемеде. Бұл ретте халық қалаулылары Бас прокурорға жүгініп, "Арселор Миттал Теміртау" АҚ басшылығын жауапқа тартуды талап етті. Еске сала кетейік, 17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенді. Өрт кезде жер астында 227 адам болғаны, олардың 222-сі жер бетіне шығарылып, бесеуінің іздестіріліп жатқаны белгілі болды. Кейін іздестіріліп жатқан бес жұмысшының бірінің денесі табылғаны хабарланды. "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының мәліметінше, ол 57 жастағы электрик Виталий Владимирович Слюнков. Марқұмның еңбек өтілі – 39 жыл. 18 тамызда АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директорының орынбасары Сергей Огай "Қазақстан" шахтасында төтенше жағдай кезінде қаза тапқан тағы бір жұмысшының денесі табылғанын хабарлады. Сондай-ақ өрттен зардап шеккендердің саны 13 адамға дейін өскені, Мақажанов атындағы ауруханаға зардап шеккен тоғыз кеншінің жеткізілгені айтылды. Шахтадағы өртке байланысты Қылмыстық-кодекстің 277-бабының 3-бөлігі (Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Бұдан бөлек мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан" шахтасында болған өртке байланысты үкіметке және Қарағанды облысының әкімдігіне апат себептеріне жан-жақты тергеу жүргізу, сонымен қатар зардап шеккендерге қажет барлық көмекті көрсету жөнінде тапсырма берді.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032963-esep-aiyrysatyn-kez-keldi-deputattar-arselor-mittal-temirtau-bassylygyn-zazalaudy-talap-etti/
18 тамыз 2023, 10:19
kk
"Қазақстан" шахтасындағы апат: зардап шеккендер саны артты
Қарағанды облысындағы "Қазақстан" шахтасында болған өрттен зардап шеккендердің саны 13 адамға дейін өсті, олардың екеуі үйіне шығарылған. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. Ведомство мәліметінше, кеше, 17 тамызда профессор Х.Ж.Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханаға зардап шеккен 9 кенші жеткізілген. Жансақтау бөлімінде жатқан екеуі кейін токсикология бөліміне ауыстырылған. "Екеуінің денсаулық жағдайы ауырға жақын, тұрақты. Науқастар есін біледі, адекватты. Жедел интоксикация синдромы мен энцефалопатияның, гемодинамикалық тұрақсыздық пен уланудың токсикогендік кезеңі салдарынан жағдайлары ауыр деп бағаланды. Гемодинамикалық көрсеткіштер тұрақты. Қалған 7 адам токсикология бөлімінде жатыр. Жағдайы орташа ауырлықта, тұрақты. Науқастар есін біледі, адекватты. Науқастардың жағдайы жедел интоксикация синдромы мен энцефалопатияға байланысты бағаланған. Гемодинамикалық көрсеткіштер тұрақты", - делінген ведомство хабарламасында. Бұдан бөлек басқарма мәліметінше, Шахтинск Орталық ауруханасының терапия бөліміне зардап шеккен 4 адам жеткізілген. Олардың біреуі ауруханаға жатудан бас тартып (амбулаторлық емдеуде), тағы бірі амбулаторлық ем қабылдауға жіберілген. Қалғанының жағдайы орташа ауыр деп бағалануда. "18 тамыздағы жағдай бойынша облыс бойынша емдеу мекемелерінде зардап шеккен 11 кенші жатыр, екеуі үй жағдайында амбулаторлық бақылауда (барлығы 13 кеншіге медициналық көмек қажет болған)", - делінген ведомство ақпаратында. Еске сала кетейік, 17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенді. Өрт кезде жер астында 227 адам болғаны, олардың 222-сі жер бетіне шығарылып, бесеуінің іздестіріліп жатқаны белгілі болды. Кейін іздестіріліп жатқан бес жұмысшының бірінің денесі табылғаны хабарланды. "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының мәліметінше, ол 57 жастағы электрик Виталий Владимирович Слюнков. Марқұмның еңбек өтілі – 39 жыл. 18 тамызда АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директорының орынбасары Сергей Огай "Қазақстан" шахтасында төтенше жағдай кезінде қаза тапқан тағы бір жұмысшының денесі табылғанын хабарлады. Шахтадағы өртке байланысты Қылмыстық-кодекстің 277-бабының 3-бөлігі (Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Бұдан бөлек мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан" шахтасында болған өртке байланысты үкіметке және Қарағанды облысының әкімдігіне апат себептеріне жан-жақты тергеу жүргізу, сонымен қатар зардап шеккендерге қажет барлық көмекті көрсету жөнінде тапсырма берді. Ал үкіметке осы кәсіпорынға иелік ететін шетелдік компаниямен жұмысшылардың қауіпсіздігін мүлтіксіз қамтамасыз ету жөнінде келіссөздер жүргізу тапсырылды.
Қарағанды облысындағы "Қазақстан" шахтасында болған өрттен зардап шеккендердің саны 13 адамға дейін өсті, олардың екеуі үйіне шығарылған. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды тілшісі. Ведомство мәліметінше, кеше, 17 тамызда профессор Х.Ж.Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханаға зардап шеккен 9 кенші жеткізілген. Жансақтау бөлімінде жатқан екеуі кейін токсикология бөліміне ауыстырылған. "Екеуінің денсаулық жағдайы ауырға жақын, тұрақты. Науқастар есін біледі, адекватты. Жедел интоксикация синдромы мен энцефалопатияның, гемодинамикалық тұрақсыздық пен уланудың токсикогендік кезеңі салдарынан жағдайлары ауыр деп бағаланды. Гемодинамикалық көрсеткіштер тұрақты. Қалған 7 адам токсикология бөлімінде жатыр. Жағдайы орташа ауырлықта, тұрақты. Науқастар есін біледі, адекватты. Науқастардың жағдайы жедел интоксикация синдромы мен энцефалопатияға байланысты бағаланған. Гемодинамикалық көрсеткіштер тұрақты", - делінген ведомство хабарламасында. Бұдан бөлек басқарма мәліметінше, Шахтинск Орталық ауруханасының терапия бөліміне зардап шеккен 4 адам жеткізілген. Олардың біреуі ауруханаға жатудан бас тартып (амбулаторлық емдеуде), тағы бірі амбулаторлық ем қабылдауға жіберілген. Қалғанының жағдайы орташа ауыр деп бағалануда. "18 тамыздағы жағдай бойынша облыс бойынша емдеу мекемелерінде зардап шеккен 11 кенші жатыр, екеуі үй жағдайында амбулаторлық бақылауда (барлығы 13 кеншіге медициналық көмек қажет болған)", - делінген ведомство ақпаратында. Еске сала кетейік, 17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенді. Өрт кезде жер астында 227 адам болғаны, олардың 222-сі жер бетіне шығарылып, бесеуінің іздестіріліп жатқаны белгілі болды. Кейін іздестіріліп жатқан бес жұмысшының бірінің денесі табылғаны хабарланды. "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының мәліметінше, ол 57 жастағы электрик Виталий Владимирович Слюнков. Марқұмның еңбек өтілі – 39 жыл. 18 тамызда АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директорының орынбасары Сергей Огай "Қазақстан" шахтасында төтенше жағдай кезінде қаза тапқан тағы бір жұмысшының денесі табылғанын хабарлады. Шахтадағы өртке байланысты Қылмыстық-кодекстің 277-бабының 3-бөлігі (Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Бұдан бөлек мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан" шахтасында болған өртке байланысты үкіметке және Қарағанды облысының әкімдігіне апат себептеріне жан-жақты тергеу жүргізу, сонымен қатар зардап шеккендерге қажет барлық көмекті көрсету жөнінде тапсырма берді.
Денсаулық
false
https://kaz.nur.kz/health/2032979-qazaqstan-saxtasyndagy-apat-zardap-sekkender-sany-artty/
18 тамыз 2023, 10:13
kk
2023 жылғы 18 тамыз: Криптовалюталардың долларға шаққандағы бағамы
Binance блокчейн-экожүйесінің ақпаратына сәйкес, криптовалюта нарығындағы 2023 жылғы 18 тамыз күнгі жағдай мынадай: Биткоиннің долларға шаққандағы бағамы өткен тәулік ішінде $2,249.75-ға төмендеді. Бүгін актив $27,273.31175968* төңірегінде саудаланады. Tronix криптовалютасы бүгін кешегі күнмен салыстырғанда $0.0029-ға төмендеді. TRX бағамы 2023 жылғы 18 тамыз күні $0.07393381*-ды құрап отыр. Ethereum-нің долларға шаққандағы бағамы $120.95-ға төмендеді. Аталған криптовалютаның құны бүгінде $1,702.31742482*-ды құрап отыр. Decentraland криптовалютасы тәулік ішінде $0.0311-ға арзандады. Қазіргі уақытта актив $0.30805965* деңгейінде саудаланып жатыр. True USD тәулік ішінде $0.001-ға төмендеді. TUSD бағамы 2023 жылғы 18 тамыз күні $0.9994656*-ды құрап отыр. Litecoin криптовалютасы $10.61-ға әлсіреді. Актив $68.0417892* деңгейінде саудаланып жатыр. Ethereum Classic бағасы бүгінде $1.15-ға төмендеді. Криптовалютаның өзекті құны – $15.33105509*. Ripple өткен күнмен салыстырғанда $0.0967-ға арзандады. Криптовалютаның бүгінгі құны - $0.53040632*. Dogecoin кешегі күнмен салыстырғанда $0.0072-ға арзандады. Қазіргі уақытта актив $0.06281352* деңгейінде саудаланып жатыр. *Материал Binance криптовалюталық биржасының деректері негізінде әзірленген. Бағамдарға қатысты ақпарат мақала жарияланған сәтте өзекті.
Binance блокчейн-экожүйесінің ақпаратына сәйкес, криптовалюта нарығындағы 2023 жылғы 18 тамыз күнгі жағдай мынадай: Биткоиннің долларға шаққандағы бағамы өткен тәулік ішінде $2,249.75-ға төмендеді. Бүгін актив $27,273.31175968* төңірегінде саудаланады. Tronix криптовалютасы бүгін кешегі күнмен салыстырғанда $0.0029-ға төмендеді. TRX бағамы 2023 жылғы 18 тамыз күні $0.07393381*-ды құрап отыр. Ethereum-нің долларға шаққандағы бағамы $120.95-ға төмендеді. Аталған криптовалютаның құны бүгінде $1,702.31742482*-ды құрап отыр. Decentraland криптовалютасы тәулік ішінде $0.0311-ға арзандады. Қазіргі уақытта актив $0.30805965* деңгейінде саудаланып жатыр. True USD тәулік ішінде $0.001-ға төмендеді. TUSD бағамы 2023 жылғы 18 тамыз күні $0.9994656*-ды құрап отыр. Litecoin криптовалютасы $10.61-ға әлсіреді. Актив $68.0417892* деңгейінде саудаланып жатыр. Ethereum Classic бағасы бүгінде $1.15-ға төмендеді. Криптовалютаның өзекті құны – $15.33105509*. Ripple өткен күнмен салыстырғанда $0.0967-ға арзандады. Криптовалютаның бүгінгі құны - $0.53040632*. Dogecoin кешегі күнмен салыстырғанда $0.0072-ға арзандады. Қазіргі уақытта актив $0.06281352* деңгейінде саудаланып жатыр. *Материал Binance криптовалюталық биржасының деректері негізінде әзірленген.
Қаржы
false
https://kaz.nur.kz/nurfin/2032987-2023-zylgy-18-tamyz-kriptovalyutalardyn-dollarga-saqqandagy-bagamy/
18 тамыз 2023, 10:09
kk
Таразда судья 2 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді
Тараз қаласының №2 сотының судьясы 2 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. "Антикоррупциялық қызмет Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің қауіпсіздік бөлімімен бірлесіп жасырын іс-шаралардың нәтижесінде Тараз қаласының №2 сотының судьясы 2 000 000 теңге сомасында пара алғанын әшкереледі", - деп мәлім етті ведомстводан. Ведомство хабарлауынша, судья сотталушыдан іс жүргізуде қылмыстық іс бойынша бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындағаны үшін ақшалай қаражат алды деп күдіктелуде. "Қылмыстық-процестік кодекстің 550-бабының тәртібімен Қазақстан Республикасының Бас прокуроры сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруға келісім берді", - деп қосты Антикор өкілдері. Сондай-ақ агенттік Конституцияның 77 бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адам заңды күшіне енген сот үкімімен қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп танылмайынша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептелетінін атап өтті.
Тараз қаласының №2 сотының судьясы 2 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. "Антикоррупциялық қызмет Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің қауіпсіздік бөлімімен бірлесіп жасырын іс-шаралардың нәтижесінде Тараз қаласының №2 сотының судьясы 2 000 000 теңге сомасында пара алғанын әшкереледі", - деп мәлім етті ведомстводан. Ведомство хабарлауынша, судья сотталушыдан іс жүргізуде қылмыстық іс бойынша бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындағаны үшін ақшалай қаражат алды деп күдіктелуде. "Қылмыстық-процестік кодекстің 550-бабының тәртібімен Қазақстан Республикасының Бас прокуроры сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруға келісім берді", - деп қосты Антикор өкілдері.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032973-tarazda-sudya-2-mln-tenge-para-aldy-degen-kudikke-ilindi/
18 тамыз 2023, 09:52
kk
Құралай ханым күйеуінің көзіне шөп салған кезін еске алды
Қазақша психологияны дәріптеуші Құралай Ошақбаева күйеуі жайлы жан сырын ақтарды. Құралай ханым лақап есімімен танымал психолог "Алғашқы" бағдарламасында жұбайының көзіне шөп салған уақытын еске алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Ер адам 30 жасқа келгенде "Шай қой" дейді екен. Қырық жасқа келгенде, "Шай ішеміз бе" дейді екен. Ал елуге келгенде "Шай қойып қойдым, жүр ішейік" дейді екен. Сол сияқты менің азаматым да елуге келді, оның үстіне алты баламыз бар. Сосын ол да көп оқиды. Әйелі Құралай еместер де оқып, дамып жатыр. Елдің бәрі қазір тыпырлап бірнәрсе іздеп жүр", - деді Құралай ханым. Сонымен қатар бағдарлама жүргізушісі Құралай ханымнан "Неше мәрте көзіңізге шөп салды?", - деп сұрады. "Жаңадан үйленген жылдары болды. Негізі менің психологияға келуіме отбасыдағы жағдайлар әсер етті. Содан кейін мен көп ізденіп, оқып, психологқа бардым. Сайттар болатын, сол жерден оқыдым. Сөйтіп, отбасымызды бір жүйеге келтіріп алдық. Қазір бетіне баспаймын. Ол жағдайға алғысым шексіз. Егер ол жағдай болмаса, мен әлі ауылда сиыр сауып отырар едім", - деді Құралай ханым.
Қазақша психологияны дәріптеуші Құралай Ошақбаева күйеуі жайлы жан сырын ақтарды. Құралай ханым лақап есімімен танымал психолог "Алғашқы" бағдарламасында жұбайының көзіне шөп салған уақытын еске алды, деп жазады . "Ер адам 30 жасқа келгенде "Шай қой" дейді екен. Қырық жасқа келгенде, "Шай ішеміз бе" дейді екен. Ал елуге келгенде "Шай қойып қойдым, жүр ішейік" дейді екен. Сол сияқты менің азаматым да елуге келді, оның үстіне алты баламыз бар. Сосын ол да көп оқиды. Әйелі Құралай еместер де оқып, дамып жатыр. Елдің бәрі қазір тыпырлап бірнәрсе іздеп жүр", - деді Құралай ханым. Сонымен қатар бағдарлама жүргізушісі Құралай ханымнан "Неше мәрте көзіңізге шөп салды?", - деп сұрады. "Жаңадан үйленген жылдары болды. Негізі менің психологияға келуіме отбасыдағы жағдайлар әсер етті. Содан кейін мен көп ізденіп, оқып, психологқа бардым. Сайттар болатын, сол жерден оқыдым. Сөйтіп, отбасымызды бір жүйеге келтіріп алдық. Қазір бетіне баспаймын. Ол жағдайға алғысым шексіз.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2032971-quralai-xanym-kuieuinin-kozine-sop-salgan-kezin-eske-aldy/
18 тамыз 2023, 09:46
kk
Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. Сапар барысында мемлекет басшысы сапар аясында қаладағы гидротехникалық инфрақұрылыммен танысып, бірқатар әлеуметтік нысанды аралап көреді деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар президент Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізеді деп күтілуде. Жиынға үкімет мүшелері қатысады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. Сапар барысында мемлекет басшысы сапар аясында қаладағы гидротехникалық инфрақұрылыммен танысып, бірқатар әлеуметтік нысанды аралап көреді деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар президент Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізеді деп күтілуде.
Саясат және экономика
false
https://kaz.nur.kz/politics/2032976-toqaev-almaty-qalasyna-keldi/
18 тамыз 2023, 09:35
kk
"Қазақстан" шахтасында апат: тағы бір жұмысшының денесі табылды
"Қазақстан" шахтасында төтенше жағдай кезінде қаза тапқан тағы бір жұмысшының денесі табылды. Бұл туралы ҚазАқпарат "АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директорының орынбасары Сергей Огайға сілтеме жасап хабарлады. "Шахтада авариялық-құтқару жұмыстары түнімен жүргізілді. Сағат 8:15-тегі жағдай бойынша тағы бір жұмысшының денесі табылды. Қазір денені беру шаралары жүріп жатыр. Қазіргі уақытта өртті оқшаулау бойынша төрт бөлімше жұмыс істеуде, олар авариялық өндірісте температураны түсірумен айналысып жатыр. Қалған жұмысшыларды іздеп-табу үшін тағы үш бөлімше тау-кен шығарындыларын тексеруге жұмылдырылған. Жұмысшыларымызды жедел іздеп-табу үшін барлық шара қабылданып жатыр", - дейді "АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директорының орынбасары Сергей Огай. Еске сала кетейік, 17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенді. Өрт кезде жер астында 227 адам болғаны, олардың 222-сі жер бетіне шығарылып, бесеуінің іздестіріліп жатқаны белгілі болды. Кейін іздестіріліп жатқан бес жұмысшының бірінің денесі табылғаны хабарланды. "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының мәліметінше, ол 57 жастағы электрик Виталий Владимирович Слюнков. Марқұмның еңбек өтілі – 39 жыл. Сондай-ақ Мақажанов атындағы ауруханаға өрт кезінде зардап шеккен сегіз адам жеткізілгені белгілі болды. Қазіргі таңда шахтерлардың екеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Тағы алты адам токсикология бөлімшесінде. Шахтадағы өртке байланысты Қылмыстық-кодекстің 277-бабының 3-бөлігі (Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Бұдан бөлек мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан" шахтасында болған өртке байланысты үкіметке және Қарағанды облысының әкімдігіне апат себептеріне жан-жақты тергеу жүргізу, сонымен қатар зардап шеккендерге қажет барлық көмекті көрсету жөнінде тапсырма берді. Ал үкіметке осы кәсіпорынға иелік ететін шетелдік компаниямен жұмысшылардың қауіпсіздігін мүлтіксіз қамтамасыз ету жөнінде келіссөздер жүргізу тапсырылды.
"Қазақстан" шахтасында төтенше жағдай кезінде қаза тапқан тағы бір жұмысшының денесі табылды. Бұл туралы ҚазАқпарат "АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директорының орынбасары Сергей Огайға сілтеме жасап хабарлады. "Шахтада авариялық-құтқару жұмыстары түнімен жүргізілді. Сағат 8:15-тегі жағдай бойынша тағы бір жұмысшының денесі табылды. Қазір денені беру шаралары жүріп жатыр. Қазіргі уақытта өртті оқшаулау бойынша төрт бөлімше жұмыс істеуде, олар авариялық өндірісте температураны түсірумен айналысып жатыр. Қалған жұмысшыларды іздеп-табу үшін тағы үш бөлімше тау-кен шығарындыларын тексеруге жұмылдырылған. Жұмысшыларымызды жедел іздеп-табу үшін барлық шара қабылданып жатыр", - дейді "АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директорының орынбасары Сергей Огай. Еске сала кетейік, 17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенді. Өрт кезде жер астында 227 адам болғаны, олардың 222-сі жер бетіне шығарылып, бесеуінің іздестіріліп жатқаны белгілі болды. Кейін іздестіріліп жатқан бес жұмысшының бірінің денесі табылғаны хабарланды. "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының мәліметінше, ол 57 жастағы электрик Виталий Владимирович Слюнков. Марқұмның еңбек өтілі – 39 жыл. Сондай-ақ Мақажанов атындағы ауруханаға өрт кезінде зардап шеккен сегіз адам жеткізілгені белгілі болды. Қазіргі таңда шахтерлардың екеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Тағы алты адам токсикология бөлімшесінде. Шахтадағы өртке байланысты Қылмыстық-кодекстің 277-бабының 3-бөлігі (Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Бұдан бөлек мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан" шахтасында болған өртке байланысты үкіметке және Қарағанды облысының әкімдігіне апат себептеріне жан-жақты тергеу жүргізу, сонымен қатар зардап шеккендерге қажет барлық көмекті көрсету жөнінде тапсырма берді.
Оқыс оқиғалар
false
https://kaz.nur.kz/accidents/2032968-qazaqstan-saxtasynda-tagy-bir-adamnyn-denesi-tabyldy/
18 тамыз 2023, 09:12
kk
2023 жылғы 18 тамыз: Алматы, Астана және Шымкенттегі қолма-қол валюта бағамдары
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми деректеріне сәйкес, бүгін, 2023 жылғы 18 тамыз күнгі жағдай бойынша теңгенің долларға шаққандағы бағамы – 463.19 (+8.89), еуроға шаққандағы бағамы – 503.58 (+7.48) және рубльге шаққандағы бағамы – 4.99 (+0.29). Алматының ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 461.50 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 463.00 (МиГ).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 500.50 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 503.00 (Som Exchange).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.93 (МиГ) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 5.10 (CenterCredit).* Астананың ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 461.50 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 464.50 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 500.50 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 506.48 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.92 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 5.10 (CenterCredit).* Шымкенттің ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 461.50 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 464.50 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 500.50 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 506.48 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.92 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 5.10 (CenterCredit).* Ақпарат ресми дереккөздерден – қазақстандық банктердің және Алматы, Астана, Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау орындарының сайттарынан алынды. Қалаңыздағы ең тиімді валюта бағамдары туралы ақпаратты бірінші алғыңыз келе ме? Telegram-да біздің ботқа жазылыңыз. *Валюталарды сату және сатып алу бойынша ең тиімді бағамдарға қатысты ақпарат мақаланы жариялаған сәтте өзекті.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми деректеріне сәйкес, бүгін, 2023 жылғы 18 тамыз күнгі жағдай бойынша теңгенің долларға шаққандағы бағамы – 463.19 (+8.89), еуроға шаққандағы бағамы – 503.58 (+7.48) және рубльге шаққандағы бағамы – 4.99 (+0.29). Алматының ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 461.50 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 463.00 (МиГ).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 500.50 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 503.00 (Som Exchange).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.93 (МиГ) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 5.10 (CenterCredit).* Астананың ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 461.50 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 464.50 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 500.50 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 506.48 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.92 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 5.10 (CenterCredit).* Шымкенттің ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 461.50 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 464.50 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 500.50 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 506.48 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.92 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 5.10 (CenterCredit).* Ақпарат ресми дереккөздерден – қазақстандық банктердің және Алматы, Астана, Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау орындарының сайттарынан алынды. Қалаңыздағы ең тиімді валюта бағамдары туралы ақпаратты бірінші алғыңыз келе ме? Telegram-да біздің ботқа жазылыңыз.
