text
stringlengths
342
563k
Microgaming компаниясының Dragon Dance онлайн слоты шығыс дәстүрлерін ұнататындар үшін жомарт сыйлық болады. Жаңа жылды тойлау әлемнің кез келген жерінде керемет мәдени оқиға болып табылады, бірақ Қытай бұл жағынан басқалардан асып түсті. Слот туралы Ойын автоматының 5 барабанында костюмдер шоуы ашылады, ойыншылар құмар ойыншыға 243 жолмен ақшалай жүлделерді ұтып алуға көмектеседі. Комбинациялар сол жақтағы катушкадан бастап іргелес барабандардағы бірдей белгілер тізбегі арқылы жасалады. Бәс тігу ауқымы әртүрлі қаржылық мүмкіндіктері бар ойыншыларға арналған – казино валютасында 0,25-тен 125 кредитке дейін. Қайтару жылдамдығы машинасы (RTP) негізгі ойында ақылы қайталауларды бастамай-ақ 96,52% құрайды және оларды пайдалану кезінде 97,49% дейін артады. Прогрессивті джекпот жоқ. Слоттың негізгі ерекшелігі – Reel Respin мүмкіндігін пайдалану. Бұл құнды комбинацияны жинау әрекеті үшін кез келген роликті қайта бастауға мүмкіндік беретін ойынға төлеу опциясы. Роликтер тоқтатылғаннан кейін әрбір барабанның астында қайта іске қосу бағасы пайда болады, ол жалпы ставкадан бірнеше есе көп болуы мүмкін. Әрбір катушка үшін резпин бағасы құнды комбинацияны құрастыру үшін бұл мүмкіндік іске қосылғанда қаншалықты үлкен мүмкіндіктерге байланысты. Мысалы, төрт барабанда құнды белгішелер түсіп, ең үлкен жеңіске жету үшін бесінші символды немесе жабайы табиғатты алуға тырысу керек. Бұл жағдайда respin мәні диаграммалардан тыс болады, бірақ бақытты жағдайлар жиынтығы жағдайында ойыншы шынымен үлкен ұпайды бұза алады. Бір қызығы, жеке роликтер үшін қайта айналдыруды шектеусіз рет бастауға болады. Алайда, егер ставка өзгертілсе, бұл опция жоғалады. Reel Respin мүмкіндігін пайдалана отырып, құпияларды жеңу стратегиясы – жүлделер комбинациясын алу мүмкіндігін дұрыс бағалау. Репингтердің механикасын егжей-тегжейлі түсіну үшін сіз Dragon Dance ойын автоматын тегін және тіркеусіз ойнай аласыз – демонстрацияда ақшаға арналған ойындағы сияқты қайта айналдыру құнының бірдей принциптері қолданылады. Бұл Microgaming қайта айналдыру арқылы бейне ұясына әр ойнату үшін төлеу мүмкіндігін енгізетін бірінші рет емес. Wild Orient және Bikini Party бірдей принципке негізделген және Hyperspins мүмкіндігі бар ең танымал слот – 2019 жылы шыққан әйгілі сериядағы Break da Bank Again Respin.
Ермұхамет Ертісбаев «Ответь Бажкеновой» бағдарламасына сұхбат берді. Онда саясаткер Назарбаев дәуірінің ақырына, назарбаевтар кланы, қанды қаңтар оқиғасына баға берген. Тарихы ретінде қазақтардың әлемдік тарихты жасаушы ұлтқа айналғанын айтты. Ертісбаевтың сұхбатында айтылған тұшымды ойларын ықшамдап жариялауды жөн көріп отырмыз. Бұл туралы kznews.kz сайты nege.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. Назарбаевтың ақыры туралы «Нақты бір адамға – Назарбаевқа қарсы саяси наразылық акциялары 11 облыс орталығында, 70 шағын қалада, елдімекендерде өтті. Назарбаев елде мұнша қарсылықты электорат бар деп күтпеді. 2 қаңтарда мұнайшылар нарызылық бастады, 3 қаңтарда бұл саяси наразылыққа ұласты. Меніңше, Назарбаев өзінің отбасына деген елдің жеккөрушілігін де күтпеді… Қарсылықты электорат – бір жарым миллион адам Қосановқа дауыс берді. Сосын Қосановты жұрт неге жек көріп кетті? Электораттың дені Қосановқа президенттікті бәрібір бермейтінін өте жақсы білді. Бірақ одан 9-10 маусымда сайлау қорытындысын мойындамай, жұртты алаңға шақырады деп күтті. Бұл дүрбелең 2019 жылдың жазында болуы тиіс еді. Ол кезде жүздеген мың адам емес, бір жарым миллион адам алаңға шығар еді. Қарсылықты электораттың деңгейі посткеңестік кеңістікте – Ресейде де, Қазақстанда да, Беларусьте де өте жоғары. Кеңес одағы тарағанына 30 жылдан асты. Құбыжықтай көрінетін әлеуметтік теңсіздігі, жұмыссыздығы, басқа да «еркеліктері» бар мемлекеттік-олигархтық капитализмді қабылдай алмайтын жаңа буын өсіп шықты. Басты себеп – осыда… Назарбаев 2011 жылы бір доллар 125 теңге болған кезде орнынан кеткенде қазір ол «Ұлы саяси қайраткер» ретінде есте қалар еді. Бірақ оның ақыры керемет саяси мәнсабын шайып кетті. Соңғы он жылда Назарбаевқа саясат керек емес еді. 2011 және 2015 жылдары өткен іш пыстыратын саяси науқан, үш бірдей девальвация төбеден жай түскендей әсер етті. Халықтың ұлттық валютаға деген сенімі жойылды. Ал ұлттық валюта – мемлекеттің маңызды атрибуты. Ақпараттық вакуум туралы 2019 жылдан бері жалғасқан транзиттің өзіне де күмән көп болды. Мемлекет элитасы да, көпшіліктің де ығырын шығарды. «Бұл не өзі? Елде қожайын кім?» деген сауалдар туды. Дариға (Назарбаев – ред) сенаттың төрайымы болып, Президентпен иық тіресіп тұрды. Мұның бәрі жинақтала келе, соңы осыған жетті… 2007 жылы мамыр айынан бері, Рахат Әлиев шетелге қашқан соң, Назарбаев бір адамға сенуден қалды. Екіншіден, Президент кеңсесі де, Кітапхана да Назарбаевты кез келген жағымсыз ақпараттан «қорғап» келді. Оның өзі де ешқандай интернетті, әлеуметтік желілерді қолданбады. Оған жағымды дайджесттерді көрсетті. «Бәрі керемет, халық толық қолдап отыр» дегендей. Фото: youtube.com Жасырмай-ақ қояйын, мен өз материалдарымды Елбасының көмекшілеріне жіберіп отырдым. Олар маған не деді дейсің бе? «Мынауың тым көп. Бір-екі минутқа қысқартып, жағымды нәрселерді көрсету керек» деп қолқа салды. Ол ақпараттық вакуумда отырды. Мәсімов туралы Оның не ойлағанының қазір маңызы жоқ. Өйткені, Назарбаев билікті толық уысынан шығарып алды. Мәсімовтің тұтқындалуына келсек, ҰҚК – саяси барлау. Олар елде толқу болатынын біле тұра «есінеп» отырды. Ешқандай ескерту бермеді. Екінші себебі – арандатушылық. Шеруге шыққандардың 95 пайызы — саяси наразылар. 5 пайызы – әдеттегідей тонаушылар, содырлар, терроршылар, тікелей кланға қатысы бар күштік құрылымдар. Олардың мақсаты – революция идеясын бүлдіру еді. 5 қаңтардағы Тоқаевтың жағдайы есіңізде ме? Оған «Президент қызметін таста» деген қатты қысым болды. «20 мың террорист» деген ақпаратты Тоқаевқа сол кездегі ҰҚК басшысы берген. Оны қорқытпақ болған. «Наразылықтың көлемі сұмдық, билік құлауға шақ тұр. Иә, астанадан кету керек» деп, қатты қысым көрсетілді. Кәрім Мәсімов – өте интеллигент адам. Қу, шебер «патша сарайшысы». Жақсы мағынасында айтып отырмын. 2009-2013 жылдар арасындағы Әбіләзовтің сұхбатын қарап шығыңыздаршы. Әблязов: «Мәсімов Назарбаевтың сеніміне кіріп қана қоймай, билікке өзі келу үшін іргетас қалай бастайды» деуден танбай келді. Тоқаев астыртын сөз байласқандар туралы да айтып қалды. Бұл оқиғалар кезінде Мәсімов, сөз жоқ, шешулі рөл атқарды. Назарбаев пен Тоқаев үшін бәрі күтпеген жағдай болды… Соңғы екі жылда Мәсімовтен бәрі қорқа бастады. Шексіз билігі болды… «Реакциялық, консерваторлық күштер» туралы Реакциялық, консерваторлық күштер террористерді тартты, дүрбелең тудырды. Бұған есінен адасқаннан барды. Өйткені, олар уысынан биліктің шығып бара жатқанын көрді. Сондықтан Тоқаевты жаманатты қылуға ұмтылды. Назарбаев Тоқаевқа таңдау жасаған кезде бұл көп адамға ұнаған жоқ. Дариғаның Тоқаевпен иық тіресіп тұру схемасы бір жыл ғана жұмыс істеді. Дариға амбициясын көрсетіп, сауал тастай бастағанда, триумвират анық көріне бастады. Назарбаев мұның қауіпті екенін бірден түсінді. Дариғаны сенат төрағалығынан алып тастау Тоқаев пен Назарбаевтың екеуара шешімі болды. Бұл – мемлекеттік элита арасына жік түсіруі мүмкін еді… Қазақтар – тарихи ұлтқа айналып келеді. Бұдан 35 жыл бұрын Мәскеуге, оның саясатына қарсы кім шықты? Ең алғашқы күшті қарсылық көрсеткен кім? Қазақ жастары! 1986 жылғы желтоқсан. Посткеңестік кеңістікте олигархиялық капитализмге қарсы кім бірінші бас көтерді? Қазақтар! Біз әлемдік тарихты жасап жатырмыз. Тарихшы ретінде, патриот ретінде мені бұл қуантады. Кез келген дағдарыстан алдымызда ашылған мүмкіндіктерді көре білуіміз керек…
Кеше Тәуелсіздік сарайында «Мэрлер келісімі – жергілікті, ұлттық және аймақтық деңгейде тұрақты энергетиканы дамытуға қадам» атты аймақтық конференция өтті. Жиын барысында еліміздің бас қаласы Астана – Еуропалық одақтың «Мэрлер келісімі» бағдарламасына қосылды. Еуропаның «жасыл экономиканы» дамытуға арналған бастамасына осы уақытқа дейін әлемнің 5 мыңға жуық қаласы мен 26 астанасы қол қойған. Бағдарлама шартына сәйкес, аталмыш елдер 2020 жылға дейін қоршаған ортаға көмірқышқыл газын шығаруды 20 пайызға дейін азайту қажет. – Бүгінде жасыл экономиканы жетілдіру, қоршаған ортаны қорғау мәселесі – өзекті тақырып. Біз осындай үлкен міндетке кірістік. Болашақта тұтынушылардың энергия пайдалану мәдениетін өзгерту және техникалық және ұйымдастыру іс-шараларының кешенді бағдарламасын жасау жос-парда бар. Кәсіпорындардың мемлекеттік энергетикалық тізілімін құрып, келесі жылы бұл кәсіпорындарда энергоменеджмент енгізуді бастауымыз керек» деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Василий Крылов. Айтулы жиынға Еуропа одағының бастамасына қол қойған қалалардың мэрлері, алдағы уақытта қосылуға ниет білдірген қала басшылары, Қазақстан мен Орталық Азия, халықаралық ұйымдар мен қаржы институттарының энергия үнемдеу саласындағы жетекші сарапшылары қатысты. Жергілікті және аймақтық энергия тиімділігін арттыруды көздейтін шарада ҚР Индустрия және жаңа технология-лар вице-министрі Альберт Рау, Қазақстандағы Еуропа одағы өкілдігінің басшысы Аурелия Бушез, Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров сөз сөйлеп, бастама жөніндегі ойларын ортаға салды.
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 29 қазан күні Қазақстан аумағында құбылмалы ауа райы сақталады, қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын жауады. Республиканың тек батысы мен оңтүстігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз күн райы күтіледі. Еліміздің кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, желдің күшеюі болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. желдің күші 15-20 м/с артады. Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Павлодар облысының кей жерлерінде көктайғақ, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады. Жамбыл облысының жекелеген аумағында күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, күндіз Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады. Маңғыстау облысында шаңды дауыл күшейеді.
Саф алтындай сақталып келген халықтық асыл мұрамыз – дәстүрлі музыка жаңғырған байқауда 17 өнерпаз бақ сынады. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында 2018 жылғы 18 қазанда Сыр өңірінде «Қорқыт. Қобыз» атты қыл қобызшылар мен қобызбен жыр айтушылардың республикалық байқауы болып өтті деп хабарлайды zakon.kz. Ұлттық өнерді дамыту, дәстүрлі өнерпаздардың шығармашылығын насихаттау және оларға жан-жақты қолдау көрсетуді мақсат тұтқан шара елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Сан ғасырлар өтсе де, сыны мен сырын жоғалтпай, саф алтындай сақталып келген халықтық асыл мұрамыз – дәстүрлі музыка жаңғырған байқауда 17 өнерпаз бақ сынады. 17-55 жас аралығындағы республиканың әр өңірінен: Астана, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Орал, Шымкент және Қызылорда облыстарынан келген қыл қобызшылар Қорқыт күйлерін шертсе, қобызбен жыр айтушылар Қожа Ахмет Яссауидің хикметтерінен және Тоныкөк, Күлтегін, Оғызнама, ортағасырлық дәуірдегі көне жыр үлгілерінен үзінділер орындады. Байқау барысында прима қобыз, фортепиано сүймелдеуімен сазды күйлерді нақышына келтіре орындаған өнерпаздар арасынан астаналық Шолпан Шарапатова шашасына шаң жұқтырмай, бас жүлдеге ие болды. І орынды алматылық Аятолла Тұрғанов пен қызылордалық Айнуза Бегімсалова иеленсе, ІІ орынды оралдық Мөлдір Жалмұханбетова мен алматылық Әсел Қыдырмұрат, ІІІ орынды шымкенттік Анарбек Мырзабай мен қызылордалық Айдана Рүстембек бөлісті. Қобызбен жыр айтушылар арасындағы сында қызылордалық Марат Сүгірбай, алматылық Қазбек Әдікей, қостанайлық Қыдырбек Қиысхан, қарағандылық Әлібек Бимендин жүлделі болды.
Кез-келген бойжеткен өзінің сүйіктісінің босағасын аттағанда, «бақытты етемін деп бару керек» дегенді жиі естіп жүрміз. Әйткенменде, берекелі өмірді жастар бірге құру керек. Ол үшін төмендегі қағидаларды да ескере жүргініңіз абзал. 1. Ұқсастық заңы. Біз қашанда өзімізде жоқ нәрсені іздейміз. Сыңарымызданда соны талап етеміз. Дегенмен, «шын ғашықтар белгісі бір-біріне қарау емес. Екеуі бір нүктеге қарауы» екенін естен шығармау керек. 2. Қайтарым заңы. Біз не берсек, соны аламыз! Сол себепті, сіздің серігіңіз сізге қандай көзқарас танытса, сізде оны бағалауға тырысып сол дәрежеде құрмет көрсетіңіз. 3. Махаббат заңы. Біз барлығымыз махаббатқа құштармыз. Махаббат-нәзіктік, қамқорлық, жауапкершілік, үміт,қызғаныш сынды қасиеттерден тұрады. Және, осы сияқты қасиеттерді біз өзіміз тіземіз. Тізімізің қанша ұзақ болса, соншалықты қымбат. 4. Сөз құдіреті. Айтылған сөздердің қаншалықты үлкен мәнге ие екенін ескеріңіз. Өзіңіз сөйлегенде мұқият болыңыз. Әшкерелеу, балағаттау адамдарды бір-бірінен салқындатады. Себебі, әр адам жанының бір жерінде сәби көңіл өмір сүреді. Сөз құдіретін жағымды, еркелету тәсіліндегі сөздермен сезініңіз. 5. Сенімділік заңы. Екі адамның сенімділігі жұбайлық өмірдің басты заңы. Оларда бұл қасиет болмаса, толыққанды отбасына жатқызу мүмкін емес. Қызғаныштың орынсыз болуы жалғыздыққа, өзіне деген құрметтің жоғалуына алып келеді. Бірге ғұмыр кешіп жүріп сүйіктіңіздің жалғыздықты сезінуіне мүмкіндік бермеңіз. 6. Адалдық заңы. Әдетте адамдар теңін тауып табысқанда толық қанды бақытты болдым, бітті деп ойлайды. Дегенмен, махаббат «жылжымайтын» мүлік емес. Ол өседі, гүлденеді немесе бықсып сөнеді. Оның гүлденуі біздің оған деген күтімімізге байланысты. Әсем гүл ашуы үшін сізде «таза сумен» сауару керек! 7. Махаббатты түйсіну мен берілу заңы. Егер махаббатқа қолыңызды жеткізгіңіз келсе, өзіңізді тарту етіңіз. Қанша көп болса, сондай махаббат аласыз. Ол бумеранг секілді, сізге міндетті түрде қайта айналып соғады. 8. Жанасу заңы. Қиындықта қасында екенін білдіру үшін, оның қолын қыссаңызда жеткілікті. Жай ғана адал көңілмен оның жанынан кетпейтініңізді ұғындырыңыз. 9. Бостандық заңы. Ерлі-зайыптылардың бір-біріне еркіндік беріп, пікірлерімен санасуы шарт. Әркімнің жеке шаруалары болатынын ескеру қажет. Даналық бізге былай дейді: «Біреуге қаншалықты үлкен еркіндік берсең, ол соншалықты бізге жақындай түседі». 10. Әркімнің ойындағы бақын сан түрлі. Демек, оның ережелері де сан алуан болса керек-ті. Сондықтан, 10 бөлімді СІЗ қосып көріңіз. Мархаббат…
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Германияның астанасы Берлин қаласында, еліміздің ұлы ақыны, ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлына арналған ескерткіштің ресми ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ескерткіштің салтанатты ашылу рәсіміне Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Қазақстан Республикасының Германиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәурен Кәріпов қатысты. Ақтоты Райымқұлова Германия халқы мен Үкіметіне еліміздің Абайға ескерткіш орнату жөніндегі ұсынысын қолдап, демеу көрсеткені үшін алғыс білдірді. «Былтыр біз әлемдік деңгейдегі ойшыл, ұлы ақын, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі – Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын атап өттік. Мерейтой аясында Сингапурда, Болгарияда, Мажарстанда, Біріккен Араб Әмірліктерінде, Пәкстанда, Эфиопияда, Чехияда Абай орталығы оқырманға есігін айқара ашты. Сонымен қатар Мажарстан, Оңтүстік Корея Республикасы, Франция, Түркия, Өзбекстан, Мысыр, Ресей Федерациясы және басқа елдерде Абай ескерткіші ашылды. Абай шығармашылығы қазақ халқы мен өзге ұлттар мәдениеті арасындағы дәнекер. Абай қазақ халқының ғана тұлғасы емес. Оның жалпы адами құндылықтарды насихаттайтын шығармашылығы адамзатқа ортақ, әрі әлемдік әдебиеттің ажырамас бөлігіне айналды. Абай Құнанбайұлы мен Германия халқының ұлы ақыны Гете поэзиясы арасында таңғаларлық үндестікті байқамау мүмкін емес. Абай аудармасының арқасында біз Иоганн Гетенің біршама туындысымен етене таныстық. Соның бірі, әрі бірегейі хакім ана тілімізде сөйлеткен «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңі. Осылайша, Абай екі халықтың әдебиеті мен мәдениетін байланыстырушы берік көпірге айналды. Абай мен Гете секілді адамзаттың асыл ұлдарын ардақтау, олардың мұрасын, есімін асқақтату – Сіз бен біздің парызымыз. Бүгін мазмұнды меймандостық дәстүрде өтіп жатқан іс-шара жоғарыда айтып өткен рухани байланысты нығайта береріне сенімім мол», деді Мәдениет және спорт министрі. Абай Құнанбайұлы мүсінінің авторы - «Әлем халықтарының өнері» Халықаралық Ассоциациясының лауреаты Болат Мекебаев.
Тьюторлық сүйемелдеу– бұл балаларды ерекшеліктеріне қарай сүйемелдеу. Бала мен тьютор бірлескен тақырыбы анықталған, мақсат, міндеттері қойылған жеке білім алу бағдарламасы жасалады. «Өрлеу» – Нұр-Сұлтан филиалы кафедрасының аға оқытушысы Тусупова Гулмайра Умирбековна, № 57«Салтанат», № 68 «Балбұлақ», № 76 «Әдемі» балабақша педагогтеріне «Педагогтың кәсіби дамуын тьюторлық сүйемелдеу» атты семинар өткізді. Tags: orleu АО «Национальный центр повышения квалификации «Өрлеу» Лидирующий хаб по профессиональному развитию педагогов Казахстана, обучению взрослых, прикладным исследованиям и распространению ведущих образовательных практик.
Бүгінгі таңда қаламызда велоспорт белсенді дамып келеді және әр бір адам өз қалауымен велоспорттың дағдыларын меңгеру және дамыту мақсатында секцияға жазыла алады. Психологтар велосипед тебу спортын стресстен аулақ болуға көмектеседі және тез шешім қабылдауға үйретеді деп санайды. Велосипедпен жүру аяқтың, кеуденің, арқаның, қолдың бұлшықеттерін жаттықтыруға көмектеседі, сонымен бірге бұлшықеттердің төзімділігін арттырады. Велосипедпен жүру - бақыт гормондардың дозасын алудың ең оңай және жылдам жолы. Велоспорт секцияларының жаттығуларын спорт мамандығын меңгерген және жоғары білікті жаттықтырушылар жүргізеді, олар өз тәжірибесімен қуана бөлісіп, оқыту бағдарламасын таңдайды. Секция сабақтары велотректе өтеді, тректің ұзындығы 250 метр, ені 7 метр, еңісі 12,5-тен 42 градусқа дейін. 16 жастан асқан азаматтарға арналған велосипедпен жүру сабақтарының бағасы: бір реттік сабақ – 2000 теңге; топтық сабақ – 22 000 теңге (аптасына 3 рет). Спорт қалаушылары үшін әлемдегі ең жақсылардың бірі болып танылган велотрек жолында шұғылдану шындыққа айналды!
Жерлестеріміздің сұранысына ие болған Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі жалғасуда. Кеше солтүстікқазақстандықтар назарына жаңадан 300 жұп тауар түрі қойылыпты. Бүгінгі күнге дейін өнімнің тең жартысын тұрғындар сатып алған екен. Қазір Александр Кудасов әйеліне және өзіне қақаған қыста киетін аяқ киім қарауда. Зейнеткер үшін бағасынан бұрын сапасы маңызды. АЛЕКСАНДР КУДАСОВ, қала тұрғыны: – Қалада Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатқандығын теледидардан көрдім. Әзірге, әйелім өзіне керегін тапты. Тағы да қарауда. Өзіме күнделікті және аңшылыққа киетін қалың етік керек. Мұндағы тауарлардың бағасы қымбат емес. Сапасы да жақсы. Жәрмеңкеде барлығы – 700-ге тарта аяқ киім бар. Бұл жерден табаны жалпақтау немесе бақай сүйегі шығыңқы келген жандар өздеріне ыңғайлыны киіп көріп, сатып ала алады. Айта кетейік, күнделікті сатушылар 50-ге тарта аяқ киім сатады. ЕВГЕНИЙ КАЛАЧЕВ – сату жөніндегі менеджер – Тауарларымыздың дені – ортопедиялық. Келушілердің басым көпшілігі қысқа киетін әрі тайғанамайтын аяқ киім іздеп жатыр. Бұл талапқа біздің тауарларымыз толық сәйкес келеді. Әйелдердікі 11 мыңнан, ер адамдардікі 18 мың теңгеден басталады. Мұндай жәрмеңке бүгінге дейін еліміздің 9 қаласында ұйымдастырылыпты. Беларустық аяқ киім саудасы қазанның 9-ына дейін жалғасады. Тұрғындар қажетті тауарды Ж.Жабаев көшесі 82а мекенжайы бойынша орналасқан нысаннан таба алады.
Ассаламу алейкум! Құда түсіп қыз айтырғалы жатқан жігіт жайлы қыздың туыстары болашақ күйеу баланы танитындардан сұрағанда кемшілік немесе мінін айту күнә ма? Отбасы болып кетсін деп кемшілігін жасырған дұрыс па? Жауап Уалейкум ассалам! Болашақ күйеу жігіт немесе қалыңдық жайлы сұрағанда, білетін адам болса олардың шариғи және мінез-құлық жағынан кемшін тұстарын айтуы тиіс. Өйткені, кеңес берушінің бұл әрекеті тыйым салынған ғайбат сөз емес, керісінше кеңес беру және жамандықтан сақтандыру болып есептеледі. Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) Қайсқызы Фатима өзіне Мұғауия мен Әбу Жаһм құда түспек болып жатқанын айтып, кеңес сұрағанда, Алла елшісі (с.ғ.с.): «Әбу Жаһм иығынан таяғы түспейді, ал Мұғауия мал-дүниесі жоқ тақыр кедей»[1], - деді. «Әбу Жаһм иығынан таяғы түспейді» деген сөздің екі мағынасы бар: көп жолаушылап кетіп қалады және әйелін ұрады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Сендердің біреуіңнен бауыры ақыл-кеңес сұраса, оған шынайы сөзін айтсын»[2], - деген. Сонымен бірге, «Кеңес сұраған - жамандықтан қорғалған»[3] деген Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят бар. Амр бин Маймун (р.а.) мынадай жағдайды риуаят етеді: «Біләлдің бауыры арабтарға сіңісіп кеткен, өзін де солардың бірі деп білетін. Ол бір арабтың қызын айттырды. Сонда қыз жақтағылар: Біләл келсе, саған қызымызды береміз, - деді. Біләл келіп: Мен Рабахұлы Біләлмін, ал мынау бауырым. Ол діні мен мінезі нашар адам. Егер қыздарыңызды тұрмысқа беруді қаласаңыздар, беріңіздер. Ал, бермеймін десеңіздер, бермеңіздер, - деді»[4]. Түйіндей айтқанда, отбасын құру – аса жауапты қадам. Адам тағдыры шешіліп тұрған шақта ақыл-кеңес беруде қажетті жайттарды бүгіп қалмау керек.
Мәскеу соты футболдан әлем чемпионаты болып жатқан кезде алаңға полиция формасын киіп, жүгіріп шыққан Pussy Riot тобының төрт мүшесін 15 күнге қамау туралы шешім шығарды. Судья оларды "спорт шарасы кезінде көрермендердің өзін-өзі ұстау ережесін өресек бұзу" бабы бойынша айыпты деп таныған. Вероника Никульшинаны сот 15 күнге қамап, спорт шараларына қатысу құқығынан үш жылға шектеді. Никульшинаның адвокатының ешбір өтінішін сот қанағаттандырған жоқ. 15 күнге қамау жазасы Петр Верзиловқа, Ольга Курачева мен Ольга Пахтусоваға да кесілді. Ресейлік Pussy Riot тобының полиция формасын киген төрт мүшесі финалдық ойын өтіп жатқан кезде алаңға жүгіріп шыққан. Олар мұны "Милиционер ойынға араласады" акциясы аясында істегенін айтқан. Ұйымдастырушылар мұны мәскеулік концептуализмнің негізін салған Дмитрий Пригов өлімінің 11 жылдығына арнайтынын мәлімдеген. Pussy Riot тобы өздерінің Facebook парақшасында "акцияның мақсаты – саяси тұтқындардың босап шығуына қол жеткізу, репост үшін қылмыстық іс қозғауды доғаруға шақыру, митингілер кезінде заңсыз ұстауды тыю, елдің саяси өміріне бәсекені қайтару" деп жазған. ПІКІРЛЕР Жаңалықтар BBC мен "Медиазона" Украинадағы соғыста он мың ресейлік жауынгердің қазасын растады Бельгияда Еуропарламент жетекшісінің орынбасары жемқорлық күдігімен ұсталды Украинадағы соғысқа қарсылық білдіріп, қанды оқиғаларды тергеуді талап етпек болған белсендінің өтініші орындалмады
Ақтау қаласында бұдан жарты ғасыр бұрын жерге көмілген аманат капсуласы 1 желтоқсанда жаңасына ауыстырылады, - деп хабарлайды Хабар 24. Капсула Тұңғыш Президент күні ашылып, мәтіні көпшілік алдында дауыстап оқылады. Мұнан соң «Қазақстан-2050: Мәңгілік Елдің» қалыптасу тарихы тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктері жазылған деректі хат салынып, жаңа орынға қойылады. Бұл күнге жоспарланған іс-шаралар жүзден астам жас ұландықтардың қатысуымен өтетін мерекелік шеруімен басталмақ. Ақтаудың іргесі 1963 жылы қаланған. Шөл далада әсем қала салу Каспий аймағы машина құрастыру комбинаты ұжымының бастамасы болатын. Құрылысшылар төрт жылда алғашқы шағынаудандарды қолданысқа береді. Тарихи кезеңді мәңгі есте сақтау үшін келешек ұрпаққа аманат хаты салынған капсула салтанатты түрде 2-ші және 4-ші мөлтек аудандар аралығындағы жол жиегіне қойылады. Осы сәттен бастап бұл жерде қала тұрғындары жиі бас қосады. Шетелге қоныс аударған азаматтар арнайы келіп, Ақтаудың қалыптасуына үлес қосқан ата-аналарын еске алуды үрдіске айналған. – Капсула көмілген 1967 жылы мен мектеп бітірген едім. Ол кезде қала аумағы қазіргідей емес, өте шағын болатын. Жер-жерде құрылыс жүріп жататын. Тәуелсіздік жылы тұрғын үйлер мен ғиматтар салу жұмыстары жаңадан қарқын алды. Ақтаудың іргесі жыл санап кеңейіп, халық саны өсіп келеді. Бұл – азат еліміздің басты жетістігі. Тұңғыш Президент күні осы жерге жанұямызбен келіп, тағы бір тарихи сәттің куәгері боламыз, - дейді қала тұрғыны Мақсұт Өтебаев. – Балалық шағымда ата-анам мені ертіп, осы нышан жанындағы жүргінші жолында серуенге шығуды ұнатушы еді. Бүгінде Мәскеуде тұрамыз. Балабақшаға бірге барған құрдастарыммен әлі күнге дейін араласамыз. Олар ұялы телефонмен жіберген суреттерді жанұямызбен қызыға тамашалап, туыстарымызға мақтанышпен көрсетеміз, - дейді Мәскеу қаласының тұрғыны Дарина Пелий. Жауапты мамандар аманат хат қойылған нышанды таяу күндері қоршап, капсуланы қазып алуды бастайды. Тот басып, бүлінген жері болса тазалап, ретке келтіреді. Ал ішіне салынған хат 1 желтоқсанда ашылып, көпшілікпен оқылады. – Ол капсуланың қасынан «Болашақ-2050: Мәңгілік ел» тұрғындарына да жаңа жолдау дайындалуда бүгінгі таңда. Сосын жолдауды салатын орын да дайындалады. Сол күні біз капсуланы ашып, тек қана оқып қойғымыз келмейді. Сол кезеңде қала салушылардың тарихын, олардың ерен еңбектерін қазіргі халыққа бір жағынан насихаттағымыз келеді, - деді қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекшісі Гүлжазира Алдашева. Тұңғыш Президент күні қала тұрғындары мерекелік шеруге қатысып, Ақбота саябағынан капсула қойылған нышанға дейін жүріп барады. Жол жиегіндегі дыбыс күшейткіш құралдары арқылы мұнайлы өңірді алғаш ашқан азаматтардың есімдері мен еңбектері хабарланып, үлкен экраннан Ақтаудың тарихы туралы деректі фильм көрсетіледі. Шеру концерттік бағдарламаға ұласады.
Нұр-Сұлтанда Жеңіс күні қарсаңында Кеңес Одағының екі мәрте Батыры, аты аңызға айналған ұшқыш Талғат Бигелдиновке ескерткіш ашылды. Ескерткіш Сарыарқа даңғылына орнатылды, деп хабарлайды «Экспресс К» елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Салтанатты шараға елорда әкімі Алтай Көлгінов, Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, Талғат Бигелдиновтың туыстары, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, қалалық мәслихат депутаттары, Қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері және т.б. қатысты. Елорда әкімі Алтай Көлгінов өз сөзінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері ерліктің үлгісі екенін айрықша атап өтті. "Ұлы Жеңіс қарсаңында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Талғат Бигелдиновке арнап ескерткіш ашылды. Ұлы Отан соғысының ардагерлері ерліктің, табандылықтың, өскелең ұрпақ үшін ерлік пен даңқтың үлгісі болып саналады! Батыр ата-бабаларымыздың арқасында қазір бейбіт күнде өмір сүріп жүрміз! Біздің міндетіміз — батырларды жадымыздан шығармай, еске алу", — деді елорда әкімі Алтай Көлгінов. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Талғат Бигелдиновтің балалық шағын тілге тиек ете отырып, жетімдіктің тауқыметін ерте көргеніне қарамастан ел азаматы болып, халықтың мақтанышына айналғанын, "қатардағы ұшқыштан эскадрильяның үздік командиріне дейінгі жолдан өткенін" атап өтті. Талғат Бигелдиновтің қызы Галина бұл күн ардагердің туыстары үшін де, барша қазақстандықтар үшін де қуанышты күн екенін атап өтті. Жоба бойынша мүсінші Нұрлан Далбай мен сәулетші Расул Сатыбалдиев жұмыс істеді. Ескерткіш қоладан және граниттен жасалды. Онда Талғат Бигелдинов Ұлы Отан соғысы жылдарында жас ұшқыш ретінде, ал кеудесінде медальдары бейнеленген.
Анри Бергсон жетекші француз философы, біздің ғасыр. Ол да ықпалын тигізді Уильям Джемса және Уайтхеда және айтарлықтай воздействовал арналған француз мысль. Негізінен әсер Бергсона философия болды консервативті, ол оңай согласовывалось қозғалысымен жеткен кульминации ” Виши. Бергсона Философия айырмашылығы көптеген жүйелерін өткен дуалистична. Әлем үшін оған бөлінген екі түбегейлі әр түрлі: бір жағынан – өмір, екінші жағынан, материя, немесе дәлірек, онда сылбыр үкімет “бір нәрсе” , ол интеллект ретінде қарастырады материя. Бүкіл ғалам бар қақтығысы және қақтығыс екі қарама-қарсы қозғалысы: өмір, ол ұмтылады жоғары, және материяның, ол төмен құлайды. Өмір бар жалғыз ұлы күш, жалғыз үлкен өмірлік отыр, бұл бір рет, басында әлем; күтіп алатын кедергісі материяның; борющийся үшін шығу арқылы материя; бірте-бірте узнающий қалай пайдалану материя көмегімен; бөлінген кедергілер ол негізгі қиындықтар қатарына енгізіледі, түрлі ағым, жел көшесінің қиылысында; ішінара подавляемый матамен салдарынан болған өзгерістерді, онымен материя, оның ұшыратады: барлық – әрқашан сақтайтын, өз қабілеті, еркін қызмет, әрқашан борющийся табу үшін жаңа шығу; әрқашан ищущий басым бас бостандығынан қозғалыс арасындағы враждебными қабырғалары материя. Эволюциясын түсіндіруге болмайды есептегенде басты себебі сыры қоршаған ортаға. Механизмі және телеология зардап шегеді бір кемшілігі: екі оқу-жаттығу болжауынша, бұл әлемде ешқандай елеулі жаңалықтардың. Механизмі қарайды, болашаққа да қамтылған үлкен және телеология, өйткені ол сенеді, соңында, оның керек жетуі мүмкін познан алдын ала жоққа шығарды, бұл нәтиже құрамында не айтарлықтай жаңа. Бұған қарама-қарсы осы екі көзқарастар болғанымен, көп сочувствуя телеологии қарағанда, механизмі, Бергсон бекітеді, бұл эволюциясы болып табылады шын мәнінде шығармашылық жұмыс, суретші. Побуждение іс-әрекетке, белгісіз тілек бар алдын ала, бірақ ниет емес, қанағаттандырылды мүмкін емес табиғатын білу үшін, бұл қанағаттандырады бұл тілек. Мысалы, біз болжауға болуы айырылған көру жануарлардың біраз смутного желания болу үшін хабардар объектілері туралы дейін жанасу осы объектілермен. Осыдан вытекали күш; олар ақыр соңында әкелді құру көз. Көру көрсетуі қанағаттандырды бұл ниет, бірақ алдын-ала көру мүмкін емес еді ұсынсын. Осының негізінде эволюциясын болмайды болжау және детерминизм бола алмайды құралы теріске шығару қорғаушылар ерік бостандығын. Бұл жалпы контур наполняется сипаттамасымен нақты Жердегі өмірдің дамуы. Алдымен ағыны бөлінеді жануарлар мен өсімдіктер; өсімдіктер тағайындалған кейінге қалдыру энергиясын резервуарға, жануарлар үшін энергиясын пайдалану үшін кенеттен және жылдам қозғалыстар. Бірақ кейінірек жануарлар арасында пайда болады жаңа разветвление: артық немесе кем екіге бөлінді ақыл және түйсік. Олар ешқашан толық емес, кейде бір-бірінсіз, бірақ негізінен интеллект бар бақытсыздық адам, ал сымның өзінің жақсы көрініс көрінеді у муравьев, аралар мен Бергсона. Арасындағы айырмашылық парасаты мен инстинктом негізгі болып табылады философия Бергсона. Түйсік өзінің жақсы көрініс деп аталады ақыл. Интеллект разделяющий заттар, сәйкес Бергсону – бұл род ұйқы: ол белсенді емес болуы біздің бүкіл өміріміз, бірақ таза созерцателен. Біз спим, дейді Бергсон, онда біздің “мен” рассеяно, біздің өткен тарихымыз разбито кесектерге; заттар, олар шын мәнінде взаимопроникают бір-біріне, көрінуі жекелеген қатты тұрғыдан зерттеледі. Ретінде интеллект байланысты кеңістік, түйсік немесе интуиция байланысты уақыт. Ең жақсы қасиеттер Бергсона философия болып табылады қарағанда көптеген ойшылдардың ол қарайды, уақыт пен кеңістік ретінде терең әр түрлі заттар. Кеңістік сипаттамасы материя – кезінде туындайды рассечении ағыны; ол шындыққа иллюзорно, пайдалы белгілі бір дәрежеде іс жүзінде, бірақ өте жаңылыстыратын теориясы. Уақыт, керісінше, бар елеулі сипаттамасы өміріне немесе ақыл-ой. Бірақ, айтылатын емес математикалық уақытта біртекті жиналысы өзара сыртқы сәттерді. Математикалық уақытта сәйкес Бергсону, бар шын мәнінде нысаны кеңістік;, болып табылатын мәні өмір, ол деп атайды ұзақтығы. Түсінігі ұзақтығын бірден – бір негізгі оның философия, ол пайда болады қазірдің өзінде ерте оның кітабы “свобода воли” . “Сұрақтар субъектісі мен объектісі, олардың айырмашылықтары және олардың бірлігі керек қойылады тезірек уақыт функциясы ретінде қарағанда, функциясы ретінде кеңістік” . Ұзақтығына, онда біз қарастырамыз, бар бөлінген элементтері, бірақ ұзақтығын, біз іс жүзінде әрекет етеміз, біздің жай-күйін ериді, ағзада дос тани бастады. Ұзақтығы бар сол ең материал шындыққа, ол мәңгілік қалыптасуы, ешқашан бола отырып, ол аяқталған. Ең алдымен, ұзақтығы анықтаса, өзін-өзі еске, өйткені еске өткенді істеуін жалғастырады осы. Осылайша, теориясы жад үлкен маңызға ие болады философия Бергсона. Бергсон”, – дейді ” ұғымымен “жады”, әдетте, біріктіреді, екі түбегейлі керемет нәрселер, бұл различию Бергсон ерекше көңіл бөледі. “Өткенді бастан кешіп, өзіне-өзі, – деп жазады ол, – екі түрлі формада жүзеге асырылады: біріншіден, қозғалу механизмдерін, екіншіден, түрінде тәуелсіз естеліктер” . Мысалы, адам туралы айтады, ол есінде өлеңі, егер мүмкін оны қайталау, жатқа айту, яғни, егер ол сатып алған кейбір әдеті немесе механизмі, мүмкіндік беретін оған қайталауға бұрын проделанное қолданысқа енгізіледі. Бірақ ол, кем дегенде, теориялық, қабілетті болу қайталауға өлең, мен емес, еске сол алдыңғы жағдайлардан оқып бұрын. Осылайша, бұл түрі жад қамтиды сезіну өткен оқиғалардың. Екінші түрі, ол тек бір лайық атауы “” еске алу ұсынылды , естеліктер, сол жекелеген жағдайларды адам оқыған өлеңі, әрі әрбір жағдайы сияқты емес, басқа жағдайларға байланысты белгілі бір күні. Бұл сұрақ әдеттер, өйткені әрбір уақиға болды тек бір рет қана мүлікке әсер. Болжам бойынша, бұл-қандай болса да бәрі бір кездері бізбен үзе, помниться, бірақ, әдетте, дейін жетеді сана тек қана пайдалы. Кажущиеся естен шығып кету, қалай дәлелдейді, Бергсон, болып табылады шын мәнінде провалами емес, психиатриялық, жад, мотор тетігін вводящего естелік жарияланған. Бұл көзқарас расталады қарауға физиология ми және құбылыстармен потери памяти, олардың қалай бекітеді Бергсон, деп шынайы еске емес функциясы болып табылады ми. “Память” қағидатына болуы тиіс күш, мүлдем тәуелсіз материяның. Егер рух бар шындық болса, онда дәл осы жерде құбылыстарды, жад, біз эксперименттік кіру онымен жанасуына” . Таза жады үшін Бергсона противоположна таза қабылдау, оған қатысты ол алады ультрареалистическую ұстанымын. Таза қабылдауы құрылады побуждающим әрекетімен, оның жарамдылығы жатыр оның белсенділігі. Нақ осы жолмен миы көрсетіледі байланысты қабылдай отырып, ол құралы болып табылады. Жасауға болады, бұл болса ми, біз қабылдауға барлық, бірақ шын мәнінде біз ғана қабылдаймыз”, – деп қызықтырады. Енді возвратимся – инстинкту немесе түйсігі, противопоставляются интеллект. Бергсон қалайды заставить интеллект сіз өзіңізді және ояту әлеуетті мүмкіндіктері түйсігі, онда әлі дремлют. Қатынасы тарту көріністері – интеллект салыстырылады қатынасымен көру осязанию. Елеулі ерекшелігі түйсігі мынада: ол бөліседі әлем, жекелеген заттар, бұл интеллект. Интуиция қамтиды алуан түрлілігі, бірақ бұл алуан взаимопроникающих емес, процестердің кеңістіктік сыртқы тел. шын мәнінде, заттар жоқ. Мұндай көзқарас әлем, меніңше, интеллект қиын және неестественным, қарапайым және естественен үшін түйсігі. Жады бермейді мысалдар бар екенін білдіреді, жадында өткен өмір сүруді жалғастыруда және осы пронизывает оның. Жоқ бол сана, мир был бы мәңгі умирающим және қайтадан рождающимся, өткен болар еді нақтылық, сондықтан емес еді өткен. Дәл жады, өзінің ниетімен барлық сәйкестендіруі жасап, өткен мен болашаққа нақты, және, осылайша, жасайды шынайы ұзақтығы мен уақыты. Тек интуиция мүмкін, шқо, бұл араластыру, өткен және болашақ; ақыл-ой болып қалып отыр сыртқы. Оқу-жаттығу Бергсона туралы бостандығы мен оның восхваление әрекеттері тығыз байланысты құндылықтары түйсігі. Дәлелдер қарсы ерік бостандығын негізделеді ішінара жіберу, қарқындылығы психикалық жағдайларының саны бар, ол өлшеуге болады, кем дегенде теориясы. Теріске шығару бұл көзқарас Бергсон қолданған бірінші тарауда өз кітаптың “бостандық, еркіндік” . Ол қорытынды жасайды, ол шынайы еркіндік болуы мүмкін”. “Біз бос кезде мет туындайды біздің даралығын олар оны білдіреді кезде, олар оған осындай белгісіз ұқсастығы қандай кейде арасында суретші және оның туындысы” . Негізі Бергсона философия, өйткені ол білдіреді нәрсе көп тек ақындық және бейнелі әлемге көзқарас болып табылады оның туралы ілім кеңістіктегі және уақыт. Туралы ілім кеңістікте талап етілетін, оған үшін осудить интеллект. Егер оған алмаймыз осудить интеллект, онда интеллект сәті осудить оның да олардың арасындағы соғыс. Туралы ілім уақыт қажет Бергсону үшін бостандығын қорғау үшін, оның оқу-жаттығулары туралы “мәңгілік толқынында” және оны ұсыну қатынастары туралы рух және материя. Теориясы кеңістік Бергсона толық және анық баяндалған оның кітабы “свобода воли” және принадлежит ең ерте бөліктері, оның философия. Бергсон, онда бекітеді, бұл ұғымын “көп” және “аз” қамтиды кеңістік, ол көп қамтиды аз. Ол анық түсінік “көрінеді туралы айтуға шамасы жоқ жерде бірде көп, бірде-кеңістік”. Келесі тарауда ол ұсынған сол тезис, бірақ салыстырмалы сандар. “Біз ұсынуға саны ғана емес сандар немесе сөздер біз жүгінуге тура келді кеңістіктік насихаттау. “Бекіту туралы бұйрыққа жоғары Бергсон путает үш түрлі заттар, атап айтқанда: 1. Саны бойынша жалпы түсінік қолданылатын әртүрлі күндері жүреді. 2. Тегінде әр түрлі сандар. 3. Әр түрлі жиынтығы, оларға қолданылады әр түрлі сандар. Жұмыстарға Бергсона жиі айтылатын математика және ғылым, невдумчивому оқырманға көрінуі мүмкін, бұл айтылғаннан қатты позициясын нығайтады Бергсона. Келетін болсақ, бұл математика, Бергсон қасақана көреді дәстүрлі қате түсіндіру астам қазіргі көзқарастарының басым, математиктер арасындағы соңғы 80 жыл. Сонымен қатар қаралған біз туралы негізгі ұғымдар, оның ішінде бас-тармағы, Бергсон қозғайды математика – бұл оның терістеу, ол атайды “кинематографическим” ұсына отырып, әлем туралы. Оған сәйкес математика толкует өзгерістер, тіпті үздіксіз өзгерістер ретінде құратын сериясы жай-күйлер; Бергсон, керісінше, бекітеді, бұл ешқандай сериясы жай мүмкін емес туралы түсінік беру, оның үздіксіз және өзгермелі нәрсе ешқашан орналасқан қандай да бір жай-күйі. Шынайы өзгерту мүмкін түсіндіруге көмегімен ғана шынайы ұзақтығын қамтиды өзара енуі өткен және осы. Осылайша, дәлелдер Бергсона қарсы математикалық көзқарас қозғалысы азайтатын жай ғана ойынға деген сөздерден. Теориясы ұзақтығын Бергсона байланысты оның теориясымен еске алу. Сәйкес бұл теория, біз есте сақтаймыз, жұмыс істеуін жалғастырады, еске сондықтан да енеді қазіргі; өткен және қазіргі болып табылады өзара внеположными, бірақ теңіз бірлікте таным. “Өткені бар мәні, ол артық жұмыс істейді”. Осылайша, оның анықтау құрады шеңбер. Іс жүзінде ол былай дейді: “Өткені бар болса-әрекеттер, содан өткен”. “Онда құрайды, бұл біздің таза қабылдауы, біздің зарождающиеся қолданысқа енгізіледі. Осылайша, шындық, біздің қабылдау болып табылады, оның пәрменділігі. Өткенді ғана бар, идея, осы бар идеомотор (135 л. с) . “Барлық теориясы ұзақтығын және уақыт Бергсона негізделеді бастауыш араластыру осы құбылыстар, естеліктер өткен оқиғаларға толы болды. Араластыру осы және вспоминаемых өткен оқиғалар, шамасы, негізінде жатқан теория болып табылады, мысалы, араласу актісін таным деп танылады. Бұл араластыру актінің таным с познаваемым объектісі сөзсіз арқылы өтеді бүкіл кітапты “мен-қазақтың баласы!”. Мұнда Бергсон былай деп жазады: “Мен атаймын матамен жиынтығы білім, қабылдай материя – сол ең бейнелері оларға қатысты ықтимал іс-қимыл бір белгілі бір өмір – менің дене”. Қашан Бергсон”, – дейді салауатты өмір сүре алады, және жоқ бола тұра воспринятым, ол түсіндіреді, бұл білім болуы тиіс саналы түрде воспринятым – бұл жай ғана ерекшеленетін дәрежесі бойынша. Шекспир атады өмір қаңғыбас көлеңкесінде. Шелли, – деді ол подобна куполу бірі разноцветного шыны. Бергсон салыстырды оның снарядпен, разрывающимся, олар мәні де снарядтар. Онда игілігі үшін, ол Бергсон көруге үміттенеді өткізілген әлем – бұл іс-әрекет үшін.
Құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған тапсырмаларды құрастырудың басты мақсаты — студенттерге тек қана білім беріп қана қоймай, сол алған білімдерін өмірде қолдана алатын құзыреттілігі қалыптасқан жас ұрпақ тәрбиелеу, ол үшін студенттің теориялық алған білімдерін өмірмен байланыстыратын тапсырмалар реттілігін орындауына жағдай жасау қажет. Студенттің сабақта өзіндік мәліметтерді жинақтап, белгілі бір уақытта білімдерін одан әрі дамытуға әрекет жасауы тек білу, түсіну ғана емес, сондай-ақ талдау, синтез, бағалау әрекеттерін жан-жақты қолдану арқылы көрініс табады. Стратегиялық мақсаты Негізгі қызметі WorldSkills стандарттары деңгейінде республиканың өнеркәсіптік кәсіпорындары үшін жоғары білікті мамандар даярлауға бағытталған құзыреттілік орталығын құру. Міндеттері қатысушылар мен бәсекеге қабілетті аймақтық командаларды WorldSkills чемпионаттарына қатысуға дайындау. мәлімделген құзыреттер бойынша сарапшыларды даярлау және сарапшылар қоғамдастығының біліктілігін арттыру. WorldSkills стандарттарына сәйкес мамандар даярлау үшін материалдық-техникалық базаны модернизациялау және тиімді пайдалану. WorldSkills халықаралық стандарттарына бағдарланған мамандарды сапалы даярлауды жүзеге асыру. колледждің инновациялық инфрақұрылымын кеңейту және дамыту, мәлімделген құзыреттіліктер бойынша мамандарды даярлаудың әдістемелік базасын құру. әлеуметтік серіктестердің, соның ішінде серіктес колледждер, университеттер мен мектептердің аясын кеңейту. Автокөлікті жөндеу, пайдалану және қызмет көрсету «Volkswagen» автокөлігінің макеті 1. 220 В айнымалы ток көзімен жұмыс жасайтын бензинді және дизелді қозғалтқыштардың макеттері 2. «Форвард» автотренажері «Форвард» автотренажерінің сипаттамасы Автокөлік тренажері – бұл жүргізушілерді алғашқы оқытуға, сонымен қатар тәжірибелі жүргізушілердің көлік жүргізу дағдыларын жетілдіруге немесе түзетуге арналған заманауи аппараттық-бағдарламалық кешен.«Форвард» автосимуляторының артықшылығы – оның дизайны барлық негізгі автомобиль басқару элементтерін және жұмыс істейтін бақылау тақтасын қолданады, тренажер бөлігі ретінде жұмыс істеуге арнайы бейімделген «3D Instructor 2.0 Pro» тренажерінің кәсіби нұсқасы бағдарламалық қамтамасыздандыру болып табылады. Форвард жаттығу машинасының құрамында 3D Instructor 2.0 Pro бағдарламасының кәсіби нұсқасы бар, ол Ресейдегі және шетелдік көрмелерде бірнеше рет көрсетіліп, Ресейдегі ең жақсы оқу компьютерлік тренажеры, шетелдік сарапшылардың жоғары бағаларын алды және қазіргі уақытта оқу жүргізу тренажерлерінің арасында көшбасшы болып табылады. «Форвард» автосимуляторының артықшылығы – оның дизайнында автомобильдің барлық негізгі басқару элементтері және жұмыс істейтін бақылау тақтасы пайдаланылады және тренажер бөлігі ретінде жұмыс істеуге арнайы бейімделген «Форвард» жаттығу тренажерының бағдарламалық жасақтамасы ретінде орнатылған.
СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖӘНЕ СУ БҰРУ ЖҮЙЕЛЕРIН ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕ ЕҢБЕК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚАУIПСIЗДIК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРI Енгізілген күні – 2012.05.01 1 Қолдану саласы 1.1 Осы Су жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану кезінде еңбекті қорғау қауіпсіздік техникасының ережелері (ары қарай мәтін бойынша – Ережелер) Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» заңына, су жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын реттейтін нормативті құқықтық және техникалық актілерге сәйкес әзірленген. 1.2 Ереже Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады және олардың талаптары суды бұру жүйесін пайдаланушы ұйымдарды қайта құру және техникалық қайта жарақтандыру кезінде, сумен жабдықтау және суды бұру жүйесінің жөндеу жұмыстарын жүргізу, технологиялық процесстер мен операцияларды ұйымдастыру кезінде ескерілуі тиіс. 1.3 Сумен жабдықтау және суды бұру кәсіпорындарында құрылыстың, жабдықтың және процесстердің әрбір типі үшін осы Ереженің талаптарын ескеретін, оларды пайдалану кезінде қауіпсіздік пен еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтар әзірленуі және орындалуы қажет. 1.4 Осы Ережені толықтыратын қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды немесе пайдалану кезінде жабдықтар мен технологиялық процесстерді алмастырған соң туындайтын және осы Ережелермен ескерілмеген талаптарды белгіленген тәртіпте бекітілген және енгізуші ұйымдармен жасалған нұсқамаларға сәйкес орындау қажет. 1.5 Сумен жабдықтау және суды бұру жүйелерінің құрылыстарында жер, көтеру-тасымалдау, дәнекерлеу, пісіру және басқа да жұмыстарды жүргізу кезінде, сондай-ақ шеберхана шарттарында жабдықтарды жөндеу кезінде жұмыстардың сәйкес түрі бойынша қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі ережелердің талаптарын орындау қажет. 2 Нормативті сілтемелер Осы Ережелерді қолдану үшін келесі сілтемелік нормативті құжаттар қажет: «Қауіпті өндірістік нысандардағы өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының 03.04.2002 жылғы № 314-II Заңы. «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603-II ҚРЗ Заңы. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-II Заңы. «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы № 266-II Заңы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы №14 Қаулысымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенті. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2126 Қаулысымен бекітілген «Су жылытатын және бу қазандықтарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы №2157 Қаулысымен бекітілген «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2117 Қаулысымен бекітілген «Көтергіш-көлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтарындағы №16 Қаулысымен бекітілген «Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы №259 Қаулысымен бекітілген «Газбен жабдықтау жүйелерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтарындағы №49 Қаулысымен бекітілген «Бу және ыстық су құбырының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамызындағы №803 Қаулысымен бекітілген «Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге және қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар» техникалық регламенті. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамызындағы №796 Қаулысымен бекітілген «Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар» техникалық регламенті. Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексі (жалпы бөлім). Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан. Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155-II Кодексі. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251-III ҚРЗ Еңбек Кодексі. Қазақстан Республикасының 16.07.1997 жылғы №167 Қылмыстық кодексі. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 09.01.2007 жылғы №212-ІІІ Экологиялық Кодексі. ҚР ҚНжЕ 1.02-01-2007 «Құрылыстың жобалық құжаттамасын әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі мен құрамы туралы нұсқаулық». ҚР ҚНжЕ 1.03-05-2001 «Құрылыстағы еңбекті қорғау және қауіпсіздігі техникасы». ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2009* «Ғимараттар мен құрылыстардың өрт қауіпсіздігі». ҚР ҚНжЕ 2.02-15-2003 «Ғимараттар мен құрылыстардың өрт автоматикасы». ҚР ҚНжЕ 3.02-09-2010 «Өндірістік ғимараттар». ҚР ҚНжЕ 4.01-02-2009 «Сумен жабдықтау. Сыртқы желілер мен құрылыстар». ҚР ҚНжЕ 4.01-41-2006* «Ішкі су құбыры және ғимараттар кәрізі». ҚР ҚНжЕ 4.02-42-2006 «Жылыту, желдеткіш пен ауа алмастыру». ҚР ҚН 1.04-03-2002 «Күрделі жөндеуі аяқталған тұрғын, қоғамдық ғимараттарды және коммуналдық қызметтегі объектілерді пайдалануға қабылдау». ҚНжЕ 2.04.03-85 «Кәріз. Сыртқы желілер мен құрылыстар». ҚНжЕ 2.11.01-85* «Қоймалық ғимараттар». ҚНжЕ 3.05.01-85 «Ішкі санитарлық-техникалық жүйелер». ҚНжЕ 3.05.04-85* «Сумен жабдықтау және кәріздің сыртқы желілері мен құрылыстары». МҚН 2.04-03-2005 «Шудан қорғау». ҚР СТ ГОСТ Р 12.4.026-2002 «Дабыл түстері, қауіпсіздік белгілері мен дабыл белгілеулері. Жалпы техникалық шарттар және қолдану тәртібі». ГОСТ 12.0.004-90 «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Еңбек қауіпсіздігіне оқытуды ұйымдастыру. Жалпы ережелер». ГОСТ 12.1.001-89 «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Ультрадыбыс. Жалпы қауіпсіздік талаптары». ГОСТ 12.1.003-83* «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Шу. Жалпы қауіпсіздік талаптары». ГОСТ 12.1.004-91 «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Өрт қауіпсіздігі. Жалпы талаптар». ГОСТ 12.1.005-88 «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Жұмыс аймағының ауасына қойылатын жалпы санитарлық-гигиеналық талаптар». ГОСТ 12.1.044-89 «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Заттар мен материалдардың өрт-жарылыс қауіпсіздігі. Көрсеткіштер атау тізімі және оларды анықтау әдістері». ГОСТ 12.2.003-91 «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Өндірістік жабдық. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары». ГОСТ 12.2.088-83* «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Ұңғымаларды игеру және жөндеуге арналған жер үсті жабдығы. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары». ГОСТ 12.3.002-75* «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Өндірістік процесстер. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары». ГОСТ 12.3.006-75 «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Су өткізу және кәріз құрылыстары мен желістерін пайдалану. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары». ГОСТ 12.3.020-80* «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Кәсіпорындарда жүкті жылжыту процесстері. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары». ГОСТ 12.3.031-83 «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Сынаппен жұмыс жасау. Қауіпсіздік талаптары». ГОСТ 12.4.011-89 «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Жұмысшыларды қорғау құралдары. Жалпы талаптар және жіктелуі». ГОСТ 12.4.034-2001 «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Тыныс алу органдарының жеке қорғаныс құралдары. Жіктелуі және таңбалануы». ГОСТ 12.4.103-83 «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Арнайы қорғаныс киімі, аяқ пен қолды жеке қорғау құралдары. Жіктеу». ГОСТ 11086-76 «Натрий гипохлориді. Техникалық шарттар». ГОСТ 25150-82 «Кәріз. Терминдер және анықтамалар». ГОСТ 30852.2-2002 «Қолды электр жабдығы. Оқшаулау, жолдары, ағындар әне электр саңылаулары. Техникалық талаптар мен сынақтау әдістері». ГОСТ 30852.5-2002 «Жарылыстан қорғалған электр жабдықтары». ГОСТ 30852.11-2002 «Жарылыстан қорғалған электр жабдығы». ГОСТ 30852.19-2002 «Жарылыстан қорғалған электр жабдығы». Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің 2006 жылғы 8 ақпандағы №35 Бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздігінің ережелері». Энергетика және минералды ресурстар Министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі Комитеті Төрағасының 2008 жылғы 17 шілдедегі №11-Б бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында электр қондырғыларды орнату ережелері». Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2007 жылғы 21 қыркүйектегі №825 Қаулысымен бекітілген «Темiр жол көлiгiндегi қауiпсiздiк ережесi». «Өндірістік ортаның зияндылығы мен қауіп факторларының, еңбек процессінің ауырлығы мен күрделілігі көрсеткіштері бойынша еңбек шарттарын бағалау және жіктеудің гигиеналық талаптары» Р 2.2.755-99 басшылығы, 2000 жылғы 30 қарашадағы тіркеу номері ҚР АДЗ № 1.04.001.2000. РҚ-02-02-94 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тау кен техникалық қадағалаудың 1994 жылғы 31 мамырдағы №16 Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тау кен техникалық қадағалау құзырындағы кәсіпорындар, ұйымдар мен нысандардың басқарушы қызметкерлері мен мамандарының қауіпсіздік жөніндегі нұсқамаларды, нормалар мен ережелерді білуін тексеру тәртібі туралы ереже». Қазақстан Республикасының ТЖМ министрінің 24.04.2009 жылғы №86 Бұйрығымен бекітілген «Жүк көтеру крандарының өнеркәсіптік қауіпсіз орнатылуы және қауіпсіз пайдаланылуына қойылатын талаптар». Қазақстан Республикасының ТЖМ министрінің 24.04.2009 жылғы №86 Бұйрығымен бекітілген «Суға сүңгу жұмыстары кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары». Қазақстан Республикасының ТЖМ министрінің 24.04.2009 жылғы №86 Бұйрығымен бекітілген «Бу мен ыстық су құбырларын қауіпсіз орнату және пайдалану жөніндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары». Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылы 18 қыркүйектегі №172 бұйрығымен бекітілген «Бу және су жылыту қазандықтарын орнату және қауіпсіз пайдалану жөніндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары». Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2007 жылғы 16 шілдедегі № 157-б Бұйрығымен бекітілген «Жұмыс берушінің еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі нұсқамасын әзірлеу және бекіту ережелері». Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 тамыздағы №721 Қаулысымен бекітілген «Тиісті уәкілетті органдармен еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласында нормативті құқықтық актілерді қорғау ережелері». Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі министрінің 2005 жылғы 12 сәуірдегі №318 Бұйрығымен бекітілген «Қауіпті өндірістік нысандардың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында оқытуды ұйымдастыру ережесі». Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2007 жылғы 22 тамыздағы № 200-б Бұйрығымен бекітілген «Ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі туралы типтік ереже». Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі №851 Қаулысымен бекітілген «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру және жүргізу ережелері». Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 қазандағы №1328 Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында салынған объектiлердi пайдалануға қабылдау жөнiндегi қабылдау және жұмыс комиссияларының өкiлеттiктерiн, мiндеттерiн, сондай-ақ мiндеттi құрамын белгiлеу ережесi». Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 3 наурыздағы №326 Қаулысымен бекітілген «Еңбек қызметiмен байланысты жазатайым оқиғалар мен қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануларын тексеру және есепке алу ережесiн бекіту туралы». Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 желтоқсандағы №1351 Қаулысымен бекітілген «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына әкелген апаттар, ауыртпалықтар мен катастрофалардың себебін тексеру ережелері». Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 23 тамыздағы № 203-ө Бұйрығымен бекітілген «Еңбек шарттары бойынша өндірістік нысандардың міндетті мерзімді аттестациясын өткізу ережесі». Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2007 жылғы 31 шілдедегі № 186-ө Бұйрығымен бекітілген «Әйелдер еңбегін қолдану тиым салынатын жұмыстардың, әйелдердің ауыр заттарды қолмен көтеру және тасудың шекті нормаларының тізімі». Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2007 жылғы 31 шілдедегі № 185-ө Бұйрығымен бекітілген «Жасы он сегізге толмаған жұмыскерлердің еңбегін қолдануға тыйым салынатын жұмыстар тізімі». Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 23 тамыздағы №205-ө Бұйрығымен бекітілген «Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқытуды жүргiзу, нұсқау беру және олардың бiлiмiн тексеру ережесi». Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 12 наурыздағы №243 Бұйрығымен бекітілген «Олардың кезінде алдын ала және мерзімдік медициналық қараулар міндетті зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесі» және «Зиянды, қауіпті және қолайсыз өндірістік факторлардың әсеріне ұшыраған қызметкерлерді міндетті алдын ала және мерзімдік медициналық қарауларды жүргізу жөніндегі нұсқаулық». Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 31 шілдедегі №184-ө Бұйрығымен бекітілген «Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт және емдеу-алдын-алу тағамдарын беру нормалары мен ережесін» және «Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерді арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа да жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен құрылғылармен қамтамасыз ету ережесі». Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2005 жылғы 4 наурыздағы №114-І Бұйрығымен бекітілген «Автомобиль көлігінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережелері». Қазақстан Республикасының ТЖМ министрінің 24.04.2009 жылғы №86 бұйрығымен бекітілген «Хлорды өндіру, сақтау, тасымалдау және қолдану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары». Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жығы 25 қарашадағы №1650 Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының жол қозғалысының ережелері». Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жығы 12 наурыздағы №316 Қаулысымен бекітілген «Автокөлiк құралдарымен қауiптi жүктердi тасымалдау, олардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өту ережесi және қауiптi жүктердi тасымалдайтын жүргiзушiлер мен автокөлiк құралдарына қойылатын бiлiктiлiк талаптары». Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік қадағалау жөніндегі комитеттің 2008 жылғы 22 қыркүйектегі №39 бұйрығымен келісілген «Жазатайым болғандарға бірінші медициналық көмек көрсету жөніндегі әдістемелік нұсқамалар». Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі Министрінің 2010 жылғы 26 қарашадағы №412 Бұйрығымен бекітілген «Химиялық зертханаларда өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жалпы салалық талаптары». ЕСКЕРТУ Осы Мемлекеттік нормативті пайдалану кезінде сілтемелік нормативтік құжаттардың қолданыс күшін жыл сайын шығарылатын ақпараттық тізбелер мен көрсеткіштердің ағымдағы жылдық сандары және ай сайын шығарылатын ақпараттық бюллетеньдер мен көрсеткіштердің ағымдағы жылы жарияланған сандары бойынша тексерген жөн. Егер сілтемелік құжат алмастырылса (өзгертілсе), онда осы Мемлекеттік нормативті қолдану кезінде ауыстырылған (өзгертілген) құжатты басшылыққа алу қажет. Егер сілтемелік құжат ауыстырылмай күші жойылса, онда оған сілтемесі бар ереже осы сілтемеге қатысты емес бөлігінде қолданылады. 3 Терминдер қысқартулары және анықтамаларымен 3.1 Осы Ережелерде ГОСТ 25150 сәйкес «Нормативті сілтемелер» бөліміне қосылған нормативті-техникалық құжаттар мен нормативті құқықтық актілерден алынған терминдер қолданылады. 3.2 Осы Ережелерде келесі қысқартулар қолданылады: 3.2.1 ЕӨҚ: Ерікті өрт сөндіру құрылымы. 3.2.2 ИТҚ: Инженерлік-техникалық қызметкерлер. 3.2.3 ШРК: Шекті-рауалы концентрациялар. 3.2.4 ЖҚҚ: Жеке қорғаныс құралдары. 3.2.5 КӘУЗ: Күшті әсер етуші улы заттар. 4 Жалпы ережелер 4.1 Сумен жабдықтау және су бұру жүйелері нысандары қауіпсіздігінің жалпы талаптары 4.1.1 Сумен жабдықтау және суды бұру нысандарының барлық ғимараттары мен құрылыстары еңбек процесстерінің ең жоғарғы автоматизациясы мен механизациясын, қауіпсіз еңбек шарттарын құруды көздейтін, сондай-ақ қарапайым шарттарда, сондай-ақ апаттық жағдайларда қызмет көрсетуші қызметкерлер үшін санитарлық-гигиеналық және тұрмыстық шарттардың қамтамасыз ететін, бекітілген жобалар бойынша салынуы қажет. 4.1.2 Сумен жабдықтау және суды бұру жүйелерінің, соның ішінде қосалқы құрылыстарын тек оларды ҚР ҚН 1.04-03 талаптарына сәйкес арнайы комиссия қабылдаған соң ғана пайдаланысқа енгізуге жол беріледі. 4.1.3 Сумен жабдықтау және суды бұрудың жаңа немесе қайта құрылатын өндірістік нысандары «Ебе кауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру және жүргізу ережелеріне» және «Қазақстан Республикасында салынған нысандарды қабылдау бойынша қабылдау және жұмыс комиссиясының уәкілеттіктерін, міндеттерін, сондай-ақ міндетті құрамын белгілеу ережелеріне» сәйкес және еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптарын сақтауды мемлекеттік қадағалаудың тиісті органдарының қорытындысынсыз пайдалануға қабылдана алмайды. 4.1.4 Өндірістік және тұрмыстық ғимараттар мен жайлар ҚР ҚНжЕ 4.01-41, ҚР ҚНжЕ 3.02-09 және ҚНжЕ 3.05.01. талаптарына сәйкес жылыту, желдету, сумен жабдықтау және суды бұру жүйелерімен, табиғи және жасанды жарық берумен жабдықталуы қажет. 4.1.5 Сумен жабдықтау және суды бұру нысандары құрылыстарының аумағы қоршалуы, абаттандырылуы, көгалдандырылуы тиіс, сыртқы жарығымен және құрылысқа қауіпсіз кіру жолдарымен, сондай-ақ қажетті жол белгілері мен қауіпсіздік белгілерімен қамтамасыз етілуі қажет. Сумен жабдықтау және суды бұру нысандарының жайлары мен аумағындағы барлық қауіпті орындар сенімді түрде жабылуы немесе қоршалуы қажет. Қауіпті жерлерде ескерту белгілерін ілу қажет. 4.1.6 Аумақта ГОСТ 12.3.006 сәйкес технологиялық коммуникациялар, кіру жолдары мен жаяу жүргіншілер жолдарының қауіпсіз қолданылуын қамтамасыз ететін құрылғылар болуы қажет. 4.1.7 ҚР ҚНжЕ 4.01-02 сәйкес сумен жабдықтау және суды бұру нысандарында периметр бойынша биіктігі 2,5 м тұйық қоршау мен техникалық қорғау құралдары, соның ішінде күзет жарығы, байланыс құралдары мен басқару пункті немесе қарауыл жайы бар бекеттің екі жақты зор дауысты дабыл беру жүйесі болуы қажет. 4.1.8 Оқыс оқиғалардың, апаттардың, ғимараттар мен құрылыстардың құлауына жол бермеу үшін олардың техникалық күйіне мерзімді сынақтары өткізілуі қажет. Тексеру нәтижелері бойынша нысандардың іс жүзіндегі күйін көрсете отырып, ғимараттар мен құрылыстардың техникалық паспорттарына бегілер қойылады. 4.1.9 Сумен жабдықтау және суды бұру жүйелерінің нысандарын пайдаланушы әрбір ұйымда алатын ауданның бас жоспарына байланысуы және техникалық деректерін көрсете отырып, желістер мен құрылыстардың атқарушы сызбаларының кешені болуы қажет. 4.1.10 Технологиялық процессті қайта құру және (немесе) жаңарту процессінде орнату кезінде (бастапқы жобамен қарастырылмаған), осы Ережелермен қарастырылмаған жұмыс әдістерін, материалдарды, заттарды, технологиялық жарақтарды, жабдықтар мен көлік құралдарын қолдануды тиісті мемлекеттік стандарттардың талаптарын, сондай-ақ белгіленген тәртіпте бекітілген ережелерді, нұсқамаларды, ұсыныстар мен нұсқауларды орындай отырып жүргізу қажет. Ондайлар болмаған жағдайда, тиісті құжаттама әзірленуі тиіс және «Жұмыс берушіңнің еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтарын әзірлеу және бекіту ережелеріне» және «Тиісті уәкілетті органдардың еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласындағы нормативті құқықтық актілерді қабылдау ережелеріне» сәйкес белгіленген тәртіпте міндетті бекітумен жұмыстарды қауіпсіз жүргізудің шарттары мен еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету мақсатында әрбір жағдайда осы жабдықтардың қолдану рауалығы анықталуы тиіс. 4.2 Сумен жабдықтау және суды бұру жүйесінің технологиялық жабдықтар қауіпсіздігінің жалпы талаптары 4.2.1 Сумен жабдықтау және суды бұру жүйелерінің технологиялық (өндірістік) жабдығы (ары қарай – жабдық) мемлекеттік стандарттар талаптарына сай келуі қажет. 4.2.2 Жабдықтар монтаждау (қайта монтаждау), пайдалану, жөндеу, тасымалдау және сақтау кезінде, жеке немесе технологиялық кешендер мен жүйелер құрамында қолдану кезінде қауіпсіз болуы қажет. 4.2.3 Әрбір технологиялық кешен мен автономды қолданылатын сумен жабдықтау және суды бұру жүйелерінің жабдығы пайдалану құжаттамасымен жарақтандырылуы қажет, бұл құжат монтаждау (қайта монтаждау), пайдалануға енгізу және жабдықты пайдалану кезінде қауіпті (соның ішінде өрт жарылыс қауіпті) жағдайлардың туындауына жол бермейтін талаптарды белгілеуі, сондай-ақ конструкцияға кірмейтін жұмыс жасаушыны қорғау құралдары мен әдістерін пайдалану қажеттілігін айқындайтын талаптарды қамтуы қажет. 4.2.4 Жабдық пайдалану құжаттамасында белгіленген талаптарды пайдаланушы орындаған шартта пайдаланудың барлық мерзімі аралығында қауіпсіздік талаптарына жауап беруі тиіс. 4.2.5 Жабдық пайдалану процессінде мемлекеттік стандарттар мен санитарлық нормалармен белгіленген рауалы мәндерден жоғары мөлшерде зиянды микроағзалар мен зиянды заттардың лақтырындыларымен қоршаған табиғи ортаны ластамауы тиіс. 4.2.6 Электр күш қондырмалары, тарату құрылғылары, қосалқы станциялар, диспетчерлік және технологиялық басқарманың байланыс құралдары РҚ 34 ҚР 20/03.501/202 және «Қазақстан Республикасының электр қондырмаларын құру ережелері» талаптарына сәйкес пайдаланылуы қажет. 4.2.7 Жабдықтарды өндірістік жайларда және жұмыс орындарында орнату қызметкерлер үшін қауіп төндірмеуі қажет. 4.2.8 Жабдықтар арасындағы қашықтық цех ішіндегі көлік тұрағы мен қауіпсіз өту жолы үшін, олардың жөндеуі мен қызмет көрсетуімен айналысатын қызметкерлердің еркін өтуі үшін жеткілікті болуы қажет. Өту жолдарының ені жабдықтың орналасуына, тасымалдау әдісіне, бөлшектер мен бұйымдар типі мен мөлшеріне байланысты, дегенмен барлық шарттарда ол 1 м кем болмауы тиіс. Өндіруші-кәсіпорынмен рұқсат етілген жабдық айналысындағы өту жолдарын паспорттық деректер бойынша қабылдау қажет. Жүктерді автомашиналармен тасымалдау үшін өту жолдарының ені 3,5 м кем болмауы тиіс. Өту жолдары мен кіре-берістерді, сондай-ақ жұмыс орындарын әртүрлі заттар мен бұйымдармен бөгеуге рұқсат етілмейді. Өтпе жолдар мен кіре-берістер таза әрі ұқыпты ұсталуы қажет. 4.2.9 Жабдықтар мақсаты бойынша қолданылуы тиіс және өндіруші-кәсіпорын белгілеген шарттарда қолданылуы қажет. 4.2.10 Жабдықтарды олардың конструкциясында қарастырылған қоршау құрылғыларынсыз, сақтау құрылғыларынсыз, бұғаттауларсыз, дабыл беру жүйелерінсіз және қызметкерлердің басқа да жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарынсыз пайдалануға рұқсат етілмейді. 4.2.11 Жабдықпен жұмыс жасауға арнайы білім алған және белгіленген тәртіпте білімін тексеруден өткен қызметкерлерге ғана рұқсат етіледі. Жабдықты басқаруды және оған қызмет көрсетуге білім алмаған қызметкерлерді жіберуге, қызметкерлер бақылауын талап ететін жұмыс жасайтын жабдықты қараусыз қалдыруға тыйым салынады. 4.2.12 Жабдықты қосу, іске қосу және жұмыс жасайтын жабдықты бақылауды оған бекітілген тұлға ғана жүргізуі қажет. 4.2.13 Жабдықты монтаждау (қайта монтаждау) өндіруші-кәсіпорынның нұсқамаларына сәйкес және жабдықтың ақаусыз жұмыс жасауы үшін жауапты тұлғаның және аталған жұмыстарды орындаушы қызметкерлер бағынатын тұлғаның басшылығымен жүргізілуі қажет. 4.2.14 Қауіпті өндірістік нысандардағы техникалық құрылғылар еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптары мен өндіруші зауыттың техникалық шарттарына сәйкес орнатылуы және қолданылуы қажет. 4.2.15 Тікелей жабдыққа орнатылған бақылау-өлшеу аспаптары бақылау және қызмет көрсету үшін ыңғайлы болуы және онда олардың мақсатын айқындаушы жазулары болуы қажет. 4.2.16 Ақаулығы бар аттестацияланбаған бақылау-өлшеу аспаптарын, сондай-ақ тексеру мерзімі өткен аспаптарды пайдалануға рұқсат етілмейді. 4.2.17 Сумен жабдықтау және суды бұру ұйымдарында тексеру, оларды жөндеу немесе алмастыру мерзімділігі мен көлемін айқындаушы бақылау және қорғау құралдарын пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар әзірленуі қажет. Каталог: data -> files files -> ҚҰрылыс нормалары және ережелер files -> Инструкция по обеззараживанию питьевой воды и очищенных сточных вод files -> Сјулет, ќала ќўрылысы жјне ќўрылыс саласындаєы мемлекеттiк нормативтік ќўжаттар files -> О напиткеФакт об Алое ВераВсе об Алое ВераОсобенности напиткаСодержит витамины«Чудо-растение»Интересно, что…Контактные данные files -> Aloe vera (алоэ вера) – желеобразное вещество, находящееся в листьях растения Алоэ Вера, произрастающего в засушливых районах Африки, Азии, Гавайев, Флориды и Южной Калифорнии
08.09.2022 жылы «Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде» тексеру науқаны өтті. Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және «ЖИТС-тің алдын алу және оған күрес жөніндегі орталық МКҚК-нің ұйымдастыруымен «Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің» студенттеріне АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша ерікті түрде анонимдік және құпия медициналық зерттеп-қарау және консультация жүргізілді. Іс шараның мақсаты – АИТВ/ЖИТС–тің және нашақорлықты алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Аталмыш шараға ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық маманы Назира Жүргенбаева, Шымкент қаласы Абай атындағы №7 орталықтандырылған кітапхананың меңгерушісі Камшат Баймахамбет және жастар бөлімі және студенттері қатысты. Шара барысында студенттерге АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша ерікті түрде анонимдік және құпия медициналық зерттеу алынып кеңес берілді.
Тараптар "Байқоңыр" кешенін одан әрі дамыту перспективалары және бірлесіп пайдалану туралы пікір алмасты. Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин мен Ресей Премьер-Министрі Д. Медведев телефон арқылы сөйлесті. Əңгімелесу қазақстандық тараптың бастамасымен өтті, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап. Əңгімелесу барысында ҚР мен РФ Үкіметтерінің басшылары интеграциялық бірлестіктер, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы екіжақты ынтымақтастықты одан əрі нығайту мəселелерін талқылады. Тараптар "Байқоңыр" кешенін одан әрі дамыту перспективалары және бірлесіп пайдалану туралы пікір алмасты.
Сократ (б. з. д. 470/469-339) » ежелгі-грек философы, диалектиканың ата-бабашалықтарының бірі, жетекші сұрақтар қою арқылы ақиқатты табу әдісі ретінде. Философия тарихында, бәлкім, Сократқа қарағанда, белгілі тұлға жоқ. Ежелгі заманда да адамдардың санасында ол даналықтың, даналықтың көрінісі, ақиқатты өмірінен жоғары қойған даналықтың идеалы болды. Ол туралы ойдың даналығы, батылдығы және батырлық тұлға туралы түсінік кейінгі уақытта да сақталған. Сократ-ойшыл бейнесі Платонның диалогынан бастап және ресейлік драматург Э. Радзинскийдің «Сократпен әңгімелесу»пьесасымен ұштасқан әдебиет пен өнердің көптеген туындыларының негізіне алынды. Сократ, оның жеке басы мен оқуы туралы үлкен әдебиет жинақталды. Дегенмен, философия тарихында Сократқа қарағанда жұмбақ тұлға жоқ шығар. Ол жазбаша мұраны қалдырмады. Сократтың өмірі мен ілімі туралы біз оның оқушылары мен достарының (Платонның философы, Ксенофонт тарихшысы) немесе оның идеялық қарсыластарының (Аристофанның комедиографы) шығармаларынан үйренеміз. Сократтың атымен Европалық мәдениет тарихындағы сапалы өзгеріс байланысты, оның мәні Гегель оракулдардың орны индивидуумдардың рухының куәсі болғаны туралы сөз сөйледі. Сократ философиялық этиканың негізін қалаушы болып табылады, ол, діни ерекшелікке қарағанда, моралды оның танымдық және практикалық мүмкіндіктері шегінде адамның құзырындағы зат ретінде қарастырады. Сократ ілімінің теориялық мазмұнын, мәнін және мәнін анықтау үшін ең алдымен оның әлеуметтік-саяси тарихы мен Ежелгі Грецияның өмірі мен қызметі кезеңіндегі идеялық-рухани атмосферасы контекстіндегі көзқарастарын қарастыру қажет. 1. Сократ және оның уақыты Сократ Грекияның өтпелі кезеңінде өмір сүрді, грек демократиясы (атап айтқанда, афинская) құлдырауға ұшырайды. Сондықтан Сократтың барлық философиясы, оның рухани келбеті мен қызметі-осы өтпелі және терең қарама-қайшы дәуірдің жарқын көрінісі. Б.з. б. V ғ. Грекияның көптеген қалаларында ескі ақсүйектер мен тиранияның саяси билігінің орнына құл иеленушілік демократияның билігі келді. Оның үстемдігі құрған жаңа сайланбалы мекемелердің — халық жиналысы мен соттың дамуы, еркін халықтың сыныптары мен партияларына қарсы күресте үлкен рөл атқарған, — сот және саяси шешендік өнерін меңгерген, сөз күшіне сендіре алатын және дәлелдей алатын, құқықтың түрлі мәселелері мен міндеттеріне, саяси өмір мен дипломатиялық практикаға еркін бағдар бере алатын адамдарды дайындау қажеттілігін тудырды. Осы салада ең көп ұсынылған адамдардың бірі — красоречия шеберлері, заңгерлер, дипломаттар — саяси білім мен риториканың мұғалімдері болды. Бірақ сол кездегі білімнің философиялық және арнайы ғылыми салаларға, сондай-ақ грек батысындағы білімді адамдардың алдында б. з. д. V ғасырда үлгерген мағынаға беймәлім болуы. бұл жаңа оқытушылар тек саяси және заңдық қызмет техникасына үйретіп қана қоймай, сонымен қатар бұл техниканы философия мен дүниетанымның жалпы мәселелерімен байланыстырды. Сократтың өмірі туралы айтуға болады, ол шешуші түрде оның жеке туындысы болып табылады. Сократтың айтуынша, оған бала кезінен ішкі дауысты — белгілі бір іс-әрекеттерді жасаудан ұстап қалған бір демон, періште-сақтаушы еді. Бұл жағдайда, іс жүзінде туралы ішкі негізделген мінез-құлық. Сократ әрқашан өз демонының алдын ала сақтағанын мойындады және жалпы терең ойластырылған нанымға сәйкес әрекет ету қатаң ереже үшін алды. Бұл әрдайым өз-өзімен қалуға ұмтылу философтың өмірлік жолын таңдауына айқын әсер етті. Сократ өзінің әкесі — скульптор Софрониска ваянидің өнерін игерген (ақырында Акропольдің кейбір мүсіндерін жазып қойды. Алайда, ол кісі жолда әкесі. Сократ өзі өзіне мамандық ойлап тапты — азаматтармен этикалық әңгіме жүргізу, оларды адамгершілік іздеуге және өзін-өзі жетілдіруге итермелейді. Ол афинянды адамгершілік ұйқыдан ояту үшін өзінің өмірлік мақсатын көреді. «Міне, менің ойымша, Құдай мені осы қалаға жіберді, — дейді ол отандастарға айтқан сөзінде, — Мен, күн бойы барлық жерде киініп, әрқайсысыңызды оятып, сөйлесіп, қарсы тұра білу үшін». Сократ өз үлесіне азамат ретінде түскен міндеттерді адал орындады (ол сайланбалы қызмет атқарды, Пелопоннес соғысының бірнеше кампанияларына қатысты, отбасы болды және т.б.). Алайда, ол өзінің шынайы ісімен адамгершілік диалогтарды санады және тек оларға бөлінбеді. Ол кез келген адам — мемлекет қайраткері, етікші, философ, ақын, теңізші адаммен әңгіме жүргізуге дайын болды. Сократ өзінің үстемдік пен ойға қарсы бағытталған іс-әрекетімен, ол өзін мемлекет тарапынан қудалауға, мүмкін, өлімге ұшырататынын түсінді. Афинадан қуылған Анаксагор мен Протагордың мысалдары өте айқын болды. Бірақ әділ және әділетсіз Сократ туралы өз түсініктерін барлық басқа Ойлардан жоғары қойды. 2. Сократтың этикалық ілімі. «Этика» термині-ежелгі грек шыққан. Бұл сөз этос (ethos) сөзінен бастау алады, ол алыс уақытта болатын — адам үйі, аңдық логосы, Құс ұясы. Бұл мағынада ол Гомер қолданған. Кейінірек бұл сөз жаңа мағынаға ие болады-қандай да бір құбылыстың тұрақты табиғаты, оның ішінде тірі тіршілік сипаты, ішкі адамгершілік. Бұл мағынада ол философияда кеңінен қолданылады. Сократ этикасы негізгі үш тезиске жақын болуы мүмкін: а) рахатқа, бақытқа ұқсас игілік; Б) ізгілік білімге ұқсас; в) адам ештеңе білмейтін нәрсені біледі. Барлық адамдар көңілді және олардың пайда, бақыт деп аталатын күрделі комбинацияларға ұмтылады. Бұл-адам өмірінің аксиомасы. Сократ былай дейді: «Игілік-ғанибет ретінде емес, зұлымдық-қайғы-қасірет ретінде емес». Егер игіліктер мен зұлымдық ұғымдары қызметтің оң және теріс мақсаттарын белгілейтінін ескерсек, онда біз адам мінез-құлқының қатаң Заңын аламыз, ал онымен бірге оны бағалау критерийлерін аламыз: ләззат алуға ұмтылу және азап шегуден аулақ болу. Алайда, Қуаныш әлемі, қайғы-қасірет әлемі сияқты, қиын. Көптеген рахат бар және көп азап бар. Әртүрлі адамдарға әртүрлі заттар жағымды. Жиі бір адам бір мезгілде әртүрлі Рахат тілегімен таратылуы мүмкін. Сонымен қатар, рахаттану мен азап арасындағы қатаң шекара жоқ, біреуі басқалармен ұштасады. Мас болу қуанышында ащы күйік болуы керек. Азап ләззат шамасына жасырылуы мүмкін. Рахат жолы азап арқылы жатуы мүмкін. Адам үнемі түрлі рахат, рахат пен азап арасында таңдау қажет болған жағдайда болады. Тиісінше, мұндай таңдаудың негізі проблемасы туындайды. Бұл критерий-рахаттану мен қайғының арасындағы шекара критерийге мұқтаж. Мұндай жоғары критерий өлшейтін, өлшейтін ақыл. «Бір рет бізде шығады, — деп сұрайды сұхбаттасушының Сократы, — біздің өміріміздің әл-ауқаты рахаттану мен азап арасындағы, мол және аз, алыс және жақындарың арасындағы дұрыс таңдауына байланысты, онда бірінші орынға өлшеу бола ма, өйткені ол не көбірек, не аз, не бір-бірімен тең? Ал мұнда өлшеу бар, онда өнер мен білім де сөзсіз болады». Бұл Сократтың қорытындысы, Егер бастапқы сәлемдемені қабылдасаңыз, онда адам әрқашан Рахат, пайда, бақытқа ұмтылады. Адам өзі үшін ең жақсы таңдайды. Оның табиғаты осындай. Дегенмен, егер ол өзін нашар, нашар ұстаса, онда бір ғана түсініктеме болуы мүмкін-ол қателеседі. Сократтық парадокстердің біріне сәйкес, егер әдейі (саналы) жамандық болса, ол өшпенділік зұлымдықтан жақсы болар еді. Адам жасайтын жамандық, айқын түсіне отырып, ол жасайды жамандық, біледі оның айырмашылығы-жақсылық. Оның жақсы білімі бар, және бұл негізінде оны жақсы етуге қабілетті етеді. Егер адам жамандықты өшпенділік жасаса, ол не істесе, онда ол жақсылық не екенін білмейді. Мұндай адам жақсы істер үшін жабық. Адам ізгілікті біледі деп айту керек, бірақ оған болмайды. Бұл адам өз пайдасына қарамастан, адам ретінде әрекет ететін сияқты жол беру дегенді білдіреді. Ақыл-ой мен парасаттылық арасында Сократ айырмашылықты таба алмады: ол адамды ақылды және ақылды деп таныды, егер адам әдемі және жақсы не екенін түсінсе, бұл өз іс-әрекеттерінде басшылыққа алынса және керісінше, адамгершіліксіз не екенін біле отырып, оны болдырмайды. 3. Сократтың философиялық этикасы Сократ демократтың замандасы болды. Ол ғарышты тану мүмкін емес деп ойлады, өйткені бұл жағдайда адам жүрексіз қайшылықтарда шатасады. Адам тек оның билігінде, яғни өзінің жан-дүниесін тани алады. Осыдан қабылдау Сократом талаптар «өзіңді-өзің Таны». Шынайы таным, оны Сократ түсінгендей, адамға оның күнделікті өміріне дұрыс бағдар беруге арналған. Сондықтан әр түрлі танымның құндылығы-табиғи адам және Құдайдың құбылыстары мен қарым – қатынасы-адам істерін ақылға қонымды жүргізуді үйрену. Өзін-өзі тану жолы адамның әлемдегі өз орнын түсінуіне, «өзін-өзі адам ретінде пайдалануға қатысты қандай нәрселерді түсінуіне әкеледі». «Енді анық емес пе, — дейді Сократ, — деп жалғады. Өзін білетін адам ол үшін жақсы не болатынын біледі және не істей алатынын және не істей алмайтынын ажыратады».
'Mindfreak' жұлдызы және оның әйелі Шонил Бенсон 22 қаңтарда Лас-Вегаста ұлын қарсы алды, сиқыршы өзінің планеталық голливудта Вегастағы шоуын ашқаннан бірнеше күн өткен соң. 'Бәрінен де әдемі сиқыр ... # өмір Біз @shaunylbenson-ға дені сау, сау ұл туылғанымыз үшін', - деп ол видеоға жазба енгізіп, ізбасарларына ұлға Христоф Янни деп ат қойғанын айтты. Инстаграмдағы осы жазбаны қараңыз Бәрінен де ең керемет сиқыр ... # өмір Біз @shaunylbenson-ға дені сау, сау ұлды береміз - Туылған: Христос Янни / 22 қаңтар 2019 ж. / 17:03 pm / 8lbs️ Бөліскен хабарлама Criss Angel (@crissangel) 23 қаңтар 2019 ж. 1:59 PST Джон Цена мен Никки Белла ажырасып кетті «39-шы аптада тағы бір табиғи туылу», - деп жазды Шауныль Instagram-да. 'Біз 4 адамнан тұратын отбасы болғанымызға өте қуаныштымыз және бақыттымыз .'️ Ерлі-зайыптылар келесі айда 5 жасқа толатын ұлы Джонни Крисстофермен бөліседі. Бала туылғанын жариялағаннан кейін көп ұзамай, Крисс жаңа қосымшасымен бірге отбасының суретін жариялады. 'Біздің өсіп келе жатқан отбасымыз @shaunylbenson ️ btw бізде біреу ғана шынымен ұйықтайды ...', - деп әзілдеді ол. Инстаграмдағы осы жазбаны қараңыз Біздің өсіп келе жатқан отбасымыз @shaunylbenson ️ btw біздің біреуіміз ғана ұйықтап жатырмыз ... Бөліскен хабарлама Criss Angel (@crissangel) 23 қаңтар 2019 ж., 2 сағат 14 мин Джек Осборнның әйелі кім? Instagram-дағы сиқыршы сиқыршы Xristos-ті ұстаған отбасы мүшелерінің бірнеше суретін бөлісті, ал ол өзінің туылуы туралы жаңалықты алған кезде өзінің шоуында сахнада болғанын айтты. Ол темекіні тартып жатқанын көрді: 'Жақсы жұмыс, менің сүйіктім. Тағы бір бала. ' Кристостың сау екендігі - бұл Крисс пен Шонылдың құлағына музыка. Өткен айда Джонни Крисстофер лейкоздың сирек кездесетін түрін өтеу үшін химиялық емдеудің кең бағдарламасын аяқтады. Қазір бұл байлық қатерлі ісікке шалдықпады, - деді Крисс, 19 қаңтарда Daily Mail газетіне, «Құдай қаласа, үш жылдық емдеуден кейін Джоннидің соңғы химиялық емі шамамен бір ай бұрын болған».
Президенттің Павлодар облысына жұмыс сапары өңір жұртшылығымен кездесуден басталды. Мемлекет басшысы өз сөзінде Павлодар облысы Қазақстанның дамуында маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Сондай-ақ еліміздің ең көрікті мекендерінің бірі Ертіс бойына өзінің ықыласы ерекше екенін айтты, деп хабарлайды Деловой Қазақстан. Павлодар облысында «Қуатты өңірлер – қуатты ел» қағидаты айқын көрініс тапқан. Бұл аймақты экономикамыздың энергетикалық жүрегі деуге болады. Жалпы, облыстың дамуы тұрақты. Соңғы 3 жылда Павлодардың жалпы өңірлік өнімі 28 пайызға өсіп, 3,9 миллиард теңгеге жетті. Ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда және басқа да салалар қарқынды дамып келеді. Мұның бәрі жергілікті жұрттың тұрмысы жақсарып, әл-ауқатының артуына тікелей ықпал етеді. Еліміз қазір жан-жақты әлеуметтік-экономикалық реформалар кезеңіне қадам басты. Біз алға қойып отырған стратегиялық міндеттерді жүзеге асыруға Павлодар облысы зор үлес қосады деп сенемін Қасым-Жомарт Тоқаев Осы орайда Президент өңірдің басты басымдықтарына назар аударды. Бірінші, аймақтың индустриялық-инновациялық әлеуетін нығайту. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттердің қарқынды дамуы және тұрақты индустриялық өсім электр энергиясы жеткілікті көлемде болған жағдайда ғана мүмкін екенін айтты. Сондықтан Ертіс бойындағы Павлодар Қазақстанның экономикалық дамуында ерекше рөл атқарады. Оның айтуынша, электр энергиясы мұнда жаңа жоғары технологиялық бағыттарды дамытуға мүмкіндік береді. Бүгінде халықаралық компаниялар өздерінің филиалдарын Қазақстанға көптеп көшіре бастады. Бұл кәсіпорындар ауқымды ақпарат көздерімен жұмыс істейді және оларды сақтау және өңдеу үшін айтарлықтай күш керек. Осыған байланысты Цифрлық даму министрлігіне жыл соңына дейін Екібастұзда деректерді өңдеудің жаңа орталығын салу жөнінде ұсыныс енгізуді тапсырамын Қасым-Жомарт Тоқаев Президент облыстың өнеркәсіптік әлеуетін нығайтумен қатар шағын және орта бизнеске кешенді қолдау көрсету қажет деп санайды. Оның пікірінше, өңір кәсіпкерлері республикалық және тіпті әлемдік деңгейде сұранысқа ие жобаларды жүзеге асыра алады. Мемлекет басшысы экология мәселелерін шешуді Павлодар облысындағы екінші басым міндет ретінде атады. Сондай-ақ өнеркәсіптің дамуы экологияға үлкен салмақ түсіретінін айтты. Бүгінде елде шығарылатын қалдықтардың үштен бірі осы облысқа тиесілі. Бұл жыл сайын шамамен 700 мың тоннаны құрайды. Күнделікті жұмысы бүкіл еліміздің индустриялық өсіміне арналған аймақ тұрғындарын туған өлкесіндегі қоршаған ортаның жай-күйі қатты алаңдатады. Экологиялық жағдай – азаматтардың тұрмыс сапасының маңызды көрсеткіші. Сондықтан өндірістік әлеуетті күшейту мен экологияны қорғау арасындағы тепе-теңдікті сақтау аса маңызды. Естеріңізге сала кетейін, Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі ұстанымын жариялады. Қазір осы маңызды міндетті шешуге мүмкіндік беретін ұзақ мерзімді стратегия әзірленіп жатыр. Қоршаған ортаға келтірілетін залалды едәуір төмендететін жаңа тәсілдер мен модельдерді өндіріске дәйекті түрде енгізу маңызды. Өңірдің төрт кәсіпорны озық технологияларды пайдалану үшін кешенді экологиялық рұқсат алды. Бұл шығарылатын қалдықтарды 2030 жылға қарай 47 мың тоннаға төмендетеді деп болжанып отыр. Үкімет пен облыс әкімдігі қалған кәсіпорындардың осындай рұқсат алуын жеделдетуі керек Қасым-Жомарт Тоқаев Президент өнеркәсіптердің шығаратын қалдықтарын қайта өңдеу ісін дамытуды тапсырды. Осы ретте күл үйінділері әлі де жергілікті тұрғындар үшін заңсыз пайда табудың көзі болып отырғанын атап өтті. Бұдан бөлек, Үкіметке өңірді газбен қамту жолдарын әзірлеу тапсырылды. Мемлекет басшысы жергілікті тұрғындарды алаңдатын тағы бір мәселеге назар аударды. Жыл сайын Ертіс бойында орналасқан елді мекендердің тұрғындары шыбын-шіркейлердің қаптап кетуінен зардап шегеді. Жәндіктерді улау үшін мол қаржы бөлінеді. Бірақ бұл жұмыстың нәтижелері, әсіресе аудандарда байқалмайды. Егер бұрынғы әдістер тиімсіз болса, онда оның жаңа жолдарын іздеу керек. Мәселені көктемге қалдырып, содан кейін бәрін табиғат жағдайына байланысты деп жаба салуға болмайды. Мамандарды қазір тарта отырып, маңызды халықаралық тәжірибені зерттеген жөн. Шыбын-шіркейлерге қарсы күресте ғылыми әдіс керек және ең бастысы, жергілікті атқарушы органдар тарапынан тиісті бақылау қажет Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысы Павлодардағы экологиялық қозғалыс мүшелерінің жағдайға немқұрайлы қарамайтынын және ерекше белсенді екенін атап өтті. Сондай-ақ Павлодар мен Екібастұз жастарының жақында «EcoStudentKZ» республикалық экологиялық челленджін қолдап, студенттердің саябақтар мен гүлзарларды тазалағанынан хабардар екенін айтты. Бұл тұрғыда мен Қазақстандағы көптеген волонтерлардың еңбегін атап өткім келеді. Өздеріңізге мәлім, мен 2020 жылды Волонтер жылы деп жарияладым. Бұл шешім өзін ақтады. Халықаралық ұйымның қызметкері ретінде мен волонтерлық қозғалыспен жаһандық ауқымда айналыстым. Ал Қазақстанда волонтерлық жастардың ынта-жігеріне ғана негізделген маңызды күш деп есептеймін. Біздің жастарымыздың бұл жасампаз күшін, әрине, еліміздің игілігі үшін, халқымыздың игілігі үшін, атап айтқанда, табиғатымызды таза ұстап, қорғау үшін пайдалану керек Қасым-Жомарт Тоқаев Президент облыстағы суармалы жердің көлемін екі есе ұлғайтып, 300 мың гектарға дейін жеткізу керек деп санайды. Сондай-ақ Ертістің суын тиімді, үнемді пайдаланған жөн екенін жеткізді. Тағы бір маңызды мәселе – өңірдің инфрақұрылымын дамыту. Президент Үкіметке облыс орталығын айналып өтуге жол ашатын жаңа көпір салуды тапсырды. Сонымен қатар жолды күтіп ұстауға және қыс мезгілінде жолдарды тазалау жұмыстарына баса назар аудару қажет екенін айтты. Осы ретте Мемлекет басшысы Астана – Ерейментау – Шідерті» бағытында қар тазалайтын техникаларды көбейту маңызды екенін атап өтті. Үкіметке жыл соңына дейін «Павлодар – Астана» бағытындағы тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіру және жергілікті әуежайдың ұшу-қону жолағын жөндеу мәселесін пысықтау тапсырылды. Жалпы, өңірдің инфрақұрылымы едәуір инвестиция салуды қажет етеді. Мысалы, облыс орталығындағы жылу желісінің 80 пайызы тозған. Соның кесірінен тұрғындар қыстың көзі қырауда қайта-қайта жылусыз қалады. Екібастұздағы Жылу электр орталығының жағдайы сын көтермейді. Қаланың жылу желісі әбден ескірген. Еліміздегі барлық электр қуатының төрттен бірін Екібастұз өндіреді. Соған қарамастан қыс келген сайын қалаға жылусыз қалу қатері төнеді. Бұл – еш қисынға келмейтін жағдай. Павлодардағы бірінші Жылу электр орталығы мен Екібастұздағы Жылу электр орталығын кезең-кезеңімен жаңғырту керек. Үкіметке акционерлермен бірлесіп, бұл мәселеге қатысты нақты ұсыныстар енгізуді тапсырамын. Әкімдік инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жоспарын ұсынып отыр. Үкімет оны қаржыландыру мүмкіндіктерін қарастыруы қажет Қасым-Жомарт Тоқаев Сонымен қатар Үкіметке Екібастұз қаласын дамытудың кешенді жоспарына енгізілген жобаларға басымдық бере отырып, қаржыландыру тапсырылды. Президент Павлодардың трамвай жүйесін дамытуды жалғастыру, пойыздарды жаңарту жұмыстарын жеделдету және облыс орталығында көпфункционалды мұз сарайын салу мәселесін пысықтау маңызды деп есептейді. Келесі бір басымдық – креативті индустрия мен туризмді дамыту. Мемлекет басшысының пікірінше, еліміздің қуаты адамдардың қайратына, біліміне және патриоттығына байланысты. Сондықтан адамға бағдарланған қызмет мемлекеттік саясатымыздың негізгі өлшеміне айналды. Ұлттық мәдениетті шетелде насихаттауға және жаңғыртуға Павлодар облысынан шыққан қазақстандық жаңа «мәдени толқын» өкілдері елеулі үлес қосып келеді. Классикалық өнерді бағалай білетіндер Еуропаның үздік опера сахналарында ариялар орындайтын Мария Мудряктың дауысын беріле тыңдап жүр. «Грэмми» сыйлығының иегері Иманбек Зейкеновтің танымал музыкасына дүниежүзі жастары таңдай қақты. Осындай дарынды жастарымыз мәдениетіміздің шетелдегі елшісіне айналды. Наум Григорьевич Шафер секілді туған өлкесінің, елінің нағыз патриоттары да ұлттың рухани баюына үлес қосып отыр. Ол – әлемнің әр бұрышынан (27 мың дана) музыкалық күйтабақтардың құнды жазбаларын жинаған облыстың құрметті азаматы, қадірлі ақсақалы. Оның жинақтарында қазақтың халық әуендерінің алғашқы жазбаларымен қатар жалғыз дана үлгілері де бар. Мұндай адамдар қоғамымызға, әсіресе, жастарға үлгі болуы керек. Қазіргі әлемде шығармашылық индустрия, мәдени-танымдық туризм көптеген елдің экономикалық дамуының маңызды құрамдас бөлігіне айналған. Бұл бағытта облыстың әлеуеті зор Қасым-Жомарт Тоқаев Сонымен қатар Мемлекет басшысы өңір тұрғындарын жаңа технологиялық дамуға дайын болуға шақырды. Президенттің айтуынша, бұл үдерістегі ең тиімді жол жұмысшыларды жаңа дағдыларға үйрету болмақ. Осы өңірдің Мұса Шорманов пен Мәшһүр Жүсіп Көпеев секілді біртуар перзенттерін атап өткен Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру жүйесін дамыту туралы ойын айтты. Біз Жаңа Әділетті Қазақстанды құрамыз. Ал бұл мақсатқа елімізде білім культі біржола орныққан кезде ғана жетеміз. Сол себепті мен ел-жұртпен кездесудің бәрінде бұл туралы үнемі айтып жүрмін. Жалпы, ғылым және білім саласы әрдайым мемлекеттің назарында. Біз барлық баланың сапалы білім алуына жағдай жасауымыз керек. Осыған байланысты Мен Жолдауда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыруды ұсындым. Бұл бастаманың аясында Павлодар облысында алдағы 3 жылда 10 мектеп салынады. Құрылысты сапалы салып, уақтылы тапсыру – басты міндет. Білім алып, ғылым игерген жұрттың мерейі үстем болады Қасым-Жомарт Тоқаев Қасым-Жомарт Тоқаев түрлі мамандықты меңгеріп, уақыт талабына бейімделудің айрықша маңызды екенін атап өтті. Бұл елдің бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді. Сонымен қатар жастардың үнемі білімін жетілдіріп, өз елінде ғана емес, әлемнің әр бұрышында сұранысқа ие болуға ұмтылуы қажет екенін айтты. Бұдан кейін Президент еліміздегі сайлауалды науқанға тоқталды. Өздеріңізге мәлім, мен еліміздегі ең ірі AMANAT партиясының Төрағасы қызметінен бас тарттым. Конституциялық реформа нәтижесінде Президентке өзінің өкілеттігін атқару кезінде партия қатарында болуға тыйым салынды. Алдағы сайлауға қандай ұйымның атынан қатысатыныма қоғам қызығушылық білдіріп отырғанын білемін. Ашығын айтайын, маған әртүрлі республикалық бірлестіктер мен партиялардан өздерінің атынан үміткер болу туралы ұсыныстар түсіп жатыр. Әсіресе, жастар және басқа да қоғамдық ұйымдардың бастама көтеріп жатқанына қуандым. Осының барлығы азаматтардың кейінгі үш жарым жылда жүзеге асырылып келген реформалар мен өзгерістерге қолдаудың айтарлықтай артқанын көрсетеді. Бірақ жасаған ұсынысы мен сенімі үшін, стратегиялық бағытыма белсенді қолдау көрсеткені үшін барлығына алғыс айтамын. Мен белгілі бір ұйымнан емес, елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың әлеуметтік негізін қалыптастыратын қоғамдық-саяси күштердің ірі коалициясының атынан сайлауға қатысқаным дұрыс болады деп ойлаймын. Сондай-ақ бұл Мемлекет басшысының түрлі партиялармен, бірлестіктермен тең арақашықтық сақтау қағидатын нығайтуға мүмкіндік береді Қасым-Жомарт Тоқаев Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, сайлау науқанын заңнамаларды қатаң сақтай отырып жүргізуді қамтамасыз ету маңызды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы ретінде президент сайлауының әділ әрі ашық өтетініне кепілдік берді. Кездесу соңында Президент Павлодар облысының тұрғындарына мемлекеттік наградалар табыс етті. «Қаныш Сәтпаев атындағы Канал» РМК директорының кеңесшісі Леонид Баталов «Парасат» орденімен, Жоғары спорт шеберлігі мектебінің жаттықтырушы – оқытушы Азамат Мақажанов, Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының перинаталдық орталығының бас дәрігері Айман Оспанова «Құрмет» орденімен және «Қазақстан алюминийі» АҚ учаскесінің бастығы Еркебұлан Хұсайынов ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталды. Сондай-ақ «Қазақстан» РТРК меншікті тілшісі Болат Аманбаевқа «Ерен еңбегі үшін» медалі табыс етілді. Жаңалықпен бөлісу Қазір оқығандар Әскери бөлімге Бауыржан Момышұлының есімі берілді 28 қараша, 22:12 369 Дархан Қыдырәлі Түрікменстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі кездесті 28 қараша, 22:22 357 Ұлттық ұлан әскери қызметшілері актер Сануржан Сүлейменовпен кездесті 28 қараша, 22:53 336 Қазақстанда еліміздің үздік тергеушісі анықталды 28 қараша, 14:32 330 Қазақстанда "БҰҰ-әйелдер" Жобасын басқару комитетінің бірінші отырысы өтті 28 қараша, 23:56 320 «DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.
Бұған дейін генерал Марк Милли АҚШ кез-келген жағдайда Украинадағы әскери қақтығыстың алдын ала алмайды деп мәлімдеді, өйткені ол Вашингтонның тікелей әскери араласуын қажет етеді, деп хабарлайды Zakon.kz. Сенбіде АҚШ Қарулы күштерінің штаб бастықтары комитетінің төрағасы генерал Марк Милли ұлы державалар арасындағы ауыр қақтығыс қаупі артып келе жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС. Оның айтуынша, Ресей мен Қытай айтарлықтай әскери әлеуетке ие және олар "ережелерге негізделген қазіргі тәртіпті өзгертуге ниетті". АҚШ күннен күнге тұрақсыз болып бара жатқан әлемге аяқ басуда. Бұл әлем ұлы державалар арасындағы күрделі халықаралық қақтығыстың орын алу әлеуетіне ие. Оның үстіне бұл әлеует төмендегеннің орнына, өсіп барады. Генерал Марк Милли Сәуір айында Милли АҚШ Украинадағы әскери қақтығыстың алдын ала алмайтынын, өйткені бұл қарулы қақтығысты ушықтыратын Вашингтонның тікелей әскери араласуын қажет ететінін айтты. Сонымен қатар ол Украинадағы әскери ұрыс жылдарға созылатынын болжаған.
Осы күні туыс пен дос-жаранға сыйлайтын кәдесыйлардың түрі көп. Оның ішінен ерекшесін, бағалысын табу адамды әуреге түсіретіні де белгілі. Желтоқсан – мереке толы ай. Алдағы Жаңа жылға сый іздесеңіз сізге – bilezikter_rk көмекке келеді. Сіз бұл жерден алқа мен жүзік, білесіктердің түр-түрін таба аласыз. Тіпті оларға қалаған сөзіңізді жаздырып, ізгі тілегіңізді жеткізе аласыз. Әсіресе, әйел адамдарға, әжелерге білезік таптырмайтын сый емес пе? Себебі білезік – әйелдер күнделікті тастамай тағып жүретін ең сүйікті әшекейлерінің бірі. Әрі ол буын ауруларының алдын алады, қолдың тазалығын күшейтеді, жын-перілерді қуады деген ұғым халық арасында кеңінен таралған. Ең маңыздысы – білезік адам бойындағы күш-қуатты сақтайды. Осындай пайдалы һәп табысты кәсіптің ісін дөңгелетіп отырған Перуза Нысанбекқызы: «Әуелде бұл істі інім бастаған еді. Кейін бәріміз жұмылып жарнамасын жасап, тұтынушылар таба бастадық. Шүкір, кәсібімі алға басып жатыр. Қазір қарапайым адамдармен бірге, жұлдыздар да тапсырыс беріп, жақындарына сыйлап жатады. Олардың ризашылығын алып, біздің де шабытымыз ашылады. Шеберханада 4-5 жігіт істейді, кез келген тапсырысты екі-үш күннің ішінде орындап береміз» дейді. Бұл шеберханадан күміс пен алтыннан жасалады. Ол таза алтын, яғни 585 сынамасынан құйылады. Кәсіпкердің айтуынша бұл бұйымға оңтүстік жұрты мен маңғыстаулықтар көбінде той-думан, құдалық кезінде тапсырыс береді екен.
Бағдарлама жүргізушісі Салтанат Қалиева әншіден осы уақытқа дейін тұрмыс құрмау себебін сұрағанда: “Кім айтты, мені тұрмыс құрмаған деп?” деп жауап берді. Бағдарлама барысында, Әлімбекова жақында өзінің қалауындағы адамға тұрмысқа шыққанын, алайда тойының әлі болмағанына байланысты бұқара көпшілікке жария етпегенін айтып, қолындағы неке сақинасын көрсетті. Өзінің болашақ жарын жақсы көретінін әнші 1-наурыздағы кездесуінен кейін түсінген. Гауһар Әлімбекова – өз әндерінің орындаушысы. Оның “Ақ келін”, “Келінге өсиет”, “Қыз сезімі”, “Жазығым не?” тағы басқа көптеген әндері халықтың көңілінен шықты. Өткен жылы танымал әнші Гауһар Әлімбековаға Шымкент қаласының 52 жастағы тұрғыны – Алмабек Ташметов есімді азамат әйелі ауыр дерттен көз жұмғанын, жалғыздықтан жабыққан соң, әлі тұрмыс құрмаған Гауһар Әлімбековаға үйленгісі келетінін айтқан еді. Ол кезде әнші БАҚ арқылы бұл ұсынысқа: „Базбіреулер секілді бай-бағландардың екінші әйелі немесе азаматтық некедегі ашынасы да бола алмайды екенмін. Өйткені ондай қылық менің табиғатыма жат„ деп жауап қатқан. „Ақ келін„ әнімен қазақтың жүрегін жаулаған Гауһар Әлімбековаға осыған дейін, яғни 45 жасына дейін келін болу бұйырмай келген еді. Өз кезегімізде оған: „Бағың ашылсын, қазақтың ақ келіні!„ дейміз.
