lang
stringclasses
3 values
title
stringlengths
3
277
original_text
stringlengths
69
182k
processed_text
stringlengths
42
181k
category
stringlengths
4
50
processed
bool
2 classes
url
stringlengths
33
293
date
stringlengths
10
24
kk
Шымкентте бір күнде екі бала көп қабатты тұрғын үйдің терезесінен құлап кетті
Шымкентте 10 тамыз күні екі бала көп қабатты тұрғын үйдің терезесінен құлап кетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданындағы үйлердің бірінің төртінші қабатынан 1 жасар сәби құлап ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер 2022 жылы туған қыз баланың жағдайы ауыр деп отыр. Қыз бала жансақтау бөліміне жатқызылған. Екінші оқыс жағдай да 10 тамыз күні Шымкент қаласы Спорт шағынауданындағы үйлердің бірінде сағат 20.30-дар шамасында болған. 2019 жылы туған ұл бала төртінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткен. Төрт жасар сәбиді жедел жәрдем қызметі ауруханаға жеткізген. Жағдайы ауыр, ол да жансақтау бөліміне жатқызылды. Оқыс оқиғалардың мән жайын полицейлер анықтап жатыр. Екі оқыс жағдайда да сәбилер ата-ананың қарауынсыз қалған деп хабарлады Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. "Жыл басынан бері Шымкентте балалардың терезеден құлау фактісі 6 рет тіркелген. Оның ішінде екі бала қайтыс болған, 4 бала жарақат алып отыр. Барлық оқыс оқиғада бүлдіршіндер ата-анасының қарауынсыз қалған. Құрметті ата-аналар! Балаларыңызға абай болыңыздар, қараусыз қалдырмаңыздар!"- деп ескертеді Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы.
Шымкентте 10 тамыз күні екі бала көп қабатты тұрғын үйдің терезесінен құлап кетті. Бұл туралы тілшісі қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданындағы үйлердің бірінің төртінші қабатынан 1 жасар сәби құлап ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер 2022 жылы туған қыз баланың жағдайы ауыр деп отыр. Қыз бала жансақтау бөліміне жатқызылған. Екінші оқыс жағдай да 10 тамыз күні Шымкент қаласы Спорт шағынауданындағы үйлердің бірінде сағат 20.30-дар шамасында болған. 2019 жылы туған ұл бала төртінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткен. Төрт жасар сәбиді жедел жәрдем қызметі ауруханаға жеткізген. Жағдайы ауыр, ол да жансақтау бөліміне жатқызылды. Оқыс оқиғалардың мән жайын полицейлер анықтап жатыр. Екі оқыс жағдайда да сәбилер ата-ананың қарауынсыз қалған деп хабарлады Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. "Жыл басынан бері Шымкентте балалардың терезеден құлау фактісі 6 рет тіркелген. Оның ішінде екі бала қайтыс болған, 4 бала жарақат алып отыр. Барлық оқыс оқиғада бүлдіршіндер ата-анасының қарауынсыз қалған. Құрметті ата-аналар!
Оқыс оқиғалар
false
https://kaz.nur.kz/accidents/2032128-symkentte-bir-kunde-eki-bala-kop-qabatty-turgyn-uidin-terezesinen-qulap-ketti/
11 тамыз 2023, 13:47
kk
"Жағдай қиын": Қазақстанның оңтүстігі Қырғызстаннан келетін суармалы сусыз қалды
Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ғалидулла Азидуллин суармалы су мәселесі өршіп тұрған Жамбыл облысына іссапармен келді. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми сайтында хабарланды. Ведомствоның хабарлауынша, биылғы жылдың 9 тамызындағы жағдай бойынша Талас өзенінің бассейні бойынша Киров су қоймасының көлемі 32,48 млн метр кубты құрады, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 144,8 млн метр кубке аз (177,28 млн метр куб). Талас өзеніндегі су Киров су қоймасына ақпайды десе болады. "Қазіргі уақытта Қырғызстанның Талас БУВХ қызметімен "Жамбыл ГРЭС" АҚ жұмысын қолдау үшін су қоймасынан кемінде 5 метр куб/сек су беру туралы келіссөздер жүргізілуде, сондай-ақ Талас өзенінің арнасын экологиялық тұрғыда өткізу қарастырылып отыр", – делінген хабарламада. Сондай-ақ Талас өзенінің арнасына судың келуін ұлғайту мақсатында "Қазсушар" РМК филиалы мемлекеттік шекара бойында коллекторлық-дренаждық желілерді тазартуды жүргізеді, бұл Талас өзеніне судың келуін 5-тен 8 метр куб/секнудке дейін арттыруға және егін шаруашылығындағы су мөлшерінің шығынын азайтуға мүмкіндік береді. Ведомство мәліметінше, бүгінде Талас су торабындағы су көлемі коллекторлық сулармен толтырылғанның өзінде 7,26 метр куб/сек құрайды. Қазір Таластағы су айналымы арқылы Жамбыл және Байзақ аудандарына су келуде, Талас ауданы толығымен суармалы сусыз қалып отыр. Байзақ, Талас және т.б. Жамбыл аудандарында қазір суармалы су тапшылығы байқалуда. Киров су қоймасынан судың жеткіліксіз жетуіне байланысты шамамен 4 мың га пияз бен қант қызылшасы алқаптарына қауіп төніп тұр. Қордай ауданы мен Меркі ауданын сумен қамтамасыз ету Шу өзенінің бассейні арқылы мүмкін болып отыр. "Биылғы жылы сумен қамтамасыз етудегі негізгі проблема Қордай ауданының ГМК каналы бойынша туындаған, оның сумен қамтамасыз ету аймағы 28 мың гектар жер болатын. Тамыз айында бұл арнаға қажет су мөлшері 14 метр куб/сек құрады, алайда оның орнына тек 7-ден 6 метр куб/сек-ке дейінгі мөлшерде су беріліп отырды. Сол арада шығын 6,7 метр куб/сек құрады және мұндай шығын жағдайында 60 шақырымға су бөлуді реттеу мүмкін емес", – деп түсіндірді министрлікте. Су тапшылығына байланысты Қордай ауданының Сарыбұлақ, Бетқайнар, Қақпатас және Степное ауылдық округі (шамамен 5 мың га) суармалы судан ажыратылып отыр. Меркі ауданының ЗБЧК каналы бойынша Қырғызстаннан су соңғы 4-5 жыл ішінде келіп түскен жоқ. Салдарынан 10 мың гектарға жуық егістік өзінің жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған. Сондықтан филиал ЗБЧК арнасын ішкі су көздерінен, яғни Аспара және Меркі өзенінен толтырып келген. "Сумен қамтамасыз ету мәселесі бойынша жағдай қиын екенін ескере отырып аталған аудандарда премьер-министр Әлихан Смайыловтың тапсырмасы бойынша ведомствоаралық комиссия құрылды. Комиссия 18-20 шілде аралығында Қордай, Байзақ және Талас ауданының суармалы егіс алқаптарын визуалды тексеретін болады", - дейді министрлікте. Ведомство ақпаратынша, жалпы визуалды тексеру нәтижесінде Қырғыз Республикасы тарапынан суармалы судың жеткіліксіз берілуіне байланысты егістіктер зардап шеккені анықталды. Жұмыс тобының қорытындысы бойынша трансшекаралық көздерден суармалы судың жеткіліксіз берілуінен зардап шеккен шаруашылықтарға өтемақы бөлу туралы ұсыныстар енгізілетін болады. "Жыл сайын су ресурстарының жетіспеушілігі барған сайын артып барады соған орай біз жыл сайын ылғал сүйгіш дақылдарды егуді қысқартуды, ылғал үнемдейтін технологияларға көшуді, ауыспалы егістерді, суару режимдерін және басқа да мелиорациялық шараларды сақтауды ұсына отырып, бұл мәселені көтеріп келеміз", – деп атап өтті вице-министр өңір өкілдерімен кездесу барысында. Ведомствода су тұтынушыларының саны артып келе жатқандықтан, егістік алқаптарына тексеріс жүргізілетіні айтылды. "Бүгінде "Қазсушар" РМК Жамбыл филиалында пилоттық жоба шеңберінде "Қазақстан Ғарыш Сапары" АҚ-мен бірлесіп, келесі вегетациялық кезеңде қолда бар егістік алқаптарына су берудің қажетті көлемін есептеу үшін егістіктің нақты картасын анықтау үшін жұмыс жүргізіліп жатыр", – деп қорытындылады ведомствода.
Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ғалидулла Азидуллин суармалы су мәселесі өршіп тұрған Жамбыл облысына іссапармен келді. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми сайтында хабарланды. Ведомствоның хабарлауынша, биылғы жылдың 9 тамызындағы жағдай бойынша Талас өзенінің бассейні бойынша Киров су қоймасының көлемі 32,48 млн метр кубты құрады, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 144,8 млн метр кубке аз (177,28 млн метр куб). Талас өзеніндегі су Киров су қоймасына ақпайды десе болады. "Қазіргі уақытта Қырғызстанның Талас БУВХ қызметімен "Жамбыл ГРЭС" АҚ жұмысын қолдау үшін су қоймасынан кемінде 5 метр куб/сек су беру туралы келіссөздер жүргізілуде, сондай-ақ Талас өзенінің арнасын экологиялық тұрғыда өткізу қарастырылып отыр", – делінген хабарламада. Сондай-ақ Талас өзенінің арнасына судың келуін ұлғайту мақсатында "Қазсушар" РМК филиалы мемлекеттік шекара бойында коллекторлық-дренаждық желілерді тазартуды жүргізеді, бұл Талас өзеніне судың келуін 5-тен 8 метр куб/секнудке дейін арттыруға және егін шаруашылығындағы су мөлшерінің шығынын азайтуға мүмкіндік береді. Ведомство мәліметінше, бүгінде Талас су торабындағы су көлемі коллекторлық сулармен толтырылғанның өзінде 7,26 метр куб/сек құрайды. Қазір Таластағы су айналымы арқылы Жамбыл және Байзақ аудандарына су келуде, Талас ауданы толығымен суармалы сусыз қалып отыр. Байзақ, Талас және т.б. Жамбыл аудандарында қазір суармалы су тапшылығы байқалуда. Киров су қоймасынан судың жеткіліксіз жетуіне байланысты шамамен 4 мың га пияз бен қант қызылшасы алқаптарына қауіп төніп тұр. Қордай ауданы мен Меркі ауданын сумен қамтамасыз ету Шу өзенінің бассейні арқылы мүмкін болып отыр. "Биылғы жылы сумен қамтамасыз етудегі негізгі проблема Қордай ауданының ГМК каналы бойынша туындаған, оның сумен қамтамасыз ету аймағы 28 мың гектар жер болатын. Тамыз айында бұл арнаға қажет су мөлшері 14 метр куб/сек құрады, алайда оның орнына тек 7-ден 6 метр куб/сек-ке дейінгі мөлшерде су беріліп отырды. Сол арада шығын 6,7 метр куб/сек құрады және мұндай шығын жағдайында 60 шақырымға су бөлуді реттеу мүмкін емес", – деп түсіндірді министрлікте. Су тапшылығына байланысты Қордай ауданының Сарыбұлақ, Бетқайнар, Қақпатас және Степное ауылдық округі (шамамен 5 мың га) суармалы судан ажыратылып отыр. Меркі ауданының ЗБЧК каналы бойынша Қырғызстаннан су соңғы 4-5 жыл ішінде келіп түскен жоқ. Салдарынан 10 мың гектарға жуық егістік өзінің жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған. Сондықтан филиал ЗБЧК арнасын ішкі су көздерінен, яғни Аспара және Меркі өзенінен толтырып келген. "Сумен қамтамасыз ету мәселесі бойынша жағдай қиын екенін ескере отырып аталған аудандарда премьер-министр Әлихан Смайыловтың тапсырмасы бойынша ведомствоаралық комиссия құрылды. Комиссия 18-20 шілде аралығында Қордай, Байзақ және Талас ауданының суармалы егіс алқаптарын визуалды тексеретін болады", - дейді министрлікте. Ведомство ақпаратынша, жалпы визуалды тексеру нәтижесінде Қырғыз Республикасы тарапынан суармалы судың жеткіліксіз берілуіне байланысты егістіктер зардап шеккені анықталды. Жұмыс тобының қорытындысы бойынша трансшекаралық көздерден суармалы судың жеткіліксіз берілуінен зардап шеккен шаруашылықтарға өтемақы бөлу туралы ұсыныстар енгізілетін болады. "Жыл сайын су ресурстарының жетіспеушілігі барған сайын артып барады соған орай біз жыл сайын ылғал сүйгіш дақылдарды егуді қысқартуды, ылғал үнемдейтін технологияларға көшуді, ауыспалы егістерді, суару режимдерін және басқа да мелиорациялық шараларды сақтауды ұсына отырып, бұл мәселені көтеріп келеміз", – деп атап өтті вице-министр өңір өкілдерімен кездесу барысында. Ведомствода су тұтынушыларының саны артып келе жатқандықтан, егістік алқаптарына тексеріс жүргізілетіні айтылды.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032108-zagdai-qiyn-qazaqstannyn-ontustigi-qyrgyzstannan-keletin-suarmaly-susyz-qaldy/
11 тамыз 2023, 13:21
kk
Қазақстанда Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі ауысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Рақымжан Ерназар Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. "Мемлекет басшысының өкімімен Рақымжан Серікбайұлы Ерназар Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада. Бұған дейін бұл лауазымда Айдын Құлсейітов болған еді. 20 шілдеде ол мемлекет басшысының өкімімен президент әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің жаңа меңгерушісі болып тағайындалғаны туралы жазған едік. Сондай-ақ Ақорданың ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі - бұл президент құратын, оған тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган. Әкімшіліктің міндеті — президенттің қызметін ақпараттық-талдамалық, құқықтық, хаттамалық-ұйымдастырушылық, құжаттамалық және өзге де бағытта қамтамасыз ету.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Рақымжан Ерназар Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. "Мемлекет басшысының өкімімен Рақымжан Серікбайұлы Ерназар Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада. Бұған дейін бұл лауазымда Айдын Құлсейітов болған еді. 20 шілдеде ол мемлекет басшысының өкімімен президент әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің жаңа меңгерушісі болып тағайындалғаны туралы жазған едік. Сондай-ақ Ақорданың ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі - бұл президент құратын, оған тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган.
Саясат және экономика
false
https://kaz.nur.kz/politics/2032119-qazaqstanda-strategiyalyq-zosparlau-boliminin-mengerusisi-auysty/
11 тамыз 2023, 13:07
kk
Араб асханасы: пеште пісірілген ерекше тауық еті
Араб мәзірі бойынша дайындалатын тауық еті басқа ас түрлеріне ұқсамайды. Тәбетті ашатын хош иісті тағамға жаңғақ ұнтағы өзгеше дәм береді. Ерекше тағамды дайындау үшін біз ұсынған рецепті пайдаланыңыз. Араб елдерінің ұлттық асханасында құс етінен жасалған тағам түрлері кең таралған. Олар тауық етін бұқтырады, қайнатады, жарма мен көкөністер қосып пісіреді. Араб асханасы бойынша тауық етін дайындау тарихы туралы ақпарат жоқ. Ал бұл тағам АҚШ-тағы араб мейрамханаларының бірінде ойлап табылған деген болжам бар. Қытырлақ жаңғақ пен балқытылған ірімшіктің қоспасы ерекше дәм береді. Тағам дәмдеуіш күріш, кускус немесе булгурмен жақсы үйлеседі. Асханасы: Америкалық Санаты: Бас тағам Дайындау уақыты: 5 минут Пісетін уақыты: 30 минут Мөлшерлік калориясы: 221 ккал. Грек жаңғағын алдын ала қуырып алыңыз. Сыртын ашып, пышақпен майдалап тураңыз. Жаңғақты жұмсақ әрі біркелкі еткіңіз келсе, блендер пайдаланыңыз. Қатты ірімшікті ірі үккіштен өткізіңіз. Шағын ыдысқа 2 жұмыртқаны жарыңыз. Бір шымшым тұз қосып, жұмыртқаны шанышқы көмегімен біркелкі болғанша араластырыңыз. Әбден араластырылған жұмыртқаны шұңғыл ыдысқа құйыңыз. Тауық етін жуып, құрғатыңыз. Етті ұзындығы бойынша ортасынан кесіңіз. Етті тақтайға қойып, бетін пленкамен жабыңыз. Тауық етінің кеуде бөліктерін асүйге арналған балғамен ұрыңыз. Содан кейін пленканы алып тастаңыз да, дәміне қарай тұз және бұрыш себіңіз. Табаны күнбағыс майын құйып, қыздырыңыз. Табаққа елеуіштен өткізілген бірнеше ас қасық бидай ұнын себіңіз. Етті алдымен ұнға былғап, содан кейін жұмыртқаға батырып, қызып тұрған табадағы майға салыңыз. Тауық етін екі жағынан қызарғанша қуырыңыз. Пешіңіздің табасына пергамент қағазын төсеңіз. Оған қуырылған тауық еттерін салыңыз. Еттің үстіне туралған жаңғақтар мен үгітілген ірімшікті салыңыз. Етті пештің 180 °C температурасында 10 минут пісіріңіз. Рецепт видеосы
Араб мәзірі бойынша дайындалатын тауық еті басқа ас түрлеріне ұқсамайды. Тәбетті ашатын хош иісті тағамға жаңғақ ұнтағы өзгеше дәм береді. Ерекше тағамды дайындау үшін біз ұсынған рецепті пайдаланыңыз. Араб елдерінің ұлттық асханасында құс етінен жасалған тағам түрлері кең таралған. Олар тауық етін бұқтырады, қайнатады, жарма мен көкөністер қосып пісіреді. Араб асханасы бойынша тауық етін дайындау тарихы туралы ақпарат жоқ. Ал бұл тағам АҚШ-тағы араб мейрамханаларының бірінде ойлап табылған деген болжам бар. Қытырлақ жаңғақ пен балқытылған ірімшіктің қоспасы ерекше дәм береді. Тағам дәмдеуіш күріш, кускус немесе булгурмен жақсы үйлеседі. Асханасы: Америкалық Санаты: Бас тағам Дайындау уақыты: 5 минут Пісетін уақыты: 30 минут Мөлшерлік калориясы: 221 ккал. Грек жаңғағын алдын ала қуырып алыңыз. Сыртын ашып, пышақпен майдалап тураңыз. Жаңғақты жұмсақ әрі біркелкі еткіңіз келсе, блендер пайдаланыңыз. Қатты ірімшікті ірі үккіштен өткізіңіз. Шағын ыдысқа 2 жұмыртқаны жарыңыз. Бір шымшым тұз қосып, жұмыртқаны шанышқы көмегімен біркелкі болғанша араластырыңыз. Әбден араластырылған жұмыртқаны шұңғыл ыдысқа құйыңыз. Тауық етін жуып, құрғатыңыз. Етті ұзындығы бойынша ортасынан кесіңіз. Етті тақтайға қойып, бетін пленкамен жабыңыз. Тауық етінің кеуде бөліктерін асүйге арналған балғамен ұрыңыз. Содан кейін пленканы алып тастаңыз да, дәміне қарай тұз және бұрыш себіңіз. Табаны күнбағыс майын құйып, қыздырыңыз. Табаққа елеуіштен өткізілген бірнеше ас қасық бидай ұнын себіңіз. Етті алдымен ұнға былғап, содан кейін жұмыртқаға батырып, қызып тұрған табадағы майға салыңыз. Тауық етін екі жағынан қызарғанша қуырыңыз. Пешіңіздің табасына пергамент қағазын төсеңіз. Оған қуырылған тауық еттерін салыңыз. Еттің үстіне туралған жаңғақтар мен үгітілген ірімшікті салыңыз.
Ханшайым
true
https://kaz.nur.kz/lady/2031886-arab-asxanasy-peste-pisirilgen-erekse-tauyq-eti/
11 тамыз 2023, 12:54
kk
"Қызғаныштан жанжалдасқан": Алматыда әйелді өлтірді деген күдікке ілінген ер адам ұсталды
Алматыда полицейлер әйелді өлтірді деген күдікке ілінген ер адамды ұстады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. Ведомство мәліметінше, қылмыс Алматының Түрксіб ауданында болған. 47 жастағы ер адам қызғаныштан жанжалдасып, танысын пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткен деп күдіктелуде. "Бірнеше сағаттан кейін оны Түрксіб аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімінің қызметкерлері ұстады. Күдікті Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 128 бабына сәйкес, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада. Полицейлер Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201 бабына сәйкес, Қылмыстық кодекстің 99 бабымен тіркелген қылмыстық іс бойынша өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайтынын атап өтті.
Алматыда полицейлер әйелді өлтірді деген күдікке ілінген ер адамды ұстады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. Ведомство мәліметінше, қылмыс Алматының Түрксіб ауданында болған. 47 жастағы ер адам қызғаныштан жанжалдасып, танысын пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткен деп күдіктелуде. "Бірнеше сағаттан кейін оны Түрксіб аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімінің қызметкерлері ұстады. Күдікті Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 128 бабына сәйкес, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.
Оқыс оқиғалар
false
https://kaz.nur.kz/accidents/2032099-qyzganystan-zanzaldasqan-almatyda-aieldi-oltirdi-degen-kudikke-ilingen-er-adam-ustaldy/
11 тамыз 2023, 12:51
kk
Тоқаев сэр Сума Чакрабартиді қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сэр Сума Чакрабартиді қабылдады. Бұл туралы Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында хабарланды. Кездесу барысында президент сэр Сума Чакрабартиге экономикалық даму мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесші лауазымында атқарған жемісті еңбегі үшін алғыс айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев оның Реформалар жөніндегі жоғары кеңес аясында айтқан ұсыныстары бірқатар бағдарламалық құжатта қолдау тапқанын атап өтті. Сондай-ақ мемлекет басшысы Сума Чакрабартидің Қазақстанның инвестициялық саясатын жетілдіруге қосқан үлесіне оң баға берді. Өз кезегінде Сума Чакрабарти зор сенім артқаны үшін мемлекет басшысына ризашылығын жеткізді. Еске сала кетейік, 10 тамыз күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәліні қабылдап, бірқатар тапсырма бергені туралы жазған едік.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сэр Сума Чакрабартиді қабылдады. Бұл туралы Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында хабарланды. Кездесу барысында президент сэр Сума Чакрабартиге экономикалық даму мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесші лауазымында атқарған жемісті еңбегі үшін алғыс айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев оның Реформалар жөніндегі жоғары кеңес аясында айтқан ұсыныстары бірқатар бағдарламалық құжатта қолдау тапқанын атап өтті. Сондай-ақ мемлекет басшысы Сума Чакрабартидің Қазақстанның инвестициялық саясатын жетілдіруге қосқан үлесіне оң баға берді. Өз кезегінде Сума Чакрабарти зор сенім артқаны үшін мемлекет басшысына ризашылығын жеткізді.
Саясат және экономика
false
https://kaz.nur.kz/politics/2032104-toqaev-ser-suma-cakrabartidi-qabyldady/
11 тамыз 2023, 12:48
kk
"Қисайып кеткен": Петропавлда салынып жатқан ЖЭО-2 құбырының құрылысы тоқтатылды
Өткен жылдың наурыз айында Петропавлда опырылған ЖЭО-2 құбырының орнына салынып жатқан жаңа құбыр қисайып кеткені белгілі болды. Бұл туралы "Солтүстік Қазэнерго" АҚ Facebook-тегі парақшасында хабарлады. Петропавлда "Солтүстік Қазэнерго" компаниясы бүгінде аталған нысандар күрделі және ағымдағы жөндеуден өткенін хабарлады. Күз басталмай тұрып қазандық агрегаттары мен турбогенераторларды жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Айта кетейік, ЖЭО-2 "Солтүстік Қазэнерго" АҚ компаниясына тиесілі. "Негізгі жобалардың бірі - Петропавлдағы ЖЭО-2 мұржасының құрылысы. Ұзындығы 180 метрлік жаңа мұржаны келесі жылы іске қосу жоспарлануда", - деді компания өкілдері. Алайда 8 тамызда мұржаның құрылысы кезінде оның осі жобалық нұсқасынан ауытқығаны анықталды. "Нысан құрылысының мердігері — "КазтеплоСПЕЦСТРОЙ" ЖШС. Құбыр шахтасының құрылысы бойынша жұмыс дереу тоқтатылды. Осылайша нысанды тексеру кезінде құбыр оқпанын салуда қолданылатын конустық жылжымалы қалыптан табылған ақау құбырдың осьтен ауытқуына әкеп соқтырғаны анықталды", - делінген "Солтүстік Қазэнерго" компаниясының хабарламасында. Қазір жобалау ұйымы құбыр оқпанының шекті биіктігін анықтау үшін тиісті есептеулерді жүргізуде, кейін құрылыс жұмысы жалғасады. Бұл ретте оқпан демонтаждалатын болады. "Биіктік белгісін анықтағаннан кейін демонтаждаймыз. Содан соң жаңа қалып орнатылып, мұржа құрылысы тез арада жанданады", - деп мәлімдеді компания өкілдері.
Өткен жылдың наурыз айында Петропавлда опырылған ЖЭО-2 құбырының орнына салынып жатқан жаңа құбыр қисайып кеткені белгілі болды. Бұл туралы "Солтүстік Қазэнерго" АҚ Facebook-тегі парақшасында хабарлады. Петропавлда "Солтүстік Қазэнерго" компаниясы бүгінде аталған нысандар күрделі және ағымдағы жөндеуден өткенін хабарлады. Күз басталмай тұрып қазандық агрегаттары мен турбогенераторларды жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Айта кетейік, ЖЭО-2 "Солтүстік Қазэнерго" АҚ компаниясына тиесілі. "Негізгі жобалардың бірі - Петропавлдағы ЖЭО-2 мұржасының құрылысы. Ұзындығы 180 метрлік жаңа мұржаны келесі жылы іске қосу жоспарлануда", - деді компания өкілдері. Алайда 8 тамызда мұржаның құрылысы кезінде оның осі жобалық нұсқасынан ауытқығаны анықталды. "Нысан құрылысының мердігері — "КазтеплоСПЕЦСТРОЙ" ЖШС. Құбыр шахтасының құрылысы бойынша жұмыс дереу тоқтатылды. Осылайша нысанды тексеру кезінде құбыр оқпанын салуда қолданылатын конустық жылжымалы қалыптан табылған ақау құбырдың осьтен ауытқуына әкеп соқтырғаны анықталды", - делінген "Солтүстік Қазэнерго" компаниясының хабарламасында. Қазір жобалау ұйымы құбыр оқпанының шекті биіктігін анықтау үшін тиісті есептеулерді жүргізуде, кейін құрылыс жұмысы жалғасады. Бұл ретте оқпан демонтаждалатын болады. "Биіктік белгісін анықтағаннан кейін демонтаждаймыз.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032089-qisaiyp-ketken-petropavlda-salynyp-zatqan-zeo-2-qubyrynyn-qurylysy-toqtatyldy/
11 тамыз 2023, 12:27
kk
"Несие алмаңыз": Жазира Байырбекова қыз ұзатуға қатысты кемшіліктерді атап өтті
Отандық әнші Жазира Байырбекова қыз ұзату тойына байланысты ұсыныс айтты. Өнер иесі бұл жайлы Instagram парақшасында жазды, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Қыз ұзатуда оның иығына қызыл орамал тақпай-ақ қойыңыздаршы. Ұзатылар алдындағы батаны қызға сәукелені кигізіп болған соң беріңіздер. Қыз құрбыларына тарататын үкіні ұзатудың аяғына қалдырмай, тойдың ортасынанан сәл асқанда таратсыншы. Ақ жолдың үстімен кетіп бара жатқан қызды тек туған ата-анасы мен туған бауырлары ғана құшақтап сүйсінші. Ұзатылар алдында құдаларды сыртқа шығарып жіберетіндер бар. Шығармаңыздар. Олар да ұзату рәсімін көріп, қыз бен жігітпен бірге шықсын. "Бақытты боламын деп барма, сол әулетті бақытты етемін деп бар" деп ауыр жүк артып, тілек айтпаңыздаршы. Бастысы, қыз бақытты болсын. Ұзату тойын жағдайыңыз жетсе - жасаңыз. Жағдайыңыз жетпесе, қиналып несие алмаңыз. Ұялатын заман емес. Тойсыз-ақ бақытты отбасылар көп. Ұзату тойын күндіз жасасаңыз, жақсы болар еді. Баяғыда қызды күн ұясына батпай тұрып ұзатқан. Оның да бір сыры бар шығар. Жігіт қызды көпшіліктің көзінше көтермей-ақ, бірге қол ұстасып кеткендері мәдениетті, әдемі көрінеді. Қыздар, ұзату көйлегін тойда киетін аяқ киіммен бірге киіп, жүріп көріңіздер. Ұзын болса қысқартып, дайындаңыздар", - деп жазды Жазира Байырбекова.
Отандық әнші Жазира Байырбекова қыз ұзату тойына байланысты ұсыныс айтты. Өнер иесі бұл жайлы Instagram парақшасында жазды, деп жазады . "Қыз ұзатуда оның иығына қызыл орамал тақпай-ақ қойыңыздаршы. Ұзатылар алдындағы батаны қызға сәукелені кигізіп болған соң беріңіздер. Қыз құрбыларына тарататын үкіні ұзатудың аяғына қалдырмай, тойдың ортасынанан сәл асқанда таратсыншы. Ақ жолдың үстімен кетіп бара жатқан қызды тек туған ата-анасы мен туған бауырлары ғана құшақтап сүйсінші. Ұзатылар алдында құдаларды сыртқа шығарып жіберетіндер бар. Шығармаңыздар. Олар да ұзату рәсімін көріп, қыз бен жігітпен бірге шықсын. "Бақытты боламын деп барма, сол әулетті бақытты етемін деп бар" деп ауыр жүк артып, тілек айтпаңыздаршы. Бастысы, қыз бақытты болсын. Ұзату тойын жағдайыңыз жетсе - жасаңыз. Жағдайыңыз жетпесе, қиналып несие алмаңыз. Ұялатын заман емес. Тойсыз-ақ бақытты отбасылар көп. Ұзату тойын күндіз жасасаңыз, жақсы болар еді. Баяғыда қызды күн ұясына батпай тұрып ұзатқан. Оның да бір сыры бар шығар. Жігіт қызды көпшіліктің көзінше көтермей-ақ, бірге қол ұстасып кеткендері мәдениетті, әдемі көрінеді. Қыздар, ұзату көйлегін тойда киетін аяқ киіммен бірге киіп, жүріп көріңіздер.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2032055-nesie-almanyz-zazira-baiyrbekova-qyz-uzatuga-qatysty-kemsilikterdi-atap-otti/
11 тамыз 2023, 12:07
kk
"Жағдайы ауыр": тележүргізуші Анна Данченко анасының жансақтау бөлімінде жатқанын айтты (фото)
Тележүргізуші Анна Данченко анасының жансақтау бөліміне түскенін айтты. Ол Instagram парақшасында көпшіліктен анасы үшін дұға етуді сұрады, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Алладан анамның амандығын сұрап, шипа берсін деп дұға жасап қойыңыздаршы. Жағдайы ауыр. Барлық хаттарға, тілектеріңізге көп рахмет. Бәріне жауап жазуға шамам жоқ, ренжімеңіздер. Маған өте қиын. Анам жансақтау бөлімінде. Ауқымды инфаркт алды. Жағдайы қалыпқа келмей жатыр", - деді Анна Данченко.
Тележүргізуші Анна Данченко анасының жансақтау бөліміне түскенін айтты. Ол Instagram парақшасында көпшіліктен анасы үшін дұға етуді сұрады, деп жазады . "Алладан анамның амандығын сұрап, шипа берсін деп дұға жасап қойыңыздаршы. Жағдайы ауыр. Барлық хаттарға, тілектеріңізге көп рахмет. Бәріне жауап жазуға шамам жоқ, ренжімеңіздер. Маған өте қиын. Анам жансақтау бөлімінде. Ауқымды инфаркт алды.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2032085-zagdaiy-auyr-telezurgizusi-anna-dancenko-anasynyn-zansaqtau-boliminde-zatqanyn-aitty-foto/
11 тамыз 2023, 10:50
kk
Елена Рыбакина Канададағы "Мастерс" категориясында ширек финалға шықты (видео)
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Монреалда (Канада) өтіп жатқан теннистен WTA 1000 Canadian Open турнирінің 1/8 финалында жеңіске жетіп, келесі айналымға өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы 1/8 финалында жарыстың екінші айналымында америкалық Слоан Стивенске қарсы ойнады. Мұнда айта кететін жайт Слоан Стивенс Виктория Азаренкамен кездескенде одан басым түсті. Беларусь спортшысы жарақатына байланысты турнирден бас тартты. Қазақстандық теннисші Слоанды шаң қаптырды – ол екі сетті де 6:3 есебімен жеңіп, ақыры ширек финалға шықты. Бұл ретте әлеуметтік желіде қазақстандық жеңімпаздың жанкүйерлеріне қолтаңба беріп жатқанының видеолары пайда болды. Айта кетейік, Қазақстанның бірінші ракеткасы үшін Канададағы "Мастерс" турнирі Уимблдон 2023-тен кейінгі алғашқы турнир болды. Рыбакина тунирді екінші айналымнан бастап, америкалық Дженнифер Брэдиге қарсы өткен ауыр ойында жеңіске қол жеткізді.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Монреалда (Канада) өтіп жатқан теннистен WTA 1000 Canadian Open турнирінің 1/8 финалында жеңіске жетіп, келесі айналымға өтті. Бұл туралы хабарлайды. Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы 1/8 финалында жарыстың екінші айналымында америкалық Слоан Стивенске қарсы ойнады. Мұнда айта кететін жайт Слоан Стивенс Виктория Азаренкамен кездескенде одан басым түсті. Беларусь спортшысы жарақатына байланысты турнирден бас тартты. Қазақстандық теннисші Слоанды шаң қаптырды – ол екі сетті де 6:3 есебімен жеңіп, ақыры ширек финалға шықты. Бұл ретте әлеуметтік желіде қазақстандық жеңімпаздың жанкүйерлеріне қолтаңба беріп жатқанының видеолары пайда болды. Айта кетейік, Қазақстанның бірінші ракеткасы үшін Канададағы "Мастерс" турнирі Уимблдон 2023-тен кейінгі алғашқы турнир болды.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2032084-elena-rybakina-kanadadagy-masters-kategoriyasynda-sirek-finalga-syqty-video/
11 тамыз 2023, 10:48
kk
Шымкентте неліктен тағы автогаз тапшылығы туындады: әкімдік жауап берді
Шымкенттік жол-көлік қатысушылары автогаз тапшылығына шағымдануда. Көлік жүргізушілерінің айтуынша, олар жанармай құю бекеттерінде сағаттап тұруға мәжбүр. Оған қоса жанармай шектеулі мөлшерде ғана беріледі. Бұл туралы "КТК" арнасында хабарланды. Телеарнаның хабарлауынша, Шымкентте кейбір жанар-жағармай құю бекеттерінде "Газ жоқ" деген ескертпелер ілінген. Ал көлік иелері болса, жанармай құю бекеттерінде сағаттап кезекте тұруға мәжбүр екеніне шағымданды. "Газ мәселесі туындағанына 10 күн болды. Таңертең ерте келсең де кезек тұрады. Оның өзінде мөлшері шектеулі, тек 2000 теңгеге құяды. Кейбірі (жанармай құю бекеті – ред.) тіпті бос, газ жоқ", – деді жол-көлік қатысушысы Давран Әбдиев. Телеарна ақпаратынша, Шымкентте 200-ден астам газ құю бекеті бар. Зауыттағы жөндеу жұмыстарының ұзаққа созылуы салдарынан бүгінде автокөлік жүргізушілері күн сайын таңертең жанармай іздеп қаланы аралауға мәжбүр. Жөндеу жұмыстары 3-25 шілде аралығында өткен болатын. Әкімдікте жөндеу жұмыстары кезінде жанар-жағармай құю бекеттері қажетті жанармай мөлшерінің тек 40 пайызын алып отырған. Соның салдарынан бүгінде жанармай тапшылығы байқалды. Оның үстіне газды пайдаланатын автокөлік саны артып келе жатыр, ал қалаға бөлінетін жанармай мөлшері азаюда. Тамыз және қыркүйек айында Шымкент пен Түркістан облысы газды 29 пайызға азырақ алады. Соған қарамастан олар жағдайды реттеуге тырысуда. Билік мәліметінше, бүгінде 203 жанар-жағармай құю бекетіне жанармай жөнелтілген, ал қалған бекеттерге жақын арада жіберілуі мүмкін. Дереккөз: КТК
Шымкенттік жол-көлік қатысушылары автогаз тапшылығына шағымдануда. Көлік жүргізушілерінің айтуынша, олар жанармай құю бекеттерінде сағаттап тұруға мәжбүр. Оған қоса жанармай шектеулі мөлшерде ғана беріледі. Бұл туралы "КТК" арнасында хабарланды. Телеарнаның хабарлауынша, Шымкентте кейбір жанар-жағармай құю бекеттерінде "Газ жоқ" деген ескертпелер ілінген. Ал көлік иелері болса, жанармай құю бекеттерінде сағаттап кезекте тұруға мәжбүр екеніне шағымданды. "Газ мәселесі туындағанына 10 күн болды. Таңертең ерте келсең де кезек тұрады. Оның өзінде мөлшері шектеулі, тек 2000 теңгеге құяды. Кейбірі (жанармай құю бекеті – ред.) тіпті бос, газ жоқ", – деді жол-көлік қатысушысы Давран Әбдиев. Телеарна ақпаратынша, Шымкентте 200-ден астам газ құю бекеті бар. Зауыттағы жөндеу жұмыстарының ұзаққа созылуы салдарынан бүгінде автокөлік жүргізушілері күн сайын таңертең жанармай іздеп қаланы аралауға мәжбүр. Жөндеу жұмыстары 3-25 шілде аралығында өткен болатын. Әкімдікте жөндеу жұмыстары кезінде жанар-жағармай құю бекеттері қажетті жанармай мөлшерінің тек 40 пайызын алып отырған. Соның салдарынан бүгінде жанармай тапшылығы байқалды. Оның үстіне газды пайдаланатын автокөлік саны артып келе жатыр, ал қалаға бөлінетін жанармай мөлшері азаюда. Тамыз және қыркүйек айында Шымкент пен Түркістан облысы газды 29 пайызға азырақ алады. Соған қарамастан олар жағдайды реттеуге тырысуда.
Қоғам
true
https://kaz.nur.kz/society/2032066-symkentte-nelikten-tagy-avtogaz-tapsylygy-tuyndady-akimdik-zauap-berdi/
11 тамыз 2023, 10:30
kk
Алматы аудандарының бірінде уақытша ыстық су өшіріледі
Алматы қаласының Жетісу ауданындағы ғимараттардың бір бөлігі ыстық судан уақытша өшіріледі. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің Telegram-дағы ресми арнасында хабарланды. Әкімдік ақпаратынша, 14-19 тамыз аралығында Жетісу ауданының аумағында Первомайская мұнай базасы – Геологтар және Көкжиек шағын ауданы көшелерінің контурында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарда уақытша ыстық су болмайды. "Шектеулер "Алматыжылукоммуннерго" ЖШС қазандықтарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін енгізіледі", - делінген "Алматы жылу жүйесі" ЖШС хабарламасында. Әкімдіктегілер уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрап отыр. Еске салсақ, бұған дейін Алматының кейбір аудандарында уақытша ыстық су болмайтыны туралы жазған едік.
Алматы қаласының Жетісу ауданындағы ғимараттардың бір бөлігі ыстық судан уақытша өшіріледі. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің Telegram-дағы ресми арнасында хабарланды. Әкімдік ақпаратынша, 14-19 тамыз аралығында Жетісу ауданының аумағында Первомайская мұнай базасы – Геологтар және Көкжиек шағын ауданы көшелерінің контурында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарда уақытша ыстық су болмайды. "Шектеулер "Алматыжылукоммуннерго" ЖШС қазандықтарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін енгізіледі", - делінген "Алматы жылу жүйесі" ЖШС хабарламасында. Әкімдіктегілер уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрап отыр.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032079-almaty-audandarynyn-birinde-uaqytsa-ystyq-su-osiriledi/
11 тамыз 2023, 10:24
kk
Димаш Құдайберген 11 жасында ән айтқан сәтінен естелік видеосын бөлісті (видео)
Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген көпшілікке 11 жасында ән орындаған кезін көрсетті. Өнер иесі видеосын Instagram парақшасында бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Абай атамыздың "Көзімнің қарасы" әнін 11 жасымда орындаған сәтімнен естелік. Ақтөбе қаласы облыстық филармония жанынан құралған музыкалық "Саз" балалар мектебінің оқушысы", - деп жазды Димаш Құдайберген. Ал желі қолданушылары бала Димаштың талантына тәнті болды. "Дауысыңыз керемет", "Аман жүр, Димаш", "Тұла бойы тұнған талант", - деп жазды желідегілер. Айта кетейік, осыған дейін Димаш Абай Құнанбайұлының мерейтойы қарсаңында челлендж жариялаған болатын.
Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген көпшілікке 11 жасында ән орындаған кезін көрсетті. Өнер иесі видеосын Instagram парақшасында бөлісті, деп жазады . "Абай атамыздың "Көзімнің қарасы" әнін 11 жасымда орындаған сәтімнен естелік. Ақтөбе қаласы облыстық филармония жанынан құралған музыкалық "Саз" балалар мектебінің оқушысы", - деп жазды Димаш Құдайберген. Ал желі қолданушылары бала Димаштың талантына тәнті болды. "Дауысыңыз керемет", "Аман жүр, Димаш", "Тұла бойы тұнған талант", - деп жазды желідегілер.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2032080-dimas-qudaibergen-11-zasynda-an-aitqan-satinen-estelik-videosyn-bolisti-video/
11 тамыз 2023, 10:18
kk
2023 жылғы 11 тамыз: криптовалюталардың долларға шаққандағы бағамы
Binance блокчейн-экожүйесінің ақпаратына сәйкес, криптовалюта нарығындағы 2023 жылғы 11 тамыз күнгі жағдай мынадай: Биткоиннің долларға шаққандағы бағамы өткен тәулік ішінде $170.64-ға төмендеді. Бүгін актив $29,506.85350748* төңірегінде саудаланады. Tronix криптовалютасы бүгін кешегі күнмен салыстырғанда $0.00049-ға өсті. TRX бағамы 2023 жылғы 11 тамыз күні $0.07722431*-ды құрап отыр. Ethereum-нің долларға шаққандағы бағамы $6.20-ға төмендеді. Аталған криптовалютаның құны бүгінде $1,852.93220057*-ды құрап отыр. Decentraland криптовалютасы тәулік ішінде $0.0001-ға арзандады. Қазіргі уақытта актив $0.3678458* деңгейінде саудаланып жатыр. True USD тәулік ішінде өзгеріссіз қалды. TUSD бағамы 2023 жылғы 11 тамыз күні $1.00007474*-ды құрап отыр. Litecoin криптовалютасы $0.87-ға әлсіреді. Актив $83.50398553* деңгейінде саудаланып жатыр. Ethereum Classic бағасы бүгінде $0.11-ға төмендеді. Криптовалютаның өзекті құны – $17.73770181*. Ripple өткен күнмен салыстырғанда $0.0025-ға арзандады. Криптовалютаның бүгінгі құны - $0.63194735*. Dogecoin кешегі күнмен салыстырғанда $0.00044-ға арзандады. Қазіргі уақытта актив $0.07589521* деңгейінде саудаланып жатыр. *Материал Binance криптовалюталық биржасының деректері негізінде әзірленген. Бағамдарға қатысты ақпарат мақала жарияланған сәтте өзекті.
Binance блокчейн-экожүйесінің ақпаратына сәйкес, криптовалюта нарығындағы 2023 жылғы 11 тамыз күнгі жағдай мынадай: Биткоиннің долларға шаққандағы бағамы өткен тәулік ішінде $170.64-ға төмендеді. Бүгін актив $29,506.85350748* төңірегінде саудаланады. Tronix криптовалютасы бүгін кешегі күнмен салыстырғанда $0.00049-ға өсті. TRX бағамы 2023 жылғы 11 тамыз күні $0.07722431*-ды құрап отыр. Ethereum-нің долларға шаққандағы бағамы $6.20-ға төмендеді. Аталған криптовалютаның құны бүгінде $1,852.93220057*-ды құрап отыр. Decentraland криптовалютасы тәулік ішінде $0.0001-ға арзандады. Қазіргі уақытта актив $0.3678458* деңгейінде саудаланып жатыр. True USD тәулік ішінде өзгеріссіз қалды. TUSD бағамы 2023 жылғы 11 тамыз күні $1.00007474*-ды құрап отыр. Litecoin криптовалютасы $0.87-ға әлсіреді. Актив $83.50398553* деңгейінде саудаланып жатыр. Ethereum Classic бағасы бүгінде $0.11-ға төмендеді. Криптовалютаның өзекті құны – $17.73770181*. Ripple өткен күнмен салыстырғанда $0.0025-ға арзандады. Криптовалютаның бүгінгі құны - $0.63194735*. Dogecoin кешегі күнмен салыстырғанда $0.00044-ға арзандады. Қазіргі уақытта актив $0.07589521* деңгейінде саудаланып жатыр. *Материал Binance криптовалюталық биржасының деректері негізінде әзірленген.
Қаржы
false
https://kaz.nur.kz/nurfin/2032076-2023-zylgy-11-tamyz-kriptovalyutalardyn-dollarga-saqqandagy-bagamy/
11 тамыз 2023, 10:03
kk
2023 жылғы 11 тамыз: Алматы, Астана және Шымкенттегі қолма-қол валюта бағамдары
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми деректеріне сәйкес, бүгін, 2023 жылғы 11 тамыз күнгі жағдай бойынша теңгенің долларға шаққандағы бағамы – 445.03 (-1.29), еуроға шаққандағы бағамы – 490.38 (+0.45) және рубльге шаққандағы бағамы – 4.56 (-0.03). Алматының ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 445.50 (МиГ) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 447.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 490.00 (МиГ) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 492.50 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.57 (МиГ) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.70 (Som Exchange).* Астананың ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 444.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 447.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 486.85 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 492.50 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.55 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.75 (CenterCredit).* Шымкенттің ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 444.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 447.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 486.85 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 492.50 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.55 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.75 (CenterCredit).* Ақпарат ресми дереккөздерден – қазақстандық банктердің және Алматы, Астана, Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау орындарының сайттарынан алынды. Қалаңыздағы ең тиімді валюта бағамдары туралы ақпаратты бірінші алғыңыз келе ме? Telegram-да біздің ботқа жазылыңыз. *Валюталарды сату және сатып алу бойынша ең тиімді бағамдарға қатысты ақпарат мақаланы жариялаған сәтте өзекті.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми деректеріне сәйкес, бүгін, 2023 жылғы 11 тамыз күнгі жағдай бойынша теңгенің долларға шаққандағы бағамы – 445.03 (-1.29), еуроға шаққандағы бағамы – 490.38 (+0.45) және рубльге шаққандағы бағамы – 4.56 (-0.03). Алматының ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 445.50 (МиГ) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 447.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 490.00 (МиГ) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 492.50 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.57 (МиГ) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.70 (Som Exchange).* Астананың ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 444.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 447.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 486.85 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 492.50 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.55 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.75 (CenterCredit).* Шымкенттің ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 444.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 447.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 486.85 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 492.50 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.55 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.75 (CenterCredit).* Ақпарат ресми дереккөздерден – қазақстандық банктердің және Алматы, Астана, Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау орындарының сайттарынан алынды. Қалаңыздағы ең тиімді валюта бағамдары туралы ақпаратты бірінші алғыңыз келе ме? Telegram-да біздің ботқа жазылыңыз.