Қаржы
false
https://kaz.nur.kz/nurfin/2032966-2023-zylgy-18-tamyz-almaty-astana-zane-symkenttegi-qolma-qol-valyuta-bagamdary/
18 тамыз 2023, 09:07
kk
Пикникке шығам деушілер үшін құнды кеңес
Қаланың шуынан бой сергітіп, көңіл көтергім келеді деушілер үшін табиғат аясында пикник ұйымдастыру - демалыстың таптырмас түрлерінің бірі. Бірақ пикник тыңғылықты дайындық пен ұйымдастыруды қажет етеді. Демалысты баратын жерден бастап, ойын-сауық түрлері, тамақ пен ең керекті заттарға дейін жоспарлауға тура келеді. Алғашқы екеуі әркімнің қалауына қарай өзгере берсе, кейінгі екеуі негізінен жалпыға ортақ. Төменде табиғат аясындағы демалысқа арналған тамақ пен қажетті заттар туралы кеңестер ұсынылған. Пикникке алып шығатын немесе пикникте әзірленетін тамақ көпшілікке ұнайтын, жылдам дайындалатын, тез бұзылмайтын, қауіпсіз болуы керек. Оның үстіне далада ас сіңімді болатынын, жақсы желінетінін ескерсек, тамақты дұрыс жоспарлаудың маңызы арта түседі. Артық зат алмаймыз Кей азық-түлік ұзақ жолға шыдамайды. Тамақтан уланып қалмас үшін тез бұзылатын тамақты тізімнен алып тастау керек. Әсіресе балық, крем жағылған десерттер, балмұздақ пен кесілген сырды үйде қалдырған абзал. Олардың орнына бірнеше сағат жолда еш бүлінбейтін төмендегідей заттарды аламыз: Пикникте не әзірлейміз? Табиғатқа тамақ жасауға емес, демалу үшін шыққаныңызды ұмытпаңыз. Сондықтан ас пісіру уақыт пен күшіңізді көп алмауға тиіс. Барынша қарапайым нәрсе жасауға тырысыңыз. Мәселен: Тамақ мәселесі түсініктірек болса, ең керекті заттарға тоқталайық. Түртіп алыңыз: Пикник айтқанымыздай, біршама дайындықты қажет етеді. Бірақ бұл - демалысты кейінге қалдыруға себеп емес. Жоғарыда аталған нәрселерді өзіңіз барып алуға уақыт тапшы болса, үйге алдырыңыз. Choco Рядом сервисі азық-түлік пен қажетті заттарды есігіңізге дейін 15 минутта әкеліп береді. Жылдам жеткізуге тапсырыс беріп, пикникке шығу арқылы өзіңізге рахат сыйлаудан бас тартпаңыз.
Қаланың шуынан бой сергітіп, көңіл көтергім келеді деушілер үшін табиғат аясында пикник ұйымдастыру - демалыстың таптырмас түрлерінің бірі. Бірақ пикник тыңғылықты дайындық пен ұйымдастыруды қажет етеді. Демалысты баратын жерден бастап, ойын-сауық түрлері, тамақ пен ең керекті заттарға дейін жоспарлауға тура келеді. Алғашқы екеуі әркімнің қалауына қарай өзгере берсе, кейінгі екеуі негізінен жалпыға ортақ. Төменде табиғат аясындағы демалысқа арналған тамақ пен қажетті заттар туралы кеңестер ұсынылған. Пикникке алып шығатын немесе пикникте әзірленетін тамақ көпшілікке ұнайтын, жылдам дайындалатын, тез бұзылмайтын, қауіпсіз болуы керек. Оның үстіне далада ас сіңімді болатынын, жақсы желінетінін ескерсек, тамақты дұрыс жоспарлаудың маңызы арта түседі. Артық зат алмаймыз Кей азық-түлік ұзақ жолға шыдамайды. Тамақтан уланып қалмас үшін тез бұзылатын тамақты тізімнен алып тастау керек. Әсіресе балық, крем жағылған десерттер, балмұздақ пен кесілген сырды үйде қалдырған абзал. Олардың орнына бірнеше сағат жолда еш бүлінбейтін төмендегідей заттарды аламыз: Пикникте не әзірлейміз? Табиғатқа тамақ жасауға емес, демалу үшін шыққаныңызды ұмытпаңыз. Сондықтан ас пісіру уақыт пен күшіңізді көп алмауға тиіс. Барынша қарапайым нәрсе жасауға тырысыңыз. Мәселен: Тамақ мәселесі түсініктірек болса, ең керекті заттарға тоқталайық. Түртіп алыңыз: Пикник айтқанымыздай, біршама дайындықты қажет етеді. Бірақ бұл - демалысты кейінге қалдыруға себеп емес. Жоғарыда аталған нәрселерді өзіңіз барып алуға уақыт тапшы болса, үйге алдырыңыз. Choco Рядом сервисі азық-түлік пен қажетті заттарды есігіңізге дейін 15 минутта әкеліп береді.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032896-piknikke-sygam-deusiler-usin-qundy-kenes/
18 тамыз 2023, 09:00
kk
Ақбота Сейтмағамбет сұлулығына қызыға қарайтын оқырманына кеңес берді (фото)
Актриса әрі әнші Ақбота Сейтмағамбет әлеуметтік желіде сұрақ-жауап айдарын ұйымдастырды. Сұлулығына қызыға қарайтынын айтқан оқырманының біріне өнер иесі кеңес берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Ақботаның оқырмандарының бірі желіде "Басқа әдемі қыздарды көре алмаймын. Бірақ сізді көрсем, керісінше, қызығып қараймын", - деп жазған. Ал актриса оқырманына алғыс білдіре отырып, Instagram желісінде кеңесін бөлісті. "Басқа қыздарға мақтау айтуды үйреніңіз. Сіз одан сайын құлпырасыз. Себебі, басқаға жақсылық тілеу, қуанту өз бақытыңызды еселері сөзсіз. Ал маған деген шынайы көңіліңізге ризалық білдіремін", - деді Ақбота Сейтмағамбет. Айта кетейік, осыған дейін актриса желіде жеке өмірі туралы жаңалықты бөліскен болатын.
Актриса әрі әнші Ақбота Сейтмағамбет әлеуметтік желіде сұрақ-жауап айдарын ұйымдастырды. Сұлулығына қызыға қарайтынын айтқан оқырманының біріне өнер иесі кеңес берген, деп жазады . Ақботаның оқырмандарының бірі желіде "Басқа әдемі қыздарды көре алмаймын. Бірақ сізді көрсем, керісінше, қызығып қараймын", - деп жазған. Ал актриса оқырманына алғыс білдіре отырып, Instagram желісінде кеңесін бөлісті. "Басқа қыздарға мақтау айтуды үйреніңіз. Сіз одан сайын құлпырасыз. Себебі, басқаға жақсылық тілеу, қуанту өз бақытыңызды еселері сөзсіз. Ал маған деген шынайы көңіліңізге ризалық білдіремін", - деді Ақбота Сейтмағамбет.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2032962-aqbota-seitmagambet-sululygyna-qyzyga-qaraityn-oqyrmanyna-kenes-berdi-foto/
18 тамыз 2023, 08:52
kk
"Оған неге жала жауып отырсыңдар?": фитнес-клубтағы жанжалдан соң Әсел Асқар Шадукаевтан кешірім сұрауға шақырды
Күні кеше фитнес-клубта ер адам өзін ұрып жібергенін хабарлаған актриса әрі блогер Әсел Асқар тағы мәлімдеме жасады. Айтуынша, желіде блогерге қол көтерген белгілі балуан Мансұр Шадукаев деген ақпарат тараған. Әсел Асқар аталған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Кеше Әсел Асқар желідегі парақшасында Алматыдағы фитнес-залдардың бірінде оған ер адам қол көтергенін мәлім етті. Артынша бұл ақпаратты полиция растаған болатын. Бұл ретте ол өзін бетінен ұрған ер адамның кім екенін ашып айтқан жоқ және оқиғаның видеосын да жарияламаған. Соған қарамастан желіде оны ұрған грек-рим күресінің балуаны - Мансұр Шадукаев деген ақпарат тарап үлгерген. Бірақ Әсел Асқар қазақстандықтардан жалған ақпарат таратпауды сұрады. "Өкінішке қарай, жалған ақпарат тарап жатыр. Мансұр Шадукаевты айыптап жатыр екен. Ол кінәлі емес, оның бұл іске еш қатысы жоқ. Кім жалған ақпарат таратып жатқанын білмеймін, бірақ бұл шындыққа жанаспайды. Пабликтер, Мансұрдан кешірім сұраңдар. Оған неге жала жауып отырсыңдар? Ол емес. Кінәлінің бетіне басып әлі үлгересіңдер, алайда жазықсыз адамға тиісіп, айыптаудың қажеті жоқ. Маған Мансұрдың ағасы Ислам қоңырау шалып, мән-жайды түсіндіруді сұрады", - деп жазды ол Instagram Stories-та. Еске салсақ, күні кеше Әсел Асқарды ұрды деп күдікке ілінген адам азамат 15 тәулікке қамауға алынған болатын. Бұл туралы Алматы қалалық сотының ресми сайтында хабарланды. Қалалық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ұсақ бұзақылық фактісі бойынша М. есімді азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралған (ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігі). Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Мансұр Шадукаев грек-рим күресінің балуаны және халықаралық жарыстарда Қазақстанның намысын жиі қорғайды. 2020 жылғы Азия чемпионатының қола медалінің иегері.
Күні кеше фитнес-клубта ер адам өзін ұрып жібергенін хабарлаған актриса әрі блогер Әсел Асқар тағы мәлімдеме жасады. Айтуынша, желіде блогерге қол көтерген белгілі балуан Мансұр Шадукаев деген ақпарат тараған. Әсел Асқар аталған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды . Кеше Әсел Асқар желідегі парақшасында Алматыдағы фитнес-залдардың бірінде оған ер адам қол көтергенін мәлім етті. Артынша бұл ақпаратты полиция растаған болатын. Бұл ретте ол өзін бетінен ұрған ер адамның кім екенін ашып айтқан жоқ және оқиғаның видеосын да жарияламаған. Соған қарамастан желіде оны ұрған грек-рим күресінің балуаны - Мансұр Шадукаев деген ақпарат тарап үлгерген. Бірақ Әсел Асқар қазақстандықтардан жалған ақпарат таратпауды сұрады. "Өкінішке қарай, жалған ақпарат тарап жатыр. Мансұр Шадукаевты айыптап жатыр екен. Ол кінәлі емес, оның бұл іске еш қатысы жоқ. Кім жалған ақпарат таратып жатқанын білмеймін, бірақ бұл шындыққа жанаспайды. Пабликтер, Мансұрдан кешірім сұраңдар. Оған неге жала жауып отырсыңдар? Ол емес. Кінәлінің бетіне басып әлі үлгересіңдер, алайда жазықсыз адамға тиісіп, айыптаудың қажеті жоқ. Маған Мансұрдың ағасы Ислам қоңырау шалып, мән-жайды түсіндіруді сұрады", - деп жазды ол Instagram Stories-та. Еске салсақ, күні кеше Әсел Асқарды ұрды деп күдікке ілінген адам азамат 15 тәулікке қамауға алынған болатын. Бұл туралы Алматы қалалық сотының ресми сайтында хабарланды. Қалалық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ұсақ бұзақылық фактісі бойынша М. есімді азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралған (ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігі). Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Мансұр Шадукаев грек-рим күресінің балуаны және халықаралық жарыстарда Қазақстанның намысын жиі қорғайды.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2032953-ogan-nege-zala-zauyp-otyrsyndar-fitnes-klubtagy-zanzaldan-son-asel-asqar-sadukaevtan-kesirim-surauga-saqyrdy/
18 тамыз 2023, 08:28
kk
1 қыркүйектен бастап қазақстандық студенттердің, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы өседі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап ай сайынғы мемлекеттік шәкіртақы мөлшері өседі. Тиісті қаулыға үкімет басшысы Әлихан Смайылов қол қойды, деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты. Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 қыркүйектен бастап бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы 20 пайызға, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 15 пайызға, ТжКБ студенттерінің шәкіртақысы 50 пайызға өседі. Үкімет қаулысында белгіленген шәкіртақы мөлшері төмендегідей: Қаулы 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енеді. Сонымен қатар мемлекет басшысының жолдауын іске асыру аясында келесі айдан бастап мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтерінің жалақысы 30 пайызға өсетін болады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап ай сайынғы мемлекеттік шәкіртақы мөлшері өседі. Тиісті қаулыға үкімет басшысы Әлихан Смайылов қол қойды, деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты. Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 қыркүйектен бастап бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы 20 пайызға, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 15 пайызға, ТжКБ студенттерінің шәкіртақысы 50 пайызға өседі. Үкімет қаулысында белгіленген шәкіртақы мөлшері төмендегідей: Қаулы 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енеді.
Қаржы
false
https://kaz.nur.kz/nurfin/2032960-1-qyrkuiekten-bastap-qazaqstandyq-studentterdin-magistranttar-men-doktoranttardyn-sakirtaqy-qansa-paiyzga-osedi/
18 тамыз 2023, 08:16
kk
"Қазақстан" шахтасындағы өрттен кім қаза тапқаны белгілі болды
"АрселорМиттал Теміртау" компаниясы "Қазақстан" кенішіндегі кеше, 17 тамызда болған апаттан қайтыс болған жұмысшының кім екенін айтты. Ақпарат компанияның ресми сайтында жарияланды. "АрселорМиттал Теміртау" көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында болған өрт салдарынан электрик Виталий Владимирович Слюнков қайтыс болған. 57 жастағы марқұмның еңбек өтілі – 39 жыл. Компания берген ақпаратқа сай, апат кезінде 227 қызметкер жер астында болса, оның 222-сі тез арада жер бетіне шығарылған. Тағы төрт кеншіні іздеу жұмыстары жалғасуда. "Қазіргі уақытта желдетудің дұрыс режимін қалпына келтіру және кеншілерімізді іздеуді жалғастыру үшін өртті оқшаулау жұмыстары жүзеге асып жатыр. 12 құтқару қызметі бөлімшесі жұмыс істеп жатыр. Біз марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтамыз, оларға барынша қолдау көрсетеміз", - дейді "АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директорысы Виктор Гафиулов. Еске сала кетейік, 17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенді. Өрт кезде жер астында 227 адам болған. Кейін олардың 222-сі жер бетіне шығарылып, бесеуінің іздестіріліп жатқаны белгілі болды. Жұмысшыларды эвакуациялау қапталдағы оқпан арқылы жүргізілді. Сондай-ақ Мақажанов атындағы ауруханаға өрт кезінде зардап шеккен сегіз адам жеткізілгені белгілі болды. Шахтерлардың екеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Тағы алты адам токсикология бөлімшесінде. Шахтадағы өртке байланысты Қылмыстық-кодекстің 277-бабының 3-бөлігі (Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Бұдан бөлек мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан" шахтасында болған өртке байланысты үкіметке және Қарағанды облысының әкімдігіне апат себептеріне жан-жақты тергеу жүргізу, сонымен қатар зардап шеккендерге қажет барлық көмекті көрсету жөнінде тапсырма берді. Ал үкіметке осы кәсіпорынға иелік ететін шетелдік компаниямен жұмысшылардың қауіпсіздігін мүлтіксіз қамтамасыз ету жөнінде келіссөздер жүргізу тапсырылды.
"АрселорМиттал Теміртау" компаниясы "Қазақстан" кенішіндегі кеше, 17 тамызда болған апаттан қайтыс болған жұмысшының кім екенін айтты. Ақпарат компанияның ресми сайтында жарияланды. "АрселорМиттал Теміртау" көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында болған өрт салдарынан электрик Виталий Владимирович Слюнков қайтыс болған. 57 жастағы марқұмның еңбек өтілі – 39 жыл. Компания берген ақпаратқа сай, апат кезінде 227 қызметкер жер астында болса, оның 222-сі тез арада жер бетіне шығарылған. Тағы төрт кеншіні іздеу жұмыстары жалғасуда. "Қазіргі уақытта желдетудің дұрыс режимін қалпына келтіру және кеншілерімізді іздеуді жалғастыру үшін өртті оқшаулау жұмыстары жүзеге асып жатыр. 12 құтқару қызметі бөлімшесі жұмыс істеп жатыр. Біз марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтамыз, оларға барынша қолдау көрсетеміз", - дейді "АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директорысы Виктор Гафиулов. Еске сала кетейік, 17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенді. Өрт кезде жер астында 227 адам болған. Кейін олардың 222-сі жер бетіне шығарылып, бесеуінің іздестіріліп жатқаны белгілі болды. Жұмысшыларды эвакуациялау қапталдағы оқпан арқылы жүргізілді. Сондай-ақ Мақажанов атындағы ауруханаға өрт кезінде зардап шеккен сегіз адам жеткізілгені белгілі болды. Шахтерлардың екеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Тағы алты адам токсикология бөлімшесінде. Шахтадағы өртке байланысты Қылмыстық-кодекстің 277-бабының 3-бөлігі (Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Бұдан бөлек мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан" шахтасында болған өртке байланысты үкіметке және Қарағанды облысының әкімдігіне апат себептеріне жан-жақты тергеу жүргізу, сонымен қатар зардап шеккендерге қажет барлық көмекті көрсету жөнінде тапсырма берді.
Оқыс оқиғалар
false
https://kaz.nur.kz/accidents/2032952-qazaqstan-saxtasyndagy-ortten-kim-qaza-tapqany-belgili-boldy/
18 тамыз 2023, 07:37
kk
Бүгін еліміздің батыс және солтүстік өңірлерінде 37 градусқа дейін ыстық күтіледі
Синоптиктер 18 тамыз, жұмаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК сайты. Метеорологтардың мәліметінше, атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен бүгін еліміздің батысында, солтүстік-батысында және шығысында ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Сондай-ақ республика бойынша екпінді жел, Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман күтіледі. Күндіз Атырау облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде 35-37°С дейін қатты ыстық болуы ықтимал. Сонымен қатар бүгін Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында, Ақтөбе облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, шөлді аудандарында өрт шығу қаупі сақталады. Ал Солтүстік Қазақстан облысында, Алматы облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Синоптиктер 18 тамыз, жұмаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК сайты. Метеорологтардың мәліметінше, атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен бүгін еліміздің батысында, солтүстік-батысында және шығысында ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Сондай-ақ республика бойынша екпінді жел, Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман күтіледі. Күндіз Атырау облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде 35-37°С дейін қатты ыстық болуы ықтимал. Сонымен қатар бүгін Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында, Ақтөбе облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, шөлді аудандарында өрт шығу қаупі сақталады.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032951-bugin-elimizdin-batys-zane-soltustik-onirlerinde-37-gradusqa-deiin-ystyq-kutiledi/
18 тамыз 2023, 07:21
kk
Еуропа Лигасы: "Астана" сырт алаңда ірі есеппен ұтылып, жарысты аяқтады
"Астана" сырт алаңда "Лудогорец" клубынан ірі есеппен ұтылып, Еуропа Лигасының іріктеу кезеңінен шығып қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Еуропа Лигасына іріктеу турнирінің үшінші айналымында "Астана" болгариялық "Лудогорец" клубына қарсы ойнап, сырт алаңда жеңіліс тапты. Қарымта матчта қазақстандық клуб 1:5 есебімен ұтылды. "Астана" сапынан 29-минутта Дембо Дарго гол соқса, қарсыластардан Бернард Текпетей мен Якуб Петровский дубль жасап, Кирилл Десподов бір голмен көзге түсті. 8 тамыз күні Астанада өткен матчта қазақстандық команда 2:1 есебімен жеңіске жеткен еді. Алайда бұл басымдықты Бабаян шәкірттері ұстап тұра алмады. Екі матч қорытындысы бойынша 6:3 есебімен алға шыққан "Лудогорец" жарысты әрі қарай жалғастырады. Ал "Астана" Конференция лигасының плей-офф кезеңіне қатысады.
"Астана" сырт алаңда "Лудогорец" клубынан ірі есеппен ұтылып, Еуропа Лигасының іріктеу кезеңінен шығып қалды. Бұл туралы хабарлайды. Еуропа Лигасына іріктеу турнирінің үшінші айналымында "Астана" болгариялық "Лудогорец" клубына қарсы ойнап, сырт алаңда жеңіліс тапты. Қарымта матчта қазақстандық клуб 1:5 есебімен ұтылды. "Астана" сапынан 29-минутта Дембо Дарго гол соқса, қарсыластардан Бернард Текпетей мен Якуб Петровский дубль жасап, Кирилл Десподов бір голмен көзге түсті. 8 тамыз күні Астанада өткен матчта қазақстандық команда 2:1 есебімен жеңіске жеткен еді. Алайда бұл басымдықты Бабаян шәкірттері ұстап тұра алмады. Екі матч қорытындысы бойынша 6:3 есебімен алға шыққан "Лудогорец" жарысты әрі қарай жалғастырады.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2032939-europa-ligasy-astana-syrt-alanda-iri-eseppen-utylyp-zarysty-ayaqtady/
18 тамыз 2023, 01:54
kk
Бүгінгі жұлдыз жорамал: 18 тамыз күні сізді не күтіп тұр
Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз. Ұйқыңызды қандырыңыз, ванна қабылдаңыз, табиғатта таңғы ас ішіңіз, тынығып, серуендеңіз. Проблемаларды шешу үшін қолайлы күн. Адамдармен көбірек араласыңыз. Осы арқылы ортақ жоспарлар құра аласыз.Түсініспеушіліктерді болдырмау үшін сабырлық танытыңыз. Жаңа тағам түрін әзірлеп үйренуді ойлап жүрген болсаңыз, іске сәт. Бүгін бұл сіздің қолыңыздан келері анық! Қарым-қатынасқа назар аударыңыз: харизма мен сүйкімділік жаңа жұпты құруға немесе одақтастықты нығайтуға көмектеседі. Бірақ ақыл-есіңізді жоғалтпаңыз. Балаңызбен арақатынасыңыз дұрыс болмаса, онда психологтан кеңес алу туралы ойланыңыз. Белсенді болыңыз, ой бөлісіңіз. Ақшаға қатысты жұмыс мәселелерін талқылаңыз. Ескі және жаңа достардан көмек сұраңыз. Одақтастармен бірге сіз көп нәрсеге қол жеткізесіз. Күрмеуі шешілмеген мәселелерді шешіп, серіктеспен қарым-қатынасты жақсартыңыз, жұмсақ әрі мейірімді болыңыз. Жақсы ұйқы күш-қуатыңызды қалпына келтіреді. Денсаулығыңызды жақсарту үшін шөп шайы мен ароматерапияны қолданыңыз. Үйде тазалық күнін ұйымдастыратын күн, мұны кейінге қалдырып жүрген болсаңыз бүгін үйіңізді жинап қойғаныңыз дұрыс. Ескі достарға уақыт табыңыз, оларды кездесуге өзіңіз шақырыңыз. Бастаманы өз қолыңызға алыңыз, сізді бәрі жақсы қабылдайтын болады. Серігіңізге сенім білдіріңіз, егер қызғанышқа себеп болса, барынша сабырлылық танытыңыз. Егер сізге үйде немесе жаттығу залында жаттығуды бастау үшін белгі қажет болса – міне. Балаларыңызға оларды үлгерімі мен тәртібі үшін емес, еш себепсіз жақсы көретініңізді ұдайы есіне салып отырыңыз.Олар сіз үшін қашан да ең үздік бала болып қалатыны рас қой. Секонд-хенд дүкенінен жаңа нәрсе іздеуден ұялудың қажеті жоқ: ол жерде қолжетімді бағадағы сапалы заттар жиі кездеседі. Бүгін суретке түсу үшін тамаша күн: сіз сәтті ракурстарды оңай тауып, өзіңізге ұнайтын фотосуреттер жасай аласыз. Күлкі өмірді ұзартады - көтеріңкі көңіл-күйде болуды, әзілдеуді ұмытпаңыз. Бүгін физикалық белсенділік танытудың қажеті жоқ, бұлшық етті ауыртып алу қаупі бар. Ұзақ уақыт бойы қалаған, бірақ бірқатар себепке байланысты қол жеткізе алмаған нәрсе үшін жалақыңыздан белгілі бір соманы бөліп отырыңыз. Арманыңызды орындайтын кез келді. Маңызды ештеңе жасамаңыз, абай болыңыз. Қарапайым жұмыс барысында да қателесу қаупі бар. Жұлдыздар бүгін демалуға кеңес береді: өзіңізге немесе жан серігіңізге жағымды кеш ұйымдастырыңыз, ойлана бермей, сезімге бой алдырыңыз. Киім жуу кезінде киім күтіміне арналған өнімдерді қосып жуып көріңіз. Соның арқасында киіміңіз реңкін сақтап, сізге ұзақ жылдар қызмет етеді әрі тозбайды. Жаңа таныстардан абай болыңыз: адамды өзі туралы айтқан сөздерімен емес, іс-әрекетімен бағалаңыз. Шығармашылық пен қиялыңызды көрсету қажет істерде жолыңыз болады. Ұйықтау қиын болса, жатар алдында сүйікті кітабыңызды оқып көріңіз. Сюжеті сізді баурап алмауы үшін бұрын оқыған нәрсені таңдаңыз. Бұл сіздің жүйке-жүйеңізге босаңсуға мүмкіндік береді.
Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз. Ұйқыңызды қандырыңыз, ванна қабылдаңыз, табиғатта таңғы ас ішіңіз, тынығып, серуендеңіз. Проблемаларды шешу үшін қолайлы күн. Адамдармен көбірек араласыңыз. Осы арқылы ортақ жоспарлар құра аласыз. Түсініспеушіліктерді болдырмау үшін сабырлық танытыңыз. Жаңа тағам түрін әзірлеп үйренуді ойлап жүрген болсаңыз, іске сәт. Бүгін бұл сіздің қолыңыздан келері анық! Қарым-қатынасқа назар аударыңыз: харизма мен сүйкімділік жаңа жұпты құруға немесе одақтастықты нығайтуға көмектеседі. Бірақ ақыл-есіңізді жоғалтпаңыз. Балаңызбен арақатынасыңыз дұрыс болмаса, онда психологтан кеңес алу туралы ойланыңыз. Белсенді болыңыз, ой бөлісіңіз. Ақшаға қатысты жұмыс мәселелерін талқылаңыз. Ескі және жаңа достардан көмек сұраңыз. Одақтастармен бірге сіз көп нәрсеге қол жеткізесіз. Күрмеуі шешілмеген мәселелерді шешіп, серіктеспен қарым-қатынасты жақсартыңыз, жұмсақ әрі мейірімді болыңыз. Жақсы ұйқы күш-қуатыңызды қалпына келтіреді. Денсаулығыңызды жақсарту үшін шөп шайы мен ароматерапияны қолданыңыз. Үйде тазалық күнін ұйымдастыратын күн, мұны кейінге қалдырып жүрген болсаңыз бүгін үйіңізді жинап қойғаныңыз дұрыс. Ескі достарға уақыт табыңыз, оларды кездесуге өзіңіз шақырыңыз. Бастаманы өз қолыңызға алыңыз, сізді бәрі жақсы қабылдайтын болады. Серігіңізге сенім білдіріңіз, егер қызғанышқа себеп болса, барынша сабырлылық танытыңыз. Егер сізге үйде немесе жаттығу залында жаттығуды бастау үшін белгі қажет болса – міне. Балаларыңызға оларды үлгерімі мен тәртібі үшін емес, еш себепсіз жақсы көретініңізді ұдайы есіне салып отырыңыз. Олар сіз үшін қашан да ең үздік бала болып қалатыны рас қой. Секонд-хенд дүкенінен жаңа нәрсе іздеуден ұялудың қажеті жоқ: ол жерде қолжетімді бағадағы сапалы заттар жиі кездеседі. Бүгін суретке түсу үшін тамаша күн: сіз сәтті ракурстарды оңай тауып, өзіңізге ұнайтын фотосуреттер жасай аласыз. Күлкі өмірді ұзартады - көтеріңкі көңіл-күйде болуды, әзілдеуді ұмытпаңыз. Бүгін физикалық белсенділік танытудың қажеті жоқ, бұлшық етті ауыртып алу қаупі бар. Ұзақ уақыт бойы қалаған, бірақ бірқатар себепке байланысты қол жеткізе алмаған нәрсе үшін жалақыңыздан белгілі бір соманы бөліп отырыңыз. Арманыңызды орындайтын кез келді. Маңызды ештеңе жасамаңыз, абай болыңыз. Қарапайым жұмыс барысында да қателесу қаупі бар. Жұлдыздар бүгін демалуға кеңес береді: өзіңізге немесе жан серігіңізге жағымды кеш ұйымдастырыңыз, ойлана бермей, сезімге бой алдырыңыз. Киім жуу кезінде киім күтіміне арналған өнімдерді қосып жуып көріңіз. Соның арқасында киіміңіз реңкін сақтап, сізге ұзақ жылдар қызмет етеді әрі тозбайды. Жаңа таныстардан абай болыңыз: адамды өзі туралы айтқан сөздерімен емес, іс-әрекетімен бағалаңыз. Шығармашылық пен қиялыңызды көрсету қажет істерде жолыңыз болады. Ұйықтау қиын болса, жатар алдында сүйікті кітабыңызды оқып көріңіз. Сюжеті сізді баурап алмауы үшін бұрын оқыған нәрсені таңдаңыз.
Калейдоскоп
false
https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2032804-bugingi-zuldyz-zoramal-18-tamyz-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/
18 тамыз 2023, 00:01
kk
Анасы ауыр жағдайда ауруханаға түскен Анна Данченко қуанышты жаңалығын айтты
Танымал тележүргізуші Анна Данченко таяуда анасының жағдайы нашарлап, ауруханаға түскенін хабарлаған еді. Журналист Instagram парақшасында бүгінде анасының халі жақсарғанын айтты. "Анашым, қайта құшақтай алғаныма, сөйлесе алғаныма, жақсы көрем, сағындым деп айта алғаныма, бірінші Аллаға, екінші дәрігерлерге, үшінші сіздерге, оқырмандарым мың алғыс! Дұғаларыңыз қабыл болып, шүкір, жағдайы жақсарып келеді", - деді Данченко. Сонымен қатар ол ертең анасы ауруханадан үйге шығатынын айтты. "Қазір ғана анама барып, дәрігермен сөйлестім. Алла қаласа ертең үйге шығарады, анализдері жақсы, әрі қарай үйден емделеді. Ең бастысы ол жансақтау бөлімінде емес, өз бетімен демалуда, жүрегі өз бетінше соғуда", - деді журналист.
Танымал тележүргізуші Анна Данченко таяуда анасының жағдайы нашарлап, ауруханаға түскенін хабарлаған еді. Журналист Instagram парақшасында бүгінде анасының халі жақсарғанын айтты. "Анашым, қайта құшақтай алғаныма, сөйлесе алғаныма, жақсы көрем, сағындым деп айта алғаныма, бірінші Аллаға, екінші дәрігерлерге, үшінші сіздерге, оқырмандарым мың алғыс! Дұғаларыңыз қабыл болып, шүкір, жағдайы жақсарып келеді", - деді Данченко. Сонымен қатар ол ертең анасы ауруханадан үйге шығатынын айтты. "Қазір ғана анама барып, дәрігермен сөйлестім. Алла қаласа ертең үйге шығарады, анализдері жақсы, әрі қарай үйден емделеді.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2032934-anasy-auyr-zagdaida-auruxanaga-tusken-anna-dancenko-quanysty-zanalygyn-aitty/
17 тамыз 2023, 23:28
kk
Жамбыл облысындағы су тапшылығы: шаруаларға келген шығын 7 млрд теңгеге жетуі мүмкін
Жамбыл облысындағы қуаңшылықтан шаруаларға келген шығын 7 млрд теңгеге жетуі мүмкін. Бұндай болжамды бүгін облыс әкімдігі айтты, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Телеарнаның ақпаратынша, өңірдегі суаруды қажет ететін 112 мың гектар, жердің 12 мың гектары күйіп кеткен. Биылдыққа тіршілік нәрінің тапшылғын аймақтағы он ауданның алтауы тартып отыр. Қазіргі есептің өзінде зардап шеккен қожалықтар саны 350-ге жуықтайды. Осы салаға жауапты "ҚазСуШар" мекемесі жағдай одан бетер ушықпас үшін, Қырғызстандағы 40 шақырым дренажды каналдарды тазартып жатқанын айтады. Нәтижесінде қазір секундына 5-8 текшеметр аралығында су беріліп жатыр екен. Мекеме осы арқылы өңірдегі қалған қызылша мен пиязды барынша сақтап қалуға мүмкіндік бар деп отыр. Ал Жамбыл облысының әкімдігі су шығынын азайту үшін каналдарды бетондау жұмыстарына шұғыл кіріспек. Сонымен қоса 3 ірі және 11 су қоймасының жобасы дайындалып жатыр. Құрылыс қаржы бөлінген бетте басталмақ. "Біз енді оны шамамен сол 57 млрд теңге көлемінде болады деп болжап отырмыз. Бірақ ол нақты есебі әр шаруа бойынша жасалынатын болады. Біз енді егістің көлемін азайтпаймыз. Өйткені су жетпейтін жерлерді тәліми жер ретінде пайдалануға болады, ол біріншіден. Екіншіден, біз мынау тамшылатып және жаңбырлатып суару технологиларына қатысты ынталандыру жұмыстарын жүргізудеміз. Қазірдің өзінде 57 мың гектар жерде осындай су үнемдеу технологиясы пайдалануда", - деді Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек. Дереккөз: КТК телеарнасы
Жамбыл облысындағы қуаңшылықтан шаруаларға келген шығын 7 млрд теңгеге жетуі мүмкін. Бұндай болжамды бүгін облыс әкімдігі айтты, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Телеарнаның ақпаратынша, өңірдегі суаруды қажет ететін 112 мың гектар, жердің 12 мың гектары күйіп кеткен. Биылдыққа тіршілік нәрінің тапшылғын аймақтағы он ауданның алтауы тартып отыр. Қазіргі есептің өзінде зардап шеккен қожалықтар саны 350-ге жуықтайды. Осы салаға жауапты "ҚазСуШар" мекемесі жағдай одан бетер ушықпас үшін, Қырғызстандағы 40 шақырым дренажды каналдарды тазартып жатқанын айтады. Нәтижесінде қазір секундына 5-8 текшеметр аралығында су беріліп жатыр екен. Мекеме осы арқылы өңірдегі қалған қызылша мен пиязды барынша сақтап қалуға мүмкіндік бар деп отыр. Ал Жамбыл облысының әкімдігі су шығынын азайту үшін каналдарды бетондау жұмыстарына шұғыл кіріспек. Сонымен қоса 3 ірі және 11 су қоймасының жобасы дайындалып жатыр. Құрылыс қаржы бөлінген бетте басталмақ. "Біз енді оны шамамен сол 57 млрд теңге көлемінде болады деп болжап отырмыз. Бірақ ол нақты есебі әр шаруа бойынша жасалынатын болады. Біз енді егістің көлемін азайтпаймыз. Өйткені су жетпейтін жерлерді тәліми жер ретінде пайдалануға болады, ол біріншіден. Екіншіден, біз мынау тамшылатып және жаңбырлатып суару технологиларына қатысты ынталандыру жұмыстарын жүргізудеміз. Қазірдің өзінде 57 мың гектар жерде осындай су үнемдеу технологиясы пайдалануда", - деді Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032928-zambyl-oblysyndagy-su-tapsylygy-sarualarga-kelgen-sygyn-7-mlrd-tengege-zetui-mumkin/
17 тамыз 2023, 22:47
kk
Ақорда шахтадағы төтенше жағдайға қатысты мәлімдеме жасады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан" шахтасында болған өртке байланысты үкіметке және Қарағанды облысының әкімдігіне тапсырма берді, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында. "Мемлекет басшысы "Қазақстан" шахтасында болған өртке байланысты үкіметке және Қарағанды облысының әкімдігіне апат себептеріне жан-жақты тергеу жүргізу, сондай-ақ зардап шеккендерге қажет барлық көмекті көрсету жөнінде тапсырма берді. Үкіметке осы кәсіпорынға иелік ететін шетелдік компаниямен жұмысшылардың қауіпсіздігін мүлтіксіз қамтамасыз ету жөнінде келіссөздер жүргізу тапсырылды. Шетелдік компанияға тиесілі кәсіпорындарда жиі қайталанатын апаттар олардың инвестициялық және өзге де міндеттемелерін өрескел бұзғанын көрсетеді. Аталған жағдайлар олардың Қазақстан нарығында қызмет етуіне қатысты шешім шығаруға ықпал етеді", - делінген хабарламада. Еске сала кетейік, бүгін, 17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенді. Өрт кезде жер астында 227 адам болған. Кейін олардың 222-сі жер бетіне шығарылып, бесеуінің іздестіріліп жатқаны белгілі болды. Сондай-ақ апат орнында 13 адамның дәрігерлердің көмегіне жүгінгені, оладың төртеуі ауруханаға жатқызылғаны анықталды. Кейін дәрігерлер зардап шеккендердің саны алты адамға дейін өскенін және олардың жағдайын айтты. Сонымен қатар іздестіріліп жатқан бес адамның екеуінің денесі табылғаны хабарланған болатын. Алайда кейінірек, облыс әкімдігі екі адам емес, бір адамның денесі табылғанын хабарлады. Қазіргі таңда төрт адам іздестірілуде. Бұдан бөлек облыстық прокуратура төтенше жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан" шахтасында болған өртке байланысты үкіметке және Қарағанды облысының әкімдігіне тапсырма берді, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында. "Мемлекет басшысы "Қазақстан" шахтасында болған өртке байланысты үкіметке және Қарағанды облысының әкімдігіне апат себептеріне жан-жақты тергеу жүргізу, сондай-ақ зардап шеккендерге қажет барлық көмекті көрсету жөнінде тапсырма берді. Үкіметке осы кәсіпорынға иелік ететін шетелдік компаниямен жұмысшылардың қауіпсіздігін мүлтіксіз қамтамасыз ету жөнінде келіссөздер жүргізу тапсырылды. Шетелдік компанияға тиесілі кәсіпорындарда жиі қайталанатын апаттар олардың инвестициялық және өзге де міндеттемелерін өрескел бұзғанын көрсетеді. Аталған жағдайлар олардың Қазақстан нарығында қызмет етуіне қатысты шешім шығаруға ықпал етеді", - делінген хабарламада. Еске сала кетейік, бүгін, 17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенді. Өрт кезде жер астында 227 адам болған. Кейін олардың 222-сі жер бетіне шығарылып, бесеуінің іздестіріліп жатқаны белгілі болды. Сондай-ақ апат орнында 13 адамның дәрігерлердің көмегіне жүгінгені, оладың төртеуі ауруханаға жатқызылғаны анықталды. Кейін дәрігерлер зардап шеккендердің саны алты адамға дейін өскенін және олардың жағдайын айтты. Сонымен қатар іздестіріліп жатқан бес адамның екеуінің денесі табылғаны хабарланған болатын. Алайда кейінірек, облыс әкімдігі екі адам емес, бір адамның денесі табылғанын хабарлады. Қазіргі таңда төрт адам іздестірілуде.
Саясат және экономика
false
https://kaz.nur.kz/politics/2032926-qazaqstan-saxtasyndagy-apat-toqaev-ukimet-pen-qaragandy-oblysy-akimine-tapsyrma-berdi/
17 тамыз 2023, 20:54
kk
Қызылорда облысында «Ауыл аманаты» жобасы сәтті іске асуда
Қызылорда облысында «Ауыл аманаты» жобасы сәтті іске асуда. 2023 жылы Қызылорда облысында аталмыш жобаны іске асыру үшін 3,0 млрд теңге қаржы бөлінген. Әлем елдерінің арасында тың тәжірибе бар. Ол – шалғай аймақтарды да қала деңгейінде әлеуеттендіру. Бұл ұстанымды әсіресе дамыған мемлекеттер бір ауыздан қолдайды. Бізде де атаулы үрдіс бір ізге қойылып келеді. Ауылдардың даму динамикасы ел президентінен бастап, облыс, аудан әкімдерінің қадағалауында. Ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту үшін мемлекет тарапынан да түрлі бастамалар қолға алынып келеді. Солардың бірі – «Ауыл аманаты» жобасы. Айта кетейік, 2023 жылы Қызылорда облысында аталмыш жобаны іске асыру үшін 3,0 млрд теңге қаржы бөлінген. Қазірде қаржыландыру бағыттары анықталған. Нақты талап-ережелері барлық ауылдық елді мекендерде түсіндіріліп жатыр. Негізгі 5 бағыт белгіленді. Негізгі басымдық өңдеу, кооперативтерді дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша егін және мал шаруашылығы өнімдерін өңдеуге және басқа да бизнес жобаларға берілуде. Ауыл халқының табысын арттыру жобасы щеңберінде ауылдық елді мекенде «алқаптан сөреге дейін» кооперациялау пилоттық жобасын жандандыру мақсатында шалғайдағы ауылдық округтерге микрокредиттер беру және кооперативтерді ынталандыру бағыты алға қойылған. Атаулы жұмыс легін үйлестіруші ретінде «Байқоңыр» ӘКК» АҚ анықталып, 3,0 млрд теңге корпорация қазынасына аударылды. Облыс қаражатынан 2023 жылғы агент қызметіне 74,4 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ы жанынан атаулы жобамен айналысатын 20 штаттық бірліктен арнайы департамент құрылып, материалдық-техникалық базасымен қамтамасыз етілді. Құжаттардың қабылдау шарттары ауыл тұрғындарының жағдайын ескере келе барынша жеңілдетілді. Бүгінгі таңда 1,6 млрд теңгенің 240 жобасы қабылданып, несие комитетіне ұсынылды. Ағымдағы жылдың 16 тамыз күні жобаларды қарастыру мақсатында несие комитетінің бірінші отырысы өткен болатын. Несие комитетінде 504,6 млн теңгеге 59 жоба қаралып, нәтижесінде 199,3 млн теңгені құрайтын 30 жобаға келісім берілді. Комитеттің шешімімен мақұлданған жобалар кепілге ұсынылатын мүліктерді тәуелсіз бағалау ұйымдарынан бағалаудан өткеннен кейін ғана атаулы қаржыға қол жеткізе алады. «Байқоңыр» ӘКК» АҚ мамандары кепілге ұсынылатын мүліктер бойынша талаптармен таныстырды. Мысалы, күйдірілген қыштан қаланған мүліктерді 1990 жылдан бастап, қам кесектен және қаңқалы-қамысты материалдан соғылған мүліктерді 2000 жылдан бастап кепілге қабылдау мақұлданған. Сондай-ақ мүлкіңіз 1980 жылдан бері салынған көпқабатты үй болса кепілге жарамды. Осы тұста, жоба игілін кімдер көре алмайды деген заңды сауал туындауы мүмкін. Айта кетейік, «Жұмыспен қамтудың Жол каратасы 2020» бағдарламасы бойынша, салық органдарының алдында қарызы барлар, соттылығы толық өтелмеген регламентке сәйкес өтінім беруші қаржыландырылмайды. Сонымен қатар «Байқоңыр ӘКК» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Мадали Алишерұлы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастырумен өткен баспасөз конференциясында несиеге беруде алаяқтарға алданып қалмауды қатаң ескертті. «Ауыл аманаты» бағдарламасы басталған сәтте-ақ тұрғындар арасында жеңіл ақшаны көздегендер де кездесуде. Олар алаяқтық жолмен несие алып беруге және рәсімдеуге, көмектесемін, танысым бар деген сылтаумен кәсіпкерлерден қомақты қаражат алып, алдап кету фактері кездесуде. Осыған байланысты бағдарлама жөніндегі мәліметті тек «Байқоңыр ӘКК» АҚ әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан ғана білулеріңізге болады», - дейді ол. Меже бойынша «Ауыл аманаты» жобасы аясында өңірде бөлінген қаржыны келер жылдың маусым айына дейін толық иегеру жоспарлануда.
Қызылорда облысында «Ауыл аманаты» жобасы сәтті іске асуда. 2023 жылы Қызылорда облысында аталмыш жобаны іске асыру үшін 3,0 млрд теңге қаржы бөлінген. Әлем елдерінің арасында тың тәжірибе бар. Ол – шалғай аймақтарды да қала деңгейінде әлеуеттендіру. Бұл ұстанымды әсіресе дамыған мемлекеттер бір ауыздан қолдайды. Бізде де атаулы үрдіс бір ізге қойылып келеді. Ауылдардың даму динамикасы ел президентінен бастап, облыс, аудан әкімдерінің қадағалауында. Ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту үшін мемлекет тарапынан да түрлі бастамалар қолға алынып келеді. Солардың бірі – «Ауыл аманаты» жобасы. Айта кетейік, 2023 жылы Қызылорда облысында аталмыш жобаны іске асыру үшін 3,0 млрд теңге қаржы бөлінген. Қазірде қаржыландыру бағыттары анықталған. Нақты талап-ережелері барлық ауылдық елді мекендерде түсіндіріліп жатыр. Негізгі 5 бағыт белгіленді. Негізгі басымдық өңдеу, кооперативтерді дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша егін және мал шаруашылығы өнімдерін өңдеуге және басқа да бизнес жобаларға берілуде. Ауыл халқының табысын арттыру жобасы щеңберінде ауылдық елді мекенде «алқаптан сөреге дейін» кооперациялау пилоттық жобасын жандандыру мақсатында шалғайдағы ауылдық округтерге микрокредиттер беру және кооперативтерді ынталандыру бағыты алға қойылған. Атаулы жұмыс легін үйлестіруші ретінде «Байқоңыр» ӘКК» АҚ анықталып, 3,0 млрд теңге корпорация қазынасына аударылды. Облыс қаражатынан 2023 жылғы агент қызметіне 74,4 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ы жанынан атаулы жобамен айналысатын 20 штаттық бірліктен арнайы департамент құрылып, материалдық-техникалық базасымен қамтамасыз етілді. Құжаттардың қабылдау шарттары ауыл тұрғындарының жағдайын ескере келе барынша жеңілдетілді. Бүгінгі таңда 1,6 млрд теңгенің 240 жобасы қабылданып, несие комитетіне ұсынылды. Ағымдағы жылдың 16 тамыз күні жобаларды қарастыру мақсатында несие комитетінің бірінші отырысы өткен болатын. Несие комитетінде 504,6 млн теңгеге 59 жоба қаралып, нәтижесінде 199,3 млн теңгені құрайтын 30 жобаға келісім берілді. Комитеттің шешімімен мақұлданған жобалар кепілге ұсынылатын мүліктерді тәуелсіз бағалау ұйымдарынан бағалаудан өткеннен кейін ғана атаулы қаржыға қол жеткізе алады. «Байқоңыр» ӘКК» АҚ мамандары кепілге ұсынылатын мүліктер бойынша талаптармен таныстырды. Мысалы, күйдірілген қыштан қаланған мүліктерді 1990 жылдан бастап, қам кесектен және қаңқалы-қамысты материалдан соғылған мүліктерді 2000 жылдан бастап кепілге қабылдау мақұлданған. Сондай-ақ мүлкіңіз 1980 жылдан бері салынған көпқабатты үй болса кепілге жарамды. Осы тұста, жоба игілін кімдер көре алмайды деген заңды сауал туындауы мүмкін. Айта кетейік, «Жұмыспен қамтудың Жол каратасы 2020» бағдарламасы бойынша, салық органдарының алдында қарызы барлар, соттылығы толық өтелмеген регламентке сәйкес өтінім беруші қаржыландырылмайды. Сонымен қатар «Байқоңыр ӘКК» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Мадали Алишерұлы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастырумен өткен баспасөз конференциясында несиеге беруде алаяқтарға алданып қалмауды қатаң ескертті. «Ауыл аманаты» бағдарламасы басталған сәтте-ақ тұрғындар арасында жеңіл ақшаны көздегендер де кездесуде. Олар алаяқтық жолмен несие алып беруге және рәсімдеуге, көмектесемін, танысым бар деген сылтаумен кәсіпкерлерден қомақты қаражат алып, алдап кету фактері кездесуде. Осыған байланысты бағдарлама жөніндегі мәліметті тек «Байқоңыр ӘКК» АҚ әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан ғана білулеріңізге болады», - дейді ол.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032921-qyzylorda-oblysynda-auyl-amanaty-zobasy-satti-iske-asuda/
17 тамыз 2023, 20:46
kk
Ақтөбе ауылдарында үй бағасының шарықтап кеткені рас па
Осы өңірдегі тілшілер таратқан мәліметке қарасақ, Ақтөбе ауылдарындағы баспана бағасы айтарлықтай шарықтап кеткен. Себебін, сарапшылардан сұрап білген едік. Ғалымжан Керімбек, экономика ғылымдарының кандидаты, Әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Қаржы және есеп» кафедрасының доценті: Қолда бар ақпараттарға қарағанда, кез келген макроэкономикалық көрсеткіштерге жағымды әсер ететін факторлардың бірі – мемлекеттік бағдарламалардың тиімді жүзеге асырылуы. Ақтөбе облысы осы жағынан басқа өңірлерге қарағанда көш ілгері. Бір ғана мысал, Үкіметтің «Ауыл аманаты» бағдарламасын 10 ай бұрын бастаған облыс басшылығы ауылды сақтап қалуға нық қадам жасады. Ойланып қараңыз, 2,5 процентпен берілетін несиеге тек ғана ауыл тұрғындары қол жеткізе алады. Ол үшін өзіңіз тұратын ауылдағы үй – баспаңызды кепілдікке қоясыз. 60 ай, былай айтсақ, 5 жылға беріледі. «Ауыл аманатына» қатысқан адамдардың саны - 1400. Енді, бұл әрине ауылдағы үйлер бағасының шарықтауына әсер етеді. Заңды. Бағаның өсуіне, ауылдағы тұрмыстың жақсаруы мен туған жердің болашағына деген сенім тікелей әсер етіп отырғаны анық. Қыдырбек Ибрашев, «Ауыл аманаты» жобасына қатысушы: 7 гектардай жерге көкөністер ектік. Қауыны бар, қарбызы бар. Картобы бар. Осындай мүмкіншіліктер беріп жатқан президентімізге, облыс әкіміне , барлығы рахмет! Осының өнімін көріп жатырмыз. Барлық кәсіпкерлерді жұмыла қатысуға шақырамыз. Әйтеке би ауданы, Аралтоғай ауылдық округының тұрғыны Қыдырбек Ибрашевтің айтуынша, Қорықпай, қаржыны алып, кәсіпті дөңгелентуге кең мүмкіндік бар. Осының барлығы ауылға деген, ата – қонысқа деген сенімді арттырды. Нағыз табиғи өсім, табиғи өнім осында емес пе?!