Пән - таңдау -ЖаратылыстануТасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқаруОрыс әдебиетіЖол жүру ережесіҚұрылысЕңбекке баулуМұнай-газ ісі негіздеріӘлеуметтік педагогикаОтбасы психологиясыАлгебраДефектологияКөркем еңбекРиторикаОперациялық жүйелерАлгоритмдер және бағдарламалау негіздеріМикропроцессорлық техника негіздеріЭкономикаЕңбекті қорғауИнклюзивтік білім беруХореографияҮйден оқытуИнновациялық технологияларТуризмНеміс тіліСаясаттануСауат ашуТехнология (қыздар)Құқық негіздеріМузыкаӘдебиеттік оқуГеометрияПедагогикаТехнология (ұлдар)Дүниежүзі тарихыСызуАбайтануДене тәрбиесіАғылшын тіліДүниетануБейнелеу өнеріҚазақ әдебиетіПсихологияФизикаГеографияАлғашқы әскери және технологиялық дайындықМектепке дейінгі білім беруӨзін-өзі тануҚазақстан тарихыМатематикаБиологияХимияОрыс тіліБастауыш білім негіздеріИнформатикаҚазақ тілі Санаты - таңдау -ТәрбиеленушіАта-анаТәрбиешіОқытушыСтудентМұғалімОқушы Деңгей - таңдау -XIХXIIIXVIVIIIVIIVIVIIIIII Тіл - таңдау -неміс тіліндеағылшын тіліндеорыс тіліндеқазақ тілінде Курстар: 29 Көркем еңбек пәнінде қашықтық жүйелерді қолдану Пән: Көркем еңбек Деңгей: I Санаты: Студент, Мұғалім Бейнелеу өнері пәнінде қашықты технологияларды қолдану Пән: Бейнелеу өнері Деңгей: I Санаты: Студент, Мұғалім Цифрлық сауаттылықтың білім беру жүйелері Пән: Информатика Деңгей: I Санаты: Оқытушы, Студент, Мұғалім Қашықтық технологияларды бағдарламашы жұмысында қолдану негіздері Пән: Инновациялық технологиялар Деңгей: I Санаты: Студент, Мұғалім Неміс тілі пәнінде қашықтық технологияларды қолдану Пән: Неміс тілі Деңгей: I Санаты: Студент, Мұғалім Технология пәнінде қашықтық жүйелерді қолдану Пән: Технология (қыздар) Деңгей: I Санаты: Студент, Мұғалім Музыка пәнінде қашықтық технологияларды қолдану Пән: Музыка Деңгей: I Санаты: Студент, Мұғалім Дене тәрбиесі пәнінде қашықтық технологияларды қолдану Пән: Дене тәрбиесі Деңгей: I Санаты: Студент, Мұғалім Ағылшын тілі пәнінде қашықтық технологияларды қолдану Пән: Ағылшын тілі Деңгей: I Санаты: Студент, Мұғалім Инновациялық технологияларды білім беру үдерісінде қолдану Пән: Инновациялық технологиялар Деңгей: I Санаты: Студент, Мұғалім Физика пәнінде қашықтық технологияларды қолдану Пән: Физика Деңгей: I Санаты: Студент, Мұғалім Технология пәнінде қашықтық жүйелерді қолдану Пән: Технология (ұлдар) Деңгей: I Санаты: Студент, Мұғалім Химия пәнінде қашықтық технологияларды қолдану Пән: Химия Деңгей: I Санаты: Оқытушы, Студент, Мұғалім Үйден оқытудың қашықтық технологиялары Пән: Үйден оқыту Деңгей: I Санаты: Оқытушы, Мұғалім, Ата-ана Хореография теориясын оқытуда қашықтық технологияларды қолдану Пән: Хореография Деңгей: I Санаты: Оқытушы, Студент, Мұғалім Сызу пәнін оқытуда қашықтық технологияларды қолдану Пән: Сызу Деңгей: I Санаты: Студент, Мұғалім Бастауыш сынып пәндерін оқытуда қашықтық технологияларды қолдану Пән: Бастауыш білім негіздері Деңгей: II Санаты: Студент, Мұғалім Математика пәнінде қашықтық технологияларды қолдану Пән: Математика Деңгей: I Санаты: Оқытушы, Студент, Мұғалім География пәнінде қашықтық технологияларды қолдану Пән: География Деңгей: I Санаты: Оқытушы, Студент, Мұғалім Қазақ тілі пәнінде қашықтық технологияларды қолдану Пән: Қазақ тілі Деңгей: I Санаты: Оқытушы, Студент, Мұғалім Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінде қашықтық технологияларды қолдану Пән: Алғашқы әскери және технологиялық дайындық Деңгей: I Санаты: Мұғалім Информатика пәнінде қашықтық технологияларды қолдану Пән: Информатика Деңгей: I Санаты: Оқытушы, Студент, Мұғалім Биология пәнінде қашықтық технологияларды қолдану Пән: Биология Деңгей: I Санаты: Оқытушы, Студент, Мұғалім Орыс тілі пәнінде қашықтық технологияларды қолдану Пән: Орыс тілі Деңгей: I Санаты: Оқытушы, Студент, Мұғалім Психология пәнінде қашықтық технологияларды қолдану Пән: Психология Деңгей: I Санаты: Оқытушы, Студент, Мұғалім Тарих пәнінде қашықтық технологияларды қолдану Пән: Қазақстан тарихы Деңгей: I Санаты: Оқытушы, Студент, Мұғалім Өзін-өзі тану пәнінде қашықтық технологияларды қолдану Пән: Өзін-өзі тану Деңгей: I Санаты: Тәрбиеші, Мұғалім Мектепке дейінгі білім берудің қашықтық технологиялары Пән: Мектепке дейінгі білім беру Деңгей: II Санаты: Тәрбиеші, Студент Инклюзивтік білім берудің қашықтық технологиялары Пән: Инклюзивтік білім беру Деңгей: I Санаты: Мұғалім Авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі № 2348 10.11.2016 ж. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі тіркеу куәлігі № 381-Е 21.02.2015 ж. Қоғамдық келісім туралы ақпарат Зияткерлік технологиялар институты × Жабу Қатысушыларға көмек көрсету орталығы сағат 10:00 — 23:00 аралығында қызмет атқарады. Құрметті қатысушы! Сұрақ жолдаған кезде тапсырыс нөмірін көрсетіп, сұрақты толық және түсінікті жазуды өтінеміз! ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ 10:00 ден 23:00 дейін https://ukz.kz/wp-content/uploads/kzu_meet_kz.mp3 Регистрация и публикация педагогической биографии Участие в конкурсах Участие в конференциях Участие в олимпиадах Подготовка и отправка тестовых вопросов для олимпиад В целях поощрения и морального стимулирования работников в сфере образования и науки за заслуги и достижения в соответствующих областях, а также иных лиц, внесших значительный вклад в развитие образовательной, научной, научно-технической и инновационной деятельности предусмотрено награждение знаками отличия. Медалями «Қазақстан Ұстазы» награждаются на основании заявления официального представителя (координатора) общества по приказу председателя 3 раза в год (к 20 мая, к 20 августа и ко дню учителя), а также по ходатайству государственных или общественных организации по следующим критериям: 1. К награждению могут быть представлены члены общества, ставшие авторами республиканских и международных олимпиад. Для получения авторского удостоверения необходимо через личные кабинеты отправить 15 тестовых вопросов по преподаваемому предмету состоящие из 12 уровней (по 15 вопросов по каждому уровню). Правила и способы отправления доступны на информационном портале — www.ukz.kz. 2. В целях обобщения педагогического опыта член общества должен представить видео урок по преподаваемому предмету для свободного размещения на портале дистанционного образования. Пример урока доступен по ссылке: https://youtu.be/DHCOvh-ZedI Представление осуществляется за счет гранта общества «Қазақстан Ұстаздары». Организационные расходы не взимаются. Координаторам общества: заявление на представление и копии документов отправлять на адрес: info@kzu.kz (СКАЧАТЬ ОБРАЗЕЦ ПРЕДСТАВЛЕНИЯ) Педагог ретінде тіркелу Координатор болғыңыз келеді ме? Онда бірінші тіркеліңіз. Тіркелу Менде жеке кабинет бар Тапсырыс беру үшін бірінші жеке кабинетке кіру қажет. Жеке кабинетке кіру Ұстаздардың педагогикалық жетістіктерін белгілеп, алғыс білдіру мақсатында келесі жетістіктер бойынша Қоғам төрағасының құқығымен марапаттау кағидалары бекітілген: Олимпиадаға бір пән бойынша бірден 5 оқушы (бір тапсырыс ішінде 5 қатысушы болу қажет) даярлаған педагогтарға қоғам төрағасының атынан алғыс хат беріледі. Екі бөлек тақырып бойынша ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысқан педагогтарға қоғам төрағасының атынан алғыс хат беріледі. Екі бөлек тақырып бойынша шығармашылық конкурсқа қатысқан педагогтарға қоғам төрағасының атынан алғыс хат беріледі.
Әрбір ғылымның өз зерттеу пәні болады. Ол осы ғылымның объективтік шындықты зерттеу жағы. Мемлекет және құқық теориясының пәні мемлекет пен құқықтың пайда болуы, дамуы мен қызмет етуінің жалпы заңдылықтары мен заң ғылымдарының негізгі түсініктерінің жүйесі болып табылады. Соңғы жылдары дүние жүзі қауымдастықта тыныс-тіршілік еткен халықтар арасында гуманитарлық ғылымдарға деген құштарлық арта түсті. Бүкіл адамзат тарихын, оның әр кезеңдерде қалыптасқан саяси, құқықтық, әлеуметтік және этникалық ерекшеліктері, тәжірибелерімен жетік танысу, оқып үйрену, болашақта гуманизм мен өркениет идеясына негізделген құқықтық, демократиялық мазмұндағы мемлекет құруға кеңінен жол ашады. Себебі адамзат тарихында болған мемлекеттердің саяси құрылымдары мен құқықтың жүйелерінің мәнін, мазмұнын, ішкі қозғалысының даму диалектикасын зерттеу, оқып үйрену – тиімді басқару формасын, билік жүргізудің оңтайлы жүйесін және халық мүддесіне сай келетін құқықты қабылдауға тікелей мүмкіндіктер береді. (Продолжение скрыто) Курсовые РК скачать, курсовая Казахстан скачать, контрольные РК скачать, контрольная Казахстан скачать, рефераты для РК, реферат для Казахстана 1 Мемлекет және құқық теориясының пәні 1.1 Пәнінің мазмұны Мемлекет және құқық теориясы – қоғамдағы саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік құбылыстарды зерттеп, қоғамдық өмірдегі қарым-қатынастарды реттеу, басқару әдіс-тәсілдерін, объективтік заңдылықтарын анықтап отыратын ғылым. Жалпы теория – мемлекет пен құқықтың өмірге келу, даму заңдылықтарын, мақсатын, мазмұнын, құрылысын, нысанын, қағидаларын, белгі-нышандарын, функцияларын зерттейді. Әр ғылымның өз саласында объективті ақиқатқа жетуге, заңдылықтарды бейнелеуге және алдын-ала болжауға арналған, жүйелі түрде құрылған мәселелері болады. Сол мәселелер ғылыми тұрғыдан зерттеліп, тұжырымдалып, ғылымның пәніне айналады. [2] Жалпы теорияның пәні қоғам мен мемлекеттің арасындағы санқырлы күрделі қарым-қатынастарды, қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын орнын, маңызын, азаматтық қоғам мен мемлекеттің өзара байланысын, адамдардың сана-сезімін, оның қоғамдағы маңызын, мемлекеттің болашағы, құқықтық мемлекет қалыптастыру бағыттарын зерттеп, қорытынды тұжырымдар жасап отырады. (Продолжение скрыто) Курсовые РК скачать, курсовая Казахстан скачать, контрольные РК скачать, контрольная Казахстан скачать, рефераты для РК, реферат для Казахстана 1.2 Функциялары Мемлекет пен құқық теориясы іргелі-терең ғылым ретінде бірнеше функциялар атқарады: [6] Онтологиялық функция – (гр. – шын білім) адам қоғамының тұрмысын, оның қағидаларын, даму заңдылықтарын зерттеу. Бұл зерттеу арқылы мемлекет пен құқықтың өмірге келуін, дамуын, болашағын білуге мүмкіншілік қалыптасады. Гносеологиялық функция – (гр. – білім, теория) таным теориясы арқылы мемлекет пен құқықтың құрылымын, маңызын, мақсатын білуге болады. Эвристикалық функция – (гр. - табу) заң ғылымының барлық саласында зерттеудің әдіс-тәсілдерін жетілдіріп, қоғамдағы құбылыстардың даму процесінің жаңа заңдылықтарын табу, ашу. (Продолжение скрыто) Курсовые РК скачать, курсовая Казахстан скачать, контрольные РК скачать, контрольная Казахстан скачать, рефераты для РК, реферат для Казахстана 2 Мемлекет және құқық теориясының әдістері Методология – дүниені философиялық тұрғыдан түсіндіретін ілім. Ғылыми методологияның негізі – материализм мен диалектика. Ғылымның методологиясы – оның ғылыми-зерттеу әдіс-тәсілдері. Жалпы ғылым дегеніміз екі мәселені қамтиды, екі бағытты біріктіреді – теория және методика. Теория – ғылымы нені зерттейді? – деген сұраққа жауап береді. Метод – ғылымы қандай тәсілмен, амалмен зерттеу жүргізеді? – деген сұраққа жауап береді. Теория мен метод өмірде тығыз байланыста дамиды. Бұл объективтік байланыс ғылымның мыңдаған саласындағы тәжірибеде дәлелденген. Қоғамның мазмұнын, объективтік даму процесін ғылыми зерттеуде теория мен методиканың маңызы өте зор. Онсыз ғылымды дұрыс зерттеу, дұрыс ғылыми қорытынды жасау мүмкін емес. Методологияның екі түрі болады: Жалпы ғылыми әдіс-тәсіл және жекелік ғылыми әдіс-тәсіл. Жалпы ғылыми әдіс-тәсілді – ғылымды зерттеудің методологиялық негізі деп атайды. Қазіргі замандағы ғылыми зерттеулер философияның материалистік және диалектикалық заңдарына сүйене отырып жүргізіледі. [3] (Продолжение скрыто) Курсовые РК скачать, курсовая Казахстан скачать, контрольные РК скачать, контрольная Казахстан скачать, рефераты для РК, реферат для Казахстана 3 Гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі мемлекет және құқық теориясы Өз жиынтығында ғылым жүйесін құрайтын ғылыми пәндерді шартты түрде үш топқа бөлуге болады: [15] 1) техникалық ғылымдар; 2) жаратылыстану ғылымдары; 3) гуманитарлық ғылымдар. Гуманитарлық ғылымдар қоғамды, адамды, әлеуметтік қатынастар мен институттарды зерттейді. Заң ғылымдары – гуманитарлық ғылымдардың бір түрі, себебі, мемлекет пен құқық әлеуметтік институттар болып табылады. Заң ғылымдарын мынадай түрлерге бөлуге болады: - мемлекет және құқық теориясы; - тарихи-құқықтық ғылымдар (мемлекет және құқық тарихы, саяси және құқықтық ілімдер тарихы); - салалық заң ғылымдары (конституциялық, азаматтық, қылмыстық және т.б. құқық салалары); - қолданбалы ғылымдар (криминалистика, сот медицинасы, сот психиатриясы және т.б.). (Продолжение скрыто) Курсовые РК скачать, курсовая Казахстан скачать, контрольные РК скачать, контрольная Казахстан скачать, рефераты для РК, реферат для Казахстана 4 Қоғамдық және заң ғылымдарының жүйесінде жалпы теорияның алатын орны Әлемнің материалдық және рухани тұтастығы мен бірлестігі дүние жүзіндегі барлық ғылымның өзара байланысын дәлелдейді. Әсіресе, бұл өзара байланыс қоғамдық ғылымдар арасында жақсы қалыптасқан. Бұл ғылымдар қоғамды, адамды, олардың ара қатынасын, сана-сезімін зерттейді. Зерттеудің негізгі мақсаты адамның бостандығы, құқығы, қадір-қасиеті, ар-намысы. Қоғамдық өмірдің ең өзекті мәселесі – мемлекет пен құқықтың маңызы, олардың алатын орны. Бұл проблемаларды жалпы теория қоғамдық ғылымдардың басқа түрлерімен (философия, экономика, социология, политология т.б.) бірігіп зерттеп отырады. [13] (Продолжение скрыто) Курсовые РК скачать, курсовая Казахстан скачать, контрольные РК скачать, контрольная Казахстан скачать, рефераты для РК, реферат для Казахстана 4.1 Ғылымды бір идеологиялық шеңберінде жүргізудің зияны Қоғамның барлық саласының мазмұнын түсініп-білу үшін ғылымға бостандық керек. Оны саясатпен, идеологиямен бұғаулауға болмайды. Ғылым еркін болған жерде ғана дұыс, қарқынды дамып, жақсы нәтиже береді. Ғылымның даму процесінде толып жатқан кедергі нышандар да кездеседі: саяси, идеологиялық, мемлекеттік, құқықтық шектеу, қаржы жетпеу, материалдық базасы нашар болу, мамандардың жетіспеуі т.б. Ғылымға зор зиян келтіретін кедергілер: (Продолжение скрыто) Курсовые РК скачать, курсовая Казахстан скачать, контрольные РК скачать, контрольная Казахстан скачать, рефераты для РК, реферат для Казахстана ҚОРЫТЫНДЫ Мемлекет және құқық теориясы – қоғамдағы саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік құбылыстарды зерттеп, қоғамдық өмірдегі қарым-қатынастарды реттеу, басқару әдіс-тәсілдерін, объективтік заңдылықтарын анықтап отыратын ғылым. Жалпы теория – мемлекет пен құқықтың өмірге келу, даму заңдылықтарын, мақсатын, мазмұнын, құрылысын, нысанын, қағидаларын, белгі-нышандарын, функцияларын зерттейді. Әр ғылымның өз саласында объективті ақиқатқа жетуге, заңдылықтарды бейнелеуге және алдын-ала болжауға арналған, жүйелі түрде құрылған мәселелері болады. Сол мәселелер ғылыми тұрғыдан зерттеліп, тұжырымдалып, ғылымның пәніне айналады.
Дін жаратылысқа сай бір тұтастылығымен адамзат тарихымен бірге бастау алады. Дін тарихтың барлық кезеңінде адамзатпен бірге жасап, бірге жалғасып, өзіндік әдет-ғұрыптарының қалыптасуында маңызды рөл атқарған. Дін – ақыл иесі адамдарға пайғамбарлар жеткізген ақиқаттарды қабылдауға үндейтін иләхи заңдылық (әт-Тарифат, «дін» атауы). Құранда хазірет Нұһқа бұйырылғандардың хазірет Ибраһимге де ұсынылғаны (Шура сүресі, 13-аят) және хазірет Ибраһимге жазбалар (сахифа) берілгені (Ағла сүресі, 19-аят) көрсетіліп, хақ діндердің негізгі сүйенетіні пайғамбарлардан жететін «иләһи уаһи» екені ескертілген. Ибраһимдік дәстүр, Құран кәрімде үлгілі тұлға ретінде ұсынылған, жеке өзі бір үмбет ретінде сипатталған әрі хазірет Пайғамбардың да ізінен еруі керектігі айтылған. Хазірет Ибраһимнің дәріптеген дәстүрі, яғни Алла сенімі болған таухид ақидасы, ол – Ислам. Бүкіл иләһи діндер Алланың бірлігі негізіне сүйенетін болғандықтан, хазірет Мұхаммедтің (саллаллаһу алайһи уә сәлләм) жеткізген Ислам діні мен өзге пайғамбарлардың дәріптеген діндері түп негізінде бірдей болып отырған. Мәселен, Құран кәрімде бұрынғы діндердің де «Ислам» деп аталғандығы айтылады (Әли Имран сүресі, 19-аят). Ислам – бүкіл діндердің ортақ атауы. Хазірет пайғамбар дәріптеген Ислам дінінің өзіне тән үкімдері болса да, бұрынғы пайғамбарларға әмір етілген көптеген мәселелер сол күйі сақталып келеді. Айталық, кісі өлтіруге, зина, ұрлық істеуге бүкіл діндерде тыйым салынған. Ұлдарды сүндетке отырғызу болса, хазірет Ибраһим пайғамбардан бері жалғасып келе жатқан дәстүр (сүннет) (Бұхари, Әнбия, 8). Қазіргі таңда иудей халқында бұл дәстүр әлі күнге дейін бар. Неге десеңіз, хақ діндер адамның өмірін, дүние-мүлкін, ақыл-ойын, дінін және ұрпағын қорғауды көздеген. Ислам діні де осы «бес мәселені» сол қалпында сақтап, бұларды бес маңызды іс (зарурати хамса) деп атаған. Дәстүр (әдет-ғұрып) Ғұрып «Жақсы деп саналған, белгілі, жалғасып келетін» деген мағынаны білдіреді (Рағиб әл-Исфаһани, әл-Мүфрадат, 334 б.) Қуанышты күндерді білдіретін «Мейрам» сөзінің арабшасы «Ыйд» (айт) деп аталады. Айт та «жыл сайын қайталанатын қуанышты күн» дегенді білдіреді. Бұндай мерекелер жыл сайын қайталанып, халықтың әдет-ғұрпына сай дәстүрлерді еске түсіреді. Осы бойынша ғұрып сөзі қоғамда жақсы әрі пайдалы деп қабылданған түрлі діни әрі ұлттық тақырыптардағы ізгілік пен әсемдіктерді білдіреді. Абдуллаһ ибн Масғұдтың (р.а.) «Мұсылмандардың жақсы деп білгені Алла назарында да жақсы. Олардың жаман деп қабылдағаны Алла назарында да жаман» деген (Ахмед ибн Ханбәл, Мүснәд, І, 379) риуаяты қоғамда жақсы деп қабылданған жағымды әдеттердің Құран мен сүннет аясында болуын меңзейді. Өйткені Құран мен Сүннетке сай келмеген әдеттерді мұсылмандар да мақұлдамайды. Ендеше, әдет-ғұрыптар – қоғам білетін, ұнамды деп қабылдаған, дін бойынша да заңды әрі қабылданатын іс-әрекеттер. Құранда дәстүрлерді ақыл мен уахидың сүзгісінен өткізу, уахиға қайшы келмеуі, ақылға және адам жаратылысына сәйкес келген әдет-ғұрыптарды қабылдау бұйырылған (Бақара сүресі, 170-аят) Құранның тағы бір аятында Исрайылұлдары және басқа да көптеген қауымның нашар қылықтарды әдет пен дағдыға айналдырғаны үшін жер бетінен жойылып кеткені айтылған (Мәида сүресі, 78-79-аяттар; Әбу Дәуіт, Малахим, 17; Ибн Мажә, Фитан, 20). Соқыр сенім мен жаһилия дәстүрлері Араб тіліндегі «таассуб» сөзі сөздікте «өз тегіне көмектесу, соқырша байлану» деген мағынаны білдіреді (Ибн Манзур, Лисанул Араб, «асб» атауы). Таханауи «Қандай да бір жаққа тәуелділігі себепті дәлелі анық көрсетілсе де ақиқатты қабылдамау» деп түсінік берген (Таханауи, Кашшаф, 2, 941.). Арабтардың исламға дейінгі нанымдары, ұстанымдары мен іс-әрекеттері жәһилия кезеңі деп аталады. Ислам таухид сенімін дәріптеп, пұтқа табынуға үзілді-кесілді қарсылық танытты әрі ескі сенімнен туындаған, адамның абыройына жараспайтын барлық жаман әдеттерді жойды. Неге десеңіз, жаһалат – ілімге қарама-қарсы мәнде «сауатсыздық» дегенді білдіреді. Құранда бұл мәселе «Қане, (ақиқатты) мойындамағандар жүректеріне соқыр сенімді, жаһилия бірбеткейлігін ұялатқан еді. Алла болса, пайғамбарына һәм мүміндерге жан тыныштығы мен сенім түсіріп, олардың тақуа сөзін (Аллаға бағыну) ұстауын қамтамасыз етті» (Фатх сүресі, 48/26) деп білдірген. Байқалғандай, бұл аятта надандық кезеңінің соқыр сенімді ұстануда бірбеткейлігі мен жабайылығы, кек, жеккөрушілік пен дойырлылығы меңзелуде. Осы себепті арабтардың исламға дейінгі кезеңі «надандық кезеңі» деп аталған. Бұл бір жағы айналасындағы халықтарға қарағанда арабтардың мәдениетте кенже қалуын, пұтқа табынғанын, жаманшылықтан тыятын дін, пайғамбар және қасиетті кітабы болмағанын білдіреді. Ислам болса – жарықтану және білім кезеңін, осы мағынада надандыққа қарама-қарсы мәндегі ғасырды білдірді. Ендеше, надандық кезеңінде арабтардың Алланы шынайы танымағаны, Аллаға таза иман етпегендігі, бейбітшілік және тыныштыққа жуымай, күшті және тектінің ісі әрдайым дұрыс деп қабылдауы және әділеттіліктен алыс өмір сүргені оларды надандыққа итермелеген. Араб қоғамында көпқұдайшылдыққа негізделген діни түсінік дәстүрге айналған болатын. Олар «Атамыз Ибраһим пайғамбар» дей тұра ол дәріптеген «Ханиф» дінінің қағидаларын ұстанбайтын. Бұған қоса, хазірет Ибраһим дәріптеген дінге иман келтірген бірқатар кісілердің болғаны анықталуда. Олар пұттарға табынбайтын, құрбан шалып я басқа түрде пұттарға тағзым жасамайтын. Бұл сенімдегілер зинаға, арсыздыққа жақындамайтын, ішімдік ішпейтін, қарақшылық, ұрлық, зорлық секілді сол кезеңде кең тараған жамандықтарға жуымайтын, қыздарын тірідей көмуге жол бермеуге тырысатын. Бұлардың арасында хазірет Әбу Бәкір (р.а.) алдыңғы орында тұратын. Жағфар ибн Әбу Талиб Эфиопия патшасы Нажашиге барған кезінде арабтардың жаһилиядағы кейбір дәстүрлерін былайша әңгімелеген: «Уа, алдияр патшам! Біз надандықта, соқыр сенімдегі ел едік. Пұттарға табынып, өлексе жейтінбіз. Ойнас жасайтынбыз. Туысқандыққа қарамай, көршілерімізге жамандық жасайтынбыз, әлділер әлсіздерімізге жәбір көрсететін» (Ибн Хишам, Сира, 1, 335.). Осындай дәстүрлер тек Арабстанда ғана емес, әр кезеңдер мен әр елде соқыр сенім ретінде сіңген нашар әдеттерді білдіруде. Буас соғыстары деген атпен әйгілі Мәдинада Әус пен Хазраж тайпалары арасында 120 жыл бойы жалғасып келген жауластық пен құн дауы «Ислам бауырластығы» арқылы тоқтаған. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) «Надандық әдеттеріңнен арылыңдар! Бұл неткен сорақылық!» деп әркез ескертетін (Бұхари, Манақиб, 8.). Неге десеңіз, арабтардың дәстүрінде «Уа, пәленше ұлдары, келсеңдерші!» деп айқай салған кезде, естіген тайпа жиналып, шақырған адамның ісі дұрыс-бұрыстығына қарамай, барлығы көмектесетін. Ислам діні осындай тайпа жабайылығына сүйенген бұндай көмек пен құн дауын жойып, арадағы дауларды әділдік және заң ережелері аясында шешу жолын ұстанып, кінәні жеке адамға тән етіп негізге алған. Осы себепті жахилия әдетін қоймауды әрі дәл осылай шақырғанға ілесе кетуді үлкен күнәға жатқызды. Хазірет пайғамбар бір таласта Біләл Хабашиді «Қара қатынның тапқаны» деп тілдеген Әбузарр әл-Ғифариге «Біләлді анасының нәсіліне бола кінәлап тұрсың ба? Демек, әлі надандық мінезден арыла қоймадыңдар», – деп, надандық әдеттердің нашарлығын ескерткен (Бұхари, Иман, 22.). Ислам қараңғы кезеңдегі шектеусіз үйлене беруге де белгілі бір шектеу қойды. Айталық, мұсылмандыққа өткен кезде он әйелі болған Жайлан ибн Сәләма өзінің жанына келгенде, Пайғамбарымыз оған сол әйелдердің тек төртеуін ғана таңдауы керектігін ескерткен (Тирмизи, Никаһ, 33; Ибн Мажә, Никаһ, 39-40). Бұдан бөлек, мұсылмандықтағы отбасы құқығымен сыйыспайтын қараңғы кезеңдегі бала асырап алу, әпкелі-сіңлілі қыздарды бір некеде ұстамау, бауырластық келісім, тек өсиетке негізделген мұра бөлісі әдістері секілді дәстүрлерді де жойған (Ниса сүресі, 11-14-аяттар). Бұрынғы дін мен мәдениеттерде түрлі кейіпте әртүрлі мақсатта болса да «құрбан шалу» дәстүрі бар еді (Мәида сүресі, 27-аят) Араб қоғамында тіпті өз балаларын да пұттарға құрбандыққа атау кездескен (Муатта, Нузур, 7.). Ендеше, Ислам діні қараңғы дәуірдегі арабтардың құрбан шалу дәстүрін Таухид сеніміне қайшы негіздерден тазартып, хазірет Ибраһимнің сүннетіне сай түрде қайта жандандырды. Бұдан бөлек, құрбандық шалудың қоғамдық жәрдемдесуге себеп болуын ынталандырып, өзара көмек берісу мәдениетін байыта түскен. Арабтардың Қағбамен байланысы, құлшылықтары да қараңғы дәуірдегі соқыр сенімге сүйенетін. Өйткені олар Қағбаның ішіне тізген пұттарға табынатын. Араб дәстүрінде де Қағбаға қарауға әрі оны басқаруға жауапты (уәлиі) болу үлкен мәртебе еді. Мүшріктер Қағбада ғибадат жасаған кезде өз дәстүрлеріне сай ысқырып, қол шапалақтап Бәйтулланы айналып, Құрайыштардың артықшылығын көрсететін белгі ретінде Қағбаны жалаңаш тауап ететін (Ибн Касир, 3, 593-594.) Надандық кезеңдегі әдеттердің тағы бірі – арабтар ихрамға кірген кезде немесе басқа да кейбір діни талаптармен өз үйлеріне кірмейтін. Егер міндетті түрде кіру керек болса, есіктен кіруді дұрыс санамай, үйдің артқы терезесінен немесе өздері жасап қойған тесіктен кіретін. Өйткені бұны жақсы әрі ізгілікті іс деп сенетін. Құран кәрім «Ізгілік – үйлеріңе арт жағынан кіруде емес, шынайы ізгі іс тақуа адамның іс-әрекеті. Үйлерге есіктен кіріңдер. Аллаға құрмет көрсетіңдер, сонда мұратқа жетесіңдер» (Бақара сүресі, 189-аят) деген аятпен бұл істің мәнсіз, тек машақат екенін түсіндірген. Бұдан бөлек, бұл іс-әрекет отбасы мүшелерінің мазасын кетіретіндіктен, әдепке де қайшы. Негізі жақсы әрі ізгі іс мәнсіз әдеттерді қайталау емес, адамның әрбір ісін тақуалыққа сай атқаруы, яғни іс-әрекеттерін Аллаға және Алланың бұйрықтарына құрмет түсінігімен орындау екенін түсіндіруде. Тәшаум сенімі де – таухидке қайшы нашар әдеттердің бірі. Неге десеңіз, «Тәшаум» оқиғаларды жамандыққа, сәтсіздікке жоруды білдіреді. Сәтсіздікке балау сенімінде құстардың ұшуы, байғыздың сұңқылы, қарғаның қарқылдауы, иттің ұлуы, есектің ақырауы, жолда алдынан жылан не қара мысықтың кесіп өтуі секілділердің бәрін де тек жамандыққа жору жатыр. Ал анығында жақсылықты да, жамандықты да жаратушы бір ғана – Алла. Алла рұқсат етпейінше ештеңе де болмайды. Бірақ жақсылыққа жору мәніндегі «тафағул» сенімі болса, жағдаяттарға жақсы, оң көзқараспен қарау шартымен Сүннетте қабылданған (Бұхари, Тыб, 44.) Бірақ болашаққа байланысты пал ашуға қатаң тыйым салынған. Еліктеушілік Ислам тәрбиесіне сай келмейтін әдеттерге санасыз түрде еліктеу дінде аса құпталмаған. Себебі пайғамбарымыздың: «Кім (басқа) бір қауымға (дін әрі ахлақ тұрғысынан) ұқсауға тырысса (өз басын және исламның абыройын ойламай, солар сияқты болуға өзін күштесе) ол адам сол қауымға тән болып есептеледі», – деген хадисі бар (Әбу Дәуіт, Либас, 5). Бұл хадистегі ескерту мұсылмандардың тұлғасын әрі тәрбиесін қорғау үшін жасалған. Еліктеушіліктің жаман екендігі мына хадисте де айтылған: «Расында сендер өздеріңнен бұрынғы (иудей мен христиан) ұлттардың жолына адымдап түсесіңдер. Тіпті олар кесірткенің ініне басын сұқса, сендер де соны істеуге тырысасыңдар» (Мүслим, Ілім, 6). Пайғамбарымыз надандық дәуіріндегі әйелдердің денеге инемен сурет салу әдетіне тыйым салған (Бұхари, Либас, 84.). Мәселен, христиандардың Құдыс қажыларының білектеріне де инемен сурет салдырғаны айтылады (Камил Мирас, Тәжриди сарих аудармасы, 6, 381). Анығында сәндік яки көрсету үшін адам денесін күйдіру (каутеризация) – харам. Ислам діні жаратылысқа ерекше мән бергендіктен, әсем кейіпте (ахсани тақуим) жаратылған адамды өзінің түпкі болмысын өзгертетін осы денеге сурет салу әдетіне жақындатпауға тырысқан. Тағы бір хадисте «Сұлулық үшін денесіне инемен сурет салдырғандар және Алланың жаратқан әдемілігін өзгертуге тырысқан әйелдерді Алла мейірімінен алыстатсын» делінген (Тирмизи, Әдеп, 33.). Арабстанда бұл үрдіс көбіне әйелдер арасында белең алғандықтан, хадисте тек әйелдер ғана тілге тиек етілген. Әрине, бұл мәселеде тыйым ер мен әйелге ортақ. Десе де денеге инемен сурет салу үрдісі қазіргі таңда әлемде, әсіресе жастар арасында әдетке айналып бара жатқаны байқалады. Батыс елдеріндегі үйде ит асырау әдеті бізге де жете бастады. Хадистерде үйде ит асырауға белгілі бір шарттарды сақтағанда ғана (аңшылық және күзетшілік секілді) рұқсат етілумен қатар (Мүслим, Мусақат, 51.) үйде ит асыраудың дұрыс еместігі де айтылған (Мүслим, Либас, 81.). Өйткені ит жыртқыш тобына жатады әрі оның етін жеу харам етілген. Дініміз қоршаған ортаны, табиғатты қорғауды, жануарлармен қоса бүкіл тіршілік иелеріне мейіріммен қарауды бұйырады. Жануарларды қорлап, оларды бекерге өлтіруге нақты тыйым салған. Тарихта мұсылман елдерде аш қалған жануарларды қоректендіру үшін ашылған қайырымдылық қорлардың болғаны жан-жануарларға маңыз берілгенін көрсетуде. Алайда Ислам діні адам денсаулығына, тазалығына және гигиенаға да мұқият қараған. Сондықтан итті қажетті жағдайда белгілі орындарда асырауға болады. Бірақ сән үшін үй ішінде асырауды ислам құқықшылары дұрыс санамаған және рұқсат етпеген (Ибн Рушд, Бидаятул мужтаһид, 2, 105.). Ислам және дәстүр Ислам діні бұрынғы халықтардың надандық дәуіріндегі дәстүрлерін толықтай іске алғысыз етпеген. Пайғамбарымыз «Уа, Саиб, надандық дәуірінде істеген ізгі істеріңді Ислам кезеңінде де тоқтатпа. Қонақтарыңды күт, жетімдерді тамақтандыр және көршілеріңмен жақсы сыйлас» (Мүснад, 3, 425.) деу арқылы надандық дәуіріндегі жақсы әдеттерді жалғастыруды ұсынған. Пайғамбарымыз да алғашқы уахи түскен сәтте Жәбірейілді көріп қорыққан кезде, Хадиша анамыз «Сен ағайынға қарайласасың, өз ісін істей алмайтын жағдайы мүшкілдер мен кедейлерге қамқор боласың. Қонақ күтесің, хақ жолында ауыртпалық тартқандарға қол ұшын бересің» деп, надандық дәуіріндегі жақсы әдеттер мен дәстүрлерді санамалаған (Бұхари, Баду-ул-уахи, 3.). Хазірет пайғамбар надандық дәуірінде атқарылған қажылық қызметтерінен «сиқая» (қажыларға су тарату ісі) мен «сидана» не «һижаба» (Қағбаның күтімі және кілтін сақтау міндеті) сияқты әдеттерді жалғастыруға рұқсат еткен. Өйткені Меккені азат ету кезінде Пайғамбарымыз «Назар салыңдар! Қағбаның қызметі мен қажыларға су таратудан өзге өткенге тиесілі бүкіл әдет-ғұрыптарың, құн және мал дауларың аяғымның астында» (Ахмад ибн Ханбал, 2, 36.) деу арқылы ислам құндылықтарына жат нашар әдеттердің енді тоқтайтынын білдірген. Хазірет расулдың пайғамбарлыққа дейінгі қазіргі үкіметтік емес ұйымдар іспеттес «Хулфул фудул» атты қайырымдылық қордың іс-шаралары жайлы «Мен (исламға дейін) Абдулла ибн Жуданның үйінде бір келіссөзге куә болдым. Сол жерде болуды өзіме ұнамды қаншама қызыл түйеге айырбастамас едім. Егер осындай келіссөзге ислам кезеңінде шақырылсам, бірден қабылдар едім» деген сөзімен исламға дейінгі арабтардың жақсы әдеттерін құптағанын байқатқан (Қуртуби, әл-Жами ли аһкамил Қуран, 10, 169.). Сөйтіп оларға енді исламнан да орын берген. Ислам және өркениет Қала мағынасындағы «мәдина» сөзі мен өркениет мағынасын білдіретін «мәдениет» ұғымдарының арасында «дін» және «ұлт» біртұтастығын білдіретін мағына жатыр. Ендеше, мәдени болудың талабы қарсыласыңды жеңу емес көндіру және кеңпейіл (толеранттылық) таныту. Һижри 8-жылы Мекке азат етілген уақытта, хазірет пайғамбар (с.а.у.) Меккеге қан төкпей кіргенде, арасында Құрайыш көсемдері бар жергілікті жұрт «пайғамбар енді қарсыластарына не істер екен?» деп алаңдап тұрды. Мүмкін бәрін есепке тарта ма? Өйткені Мекке азат етілді. Халқы бұрын өзіне көп қиянат жасап, елінен қуған болатын. Пайғамбарымыз қалаға әскери қолбасшылықтан гөрі пайғамбарлық қасиетпен кіріп, олардың көңілін жаулады. Сөйтті де «Әбу Суфиянның үйін паналағандардың басы амандықта, өз үйіне кіргендердің басы амандықта» (Әбу Дәуіт, Хараж, 25.) деп, Ислам дінінің кешірімділік пен кеңпейілділікке негізделгендігін досқа да, дұшпанға да паш етті. Іле жеңіске жеткен қолбасшы ретінде «Уа, құрайыш! Менен не күтесіңдер?» деп сұрады. Олар: «Сен жомарт әрі мәрт бауырсың, пейілі кең бауырымыздың ұлысың» десті. Пайғамбарымыз оларға: «Мен бүгін бауырым Жүсіптің (а.с.) сөзін қайталамақпын» деп «Юсуф оларға: «Бүгін сендерге (өткен іске бола) сөгіс жоқ! (Мен бәріңді баяғыда-ақ кешіргенмін). Алла да сендерді кешірсін. Өйткені, Ол – мейірімділердің ең мейірімдісі» (Юсуф сүресі, 92-аят) деген аятты оқыды. Артынша «Бүгін ешбіріңді есепке тартпаймын, барыңдар, барлығың да боссыңдар» деді. Пайғамбарымыз осы әрекетімен надандық кезеңдегі жаман әдеттерді жойып, кешірім мен бейбітшілікке бастама жасады. Құран кәрімде де қылмысқа берілетін (қайтарым) жаза түсіндірілгенде, кешірім, дұрыстау (бітім) жолы (Шура сүресі 40-аят) алға тартылған. Өйткені пайғамбарымыз «Кім құн дауын кешірсе (жазықтыны жазалаудан бас тартса), ол адамның сауабы – жәннат» деп, өте-мөте тапсырыспен жалғасып келе жатқан құн дауын тоқтатуға ынта танытқан (Суюти, әл-Фатхул-кабир, 3, 212.). Қоштасу хұтбасында да Пайғамбарымыз надандық әдеттерінің бірі құн дауын тоқтатқанын айтып әрі бұны өз туыстарынан бастауы (Ибн Мажә, Манасик, 76.), қоғамдық бейбітшілік пен тыныштықтың ең маңызды негіздерінің бірі бітімгершілік екенін көрсеткен. Қазіргі уақытта кейбір аймақтарда кездесетін «намыс үшін жасалатын қылмыстар» болса, еш жерде бекітілмеген нашар әдет пен дәстүр. Құранда Жаратушы ие «Жеңілін таңда, жақсылықты (мағруфты) бұйыр, надандарға берілме» (Ағраф сүресі, 199-аят) деп бұйырған. Бұл тұстағы надандарға мән бермеу, олардың жүрген жолының қате екенін көрсетпеу, қате сенімдерін түзетпеу керектігі емес. Өйткені бұл исламның жақсылыққа үндеп, жамандыққа жол бермеу ұстанымына қайшы. Ендеше, надандарға көңіл қарайтпау, жұртты жақсылық пен туралық жолына үндегенде, ақымақтардың әдепке не тәрбиеге сыймайтын нашар қылықтарына, есерсоқ әрекетіне, әділетсіздіктеріне дәл солай қайтарым жасамау деген сөз. Мұсылмандар бұндай нашар қылықтарға кезіккенде, ашуға берілмей, сабырлы, толерантты әрі кешірімшіл бола білуі тиіс. Өйткені тақуалыққа жетудегі талаптардың бірі жамандыққа жамандық жасамау, надандардың деңгейіне түспеу, қайта мейлінше істің жеңіл, адал жағын көрсетіп, бейбітшілік пен татулықты жақтау. Қорытынды Ислам дінінің соңғы елшісі Мұхаммедтің (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) пайғамбарлығы Мекке және Мәдина кезеңі болып екіге бөлінеді. Бұл кезеңдер Ислам мәдениеті мен дәстүрі тұрғысынан маңызды. Мекке кезеңі ақида, сенім, аһлақ, мәдени құндылықтарымен, бөлек бір әлемнің адамы болған надандық кезеңі арабтарын сенім және құндылықтар тұрғысынан қайта қолға алумен өтті. Мәдине кезеңі болса Мекке кезеңінде қалыптасқан жаңа адам түрінің сенім және түсінік жүйесін іс жүзіне асырған кезеңі. Мұның мазмұнын көбіне қарым-қатынас (муамалат) ретінде білінетін заң, экономика секілді тақырыптармен қатар намаз, ораза, зекет сияқты ғибадаттарға қатысты тақырыптар құрайды. Мысалы, Адам атадан (а.с.) бастау алып, уақыт өте келе ұмытылған таухид сенімі ең соңғы әрі кемел күйде жаңадан қаланған. Бұл жаңа дін өткенге тиесілі барлық қате әрі теріс түсініктерді кері ысырып, өз мәдениетін қалыптастырды. Бұл мәдениеттің өзегін «Таухид» түсінігі қалағаны күмәнсіз. Сондықтан хазірет пайғамбар таухид сенімі мен Ибраһимдік дәстүрге қайшы емес әдеттерді қабылдап, адамзат жаратылысы мен таухидке қайшы әдеттерді толықтай жоюға барын салған. Осындай түсінік аясында Ислам мәдениеті мен дәстүрінің негізін қалыптастырған ислами ілімдер жекелеген пәнге айналып, әсіресе «хадис, фиқһ және кәлам ілімі» мұсылмандарға осы мәселеде ең негізгі қайнаркөзге айналған. Қоғамның жазба әрі қолданыстағы мәдениетінде бұрыннан бар жақсы әдеттерді үзбей, ал жаман әдеттерді тыйған жөн. Мұсылман қоғамының мәдениет мұрасының алдынғы шебін ғибадаттар, отбасы құндылықтарына беріктік, адам құқықтарын құрметтеу, ішімдік, анаша және зинақорлықтан алыс тұру құрайды. Ендеше, бізге мұра болып келген осындай жақсы әдеттерімізді, шынайы ниет пен құлшылыққа айналдырып, ғибадаттарымызды (санасыз түрде атқарып) жай бір әдетке ұластырмауымыз қажет. Қайта әдеттерімізді ғибадат сауабына жеткізетін іс-әрекетке айналдыру үшін күнделікті өмірде сүннетті ұстануға тырысуымыз керек. Танымал мақалалар Намазды уақытында орындау Уақыт – Алла Тағаланың адам баласына бұл дүниеде сыйға тартқан ең маңызды капитал. Дүниедегі сынақтан өту осы капиталды дұрыс қолдануға байланысты.... Сахабалар қоғамы – Құранның мұғжизасы Сахабалардың көктен түскен уахиға деген ықылас-пейілдерін, жан дүниесімен беріле бойұсынушылығын адамзат тарихында басқа еш бір қоғамнан кездестіру мүмкін емес. ... Адам және қатыгездік «Әдеттегіше кешкі жаңалықтарды қарап отырған Ахмет ағаның көңілі алабұртып әр хабар сайын бұзыла түсті....
«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Название «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары страница 1/5 Дата конвертации 17.02.2014 Размер 0.7 Mb. Тип Документы источник 1 2 3 4 5 Әкімдіктің 2013 жылғы «23» қазан № 456 қаулысына қосымша «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Қостанай қаласы, 2013 жыл Мазмұны 1. Миссиясы және пайымдау.......................................................................................................................................................3 2. Ағымдағы ахуалды талдау және халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында даму үрдісі ...............3 3. Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралары және нәтижелер көрсеткіштері.........................................................................................................................................................................15 4. Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту..............................................................................................................................29 5. Ведомствоаралық өзара әрекет жасау...................................................................................................................................30 6. Қауіп-қатерлерді басқару.......................................................................................................................................................32 7. Бюджеттік бағдарламалар......................................................................................................................................................34 ^ Миссия және пайымдау Миссия - Қостанай облысы халқының әл-ауқатын және өмір сүру сапасын арттыру мақсатымен еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында өңірлік саясатты қалыптастыру және іске асыру. Пайымдау - әлеуметтік көмекті ұйымдастыруды, оңалту жүйесін жетілдіру, мүгедектердің өмір сүру сапасын, тұрмысы төмен отбасылардың әл-ауқатын жақсарту, тиімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысы балансын теңестіру, жұмыссыздық деңгейін төмендету. 2. Ағымдағы ахуалды талдау және халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында даму үрдісі 1-стратегиялық бағыт. Халықты жұмыспен қамту тиімділігін қамтамасыз ету 1.1. Саланың дамуының негізгі параметрлері Халықты өңірлік жұмыспен қамту стратегиясын, «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын» іске асыру шеңберінде өнімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін бос жұмыс орындарын белсенді іздестіру және іріктеу, жұмыссызды, өз бетінше жұмыспен қамтылғанды және тұрмысы төмен халықты даярлау және қайта даярлау, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, әлеуметтік жұмыс орындарын құру, бос орындар жәрмеңкелерін өткізу, жастар мен әйелдерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, аға ұрпақ пен мүгедектерге және басқаларға кепілдікті әлеуметтік төлемдерді қамтамасыз ету және әлеуметтік қолдауды көрсету пайдаланылады. Атап айтқанда, 2010 жылдың 1 қаңтарына облыста 18,8 мың жұмыс орны, оның ішінде Жол картасы аясында – 6,0 мың жұмыс орны құрылды. 2011 жылдың қорытындысы бойынша 12,9 мың жұмыс орны құрылды, оның ішінде 6,4 мың – тұрақты (62,8 %).2012 жылдың 1 қаңтарындағы жағыдайы бойынша 18,0 жұмыс орны құрылып, оның 11,3 мыңы тұрақты (62,7 %). Жұмыс іздеп жұмыспен қамту органдарына өтініш жасаған 19529 мың азамат арасынан 2010 жылы 85,7 % немесе 16742 адам жұмысқа орналастырылды, 2596 жұмыссыз, оның ішінде Жол картасы аясында - 1945 адам кәсіптік оқытуға жіберілді. 2011 жылы жұмысқа орналасуға жәрдем сұрап жұмыспен қамту органдарына 9308 адам, олардың ішінен 8398 адам, немесе 90,2 % жұмысқа орналастырылды, кәсіптік даярлыққа жергілікті бюджет есебінен 411 жұмыссыз азамат жіберілді. Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде 2011 жылы жаңадан құрылған Жұмыспен қамту орталықтарына жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен қамтылған және тұрмысы төмен халық санынан 4,7 мың адамға жуық өтініш жасаған, олардың ішінде 2,3 мыңы Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының іс-шараларымен қамтылған. 2012 жылдың 11 айы ішінде жұмыспен қамту органдарына 7652 адам өтініш жасап, олардың ішінен 6437 адам жұмысқа орналастырылды, немесе 84,1 %, 320 жұмыссыз азаматтарды жергілікті бюджет есебінен кәсіби оқуға жіберілді 2012 жылдың 11 айы шеңберінде жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде жаңадан ашылған жұмыспен қамту Орталықтарына 4,6 мыңға жуық адам жұмыссыздар , өздігінен жұмысы бар және күнкөрісі төмен тұрғындардан, оның 4,1 мыңы Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы іс-шараларымен қамтылған. 2010 жылы ішінде жұмысқа орналасуға жәрдем сұрап жұмыспен қамту органдарына 10356 әйел өтініш жасады, олардың ішінен 8710 адам жұмысқа орналастырылды. Қоғамдық жұмыстарға қатысқандар - 3503 әйел, кәсіптік даярлық пен қайта даярлаудан өткен – 1237 адам. 2011 жылы әлеуметтік көмек іс-шараларымен өңірлік жұмыспен қамту шеңберінде 7885 әйел қамтылды, 1049 Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының іс-шараларымен қамтылды. 2012 жылдың 11 айы ішінде әлеуметтік қорғау іс-шаралары барысында аумақтық жұмыспен қамту шеңберінде 7110 әйелдерді қамтыса, Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы бойынша 1839 әйелдерді қамтыды. Қоғамдық жұмыстарға 2010 жылы 4,9 мың жұмыссыз азамат, 2011 жылы 4,5 мыңға жуық , ал 2012 дылдың 11 айы ішінде 4,7 мыңға жуық адамдар қатысты. Жергілікті бюджет есебінен әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар практикасына 2010 жылы 0,5 мың жұмыссыз азамат, 2011 жылы жергілікті бюджеттің есебінен әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар практикасына 1,1 мыңға жуық адам орналастырылды. Одан басқа Жол картасы шеңберінде 2010 жылы әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар практикасына 7,1 адам орналастырылды, 2011 жылы Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына 1,0 мың адам орналастырылды, Бизнестің Жол картасы 2020 шеңберінде жастар практикасына шағын және орта бизнестің кәсіпорындарына 468 адам жіберілді. 2012 жылғы 1 желтоқсанға жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттің есебінен әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар практикасына 1,6 мың адам, ал жастар практикасына 0,8 мың адам орналасты. 2011 жылдың қорытындысы бойынша жұмыспен қамту органдарында 1127 жұмыссыз азамат есепте тұр, оның ішінде 836 адам немесе 74,20 % әйелдер, 189 адам немесе 16,8 % - жастар. Бос орындар жәрмеңкелерін өткізу, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге және жұмыссыздарды жұмысқа орналастырылуын жақсартуға ықпал етеді. 2010 жылдың 12 айы ішінде облыс аймақтарында бос орындардың 34 жәрмеңкесі өткізілді. Оларға 204 ұйым мен кәсіпорын қатысты. 2929 адам бос орындар жәрмеңкелеріне қатысты, олардың ішінен 908 адам өздерінің жұмысқа орналасу мәселесін шеше алды. Бос орындар жәрмеңкелерін өткізу барысында 2158 адам еңбек заңнамасының әр түрлі мәселелері бойынша консультациялар алды. 2011 жылы 3548 адам қатысқан 37 бос орындар жәрмеңкесі өткізілді. Нәтижесінде 836 адам жұмысқа орналастырылды, 2497 адам консультация алды. 2012 жылдың басынан бастап облыста 4266 адам қатысқан 28 бос орын жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңке қорытындысы бойынша -654 адам жұмысқа тұрып, 2307 адам кеңес алды. Өңірлік жұмыспен қамту, Жол картасы, Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы, Бизнестің жол картасы 2020 іс-шараларының шеңберінде облысымызда жалпы жұмыссыздықтың деңгейі 2009 жылдың 6,3 %-нан 2011 жылғы үшінші тоқсанның қорытындылары бойынша 5,4 %-ға дейін, 2012 жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша 5,2 % ға дейін. Әйелдердің жұмыссыздық деңгейі – 6,9 %- ға дейін 2009 жылы, ал 2012 жылдың 3 тоқсанында 6,2 % ға дейін болды. Жастар жұмыссыздық деңгейі – 5,1 %-дан 4,7 %- ға дейін төмендеді. Тиісінше халықты жұмыспен қамту деңгейі өсті (2009 жылы ол 93,7 % құрды, 2011 жылғы – 94,6 %, 2012 жылы – 94,8 %. Облыстың жұмыс берушілері тартатын шетел азаматтарының саны мардымсыз. 2010 жылы 18 шетел азаматын тартуға жұмыс берушілерге рұқсаттар берілді, оның ішінде бірінші және екінші санат бойынша – 14, үшінші санат бойынша, яғни білікті жұмысшылар - 4. 2012 жылғы 1 қаңтарына облыстың 9 кәсіпорнында рұқсат бойынша 89 адам жұмыс істейді, оның ішінде бірінші санат бойынша – 6 адам (бір уақытта құрылтайшылар – 3 адам), екінші санат бойынша – 14 адам, үшінші санат бойынша – 71 адам. 2012 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша 7 жұмыс беруші 19 шет ел азаматтарын тартып, оның ішінде 5 рұқсат бойынша (бірінші категория бойынша – 1 адам (құрылтайшы), екінші және үшінші категория бойынша – 4 адам). 14 адам - 2011 жылғы 27 маусымдағы № 442-.Қазақстан Республикасының Занымен бекітілген көшіп-қонушы еңбеккерлер және олардың жанұя мүшелері құқықтық мәртебесі жөніндегі Келісімнің қатысушылары болып саналатын азаматтар рұқсатсыз жұмыс істейді.(Россия Федерациясы – 13, Белоруссия – 1) ^ 1.2. Негізгі мәселелерді талдау Облыстың еңбек рыногында жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысы теңгерімсіздігінің мәселесі өткір күйінде қалуда. Жұмыс берушілер мәлімдеген бос жұмыс орындарының жеткілікті санымен қажетті кәсіптер мен мамандықтардың өкілдері жоқ. Мысалы, медициналық қызметкерлерге (дәрігерлер, медбибілер, фельдшерлер) деген қажеттілік болса да жұмыссыз азаматтар арасынан ұсыныстар жоқ. Бұдан басқа, қажетті бос орындар бар болған жағдайда, жұмыссыз азаматтар біліктілігі бойынша жұмыс берушілердің талаптарына (разрядтың, белгілі дағдылардың, жұмыс тәжірибесінің және т.б. болуы) сай келмейді. Сонымен қатар, жыныстық белгілері бойынша сұраныс пен ұсыныстың сай келмеу себебі бойынша қиындықтар пайда болады, өйткені жұмыспен қамту органдарының тіркеуінде негізінен әйелдер тұр, ал жұмыс берушілер негізінен «ерлер мамандықтары» бойынша бос орындарға өтінім береді. ^ 1.3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау Ішкі факторлар. Халықты тиімді жұмыспен қамтуға жылдамдатылған индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру аясында құрылатын жаңа жұмыс орындары себепші болады, жұмыс күшінің сапасын арттыру бойынша жұмысты жалғастыру, кадрларға деген экономиканың болжамды қажеттілігін анықтау, еңбек рыногында сұраныстың өзгерістерін айқындау және қадағалау, өз бетімен жұмыспен қамтылған азаматтардың кәсіпкерлік саласына ауысуы үшін жағдайлар жасау. Еңбек рыногының дамуына ықпал ететін сыртқы факторлар мыналар болып табылады: халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша заңнамалық базаны жақсарту, шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелерінде ішкі еңбек рыногын реттеу, төмен білікті шетел жұмысшылары мен мамандарын әкелуге жол бермеу. Осындай жағдайда халықты жұмыспен қамту тиімділігін қамтамасыз ету, Басқарма қызметінің орташа мерзімдік перспективаға бірінші стратегиялық бағыты болып табылады. 2-стратегиялық бағыт. Мүгедектерді, қарт азаматтарды және қиын тұрмыстық жағдайға тап болған азаматтарды әлеуметтік қолдау және өмір сүру сапасын жақсарту . Дамыту саласының негізгі параметрлері «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын іске асыру, қиын тұрмыстық жағдайға тап болған азаматтардың әлеуметтік қорғауын қамтамасыз ету, тіршілік ету және қоғамға біріктіру үшін оларға тең мүмкіндіктер жасау мақсатында оларды қолдау және өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жұмыс жүргізіледі. Тиісті қаржы жылына мәлімделген қажеттіліктерге сәйкес мүгедектерді есту-протезімен, протездік-ортопедиялық көмекпен, сурдо-тифлоқұралдармен, кресло-арбалармен, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету жүзеге асырылады. 2012 жылғы 1 желтоқсанға мүгедектер саны 22671 адам құрды, оның ішінде 20615 мүгедек бала. 2010 жылы 50,1 миллион теңге сомасына Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектігі бар тұлғаларға – 1119 мүгедекке, 2011 жылы – 53,7 миллион теңге сомасына 1220-дан астам мүгедекке протездік-ортопедиялық көмек көрсетілді. Өткен жылмен салыстырғанда бұйымдардың жалпы саны 9 %-ға өсті, 2011 жылмен салыстырғанда 4 %-ға кеміді. 2011 жылы 166 есту апаратын құруға облыстық бюджеттен 2,5 млн. теңге пайдаланылды. 2012 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша бұл сома 56 % ға өсіп, 3,9 млн. теңгені құрады,мүгедектер 238 есту апаратымен қамтамасыз етілді. Орташа алғанда жыл сайын 700-ге жуық мүгедек жеке оңалту бағдарламасына сәйкес тифлотехникалық және сурдотехникалық бұйымдармен, 140 мүгедек арнаулы жүріп-тұру құралдарымен (кресло-арбалармен) қамтамасыз етіледі.Осылай 2011 жылы есту және көру бойынша мүгедектерге 651 бірлік сурдо және тифлотехникалық құралдары берілсе, тірек-қозғаушы апарат жүйесі бұзылған мүгедектер 189 кресло-арбамен қамтамасыз етілді. 2012 жылдың 1 желтоқсанына мүгедектерге көрсетілген оңалту құралдарының 865 бірлігінде саны жеткізілді. Оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес 2000 ға жуық мүгедектер жыл сайын санаторлық-курорттық сауықтырудан өтуге мүмкіндік алады, ал 2010 жылдан бастап осындай мүмкіндікті Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен жеңілдіктеріаен кепілдемелері бойынша оларға теңестірілгендер алып отыр. Солай, 2010 жылы 2083 адам санаторлық-курорттық емделуден өтті, осы мақсаттарға облыстық бюджетте 118,1 млн. теңге көзделген. 2011 жылы 2228 адамға санаторлық-курорттық емделу бойынша қызметтерді көрсетуге 126,1 млн. теңге көзделген, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары, жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан соғыс ардагерлеріне теңестірілген мүгедектер мен мүгедек балалар, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7 %-ға көбірек. 2012 жылдың 1 желтоқсанына осы қызметтер 1974 адамға көрсетілді. 2010 жылы облыстық бюджеттен 8,4 миллион теңге жалпы сомасына оқуға төлем жасауға 96 мүгедек студентке әлеуметтік көмек көрсетілді. 2011 жылы осы іс-шараларды жүзеге асыруға 149 мүгедек студентке әлеуметтік көмек көрсетуге 16,6 миллион теңге бөлінді, 2012 жылғы 1 желтоқсанға 126 мүгедек студентке сомасы 16,1 млн. теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді. 2010 жылғы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында Қостанай облыстық ұйымы - «Саңыраулардың қазақ қоғамы» қоғамдық бірлестігінің филиалы және «Зағиптардың қазақ қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Қостанай облыстық ұйымы» филиалы негізінде көру бойынша 132 мүгедекті және есту бойынша 177 мүгедекті әлеуметтік оңалту бойынша жұмыс жүргізілді, сондай-ақ 4,1 миллион теңге жалпы сомасына «Үміт-Надежда» тірек-қозғалыс жүйесінің қызметі бұзылған мүгедектерді ақпараттық қолдау бойынша 16 іс-шара және қоғамдық бірлестік («Радуга» ҚБ) мүгедек балалардың аналарын ақпараттық қолдау бойынша 30 іс-шара өткізу ұйымдастырылды. 2011 жылы бұл жұмыс жалғастырылды, осы мақсаттарға облыс бюджетінен 5,7 млн. теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 39 %-ға көбірек. Ағымдағы жылы мүгедектер үшін әлеуметтік-құқықтық көмектесу мен жұмысқа орналасуға қолдау және кресло-арбаларды жөндеу бойынша қызмет көрсетілді, сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін «Мир без границ» облыстық шығармашылық фестивалі ұйымдастырылды. 2012 жылы Ынтымақтастық үкіметтік емес ұйымдармен жалғасты. 2012 жылдың 11 айы ішінде қоғамдық бірлестіктермен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар аясында қоғамға әлеуметтік бағыттау және қоғамның позитивті қатынасын қалыптастыруға бағытталған 7 әлеуметтік енгізілген жобаға мүгедектер мәселесіне 3,7 млн. теңге сомасы бөлінді. Жалпы алғанда соңғы жылдары мүгедектерді әлеуметтік қолдауға бағытталған бағдарламаларды бюджеттен қаржыландыру көлемінің өсу серпінділігі байқалады. Сонымен, 2011 жылы мүгедектерді әлеуметтік қолдауға бағытталған іс-шараларды қаржыландыру көлемдері өткен жылмен салыстырғанда 19 %-ға өсті. 2012 жылдың 11 айы ішінде мүгедектерді әлеуметтік қолдауға бағытталған, іс-шараларды қаржыландыру көлемі 2011 жылмен салыстырғанда 19,5 % ға өсті. Әлеуметтік саясаттың басты міндеті арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету жүйесін дамыту, сондай-ақ қиын тұрмыстық жағдайға тап болған тұлғаларға сапалы қызмет көрсетуді арттыру бойынша шаралар қабылдау болып табылады. 2012 жылғы 1 қаңтарға арнайы әлеуметтік көрсетілген : 1691 адам тұратын 11 медициналық-әлеуметтік мекемесінде, соның ішінде 19 мүгедек бала және психоневрологиялық сырқатымен ауратын 11 мүгедек барып жүрген күндізгі болу бөлімшелерінде; сауығудан 1981 мүгедек өткен, Қостанай және Жітіқара қалаларында орналасқан 2 оңалту орталықтарына; әлеуметтік қызмет көрсетілумен 2755 адам қамтылған, соның ішінде 2155 қарт, 143 мүгедек, 403 мүгедек бала және 18 жастан асқан психоневрологиялық сырқатымен ауратын 54 адам, аудан және қала әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері жанындағы 26 әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшелерінде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетулер ұсынылады; республикалық бюджет есебінен сомасы 54,9 млн. теңгеге 78 мүгедек бала үшін Арқалық, Лисаков, Рудный және Жітіқара қалалары жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің базасында психоневрологиялық патологиялары бар мүгедек балаларға арналған күндізгі бөлімшелері ашылды; «Қостанай қалалық мүгедектердің ерікті қоғамы» ҚБ мемлекеттік емес сектордағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде республикалық бюджет есебінен сомасы 5,3 млн. теңгеге жартылай стационар және үйдегі қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша қызметті іске асырады, ол жерде күндізі болу бөлімшесіне психоневрологиялық патологиясы бар 15 мүгедек бала барады және үйдегі қызмет көрсету жағдайында әлеуметтік қызметпен 1 және 2- топтың 10 мүгедегі қамтылған. 2012 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша облыс аймағында көрсетілетін арнайы әлеуметтік қызметтер: 1638 адам тұратын 11 медициналық-әлеуметтік мекеме, оның күндізгі келу бөліміне 20 мүгедек балалар және 10 психоневрологиялық аурумен ауыратын мүгедектер келіп тұрады; 2 оңалту орталығы, 1757 мүгедек сауықтырудан өткен Қостанай, Жітіқара қараларында орналасқан; Еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар аудандық және қалалық әкімдіктердің жанындағы бөлімдерде 26 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімдерінде әлеуметтік қызмет көрсетумен 2795 адамды қамтиды, оның ішінде 2245 қарттар, 120 мүгедек, 344 мүгедек балалар және 18 жастан асқан психоневрологиялық аурумен ауыратын 86 мүгедек. 2012 жылға медициналық-әлеуметтік ұйымдардың бюджеті 1853,3 млн. теңгені құрайды, былтырғы жылмен салыстырғанда 3,9 % ға көп (1780,1 млн. тенге), оның ішінде медициналық-әлеуметтік мекемелерді ұстау үшін- 1683,3 млн. теңге, оңалту орталықтарында мүгедектерді оңалту бойынша іс-шараларға – 170,0 млн. теңге. Арқалық, Лисаковск, Рудный және Жітіқара қалаларының еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері негізінде психоневрологиялық потологиясымен ауыратын мүгедек балаларға арналған күндізгі келу бөліміне Республикалық бюджет қаражаты есебінен 26,5 млн. теңге сомасында 96 келіп жүретін мүгедек балаларға бөлінді. БҰ «Үміт-Надежда» үкіметтік емес сектордағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар шеңберінде арнайы көмек көрсетеді: 14 бала келіп жүретін мүгедек балаларға арналған күндізгі келу бөлімі және 10 мүгедек орналасқан тірек қозғалғыш апараты бұзылған мүгедектер үшін күндізгі келу бөлімі; БҰ «Қостанай қалалық ерікті мүгедектер қоғамы» 1 және 2 топтағы 31 мүгедекке қызмет көрсететін үйде қызмет көрсету және қарт тұлғалар. Осы мақсатта республикалық бюджеттен 8,0 млн. теңге бөлінді. Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің өткізген реформасының шеңберінде әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінде «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалуы облыста арнайы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттары кезең-кезеңмен енгізіліп, халықты әлеуметтік қорғау аясында: 2009 жылы психоневрологиялық ауруымен ауратын балалар үшін; 2010 жылы психоневрологиялық интернаттардағы жобалық қуаттылық 817 койко-орындықтан 905 койко-орындыққа дейін көбейтілген, 18 жастан асқан психоневрологиялық паталогиялары бар азаматтар үшін. Қостанай психоневрологиялық интернат үйінің және Рудный психоневрологиялық интернат үйінің базасында 10 орындық жобалық қуаттылығындағы және психоневрологиялық паталогиялары бар мүгедек балаларға арналған 20 орындық жобалық қуаттылығындағы Қостанай балалар психоневрологиялық интернат үйінің базасында 18 жастан асқан азаматтарға арнап алғашқы рет күндіз болу бөлімшелері ашылды. 2011 жылы, қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат үйлерінде халықты әлеуметтік қорғау саласында Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарының енгізілуі басталды, ондағы жобалық алымдылық 607 керует-орыннан 635 керует-орынға дейін көбейтілді. 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қостанай және Рудный қалаларындағы тұрғылықты орны анықталмаған тұлғалар үшін 2 әлеуметтік машықтандыру орталықтарына уақытша келу жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтер стандарты енгізілді, сондай-ақ Рудный қаласында әлеуметтік машықтандыру орталықтарында түнгі келу бөлімі ашылды. Берілген Стандарттар шеңберінде 1207 тұлғаға қызметтер көрсетіліп, осыған республикалық бюджеттен 28,2 млн. теңге бөлінді. ^ Негізгі проблемаларды талдау Мүгедектердің еңбекке деген құқықтарын іске асыру тетігінің жоқтығы мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында маңызды проблемалардың бірі болып табылады, протездік-ортопедиялық және есту-протездік көмек көрсету бойынша қызметтерді уақытылы көрсетуде мүгедектердің қажеттілігі толығымен қанағаттандырылмайды. Қызметтердің осы түрлерін көрсету мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу мерзіміне тоқтатылады, бұл мүгедектер тарапынан наразылық тудырады. Осы проблеманы шешу протездік-ортопедиялық және есту-протездік көмекті көрсету бойынша қызметтерді Мемлекеттік сатып алу Заңының нормаларын қолданбай жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу тізбесіне кіргізу болып табылады. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету жүйесін кеңейту бойынша қабылданған шараларға қарамастан, арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетудің қол жетімділігін кеңейту және сапасын арттыру әлеуметтік қорғаудың негізгі міндеттері болып табылады. Қазіргі уақытта қолданылатын әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі мемлекеттік қатысудың басымдылығымен сипатталады, бұл өз кезегінде көрсетілетін қызметтердің қол жетімділігіне және сапасына ықпал етеді, жеке сектордың дамымағанына байланысты қызметтерді алушыларда қызметтерді жеткізушіні таңдау құқығы жоқ. Осыған орай арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетудің баламалы түрлерін және жеке сектор арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету рыногын дамыту қажет. ^ 2.3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау Әлеуметтік саланың дамуына ықпал ететін ішкі факторлар – арнаулы әлеуметтік қызметтерді, негізінен ауылдық жерде тікелей көрсететін білікті кадрлардың жетіспеушілігі болып табылады. Осыған орай әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттыру қажет. ^ Сыртқы факторлар. Әлеуметтік қамсыздандыруға мұқтаж мүгедектердің саны жыл сайын өседі. Тұрғылықты жері бойынша азаматтарды қызметтермен қамтамасыз ету және арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетудің енгізілетін стандарттарына сәйкес көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі адамдарға тең мүмкіндіктер беру өзекті міндеттерінің бірі болып табылады. Осыған орай арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету бойынша жеке сектордың қызметін белсендіру қажет. Әлеуметтік көмек көрсету жүйесінде әрі қарайғы өзгерістер қажеттілігі екінші стратегиялық бағытты таңдауға себепші болды - мүгедектерді, қарт азаматтарды және қиын тұрмыстық жағдайға тап болған азаматтарды әлеуметтік қолдау және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шараларды іске асыру. 3-стратегиялық бағыт. Белгіленген табалдырықты деңгейден төмен табыстары бар халықтың әлсіз жіктеріне әлеуметтік көмек көрсету 3.1. Саланы дамытудың негізгі параметрлері Елбасының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын іске асыру аясында, облыста халықтың әлеуметтік әлсіз жіктерін қолдау бойынша жұмыс жүргізледі. 2010 жылдың бюджетінде негізгі әлеуметтік төлемдерге 1,3 млрд. теңге жоспарланды. 2011 жылдың 1 қаңтарына негізгі әлеуметтік төлемдер (мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған балалар жәрдемақылары) бойынша бюджеттің шығыстары 1,3 млрд. теңгені құрады. 2011 жылдың бюджетінде негізгі әлеуметтік төлемдерге 0,9 млрд. теңге жоспарланды. 2011 жылдың 1 желтоқсанына негізгі әлеуметтік төлемдер (мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған балалар жәрдемақылары) бойынша бюджеттің шығыстары 0,7 млрд. теңгені құрады. 2011 жылдың қорытындысы бойынша жан басына шаққандағы табысы кедейлік деңгейінен төмен 7669 тұрмысы төмен азаматтарға 183,3 млн. теңге сомасына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі тағайындалды. Осы жәрдемақы түрін алушылардың саны өткен жылдың ұқсас мерзіміне қарай 19,1 %-ға немесе 1808 адамға (2010 жыл – 9477 алушы) азайды. 2010 жылмен (177,8 млн. теңге) салыстырғанда өскенін жалпы сомасы 5,5 млн. теңге. Жұмыспен қамтудың белсенді түрлерін пайдалану есебінен атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішінде жұмыссыз азаматтардың саны азайды. Сонымен, есеп беру мерзімі ішінде жұмыссыз азаматтардың үлесі 7,1 % құрады, бұл өткен жылдың салыстырмалы мерзімінен (2010 жыл – 9,7 %) 2,6 пайыздық тармаққа азырақ. 2012 жылдың бірінші желтоқсанындағы мемлекеттік атаулы көмек 5574 тұрмысы төмен азаматтарға арналған жан басына шаққандағы табыс кедейлік шегінен төмендерге 121,7 млн. теңге. Комектің осы түрін алатындар саны өткен жылмен салыстырғанда 26,7 % ға немесе 2029 адамға (2011 жыл -7603 алушылар) азайды. 2011 жылмен салыстырғанда (168,2 млн. теңге) жалпы арналған сомалар 46,5 млн. теңгеге азайды.атаулы әлеуметтік көмек алатындардың санында жұмысқа орналастырудың активті түрін пайдалану есебінен жұмысшы азаматтар саны азайды. Осылай есеп беру кезеңінде жұмыссыздар үлесі 5,0 % ды құрап , 2,2 пайыздық тармаққа өткен жылғы кезеңге қарағанда кеміді (2011 жыл - 7,2 %). 18 жасқа дейінгі балалары бар тұрмысы төмен отбасылардың табысын көбейту мақсатында айлық жан басына шаққандағы орташа табысы азық-түлік себеті құнынан төмен отбасыларға тағайындалады. Бір балаға жәрдемақы бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде тағайындалады. 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға жәрдемақылар 2011 жылға 487,1 млн. теңге жалпы сомасына 38390 балаға тағайындалған. 2010 жылмен салыстырғанда (529,0 млн. теңге) балалар жәрдемақыларының жалпы сомасы 41,9 млн теңге сомасына азайды. 2012 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша 18 ге толмаған балалары бар жанұялар үшін 29298 балалар үшін жалпы сомасы 371,2 млн. теңге. 2011 жылмен салыстырғанда (450,3 млн. теңге) балалар жәрдем ақысының жалпы сомасы 79,1 млн. теңгеге азайды. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем жасауға шығыстардың рұқсат етілетін үлесі отбасының жиынтық табысына қарай 15 % артатын тұрмысы төмен отбасыларға тұрғын үй көмегі төленеді. 2011 жылдың қорытындысы бойынша тұрғын үй жәрдемақыларымен 295,7 млн. теңге жалпы сомасына (2010 жыл 551,5 млн. теңге сомасына 26870 отбасына) 16839 отбасы қамтылды. Отбасылар саны 10031-ге және 255,8 млн. теңге сомасына азайды, бұл өткен жылдың ұқсас мерзіміне қарай 46,4 % құрады. Халықтың әлеуметтік қорғайтын қабатынматериялдыжағынан жақсарту мақсатында коммунальдық қызметтерді тұтыну және тұрғын үйдісақтау үшін төленетін шығындардың шекті мүмкіндігі 2012 жылы 15 % дан 10 ға дейін төмендеді. Осылай 2012 жылдың 1 желтоқсанына дейінгі жағдай бойынша тұрғын үй көмегі 12674 жанұяға жалпы сомасы 228,7 млн. теңге тағайындалған (2011жыл 1 желтоқсан - 16792 жанұяға 253,0 млн.теңге). Жанұялар саны 4118 ге азайып, сомасы 24,3 млн. теңгеге төмеп, 90,4 % ға өткен жылмен салытырғанда құрады. Жергілікті бюджет және бизнес құрылымдар қаражатынан тұрмысы төмен азаматтарды әлеуметтік қолдаудың қосымша түрлерін көрсету бойынша жұмыс жүргізіледі. 2011 жылдың қорытындысы бойынша 33,2 млн. теңге сомасына (2010 ж. – 47,9 млн. теңге сомасына 4040 адам) 3229 адам тегін тамақтандыруды алды. 2012 жалдың 11 айы ішінде тегін тамақтарды 2338 адам 28,2 млн. теңге сомасында алды(2011ж – 3155 адам 29,6 млн, теңге сомасына) 2011 жыл 3174 тұрмысы төмен азаматтарға 21,5 млн теңге қайырымдылық көмегі көрсетілді(2010 жыл – 4215 алушылар 30,4 млн. теңге сомасына). 1 желтоқсандағы жағыдайға қарай 2396 тұрмысы төмен азаматтарға 17,9 млн. теңге қайырымдылық көмегі көрсетілді.(2011жыл - 2869 алушыларға 18,5 млн. теңге сомасы). Көмек заттай және қаржылай түрде тұрмыстық қажеттілік үшін көрсетілді. 2011 жылы басқада нақты іс-шаралар бойынша 1746 адамды 19,1 млн. теңгеге қамтыды(2010 жыл - 4829 адамға 50,7 млн. теңге). 2012 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдайға байланысты басқада нақты іс-шаралар бойынша 1059 адамды қамтып, 12,2 млн. теңгені құрады( 2011жыл – 1586 адам 15,8 млн. теңге сомасына). 2011 жылдың қорытындысы бойынша жмысқа тұрған тұрмысы төмен азаматтар саны 381 адам, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орны – 80 адам, қоғамдық жұмыстарға жолданғандар саны 437 адамды құрады. 2012 жылдың 11 айы ішінде жұмысқа тұрғызылған тұрмысы төмен азаматтар саны 200 адам, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына - 39 адам, қоғамдық жұмыстарға 314 адам жіберілді. Облыс аймақтарындағы жұмыссыздарды өз еркімен жұмысқа орналасуды дамыту мақсатында қосалқы шаруашылықтары бар ұйымдарға әлеуметтік көмек көрсетіледі.Қайырымдылық көмек тұқым, азықтық және үй құстары, малдары үшін астық қалдықтары түрінде, ірі қара және құстарды алуға ақшалай немесе заттай түрде көмектер көрсетілді. 2011 жылы ішінде 162 жанұя 2,4 млн. теңге сомасында көмек алды. 2012 жылдың 1 желтақсанындағы жағдай бойынша 69 жанұя 1,3 млн. теңге сомасында көмектің осы түрін алды. 2012 жылдың 1 қаңтарында барлық қаржы көздерінен көрсетілген көмек сомасы бір тұрмысы төмен жанға 36878 теңгені құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен 2529,2 теңгеге көп болды (34348,8 теңге). 2012 жылдың 1 желтоқсанында барлық қаржы көздерінен көрсетілген көмек сомасы бір тұрмысы төмен жанға 32574,2 теңгені құрап, ол өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 757,1 теңгеге төмен (33331,3 теңге). 2012 жылдың 1 қаңтарына жағыдайы төмен тұрғындардың саны 5899 адамды құрап, (1716 жанұя) 2311 (28,1%) адамға 2010 жылдың (82100 адам 2324 жанұяға) көрсеткішінен төмен. 2012 жылдың 1 желтоқсанына тұрмысы төмендер саны 4587 адамды (1402 жанұя) құрап, 1337(22,6 %) алушыларға 2011жыл көрсеткішінен кем болды(5924 адам 1713 жанұяға). Осыдан басқа облыстың дәріхана мекендерімен дәріханаларында азаматтардың жеке категориялары бойынша дәрі-дәрмектік препораттар 15 жеңілдікпен өткізілді. Негізгі тауарлар мен азық-түліктерді өткізетін 25 әлеуметтік дүкендер және 94 сауда орындары 10-15 % ға база бағасынан төмен бағаға жұмыс істейді. 2011 жылы 4494 адамға қызмет көрсетілді.2012 жылдың 11 айы ішінде 2249 адамға қызмет көрсетілді. Кедейлік деңгейін төмендету бойынша өткен іс-шаралар жалпы қорытындысында, оның деңгейі 2012 жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша 0,7 % ды құрады (2010жыл - 0,9 %). 2012 жылдың 1 желтоқсанына - 0,5 %. Облыс тұрғындары кірістерінің өсуі аясында ең төменгі күнкөріс деңгейі төмен тұрғындардың үлесі азайғаны байқалады,2011 жылғы көрсеткіш 4,6 % құрады, 2012 жылдың үшінші тоқсанында – 3,3 % (соңғы статистикалық көрсеткіштер бойынша). ^ 3.2. Негізгі проблемаларды талдау Халықты әлеуметтік қолдау жүйесін ұйымдастыруда өзгерістерге қарамастан, ол жетіспеушіліктер мен проблемалардың бір қатарына орай әрқашан тиімді болмайды, олардың бірі ұзақ уақыттан бері жұмыссыз болғанына орай толық немесе ішінара біліктілігін жоғалтқан тұлғалардың басымдығы болып табылады. Оқу орындарын бітірушілердің және біліктілігі төмен, ұзақ уақыт бойы жұмыс істемеген тұлғалардың еңбек рыногында талап етілмеуі және бәсекеге қабілетті еместігі жұмыссыздық себептерінің бірі болып табылады. Жыныстық-жастық, кәсіби және біліктілік тұрғысында сұраныс пен ұсыныстың сапалық сипаттамаларының айырмашылығы да зейнеталды жасындағы адамдардың, әсіресе әйелдердің жағдайын қиындатады. Әлеуметтік көмек алушыларда отбасының жағдайы, табыстары және шығыстары туралы дұрыс мәліметтерді беруінен басқа мемлекет алдында басқа міндеттемелері жоқ. Өзара міндеттемелердің жоқтығы және көмекті шартсыз беру тәртібі еңбекке деген ынтаны жоғалтуға және арқа сүйеушілік идеологияның пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін. Ең төменгі рұқсат етілетін деңгейде қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған әлеуметтік көмектің жекеленген түрлері бірін-бірі толықтырушы болып табылмайды, бұл әлеуметтік қолдау түрлерінің жүйелігі мен оңтайландыруына қайшы келеді. Әлеуметтік көмектің көлемі мен түрлерінде маңызды өңірлік саралау орын алады. Бір қатар жағдайларда халықтың жекелеген әлеуметтік әлсіз санаттары бірдей әлеуметтік бағыттағы бірнеше жәрдемақылардың (РБ-тен және жергілікті бюджет қаражаты есебінен жергілікті атқарушы органы шешімі бойынша) алушылары болады. ^ 3.3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау Ішкі факторлар. Облыстағы әлеуметтік-демографиялық процестердің талдауы өндірісті дамыту деңгейі, төлемге қабілетті сұраныс, демографиялық ахуал, жұмыссыздықтың болуы, инфляция сияқты факторлардың өмір сүру деңгейінің әсеріне көрсетеді. Облыста табыстардың және сатып алу қабілетінің өсу серпінділігі республика аймақтарына қарағанда төменірек, осыған орай Қостанай облысы үшін кедейлік проблемасы өзекті болып қалуда. Кедейлік деңгейі соңғы бірнеше жыл ішінде төмендеп келсе де, оның үлестік салмағы әлі де жоғары болып қалуда. Халықтың өмір сүру деңгейін төмендетуге әсер ететін жоғарыда аталған факторларды есепке ала отырып, 2015 жылға дейінгі облыстың әлеуметтік саясаты: жұмысқа орналастыру арқылы жұмыспен қамту саясатының белсенді шараларын кеңінен пайдалануына, қоғамдық жұмыстарды дамытуына, жұмыссыздардың кәсіби оқытуына, өз бетімен жұмыспен қамтуын дамытуына; халықтың тұрмысы төмен жіктерін әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етуіне; кедейлікті төмендету бойынша жұмысқа билік органдарының және мемлекеттік емес ұйымдарының үйлестірілген іс-әрекеттеріне; бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға бағытталады. ^ Сыртқы факторлар. Мемлекет өткізетін экономикалық реформалар, біріншіден бағалардың өсуі, қаржы дағдарысы адамдардың болашақта тұтыну негізі, ертеңгі күнге деген сенімділік ретіндегі жинаған ақшаларынан айырды. Өмір сүру деңгейінің төмендеуі жұмыс істейтін халық арасында да кеңінен таралады. Өндірістің тұрып қалуына байланысты қызметкерлерді қысқарту, ішінара жұмыспен қамтуға жіберу, кедейлікті және жұмыссыздықты көбейтуге әкеп соқтыруы мүмкін. Осыған орай, әлеуметтік көмек көрсету жүйесінде әрі қарайғы өзгерістер қажеттілігі үшінші стратегиялық бағытты таңдауға себепші болды – белгіленген табалдырықты деңгейден төмен табыстары бар халықтың әлсіз жіктеріне әлеуметтік көмек көрсету. 1 2 3 4 5 Похожие: «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі... Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысы 2012 жылғы 28 мамыр №453 Қызылорда облысының жұмыспен «Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға... Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысы 2012 жылғы 6 тамыз №526 Қызылорда облысының «Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға... «Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Миссиясы Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) – бұл облыстың әлеуметтік-экономикалық... Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары 2011-2015 жылдарға арналған «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары Жұмыспен қамтуды катамасыз ету, жұмыссыздар санын қысқарту, әлеуметтік жұмыс орындарын ашу, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды...
📢 ҚР Білім және ғылым министрлігі барлық облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында Балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерін күшейтті. 📅 2020 жылдың қаңтарынан бастап әр өңірдегі балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерін ҚР БҒМ жанындағы Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттері директорларының орынбасарлары үйлестіруде. 📌 Директор орынбасарларының негізгі міндеттері балалар мен ата-аналарға құқықтық жұмыстар жүргізу, балаларға арналған ұйымдарға бару, олардың қызметіне мониторинг жүргізу, бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша үкіметтік емес және мемлекеттік ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау болып табылады. 📌 Бекітілген лауазымды адамдар жергілікті жерлерде білім беру және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Орта білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда Қамқоршылық кеңестің отырыстарына қатысып, белсенді түрде Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинмен, Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен өзара әрекет жасайды. Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға көмектеседі, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиялардың құрамына кіреді. 📌 Балалардың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда Департамент директорларының орынбасарларына жүгінуге болады. 📌 Төменде еліміздің барлық өңірлеріндегі білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттері директорлары орынбасарларының байланыс телефондары көрсетілген.⤵️ 🔸 Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету бойынша аумақтық департамент басшылары орынбасарларының тізімі.✅
Жұмыс жобасы құрылыс объектісі туралы қажетті ақпаратты қамтитын мемлекеттік нормаларға, ережелер мен стандарттарға сәйкес әзірленген жұмыс сызбаларының және мәтіндік құжаттардың жиынтығы және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу үшін негіз болып табылады. Жұмыс жобасының негізі сәулет және дизайн сызбалары мен есептеулерімен нақтыланған және толықтырылған эскиздік жобаның сәулеттік-жоспарлау шешімдері болып табылады. Сәулет-конструктивтік шешімдерден басқа жобаға жылыту және желдету, сумен жабдықтау және кәріз, электрмен жабдықтау, әлсіз токты желілер, құрылыс учаскесін инженерлік дайындау, ішкі және сыртқы алаңішілік желілер бойынша инженерлік шешімдер кіреді. Қажет болған жағдайда газбен жабдықтау, күзет — өрт дабылы және т. б. сияқты бөлімдер әзірленеді. Жұмыс жобасы жобаның барлық бөлімі бойынша ерекшеліктерді (материалдар мен бұйымдардың сандық және сапалық тізбесін) қамтиды, бұл құрылыс сметасын жасауға мүмкіндік береді. ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙДА ЖҰМЫС ҚҰЖАТТАМАСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ: Жалпы түсіндірме жазба Бас жоспар Сәулет-құрылыс бөлігі Инженерлік желілер мен жабдықтар туралы мәліметтер (электрмен жабдықтау жүйесі және байланыс желілері, сумен жабдықтау және кәріз жүйесі, жылыту және желдету жүйесі, газбен жабдықтау жүйесі) Технологиялық шешімдер Қоршаған ортаны қорғау, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мүгедектердің өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету, энергия тиімділігі талаптарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жобасы Құрылысты ұйымдастыру жобасы Сметалық құжаттама Заңнамада көзделген жағдайларда өзге де құжаттама. Жұмыс жобасының құрамы мен мазмұны құрылыс түрінің ерекшелігіне және объектінің мақсатына байланысты жобалау тапсырмасында нақтыланады. Жұмыс құжаттамасына жауапты орындаушылар қол қояды, бейінді мемлекеттік инстанциялармен келісіледі және жоба сараптамадан өтеді. DNT компаниясы жаңа құрылыстың барлық объектісі үшін объектілерді жұмыстық жобалау бойынша жұмыстардың толық кешенін орындайды, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстарды реконструкциялау, жаңғырту және қайта жабдықтау жобасын әзірлейді. Жобаның барлық бөлімі компанияның өз күшімен жасалады, бұл аралас бөлімдердің үйлесімді жұмысына кепілдік береді және жұмыстың сапасы мен жылдамдығын едәуір арттырады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" сериясынан "ABAI. 175 JYL" коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады. Монеталар шығарылымы ақын және ағартушы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орайластырылған, - деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан Республикасында карантин режимінің ұзартылуына байланысты монеталарды сату мерзімі кейінірек хабарланады. Сату күні туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми сайтында қосымша орналастырылатын болады. "ABAI. 175 JYL" монеталарының сипаттамасы: Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген. Елтаңбаның сол және оң жағында "QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY ∙ REPUBLIC OF KAZAKHSTAN" деген жазбалар орналасқан. Айналдыра ұлттық ою-өрнек элементтері бар. Төменгі бөлігінде "TEŃGE" жазбасы және күміс монетада монетаның номиналын білдіретін "500" саны және мельхиор мен нейзильбер монеталарында "100" саны бейнеленген. Монеталардың сырт жағында (реверсінде) Абай Құнанбаевтың мүсіндік портрет бейнесі, күміс және мельхиор монеталарда интерференциялық түрлі-түсті бейнелеу технологиясын қолдана отырып орындалған сия құтысының және қаламұштың стильдендірілген бейнесі орналасқан. Портреттің оң жағында – қазақтың киіз үйі (басқұр) декоры түріндегі ою-өрнек таспасы, оның астында Абай Құнанбаевтың туған жылын, 175 жылдығын мерекелейтін күнді және соғылған жылын білдіретін "1845-2020" деген жазба орналастырылған. Оң жағында - металдың массасын білдіретін "31,1 g" деген жазба бар. Монетаның жоғарғы бөлігінде "175" және "JYL" деген жазба бар. Сол жақ бөлігінде ұлттық ою-өрнек элементі, күміс монетада монета дайындалған металды және оның сынамын білдіретін "Ag 925" деген жазба бар. Монетаның төменгі бөлігінде латын графикасында "ABAI" деген жазба бар. Техникалық өлшемдері: "Рroof" сапалы монеталар 925/1000 сынамды күмістен, массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, номиналы 500 теңгелік, таралымы 1 500 данада дайындалды.
Қазақстан Халық партиясы елдегі дизель отыны нарығында қалыптасқан оғаш жағдайдың мән-жайын анықтамақшы. Шенеуніктердің батыл есептеріне қарамастан, ауыл шаруашылығы тауарын өндіретін отандық өндірушілер үнемі осы өнімнің тапшылығына тап болады. Аграрлық маусымда жетіспейтін отынды Ресейден сатып алуға тура келеді. Мәжілістің пленарлық отырысында сөз сөйлеген ҚХП парламенттік фракциясының жетекшісі Айқын Қоңыров Энергетика министрлігінің дизель отынының күзгі тапшылығын болдырмау үшін мұнай өнімдерінің резервін құру туралы уәдесін еске салды. Шамамен 150 мың тонна сақтау жоспарланған, оның 50 мыңы дизель отыны болуы керек. – Үкіметтің барлық күш-жігеріне қарамастан, дизель отынын жеткізудегі іркіліс жазда басталды, – деп атап өтті ҚХП депутаты. – Бағаның өсуі байқалды, түрлі шектеулер енгізіле бастады. Энергетика министрлігі Ресейден дизель импорты қажет екенін Мәлімдеп отыр. «Самұрық-Қазына» қоры мен «ҚазМұнайГаз» ҰК тиісті келісімшартқа қол қойды, жеткізілетін екі партияның көлемі 100 мың тоннаға дейін жетеді. – Үкімет кезекті рет дизель отыны нарығын жоспарлау мен тұрақтандыру кезінде тиімділіктің жеткіліксіздігін көрсетті, – деді А.Қоңыров. Алайда бірқатар сұрақтар әлі де түсініксіз. Атап айтқанда, уәде етілген резервтер құрылды ма, құрылса қай аймақтарда? Қазақстан ресейлік дизельді қандай шарттармен және кімнің есебінен сатып алады? Сатып алу бастапқыда бір көзден жүзеге асырыла ма, әлде бірнеше балама жеткізушілер қарастырылды ма? Импортталатын көлемдер қалай және қандай принцип бойынша бөлінеді? – Сатып алынатын импорттық дизель отыны қандай қазақстандық тұтынушыларға арналған? – деп сұрады мәжілісмен. – Елімізде мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті баға белгіленген жағдайда өнім қазақстандық тұтынушыларға қандай бағамен сатылады? Баға мәселесі өте маңызды. Ресейлік импорттық отынның тоннасы қазақстандық отынның құнынан шамамен 200-300 мың теңгеге қымбат, демек Қазақстан оны өзіне залал ретінде сатып алады. – Ресей мұнай өнімдерінің ірі партиясын импорттауға байланысты Қазақстан үшін санкциялық және халықаралық бедел салдары ескерілді ме? Бұл Батыс санкциясындағы Ресей Федерациясының мұнай секторын қолдау болып бағаланбай ма? – деді А.Қоңыров.
Алматы облысы әкімінің өкімімен Елеусізова Бота Серікқызы Алматы облысы ішкі саясат басқармасы басшысының лауазымына тағайындалды. Назым Текеспаева 22.11.2022 Ә, кімдер? WhatsAppTelegramFacebookTwitter Бота Серікқызы 1975 жылы туған. 1998 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, 2004 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтын аяқтаған. Еңбек жолын 1992 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылында «Надежда» агроөндірістік фирмасында бастаған. Мемлекеттік қызметті 2002 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Түрген селолық округі әкімі аппаратының маманы лауазымынан бастаған. Әр жылдары осы округтің әкімінің орынбасары, әкімі болып еңбек еткен.
Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы, «Нұр Мүбәрәк» университеті және «Асыл арна» телеарнасынан құралған делегация мүшелері Малайзияға жасаған қызметтік іс-сапарының аясында, Халықаралық ислам университетіне қарасты «Білімді дамыту орталығында» болды. Делегация мүшелері алдымен білім ордасының қызмет аясын баяндайтын шағын бейнематериялды тамашалады. Мұнда бакалавр мамандықтары оқытылмайды. Есесіне магистр мен докторларды дайындайды. Барлық заманауи техникалармен жабдықталған. 25 жылдық тарихы бар мекемеде 200 мыңдық кітап қоры бар. Орталық директоры Айнуль Жария мұндағы білім жүйесінің өзге де жаңалықтарымен таныстырды. Қара шаңырақта ағылшын тілін тереңдетіп оқытумен қатар, түрмеде қызмет атқаратын жұмысшыларға да қысқа мерзімдік оқыту курстары жүргізіледі. Оларға: сотталушылармен дұрыс қарым-қатнас жасау, тамақтандыру, үгіт-насихат шараларын қалай жүргізу керектігі егжей-тегжейлі түсіндіріледі. «Нұр-Мүбәрәк» Египет ислам университетінің проректоры Шәмшиддин Керім осы сапардың аясында жоғары оқу орнымен 2 диплом жобасын жасау, ислам қаржы бөлімін ашу және имамдардың білімін жетілдіру сынды үш бағыт бойынша алғашқы келіссөздердің жасалғанын баяндады. ҚМДБ, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының кеңесшісі Қуат Раевтың имамдардың білімін жетілдіруге байланысты қойған сауалына, мекеме басшысы жауап берді. Айнуль Жария қазіргі уақытта оқу орталығы 1-6 ай аралығында 25 имамды қабылдап, білімін жетілдіре алатынын айтты. Басқосу бірқатар уағдаластықпен аяқталды. Кездесу соңында ҚМДБ делегациясы кішігірім сыйлық үйлестірді.
Бес мыңдық ежелгі тарихы бар қазақ деген халықтың басынан нелер өтіп, нелер кешпеген?! Небір зұламат сүргіндер ежелгі тарихымызда, жыр- аңыздарда бедерленіп, этникалық жадымызда хатталып, генетикалық кодтағы «тыртық» болып, бітеу жарадай сыздататыны анық. Сондай зұламат сүргін ХХ ғасырдың басында қазақ деген халықтың, алаш деген жұрттың басынан үш рет өтіпті. Ол зұламаттың аты – атың өшкір аштық. Ресей империясындағы өткен ғасырдың басындағы әр түрлі деңгейлегі қоғамдық саяси катаклизмдер, сол империяның шылауындағы бодан жұрт қазақтарға асқан ауыртпалық зарарлы зардаптарын тигізіп, ауыр трагедиялық шығындарға әкелді. Осы нәубеттердің ішінде сол ғасырдың басындағы қазақты үлкен шығынғы ұшыратып кеткен үш аштық болды. Сол аштықтың алғашқысы – бұрынғы Ресей империясының территориясында 1917-1919 жылдар аралығында болған төңкеріліс дүмпуі, одан қала берді азамат соғысының қиян-кескі, қантөгіс кесапат сипатынан туындаған көшпелі халықтың мал басының талан-таржға түсуі – оның бірден-бір аштыққа ұшырауына себепші болған. Осы кезеңдерде қазақтар 6218300 адамнан 4679795 адамға дейін кеміген. Бұдан кейінгі екінші аштық – Кеңестер Одағында 1921-1922 жылдары боған құрғақшылық салдарынан қазақтар жиі қоныстанған облыстардағы мал басы қырылып, ашаршылыққа душар болды. Ол аштыққа ұшыраған өлкелерге: Орал, Орынбор, Ақтөбе, Бөкей, Қостанай, Семей, Ақмола өңірлері жатады. Ашыққандарға көмек көрсету комиссиясының төрағасы Мұхтар Әуезовтің мәліметі бойынша 1921-1922 жылдардағы аштық кезеңінде өлгендердің саны 1 млн 700 мың адам болған. Үшінші аштық – 1932-1933 жылдардағы большевиктік Кеңес үкіметінің әдейі қолдан ұйымдастырылған ашаршылығы деуге болады. Большевиктер көсемі Сталин Қазақстан басшылығына Голощёкинді жібереді. Ол өз кезегінде Қазақстанда «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» саясатын жүргізіп, «Кіші қазан төңкерілісі» деген қанды дүрбелеңге ұласады. Осы дүрбелеңде қазақ халқының 60-80 пайызы жойылып кетті деуге болады. Қазақ демографы Мақаш Тәтімов деректерінде «ХХ ғасырда болаған, азамат соғысы, қолдан жасалған ашаршылық қуғын сүргін кездерінде, екінші дүниежүзілік соғыста бас-аяғы 3 млн 850 мыңға жуық қазақтың қырғынға ұшырағаны» айтылады. 1932-1933 жылдары орын алған ашаршылыққа келер болсақ ғалым Талас Омарбеков 2 млн 300 мың адамның опат болғанын айтады. Ол мұрағат құжаттары негізінде аштыққа ұшырап қырылған қазақтар саны 4 млн 836 мың деп тиянақтады. Сағат Жүсіп, Табыл Құлияс сияқты зерттеушілер ХХ ғасыр басындағы үш ашаршылық кезеңінде 10-13 млн қазақ халқынан 3,2 миллионы ғана тірі қалған деп топшалайды. Шетелде американ ғалымы Сара Камэронның Қазақстандағы аштық туралы зерттеу кітабы бар. Қазақ тілінде жарық көрген. Ал енді осы сипаттап өткен аштық тақырыбы қазақ әдебиетінде қалайша көрініс тапқан? Соған қысқаша тоқталып өтсек. Біздегі ашаршылық нәубетін алғаш Шортанбай айтқан сияқты. Ілгеріде өмір сүрген Шортанбай ХХ ғасырдағы аштықты қалай айтқан дейсіздер ғой. Түсіндіре кетейік. Көркем әдебиет тек қана өткен тарихтың фактілері тізбектеп суреттеуші ғана емес, болып өткен, болатын тарихқа, философиялық көзқараспен қарап, пәлсапалық ой-тұжырым, шешім, үкім шығарушы да. Тарихи үдерістер мен фактілерге ерекше историясофиялық көзқарасты түзетуші ретінде де атқарады. Алдағыны болжау, ғайыптан сөйлеу көркем әдебиет мысалдарында аз кездеспейді. Ғылымда мұны экстрополиция деп атаймыз. «Тарихты болжап білуге болмайды деу – өтірік. Сәуегейліктердің ақиқатқа айналған мысалдары қай жерде де артып жетіледі», - деп жазды испан философы Хосе Ортяга-и-Гассет. Мысалға Ф.М.Достоевский «Жындар» («Беса»), М.Булгаков «Шебер мен Маргарита», А.Платонов «Чевенгур» романдарында, М.Жұмабаев «Жүсіпхан» поэмасында болашақ қоғамның сыр-сипатын, болмысын терең болжап, бетпердесін ашып, әшкерелей суреттеді. Аяусыз шенеді. Қазақ поэзиясы да мұндай көрегендік сипаттан кенде емес. Зар заман ақыны Шортанбай: Сауысқан, ала қарға – құстың құлы, Басталар ақырзаман жылқы жылы... ...Мешін – тауық жылдары Жалғыз-ақ қара қамады. Ұялмастан бұл кәпір, Оған да салық салады, - деп жырлайды. Сәуегей, көріпкел ақынның, ақыр заман басталатын жылқы жылын 1918-1919, 1930-1931, «Жалғыз-ақ қара қалатын» мешін-тауықтың 1921-1922, 1932-1933 жылдарға, яғни ашаршылық кезеңдеріне дәл келетінін дөп басып отырғанын көреміз. 1921 жылғы Қазақ даласындағы аштық зұлматы туралы Бейімбет Майлиннің «Берен», «Қырманда» атты повестері, «Күләш», «Ашаршылық құрбаны», «Айт күндері» деген әңгімелері, Жүсіпбек Аймаутовтың «Елес», Ғабит Мүсіреповтың «Шұғыла» әңгімелері бар. Бұлардан басқа Нұрхан Ахметов пен Нұрлыбек Баймұратов поэмалар арнаған. 1927 жылы қазақтың әйгілі ақыны Жақан Сыздықовтың «Әлі қарттың әңгімелері» дейтін 1921 жылғы аштықтың сұмдық көріністерін суреттейтін реалистік поэмасы дүниеге келді. Поэмада «Ел ішінде сыр да көп, сыры терең жыр да көп. Соның бірін жырлайтын» бір толғап алып, сол бір сұмдық кезеңнің сырын ашып сөйлейтін Әлі қарттың әңгімелері арқылы сұрқия заманның ащы көріністері боямасыз, ашық суреттелді. Әңгімелей Әлі қарт: Күндер мынау өткені, Жеті-ақ жыл ғой өткелі, Аштық дәмін таттық қой. Колдағы үйір жылқының, Құрып қалғыр тұқымын, Тілін нанға саттық қой. Әл дегенің кем болды, Сар далада жаттық қой, - осындай сорлы күнге қалай түскенін суыртпақтап өтеді. Поэмада басты кейіпкер Сағымбай, екі жасар баласы Әдім, бәйбішесі Жаңылдың басындағы зұлмат жылдар салған ауыр тағдыры Әлі қарттың сөзі арқылы бүкпесіз жеткізіледі. Оқырмандарында зәрлі жылдардың жантүршігерлік көріністеріне куә етеді. Жан қайғыларына ортақтастырады. Поэма 1940 жылы кітап болып шыққан бойда қырағы цензураның назарына ілініп өртенеді. Бір айта кетерлігі, осы поэма соғыс жылдарында гитлершіл пропаганданың назарын аудартып, майдан даласына советке қарсы үнпарақ ретінде ұшақтан жерге лақтырылып таратылады. Осы үшін автордың басына бұлт үйіріліп, саяси сенімсіз ретінде қарастырылады. Содан бастап тәуелсіздік алғанға дейін бұл тақырыпта жазуға қатаң тыйым салынған екен. Дей тұрсақта... Бір кітапты ауызға алмай кетуге болмас. Ол «Қазақ Бальзагы» (Мұқағали) атанған кәдімгі Сәбит Мұқановтың «Есею жылдары» романы. Алматыдағы «Жазушы» баспасынан 1970 жылдары шыққан. «Өмір мектебі» романының «Есею жылдары» деп аталатын үшінші кітабында оқырман қауым тәуелсіздікке дейін жабық тақырып болған аштық тақырыбымен осы кітап бетінде бетпе-бет ұшырасады. Жазушы романнан үзінді келтірейік: «1931-1932 оқу жылдарын осындай ауырлықтың үстінде өткіздім. 1932 жылдың жазындағы каникулда туған ауылыма барсам халдері былтырғыдан да мүшкіл. Енді не істеу керек?! Сол жылы Бүкілодақтық Орталық пария комитеті, ішіне РАПП-ты қоса, Совет Одағындағы ұсақ әдебиет ұйымдарын біріктіріп, Бүкілодақтық жазушылар ұйымын құру туралы қаулы алған. Съезге дейін ұйымдастыру бюросы құрылып, оның председательдігіне – Максим Горький, секретаррьшылығына парияның жауапты қызметтерінде болған Александр Сергеевич Щербаков тағайындалған. РАПП кезінде жиналыстарына араласып одан да жиі араласып, бірнеше рет Горькийдің қабылдауында болдым. Енді 1932 жылдың жазғы каникулында ауылға барып қайтқаннан кейін, болып жатқан хәлдерді айтуға Алексей Максимовичке кірдім. «Асыра сілтеу» дегеннен жалпы мәліметі бар ол, мен сипаттаған түрде болуға тиісті деп ешуақытта ойламаған екен. Мен фактілерді көрген түрде айтып бергенде Горькийдің зәресі ұшып кетті. - Бұндай болуға мүмкін бе?! – деп, түсі қашқан ол түрегеп кетті де дағдылы қалпынан қаттырақ жөткіріп, трубкасының түтінін құныға тартып, қаттырақ бұрқыратты.Түтін жөтелін тіпті күшейтіп жібергендей, аздан кейін булығып қалды да, диванға отыра кетті. Мен түрегеп қасына барып едім: - Су-у-у!... – деді сырылдаған демін әзер алған Горький. Берген суды құныға жұтып алғаннан кейін басын біраз шайқап отырып: - Социалистік системада мұндай хал болуға мүмкін емес қой! - деді. - Әрине, - дедім мен. - Жолдас Щербаковқа да айту керек бұны, - деді Горький, ол Орталық партия комитетімен тығыз байланысты кісі ғой. Өзім де қарап жатпаспын, аузым жеткен жолдастарға айтып, Қазақстанды бұл ауырлықтан шығаруға қолдан келген жәрдемімді беремін.» (С. Мұқанов Есею жылдары. А.,1970.421-422 б.б.). Осы үзіндіден біз қазақ жазушысының қазақ даласындағы алапат аштықты айтып берген кезде тек қана орыс әдебиетінің ұлы жазушысы емес, әлем әдебиетінің сол кездегі алыптарының бірі болған Горький сияқты ұлы тұлғаның селк етіп, жан жүрегімен беріле тыңдап, түсі қашып өңі қуқыл тартып кеткенін көреміз. Адам сүйгіш ұлы жүректің шын толқулы, тебреністі сәтін сезгендейміз. Сондықтан да тәуелсіздік алғанға дейінгі қалың оқырманның аштық туралы мәліметтері осы романмен шектелетіндігін айта кеткеніміз жөн. Қайта құру және тәуелсіздік жылдарында жазушы Балғабек Қыдырбекұлының «Алатау» романының бір тарауында Жетісу өңірінде орын алған ашаршылық жайы туралы сыр шертіледі. Тоқсаныншы жылдары (ХХ ғ.) жазушы Адам Мекебаев «Құпия қойма» деген романында қазақ даласында қызылдар ұйымдастырған қанқұйлы қырғынның шынайы кейпін ашады. Қазақстандық орыс жазушысы Валерий Михайловтың «Хроника великого джута» деректі романы осы тақырпқа арналған. 2017 жылы осы романның «Великий джут» деген жалғасы жарияланды. Бұл шығарманың бірінші кітабы қазақшаға «Ғаламат жұт шежіресі» деген атпен аударылып, бірнеше-рет кітап болып шықты. Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» («Тамұқ», «Қызыл көпір» бөлімдері), Қ. Қазыбаевтың «Сұрапыл», С. Елубайдың «Ақ боз үй», З. Жәкеновтің «Зұлмат», М.Мағауиннің «Сары қазақ» романында, С. Жүнісовтің «Заманай мен Аманай», Төлеген Қажыбайдың «Аран», Н. Ақыштың «Рақымсыз көктем», Т. Сәукетаевтің «Құзғын тойған қыс», Н.Қапалбекұлының «Жерошақтың түтіні» сияқты хикаяттарында қазақтың басынан ауыр қасірет боп, оның түп тамырына балта шапқан зұлым саясатты, ашаршылық атты кеспаттың бар сұрқия шындығын көркем шежіре ретінде бедерлеп, шынайы ашқан. Қазақ әдебиетіндегі аталмыш туындыларды Мәскеудегі большевиктік биліктің халқымызға жасаған геноцид, этноцид саясатын шынайы әшкерелеген құнды дүниелер деп есептейміз. Сәбит ЖӘМБЕК Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)
Педагогика және психология - Оқулықта ғылым философиясы мен әдіснамасына негізделген педагогиканың философиясы және... Оқулықта ғылым философиясы мен әдіснамасына негізделген педагогиканың философиясы және әдіснамасының іргетасын құраушы қағидалардан тұратын осы арнайы оқу пәнінің мақсаты және құрылымы айқындалады жүктеу/скачать 0.54 Mb. бет 28/31 Дата 24.10.2022 өлшемі 0.54 Mb. #45187 түрі Оқулық 1 ... 23 24 25 26 27 28 29 30 31 Педагогика және психология. Кез келген педагогикалық зерттеуде педагогикалық зерттеу обьектісі оқытылып және тәрбиеленіп жатқан адамның психологиялық сипаттамаларын міндетті түрде ескеруге мәжбүрміз. Осы кітапта ғылыми және практикалық әрекеттің обьектілерін ажырату сұрағына байланысты бұл ғылымдардың арақатынасы мәселесін қарастырғанбыз. Мәселенің көкейкестілігі көптеген жағдайлармен анықталады. Жоғарыда айтылғандай, педагогика мен психологияның пәнін ажырату тек жеке алынған ғылыми жұмыстың логикасы мен алынатын нәтижелерінің сипатын анықтау үшін ғана емес, кешенді зерттеудің көлемін кеңейту мақсатында да жүргізіледі. Шындығында, әрбір психолог осыған «тап болмайды», себебі, педагогикамен барлық психологтар айналыспайды. Психологиямен әрбір мұғалімнің ісі бар, себебі, педагогика психологиясыз өмір сүре алмайды. Педагогика мен психологияның арақатысын анықтау соңғы жылдары жиналып қалған түсініспеушіліктер мен көмескі мәселелердің жігін ажыратып алу үшін қажет. Адамды зерделейтін басқа ғылымдар мен психология пәніндегі айырмасы бұл ғылымдардың адам әрекетіне қалай қарастыруында жатыр. Психологтар әрекеттің құрылымы туралы айта отырып,оны біртіндеп кезеңдер бойынша іске асырудың арасындағы байланысты түсінеді. Әлеуметтік болмыстың обьектісін бейнелей отырып,олар әртүрлі ғылыми әрекеттің пәні ретінде көрінетін түрлі қатарларлы салады. Психология әрекет құрылымы туралы айта келіп, бұл байланысты оны жүзеге асыру кезеңдерде жүзеге асырумен түсіндіреді. Бұл ретте әрекеттің мотивациялық, мақсаттық біріккен орындаушылық жақтарын адами белсенділігі қолданылатын әртүрлі бөліктердің байланысы мен арақатысын айтады. Қалай айтсақ та дұрыс, себебі бұл пайымдаулар бірін-бірі толықтырады. Әрекет мотивациялық, мақсаттық және орындаушылық жағынан көрінетін психологиялық қырынан және тұлғаның құрылымының бөлігі ретінде психологияның зерттеу пәніне енеді. Барлық айтылғандарға және осы анықтаманың көмегімен шешілетін міндеттің ерекшелігі және анықтама таңдау жасалатын логика ережесіне сәйкес, біз тұтас психологиялық зерттеудің пәні ретінде әрекеттің және субьектілік-тұлғаның құрылымдарын қамтитын жеке тұлғаның психологиялық құрылымы деп есептеледі.
Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед Солтүстік Македонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сали Лиманимен кездесті. Мұхтар Құл-Мұхаммед өз сөзінде Қазақстан Солтүстік Македонияны Балқан өңіріндегі маңызды саяси әріптес және дос ел ретінде қарастыратынын атап өтті. Біздің елдеріміз жас мемлекеттер болса да дамудың сипаттары ортақ және екіжақты байланыстарды үдетуде ұмтылысын көрсетіп келеді. «Бүгінгі таңда біздің мемлекеттерімізде саяси немесе өзге де қандай да бір келіспеушіліктер жоқ, бұл екіжақты өзара іс-қимылға қарқын беруге қолайлы алғышарттар жасайды. Қазақстан саяси диалогты дамытуға, Солтүстік Македониямен сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты арттыруға мүдделі, сондай-ақ Скопьенің Орталық Азия мен Еуразиялық экономикалық одақта сенімді серіктесі болуға дайын», - деп атап өтті Мұхтар Құл-Мұхаммед. Сали Лимани өз кезегінде Мұхтар Құл-Мұхаммедке және Парламент Сенатының басшылығына қабылдағаны және елдер арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылауға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтты. Тараптар кездесу барысында Қазақстан мен Солтүстік Македонияның екіжақты қарым-қатынастары мен халықаралық саясаттың ең өзекті мәселелері бойынша ортақ ұстанымдарын талқылады. Негізгі сыртқы саяси басымдықтардың ұқсастығы, әлемде болып жатқан іргелі процестердің белсенді қатысушылары болуға деген ұмтылыс Қазақстан-Македония қатынастарын әріптестіктің сапалы жаңа деңгейіне шығаруға жақсы негіз болатыны атап өтілді.