Қаржы
false
https://kaz.nur.kz/nurfin/2032062-2023-zylgy-11-tamyz-almaty-astana-zane-symkenttegi-qolma-qol-valyuta-bagamdary/
11 тамыз 2023, 09:20
kk
Ішіне қарбыз байлап, жүкті әйелдің күйіне түскен актер Абай Асылхан желіде қызу талқыға түсті (видео)
Отандық жұлдызды жұп Жанель Мақажан мен Абай Асылхан биыл сәбилі болады. Аяғы ауыр актриса күйеуінің ішіне қарбыз байлап, жүкті әйелдің күйін сезіндіріп көрді, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Видеоны Жанель Мақажан Instagram парақшасына жариялады. "Күйеуім жүктіліктің қалай болатынын түсінді", - деп жазды актриса. Видеода Абай Асылханның ішіне қарбыз байлап, жүкті әйел кейпінде қарапайым нәрселерді жасап көргенін байқауға болады. Ол төсектен тұрып, аяқ киімнің бауын байлап, жерге түскен затты көтеріп көрді. Желі қолданушылары актер мен актрисаның бұл әрекетін қызу талқыға салды. "Жарайсыздар", "Менің күйеуім көрсе екен", "Сізді түсінген шығар", "Әр ер адамға осы тәжірибені жасау керек", "Тамаша", - деп жазды желідегілер. Айта кетейік, осыған дейін Жанель Мақажан бірінші күйеуінен ажырасу себебін мәлім еткен болатын.
Отандық жұлдызды жұп Жанель Мақажан мен Абай Асылхан биыл сәбилі болады. Аяғы ауыр актриса күйеуінің ішіне қарбыз байлап, жүкті әйелдің күйін сезіндіріп көрді, деп жазады . Видеоны Жанель Мақажан Instagram парақшасына жариялады. "Күйеуім жүктіліктің қалай болатынын түсінді", - деп жазды актриса. Видеода Абай Асылханның ішіне қарбыз байлап, жүкті әйел кейпінде қарапайым нәрселерді жасап көргенін байқауға болады. Ол төсектен тұрып, аяқ киімнің бауын байлап, жерге түскен затты көтеріп көрді. Желі қолданушылары актер мен актрисаның бұл әрекетін қызу талқыға салды. "Жарайсыздар", "Менің күйеуім көрсе екен", "Сізді түсінген шығар", "Әр ер адамға осы тәжірибені жасау керек", "Тамаша", - деп жазды желідегілер.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2032056-isine-qarbyz-bailap-zukti-aieldin-kuiine-tusken-akter-abai-asylxan-zelide-qyzu-talqyga-tusti-video/
11 тамыз 2023, 09:17
kk
"Ақтөбе" Конференция лигасының бірінші ойынында плей-офф кезеңіне өту үшін "Сепсимен" матч өткізді
Қазақстандық "Ақтөбе" футбол клубы Конференция лигасының іріктеуіндегі үшінші кезеңде Румынияның "Сепси" командасына қарсы алғашқы ойынын өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Қазақстан құрамасы бұл кездесуді қарсыластардың алаңында өткізді. Матч Сфынту-Георге қаласында өтті. Екі жақ команда да бір-бірінен кем түспей, ақыры матч 1:1 есебімен аяқталды. Екі футбол құрамасы да голын екінші таймда соққан. Бірінші болып "Ақтөбе" ойыншылары гол соғып, алға шықты. 65-минутта Элдер Сантана көзге түсті. Алаң иелері матч уақытының соңында ғана есебін теңестіре алды. Голды 89-минутта Роланд Варга соққан. Айта кетейік, жауапты матч 17 тамызда өтеді. Алдағы кездесуде жеңген футбол клубы турнирдің іріктеу кезінде плей-офф кезеңіне өтіп, "Буде-Глимт" (Норвегия) - "Пюник" (Армения) жұбын жеңген командамен ойнайды.
Қазақстандық "Ақтөбе" футбол клубы Конференция лигасының іріктеуіндегі үшінші кезеңде Румынияның "Сепси" командасына қарсы алғашқы ойынын өткізді. Бұл туралы хабарлайды. Қазақстан құрамасы бұл кездесуді қарсыластардың алаңында өткізді. Матч Сфынту-Георге қаласында өтті. Екі жақ команда да бір-бірінен кем түспей, ақыры матч 1:1 есебімен аяқталды. Екі футбол құрамасы да голын екінші таймда соққан. Бірінші болып "Ақтөбе" ойыншылары гол соғып, алға шықты. 65-минутта Элдер Сантана көзге түсті. Алаң иелері матч уақытының соңында ғана есебін теңестіре алды. Голды 89-минутта Роланд Варга соққан. Айта кетейік, жауапты матч 17 тамызда өтеді.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2032059-aqtobe-konferenciya-ligasynyn-birinsi-oiynynda-plei-off-kezenine-otu-usin-sepsimen-matc-otkizdi/
11 тамыз 2023, 09:12
kk
Қазақстанда тіркелмеген үй жануарларын анықтайтындар үйлерді аралай ма: министрлік жауабы
Экология министрлігінде әзірге инспекторлар чип енгізілмеген үй жануарларын анықтау үшін тексеру жүргізбейтіні туралы айтылды. Бұл туралы "КТК" арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Министрліктің хабарлауынша, азаматтар үй жануарларына чип енгізуге, бирка тағуға тек 1 қыркүйектен бастап міндеттеледі. Министрлікте жануар тіркелмеген жағдайда оның иесіне 34 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынатыны атап өтілді. Тек әлеуметтік осал топтағы адамдарға үй жануарларын тегін чиптеу мүмкіндігі қарастырылған. Тіркелген үй жануарларын анықтау үшін учаскелік инспекторлар үй-үйді аралайтын болады. Бұл тілшілердің сөзінше, қазақстандықтардың наразылығын тудырды. Алайда жуырда Экология министрлігінде әзірге мұндай рейд жүргізілмейді деп сендірген еді. "Жануарларға қатыгездік көрсету және жауапкершілікпен қарамау туралы Қазақстан заңнамасы бұзылған жағдайда әкімшілік істерді ішкі істер органдары, орман шаруашылығы, жануарларды қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органдар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар қарайды. Қазір чип енгізілген үй жануарларды тексеру бойынша ішкі істер органдарының қатысуымен рейд жасау жоспарланған жоқ", - делінген Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінде. Дереккөз: КТК Еске сала кетейік, бұған дейін әрбір қазақстандық 1 қыркүйектен бастап үй жануарларын тіркеу ақысын өзі төлеуге тиіс екені туралы жазған едік.
Экология министрлігінде әзірге инспекторлар чип енгізілмеген үй жануарларын анықтау үшін тексеру жүргізбейтіні туралы айтылды. Бұл туралы "КТК" арнасына сілтеме жасаған хабарлайды. Министрліктің хабарлауынша, азаматтар үй жануарларына чип енгізуге, бирка тағуға тек 1 қыркүйектен бастап міндеттеледі. Министрлікте жануар тіркелмеген жағдайда оның иесіне 34 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынатыны атап өтілді. Тек әлеуметтік осал топтағы адамдарға үй жануарларын тегін чиптеу мүмкіндігі қарастырылған. Тіркелген үй жануарларын анықтау үшін учаскелік инспекторлар үй-үйді аралайтын болады. Бұл тілшілердің сөзінше, қазақстандықтардың наразылығын тудырды. Алайда жуырда Экология министрлігінде әзірге мұндай рейд жүргізілмейді деп сендірген еді. "Жануарларға қатыгездік көрсету және жауапкершілікпен қарамау туралы Қазақстан заңнамасы бұзылған жағдайда әкімшілік істерді ішкі істер органдары, орман шаруашылығы, жануарларды қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органдар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар қарайды. Қазір чип енгізілген үй жануарларды тексеру бойынша ішкі істер органдарының қатысуымен рейд жасау жоспарланған жоқ", - делінген Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінде.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032053-qazaqstanda-tirkelmegen-ui-zanuarlaryn-anyqtaityndar-uilerdi-aralai-ma-ministrlik-zauaby/
11 тамыз 2023, 08:46
kk
Балқашта пәтер терезесінен құлап кеткен үш жасар қыз жансақтау бөліміне түсті
9 тамыз күні Балқашта оқыс оқиға болды - үш жасар қыз тұрғын үйдегі төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Медицина қызметкерлері баланың жағдайы туралы айтты. Бұл туралы eKaraganda порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Басылымның Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлауынша, қыз ауруханаға ауыр жағдайда түскен. "Бала дереу операция бөліміне жеткізілді, онда бірқатар тексеру жүргізілді, лапороскопия, бас сүйегінің, өкпенің, мойын аймағының, кеуде омыртқасының компьютерлік томографиясы жасалды. Қазір баланың жағдайын тұрақтандыру үшін барлық шара қабылдануда. Омыртқа жағынан қабырғасының сынуы, бас миының жарақаты анықталды. Науқасты нейрохирург пен педиатр қарады", - делінген басқарманың хабарламасында. Басылым ақпаратынша, бірқатар тексерулерден кейін қыз жансақтау бөліміне ауыстырылды. Қазір бүлдіршін жасанды тыныс алу аппаратының көмегімен тыныс алуда, медицина қызметкерлерінің сөзінше, оның көптеген жері сынған. Қыздың жағдайы әлі ауыр деп бағалануда. Сондай-ақ Төтенше жағдайлар департаментінде оқиғаның мән-жайы туралы айтты. Полицейлер мәліметінше, 3 жасар қыз ересектердің қарауынсыз қалып, бес қабатты үйдің төртінші қабатында орналасқан пәтердің терезесіне мініп, құлап кеткен.
9 тамыз күні Балқашта оқыс оқиға болды - үш жасар қыз тұрғын үйдегі төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Медицина қызметкерлері баланың жағдайы туралы айтты. Бұл туралы eKaraganda порталына сілтеме жасаған хабарлайды. Басылымның Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлауынша, қыз ауруханаға ауыр жағдайда түскен. "Бала дереу операция бөліміне жеткізілді, онда бірқатар тексеру жүргізілді, лапороскопия, бас сүйегінің, өкпенің, мойын аймағының, кеуде омыртқасының компьютерлік томографиясы жасалды. Қазір баланың жағдайын тұрақтандыру үшін барлық шара қабылдануда. Омыртқа жағынан қабырғасының сынуы, бас миының жарақаты анықталды. Науқасты нейрохирург пен педиатр қарады", - делінген басқарманың хабарламасында. Басылым ақпаратынша, бірқатар тексерулерден кейін қыз жансақтау бөліміне ауыстырылды. Қазір бүлдіршін жасанды тыныс алу аппаратының көмегімен тыныс алуда, медицина қызметкерлерінің сөзінше, оның көптеген жері сынған. Қыздың жағдайы әлі ауыр деп бағалануда. Сондай-ақ Төтенше жағдайлар департаментінде оқиғаның мән-жайы туралы айтты.
Оқыс оқиғалар
false
https://kaz.nur.kz/accidents/2032050-balqasta-pater-terezesinen-qulap-ketken-us-zasar-qyz-zansaqtau-bolimine-tusti/
11 тамыз 2023, 08:04
kk
"Жаңбыр мен найзағай": бүгін еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болады
Бүгін, жұма күні ел мегаполистерінің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарлады. Синоптиктер ақпаратынша, Астанада бүгін күн көшпелі бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы секундына 7-12 м/с, найзағай кезінде 15-18 м/с дейін жетеді. Елордада күндіз ауа температурасы 20... 22 градусқа көтерілсе, түнде 13... 15 градусқа төмендейді деп күтілуде. Алматыда да бүгін күндіз күн көшпелі бұлтты. Өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал түнде жауын-шашын болмайды. Оңтүстік астанада күндіз термометр 30... 32 градусты көрсетсе, түнде ауа температурасы 20... 22 градусқа төмендейді. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с, найзағай кезінде екпіні 15 м/с дейін жетеді. Шымкентте керісінше, бүгін күн ашық. Күндіз термометр 32... 34 градусты көрсетсе, түнде мегаполисте ауа температурасы 20... 22 градусқа төмендейді. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с құрайды.
Бүгін, жұма күні ел мегаполистерінің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарлады. Синоптиктер ақпаратынша, Астанада бүгін күн көшпелі бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы секундына 7-12 м/с, найзағай кезінде 15-18 м/с дейін жетеді. Елордада күндіз ауа температурасы 20... 22 градусқа көтерілсе, түнде 13... 15 градусқа төмендейді деп күтілуде. Алматыда да бүгін күндіз күн көшпелі бұлтты. Өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал түнде жауын-шашын болмайды. Оңтүстік астанада күндіз термометр 30... 32 градусты көрсетсе, түнде ауа температурасы 20... 22 градусқа төмендейді. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с, найзағай кезінде екпіні 15 м/с дейін жетеді. Шымкентте керісінше, бүгін күн ашық. Күндіз термометр 32... 34 градусты көрсетсе, түнде мегаполисте ауа температурасы 20... 22 градусқа төмендейді.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032048-zanbyr-men-naizagai-bugin-elimizdin-iri-qalalarynda-aua-raiy-qandai-bolady/
11 тамыз 2023, 07:22
kk
Бүгінгі жұлдыз жорамал: 11 тамыз күні сізді не күтіп тұр
Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз. Жұмысқа бар күшіңізді салсаңыз, алдағы айларда мансап бойынша жоғарылау мүмкіндігі туады. Барлық жақыныңыздың есіне оларды қаншалықты жақсы көретініңізді салыңыз, бұл кез келген жанжалдың алдын алады. Егер бүгін досыңыз сізге аздап ауырып тұрғанына шағымданса, оны міндетті түрде маманнан кеңес алуға жіберіңіз, жағдайдың шектен шығып кетуіне жол бермеңіз. Ерлі-зайыптылар арасында сенімді, нәзік қарым-қатынас пайда болатын күн. Мұндай қарым-қатынасты сақтап қалу өз қолыңызда. Кішкене романтика қосыңыз: кешке сүйіктіңізбен әдемі жерде серуендеңіз, дәмді кешкі ас үстінде шын жүректен әңгімелесіңіз. Егер сүйіктіңіз бар болса, онда ұрыс-керістің туындауын күтпей-ақ, жиналып қалған өкпе-ренішіңізді сабырмен, ашу-ызасыз жеткізіңіз. Бүгін жақын досыңызбен сөйлесуге кемінде 15 минут уақыт бөліңіз, сіздің қолдауыңыз дәл қазір өте қажет. Бұл күн сіз үшін жемісті болады. Барлық жоспарланған жобаны, ұсыныстарды, идеяларды жүзеге асыруға асығыңыз. Бұл күннің ұраны - шегінбе және берілме. Бейтаныс адамдардан көмек күтіңіз. Белсенді және ынталы болыңыз, сонда табысқа жететініңіз сөзсіз. Көбірек қозғалыста болыңыз, иммунитетті көтеру қажет. Дене жаттығулары денсаулыққа пайдалы болмақ, бірақ қатты кетпеңіз. Бүгін сіз жұмыста жақсы адаммен танысасыз. Бұл жаңа қызметкер немесе менеджер болуы мүмкін. Арқадағы ауырсынудың себебін білу үшін хирургқа барыңыз. Сізге массаж, су процедуралары секілді бірқатар ем түрі қажет болуы да мүмкін. Демалып, сергіп алыңыз. Ата-анаңызға міндетті түрде қоңырау шалыңыз. Достарыңыздан хабар күтіңіз: Олардың сізге айтары бар. Егер сізді әлдебір ой мазалап жүрсе, онда оны сүйікті адамыңызбен талқылаудан қашпаңыз. Серіктестіңіз сізге қажет көмек пен қолдауды көрсетеді. Басқа істің бәрін қойып, отбасыңызға уақыт бөліңіз. Жақын жандарға жылулық жетіспейді. Сүйіктіңізге қатысты жақсы жаңалық болуы мүмкін. Бүгін сіз тағы бір мәрте дұрыс таңдау жасағаныңызға көз жеткізесіз. Достармен араласу үшін таптырмас күн. Жақындарыңызға күніңізді арнаңыз. Араласпай кеткен достарыңызбен қарым-қатынасты жандандыруға уақыт бөліңіз. Бүгін айналаңызды өзгертіп, жайлы етудің орайы түсіп тұр. Жайлылық орната отырып, сіз бірден бірнеше маңызды тапсырма мен жобаны орындай аласыз. Маңызды істерді кейінге қалдырмаңыз. Олармен таңертең айналысыңыз, сонда өзіңіз қалаған нәтижеге тез қол жеткізесіз. КонМари тәсілімен үй жинап көріңіз, бәлкім бұл сіздің жұмысыңызды жеңілдете түседі. Естелік үшін достарыңызбен көбірек суретке түсіңіз, жасқа жас қосылған сайын, бірге өткізілген уақыттан естеліктер құнды бола түседі. Күн жарқын және оқиғаларға толы болады. Қызықты және ерекше ұсыныстар болуы мүмкін. Егер сіз оларды қабылдасаңыз, онда өміріңіз жақсы жаққа өзгереді. Жолыңызда оңай жеңуге болатын кедергілер болады. Бұл сіздің батылдық және шығармашылық қабілетіңізді ашуға мүмкіндік береді. Құжаттар жинақталған папкаңызды реттеңіз. Бұл сізге ұнайтын тірлік болмаса да, кейін бәрін реттеп қойғаныңызға риза боласыз.
Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз. Жұмысқа бар күшіңізді салсаңыз, алдағы айларда мансап бойынша жоғарылау мүмкіндігі туады. Барлық жақыныңыздың есіне оларды қаншалықты жақсы көретініңізді салыңыз, бұл кез келген жанжалдың алдын алады. Егер бүгін досыңыз сізге аздап ауырып тұрғанына шағымданса, оны міндетті түрде маманнан кеңес алуға жіберіңіз, жағдайдың шектен шығып кетуіне жол бермеңіз. Ерлі-зайыптылар арасында сенімді, нәзік қарым-қатынас пайда болатын күн. Мұндай қарым-қатынасты сақтап қалу өз қолыңызда. Кішкене романтика қосыңыз: кешке сүйіктіңізбен әдемі жерде серуендеңіз, дәмді кешкі ас үстінде шын жүректен әңгімелесіңіз. Егер сүйіктіңіз бар болса, онда ұрыс-керістің туындауын күтпей-ақ, жиналып қалған өкпе-ренішіңізді сабырмен, ашу-ызасыз жеткізіңіз. Бүгін жақын досыңызбен сөйлесуге кемінде 15 минут уақыт бөліңіз, сіздің қолдауыңыз дәл қазір өте қажет. Бұл күн сіз үшін жемісті болады. Барлық жоспарланған жобаны, ұсыныстарды, идеяларды жүзеге асыруға асығыңыз. Бұл күннің ұраны - шегінбе және берілме. Бейтаныс адамдардан көмек күтіңіз. Белсенді және ынталы болыңыз, сонда табысқа жететініңіз сөзсіз. Көбірек қозғалыста болыңыз, иммунитетті көтеру қажет. Дене жаттығулары денсаулыққа пайдалы болмақ, бірақ қатты кетпеңіз. Бүгін сіз жұмыста жақсы адаммен танысасыз. Бұл жаңа қызметкер немесе менеджер болуы мүмкін. Арқадағы ауырсынудың себебін білу үшін хирургқа барыңыз. Сізге массаж, су процедуралары секілді бірқатар ем түрі қажет болуы да мүмкін. Демалып, сергіп алыңыз. Ата-анаңызға міндетті түрде қоңырау шалыңыз. Достарыңыздан хабар күтіңіз: Олардың сізге айтары бар. Егер сізді әлдебір ой мазалап жүрсе, онда оны сүйікті адамыңызбен талқылаудан қашпаңыз. Серіктестіңіз сізге қажет көмек пен қолдауды көрсетеді. Басқа істің бәрін қойып, отбасыңызға уақыт бөліңіз. Жақын жандарға жылулық жетіспейді. Сүйіктіңізге қатысты жақсы жаңалық болуы мүмкін. Бүгін сіз тағы бір мәрте дұрыс таңдау жасағаныңызға көз жеткізесіз. Достармен араласу үшін таптырмас күн. Жақындарыңызға күніңізді арнаңыз. Араласпай кеткен достарыңызбен қарым-қатынасты жандандыруға уақыт бөліңіз. Бүгін айналаңызды өзгертіп, жайлы етудің орайы түсіп тұр. Жайлылық орната отырып, сіз бірден бірнеше маңызды тапсырма мен жобаны орындай аласыз. Маңызды істерді кейінге қалдырмаңыз. Олармен таңертең айналысыңыз, сонда өзіңіз қалаған нәтижеге тез қол жеткізесіз. КонМари тәсілімен үй жинап көріңіз, бәлкім бұл сіздің жұмысыңызды жеңілдете түседі. Естелік үшін достарыңызбен көбірек суретке түсіңіз, жасқа жас қосылған сайын, бірге өткізілген уақыттан естеліктер құнды бола түседі. Күн жарқын және оқиғаларға толы болады. Қызықты және ерекше ұсыныстар болуы мүмкін. Егер сіз оларды қабылдасаңыз, онда өміріңіз жақсы жаққа өзгереді. Жолыңызда оңай жеңуге болатын кедергілер болады. Бұл сіздің батылдық және шығармашылық қабілетіңізді ашуға мүмкіндік береді. Құжаттар жинақталған папкаңызды реттеңіз.
Калейдоскоп
false
https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2031936-bugingi-zuldyz-zoramal-11-tamyz-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/
11 тамыз 2023, 00:01
kk
Шымкентте гүл сататын жігітті қорқытқан "прокурордың ұлы" елден кешірім сұрады
Otyrar.kz басылымы өзінің Telegram арнасында гүл сататын жігітті қорқытқан ер адамның кешірім сұраған видеосын жариялады. Видеодағы ер адамның сөзінше, оның прокуратураға еш қатысы жоқ. "Мен Қалменов Жасұлан Еркінұлы 2023 жылғы 8 тамызда шамамен сағат түнгі 3-те "Романтик" дүкенінен гүл сатып алдым. Мас болдым және бейәдеп сөздер айтқанымды мойындаймын. Қоғам алдында кешірім сұраймын. Мен прокурордың ұлы емеспін, туыстарымда прокуратура қызметкері емес. Әкем 32 жыл бұрын қайтыс болған, анам - зейнеткер", - деп келтіреді басылым жігіттің сөзін. Айта кетсек, оқиға кеше Шымкенттегі гүл сататын дүкендердің бірінде болды. Үш ер адам қызметкерді қайшымен қорқытқан. Гүл дүкенінің директоры күдіктілердің мас болып, бейәдеп сөздер айтқанын мәлімдеген. Қоқан-лоқы жасағаннан кейін олар дүкеннен үлкен букетті алып кеткен. Жанжалға Шымкент прокуратурасы да пікір білдірген. Құзырлы орган күдіктілердің прокуратураға еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді.
басылымы өзінің Telegram арнасында гүл сататын жігітті қорқытқан ер адамның кешірім сұраған видеосын жариялады. Видеодағы ер адамның сөзінше, оның прокуратураға еш қатысы жоқ. "Мен Қалменов Жасұлан Еркінұлы 2023 жылғы 8 тамызда шамамен сағат түнгі 3-те "Романтик" дүкенінен гүл сатып алдым. Мас болдым және бейәдеп сөздер айтқанымды мойындаймын. Қоғам алдында кешірім сұраймын. Мен прокурордың ұлы емеспін, туыстарымда прокуратура қызметкері емес. Әкем 32 жыл бұрын қайтыс болған, анам - зейнеткер", - деп келтіреді басылым жігіттің сөзін. Айта кетсек, оқиға кеше Шымкенттегі гүл сататын дүкендердің бірінде болды. Үш ер адам қызметкерді қайшымен қорқытқан. Гүл дүкенінің директоры күдіктілердің мас болып, бейәдеп сөздер айтқанын мәлімдеген. Қоқан-лоқы жасағаннан кейін олар дүкеннен үлкен букетті алып кеткен. Жанжалға Шымкент прокуратурасы да пікір білдірген.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032037-symkentte-gul-satatyn-zigitti-qorqytqan-prokurordyn-uly-elden-kesirim-surady/
10 тамыз 2023, 23:11
kk
Қарағандыда аялдамадан ер адамның денесі табылды
Қарағандыда аялдамалардың бірінен ер адамның денесі табылды. Полицияның мәліметінше, істің мән-жайы анықталуда, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі. Ер адамның денесі табылғаны туралы ақпаратты блогер Денис Денски өзінің Instagram парақшасында жариялады. "Бүгін кешке блог оқырманы Қарағандыдағы аялдамада болжам бойынша ер адамды найзағай соққанынын хабарлады. Оқырманымның ақпаратынша, Майқұдық полициясы жігіттің туыстарын іздестіруде. Жігіттің телефоны болған, ол қосылмай тұр. Өйткені найзағай кезінде смартфонға зақым келген. Анық-қанығы анықталуда", - деді қарағандылық. Ал полиция ер адамның жеке басы анықталмағанын хабарлады. Қазір құқық қорғаушылар оқиғаның мән-жайын анықтауда. "Аталған факті тіркелді. Ер адамның жеке басы анықталуда. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Мән-жайы анықталуда", - деді Қарағанды облысы полиция департаментінен.
Қарағандыда аялдамалардың бірінен ер адамның денесі табылды. Полицияның мәліметінше, істің мән-жайы анықталуда, деп жазады тілшісі. Ер адамның денесі табылғаны туралы ақпаратты блогер Денис Денски өзінің Instagram парақшасында жариялады. "Бүгін кешке блог оқырманы Қарағандыдағы аялдамада болжам бойынша ер адамды найзағай соққанынын хабарлады. Оқырманымның ақпаратынша, Майқұдық полициясы жігіттің туыстарын іздестіруде. Жігіттің телефоны болған, ол қосылмай тұр. Өйткені найзағай кезінде смартфонға зақым келген. Анық-қанығы анықталуда", - деді қарағандылық. Ал полиция ер адамның жеке басы анықталмағанын хабарлады. Қазір құқық қорғаушылар оқиғаның мән-жайын анықтауда. "Аталған факті тіркелді. Ер адамның жеке басы анықталуда. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032035-qaragandyda-ayaldamadan-er-adamnyn-denesi-tabyldy/
10 тамыз 2023, 22:47
kk
Ақмолада бес жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлап кетті
Ақмола облысында бес жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz. Қайғылы оқиға аймақтағы ауылдардың біріндегі жеке үйінде болған. 9 тамыз күні Аршалы ауданының полиция бөліміне ауылдық округ фельдшерінің ЖБМЖ, МШ, кеуде қуысының жарасы, сол жақтағы жіліншіктің жабық сынуы диагнозымен 5 жастағы бала дәрігерлік амбулаторияға жеткізілгені туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері бес жасар баланың үйде әкесімен бірге болғандығын және қайғылы оқиғаға дейін киім ауыстыру үшін үйдің 2 қабатына көтерілгенін анықтады. Өз бөлмесінде кәмелетке толмаған бала терезеден қараймын деп абайсызда құлап кеткен. Балалардың терезеден құлап кетуіне байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін жеке үйлерде полиция қызметкерлері жас балаларды терезелері ашық бөлмелерде қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Зардап шеккен баланың ата-анасымен полицейлер профилактикалық әңгіме жүргізді.
Ақмола облысында бес жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Қайғылы оқиға аймақтағы ауылдардың біріндегі жеке үйінде болған. 9 тамыз күні Аршалы ауданының полиция бөліміне ауылдық округ фельдшерінің ЖБМЖ, МШ, кеуде қуысының жарасы, сол жақтағы жіліншіктің жабық сынуы диагнозымен 5 жастағы бала дәрігерлік амбулаторияға жеткізілгені туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері бес жасар баланың үйде әкесімен бірге болғандығын және қайғылы оқиғаға дейін киім ауыстыру үшін үйдің 2 қабатына көтерілгенін анықтады. Өз бөлмесінде кәмелетке толмаған бала терезеден қараймын деп абайсызда құлап кеткен. Балалардың терезеден құлап кетуіне байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін жеке үйлерде полиция қызметкерлері жас балаларды терезелері ашық бөлмелерде қараусыз қалдырмауға кеңес береді.
Оқыс оқиғалар
false
https://kaz.nur.kz/accidents/2032034-aqmolada-bes-zasar-bala-ekinsi-qabattyn-terezesinen-qulap-ketti/
10 тамыз 2023, 22:11
kk
Қарағанды көшелерін су басты (фото, видео)
10 тамызда Қарағандыда күн бұзылды. Әлеуметтік желіде жарияланған кадрларға сүйенсек, жаңбырдан кейін қала көшелерін су басқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі. Су басқан көшелердің видеосы әлеуметтік желілерде көптеп жарияланды. Видеолардың бірінде жаяу жүргіншілер тобықтан су кешіп жүргенін көруге болады. Енді кейбір қарағандылықтар эмоциясын жасыра алмауда. Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар. Тіпті кейбір видеодан қалаға бұршақ жауғаны байқалады. Қаладағы жағдайға қатысты жергілікті билік пікір білдірді. Майқұдықтағы шатырдың опырылған жеріне Әлихан Бөкейхан ауданының әкімі Досбол Құлекеев келді. Оның айтуынша, құлаған шатыр екі көлікті зақымдаған – зардап шеккендер жоқ. Бірнеше минуттан кейін әкім оқиға орнында коммуналдық қызметтер жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Қала әкімі Мейрам Қожухов та жағдайға қатысты пікір білдірді. Әкім жағдайды бақылауда ұстап отырғанын айтты. "Нөсер жаңбыр салдарынан бірнеше көшені су басты, бірнеше ағаш құлады, шатырдың құлау жағдайлары бар. Коммуналдық қызметтер мен арнайы техника жедел режимде жұмыс істеп жатыр. Мен барлық мәселені бақылауда ұстаймын", - деп жазды Қожықов Instagram парақшасында.
10 тамызда Қарағандыда күн бұзылды. Әлеуметтік желіде жарияланған кадрларға сүйенсек, жаңбырдан кейін қала көшелерін су басқан, деп жазады тілшісі. Су басқан көшелердің видеосы әлеуметтік желілерде көптеп жарияланды. Видеолардың бірінде жаяу жүргіншілер тобықтан су кешіп жүргенін көруге болады. Енді кейбір қарағандылықтар эмоциясын жасыра алмауда. Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар. Тіпті кейбір видеодан қалаға бұршақ жауғаны байқалады. Қаладағы жағдайға қатысты жергілікті билік пікір білдірді. Майқұдықтағы шатырдың опырылған жеріне Әлихан Бөкейхан ауданының әкімі Досбол Құлекеев келді. Оның айтуынша, құлаған шатыр екі көлікті зақымдаған – зардап шеккендер жоқ. Бірнеше минуттан кейін әкім оқиға орнында коммуналдық қызметтер жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Қала әкімі Мейрам Қожухов та жағдайға қатысты пікір білдірді. Әкім жағдайды бақылауда ұстап отырғанын айтты. "Нөсер жаңбыр салдарынан бірнеше көшені су басты, бірнеше ағаш құлады, шатырдың құлау жағдайлары бар. Коммуналдық қызметтер мен арнайы техника жедел режимде жұмыс істеп жатыр.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032032-qaragandy-koselerin-su-basty-foto-video/
10 тамыз 2023, 21:56
kk
Арыста бірегей транспорттық-логистикалық орталық салынуда
Әлеуметтік маңызы бар тауарларды сақтауға арналған қойма – баға тұрақтылығының кепілі болмақ. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Арыс қаласына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірегей жобаның құрылысымен танысты. MEGA-AGAT компаниясына тиесілі жобаның құны 4 млрд. теңгені құрайды. Нысан соңғы үлгідегі жаңа технологиямен жабдықталады. Кешеннің тоғыз жол торабы саналатын Арыста орналасуы көптеген мүмкіндіктерге жол ашпақ. Яғни, Еуропаның "А" стандартына сәйкес болатын кешен ерекшелігі – көршілес ТМД елдерінен бөлек, алыс-жақын Азия, Еуропа мемлекеттерімен тауар айналымын күшейту арқылы азық-түлік бағасын тұрақтандыру. 6 гектар аумақта орналасқан қойманың көлемі 17 000 шаршы метрді құрайды. Оның ішінде 14 000 мың шаршы метрі қатты заттар сақтауға арналса, 3 мың шаршы метрі желдеткішпен жабдықталған көкөніс сақтауға шақталған қойма. Яғни кешенге өнімнің тауарлық қасиеттерін жоғалтпай ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз ететін арнайы жабдықтар орнатылады. Соның арқасында, көкөніс қоймасы кәсіпкердің өз өнімін де, көршілес аудандар мен ауылдардағы шаруа қожалықтарының өнімін де ұзақ мерзімге сақтауға мүмкіндік береді. Сол арқылы әлеуметтік маңызы бар ауылшаруашылық өнімдерінің бағасын тұрақтандыруға жол ашылады. Сонымен қатар аталған кәсіпорын аумағында құны 600 млн теңгені құрайтын, сыйымдылығы 9 мың тоннаға шақталған астық сақтау қоймасының құрылысы жүргізіліп жатыр. Жаңа қойма іске қосылғанда, жергілікті диқандар Арыстан алысқа шықпай-ақ, астықты осында сақтап, тиімді бағада нарыққа шығаруға жағдай жасалынбақ. Яғни, жаңа астық сақтау қоймасы арқылы қосымша шығындар азаяды, ол түптеп келгенде бағаның тұрақтануына мүмкіндік беретін болады. Облыс әкіміне Арыс қаласының өндіріктік аймағы таныстырылды. Мұнда болашақта бірнеше ірі өнеркәсіп орындарын ашу көзделген. Халықтың табысын арттыру мақсатында бірнеше жоба қолға алынбақ. Атап айтқанда, қой жүнін өңдеу арқылы биотыңайтқыш өндіру жүзеге асырыла бастады. Мал бордақылау алаңы салынады. Сондай-ақ Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Арыс станциясының локомотив депосы базасында құрылған ірі теміржол кәсіпорнында болып, теміржолшылармен кездесті. Мұнда бір жылдың ішінде 3 мыңнан астам жолаушылар вагоны мен локомотивке деполық және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жөндеп, техникалық қызмет көрсетуден басқа электровоздарға сервистік қызмет көрсетеді. Кәсіпорында 400-ден астам адам жұмыс істейді.
Әлеуметтік маңызы бар тауарларды сақтауға арналған қойма – баға тұрақтылығының кепілі болмақ. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Арыс қаласына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірегей жобаның құрылысымен танысты. MEGA-AGAT компаниясына тиесілі жобаның құны 4 млрд. теңгені құрайды. Нысан соңғы үлгідегі жаңа технологиямен жабдықталады. Кешеннің тоғыз жол торабы саналатын Арыста орналасуы көптеген мүмкіндіктерге жол ашпақ. Яғни, Еуропаның "А" стандартына сәйкес болатын кешен ерекшелігі – көршілес ТМД елдерінен бөлек, алыс-жақын Азия, Еуропа мемлекеттерімен тауар айналымын күшейту арқылы азық-түлік бағасын тұрақтандыру. 6 гектар аумақта орналасқан қойманың көлемі 17 000 шаршы метрді құрайды. Оның ішінде 14 000 мың шаршы метрі қатты заттар сақтауға арналса, 3 мың шаршы метрі желдеткішпен жабдықталған көкөніс сақтауға шақталған қойма. Яғни кешенге өнімнің тауарлық қасиеттерін жоғалтпай ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз ететін арнайы жабдықтар орнатылады. Соның арқасында, көкөніс қоймасы кәсіпкердің өз өнімін де, көршілес аудандар мен ауылдардағы шаруа қожалықтарының өнімін де ұзақ мерзімге сақтауға мүмкіндік береді. Сол арқылы әлеуметтік маңызы бар ауылшаруашылық өнімдерінің бағасын тұрақтандыруға жол ашылады. Сонымен қатар аталған кәсіпорын аумағында құны 600 млн теңгені құрайтын, сыйымдылығы 9 мың тоннаға шақталған астық сақтау қоймасының құрылысы жүргізіліп жатыр. Жаңа қойма іске қосылғанда, жергілікті диқандар Арыстан алысқа шықпай-ақ, астықты осында сақтап, тиімді бағада нарыққа шығаруға жағдай жасалынбақ. Яғни, жаңа астық сақтау қоймасы арқылы қосымша шығындар азаяды, ол түптеп келгенде бағаның тұрақтануына мүмкіндік беретін болады. Облыс әкіміне Арыс қаласының өндіріктік аймағы таныстырылды. Мұнда болашақта бірнеше ірі өнеркәсіп орындарын ашу көзделген. Халықтың табысын арттыру мақсатында бірнеше жоба қолға алынбақ. Атап айтқанда, қой жүнін өңдеу арқылы биотыңайтқыш өндіру жүзеге асырыла бастады. Мал бордақылау алаңы салынады. Сондай-ақ Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Арыс станциясының локомотив депосы базасында құрылған ірі теміржол кәсіпорнында болып, теміржолшылармен кездесті. Мұнда бір жылдың ішінде 3 мыңнан астам жолаушылар вагоны мен локомотивке деполық және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жөндеп, техникалық қызмет көрсетуден басқа электровоздарға сервистік қызмет көрсетеді.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032026-arysta-biregei-transporttyq-logistikalyq-ortalyq-salynuda/
10 тамыз 2023, 20:17
kk
Қазақстанда омикронның жаңа штамына байланысты шектеулер енгізілуі мүмкін бе
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстанның Бас санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова жаңа Eris атты омикрон штамының пайда болуына байланысты Қазақстанда қайтадан шектеулер енгізілуі мүмкін бе деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Бас санитариялық дәрігер коронавирустың жаңа штамы Eris наурыз айының соңында пайда болғанын және қазір әлем бойынша таралып жатқанын еске салды – бұл омикрон түрі бүгінде 45 елде анықталған. "Соңғы 5 аптада оның таралу көрсеткіші белсенді түрде өсуде, егер 5 апта бұрын бұл штамм жалпы омикрон көлемінің тек 5 пайызын құраса, бүгінде – ол 12 пайызын құрайды. Сондай-ақ оны (аталған штамм - ред.) омикронның басқа штамдарынан ерекше ететін белгілер анықталған жоқ – ол да жұқпалы, бірақ ауру жеңіл өтеді және жедел ауруханаға жатқызуды қажет етпейді", – деді Айжан Есмағамбетова. Бас санитариялық дәрігерге жаңа штамм елде белсенді түрде таралатын болса, Қазақстанда COVID-ке қатысты қайта шектеулер қабылдануы мүмкін бе деген сұрақ қойылды. "Әзірге бұл туралы айту ерте. Қолымыздағы деректерге сүйенсек, омикронның бұл түрі ауыр өтетініне ешқандай дәлел жоқ. (... ) Омикронның кез келген түрі тек жүкті әйелдерге, созылмалы ауруы бар адамдар мен қарттарға қауіп төндіреді. Сондықтан қазір шектеу шараларын енгізу мүмкіндігін қарастырып жатқан жоқпыз", – деп жауап берді спикер.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстанның Бас санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова жаңа Eris атты омикрон штамының пайда болуына байланысты Қазақстанда қайтадан шектеулер енгізілуі мүмкін бе деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы хабарлайды. Бас санитариялық дәрігер коронавирустың жаңа штамы Eris наурыз айының соңында пайда болғанын және қазір әлем бойынша таралып жатқанын еске салды – бұл омикрон түрі бүгінде 45 елде анықталған. "Соңғы 5 аптада оның таралу көрсеткіші белсенді түрде өсуде, егер 5 апта бұрын бұл штамм жалпы омикрон көлемінің тек 5 пайызын құраса, бүгінде – ол 12 пайызын құрайды. Сондай-ақ оны (аталған штамм - ред.) омикронның басқа штамдарынан ерекше ететін белгілер анықталған жоқ – ол да жұқпалы, бірақ ауру жеңіл өтеді және жедел ауруханаға жатқызуды қажет етпейді", – деді Айжан Есмағамбетова. Бас санитариялық дәрігерге жаңа штамм елде белсенді түрде таралатын болса, Қазақстанда COVID-ке қатысты қайта шектеулер қабылдануы мүмкін бе деген сұрақ қойылды. "Әзірге бұл туралы айту ерте. Қолымыздағы деректерге сүйенсек, омикронның бұл түрі ауыр өтетініне ешқандай дәлел жоқ. (... ) Омикронның кез келген түрі тек жүкті әйелдерге, созылмалы ауруы бар адамдар мен қарттарға қауіп төндіреді.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032019-qazaqstanda-omikronnyn-zana-stamyna-bailanysty-sekteuler-engizilui-mumkin-be/
10 тамыз 2023, 20:15
kk
Қызылорда облысы әкімінің оқу гранты бөлінді
Биыл Сыр жастарына облыс әкімінің 100 гранты бөлінді. Аймақ басшысының оқу гранты Қызылорда қаласы мен аудандар арасында халықтың санына қарай беріледі. Нақтырақ айтқанда, Арал ауданы бойынша – 10, Қазалы ауданы бойынша – 8, Қармақшы ауданы бойынша – 12, Жалағаш ауданы бойынша – 4, Сырдария ауданы бойынша – 9, Шиелі ауданы бойынша – 8, Жаңақорған ауданы бойынша – 9, Қызылорда қаласы бойынша – 40 грант. Бұл жайында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғабит Жаңабаев БАҚ өкілдеріне арналған брифингте кеңінен тоқталды. "2021-2023 жылдарға жасалған облыстың еңбек ресурстарының балансына сәйкес мамандар тапшылығын және алдағы уақытта өңірде жүзеге асырылатын бірқатар инвестициялық жобаның іске қосылатынын ескере келе 2023-2024 оқу жылына 100 маман, атап айтқанда, білім саласы бойынша – 49 (орыс тілі мен орыс әдебиеті пәні мұғәлімі – 6, шетел тілі – 5, химия - 4, информатика – 4, тарих – 2, физика – 3, музыкалық білім – 4, математика – 9, бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі – 2, дене шықтыру және спорт – 7, дәстүрлі музыка өнері - 3), денсаулық сақтау бойынша – 15 (жалпы медицина - 15), су шаруашылығы бойынша – 8 (су ресурстары және суды пайдалану - 8), ауыл шаруашылығы бойынша – 8 (агрономия – 6, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы - 2), инженерлік сала бойынша – 4 (инженерлік жүйелер және желілер - 4), электр энергетикасы бойынша – 4, құрылыс бойынша – 2, жерге орналастыру бойынша – 2, хореография бойынша – 3, ақпараттық технологиялар бойынша мамандықтарға – 2, дін саласы бойынша – 2, азық-түлік өнімдерін өндіруге 1 маман даярлау жоспарланды. Жоспарланған 100 мамандықты даярлау үшін жоғары оқу орындар арасындағы бөлініс келесідей: 83 грант – Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, 15 грант – С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті, 2 грант – Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетіне берілді. Өздеріңізге белгілі, мемлекеттік грант конкурсына талапкерлерден өтінім қабылдау шілдеде аяқталды. Конкурс нәтижесі тамыз айының басында жарияланды. Мемлекеттік грантқа іліге алмай қалған әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал топтарынан шыққан талапкерлер облыс әкімінің грантына үміткер бола алады", – деді Ғабит Жұмабекұлы мәлімдеді. Құжаттар тамыз айының 10-нан бастап қабылданды және оны тағайындау туралы шешім аудан, қала әкімдіктері жанынан құрылған арнайы комиссиямен қабылданатын болады. 100 студенттің оқу ақысын және жүріп-тұру, тамақтану шығындарын ішінара өтеуге әлеуметтік көмек тағайындауға облыстық бюджеттен 85,2 млн теңге қаражат бөлініп, аудан, қала бюджеттеріне жеткізілетін болады. Айта кететін жайт, соңғы 10 жылда еліміздің жоғары оқу орындарында білім алу үшін 1 303 студент облыс әкімінің грантын иеленген.
Биыл Сыр жастарына облыс әкімінің 100 гранты бөлінді. Аймақ басшысының оқу гранты Қызылорда қаласы мен аудандар арасында халықтың санына қарай беріледі. Нақтырақ айтқанда, Арал ауданы бойынша – 10, Қазалы ауданы бойынша – 8, Қармақшы ауданы бойынша – 12, Жалағаш ауданы бойынша – 4, Сырдария ауданы бойынша – 9, Шиелі ауданы бойынша – 8, Жаңақорған ауданы бойынша – 9, Қызылорда қаласы бойынша – 40 грант. Бұл жайында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғабит Жаңабаев БАҚ өкілдеріне арналған брифингте кеңінен тоқталды. "2021-2023 жылдарға жасалған облыстың еңбек ресурстарының балансына сәйкес мамандар тапшылығын және алдағы уақытта өңірде жүзеге асырылатын бірқатар инвестициялық жобаның іске қосылатынын ескере келе 2023-2024 оқу жылына 100 маман, атап айтқанда, білім саласы бойынша – 49 (орыс тілі мен орыс әдебиеті пәні мұғәлімі – 6, шетел тілі – 5, химия - 4, информатика – 4, тарих – 2, физика – 3, музыкалық білім – 4, математика – 9, бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі – 2, дене шықтыру және спорт – 7, дәстүрлі музыка өнері - 3), денсаулық сақтау бойынша – 15 (жалпы медицина - 15), су шаруашылығы бойынша – 8 (су ресурстары және суды пайдалану - 8), ауыл шаруашылығы бойынша – 8 (агрономия – 6, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы - 2), инженерлік сала бойынша – 4 (инженерлік жүйелер және желілер - 4), электр энергетикасы бойынша – 4, құрылыс бойынша – 2, жерге орналастыру бойынша – 2, хореография бойынша – 3, ақпараттық технологиялар бойынша мамандықтарға – 2, дін саласы бойынша – 2, азық-түлік өнімдерін өндіруге 1 маман даярлау жоспарланды. Жоспарланған 100 мамандықты даярлау үшін жоғары оқу орындар арасындағы бөлініс келесідей: 83 грант – Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, 15 грант – С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті, 2 грант – Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетіне берілді. Өздеріңізге белгілі, мемлекеттік грант конкурсына талапкерлерден өтінім қабылдау шілдеде аяқталды. Конкурс нәтижесі тамыз айының басында жарияланды. Мемлекеттік грантқа іліге алмай қалған әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал топтарынан шыққан талапкерлер облыс әкімінің грантына үміткер бола алады", – деді Ғабит Жұмабекұлы мәлімдеді. Құжаттар тамыз айының 10-нан бастап қабылданды және оны тағайындау туралы шешім аудан, қала әкімдіктері жанынан құрылған арнайы комиссиямен қабылданатын болады. 100 студенттің оқу ақысын және жүріп-тұру, тамақтану шығындарын ішінара өтеуге әлеуметтік көмек тағайындауға облыстық бюджеттен 85,2 млн теңге қаражат бөлініп, аудан, қала бюджеттеріне жеткізілетін болады.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2030573-qyzylorda-oblysy-akiminin-oqu-granty-bolindi/
10 тамыз 2023, 19:53
kk
"COVID-19 салдары": ДСМ елімізде қызылша ауруының өршу себептерін атады
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстанның бас санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова елімізде қызылша ауруының өршу себебі неде екенін айтты – ол қызылша ауруы әлем бойынша өршіп тұрғанын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды. "Биыл біз қызылша ауруымен ауырғандардың саны өскенін байқадық – жыл басынан бері 3 мыңға жуық жағдай тіркелді, бірақ бұл жағдай тек Қазақстанда орын алған жоқ, дүние жүзі бойынша тіркелген. Үш жыл бойы COVID-19 өршіген кезде балалардың қызылшаға қарсы екпені қабылдау жұмысында ақаулық кетуі мүмкін. Бұл бізде ғана емес, бүкіл әлемде орын алып жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәліметінше, өткен жылы әлем бойынша 40 миллионнан астам бала жоспарлы екпе алмаған", – деп түсіндірді Айжан Есмағамбетова. Оның сөзінше, қызылшаға қарсы екпесі жоқ адам сырқат адаммен араласса, бұл ауруды 100 пайыз жұқтырып алуы мүмкін. "Қызылшаға қарсы вакцина уақытында қабылданбаса, адамның иммундық жүйесі әлсірейді, яғни инфекцияны жұқтырған балалар оны одан әрі таратуы мүмкін. Қызылша туралы айтатын болсақ, бұл — өте жұқпалы ауру, яғни екпе алмаған адам қызылшамен ауыратын науқаспен араласса, оның инфекцияны жұқтыру қаупі 100 пайызға дейін артуы мүмкін", – деді спикер.