Осы өңірдегі тілшілер таратқан мәліметке қарасақ, Ақтөбе ауылдарындағы баспана бағасы айтарлықтай шарықтап кеткен. Себебін, сарапшылардан сұрап білген едік. Ғалымжан Керімбек, экономика ғылымдарының кандидаты, Әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Қаржы және есеп» кафедрасының доценті: Қолда бар ақпараттарға қарағанда, кез келген макроэкономикалық көрсеткіштерге жағымды әсер ететін факторлардың бірі – мемлекеттік бағдарламалардың тиімді жүзеге асырылуы. Ақтөбе облысы осы жағынан басқа өңірлерге қарағанда көш ілгері. Бір ғана мысал, Үкіметтің «Ауыл аманаты» бағдарламасын 10 ай бұрын бастаған облыс басшылығы ауылды сақтап қалуға нық қадам жасады. Ойланып қараңыз, 2,5 процентпен берілетін несиеге тек ғана ауыл тұрғындары қол жеткізе алады. Ол үшін өзіңіз тұратын ауылдағы үй – баспаңызды кепілдікке қоясыз. 60 ай, былай айтсақ, 5 жылға беріледі. «Ауыл аманатына» қатысқан адамдардың саны - 1400. Енді, бұл әрине ауылдағы үйлер бағасының шарықтауына әсер етеді. Заңды. Бағаның өсуіне, ауылдағы тұрмыстың жақсаруы мен туған жердің болашағына деген сенім тікелей әсер етіп отырғаны анық. Қыдырбек Ибрашев, «Ауыл аманаты» жобасына қатысушы: 7 гектардай жерге көкөністер ектік. Қауыны бар, қарбызы бар. Картобы бар. Осындай мүмкіншіліктер беріп жатқан президентімізге, облыс әкіміне , барлығы рахмет! Осының өнімін көріп жатырмыз. Барлық кәсіпкерлерді жұмыла қатысуға шақырамыз. Әйтеке би ауданы, Аралтоғай ауылдық округының тұрғыны Қыдырбек Ибрашевтің айтуынша, Қорықпай, қаржыны алып, кәсіпті дөңгелентуге кең мүмкіндік бар. Осының барлығы ауылға деген, ата – қонысқа деген сенімді арттырды.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032913-aqtobe-auyldarynda-ui-bagasynyn-saryqtap-ketkeni-ras-pa/
17 тамыз 2023, 20:43
kk
"Қазақстан" шахтасындағы апат: бір шахташының қайтыс болғаны туралы ақпарат расталмады
Бүгін кешке Қарағанды облысының әкімдігі "Қазақстан" шахтасындағы апаттан бір адамның қайтыс болғанын хабарлады. Бұған дейін екі адам мерт болды деген ақпарат таратылған болатын, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. "Иә, расында да тек бір адамның денесі табылды. Тағы төрт адамды іздестіріп жатыр", - деп қысқа жауап берді NUR.KZ редакциясының сұрағына. Еске сала кетейік, бүгін, 17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенді. Өрт кезде жер астында 227 адам болған. Кейін олардың 222-сі жер бетіне шығарылып, бесеуінің іздестіріліп жатқаны белгілі болды. Сондай-ақ апат орнында 13 адамның дәрігерлердің көмегіне жүгінгені, оладың төртеуі ауруханаға жатқызылғаны анықталды. Кейін дәрігерлер зардап шеккендердің саны алты адамға дейін өскенін және олардың жағдайын айтты. Сонымен қатар іздестіріліп жатқан бес адамның екеуінің денесі табылғаны хабарланған болатын. Одан бөлек, облыстық прокуратура төтенше жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғады.
Бүгін кешке Қарағанды облысының әкімдігі "Қазақстан" шахтасындағы апаттан бір адамның қайтыс болғанын хабарлады. Бұған дейін екі адам мерт болды деген ақпарат таратылған болатын, деп хабарлайды тілшісі. "Иә, расында да тек бір адамның денесі табылды. Тағы төрт адамды іздестіріп жатыр", - деп қысқа жауап берді редакциясының сұрағына. Еске сала кетейік, бүгін, 17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенді. Өрт кезде жер астында 227 адам болған. Кейін олардың 222-сі жер бетіне шығарылып, бесеуінің іздестіріліп жатқаны белгілі болды. Сондай-ақ апат орнында 13 адамның дәрігерлердің көмегіне жүгінгені, оладың төртеуі ауруханаға жатқызылғаны анықталды. Кейін дәрігерлер зардап шеккендердің саны алты адамға дейін өскенін және олардың жағдайын айтты. Сонымен қатар іздестіріліп жатқан бес адамның екеуінің денесі табылғаны хабарланған болатын.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032923-qazaqstan-saxtasyndagy-apat-bir-saxtasynyn-qaitys-bolgany-turaly-aqparat-rastalmady/
17 тамыз 2023, 20:25
kk
Қарағанды облысында шахтада шыққан өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды
Қарағанды облысы "Қазақстан" шахтасындағы өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Басылымның облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазуынша, "Қазақстан" шахтасындағы өртке байланысты Қылмыстық-кодекстің 277-бабының 3-бөлігі (Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Сотқа дейінгі тергеуді Шахтинск қаласының полиция бөлімі жүргізуде. Істі Қарағанды облысының прокуратурасы тікелей бақылауына алған. Агенттік мәліметінше, Қарағанды облыстық полиция департаментінің басшылығы оқиға орнында. Қазіргі уақытта қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Еске сала кетейік, бүгін, 17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенді. Өрт кезде жер астында 227 адам болған. Кейін олардың 222-сі жер бетіне шығарылып, бесеуінің іздестіріліп жатқаны белгілі болды. Сондай-ақ апат орнында 13 адамның дәрігерлердің көмегіне жүгінгені, оладың төртеуі ауруханаға жатқызылғаны анықталды. Кейін дәрігерлер зардап шеккендердің саны алты адамға дейін өскенін және олардың жағдайын айтты. Сонымен қатар іздестіріліп жатқан бес адамның екеуінің денесі табылғаны хабарланды.
Қарағанды облысы "Қазақстан" шахтасындағы өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Басылымның облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазуынша, "Қазақстан" шахтасындағы өртке байланысты Қылмыстық-кодекстің 277-бабының 3-бөлігі (Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Сотқа дейінгі тергеуді Шахтинск қаласының полиция бөлімі жүргізуде. Істі Қарағанды облысының прокуратурасы тікелей бақылауына алған. Агенттік мәліметінше, Қарағанды облыстық полиция департаментінің басшылығы оқиға орнында. Қазіргі уақытта қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Еске сала кетейік, бүгін, 17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенді. Өрт кезде жер астында 227 адам болған. Кейін олардың 222-сі жер бетіне шығарылып, бесеуінің іздестіріліп жатқаны белгілі болды. Сондай-ақ апат орнында 13 адамның дәрігерлердің көмегіне жүгінгені, оладың төртеуі ауруханаға жатқызылғаны анықталды. Кейін дәрігерлер зардап шеккендердің саны алты адамға дейін өскенін және олардың жағдайын айтты.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032918-qaragandy-oblysynda-saxtada-syqqan-ortke-bailanysty-qylmystyq-is-qozgaldy/
17 тамыз 2023, 19:45
kk
Алматы облысында су арнасынан ер адамның денесі табылды
Алматы облысындағы су арнасынан Өзбекстан азаматының денесі табылды. Бұл туралы Polisia.kz ақпараттық медиа-порталында хабарлады. Ақпараттық медиа-порталдың жазуынша, 14 тамызда Еңбекшіқазақ ауданының полиция басқармасына Қайназар ауылдық округінің аумағындағы ҮАК су арнасынан ер адамның денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түскен. "Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі (Кісі өлтіру) бойынша полицияда тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тергеу іс-шарасы кезінде қаза тапқан адамның жеке басы анықталды, ол Өзбекстан Республикасының 26 жастағы тумасы болып шықты. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 1984 жылғы күдіктіні анықтап, ұстады. Ол жауап алу кезінде өз кінәсін толық мойындады", – дейді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов. Полиция мәліметінше, қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалып, барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Ұсталған адам заңнамада белгіленген тәртіппен қамауға алынған.
Алматы облысындағы су арнасынан Өзбекстан азаматының денесі табылды. Бұл туралы ақпараттық медиа-порталында хабарлады. Ақпараттық медиа-порталдың жазуынша, 14 тамызда Еңбекшіқазақ ауданының полиция басқармасына Қайназар ауылдық округінің аумағындағы ҮАК су арнасынан ер адамның денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түскен. "Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі (Кісі өлтіру) бойынша полицияда тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тергеу іс-шарасы кезінде қаза тапқан адамның жеке басы анықталды, ол Өзбекстан Республикасының 26 жастағы тумасы болып шықты. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 1984 жылғы күдіктіні анықтап, ұстады. Ол жауап алу кезінде өз кінәсін толық мойындады", – дейді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов. Полиция мәліметінше, қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалып, барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Оқыс оқиғалар
false
https://kaz.nur.kz/accidents/2032911-almaty-oblysynda-su-arnasynan-er-adamnyn-denesi-tabyldy/
17 тамыз 2023, 19:26
kk
Тоқаев үкіметке бюджет процесіне бақылауды күшейтуді тапсырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын болжау және 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасының мәселелері жөнінде жұмыс кеңесі өтті. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеңеске премьер-министр, қаржы-экономикалық блокқа жауапты мемлекеттік органдардың және Ұлттық банктің, Жоғары аудиторлық палатаның басшылары қатысқан. "Президентке әлемдік экономикадағы трендтер, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына жасалған болжамдар, сондай-ақ 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасының параметрлері туралы мәлімет берілді", - делінген хабарламада. Кеңесте мемлекет басшысы теңгерімді макроэкономикалық саясат жүргізу, мемлекеттің әлеуметтік салада қабылдаған барлық міндеттемесін сақтау маңызды екеніне назар аударған. Сондай-ақ президент жоспарланған инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларға, экономиканың нақты секторын қолдауға және дамытуға, жалпымемлекеттік шығындарға, соның ішінде қорғаныс және құқық қорғау жүйелерінің тиімділігін арттыруға бағытталған шығындарды толыққанды қаржыландыру қажет екенін атап өткен. Кеңес қорытындысы бойынша үкіметке бюджет процесіне бақылауды күшейту, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және мемлекеттік органдардың қаржы жұмсау тәртібін жетілдіру жөнінде тапсырма берілген.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын болжау және 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасының мәселелері жөнінде жұмыс кеңесі өтті. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеңеске премьер-министр, қаржы-экономикалық блокқа жауапты мемлекеттік органдардың және Ұлттық банктің, Жоғары аудиторлық палатаның басшылары қатысқан. "Президентке әлемдік экономикадағы трендтер, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына жасалған болжамдар, сондай-ақ 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасының параметрлері туралы мәлімет берілді", - делінген хабарламада. Кеңесте мемлекет басшысы теңгерімді макроэкономикалық саясат жүргізу, мемлекеттің әлеуметтік салада қабылдаған барлық міндеттемесін сақтау маңызды екеніне назар аударған. Сондай-ақ президент жоспарланған инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларға, экономиканың нақты секторын қолдауға және дамытуға, жалпымемлекеттік шығындарға, соның ішінде қорғаныс және құқық қорғау жүйелерінің тиімділігін арттыруға бағытталған шығындарды толыққанды қаржыландыру қажет екенін атап өткен.
Саясат және экономика
false
https://kaz.nur.kz/politics/2032914-toqaev-ukimetke-byudzet-procesine-baqylaudy-kuseitudi-tapsyrdy/
17 тамыз 2023, 19:19
kk
Фитнес-клубтағы жанжал: Әсел Асқарды ұрды деген күдікке ілінген адам қамауға алынды
Бұған дейін қазақстандық блогер Әсел Асқар фитнес-клубта өзіне ер адамның қол көтергенін айтқан еді. Белгілі болғандай оны ұрды деген күдікке ілінген адам азамат 15 тәулікке қамауға алынған. Бұл туралы Алматы қалалық сотының ресми сайтында хабарланды. Қалалық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ұсақ бұзақылық фактісі бойынша М. есімді азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралған (ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігі). "Сот биылғы жылдың тамыз айында қаладағы фитнес клубта азамат М. жанжал шығарып, сондағы А. есімді клиентке құрметсіздік танытып, балағат сөздер айтқанын, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзғанын анықтады. Сот отырысында М. іс материалдарында баяндалған фактілерді растап, өз кінәсін мойындады", – делінген хабарламада. Осылайша, сот қаулысымен М. ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалған. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ. Еске сала кетейік, бұған дейін блогер Әсел Асқар Алматыдағы фитнес-клубтардың бірінде ер адам өзін балағаттап, бетінен ұрғанын айтқан еді. Блогердің сөзінше, оның мобилографы өзін залда қалай жаттығып жатқанын түсірген, ал жігітке кадрға түсіп қалуы мүмкін екені ұнамаған. Салдарынан ұрыс-керіс жанжалға ұласқан.
Бұған дейін қазақстандық блогер Әсел Асқар фитнес-клубта өзіне ер адамның қол көтергенін айтқан еді. Белгілі болғандай оны ұрды деген күдікке ілінген адам азамат 15 тәулікке қамауға алынған. Бұл туралы Алматы қалалық сотының ресми сайтында хабарланды. Қалалық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ұсақ бұзақылық фактісі бойынша М. есімді азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралған (ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігі). "Сот биылғы жылдың тамыз айында қаладағы фитнес клубта азамат М. жанжал шығарып, сондағы А. есімді клиентке құрметсіздік танытып, балағат сөздер айтқанын, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзғанын анықтады. Сот отырысында М. іс материалдарында баяндалған фактілерді растап, өз кінәсін мойындады", – делінген хабарламада. Осылайша, сот қаулысымен М. ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалған. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ. Еске сала кетейік, бұған дейін блогер Әсел Асқар Алматыдағы фитнес-клубтардың бірінде ер адам өзін балағаттап, бетінен ұрғанын айтқан еді. Блогердің сөзінше, оның мобилографы өзін залда қалай жаттығып жатқанын түсірген, ал жігітке кадрға түсіп қалуы мүмкін екені ұнамаған.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032903-fitnes-klubtagy-zanzal-asel-asqarga-sabuyl-zasagan-adam-qamauga-alyndy/
17 тамыз 2023, 18:24
kk
Қарағанды облысындағы шахтадағы өрт: екі адамның денесі табылды
"Қазақстан" шахтасындағы өрт кезінде жоғалған бес кеншінің екеуінің денесі табылды. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімдігі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Екі адам қаза болды. Үшеуі іздестірілуде", - деп хабардар етті Қарағанды облысының әкімдігі. Еске сала кетейік, бүгін, 17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенді. Өрт кезде жер астында 227 адам болған. Кейін олардың 222-сі жер бетіне шығарылып, бесеуінің іздестіріліп жатқаны белгілі болды. Сондай-ақ апат орнында 13 адамның дәрігерлердің көмегіне жүгінгені, оладың төртеуі ауруханаға жатқызылғаны анықталды. Кейін дәрігерлер өрт кезінде зардап шеккендердің саны алты адамға дейін өскенін және олардың жағдайын айтты.
"Қазақстан" шахтасындағы өрт кезінде жоғалған бес кеншінің екеуінің денесі табылды. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімдігі хабарлады, деп жазады . "Екі адам қаза болды. Үшеуі іздестірілуде", - деп хабардар етті Қарағанды облысының әкімдігі. Еске сала кетейік, бүгін, 17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенді. Өрт кезде жер астында 227 адам болған. Кейін олардың 222-сі жер бетіне шығарылып, бесеуінің іздестіріліп жатқаны белгілі болды. Сондай-ақ апат орнында 13 адамның дәрігерлердің көмегіне жүгінгені, оладың төртеуі ауруханаға жатқызылғаны анықталды.
Оқыс оқиғалар
false
https://kaz.nur.kz/accidents/2032905-qaragandy-oblysyndagy-saxtadagy-ort-eki-adamnyn-denesi-tabyldy/
17 тамыз 2023, 18:03
kk
Қарағанды облысындағы шахтадағы өрт: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
Қарағанды облысындағы "Қазақстан" шахтасындағы өрт кезінде зардап шеккендердің саны алты адамға дейін өсті. Дәрігерлер олардың қазіргі жағдайын айтты. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімдігі ресми сайтында хабарлады. "Қазақстан" шахтасында зардап шеккен екі адам Мақажанов клиникасына жеткізілді. Қабылдау бөлімінің дәрігерлері науқастардың жағдайын тексерді. Алдын ала диагноз – шахта газдарымен жедел ингаляциялық улану, оның ішінде ауыр көміртегі тотығымен улану, токсико-гипоксиялық энцефалопатия, уытты бронхит. Олар реанимация бөлімшесіне жатқызылды", – дейді токсикология бөлімшесінің меңгерушісі, Қарағанды облысының бас штаттан тыс токсикологы Сәуле Смағұлова. Сондай-ақ зардап шеккендердің төртеуі Шахтинск орталық ауруханасына жеткізілген, оларға алғашқы көмек көрсетілген. Алдағы уақытта оларды Мақажанов клиникасының токсикологиялық бөлімшесіне ауыстыру жоспарлануда. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ тау-кен сегментінің атқарушы директорының орынбасары Сергей Огайдың айтуынша, тағы бес қызметкерді бес құтқарушы бөлімшесі іздеп жатыр. Іздестіру жұмыстарын шахта ішіндегі қатты түтін қиындатуда. Еске сала кетейік, бүгін, 17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенді. Өрт кезде жер астында 227 адам болған. Кейін олардың 222-сі жер бетіне шығарылып, бесеуінің іздестіріліп жатқаны белгілі болды. Сондай-ақ апат орнында 13 адамның дәрігерлердің көмегіне жүгінгені, оладың төртеуі ауруханаға жатқызылғаны хабарланған болатын.
Қарағанды облысындағы "Қазақстан" шахтасындағы өрт кезінде зардап шеккендердің саны алты адамға дейін өсті. Дәрігерлер олардың қазіргі жағдайын айтты. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімдігі ресми сайтында хабарлады. "Қазақстан" шахтасында зардап шеккен екі адам Мақажанов клиникасына жеткізілді. Қабылдау бөлімінің дәрігерлері науқастардың жағдайын тексерді. Алдын ала диагноз – шахта газдарымен жедел ингаляциялық улану, оның ішінде ауыр көміртегі тотығымен улану, токсико-гипоксиялық энцефалопатия, уытты бронхит. Олар реанимация бөлімшесіне жатқызылды", – дейді токсикология бөлімшесінің меңгерушісі, Қарағанды облысының бас штаттан тыс токсикологы Сәуле Смағұлова. Сондай-ақ зардап шеккендердің төртеуі Шахтинск орталық ауруханасына жеткізілген, оларға алғашқы көмек көрсетілген. Алдағы уақытта оларды Мақажанов клиникасының токсикологиялық бөлімшесіне ауыстыру жоспарлануда. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ тау-кен сегментінің атқарушы директорының орынбасары Сергей Огайдың айтуынша, тағы бес қызметкерді бес құтқарушы бөлімшесі іздеп жатыр. Іздестіру жұмыстарын шахта ішіндегі қатты түтін қиындатуда. Еске сала кетейік, бүгін, 17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенді. Өрт кезде жер астында 227 адам болған. Кейін олардың 222-сі жер бетіне шығарылып, бесеуінің іздестіріліп жатқаны белгілі болды.
Денсаулық
false
https://kaz.nur.kz/health/2032902-qaragandy-oblysyndagy-saxtadagy-ort-zardap-sekkenderdin-zagdaiy-belgili-boldy/
17 тамыз 2023, 17:57
kk
"Үш негізгі себеп бар": қаржыгер елімізде доллар неге қымбаттап жатқанын түсіндірді
Соңғы күндері Қазақстан қор нарығында доллар бағамы күрт көтерілді. Бүгін еліміздегі ақша айырбастау пункттерінде АҚШ валютасының теңгеге шаққандағы бағамы 468 теңгеге дейін жетті. Осы орайда қаржыгер Расул Рысмамбетов доллар неге қымбаттап жатқанын түсіндіріп көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Маманның сөзінше, теңгенің құлдырап, доллардың нығаюына бірнеше себеп бар. "АҚШ ақшасының қымбаттауына үш негізгі себеп бар. Ең алдымен, бұл бюджеттік түзету. Өйткені, бізде дәстүр бойынша бюджет тамыз айында қаралады. Үкімет жалақымызды, зейнетақыны көтергісі келеді. Екінші себеп. Бұл халықтың өзі доллардың қымбаттауын күткені. Шынында да, қазір теңге бағамының төмендеуі рубльдің тұрақты валюталарға қатысты әлсіреуімен тұспа-тұс келді. Ресей – біздің сауда-сатық саласындағы әріптесіміз. Ресейде доллардың қымбаттауы көрші елдегі инфляцияның өсуін білдіреді. Әлбетте, мұның бәрі бізге сөзсіз әсер етеді", - дейді қаржыгер. Агенттік мәліметінше, бұдан бөлек, Қазақстанға ресейлік тауарлар кірді деген болжам бар. Көрші ел тауарлары Қазақстандағы рубльге бейімделуі керек. Сондықтан сауда желілері қайта құрылады. Оған шамамен екі ай уақыт керек. "Үшіншіден, күзге қарай ірі компаниялар қарыздарын өтей бастайды (облигация төлемдері тағы басқалары). Сондықтан олар рубль күрт арзандаған сәтті тиімді пайдаланбақ. Олар теңге де құлдырайды деген болжам жасап, доллар сатып алады. Осы 3-4 дерек сәйкес келіп тұр. Төртінші фактор – үкімет квазимемлекеттік сектордың ұлттық компаниялары қор биржасы арқылы сатуға тиіс міндетті валюталық түсімдердің үлесін азайтқысы келеді. Осылайша үкімет бюджет қаржысын арттырғысы келеді. Теңге – жұмсақ валюта", – дейді сарапшы. Айта кетейік, 16 тамызда қор биржасында доллар бағамы күрт көтерілді. Бір тәулікте АҚШ валютасы 6 теңгеге дейін қымбаттады. Ал бүгін доллар 7,9 теңгеге қымбаттады.