Дарий I (парс. Dārayava(h)uš білдіреді “Держащий жақсылық”, “Добронравный”) — парсы патша әулетінен Ахеменидов, правивший ” 522-486 жылдары б. э. дейінгі Восшествие на престол[өңдеу | өңдеу коды] Дарий I, өкілі кіші желі Ахеменидов, ұлы Виштаспы (грек. Гистаспа), атанған болатын царем заговорщиками өлімінен кейін Гауматы. Бойынша кіру таққа оған 28 жыл толды. Үшін түпкілікті бекіту, өз құқықтары царскую билік Дарий әйелге үйленіп қызы Кира II Атоссе[1]. Көтеріліс подвластных елдер[өңдеу | өңдеу коды] Бүлік эламитов және вавилонян[өңдеу | өңдеу коды] Өзінің басқарма Дарий бастаған, сонымен қатар қалпына келтірді барлық артықшылықтар парсы ақсүйектерінің күші жойылған Гауматой. Бұл тудырды резкую оппозицияны менің подвластных персам халықтар. Бірінші болып таң өкіметіне қарсы бас көтеріп эламиты және вавилоняне. “Эламе әлдебір Ассина жариялады, өзін-аналармен Элама, бірақ разгромлен посланными Дарием әскерлер, пленен жеткізілді – парсы патшаға, оның казнил. Вавилоняне таң өкіметіне қарсы бас көтеріп басшылығымен Нидинту-Бела, ол жариялады өзіне Навуходоносором, ұлы Набонида. Қазірдің өзінде 3 қазан 522 жыл б. э. дейінгі Нидинту-Бел танылды-аналармен ” Сиппаре, Борсиппе және басқа қалаларда Вавилонии. Көтеріліс вавилонян жемқорлыққа соншалықты кең өріс алуы, Дарий счел қажетті жеке өзі басшылық жасауға жорық оларға қарсы. Әскер вавилонян орынды қорғанысқа жанында Барыс, прикрывая переправы через реку, бірақ Дарий отырғызып, өзінің жауынгер ” түйе, жылқы және надутые теріден переправился қолданған жөн арқылы Тигр және кенеттен соққы рассеял әскерге вавилонян (24-ші күні ай ассиядия — 13 желтоқсан 522 жыл б. э. дейін). 5-күн (2-ші айдың күні анамака — 18 желтоқсан) қала Зазана арналған Евфрате болды екінші шайқас Дария с восставшими. Вавилоняне жаңадан жеңіліс тапты, олардың үлкен бөлігі армия болды прижата өзеніне және төгілуі-теңіз. Нидинту-Бел қашып, және укрылся ” Вавилонда. Дарий алды мятежный қаласы. Нидинту-Бел және басқа 48 басшыларының көтерілістер бер өлім жазасына кесілді. Бұл Нидинту-Бел шын мәнінде де ұлы Набонида, кейін пленения, жиналыс небәрі 17 жыл. “Бехистунском бедерінде Нидинту-Бел бейнеленген қарт адам. Емес айрылуы мүдде, кейін басып Нидинту-Бела тұтқынға, Дарий болды, оны көрсете халқына, әдетте айтатын, с самозванцами, берген өзін өкілдерінің ежелгі әулеті[2]. Туралы көтерілісіне вавилонян дейді Геродот, бірақ жатқызады, оның барлық астам уақыт позднему баяндайды мұндай егжей-тегжейлі, олар әрең үйлесімді повествованием жазулар. Вавилоняне өте ожесточены. Олар өлтіреді әйелдердің көпшілігі, артық рты; Дарий осаждает бесплодно Вавилон жиырма ай, көре отырып, тек қорлау осажденных. Емес, көмектеседі мысал Кира (жалғау өзені) және Вавилон құлайды арқасында ғана құрбан болуға Зопира, изувечил өзіне және перебежал – жауларға деген кек алу Дарию, подвергшему оның увечью, содан кейін, сделавшись қолбасшы вавилонян тапсырды қаласы Дарию. Соңғы бұзса нығайту Вавилон, казнит үш мың вавилонян және мәжбүр қалған үйленуге өзге қалалық әйелдер, өйткені олар өз іскер. Зопир өз берілгендік тағайындалады сатрапом Вавилонии[3][4][5][6]. Көрініп тұр мұнда мақтаныш отбасылық аңыз, жазылмаған Геродотом сөзінен перебежавшего – грекам Зопира, немересі қатар батыры Зопира, сатрапа Вавилонии. Алайда, ұзақ уақыт осады көрсетілген Геродотом бізде жоқ тиісті хронологиялық шеңберлер. Дегенмен жазуларды қалдырылған қой, сақталмаған, бірақ іздері көтеріліс болады усмотреть бірнеше келісім-шарттарда банкирской кеңсесінің Эгиби және ұл. Олар таңбаланған аты “Навуходоносора, патшаның Вавилон” және атаулары бар куәлардың — ұл Эгиби ұқсас тақырыптар подписывались арналған келісім-шарттарда уақыт Камбиса, Лжебардии және Дария, сондықтан мүмкін емес қарағаны уақыт ұлы Навуходоносора II. “Жылы басталған патшалық құру” Навуходоносора III датированы қолымен Итти-Мардук-балату ұлының Эгиби тақтайшалар 10 санының 7-ден 21-ге дейін айдың 9-ші ай, яғни, патшалық жалған атақтының отырғызылғаны Нидинту-Бела созылды артық емес 3 ай. Бұдан басқа табылған тақтайша, датированная 6-м саны 10 ай “патшалық құру Дария”; демек, арада төрт күн шайқас кезінде Зазане Вавилон болды биліктегі Дария, мен туралы ұзақ осаде болуы мүмкін емес және сөйлеу. Көтерілістің Маргиане және Эламе[өңдеу | өңдеу коды] Әзірге Дарий болды бос емес екі жазалаушы іс-әрекеттермен Вавилонии, оған қарсы таң өкіметіне қарсы бас көтеріп Персия, Мидия, Маргиана, Парфия, Армения, Саттагидия, Сагартия, сақ тайпалары Орта Азия, Египет және екінші рет Элам. “Маргиане әлдебір Фрада жариялады өзін-аналармен және қарсы күресті басқарды Дария. Қарсы бүлікшілер сөз сөйледі сатрап Бактрии Дадаршиш, қалған дұрыс Дарию. 10 қазан 522 жыл б. э. дейінгі маргиане жеңіліс тапты. Артынша кейін бүгін, каратели өлтірген 55 200 адам және шамамен 7 мың маргиан алынды тұтқынға, содан кейін сатылды құлдық. Енді біреулері бұл сандар көрсеткендей, көтеріліс Маргиане болатын бүкіл халықтық қозғалысын. “Эламе көтеріліс басқарды парсы Мартия, ол жариялады өзін-аналармен Элама, аты Хумпаникаша. Дарий двинул әскерге басу бұл бүлік, бірақ эламиты, қорыққанынан алдағы жаңалықтар, өздері өлтірген Мартию[7]. Көтеріліс Парсы және Арахосии[өңдеу | өңдеу коды] Держава Ахеменидов Ең Парсы атауымен ұлы Кир II Бардии қарсыласы Дария сөз сөйледі парсы Вахьяздата, бірнеше халық арасында үлкен қолдау. Желтоқсанның екінші жартысында 522 жыл б. э. дейінгі көтеріліс Парсы қатысты осындай кең құлаш, бұл Вахьяздата жүргізген күресті Арахосии алыс Парсы жүздеген шақырым. 29 желтоқсан 522 жыл санауымызға дейінгі Арахосии у бекіністің Капишаканиш болған шайқас арасындағы войском, посланным сонда Вахьяздатой, бір жағынан, және армия сохранившего адалдық Дарию сатрапа Арахосии Виваны, басқа, бірақ бұл шайқас, қаза болды 303 жақтаушысы Вахьяздаты, әкелді табанды жеңіс бірде-бір тараптар. 21 ақпан 521 жыл б. э. дейінгі саласындағы Гандутава Вивана келе жемқорлықпен батыл победу над мятежной еткен. Восставшие жоғалтып 4579 адам өлтірілген бұл шайқаста мен шегінді бекініс Аршада. Наурыз айында бекініс Аршада — бұл соңғы қорғаны бүлікшілер ” Арахосии болды захвачена әскерлер Виваны басшылары мятежной армия өлім жазасына кесілді. 25 мамыр 521 жыл б. э. дейінгі қолбасшы Дария Артавардия да Парсы қаласы Раха пышақпен жеңіліс негізгі армия Вахаяздаты. Восставшие жоғалтып өлтірілген 4404 адам. Вахьяздата қашып; жинады жаңа әскер, бірақ 16 шілде 521 жыл б. э. дейінгі жеңіліске, потеряв өлтірілген 6246 және тұтқындар 4464 адам. Вахьяздата болды күштеп ұстап тұтқынға және өзінің 52 жақын көмекшілері посажен ” саны[8]. Бүлік ” Мидиялар, Парфии және Гиркании[өңдеу | өңдеу коды] Бехистунский жер бедері, изображающий триумф Дария үстінен магом Гауматой (Лжебардией) және мятежными “патшалар”. Соңында VI ғасырдың б. э. дейінгі Парсы патшасы попирает аяқпен қазақстан халқының бірлігі күнімен Гаумату алдында сұрайды пощады тоғыз побежденных вождей олардың, артынан, патшаның — оққағары және жауынгер-жасақ “өшпес”. “Мидиялар мидянин Фравартиш (грек. Фраорт II) қағанның шығады деген руынан мидийского патшаның Киаксара деп жариялады өзін-аналармен және қысқа уақытта захватил бүкіл аумағын Мидиялар. Көп ұзамай – мятежу Фравартиша примкнули Парфия мен Гиркания. Қарсы бүлікшілер мидян Дарий атына өз қолбасшы Видарну. 12 қаңтар 521 жыл б. э. дейінгі қаласының Маруш Видарна сразился с восставшими. Соңғы жоғалтты бұл шайқаста 3827 адам өлтірілген және 4329 попало – персам тұтқынға. Дегенмен, оның айтуынша, Дария, оның әскері наголову қазақ мятежную әскерге”, бірақ шын мәнінде шайқас нәтижесіз аяқталды, өйткені Видарна содан кейін бірнеше ай бойы қалыс қалуы одан әрі әскери іс-қимыл. 8 наурыз 521 жыл б. э. дейінгі әкесі Дария, сатрап Парфии Гистасп (персид. Виштаспа) шайқаста қаланың Вишпаузатиш жеңген войском парфян және гирканцев, примкнувших – мятежу Фравартиша; 6346 олардың жайра және 4336 тұтқынға алынды. Көктемде 521 жыл б. э. дейінгі жағдайы бойынша және Мидиялар болды соншалықты қауіпті деп Дарий бастаған үлкен әскер өзі қарсы алды. Фравартиша. 7 мамыр шайқаста қаланың Кундуруш Дарий пышақпен болды жеңіліс армия олардың. Мидяне бұл шайқаста жоғалған дерлік 34 500 адам өлтірілген және 18 мың олардың попало тұтқынға. Фравартиш шағын санымен жақын қашып, қалаға Раги. Высланное в погоню оған әскер схватило Фравартиша және доставило оның Дарию, ол өзі аяусыз расправился онымен. Ол мюррейді оған мұрын, құлақ және тіл, содан кейін выколол көз. Содан кейін Фравартиш болды посажен “саны” Экбатане, ал оның жақын көмекшілері распяты (маусым 521 жыл б. э. дейін). Содан кейін Дарий жіберген әскері, подавившее бүлік мидян, көмек әкесіне Гистаспу ” Парфию. Усилившись подошедшим подкреплением, Гистасп 12 шілде 521 жыл санауымызға дейінгі шайқаста қаланың Патиграбана наголову сынған мятежное әскері парфян және гирканцев. 6570 олардың жайра және 4192 попало тұтқынға. 80 адам бастаған көсемі болған көтерілісшілер (оның аты жазба Бехистунской скале жеткізілімде) өлім жазасына кесілді[9]. Әскери іс-қимылдар Армения және Сагартии[өңдеу | өңдеу коды] Басу үшін бүлік Армения Дарий жіберген әскері қолбасшылық қолбасшыларының Дадаршиша және Ваумису. Желтоқсан айында 522 жыл б. э. дейінгі мятежная армиясы армян басынан қозғалу оңтүстікке және италияға басып кірген провинциясына іссапары Ассирия. Виумису сөз сөйлеп, оған қарсы мен 31 желтоқсан жерде Изара күшіне байланысты восставшими деп аталды. Дегенмен бехистун жазбасы бекітеді, бұл мятежники талқандалды наголову, бірақ, шамасы, керісінше, жеңіліс біріншілігінің патша әскері, өйткені осыдан кейін Виумису 5 ай бойы жалтарған белсенді әскери іс-қимылдар. Ал оған көмекке Дарий мәжбүр болды жіберуге тағы бір әскерге қолбасшылық верный оған армянина Дадаршиша. 21 мамыр 521 жыл б. э. дейінгі Дадаршиш разгромил армян в шайқаста у ына Зуза. 6 күн 27 мамырда ол тағы да жеңіске шайқаста у бекіністің Барыс. 21 маусым оларға одержана үшінші жеңіс бекіністің Виама. Маусым айының соңында Виумису келе түпкілікті жеңген восставшими армянами. Осылайша, кейін 7 ай күрес барысында 5 шайқас көтеріліс Армения таратылды. Жалпы саны өлтірілген осы шайқаста армян құрады 5097 адам және 2203 тұтқынға алынды. Өмірбаяны[өңдеу | өңдеу коды] Восшествие на престол[өңдеу | өңдеу коды] Дарий ІІІ — өкілі бүйір сызығының Ахеменидского түрі: оның әкесі Арсам был сыном Остана, ұлы Дария II. Таққа отырғанға дейін қызметін атқарды сатрапа Армения және тозған аты Кодоман (Кодоманн)[1][2]. Болды посажен таққа придворной знатью 45 жасында қабылдады тронное аты Дарий III. Көп ұзамай Дарий жойған жоқ евнуха Багоя, попытавшегося жіберуді. Басында басқарма Дарий подавил толқулар Мысырда қайтадан өзіне қосып, өз державе. Басып кіру Александр Македониялық[өңдеу | өңдеу коды] Шілде айында 336 жыл б. э. дейін македонский орнына таққа өлтірілген Филипп енді оның ұлы Александр. 335 жылға дейін э. ғ. к. Александр болды дайындалу шығыс науқанына қарсы қаған. Осы мақсатта ол кері қайтарып алса Пармениона бірі Кіші Азия, қабылданды парсы қолбасшылық бас тарту ретінде македонцев жылғы агрессивті жоспарларын. Парсылар шаралар қабылдамаса, қорғаныс үшін малоазийского жағалауының. Көктемде 334 жылдан б. э. дейінгі македония армиясы қолбасшылығымен Пармениона пересекла Дарданеллы және парсылар алмады ұйымдастыру, оған тойтарыс. Александр высадился в Илионе (ежелгі Троя) мен орыстарға қарсы беттеді арналған қосылыс өзінің негізгі армия. Армия Александр болатын үлкен емес, көлемі бойынша. Болып саналады, ол тұрды, шамамен 30 мың жаяу және 5 мың атты әскерінің, сонымен қатар, оның құрамына тағы 7 мың грек әскері, 600 фессалийских салт және бірнеше жүздеген критских садақшылар. Әскер сопровождало 160 жауынгерлік кемелер, жартысын оның атынан сенімсіз грек одақтастар. Многочисленное войско Дария тұрды өте әртекті элементтердің неравноценных әскери қатысты. Тәртіп войске парсы әлсіз, жауынгер емес, сол жеңіске деген ерік-жігеріңнің, ол тән кішкентай, бірақ өте жақсы обученной армия Александр. Дарий, әсіресе полагаясь арналған покоренные халықтар мен тырысып приноровиться – грек тактикасы, талпынды құруға үнемі жаяу әскерді. Алайда оған негізінен тура келді сүйенеді грек наемников. Жалпы саны парсы әскері болды, шамасы, әлдеқайда көп грек-македон. Шайқас кезінде Гранике[өңдеу | өңдеу коды] Толық мақаласы: Шайқасы кезінде Гранике Малоазийские сатрапы Дария естіп, жақындағаны туралы Александра, не кешірек дайындаудың сражению. Бастығы грек наемников, ағасы қайтыс болған адамның сол уақыт Менторы Родосского Мемнон шақырған персам шегінуге, уничтожая барлығы өз жолында және заманивая жау ел түпкірлей қадам басты күштеріне Дария. Алайда сатрапы шешті беруге Александр генеральное сражение. Бірінші қақтығысы болды мамыр айында 334 жылдан б. э. дейінгі кезде өзенінде Гранике жағасында Геллеспонта. Сәйкес Арриану, Гранике персидская әскер саны 20 мың атты әскерінің және сонша жауынгерлердің наемной жаяу әскерлері. Шайқаста сатрап Лидия мен Ионии Спитридат өзі жаралап найзамен, Александр. Исход шайқас негізінен шешті македония атты әскер. Қашан қаза болып, мыңдаған парсы салт, армия Дария тастап кетті battlefield. Тек тұрақты жалдамашылары жалғастырды кедергісі, неся үлкен шығын. Македонцы бөлеп наемников, тұтқынға алды, 2 мың адам өлтірген көптеген. Из персидских бастықтардың қаза тапты сатрап Спитридат және ұлдарының бірі Дария. Аман қалған парсылар бірге Мемноном және оның наемниками қашады ” Милет. Александр қалдырған шағын гарнизон келген гректер-одақтас прикрывать дарданелльские өткелдер, ал өзі негізгі войском оңтүстікке бет алды. Үшін әлсіретуі Персию, Александр шешті алдымен басып базасын парсы флотының малоазийском жағалауында. Алдымен ол орыстарға қарсы беттеді – Сардам. Комендант Сард Митрон тапсырды оған астанасы Лидия қорыға. Осыдан кейін барлық Лидия мен Фригия жоқ кедергісін жағына Александр. Грек қаласының Кіші Азия, сондай-ақ, қақпасы ашылды завоевателям. Кіші Азияда, онда боэций қолдап парсы патшасы Александр қарағанда өз әкесінің сөйледі жағында демократия. Осы жұмылдырып, өз жағына халықтың кең жігіне грек қалаларының. Тек Милете және Галикарнасе Александр қарсы алды күшті қарсылық. Мемнон, ол тағайындалды Дарием наместником Төменгі Азия бастығы және парсы флотын мәжбүр болды под натиском македонцев қалдыру Милет және шегінуге ” Галикарнас үшін қорғанысқа басшылық. Көмегімен осадных машиналар македонцы болды бұза қалалық қабырғаға Галикарнаса. Осажденные жасаған саяхаттар және поджигали құрылыстар үшін штурм. Кезде қала алмады. оборонять желтоқсандағы сан жағынан превосходящих македонцев, қорғаушылар өртеп, оның укрылись бекінісінде. Одан әрі Мемнону алдық басып Хиос және үлкен бөлігі Лесбоса. Алайда, кенеттен қайтыс болуы Мемнона көктемде 333 жылғы дейін. ғ. к. э. кезінде осаде Митилены арналған Лесбосе избавила Александра осы қауіпті жау. Осыдан кейін өкімі бойынша Дария парсы флоты шақырып алынды грек суларды, бастама түпкілікті қолына ауысты Александра. Шайқас кезінде Иссе. Жоғалту Кіші Азия[өңдеу | өңдеу коды] Толық мақаласы: Шайқасы кезінде Иссе Дарий III (орталықта) төбелес Александр. Мозаика бірі Помпей (100-ге жуық жыл б. э. дейін) суреттейді шайқас кезінде Иссе немесе Гавгамелах Қыста 334 — 333 жылдардың дейін. ғ. к. э. Александр өткізді қарсы үгіт-тау-кен тайпалардың Кіші Азия, бере горцам мүмкіндігі кетуі неприступные жерде және мәжбүрлеп, оларды өзін-өзі ұстай бойындағы, бос қар. Көктемде 333 жыл б. э. дейін жетті Гордиона — ежелгі астананың сомдаса, фригия партиясында, оның күтпеген Парменион бөлігі әскерлер мен обозом. Мұнда Александр берді демалуға әскеріне соққы және толықтырған соң жаңа күшпен келген Македония. Жазда 333 жыл б. э. дейін Александр жетті Киликии. Сатрап Киликии Аршама бара тактикасы, бұрын шақырды Мемнон, яғни backtrack, артта қалдырып выжженную жерге. Закрепив болып табылады приморский қала қалдырып, науқастар мен жаралыларды қаласында Иссе, Александр устремился арқылы оңтүстік, жағалаудағы асулары Сирияға басты күштерге қаған. Ал Дарий продвигался қадам арқылы солтүстік асулары. Разминувшись Александр, Дарий келді Асж, таптым ғана қалдырылған Александр мүгедектер мен перебил. Македонский патша болды өте ауыр жағдайы. Жау кірді оған тыл, әрі бөтен дұшпандық. Құтқару Александр алар тек батылдық және тез қимылдардың. Ол қайта оралды Иссу берді персам жекпе-жек (қазан 333 жыл б. э. дейін). Міндет қаған келіп саяды сол үшін жіберіп Александра болса, македонскому патшаға құтқару үшін әскер мен тағдырын бүкіл шығыс жорығының қажет, жағыңыз персам толық жеңіліс. Шабуыл Александр бастаған гетайров (ауыр атты әскер) смяла оң жақ қаптал парсы жаяу әскерлері. Бірақ парсы жетістігі алда. Қолбасшы Набарзан шегінуге мәжбүрледі сол қанатындағы македонцев, ал жалдамашылары теснили орталығы македон армия. Довершив разгром оң қапталдан парсы, Александр асықты көмек орталығына және прорвав оның бастады талпынуы – Дарию. Соңғы өзін-өзі ұстай алмай, сошел колесницы, бросив белгілері патша қадір-қасиетін, оның білді, қашып жылқы күтпестен нәтижесіне шайқас. Жетістік Александра оң жақ қапталына тұрады және орталықтан қашу Дария шешті нәтижесіне шайқас, персидская армия болды ретсіз backtrack. Тек жалдамашылары сақтап, тәртібі және өздерін аулақ ұйымдастырылған. Македонцы жоғалтты бұл шайқаста 450 адам, асыраушысынан қаған болды елеулі. Сонымен қатар, қолына Александр тап анасы, әйелі, екі қызы, әке Дария үлкен өндіру. Нәтижесінде шайқас кезінде Иссе Кіші Азия өте толық жоғалған үшін қаған. Әскери іс-қимылдар, Сирия мен Финикии. Жоғалту, Сирия, Египет[өңдеу | өңдеу коды] Бірақ Александр болды бірден ізіне Дария, отходившего – өмірлік орталықтарына өз мемлекетінің, ал оңтүстікке бет алды, Сирияға және Финикию қойып, алдында міндет — жою базасын парсы (яғни финикийского) флот, угрожавшего греческому владычеству теңізде. Қала Арвад және Марад келгендердің оған қорыға. Сонымен қатар оңай Парменион захватил Дамаск, қолына іліккен есебі ат жетегімен және походная қазына Дария — 2600 талант (шамамен 78 т) күміс. Бұл өндіру айтарлықтай поправила қаржылық жағдайы македонцев. Наурыз айында Александр алды хаты Дария, онда сол сұраған қайтаруға оған отбасына келісім шарт және одақ туралы және достық. Македонский патша бас тартумен жауап берді. Одан әрі жылжыту Александр оңтүстікке сәтті болды. Ірі порттары Кітапханасы мен Сидон подчинились қорыға. Алайда тұрғындар Тир, үмітпен арналған неприступность өзінің аралдық қаласы, қабылдамады ұсынған Александр. Басталды әскери іс-қимылдар. Осада созылды 7 ай тиряне өздерінің ептіліктерін ғажайып ерлік, бірақ Александр, насыпав перемычку бұғазы арқылы, отделявший Тир жылғы материк алды қаласы (шілде 332 жыл б. э. дейін). 13 мың тұтқынға түскен Тир тұрғындары 6000 болды казнено, 2000 болды пригвождено – столбам жағасында, ал 3000 сатылды құлдыққа. Мұндай істің нәтижесіне осы уақыт қазірдің өзінде болды сирек Таяу Шығыста. Әзірге жүрді осада Тир, парсы әскері бастаған Набарзаном жасаған әрекетті қалпына келтіруге өз үстемдігі, Кіші Азия. Бірақ Антигон Циклоп, тағайындалған Александр сатрапом сомдаса, фригия партиясында және командирі әскерлері Кіші Азия, білді қиратуға жол бермеу қаған. Енді Дарий дайын болды беруі Александр барлық жерлер батысқа қарай Евфрата, беруге оған тұрмысқа өз қызы Статиру және находившуюся в плену у македонцев және төлеуге түрінде сатып алу өз жеріне 10 мың таланттар күміс. Александр қайтадан бас тартумен жауап берді. Құлағаннан кейін Тир Александр орыстарға қарсы беттеді арналған Египет (күз 332 жыл б. э. дейін). Елеулі қарсылық, ол қарсы алды ғана Газға, оңтүстігінде Палестина. Кейін двухмесячной осады Газ алынды. Шамамен 10 мың парсы және жергілікті тұрғындардың қорғаған қаласы, өлтірілді. Патшаның Газдар Бетиса македонцы азаптаған, потеху Александр, привязав – колеснице белдіктерімен, продетыми арқылы пятки және волоча қаласының айналасында. Қараша айында 332 жыл б. э. дейін Александр кірді Нильскую алқабына. Сатрап Египет Савак пал шайқаста кезінде Иссе, жаңа наместник Мазак иелік жоқ, елеулі әскер, қарсылық тапсырды елге.
Сұйық немесе газ қабаттары бір-біріне қатысты қозғалған жағдайда олардың арасында үйкеліс күші пайда болады. Бұл құбылыс ішкі үйкеліс құбылысы деп аталады. Ішкі үйкеліс кезінде газдың бір қабатынан екінші қабатына импульс (қозғалыс мөлшері) тасымалданады. - жылдамдық градиенті. Ішкі үйкеліс құбылысын сипаттайтын заңды ағылшын ғалымы Ньютон ашты. Сондықтан бұл заң ішкі үйкеліс құбылысы үшін Ньютон заңы деп аталады: немесе мұндағы: -кернеу, -ішкі үйкеліс коэффициенті немесе тұтқырлық, өлшем бірлігі XX ғасырдағы ғылыми ойдың ұлы жеңісі — кванттық теорияны қалыптастыруда қызған дененің сәуле шығаруын эксперименттік зерттеу үлкен рөл аткарды. Жоғары температураға дейін қыздырғанда денеәртүрлі түске еніп, сәуле шығара бастайтынын білеміз. Мысалы, темірді кыздырғанда, ол өуелі қызыл, содан кейін қызыл сары, одан әрі ақ сары түске беленеді. Электр шамының вольфрам қылын 3000 С-қа дейін кыздырғанда, ол ақ жарық сәуле шығарады. Күннің жарығы, Жұлдыздардың шығаратын сәулелері де олардың температурасының өте жоғары болуына байланысты. Қызған денелердің сәуле шығарып, электромагниттік энергия таратуын жылулық сәулелену деп атайды. Жылулық сәулелену құбылысы тек қызған денелерде ғана емес, салқын денелерде де орын алады. Электр шамының вольфрам қылы 3000 С-қа дейін кызғанда көзге кәрінетін ақ жарық шығарса,температурасы төмендеген сайын денелер керінбейтін инфрақызыл сәулелер шығарады. Инфрақызылсәулелерінің жиілігі ақ жарықтың жиілігінен төмен. Сондай-ак денелердің температурасы тым жоғары болса, олар кәрінбейтін улытыракүлгін сәулелер шығарады. Ультракүлгін сәулелерінің жиілігі ақ жарықтың жиілігінен жоғары. Жарық сияқты жылулык сәулелердің барлық түрлері де электромагниттіктолқындар катарына жатады. Олар бір-бірінен тек жиіліктеріне немесе толқын ұзындықтарына карай ажырайды. Эксперименттікзерттеулер денелердің жылулық сәулелерді шығарумен катар оларды жұта да алатынын керсетті. Оны көптеген тәжірибелер растайды. Мысалы, параболоидтік айнаға вольфрамнан жасалған спираль қылын орнатып, оны электр тоғымен инфрақызыл сәулесін шығаратындай етіп кыздырайық. Оған карама-карсы қойылған екінші айнаның фокусына қара түске боялған құрғак мақтаны іліл қойсақ, ол белгілі бір уақыттан кейін "өз-өзінен" тұтанып жана бастайды. Бұдан денелердің жылулық электромагниттік сәулелерді шығарып кана коймай, оларды жұта да алатыньш кәреміз. Ал кара түсті денелер сәулелерді басқа түсті денелерге карағанда көбірек жұтады. Бұл төжірибе электромагниттік толкындардың шынында да энергия таситынына көзімізді жеткізеді. Өзіне түскен әртурлі жиіліктегі сәулелердің энергиясын толық жұтып. алатын денені абсолют қара дене деп атайды.Күн сыртқы ортаға жарық шығарумен қатар өзіне сырттан келіп түсетін әртүрлі жиіліктегі сәулелерді де толық жұтып алады. Сондықтан ол абсолют кара денелер қатарына жатады суретте абсолют қара дененің үлгісі көрсетілген. Іші куыс ыдысқа тар саңылаудан түскен сәуле шексіз мәрте шағылады да, толық жұтылады. Тасымалдау Құбылыстары – физикалық жүйеде электр заряды, масса, импульс, энергия, энтропияның, т.б. физикалық шамалардың кеңістікте тасымалдануы (бөлінуі) арқылы өтетін кинетикалық процестер. Бұл бөлінулер заттың тұтас жүйе ретінде “таза” мех. қозғалысымен де, эл.-магн. күштердің әсерінен де және заттың құрамындағы микробөлшектердің (газ және сұйықтың молекулалары, металл торының электрондары мен оң таңбалы иондары, электролиттің иондары, т.б.) жылулық қозғалысымен де байланысты болады. Жүйеге сыртқы электр өрісінің әсер етуі нәтижесінде, жүйе температурасының құрамының және жүйені құрайтын бөлшектердің (атом, молекула) орташа жылдамдығының кеңістіктік біртекті болмауы салдарынан да Тасымалдау Құбылыстары пайда болады. Физ. шамалардың тасымалдануы олардың градиентіне кері бағытта жүреді. Тасымалдау Құбылыстары жүйені тепе-теңдік күйге жақындатады. Тасымалдау Құбылыстарына электрөткізгіштік (сыртқы электр өрісінің әсерінен электр зарядтарының тасымалдануы және айқас процестер), диффузия (концентрация градиентіне байланысты жүйенің бір бөлігінен екінші бөлігіне массаның тасымалдануы),жылуөткізгіштік(температура градиенті нәтижесінде жылу энергиясының жүйенің бір бөлігінен екіншісіне тасымалдануы), т.б. құбылыстар жатады. Айқас процестер кезінде бір шаманың градиенті басқа шаманың тасымалдануына әкеледі. Мыс., термодиффузия немесе Соре эффектісі – температура градиенті масса ағынын тудырады; керісінше концентрация градиенті есебінен жылу ағыны пайда болады (Дюфур эффектісі). Сыртқы магнит өрісі әсер етпейтін изотроптық жүйелерде термоэлектрлік эффектілер деп аталатын айқас құбылыстар байқалады: екі тізбектеп қосылған әр түрлі өткізгіштердің түрлі температурадағы түйіндерінде электр тогы жоқ кезде электр қозғаушы күштің (ЭҚК) пайда болуы (Зеебек эффектісі); Пельте эффектісі – тұрақты температурадағы әр түрлі екі өткізгіштің түйіндерінен электр тогы өткенде жылудың бөлінуі немесе жұтылуы; Томсон эффектісі – тогы бар өткізгішті бойлай температура градиенті болғанда жылудың бөлінуі немесе жұтылуы. Сыртқы магнит өрісі әсер ететін изотроптық жүйелерде гальваномагниттік және термомагниттік эффектілер болып саналатын айқас құбылыстар байқалады. Бұл құбылыстар электр тогының әсерінен туындаса оларды гальваномагниттік, ал жылу ағыны есебінен пайда болса термомагниттік деп атайды. Тасымалдау Құбылыстарын кинетик. теория зерттейді. Заттардың үш агрегаттық күйі туралы не айта аласыз? Төртінші түрі ше? Бір тамшының өмірі туралы не білесіз? 18 м2 бөлмені алып тұрған ауаны қысып, диаметрі сақинаның диаметріндей шарға сиғызуға бола ма? Ол туралы «Ауа сатушысында» не айтылған? Заттың агрегаттық күйі - бір заттың әр түрлі күйі. Заттың бір күйден басқа бір күйге ауысуы оның еркін энергиясының, энтропиясының, тығыздығының, т.б. физикалық қасиеттерінің секірмелі өзгеруімен қоса қабат жүреді. Барлық зат (кейбір заттан басқасы) үш түрлі – қатты, сұйық және газ тәрізді агрегаттық күйде болады. Мысалы, су p=101 325 Па=760 мм сын. бағ. қалыпты қысымда және Т=0°С температурада мұзға, Т=100°С температурада қайнап, буға айналады. Плазма заттың төртінші агрегаттық күйі болып есептеледі. Заттың агрегаттық күйі температура мен қысымға тәуелді. Заттың агрегаттық күйін анықтайтын негізгі шама – молекулалардың өзара әсерінің орташа потенциалдық энергиясының олардың орташа кинетикалық энергиясынақатынасы [~(T, p)]. Мыс., қатты денелер үшін ~(T, p)1, газдар үшін ~(T, p)1, ал сұйықтықтар үшін ~(T, p)1.басталады. Заттың бір агрегаттық күйден басқа бір күйге ауысуы оның потенциалдық энергиясыныңсекірмелі өзгеруімен қоса қабат жүреді және ол молекулааралық қашықтық пен молекулааралық өзара әсерге тәуелді. Газдарда молекулааралық қашықтық молекулалардың сызықтық өлшемінен әлдеқайда үлкен. Сондықтан газда молекулалар бір-бірімен өзара әсерлеспейді деуге болады, олар еркін қозғала отырып, бүкіл көлемді толтырады. Кез келген газды белгілі бір қысым мен температурада сұйықтыққа, одан кейін қатты күйге келтіруге болады. Сұйықтықтар мен қатты денелерде (қоюланған не тығыздалған денелерде) молекулалар (атомдар), едәуір дәрежеде бір-біріне жақын орналасады да, олардың бір-бірімен әсерлесуі күштірек болып келеді. Осы себептен сұйықтықтар мен қатты денелер өз көлемдерін сақтайды. Дегенмен, қатты денелер мен сұйықтықтардағы молекулалар қозғалысының сипаты олардың әрқайсысында әр түрлі. Олардың құрылымы мен қасиеттерінің бір-бірінен өзгешелігі осы жағдаймен түсіндіріледі. Кристалл күйдегі қатты дене атомдары кристалдық тор түйіндерінің маңында әлсіз тербеліс жасайды. Мұндай денелердің құрылымы атомдардың реттелгендік (алыс және жақын реттелгендік) дәрежесінің жоғарылығымен сипатталады. Сұйықтық молекулаларының (атомдарының) жылулық қозғалысы молекулалардың тепе-теңдік қалып маңындағы әлсіз тербелістері мен олардың бір тепе-теңдік қалыптан басқа бір тепе-теңдік қалыпқа секірмелі түрде жиі ауысып тұруынан құралады. Сұйықтық бөлшектерінің тепе-теңдік қалыпқа ауысуы олардың орналасуында тек жақын реттіліктің болатындығын және оларға қозғалғыштық пен аққыштық қасиеттер тән екендігін көрсетеді. Ал, плазманың басқа агрегаттық күйлерден айырмашылығы – оның зарядталған бөлшектер (иондар,электрондар) газынан тұратындығы. Плазмада бөлшектер бір-бірімен үлкен қашықтықта әсерлесе береді. Бұл жағдай плазманың өзіне тән кейбір қасиеттерін анықтайды.[1] Құрылымы жағынан көбірек реттелген заттың агрегаттық күйінің одан гөрі азырақ реттелген күйге ауысуы белгілі бір температура мен қысымда секірмелі түрде (қ. Балқу,Қайнау), сондай-ақ, үздіксіз де (қ. Фазалық ауысу) жүруі мүмкін. Сондықтан, үздіксіз ауысу мүмкіндігі, Заттың агрегаттық күйінің әр түрге бөлінуінің шартты екендігін көрсетеді. Бұл жағдай сұйықтық құрылымын сақтайтын аморф денелердің, кейбір заттарда бірнеше кристалдық күйлердің, сұйық кристалдардың, т.б. болуымен дәлелденеді. Осыған байланысты қазіргі физикада З. а. к. ұғымының орнына одан гөрі кеңірек – фаза ұғымы пайдаланылады. АГРЕГАТТЫҚ КҮЙ — заттың (су, темір, күкірт т.б.) белгілі бір жағдайдағы (темпиратура, қысым) күйі. Заттар 3 не 4 түрлі агрегаттық— газ, сұйық, қатты дене және плазма күйінде болады. Мысалы, су сұйық, мұз және бу күйінде кездеседі. Заттың бірнеше АГРЕГАТТЫҚ КҮЙінің болуы оның молекулалары мен атомдарының жылулық қозғалысындағы ерекшеліктеріне байланысты. Әр күйдегі бөлшектердің тартылыс күштері электрондардың қатысуына тәуелді. Мысалы, қатты және сұйық денелерге қарағанда газдарда бөлшектердің еркін тербелмелі қозғалыстары өте жоғары болады. Заттар бір АГРЕГАТТЫҚ КҮЙден екіншісіне өткен кезде олардың кейбір физикалық-химиялық қасиеттерінің (энтропия, тығыздық т.б.) өзгеруі секірмелі түрде жүреді, яғни заттың құрамы бұрынғы қалпында сақталғанымен, құрылымы өзгереді. Энергияның сақталу заңы термодинамиканың қай заңына негізделген? «Өмірлік двигательді» қайдан алуға болады, ол өзі қай жерде кездеседі? Флуктуация деп нені айтуға болады? Дүние хаостан құралды ма? Энтропияның жүйенің күй ықтималдығымен, мәліметпен, тірі ағзалардың өмір сүру ұзақтығымен байланысы қандай? Энтропия (гр. еntropіa – бұрылыс, айналу) – тұйық термодинамикалық жүйе, мұндағы k – Больцман тұрақтысы. Сонымен Энтропия – термодинам. тепе-тендік күйдегі макроскоп. денелерге тән қасиет. Ол бірліктердің халықаралық жүйесінде (СИ) Дж/К арқылы өрнектеледі. Энтропия ұғымы ғылымның көптеген салаларында (физика, химия, т.б.) маңызды рөл атқарады. С. АсановWD) деп аталатын шамамен байланыстырады. Больцман принципіне сәйкес: S=kІnWDQ/Т түріндегі толық дифференциал болатындығының қажетті және жеткілікті шарты, ал Энтропия – күй функциясы. Энтропияның абс. мәні термодинамиканың үшінші бастамасы бойынша анықталады және ол бойынша абс. нөл темп-рада кез келген жүйенің Энтропиясы нөлге айналады. Адиабаталық оңашаланған жүйелеріндегі қайтымды процестер кезінде Энтропияның мәні тұрақты болып қалады да, қайтымсыз процестер кезінде Энтропияның мәні артады; барлық реал процестерінде Энтропияның мәні артады (Энтропияның арту заңы). Статистистикалық физикада Энтропия статист. салмақ (dS=Q/Т. Ал кез келген қайтымды жолмен алынатын тұйық процесс үшін: . Соңғы теңдік Энтропияның dS=DQ – жүйеге күйі шексіз аз квазистатик. болып өзгергенде берілетін жылу мөлшері, Т – жүйенің абс. темп-расы; интрегал екі күйді өзара жалғастыратын кез келген қайтымды жолмен алынады. Изотерм. процесс жағдайында: dдегі өздігінен жүретін процестің өту бағытын сипаттайтын күй функциясы. Энтропияның күй функциясы екендігі термодинамиканың екінші бастамасында тұжырымдалады. Энтропия ұғымын термодинамикаға 1865 ж. Р.Клаузиус енгізген. Кез келген А және В күйлеріндегі жүйе энтропиясы мәндерінің айырымы мына формула арқылы анықталады: , мұндағы [1] Энтропия туралы ұғым[өңдеу] Еркінше алынған қайтымды циклды қарастыралық. Циклды бөлшектеу көмегімен, элементарлы Карно циклын шексіз көп санды теңдікті, мына түрде жазуға болады: · dq1T1= dq2T2 Тұйықталған пішін бойынша, интегралдау кезінде және dq2 теріс таңбаларын есептеп табамыз. · ʃdqқайтT1 = 0. Мұндағы, dqқайт - таңбасы кезіндегісі, қаралып отырған айналмалы процесстегі қайтымды түріне, ерекше көңіл аударылуы тиіс. Сонымен, келтірілген жылулықтың интегралды суммасы үшін, қандай болса да, қайтымды циклда нөлге тең. Бұл Клаузиус теңдеуі деп аталады. Жылу динамикасында формуласын Клаузиус теңдеуі деп, ал формуласының оң жақ бөлігінің теңдеуін, Клаузиус интегралы деп атайды. Қандай да тұйық жол үшін, математикалық қажетті және жеткілікті шарт, ол: · ds = dq/T толық дифференциал болады. 1-2 еркінше алынған жол бойындағы интеграл, әр уақытта тең: · Шарт бойынша, жылулықты dq жеткізу процессі қайтымды деп есептеледі. Сонымен, S - функция жағдайы. Оны энтропия деп атайды. Формуладағы 1/T үстіңгі көрсеткішінде тұрған, толық емес дифференциал dq үшін интегралдаушы көбейткіш болады. Еркін қайтымды айналмалы процесс үшін алынған формуладан, энтропия S және абсолютты температура Т бар екендігі туралы тікелей қорытынды шығады да, теңдеумен анықталады, оны қайтымды процесстер үшін, жылу динамикасының екінші заңының теңдеуі деп атайды. Қайтымды изотермиялық процесс (T=const) кезіндегісін теңдеуден табамыз: · Қайтымды адиабатты процесс кезіндегі, dq=0 болғанда: · ds = 0; S2 - S1 = 0; S = const. Қайтымды адиабатты процесс, энтропияның өзгеруін болдырмайды. Сондықтан, оны, изоэнтропийлі процесс деп атайды. Екі рет кездесетін көрсеткіштердің бар болуына сәйкес, сыртқы ортамен, энергетикалық пішіндегі әрекетте болуы. Әрекеттік шарты үшін, байланыстырушы температура Т жылу алмасуы және меншікті энтропия S жолымен, осындай қос көрсеткіштерді құрады. Энтропия экстенсивті (аудитивті) шама болады, себебі энтропия зат, осыған қарағанда оның анықтамасы, осы заттардың (S = mS) санды мөлшеріне пропорционалды, Т мұнда S функциясында болады. Энтропияның абсолютты шамасын, кейбір тұрақты дәлдікпен есептеуге болады. Себебі, оның абсолютты шамасына емес, энтропиялық өзгеруіне жиі көңіл аударады, оның бастапқы есептелуін шартты түрде таңдайды (әрекеттегі қалыпты физикалық күй, ал су үшін, үш қатты нүкте күйі). Энтропия бірлігі - Дж/(кгК). Химиялық реакциянызерттеу кезінде тұрақтыны білу үшін, энтропияның абсолютты шамасының бастапқысын есептеуі үшін өте үлкен практикалық мәні бар. Нернстің ашқан принципінің атауындағы, Нернстің жылулық теоремасымен көрсетілген тұрақтылығын таңдауды іске асыруға болады. Теореманың тұжырымдауына байланысты, қандай да болмасын жүйенің энтропиясы кезіндегі абсолютты нольде, әр уақытта нөлге тең жағдайында қабылдануы мүмкін. · limsr->0 = 0 Бұдан көрінгендей, жүйелер жағдайының T—> К температура кезіндегі, барлық мүмкіндік өзгеруі, энтропияның тұрақты кезінде өтеді. Сондықтан, жүйелер күйінің (қалай болса солай) Т= 0 К кезіндегісін бастапқы есептеу үшін таңдайды. Сонымен, қайтымды процесстер бойынша алынған интеграл · , T=K кезіндегі, қалай болса солай алынған бастапқы жағдайының, А жағдайына арналған энтропияның абсолютты шамасын көрсетеді. Нернст принципі, тәжірибе жолымен анықталған. Ол, статистикалық механиканың теориялық дәледенуімен табылады. Бұл жерде, мыналарды атап өту керек. Өйткені Нернстің теоремасына байланысты, энтропия - абсолютты нөл айналасында, қандай да өзгеру күйі кезінде, өзгеріске ұшырамайды, сондықтан заттар, жылу алмасуға қабілетсіз болады, онда, бұдан шығуы, салдар ретінде есептелген, осы Нернстің тұжырымдауынша, жылу динамикасының үшінші заңы бойынша, жылуды алып кету жолымен, абсолютты нөлге қол жетпестігі туралы айтылады. Атап айтқанда, Т2 = 0 К температуралы суықтық көзінен, Карно циклын жүргізуге болмайды және осыған сәйкес пайдалы эсер коэффициенті ηк = 1. ФЛУКТУАЦИЯ (латынша fіuctuatіo — үздіксіз қозғалыс, тербеліс) — физикалық шамалардың (бақыланатын мәндері) өздерінің орташа мәндерінен кездейсоқ ауытқуы. Бұл құбылысты зерттеудің принциптік маңызы бар. Өйткені ол термодинамалық ұғымдар мен заңдылықтардың қолдану шегін анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге Флуктуация— көптеген физикалық процестерге тән құбылыс. Флуктацияның пайда болуының негізгі екі себебі бар: 1) классика физизикалық шамалардың Флуктациясы жүйедегі бөлшектер санының шекті болуына байланысты; 2) кванттық шамалардың Флуктациясы анықталмау қатысына байланысты. Ал электрлік Флуктация — заттың электрленуінің дискретті құрылымына және электр зарядын тасушылардың жылулық қозғалысына байланысты өткізгіштегі электр потенциалының, ток күшінің және зарядтардың ретсіз (хаосты) өзгеруі. Флуктаяның соңғы түрі электротехника мен радиотехникада үлкен рөл атқарады. Энергияның Сақталу Заңы, энергияның сақталу және айналу заңы – табиғаттағы кез келген материялық тұйық жүйеде өтетін барлық процестер кезінде сол жүйе энергиясының сақталатынын тұжырымдайтын жалпы заң. Энергия бұл жағдайда тек бір түрден екінші бір түрге айналады (егер материялық жүйенің қоршаған ортамен әсерлесуін ескермеуге болса, онда ол жүйені тұйық жүйе деп қарастыруға болады); егер материялық жүйе сыртқы әсердің нәтижесінде бір (бастапқы) күйдегі екінші (соңғы) бір күйге ауысса, онда оның энергиясының артуы (не кемуі) жүйемен әсерлесетін денелер мен өріс энергиясының кемуіне (не артуына) тең болады. Бұл жағдайда жүйе энергиясының өзгеруіне жүйе күйінің біреуіне (бастапқы не соңғы) ғана тәуелді болады да, оның ауысу жолына (тәсіліне) тәуелді болмайды. Басқаша айтқанда, энергия – жүйе күйінің бір мәнді функциясы. Термодинамикада Энергияның сақтау заңы термодинамиканың бірінші бастамасы деп аталады.[1] Физикалық (не химикалық) құбылыстардың кез келген түрлерінде Энергияның сақтау заңы сол құбылысқа тән формада ғана тұжырымдалады. Өйткені энергия берілген процесті сипаттайтын параметрлерге тәуелді. Энергияның сақталу және айналу заңын 19 ғ-дың 40-жылдары Дж.Джоуль және неміс ғалымдары Р.Майер,Г.Гельмгольц бір-біріне байланыссыз ашты. Термодинамиканың екінші заңының барлық қаралған тұжырымдамалары процестің мүмкіндіктерін талдау үшін энергия мөлшерінің сақталуының жеткіліксіз екенін көрсетеді. Энергия сандық түрде ғана емес, сапалық түрде де сипатталуы қажет. Энергияның сапасын анықтайтын және термодинамиканың екінші заңындағы шектеулерді сандық түрде сипаттайтын шама S энтропия болып табылады. Термодинамиканың екінші заңының жалпылама тұжырымдамасы энтропия ұғымымен байланысты. Егер жүйе оқшауланған болса, яғни қоршаған ортамен жылу алмаспайтын болса ондай жүйенің энтропиясы: Барлық нақты процестердің барлығы қайтымсыз болғандықтан оқшауланған жүйеде энтропия әрдайым артады. Энтропияның артуы жүйенің ықтималдылығы аз күйден ықтималдылығы көп күйге, яғни тепе-теңдік күйге ауысуын көрсетеді. Бірақ флуктуациялар да болуы мүмкін. Оқшауланған жүйедегі энтропияның арту заңы статистикалық сипатқа ие. (9.5) –да математикалық түрде өрнектелген термодинамиканың екінші заңы оған дейін қарастырылған тұжырымдамалармен астасады. Жылу машиналарының жұмысын талдасақ, жүйеге dQ жылу түрінде берілген барлық энергияны dA жұмысқа айналдыру үшін оның қандай да бір бөлігі жеткілікті , және неғұрлым аз болса, соғұрлым энтропия көп болады. Бұл жағдай энтропияны жұмыс істеу қабілетінің өлшемі деп сипаттауға мүмкіндік береді. Жүйенің энтропиясының артуы табиғи процестердің ерекше белгісі болып табылады және энергия сапасының төмендеуіне алып келеді. Кез келген қайтымды цикл үшін Клаузиус теоремасын (9.4) жазайық (9.6) интегралдың нөлге тең болуы шамасы қандай да бір S күй функциясының толық дифференциалын береді. Сондықтан (9.7) формуласын термодинамикадағы энтропияның анықтамасы ретінде қарастыруға болады. (9.7) анықтамадан туындайтын энтропияның кейбір қасиеттері: - жүйенің энтропиясы - аддитивті шама Мұның мәнісі: жүйе энтропиясы оның жеке бөліктерінің энтропияларының қосындысына тең; - жылу алмасусыз жүретін қайтымды процесте – адиабаталық процесте- энтропия тұрақты болады; - процестің энтропиясы қандай да бір тұрақты шамаға дейінгі дәлдікпен анықталуы мүмкін. Қайтымды процестегі энтропияның өзгерісі (9.1) және (9.2) қатынастары негізінде есептеледі Жылулық процестерді талдау үшін координат осьтері ретінде T және S күй функцияларыалынатын TS – диаграммасы қолданылады. Термодинамиканың бірінші және екінші бастамасы. Термодинамиканың екінші бастамасының статистикалық түсіндірілуі. Энтропия мен күй ықтималдылығының байланысы Қандай да бір дененің толық энергиясынан тұтастай қозғалысының кинетикалық энергиясы мен сыртқы күш өрісіндегі потенциалдық энергиясын шығарып тастағанда қалған энергия оның ішкі энергиясы деп аталады. Демек, ішкі энергия түсінігіне молекулалардың хаосты қозғалысының кинетикалық энергиясы, молекулалардың өзара әсерлесуінің потенциалдық энергиясы және ішкі молекулалық энергия кіреді екен. Ішкі энергия негізінен екі түрлі процестің: дененің А жұмыс істеуі мен денеге берілген Q жылу мөлшерінің есебінен өзгере алады. Жұмыс істеу жүйеге әсер етуші сыртқы денелердің орын ауыстыруымен қоса жүреді. Денеге жылу беру сыртқы денелердің орын ауыстыруына тәуелді емес. Бұл жағдайдағы ішкі энергияның өзгерісі ыстығырақ дененің жеке молекулаларының салқынырақ дененің молекулаларына қарсы істеген жұмысының әсерінен болады. Бір денеден екінші денеге энергияның берілуіне әкелетін микроскопиялық процестердің жиынтығы жылу берілуі деп аталады. Элементар электрлік зарядтың мағынасын қалай түсінесіз? Заряд қандай түрлерге бөлінеді? Зарядтардың сақталу заңы бар ма? Электростатикалық өріс туралы не айта аласыз? Элементар Электр Заряды (е) – барлық оң және теріс электр зарядтарының ішінде абс. мәні жағынан ең кіші болатын электр заряды е=(1,6021917 ×0,0000070) 10–19 кулон. Кез келген бөлшектің электр заряды не нөлге (мыс., нейтрон заряды), не Э. э. з-на тең (мыс., протон не электрон заряды), не Э. э. з-на еселі (мыс., атом ядросы мен иондар заряды) болады. Электр заряды – бөлшектер мен денелердің сыртқы электрмагниттік өріспен өзара әсерін, сондай-ақ олардың электрмагниттік өрістерінің өзара байланысын анықтайтын негізгі сипаттамалардың бірі. Электр заряды 2 түрге ажыратылады және ол шартты түрде оң заряд және теріс заряд деп аталады. Аттас зарядтар бірін-бірі тебеді, ал әр аттас зарядтар бірін-бірі тартады. Дененің электр заряды оның құрамына енетін барлық бөлшектің Электр зарядының алгебр. қосындысына тең. Электр заряды дискретті, яғни барлық бөлшектер мен денелердің электр заряды еселі болып келетін ең кіші элементар электр заряды болады. Оқшауланған электр жүйесінде зарядтың сақталу заңы орындалады. Қозғалмайтын электр зарядының арасындағы өзара әсер Кулон заңымен, ал электр заряды және оның эл.-магн. өрісінің арасындағы байланыс Максвелл теңдеуіменсипатталады. Заттағы өрісті қарастырған кезде электр заряды еркін заряд және байланысқан заряд болып ажыратылады. Электр зарядының бірліктердің халықаралық жүйесіндегі (СИ) өлшеу бірлігі – кулон (к). Зарядтың сақталу заңы – кез келген тұйық жүйенің (электрлік оқшауланған) электр зарядтарының алгебралық қосындысының өзгермейтіндігі (сол жүйе ішінде қандай да бір процестер жүрсе де) туралы табиғаттың іргелі дәл заңдарының бірі. Ол 18 ғ-да дәлелденген. Теріс электр зарядын тасушы электронның және электр зарядының шамасы электрон зарядына тең оң электр зарядты протонның ашылуы, электр зарядтарының өздігінше емес, бөлшектермен байланыста өмір сүретіндігін дәлелдеді (заряд бөлшектердің ішкі қасиеті болып саналады). Кейінірек электр заряды шамасы жөнінен электрон зарядына тең оң не теріс зарядты элементар бөлшектер ашылды. Сонымен, электр заряды дискретті: кез келген дененің заряды элементар электр зарядына еселі болып келеді. Әрбір бөлшектің өзіне тән белгілі бір электр заряды болатындықтан, бөлшектердің бір-біріне түрлену процесі болмаған жағдайда, зарядтың сақталу заңын бөлшектер саны сақталуының салдары ретінде қарастыруға болады. Мысалы, макроскопиялық дене зарядталған кезде зарядты бөлшектер саны өзгермейді, тек зарядтардың кеңістікте қайтадан тарала орналасуы өзгереді: зарядтар бір денеден басқа бір денеге ауысады. Бөлшектерге бір-біріне түрлену процесі тән – элементар бөлшектер физикасында бір бөлшек жоғалады, бір бөлшек жаңадан пайда болады. Бұл жағдайда да зарядтың сақталу заңы қатаң сақталады, яғни бөлшектердің өзара әсерлесуі және түрленуі кезінде қосынды заряд өзгермейді. “Жаңа” зарядты бөлшектің пайда болуы не сондай заряды бар “ескі” бөлшектің жоғалуымен, не заряды оған қарама-қарсы зарядтар жұбының пайда болуымен (мысалы, бөлшек-антибөлшек жұбының пайда болу процесі) бір мезгілде өтеді. Оның үстіне, мұндай түрленулер кезінде зарядтың сақталу заңынан басқа да сақталу заңдары (энергияның сақталу заңы, қозғалыс мөлшерінің сақталу заңы, т.б.) орындалады. Зарядтың сақталу заңы энергияның сақталу заңымен бірге электронның орнықтылығын “түсіндіреді”. Электрон (және позитрон) – зарядталған бөлшектердің ең жеңілі. Сондықтан да ол ешуақытта ыдырамауға тиіс. Электронның өзінен гөрі ауыр зарядталған бөлшектерге (мысалы, мюонға, -мезонға) ыдырауына энергияның сақталу заңы, ал оның өзінен гөрі жеңіл бейтарап (нейтрал) бөлшектерге (мысалы, фотонға, нейтриноға) ыдырауына зарядтың сақталу заңы кедергі болады. Зарядтың сақталу заңының дәл орындалатындығын электронның өз зарядын 5 1021 жыл бойы жоғалтпайтындығынан көруге болады. Электростатикалық өріс электр зарядтардан пайда болып уақыт бойынша өзгермейтін өріс. Қозғалмайтын электр зарядтарының тудыратын өрісі уақыт бойынша өзгермейді жәнеэлектрстатикалық өріс деп аталады. Электр өрісінің кернеулігівекторлық шама берілген нүктедегі бірлік сыншы q сын зарядқа әсер ететін күш Нүтелі заряд үшін өріс кернеулігі Суперпозиция принципы:Зарядтар жүйесінің өріс кернеулігі жүйенің әрбір зарядтары жеке жеке туғызатын өріс кернеуліктерінің векторлық қосындысына тең. . Супепозиция принципі зарядтардың кез келген жүйесінің өріс кернеулігін есептеуге мүмкіндік береді. Нелiктен металдардан электр заряды өтедi, ал диэлектриктерден өтпейдi? Диэлектриктерде электрондар өз атомдарының ядроларымен мықтырақ байланысқандықтан дене iшiнде еркiн қозғалмайды. Металдарда электрондар ядролармен әлсiз байланысқан. Сондықтан олардың бiраз бөлiгi өз атомдарынан бөлiнiп дененiң iшiнде еркiн қозғала бастайды (мұндай электрондар – еркiн электрондар деп аталады). Осы электрондар өткiзгiште заряд тасымалдайды. Электрлеу кезiнде денелердiң толық заряды өзгере ме? Тәжiрибе жүргiзейiк. Электрометрдiң металл өзегiне металл диск орнатып, оның үстiне жұқа кенеп мата жабамыз, ал оның үстiне диэлектрик тұтқасы бар екiншi диск қоямыз. Жоғарғы дискінi оқшаулағыш қабатқа айналдыра үйкеп алып қояйық. Сонда бiз электрометр стрелкасының ауытқығанын көремiз. Бұл кенеп пен үйкелген дискiде электр зарядының пайда болғанын көрсетедi. Тәжiрибенi жалғастырайық. Ендi алып қойған дискiнi екiншi электрометр өзегiне тигiзейiк. Бұл электрометрдiң стрелкасы да тура сондай бұрышқа ауытқиды. Бұдан электрлеу кезiнде екi дискiде модулi жағынан бiрдей заряд алғанын көрсетедi. Осы зарядтардың таңбасы туралы не айтуға болады? Осы сұраққа жауап беру үшiн тәжiрибенi екi электрометрдi металл өткiзгiшпен жалғап аяқтайық. Бiз екi құралдың да стрелкалары төмен түскенiн көремiз. Зарядтардың бейтараптануы, олардың модуль жағынан тең, ал таңбалары қарама - қарсы болғанын көрсетедi (сондықтан олардың қосындысы нөлге тең). Осы және басқа да тәжiрибелер, электрлеу кезiнде денелердiң заряды сақталатынын, яғни толық заряд электрленуге дейiн нөлге тең болса, одан кейiн де нөлге тең болады. Нелiктен бұлай болады? Мысалы, эбонит таяқшаны жүнге үйкегенде, ол терiс, ал жүн оң зарядталатынын бiлемiз. Бұлай болу себебi үйкелу кезiнде эбонит таяқшада электрондар артық, ал жүнде электрондар саны кем. Осы кезде жүннiң және эбонит таяқшаның зарядтары модулi бойынша тең, ал таңбалары қарама - қарсы болады. Мұны, жүнде қанша электрон кем болса, эбонитте соншасы артық болатынымен түсiндiреміз. Жүндегi және эбониттегi толық электр заряды бұрынғыдай нөлге тең, демек заряд сақталады. Егер электрленушi денелердiң бастапқы зарядтары нөлге тең болмаған жағдайда да толық электр заряды сақталады. Мысалы денелердiң бастапқы зарядтарын q1 және q2 деп, ал әсерлескеннен кейiн q1′ және q2′ деп белгiлесек, онда былай жазуға болады: q1′ + q2′ = q1 + q2, демек, Денелердiң кез - келген өзара әсерлесулерi кезiнде олардың толық электр заряды өзгерiссiз қалады. Осы қорытынды электр зарядының сақталу заңы деп аталатын табиғаттың iргелi заңы болып табылады. Зарядтың сақталу заңын 1750 ж. Американың ғалымы және көрнектi саясаткерi Бенджамин Франклин ашқан. Ол алғашқы болып, оң «+» және «–» терiс зарядтар туралы түсiнiктi енгiзген. Электр өрiсi Жiпке зарядталған гильзаны iлiп, оған электрленген шыны таяқшаны жақындатайық. Олар бiр - бiрiне тiкелей тиіспесе де жiпке iлiнген гильза өзiнiң вертикаль қалпынан ауытқып, шыны таяқшаға тартылады. Осыдан зарядталған денелер бiр - бiрiмен тiкелей тиiспесе де әсерлесетiнiн көремiз. Осы кезде бiр денеден екiншiсiне әсер қалай берiледi? Мүмкiн, бар мәселе олардың арасындағы ауада шығар? Мұны тәжiрибе жүзiнде анықтайық. Зарядталған электроскопты (шыны пластикалары алынған) ауа сорғыштың қалпағының астына қойып, одан ауаны сорып тастаймыз. Сонда бiз ауасыз кеңiстiкте де электрокоптың жапырақшалары бiр - бiрiнен тебiлетiндiгiн көремiз. Демек, электрлiк әсердiң берiлу процесiне ауа қатыспайды. Ондай болса, зарядталған денелердiң өзара әсерлесуi не арқылы жүзеге асады? Бұл сұрақтың жауабын ағылшын ғалымдары М. Фарадей (1791 – 1867) және Дж. Максвелл (1831 – 1879) өз еңбектерiнде бердi. Электр өрiсi – кез - келген зарядталған денелердiң айналасында болады және заттардан ерекше, материяның айырықша бiр түрi болып табылады. Оны көру немесе ұстау мүмкін емес. Электр өрiсiнiң бар немесе жоқ екендiгiн, тек оның әсері арқылы білуге болады. Электр өрiсiнiң негiзгi қасиеттерi қарапайым тәжiрибелер арқылы анықталады. 1. Зарядталған дененiң электр өрiсi, осы өрiстегі кез - келген зарядталған денеге қандай да бiр күшпен әсер етедi. Зарядталған денелердің әсерлесуiн зерттеуге қойылған тәжiрибелер осыны көрсетеді. Мысалы, зарядталған гильза электрленген таяқшаның өрiсiнде тарту күшiнiң әсерінен оған жақындайды. 2. Зарядталған денеге жақын аралықта өрiс күштiрек, ал алыста әлсiздеу. Мұны тексеру үшiн тағы да зарядталған гильзамен жасалған тәжiрибенi қарастырайық. Гильзаны тiрегiмен бiрге зарядталған таяқшаға жақындата түсейiк. Бiз гильза таяқшаға жақындаған сайын жiптiң вертикальдан ауытқу бұрышы үлкейе беретiнiн көреміз. Бұрыштың үлкеюі, гильза электр өрiсiнiң көзiне (зарядталған таяқшаға) жақындаған сайын оған өрiс соғұрлым көбiрек күшпен әсер ететiндiгiн көрсетедi. Осыдан, зарядталған денеге жақындаған сайын оның өрiсiнің күшейетініне көз жеткiземiз. Сонымен, зарядталған таяқша ғана өз өрiсiмен зарядталған гильзаға әсер етiп қоймай, гильза да өз өрiсiмен таяқшаға әсер етедi екен. Зарядталған денелердің осындай бiр- бiрiне әсер етуінен олардың өзара электрлiк әсерлесуi байқалады. Электр өрiсiн графиктік кескiндеу үшiн Фарадей заманынан бастап күш сызықтары қолданылады. Зарядталған бөлшек электр өрiсiне енгенде, оның жылдамдығы көбеюi де азаюы да мүмкін. Егер бөлшек заряды q > 0 болса, онда күш сызықтары бойында оның жылдамдығы артады, ал керi бағытта тежеледi. Егер бөлшек заряды q < 0 болса, онда бәрi керiсiнше болады: күш сызықтары бағытында тежелiп, керi бағытта үдетiледi. 2. Электр зарядтарының вакуумдегі және диэлектриктегі өзара әрекеттесу күшінің бағыты, шамасын анықтағанКулон заңының тұжырымдамасы мен формуласын баяндау барысында заңның ашылу тарихын және ғалым туралы фактілермен оқушыларды пәнге қызықтыру тиімді. - вакуумде,; диэлектрикте; мұндағы 3. Нүктелік зарядтардың арақашықтығынан өлшемі мейлінше аз. Электростатикалық өріс электр зарядтардан пайда болып уақыт бойынша өзгермейтін өріс. Қозғалмайтын электр зарядтарының тудыратын өрісі уақыт бойынша өзгермейді және электрстатикалық өріс деп аталады. Электр өрісінің кернеулігівекторлық шама берілген нүктедегі бірлік сыншы q сын зарядқа әсер ететін күш Нүтелі заряд үшін өріс кернеулігі Суперпозиция принципы:Зарядтар жүйесінің өріс кернеулігі жүйенің әрбір зарядтары жеке жеке туғызатын өріс кернеуліктерінің векторлық қосындысына тең. . Супепозиция принципі зарядтардың кез келген жүйесінің өріс кернеулігін есептеуге мүмкіндік береді. 40 Электр дипольі шамасы бойынша тең, таңбасы бойынша қарама қарсы өрісте анықталып отырған нүктеге дейінгі қашықтықпен салыстырғанда ара қашықтығы өте аз екі заряд жүйесі.Электр дипольінің моменті Диполь өрісінің кез келген нүктесінің өріс кернеулігі Зарядтың шамасын немесе ара қашықтығын өзгерткенде диполь электромагниттік толқын шығарады. 0 41. Электр өрісінде зарядтың орын ауыстыру жұмысы. Потенциал және потенциалдар айырымы. Кернеулік пен потенциал арасындағы байланыс. Электростатикалық өрістің кернеулік векторының циркуляциясы жайында теорема Электр өрісіндегі орын ауыстыру жұмысызарядтың шамасы мен потенциал айырмасының көбейтіндісімен анықталады. Тұйық контур бойынша потенциал күштінің істейтін жұмысы нолге тең: . Кез келген тұйық контур бойынша кернеулік векторының циркуляциясы нолге тең. Электрстатикалық өрістің потенциалы -скаляр шама,өрістің берілген нүктесіндегі бірлік оң нүктелік зарядтың потенциалдық энергиясына тең және өрістің энергетикалық сипаттамасы болып табылады: Өріс күшініңпотенциалы (1-нүктеден) потенциалы (2-нүктеге) q0 зарядтың орнын ауыстыруға жасайтын жұмысы өрнегімен анықталады. - кернеулік векторының циркуляциясыдеп аталады. Сонымен, кез келген тұйық контур бойындағы электрстатикалық өрістің кернеулігі векторының циркуляциясы нөлге тең.Бұл электрстатикалық өріс кернеулік сызықтары тұйықталған болуы мүмкін емес екендігін көрсетеді. Найзағай түрлері және қорғану. Электр тогымен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін қалай сақтауға болады?Электр тогын үнемдеу туралы не айтар едіңіз? Найзағай — бұлттар не бұлт пен жер арасында болатын ұзындығы бірнеше км, диаметрі ондаған см және ұзақтығы секундтың ондаған үлесіндей болатын алып электрлік ұшқынды разряд.[1] Найзағай - кешенді атмосфералық құбылыс. Бұл құбылыс кезінде қалың будақ-жаңбырлы бұлттарда және бұлттар мен жер арасында көп еселі электр разрядтары пайда болады, күн күркірейді. Ұйтқыма жел, дауыл соғып, кейде бұршақ аралас нөсер жаңбыр жауады. Найзағайды шептік және масса ішіндегі деп ажыратады. Шептік найзағай атмосфера шебінде, ал масса ішіндегі найзағай ауаның жер бетінде жылынуынан пайда болады.[2] Жалпы мәліметтер[өңдеу] Табиғатта найзағайдың сызықтық түрі жиі кездеседі. Найзағай пайда болу үшін бұлттың шағын көлемінде ұшқындық разрядтыңбасталуына жеткілікті электр заряды түзіліп, ал оның қалған едәуір бөлігінде басталған разрядты әрі қарай демейтіндей, орташа кернеулігі 0,1 – 0,2 Мв/м электр өрісі болуы керек. Қаупі[өңдеу] Найзағай жарқылы үлкен разрядты тоқпен тең, ал оның температурасы 30000 градусқа дейін жетеді (бұл күн аймағындағы температурадан 6 есе жоғары). Найзағайдың орын ауыстыру жылдамдығы секундына 100 мың километр. Найзағай түскенде талдың жанып кетуі де мүмкін. Найзағайдың адамға түсуі, өлімге дейін алып келеді. Жыл сайын әлемді найзағайдан 3000 адам қайтыс болады. Найзағай бірінші биік затқа (талға т.б.) түседі. Найзағайға қалай дайындалу керек[өңдеу] Найзағайдың түсу қаупінен қорғану үшін, оған қарсы жерасты орасты орнатқаштарын орнату қажет. Табиғатқа шығу алдында ауа райы болжамын тыңдау қажет. Егер күн бұзылады деп болжаса, басқа күні шыққаныңыз дұрыс болады. Егер сіз найзағай болатынын сезсеңіз, онда бірінші кезекте оның жерге түсу жақындығын анықтаңыз және дауыл жақындап не болмаса қойғандығын қараңыз. Жарық жылдамдығының тездігіне тездігіне байланысты (300000км/с) онда найзағай жарқылын тез арада байқай аламыз. Мүмкіндігінше дыбыс кешігуі арақашықтық пен оның тездігіне байланысты анықталады. Мысалы: егер жарқылдан кейін найзағайға 5 с өтсе, онда найзағай фронтының арасы 340м/с*5с = 1700м. Егер дыбыс кешігуі жиіленсе, онда найзағай фронты сирейді ал егер дыбыс азайса, онда найзағай фронты жақындап келе жатқандығы. Найзағай жарқылынан кейін қатты дауыл болса, найзағай өте қауіпті. Егер сіз ауылдық жерде болсаңыз: терезені, есікті, құбырларды жабыңыз. Пеш жақпаңыз, себебі пеш трубасынан шығатын жоғары температуралы газда қарсыласа алмаушылық болады.Телефонмен сөйлеспеңіздер: кейде найзағай столбылардың арасында тартылған сымдарға түседі. Найзағай болып жатқан сәтте электр желісіне, антеннаға, терезе жанындағы орнықтарғыштарға, үйдің төбесінен су ағатын жерлерге жақындамаңыз, сонымен қатар теледидар, радио және т.б. электрлі қондырғыларды қоспаңыз. Егер сіз орманда болсаңыз, қысқа талдар өскен жерлерді паналаңыз. Биік талдардың қасына, әсіресе қайыңның, еменнің қастарына тығылмаңыз. Су жиналатын жерде немесе оның жағысында тұрмаңыз. Жағадан аласырақ, яғни жоғары жерден төменге түсіңіз. Жазық далада, егістікте немесе қорғанатын жер болмаған кезде жерге жатпаңыз, қазылған жердің шетіне аяғыңызды қолыңызбең ұстап отырыңыз. Егер найзағай дауылы сіз спортпен айналысу барысында болса, дереу тоқтатыңыз. Металлдан жасалған заттарды (мотоцикл, велосипед, мұз ойғыш және т.б. ) шетке қойыңыз және 20-30 малыс тұрыңыз. Егер найзағай сіз көліктің ішінде отырған кезде болса, машинадан түспей, терезені жауып, радиоқабылдағыштың антеннасын төмен түсіріңіз. Найзағай — бұлттар не бұлт пен жер арасында болатын ұзындығы бірнеше км, диаметрі ондаған см және ұзақтығы секундтың ондаған үлесіндей болатын алып электрлік ұшқынды разряд.. Табиғатта найзағайдың сызықтық түрі жиі кездеседі. Найзағай пайда болу үшін бұлттың шағын көлемінде ұшқындық разрядтың басталуына жеткілікті (кернеулігі 1 Мв/м) электр заряды түзіліп, ал оның қалған едәуір бөлігінде басталған разрядты әрі қарай демейтіндей, орташа кернеулігі 0,1 – 0,2 Мв/м электр өрісі болуы керек. Қаупі Найзағай жарқылы үлкен разрядты токпен тең, ал оның температурасы 300000 градусқа дейін жетеді (бұл күн аймағындағы температурадан 6 есе жоғары). Найзағайдың орын ауыстыру жылдамдығы секундына 100 мың километр. Найзағай түскенде талдың жанып кетуі де мүмкін. Найзағайдың адамға түсуі, өлімге дейін алып келеді. Жыл сайын әлемді найзағайдан 3000 адам қайтыс болады. Найзағай бірінші биік затқа (талға т.б.) түседі. Найзағайға қалай дайындалу керек Найзағайдың түсу қаупінен қорғану үшін, оған қарсы жерасты орасты орнатқаштарын орнату қажет. Табиғатқа шығу алдында ауа райы болжамын тыңдау қажет. Егер күн бұзылады деп болжалдаса, басқа күні шыққаныңыз дұрыс болады. Егер сіз найзағай болатынын сезсеңіз, онда бірінші кезекте оның жерге түсу жақындығын анықтаңыз және дауыл жақындап не болмаса қойғандығын қараңыз. Жарық жылдамдығының тездігіне тездігіне байланысты (300000км/с) онда найзағай жарқылын тез арада байқай аламыз. Мүмкіндігінше дыбыс кешігуі арақашықтық пен оның тездігіне байланысты анықталады. Мысалы: егер жарқылдан кейін найзағайға 5 с өтсе, онда найзағай фронтының арасы 340м/с*5с = 1700м. Егер дыбыс кешігуі жиіленсе, онда найзағай фронты сирейді ал егер дыбыс азайса, онда найзағай фронты жақындап келе жатқандығы. Найзағай жарқылынан кейін қатты дауыл болса, найзағай өте қауіпті. Егер сіз ауылдық жерде болсаңыз: терезені, есікті, құбырларды жабыңыз. Пеш жақпаңыз, себебі пеш трубасынан шығатын жоғары температуралы газда қарсыласа алмаушылық болады. Телефонмен сөйлеспеңіздер: кейде найзағай столбылардың арасында тартылған сымдарға түседі. Найзағай болып жатқан сәтте электр желісіне, антеннаға, терезе жанындағы орнықтарғыштарға, үйдің төбесінен су ағатын жерлерге жақындамаңыз, сонымен қатар теледидар, радио және т.б. электрлі қондырғыларды қоспаңыз. Егер сіз орманда болсаңыз, қысқа талдар өскен жерлерді паналаңыз. Биік талдардың қасына, әсіресе қайыңның, еменнің қастарына тығылмаңыз. Су жиналатын жерде немесе оның жағысында тұрмаңыз. Жағадан аласырақ, яғни жоғары жерден төменге түсіңіз. Жазық далада, егістікте немесе қорғанатын жер болмаған кезде жерге жатпаңыз, қазылған жердің шетіне аяғыңызды қолыңызбең ұстап отырыңыз. Егер найзағай дауылы сіз спортпен айналысу барысында болса, дереу тоқтатыңыз. Металлдан жасалған заттарды (мотоцикл, велосипед, мұз ойғыш және т.б. ) шетке қойыңыз және 20-30 м алыс тұрыңыз. Егер найзағай сіз көліктің ішінде отырған кезде болса, машинадан түспей, терезені жауып, радиоқабылдағыштың антеннасын төмен түсіріңіз. Найзағайдан қорғану Найзағай кезінде өзімізді қалай ұстаймыз? Жыл сайын статистикада найзағай соғуынан туындаған өрттер, найзағай кезінде қаза тапқан немесе зардап шеккендер туралы цифрлар жиілеп барады. Найзағай атмосфералық электрдің нағыз генераторы болып табылады. Найзағайдың барынша типтік түрі – сызықтық. Найзағай түскенде ол 2-3 шақырымға созылатын ұшқынды разряд кейпінде болады. Кей жағдайларда ол 20 шақырымға дейін жетіп, оның диаметрі 10 сантиметр немесе одан да жуан болады. Бір найзағай соғуының ұзақтығы секундтың ондаған бөлшегіндей, кейде одан да көбірек жалғасады. Сызықтық, үзік-үзік, шар тәрізді домалақ найзағайлар ерекше сипатқа ие. Егер сіз ашық далада жүргенде найзағайға жолықсаңыз не істеу керек? Далада, орманда, өзенде, жағажай сияқты кез-келген жерде болуыңыз мүмкін. Найзағай кезінде қорғаныссыз орында болсаңыз киіміңіздің суланып қалуынан қорықпаңыз. Жер бетіне түсетін найзағайдың жолында киімі суланған адамды кезіктіргенде мерт қылуы екіталай, өйткені құрғақ киімнен гөрі су киім токты жақсы өткізеді. Найзағай көбінесе биік объектілерге – мұнара, шіркеу қоңырауы, биік ағаштар мен бағандарға түседі. Оларға 30-50 метрге дейінгі қашықтыққа дейін жақындамаған жөн. Жазықтықта адамнан басқа зат болмаса, ол да сондай объектіге айналуы мүмкін. Найзағай кезінде жылдам жүруге, жүгіруге немесе қасқайып тұруға, ағаштың астына жасырынуға болмайды. Дұрысы тізе бүгіп, ойыстау жерге отыру қажет. Жерге жатуға әбден болмайды. Егер жерге соққан найзағай жаныңызда болса, оның жермен тараған заряды сіздің денеңізбен өтуі де мүмкін. Қолшатырды да ашпаңыз, өйткені оның металлдан жасалған бөліктері антенна қызметін атқаруы мүмкін. Егер қимылдау қажет бола қалса, оны абайлап қысқа қадаммен жүзеге асырған абзал. Электр қауіпсіздігі техникасында «қадам кернеуі» деген ұғым бар, ол біз жерді табанымызбен басқандағы нүкте орнындағы кернеу айырмашылығы (электр кернеуі) пайда болады. Жерге соққан найзағай тогы тек жерге кетіп қана қоймай, жан-жаққа тіпті бірнеше жүздеген километрге жайылып, жердегі әлеуеті әртүрлі орындар өмірге қауіп төндіруі мүмкін. Жақын ⇐ Предыдущая27282930313233343536Следующая ⇒ Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском: vikidalka.ru - 2015-2022 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных
Павлодар облысында «ANA TILI» орталығы қазақ тілін оқу үшін мобильдік қосымшасын іске қосты. Қосымша арқылы әр қалаушы мемлекеттік тілді өз бетінше үйрене алады. «Қосымшаның басты мақсаты қазақ тілін жаппай үйрету. Заманауи технологиялардың дамуымен, әр қалаушы тіл орталықтарына бармай-ақ, телефон арқылы үйрене алады. Ол үшін App Store немесе Play market-тен қосымшаны жүктеп алу қажет. Қосымшаның ішінде аудармаға арналған жаттығулар және лексика-грамматикалық тапсырмалар берілген. Сонымен қоса, тапсырма жауаптары мен ұпайларды да «Профиль» бөлімінен көруге болады», – деді «Ана тілі» ЖШС-нің «Тілдерді дамыту және латын графикасына көшіру» бөлімінің басшысы Ержан Советұлы. Бұл қосымша материалдардың жүйеленуі арқылы ұйымдастырылған интерфейстің қарапайымдылығымен, қызықты тапсырмаларымен және латын графикасына ауысу функциясымен ерекшеленеді. Оқыту бағдарламасы жаңадан бастаушыларға да, жоғарғы деңгейдегі қолданушыларға да арналғанын. Қосымшаның ішіне орысша-қазақша сөздік, сөз құрастыру ойындары, сөздік карточкалары, аудио және грамматикалық материалдар, мақал-мәтелдер, тілектер қосылған. Электрондық пошта мекенжайы арқылы тіркеліп, қосымшаны тегін пайдалануға болады. ruh.kz Send an email 08.04.2021 15 Facebook Twitter VKontakte Odnoklassniki Skype Messenger Messenger WhatsApp Telegram Хатпен жіберу Басып шығару
Социологиялық зерттеу - методологиялық, методикалық және ұйымдастырмалы – техникалық процедуралардың логикалық жалғастырмалы жүйесі, бір-бірімен ортақ мақсатпен байланысты: зерттеу құбылысы немесе үрдісі жөнінде мәлімет алу және оны әлеуметтік басқару тәжірибесінде қолдану. Социологиялық зерттеу төрт өзара байланысқан кезеңнен тұрады: - зерттеуге дайындық; - бастапқы ақпаратты жинақтау; - жиналған ақпаратты өңдеу және ЭВМда өңдеуге дайындау; - өңделген ақпаратты талдау. Зерттеу нәтижелері бойынша, есеп дайындау, қорытындыларды және кепілдемені тұжырымдау. Скачать архив (38.85 Кб) Сколько стоит заказать работу? Файлы: 1 файл Әлеуметтік зерттеудің құрылымы. Бастапқы әлеуметтік ақпарат жинаудың әдістері.docx — 42.29 Кб (Скачать файл) Әлеуметтік зерттеудің құрылымы. Бастапқы әлеуметтік ақпарат жинаудың әдістері Социологиялық зерттеу - методологиялық, методикалық және ұйымдастырмалы – техникалық процедуралардың логикалық жалғастырмалы жүйесі, бір-бірімен ортақ мақсатпен байланысты: зерттеу құбылысы немесе үрдісі жөнінде мәлімет алу және оны әлеуметтік басқару тәжірибесінде қолдану. Социологиялық зерттеу төрт өзара байланысқан кезеңнен тұрады: - зерттеуге дайындық; - бастапқы ақпаратты жинақтау; - жиналған ақпаратты өңдеу және ЭВМда өңдеуге дайындау; - өңделген ақпаратты талдау. Зерттеу нәтижелері бойынша, есеп дайындау, қорытындыларды және кепілдемені тұжырымдау. Барлау зерттеу – социологиялық зертеулердің ең қарапайым түрі. Ол шағын зерттеу жиынтығын қамтиды және қарапайым бағдарлама мен көлемі қысылған инструментарийге негізделеді. Барлау зерттеу терең және көлемді зерттеудің алдын ала сатысы ретінде қолданылуы мүмкін (егер қиындық аз немесе мүлде зерттелмеген жағдайда). Бастапқы ақпарат жинаудың ең қарапайым әдісі қолданылады (әдейі әдебиеттің анализі, эксперттерді сұрау). Суреттеу зерттеу. Мақсаты мен міндеті бойынша, ол зерттеу құбылысы және оның құрылымдық кезеңдері жөнінде біршама тұтас түсінік беретін эмпирикалық мағлұматтарды алуды көздейді. Толық өңделген бағдарлама бойынша жүргізіледі. Суреттеу зерттеу түрі талдау объектісі - үлкен адамдар қауымдастығы (қала, аудан, облыс, аумақ халқы) болған кезде қолданылады. Аналитикалық зерттеу – зерттелетін құбылыстың құрылымдық элементтерін бейнелеуді ғана мақсат қоймайды, сондай–ақ тәжірибелік құндылығы жоғары болып келетін негізінің себептерін айқындауға бағытталған, социологиялық зерттеудің тереңдетілген түрі болып табылады. Аналитикалық зерттеу дайындығы біршама уақыт талап ететін, мұқият құрастырылған бағдарлама мен инстументарийды талап етеді. Зерттеу объекті жөнінде көрініс алу үшін, барлау және бейнелеу зерттеу түрлерін қолданады. Қолданылған әдістер негізінде бұл зерттеу жиынтық сипатқа ие болады. (зерттеудің әртүрлі әдістері қолданылады) Социологиялық зерттеу түрін таңдаудан кейін, социологиялық зерттеу бағдарламасын құрастыруға көшеді. Бұл құжаттың ғылыми негізделу дәрежесінен жүргізілген социологиялық зерттеудің сапалық деңгейі айқындалады. Социологиялық зерттеу бағдарламасы – ғылыми құжат, әдістемелік тәсілдердің жан-жақты теоретикалық негізделуін және барлық бөлімдері бір тұтасқа біріккен, әлеуметтік үрдіс немесе құбылысты зерттеуде әдістемелік амалдарды қолданудан тұрады. Зерттеу бағдарламасы екі бөлімнен тұрады – әдістемелік және әдістік. Әдістемелік бөлім мәселенің негізделуі мен тұжырымдауын, зерттеу мақсаты мен міндетін суреттеу, зерттеудің обьекті мен пәнін анықтау, негізгі ұғымдардың логикалық талдауын жасау, жұмыс гипотезаларын тұжырымдаудан тұрады. Бағдарламаның әдістік бөліміне зерттеу жиынтығын анықтау (сұрыптау), бастапқы ақпарат жинауда қолданылған әдістерге сипаттама беру, ақпарат жинаудағы инструментариялардың логикалық құрылымы, логикалық кестелер және оның ЭВМ-да өңдеу элементтері кіреді. Бағдарлама жұмыс жоспарымен толықтырылады. Онда жұмыс кезеңдері, зерттеуді жүргізу уақыты, ғылыми, ұйымдастыру және қаржы шығындарының көлемі реттеледі. Тәжірибенің белгілеуі бойынша, бағдарламаны құрастыруға зерттеуді жүргізуге қарағанда көп уақыт қажеттілігін белгіледі. Мұқият құрастырылған социологиялық зерттеу бағдарламасы оның жоғары ғылыми дәрежеде іске асыруының кепілдеме шартының бірі есептеледі. Бағдарламаның негізгі элементтері ұсынылатын оқулықтарда (4,5,6) жеке-жеке қарастырылатындықтан, ерекше назар талап ететін, бағдарлама бөліктерінің сипаттамасына тоқталайық. Зерттеудің мәселесінің тұжырымдалуы мен негізделуі Нақты социологиялық зерттеуді өткізудің себебіне әлеуметтік өмірдің қарама-қайшылығы болып табылады. Осылай, мысалы тұлға дамуының қажетті деңгейі мен оқу орын түлектерінің жалпы дамуының шын деңгейі арасында қайшылықтар әлеуметтік мәселені құрайды. Объективті қарама-қайшылықтың сипаты, әлеуметтік мәселенің негізінде жататын, зерттеу түрін айқындайды. (оның теоретикалық немесе қолданбалы бағытын) Әдетте, эмпирикалық социологиялық зерттеу аралас болып табылады: ол тек тәжірибелік ғана емес, сондай-ақ ғылыми мәселелерді шешеді. Мәселелік әлеуметтік жағдай ғылыми мәселеде нақты бейнеленеді, онда ол қоғам сұранысы мен білімі арасындағы қарама-қайшылық ретінде және оны белгілі әрекеттер негізінде ұйымдастыруда іске асырудың жолдарын мен амалдарын білмеуден тұрады. Егер әлеуметтік мәселені белгілі құралдармен шешуге болса, онда бұл тәжірибелік мәселе болып табылады. Ғылыми мәселелерді шешудің ерекшелігіне жаңа білім алу, сондай-ақ мәселенің тәжірибе аспектісін ғылымимен ұштастыру жатады. Зерттеу мәселесін тұжырымдау үрдісінде едәуір толық және айқынды көрініс алуға тырысады. Шын әлеуметтік жағдайды көрсетпейтін немесе бұрын шешілеген қиындықтарды алға мақсат етіп қоюдан бас тарту керек. Кең жоспарлы мәселелерді қоюдан да бас тартқан жөн, себебі бір зерттеу шеңберінде бірнеше мәселерді шешу мақсатсыз болып келеді. Зерттеу мақсаттарын белгілеу Социологиялық зерттеудің мақсаты айрықша оның бағытын – теоретикалық немесе қолданбалы белгілейді. Зерттеу бағдарламасы қандай мәселені шешу үшін және берілген зерттеу қандай нәтижеге бағытталады деген нақты сұраққа жауап беру керек. Мақсат пен гипотезаларға сай зерттеу міндеттері айқындалады, олар негізгі және негізгі емеске бөлінеді. Негізгі зерттеу міндеттері орталық сұраққа жауап ретінде зерттеу мәселелерін шешудің құралдары мен жолдары қандай деген ізденісінен тұрады. Негізгі емес міндеттер зерттеу мәселесіне тікелей қатысы жоқ, қосымша гипотезаларды тексеру үшін қойылады. Негізгі емес міндеттер жаңа бағдарлама бойынша, жаңа зерттеу дайындауға көмек көрсете алады. Зерттеу объекті мен пәнін белгілеу Социологиялық зерттеудің объектісіне кең мағынада әлеуметтік үрдіс немесе әлеуметтік шындық саласы, немесе әлеуметтік қарама-қайшылықтан тұратын, қандай да бір қоғамдық қатынастар жатады. Тар мағынада социологиялық зерттеу объектісіне қандай да бір әлеуметтік мәселенің, яғни адамдар қауымдастығының және олардың әрекетінің белгілі қасиеті болып табылады. Зерттеу объектісін суреттеу барысында келесі сипаттамаларды ескеру қажет: кәсіптік ерекшелігі, кеңістік шектеулігі (ауыл, қала), функционалды бағыттылығы (өндірістік, тұрмыстық, саяси және т.б.), уақытша шекаралары (зерттеу жүргізу мерзімін белгілейді). Социологиялық зерттеудің кезеңдері өндірістік циклдарға байланысты белгіленеді(жұмыс күні, жұмыс сменасы). Зерттеу пәні зерттеу мәселелерін едәуір толық айқындайтын, объект қасиеттері мен жақтарынан тұрады. Түсініктердің интерпретациясы мен операционализациясы Бағдарламаның бұл бөлімінде түсініктердің операционализациясы мен интерпретация процедуралардың көмегімен социологиялық зерттеудің теоретикалық концепциясы бастапқы ақпарат жинаудың инструментарийне айналады. Социологиялық талдау пәнінің мәнін ашуға зерттеу мәселесінің теоретикалық түсінуіне қызмет ететін, бірқатар шешуші түсініктер мен категориялар қолданады. Қолданылған негізгі түсініктердің мағынасын ашу интерпретациялау деп аталады. Түсініктің мазмұны толық ашылды деп айтуға болады, тек сол жағдайда, егер оның интерпретациясы екі бағытта жүреді: берілген ұғымды басқа ұғымдармен салыстыру (түсініктердің теоретикалық интерпретациясы) мен оны берілген бақылау мен экспериментімен салыстыру (түсініктердің эмпирикалық интерпретациясы). Көбінесе негізгі түсініктер басқа жеке түсініктерден құралады. Осылай, «Өңдірістік ереже жағдайы» негізгі түсінігі бірнеше түсініктерден тұрады: « еңбек ереже жағдайы», «технологиялық ереже жағдайы», өз арада «еңбек ереже жағдайы» түсінігі жоспарлы тапсырмалар мен орындау нормаларын атқаруды; ішкі еңбек тәртібінің ережелерін орындау; жұмыс уақытының қолдану режимін, жетекшілердің бұйрығын орындау және т.б. білдіреді. Осыған байланысты, басты түсініктердің интерпретациясы оның құрушылардың ажыратылуын белгілейді. Негізгі түсініктерді интерпретациялауын жалғастыру және бөлшектендіру операционализация түсінігі деп аталады. Ол негізгі түсініктерді сипаттайтын, жеке түсініктердің ізденісін іске асырады. Зерттеу гипотезаларын тұжырымдау Зерттеудің жалпы бағыты тұжырымдалған гипотезалармен белгілену керек. Гипотеза - бұл ғылыми ұсыныс, қандай да бір фактілерді, құбылыс пен үрдістерді түсіндіруге, оларды мойындау немесе жоққа шығарудан тұрады. Ғылыми гипотеза, тек зерттеу объектісін алдын ала талдау нәтижесінде ғана тұжырымдалуы мүмкін болады. Ғылыми негізделген гипотеза бірқатар талаптарға жауап беру керек: 1) әлеуметтік үрдістердің ғылыми танымының теоретико-әдістемелік негізі болатын, жалпы социологиялық қағида принциптеріне сай келу керек; 2) әлеуметтік фактілерді түсіндіретін гипотезалар, бірқатар салаларда ақиқаттылығы берілген салада дәлелденген қағидаларға қарама-қайшы келмеу керек. Бірақ жаңа қағидалар ескі қағидаларға қарама-қайшы келуі мүмкін. Гипотезалардың дәйектігін өсіру үшін, келесі ережелерді жетекшілікке алу жөн: өзара байланысты гипотезалардың мүмкін біршама көп санын қоюға ұмтылу және әр гипотеза үшін мүмкін эмпирикалық көрсеткіштерді белгілеуге тырысу керек. Әлеуметтік объекті зерттеуде бейнелеу және түсіндірмелі гипотезаларды ажыратады. Бейнелеу - бұл зерттеу объектінің құрылымдық және функционалдық байланыстары жөнінде ұсыныстар. Олар әлеуметтік объектінің классификациялық сипаттамаларына жатқызыла алады. Түсіндірмелі гипотезалар - зерттеу объектісінің себеп-салдар байланыстары жөнінде ұсыныстарды белгілейді. Маңызы мен сипаты бойынша гипотезалар негізгі және қосымша болып ажыратылады. Зерттеу жиынтығын анықтау Зерттеу объектісі 500 не одан жоғары болса, сұрыптау әдісі қолданылады. Сұрыптау әдісі зерттеу объектісінің минимумын зерттеу барысында, генералды жиынтық жөнінде көріністі толық қалыптастыру. Көптеген әлеуметтік үрдістер социологиялық зерттеу бағдарламасымен белгіленген шеңберінің пәні болып табылады және өзінің территориалдық уақыт шекаралары бойынша, генералды жиынтықты құрайды. Әрбір зерттеу жиынтығын белгілі қасиет сипаттайды, оның мәңі бойынша, берілген объекттің генералды жиынтыққа жататынын немесе жатпайтынын үнемі белгілеуге болады. Осылай, генералды жиынтық негізінде берілген қала тұрғындарын, кәсіпорынның өндірістік персоналын, студенттерді және т.б. қарастыруға болады. Генералды жиынтықтың берілген бөлігі бақылау объектісінің негізі ретінде айқындалатын, сұрыптау жиынтығы деп аталады. Сұрыптау жиынтығы генералды жиынтықтың микромоделі болып белгілену керек. Сұрыптау жиынтығы сапалық сипаттамалар мен бақылау қасиеттері негізінде зерттеледі және генералды жиынтық құрылымымен сай келу керек. Сұрыптау жиынтығының элементтеріне байқау бірлігі жатады. Негізгі элементтерін сұрыптау үрдісінде үнемі бақылау бірлігі, яғни, зерттелетіндер болып табылмайды. Басында кәсіпорын, мекеме, кейін мектеп, отбасы таңдалады. Әр кезеңде белгілі жоспар бойынша, таңдалынатын элементтер (кәсіпорын, респонденттер тобы) сұрыптау бірлігі деп аталады. Генералды жиынтыққа толық, айқын сипаттама беретін, сұрыптау қасиеті репрезентативтілік деп аталады. Сұрыптаудың негізгі принципіне барлық генералды жиынтық элементтеріне сұрыптауға түсу тең шарттармен қамтамасыз ету. Сұрыптау негізі – бұл генералды жиынтық элементтерінің тізбегі. Негізіне меке қызметкерлерінің алфавиттік тізімі, пропуск номерлері және т.б. қызмет ете алады. Сұрыптау түрі: 1) қарапайым кездейсоқ – барлық элементтері белгілі, біртүбірлі жиынтықтан тұрады және кездейсоқ сандар кестесі көмегімен сұрыптау таңдау бірлігімен іске асырылады 2) жүйелік сұрыптау; 3) ұялы; 4) стратификациялық; 5) көпсатылы; 6) квоталық. Бағдарламаның әдістемелік бөлімінде қолданылған әдістердің сипаттамасы және бастапқы социологиялық ақпарат жинақтау тәсілдері, қолданылған инстументарийдың логикалық құрылымы, зерттеу пәнінің сипаттамасы кіреді. Инстументарий өзіндік құжат ретінде бағдарламаға тіркеледі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында отбасылық-демографиялық ахуал үлкен алаңдаушылық тудырып отырғанын баса айтқаны белгілі. Президент әсіресе кейінгі жылдары ерлі-зайыптылар арасында ажырасу фактілері жиілеп кеткенін өзекті мәселе етіп көтерді. Осыған орай әлемдік пандемия кезіндегі өңір тұрғындары арасындағы отбасылық ахуалды бір зерделеп көрген едік. Облыс әкімдігі аппаратының азаматтық хал-актілерін тіркеу бөлімінің берген мәліметіне сүйенсек, каринтин бастау алған 1 наурыз бен 3 қыркүйек аралығында 3102 неке қиылып, 431 отбасы ажырасқан екен. Өткен жылғы дәл осы кезеңде 4105 адам некеге тұрса, 1692 азамат некесін бұзған. Бұл сандарға қарап отырсаңыз былтырғы жылға қарағанда биыл некеге тұру да, ажырасу да азайғанын көруге болады. Әсіресе шаңырағы шайқалып, ортасына түскен отбасылардың саны үш есеге кеміген. Бұл әрине жанға жылу беретін ақпар. Тараз қаласына келетін болсақ, 1 наурыз бен 3 қыркүйек аралығында 1297 адам үйленіп, 231 жанұя ажырасқан. Өткен жылмен салыстырсақ былтыр 1750 адам некеге тұрса, 804 азамат осы кезеңде некесін бұзған. Мұнда да үйлену де, ажырасу да алдыңғы жылға қарағанда азайғанын аңғару қиын емес. Қала бойынша ажырасқан отбасылардың саны тіпті төрт есеге кемігені қуантады. Десе де тағдыр тоғыстырды деп қосылған жастардың жолдары екіге айырылып кетіп жатқан фактілер әлі де бар. Осы ретте жастар не себепті отбасындағы жылулық пен татулықты сақтай алмай жататынын таразылап көрдік. Әлемдік психология бұның 9 себебі бар деп түсіндіреді. Біріншісі тұрмыстық зомбылық. Екіншісі ер не әйелдің ішімдікке салынуы. Одан әрі ер не әйелдің есірткіге салынуы, күйеуі не әйелі жұмыссыз, жұбайлардың өмірге деген көзқарастарының сәйкес келмеуі, күйеуі не әйелі некеге дейін бірін-бірі ұнатпауы, некеден кейін де ұната алмауы, көзге шөп салу, материалдық қиындықтар немесе бедеулікті психологтар негізгі себеп ретінде көрсетуде. Бұл факторлардың қай-қайсысы болмасын кез-келген отбасыда бар екені анық. Әсіресе әлемдік пандемия кезінде жұмыссыздық белең алғаны белгілі. Бірақ бұдан ажырасып кетіп жатқандар көбеймегенін статистика көрсетіп тұр. Сонда себеп неде? – Үш баламды далада ойнатып жүргенімде күтпеген жерден медициналық киім киген адамдар үйге кіруімізді талап етіп, подъезімізді сыртымыздан құлыптап тастады. Бастапқыда түсінгеніміздей көрші үйден коронавирус жұқтырған адам анықталып, бұл соған орай жасалып жатқан сақтық шарасы екен. Алайда кешкісін подъезд тұрғындары 14 күнге карантинге жабылатындығын айтып, бәрімізді аң-таң қылды. Шыны керек, үйде азық-түлік болса да 14 күнге жететін қорымыз болған жоқ. Содан көршілердің бәрі шырылдап қалды. Алайда Тараз қаласы әкімдігінен келген адамдар еш нәрсені уайымдамай тек сақтық шараларын ұстану керектігін айтты. Бірақ екі апта бойы қала әкімдігі азық-түлікпен де, қажетті тұрмыстық заттармен де қамтамасыз етті. Сондай-ақ демеушілердің есебінен екі мезгіл ыстық тамақ та келіп тұрды. Көршілермен де сөйлесуге тыйым салынғандықтан үйде бала тәрбиесімен айналыстық. Сабақтарына барынша көңіл бөліп, спортпен шұғылдандық. Жолдасым жұмыс бабымен бірде Қызылордада, бірде басқа қалада жүретіндіктен түсінісе алмай қалатын кездеріміз көп болып жүрген. Карантиннің бір пайдасы күйеуіммен түсінісіп, балаларым да әкелерімен ойнап, құмарлары қанды, – дейді Тараз қаласында карантинге алғаш жабылған Қарасу алқабы №38 үйдің тұрғыны Аягөз Маялиева. Демек карантин жұптардың түсінісуіне жәрдемдескен екен. Былтырғы жылға қарағанда облыс көлемінде де, Тараз қаласында да ажырасу фактілері 3-4 есеге азайғаны осыны айғақтап тұрғандай. Тағы бір қуанышты хабар – карантин кезінде тойханалардың жабылуынан үйлену тойлары тоқтатылғанымен, қазір халық жаппай есік алдында аз ғана адамның басын қосып, балаларын үйлендіруге көшкен. – Жыл басынан үйленуді жоспарлап жүргенмін. Сөз байласып қойған қызым да дайын болатын. Алайда карантин қолды байлап, той күнін кейінге шегеруімізге тура келді. Содан ай-айға жалғанып, күзге бір-ақ жеттік. Былай отыра берсек, биылдан қалып кететінімді түсініп, «қолдан ұзатып береміз» деп отырған құдалардың рұқсатымен қызды алып қаштым. Сөйтіп есік алдында шағын беташар жасап, енді тойды кейінге қалдырып отырмыз. Бұны қайын жұртым да қолдап отыр. Себебі қазіргідей қиын кезде той жасау да көпшіліке оңай соқпауда. Алайда бір таңғалғаным, күз айы келген бойы өз көшемдегі үш отбасы келін түсірді. Сол секілді тамыр-таныстарымның арасында да үйленіп жатқандар көп. Бұл карантиннің осы тұрғыдан пайдасы тиді деп айта аламын, – дейді Тараз қаласының тұрғыны Нұрбек Оспанов. Иә байқап тұрсаңыздар сананы тұрмыс билеген заманда көп шығындалмай отбасы құруды жастар да, үлкендер де құп көре бастаған секілді. Себебі қазір тойхана іздеп, сабылып жүрген адамды көрмейсің. Бәрі есік алдында қуанышын бөліскенді жөн көруде. Естеріңізде болса, коронавирус кеселі әлемді шарпыған алғашқы айында Қытай мемлекетінде ажырасу фактілері жиілеп кеткенін естігенбіз. Бұл бізді айналып өткені қуантады. Енді тек жаңадан бас құрап жатқан жастарға отбасының беріктігін сақтап қалуға тырысу керек. Жоғарыда психологтар атап өткен ажырасу себептерінің бірі – бедеулік. Бұл мәселенің де Президент өз Жолдауында шешу жолын айтты. «Қазақстанда әрбір алтыншы отбасы бала сүйе алмай отыр. Сауалнама көрсеткендей, отандастарымыздың 20 пайызға жуығы мұны ажырасуға негіз болатын елеулі себеп деп санайды. Біріккен ұлттар ұйымының еліміздегі халық санының өсіміне қатысты болжамы Орталық Азиядағы көршілес мемлекеттермен салыстырғанда көңіл көншітпейді. Үкіметке 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» арнаулы бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырамын. Экстракорпоральді ұрықтандыру бағдарламалары бойынша бөлінетін квота санын 7 мыңға дейін, яғни 7 есе көбейту қажет», деп Мемлекет басшысы нақты тапсырмасын берді. Сондықтан бала сүйе алмай отырған отбасылар бұл мәселеге енді алаңдамаса болады.
Адамдар өздерін дұрыс ойланап не істейтінімізді алдын ала толық білеміз, бәрін логикаға сай шешеміз деп ойлайды. Іс жүзінде біз қате ойлап, ойды бұрмалап түсінуге бейімбіз. Осы себепті біз көбіне логикаға сай келмейтін әрекет жасап, өзімізге-өзіміз зиян келтіреміз. «Асықпай ойлап, тез шеш» кітабында психолог және Нобель сыйлығының лауреаты Даниэль Канеман ең көп кездесетін қателіктерді талдайды. Қай жерден қате жіберетінімізді түсіндіреді және қателікті өзге адамнан, сондай-ақ өз бойымыздан қалай байқауға болатынын үйретеді. Кітап заманауи зерттеулер мен бизнес, жарнама және саясатта қолданылатын психология саласындағы соңғы жаңалықтарға негізделген. Адамдар өздерін дұрыс ойланап не істейтінімізді алдын ала толық білеміз, бәрін логикаға сай шешеміз деп ойлайды. Іс жүзінде біз қате ойлап, ойды бұрмалап түсінуге бейімбіз. Осы себепті біз көбіне логикаға сай келмейтін әрекет жасап, өзімізге-өзіміз зиян келтіреміз. «Асықпай ойлап, тез шеш» кітабында психолог және Нобель сыйлығының лауреаты Даниэль Канеман ең көп кездесетін қателіктерді талдайды. Қай жерден қате жіберетінімізді түсіндіреді және қателікті өзге адамнан, сондай-ақ өз бойымыздан қалай байқауға болатынын үйретеді. Кітап заманауи зерттеулер мен бизнес, жарнама және саясатта қолданылатын психология саласындағы соңғы жаңалықтарға негізделген. По подписке: бесплатно Добавить Читать Поделиться в социальных сетях Скопировать ссылку Скопировано в буфер Адамдар өздерін дұрыс ойланап не істейтінімізді алдын ала толық білеміз, бәрін логикаға сай шешеміз деп ойлайды. Іс жүзінде біз қате ойлап, ойды бұрмалап түсінуге бейімбіз. Осы себепті біз көбіне логикаға сай келмейтін әрекет жасап, өзімізге-өзіміз зиян келтіреміз. «Асықпай ойлап, тез шеш» кітабында психолог және Нобель сыйлығының лауреаты Даниэль Канеман ең көп кездесетін қателіктерді талдайды. Қай жерден қате жіберетінімізді түсіндіреді және қателікті өзге адамнан, сондай-ақ өз бойымыздан қалай байқауға болатынын үйретеді. Кітап заманауи зерттеулер мен бизнес, жарнама және саясатта қолданылатын психология саласындағы соңғы жаңалықтарға негізделген.
Фотосурет vesti.kz сайтынан алынды.АСТАНА, 11 нау –Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан бітімгерлік күштерін БҰҰ миссиясына жіберуге дайындалуда деп хабарлайды республиканың қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековтың Ұлыбританияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Кэролин Браунмен кездесу қорытындысы бойынша. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы әскери ынтымақтастықты дамытудың болашағы, НАТО әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуы және Қазақстан бітімгерлік күштерінің БҰҰ миссиясына қатысу мәселелерін талқылады. «Қазақстан әлемдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету шеңберінде өзінің бітімгерлік күштерін БҰҰ миссиясына жіберуді жоспарлап отыр. Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі қазақстандық бітімгерлік бөлімшесін дайындықтан өткізуде және Қазақстан азаматтарының БҰҰ миссиясына қатысуы жөніндегі заңнамалық құжаттарды әзірлеуде», – деп атап өтті Әділбек Жақсыбеков. Кэролин Браун Ұлыбританияның Қазақстан Қарулы Күштерінің жауынгерлік әзірлігін жоғары бағалайтынын және «Қазбригтің» бітімгерлік операцияларына қатысуына қолдау көрсететінін жеткізді. Қазақстан Қорғаныс министрі «Дала қыраны – 2012» тактикалық-арнайы бітімгерлік жаттығуларына қатысқан британдық әскери қызметшілерге ризашылығын білдірді. Дереккөз: newskaz.kz 11 наурыз 2013, 18:32 WhatsApp арқылы хабар жіберу Бөлісу: Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз. Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.
Спорт саласындағы басшылар 2024 жылғы Олимпиадаға дайындық мәселелерін талқылады. Жиында спортшылардың ірі халықаралық жарыстарда көрсеткен аралық нәтижелері, оларды даярлау жүйесіндегі өзгерістер, медициналық-биологиялық қамтамасыз ету және допингке қарсы бағдарламалар, сондай-ақ өңірлерде олимпиадалық спорт түрлерінің жай-күйі мен дамуына қатысты мәселелер қаралды. Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев олимпиадаға қатысуға мүмкіндік беретін лицензиялар санына емес, медальдардың сапасына назар аудару қажет екенін айтты. Себебі жалпы командалық есеп алтын медальдар саны негізінде жүргізіледі. Кездесу барысында министр федерация басшылары мен жаттықтырушыларға бірқатар тапсырма берді. Мәселен, ендігі кезекте құрама командаларға жастарды тарту арқылы жасарту және халықаралық жарыстарға іріктеуді барынша ашық өткізу бойынша жұмысты белсенді жүргізу қажет. «Жоғары жетістіктер спортын дамыту үшін үлкен қаражат бөлініп, қолдау көрсетілуде. Қажетті жағдайлар жасалып жатыр. Дегенмен министрлік қайырымдылықпен айналыспайды. Сондықтан әр теңге үшін қатаң сұрау болады. Мұны осында отырған әрқайсысыңыз есте сақтауға тиіссіздер. Жоғары жетістіктер спорты нақты нәтижелерге негізделеді, қалғаны – дене шынықтыру. Сондықтан бізге жаңа жеңістер керек», – деді Дәурен Абаев. Спортты дамыту дирекциясының директоры Оралбай Жақсымбетов Парижде 329 медаль жиынтығы ойналатынын айтты (Токиода 339 медаль жиынтығы ойналған еді). Айта кетейік, еліміздің құрама командалары осы жылдың басынан бері 19 әлем чемпионатына және 20 Азия чемпионатына қатысып, 140 медаль жеңіп алды: оның ішінде 35 алтын, 40 күміс, 65 қола бар. 2022 жылдың соңына дейін біздің спортшылар тағы 3 әлем чемпионатына және 3 Азия чемпионатына қатысады. Үш жарым сағатқа созылған жиында Спорттық медицина және оңалту орталығының директоры Азамат Нұрматов, Ұлттық допингке қарсы орталықтың директоры Майра Бақашева, спорт басқармаларының басшылары, спорт түрлері бойынша федерация өкілдері және басқа да жауапты тұлғалар жұмыс нәтижелері туралы баяндады. «Құрама команда қатарына спортшыларды іріктеу рәсімдерінің ашық өтуі маңызды. Бұл біздің басты назарымызда болады. Алдағы уақытта министрлік спортшылардың барлық жетістіктерін, жарыстарға қатысу кестесін бақылауға мүмкіндік беретін е-sport жүйесін іске қосады. Әділеттілік пен ашықтық маңызды, спорт жүйесінде салауатты бәсекелестік болуы тиіс», – деді Дәурен Абаев. Министр спорт басқармаларының басшыларына олимпиадалық спорт түрлерінің басымдылығын ескере отырып, жоғары спорт шеберлігі мектептерінің жұмыс істеу қағидаттары мен тәсілдерін қайта қарау, федерациялармен бірлесіп спорт резервін дайындаудың бірыңғай стандартын және оқыту бағдарламаларын әзірлеуді тапсырылды. Алдыңғы ақпарат ЖӘУДІР АНА МЕШІТ-МЕДРЕСЕСІ Келесі ақпарат Министрлік 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға конкурс өткізетінін хабарлайды
«Индустриялық-инновациялық даму шеңберiндегi жобалардың әлеуметтiк маңызы шексiз. Бұл бағдарлама экономиканы жаңғыртудың басты бағдары болып қала бередi. Барлық мемлекеттiк органдар бұл жұмысты өздерiнiң негiзгi қызметi деп есептеуi тиiс». Қазақстан Республикасы Президентi Н.Назарбаевтың «Әлеуметтiк-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауынан Қазiргi уақытта Индустриалдық парк нағыз өндiрiстiң қайнаған ошағына айналып келедi. Мұнда орналасуға тиiс 50 кешендi жобаның инфрақұрылымы жасалып болып қалды. Бiрқатар кәсiпорындар ашылып, Астананың индустриалдық әлеуетiн көтеруге атсалыса бастады. Осындай күш-қуаты зор зауыттың бiрi – «сэндвич-панель» шығаратын «Кровля НС» ЖШС-i. Құрылысқа қажеттi материалдарды шығаратын 17 жобаның алғашқы қарлығашы – осы өндiрiс болды. Аз ғана уақытта қоршау конструкцияларының қазақстандық брэндi бар кәсiпорынға айналып үлгердi. Жалпы алғанда «сэндвич-панель» – Қазақстанда баламасы жоқ, жоғары технологиялық импорт құрылғымен жасап шығарылатын, сирек кездесетiн құрылыс материалы. Ғимараттардың қабырғасы мен шатырын құрастыруға арналған минералды мақта жылытқыштан тұратын «сэндвич-панель» түрлi санатта қолданылады. Өндiрiстiк және әкiмшiлiк құрылыстарда, сауда үйлерi мен қойма құрылыстарында, ауыл шаруашылық ғимараттарында, тұрғын үйлер салуда да пайдаланады. Мұндай құрылыс материалы шамамен +70 градустан -50 градусқа дейiнгi ауа температурасының өзгерiсiне төзiмдi келедi. Минералды мақта жылытқышпен қапталғандықтан көпшiлiк оларды тез жанғыш деп те ойлауы мүмкiн. Бiрақ, бұл – әсте, шындыққа жанаспайтын пiкiр. Өндiрушiлер өртке төзiмдiлiктiң амалын тауыпты. Қазiр минералды мақта жылытқыштарға базальт бүркiп, жанбайтын етiп шығаратын болды. Отқа жанбайтыны да бүгiнгi заманның сұранысына орай ойлап табылған. Антикоррозиялық қасиетi және бар. Соның арқасында панельдер сәулеттiк құрылыстардың сыртқы қабырғасын жасауға әбден лайықталды. Құрышқа бекiтiлетiн жабынды мен қабырғаның мықтылығы шатыр салуда таптырмайтын бұйым. Жылуды жақсы сақтайтын, шуылды естiртпейтiн, өртке қауiпсiз, сырты боялған, салмағы ауыр емес, жоғары технологиялық құрамдастығы мен қарапайым монтаждауға қолайлы, тамақ өнеркәсiбiне залалсыз, санитарлық, эко-логиялық нормаларға сай «сэндвич-панельдiң» Қазақстандағы қолданыс аясы күннен күнге артып келедi. Кез келген күрделi ғимараттарды жылдам әрi арзанға тұрғызуға бейiмделген. Салмағы жеңiл болуы iргетасқа тү-сiретiн ауыртпалықты азайтады. Базальтталған жылытқыштар мүлде жанбайтын зат ретiнде танылды. Құрыштан құралған «сэндвич-панельдiң» жылу ұстамдылығы өте жоғары. Шатырға да пайдалануға әбден қолайлы. Алыс аймақтарға тасымалданатын кезде лакталған беткi жағы бүлiнбес үшiн үстiнен қо-сымша қорғайтын жабу төселедi. Бетiне жағылатын лактың түр-түсi тап-сырушының жобасына сай әзiрленедi. Бұл өнiмдердiң құрылыс нысанына қарай әжетке жаратылуы жиi кездеседi. Жуандылығы, жылылығы, пайдалану көлемi, ұзындығы ескерiледi. Панельдердi технологиялық стандартқа сай дайындау қатты қада-ғаланады. Өйткенi, құрылыс саласы ұзақ мерзiмдi кешендi жобаларға арналады ғой. Сондықтан, құрылыс материалы да сол ұзақ мерзiмге төтеп беруi тиiс. Осыны ескерген зауыт иелерi тек сапалы шикiзатты пайдалана-тындықтарын айтты. Магнитогорск металлургиялық комбинатының темiр құрастырғыштарын, голландиялық Huntsman желiмiн, ресейлiк Line Rock маркасының базальттi жылытқыштарын сатып алады. Шетелдiк шикiзаттың қымбат бағамен келетiнi белгiлi. Осы тұста Қарағанды металл зауытының өнiмдерiне деген сұраныс артып тұрғаны бүгiнгiнiң өзектi мәселесiнiң бiрi. Отандық шикiзатты осындай орайлы сәтте жүйелi түрде құрылыс қарқынын дамыту үдерiсiне енгiзудiң маңыздылығы айтпаса да түсiнiктi. Осыны ескерген аталмыш серiктестiктiң директоры Анатолий Кульдиннiң пiкiрiнше, алыстан ат арытып, Ресейден шикiзат тасымалдағанша, iргеден жеткен темiр қалыптарды өңдеу бұларға да тиiмдi болар едi. Бiр-екi рет Қарағандыға тапсырыс жасаған екен, темiрдiң желiмге сәйкесiздiгi анықталыпты. Минералды мақта жылытқыштар темiрге жабыспапты. Ендi қарағандылық әрiптестер соның сапасын қада-ғалап, желiм жабысатын темiр қалыптарды дайындап беруге келiсiптi. Шикiзаттың сырттан келуi, ең алдымен, сапаға, содан кейiн бағаға әсер етедi. Бұған Кедендiк одақтың тигiзiп жатқан оң әсерi мүлде жоқ дейдi серiктестiк директоры Анатолий Кульдин. Шикiзатты шетелден тасып, елге әкелiп, тек құрастырғаннан басқа амал жоқ. Қазiргi таңда зауыттың қарымы қомақты. 2011 жылдың қорытындысы бойынша жылына 50 мың шаршы метр «сэндвич-панель» шығарылыпты. Тапсырыс көп болған кездерде айына 20 мың шаршы метр өнiм шығарған кездерi де болыпты. Р.S. Ел iшiнен жеткен шикiзаттан алынған өнiмнiң бағасы арзандау болар едi. Алайда, шикiзатқа тәуелдiлiк ел iшiнде шығарылатын өнiмнiң толыққанды отандық атануына бөгет болып тұр. Өнiмде бiрыңғай қазақстандық болмай шығатыны қынжылтады. Я, қағаз үшiн, я, болмаса желiм үшiн шетелге иек артуға тура келедi.
Премьер-министр инвестициялар тарту, жаңа жұмыс орындарын құру, кәсіпкерлікті қолдау, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту және табысын арттыру жөніндегі міндеттерді шешудің маңыздылығын атап өтті. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин мен ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошанов Маңғыстау облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясына қатысты, онда өңір әкімі лауазымына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған Нұрлан Ноғаевтың кандидатурасына бірауыздан қолдау білдірілді, деп хабарлайды zakon.kz. Маңғыстау облысының активімен өткен кеңесте Мамин Серікбай Трұмовтың өңірді дамытуға қосқан үлесін атап өтіп, облыс басшысы лауазымында атқарған жұмысы үшін алғыс айтты, делінген Үкімет басшысының сайтында. Жаңа әкімді таныстыра отырып, Үкімет басшысы оның өңірлік және республикалық деңгейдегі басшылық лауазымдарда атқарған мол еңбек тәжірибесін атап өтті. Жаңа әкімнің алдына өңірдің кешенді әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша маңызды міндеттер қойылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының дамуына ерекше көңіл бөледі. Өңір өнеркәсіп, энергетика, көлік-логистика және туристік салаларда зор әлеуетке ие, — деді Мамин. Премьер-министр инвестициялар тарту, жаңа жұмыс орындарын құру, кәсіпкерлікті қолдау, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту және табысын арттыру жөніндегі міндеттерді шешудің маңыздылығын атап өтті. Нұрлан Ноғаев 1967 жылы туған. И. Губкин атындағы Мәскеу мемлекеттік мұнай және газ академиясын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Ресей СІМ "Халықаралық қатынастар университеті" Мәскеу мемлекеттік институтын бітірген. Әр жылдары "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ, ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінде басшылық қызметтер атқарды, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының әкімі болды.