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстанның бас санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова елімізде қызылша ауруының өршу себебі неде екенін айтты – ол қызылша ауруы әлем бойынша өршіп тұрғанын мәлімдеді. Бұл туралы хабарлайды. "Биыл біз қызылша ауруымен ауырғандардың саны өскенін байқадық – жыл басынан бері 3 мыңға жуық жағдай тіркелді, бірақ бұл жағдай тек Қазақстанда орын алған жоқ, дүние жүзі бойынша тіркелген. Үш жыл бойы COVID-19 өршіген кезде балалардың қызылшаға қарсы екпені қабылдау жұмысында ақаулық кетуі мүмкін. Бұл бізде ғана емес, бүкіл әлемде орын алып жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәліметінше, өткен жылы әлем бойынша 40 миллионнан астам бала жоспарлы екпе алмаған", – деп түсіндірді Айжан Есмағамбетова. Оның сөзінше, қызылшаға қарсы екпесі жоқ адам сырқат адаммен араласса, бұл ауруды 100 пайыз жұқтырып алуы мүмкін. "Қызылшаға қарсы вакцина уақытында қабылданбаса, адамның иммундық жүйесі әлсірейді, яғни инфекцияны жұқтырған балалар оны одан әрі таратуы мүмкін.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032016-covid-19-saldary-dsm-elimizde-qyzylsa-auruynyn-orsu-sebepterin-atady/
10 тамыз 2023, 19:01
kk
"Прокурордың ұлы": Бас прокуратура желіде тарап, резонанс тудырған видеоға қатысты түсініктеме берді (видео)
Желіде Шымкенттегі гүл сататын дүкендердің бірінде жанжал шығарып, сатушыны қайшымен қорқытқан сатып алушы — прокурордың ұлы деген ақпарат пайда болған еді. Бас прокуратура ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Әлеуметтік желіде гүл дүкеніндегі жанжалдың шығуына прокурордың ұлы себепкер болғаны айтылған. Желі қолданушылары ер адамдардың әрекетіне наразы болды. "Раушан гүлдің кесірінен сонша абыройын жоғалтқан. Бұл адамдар ақшасы бар болғандықтан тағы қандай әрекетке бара алады екен? Әдепсіздер", "Құқық қорғау органдарынан түсіндіруін сұраймыз", "Арамызда жабайылар өмір сүріп жүр", - деп жазады пікір білдірушілер. Бас прокуратура өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарды. Түсініктеме департаменттің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған. "Әлеуметтік желіде прокурордың ұлы достарымен бірге Шымкент қаласындағы гүл дүкеніне шабуыл жасағаны туралы ақпарат тарады. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. 2023 жылғы 9 тамызда Шымкент қаласының прокуратурасы бұл тұлғаның прокуратура органдарына қандай да бір қатысы жоқ екенін, прокуратура қызметкерлерімен туыстық байланыста еместігін ресми түрде хабарлады", - делінген Бас прокуратураның түсініктемесінде.
Желіде Шымкенттегі гүл сататын дүкендердің бірінде жанжал шығарып, сатушыны қайшымен қорқытқан сатып алушы — прокурордың ұлы деген ақпарат пайда болған еді. Бас прокуратура ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы хабарлайды. Әлеуметтік желіде гүл дүкеніндегі жанжалдың шығуына прокурордың ұлы себепкер болғаны айтылған. Желі қолданушылары ер адамдардың әрекетіне наразы болды. "Раушан гүлдің кесірінен сонша абыройын жоғалтқан. Бұл адамдар ақшасы бар болғандықтан тағы қандай әрекетке бара алады екен? Әдепсіздер", "Құқық қорғау органдарынан түсіндіруін сұраймыз", "Арамызда жабайылар өмір сүріп жүр", - деп жазады пікір білдірушілер. Бас прокуратура өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарды. Түсініктеме департаменттің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған. "Әлеуметтік желіде прокурордың ұлы достарымен бірге Шымкент қаласындағы гүл дүкеніне шабуыл жасағаны туралы ақпарат тарады. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032009-prokurordyn-uly-bas-prokuratura-zelide-tarap-rezonans-tudyrgan-videoga-qatysty-tusinikteme-berdi-video/
10 тамыз 2023, 18:14
kk
Шымкент тұрғыны бұрынғы күйеуімен туындаған мәселені миллион теңге төлеп шешпек болған
Шымкент тұрғыны өзін "қалалық полиция департаментінің жедел уәкілі" деп таныстырған адамға бұрынғы күйеуімен туындаған мәселесін шешіп беруді өтініп, 1 млн теңгеге жуық ақша берген. Бұл туралы Polisia.kz ақпараттық медиа-порталында хабарланды. Полицияға шағым түсірген әйелдің сөзінше, өзін "қалалық полиция басқармасының жедел уәкілі" ретінде таныстырған азамат оған бұрынғы күйеуінен ала алмай жүрген қарызын қайтаруда көмектесе алатынын айтқан. Ол өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, оның бұрынғы күйеуімен туындаған мәселесін шешіп беретініне сендірген. Бірақ азаматтың бұл "көмегі" тегін болған жоқ. Әйел алаяқпен танысқаннан кейін үш айда шамамен 1 миллион теңге жинап, ақшаны алаяққа табыстаған. Шынайы полицейлерден мұндай ер адам полиция басқармасында ешқашан жұмыс істемегенін білген әйел таң болады. Ведомство ақпаратынша, аталған факті "Алаяқтық" бабы бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынды. Тергеу барысында жиналған қылмыстық істің материалдары сотқа жолданды. Сотталушы өз кінәсін мойындап, өкініп, жәбірленушіге келтірілген шығынды толық көлемде өтеген.
Шымкент тұрғыны өзін "қалалық полиция департаментінің жедел уәкілі" деп таныстырған адамға бұрынғы күйеуімен туындаған мәселесін шешіп беруді өтініп, 1 млн теңгеге жуық ақша берген. Бұл туралы ақпараттық медиа-порталында хабарланды. Полицияға шағым түсірген әйелдің сөзінше, өзін "қалалық полиция басқармасының жедел уәкілі" ретінде таныстырған азамат оған бұрынғы күйеуінен ала алмай жүрген қарызын қайтаруда көмектесе алатынын айтқан. Ол өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, оның бұрынғы күйеуімен туындаған мәселесін шешіп беретініне сендірген. Бірақ азаматтың бұл "көмегі" тегін болған жоқ. Әйел алаяқпен танысқаннан кейін үш айда шамамен 1 миллион теңге жинап, ақшаны алаяққа табыстаған. Шынайы полицейлерден мұндай ер адам полиция басқармасында ешқашан жұмыс істемегенін білген әйел таң болады. Ведомство ақпаратынша, аталған факті "Алаяқтық" бабы бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынды. Тергеу барысында жиналған қылмыстық істің материалдары сотқа жолданды.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032002-symkent-turgyny-buryngy-kuieuimen-tuyndagan-maseleni-million-tenge-tolep-sespek-bolgan/
10 тамыз 2023, 17:35
kk
Нұрлан Мәсімовке қатысты сот үкімі шықты
Бүгін Павлодар облысы Полиция департаментінің экс-басшысы Нұрлан Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасары Дамир Сиразидимовке және кәсіпкер Евгений Евковичке қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы сот залынан NUR.KZ тілшісі хабарлайды. Нұрлан Мәсімовке қатысты шешімді сот алқасы қабылдады. Сот үкіміне сәйкес, Нұрлан Мәсімов 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ ол полиция генерал-майоры атағынан айырылып, мемлекеттік қызметтен өмір бойына алыстатылды. "Мәсімов Нұрлан Мырзаханұлы Қылмыстық кодекстің 366 бабы 4-бөлігі ("Пара алу"), 189 бабы 2-тармағының 4-бөлігі ("Сеніп тапсырылған мүлікті иемдену") және 392 бабы 1-бөлігі ("Мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өту") бойынша мүлкі тәркіленіп, кінәлі деп танылсын", - делінген сот үкімінде. Дамир Сиразидимов болса 8 жылға бас бостандығынан және полиция полковнигі атағынан айырылды. Ал тергеу нұсқасы бойынша пара берді деп айыпталған Евгений Евкович жеті жылға бас бостандығынан айырылып отыр. Еске сала кетейік, 2022 жылдың сәуір айында Павлодар облысы полиция департаментінің экс-басшысы Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланғаны белгілі болды. Шілде айында ол шекарадан өтпек болған жерінен ұсталған. Жақында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қылмыстық істің сотқа жолданғанын хабарлады. Нұрлан Мәсімов, оның орынбасары болған Д.Сиразидимов және кәсіпкер Е. Евкович ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасады деген күдікке ілінген. Экс-полицейлерге 90,3 миллион теңге көлемінде пара алды және 420 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылды. Алайда сот барысында пара мөлшері 86 млн теңге екені белгілі болды. Сондай-ақ 2023 жылғы 6 қаңтарда Нұрлан Мәсімовке қатысты іс бойынша алғашқы сот отырысы өткен болатын. Ал биылғы жылдың 10 ақпанында Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімовке қатысты екі әкімшілік іс қаралғаны туралы жазған едік.
Бүгін Павлодар облысы Полиция департаментінің экс-басшысы Нұрлан Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасары Дамир Сиразидимовке және кәсіпкер Евгений Евковичке қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы сот залынан тілшісі хабарлайды. Нұрлан Мәсімовке қатысты шешімді сот алқасы қабылдады. Сот үкіміне сәйкес, Нұрлан Мәсімов 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ ол полиция генерал-майоры атағынан айырылып, мемлекеттік қызметтен өмір бойына алыстатылды. "Мәсімов Нұрлан Мырзаханұлы Қылмыстық кодекстің 366 бабы 4-бөлігі ("Пара алу"), 189 бабы 2-тармағының 4-бөлігі ("Сеніп тапсырылған мүлікті иемдену") және 392 бабы 1-бөлігі ("Мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өту") бойынша мүлкі тәркіленіп, кінәлі деп танылсын", - делінген сот үкімінде. Дамир Сиразидимов болса 8 жылға бас бостандығынан және полиция полковнигі атағынан айырылды. Ал тергеу нұсқасы бойынша пара берді деп айыпталған Евгений Евкович жеті жылға бас бостандығынан айырылып отыр. Еске сала кетейік, 2022 жылдың сәуір айында Павлодар облысы полиция департаментінің экс-басшысы Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланғаны белгілі болды. Шілде айында ол шекарадан өтпек болған жерінен ұсталған. Жақында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қылмыстық істің сотқа жолданғанын хабарлады. Нұрлан Мәсімов, оның орынбасары болған Д.Сиразидимов және кәсіпкер Е. Евкович ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасады деген күдікке ілінген. Экс-полицейлерге 90,3 миллион теңге көлемінде пара алды және 420 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылды. Алайда сот барысында пара мөлшері 86 млн теңге екені белгілі болды. Сондай-ақ 2023 жылғы 6 қаңтарда Нұрлан Мәсімовке қатысты іс бойынша алғашқы сот отырысы өткен болатын.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2032005-nurlan-masimovke-qatysty-sot-ukimi-syqty/
10 тамыз 2023, 16:39
kk
"Бёрнли" - "Манчестер Сити" требл иегерлері бұрынғы капитанына қарсы шайқас жүргізеді
Ағылшын премьер-лигасы осы демалыс күндері оралатын болады, оның бірінші туры 12 тамызда өтеді. Аталған лиганың тұсаукесері қазіргі чемпион "Манчестер Сити" және Чемпионшиптен оралған "Бёрнли" арасындағы шайқасымен ашылады. Parimatch сарапшылары "күлгіндер" күресті требл иелеріне қарсы жүргізе алады ма, жоқ па деген сұраққа жауап берді. “Бёрнли” Ланкаширден келген команда Чемпионшиптегі маусымынан кейін, 21/22 науқанында шығып қалған премьер-лигаға оралуда. Жаттықтырушының ауысуы команданы тез арада қалпына келтіруге септігін тигізді: Винсент Компани Дин Смиттің орнына келді. Нәтиже көп күттірмеді: "Бёрнли" екінші дивизионды ең жақын бәсекелесінен 10 ұпай айырмашылығымен жеңіп, бір жылдан кейін элиталар қатарына оралды. "Күлгінділердің" футболы туралы айтатын болсақ, олардың тепе-теңдікті ұстай алатындығын атап өткен жөн: команда шабуылда да, қорғаныста да мықты, оны Чемпионшиптегі статистикадан аңғаруға болады: лигада "Бёрнли" — ең көп гол соғып, қақпасына ең аз гол жіберген команда. Компани командасы ойыншыларының ішінде клубтың үздік бомбардирі Нейтан Теллді, сондай – ақ "Манчестер Юнайтед" жалдап, кейін қайтып оралған Ваут Вегхорстты атап өткен жөн. “Манчестер Сити” "Қала тұрғындары" бұл маусымда Чемпиондар Лигасын, АПЛ және Англия Кубогын жеңіп, ауыз толтырып айтуға болатындай етіп жақсы өткізді. Командаға Эрлинг Холаннды қосу, айтарлықтай әсер етті, ол команда құрамына "тастай бастып, судай сіңіп", тіпті лиганың бомбардирлік рекордын жаңартты. Маусымаралық кезең екіұшты болып өтті: команда Илькай Гюндоган мен Рияд Марезден айырылды, бірақ Йошко Гвардиоланы қосып, қорғаныс орталығын күшейтті. Сонымен қатар "Сити" құрамын шабуылда да, қорғаныста да бірдей пайдалы жартылай қорғаушы Матео Ковачич толықтырды. "Қала тұрғындарының" шабуылы Холаннның шабуыл жасау шеберлігіне және оның гол соғу қабілетіне негізделген. Алайда норвегиялық футболшының ойыны жүрмей жатса, Пеп Гвардиоланың ерекше тактикасы – номиналды орталық форвардсыз комбинациялық футболы іске қосылады. Дегенмен Англия Суперкубогында бұл жоспар іске аспады: "қала тұрғындары" пенальти сериясында "Арсеналдан" жеңіліс тауып, олжаларын уысынан шығарып алды. Parimatch аналитикасы және коэффициенттері Екі команда да АПЛ-дағы бірінші турда бар күшін салып, жеңіске жетуді көздеп отыр. "Бёрнли" премьер-лигаға оралған соң, ұпай жинауы керек, ал "Сити" өзінің көшбасшылық мәртебесін дәлелдеуі керек. Ланкаширліктердің бас бапкері Венсан Компани – "қала тұрғындарының" бұрынғы капитаны және клубтың абсолютті аңызы да қызығушылық тудырады. Алайда Parimatch сарапшылары "күлгінділерге" бірде-бір мүмкіндік бермейді: олардың жеңіске жету коэффициенті 9.70-ке теңестірілсе, "Ман Ситиге" 1.32 коэффициенті ұсынылған. Сондай-ақ сарапшылар шабуылдаушы футбол болады деп болжайды: "тотал 2,5-тен жоғары" нәтижесін олар 1.63-ке баға беріп отыр. "Бёрнли" мен "Манчестер Сити" матчына ұтыс тігіп, Parimatch-пен бірге жарқын эмоциялар алыңыз! Жаңа ойыншылар үшін арнайы бонус-шотты алғашқы толықтырғаныңыз үшін +300%. Алыңыз да, игілігіңізге жұмсаңыз! Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілген.
Ағылшын премьер-лигасы осы демалыс күндері оралатын болады, оның бірінші туры 12 тамызда өтеді. Аталған лиганың тұсаукесері қазіргі чемпион "Манчестер Сити" және Чемпионшиптен оралған "Бёрнли" арасындағы шайқасымен ашылады. Parimatch сарапшылары "күлгіндер" күресті требл иелеріне қарсы жүргізе алады ма, жоқ па деген сұраққа жауап берді. “Бёрнли” Ланкаширден келген команда Чемпионшиптегі маусымынан кейін, 21/22 науқанында шығып қалған премьер-лигаға оралуда. Жаттықтырушының ауысуы команданы тез арада қалпына келтіруге септігін тигізді: Винсент Компани Дин Смиттің орнына келді. Нәтиже көп күттірмеді: "Бёрнли" екінші дивизионды ең жақын бәсекелесінен 10 ұпай айырмашылығымен жеңіп, бір жылдан кейін элиталар қатарына оралды. "Күлгінділердің" футболы туралы айтатын болсақ, олардың тепе-теңдікті ұстай алатындығын атап өткен жөн: команда шабуылда да, қорғаныста да мықты, оны Чемпионшиптегі статистикадан аңғаруға болады: лигада "Бёрнли" — ең көп гол соғып, қақпасына ең аз гол жіберген команда. Компани командасы ойыншыларының ішінде клубтың үздік бомбардирі Нейтан Теллді, сондай – ақ "Манчестер Юнайтед" жалдап, кейін қайтып оралған Ваут Вегхорстты атап өткен жөн. “Манчестер Сити” "Қала тұрғындары" бұл маусымда Чемпиондар Лигасын, АПЛ және Англия Кубогын жеңіп, ауыз толтырып айтуға болатындай етіп жақсы өткізді. Командаға Эрлинг Холаннды қосу, айтарлықтай әсер етті, ол команда құрамына "тастай бастып, судай сіңіп", тіпті лиганың бомбардирлік рекордын жаңартты. Маусымаралық кезең екіұшты болып өтті: команда Илькай Гюндоган мен Рияд Марезден айырылды, бірақ Йошко Гвардиоланы қосып, қорғаныс орталығын күшейтті. Сонымен қатар "Сити" құрамын шабуылда да, қорғаныста да бірдей пайдалы жартылай қорғаушы Матео Ковачич толықтырды. "Қала тұрғындарының" шабуылы Холаннның шабуыл жасау шеберлігіне және оның гол соғу қабілетіне негізделген. Алайда норвегиялық футболшының ойыны жүрмей жатса, Пеп Гвардиоланың ерекше тактикасы – номиналды орталық форвардсыз комбинациялық футболы іске қосылады. Дегенмен Англия Суперкубогында бұл жоспар іске аспады: "қала тұрғындары" пенальти сериясында "Арсеналдан" жеңіліс тауып, олжаларын уысынан шығарып алды. Parimatch аналитикасы және коэффициенттері Екі команда да АПЛ-дағы бірінші турда бар күшін салып, жеңіске жетуді көздеп отыр. "Бёрнли" премьер-лигаға оралған соң, ұпай жинауы керек, ал "Сити" өзінің көшбасшылық мәртебесін дәлелдеуі керек. Ланкаширліктердің бас бапкері Венсан Компани – "қала тұрғындарының" бұрынғы капитаны және клубтың абсолютті аңызы да қызығушылық тудырады. Алайда Parimatch сарапшылары "күлгінділерге" бірде-бір мүмкіндік бермейді: олардың жеңіске жету коэффициенті 9.70-ке теңестірілсе, "Ман Ситиге" 1.32 коэффициенті ұсынылған. Сондай-ақ сарапшылар шабуылдаушы футбол болады деп болжайды: "тотал 2,5-тен жоғары" нәтижесін олар 1.63-ке баға беріп отыр. "Бёрнли" мен "Манчестер Сити" матчына ұтыс тігіп, Parimatch-пен бірге жарқын эмоциялар алыңыз! Жаңа ойыншылар үшін арнайы бонус-шотты алғашқы толықтырғаныңыз үшін +300%. Алыңыз да, игілігіңізге жұмсаңыз! Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2031995-byornli-mancester-siti-trebl-iegerleri-buryngy-kapitanyna-qarsy-saiqas-zurgizedi/
10 тамыз 2023, 16:33
kk
Оңтүстік Кореяда ұсталған екі қазақстандық елге қайтарылатын болды
Наурыз айында Корея Республикасына кіруге рұқсаты болмаған екі қазақстандық Инчхон халықаралық ауежайынан қашып кеткен болатын. Қазақстандықтар 3 ай қамауда болған. Ал бүгін, 10 тамызда олардың елге қайтарылатыны туралы белгілі болды. Бұл туралы "Кореядағы Қазақ Қауымы" Instagram-дағы парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі. Қоғамдастықтың хабарлауынша, 25 наурыз күні Инчхон ауежайындағы биіктігі 3.6 метр қоршаудан асып, заңсыз қашып кеткен екі қазақстандық елге оралатын болды. Ведомство ақпаратынша, сот үкіміне сәйкес, қазақстандықтарға айыппұл салынып, олар елге жіберіледі. "Екеуі де кінәсін мойындап, туған жерінде отбасын асырау үшін жұмысқа ұшып келгендерін айтқан. Оңтүстік Корея полициясы оларды шекараны заңсыз кесіп өтіп, кашып кетті деп айыптады. Екеуі де өз кінәсін толық мойындап, тергеу уақытында 3 ай қамауда болды. Отандастарымыз жақын уакытта елге қайтарылады", - делінген хабарламада. Бұл ретте кореялық сотта қазақстандықтардың мүддесін қорғаған заңгер Мейірман Шекеев Instagram-дағы парақшасында бұл ақпаратты растады. "Бұл Қазақстанның тағы бір халықаралық беделді жеңісі. Енді Кореядағы екі жігіт 3 жылға түрмеге тоғытылмай, айыппұл төлеп, елге қайтатын болды. Барлық мақтау, мадақтау Аллаға тән. Мен тек себепшімін", - деп атап өтті заңгер. Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік желіде Оңтүстік Кореядағы Инчхон әуежайынан 18 және 21 жастағы екі Қазақстан азаматының қашып кеткені туралы ақпарат тараған еді. Кейін олардың бірі ұсталып, екіншісін ұстауға көмектесетін адам табылса, оған 30 миллион оңтүстіккореялық вон (бұл 10,4 миллион теңге) көлемінде ақшалай сыйақы тағайындалатыны хабарланды. Көп ұзамай Инчхон әуежайынан қашып кеткен екінші қазақстандықтың полицияға өз еркімен барғаны белгілі болды. Сол арада қамалған қазақстандықтардың бірінің әкесі алғаш рет сұхбат беріп, ұлы бар болғаны отбасын асырап, жақындарына қол ұшын бермек болғанын алға тартты.
Наурыз айында Корея Республикасына кіруге рұқсаты болмаған екі қазақстандық Инчхон халықаралық ауежайынан қашып кеткен болатын. Қазақстандықтар 3 ай қамауда болған. Ал бүгін, 10 тамызда олардың елге қайтарылатыны туралы белгілі болды. Бұл туралы "Кореядағы Қазақ Қауымы" Instagram-дағы парақшасында хабарлады, деп жазады тілшісі. Қоғамдастықтың хабарлауынша, 25 наурыз күні Инчхон ауежайындағы биіктігі 3.6 метр қоршаудан асып, заңсыз қашып кеткен екі қазақстандық елге оралатын болды. Ведомство ақпаратынша, сот үкіміне сәйкес, қазақстандықтарға айыппұл салынып, олар елге жіберіледі. "Екеуі де кінәсін мойындап, туған жерінде отбасын асырау үшін жұмысқа ұшып келгендерін айтқан. Оңтүстік Корея полициясы оларды шекараны заңсыз кесіп өтіп, кашып кетті деп айыптады. Екеуі де өз кінәсін толық мойындап, тергеу уақытында 3 ай қамауда болды. Отандастарымыз жақын уакытта елге қайтарылады", - делінген хабарламада. Бұл ретте кореялық сотта қазақстандықтардың мүддесін қорғаған заңгер Мейірман Шекеев Instagram-дағы парақшасында бұл ақпаратты растады. "Бұл Қазақстанның тағы бір халықаралық беделді жеңісі. Енді Кореядағы екі жігіт 3 жылға түрмеге тоғытылмай, айыппұл төлеп, елге қайтатын болды. Барлық мақтау, мадақтау Аллаға тән. Мен тек себепшімін", - деп атап өтті заңгер. Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік желіде Оңтүстік Кореядағы Инчхон әуежайынан 18 және 21 жастағы екі Қазақстан азаматының қашып кеткені туралы ақпарат тараған еді. Кейін олардың бірі ұсталып, екіншісін ұстауға көмектесетін адам табылса, оған 30 миллион оңтүстіккореялық вон (бұл 10,4 миллион теңге) көлемінде ақшалай сыйақы тағайындалатыны хабарланды. Көп ұзамай Инчхон әуежайынан қашып кеткен екінші қазақстандықтың полицияға өз еркімен барғаны белгілі болды.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2031993-ontustik-koreyada-ustalgan-eki-qazaqstandyq-elge-qaitarylatyn-boldy/
10 тамыз 2023, 16:05
kk
"Мейрамбек мен бола алмайды": Саят Медеуов әншілерді бір-бірімен салыстырудың дұрыс емес екенін айтты
Отандық әнші Саят Медеуов әншілерді Димаш Құдайбергенмен салыстырудың дұрыс еместігін айтты. Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында өнер иесі қазақты әлемге танытқан Димашпен мақтану керектігін мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Бағдарлама жүргізушісі әншіден "Байқайсыз ба, соңғы кезде әншілердің деңгейін Димаш Құдайбергеннің деңгейімен салыстырып қана бағалау тенденциясы пайда болды. Тіпті, бұрыннан келе жатқан әншілердің өзін "Бәрібір Димаштай емес" дей салатын жағдайды көреміз. Димаш рас, қазақтың мақтанышы. Десе де, дәл осы бағалау жүйесіне сіздің көзқарасыңыз қандай?", - деп сұрады. Ал өнер иесі бұл бағалаумен келіспейтінін жеткізді. "Мен келіспеймін. Бәйгенің аты мен көкпардың атын салыстырмайсыз ғой. Сол секілді екі әншіні салыстырудың керегі жоқ. Мені қанша жерден мықты десе де, мен - Мейрамбек бола алмаймын. Мейрамбекті қанша мықты десе де, ол - мен бола алмайды. Біреуді біреумен салыстыру мүмкін емес. Рингке шығып төбелесетін бокс емес. Өнер деген халыққа керек дүние. Егер олай қарайтын болсақ, қазақ өнері өспейді. Бір Димашпен тоқтауы керек болады. Димаштың айтқан өлеңін мен айта алмауым мүмкін. Ал менің өлеңім оның орындауына келмей қалуы мүмкін. Сондықтан бірнәрсе деуге болмайды. Димаштың өнері, диапазоны жоғары. Ол әлемдік деңгейде қазақты танытқан әнші. Салыстырудың керегі жоқ. Ертең сол Димашпен салыстырып, төмен қойған әншілер оған қарсы шығып, оны жек көруі мүмкін. Сондықтан менің айтқым келетіні, салыстырмау керек. Димаш биік деңгейде өсе берсін. Мақтауымыз, мақтануымыз керек. Бірақ салыстырмауымыз керек", - деді Саят Медеуов.
Отандық әнші Саят Медеуов әншілерді Димаш Құдайбергенмен салыстырудың дұрыс еместігін айтты. Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында өнер иесі қазақты әлемге танытқан Димашпен мақтану керектігін мәлім етті, деп жазады . Бағдарлама жүргізушісі әншіден "Байқайсыз ба, соңғы кезде әншілердің деңгейін Димаш Құдайбергеннің деңгейімен салыстырып қана бағалау тенденциясы пайда болды. Тіпті, бұрыннан келе жатқан әншілердің өзін "Бәрібір Димаштай емес" дей салатын жағдайды көреміз. Димаш рас, қазақтың мақтанышы. Десе де, дәл осы бағалау жүйесіне сіздің көзқарасыңыз қандай?", - деп сұрады. Ал өнер иесі бұл бағалаумен келіспейтінін жеткізді. "Мен келіспеймін. Бәйгенің аты мен көкпардың атын салыстырмайсыз ғой. Сол секілді екі әншіні салыстырудың керегі жоқ. Мені қанша жерден мықты десе де, мен - Мейрамбек бола алмаймын. Мейрамбекті қанша мықты десе де, ол - мен бола алмайды. Біреуді біреумен салыстыру мүмкін емес. Рингке шығып төбелесетін бокс емес. Өнер деген халыққа керек дүние. Егер олай қарайтын болсақ, қазақ өнері өспейді. Бір Димашпен тоқтауы керек болады. Димаштың айтқан өлеңін мен айта алмауым мүмкін. Ал менің өлеңім оның орындауына келмей қалуы мүмкін. Сондықтан бірнәрсе деуге болмайды. Димаштың өнері, диапазоны жоғары. Ол әлемдік деңгейде қазақты танытқан әнші. Салыстырудың керегі жоқ. Ертең сол Димашпен салыстырып, төмен қойған әншілер оған қарсы шығып, оны жек көруі мүмкін. Сондықтан менің айтқым келетіні, салыстырмау керек. Димаш биік деңгейде өсе берсін. Мақтауымыз, мақтануымыз керек.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2031998-meirambek-men-bola-almaidy-sayat-medeuov-ansilerdi-bir-birimen-salystyrudyn-qansalyqty-durys-ekenin-aitty/
10 тамыз 2023, 15:54
kk
Тоқаев жастар саясатына қатысты бағдарламаларды тиімді жүзеге асыруды тапсырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәліні қабылдап, бірқатар тапсырма берді. Бұл туралы Ақорда ресми сайтында хабарлады. Мемлекет басшысына министрліктің ақпарат, қоғамдық даму, дін және этносаралық қатынастар, азаматтық сектор, сондай-ақ жастар және отбасы саясатын жүзеге асыру бағытында атқарып жатқан жұмыстары жөнінде баяндалды. Ведомствоның хабарлауынша, Дархан Қыдырәлі министрлік өз жұмысында отандық телесериалдар өндірісі көлемін ұлғайтып, оларды шетелге таратуға, медиа сауаттылықты арттыруға, сондай-ақ азаматтық қоғаммен өзара қарым-қатынасты жандандыруға айрықша мән беріп отырғанын жеткізді. Мемлекет басшысы министрлік азаматтық қоғам институттарымен барлық деңгейдегі байланысты күшейтіп, әр саладағы өзекті мәселелерді қоғаммен кең көлемде талқылауға ашық болуы қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ ведомство мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Дархан Қыдырәліге жастар саясатына қатысты бағдарламаларды тиімді жүзеге асыруды, діни бірлестіктер мен этносаралық қарым-қатынас бағытын айрықша назарда ұстауды тапсырды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәліні қабылдап, бірқатар тапсырма берді. Бұл туралы Ақорда ресми сайтында хабарлады. Мемлекет басшысына министрліктің ақпарат, қоғамдық даму, дін және этносаралық қатынастар, азаматтық сектор, сондай-ақ жастар және отбасы саясатын жүзеге асыру бағытында атқарып жатқан жұмыстары жөнінде баяндалды. Ведомствоның хабарлауынша, Дархан Қыдырәлі министрлік өз жұмысында отандық телесериалдар өндірісі көлемін ұлғайтып, оларды шетелге таратуға, медиа сауаттылықты арттыруға, сондай-ақ азаматтық қоғаммен өзара қарым-қатынасты жандандыруға айрықша мән беріп отырғанын жеткізді. Мемлекет басшысы министрлік азаматтық қоғам институттарымен барлық деңгейдегі байланысты күшейтіп, әр саладағы өзекті мәселелерді қоғаммен кең көлемде талқылауға ашық болуы қажет екенін атап өтті.
Саясат және экономика
false
https://kaz.nur.kz/politics/2031991-toqaev-zastar-sayasatyna-qatysty-bagdarlamalardy-tiimdi-zuzege-asyrudy-tapsyrdy/
10 тамыз 2023, 15:52
kk
Екі жыл бұрын жоғалып кеткен көпбалалы қазақстандықтың ісі жаңа баппен қаралады
Екі жыл бұрын жоғалып кеткен Доскей ауылының тұрғыны Өмірсерік Әлімқұловтың ісі "Адам өлтіру" бабына ауыстырылды. Бұл туралы Ұлытау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Доскей ауылының 39 жастағы тұрғыны Өмірсерік Әлімқұлов 2021 жылдың 3 қыркүйегінде Нұра ауданына бара жатқан жолда жоғалып кеткен болатын. Ол Нұра ауданында вахтада жұмыс істеген. Кейін әйелінен оның жұмбақ жағдайда жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Ол күйеуінің жұмысқа кетіп, сол қалпы байланысқа шықпай қойғанын айтты. Кейін 6 баланың әкесін іздеуге тікұшақ жіберілген еді. Бірнеше күннен кейін оның көлігі Қаражал қаласының маңынан табылды. Содан бері отбасы ол туралы хабар алған жоқ. Ведомство мәліметінше, үйінде оны әйелі мен жеті баласы күтіп отыр. Ер адам жоғалған кезде оның әйелі жетінші баласына жүкті болған еді. "Міне хабарсыз кеткеніне екі жыл болды. Тірі деп үміттенеміз, сенеміз. Шарасыз отырмыз. Кіші ұлы әкесін көрмеген. Оны тек суретінен таниды. Үлкен қызы мектепті әкесіз бітірген. Балқашқа көшуімізге тура келді, мен сонда жұмыс істеймін. Онсыз бізге өте қиын. Оны қатты сағындық", - дейді жоғалған ер адамның әйелі Алмагүл Үсенова. Әйелдің сөзінше, екі жыл ішінде ол бірнеше рет көріпкел мен медиумдарға жүгінген. Барлығы бірауыздан Өмірсеріктің тірі екенін айтқан. "Еш хабар алмай өмір сүрген кезде еріксіз тым болмаса қандай да бір із іздейсің. Ол тірі және бір жерде күштеп ұсталынып отыр дейді. Расымен тірі деп үміттенемін. Ол бізді тастап кете алмайды. Ол ондай адам емес, балаларды өте жақсы көреді", - деп қосты Алмагүл. Іздеу бойынша іс Ұлытау облыстық полиция басқармасына беріліп, "Адам өлтіру" бабына ауыстырылды. "Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 99 бабы "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Жаңаарқа аудандық полиция бөлімі қылмысты ашуға бағытталған кешенді шараларды жалғастыруда", - деп хабарланды ведомствоның баспасөз қызметінде. Ал із-түзсіз жоғалған азаматтың әйелі халқытан күйеуінің фотосуреттерін тағы бір рет қарауды өтінді. Ол біреу күйеуін танып, оның қайда екенін хабарлайтынына үмітті. "Барлық жанашыр тұрғыннан күйеуімнің фотосуреттеріне назар аударуды сұраймын. Оны біреу танитын шығар. Бей-жай өтіп кетпеңіздерші. Полицияға хабарлаңыздар. Өйткені біз оны күтіп отырмыз", - деп сұрады Алмагүл халықтан.
Екі жыл бұрын жоғалып кеткен Доскей ауылының тұрғыны Өмірсерік Әлімқұловтың ісі "Адам өлтіру" бабына ауыстырылды. Бұл туралы Ұлытау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған хабарлайды. Доскей ауылының 39 жастағы тұрғыны Өмірсерік Әлімқұлов 2021 жылдың 3 қыркүйегінде Нұра ауданына бара жатқан жолда жоғалып кеткен болатын. Ол Нұра ауданында вахтада жұмыс істеген. Кейін әйелінен оның жұмбақ жағдайда жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Ол күйеуінің жұмысқа кетіп, сол қалпы байланысқа шықпай қойғанын айтты. Кейін 6 баланың әкесін іздеуге тікұшақ жіберілген еді. Бірнеше күннен кейін оның көлігі Қаражал қаласының маңынан табылды. Содан бері отбасы ол туралы хабар алған жоқ. Ведомство мәліметінше, үйінде оны әйелі мен жеті баласы күтіп отыр. Ер адам жоғалған кезде оның әйелі жетінші баласына жүкті болған еді. "Міне хабарсыз кеткеніне екі жыл болды. Тірі деп үміттенеміз, сенеміз. Шарасыз отырмыз. Кіші ұлы әкесін көрмеген. Оны тек суретінен таниды. Үлкен қызы мектепті әкесіз бітірген. Балқашқа көшуімізге тура келді, мен сонда жұмыс істеймін. Онсыз бізге өте қиын. Оны қатты сағындық", - дейді жоғалған ер адамның әйелі Алмагүл Үсенова. Әйелдің сөзінше, екі жыл ішінде ол бірнеше рет көріпкел мен медиумдарға жүгінген. Барлығы бірауыздан Өмірсеріктің тірі екенін айтқан. "Еш хабар алмай өмір сүрген кезде еріксіз тым болмаса қандай да бір із іздейсің. Ол тірі және бір жерде күштеп ұсталынып отыр дейді. Расымен тірі деп үміттенемін. Ол бізді тастап кете алмайды. Ол ондай адам емес, балаларды өте жақсы көреді", - деп қосты Алмагүл. Іздеу бойынша іс Ұлытау облыстық полиция басқармасына беріліп, "Адам өлтіру" бабына ауыстырылды. "Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 99 бабы "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Жаңаарқа аудандық полиция бөлімі қылмысты ашуға бағытталған кешенді шараларды жалғастыруда", - деп хабарланды ведомствоның баспасөз қызметінде. Ал із-түзсіз жоғалған азаматтың әйелі халқытан күйеуінің фотосуреттерін тағы бір рет қарауды өтінді. Ол біреу күйеуін танып, оның қайда екенін хабарлайтынына үмітті. "Барлық жанашыр тұрғыннан күйеуімнің фотосуреттеріне назар аударуды сұраймын. Оны біреу танитын шығар. Бей-жай өтіп кетпеңіздерші. Полицияға хабарлаңыздар.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2031985-eki-zyl-buryn-zogalyp-ketken-kopbalaly-qazaqstandyqtyn-isi-zana-bappen-qaralatyn-boldy/
10 тамыз 2023, 15:48
kk
"Шай құймаймын": Әсел Сәдуақасова қандай келін екенін айтты (видео)
Отандық актриса Әсел Сәдуақасова жақында тұрмысқа шықты. Өнер иесі желіде көпшілік сұрағына жауап беріп, ата-енесімен қандай қатынаста екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Жаңа отбасы жайлы актриса Instagram парақшасында айтты. "Мағжанның ата-анасы мені бірінші кездесуден-ақ жылы қабылдады. Біздің қарым қатынасымыз өте жақсы, шүкір! Мен қандай келінмін? Әрине, мен классикалық келіндер қатарынан емеспін. Шай құймаймын, орамал тақпаймын. Мағжанның анасына бұл маңызды емес. Мен енеден жолы болған адаммын. Керісінше, біз қонаққа баратын болсақ, қандай ас дайындау керектігін, менің қандай тағамды ұнататынымды сұрайды. Әрдайым біз барғанда мені сүйікті асыммен күтіп алады. Осы үшін анама алғысым шексіз. Біз сізде өте қатты жақсы көреміз", - деді актриса. Айта кетейік, жуырда қазақстандық актриса әрі кинопродюсер Әсел Сәдуақасова тұрмысқа шыққаны туралы жазған болатынбыз. Жұлдыз заңды некесін қидырған сәтті әлеуметтік желіде көпшілікке көрсетті.
Отандық актриса Әсел Сәдуақасова жақында тұрмысқа шықты. Өнер иесі желіде көпшілік сұрағына жауап беріп, ата-енесімен қандай қатынаста екенін айтты, деп жазады . Жаңа отбасы жайлы актриса Instagram парақшасында айтты. "Мағжанның ата-анасы мені бірінші кездесуден-ақ жылы қабылдады. Біздің қарым қатынасымыз өте жақсы, шүкір! Мен қандай келінмін? Әрине, мен классикалық келіндер қатарынан емеспін. Шай құймаймын, орамал тақпаймын. Мағжанның анасына бұл маңызды емес. Мен енеден жолы болған адаммын. Керісінше, біз қонаққа баратын болсақ, қандай ас дайындау керектігін, менің қандай тағамды ұнататынымды сұрайды. Әрдайым біз барғанда мені сүйікті асыммен күтіп алады. Осы үшін анама алғысым шексіз. Біз сізде өте қатты жақсы көреміз", - деді актриса. Айта кетейік, жуырда қазақстандық актриса әрі кинопродюсер Әсел Сәдуақасова тұрмысқа шыққаны туралы жазған болатынбыз.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2031986-sai-quimaimyn-asel-saduaqasova-qandai-kelin-ekenin-aitty-video/
10 тамыз 2023, 15:05
kk
Елімізде тамыз айындағы ҰБТ басталды
Бүгін тамыз айындағы ұлттық бірыңғай тестілеу басталды, ол осы айдың 15-іне дейін жалғасады. Тестілеуге қатысу үшін 17 мыңнан астам өтініш қабылданды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі Facebook-тегі ресми парақшасында хабарлады. Ведомствоның хабарлауынша, ҰБТ-ға қатысушылардың 66 пайызға жуығы қазақ тілінде, 34 пайызы орыс тілінде, 53 адам ағылшын тілінде тест тапсыруға ниет білдірді. ҰБТ-ны өткізудің бірінші күні 4499 адам емтихан тапсырады. "Тамыздағы ҰБТ белгіленген шекті баллды жинай алмаған, бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар, ҰБТ нәтижелері жойылған талапкерлердің тестілеуден қайта өтіп, ЖОО-ға ақылы негізде түсу мүмкіндігі болуы үшін өткізіледі", - делінген хабарламада. Ведомство мәліметінше, тіркелу кезінде тесттен өтушілер емтихан өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдады. Министрлікте талапкерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алатыны атап өтілді. Сертификат апелляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тесттен өтушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады. Сондай-ақ министрлікте тамыз айында өтетін ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының сайтында 20-30 шілде аралығында жүргізілетіні еске салынды. Ведомство ақпаратынша, жоғары оқу орнында (ЖОО) ақылы негізде өз мамандығы бойынша оқуды жалғастыруды жоспарлап отырған колледж түлектері оқуға әңгімелесу қорытындысы бойынша қабылданады. Бұл ретте оқуға қабылдауды ЖОО-лардың қабылдау комиссиялары жүзеге асырады. "Барлық бес ҰБТ қорытындысы бойынша белгіленген шекті баллды жинай алмаған, тестілеу нәтижесі жойылған, бейіндік пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін талапкерлерге ЖОО-ға шартты түрде ақылы негізде оқуға түсу мүмкіндігі беріледі. Ары қарай олар 2024 жылы қаңтар, наурыз, негізгі және тамыз ҰБТ-сына қатысып, ЖОО-да оқуын жалғастыру үшін қажетті шекті балын жинай алады", - деді министрлікте.
Бүгін тамыз айындағы ұлттық бірыңғай тестілеу басталды, ол осы айдың 15-іне дейін жалғасады. Тестілеуге қатысу үшін 17 мыңнан астам өтініш қабылданды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі Facebook-тегі ресми парақшасында хабарлады. Ведомствоның хабарлауынша, ҰБТ-ға қатысушылардың 66 пайызға жуығы қазақ тілінде, 34 пайызы орыс тілінде, 53 адам ағылшын тілінде тест тапсыруға ниет білдірді. ҰБТ-ны өткізудің бірінші күні 4499 адам емтихан тапсырады. "Тамыздағы ҰБТ белгіленген шекті баллды жинай алмаған, бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар, ҰБТ нәтижелері жойылған талапкерлердің тестілеуден қайта өтіп, ЖОО-ға ақылы негізде түсу мүмкіндігі болуы үшін өткізіледі", - делінген хабарламада. Ведомство мәліметінше, тіркелу кезінде тесттен өтушілер емтихан өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдады. Министрлікте талапкерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алатыны атап өтілді. Сертификат апелляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тесттен өтушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады. Сондай-ақ министрлікте тамыз айында өтетін ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының сайтында 20-30 шілде аралығында жүргізілетіні еске салынды. Ведомство ақпаратынша, жоғары оқу орнында (ЖОО) ақылы негізде өз мамандығы бойынша оқуды жалғастыруды жоспарлап отырған колледж түлектері оқуға әңгімелесу қорытындысы бойынша қабылданады. Бұл ретте оқуға қабылдауды ЖОО-лардың қабылдау комиссиялары жүзеге асырады. "Барлық бес ҰБТ қорытындысы бойынша белгіленген шекті баллды жинай алмаған, тестілеу нәтижесі жойылған, бейіндік пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін талапкерлерге ЖОО-ға шартты түрде ақылы негізде оқуға түсу мүмкіндігі беріледі.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2031980-elimizde-tamyz-aiyndagy-ubt-bastaldy/
10 тамыз 2023, 14:25
kk
Қазақстанда бір бөлмелі пәтерлерге сұраныс күрт артты
Соңғы кездері қазақстандықтар арасында екі бөлмелі пәтерлер сұранысқа ие болған еді. Бірақ шілде айында керісінше, бір бөлмелі пәтерлерге сұраныс артты. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз. Биылғы жылы Қазақстанда жылжымайтын мүліктің бағасы бірте-бірте төмендеп келеді. Бұл қазақстандықтар арасында сұранысқа әсер етпей қоймады. Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, 2023 жылы шілдеде тұрғын үй сатып алу-сату бойынша 34 225 мәміле жасалған, бұл өткен айдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 14,5 пайызға артық. Оның ішінде көппәтерлі тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 25 444 мәміле (шамамен 74,3 пайыз) жасалған. Көппәтерлі тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша жасалған мәмілелер көрсеткіші 15,7 пайызға өскен. Бұл көрсеткіш бір бөлмелі пәтерлерді сатып алу-сату есебінен көтерілген болатын – шілде айында бір бөлмелі пәтерді сатып алу-сату бойынша жасалған мәміле саны 9 779 құраған. Ал екінші орынды екі бөлмелі пәтерлер иеленді – шамамен 9 592 мәміле жасалған. Айта кетейік, соңғы айларда Қазақстанда екі бөлмелі пәтерлерден гөрі бір бөлмелі пәтерлер көбірек сұранысқа ие болған. Мысалы, маусымда бір бөлмелі пәтерлер бойынша жасалған сатып алу-сату мәмілесі 8525-ті құраған, ал екі бөлмелі пәтерлер бойынша жасалған мәміле саны 7701-ді құрады. Бұл үдеріс мамыр-сәуір айында да байқалды. Ал шілдеде бір бөлмелі пәтерлерге деген сұраныс күрт артып кеткен. Бұл ретте Астана тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің жалпы саны бойынша көшбасшы – 6 675 мәміле жасалған. Бір айдың ішінде қаладағы көрсеткіш 47,6 пайызға өскен. Ал елордада сатылған бір бөлмелі пәтерлердің саны 67 пайызға өскен (маусым айында бұл көрсеткіш 1818-ді көрсетсе, шілдеде 3028-ді құраған). Бұған дейін өңірлер бойынша Алматы көш бастап тұрған болатын, қазір бұл көрсеткіш бойынша оңтүстік астана екінші орында тұр (5217 мәміле жасалған). Өсім көрсеткіші небәрі 8,8 пайызды құрады. Қарағанды облысында сатып алу-сату бойынша жасалған мәміле саны 3 118-ге жетіп, Қарағанды үздік үштікке кірді. Ал Ұлытау өңірінде бұл көрсеткіш ең төмен болып есептеледі – 425 құрады. Түркістан облысында бұл көрсеткіш 39,4 пайызға, Ұлытау облысында 23,9 пайызға өскен. Ал Қостанайда бір айдың ішінде керісінше, 8,1 пайызға төмендеген, Қызылорда облысында тіпті 5,5 пайызға, Атырау облысында 3,1 пайызға кеміген. Осылайша Қазақстандағы баспанаға деген сұраныс көрсеткіші Астанадан сатып алынған бір бөлмелі пәтерлердің есебінен өскен болатын.