Соңғы күндері Қазақстан қор нарығында доллар бағамы күрт көтерілді. Бүгін еліміздегі ақша айырбастау пункттерінде АҚШ валютасының теңгеге шаққандағы бағамы 468 теңгеге дейін жетті. Осы орайда қаржыгер Расул Рысмамбетов доллар неге қымбаттап жатқанын түсіндіріп көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Маманның сөзінше, теңгенің құлдырап, доллардың нығаюына бірнеше себеп бар. "АҚШ ақшасының қымбаттауына үш негізгі себеп бар. Ең алдымен, бұл бюджеттік түзету. Өйткені, бізде дәстүр бойынша бюджет тамыз айында қаралады. Үкімет жалақымызды, зейнетақыны көтергісі келеді. Екінші себеп. Бұл халықтың өзі доллардың қымбаттауын күткені. Шынында да, қазір теңге бағамының төмендеуі рубльдің тұрақты валюталарға қатысты әлсіреуімен тұспа-тұс келді. Ресей – біздің сауда-сатық саласындағы әріптесіміз. Ресейде доллардың қымбаттауы көрші елдегі инфляцияның өсуін білдіреді. Әлбетте, мұның бәрі бізге сөзсіз әсер етеді", - дейді қаржыгер. Агенттік мәліметінше, бұдан бөлек, Қазақстанға ресейлік тауарлар кірді деген болжам бар. Көрші ел тауарлары Қазақстандағы рубльге бейімделуі керек. Сондықтан сауда желілері қайта құрылады. Оған шамамен екі ай уақыт керек. "Үшіншіден, күзге қарай ірі компаниялар қарыздарын өтей бастайды (облигация төлемдері тағы басқалары). Сондықтан олар рубль күрт арзандаған сәтті тиімді пайдаланбақ. Олар теңге де құлдырайды деген болжам жасап, доллар сатып алады. Осы 3-4 дерек сәйкес келіп тұр. Төртінші фактор – үкімет квазимемлекеттік сектордың ұлттық компаниялары қор биржасы арқылы сатуға тиіс міндетті валюталық түсімдердің үлесін азайтқысы келеді. Осылайша үкімет бюджет қаржысын арттырғысы келеді. Теңге – жұмсақ валюта", – дейді сарапшы. Айта кетейік, 16 тамызда қор биржасында доллар бағамы күрт көтерілді. Бір тәулікте АҚШ валютасы 6 теңгеге дейін қымбаттады.
Қаржы
false
https://kaz.nur.kz/nurfin/2032883-us-negizgi-sebep-bar-qarzyger-elimizde-dollar-nege-qymbattap-zatqanyn-tusindirdi/
17 тамыз 2023, 17:23
kk
"Алтын Орда" базары аумағынан шыққан қалың қара түтін видеоға түсіп қалды
Әлеуметтік желіде Алматыда болған өрттің видеосы пайда болды. Видео авторларының сөзінше, өрт "Алтын Орда" базарының маңында болған. Видеода қалың қара түтінді көруге болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Желіде тараған видеолар Kris_p_almaty Telegram-арнасында жарияланды. Куәгерлердің мәліметінше, өрт Алматыдағы "Барлық" базарынан шыққан. Видеодан "Алтын Орда" базарына қарама-қарсы ғимараттардың үстінен шығып жатқан қалың қара түтінді көруге болады. Бұған қатысты пікір білдірген Алматы қалалық ТЖД-ның баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін сағат 14:34-те расымен Наурызбай ауданындағы "Барлық" базарының аумағында өрт шыққан. "Жұмысы тоқтаған жылдам тамақтану дүңгіршектерінде өрт (аумағы 40 шаршы метр) шықты", – делінген хабарламада. ТЖД ақпаратынша, өрт сағат 14:55-те толықтай сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталуда.
Әлеуметтік желіде Алматыда болған өрттің видеосы пайда болды. Видео авторларының сөзінше, өрт "Алтын Орда" базарының маңында болған. Видеода қалың қара түтінді көруге болады, деп хабарлайды . Желіде тараған видеолар Kris p almaty Telegram-арнасында жарияланды. Куәгерлердің мәліметінше, өрт Алматыдағы "Барлық" базарынан шыққан. Видеодан "Алтын Орда" базарына қарама-қарсы ғимараттардың үстінен шығып жатқан қалың қара түтінді көруге болады. Бұған қатысты пікір білдірген Алматы қалалық ТЖД-ның баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін сағат 14:34-те расымен Наурызбай ауданындағы "Барлық" базарының аумағында өрт шыққан. "Жұмысы тоқтаған жылдам тамақтану дүңгіршектерінде өрт (аумағы 40 шаршы метр) шықты", – делінген хабарламада. ТЖД ақпаратынша, өрт сағат 14:55-те толықтай сөндірілген.
Оқыс оқиғалар
false
https://kaz.nur.kz/accidents/2032889-altyn-orda-bazary-aumagynan-syqqan-qalyn-qara-tutin-videoga-tusip-qaldy/
17 тамыз 2023, 16:40
kk
«Қазақмыс»: «ГРЭС Топар» мен «Қазақмыс Энерджидің» жылыту маусымына дайын еместігі жайлы ақпарат жалған
«Қазақмыс Энерджи» мен «ГРЭС Топар» серіктестіктері 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымына дайын еместігі жайлы БАҚ-та таралып жатқан ақпаратқа қатысты «Қазақмыс корпорациясының» баспасөз қызметі түсініктеме беріп, бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын алға тартты. «Бірқатар БАҚ-та Жезқазған ЖЭО «Kazahmys Energy (Қазақмыс Energy)» ЖШС және «ГРЭС Топар» ЖШС-нің алдағы 2023-2024 жылыту маусымына дайындығы туралы анық емес ақпарат таралып жатыр. Бүгінгі таңда Жезқазған ЖЭО-ны 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымына дайындау «KEGOK»-пен бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Қазіргі уақытта №11 қазандық агрегатына ағымдағы жөндеу жұмыстары толық орындалды. №8 және №4 қазандық агрегаттары күрделі жөндеуден өткізілуде. №10 қазандық агрегаты ауыстырылып жатыр. №5, 6, 7 қазандық агрегаттарында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Барлық жөндеу компаниясы бекітілген кестеге сәйкес аяқталады», - делінген «Қазақмыс корпорациясы» хабарламасында. Серіктестік ұсынған ақпаратқа сәйкес №6, 7, 8 турбоагрегаттарға ағымдағы жөндеу толықтай жүргізілген. Турбина, электр және отын-көлік цехтарының жабдықтары жоспарлы режимде жұмыс істеп тұр. Ал Жезқазған ЖЭО негізгі жабдықтарын күрделі және ағымдағы жөндеуге барлығы 4,8 млрд теңге бөлінген. Қоймадағы көмір қоры 243267 тоннаны, мазут-1 600 тоннаны құрап отыр. «Kazahmys Energy (Қазақмыс Energy)» ЖШС Жезқазған ЖЭО-ның жалпы дайындығы шамамен 60%-ды құрайды. 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымының басында станциядағы жөндеу жұмыстарының көп бөлігі аяқталады», - деп сендірді серіктестікте. Сол арада «ГРЭС Топар» серіктестігі 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымына дайындыққа қатысты ақпарат берді. «Биыл №7 станция бірінші қазандығында күрделі жөндеу сәтті өтті, 11 қазандық пен 3 турбинада ағымдағы жөндеу жүргізілді. Бүгінгі таңда екі қазандықта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, тағы екеуіне – ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде», - делінген «ГРЭС Топар» серіктестігі ұсынған ақпаратта. «ГРЭС Топар» ЖШС негізгі жабдықтарын күрделі және ағымдағы жөндеуге барлығы 5,7 млрд теңге бөлінген. «2023-2024 жылдардағы жылыту маусымы сәтті өтуі үшін «ГРЭС Топар» ЖШС-де жұмыста 8 қазандық агрегаты мен 4 турбоагрегаттың болуы жеткілікті. Осылайша, жабдықты жөндеуге сүйене отырып, станцияның дайындығы 85% құрайды. Өз кезегінде, БАҚ-та шыққан дәйексіз материал үшін жауаптылар біздің тарапымыздан түсініктемелер алу үшін «Қазақмыс» компаниясына жүгінбегенін атап өткіміз келеді. «Қазақмыс» компаниялар тобы әрқашан диалог пен нәтижелі ынтымақтастық үшін ашық. Корпорацияның Еңбек және әлеуметтік қызметі туралы материалдарды ұсыну кезінде объективтілікті сақтау мақсатында компанияның баспасөз қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз», - дейді серіктестік өкілдері. Айта кетсек, «Қазақмыс» компаниялар тобы - табиғи ресурстарды өндіру және қайта өңдеу жөніндегі жетекші компания, Қазақстанда мыс өндіруден көшбасшы. Компанияның құрамында геологиялық барлау кешені, он үш кеніш, төрт байыту фабрикасы, екі мыс балқыту зауыты, екі көмір разрезі және ОЭК бар. Компанияның негізгі активтері Жезқазған, Балқаш, Сәтбаев және Қарағанды қалаларында орналасқан. Бүгінгі таңда «Қазақмыс» тобы қызметкерлерінің жалпы саны 38 000-нан астам адамды құрайды, ұжымның 80%-ы өндірістік персонал болып табылады.
«Қазақмыс Энерджи» мен «ГРЭС Топар» серіктестіктері 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымына дайын еместігі жайлы БАҚ-та таралып жатқан ақпаратқа қатысты «Қазақмыс корпорациясының» баспасөз қызметі түсініктеме беріп, бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын алға тартты. «Бірқатар БАҚ-та Жезқазған ЖЭО «Kazahmys Energy (Қазақмыс Energy)» ЖШС және «ГРЭС Топар» ЖШС-нің алдағы 2023-2024 жылыту маусымына дайындығы туралы анық емес ақпарат таралып жатыр. Бүгінгі таңда Жезқазған ЖЭО-ны 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымына дайындау «KEGOK»-пен бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Қазіргі уақытта №11 қазандық агрегатына ағымдағы жөндеу жұмыстары толық орындалды. №8 және №4 қазандық агрегаттары күрделі жөндеуден өткізілуде. №10 қазандық агрегаты ауыстырылып жатыр. №5, 6, 7 қазандық агрегаттарында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Барлық жөндеу компаниясы бекітілген кестеге сәйкес аяқталады», - делінген «Қазақмыс корпорациясы» хабарламасында. Серіктестік ұсынған ақпаратқа сәйкес №6, 7, 8 турбоагрегаттарға ағымдағы жөндеу толықтай жүргізілген. Турбина, электр және отын-көлік цехтарының жабдықтары жоспарлы режимде жұмыс істеп тұр. Ал Жезқазған ЖЭО негізгі жабдықтарын күрделі және ағымдағы жөндеуге барлығы 4,8 млрд теңге бөлінген. Қоймадағы көмір қоры 243267 тоннаны, мазут-1 600 тоннаны құрап отыр. «Kazahmys Energy (Қазақмыс Energy)» ЖШС Жезқазған ЖЭО-ның жалпы дайындығы шамамен 60%-ды құрайды. 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымының басында станциядағы жөндеу жұмыстарының көп бөлігі аяқталады», - деп сендірді серіктестікте. Сол арада «ГРЭС Топар» серіктестігі 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымына дайындыққа қатысты ақпарат берді. «Биыл №7 станция бірінші қазандығында күрделі жөндеу сәтті өтті, 11 қазандық пен 3 турбинада ағымдағы жөндеу жүргізілді. Бүгінгі таңда екі қазандықта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, тағы екеуіне – ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде», - делінген «ГРЭС Топар» серіктестігі ұсынған ақпаратта. «ГРЭС Топар» ЖШС негізгі жабдықтарын күрделі және ағымдағы жөндеуге барлығы 5,7 млрд теңге бөлінген. «2023-2024 жылдардағы жылыту маусымы сәтті өтуі үшін «ГРЭС Топар» ЖШС-де жұмыста 8 қазандық агрегаты мен 4 турбоагрегаттың болуы жеткілікті. Осылайша, жабдықты жөндеуге сүйене отырып, станцияның дайындығы 85% құрайды. Өз кезегінде, БАҚ-та шыққан дәйексіз материал үшін жауаптылар біздің тарапымыздан түсініктемелер алу үшін «Қазақмыс» компаниясына жүгінбегенін атап өткіміз келеді. «Қазақмыс» компаниялар тобы әрқашан диалог пен нәтижелі ынтымақтастық үшін ашық. Корпорацияның Еңбек және әлеуметтік қызметі туралы материалдарды ұсыну кезінде объективтілікті сақтау мақсатында компанияның баспасөз қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз», - дейді серіктестік өкілдері. Айта кетсек, «Қазақмыс» компаниялар тобы - табиғи ресурстарды өндіру және қайта өңдеу жөніндегі жетекші компания, Қазақстанда мыс өндіруден көшбасшы. Компанияның құрамында геологиялық барлау кешені, он үш кеніш, төрт байыту фабрикасы, екі мыс балқыту зауыты, екі көмір разрезі және ОЭК бар. Компанияның негізгі активтері Жезқазған, Балқаш, Сәтбаев және Қарағанды қалаларында орналасқан.
Саясат және экономика
false
https://kaz.nur.kz/politics/2032872-qazaqmys-gres-topar-men-qazaqmys-enerdzidin-zylytu-mausymyna-daiyn-emestigi-zaily-aqparat-zalgan/
17 тамыз 2023, 16:26
kk
Жетісу облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды (фото)
Жетісу облысы әкімінің бірінші орынбасары мен орынбасары тағайындалды. Бұл туралы өңір әкімдігі ресми сайтында хабарлады. Жетісу облысы әкімінің өкімімен Әлібек Әскербекұлы Жақанбаев облыс әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ол бұған дейін Жетісу облысы әкімінің орынбасары болған. Сондай-ақ Жетісу облысы әкімінің өкімімен Әсет Серікұлы Қанағатов облыс әкімінің орынбасары қызметіне келген. Ол осы тағайындауға дейін 2023 жылдың мамыр айынан бастап Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болған.
Жетісу облысы әкімінің бірінші орынбасары мен орынбасары тағайындалды. Бұл туралы өңір әкімдігі ресми сайтында хабарлады. Жетісу облысы әкімінің өкімімен Әлібек Әскербекұлы Жақанбаев облыс әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ол бұған дейін Жетісу облысы әкімінің орынбасары болған. Сондай-ақ Жетісу облысы әкімінің өкімімен Әсет Серікұлы Қанағатов облыс әкімінің орынбасары қызметіне келген.
Саясат және экономика
false
https://kaz.nur.kz/politics/2032892-zetisu-oblysy-akiminin-orynbasarlary-tagaiyndaldy-foto/
17 тамыз 2023, 16:24
kk
Қазақстан қор биржасында доллар тағы күрт қымбаттады
Қазақстан қор нарығында доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы көтерілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды. KASE-тегі күндізгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша, қазір 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 463,19 теңгені құрап отыр. Кешеден бері АҚШ валютасы 7,9 теңгеге қымбаттаған. NUR.KZ-тегі валюта бағамы мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі таңда Қазақстандағы екінші деңгейлі банктерде доллар келесі бағамен саудалануда: Ал Kurs.kz сайтының дерегінше, валюта айырбастау пунктерінде доллар келесі бағамен саудалануда: Айта кетейік, 16 тамызда қор биржасында доллар бағамы күрт көтерілді. Бір тәулікте АҚШ валютасы 6 теңгеге дейін қымбаттады. 14 тамызда доллар 3 теңгеге қымбаттаған болатын. Ал бүгін қазақстандық ақша айырбастау пункттерінде 1 доллар тіпті 468 теңгеден саудаланды.
Қазақстан қор нарығында доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы көтерілді. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды. KASE-тегі күндізгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша, қазір 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 463,19 теңгені құрап отыр. Кешеден бері АҚШ валютасы 7,9 теңгеге қымбаттаған. -тегі валюта бағамы мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі таңда Қазақстандағы екінші деңгейлі банктерде доллар келесі бағамен саудалануда: Ал сайтының дерегінше, валюта айырбастау пунктерінде доллар келесі бағамен саудалануда: Айта кетейік, 16 тамызда қор биржасында доллар бағамы күрт көтерілді. Бір тәулікте АҚШ валютасы 6 теңгеге дейін қымбаттады. 14 тамызда доллар 3 теңгеге қымбаттаған болатын.
Қаржы
false
https://kaz.nur.kz/nurfin/2032887-qor-birzasynda-dollar-tagy-kurt-qymbattady/
17 тамыз 2023, 15:48
kk
Жазғы Азия ойындары: Қазақстанның туын Шымбергенов пен Дубовицкая алып шығады
Ханчжоудағы ХІХ жазғы Азия ойындарында Қазақстанның туын ұстайтын атлеттер анықталды. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады. Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін жазғы Азия ойындарында еліміздің көк туын бокстан ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов пен биіктікке секіруден көшбасшымыз Надежда Дубовицкая ұстап шығады. Асланбек Шымбергенов 1993 жылы 9 қазанда Жамбыл облысында дүниеге келген. Ол бокстан әлем және Азия чемпионы, Джакартадағы жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері. Надежда Дубовицкая 1998 жылы 12 наурызда Семей қаласында дүниеге келген. Ол жабық кешендегі әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионатының жеңімпазы, құрлық рекордының иесі. Ханчжоудағы жазғы Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді. Құрлықтың кішігірім Олимпиадасы саналатын додаға 45 мемлекеттен спортшылар қатысады деп күтілуде. Айта кетелік, 2018 жылы Индонезияның Джакарта қаласында өткен Азия ойындарында Қазақстан байрағын Әбілхан Аманқұл алып шыққан еді.
Ханчжоудағы ХІХ жазғы Азия ойындарында Қазақстанның туын ұстайтын атлеттер анықталды. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады. Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін жазғы Азия ойындарында еліміздің көк туын бокстан ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов пен биіктікке секіруден көшбасшымыз Надежда Дубовицкая ұстап шығады. Асланбек Шымбергенов 1993 жылы 9 қазанда Жамбыл облысында дүниеге келген. Ол бокстан әлем және Азия чемпионы, Джакартадағы жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері. Надежда Дубовицкая 1998 жылы 12 наурызда Семей қаласында дүниеге келген. Ол жабық кешендегі әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионатының жеңімпазы, құрлық рекордының иесі. Ханчжоудағы жазғы Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді. Құрлықтың кішігірім Олимпиадасы саналатын додаға 45 мемлекеттен спортшылар қатысады деп күтілуде.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2032881-zazgy-aziya-oiyndary-qazaqstannyn-tuyn-kimder-alyp-sygady/
17 тамыз 2023, 15:33
kk
Тоқаев Сауд Арабиясының Ауыл шаруашылығы министрімен өзекті мәселелерді талқылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Ауыл шаруашылығы министрі Абдулрахман әл-Фадлиді қабылдады. Бұл туралы Ақорда ресми сайтында хабарлады. Кездесу барысында мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Корольдігінің Ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрі Абдулрахман әл-Фадлиге ілтипат білдіре отырып, оның сапары екі ел арасындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға тың серпін беретінін атап өткен. Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының тақ мұрагерімен келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру маңызды екеніне де тоқталған. "Жиддаға сапарым барысында тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман бен Әбделазиз Әл Саудпен кездестім. Кездесуде біз екі ел арасындағы тығыз ынтымақтастық пен қарым-қатынасты одан әрі нығайту туралы келісімге келдік. Біздің өзара уағдаластықтарымыз қазірдің өзінде жүзеге асырылып жатыр және дәйекті түрде орындалып келеді", – дейді президент. Өз кезегінд Абдулрахман әл-Фадли құрмет көрсетіп, қонақжайлық танытқаны үшін мемлекет басшысына алғысын айтқан. Сондай-ақ ол тақ мұрагерінің Қазақстанмен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті екенін растаған. Сонымен қатар министр өз сөзінде азық-түлік қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударған. "Өзіңізге мәлім, азық-түлік қауіпсіздігі – бүкіл әлем үшін өзекті мәселе. Қазақстан бұл бағытта негізгі рөл атқарады деп санаймыз", – дейді Абдулрахман әл-Фадли. Бұдан бөлек әңгімелесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері және ауыл шаруашылығы мен туризм салаларындағы өзара байланыс перспективалары талқыланған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Ауыл шаруашылығы министрі Абдулрахман әл-Фадлиді қабылдады. Бұл туралы Ақорда ресми сайтында хабарлады. Кездесу барысында мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Корольдігінің Ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрі Абдулрахман әл-Фадлиге ілтипат білдіре отырып, оның сапары екі ел арасындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға тың серпін беретінін атап өткен. Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының тақ мұрагерімен келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру маңызды екеніне де тоқталған. "Жиддаға сапарым барысында тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман бен Әбделазиз Әл Саудпен кездестім. Кездесуде біз екі ел арасындағы тығыз ынтымақтастық пен қарым-қатынасты одан әрі нығайту туралы келісімге келдік. Біздің өзара уағдаластықтарымыз қазірдің өзінде жүзеге асырылып жатыр және дәйекті түрде орындалып келеді", – дейді президент. Өз кезегінд Абдулрахман әл-Фадли құрмет көрсетіп, қонақжайлық танытқаны үшін мемлекет басшысына алғысын айтқан. Сондай-ақ ол тақ мұрагерінің Қазақстанмен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті екенін растаған. Сонымен қатар министр өз сөзінде азық-түлік қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударған. "Өзіңізге мәлім, азық-түлік қауіпсіздігі – бүкіл әлем үшін өзекті мәселе. Қазақстан бұл бағытта негізгі рөл атқарады деп санаймыз", – дейді Абдулрахман әл-Фадли.
Саясат және экономика
false
https://kaz.nur.kz/politics/2032876-toqaev-saud-arabiyasynyn-auyl-saruasylygy-ministrin-qabyldady/
17 тамыз 2023, 15:15
kk
"Күні бойы жыладым": екінші қызын ұзатқан Томирис Байсафаның анасы тойда көз жасын тоқтата алмады (видео)
2018 жылы Мәскеуде көз жұмған студент Томирис Байсафаның анасы Жанна Ахметова екінші қызы Наиманы ұзатты. Кіші қызының тойында тілек айтқан ол көз жасына ерік берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Жанна Ахметованың кіші қызы Наима Руслан Либирри есімді отандық бизнесменмен көңіл қосқан. Екі жастың тойы қазақы дәстүрге сай өтіп, алдымен сырға салу рәсімі, кейін ұзату тойы өтті. "Маманың құттықтауын тыңдағанда өзім де жылауға шақ қалдым", - деп жазды күйеу баласы Руслан. "Бүгін күні бойы жыладым. Бетімді қайта-қайта әрледі. Күнім, сен өз махаббатыңды тапқаның үшін шексіз бақыттымын. Бұл құдайдың берген бағы. Меніңше, өзің бақытты болғаннан гөрі біреуді бақытты қылған маңыздырақ сияқты. Шын жүрекпен, сенің Мамаң, Томпия және Әжека", - деп тілек айтты Жанна Ахметова. Той үстінде Жаннаның булыға жылап, сезімге ерік берген сәті де видеоға түсіп қалды. Ал желі қолданушылары жастарға бақыт тілеп, құттықтау сөздерін жаудыруда. Айта кетелік, Жанна Ахметованың үлкен қызы Томирис Байсафа 2018 жылы Мәскеуде оқып жүрген кезінде көз жұмды. Оны төртінші қабаттан итеріп жіберген дағыстандық азамат 13 жылға сотталды.
2018 жылы Мәскеуде көз жұмған студент Томирис Байсафаның анасы Жанна Ахметова екінші қызы Наиманы ұзатты. Кіші қызының тойында тілек айтқан ол көз жасына ерік берген, деп жазады . Жанна Ахметованың кіші қызы Наима Руслан Либирри есімді отандық бизнесменмен көңіл қосқан. Екі жастың тойы қазақы дәстүрге сай өтіп, алдымен сырға салу рәсімі, кейін ұзату тойы өтті. "Маманың құттықтауын тыңдағанда өзім де жылауға шақ қалдым", - деп жазды күйеу баласы Руслан. "Бүгін күні бойы жыладым. Бетімді қайта-қайта әрледі. Күнім, сен өз махаббатыңды тапқаның үшін шексіз бақыттымын. Бұл құдайдың берген бағы. Меніңше, өзің бақытты болғаннан гөрі біреуді бақытты қылған маңыздырақ сияқты. Шын жүрекпен, сенің Мамаң, Томпия және Әжека", - деп тілек айтты Жанна Ахметова. Той үстінде Жаннаның булыға жылап, сезімге ерік берген сәті де видеоға түсіп қалды. Ал желі қолданушылары жастарға бақыт тілеп, құттықтау сөздерін жаудыруда. Айта кетелік, Жанна Ахметованың үлкен қызы Томирис Байсафа 2018 жылы Мәскеуде оқып жүрген кезінде көз жұмды.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032868-ekinsi-qyzyn-uzatqan-tomiris-baisafanyn-anasy-toida-koz-zasyn-toqtata-almady-video/
17 тамыз 2023, 15:09
kk
"Тойды сағыныппын": тойға шыққан Төреғали Төреәлі желіде қызу талқыға түсті (видео)
Отандық әнші Төреғали Төреәлі Алматыда есірткіге мас күйінде ұсталып, темір торға отырып шыққан болатын. Осы оқиғадан кейін көрінбей кеткен әнші қайта тойға шыға бастаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Төреғали Төреәлі Instagram парақшасында той қонақтарының ортасында ән айтып тұрған видеосын жариялады. "Біреулердің көргені, сабақ болады. Біреудікі өзіне сауап болады. Ағайын, мен сіздерді қатты сағындым. Тойды да сағыныппын палаткадағы", - деп жазды Төреғали Төреәлі. Ал желі қолданушылары әншінің жаңа жазбасына түрлі пікір білдірді. "Сен баланың етің үйреніп кетті-ау. Төрт жол тақпақпен жарқ етіп, шыға келесің", "Сізді сағындық", "Аман бол", "Өзім қолдап отырамын", "Тыныш жүрсең, ешкім соқтықпайды", "Дым болмағандай қалай жүрсіз", "Сізді қайта көргеніме қуаныштымын", "Тірі адам тіршілігін жасайды", - деп жазды желідегілер. Еске сала кетсек, 14 маусымда әлеуметтік желілерде Алматыда жол бойында полиция қызметкерлерінің Lexus көлігінің жүргізушісін ұстаған сәтінен видео тараған еді. Куәгерлер ұсталған азаматтың танымал әнші Төреғали Төреәлі екенін байқаған. Кейін Алматы қаласының полиция департаменті желіде тараған видеоға қатысты пікір білдіріп, полиция қызметкерлері Майлин көшесінің бойында А. есімді азаматтың басқаруындағы Lexus автокөлігін тоқтатқанын хабарлады. Полицияның мәліметінше, жүргізушінің мінез-құлқы өрескел болып көрінген. Яғни, ол агрессивтілік танытып, полицияның заңды талаптарына бағынбай, тұрақта тұрған Chevrolet көлігіне зақым келтірген. Сондай-ақ ұсталған орнынан қашып кетпек болған. Полицейлер құқық бұзушының жолын бөгеп, оны ұстап, медициналық тексеруге алып барған. Сараптама қорытындысы бойынша оның есірткіге мас күйде екендігі анықталған.