Қазақстан Халық партиясы ұйымдастырған дөңгелек үстелдегі Қала дерті #8 онлайн-эфирінде жас астаналықтарды мектепке дейінгі және мектептегі біліммен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды. Пікірталасқа «Menim Elim Dala» қоғамдық бірлестігінің сарапшылары мен өкілдері, сондай-ақ ҚХП төрағасы Ермұхамет Ертісбаев қатысты. Елордада балабақша мен мектеп жетіспейді. 2021 жылы еліміздің жалпы білім беру мекемелерінде орын тапшылығы 225 мың бірлікті құрады. Егер шұғыл шара қолданылмаса, бұл көрсеткіш 2025 жылы миллион орынға жетуі мүмкін. Алайда қала билігі қазіргі жағдайды елемейді және білім беру мекемелерін салудың орнына жаңа көп қабатты тұрғын үй кешендеріне жер бөлуді жөн көреді. Нүктелік құрылыс жағдайды нашарлатады. Нәтижесінде мегаполисте халық көп шоғырланған шағын аудандар және әлеуметтік нысандардың тапшылығы бар. Қала билігі қазіргі жағдайды елемейді және білім беру мекемелерін салудың орнына көпқабатты тұрғын үй кешендерінің құрылысына жер бөлуді жөн көреді. Нүктелі құрылыс жағдайды ушықтырып тұр. Салдарынан мегаполисте халық көп шоғырланған шағын аудандар мен әлеуметтік нысандардың тапшылығы туындауда. ҚХП төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев атап өткендей, архитектураға деген мұндай көзқарас тек Астанаға ғана емес, тұтас елге тән. Қазіргі уақытта Астанада 77 мың бала мектепке дейінгі мекемелерге бармайды, олардың 68 мыңы кезекте тұр. Мектептерде балалар бірнеше ауысыммен оқиды. Бала саны шамадан тыс білім беру мекемелеріне №59 (жобалық жүктеменің 342%), № 75 (312%), № 83 (296) мектептер жатады. Р. Ошақбаевтың пікірінше, бұған жергілікті шенеуніктердің біліксіздігі, немқұрайлылығы себеп болып отыр. – Құрылыс нормалары және ережелері ғана емес, сондай-ақ ақыл-парасат та бұзылады, – деп атап өтті ҚХП төрағасының орынбасары, – Егер біз бұған нормативтік және қоғамдық бақылау түрінде тосқауыл қоймасақ, болашақта осылай жалғаса береді. «Пустырь 1953» бастамашыл тобының өкілі Олжас Біләлов елорданың орталығында көпқабатты тұрғын үйлер қаптап кеткенін тілге тиек етті. Оның айтуынша, мектеп салатын орын орын жоқ. Мәселені дәл қазір шешуге кіріссек те балалар шалғай жерлерде баруға мәжбүр болады. – Астана бір адамға шаққандағы мектеп саны бойынша ең нашар қала, – деді О. Біләлов. – Халық тығыз орналасқан аудандардағы мектептерді қайта жүктеу мәселесін шешу мүмкін емес. Бұл қала дерті емес, бұл – қаланың қатерлі ісігі. Біз үнемі айтамыз, алайда ақпарат қала басшылығына жетпейді. Сарапшы КҚТК құрылысына мораторий енгізуді ең жақсы амал деп санайды. Бұл қазіргі жағдайды түсінуге және білім беру мекемелерін орналастыру мәселесін ішінара шешуге мүмкіндік береді. «Пустырь 1953» бастамашыл тобының өкілі Айман Беделбекова елордадағы оқушылар саны бойынша бірінші орында тұрған №59 мектептің өзекті мәселелері туралы жан-жақты айтып берді. Астана әкімдігі екі жылдан бері жақын жерден тағы бір мектеп салу (мұнымен мәселе шешілмейді, бірақ сыныптардың жүктемесі азаяды) туралы уәде беріп келеді. Білім беру мекемесінің құрылысы аяқталмайтын тәрізді, себебі жақын жерде жаңа КҚТК бой көтеріп жатыр. Алматыдағы «Аналар қозғалысының» өкілі Ирина Ким мектепті кеңейту үшін жапсарластырып құрылыс жүргізу санитарлық және құрылыс нормаларын бұзады, сондықтан балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығына қауіп төндіреді деп санайды. – Кеңейту мектептің жобалық қуатын арттырады», – дейді ол. – Бірақ заң бұзушылықпен салынып жатқан құрылыс мемлекеттік сараптамадан қалай өтетіні мүлдем түсініксіз. Дегенмен мектептердің шамадан тыс жүктемемен жұмыс істеуі тек сол жағалауға ғана емес, елорданың оң жағалауына да тән. Бұл туралы «8-ші Кенесары мектебі» бастамашыл тобының өкілі Тұрсын Байкенова айтты. Оның сөзінше, аудандағы барлық мектептерде жүктеме көп. «Sport Towers» БТ өкілі Ольга Дик те өз мәселесімен бөлісті. Ол жергілікті тұрғындар білімге мұқтаж мектеп оқушылары бар екенін ұзақ уақыт дәлелдеуге мәжбүр екенін мәлімдеді. Облыстағы жалғыз мемлекеттік мектеп 2 ауысымнан 3 ауысымға ауысты. Ал жақын жерде тағы бір жаңа КҚТК салынып жатыр. ҚХП төрағасы Ермұхамет Ертісбаевтың айтуынша, елорданың атқарушы билігін ауыстырмайынша оқу орындарын толтыру және шамадан тыс жүктемеменн жұмыс істеу мәселесін шешу мүмкін емес. – Бұл билік біздің балаларымызға, жас ұрпаққа қарсы әрекет етіп отыр! – деді ҚХП басшысы. – Жаңа әкімнің келуімен соңғы үш жылда бұл үдеріс күрт қарқын алғанын айта кету керек. Елорда әкімінің тез арада отставкаға кетуін талап ету қажет. Әйтпесе балаларымыздың болашағы жоқ. Талқылауға қатысушылар бірқатар ұсыныс айтты, сонымен қатар жұртшылықты қала өміріне белсендірек қатысуға шақырды.
Энциклопедиялық анықтамалыққа бұрынғы замандардағы халық арасында аса танымал болған музыкант (күйші, домбырашы, қобызшы, т.б.); халықаралық және республикалық күйшілер байқауының жеңімпазы; республикалық күйшілер одағының мүшесі, басшысы; республикалық домбырашылар одағының мүшесі, басшысы; бұрынғы замандардағы халық арасында аса танымал болған жыршы, жырау; айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының мүшесі; республикалық жыршы-жыраулар байқауының жеңімпазы; республикалық термешілер байқауының жеңімпазы өмірбаяндары енгізілсін. Энциклопедиялық анықтамалыққа халық оркестрінің, республикалық, облыстық, қалалық және аудандық оркестрдің бас дирижері, көркемдік жетекшісі; облыстық филармония басшысы, көркемдік жетекшісі; республикалық, облыстық ән-би ансамбілінің көркемдік жетекшісі; республикалық, облыстық және қалалық ән-би ансамблінің көркемдік жетекшісі, продюсері; республикалық, облыстық, қалалық және аудандық мәдениет үйінің басшысы өмірбаяндары енгізілсін. Энциклопедиялық анықтамалыққа бұрынғы замандардағы халық арасында аса танымал болған әнші; КСРО және КСРО-ның құрамдас республикаларының, халықаралық және республикалық музыканттар және ән байқауының жеңімпазы; республикалық музыка қайраткерлері одағының мүшесі, басшысы; республикалық концерттік ұйымының басшысы, көркемдік жетекшісі, бас концертмейстері; республикалық, облыстық және қалалық музыкалық, опера және балет театрының басшысы, бас дирижері, көркемдік жетекшісі өмірбаяндары енгізілсін. Энциклопедиялық анықтамалыққа бұрынғы замандардағы халық арасында аса танымал болған сазгер; КСРО және КСРО-ның құрамдас республикаларының, халықаралық және республикалық сазгерлер байқауының жеңімпазы; КСРО және КСРО-ның құрамдас республикаларының, Қазақстан, Өзбекстан, Ресей композиторлар (музыкатанушылар) одағының мүшесі, басшысы өмірбаяндары енгізілсін. Энциклопедиялық анықтамалыққа бұрынғы замандардағы халық арасында аса танымал болған бишілер; КСРО және КСРО-ның құрамдас республикаларының, халықаралық және республикалық бишілер, хореографтар байқауының жеңімпазы; КСРО және КСРО-ның құрамдас республикаларының, Қазақстан, Өзбекстан, Ресей хореографтар одағының мүшесі, басшысы өмірбаяндары енгізілсін. Энциклопедиялық анықтамалыққа КСРО және КСРО-ның құрамдас республикаларының, Қазақстан, Өзбекстан, Ресейдің өнертану докторы, мемлекеттік атақпен, мемлекеттік сыйлықпен, мемлекеттік орденімен, мемлекеттік және мәдениет ұйымдарының сыйлығымен марапатталғандардың өмірбаяндары енгізілсін. Ауылдық «Қызыл отау» және клуб үйінің меңгерушісі, аудандық және ауылдық деңгейдегі ән-би ансамблінің көркемдік жетекшісінің еңбектері ру тармақтары және тиісті аудан, ауыл жөніндегі мақалаларға енгізілсін.
Облыстық мәслихат депутаттары мен аппараты Сіздерді кәсіби мереке – Құтқарушылар күнімен шын жүректен құттықтайды! 2008 жылдан бастап 14 жыл бойы өртке қарсы, су-құтқару қызметі, азаматтық қорғаныс қызметкерлері бірыңғай кәсіби мереке – Құтқарушылар күнін атап өтуде. Аталған жылы төтенше жағдайлар жөніндегі Мемлекеттік комитет құрылды, ол бүгінде Республиканың мемлекеттік органдар жүйесіндегі қуатты кәсіби құрылым болып табылады. Әр түрлі бөлімшелердің ең батыл, ер жүрек және жауапты қызметкерлері тәулік бойы кезекшілікте тұратын Құтқару қызметтері күндіз-түні біздің қауіпсіздігімізді қорғайды. Құтқарушылардың қиын жұмысы жоғары кәсіп қойлықты талапетеді, себебі кәсіби борышын орындау кезінде өмірлеріне төнетін қауіп тәуекелі жоғары. Құтқару шылар талай табиғи апаттарда төтенше жағдайларға қарсы тұрып, техногендік сипат тағы апаттардың салдарымен жанқиярлықпен және батылдықпен күресті. Қазақстанның құтқару қызметтерінің басты ұраны-адамқауіпсіздігі. Құрметті құтқару қызметтерінің қызметкерлер мен ардагерлері! Депутаттармен облыстық мәслихат аппараты Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен тағы да шын жүректен құттықтайды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасында қазақтың көрнекті жазушысы Ғабиден Мұстафиннің 120 жылдығына арналған «Ұлт мақтанышы» атты әдеби кеш өтті. Әдеби кешке Астана қаласының №75 мектеп-гимназиясының педагогтары мен жоғары сынып оқушылары қатысты. Іс-шара аясында Ғ.Мұстафиннің өмірі мен қызметі туралы таныстырылыммен қатар, Қазақстанның білім беру ісінің құрметті қызметкері, қазақ журналистикасының ардагері, «Egemen Qazaqstan» республикалық газетінің шолушысы Сүлеймен Мәмет өз естеліктерімен бөлісті. КІТАПХАНАДА "МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҚҰЖАТТАНДЫРУ" СЕМИНАРЫ ӨТТІ 29 қараша 2022 Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасында "Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қызметін құжаттандыру"тақырыбы бойынша кітапхана базасында теориялық және практикалық сабақтар циклынан кезекті семинар сабағы өтті. Іс-шараға Еуразия ұлттық университетінің тарих факультетінің I-ші курс студенттері қатысты. Л.Н. Гумилева. Студенттер құжаттаманы басқару тәртібімен, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжат айналымын ұйымдастырумен танысты. ЕЛОРДАДА «КӨҢІЛДІҢ АСЫЛ ПЕРНЕСІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН САЛТАНАТТЫ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТТІ 28 қараша 2022 Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасында «Көңілдің асыл пернесі» халықаралық шығармашылық байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараға Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен миссиялардың басшылары, мәдениет және өнер өкілдері, танымал қазақстандық орындаушылар қатысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзі 26 қараша 2022 Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы 26 қараша 2022 Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы 2022 жылғы 26 қараша Қазақстандық қоғам мен мемлекетті одан әрі жаңғыртуға бағытталған реформаларды тиімді іске асыруды жалғастыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары бекітілсін. Жаңа Қазақстан: жасампаз ұлтқа» екі күндік семинар-тренингтің ағымдағы 2022 жылдың соңғы дәрісі өтті 25 қараша 2022 23-24 қарашада «Жаңа Қазақстан: жасампаз ұлтқа» екі күндік семинар-тренингтің ағымдағы 2022 жылдың соңғы дәрісі өтті, оған Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері қатысты. ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КІТАПХАНАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК ДАМУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ 25 қараша 2022 Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасында Халықаралық зияткерлік даму институтының директоры, профессор Джо Гю Юнмен кездесу өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің және Астана Халықаралық университетінің студенттері, сондай-ақ Binom мектебінің оқушылары қатысты. ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҰҚШҰ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ 24 қараша 2022 Мемлекет басшысы Ереванда өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты. Армения Премьер-министрі Никол Пашинянның төрағалығымен өткен саммитке Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин және Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев, ең алдымен, кезектен тыс өткен Президент сайлауындағы жеңісімен құттықтаған жиынға қатысушыларға алғыс айтты. ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КІТАПХАНАСЫНДА ЖЕҢІС КӘКЕНҰЛЫНЫҢ ЖЕКЕ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ 24 қараша 2022 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің кітапханасында Қазақстан Республикасы суретшілер Одағының мүшесі Жеңіс Кәкенұлының «Таңбалы» атты жеке көрмесінің ашылуы өтті. Көрме отандық авторлардың жетістіктерін насихаттауға бағытталған «Тәуелсіздіктің мәдени негізі» жобасының жұмысын жалғастыруда. ҚЫМБАТТЫ ОТАНДАСТАР! 23 қараша 2022 2022 жылдың 20 қарашасы еліміздің өміріндегі шын мәніндегі маңызды оқиға болды. Кезектен тыс Президент сайлауында Қ.К.Тоқаевтың кандидатурасын қолдап, Жаңа Қазақстанды құру жолындағы көлемді реформаларды іске асыратын белгілі бір белестен өттік. Ендігі сатыда, еліміздің саяси тұрақтылығын, қарқынды экономикалық дамуын, азаматтарымыздың әл-ауқаты мен тұрмыс сапасын қамтамасыз етуге бағытталған қайта құру шараларын іске асыру үдерісіне қос білекті түріп, бір кісідей белсене атсалысуымыз қажет.
Қару иесі пәтерде тұрған жағдайда, қару еденге немесе қабырғаға мықты орнатылған темір жәшікте немесе сейфте сақталуы тиіс. Тәртіп сақшылары таратқан ақпарат бойынша қару мен оның оқ-дәрілері арнайы талап-тәртіптері бар. Олар азаматтық, қызметтік қару мен олардың оқ-дәрілерін сатып алу, беру, есепке алу, сақтау және қолдану тәртібі жазылған заңдар мен нормативтік-құқықтық актілерде жазылған, деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі. "Қару иесі пәтерде тұрған жағдайда, қару еденге немесе қабырғаға мықты орнатылған темір жәшікте немесе сейфте сақталуы тиіс. Оның қабырғасының қалыңдығы 3 мм кем болмауы қажет және ішкі құлпы берік, қару иесінен өзге адамдарға қолжетімсіз болуы керек", - деді Алматы облысы ПД Әкімшілік полиция қызметі басқармасының бөлім бастығы полиция майоры Юрий Пак. Азаматтық, қызметтік, наградалық, жинақ қарулар мен олардың оқ-дәрілерін сақтаудың жағдайы мен тәртібін бұзған жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 484-бабына сәйкес 10 айлық есептік көрсеткіштен 40 АЕК дейін айыппұл салу әкімшілік жауапкершілік көзделген. Сонымен қатар, қалалық елдімекендерде тұратын азаматтық қару иелері қару сақталатын үй-жайда сертификатталған күзет жүйесін пайдалануға міндетті. Яғни, дабыл хабарын қару иесінің не оның отбасының ұялы телефонына немесе күзет ұйымына жолдау мүмкіндігі бар жүйе болуы қажет. Бұл пәтер ұрлығына дер кезінде әрекет етуге және қылмыскерлерді ұстауға мүмкіндік береді. "Өзгенің мүлкін ұрлауға жол бермеу мақсатында заманауи күзет дабыл жүйесін пайдалануға кеңес береміз. Өйткені, дабыл бірден күзет ұйымының орталықтандырылған жүйесіне түседі және олар қорғауға алынған нысан үшін жауапты саналады. Қазіргі таңда Алматы облысының кез-келген қаласында ұрлықтың алдын алу немесе ұрыларды оқиға орнында қолға түсіру мүмкіндігі бар жедел әрекет ету тобы құрылған күзет ұйымдары бар", - деп толықтырды полиция майоры Юрий Пак.
Екінші дүниежүзілік соғыстың аяғында Иран өндірісі нашар дамыған, ауыл шаруашылығында жартылай феодалдық қатынастар басым келген аграрлық ел болып қала берді. Капитализмге дейінгі өндірістік қатынастардың ыдырауы және осы реттегі капитализмнің үздіксіз дамуы елдегі ішкі саяси жағдайды қиындатты. Бұған Иран үкіметінің жүргізген экономикалық саясаты әсер етпей қоймады. Шетел тауарларының елге кіргізілуіне кең мүмкіндік бере отыра Иран үкіметі ұлттық өндірушіні тең емес бәсекеге итермелеп отырды. 40-шы жылдардың ортасында Иранда феодалдылықтың қалдықтары мен үлкен әлеуметтік бөлініс әлі де орын тапты. Көптеген артықшылықтарға ие әл-ауқаттылар және халықаралық сауда монополиясына қолы жеткен шексіз байлыққа кеңеліп өмір сүрді. Ал ұсақ буржуазия өкілдері мен ауыл тұрғындары және де басқа әлеуметтік топтар кедейшілік жағдайда өмір сүруге мәжбүр болды. Экономикалық зерттеулердің нәтижелеріне қарайтын болсақ, Иранның Исфахан, Мазендеран, Лурестан, Хузестан қалаларында жұмысшылардың табысы күніне 50 риалдан аспаған, ресми мәліметтер бойынша мамандандырылған жұмысшылардың айлық еңбекақысы 1961-1962 жж. орта есеппен 2500 риалды құраған, ал шын мәнінде бұл көрсеткіш әлдеқайда төмен болған. 1961 ж. 29 мамырындағы «Кейхан» газетінің мәлімдеуі бойынша барлық жұмыспен қамтылған халықтың 87 пайызы 2500 риалдан төмен кіріс алған, яғни бұл ресми төменгі өмір сүру көрсеткішінен 12 есеге артық болған, ал осы жылдар ішінде өмір сүру индексінің құны 12 есеге өскен. Бағаның тоқтаусыз өсу қарқынында халықтың көп бөлігі аштық жағдайында өмір сүруге мәжбүр болуы кедейшілік, аштық, антисанитария өз ізін қалдырмай қоймады. Елде эпидемиялық аурулар өршіді, көптеген аймақтар медициналық көмекке қолдары жетпеді. Жалпы ел ішінде 20 мың дәрігерлік орын болса соның, 8 мыңы Тегеранда орналасты. Жағдайды медицина жұмысшыларының тапшылығы ушықтырды. Елдегі 5 мың дәрігердің 4700-і Тегеран және басқа да ірі қалаларда жұмыс істеді, ал 45 мың ауылды мекендерге небары 300 дәрігер тура келді. Балалар өлімінің көрсеткіші өте жоғары болды, жас балалардың 80 пайызға жуығы 4 жасқа дейін жетпей өліп отырды [1]. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Таяу және Орта Шығыс халықтарының ұлт-азаттық және демократиялық қозғалысы Иранды да қамтыды. Елде демократияландыру күресін 1945 ж. құрылған Иранның ұлттық партиясы (Туде) басқарды. Осы ретте өз биліктерінен айырылғысы келмеген және елді демократияландыруға қарсы шыққан Иранның билік өкілдері импералистік державалардан көмек сұрады. Олардың ерекше сенім білдіргендері АҚШ болды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өзін «капитализм қатерінен» «әлемді азат етуші» ел ретінде сезінген АҚШ өзінің пиғылының таза екендігін және оның ұмтылысы Иранды «батыс өркениетіне» қосу екендігін БАҚ арқылы насихаттап отырды. Импералистік державалармен жақындасу жолына түскен Иран үкіметі бірте-бірте өзінің жеке- даралығынан айырыла бастады. АҚШ империализміне бағытталу арқылы Иран күрделі әлеуметтік- экономикалық проблемаларға тап болды. Иран үкіметінің бұл әрекеті АҚШ-тың Иранды экспансиялауына және елді өндірістік дамуын халықаралық монополиялық капиталға бағындыруына жол ашты. Соғыстан кейінгі жылдары Иранның билік өкілдері ел экономикасын тығырықтан шығаруға бағытталған біршама әрекет жасады. 1946 ж. Квама ос-Салтане үкіметі елді экономикалық, әлеуметтік тұрғыдан реконструкциялауға бағытталған жеті жылдық жоспарды жасауға кірісті. Бірақ бұл жоспарды жасау үшін Иранның жеткілікті дәрежеде кәсіби мамандары болған жоқ және жүзеге асыруға қажетті қаржының мүмкіндігі төмен болды. Осы мәселелерді шешу мақсатында Иран үкіметі АҚШ-тан жеті жылдық жоспарды жасауға және оны қаржыландыруға көмектесуін сұрады. Осы ретте АҚШ-тың алдында Иран экономикасын өз мүддесіне пайдалануына жол ашылды. Америкалық «Моррисон-Надсен» және «Оверсиз Консалтанс» фирмалары жеті жылдық жоспарды құрастыруда консультант ретінде елге шақырылды [1, 45 б.]. Бірақ ел экономикасын құлдыраудан алып шығарудағы шах режимінің әрекеттері нәтижеге алып келмеді. Көптеген себептердің әсерінен алғашқы жеті жылдық жоспарды (1949-1950, 1955-1956) жүзеге асыру нәтиже берген жоқ. Ұлыбритания мен АҚШ-тан келген көптеген кеңесшілер жоспарлау комитеті мен экономика министрлігінде негізгі әрі маңызды орындарды ұстап алып, елдің өндірістік дамуын әдейіге тежеумен болды. Онысы түсінікті де, олардың негізгі мақсаттары өздерінің монополиялық капиталы үшін өндірістік база табу және оны инвестициялау көздерін қарастыру болып табылады. Импералистік державалар жоспарлау комитеті алғашқы орынға әскери-стратегиялық объектілердің салынуын жүзеге асуына қол жеткізді. Бірінші жеті жылдық жоспардың нәтижесіз болғанына қарамастан, Иран үкіметі ел экономикасын жоспарлы түрде дамытуға шешім жасап, келесі жеті жылдық жоспарды жасады, оны 1956 ж. Иранның мәжілісі бекітті. Жеті жылдық жоспардың жүзеге асырылу кезеңінде импералистік державалар Иранның валютаға деген мұқтаждығын түсініп, оған көптеген несиелер мен займдар бере отыра, елде өз позицияларын күшейтіп, Тегеранның оларға қажетті саяси-экономикалық бағытты жүргізуіне қол жеткізбек болды [2] . Екінші жеті жылдық жоспар ресурстарды мобилизациялауды, шетел капиталын көптеп тартуды, елдегі жеке кәсіпкерлікті қолдауға және капитализмді өсіруге бағытталды. Осы мақсатта 1957 ж. Жеке кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі заң қабылданды. Заң бойынша кәсіпкерлікті банктер арқылы несиелеу қарастырылды. Жеке кәсіпкерлікке бағытталған несие көлемі 1955 ж. 7,6 млрд риалды құраса, 1958 ж. басында бұл көрсеткіш 14,7 млрд риалға жеткен. Осы уақыт ішінде мемлекеттік секторды несиелеу 1,8 млрд-тан 18,9 және 20,7 млрд-қа дейін өскен. Тек қана жергілікті капитал ғана емес шетелдік капитал да көптеген жеңілдіктерге ие болды. Мұндай саясат Ирандағы капиталистік қатынастардың дамуына және сауда операцияларын несиелеумен айналысатын жеке банктердің пайда болуына алып келеді деп жоспарланды. Егер 1956 жылға дейін Иранда 13 ғана банк болса, 1956-1959 ж-ға дейін тағы да 14 банк пайда болды [3]. Көптеген ирандық авторлардың сөзіне қарасақ, екінші жеті жылдықтың нәтижесінде едәуір әлеуметтік-экономикалық өзгерістер болған жоқ. Ауылды жерлерде сақталып қалған жартылай феодалдық жүйе Иранның ауыл шаруашылығының дамуына мүмкіндік берген жоқ. Жер онда жұмыс істейтін шаруаның меншігі болған жоқ. Осы уақыт аралығында ауыл шаруашылығына небары 23464 млн риал жұмсалды. Бұл ауыл шаруашылығының ел экономикасындағы негізгі рөл ойнайтынын ескермегенде, ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін халықтың 56,2 пайызы шоғырланған. Жартылай феодалдық қатынастар аграрлық саладағы технологиялардың ескі болуы, жердің тұздануынан сақтандыратын әдістердің болмауы егін науқанының төмен болуына алып келіп соқтырды. Иран бидай, арпа, күріш сияқты ауыл шаруашылық өнімдерін сырттан импорттауға мәжбүр болды. 1961-1962 жж. осы өнімдердің импорты 126000 тоннаға жеткен. Өндіріс саласының да даму қарқыны төмен болды. Ел бойынша бірнеше ғана ұсақ өндіріс ошақтары пайдалы болды. Иранның мәліметтеріне қарағанда 1961-1962 жж. ел бойынша небары 10247 өндірістік, негізінен ұсақ мекемелер қызмет етті, онда барлығы 131000 жұмысшы еңбектенді. Сол кездегі Иран шахы Мұхаммед реза Пехлевидің айтуы бойынша екінші жеті жылдық жоспарда әлеуметтік мәселелер қарастырылған. Онда халықты азық-түлікпен, үймен, киіммен, медициналық қызметпен қамтамасыз ету және білім беру жүйесін дамыту жоспарланған. Бірақ әлеуметтік салаға деген қаржылай шығындар оны толығымен қамтамасыз етуге жеткен жоқ. 1956 ж. Халық санағының мәліметі бойынша, Иран халқының 16 пайызы ғана білімді болған. Сонымен қатар медициналық қамтамасыздандыру да өте төмен дәрежеде болды. Екінші жеті жылдық жоспар бірінші жоспар сынды айтарлықтай әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шеше алмады. Жалпы алғанда, жоспардың өзі ел экономикасын секторларға бөліп дамытуға бағытталмай, негізгі мәселелерді шешуге үстіртін халде болды. Иранның жоспарлау комитеті көптеген себептерге байланысты мемлекеттік және жеке секторларды бірге ұстай алмады. Сонымен қатар ел үшін ең маңызды ауыл шаруашылық саласын біріктіру процесі нәтижесіз болды. Алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыруда жоспарлау комитеті мен тиісті министрліктер жұмысында ешқандай координация болған жоқ [4]. Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуымен Таяу және Орта Шығыс елдеріндегі империялистік мемлекеттердің ықпал ету тәртібі өзгерді. Германия, Италия, Франция аймақтарындағы бұрынғы күштерін жоғалтып алды. Ұлыбританияның рөлі де біраз әлсіреп қалды. Бұл тек қана соғыстың нәтижесінде емес, сонымен бірге Британ империясының құрамындағы мемлекеттерде ұлттық азат ету қозғалыстарының белең алуының нәтижесінде де болды. Дәл осы уақытта қуатты ғылыми- техникалық және экономикалық потенциалы бар АҚШ аймақтағы өз рөлін күшейте бастады. КСРО-мен бейбіт қатынас орнатқысы келгендей болып, Иран қоғамындағы, яғни халық арасындағы тынышсыздықты басуға әрекет етсе, екіншіден, АҚШ-тан өзіне тиімді жағдай талап етіп алу үшін пайдаланды, Иран үкіметі ресми түрде КСРО-ға 20-ж. аралығында өзара шабуыл жасамау туралы ұсыныс жасады. Келісімшарт мәтіні Иран жағымен дайындалып, Тегерандағы Кеңес елшісіне берілді [5]. Кейіннен екі жақ жоғары дәрежедегі келіссөздер жүргізу туралы шешімге келді. 1959 ж. басында КСРО үкіметінің Сыртқы істер министрінің орынбасары В.С. Семенов бастаған делегация келді. Бірақ кейінгі оқиғалар желісі көрсеткендей, Эгбаль үкіметі ниеттерінің шын емес екендігін көрсетті. КСРО Иранмен келіссөздердің алғашқы кезінің өзінде, өзара келіссөздер жүргізу үшін, ең басты талап, Иран басқа үшінші елмен әскери келісім жасасуына болмайтын еді. Қол жеткізген келісімге қарамай, Иранның басқарушы тобы КСРО-мен қатар АҚШ-пен келіссөздер жүргізе отырып, 1959 ж. 5 наурыз күні екіжақты әскери келісімшарт жасасты. Осылайша, Иран КСРО-мен тату көршілік саясатынан біржолата бас тартты, АҚШ-тың әскери әріптесіне айналды, сәйкесінше КСРО-ға қарсы мемлекеттер қатарына кірді. Иран - америкалық келісімшарт өз сипаты бойынша, Иран - КСРО бейбіт қатынастарды әлсіретуге, Ирандағы ұлт-азаттық қозғалыстарды басуға бағытталған болатын. Бұл келісімшартқа қол қою арқылы, АҚШ Иран территориясына «агрессияның барлық түріне» тойтарыс беру үшін өз әскерін еркін кіргізуге заңды құқық алды. СЕНТО-ның құрамына кіру арқылы Иранның КСРО-ға қарсы қырғи-қабақ соғысқа қатысуы Иран халқының онсызда ауыр жағдайын, одан сайын ауырлатты. Сонымен қатар Ішкі істер министрлігінің аса үлкен аппаратының полицияларына, Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлеріне бюджеттің 50%-ға жуығы жұмсалып отырды. Мемлекетті полицейлік- террористік әдіс арқылы басқару, демократиялық қозғалыстарды басып тастау, ұлттық байлықтарды монополистік капиталдардың тонауы Ирандағы еңбекшілердің өз құқықтары үшін жаңа көтерілістерге шығуына алып келді. Ішкі саяси және әлеуметтік-экономикалық қиындықтардан халықтың ойын басқа жаққа бұру үшін басшылар халықтың назарын әдейілеп сыртқы саясатқа аударды. Мысалы, Ауғанстан Гильменд өзенінде гидротехникалық құрылма болғандықтан, Иранға келетін су көлемі азайғанына және соның кесірінен аштық болғанына халықты сендірді [6]. Шаруалар өз мүдделері үшін көтеріле бастады. Сол сәттен бастап меджлисте Гильменд өзенінің суын дұрыс бөлу туралы мәселе қаралып, радио және газеттер арқылы антиауғандық насихат белсенді жүре бастады. Бұл халықтың әлеуметтік-экономикалық қиыншылықтардан назарының ауытқуына алып келді. Дәл осы әдісті Иранға қатысты да қолданған болатын, яғни әскери шығындардың көбеюіне ақталу мақсатында, билеушілер халықты әр түрлі жолмен Иран елінен Иранға төніп тұрған қауіпке сендіргісі келді. АҚШ-пен жасалған әскери келісімнен кейін Иран КСРО-мен келіссөз жүргізуге мүдделі болмады және алдында жасалған өзара шабуыл жасаспау туралы келісімді «қатырып» тастады. Эгбальдің ішкі және сыртқы агрессивті саясатын жасырып, халықты кеңес үкіметіне қарсы қою үшін антикеңестік бағыттағы іс-шаралар жүргізіледі (газетте, радиода хабарламалар беру, т.с.с.). Иранның капиталистік дамыған елдердің техникалық-экономикалық көмегіне сүйеніп, тығырықтан шығу деген үміті ақталмады. Бұл жеті жылдық жоспарлардың құлдырауынан кейін белгілі бола бастады, яғни қымбатшылықтың өсуі, үкіметтің азық-түлік тағамдары мен көп қолданылатын тауарларға бағасын тұрақтандыра алмауы және т.с.с. оқиғалар бой алды. «Позитивті ұлтшылдық» атты Иранның 50-жылдардың ортасымен 60-жылдар басындағы сыртқы саясатының басты принципі елді басқа дамушы елдерден оқшаулады. Осылайша, монорхиялық Иран дамыған ірі державалардың аграрлық-шикізат көзіне, тауар өндіру саласының біріне айналды. Сонымен қатар Иран өзінің территориясын дамыған ірі державаларға әскери алаң ретінде беріп алды. Иранның қаржылық алпауыт АҚШ пен басқа да батыс елдеріне біржақты бағыт алуы, елдің экономикасының құлдырауына, табиғи ресурстардың тоналуына, көптеген тиімсіз несие алулардың арқасында валютаның келуі 50-жылдардың соңы мен 60-жылдардың басындағы қаржы- валюталық дағдарысқа алып келді.
World Boxing News порталы 2022 жылғы қарашадағы жағдай бойынша салмақ дәрежесіне қарамастан (pound for pound) әлемдегі ең үздік 50 боксшының қазіргі рейтингісін ұсынды, деп хабарлайды Alataunews.kz. Назым Текеспаева 22.11.2022 Жаңалық WhatsAppTelegramFacebookTwitter Жақында WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы өзінің әлем чемпионы титулын сәтті қорғаған қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы тізімге алғаш рет енді. Ол рейтингіде 49-орында тұр. IBF, WBA Super және IBO орта дивизионының иегері Геннадий Головкин тізімнің 28-қатарында. Тізімде украиналық супер ауыр салмақтағы WBA, WBO және IBF чемпионы Александр Усик көш бастады. Екінші орында екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварес тұр. Бұған дейін хабарланғандай, WBO Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) мен одан салмағы төмендеу мексикалық бұрынғы чемпион Хайме Мунгия (41-0, 33 КО) арасында жекпе-жекті белгіледі.
Ұстаздардың педагогикалық жетістіктерін белгілеп, алғыс білдіру мақсатында келесі жетістіктер бойынша марапаттау кағидалары бекітілген: Олимпиадаға бір пән бойынша бірден 5 оқушы (бір тапсырыс ішінде 5 қатысушы болу қажет) даярлаған педагогтарға алғыс хат беріледі. Олимпиадаға әр-түрлі пән бойынша 10 оқушы даярлаған педагогтарға құрмет грамотасы беріледі. Екі бөлек тақырып бойынша ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысқан педагогтарға қоғам төрағасының атынан алғыс хат беріледі. Екі бөлек тақырып бойынша шығармашылық конкурсқа қатысқан педагогтарға қоғам төрағасының атынан алғыс хат беріледі.
Бүгінде Қазақстанда интернетті пайдаланушылар саны 10 миллионнан асып жығылады. Дегенмен адамдардың көбі интернетті тек ақпарат алу немесе түрлі фильмдер көріп, ойы ойнаудың құралы деп санайды. Шыныдғында ғаламтор арқылы жақсы табыс табуға да болады. Сіздердің назарларыңызға екі жылдан астам уақыт жұмыс жасап келе жатқан монеу-вирдс деп аталатын ойын-жобаны ұсынып отырмын. Жарты миллионнан астам адам қатысатын сервис Бүгінгі күні жобаға 588554 адам тіркеліп, жұмыс жасап жатыр екен. Бір күннің ішінде 285 адам тіркелген. Осы кезге дейін сервис 70889309 рубль көлемінде ақша төлеген. Күн сайын жүздеген адам тіркеліп, жұмыс жасап жатса, онда бұл сервистің шындығында адамдарға қосымша табыс табуына мүмкіндік беріп отырғаны ғой деген тұжырым жасауға болады. Өз басым бұл сервиске өткен жылы тіркелген едім. Бірақ та, алғашында ойын жоба болғасын онша жете мән бермей, біраз уақыт өткізіп алдым. Дегенмен, мені осы жобаға шақырған германиялық кәсіпкер Эдуард Лердің поштама жіберген видеоролигін көрген соң, жобаға қатысты пікірім біршама өзгерді. Эдуард Лер осы жоба арқылы күн сайын 7 мың рубль көлемінде ақша тауып отырады екен. Бұл – осыдан үш ай бұрынғы жай. Қазір оның күндік табысы 10 мыңға жетіп жығылады. Ал енді есептеп көріңіз. Күн сайын 10 мың рубль табатын адам айына 300 мың рубль табады екен. Бұл теңгеге шаққанда 1250000 теңге көлемінде. Айына сонша ақша тауып отырсаң, жұмыс істеп қажеті бар ма? Жобаға тіркелу және жұмысты бастау Бұл сервиске тіркелу өте жеңіл жүреді. Сіз тіркелу үшін мына сілтемені басыңыз: http://money-birds.com/?i=31653 Ашылған беттің сол жағында мынадай сурет шығады. Сіз «регистрация» деген кнопканы басыңыз. Сонда оң жақтан мынадай терезе ашылады. Оған е-майліңізді жазып, төменгі терезеге сол жақта көрінген таңбаларды қойып, кнопканы басыңыз. Осыдан кейін сіз өз аккаунтыңызға кіресіз. Ең бірінші атқаратын шаруаңыз «профиль» деген сол жақ қанаттың жоғары жағындағы жазуды басып, ашылған беттегі терезелерді толтырыңыз. Атыңыз, фамилияңыз, логин (оған ағылшын әріпімен өз есіміңізді жазуға болады) және пароліңізді жазыңыз. Мынаны ескеріңіз: пароль мен логинді көшіріп алып, арнайы файлда сақтаңыз. Жобаға сол арқылы кіретін боласыз. Содан кейінгі атқаратын шаруаңыз: сол жақ қанаттағы «купить птиц» деген жазуды басып, тіркелгеніңіз үшін сервис сізге берген 1000 сереброға 1 жасыл құс сатып аласыз. «Купить птиц» деген кнопканы басқанда ашылған беттің жоғары жағында мынадай жасыл құстың суреті тұрады. Онда 1 деген цифрды өзгеріссіз қалдырып, астындағы «купить» деген кнопканы басыңыз. Міне, осы сәттен бастап сіздің құсыңыз жұмыртқа тауып, ол сереброға айналып, яғни табыс түсіре бастайды. Монеу вирдс жобасымен жұмыс жасау, табысыңызды жылдам көтеру амалдары жайында блогымызда алдағы уақытта жан-жақты жазатын боламыз. Сондықтан, «Ақиқат» блогында жазылған мақалаларды мұқият қарап отырыңыз.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кеше отандық телеарналарға берген сұхбатында билікте ұзақ отыруының себебімен бөлісті. Елбасы сондай-ақ, өзінің президенттік мерзімі 2020 жылы аяқталатынын да қазақстандықтардың есіне салды. «Мен қолымда барын істедім, енді менен кейін бұдан да жақсы істеп көрсін». Бұл – танымал бір саясаткердің сөзі. Ол өте жақсы жауап берді. Сондықтан ұзақ жұмыс істей ме, аз жұмыс істей ме, сосын адамның жасы да көп нәрсені шешеді деп айта алмаймын. Өйткені, 30 жастағы адамның өзі кәрі адамға ұқсап жүруі әбден мүмкін. Меніңше, Мемлекет басшысы xалықтың жағдайын жақсартып жатыр ма, жоқ па, дәл осыны басты талап ретінде қарастырған жөн. Мәселен, Маргарет Тэтчер «Англия мені қанша қажет етсе, сонша жұмыс істеймін», – деп жауап берген. Сөйтіп, шаршағанша жұмыс істеймін деген. Ал Уинстон Черчиль – «Менің бұл қызметте отырғаным кездейсоқтық емес, заңдылық» деген екен. Ал, енді, шынымды айтсам, Президент болу оңай емес, үнемі ой шырмауында жүресің, мемлекетке тағы не істеуге болатынын ойлайсың. Мен өзіме сұраныстың бар екенін сезіп отырмын. Ол жұмыс қолымнан келеді де», – деді Нұрсұлтан Назарбаев отандық бұқаралық ақпарат құралдарымен болған кездесуде. Мемлекет басшысы өзінің президенттік мерзімі 2020 жылға дейін жалғасатынын тағы бір мәрте еске салды. «Ойлануға әлі де уақыт бар. Барлығы xалықтың сеніміне байланысты болады. Ол – бір. Екіншіден, жұмыс істеп жатқан адамның денсаулығы мен күш-жігеріне байланысты. Меніңше, бұл қызметте бар күшіңді, тәжірибеңді, тіпті өміріңді сарп етуге әзір болуың керек. Олай істеуге жағдайың келмесе, ол жерде текке уақыт кетірудің қажеті жоқ», – деп атап көрсетті Президент.
Фан-клубқа мүшелікке өту, сырт жердегі ойындарға қатысу және басқа да сұрақтар жөнінде әлеуметтік желілердегі жанкүйерлер қозғалысының ресми аккаунттары бойынша «BarysFans» фан-клубымен байланысу керек. Барыстың» ресми фан-клубы 2008 жылы құрылды. Командалардың айнымас жанкүйерлері оларға ойын кезінде қолдау көрсетіп келеді. Аренаға келген ойыншылар мен жанкүйерлерді жағымды эмоцияға бөлеп, команданы жеңіске жетелейді. «BarysFans» мүшелерінің аренада өз орыны бар. Олар А13 секторында билеп, өлең мен ұрандар айтып қана қоймай, БАҚ назарын аудартатындай бірегей флешмобтар ұйымдастырып, ойынға әр бітіреді. «BarysFans» сүйікті командасын Астанада ғана емес, сырт айдында өтетін кездесулерге автобуспен барып, қолдау көрсетіп тұрады. Фан-клуб мүшелері осы күнге дейін мыңдаған шақырым жолды еңсеріп тастаған. «Барыс» жанкүйерлерінің сырт жерде білдірген қолдауы жергілікті жанкүйерлердің қолдауынан асып түседі. Сондай-ақ «BarysFans» мүшелерінің кейбірі хоккей ойнайды. Астанада әуесқойлардың лигасында олар тұрақты көшбасшы болып келеді. Қазақстандық және халықаралық турнирлерде топ жарып, жүлдегер атанған. ҚХЛ командаларының фан-клубтары арасында ұйымдастырылатын жарыстарға тұрақты түрде қатысып тұрады.
Сүйкімді асты қабылдаудың еш жағымды әсері болмайтыны тәрізді, ынтасыз, зердесіз білім қабылдауда ақыл-ойды тоздырады, айтылған ақпараттар бойға сіңбейді, жақсы тәрбиелі ұрпақ қалыптаспайды. Леонардо да Винчи Мен, жалпы медицина мамандығының 3 курс білім алушысымын, гуманитарлық пәндер негіздерін екі жыл оқып келеміз. Әрине, алғашқы кезде қаншалықты керектігін жете түсінуге ұмтылмаған кезде, бұл пәндер не себепті керек? деген сұрақ туындаған болатын. Саналы түрде, бұл пәндердің өзімнің мамандығымның шекарасында керекті қаралу керек жақтарын түсінуге талпына бастадым. Гуманитарлық пәндер, айта кететін болсақ, Қазақстан тарихы, психология, мәдениеттану, құқық негіздері, әлеуметтану және саясаттану пәндерін не себепті оқимыз? Бұл, пәндерді тек медицина саласы ғана емес, барлық мамандық иелері оқып, білім алатыны белгілі. Осы пәндердің медицина саласының студенттеріне керекті жақтарын қарап көрсек. Жалпы, біз қоғамда өмір сүреміз. Қоғам - екі немесе бірнеше адамның бір-бірімен араласуынан туындайды. Айналамызды қоғам қоршауда. Қоғам барда бұл пәндердің қай-қайсысы болмасын өзіндік орны бар. Ең әуелі психология пәніне тоқтала кетер болсам - адамның ой-санасын басқару, тек өзгенің емес, тұлғаның өз-өзінің ой-санасын басқара алу кезінде алар орны орасан зор. Психология «жан» туралы ғылым ретінде ерте дәуірден бастап пайда болды және қалыптасты. Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі психологияның орны мен рөлі «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананың жаңғыруы» мемлекеттік бағдарламасында психологияның құрылымы бірнеше салаларға бөлінеді [1]. Қазіргі кезеңде психологияның салалары күн өткен сайын заман талабына сай саны артып келеді. Қоғамның дамуы мен адамның күнделікті өмірін қамтитын психологияның салалары адамға құндылық,бағыт-бағыт береді. Әлеуметтік ортадағы тұлғаның алдына қойған мақсат-тілектерін шешу мен оны жүзеге асырудағы қадамдарын, мүдделері мен қызығушылықтарын, талаптарын, денсаулық сақтау салаласындағы замануи техника және технологиялардың психологиялық әсерін ғылыми тұжырымдау қазіргі психологияның басты мақсатын айқындап береді. Жалпы психология деп аталатын саласы бойынша тұлғалық тұрғыдан толық қалыптасқан ересек адамдардың психикалық деңгейі мен ерекшеліктері, оның психикалық қызметінің жалпы заңдылықтары мен мазмұны туралы ғылыми тұрғыдан тұжырымдалған ақпараттармен танысуға мүмкіндік аламыз [2]. Қазіргі таңда психологияның түрлері өте көп. Солардың ішінде – медциналық саласы да бар. Медициналық психология – дәрігер мен науқастың арасындағы қарым-қатынасты, темперамент пен мінез-құлықтың кәсіптік ерекшеліктерін, емдеу мен психотерапияның психологиялық әдістерін, емдеу барысында нейропсихологиялық, психофармакологиялық, психотерапиялық, психопрофилактикалық, психогигиеналық салалары арқылы түсінікті қалыптастырады. Психология ғылымындағы эмпатия, коммуникация терминдері дәрігер - науқас жүйесінде ерекше орны бар. Яғни, науқастың жай-күйін түсіне отыра, олардың көрсеткен түрлі іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауды үйретеді. Сонымен қатар, психикалық жағдайын ескере отырып, науқасқа немесе науқастың жақындарына айтылу керек сөз орамдарына да болашақ дәрігер ретінде аса көңіл бөлгеніміз жөн. «Өмір- теңіз, онда жүзем демеңіз, ізгіліктен жасалмаса кемеңіз!» А.Байтасовтың осы бір сөздері, болашақ мамандығымда коммуникацияның,эмпатияның, жалпы психология ілімінің алар орнын тағы бір дәлелдеп отырғандай. Құқық негіздері, Заң. Бұл гуманитарлық салалардың маңызына тоқталмас бұрын, мына бір сөзбен бастағым келіп отыр: «Кез келген жерде, заң пайда болады» дейді Билл Гейтс. Қандай сала болмасын, барлығы заң аясында қызмет етеді. Жоғарыда айтқанымдай қоғам, тұлға бар жерде заңда қатар жүреді. Себебі, қоғамның, мемлекеттің жүйелілігі, тыныштығы мен бірлігі үшін заң қалыптасады. Әр адамның өмір сүру кезіндегі құқықтары бар. Шерхан Мұртаза атамыздың мына бір сөзі осы сәтте есіме түсіп отыр: «Заң – мемлекеттің тоғыз қабат, тор көзді сауыты». Медициналық заңнамаларға сәйкес ҚР-ның кез-келген азаматы мен азаматшасы тегін түрде медициналық көмек алуға құқылы. Сонымен қатар, мемлекетіміз жеке поликлиникалар ашу арқылы ақылы қызмет түрін көрсетуге қарсы емес. Дәрігер немесе науқас өзінің мүддесін, құқығын заң бойынша қорғай алады. Науқастар өздеріне тиесілі медициналық көмекті ала алады. Заң аясында ауру түрлеріне байланысты баптар келтірілген. Мысалы: қазіргі таңда елімізде ғана емес бүкіл жер ғаламшарында мәселе болып отырған эпидемиологиялық ауруға байланысты ІІ тарау 13-бап бойынша халықтың экологиялық, санитарлық- эпидемиологиялық қолайлығы мен радиациялық қауіпсіздігін сақтау аясында халықтың экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық қолайлығы мен радиациялық қауіпсіздігі ҚР-ның заңдарына сәйкес мемлекеттік уәкілді органдардың және жұмыс берушілердің кешенді шаралар жүргізуі арқылы қамтамасыз етіледі. IV тарау бізде Донорлық. Ол жерде қан құю, тіндерді алмастыру және т.б, донор берген адамға жеңілдіктер беріледі [3]. Сол заң аясынан тыс трансплантация жасалған жағдайда, заң жүзінде жауапқа тартылады. Яғни, біз бұл аталған тараулардың барлығын жетік меңгеруіміз керек. Осы тұрғыда құқық негіздері біздің мамандығымыз, жұмысымыз кезінде алар орны ерекше. Тарих – бұл ғылымның алар орны мүлде бөлек. Тұңғыш Президентіміздің Жолдауы: «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бойынша, ұлттық кодты сақтау, ұмытпау болып саналады. Яғни, әрбіріміз түп- тамырымызды біле отырып, өткеніміз бен бүгінімізді ұштастыра отырып, болашаққа нық қадам жасай аламыз. Тарихын білмеген ел, ел емес деп санаймын. Тарих әрдайым біздің кім болғанымызды еске салып отырады. Бірлігі жарасқан, тамыры терең ел болып өркендеуіміз осы тарихымызға байланысты. Бүгініміз ертеңгі күні тарих болып қалмақ. Сол себепті, тарих жадында тек жақсы жазбалар қалуы үшін Қазақстанның әр азаматы мен азаматшасы қандай сала өкілі болмасын өз үлестерін қосуы тиіс. Сөзімді, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен аяқтайын. «Тек кітап қана алға жылжуды, адамдық шыңына шығуды үйретеді.» Жан-жақты білім ала отырып адамдық деңгейдің жоғарғы шыңына шығарымыз және еліміздің өркендеуі сөзсіз. Әдебиеттер Назарбаев Н. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру. – Астана, 2017 Нуржанбаева Ж.О. Психология және мәдениеттану: оқу-әдістемелік құралы / Ж. О. Нуржанбаева, Ғ. С. Айдарбекова, Ә. С. Еркінбекова. - Қарағанды : АҚНҰР, 2019. - 222 бет Альжанова, А. Н. Основы права учеб. пособие / А. Н. Альжанова, К. К. Райханова. - ; Алматы : Эверо, 2014. - 134 с Автордың аты-жөні, тегі: Қалдарбек Назерке Серікбайқы, 3 курс жалпы медицина факультеті, Түркістан қаласы, Қазақстан, nazerke.kaldarbek@mail.ru Еркінбекова Әсем Сейтжаппарқызы, Аға оқытушы, Шымкент қаласы, Қазақстан, asem276@mail.ru
2. Пуск -> Программы -> Стандартные әрекеттерін пайдаланып кез-келген екі стандарт қосымшаны іске қосыңыз. Екі қосымшаның да терезесін экранның көлеміндей қылып ұлғайтып көріңіз, бастапқы қалпына келтіріңіз, каскад түрінде, солға, оңға, жоғары, төмен орналастырыңыз. 3. Бір терезені жабыңыз, ал екінші терезенің өлшемдерін тышқанның көмегімен өзгертіңіз. 4. Қосымша терезесін жабыңыз. 5. Дискіде орналасқан қосымшалардың бірін іске қосыңыз. Осы қосымша үшін жарлық құрыңыз және оны жұмыс үстеліне орналастырыңыз. Құрған жарлығыңызды пайдаланып қосымшаны іске қосыңыз. 6. Қосымшаны немесе программаны Программы мәзіріне (менюіне) орналастырыңыз. Осы мәзірді пайдаланып қосымшаны іске қосыңыз.Қосымшаны жабыңыз. 7. Windows-дың анықтамалық жүйесінен мына үш терминді: мультимедиа, настройка Главного меню, ярлык тауып алыңыз да, олардың анықтамаларын ретімен Блокнот стандарт қосымшасын пайдалана отырып Справка.txt файлына көшіріңіз. 2 – жаттығу. Сілтеуіш программасымен жұмыс жасау. 1. Сілтеуіш қосымшасын немесе программасын іске қосыңыз. 2. Сілтеуіш қосымшасының терезесіндегі мәзірдің командаларымен танысыңыз. 3. Сілтеуіш қосымшасының терезесіндегі панельдердің көмегімен дискілердің мазмұнын қараңыз, қасиеттерімен танысыңыз . 4. Ағымдағы жұмысшы дискінің түпкі каталогында бума құрыңыз, оған ат ретінде өз фамилияңызды беріңіз.
Елімізде мемлекеттік тілдің мәртебесіне қатысты дау көп. Бұған әлеуметтік желілерде мәселенің саясилануы дәлел бола алады. Осыған ұқсас жағдайлар аталған тақырып төңірегінде өрши түскен әлеуметтік шиеленіс барын айқын аңғартады. Тіл саясатына келгенде қоғам пікірі екіге жарылып, тараптар арасында тоқтаусыз пікірталас жүріп жатқаны баршаға мәлім. Сондай пікірталастың бірі ағымдағы аптада Елордада PaperLab зерттеу орталығы ұйымдастырған тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен өтті. Пікірталас алаңында бірінші болып сөз алған әлеуметтанушы Серік Бейсембаев, тіл саясатын тікелей мемлекеттің атқарып жатқан қызметі аясында талқылауды ұсынды. «Осы уақытқа дейін тіл саясатына байланысты арнайы бағдарламалар жүзеге асырылды. Түрлі заңнамалық өзгерістер енгізілді. Бюджеттен қыруар қаржы бөлініп, арнайы жобалар жүзеге асырылды. Осы атқарылған іс-әрекет бүгінгі күні қандай нәтиже беріп отыр және тиімді нәтиже көрсетуі үшін мемлекет не істеуі керек, халық не істеуі керек?» - деп сауалдады пікірталас модераторы. «Мемлекеттік тілде жұмыс істеу құқыңыз қорғалмаған...» А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері Қуатбек Дүйсеновтің пікірінше, дәл қазір біздің қоғам тіл мәселесін құқықтық тұрғыдан, мемлекеттік тілде ақпарат алу құқығы аясынан қарастырғаны дұрыс. Қуатбек Дүйсенов, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері «2000 жылдардың басында біздегі тіл саясаты «қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» дегеннің төңірегінде құрылды. Келесі онжылдықта шенеуніктер «қазақша әдебиет пен контент көбейсін» деген пікірде болды. Қазір қазақша аудиторияның үлесі көп. Соған сай баспа өнімдері, контент, аудио-визуалды өнім жетерлік. Тіл мәселесін құқықтық тұрғыдан, мемлекеттік тілде ақпарат алу құқығы аясынан қарастырғанымыз жөн», - дейді ол. Сарапшының айтуынша, бүгінде отандық Интернет кеңістігінде қазақ тілінің дұрыс қолданылуын талап ететін Qazaqsha jaz, Тіл сақшылары, Qazaq Grammar сынды жастар құрған қозғалыстар бар. Тілдің қолданыс аясы төңірегінде жүргізілген зерттеу нәтижелері көрсеткендей, дейді ол, мемлекеттік тілдің құқын нақтылауға жанама түрде болса да жер мәселесі септік еткен. «Зерттеу барысында біз шамамен 20 кодекс пен 22 заңды қарастырып, аталған құжаттарда «қазақ тілі және мемлекеттік тіл» деген тіркестің кездесуін статистикалық тұрғыдан талдадық. Байқасақ, мемлекеттік тілдің құқы көрсетілген заң – 2016 жылы қабылданған «Жер қатынастары» туралы заң. Бұл заңда қазақ тілінің қорғалуына жанама түрде 2016 жылы өткен жер митингілері себеп болған. Себебі мұнда жоғарыда көрсетілген тіркес 44 рет қайталанады. Осы жағынан келгенде «Еңбек» кодексінде «қазақ тілі, мемлекеттік тіл» деген тіркес мүлдем жоқ. Яғни, сіз балабақшаға, мектепке, артынан университетке барасыз, ал оқуды аяқтап, еңбек нарығына келгенде сіздің қазақ тілін білу дағдыңыз бен қазақша түйіндемеңіз жарамауй қалуы мүмкін. Себебі мемлекет тарапынан сіздің мемлекеттік тілде жұмыс істеу құқыңыз қорғалмаған. Мәселен, кейбір IT компаниялар белгілі бір лауазымдарға хабарландыру жариялайды. Ал хабарландыру ағылшын немесе орыс тілінде беріледі. Осылайша, бір ғана хабарландыру еңбек нарығындағы 70% қазақтілді азаматтардың құқын шектейді. Сол үшін қазір мемлекеттік тілдің құқықтық тұрғыдан қорғалуы өте маңызды мәселе», - дейді Қуатбек Дүйсенов. Конституцияға өзгертулер де алдымен орысша жазылды... Өз кезегінде, Steppe&World баспасының бас редакторы Назгүл Қожабек, «Тәуелсіздік алған жылдарға дейін қазақ тілінің жағдайы», бүгінгімен салыстырғанда «әлдеқайда жақсы болған» деген пікірде. Назгүл Қожабек, Steppe&World баспасының бас редакторы «Біз қазір қазақ сөздерімен орысша жазамыз. Осы екі мәселе тоғысып келгенде, оның себебі бір нәрсеге келіп тіреледі. Қандай да бір ведомство тарапынан шығатын месседждің бәрі бізде алдымен орысша жазылып, кейіннен қазақшаға аударылады», - дейді ол. Сарапшының айтуынша, қазір бізде орыс тілін аса біле қоймайтын мамандар қазақшаға аударма жасап жүр, соның салдарында «қазақ тілінің сапасы түсіп бара жатыр». «Тіл саясатына келгенде мемлекеттің істейтін ісі – ведомстволардан шығатын хабарламаны алдымен қазақша жаздыру. Осы мәселе қолға алынбай, қазақ тілінің сапасы мен қолданылу аясы туралы ештеңе айта алмаймыз. Бізде тек бір ғана заң актісі, яғни «Көші-қон» туралы заң ғана тұтастай қазақ тілінде жазылған. Қалғаны орысша жазылып, қазақшаға аударылған. Мұны билік те, қоғам да мойындайды. Конституцияның өзі орысша жазылып, қазақшаға аударылған. Тіпті, қазір Конституцияға енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар да алдымен орысша нұсқада жасалып, қазақшаға аударылған. Мемлекеттің тіл саясатындағы қауқары қалай десеңіз, осыдан-ақ белгілі. Мысалы, сот процесі кезінде шағымданушы мен жауап берушінің өзі бір-бірін түсінбейтін жағдайлар кездеседі. Айта кетерлігі, ведомстволар Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінде ақпарат тарату үшін адамдарға ақша төлеп отыр. Мемлекеттік тілде жазылып, таратылуға тиіс ақпаратты ақша төлеп аудартып, таратады. Ішкі қолданысқа келсек, баспа ісіндегілерге, аудармашыларға қоятын талап пен стандарт жоқ. Тіл саласындағы ғалымдардың еңбектері көпшілікке жетпейді. Жалпы, осы тіл саласын қадағалайтын қандай да бір нормативтер жоқ», - дейді Назгүл Қожабек. Жұмыс жүргізу тетігі дұрыс емес... Әлеуметтанушы Серік Бейсембаевтың айтуынша, 2020–2025 жылға арналған мемлекеттік тіл саясаты бағдарламасы бойынша, қазір құжаттардың 93%-ы қазақша жүреді-міс, бірақ мәселе санда емес сапада екені айдан анық. Социолингвист Анна Климченко өз сөзінде, еліміздің мемлекеттік органдары қазақ тілінде сөйлеу көрсеткішін пайызбен бергенімен, қай өңір қалай сөйлейтінін цифрмен нақты көрсете алмайды деп отыр. Анна Климченко, социолингвист «Отызыншы жылдардағы аштық, репрессия, миграциялық ағын, орыс тілділердің елге келуі Қазақстанда орыс тілінің кең етек жаюына әкелді. ҚазКСР-і кезінде өзге ұлттармен қарым-қатынас орыс тілінде жүрді де, қазақ тілі шет қалды. Біздегі тіл саясаты қазір мемлекеттік бағдарламалар негізінде жүзеге асады. Оны ҚР білім және ғылым министрлігі дайындайды. Қазіргі 2020–2025 жылға арналған мемлекеттік бағдарлама негізгі төрт бағыттан тұрады: қазақ тілін білу, оның кеңінен қолданылуы, тіл мәдениеті және қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамыту. Әрине, бұл тұрғыда өзіндік бектілген іс-шаралар баршылық. Аталған бағыттар бойынша талдасақ, мысалы, мемлекеттік бағдарламада көрсетілгендей, 2019 жылы қазақ тілінде сөйлейтін халықтың үлесі 90%-ға жетуі керек-ті. Осыдан-ақ мемлекеттік бағдарламаның шикі екенін байқауға болады. Мұнда ұйымдастыру, іс-шаралар өткізу, жұмыс жүргізу тетігі дұрыс құрылмаған. Мемлекеттік органдар қазақ тілінде сөйлеу көрсеткішін пайызбен атағанымен, нақты цифрды, яғни қай өңірдің қалай сөйлейтінін айта алмайды», - дейді Анна Климченко Визуалды сипат та өте маңызды... Ал «Қазақ тілі» халықаралық қауымдастығының мүшесі, аудармашы Мақсат Рамазан болса, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуде ғаламтордағы қарапайым тегтің өзі елеулі рөл ойнайды деп отыр. Мақсат Рамазан, «Қазақ тілі» халықаралық қауымдастығының мүшесі, аудармашы «Facebook пен Telegram-да жұртты тегтегенде септік жалғауы жалғануы керек. Мәселен, пәленшенің айтуынша десеңіз, «-нің» жалғауы керек. Ал бұл тегке жалғанбайды. Мұны шағын ғана нәрсе деп ойласаңыз қателесесіз. Осы дүниенің өзі қоғамның қазақ тіліне деген визуалды қарым-қатынасын бұзады. Өйткені адам визуал түрде бір нәрсенің жүйелі әрі әдемі болғанын қалайды. Сондықтан қарапайым тегтің өзі рөл ойнайды. Ал бұл мәселе қалай шешіледі? Мысалы, UNICODE деген ұйым бар. UNICODE бүкіл әлемдегі таңбалардың жиынтығын сақтап отыр. Олармен – жеке тұлға емес, үкімет байланысқа шықса нәтиже болады. Белгілі бір жалғау мен шылаулардың тізімін жасап, дұрыс қойылу ережесін беру керек. Ережені Тіл білімі институты қарап, Тіл комитеті бекітіп, аталған ұйымға жібере алады. Сондай-ақ, сан есімдерге қатысты «-шы», «-ші» жалғауы да дұрыс көрсетілмейді», - дейді ол. Айта кетейік, бүгінде Халықаралық қазақ тілі қоғамы мен Qazaqsha jaz қозғалысы бірігіп, көрнекі ақпараттың қазақша дұрыс жазылуын қадағалауға алған. Олар әдетте дәмхана мәзірі, кеңселердің, бизнес субъектілері ғимараттарының маңдайшасындағы жазулар мен әртүрлі хабарландыру, аңдатпалардың қазақша қатесіз жазылуын талап етуде. Мақсат Рамазанның айтуынша, бұл тұрғыда олар арнайы жұмыс тобын құрып, мекемелерге сауатты аударма жасауға көмектесуге де көңіл бөлуде. Қоғам ішіндегі сарапшы қауым ойын ортаға салған пікірталас барысында Egov порталындағы қателер мен орта мектепке арналған оқулықтардағы олқылықтарды арнайы тізіп, алып келген көрермен, тыңдарман қауым да болды. Өкініштісі сол, бұл пікірталасқа Тіл комитетінен жауапты тұлға келген жоқ.
Холливуд актері, Алтын глобус жүлдесінің екі мәрте жеңімпазы Джордж Сигал 88 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Актердің әйелі Джордж Сигалдың кейінгі кезде денсаулығы нашарлап, содан қайтыс болғанын хабарлады. George Segal, whose long career included playing Albert “Pops” Solomon on “The Goldbergs,” and garnering an Oscar nom for supporting actor for “Who’s Afraid of Virginia Woolf,” died Tuesday. He was 87. https://t.co/4lH8TNy8Hz pic.twitter.com/1U8s8agv2J — Variety (@Variety) March 24, 2021 Джордж Сигал “Pops” фильміндегі Сүлейменнің рөлі, сондай-ақ, “Альбертс” және “Вирджиния Вулфтен кім қорқады” фильміндеріндегі сомдаған рөлдері үшін Оскар сыйлығын иеленген. Tags: Алтын глобусДжордж СигалоскарХолливуд актері Opa.kz — мәдениет, өнер, сән, спорт, денсаулық, технология әлеміне қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған медиа ресурс.
Қазақстандық ғалымдар сүйектерді қалпына келтіруге арналған қолжетімді биоматериал-гидроксиапатит дайындап шығарды, деп хабарлайды білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі. Жану проблемалары институтының ғалымдары жасап шығарған сүйекті алмастыратын материал шетелдік аналогтардан үш есе арзан. Отандық компаниялар тауардың алғашқы партиясын сатып алып үлгерген. "Біз кристалдық құрылымы жақсы және өнімнің тазалығы жоғары – 95 процентке дейін сапалы материал алдық. Шетелдік компаниялар осындай жоғары сапалы өнімнің 1 грамын шамамен 32 мың теңгеге сатады. Ал біздің материалдың бағасы 1 грамы үшін 10 мың теңге", – дейді ғалым Зұлқайыр Мансұров. Қазір кезде екі профессор - Мансұров пен Темірбаев минералды іс жүзінде қолдану жұмыстарын жалғастырып жатыр. Отандық гидроксиапатит сүйек ақауларын қалпына келтіруде, сүйек зақымдалған жараларда, сынықтарда, пластикалық хирургияда, яғни бет сүйектерінің пластикалық хирургиясында және тістерді имплантациялауда қолданылады. "Гидроксиапатитпен қапталған имплантаттар кері реакция тудырмайды және сау сүйек тінімен белсенді түрде байланысып, регенерация мен оңалту процесін жеделдету қабілетіне ие екенін атап өткен жөн. Біздің отандық жоғары сапалы гидроксиопатит импорттық материалдарды оңай алмастыра алады", - деп Зұлқайыр Мансұров.
Тәуелсіздік күні қарсаңында Атырауда Қазақстан Республикасының халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, айтулы ақын Хамит Ерғалиевке ескерткіш орнатылды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Салтанатты шараны ашқан Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев ескерткіштің орналасқан жерінің өзі – Жайықтың жағасы – ерекше екенін атап өтті. - Хамит ағамыздың өзі жырлап өткен Ақ Жайықтың бойында, өзенге көз тастаған зәулім ескерткіші бой көтерді. Соңғы күніне дейін өзінің елін, жерін жырлап, жазып, тасқа таңба басқандай етіп кетті. Бір сөзбен айтқанда, өз еліне бір адамдай еңбек етті. Міне, мына алаңға алдағы уақытта жиналатын атыраулықтар мен қала қонақтары, осы ескерткішке көз тастап, Хамит ағамыздың өлеңдерімен танысып, өз бойларындағы ұлтқа, елге, жерге деген сезімдерін нығайтады деген сенімдемін, - деді Нұрлан Ноғаев. Ескерткіш авторы – мүсінші Нұрғалым Исабаевтың айтуынша, биіктігі жеті метр болатын туынды қоладан құйылған. Ақынның бар болмысын беру үшін, шебер бір жыл бойы тынымсыз еңбек еткен. Ескерткіштің ашылу салтанатына Хамит Ерғалиевтің ұл-қызы – Мұрат Ерғалиев пен Гүлжан Ерғалиева, Қазақстан Жазушылар Одағы басқарма төрағасының орынбасары Мереке Құлкенов және Атырау облысының қоғам және мәдениет қайраткерлері қатысты. Арқалы ақын Хамит Ерғалиев 1916 жылы Исатай ауданының Новобогат ауылында туған. Қазір, бұл ауыл ақынның атымен аталады. 1940 жылдан әскер қатарында кавалерия бөлімінде эскадрон командирі болған. Ұлы Отан соғысы кезінде Будапешт маңындағы ұрыстардың бірінде ауыр жараланып, 1945 жылы елге қайтарылады. ІІ деңгейлі Ұлы Отан соғысы орденімен, екі мәрте Еңбек Қызыл ту орденімен, Құрмет белгісі мен Халықтар достығы ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған. Алғашқы өлеңдері 1936 жылы басылды. Отыздан астам кітаптың авторы – Хамит Ерғалиев – қазақ әдебиетінде өзіндік айқын ізін қалдырды. 1982 жылы "Алтын зерен" кітабы үшін Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық табысталса, 1986 жылы – Қазақстанның халық жазушысы құрметті атағы берілді.
Әр адам дүниеге келген кезінен бастап мойнына көптеген міндеттер жүктеледі. Өзін жарық дүниеге әкелген ата-анасының, дос-жарандарының, ағайын-туыстың, ауылдастарының, көрші-қолаңның, ұстаздарының, өзі еңбек ететін ұжымның, Отанының алдындағы міндеттер бар. Бір сөзбен айтқанда, адам өле-өлгенше мойнына көптеген міндеттер арқалайды. Міндетіне адал адамды Алла да ұнатады Ведалық ілім бойынша «дхарма» деген түсінік бар. Оның мәні мынада – әр адамның мойнына жүктелген көптеген міндеттер болады және оны орындау арқылы пенде Жаратқанның разылығына бөленсе, керісінше орындамау күнәларға жол ашып, екі дүниедегі өмірін қиындатпақ. Өз дхармасын, яғни міндетін адал орындаған адам шариғат жолымен жүріп, діни парыздарын атқармаса да, бұл дүниенің игілігін татып, бақи дүниеде де жұмақтан нәсіп бұйырмақ. Керісінше, пендешілік міндеттеріне назар аудармай, тек діни шарттарды ғана орындаумен шектелетін жанның жасаған тағат ибадаттары күнәсінен тазарта алмайды. Өз міндетіне адалдық деген не? Менің әкем қарапайым еңбек адамы болды. Төрт сыныптық қана білімі бар, газетті ежіктеп әрең оқитын. Дегенмен, ол кеңшардың абыройлы диқаны болды. Жақсы еңбегі аталып өтіп, көтерме сыйлықтар, біраз медальдер алды. Арақ ішпейтін, темекі тартпайтын және отбасын қамтамасыз ету үшін жан аямай маңдай терін төгіп адал жұмыс жасады. Адал жар, сүйікті әке, жастарға үлгі аға, үлкендерге кішіпейіл іні бола білді. Ол кісі көршілермен өте жақсы қарым-қатынаста болды. Жетім-жесірлерге үнемі қолдан келген көмегін көрсететін. Әр жұма күні кешкі тамақтан соң бәрімізді отырғызып қойып, өзі білетін құран аяттарын оқып, әруақтарға бата жасайтын. Біреу қайтыс болса, оның қабірін қазуға өзі сұранып баратын. Міндетін дұрыс атқармау адамды аздырады Өз міндеттеріне адал қарамайтын пенделерді бүгінде қай-қайсымыз да күнделікті өмірде жиі көріп, тоқайласып жүреміз. Мәселен, өзіне сеніп тапсырған мемлекеттік жоғары лауазымды қызметті қарақан басының мүддесіне пайдаланып, мемлекет қаржысын ұрлайтын, пара алатын шенеуніктерді өз міндетін адал атқарып жатыр деуге бола ма? Сондай-ақ, әйел-баласын тастап, жас қыз-келіншектердің соңында кеткен, бала-шағасына көмектеспейтін, тіпті алимент төлеуден жалтаратын «көкек әкелерді» өз міндетіне адал деп айтуға ауыз бармайды. Қартайыған ата-анасын қаңғытып тастап, қара басын күйттеп кеткендерді, құдай қосқан көршілері мен ауылдастарының мал-мүлкін ұрлайтындарды, әйел бала шағасының көзін ала беріп, зина жасайтындарды, тапқанын бала шағасының аузынан жырып араққа салатындарды міндетін дұрыс орындап жүр деуге болмайды. Алла мойнымызға жүктеген көптеген пендешілік міндеттерімізді дұрыс орындамасақ, ақырындап азғындықтың құрдымына құлдырап, өтірікші, зинақор, маскүнем, парақор, қылмыскер сияқты жаман қасиеттерге бой алдырмақпыз. Мұндай жаман қасиеттерді бойына сіңірген пенделердің бұл дүниеде қиындықтарға тап болып, өлген соң тамұққа түсіп, тозақ отына өртенері анық. Егер екі дүниенің де игілігін татамыз десеңіз, онда Жаратқан жарық дүниеге келген сәттен бастап мойныңызға жүктеген барлық пендешілік міндеттеріңізді орындауға адал болыңыз.
Тінту кезінде тергеуші қызметінің психологиялық бағыты қарсы күресуші тараптардың байланыстық өзара іс-қимылы жағдайында дәлелдемелік маңызы бар арнайы жасырын материалдық объектілерді іздестіруден тұрады. Бұл ретте әрбір Тарап екінші Тараптың мінез-құлық стратегиясын жақсы білуге, қандай да бір демаскелейтін көріністерден аулақ болуға және екінші Тараптың қызмет барысына ықпал етуге ұмтылады. Тінтудің екінші ерекшелігі-оның қақтығысы. Тінту кезінде Тараптардың позициясы, әрине, тең емес. Тергеушіге билік өкілеттігі, кәсіби білімі мен дағдылары бар. Өз кезегінде, тінтілетін адам жанжал жағдайында жиі бола тұра, оны ойлап табатын заттар мен құжаттарды табу мүмкіндігін болдырмауға ұмтылады. Бұл жоғары психикалық шиеленістің жағдайын, оның эмоциялық-еріктік реттеу саласындағы жылжуды тудырады. Әсіресе, жедел тінтілетін адам жасырын заттарды анықтауға алып келуі мүмкін барлық нәрселерге жауап береді. Тінтілетін адамның психикалық қызметінде қорғау тетіктері қарқынды жұмыс істейді. Тінтілетін адам көпшіліктік пен тұйықтылық, ұстамдылық пен айқындық, жоғары мөлшерлік және агрессиялылық таныта алады. Тінтудің үшінші ерекшелігі-оның айқын іздеу сипаты. Тінту жүргізу кезінде тергеушінің әдетте шектеулі, оны өндіру шарттары, алып қоюға жататын объектілер, олардың орналасқан жері туралы толық емес деректері болады. Демек, тінту-бұл көптеген беймәлім мәселе болып табылады, оны, әдетте, бастапқы мәліметтер аз болады. Сондықтан тергеушінің іс жүргізу қызметінің бұл түрі проблемалық сипатқа ие. Мәселе-тінтудің төртінші психологиялық ерекшелігі. Тінту кезінде белгісіздік қиындықтар туғызады, үлкен моральдық, зияткерлік және физикалық күштерді талап етеді. Жасырылған мүлікті, құндылықтарды табу, жасыруға қарағанда әлдеқайда қиын. Сондықтан тергеуші тінтуді жүргізе отырып, оның кәсіби және психологиялық дайындық деңгейіне өте маңызды талаптар қоятын көптеген белгісіз адамдармен тапсырманы шешеді. Тінту кезінде тергеуші әрдайым проблемалық жағдайда. Оның барлық әрекеттері іздеу қондырғысына бағынады: онда жасырын затты табу, бұл жасырын болуы мүмкін. Тінту кезінде тергеушінің қызметі қалай өтеді? Ой үлгісін құру рефлексивті ойлау арқылы жүзеге асырылады. Рефлексивті ойлау-бұл басқа адамның психологиясын зерттеу негізінде ойлары мен логикасын имитациялау. Ақпаратты жинау нәтижесі іздеу нұсқалары болып табылатын рефлексивті ойлау үшін негіз жасайды. Бұл зияткерлік кезең. Іздеу нұсқалары іздеу аймағын айтарлықтай қысқартады және қалаған нәтижеге әкеледі. Табысты тінту негізін ойластырылған, негізделген нұсқалар құрайды. Содан кейін атқарушылық кезең, яғни ұсынылған нұсқаларды іске асыру және тексеру керек. Тінту кезіндегі ақпарат көздері: тінтілетін үй-жай; жекелеген заттардың сипаты мен орналасуы; тінтілетін адамдардың реакциясы мен мінез-құлқы; жануарлар мен құстардың мінез-құлқы. Тінтілетін үй-жай жағдайының өзі күдіктінің жеке тұлғасының көптеген ерекшеліктерін көрсетеді: оның әлеуметтік мәртебесі, мәдени деңгейі, талғамдары, қажеттіліктері, көзқарастары, мүдделері, бейімділігі, сипаты және т. б. Тінтілетін үй-жайда заттардың сипаты мен орналасуы: Өмірде біз, әдетте, руководствуемся белгілі бір стереотипами туралы әдеттегі жағдай болған заттарды пәтерлерде сол немесе өзге де санаттарын адамдар, Сондықтан табу пәтерде күдікті заттарды күрт келмейтін материалдық жағдайына немесе өмір салтына, қызығушылықтары және т. б. міндетті түрде көрсетілуі тиіс назарын тергеуші. Тінту кезіндегі тінтілетін адамның реакциясы мен мінез-құлқы жасыру орны туралы ақпараттың қуатты көзі болып табылады. Тінтілетін адамның жай-күйі жасыру орнының белгілі индикаторы бола алады. Жасырушы қатты эмоционалдық шиеленістің жағдайы пайда болады, нәтижесінде оның реакциялары мен жалпы мінез-құлық сипаты өзгереді. Адамның реакциялары ерікті және еріксіз болып бөлінеді. Еріксіз емес реакциялар вегето-тамырлы реакциялардың жиынтығында: қатып қалу, беттің қызаруы, қолдың дірілдеуі, тыныс алу жиілеуі, тершеңдік, сондай-ақ дауыс тембрінің өзгеруі, кек алу, қозғалыс үйлесімінің бұзылуы және т.б. реттелмейді және көрінбейді. Жануарлар мен құстардың мінез-құлқын бақылау. Тергеу практикасы жануарлардың мінез-құлқы күрделі және шатасқан қылмыстарды ашуға көмектескен жағдайларды біледі. Көптеген жануарлар (шошқалар, иттер, Үй құстары және т.б.) жақын маңда мәйіт жасырылған болса, өте мазасыз. Кейбір жануарларды жасырын есірткіні табуға арнайы үйретеді. Жасыру психологиясын қарау тінту кезінде алып қоюға жататын объектілерді жасырып жүрген адамның іс-әрекетінің негізінде жатқан ойлы құрылыстарды, логиканы табу болып табылады. Қылмыскерлер әдетте тінту мүмкіндігін болжайды, сондықтан қылмыс құралдарын, Қылмыстық жолмен табылған заттар мен құндылықтарды барынша сенімді жасыруға тырысады. Демек, жасыру-ойластырылған мақсатты қызметтің нәтижесі. Жасырынған адамның психологиясының мәні тінтуді жүргізетін адам үшін заттың субъективті түсінілмейтін қол жетімсіздігін құру болып табылады. Бұл мақсат оған қол жеткізуді қамтамасыз ететін өзара байланысты 3 міндеттерді қою мен шешуді туындатады. Қылмыскер жасырын адамдарды дайындау кезінде ескеретін психологиялық факторлар: шаршауға және автоматизмге есептеу; шектен шығушылыққа есептеу; тактаның көрінуіне есептеу; ұқыпсыздыққа есептеу;»екілік» -жасырын адамдарды дайындаумен көңіл аудару. Шаршау мен автоматизмге есептей отырып, қылмыскер көп нәрселердің арасында құндылықтарды жасырады. Тергеушінің шектен шығушылығын ескере отырып, қоқыс шелегінде, лас тасталған сарайда немесе шатырда және т.б. жасырын құпия жасай алады. Тергеушінің әдептілігіне және кейбір ұялшақтығына қарай күдікті ауыр науқас адамның төсегінде ізделіп жатқан заттарды жасыруы мүмкін және т. б. Ақырында, «двойниктер» құпияларын жасау тергеушіні белгілі жасырын құпияға апару мақсатын көздейді, ол бос, оған құндылықтар жоқ екенін көрсетеді. Үшінші міндет-бұл мінез-құлық желісін таңдау. Бұл жерде екі нұсқа болуы мүмкін: бұл қылмыскердің тінтуге дейінгі мінез-құлқы, сыртқы мінез-құлық, қоғамдық пікір құру; тінту кезіндегі мінез-құлық. Тінту кезінде жасаушының мінез-құлқы екі түр болуы мүмкін: белсенді және пассивті. Мінез — құлықтың пассивті түрі — бұл үнсіздік, «иә-жоқ» түріндегі бір қабатты жауаптар, тінту рәсіміне немқұрайды қарау. Белсенді мінез-құлық-әртүрлі формада көрінуі мүмкін. Бұл тергеушінің жұмысын жеңілдетуге ұмтылу, қандай да бір қосымша үй-жайларды тінту ұсынысы болуы мүмкін. Бұл тактикалық маневрлер. Екінші жағынан ойластырылған көріністер байқалуы мүмкін: талу жағдайы, истерика, аурудың кенеттен өршуі, отбасы мүшелерінің арасындағы жанжалдар және т. б. Тергеушінің іс-әрекетіне әдейі бағытталған қақтығысты ұйымдастыруды ерекше атап өткен жөн. Бұл жағдайда қылмыскер тергеушінің атына тіл тигізіп, араласады. Бұл тәсілдер тергеушінің назарын аудартуға, тінтуді үзуге немесе оны тоқтата тұруға, басқаша айтқанда, іздестірілетін объектілерге кіруді жабуға бағытталған. Тінтілетін адамға әсер ету стратегиясының басқа бағыты қорғау кедергілерін әлсіретуден, олардың қарсыласуын төмендетуден тұрады. Осыған байланысты тергеуші тінтілетін адамның белгілі бір заттарды жасыруға итермелеуін (туысқандарының, көршілерінің, қызметтестерінің алдында ұят, жазалау қорқынышы, беделге нұқсан келтіруден қорқу, жақсы беделден айырылу және т.б.) шамамен білуі қажет.
Жауап: Болашақ ананың тексерілуі гинекологтың қарауынан басталады. Алғашқы рет келгенде гинеколог флора жақпасын (мазок) және цитологиялық жақпа алуы мүмкін (пап-тест – яғни жатыр мойнында атипті торшалардың болу-болмауын анықтайды), жыныстық жолмен таралатын жасырын инфекцияларға жақпа алу. Жүктілікті жоспарлау кезінде қажетті анализдер жалпы қан талдауынан, қан тобы мен резус-факторды анықтаудан, қандағы қант деңгейін анықтау, коагулограмма (қанның ұюы) және қанның биохимиялық талдауынан тұрады. Жүктілікті жоспарлау кезінде міндетті талдаулар: АИЖ, В және С гепатиті, сифилиске қан талдауы жатады. Жүктілік алдында ПЦР талдаулары жасалады – бұл жатыр мойнынан қрнау алып хламидиоз, герпес, микоплазма, цитомегаловирус, уреаплазмоз тудырғыштарын анықтау үшін қажет. Несептің жалпы талдауы бүйректің жұмысын, зат алмасу процесінің күйін білу үшін қажет. Инфекцияларға талдау жүктілік барысында жағымсыз әсер етуі мүмкін факторлар: қызылша, токсоплазмоз, цитомегаловирус, гениталды герпес, хламидиоз, уреаплазмоз, микоплазмоз,гарднереллезді анықтау үшін жасалады. Болашақ ата-аналар тұқымындагенетикалық аурулар болған жағдайда генетикалық талдаулар жасалады. Бұл материал «MediaCAMP Орталық Азиялық» медиабағдарламасы шеңберінде Қазақстандағы Internews қолдауымен әзірленді
Маңғыстау облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ғаламдық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын насихаттау аясында мәдени баспасөз туры өтті. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Испания, Италия, АҚШ, Қытай, Египет, Ұлыбритания, Франциядан келген 15 журналист сапардың бірінші күні Маңғыстаудың туристік жерлері – «Бекет ата» және «Шопан ата» жерасты мешіттеріне барды. Журналистер сапар қорытындысы бойынша өздерінің әсерлерімен бөлісті. Мысалы, Ұлыбританиялық репортер Мариола Федорчуктің айтуынша, жергілікті жерлеудің Қытай және Жапониямен ұқсастығы бар екен. Сондай-ақ, Шопан Ата қорымының ертедегі жерлеуін Словениямен салыстырды. Қытайдан келген журналист Чен Руи Маңғыстау жерінде қазақ халқының өзіне тән бай мәдениеті мен дәстүрі кеңінен сақталғанын атап өтті. «Бұл аймақ тарихи орындарға, аңыз-мұраларға өте бай екенін өз көзімізбен көріп таңғалдық, осындай мүмкіндікке ие болғанымызға сіздерге үлкен рахметімізді айтамыз. Жергілікті адамдардың ерекше қонақжайлығын атап өткіміз келеді. Қазақстандағыдай қонақжайлылықты ешқашан еш жерде көрмедік десек артық кетпес. Сондай-ақ бір айта кететінім шетелдік туристерді, әсіресе Еуропалық туристреді ең алдымен елдің ішкі әлемі сонымен қатар ерекше мәдениеті, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары қызықтырады. Сол қызықтардың барлығын осы өңірден көре алдық деуге болады. Ерекше әрі бай табиғатын, қызықты орындары мен тарихын сақтап сіздерге деген қызығушылығымыз зор», –деп ағынан жарылдыФранциялық журналист Изабель Моран. Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов шетелдік журналистердің сұрақтарына жауап беріп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен жетістіктерін және орта шағын бизнестің дамуы туралы айтты. Өңір басшысына Қазақстанның және Маңғыстаудың бірегей мәдениетін сақтау және туристік әлеуетті дамыту туралы сұрақ қойылды. «Облыстағы туризмді дамыту мақсатында кафе мен санитарлық аймақтары бар 10 визит орталықтарын салуды жоспарлап отырмыз, оның ішінде экскурсиялық және көрме орталығы, сыйлық, ұлттық өнімдер дүкендері болады. Өзбекстан шекарасына дейін 85 шақырым жол құрылысы жүріп жатыр. Жолдың ұзақтығы бойынша туристерге қажетті барлық қолайлы жағдайды ұйымдастыру бойынша орталықтар салынады. Кеше сіздер Бекет Ата мен Шопан Ата қорымдарын көрдіңіздер. Бекет ата қорымы тек қана Маңғыстаудың ғана емес, Қазақстанның да сәулеті ерекше тарихи және архитектуралық ескерткіш. Қазақ халқы әдеп-ғұрыптармен мәдениетті тарихтағы ең қиын кезеңде сақтап қалған ел. Біздің елімізде өзінің мәдениеті, дәстүрі мен тілін сақтаған 130 өз ұлт өкілдері тұрады. Барлығы бірлік пен тұрақтылықтың арқасында тату-тәтті ғұмыр кешуде», – деді Ералы Тоғжанов. ruh.kz Send an email 29.05.2018 13 Facebook Twitter VKontakte Odnoklassniki Skype Messenger Messenger WhatsApp Telegram Хатпен жіберу Басып шығару
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек. 2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда). 3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029. Толығырақ Пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу және барлау, тау жыныстары саласында минералдар туралы білімі бар, кен орындарын табу және барлау әдістері туралы геология мамандарын даярлау жөніндегі бағдарлама. Бағдарлама ASIIN (Германия) халықаралық агенттігімен аккредиттелген. Бағдарлама геология саласы, геохимиялық, мұнай, газ, су, қатты пайдалы қазбалар, оның ішінде бағалы, радиоактивті металдар, жер бетінде сирек кездесетін элементтердің кен орындарын іздеу және барлаудың дистанциялық әдістері бойынша сапалы білім береді. Инженерлік-геологиялық саладағы міндеттерді шешудің негізгі әдістерін, геология мен пайдалы қазбалар кен орындарын барлауды ұйымдастырудың негізгі нысандары, әдістері мен принциптері, геология объектілерін зерттеу және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау және әдістері туралы түсінік аласыз, мәселені техникалық тұрғыдан талдау мен құрылымдаудың дағдысын үйренетін боласыз. Бағдарлама Micromine, Studio RM, Petrel, Eclipse, Pipesim, Gocad, Surfer, Geosoft, Geolog-Focus, Echos-Gold, Leafprog заманауи компьютерлік бағдарламаларында жұмыс істеуге үйрету жолдарын қамтиды. Геологияның қазіргі заманғы мәселелері бойынша дәрістер мен консультациялар өткізу үшін шетелдік профессорлар, өндірістік компаниялар мен ғылыми-зерттеу институттарының жетекші сарапшылары шақыртылады. Бакалавр студенттері өздерінің Қаратау оқу полигонында оқу практикасынан және Karachaganak Petroleum Operating», «Тенгизшевройл», «Қазгеология», «PGD SERVICES», «Қазақмыс», «Қазцинк», Евразия өндірістік ассоциациясы, «Қазфосфор», «Майқайың-алтын», «Қазатомөнеркәсіп», «Жәйремский КБК», «Асемтас», «Ізденіс», «Геоинцентр» және т.б. компанияларда өндірістік тәжірибеден өтеді. Үздік студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Томск политехникалық университетінде, Фрайе университетінде, Лоррэна университетінде (Нанси, Франция), Тау-кен техникасы және технологиясы институтында (Пекин, Қытай), Мишкольц Университетте (Будапешт, Венгрия) және бүкіл әлем бойынша басқа да жоғары оқу орындарында қосымша білім ала алады. Түлектер «техника және технология бакалавры» біліктілігін алады да, геологиялық барлау және тау-кен компанияларында геолог ретінде, инженерлік-техникалық лауазымдарда, сондай-ақ ғылыми-зерттеу институттарында жұмыс істейді. Қ. Тұрысов атындағы Геология, мұнай және тау-кен ісі институтының білім беру бағдарламалары туралы толығырақ
Ақтөбе облысы мәслихаттары депутаттарының көпшілік даусымен ашық дауыс беру нәтижесінде Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып сайланды. Облыстық денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары депутаттарға өздерінің үш жылдық шығыстарының жоспарларын ұсынды. Облыстық басқармалардың басшылары депутаттардың талқылауына 2023-2025 жылдарға жоспарланған шығыстарды ұсынды. №559 сайлау учаскесінде тіркелген 2 285 ақтөбеліктерден сағат 10 дейін сайлаушылардың үштен бірі өз дауыстарын берді. Қосымша су мұнарасын, терең су сорғыларын орнату, бау-бақша ұжымының ЖТҚ мәртебесін өзгерту және мектепті кеңейту. Облыс әкімі мен облыстық мәслихат хатшысы ақтөбелік қаржыгерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады. Облыс депутаттары мен Қоғамдық кеңес мүшелері ҚР Ұлттық банкінің жергілікті филиалының басшысы мен қызметкерлерін валюта Күнімен құттықтады. Мәслихат дегеніміз не? Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган. Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды. Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады. Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады. Бейне Ақтөбе облыстық мәслихаты Ақтөбе облыстық мәслихаты Ақтөбе облыстық мәслихаты Ақтөбе облыстық мәслихаты Ақтөбе облыстық мәслихаты Ақтөбе облысының аумағында орналасқан мәслихат депутаттарының назарына 2022 жылғы 01 желтоқсан Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 8 маусымдағы №912 Жарлығымен бекітілген Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидаларының 5,6-тармақтарына сәйкес Ақтөбе облысы аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының жиналысы 2022 жылғы 1 желтоқсанында сағат 12:00-де өтетіндігін жеткіземін, мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Аққағаз Досжанова атындағы конференц-холл. Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 01 желтоқсанда сағат 10:00-ден 11:00-ге дейін конференц-холл фойесінде жүргізіледі. Күн тәртібіне енгізілетін мәселе: Ақтөбе облысының әкімін тағайындауға келісім беру. Облыстық мәслихаттың хатшысы А. Нугманов Баспасөз хабарламасы Облыстық мәслихат депутаттары әлеуметтік маңызы бар қалалық автомобиль қатынастары мәселелерін талқылады. Облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда, ТКШ және цифрландыру мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшылары мен экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының орынбасары сөз сөйледі. Асхат Шахаровтың айтуынша, қалада 369 автобусы бар "Автопарк" ЖШС және жыл соңына дейін 32-ден 150 автобусқа дейін өсетін "Qala Trans" ЖШС 2 жеке тасымалдаушы жұмыс істейді. Сонымен қатар, қалада 196 автобусы бар ПАТП коммуналдық кәсіпорны бар. Барлық үш тасымалдаушы 53 автобус маршрутына, соның ішінде қала мен оған жақын орналасқан тұрғын үй массивтеріне қызмет көрсетеді. -Барлық кәсіпорындар жанармай, қосалқы бөлшектер бағасының қымбаттауына байланысты шығынға ұшырайды, автопаркті жаңарту мүмкіндігі жоқ, - деп атап өтті Асхат Шахаров. - Әлеуметтік маңызы бар маршруттарды субсидиялау қажеттілігі туындады және әкімдік субсидиялауға жататын 29 маршрутқа өз есептерін берді. Баяндамашыларға бірқатар сұрақтар қойып, депутаттар мәселені талқылап, тиісті шешім қабылдады. Сонымен қатар, отырыста депутаттар облыстық жер комиссиясының ережесі мен дербес құрамын бекіту туралы мәселені қарастырды. Бұл мәселе бойынша тұрақты комиссия мүшелерін ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Исатай Еспағанбетов таныстырды.