Соңғы кездері қазақстандықтар арасында екі бөлмелі пәтерлер сұранысқа ие болған еді. Бірақ шілде айында керісінше, бір бөлмелі пәтерлерге сұраныс артты. Толығырақ материалынан оқыңыз. Биылғы жылы Қазақстанда жылжымайтын мүліктің бағасы бірте-бірте төмендеп келеді. Бұл қазақстандықтар арасында сұранысқа әсер етпей қоймады. Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, 2023 жылы шілдеде тұрғын үй сатып алу-сату бойынша 34 225 мәміле жасалған, бұл өткен айдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 14,5 пайызға артық. Оның ішінде көппәтерлі тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 25 444 мәміле (шамамен 74,3 пайыз) жасалған. Көппәтерлі тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша жасалған мәмілелер көрсеткіші 15,7 пайызға өскен. Бұл көрсеткіш бір бөлмелі пәтерлерді сатып алу-сату есебінен көтерілген болатын – шілде айында бір бөлмелі пәтерді сатып алу-сату бойынша жасалған мәміле саны 9 779 құраған. Ал екінші орынды екі бөлмелі пәтерлер иеленді – шамамен 9 592 мәміле жасалған. Айта кетейік, соңғы айларда Қазақстанда екі бөлмелі пәтерлерден гөрі бір бөлмелі пәтерлер көбірек сұранысқа ие болған. Мысалы, маусымда бір бөлмелі пәтерлер бойынша жасалған сатып алу-сату мәмілесі 8525-ті құраған, ал екі бөлмелі пәтерлер бойынша жасалған мәміле саны 7701-ді құрады. Бұл үдеріс мамыр-сәуір айында да байқалды. Ал шілдеде бір бөлмелі пәтерлерге деген сұраныс күрт артып кеткен. Бұл ретте Астана тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің жалпы саны бойынша көшбасшы – 6 675 мәміле жасалған. Бір айдың ішінде қаладағы көрсеткіш 47,6 пайызға өскен. Ал елордада сатылған бір бөлмелі пәтерлердің саны 67 пайызға өскен (маусым айында бұл көрсеткіш 1818-ді көрсетсе, шілдеде 3028-ді құраған). Бұған дейін өңірлер бойынша Алматы көш бастап тұрған болатын, қазір бұл көрсеткіш бойынша оңтүстік астана екінші орында тұр (5217 мәміле жасалған). Өсім көрсеткіші небәрі 8,8 пайызды құрады. Қарағанды облысында сатып алу-сату бойынша жасалған мәміле саны 3 118-ге жетіп, Қарағанды үздік үштікке кірді. Ал Ұлытау өңірінде бұл көрсеткіш ең төмен болып есептеледі – 425 құрады. Түркістан облысында бұл көрсеткіш 39,4 пайызға, Ұлытау облысында 23,9 пайызға өскен. Ал Қостанайда бір айдың ішінде керісінше, 8,1 пайызға төмендеген, Қызылорда облысында тіпті 5,5 пайызға, Атырау облысында 3,1 пайызға кеміген.
Қаржы
false
https://kaz.nur.kz/nurfin/2031976-qazaqstanda-bir-bolmeli-paterlerge-suranys-kurt-artty/
10 тамыз 2023, 14:09
kk
"Сыйлық қоры 70 млн теңге": Chocofood 10 жылдығына орай сыйлықтан шашу шашпақ
Тағам жеткізумен айналысатын елдегі жетекші әрі жалғыз отандық Chocofood сервисіне 10 жыл толып отыр. Осы мерейлі датаға орай компания сыйлықтың сан түрін ұсынатын үлкен ұтыс ойнын ұйымдастырмақ. Ұтыс ойны 14 тамызда басталады. Мерейтойлық науқанның сыйлық қоры 70 млн теңгені құрайды. Ұтыс ойнына қатысу ережелері мен сыйлықтар туралы ақпарат келесі мақаламызда және сервистің Instagram парақшасында жарияланады. Chocofood - қазақстандықтарға алғаш рет үйге тағам алдыруды сезіндірген бірегей сервис. Отандық өнім бүгінде өз саласында әлемдік компаниялармен лайықты бәсекелесіп қана қоймай, Қазақстанның 12 аймағында көш басында келеді. Сервистің артықшылығы - тағамды уақытылы жеткізетінінде. Қазіргі таңда барлық тапсырыстың 87%-ы уақытылы орындалады. Ал қандай да мәселе туындаса операторлар чат арқылы 1 минутқа жетпейтін уақытта жауап береді. Өнім Forbes-тың Қазақстандағы ең жылдам өсіп келе жатқан компаниялар рейтингіне еніп, Award.kz ұлттық интернет-премиясының Желілік сервистер аталымында жүлдегер атанған. Cервисті осы он жыл ішінде бір миллионнан аса тұтынушы қолданған. Осы бір жылда олардың саны үш жүз мыңға жеткен. Chocofood бұл жетістікпен тоқтап қалуды ойламайды. Мақсаты айқын, жоспары нақты. Ал алғашқы үлкен мерейтойды кең көлемде атап өткелі отыр. Сыйлықтан құр қалмас үшін назарыңыз сервистің ресми парақшасында болсын!
Тағам жеткізумен айналысатын елдегі жетекші әрі жалғыз отандық Chocofood сервисіне 10 жыл толып отыр. Осы мерейлі датаға орай компания сыйлықтың сан түрін ұсынатын үлкен ұтыс ойнын ұйымдастырмақ. Ұтыс ойны 14 тамызда басталады. Мерейтойлық науқанның сыйлық қоры 70 млн теңгені құрайды. Ұтыс ойнына қатысу ережелері мен сыйлықтар туралы ақпарат келесі мақаламызда және сервистің Instagram парақшасында жарияланады. Chocofood - қазақстандықтарға алғаш рет үйге тағам алдыруды сезіндірген бірегей сервис. Отандық өнім бүгінде өз саласында әлемдік компаниялармен лайықты бәсекелесіп қана қоймай, Қазақстанның 12 аймағында көш басында келеді. Сервистің артықшылығы - тағамды уақытылы жеткізетінінде. Қазіргі таңда барлық тапсырыстың 87%-ы уақытылы орындалады. Ал қандай да мәселе туындаса операторлар чат арқылы 1 минутқа жетпейтін уақытта жауап береді. Өнім Forbes-тың Қазақстандағы ең жылдам өсіп келе жатқан компаниялар рейтингіне еніп, ұлттық интернет-премиясының Желілік сервистер аталымында жүлдегер атанған. Cервисті осы он жыл ішінде бір миллионнан аса тұтынушы қолданған. Осы бір жылда олардың саны үш жүз мыңға жеткен. Chocofood бұл жетістікпен тоқтап қалуды ойламайды. Мақсаты айқын, жоспары нақты. Ал алғашқы үлкен мерейтойды кең көлемде атап өткелі отыр.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2031974-syilyq-qory-70-mln-tenge-chocofood-10-zyldygyna-orai-syilyqtan-sasu-saspaq/
10 тамыз 2023, 14:02
kk
Норвегияда дауылдан кейін үй өзенмен ағып кетті (видео)
Норвегияда "Ганс" дауылы тұрып, салдарынан су тасқыны мен көшкін болды. Елдің бір аумағында куәгерлер өзенде ағып бара жатқан үйді видеоға түсіріп алған. The Guardian басылымының жазуынша, Норвегияда Глома өзенінде дауыл мен тасқын салдарынан бөгет жарылған. Өзендегі су деңгейі тағы да көтеріледі деп күтілуде. 800-ге жуық адам Браскерейдфоссты қамтитын Иннландет аймағынан эвакуацияланды. Қайтыс болғандар бар. Осло мен Тронхейм арасындағы негізгі жолдардың бәрі кеше жабылған. Әлеуметтік желіде өзенмен ағып бара жатқан үйдің видеосы пайда болды. Ағыстың үйді көпірге қарай ағызып бара жатқаны байқалады. Бірақ су дейгейінің жоғары болуынан үй көпірдің астынан өте алмай, қирап қалғанын көруге болады.
Норвегияда "Ганс" дауылы тұрып, салдарынан су тасқыны мен көшкін болды. Елдің бір аумағында куәгерлер өзенде ағып бара жатқан үйді видеоға түсіріп алған. The Guardian басылымының жазуынша, Норвегияда Глома өзенінде дауыл мен тасқын салдарынан бөгет жарылған. Өзендегі су деңгейі тағы да көтеріледі деп күтілуде. 800-ге жуық адам Браскерейдфоссты қамтитын Иннландет аймағынан эвакуацияланды. Қайтыс болғандар бар. Осло мен Тронхейм арасындағы негізгі жолдардың бәрі кеше жабылған. Әлеуметтік желіде өзенмен ағып бара жатқан үйдің видеосы пайда болды. Ағыстың үйді көпірге қарай ағызып бара жатқаны байқалады.
Әлемде
false
https://kaz.nur.kz/world/2031975-norvegiyada-dauyldan-keiin-ui-ozenmen-agyp-ketti-video/
10 тамыз 2023, 13:37
kk
Қазақстанда Абай есімді қанша адам тұрады
Бүгін Қазақстанда Абай күнін атап өтіп жатыр. Осыған байланысты Ұлттық статистика бюросы Telegram арнасында елімізде Абай есімді қанша адам бар екенін айтты. Ведомствоның мәліметінше, бүгінде елімізде Абай есімі қойылған 18 452 адам тұрады. Ақынмен аттас тұрғындар саны Түркістан облысында көп кездеседі – 2050 адам. Сондай-ақ ұлы ақынның есімі берілген адам саны Астанада көп – 1930 адам. Алғашқы үштікті Абай есімді 1 588 адам тұратын Алматы облысы түйіндейді. Ойшыл есімі бар тұрғын саны Ұлытау өңірінде ең аз – 194 адам. Ақынның туған өлкесінде (Абай облысында) 238 адам тұрады. Жасына келер болсақ, Қаақстанда Абай есімді 17 жасқа дейінгі 4297 бала бар, ал 18 бен 44 жас аралығында 8231 адам тұрады.
Бүгін Қазақстанда Абай күнін атап өтіп жатыр. Осыған байланысты Ұлттық статистика бюросы Telegram арнасында елімізде Абай есімді қанша адам бар екенін айтты. Ведомствоның мәліметінше, бүгінде елімізде Абай есімі қойылған 18 452 адам тұрады. Ақынмен аттас тұрғындар саны Түркістан облысында көп кездеседі – 2050 адам. Сондай-ақ ұлы ақынның есімі берілген адам саны Астанада көп – 1930 адам. Алғашқы үштікті Абай есімді 1 588 адам тұратын Алматы облысы түйіндейді. Ойшыл есімі бар тұрғын саны Ұлытау өңірінде ең аз – 194 адам. Ақынның туған өлкесінде (Абай облысында) 238 адам тұрады.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2031972-qazaqstanda-abai-esimdi-qansa-adam-turady/
10 тамыз 2023, 12:46
kk
"Жүрегіме ауыр тиді": ата-анасынан бір ай ішінде айырылып қалған Саят Медеуов жан сырын ақтарды
Отандық әнші Саят Медеуовтің ата-анасы карантин уақытында бірінің арасына бірі 14 күн салып, өмірден өткен. Нартай Аралбайұлына сұхбат берген әнші ешкімге айтпаған құпиясын бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Екеуінің қазасының арасы 14 күн болды. Ол жеке басымдағы, отбасымдағы қайғы ғой. Бірақ ол біздің ғана отбасымызда болмады, бүкіл ұлттың басында болды. Сол кезде "Қазағым қариясыз қалмаса екен" деп жаздым. Қазақтың көп қариясы, жастары кетті. Әкем "Бізге адам өлімінің саны керек боп жатыр ғой. Мен секілді кәрілер өлсін. Жастар аман болсын. Мен өле берейінші, балам" деп жатты. Сол сөз менің жүрегіме ауыр тиді. Анам коронавирустан қайтыс болды. Анам өмірден өткесін, сап-сау жүрген әкем кетті. Ол кісі бірақ коронавирустан қайтыс болмады. Бірақ, таңғалғаным, "Коронавирустан қайтыс болды деп жазайықшы" деп келді. Ағам маған қатты қиналып, "Әкемді коронавирустан қайтыс болды деп жазайық деп келді. Не істейін?" деп хабарласты. Мен "Әкемнің арманы еді. Өзі де тізім керек боп жатыр деп еді. Не жазса да өздері көрсін" дедім. Сосын ағам хабарласып, "Өлген адам өлді. Не жазсаңдар да өздерің біліңдер" деді. Болары болды, не істейміз енді? Шындық солай енді", - деді Саят Медеуов. Айта кетейік, осыған дейін Саят Медеуов жол апатына түскен кезін еске алған болатын.
Отандық әнші Саят Медеуовтің ата-анасы карантин уақытында бірінің арасына бірі 14 күн салып, өмірден өткен. Нартай Аралбайұлына сұхбат берген әнші ешкімге айтпаған құпиясын бөлісті, деп жазады . "Екеуінің қазасының арасы 14 күн болды. Ол жеке басымдағы, отбасымдағы қайғы ғой. Бірақ ол біздің ғана отбасымызда болмады, бүкіл ұлттың басында болды. Сол кезде "Қазағым қариясыз қалмаса екен" деп жаздым. Қазақтың көп қариясы, жастары кетті. Әкем "Бізге адам өлімінің саны керек боп жатыр ғой. Мен секілді кәрілер өлсін. Жастар аман болсын. Мен өле берейінші, балам" деп жатты. Сол сөз менің жүрегіме ауыр тиді. Анам коронавирустан қайтыс болды. Анам өмірден өткесін, сап-сау жүрген әкем кетті. Ол кісі бірақ коронавирустан қайтыс болмады. Бірақ, таңғалғаным, "Коронавирустан қайтыс болды деп жазайықшы" деп келді. Ағам маған қатты қиналып, "Әкемді коронавирустан қайтыс болды деп жазайық деп келді. Не істейін?" деп хабарласты. Мен "Әкемнің арманы еді. Өзі де тізім керек боп жатыр деп еді. Не жазса да өздері көрсін" дедім. Сосын ағам хабарласып, "Өлген адам өлді. Не жазсаңдар да өздерің біліңдер" деді. Болары болды, не істейміз енді? Шындық солай енді", - деді Саят Медеуов.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2031955-zuregime-auyr-tidi-ata-anasynan-bir-ai-isinde-aiyrylyp-qalgan-sayat-medeuov-zan-syryn-aqtardy/
10 тамыз 2023, 12:35
kk
Түркістан облысындағы тойдың видеосы полицияның назарын аудартты
Түркістан облысында түсірілген үйлену тойының видеосы полицияның назарына ілікті. Кортеж жүргізушілерінің бірі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ІІМ Telegram арнасында. "Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында, той кортежінде жол ережесін сақтамаған және рұқсат етілмейтін қызыл-көк түсті маяк орнатып, тіпті мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз трассада емін-еркін жүрген екі көліктің бейнежазбасы анықталды", - деп хабарлады полициядан. Ведомствоның мәліметінше, құқық бұзушылық Қазығұрт ауданында болған. ВАЗ 21015 көлігі анықталып, оның жүргізушісі ӘҚБтК 590-бабы 2-бөлігі, 603-бабы 2-бөлігі, 601-бабы 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылды. Бұл ретте жүргізуші кінәсін толық мойындады. Ал бейнежазбадағы екінші Lada Granta көлігін басқарған шымкенттік тұрғынның жеке басы анықталып, тәртіп сақшылары оларды іздеп жатыр.
Түркістан облысында түсірілген үйлену тойының видеосы полицияның назарына ілікті. Кортеж жүргізушілерінің бірі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ІІМ Telegram арнасында. "Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында, той кортежінде жол ережесін сақтамаған және рұқсат етілмейтін қызыл-көк түсті маяк орнатып, тіпті мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз трассада емін-еркін жүрген екі көліктің бейнежазбасы анықталды", - деп хабарлады полициядан. Ведомствоның мәліметінше, құқық бұзушылық Қазығұрт ауданында болған. ВАЗ 21015 көлігі анықталып, оның жүргізушісі ӘҚБтК 590-бабы 2-бөлігі, 603-бабы 2-бөлігі, 601-бабы 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылды. Бұл ретте жүргізуші кінәсін толық мойындады.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2031961-turkistan-oblysyndagy-toidyn-videosy-policiyanyn-nazaryn-audartty/
10 тамыз 2023, 12:06
kk
Тоқаев Екібастұз тұрғынының өтінішін орындады
Кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұз тұрғындарымен кездесті. Ол тұрғындардың бірінің өтінішін орындады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook парақшасында хабарлады. Руслан Желдібай кеше президенттің Екібастұз тұрғындарымен кездесуінде қала тұрғындары атынан көпбалалы ана Аяна Смағұлова балаларға арналған шығармашылық үйін салу туралы өтініш айтқанын еске салды. "Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өскелең ұрпақтың шығармашылық және интеллектуалды қабілеттерін дамытуға арналған әлеуметтік нысанды салу жөнінде шешім қабылданды. Нысанды қаржыландыру көзі табылды. Шығармашылық үйі демеушілердің есебінен салынады. Облыс әкімдігіне жобаның жүзеге асырылуын қадағалау тапсырылды", - деп жазды Желдібай.
Кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұз тұрғындарымен кездесті. Ол тұрғындардың бірінің өтінішін орындады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook парақшасында хабарлады. Руслан Желдібай кеше президенттің Екібастұз тұрғындарымен кездесуінде қала тұрғындары атынан көпбалалы ана Аяна Смағұлова балаларға арналған шығармашылық үйін салу туралы өтініш айтқанын еске салды. "Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өскелең ұрпақтың шығармашылық және интеллектуалды қабілеттерін дамытуға арналған әлеуметтік нысанды салу жөнінде шешім қабылданды. Нысанды қаржыландыру көзі табылды. Шығармашылық үйі демеушілердің есебінен салынады.
Саясат және экономика
false
https://kaz.nur.kz/politics/2031956-toqaev-ekibastuz-turgynynyn-otinisin-oryndady/
10 тамыз 2023, 11:34
kk
Блогер Zheka Fatbelly сүйіктісімен мұсылманша неке қидырды (видео)
Көпшілікке Zheka лақап есімімен танымал блогер Жеңіс Омаров сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасаған болатын. Блогер мұсылманша некесін қидырған сәтті көпшілікке көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Бұл жайлы блогер Instagram парақшасында айтты. "Енді әйелі мен күйеуіміз", - деді Жеңіс Омаров. Желі қолданушылары блогердің қуанышына ортақтасып, жылы лебізін білдірді. "Бақытты болыңыздар", "Құттықтаймын", "Алла бақтарыңды ашсын", - деп жазды желідегілер. Айта кетейік, жақында Zheka лақап есімімен танымал блогер Жеңіс Омаров сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады. Бойжеткен блогерге тұрмысқа шығуға келісім берген болатын.
Көпшілікке Zheka лақап есімімен танымал блогер Жеңіс Омаров сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасаған болатын. Блогер мұсылманша некесін қидырған сәтті көпшілікке көрсетті, деп жазады . Бұл жайлы блогер Instagram парақшасында айтты. "Енді әйелі мен күйеуіміз", - деді Жеңіс Омаров. Желі қолданушылары блогердің қуанышына ортақтасып, жылы лебізін білдірді. "Бақытты болыңыздар", "Құттықтаймын", "Алла бақтарыңды ашсын", - деп жазды желідегілер. Айта кетейік, жақында Zheka лақап есімімен танымал блогер Жеңіс Омаров сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2031943-bloger-zheka-fatbelly-suiiktisimen-musylmansa-neke-qidyrdy-video/
10 тамыз 2023, 11:18
kk
Алматыда әйелдің басын кесіп алды деп күдіктелген ер адамға қатысты тың мәлімет жарияланды
Алматыда әйелді бауыздап, басын кесіп алды деп күдіктелген ер адамға қатысты алғашқы сот отырысында тың мәліметтер айтылды. Мемлекеттік айыптаушынының сөзінше, күдікті бірге тұратын келіншегіне өзінің маңыздылығын көрсету үшін әрі кезінде өзіне қарамай кеткен шұжық сататын әйелден кек қайтару үшін қанды қылмысқа барған, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Телеарнаның мәліметінше, тұрақты үйі мен табысы жоқ И. бірге тұрған әрі осы уақытқа дейін асырап келген әйелден ажырап қалмас үшін жауыздықпен адам өлтірген деп күдіктелуде. Жәбірленушіні саябақтан тауып, "жататын жер мен жұмыс беремін" деп алдап көріскен. "11 сәуірде И. алдын ала дайындаған пакет пен пышақты алып, Айнабұлақ ықшамауданындағы үйден шығып саябаққа бет алады. Кешкі сағат 8 жарым шамасында И.и А.-мен кездеседі. Жәбірленуші жалғыз екенін көріп, пышақпен мойнына ұрады. Әйел екі минуттың ішінде қайтыс болды. Ал кесіп алған басын пакетке салады", - деді мемлекеттік айыптаушы Асхат Кеңес. Телеарнаның ақпаратынша, келесі күні күдікті сол басты базарға апарған. Дәл шұжық сататын дүкенге қалдырып кетуіне де себеп бар екен. Осылайша, кезінде өзіне қарамай кеткен әйелден, яғни сатушыдан кек қайтарғысы келген дейді прокурор. Күндіз базардан табылған бас елді шошытқан болатын. Тергеу мәліметінше, күдіктінің көздегені де осы болған көрінеді. "Алматыда жүрген қанішерден қорғаймын" деп, бірге тұрған әйеліне айтқан. Яғни үйден қуып жібермес үшін өзінің керектігін көрсеткісі келіпті. Десе де айыпталушы тағылған айыппен мүлде келіспеді. Ол сотқа алқабилердің қатысуын сұрады. Сот өтінішті мақұлдады. Еске сала кетсек, 12 сәуірде Алматыдағы базарлардың бірінен пакетке салынған бас табылған еді. Марқұм - 1976 жылы туған әйел. Оның денесі базар жанындағы қараусыз ғимараттың маңынан табылды. Кейін 61 жастағы күдікті ұсталды. Оның үстінен адам өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қылмысы дәлелденсе, күдікті 15 жыл немесе өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Дереккөз: КТК телеарнасы
Алматыда әйелді бауыздап, басын кесіп алды деп күдіктелген ер адамға қатысты алғашқы сот отырысында тың мәліметтер айтылды. Мемлекеттік айыптаушынының сөзінше, күдікті бірге тұратын келіншегіне өзінің маңыздылығын көрсету үшін әрі кезінде өзіне қарамай кеткен шұжық сататын әйелден кек қайтару үшін қанды қылмысқа барған, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Телеарнаның мәліметінше, тұрақты үйі мен табысы жоқ И. бірге тұрған әрі осы уақытқа дейін асырап келген әйелден ажырап қалмас үшін жауыздықпен адам өлтірген деп күдіктелуде. Жәбірленушіні саябақтан тауып, "жататын жер мен жұмыс беремін" деп алдап көріскен. "11 сәуірде И. алдын ала дайындаған пакет пен пышақты алып, Айнабұлақ ықшамауданындағы үйден шығып саябаққа бет алады. Кешкі сағат 8 жарым шамасында И.и А.-мен кездеседі. Жәбірленуші жалғыз екенін көріп, пышақпен мойнына ұрады. Әйел екі минуттың ішінде қайтыс болды. Ал кесіп алған басын пакетке салады", - деді мемлекеттік айыптаушы Асхат Кеңес. Телеарнаның ақпаратынша, келесі күні күдікті сол басты базарға апарған. Дәл шұжық сататын дүкенге қалдырып кетуіне де себеп бар екен. Осылайша, кезінде өзіне қарамай кеткен әйелден, яғни сатушыдан кек қайтарғысы келген дейді прокурор. Күндіз базардан табылған бас елді шошытқан болатын. Тергеу мәліметінше, күдіктінің көздегені де осы болған көрінеді. "Алматыда жүрген қанішерден қорғаймын" деп, бірге тұрған әйеліне айтқан. Яғни үйден қуып жібермес үшін өзінің керектігін көрсеткісі келіпті. Десе де айыпталушы тағылған айыппен мүлде келіспеді. Ол сотқа алқабилердің қатысуын сұрады. Сот өтінішті мақұлдады. Еске сала кетсек, 12 сәуірде Алматыдағы базарлардың бірінен пакетке салынған бас табылған еді. Марқұм - 1976 жылы туған әйел. Оның денесі базар жанындағы қараусыз ғимараттың маңынан табылды. Кейін 61 жастағы күдікті ұсталды. Оның үстінен адам өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қылмысы дәлелденсе, күдікті 15 жыл немесе өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2031939-almatyda-aieldin-basyn-kesip-algan-kudiktige-qatysty-tyn-malimet-zariyalandy/
10 тамыз 2023, 10:37
kk
2023 жылғы 10 тамыз: криптовалюталардың долларға шаққандағы бағамы
Binance блокчейн-экожүйесінің ақпаратына сәйкес, криптовалюта нарығындағы 2023 жылғы 10 тамыз күнгі жағдай мынадай: Биткоиннің долларға шаққандағы бағамы өткен тәулік ішінде $134.23-ға төмендеді. Бүгін актив $29,728.43387849* төңірегінде саудаланады. Tronix криптовалютасы бүгін кешегі күнмен салыстырғанда $0.00046-ға өсті. TRX бағамы 2023 жылғы 10 тамыз күні $0.07661355*-ды құрап отыр. Ethereum-нің долларға шаққандағы бағамы $1.92-ға төмендеді. Аталған криптовалютаның құны бүгінде $1,857.70872147*-ды құрап отыр. Decentraland криптовалютасы тәулік ішінде $0.0026-ға арзандады. Қазіргі уақытта актив $0.36961678* деңгейінде саудаланып жатыр. True USD тәулік ішінде $0.0007-ға төмендеді. TUSD бағамы 2023 жылғы 10 тамыз күні $1.0003256*-ды құрап отыр. Litecoin криптовалютасы $0.35-ға нығая түсті. Актив $83.89922657* деңгейінде саудаланып жатыр. Ethereum Classic бағасы бүгінде $0.09-ға төмендеді. Криптовалютаның өзекті құны – $17.85507216*. Ripple өткен күнмен салыстырғанда $0.0018-ға арзандады. Криптовалютаның бүгінгі құны - $0.64838394*. Dogecoin кешегі күнмен салыстырғанда $0.00122-ға өсті. Қазіргі уақытта актив $0.07537784* деңгейінде саудаланып жатыр. *Материал Binance криптовалюталық биржасының деректері негізінде әзірленген. Бағамдарға қатысты ақпарат мақала жарияланған сәтте өзекті.
Binance блокчейн-экожүйесінің ақпаратына сәйкес, криптовалюта нарығындағы 2023 жылғы 10 тамыз күнгі жағдай мынадай: Биткоиннің долларға шаққандағы бағамы өткен тәулік ішінде $134.23-ға төмендеді. Бүгін актив $29,728.43387849* төңірегінде саудаланады. Tronix криптовалютасы бүгін кешегі күнмен салыстырғанда $0.00046-ға өсті. TRX бағамы 2023 жылғы 10 тамыз күні $0.07661355*-ды құрап отыр. Ethereum-нің долларға шаққандағы бағамы $1.92-ға төмендеді. Аталған криптовалютаның құны бүгінде $1,857.70872147*-ды құрап отыр. Decentraland криптовалютасы тәулік ішінде $0.0026-ға арзандады. Қазіргі уақытта актив $0.36961678* деңгейінде саудаланып жатыр. True USD тәулік ішінде $0.0007-ға төмендеді. TUSD бағамы 2023 жылғы 10 тамыз күні $1.0003256*-ды құрап отыр. Litecoin криптовалютасы $0.35-ға нығая түсті. Актив $83.89922657* деңгейінде саудаланып жатыр. Ethereum Classic бағасы бүгінде $0.09-ға төмендеді. Криптовалютаның өзекті құны – $17.85507216*. Ripple өткен күнмен салыстырғанда $0.0018-ға арзандады. Криптовалютаның бүгінгі құны - $0.64838394*. Dogecoin кешегі күнмен салыстырғанда $0.00122-ға өсті. Қазіргі уақытта актив $0.07537784* деңгейінде саудаланып жатыр. *Материал Binance криптовалюталық биржасының деректері негізінде әзірленген.
Қаржы
false
https://kaz.nur.kz/nurfin/2031937-2023-zylgy-10-tamyz-kriptovalyutalardyn-dollarga-saqqandagy-bagamy/
10 тамыз 2023, 10:05
kk
"Біреуге кесірімізді тигіздің ғой": Саят Медеуов қалай жол апатына түскенін айтты
Әнші Саят Медеуов осыдан біраз уақыт бұрын жол апатына түскенін айтқан болатын. Өнер иесі Нартай Аралбайға берген сұхбатында жол апатынан соң далада оянғанын баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Апатқа түскенім де дұрыс болды. Себебі, жанымдағы жігіт ұйықтап кетті. Мен ауруханада жатқанда "Егер менің апатқа түсуім елге сабақ болса, мен қуаныштымын. Апатқа түскенім дұрыс болды" дедім. Себебі, ұйықтап кетіп жолға шығу, шаршап отырып жолға шығу дегенді тоқтатуымыз керек. Сол үлкен сабақ шығар. Апатқа түскенде, далада ояндым. Қимыл бар, отырмын. Біз ұйықтаймыз деп келіскенбіз ғой. Жанымдағы туысым бір жерге жетіп алу үшін ұйықтамай жүре берген. Жолда қалғып кеткен. Өзіміздің ақымақтық қой. "Біреуге кесірімізді тигіздің ғой. Ұйықтауың керек еді ғой" деп айттым. Ол кезде кімді қақтық, не қақтық білмеймін. Бір жедел жәрдем тұр. Сол сәтте есімді білер-білмес отырдым-ау деймін. Көлікпен соқтығысқанбыз. Олар аман, шүкір! Біз кінәліміз ғой, ұйықтамағанбыз. Бауырды кешірмей қайда барамыз?", - деді Саят Медеуов.
Әнші Саят Медеуов осыдан біраз уақыт бұрын жол апатына түскенін айтқан болатын. Өнер иесі Нартай Аралбайға берген сұхбатында жол апатынан соң далада оянғанын баяндап берді, деп жазады . "Апатқа түскенім де дұрыс болды. Себебі, жанымдағы жігіт ұйықтап кетті. Мен ауруханада жатқанда "Егер менің апатқа түсуім елге сабақ болса, мен қуаныштымын. Апатқа түскенім дұрыс болды" дедім. Себебі, ұйықтап кетіп жолға шығу, шаршап отырып жолға шығу дегенді тоқтатуымыз керек. Сол үлкен сабақ шығар. Апатқа түскенде, далада ояндым. Қимыл бар, отырмын. Біз ұйықтаймыз деп келіскенбіз ғой. Жанымдағы туысым бір жерге жетіп алу үшін ұйықтамай жүре берген. Жолда қалғып кеткен. Өзіміздің ақымақтық қой. "Біреуге кесірімізді тигіздің ғой. Ұйықтауың керек еді ғой" деп айттым. Ол кезде кімді қақтық, не қақтық білмеймін. Бір жедел жәрдем тұр. Сол сәтте есімді білер-білмес отырдым-ау деймін. Көлікпен соқтығысқанбыз. Олар аман, шүкір! Біз кінәліміз ғой, ұйықтамағанбыз.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2031931-bireuge-kesirimizdi-tigizdin-goi-sayat-medeuov-qalai-zol-apatyna-tuskenin-aitty/
10 тамыз 2023, 09:54
kk
Тоқаев қазақстандықтарды Абай күнімен құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай күніне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады. Мемлекет басшысы хакім Абайдың ұлт руханиятын дамытуға өлшеусіз үлес қосқанын атап өтті. "Баршаңызды Абай күнімен құттықтаймын! Хакім Абай – ұлт руханиятын дамытуға өлшеусіз үлес қосқан кемеңгер. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу ісінде Абай өсиетінің маңызы зор. Адал азамат ұғымы ұлы ақынның "толық адам" тұжырымынан бастау алады. Біз Абай мұрасын насихаттауды жалғастыра береміз", – деп жазды мемлекет басшысы.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай күніне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады. Мемлекет басшысы хакім Абайдың ұлт руханиятын дамытуға өлшеусіз үлес қосқанын атап өтті. "Баршаңызды Абай күнімен құттықтаймын! Хакім Абай – ұлт руханиятын дамытуға өлшеусіз үлес қосқан кемеңгер. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу ісінде Абай өсиетінің маңызы зор. Адал азамат ұғымы ұлы ақынның "толық адам" тұжырымынан бастау алады.
Саясат және экономика
false
https://kaz.nur.kz/politics/2031928-toqaev-qazaqstandyqtardy-abai-kunimen-quttyqtady/
10 тамыз 2023, 09:40
kk
Қызылордада лагерьдегі балаларға берілетін тамақ ескі әжетханада сақталған
Қызылордада тынығып жатқан балаларға берілетін ас-ауқат ескі әжетханада сақталған. Бұл кемшілікті прокурорлар Шиелі ауданындағы "Сыр ұланы" лагерін тексеру барысында анықтады. Кезінде әжетхана болған бөлме бүгінде шағын қоймаға айналған, деп хабарлайды Астана телеарнасы. Телеарнаның мәліметінше, ал Қазалы ауданындағы "Шағала" лагерінде балалар лас суға шомылып, санитарлық талаптарға сай келмейтін асханада тамақтанған. Сырдария ауданында орналасқан "Жалын" демалыс орынының тынығушылары да лас төсек-жабдықтарын пайдаланып келген. "Жекелеген лагерлердің жағдайы нашар. Қазіргі уақытта уәкілетті органдардың қорытындылары күтілуде. Олардың қорытындыларымен тиісті шаралар қабылданатын болады", - деді облыс прокурорының аға көмекшісі Әділ Есқараев. Ал Қостанай облысындағы жазғы демалыс орындарында жарамдылық мерзімі өткен дәрі-дәрмек пен азық-түлік өнімдері анықталды. Лагерь аумағында жарақат алу қаупі жоғары жерлер бар. Ал шайындыларды зерттеу нәтижесі ішек таяқшасы тобының бактериялары болғанын көрсетіпті. Тіпті лагерьдің біріндегі әкімшілік бөлмесінен спирттік ішімдіктер табылған. Тіпті лагерь ғимаратында сауна болған. "Аудандық білім бөлімі басшысының айтуынша 6-7 тамыз күні саунаны бұзу жұмыстары басталған. Балалар тамақтанатын орын мен сауна бір ғимаратта орналасқан. Тексеріс барысында анықталған заңбұзушылықтар бойынша прокуратура тиісті шара қолданады", - деді Қостанай облысы қоғамдық мүддені қорғау басқармасының прокуоры Нұрсұлтан Сатыбалдин.
Қызылордада тынығып жатқан балаларға берілетін ас-ауқат ескі әжетханада сақталған. Бұл кемшілікті прокурорлар Шиелі ауданындағы "Сыр ұланы" лагерін тексеру барысында анықтады. Кезінде әжетхана болған бөлме бүгінде шағын қоймаға айналған, деп хабарлайды Астана телеарнасы. Телеарнаның мәліметінше, ал Қазалы ауданындағы "Шағала" лагерінде балалар лас суға шомылып, санитарлық талаптарға сай келмейтін асханада тамақтанған. Сырдария ауданында орналасқан "Жалын" демалыс орынының тынығушылары да лас төсек-жабдықтарын пайдаланып келген. "Жекелеген лагерлердің жағдайы нашар. Қазіргі уақытта уәкілетті органдардың қорытындылары күтілуде. Олардың қорытындыларымен тиісті шаралар қабылданатын болады", - деді облыс прокурорының аға көмекшісі Әділ Есқараев. Ал Қостанай облысындағы жазғы демалыс орындарында жарамдылық мерзімі өткен дәрі-дәрмек пен азық-түлік өнімдері анықталды. Лагерь аумағында жарақат алу қаупі жоғары жерлер бар. Ал шайындыларды зерттеу нәтижесі ішек таяқшасы тобының бактериялары болғанын көрсетіпті. Тіпті лагерьдің біріндегі әкімшілік бөлмесінен спирттік ішімдіктер табылған. Тіпті лагерь ғимаратында сауна болған. "Аудандық білім бөлімі басшысының айтуынша 6-7 тамыз күні саунаны бұзу жұмыстары басталған. Балалар тамақтанатын орын мен сауна бір ғимаратта орналасқан.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2031923-qyzylordada-lagerdegi-balalarga-beriletin-tamaq-eski-azetxanada-saqtalgan/
10 тамыз 2023, 09:13
kk
2023 жылғы 10 тамыз: Алматы, Астана және Шымкенттегі қолма-қол валюта бағамдары
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми деректеріне сәйкес, бүгін, 2023 жылғы 10 тамыз күнгі жағдай бойынша теңгенің долларға шаққандағы бағамы – 446.32 (+0.44), еуроға шаққандағы бағамы – 489.93 (+0.84) және рубльге шаққандағы бағамы – 4.59 (-0.05). Алматының ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 446.00 (Som Exchange) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 447.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 490.00 (Som Exchange) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 491.98 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.58 (Som Exchange) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.73 (Som Exchange).* Астананың ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 444.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 447.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 486.50 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 491.98 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.54 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.75 (CenterCredit).* Шымкенттің ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 444.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 447.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 486.50 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 491.98 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.54 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.75 (CenterCredit).* Ақпарат ресми дереккөздерден – қазақстандық банктердің және Алматы, Астана, Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау орындарының сайттарынан алынды. Қалаңыздағы ең тиімді валюта бағамдары туралы ақпаратты бірінші алғыңыз келе ме? Telegram-да біздің ботқа жазылыңыз. *Валюталарды сату және сатып алу бойынша ең тиімді бағамдарға қатысты ақпарат мақаланы жариялаған сәтте өзекті.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми деректеріне сәйкес, бүгін, 2023 жылғы 10 тамыз күнгі жағдай бойынша теңгенің долларға шаққандағы бағамы – 446.32 (+0.44), еуроға шаққандағы бағамы – 489.93 (+0.84) және рубльге шаққандағы бағамы – 4.59 (-0.05). Алматының ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 446.00 (Som Exchange) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 447.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 490.00 (Som Exchange) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 491.98 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.58 (Som Exchange) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.73 (Som Exchange).* Астананың ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 444.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 447.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 486.50 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 491.98 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.54 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.75 (CenterCredit).* Шымкенттің ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 444.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 447.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 486.50 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 491.98 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.54 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.75 (CenterCredit).* Ақпарат ресми дереккөздерден – қазақстандық банктердің және Алматы, Астана, Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау орындарының сайттарынан алынды. Қалаңыздағы ең тиімді валюта бағамдары туралы ақпаратты бірінші алғыңыз келе ме? Telegram-да біздің ботқа жазылыңыз.
Қаржы
false
https://kaz.nur.kz/nurfin/2031922-2023-zylgy-10-tamyz-almaty-astana-zane-symkenttegi-qolma-qol-valyuta-bagamdary/
10 тамыз 2023, 09:04
kk
"Жаныма батты": Айгүл Иманбаева өмірден өткен әкесіне жантебірентерлік жазба арнады (видео)
Бірнеше күн бұрын актриса әрі әнші Айгүл Иманбаеваның әкесі өмірден өтті. Өнер иесі әкесінің жер қойнына тапсырылғанын айтып, оған жантебірентерлік жазба арнады, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Өмір барда, өлім хақ. Менің бір қанатым, әкем Жәрдемәлиев Серікқұл Сибғатұлы өмірден озды. Жамбасы жерге тиді. Алланың берген 73 жасын жасады. Кеше ғана тауып, жанында өзімді кішкентай Айгүл сезініп, балалығыма оралған қуанышымды Аллам маған өлшеп берген екен. Шүкір дедім. Жүрегімдегі тасты жұлып тастап, 46 жасымда әкемнің жанында бақытты бала болдым, еркеледім, еркелеттім. Маған Лаура мен Дәулеттей бауыр сыйлады. Сіңілім Райханмен арадағы үзілген жіпті жалғадым. Анам мен әкем ішінде қалған ренішті кешіріп, енді ғана әдемі сыйластық басталған еді. Үзілді… Жаратқанның әрбір ісіне, бергеніне шүкіршілік еттім. Сыртта оқуда жүріп, әкемді соңғы сапарға шығарып салуға үлгермегенім жаныма батты ғой. Тапқаным кеше ғана еді. Бүгін жоғалттым.. Жаратқанның жоспары бізге осылай екен. Жаныңыз жәннатта болсын, әке", - деп жазды Иманбаева Instagram парақшасында. Сонымен қатар Иманбаева желіге әкесімен соңғы түсірілген видеоны жариялады. "Әлеуметтік желіде ішкі әлемімді бөлісіп, көп нәрсе жаза алмаймын. Бірақ менің өмірімі ұқсас жандар болса, барында бағалаңыздар. Өмір қас-қағым сәт. Әкеммен соңғы түскен видео осы", - деді Айгүл Иманбаева.
Бірнеше күн бұрын актриса әрі әнші Айгүл Иманбаеваның әкесі өмірден өтті. Өнер иесі әкесінің жер қойнына тапсырылғанын айтып, оған жантебірентерлік жазба арнады, деп жазады . "Өмір барда, өлім хақ. Менің бір қанатым, әкем Жәрдемәлиев Серікқұл Сибғатұлы өмірден озды. Жамбасы жерге тиді. Алланың берген 73 жасын жасады. Кеше ғана тауып, жанында өзімді кішкентай Айгүл сезініп, балалығыма оралған қуанышымды Аллам маған өлшеп берген екен. Шүкір дедім. Жүрегімдегі тасты жұлып тастап, 46 жасымда әкемнің жанында бақытты бала болдым, еркеледім, еркелеттім. Маған Лаура мен Дәулеттей бауыр сыйлады. Сіңілім Райханмен арадағы үзілген жіпті жалғадым. Анам мен әкем ішінде қалған ренішті кешіріп, енді ғана әдемі сыйластық басталған еді. Үзілді… Жаратқанның әрбір ісіне, бергеніне шүкіршілік еттім. Сыртта оқуда жүріп, әкемді соңғы сапарға шығарып салуға үлгермегенім жаныма батты ғой. Тапқаным кеше ғана еді. Бүгін жоғалттым.. Жаратқанның жоспары бізге осылай екен. Жаныңыз жәннатта болсын, әке", - деп жазды Иманбаева Instagram парақшасында. Сонымен қатар Иманбаева желіге әкесімен соңғы түсірілген видеоны жариялады. "Әлеуметтік желіде ішкі әлемімді бөлісіп, көп нәрсе жаза алмаймын. Бірақ менің өмірімі ұқсас жандар болса, барында бағалаңыздар. Өмір қас-қағым сәт.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2031920-zanyma-batty-aigul-imanbaeva-omirden-otken-akesine-zantebirenterlik-zazba-arnady-video/
10 тамыз 2023, 09:01
kk
Instagram-дағы тікелей эфирден соң басы дауға қалған Щучинск әкімі қалай жазаланды
Ақмола облысы әкімінің аппараты тұрғындармен тікелей эфир өткізіп, басы дауға қалған Щучинск әкімі Олжас Нұрмағамбетов қандай жаза алғанын айтты, деп хабарлайды КТК телеарнасы. "Нұрмағамбетовтың этикаға жат әрекеті көпшіліктің наразылығын тудырды. Әрине, қызметтік тексеріс жүргізіліп, аталған ақпараттың шындыққа жанасатыны анықталды. Оның үстіне ол қателігін мойындады. Оған тәртіптік жаза яғни, қатаң сөгіс жарияланды", - деді Ақмола облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Айнагүл Жанәділова. Щучинск әкімінің басы Instagram желісіндегі тікелей эфирден кейін дауға қалды. Әлеуметтік желі қолданушылары Олжас Нұрмағамбетовті қала тұрғындарына тіл тигізді деп айыптаған еді. Алайда әкімнің өзі мұны жоққа шығарды. Мәселен Telegram каналдардың бірінде әкім желіде тікелей эфир өткізіп, оның барысында қала тұрғындарына атқарылған жұмыстар туралы есеп бергені, содан кейін тұрғындардың сауалдарына жауап бермей, қоштасқаны айтылды. "Сосын, трансляция аяқталды деп ойлаған ол: "Олар бұл сұрақтарды бір жеріне тықсын...", - деген сөзді айтқан. Бұл ретте бейнежазба сақталмаған – әлеуметтік желілерде шенеуніктің көмекшісі бейнеленген хабарды соңғы кадрлар ғана жарияланды. Онда ол трансляцияны өшірмек болғанға ұқсайды. Ал Бурабай ауданының әкімдігі болса, тікелей эфирде әдепсіз сөздер айтылмағанын мәлімдеді. Кейін эфирдің толық жазбасын Олжас Нұрмағамбетовтің өзі жариялады. Кадрларға қарағанда, ол қала тұрғындары туралы айтпаған. Әкімнің пікірлер арасында сұрақ бар ма деп сұрағаны естіледі, ал жанындағы адам оған "түсініктемелерде сұрақ жоқ, тек бір мақалада ғана" деп жауап берді. "Кетсінші ары (...) Оның мақаласына неге жауап беруіміз керек? Парақшасын (әлеуметтік желідегі – ред.) бір жеріне тығып қойсын", - деді әкім. Ол сөзі үшін кешірім сұрады.
Ақмола облысы әкімінің аппараты тұрғындармен тікелей эфир өткізіп, басы дауға қалған Щучинск әкімі Олжас Нұрмағамбетов қандай жаза алғанын айтты, деп хабарлайды КТК телеарнасы. "Нұрмағамбетовтың этикаға жат әрекеті көпшіліктің наразылығын тудырды. Әрине, қызметтік тексеріс жүргізіліп, аталған ақпараттың шындыққа жанасатыны анықталды. Оның үстіне ол қателігін мойындады. Оған тәртіптік жаза яғни, қатаң сөгіс жарияланды", - деді Ақмола облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Айнагүл Жанәділова. Щучинск әкімінің басы Instagram желісіндегі тікелей эфирден кейін дауға қалды. Әлеуметтік желі қолданушылары Олжас Нұрмағамбетовті қала тұрғындарына тіл тигізді деп айыптаған еді. Алайда әкімнің өзі мұны жоққа шығарды. Мәселен Telegram каналдардың бірінде әкім желіде тікелей эфир өткізіп, оның барысында қала тұрғындарына атқарылған жұмыстар туралы есеп бергені, содан кейін тұрғындардың сауалдарына жауап бермей, қоштасқаны айтылды. "Сосын, трансляция аяқталды деп ойлаған ол: "Олар бұл сұрақтарды бір жеріне тықсын...", - деген сөзді айтқан. Бұл ретте бейнежазба сақталмаған – әлеуметтік желілерде шенеуніктің көмекшісі бейнеленген хабарды соңғы кадрлар ғана жарияланды. Онда ол трансляцияны өшірмек болғанға ұқсайды. Ал Бурабай ауданының әкімдігі болса, тікелей эфирде әдепсіз сөздер айтылмағанын мәлімдеді. Кейін эфирдің толық жазбасын Олжас Нұрмағамбетовтің өзі жариялады. Кадрларға қарағанда, ол қала тұрғындары туралы айтпаған. Әкімнің пікірлер арасында сұрақ бар ма деп сұрағаны естіледі, ал жанындағы адам оған "түсініктемелерде сұрақ жоқ, тек бір мақалада ғана" деп жауап берді. "Кетсінші ары (...) Оның мақаласына неге жауап беруіміз керек? Парақшасын (әлеуметтік желідегі – ред.) бір жеріне тығып қойсын", - деді әкім.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2031915-instagram-dagy-tikelei-efirden-son-basy-dauga-qalgan-shhucinsk-akimi-qalai-zazalandy/
10 тамыз 2023, 07:59
kk
Бүгін елдегі ірі қалаларда ауа райы қандай болады
Бейсенбі, 10 тамызда Астанада күн күркіреп, Алматы мен Шымкентте ыстық болуы мүмкін. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарлады. Синоптиктердің болжауынша, бүгін елордада күн күркіреп, жел 5-10 м/с дейін күшейеді. Бұл ретте екпіні 15 м/с дейін жетеді. Күндіз сынап бағанасы 27-29 градус жылыны көрсетсе, түнде 13-15 градусқа дейін суытады. Найзағай салдарынан Астанада дауылдық ескерту жарияланды. Алматыда бүгін күн ашық болады деп болжануда. Күндіз 32-34 градус, түнде 21-23 градус жылы болады. Желдің жылдамдығы - 3-8 м/с. Шымкентте де күн ашық, күндіз 34-36 градус ыстық болса, түнде ауа температурас 21-23 градусқа дейін төмендейді. Сондай-ақ желдің жылдамдығы 8-13 м/с жетуі мүмкін.