Отандық әнші Төреғали Төреәлі Алматыда есірткіге мас күйінде ұсталып, темір торға отырып шыққан болатын. Осы оқиғадан кейін көрінбей кеткен әнші қайта тойға шыға бастаған, деп жазады . Төреғали Төреәлі Instagram парақшасында той қонақтарының ортасында ән айтып тұрған видеосын жариялады. "Біреулердің көргені, сабақ болады. Біреудікі өзіне сауап болады. Ағайын, мен сіздерді қатты сағындым. Тойды да сағыныппын палаткадағы", - деп жазды Төреғали Төреәлі. Ал желі қолданушылары әншінің жаңа жазбасына түрлі пікір білдірді. "Сен баланың етің үйреніп кетті-ау. Төрт жол тақпақпен жарқ етіп, шыға келесің", "Сізді сағындық", "Аман бол", "Өзім қолдап отырамын", "Тыныш жүрсең, ешкім соқтықпайды", "Дым болмағандай қалай жүрсіз", "Сізді қайта көргеніме қуаныштымын", "Тірі адам тіршілігін жасайды", - деп жазды желідегілер. Еске сала кетсек, 14 маусымда әлеуметтік желілерде Алматыда жол бойында полиция қызметкерлерінің Lexus көлігінің жүргізушісін ұстаған сәтінен видео тараған еді. Куәгерлер ұсталған азаматтың танымал әнші Төреғали Төреәлі екенін байқаған. Кейін Алматы қаласының полиция департаменті желіде тараған видеоға қатысты пікір білдіріп, полиция қызметкерлері Майлин көшесінің бойында А. есімді азаматтың басқаруындағы Lexus автокөлігін тоқтатқанын хабарлады. Полицияның мәліметінше, жүргізушінің мінез-құлқы өрескел болып көрінген. Яғни, ол агрессивтілік танытып, полицияның заңды талаптарына бағынбай, тұрақта тұрған Chevrolet көлігіне зақым келтірген. Сондай-ақ ұсталған орнынан қашып кетпек болған. Полицейлер құқық бұзушының жолын бөгеп, оны ұстап, медициналық тексеруге алып барған.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2032839-toidy-sagynyppyn-toiga-syqqan-toregali-torealini-zeli-qoldanusylary-qyzu-talqyga-saldy-video/
17 тамыз 2023, 14:58
kk
Қазақстанда баспана алуға кім кезекке тұра алады
Бүгінде қазақстандықтардың басым бөлігіне үй сатып алу қолжетімсіз болуы мүмкін. Бұл жағдайда кей азаматтар мемлекеттен пәтер алуға құқылы. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз. Тұрғын үй алу кезегіне жеке пәтерге мұқтаж адамдар ғана тұра алады. Алдымен өтініш беруші мемлекеттік тіркеуден өтуі керек. EGov.kz сайтының хабарлауынша, бұл мүмкіндік түрлі санаттағы азаматтарға қолжетімді. Ол үшін ХҚКО филиалдарында немесе онлайн сервис арқылы өтініш беруге болады. Қазақстанда тұрғын үй алу кезегіне тұру үшін тиісті елдімекенде (тұрғылықты жерінің ұзақтығына қарамастан) тұрақты түрде тұруы қажет. Бірақ өтініш беруші белгілі бір талаптарға сай болуға тиіс. Коммуналдық немесе жеке тұрғын үй қорынан пәтер алу мүмкіндігі мынадай санаттағы азаматтарға беріледі: Бұл ретте ең бастысы – баспанаға мұқтаж азамат деген мәртебеге ие болуы керек. Оны алу үшін азамат келесі шарттардың біріне сәйкес болуға тиіс: Мемлекет тұрғын үй ауданын "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңның 75-бабының 1-тармағына сәйкес есептеп береді. Осылайша бір адамға 15 шаршы метрден кем емес және 18 шаршы метрден көп емес пайдалы аудан мөлшеріндегі тұрғын үй беріледі, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден артық берілмеуі мүмкін. "Егер отбасында жоғарыда аталған аурумен ауыратындар болса, оған жеке бөлме беріледі. Сондай-ақ отбасында жүктілігі 22 аптадан асқан аяғы ауыр әйел болса, алынған пәтердің ауданы үлкен болуы мүмкін", – деп атап өтті дереккөз. Бұл ретте берілетін тұрғын үй ыңғайлы, қала ішінде орналасқан және мүгедектердің қажеттілігі ескерілген болуы керек. Бұл заңның 76 бабында көрсетілген.
Бүгінде қазақстандықтардың басым бөлігіне үй сатып алу қолжетімсіз болуы мүмкін. Бұл жағдайда кей азаматтар мемлекеттен пәтер алуға құқылы. Толығырақ материалынан оқыңыз. Тұрғын үй алу кезегіне жеке пәтерге мұқтаж адамдар ғана тұра алады. Алдымен өтініш беруші мемлекеттік тіркеуден өтуі керек. сайтының хабарлауынша, бұл мүмкіндік түрлі санаттағы азаматтарға қолжетімді. Ол үшін ХҚКО филиалдарында немесе онлайн сервис арқылы өтініш беруге болады. Қазақстанда тұрғын үй алу кезегіне тұру үшін тиісті елдімекенде (тұрғылықты жерінің ұзақтығына қарамастан) тұрақты түрде тұруы қажет. Бірақ өтініш беруші белгілі бір талаптарға сай болуға тиіс. Коммуналдық немесе жеке тұрғын үй қорынан пәтер алу мүмкіндігі мынадай санаттағы азаматтарға беріледі: Бұл ретте ең бастысы – баспанаға мұқтаж азамат деген мәртебеге ие болуы керек. Оны алу үшін азамат келесі шарттардың біріне сәйкес болуға тиіс: Мемлекет тұрғын үй ауданын "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңның 75-бабының 1-тармағына сәйкес есептеп береді. Осылайша бір адамға 15 шаршы метрден кем емес және 18 шаршы метрден көп емес пайдалы аудан мөлшеріндегі тұрғын үй беріледі, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден артық берілмеуі мүмкін. "Егер отбасында жоғарыда аталған аурумен ауыратындар болса, оған жеке бөлме беріледі. Сондай-ақ отбасында жүктілігі 22 аптадан асқан аяғы ауыр әйел болса, алынған пәтердің ауданы үлкен болуы мүмкін", – деп атап өтті дереккөз. Бұл ретте берілетін тұрғын үй ыңғайлы, қала ішінде орналасқан және мүгедектердің қажеттілігі ескерілген болуы керек.
Қаржы
false
https://kaz.nur.kz/nurfin/2032857-qazaqstanda-baspana-aluga-kim-kezekke-tura-alady/
17 тамыз 2023, 14:44
kk
"Төртеуі ауруханада, бес адам іздестірілуде": Қарағанды облысындағы шахтадағы өртке қатысты жаңа дерек шықты
Қарағанды облысындағы "Қазақстан" шахтасындағы өртке қатысты жаңа мәліметтер шықты. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімдігі ресми сайтында хабарлады. Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, жер астында өрт болған "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасынан 222 қызметкер жер бетіне шығарылған. Бес адамды іздестіру жұмысы жалғасуда. Алдын ала ақпарат бойынша, апат орнында 13 адам дәрігерлерге жүгінген. Олар бас ауруы, жөтелге шағымданған. Қазіргі уақытта олардың төртеуі ауруханаға жатқызылған. Екеуі Шахтинск орталық ауруханасына, екеуі облыстық медициналық орталыққа. Еске сала кетейік, бүгін, 17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенді. Өрт кезде жер астында 227 адам болған. Жұмысшыларды эвакуациялау қапталдағы оқпан арқылы жүргізілді. Қазіргі таңда оқиға орнында "КӘАҚҚ" РО бөлімшесі және ТЖД қызметкерлері жұмыс істеуде. Сонымен қатар оқиға орнында облыс әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басин мен Шахтинск қаласының әкімі Мұрат Қыдырғанбеков бар.
Қарағанды облысындағы "Қазақстан" шахтасындағы өртке қатысты жаңа мәліметтер шықты. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімдігі ресми сайтында хабарлады. Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, жер астында өрт болған "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасынан 222 қызметкер жер бетіне шығарылған. Бес адамды іздестіру жұмысы жалғасуда. Алдын ала ақпарат бойынша, апат орнында 13 адам дәрігерлерге жүгінген. Олар бас ауруы, жөтелге шағымданған. Қазіргі уақытта олардың төртеуі ауруханаға жатқызылған. Екеуі Шахтинск орталық ауруханасына, екеуі облыстық медициналық орталыққа. Еске сала кетейік, бүгін, 17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенді. Өрт кезде жер астында 227 адам болған. Жұмысшыларды эвакуациялау қапталдағы оқпан арқылы жүргізілді. Қазіргі таңда оқиға орнында "КӘАҚҚ" РО бөлімшесі және ТЖД қызметкерлері жұмыс істеуде.
Оқыс оқиғалар
false
https://kaz.nur.kz/accidents/2032863-13-adam-darigerlerdin-komegine-zugindi-qaragandy-oblysyndagy-saxtadagy-ortke-qatysty-zana-malimet-syqty/
17 тамыз 2023, 14:14
kk
3 айлық нәресте көз жұмды: Қостанайда жантүршігерлік жол апаты видеоға түсіп қалды
17 тамыз күні Қостанайда болған жол апатынан үш айлық сәби көз жұмды. Бұл туралы ІІМ Telegram арнасында хабарлады. Ведомствоның хабарлауынша, жол апаты сағат 00:05 шамасында Алтынсарин және Тәуелсіздік көшелерінің қиылысында болған. ВАЗ 21099 көлігін тізгіндеген 22 жастағы жүргізуші Алтынсарин көшесімен келе жатып, солға бұрылған кезде 24 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Toyota Camry көлігіне жол бермеген. Нәтижесінде Toyota 31 жастағы жүргізуші тізгіндеген Volkswagen Golf автокөлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Toyota-ның жүргізушісі мен жолаушысы зардап шекті. Олар ауруханаға жеткізілді. "Сондай-ақ көлікте 3 айлық нәресте болған. Ол алған жарақаттың ауырлығына байланысты қайтыс болды", - делінген хабарламада. Одан бөлек, Volkswagen автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ескерту! Видеода жантүршігерлік кадрлар бар. Оны психикасы әлсіз, 18 жасқа толмағандар мен аяғы ауыр әйелдерге көру ұсынылмайды.
17 тамыз күні Қостанайда болған жол апатынан үш айлық сәби көз жұмды. Бұл туралы ІІМ Telegram арнасында хабарлады. Ведомствоның хабарлауынша, жол апаты сағат 00:05 шамасында Алтынсарин және Тәуелсіздік көшелерінің қиылысында болған. ВАЗ 21099 көлігін тізгіндеген 22 жастағы жүргізуші Алтынсарин көшесімен келе жатып, солға бұрылған кезде 24 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Toyota Camry көлігіне жол бермеген. Нәтижесінде Toyota 31 жастағы жүргізуші тізгіндеген Volkswagen Golf автокөлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Toyota-ның жүргізушісі мен жолаушысы зардап шекті. Олар ауруханаға жеткізілді. "Сондай-ақ көлікте 3 айлық нәресте болған. Ол алған жарақаттың ауырлығына байланысты қайтыс болды", - делінген хабарламада. Одан бөлек, Volkswagen автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ескерту! Видеода жантүршігерлік кадрлар бар.
Оқыс оқиғалар
false
https://kaz.nur.kz/accidents/2032860-3-ailyq-nareste-koz-zumdy-qostanaida-zantursigerlik-zol-apaty-videoga-tusip-qaldy/
17 тамыз 2023, 13:47
kk
Қарағанды облысындағы шахтадағы өрт: 200-ден аса адам қауіпсіз жерге шығарылуда
Қарағанды облысында "Қазақстан" шахтасы өртеніп жатыр. Бұл туралы "Арселор-Миттал Теміртау" АҚ баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды өңірлік әкімдік ресми сайтында. Ведомствоның" хабарлауынша, 17 тамыз күні сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаменті "Қазақстан" шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенді. "Апатты жою жоспары енгізілді. Шахтаны желдету жүргізіліп жатыр. Оқиға орнына "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі" республикалық орталық штабының (15 маманы мен 5 техникасы) және Төтенше жағдайлар департаментінің (8 маманы мен 2 техникасы) 3 бөлімшесі барды. Шахтадада 227 адам болған. Шахтадан қаптал ұңғыма арқылы адамдар жоғары шығарылып жатыр. Қазіргі сәтте 182 адам жер бетіне шығарылды. Оқиға орнына "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі" республикалық орталық штабының (15 маманы мен 3 техникасы) және ТЖМ-ның (8 маманы мен 2 техникасы) қосымша күштері келеді", - деп хабарлады компаниядан. Сонымен қатар әкімдік қосымша ақпарат сәл кейінірек берілетін айтты.
Қарағанды облысында "Қазақстан" шахтасы өртеніп жатыр. Бұл туралы "Арселор-Миттал Теміртау" АҚ баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды өңірлік әкімдік ресми сайтында. Ведомствоның" хабарлауынша, 17 тамыз күні сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаменті "Қазақстан" шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенді. "Апатты жою жоспары енгізілді. Шахтаны желдету жүргізіліп жатыр. Оқиға орнына "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі" республикалық орталық штабының (15 маманы мен 5 техникасы) және Төтенше жағдайлар департаментінің (8 маманы мен 2 техникасы) 3 бөлімшесі барды. Шахтадада 227 адам болған. Шахтадан қаптал ұңғыма арқылы адамдар жоғары шығарылып жатыр. Қазіргі сәтте 182 адам жер бетіне шығарылды. Оқиға орнына "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі" республикалық орталық штабының (15 маманы мен 3 техникасы) және ТЖМ-ның (8 маманы мен 2 техникасы) қосымша күштері келеді", - деп хабарлады компаниядан.
Оқыс оқиғалар
false
https://kaz.nur.kz/accidents/2032853-227-adam-evakuaciyalanuda-qaragandy-oblysynda-saxta-ortenip-zatyr/
17 тамыз 2023, 13:03
kk
Мемлекеттік кірістер департаменті атыраулық кәсіпкерге 82 млн теңге қайтарды
Атырау көлік прокуратурасы хабарламалардың бірін қараған кезде кәсіпкердің артық төленген кедендік және салық сомасын қайтару туралы өтініштерін қанағаттандырудан негізсіз бас тарту фактісін анықтаған, деп хабарлайды Бас көлік прокуратурасы ресми сайтында. "Осылайша адал кәсіпкер бірнеше ай бойы фискалды органнан, екі жыл бұрын күшін жойған нормативтік құқықтық актіге сілтеме жасалған, қанағаттандырудан бас тартылған жауаптарды алған. Прокуратураның араласуынан кейін ғана мемлекеттік орган өз әрекеттерінің заңсыздығын мойындаған және тарифтік мөлшерлеменің төмендеуін ескертіп бұрын төленген соманы қайтарған", - деді бас көлік прокуратурасы. Сонымен қатар бас көлік прокуратурасы кәсіпкердің шотына 82 млн теңге түскенін және кінәлі лауазымды тұлға "қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту" түріндегі тәртіптік жазаға тартылғанын мәлім етті.
Атырау көлік прокуратурасы хабарламалардың бірін қараған кезде кәсіпкердің артық төленген кедендік және салық сомасын қайтару туралы өтініштерін қанағаттандырудан негізсіз бас тарту фактісін анықтаған, деп хабарлайды Бас көлік прокуратурасы ресми сайтында. "Осылайша адал кәсіпкер бірнеше ай бойы фискалды органнан, екі жыл бұрын күшін жойған нормативтік құқықтық актіге сілтеме жасалған, қанағаттандырудан бас тартылған жауаптарды алған. Прокуратураның араласуынан кейін ғана мемлекеттік орган өз әрекеттерінің заңсыздығын мойындаған және тарифтік мөлшерлеменің төмендеуін ескертіп бұрын төленген соманы қайтарған", - деді бас көлік прокуратурасы.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032849-memlekettik-kirister-departamenti-atyraulyq-kasipkerge-82-mln-tenge-qaitardy/
17 тамыз 2023, 13:01
kk
"57 есірткі зертханасы жойылды": Ахметжанов президентке есеп берді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Марат Ахметжановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда. Президентке еліміздегі криминогендік ахуал жөнінде және 30 маусымда өткен Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы мәлімет берілді. Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаевқа қылмыс санының азайғаны жөнінде баяндалды. Марат Ахметжановтың айтуынша, кісі өлтіру, бұзақылық, ұрлық, қарақшылық, тонау, мал ұрлығы және денсаулыққа ауыр зақым келтіру және басқа да қылмыстар айтарлықтай азайған. Президентке елордада жүзеге асырылып жатқан CyberPol жобасының нәтижелері таныстырылды. Жоба интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимылды жетілдіруге бағытталған. Сонымен қатар министр есірткі қылмысына қарсы күрес бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстардың қорытындысы туралы есеп берді. Жыл басынан бері құқық қорғау және арнаулы органдардың бірлескен күш-жігерінің нәтижесінде 14,3 тонна есірткі, соның ішінде 71,5 кг героин, 652 кг синтетикалық есірткі тәркіленді. ІІМ күштері 52 есірткі зертханасын жойып, 85 тонна прекурсор тәркіледі. Бұдан бөлек, ұйымдасқан қылмыстық топтардың әрекеттері бойынша 37 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Адам саудасына байланысты 111 қылмыс анықталды. Президентке отбасылық-тұрмыстық салада зорлық-зомбылық жасағандарға қатысты жауапкершілікті қатаңдату шаралары туралы да айтылды. Қазір мұндай құқықбұзушылықтар жәбірленушінің арыз-шағымынсыз тіркеліп, іс қозғала береді. Мемлекет басшысына жол-көлік оқиғаларының алдын алу және шетелдік автокөліктерді заңдастыру жұмыстарының нәтижелері туралы баяндалды. Кездесу соңында Президент құқық қорғау органдарына азаматтардың конституциялық құқықтарының қатаң сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен бірге Қасым-Жомарт Тоқаев ІІМ басшылығына құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру жөнінде бірқатар міндет жүктеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Марат Ахметжановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда. Президентке еліміздегі криминогендік ахуал жөнінде және 30 маусымда өткен Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы мәлімет берілді. Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаевқа қылмыс санының азайғаны жөнінде баяндалды. Марат Ахметжановтың айтуынша, кісі өлтіру, бұзақылық, ұрлық, қарақшылық, тонау, мал ұрлығы және денсаулыққа ауыр зақым келтіру және басқа да қылмыстар айтарлықтай азайған. Президентке елордада жүзеге асырылып жатқан CyberPol жобасының нәтижелері таныстырылды. Жоба интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимылды жетілдіруге бағытталған. Сонымен қатар министр есірткі қылмысына қарсы күрес бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстардың қорытындысы туралы есеп берді. Жыл басынан бері құқық қорғау және арнаулы органдардың бірлескен күш-жігерінің нәтижесінде 14,3 тонна есірткі, соның ішінде 71,5 кг героин, 652 кг синтетикалық есірткі тәркіленді. ІІМ күштері 52 есірткі зертханасын жойып, 85 тонна прекурсор тәркіледі. Бұдан бөлек, ұйымдасқан қылмыстық топтардың әрекеттері бойынша 37 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Адам саудасына байланысты 111 қылмыс анықталды. Президентке отбасылық-тұрмыстық салада зорлық-зомбылық жасағандарға қатысты жауапкершілікті қатаңдату шаралары туралы да айтылды. Қазір мұндай құқықбұзушылықтар жәбірленушінің арыз-шағымынсыз тіркеліп, іс қозғала береді. Мемлекет басшысына жол-көлік оқиғаларының алдын алу және шетелдік автокөліктерді заңдастыру жұмыстарының нәтижелері туралы баяндалды. Кездесу соңында Президент құқық қорғау органдарына азаматтардың конституциялық құқықтарының қатаң сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Саясат және экономика
false
https://kaz.nur.kz/politics/2032847-57-esirtki-zertxanasy-zoiyldy-axmetzanov-prezidentke-esep-berdi/
17 тамыз 2023, 12:50
kk
Қазақстандықтарға көлік нөмірлерін онлайн беруге рұқсат етілмек
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің Instagram парақшасында автокөлік жүргізушілеріне жағымды жаңалық айтты. Келер жылдан бастап қазақстандықтар мемлекеттік нөмірлерді онлайн бере алады. "Достар, Цифрландыру министрлігі қазақстандықтар үшін көптеген мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттырып, ауқымын кеңейткенін білесіздер. Бүгінде олардың арасында автокөлікті сатып алу-сату және қайта рәсімдеу онлайн қызметі үлкен сұранысқа ие. Бұл Қазақстанның Ішкі істер министрлігімен бірлескен жұмыстың нәтижесінде мүмкін болды. Бүгінгі таңдағы ең үлкен жетістіктің бірі - 2024 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтар көлік нөмірін, дәлірек айтсақ, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін жаңа иесіне онлайн режимінде бере алуы", - деп жазды Мусин. Мусиннің айтуынша, бұрын көлік сатып алғанда, тіпті онлайн транзакция жасағанда да көліктің жаңа иесі жаңа нөмір алу үшін арнайы ХҚО-ға келуі керек еді. Енді бұл қажеттілік жойылды. Сонымен қатар министрлік сұранысы жоғары көлік нөмірлерін жақын туыстарына беру мүмкіндігін жасауды қолға алған. "Тағы бір маңызды жаңалық бар. Меншік иесі тұрғылықты жерін ауыстырған кезде сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің қайта тіркелуін алып тастағымыз келеді. Сонымен қатар біз ел азаматтарының автокөлікті бастапқы тіркеу кезінде тапсыруға тиісті құжаттарының санын азайттық, кейбір жағдайларда біз арнайы ХҚО-ға бару қажеттілігін жойдық", - дед министр.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің Instagram парақшасында автокөлік жүргізушілеріне жағымды жаңалық айтты. Келер жылдан бастап қазақстандықтар мемлекеттік нөмірлерді онлайн бере алады. "Достар, Цифрландыру министрлігі қазақстандықтар үшін көптеген мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттырып, ауқымын кеңейткенін білесіздер. Бүгінде олардың арасында автокөлікті сатып алу-сату және қайта рәсімдеу онлайн қызметі үлкен сұранысқа ие. Бұл Қазақстанның Ішкі істер министрлігімен бірлескен жұмыстың нәтижесінде мүмкін болды. Бүгінгі таңдағы ең үлкен жетістіктің бірі - 2024 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтар көлік нөмірін, дәлірек айтсақ, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін жаңа иесіне онлайн режимінде бере алуы", - деп жазды Мусин. Мусиннің айтуынша, бұрын көлік сатып алғанда, тіпті онлайн транзакция жасағанда да көліктің жаңа иесі жаңа нөмір алу үшін арнайы ХҚО-ға келуі керек еді. Енді бұл қажеттілік жойылды. Сонымен қатар министрлік сұранысы жоғары көлік нөмірлерін жақын туыстарына беру мүмкіндігін жасауды қолға алған. "Тағы бір маңызды жаңалық бар. Меншік иесі тұрғылықты жерін ауыстырған кезде сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің қайта тіркелуін алып тастағымыз келеді.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032843-qazaqstandyqtarga-kolik-nomirlerin-onlain-beruge-ruqsat-etilmek/
17 тамыз 2023, 12:14
kk
Түйе де бар, ат та бар: UFC-ден жеңіспен оралған Асу Алмабаевты ауылдастары қалай қарсы алды (видео)
Асу Алмабаев UFC лигасындағы бірінші кездесуін жеңіспен аяқтап, елге оралды. Спортшыны өзінің туған ауылы ерекше құрметпен қарсы алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Асу Алмабаев Жамбыл облысы Сарысу ауданындағы Жаңатас ауылында туған. Мұхит асып, әлемдегі ең мықты лиганы жеңіспен бастаған спортшыны ауылдастары көкке көтерді. Аудан жұртшылығы Асуды Жаңатас қаласының кіре берісінен бастап қарсы алып, құрмет көрсеткен. Орталық алаңда өткен шарада айтыскер ақындар балуанға өлең арнады. Сондай-ақ ауылдастары Асуға түйе мен жылқы мінгізіп, сый-сияпат тарту етті. Айта кетелік, Асу Алмабаев АҚШ-та өткен UFC Fight Night турнирінде америкалық Оди Осборнды (12-6 есебімен) қылқындыру әдісімен ұтты. Асу жеңіл салмақ дәрежесінде UFC демеушілігімен өнер көрсететін жауынгер. М-1 жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпион. Сондай-ақ ол Absolute Championship Akhmat, AMC Fight Nights Global, BRAVE Combat Federation, M-1 Global жауынгерлік ұйымдарының турнирлеріне қатысуы арқылы да танылды.