Ескерту. Бүкiл мәтін бойынша "Мемлекеттiк кеме тізілiмінде", "мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде", "Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiне", "Мемлекеттiк кеме тiзiлiмi", "Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнен" деген сөздер тиiсiнше "Теңiз кемелерінің мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде", "Теңiз кемелерiнің мемлекеттік кеме тiзілiмiне", "Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiмi", "Теңiз кемелерінің мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнен" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2005.06.02 № 55 (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз), бүкіл мәтін бойынша: "Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарымен", "Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарына", "Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарында", "Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдары" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен", "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына", "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында", "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы" деген сөздермен, "жеке еңбек шартының", "жеке еңбек шарты", "жеке еңбек шартын" деген сөздер тиісінше "еңбек шартының", "еңбек шарты", "еңбек шартын" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2007.05.15 № 253 Заңдарымен. Осы Заң сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы мемлекеттiк басқарудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және халықаралық негiздерiн белгiлейдi және жүк, жолаушылар мен багаж тасымалдауға, теңiз көлiгiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге және қоршаған ортаны қорғауға байланысты қатынастарды реттейдi. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) авариялық жағдай – кеменің апатқа ұшырауына әкеп соққан және оның теңізде жүзу қасиеттерінен ішінара немесе толық айырылуына (жоғалтуына) алып келген, кеменің басқа кемені (кемелерді), навигациялық жабдық құралдарын, жағалау құрылысжайын зақымдауына, кеменің сүйретіп жүзу объектісін жоғалтуына немесе зақымдауына, адамның қаза болуына немесе денсаулығына зиян келуіне, кемеден адамның жоғалуына, сондай-ақ қоршаған ортаға зиян келуіне алып келген, кемемен болған оқиға; 1-1) авариялық жарна – жалпы авария жағдайында шығыстардың орнын толтыру үшiн жалпы авариялық шығыстардағы тасымалдаушының үлесiн төлеудi қамтамасыз ету ретiнде алушы оған жүкті берген кезде енгiзуге мiндеттi болатын ақша сомасы; 2) алушы - жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты бойынша жүк алуға уәкiлеттi тұлға; 3) арнаулы персонал - экипаж мүшесi болып табылмайтын, кеменiң мақсатына байланысты бортта үнемi болатын адам (теңiздiң тiрi ресурстарын аулаумен және өңдеумен айналысатын, ғылыми, инженер-техник қызметкерлер, зертхана қызметкерлерi, жұмысшылар және басқалар); 4) бербоут-чартер - жолаушылар, багаж бен жүк тасымалдауға және сауда мақсатында теңiзде жүзудiң өзге де мақсаттарына арнап жарақтандырылмаған және экипажбен жасақталмаған кеменi немесе бiрнеше кеменi жалдаушының иеленуiне және пайдалануына кемемен жалданушы келiсiлген ақы (жалдау ақысын) алып, белгiлi бiр мерзiмге беруге мiндеттенетiн жалға кеме беру (алу) шартының түрі; 5) дағдылы маршрут - теңiз практикасында жалпы қабылданған кеме жүретiн маршрут; 6) демерредж - контрсталиялық уақыт үшiн төленетiн ақы; 7) диспач - кеменi жалдаушыға кемеге жүк тиеудi сталиялық уақыт бiткенге дейiн аяқтағаны үшiн төленетiн сыйақы; 8) диспаша - жалпы авария бойынша залалдар мен шығыстарды есептеуді және оларды жалпы теңiз кәсiпорнына қатысушы тараптар арасында бөлуді қамтитын, диспашер жасайтын құжат; 9) диспашерлер - теңiз құқығы саласында бiлiмi мен тәжiрибесi, бар, диспашаны анықтау жөнiнде есеп жасайтын тұлғалар; 10) есеп айырысу бiрлiгi - қарызға алудың арнайы құқығының Халықаралық валюта қоры белгiлейтiн бiрлiгi; 11) жалдау ақысы - жүктi тасымалдағаны үшiн алынатын ақы, сондай-ақ бербоут-чартер мен тайм-чартер шарттары бойынша берiлетiн сыйақы; 12) жалпы теңiз кәсiпорны - мүлiк (кеме, жалдау ақысы және жүк), жалпы авария бойынша шығындар соның есебiнен өтелуге тиiс; 13) жолаушы - тасымалдаушымен шарттық қатынастарда тұратын және билетте немесе оның жүру құқығын растайтын өзге де құжатта көрсетiлген, не тасымалдаушының келiсiмiмен теңiз арқылы тасымалдау шарты бойынша автокөлiк құралдарын, жануарларды және өзге де жүктi iлесе алып жүрудi жүзеге асыратын тұлға; 14) жолаушылар тасымалдайтын кеме - жолаушылар тасымалдауға арналған және он екiден астам жолаушы тасымалдайтын кеме; 15) жолаушылық куәлiк - жолаушылардың кемеге алуға жол берiлетiн ең көп саны туралы мәлiметтер бар кеме құжаты; 16) жөнелтушi - теңiз тасымалы шартына сәйкес жүк жөнелткен және тасымал құжаттарында көрсетiлген тұлға; 17) жүзбелi бұрғылау қондырғысы - теңiз түбiндегi жерасты ресурстарын барлау және (немесе) өндiру жөнiндегi бұрғылау жұмыстарын орындауға арналған кеме (жүзбелi құрылыс); 18) жүк таситын кеме – жолаушы кемесі болып табылмайтын, жүктерді тасымалдауға арналған кеме; 19) инцидент - нәтижесiнде зиян келтiрген немесе сондай зиян келтiрудiң елеулi және тiкелей қаупi төнген оқиға немесе шығу жағдайы белгiлi дәрежеде ұқсас бiрқатар оқиғалар; 20) каботаж - Қазақстан Республикасының теңiз порттары арасындағы қатынаста, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңды құзырындағы тиеу портынан (пунктiнен) түсiру портына (пунктiне) дейiн тасымалдау мен сүйретiп жүзу; 21) каюталық багаж - жолаушының белгiленген мөлшер мен көлем шегiнде өзiмен бiрге алып жүретiн, жинақы буып-түйiлген және каютаға немесе жалпы орындардағы сөрелерге еркiн орналастырылатын заттары; 21-1) кәсіби диплом – кеме экипажы мүшесіне берілген және оның біліктілігін растайтын диплом; 22) кеме - сауда мақсатында теңiзде жүзуге пайдаланылатын, су ығыстырмайтын кеме мен гидроұшақты қоса алғанда, өздiгiнен жүретiн немесе өздiгiнен жүрмейтiн жүзбелi құрылыс; 23) алып тасталды - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 24) кеме иесі – кеменiң меншiк иесі болып табылатынына немесе оны өзге де заңды негiзде пайдалануына қарамастан өз атынан кемені пайдаланатын тұлға; 25) кеме ипотекасы - мемлекеттiк тiркелуге жататын теңiз кемесiнiң, ішкі суда жүзетiн кеменiң, "өзен-теңiзде" жүзетiн кеменiң, сондай-ақ жасалып жатқан кеменiң тиiстi тiзiлiмде тiркелген шарт негiзiнде туындайтын ипотекасы; 25-1) Кеме қатынасының тіркелімі – кемелерді сыныптайтын және олардың техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын; 26) кемелердi лоцмандық алып өту - лоцман жүзеге асыратын кемелердi алып өту; 27) кемемен жалданушы - кеменi жалдау шартының жолаушыларды, багаж бен жүктi тасымалдау немесе сауда мақсатында теңiзде жүзудiң өзге де мақсаттары үшiн белгiлi бiр мерзiмге кеме немесе бiрнеше кеме беретiн тарабы; 28) кеменi жалдаушы - кеменi жалдау шартының жолаушыларды, багаж бен жүктi тасымалдау немесе сауда мақсатында теңiзде жүзудiң өзге де мақсаттары үшiн белгiлi бiр мерзiмге кеме немесе бiрнеше кеме берiлетiн тарабы; 29) кеменiң меншiк иесi - Кемелер мен оларға құқықты мемлекеттік тіркеу қағидасына сәйкес кеменiң меншiк иесi ретiнде тiркелген тұлға; 30) кеменiң сыйымдылығы – кеменің текше метрмен не текше футпен есептелетін, оның жүк үй-жайларының көлеміне қарай тасымалдауға жүк мөлшерін қабылдай алатын мүмкіндігі; 31) коносамент - тасымалдаушы жөнелтушiге беретiн және жүктiң тасымалдауға қабылданғанын куәландыратын құжат; 32) контрсталиялық уақыт - кеме сталиялық уақыттан тыс жүк тиелiп тұратын уақыт кезеңi; 33) қауiптi жүк - өзiне тән қасиеттерiне қарай тасымалдау, тиеу-түсiру жұмыстарын жүргiзу және сақтау кезiнде техникалық құралдардың, қондырғылардың, ғимараттар мен құрылыстардың жарылысына, өртенуiне немесе зақымдануына, сондай-ақ адамдардың, жануарлардың мерт болуына, жарақаттануына немесе ауруына, қоршаған ортаға зиян келтiруге себеп болуы мүмкiн жүк; 34) лоцман - кеменi арқанға байлайтын, зәкiрге қоятын және портта кемелердiң орнын ауыстыратын жерге қауiпсiз жеткiзу саласында белгiлi бiр бiлiмi мен дағдылары бар маман; 35) лоцмандық қызмет - лоцманның (лоцмандардың) қызметi; 36) мұнай құйылатын кеме – мұнайды және мұнай өнiмдерiн тасымалдау және сақтау үшін жасалған немесе бейімделген жүк кемесі; 37) нақты тасымалдаушы - жолаушыны, багаж бен жүктi немесе оның бiр бөлiгiн тасымалдауды нақты жүзеге асыратын тасымалдаушы; 38) өткiзу коносаментi - тасымалдаушы жөнелтушiге беретiн және жүктiң тасымалдауға қабылданғанын куәландыратын құжат, онда тасымалдың бiр бөлiгiн басқа тасымалдаушының жүзеге асыруға тиiс екендiгi көзделедi; 39) порт айдыны - порттың гидротехникалық және басқа да құрылыстарының теңiз жағындағы eң алыс нүктесi арқылы өтетiн сызықпен шектелген немесе Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес белгiленетiн Қазақстан Республикасының iшкi сулары; 39-1) порт құралдары – халықаралық рейстер жасайтын кемеге қызмет көрсететін теңіз терминалдары, сондай-ақ тоқтап тұру аудандарын, күту орындарын, теңіз портына кіреберістерді қоса алғанда, теңіз портының акваториясы; 40) портта сүйрету - порт айдынында, соның iшiнде кеменi немесе өзге де жүзбелi объектiнi портқа кiргiзу не оны порттан шығару үшiн сүйрету және маневрлердi орындау; 41) сауда мақсатында теңiзде жүзу - жолаушыларды, багаж бен жүктi кемемен тасымалдау жөнiндегi қызмет, сондай-ақ өздерiне жүктелген міндеттерді орындау үшiн пайдаланылатын әскери кемелердi және шекара корабльдерін, катерлерін қоспағанда, кемелердi өзге де коммерциялық және коммерциялық емес (гидрографиялық, ғылыми, гидротехникалық, құтқарушылық және басқа) мақсаттарда пайдалануға байланысты қызмет; 42) сталиялық уақыт - жалдау ақысына қосымша төлемсiз, кеме жүк тиеуде тұратын уақыт кезеңi; 43) суббербоут-чартер - кеменi жалдау шарты, ол бойынша кеменi жалдаушы жолаушыларды, багаж бен жүктi тасуға және сауда мақсатында теңiзде жүзудiң өзге де мақсаттарына арнап жарақтандырылмаған және экипажбен жасақталмаған кеменi немесе бiрнеше кеменi келiсiлген ақы (жалдау ақысын) алып, үшiншi тұлғаларға белгiлi бiр мерзiмге иелену және пайдалану үшiн беруге мiндеттенедi; 44) субтайм-чартер - кеменi жалдау шарты, ол бойынша кеменi жалдаушы жолаушыларды, багаж бен жүктi тасымалдауға және сауда мақсатында теңiзде жүзудiң өзге де мақсаттарына арнап жарақталған және экипажбен жасақталған кеменi немесе бiрнеше кеменi сыйақы алып, үшiншi тұлғаларға белгiлi бiр мерзiмге беруге мiндеттенедi; 45) сүйреткiш кеме - басқа кемелердi және жүзбелi құрылыстарды сүйрету мен жиекке келтiруге арналған кеме; 46) алып тасталды - ҚР 2010.12.28 № 369-IV№ 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 47) тайм-чартер - кемемен жалданушы келiсiлген ақыға (жалдау ақысы) кеменi жалдаушыға кеменi және кеме экипажы мүшелерiнiң көрсететiн қызметтерiн жолаушыларды, багаж бен жүктi тасымалдау және сауда мақсатында теңiзде жүзудiң өзге де мақсаттары үшiн белгiлi бiр мерзiмге пайдалануға беруге мiндеттенетiн уақытқа кеменi жалдау шарты; 48) тасымалдау қағидалары - жолаушыларды, багажды, жүктi тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде теңiз көлiгiнiң қызметiн реттейтiн, уәкілетті орган бекiтетiн нормативтiк құқықтық актiлер; 49) тасымалдаушы – жолаушыларды, багажды, почта жөнелтілімдері мен жүктердi тасымалдау жөнiндегі қызметті көрсететiн және тасымалдау құжаттарында көрсетiлген кеме иесі; 50) алып тасталды - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 51) алып тасталды - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 52) теңiз жолдары навигациялық жағдайының құралдары - жүзу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн маяктар, қалқымалар және басқа да навигациялық жабдықтар; 53) теңiз жүкқұжаты - жүктердi теңiз көлiгiмен тасымалдау кезiнде ресiмделетiн тасымал құжаты; 53-1) теңіз оқу-тренажер орталығы – теңіз көлігі мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды халықаралық талаптарға сәйкес жүзеге асыратын заңды тұлға; 54) теңiз порты - Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен берiлген жер учаскелерiнде орналасқан, кемелерге, жолаушыларға, багажға қызмет көрсетуге және жүктермен жасалатын операцияларды жүзеге асыруға, сондай-ақ теңiз көлiгi қызметiнiң өзге де мақсаттарына арналған құрылыстар кешенi; 55) теңiз талабы - кемелердi сауда мақсатында теңiзде жүзудi көздеп пайдалануға байланысты мәлiмделетiн талап (зиянның орнын толтыру, алымдар төлеу және өзгелер); 56) теңiз терминалы - жүктердi тиеуге (түсiруге), оларды сақтауға, теңiз көлiгiнiң түрiмен сабақтас көлiк құралдарын жөнге келтiруге, сондай-ақ жолаушыларды отырғызуға, түсiруге және оларға өзге де қызмет көрсетуге арналған жағдайларды қамтамасыз ететiн техникалық құралдардың, инженерлiк құрылыстардың, көтергiш-көлiктiк және өзге де жабдықтардың жиынтығын қамтитын теңiз портындағы мамандандырылған учаске; 57) теңiз терминалының операторы - теңiз портындағы терминалға меншiк немесе өзге де заңды негiздерде құқығы бар тұлға; 57-1) теңiзде сүйрету – кеменi немесе өзге де жүзбелi объектiнi белгiлi бiр қашықтыққа сүйрету; 57-2) теңiздегi наразылық – кеме жүзiп бара жатқан немесе тұрған кезеңде орын алған оқиға туралы кеме капитанының дәлелдемелердi қамтамасыз ету мақсатында кеме иесiне мүлiктiк талаптар қоюға негiздеме бола алатын мәлiмдемесi; 58) уәкiлеттi орган – сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 58-1) Ұлттық теңіз тасымалдаушысы - жолаушыларды, багажды, почта жөнелтілімдерін, жүктерді халықаралық қатынаста теңізде тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін және уәкілетті орган айқындайтын заңды тұлға; 59) чартер - теңiз арқылы жолаушыларды, багаж бен жүктi тасымалдау шартының бiр түрi, бұл жағдайда жөнелтушiге бүкiл кеме, оның бiр бөлiгi немесе кеменiң белгiлi бiр жайы берiледi; 59-1) шағын көлемді кеме – балық аулау, жүктерді тасымалдау, сүйретіп жүзу, пайдалы қазбаларды іздеуді, барлауды және өндіруді, құрылыс, жол, гидротехникалық және басқа да осыған ұқсас жұмыстарды, лоцмандық және мұзжарғышқа ілестіріп алып өтуді жүргізу, сондай-ақ су объектілерін ластанудан және қоқыстанудан қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін жасалған немесе жабдықталған кемелерден басқа, ұзындығы жиырма метрден аспайтын, бортына алуға рұқсат етілген адамдар саны он екі адамнан аспайтын кеме; 60) шетелдік сыныптау қоғамы – кемелердi техникалық байқауды, куәландыруды және сыныптауды, сондай-ақ теңіз көлігі мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын, теңіз оқу-тренажер орталықтарын куәландыруды жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалған тәртiппен уәкілетті орган таныған шетелдік ұйым. Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.29 № 209, 2010.03.19 № 258-IV, 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.01.2015 № 276-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 05.05.2017 № 59-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2020 № 375-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 2-бап. Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы заңдар 1. Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгенiнен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың нормалары қолданылады. 2-1-бап. Халықаралық теңіз ұйымының (ИМО) қарарларын және ұсынымдарын қолдану Халықаралық теңіз ұйымының (ИМО) қарарларын және ұсынымдарын Қазақстан Республикасының аумағында қолдану Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу туралы заңнамасында көзделген тиісті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау, оларға қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы не оларда Халықаралық теңіз ұйымының (ИМО) нақты қарарларын және ұсынымдарын қолдану жөнінде сілтемелер көрсетіле отырып жүзеге асырылады. Ескерту. 1-тарау 2-1-баппен толықтырылды - ҚР 19.04.2019 № 249-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы 1. Осы Заң: 1) теңiз кемелерiне - олардың Қазақстан Республикасының теңiз жолдарымен, өзендерiмен, көлдерiмен, су қоймаларымен және басқа да су жолдарымен жүзуi кезiнде; 2) iшкi суда жүзу кемелерiне, "өзен-теңiзде" жүзетiн кемелерге - олардың Қазақстан Республикасының теңiз жолдарымен, өзендерiмен, көлдерiмен, су қоймаларымен және басқа су жолдарымен теңiз портына кiре отырып, жүктi, жолаушыларды және багажды тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде, құтқару операциялары кезiнде және теңiз кемесiмен соқтығысуы кезiнде; 3) Каспий теңізінде жүзуді жүзеге асыратын шағын көлемді кемелерге қолданылады. 2. Осы Заң Қазақстан Республикасының Әскери-Теңiз Күштерi мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметi туын көтерiп жүзушi корабльдерге, катерлерге және басқа да кемелерге қолданылмайды. Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005.06.02 № 55 (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2013.01.16 № 71-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2020 № 375-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 4-бап. Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы мемлекеттiк басқару 1. Алып тасталды - ҚР 02.06.2005 № 55 Заңымен. 2. Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретiне: 1) сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық және тактикалық шараларды әзiрлеу; 2) (алып тасталды) 2-1) Халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның акциямен төлеуге беру қағидаларын бекіту; 3) сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы мемлекетаралық және халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру; 4) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік жолаушылар қатынасына тыйым салу туралы шешiмдер қабылдау; 5) Қазақстан Республикасының аумағына багаж бен жүктi әкелуге, одан әкетуге, транзитке тыйым салу туралы шешiмдер қабылдау; 6) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 7) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 8) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 9) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 10) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 10-1) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 11) алып тасталды - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 12) (Алып тасталды) 13) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 14) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 15) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 15-1) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16) алып тасталды - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 17) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 18) алып тасталды - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 19) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 20) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 21) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 22) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 23) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 24) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 25) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 26) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 27) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 30) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 31) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 31-1) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 31-2) Қазақстан Республикасының теңiзшiсi жеке куәлiгiнiң үлгiсiн және оны қорғауға қойылатын талаптарды, сондай-ақ оны ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою тәртiбiн бекiту; 31-3) Каспий теңізінің қазақстандық секторында теңіз қызметін навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту; 32) Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады. 2-1. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өкілеттіктер шегінде Қазақстан Республикасының Теңіз әкімшілігі ретінде әрекет етеді. 3. Уәкiлеттi органның құзыретiне: 1) өз құзыретi шегiнде сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы мемлекетаралық және халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысу мен халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүдделерiн білдiру, оның ішінде халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз ету; 2) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 № 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2-1) Халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның акцияларын төлеуге беру қағидаларын әзірлеу; 2-2) алып тасталды - ҚР 19.04.2019 № 249-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 3) теңiз көлiгiнiң жұмыс iстеу тәртiбiн белгiлейтiн заң актiлерi мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi жеке және заңды тұлғалардың сақтауын бақылауды және қадағалауды қамтамасыз ету; 4) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 5) теңiз портының капитаны туралы ереженi бекiту; 5-1) алып тасталды - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 6) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығын беру және кеменi шет мемлекеттiң туын көтеріп жүзуге уақытша ауыстыру туралы шешiм қабылдау; 6-1) алып тасталды - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 7) алып тасталды - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 8) алып тасталды - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 9) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 9-1) кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердегі көлік оқиғаларын тексеру; 10) алып тасталды - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11) алып тасталды - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12) нысанды киiм (погонсыз) берілетін теңіз көлігіндегі мемлекеттік бақылау қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін, нысанды киiмнің (погонсыз) және айырым белгiлерiнің үлгiлерiн, нысанды киiм (погонсыз) киiп жүру тәртiбiн бекiту; 13) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 13-1) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 14) (алып тасталды) 15) кеме кітабындағы кемелердi және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру; 16) порттың теңіз әкімшілігі арқылы жүзеге асырылатын теңізде жүзу қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін бақылау; 17) шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру; 18) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19) уәкілетті орган бекіткен Қағидаларға сәйкес кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру және сыныптау; 20) кеме экипажын жинақтауға қойылатын талаптардың сақталуын бақылау және қадағалау; 21) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 22) алып тасталды - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 23) порттық құрылыстардың қауіпсіз пайдаланылуын бақылау және қадағалау; 24) алып тасталды - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 25) алып тасталды - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26) су көлiгiндегi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен өзара iс-қимыл жасасу; 27) алып тасталды - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 28) кемеде кеме құжаттарының болуын тексеру; 29) алып тасталды - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 30) алып тасталды - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 31) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 32) жеке және заңды тұлғалардың су көлiгiнiң жұмыс iстеу тәртiбiн айқындайтын Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауын мемлекеттiк бақылау және қадағалау, оларды бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу жөнінде шаралар қолдану; 33) алып тасталды - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 34) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 35) алып тасталды - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 36) алып тасталды - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 37) жеке және заңды тұлғалардан уәкiлеттi органның құзыретiне кiретiн барлық мәселелер бойынша қажеттi ақпарат, материалдар, анықтамалық деректер сұрату; 38) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 39) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 40) өз құзыретi шегiнде тексерулердің нәтижелерi бойынша актiлер жасау және Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу туралы заңнамасының, су көлiгiнiң жұмыс iстеу тәртiбiн айқындайтын стандарттау жөніндегі құжаттардың және нормалардың анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамалар енгiзу; 40-1) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындау; 41) хаттамалар жасау, Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзудi жүзеге асыру; 42) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен және жағдайларда теңiз және шағын көлемдi кемелердi әкiмшiлiк ұстауды жүзеге асыру, теңiз және шағын көлемдi кемелердi тексерiп қарауды жүргізу; 43) заңды тұлғаға тиесiлi, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы немесе тiкелей объектiсi болған, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде не заңды тұлғаға тиесiлi аумақты, үй-жайларды, көлiк құралдарын, тауарларды, өзге мүлiктер мен заттарды тексерiп қарауды жүргiзу кезiнде табылған құжаттарды, тауарларды, өзге де мүлiктер мен заттарды алып қоюды жүзеге асыру; 44) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 45) уәкiлеттi органның құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша сараптамаларға қатыстыру үшiн тиiстi мамандарды тарту; 46) мемлекеттiк органдарға авариялық жағдайлардың және көлiк оқиғаларының, су көлiгiн пайдалану ережелерiн бұзушылықтың алдын алу жөнiндегi шаралар туралы ұсыныстар енгiзу; 47) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 48) Теңiз кемелерiн сыныптау және жасау қағидасын бекіту; 49) Теңiз кемелерiнiң жүк маркасы туралы қағиданы бекiту; 49-1) кемелерді өлшеу жөніндегі қағидаларды бекіту; 50) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 51) Теңіз кемелерінің жүк көтергіш құрылғыларын куәландыру қағидасын бекіту; 52) Теңіз кемелерінің экипаждарын азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидасын бекіту; 53) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының теңіз флоты кемелерінің жүзу құрамының жұмыс уақыты мен демалыс уақытын реттеу ерекшеліктерін белгілеу; 54) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша теңізшілердің еңбегі мен олардың еңбекақысын реттеу ерекшеліктерін белгілеу; 54-1) кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлiк беру тәртiбiн бекіту; 54-2) кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлiктiң нысанын әзiрлеу және бекiту; 55) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 55-1) теңіздегі кеме қатынасы аясында навигация және байланыс саласындағы қызметтерді ұсыну жөніндегі уәкілетті ұйымды айқындау; 55-2) Кемелердi және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту; 55-3) кәсіби диплом үлгілерін, кәсіби диплом растамасын, теңізшілерге диплом беру қағидаларын бекіту; 55-4) кемелермен тасымалдауға арналған қауiптi жүктердiң тiзбесiн бекiту; 55-5) теңізде жүзу кітапшасының үлгісін, оны ресімдеу және беру тәртібін бекіту; 55-6) шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кемені Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру қағидаларын бекіту; 55-7) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негiзiнде шетелдік сыныптау қоғамын тану туралы шешiм қабылдау; 55-8) теңiз көлiгi, теңіз оқу-тренажер орталықтары мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын бiлiм беру ұйымдарын куәландыру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымды айқындау; 55-9) теңiз кемелерiн жабдықтау жөнiндегi қағидаларды бекiту; 55-10) сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы техникалық регламенттердi бекiту; 55-11) Қазақстан Республикасының теңіз порттарында және оларға кіреберістерде кемелердің жүзу және тұрақта тұру қағидаларын бекіту; 55-12) кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру қағидаларын бекіту; 55-13) кеме құжаттарының тізбесін, кеме құжаттарын жүргізу қағидаларын және кеме құжаттарына қойылатын талаптарды бекіту; 55-14) жолаушыларды, багаж бен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту; 55-15) теңіз порттарын, оның ішінде халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын, порт құрылыстарын және теңіз порты акваториясын пайдалану қағидаларын бекіту; 55-16) кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу; 55-17) кеме кітабында мемлекеттік тіркелуге жататын кемелермен болған көлік оқиғаларын тергеп-тексеру қағидаларын бекіту; 55-18) кеме жүргізушілерді шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларын бекіту; 55-19) шағын көлемді кемелерді және олар тоқтауға арнағлан базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидаларын бекіту; 55-20) кеме тарихын үздіксіз тіркеу журналының нысанын және оны жүргізу тәртібін бекіту; 55-21) Қазақстан Республикасының теңіз көлігі кемелеріндегі қызмет жарғысын бекіту; 55-22) Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес теңіз көлігі мамандарын даярлау куәліктерінің тізбесі мен нысандарын бекіту; 55-23) теңiз порттарын салу үшiн оларды орналастыру тәртiбiн айқындау; 55-24) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша теңіз көлігіндегі мемлекеттік бақылау қызметкерлерін нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекiту; 55-25) мұнайдан болатын ластанудан залал үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік беру қағидаларын бекіту; 55-26) палубалы шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту; 55-27) Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерінің, кәсіби дипломдардың, кәсіби дипломдар растамаларының, жеңілдік рұқсаттарының, теңізде жүзу кітапшаларының тізілімдерін жүргізу тәртібін бекіту; 55-28) кеме экипажы мүшелерін медициналық қарап-тексеру қағидаларын, олардың денсаулығы мен дене жарамдылығына қойылатын талаптарды, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша медициналық қорытындының нысанын бекіту; 55-29) алып тасталды - ҚР 05.05.2017 № 59-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 55-30) теңiз көлiгi, теңіз оқу-тренажер орталықтары мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын куәландыру қағидаларын және оларға қойылатын талаптарды бекіту; 55-31) теңiз көлiгi, теңіз оқу-тренажер орталықтары мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын куәландыру жөніндегі уәкілетті ұйымды айқындау қағидаларын бекіту; 55-32) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту кезінде ескерілетін порттар саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен бірлесіп бекіту; 55-33) порттар саласындағы табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының (жобасының) орындалуы туралы ақпаратқа талдау жасау; 55-34) теңіз порттарының табиғи монополия саласына жатқызылған көрсетілетін қызметтері тарифтеріне (бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициентінің ұсынылып отырған деңгейін бекітудің орындылығының негiздемесi не оны бекітудің орынсыздығының негiздемесi көрсетiлетін қорытындыны табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органға ұсыну; 55-35) порт құралдарын күзетуді бағалау туралы есеп пен порт құралдарын күзету жоспарын және оларға түзетулерді мақұлдау; 55-36) кемелерді және порт құралдарын күзету жөніндегі қағидалар мен талаптарды бекіту; 55-37) порт құралдарын күзетуге бағалау жүргізу және порт құралдарын күзету жоспарын әзірлеу үшін уәкілетті ұйымды айқындау; 55-38) шағын көлемді кемелердің жүзу аудандарының разрядына қарай су бассейндерінің тізбесін бекіту; 55-39) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кемелерден ластануды болғызбау жөніндегі қағидаларды бекіту; 55-40) басқа мемлекеттердің аумағында кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеруге қатысу; 55-41) теңіз порты мәртебесін беру қағидаларын бекіту; 55-42) теңіз портының міндетті көрсететін қызметтері үшін бағаларды (тарифтерді) қолдану қағидаларын бекіту; 55-43) Қазақстан Республикасының аумақтық суларында жүзу қағидаларын бекіту; 56) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады. 3-1. Жергiлiктi атқарушы органдар сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы көлiк инфрақұрылымы объектiлерiн салуды және қайта жаңартуды ұйымдастыру кезiнде жобаларды уәкiлеттi органмен келiседі. 3-2. Жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне: 1) өздiгiнен жүзетін шағын көлемдi кемелердi басқару құқығына куәлiктер беру; 2) шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алу; 3) жағалау объектілерін жобалауды, орналастыруды, салуды және пайдалануды келісу жатады; 4. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құзыретіне: 1) теңіз жолдарын навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз етуді жүзеге асыру; 2) жүзуге тыйым салынған жəне жүзуге уақытша қауіпті аудандарды белгілеу қағидаларын əзірлеу жəне бекіту; 3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Əскери-теңіз Күштерінің гидрографиялық қамтамасыз ету қызметі туралы ережені əзірлеу жəне бекіту; 4) Каспий теңізінің қазақстандық секторында теңіз қызметін навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз ету қағидаларын əзірлеу жатады. Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20. № 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2005.06.02. № 55 (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.01.31. № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.12.29. № 109, 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.01.06 № 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 35-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 № 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.01.2015 № 276-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 59-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Заңдарымен. 4-1-бап. Ұлттық теңіз тасымалдаушысы 1. Ұлттық теңіз тасымалдаушысының мәртебесін уәкілетті орган халықаралық қатынаста тасымалдауды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде кемелері (танкерлер, құрғақ жүк кемелері, паромдар, контейнер тасушылар) бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және шарттарда береді. 2. Ұлттық теңіз тасымалдаушысы: 1) жолаушыларды, багажды, пошта жөнелтілімдерін, жүктерді халықаралық қатынаста, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар, стратегиялық, гуманитарлық және арнайы жүктерді теңіз арқылы тасымалдау жөнінде қызметтер көрсетеді; 2) Қазақстан Республикасының аумақтық сулары шегінде құтқару операцияларына және кемелерден мұнай және мұнай өнімдерінің төгілуін жоюға шарттық негізде қатысады; 3) қазақстандық сауда флотын дамыту жөнінде шаралар қолданады; 4) ұлттық теңіз көлігі мамандарын даярлауға қатысады; 5) сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы халықаралық шарттарды іске асыруға қатысады. Ескерту. Заң 4-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 19.04.2019 № 249-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 5-бап. Каботаж Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген кемелерді қоспағанда, каботажды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін кемелер жүзеге асырады. Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелер каботажды шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемені Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға уәкілетті орган өзі айқындаған тәртіппен берген рұқсат негiзiнде жүзеге асырады. Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР 19.04.2019 № 249-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз). 5-1-бап. Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кемелердi пайдалану Каспий теңізінің қазақстандық секторында осы Заңның 5-бабының ережелерін ескере отырып, қазақстандық кеме иелерінің шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелерді жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, жер қойнауын пайдалану салдарларын жоюға, сондай-ақ гидротехникалық құрылысжайларды салуға және құтқару операцияларын жүргізуге байланысты қызметті жүзеге асыру үшін шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемені Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға берілген рұқсат негізінде пайдалануына жол беріледі. Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемені Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат Каспий теңізінің қазақстандық секторында ұлттық мүдделерді қорғауды, кемелердің жүзу қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету ескеріле отырып беріледі. Ескерту. Заң 5-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). Заңымен. 6-бап. Лицензиялау Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы жекелеген қызмет түрлерi Қазақстан Республикасының заң актiлерi негiзiнде лицензиялануға тиiс. 7-бап. Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы сақтандыру 1. Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы ерiктi сақтандыруды жеке және заңды тұлғалар өздерiнiң ерiк бiлдiруiне қарай жүзеге асырады. Ерiктi сақтандырудың түрлерi, талаптары мен тәртiбi тараптардың келiсiмiмен белгіленедi. 2. Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласында азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктің мiндеттi сақтандырылуға тиiстi түрлерiне: 1) жолаушының өмiрiне, денсаулығына және мүлкiне зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша тасымалдаушы жауапкершiлiгiнiң тәуекелi; 2) (алынып тасталды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен); 3) қауiптi жүктердi тасымалдау кезiндегi, сондай-ақ кемелерден аққан (екi мың және одан да көп тонна мұнай тасымалдау кезiнде) мұнаймен теңiздi ластаудан келтiрiлген залал үшiн тасымалдаушы жауапкершiлiгiнiң тәуекелi жатады. Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы мiндеттi сақтандыруды жүргiзудiң талаптары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленедi. Қызметкерлер еңбек (қызметтiк) міндеттерiн орындаған кезде Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес жазатайым оқиғалардан міндетті түрде сақтандырылуға жатады. Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен. 8-бап. Сәйкестiктi растау 1. Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы қызметке жататын өнiмдi және оның өмiрлiк циклi процестерiнiң сәйкестiгiн растау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 2. Шет мемлекет берген сәйкестiктi растау жөнiндегi құжат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес танылады. Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.12.29. № 209 Заңымен. 1-1 тарау. Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы қауiпсiздiктiң жалпы талаптары Ескерту. 1-1-тараумен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.12.29. № 209 Заңымен. 8-1-бап. Жалпы талаптар 1. Тасымалдау процесiне қатысушылар адам өмiрi мен денсаулығы, қоршаған орта үшiн қауiпсiздiк жағдайларын қамтамасыз етуге, сондай-ақ сауда мақсатында теңiзде жүзу қауiпсiздiгiне қойылатын талаптарды сақтауға мiндеттi. 2. Сауда мақсатында теңiзде жүзу қауiпсiздiгi адам өмiрi мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғауға, тасымалдау процесiне қатысушылардың авариясыз жұмыс iстеу жағдайын ұйымдастыруға, су жолдарын теңiзде жүзетiн қалыпта ұстауға, кемелердi, порттарды, жағалаудағы объектiлердi және iшкi су жолдарындағы құрылыстарды техникалық жарамды жағдайда ұстауға, сондай-ақ кемелерде авариялардың алдын алуға бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық iс-шаралар кешенiмен қамтамасыз етiледi. Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы техникалық реттеу және стандарттау объектiлерi: 1) сауда мақсатында теңiзде жүзу үшiн пайдаланылатын кемелер, порттар, жағалаудағы объектiлер және су жолдарындағы құрылыстар; 2) сауда мақсатында теңiзде жүзу үшiн пайдаланылатын кемелердi, порттарды, жағалаудағы объектiлердi және су жолдарындағы құрылыстарды жасау (салу, жөндеу, реконструкциялау), пайдалану процестерi болып табылады. 3. Теңіз порттарында және оларға кіреберістерде кемелердің қауіпсіздігін навигациялық қамтамасыз етуді республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын навигациялық орталық жүзеге асырады. Ескерту. 8-1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 13.01.2015 № 276-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 59-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 8-2-бап. Сауда мақсатында теңiзде жүзу үшiн пайдаланылатын кемелердi, порттарды, жағалаудағы объектiлердi және су жолдарындағы құрылыстарды жасау (салу, жөндеу, реконструкциялау) кезiндегi қауiпсiздiк талаптары 1. Сауда мақсатында теңiзде жүзетiн кемелердi жасау (салу, жөндеу, реконструкциялау) кезiнде олардың жобалау құжаттамасы мен Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы заңнамасының талаптарына сәйкестiгi қамтамасыз етiлуге тиiс. 2. Сауда мақсатында теңiзде жүзетiн кемелердi жасау (салу, жөндеу, реконструкциялау) кезiнде дайындаушы жобалық құжаттамада айқындалған қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi шаралардың бүкiл кешенiн орындауға және теңiзде жүзу қауiпсiздiгiне қатысты болатын барлық технологиялық операциялардың орындалуын бақылау мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге тиiс. 3. Егер сауда мақсатында теңiзде жүзетiн кемелердi дайындау процесiнде немесе одан кейiн қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн сынақ жүргiзу талап етiлсе, онда олар жобалық құжаттамалардың барлық талаптарын орындай отырып, толық көлемде жүргiзiлуге тиiс. 4. Әрбiр кеме корпусы сәйкестендiру нөмiрiмен таңбалануға тиiс. Таңбалау көрiнетiн, анық және өшiрiлмейтiн болуға тиiс. 5. Кеме борттан асып құлап кету қаупiн болғызбайтындай және борттан тыс қалған адамдарды құтқаруды қамтамасыз ететiндей түрде әзiрленуге тиiс. 6. Негiзгi рульдiк басқару орны айналаны шолуды қамтамасыз етуге тиiс. 7. Кеме пайдалану жөнiндегi нұсқаулықпен жабдықталуға тиiс, онда өрт туындау және бату қаупiне ерекше назар аударылуы керек. 8. Жағалау объектілерін жобалау, орналастыру, салу және пайдалану жергілікті атқарушы органмен келісу бойынша жүзеге асырылады. Ескерту. Заң 8-2-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. 8-3-бап. Сауда мақсатында теңiзде жүзу үшiн пайдаланылатын кемелердi, порттарды, жағалау объектiлері мен су жолдарындағы құрылыстарды пайдалану кезiндегi қауiпсiздiк талаптары 1. Кемелер, порттар, жағалау объектiлері мен сауда мақсатында теңiзде жүзу процесiмен байланысты теңiздегi құрылыстар қауiптiлiгi жоғары аймақтар болып табылады және сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлері мен Қазақстан Республикасы Үкiметi актiлерiнiң талаптарына сәйкес келуге тиiс. 2. Кемелердi, порттарды, жағалау объектiлерін және теңiздегi құрылыстарды пайдалануды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлері мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерi талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге тиiс. 3. Сауда мақсатында теңiзде жүзу үшiн пайдаланылатын кемелердi пайдалану адам өмiрi мен денсаулығына және қоршаған ортаға терiс әсер етпеуге тиiс. 4. Кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын палубалы шағын көлемді кемелер палубалы шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау жөніндегі қағидалардың талаптарына сәйкес келуге тиіс. 5. Алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 6. Кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын кемелерді және олардың тұрағына арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану Шағын көлемді кемелерді және олардың тұрағына арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасына сәйкес жүзеге асырылады. 7. Кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын өздігінен жүзетін кемелердің кеме жүргізушілері кеме жүргізушілерді даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өтуге және оларда өздігінен жүзетін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлігі өзімен бірге болуға тиіс. Шағын көлемдi кеменi басқару құқығына куәлiк берудi, кеме жүргiзушiлердi даярлау бағдарламасын келiсудi және шағын көлемдi кемелердiң кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөнiндегi курстарды есепке алуды жергілікті атқарушы органдар Кеме жүргiзушiлерін шағын көлемдi кеменi басқару құқығына аттестаттау қағидаларына сәйкес жүзеге асырады. Ұйымдар шағын көлемдi кемелердiң кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөнiндегi курстардың ашылуы кезiнде жергілікті атқарушы органға: 1) оқытушылар құрамының су көлігі саласындағы мамандықтар бойынша жоғары немесе орта техникалық білімі туралы дипломдарының көшірмелерін; 2) кеме жүргізушілерді шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларына сәйкес шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлаудың үлгі бағдарламасы негізінде әзірленген шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау бойынша оқу бағдарламасын; 3) оқу процесін ұйымдастыру үшін меншік құқығында немесе жалға алынған үй-жайдың болуын растайтын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама жібереді. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен беріледі. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды ашқан ұйымдар жергілікті атқарушы органға шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау бағдарламасы бойынша оқудан табысты өткен адамдардың тізімдерін жіберуге міндетті. Оқудан өткен адамдар туралы ақпаратты беру тәртібі кеме жүргізушілерді шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларында айқындалады. Ескерту. 8-3-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 05.05.2017 № 59-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 8-4-бап. Кемелер жүрісін басқаруды ұйымдастыру 1. Навигациялық орталықтың кемелерге қызмет көрсетуі мынадай кезектілікпен жүргізіледі: 1) авариялық кемелер, көмек көрсету үшін жүзіп келе жатқан кемелер және бортында сырқаты ауыр адамдар бар кемелер; 2) кесте бойынша жүзіп келе жатқан паромдар мен жолаушылар кемелері; 3) тез бүлінетін жүктері бар кемелер; 4) сүйретіп келе жатқан объектілері бар сүйреткіш кемелер; 5) қауіпті жүктері бар кемелер; 6) желілік кемелер; 7) өтінімдер келіп түскен уақытқа сәйкес өзге де кемелер. 2. Кемелерді радиолокациялық алып өтуді навигациялық орталық кеменің өтінімі бойынша кез келген көрінетіндей жағдайда жүзеге асырады. 3. Радиолокациялық алып өту тәртібі радиолокациялық алып өту басталғанға дейін теңіз портының капитанымен келісіледі. 4. Кемелер жүрісін басқару жүйесінің әрекет ету аймақтарындағы кемелер жүрісі (аймаққа кіру, зәкірге қою, зәкірден алу, айлақтың кіреберісіне келу және арқандап байлау және одан кету, қайта арқандап байлау және тағы басқалар) теңіз порты капитанының рұқсатымен жүзеге асырылады. 5. Кемелер жүрісін басқару жүйесінің әрекет ету аймағына келгенге дейін теңізден жүзіп келе жатқан кемелер осы аймақтағы жүрісті реттейтін навигациялық орталықпен ультрақысқа толқындарда радиобайланыс орнатады. 6. Навигациялық орталықпен радиобайланыс орнату кезінде кеме: 1) кеменің типін, атауын және мемлекеттік тиесілігін (туын); 2) аймаққа келу уақытын; 3) маневр жасау режиміндегі жылдамдығын; 4) межеленген портын; 5) өлшем куәлігі бойынша жалпы сыйымдылығы мен негізгі мөлшерлерін; 6) нақты шөгуін; 7) жүктің түрі мен санын; 8) кеменің радиолокациялық стансасының жай-күйі туралы мәліметтерді; 9) жүзу және маневр жасау қауіпсіздігіне әсер ететін бар шектеулер туралы ақпаратты хабарлайды. 7. Кемелер жүзіп келе жатқанда, егер басқа арна көрсетілмесе, өздері аймағында болатын навигациялық орталықтың жұмыс арнасында тұрақты радиовахтаны (кезекшілікті) атқарады. 8. Навигациялық орталықтың кемелермен радиоалмасуы, сондай-ақ ағымдағы радиолокациялық ақпарат құжатталады. Жазбалар үш тәулік бойы сақталады. Егер авариялық ахуалдар немесе авариялық жағдайлар орын алса, жазбалар тергеп-тексеру аяқталғанға дейін сақталады. 9. Навигациялық орталықтың көрсететін қызметтерін пайдалану Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін тарифтер (бағалар) бойынша ақылы негізде жүзеге асырылады. Ескерту. 1-1-тарау 8-4-баппен толықтырылды - ҚР 13.01.2015 № 276-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 8-5-бап. Жүзуге тыйым салынған аудандар жəне жүзуге уақытша қауіпті аудандар 1. Оқу-жаттығулар өткізуді, Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүдделерін қорғауды жəне қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ терроризмге қарсы операцияны жəне күзету іс-шараларын жүргізу кезінде ішкі жəне аумақтық суларда жүзу, зəкірге қою, теңіз сүтқоректілерін ұстау, су биологиялық ресурстарын ұстаудың (аулаудың) су түбіндегі құралдарымен балық аулауды, суасты жарылыстарын жүзеге асыру, бос қойылған зəкір шынжырымен жүзу, ұшу аппараттарының ұшып өтуі, қалықтап тұруы жəне қонуы (су бетіне қонуы) жəне басқа да қызмет үшін шектелген жүзуге тыйым салынған аудандар жəне жүзуге уақытша қауіпті аудандар белгіленуі мүмкін. 2. Жүзуге тыйым салынған аудандарда бүкіл кеме мен жүзу құралының жүзуіне тыйым салынады. Жүзуге тыйым салынған аудандарды белгілеу жəне оларды жүзу үшін ашу туралы шешімді мүдделі мемлекеттік органдардың жəне ұйымдардың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қабылдайды. Терроризмге қарсы операцияны жүргізу кезінде жүзуге тыйым салынған аудандарды белгілеу жəне оларды жүзу үшін ашу туралы шешімді – республикалық жедел штабтың басшысы, ал күзету іс-шараларын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қабылдайды. 3. Жүзуге уақытша қауіпті аудандар белгілі бір мерзімге белгіленеді. Жүзуге уақытша қауіпті аудандарды белгілеу туралы шешімді Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қабылдайды. Көрсетілген шешім мүдделі мемлекеттік органдарды бұл туралы хабардар еткен кезден бастап күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді. Ескерту. 1-1-тарау 8-5-баппен толықтырылды - ҚР 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 23.02.2021 № 11-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен. 8-6-бап. Шағын көлемді кемелерді қарап-тексеру 1. Шағын көлемді кемелерді қарап-тексеруді уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары шағын көлемді кеменің (оның мемлекеттік тіркелген орнына қарамастан) және кеме жүргізушінің Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін анықтау мақсатында жүргізеді. Шағын көлемді кемелерді қарап-тексеру шағын көлемді кеменің кеме жүргізушісінің қатысуымен тұрақта тұрған, сол сияқты жүзіп келе жатқан кезде де жүргізілуі мүмкін. Шағын көлемді кемелерді қарап-тексеру кеме пайдаланылатын аудан мұздан тазартылғаннан кейін жүргізіледі. Шағын көлемді кемелерді бақылау мақсатында қарап-тексеру кемені пайдалану кезеңінде екі айда бір реттен жиілетпей немесе көлік оқиғасы болған кезде, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жағдайда жүргізіледі. 2. Шағын көлемді кемелердi қарап-тексеру кезiнде: 1) кеме билеті; 2) өздігінен жүзетін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік; 3) техникалық куәландырудан өткендігі; 4) шағын көлемді кемеде жолаушылар сыйымдылығы мен жүк көтеру нормаларының, жүзу ауданы мен шарттары бойынша шектеулердің, жолаушылар мен жүктердiң дұрыс орналастырылуының сақталуы; 5) құтқару, өртке қарсы және су төгу құралдарының болуы; 6) борттарда тіркеу нөмірінің болуы; 7) орналасқан орнына қарамастан, кеме корпусын тесіп өткен ойықтардың болмауы, кеменің гермобөліктерінің және (немесе) әуе жәшіктерінің болмауы немесе тұмшалануының бұзылуы; 8) руль құрылғысының конструкцияда көзделген бекіту бөлшектерінің болуы немесе оның құрамдас бөліктерінің зақымдалуы, оның жұмыс істеу сенімділігінің қамтамасыз етілмеуі; 9) отын ағуының, дірілдің, қозғалтқышты қашықтықтан басқару жүйесінің зақымдалуының болмауы, бәсеңдеткіштің болуы және жарамдылығы, реверс-редуктордың сенімді қосылуының (ажыратылуының) қамтамасыз етілуі, реверс қосылып тұрған кезде қозғалтқыштың (мотордың) іске қосылуын бұғаттауыштың жарамдылығы; 10) кеменің жиынтықтамасы мен жабдығының кеме типіне сәйкестігі; 11) айырым оттарының болуы, жарамдылығы және сәйкестігі; 12) кеменің белгіленген сыныбына сәйкес келетін бассейндерде (аудандарда) кеменің пайдаланылуы; 13) руль, сигнал, зәкір және арқандап байлау құрылғысының болуы және жарамдылығы; 14) орнатылған қозғалтқыштың ең жоғары қуатының сәйкестігі тексеруге жатады. Шағын көлемді кемені қарап-тексеру нәтижелерi бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлiмшесінiң лауазымды адамы шағын көлемді кеменiң атауын (нөмірін) және тіркеу нөмiрiн, кеме иесiн (кеме жүргізушіні), қарап-тексеру күнін көрсете отырып, шағын көлемді кемені қарап-тексеру актісін жасайды. Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу туралы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы анықталған бұзушылықтардың тiзбесiн және оларды жою мерзiмдерiн көрсете отырып нұсқама шығарады. Кеме құжаттары болмаған кезде және шағын көлемді кемені пайдалану қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларда, уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы шағын көлемді кеменің (құрамның) жүзуіне тыйым салады, бұл туралы кеме жүргізуші кеме иесіне хабар береді. Шағын көлемді кемені қарап-тексеру актісі және нұсқама уәкілетті орган бекітетін нысандар бойынша екі данада жасалады және оларға уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы және кеме жүргізуші қол қояды. Кеме жүргізуші шағын көлемді кемені қарап-тексеру актісіне немесе нұсқамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, мәлімделген бас тарту уәждері көрсетіле отырып жазба жасалады. Шағын көлемді кемені қарап-тексеру актісінің және нұсқаманың бірінші данасы – кеме иесінде, екіншісі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде сақталады. Ескерту. 1-1-тарау 8-6-баппен толықтырылды - ҚР 19.04.2019 № 249-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 2-тарау. КЕМЕ 9-бап. Кемеге меншiк құқығы 1. Кемелер: 1) мемлекеттiң; 2) Қазақстан Республикасының азаматтары мен мемлекеттiк емес заңды тұлғаларының; 3) егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, шет мемлекеттердiң, шетелдiктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдiк заңды тұлғалардың меншiгінде болуы мүмкiн. 2. Кеменiң меншiк иесi кемеге қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекет iстеуге, соның iшiнде кеменi басқа тұлғалардың меншiгiне берiп, иелiктен айырылуға, меншiк иесi болып қала отырып, оларға кеменi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын беруге, кеме ипотекасын белгiлеуге және оған басқа да әдiстермен ауыртпалық салуға, өзге де түрде билiк етуге құқылы. 10-бап. Кеме атауы. Кеменi дараландыру тәртiбi 1. Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тізілімінде немесе Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде мемлекеттік тіркелуге жататын кеменің өз атауы болуға тиіс. Меншік иесі кеменің атауын береді және өзгертеді. Кемелерге бірдей атаулар беруге жол берілмейді. 2. Кеме атауының өзгертiлгенi туралы меншiк иесi кеменiң тiркелген кепiлдерiн кепiлге ұстаушыларға дереу хабарлайды. 3. Спутниктік байланыстың кеме станциясының шақыру сигналын және сәйкестендiру нөмірін беру тәртібін байланыс саласындағы уәкілетті орган айқындайды. Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.10.22 № 601 (өзгеріс 2005.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 11-бап. Кеменiң ұлттығы. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығы 1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығын пайдаланушы кеме Қазақстан Республикасының ұлттығында болады. 2. Қазақстан Республикасының ұлттығын иеленушi кеме Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзуге мiндеттi. 3. Кеме осы Заңның 16-бабының 1-тармағында аталған Қазақстан Республикасының кемелерi тiзiлiмдерiнiң бiрiнде мемлекеттік тiркелген кезден бастап, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығына ие болады. 3-1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығы: 1) мемлекеттiң; 2) азаматтардың және Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелген мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың меншiгiндегi кемелерге; 3) өнім бөлу туралы келісімге сәйкес Каспий теңізінде қызметін жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғалардың меншігіндегі кемелерге (мердігерлік компаниялар, оператор, агенттер) беріледі, бұл ретте осындай кемелерге Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығын берудің ерекшеліктері Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасымен айқындалады. 4. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде меншiкке сатып алынған кеме Қазақстан Республикасының консулдық қызметi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын куәландыратын және кеме Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде, Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде немесе кеме кiтабында мемлекеттік тіркелгенге дейiн, бірақ бір жылдан аспайтын уақыт жарамды болатын уақытша куәлiк берген кезден бастап осындай құқықты пайдаланады. 5. Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасында көзделген тәртіппен уәкiлеттi органның шешiмi негiзiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын көтерiп жүзу құқығы бербоут-чартер бойынша: 1) қазақстандық жалға кеме алушыға; 2) өнім бөлу туралы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасында белгіленген тәртіппен тіркелген филиалдары арқылы Каспий теңізінде қызметін жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаларға (мердігерлік компанияларға, операторға, агенттерге, қосымша мердігерлерге) пайдалануға берілген, шет мемлекеттiң кемелер тiзiлiмiнде тiркелген кемеге уақытша берілуі мүмкін. 6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығын пайдаланбайтын кемеде осы тудың көтерiлгенi үшiн кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жауаптылықты мойнына алады. Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.10.22. № 601 (өзгеріс 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2005.06.02. № 55 (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 12-бап. Кемені шет мемлекеттің туын көтеріп жүруге уақытша ауыстыру Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде, Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде немесе кеме кiтабында тiркелген кеме бербоут-чартер бойынша шетелдiк кемені жалдаушының иеленуiне немесе пайдалануына берiлген кезде, мұндай кеме уәкiлеттi органның шешiмi негiзiнде, кейіннен әрбір екі жыл сайын ұзарту құқығымен екi жылдан аспайтын мерзімге, бірақ бербоут-чартердiң қолданылу мерзiмiнен аспайтын мерзiмге тиiстi тiзiлiмге тiркеліп және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы тоқтатыла тұрып, шет мемлекеттің туын көтеріп жүзуге уақытша ауыстырылуы мүмкін. Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 13-бап. Кеменi сенiмгерлiк басқаруға беру 1. Егер шартта өзгеше көзделмесе, кеменiң меншiк иесi меншiк иесiнiң мүдделерiне сыйақы алу үшiн кеменi басқаруды сенiмгерлiк басқару шарты бойынша жүзеге асыру үшiн сенiмгер басқарушыға беруге құқылы. Шаруашылық жүргiзудегi немесе оралымды басқарудағы кеменi меншiк иесiнің немесе уәкiлеттi органның келiсiмiнсiз сенiмгер басқаруға беруге болмайды. Кеменiң сенiмгерлiк басқаруға берiлуi оған меншiк құқығымен сенiмгерлiк басқарушыға ауысуына әкеп соқпайды. 2. Кеменi сенімгерлiк басқаруға беру Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде немесе Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде мiндеттi мемлекеттік тiркелуге жатады. 3. Кемелердi басқару және оларды пайдалану саласында құзыреттi тұлға сенiмгер басқарушы бола алады. 4. Кеменi сенiмгерлiк басқару шарты Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында көзделген талаптарға сәйкес келуге тиiс. Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.10.22. № 601 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 14-бап. Кеме құжаттары 1. Кеменің уәкілетті орган тізбесін, жүргізу тәртібін және оларға қойылатын талаптарды айқындайтын кеме құжаттары болуға тиіс. Көшірмесін осы құжатты берген орган растауы немесе нотариус куәландыруы тиіс кемеге меншік құқығы туралы куәлікті қоспағанда, кеме құжаттарының түпнұсқалары кемеде болуға тиіс. 2. Шетелде жүзуге шығатын кемелердiң, Қазақстан Республикасының суларында жүзуге арналған тиiстi қағидада көзделген құжаттардан басқа, Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгiленген құжаттары болуға тиiс. 3. Шет мемлекеттердiң Қазақстан Республикасының аумақтық суларына кiретiн кемелерiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгiленген құжаттар болуға тиiс. Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. 15-бап. Кемелерді техникалық байқау, куәландыру және оларды сыныптау 1. Кеме теңiзде жүзу қауiпсiздiгi талаптарын қанағаттандыратыны анықталғаннан кейiн ғана жүзуге жiберiлуi мүмкiн. 2. Кемелерді техникалық байқауды, куәландыруды және оларды сыныптауды Кеме қатынасының тіркелімі немесе шетелдік сыныптау қоғамдары жүзеге асырады. Бұл ретте кемелерді куәландыру жөніндегі өкілеттіктер және оларды шетелдік сыныптау қоғамдарының беру шарттары уәкілетті орган мен шетелдік сыныптау қоғамдары арасындағы келісімдерде айқындалады. Кемеге сынып беру Кеме қатынасының тіркелімі немесе шетелдік сыныптау қоғамы беретін сыныптау куәлігімен куәландырылады. Қазақстан Республикасының өзге мемлекеттік органдары мен заңды тұлғаларының кемелерге және кеменің жекелеген элементтеріне техникалық байқауды жүзеге асыруына тыйым салынады. 3. Кеме құжаттары болмаған кезде немесе шетел туын көтерiп жүзiп жүрген кеме Қазақстан Республикасының теңiз портына келген кезде, тиiстi құжаттарының болуына қарамастан, теңiзде қауiпсiз жүзудiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарын қанағаттандырмаса, уәкiлеттi орган мұндай кеменi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын көтерiп жүзушi кемелермен бiрдей негiзде куәландырудан өткiзуге құқылы. Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 3-тарау. КЕМЕЛЕРДI ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚҰҚЫҚТАРДЫ МЕМЛЕКЕТТIК ТIРКЕУ 16-бап. Қазақстан Республикасының кеме тiзiлiмдерi 1. Кеме Қазақстан Республикасы кеме тiзiлiмдерiнiң (бұдан әрi - кеме тiзiлiмдерi) бiрiнде: 1) Теңiз кемелерінің мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде; 2) кеме кiтабында; 3) бербоут-чартер тiзiлiмiнде; 4) Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде мемлекеттік тіркелуге жатады. 2. Кемеге меншiк құқығы және өзге де заттық құқықтар (оған ауыртпалықтар) Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тізілімінде немесе кеме кітабында мiндеттi мемлекеттік тiркелуге жатады. Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген кемеге меншiк құқығы және өзге де заттық құқықтар (бербоут-чартер бойынша жалдап алынған кемеге осы құқықтарды қоспағанда), осы құқықтарды шектеулер (ауыртпалықтар), олардың туындауы, ауысуы және тоқтатылуы Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелуге жатады. Меншік құқығына және өзге де заттық құқықтарға қатысты шектеу (ауыртпалықтар) белгіленген кемені Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркеу және аталған тізілімнен осындай кемені шығару, оның пайдасына тиісті шектеу (ауыртпалық) белгіленген тұлғаның жазбаша нысандағы келісімімен жүзеге асырылады. 3. Мемлекеттiк тiркелуге тиiс, жасалып жатқан кеме жылжымайтын мүлiкке теңестiрiледi. Жасалып жатқан кемеге меншiк құқығы киль салынған немесе сарапшының қорытындысымен расталған тең бағалы құрылыс жұмыстары жағдайында жасалып жатқан кемелер тiзілiмiнде тiркелуi мүмкiн. Жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын мемлекеттік тiркеген кезде тиiстi куәлiк берiледi. 3-1. Алып тасталды – ҚР 26.01.2021 № 412-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 4. Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде теңіз, жолаушылар, жүк-жолаушылар, мұнай құйылатын, сүйреткіш кемелер, қалқымалы бұрғылау құрылғылары, құрғақ жүк кемелері, қалқымалы крандар және техникалық флот кемелерi (жер снарядтары және басқалар), сондай-ақ шағын көлемді кемелер болып табылмайтын кемелер тiркеледi. 5. Кеме кiтаптарында шағын көлемді кемелер тiркеледi. Массасы қоса алғанда екі жүз килограмға дейінгі және қозғалтқыштарының (орнатылған жағдайда) қуаты қоса алғанда сегіз киловатқа дейінгі шағын көлемді кемелер, сондай-ақ ұзындығы тоғыз метрден аспайтын, қозғалтқыштары жоқ және демалуға арналған орындармен жабдықталмаған спорттық желкенді кемелер мемлекеттік тіркелуге жатпайды. 5-тармақтың үшінші абзацы 01.01.2018 дейін қолданыста болды - ҚР 05.05.2017 № 59-VI Заңымен (мәтін алып тасталды). 6. Теңiз кемелерінің мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде және кеме кiтаптарында гидроұшақтар, сондай-ақ шлюпкалар мен кеменiң керек-жарақтары болып табылатын өзге де қалқымалы құралдар тiркелмейдi. 7. Бербоут-чартер тiзiлiмiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзуге уақытша құқық берiлген кемелер Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын көтерiп жүзуге уақытша құқықтың қолданылу мерзімін әрбiр екi жыл сайын одан әрi ұзарта отырып, екi жыл мерзiмге, бірақ бербоут-чартердiң қолданылу мерзiмiнен аспайтын мерзімге тiркеледi. Кемелердің тіркелу мерзімін ұзарту Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасында белгіленген, оңайлатылған тәртіппен жүзеге асырылады. 8. Теңiз кемелерiн мемлекеттiк тiркеу, қайта тiркеу және мемлекеттік тiркеудi куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру үшiн Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген тәртiппен және мөлшерде алым алынады. 9. Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде жүктерді, жолаушыларды және олардың багаждарын халықаралық тасымалдаулар, сүйретіп жүзу үшін пайдаланылатын кемелер, оның ішінде бербоут-чартер бойынша пайдалануға берілген кемелер тіркеледі. Егер кемелер шет мемлекеттердің кемелер тізілімдерінде тіркелген болса және Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркеу туралы өтініш берілген күні олардың жасалғанына жиырма жылдан асса, олар Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелуге жатпайды. Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.10.22 № 601 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2005.06.02 № 55 (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.07.26 № 311, 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.03.25 № 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 59-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 26.01.2021 № 412-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. 17-бап. Кеме тiзіліміне енгiзiлетiн мәлiметтердiң өзгертiлуi Кемелер тiзiлiмiне енгiзiлуге тиiстi мәлiметтердiң кез келген өзгерiсi туралы кеменің меншiк иесi немесе оны бербоут-чартер бойынша кеменi жалдаушы кеме тiркелген порттың теңiз әкiмшiлiгiне екi апта iшiнде хабарлауға мiндеттi. 18-бап. Мемлекеттiк органдар пайдаланатын кемелердi мемлекеттiк тiркеу Әскери корабльдердi, әскери-қосалқы кемелер мен шекара корабльдерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының меншiгiндегi және мемлекеттiк органдар өздерiне жүктелген функцияларды атқару үшiн пайдаланатын кемелердi мемлекеттiк тiркеу мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде немесе кеме кiтабында Кемелердi және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидасына сәйкес жүзеге асырылады. Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.10.22. № 601 (өзгеріс 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2005.06.02. № 55 (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 18-1-бап. Кемелердi қайта тiркеу Егер кеме оқиғаның немесе кез келген басқа себептiң салдарынан Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзілімiне немесе кеме кiтабына бұрын енгізiлген мәлiметтерге сәйкес келмей қалған жағдайда, куәландырылғаннан және жүзуге жарамдылығы туралы куәлiкті алғаннан кейін Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасында белгіленген тәртіппен кеменi мемлекеттік қайта тiркеу жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының меншiгіндегі және мемлекеттік органдар өздерiне жүктелген функцияларды орындау үшін пайдаланатын кеменi коммерциялық мақсатта пайдалану да кемені қайта тіркеу үшін негіз болып табылады. Ескерту. 18-1-баппен толықтырылды - ҚР 2005.06.02 № 55 (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерту енгізілді - 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 18-2-бап. Кеменi Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тізiлiмiнен немесе кеме кiтабынан шығару Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнен немесе кеме кiтабынан: 1) опат болған немесе хабарсыз жоғалып кеткен; 2) конструкциялық жағынан күйреген; 3) қайта жасау немесе кез келген басқа да өзгерiстер салдарынан кеме сапасын жоғалтқан; 4) осы Заңның 11-бабының 3-1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмей қалған кеме шығарылуға жатады. Ескерту. 18-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2005.06.02. № 55 (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. 18-3-бап. Кемені бербоут-чартер тізілімінен шығару Бербоут-чартер тізілімінен: 1) опат болған немесе хабарсыз жоғалып кеткен; 2) конструкциялық жағынан күйреген; 3) қайта жасау немесе кез келген басқа да өзгерiстер нәтижесінде кеме сапасын жоғалтқан; 4) осы Заңның 11-бабының 5-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмей қалған; 5) Кемелердi және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларына сәйкес, оған қатысты уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы шешімнің күшін жойған кеме шығарылуға жатады. Ескерту. 3-тарау 18-3-баппен толықтырылды - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 18-4-бап. Кемені Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінен шығару Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінен: 1) опат болған немесе хабарсыз жоғалып кеткен; 2) конструкциялық жағынан күйреген; 3) қайта жасау немесе кез келген басқа да өзгерiстер нәтижесінде кеме сапасын жоғалтқан; 4) осы Заңның 11-бабының 3-1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмей қалған; 5) оған қатысты уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы шешімнің күшін жойған; 6) оған қатысты Қазақстан Республикасының аумақтық сулары шегінде сол кемеде қызметін жүзеге асыру фактісі анықталған кеме шығарылуға жатады. Ескерту. 3-тарау 18-4-баппен толықтырылды - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 18-5-бап. Хабарсыз жоғалып кеткен кеме Егер қалыпты жағдайларда кеме туралы соңғы хабарлама келіп түскен жерден бастап межеленген портқа барғанға дейін қажетті мерзімнен екі есе асатын мерзім ішінде кемеден ешқандай хабар келіп түспесе, кеме хабарсыз жоғалып кеткен болып саналады. Кемені хабарсыз жоғалып кеткен деп тану үшін қажетті мерзім кеме туралы соңғы хабар алынған күннен бастап бір айдан кем болмауға тиіс, әскери іс-қимыл жағдайларында алты айдан кем болмауға тиіс. Ескерту. 3-тарау 18-5-баппен толықтырылды - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 19-бап. Кеменi және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеуден бас тарту Кеменi және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеуден: 1) мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiштi тиiстi емес тұлға жасаған; 1-1) сот шешімі бойынша тәркіленген және (немесе) өндіріп алынған кемені қоспағанда, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізілген тұлға мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiшпен жүгінген; 2) Кемелердi және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидасында көзделген талаптар сақталмаған; 3) мемлекеттiк тiркеу үшiн ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарға сай келмеген жағдайларда бас тартылады. Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 20-бап. Кеменi мемлекеттiк тiркеу портының өзгертiлуi Кеменi мемлекеттiк тiркеу порты кеменiң меншiк иесiнің өтiнiшi бойынша өзгертiлуi мүмкiн. Кеменi мемлекеттiк тiркеу портының өзгертiлуiн мемлекеттiк тiркеу Кемелердi және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидасына сәйкес жүзеге асырылады. Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.10.22 № 601 (өзгеріс 2005.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 21-бап. Кемелердi мемлекеттiк тiркеу ережелерiн бұзғандық үшiн жауаптылық Кеменi мiндеттi мемлекеттiк тiркеуден жалтарған тұлға, сондай-ақ кеменi кеме тiзiлiмдерiнiң бiрiнде белгіленген тәртiптi бұза отырып тiркеген немесе кеме тiзiлiмдерiне енгiзiлген мәлiметтердiң өзгергенi туралы хабарлау мiндетiн бұзған тұлға Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жауаптылықты мойнына алады. 4-тарау. КЕМЕ ЭКИПАЖЫ 22-бап. Кеме экипажының құрамы 1. Кеме экипажының құрамына кеме капитаны, кеменiң командалық құрамының басқа да адамдары мен кеме командасы кiредi. 2. Кеменiң командалық құрамына кеме капитанының көмекшiлерi, механиктер, электр механиктерi, радиомамандар мен дәрiгерлер енедi. Уәкiлеттi орган басқа мамандарды да кеменiң командалық құрамына енгiзуi мүмкiн. 3. Кеме командасы кеменiң командалық құрамына жатқызылмайтын адамдардан тұрады. 23-бап. Кеме экипажының ең аз құрамы 1. Әрбiр кеменiң бортында экипаж болуға, оның құрамы кеменiң жүзу қауiпсiздiгi мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету үшiн кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарға сай болуға тиiс. 2. Кеменiң типi мен арналған мақсатына, сондай-ақ оның жүзу ауданы мен жүрген жерiне қарай экипаждың ең аз құрамын уәкілетті орган белгiлейдi. 3. Кеменiң жүзу қауiпсiздiгi мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн экипаждың ең аз құрамы туралы куәлiктi кеменi мемлекеттiк тiркеу жүзеге асырылған теңiз портының капитаны бередi. Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. 24-бап. Кеме экипажының мүшелерiне қойылатын талаптар 1. Кәсіби дипломдары, кәсіби дипломдардың растамалары, теңіз көлігі мамандарын даярлау куәліктері, медициналық қорытындылары бар адамдар кеме экипажы мүшелерiнiң лауазымдарын атқаруға жiберiледi. Кеме экипажының мүшелері жеңілдік рұқсатының негізінде сол лауазым бойынша тиісті кәсіби дипломы жоқ лауазымды атқаруға алты айдан аспайтын мерзімге жіберіледі. 2. Кәсіби дипломдарды, кәсіби дипломдардың растамаларын, жеңілдік рұқсаттарын порттың теңіз әкімшілігі береді. 3. Теңіз көлігі мамандарын даярлау куәліктерін теңіз көлігі мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдары, теңіз оқу-тренажер орталықтары береді. 4. Кәсіби дипломдардың растамалары кәсіби дипломдардың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін күшін жояды. Ескерту. 24-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.01.2015 № 276-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi). 25-бап. Кеме экипажы мүшелерiнiң азаматтығы 1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзетін кеме экипажының құрамына Қазақстан Республикасының азаматтарынан басқа, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар кiруі мүмкiн. РҚАО-ның ескертпесі! 1-тармақтың екінші бөлігінің қолданылуы ҚР 2010.12.28 № 369-IV Заңына сәйкес 01.01.2025 дейін тоқтатыла тұрады. Шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар кеме капитаны, капитанның аға көмекшiсi және аға механик қызметін атқара алмайды. 2. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар кеме экипажы құрамына кiре алатын жағдайларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Ескерту. 25-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2005.06.02. № 55 (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 26-бап. Кемедегi еңбек қатынастары Кеме экипажының мүшелерімен еңбек шартын жасасу тәртібі, олардың құқықтары мен міндеттері, еңбек және ақы төлеу шарттары, сондай-ақ олармен еңбек шартын тоқтатудың тәртібі мен негіздері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен және осы Заңмен айқындалады. Ескерту. 26-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.05.15. № 253 Заңымен. 27-бап. Кеме экипажы мүшелерiнiң отанына оралуы 1. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде еңбек мiндеттерiн атқарушы кеме экипажы мүшелерiнiң: 1) еңбек шартының қолданылу мерзiмi бiткен; 2) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес кеме иесiнiң немесе кеме экипажы мүшесiнiң бастамасымен еңбек шарты бұзылған; 3) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген тәртiппен кеме капитаны қызметтiк міндеттерiн атқарудан шеттеткен; 4) кеме апатқа ұшыраған; 5) кемеден тыс емдеудi талап ететiн аурумен ауырған; 6) кеме иесiнiң банкроттық, кеменi сату немесе мемлекеттiң кеменi тiркеудi өзгертуi салдарынан өзiнiң кеме экипажының мүшелерiне қатысты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы мен еңбек шарттарында көзделген мiндеттерiн орындауы мүмкiн болмаған; 7) экипаж мүшелерiнiң келiсiмiнсiз кеме соғыс қимылдары аймағына немесе эпидемиологиялық қауiптi аймаққа жiберiлген жағдайда отанына оралуға құқығы бар. 2. Кеме экипажы мүшесiнiң тiлегi бойынша: 1) өзi тұратын мемлекетке; 2) өзi кемеге жұмысқа алынған портқа; 3) еңбек шартын жасау кезiнде көрсетiлген басқа пунктке қайтып оралуы жүзеге асырылады. 3. Кеме иесi отанына оралтуды тиiсiнше әрi тез ұйымдастыруға мiндеттi. Отанына оралу әуе көлiгiмен, ал ол болмаған кезде немесе тараптардың келiсiмi бойынша, көлiктiң өзге де түрлерiмен жүзеге асырылады. 4. Отанына оралу шығындарын кеме иесi көтередi. Кеме экипажы мүшелерiнiң отанына оралу шығындары: 1) оралу орнына дейiнгi жолақы құнын; 2) экипаж мүшесi кеменi тастап шыққан кезден бастап, экипаж мүшесi отанына оралу орнына жеткен кезге дейiнгi тамағы мен тұрағының құнын; 3) егер қажет болса, экипаж мүшесi денсаулық жағдайы бойынша отанына оралу орнына баруға жарамды болғанға дейiнгi экипаж мүшесiнiң емделу құнын; 4) отанына оралу орнына дейiн отыз килограмм багаж алып жүруді; 5) экипаж мүшесi кеменi тастап шыққан кезден бастап, кеме экипажының мүшесi отанына оралу орнына жеткен кезге дейiнгi еңбек шарты бойынша төлемдi қамтиды. 5. Экипаж мүшесiнiң отанына оралуын туғызған себептер оның еңбек мiндеттерiн орындау кезiндегi өз кiнәсiнен туындаған жағдайда не кеме экипажы мүшесiнiң бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған жағдайда оның отанына оралуына жұмсалған шығындарды кеме иесiнiң өтеткiзiп алуға құқығы бар. 28-бап. Кеме иесiнiң мiндеттерi 1. Кеме иесi экипаж мүшелерi кемеде болған уақытта оларды: 1) қауiпсiз еңбек жағдайларымен; 2) денсаулығын сақтаумен және медициналық көмекпен; 3) құтқару құралдарының болуымен; 4) азық-түлiкпен және сумен iркiлiссiз жабдықтаумен; 5) демалу, тамақтану, емделу, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсетілуi үшiн санитариялық-гигиеналық талаптарға сай келетiн орындармен қамтамасыз етуге мiндеттi. 2. Кеме иесі кеме экипажының мүшелері еңбек (қызметтiк) міндеттерiн орындаған кезде оларды Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес жазатайым оқиғалардан сақтандыруға міндетті. 3. Кеме ұшыраған оқиғаның салдарынан экипаж мүшесiнiң мүлкi жойылған немесе зақымданған жағдайда кеме иесi экипаж мүшесiне келтiрiлген залалды өтеуге мiндеттi. Кеме ұшыраған оқиғаға кiнәлi экипаж мүшесiнiң мүлкiне келтiрiлген залал өтелуге жатпайды. 4. Кеме иесі өзінің кемесімен болған авариялық жағдай туралы хабарлама алған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде бұл туралы теңіз порты капитанына хабарлауға, сондай-ақ өзінің кемесімен болған авариялық жағдайды тергеу кезінде жәрдем көрсетуге міндетті. 5. Кеме иесі: 1) кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарға сәйкес экипаждың жасақталуын; 2) кеме экипажының әрбір мүшесінде оның біліктілігін растайтын құжаттардың болуын; 3) кеме экипажы мүшелерінің қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарынан өтуін; 4) құжаттаманың, оның ішінде медициналық қорытындылардың, кеме экипажы мүшелерінің біліктілігі мен тәжірибесін растайтын құжаттардың капитан каютасында немесе қозғалыс бөлмесінде сақталуын; 5) кеме экипажы мүшелерінің өз құқықтарымен және міндеттерімен, кеменің сипаттамаларымен және құрылғыларымен таныс болуын; 6) авария жағдайында кеме экипажының іс-қимылдарын үйлестіруді қамтамасыз етуге міндетті. 6. Кеме иесі шет мемлекеттің портында кемесінің ұсталғандығы туралы өзіне мәлім болған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде бұл туралы порттың теңіз әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының консулдық мекемесіне жазбаша хабарлауға міндетті. Хабарда: 1) кемені сәйкестендіретін деректер (кеменің атауы, порт немесе оның тіркелген орны, кеменің тіркеу нөмірі, типі және сыныбы, тоннажы); 2) кеменің меншік иесінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) немесе атауы; 3) жүктің түрі мен мөлшері; 4) ұсталған уақыты, күні мен мән-жайы; 5) ұстау себебі, сондай-ақ кемені ұстауға байланысты өзге де мәліметтер қамтылуға тиіс. Ескерту. 28-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005.06.02. № 55 (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2015 № 276-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 28-1-бап. Теңіз көлігі мамандарын даярлау (қайта даярлау) 1. Білім беру ұйымдары және теңіз оқу-тренажер орталықтары теңіз көлігі мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды уәкілетті органның хабарламасынан кейін жүзеге асырады. Хабарламаға уәкілетті орган айқындаған уәкілетті ұйымның оң қорытындысы қоса беріледі. Теңіз көлігі мамандарын даярлау (қайта даярлау) және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны білім беру ұйымдары, теңіз оқу-тренажер орталықтары "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен береді. 2. Білім беру ұйымдары теңіз көлігі мамандарын даярлау (қайта даярлау) кезінде жүзу практикасын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Ескерту. 4-тарау 28-1-баппен толықтырылды - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 13.01.2015 № 276-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi). 5-тарау. КЕМЕ КАПИТАНЫ 29-бап. Кеме капитаны 1. Кеме капитанына кеменi басқару, соның iшiнде кеме жүргiзу, кеменiң жүзу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау, кемедегi тәртiптi сақтау, кемеге, кемедегi адамдар мен жүкке зиян келтiрудi болғызбау жөнiнде шаралар қолдану жүктеледi. 2. Кеме иесi, жүк иесi немесе олардың заңды өкiлдерi болмағанда, кеме, жүк немесе жүзу жөнiнен қажеттi мәмiлелер жасалған кезде, сондай-ақ кемедегi мүлiкке қатысты талап қою жасалған жағдайда кеме капитаны кеме иесi мен жүк иесiнiң өкiлi болып табылады. 3. Кеме капитанының қызметтiк мiндеттерiн орындауына кедергi болатын ерекше жағдайларда (қайтыс болуы, ауыруы және өзге де жағдайларда) кеме капитанының мiндеттерi кеме иесiнiң тиiстi өкiмi алынғанға дейiн кеме капитанының аға көмекшiсiне жүктеледi. 30-бап. Кеме капитанының құқықтары Капитан өз өкiлеттiктерi шегiнде: 1) кемедегi барлық адамдар орындауға тиiстi өкiм беруге; 2) кеменiң опат болу қатерi төнген жағдайда, кеме экипажы жолаушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде барлық шараларды қолданғаннан кейiн, экипаж мүшелерiнiң кемеден кетуiне рұқсат етуге; 3) экипаж мүшелерiне Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көтермелеудi қолдануға және жаза қолдануға; 4) экипаж мүшелерiн қызметтiк мiндеттерiн атқарудан шеттетуге; 5) кеменiң және (немесе) ондағы адамдар мен мүлiктiң қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн адамды, соның iшiнде жұқпалы аурулар жұқтырады деп сезiк келтiрiлген адамды мiндеттi түрде оқшаулауға; 6) Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарында көзделген қылмыс жасады деп сезiк келтiрiлген адамды ұстауға және оны Қазақстан Республикасының кеме кiретiн бiрiншi портындағы құзыреттi органдарға беру үшiн арнайы бейiмделген орында ұстауға; 7) егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта көзделсе, Қазақстан Республикасының азаматын, сондай-ақ тұрақты тұрғылықты жерi Қазақстан Республикасы болып табылатын азаматтығы жоқ адамдарды қоспағанда, кеменiң теңiзде жүзу қауiпсiздiгiне қарсы бағытталған қылмыс жасады деп сезiк келтiрiлген адамды шет мемлекеттiң құзыреттi органдарына беруге; 8) қажет болған жағдайда азаматтың өсиетiн куәландыруға құқылы, ол Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңдарына сәйкес нотариаттың куәландыруына теңестiрiледi. Өсиеттi куәландырған кеме капитаны өсиет куәландырылған күннен бастап он күн iшінде, ал егер бұл дәлелдi себептермен мүмкiн болмаса, осындай мүмкiндiк тууына қарай куәландырылған өсиеттiң бiр данасын өсиет қалдырушының тұрақты тұрғылықты жерi бойынша нотариустың сақтауына беруге мiндеттi; 9) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңдарына сәйкес куәлар қойған қолдың шын өз қолдары екенiн куәландыруға құқылы. 31-бап. Кеме капитанының міндеттері 1. Кеме капитаны: 1) осы Заңның 129-бабына сәйкес кеме иесi мен кеменi жалдаушының өкiмдерiн орындауға; 2) егер көмек көрсету өз кемесіне, оның экипажы мен жолаушыларына елеулi қауiп төндiрiлмей жасалатын болса, теңiзде апатқа ұшыраған адамға көмек көрсетуге; 3) кемелер соқтығысқан жағдайда, егер қолданылатын шараларды өз кемесiне, оның экипажы мен жолаушыларына елеулi қауiп төндiрмей жасау мүмкiн болса, екiншi кеменi құтқару үшiн тиiстi шаралар қолданып, мүмкiн болған жағдайда өз кемелерiнiң атауларын, олар тiркелген порттарды, сондай-ақ шыққан және баратын порттарын хабарлауға; 4) кеме бортындағы адамға шұғыл медициналық көмек қажет болған жағдайда, ол көмектi кеме теңiзде жүрген кезде көрсету мүмкiн болмаса, мұндай жағдайды кеме иесiне хабарлап, ең жақын портқа кiруге немесе ондай адамды ең жақын портқа жеткiзу жөнiнде шаралар қолдануға; кеме шетелдiк портқа кiрген немесе әлгiндей адам шетелдiк портқа жеткiзiлген жағдайда Қазақстан Республикасының консулдық мекемесiне де хабарлауға; 5) шығатын порт немесе баратын порт ауданында не кеме жүрiп өтуге тиiстi ауданда соғыс қимылдары жүрiп жатқан жағдайларда, сондай-ақ соғыс қаупi бар өзге де жағдайларда кемедегi адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, кеменiң опат болуы мен басып алынуын болғызбау, кеме құжаттарының, жүктiң және өзге де мүлiктiң сақталуы жөнiнде барлық шараларды қолдануға; 6) кеменiң опат болу қаупi төнген жағдайда кемедегi жолаушылардың қауiпсiздiгiн және кеме құжаттары мен өзге де құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдануға; 7) кеменiң опат болу қаупi төнген жағдайда, кеме экипажы жолаушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi барлық шараларды қолданғаннан кейiн кемеден ең соңынан кетуге; 8) қажет болған жағдайда 30-баптың 6) тармақшасында аталған адамды анықтау материалдарын берiп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзіп жүрген басқа кемемен Қазақстан Республикасына жiберуге; 9) iс жүзiне асыруға болатын жағдайда кеме шет мемлекеттiң аумақтық суларына кiргенге дейiн оның құзыреттi органдарына 30-баптың 7) тармақшасында аталған адамды өзiнiң оларға беру ниетi және оны берудiң себептерi туралы хабар жiберуге, сондай-ақ аталған органдарға қолда бар дәлелдемелердi беруге; 10) кеме Қазақстан Республикасының портында болған кезде Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарында көзделген қылмыс белгiлерi байқалған жағдайда, ол туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға; 11) алыста жүзiп жүрген кемеде Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарында көзделген қылмыс белгілерi байқалған жағдайда Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңдарына сәйкес анықтау органының функцияларын атқаруға; 12) кеме журналына азаматтың туу немесе қайтыс болу фактiлерi туралы жазба жасауға; 13) азамат қайтыс болған жағдайда жұбайына (зайыбына) не жақын туыстарының бiрiне хабарлауға, сондай-ақ өлген адамның кемедегi мәйiтi мен мүлкiнiң сақталуын қамтамасыз етiп, оларды Қазақстан Республикасының кеме кiретiн алғашқы портының капитанына тiзбеге сәйкес беруге; 14) карантиндiк немесе ерекше қауiптi жұқпалы ауру деген сезiк болған жағдайда өлген адамның немесе жануардың мәйiтiн зарарсыздандыру жөнiнде шаралар қолдануға; 15) өлген адамның мәйiтiн сақтау және отанына жiберу жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi. Мұндай мүмкiндiк болмаған жағдайда өлген адамның мәйiтiн жерге көмуге немесе оны кремациялап, күл салынған сауытты оның отанына жiберуге; 16) кеме иесiне авариялық жағдай туралы хабарлауға және Кемелер ұшыраған авариялық жағдайларды тергеу қағидасына сәйкес кеме не оның экипажы бiрiншi қазақстандық портқа келгеннен кейiн: бір тәулiк iшiнде порт капитанына авариялық жағдай туралы мәлімдеме мен техникалық акт; үш тәулік ішінде порт капитанына авариялық жағдай туралы егжей-тегжейлi хабарламаны, кеме құжаттарынан үзiндi-көшiрмелердi, қатысы бар адамдар мен куәлердiң түсiнiктемелерiн ұсынуға; 17) порттың теңіз әкімшілігіне Қазақстан Республикасының аумақтық суларында анықталған ластанулар туралы хабарлауға; 18) порттың теңіз әкімшілігіне Қазақстан Республикасының аумақтық суларының ластануына алып келген немесе осындай ластану қатерін туғызған, өз кемесімен болған оқыс оқиға туралы хабарлауға міндетті. Оқыс оқиға: мұнайдың, зиянды заттардың және құрамында осылар бар сулардың кез келген себеппен және кез келген түрде және қаптамада кемеден ағуына немесе ықтимал ағуына; соқтығысуды, қайраңға отырып қалуды, өртті, жарылысты, конструкцияның бұзылуын, жүктің суға батуын және жылжуын қоса алғанда, кеменің қауіпсіздігіне әсерін тигізетін, сондай-ақ руль тетігінің, күш қондырғысының, электрмен қамтамасыз ету жүйесінің зақымдалуын немесе бұзылуын қоса алғанда, теңізде жүзу қауіпсіздігінің нашарлауына және жүзуді қамтамасыз ету үшін басқа кеменің қосымша көмегінің қажеттігіне алып келетін, ұзындығы 15 метр немесе одан ұзын кеменің зақымдалуына, сынып қалуына немесе аварияға ұшырауына алып келетін кез келген жағдайда хабар беріледі. Кеме ұзақ уақыт бойы ашық теңiзде жүзуге тиiс болып және өлген адамның мәйiтiн сақтау мүмкiн болмаған ерекше жағдайда, өлген адамның мәйiтi тиiстi акт жасалып, теңiз ғұрыптарына сәйкес теңiзге тасталуы керек. 2. Кеме капитаны осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында белгiленген мiндеттердi бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауапты болады. Ескерту. 31-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005.06.02. № 55 (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 6-тарау. ТЕҢІЗ ПОРТЫ 32-бап. Теңiз порттарының құқықтық мәртебесi мен түрлерi 1. Теңiз портының құқықтық мәртебесi осы Заңмен, өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен айқындалады. 2. Теңiз порттары мемлекеттiк меншiкте, сондай-ақ азаматтардың және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың меншiгiнде болуы мүмкiн. Халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттары жекешелендіруге жатпайды және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін шарттармен және тәртіппен ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның акцияларын төлеуге берілуі мүмкін. Халықаралық маңызы бар теңiз портының мәртебесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. 3. Теңiз порттары жалпыға ортақ пайдалану объектiлерi болып табылады және мақсатына қарай - сауда порттары және мамандандырылған порттар (балық, мұнай және басқалар) болып бөлiнедi. 4. Теңiз порты үшiн жер учаскелерiн беру, сондай-ақ бұл учаскелердi алып қою Қазақстан Республикасының жер заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. 5. Мемлекеттiк маңызы бар, Қазақстан Республикасының Yкiметi анықтайтын теңiз порттарын салу, реконструкциялау үшiн жер учаскелерi Қазақстан Республикасының жер заңдарында белгiленген тәртiппен меншiк иесiнен немесе жер пайдаланушыдан алып қойылуы мүмкін. 6. Жергілікті атқарушы органдар теңіз портының акваториясын қоса алғанда, теңіз портының шекарасын айқындайды. Ескерту. 32-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.03.01 № 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 35-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. 33-бап. Теңiз порты режимiнiң сақталуы Теңiз портында болған уақытта кеменiң экипажы Қазақстан Республикасының портта жүзу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi заңдарын, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың талаптарын сақтауға мiндеттi. Теңіз портының иесі (теңіз терминалының операторы) тиісті мемлекеттік органдардың (көлік, шекара, санитариялық-карантиндік, фитосанитариялық, мемлекеттік кіріс органдарының және басқаларының) лауазымды адамдарының бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруы үшін олардың теңіз портына келетін кемелерге кіруін қамтамасыз етуге міндетті. Ескерту. 33-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 34-бап. Теңiз порты аумағын пайдалану Теңiз портындағы ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) үй-жайлардың иелерi өздерiне жүктелген функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шарт талаптарымен қажеттi ғимараттар, құрылыстар және (немесе) үй-жайлар бередi және қызмет көрсетедi. 35-бап. Теңiз портында көрсетiлетiн қызметтер 1. Теңiз порты жүк тиеудi (түсiрудi) және кемелерге олардың келу кезектiлiгi тәртiбiмен қызмет көрсетудi, жүкпен көлiктiк-экспедиторлық және қойма операцияларын, көлiктің басқа түрлерiнен жүктi теңiз көлiгiне ауыстырып тиеудi және керiсiнше iстеудi, теңiз кемелерi жолаушыларына қызмет көрсетудi, сондай-ақ порт кемелерiнде және көлiктiң басқа түрлерiнде жолаушылар, багаж бен жүк тасымалдауды жүзеге асырады. 2. Тиеу-түсiру жұмыстарын және өзге де техникалық операцияларды теңiз терминалының операторы жүзеге асыра алады. Мемлекеттік меншiктегі теңiз порттарында теңіз терминалдарының кемiнде екi операторы болуы міндетті. 3. Теңiз портының мiндеттi түрде көрсететін қызметтерінің тiзбесiн уәкілетті орган айқындайды. Теңiз портының мiндеттi түрде көрсететін қызметтеріне баға (тарифтер) және олардың шектi деңгейiн белгілеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi. 3-1. Осы портқа тіркелген кемелер кеменің теңізде автономды жұмыс істеу мерзімінен көп болуына байланысты жүктен тыс операцияларды (қорларды толықтыру, бункерлеу, қалдықтарды тапсыру немесе өзге де мәжбүрлі қажеттілік) жүзеге асыру үшін портқа кірген кезде теңіз портының иесі (теңіз терминалының операторы), мемлекет реттеп көрсететін қызметтерді қоспағанда, теңіз портының міндетті көрсететін қызметтеріне өзі айқындаған шарттарда және тәртіппен жеңілдіктер ұсынады. 3-2. Теңіз портының иесі және навигациялық орталық кемелерге (субстандартты не шығарылғанына жиырма жылдан асқан), оның ішінде осы теңіз портының акваториясына кіретін шетелдік кемелерге қатысты теңіз портының міндетті көрсететін қызметтеріне арналған тарифтерге тәуекел коэффициенттерін қолдануға құқылы. Тәуекел коэффициенттерінің мөлшерін теңіз портының иесі немесе тиісті саланың уәкілетті органы (навигациялық қызметтер көрсетуге қатысты) теңіз портының міндетті көрсететін қызметтері үшін бағаларды (тарифтерді) қолдану қағидаларында айқындалған тәртіппен белгілейді. 4. Тiзбеге енбейтiн мiндеттi қызмет көрсетулер үшiн төлем мөлшерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалған шарттармен айқындалады. 5. Тіркеу портының акваториясында жүзу кезінде Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген және халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын кемелер (бортында қауіпті жүктері бар кемелерді және шығарылғанына жиырма жылдан асқан кемелерді қоспағанда) үшін, олардың маневр операцияларын дербес жүргізуге мүмкіндік беретін рульді бұру құрылғысы және кеме капитанының осы порт акваториясында жүзу тәжірибесі кемінде он екі ай болған кезде сүйретіп жүзу қызметтерін пайдалану міндетті болмайды және ол осы порттың (теңіз терминалы операторымен) әкімшілігімен келісу бойынша жүзеге асырылады. Ескерту. 35-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005.06.02. № 55 (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 36-бап. Теңiз портының (теңiз терминалы операторының) жауапкершiлiгi 1. Теңiз порты (теңiз терминалының операторы) жүктiң жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi), сондай-ақ оны өз қарамағына қабылдап алған кезiнен бастап, берген кезiне дейiн берiлу мерзiмi өтiп кеткен уақыт үшiн мүлiктiк жауапкершiлiкте болады. 2. Теңiз портына (теңiз терминалының операторына) техникалық операциялар салдарынан келтiрілген залал, оларға: 1) жүк жоғалтылған немесе кем шыққан жағдайда - жоғалтылған немесе кем шыққан жүк құнының мөлшерiнде; 2) жүк зақымданған (бүлiнген) жағдайда - оның құны төмендеген сома мөлшерiнде, ал зақымданған мүлiктi қалпына келтiру мүмкiн болмаған кезде оның құны мөлшерiнде өтеледi. 3. Теңiз портының (теңiз терминалы операторының) жүк берiлу мерзiмi өтiп кеткен уақыт үшiн жауапкершiлiгi шартта белгіленедi. 37-бап. Мiндеттемелердi қамтамасыз ету 1. Теңiз порты (теңiз терминалының операторы) тиеу-түсiру жұмыстары мен өзге де техникалық операцияларды жүзеге асырғаны үшiн өзiне тиесiлi төлемдердi қамтамасыз ету мақсатында жүктердi ұстап қалып, оны Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында көзделген тәртiппен сатуға құқылы. 2. Теңiз портының (теңiз терминалы операторының) контейнерлердi және (немесе) тасымалдаушыға немесе жөнелтушiге тиесiлi емес, өзге де сол сияқты тасымалдау және буып-түю құралдарын, осы құралдарды жөндеуге немесе жетiлдiруге жұмсалған шығындарды өтеу жағдайларын қоспағанда, сатуға құқығы жоқ. 38-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдану кезiндегi шектеулер Соттардың немесе өзге де құзыреттi органдардың жалпыға ортақ пайдаланудағы теңiз порты мүлкiне тыйым салу түрiндегi талап қоюды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдануы мұндай мүлiктi пайдаланудың әдеттегi тәртiбiн қамтамасыз етуге тиiс. 7-тарау. Теңіз портындағы және теңіз көлігіндегі мемлекеттік бақылау мен қадағалау Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 19.04.2019 № 249-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 39-бап. Порттың теңiз әкiмшілiгi 1. Порттың теңiз әкiмшiлiгi уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлiмшесi болып табылады. 2. Порттың теңiз әкiмшiлiгi мынадай функцияларды: 1) Теңiз кемелерiнiң мемлекеттiк кеме тiзiлiмiн, бербоут-чартер тiзiлiмi мен Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімін жүргiзудi және кемелердiң мемлекеттiк тiркелуiн, тиiстi кеме құжаттарын берудi; 2) кемеге және жасалып жатқан кемеге меншiк құқықтарын, кеме немесе жасалып жатқан кеме кепiлiн және оларға өзге де құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi, тиiстi құжаттар берудi; 3) Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерінің, теңiзде жүзу кiтапшаларының тізілімдерін жүргізуді және оларды беруді, сондай-ақ кәсіби дипломдарды, кәсіби дипломдардың растамаларын, жеңілдік рұқсаттарын беруді, олардың қолданылу мерзімін тоқтата тұруды, алып қоюды; 4) кеме құжаттарын, дипломдарды, бiлiктiлiк куәлiктерiн және дипломдар мен бiлiктiлiк куәлiктерiне растамаларды тексерудi; 5) кемелердiң портқа кiру және олардың порттан шығу тәртiбi туралы талаптардың сақталуына бақылау жасауды және қадағалауды; 6) кемелердiң портқа келуiн және олардың порттан шығуын ресiмдеудi; 7) лоцмандық қызмет көрсету жұмысына және кемелер жүрiсiн басқару жүйесiне бақылау жасауды және қадағалауды; 8) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 9) теңiзге батқан мүлiктi көтерiп шығаруға рұқсаттар берудi; 10) портта құрылыс, гидротехникалық және өзге де жұмыстарды жүргiзуге рұқсаттар берудi; 11) уәкілетті орган бекiткен Қағидаларға сәйкес уәкілетті органды авариялық жағдай туралы хабардар ету, кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру үшін қажетті ақпарат пен дәлелдемелерді жинау; 12) мемлекеттік органдардың (шекара, санитариялық-карантиндiк, фитосанитариялық, ветеринариялық, мемлекеттік кіріс органдарының және басқаларының) теңiз порты аумағында орналасатын жерiн белгiлеудi; 13) порттағы құрылыстардың және оларды пайдаланудың техникалық жай-күйiне бақылау жасауды және қадағалауды; 14) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша хаттамалар жасауды, іс жүргізуді жүзеге асырады. Ескерту. 