Бейсенбі, 10 тамызда Астанада күн күркіреп, Алматы мен Шымкентте ыстық болуы мүмкін. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарлады. Синоптиктердің болжауынша, бүгін елордада күн күркіреп, жел 5-10 м/с дейін күшейеді. Бұл ретте екпіні 15 м/с дейін жетеді. Күндіз сынап бағанасы 27-29 градус жылыны көрсетсе, түнде 13-15 градусқа дейін суытады. Найзағай салдарынан Астанада дауылдық ескерту жарияланды. Алматыда бүгін күн ашық болады деп болжануда. Күндіз 32-34 градус, түнде 21-23 градус жылы болады. Желдің жылдамдығы - 3-8 м/с. Шымкентте де күн ашық, күндіз 34-36 градус ыстық болса, түнде ауа температурас 21-23 градусқа дейін төмендейді.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2031913-bugin-eldegi-iri-qalalarda-aua-raiy-qandai-bolady/
10 тамыз 2023, 07:33
kk
Бүгінгі жұлдыз жорамал: 10 тамыз күні сізді не күтіп тұр
Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз. Жағдайды анықтауға көмектесетін маңызды әңгіме немесе кездесу болады. Бұл күнгі оқиғалар сіздің жайлылығыңызды бұзып, жағымсыз сезім қалдыруы мүмкін, бірақ тұтастай алғанда күн айтарлықтай жаман болмайды. Бүгін отбасыңызда тамаша түсіністік орнайтын күн. Жақындарыңызға деген ерекше жылылық пайда болып, қарым-қатынастарыңыз беки түседі. Осы демалыс күндері достарыңызбен кездесуді жоспарламаңыз, сізде ұзақ мерзімді қарым-қатынас үшін ресурс қалмауы мүмкін. Өзіңізге сын көзбен қарамаңыз: тіпті өзіңізді майда-шүйдеге кінәлауға дайын тұрсаңыз да, сынаудан аулақ болыңыз, сіз өзіңізге келгенде тым қаталсыз. Мүмкін болса, күнді өзіңге арнаңыз, жоспарланбаған кездесулерден бас тартыңыз: эмоционалды жеңілдеуді сезіну артық етпейді. Қарым-қатынаста өз тілектеріңізді айтуда батыл болыңыз - серіктесіңіз сізді тыңдауға дайын. Қиын жағдайда қалғандарға көмектесу қуаныш пен жағымды эмоциялар әкеледі. Мазаңызды қашырған көп мәселе өздігінен шешіледі. Эмоцияларыңызды бақылауда ұстаңыз. Проблемаларыңызды асыра айтып, достарыңыздың басын қатырмаңыз. Даналық пен шыдамдылық танытыңыз. Күніңізді жоспарлауға уақыт бөліңіз. Өзіңізді көп жұмыспен жүктемеңіз. Бәрібір бұл күн нәтижелі болмайды. Жұмысқа ден қойып, ләззат алыңыз. Бүгін кішігірім тұрмыстық заттар сынуы мүмкін: үй техникасын қолданғанда абай болыңыз. Егер сіз соңғы уақытта үнемі апатия мен күйзелісте жүргеніңізді сезсеңіз немесе әрқашан қуанатын нәрсеге риза болмай жүрсеңіз, психологпен кеңесуіңіз керек. Өз эмоционалдық жай-күйіңізді бақылаңыз. Мазалаған мәселелер өткеннің еншісінде қалады. Жеңіл және жайлы күн күтіп тұр : шопинг жасаңыз, романтикалық кешкі ас ұйымдастырыңыз, сүйіктіңізді таң қалдырыңыз. Өзіңіздің екінші жартыңызға қаншалықты риза екеніңізді айтып қойыңыз. Еш қысылмаңыз, ол бұған мұқтаж. Өзіңіз туралы жағымсыз шындықты естігіңіз келмесе, серіктеспен жанжалдасқанда қатты кетпеңіз. Күннің екінші жартысы жеке қарым-қатынасқа ұнайтын өзгерістер әкеледі. Жұлдыздар сіздің жағыңызда, сондықтан бастаманы өз қолыңызға алудан қорықпаңыз. Күйбең тірлікке асықпаңыз, өзіңізге көңіл бөліңіз. Үйіңіздің ауасы таза әрі кең болғанын қаласаңыз, сөрелерден ескі «шаң жинағыш» декорларды алып тастауға тырысыңыз. Бөлмелердегі шағын декорларсыз сізге үйді тазалау да оңайырақ болады. Егер сіздің арқаңыз аздап ауырса, дәрігерге баруды кешіктірмеңіз. Ортопедиялық матрац сатып алуды да қарастырыңыз. Ескі доспен кездесу өткен күндерді еске түсіруге көмектеседі. Оған ерекше сыйлық жасаңыз. Жаныңыздағы адамдарға жақсы болып көріну үшін өз болмысыңызды өзгертуге тырыспаңыз. Сіз осы қалпыңызда махаббатқа лайықсыз. Туыстармен арада келіспеушілік туындауы мүмкін, өзіңізден кішілермен тіл табысу қиын болады. Сабырлы болыңыз, содан кейін жанжалдан аулақ болыңыз. Жоспарланып қойған істерге ешқандай оқиға кедергі бола алмайды. Жалғызбасты жандарға еш уайымдаудың қажеті жоқ. Егер сүйіктіңізді таба алмай жүрсеңіз, онда қаймықпаңыз. Әр нәрсенің өз уақыты бар, тағдыр сізге қажетті адамды тауып беретіні анық. Күтпеген уақытта күтпеген адамға жолығуыңыз мүмкін. Бизнесте бастамашыл болыңыз. Бұл басқалар сәтсіздікке ұшыраған жерде табысқа жетуге көмектеседі. Қазір тәжірибе жасауға жақсы уақыт. Күтпеген, батыл әрі бірегей шешімдерді қабылдайсыз. Жаңа одақтастар табасыз. Әлеуетті серіктестермен, ықпал етушілермен немесе жұмыс берушілермен кездесу өткізуіңіз мүмкін. Жуғаннан кейін киімді қалай кептіретініңізге назар аударыңыз: егер сіз киімді кептіргіште ілместен бұрын дымқыл күйінде сілкіп, тіктеп шықсаңыз, кейін киміді үтіктеуге уақыт жоғалтпайсыз.
Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз. Жағдайды анықтауға көмектесетін маңызды әңгіме немесе кездесу болады. Бұл күнгі оқиғалар сіздің жайлылығыңызды бұзып, жағымсыз сезім қалдыруы мүмкін, бірақ тұтастай алғанда күн айтарлықтай жаман болмайды. Бүгін отбасыңызда тамаша түсіністік орнайтын күн. Жақындарыңызға деген ерекше жылылық пайда болып, қарым-қатынастарыңыз беки түседі. Осы демалыс күндері достарыңызбен кездесуді жоспарламаңыз, сізде ұзақ мерзімді қарым-қатынас үшін ресурс қалмауы мүмкін. Өзіңізге сын көзбен қарамаңыз: тіпті өзіңізді майда-шүйдеге кінәлауға дайын тұрсаңыз да, сынаудан аулақ болыңыз, сіз өзіңізге келгенде тым қаталсыз. Мүмкін болса, күнді өзіңге арнаңыз, жоспарланбаған кездесулерден бас тартыңыз: эмоционалды жеңілдеуді сезіну артық етпейді. Қарым-қатынаста өз тілектеріңізді айтуда батыл болыңыз - серіктесіңіз сізді тыңдауға дайын. Қиын жағдайда қалғандарға көмектесу қуаныш пен жағымды эмоциялар әкеледі. Мазаңызды қашырған көп мәселе өздігінен шешіледі. Эмоцияларыңызды бақылауда ұстаңыз. Проблемаларыңызды асыра айтып, достарыңыздың басын қатырмаңыз. Даналық пен шыдамдылық танытыңыз. Күніңізді жоспарлауға уақыт бөліңіз. Өзіңізді көп жұмыспен жүктемеңіз. Бәрібір бұл күн нәтижелі болмайды. Жұмысқа ден қойып, ләззат алыңыз. Бүгін кішігірім тұрмыстық заттар сынуы мүмкін: үй техникасын қолданғанда абай болыңыз. Егер сіз соңғы уақытта үнемі апатия мен күйзелісте жүргеніңізді сезсеңіз немесе әрқашан қуанатын нәрсеге риза болмай жүрсеңіз, психологпен кеңесуіңіз керек. Өз эмоционалдық жай-күйіңізді бақылаңыз. Мазалаған мәселелер өткеннің еншісінде қалады. Жеңіл және жайлы күн күтіп тұр : шопинг жасаңыз, романтикалық кешкі ас ұйымдастырыңыз, сүйіктіңізді таң қалдырыңыз. Өзіңіздің екінші жартыңызға қаншалықты риза екеніңізді айтып қойыңыз. Еш қысылмаңыз, ол бұған мұқтаж. Өзіңіз туралы жағымсыз шындықты естігіңіз келмесе, серіктеспен жанжалдасқанда қатты кетпеңіз. Күннің екінші жартысы жеке қарым-қатынасқа ұнайтын өзгерістер әкеледі. Жұлдыздар сіздің жағыңызда, сондықтан бастаманы өз қолыңызға алудан қорықпаңыз. Күйбең тірлікке асықпаңыз, өзіңізге көңіл бөліңіз. Үйіңіздің ауасы таза әрі кең болғанын қаласаңыз, сөрелерден ескі «шаң жинағыш» декорларды алып тастауға тырысыңыз. Бөлмелердегі шағын декорларсыз сізге үйді тазалау да оңайырақ болады. Егер сіздің арқаңыз аздап ауырса, дәрігерге баруды кешіктірмеңіз. Ортопедиялық матрац сатып алуды да қарастырыңыз. Ескі доспен кездесу өткен күндерді еске түсіруге көмектеседі. Оған ерекше сыйлық жасаңыз. Жаныңыздағы адамдарға жақсы болып көріну үшін өз болмысыңызды өзгертуге тырыспаңыз. Сіз осы қалпыңызда махаббатқа лайықсыз. Туыстармен арада келіспеушілік туындауы мүмкін, өзіңізден кішілермен тіл табысу қиын болады. Сабырлы болыңыз, содан кейін жанжалдан аулақ болыңыз. Жоспарланып қойған істерге ешқандай оқиға кедергі бола алмайды. Жалғызбасты жандарға еш уайымдаудың қажеті жоқ. Егер сүйіктіңізді таба алмай жүрсеңіз, онда қаймықпаңыз. Әр нәрсенің өз уақыты бар, тағдыр сізге қажетті адамды тауып беретіні анық. Күтпеген уақытта күтпеген адамға жолығуыңыз мүмкін. Бизнесте бастамашыл болыңыз. Бұл басқалар сәтсіздікке ұшыраған жерде табысқа жетуге көмектеседі. Қазір тәжірибе жасауға жақсы уақыт. Күтпеген, батыл әрі бірегей шешімдерді қабылдайсыз. Жаңа одақтастар табасыз. Әлеуетті серіктестермен, ықпал етушілермен немесе жұмыс берушілермен кездесу өткізуіңіз мүмкін.
Калейдоскоп
false
https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2031771-bugingi-zuldyz-zoramal-10-tamyz-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/
10 тамыз 2023, 00:01
kk
Алаяқтарға алданған әжейдің 2 млн теңгесі курьер жігіттердің арқасында өз қалтасында қалды
Ақтөбеде қырағы курьерлер зейнеткерді алаяқтардан құтқарды. Облыстық полиция департаментінің бастығы азаматтарға алғыс айтты, деп хабарлайды ІІМ Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы. Медиа-порталдың хабарлауынша, 8 тамызда 75 жастағы ақтөбелік зейнеткер әжейге телефон алаяқтары хабарласып, қызының жол-көлік оқиғасына тап болғанына сендірген. Өздерін полицей ретінде таныстырғандар қызын "құтқару" үшін зейнеткерден ірі көлемде ақша талап еткен. "Ақшаны әкелу үшін алаяқтар қаладағы танымал курьерлік және такси қызметтерінің қызметіне жүгінген.Мекенжайға келген 17 жастағы велосипедші-курьер өзіне зейнеткер әжей берген сөмкені алып, тапсырыс берушінің талаптары бойынша оны такси жүргізушісіне апарып берген. Сөмкені алу кезінде 28 жастағы такси жүргізушісі оның ішіне ірі көлемдегі ақша барын байқаған. Курьерден мән-жайды сұрап білгеннен кейін, бұл полицейлер жиі дабыл қағып жүрген телефон алаяқтарының іс-әрекеті болуы мүмкін екендігін түсінген. Осыдан кейін екеуі 2 млн теңге ақша салынған сөмкені полиция бекетіне әкеліп тапсырған. Осылайша жеткізу қызметін ұсынушы азаматтардың қырағылығы мен адалдығының арқасында алаяқтардың кезекті қылмыстық пиғылына тосқауыл қойылып, зейнеткердің жинақ ақшасы өзіне қайтарылды", - делінген хабарламада. Медиа-портал мәліметінше, қазіргі таңда полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша іс қозғап, алаяқтарды анықтау мен ұстауға бағытталған іс-шараларды жүргізіп жатыр. Ал азаматтық белсенділік, адамгершілік пен қырағылық танытып, зейнеткерді алаяқтардан құтқарған қосқан қос азаматты Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастығы Абай Жүсіпоав марапаттап, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы үшін алғысын жеткізген.
Ақтөбеде қырағы курьерлер зейнеткерді алаяқтардан құтқарды. Облыстық полиция департаментінің бастығы азаматтарға алғыс айтты, деп хабарлайды ІІМ ақпараттық медиа-порталы. Медиа-порталдың хабарлауынша, 8 тамызда 75 жастағы ақтөбелік зейнеткер әжейге телефон алаяқтары хабарласып, қызының жол-көлік оқиғасына тап болғанына сендірген. Өздерін полицей ретінде таныстырғандар қызын "құтқару" үшін зейнеткерден ірі көлемде ақша талап еткен. "Ақшаны әкелу үшін алаяқтар қаладағы танымал курьерлік және такси қызметтерінің қызметіне жүгінген. Мекенжайға келген 17 жастағы велосипедші-курьер өзіне зейнеткер әжей берген сөмкені алып, тапсырыс берушінің талаптары бойынша оны такси жүргізушісіне апарып берген. Сөмкені алу кезінде 28 жастағы такси жүргізушісі оның ішіне ірі көлемдегі ақша барын байқаған. Курьерден мән-жайды сұрап білгеннен кейін, бұл полицейлер жиі дабыл қағып жүрген телефон алаяқтарының іс-әрекеті болуы мүмкін екендігін түсінген. Осыдан кейін екеуі 2 млн теңге ақша салынған сөмкені полиция бекетіне әкеліп тапсырған. Осылайша жеткізу қызметін ұсынушы азаматтардың қырағылығы мен адалдығының арқасында алаяқтардың кезекті қылмыстық пиғылына тосқауыл қойылып, зейнеткердің жинақ ақшасы өзіне қайтарылды", - делінген хабарламада. Медиа-портал мәліметінше, қазіргі таңда полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша іс қозғап, алаяқтарды анықтау мен ұстауға бағытталған іс-шараларды жүргізіп жатыр.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2031903-alayaqtarga-aldangan-azeidin-2-mln-tengesi-kurer-zigitterdin-arqasynda-oz-qaltasynda-qaldy/
09 тамыз 2023, 23:51
kk
Алматыда әл-Фараби даңғылының бір бөлігі екі күн жабық тұрады
11 тамызға дейін Алматыдағы әл-Фараби даңғылының солтүстік бетінде Гагарин даңғылынан Дулати даңғылына дейінгі бөлікте жол толық жабылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Telegram-дағы Almaty_joly арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Хабарламаға сәйкес, әл-Фараби даңғылының оңтүстік бетінде жол жөндеу жұмыстары аяқталды. Солтүстік бетінде Достық даңғылынан Гагарин даңғылына дейін қозғалыс ашық. 9 тамыз сағат 23:00-ден 11 тамыз 07:00-ге дейін әл-Фараби даңғылының Гагарин даңғылынан Дулати даңғылына дейінгі жол жабылады. 9 тамыз сағат 23:00 мен 11 тамыз сағат 7:00 аралығында Розыбакиев көшесінен батыс бағытта бұрылыс, Әл-Фараби даңғылынан Науаи көшесіне солтүстік бағытта бұрылыста көлік қозғалысы шектеледі. А️л 11 тамыз түнгі сағат 00:00-ден таңғы 07:00-ге дейін әл-Фараби даңғылының батыс бағыты (Гагарин даңғылынан бастап) толық жабық болады. 10 тамыз сағат 07:00 мен сағат 00:00 аралығында Гагарин даңғылынан Дулати даңғылына дейін оңтүстік бетінде реверсивті көлік қозғалысы ұйымдастырылады. Қала әкімдігі реверсивті көлік қозғалысы кезінде жылдамдықты 40км\сағ шектеу туралы белгілер қойылып, жолақтар конусты фишкалармен белгіленетінін мәлім етті. Реверсивті қозғалыс алдында екі жақтан көлік ағындарын бөліп тұратын металл турникеттер қойылады. Әл-Фараби даңғылының батыс және шығыс беттеріндегі қозғалыс жолақтарының санын полиция қызметкерлері жол қозғалысы жағдайына байланысты айқындайды. Жөндеу жұмыстарына байланысты бұл бөлікті Торайғыров, Науаи және Мұстафин көшелері арқылы айналып өтуге болады.
11 тамызға дейін Алматыдағы әл-Фараби даңғылының солтүстік бетінде Гагарин даңғылынан Дулати даңғылына дейінгі бөлікте жол толық жабылады. Бұл туралы Telegram-дағы Almaty joly арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Хабарламаға сәйкес, әл-Фараби даңғылының оңтүстік бетінде жол жөндеу жұмыстары аяқталды. Солтүстік бетінде Достық даңғылынан Гагарин даңғылына дейін қозғалыс ашық. 9 тамыз сағат 23:00-ден 11 тамыз 07:00-ге дейін әл-Фараби даңғылының Гагарин даңғылынан Дулати даңғылына дейінгі жол жабылады. 9 тамыз сағат 23:00 мен 11 тамыз сағат 7:00 аралығында Розыбакиев көшесінен батыс бағытта бұрылыс, Әл-Фараби даңғылынан Науаи көшесіне солтүстік бағытта бұрылыста көлік қозғалысы шектеледі. А️л 11 тамыз түнгі сағат 00:00-ден таңғы 07:00-ге дейін әл-Фараби даңғылының батыс бағыты (Гагарин даңғылынан бастап) толық жабық болады. 10 тамыз сағат 07:00 мен сағат 00:00 аралығында Гагарин даңғылынан Дулати даңғылына дейін оңтүстік бетінде реверсивті көлік қозғалысы ұйымдастырылады. Қала әкімдігі реверсивті көлік қозғалысы кезінде жылдамдықты 40км\сағ шектеу туралы белгілер қойылып, жолақтар конусты фишкалармен белгіленетінін мәлім етті. Реверсивті қозғалыс алдында екі жақтан көлік ағындарын бөліп тұратын металл турникеттер қойылады. Әл-Фараби даңғылының батыс және шығыс беттеріндегі қозғалыс жолақтарының санын полиция қызметкерлері жол қозғалысы жағдайына байланысты айқындайды.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2031900-almatyda-al-farabi-dangylynyn-bir-boligi-eki-kun-zabyq-turady/
09 тамыз 2023, 22:50
kk
Петропавлда 8 жастағы қызды зорлаған ер адам сот үкімімен қылмыстық жазадан босатылды
Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 8 жасар қызды зорлады деп күдікке ілінген ер адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Астана арнасы. Телеарнаның хабарлауынша, оқиға былтыр шілде айында болған. Күдікті ұрлық үшін сотталып, өз жазасын еркін режимдегі колонияда өтеп жүрген. Түзету мекемесінің ережесіне сәйкес сотталғандарға қалада жұмыс істеуге рұқсат етілген. 2022 жылы шілденің 13 күні кешкі сағат алтыда ол жұмыстан шығып, көше бойында ойнап жүрген қызды зорлап кеткен. Тергеу мен сот процесі бір жылға созылған. Ал бүгін күдіктінің колонияға емес, психиатриялық диспансерге жіберілетіні белгілі болды. Тергеу барысында оның есінен адасқаны дәлелденген. "М. есінен адасқандықтан қылмыстық жазадан босатылсын. М. үш рет психиатриялық сараптамадан өтті. Оны сала мамандары жарты жыл бойы бақылады. Сондықтан оның ақыл-есінде психиатриялық ауытқудың барына күмән жоқ", - дейді үкімді оқыған СҚО қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ерлан Нұршәріпов.
Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 8 жасар қызды зорлады деп күдікке ілінген ер адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Астана арнасы. Телеарнаның хабарлауынша, оқиға былтыр шілде айында болған. Күдікті ұрлық үшін сотталып, өз жазасын еркін режимдегі колонияда өтеп жүрген. Түзету мекемесінің ережесіне сәйкес сотталғандарға қалада жұмыс істеуге рұқсат етілген. 2022 жылы шілденің 13 күні кешкі сағат алтыда ол жұмыстан шығып, көше бойында ойнап жүрген қызды зорлап кеткен. Тергеу мен сот процесі бір жылға созылған. Ал бүгін күдіктінің колонияға емес, психиатриялық диспансерге жіберілетіні белгілі болды. Тергеу барысында оның есінен адасқаны дәлелденген. "М. есінен адасқандықтан қылмыстық жазадан босатылсын. М. үш рет психиатриялық сараптамадан өтті. Оны сала мамандары жарты жыл бойы бақылады.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2031897-petropavlda-8-zastagy-qyzdy-zorlagan-kudikti-sot-ukimimen-qylmystyq-zazadan-bosatyldy/
09 тамыз 2023, 22:22
kk
"Ол уланған жоқ": пойызда көз жұмған баланың анасы қайғылы оқиғаға қатысты өз нұсқасын айтты
Лагерьге бара жатқан жолда пойызда қайтыс болған 13 жастағы баланың анасы қайғылы оқиғаның себебін айтты. Тамара Цаплина бала өліміне қатысты өз нұсқасын видео арқылы жеткізген. Бейнежазба Facebook желісінде жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Оның айтуынша, баланың денсаулығында кішкентай кезінен кінәрат болған. Тамара Цаплинаға бастапқыда 13 жасар ұлының өліміне улану себеп болғанын айтқан. Бірақ әйелдің сөзінше, бұл шындыққа жанаспайды. Оқиғаға қатысты өз нұсқасын әйел видео арқылы айтқан. "Адамдар ол (баласы - ред.еск.) уланып өлді деп айтты. Ол уланған жоқ. Оған кішкентай күнінде диагноз қойылған, қан тамырлары әлсіз, жарыла беретін болған соң кеуде қуысына аорта қойылды, сол жарылды. Қала әкіміне, облыс әкіміне моральдық, қаржылай қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын. Сонымен қатар бүкіл Атырау қаласына қаржылай қолдау көрсеткені үшін рақмет. Облыс әкіміне бізді автобуспен қамтамасыз еткені үшін. Бізге қажеттінің бәрімен қамтамасыз етті. Көмектескендердің барлығына алғысымызды білдіреміз. Ешкімге ешқандай шағымым жоқ. Түрлі жағдай болуы мүмкін екенін түсінемін - бұл да әркімнің басынан өтуі мүмкін", - дейді марқұмның анасы Тамара Цаплина. Еске сала кетсек, 7 тамызда "Атырау-Астрахань" пойызында 2010 жылы туған бала қайтыс болғаны туралы хабарланды. Бала лагерьге балалар тобының құрамында төрт тәлімгермен бірге барған. Пойыз жүрген соң 1,5 сағаттан кейін бала өзін нашар сезінген. Пойыз бригадасы нұсқау бойынша әрекет етіп, жедел жәрдем шақырылған. Жедел жәрдем қызметкерлері Нарын станциясына келіп, баланы тексеріп, оның қайтыс болғанын анықтады. Кейін оқиғаға байланысты комиссия құрылып, қылмыстық іс қозғалды.
Лагерьге бара жатқан жолда пойызда қайтыс болған 13 жастағы баланың анасы қайғылы оқиғаның себебін айтты. Тамара Цаплина бала өліміне қатысты өз нұсқасын видео арқылы жеткізген. Бейнежазба Facebook желісінде жарияланды, деп хабарлайды . Оның айтуынша, баланың денсаулығында кішкентай кезінен кінәрат болған. Тамара Цаплинаға бастапқыда 13 жасар ұлының өліміне улану себеп болғанын айтқан. Бірақ әйелдің сөзінше, бұл шындыққа жанаспайды. Оқиғаға қатысты өз нұсқасын әйел видео арқылы айтқан. "Адамдар ол (баласы - ред.еск.) уланып өлді деп айтты. Ол уланған жоқ. Оған кішкентай күнінде диагноз қойылған, қан тамырлары әлсіз, жарыла беретін болған соң кеуде қуысына аорта қойылды, сол жарылды. Қала әкіміне, облыс әкіміне моральдық, қаржылай қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын. Сонымен қатар бүкіл Атырау қаласына қаржылай қолдау көрсеткені үшін рақмет. Облыс әкіміне бізді автобуспен қамтамасыз еткені үшін. Бізге қажеттінің бәрімен қамтамасыз етті. Көмектескендердің барлығына алғысымызды білдіреміз. Ешкімге ешқандай шағымым жоқ. Түрлі жағдай болуы мүмкін екенін түсінемін - бұл да әркімнің басынан өтуі мүмкін", - дейді марқұмның анасы Тамара Цаплина. Еске сала кетсек, 7 тамызда "Атырау-Астрахань" пойызында 2010 жылы туған бала қайтыс болғаны туралы хабарланды. Бала лагерьге балалар тобының құрамында төрт тәлімгермен бірге барған. Пойыз жүрген соң 1,5 сағаттан кейін бала өзін нашар сезінген. Пойыз бригадасы нұсқау бойынша әрекет етіп, жедел жәрдем шақырылған. Жедел жәрдем қызметкерлері Нарын станциясына келіп, баланы тексеріп, оның қайтыс болғанын анықтады.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2031893-ol-ulangan-zoq-poiyzda-koz-zumgan-balanyn-anasy-qaigyly-oqigaga-qatysty-oz-nusqasyn-aitty/
09 тамыз 2023, 21:17
kk
"Бір ай бойы босып жүрміз": Ақтөбеде көпқабатты үйдің тұрғындары су азабын тартып отыр
Ақтөбеде "Батыс-2" ауданындағы бес қабатты үйдің тұрғындары бір айға жуық уақыттан бері сусыз отыр. Дәретханаға дүкеннен су сатып алып құйып отырған көпқабатты үйдің тұрғындары бейнеттен арыла алмай отырғандарын айтып, көмек сұрады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі. Ақтөбеде бір ай бойы сусыз қалған көпқабатты тұрғын үй 2017 жылы пайдалануға берілген. Тұрғындардың айтуынша, мұндай қиындықтар 2019 жылдан бар. Тұрғын үйдегі жалғыз су сорғы жиі істен шығады. Биыл 14 шілдеде күйіп кетіп, су тоқтаған. "Бір ай болды. Судың жоқтығынан босып жүрміз. Балаларды тума-туыстың үйіне жібердік. Көпбалалы үйлерге тіпті қиын. Балалардың киімін тазалау, жуындыруда қандай қиындық болып жатқанын ойлай беріңіз. Бала-шағасын алып, ауылға кетіп қалғандар көп. Қаланың ортасындағы үйде су жоқ. Ыдыс жуа алмайсың. Үйде тұру мүмкін емес. Бұл мәселе шешілмесе қыста жылусыз қалуымыз мүмкін. Әр кабинеттің есігін қағып шаршадық", - дейді сусыз қалған көпқабатты үйдің тұрғыны Салтанат Қуанова. Бір тамшы суға зар болып отырған үй тұрғындары "Қазақстанның ипотекалық компаниясы" арқылы баспаналы болғандар. Бәрі де бюджет қызметкерлері. Мұнда дәрігерлер мен мұғалімдер, полиция қызметкерлері және мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар тұрады. Айлап-жылдап кезекке тұрып, қол жеткізген баспаналары бейнеттен арылмай тұр. Арман болған үйдің жақсылығынан қиындығы көп екенін айтқан тұрғындар жауапты мекемелердің табалдырығын тоздырып шаршағандарын жеткізді. "Үйді күтіп-ұстауға жиналатын ақшаны да компания есепшотына жинаймыз. Квартиранттар сияқтымыз, үйге біреуді тіркеуге отырғызу үшін де солардан рұқсат аламыз. Себебі үйді 20 жылға жалға алдық. 14 шілдеден бастап су келген жоқ. Қазір туысымның үйінде тұрып жатырмын. Су келмегесін дәретхана мен жуынатын бөлменің есігін аша алмаймыз. Иісті тек түрлі химиялық сұйықтықтар құйып басып отырмыз. Ыдыс жуатын бір тамшы су жоқ", - деді тұрғын Индира Байғазина. Қазақстанның ипотекалық компаниясының тұрғындарға келтірген жауапсыз әрекетіне жергілікті әкімдік араласуға уәде берді. Айтуынша, ауыз су мәселесі апта соңына дейін шешілуге тиіс. "Бұл үй КИК-тің иелігінде. ОСИ мен КИК арасындағы дауға Ақтөбе қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімінің араласуына тура келді. Есепшотта жиналған қаражатты алып, ОСИ төрағасының насос сатып алуына рұқсат КИК-тің астанадағы бас кеңсесінен берілуі тиіс. Тұрғын үй инспекциясы тарапынан тұрғындардың және ОСИ төрағасының шағымына қатысты жауап хат жолданып, ол хат КИК-ке жіберілді. Хатта тұрғын үй мәселесінің шешілуі үшін есеп шоттағы қаражатты ОСИ-дің пайдалануына КИК-тің рұқсат етуі керектігі жазылды. Бұдан бөлек, Тұрғын үй инпекциясы бөлімінің басшылығы КИК-тің Ақтөбедегі өкілдігіне хабарласып, бас кеңсесінен жедел жауап алуға ықпал ету сұралды. Нәтижесінде апта соңына дейін рұқсатқа қол қойылатыны туралы уәде алғанын жеткізді", - дейді Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ақтөбеде "Батыс-2" ауданындағы бес қабатты үйдің тұрғындары бір айға жуық уақыттан бері сусыз отыр. Дәретханаға дүкеннен су сатып алып құйып отырған көпқабатты үйдің тұрғындары бейнеттен арыла алмай отырғандарын айтып, көмек сұрады, деп жазады тілшісі. Ақтөбеде бір ай бойы сусыз қалған көпқабатты тұрғын үй 2017 жылы пайдалануға берілген. Тұрғындардың айтуынша, мұндай қиындықтар 2019 жылдан бар. Тұрғын үйдегі жалғыз су сорғы жиі істен шығады. Биыл 14 шілдеде күйіп кетіп, су тоқтаған. "Бір ай болды. Судың жоқтығынан босып жүрміз. Балаларды тума-туыстың үйіне жібердік. Көпбалалы үйлерге тіпті қиын. Балалардың киімін тазалау, жуындыруда қандай қиындық болып жатқанын ойлай беріңіз. Бала-шағасын алып, ауылға кетіп қалғандар көп. Қаланың ортасындағы үйде су жоқ. Ыдыс жуа алмайсың. Үйде тұру мүмкін емес. Бұл мәселе шешілмесе қыста жылусыз қалуымыз мүмкін. Әр кабинеттің есігін қағып шаршадық", - дейді сусыз қалған көпқабатты үйдің тұрғыны Салтанат Қуанова. Бір тамшы суға зар болып отырған үй тұрғындары "Қазақстанның ипотекалық компаниясы" арқылы баспаналы болғандар. Бәрі де бюджет қызметкерлері. Мұнда дәрігерлер мен мұғалімдер, полиция қызметкерлері және мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар тұрады. Айлап-жылдап кезекке тұрып, қол жеткізген баспаналары бейнеттен арылмай тұр. Арман болған үйдің жақсылығынан қиындығы көп екенін айтқан тұрғындар жауапты мекемелердің табалдырығын тоздырып шаршағандарын жеткізді. "Үйді күтіп-ұстауға жиналатын ақшаны да компания есепшотына жинаймыз. Квартиранттар сияқтымыз, үйге біреуді тіркеуге отырғызу үшін де солардан рұқсат аламыз. Себебі үйді 20 жылға жалға алдық. 14 шілдеден бастап су келген жоқ. Қазір туысымның үйінде тұрып жатырмын. Су келмегесін дәретхана мен жуынатын бөлменің есігін аша алмаймыз. Иісті тек түрлі химиялық сұйықтықтар құйып басып отырмыз. Ыдыс жуатын бір тамшы су жоқ", - деді тұрғын Индира Байғазина. Қазақстанның ипотекалық компаниясының тұрғындарға келтірген жауапсыз әрекетіне жергілікті әкімдік араласуға уәде берді. Айтуынша, ауыз су мәселесі апта соңына дейін шешілуге тиіс. "Бұл үй КИК-тің иелігінде. ОСИ мен КИК арасындағы дауға Ақтөбе қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімінің араласуына тура келді. Есепшотта жиналған қаражатты алып, ОСИ төрағасының насос сатып алуына рұқсат КИК-тің астанадағы бас кеңсесінен берілуі тиіс. Тұрғын үй инспекциясы тарапынан тұрғындардың және ОСИ төрағасының шағымына қатысты жауап хат жолданып, ол хат КИК-ке жіберілді. Хатта тұрғын үй мәселесінің шешілуі үшін есеп шоттағы қаражатты ОСИ-дің пайдалануына КИК-тің рұқсат етуі керектігі жазылды. Бұдан бөлек, Тұрғын үй инпекциясы бөлімінің басшылығы КИК-тің Ақтөбедегі өкілдігіне хабарласып, бас кеңсесінен жедел жауап алуға ықпал ету сұралды.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2031883-bir-ai-boiy-bosyp-zurmiz-aqtobede-kopqabatty-uidin-turgyndary-su-azabyn-tartyp-otyr/
09 тамыз 2023, 20:29
kk
"Төбемізден оқ атылды": Жазира Байырбекова жолда оқыс жағдайға тап болғанын айтты (видео)
Танымал әнші Жазира Байырбекова жолда көлікпкен келе жатқанда әлдекім оқ атқанын айтып, жазба жариялады. Әнші желідегі парақшасында оқыс оқиғаның қалай болғанын баяндаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. "Кеше түнде, таңғы 3-4 шамасында Жаркенттен қайтар жолда Шелекке жақын көпірдің астынан көлікпен өте бергенде төбемізден оқ атылды. Көбіне төбесін ашып қоятын едім, қайта дәл сол сәтте жауып қойғанмын. Әйтпесе басыма тиетіні анық. Люк шашылып қалды.Өзіміз аманбыз шүкір! Қап қараңғы, ештеңе көре алмадық. Түнде жүрмеуге тырысыңыздар. Кімдер, не үшін түк түсінбедік", - деп жазған әнші желі парақшасында. Жазбаны оқып, пікір қалдырған желі қолданушылары әншіге амандық тілеп, алаңдаушылық білдірді. "Бір аптаның ішінде Арыста 4 адамды атып кетті, Алматы облысында 70 адам төбелесіп, салдарынан 17 жастағы баланы атып тастаған, енді міне сіздерге атылған оқ... Бұл не қылған оқ? Қайдан алған мылтық, шашылып жатқан не қылған бытыра? Тексеру керек қой... Сұмдық қой", "Қалай ол, камера, полиция қайда? Оп-оңай қару ұстап, атып журе беретін кімдер?", "Алла жар болсын! Аман болыңыздар! Ең сүйіп тыңдайтын әншілерім осы кісілер", - деп жазды пікір қалдырушылар.
Танымал әнші Жазира Байырбекова жолда көлікпкен келе жатқанда әлдекім оқ атқанын айтып, жазба жариялады. Әнші желідегі парақшасында оқыс оқиғаның қалай болғанын баяндаған, деп хабарлайды тілшісі. "Кеше түнде, таңғы 3-4 шамасында Жаркенттен қайтар жолда Шелекке жақын көпірдің астынан көлікпен өте бергенде төбемізден оқ атылды. Көбіне төбесін ашып қоятын едім, қайта дәл сол сәтте жауып қойғанмын. Әйтпесе басыма тиетіні анық. Люк шашылып қалды. Өзіміз аманбыз шүкір! Қап қараңғы, ештеңе көре алмадық. Түнде жүрмеуге тырысыңыздар. Кімдер, не үшін түк түсінбедік", - деп жазған әнші желі парақшасында. Жазбаны оқып, пікір қалдырған желі қолданушылары әншіге амандық тілеп, алаңдаушылық білдірді. "Бір аптаның ішінде Арыста 4 адамды атып кетті, Алматы облысында 70 адам төбелесіп, салдарынан 17 жастағы баланы атып тастаған, енді міне сіздерге атылған оқ... Бұл не қылған оқ? Қайдан алған мылтық, шашылып жатқан не қылған бытыра? Тексеру керек қой... Сұмдық қой", "Қалай ол, камера, полиция қайда? Оп-оңай қару ұстап, атып журе беретін кімдер?", "Алла жар болсын! Аман болыңыздар!
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2031885-tobemizden-oq-atyldy-zazira-baiyrbekova-zolda-oqys-zagdaiga-tap-bolganyn-aitty-video/
09 тамыз 2023, 19:23
kk
Асу Алмабаев UFC бонусын қайда жұмсайтынын айтты
Қазақстандық UFC балуаны Асу Алмабаев жақында жеңімпаз атанғаны үшін берілетін жүлдені қайда жұмсайтынын айтып берді. Ол "Вестник MMA" YouTube арнасына сұхбатында жүлдеге қатысты жоспарларынан бөлек, қол жарақаты мен жаңа жекпе-жегі туралы ағынан жарылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. — Бонусқа оралайық, 50 000 долларды қайда жұмсамақсыз? — Ақыры көлік алатын шығармыз (күлді). Көліксіз жүргенімен бір-екі жыл болды. — Қандайын алғың келетінін ойластырдың ба? — Әлі қарастырған емеспін. Алдымен алайық, сосын көре жатармыз. UFC келісімшартында 10 жұмыс күні ішінде беретіндері айтылған. Сондай-ақ балуан жекпе-жек алдында сол қолын жарақаттағанын, бұл жекпе-жектің өтпей қалу қаупін тудырғанын айтып берді. "Қатты қорқыныш болды – дебют, бұған барымды салдым, кенеттен жарақат алып қалдым... Бас тартқым келді, шынымды айтсам, әр түрлі ойлар болды. Бір қолмен жеңу мүмкін емес қой. Салмақ қуалап жүруп, қолымды одан да бетер ауыртуым мүмкін еді. Бір қолмен қалай күресесің", - дейді Алмабаев. Қазақстандық файтер келесі жекпе-жегін қазірден жоспарлап жатыр. Асудың айтуынша, ол бірден 26 тамызда Сингапурде өтетін турнирге қатысқысы келген, бірақ жарақаты сегізбұрышқа оралуға мүмкіндік бермеген. Ол енді үш айдан кейін қайтып оралып, 12 қарашада Нью-Йоркте өтетін ивентке қатысуды жоспарлап отырғанын алға тартты. Бұл турнирдің негізгі кездесуінде ауыр салмақтағы UFC чемпионы Джон Джонс өнер көрсетеді.
Қазақстандық UFC балуаны Асу Алмабаев жақында жеңімпаз атанғаны үшін берілетін жүлдені қайда жұмсайтынын айтып берді. Ол "Вестник MMA" YouTube арнасына сұхбатында жүлдеге қатысты жоспарларынан бөлек, қол жарақаты мен жаңа жекпе-жегі туралы ағынан жарылды, деп хабарлайды . — Бонусқа оралайық, 50 000 долларды қайда жұмсамақсыз? — Ақыры көлік алатын шығармыз (күлді). Көліксіз жүргенімен бір-екі жыл болды. — Қандайын алғың келетінін ойластырдың ба? — Әлі қарастырған емеспін. Алдымен алайық, сосын көре жатармыз. UFC келісімшартында 10 жұмыс күні ішінде беретіндері айтылған. Сондай-ақ балуан жекпе-жек алдында сол қолын жарақаттағанын, бұл жекпе-жектің өтпей қалу қаупін тудырғанын айтып берді. "Қатты қорқыныш болды – дебют, бұған барымды салдым, кенеттен жарақат алып қалдым... Бас тартқым келді, шынымды айтсам, әр түрлі ойлар болды. Бір қолмен жеңу мүмкін емес қой. Салмақ қуалап жүруп, қолымды одан да бетер ауыртуым мүмкін еді. Бір қолмен қалай күресесің", - дейді Алмабаев. Қазақстандық файтер келесі жекпе-жегін қазірден жоспарлап жатыр. Асудың айтуынша, ол бірден 26 тамызда Сингапурде өтетін турнирге қатысқысы келген, бірақ жарақаты сегізбұрышқа оралуға мүмкіндік бермеген. Ол енді үш айдан кейін қайтып оралып, 12 қарашада Нью-Йоркте өтетін ивентке қатысуды жоспарлап отырғанын алға тартты.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2031882-asu-almabaev-ufc-bonusyn-qaida-zumsaitynyn-aitty/
09 тамыз 2023, 19:19
kk
Көкөністермен дайындалатын қазан-кебаб: Адельден арнайы рецепт
Дәстүрлі шығыс асханасы әр түрлі етті тағамдарға бай. Солардың бірі - қазан-кебаб. Ол етпен көкөністерді қуыру арқылы дайындалады. Тағамды дұрыс дайындау жолымен төменде бөлісетін боламыз. "Кебаб" сөзі парсы тілінен аударғанда "қуырылған ет" деген мағынаны білдіреді, сәйкесінше "қазан-кебаб бұл - қазанда қуырылған ет. Тағам Орта Азияда, Кавказ елдерінде, Таяу Шығыста, өзбек мейрамханаларының мәзірінде кең таралған. Әдетте қазан-кебаб дайындау үшін қой етін пайдаланады. Бірақ тауық немесе сиыр етін де қолдануға болады. Тағамның дәмді болуының құпиясы дұрыс қуырылған ет пен көкөністерге байланысты. Аспаз Адель тойымды әрі хош иісті болып шығатын қазан-кебабтың рецептісін бөлісті. Сипаттамасы: Асхана: Өзбек Санаты: Басты тағам Дайындау уақыты: 5 минут Дайындалу уақыты: 15 минут Калориясы: 222 ккал Құрамы: Жұмыртқа - 1 дана Чили бұрышы – дәміне қарай Тәтті бұрыш – 1 дана Өсімдік майы – 2 ас қасық Пияз – 2 дана Кәді – 1 дана Тұз – дәміне қарай Қара ұнтақталған бұрыш – дәміне қарай Жүгері крахмалы – 1 ас қасық Зира – 1 шай қасық Сиыр еті – 300 гр Дайындалуы: 1. Сиыр етін дайындап алыңыз Сиыр етін жуып, қағаз орамалмен артық суын сүртіп тастаңыз. Қажет болса артық шандырын алыңыз. Сиыр етін ұзынша етіп, жұқалап тураймыз. Сонда ет жақсы қуырылатын болады. 2. Етті маринадтап алыңыз Туралған етті терең ыдысқа салыңыз. Ыдысқа бір жұмыртқа салып, жақсылап етпен араластырыңыз. Қалауыңызша тұз, ұнтақталған қара бұрыш, жүгері крахмалын қосып, тағы да араластыру керек. Сиыр етін 15 минутқа қалдырыңыз. 3. Көкөністерді тураңыз Ет маринадталғанша көкөністерді дайындау керек. Пиязды тазартып, жұқалап тураймыз. Тәтті қызыл бұрышты тазалап, ірілеп тураймыз. Кәдіні жақсылап жуып, сыртын тазаламай-ақ тураймыз. 4. Сиыр етін қуырамыз Табаны немесе қазанды пешке қойып, өсімдік майын құямыз. Қызған майға етті салып, дайын болғанша араластырып отырып пісіреміз. Ет 5 минутта дайын болады, піскен етті тарелкаға салып қойыңыз. 5. Көкөністерді дайындаймыз Етті қуырған табаға пиязды саламыз. Көкөністерді ұзақ қуырмаймыз, олар қытырлақ қалпында қалуы қажет. Пиязды қуырып, үстіне тәтті қызыл бұрыш пен кәдіні салыңыз. Ұсатылған зира, аздап тұз, қызыл бұрыш қосыңыз. Көкөністерді араластырып отырып, 3-4 минуттай дайындаймыз. 6. Тағамды дастарханға ұсыну Ет салынған тарелканың үстіне көкеністерді салыңыз. Сарымсақ немесе балғын шөптер қосып, ұсынуға болады.
Дәстүрлі шығыс асханасы әр түрлі етті тағамдарға бай. Солардың бірі - қазан-кебаб. Ол етпен көкөністерді қуыру арқылы дайындалады. Тағамды дұрыс дайындау жолымен төменде бөлісетін боламыз. "Кебаб" сөзі парсы тілінен аударғанда "қуырылған ет" деген мағынаны білдіреді, сәйкесінше "қазан-кебаб бұл - қазанда қуырылған ет. Тағам Орта Азияда, Кавказ елдерінде, Таяу Шығыста, өзбек мейрамханаларының мәзірінде кең таралған. Әдетте қазан-кебаб дайындау үшін қой етін пайдаланады. Бірақ тауық немесе сиыр етін де қолдануға болады. Тағамның дәмді болуының құпиясы дұрыс қуырылған ет пен көкөністерге байланысты. Аспаз Адель тойымды әрі хош иісті болып шығатын қазан-кебабтың рецептісін бөлісті. Сипаттамасы: Асхана: Өзбек Санаты: Басты тағам Дайындау уақыты: 5 минут Дайындалу уақыты: 15 минут Калориясы: 222 ккал Құрамы: Жұмыртқа - 1 дана Чили бұрышы – дәміне қарай Тәтті бұрыш – 1 дана Өсімдік майы – 2 ас қасық Пияз – 2 дана Кәді – 1 дана Тұз – дәміне қарай Қара ұнтақталған бұрыш – дәміне қарай Жүгері крахмалы – 1 ас қасық Зира – 1 шай қасық Сиыр еті – 300 гр Дайындалуы: 1. Сиыр етін дайындап алыңыз Сиыр етін жуып, қағаз орамалмен артық суын сүртіп тастаңыз. Қажет болса артық шандырын алыңыз. Сиыр етін ұзынша етіп, жұқалап тураймыз. Сонда ет жақсы қуырылатын болады. 2. Етті маринадтап алыңыз Туралған етті терең ыдысқа салыңыз. Ыдысқа бір жұмыртқа салып, жақсылап етпен араластырыңыз. Қалауыңызша тұз, ұнтақталған қара бұрыш, жүгері крахмалын қосып, тағы да араластыру керек. Сиыр етін 15 минутқа қалдырыңыз. 3. Көкөністерді тураңыз Ет маринадталғанша көкөністерді дайындау керек. Пиязды тазартып, жұқалап тураймыз. Тәтті қызыл бұрышты тазалап, ірілеп тураймыз. Кәдіні жақсылап жуып, сыртын тазаламай-ақ тураймыз. 4. Сиыр етін қуырамыз Табаны немесе қазанды пешке қойып, өсімдік майын құямыз. Қызған майға етті салып, дайын болғанша араластырып отырып пісіреміз. Ет 5 минутта дайын болады, піскен етті тарелкаға салып қойыңыз. 5. Көкөністерді дайындаймыз Етті қуырған табаға пиязды саламыз. Көкөністерді ұзақ қуырмаймыз, олар қытырлақ қалпында қалуы қажет. Пиязды қуырып, үстіне тәтті қызыл бұрыш пен кәдіні салыңыз. Ұсатылған зира, аздап тұз, қызыл бұрыш қосыңыз. Көкөністерді араластырып отырып, 3-4 минуттай дайындаймыз. 6. Тағамды дастарханға ұсыну Ет салынған тарелканың үстіне көкеністерді салыңыз.