Асу Алмабаев UFC лигасындағы бірінші кездесуін жеңіспен аяқтап, елге оралды. Спортшыны өзінің туған ауылы ерекше құрметпен қарсы алды, деп жазады . Асу Алмабаев Жамбыл облысы Сарысу ауданындағы Жаңатас ауылында туған. Мұхит асып, әлемдегі ең мықты лиганы жеңіспен бастаған спортшыны ауылдастары көкке көтерді. Аудан жұртшылығы Асуды Жаңатас қаласының кіре берісінен бастап қарсы алып, құрмет көрсеткен. Орталық алаңда өткен шарада айтыскер ақындар балуанға өлең арнады. Сондай-ақ ауылдастары Асуға түйе мен жылқы мінгізіп, сый-сияпат тарту етті. Айта кетелік, Асу Алмабаев АҚШ-та өткен UFC Fight Night турнирінде америкалық Оди Осборнды (12-6 есебімен) қылқындыру әдісімен ұтты. Асу жеңіл салмақ дәрежесінде UFC демеушілігімен өнер көрсететін жауынгер. М-1 жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпион.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2032840-tuie-de-bar-at-ta-bar-ufc-den-zenispen-oralgan-asu-almabaevty-auyldastary-qalai-qarsy-aldy-video/
17 тамыз 2023, 12:08
kk
Ақерке Бүркітбай көпшілікті сұлулығымен тамсандырды (видео)
Отандық әнші Әли Оқаповтың жұбайы көпшілікті сұлулығымен таңғалдырды. Ақерке Бүркітбайдың Instagram парақшасында жариялаған видеосы желіде көпшілікті сүйсінтті, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Осы ән менің жаңа контентке шабытымды ашты. Бағасын беріңіздер", - деп жазды Ақерке Бүркітбай. Әнші видеосының фонына жұбайы Әли Оқаповтың "Любимая" атты әнін қойған. Видеода Ақерке Бүркітбай алдымен бояусыз келбетімен көзге түседі. Ал сәлден соң Оқаповтың жұбайы видеода макияж жасатып шығады. Желі қолданушылары Ақерке Бүркітбайдың сұлулығына тамсанып, жарыса пікір жазды. "Қазақтың айта беретін ай десе - ауызы, күн десе - көзі бар сұлуы. Қыз Жібек ,Баян сұлулардың жалғасы, Әлидің тағдыр сыйлаған аруы", "Табиғи сұлулық", "Таңғалмасқа шараң жоқ", "Әдемісіз", "Жүзіңіз жылы", - деп жазды желідегідер.
Отандық әнші Әли Оқаповтың жұбайы көпшілікті сұлулығымен таңғалдырды. Ақерке Бүркітбайдың Instagram парақшасында жариялаған видеосы желіде көпшілікті сүйсінтті, деп жазады . "Осы ән менің жаңа контентке шабытымды ашты. Бағасын беріңіздер", - деп жазды Ақерке Бүркітбай. Әнші видеосының фонына жұбайы Әли Оқаповтың "Любимая" атты әнін қойған. Видеода Ақерке Бүркітбай алдымен бояусыз келбетімен көзге түседі. Ал сәлден соң Оқаповтың жұбайы видеода макияж жасатып шығады. Желі қолданушылары Ақерке Бүркітбайдың сұлулығына тамсанып, жарыса пікір жазды. "Қазақтың айта беретін ай десе - ауызы, күн десе - көзі бар сұлуы.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2032795-aqerke-burkitbai-kopsilikti-sululygymen-tamsandyrdy-video/
17 тамыз 2023, 11:49
kk
Әйгілі UFC чемпионы Хабиб Нурмогамедов Қазақстанға келе жатыр
UFC чемпионы, дағыстандық Хабиб Нурмогамедов Қазақстанда қонақ болады. Бұл туралы "Спорт Шредингера" Telegram арнасы хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Соңғы рет Хабиб Қазақстанға былтырғы желтоқсан айында келген болатын. Ол Атырауда өткен ММА турнирінде құрметті қонақтар қатарынан табылды. Бұл жолы да Хабиб спорттық іс-шараны тамашалауға келеді. Бұрынғы UFC чемпионы грепплингтен Чемпиондар лигасының арнайы қонағы болмақ. 19-20 тамызда өтетін турнирге қатысатындар қатарында Хабибтің әкесінің атындағы спорт мектебінің шәкірттері де бар.
UFC чемпионы, дағыстандық Хабиб Нурмогамедов Қазақстанда қонақ болады. Бұл туралы "Спорт Шредингера" Telegram арнасы хабарлады, деп жазады . Соңғы рет Хабиб Қазақстанға былтырғы желтоқсан айында келген болатын. Ол Атырауда өткен ММА турнирінде құрметті қонақтар қатарынан табылды. Бұл жолы да Хабиб спорттық іс-шараны тамашалауға келеді. Бұрынғы UFC чемпионы грепплингтен Чемпиондар лигасының арнайы қонағы болмақ.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2032837-aigili-ufc-cempiony-xabib-nurmogamedov-qazaqstanga-kele-zatyr/
17 тамыз 2023, 11:48
kk
Әлемдік шахмат ұйымы трансгендерлердің жарысқа қатысуына тыйым салды
Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) жынысын ауыстырған ойыншыларға уақытша шектеу қойды. Бұл туралы rsport.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды. FIDE жынысын ерден әйелге айналдырған ойыншылардың әйелдер арасындағы турнирлерге қатысуына шектеу қойды. Жынысын ерден әйелге ауыстырған шахматшылар ашық турнирлердің барлығында ойынай алады, олардың бар атағы да сақталады. Ал егер жынысын әйелден ерге ауыстырса, әйелдер арасындағы турнирлерде жеңіп алған атақтары сақталмайды. Тек жынысын қайта ауыстырғанда да спорттық атағы қалпына келтіріледі. Ойыншылар жыныс ауыстырған кездегі рейтинг пен санкцияларға ешқандай өзгеріс енгізілмейді. Бұл өзгеріс 21 тамыздан бастап күшіне енбек.
Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) жынысын ауыстырған ойыншыларға уақытша шектеу қойды. Бұл туралы сайтына сілтеме жасаған хабарлайды. FIDE жынысын ерден әйелге айналдырған ойыншылардың әйелдер арасындағы турнирлерге қатысуына шектеу қойды. Жынысын ерден әйелге ауыстырған шахматшылар ашық турнирлердің барлығында ойынай алады, олардың бар атағы да сақталады. Ал егер жынысын әйелден ерге ауыстырса, әйелдер арасындағы турнирлерде жеңіп алған атақтары сақталмайды. Тек жынысын қайта ауыстырғанда да спорттық атағы қалпына келтіріледі. Ойыншылар жыныс ауыстырған кездегі рейтинг пен санкцияларға ешқандай өзгеріс енгізілмейді.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2032816-alemdik-saxmat-uiymy-transgenderlerdin-zarysqa-qatysuyna-tyiym-saldy/
17 тамыз 2023, 11:26
kk
"2 млн теңге бопсалаған": Теміртауда күдіктіні ұстауға арнайы жасақ тартылды (видео)
34 жастағы Теміртау тұрғыны полицияға жүгініп, белгілі бір адамның өзіне күш қолданып, қорқыту арқылы 2 млн теңге бопсалағанын хабарлаған. Күдікті ұсталды, деп хабарлайды ІІМ Telegram арнасында. Полицияның мәліметінше, 34 жастағы қала тұрғыны белгілі бір адамның өзіне күш қолданып, қорқыту арқылы 2 млн теңге бопсалағаны туралы хабарлады. Қарағанды облыстық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері "Арлан" жауынгерлерімен бірлесіп жүргізген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 28 жастағы ер адамды ұстаған. "Күдіктінің тұрғылықты мекенжайына жүргізілген тінту жұмыстары кезінде кастет және пневматикалық тапанша тәркіленді", - делінген хабарламада. Қазіргі уақытта аталған дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 194-бабына "Бопсалау" сәйкес қылмыстық іс қозғалған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
34 жастағы Теміртау тұрғыны полицияға жүгініп, белгілі бір адамның өзіне күш қолданып, қорқыту арқылы 2 млн теңге бопсалағанын хабарлаған. Күдікті ұсталды, деп хабарлайды ІІМ Telegram арнасында. Полицияның мәліметінше, 34 жастағы қала тұрғыны белгілі бір адамның өзіне күш қолданып, қорқыту арқылы 2 млн теңге бопсалағаны туралы хабарлады. Қарағанды облыстық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері "Арлан" жауынгерлерімен бірлесіп жүргізген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 28 жастағы ер адамды ұстаған. "Күдіктінің тұрғылықты мекенжайына жүргізілген тінту жұмыстары кезінде кастет және пневматикалық тапанша тәркіленді", - делінген хабарламада. Қазіргі уақытта аталған дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 194-бабына "Бопсалау" сәйкес қылмыстық іс қозғалған.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032817-2-mln-tenge-bopsalagan-temirtauda-kudiktini-ustauga-arnaiy-zasaq-tartyldy-video/
17 тамыз 2023, 10:57
kk
Қазақ балуаны әлем чемпионатының финалында бір ұпай айырмасымен ұтылып қалды
Күрес түрлерінен Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінде Қазақстан қоржыны бір медальмен толықты. Ризабек Айтмұхан күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Еркін күрестен 92 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Ризабек финалда ирандық Мохаммадмобин Голамалиден 4:5 есебімен ұтылды. Осылайша, еркін күрестен Қазақстан құрамасына жалғыз жүлде сыйлады. Турнир барысында Ризабек Қырғызстан, Канада, Грузия балуандарынан басым түскен. Айта кетелік, Ризабек ересектер арасындағы Азия біріншілігінің күміс жүлдегері, 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында құрлық чемпионы.
Күрес түрлерінен Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінде Қазақстан қоржыны бір медальмен толықты. Ризабек Айтмұхан күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды . Еркін күрестен 92 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Ризабек финалда ирандық Мохаммадмобин Голамалиден 4:5 есебімен ұтылды. Осылайша, еркін күрестен Қазақстан құрамасына жалғыз жүлде сыйлады. Турнир барысында Ризабек Қырғызстан, Канада, Грузия балуандарынан басым түскен.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2032814-qazaq-baluany-alem-cempionatynyn-finalynda-bir-upaiy-aiyrmasymen-utylyp-qaldy/
17 тамыз 2023, 10:48
kk
Коммуналдық қызметтер қымбаттаған соң зейнеткерлерге қаржылай көмек берілетіні рас па
Әлеуметтік желіде коммуналдық қызметтердің бағасы көтерілуіне байланысты зейнеткерлерге қаржылай көмек көрсетіледі деген ақпарат тарады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Telegram арнасында бұл ақпаратты теріске шығарды. "Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен барлық зейнеткерге коммуналдық қызмет бағасының өсуіне байланысты материалдық көмек көрсетіледі деген тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды", - деп хабарлады министрліктен. Ведомствоның хабарлауынша, үкімет тарапынан дотациялық қаржылық көмек көрсету туралы қаулы қабылданбаған. "Сонымен қатар "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының аясында жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттен аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) жеке тұрғын үйді ұстауға кеткен шығындар арасындағы айырмашылықты өтеуге және осы мақсаттарға арналған шығыстарының шекті деңгейінде тұрғын үй көмегін көрсету қарастырылғанын хабарлаймыз", - делінген хабарламада. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін құжаттарды egov.kz порталы арқылы немесе халыққа қызмет көрсету орталығында тапсыруға болады.
Әлеуметтік желіде коммуналдық қызметтердің бағасы көтерілуіне байланысты зейнеткерлерге қаржылай көмек көрсетіледі деген ақпарат тарады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Telegram арнасында бұл ақпаратты теріске шығарды. "Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен барлық зейнеткерге коммуналдық қызмет бағасының өсуіне байланысты материалдық көмек көрсетіледі деген тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды", - деп хабарлады министрліктен. Ведомствоның хабарлауынша, үкімет тарапынан дотациялық қаржылық көмек көрсету туралы қаулы қабылданбаған. "Сонымен қатар "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының аясында жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттен аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) жеке тұрғын үйді ұстауға кеткен шығындар арасындағы айырмашылықты өтеуге және осы мақсаттарға арналған шығыстарының шекті деңгейінде тұрғын үй көмегін көрсету қарастырылғанын хабарлаймыз", - делінген хабарламада.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032809-kommunaldyq-qyzmetter-qymbattagan-son-zeinetkerlerge-qarzylai-komek-beriletini-ras-pa/
17 тамыз 2023, 10:38
kk
Елена Рыбакина өзін балағаттаған латвиялық теннисшіні ұтып кетті
Қазақстандық Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің үшінші айналымына шықты. Бүгін ол атышулы қарсыласын жеңді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Әлемнің төртінші ракеткасы саналатын Рыбакина екінші айналымда латвиялық Елена Остапенкомен кездескен болатын. Кездесу үш сет қорытындысы бойынша қазақстандық теннисшінің пайдасына аяқталды. Рыбакина бірінші сетте тай-брейк қорытындысы бойыншы 6:7 есебімен ұтылса, қалған екі сетті 6:2, 6:4 есебімен өз еншісіне жазды. Айта кетелік, Елена Рыбакина мен Елена Остапенко арасында өткен мамырдағы матчта латвиялық спортшы қазақстандық теннисшіні балағаттап, тіл тигізген болатын. Елена Остапенко теннис әлемінде өзінің қызуқандылығымен танымал. Ал Цинциннати турнирінің үшінші кезесінде Рыбакина италиялық Жасмин Паолинимен кездседі.
Қазақстандық Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің үшінші айналымына шықты. Бүгін ол атышулы қарсыласын жеңді, деп хабарлайды . Әлемнің төртінші ракеткасы саналатын Рыбакина екінші айналымда латвиялық Елена Остапенкомен кездескен болатын. Кездесу үш сет қорытындысы бойынша қазақстандық теннисшінің пайдасына аяқталды. Рыбакина бірінші сетте тай-брейк қорытындысы бойыншы 6:7 есебімен ұтылса, қалған екі сетті 6:2, 6:4 есебімен өз еншісіне жазды. Айта кетелік, Елена Рыбакина мен Елена Остапенко арасында өткен мамырдағы матчта латвиялық спортшы қазақстандық теннисшіні балағаттап, тіл тигізген болатын. Елена Остапенко теннис әлемінде өзінің қызуқандылығымен танымал.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2032811-elena-rybakina-ozin-balagattagan-latviyalyq-tennissini-utyp-ketti/
17 тамыз 2023, 10:36
kk
"Қорландым": актриса Әсел Асқар Алматыда фитнес-залда соққыға жығылғанын мәлімдеді (видео)
Қазақстандық актриса әрі блогер Әсел Асқар Алматыдағы фитнес клубтардың бірінде өзін қорлап, соққыға жыққанын мәлімдеді. Полицейлер блогердің сөзіне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі. Болған оқиға туралы Әсел Асқар Instagram парақшасында жазды. "Мен өзімді бүгін қорланғандай, намысым тапталғандай сезіндім", - деді блогер. Оның айтуынша, Алматыда фитнес орталықтың бірінде ер адам оған қол көтеріп және бұл жағдай үшін өзіне ештеңе болмайтынын айтқан. Сонымен қатар ер адам блогерді қорқытып, анасы екеуін балағаттаған. "Ол танымал адам, ал мен "қазақтың жезөкшесі" екенмін. Осы оқиғаны қарап, қолданыстағы заңнама аясында шешім қабылдауыңызды сұраймын", - деп блогер құқық қорғау органдарына жүгінді. Әсел Асқар видеосында полицияға арыз жазып үлгергенін айтып, Алматы қалалық полиция департаментінің басшысынан істі бақылауға алуды сұрады. Сонымен қатар Әсел Асқар жазбасына Алматы қаласының прокуратурасын белгілеп, қадағалаушы органнан тергеу барысын бақылауды сұрады. "Қыздарды көшеде ұрып-соғатынын бірнеше мәрте естігенен кейін, бұлай жалғаспауы үшін заң жүзінде нақты шешім шығарылса екен деймін", - деді Әсел Асқар. Сонымен қатар ол өз елінде өзін қауіпсіз сезіне алмайтынын жеткізді. Әсел Асқар Instagram Stories-інде оқиғаның неден басталғанын түсіндірді. Оның сөзінше, блогердің мобилографы оны жаттығу жасап жатқан жерінде видеоға түсіріп жүрген. Ал ер адам кадрге түсіп қалғысы келмеген. Нәтижесінде Әсел мен ер адамды залға келген өзге адамдар ажыратқан. Алматы қалалық полиция департаменті NUR.KZ тілшісіне фактінің болғанын растап және Медеу аудандық полиция бөлімі оқиға бойынша тергеу жүргізіп жатқанын мәлім етті. "1996 жылы туған азамат М.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабының 1-і яғни ұрып-соғу тармағы бойынша және 434 яғни ұсақ бұзақылық туралы бап бойынша әкімшілік іс қозғалды. Азамат А.-ның алған дене жарақатының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Шешім қабылдау үшін өндіріс материалдары сотқа жіберіледі", - делінген полиция мәлімдемесінде. Сонымен қатар департамент тергеу барысы Алматы қалалық полиция департаменті басшылығының бақылауында екенін атап өтті.
Қазақстандық актриса әрі блогер Әсел Асқар Алматыдағы фитнес клубтардың бірінде өзін қорлап, соққыға жыққанын мәлімдеді. Полицейлер блогердің сөзіне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды тілшісі. Болған оқиға туралы Әсел Асқар Instagram парақшасында жазды. "Мен өзімді бүгін қорланғандай, намысым тапталғандай сезіндім", - деді блогер. Оның айтуынша, Алматыда фитнес орталықтың бірінде ер адам оған қол көтеріп және бұл жағдай үшін өзіне ештеңе болмайтынын айтқан. Сонымен қатар ер адам блогерді қорқытып, анасы екеуін балағаттаған. "Ол танымал адам, ал мен "қазақтың жезөкшесі" екенмін. Осы оқиғаны қарап, қолданыстағы заңнама аясында шешім қабылдауыңызды сұраймын", - деп блогер құқық қорғау органдарына жүгінді. Әсел Асқар видеосында полицияға арыз жазып үлгергенін айтып, Алматы қалалық полиция департаментінің басшысынан істі бақылауға алуды сұрады. Сонымен қатар Әсел Асқар жазбасына Алматы қаласының прокуратурасын белгілеп, қадағалаушы органнан тергеу барысын бақылауды сұрады. "Қыздарды көшеде ұрып-соғатынын бірнеше мәрте естігенен кейін, бұлай жалғаспауы үшін заң жүзінде нақты шешім шығарылса екен деймін", - деді Әсел Асқар. Сонымен қатар ол өз елінде өзін қауіпсіз сезіне алмайтынын жеткізді. Әсел Асқар Instagram Stories-інде оқиғаның неден басталғанын түсіндірді. Оның сөзінше, блогердің мобилографы оны жаттығу жасап жатқан жерінде видеоға түсіріп жүрген. Ал ер адам кадрге түсіп қалғысы келмеген. Нәтижесінде Әсел мен ер адамды залға келген өзге адамдар ажыратқан. Алматы қалалық полиция департаменті тілшісіне фактінің болғанын растап және Медеу аудандық полиция бөлімі оқиға бойынша тергеу жүргізіп жатқанын мәлім етті. "1996 жылы туған азамат М.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабының 1-і яғни ұрып-соғу тармағы бойынша және 434 яғни ұсақ бұзақылық туралы бап бойынша әкімшілік іс қозғалды. Азамат А.-ның алған дене жарақатының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Шешім қабылдау үшін өндіріс материалдары сотқа жіберіледі", - делінген полиция мәлімдемесінде.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2032796-qorlandym-aktrisa-asel-asqar-almatyda-fitnes-zalda-soqqyga-zygylganyn-malimdedi-video/
17 тамыз 2023, 10:28
kk
2023 жылғы 17 тамыз: криптовалюталардың долларға шаққандағы бағамы
Binance блокчейн-экожүйесінің ақпаратына сәйкес, криптовалюта нарығындағы 2023 жылғы 17 тамыз күнгі жағдай мынадай: Биткоиннің долларға шаққандағы бағамы өткен тәулік ішінде $574.79-ға төмендеді. Бүгін актив $28,946.18755441* төңірегінде саудаланады. Tronix криптовалютасы бүгін кешегі күнмен салыстырғанда $0.00153-ға төмендеді. TRX бағамы 2023 жылғы 17 тамыз күні $0.07540695*-ды құрап отыр. Ethereum-нің долларға шаққандағы бағамы $30.68-ға төмендеді. Аталған криптовалютаның құны бүгінде $1,811.97546546*-ды құрап отыр. Decentraland криптовалютасы тәулік ішінде $0.0108-ға арзандады. Қазіргі уақытта актив $0.33351361* деңгейінде саудаланып жатыр. True USD тәулік ішінде $0.0001-ға төмендеді. TUSD бағамы 2023 жылғы 17 тамыз күні $1.00023943*-ды құрап отыр. Litecoin криптовалютасы $4.09-ға әлсіреді. Актив $75.98706311* деңгейінде саудаланып жатыр. Ethereum Classic бағасы бүгінде $0.27-ға төмендеді. Криптовалютаның өзекті құны – $16.23429805*. Ripple өткен күнмен салыстырғанда $0.0172-ға арзандады. Криптовалютаның бүгінгі құны - $0.59439853*. Dogecoin кешегі күнмен салыстырғанда $0.00286-ға арзандады. Қазіргі уақытта актив $0.06841915* деңгейінде саудаланып жатыр. *Материал Binance криптовалюталық биржасының деректері негізінде әзірленген. Бағамдарға қатысты ақпарат мақала жарияланған сәтте өзекті.