39-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.01.2015 № 276-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 40-бап. Теңiз портының капитаны 1. Теңiз портының капитаны порттың теңiз әкiмшiлiгiн басқарады және өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады. 2. Теңіз порты капитанының лауазымына кеме жүргізу мамандығы бойынша жоғары білімі (кеме жүргізуші дипломы) және мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар адам тағайындалады. 3. Порт капитанын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкiлеттi орган қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады. 4. Теңiз портының капитаны өз құзыретi шегiнде: 1) порттағы барлық кемелерге, жеке және заңды тұлғаларға мiндеттi өкiмдер шығаруға, соның ішінде порттың айдынында және кіреберіс каналында кемелердің суға батып тұруының мөлшерлi шегін жариялауға; 2) портта тұрған кеменi порт айдыны шегінде апатқа ұшыраған адамдар мен кемелердi құтқару iсiне қатыстыру үшiн тартуға; 3) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарына сәйкес әкiмшiлiк жазалар қолдануға; 4) кемелердiң мiндеттi түрде лоцмандық алып өтiлуiн белгiлеуге; 5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда кеменi қарап тексеруге; 6) кеменiң теңiз портынан шығуына рұқсат беруге кедергi жасайтын кемшiлiктердiң жойылуын тексеру мақсатында кемеге бақылаушылық тексеру жүргiзуге; 7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда кеменiң портқа кiруi мен одан шығуы туралы шешiмдер қабылдауға; 8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыруға құқылы. 5. Теңiз портының капитаны: 1) теңiзге шығатын кемелерге бақылау жасауды және қадағалауды жүзеге асыруға; 2) кеменiң теңiз портынан шығуына рұқсат беруге; 3) осы Заңда белгiленген жағдайларда кеменiң теңiз портынан шығуына рұқсат беруден бас тартуға; 4) суға батқан мүлiктi алып шығу үшiн белгiленген мерзiмдер туралы мәлiметтердi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға; 5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыруға мiндеттi. Ескерту. 40-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005.06.02. № 55 (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 41-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін кемелерді бақылау мен қадағалау 1. Теңiзге шығатын кемелерге бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезiнде порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамы: 1) кеме құжаттарының, дипломдардың, біліктілік куәліктерінің және дипломдар мен біліктілік куәліктеріне растаулардың болуын және олардың қолданылу мерзімдерін; 2) кеменiң негiзгi сипаттамаларының кеме құжаттарына сәйкес келуiн; 3) кеме экипажын жасақтауға қойылатын талаптардың сақталуын тексередi. 2. Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін кеме алты айда бір реттен жиілетпей міндетті түрде қарап-тексеруге жатады. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген құжаттар болмаған немесе кеме Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген теңiзде жүзу қауiпсiздiгi талаптарын қанағаттандырмайды деп пайымдауға жеткiлiктi негiздер болған кезде порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамы кеменi қарап-тексереді. 3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін кеме: 1) Қазақстан Республикасының теңіз портына бірінші рет кірген; 2) порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамы кемені соңғы қарап-тексерген күннен бастап алты және одан көп ай өткен; 3) кеме соқтығысуға қатысушы болып, теңіз портына жүзу жолында жерге тиюі немесе қайраңға отырып қалуы орын алған; 4) кеменің Қазақстан Республикасының аумақтық суларын болжамды ластауы туралы ақпарат болған; 5) кеме ретсіз немесе қауіпсіз емес тәсілмен маневр жасаған не жүзу қауіпсіздігіне, адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер, сондай-ақ теңіз ортасына залал келтіру қатерін туғызатын өзге де тәсілмен басқарылған; 6) кеменің конструкциясы мен жабдығы жөніндегі міндетті куәліктерді, сондай-ақ сыныптау куәліктерін Қазақстан Республикасы танымаған ұйым берген; 7) кеменің сыныбы алдындағы алты ай барысында қауіпсіздік тұрғысынан тоқтатыла тұрған немесе алып қойылған; 8) Кеме қатынасының тіркелімінен немесе шетелдік сыныптау қоғамынан кеменің теңізде жүзу қауіпсіздігі талаптарын қанағаттандырмайтыны туралы жазбаша ақпарат болған; 9) кеменің алдыңғы кіру портында ұсталғандығы туралы ақпарат болған; 10) уәкілетті органнан кеменің адам өмірі мен денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, қоршаған ортаға зиян келтіру ықтималдығы туралы ақпарат болған жағдайларда, міндетті түрде қарап-тексеруге жатады. Кемені қарап-тексеру нәтижелері бойынша кемені қарап-тексеру актісі жасалады. Кеменің теңіз портынан шығуына рұқсат беруден бас тарту үшін негіз болып табылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамы оларды жою мерзімдерін көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама ресімдейді. Нұсқама екі данада жасалады, оның біреуі кеме капитанына немесе оны алмастыратын адамға беріледі. 4. Кеменiң теңiз портынан шығуына рұқсат беруге кедергi болатын анықталған бұзушылықтардың жойылғанын тексеру мақсатында порттың теңiз әкімшілігінің лауазымды адамы кеменi бақылау мақсатында қарап-тексеруді жүргізеді. Кемені бақылау мақсатында қарап-тексеру нәтижелері бойынша кемені қарап-тексеру актісі жасалады. Ескерту. 41-бап жаңа редакцияда - ҚР 19.04.2019 № 249-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 41-1-бап. Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелерді теңіз портында бақылау мен қадағалау 1. Теңiзге шығатын кемелерге бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезiнде порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамы: 1) кеме құжаттарының, дипломдардың, біліктілік куәліктерінің және дипломдар мен біліктілік куәліктеріне растаулардың болуын және олардың қолданылу мерзімдерін; 2) кеменiң негiзгi сипаттамаларының кеме құжаттарына сәйкес келуiн; 3) кеме экипажын жасақтауға қойылатын талаптардың сақталуын тексередi. 2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген құжаттар болмаған немесе кеме Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген теңiзде жүзу қауiпсiздiгi талаптарын қанағаттандырмайды деп пайымдауға жеткiлiктi негiздер болған кезде порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамы кеменi қарап-тексереді. 3. Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кеме: 1) Қазақстан Республикасының теңіз портына бірінші рет кірген; 2) осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамы оны соңғы қарап-тексерген күннен бастап алты және одан көп ай немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шартында белгіленген өзге кезең өткен; 3) кеме соқтығысуға қатысушы болып, портқа жүзу жолында жерге тиюі немесе қайраңға отырып қалуы орын алған; 4) кеменің Қазақстан Республикасының аумақтық суларын болжамды ластауы туралы ақпарат болған; 5) кеменің сыныбы алдындағы алты ай барысында қауіпсіздік тұрғысынан тоқтатыла тұрған немесе алып қойылған; 6) кеме ретсіз немесе қауіпсіз емес тәсілмен маневр жасаған не жүзу қауіпсіздігіне, адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер, сондай-ақ теңіз ортасына залал келтіру қатерін туғызатын өзге де тәсілмен басқарылған; 7) кеменің конструкциясы мен жабдығы жөніндегі міндетті куәліктерді, сондай-ақ сыныптау куәліктерін уәкілетті орган танымаған ұйым берген; 8) порттың теңіз әкімшілігінің немесе шет мемлекеттердің теңіз биліктерінің теңізде жүзу қауіпсіздігі талаптарын сақтау, теңізде адам өмірін сақтау және теңіз ортасын ластанудан қорғау жөніндегі нұсқамасы орындалмаған жағдайларда, міндетті түрде қарап-тексеруге жатады. 4. Кемені қарап-тексеру нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктер көрсетіле отырып, кемені қарап-тексеру актісі жасалады, ол екі данада жасалып, оның біреуі кеме капитанына немесе оны алмастыратын адамға беріледі. 5. Кеменiң теңiз портынан шығуына рұқсат беруге кедергi болатын анықталған кемшiлiктердiң жойылғанын тексеру мақсатында порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамы кемені бақылау мақсатында қарап-тексеруді жүргiзуі мүмкін. Кемені бақылау мақсатында қарап-тексеру нәтижелері бойынша кемені қарап-тексеру актісі жасалады. 6. Анықталған кемшіліктерді теңіз портында жою мүмкін болмаған жағдайда, порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамы кемеге, егер кеменің теңіз портына қауіпсіз жетуі үшін қажетті жағдайлар айқындалатын болса, басқа теңіз портына өтуге рұқсат береді. Бұл ретте порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамы келесі кіру теңіз портының және ту мемлекетінің құзыретті органы бұл туралы хабардар етілгеніне көз жеткізуге тиіс. Ескерту. 7-тарау 41-1-баппен толықтырылды - ҚР 19.04.2019 № 249-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 42-бап. Кемелердің теңiз портынан шығуына рұқсат беру 1. Әрбір кеме теңіз портынан шыққанға дейін порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамының осыған рұқсатын алуға міндетті. 2. Порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамы кеменiң теңiз портынан шығуына мына жағдайларда: 1) кеме техникалық регламенттерде, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмегенде; 2) тиеуге, жабдықтауға, экипаж жасақтауға қойылған талаптар бұзылғанда немесе кеменiң жүзу қауiпсiздiгiне, кемедегi адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн басқа да кемшiлiктер, сондай-ақ теңiз ортасына залал келтiру қаупi болғанда; 3) кеме құжаттарына қойылатын талаптар бұзылғанда; 4) тиісті мемлекеттік органдардың (шекара, санитариялық-карантиндік, фитосанитариялық, мемлекеттік кіріс органдарының және басқаларының) нұсқамасы болғанда; 5) теңіз порты көрсеткен міндетті қызметтер үшін ақы төленбегенде рұқсат беруден бас тартады. Ескерту. 42-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.29 № 209, 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 43-бап. Кеменi кiдiрте тұру 1. Теңiз портының капитаны құтқару операцияларын жүзеге асыруға, кемелердiң соқтығысуына, порт құрылыстарының, су бассейндерiнiң, кеме жүзетiн жолдар мен навигациялық жағдай құралдарының зақымдануына байланысты немесе өзге де зиян келтiрiлуiне байланысты туындаған талабы бар тұлғаның өтiнiшi бойынша кеменi кеме иесiнің, жүк иесiнiң мiндеттемелерi қамтамасыз етілгенге дейiн кiдіртіп қоюы мүмкiн. 2. Осы баптың 1-тармағында тiзiп келтiрiлген талаптар бойынша кеменi кідiрте тұру туралы өкiм, ресми түрде жұмыс күндерi емес деп қаралатын күндердi қоспағанда, жетпiс екi сағат бойы күшiнде болады. Аталған мерзiм iшiнде кеменi құзыреттi органдар тұтқындамаған жағдайда, ол дереу босатылуға тиiс. 3. Кеменi негiзсiз кiдiртуден келтiрiлген залал үшiн кiдiртiп қоюды талап еткен адам жауапты болады. 43-1-бап. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу тәртібі 1. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалауды уәкілетті орган ақпараттық жүйелер деректерін, сондай-ақ бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі туралы басқа да мәліметтерді талдау негізінде жүзеге асырады. 2. Кеме иелері, кемелерді, порттарды, порт құралдарын, жағалау объектілерін және теңіздегі құрылысжайларды пайдаланумен байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар бақылау және қадағалау субъектілері болып табылады. 3. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалаудың мақсаттары бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау және қадағалау субъектісіне беру мен бақылау және қадағалау субъектісіне әкімшілік жүктемені азайту болып табылады. 4. Бақылау және қадағалау субъектілеріне бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру үшін бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салдарын жою мүмкін болатын бұзушылықтар бойынша ғана жүргізіледі. 5. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау қорытындысы бойынша бақылау және қадағалау субъектісіне жою тәртібі міндетті түрде түсіндіріле отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғамай, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным жасалады. 6. Ұсыным бақылау және қадағалау субъектісіне қол қойғызып, жеке өзіне немесе жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс. 7. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда: 1) қолма-қол – ұсынымға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап; 2) поштамен – тапсырысты хатпен; 3) электрондық тәсілмен – сұрау салынған кезде хатта көрсетілген бақылау және қадағалау субъектісінің электрондық мекенжайына уәкілетті орган жөнелткен күннен бастап табыс етілді деп есептеледі. 8. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс. 9. Бақылау және қадағалау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті органға ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы. 10. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізудің тоқсандық тізіміне енгізу жолымен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындауға алып келеді. 11. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау жылына бір реттен жиілетпей жүргізіледі. Ескерту. 7-тарау 43-1-баппен толықтырылды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 44-бап. Навигациялық жағдай құралдары қолданылатын аймақтағы құрылыс Каспий теңізінің жағалауында жəне қазақстандық секторында теңiз жолдары навигациялық жағдайының құралдары қолданылатын аймақта гидрографиялық құрылыстар салу Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен келісіледі. Ескерту. 44-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 7-1-тарау. Авариялық жағдайларды тергеп-тексеру Ескерту. Заң 7-1-тараумен толықтырылды - ҚР 19.04.2019 № 249-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 44-1-бап. Авариялық жағдайларды тергеп-тексерудің жалпы ережелері 1. Халықаралық суларда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумақтық суларында шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелермен болған авариялық жағдайлар кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру қағидаларында айқындалған тәртіппен міндетті тергеп-тексеруге жатады. 2. Тергеп-тексерудің мақсаттары себептерді және (немесе) ілеспе факторларды анықтау, авариялық жағдайды болашақта болғызбау және теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдарды әзірлеу болып табылады. 3. Осы баптың 4-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, авариялық жағдайларды тергеп-тексеруді уәкілетті орган құратын комиссия жүзеге асырады. Авариялық жағдайларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссия құрамына уәкілетті органның лауазымды адамы болып табылатын тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл, кеме иелері және мүдделі тұлғалар кіреді. 4. Тізбесі Кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру қағидаларында белгіленген авариялық жағдайлардың жекелеген түрлерін кеме иелері тергеп-тексереді. Тергеп-тексеру аяқталған соң кеме иесі материалдарды уәкілетті органға және порттың теңіз әкімшілігіне ұсынады. 5. Авариялық жағдайларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның жұмысы тергеп-тексеру жөніндегі уәкілдің төрағалық етуімен жүргізіледі. 6. Тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл авариялық жағдайларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның жұмысын, сондай-ақ олармен байланысты барлық аспектілерді авариялық жағдай болған жерде ұйымдастырады және үйлестіреді. 7. Тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл кәсіптік деңгейін ұстап тұру және біліктілігін арттыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мерзімді оқудан өтеді. 8. Жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар авариялық жағдайларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның сұрау салулары бойынша жүргізілетін тергеп-тексеруге қатысы бар ақпаратты және (немесе) құжаттаманы ұсынуға міндетті. 9. Авариялық жағдайларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссия авариялық жағдайларды тергеп-тексеруді жеке және басқа да мемлекеттік органдар жүргізетін басқа тергеп-тексеру түрлеріне қарамастан жүргізеді. 10. Тергеп-тексеруді жүргізу кезінде, Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайлардан басқа, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, басқа да мемлекеттік органдардың авариялық жағдайларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның қызметіне араласуына жол берілмейді. 44-2-бап. Авариялық жағдайларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның құқықтары мен міндеттері 1. Авариялық жағдайларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссия: 1) тергеп-тексеру жүргізудің тәуелсіздігі мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ тергеп-тексеруге жататын дәлелдемелердің жоғалуын немесе өзгертілуін болғызбау үшін басқа да мемлекеттік органдардың, мүдделі тұлғалардың өкілдерімен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыруға; 2) авариялық жағдай болған жерге және кемені пайдаланумен байланысты барлық құжаттамаға, оған қызмет көрсетуге және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тартылған персоналға кедергісіз қолжетімділігі болуға, оқиға орнын, объектілер мен сынықтарды, қосалқы бөлшектерді және авариялық жағдайға себеп болған немесе туындауына ықпал етуі, әсер етуі мүмкін кез келген басқа да объектілерді қарап-тексеруді және одан әрі зерттеп-қарауды жүргізуге; 3) кемедегі объективті бақылау аспаптары немесе ақпарат жеткізгіш кез келген басқа да құрылғы деректерін, сондай-ақ жол жүрісіне қызмет көрсететін техникалық құралдар жазбаларын іздеуді, қалпына келтіруді, шығарып алуды, оқуды және алынған деректердің сақталуына толық бақылауды жүзеге асыруға құқылы. Объективті бақылау немесе ақпарат жеткізгіштің кез келген басқа да құрылғысы жазбаларын шығарып алу және оқу Қазақстан Республикасындағы тиісті құралдарды пайдалана отырып қандай да бір кідіріссіз жүргізілуге тиіс; 4) оқиғаны көргендерден, персоналдан және авариялық жағдайға қатысы бар басқа да адамдардан сұрауға, авариялық жағдайдың себептерін және (немесе) ілеспе факторларды анықтау үшін қажетті зерттеулер мен сынақтар жүргізуді тағайындауға; 5) сарапшыларды жұмысқа тартуға, олардың авариялық жағдайды тергеп-тексеруге қатысты есептерін сұратуға; 6) кеме капитанымен және (немесе) кеме иесімен келісу бойынша авариялық жағдай оқиғасы болған жерге жүзу жолында кемеде болуға құқылы. 2. Авариялық жағдайларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға міндетті. 8-тарау. ТЕҢІЗ ЛОЦМАНДАРЫ 45-бап. Кемелердi лоцмандық алып өту 1. Кемелердi лоцмандық алып өту уәкілетті орган бекiтетiн қағидаларға сәйкес жүзу қауіпсiздiгiн қамтамасыз ету және кемелердiң оқиғаларға ұшырауын болғызбау, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мақсатында жүзеге асырылады. 2. Теңiз лоцмандары ретiнде жұмысқа Қазақстан Республикасының азаматтары, олар уәкiлеттi орган белгiлеген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес болған жағдайда, жiберiлуi мүмкiн. 3. Уәкiлеттi орган кемелердi лоцмандық алып өтудiң мiндеттi аудандары мен мiндеттi емес аудандарын белгiлейдi және мұндай аудандарды теңiз порттары мен лоцияларына жалпыға бiрдей ақпарат етiп жеткiзедi. 4. Айдындары шектес теңiз порттарындағы кемелердi лоцмандық алып өту тәртiбiн теңiз порттарының капитандары белгiлейдi. Ескерту. 45-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi). 46-бап. Кемелердi мiндеттi лоцмандық алып өту 1. Кемелердi лоцмандық алып өтуді жүзеге асыру қағидасына сәйкес мiндеттi лоцмандық алып өтуден босатылатын кемелер санаттарын қоспағанда, кемелердi мiндеттi лоцмандық алып өту аудандарында кеме лоцмансыз жүзудi жүзеге асыруға құқылы емес. 2. Лоцмандық алып өтуден босатылатын кемелер санаттары туралы ақпарат теңiз порттарына жалпыға бiрдей мәлiмет ретiнде мiндеттi түрде жеткiзiледi. Ескерту. 46-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 47-бап. Кемелердi мiндеттi емес лоцмандық алып өту 1. Кемелердi лоцмандық алып өту мiндеттi болып табылмайтын аудандарда кеме капитаны кемеге лоцман алуға құқылы. 2. Кемелердi лоцмандық алып өту мiндеттi емес аудандарда теңiз портының капитаны: 1) кеме немесе ол тасымалдап келе жатқан жүк теңiз ортасына зиян келтiруi мүмкiн болған; 2) кеменiң корпусында, механизмдерiнде немесе жабдықтарында порттағы теңiзде жүзу қауiпсiздiгiне едәуiр ықпал жасауы мүмкiн елеулi ақаулары болған жағдайларда кемелердi мiндеттi лоцмандық алып өтудi белгілеуге құқылы. Бұл жағдайда кеме капитанына теңiз портының капитаны оның кемесi мiндеттi лоцмандық алып өтуге ерiп отыруға тиiс екендiгi туралы хабарлайды. 48-бап. Кеме лоцманы мен капитанының жауапкершiлiгi Кемеде лоцманның болуы кеме капитанының кеме басқаруға жауапкершiлiгiн жоққа шығармайды. Лоцман ұсыныстарының дұрыстығына күдiктенуге жеткiлiктi негiздер болған кезде кеме капитаны кеме жүзуiнiң қауiпсiздiгi мақсатында ол лоцманның қызмет көрсетуiнен бас тартуға құқылы. Кеменi лоцмандық алып өту мiндеттi болған жағдайда кеме капитаны лоцманды ауыстыруды талап етуге тиiс. 49-бап. Кеменi тиiсiнше лоцмандық алып өтпегендiк үшiн жауапкершiлiк 1. Лоцман қызметкерi болып табылатын ұйымның кеменi тиiсiнше лоцмандық алып өтпегендiгi үшiн жауапкершiлiгi осындай қызмет көрсету үшiн төленетiн ақының он есесiне тең сомамен шектеледi. 2. Егер тиiсiнше лоцмандық алып өтпегендiк салдарынан кемеге келтiрiлген залалдар лоцманның немесе ол қызметкерi болып табылатын ұйымның қасақана немесе өрескел абайсыздықтан жасаған әрекетi (әрекетсiздiгi) салдарынан болғаны дәлелденсе, лоцман қызметкерi болып табылатын ұйым толық көлемiнде жауапты болады. 3. Кеменi тиiсiнше лоцмандық алып өтпегендiгi үшiн кiнәлi лоцман кемелердi лоцмандық алып өтуді жүзеге асыру қағидасында белгiленген тәртiппен және жағдайларда бiлiктiлiк дәрежесiнен айырылуы мүмкiн. Ескерту. 49-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 9-тарау. СУҒА БАТҚАН МҮЛIК 50-бап. Суға батқан мүлiктi оның меншiк иесiнің шығарып алуы 1. Суға батқан мүлiктiң меншiк иесi мүлiк суға батқан күннен бастап бiр жыл iшінде өзiнiң сол мүлiктi шығарып алу ниетi бар екенiн ең жақын теңiз портының капитанына хабарлауға тиiс. 2. Теңiз портының капитаны суға батқан мүлiктің меншiк иесiнің өтiнiшiн алған күннен бастап үш ай iшiнде суға батқан мүлiктi шығарып алудың тәртiбi мен мерзiмiн белгiлейдi. Суға батқан мүлiктің меншiк иесiнiң рұқсат алған кезден бастап бiр жыл iшiнде оны шығарып алуды жүзеге асыруға құқығы бар. 3. Егер суға батқан мүлiк теңiзде жүзу қауiпсiздiгiне немесе теңiздi ластау арқылы залал келтiру қатерiн төндiрсе, не судағы биологиялық ресурстар кәсіпшiлiгiн жүзеге асыруға, порт қызметiне және порттағы жұмыстарға кедергi келтiрсе, суға батқан мүлiктің меншiк иесi суға батқан мүлiктi теңiз порты капитанының талабы бойынша және ол белгiлеген ақылға қонымды мерзiмде шығарып алуға, ал қажет болған жағдайда оны аластауға немесе жоюға мiндеттi. 4. Суға батқан мүлiк иесi белгiсiз болған жағдайда теңiз портының капитаны суға батқан мүлiктi шығарып алу үшiн белгiленген мерзiмдер туралы бұқаралық ақпарат құралдарында мәлiмет жариялайды. Егер бұл орайда суға батқан кеменiң туы белгiлi болса, теңiз портының капитаны кеме тиесiлi мемлекеттiң дипломатиялық немесе консулдық тұлғасына тиiстi хабар жiбередi. 5. Суға батқан мүлiктiң меншiк иесi мәлiмдеме жасамаған немесе мүлiктi осы бапта белгiленген ережелерге сәйкес шығарып алмаған жағдайда мұндай мүлiктi құрайтын заттар иесiз деп танылады. 51-бап. Порттың теңiз әкiмшiлiгiнiң суға батқан мүлiктi шығарып алуы, аластауы немесе жоюы 1. Порттың теңiз әкiмшiлiгiнің, егер: 1) суға батқан мүлiктiң иесi мүлiк суға батқан күннен бастап бiр жыл iшiнде анықталмаса; 2) меншiк иесi осы Заңның 50-бабының 3-тармағында көзделген мiндеттемелердi орындамаса немесе тиiсiнше орындамаса; 3) суға батқан мүлiктiң меншiк иесi оны шығарып алу, аластау, жою үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген техникалық қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтiн құралдар қолданса; 4) суға батқан мүлiктiң меншiк иесi анықталмаса, адамдардың өлiмiне, олардың денсаулығына, қоршаған орта мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiне зиян келтiруге халықты едәуiр материалдық шығынға ұшыратуға және оның тiршiлiк жағдайларының бұзылуына әкеп соғуы мүмкiн аварияларды, зiлзалаларды немесе апаттарды болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасына сәйкес суға батқан мүлiктi шығарып алуға және қажет болған жағдайда оны аластауға немесе жоюға құқығы бар. 2. Осы баптың 1-тармағының 1) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда суға батқан мүлiктi шығарып алу, аластау немесе жою мүлiктiң меншiк иесiнiң есебiнен жүзеге асырылады. 3. Егер суға батқан мүлiк шығарып алынған кезден бастап бiр жылдан аспайтын уақыт өтсе, оның меншiк иесi өзiнiң суға батқан мүлкiн шығарып алуға жұмсаған шығындарын және осыған байланысты басқа да келтiрiлген, оны сақтауға жұмсалған шығындарды өтегеннен кейiн, суға батқан, осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес шығарып алынған мүлiктi талап етуi мүмкiн. Ескерту. 51-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.04.2014 № 189-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 52-бап. Келтiрiлген шығындарды порттың теңiз әкiмшiлiгiнің толық өтеттiру құқығы Суға батқан мүлiктi шығарып алу, аластау немесе жою осы Заңның 51-бабының 1-тармағына сәйкес жүзеге асырылған жағдайда, шығарып алынған кезден бастап бiр жыл өткеннен кейiн порттың теңiз әкiмшiлігiнің: 1) суға батқан мүлiктi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сатудан түскен соманың есебiнен, оны шығарып алуға және сақтауға кеткен шығындардың орнын толтыруға құқығы бар. Суға батқан мүлiктi сатудан түскен сома, одан шығындар шегерiле отырып, оның меншiк иесiне, ал Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде және осы Заңның 50-бабының 5-бабында көзделген негiздер бойынша меншiк иесi меншiк құқығынан бас тартқан жағдайда - мемлекеттiң кiрiсiне берiледi; 2) суға батқан мүлiктiң иесiнен сатудан түскен сомадан асып түсетiн (соның iшiнде мүлiктердi жоюға жұмсалған) шығындарды өтеттiрiп алуға құқығы бар. 53-бап. Суға батып, кездейсоқ шығарып алынған мүлiк (олжа) Қазақстан Республикасының аумақтық суларында немесе ашық теңiзде сауда мақсатында теңiзде жүзуге байланысты операцияларды жүзеге асыру кезiнде суға батып, кездейсоқ шығарып алынған мүлiк Қазақстан Республикасының ең жақын теңiз портына өткiзiлуге тиiс. Теңiз әкiмшiлiгi Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында осындай мүлiкке қатысты көзделген шараларды қолдануға мiндеттi. 10-тарау. ЖҮКТІ ТЕҢІЗ АРҚЫЛЫ ТАСЫМАЛДАУ ШАРТЫ 54-бап. Жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты 1. Жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы өзiне жөнелтушi сенiп тапсырған жүктi белгiленген портқа жеткiзуге және жүктi алуға уәкiлеттi тұлғаға (алушыға) беруге мiндеттенедi, ал жөнелтушi немесе алушы жүктi тасымалдағаны үшiн шартқа немесе тарифке сәйкес ақы төлеуге және жүктi қабылдап алуды қамтамасыз етуге мiндеттенедi. 2. Жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты жүктi теңiз арқылы тасымалдау үшiн бүкiл кеменi, оның бiр бөлiгiн немесе кемедегi белгілi бiр жайларды (чартер) беру талабымен, сондай-ақ мұндай талап қойылмай жасалуы мүмкiн. 54-1-бап. Жүктерді аралас тасымалдау Бiрыңғай тауар-көлiк жүкқұжаты (бірыңғай коносамент) бойынша әртүрлi көлiк түрлерiмен жүктердi аралас тасымалдарға қатысатын тасымалдаушылардың, сондай-ақ басқа да тұлғалардың қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамалық актiлерiнде айқындалады. Ескерту. 10-тарау 54-1-баппен толықтырылды - ҚР 27.10.2015 № 363-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 55-бап. Жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартының нысаны Жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты коносаментпен, чартермен, теңiз жүкқұжатымен ресiмделедi. Коносаменттiң, чартердiң, теңiз жүкқұжатының нысаны тасымалдау ережелерiмен белгіленедi. 56-бап. Жүктi теңiз арқылы тасымалдауды ұйымдастыру туралы ұзақ мерзiмді шарт 1. Жүк тасымалдауды үнемi жүзеге асыру қажет болған жағдайда тасымалдаушы мен жүк жөнелтуші жүкті теңіз арқылы тасымалдауды ұйымдастыру туралы ұзақ мерзiмдi шарттар жасаса алады. Жүктi теңiз арқылы тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарт бойынша тасымалдаушы жүктi белгiленген мерзiмде қабылдауға, ал жүк жөнелтушi - жүктi тасымалдауға келiсiлген көлемде табыс етуге мiндеттенедi. Жүктi теңiз арқылы тасымалдауды ұйымдастыру туралы шартта тасымалдаудың көлемi, мерзiмдерi, сапасы және көлiк құралдарын беру мен тасымалданатын жүктi табыс етудiң басқа да талаптары, сондай-ақ тасымалдауды ұйымдастырудың Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де талаптары белгiленедi. 2. Жүктi теңiз арқылы тасымалдауды ұйымдастыру туралы ұзақ мерзiмдi шарттағы келiсiлген жүктi тасымалдау талаптары, егер тараптар өзгеше келiсiмге келмесе, жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартына енгiзiлген болып есептеледi. Жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартының талаптары жүктi теңiз арқылы тасымалдауды ұйымдастыру туралы ұзақ мерзiмдi шарттың талаптарына қайшы келген жағдайда жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартының ережесi қолданылады. 3. Коносаментке енгiзiлмеген жүктi теңiз арқылы тасымалдауды ұйымдастыру туралы ұзақ мерзiмдi шарттың талаптары, үшiншi тұлға үшiн, егер ол кеменi жалдаушы болмаса, мiндеттi болмайды. 57-бап. Чартердiң мазмұны. Чартер бойынша құқықтар беру 1. Чартерде тараптардың атауы, кеменiң атауы, жүктiң тегi мен түрiне сiлтеме, жалдау ақысының мөлшерi, жүктiң тиелген порты, тиелген орны, сондай-ақ кеменің баратын порты немесе бағыты көрсетiлуге тиiс. Тараптардың келiсiмi бойынша чартерге өзге де талаптар енгiзiлуi мүмкiн. 2. Чартер бойынша жүк тасымалдау кезiнде кеменi жалдаушы тасымалдаушының келiсiмiмен жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты бойынша үшiншi тұлғаға өз құқығын беруге құқылы. Кеменi жалдаушы, сондай-ақ ол өзiнiң құқығын берген үшiншi тұлға, егер чартерде өзгеше көзделмесе, жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартын орындамағаны үшiн тасымалдаушының алдында ортақ жауапкершiлiкте болады. 58-бап. Чартер мен коносаменттiң арақатынасы Чартер шартының тарабы болып табылмайтын тасымалдаушы және алушы арасындағы қатынастар коносаментпен айқындалады. Егер коносаментте чартердiң талаптарына сiлтеме жасалса, олар алушы үшiн мiндеттi болады. 59-бап. Жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты бойынша кеменiң теңiзде жүзу жағдайын қамтамасыз ету 1. Тасымалдаушы дер кезiнде, рейс басталғанға дейiн кеменi теңiзде жүзетiн жағдайға келтiруге: кеменiң жүзуге қауiпсiздiгiн және техникалық жарамдылығын қамтамасыз етуге, кеменi тиiстi деңгейде жарақтауға, оны экипажбен жасақтауға және не қажеттiнiң бәрiмен жабдықтауға, сондай-ақ трюмдер мен кеменiң басқа да жүк тасымалданатын жайларын жүктi тиiсiнше қабылдауды, тасымалдауды және сақтауды қамтамасыз ететiн жағдайға келтiрiп қоюға мiндеттi. 2. Егер жүктi тасымалдау коносамент негiзiнде жүзеге асырылса немесе коносамент чартерге сәйкес берiлiп, тасымалдаушы мен кеменi жалдаушы болып табылмайтын коносамент ұстаушының арасындағы қатынасты реттейтiн болса, тараптардың осы баптың 1-тармағына қайшы келетiн келiсiмi жарамсыз болады. Ескерту. 59-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.12.29. № 209 Заңымен. 60-бап. Кеменi ауыстыру Жүк белгiлi бiр кемеде тасымалдануға тиiс болған жағдайда, оны тиеу басталғаннан кейiн пайда болған техникалық қажеттердің салдарынан жүктi қайта тиеудi қоспағанда, жүк кеменi жалдаушының немесе жөнелтушiнiң келiсiмiмен ғана басқа кемеге тиелуi мүмкiн. 61-бап. Кеменiң жүк тиеуге дайын екендiгi туралы хабарлау 1. Чартер бойынша жүк тасымалдау кезiнде тасымалдаушы кеменi жалдаушыға немесе жөнелтушiге, егер ол кеменi жалдаушы болып көрсетiлсе, кеменің жүк тиеуге дайын екенiн немесе белгiлi бiр уақытта дайын болатынын жазбаша нысанда хабарлауға мiндеттi. Мұндай хабар кеме тиеу портында немесе осы порт үшiн әдеттегi күту орнында тұрған жағдайда ғана берiлуi мүмкiн. 2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген хабар берудің күнi мен сағаты тараптардың келiсiмiмен, ал келiсiм болмаған жағдайда - осы порттағы үрдiстермен белгiленедi. 3. Кеме хабарда көрсетiлген уақытта жүк тиеуге дайын болмаған жағдайда, осыған байланысты кеменi жалдаушыға келтiрiлген залалды тасымалдаушы өтеуге тиiс. 62-бап. Жүк тиеу орны 1. Чартер бойынша жүк тасымалдау кезiнде тасымалдаушы кеменi жалдаушы көрсеткен жүк тиелетiн орынға кеменi қоюға мiндеттi. Кеменi жалдаушы жүктi тиеу үшiн қауiпсiз және жарамды, кеме жүзетiн күйiнде тұра алатын орынды көрсетуге тиiс. Егер кеменi жалдаушы көрсеткен орын жүк тиеуге жарамсыз болса немесе бiрнеше кеменi жалдаушы жүк тиеуге әртүрлi орын көрсетсе, тасымалдаушы кеменi сол портта әдетте пайдаланып жүрген жүк тиеу орнына қоюға құқылы, бұл туралы кеменi жалдаушыға алдын ала ескертедi. Кеменi жалдаушы өз есебiнен кеменi басқа жүк тиеу орнына қоюды талап етуге құқылы. 2. Желілік қатынаста жүк тасымалдау кезінде жүк тиелетiн орынды тасымалдаушы белгiлейдi. Егер жүк тиеу аталған порт үшiн әдеттен тыс орында жүргiзiлсе, тасымалдаушы жөнелтушiге жүк тиелетiн орын туралы хабарлайды. 63-бап. Кеменiң берiлу мерзiмi Чартер бойынша жүк тасымалдау кезiнде тасымалдаушы кеменi чартерде келiсiлген мерзiмде беруге мiндеттi. Кеме аталған мерзiмде берiлмеген жағдайда кеменi жалдаушы жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартынан бас тартып, зияндардың өтелуiн талап етуге құқылы. 64-бап. Сталиялық уақыт 1. Сталиялық уақыт тараптардың келiсiмiмен, мұндай келiсiм болмаған жағдайда - тиеу портында әдетте қабылданған мерзiмдермен белгiленедi. 2. Сталиялық уақыт жөнелтушiге, кеменi жалдаушыға кеменiң жүк тиеуге дайын екенi туралы хабар жiберiлгеннен кейiнгi келесi күннен бастап жұмыс күндерiмен, сағаттарымен және минуттарымен есептеледi. 3. Тасымалдаушыға байланысты себептер бойынша не еңсерiлмейтiн күштiң салдарынан немесе жүктің сақталуына қауiп төндiретiн немесе оны қауiпсiз тиеуге кедергi келтiретiн гидрометеорологиялық жағдайлардың салдарынан жүк тиеу жүргiзiлмеген уақыт сталиялық уақытқа енгiзiлмейдi. Кеменi жалдаушыға байланысты себептер бойынша жүк тиеу жүргiзiлмеген уақыт сталиялық уақытқа енгiзiледi. 4. Жүк тиеу сталиялық уақыт есептеле бастағанға дейiн басталған жағдайда жүк тиеуге нақты кеткен уақыт сталиялық уақытқа есептеледi. 5. Осы бапта белгiленген ережелер жүк түсiру портында оны түсiру кезiнде де қолданылады. 65-бап. Контрсталиялық уақыт 1. Контрсталиялық уақыттың ұзақтығы тараптардың келiсiмiмен, ал ол болмаған жағдайда - жүк тиеу портында әдетте қабылданған мерзiмдерiмен белгiленедi. 2. Контрсталиялық уақыт сталиялық уақыт аяқталған кезден бастап күнтiзбелiк күндермен, сағаттармен және минуттармен есептеледi. 3. Контрсталиялық уақытқа жексенбi және ресми белгiленген мерекелiк күндер, портта жұмыс iстемейтiн деп жарияланған уақыт, сондай-ақ еңсерiлмейтiн күш немесе жүктің сақталуына қатер төндiретiн не оны қауiпсiз тиеуге кедергi келтiретiн гидрометеорологиялық жағдайлар туғызған жүк тиеудегi үзiлiстер де кіреді. Тасымалдаушыға байланысты себептермен жүк тиеу жүргiзiлмеген уақыт контрсталиялық уақытқа енгiзiлмейдi. 4. Осы бапта, сондай-ақ осы Заңның 66-68-баптарында белгiленген ережелер жүк түсiру портында оны түсiру кезiнде де қолданылады. 66-бап. Демерредж Демерредж тараптардың келiсiмiмен, ал мұндай келiсiм болмаған жағдайда - тиiстi портта әдетте қабылданған ставкаға сәйкес белгiленедi. Мұндай ставкалар болмаған жағдайда демерредж кеме мен оның экипажын күтiп-ұстауға жұмсалған шығыстармен анықталады. 67-бап. Диспач Тараптардың келiсiмiмен диспач белгiленуi мүмкiн. Мұндай келiсiм болмаған жағдайда диспач мөлшерi демерредждiң екiден бiрi мөлшерiнде есептеп шығарылады. 68-бап. Тасымалдаушының кеменi контрсталиялық уақыт бiткеннен кейiн жүзуге жөнелту құқығы 1. Егер бүкiл келiсiлген жүк тасымалдаушыға байланысты емес себептер бойынша кемеге тиелмесе де, тасымалдаушының контрсталиялық уақыт бiткеннен кейiн кеменi жүзуге жөнелтуге құқығы бар. Бұл орайда тасымалдаушы жалдау ақысын толық алуға құқығын сақтап қалады. 2. Жүк тасымалдау үшiн кеме тұтасымен берiлген жағдайда, жүктi қабылдау мен салып қою кеменi белгiленген мерзiмнен астам уақыт ұстауы мүмкiн болғанымен, тасымалдаушының сталиялық немесе контрсталиялық уақыт аяқталғанға дейiн, мұндай уақыт туралы келiсiм болған кезде, жеткiзiлген жүктi қабылдаудан бас тартуға құқығы жоқ. 3. Жүк тасымалдау үшiн кеме тұтасымен берiлмеген жағдайда, тасымалдаушы сталиялық немесе контрсталиялық уақыт бiткенге дейiн, мұндай уақыт туралы келiсiм болған жағдайда, жүктi қабылдаудан бас тартуға құқығы бар, кейiн ол кiдiртiлiп берiлуi салдарынан кемеге тиiстi түрде және қалған жүк үшiн зиян келтiрiлмей кемеге кешiктiрiлiп қана тиелуi мүмкiн. Бұл орайда тасымалдаушы жалдау ақысын толық алуға құқығын сақтап қалады. 69-бап. Тасымалдау үшiн жүк қабылдауды уақытша тоқтату немесе шектеу 1. Әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде жүктi қабылдау уәкiлеттi органға дереу хабарлана отырып, порттың теңiз әкiмшiлiгiнің өкiмiмен уақытша тоқтатылуы немесе шектелуi мүмкiн, уәкілетті орган тиiстi мемлекеттiк органдардың келiсуi бойынша тасымалдауға жүк қабылдауды уақытша тоқтатудың немесе шектеудiң қолданылу мерзiмiн белгiлейдi. 2. Порттың теңiз әкiмшiлiгi аралас тасымалда немесе тiкелей теңiз қатынастарында және көлiктiң басқа түрлерiн ұйымдастыру кезiнде тасымалдау үшiн жүк қабылдауды уақытша тоқтату немесе шектеу туралы жүктi жөнелтушiлерге дереу хабарлайды. Ескерту. 69-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); ҚР 27.10.2015 № 363-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 70-бап. Кеменiң кiдiртiлгенi үшiн залалдарды өтеу Кеменiң контрсталиялық уақыттан артық кiдiртiлгенi үшiн жөнелтушi, кеменi жалдаушы, егер кеменiң кiдiртiлуi тасымалдаушыға байланысты емес себептерден болса, тасымалдаушыға келтiрiлген зияндарды өтеуге мiндеттi. 71-бап. Кеменi жалдаушының талап етуiмен жүзуге мерзiмiнен бұрын жөнелту Кеменi жалдаушыға жүк тасымалдау үшiн кеме тұтасымен берiлген жағдайда тасымалдаушы кеменi жалдаушының талап етуiмен, егер барлық жүк тиелмесе де, кеменi жүзуге жөнелтуге мiндеттi. Мұндай жағдайда тасымалдаушы толық жалдау ақысына құқығын сақтап қалады. 72-бап. Жүктi буып-түю және таңбалау 1. Тасымалдау кезiнде жүктiң толық сақталуын қамтамасыз ету үшiн ыдысқа салуды және буып-түюді қажет ететiн жүктер, оның ішінде Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес буып-түйілген қауіпті жүктер тасымалдау үшiн жарамды ыдысқа салынып және буып-түйіліп берiлуге тиiс. Ыдыс және қаптама техникалық регламенттерде және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгiленген мiндеттi қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келуге тиiс. 2. Жөнелтушi жүктi тиiсiнше таңбалап, тасымалдаушыға ол туралы қажеттi мәлiметтердi табыс етуге мiндеттi. Жүк айрықша назар аударуды қажет ететiн жағдайда жөнелтушi жүктiң қасиеттерi мен оны қарап-ұстаудың тәртiбiн тасымалдаушыға хабарлауға мiндеттi. Ескерту. 72-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.29. № 209; 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 73-бап. Палубалық жүк 1. Тасымалдаушының тек тасымалдаушы мен жөнелтушiнiң арасындағы келiсiмге сәйкес қана палубада жүк тасымалдауға құқығы бар. 2. Тасымалдаушы мен жөнелтушi жүктiң палубада тасымалдануы тиiс немесе мүмкiн екендiгi туралы келiсiмге келген жағдайда, тасымалдаушы мұндай келiсiмге қол жеткiзiлгенi туралы коносаментте немесе жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартын растайтын басқа құжатта көрсетуге мiндеттi. Тасымалдаушы оны көрсетпеген жағдайда, ол жүктi палубада тасымалдау туралы келiсiмнiң жөнелтушiмен жасалғаны туралы дәлелдеуге тиiс. Тасымалдаушының коносаментті адал жолмен иемденген үшiншi тұлғаға қатысты, соның iшiнде алушыға қатысты мұндай келiсiмге сiлтеме жасауға құқығы жоқ. 3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгiленген ережелердi бұза отырып, палубада жүк тасымалданған жағдайда, тасымалдаушы палубада жүк тасымалдау туралы келiсiмге сiлтеме жасай алмайды және жүктi тек қана палубада тасымалдау салдарынан жүктiң жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) немесе оның кешiктiрiлiп жеткiзiлгенi үшiн жауапты болады. Бұл орайда осы Заңның 102-бабында көзделген ережелер қолданылуға жатпайды. Тасымалдаушы жауапкершiлiгiнiң мөлшерi осы Заңның 104 және 105-баптарына сәйкес айқындалады. 4. Егер жүктi трюмде тасымалдау туралы келiсiм болса, жүктi палубада тасымалдау осы Заңның 105-бабына сәйкес тасымалдаушының жауапкершiлiгiн шектеу құқығын жоғалтуға әкеп соғатын әрекетi (әрекетсiздiгi) деп қарастырылады. 74-бап. Қауiптi жүк 1. Қауiптi жүктi тапсыру кезiнде оның атауы туралы терiс мәлiметтер берiлiп, тасымалдаушының сырттай қарау арқылы оның қасиеттерiне көз жеткiзуi мүмкiн болмаған жағдайда, тасымалдаушы жөнелтушiге шеккен зиянын өтемей, мұндай жүктi түсiрудi, жоюды және зарарсыздандыруды соның есебiнен кез келген уақытта жүзеге асыруға құқылы. Жөнелтушi тасымалдаушының алдында оған осындай жүктi тиеу салдарынан келтiрiлген зиян үшiн жауапты болады. Қауiптi жүктi тасымалдағаны үшiн жалдау ақысы қайтарылуға жатпайды. Жалдау ақысы төленбеген жағдайда тасымалдаушы жөнелтушiден оның құнын толық көлемінде өндірiп алуға құқылы. 2. Қауіпті жүкті тасымалдауға арналған кемеде шетелдің сыныптаушы қоғамы берген қауіпті жүктерді тасымалдауға кеменің сәйкестігі туралы құжат болуы тиіс. Қауіпті жүктерді тасымалдауға кеменің сәйкестігі туралы құжат болмаған жағдайда, теңіз көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдауға жол берілмейді. 3. Егер тасымалдаушының келiсiмiмен кемеде тұрған қауiптi жүк кемеге, кемедегi адамдарға және жүкке қатер төндiрсе, тасымалдаушы мән-жайларға қарай, жалпы авария жағдайларын қоспағанда, жөнелтушiге шеккен зиянын өтемей, мұндай жүктi түсiрудi, жоюды немесе зарарсыздандыруды жүзеге асыруға құқылы. Тасымалдаушының қауiптi жүкпен кеменiң нақты жүрiп өткен қашықтығына бара-бар мөлшерде жалдау ақысын алуға құқығы бар. Ескерту. 74-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 75-бап. Жүктi ауыстыру Чартерде тегi немесе түрi айқындалған жүк тек тасымалдаушының келiсiмiмен ғана өзге тектегi немесе түрдегi жүкпен ауыстырылуы мүмкiн. 76-бап. Бөгде жүктi түсiрiп тастау 1. Жүк тасымалдау үшiн кеме тұтасымен, оның бөлiгi немесе кеменiң белгiлi бiр жайлары берiлген жағдайда жөнелтушi кемеден, кеменiң бөлiгiнен немесе кеменiң жайларынан жөнелту портында, жүк тасымалдау үшiн кеме тұтасымен берiлген жағдайда - кез келген кiру портында бөгде жүктi түсiрiп тастауды талап етуге құқылы. 2. Жүк кемеден, кеменiң бөлiгiнен немесе кеменiң жайларынан уақтылы түсiрiлмеген жағдайда кеменi жалдаушының жалдау ақысын тиiсiнше азайтуды, сондай-ақ кеменi жалдаушыға келтiрiлген зияндарды өтеудi талап етуге құқығы бар. 77-бап. Жүкке қоса жүретiн құжаттар Жөнелтушi, жүктi кедергiсiз тасымалдау үшiн қажеттi, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құжаттарды (сертификат, лицензия, ветеринариялық сертификат, кеден декларациясы және өзге де құжаттар) тасымалдаушыға беруге мiндеттi. Жөнелтушi мұндай құжаттардың уақтылы берілмегенi, дұрыс немесе толық болмауы салдарынан келтiрiлген зияндар үшiн тасымалдаушының алдында жауапты болады. Ескерту. 77-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 78-бап. Теңiз жүкқұжатын беру Жөнелтушi тасымалдаушыдан коносаменттiң орнына теңiз жүкқұжатын берудi талап етуге құқылы. Осы Заңның, тауарға билiк жасау құжаты ретiнде коносаментке қатысты, 80-бабын, 81-бабының 2-тармағын, 83, 84-баптарын және 85-бабының 2-тармағын қоспағанда, теңiз жүкқұжатына осы тарауда белгiленген ережелер қолданылады. 79-бап. Коносамент беру 1. Жүктi тасымалдау үшiн қабылданғаннан кейiн тасымалдаушы жөнелтушiнiң талап етуiмен жөнелтушiге коносамент беруге мiндетті. Коносамент, жөнелтушi қол қойған, осы Заңның 81-бабы 1-тармағының 3)-8) тармақшаларында көрсетiлген деректер болуға тиiстi құжаттың негiзiнде жасалады. 2. Жөнелтушi тасымалдаушыға коносаментке енгiзу үшiн табыс етiлген деректердiң дұрыстығына кепiлдiк бередi және мұндай деректердiң дұрыс еместiгi салдарынан тасымалдаушыға келтiрiлген залал үшiн жауапты болады. Тасымалдаушының жөнелтушiге залалдарды өтеттiрiп алуға құқығы жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушының жөнелтушiден өзге тұлға алдындағы жауапкершiлiгiн жоймайды. 80-бап. Коносаменттiң түрлерi Коносамент белгiлi бiр алушының атына (атаулы коносамент), жөнелтушiнiң немесе алушының бұйрығына (ордерлiк коносамент), не ұсынушыға берiлуi мүмкiн. Жөнелтушiнiң немесе алушының бұйрығына берiлгенi туралы көрсетiлмеген ордерлiк коносамент жөнелтушiнiң бұйрығына берiлген болып есептеледi. 81-бап. Коносаменттiң мазмұны 1. Коносаментке мынадай деректер енгiзiлуге тиiс: 1) тасымалдаушының атауы және оның тұратын жерi; 2) жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартына сәйкес тиеу портының атауы және тасымалдаушының тиеу портында жүктi қабылдаған датасы; 3) жөнелтушiнiң атауы және оның тұратын жерi; 4) жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартына сәйкес түсiру портының атауы; 5) егер алушыны жөнелтушi көрсеткен болса, алушының атауы; 6) жүктің атауы, жүктi бiрдейлендiруге қажеттi негiзгi таңбалар, тиiстi жағдайларда жүктiң қауiптi сипатын немесе ерекше қасиеттерiн көрсету, орынның немесе заттардың саны және жүктiң массасы немесе оның өзгеше түрде көрсетiлген саны. Бұл орайда барлық деректер жөнелтушi қалай ұсынса солай көрсетiледi; 7) жүктiң сыртқы жай-күйi және оның буып-түйiлуi; 8) алушы төлеуге тиiс мөлшердегi жалдау ақысы немесе жалдау ақысын олардың төлеуге тиiс екенiн өзге де түрде көрсету; 9) коносаменттiң берiлген уақыты мен орны; 10) егер коносамент бiреуден көп болса, олардың түпнұсқаларының саны; 11) тасымалдаушының немесе оның атынан әрекет етушi адамның қойған қолы. Кеме капитаны қол қойған коносамент тасымалдаушының атынан қол қойылған деп есептеледi. Тараптардың келiсiмi бойынша коносаментке өзге де деректер енгiзiлуi мүмкiн. 2. Жүк кеме бортына тиелгеннен кейiн тасымалдаушы жөнелтушiнiң талап етуiмен оған борт коносаментiн бередi, онда осы баптың 1-тармағында көзделген деректерге қосымша, жүктiң белгiлi бiр кеменiң немесе кемелердiң бортында екендiгi, сондай-ақ жүктiң тиелген датасы көрсетiлуге тиiс. 3. Тасымалдаушы кеме бортына жүк тиелгенге дейiн жөнелтушiге тасымалдау үшiн қабылданған жүкке коносамент немесе сол жүкке қатысты өзге де тауарға билiк жасау құжатын берген жағдайда жөнелтушi тасымалдаушының талап етуi бойынша борт коносаментiнiң орнына сондай құжатты қайтаруға мiндеттi. 4. Тасымалдаушы бұрын берiлген кез келген құжатты толықтыру арқылы, егер осылайша толықтырылған құжатқа борт коносаментiнде болуға тиiс деректердiң бәрi енгiзiлген болса, жөнелтушiнiң борт коносаментiне қойған талаптарын қанағаттандыра алады. 82-бап. Коносаменттегi ескертпелер. Коносаменттiң дәлелдеу күшi 1. Коносаментте жүктiң атауына, оның негiзгi таңбаларына, орындар немесе заттар санына, жүктің массасына немесе санына қатысты деректер болып, тасымалдаушы немесе оның атынан коносамент берген басқа тұлға мұндай деректердiң нақты қабылданған немесе тиелген жүкке сәйкес еместiгiн бiлген немесе жеткiлiктi негiздер бар деп есептеген, борт коносаментiн беру кезiнде не тасымалдаушының немесе басқа да осындай тұлғаның аталған деректердi тексеруге ақылға сыйымды мүмкiндiгi болмаған жағдайда, тасымалдаушы немесе басқа да осындай тұлға коносаментке аталған деректердiң дәл еместігiн, жорамалдардың негiздемесiн немесе тексеруге ақылға сыйымды мүмкiндiктiң болмағанын нақты көрсететiн ескертпе енгiзуге тиiс. 2. Тасымалдаушы немесе оның атынан коносамент берушi басқа тұлға коносаментте жүктiң сыртқы жай-күйiн көрсетпесе, коносаментте жүктiң тиiстi сыртқы жай-күйi көрсетiлген деп есептеледi. 3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес жол берiлетiн ескертпе енгiзiлген деректердi қоспағанда, егер өзгеше дәлелденбесе, коносамент тасымалдаушының жүктi тасымалдау үшiн қабылдауы коносаментте сипатталғандай етiп куәландырылады. Егер коносамент жүктiң коносаменттегi сипатталуын негiзге ала отырып адал әрекет еткен үшiншi тұлғаға берiлсе, тасымалдаушының өзгеше дәлелдеуiне жол берiлмейдi. 83-бап. Коносамент даналарының көп болуы Жөнелтушiнiң тiлегi бойынша оған коносаменттiң бiрнеше данасы (түпнұсқалары) берiлуi мүмкiн, әрi олардың әрқайсысында қолда бар коносамент түпнұсқаларының саны көрсетiледi. Ұсынылған коносамент түпнұсқаларының бiрiншiсiнiң негiзiнде жүк берiлгеннен кейiн оның қалған түпнұсқалары күшiн жоғалтады. 84-бап. Коносамент беру Коносамент мынадай ережелер сақтала отырып берiледi: 1) атаулы коносамент атаулы өткiзу жазбалары бойынша немесе талапты басқаға беру нысанына қойылатын ережелерге сәйкес өзге де нысанда берiлуi мүмкiн; 2) ордерлiк коносамент атаулы немесе бланкiдегi өткiзу жазбасы бойынша берiлуi мүмкiн; 3) коносамент ұсынушыға жай ғана тапсыру арқылы берiлуi мүмкiн. 85-бап. Жүкке билiк ету құқығы 1. Жөнелтушiнiң жүктi алушыға бергенге не осындай құқықты алушыға немесе үшiншi тұлғаға бергенге дейiн оған билiк етуге құқығы бар. 2. Жөнелтушiнiң кеме кеткенге дейiн жөнелтiлетiн жерiнде жүктi керi қайтаруды, жүктi аралық портта берудi немесе оны, осы Заңның 89 және 91-баптарында көзделген талаптарды сақтай отырып, жөнелтушiге берiлген барлық коносамент түпнұсқаларын көрсеткен немесе тиiстi қамтамасыз етудi ұсынған кезде, тасымалдау құжатында көрсетiлген алушыдан басқаға берудi талап етуге құқығы бар. 86-бап. Тасымалдаушының жүкке қатысты мiндеттерi 1. Тасымалдаушы жүктi тасымалдау үшiн қабылдаған кезден бастап оны берген кезге дейiн тиеудi, тасымалдауды және түсiрудi тиiстi түрде жүзеге асыруға және жүктiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi. 2. Тасымалдау үшiн қабылданған жүкке оның ерекше қасиеттерiне қарай жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартында аталған тиiсiнше назар аударып қарау талап етiлетiн жағдайда, тасымалдаушы жүктiң осындай нұсқауларға сәйкес сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi. 3. Осы баптың 1-тармағында белгiленген талаптарды бұза отырып жасалған шарттар жарамсыз болады. 87-бап. Жүк тасымалдаудың мерзiмi мен маршруты Тасымалдаушы жолаушыны, багаж бен жүктi тараптардың келiсiмiмен белгiленген мерзiмде және маршрут бойынша апарылатын портқа (пунктке) жеткiзуге мiндеттi. Мұндай келiсiм болмаған жағдайда ақылға қонымды мерзiмде және әдеттегi маршрут бойынша жеткiзiлуге тиiс. 88-бап. Кеменiң белгiленген портқа кiруiне кедергiлер 1. Тасымалдаушыға байланысты емес себептердiң салдарынан кеме баратын портына кiре алмаған жағдайда, тасымалдаушы бұл туралы жөнелтушiге немесе кеменi жалдаушыға не мұндай тұлға тасымалдаушыға белгiлi болса, жүкке билiк жасауға уәкiлеттi тұлғаға дереу хабарлауға мiндеттi. 2. Жүктi тасымалдау үшiн кеме тұтасымен берiлген және тасымалдаушы хабарлама жiберген кезден бастап ақылға сыйымды мерзiм iшiнде жүктi не iстеу керек екенi туралы нұсқау түспеген жағдайда, кеме капитанының пiкiрiнше, жөнелтушi немесе кеменi жалдаушы не жүкке билiк жасауға уәкiлеттi тұлға үшiн неғұрлым тиiмдi болып көрiнуiне қарай, кеме капитаны жүктi ең жақын порттардың бiрiнде түсiріп кетуге не жүктi жөнелтiлген портына қайтаруға құқылы. 3. Жүктi тасымалдау үшiн кеме тұтасымен берiлмеген және тасымалдаушы хабарлама жiберген кезден бастап үш тәулiк iшiнде жүктi не iстеу керек екенi туралы нұсқау түспеген жағдайда, кеме капитаны жүктi ең жақын порттардың бiрiне түсiрiп кетуге және жөнелтушiге немесе кеменi жалдаушыға не жүкке билiк жасайтын уәкiлеттi тұлғаға бұл туралы хабарлауға құқылы. Кеме капитаны өзi алған өкiмдi кемедегi басқа жүктердің иелерiне залал келтiрмей орындай алмайтын болған жағдайда да солай iстеуге құқылы. 4. Тасымалдаушы жөнелтушiнің немесе кеменi жалдаушының не жүкке билiк жасайтын уәкiлеттi тұлғаның өкiмiн күткен жағдайда, тасымалдаушының осындай күтуге байланысты шығыстарын, сондай-ақ кеменiң нақты жүріп өткен қашықтығына бара-бар мөлшерде жалдау ақысын өтеткiзiп алуға құқығы бар. 89-бап. Тараптардың жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартын орындаудан бас тартуы 1. Жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты тараптарының әрқайсысы екiншi тарапқа зияндарды өтемей, кеме жүк тиеу орнынан кеткенге дейiн: 1) кеменi немесе жүктi басып алу қатерiн төнгiзетiн соғыс қимылдары мен өзге де iс-әрекеттер; 2) жөнелтiлетiн орынның немесе баратын орынның қоршауға алынуы; 3) жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартының тараптарына байланысты емес себептермен кеменiң кiдiртiлуi; 4) төтенше сипаттағы жағдайлар кезiнде кеменi мемлекеттiк қажеттерге тарту; 5) тасымалдануға тиiс жүктi жөнелтiлетiн жерден алып шығуға немесе баратын жерiне жүктi алып кiруге тыйым салынған мән-жайлар туындаған кезде ол шартты орындаудан бас тартуға құқылы. Осы тармақтың 3) және 5) тармақшаларында көзделген мән-жайлар, егер кеме қысқа мерзiмге кiдiртiледi деп көзделсе, екiншi тарапқа зияндарды өтемей жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартын орындаудан бас тарту үшiн негiз бола алмайды. Осы тармақта көзделген мән-жайлар туындаған кезде тасымалдаушы жүктi түсiруге жұмсалған шығыстарды көтермейдi. 2. Жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты тараптарының әрқайсысы, сондай-ақ рейс кезiнде осы баптың 1-тармағында көзделген кез келген мән-жайлардың бiрi туындауы салдарынан, оны орындаудан бас тартуға құқылы. Бұл орайда жөнелтушi немесе кеменi жалдаушы тасымалдаушыға жүкке жұмсалған барлық шығыстарын, соның iшінде оны түсiруге жұмсалған шығыстарын, сондай-ақ кеме нақты жүрiп өткен қашықтыққа бара-бар мөлшерде жалдау ақысын өтейдi. 90-бап. Тасымалдаушының жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартын орындаудан бас тартуы Тиелген жүктің құны жалдау ақысы мен тасымалдаушының жүк бойынша басқа да шығыстарын жаппайтын, ал жөнелтушi немесе кеменi жалдаушы кеме жөнелтiлер алдында жалдау ақысын толық енгiзбеген не қосымша қамтамасыз етiп бермеген жағдайда тасымалдаушының кеме рейске шыққанға дейiн жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартын орындаудан бас тартуға құқығы бар. Бұл жағдайда жөнелтушi немесе кеменi жалдаушы тасымалдаушыға толық жалдау ақысының екiден бiр бөлiгiн, ал босқа тұрып қалу болған жағдайда - босқа тұрып қалғаны үшiн ақы төлеуге және тасымалдаушының өзге де шығыстарын өтеуге тиiс. Жүктi түсiру жөнелтушiнiң немесе кеменi жалдаушының есебiнен жүзеге асырылады. 91-бап. Жөнелтушiнiң немесе кеменi жалдаушының жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартын орындаудан бас тартуы 1. Жүктi тасымалдау үшiн кеме тұтасымен берiлген жағдайда жөнелтушi немесе кеменi жалдаушы: 1) егер жөнелтушi немесе кеменi жалдаушы сталиялық немесе контрсталиялық уақыт бiткенге дейiн бас тартса не кеме рейске шыққанға дейiн аталған жәйттердің қайсысы бұрын туындаса, толық жалдау ақысының екiден бiрiн, босқа тұрып қалу болған жағдайда - тасымалдаушы жүк есебiнен жасаған және шығыстар жалдау ақысының сомасына енгiзiлмеген босқа тұрып қалу үшiн төленетiн ақыны; 2) егер жөнелтушiнің немесе кеменi жалдаушының бас тартуы осы тармақтың 1) тармақшасында аталған жәйттердiң бiрiнен кейiн болса және жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты бiр рейске жасалса, толық жалдау ақысын, осы тармақтың 1) тармақшасында аталған басқа да сомаларды; 3) бiрiншi рейс үшiн толық жалдау ақысын, осы тармақтың 1) тармақшасында аталған басқа да сомаларды және жөнелтушi немесе кеменi жалдаушы осы тармақтың 1) тармақшасында аталған жәйттердiң бiрiнен кейiн бас тартса және жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты бiрнеше рейске жасалса, қалған рейстер үшiн жалдау ақысының екiден бiрiн төлеген жағдайда, жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартын орындаудан бас тартуға құқылы. Жөнелтушi немесе кеменi жалдаушы кеме рейске шыққанға дейiн жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартын орындаудан бас тартқан жағдайда тасымалдаушы, егер жүктi түсiру тiптi кеменi белгiленген мерзiмнен артық кiдiртетiн болса да, жүктi жөнелтушiге немесе кеменi жалдаушыға беруге мiндеттi. Жөнелтушi немесе кеменi жалдаушы жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартын орындаудан рейс кезiнде бас тартқан жағдайда, жөнелтушi немесе кеменi жалдаушы жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартына сәйкес кеме кiруге тиiстi немесе қажеттiлiкке қарай кiрген портта ғана жүктің берiлуiн талап етуге құқылы. 2. Жүктi тасымалдау үшiн кеме тұтасымен берiлмеген жағдайда, жөнелтушi немесе кеменi жалдаушы толық жалдау ақысы, бос тұрып қалғаны үшiн ақы төленген, тасымалдаушының жүк есебiнен жасалған және жалдау ақысы сомасына енгiзiлмеген шығыстары өтелген жағдайда, жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартын орындаудан бас тартуға құқылы. Тасымалдаушы жөнелтушiнiң немесе кеменi жалдаушының талап етуiмен, егер бұдан тасымалдаушыға және басқа жөнелтушiге немесе кеменi жалдаушыға залал келтiрiлмейтiн болса ғана, жүктi белгiленген портқа жеткiзгенге дейiн беруге мiндеттi. 92-бап. Жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты бойынша мiндеттемелердi орындау мүмкiн болмағандықтан олардың тоқтатылуы 1. Жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты, егер оны жасағаннан кейiн және кеме жүк тиеу орнынан кеткенге дейiн тараптарға байланысты емес мән-жайлар салдарынан: 1) кеме опат болған немесе күшпен басып алынған; 2) кеме жүзуге жарамсыз деп танылған; 3) жеке-дара анықталған жүк жойылған; 4) жүктi тиеу үшiн жөнелтушi теңiз портына өткiзгеннен кейiн және жөнелтушi тиеу үшiн басқа жүктi тапсырып үлгiрмеген, тектiк белгiлерi анықталған жүк жойылған болса, тараптардың бiрi екiншi тарапқа шарттың тоқтатылуы туғызған залалдарды өтеу мiндетiнсiз тоқтатылады. 2. Тасымалдау жөнiндегi мiндеттеменi осы баптың 1-тармағында көзделген мән-жайлар бойынша рейс кезiнде орындау мүмкiн болмағандықтан ол тоқтатылған жағдайда, құтқарылған және сақтауға немесе алушыға өткiзiлген жүктiң саны негiзге алына отырып, тасымалдаушыға кеменiң нақты жүзiп өткен қашықтығына бара-бар мөлшерде жалдау ақысы төленедi. 93-бап. Жүктi алуға құқығы бар тұлға 1. Тасымалдануы коносамент негiзiнде жүзеге асырылатын жүктi тасымалдаушы түсiру портында коносаменттiң түпнұсқасын: 1) атаулы коносаменттiң түпнұсқасын - коносаментте аталған алушыға немесе коносамент атаулы өткiзу жазбасы бойынша немесе талапты басқаға беру үшiн белгiленген ережелерге сәйкес өзге де нысанда берiлген тұлғаға; 2) ордерлiк коносаменттiң түпнұсқасын - бұйрығына коносамент жасалған тұлғаға, коносаментте өткiзу жазбалары болған жағдайда - өткiзу жазбаларының үзiлiссiз қатарындағы соңғы аталған тұлғаға немесе соңғы бланкiлiк жазбасы бар коносаменттi ұсынушыға; 3) ұсынушыға арналған коносаменттiң түпнұсқасын - коносаменттi ұсынушыға бередi. 2. Жүк тасымалдау теңiз жүкқұжаты негiзiнде немесе өзге де құжат негiзiнде жүзеге асырылатын жағдайда, тасымалдаушы жүктi осындай құжатта аталған алушыға немесе жөнелтушi көрсеткен алушыға беруге құқылы. 94-бап. Жүктi сақтауға өткiзу 1. Жүктi тасымалдау үшiн кеменiң бiр бөлiгi берiлген жағдайда, егер түсiру портында алушы жүктi талап етпесе немесе одан бас тартса не жүк белгiленген уақытта түсiрiле алмайтындай етiп оны қабылдауды кешiктiрсе, тасымалдаушы жүкке билiк жасайтын уәкiлеттi тұлғаның есебiнен жүктi сақтауға өткiзіп, бұл туралы жөнелтушiге немесе кеменi жалдаушыға, сондай-ақ алушы тасымалдаушыға белгiлi болса, соған хабарлауға құқылы. 2. Жүк тасымалдау үшiн кеме тұтасымен берiлген жағдайда, тасымалдаушы жүктi түсiрудi және сақтауға өткiзудi, егер сталиялық және контрсталиялық уақыт iшiнде жөнелтушiнің немесе кеменi жалдаушының не жүкке билiк жасайтын уәкiлеттi тұлғаның өзге өкiмi түспесе, сталиялық және контрсталиялық уақыт бiткеннен кейiн жүзеге асырады. Тасымалдаушының жүктi сақтауға өткiзу үшiн жұмсаған уақыты босқа тұрып қалған уақыт ретiнде қарастырылады. 3. Кеменiң түсiру портына келген күнiнен бастап екi ай iшiнде сақтауға өткiзiлген жүк талап етiлмеген және жөнелтушi немесе кеменi жалдаушы не жүкке билiк жасайтын уәкiлеттi тұлға тасымалдаушыға жүктi тасымалдағаны үшiн тиесiлi төлемдердi төлемеген жағдайда тасымалдаушы жүктi белгiленген тәртіппен сатуға құқылы. Талап етiлмеген тез бүлiнетiн жүк, сондай-ақ сақтауға кететiн шығыны өз құнынан асып түсетiн жүк аталған мерзiм бiткенге дейiн, бiрақ ерте дегенде жүктi жеткiзу мерзiмiнде сатылуы мүмкiн. 4. Жүктi сатудан түскен сома тасымалдаушыға тиесiлi төлемдер мен жүктi сақтауға және сатуға кеткен шығыстар шегерiлiп, жөнелтушiге немесе кеменi жалдаушыға берiледi. Жүктi сатудан түскен сома тасымалдаушыға тиесiлi төлемдердi және жүктi сақтау мен сатуға кеткен шығыстарды жабу үшiн жеткiлiксiз болған жағдайда, тасымалдаушы өзi алмаған соманы жөнелтушiден немесе кеменi жалдаушыдан өндiрiп алуға құқылы. 95-бап. Жүктi алушыға берген кездегi төлемдер. Жүктi ұстап қалу құқығы 1. Алушы өзiне жүк берiлген кезде тасымалдаушы жүк есебiнен шығарған шығыстарды өтеуге, кеменiң жүк түсiру портында босқа тұрып қалғаны үшiн ақы төлеуге, сондай-ақ жалдау ақысын төлеуге және бұл коносаментте немесе негiзге алына отырып жүк тасымалы жүзеге асырылған басқа құжатта көзделсе, кеменiң жүк тиеу портында босқа тұрып қалғаны үшiн төлем енгiзуге мiндеттi, жалпы авария жағдайында авариялық жарна енгiзуге немесе тиiсiнше қамтамасыз етiп беруге мiндеттi. 2. Тасымалдаушы осы баптың 1-тармағында көзделген сомалар төленгенге немесе қамтамасыз етiп берiлгенге дейiн жүктi ұстап қалуға құқылы. Алушыға тиесiлi емес қоймаға жүктi сақтауға өткiзген ретте, бұл туралы қойма иесiне дереу хабарлаған жағдайда тасымалдаушы жүктi ұстап қалу құқығын сақтайды. 3. Жүк алушыға берiлгеннен кейiн, егер тек тасымалдаушы өзiне байланысты емес себептер бойынша жүктi ұстап қалу құқығын жүзеге асыра алмай қалғанда болмаса, тасымалдаушы жөнелтушіден немесе кеменi жалдаушыдан алушы төлемеген сомаларды талап ету құқығынан айрылады. 4. Жүктi ұстап қалатын тасымалдаушының талабы жүктiң құны есебiнен, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген көлемде және тәртiппен қанағаттандырылады. 5. Жүктi сатудан түскен сома алушыға осы баптың 1-тармағына сәйкес тасымалдаушыға тиесiлi сома мен жүктi сатуға байланысты шығыстар шегерiле отырып берiледi. Жүктi сатудан түскен сомалар осы баптың 1-тармағына сәйкес тасымалдаушыға тиесiлi соманы төлеу үшiн жеткiлiксiз болған жағдайда, тасымалдаушы өзi алмаған соманы жөнелтушiден немесе кеменi жалдаушыдан өндiріп алуға құқылы. 96-бап. Жүктi қарап шығу немесе оның жай-күйiн тексеру Жүк нақты жоғалған немесе жоғалды, кем шықты не зақымданды (бүлiндi) деп жорамалданған жағдайында алушы мен тасымалдаушы бiр-бiрiне жүктi алушыға бергенге дейiн жүктi қарап шығуға немесе оның жай-күйiне тексеру жүргiзуге мүмкiндiк беруге мiндеттi. Жүктi қарап шығуға немесе жай-күйiн тексеруге жұмсалған шығыстарды қарап шығуды немесе тексерудi талап еткен тарап көтередi. Алушының талап етуi бойынша жүргiзiлген жүктi қарап шығу немесе оның жай-күйiн тексеру нәтижесiнде жауапкершiлiгi тасымалдаушыға жүктелетiн жүктiң жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) анықталған жағдайда, жүктi қарап шығуға немесе оның жай-күйiн тексеруге жұмсалған шығыстарды тасымалдаушы көтередi. 97-бап. Жүктiң жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) туралы мәлiмдеме 1. Жүк берiлгенге дейiн немесе оның берiлуi кезiнде алушы жүктiң жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) туралы тасымалдаушыға жазбаша нысанда мәлiмдеме жасалмаған және жүк жоғалғанының, кем шыққанының немесе зақымданғанының (бүлiнгенiнің) жалпы сипаты көрсетiлмеген жағдайда, жүк өзге дәлелдер болмаған кезде коносамент талаптарына сәйкес алынды деп есептеледi. 2. Жүктiң жоғалғанын, кем шыққанын немесе зақымданғанын (бүлiнгенiн) оны әдеттегi әдiспен қабылдау кезiнде анықтау мүмкiн болмаған жағдайда, алушы жүк берiлгеннен кейiн үш күн iшiнде тасымалдаушыға мәлiмдеме жасауы мүмкiн. 3. Егер алушы жүктi беру кезiнде тасымалдаушымен бiрге жүктi қарап шықса немесе оның жай-күйiн тексерсе, ол осы баптың 1-тармағында аталған мәлiмдеменi жасамауға құқылы. 98-бап. Жүктердi тасымалдау кезiндегi төлемдер Тасымалдаушыға тиесiлi барлық төлемдердi жөнелтуші немесе кеменi жалдаушы төлейдi. Жөнелтушiнiң немесе кеменi жалдаушының және тасымалдаушының арасындағы келiсiмде көзделген жағдайларда және бұл туралы деректер коносаментке енгiзiлген кезде төлемдердi алушыға аударуға жол берiледi. 99-бап. Жалдау ақысының мөлшерi 1. Жалдау ақысының мөлшерi тараптардың келiсiмiмен белгiленедi. Тараптардың келiсiмi болмаған жағдайда жалдау ақысының мөлшерi жүктi тиеу орнында және жүктi тиеу кезiнде қолданылатын ставкалар негiзге алына отырып есептеп шығарылады. 2. Жүк кемеге жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартында көзделгеннен көп мөлшерде тиелген жағдайда жалдау ақысының мөлшерi тиiсiнше ұлғайтылады. 3. Жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартында көзделгеннiң орнына кемеге басқа жүк тиелiп, оның тасымалданғаны үшiн жалдау ақысының мөлшерi жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартында көзделгеннен көп болған жағдайда, жалдау ақысы шын мәнiнде тиелген жүктiң тасымалданғаны үшiн төленедi. 4. Шын мәнiнде тиелген жүктiң тасымалданғаны үшiн төленетiн жалдау ақысының мөлшерi жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартында көзделген жүктiң тасымалдағаны үшiн төленетiн жалдау ақысынан кем болған жағдайда, жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартында көзделген жалдау ақысы төленедi. 100-бап. Тасымалдау кезiнде жоғалған жүк үшiн жалдау ақысы 1. Тасымалдау кезiнде жоғалған жүк үшiн жалдау ақысы алынбайды немесе қайтарылуға тиiс. Жоғалған жүк құтқарылған жағдайда, тасымалдаушының кеме жүрiп өткен қашықтыққа бара-бар мөлшерде жалдау ақысын алуға құқығы бар. Кеменің iс жүзiнде жүрiп өткен қашықтығы үшiн жалдау ақысын есептеу кезiнде жолдың кеме жүк алып өткен бөлiгi мен кеменiң келiсiлген рейсiнiң бүкiл жолының ұзақтығымен арақатынасы есепке алынады. 2. Жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) табиғи қасиеттерiнiң немесе жөнелтушiге байланысты себептердiң салдарынан болған жүктер үшiн жалдау ақысы толық төленедi. 101-бап. Тасымалдаушының жауапкершiлiгi 1. Тасымалдаушы тасымалдау үшiн қабылданған жүктің жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн, сондай-ақ жүктi қабылдаған кезден бастап берген кезге дейiн оның жеткiзiлу мерзiмiн өткiзiп алғаны үшiн жауапты болады. 2. Егер жүк түсiру портына жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартында көзделген, тараптардың келiсiмiмен белгiленген мерзiмде, мұндай келiсiм болмаған жағдайда - салыстырмалы мән-жайлар кезінде талап етiлетiн мерзiмде жүк берiлмесе, тасымалдаушы жүктiң жеткiзiлу мерзiмiн өткiзiп алған деп танылады. 3. Тасымалдаушыға жүктің жоғалуына байланысты талап мәлiмдеуге құқығы бар тұлға, егер жүк түсiру портындағы жүктi алуға уәкiлеттi тұлғаға осы баптың 2-тармағында белгiленген жүктi беру мерзiмi бiткеннен кейiн жүк күнтiзбелiк отыз күн iшінде берiлмесе, жүктi жоғалған деп есептей алады. 4. Осы Заңның 105-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, тараптардың келiсуiмен тасымалдаушыны жауапкершiлiктен босатуға немесе оның жауапкершiлiгi мөлшерiн шектеуге жол берiлмейдi. 102-бап. Тасымалдаушыны жауапкершiлiктен босату 1. Егер жоғалу, кем шығу, зақымдану (бүлiну) немесе мерзiмiн өткiзiп алу: 1) еңсерілмейтiн күш; 2) теңiздегi және басқа да кеме жүзетiн сулардағы қауiптер немесе кездейсоқтықтар; 3) теңiзде адамдарды немесе мүлiктердi құтқару жөнiндегi шаралар; 4) тасымалдаушының кiнәсiнсiз шыққан өрт; 5) мемлекеттiк органдардың iс-әрекеттерi немесе өкiмдерi (ұстау, тұтқындау, карантин және басқалар); 6) соғыс қимылдары; 7) жөнелтушiнiң немесе алушының әрекетi (әрекетсiздiгi); 8) жүктiң, оның қасиеттерiнiң байқалмайтын кемшiлiктерi немесе табиғи кемуi; 9) жүктiң ыдыстары мен буып-түйiлуiнiң байқалмайтын кемшiлiктерi; 10) жүктi таңбалаудың жетiспеушiлiгi немесе көмескiлiгi; 11) теңiз портының жұмысын толық немесе iшiнара тоқтатуды не шектеудi туғызған ереуiлдер немесе өзге де мән-жайлар; 12) тасымалдаушының, оның қызметкерлерiнiң немесе агенттерiнiң кiнәсiнсiз туындаған өзге де мән-жайлар салдарынан болғанын дәлелдесе, тасымалдаушы жүктiң жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн, сондай-ақ оның жеткiзiлу мерзiмiнiң өткiзiп алынғаны үшiн жауапкершiлiктен босатылады. 2. Жүк баратын портына: 1) жүк қойылатын жарамды жайларда, жөнелтушiнiң пломбалары бұзылмай; 2) жолда ашылған iзi жоқ жарамды ыдыста; 3) жөнелтушiнiң немесе алушының өкiлi бiрге келген жағдайда; 4) тасымалдаушының кiнәсi жоқ екенiн дәлелдейтiн өзге де мән-жайлар болған кезде, егер алушы тасымалдау үшiн қабылданған жүктiң жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) тасымалдаушының кiнәсiнен болғанын дәлелдей алмаса, тасымалдаушы жүктiң жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн жауапкершiлiктен босатылады. 103-бап. Жүктің жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн тасымалдаушы жауапкершiлiгінiң мөлшерi 1. Тасымалдаушы жүктi тасымалдау кезiнде келтiрiлген залалды: 1) жүк жоғалған немесе кем шыққан жағдайда - жоғалған немесе кем шыққан жүктiң құны мөлшерiнде; 2) жүк зақымданған (бүлiнген) жағдайда - оның құны төмендеген сома мөлшерiнде, ал зақымданған (бүлiнген) жүктi қалпына келтiру мүмкiн болмаған жағдайда - оның құны мөлшерiнде; 3) тасымалдауға бағасы жарияланып өткiзiлген жүк жоғалған жағдайда - жүктің жарияланған құны мөлшерiнде өтейдi. 2. Жүктiң жоғалуы, кем шығуы немесе зақымдануы (бүлiнуi) туғызғаны анықталған залалды өтеумен қатар, тасымалдаушы жоғалған, кем шыққан немесе зақымданған (бүлiнген) жүктi тасығаны үшiн өндіріп алынған жалдау ақысын, егер ол жүктің құнына кірмесе, жүк жөнелтушiге (жүк алушыға) қайтарып бередi. 3. Тасымалдауға өткiзiлген жүктiң құны оның сатушы шотында көрсетiлген немесе шартта көзделген бағасы негiзге алына отырып, ал шот болмаған немесе шартта бағасы көрсетiлмеген жағдайда - мән-жайлар (жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартына сәйкес жүк түсiрiлген немесе түсiрiлуге тиiс болған жердегi және сол күнгi) салыстырыла отырып, әдетте сондай тауарлардан алынатын баға негiзге алына отырып анықталады. 4. Жүктiң жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн өтелуге тиiстi сомадан жүк иесi жасауға тиiс болған, бiрақ жүктiң жоғалуы, кем шығуы немесе зақымдануы (бүлiнуi) салдарынан жасалмаған жүк тасымалына жұмсалған шығыстар (жалдау ақысы, баж және басқалар) шегерiледi. 104-бап. Тасымалдаушының жауапкершiлiгiн шектеу 1. Жүктiң тегi мен түрiн, сондай-ақ құнын жүк тиелгенге дейiн жөнелтушi жарияламаған және коносаментке енгiзiлмеген жағдайда, тасымалдау үшiн қабылданған жүктiң жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн тасымалдаушының жауапкершiлiгi, қай соманың жоғары екендiгiне қарай, орын үшiн 666,67 есептiк бiрлiктен немесе жүк түсiрудiң басқа бiрлiгiнен не жоғалған, кем шыққан немесе зақымданған жүк брутто массасының бiр килограмы үшiн екi есептiк бiрлiктен аспауға тиiс. 2. Тасымалдау үшiн қабылданған жүктің жеткiзiлу мерзiмiн өткiзiп алғаны үшiн тасымалдаушының жауапкершiлiгi жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартына сәйкес төленуге тиiс жалдау ақысы мөлшерiнен аспауы керек. 3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес тасымалдаушы өтеуге тиiс жалпы сома осындай жауапкершілік туындаған жүкке қатысты оның толық жоғалғаны үшiн осы баптың 1-тармағына сәйкес белгiленген жауапкершiлiк шегiнен аспауы керек. 4. Жүктi тасымалдауға контейнер немесе арнаулы құрылғы (тұғырық немесе өзгелерi) пайдаланылатын жағдайда, осындай құрылғымен тасымалданғандар ретiнде орындар саны немесе түсiру бiрлiктерi болып коносаментте тiзiп келтiрiлген орындар саны немесе жүк түсiру бiрлiктерi есептеледi. Өзге жағдайларда, мұндай құрылғы жүктiң орны немесе бiрлiгi болып есептеледi. 5. Жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартының тараптары өздерiнiң келiсiмiмен осы баптың 1-3-тармақтарында көзделгендерден асып түсетiн жауапкершiлiк шектерiн белгiлей алады. 105-бап. Жауапкершiлiктi шектеу құқығын жоғалту Егер тасымалдау үшiн қабылданған жүктiң жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) не оны жеткiзу мерзiмiнiң өткiзiп алынғаны тасымалдаушының қасақана немесе өрескел абайсыздықтан жасаған әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) салдарынан болғаны дәлелденсе, оның осы Заңның 104-бабында көзделген жауапкершілiктi шектеуге құқығы жоқ. 106-бап. Нақты тасымалдаушының жауапкершiлiгi 1. Осы тараудың тасымалдаушы жауапкершiлiгi жөнiнде белгiленген ережелерi нақты тасымалдаушының өзi жүзеге асырған жүк тасымалы үшiн жауапкершiлiгiне де қолданылады. 2. Егер жүктi немесе оның бiр бөлiгiн тасымалдауды нақты тасымалдаушы жүзеге асырғанның өзiнде де, осы тарауда белгiленген ережелерге сәйкес бүкiл тасымалданған жүк үшін тасымалдаушы жауапты болады. 3. Тасымалдаушы өзiне осы тарауда көзделмеген мiндеттемелердi алғанда немесе осы тарауға сәйкес берiлетiн құқықтардан бас тартқанда негiз болатын келiсiм, нақты тасымалдаушыға, ол бұған жазбаша нысанда келiсiм берген жағдайда ғана қолданылады. 4. Тасымалдаушы мен нақты тасымалдаушы жауапты болған жағдайда олардың жауапкершiлiгi ортақ болып табылады. 5. Тасымалдаушының және нақты тасымалдаушының тасымалдау үшiн қабылданған жүктің жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) не оны жеткiзу мерзiмiнiң өткiзiп алынғаны үшiн жауапкершiлiгiнiң мөлшерi осы тарауда көзделген шектi жауапкершiлiк мөлшерiнен аспауға тиiс. 107-бап. Жүкті толассыз тасымалдау 1. Тасымалдаушы жүктiң бiр бөлiгiн тасымалдауды тасымалдаушы емес, басқа тұлға жүзеге асыруға тиiс екендiгi көзделетiн толассыз коносамент беретiн жағдайда, толассыз коносаментте тасымалдау үшiн қабылданған жүктiң жүк басқа тұлғаның қарауында болып, ол жүктiң бiр бөлiгiн тасымалдауды жүзеге асырған кезде орын алған мән-жайлардан туындаған жоғалуы, кем шығуы немесе зақымдануы (бүлiнуi) не оның жеткiзiлу мерзiмiнiң өткiзiп алынуы үшiн тасымалдаушының жауапты болмайтыны көзделуi мүмкiн. Тасымалдау үшiн қабылданған жүктiң жоғалуын, кем шығуын немесе зақымдануын (бүлiнуiн) не оның жеткiзiлу мерзiмiнiң өткiзiп алынуын осындай мән-жайлар туғызғанын дәлелдеу мiндетi тасымалдаушыға жүктеледi. 2. Жүк тасымалдаудың бiр бөлiгiн жүзеге асырушы тұлға жүк өзiнiң қарауында болған кезде орын алған мән-жайлардан туындаған тасымалдау үшiн қабылданған жүктiң жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн не оның жеткiзiлу мерзiмiнiң өткiзiп алынғаны үшiн тасымалдаушының жауапкершiлiгi туралы осы тарауда белгiленген ережелерге сәйкес жауапты болады. 108-бап. Жөнелтушi мен кеменi жалдаушының жауапкершiлiгi Егер зиянның өз кiнәсiнен немесе әрекетi (әрекетсiздiгi) үшiн өздерi жауап беретiн тұлғалар кiнәсiнен келтiрiлмегенiн дәлелдемесе, тасымалдаушыға келтiрiлген зияндар үшiн жөнелтушi мен кеменi жалдаушы жауапты болады. 11-тарау. ТЕҢІЗ АРҚЫЛЫ ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛДАУ ШАРТЫ 109-бап. Теңiз арқылы жолаушылар тасымалдау шартының анықтамасы Теңiз арқылы жолаушылар тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы жолаушыны және жолаушы өткiзген жағдайда багажды баратын портына (пунктiне) апаруға және багажды жолаушыға немесе алуға уәкiлеттi тұлғаға беруге мiндеттенедi, ал жолаушы жол жүргенi, ал багажды өткiзген жағдайда багажды алып жүргенi үшiн де ақы төлеуге мiндеттенедi. 110-бап. Теңiз арқылы жолаушылар тасымалдау шартының нысаны Теңiз арқылы жолаушылар тасымалдау шарты - билетпен, ал багаж өткiзiлген кезде багаж квитанциясымен де ресiмделедi. Билет пен багаж квитанциясының нысаны Қазақстан Республикасының уәкілетті органы бекiткен Тасымалдау қағидаларында белгiленедi. Ескерту. 110-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi). 111-бап. Багаж және каюталық багаж 1. Жолаушының баратын портқа (пунктке) багаж және каюталық багаж алып жүруiне құқығы бар. 2. Егер теңiз арқылы жолаушылар тасымалдау шартының талаптары бойынша автокөлiк құралдарын тасымалдау жүзеге асырылса, автокөлiк құралдарына салынған багаж да каюталық багаж деп саналады. 112-бап. Жолаушының жол жүргенi үшiн және оның багажды алып жүргенi үшiн төленетiн ақы 1. Жолаушының жол жүргенi үшiн және оның багажды алып жүргенi үшiн төленетiн ақы тараптардың келiсiмiмен белгiленедi. 2. Жолаушының жол жүргенi және оның багажды жалпыға ортақ пайдаланылатын көлiкпен алып жүргенi үшiн төленетiн ақыны тасымалдаушы белгiлейдi. 3. Жолаушының: 1) бөлек орын беру құқығынсыз өзiмен бiрге - жетi жасқа дейiнгi, ал халықаралық жол қатынастарында бес жасқа дейiнгi бiр баланы тегiн алып жүруге; 2) жетi жастан он бес жасқа дейiнгi балаларға Қазақстан Республикасының тасымалдаушысы жүзеге асыратын тасымалдау кезiнде билеттiң толық құнының елу процентiн төлеп, билет сатып алуға; 3) бес жастан он екi жасқа дейiнгi балаларға халықаралық жол қатынасында билеттiң толық құнының елу процентiн төлеп, билет сатып алуға; 4) өзiмен бiрге белгiленген норма шегiнде каюталық багажды тегiн алып жүруге; 5) багажды тасымалдауға белгiленген ақы төлеп өткiзуге құқығы бар. 113-бап. Жолаушылар мен багажды тасымалдау кезеңдерi 1. Жолаушылар мен багажды тасымалдау мынадай кезеңдердi қамтиды: 1) жолаушыға және оның каюталық багажына қатысты - жолаушыны кеме бортына отырғызу, одан түсiру, сондай-ақ жолаушының және каюталық багаждың кеме бортында болу кезеңi. Жолаушы мен багажды тасымалдауға, егер оның құны билет құнына енгiзiлсе немесе егер қосымша тасымалдау үшiн кеменi тасымалдаушы жолаушының билiгiне берсе, жағалаудан су жолымен кемеге не, керiсiнше, жағалауға жеткiзу кезеңi енгiзiледi; 2) кемеге немесе баратын порттың (пункттiң) айлағына (вокзалына) жеткiзу үшiн жолаушы өткiзетiн каюталық багажға қатысты - тасымалдаушы, оның қызметкерi немесе агентi каюталық багажды қабылдаған кезден бастап, оны кеме бортындағы немесе баратын порттағы (пункттегi) жолаушыға бергенге дейiнгi кезең; 3) багажға қатысты - тасымалдаушы, оның қызметкерi немесе агентi багажды жағалауда не кеме бортында қабылдаған кезден бастап, багажды жолаушыға немесе багажды алуға уәкiлеттi адамға бергенге дейiнгi кезең. 2. Жолаушыға қатысты тасымалдауға жолаушы теңiз вокзалында, айлағында немесе өзге де порт ғимаратында болған кездегi кезең енгiзiлмейдi. 114-бап. Теңiз арқылы жолаушы тасу шартынан бас тарту 1. Жолаушы кеме кеткенге дейiн, сондай-ақ рейс басталғаннан кейiн, жолаушыларды отырғызу немесе түсiру үшiн кеме кiрген кез келген портта теңiз арқылы жолаушы тасу шартынан бас тартуға құқылы. 2. Тасымалдаушы теңiз арқылы жолаушы тасымалдау шартын орындаудан өзiне байланысты емес мынадай мән-жайлар туындаған кезде: 1) соғыс қимылдары және кеменi басып алу қатерiн төндiретiн өзге де iс-қимылдар; 2) жөнелту портының (пунктiнiң) немесе баратын портының (пунктiнiң) қоршауға алынуы; 3) кеменi мемлекеттiк қажеттерге тарту; 4) кеме опат болған немесе оны басып алған; 5) кеме жүзуге жарамсыз деп танылған; 6) әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларда; 7) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де жағдайларда бас тартуға құқылы. 3. Осы бапта көзделген мән-жайлар туындаған кезде теңiз арқылы жолаушы тасымалдау шартын орындаудан бас тартқан тасымалдаушы өз есебiнен жолаушыны оның талап етуi бойынша шыққан портына (пунктiне) жеткiзуге немесе жолаушыға шеккен шығыстарын өтеуге мiндеттi. 4. Жолаушы теңiз арқылы тасымалдау шартын орындаудан кеме кеткенге дейiн бас тартқан жағдайда оған жол жүргенi және багажды алып жүргенi үшiн төленген соманың бәрi, ал рейс басталғаннан кейiн - жолаушыны тасымалдау жүзеге асырылмаған қашықтыққа бара-бар мөлшерде жол жүруi және багажды алып жүруi үшiн төленген соманың бiр бөлiгi қайтарылады. 5. Жол жүргенi және багажды алып жүргенi үшiн төленген ақыны қайтару уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен жүргiзiледi. Ескерту. 114-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 115-бап. Теңiз арқылы жолаушы тасымалдау шартының өзгертiлуi 1. Егер жөнелту портындағы (пунктiндегi), межелі порттағы (пункттегi) немесе жолаушы тасымалдау маршрутымен жүрiп келе жатқан жолдағы әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан, сондай-ақ тасымалдаушыға байланысты емес басқа да мән-жайлардың салдарынан тасымалдаушы кеменiң кетуiн кiдiрте тұруға, жолаушыны тасымалдау маршрутын, жолаушыны отырғызу және (немесе) түсiру орнын өзгерту қажет болса, осындай әрекеттер жасауға құқылы. Осы тармақта аталған жағдайларда тасымалдаушы өз есебiнен жолаушыны оның талап етуi бойынша шыққан портына (пунктiне) жеткiзуге немесе жолаушыға шеккен шығыстарын өтеуге мiндеттi. 2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген ережелердiң жолаушының теңiз арқылы жолаушы тасу шартынан бас тарту құқығына қатысы жоқ. Ескерту. 115-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 116-бап. Жолаушының өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлгенi үшiн тасымалдаушының жауапкершiлiгi 1. Егер зиян жәбiрленушiнің қасақана пиғылы немесе еңсерiлмейтiн күш салдарынан келтiрiлгенiн дәлелдей алмаса, тасымалдаушы жолаушының өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлуi салдарынан туындайтын мән-жайлар бойынша Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жауапкершiлiктi мойнына алады. Егер тасымалдаушы басқа адамдардың құқыққа қарсы әрекеттерi салдарынан кеме өз иеленуiнен шығып қалғанын дәлелдесе, ол келтiрiлген зиян үшiн жауап бермейдi. Мұндай жағдайларда жолаушының өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн кеменi құқыққа қарсы иеленiп алған тұлғалар жауапты болады. Кеменiң өз иеленуiнен құқыққа қарсы алып қойылуына тасымалдаушының кiнәсi болған жағдайда тасымалдаушыға да, кеменi иеленiп алған тұлғаларға да жауапкершiлiк жүктелуi мүмкiн. 2. Егер жолаушының өрескел абайсыздығы оның қайтыс болуына немесе денсаулығының зақымдануына себеп болғанын не оның қайтыс болуына немесе денсаулығының зақымдануына себепшi болғанын дәлелдесе, тасымалдаушы жауапкершiлiктен iшiнара босатылуы мүмкiн. 117-бап. Тасымалдаушының багаждың жоғалуы, кем шығуы немесе зақымдануы (бүлiнуi) үшiн жауапкершiлiгi 1. Егер багаждың жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) өз кiнәсiнен болмағанын дәлелдей алмаса, жолаушы багажының жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн тасымалдаушы жауап бередi. 2. Тасымалдау кезiнде багажға келтiрiлген залал Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгіленген тәртiппен өтеледi. 3. Егер ақша, бағалы қағаздар, алтын, күмiстен, асыл заттардан жасалған бұйымдар, әшекей заттар, өнер туындылары немесе басқа да құндылықтар, оларды тұтас күйінде сақтауға келiскен тасымалдаушының сақтауына өткiзiлмесе, тасымалдаушы мұндай құндылықтардың жоғалуына, кем шығуына немесе зақымдануына (бүлiнуiне) жауап бермейдi. Сақтауға өткiзiлген құндылықтар үшiн тасымалдаушы толық көлемiнде жауапты болады. Шартта жауапкершiлiктiң осы Заңның 104-бабында белгiленгенiнен артық шектi мөлшерi көзделуi мүмкiн. 118-бап. Багаждың жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) туралы мәлiмдеме 1. Жолаушы мынадай мерзiмдерде тасымалдаушыға немесе оның агентiне: 1) каюталық багаж жоғалған, кем шыққан немесе зақымданған (бүлiнген) жағдайда - жолаушы түскенге дейiн немесе түскен кезде; 2) багаж жоғалған, кем шыққан жағдайда - жолаушы түскен күннен немесе багаж берiлуге тиiс болған кезден бастап он бес күн iшiнде; 3) багаж зақымданған (бүлiнген) жағдайда - оның берiлген кезiнде; 4) багаж немесе каюталық багаж байқалмайтындай зақымданған (бүлiнген) жағдайда - ол берiлгенiнен бастап он бес күн iшiнде жазбаша нысанда мәлiмдеме жiберуге тиiс. 2. Жолаушы осы бапта көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, егер өзгеше дәлелденбесе, жолаушы өз багажын зақымданбаған күйiнде алды деп саналады. 3. Егер багажды алу кезiнде тасымалдаушы жолаушымен бiрге багажды қарап шықса немесе оның жай-күйiн тексерiп, ол туралы тиiстi акт жасаса, жолаушының жазбаша нысандағы мәлiмдемесi талап етiлмейдi. 119-бап. Сақтаудың шектi мерзiмiнiң өтуi бойынша багажға билiк ету Егер жолаушы тасымалдаушыға байланысты емес себептер бойынша багажды алмаған болса, тасымалдаушы оны билетке сәйкес жолаушыны тасымалдау аяқталған теңiз портына өткiзуге құқылы. Мұндай багажды сақтау мен оған билiк ету тәртiбi тасымалдау ережелерiмен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленедi. 120-бап. Тасымалдаушының кеменi жөнелтудi кiдiрткенi немесе кеменiң кешiгiп келгенi үшiн жауапкершiлiгi Егер тасымалдаушы кеменi жөнелтудi кiдiрткенi немесе оның кешiгiп келуi тасымалдаушыға байланысты емес мән-жайлардың салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, жолаушыларды тасымалдаушы кеменi жөнелтудiң кiдiртiлгенi немесе кеменiң баратын портқа (пунктке) кешiгiп келгенi үшiн тасымалдаушы жолаушыға кiдiрiстiң әрбiр сағаты үшiн билет құнының үш процентi мөлшерiнде айыппұл төлейдi, бiрақ ол жолаушының жол жүруi үшiн төлеген және оның багажды алып жүруi үшiн төлеген ақысының елу процентiнен аспауы керек. 121-бап. Нақты тасымалдаушы 1. Жолаушы тасымалдау немесе тасымалдаудың бiр бөлiгін жүзеге асыру нақты тасымалдаушыға тапсырылған жағдайда, тасымалдаушы бүкiл жолаушы тасымалы үшiн осы тарауда белгiленгендей жауапты болады. Бұл орайда нақты тасымалдаушының өзi жүзеге асыратын жолаушы тасымалдауға қатысты осы тарауда көзделген құқығы мен мiндетi болады. 2. Нақты тасымалдаушы жүзеге асыратын жолаушы тасымалдауға қатысты өз мiндеттерi (өкiлеттiктерi) шегiнде әрекет еткен нақты тасымалдаушының, оның қызметкерлерiнiң немесе агенттерiнiң әрекетi (әрекетсiздiгi) үшiн тасымалдаушы жауапты болады. 3. Нақты тасымалдаушының қосымша мiндеттерi жазбаша нысанда жасалған келiсiмде белгiленедi. 4. Егер жауапкершiлiктi тасымалдаушы мен нақты тасымалдаушы мойнына алған жағдайда олардың жауапкершiлiгi ортақ болып табылады. 122-бап. Жолаушылар тасу кестесі Жолаушылар тасымалдайтын кемемен жолаушылар тасымалдауды кесте бойынша тасымалдаушы ұйымдастырады. Жолаушылар тасымалдау кестесiн өзгерту тасымалдау ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады. 123-бап. Мүдделi тұлғалардың ұсыныстары бойынша жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру Жолаушылар тасымалдау тиiстi шарт жасала отырып, мүдделi тұлғалардың ұсыныстары бойынша ұйымдастырылуы мүмкiн. Мұндай тасымал үшiн төленетiн ақы, соның iшiнде жолаушы мен оның багажын алып жүру үшiн төленетiн ақы тараптардың келiсiмiмен белгiленедi. 12-тарау. КЕМЕНI ЭКИПАЖЫМЕН ЖАЛДАУ (ТАЙМ-ЧАРТЕР) ШАРТЫ 124-бап. Тайм-чартердiң мазмұны Тайм-чартерде тараптардың атауы, кеменiң атауы, оның техникалық және пайдаланылу деректерi (жүккөтергiштiгi, жүксыйымдылығы, жылдамдығы және басқалар), жүзу ауданы, кеменi жалдау мақсаты, кеменiң берiлетiн және қайтарылатын уақыты, орны, жалдау ақысының ставкасы, шарттың қолданылу мерзiмi көрсетiлуге тиiс. 125-бап. Кеменi қосалқы жалдау (субтайм-чартер) шарты 1. Тайм-чартерде өзгеше көзделмеген жағдайда, кеменi жалдаушының тайм-чартерде берiлген құқықтар шегiнде өз атынан субтайм-чартер жасасуға құқығы бар. Субтайм-чартер жасасу кеменi жалдаушыны кемесiмен жалданушымен жасасқан тайм-чартердi орындаудан босатпайды. 2. Субтайм-чартерге осы тарауда көзделген ережелер қолданылады. 126-бап. Тайм-чартер бойынша кеменің теңiзде жүзу жағдайын қамтамасыз ету 1. Жалға кеме беруші кеменi жалдаушыға кеменi берер кезде оны теңiзде жүзу жағдайына келтiрiп қоюға - тайм-чартерде көзделген кемені жалдау мақсаттары үшін кеменің (оның корпусының, двигателiнің және жабдықтарының) жарамдылығын қамтамасыз ету жөнiнде, кеме экипажын жасақтау және кеменi тиiсiнше жарақтандыру жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi. 2. Кемесiмен жалданушы да тайм-чартердiң қолданылу мерзiмi ішінде кеменi теңiзде жүзу жағдайында ұстауға, кеменi және өзiнiң жауапкершілігiн сақтандыруға, сондай-ақ кеме экипажы мүшелерiн ұстауға жұмсалатын шығыстарды төлеуге мiндеттi. Ескерту. 126-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 127-бап. Кеменi жалдаушының кеменi коммерциялық мақсатта пайдалану және оны қайтару жөнiндегi мiндеттерi 1. Кеменi жалдаушы кеменiң және оның экипажы мүшелерiнiң көрсететiн қызметтерiн олардың тайм-чартерде белгiленген мақсаттары мен талаптарына сәйкес пайдалануға мiндеттi. Кеменi жалдаушы кеменi коммерциялық мақсатта пайдалануға байланысты шығыстарды төлейдi. Жалдап алынған кеменiң және оның экипажы мүшелерiнiң көрсететiн қызметтерiн пайдалану нәтижесiнде алынған кiрiстер кеменi жалдаушының меншiгi болып табылады, бұған осы Заңның 132-бабына сәйкес кемесiмен жалданушы және кеменi жалдаушы арасында бөлiнетiн құтқарудан түскен кiрiстер қосылмайды. 2. Тайм-чартердiң қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн кеменi жалдаушы кемесiмен жалданушыға, кеменiң қалыпты тозуын ескере отырып, ол қандай күйде алынған болса, сондай күйде қайтаруға мiндеттi. 3. Кеменi уақтылы қайтармаған жағдайда кеменi жалдаушы кеменi кiдiрткенi үшiн тайм-чартерде көзделген жалдау ақысы мөлшерiндегi соманы немесе, егер ол тайм-чартерде көзделген жалдау ақысы ставкасынан асып түссе, жалдау ақысының рыноктық ставкасына сәйкес соманы төлейдi. 128-бап. Кеменi жалдаушының жүк иесi алдындағы жауапкершiлiгi Кеме жүк тасымалдау үшiн кеменi жалдаушыға берiлген жағдайда, кеменi жалдаушы өз атынан жүк тасымалдау шартын жасасуға, чартерлерге қол қоюға, коносаменттер, теңiз жүк құжаттарын беруге құқылы. Бұл жағдайда кеменi жалдаушы осы Заңның 101-108-баптарының нормаларына сәйкес жүк иесiнің алдында жауапты болады. 129-бап. Кеме экипажы мүшелерiнiң бағыныстылығы 1. Кеме капитаны мен кеме экипажының басқа да мүшелерi кеменi жалдаушының кеменi басқаруға, соның ішінде кеменi жүргiзуге, кемедегi iшкi тәртiпке және кеме экипажының құрамына қатысты өкiмiне бағынады. 2. Кеме капитаны мен кеме экипажының басқа да мүшелерi үшiн кеменi жалдаушының кеменi коммерциялық мақсатта пайдалануға қатысты өкiмi мiндеттi болады. 130-бап. Кеменi құтқарудан, оның опат болуынан немесе зақымдануынан келтiрiлген зияндар үшiн кеменi жалдаушының жауапкершiлiктен босатылуы Егер зиян кеменi жалдаушының кiнәсiнен келтiрiлгенi дәлелденбесе, кеменi жалдаушы кеменi құтқарудан, оның опат болуынан немесе зақымдануынан келтiрiлген зияндар үшiн жауапты болмайды. 131-бап. Жалдау ақысын төлеу 1. Кеменi жалдаушы кемесiмен жалданушыға тайм-чартерде көзделген тәртiппен және мерзiмде жалдау ақысын төлейдi. Теңiзде жүзе алмайтын жағдайда болуы салдарынан кеменiң пайдалануға жарамсыз болған уақыты үшiн кеменi жалдаушы жалдау ақысы мен кемеге жұмсалатын шығыстарды төлеуден босатылады. Кеменi жалдаушының кiнәсiнен кеме пайдалануға жарамсыз болған жағдайда, кеменi жалдаушының кемесiмен жалданушыға келтiрген шығындарын өтегенiне қарамастан, кемесiмен жалданушының тайм-чартерде көзделген жалдау ақысына құқығы бар. 2. Кеменi жалдаушы жалдау ақысын төлеудiң мерзiмiн күнтiзбелiк он бес күннен астам уақытқа өткiзiп алған жағдайда, кеме иесiнiң кеменi жалдаушыға ескертпестен одан кеменi алып қоюға және мерзiмiн өткiзiп алуынан келтiрiлген зияндарды өндiрiп алуға құқығы бар. 3. Кеме опат болған жағдайда тайм-чартерде көзделген күннен бастап, кеме опат болған күнге немесе, егер бұл күндi анықтау мүмкiн болмаса, кеме туралы соңғы хабар алынған күнге дейiн жалдау ақысы төленуге тиiс. 132-бап. Құтқару жөнiндегi қызметтер көрсетiлгенi үшiн төленетiн сыйақы Тайм-чартердің қолданылуы бiткенге дейiн құтқару жөнiнде көрсетілген қызметтер үшін кемеге тиесілi сыйақы, құтқаруға жұмсалған шығыстар мен кеме экипажына тиесiлi сыйақы үлесi шегерiле отырып, кемесiмен жалданушы және кеменi жалдаушы арасында тең үлесте бөлiнедi. 13-тарау. КЕМЕНI ЭКИПАЖСЫЗ ЖАЛДАП АЛУ ШАРТЫ (БЕРБОУТ-ЧАРТЕР) 133-бап. Бербоут-чартердiң мазмұны Бербоут-чартерде тараптардың атауы, кеме атауы, оның сыныбы, туы, техникалық және пайдалану деректерi (жүккөтергiштiгi, жүксыйымдылығы, жылдамдығы және басқалар), оған жұмсалатын отын мөлшерi, жүзу ауданы, кеменi жалдау мақсаты, кеменiң берiлетiн және қайтарылатын уақыты, орны, жалдау ақысының ставкасы, шарттың қолданылу мерзiмi көрсетiлуге тиiс. 134-бап. Кеменi қосалқы жалдау шарты (суббербоут-чартер) 1. Бербоут-чартерде өзгеше көзделмеген жағдайда, кеменi жалдаушы бербоут-чартерде берiлген құқықтар шегiнде өз атынан суббербоут-чартер жасасуға құқылы. Суббербоут-чартердi жасасу кеменi жалдаушыны кемесiмен жалданушымен жасасқан бербоут-чартердi орындаудан босатпайды. 2. Осы тарауда көзделген ережелер суббербоут-чартерге қолданылады. 135-бап. Бербоут-чартер шарты бойынша кеменiң теңiзде жүзу жағдайын қамтамасыз ету 1. Кемесiмен жалданушы кеменi жалдаушыға кеменi берер кезде оны теңiзде жүзетiн жағдайына келтiрiп қоюға - бербоут-чартерде көзделген кеменi жалдау мақсаттары үшiн кеменiң (оның корпусының, двигателiнiң және жабдықтарының) жарамдылығын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi. 2. Кеменi жалдаушы бербоут-чартердiң қолданылу мерзiмi iшiнде кеменi теңiзде жүзетiн жағдайда ұстауға мiндеттi, бұл орайда кеменің жасырын кемшiлiктерiн жою кемесiмен жалданушының мiндетi болып табылады. 136-бап. Бербоут-чартер талаптары бойынша кеме экипажын жасақтау Кеме экипажын жасақтауды кеменi жалдаушы жүзеге асырады. Кеменi жалдаушы кеме экипажын бұрын осы кеменiң экипаж мүшелерi болмаған адамдардан немесе бербоут-чартердің талаптарына сәйкес, бұрын осы кеме экипажының мүшелерi болған адамдардан жасақтауға құқылы. Кеме экипажын жасақтау әдiсiне қарамастан, кеме капитаны мен кеме экипажының басқа да мүшелерi кеменi жалдаушыға бағынады. 137-бап. Кеменi жалдаушының кеменi пайдалану және оны қайтару жөнiндегi мiндеттерi 1. Кеменi жалдаушы кеменi пайдалануды бербоут-чартердiң талаптарына сәйкес жүзеге асырады және оны пайдалануға байланысты барлық шығыстарды, соның iшiнде кеме экипажының мүшелерiн ұстауға арналған шығыстарды да көтередi. 2. Бербоут-чартердiң қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн кеменi жалдаушы кемесiмен жалданушыға, кеменiң қалыпты тозуын ескере отырып, өзi қандай күйде алса, сондай күйде қайтаруға мiндеттi. 138-бап. Кеменi жалдаушының үшiншi тұлғалар алдындағы жауапкершiлiгi Кемеден аққан мұнайдан теңiздiң ластануы келтiрген залалды және қауiптi жүктердi теңiз арқылы тасымалдауға байланысты залалды өтеу талаптарын қоспағанда, кеменi жалдаушы кеменi пайдалануға байланысты туындайтын талаптар бойынша үшiншi тұлғалар алдында жауапты болады. 139-бап. Кеменi құтқарудан, оның опат болуынан немесе зақымдануынан келтiрiлген зияндар Егер зиян өзiнiң кiнәсiнен келтiрiлмегенiн дәлелдемесе, кеменi құтқарудан, оның опат болуынан немесе зақымдануынан келтiрiлген зияндарды кеменi жалдаушы көтередi. 140-бап. Кемесiмен жалданушыға жалдау ақысын төлеу 1. Кемесiмен жалданушыға кеменi жалдаушы тараптар келiскен ставка бойынша бiр ай бұрын жалдау ақысын төлейдi. Егер кеменiң жарамсыздығы кеменi жалдаушының кiнәсiнен болмаса ғана, кеменi жалдаушы кеменің теңiзде жүзе алмайтын жағдайда болуы салдарынан пайдалануға жарамсыз уақыт үшiн кемеге жалдау ақысы мен шығыстар төлеуден босатылады. 2. Осы Заңның 141-бабында көзделген жағдайды қоспағанда, жалдау ақысын төлеу мерзiмi күнтiзбелiк он бес күннен артық өткiзiлiп алған жағдайда, кемесiмен жалданушының кеменi жалдаушыдан кеменi ескертусiз алып қоюға және кеменi жалдаушыдан мерзiмiн өткiзiп алғандықтан келтiрiлген зияндарды өндiрiп алуға құқығы бар. 3. Кеме опат болған жағдайда жалдау ақысы бербоут-чартерде көзделген күннен бастап, кеме опат болған күнге дейiн немесе, егер бұл күндi анықтау мүмкiн болмаса, кеме туралы соңғы хабар алынған күнге дейiн төленуге тиiс. 141-бап. Кеменi алып қоюға жол бермеу Осы Заңның 142-бабында белгiленген ережелерге сәйкес, кеменi сатып алу шартымен жасалған бербоут-чартер бойынша жалдау ақысын төлеу мерзiмi күнтiзбелiк он бес күннен астам өткiзiлiп алған жағдайда, егер мұндай мерзiмiн өткiзiп алу кеменi жалдаушыға байланысты емес мән-жайлардан туындаса, кеме иесiнiң кеменi жалдаушыдан кеменi алып қоюға құқығы жоқ, бiрақ кеменi жалдаушыдан мерзiмiн өткiзiп алу келтiрген зияндарды өндiрiп алуға құқылы. 142-бап. Кеменi сатып алу Егер кеменi жалдаушы бербоут-чартер бойынша өз мiндеттемелерiн орындап, осы Заңның 140-бабының 1-тармағына сәйкес ең соңғы жалдау ақысын төлесе, кеменi жалдаушы кеменi сатып алатын талаппен жасалған бербоут-чартер бойынша, бербоут-чартердiң қолданылу мерзiмi бiткеннен кейiн кеме кеменi жалдаушының меншiгiне өтедi. 143-бап. Сатып алынған кеменің кемшiлiктерi үшiн жауапкершiлiк Егер кеменi жалдаушы кеменiң кемшiлiктерi кеме өзiне берiлгенге дейiн, немесе ол берiлгенге дейiн туындаған себептерге байланысты пайда болғанын дәлелдесе, кеменi жалдаушы сатып алған кеменің кез келген кемшiлiктерi үшiн, соның iшiнде байқалмайтын кемшiлiктерi үшiн кемесiмен жалданушы жауапты болады. 14-тарау. СҮЙРЕТІП ЖҮЗУ ШАРТЫ 144-бап. Сүйретiп жүзу шарты Сүйретiп жүзу шарты бойынша бiр кеменің иесi сыйақы алып, екiншi кеменi немесе өзге де жүзбелi объектiнi белгiлi бiр қашықтыққа не порт айдынында маневрлер жасау үшiн, соның iшiнде кеменi немесе өзге де жүзбелi объектiнi портқа кiргiзу не оны порттан шығару үшiн сүйретiп жүзуге мiндеттенедi. 145-бап. Сүйретiп жүзу шарты тараптарының мiндеттерi Сүйретіп жүзу шартының әрбiр тарабы өз кемесiн немесе өзге де жүзбелi объектiнi сүйретiп жүзуге жарамды күйге алдын ала келтiрiп қоюға мiндеттi. 146-бап. Теңiзде сүйретiп жүзу кезiндегi жауапкершiлiк 1. Теңiзде сүйретiп жүзу сүйретiп жүзушi кеме капитанының басқаруымен жүзеге асырылады. Теңiзде сүйретiп жүзу кезiнде сүйретуге алынған кемеге немесе өзге де жүзбелi объектiге не олардағы адамдарға немесе мүлiкке келтiрiлген залал үшiн, егер залал өз кiнәсiнен келтiрiлмегенiн дәлелдей алмаса, сүйретiп жүзушi кеменiң иесi жауапты болады. 2. Теңiзде сүйретiп жүзу шартының тараптары жазбаша нысандағы келiсiммен теңiзде сүйретiп жүзудi басқару жөнiндегi мiндеттi сүйретуге алынған кеменiң немесе өзге де жүзбелi объектiнiң капитанына жүктей алады. Бұл жағдайда теңiзде сүйретiп жүзу кезiнде сүйретiп жүзушi кемеге не ондағы адамдарға немесе мүлiкке келтiрiлген залал үшiн, егер залал өз кiнәсiнен келтiрiлмегенiн дәлелдей алмаса, сүйретуге алынған кеменiң немесе өзге де жүзбелi объектiнiң иесi жауапты болады. 147-бап. Портта сүйретiп жүзу кезiндегi жауапкершiлiк 1. Портта сүйретiп жүзу сүйретуге алынған кеме немесе өзге де жүзбелi объект капитанының басқаруымен жүзеге асырылады. Портта сүйретiп жүзу кезiнде сүйретiп жүзушi кемеге не ондағы адамдарға немесе мүлiкке келтiрiлген залал үшiн, егер залал өз кiнәсiнен келтiрiлмегенiн дәлелдей алмаса, сүйретуге алынған кеменiң немесе өзге де жүзбелi объектiнiң иесi жауапты болады. 2. Портта сүйретiп жүзу шартының тараптары жазбаша нысандағы келiсiммен портта сүйретiп жүзудi басқару жөнiндегi мiндеттi сүйретiп жүзушi кеменiң капитанына жүктеуге құқылы. Бұл жағдайда портта сүйретiп жүзу кезiнде сүйретуге алынған кемеге немесе өзге де жүзбелi объектiге не олардағы адамдарға немесе мүлікке келтiрiлген залал үшiн, егер залал өз кiнәсiнен келтiрiлмегенiн дәлелдей алмаса, сүйретiп жүзушi кеменiң иесi жауапты болады. 148-бап. Мұз қатқан жағдайда сүйретiп жүзу кезiндегi жауапкершiлiк Мұз қатқан жағдайда сүйретіп жүзу кезiнде сүйретуге алынған кемеге немесе өзге де жүзбелi объектiге не олардағы адамдарға немесе мүлікке келтiрілген залал үшiн, егер залал сүйретiп жүзушi кеме иесiнiң кiнәсiнен келтiрiлгенi дәлелденбесе, ол жауапты болмайды. 15-тарау. КӨЛІК ЭКСПЕДИЦИЯСЫНЫҢ, ТЕҢІЗ АГЕНТТІГІН ЖҮРГІЗУДІҢ, ТЕҢІЗ ДЕЛДАЛДЫҒЫНЫҢ ШАРТТАРЫ 149-бап. Көлiк экспедициясының шарты 1. Көлiк экспедициясының шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне, осы Заңға және уәкілетті орган бекiткен Теңіз көлiгіндегi экспедиторлық қызметтi жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жасалады. 