Ханшайым
false
https://kaz.nur.kz/lady/2031602-kokonistermen-daiyndalatyn-qazan-kebab-adelden-arnaiy-recept/
09 тамыз 2023, 19:04
kk
Қазақстанда Yandex.kz домені неліктен өшірілді: министрлік жауап берді
Қазақстанда Yandex.kz домені ашылмай қалды. Қолданушыларға сайтқа кіру қолжетімсіз екендігі жөнінде хабарлама шығуда. Осы жайтқа қатысты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі. Қазір доменді ашқан кезде қолданушылар "Сайтқа кіру мүмкін емес" деген хабарлама көреді. Ал хостинг провайдерлерінің бірінің басшысы бұған Қазақстанда орналастыру ережелерінің бұзылуы себеп болғанын айтты. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі NUR.KZ тілшісіне болған жайтқа қатысты пікір білдірді. "2023 жылғы 9 тамызда Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен бекітілген Интернет желісінің қазақстандық сегментінің кеңістігінде домендік атауларды тіркеу, пайдалану және тарату ережелерінің 16-тармағының 6 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде интернет-ресурсты аппараттық-бағдарламалық кешендерге орналастырғаны үшін www.yandex.kz домендік атауының жұмысы тоқтатылды", - деді министрліктен. Сонымен қатар NUR.KZ тілшісі ЯндексGo компаниясынан пікір білдіруді сұрады. "Біз ай сайынғы аудиториясы 10 миллионға жуық пайдаланушыны құрайтын Қазақстанда қызметтеріміздің қолжетімділігін қалпына келтіру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Яндекс әрқашан жұмыс істейтін барлық елдерде жергілікті заңнама талаптарын сақтайды. Біз бұл мәселені шешу үшін жергілікті реттеуші және тіркеушімен диалог жүргізіп жатырмыз", - деді компаниядан. Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның бірнеше қаласында "Яндекс" сервистерінің жұмысында ақау пайда болғаны хабарланған болатын.
Қазақстанда домені ашылмай қалды. Қолданушыларға сайтқа кіру қолжетімсіз екендігі жөнінде хабарлама шығуда. Осы жайтқа қатысты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі пікір білдірді, деп жазады тілшісі. Қазір доменді ашқан кезде қолданушылар "Сайтқа кіру мүмкін емес" деген хабарлама көреді. Ал хостинг провайдерлерінің бірінің басшысы бұған Қазақстанда орналастыру ережелерінің бұзылуы себеп болғанын айтты. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі тілшісіне болған жайтқа қатысты пікір білдірді. "2023 жылғы 9 тамызда Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен бекітілген Интернет желісінің қазақстандық сегментінің кеңістігінде домендік атауларды тіркеу, пайдалану және тарату ережелерінің 16-тармағының 6 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде интернет-ресурсты аппараттық-бағдарламалық кешендерге орналастырғаны үшін домендік атауының жұмысы тоқтатылды", - деді министрліктен. Сонымен қатар тілшісі ЯндексGo компаниясынан пікір білдіруді сұрады. "Біз ай сайынғы аудиториясы 10 миллионға жуық пайдаланушыны құрайтын Қазақстанда қызметтеріміздің қолжетімділігін қалпына келтіру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Яндекс әрқашан жұмыс істейтін барлық елдерде жергілікті заңнама талаптарын сақтайды. Біз бұл мәселені шешу үшін жергілікті реттеуші және тіркеушімен диалог жүргізіп жатырмыз", - деді компаниядан.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2031879-qazaqstanda-yandexkz-domeni-nelikten-osirildi-ministrli-zauap-berdi/
09 тамыз 2023, 18:35
kk
Астанадағы "Евразия" сауда орталығында шыққан өртті 70-ке жуық адам сөндірді (фото)
Бүгін Астанадағы "Евразия" сауда орталығында өрт болды - өртті 70-ке жуық адам сөндірді, деп хабарлайды Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі ресми Telegram-арнасында. 9 тамыз күні сағат 15:57-де Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері "Евразия" сауда орталығындағы өртті сөндіруге шықты. Өрт сөндірушілер бірінші қабаттағы 20 шаршы метр аумақта заттар мен бутик қабырғасының қаптамасы өртеніп жатқанын анықтады. Өрт 16:11-де оқшауланып, 16:33-те сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге елорданың Төтенше жағдайлар департаментінен жеке құрамның 68 адамы мен 14 техникасы жұмылдырылды. Egov.kz порталы өрт кезінде бөлмеде, көпқабатты үйде, адамдар көп жерде не істеу керетігі тұрғысынан нұсқаулық ұсынды:
Бүгін Астанадағы "Евразия" сауда орталығында өрт болды - өртті 70-ке жуық адам сөндірді, деп хабарлайды Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі ресми Telegram-арнасында. 9 тамыз күні сағат 15:57-де Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері "Евразия" сауда орталығындағы өртті сөндіруге шықты. Өрт сөндірушілер бірінші қабаттағы 20 шаршы метр аумақта заттар мен бутик қабырғасының қаптамасы өртеніп жатқанын анықтады. Өрт 16:11-де оқшауланып, 16:33-те сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге елорданың Төтенше жағдайлар департаментінен жеке құрамның 68 адамы мен 14 техникасы жұмылдырылды.
Оқыс оқиғалар
false
https://kaz.nur.kz/accidents/2031874-astanadagy-evraziya-sauda-ortalygynda-syqqan-ortti-70-ke-zuyq-adam-sondirdi-foto/
09 тамыз 2023, 17:43
kk
Алматының қоғамдық көліктерінде жол жүру ақысы қымбаттады
Алматыда қоғамдық көліктерде жол жүру ақысы көтерілді. Бұл туралы қалалық мәслихатта айтылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. Жол жүру ақысын ұялы байланыс операторының көрсетілетін қызметтері немесе көлік картасы немесе мобильді қосымша арқылы қолма-қол ақшасыз төлейтін болсаңыз — 100 теңге, қолма-қол ақшамен төлем жасайтын болсаңыз — 200 теңге болады. Жол жүру ақысын көтеруді қала мәслихатының депутаттары кезектен тыс VII сессия барысында қолдады. "Алматыда жолаушылар тасымалының тарифі 11 жыл бұрын бекітілген. Қазіргі тариф тасымалдаушылардың шығынын өтемейді, өйткені нақты тариф бекітілгеннен үш есе қымбат. Осыған байланысты әкімдік ай сайын шығындарды өтейді. 2020-2022 жылдар кезеңінде төленген субсидиялар сомасы 115,8 млрд теңгені құрады. 2022 жылмен салыстырғанда биыл төленген субсидия көлемі екі есеге жуық өсті. Жаңа тарифтерді қолма-қол ақшасыз төлем жасайтындарға — 100 теңге және қолма-қол ақшамен төлем жасайтындарға — 200 теңге деңгейінде бекіту ұсынылып отыр", — деді жиында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин. "Ашық НҚА" порталында айтылғандай, мөлшерлеме 2012 жылы белгіленіп, бүгінгі күнге дейін өзгермеген. "2017 жылдан бастап қолма-қол ақшамен төлейтіндерге жолақы 150 теңге болып бекітілді. Соңғы 11 жылда тасымалдаушылардың барлық шығынының құны айтарлықтай өсті. Мысалы, дизельдік отынның құны 90 теңге болды, бүгінде ол — 295 теңге, газ құны 33 теңге болса, бүгінде ол — 108 теңге болып белгіленді. Қалған шығындар, соның ішінде автобустардың құны да осындай", — делінген құжатта. Тасымалдаушылардың шығынын субсидиялауға кететін шығындар өскені де атап өтілді. Олар 2017 жылдан 2022 жылға дейін 13,8 есеге, яғни 6,9 млрд теңгеден 50 млрд теңгеге дейін өсті. Биылғы жылы субсидиялаудың болжамды көлемі шамамен 85,5 млрд теңгені құрады. "Осылайша, қоғамдық көлік тарифінің ағымдағы құнын сақтай отырып, субсидиялар көлемі жылдан-жылға артып, жергілікті бюджетке ауыр салмақ түсіреді. Айта кету керек, тарифтің орташа құны Тарифтерді есептеу әдістемесіне сәйкес ағымдағы жылы 425 теңгені құрайтынын айта кету керек", — делінген құжатта. Ережеге сәйкес, қоғамдық көлікте жол жүру тарифі тасымалдаушылар шығынын ескере отырып жүйелі түрде қайта қаралып тұруы керек, деп хабарлайды қала әкімдігі. Соңғы онжылдықтағы жалпы бағаның өсуі аясында жол жүру құны 2012 жылдан бері жанармай мен газ 300%-ға қымбаттағанына қарамастан, жасанды түрде бұрынғы деңгейде ұсталды. "Инфляцияны, жанар-жағармай мен тұтынылатын қосалқы бөлшектер бағасының өсуін ескерсек, жыл сайын төленетін субсидия көлемі 10-нан 30 пайызға дейін өседі", - деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары депутаттар алдында сөйлеген сөзінде. Оның айтуынша, жол ақысын аталған деңгейде көтеру биылғы жылы субсидия көлемін шамамен 10 миллиард теңгеге қысқартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ қала әкімдігі жолаушылардың дені үшін жол жүру ақысы 20 теңгеге қымбаттайтынын атап өтті. Қолма-қол ақшасыз төлем әдісін пайдаланатындар үшін сома шамалы ғана өседі. "Алматы көлік холдингі" ЖШС мәліметі бойынша, жол жүру ақысын барлық жолаушының 97%-ға жуығы Оңай картасымен төлейді, оның ішінде Оңай қосымшасында QR коды немесе SMS арқылы төлейді. Жалпы күніне 1,4 миллионға дейін адам қоғамдық көлікті пайдаланады.
Алматыда қоғамдық көліктерде жол жүру ақысы көтерілді. Бұл туралы қалалық мәслихатта айтылды, деп хабарлайды тілшісі. Жол жүру ақысын ұялы байланыс операторының көрсетілетін қызметтері немесе көлік картасы немесе мобильді қосымша арқылы қолма-қол ақшасыз төлейтін болсаңыз — 100 теңге, қолма-қол ақшамен төлем жасайтын болсаңыз — 200 теңге болады. Жол жүру ақысын көтеруді қала мәслихатының депутаттары кезектен тыс VII сессия барысында қолдады. "Алматыда жолаушылар тасымалының тарифі 11 жыл бұрын бекітілген. Қазіргі тариф тасымалдаушылардың шығынын өтемейді, өйткені нақты тариф бекітілгеннен үш есе қымбат. Осыған байланысты әкімдік ай сайын шығындарды өтейді. 2020-2022 жылдар кезеңінде төленген субсидиялар сомасы 115,8 млрд теңгені құрады. 2022 жылмен салыстырғанда биыл төленген субсидия көлемі екі есеге жуық өсті. Жаңа тарифтерді қолма-қол ақшасыз төлем жасайтындарға — 100 теңге және қолма-қол ақшамен төлем жасайтындарға — 200 теңге деңгейінде бекіту ұсынылып отыр", — деді жиында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин. "Ашық НҚА" порталында айтылғандай, мөлшерлеме 2012 жылы белгіленіп, бүгінгі күнге дейін өзгермеген. "2017 жылдан бастап қолма-қол ақшамен төлейтіндерге жолақы 150 теңге болып бекітілді. Соңғы 11 жылда тасымалдаушылардың барлық шығынының құны айтарлықтай өсті. Мысалы, дизельдік отынның құны 90 теңге болды, бүгінде ол — 295 теңге, газ құны 33 теңге болса, бүгінде ол — 108 теңге болып белгіленді. Қалған шығындар, соның ішінде автобустардың құны да осындай", — делінген құжатта. Тасымалдаушылардың шығынын субсидиялауға кететін шығындар өскені де атап өтілді. Олар 2017 жылдан 2022 жылға дейін 13,8 есеге, яғни 6,9 млрд теңгеден 50 млрд теңгеге дейін өсті. Биылғы жылы субсидиялаудың болжамды көлемі шамамен 85,5 млрд теңгені құрады. "Осылайша, қоғамдық көлік тарифінің ағымдағы құнын сақтай отырып, субсидиялар көлемі жылдан-жылға артып, жергілікті бюджетке ауыр салмақ түсіреді. Айта кету керек, тарифтің орташа құны Тарифтерді есептеу әдістемесіне сәйкес ағымдағы жылы 425 теңгені құрайтынын айта кету керек", — делінген құжатта. Ережеге сәйкес, қоғамдық көлікте жол жүру тарифі тасымалдаушылар шығынын ескере отырып жүйелі түрде қайта қаралып тұруы керек, деп хабарлайды қала әкімдігі. Соңғы онжылдықтағы жалпы бағаның өсуі аясында жол жүру құны 2012 жылдан бері жанармай мен газ 300%-ға қымбаттағанына қарамастан, жасанды түрде бұрынғы деңгейде ұсталды. "Инфляцияны, жанар-жағармай мен тұтынылатын қосалқы бөлшектер бағасының өсуін ескерсек, жыл сайын төленетін субсидия көлемі 10-нан 30 пайызға дейін өседі", - деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары депутаттар алдында сөйлеген сөзінде. Оның айтуынша, жол ақысын аталған деңгейде көтеру биылғы жылы субсидия көлемін шамамен 10 миллиард теңгеге қысқартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ қала әкімдігі жолаушылардың дені үшін жол жүру ақысы 20 теңгеге қымбаттайтынын атап өтті. Қолма-қол ақшасыз төлем әдісін пайдаланатындар үшін сома шамалы ғана өседі. "Алматы көлік холдингі" ЖШС мәліметі бойынша, жол жүру ақысын барлық жолаушының 97%-ға жуығы Оңай картасымен төлейді, оның ішінде Оңай қосымшасында QR коды немесе SMS арқылы төлейді.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2031862-almatynyn-qogamdyq-kolikterinde-zol-zuru-aqysy-qymbattady/
09 тамыз 2023, 17:09
kk
Халықаралық жастар күні қарсаңында "Tulga Bol" жылжымалы жәрмеңкесі өтті
9 тамыз күні Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 12 тамыз – Халықаралық Жастар күнін атап өтуге арналған республикалық тұжырымдама аясында 9-11 тамыз аралығында «Жастар- ел дамуының басты драйвері!» кешенді іс-шарасымен Ақшат аулында «TULGA BOL» жылжымалы кеңес беру жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде ауыл жастарына Ақтөбе облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының маманы Сисен Нысанбай ауыл жастарына мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, Жастар тәжірбиесі және кәсіпкерлікке 2,5 % жеңілдікпен несие беру қағидаттары жөнінде толық ақпарат берді. Сонымен қатар жылжымалы жәрмеңкеде Ақшат ауылының жастарына «Отбасы Банк» АҚ мамандары Елтөре Балабай және Айгерим Карлыгашкалиева «Жас отбасы», «Жалға берілетін тұрғын үй», «Жастарға арналған тұрғын үй» бағдарламалары туралы, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары штабының және «Атамекен» студенттік отрядтарының жастар қоғамдық бірлестігінің менеджері Рысты Сергалева жастарды маусымдық жұмыспен қамтуға бағытталған «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары және «Атамекен» студенттік отрядтында жұмысқа орналасу қағидалары туралы ақпараттандырды. «TULGA BOL» жылжымалы кеңес беру жәрмеңкесіне қатысқан Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының басшысы Нұрсұлтан Қожабеков ауыл жастарына орталықты таныстырып, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру бағытындағы жұмыстарды атап өтсе, Орталық басшысының орынбасары Айдарбек Самат Ақшат ауылының жастарына волонтерлік қызмет жайында ақпарат беріп, ауыл жастарын игі істерге атсалысып, волонтерлар қатарына қосылуға шақырды. Ақшат ауылында өткен жылжымалы жәрмеңкеге 50-ге жуық ауыл жасы қатысып, әр түрлі салалар бойынша қажетті ақпараттар алды.
9 тамыз күні Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 12 тамыз – Халықаралық Жастар күнін атап өтуге арналған республикалық тұжырымдама аясында 9-11 тамыз аралығында «Жастар- ел дамуының басты драйвері!» кешенді іс-шарасымен Ақшат аулында «TULGA BOL» жылжымалы кеңес беру жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде ауыл жастарына Ақтөбе облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының маманы Сисен Нысанбай ауыл жастарына мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, Жастар тәжірбиесі және кәсіпкерлікке 2,5 % жеңілдікпен несие беру қағидаттары жөнінде толық ақпарат берді. Сонымен қатар жылжымалы жәрмеңкеде Ақшат ауылының жастарына «Отбасы Банк» АҚ мамандары Елтөре Балабай және Айгерим Карлыгашкалиева «Жас отбасы», «Жалға берілетін тұрғын үй», «Жастарға арналған тұрғын үй» бағдарламалары туралы, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары штабының және «Атамекен» студенттік отрядтарының жастар қоғамдық бірлестігінің менеджері Рысты Сергалева жастарды маусымдық жұмыспен қамтуға бағытталған «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары және «Атамекен» студенттік отрядтында жұмысқа орналасу қағидалары туралы ақпараттандырды. «TULGA BOL» жылжымалы кеңес беру жәрмеңкесіне қатысқан Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының басшысы Нұрсұлтан Қожабеков ауыл жастарына орталықты таныстырып, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру бағытындағы жұмыстарды атап өтсе, Орталық басшысының орынбасары Айдарбек Самат Ақшат ауылының жастарына волонтерлік қызмет жайында ақпарат беріп, ауыл жастарын игі істерге атсалысып, волонтерлар қатарына қосылуға шақырды.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2031858-xalyqaralyq-zastar-kuni-qarsanynda-tulga-bol-zylzymaly-zarmenkesi-otti/
09 тамыз 2023, 17:06
kk
Павлодар облысында көпбалалы отбасының үйі өртеніп кетті: 2 жасар бала көз жұмды (фото)
Павлодар облысы Береговое ауылындағы өртте 2 жасар қыз бала қаза тауып, 4 жасар баланы күйік шалды. Барлығы — бір көпбалалы отбасының мүшесі, деп хабарлайды өңірдің Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі. Береговое ауылындағы өрт туралы хабар 9 тамыз күні сағат 10.29-да келіп түскен. 80 шаршы метр жеке тұрғын үй толығымен жанып кетті. Оқиға орнына 8 өрт сөндіруші мен 2 автоцистерна жөнелтілген болатын. "Өрт кезінде 2019 жылы туған бала зардап шекті. Баланы 1-2 дәрежелі термиялық күйік шалды. Оны ауруханаға жатқызу қажет болмады. 2021 жылы туған қыз бала қаза тапты. Балалардың анасы аулада киім жуып жатқан. Отбасы көпбалалы, сегізінші баласының дүниеге келуін күтіп жүр", - делінген Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Белгілі болғандай, үлкендер зардап шеккен баланы өз күштерімен үйден алып шығып үлгерген. Өрт шамамен 2 сағаттан кейін ғана сөндірілді. Үйдің не себепті өртенгені анықталып жатыр. Egov.kz порталы өрт кезінде бөлмеде, көпқабатты үйде, адамдар көп жерде не істеу керетігі тұрғысынан нұсқаулық ұсынды:
Павлодар облысы Береговое ауылындағы өртте 2 жасар қыз бала қаза тауып, 4 жасар баланы күйік шалды. Барлығы — бір көпбалалы отбасының мүшесі, деп хабарлайды өңірдің Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған тілшісі. Береговое ауылындағы өрт туралы хабар 9 тамыз күні сағат 10.29-да келіп түскен. 80 шаршы метр жеке тұрғын үй толығымен жанып кетті. Оқиға орнына 8 өрт сөндіруші мен 2 автоцистерна жөнелтілген болатын. "Өрт кезінде 2019 жылы туған бала зардап шекті. Баланы 1-2 дәрежелі термиялық күйік шалды. Оны ауруханаға жатқызу қажет болмады. 2021 жылы туған қыз бала қаза тапты. Балалардың анасы аулада киім жуып жатқан. Отбасы көпбалалы, сегізінші баласының дүниеге келуін күтіп жүр", - делінген Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Белгілі болғандай, үлкендер зардап шеккен баланы өз күштерімен үйден алып шығып үлгерген. Өрт шамамен 2 сағаттан кейін ғана сөндірілді. Үйдің не себепті өртенгені анықталып жатыр.
Оқыс оқиғалар
false
https://kaz.nur.kz/accidents/2031850-pavlodar-oblysynda-kopbalaly-otbasynyn-uii-ortenip-ketti-2-zasar-bala-koz-zumdy-foto/
09 тамыз 2023, 16:51
kk
Асқабақ пен ет қосылған мәнті: ең дәмді рецепт
Асқабақ пен ет қосылған мәнті үйдегі ас мәзіріңізді түрлендіре түседі. Қой етінен дәмді мәнті тағамын дайындап көріңіз. Қамыры мен салмасы жақсы шығу үшін біз ұсынған нұсқаулықты қолданыңыз. Мәнті - Орталық Азия елдеріндегі шығыс асханасының классикалық тағамдарының бірі. Ішінде салмасы бар жұқа қамырдан жасалатын буға пісірілген өнімдердің отаны Қытай деп саналады. Ел аумағын мекендеген ұйғыр халқы тағамды пісіру әдісін қабылдап, оны "маньтоу" ("буға пісірілген нан") деп атаған. Ұйғыр ұлтының түпнұсқалық рецебі бойынша мәнті майдалап туралған қой етінен және пияз, асқабақ қосып пісіріледі. Асханасы: Ұйғыр асханасы Санаты: Бас тағам Дайындау уақыты: 5 минут Пісетін уақыты: 1 сағат Мөлшерлік калориясы: 168 ккал. Ыдысқа су құйып, оған бір шай қасық тұз салыңыз. Тұз әбден ерігенше араластырыңыз. Ұнды шұңғыл ыдыстың үстіне елеуіштен өткізіңіз. Шұңғыл ыдыс қамыр илеуге ыңғайлы боп келеді. Ұн үйіндісінің ортасын ашып, тұзды су мен өсімдік майын құйыңыз. Қамырды тығыздау етіп илеңіз, оны шар пішініне келтіріңіз полиэтилен пакетімен ораңыз. Қамырды 20 минут қозғамай, қойып қойыңыз. Қамырды оралған пакеттен алып, үстел бетіне қойыңыз. Оны қолыңызбен жақсылап илеңіз. Қамыр тегіс, біркелкі және созылмалы болуы керек. Қайтарып илегеннен кейін оны қайтадан пакетке салып, етті дайындауға кірісіңіз. Ет пен асқабақ қосылған мәнтіні пісіру үшін қой еті, сиыр еті немесе күркетауық етін қолдануға болады. Бұл рецепте қой етінің қабырға бөілігі қолданылады. Етті сүйегінен ажыратып, артық майынан тазартыңыз. Етті турамастан бұрын аздап мұздатып алыңыз, содан кейін кішкене текше пішінінде кесіңіз. Етті кең саңылаулары бар ет тартқыш арқылы тартуға да болады. Асқабақтың қабығын аршып, ішкі бөлігін кішкене текшелерге кесіңіз. Пиязды тазалап, тураңыз. Туралған асқабақ пен пиязды қой етімен араластырыңыз. Дәміне қарай зира мен ұнтақталған қара бұрыш, 2 шай қасық тұз қосыңыз. Ингредиенттерді араластырып, етті кем дегенде 20 минутқа қалдырыңыз. Ал мәнті салмасын кешкі уақытта дайындап қоятын болсаңыз, тартылған етті түнде тоңазытқышқа қойыңыз, сонда ол шырынды болып шығады. Қамырдың төрттен бір бөлігін алыңыз, қалғанын кеуіп кетпеу үшін пакетте қалдырыңыз. Кесек қамырды жайып, үлкен бөліктерге кесіңіз. Бір тостағанға елеуіштен өткізген ұн дайындап қойыңыз. Қамырдың әр бөлігін жаярдың алдында жақсылап ұн себіңіз. Содан кейін қамырдың шеті ортасынан жұқа болатындай етіп, оқтаумен жайыңыз. Артық ұнды қағып тастаңыз. Қамырдың орта тұсына бір ас қасық салма салыңыз. Мәнтіні классикалық әдіспен жасаңыз немесе шеңбердің бүйір бөліктерін қатпарларымен ішке қарай кезекпен тартып, өрім тәрізді мәнті үлгісін дайындасаңыз да болады. Қамырдың қалған бөлігін жайып, олардан да мәнті дайындаңыз. Мәнті пісіргіш ыдысқа су құйып, оған лавр жапырағын салыңыз. Ыдысты отқа қойыңыз. Ыдыстың ішкі бетін сары маймен майлаңыз. Мәнтіні бір-біріне жабысып қалмайтындай етіп салыңыз. Су қайнаған кезде, мәнті салынған ыдыс бөліктерін ішіне қойыңыз, бетін қақпақпен жабыңыз. Мәнтіні 30 минут пісіріңіз. Дайын мәнтіні табаққа салыңыз. Тағамды ащы ладжан соусымен ұсынуға болады. Рецепт видеосы
Асқабақ пен ет қосылған мәнті үйдегі ас мәзіріңізді түрлендіре түседі. Қой етінен дәмді мәнті тағамын дайындап көріңіз. Қамыры мен салмасы жақсы шығу үшін біз ұсынған нұсқаулықты қолданыңыз. Мәнті - Орталық Азия елдеріндегі шығыс асханасының классикалық тағамдарының бірі. Ішінде салмасы бар жұқа қамырдан жасалатын буға пісірілген өнімдердің отаны Қытай деп саналады. Ел аумағын мекендеген ұйғыр халқы тағамды пісіру әдісін қабылдап, оны "маньтоу" ("буға пісірілген нан") деп атаған. Ұйғыр ұлтының түпнұсқалық рецебі бойынша мәнті майдалап туралған қой етінен және пияз, асқабақ қосып пісіріледі. Асханасы: Ұйғыр асханасы Санаты: Бас тағам Дайындау уақыты: 5 минут Пісетін уақыты: 1 сағат Мөлшерлік калориясы: 168 ккал. Ыдысқа су құйып, оған бір шай қасық тұз салыңыз. Тұз әбден ерігенше араластырыңыз. Ұнды шұңғыл ыдыстың үстіне елеуіштен өткізіңіз. Шұңғыл ыдыс қамыр илеуге ыңғайлы боп келеді. Ұн үйіндісінің ортасын ашып, тұзды су мен өсімдік майын құйыңыз. Қамырды тығыздау етіп илеңіз, оны шар пішініне келтіріңіз полиэтилен пакетімен ораңыз. Қамырды 20 минут қозғамай, қойып қойыңыз. Қамырды оралған пакеттен алып, үстел бетіне қойыңыз. Оны қолыңызбен жақсылап илеңіз. Қамыр тегіс, біркелкі және созылмалы болуы керек. Қайтарып илегеннен кейін оны қайтадан пакетке салып, етті дайындауға кірісіңіз. Ет пен асқабақ қосылған мәнтіні пісіру үшін қой еті, сиыр еті немесе күркетауық етін қолдануға болады. Бұл рецепте қой етінің қабырға бөілігі қолданылады. Етті сүйегінен ажыратып, артық майынан тазартыңыз. Етті турамастан бұрын аздап мұздатып алыңыз, содан кейін кішкене текше пішінінде кесіңіз. Етті кең саңылаулары бар ет тартқыш арқылы тартуға да болады. Асқабақтың қабығын аршып, ішкі бөлігін кішкене текшелерге кесіңіз. Пиязды тазалап, тураңыз. Туралған асқабақ пен пиязды қой етімен араластырыңыз. Дәміне қарай зира мен ұнтақталған қара бұрыш, 2 шай қасық тұз қосыңыз. Ингредиенттерді араластырып, етті кем дегенде 20 минутқа қалдырыңыз. Ал мәнті салмасын кешкі уақытта дайындап қоятын болсаңыз, тартылған етті түнде тоңазытқышқа қойыңыз, сонда ол шырынды болып шығады. Қамырдың төрттен бір бөлігін алыңыз, қалғанын кеуіп кетпеу үшін пакетте қалдырыңыз. Кесек қамырды жайып, үлкен бөліктерге кесіңіз. Бір тостағанға елеуіштен өткізген ұн дайындап қойыңыз. Қамырдың әр бөлігін жаярдың алдында жақсылап ұн себіңіз. Содан кейін қамырдың шеті ортасынан жұқа болатындай етіп, оқтаумен жайыңыз. Артық ұнды қағып тастаңыз. Қамырдың орта тұсына бір ас қасық салма салыңыз. Мәнтіні классикалық әдіспен жасаңыз немесе шеңбердің бүйір бөліктерін қатпарларымен ішке қарай кезекпен тартып, өрім тәрізді мәнті үлгісін дайындасаңыз да болады. Қамырдың қалған бөлігін жайып, олардан да мәнті дайындаңыз. Мәнті пісіргіш ыдысқа су құйып, оған лавр жапырағын салыңыз. Ыдысты отқа қойыңыз. Ыдыстың ішкі бетін сары маймен майлаңыз. Мәнтіні бір-біріне жабысып қалмайтындай етіп салыңыз. Су қайнаған кезде, мәнті салынған ыдыс бөліктерін ішіне қойыңыз, бетін қақпақпен жабыңыз. Мәнтіні 30 минут пісіріңіз. Дайын мәнтіні табаққа салыңыз.
Ханшайым
true
https://kaz.nur.kz/lady/2031684-asqabaq-pen-et-qosylgan-manti-en-damdi-recept/
09 тамыз 2023, 16:19
kk
Елімізде баспана қайтадан арзандай бастады
Қазақстандағы жылжымайтын мүліктің бастапқы және қайталама нарықтарындағы бағалар қайтадан төмендей бастады. Еліміздің әр түрлі қалаларында олардың құны бір ай мен бір жылда қаншалықты өзгергенін NUR.KZ тілшісі анықтап көрді. Үш ай бұрын Қазақстанда тұрғын үй бағасының төмендеп жатқаны байқалды, бұл 2022 жылғы рекордтық өсімнен кейін қазақстандықтар үшін қуанышты жаңалық болды. Мамыр айының нәтижесінде Қазақстандағы жылжымайтын мүлік нарығы бір орында тұралап қалды, ал маусымда абаттандырылған тұрғын үйлердің орташа қайта сату құны төмендеп, соның аясында жаңа үйлердегі пәтерлер біршама қымбаттады. Ұлттық статистика бюросының жаңа есебіне сәйкес шілде айында жаңа және қайталама нарықтағы үйлер қайтадан арзандай бастады. Біріншісі бойынша баға елде орта есеппен 0,1%-ға, ал екіншісінің бағасы бір айда 1,7%-ға төмендеді. Жаңа пәтерлерді сатудың орташа құны ең көп төмендеген өңір — Павлодар (2,2%-ға). Одан кейінгі орындарға Қостанай (1,7%-ға), Көкшетау (0,9%-ға) және Алматы (0,6%-ға) жайғасқан. Ал Оралда (2,7%-ға), Ақтөбеде (1,9%-ға) және Шымкентте (0,1%-ға) баға, керісінше өсті. Қалған облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда баға өзгеріссіз қалды. Бір жыл ішінде жаңа тұрғын үйлер 4,3%-ға қымбаттады. Оның орташа құны шілдеде шаршы метріне 486 246 теңгені құрады. Шілдеде абаттандырылған тұрғын үйді қайта сатудың орташа бағасы төмендеген қалалар — Астана (3,4%-ға), Алматы (1,5%-ға), Көкшетау (1,3%-ға), Қостанай (1%-ға) және Өскемен (0,5%-ға). Қайталама нарықтағы жылжымайтын мүліктің орташа құны тек Павлодарда (0,7%-ға), Семейде (0,5%-ға), Шымкентте (0,4%-ға) және Ақтөбеде (0,1%-ға) ғана өсті. Бір жыл ішінде аталған санаттағы мүліктердің бағасы республика бойынша 0,7%-ға түсті, нәтижесінде оның мөлшері бір шаршы метріне орташа есеппен 494 433 теңгені құрады. Жылжымайтын мүлікті жалға беру бір айда, керісінше аздап қымбаттады – 1,9%-ға. Өсім тек екі облыс орталығы мен еліміздің екі мегаполисінде байқалды: Қарағанды (3,9%-ға), Алматы (3,1%-ға), Петропавл (0,6%-ға) және Шымкент (0,1%-ға). Басқа өңірлерде тұрғын үйді жалға алудың орташа бағасы өзгерген жоқ. Ал бір жыл ішінде жалға берілетін мүліктің құны республика бойынша орта есеппен бір шаршы метріне 4721 теңгеге дейін жетіп, 28,6%-ға өсті. Еске салсақ, бұған дейін біз 2023 жылы Қазақстанда қандай шартпен ипотека рәсімдеуге болатыны туралы жазған едік.
Қазақстандағы жылжымайтын мүліктің бастапқы және қайталама нарықтарындағы бағалар қайтадан төмендей бастады. Еліміздің әр түрлі қалаларында олардың құны бір ай мен бір жылда қаншалықты өзгергенін тілшісі анықтап көрді. Үш ай бұрын Қазақстанда тұрғын үй бағасының төмендеп жатқаны байқалды, бұл 2022 жылғы рекордтық өсімнен кейін қазақстандықтар үшін қуанышты жаңалық болды. Мамыр айының нәтижесінде Қазақстандағы жылжымайтын мүлік нарығы бір орында тұралап қалды, ал маусымда абаттандырылған тұрғын үйлердің орташа қайта сату құны төмендеп, соның аясында жаңа үйлердегі пәтерлер біршама қымбаттады. Ұлттық статистика бюросының жаңа есебіне сәйкес шілде айында жаңа және қайталама нарықтағы үйлер қайтадан арзандай бастады. Біріншісі бойынша баға елде орта есеппен 0,1%-ға, ал екіншісінің бағасы бір айда 1,7%-ға төмендеді. Жаңа пәтерлерді сатудың орташа құны ең көп төмендеген өңір — Павлодар (2,2%-ға). Одан кейінгі орындарға Қостанай (1,7%-ға), Көкшетау (0,9%-ға) және Алматы (0,6%-ға) жайғасқан. Ал Оралда (2,7%-ға), Ақтөбеде (1,9%-ға) және Шымкентте (0,1%-ға) баға, керісінше өсті. Қалған облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда баға өзгеріссіз қалды. Бір жыл ішінде жаңа тұрғын үйлер 4,3%-ға қымбаттады. Оның орташа құны шілдеде шаршы метріне 486 246 теңгені құрады. Шілдеде абаттандырылған тұрғын үйді қайта сатудың орташа бағасы төмендеген қалалар — Астана (3,4%-ға), Алматы (1,5%-ға), Көкшетау (1,3%-ға), Қостанай (1%-ға) және Өскемен (0,5%-ға). Қайталама нарықтағы жылжымайтын мүліктің орташа құны тек Павлодарда (0,7%-ға), Семейде (0,5%-ға), Шымкентте (0,4%-ға) және Ақтөбеде (0,1%-ға) ғана өсті. Бір жыл ішінде аталған санаттағы мүліктердің бағасы республика бойынша 0,7%-ға түсті, нәтижесінде оның мөлшері бір шаршы метріне орташа есеппен 494 433 теңгені құрады. Жылжымайтын мүлікті жалға беру бір айда, керісінше аздап қымбаттады – 1,9%-ға. Өсім тек екі облыс орталығы мен еліміздің екі мегаполисінде байқалды: Қарағанды (3,9%-ға), Алматы (3,1%-ға), Петропавл (0,6%-ға) және Шымкент (0,1%-ға). Басқа өңірлерде тұрғын үйді жалға алудың орташа бағасы өзгерген жоқ. Ал бір жыл ішінде жалға берілетін мүліктің құны республика бойынша орта есеппен бір шаршы метріне 4721 теңгеге дейін жетіп, 28,6%-ға өсті.
Қаржы
false
https://kaz.nur.kz/nurfin/2031842-elimizde-baspana-qaitadan-arzandai-bastady/
09 тамыз 2023, 15:58
kk
Жазғы демалысты қалай өткізуге болады: Татьяна Демьянова құпиясын бөлісті
Спортшылар өз жұмысын жүз пайызға беріліп жасайды, тіпті демалыс уақытында да солай. Қазақстандық волейболшы Татьяна Демьянова жазғы демалыста бірнеше елге саяхаттап, бүкіл маусымға қуат алады. Саяхаттаудан қалай барынша ләззат алуға болатындығы туралы біздің эксклюзивті сұхбаттан оқыңыз. Сіз демалысқа қаншалықты жиі барасыз және қандай демалыс түрін таңдайсыз? Менің спорттық демалысым 1 сәуірден 10-15 шілдеге дейінгі аралықты қамтиды. Осы уақыт ішінде мен бірден бірнеше елге саяхаттауға тырысамын. Бұл жолы Түркияға, Вьетнамға, Дубайға және Мальдив аралдарына бардым. Мен белсенді демалысты жақсы көремін. Мүмкіндік болса, спортзалға баруға тырысамын, алайда, шынын айту керек, ондай мүмкіндік сирек болып тұрады, өйткені мен жаңа елдің сұлулығын тамашалап, теңізге шомылып үлгергім келеді. Сізді саяхаттауға не шабыттандырады? Саяхат маған толық еркіндік сезімін береді - күнделікті күйбелең тірліктен демалып, тек кинодан тамашалаған көріністерді өз көзіммен көруге, жаңа нәрселердің дәм-тұзын татып, қызықты адамдармен жүздесуге мүмкіндік береді. Оған қоса, әртүрлі елдерге барған кезде Сіз өмірге деген көзқарасыңызды басқа призмалар арқылы қарап, әдеттегі қалыптасқан жағдайларға басқа көзқараспен қарай аласыз. Бұл армандардыңызды өңіңізде көргенмен тең сияқты! Қай елге саяхаттау туралы шешімді қалай қабылдайсыз? Келесі демалысқа жоспарларыңыз бар ма? Демалысымның жоғары деңгейде өтуі үшін, мен саяхаттауға баратын елді және ол жерде тұрып-жататын орнымды тыңғылықты түрде зерттеп жоспарлаймын. Себебі, демалыс уақытында керек емес жағымсыз эмоциялар мен проблемаларға тап болғым келмейді. Келесі жылы мен Еуропаға барамын деп жоспарлаудамын. Визаға байланысты ұзақ уақытқа кейінге қалдырылған еді. Содан кейін Сейшел аралдарына, Индонезия мен Грузияға сапар шегемін деген ой бар. Оған қоса, Грозныйға да барғым келеді. Соңғы сапарыңыз туралы айтып бересіз бе? Қандай сәттер, белсенділіктеріңіз есте қалды? Соңғы саяхаттауға барған ел - Дубай болды. Мен аквапаркі бар Atlantis атты керемет қонақ үйін таңдадым. Оның су сырғанақтары өмір бойы менің есімде қалады: үлкен биіктіктен еркін құлаған сәт әркімнің жадында қалатынына сенімдімін. Сондай – ақ, Ferrari world-қа бардым, бұл жылдамдық әуесқойлары үшін мықты экстрим болып табылады. Отбасыммен бірге өте әдемі түнгі қалада кабриолетпен серуендеп, болашақтың қандай болуы мүмкін екендігі көрсетілген мұражайға бардық. Мен Дубайға жиі барамын, бірақ ол маған әр жолы жаңаша ашылып, одан да әдемі жерлерді көрсетеді. Қазақстандықтарға жазғы саяхатты жарқын әрі қызықты етіп өткізу үшін қандай кеңестер бере аласыз? Саяхатты жарқын және есте қаларлық ету үшін жаныңызға жақын адамдармен барыңыз. Сол кезде Сіз демалысыңыздың әр минутынан ләззат алатын боласыз, өйткені демалыстың сапасы толығымен жаныңыздағы адамдарға да байланысты екенін ескергеніңіз жөн. Мен өзіммен әрқашан достарымды немесе отбасымды, әрине, оған қоса, жақсы көңіл-күйді алып барамын. Татьяна Демьянованың кеңестерін осы жаздан бастап қолдансаңыз болады. Parimatch-тың ең керемет ұтыс ойынына қатысыңыз да, кез-келген елге екі жолдаманы ұтып алыңыз! Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілген.
Спортшылар өз жұмысын жүз пайызға беріліп жасайды, тіпті демалыс уақытында да солай. Қазақстандық волейболшы Татьяна Демьянова жазғы демалыста бірнеше елге саяхаттап, бүкіл маусымға қуат алады. Саяхаттаудан қалай барынша ләззат алуға болатындығы туралы біздің эксклюзивті сұхбаттан оқыңыз. Сіз демалысқа қаншалықты жиі барасыз және қандай демалыс түрін таңдайсыз? Менің спорттық демалысым 1 сәуірден 10-15 шілдеге дейінгі аралықты қамтиды. Осы уақыт ішінде мен бірден бірнеше елге саяхаттауға тырысамын. Бұл жолы Түркияға, Вьетнамға, Дубайға және Мальдив аралдарына бардым. Мен белсенді демалысты жақсы көремін. Мүмкіндік болса, спортзалға баруға тырысамын, алайда, шынын айту керек, ондай мүмкіндік сирек болып тұрады, өйткені мен жаңа елдің сұлулығын тамашалап, теңізге шомылып үлгергім келеді. Сізді саяхаттауға не шабыттандырады? Саяхат маған толық еркіндік сезімін береді - күнделікті күйбелең тірліктен демалып, тек кинодан тамашалаған көріністерді өз көзіммен көруге, жаңа нәрселердің дәм-тұзын татып, қызықты адамдармен жүздесуге мүмкіндік береді. Оған қоса, әртүрлі елдерге барған кезде Сіз өмірге деген көзқарасыңызды басқа призмалар арқылы қарап, әдеттегі қалыптасқан жағдайларға басқа көзқараспен қарай аласыз. Бұл армандардыңызды өңіңізде көргенмен тең сияқты! Қай елге саяхаттау туралы шешімді қалай қабылдайсыз? Келесі демалысқа жоспарларыңыз бар ма? Демалысымның жоғары деңгейде өтуі үшін, мен саяхаттауға баратын елді және ол жерде тұрып-жататын орнымды тыңғылықты түрде зерттеп жоспарлаймын. Себебі, демалыс уақытында керек емес жағымсыз эмоциялар мен проблемаларға тап болғым келмейді. Келесі жылы мен Еуропаға барамын деп жоспарлаудамын. Визаға байланысты ұзақ уақытқа кейінге қалдырылған еді. Содан кейін Сейшел аралдарына, Индонезия мен Грузияға сапар шегемін деген ой бар. Оған қоса, Грозныйға да барғым келеді. Соңғы сапарыңыз туралы айтып бересіз бе? Қандай сәттер, белсенділіктеріңіз есте қалды? Соңғы саяхаттауға барған ел - Дубай болды. Мен аквапаркі бар Atlantis атты керемет қонақ үйін таңдадым. Оның су сырғанақтары өмір бойы менің есімде қалады: үлкен биіктіктен еркін құлаған сәт әркімнің жадында қалатынына сенімдімін. Сондай – ақ, Ferrari world-қа бардым, бұл жылдамдық әуесқойлары үшін мықты экстрим болып табылады. Отбасыммен бірге өте әдемі түнгі қалада кабриолетпен серуендеп, болашақтың қандай болуы мүмкін екендігі көрсетілген мұражайға бардық. Мен Дубайға жиі барамын, бірақ ол маған әр жолы жаңаша ашылып, одан да әдемі жерлерді көрсетеді. Қазақстандықтарға жазғы саяхатты жарқын әрі қызықты етіп өткізу үшін қандай кеңестер бере аласыз? Саяхатты жарқын және есте қаларлық ету үшін жаныңызға жақын адамдармен барыңыз. Сол кезде Сіз демалысыңыздың әр минутынан ләззат алатын боласыз, өйткені демалыстың сапасы толығымен жаныңыздағы адамдарға да байланысты екенін ескергеніңіз жөн. Мен өзіммен әрқашан достарымды немесе отбасымды, әрине, оған қоса, жақсы көңіл-күйді алып барамын. Татьяна Демьянованың кеңестерін осы жаздан бастап қолдансаңыз болады. Parimatch-тың ең керемет ұтыс ойынына қатысыңыз да, кез-келген елге екі жолдаманы ұтып алыңыз! Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2031844-zazgy-demalysty-qalai-otkizuge-bolady-tatyana-demyanova-qupiyasyn-bolisti/
09 тамыз 2023, 15:56
kk
Тоқаев Екібастұз тұрғындарымен кездесті (видео)
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұздағы жылу электр орталығындағы апат кезінде шыдамдылық танытқан тұрғындарға алғыс айтты. Бұл туралы Ақорда Telegram арнасында хабарлады. Мемлекет басшысы Екібастұз тұрғындарымен әңгімелесу барысында қиын-қыстау жағдайда шыдамдылық танытқаны және апат салдарын жою кезінде азаматтық белсенділік көрсеткені үшін екібастұздықтарға алғыс айтты. "Екібастұзға ахуалды көру үшін арнайы келіп отырмын. Өткен қыс оңай болған жоқ. Бәрін көрдім, түсінемін. Дегенмен бәріміз бір ұлт, бір ел ретінде ауызбіршілік танытуымыз керек. Қала тұрғындары осы қиын жағдайда сабырлық танытып, шыдады. Азаматтық позициясын, көзқарасын білдірді. Сондықтан баршаңызға ризашылығымды білдіремін. Үкіметке тиісті тапсырмалар берілді. Тиісті қаражат бөлінді. Сондықтан бәрі ойдағыдай болады деп ойлаймын", – деді президент. Қала тұрғындары үйлерін жылумен қамтамасыз етудің мән-жайы туралы айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы төтенше жағдай қайталанбауы үшін Үкімет тарапынан барлық қажетті шаралар қабылданып жатқанын мәлімдеді. Сонымен қатар тұрғындар мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау үшін алғыс айтып, Президенттен қаланы абаттандыру және әлеуметтік нысандар салу мәселесін көтерді. Атап айтқанда, Екібастұз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Самат Рамазанов "Шахтер" саябағына күрделі жөндеу жүргізу қажет екенін айтты. Ал көпбалалы ана Аяна Смағұлова қалада балалардың бос уақытын тиімді өткізіп, олардың жан-жақты дамуына арналған Шығармашылық үйін салып беруді сұрады. Мемлекет басшысы тұрғындардың өтініштерін назарға алып, тиісті тапсырма беретінін жеткізді. "Дұрыс айтасыз. Назарға аламыз. Қысқа уақытта Шығармашылық үйін саламыз. Жалпы, бізге ел көлемінде өскелең ұрпақтың игілігі үшін нысандарды көбірек салу керек. Спортпен айналысу керек екенін айтып жүрмін ғой. Балалаларды спортқа баулу керек. Бірақ ол үшін лайықты спорт алаңдары, стадиондар қажет. Тіпті, ондай спорт нысандар елорда да жетіспейді. Сондықтан әкімдер бұл мәселемен міндетті түрде айналысуы керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұздағы жылу электр орталығындағы апат кезінде шыдамдылық танытқан тұрғындарға алғыс айтты. Бұл туралы Ақорда Telegram арнасында хабарлады. Мемлекет басшысы Екібастұз тұрғындарымен әңгімелесу барысында қиын-қыстау жағдайда шыдамдылық танытқаны және апат салдарын жою кезінде азаматтық белсенділік көрсеткені үшін екібастұздықтарға алғыс айтты. "Екібастұзға ахуалды көру үшін арнайы келіп отырмын. Өткен қыс оңай болған жоқ. Бәрін көрдім, түсінемін. Дегенмен бәріміз бір ұлт, бір ел ретінде ауызбіршілік танытуымыз керек. Қала тұрғындары осы қиын жағдайда сабырлық танытып, шыдады. Азаматтық позициясын, көзқарасын білдірді. Сондықтан баршаңызға ризашылығымды білдіремін. Үкіметке тиісті тапсырмалар берілді. Тиісті қаражат бөлінді. Сондықтан бәрі ойдағыдай болады деп ойлаймын", – деді президент. Қала тұрғындары үйлерін жылумен қамтамасыз етудің мән-жайы туралы айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы төтенше жағдай қайталанбауы үшін Үкімет тарапынан барлық қажетті шаралар қабылданып жатқанын мәлімдеді. Сонымен қатар тұрғындар мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау үшін алғыс айтып, Президенттен қаланы абаттандыру және әлеуметтік нысандар салу мәселесін көтерді. Атап айтқанда, Екібастұз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Самат Рамазанов "Шахтер" саябағына күрделі жөндеу жүргізу қажет екенін айтты. Ал көпбалалы ана Аяна Смағұлова қалада балалардың бос уақытын тиімді өткізіп, олардың жан-жақты дамуына арналған Шығармашылық үйін салып беруді сұрады. Мемлекет басшысы тұрғындардың өтініштерін назарға алып, тиісті тапсырма беретінін жеткізді. "Дұрыс айтасыз. Назарға аламыз. Қысқа уақытта Шығармашылық үйін саламыз. Жалпы, бізге ел көлемінде өскелең ұрпақтың игілігі үшін нысандарды көбірек салу керек. Спортпен айналысу керек екенін айтып жүрмін ғой. Балалаларды спортқа баулу керек. Бірақ ол үшін лайықты спорт алаңдары, стадиондар қажет. Тіпті, ондай спорт нысандар елорда да жетіспейді.