Binance блокчейн-экожүйесінің ақпаратына сәйкес, криптовалюта нарығындағы 2023 жылғы 17 тамыз күнгі жағдай мынадай: Биткоиннің долларға шаққандағы бағамы өткен тәулік ішінде $574.79-ға төмендеді. Бүгін актив $28,946.18755441* төңірегінде саудаланады. Tronix криптовалютасы бүгін кешегі күнмен салыстырғанда $0.00153-ға төмендеді. TRX бағамы 2023 жылғы 17 тамыз күні $0.07540695*-ды құрап отыр. Ethereum-нің долларға шаққандағы бағамы $30.68-ға төмендеді. Аталған криптовалютаның құны бүгінде $1,811.97546546*-ды құрап отыр. Decentraland криптовалютасы тәулік ішінде $0.0108-ға арзандады. Қазіргі уақытта актив $0.33351361* деңгейінде саудаланып жатыр. True USD тәулік ішінде $0.0001-ға төмендеді. TUSD бағамы 2023 жылғы 17 тамыз күні $1.00023943*-ды құрап отыр. Litecoin криптовалютасы $4.09-ға әлсіреді. Актив $75.98706311* деңгейінде саудаланып жатыр. Ethereum Classic бағасы бүгінде $0.27-ға төмендеді. Криптовалютаның өзекті құны – $16.23429805*. Ripple өткен күнмен салыстырғанда $0.0172-ға арзандады. Криптовалютаның бүгінгі құны - $0.59439853*. Dogecoin кешегі күнмен салыстырғанда $0.00286-ға арзандады. Қазіргі уақытта актив $0.06841915* деңгейінде саудаланып жатыр. *Материал Binance криптовалюталық биржасының деректері негізінде әзірленген.
Қаржы
false
https://kaz.nur.kz/nurfin/2032805-2023-zylgy-17-tamyz-kriptovalyutalardyn-dollarga-saqqandagy-bagamy/
17 тамыз 2023, 10:16
kk
Ақмола облысында жол апатына бұғы себепкер болды
Ақмола облысында ірі жол апаты болып, екі адам зардап шекті. Көлік жүргізушісі жолға шыққан бұғыны қағып кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. Полиция мәліметінше, 34 жастағы Audi-80 жеңіл көлігінің жүргізушісі Астана – Петропавл тас жолымен Щучинскке сапар шеккен. Алайда тас жолға бұғы шыға келіп, жүргізуші оны қағып кетеді. Жол апатынан көлік жүргізушісі мен 28 жастағы жолаушы түрлі дене жарақатын алған. Олар жергілікті ауруханаға жеткізілді. Айта кетейік, Ақмола облысында жыл басынан бері жануарлар себебінен болған бес жол апаты тіркелген.
Ақмола облысында ірі жол апаты болып, екі адам зардап шекті. Көлік жүргізушісі жолға шыққан бұғыны қағып кеткен, деп хабарлайды сайтына сілтеме жасаған . Полиция мәліметінше, 34 жастағы Audi-80 жеңіл көлігінің жүргізушісі Астана – Петропавл тас жолымен Щучинскке сапар шеккен. Алайда тас жолға бұғы шыға келіп, жүргізуші оны қағып кетеді. Жол апатынан көлік жүргізушісі мен 28 жастағы жолаушы түрлі дене жарақатын алған. Олар жергілікті ауруханаға жеткізілді.
Оқыс оқиғалар
false
https://kaz.nur.kz/accidents/2032793-aqmola-oblysynda-zol-apatyna-bugy-sebepker-boldy/
17 тамыз 2023, 09:13
kk
2023 жылғы 17 тамыз: Алматы, Астана және Шымкенттегі қолма-қол валюта бағамдары
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми деректеріне сәйкес, бүгін, 2023 жылғы 17 тамыз күнгі жағдай бойынша теңгенің долларға шаққандағы бағамы – 454.30 (+5.13), еуроға шаққандағы бағамы – 496.10 (+4.71) және рубльге шаққандағы бағамы – 4.70 (+0.12). Алматының ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 458.50 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 461.50 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 500.00 (МиГ) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 502.50 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.79 (МиГ) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.95 (CenterCredit).* Астананың ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 458.50 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 461.50 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 498.56 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 502.50 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.74 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.95 (CenterCredit).* Шымкенттің ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 458.50 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 461.50 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 498.56 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 502.50 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.74 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.95 (CenterCredit).* Ақпарат ресми дереккөздерден – қазақстандық банктердің және Алматы, Астана, Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау орындарының сайттарынан алынды. Қалаңыздағы ең тиімді валюта бағамдары туралы ақпаратты бірінші алғыңыз келе ме? Telegram-да біздің ботқа жазылыңыз. *Валюталарды сату және сатып алу бойынша ең тиімді бағамдарға қатысты ақпарат мақаланы жариялаған сәтте өзекті.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми деректеріне сәйкес, бүгін, 2023 жылғы 17 тамыз күнгі жағдай бойынша теңгенің долларға шаққандағы бағамы – 454.30 (+5.13), еуроға шаққандағы бағамы – 496.10 (+4.71) және рубльге шаққандағы бағамы – 4.70 (+0.12). Алматының ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 458.50 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 461.50 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 500.00 (МиГ) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 502.50 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.79 (МиГ) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.95 (CenterCredit).* Астананың ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 458.50 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 461.50 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 498.56 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 502.50 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.74 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.95 (CenterCredit).* Шымкенттің ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 458.50 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 461.50 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 498.56 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 502.50 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.74 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.95 (CenterCredit).* Ақпарат ресми дереккөздерден – қазақстандық банктердің және Алматы, Астана, Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау орындарының сайттарынан алынды. Қалаңыздағы ең тиімді валюта бағамдары туралы ақпаратты бірінші алғыңыз келе ме? Telegram-да біздің ботқа жазылыңыз.
Қаржы
false
https://kaz.nur.kz/nurfin/2032791-2023-zylgy-17-tamyz-almaty-astana-zane-symkenttegi-qolma-qol-valyuta-bagamdary/
17 тамыз 2023, 09:11
kk
Қарағандыда автобус әйнегі бір айлық сәбиімен отырған келіншектің үстіне құлап түсті
Кеше, 16 тамызда қарағандылық автобустардың бірінде қолында бір айлық сәбиі бар 21 жастағы қыздың үстіне автобустың терезесі құлап кеткен. Автопарк жағдайға түсініктеме берді, деп жазады Ekaragandа. Оқиға куәгерінің басылымға айтуынша, әйнек еш себепсіз өздігінен құлап кеткен: апат болған жоқ, ешкім тас лақтырған жоқ - ол жай ғана жолаушылардың басына опырылып түскен. Қуанышқа орай, сәбидің беті көрпемен жабылғандықтан, ол зардап шекпеген. Жас ананың өзі шашынан шыны кесектерін алып, қолын жарақаттап алған. "Ешкім ештеңе түсінген жоқ. Бұл жол апаты емес. Ешкім тас лақтырған жоқ. Мен қызыммен осы терезенің жанында ғана отырдым. Баланы көрпемен жауып қойғаны жақсы болды. Әйтпесе, бетіне құлап кетер еді. Көрпе сынықтарға толып қалды. Оның шашынан қанша сынық алдым", - деді жолаушы. Оқиға салдарынан ешкім зардап шекпегенімен, қарағандылықтар қоғамдық көліктің жағдайына наразы. "Жүргізуші полиция шақырған жоқ. Ол жолаушыларға осындай сынған әйнекпен "Караван" аялдамасына апаратынын айтты. Адамдар ұрыса бастаған соң ол кешірім сұрады. Ал бізге оның кешірім сұрағанының не керегі бар? Автопарктар мұндай автобустарды неге шығарады", - дейді тұрғын. Қала тұрғыны автопарктің үстінен арызданбақ. Ал автопарк басылымға автобус жолға шығар алдында тексерілгенін хабарлады. Автобустың жағдайы қанағаттанарлық болған, әйнегі өздігінен опырылып түскен екен. "№3 автопарк әкімшілігі №5 бағыттағы автобустың әйнегі сынған мән-жай анықталғанын, оның өздігінен жарылғаны белгілі болғанын хабарлайды. Мұндай жағдайлар техникалық жағдайына Қарағанды жолдарының сапасы кері әсерін тигізетін жаңа автобустарда да кездеседі. Біз бұл автобустың механиктің сапар алдындағы тексеруінен өткенін мәлімдейміз. Автобустың жағдайы қанағаттанарлық", - деді автопарк мамандары. Автобус жолаушыларына өтемақы төленеді ме деген сұраққа автопарк заң бойынша өтемақы талап етілмейді деп жауап берді.
Кеше, 16 тамызда қарағандылық автобустардың бірінде қолында бір айлық сәбиі бар 21 жастағы қыздың үстіне автобустың терезесі құлап кеткен. Автопарк жағдайға түсініктеме берді, деп жазады Ekaragandа. Оқиға куәгерінің басылымға айтуынша, әйнек еш себепсіз өздігінен құлап кеткен: апат болған жоқ, ешкім тас лақтырған жоқ - ол жай ғана жолаушылардың басына опырылып түскен. Қуанышқа орай, сәбидің беті көрпемен жабылғандықтан, ол зардап шекпеген. Жас ананың өзі шашынан шыны кесектерін алып, қолын жарақаттап алған. "Ешкім ештеңе түсінген жоқ. Бұл жол апаты емес. Ешкім тас лақтырған жоқ. Мен қызыммен осы терезенің жанында ғана отырдым. Баланы көрпемен жауып қойғаны жақсы болды. Әйтпесе, бетіне құлап кетер еді. Көрпе сынықтарға толып қалды. Оның шашынан қанша сынық алдым", - деді жолаушы. Оқиға салдарынан ешкім зардап шекпегенімен, қарағандылықтар қоғамдық көліктің жағдайына наразы. "Жүргізуші полиция шақырған жоқ. Ол жолаушыларға осындай сынған әйнекпен "Караван" аялдамасына апаратынын айтты. Адамдар ұрыса бастаған соң ол кешірім сұрады. Ал бізге оның кешірім сұрағанының не керегі бар? Автопарктар мұндай автобустарды неге шығарады", - дейді тұрғын. Қала тұрғыны автопарктің үстінен арызданбақ. Ал автопарк басылымға автобус жолға шығар алдында тексерілгенін хабарлады. Автобустың жағдайы қанағаттанарлық болған, әйнегі өздігінен опырылып түскен екен. "№3 автопарк әкімшілігі №5 бағыттағы автобустың әйнегі сынған мән-жай анықталғанын, оның өздігінен жарылғаны белгілі болғанын хабарлайды. Мұндай жағдайлар техникалық жағдайына Қарағанды жолдарының сапасы кері әсерін тигізетін жаңа автобустарда да кездеседі. Біз бұл автобустың механиктің сапар алдындағы тексеруінен өткенін мәлімдейміз. Автобустың жағдайы қанағаттанарлық", - деді автопарк мамандары.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032787-qaragandyda-avtobus-ainegi-bir-ailyq-sabiimen-otyrgan-kelinsektin-ustine-qulap-tusti/
17 тамыз 2023, 09:10
kk
"Құттықтасаңыздар болады": Мадина Сәдуақасова отбасындағы қуанышын бөлісті (фото)
Әнші Мадина Сәдуақасова көпшілікке қуанышын бөлісті. Өнер иесі Instagram парақшасында абысын атанғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Құттықтасаңыз болады.Мен абысын атандым. Қайын інім Сәбит үйленді. Үйге Маусымжан деген келін келді. Жастар бақытты болсын. Ендігі кезек Демежан қайнымда. Әнуарға дейін уақыт бар", - деді Мадина Сәдуақасова. Сонымен қатар әнші беташардан видео бөлісті. Видеодан Сәдуақасованың ұлттық киім киіп, орамал тартып, жаңа түскен келіннің оң жағында тұрғанын көруге болады.
Әнші Мадина Сәдуақасова көпшілікке қуанышын бөлісті. Өнер иесі Instagram парақшасында абысын атанғанын айтты, деп жазады . "Құттықтасаңыз болады. Мен абысын атандым. Қайын інім Сәбит үйленді. Үйге Маусымжан деген келін келді. Жастар бақытты болсын. Ендігі кезек Демежан қайнымда. Әнуарға дейін уақыт бар", - деді Мадина Сәдуақасова. Сонымен қатар әнші беташардан видео бөлісті.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2032789-quttyqtasanyzdar-bolady-madina-saduaqasova-otbasyndagy-quanysyn-bolisti-foto/
17 тамыз 2023, 09:05
kk
Маңғыстаудағы электр жарығы проблемасы: әкімдік қаладағы ғимараттар неліктен түнде жарығын өшірмейтінін түсіндірді
Ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев Instagram желісіндегі парақшасында өңірдегі электр жарығына қатысты проблеманы көтерді. Ол МАЭК-дағы апат салдарынан бүтін өңір халқы электр жарығының тапшылығын тартып отырған кезде кезде ірі ғимараттардың түнде жарығын сөндірмейтініне наразы болды. Қала басшысы жағдайға қатысты пікір білдірді. Бүгінде Маңғыстауда МАЭК-тегі апаттан кейін электр қуаты ішінара берілуде. Осы ретте Азамат желідегі парақшасына түнгі Ақтаудың видеосын жариялады. Кадрлардан өңірде электр қуатына қатысты проблема туындағанына қарамастан, көптеген ғимарат түнде жарығын сөндірмегенін көруге болады. "MAEК-тегі электр қуатын өндіру проблемасы аясында ТК жарықтандыруында онсыз да тапшы болып отырған электр қуатын қосып қою дұрыс па? Аудандар жарықсыз қалғанда Ақтау қаласында электр энергиясы секілді құнды ресурстарды ысырап ету қаншалықты орынды?", - деп көкейіндегі сауалды жеткізді блогер. Ол қала және облыс әкімдіктерін тұрғын үй-құрылыс кооперативтеріне, кәсіпкерлерге, әлеуметтік мекеме басшыларына МАЭК-те жөндеу жұмыстары кезінде электр қуатын ұқыпты тұтыну туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шақырды. Ақтау әкімдігі қалада жарықтың неліктен сөндірілмегенін түсіндірді. "Осы мәселе бойынша облыста түнгі уақытта электр энергиясы мен оның тапшылығына бойынша мәселе жоқ екенін жеткіземіз. Тұрғын үй инспекциясы басқармасы электр энергиясын үнемдеу мәселесі бойынша тұрғын үй кооперативтері мен МИБ басшыларымен, ал кәсіпкерлік бөлімі сауда орындарының иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде", - деді министрлік.
Ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев Instagram желісіндегі парақшасында өңірдегі электр жарығына қатысты проблеманы көтерді. Ол МАЭК-дағы апат салдарынан бүтін өңір халқы электр жарығының тапшылығын тартып отырған кезде кезде ірі ғимараттардың түнде жарығын сөндірмейтініне наразы болды. Қала басшысы жағдайға қатысты пікір білдірді. Бүгінде Маңғыстауда МАЭК-тегі апаттан кейін электр қуаты ішінара берілуде. Осы ретте Азамат желідегі парақшасына түнгі Ақтаудың видеосын жариялады. Кадрлардан өңірде электр қуатына қатысты проблема туындағанына қарамастан, көптеген ғимарат түнде жарығын сөндірмегенін көруге болады. "MAEК-тегі электр қуатын өндіру проблемасы аясында ТК жарықтандыруында онсыз да тапшы болып отырған электр қуатын қосып қою дұрыс па? Аудандар жарықсыз қалғанда Ақтау қаласында электр энергиясы секілді құнды ресурстарды ысырап ету қаншалықты орынды?", - деп көкейіндегі сауалды жеткізді блогер. Ол қала және облыс әкімдіктерін тұрғын үй-құрылыс кооперативтеріне, кәсіпкерлерге, әлеуметтік мекеме басшыларына МАЭК-те жөндеу жұмыстары кезінде электр қуатын ұқыпты тұтыну туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шақырды. Ақтау әкімдігі қалада жарықтың неліктен сөндірілмегенін түсіндірді. "Осы мәселе бойынша облыста түнгі уақытта электр энергиясы мен оның тапшылығына бойынша мәселе жоқ екенін жеткіземіз.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032783-mangystaudagy-elektr-zarygy-problemasy-akimdik-qaladagy-gimarattar-nelikten-tunde-zarygyn-osirmeitinin-tusindirdi/
17 тамыз 2023, 08:57
kk
Жасөспірім қыздар білуге тиіс етеккір туралы 10 ақпарат
Болмысы нәзік қыз баланың тәлім-тәрбиесімен қатар, денсаулығына да ерекше мән берілу керек. Қыз бала болашақта ана атанып, ұрпақ өрбітеді. Бұл жазбамызда әйел затына тән етеккір мерзімі туралы дәрігерлер айтқан кеңестерді ұсынамыз. Етеккір дегеніміз – әйел жатырындағы эндометрий қабатының жаңару үдерісі. Қыз баланың ағзасы жетілген кезде кезде етеккір келе басталады. WebMD мәліметінше етеккір әдетте 11-14 жас аралығында басталады, кей қыздарда одан кешірек болуы да мүмкін. Бірінші етеккір кезеңі "менархе" деп аталады. Етеккір мерзімі деп етеккірдің бірінші күнінен келесі етеккір басталған уақыт аралығын айтады. Медицина ғылымдарының докторы Моник Рейнфорд қыз баланың етеккір жайлы мынадай ақпараттарды білгені жөн дейді: Жасөспірім қыздардың аналары әлемде қазір ерте жыныстық жетілу жағдайы көп екенін есте ұстағаны жөн, сондықтан қыздың физиологиясы мен ағзасындағы өзгерістер туралы айтуды 7-8 жастан бастағаны дұрыс. Омырау өсе бастағанда қышу немесе аздап ауырсыну болуы мүмкін екенін, сонымен қатар қолтықта, аяқ және қуық айналасында түк пайда болатыны жайлы жеткізіңіз. Етеккір туралы ақпарат беріңіз, бәрін ашық сөйлесіңіз. Әйел затына неліктен етеккір келетінін және ондай жағдайда не істеу керегін айтыңыз. Жеке гигиена құралдарын қалай қолданатынын көрсетіңіз. Қажет заттардың қолжетімді жерде болғаны дұрыс. Өсіп келе жатқан қыз бала етеккір алғаш келген сәтте қорықпай, өз бетінше күтім жасай алуы керек. Егер анасы баланың өте тез дамып жатқанын байқаса, қызына етеккір 11 жасқа дейін келсе, не болмаса, 14 жасқа дейін әлі келмегені байқалса, гинекологтың кеңесіне жүгінген абзал. Дәрігер, гинеколог-эндокринолог Наталья Силина қыз баланы 7-8 жастан бастап гинекологқа профилактикалық мақсатта апаруға кеңес береді. Медицина және философия ғылымдарының докторы Хэ Санг Ли мұны ағзаға әсерін тигізетін бірнеше жағдаймен байланыстырады: Гинеколог-эндокринолог, маммолог дәрігер Гүлмира Жұмағұлованың айтуынша етеккір мерзімінің кешігуіне мынадай жағдайлар әсер етуі мүмкін: Медицинада етеккір келерден немесе келіп жатқанда кіші жамбастың ауыруын "альгодисменорея" деп атайды. Бұл жөнінде baribar.kz сайтында гинеколог дәрігердің берген жауабында айтылған. Мұндай кезде бас ауырады, жүрек айниды. Ол бірінші және екінші кезең болып бөлінеді. Біріншісіне етеккірдің алғаш келген сәтінен (мысалы, 13 жас) қазіргі уақытқа дейін ауырып келуі жатады. Екіншісіне бертін келе пайда болған ауырсынуды жатады. Кіші жамбас астауында қабыну процесі болып жатса, етеккір ауыртып келуі мүмкін. Мұндайда ағза белгі береді. Ондай реакция үш кезеңнен тұрады: Осы кезеңдер біткен соң медиатор бөлініп, жалпы сегізкөз бел өрімі жүйке тамырларын тітіркендіреді. Содан адамның іші немесе төменгі жағы тартып, сыздап ауырады, бірақ нақты қай жері ауырып тұрғанын білмейді. Етеккір келген кезде тазалық сақтау өте маңызды. Өзіңізді еркін сезініп, күнделікті қалыппен жүре беруге болады. Ең бастысы қатты ауыр жұмыс істемей, ыстық моншаға бармаған абзал. Қыз бала "етеккір" ұғымын дұрыс түсініп, жақсы қабылдауы керек. Оларға бұл процестің болашақта ана атануына әсер ететінін ұғындырған абзал. Назар аударыңыз! Мақала ақпараттық сипатта жазылған. Денсаулығыңызға қатысты жағдайды дәрігеріңізбен бөлісіңіз!
Болмысы нәзік қыз баланың тәлім-тәрбиесімен қатар, денсаулығына да ерекше мән берілу керек. Қыз бала болашақта ана атанып, ұрпақ өрбітеді. Бұл жазбамызда әйел затына тән етеккір мерзімі туралы дәрігерлер айтқан кеңестерді ұсынамыз. Етеккір дегеніміз – әйел жатырындағы эндометрий қабатының жаңару үдерісі. Қыз баланың ағзасы жетілген кезде кезде етеккір келе басталады. WebMD мәліметінше етеккір әдетте 11-14 жас аралығында басталады, кей қыздарда одан кешірек болуы да мүмкін. Бірінші етеккір кезеңі "менархе" деп аталады. Етеккір мерзімі деп етеккірдің бірінші күнінен келесі етеккір басталған уақыт аралығын айтады. Медицина ғылымдарының докторы Моник Рейнфорд қыз баланың етеккір жайлы мынадай ақпараттарды білгені жөн дейді: Жасөспірім қыздардың аналары әлемде қазір ерте жыныстық жетілу жағдайы көп екенін есте ұстағаны жөн, сондықтан қыздың физиологиясы мен ағзасындағы өзгерістер туралы айтуды 7-8 жастан бастағаны дұрыс. Омырау өсе бастағанда қышу немесе аздап ауырсыну болуы мүмкін екенін, сонымен қатар қолтықта, аяқ және қуық айналасында түк пайда болатыны жайлы жеткізіңіз. Етеккір туралы ақпарат беріңіз, бәрін ашық сөйлесіңіз. Әйел затына неліктен етеккір келетінін және ондай жағдайда не істеу керегін айтыңыз. Жеке гигиена құралдарын қалай қолданатынын көрсетіңіз. Қажет заттардың қолжетімді жерде болғаны дұрыс. Өсіп келе жатқан қыз бала етеккір алғаш келген сәтте қорықпай, өз бетінше күтім жасай алуы керек. Егер анасы баланың өте тез дамып жатқанын байқаса, қызына етеккір 11 жасқа дейін келсе, не болмаса, 14 жасқа дейін әлі келмегені байқалса, гинекологтың кеңесіне жүгінген абзал. Дәрігер, гинеколог-эндокринолог Наталья Силина қыз баланы 7-8 жастан бастап гинекологқа профилактикалық мақсатта апаруға кеңес береді. Медицина және философия ғылымдарының докторы Хэ Санг Ли мұны ағзаға әсерін тигізетін бірнеше жағдаймен байланыстырады: Гинеколог-эндокринолог, маммолог дәрігер Гүлмира Жұмағұлованың айтуынша етеккір мерзімінің кешігуіне мынадай жағдайлар әсер етуі мүмкін: Медицинада етеккір келерден немесе келіп жатқанда кіші жамбастың ауыруын "альгодисменорея" деп атайды. Бұл жөнінде сайтында гинеколог дәрігердің берген жауабында айтылған. Мұндай кезде бас ауырады, жүрек айниды. Ол бірінші және екінші кезең болып бөлінеді. Біріншісіне етеккірдің алғаш келген сәтінен (мысалы, 13 жас) қазіргі уақытқа дейін ауырып келуі жатады. Екіншісіне бертін келе пайда болған ауырсынуды жатады. Кіші жамбас астауында қабыну процесі болып жатса, етеккір ауыртып келуі мүмкін. Мұндайда ағза белгі береді. Ондай реакция үш кезеңнен тұрады: Осы кезеңдер біткен соң медиатор бөлініп, жалпы сегізкөз бел өрімі жүйке тамырларын тітіркендіреді. Содан адамның іші немесе төменгі жағы тартып, сыздап ауырады, бірақ нақты қай жері ауырып тұрғанын білмейді. Етеккір келген кезде тазалық сақтау өте маңызды. Өзіңізді еркін сезініп, күнделікті қалыппен жүре беруге болады. Ең бастысы қатты ауыр жұмыс істемей, ыстық моншаға бармаған абзал. Қыз бала "етеккір" ұғымын дұрыс түсініп, жақсы қабылдауы керек. Оларға бұл процестің болашақта ана атануына әсер ететінін ұғындырған абзал. Назар аударыңыз! Мақала ақпараттық сипатта жазылған.
Ханшайым
false
https://kaz.nur.kz/lady/2032344-zasospirim-qyzdar-biluge-tiis-etekkir-turaly-10-aqparat/
17 тамыз 2023, 08:57