2. Көлiк экспедициясының шарты бойынша бiр тарап (экспедитор) сыйақы алып және екiншi тараптың (клиенттiң, жүктi жөнелтушiнiң немесе алушының) есебiнен экспедиция шартында белгiленген, жүк тасымалдауға байланысты қызметтердi орындауға немесе орындауды ұйымдастыруға, соның iшiнде клиенттiң атынан немесе өз атынан жүк тасымалдау шартын жасасуға мiндеттенедi. Ескерту. 149-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. 150-бап. Теңiз агенттiгiн жүргiзу шарты 1. Теңiз агенттiгiн жүргiзу шарты теңiз агентi мен кеме иесi арасында жасалған көлiк экспедициясының шарты болып табылады. 2. Теңiз агенттiгiн жүргiзу шарты бойынша теңiз агентi сыйақы алып және кеме иесiнiң есебiнен жүк тасымалдауға байланысты, шартта белгiленген қызмет көрсетудi орындауға немесе орындауды ұйымдастыруға мiндеттенедi. Шартта белгiленген өкiлеттiктер шегiнде теңiз агентi өз атынан және кеме иесiнiң атынан: 1) кеменiң портқа келуiне, кеменiң портта болуына және кеменің порттан шығуына байланысты қажеттi iс-әрекеттердi орындайды; 2) кеменiң портта болуына байланысты төленуге тиiстi сомаларды төлейдi; 3) кеменi жабдықтауды және оған портта қызмет көрсетудi ұйымдастыруда кеме капитанына көмек көрсетедi; 4) жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартын жасасады; 5) жүктiң құжаттарын ресiмдейдi; 6) жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартынан туындайтын талаптар бойынша кеме иесiне тиесiлi соманы алады; 7) шартқа сәйкес өзге де iс-әрекеттердi жасайды. 3. Теңiз агентi кеме иесiнiң келiсiмiмен өзiне осындай әрекеттер жасауға уәкiлдiк берген екiншi тараптың пайдасына да заңдық және өзге де әрекеттердi жасауға құқылы. 4. Шартты орындау мақсатында теңiз агентi кеме иесiнің алдында теңiз субагентiнiң әрекеттерi үшiн жауапты болып қала отырып, басқа тұлғалармен теңiз агенттiгiн жүргiзу шарттарын жасасуға құқылы. Егер теңiз субагентi сенiм бiлдiрудi беру негiзiнде әрекет етпесе ғана, теңiз субагентiнiң кеме иесi атынан үшiншi тұлғалармен мәмiлелер жасасуға құқылы емес. 5. Теңiз агентi: 1) кеме иесiнің мүдделерiн көздейтiн және теңiз агенттiгiн жүргiзу практикасына сәйкес қызметтi адал жүзеге асыруға; 2) өз өкiлеттiктерi шегiнде әрекет етуге; 3) кеме иесiне оның талап етуiмен тапсырмалардың орындалу барысы туралы барлық мәлiметтердi хабарлауға; 4) жасалған мәмiле бойынша алынғандардың бәрiн кiдiртпей кеме иесiне беруге; 5) қаражаттың жұмсалу есебiн жүргiзуге; 6) кеме иесiне тиiстi құжаттарды қоса тiркеп, тапсырмалардың орындалуы туралы, егер тапсырмалардың сипаты бойынша бұл талап етiлсе, есеп беруге мiндеттi. 6. Егер шартта өзгеше көзделмесе, кеме иесi: 1) кеме агентiне теңiз агенттiгiн жүргiзу шартына сәйкес әрекеттер жасауға жеткiлiктi қаражат беруге; 2) теңiз агентiне оның жұмсаған шығыстарын өтеуге; 3) егер теңiз агентi кеме иесiнiң атынан және өз өкiлеттiктерi шегiнде әрекет жасаса, теңiз агентi әрекеттерiнің салдары үшiн жауапты болуға; 4) теңiз агентiне теңiз агенттiгiн жүргiзу шартында белгiленген мөлшерде және тәртiппен сыйақы төлеуге; 5) теңiз агентiнің шартқа сәйкес орындағандарының бәрiн кiдiртпей қабылдауға мiндеттi. 7. Теңiз агенттiгiн жүргiзу шарты белгiсiз мерзiмге жасалған жағдайда, тараптардың әрқайсысы шартты бұзатындығы туралы екiншi тарапқа шарт бұзылғанға дейiн үш айдан кешiктiрмей хабарлап, мұндай шартты бұзуға құқылы. 151-бап. Теңiз делдалдығының шарты 1. Теңiз делдалдығының шарты бойынша, делдал (теңiз брокерi) сенiм бiлдiрушiнiң тапсыруы бойынша оның атынан және соның есебiнен кемелердi сатып алу-сату, кемелердi жалдап алу, сүйретіп жүзу шарттарын, сондай-ақ теңiздегi сақтандыру шарттарын жасасқан кезде теңiз делдалдығының шартында белгiленген сыйақы үшiн делдалдық қызметтер көрсетуге мiндеттенедi. 2. Теңiз брокерi, егер тараптар оған уәкiлеттiк берсе, шарттар жасасқан кезде екi тараптың өкiлi болуға құқылы. Бұл орайда теңiз брокерi тараптардың әрқайсысына өзiнiң екiншi тарапқа да өкiлдiк жасайтынын хабарлауға және делдалдық қызметтердi көрсеткен кезде екi тараптың да мүдделерiн көздеп әрекет жасауға мiндеттi. 16-тарау. ЖАЛПЫ АВАРИЯ 152-бап. Жалпы авария ұғымы және оны бөлу принциптерi 1. Теңiздегi ортақ iске жалпы қауiпсiздiк және мүлiктi жалпы қауiптен сақтау мақсатында жасалған теңiз арқылы тасымалдау ережелерiне сәйкес теңiздегi ортақ iс аяқталған күнi және сол жерде кеменің, жүктiң және жалдау ақысы құнына мөлшерлес етiп кеме, жүк және жалдау ақысы арасында бөлiнетiн зияндар және (немесе) шығыстар жалпы авария деп танылады. Жалпы авария деп танылатын залалдарға: 1) құтқару жөнiндегi шаралардың қолданылуы туғызған залалдар; 2) жүктiң, отынның, жабдықтау заттарының зақымдануы немесе жоғалуы, жалдау ақысының ысырабы туғызған залалдар; 3) кеменің, оның машиналарының немесе керек-жарақтарының зақымдануы туғызған залалдар жатады. Жалпы авария деп танылатын шығыстарға: 1) кеменің паналайтын жерге кiруi туғызған шығыстар; 2) кеменi уақытша жөндеу туғызған шығыстар; 3) жалпы қауiпсiздiк үшiн кеменi кiдiрте тұру туғызған шығыстар; 4) кеменi жүзуге жарамсыз деп танудың немесе кеменің рейстi жалғастырудан бас тартуының салдарынан туған шығыстар; 5) құтқаруға жұмсалған шығыстар; 6) қоршаған ортаға нұқсан келтiрудi болғызбау жөнiндегi шаралар туғызған шығыстар жатады. Жалпы аварияға жатқызылған шығыстардың орнына жұмсалған кез келген қосымша шығыстар (алмастырушы шығыстар) жалпы авария деп танылады. Алмастырушы шығыстар теңiздегi ортақ iске қатысушылардың қайсыбiреуi алған үнемге қарамастан, жол берiлмеген шығыстар мөлшерiнде ғана өтеледi. 2. Осы баптың 1-тармағында аталған әрекеттердiң тiкелей салдары болып табылатын залалдар ғана жалпы авария деп танылады. 3. Тасымалдау ережелерiне сәйкес, жалпы авария кеме, жүк және жалдау ақысы арасында олардың теңiздегi ортақ iстiң аяқталған күнi мен орнындағы құнына мөлшерлес бөлiнедi. 4. Бiр немесе бiрнеше кеме басқа бiр кеменi немесе басқа кемелердi сүйретiп не итеріп жүзген, олардың бәрi құтқару операциясына емес, коммерциялық қызметке қатысқан жағдайда да теңiздегi ортақ iс орын алады. Егер кеме басқа кемеден немесе басқа кемелерден жай бөлiнiп кету нәтижесiнде қауiпсiз жағдайда болса, басқа кемемен немесе басқа кемелермен бiрге жалпы қауiпке ұшырамайды. Бөлiнiп кету жалпы авария актiсi болып табылатын жағдайда, теңiздегi ортақ iс жалғастырыла бередi. 153-бап. Кеменiң паналайтын орынға кiруi туғызған шығыстар 1. Жазатайым оқиғаның немесе жалпы қауiпсiздiк үшiн осындай кiрудi немесе оралуды қажет еткен басқа бiр төтенше мән-жайдың салдарынан кеменiң портқа немесе өзге де бiр паналайтын жерге кiруi не кеменiң портқа немесе өзге де жүк тиеу орнына оралуына жұмсалған шығыстар жалпы авария деп танылады. 2. Кеменiң паналайтын орынға кiруiне немесе оның жүк тиеу орнына оралуына жұмсалған шығыстар жалпы авария деп танылатын жағдайда, оған кеменiң осындай орыннан жүк немесе жүктің бiр бөлiгiн алып шығуына байланысты шығыстар да жатады. 3. Осы баптың 1-тармағында аталған мән-жайлар кезiнде кеменің паналайтын орынға кiруi немесе оның жүк тиеу орнына оралуы салдарынан рейстің ұзартылуына байланысты кеме экипажының мүшелерiне жалақы мен жабдықталым төлеуге, отын мен жабдықтау заттарына жұмсалған шығыстар жалпы авария деп танылады. 4. Осы баптың 1-3-тармақтарында белгiленген ережелер тиiсiнше кеменiң кiрген және оған жөндеу жүргiзу мүмкiн болмаған паналау орнынан басқа портқа немесе басқа жерге орын ауыстыруына жұмсалған шығыстарға қатысты, сондай-ақ кеменi уақытша жөндеуге, оның сүйретіп жүзуге алынуы мен рейстің ұзартылуына байланысты шығыстарға қатысты қолданылады. 154-бап. Кеменi уақытша жөндеу туғызған шығыстар Жүк тиеу орнында, кеме кiрген орында немесе жалпы қауiпсiздiк үшiн кеме паналаған орында кемеге уақытша жүргiзiлген жөндеуге не жалпы авариялық құрбандықтар салдарынан болған зақымдарды жоюға жұмсалған шығыстар жалпы аварияға жатқызылады. Рейстi аяқтау үшiн қажеттi кездейсоқ зақымдарды уақытша жоюға жұмсалған шығыстар жалпы аварияға жатқызылып, егер мұндай зақымдарды жою жүргiзiлмеген болса, ол әлгi алдын алу шығыстарының мөлшерiнде ғана өтеледi. 155-бап. Жалпы қауіпсiздiк үшiн кемені кiдiртуден туындаған шығыстар 1. Жазатайым оқиғалар салдарынан әлдебiр портта немесе орында кеменi кiдiртіп қоюдан туындаған, кеме экипажына жалақы және жабдықталым төлеуге жұмсалған шығыстар немесе жалпы қауiпсiздiк үшiн не осындай жазатайым оқиғалар немесе басқа да төтенше оқиғалар келтiрген зақымдарды жою үшiн жұмсалған басқа да төтенше шығыстар, егер мұндай жою рейстi қауiпсiз жалғастыру үшiн қажет болса, жалпы авария деп танылады. Жалпы аварияға жатқызылмаған зақымдарды жоюға жұмсалған шығыстарды қоспағанда, осындай кiдiрту кезiнде туындаған отынға, жабдықтау заттарына жұмсалған шығыстар мен порттың шығыстары жалпы аварияны бөлу тәртiбiмен өтеледi. 2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген ережелер қайсыбiр жазатайым оқиғаға немесе рейс кезiнде орын алған өзге де төтенше жағдайға байланысты емес зақымдарды жою салдарынан кеменi кiдiрту туғызған шығыстарға қолданылмайды. Тiптi зақымдарды жою рейстi қауiпсiз жалғастыру үшiн қажет болса да, мұндай шығыстар жалпы авария деп танылмайды. 156-бап. Кеменi жүзуге жарамсыз деп тану немесе кеменiң рейстi жалғастырудан бас тартуы салдарынан туындаған шығыстар Кеме жүзуге жарамсыз деп танылған немесе кеме рейстi жалғастырудан бас тартқан жағдайда кеме жүзуге жарамсыз деп танылғанға немесе кеме рейстi жалғастырудан бас тартқанға дейiн не жүктi түсiру аяқталмаған жағдайда жүктi түсiру аяқталғанға дейiн (сақтауға, сақтандыруға, кеме экипажының жалақысына және оның жабдықталымына, отынға, жабдықтау заттарына, порт шығыстарына) жұмсалған шығыстар ғана жалпы аварияға жатқызылады. 157-бап. Құтқаруға жұмсалған шығыстар 1. Егер құтқару осы Заңның 152-бабының 1-тармағында аталған мақсатта жүзеге асырылса, теңiздегi ортақ iске қатысушы тараптар құтқаруға жұмсаған шығыстар, құтқару шарт негiзінде немесе өзге де түрде жүзеге асырылғанына қарамастан, жалпы авария деп танылады. 2. Осы баптың 1-тармағында аталған шығыстарда құтқару үшiн берiлетiн сыйақы қамтылады, оның мөлшерiн анықтаған кезде осы Заңның 183-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген талаптар ескерiледi. Құтқарушыға кеме иесi осы Заңның 184-бабының 4-тармағында көзделген мөлшерде төлейтiн арнаулы өтем жалпы авария деп танылмайды. 158-бап. Қоршаған ортаға залал келтiрудi болғызбау немесе азайту жөнiндегi шаралардан туындаған шығыстар Қоршаған ортаға залал келтiрудi болғызбау немесе азайту жөнiндегi шаралардан туындаған шығыстар, егер олар мына жағдайлардың бiрiнде немесе бәрiнде: 1) жалпы қауiпсiздiк мақсатында жүзеге асырылған операцияның бөлiгi ретiнде, бiрақ оны теңiздегi ортақ iстен тыс тарап қолданған болып, сол тарапқа құтқарғаны үшiн сыйақыға құқық берiле қалған жағдайда; 2) осы Заңның 153-бабында аталған мән-жайлар кезiнде кеменi портқа кiргiзу не кеменi порттан немесе орыннан шығару жағдайында; 3) осы Заңның 153-бабында көзделген мән-жайлар кезiнде кеменi портта немесе орында кiдiрту жағдайында жасалса, жалпы аварияға жатқызылады. Кемеден ластаушы заттар ағуы немесе төгiлуi iс жүзiнде орын алған жағдайда, осыған байланысты қоршаған ортаға залал келтiрудi болғызбау немесе азайту жөнiндегi қажеттi қосымша шаралардан туындаған шығыстар жалпы авария деп танылмайды; 4) жүктi түсiруге, қоймаға салуға немесе қайта тиеуге байланысты шығыстар, егер аталған операцияларға жұмсалған шығыстар жалпы авария деп танылса, жалпы аварияға жатқызылады. 159-бап. Құтқару жөнiнде шаралар қолданудан туындаған зияндар Осы Заңның 152-бабында аталған белгiлер болған жағдайда, атап айтқанда: 1) жүктi кеме бортынан сыртқа лақтырғанда келтiрiлген зияндар, сондай-ақ жалпы қауiпсiздiк үшiн жасалған құрбандықтар салдарынан, атап айтқанда, жүктi лақтыру үшiн ашылған люктер немесе сол үшiн жасалған басқа да тесiктер арқылы трюмге судың кiру салдарынан кемеге немесе жүкке келтiрiлген зияндар; 2) кемедегi өрттi сөндiруге байланысты кемеге немесе жүкке келтiрiлген зияндар, соның ішінде кеменi сол мақсатпен жағаға шығарып тастау немесе жанып жатқан кеменi суға батыру iсiн жүргiзуден болған зияндар; 3) кеменің қайраңға өзi шыға алу-алмауына қарамастан, кеменi қайраңға әдейi отырғызу арқылы кемеге немесе жүкке келтiрiлген зияндар; 4) кеменi қайраңнан шығару кезiнде кеме двигателiнің басқа да машиналары мен қазандарының зақымдануынан кемеге келтiрiлген зияндар; 5) жүктi, отынды немесе жабдықтау заттарын кемеден лихтерлерге қайта тиеу арқылы қайраңда қалған кеменi жеңiлдетуге, лихтерлердi жалдауға және оларды кемеге қайта тиеуге жұмсалған төтенше шығыстар, сондай-ақ осының салдарынан келтiрiлген басқа да зияндар жалпы авария деп танылады. 160-бап. Жүктiң, отынның не жабдықтау заттарының зақымдануынан немесе жойылуынан, жалдау ақысының ысырабынан келтiрiлген зияндар 1. Егер аталған операцияларды жүзеге асыруға жұмсалған шығыстар жалпы авария деп танылған жағдайларда, жүктің, отынның не жабдықтау заттарының кемедегi орнынан ауыстырып қою, кемеден түсiру, кемеге қайта тиеу мен орналастыру нәтижесiнде, сондай-ақ оларды сақтау нәтижесiнде келтiрiлген зақымдануынан немесе жойылуынан болған шығындар, жалпы авария деп танылады. 2. Жүктiң жоғалуынан туындаған жалдау ақысының ысырабы, жүктiң жоғалуы жалпы аварияны бөлу тәртiбiмен өтелетiн жағдайларда, жалпы авария деп танылады. Бұл орайда кеме иесi алу мақсатында шығарып, бiрақ құрбандық салдарынан жүзеге асырылмаған шығыстар жалдау ақысынан шығарып тасталады. 161-бап. Кеменiң, оның машиналарының немесе керек-жарақтарының зақымдануынан туындаған зияндар 1. Кеменiң, оның машиналарының немесе керек-жарақтарының зақымдануынан болған жалпы аварияны құрайтын зияндар зақымданған немесе жоғалған нәрсенi жөндеу, түзету немесе ауыстыру құны негiзге алына отырып анықталады. Бұл орайда осы Заңның 163-бабына сәйкес, "ескiнiң орнына жаңа үшiн" шегерiмi жасалады. 2. Кемеге жөндеу жүргiзiлмеген жағдайда, кеменің зақымдануынан болған зиян кеменiң зақымдану салдарынан кемiген құнына және кеме жөндеу құнынан аспайтын сметаға сәйкес сомамен анықталады. 162-бап. Жалпы авария деп танылмайтын зияндар (жеке авария) 1. Осы Заңның 152-бабының 1-тармағында белгiленген, жалпы авария белгiлерiне жатпайтын зияндар, сондай-ақ осы баптың 2-тармағында аталған зияндар жеке авария деп танылады. Мұндай зияндар кеме, жүк және жалдау ақысы арасында бөлiнбеуге тиiс және оларды зардап шеккендер көтередi немесе олардың келтiрiлгенi үшiн жауаптылар көтередi. 2. Осы Заңның 152-бабының 1-тармағында аталған белгiлерi болған күннiң өзінде де: 1) сауда мақсатында теңiзде жүзу ережелерi мен үрдiстерi бұзыла отырып, кемеде тасылып келе жатқан, борттан лақтырылып тасталған жүктің құны; 2) кемедегi өрттi сөндiруге байланысты түтiннiң немесе қызудың әсер етуi салдарынан келтiрiлген зияндар; 3) кеменiң теңiздегi қауiп салдарынан бұрын бұзылған немесе iс жүзiнде жойылған сынықтарын немесе бөлiктерiн шауып тастаудан келтiрiлген зияндар; 4) жүзiп келе жатқан кеме двигательдерiнiң жұмысын немесе двигательдерiнiң, басқа да машиналарының, қазандарының өзге де жұмысын тездетуден келтiрiлген зияндар; 5) рейс ұзақтығын ұлғайту салдарынан кемеге немесе жүкке келтiрiлген зияндар немесе ысыраптар (кiдiрiстен, бағаның өзгеруiнен болған және басқа зияндар) жалпы авария деп танылмайды. 163-бап. "Ескiнің орнына жаңа үшiн" шегерiмдер 1. Жасалған уақыты он бес жылдан аспайтын кеменi жөндеу кезiнде ескi материалдар немесе кеменiң бөлiктерi жаңаларымен ауыстырылған жағдайда, осы Заңның 161-бабына сәйкес жалпы аварияға жатқызылатын жөндеу құны, осы баптың 2-4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жөндеу құнының үштен бiр бөлiгiне кемiтiледi. 2. Соқтығысуға кемелердiң бiрi кiнәлi болған жағдайда жалпы авария деп танылатын кеменiң уақытша жөндеу құнынан, сондай-ақ азық-түлiктiң, жабдықтау заттарының, зәкiрлердiң және зәкiр шынжырларының құнынан "ескiнің орнына жаңа үшін" шегерімдер жасалмайды. 3. Кеменi құрғақ докта, стапельде жөндеу және кеменің орнын ауыстыру қажеттiгi туғызатын шығыстар толығымен жалпы аварияға жатқызылады. 4. Мұның алдындағы корпусты бояу мен жабу жалпы авария актiсiне дейiнгi соңғы он екi айда орын алған жағдайда да кеменi жөндеу кезiнде оны тазалауға, бояуға және корпусын жабуға жұмсалған шығыстар елу процент мөлшерiнде жалпы авария деп танылады. 5. "Ескiнің орнына жаңа үшiн" шегерiмдердi қолдану үшiн кеменiң жасалған уақыты оны жасау аяқталған жылдың 31 желтоқсанынан бастап, жалпы авария актiсiнiң күнiне дейiн есептеледi. Кеменi оқшаулауға, оның құтқару және басқа шлюпкаларына, байланыс құралдарына, навигациялық аспаптары мен жабдықтарына, машиналары мен қазандарына қатысты олардың нақты жасалған уақыты есепке алынады. 164-бап. Диспаша және диспашерлер Мүдделi тараптардың өтiнiшi бойынша жалпы аварияны анықтау диспашерлердің диспаша жасауына әкеп соғады. 165-бап. Диспаша жасағанда негiзге алынатын дәлелдемелер мен материалдар 1. Жалпы аварияны бөлудi талап ететiн тарап мәлiмделген зияндар шын мәнiнде жалпы авария деп танылуға тиiс екенiн дәлелдеуге мiндеттi. 2. Диспаша жасауда мүдделерi қозғалуы мүмкiн тұлға диспашерге теңiздегi ортақ iс аяқтағанға дейiн бiр жыл iшiнде өтеудi талап ететiн ысыраптары немесе шығыстары туралы жазбаша нысанда өтiнiш бередi. Мұндай өтiнiш берiлмеген немесе мұндай өтiнiш туралы сұрау салудан кейiн он екi ай iшiнде тұлға мәлiмделген талапты негiздеу мақсатында дәлелдемелердi не мүлiктiң құны туралы деректердi табыс етпеген жағдайда, диспашер өзiнде бар ақпарат негiзiнде диспаша жасауға құқылы. Бұл орайда диспашаға оның көрiнеу дұрыс болмауы негiзiнде ғана дау туғызылуы мүмкiн. 3. Диспаша жасалып жатқан кезде шешу үшiн арнаулы бiлiмдер (кеме жүргiзу, кеме жасау, кемелердi жөндеу, кемелер мен жүктердi бағалау, сондай-ақ өзге де арнаулы білiмдер) талап етiлетiн мәселелер туындаған жағдайда, диспашер өзi тағайындаған сарапшыға тиiстi қорытынды дайындауды тапсыруға құқылы. Мұндай қорытындыны диспашер басқа дәлелдемелермен қатар бағалайды. 4. Диспаша жасаудың негiзiне алынған материалдар танысу үшiн ашық болуға тиiс және диспашер мүдделi тұлғалардың талап етуi бойынша оларға материалдар деректерiнiң куәландырылған көшiрмелерiн солардың есебiнен беруге мiндеттi. 166-бап. Диспаша жасау үшiн алым Диспаша жасалғаны үшiн алым алынады, ол диспашаға енгiзiлiп, барлық мүдделi тұлғалардың арасында олардың жалпы аварияға қатысу үлесiне бара-бар бөлiнедi. 167-бап. Диспашаны түзету және оған дауласу 1. Диспашалар тiзiлiмiнде диспаша тiркелгеннен кейiн ондағы есептеулерден табылған қателердi диспашер өз бастамасымен немесе араларында жалпы авария бөлiнген тұлғалардың өтiнiшi бойынша диспашаға оның құрамдас бөлiгi болып табылатын қосымша (аддендум) жасау арқылы түзетуi мүмкiн. 2. Араларында жалпы авария бөлiнген тұлғалар диспаша немесе оған аддендум алынған күннен бастап алты ай iшiнде, бұл туралы диспашерге оған талап-арыздың көшiрмесiн жiберу арқылы мiндеттi түрде хабарлай отырып, диспашерге сотта дау айта алады. 3. Диспашер сотта диспаша туралы даудың қаралуына қатысуға және iстiң мәнi бойынша түсiнiктеме беруге құқылы немесе, егер талап етiлсе, міндеттi. 4. Диспаша туралы дауды қарайтын сот диспашаны күшiнде қалдыруы, оған өзгерiстер енгiзуi немесе оның күшiн жойып, диспашерге сот шешiмiне сәйкес жаңа диспаша жасауды тапсыруы мүмкiн. 168-бап. Диспашаның орындалуы Осы Заңның 167-бабының 2-тармағында көзделген мерзiмде диспашаға дау айтылмаған немесе дау айтылып, бiрақ сот күшiнде қалдырған жағдайда, ол бойынша өндiрiп алу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiлуi мүмкiн. 17-тарау. КЕМЕЛЕР СОҚТЫҒЫСҚАН ЖАҒДАЙДА ЗИЯНДЫ ӨТЕУ 169-бап. Кемелердiң соқтығысуынан келтiрген зиян үшiн жауапкершiлiк 1. Кемелердiң соқтығысуынан келтiрген зиян Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген тәртiппен өтеледi. 2. Кемелердiң соқтығысуы лоцманның кiнәсiнен, соның iшiнде мiндеттi лоцмандық алып өту кезiнде болған жағдайда жауапкершiлiк нақ сол тәртiппен анықталады. 3. Кемелердiң соқтығысуы екi немесе одан да көп тараптың кiнәсiнен болған жағдайда, келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiк олардың әрқайсысы кiнәсiнiң деңгейiне мөлшерлес анықталады. Тараптардың әрқайсысы кiнәсiнің деңгейiн анықтау мүмкiн болмаған жағдайда, соқтығысудың мән-жайлары негiзге алына отырып, жауапкершiлiк олардың арасында тең бөлiнедi. 4. Кеме иелерi зардап шегушiлер немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес зиянды өтеттiруге құқығы бар адамдар алдында азаматтың өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн ортақ жауапкершiлiкте болады. Келтiрiлген зиянды бiрлесiп өтеген кеме иесi зардап шегушiге зиян келтiрушiлердің әрқайсысынан осы зиян келтiрушi кiнәсiнің деңгейiне сәйкес келетiн мөлшерде зардап шегушiге төленген өтем үлесiн талап етуге құқылы. 170-бап. Жауапкершiлiктi жоққа шығаратын мән-жайлар 1. Кемелердің соқтығысуы кездейсоқ соқтығысу, еңсерiлмейтiн күштiң салдарынан соқтығысу жағдайында зиян келтiрiлуiне тараптардың кiнәсi болмаған немесе соқтығысу себептерiн анықтау мүмкiн болмаған жағдайда тараптардың бiрде-бiреуiнiң зиянның өтелуiн талап етуге құқығы жоқ. Мұндай жағдайда тараптардың әрқайсысы өзi келтiрген зиянға тәуекел етедi. 2. Кемелер немесе олардың бiрi соқтығысу кезiнде зәкiрде тұрған немесе өзге бiр әдiспен бекiтiлген жағдайда да осы баптың 1-тармағында белгiленген ережелер қолданылады. 18-тарау. ҚАУІПТІ ЖҮКТЕРДІ ТАСЫМАЛДАУДАН ЖӘНЕ ТЕҢІЗДІҢ КЕМЕЛЕРДЕН АҚҚАН МҰНАЙМЕН ЛАСТАНУЫНАН КЕЛТІРІЛГЕН ЗАЛАЛ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК 171-бап. Кеме иесiнiң жауапкершiлiгi 1. Осы Заңның 175-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеме иесi қауiптi жүктi тасымалдау салдарынан және (немесе) теңiздiң кемеден аққан мұнаймен ластануынан оқыс жағдай туындаған кезден бастап зардап шегушi тұлғаға келтiрiлген зиян мен залал үшiн жауапты болады. 2. Мыналар: 1) қауiптi жүктің кемеде және кеме сыртында азаматтың өмiрi мен денсаулығына зиян келтiруi; 2) қауiптi жүктiң салдарынан мүлiктiң кемеде немесе кеме сыртында жоғалуы, кем шығуы немесе зақымдануы (бүлiнуi); 3) қауiптi жүк келтiрген, қалпына келтiру шараларына жұмсалатын шығыстармен шектелген қоршаған ортаның ластануынан болған залалдар, сондай-ақ осындай залал келтiрiлуi салдарынан қолдан шығып кеткен тиiмдiлiк; 4) ескерту шараларына жұмсалған шығыстар және кейiннен осындай шаралар келтiрген залал қауiптi жүктердi тасымалдауға байланысты залал болып табылады. 3. Мыналар: 1) мұнайдың ағуы немесе төгiлуi қай жерде болса да, кемеден мұнайдың ағуы немесе төгiлуi салдарынан болған кеме сыртындағы ластанудан келтiрiлген, қалпына келтiру шараларына жұмсалатын шығыстармен шектелген залал, сондай-ақ осындай залал келтiрiлуi салдарынан қолдан шығып кеткен тиiмдiлiк; 2) алдын алу шараларына жұмсалған шығыстар және кейiннен осындай шаралар келтiрген залал жүк немесе өз отыны ретiнде тасымалданатын кемеден аққан мұнайдың теңiздi ластауынан келтiрiлген залал болып табылады. 172-бап. Екi немесе одан да көп кеме иелерiнiң ортақ жауапкершiлiгi Екi немесе одан да көп кеме қатысқан оқыс жағдай салдарынан ластанудан залал келтiрiлген ретте, оқыс жағдайға қатысы бар барлық кеме иелерi, егер мұндай кеме иелерi осы Заңның 175-бабының негiзiнде жауапкершiлiктен босатылмаса, ластанудан болған барлық залал үшiн ортақ жауапкершiлiкте болады. 173-бап. Кеме иесiнiң толық жауапкершiлiгi Кеме иесi, егер: 1) ластанудан болған залал оның қасақана немесе өрескел абайсыздықтан жасаған әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) салдарынан болғаны дәлелденсе; 2) ол осы Заңның 176-бабында көзделген жауапкершiлiктi шектеу қорын құру жөнiндегi талапты орындамаған болса, толық көлемiнде жауапты болады. 174-бап. Кеме иесiнiң жауапкершiлiгiн шектеу 1. Кеме иесiнiң қауiптi жүк тасымалдауға байланысты жауапкершiлiгiнiң мөлшерi бiр оқыс жағдайға қатынасы бойынша жалпы сомамен шектеледi, ол мынадай тәртiппен есептеп шығарылады: 1) сыйымдылығы екi мың тоннадан аспайтын кеме үшiн он миллион есептiк бiрлiк; 2) сыйымдылығы екi мың тоннадан асатын кеме үшiн осы тармақтың 1) тармақшасында аталған сомаға сыйымдылығы әрбiр келесi тоннасы үшiн, жалпы сомасы жүз миллион есептiк бiрлiктен аспайтын жағдайда: екi мың бiр тоннадан елу мың тоннаға дейiн - бiр жарым мың есептiк бiрлiк; елу мың тоннадан астам - үш жүз алпыс есептiк бiрлiк қосылады. 2. Кеме иесi бiр оқыс жағдайға қатынасы бойынша теңiздiң мұнаймен ластануынан келтiрiлген залал үшiн өз жауапкершiлiгiн кеме сыйымдылығының әрбiр тоннасына шаққандағы бiр жүз отыз үш есептiк бiрлiктiң жалпы сомасымен шектеуге құқылы. Бұл орайда жалпы сома он төрт миллион есептiк бiрлiктен аспауы керек. 175-бап. Кеме иесiнiң жауапкершiлiктен босатылуы 1. Егер залал: 1) соғыс қимылдарының, дүлей зiлзалалардың салдарынан; 2) үшiншi тұлғалардың қасақана әрекетiнен (әрекетсiздiгiнен); 3) кеме сыртындағы навигациялық құралдардың тиiсiнше жұмыс iстемеу салдарынан келтiрiлгенiн дәлелдесе, кеме иесi қауiптi жүктердi тасымалдаудан және теңiздің мұнаймен ластануынан келтiрiлген зиян үшiн жауапты болмайды. 2. Кеме иесi, зардап шеккен тұлғаның қасақана немесе өрескел абайсыздығынан залал келтiрiлгенiн дәлелдеген жағдайда зиянды өтеу мөлшерi кемiтiлуi мүмкiн немесе зиянды өтеуден бас тартылуы мүмкін. 3. Азаматтың өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлген жағдайда өтеуден толық бас тартуға жол берiлмейдi. 176-бап. Жауапкершiлiктi шектеудің мiндеттi қоры 1. Қауiптi жүктердi тасымалдау кезiнде және (немесе) теңiздiң кемеден аққан мұнаймен ластануынан келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi мiндеттемелерiн орындау үшiн кеме иесi өз жауапкершiлiгiнің шегiне тең жалпы сомада жауапкершiлiктi шектеу қорын құруға мiндеттi. Жауапкершiлiктi шектеу қоры өзiнен шығасы ақшаны сот атына депозит жағдайларында орналастыру немесе банк кепілдiгiн беру не сот жеткiлiктi деп таныған өзге де қаржылық қамтамасыз ету арқылы құрылуы мүмкiн. 2. Кеме иесiнің қауiптi жүктердi тасымалдаудан және теңiздiң кемеден аққан мұнаймен ластануынан келтiрiлетiн залалды болғызбау немесе азайту жөнiндегi шығыстары оған жауапкершiлiктi шектеу қорына қатысты басқа кредиторларда қандай құқықтар болса, сондай құқықтар бередi. 3. Сақтандырушының немесе мiндеттемелердi қаржымен қамтамасыз етiп берушi тұлғаның не кеме иесiнiң осы бапта көзделген ережелерге сәйкес жауапкершiлiктi шектеу қорын құруға құқығы бар. Қордың құрылуы кеме иесiне қатысты зардап шегушiнің құқығына қолданылмайды. 4. Осы баптың 1-тармағына сәйкес құрылған жауапкершiліктi шектеу қорына осы Заңның 202-бабында жауапкершiлiктi шектеу қорын бөлу туралы белгiленген ережелер қолданылады. Азаматтың өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген залалды өтеу жөнiндегi талаптар басқа талаптар алдында мұндай талаптардың жиынтық сомасы осы Заңның 174-бабының 1-тармағында белгiленген жалпы сомадан аспайтын шамада басымдықпен қанағаттандырылуға тиiс. 5. Кеме иесi жауапкершiлiктi шектеу қорын құрған жағдайда залалды өтеу туралы талаптар бойынша өндiрiп алуды кеме иесiнiң өзге мүлкiне қолдануға жол берiлмейдi. Бұл орайда соттың қауiптi жүктердi тасымалдау мен теңiздің кемеден аққан мұнаймен ластануынан келтiрiлген залалды өтеу туралы талап қоюды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдануына, оның iшiнде тыйым салуына болмайды. 177-бап. Жауапкершiлiктi сақтандыру немесе қаржымен қамтамасыз ету 1. Қауiптi жүк, сондай-ақ екi мың тоннадан астам мөлшерде мұнай тасымалдаушы кеме иесi ластау үшiн жауапкершiлiк тәуекелiн сақтандыруға не Қазақстан Республикасының заңдарында немесе шартта көзделген мiндеттемелердiң орындалуын осы Заңның 174-бабына сәйкес анықталатын ластаудан болған залал үшiн жауапкершiлiк мөлшерiнде қаржымен қамтамасыз етiп беруге мiндеттi. 2. (Алып тасталды) 3. Кеменiң бортында жауапкершiлiктiң сақтандырылуын немесе қаржымен қамтамасыз етiлуiн растайтын куәлiктiң болуы мiндеттi. Куәлiктi, уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен кеменi мемлекеттiк тiркеу органы бередi. Ескерту. 177-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.02. № 55 (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. 178-бап. Ластанудан келтiрiлген зиянды өтеу туралы талап қою 1. Кеме иесiне, сақтандырушыға немесе кеме иесi мiндеттемелерiнiң орындалуын қаржымен қамтамасыз етiп берген тұлғаға ластанудан келтiрiлген зиянды өтеу туралы талап қоюы Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады. 2. Сотта жауапкер ретiнде болатын сақтандырушы немесе кеме иесi мiндеттемелерiнiң орындалуын қаржымен қамтамасыз етiп берген тұлға, банкроттық және таратылу жағдайларын қоспағанда, соттың iс қарауы барысында кеме иесi жасайтын кез келген қарсылықты табыс етуге құқылы. Ластанудан болған залалды қасақана әрекеттер салдарынан кеме иесi келтiрген жағдайда, сот кеме иесiн тең жауапкер ретiнде тартуы мүмкiн. 19-тарау. КЕМЕЛЕРДІ ЖӘНЕ БАСҚА ДА МҮЛІКТІ ҚҰТҚАРУ 179-бап. Құтқару туралы шарттар Кеме капитанының кеме иесi атынан құтқару операцияларын жүзеге асыру үшiн құтқару туралы шарттар жасасуға құқығы бар. Кеме капитанының немесе кеме иесiнiң мұндай шарттарды кеме бортындағы мүлiк иесiнiң атынан жасасуға құқығы бар. 180-бап. Шарттардың жарамсыздығы немесе олардың өзгертiлуi Шарт немесе оның кез келген талаптары, егер: 1) шарт қауiптiң шамадан тыс әсерiмен немесе ықпалымен жасалып, оның талаптары әдiлетсiз болса; 2) шартта көзделген ақы нақты көрсетiлген қызметтерге қатысты шамадан тыс жоғары немесе төмен болса, жарамсыз деп танылуы немесе өзгертiлуi мүмкiн. 181-бап. Құтқарушының, кеме иесiнiң және кеме капитанының мiндеттерi 1. Қауiптi жағдайда тұрған кеме иесiне немесе қауiптi жағдайда тұрған басқа да мүлiк иесiне қатысты құтқарушы: 1) құтқару операцияларын iстiң мән-жайлары бойынша қамқорлықпен және сақтықпен жүзеге асыруға; 2) қоршаған ортаға залалды болғызбау немесе азайту жөнiнде шаралар қолдануға; 3) iстiң мән-жайларынан туындаған қажеттiлiк кезiнде басқа құтқарушылардан көмек сұрауға; 4) қауiптi жағдайда тұрған кеменiң капитаны немесе оның иесi не қауiптi жағдайда тұрған басқа да мүлiктiң иесi басқа құтқарушылардың қатысуын талап еткен кезде, егер бұл құтқарушы сыйақысының мөлшерiне әсер етпейтiн болса, және мұндай талап заңсыз деп танылмайтын болса, оған келiсуге мiндеттi. 2. Қауiптi жағдайда тұрған кеменiң капитаны және оның иесi немесе қауiптi жағдайда тұрған басқа да мүлiктiң иесi құтқарушыға қатысты: 1) құтқару операциялары барысында онымен ынтымақтасуға; 2) қоршаған ортаға залалды болғызбау туралы немесе азайту туралы тиiстi қамқорлық көрсетуге; 3) кеме немесе басқа да мүлiк қауiпсiз орынға жеткiзiлгеннен кейiн, егер мұны құтқарушы талап етсе, оны қабылдауға мiндеттi. 182-бап. Сыйақы төлеу шарттары 1. Мүдделi тұлға үшiн оң нәтижеге жеткiзiп, құтқару операцияларын жүзеге асырған құтқарушының сыйақы алуға құқығы бар. 2. Осы Заңның 184-бабында көзделген жағдайды қоспағанда, егер құтқару операцияларының оң нәтижесi болмаса, сыйақы төленбейдi. 183-бап. Сыйақы мөлшерiн белгiлеу өлшемдерi 1. Құтқару операцияларын жүзеге асырғаны үшiн сыйақы мөлшерi мынадай өлшемдер ескерiле отырып белгiленедi: 1) кеменің немесе басқа да мүлiктің құтқарылған құны; 2) қоршаған ортаға залалды болғызбаудағы немесе азайтудағы құтқарушылардың шеберлiгi мен күш-жiгерi; 3) құтқарушылар қол жеткiзген табыстың дәрежесi; 4) қауiптiң сипаты мен дәрежесi; 5) кеменi, басқа да мүлiктi және адамдарды құтқарудағы құтқарушылардың шеберлiгi мен күш-жiгерi; 6) құтқарушылар жұмсаған уақыт және жасалған шығыстар мен келтiрiлген зияндар; 7) жауапкершiлiк тәуекелi мен құтқарушылар немесе олардың жабдықтары ұшыраған өзге де тәуекелдер; 8) қызметтер көрсетудiң жылдамдығы; 9) кемелердiң немесе құтқару операцияларына арналған басқа да жабдықтардың болуы мен пайдаланылуы; 10) құтқарушы жабдықтарының дайындық жағдайы, мұндай жабдықтардың тиiмдiлiгi және құны. 2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес белгiленген сыйақыны кемеге және басқа да мүлiкке барлық мүдделi тұлғалар кеме мен басқа да мүлiктiң тиiстi құтқарылған құнына бара-бар төлейдi. 3. Сыйақы төлеуге байланысты төленуге тиiстi зияндар мен сот шығындарын қоспағанда, сыйақының мөлшерi құтқарылған кеменiң және басқа да мүлiктің құнынан аспауға тиiс. 4. Осы Заңның 184-бабында көзделген арнаулы өтем анықталғанға дейiн кеменің және басқа да мүлiктiң ең жоғары құтқарылған құны мөлшерiнде сыйақы белгiлеуге жол берiлмейдi. 184-бап. Арнаулы өтем 1. Қоршаған ортаға залал келтiру қатерiн төндiрген кемеге (не оның жүгiне) қатысты құтқару операцияларын жүзеге асырған және осы Заңның 183-бабына сәйкес сыйақы алуға құқығы жоқ құтқарушы кеме иесiнен осы баптың 3-тармағында белгiленген мөлшерде арнаулы өтем төлеудi талап етуге құқылы. 2. Осы баптың 1-тармағында көзделген мән-жайлар болып, құтқарушы өзi жүргiзген құтқару операцияларының нәтижесiнде қоршаған ортаға залалды болғызбаған немесе азайтқан жағдайда, осы баптың 1-тармағына сәйкес құтқарушыға кеме иесi төлейтiн арнаулы өтем оған жұмсалған шығыстардың ең көп дегенде отыз пайызына дейiн көбейтiлуi мүмкiн. Сот немесе төрелік осы Заңның 183-бабының 1-тармағында көзделген критерийлердi ескере отырып, арнаулы өтемнiң мөлшерiн құтқару операциясының барысында құтқарушы жасаған шығыстардың толық сомасына дейiн көбейтуге құқылы. 3. Арнаулы өтем мөлшерi анықталған кезде, осы Заңның 183-бабы 1-тармағының 8)-10) тармақшаларында көзделген өлшемдер ескерiле отырып, құтқарушының құтқару операцияларын жүзеге асыру кезiнде жасаған нақты шығыстары мен құтқару операциясында ақылға сыйымды пайдаланылған жабдықтар мен персонал үшiн төленген ақы ескерiледi. 4. Құтқарушының осы Заңның 183-бабына сәйкес алуы мүмкiн сыйақысынан арнаулы өтем асып түсетiн жағдай мен мөлшерде ғана сондай өтем төленедi. 5. Егер құтқарушы қоршаған ортаға залалды өзiнiң салақтығы салдарынан жоя алмаса немесе азайта алмаса, арнаулы өтем толық төленбейдi немесе iшiнара төленедi. Ескерту. 184-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 08.04.2016 № 489-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 185-бап. Сыйақының құтқарушылар арасында бөлiнуi Сыйақыны бiрнеше құтқарушы арасында бөлу, осы Заңның 183-бабында белгiленген өлшемдер ескерiле отырып, олардың әрқайсысының құтқару операциясына қатысу деңгейiне мөлшерлес жүргiзiледi. 186-бап. Сыйақының кеме иесi мен кеме экипажы мүшелерiнiң арасында бөлiнуi 1. Құтқару операциясын жүзеге асыру үшiн төленетiн сыйақыны кеме иесi мен кеме экипажы мүшелерiнiң арасында бөлу құтқару операциясын жүзеге асыруға байланысты кеме иесi мен кеме экипажының мүшелерi жұмсаған шығыстар шегерiлгеннен кейiн мынадай тәртiппен жүргiзiледi: 1) сыйақы мөлшерiнің бестен үшi кеме иесiне тиесiлi болады, бестен екiсi кеме экипажы мүшелерiнің арасында бөлiнедi; 2) кеме экипажы мүшелерiне тиесiлi үлес осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес олардың арасында құтқару операциясын жүзеге асыру кезiндегi қатысу дәрежесiне және әрқайсысының жалақысына мөлшерлес бөлiнедi. Айрықша мән-жайлар болған ерекше жағдайларда сыйақыны бөлудің өзге де тәртiбi қолданылуы мүмкiн. 2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген ережелер құтқару операцияларын кәсiби қызмет ретiнде жүзеге асыратын кемелердің мұндай операцияларды жүргiзгенi үшiн алатын сыйақысын бөлуге қолданылмайды. 187-бап. Адамдарды құтқару 1. Құтқару операцияларын жүргiзу кезiнде құтқарылған адамдардан сыйақы төлеудi талап етуге жол берiлмейдi. 2. Адамдарды құтқару қажеттiгiн туғызған оқиғаға байланысты қызмет көрсетуге қатысқан құтқарушылардың кеменi және (немесе) басқа да мүлiктi құтқарғаны не қоршаған ортаға залалды болғызбағаны немесе азайтқаны үшiн құтқарушыларға тиесiлi сомадағы үлеске құқығы бар. 3. Каспий теңізінің қазақстандық секторында құтқару операцияларын уәкілетті орган, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган, Қорғаныс министрлігі және Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірлесіп бекітілген Каспий теңізінің қазақстандық секторында құтқару операцияларын жүргізу қағидаларына сәйкес жүргізеді. 4. Кемелерден апат сигналдарын қабылдауды және оларды құтқару операцияларын жүргізуге жауапты мүдделі мемлекеттік органдардың қызметтеріне беруді (қайталауды) өз қызметін навигациялық орталық базасында жүзеге асыратын теңізде құтқару-үйлестіру орталығы қамтамасыз етеді. Ескертпе. Осы баптың мақсаттары үшін Каспий теңізінің қазақстандық секторында апатқа ұшырау жағдайындағы немесе ұшыраған кемелердің жолаушылары мен экипаж мүшелерін іздеу және құтқару үшін қолданылатын жұмыстар құтқару операциясы болып табылады. Ескерту. 187-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 19.04.2019 № 249-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 188-бап. Құтқару шартын орындау кезiнде көрсетiлген қызметтер үшiн төленетiн ақы Көрсетiлген қызметтер үшiн жасалған шығыстар құтқару шартын тиiсiнше орындау кезiнде туындаған шығыстардың мөлшерiнен асып түспеген жағдайда сыйақы төленбеуге тиiс. Ескерту. 188-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 189-бап. Құтқару операцияларын тиiсiнше жүзеге асырмаудың салдары Құтқару операцияларын тиiстi түрде жүзеге асырмаған құтқарушыға оның кiнәсiнiң дәрежесiне қарай (қосымша құтқару операцияларын жүзеге асыру қажеттiгiнiң, құтқару операцияларын жүргiзу кезiндегi қиындықтардың және басқаларының туындауы) арнаулы өтем төлеуден толық немесе iшiнара бас тартылуы мүмкiн. 190-бап. Мүдделi тұлғаның құтқару операцияларына тыйым салуының салдары Кеме иесiнiң және (немесе) қауiптi жағдайда тұрған кеме капитанының немесе қауіптi жағдайда тұрған өзге де мүлік иесiнiң тыйым салуына қарамастан жүргiзiлген құтқару операциялары аталған тұлғалардың құтқарушыға немесе үшiншi тұлғаларға сыйақы төлеу жөнiндегi мiндеттемелерiне әкеп соқпайды. 191-бап. Кемелердiң белгiлi бiр иеленушiге тиесiлi болуы Осы тарауда белгiленген ережелер, құтқарылған кеме мен құтқару операцияларын жүзеге асырушы кеме белгiлi бiр кеме иесiне тиесiлi болған жағдайда да қолданылады. 192-бап. Құтқарушының талаптарын қамтамасыз ету 1. Құтқарушының талап етуi бойынша сыйақы және (немесе) арнаулы өтем төлеуге жауапты тұлға өз мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз етудi ұсынады. 2. Құтқарылған кеме иесiнің, жөнелтушi (алушы) құтқарушының талаптарын тиiсiнше қамтамасыз етудi енгiзгенге дейiн, құтқарылған жүктi беруге құқығы жоқ. 3. Құтқарылған кеме мен басқа да мүлiктi құтқарушының келiсiмiнсiз, мұндай кеме мен мүлiктi құтқару операциялары аяқталғаннан кейiн бастапқы жеткiзiлген теңiз портынан немесе орыннан тиiсті кемеге немесе мүлікке құтқарушының талаптарын тиiсiнше қамтамасыз етiп бергенге дейiн ауыстырылуға болмайды. 193-бап. Алдын ала төлем Құтқарушы құтқару кезiнде өзi жұмсаған шығыстарды өтеу есебiне алдын ала төлем төлеудi талап етуге құқылы. Ол төленген жағдайда құтқарушының талаптарын кейiнгi қамтамасыз ету тиiсiнше төмендейдi. 194-бап. Мемлекеттiк органдардың құтқару операцияларына қатысуы 1. Мемлекеттiк органдар осы тарауда белгiленген қағидаға сәйкес құтқару операцияларына қатысады. 2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыретіне сәйкес құтқару операцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың сыйақы алуға құқығы жоқ. Ескерту. 194-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 20-тарау. ТЕҢІЗ ТАЛАПТАРЫ БОЙЫНША ЖАУАПКЕРШІЛІК МӨЛШЕРІН ШЕКТЕУ 195-бап. Теңiз талаптары бойынша жауапкершiлiк мөлшерiн шектеуге құқығы бар тұлғалар 1. Кеме иесi мен құтқарушы жауапкершiлiгiнің мөлшерi осы Заңның 196-бабында көзделген теңiз талаптары бойынша шектеледi. Бұл орайда құтқару операцияларын жүзеге асыру жөнінде, соның iшiнде осы Заңның 196-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген операциялар бойынша тiкелей қызмет көрсететiн тұлға құтқарушы болып табылады. 2. Осы Заңның 196-бабында көзделген теңiз талабы, әрекетi (әрекетсiздiгi) үшiн осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалар жауап беретiн тұлғаға қойылған жағдайда, сол тұлға жауапкершiлiгiнің мөлшерi осы тарауда көзделген ережелерге сәйкес шектеледi. 3. Сақтандырушының сақтандыру шарты бойынша төлейтiн сақтандыру төлемiнiң мөлшерi осы тарауда белгiленген ережелерге сәйкес шектелген теңiз талаптары бойынша сақтандырылған жауапкершiлiк мөлшерiнен аспауы керек. 196-бап. Жауапкершiлiктi шектеу өлшемдерi 1. Осы Заңның 197-бабында белгiленген ережелер сақталған жағдайда мынадай теңiз талаптары бойынша: 1) адамның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлуiне не мүлiктiң жоғалуына, кем шығуына немесе зақымдануына (бүлiнуiне) байланысты, соның iшiнде кеме бортында не кеменiң пайдаланылуына немесе құтқару операцияларына тiкелей байланысты болған порт құрылыстарының, су бассейндерiнiң, кеме жүретiн жолдардың және навигациялық жағдай құралдарының зақымдануына байланысты қойылатын талаптар; 2) жолаушыларды, багаж бен жүктердi теңiз арқылы тасымалдау кезiнде жеткiзу мерзiмiн өткiзiп алуы салдарынан келтiрiлген залалды өтеу туралы талаптар; 3) шарттан туындамаған, қайта кеменi пайдалануға немесе құтқару операцияларын жүзеге асыруға байланысты құқықтарды бұзу салдарынан келтiрiлген өзге де залалды өтеу туралы талаптар; 4) залалды болғызбау немесе азайту жөнiнде қолданылған шаралар келтірген залал үшін жауапты тұлғадан гөрi, осындай шаралар келтiрген келесi залал үшiн жауапты тұлға ол жөнiнде осы тарауда белгiленген нормаларға сәйкес өз жауапкершiлiгiн шектей алатын тұлғаның талаптары бойынша жауапкершiлiк шектеледi. 2. Егер талаптар керi талап ету тәртiбiмен немесе шарттан немесе өзгеше түрде туындаған кепiлдiктер негiзiнде қойылса да, осы баптың 1-тармағында көзделген талаптар жауапкершiлiктi шектеуге жатады. Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген талаптар, залал үшiн жауапты тұлғамен жасалған шарт бойынша сыйақыға қандай дәрежеде қатысты болғанына қарай жауапкершiлiктi шектеуге жатпайды. Ескерту. 196-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.12.29. № 209 Заңымен. 197-бап. Жауапкершiлiктi шектеудiң қолданылмауы 1. Осы тарауда белгiленген ережелер: 1) кеме иесi мен жолаушы Қазақстан Республикасының азаматтары немесе ұйымдары болған жағдайларда, кеме жолаушыларының өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу туралы; 2) кеме иесi, құтқарушы және зардап шегушi Қазақстан Республикасының азаматтары немесе ұйымдары болған жағдайларда, кеменi пайдалануға немесе құтқару операцияларына тiкелей байланысты азаматтың өмiрiне, денсаулығына немесе мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеу туралы; 3) еңбек мiндеттерi кемеге немесе құтқару операцияларына байланысты кеме иесi қызметкерлерiнің немесе құтқарушының өмiрiне, денсаулығына немесе мүлкiне келтiрiлген зиянды олардың мұрагерлерiне, сондай-ақ олардың асырауындағы немесе олардың күтiмiнде болуға құқығы бар адамдарға өтеу туралы; 4) құтқару операцияларын жүзеге асырғаны үшiн сыйақы, соның iшiнде осы Заңның 183-бабына сәйкес арнаулы өтем немесе жалпы авария бойынша жарна төлеу туралы; 5) теңiздің кемеден аққан мұнаймен ластануынан болған залалды өтеу туралы; 6) қауiптi жүктердi теңiз арқылы тасымалдауға байланысты залалды өтеу туралы; 7) ядролық залалы өтеу туралы; 8) суға батқан кеменi, оның iшiнде сондай кеменiң бортында бар немесе болған нәрсенiң бәрiн судан алып шығуға, аластауға немесе жоюға байланысты; 9) кемеден жүктi аластауға, жоюға немесе зарарсыздандыруға байланысты талаптарға қолданылмайды. 2. Залал үшiн жауапты тұлғаның, егер залал оның әрекетi (әрекетсiздiгi) салдарынан болғаны, қасақана немесе өрескел абайсыздықтан жасалғаны дәлелденсе, жауапкершiлiктi шектеуге құқығы жоқ. 198-бап. Жауапкершiлiктiң жалпы мөлшерi 1. Осы Заңның 199-бабында көрсетiлгеннен өзгеше және белгiлi бiр оқиғадан туындаған талаптар бойынша жауапкершiлiктiң жалпы мөлшерi былайша есептеп шығарылады: 1) азаматтың өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу талаптары бойынша: сыйымдылығы екi мың тоннадан аспайтын кеме үшiн - екi миллион есептiк бiрлiк; сыйымдылығы екi мың тоннадан астам кеме үшін сыйымдылықтың әрбiр келесi тоннасына осы тармақшаның екiншi абзацында көрсетiлген сомаға: екi мың бiр тоннадан отыз мың тоннаға дейiн - сегiз жүз есептiк бiрлiк; отыз мың бiр тоннадан жетпiс мың тоннаға дейiн - алты жүз есептiк бiрлiк; жетпiс мың тоннадан жоғары - төрт жүз есептiк бiрлiк қосылады; 2) басқа да кез келген талаптар бойынша: сыйымдылығы екi мың тоннадан аспайтын кеме үшiн - бiр миллион есептiк бiрлiк; сыйымдылығы екi мың тоннадан астам кеме үшiн сыйымдылықтың әрбiр келесi тоннасына осы тармақшаның екiншi абзацында көрсетiлген сомаға: екi мың бiр тоннадан отыз мың тоннаға дейiн - төрт жүз есептiк бiрлiк; отыз мың бiр тоннадан жетпiс мың тоннаға дейiн - үш жүз есептiк бiрлiк; жетпiс мың тоннадан жоғары - екi жүз есептiк бiрлiк қосылады. 2. Азаматтың өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу талаптары бойынша есептеп шығарылған сома, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, осындай талаптарды толық төлеу үшiн жеткiлiксiз болған жағдайда, осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес басқа талаптар бойынша есептеп шығарылған сома азаматтың өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу талаптары бойынша төленбеген қалдықты төлеу үшiн пайдаланылады, ол басқа талаптармен қатар бара-бар негiзде қанағаттандырылады. 3. Кемеден әрекет етпейтiн немесе тек қана кемеде әрекет ететiн құтқарушы өзiне немесе өзiне қатысты құтқару жөнiнде қызмет көрсетудi ұсынатын құтқарушы жауапкершiлiгiнiң мөлшерi кеме сыйымдылығының екi мың тонна болуы негiзге алына отырып есептеп шығарылады. 4. Сыйымдылығы үш жүз тоннадан аспайтын кеме үшiн жауапкершiлiк мөлшерi осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген талаптар бойынша сыйымдылығы екi мың тоннадан аспайтын кеме үшiн белгiленген жауапкершiлiк мөлшерiнiң алтыдан бiрiне тең сомада есептеп шығарылады. 199-бап. Жолаушылардың талаптары бойынша жауапкершiлiктiң мөлшерi 1. Кеме жолаушыларының өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу туралы талаптар бойынша, егер олар бiр оқыс жағдай нәтижесiнде пайда болса, кеме иесi жауапкершiлiгiнiң мөлшерi әрбiр жолаушыға шаққанда жүз жетпiс бес мың есептiк бiрлiкке тең сомамен шектеледi. Бұл орайда есеп айырысу жолаушылық куәлiкте көрсетiлген жолаушылар санына сәйкес жүргiзiледi. 2. Осы бапта белгiленген ережелерге сәйкес кеме жолаушыларының өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу туралы талаптар: 1) теңiз арқылы жолаушы тасымалдау шарты бойынша; 2) тасымалдаушының келiсiмiмен тасымалдау жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты бойынша жүзеге асырылатын автокөлiк құралдарымен, жануарлармен бiрге жүру үшiн зардап шегушi қойған немесе оның атынан қойылған талаптар болып табылады. 200-бап. Талаптарды бiрiктiру 1. Осы Заңның 198-бабына сәйкес айқындалған жауапкершiлiк мөлшерi қандай да бiр оқиғадан туындаған барлық талаптар жиынтығына: 1) кеме иесiне, сондай-ақ әрекетiне (әрекетсiздiгiне) кеме иесi жауапты болатын тұлғаға; 2) осы кемеде құтқару жөнiнде қызмет көрсететiн кеме иесiне, осы кемеден әрекет ететiн құтқарушыға, сондай-ақ әрекетi (әрекетсiздігі) үшін кеме иесi немесе құтқарушы жауапты болатын тұлғаға; 3) құтқару жөнiнде қызмет көрсетiлетiн, кемеде емес немесе тек қана кемеде әрекет ететiн құтқарушыға, сондай-ақ әрекетi (әрекетсiздiгi) үшiн құтқарушы жауапты болатын тұлғаға қолданылады. 2. Осы Заңның 199-бабына сәйкес айқындалған жауапкершiлiк мөлшерi қандай да бiр оқиғадан туындауы мүмкiн барлық талаптардың жиынтығына, кеме иесiне, сондай-ақ әрекетi (әрекетсiздiгi) үшiн кеме иесi жауапты болатын тұлғаға қолданылады. 201-бап. Жауапкершiлiктi шектеудiң ерiктi қоры 1. Жауапкершiлiгi жүктелуi мүмкiн тұлға, сол тұлғаның жауапкершiлiгi шектелген талап бойынша, оған талап қою берiлген сотта жауапкершiлiктi шектеу қорын құруы мүмкiн. 2. Жауапкершiлiктi шектеу қоры жауапкершiлiкке әкеп соққан оқиға күнiнен бастап, осындай қор құрылған күнге дейiн осы Заңның 198 және 199-баптарына сәйкес есептеп шығарылатын сома мөлшерiнде құрылады. Жауапкершіліктi шектеу қоры жауапкершiлiктi шектеуге негiз болған талаптарды ғана төлеуге арналады. 3. Жауапкершiлiктi шектеу қоры сот атына депозит жағдайларында ақша енгiзу не Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сот жеткiлiктi деп таныған өзге де қаржымен қамтамасыз етудi ұсыну арқылы құрылуы мүмкiн. 4. Бiрнеше кеме иелерiнiң немесе құтқарушылардың белгiлi бiр оқиғадан туындаған талаптары бойынша жауапкершiлiктi шектеуге құқығы болған жағдайда, осындай тұлғалардың бiрi құрған жауапкершiлiктi шектеу қоры барлық кеме иелерi немесе құтқарушылар құрған деп есептеледi. 202-бап. Жауапкершiлiктi шектеу қорын бөлу 1. Жауапкершiлiктi шектеу қорын бөлу мәселелерi осындай қор құрылған сотта шешiледi. 2. Жауапкершiлiктi шектеу қоры талаптардың белгiленген сомаларына бара-бар талаптары бар тұлғалардың арасында бөлiнедi. 3. Жауапкершіліктi шектеу қорын бөлуге дейiн, талабы бойынша жауапты тұлға немесе оның сақтандырушысы осы қорға талап бойынша өтем төлеген жағдайда, мұндай тұлға осы тарауда белгiленген нормалар негiзiнде оның төлеген сомалары шегiнде өтем алған тұлға ие бола алатын құқықтарды иеленедi. 4. Жауапкершiлiктi шектеу қорын құрған жағдайда, залалдың өтелуiн талап ететiн ешбiр тұлғаның мұндай қорды құрған тұлғалардың қандай да бiр басқа мүлкi есебiнен осындай талапты қанағаттандыруға құқығы жоқ. Бұл орайда сот кеменiң тұтқындалуы мен залалды өтеу туралы талап қоюды қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де шаралардың күшiн жоюға тиiс. 21-тарау. КЕМЕГЕ ТЕҢІЗ КЕПIЛI. КЕМЕ НЕМЕСЕ ЖАСАЛЫП ЖАТҚАН КЕМЕ ИПОТЕКАСЫ 203-бап. Орындалуы кемеге теңiз кепiлiмен қамтамасыз етiлетiн мiндеттемелер 1. Кемеге теңiз кепiлiмен: 1) кеме капитанына және кеме экипажының басқа мүшелерiне олардың кеме бортындағы жұмысы үшiн тиесiлi жалақыға және басқа да сомаларға, соның iшiнде қайтаруға арналған шығыстарға және кеме капитаны мен кеме экипажының басқа мүшелерi атынан әлеуметтiк сақтандыру бойынша төленетiн жарналарға; 2) құрғақта немесе суда кеменi пайдалануға тiкелей байланысты азаматтың өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеуге; 3) кеменi құтқару үшiн сыйақыға; 4) осы Заңда көзделген алымдарды төлеуге, сондай-ақ лоцманның қызмет көрсетуi үшiн төлемге; 5) кемемен тасымалданатын жүктен, контейнерлерден, багаждан, каюталық багаждан және жолаушылардың заттарынан басқа, кеменi пайдалану кезiнде өзге де мүлiктiң жоғалуы немесе зақымдануы салдарынан келтiрiлген нақты залалды өтеуге қатысты кеме иесiне қойылатын талаптар қамтамасыз етiледi. 2. Егер осындай талаптар: 1) кемелердiң ластануынан келтiрiлген залал немесе теңiз арқылы қауіптi жүктердi тасымалдауға байланысты залал келтiру; 2) ядролық отынның, оның өнiмдерi мен қалдықтарының радиоактивтiк қасиеттерiнiң әсер етуi не олардың радиоактивтiк қасиеттерiнің қауiптi қасиеттерiмен ұштаса отырып әсер етуi салдарынан туындаса, осы баптың 1-тармағының 2) және 5) тармақшаларында көзделген талаптар кемеге теңiз кепiлiмен қамтамасыз етiлмейдi. 3. Кеменi конкурстық сауда-саттық (тендер, аукцион) өткiзу арқылы соттан тыс тәртiппен мәжбүрлеп сату жағдайын қоспағанда, кемеге меншiк құқығы ауысқан, оның тiркелуi өзгертiлген немесе кеменің туы ауыстырылған жағдайда кемеге теңiз кепiлi күшiн сақтап қалады. 204-бап. Кемеге теңiз кепiлiмен қамтамасыз етiлген талаптардың басымдықпен қанағаттандырылуы Осы Заңның 203-бабының 1-тармағына сәйкес кемеге теңiз кепiлiмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелерден туындайтын талаптар, осы Заңның 220-бабының 3-тармағында көзделген талаптарды қоспағанда, өзге барлық талаптар алдында басымдықпен қанағаттандырылуға тиiс. 205-бап. Кемеге теңiз кепiлiмен қамтамасыз етiлген талаптарды қанағаттандырудың кезектiлiгi 1. Осы Заңның 203-бабының 1-тармағына сәйкес, кемеге теңiз кепiлiмен қамтамасыз етiлген талаптар олардың аталған тармақтағы кезектiлiк ретi бойынша қанағаттандырылады. Кемеге теңiз кепiлi құқығын беретiн құтқару операциялары жүзеге асырылардан бұрын туындаған, кемеге теңiз кепiлiмен қамтамасыз етiлген басқа да барлық талаптардың алдында кеменi құтқару үшiн сыйақы талаптары қанағаттандырылады. 2. Осы Заңның 203-бабы 1-тармағының 1), 2), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес, кемеге теңiз кепiлiмен қамтамасыз етiлген талаптар әрбiр кезек шегiнде талаптардың мөлшерiне бара-бар қанағаттандырылады. 3. Осы Заңның 203-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, кемеге теңiз кепiлiмен қамтамасыз етiлген, кеменi құтқару үшiн сыйақы талаптары кезектiлiк шегiнде осындай талаптардың туындаған уақытына керi тәртiппен қанағаттандырылуға тиiс. Талап құтқару операциясы аяқталған кезде туындады деп есептеледi. 206-бап. Кемеге теңiз кепiлінiң тоқтатылуы 1. Егер аталған мерзiм бiткенге дейiн кеме мәжбүрлеу тәртiбiмен сатылмаған болса, кемеге теңiз кепiлi осы Заңның 203-бабының 1-тармағында көзделген, кемеге теңiз кепiлiмен қамтамасыз етiлген талаптардың туындаған күнiнен бiр жыл өткен соң тоқтатылады. 2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген мерзiм: 1) осы Заңның 203-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, кемеге теңiз кепiлiмен қамтамасыз етiлген талаптар бойынша - осындай талап қойған экипаж мүшесiнiң кемеден босатылу кезiнен бастап; 2) осы Заңның 203-бабы 1-тармағының 2)-5) тармақшаларына сәйкес, кемеге теңiз кепiлiмен қамтамасыз етiлген талаптар бойынша - осындай талап туындаған кезден бастап есептеледi. Аталған мерзiм тұтқынға алуға жол берiлмейтiн кезеңге тоқтатыла тұрады. 207-бап. Талап құқығын басқаға беру немесе талап құқығының ауысуы 1. Кемеге теңiз кепiлiмен қамтамасыз етiлген талап құқығын басқаға беру немесе талап құқығының ауысуы сонымен бiрге кемеге теңiз кепiлi талабы құқығын басқаға беруге немесе оған құқықтың ауысуына әкеп соғады. 2. Азаматтың өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу туралы талаптардың және теңiзде сақтандыру шарты бойынша кеменің меншiк иесiне тиесiлi сақтандыру төлемiн төлеу туралы талаптардың кемеге теңiз кепiлi құқығы бар тұлғаға ауыстырылуына жол берiлмейдi. 208-бап. Кеменi немесе жасалып жатқан кеменi ұстап қалуға құқық 1. Кеменi жасауға, сондай-ақ кеменi жөндеуге, соның iшiнде оны реконструкциялауға байланысты туындайтын талаптарды қамтамасыз ету үшiн кеме жасау және кеме жөндеу ұйымдарының (мердiгер) мұндай кеменi, пайдаланылмаған материалдардың қалдықтарын және тапсырысшы тиiстi сомаларды төлегенге дейiн өздерiнiң қолындағы тапсырысшының басқа да мүлкiн ұстап қалуға құқығы бар. 2. Осы баптың 1-тармағында көзделген кеменi ұстап қалуға құқық, егер бұл тек оның тұтқындалуының салдары болмаса, кеме жасау немесе кеме жөндеу ұйымының (мердiгердiң) иелiгiнен кеме немесе жасалып жатқан кеме шығып қалған кезден бастап тоқтатылады. 3. Кеме немесе жасалып жатқан кеме мәжбүрлеп сатылған жағдайда кеме жасау және кеме жөндеу ұйымдарының (мердiгердiң) осы Заңның 220-бабының 4-тармағына сәйкес әлгiндей кеменi сатудан алынған сома есебiнен өз талаптарын қанағаттандыруға құқығы бар. 209-бап. Кеме ипотекасын белгiлеу 1. Кеме ипотекасы ақша мiндеттемесiнiң орындалуын қамтамасыз ету мақсатында кеменiң меншiк иесi (кепiл берушi) мен кредитор (кепiл ұстаушы) арасында осы Заңның 211 және 212-баптарына сәйкес, мемлекеттік тiркелуге тиiстi шарт жасасу арқылы белгiленедi. 2. Кеменiң меншiк иесiнiң келiсiмiмен, оған шаруашылық жүргiзу құқығы бар тұлға да кеме ипотекасының кепiл берушiсi болуы мүмкін. Ескерту. 209-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.10.22. № 601 Заңымен (өзгеріс 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі). 210-бап. Кеме ипотекасының нысанасы 1. Шартта өзгеше көзделмеген жағдайда, кеме ипотекасы нақ сол меншiк иесiне жататын кеме сияқты кеменiң керек-жарағына, сондай-ақ кеменiң опат болуы мен зақымдануына жауаптылық жағдайларында кеменiң теңiздегi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерiне де қолданылады. Кеме ипотекасы жалдау ақысына қолданылмайды. 2. Шартта өзгеше көзделмеген жағдайда, жасалып жатқан кеменiң ипотекасы оны жасауға арналған және кеме жасау ұйымы орналасқан жерде жатқан және таңбалау арқылы немесе өзге де әдiспен анық бiрдейлендiрiлген материалдар мен жабдықтарға, сондай-ақ жасалып жатқан кеменiң теңiздегi сақтандыру шарты бойынша жасалып жатқан кеменiң опат болуы мен зақымдануына жауаптылық жағдайларында сақтандыру төлемдерiне де қолданылады. 3. Егер екi немесе одан да көп кеме не жасалып жатқан кеме ипотека нысанасы болса, жеке алғанда әрбiр кеменiң мiндеттеменi қамтамасыз ету мөлшерi туралы келiсiм болмаған жағдайда, мұндай кемелер мiндеттеменi толық мөлшерiнде қамтамасыз етушi болады. 211-бап. Кеме ипотекасын мемлекеттiк тiркеу 1. Кеме ипотекасы нақ сол кеме тiркелген тiзiлiмде тiркеледi. 2. Осы Заңның 11-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзуге құқық уақытша берiлген шетел кемесiнiң ипотекасын, сондай-ақ шетелдiк алушы үшiн жасалып жатқан кеменiң ипотекасын Қазақстан Республикасында тiркеуге болмайды. 3. Жасалып жатқан кеменiң ипотекасы жасалып жатқан кемеге меншiк құқығы тiркелген жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнде тiркеледi. Ескерту. 211-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.10.22. № 601 Заңымен (өзгеріс 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі). 212-бап. Кеме ипотекасын мемлекеттiк тiркеудiң тәртiбi 1. 31.12.2015 дейін қолданыста болды - ҚР 27.04.2015 № 311-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз). Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген тәртіппен операция жүзеге асырылған жағдайда, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер және өзге де заңды тұлғалардың активтер мен (талап ету) құқықтарын екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымға берген кезде кепіл ұстаушының өтініші негізінде тіркеледі. 2. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын тiркеу туралы өтiнiште: 1) кеменi (кеменiң атауы, порт немесе оның мемлекеттiк тiркелген орны, кеменiң тiркелiм нөмiрi, үлгiсi және сыныбы, тоннажы) немесе жасалып жатқан кеменi (кеме жасалу жүзеге асырылып жатқан орын, жасалу нөмiрi, кеменiң үлгiсi, кильдiң ұзындығы және басқа негiзгi өлшемдер, тiркелiм нөмiрi) бiрдейлендiретiн деректер; 2) ипотекаға кепiл берушiнiң есiмi мен мекен-жайы; 3) ипотекаға кепiл ұстаушының есiмi мен мекен-жайы немесе оның ұсынушыға белгiленгенi туралы мәлiметтер; 4) екi немесе одан да көп кемелерге не жасалып жатқан кемелерге ипотеканы белгiлегенде, ипотекамен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң ең жоғары мөлшерi - тараптардың ол туралы келiсiмi болған жағдайда, мiндеттеменi жеке алғанда әрбiр кеме қамтамасыз ететiн мөлшер; 5) кеме немесе жасалып жатқан кеме ипотекасының аяқталу күнi көрсетiлуге тиiс. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiшке кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасы туралы шарт осындай шартта аталған құжаттармен қоса берiледi. Осы баптың 1-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайда кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның активтер мен талап ету құқықтарын иеленуін көздейтін шарттың нотариат куәландырған көшірмесі (тапсыру актісін немесе одан үзінді-көшірме қоса беріле отырып), талап ету құқығын басқаға беру туралы талапты қамтитын шарт қоса беріледі. 3. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын тiркейтiн орган, егер кеменiң немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасы туралы шарт не осындай шартқа қоса берiлетiн құжаттар кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркеу талаптарына сай келмесе, оны мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға құқылы. 4. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасы мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiш алынған күнi тiркеледi. Теңiз кемелерінің мемлекеттiк кеме тiзiлiмiне, кеме кiтабына немесе жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiне, осы баптың 2-тармағына сәйкес, мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiште аталған барлық мәлiметтер енгiзiледi. 5. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын тiркейтiн орган кепiл берушi мен кепiл ұстаушыға, Теңiз кемелерінің мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде, кеме кiтабында немесе жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнде бар жазбаларға сәйкес кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркеу туралы белгiленген үлгiдегi куәлiк беруге тиiс. 6. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркеу үшін Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген тәртiппен алым алынады. 6-1. Алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 7. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасы тiркелетiн Теңiз кемелерінің мемлекеттiк тiзiлiмi, кеме кiтабы немесе жасалып жатқан кемелер тiзiлiмi мен тiркеу органына берiлуге тиiстi құжаттар ашық болып табылады және мүдделi тұлғаның олардан үзiндi жазбалар мен осындай құжаттардың көшiрмелерiн алуға құқығы бар. 8. Кеме ипотекасын мемлекеттiк тiркеген кезде кеме құжаттарына ол туралы қандай да бiр жазбалар енгiзу талап етiлмейдi. Ескерту. 212-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.10.22 № 601 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 27.04.2015 № 311-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) ; 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 213-бап. Кеме ипотекасымен қамтамасыз етiлген талаптарды басымдықпен қанағаттандыру 1. Орындалуы кеменiң тiркелген ипотекасымен қамтамасыз етiлетiн мiндеттемелер бойынша талаптар, 203-баптың 1-тармағында және 220-баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген талаптарды қоспағанда, өзге де барлық талаптар алдында басымдықпен қанағаттандырылуға тиiс. 2. Осы Заңның 220-бабының 4-тармағында көзделген талаптарды қоспағанда, жасалып жатқан кеменiң тiркелген ипотекасымен қамтамасыз етiлген мiндеттемелерден туындайтын талаптардың алдында ешқандай талаптар басымдықпен қанағаттандырылмауға тиiс. 214-бап. Кеме ипотекасымен қамтамасыз етiлген талаптардың қанағаттандырылу кезектiлiгi 1. Егер ипотека белгiленген кеме кепiл берушiнiң басқа талаптарын қамтамасыз ететiн тағы бiр ипотеканың нысанасына айналса, одан кейiнгi кепiл ұстаушының талаптары оның алдындағы кепiл ұстаушылардың талаптарынан кейiн қанағаттандырылады. Кеме ипотекасымен қамтамасыз етiлген мұндай талаптардың қанағаттандырылу кезектiлiгi ипотеканың мемлекеттік тiркелген күнiмен белгiленедi. 2. Кеменің немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасымен қамтамасыз етiлген мiндеттемелерден туындайтын талаптардың осы баптың 1-тармағында көзделген қанағаттандырылу кезектiлiгi кепiл берушi мен кепiл ұстаушының келiсiмiмен өзгертiлуi мүмкiн. Мұндай келiсiм Теңiз кемелерінің мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде, кеме кiтабында немесе жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнде тiркелуге тиiс. Ескерту. 214-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.10.22. № 601 Заңымен (өзгеріс 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі). 215-бап. Кеме ипотекасының шарты бойынша құқықтарды басқаға беру 1. Кепiл ұстаушы талапты басқаға беру арқылы негiзгi мiндеттеме бойынша кредитордың құқықтарын беру туралы ережелердi сақтай отырып, Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес, өзiнiң кеме ипотекасының шарты бойынша құқықтарын басқа тұлғаға беруге құқылы. 2. Кеме ипотекасының шарты бойынша құқықты басқаға берген жағдайда ол тiркелген Теңiз кемелерінің мемлекеттiк кеме тiзiлiмiне, кеме кiтабына немесе жасалып жатқан кемелер тiзiлiм не басқаға берiлген датасы туралы және пайдасына берiлген басқа тұлғаның атауы мен мекен-жайы туралы жазба енгiзiледi. 216-бап. Ипотекамен қамтамасыз етiлген кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң сақталуы Кепiл берушi ипотекамен қамтамасыз етiлген кеменi немесе жасалып жатқан кеменi сақтау және күтiп ұстау жөнiнде тиiстi шаралар қолдануға мiндеттi. Егер осындай мiндеттi орындамау кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң едәуiр құнсыздануына әкеп соқса, кепiл ұстаушы оны мiндеттеменiң орындалу мерзiмi басталғанға дейiн мәжбүрлеу тәртiбiмен сатуға құқылы. 217-бап. Кемеге немесе жасалып жатқан кемеге меншiк құқығының ауысуы немесе мемлекеттік тiркеудiң өзгертiлуi 1. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң тiркелген ипотекасымен қамтамасыз етiлген талаптар қанағаттандырылмаған не барлық кепiл ұстаушылардың жазбаша келiсiмi болмаған жағдайда порттың теңiз әкiмшiлiгiнiң, осы Заңның 219 және 220-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеменi Теңiз кемелерінің мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнен немесе кеме кiтабынан шығарып тастауға не жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын мемлекеттік тiркеу туралы жасалып жатқан кемелердiң тiзiлiмiнен алынған жазбаға өзгерiс енгiзуге құқығы жоқ. 2. Кеменi Теңiз кемелерінің мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнен немесе кеме кiтабынан не жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын жасалып жатқан кемелер тiзiлімiнен шығарып тастау (ерiктi сату жағдайларын қоспағанда) мiндеттi болып табылған жағдайларда, тiркеу органы кепiл ұстаушылар өз мүдделерiн қорғау жөнiнде тиiсiнше шаралар қолдану үшiн кепiл ұстаушыларға кеменi немесе жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын тиiстi тiзiлiмдерден алдағы уақытта шығарып тасталатыны туралы хабарлама жолдауға тиiс. Олардың келiсiмi алынбаған жағдайда, кеме немесе жасалып жатқан кемеге меншiк құқығы тиiстi тiзiлiмдерден ақылға қонымды кезең бiткеннен кейiн, бiрақ кепiл ұстаушыларға хабарланған соң кем дегенде үш айдан кейiн шығарылып тасталады. Ескерту. 217-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.10.22. № 601 Заңымен (өзгеріс 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі). 218-бап. Кеменi немесе жасалып жатқан кеменi мәжбүрлi сатудың негiздерi Кепiл берушi борышты төлеу жөнiндегi мiндеттеменi орындамаған жағдайда, ипотека салынған кеме немесе жасалып жатқан кеме тұтқындалған кеменiң немесе тұтқындалған жасалып жатқан кеменiң тұрған орнында сот шешiмiнiң негiзiнде сатылуы мүмкін. 219-бап. Кеменi немесе жасалып жатқан кеменi мәжбүрлi сату тәртiбi Кеменi немесе жасалып жатқан кеменi мәжбүрлi сату Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. 220-бап. Кеменi немесе жасалып жатқан кеменi мәжбүрлi сатудың салдары 1. Кеменi немесе жасалып жатқан кеменi мәжбүрлi сату жағдайында, кеменiң немесе жасалып жатқан кемінiң барлық тiркелген ипотекалары, кепiл ұстаушылардың келiсiмiмен сатып алушы өз мойнына алғандарын қоспағанда, барлық кепiлдер және басқа да кез келген түрдегi ауыртпалықтар кемеге немесе жасалып жатқан кемеге қатысты қолданылуын тоқтатады. 2. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменің тұтқындалуына және кейiнгi сатылуына байланысты шығыстар бiрiншi кезекте олардың сатылуынан алынған сомалар есебiнен төленедi. Мұндай шығыстар өзiне, атап айтқанда, кеменi тұтқындау кезiнен кеменi және кеме экипажының мүшелерiн ұстауға жұмсалған шығыстарды, сондай-ақ осы Заңның 203-бабының 1-тармағының 1) тармақшасында аталған жалақыны, басқа да сомалар мен шығыстарды қамтиды. Кеменi немесе жасалып жатқан кеменi сатудан алынған соманың қалдығы осы тарауға сәйкес тиiстi талаптарды қанағаттандыруға қажет болуына қарай бөлiнедi. Барлық тұлғалардың қойған талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн кеменi немесе жасалып жатқан кеменi сатудан алынған сома, егер ол қалса, кеменің немесе жасалып жатқан кеменiң меншiк иесiне қайтарылады және еркiн аударылуы мүмкiн. 3. Суға батқан кеменi мәжбүрлi сату жағдайында, теңiзде жүзу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету немесе теңiз ортасын ластанудан қорғау мақсатында, оның судан шығарылуын порттың теңiз әкiмшiлiгi жүзеге асырады, суға батқан кеменi судан шығаруға жұмсалған шығыстар, кемеге теңiздегi кепiлмен қамтамасыз етiлген кез келген талаптар қанағаттандырылғанға дейiн, оның сатылуынан алынған сома есебiнен төленедi. 4. Өз мiндеттемелерiн қамтамасыз етуге кеменi ұстап қалатын кеме жасау немесе кеме жөндеу ұйымы (мердiгер) оны мәжбүрлеу тәртiбiмен сату үшiн беруге мiндеттi. Осы Заңның 203-бабының 1-тармағына сәйкес, кемеге теңiз кепiлiмен қамтамасыз етiлген талаптар болған жағдайда кеме жөндеу ұйымында мұндай құқық аталған талаптар қанағаттандырылғаннан кейiн пайда болады. 5. Кеменi немесе жасалып жатқан кеменi сатып алушы Қазақстан Республикасының азаматы немесе заңды тұлғасы болған жағдайда, кеме немесе жасалып жатқан кемеге меншiк құқығы Қазақстан Республикасының тиiстi тiзiлiмiнде осындай сатып алушының атына тiркелуге тиiс. Кеме немесе жасалып жатқан кемеге меншiк құқығы Қазақстан Республикасының тиiстi тiзiлiмiнде тiркелген және мұндай кеменi немесе жасалып жатқан кеменi сатып алушы шетелдiк азамат немесе шетелдiк заңды тұлға болған жағдайда, кеменi тiркеу органы не жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын тiркеу органы осындай сатып алушыға кеменiң Теңiз кемелерінің мемлекеттiк кеме тiзілiмiнен, кеме кiтабынан шығарып тасталғаны туралы немесе кеменi немесе жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын шет мемлекеттiң тиiстi тiзiлiмiнде тiркеу мақсатында, жасалып жатқан кемеге меншiк құқығының жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнен шығарып тасталғаны туралы куәлiк беруге мiндеттi. 221-бап. Кеме ипотекасының тоқтатылуы 1. Кеме ипотекасы: 1) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеме тоқтатылған; 2) кеме немесе жасалып жатқан кеме конкурстық сауда-саттық (тендер, аукцион) арқылы сатылған жағдайларда, сондай-ақ оны сату мүмкiн болмай шыққан жағдайда; 3) кеме немесе жасалып жатқан кеме ипотекасының кепiл ұстаушысы теңiздегi сақтандыру шартына сәйкес, кеменің немесе жасалып жатқан кеменің опат болуына байланысты тиесiлi сақтандыру төлемiне өз талабын жүзеге асыра алатын жағдайларды қоспағанда, кеме немесе жасалып жатқан кеме опат болған жағдайларда тоқтатылады. 2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда кеменің немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын тоқтату туралы дәлелдемелер табыс етiлген кезде, тiркеу органы тиiстi кемелер тiзiлiмiне немесе жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiне кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын тоқтату туралы жазба жасайды. 22-тарау. КЕМЕНІ ТҰТҚЫНДАУ 222-бап. Кеменi тұтқындау негiздерi 1. Кеменi тұтқындау теңiз талабын қамтамасыз ету үшiн кеменi кiдiртiп қою немесе оның жүрiс-тұрысын шектеу болып табылады. 2. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, теңiз талабы бойынша ғана кеме тұтқындалуы мүмкiн. 3. Теңiз талабын қамтамасыз ету мақсатымен, басқа мемлекеттiң сотында қаралуға тиiс теңiз талабы туралы тиiстi шарттың талаптарына қарамастан, кеменiң тұтқындалуы мүмкiн. 4. Теңiз талаптарына жатпайтын талаптар бойынша кеме: 1) кеме иесiнің банкротқа ұшырауы немесе кеме иесiнiң - заңды тұлғаның таратылуы; 2) қылмыстық iс бойынша тәркiлеудiң қамтамасыз етiлуi жағдайларында ғана тұтқындалуы мүмкiн. 5. Бұл тарау осы Заңда көзделген теңiз порты капитанының кеменi теңiз портынан шығаруға рұқсат беруден бас тарту, кеме мен жүктi кiдiртiп қою құқықтарын қозғамайды. 6. Осы тарауда реттелмеген, кеменi тұтқындаудан туындайтын құқық қатынастары Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi. Ескерту. 222-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 223-бап. Теңiз талабы Мыналар: 1) кеменi пайдалану кезiнде залал келтiрiлуiне; 2) кеменi пайдаланумен тiкелей байланысты құрғақта не суда азаматтың өмiрi мен денсаулығына залал келтiрiлуiне; 3) құтқару операциясын немесе құтқару туралы шартты жүзеге асыруға; 4) егер мұндай талап Қазақстан Республикасының халықаралық шартынан, Қазақстан Республикасының заңынан немесе шарттан туындайтын болса, залалды болғызбау немесе азайту жөнінде шаралар қолдануға жұмсалған шығыстарға, соның iшiнде қоршаған ортаға келтiрiлген залалға, сондай-ақ осындай шаралар келтiрген немесе келтiруi мүмкiн залалға; 5) суға батқан кеменi немесе оның жүгiн шығарып алуға, аластауға немесе жоюға жұмсалған шығыстарға; 6) кеменi пайдалану туралы шартқа; 7) жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартына немесе теңiзде жолаушылар тасымалдау шартына; 8) кемедегi жүктің немесе багаждың жоғалуына, кем шығуына немесе зақымдануына (бүлiнуiне); 9) жалпы аварияға; 10) лоцмандық алып өтуге; 11) сүйретiп жүзуге; 12) тамақ өнiмдерiн, материалдар, отын, запастар, жабдықтар, соның iшiнде кеменi пайдалану немесе оны күтіп ұстау үшiн қажеттi контейнерлер беруге; 13) кеменің жасалуына, жөнделуiне, жаңғыртылуына немесе қайта жабдықталуына; 14) теңiз портында алынатын алымдар мен төлемдерге; 15) кеме капитаны мен кеме экипажының басқа мүшелерiне тиесiлi жалақыға және басқа да сомаларға; 16) кемеге қатысты жұмсалған шығыстарға; 17) сақтандыру сыйлықақысына; 18) теңiз агентiнiң, теңiз брокерiнiң сыйақысына; 19) кемеге меншiк құқығы және өзге де заттық құқықтар туралы дауға; 20) кеменiң меншiк иелерi арасындағы кеменi пайдалану мен пайданы бөлу туралы дауға; 21) кеменi сатып алу-сату шартынан туындайтын дауға байланысты мәлiмделген кез келген талап теңiз талабы болып табылады. 224-бап. Тұтқынға алуға жол берiлмейтiн кеме 1. Теңiз талаптары бойынша: 1) тұтқынға алынатын кезге қарай кемеге меншiк құқығы үшiншi тұлғаларға берiлген; 2) кеменi өзге кеме жалдаушы жалдап алған жағдайларда кеменi тұтқынға алуға жол берiлмейдi. 2. Осы баптың 1-тармағында көзделген ережелер кемеге меншiк құқығы мен өзге де заттық құқыққа қатысты қолданылмайды. 225-бап. Тұтқындалған кеменiң иесiн қорғау 1. Сот кеменi тұтқынға алудың немесе оның бұрынғы тұтқынға алынуының ұзартылу талабы ретiнде кеменi тұтқынға алуды немесе тұтқындаудың ұзартылуын талап етушi тұлғаға кеменi тұтқынға алу салдарынан келтiрілуi мүмкiн зияндарға байланысты сот айқындай алатын көлем мен жағдайларда қамтамасыз етудiң берiлуiн мiндеттеуге құқылы. Бұл ереже осы Заңның 223-бабының 15) тармақшасында көзделген талап бойынша кеменi тұтқынға алуды немесе тұтқынға алудың ұзартылуын талап етушi тұлғаға қатысты қолданылмайды. 2. Тұтқындалған кеме иесiнің талап етуi бойынша кеменi тұтқынға алған немесе кеменiң тұтқынға алынуын болғызбау үшiн талаптың өзгеше қамтамасыз етiлуi жөнiнде шаралар қолданған сот талап етуi бойынша кеме тұтқынға алынған немесе қамтамасыз етiлген тұлғаның кеменiң тұтқынға алуынан келтiрілген зиян үшін жауапкершiлiк мөлшерiн анықтауға құқылы. 23-тарау. ТЕҢІЗДЕГІ НАРАЗЫЛЫҚ 226-бап. Теңiздегi наразылық 1. Кеме жүзiп жүрген немесе тоқтап тұрған уақытта кеме иесiне мүлiктiк талаптар қою үшiн негiз бола алатын оқиға орын алған жағдайда, кеме капитаны дәлелдемелердi қамтамасыз ету мақсатында теңiздегi наразылық туралы мәлiмдеме беруге тиiс. 2. Теңiздегi наразылықта оқиғаның мән-жайы мен оны туғызған себептер жөнiнде толық ақпарат, соның iшiнде залал туралы және залалды болғызбау немесе азайту жөнiнде қолданылған шаралар туралы ақпарат болуға тиiс. 227-бап. Теңiздегi наразылық туралы мәлiмдеме 1. Теңiздегi наразылық туралы мәлiмдеме: 1) Қазақстан Республикасының портында - нотариуске; 2) шетел портында - Қазақстан Республикасының консулдық мекемесiнің лауазымды адамына немесе тиiстi мемлекеттiң заңдарында белгiленген тәртiппен шет мемлекеттiң құзыреттi лауазымды адамына берiледi. 2. Егер оқиға: 1) теңiз портында болса, оқиға болған кезден бастап жиырма төрт сағат iшiнде; 2) кеме жүзiп жүрген кезде болса, кеменiң немесе кеме капитанының оқиға болғаннан кейiн алғашқы теңiз портына келген кезiнен бастап жиырма төрт сағат iшiнде теңiздегi наразылық туралы мәлiмдеме берiледi. Оқиға жүзiп жүрген кезде болған жағдайда, оқиға болғаннан кейiн алғашқы портқа кiруге байланысты кететiн уақыт пен жұмсалатын шығыстардың елеулi ысырабын болғызбау үшiн, теңiздегi наразылық туралы мәлiмдеме кеменiң немесе кеме капитанының оқиға болғаннан кейiн алғашқы порт болып табылмайтын портқа келген кезiнде берiлуi мүмкiн. 3. Осы баптың 2-тармағында белгiленген мерзiмде теңiздегi наразылықты мәлiмдеу мүмкiн болмаған жағдайда, мұның себептерi теңiздегi наразылық туралы мәлiмдемеде көрсетiлуге тиiс. 4. Егер мұндай құқық тиiстi халықаралық шартта көзделсе, шетел кемелерi капитандарының өз кемесi туын көтерiп жүзіп жүрген мемлекеттiң консулдық мекемелерiне теңiздегi наразылық туралы мәлiмдеме беруге құқығы бар. 228-бап. Жүкке келтiрiлген залалға қатысты теңiздегi наразылық туралы мәлiмдеме Оқиға салдарынан кемедегi жүкке залал келтiрiлген жағдайда, теңiздегi наразылық туралы мәлiмдеме люктер ашылғанға дейiн берiлуге тиiс. Теңiздегi наразылық мәлiмденгенге дейiн кемедегi жүктi түсiруге аса қажеттi жағдайда ғана жол берiледi. 229-бап. Теңiздегi наразылық туралы мәлiмдеме жiберiлген тұлғаға кеме журналының берiлуi 1. Кеме капитаны теңiздегi наразылық туралы мәлiмдеме берiлген тұлғаға кеме немесе кеменiң капитаны теңiз портына келген, сондай-ақ оқиға портта орын алған болса, оқиғаның өзi болған кезден бастап жетi күн iшiнде танысу үшiн кеме журналын және кеме журналынан үзiндi жазбаны өзi куәландырып беруге мiндеттi. 2. Кеме журналы жойылған (жоғалған) жағдайда кеме журналының жойылуының (жоғалуының) мән-жайы мен себептерi теңiздегi наразылық туралы мәлiмдемеде баяндалуға тиiс. 230-бап. Теңiздегi наразылық туралы акт жасау Теңiздегi наразылық туралы мәлiмдеменi қабылдауға уәкiлеттi тұлғалар кеме капитанының мәлiмдемесi, кеме журналының деректерi, кеме капитанынан және қажет болған жағдайда кеме экипажының басқа мүшелерiнен сұрастыру негiзiнде теңiздегi наразылық туралы акт жасайды. 24-тарау. АКТІЛЕР, КІНӘ ҚОЮ ЖӘНЕ ТАЛАП ҚОЮ. ТАЛАП ҚОЮ МЕРЗІМІ 231-бап. Теңiзде жүк тасымалдауға қатысушылардың жауапкершiлiгi үшiн негiз бола алатын мән-жайларды куәландыру 1. Тасымалдаушының, жөнелтушiнің, алушының және жолаушының жауапкершiлiгi үшiн негiз бола алатын мән-жайлар коммерциялық актiлермен немесе жалпы нысандағы актiлермен куәландырылады. Шет ел порттарында аталған мән-жайлар сол портта қолданылатын ережелерге сәйкес куәландырылады. 2. Коммерциялық акт: 1) жүктiң немесе нақты багаждың атауы, массасы немесе орындарының саны және тасымалдау құжатында көрсетiлген деректер арасындағы сәйкессiздiктi; 2) жүктiң немесе багаждың жоғалғанын, кем шыққанын немесе зақымданғанын (бүлiнгенiн); 3) құжатсыз жүк немесе багаж, сондай-ақ жүксiз немесе багажсыз құжаттар табылғанын; 4) тасымалдаушыға ұрланған жүктiң немесе багаждың қайтарылғанын куәландыру үшiн жасалады. 3. Актiлердiң нысандары, оларды жасау тәртiбi және акт жасауды талап етпейтiн мән-жайларды куәландыру тәртiбi уәкiлеттi орган бекiтетiн ережелермен белгiленедi. 232-бап. Кiнә қою Кiнә қою тәртiбiмен дауларды сотқа дейiнгi реттеу талап қоюдың мiндеттi шарты болып табылады. 233-бап. Кiнә қою мен талап қою құқығын беру 1. Кiнә қою мен талап қою құқығын, мұндай құқықты жөнелтушiнiң алушыға беруi немесе керiсiнше жағдайларды, сондай-ақ жөнелтушiнің немесе алушының экспедиторға немесе сақтандырушыға беретiн жағдайларын қоспағанда, басқа ұйымдарға немесе азаматтарға беруге жол берiлмейдi. 2. Кiнә қою мен талап қою құқығының берiлуi коносаменттегi немесе өзге де тасымалдау құжатындағы басқа бiреуге (теңiз жүкқұжаты, чартер) беру түрiндегi жазбамен куәландырылады. 234-бап. Кiнә қоюдың шарттары мен тәртiбi 1. Теңiзде жүк тасымалдау шартынан туындайтын кiнә қою тасымалдаушыға талап қою мерзiмi iшiнде қойылуы мүмкiн. 2. Кiнәрат жүк тасымалдауды жүзеге асырған тасымалдаушыға және жүктi тасымалдау жүргiзiлмеген болса, теңiзде жүк тасымалдау шартына сәйкес оны жүзеге асыруға мiндеттi тасымалдаушыға қойылады. 3. Жүктiң жоғалуы, кем шығуы немесе зақымдануы (бүлiнуi) туралы кiнә қоюға, тасымалдау құжаттарынан басқа, кiнә қоюға құқықты растайтын құжаттар және жөнелтілген жүктің мөлшерi мен құнын куәландыратын құжаттар қоса берiлуге тиiс. Тасымалдау құжаттары (теңiз жүкқұжаты, коносамент, чартер) түпнұсқасында көрсетiледi. Ескерту. 234-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.10.2015 № 363-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 235-бап. Теңiзде жүк тасымалдау шартынан туындайтын кiнә қоюды қараудың тәртiбi мен мерзiмдерi 1. Кiнә қою оның алынған күнiнен бастап бiр ай мерзiмде қаралуға тиiс. 2. Бiр құжат бойынша көлiктiң әр түрiнiң тасымалдаушыларымен жүзеге асырылатын тасымал жөнiндегі кiнә қоюға қатысты - үш ай iшiнде. Егер кiнә қою қабылданбаса немесе осы бапта белгiленген мерзiмде жауап алынбаса, арызданушының талап қою құқығы пайда болады. 236-бап. Жолаушыны, багаж бен жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартынан туындайтын талаптар бойынша талап қою мерзiмi 1. Тасымалдаушыға теңiз арқылы тасымалдау шартынан туындайтын талап қою тасымалдаушы кiнә қоюды қанағаттандырудан толық немесе iшiнара бас тартқан жағдайда не кiнә қоюға тасымалдаушыдан жауап алынбаған жағдайда қойылуы мүмкiн. 2. Жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты бойынша талап қою мерзiмi - бiр жыл, жолаушы мен багаж тасымалдау шарты бойынша - алты ай. 3. Жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты бойынша аталған мерзiм: 1) жүктiң жоғалуынан және жетіспеуінен болған залалды өтеу туралы талаптар бойынша – жүк берiлуге тиiс болған күннен бастап бiр ай өткен соң; 2) жүктiң зақымданғаны (бүлiнгенi), жүктiң жеткiзiлу мерзiмiнiң өткiзіліп алынғаны үшiн залалды өтеу, тасымалдау ақысын қайтарып беру немесе өндiрiп алу туралы талаптар бойынша - жүк берiлген күннен бастап, егер жүк берiлмеген болса, ол берiлуге тиiс күннен бастап; 3) кеменің берiлмегенi немесе оның дер кезiнде берiлмегенi үшiн залалдарды өтеу, демерредж бен диспач төлеу туралы талаптар бойынша - жүк тасымалдау басталған немесе тасымалдана бастауға тиiс болған айдан кейiнгi ай бiтетiн күннен бастап; 4) басқа жағдайлардың бәрiнде - талапты беруге негiз болған оқиға басталған күннен бастап есептеледi. Ескерту. 236-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.10.2015 № 363-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 237-бап. Өзге талаптар бойынша талап қою мерзiмi 1. Сүйретiп жүзу шартынан, теңiз агенттiгiн жүргiзу шартынан, теңiз делдалдығы шартынан, тайм-чартерден, бербоут-чартерден және жалпы авариядан туындайтын талаптар бойынша талап қою мерзiмi: 1) сүйретіп жүзу шартынан, теңіз агенттігін жүргізу шартынан, теңiз делдалдығы шартынан, тайм-чартерден және бербоут-чартерден туындайтын талаптар бойынша - талап қою құқық пайда болған күннен бастап; 2) жалпы авариядан туындайтын талаптар бойынша - диспаша алынған күннен бастап есептеледi. 2. Осы Заңның 169-бабының 3 және 4-тармақтарында көзделген керi талаптар бойынша талап қою мерзiмi бiр жылға тиiстi сома төленген күннен бастап есептеледi. 238-бап. Теңiздiң кемеден аққан мұнаймен ластануы келтiрген залалды және теңiзде қауiптi жүктердi тасымалдауға байланысты залалды өтеу туралы талаптар бойынша талап қою мерзiмi Теңiздiң кемеден аққан мұнаймен ластануы келтiрген залалды және теңiзде қауiптi жүктердi тасымалдауға байланысты залалды өтеу туралы талаптар бойынша талап қою мерзiмi зардап шегушi мұндай залал келтiрiлгенiн бiлген немесе бiлуге тиiс болған күннен бастап үш жылдан соң бiтедi. Бұл орайда залалды өтеу туралы талап қоюды: 1) теңiздiң кемеден аққан мұнаймен ластануы келтiрген залалды өтеу туралы талаптар бойынша - оқыс жағдай салдарынан осындай залал келтiрiлген күннен бастап алты жылдан кейiн; 2) теңiзде қауiптi жүктердi тасымалдауға байланысты залалды өтеу талаптары бойынша - оқыс жағдай салдарынан осындай залал келтiрiлген күннен бастап он жылдан кейiн беруге болмайды. 239-бап. Жалпы мерзiмдердiң қолданылуы Осы Заңда талап қою мерзiмдерi белгiленбеген талаптар бойынша Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген талап қою мерзiмiнің жалпы мерзiмi қолданылады. 25-тарау. ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚҰҚЫҚ 240-бап. Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласында шетелдiк элемент қиындатқан қатынастарға қолданылуға тиiстi құқықты айқындау 1. Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласында шетелдiктердiң немесе шетелдiк заңды тұлғалардың қатысуымен не шетелдiк элемент қиындатқан қатынастарға қолданылуға тиiстi құқық Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi, осы Заң, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар және сауда мақсатында теңiзде жүзудiң танылған үрдiстерi негiзiнде айқындалады. 2. Осы Заңда көзделген шарт тараптардың келiсiмiмен таңдап алынған елдiң құқығымен реттеледi. Шарт тараптарының тұтас шарт үшiн де, оның жекелеген бөлiктерi үшiн де қолданылатын құқықты таңдап алуына болады. Шарт тараптарының келiсiмiмен құқық таңдау тасымалдаушыны жолаушының өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиян, жүктiң немесе багаждың жоғалуы, кем шығуы немесе зақымдануы (бүлiнуi) үшiн осы Заңда белгiленген жауапкершiлiктен не оның жауапкершiлiгiн шектеуден босатпайды. 3. Шарт тараптарының шартқа қолданылуға тиiстi құқық туралы келiсiмi болмаған жағдайда: 1) теңiз тасымалы шартында - тасымалдаушы; 2) теңiзде агенттiк ету, тайм-чартер және бербоут-чартер шартында - кеме иесi; 3) сүйретiп жүзу шартында - сүйретiп жүзетiн кеменiң иесi; 4) теңiз делдалдығы шартында - сенiмгер; 5) теңiз сақтандыру шартында - сақтандырушы болып табылатын тарап құрылған, тұрғылықты жерi немесе қызметiнiң негiзгi орны бар елдiң құқығы қолданылады. 241-бап. Кемеге меншiк құқығы және өзге де заттық құқықтар 1. Кемеге меншiк құқығы және өзге де заттық құқықтар, сондай-ақ олардың пайда болуы мен тоқтатылуы осы кеме мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлген елдiң құқығы бойынша айқындалады. 2. Жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнде тiркелмеген жасалып жатқан кемеге құқық, егер кеменi жасау туралы шартта өзгеше көзделмесе, кеменi жасауға қабылдаған немесе кеме жасалып жатқан елдiң заңымен айқындалады. 242-бап. Кеме экипажы мүшелерiнiң құқықтық жағдайы 1. Кеме экипажы мүшелерiнiң құқықтық жағдайы мен кеменi пайдалануға байланысты кеме экипажы мүшелерiнiң арасындағы қатынастар кеме туы елiнiң заңымен айқындалады. 2. Егер кеме иесi мен шетелдiктер болып табылатын кеме экипажы мүшелерiнiң арасындағы қатынастарды реттейтiн шартта өзгеше көзделмесе, кеме иесi мен кеме экипажы мүшелерiнің арасындағы қатынастар кеме туы елiнің құқығымен реттеледi. Кеме иесi мен кеме экипажы мүшелерiнің арасындағы еңбек қатынастарына қатысты қолданылуға тиiс құқықты еңбек шарты тараптарының таңдауы кеме экипажы мүшелерiнiң құқықтарын шектеуге, тараптардың келiсiмi болмаған кезде құқығы қолданылуға тиiс елдiң заңдарында белгiленген еңбек жағдайларының нашарлауына және кепілдiктердiң бұзылуына әкеп соқпауға тиiс. 243-бап. Суға батқан мүлiкке құқық 1. Ішкі немесе аумақтық суларда суға батқан мүлiкке меншiк құқығы мен өзге де заттық құқықтар, сондай-ақ суға батқан мүлiкке байланысты туындайтын қатынастар аумағында мүлiк суға батқан елдiң құқығы бойынша айқындалады. 2. Ашық теңiзде суға батқан кемеге, ондағы жүк пен өзге де мүлiкке меншiк құқығы мен басқа да заттық құқықтар кеме туы елiнiң құқығы бойынша айқындалады. Ескерту. 243-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 23.02.2021 № 11-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. 244-бап. Жалпы авария 1. Жалпы авариядан туындайтын қатынастар тараптардың қолданылуға тиiс құқық туралы келiсiмi болмаған жағдайда, жалпы авария туғызған оқиғадан кейiн портында кеме рейсiн аяқтаған елдiң құқығымен реттеледi. Белгiлi бiр елдiң азаматтары немесе азаматтығы жоқ адамдары болып табылатын адамдар арасындағы жалпы авария бойынша қатынастарға сол елдiң құқығы қолданылады. 2. Егер жалпы авария Қазақстан Республикасында бөлiнетiн болса, оны бөлу тәртiбi осы Заңның 16-тарауына сәйкес реттеледi. 245-бап. Кемелер соқтығысқан жағдайда туындайтын қатынастар 1. Кемелердiң ішкі жəне аумақтық суларда соқтығысуынан туындайтын қатынастар аумағында соқтығысу болған елдің құқығымен реттеледі. 2. Кемелердiң соқтығысуы ашық теңiзде болған және дау Қазақстан Республикасының сотында қаралатын жағдайда осы Заңның 17-тарауында белгiленген ережелер қолданылады. 3. Бiр мемлекеттiң туын көтерiп жүзiп жүрген кемелердің соқтығысуы жағдайында туындайтын қатынастарға, кемелер соқтығысқан жерге қарамастан, кеме туы елiнiң құқығы қолданылады. Ескерту. 245-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 23.02.2021 № 11-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. 246-бап. Теңiздің кемелерден аққан мұнаймен ластануынан залал келтiрiлуi кезiнде туындайтын қатынастар Теңiздiң кемелерден аққан мұнаймен ластануынан залал келтiрiлген кезде осы Заңның 18-тарауында белгiленген ережелер: 1) Қазақстан Республикасының аумағында теңiздің кемелерден аққан мұнаймен ластануынан келтiрiлген залалға; 2) олар қай жерде қолданылса да, мұндай залалды болғызбау немесе азайту жөнiндегi ескерту шараларына қолданылады. 247-бап. Теңiзде қауiптi жүктердi тасымалдауға байланысты залал келтiрiлуi кезiнде туындайтын қатынастар Теңiзде қауiптi жүктердi тасымалдауға байланысты залал келтiрiлген кезде осы Заңның 18-тарауында белгіленген ережелер: 1) Қазақстан Республикасының аумағында, соның iшiнде аумақтық суларда келтiрiлген залалға; 2) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде, соның iшiнде аумақтық суларда қоршаған ортаның ластануынан келтiрiлген залалдан өзге залалға, егер мұндай залал Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзетiн кеменiң бортында тасымалданатын қауiптi және зиянды заттардан келтiрiлген болса; 3) олар қай жерде қолданылса да, залалды болғызбау немесе азайту жөнiндегi ескерту шараларына қолданылады. Ескерту. 247-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 23.02.2021 № 11-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. 248-бап. Кеменi және өзге де мүлiктi құтқарудан туындайтын қатынастар 1. Кеменi және өзге де мүлiктi аумақтық суларда құтқарудан туындайтын қатынастарға қолданылуға тиiс құқық туралы тараптардың келiсiмi болмаған жағдайда, аумағында құтқару орын алған елдің құқығы қолданылады, ал егер құтқару ашық теңiзде жүзеге асырылса және дау Қазақстан Республикасында қаралса, осы Заңның 19-тарауында белгiленген ережелер қолданылады. 2. Құтқарушы және құтқарылған кемелер бiр мемлекеттiң туын көтерiп жүзген жағдайда, құтқару қайда орын алғанына қарамастан, кеме туы елiнiң құқығы қолданылады. 3. Құтқарған кеме иесiнiң, оның капитанының және кеме экипажының басқа мүшелерiнiң арасында сыйақыны бөлуде кеме туы елiнiң құқығы қолданылады, ал, егер құтқару кемеден жүзеге асырылмаған болса, құтқарушы мен оның қызметкерлерi арасындағы қатынастарды реттейтiн шартқа күшiнiң ықпалы болатын заң қолданылады. Қазақстан Республикасының Президенті Түсініктемелер (0) 0 0 Жазылу Түсініктемелер жоқ 1 Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз Базаның жай-күйі Барлық құжат: 346248 Қазақ тілінде: 171855 Орыс тілінде: 172268 Ағылшын тілінде: 2124 Жаңартылған күні: 01.12.2022 29.11.2022 күннің жағдайына құжаттар Құқықтық ақпараттық қызметі Қалалық телефондардан тегін қоңырау 119 Қазақстан бойынша 58-00-58 Астана, Алматы қ. үшін Пайдаланушылық келiciм Кері байланыс Құқықтық кеңес Сайт картасы Қолдау қызметі Email: support@zqai.kz Телефон (сайттың техникалық сұрақтары бойынша): (7172) - 572496 Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30 (Астана қ. уақыты бойынша) Демалыс күндері: сенбі, жексенбі Соңғы құжаттар Лисаков қаласы бойынша 2023 жылға арналған мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы 2022-2024 жылдарға арналған Аягөз ауданының Майлин ауылдық округінің бюджеті туралы 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы 2022-2024 жылдарға арналған Аягөз ауданының Нарын ауылдық округінің бюджеті туралы барлық соңғы құжаттар Кеңінен таралған құжаттар Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі САЛЫҚ ЖӘНЕ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ ТӨЛЕМДЕР ТУРАЛЫ (САЛЫҚ КОДЕКСІ) Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Мемлекеттiк сатып алу туралы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ КОДЕКСI Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі (ерекше бөлім) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Қазақстан Республикасының Жер кодексі © 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК бет бойынша іздеу Келесі Алдыңғы Алып тастау Іздеу үшін жолды енгізіңіз Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова, ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы. Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз. Ескерткіш Үйреткіш Этномәдени сөздік Жәй сөздік Деректер Іздеу Көмек Контакт қаз рус eng © Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген "Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.
Жаңа оқу жылы басталысымен мектеп асханалары іске қосылады. Алайда асханаларды жалға алушылар мектеп оқушыларына толыққанды тамақтануды қамтамасыз ету үшін бірқатар мәселені шешу қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz atameken.kz-ке сілтеме жасап. Кәсіпкерлер бірінші кезекте күніне бір оқушыға шақталған бір реттік тамақтану құнын көтеруді сұрайды. Бүгінде баға 2020 жылғы қаңтар деңгейінде қалып, ҚҚС-ты есептеумен 376 теңгені құрайды. Тамақтану құнын 600 теңгеге дейін өсіруді немесе өзіндік құн бойынша мәзірді қысқарту мәселесін қарастыруды сұраймыз. Өйткені 2021 жылы 6-7% инфляциялық үстеменің болмауы және тамақ өнімдері құнының 43%-ға дейін қымбаттауы, сондай-ақ тамақ жеткізушілерге байқау құжаттамасының техникалық тапсырмасына қарастырылмаған санитариялық шаралар – қорғану маскалары, санитайзерлер, термометрлер және басқа шараларды сақтауға байланысты салынған қосымша шығындар салдарынан жұмыс істеу тиімсіз, – деді Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Алмат Жүнісов. Жалға алушылардың айтуынша, елордада білім беру басқармасы бастауыш (1-4 сынып) сынып оқушыларына жыл сайын тегін тамақтандыруды ұйымдастырады. Осы қызметті атқаруға қала бюджеті есебінен тиісті қаржы қарастырылған. Сонымен қатар кәсіпкерлер карантин шараларын сақтау шеңберінде асханалар 2020 жылдың наурызынан бастап жұмыс істемеді, енді жұмыс ұйымдастыру үшін оларға жақын арада 1500 жұмысшы керек. Пандемия кезеңінде білікті персоналдың басым бөлігі қызметтен босады немесе қысқартылды. Жұмыс орындарына 1500 жұмысшы керек. Бұдан бөлек, қызметті 1,5 жыл мәжбүрлі тоқтатудан кейін асхана блоктарында жөндеу жұмыстары, дератизациялық, дезинфекциялық, дезинсекциялық жұмыстарын жүргізіп, желдету жүйесін тазалап, асхана бөлмелерін жуып-шаю қажет, – дейді жалға алушылар. Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтау үшін дезинфекциялық құралдар, қорғану маскалары, санитайзерлерді орнатып, сондай-ақ азық-түлік өнімдерін өзін сатып алуға қосымша қаржыландыру қажет. Осы жұмыстарға алдын ала дайындала алмадық, өйткені жұмыс істеуге рұқсат беретінін-бермейтінін білмедік. Ал қызмет көрсетуге дайындық қаржы салуды талап етеді, сондықтан қаулының шығуын күттік. Бізге балалар денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық санитариялық нормативті қатаң сақтау керек, – деп атап өтті тамақтану саласы өкілдерінің атынан "Соотечественники" ЖШС директоры Анастасия Захаренкова. Санитариялық нормаларға келер болсақ, жеткізушілер тамақтану залында ауа рециркуляторының болуына мектеп әлде жеткізуші жауапты екенін түсіндіруді сұрады, өйткені тамақтану залы тамақ жеткізушінің жалға алған ауданына кірмейді. Сондай-ақ, жалға алушылар пандемия кезінде жұмысты тоқтата тұруға мәжбүр болғандықтан, жалға алу күнін нақты жұмыс басталған күннен есептеуді сұрайды. Келісімшартқа сәйкес, үш жыл жұмыс мерзімін ұзартуды есепке алғанда, бүгінде жұмыс істеуге тағы 1,5 жыл қалды.
Үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі (кедейлік деңгейі), 2021 жылғы I тоқсанда 4,5%-ды құрады, бұл 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,5 пайыздық тармаққа жоғары. 2021 жылғы I тоқсанда кедейлік деңгейінің ең үлкен мәні Түркістан (9,1%), Солтүстік Қазақстан (6%) және Маңғыстау (5,8%) облыстарында байқалды, ал ең төмені – Нұр-Сұлтан қаласында (1,6%) тіркелді. Децильдік бөлудегі үй шаруашылықтарының шығыстары айтарлықтай саралануды көрсетеді. Сонымен, 2021 жылғы I тоқсанда азық-түлік тауарларына жұмсаған шығыстар деңгейіндегі 10% ең аз және 10% ең көп қамтамасыз етілген халықтың арасындағы айырмашылық 4,6, азық-түлік емес тауарларға – 7,7, ал ақылы көрсетілетін қызметтерге – 5,6 есені құрады.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы іс-шараларының республикалық тізбесіне енгізілген «Жетістік формуласы» кітапханалық жоба аясында 2019 жылғы 18 қазанда «SARYARQA» телеарнасында оның телевизиялық түсірілімі өтті. Диалог алаңында техника ғылымдарының кандидаты, ҚарМТУ профессоры Мехтиев Али Жаванширович пен №38 гимназия, №16, №27 ЖББОМ-тің (50-ге жуық) оқушылары кездесті. Али Жаванширович Кемеров облысы, Осинники қаласында әскери отбасында дүниеге келген, 20 жасына дейін Сібірде тұрған. Болашақ өнертапқыштың отбасында қатаң тәртіп болса да, балалық және жастық шағында бұзақылық жасаған кездері де болыпты және Али мінезін өзгерту мақсатында өздігінен біршама жұмыс жасаған. Али Жаванширович еңбек жолын Қарағанды құю зауытында бастады. 1999 жылы ҚарМТУ-дің «Тау-кен инженер-электромеханигі» мамандығы бойынша бітіріп, инженер мамандығын алады. А. Мехтиевтің көпжылдық ғылыми қызметінің нәтижелері 57-ден астам ғылыми еңбектерде көрсетілген, профессор 5 бейне-дәрістің және 19 электрондық оқыту құралдарының авторы болып табылады. Али Жаванширович балаларға карьерлік өңдеу көліктерінде ғылымды қажетсінетін технологияларды дамыту және енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын, энергия үнемдеу бағдарламасы бойынша зерттеулерге қатысатынын атап өтті. Ол жастармен белсенді жұмыс істеп, нәтижесінде қазіргі таңда талшықты-оптикалық датчиктерді зерттеу және енгізу бағытында белгілі нәтижеге жетіп, ол датчиктер елдің көп километрлік шекарасын сенімді қорғауға мүмкіндік береді деп көрсетті. Құрметті қонақпен әңгімелесу барысында балалар Али Жаваншировичтің бала кезінде электр қуатын қызықтағанын, радиоқабылдағыштарды жинауды жақсы көргенін білді. Энергетикаға деген қызығушылық ғалымды жаңа қозғалтқыштарды жасауға итермеледі. «Электр тогының болашағы зор және 20-30 жылдан кейін жанармай болмайды», – дейді Али Жаванширович. Болашақ мәселесін ғылым шешуі тиіс. EXPO халықаралық көрмесі технологиялар өзгеретінін дәлелдейді және бүгінде энергия үнемдеу – бұл бүкіл әлем ғалымдары арасындағы өзекті мәселе». Бенефис-шоудың кейіпкері балаларға болашақта сүйікті ісін таңдауға, жан-жақты өзіне жақын істермен айналысуға кеңес берді. Ал табысқа жету үшін әрқашан мақсат қойып, оларға қол жеткізу, жоғары мақсаттар қойып, берілмеу керек. Али Жаванширович өмір бойы лайықты өмір сүруге тырысады, әрдайым өз білімін жетілдірумен айналысады және өскелең ұрпақ үшін жақсы білім өте маңызды деп есептейді. Профессор «Ғылым мен білім бірінші орында болуы керек, өйткені мемлекеттің дамуында технологиялар бәрін шешеді», – дейді. Бос уақытында ғалым опера тыңдағанды ұнатады, Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана Опера» театрына жиі барып тұратыны туралы айтты. «Сіз қандай тарихи тұлғамен сөйлескіңіз келеді?» деген сұраққа бағдарлама қонағы орыс жазушысы және драматург Михаил Булгаковты атады, өйткені М.Булгаков еңбектері көптеген өмірлік мәселелерді еске түсіріп, ойлануға себеп болатынын айтты. Али Жаванширович өзі көп оқитынын атап өтіп, кездесуге қатысқан балаларға Д.Оруэлланың «1984» антиутопиясын және С. Леманың “Солярис” ғылыми фантастикасын оқуға кеңес берді. Бенефис-шоудың шарты бойынша Қонақ өзіне ұнаған екі үздік сұрақты таңдау қажет. А.Ж.Мехтиев «сүйікті кітаптар» туралы сұрақ авторы №16 ЖББОМ 9 «В» сынып оқушысы Шкадюк Софияға брелок, ал №38 гимназиясының 10 «В» сынып оқушысы Ащеулова Елизаветаға «Сіз жұбайыңызбен қалай таныстыңыз?» деген сұрағы үшін USB-флешкасын сыйлыққа табыстады. Жоба ұйымдастырушылары – Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы А. Мехтиевке табыстылық пен танымалдықтың символы «Жетістік формуласы» кәдесыйын және Абайдың «Қара сөз» кітабын табыс етті.