Саясат және экономика
false
https://kaz.nur.kz/politics/2031841-toqaev-ekibastuz-turgynndarymen-kezdesti-video/
09 тамыз 2023, 15:37
kk
"Жөргегін ауыстырамын": Әли Оқапов қандай әке екенін айтты
Отандық әнші Әли Оқапов биылғы жылы алғаш рет әке атанған болатын. Өнер иесі "Түнгі студия" бағдарламасында түнде ұйқыдан оянып, баласының жөргегін ауыстыратынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Мен балаға қатысты жұмыстың бәріне атсалысамын. Түннің ішінде балаға оянамын. Тамағын дайындап беремін. Жөргегін ауыстырамын. Астын бүлдірсе, бәрін жуамын. Соның бәрімен айналысамын. Біз үш сағат сайын балаға оянып, екеуіміз балаға қарап, қайта ұйықтаймыз. Негізі бос уақыттың барлығы үйде, баламен өтуде", - деді Әли Оқапов. Естеріңізге сала кетейік, Роза Рымбаеваның немерелі болғаны жайлы ақпарат биылғы жылдың ақпанында желіге тарады. Ал кейінірек халық әртісі Роза Қуанышқызы көптен күткен тұңғыш немересі Зейіннің бесік тойын жасап, қонақтардың басын қосты. Осыдан кейін Әли Оқапов көпшілікке ұлын көрсетіп, әйеліне су жаңа темір тұлпар сыйға тартты.
Отандық әнші Әли Оқапов биылғы жылы алғаш рет әке атанған болатын. Өнер иесі "Түнгі студия" бағдарламасында түнде ұйқыдан оянып, баласының жөргегін ауыстыратынын айтты, деп жазады . "Мен балаға қатысты жұмыстың бәріне атсалысамын. Түннің ішінде балаға оянамын. Тамағын дайындап беремін. Жөргегін ауыстырамын. Астын бүлдірсе, бәрін жуамын. Соның бәрімен айналысамын. Біз үш сағат сайын балаға оянып, екеуіміз балаға қарап, қайта ұйықтаймыз. Негізі бос уақыттың барлығы үйде, баламен өтуде", - деді Әли Оқапов. Естеріңізге сала кетейік, Роза Рымбаеваның немерелі болғаны жайлы ақпарат биылғы жылдың ақпанында желіге тарады. Ал кейінірек халық әртісі Роза Қуанышқызы көптен күткен тұңғыш немересі Зейіннің бесік тойын жасап, қонақтардың басын қосты.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2031840-zorgegin-auystyramyn-ali-oqapov-qandai-ake-ekenin-aitty/
09 тамыз 2023, 15:31
kk
Тоқаев қыркүйек айында Қазақстан халқына жолдауын жариялайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйек айында Қазақстан халқына жолдауын жариялайды. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі Telegram арнасында хабарлады. Ақорданың хабарлауынша, мемлекет басшысы қыркүйек айында жарияланатын Қазақстан халқына жолдауында елдің экономикалық саясаты туралы өзінің көзқарасын баяндауды жоспарлап отыр. "Біз мүлдем жаңа бағытқа көшу үшін Қазақстанның экономикалық дамуына тың серпін беруіміз керек. Жауапты тарихи сәт келді. Демек Қазақстан экономикасы да қазіргі деңгейде қала алмайды. Сөзсіз солай боларына сенімдімін. Үкіметтің міндеті – тиісті ұсыныстар беру. Бұл – бірінші. Екіншіден, осы ұсыныстарға сәйкес дайындалатын жоспарларды іске асыруға кепілдік беру. Бірақ мен жаңа экономикалық модельді іске асыруға және дайындауға қатысты көзқарасымды жасырмаймын. Жақында Жоғары экономикалық кеңестің отырысын өткіздім. Ашығын айтқанда, сол жиында отандық экономистерді сынға алдым. Менің ойымша, олар істі соңына дейін жеткізе алмайды. Креативтілік жоқ. Біздің және жалпы мемлекеттің алдында тұрған міндеттерді түсінбейді. Халық бізден нақты шешімдер күтеді, өйткені ең өзекті мәселелерді шешу қажет. Халқымыздың лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету еліміздің экономикасының даму тұжырымдамасына қатысты біздің ұстанымымызға тікелей байланысты. Мұны түбегейлі шешімдерсіз еңсеру қиын. Біз еліміздің экономикалық дамуына тың серпін беруге бағытталған осы өте маңызды жұмысқа бірге кірісуіміз керек", - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйек айында Қазақстан халқына жолдауын жариялайды. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі Telegram арнасында хабарлады. Ақорданың хабарлауынша, мемлекет басшысы қыркүйек айында жарияланатын Қазақстан халқына жолдауында елдің экономикалық саясаты туралы өзінің көзқарасын баяндауды жоспарлап отыр. "Біз мүлдем жаңа бағытқа көшу үшін Қазақстанның экономикалық дамуына тың серпін беруіміз керек. Жауапты тарихи сәт келді. Демек Қазақстан экономикасы да қазіргі деңгейде қала алмайды. Сөзсіз солай боларына сенімдімін. Үкіметтің міндеті – тиісті ұсыныстар беру. Бұл – бірінші. Екіншіден, осы ұсыныстарға сәйкес дайындалатын жоспарларды іске асыруға кепілдік беру. Бірақ мен жаңа экономикалық модельді іске асыруға және дайындауға қатысты көзқарасымды жасырмаймын. Жақында Жоғары экономикалық кеңестің отырысын өткіздім. Ашығын айтқанда, сол жиында отандық экономистерді сынға алдым. Менің ойымша, олар істі соңына дейін жеткізе алмайды. Креативтілік жоқ. Біздің және жалпы мемлекеттің алдында тұрған міндеттерді түсінбейді. Халық бізден нақты шешімдер күтеді, өйткені ең өзекті мәселелерді шешу қажет. Халқымыздың лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету еліміздің экономикасының даму тұжырымдамасына қатысты біздің ұстанымымызға тікелей байланысты. Мұны түбегейлі шешімдерсіз еңсеру қиын.
Саясат және экономика
false
https://kaz.nur.kz/politics/2031834-toqaev-qyrkuiek-aiynda-qazaqstan-xalqyna-zoldauyn-zariyalaidy/
09 тамыз 2023, 15:05
kk
"86 жас оңай емес": Бүркіт қолына көшіп келген әкесінің Алматыға әрең үйреніп келе жатқанын айтты (видео)
Отандық әнші Бүркіт жақында сексеннен асқан ата-анасын Алматыға, өз қолына көшіріп алған болатын. Өнер иесі Instagram парақшасында әкесінің жаңа қалаға әрең үйреніп келе жатқанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Мінекей, әкеміз бен шешемізге Алматыдан үй салып, осында көшірдік. Өз қолымызға алдық. Әкем Алматыға әрең үйреніп келе жатыр. Бірақ, кейбір кезде "Ауылға кеттік" деп қояды. 86 жас деген оңай емес", - деп жазды Бүркіт. Видеодан әншінің әкесінің бассейнге суға түсіп жүргенін байқауға болады. Осы сәтті Бүркіт видеоға түсіріп, көпшілікке бөлісті. Айта кетейік, осыған дейін де Айбек Жансейітов әкесі мен шешесі Алматыға көшуге әрең келіскенін айтқан болатын.
Отандық әнші Бүркіт жақында сексеннен асқан ата-анасын Алматыға, өз қолына көшіріп алған болатын. Өнер иесі Instagram парақшасында әкесінің жаңа қалаға әрең үйреніп келе жатқанын айтты, деп жазады . "Мінекей, әкеміз бен шешемізге Алматыдан үй салып, осында көшірдік. Өз қолымызға алдық. Әкем Алматыға әрең үйреніп келе жатыр. Бірақ, кейбір кезде "Ауылға кеттік" деп қояды. 86 жас деген оңай емес", - деп жазды Бүркіт. Видеодан әншінің әкесінің бассейнге суға түсіп жүргенін байқауға болады. Осы сәтті Бүркіт видеоға түсіріп, көпшілікке бөлісті.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2031831-86-zas-onai-emes-burkit-qolyna-kosip-kelgen-akesinin-almatyga-aren-uirenip-kele-zatqanyn-aitty-video/
09 тамыз 2023, 14:56
kk
Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі шамамен 50 мың теңгеге дейін өсті
Қазақстанда жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 50 мың теңгеге дейін өсті. Еліміздің қай тұрғындары үшін бұл сома азды-көпті болуы мүмкін. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз. Жыл басынан бері Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 40 567 теңгені құрайды. Бірақ бұл белгіленген сома негізгі әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін қолданылады. Бұл ретте елдің әр түрлі өңірінің тұрғындары үшін жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейі ай сайын азық-түлік өнімдерінің белгілі бір жиынтығының құнына байланысты анықталады. Яғни, азық-түлік бағасы неғұрлым жоғары болса, ең төменгі күнкөріс деңгейі де соғұрлым жоғары болады. Finprom.kz сарапшылары мәліметінше, Қазақстанда шілде айында азық-түлік инфляциясы 13,5 пайызды құрады. Ал ең төменгі күнкөріс деңгейінің есебіне кіретін азық-түлік өнімдері жылына 10,5 пайызға қымбаттап, ең төменгі күнкөріс деңгейі өскен. Биылғы жылдың шілде айында Қазақстанда жан басына шаққандағы орташа күнкөріс деңгейі 49,5 мың теңгені құрады. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш 44,8 мың теңгені құраған болатын. Аймақтар бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерін қарастырсақ, әр өңірде баға әр түрлі келеді. Оның ішінде төрт өңірдегі баға деңгейі республикалық көрсеткіштен асып түседі. Ең төменгі күнкөріс деңгейі жоғары өңірлердің бірі дәстүрлі түрде Маңғыстау облысы болып саналады – 62,2 мың теңге, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 13,5 пайызға артық. Маңғыстаудағы ең төменгі күнкөріс деңгейі республикалық көрсеткіштен 25,8 пайызға асып түскен. Екінші орында Астана қаласы – 56,4 мың теңге, үшінші орында Шығыс Қазақстан облысы – 52,4 мың теңге. Бұл өңірлерде ең төменгі күнкөріс деңгейі орташа республикалық деңгейден 14,1 пайыз және 6 пайызға жоғарылаған. Үздік бестікке Алматы (51,2 мың теңге) мен Павлодар облысы да (49,4 мың теңге) кірді. Ең төменгі күнкөріс деңгейі аз өңірлерге Қызылорда (44,3 мың теңге), Түркістан (44,4 мың теңге) және Ақтөбе облысы (45,2 мың теңге) кірді. Айта кетейік, ең төменгі күнкөріс деңгейі аймаққа ғана емес, халық тобына да байланысты өзгеруі мүмкін, өйткені ересектердің азық-түлік тұтыну нормасы балаларға қарағанда әлдеқайда жоғары. Осылайша жас ерекшеліктері бойынша ерлер мен ұлдар арасындағы ең төменгі күнкөріс деңгейі мынадай болып тіркелген: Әйелдер арасында да ең төменгі күнкөріс деңгейі жас ерекшелігі бойынша мынадай болып бөлінген: Барлық жас санатындағы ұлдар мен ерлер үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі қыздар мен әйелдердің көрсеткіштерінен айтарлықтай асып түскен. Биылғы жылдың шілде айында жас санатына байланысты ерлерге қажетті ең төменгі күнкөріс деңгейінің көрсеткіші 1,9 пайыздан 30,5 пайыз аралығында құбылған. Сондай-ақ өңір бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің көрсеткіші аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) есептеу үшін қолданылатынын еске сала кетейік.
Қазақстанда жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 50 мың теңгеге дейін өсті. Еліміздің қай тұрғындары үшін бұл сома азды-көпті болуы мүмкін. Толығырақ материалынан оқыңыз. Жыл басынан бері Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 40 567 теңгені құрайды. Бірақ бұл белгіленген сома негізгі әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін қолданылады. Бұл ретте елдің әр түрлі өңірінің тұрғындары үшін жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейі ай сайын азық-түлік өнімдерінің белгілі бір жиынтығының құнына байланысты анықталады. Яғни, азық-түлік бағасы неғұрлым жоғары болса, ең төменгі күнкөріс деңгейі де соғұрлым жоғары болады. сарапшылары мәліметінше, Қазақстанда шілде айында азық-түлік инфляциясы 13,5 пайызды құрады. Ал ең төменгі күнкөріс деңгейінің есебіне кіретін азық-түлік өнімдері жылына 10,5 пайызға қымбаттап, ең төменгі күнкөріс деңгейі өскен. Биылғы жылдың шілде айында Қазақстанда жан басына шаққандағы орташа күнкөріс деңгейі 49,5 мың теңгені құрады. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш 44,8 мың теңгені құраған болатын. Аймақтар бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерін қарастырсақ, әр өңірде баға әр түрлі келеді. Оның ішінде төрт өңірдегі баға деңгейі республикалық көрсеткіштен асып түседі. Ең төменгі күнкөріс деңгейі жоғары өңірлердің бірі дәстүрлі түрде Маңғыстау облысы болып саналады – 62,2 мың теңге, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 13,5 пайызға артық. Маңғыстаудағы ең төменгі күнкөріс деңгейі республикалық көрсеткіштен 25,8 пайызға асып түскен. Екінші орында Астана қаласы – 56,4 мың теңге, үшінші орында Шығыс Қазақстан облысы – 52,4 мың теңге. Бұл өңірлерде ең төменгі күнкөріс деңгейі орташа республикалық деңгейден 14,1 пайыз және 6 пайызға жоғарылаған. Үздік бестікке Алматы (51,2 мың теңге) мен Павлодар облысы да (49,4 мың теңге) кірді. Ең төменгі күнкөріс деңгейі аз өңірлерге Қызылорда (44,3 мың теңге), Түркістан (44,4 мың теңге) және Ақтөбе облысы (45,2 мың теңге) кірді. Айта кетейік, ең төменгі күнкөріс деңгейі аймаққа ғана емес, халық тобына да байланысты өзгеруі мүмкін, өйткені ересектердің азық-түлік тұтыну нормасы балаларға қарағанда әлдеқайда жоғары. Осылайша жас ерекшеліктері бойынша ерлер мен ұлдар арасындағы ең төменгі күнкөріс деңгейі мынадай болып тіркелген: Әйелдер арасында да ең төменгі күнкөріс деңгейі жас ерекшелігі бойынша мынадай болып бөлінген: Барлық жас санатындағы ұлдар мен ерлер үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі қыздар мен әйелдердің көрсеткіштерінен айтарлықтай асып түскен. Биылғы жылдың шілде айында жас санатына байланысты ерлерге қажетті ең төменгі күнкөріс деңгейінің көрсеткіші 1,9 пайыздан 30,5 пайыз аралығында құбылған.
Қаржы
false
https://kaz.nur.kz/nurfin/2031818-qazaqstanda-en-tomengi-kunkoris-dengeii-samamen-50-myn-tengege-deiin-osti/
09 тамыз 2023, 14:38
kk
Синоптиктер: Алдағы күндері Қазақстанда аптап ыстық басылады
Алдағы күндері – 10-12 тамыз аралығында Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстық басылады. Сондай-ақ жаңбыр жауып, жел күшеюі мүмкін, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК синоптиктері ресми сайтында. Синоптиктер уәде еткендей, ұзақ аптап ыстықтан кейін Қазақстан аумағының басым бөлігіне арктикалық салқын ауа әсер ететін болады. Десе де елдің оңтүстігі мен шығысы сол күйі Оңтүстік циклонның ықпалында болады. Екі ауа массасының қосылуы салдарынан фронтальды бөліктер шиеленісуі мүмкін. Нәтижесінде батыс облыстарды қоспағанда, республика аумағында жауын-шашын болады, кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел екпіні 15-25 м/с дейін күшейеді. Найзағай кезінде жел екпіні тағы да күшейе түсуі ықтимал. Аптап ыстық тек еліміздің батыс өңірлерінде сақталады, деп қосты метеорологиялық қызмет мамандары. Айта кетейік, соңғы күндері Қазақстанның бірқатар өңірінде күн қатты ысып, кей жерлерде 40 градусқа дейін аптап ыстық болды - синоптиктер өрт қаупі барын ескертті. Сондай-ақ, сейсенбі, 8 тамызда Алматыда қатты жаңбыр жауып – ауа райының қолайсыздығынан жолдарды су басқан еді. Ал одан бір күн бұрын Астанада қатты жауын-шашын болып, тұрғындар жаңбыр суына көліктердің батып жатқан сәтінен видеоларды желіде жарыса жариялаған болатын.
Алдағы күндері – 10-12 тамыз аралығында Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстық басылады. Сондай-ақ жаңбыр жауып, жел күшеюі мүмкін, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК синоптиктері ресми сайтында. Синоптиктер уәде еткендей, ұзақ аптап ыстықтан кейін Қазақстан аумағының басым бөлігіне арктикалық салқын ауа әсер ететін болады. Десе де елдің оңтүстігі мен шығысы сол күйі Оңтүстік циклонның ықпалында болады. Екі ауа массасының қосылуы салдарынан фронтальды бөліктер шиеленісуі мүмкін. Нәтижесінде батыс облыстарды қоспағанда, республика аумағында жауын-шашын болады, кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел екпіні 15-25 м/с дейін күшейеді. Найзағай кезінде жел екпіні тағы да күшейе түсуі ықтимал. Аптап ыстық тек еліміздің батыс өңірлерінде сақталады, деп қосты метеорологиялық қызмет мамандары. Айта кетейік, соңғы күндері Қазақстанның бірқатар өңірінде күн қатты ысып, кей жерлерде 40 градусқа дейін аптап ыстық болды - синоптиктер өрт қаупі барын ескертті. Сондай-ақ, сейсенбі, 8 тамызда Алматыда қатты жаңбыр жауып – ауа райының қолайсыздығынан жолдарды су басқан еді.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2031823-sinoptikter-aldagy-kunderi-qazaqstanda-aptap-ystyq-basylady/
09 тамыз 2023, 14:30
kk
"Дикий Арманды" қамауда ұстау мерзімі тағы ұзарды
"Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауға алу мерзімі тағы да ұзартылды. Бұл туралы KAZNUR.KZ Алматы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. "Алматы Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 4 тамыздағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Д.-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 7 қыркүйегіне дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды", - деп хабарлады Алматы қалалық соттың баспасөз қызметі. Еске салайық, Арман Жұмагелдиевтің ұсталғаны туралы өткен жылдың қаңтарында - Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде белгілі болған. Жұмагелдиев - Қылмыстық кодекстің 272 бабы "Жаппай тәртіпсіздіктер" және 287 бап "Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша күдікті. Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев қаңтар оқиғасына қатысты жарияланған рақымшылыққа жиырмаға жуық адамның ілікпейтінін айтты. Олардың қатарында Арман Жұмагелдиевтің де бары белгілі болды. Биыл қаңтар айында Бас прокурор Берік Асылов Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде Дикий Арманның әрекеті қалай үйлестірілгенін және оған кім көмектескенін мәлім етті.
"Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауға алу мерзімі тағы да ұзартылды. Бұл туралы Алматы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. "Алматы Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 4 тамыздағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Д.-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 7 қыркүйегіне дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды", - деп хабарлады Алматы қалалық соттың баспасөз қызметі. Еске салайық, Арман Жұмагелдиевтің ұсталғаны туралы өткен жылдың қаңтарында - Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде белгілі болған. Жұмагелдиев - Қылмыстық кодекстің 272 бабы "Жаппай тәртіпсіздіктер" және 287 бап "Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша күдікті. Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев қаңтар оқиғасына қатысты жарияланған рақымшылыққа жиырмаға жуық адамның ілікпейтінін айтты. Олардың қатарында Арман Жұмагелдиевтің де бары белгілі болды.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2031825-dikii-armandy-qamauda-ustau-merzimi-tagy-uzardy/
09 тамыз 2023, 13:57
kk
Асу Алмабаев UFC-дегі жеңісінен кейін үздік 20 балуанның қатарына енді
Қазақстандық аралас жекпе-жек балуаны Асу Алмабаев UFC-дегі жарқын дебютінен кейін Fightmatrix сайтының нұсқасы бойынша аса жеңіл салмақтағы 20 үздік балуанның қатарына енді. Ямайкалық балуан Одди Осборнға қарсы UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде жарқын жеңіске жеткен Асу рейтингте 19-орынға көтерілді. 29 жастағы қазақстандық балуан Расул Әлбасхановты (ACA), Мансұр Малачиевті (ONE), Бруно Сильваны (UFC), Имран Букуевті (ACA), Мета Шнельді және Стив Ерцегті (екеуі де UFC) басып озды. Үздіктер рейтингінде үш UFC балуаны — Мұхаммад Мокаев, Коди Дурден және Тагир Ұланбеков одан басым түсіп отыр. Оның салмағына сәйкес балуандар арасында бірінші орынға шілде айында Брэндон Мореноны жеңген аралас жекпе-жек балуаны Алешандре Пантожа жайғасқан. Ал Брэндонға екінші орын бұйырды. Бұған дейін Алмабаевтың Fightmatrix рейтингіндегі ең жоғары позициясы 26-орын болатын, ол бұл көрсеткішке 2022 жылдың қаңтарында ие болған. Еске салайық, Зульфикараның дебюттік жекпе-жегі 6 тамызда Нэшвиллде UFC on ESPN 50-де өткен еді. Қазақстандық қарсыласын екінші раундта-ақ жеңген болатын.
Қазақстандық аралас жекпе-жек балуаны Асу Алмабаев UFC-дегі жарқын дебютінен кейін Fightmatrix сайтының нұсқасы бойынша аса жеңіл салмақтағы 20 үздік балуанның қатарына енді. Ямайкалық балуан Одди Осборнға қарсы UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде жарқын жеңіске жеткен Асу рейтингте 19-орынға көтерілді. 29 жастағы қазақстандық балуан Расул Әлбасхановты (ACA), Мансұр Малачиевті (ONE), Бруно Сильваны (UFC), Имран Букуевті (ACA), Мета Шнельді және Стив Ерцегті (екеуі де UFC) басып озды. Үздіктер рейтингінде үш UFC балуаны — Мұхаммад Мокаев, Коди Дурден және Тагир Ұланбеков одан басым түсіп отыр. Оның салмағына сәйкес балуандар арасында бірінші орынға шілде айында Брэндон Мореноны жеңген аралас жекпе-жек балуаны Алешандре Пантожа жайғасқан. Ал Брэндонға екінші орын бұйырды. Бұған дейін Алмабаевтың Fightmatrix рейтингіндегі ең жоғары позициясы 26-орын болатын, ол бұл көрсеткішке 2022 жылдың қаңтарында ие болған. Еске салайық, Зульфикараның дебюттік жекпе-жегі 6 тамызда Нэшвиллде UFC on ESPN 50-де өткен еді.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2031820-asu-almabaev-ufc-degi-zenisinen-keiin-uzdik-20-baluannyn-qataryna-endi/
09 тамыз 2023, 13:27
kk
"Еуроодақ елдеріне жол тартқан": БҚО-да шетелдік туристер ұсталды
Бүгін, 9 тамызда Батыс Қазақстан облысының Ресеймен шекарасында елімізге турист ретінде келген бес шетел азаматы ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Telegram-дағы ресми арнасында хабарланды. Ведомство мәліметінше, 4 тамызда ҰҚК Шекара қызметі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің шекарашылары белгіленген өткізу пункттерінен тыс жерден Ресей Федерациясы аумағына қарай мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге әрекет жасаған бес шетел азаматын ұстады. "Аталған адамдар Қазақстан республикасына әуе жолымен турист ретінде келген. Алдын ала мәлімет бойынша олар жақсы өмір сүру жағдайын іздеп Еуроодақ елдеріне жол тартқан", – деп атап өтті ҰҚК. Ведомство ақпаратынша, ұсталғандар Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық сотының қаулысымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ел аумағынан шығарылды.
Бүгін, 9 тамызда Батыс Қазақстан облысының Ресеймен шекарасында елімізге турист ретінде келген бес шетел азаматы ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Telegram-дағы ресми арнасында хабарланды. Ведомство мәліметінше, 4 тамызда ҰҚК Шекара қызметі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің шекарашылары белгіленген өткізу пункттерінен тыс жерден Ресей Федерациясы аумағына қарай мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге әрекет жасаған бес шетел азаматын ұстады. "Аталған адамдар Қазақстан республикасына әуе жолымен турист ретінде келген. Алдын ала мәлімет бойынша олар жақсы өмір сүру жағдайын іздеп Еуроодақ елдеріне жол тартқан", – деп атап өтті ҰҚК.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2031811-euroodaq-elderine-zol-tartqan-bqo-da-seteldik-turister-ustaldy/
09 тамыз 2023, 13:07
kk
"Халық" қоры Жаңаөзенде спорт кешені мен 20 ойын алаңын салуға қаражат бөледі
Спорт кешені мен ойын алаңын салу жобасы Маңғыстау облысы әкімдігі мен "Халық" қайырымдылық қоры арасында қол қойылған меморандум аясында іске асырылмақ. Жаңаөзен қаласында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен 20 спорттық алаң салуға қайырымдылық қор 1,4 млрд теңге бөледі. Жаңаөзен қаласының әкімі Айбек Қосуақұлының айтуынша жаңа алаңдар Жаңаөзен қаласының 55 жылдығына орай жоспарланған. "Жаңаөзен қаласына жаңа алаңдар мен спорттық кешен салынады. Бұл жаңалық қала тұрғындарын қуантары сөзсіз. Қазіргі таңда бұл жобаға жергілікті әкімдіктің тарапынан 20 жер телімін арнайы қарастырып отырмыз. "Халық" қоры қомақты қаржы бөліп, қазан айының 20- на дейін 20 ойын алаңын аяқтап, қаланың 55 жылдығына орай қолданысқа береді", - дейді Айбек Қосуақұлы. "Халық" қайырымдылық қорының басқарушы директоры Нариман Әбілшайықов ынтымақтастық меморандумы спортпен шұғылданатын қала тұрғындарының белсенді демалысы үшін заман талабына сай жайлы жағдай жасауға бағытталғанын айтады. "Спорт кешенінде бір тәулікте 200-ден астам адам айналыса алатын болады. Ал үй алдындағы ойын алаңдары 3 бөліктен тұрады. Алаңның сапасы әлемдік деңгейде заманауи үлгіде жасақталған. Бұл игі істерді жүзеге асыруға қайырымдылық қордың демеушілері Тимур Құлыбаев пен Динара Құлыбаеваның қолдау көрсетіп отырғанын айта кеткен жөн. Бүгінгі келісілген меморандумның нәтижесінде тағы да ауқымды жұмыстар жүргізілетін болады", - дейді Нариман Әбілшайықов. Дене шынықтыру-сауықтыру кешені - спорт әуесқойлары бокспен, күреспен, шағын футбол, теннис, волейбол және баскетболмен шұғылдана алатын спорттық белсенділікті насихаттайтын, ерекше сәулет нысаны. Сондай-ақ спорт кешені жүгіру жолымен, спортзалмен, киім ауыстыратын және жуынатын бөлмелермен жабдықталады. Жаңаөзен қаласында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу тұрғындарды спортқа баулып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарының ашылуына да түрткі болмақ. Кешеннің құрылысы кезінде 150 уақытша жұмыс орны құрылып, ал пайдалануға берілгеннен кейін 50 тұрақты жұмыс орны ашылатын болады. Жаңаөзен қаласының тұрғыны Сақи Мыңбай бұл бастама қаладағы балалардың да, жастардың да мәселесін шешетінін айтып ризалығын айтып отыр. "Қазіргі таңда халық саны күрт өсіп келеді. Жастарға жаңа жұмыс орындарының ашылуы көңіл көншітеді. Балаларымызға арналып жаңа алаңдардың салынуы да қатты қуантады. Өскелең ұрпақ мәдени ортада қалыптасуы тиіс. Ал жаңа жұмыс орындары жастардың дамуына, өсуіне тікелей әсер етеді. Осындай жобалар дами берсін дегім келеді", - деді Сақи Мыңбай. "Халық" жеке қайырымдылық қоры Жаңаөзендегі спорт инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл аударуда. 2022 жылы Қор толығымен жабдықталған 16 воркаут және шағын футбол алаңдарын салған. Бүгінде барлық ойын алаңы әкімдіктің меншігіне берілген. 2016 жылы құрылған "Халық" жеке қайырымдылық қоры қазақстандықтарға жүйелі көмек көрсетуде. Қор құрылғалы 45 млрд теңгеден астам сомаға қайырымдылық жобалары мен бағдарламаларды іске асырған. Әкімдік пен "Халық" қоры арасындағы ынтымақтастық басым әлеуметтік міндеттерді шешуде табысты әріптестіктің үлгісі екенін атап өту маңызды. Мемлекеттік органдар мен жеке ұйымдардың күш-жігерін біріктіру азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Жаңаөзен қаласының спортшылары мен жаттықтырушылардың "Бірлік" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Батырбек Жайлыбаев спорт алаңдарының маңыздылығын атап отыр. "Халық" қайырымдылық қоры осыған дейін бірнеше жобаларды іске асырды. Жаттықтырушы ретінде балаларға әрдайым спорттық үй-тапсырмаларын беріп отырамыз. Балалар үй жағдайында жаттығуларын жасап, еркін дайындала алады. Ендігі салынатын 20 алаң да тұрғындар игілігі үшін", - деді Батырбек Жайлыбаев.
Спорт кешені мен ойын алаңын салу жобасы Маңғыстау облысы әкімдігі мен "Халық" қайырымдылық қоры арасында қол қойылған меморандум аясында іске асырылмақ. Жаңаөзен қаласында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен 20 спорттық алаң салуға қайырымдылық қор 1,4 млрд теңге бөледі. Жаңаөзен қаласының әкімі Айбек Қосуақұлының айтуынша жаңа алаңдар Жаңаөзен қаласының 55 жылдығына орай жоспарланған. "Жаңаөзен қаласына жаңа алаңдар мен спорттық кешен салынады. Бұл жаңалық қала тұрғындарын қуантары сөзсіз. Қазіргі таңда бұл жобаға жергілікті әкімдіктің тарапынан 20 жер телімін арнайы қарастырып отырмыз. "Халық" қоры қомақты қаржы бөліп, қазан айының 20- на дейін 20 ойын алаңын аяқтап, қаланың 55 жылдығына орай қолданысқа береді", - дейді Айбек Қосуақұлы. "Халық" қайырымдылық қорының басқарушы директоры Нариман Әбілшайықов ынтымақтастық меморандумы спортпен шұғылданатын қала тұрғындарының белсенді демалысы үшін заман талабына сай жайлы жағдай жасауға бағытталғанын айтады. "Спорт кешенінде бір тәулікте 200-ден астам адам айналыса алатын болады. Ал үй алдындағы ойын алаңдары 3 бөліктен тұрады. Алаңның сапасы әлемдік деңгейде заманауи үлгіде жасақталған. Бұл игі істерді жүзеге асыруға қайырымдылық қордың демеушілері Тимур Құлыбаев пен Динара Құлыбаеваның қолдау көрсетіп отырғанын айта кеткен жөн. Бүгінгі келісілген меморандумның нәтижесінде тағы да ауқымды жұмыстар жүргізілетін болады", - дейді Нариман Әбілшайықов. Дене шынықтыру-сауықтыру кешені - спорт әуесқойлары бокспен, күреспен, шағын футбол, теннис, волейбол және баскетболмен шұғылдана алатын спорттық белсенділікті насихаттайтын, ерекше сәулет нысаны. Сондай-ақ спорт кешені жүгіру жолымен, спортзалмен, киім ауыстыратын және жуынатын бөлмелермен жабдықталады. Жаңаөзен қаласында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу тұрғындарды спортқа баулып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарының ашылуына да түрткі болмақ. Кешеннің құрылысы кезінде 150 уақытша жұмыс орны құрылып, ал пайдалануға берілгеннен кейін 50 тұрақты жұмыс орны ашылатын болады. Жаңаөзен қаласының тұрғыны Сақи Мыңбай бұл бастама қаладағы балалардың да, жастардың да мәселесін шешетінін айтып ризалығын айтып отыр. "Қазіргі таңда халық саны күрт өсіп келеді. Жастарға жаңа жұмыс орындарының ашылуы көңіл көншітеді. Балаларымызға арналып жаңа алаңдардың салынуы да қатты қуантады. Өскелең ұрпақ мәдени ортада қалыптасуы тиіс. Ал жаңа жұмыс орындары жастардың дамуына, өсуіне тікелей әсер етеді. Осындай жобалар дами берсін дегім келеді", - деді Сақи Мыңбай. "Халық" жеке қайырымдылық қоры Жаңаөзендегі спорт инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл аударуда. 2022 жылы Қор толығымен жабдықталған 16 воркаут және шағын футбол алаңдарын салған. Бүгінде барлық ойын алаңы әкімдіктің меншігіне берілген. 2016 жылы құрылған "Халық" жеке қайырымдылық қоры қазақстандықтарға жүйелі көмек көрсетуде. Қор құрылғалы 45 млрд теңгеден астам сомаға қайырымдылық жобалары мен бағдарламаларды іске асырған. Әкімдік пен "Халық" қоры арасындағы ынтымақтастық басым әлеуметтік міндеттерді шешуде табысты әріптестіктің үлгісі екенін атап өту маңызды. Мемлекеттік органдар мен жеке ұйымдардың күш-жігерін біріктіру азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Жаңаөзен қаласының спортшылары мен жаттықтырушылардың "Бірлік" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Батырбек Жайлыбаев спорт алаңдарының маңыздылығын атап отыр. "Халық" қайырымдылық қоры осыған дейін бірнеше жобаларды іске асырды. Жаттықтырушы ретінде балаларға әрдайым спорттық үй-тапсырмаларын беріп отырамыз. Балалар үй жағдайында жаттығуларын жасап, еркін дайындала алады.
Саясат және экономика
false
https://kaz.nur.kz/politics/2031801-xalyq-qory-zanaozende-sport-keseni-men-20-oiyn-alanyn-saluga-qarazat-boledi/
09 тамыз 2023, 13:06
kk
"Қыста болған жағдай қайталанбауы керек": Тоқаев Екібастұздағы ЖЭО-ны жөндеу жұмыстарымен танысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұздағы жылу электр орталығында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. "Бұл жұмыс бақылауымызда болады. Бұл – өте маңызды жұмыс. Олқылықтар болса, тиісті шешімдер қабылдаймыз. Былтыр қыста болған жағдай қайталанбауы керек. Азаматтарымыз шыдамдылық, сабырлық танытып отыр. Бірақ оның да шегі бар. Сондықтан әкімдерге осындай тапсырма берілді. Тиісті қаражат бөлініп жатыр. Жоспарлардың бәрін міндетті түрде іске асыру керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Еске сала кетейік, 2022 жылы қараша айының соңында Екібастұздағы жылу электр орталығында ірі апат болды. Соның салдарынан қаланың басым бөлігі жылусыз қалды. Қалада төтенше жағдай режимі жарияланды. ТЖ режимі 8 желтоқсанда алынды. Ақпан айында премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Екібастұздағы ЖЭО апатының алдын ала себебін айтты. 18 ақпанда Екібастұздағы жылу электр орталығында штаттан тыс жағдай орын алды. Сәуірде Скляр Екібастұзда бұдан былай жылудан проблема болмайды деп уәде еткен. Кейін мемлекет басшысы үкіметке және облыс әкімдігіне Екібастұздағы жағдайды қалыпқа келтіру, қаладағы ауыр ахуалға жол берген адамдарды жауапқа тарту жөнінде тапсырма берді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұздағы жылу электр орталығында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. "Бұл жұмыс бақылауымызда болады. Бұл – өте маңызды жұмыс. Олқылықтар болса, тиісті шешімдер қабылдаймыз. Былтыр қыста болған жағдай қайталанбауы керек. Азаматтарымыз шыдамдылық, сабырлық танытып отыр. Бірақ оның да шегі бар. Сондықтан әкімдерге осындай тапсырма берілді. Тиісті қаражат бөлініп жатыр. Жоспарлардың бәрін міндетті түрде іске асыру керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Еске сала кетейік, 2022 жылы қараша айының соңында Екібастұздағы жылу электр орталығында ірі апат болды. Соның салдарынан қаланың басым бөлігі жылусыз қалды. Қалада төтенше жағдай режимі жарияланды. ТЖ режимі 8 желтоқсанда алынды. Ақпан айында премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Екібастұздағы ЖЭО апатының алдын ала себебін айтты. 18 ақпанда Екібастұздағы жылу электр орталығында штаттан тыс жағдай орын алды. Сәуірде Скляр Екібастұзда бұдан былай жылудан проблема болмайды деп уәде еткен.
Саясат және экономика
false
https://kaz.nur.kz/politics/2031812-qysta-bolgan-zagdai-qaitalanbauy-kerek-toqaev-ekibastuzdagy-zeo-ny-zondeu-zumystarymen-tanysty/
09 тамыз 2023, 12:38
kk
Павлодар тұрғыны абайсызда полицей бауырының қызметтік тапаншасымен өзін атып, көз жұмды
Павлодар тұрғыны полицей болып жұмыс істейтін бауырының қызметтік тапаншасын алып, абайсызда оқ атқан. Ол алған жарақаттан оқиға орнында көз жұмды, ал полиция қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Павлодар қалалық №2 сотының үкіміне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Сот үкімінде оқиға 2022 жылдың қараша айында болғаны айтылған. 20 жастағы конвойлық ротаның қызметкері туыстарының үйінде тұрған болатын. Сот мәліметінше, полицей түскі асқа үйіне барған, ал біраз уақыттан кейін үйге бөле бауыры да келген. Ер адамдар бірге теледидар көріп отырған, кейін полицей жұмысқа жиналып жатқанда дәретханаға барып келмек болып, "Макаров" қызметтік тапаншасын мұздатқыш камераның үстіне қойып кеткен. "Дәретханадан оқтың даусын естіген. Қонақ бөлмеге кірген кезде оң қолында "Макаров" тапаншасын ұстап жатқан бауырын көрген, ол алған жарақатынан артқа шегінген. Сотталушы туысына жүгіріп келіп, тізесінен жұлқылап, есімін атап шақырған, бірақ ол жауап бермеген. Кейін сотталушы полиция шақырған", - делінген Павлодар қалалық №2 сотының үкімінде. Аталған іс бойынша Қылмыстық кодекстің 371 бабының 2-бөлігі ("Жауапкершіліксіздік") бойынша қылмыстық іс қаралды. Экс-полицей өз кінәсін толық мойындады. Сондай-ақ сот үстінде марқұмның анасы оның ұлы мен жиенінің арасында бауырлық қарым-қатынас болғанын айтып, туысын бас бостандығынан айырмауды өтінген. Сот үкімімен сотталушы 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.
Павлодар тұрғыны полицей болып жұмыс істейтін бауырының қызметтік тапаншасын алып, абайсызда оқ атқан. Ол алған жарақаттан оқиға орнында көз жұмды, ал полиция қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Павлодар қалалық №2 сотының үкіміне сілтеме жасаған хабарлайды. Сот үкімінде оқиға 2022 жылдың қараша айында болғаны айтылған. 20 жастағы конвойлық ротаның қызметкері туыстарының үйінде тұрған болатын. Сот мәліметінше, полицей түскі асқа үйіне барған, ал біраз уақыттан кейін үйге бөле бауыры да келген. Ер адамдар бірге теледидар көріп отырған, кейін полицей жұмысқа жиналып жатқанда дәретханаға барып келмек болып, "Макаров" қызметтік тапаншасын мұздатқыш камераның үстіне қойып кеткен. "Дәретханадан оқтың даусын естіген. Қонақ бөлмеге кірген кезде оң қолында "Макаров" тапаншасын ұстап жатқан бауырын көрген, ол алған жарақатынан артқа шегінген. Сотталушы туысына жүгіріп келіп, тізесінен жұлқылап, есімін атап шақырған, бірақ ол жауап бермеген. Кейін сотталушы полиция шақырған", - делінген Павлодар қалалық №2 сотының үкімінде. Аталған іс бойынша Қылмыстық кодекстің 371 бабының 2-бөлігі ("Жауапкершіліксіздік") бойынша қылмыстық іс қаралды. Экс-полицей өз кінәсін толық мойындады. Сондай-ақ сот үстінде марқұмның анасы оның ұлы мен жиенінің арасында бауырлық қарым-қатынас болғанын айтып, туысын бас бостандығынан айырмауды өтінген.
Оқыс оқиғалар
false
https://kaz.nur.kz/accidents/2031800-pavlodar-turgyny-abaisyzda-policei-bauyrynyn-qyzmettik-tapasasymen-ozin-atyp-koz-zumdy/
09 тамыз 2023, 12:34
kk
"Әлі берген жоқ": опера әншісі Майра Мұхамедқызы Шымкентке келгелі пәтер жалдап жүргенін айтты
Опера әншісі Майра Мұхамедқызы Шымкенттегі опера және балет театрындағы директор қызметіне Астанадан арнайы көшіп келгелі пәтер жалдап жүргенін айтты. Өнер адамы өзіне Шымкенттен үй беруге үш жылға жуық уақыт бұрын уәде етілгенін Динара Сәтжанға берген сұхбатында әңгімелеп берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Шымкентке көшуге отбасымнан рұқсат алдым. Қызымның бірінші сыныптан бастап өз ортасы, достары болды. Жолдасымның да өз ортасы бар. Маған осы ұсыныс түскен кезде, біз көлікте едік. Тұтқаны қойдым да, тып-тыныш болып қалдым. Жұбайым "Кім хабарласты? Неге демің ішіңе түсіп, тып-тыныш болып қалды?" деді. Мен "Білмеймін. Маған бір ұсыныс келді. Егер сендер қолдасаңдар, мен барамын, жұмыс істеймін. Ал қолдамасаңдар, осы өмірімізді жалғастырамыз" дедім. Екеуі тынышталып қалды. Сосын күйеуім "Ол қандай жұмыс?" деді. Мен "Қоныс аударамыз. Шымкент опера және балет театрының директоры болуға ұсыныс түсіп жатыр" дедім. Қызым Аида мен күйеуім қолдау көрсетіп, менің қолымнан келетінін айтты. Сосын біз келдік. Үшеуіміз және мысығымыз бар. Әне пәтер береді, міне үй деп қонақ үйде 15 күн жаттық. Бір үйді тауып, жалдадық. Пәтер әлі берген жоқ. Пәтер береміз деп сөз берді, бірақ әлі орындаған жоқ. "Үй салып жатыр" дейді, бірақ әлі біткен жоқ. Үш жылға жуық уақыт бойы үй әлі біткен жоқ. Білмеймін, неге екенін", - деді Майра Мұхамедқызы. Айта кетейік, осыған дейін Майра Мұхамедқызы Шымкенттегі опера және балет театрындағы директорлық қызметі үшін 151 мың теңге жалақы алатынын айтқан болатын.
Опера әншісі Майра Мұхамедқызы Шымкенттегі опера және балет театрындағы директор қызметіне Астанадан арнайы көшіп келгелі пәтер жалдап жүргенін айтты. Өнер адамы өзіне Шымкенттен үй беруге үш жылға жуық уақыт бұрын уәде етілгенін Динара Сәтжанға берген сұхбатында әңгімелеп берді, деп жазады . "Шымкентке көшуге отбасымнан рұқсат алдым. Қызымның бірінші сыныптан бастап өз ортасы, достары болды. Жолдасымның да өз ортасы бар. Маған осы ұсыныс түскен кезде, біз көлікте едік. Тұтқаны қойдым да, тып-тыныш болып қалдым. Жұбайым "Кім хабарласты? Неге демің ішіңе түсіп, тып-тыныш болып қалды?" деді. Мен "Білмеймін. Маған бір ұсыныс келді. Егер сендер қолдасаңдар, мен барамын, жұмыс істеймін. Ал қолдамасаңдар, осы өмірімізді жалғастырамыз" дедім. Екеуі тынышталып қалды. Сосын күйеуім "Ол қандай жұмыс?" деді. Мен "Қоныс аударамыз. Шымкент опера және балет театрының директоры болуға ұсыныс түсіп жатыр" дедім. Қызым Аида мен күйеуім қолдау көрсетіп, менің қолымнан келетінін айтты. Сосын біз келдік. Үшеуіміз және мысығымыз бар. Әне пәтер береді, міне үй деп қонақ үйде 15 күн жаттық. Бір үйді тауып, жалдадық. Пәтер әлі берген жоқ. Пәтер береміз деп сөз берді, бірақ әлі орындаған жоқ. "Үй салып жатыр" дейді, бірақ әлі біткен жоқ. Үш жылға жуық уақыт бойы үй әлі біткен жоқ. Білмеймін, неге екенін", - деді Майра Мұхамедқызы.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2031786-ali-bergen-zoq-opera-ansisi-maira-muxamedqyzy-symkentke-kelgeli-pater-zaldap-zurgenin-aitty/
09 тамыз 2023, 12:11
kk
Таныстары мен туыстарына алданған қазақстандықтар 340 млн теңгесінен айырылды
Шымкентте 11 адам таныстары мен туыстарын 340 млн теңгеге сан соқтырды деген күдікке ілініп, сот алдына келді. Бұл туралы ІІМ-нің Polisia.kz ақпараттық медиа-порталында хабарланды. Ведомствоның хабарлауынша, Шымкент полициясына ұқсас мазмұнды арыз-шағыммен 235 адам жүгінген. Олар жалған тендермен айналысатын алаяқтардың құрбаны болғанын айтқан. "Жәбірленушілердің сөзінше, олардың таныстары "тендермен айналысатын бастығына" көмек қажет екенін алға тартып, несие рәсімдеуге үгіттеген. Кейін оларға жасаған жақсылығы үшін тиесілі үлесі берілетіні және банк алдындағы қарызы толық өтелетіні туралы уәде берілген", - дейді ведомствода. Ведомство мәліметінше, көбінесе олар несиені тауар ретінде рәсімдеп, алынған қымбат техниканы қайта сатып, шыққан соманың 10-12 пайызын сыйақы ретінде беріп отырған. Алайда ай сайынғы төлем уақыты келгенде, күдіктілер қоңырауға жауап бермей, "ізін суытқан". Осылайша несие өсімі көбейіп, азаматтар қарызға батқан. 11 адамнан тұратын қылмыстық топтың құрбандары Түркістан облысының және Шымкент қаласының тұрғындары болып шықты. Аталған факт Қылмыстық кодекстің 190 бабы ("Алаяқтық") бойынша тіркелді. "Белгілі болғандай, алаяқтар тобы 23-43 жас аралығындағы 4 әйел және 7 ер адамнан тұрған. Оның ішінде екі банк менеджері бар. Топ мүшесінің әрқайсысында өз міндеті болған: біреуі несие алатын адамдарды табумен, тағы екеуі оны рәсімдеумен, қалғандары сатып алынған тауарларды алып-сатумен айналысқан", - делінген хабарламада. Ведомство ақпаратынша, келтірілген жалпы шығын көлемі 340 млн теңгеге жуық соманы құрады. Арызданушылар әр түрлі банктен 250 мың теңгеден 6 млн теңгеге дейін қарыз алған. Тәртіп сақшылары жиналған іс-құжаттарды айыптау актісімен сотқа жолдады. Айыпталушылардың әрқайсысы жасаған қылмысы үшін 5 жылға дейін сотталды.
Шымкентте 11 адам таныстары мен туыстарын 340 млн теңгеге сан соқтырды деген күдікке ілініп, сот алдына келді. Бұл туралы ІІМ-нің ақпараттық медиа-порталында хабарланды. Ведомствоның хабарлауынша, Шымкент полициясына ұқсас мазмұнды арыз-шағыммен 235 адам жүгінген. Олар жалған тендермен айналысатын алаяқтардың құрбаны болғанын айтқан. "Жәбірленушілердің сөзінше, олардың таныстары "тендермен айналысатын бастығына" көмек қажет екенін алға тартып, несие рәсімдеуге үгіттеген. Кейін оларға жасаған жақсылығы үшін тиесілі үлесі берілетіні және банк алдындағы қарызы толық өтелетіні туралы уәде берілген", - дейді ведомствода. Ведомство мәліметінше, көбінесе олар несиені тауар ретінде рәсімдеп, алынған қымбат техниканы қайта сатып, шыққан соманың 10-12 пайызын сыйақы ретінде беріп отырған. Алайда ай сайынғы төлем уақыты келгенде, күдіктілер қоңырауға жауап бермей, "ізін суытқан". Осылайша несие өсімі көбейіп, азаматтар қарызға батқан. 11 адамнан тұратын қылмыстық топтың құрбандары Түркістан облысының және Шымкент қаласының тұрғындары болып шықты. Аталған факт Қылмыстық кодекстің 190 бабы ("Алаяқтық") бойынша тіркелді. "Белгілі болғандай, алаяқтар тобы 23-43 жас аралығындағы 4 әйел және 7 ер адамнан тұрған. Оның ішінде екі банк менеджері бар. Топ мүшесінің әрқайсысында өз міндеті болған: біреуі несие алатын адамдарды табумен, тағы екеуі оны рәсімдеумен, қалғандары сатып алынған тауарларды алып-сатумен айналысқан", - делінген хабарламада. Ведомство ақпаратынша, келтірілген жалпы шығын көлемі 340 млн теңгеге жуық соманы құрады. Арызданушылар әр түрлі банктен 250 мың теңгеден 6 млн теңгеге дейін қарыз алған. Тәртіп сақшылары жиналған іс-құжаттарды айыптау актісімен сотқа жолдады.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2031792-tanystary-men-tuystaryna-aldangan-qazaqstandyqtar-340-mln-tengesinen-aiyryldy/
09 тамыз 2023, 11:52
kk
Тоқаев Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысының сапары Екібастұз жылу электр орталығындағы жөндеу жұмыстарымен танысудан басталады. Сонымен қатар президент өңірдегі бірқатар өндірістік, әлеуметтік нысанды аралап көреді деп жоспарланып отыр. Еске сала кетейік, 2022 жылы қараша айының соңында Екібастұздағы жылу электр орталығында ірі апат болды. Соның салдарынан қаланың басым бөлігі жылусыз қалды. Қалада 8 желтоқсанға дейін төтенше жағдай режимі жарияланды . Ақпан айында премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Екібастұздағы ЖЭО апатының алдын ала себебін айтты. 18 ақпанда Екібастұздағы жылу электр орталығында штаттан тыс жағдай орын алды. Сәуірде Скляр Екібастұзда бұдан былай жылудан проблема болмайды деп уәде еткен. Кейін Үкімет үйінде өткен жиында президент премьер-министрдің бірінші орынбасарына Екібастұздағы дағдарыстың қайталануына жол беруге болмайтынын айтты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысының сапары Екібастұз жылу электр орталығындағы жөндеу жұмыстарымен танысудан басталады. Сонымен қатар президент өңірдегі бірқатар өндірістік, әлеуметтік нысанды аралап көреді деп жоспарланып отыр. Еске сала кетейік, 2022 жылы қараша айының соңында Екібастұздағы жылу электр орталығында ірі апат болды. Соның салдарынан қаланың басым бөлігі жылусыз қалды. Қалада 8 желтоқсанға дейін төтенше жағдай режимі жарияланды . Ақпан айында премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Екібастұздағы ЖЭО апатының алдын ала себебін айтты. 18 ақпанда Екібастұздағы жылу электр орталығында штаттан тыс жағдай орын алды. Сәуірде Скляр Екібастұзда бұдан былай жылудан проблема болмайды деп уәде еткен.
Саясат және экономика
false
https://kaz.nur.kz/politics/2031795-toqaev-pavlodar-oblysyna-zumys-saparymen-bardy/
09 тамыз 2023, 11:20
kk
"Үсті-басы қан": Алматы облысында жұмыс орнында көз жұмған мейірбике туралы тың дерек шықты
Қайтыс болған мейірбикенің әріптестері Алматы облысы Қарасай ауданындағы перзентханада болған қылмыс туралы тың дерек айтты. Олардың сөзінше, күдікті ер адам 45 жастағы әйелді жұмыс орнында пышақтап, кейін оқиға орнынан қашып кеткен. Бұл туралы "Астана" арнасы хабарлады. "Кіріп келе жатқанда екі қолы мен үсті-басы қан ер адам тура менің алдымнан шықты. Ішке кірдім, жан дауысы шықты 2 қабаттан, реаниматологқа айттым: "жүгір 2 қабатқа бір нәрсе болып жатыр" дедім. Бұл жерге екінің бірі кіре бермейді. Бұл кісі екінші қабатқа барған, ол кісі ар жақтан өзі шыққан, мейірбике. Өйткені кездескен жерлері баспалдақ болып тұр. Әйтпесе ол қайдан тауып кіреді", - дейді Қарасай клиникалық көп бейінді орталық аудандық ауруханасы директорының орынбасары Индира Қабаева. Мейірбике кеуде қуысының жарақаттарымен жансақтау бөліміне жатқызылды. Ол ота үстінде қайтыс болды. "Сол жағы көбірек жарақаттанғандықтан, сол жақ өкпе іш құрлысының органдары, үлкен артериялардың зақымдануына байланысты көп мөлшерде қан кетіп қалған", - деп түсіндірді Қарасай клиникалық көп бейінді орталық аудандық ауруханасының бөлімше меңгерушісі Еркін Зульфикаров. Марқұмның әріптестері мейірбике күдіктімен таныс болған деп ойлайды. Қайғылы оқиғадан бірнеше күн бұрын оны медициналық мекеменің аумағында гүл шоғымен көргендер бар. Телеарна мәліметінше, мейірбике 11 жыл бойы перзентханада қызмет еткен. Аталған дерек кісі өлтіру бабы бойынша аудандық полицияда тіркелді. "Қазіргі уақытта аталған деректі тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізілуде", - деді облыстық полиция департаментінің өкілі Ернар Сайділдин. Телеарна ақпаратынша, марқұм Каскелең қаласында тұрған, артында 2 қызы қалды.
Қайтыс болған мейірбикенің әріптестері Алматы облысы Қарасай ауданындағы перзентханада болған қылмыс туралы тың дерек айтты. Олардың сөзінше, күдікті ер адам 45 жастағы әйелді жұмыс орнында пышақтап, кейін оқиға орнынан қашып кеткен. Бұл туралы "Астана" арнасы хабарлады. "Кіріп келе жатқанда екі қолы мен үсті-басы қан ер адам тура менің алдымнан шықты. Ішке кірдім, жан дауысы шықты 2 қабаттан, реаниматологқа айттым: "жүгір 2 қабатқа бір нәрсе болып жатыр" дедім. Бұл жерге екінің бірі кіре бермейді. Бұл кісі екінші қабатқа барған, ол кісі ар жақтан өзі шыққан, мейірбике. Өйткені кездескен жерлері баспалдақ болып тұр. Әйтпесе ол қайдан тауып кіреді", - дейді Қарасай клиникалық көп бейінді орталық аудандық ауруханасы директорының орынбасары Индира Қабаева. Мейірбике кеуде қуысының жарақаттарымен жансақтау бөліміне жатқызылды. Ол ота үстінде қайтыс болды. "Сол жағы көбірек жарақаттанғандықтан, сол жақ өкпе іш құрлысының органдары, үлкен артериялардың зақымдануына байланысты көп мөлшерде қан кетіп қалған", - деп түсіндірді Қарасай клиникалық көп бейінді орталық аудандық ауруханасының бөлімше меңгерушісі Еркін Зульфикаров. Марқұмның әріптестері мейірбике күдіктімен таныс болған деп ойлайды. Қайғылы оқиғадан бірнеше күн бұрын оны медициналық мекеменің аумағында гүл шоғымен көргендер бар. Телеарна мәліметінше, мейірбике 11 жыл бойы перзентханада қызмет еткен. Аталған дерек кісі өлтіру бабы бойынша аудандық полицияда тіркелді. "Қазіргі уақытта аталған деректі тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізілуде", - деді облыстық полиция департаментінің өкілі Ернар Сайділдин.
Оқыс оқиғалар
false
https://kaz.nur.kz/accidents/2031778-usti-basy-qan-almaty-oblysynda-zumys-ornynda-koz-zumgan-meiirbike-turaly-tyn-derek-syqty/
09 тамыз 2023, 11:12
kk
"Жарты жылдан бері өсті": Майра Мұхамедқызы қанша жалақы алатынын ашып айтты
Опера әншісі Майра Мұхамедқызы Шымкенттегі опера және балет театрында қанша жалақы алатынын айтты. Өнер иесі бұл жайлы Динара Сәтжанға берген сұхбатында баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Жалақым құпия емес. Менде құпия жоқ. Халық бәрін біледі. Астанада жүргенде мемлекеттік академиялық филармониядан, "Астана Опера" театрынан, "Шабыт" университетіндегі профессорлығым мен тойларым, салтанатты жиындарым барлығын қосқанда аз дегенде - млн теңге алатынмын. Ал мұнда келгелі (Шымкенттегі опера және балет театры - ред.) алатын жалақым - 140 мың болды. Қазір жарты жылдан бері өсті 151 мың теңге аламын. Театр бойынша менікі ең жоғары айлық. Ең төмені - 50 мың теңге, оны өрт машинистім алады. Олар ең ауыр жұмысты істейді. Олар бүкіл декорацияны тасиды. Қазір 70 мың теңге алады", - деп ағынан жарылды Майра Мұхамедқызы.
Опера әншісі Майра Мұхамедқызы Шымкенттегі опера және балет театрында қанша жалақы алатынын айтты. Өнер иесі бұл жайлы Динара Сәтжанға берген сұхбатында баяндап берді, деп жазады . "Жалақым құпия емес. Менде құпия жоқ. Халық бәрін біледі. Астанада жүргенде мемлекеттік академиялық филармониядан, "Астана Опера" театрынан, "Шабыт" университетіндегі профессорлығым мен тойларым, салтанатты жиындарым барлығын қосқанда аз дегенде - млн теңге алатынмын. Ал мұнда келгелі (Шымкенттегі опера және балет театры - ред.) алатын жалақым - 140 мың болды. Қазір жарты жылдан бері өсті 151 мың теңге аламын. Театр бойынша менікі ең жоғары айлық. Ең төмені - 50 мың теңге, оны өрт машинистім алады. Олар ең ауыр жұмысты істейді. Олар бүкіл декорацияны тасиды.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2031780-zarty-zyldan-beri-osti-maira-muxamedqyzy-qansa-zalaqy-alatynyn-asyp-aitty/
09 тамыз 2023, 10:50
kk
Гүлнар Кәрімованың Лондондағы зәулім үйі мен екі пәтері тәркіленді
Ұлыбританияда Гүлнар Кәрімованың үш мүлкі тәркіленді. Бұл туралы Ұлыбританияның ірі көлемдегі алаяқтыққа қарсы бюросының (SFO) Twitter-дегі парақшасында хабарланды. Бюро мәліметінше, Гүлнар Кәрімовада Лондонның беделді Белгравиа ауданында екі пәтері мен Суррейде зәулім үйі бар. Мүліктің жалпы құны шамамен 20 млн фунт стерлингті немесе 11,3 миллиард теңгені құрайды. Ведомствоның пайымдауынша, Гүлнар Кәрімованың бұл мүлкі отбасының Өзбекстандағы сыбайлас жемқорлық әрекеттерінен түскен ақшаға сатып алынған. "SFO Кәрімова 2004-2012 жылы аралығында телекоммуникация компанияларынан Өзбекстандағы нарыққа шығуға көмектесу үшін жүздеген миллион доллар пара алды деп мәлімдеді", — делінген жазбада. Газета.uz хабарлауынша, 2018 жылдың қазан айында SFO Кәрімованың британдық активтерін, оның ішінде осы үш мүлкін тәркілеу туралы сотқа шағым түсірген. Бюро мәліметінше, кеше, 8 тамызда Ұлыбританияның Жоғарғы соты бұл талапты қанағаттандырған.
Ұлыбританияда Гүлнар Кәрімованың үш мүлкі тәркіленді. Бұл туралы Ұлыбританияның ірі көлемдегі алаяқтыққа қарсы бюросының (SFO) Twitter-дегі парақшасында хабарланды. Бюро мәліметінше, Гүлнар Кәрімовада Лондонның беделді Белгравиа ауданында екі пәтері мен Суррейде зәулім үйі бар. Мүліктің жалпы құны шамамен 20 млн фунт стерлингті немесе 11,3 миллиард теңгені құрайды. Ведомствоның пайымдауынша, Гүлнар Кәрімованың бұл мүлкі отбасының Өзбекстандағы сыбайлас жемқорлық әрекеттерінен түскен ақшаға сатып алынған. "SFO Кәрімова 2004-2012 жылы аралығында телекоммуникация компанияларынан Өзбекстандағы нарыққа шығуға көмектесу үшін жүздеген миллион доллар пара алды деп мәлімдеді", — делінген жазбада. Г хабарлауынша, 2018 жылдың қазан айында SFO Кәрімованың британдық активтерін, оның ішінде осы үш мүлкін тәркілеу туралы сотқа шағым түсірген.
Әлемде
false
https://kaz.nur.kz/world/2031774-gulnar-karimovanyn-londondagy-zaulim-uii-men-eki-pateri-tarkilendi/
09 тамыз 2023, 10:24
kk
Қазақстанда кеңсе тауарлары күрт қымбаттады
Бір жылдың ішінде Қазақстанда кеңсе тауарларының құны 1,5 еседен астам өскен. Оқушы рюкзактары мен оқу құралдарының бағасы қаншаға көтерілгенін KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз. Биыл шілде айында Қазақстанда жылдық инфляция 14 пайызды құрады. Азық-түлік емес тауарлар жыл ішінде 15 пайызға қымбаттаған. Оның ішінде әсіресе кеңсе тауарларының бағасы күрт көтерілген, ол 2022 жылдың шілдесімен салыстырғанда 64,4 пайызға қымбаттаған. Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, кеңсе тауарлары бағасының күрт өсімі өткен жылы тамыз айында бір жыл ішінде 60,5 пайызға қымбаттаған кезде тіркелген. Сол уақытта көтерілген бағалар бүгінде әлі сақталуда. Мектепке қажетті жабдықтардың ішінде дәптердің орташа құны айтарлықтай өскен – жылына 77,2 пайызды құрайды. Қаламдар 38,6 пайызға, түрлі-түсті қарындаштар 41,9 пайызға, сурет дәптері 44,1 пайызға қымбаттаған. Бұл ретте сөмкелер мен оқушы рюкзагының бағасы жылына 41 пайызға өскен. Олардың орташа бағасының күрт өсуі өткен жылдың тамыз айында да байқалған – ол кезде бұл көрсеткіш 44 пайызды құрады. Кеңсе тауарларының бағасы аймаққа, сауда орнына, өндірушіге және т.б. факторларға байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
Бір жылдың ішінде Қазақстанда кеңсе тауарларының құны 1,5 еседен астам өскен. Оқушы рюкзактары мен оқу құралдарының бағасы қаншаға көтерілгенін материалынан оқыңыз. Биыл шілде айында Қазақстанда жылдық инфляция 14 пайызды құрады. Азық-түлік емес тауарлар жыл ішінде 15 пайызға қымбаттаған. Оның ішінде әсіресе кеңсе тауарларының бағасы күрт көтерілген, ол 2022 жылдың шілдесімен салыстырғанда 64,4 пайызға қымбаттаған. Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, кеңсе тауарлары бағасының күрт өсімі өткен жылы тамыз айында бір жыл ішінде 60,5 пайызға қымбаттаған кезде тіркелген. Сол уақытта көтерілген бағалар бүгінде әлі сақталуда. Мектепке қажетті жабдықтардың ішінде дәптердің орташа құны айтарлықтай өскен – жылына 77,2 пайызды құрайды. Қаламдар 38,6 пайызға, түрлі-түсті қарындаштар 41,9 пайызға, сурет дәптері 44,1 пайызға қымбаттаған. Бұл ретте сөмкелер мен оқушы рюкзагының бағасы жылына 41 пайызға өскен. Олардың орташа бағасының күрт өсуі өткен жылдың тамыз айында да байқалған – ол кезде бұл көрсеткіш 44 пайызды құрады.
Қаржы
false
https://kaz.nur.kz/nurfin/2031764-qazaqstanda-kense-tauarlary-kurt-qymbattady/
09 тамыз 2023, 09:49
kk
Барби мен Кен: Төреғали Төреәлінің парик киген күйеу баласы көпшілікті күлкіге қарық қылды (видео)
Отандық әнші Төреғали Төреәлінің үлкен қарындасы мен күйеу баласы танымал Барби трендін қайталады. Ерекше форматта видео түсіру үшін сары түсті парик киген Дархан Нортаев көпшілікті күлкіге қарық қылды, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Біздің Барбиды қабыл алыңыздар. Бұндай форматтағы контентті алғаш рет түсірдік, қызық болды. Қалай шығыпты", - деп жазды Фариза Төреәлі Instagram парақшасында. Видеодан Барби образындағы Фариза Төреәліні ғана емес, сонымен қатар оның күйеуі Дархан Нортаевты да көруге болады. Төреғалидің күйеу баласы Кен қуыршақ образын сомдаған. "Барби" фильміндегі Кеннің образын қайталау мақсатында Дархан Нортаев басына жасанды, сары түсті шаш киіп алған. Желі қолданушылары Фариза Төреәлі мен Дархан Нортаевтың өзгеше образына түрлі пікір білдірді. "Халал Барби", "Қандай керемет, неше рет қайталап көрдім", "Кеннің шашын сарғайтқаныңыз қиын болыпты", "Дарханның шашы күлкімді келтірді", "Шығармайтындарыңыз жоқ", "Дархан, мынау күтпеген дүние болды", "Керемет", "Күлкілі", "Ерекше", - деп жазды желідегілер. Айта кетейік, осыған дейін отандық жұлдыздардың танымал Барби трендін қайталағанын көрсеткен болатынбыз.
Отандық әнші Төреғали Төреәлінің үлкен қарындасы мен күйеу баласы танымал Барби трендін қайталады. Ерекше форматта видео түсіру үшін сары түсті парик киген Дархан Нортаев көпшілікті күлкіге қарық қылды, деп жазады . "Біздің Барбиды қабыл алыңыздар. Бұндай форматтағы контентті алғаш рет түсірдік, қызық болды. Қалай шығыпты", - деп жазды Фариза Төреәлі Instagram парақшасында. Видеодан Барби образындағы Фариза Төреәліні ғана емес, сонымен қатар оның күйеуі Дархан Нортаевты да көруге болады. Төреғалидің күйеу баласы Кен қуыршақ образын сомдаған. "Барби" фильміндегі Кеннің образын қайталау мақсатында Дархан Нортаев басына жасанды, сары түсті шаш киіп алған. Желі қолданушылары Фариза Төреәлі мен Дархан Нортаевтың өзгеше образына түрлі пікір білдірді. "Халал Барби", "Қандай керемет, неше рет қайталап көрдім", "Кеннің шашын сарғайтқаныңыз қиын болыпты", "Дарханның шашы күлкімді келтірді", "Шығармайтындарыңыз жоқ", "Дархан, мынау күтпеген дүние болды", "Керемет", "Күлкілі", "Ерекше", - деп жазды желідегілер.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2031766-barbi-men-ken-toregali-torealinin-parik-kigen-kuieu-balasy-kopsilikti-kulkige-qaryq-qyldy-video/
09 тамыз 2023, 09:44
kk
Тоқаев Сингапур президенті Халима Якобқа құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Сингапур президенті Халима Якобқа құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев президент Халима Якобты Сингапур Республикасының Ұлттық күнімен құттықтады. "Президент екі ел арасындағы шынайы достық пен табысты саяси диалогқа негізделген серіктестікке жоғары баға берді. Қасым-Жомарт Тоқаев биыл мамыр айында өткен екіжақты келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтар Қазақстан мен Сингапур арасындағы стратегиялық байланыстарды дамыту үшін берік негіз болатынына сенім білдірді", - делінген хабарламада. Еске сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл Светлана Жақыпованы қабылдағаны туралы жазған едік.
Мемлекет басшысы Сингапур президенті Халима Якобқа құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев президент Халима Якобты Сингапур Республикасының Ұлттық күнімен құттықтады. "Президент екі ел арасындағы шынайы достық пен табысты саяси диалогқа негізделген серіктестікке жоғары баға берді. Қасым-Жомарт Тоқаев биыл мамыр айында өткен екіжақты келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтар Қазақстан мен Сингапур арасындағы стратегиялық байланыстарды дамыту үшін берік негіз болатынына сенім білдірді", - делінген хабарламада.
Саясат және экономика
false
https://kaz.nur.kz/politics/2031761-toqaev-singapur-prezidenti-xalima-yakobqa-quttyqtau-zedelxatyn-zoldady/
09 тамыз 2023, 09:11
kk
Димаш Құдайберген Абай Құнанбайұлының туған күніне орай челлендж ұйымдастырды (видео)
Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туған күніне орай, челлендж ұйымдастырды. Бұл жайлы өнер иесі Instagram парақшасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Димаш оқырмандарынан Абайдың бір өлеңін оқып, оны видеоға түсіруді сұрады. "Қазақтың ұлы ақыны Абай атамыздың туған күніне орай челлендж бастаймын және оны барша жанкүйерлеріме таратамын. Абайдың кез келген өлеңін оқып, видеоны #Abaychallange хештегімен орналастырсаңыз болғаны", - деп жазды Димаш. Сонымен қатар Димаш Құдайберген видеода Абайдың "Ғылым таппай мақтанба" өлеңін жатқа оқыды. Айта кетейік, Абай Құнанбайұлы (шын есімі Ибрагим - ред. ) 1845 жылы 29 шілдеде (жаңаша 10 тамызда) ақсүйек отбасында дүниеге келген. Ол арғын тайпасының ішінде тобықты руынан.
Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туған күніне орай, челлендж ұйымдастырды. Бұл жайлы өнер иесі Instagram парақшасында айтты, деп жазады . Димаш оқырмандарынан Абайдың бір өлеңін оқып, оны видеоға түсіруді сұрады. "Қазақтың ұлы ақыны Абай атамыздың туған күніне орай челлендж бастаймын және оны барша жанкүйерлеріме таратамын. Абайдың кез келген өлеңін оқып, видеоны #Abaychallange хештегімен орналастырсаңыз болғаны", - деп жазды Димаш. Сонымен қатар Димаш Құдайберген видеода Абайдың "Ғылым таппай мақтанба" өлеңін жатқа оқыды. Айта кетейік, Абай Құнанбайұлы (шын есімі Ибрагим - ред. ) 1845 жылы 29 шілдеде (жаңаша 10 тамызда) ақсүйек отбасында дүниеге келген.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2031735-dimas-qudaibergen-abai-qunanbaiulynyn-tugan-kunine-orai-cellendz-uiymdastyrdy-video/
09 тамыз 2023, 08:58
kk
"Алғаш шекарадан өтуім": әлемді жаяу аралауға шыққан 73 жастағы қазақтандық Ресейге жетті
Ұлытаулық саяхатшы Сәрсенбай Қотырашов Ресей шекарасына жеткенін мәлім етті. Ақсақал Instagram-дағы парақшасында видео жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Сәрсенбай Қотырашовтың айтуынша, ол бірінші рет шекарадан өткелі тұр. Қария Атыраудан Қазақстан-Ресей шекарасына дейін 300 шақырымнан артық жаяу жүрген. "Кейбір жері жаман, кей жері жақсы. Жол салынып жатыр, келесі жылға дейін бітетін шығар. Бүгін, міне, бірінші рет шекараны көріп тұрмын. Бірінші рет шекараға жетіп, өткелі тұрмын. Қобалжудамын. Алла жолын салса, өтермін. Хош, сау болыңыздар, қазақстандықтар!", - деді ол видеода. Желі қолданушылары жиһанкезге сәттілік және елге аман-есен оралуын тіледі. "Ақ жол, Сәрсенбай ата", "Аман-есен елге оралыңыз", "Жарайсыз, ата", "Ата, қойған мақсатыңызға жетіп, елге аман-есен оралуыңызға тілектеспін", - деп жазды желі қолданушылары. Желі пайдаланушыларының жазуынша, Сәрсенбай Қотырашов жолға 2 тамызда шыққан. Кей азаматтардың пайымдауынша, жиһанкез күндіз 40-50 шақырым жүріп өтеді. Ал біреулері қария Қазақстанды аралап жүргенде тіпті жиһанкезбен жеке танысқанын айтты. "2 тамызда жолға шыққан", "Бір жұмада 300 шақырым жүріп өткен бе?", "Ол кісі күндіз еркін 40-50 шақырым жүреді", "Мұражай күнінде Талдықорғандағы алаңда кездесіп едік қой. Ол кезде велосипедпен саяхаттаған едіңіз" - деді пікір білдірушілер. Сәрсенбай Қотырашовтың жасы 73-те. Бұған дейін жиһанкез қоларбасын сүйреп, бүкіл Қазақстанды жаяу аралап шыққан болатын. Еске сала кетейік, шілде айында жиһанкез әлемді жаяу аралауға ниетті екенін айтқан еді.
Ұлытаулық саяхатшы Сәрсенбай Қотырашов Ресей шекарасына жеткенін мәлім етті. Ақсақал Instagram-дағы парақшасында видео жариялады, деп хабарлайды . Сәрсенбай Қотырашовтың айтуынша, ол бірінші рет шекарадан өткелі тұр. Қария Атыраудан Қазақстан-Ресей шекарасына дейін 300 шақырымнан артық жаяу жүрген. "Кейбір жері жаман, кей жері жақсы. Жол салынып жатыр, келесі жылға дейін бітетін шығар. Бүгін, міне, бірінші рет шекараны көріп тұрмын. Бірінші рет шекараға жетіп, өткелі тұрмын. Қобалжудамын. Алла жолын салса, өтермін. Хош, сау болыңыздар, қазақстандықтар!", - деді ол видеода. Желі қолданушылары жиһанкезге сәттілік және елге аман-есен оралуын тіледі. "Ақ жол, Сәрсенбай ата", "Аман-есен елге оралыңыз", "Жарайсыз, ата", "Ата, қойған мақсатыңызға жетіп, елге аман-есен оралуыңызға тілектеспін", - деп жазды желі қолданушылары. Желі пайдаланушыларының жазуынша, Сәрсенбай Қотырашов жолға 2 тамызда шыққан. Кей азаматтардың пайымдауынша, жиһанкез күндіз 40-50 шақырым жүріп өтеді. Ал біреулері қария Қазақстанды аралап жүргенде тіпті жиһанкезбен жеке танысқанын айтты. "2 тамызда жолға шыққан", "Бір жұмада 300 шақырым жүріп өткен бе?", "Ол кісі күндіз еркін 40-50 шақырым жүреді", "Мұражай күнінде Талдықорғандағы алаңда кездесіп едік қой. Ол кезде велосипедпен саяхаттаған едіңіз" - деді пікір білдірушілер. Сәрсенбай Қотырашовтың жасы 73-те. Бұған дейін жиһанкез қоларбасын сүйреп, бүкіл Қазақстанды жаяу аралап шыққан болатын.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2031753-algas-sekaradan-otuim-alemdi-zayau-aralauga-syqqan-73-zastagy-qazaqtandyq-reseige-zetti/
09 тамыз 2023, 08:57
kk
Алматы облысында ауыл тұрғындары сүрілгелі жатқан үйін әділ бағалауын сұрап, әкімдікке келді
Алматы облысындағы Көкөзек ауылында магистральды газ құбырын тарту жоспарланып отыр, сондықтан 100 шақты үй сүріледі. Бұған наразы тұрғындар Қонаев қаласындағы облыстық әкімдіктің алдына жиналды. Қарасай ауданының азаматтары жер телімінің әділ бағалануын сұрайды, деп хабарлайды Алматы арнасы. Телеарнаның хабарлауынша, ауыл тұрғындары жер телімдерінің нарықтағы бағамен бағалануын талап етіп отыр. Бұған дейін олар арызын арқалап, Қарасай ауданына сан мәрте барған. Бірақ мәселе шешілмеген. "Алты ай бұрын жерімізді үкімет өз меншігіне алатынын айтты. Бірақ бізде үйдің сүрілетіні жөнінде құжат жоқ. Сыртымыздан жердің бағасын шығарып қойыпты. Ең төменгі баға 6-7-8 сотық жер бір жарым миллион теңге болып тұр", – дейді Көкөзек ауылының тұрғыны Нигара Рузиева. Телеарна мәліметінше, сала мамандары мекеменің бас кеңсесіне келіссөзге келуге шақырған, алайда біржақты мәмілеге келу мүмкін болмады. Ал облыс әкімінің орынбасары жер сатылымына байланысты заңсыздық анықталса, мемлекеттік қызметкердің қатаң жазаланатынын айтады. Бірақ алдымен тексеріс жүргізеді. "2014 жылы Алматы-Талғар - Байсерке газ жүйесі құбыры салынған. Оның қорғау аймағы - 150 метр. Бүгінгі күні адамдардың қауіпсіздігі үшін сол маңдағы тұрғын үйлерді қорғау аймағына босатамыз. Тұрғындар өтінішін қарап, бағалау жұмысын қайтадан жүргізетін боламыз. Ол қырық күн алады", – дейді Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов.
Алматы облысындағы Көкөзек ауылында магистральды газ құбырын тарту жоспарланып отыр, сондықтан 100 шақты үй сүріледі. Бұған наразы тұрғындар Қонаев қаласындағы облыстық әкімдіктің алдына жиналды. Қарасай ауданының азаматтары жер телімінің әділ бағалануын сұрайды, деп хабарлайды Алматы арнасы. Телеарнаның хабарлауынша, ауыл тұрғындары жер телімдерінің нарықтағы бағамен бағалануын талап етіп отыр. Бұған дейін олар арызын арқалап, Қарасай ауданына сан мәрте барған. Бірақ мәселе шешілмеген. "Алты ай бұрын жерімізді үкімет өз меншігіне алатынын айтты. Бірақ бізде үйдің сүрілетіні жөнінде құжат жоқ. Сыртымыздан жердің бағасын шығарып қойыпты. Ең төменгі баға 6-7-8 сотық жер бір жарым миллион теңге болып тұр", – дейді Көкөзек ауылының тұрғыны Нигара Рузиева. Телеарна мәліметінше, сала мамандары мекеменің бас кеңсесіне келіссөзге келуге шақырған, алайда біржақты мәмілеге келу мүмкін болмады. Ал облыс әкімінің орынбасары жер сатылымына байланысты заңсыздық анықталса, мемлекеттік қызметкердің қатаң жазаланатынын айтады. Бірақ алдымен тексеріс жүргізеді. "2014 жылы Алматы-Талғар - Байсерке газ жүйесі құбыры салынған. Оның қорғау аймағы - 150 метр. Бүгінгі күні адамдардың қауіпсіздігі үшін сол маңдағы тұрғын үйлерді қорғау аймағына босатамыз. Тұрғындар өтінішін қарап, бағалау жұмысын қайтадан жүргізетін боламыз.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2031754-almaty-oblysynda-auyl-turgyndary-surilgeli-zatqan-uiin-adil-bagalauyn-surap-akimdikke-keldi/
09 тамыз 2023, 08:20
kk
"Халық сүйіктісі": Ержан Темірханов Саран қаласының әкімі қызметінен кетті (видео)
Қарағанды облысы Саран қаласының әкімі Ержан Темірханов қызметінен кетті. Бұл туралы "Вечерняя Караганда" басылымы Instagram-дағы парақшасында хабарлады. Темірханов журналистерге берген жауабында оның еңбек шарты аяқталып, кадрлық резервке ауысқанын айтты. Басылымның хабарлауынша, Саран қаласы әкімінің міндетін атқарушы болып Алмаз Сүлейменов тағайындалды. Бұл ретте жазбаның астында пікір қалдырғандар әкімнің ауысуына наразылық білдіруде. Олардың басым бөлігі Темірханов әкім қызметін атқарған кезде қала өзгергенін айтады. "Еңбегіңізге берілген ең жоғары баға - еңбегіңіз сіңген қала тұрғындарының алғысы! Жақсы із қалдырды, керемет адам", "Лауазымын көтеру керек, жалғыз ғана адал әкім", "Қандай өкінішті... енді ондай әкім болмайды", "Өкінішті-ақ! Бәрін өзі реттеп тұрған", – деп жазады желі қолданушылары. Айта кетейік, Саран қаласы әкімдігінің ресми сайтында қала әкімінің ауысқаны туралы ақпарат жоқ.
Қарағанды облысы Саран қаласының әкімі Ержан Темірханов қызметінен кетті. Бұл туралы "Вечерняя Караганда" басылымы Instagram-дағы парақшасында хабарлады. Темірханов журналистерге берген жауабында оның еңбек шарты аяқталып, кадрлық резервке ауысқанын айтты. Басылымның хабарлауынша, Саран қаласы әкімінің міндетін атқарушы болып Алмаз Сүлейменов тағайындалды. Бұл ретте жазбаның астында пікір қалдырғандар әкімнің ауысуына наразылық білдіруде. Олардың басым бөлігі Темірханов әкім қызметін атқарған кезде қала өзгергенін айтады. "Еңбегіңізге берілген ең жоғары баға - еңбегіңіз сіңген қала тұрғындарының алғысы! Жақсы із қалдырды, керемет адам", "Лауазымын көтеру керек, жалғыз ғана адал әкім", "Қандай өкінішті... енді ондай әкім болмайды", "Өкінішті-ақ! Бәрін өзі реттеп тұрған", – деп жазады желі қолданушылары.
Саясат және экономика
false
https://kaz.nur.kz/politics/2031751-xalyq-suiiktisi-erzan-temirxanov-saran-qalasynyn-akimi-qyzmetinen-ketti-video/
09 тамыз 2023, 07:56
kk
Сәрсенбіде Қазақстан мегаполистерінде ауа райы қандай болады
Синоптиктер бүгін, 9 тамызға арналған Қазақстанның ірі қалаларындағы ауа райының болжамын ұсынды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарланды. Синоптиктер ақпаратынша, Астанада бүгін күн ашық. Желдің жылдамдығы секундына 7-12 м/с. Елордада күндіз ауа температурасы 29... 31 градусқа көтерілсе, түнде 16... 18 градусқа төмендейді деп күтілуде. Алматыда да бүгін күн жауын-шашынсыз. Оңтүстік астанада күндіз термометр 31... 33 градусты көрсетсе, түнде ауа температурасы 17... 19 градусқа төмендейді. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с, найзағай кезінде 15-20 м/с дейін жетеді. Шымкентте бүгін күн ашық. Күндіз термометр 33... 35 градусты көрсетсе, түнде мегаполисте ауа температурасы 20... 22 градусқа төмендейді. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с құрайды.
Синоптиктер бүгін, 9 тамызға арналған Қазақстанның ірі қалаларындағы ауа райының болжамын ұсынды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарланды. Синоптиктер ақпаратынша, Астанада бүгін күн ашық. Желдің жылдамдығы секундына 7-12 м/с. Елордада күндіз ауа температурасы 29... 31 градусқа көтерілсе, түнде 16... 18 градусқа төмендейді деп күтілуде. Алматыда да бүгін күн жауын-шашынсыз. Оңтүстік астанада күндіз термометр 31... 33 градусты көрсетсе, түнде ауа температурасы 17... 19 градусқа төмендейді. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с, найзағай кезінде 15-20 м/с дейін жетеді. Шымкентте бүгін күн ашық. Күндіз термометр 33... 35 градусты көрсетсе, түнде мегаполисте ауа температурасы 20... 22 градусқа төмендейді.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2031748-sarsenbide-qazaqstan-megapolisterinde-aua-raiy-qandai-bolady/
09 тамыз 2023, 07:15
kk
Бүгінгі жұлдыз жорамал: 9 тамыз күні сізді не күтіп тұр
Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз. Сізге шынайы көңіл бөлетін адамдармен көбірек сөйлесіңіз, байланыс орнатып, қарым-қатынасыңызды нығайтыңыз. Үйіңізді безендіруді бұрыннан ойлап жүрген боларсыз? Сурет салу, бөлме гүлдерін отырғызу немесе перделерді ауыстырудың уақыты келді. Баланың күн тәртібіне назар аударыңыз: онда баланың демалуы үшін уақыт белгіленуі керек. Оған шектен тыс жүктеме артпаңыз. Бұл баланың психологиялық жай-күйіне кері әсерін тигізеді. Спортты өміріңізге енгізуге қолайлы күн: жай ғана жаттығулар жасап көріңіз, бұл жағымды эмоциялар сыйлайды. Денсаулыққа мұқият болыңыз, аздап өзіңізді жайсыз сезінуіңіз мүмкін. Кешке тыныштық пен жалғыздықта демалыңыз. Бүгін саяхатқа және кішігірім жұмыстарды атқаруға жақсы мүмкіндіктер ашылмақ, бірақ маңызды істерді кейінге қалдыруға тура келеді. Оларды тез шеше қоюыңыз екіталай. Бүгін жұмыста жағымды адаммен танысуыңыз ғажап емес. Мүмкін бұл жаңа қызметкер немесе менеджер болады. Кез келген адамнан жау іздемеңіз, адамдар сізге шынайылық танытады. Ортақ идеяларды қолдайтындарға жақын болыңыз, жоспар құрыңыз. Бүгін достарыңызбен кездесуді кейінге қалдырғаныңыз дұрыс: олардың бірінің әңгіме-дүкен құруға көңіл-күйі болмай, нәтижесінде кездесу ойдағыдай өтпеуі мүмкін. Жақын адамыңызға шын жүректен шыққан сөздеріңізді аямаңыз. Бұл арадағы сезімді күшейтеді. Достарыңызбен көңілді болудан қорықпаңыз. Өзіңізге сыни көзқараспен қарау қарым-қатынасты жеңілдетеді және оны жарқын етеді. Өзіңізге және отбасыңызға мейірімділік танытыңыз. Барлығын тыңдап, жақсы кеңес беріңіз. Жауапкершіліктен қорықпаңыз. Кешті бірге өткізіңіз, махаббат пен отбасылық құндылықтар туралы фильм көрсеңіз болады. Шығындарға абай болыңыз: ақшаны текке шашу қаупі бар. Жұмыста шай мен кофе ішу үшін қысқа үзіліс жасауды ұмытпаңыз, бұл сіздің назарыңызды басқа нәрсеге аударуға, демалуға және өнімдірек жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бүгін сіз өзгелер қызығатындай үлкен батылдық танытасыз. Өзіңіз туралы айтудан қысылмаңыз. Нәтижесі тез-ақ болады. Кез келген жағдайда салмақты шешімдер қабылдап, сабырлылық танытыңыз. Балалық шағыңыздан жақсы естеліктер сыйлайтын тағам дайындауға тырысыңыз. Бұл сіздің және отбасыңыздың көңіл-күйін көтереді. Рационыңызға ботқалардың түр-түрін көбірек енгізуге тырысыңыз, бұл сіздің ағзаңызға пайдалы. Маңызды шешім қабылдай алмасаңыз, достарыңыздан кеңес сұраңыз. Олар жағдайға басқа қырынан қарауға көмектеседі. Бүгін сізге айналаңызда болып жатқан оқиғаларды бағалау қиын болады, өйткені сіз үнемі қиялға ерік бересіз. Бұрыннан пайда болған идеяларыңызды кейінге қалдыра тұрыңыз: бүгін оларды жүзеге асырудың қолайлы уақыты емес. Ұсақ-түйекке мұқият болыңыз. Бұған дейін нені назардан тыс қалдырғаныңызды байқасаңыз, әрі қарай қалай әрекет ету керектігін түсінесіз. Бүгін аса маңызды шаруаларды жоспарламаған абзал. Оларды орындауға көңіл-күйіңіз де күш-қуатыңыз да болмауы мүмкін. Ата-аналармен кездесу күні. Оларды кешкі асқа шақырыңыз, шын жүректен сөйлесіңіз. Өзгелердің пікірі мен кеңесіне құлақ аспайсыз. Сондықтан олармен тіл табысу қиын болады. Оқиғаларды талқылап, қақтығыстардан, түсінбеушіліктерден аулақ болыңыз. Ескі досыңызға кенеттен тосынсый жасау үшін жақсы күн. Достығыңызды қалай бағалайтыныңызды көрсетіп, жақын адамыңызды қуантыңыз. Өзіңізден мін іздеуге тырыспаңыз: кемшіліксіз жан болмайды, өз кемшін тұстарыңызды қабылдап, оны артықшылыққа айналдыра біліңіз.
Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз. Сізге шынайы көңіл бөлетін адамдармен көбірек сөйлесіңіз, байланыс орнатып, қарым-қатынасыңызды нығайтыңыз. Үйіңізді безендіруді бұрыннан ойлап жүрген боларсыз? Сурет салу, бөлме гүлдерін отырғызу немесе перделерді ауыстырудың уақыты келді. Баланың күн тәртібіне назар аударыңыз: онда баланың демалуы үшін уақыт белгіленуі керек. Оған шектен тыс жүктеме артпаңыз. Бұл баланың психологиялық жай-күйіне кері әсерін тигізеді. Спортты өміріңізге енгізуге қолайлы күн: жай ғана жаттығулар жасап көріңіз, бұл жағымды эмоциялар сыйлайды. Денсаулыққа мұқият болыңыз, аздап өзіңізді жайсыз сезінуіңіз мүмкін. Кешке тыныштық пен жалғыздықта демалыңыз. Бүгін саяхатқа және кішігірім жұмыстарды атқаруға жақсы мүмкіндіктер ашылмақ, бірақ маңызды істерді кейінге қалдыруға тура келеді. Оларды тез шеше қоюыңыз екіталай. Бүгін жұмыста жағымды адаммен танысуыңыз ғажап емес. Мүмкін бұл жаңа қызметкер немесе менеджер болады. Кез келген адамнан жау іздемеңіз, адамдар сізге шынайылық танытады. Ортақ идеяларды қолдайтындарға жақын болыңыз, жоспар құрыңыз. Бүгін достарыңызбен кездесуді кейінге қалдырғаныңыз дұрыс: олардың бірінің әңгіме-дүкен құруға көңіл-күйі болмай, нәтижесінде кездесу ойдағыдай өтпеуі мүмкін. Жақын адамыңызға шын жүректен шыққан сөздеріңізді аямаңыз. Бұл арадағы сезімді күшейтеді. Достарыңызбен көңілді болудан қорықпаңыз. Өзіңізге сыни көзқараспен қарау қарым-қатынасты жеңілдетеді және оны жарқын етеді. Өзіңізге және отбасыңызға мейірімділік танытыңыз. Барлығын тыңдап, жақсы кеңес беріңіз. Жауапкершіліктен қорықпаңыз. Кешті бірге өткізіңіз, махаббат пен отбасылық құндылықтар туралы фильм көрсеңіз болады. Шығындарға абай болыңыз: ақшаны текке шашу қаупі бар. Жұмыста шай мен кофе ішу үшін қысқа үзіліс жасауды ұмытпаңыз, бұл сіздің назарыңызды басқа нәрсеге аударуға, демалуға және өнімдірек жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бүгін сіз өзгелер қызығатындай үлкен батылдық танытасыз. Өзіңіз туралы айтудан қысылмаңыз. Нәтижесі тез-ақ болады. Кез келген жағдайда салмақты шешімдер қабылдап, сабырлылық танытыңыз. Балалық шағыңыздан жақсы естеліктер сыйлайтын тағам дайындауға тырысыңыз. Бұл сіздің және отбасыңыздың көңіл-күйін көтереді. Рационыңызға ботқалардың түр-түрін көбірек енгізуге тырысыңыз, бұл сіздің ағзаңызға пайдалы. Маңызды шешім қабылдай алмасаңыз, достарыңыздан кеңес сұраңыз. Олар жағдайға басқа қырынан қарауға көмектеседі. Бүгін сізге айналаңызда болып жатқан оқиғаларды бағалау қиын болады, өйткені сіз үнемі қиялға ерік бересіз. Бұрыннан пайда болған идеяларыңызды кейінге қалдыра тұрыңыз: бүгін оларды жүзеге асырудың қолайлы уақыты емес. Ұсақ-түйекке мұқият болыңыз. Бұған дейін нені назардан тыс қалдырғаныңызды байқасаңыз, әрі қарай қалай әрекет ету керектігін түсінесіз. Бүгін аса маңызды шаруаларды жоспарламаған абзал. Оларды орындауға көңіл-күйіңіз де күш-қуатыңыз да болмауы мүмкін. Ата-аналармен кездесу күні. Оларды кешкі асқа шақырыңыз, шын жүректен сөйлесіңіз. Өзгелердің пікірі мен кеңесіне құлақ аспайсыз. Сондықтан олармен тіл табысу қиын болады. Оқиғаларды талқылап, қақтығыстардан, түсінбеушіліктерден аулақ болыңыз. Ескі досыңызға кенеттен тосынсый жасау үшін жақсы күн. Достығыңызды қалай бағалайтыныңызды көрсетіп, жақын адамыңызды қуантыңыз.
Калейдоскоп
false
https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2031620-bugingi-zuldyz-zoramal-9-tamyz-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/
09 тамыз 2023, 00:01