Резюме В данной статье рассматрывается явление сингармонизма в казахском языке – единообразие, созвучие гласных в пределах слова. Пайдаланыл ғ ан ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ТІЛ ҮНДЕСТІГІ Қ.А.Үкібасова – ОҚМПИ, Тіл білімі кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к. Дауыстылардың тілдік қызметіне орай бір сөз (сөз форма) көлемінде не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке, болып ыңғайласып үндесіп келуін тіл үндестігі дейді [3, 133]. Бұл тілдің үнемді қимыл-қозғалысы, қызметіне байланысты. Мысалы, отандастарымызға, жерлестеріміздің деген сөздерді айтқанда тіл бір-ақ қимыл жасауға мәжбүр болады. Яғни алдыңғысын айтқанда тіл артқы, кейінгісін айтқанда, болар-болмас алға ұмсынады. Тіл үндестігі – көк түріктің, күні кешеге дейін бәріне ортақ болып, мызғымай келген заңы. Тіл үндестігі тіл білімінде сингорамнизм деп аталынады. Ол заңды алғаш қазақ тілінде жан-жақты жерттеп, жеткізе айтқан Халел Досмұхамедұлы: “Сингорманизм түрік тілінің айрықша өзіне біткен қасиеті ...Қазақ тілінде сингорманизм заңына көнбейтін сөз, сөз өзгерісі жоқ” деген қортындыға келеді [4, 82-89]. Қазақ тілі кеңес дәуіріне қаймағы бұзылмай, мөлдір күйінде жетті. Олай болатыны, Ақыметтің пайымдауынша, қазақ – «ата кәсібін тастамай», «басқа жұртқа араласпай», «жазу шалығы тимей», «ғұрпы өзгермей» сақталған халық. Тіл үндестігі – аса күшті заң. Айталық, ертеректе араб-парсы сөздігін айтпағанда, орыс тілінен енген сөздердің өзі де аралас буын қалпынан ажырап, бірыңғай жіңішке болып қалыптасты: ботинка - бәтеңке, бревно - бөрене, конфет - кәмпит, резинка - резеңке, номер - нөмір т.б. Бұлай болатыны аралас буынды сөздер тілдің ілгерінді-кейінді қозғалуын қажет етеді, ал тіл үндестігі сол тілдің неғұрлым аз, үнемі және бір қалыпты қозғалысына негізделген. Бұлай болатыны аралас буынды сөздер тілдің ілгерінді-кейінді қозғалуын қажет етеді, ал тіл үндестігі сол тілдің неғұрлым аз, үнемі және бір қалыпты қозғалысына негізделген. Жеке сөздер тұрмақ, қатар айтылып қалыптасқан (бірккен) әр түрлі буынды сөздер де тілдің қызметі жағынан үндесіп айтылған. Жеке сөздер тұрмақ, қатар айтылып қалыптасқан (бірккен) әр түрлі буынды сөздер де тілдің қызметі жағынан үндесіп айтылған. мысалы: бүгін ( бұл күн), ышқыр (іш құр), ыштан (іш тон), әпер (алып бер), сөйт (солай ет), бүйт (бұлай ет). Бұл сөздердің кейінгі алдыңғысына әсер етіп, өзіне бейімделген. Бұл әсіресе жалқы есімдердің айтылуында жиі кездеседі. Әйтбек (Айтбек), Әйімкүл (Айымкүл), Әйкүл (Айгүл), Шірінгүл (Шырынкүл), Дәнекүл (Данакүл), Тәшкен (Ташкент), Шімгент (Шымкент), Әйгерім (Ай керім). Тілде алдыңғы сөздің өзінен соңғы сөзді игеруі де кездеседі. Мысалы: ойпырым-ай, (ой пірім-ай), ағайын (аға-іні), белбеу (белбау), сексен (сегіз-он). Бұдан байқайтынымыз, тіл үндестігінің арасында қазақ тілі кеңес дәуіріне бұзылмай жетті. Х.Досмұхамедұлы: “Жазба әдебиет жоқтың бізді сақтады” [4, 89] – дейді. ХХ ғасырда жаппай сауатты елге айналып, дұрыс жазуға ұмтылдық. А.Байтұрсынов: “Тілдің ауанына қарама, харіптің, емленің ауанына бұрып, тілдің көркін бұзған, әдеби тілмен жазамыз деп, жат тілмен жазып, өз тілінен айрылған басқа түріктердің ізіне түсіп, тілімізді аударғанымызды мақұл көрсейміз” [2, 399] – деп тілді аздырмай, асыл қалпында сақтаудың жолын көрсетті. А.Байтұрсыновтың ойын нақтылай түскен Халел Досмұхамедұлы: “Елдің тілінің бұзылуына ең алдымен оқығандары себеп болады, бұлар жат әсерлерге бағынғыш келеді, ана тілін өзгертуге жол басшы болады. Оқығандар өзіне ылайық әдеби тілі деген тіл түзейді. Түзеген жаңа тілін ел ішіне жая бастайды, көбіне зорлап кіргізеді. Әдебиет тілі дұрыстап түзелмесе, қара тілдің заңымен жүрмесе, әдебиет тілі көп бұқараға түсініксіз жат тіл болады, елге сіңбейді: сондықтан жер жүзіндегі жұрттың көбі әдебиет тілін қара тілге жақын қылып, елге түсінікті қылуға тырысады. Әдебиет тілінің қаруы – баспа мен мектеп. Баспа мен мектеп шошынарлық өте қайратты қару. Баспа мен мектепте қолданған тіл елге ақырында сіңбей қалмайды” [1] – деп көп жайды аңғартты. Бүгінде баспа мен мектептен басқа қайратты радио, теледидар келеді. Олардың орны ерекше. Өйткені ең кемі жүздеген, тіпті мыңдаған адамдарды қамтиды. “Демек, қазақ әдеби тілінің барша нормасын, оның ішінде ауызша сөйлеу заңдылықтарын бұзбай, бұрмаламай пайдалануда, тек пайдалану ғана емес, нормаларды орнықтырып, бекітуді таратуда мектеп мұғалімдерімен, тәрбиешілермен, лекторлармен қатар, қазақ актерлерінің, дикторларының, әншілерінің орны мен қызметі өте-мөте ерекше. Бұлар халыққа тек өнер көрсетіп, эстетикалық ләззат берушілер ғана емес, немесе әр алуан хабар жеткізіп, жұртшылықтың білім-танымдарын көтерушілер ғана емес, сонымен қатар тіл сияқты мол қазынаның сақшылары, сөзді дұрыс айта білуді үйрететін, насихаттайтын, нормалайтын адамдар немесе әр алуан хабар жеткізіп, жұртшылықтың білім-танымдарын көтерушілер ғана емес, сонымен. Сингармонизм – сөз ішіндегі немесе сөз бен сөздің арасындағы дыбыстардың бір-бірімен үндес гармониялас келуі. Екі сөз аралығында келген дыбыстардың осындай бір-бірімен өзара үндесіпотыруы, екінші жағынан, бір ритмико-мелодиялық бүтінді, бірлікті көрсетеді. Біздің байқауымызша, бір ритмико-мелодиялық бірлікке енген сөздер тобы дыбыстық жағынан да үндесіп отрады. Бұлардың соңғы қызметінің әлеуметтің мәні өнер саласындағы төл міндеттерінен әсте кем емес. Қазіргі қазақ тілінде тіл үндестігіне күндес жүз елуге жуық араб-парсы сөздері бар. Көзін жаумен ашқан жұрт оларды жазылуынан айнытпай айтып жүр. Ал ана үні құлағында қалғандар ересектер арасында (бұлар аз) оларды бірыңғай жуан (арқа жақ), не бірыңғай жіңішке (түстік жақ) айтатындар әлі де бар. Ата заңға көнбей жүрген бір ғана төл сөзіміз бар. Ол қайтіп дейтін кіріккен түбір. Айтуда қайтып немесе кәйтіп болса керек еді, алайда жазу жеңіп кетті. А. Байтұрсыновтың «Тіл тағылымында» осының үш түрі де ұшырайды. Осыны қырық саққа жүгіртпей, өйтеді, бүйтеді, сөйтедінің үлгісімен кәйтедіні заңдастыруды тіл заңы міндеттейді. Сол сияқты қазіргілердің, қадірлейсіңдер, қастерлейсіңдер, қастерлейміз, қателеспейтіндер, қасиеттілік, қоректендіреді сияқты көп буынды сөздердің бас буынын ғана жуан айту тіл заңына үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Тілдің даму тенденциясын ескерсек, осылардың бірыңғай жіңішке айтылуын қолдауға болады. Сонау мамонттар дәуірінде адамзаттың даусы да, соған сай тілі де жуан болып, бірте –бірте жіңішкеріп келе жатқанын ғылым біледі. Біздің есептеуімізде, қазақ тіліндегі жуан буынды сөздердің үлесі басым. Мұны ескерсек, бірыңғай жуан айтудың да сөкеттігі жоқ. Қалайда қолдан аралас буынды сөздерді қоздатып, тілдің түп тамырына балта шабуға болмайды. Бұл пікірге қарсымыз, себебі тіл халықтікі. Тілді халық жасайды. Сондықтан сөздің айтылымы халық тіліне жақын болуы керек. Әрине тілімізде тіл үндестігіне бағынбай жүрген біраз сөз бар. (Оған да жазудың әсері болмасына кім кепіл?). Оның ішінде: құрмет, құдірет, қошемет, мейрам сияқтылар аралас буын қалпын сақтап айтылған. Ал қабілет, қасірет, қауесет, қажет т.б. сөздерде а әрпі а мен ә дыбыстарының аралығында дыбысталуға бейім. Әрі біраз сөздің екі-үш түрлі айтылатынын (тіпті жазылатынын) байқау қиын емес. Олар қадір - қадыр - кәдір; қазыр - кәзір - қазір; қаріп - қарып - кәріп; қабір - қабыр; қауіп - қауып; қате - қата - кәте; қасиет - касиет. Профессор С.Мырзабековтың айтуынша қазіргі қазақ тілінде араб-парсы тілдерінен енген 150 шақты түбір сөз аралас буынды қалпын сақтап, айтуда да, жазуда да әрі-сәрі болып, ала-құлалық тудырып жүр. Х.Досмұхамедұлы жат сөздерді қолдаушыларды екіге бөледі: “Жат сөздерді туғандағы айтылуынан өзгертпей кіргізу керек, жат сөздерді өзгерту күнә деп жат сөздерді тілімізге әдейі жорта, қалыбынан бұлжытпай кіргізіп отырғандар бар. Бұл — бір. Екінші - не себепті екенін өзі білмей, ойламай, бір сөзді бір жерден қалай есітсе я оқыса сол сөзді сол күйінше бұлжытпай тілге кіргізіп, қолданып отырғандар бар. “Қаскүнемдердің” саны аз, бірақ аз да болса қолында дәлелі бар. “Майымшілдердің” саны көп, сапасы жоқ: бір сөзді бүгін былай жазады, ертең олай жазады, ұстаған жолы жоқ, әйтеуір есі-дерті жат сөзді қолдану” [4, 91]. Біздіңше “майымшілдер” болудың керегі жоқ, тілдегі ала-құлалық әдеби тілдің дамуына кедергі болары анық. Кейінгі жастар, мектеп оқушыларына түсіндіруде, (диктант) жат хат жаздыруда да үлкен қиындық тудырады. Сондықтан, бірауыздан тілдегі ала-құлалықты жойып тіл үндестігіне бағындыру керек: түбір тұрғысынан және түбір мен қосымшалардың ара қатысы тұрғысынан [3, 133]. Жоғарыда, тіл үндестігіне келтірілген мысалдың дені түбір тұрғысынан келтірілген еді. Түбір мен қосымшалардың арақатынасы тұрғысынан қазіргі қазақ тіліндегі қосымшалар түбірдің соңғы буынына толық тәуелді болады. Тіпті кірме сөздерден соң да осы заңдылық сақталады. Яғни түбірдің соңғы буыны жуан болса, қосымшалар да жуан болады: бақташы - лар -ымыз -дың, дала - ға, құжат-тар-ды т.б. Егер соңы жіңішке буынды түбірге жалғанатын қосымша да жіңішке буынды болып келеді: кесте-лер, көрші-лер-іңіз-ге, сөз-дер-дің-де т.б. Қосымшалардың ішінде түбірдің соңғы буынына тәуелді болмай, өз қалпын әрқашан сақтап тұратын қосымшалар да кездеседі. Олар: -бан: мейір-бан; -гер: сауда-гер: қалам-гер; - дар: есеп-дар, білім-дар, хабар-дар, қарыз-дар, жара-дар, гүл-дар; -еке: ағ/а/-еке, ап/а/-еке, Нұр-еке; -жан: көке-жан, ел-жан т.б.; -кент: құм-кент, Шым-кент; -кар: күна-кар, кінә-кар; -кер, гер: айла-кер, дау-гер, қалам-гер, сәулет-кер, сауда-гер, майдан-гер, іс-кер, қызмет-кер; -кеш: арба-кеш; -көй, гөй: ақыл-гөй, қас-көй, бата-гөй, дәме-гөй, дұға-гөй, жәді-гөй; -күнем: қас-күнем, пайда-күнем; -қой: сән-қой; -қор: жем-қор, еңбек-қор, дүние-қор; -маш: тіл-маш; -мар: тіл-мар, діл-мар; -нікі, -дікі, -тікі: мен-ікі, халық-тікі, сіз-дікі, дала-нікі; -паз: өнер-паз, әсем-паз; -пен, -бен, -мен: (көмектес септігінің жалғауы): ат-пен, тас-пен, қала-мен, Ақан-мен; -стан: гүл-стан, Тәжік-стан; -тал: сезім-тал, төзім-тал; -уар: сөз-уар; -хана: кітап-хана, дәм-хана, ем-хана т.б. Сөздің соңғы буынына бағынбайтын тіл қосымшалардың көбі басқа тілдерден енген немесе әлі қосымшаға айналып болмаған (сөз бен қосымшаның аралығындағы) тілдің элементтер деуге болады. Олар жай қолданысқа түскенде (актив қолданғанда) ғана жуан, жіңішке болып ыжрайды, бұл процесс тілдік үрдісте бар құбылыс. Мысалы, тұрған сөзі алдымен -тұғын түрінде қолданыла келе, біржола -тын, -тін жұрнағына айналғаны мәлім. Яғни, біле-тұғын, білетін; көре-тұғын, көретін т.б. Қазақ тілінде үндес сыңары жоқ жалғыз-ақ жалғау бар. Ол септік жалғау -мен, -пен. А.Байтұрсынұлында, оған дейінгі зерттеушілерде мұндай жалғау кездеспейді. Мұны алғаш рет 1936 жылы жеке кітапша болып шыққан Қ.Жұбановтың «Қазақ тілінің програмынан» ұшыратамыз. Осында өзімізге таныс септіктердің қатарында меңсез септеу ( -ша, -ше), теңдес септеу (-дай, -дей, -тай,-тей), көмектес септеу (-мен, -бен, -пен) аталады және «Көмектес жалғаудың бөлек жазылатындығы» ескертіледі. Ал көмектес септігінің (-пен, -бен, -мен) жайы бұдан бөлектеу. Себебі көмектес септігі өткен ғасырдың 30- шы жылдарынан бастап қана түбірмен бірігіп жазыла бастағаны белгілі. Диалектологтардың айтуынша, “қазақ жерінің оңтүстік өңірінен бұл тұлғаны: -ман, -бан, -пан, сосын -мынан, -бынан, -пынан, - манан, -панан, -банан, -ман деген нұсқаларды кездестіреміз [5, 69]. Мысалы: таяқпан ұрды, құлымман естідім, қызбан отыр, ақылманан істе, алыспан жүрмей, жақымман жүр, қар қысыман жауды, жазыман күн ыссы болды, осымен (осыман), соныманан (соныменен) т.б. Мұны тілдің жарасымынан іздемей, әдеби тілге жат құбылыс түрінде қарау кездеседі. Осындай таным-түсініктің салдарынан көмектес септік көп жалғаудың арасындағы ала қарға күйін кешіп, сингармонизм сынына жауап бере алмай жүргені анық. Тіл үндестігіне енжар қосымшалар А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлы еңбектерінде елеусіз қалмаған. Халелдің айтуынша, «Жұрнақтар екі түрлі, бірі шын жұнақ, екіншісі шала жұрнақ... Шын жұрнақтар сөзге қосылып жазылуы керек. Шала жұрнақтар түбір сөзге жалғаспай сызықшамен бөлініп жазылуы керек, » - дейді. Түбірге бағынбайтындар – шала жұрнақ. Айтуда кейбір шала қосымшалардың түбірге ықпал ететіні кездеседі: сәудегер (саудагер), жәдігөй (жадыгөй), Шімгент (Шымкент), Жәргент (Жаркент), Тәшкен (Ташкент), Мәңгент (Манкент). Жазу практикамызда сингармонизмге қарама-қайшылық та байқалады. Ережелерде заңдастырылғанымен, орфографиялық норма екінші буында ә дыбысы кездесетін сөздерге қосымшалар тек жуан буынды болып жалғануын қостайды. Бұлай жазудың негізі қазақ тіл білімі қаз-қаз баса бастаған отызыншы жылдардың ортасында қаланған болатын. «Көп буынды түбірдің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың а дыбысы екені не ә дыбысы екені дүдамал болса да, қосымша жуан түбірге жалғанғандағыдай жуан айтылады да, а мен е, қ мен к, ғ мен г-нің бірі келетін қосымшаларда а, қ, ғ жазылады. Оңайлық үшін ондай түбірдің соңғы буынында да ә жазылмай, а жазылады, кітап-қа (кітәпке емес), Әлиядан (Әлиәден емес), Ілиясыңа (Ілиясіңе емес)». Күнделікті баспасөзде, радио, теледидарда кінәлі, кінәсіз, шүбәлі, шүбәсіз, күмәнді, күмәнсіз деп айту, жазу жиі кездеседі. Өйткені бұл сингармонизмге сай келеді. Сингармонизм туралы соңғы түсінік – сөзді фонетикалық жақтан түбір мен қосымшаларға ажыратып қарауды құптамайды. Бұлай бөлу – грамматиканың мәселесі. Сөйлеу үстінде түбір мен қосымша біртұтас айтылады да, бірін-бірі игеріп, арадан қыл өтпестей қиюласып тұрады. Қысқасы, тіл үндестігі – тіліміздегі ең күшті дыбыстық заң. Кейбір азын-аулақ ауытқулар болашақта түзелуге тиіс. Резюме В данной статье рассматрывается явление сингармонизма в казахском языке – единообразие, созвучие гласных в пределах слова. Пайдаланылған әдебиеттер Сыздықова Р. Сөз сазы. –Алматы: Ана тілі, 1995. –124 б. Досмұхамедұлы Х. Таңдамалы (Избранное). –Алматы: Ана тілі, 1998. – 384 б. Сауранбаев Н.Т. Қазақ тіл білімінің проблемалары: Таңдамалы еңбектерінің жинағы. –Алматы: Ғылым, 1982. – 352 б. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. –Алматы:Сөздік-Словарь. 1999. –200 б. Строй казахскогоязыка: Фонетика. –Алма-Ата: Ғалым, 1991. –128с. Аралбаев Ж. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер. –Алматы: Ғалым, 1988. –144 б. Каталог: sites -> default -> files -> publications publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк publications -> Ас қорыту жүйесі publications -> Тіл – ел байлығы publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
Отыз жылға жуық уақыт бұрын халқымыз өзінің Тәуелсіздігін жариялап, бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын орындады. Осы уақыт ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен еліміз әлемдегі беделді әрі орнықты мемлекетке айналды. Баянды бірлігіміздің арқасында тәуелсіздігімізді нығайтып, халқымыздың жағдайын жақсартуға жол аштық. Бұл жасампаздық пен ілгерілеу, бейбітшілік пен келісім кезеңі болды. Еліміздің даму жолын бүкіл әлем мойындап, Қазақстандық, яғни Назарбаев моделі деп атады. Қазір бізге Тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отыр. Біз бұған Елбасы саясатының сабақтастығын сақтап, жүйелі реформалар жүргізу арқылы қол жеткізе аламыз. Өздеріңізге белгілі, осының бәрі менің сайлау алдындағы бағдарламама негіз болды. Қазір мемлекеттік органдар оны жүзеге асыру үшін тиісті жұмыстар жүргізуде. Мен халыққа берген уәделерімді міндетті түрде орындаймын. Біз өз жұмысымызда Елбасы ұсынған Бес институционалды реформа мен Ұлт Жоспарын толыққанды жүзеге асыру қажеттігін басты назарда ұстауымыз керек. Елбасымыздың бастамасымен құрылған Жаңғырту жөніндегі Ұлттық комиссияның жұмысын қайта жандандыру қажет. Енді ортақ міндеттерімізді және сайлауалды бағдарламамды іске асыруға қатысты ой-пікірлеріме тоқталайын. I. ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТ. Мен уәде еткен саяси жаңғыру үдерісі азаматтарымыз бен мемлекетіміздің мүдделеріне сәйкес, біртіндеп үздіксіз жүзеге асырылатын болады. Негізсіз, жүйесіз саяси ырықтандыру елдің ішкі саяси ахуалының тұрақсыздығына, тіпті мемлекеттіліктен айырылуға әкеліп соғатынын әлем елдерінің тәжірибесінен көріп отырмыз. Сондықтан біз саяси реформаларды «асығыстыққа салынбай», керісінше, кезең-кезеңімен, табанды түрде және жан-жақты ойластырып жүзеге асыратын боламыз. Еліміздің қоғамдық-саяси өмірін жаңғыртпай, табысты экономикалық реформаларды іске асыру мүмкін емес. Бұл – біздің ұстанатын басты қағидатымыз. «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет». Біз бұл мақсатқа әлі де жете қойған жоқпыз. Сондықтан осы бағыттағы жұмысқа бар күш-жігерімізді салуымыз қажет. Саяси жүйенің бұл формуласы мемлекет тұрақтылығының негізі саналады. Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет. Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады. Сондықтан азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек. Сондай-ақ, аса маңызды жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажет. Осы мақсатпен біз белгілі қоғам өкілдерін қамтитын Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құрдық. Бұл кеңес ротациялық тәртіппен жұмыс істейді. Алдағы уақытта бізге мынадай шараларды жүзеге асыру керек. Бірінші. Партия құрылысы үдерісін жалғастыру. Көшбасшымыз және партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасында «Nur Otan» партиясы еліміздің жетекші саяси ұйымына жүктелетін күрделі әрі жауапты міндеттерді дәйекті түрде іске асырып келеді. Біз қоғам игілігі үшін сындарлы саясат жүргізіп келе жатқан басқа да саяси партиялармен және қозғалыстармен ынтымақтастықта жұмыс істеуіміз қажет. Қоғамды толғандырып отырған негізгі мәселелер көшеде емес, Парламентте және азаматтық диалог аясында талқыланып, шешімін табуы тиіс. Депутаттар Үкіметке өзекті мәселелерге қатысты сауалдарын жолдап, нақты шаралар қабылдауды талап ете отырып, өздеріне берілген заңды құқықтарын пайдалануы қажет. Заң шығарушы және атқарушы билік арасындағы қарым-қатынас жасанды тартысқа емес, іскерлік сипатқа, өзара құрметке негізделуі тиіс. Мемлекет басшысы ретінде елімізде көппартиялықты, саяси бәсекелестікті және ой-пікірдің сан алуандығын дамытуға ықпал етуді өз міндетім деп санаймын. Бұл саяси жүйе тұрақтылығының ұзақ болуы үшін маңызды. Алдағы Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауы еліміздегі көппартиялық жүйенің дамуына оң ықпал етуі тиіс. Екінші. Халықпен тиімді кері байланыс орнату. Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары саналады. Президент Әкімшілігінде азаматтардан келіп түскен өтініштерді мемлекеттік органдардың сапалы қарауын қадағалап, жедел шаралар қабылдайтын бөлім құрылды. Көп жағдайда азаматтарымыз орталық және жергілікті органдар басшыларының құлықсыздығы мен «бейқамдығына» байланысты Президентке жүгінуге мәжбүр болады. Белгілі бір саладағы шешімдердің әділетсіздігіне қатысты жолданатын көптеген шағымдар нақты мемлекеттік органда немесе аймақта күрделі түйткілдер бар екенін көрсетеді. Енді бұл мәселеге дәл осы тұрғыдан қарап, тиісті шешімдер қабылдаған жөн. Мемлекеттік қызметшілер жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында арнайы дайындығы бар жас кадрларды тарту қажет. Сонымен бірге 2020 жылдан бастап біз мемлекеттік қызметшілердің санын біртіндеп қысқартуға кірісіп, үнемделген қаражатты неғұрлым пайдалы қызметкерлерді ынталандыруға жұмсаймыз. 2024 жылға қарай мемлекеттік қызметшілердің және ұлттық компаниялар қызметкерлерінің санын 25 пайызға қысқарту қажет. Үшінші. Митингтер туралы заңнаманы жетілдіру. Конституцияға сәйкес азаматтарымыздың өз ойын еркін айтуға құқығы бар. Егер бейбіт акциялар заңның шеңберінен шықпайтын және азаматтарымыздың тыныштығын бұзбайтын болса, бұған түсіністікпен қарап, жиындарды өткізу үшін арнайы орын бөлу қажет. Мұндай орындар қаланың шетінде болмауы тиіс. Алайда, заңға қайшы және бұзақылық әрекеттерге шақыратын үндеулерге заң шеңберінде тосқауыл қойылады. Төртінші. Қоғамдық келісімді нығайту. Әлеуметтік және этникалық топтар арасындағы келісім – бүкіл қоғамның бірлескен еңбегінің нәтижесі. Осыған орай, саяси үрдістерді саралап, бірлігімізді нығайта түсу үшін нақты шаралар қабылдау керек. Қазақ халқының мемлекет құраушы ұлт ретіндегі рөлін бекемдеп, этносаралық татулық пен дінаралық түсіністікті қалыптастыра беруіміз қажет. Біздің ұстанымымыз: «Ел бірлігі – оның әралуандығында!». Еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасай береміз. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек. Сондай-ақ, тіл үлкен саясаттың құралы екенін де ұмытпаған жөн. Белсенді азаматтық қоғам құру үшін үкіметтік емес ұйымдардың беделін арттыру қажет деп санаймын. Сондықтан, жақын арада Азаматтық қоғамды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын әзірлеп, қабылдауымыз керек. Келер жылы аталып өтетін маңызды мерейтойлар мен елеулі оқиғаларға дайындық жұмыстары басталды. Ендігі жылы бәріміз Әл-Фарабидің 1 150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларын атап өтеміз. Мерейтой барысында ысырапшылдыққа жол бермей, ғұлама тұлғаларымыздың еңбектерін халық арасында дәріптеуіміз керек. Сондай-ақ, ең маңызды мерекеге – Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты тиісті іс-шараларды іске асыруымыз қажет. Ел өміріндегі осындай елеулі оқиғалар жас ұрпақты нағыз отаншылдыққа тәрбиелеуге жол ашады деп сенемін. II. АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ. Сот және құқық қорғау жүйесіндегі күрделі реформалар – азаматтарымыздың құқықтарын қорғаудың және олардың қауіпсіздігін күшейтудің негізгі факторы. Сот шешімдерінің сапасын арттыру үшін бірқатар маңызды шараларды жүзеге асыру қажет. Судьялардың заңды және ішкі сенімді басшылыққа алып, шешім шығару құқығы мызғымас сипатқа ие. Дегенмен, сот шешімдерін мұқият талдау жұмысын жолға қойып, бірыңғай сот тәжірибесін орнықтыру қажет. Азаматтарымыз жария-құқықтық дауларда билік органдарының шешімдері мен әрекеттеріне қатысты шағым түсіру кезінде көп жағдайда теңсіздік ахуалында қалып жатады. Олардың мүмкіндіктерін мемлекеттік аппараттың ресурстарымен салыстыруға келмейді. Сондықтан осындай теңсіздіктерді болдырмау мақсатында дауларды шешудің ерекше тетігі ретінде әкімшілік әділет құрылымын енгізу қажет. Бұдан былай дауларды шешу барысында сот қосымша айғақтар жинау бастамасын көтеруге құқылы. Аталған дәлелдемелерді жинақтау міндеті жеке азаматқа немесе бизнеске емес, мемлекеттік органға жүктелетін болады. Заңнамадағы барлық қарама-қайшылықтар мен дүдәмал тұстар азаматтардың мүдделерін ескере отырып, түсіндірілуі тиіс. Келесі бір маңызды мәселеге тоқталайын. Біз шамадан тыс қудалау шаралары мен сот төрелігінің қатаң жазалау тәжірибесінен бас тарттық. Алайда, елімізде ауыр қылмыстардың саны азаймай тұр. Біз заңнамамызды ізгілендіру ісіне көбірек мән беріп, азаматтардың негізгі құқықтарын назардан тыс қалдырдық. Жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық және басқа да ауыр қылмыстарға, әсіресе, балаларға қатысты қылмыстарға қолданылатын жазаны шұғыл түрде қатайту қажет. Бұл мәселені шешуді Парламентке және Үкіметке тапсырамын. Соңғы уақытта болған қайғылы оқиғалар ұйымдасқан қылмыстың тағы бір түрі – браконьерлік проблемасының бетпердесін ашты. Бүгінде браконьерлер сақадай-сай жабдықталып, қаруланған және өздерінің жазалана қоймайтынына сенімді. Биылдың өзінде жануарлар әлемін қорғап жүрген екі инспектор браконьерлердің қолынан қаза тапты. Жақында Шығыс Қазақстан облысындағы Марқакөл көлінде браконьерлердің қылмыстық тобы ұсталды. Бұл тек бір ғана мысал, алайда браконьерліктің тамыры тереңге жайылған, соның ішінде бұл құқық қорғау органдарының салғырттығынан болып отыр. Браконьерлер ұлттық байлығымыз – табиғатымызға аяусыздықпен орны толмас зиян келтіруде. Үкіметке екі ай ішінде тиісті заңнаманы қатайту үшін шұғыл шаралар қабылдауды тапсырамын. Сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ. Орталық және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу ісін қайта қалпына келтіру қажет. Бұған сарапшылар мен қоғам өкілдері де атсалысуы тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасалған мекеменің бірінші басшысының жауапкершілігін заңнамалық және нормативтік тұрғыдан нақты белгілеу керек. Сондай-ақ, заңсыз және арандатушылық әрекеттерге барғаны үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметкерлерін қатаң жазалау керек. Ондай қызметкерлерге тергеу саласында орын жоқ. Кінәсіздік презумпциясы қағидаты толық көлемде сақталуы тиіс. Құқық қорғау жүйесін толық реформалау – аса маңызды міндеттердің бірі. Полицияның мемлекеттік күштік құрылымындағы бейнесі бірте-бірте өзгеріп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін азаматтарға қызмет көрсететін органға айналады. Ең алдымен, 2020 жылдың аяғына дейін Әкімшілік полиция комитетінің жұмысын қайта ұйымдастыру қажет. Мұны науқаншылдыққа айналдырмай, сапалы жүргізген жөн. Полицейлер жұмысының тиімділігі полиция қызметінің беделді болуына байланысты. Ішкі істер министрлігін реформалауға алдағы үш жыл ішінде 173 миллиард теңге бөлінеді. Бұл қаражат еңбекақыны көбейтуге, баспананы жалға алуға, халыққа қызмет көрсету қағидаты бойынша полицияның заманауи фронт-офистерін ашуға жұмсалады. Азаматтарды табиғи құбылыстар мен техногендік сипаттағы апаттардан қорғау мәселесіне баса мән беріледі. Өкінішке қарай, мұндай апаттар біздің елімізде ғана емес, бүкіл әлемде жиілеп кетті. Бұл салада кәсіби мамандар жұмыс істеуі керек. Үкіметке азаматтық қорғаныс саласы қызметкерлерінің еңбекақысын Ішкі істер органдарын реформалау үшін берілетін қаражат есебінен көбейтуді және осы мақсатқа сәйкес шамамен 40 миллиард теңге бөлуді тапсырамын. Біздің алдымызда жаңа тұжырымдама негізінде тегеурінді әскер қалыптастыру міндеті тұр. Арыста болған оқиғалар Қарулы Күштерде түйткілді мәселелер қордаланып қалғанын көрсетті. Әскерге жұмсалатын шығыстарды реттеп, осы саладағы қаржы жүйесін және жалпы тәртіпті нығайтатын кез келді. Сонымен бірге әскери қызметтің беделін арттырып, Қарулы Күштердің материалдық базасын нығайту қажет. Отанына адал, кәсіби тұрғыдан дайындалған офицерлері мен әскери қызметшілері бар армиямыз жаңа геосаяси жағдайларда ел қауіпсіздігіне қауіп төндіретін қатерлерге тойтарыс беруге дайын болуы керек. III. ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫҒАН ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИВТІ ЭКОНОМИКА. Қазақстан экономикасы жаһандық сипаттағы қиындықтарға қарамастан алға ілгерілеп келеді. Жыл басынан бері оның өсімі орташа әлемдік көрсеткіштен жоғары болды. Егер қажетті құрылымдық өзгерістерді жүзеге асырсақ, 2025 жылға қарай ішкі жалпы өнімнің жыл сайынғы тұрақты өсімін 5 пайызға және одан да жоғары деңгейге жеткізуге болады. Экономиканың дамуына тың серпін беру үшін Үкімет пен Президент Әкімшілігі отандық және шетелдік сарапшылардың барлық жұмыстарын мұқият саралауы қажет. Елбасы ұсынған 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясына және Ұлт Жоспарына сәйкес бірқатар құрылымдық міндеттерді іске асыруымыз керек. Бірінші. Шикізатқа байланған менталитеттен бас тартып, экономиканы әртараптандыру. «Білім экономикасы», еңбек өнімділігін арттыру, инновацияны дамыту, жасанды интеллекті жаһандық дамудың негізгі факторларына айналды. Индустрияландырудың үшінші бесжылдығын жүргізу барысында жіберілген барлық қателіктерді, олқылықтарды ескеруіміз керек. Бұл мәселелер бойынша менің барлық тапсырмаларымды, ескертпелерімді Үкімет толық орындауға міндетті. Еңбек өнімділігінің нақты өсімін кем дегенде 1,7 есеге арттыруымыз керек. Елімізді өңірдегі көшбасшы ретінде танытып, Орталық Азиядағы беделімізді арттыру – стратегиялық міндет. Бұл – Елбасы айқындаған саяси бағыт-бағдарымыз. Екінші. Квазимемлекеттік сектордың қайтарымын арттыру. Біздің мемлекеттік компаниялар ірі конгломераттарға айналды. Бірақ олардың халықаралық бәсекеге қабілеттілігі күмән тудырады. Мемлекеттің экономикаға орынсыз араласуын азайту мақсатымен квазимемлекеттік компаниялар құруға мораторий енгізу жөнінде шешім қабылдадым. Біз Ұлттық әл-ауқат қоры құрылған 14 жыл ішінде халықтың әл-ауқатын арттыруға Қордың нақты қандай үлес қосқанын білуіміз керек. Үкімет Есеп комитетімен бірлесіп, үш айдың ішінде мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялардың тиімділігін анықтау үшін талдау жүргізуі тиіс. Квазимемлекеттік компаниялар көп жағдайда өзара бәсекеге түседі. Тұрғын үй саясаты саласында бір мезетте 7 мемлекеттік оператор жұмыс істейді. Бұл тек орталық деңгейдегі ахуал! Мемлекеттік компаниялардың санын қысқартуға болады және солай ету керек. Бірақ, стратегиялық секторларда жұмыс істейтін мемлекеттік компаниялардың қызметіне мұқият болған жөн. Ондай компаниялар мемлекет бақылауында болуы тиіс. Әйтпесе, мемлекеттік монополистердің орнына жеке монополистер пайда болып, соның салдарынан зардап шегуіміз мүмкін. Үкімет баға белгілеу және тарифтер мәселесімен жүйелі әрі нақты айналысуы керек. Бұл табиғи монополистердің тауарларына да, көрсететін қызметтеріне де қатысты. Елімізде азық-түлік пен киім-кешектен бастап, түрлі қызметтерге дейін бағаның жоғары екені жасырын емес. Мысалы, сұранысы жоғары бағдарлар бойынша негізгі әуе тасымалдаушы белгілейтін билеттердің құны неге сонша қымбат?! Оның бағасы Еуропаға қарағанда 30 пайызға артық. Біздің әуежайда көрсетілетін қызметтер құнының салыстырмалы түрде жоғары болуын қалай түсіндіруге болады? Қазақстан әуежайларында жанармай шетелдік тасымалдаушылар үшін қымбат бағаға, ал отандық тасымалдаушыларға арзанға сатылатыны неліктен? Соның салдарынан Қазақстанның авиация саласы халықаралық бәсекеге қабілеттілігінен айырылып, транзиттік әлеуетіміз төмендеп кетті. Тиісті министрлік пен ведомстволардың салғырттығына байланысты темір жол билеттерінің тапшылығы қолдан жасалып отыр. Бұл салаларда тез арада тәртіп орнату керек. Біздің мақсатымыз – мемлекеттің тұрақтандырушы рөлін сақтай отырып, нарықтық институттар мен құрылымдардың толыққанды дамуын қамтамасыз ету. Осы ретте, «қарапайым заттар экономикасын» естен шығармаған жөн. Бұл – біздің жұмысымыздың басым бағыты. Үшінші. Тиімді шағын және орта бизнес – қала мен ауылды дамытудың берік негізі. Шағын, әсіресе, микробизнес еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқарады. Атап айтқанда, ең алдымен, ауыл тұрғындарына тұрақты жұмыс береді, жұмыссыздықты азайтады. Сонымен қатар, салық базасын құрап, жергілікті бюджетті нығайтады. Сондай-ақ, жаппай кәсіпкерлікті дамыту санаға сіңген патерналистік пиғыл мен масылдықтан арылуға мүмкіндік береді. Сондықтан мемлекет алдағы уақытта да бизнеске қолдау көрсете береді. Бұл мақсатқа Ұлттық қордан 100 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді. Бірақ сарапшылардың пікірінше, қаржылай қолдаудың игілігін жергілікті билікпен байланысы бар шаруашылықтар ғана көріп отыр. Шын мәнісінде, жаңа жобалар бойынша компаниялар құрылып, жұмыс орындары ашылуы керек еді. Бұл «қарапайым заттардың экономикасына» тікелей байланысты. Бірақ, жергілікті әкімдер ұйымдастыру жұмыстарын талапқа сай орындамаған. Соның салдарынан салық және зейнетақы төлемдерін арттырып, жергілікті бюджетті нығайтуға жағдай жасалып отырған жоқ. Осыған орай, Есеп комитетіне және Қаржы министрлігіне қаражаттың жұмсалуын қатаң бақылауға алуды тапсырамын. Елімізде кәсіпкерлікті дамытудың үлгі боларлық мысалдары жеткілікті. Біз шағын кәсіпкерлікті бүкіл қоғам болып қолдауымыз керек. Үкіметке микро және шағын бизнес саласындағы компанияларды табысқа салынатын салықтан үш жылға босату үшін заңнамалық база әзірлеуді тапсырамын. Заңнамаға енгізілетін тиісті түзетулер 2020 жылдан бастап күшіне енуі керек. 2020 жылғы қаңтардан бастап, микро және шағын бизнес субъектілеріне тексеріс жүргізуге үш жылға тыйым салу туралы шешімім күшіне енеді. Біз бизнестің адал әрі заңға сәйкес жүргізілетініне сенеміз. Бизнес өкілдері тұтынушылар мен азаматтар алдында жауапты болуы тиіс. Мораторий кезеңінде өзін-өзі реттеу, қоғамдық бақылау тетіктерін жандандыру керек. Бизнес өкілдері санитарлық-эпидемиологиялық саладағы нормалар мен ережелерді бұзатын болса, ондай компаниялар жабылып, иелері жауапкершілікке тартылады. Осылайша, шағын бизнеске түсетін ауыртпалықты азайтамыз. Сонымен қатар бизнес өкілдері құқық қорғау және тексеруші органдардың іс-әрекетіне байланысты көптеген қиындыққа тап болуда. Шағын және орта бизнеске қатысты рейдерлік әрекеттер жиілеп кетті. Бұл мәселе жөніндегі ұстанымым белгілі: бизнестің, әсіресе шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіретін әрекеттер мемлекетке қарсы қылмыс деп танылуы тиіс. Осыған орай заңнамалық сипаты бар қосымша шаралар қабылдау қажет. Парламент пен Үкімет осы мәселені шешу жолдарын ұсынуы керек. Сонымен қатар көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылды күшейтіп, капиталды сыртқа шығаруға, салық төлеуден жалтаруға қарсы күресті жандандыру қажет. Шағын және орта бизнеске мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көрсету жүйесін жаңа жобаларға басымдық бере отырып, қайта құру қажет. Үкіметке «Бизнестің жаңа жол картасы» аясында осы мақсатқа сәйкес алдағы үш жыл ішінде қосымша 250 миллиард теңге бөлуді тапсырамын. Әлеуметтік бағыттарға – отбасы бизнесін құруға, ең алдымен, көп балалы және жағдайы төмен отбасыларға баса мән бере отырып, бизнеске қолдау көрсетудің жаңа тәсілдерін енгізу керек. Туризмді, әсіресе экотуризм мен этнотуризмді дамытуға экономиканың маңызды саласы ретінде баса мән беру қажет. Алтын Орданың 750 жылдығын төл тарихымызға, мәдениетіміз бен табиғатымызға туристер назарын аудару тұрғысынан атап өткен жөн. Туризмді дамыту үшін қажетті инфрақұрылым жүргізуді, соның ішінде жол салып, білікті мамандар дайындауды қамтамасыз ету қажет. Төртінші. Ұлттық бизнеске халықаралық нарықтарда қолдау көрсету. Өз өнімін экспортқа шығаратын компанияларға мемлекеттік қолдау көрсетудің тиімділігін барынша арттыру керек. Мен, ең алдымен, орта бизнес туралы айтып отырмын. Бізде кәсіпкерлердің осы тобына арналған нақты мемлекеттік қолдау шаралары жоқ. Бұл, әсіресе, өнімді сату ісіне қатысты. Үкіметке мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында өнімділігі жоғары орта бизнеске қолдау көрсетудің кешенді шараларын әзірлеуді тапсырамын. Соның ішінде салықтық, қаржылық, әкімшілік ынталандыру мәселелері көзделуі тиіс. Шетелден тікелей инвестиция тарту жұмыстарын барынша жандандыру қажет. Онсыз алдағы уақытта экономикалық өсім резерві шектеулі болады. Бұл – атқарушы билік басымдық беруі тиіс міндеттердің бірі. Қазақстанның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары аясында әрбір сала мен өңір үшін нақты мақсатты көрсеткіштер белгіленген. Мемлекеттік органдар, әсіресе, өңір әкімдері сол көрсеткіштерге қол жеткізуге тікелей жауапты болады. Қазақстан цифрлық экономиканы дамытуды көздеп отыр. Осыған орай көп жұмыс атқаруымыз керек. Біздің міндетіміз – ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылымның даму деңгейі бойынша өңірдегі көшбасшылықты нығайту. Үкімет заңнаманы 5G, «Ақылды қалалар», «Үлкен деректер», блокчейн, цифрлық активтер, жаңа цифрлық қаржы құралдары сияқты тың технологиялық құбылыстарға бейімдеу қажет. Қазақстан технологиялық серіктестік орнату, мәлімет орталықтарын құру және орналастыру, мәліметтер транзитін дамыту, цифрлық қызметтердің жаһандық нарығына қатысу үшін ашық юрисдикция ретінде өзіндік брендке айналуы тиіс. Үкімет «Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметіне қолдау көрсете беруі керек. Бұл құрылым, шын мәнінде, конституциялық мәртебеге ие болды. Халықаралық қаржы орталығының Назарбаев Университетімен бірлесіп, заманауи цифрлық технологияларды дамыту алаңы айналуына толық мүмкіндігі бар. Бесінші. Дамыған агроөнеркәсіп кешені. Ауыл шаруашылығы – біздің негізгі ресурсымыз, бірақ оның әлеуеті толық пайдаланылмай отыр. Ел ішінде ғана емес, шетелде де сұранысқа ие органикалық және экологиялық таза өнім өндіру үшін зор мүмкіндіктер бар. Біз суармалы жер көлемін кезең-кезеңмен 2030 жылға қарай 3 миллион гектарға дейін ұлғайтуымыз керек. Бұл ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 4,5 есе арттыруға мүмкіндік береді. Сауда және интеграция, ауыл шаруашылығы министрліктері фермерлерге өз өнімін сыртқа шығарып сату үшін барынша қолдау көрсетуі тиіс. Осыған орай Үкіметке тиісті тапсырма берілді. Бұл – маңызды міндет. Ауыл шаруашылығы өнімін экспорттау ісінде шикізатқа негізделуден бас тарту керек. Өнім өңдейтін кәсіпорындар әлеуетінің 40 пайызы ғана пайдаланылып отырғанына қарамастан, оның көлемі 70 пайызға жетті. Ауыл шаруашылығына шетелден инвесторлар тарту – маңызды міндет. Келіссөздер жүргізіліп жатыр. Үкімет нақты нәтижеге қол жеткізуі керек. Жұртшылықты толғандырып жүрген жер мәселесіне арнайы тоқталғым келеді. Мемлекет басшысы ретінде тағы да мәлімдеймін: жеріміз шетелдіктерге сатылмайды. Оған жол берілмейді. Бұл мәселе бойынша қауесет таратуды доғару керек. Бірақ жерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету – біздің міндетіміз. Жер ресурстарын тиімсіз пайдалану мәселесі өте өзекті болып отыр. Жерге салынатын тікелей салықтар деңгейінің төмендігі жағдайды күрделендіре түсті. Мемлекеттен жерді тегін жалға алу құқығына ие болғандардың көпшілігі жерді игермей, босқа ұстап отыр. Елімізде «шөп қорыған иттің» кебін киген «латифундистер» көбейіп кетті. Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтарып алатын кез келді. Жер – біздің ортақ байлығымыз және оны кім игерсе, соған тиесілі болуы тиіс. Үкімет пен Парламент осы түйткілді реттеудің тиімді жолдарын ұсынуы керек. Бұл – өте маңызды мәселе. Мұны шешпей, отандық агроөнеркәсіп кешенінің сапалы дамуы мүмкін емес. Бүгінде ет өндірісін ұлғайту мәселесі аналық мал басының проблемасына тіреліп тұрған жоқ, керісінше фермерлерге жем-шөп дайындайтын жерлердің жетіспеушілігіне байланысты болып отыр. Жем-шөппен қамтамасыз ету көрсеткіші 60 пайыздан төмен. Ауыл тұрмысының сапалы болуын қамтамасыз етпей, ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыру мүмкін емес. Біз Елбасының «Ауыл – Ел Бесігі» арнайы жобасын жүзеге асыруды жалғастырамыз. Біз шағын елді мекендерді дамытуға қатысты өте күрделі мәселені шешуіміз қажет. Өңірлік стандарттар әзірленді. Енді оларды үш мыңнан астам негізгі және қанаттас ауылдық елді мекендерге енгізу қажет. Үкіметке «Ауыл – Ел Бесігі» жобасын жүзеге асыру үшін биыл бөлінген 30 миллиард теңгеге қосымша алдағы үш жыл ішінде 90 миллиард теңге бөлуді тапсырамын. Бұл қаражат көлік, ауыз су және газбен қамтамасыз ету сияқты инфрақұрылымдық мәселелерді шешумен қатар, мектеп, аурухана, спорт алаңдарын салуға және жөндеуге жұмсалады. Қаржының жұмсалуы барлық мемлекеттік органдардың қатаң бақылауында болуы тиіс. Алтыншы. Әділетті салық салу жүйесі және тиімді қаржылық реттеу. Жалпы ішкі өнім мен халық табысының артуына қарамастан, қоғамдағы мүліктік жіктелу үдерісі сақталып отыр, тіпті күшейіп барады. Бұл – алаңдатарлық фактор. Сондықтан оған ерекше назар аудару керек. Ұлттық табыстың әділ бөлінуіне баса мән бере отырып, салық жүйесін жаңғырту қажет деп санаймын. Үкімет әлеуметтік төлемдер көлемінің артып келе жатқанына да назар аударуы тиіс. Бір жағынан, бұл алымдар әлеуметтік және зейнетақы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Бірақ, жұмыс берушілер жұмыс орындарын ашуға және еңбекақыны артыруға мүдделі болмай қала ма деген қауіп бар. Көлеңкелі бизнес белең алады. Сондықтан Үкіметке 5 пайыздық қосымша зейнетақы төлемін енгізу мәселесін 2023 жылға дейін шегеруді тапсырамын. Кейін бұл мәселеге қайта ораламыз. Осы уақыт ішінде Үкімет, бизнес өкілдері мен сарапшылар мәселені шешудің жолдарын қарастырып, болашақ зейнеткерлердің де, жұмыс берушілердің де мүдделерін ескере отырып, ортақ шешімге келуі тиіс. Үкімет Салық кодексінде қарастырылмаған барлық төлемдерге тыйым салуы қажет. Бұл, шын мәнісінде, қосымша салықтар. Қазіргі салық жүйесінің сапасын арттыру – өз алдына бөлек мәселе. Мұндай жағдай компанияларды өз инвестициясын адами капиталға, еңбек өнімділігін арттыруға, техникалық тұрғыдан қайта жабдықтауға, экспортқа салуға ынталандыруы тиіс. Қолма-қол ақшасыз төлеу жүйесін жаппай енгізу керек. Бұл үшін тежеуші фактордың бірі саналатын банктердің жоғары үстеме алымын жою қажет. Сондай-ақ, тиісті реттеу ережелеріне сәйкес банктік емес төлем жүйесін белсенді дамыту керек. Бұл сегмент қарапайым әрі тартымды болғанымен, ақша жымқырудың және елімізден капитал шығарудың көзіне айналмауы тиіс. Ұлттық банк осы салаға нақты бақылау орнатуы қажет. Келесі мәселе. Шикізаттық емес өнімнің экспортына қолдау көрсету үшін қосымша құн салығын қайтарудың қарапайым әрі жылдам тәртібін қолдану мәселесін қарастыру керек. Экономикамыздың өте түйткілді мәселелерінің бірі – кредит беру көлемінің жеткіліксіздігі. Соңғы бес жыл ішінде заңды тұлғаларға, сондай-ақ шағын және орта бизнеске берілген кредиттің жалпы көлемі 13 пайыздан аса қысқарған. Екінші деңгейдегі банктер қарыз алушылар ішінде сенімділерінің аз екенін сылтауратып, кредит қаражатының құнын шамадан тыс арттырып жібереді. Әрине, қарыз алушылардың сапасына қатысты мәселе бар. Бірақ, жауапкершілікті басқаға артып, тек қана жеңілдің астымен жүруге болмайды. Мен бұл мәселеге қатысты Үкімет пен Ұлттық банк үйлесімді әрі тиімді жұмыс жүргізеді деп ойлаймын. Тағы бір мәселе – халықтың, әсіресе әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтардың тым көп несие алуы. Мұның өзі шұғыл шаралар қабылдауға алып келді. Сіздер бұл жөнінде білесіздер. Бұл мәселе әлеуметтік және саяси түйткілдерге ұласты. Сондықтан, Үкімет пен Ұлттық банкке екі ай ішінде мұндай жағдайдың қайталанбауына кепілдік беретін тетіктерді енгізу үшін дайындық жүргізуді тапсырамын. Ақша-кредит саясаты тиімділігінің жеткіліксіздігі еліміздің экономикалық дамуын тежейтін себептің бірі болып отыр. Екінші деңгейдегі банктердің бизнеске кредит беру ісінің қолайлы әрі ұзақ мерзімді болуын қамтамасыз ету керек. Жыл соңына дейін Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктердің активтерінің сапасына тәуелсіз бағалау жүргізу жұмысын аяқтауы қажет. Жетінші. Ұлттық қорды тиімді пайдалану мәселесі. Ұлттық қор қаражатының ағымдағы мәселелерді шешуге жұмсалуын қысқарту қажет. Бұл – келешек ұрпақтың қаржысы. Ұлттық қордың трансферттері бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыруға бағытталған бағдарламаларды және жобаларды жүзеге асыру үшін ғана бөлінуі керек. Кепілдендірілген трансферт көлемі 2022 жылдан бастап бірте-бірте 2 триллион теңгеге дейін азаюы тиіс. Қор қаржысын пайдаланудың анағұрлым тиімді инвестициялық саясатын жүргізген жөн. Үкіметке Ұлттық Банкпен бірлесіп, жыл соңына дейін Ұлттық қордың қаржысына иелік етуді жетілдіру үшін нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырамын. Сегізінші. Еңбекақы төлеу деңгейін арттыру. Кен өндіру саласындағы ірі кәсіпорындардың табысы артқанмен азаматтарымыздың жалақысы айтарлықтай өспегенін көріп отырмыз. Халықтың әлеуметтік жағдайы туралы айтылып отырғандықтан, Үкімет бұл мәселеде табандылық танытуы керек. Үкіметке еңбекақы төлеу қорын арттыру үшін жұмыс берушілерді ынталандыру мәселесін пысықтауды тапсырамын. ІV. ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ. Еліміздің бюджеті екі негізгі мақсатқа бағытталуы тиіс – экономиканы дамыту және әлеуметтік мәселелерді шешу. Әлеуметтік салада мынадай бағыттарға баса мән беру керек. Бірінші. Білім беру сапасын жақсарту. Біздің елімізде еңбек ресурстарының балансын есепке алудың тиімді әдістемесі әлі күнге дейін әзірленген жоқ. Шын мәнінде, мамандар даярлаудың отандық жүйесі нақты еңбек нарығынан тыс қалған. Жыл сайын 21 мыңға жуық мектеп түлегі кәсіби және жоғары оқу орындарына түсе алмай қалады. Жастардың бұл тобы жұмыссыздар мен маргиналдардың негізін құрайды. Олар амалының жоқтығынан қылмыстық және экстремистік ағымдардың ықпалына түсуде. Біз оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшуіміз қажет. Бұл саясат орта білім берудің ұлттық стандартының негізі болуы тиіс. Экономикамызда техника саласының мамандарына сұраныс өте жоғары, бірақ мүмкіндіктер аз. Кәсіпорындар тиісті мамандарды шетелден шақыруға мәжбүр. Осындай келеңсіз жағдайды жедел түзетуіміз керек. Қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білім сапасы алшақтап барады. Негізгі мәселе – ауылдық жерлердегі білікті педагог кадрлардың тапшылығы. Сондықтан, «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыруымыз қажет. Үкіметке келесі жылдан бастап осы бағдарламаны қаржыландыруды 20 миллиард теңгеге жеткізуді тапсырамын. Дарынды ауыл жастарын іріктеп, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына дайындау керек. Аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдау үшін Үкіметке Дарынды баланың қабілетін дамытудың жол картасын әзірлеуді тапсырамын. Үкімет пен әкімдер осындай балалардың үйірмелер мен орталықтарға, жазғы лагерьлерге баруы үшін мүмкіндік жасауы керек. Енді жоғары білімнің сапасына жеке тоқталғым келеді. Өз түлектерін жұмыспен қамту жағынан еліміздегі жоғары оқу орындарының жартысы ғана 60 пайыздық деңгейге қол жеткізіп отыр. Сондықтан олардың санын қысқарту мәселесін қарау керек. Терең білім берудің орнына диплом сатумен айналысқан университеттеріміз бар екені де жасырын емес. Бірінші кезекте соларға тыйым салу арқылы біз оқу орындарындағы білім беру сапасын арттыруға күш саламыз. Білім саласына қатысты тағы бір мәселе – қаржыландырудың біркелкі болмауы және өңірлік басқарудың қазіргі жүйесінің тиімсіздігі. Білім бөлімдерін басқару және бюджет қаржысын әкімшілендіру функцияларын аудандық деңгейден облыстық деңгейге беру керек. Білім берудің барлық деңгейінде дербес қаржыландыру тәртібін енгізу қажет. Тағы бір өзекті мәселе. Бұл – оқулық сапасының төмендігі. Оқушыларды сапалы оқулықтармен қамтамасыз ету ­– тиісті министрліктің тікелей міндеті. Мұғалімдер мен оқытушылардың әлеуметтік жағдайын жақсартпасақ, бұл шаралар жүзеге аса қоймайды. Сондықтан, мен Тамыз конференциясында алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің еңбек ақысын екі есе арттыруды тапсырдым. Бұл – келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өседі деген сөз. Ғылым саласындағы ахуал ерекше назар аударуды талап етеді. Біз ғылымсыз еліміздің дамуын қамтамасыз ете алмаймыз. Отандық ғылым жүйесі қаншалықты сапалы әрі тиімді? Бұл – басқа мәселе. Үкімет аталған мәселені ғылыми зерттеулердің деңгейін көтеру және оларды тәжірибеде қолдану тұрғысынан қарастырғаны жөн. Екінші. Отбасы және бала институтын қолдау, инклюзивті қоғам құру. Бала құқығын қорғау және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселесіне басымдық беруіміз қажет. Жасөспірімдер арасында көбейіп кеткен суицид мәселесімен мақсатты түрде айналысу керек. Біз зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балалар мен олардың отбасын қорғау жөнінде толыққанды бағдарлама әзірлеуіміз қажет. Қамқорлығында мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Тек ресми статистика бойынша 80 мыңнан астам бала мүгедектігіне байланысты есепте тұр. Үкімет БЦП диагнозы бар балаларға медициналық және әлеуметтік қолдау көрсетуді жақсарту үшін шаралар қабылдауы керек. Балаларға қолжетімді болуы үшін шағын және орташа оңалту орталықтарының желісін кеңейту қажет. Біз ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бірдей мүмкіндік жасауға міндеттіміз. Мен бұл туралы өзімнің сайлау алдындағы бағдарламамда айттым. Үкіметке енді осы мақсатқа үш жыл ішінде кем дегенде 58 миллиард теңге бөлуді тапсырамын. Халықтың денсаулығын жақсарту мәселесі айрықша назар аударуды талап етеді. Барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту маңызды. Спорт инфрақұрылымының балалар үшін барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық дене шынықтыруды өркендету ісі жаңа чемпиондар шыңына шығатын пирамидаға айналуы тиіс. Бұл салауатты әрі белсенді жастардың, түптеп келгенде, қуатты ұлттың негізін қалыптастарды. Осы бағдарды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету, сондай-ақ Бұқаралық спортты дамыту жөніндегі кешенді жоспар қабылдау қажет. 2020 жыл «Волонтер жылы» деп жарияланды. Еріктілер қызметіне азаматтардың, әсіресе жастардың, студенттер мен оқушылардың қатысу аясын кеңейту, олардың бойында белсенді өмірлік ұстанымдарға қатысты дағды қалыптастыру – маңызды міндет. Бұл – азаматтық қоғамды нығайту жөніндегі жұмысымыздың маңызды құрамдас бөлігі. Үшінші. Медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету. Бұл жерде халықтың денсаулығына байланысты, әсіресе, ана мен сәби өліміне қатысты көрсеткіштердің өңірлік теңгерімсіздігі айқын көрінеді. Дегенмен, бұл көрсеткіш төмендеп келеді. Бірақ әлі де жоғары, сондай-ақ дамыған елдердің деңгейінен айтарлықтай көп. Үкімет әр өңір бойынша медицинадағы нақты дерттер топтамасы жөнінде басымдықтар тізімін жасап, соның негізінде бюджеттен қаржы бөлуі қажет. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылады. Әрқайсысыңызға мына нәрсені айтқым келеді: мемлекет тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін сақтайды. Оны қаржыландыруға алдағы үш жыл ішінде 2,8 триллионнан астам теңге бөлінеді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың жүзеге асырылуы медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға бағытталған. Үшжылдық бюджет аясында денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосымша 2,3 триллионнан астам теңге бөлінеді. Үкімет әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің беделіне тағы да нұқсан келтірмеу үшін оны жүзеге асыру мәселесіне зор жауапкершілікпен қарауы қажет. Біздің қателесуге құқымыз жоқ. Төртінші. Мәдениет қызметкерлерін қолдау. Біз мәдениет саласында жұмыс істейтін азаматтарға жеткілікті түрде көңіл бөлмей отырмыз. Бұл – ең алдымен, кітапхана, музей, театр қызметкерлеріне қатысты мәселе. Олардың еңбекақысы соңғы жылдары мүлде көбейген жоқ. Соның салдарынан мәдениет қызметкерлері, әсіресе жас мамандар жеңілдігі бар тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алмайды. Мұндай ахуал осы кәсіптің беделін түсіріп, лайықты кадрлардың тапшылығы айқын сезілуде. Келесі жылдан бастап Үкімет мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын көбейтуі тиіс. Сондай-ақ, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы міндетті әлеуметтік жеңілдіктер мәдениет саласының өкілдеріне де берілуі керек. Бесінші. Әлеуметтік көмек көрсету жүйесін одан әрі дамыту. Мемлекет мұқтаж жандарға көмек көрсету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. Алайда, бірқатар шешімдер жан-жақты сарапталмай қабылданды. Нәтижесінде бұл патерналистік пиғылдың айтарлықтай артуына әкеп соқтырды. Соңғы 5 жылда Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек алатындар саны 77 мыңнан 1,4 миллионнан астам адамға артқан. Әлеуметтік көмекке бюджеттен бөлінетін қаражат көлемі 2017 жылдан бері 17 есе көбейді және одан да арта түсті. Басқаша айтқанда, жұмыс істегісі келмейтін адамдар немесе әлеуметтік көмек алу үшін өздерінің табысын жасыратындар көбейді. Жағдайы бар отбасылардың әлеуметтік көмек алатыны туралы деректер бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған болатын. Тағы да атап өтемін. Конституция бойынша біздің еліміз – әлеуметтік мемлекет. Сондықтан мемлекетіміз азаматтар алдындағы міндеттерін орындауы тиіс. Үкімет өз жұмысында осы қағидатты басшылыққа алуға міндетті. Ал, резервтерді тиімсіз шығындарды азайту және табысты арттыру есебінен қалыптастыру қажет. Мұндай резервтердің бар екені сөзсіз. Қаржы министрлігі табысты арттыру үшін жұмыс жүргізуде. Алайда, қосымша күш жұмсау керек. Мәселен, кеден ісіне қатысты. Елбасы «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің отырысында мемлекеттік сатып алулар үдерісін ретке келтіру мәселесіне ерекше мән берді. Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алуды оңтайландырумен айналысып жатыр, бірақ заңнамалық сипаттағы шаралар қажет. Мемлекеттік сатып алудың әлеуеті зор (кейбір есептеулер бойынша, жылына 400 миллиард теңгеге дейін жетеді). Бұл қаржыны өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге жұмсауға болады. 2018 жылы мемлекеттік сатып алу көлемі 4,4 триллион теңгені құрады, соның 3,3 триллион теңгесі немесе 75 пайызы бәсекеден тыс тәсілмен бір көзден алу арқылы жұмсалған. Шенеуніктер мен түрлі делдалдарды пайдаға кенелтіп отырған бұл табыс көзін жабатын кез келді. Атаулы әлеуметтік көмекке қайта оралайық. Үкімет оны бөлу тәртібін реттеуі керек. Бұл жүйе ашық әрі әділетті болып, адамдарды бейқамдыққа емес, еңбек етуге ынталандыруы тиіс. Көмек, негізінен, жұмыс істейтіндерге берілуі тиіс. Сонымен бірге, аз қамтылған отбасылардың балаларына қамқорлық көрсету керек. Олар үшін кепілдендірілген әлеуметтік көмекті енгізу қажет. Бұл дегеніміз – мектеп жасына дейінгі балаларға үнемі қолдау көрсету, барлық оқушыға тегін ыстық тамақ беру, оларды оқу құралдарымен және мектеп формасымен қамтамасыз ету, медициналық, соның ішінде стоматологиялық көмек алу және қоғамдық көліктерде жүру шығындарын өтеу. Осыған қатысты шешімдердің барлығы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енуі тиіс. Үкімет «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп бір ай ішінде көп балалы аналарды микро- және шағын бизнеске жұмылдыратын, соның ішінде үй жағдайында кәсіппен айналысатындарды да қамтитын арнайы бағдарлама әзірлеуі қажет. Алтыншы. Еліміздің зейнетақы жүйесін дамыту саласына ерекше тоқталғым келеді. Мұнда да қордаланып қалған мәселелер жеткілікті. Қазіргі кезде зейнетақы жинағының жетіспеушілігі онша сезілмейді. Алайда, 10 жылдан кейін жағдай өзгеруі мүмкін. Жұмыс істеп, зейнетақы қорын толықтырып жатқан азаматтар саны азаяды. Ал, зейнеткерлер саны арта түседі. Бұл ретте, зейнетақы активінен түсетін инвестициялық табыс пен жинақ деңгейі төмен болып қала бермек. Сондықтан Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру үшін нақты жұмыс жүргізуі керек. Қазір жұмыс істеп жүрген адам өзінің зейнетақы жинағын тек зейнетке шыққаннан соң ғана пайдалана алады. Бірақ олардың бұл қаражатты зейнетке шыққанға дейін пайдаланғысы келетіні түсінікті жағдай. Жұмыс істейтін азаматтар өздерінің зейнетақы жинағының бір бөлігін белгілі бір мақсатқа, соның ішінде баспана сатып алуға немесе білім алу үшін пайдалану мәселесін жыл соңына дейін пысықтауды Үкіметке тапсырамын. Шығындарды оңтайландыру және активтерді инвестициялық басқару сапасын жақсарту мақсатымен Үкіметке ортақ әлеуметтік қор құру және бірыңғай әлеуметтік төлем енгізу арқылы әлеуметтік қамсыздандырудың бюджеттен тыс жүйесін жұмылдыру мәселесін пысықтауды тапсырамын. V. ҚУАТТЫ ӨҢІРЛЕР – ҚУАТТЫ ЕЛ. Бұл бағытта мынадай міндеттерге баса мән беру керек. Бірінші. Жергілікті билік органдары жұмысының тиімділігін арттыру. Жергілікті билік тұрғындар үшін әрдайым ашық болуы тиіс. Бұл аксиома әлі де бүгінгі күннің шындығына айналмай отыр. Пилоттық жоба ретінде тұрғындар тарапынан жергілікті билік жұмысының тиімділігін бағалау жүйесін енгізу қажет деп санаймын. Мысалы, егер сауалнама немесе онлайн-дауыс беру нәтижесінде тұрғындардың 30 пайызынан астамы қала немесе ауыл әкімінің жұмысын тиімсіз деп есептесе, бұл Президент Әкімшілігінің арнайы комиссия құрып, туындаған мәселені зерттеуіне және тиісті ұсыным енгізуіне негіз бола алады. Екінші. Бюджетаралық қатынастар жүйесін реформалау. Бюджетаралық қатынастардың қазіргі жүйесі түрлі деңгейдегі әкімдіктерді жергілікті дамудың негізгі көздерін, яғни шағын және орта бизнесті өркендетуге ынталандыра алмай отырғаны анық. Өңірлер қосымша табыс көзін іздестіруге құлықсыз. Келесі жылдан бастап шағын және орта бизнестен түсетін қосымша салық түсімдері өңірлердің құзыретіне берілетін болады. Бірақ бұл да жеткіліксіз. Бюджет үдерісінің барлық деңгейде ұйымдастырылуын қайта қарастыру қажеттігі туындап отыр. Жергілікті бюджетті қалыптастыруға халықтың белсене атсалысуы бұл істе үлкен рөл атқаруы тиіс. Аудандық, қалалық және ауылдық деңгейдегі билік жергілікті маңызы бар міндеттерді шешу барысында экономикалық тұрғыдан мейлінше дербес болуы тиіс. Олардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі заңнамалық актілерде нақты белгіленуі керек. Үшінші. Басқарылатын урбанизация және бірыңғай тұрғын үй саясаты. Бұған дейін қабылданған «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» және «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» заңдар өзінің тиімділігін көрсетті. Бірақ, бүгінде бұл заңдарды жетілдіру қажет. Ең ірі үш қала әкімдіктерінің құзыретін, соның ішінде қала құрылысы саясаты, көлік инфрақұрылымы, қала сәулетін қалыптастыру саласындағы құзыреттерін кеңейту керек. Республикалық маңызы бар қалалардағы халық санының көптігі қазіргі кезде мақтанарлық жағдай емес, керісінше тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету тұрғысынан алаңдаушылыққа негіз болып отыр. Ірі қалалардың тұрғындары көбейіп келе жатқаны байқалады. Сонымен қатар, жаңа тұрғындарға қолайлы жағдай жасалған Павлодар және Петропавл сынды қалаларда адамдар мен еңбек ресурстарының тапшылығы бар. Үкімет көші-қон үдерісін басқару үшін пәрменді шаралар қабылдауы тиіс. Мен сайлау алдындағы бағдарламамда бірыңғай тұрғын үй саясатын әзірлеу қажеттігін айтқан болатынмын. Негізгі қағидат – тұрғындар, әсіресе, әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтар үшін баспананың қолжетімділігін арттыру. Үкімет жүйесіз бағдарламалар қабылдау тәжірибесін тоқтатып, тұрғын үй саясатын жетілдірудің бірыңғай моделін әзірлеуі қажет. Мәселен, бастапқыда әлеуметтік мүддеге орайластырылған «7-20-25» бағдарламасы аясында қарыз алушының отбасылық табысы орташа есеппен айына 320 мың теңгені құрауы тиіс. Табысы аз адамдар бұған қатыса алмай отыр. Сондықтан биыл Елбасының бастамасы бойынша 2 пайыздық жеңілдетілген мөлшерлемемен, пайыздық алғашқы жарнасы 10 пайыз болатын жаңа «Бақытты Отбасы» бағдарламасы іске қосылды. Бұл – өте тиімді жеңілдік. Жыл соңына дейін бұл бағдарлама бойынша кем дегенде 6 мың отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі. Бірінші кезекте, көпбалалы және мүгедек балалар тәрбиелеп отырған отбасылар қамтылатын болады. 2020 жылдан бастап жыл сайын осындай 10 мың отбасы баспанамен қамтылады. Үкімет бағдарламаға қатысуға арналған айқын критерийлер белгілеп, оны қатаң әкімшілендіруді қамтамасыз етуі керек. Шын мәнінде көмекке мұқтаж жандарға ғана қолдау көрсетілуі тиіс. Менің Үкіметке тапсырмам – кезекте тұрған аз қамтылған көп балалы отбасыларға баспана беру мәселесін үш жыл ішінде шешу керек. Бүгінде олардың саны 30 мыңға жуық. Баспана сатып алуға жағдайы жоқ азаматтарға әлеуметтік жалға алу тәртібімен қоныстану үшін мүмкіндік беру қажет. Мемлекет 2022 жылға қарай осы мақсаттарға сәйкес 240 миллиард теңгеден астам қаражат бөледі. Жеке бизнесті осы жұмыстарға тарту үшін жаңа шаралар қабылдап, мемлекет-жекеменшік әріптестік тетіктерін жұмылдырған жөн. Азаматтар әкімдік беретін әлеуметтік пәтерлерге кезекке тұру және оның жылжу үдерісінің ашық болмай отырғанына наразы. Үкімет жыл соңына дейін жалдамалы пәтерлерге, сондай-ақ «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген баспана заемын алуға кезекте тұрғандарды есепке алудың ұлттық бірыңғай жүйесін құруы керек. Коммуналдық желілердің тозуы 65 пайыздан 57 пайызға төмендегеніне қарамастан, бұл көрсеткіш жоғары болып отыр. Бұдан бөлек, көп пәтерлі 78 мың үйдің 18 мыңнан астамы жөндеуді қажет етеді. Өңірлерге тұрғын үй қорын жаңғырту және жөндеу үшін екі жыл ішінде бюджеттік несие түрінде 30 миллиард теңгеден астам қаражат бөлу керек. Үкіметке осы тетікті енгізу мүмкіндігін қарастырып, қаражаттың тиімді игерілуін қатаң бақылауға алуды тапсырамын. 2022 жылға қарай өңірлерді дамыту бюджеті 800 миллиард теңгеден асып кетеді. Әкімдерге жергілікті мәслихаттармен бірігіп, осы қаражаттың жартысын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту ісін бірлесе қаржыландыруға және өңір тұрғындарының өзекті әлеуметтік мәселелерін шешуге бағыттауды қамтамасыз етуді тапсырамын. Төртінші. Инфрақұрылымды дамыту. Еліміздің әр аймағының тұрғындарының таза ауыз суға, табиғи газға, көлік инфрақұрылымына қол жеткізу деңгейі біркелкі емес екені белгілі. Осы теңсіздікті жою үшін жұмысты жандандыру қажет. Елбасының тапсырмасы бойынша «Сарыарқа» газ құбырының магистралды желісінің бірінші кезектегі құрылысы аяқталып келеді. Келесі жылы Нұр-Сұлтан қаласында және Қарағанды, содан соң Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облыстарында тарату желілерін салу жұмыстары басталады. Мемлекет осы мақсатқа сәйкес 56 миллиард теңге бөліп отыр. Нәтижесінде 2,7 миллионнан астам адам табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады. Алдағы үш жыл ішінде тұрғындарды таза ауыз сумен және су жеткізумен қамтамасыз етуге шамамен 250 миллиард теңге бөлінеді. Атқарушы билік органдары «Нұрлы жол» бағдарламасын толық және сапалы іске асыруға баса мән беруі керек. Бұл – стратегиялық жоба. Соның арқасында бүкіл көлік инфрақұрылымы жаңғыртылады. Осы мақсатқа орай, мемлекет 2022 жылға дейін 1,2 триллион теңгеден астам инвестиция салады. Үкімет бұған дейін де көп қаражат бөлген болатын, бірақ оның көбі құмға сіңген судай жоқ болып кетті. Ашығын айтсақ, шенеуніктердің қалтасына кетті, ал таза су, жол және басқа да инфрақұрылымның жағдайы әлі де сол күйінде. Бұл жолы Үкімет пен Парламент Есеп комитетімен бірлесіп, бюджет қаражатын толығымен тиімді пайдалануды қамтамасыз етуі тиіс. Үкімет экологияны жақсарту, жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды кеңейту, қоршаған ортаны сақтау ісін дәріптеу жұмыстарын жандандыруы керек. Осы орайда «Бірге – Таза Қазақстан» науқаны – қолдауға тұрарлық жоба. Бұл жұмысты жалғастыру керек. Парламент Экологиялық кодекстің жаңа редакциясын талқылап, қабылдауы қажет. Жалпы, Үкімет алдағы кезеңде жұмыстың тиімділігін арттыруы тиіс. Халық нақты нәтиже күтіп отыр. Құрметті отандастар! Біз елімізді реформалаудың жаңа кезеңіне қадам бастық. Осы маңызды міндеттерді сапалы орындауымыз керек. Еліміздің әрбір тұрғыны оң өзгерісті сезінуі тиіс. Мен мемлекеттік органдардан жұмысты жедел атқарып, нақты нәтижеге қол жеткізуді талап етемін. Реформаны тек реформа үшін жүргізуге жол берілмейді. Әрбір министрде және әкімде нәтижелі жұмыстың негізгі көрсеткіштерінің тізімі болуы тиіс. Сол арқылы олардың нақты мақсатқа қол жеткізу деңгейі анықталады. Үкімет мүшелеріне, мемлекеттік органдар мен өңірлердің, мемлекеттік компаниялардың және мекемелердің басшыларына тиісті реформаның жүзеге асырылуы үшін дербес жауапкершілік жүктеледі. Осыған байланысты, жақында тиісті Жарлыққа қол қойдым. Бұл Жарлықтың аясында елдегі ахуал, соның ішінде аймақтардағы халықтың жағдайы сауалнама негізінде нақты бағаланатын болады. Үкіметтің әлеуметтік және экономикалық саясатқа жауапты құрылымдары қоғамның қажеттіліктеріне сәйкес алдын-ала нақты жұмыс жүргізуі қажет. Бұл үшін бақылау, талдау және болжау жүйесін неғұрлым күшейту керек. Сондықтан депутаттарымыздың өтінішіне орай Парламент жанынан Заңнаманы зерделеу және сараптау институтын құру жөнінде тапсырма беремін. Аталған құрылым заңдарымыздың сапасын арттыруға ықпал етуі тиіс. Қадірлі қазақстандықтар! Халқымызды толғандыратын барлық мәселелер бізге белгілі. Осыған орай, ахуалды жақсарту үшін іс-қимыл жоспары әзірленіп жатыр. Бізге зор жауапкершілік жүктеліп отыр. Мен ел тағдырына жаны ашитын әрбір азаматқа зор сенім артамын. Қазақстан – ортақ шаңырағымыз! Мен бәріңізді мерейлі мекенімізді өркендетуге үлес қосуға шақырамын! Сындарлы қоғамдық диалог – татулық пен тұрақтылық негізі. Ұлы Абай өзінің алтыншы қара сөзінде «Бірлік – ақылға бірлік» дегенін білесіздер. Елбасымыздың «Ел бірлігі – ең асыл қасиет» деген қанатты сөзі – біздің айнымас қағидамыз. Береке мен бірлік, ақыл мен парасат халқымызды үнемі алға бастап келеді. Бағытымыз – айқын, жолымыз – ашық. Бәріміз бірге болсақ, еліміз бұдан да зор жетістікке жетеді деп сенемін! Баршаңызға амандық, табыс тілеймін! Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан Біз тәуелсіздік жылдары көп жұмыс атқардық. Экономикасы қарқынды дамып келе жатқан заманауи прогрессивті мемлекет құрып, бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз еттік. Сапалы әрі тарихи маңызы зор құрылымдық, конституциялық және саяси реформалар жүргіздік. Қазақстанның халықаралық беделінің артуына және оның аймақтағы геосаяси рөлінің күшеюіне қол жеткіздік. Біз өңірлік және жаһандық проблемаларды шешу ісіне зор жауапкершілікпен қарайтын жауапты әрі қалаулы халықаралық серіктес ретінде танылдық. Қазақстан ТМД және Орталық Азия елдері арасынан «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу үшін әлемдік қоғамдастық таңдап алған бірінші мемлекет болды. Біз Еуразия өңірінің қаржылық, іскерлік, инновациялық және мәдени орталығы ретінде қалыптасуын қамтамасыз етіп, жаңа елордамыз – Астананы салдық. Халық саны 18 миллионнан асып, өмір сүру ұзақтығы 72,5 жасқа жетті. Біз берік экономикалық негіз қалыптастырдық. Соңғы 20 жыл ішінде елімізге 300 миллиард АҚШ доллары көлемінде тікелей шетел инвестициясы тартылды. Экономиканы өркендетудің негізі саналатын шағын және орта бизнес нығайып келеді. Дүниежүзілік Банктің бизнес жүргізу жеңілдігі рейтингінде Қазақстан 190 елдің ішінде 36-шы орынға көтерілді. Біз әрдайым сыртқы сын-қатерлерге дер кезінде назар аударып, оларға дайын бола білдік. Соған байланысты, мен елімізді жаңғырту жөнінде қажетті бағдарламалық бастамалар жасадым. Олардың жүзеге асырылуы табысты дамуымыздың негізгі факторына айналды. Біздің стратегиялық мақсатымыз – 2050 жылға қарай әлемдегі озық дамыған 30 елдің қатарына қосылу. 2014 жылы еліміздің инфрақұрылымын жаңартатын «Нұрлы жол» кешенді бағдарламасын іске асыруды бастадық. Үш жыл бұрын «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын жарияладық. Содан кейін еліміздің Үшінші жаңғыруына кірістік. Оның басты міндеті – Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру. Еліміздің орнықты дамуы өмір сүру деңгейін одан әрі арттыруға деген зор сенім ұялатады. Біз жаңа міндеттерді атқаруға дайынбыз. Құрметті отандастар! Соңғы кездері әлемдік саяси және экономикалық трансформация үдерістері күшейе түсті. Әлем қарқынды түрде өзгеріп келеді. Мызғымастай көрінген жаһандық қауіпсіздік жүйесінің тұғыры мен халықаралық сауда ережелері бұзылуда. Жаңа технологиялар, роботтандыру мен автоматтандыру еңбек ресурстарына және адам капиталының сапасына қатысты талаптарды күрделендіруде. Қаржы жүйелерінің мүлде жаңа архитектурасы түзілуде. Бұл орайда қор нарықтары кезекті қаржы дағдарысына алып келуі мүмкін жаңа «сабын көбігін» үрлеуде. Бүгінде жаһандық және жергілікті проблемалар тоғыса түсуде. Мұндай жағдайда сын-қатерлерге төтеп берудің және мемлекеттің табысқа жетуінің кепілі елдің басты байлығы – адамның даму мәселесі болып отыр. Үкімет, әрбір мемлекеттік органның, мемлекеттік компанияның басшысы жұмыс тәсілдерін өзгертуі қажет. Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі басты басымдыққа айналуға тиіс. Мен лауазымды тұлғаның жеке тиімділігін және қызметке лайықтылығын дәл осы өлшемге сәйкес бағалайтын боламын. * * * Қазақстандықтардың әл-ауқаты, ең алдымен, табыстарының тұрақты өсімі мен тұрмыс сапасына байланысты. І. ХАЛЫҚ ТАБЫСЫНЫҢ ӨСУІ Адам еңбекқор болып, өз кәсібін жақсы меңгергенде және лайықты жалақы алуға немесе жеке кәсіп ашып, оны дамытуға мүмкіндік болған кезде табыс артады. Мемлекет пен адамдардың күш біріктіруінің арқасында ғана біз Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құра аламыз. Біріншіден, Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тапсырамын. Бұл барлық сала бойынша түрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1 миллион 300 мың адамның еңбекақысын тікелей қамтиды. Бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін 275 мың қызметкердің еңбекақысы көбейіп, орта есеппен 35 пайызға өседі. Осы мақсаттарға 2019-2021 жылдарда республикалық бюджеттен жыл сайын 96 миллиард теңге бөлу керек. Осыған орай, енді, ең төменгі жалақы ең төменгі күнкөріс шегіне байланысты болмайды. Ең төменгі жалақының жаңа мөлшері бүкіл экономика ауқымындағы еңбекақы өсімінің катализаторына айналады. Төмен жалақы алатын қызметкерлердің еңбекақысын көтеруге қатысты бұл бастаманы ірі компаниялар қолдайды деп сенемін. Екіншіден, бизнесті өркендетудің тұрақты көздерін қалыптастырып, жеке инвестицияны ынталандыру және нарық еркіндігін қолдау керек. Дәл осы бизнес арқылы жаңа жұмыс орындары ашылып, қазақстандықтардың басым бөлігі табыспен қамтамасыз етіледі. БІРІНШІ. Біз 2010 жылдың өзінде «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын іске қостық. Өңірлерге жұмыс сапарым барысында мұның тиімділігіне көз жеткіздім. Бағдарламаның қолданылу мерзімін 2025 жылға дейін ұзарту керек. Осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін жыл сайын қосымша кемінде 30 миллиард теңге бөлуді қарастыру қажет. Бұл 3 жыл ішінде қосымша кемінде 22 мың жаңа жұмыс орнын ашуға, 224 миллиард теңге салық түсіруге және 3 триллион теңгенің өнімін өндіруге мүмкіндік береді. ЕКІНШІ. Экономикада бәсекелестікті дамыту және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен табиғи монополиялардың қызметі үшін белгіленетін тарифтер саласында тәртіп орнату мақсатымен батыл шаралар қабылдау керек. Коммуналдық қызмет пен табиғи монополияларды реттеу салаларында тарифтің жасалуы және тұтынушылардан жиналған қаржының жұмсалуы әлі күнге дейін ашық емес. Монополистердің инвестициялық міндеттемелеріне тиімді мониторинг пен бақылау жүргізілмей отыр. Үкімет 3 ай мерзім ішінде осы мәселемен айналысып, бәсекелестікті қорғау функциясын елеулі түрде күшейте отырып, монополияға қарсы ведомствоның жұмысын реформалауы керек. Бұл – маңызды мәселе, ол бизнес үшін кететін шығынның артуына, адамдардың нақты табысын азайтуға әкеп соқтырады. ҮШІНШІ. Бизнесті заңсыз әкімшілік қысымнан және қылмыстық қудалау қаупінен қорғауды арттыра түсу керек. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық заңнамасының бұзылуы жөніндегі қылмыстық жауапкершіліктің қолданылу шегін, айыппұлды өсіре отырып, 50 мың айлық есептік көрсеткішке дейін арттыруды тапсырамын. Сондай-ақ, негізгі міндеті көлеңкелі экономикамен күрес болуға тиіс Қаржы мониторингі комитетіне функцияларын бере отырып, Экономикалық тергеу қызметін қайта құру қажет. Біз «қолма-қол ақшасыз экономикаға» бет бұруымыз керек. Мұнда жазалаушы ғана емес, сондай-ақ бизнестің қолма-қол ақшасыз есеп айырысуын қолдау сияқты ынталандырушы құралдарға да сүйенген жөн. Салық және кеден саласындағы ақпараттық жүйелер интеграциясының аяқталуы әкімшілендірудің ашықтығын арттырады. Үкімет үш жыл ішінде экономикадағы көлеңкелі айналымды кем дегенде 40 пайызға қысқарту үшін нақты шаралар қабылдауға тиіс. Бизнес өз жұмысын жаңадан бастау үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтың негізгі сомасы төленген жағдайда, өсім мен айыппұлды алып тастай отырып, шағын және орта бизнес үшін «салық амнистиясын» жүргізуге кірісуді тапсырамын. ТӨРТІНШІ. Экспортқа бағытталған индустрияландыру мәселесі экономикалық саясаттың негізгі элементі болуға тиіс. Үкімет өңдеу секторындағы экспорттаушыларға қолдау көрсетуге баса мән беруі қажет. Біздің сауда саясатымызда селқостық болмауға тиіс. Оған біздің тауарларымызды өңірлік және әлемдік нарықта ілгерілететін белсенді сипат дарыту керек. Сонымен бірге, халық тұтынатын тауарлардың ауқымды номенклатурасын игеріп, «қарапайым заттар экономикасын» дамыту үшін кәсіпорындарымызға көмектесу қажет. Бұл экспорттық әлеуетімізді жүзеге асыру тұрғысынан ғана емес, сондай-ақ ішкі нарықты отандық тауарлармен толтыру үшін де маңызды. Үкіметке өңдеу өнеркәсібі мен шикізаттық емес экспортты қолдау мақсатымен алдағы 3 жылда қосымша 500 миллиард теңге бөлуді тапсырамын. Басымдығы бар жобаларға қолжетімді несие беру міндетін шешу үшін Ұлттық банкке кемінде 600 миллиард теңге көлемінде ұзақ мерзімге қаржы бөлуді тапсырамын. Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, осы қаражаттың көзделген мақсатқа жұмсалуын қатаң бақылауды қамтамасыз етуі керек. Ірі әрі серпінді жобаларды жүзеге асыру үшін шетелдік инвесторлармен бірлесіп инвестиция салу қағидаты бойынша жұмыс істейтін Шикізаттық емес секторға бөлінетін тікелей инвестиция қорын құру мәселесін қарастыру қажет. Сондай-ақ, көлік-логистика және басқа да қызмет көрсету секторларын ілгерілету жөніндегі жұмыстарды жандандыру керек. Бай табиғатымыз бен мәдени әлеуетімізді пайдалану үшін сырттан келетін және ішкі туризмді дамытуға ерекше көңіл бөлу қажет. Үкімет қысқа мерзімде салалық мемлекеттік бағдарлама қабылдауға тиіс. БЕСІНШІ. Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру керек. Негізгі міндет – еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту. Мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын елімізге заманауи агротехнологияларды ауқымды түрде тартуға бағыттау қажет. Біз икемді әрі ыңғайлы стандарттарды енгізу және ауыл шаруашылығы саласындағы беделді шетелдік мамандарды – «ақылды адамдарды» тарту арқылы саланы басқарудың үздік тәжірибесін пайдалануымыз керек. Ауыл кәсіпкерлеріне шаруашылық жүргізудің жаңа дағдыларын үйрету үшін жаппай оқыту жүйесін қалыптастырған жөн. Үкіметке алдағы 3 жыл ішінде осы мақсаттарға жыл сайын қосымша кемінде 100 миллиард теңге қарастыруды тапсырамын. АЛТЫНШЫ. Инновациялық және сервистік секторларды дамытуға ерекше көңіл бөлген жөн. Ең алдымен, «болашақтың экономикасының» баламалы энергетика, жаңа материалдар, биомедицина, үлкен деректер, заттар интернеті, жасанды интеллект, блокчейн және басқа да бағыттарын ілгерілетуді қамтамасыз ету қажет. Еліміздің жаһандық әлемдегі орны мен рөлі келешекте нақ осыларға байланысты болады. Үкіметке Назарбаев Университетімен бірлесіп, нақты жобаларды анықтай отырып, әрбір бағыт бойынша арнайы бағдарламалар әзірлеуді тапсырамын. Университет базасында жасанды интеллект технологиясын әзірлеумен айналысатын ғылыми-зерттеу институтын құру сондай жобалардың бірі бола алады. ЖЕТІНШІ. Нақты экономиканы өркендету үшін қаржы секторының рөлін күшейтіп, ұзақ мерзімді макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету қажет. Бағаның өсуі, қаржыландыруға қолжетімділік, банктердің орнықтылығы – міне, осы мәселелер көбіне қазір жұрттың қызығушылығын тудырып отыр. Ұлттық банк Үкіметпен бірлесіп, қаржы секторын және нақты секторларды сауықтыру, инфляцияға қарсы кешенді саясат жүргізу мәселелерін жүйелі түрде шешуді бастауы керек. Қалыптасқан жағдайда экономиканы, әсіресе, өңдеу секторы мен шағын және орта бизнесті несиелендіруді ұлғайту өте маңызды. Сондай-ақ, зейнетақы активтері мен әлеуметтік сақтандыру жүйесінің ресурстарын басқару тиімділігін арттырып, баламалы қаржы құралдарын – құнды қағаз нарығы, сақтандыру және басқа да салаларды нақты дамыту керек. Бизнесті шетел инвестициясымен, капиталға қолжетімділікпен қамтамасыз ету ісінде «Астана» халықаралық қаржы орталығы маңызды рөл атқаруға тиіс. Біз жеке сотты, қаржы реттеуішін, биржаны арнайы құрдық. Барлық мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар осы алаңды белсенді пайдаланып, оның тез қалыптасуына және дамуына атсалысуы керек. * * * Аталған шаралардың тиімді жүзеге асырылуы жалақының өсуі мен жаңа жұмыс орындарының ашылуы есебінен қазақстандықтардың табысын арттырады. Бұл үдерістер әрдайым Үкіметтің басты назарында болуға тиіс. II. ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ Әл-ауқатымыздың екінші бір сипаты – өмір сүру деңгейінің артуы. Білім берудің, денсаулық сақтау саласының, тұрғын үйдің сапасы мен қолжетімділігі, жайлы және қауіпсіз жағдайда өмір сүру мәселелері әрбір қазақстандық отбасына қатысты. Осыған орай, Үкімет әлеуметтік секторға, қауіпсіздік пен инфрақұрылымға мән бере отырып, бюджет шығыстарының басымдықтарын қайта қарауға тиіс. БІРІНШІ. 5 жыл ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларына барлық көздерден жұмсалатын қаражатты ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына дейін жеткізу қажет. Қаржыландыруды халыққа қызмет көрсету сапасын елеулі түрде арттыруды қамтамасыз ететін тиісті реформаларды жүзеге асыру үшін бағыттау керек. ЕКІНШІ. Мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керек. Ойлау негіздері, ақыл-ой мен шығармашылық қабілеттер, жаңа дағдылар сонау бала кезден қалыптасады. Білім беру ісінде 4К моделіне: креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты назар аударылуда. Бұл салада біліктілік талаптарын, оқыту әдісін, тәрбиешілердің және балабақшадағы басқа да қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін қайта қарау қажет. Білім және ғылым министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, биыл тиісті «Жол картасын» әзірлеуі керек. ҮШІНШІ. Орта білім беру жүйесінде негізгі тәсілдер белгіленген, қазіргі кезеңде солардың орындалуына баса назар аударған жөн. Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі мен әдістемесі мемлекеттік мектептер үшін бірыңғай стандарт болуға тиіс. Бұл мектеп білімін реформалаудың қорытынды кезеңі болады. Білім сапасын бағалау жүйесі халықаралық стандарттарға негізделуге тиіс. Орта мектептердің өзінде балаларды мейлінше сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеп, кәсіби диагностика жүргізу маңызды. Бұл оқытудың жеке бағдарын жасауға және оқушы мен мұғалімнің оқу жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Балалар қауіпсіздігінің маңыздылығын ескеріп, бүкіл мектептер мен балабақшаларды бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етуді, мектеп психологтарының жұмысын күшейтуді және басқа да дәйекті шараларды жүзеге асыруды тапсырамын. Білім алудың қолжетімділігін арттыру мақсатымен оқушыларға орын жетіспейтіні, мектептердің үш ауысымда оқыту және апат жағдайында болу проблемалары мейлінше сезіліп отырған өңірлер үшін Үкіметке 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттен қосымша 50 миллиард теңге қарастыруды тапсырамын. ТӨРТІНШІ. Келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажет деп санаймын. Бұл құжат мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалауға тиіс. БЕСІНШІ. Жоғары білім беру ісінде оқу орындарының маман дайындау сапасына қатысты талаптар күшейтіледі. Біз гранттардың санын көбейттік, енді жауапкершіліктің кезеңі келді. Жоғары оқу орнының табыстылығын бағалаудың басты критерийі – оқу бітірген студенттердің жұмыспен қамтылуы, жалақысы жоғары жұмысқа орналасуы. Жоғары оқу орындарын ірілендіру саясатын жүргізу қажет. Нарықта жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ететіндері ғана қалуға тиіс. Назарбаев Университетінің тәжірибесіне сүйеніп, үздік шетелдік топ-менеджерлерді жұмысқа тарту арқылы әлемнің жетекші университеттерімен әріптестік орнату маңызды. Қазіргі білім инфрақұрылымының базасында Назарбаев Университетінің үлгісімен өңірлік жаңа жоғары оқу орнын құру қажет деп санаймын. АЛТЫНШЫ. Медициналық қызмет сапасы халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің аса маңызды компоненті болып саналады. Ең алдымен, әсіресе ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімді болуын қамтамасыз ету қажет. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін қызметкерлерді ынталандыру үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауруларды емдеу ісін басқарудың жаңа тәсілдерін енгізген учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен 20 пайызға көбейтуді тапсырамын. Осы мақсаттарға келесі жылы 5 миллиард теңге бөлінеді. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуге көшуге тиіс. Бұл 2020 жылға қарай бүкіл тұрғындардың электронды денсаулық паспорттарын жасауға, кезектерді, бюрократияны жоюға, қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Осыған дейін жасалған кардиологиялық және нейрохирургиялық кластерлердің тәжірибесін пайдаланып, 2019 жылы Астанада Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың құрылысын бастау керек. Осылайша біз көптеген адам өмірін сақтап қаламыз. ЖЕТІНШІ. Өңірлік деңгейдегі резервтерді тауып, бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін арттыру қажет. Үкіметке және әкімдерге кем дегенде 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуды тапсырамын. Сондай-ақ, қолданыстағы, әсіресе мектептердегі спорт ғимараттарын тиімді пайдаланып, дене шынықтырумен айналысу үшін аулаларды, парктерді, саябақтарды жабдықтау қажет. СЕГІЗІНШІ. Ұлт саулығы – мемлекеттің басты басымдығы. Бұл – қазақстандықтар сапалы азық-түлікті пайдалануға тиіс деген сөз. Бүгінде халықты сапасыз әрі денсаулыққа және өмірге қауіп төндіретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерден қорғайтын тұтас саясат жоқ. Үкіметке шаралар қабылдауды және осы жұмысты ретке келтіруді тапсырамын. Келесі жылдан бастап Тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитеті жұмысын бастауға тиіс. Оның қызметі, ең бастысы, азық-түлікке, дәрі-дәрмекке, ауыз суға, балалар тауарына, медициналық қызмет көрсетуге сараптама жүргізуді қамтитын болады. Бұл үшін заманауи зертханалық базаны қамтамасыз етіп, білікті мамандар штатын қалыптастыру қажет. Бұл орайда, тұтынушылардың құқықтарын қорғайтын қоғамдық ұйымдарды институционалды тұрғыдан күшейтіп, оларды белсенді пайдаланған жөн. Біз әрдайым бизнеске көмек көрсетеміз, бірақ адам, оның құқықтары мен денсаулығы маңыздырақ. Мемлекет әкімшілік кедергілерді азайту барысында көптеген тексерістен, рұқсат беру және басқа да рәсімдерден бас тартты. Сондықтан, ұсынылатын тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі үшін бизнес қоғамдастығы да жауап береді. Жалпы, бизнес пайда табуды ғана емес, сондай-ақ, мемлекетпен бірлесіп азаматтарымыздың қауіпсіздігі мен жайлы тұрмысын қамтамасыз етуді де ойлауы керек. * * * Халыққа сапалы әлеуметтік қызмет көрсету ісі тұрғын үй жағдайын жақсарту, еліміздегі кез келген елді мекенде жайлы әрі қауіпсіз өмір сүру сипатындағы мол мүмкіндіктермен үйлесімді түрде толыға түсуге тиіс. III. ӨМІР СҮРУГЕ ЖАЙЛЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУ Жайлылық дегеніміз – ең алдымен, тұрғын үйдің қолжетімділігі, ауланың әдемілігі мен қауіпсіздігі, тіршілікке және жұмыс істеуге қолайлы елді мекеннің және сапалы инфрақұрылымның болуы. БІРІНШІ. Сапалы әрі қолжетімді тұрғын үй. Бүгінде біз тұрғын үй құрылысына зор серпін беріп отырған «Нұрлы жер» бағдарламасын табысты іске асырудамыз. Тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігін арттыратын жаңа ауқымдағы «7-20-25» бағдарламасы қолға алынды. Әкімдерге жергілікті бюджет есебінен жеңілдетілген ипотека бойынша алғашқы жарнаны ішінара субсидиялау мәселесін пысықтауды тапсырамын. Мұндай тұрғын үй сертификаттарын беру біліктілігі жоғары педагогтер, медицина қызметкерлері, полицейлер және өңірге қажетті басқа да мамандар үшін ипотеканың қол жетімділігін арттырады. Сондай-ақ, халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтары үшін ірі қалаларда жалдамалы тұрғын үй құрылысын ұлғайту қажет. Бұл шаралар 250 мыңнан астам отбасы үшін тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Бюджет есебінен салынатын жаппай құрылыс алаңдарына арналған инженерлік инфрақұрылым жүргізуді қоса алғанда, мемлекет бес жыл ішінде 650 мың отбасыға немесе 2 миллионнан астам азаматтарымызға қолдау көрсетеді. ЕКІНШІ. Еліміздің аумақтық дамуына жаңа тәсілдер енгізуді қамтамасыз ету қажет. Бүгінде жетекші елдердің экономикасы, көбіне, жаһандық қалалар немесе мегаполистер арқылы танылады. Әлемдік ішкі жалпы өнімнің 70 пайыздан астамы қалаларда түзіледі. Біздің өз тұрмыс салтымыз тарихи қалыптасты, моноқалалары мен шағын облыс орталықтары бар аграрлы экономика басымдыққа ие болды. Сондықтан 18 миллион халқы бар ел үшін миллионнан астам тұрғыны бар 3 қаланың болуы, соның ішінде 2 қаланың тәуелсіз Қазақстан дәуірінде осы қатарға қосылуы – үлкен жетістік. Астана мен Алматы еліміздегі ішкі жалпы өнімнің 30 пайыздан астамын қазірдің өзінде қамтамасыз етіп отыр. Бірақ, қалалардың инфрақұрылымы кәсіпорындар мен тұрғындардың жедел өсіп келе жатқан қажеттіліктеріне сай бола бермейді. Соңғы жылдары біз «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша республикалық маңызы бар инфрақұрылым қалыптастырдық. 2015 жылдан бастап 2400 шақырым автомобиль жолы салынды және қайта жөнделді. Бұл жұмыстар жалғасуда және 2020 жылға дейін қосымша 4600 шақырым жол пайдалануға беріледі. Енді өңірлік және қалалық инфрақұрылымды жүйелі түрде дамытқан жөн. Осы мақсатқа орай биыл қаржыландыру көлемі арты: жергілікті маңызы бар жолдарға 150 миллиард теңгеге дейін, ауылдық жерлерді сумен қамтуға 100 миллиард теңгеге дейін қаражат бөлінді. Әкімдер осы қаражаттың есебінен өңірлердегі мейлінше өткір проблемаларды шешуге күш жұмылдыруы керек. Үкімет бұл міндетті жүйелі қолға алып, қосымша инфрақұрылымдық мәселелер тізімін жасап, жобаларды бағалап, оларды қаржыландыру көздерін іздеп табуы қажет. Жаңа мектептер, балабақшалар, ауруханалар құрылысын елді мекендерді дамыту жоспарларымен ұштастыру қажет, сондай-ақ, бұл секторға жеке инвесторларды тарту үшін жағдай жасаған жөн. Сонымен қатар, «инфрақұрылым адамдарға» моделінен «адамдар инфрақұрылымға» моделіне бірте-бірте көшу қажет. Бұл елді мекендерді ірілендіру ісін ынталандырып, бөлінетін қаражатты пайдалану тиімділігін арттыратын болады. Әрбір өңір мен ірі қала бәсекеге қабілеттіліктің қолда бар басымдықтарын ескеріп, өзіндік орнықты экономикалық өсу және жұмыспен қамту моделіне сүйене отырып дамуға тиіс. Осыған орай, тірек саналатын ауылдардан бастап республикалық маңызы бар қалаларға дейінгі түрлі елді мекендер үшін өңірлік стандарттар жүйесін әзірлеу керек. Бұл стандарт әлеуметтік игіліктер мен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізімі мен қолжетімділігінің, көлік, мәдени-спорттық, іскерлік, өндірістік, цифрлық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілудің нақты көрсеткіштерін және басқа да мәселелерді қамтуға тиіс. Экологиялық ахуалды жақсарту, соның ішінде зиянды заттардың таралуы, топырақтың, жердің, ауаның жағдайы, қалдықтарды жою, сондай-ақ онлайн түрінде еркін қолжетімді экологиялық мониторинг жүргізу жүйесін дамыту жөніндегі жұмыстарды күшейту қажет. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған «кедергісіз орта» қалыптастыруға зор мән берілуге тиіс. 2019 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Еліміздің басқарылатын урбанизациясының жаңа картасына айналатын Еліміздің 2030 жылға дейінгі аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын әзірлеуді тапсырамын. Практикалық шараларды жүзеге асыру үшін нақты іс-шараларды, жобаларды және қаржыландыру көлемін көрсете отырып, Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі прагматикалық бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын. Өңірлік дамудың аталған аспектілері іске асырылу мерзімдері 2025 жылға дейін ұзартылуға тиіс «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларында ескерілуі керек. Біріншісі көлік инфрақұрылымын дамытуға, екіншісі – коммуналды және тұрғын үй құрылысындағы міндеттерді шешуге бағытталуға тиіс. Бұл бағдарламалардың «екінші тынысын» ашу керек. ҮШІНШІ. Құқық қорғау органдарының жұмысына терең және сапалы өзгерістер қажет. Қауіпсіздік тұрмыс сапасының ажырамас бөлігі болып саналады. Ішкі істер органдарының қызметкерлері қылмыспен күресте «алдыңғы шепте» жүріеді, көбіне өз басын қатерге тігіп, азаматтарды қорғайды. Сонымен қатар, қоғам құқық қорғау органдарының, ең алдымен, полиция жұмысының түбегейлі жақсаруын күтіп отыр. Үкіметке Президент Әкімшілігімен бірлесіп, «Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасын» қабылдауды тапсырамын. Реформалар 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырыла бастауға тиіс. Біріншіден, Ішкі істер министрлігінің штаттық санын оңтайландырып, полицияны өзіне тиесілі емес функциялардан арылту қажет. Үнемделген қаражатты полицейлердің жалақысын көбейтуге, олардың тұрғын үй және өзге де әлеуметтік мәселелерін шешуге бағыттаған жөн. Екіншіден, полиция қызметкерінің жаңа стандартын бекітіп, мансаптық ілгерілеу, сондай-ақ, полиция академиялары арқылы кадрларды даярлау мен іріктеу жүйесін өзгерту керек. Қызметкерлердің бәрі қайта аттестациялаудан өтуге тиіс. Тек үздіктері ғана қызметін жалғастырады. Үшіншіден, халықпен жұмыс істеудің жаңа заманауи форматтарын енгізіп, полицияны бағалаудың критерийлерін түбегейлі өзгерткен жөн. Полицияның жұмысын сервистік модельге көшіру қажет. Азаматтар санасында полицейлер жазалаушы емес, керісінше, қиын жағдайда көмек көрсетуші деген түсінік орнығуы керек. Қалалық және аудандық ішкі істер органдары жанында Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қағидаты бойынша азаматтарды қабылдау үшін қолайлы жағдай жасау қажет. Қазақстанның бүкіл қалаларын қоғамдық қауіпсіздікке мониторинг жүргізу жүйелерімен жабдықтау керек. Қоғам тарапынан білдірілген сенім деңгейі және халықтың өзін қауіпсіз сезінуі полиция жұмысын бағалаудың негізгі өлшемдері болуға тиіс. ТӨРТІНШІ. Сот жүйесін одан әрі жаңғырту. Соңғы жылдары көп жұмыс атқарылды, дегенмен, басты міндет – соттарға деген сенімнің жоғары деңгейін қамтамасыз ету шешімін таппай отыр. Сонымен қатар, құқық үстемдігі – біздің реформаларымыздың табысты болуының негізгі факторы. Біріншіден, сот жұмысының заманауи форматтарын және озық электронды сервистер енгізуді жалғастырған жөн. Жыл сайын 4 миллион азаматымыз сотта қаралатын іске қатысады. Бұған қаншама күш пен қаражат жұмсалады! Уақыт пен ресурстардың орынсыз шығынын талап ететін артық сот рәсімдері қысқаруға тиіс. Бұрын адамдардың жеке өздерінің келуі талап етілсе, қазір оны алыстан жүзеге асыруға болады. Екіншіден, сот жүйесінің сапалы дамуын және кадрларының жаңаруын қамтамасыз етіп, үздік заңгерлер судья болуға ұмтылатындай жағдай жасау керек. Үшіншіден, әсіресе бизнес пен мемлекеттік құрылымдар арасындағы сот арқылы шешілетін дау-дамайды қарау кезінде түсінікті әрі болжамды сот тәжірибесі керек, сондай-ақ судьяларға заңсыз ықпал ету мүмкіндіктерін жою қажет. Жоғарғы сотқа Үкіметпен бірлесіп, жыл соңына дейін тиісті шаралар кешенін әзірлеуді тапсырамын. * * * Кез келген реформаларды іске асыру барысында өзінің барлық іс-қимылын халықтың әл-ауқатын арттыруға арнайтын жинақы әрі тиімді мемлекеттік аппарат маңызды рөл атқаратын болады. IV. АЗАМАТТАР СҰРАНЫСЫНА БЕЙІМДЕЛГЕН МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ Жаңа кезең жағдайында мемлекеттік аппарат қалай өзгеруге тиіс? БІРІНШІ. Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін түбегейлі арттыру. «Сапа» – мемлекеттік қызметші өмірінің жаңа стилі, ал өзін-өзі жетілдіру – оның басты қағидаты болуға тиіс. Жаңа формацияның мемлекеттік қызметшілері мемлекет пен қоғам арасындағы алшақтықты қысқартуға тиіс. Бұл арқылы тұрақты кері байланыс орнығып, мемлекеттік саясаттың нақты шаралары мен нәтижелері қызу талқыланып, жұртшылыққа түсіндіріледі. Мемлекеттік басқару академиясы Назарбаев Университетімен бірлесіп, «Жаңа формацияның басшысы» бағдарламасын және басшылық қызметтерге тағайындау кезінде арнайы қайта даярлаудан өткізетін курстар әзірлеу қажет. Үздік шетелдік компанияларда жұмыс тәжірибесі бар немесе әлемнің жетекші университеттерінде білім алған жеке сектордағы кәсіби мамандарды тарту маңызды. Биыл біз 4 мемлекеттік органға жалақы төлеудің жаңа моделін енгіздік. Барлық пилоттық жобалар жақсы нәтижелер көрсетіп отыр. Мемлекеттік қызметке қызығушылық артты, әсіресе өңірлік деңгейде оның өзектілігі жоғары. Тиімсіз шығындарды оңтайландыру және басшылық құрамын қысқарту есебінен төменгі және орта буындағы қызметкерлердің жалақысы 2 – 2,5 есе өсті. Кадрлардың жұмыстан кетуі 2 есе қысқарды. Беделді жоғары оқу орындарын бітірген түлектерді қоса алғанда, біліктілігі жоғары кадрлардың жеке сектордан келуі 3 есе артты. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде орталық аппаратқа арналған конкурс бір орынға 28 адамға дейін, ал өңірлік құрылымдарда бір орынға 60 адамға дейін өсті. Маңғыстау облысының әкімдігіндегі 1 бос орынға енді 16 адам, ал Әділет министрлігінде орта есеппен 13 адам үміткер болып отыр. Астанада мемлекет-жекеменшік әріптестік аясында іске асырылып жатқан жобаларды қаржыландыруға қатысты жаңа тәсілдер есебінен ғана 30 миллиардтан астам теңге үнемделді. Еңбекақы төлеудің жаңа моделіне көшу үшін мемлекеттік органдардың басшыларына «бюджеттік-кадрлық маневрді» жүзеге асыруға құқық бердім. Олар үнемделген қаражатты қызметшілердің жалақысын арттыруға бағыттау мүмкіндігін алды. Қазіргі уақытта көптеген мемлекеттік органдар жаңа модельге көшуді қалап отыр. Ең бастысы – олар мұны тек жалақыны көбейту ғана емес, бәрінен бұрын, жұмыстарының тиімділігін арттыру деп түсінуі керек. Еңбекке төленетін қаржының өсімі бюджет шығысын, соның ішінде бағынышты мекемелердің шығыстарын оңтайландыру және үнемдеу есебінен өтелуін бақылауда ұстауды тапсырамын. Бұл жерде аталған жобаның беделін түсірмес үшін формализм мен теңгермешілікке жол бермеу қажет. ЕКІНШІ. Осы күрделі кезеңде бөлінетін әрбір теңгенің қайтарымының мол болуына қол жеткізу керек. Тексерістер нәтижелері айқындап отырғандай, құрылыс құны кей жағдайда жобалық құжаттар әзірлеу кезеңінде-ақ арттырылып көрсетіледі. Соңына дейін жеткізілмейтін немесе перспективасы жоқ екені әуел бастан белгілі болған жобалар бар. Егер жүктелген іске жауапкершілік танытатын болсақ, бюджеттің жүздеген миллиард теңгесін үнемдеп, тұрғындардың нақты қажетіне бағыттауға болады. Үкімет тиімсіз әрі уақтылы емес шығындарды болдырмай, шығыстарды оңтайландырып, қаражатты үнемдеу үшін жүйелі шаралар қабылдауы қажет. ҮШІНШІ. Сыбайлас жемқорлықпен белсенді күрес жалғасатын болады. Біріншіден, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер аясында мемлекеттік қызметшілердің тұрғындармен тікелей қарым-қатынасын азайтуға қол жеткізген жөн. Жер қатынастары мен құрылыс саласындағы бюрократтық рәсімдер жұртшылықты мазалайтын мәселелердің бірі болып саналады. Бұл салада ашықтық жоқ, халық пен бизнес ақпаратқа толық қол жеткізе алмай отыр. Жер қоры мен жылжымайтын мүлік нысандары туралы мәліметтердің бірыңғай ақпараттық базасын жасауды тапсырамын. Осы мәселе бойынша тәртіп орнатып, жерді нақты инвесторларға беру керек! Бұл – бір ғана мысал. Жұрттың және бизнес қоғамдастығының наразылығын туғызатын басқа да бағыттар бойынша тиісті реттеу жұмыстарын жүргізу керек. Жалпы, 2019 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 80 пайызы, ал 2020 жылы кемінде 90 пайызы электронды форматқа көшірілуге тиіс. Сол үшін Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңды жедел жаңарту керек. Екіншіден, қарамағындағы қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық жасаған жағдайда бірінші басшылардың жеке тәртіптік жауапкершілігін күшейту мәселесін пысықтау қажет. Сонымен қатар, адал жұмыс істейтін қызметкер тексерушілерден қорықпауға тиіс. Үшіншіден, «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобалары аясында елорданың жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру жөніндегі тәжірибесін тарату керек. ТӨРТІНШІ. Үкімет пен барлық мемлекеттік органдардың жұмысында формализм мен бюрократияны азайту қажет. Соңғы кездері Үкіметтегі, мемлекеттік органдардағы ұзақ отырыстар мен кеңестердің саны еселеп артып, сондай-ақ құжат айналымы елеулі түрде көбейді. Үкімет әкімдердің және олардың орынбасарларының қатысуымен күніне 7 кеңес өткізетін кездері де болады. Олар қай кезде жұмыс істейді? Мұны доғарып, бұл мәселені ретке келтіру керек. Өздеріне нақты міндеттемелер алуға және солар үшін жария түрде есеп беруге тиіс министрлер мен әкімдерге шешім қабылдау еркіндігін ұсыну қажет. Еліміздің 2025 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспарының әзірленген көрсеткіштер картасы бұған негіз болуға тиіс. БЕСІНШІ. Қойылған міндеттерді тиімді жүзеге асыру үшін реформалардың жүргізілуіне бақылау механизмдерін күшейту қажет. Үкімет пен мемлекеттік органдар жыл соңына дейін дамудың аталған барлық мәселелерін қамти отырып, нақты индикаторлар мен «жол карталарын» әзірлеуге тиіс, сондай-ақ реформаларды іске қосу үшін қажетті заң жобаларының бәрін Парламентке уақтылы енгізуі керек. Өз кезегінде, Парламент оларды сапалы әрі жедел қарастырып, қабылдауға тиіс. Реформалар мен негізгі стратегиялық құжаттардың жүзеге асырылу барысына мониторинг жүргізіп, бағалау үшін қажетті өкілеттіктер бере отырып, Президент Әкімшілігінде Ұлттық жаңғыру офисін құруды тапсырамын. Бұл офис статистикалық көрсеткіштерге мониторинг жүргізуден бөлек, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының тәжірибесіне сәйкес, тұрғындар үшін өзекті мәселелер жөнінде халық пен бизнес өкілдері арасында тұрақты түрде сауалнама жүргізуді қамтамасыз етеді. Офис әрбір бағыт бойынша қалыптасқан жағдай жөнінде маған үнемі баяндап отырады. Үкіметтің әрбір мүшесі, мемлекеттік органдар мен компаниялардың басшылары алға қойылған міндеттердің орындалуына дербес жауап беретін болады. V. ТИІМДІ СЫРТҚЫ САЯСАТ Қазақстанның табысты жаңғыруын қамтамасыз ету үшін бастамашыл белсенді сыртқы саясатты одан әрі жүзеге асыру қажет. Біздің бейбітсүйгіш бағытымыз бен осы саладағы нақты айқындалған қағидаттарымыз өзін-өзі толық ақтап отыр. Қазақстанның Ресей Федерациясымен қарым-қатынасы мемлекетаралық байланыстардың эталоны болып саналады. Толыққанды интеграциялық бірлестік әрі әлемдік экономикалық қатынастардың белсенді мүшесі ретінде қалыптасқан Еуразиялық экономикалық одақ табысты жұмыс істеуде. Орталық Азия өңірінде өзара ықпалдастықтың жаңа парағы ашылды. Қытай Халық Республикасымен жан-жақты стратегиялық серіктестігіміз дәйекті түрде дамып келеді. «Бір белдеу – бір жол» бағдарламасы Қытаймен қарым-қатынасымызға тың серпін берді. Менің қаңтар айындағы Вашингтонға ресми сапарым және Президент Дональд Трамппен жүргізген келіссөздерім барысында Қазақстан мен АҚШ-тың XXI ғасырдағы кеңейтілген стратегиялық серіктестігі жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді. Біз сауда және инвестиция саласындағы ірі серіктесіміз – Еуропа Одағымен қарқынды ынтымақтастығымызды жалғастыра береміз. ТМД елдерімен, Түркиямен, Иранмен, Араб Шығысы және Азия елдерімен өзара тиімді екі жақты қатынастар дамып келеді. Ақтау қаласындағы саммитте қабылданған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция Каспий маңы елдерімен ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіндегі миссиясын абыроймен аяқтап келеді. Сирия жөніндегі Астана процесі бейбіт жолмен реттеу және осы елдің дағдарыстан шығуы жөнінде тиімді жұмыс жүргізіп жатқан бірден-бір келіссөздер форматына айналды. Сонымен қатар, қазіргі күрделі жағдайда Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты бейімделуді және ұлттық мүддені прагматизм қағидаттарына сәйкес ілгерілетуді талап етеді. * * * Барлық кезеңде де табысқа деген нық сенім мен халықтың бірлігі ғана ел тағдырын шешкен. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында ғана біз ұлы асуларды бағындыра аламыз. VІ. ӘРБІР ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ ЕЛІМІЗДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР ҮДЕРІСТЕРІНЕ АТСАЛЫСУЫ Әрбір қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін және олардың Отанымызды өркендету жолындағы маңызын жете түсінуге тиіс. Реформаларды табысты жүзеге асыру үшін қоғамымыздың ортақ мақсатқа жұмылуы аса маңызды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жаппай қолдауға ие болып, қоғамдағы жаңғыру үдерістеріне зор серпін берді. Бұл бастаманы әрі қарай жалғастырып қана қоймай, оның аясын жаңа мазмұнмен және бағыттармен толықтыру қажет. Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуға тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынамын. Біз ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғыртуға кірісуіміз қажет. Бұған арнайы «Ауыл – Ел бесігі» жобасының іске қосылуы септігін тигізеді. Бұл жоба арқылы өңірлердегі еңбекке қатысты идеологияны ілгерілетуді қолға алу керек. Бойскаут қозғалысы сияқты «Сарбаз» балалар-жасөспірімдер бірлестігін құрып, мектептерде әскери-патриоттық тәрбиенің рөлін күшейткен жөн. «Өз жеріңді танып біл» жаңа бастамасы аясында еліміздің өңірлері бойынша жаппай мектеп туризмін қайта жаңғырту керек. Бүгінде халықтың әлеуметтік көңіл-күйін айқындайтын негізгі салаларда теңдессіз шаралар ұсынылып отыр. Бастамалардың қаржылық көлемі 1,5 триллион теңгеден асады, ал жиынтық әсері одан да көбірек. Бұл халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға зор серпін береді. Бұл – ең сенімді әрі тиімді инвестиция. Қымбатты қазақстандықтар! Халқымыздың бақуатты өмір сүруі және еліміздің озық дамыған 30 елдің қатарына қосылуы – Тәуелсіз мемлекетіміздің мәңгілік мұраты. Біз қашан да заман сынына тегеурінді іс-қимылмен төтеп беріп келеміз. Бұл – ең алдымен, ел ынтымағының арқасы. «Ынтымақты елдің ырысы мол» дейді халқымыз. Бүгінгі кезеңнің де талабы оңай емес. Бірлігіміз мызғымаса, ынтымағымыз ыдырамаса, біз үшін алынбайтын асу, бағынбайтын белес болмайды. Мен әрбір жолдауымда халықтың әлеуметтік жағдайы мен тұрмыс сапасын жақсартуға ерекше мән беріп келемін. Қазіргі «7-20-25», «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» және басқа да мемлекеттік бағдарламалардың басты мақсаты – халқымыздың тұрмыс сапасын жақсарту.
Жаңа жылдан бастап азық-түлік бағасы тағы да қымбаттайды: 24 желтоқсан 2021, 02:03 - жаңалықтар Alashainasy.kz Басты Экономика Нарық Жаңа жылдан бастап азық-түлік бағасы тағы да қымбаттайды 24 желтоқсан 2021, 02:03 Жаңа жылдан бастап, азық-түлік бағасы тағы да қымбаттайды. Мұны Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап. Мәселені шешуге министрлік қауқарсыз деп қосты. Бұған ең төменгі жалақының 2022 жылдан бастап өсуі себеп деді. «Жалақы көбейгендіктен, тауардың да бағасы көтеріледі. Тауардың бағасы көтерілгеннен жалақыны көтеруге жұмыс жасау керек. Бірақ негізі жалақыны көтеру үшін біз істеп шығаруды көтеруіміз керек», – деді ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов. Елордалықтар баға күн сайын өсіп келе жатқанына шағымданды. Қымбатшылық қалтаны қаққанын айтады. Бағынбай бара жатқан бағанының салдарынан ет жеуден қалған отбасылар да бар.
Ойнауға чат рулетка он сегіз плюс. Чат рулетка ұқсас белгілі чатрулетка, тек неміс - ВИДЕО ЧАТ. Онлайн танысу! ВИДЕО ЧАТ. Онлайн танысу! Ойнауға чат рулетка он сегіз плюс. Чат рулетка ұқсас белгілі чатрулетка, тек неміс Қарамай тарапынан осы видео чат түсінесің, соның салдарынан оның есімін тікелей чат рулетка (табу атауы: чатрулетка, рулетка, чат рулетка, чат рулет, чат рулетка неміс)Өйткені, қарастыру нәтижесі нұсқасы білу біріктіреді екі құрамдас бөліктері: чат тең түрде белгілі ойын рулетка. Тек барлық мүдделі осы кездейсоқ своя рука онлайн ерекшелігі осындай. қарастыру нәтижесі және бейне чат. Онда лакомиться Сіз кездесіп отырсыздар кездейсоқ әңгімелесуші көзқарасымен, және, шырша дьявол Сізге тіпті де ұнамайды, просто-напросто жмете батырмасын иә өтіңіз ко басқа незнакомцу. Бұл бейне чат жинауда вразумительность Еуропа (Англия, Германия, Франция, Италия, Испания, Гельвеция тең түрде т. б.), АҚШ (Америка), Мексикада, Қытайда, осындай дәрежеде, бірақ тең түрде Еуроодақ елдерінде (Ресей, Украина, Белоруссия). Бұл сияқты ешқандай таңқаларлық емес, сонымен қоймады кем осындай чат рулетка құдай қызықты. Бұл-нибудь чатрулетка береді ықтималдығы әр жаққа қоса беруге бос уақыт. Міне, неге сіздердің назарларыңызға веб-чат рулетка, соқпай тіркеу тең түрде толықтай тегін. Әрине, бұл қолма-қол ақша дозволяется ұзартуға бойынша шексіздік, ол кезде қиял адамдарда да өмір безграмотный аяқталады Чатрулетка дал жүзеге асырылуына адамдарға водить знакомство нақты уақыт танытады. Көптеген бүгінгі күнге дейін малограмотный біледі қатысты осындай чат, малограмотный кем ұқсас чат рулетка бұрын толық беда қанша. Мақсаттағы без регистрации יססיק-קול דייטינג: מיט גערלז, מיט אַ באָכער אויף דער танысуға әйел танысу үшін елеулі қатынастар чат рулетка бейне чат чат рулетка скачать бесплатно видео онлайн танысу тіркеусіз тегін сиқыршылар да чатрулетка видео чат онлайн без регистрации танысайық видеочат қыздармен тіркеу смотреть видео таныстыру
2020 жылғы 9 қаңтарда сағ. 11.00-де Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында «Атамұра» корпорациясының Ұлттық кітапхана қорына аса бағалы әрі құнды 1000 кітабын сыйға тарту рәсімі өтеді. Ел тәуелсіздігінің көк туын желбіреткен жылы-ақ жауапкершілігі шектеулі серіктестік ретінде құрылған «Атамұра» баспа корпорациясы өзін тәуелсіздіктің құрдасы деп санайды. Ол шағын кәсіпорыннан бастап оқулықтармен қатар энциклопедиялық және балаларға арналған басылымдар, анықтамалық, ғылыми және ғылыми-танымдық әдебиеттер, сөздіктер, көркем проза мен поэзия, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің еңбектері мен полиграфиялық өнімнің барлық түрлерін шығаратын үлкен корпорацияға дейінгі өсу жолынан өтті. Бүгінге дейін «Атамұра» корпорациясы «Атырау», «Қарағанды», «Маңғыстау», «Ақмола», «Астана» сынды аймақтық энциклопедиялармен бірге белгілі қазақ ғалымдарының, және қоғам қайраткерлерінің еңбектерін сапалы шығаруы отандық кітап мәдениетінің ірі жетістігіне айналды. Еліміздің тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қазақ және орыс тілдеріндегі «Ғасырлар тоғысында», «Тарих толқынында», «Сындарлы он жыл», «Бейбітшілік кіндігі», «Еуразия жүрегінде» атты кітаптары, «Атамұра» кітапханасы» сериясымен 150-ден астам ақын-жазушылардың туындылары, сонымен қатар балалар әдебиетін қолдау, насихаттау мақсатында «Атамұра» мектеп кітапханасы» сериясымен бүлдіршіндерге арналған қазақ және орыс тілдеріндегі көркем безендірілген кітаптар, ертегілер, мектеп жасындағы балаларға арналған танымдық кітапшалар басылып шықты. Корпорация Қазақстан Республикасы Президентінің «Құрмет» дипломымен марапатталды. Парижде корпорацияға Өндіріске ықпал ету ассоциациясының (SРІ) алтын медалімен, Женевада Халықаралық Алтын жұлдызбен, Мальтада «Хрусталь рыцары» дипломымен, «Еліміздің үздік баспасы «Алтын жұлдызымен» марапатталды. Нью-Йорк (АҚШ) қаласында Халықаралық «Quality Summit» Платина сыйлығына ие болды. «Атамұра» корпорациясы ТМД елдері бойынша Мәскеу қаласында өткен кітап көрмелерінде бірнеше рет арнайы дипломдармен марапатталды. Іс-шараға «Атамұра» корпорациясының өкілдері, кітапхана қызметкерлері мен оқырмандары, зиялы қауым мен БАҚ өкілдері қатысады. Келем деушілерге де есік ашық! ruh.kz Send an email 08.01.2020 7 Facebook Twitter VKontakte Odnoklassniki Skype Messenger Messenger WhatsApp Telegram Хатпен жіберу Басып шығару
Батыс Қазақстан облыстық әкімдігінде «ҚПО б.в.» компаниясы өкілдерінің қатысуымен облыстық әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссия отырысы өтті. Жиынды ашқан өңір басшысы Ғали Есқалиев биылғы жылдың ақпан айында Қарашығанақ кен орнын игеруші компания мен оның мердігерлік мекемелеріндегі жұмысшылардың жалақысын көтеру мәселесі қаралып, тиісті шешім қабылданғанын еске салды. – Енді сол шешімдердің қалай орындалғанын талқылауымыз керек. Үшжақты комиссияның ше­шімі бойынша салықты осы жерде төлейтін мердігерлердің ғана бюджеті көтерілуі тиіс. Бұл талапты дұрыс деп санаймын. Өңірде жұмыс істеп, табыс тауып жүрген мекеме-кәсіпорындар өңірімізден өз филиал, өкілдіктерін ашып, салық түрлерін осы жерге төлеуі қажеттігін әлденеше мәрте айтқанбыз. Өйткені олар инфрақұрылымдарды пайдаланады, экологияға зиян келтіреді, жергілікті бюджеттен субсидияланады. Сондықтан мұндай талапты заңды деп білемін, – деді облыс әкімі. Басқосуда Батыс Қазақстан облыстық кірістер департаментінің басшысы Бауыржан Айнабеков өңір бойынша салық төлеушілердің тіркелуі туралы баяндады. «ҚПО» компаниясы департаментке ақпан айында 132 мердігер компания­ның ақпаратын ұсынған. Жүргізілген талдаулар нәтижесінде кен орнын жабдықтаумен айналысатын және қызмет көрсететін нақты 128 кәсіпорынның тізімі жасалды. Осы компаниялардың ішіндегі 66-сы жергілікті жерде салық төлеуші ретінде тіркелген, ал 62 компания өзге облыстарда салық төлейді. Сол 62 компанияның ішіндегі онының өңірімізде филиал, өкілдіктері бар, олар 2021 жылы 989,5 млн теңге, биылғы жылдың өткен айларында 188,4 млн теңге салық төлеген. – Салық есептері көрсеткендей, «ҚПО» компаниясы 18 мердігерінің 5266 қызметкерінің 1253-і – облыстың тұрғыны. Басым көпшілігі «Caspian Offshore Construction Reality LLP», «Baker Hughes Services Kazakhstan LLP», «Bonatti S.P.A.» компанияларында жұмыс істейді. Олардың табыс және әлеуметтік салық төлемдерінің шамасы 724 миллион теңгені құрады. Ақпан айындағы үшжақты комиссияның отырысында берілген тапсырмаға сәйкес «ҚПО»-мен ұзақ мерзімдік келісімшарты бар 41 компанияның қызметіне талдау жасалды. Талдау жұмыстары алты компанияның облыста тіркелген өкілдігі бар екенін көрсетті. Осы кезге дейін олардың ішінен тек бес компанияның өкілдігі салық төлеп келген. Ал «ВЕСТ МОТОРС СЕРВИС» ЖШС ақпан айында жүргізілген түсіндірме жұмыстарынан кейін ғана салық төлеуді бастады. Өткен екі ай ішінде компания бюджетке 14 миллион теңге, соның ішінде 7,6 миллион теңге жеке табыс салығын, 6,4 миллион теңге әлеуметтік салық төледі, – деді Б.Айнабеков. Баяндамашының айтуына қара­ғанда, 5 сәуірде «Автодом-М» ЖШС-ның (бас кеңсесі Алматы қаласында тіркелген) филиалы ашылды. Әзірге бұл мекемеде 50 қызметкер бар, олардың қатары алдағы уақытта толыға бермек. Қызметкерлер үшін салық төлемдері осы айдан бастап аударылады, оның шамасы айына 2 миллион теңгені құрамақ. Сонымен қатар департаменттегілер «TEGRA Kazakhstan» ЖШС өкілімен кездесіп, облыстан өкілдік немесе филиал ашып, тіркелу қажеттігін түсіндірді. Мәселе ЖШС-ның құ­рыл­тайшыларымен келісілгеннен кейін шешілмек. Аталмыш компания Алматы облысындағы Жетісу ауданында тіркелген. «ҚПО»-мен өнеркәсіп қалдықтарын залалсыздандыру бойынша келісімшартпен жұмыс істейтін «West Dala» ЖШС-ның өкілімен де осындай түсінік жұмыстары жүргізіліп, күні кеше Бөрлі ауданында тиісті тіркеуден өтті. Алайда тапсырыстардың көлемі аздығын айтып, өңір басшылығынан тапсырыстардың көлемін ұлғайтуға көмек болатын болса, тіркелеміз деген ақылға сыйымсыз жауап айтқан мекеме-кәсіпорындар да болыпты. Жиында мәлім болғандай, «ҚПО» компаниясы мұнай-газ сервисі кә­сіп­­орындары жұмысшыларының еңбекақысын көтеру бағытындағы жұмысты қолға алған. Осыған қатыс­ты компания 462 мердігерге өз нұсқаулықтарын жолдады. Мердігер­лердің 157-сі биылғы ақпан айында жалақы көтеруге жұмсалған шы­ғын­ды өтеуге қажет адамдар тізімін жіберген. Жалпы 9672 қызметкердің әрқайсысына ақпан айы үшін 60 мың теңге төлеу шешімі мақұлданған. Соның ішінде еден жуушылар, күзетшілер, жұмысшылар аталмыш төлемді алды. Наурыздың 28-індегі мәлімет бойынша 31 мердігер компания ақпан айында өз қызметкерлеріне жалақыны өсіммен төледі. Одан басқа облыста кәсіпорын-мекемелердегі еңбекақыны көтеруге қатысты талдау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде 40 мекеме өз қызметкерлерінің айлығын орташа есеппен алғанда 13 пайызға өсірді. Облыс әкімі басқосу барысында онлайн режімінде қатысқан Бөрлі ауданындағы бірқатар мердігердің филиал ашу жайына қатысты сұрақтарға жауап берді. Аудан әкімі Миржан Сатқановқа аталымыш мәселе бойынша жұмысты ширатуды тапсырды. – Басқа жақтан, өзге өңірлерден келген компаниялар облысымызда қайтадан салық төлеуші ретінде тіркелуі керек. Сонда ғана үшжақты комиссияның жалақы көтеру туралы шешімі «ҚПО» компаниясы есебінен бюджетті ұлғайту арқылы орындалады. Біз бас офистің мекен-жайын ауыстыруды сұрап отырған жоқпыз, тек филиал не өкілдік ашылуын талап етеміз. Оны бір күн ішінде ашып, бір күн ішінде жабуға болады. Өңір аумағында жұмыс істейтін қызметкерлері үшін салық төлеулері қажет. Қызметкер­лердің әрқайсысымен жеке еңбек келісімшарттары жасалғаны жөн, – деп қорытты жиынды Ғали Есқалиев.
«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Название «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары страница 1/5 Дата конвертации 21.10.2013 Размер 0.7 Mb. Тип Документы источник 1 2 3 4 5 Әкімдіктің 2013 жылғы «24» шілде № 320 қаулысына қосымша «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Қостанай қаласы, 2013 жыл Мазмұны 1. Миссиясы және пайымдау.......................................................................................................................................................3 2. Ағымдағы ахуалды талдау және халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында даму үрдісі ...............3 3. Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралары және нәтижелер көрсеткіштері.........................................................................................................................................................................15 4. Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту..............................................................................................................................29 5. Ведомствоаралық өзара әрекет жасау...................................................................................................................................30 6. Қауіп-қатерлерді басқару.......................................................................................................................................................32 7. Бюджеттік бағдарламалар......................................................................................................................................................34 ^ Миссия және пайымдау Миссия - Қостанай облысы халқының әл-ауқатын және өмір сүру сапасын арттыру мақсатымен еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында өңірлік саясатты қалыптастыру және іске асыру. Пайымдау - әлеуметтік көмекті ұйымдастыруды, оңалту жүйесін жетілдіру, мүгедектердің өмір сүру сапасын, тұрмысы төмен отбасылардың әл-ауқатын жақсарту, тиімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысы балансын теңестіру, жұмыссыздық деңгейін төмендету. 2. Ағымдағы ахуалды талдау және халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында даму үрдісі 1-стратегиялық бағыт. Халықты жұмыспен қамту тиімділігін қамтамасыз ету 1.1. Саланың дамуының негізгі параметрлері Халықты өңірлік жұмыспен қамту стратегиясын, «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын» іске асыру шеңберінде өнімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін бос жұмыс орындарын белсенді іздестіру және іріктеу, жұмыссызды, өз бетінше жұмыспен қамтылғанды және тұрмысы төмен халықты даярлау және қайта даярлау, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, әлеуметтік жұмыс орындарын құру, бос орындар жәрмеңкелерін өткізу, жастар мен әйелдерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, аға ұрпақ пен мүгедектерге және басқаларға кепілдікті әлеуметтік төлемдерді қамтамасыз ету және әлеуметтік қолдауды көрсету пайдаланылады. Атап айтқанда, 2010 жылдың 1 қаңтарына облыста 18,8 мың жұмыс орны, оның ішінде Жол картасы аясында – 6,0 мың жұмыс орны құрылды. 2011 жылдың қорытындысы бойынша 12,9 мың жұмыс орны құрылды, оның ішінде 6,4 мың – тұрақты (62,8 %).2012 жылдың 1 қаңтарындағы жағыдайы бойынша 18,0 жұмыс орны құрылып, оның 11,3 мыңы тұрақты (62,7 %). Жұмыс іздеп жұмыспен қамту органдарына өтініш жасаған 19529 мың азамат арасынан 2010 жылы 85,7 % немесе 16742 адам жұмысқа орналастырылды, 2596 жұмыссыз, оның ішінде Жол картасы аясында - 1945 адам кәсіптік оқытуға жіберілді. 2011 жылы жұмысқа орналасуға жәрдем сұрап жұмыспен қамту органдарына 9308 адам, олардың ішінен 8398 адам, немесе 90,2 % жұмысқа орналастырылды, кәсіптік даярлыққа жергілікті бюджет есебінен 411 жұмыссыз азамат жіберілді. Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде 2011 жылы жаңадан құрылған Жұмыспен қамту орталықтарына жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен қамтылған және тұрмысы төмен халық санынан 4,7 мың адамға жуық өтініш жасаған, олардың ішінде 2,3 мыңы Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының іс-шараларымен қамтылған. 2012 жылдың 11 айы ішінде жұмыспен қамту органдарына 7652 адам өтініш жасап, олардың ішінен 6437 адам жұмысқа орналастырылды, немесе 84,1 %, 320 жұмыссыз азаматтарды жергілікті бюджет есебінен кәсіби оқуға жіберілді 2012 жылдың 11 айы шеңберінде жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде жаңадан ашылған жұмыспен қамту Орталықтарына 4,6 мыңға жуық адам жұмыссыздар , өздігінен жұмысы бар және күнкөрісі төмен тұрғындардан, оның 4,1 мыңы Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы іс-шараларымен қамтылған. 2010 жылы ішінде жұмысқа орналасуға жәрдем сұрап жұмыспен қамту органдарына 10356 әйел өтініш жасады, олардың ішінен 8710 адам жұмысқа орналастырылды. Қоғамдық жұмыстарға қатысқандар - 3503 әйел, кәсіптік даярлық пен қайта даярлаудан өткен – 1237 адам. 2011 жылы әлеуметтік көмек іс-шараларымен өңірлік жұмыспен қамту шеңберінде 7885 әйел қамтылды, 1049 Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының іс-шараларымен қамтылды. 2012 жылдың 11 айы ішінде әлеуметтік қорғау іс-шаралары барысында аумақтық жұмыспен қамту шеңберінде 7110 әйелдерді қамтыса, Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы бойынша 1839 әйелдерді қамтыды. Қоғамдық жұмыстарға 2010 жылы 4,9 мың жұмыссыз азамат, 2011 жылы 4,5 мыңға жуық , ал 2012 дылдың 11 айы ішінде 4,7 мыңға жуық адамдар қатысты. Жергілікті бюджет есебінен әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар практикасына 2010 жылы 0,5 мың жұмыссыз азамат, 2011 жылы жергілікті бюджеттің есебінен әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар практикасына 1,1 мыңға жуық адам орналастырылды. Одан басқа Жол картасы шеңберінде 2010 жылы әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар практикасына 7,1 адам орналастырылды, 2011 жылы Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына 1,0 мың адам орналастырылды, Бизнестің Жол картасы 2020 шеңберінде жастар практикасына шағын және орта бизнестің кәсіпорындарына 468 адам жіберілді. 2012 жылғы 1 желтоқсанға жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттің есебінен әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар практикасына 1,6 мың адам, ал жастар практикасына 0,8 мың адам орналасты. 2011 жылдың қорытындысы бойынша жұмыспен қамту органдарында 1127 жұмыссыз азамат есепте тұр, оның ішінде 836 адам немесе 74,20 % әйелдер, 189 адам немесе 16,8 % - жастар. Бос орындар жәрмеңкелерін өткізу, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге және жұмыссыздарды жұмысқа орналастырылуын жақсартуға ықпал етеді. 2010 жылдың 12 айы ішінде облыс аймақтарында бос орындардың 34 жәрмеңкесі өткізілді. Оларға 204 ұйым мен кәсіпорын қатысты. 2929 адам бос орындар жәрмеңкелеріне қатысты, олардың ішінен 908 адам өздерінің жұмысқа орналасу мәселесін шеше алды. Бос орындар жәрмеңкелерін өткізу барысында 2158 адам еңбек заңнамасының әр түрлі мәселелері бойынша консультациялар алды. 2011 жылы 3548 адам қатысқан 37 бос орындар жәрмеңкесі өткізілді. Нәтижесінде 836 адам жұмысқа орналастырылды, 2497 адам консультация алды. 2012 жылдың басынан бастап облыста 4266 адам қатысқан 28 бос орын жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңке қорытындысы бойынша -654 адам жұмысқа тұрып, 2307 адам кеңес алды. Өңірлік жұмыспен қамту, Жол картасы, Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы, Бизнестің жол картасы 2020 іс-шараларының шеңберінде облысымызда жалпы жұмыссыздықтың деңгейі 2009 жылдың 6,3 %-нан 2011 жылғы үшінші тоқсанның қорытындылары бойынша 5,4 %-ға дейін, 2012 жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша 5,2 % ға дейін. Әйелдердің жұмыссыздық деңгейі – 6,9 %- ға дейін 2009 жылы, ал 2012 жылдың 3 тоқсанында 6,2 % ға дейін болды. Жастар жұмыссыздық деңгейі – 5,1 %-дан 4,7 %- ға дейін төмендеді. Тиісінше халықты жұмыспен қамту деңгейі өсті (2009 жылы ол 93,7 % құрды, 2011 жылғы – 94,6 %, 2012 жылы – 94,8 %. Облыстың жұмыс берушілері тартатын шетел азаматтарының саны мардымсыз. 2010 жылы 18 шетел азаматын тартуға жұмыс берушілерге рұқсаттар берілді, оның ішінде бірінші және екінші санат бойынша – 14, үшінші санат бойынша, яғни білікті жұмысшылар - 4. 2012 жылғы 1 қаңтарына облыстың 9 кәсіпорнында рұқсат бойынша 89 адам жұмыс істейді, оның ішінде бірінші санат бойынша – 6 адам (бір уақытта құрылтайшылар – 3 адам), екінші санат бойынша – 14 адам, үшінші санат бойынша – 71 адам. 2012 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша 7 жұмыс беруші 19 шет ел азаматтарын тартып, оның ішінде 5 рұқсат бойынша (бірінші категория бойынша – 1 адам (құрылтайшы), екінші және үшінші категория бойынша – 4 адам). 14 адам - 2011 жылғы 27 маусымдағы № 442-.Қазақстан Республикасының Занымен бекітілген көшіп-қонушы еңбеккерлер және олардың жанұя мүшелері құқықтық мәртебесі жөніндегі Келісімнің қатысушылары болып саналатын азаматтар рұқсатсыз жұмыс істейді.(Россия Федерациясы – 13, Белоруссия – 1) ^ 1.2. Негізгі мәселелерді талдау Облыстың еңбек рыногында жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысы теңгерімсіздігінің мәселесі өткір күйінде қалуда. Жұмыс берушілер мәлімдеген бос жұмыс орындарының жеткілікті санымен қажетті кәсіптер мен мамандықтардың өкілдері жоқ. Мысалы, медициналық қызметкерлерге (дәрігерлер, медбибілер, фельдшерлер) деген қажеттілік болса да жұмыссыз азаматтар арасынан ұсыныстар жоқ. Бұдан басқа, қажетті бос орындар бар болған жағдайда, жұмыссыз азаматтар біліктілігі бойынша жұмыс берушілердің талаптарына (разрядтың, белгілі дағдылардың, жұмыс тәжірибесінің және т.б. болуы) сай келмейді. Сонымен қатар, жыныстық белгілері бойынша сұраныс пен ұсыныстың сай келмеу себебі бойынша қиындықтар пайда болады, өйткені жұмыспен қамту органдарының тіркеуінде негізінен әйелдер тұр, ал жұмыс берушілер негізінен «ерлер мамандықтары» бойынша бос орындарға өтінім береді. ^ 1.3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау Ішкі факторлар. Халықты тиімді жұмыспен қамтуға жылдамдатылған индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру аясында құрылатын жаңа жұмыс орындары себепші болады, жұмыс күшінің сапасын арттыру бойынша жұмысты жалғастыру, кадрларға деген экономиканың болжамды қажеттілігін анықтау, еңбек рыногында сұраныстың өзгерістерін айқындау және қадағалау, өз бетімен жұмыспен қамтылған азаматтардың кәсіпкерлік саласына ауысуы үшін жағдайлар жасау. Еңбек рыногының дамуына ықпал ететін сыртқы факторлар мыналар болып табылады: халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша заңнамалық базаны жақсарту, шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелерінде ішкі еңбек рыногын реттеу, төмен білікті шетел жұмысшылары мен мамандарын әкелуге жол бермеу. Осындай жағдайда халықты жұмыспен қамту тиімділігін қамтамасыз ету, Басқарма қызметінің орташа мерзімдік перспективаға бірінші стратегиялық бағыты болып табылады. 2-стратегиялық бағыт. Мүгедектерді, қарт азаматтарды және қиын тұрмыстық жағдайға тап болған азаматтарды әлеуметтік қолдау және өмір сүру сапасын жақсарту . Дамыту саласының негізгі параметрлері «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын іске асыру, қиын тұрмыстық жағдайға тап болған азаматтардың әлеуметтік қорғауын қамтамасыз ету, тіршілік ету және қоғамға біріктіру үшін оларға тең мүмкіндіктер жасау мақсатында оларды қолдау және өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жұмыс жүргізіледі. Тиісті қаржы жылына мәлімделген қажеттіліктерге сәйкес мүгедектерді есту-протезімен, протездік-ортопедиялық көмекпен, сурдо-тифлоқұралдармен, кресло-арбалармен, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету жүзеге асырылады. 2012 жылғы 1 желтоқсанға мүгедектер саны 22671 адам құрды, оның ішінде 20615 мүгедек бала. 2010 жылы 50,1 миллион теңге сомасына Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектігі бар тұлғаларға – 1119 мүгедекке, 2011 жылы – 53,7 миллион теңге сомасына 1220-дан астам мүгедекке протездік-ортопедиялық көмек көрсетілді. Өткен жылмен салыстырғанда бұйымдардың жалпы саны 9 %-ға өсті, 2011 жылмен салыстырғанда 4 %-ға кеміді. 2011 жылы 166 есту апаратын құруға облыстық бюджеттен 2,5 млн. теңге пайдаланылды. 2012 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша бұл сома 56 % ға өсіп, 3,9 млн. теңгені құрады,мүгедектер 238 есту апаратымен қамтамасыз етілді. Орташа алғанда жыл сайын 700-ге жуық мүгедек жеке оңалту бағдарламасына сәйкес тифлотехникалық және сурдотехникалық бұйымдармен, 140 мүгедек арнаулы жүріп-тұру құралдарымен (кресло-арбалармен) қамтамасыз етіледі.Осылай 2011 жылы есту және көру бойынша мүгедектерге 651 бірлік сурдо және тифлотехникалық құралдары берілсе, тірек-қозғаушы апарат жүйесі бұзылған мүгедектер 189 кресло-арбамен қамтамасыз етілді. 2012 жылдың 1 желтоқсанына мүгедектерге көрсетілген оңалту құралдарының 865 бірлігінде саны жеткізілді. Оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес 2000 ға жуық мүгедектер жыл сайын санаторлық-курорттық сауықтырудан өтуге мүмкіндік алады, ал 2010 жылдан бастап осындай мүмкіндікті Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен жеңілдіктеріаен кепілдемелері бойынша оларға теңестірілгендер алып отыр. Солай, 2010 жылы 2083 адам санаторлық-курорттық емделуден өтті, осы мақсаттарға облыстық бюджетте 118,1 млн. теңге көзделген. 2011 жылы 2228 адамға санаторлық-курорттық емделу бойынша қызметтерді көрсетуге 126,1 млн. теңге көзделген, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары, жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан соғыс ардагерлеріне теңестірілген мүгедектер мен мүгедек балалар, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7 %-ға көбірек. 2012 жылдың 1 желтоқсанына осы қызметтер 1974 адамға көрсетілді. 2010 жылы облыстық бюджеттен 8,4 миллион теңге жалпы сомасына оқуға төлем жасауға 96 мүгедек студентке әлеуметтік көмек көрсетілді. 2011 жылы осы іс-шараларды жүзеге асыруға 149 мүгедек студентке әлеуметтік көмек көрсетуге 16,6 миллион теңге бөлінді, 2012 жылғы 1 желтоқсанға 126 мүгедек студентке сомасы 16,1 млн. теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді. 2010 жылғы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында Қостанай облыстық ұйымы - «Саңыраулардың қазақ қоғамы» қоғамдық бірлестігінің филиалы және «Зағиптардың қазақ қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Қостанай облыстық ұйымы» филиалы негізінде көру бойынша 132 мүгедекті және есту бойынша 177 мүгедекті әлеуметтік оңалту бойынша жұмыс жүргізілді, сондай-ақ 4,1 миллион теңге жалпы сомасына «Үміт-Надежда» тірек-қозғалыс жүйесінің қызметі бұзылған мүгедектерді ақпараттық қолдау бойынша 16 іс-шара және қоғамдық бірлестік («Радуга» ҚБ) мүгедек балалардың аналарын ақпараттық қолдау бойынша 30 іс-шара өткізу ұйымдастырылды. 2011 жылы бұл жұмыс жалғастырылды, осы мақсаттарға облыс бюджетінен 5,7 млн. теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 39 %-ға көбірек. Ағымдағы жылы мүгедектер үшін әлеуметтік-құқықтық көмектесу мен жұмысқа орналасуға қолдау және кресло-арбаларды жөндеу бойынша қызмет көрсетілді, сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін «Мир без границ» облыстық шығармашылық фестивалі ұйымдастырылды. 2012 жылы Ынтымақтастық үкіметтік емес ұйымдармен жалғасты. 2012 жылдың 11 айы ішінде қоғамдық бірлестіктермен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар аясында қоғамға әлеуметтік бағыттау және қоғамның позитивті қатынасын қалыптастыруға бағытталған 7 әлеуметтік енгізілген жобаға мүгедектер мәселесіне 3,7 млн. теңге сомасы бөлінді. Жалпы алғанда соңғы жылдары мүгедектерді әлеуметтік қолдауға бағытталған бағдарламаларды бюджеттен қаржыландыру көлемінің өсу серпінділігі байқалады. Сонымен, 2011 жылы мүгедектерді әлеуметтік қолдауға бағытталған іс-шараларды қаржыландыру көлемдері өткен жылмен салыстырғанда 19 %-ға өсті. 2012 жылдың 11 айы ішінде мүгедектерді әлеуметтік қолдауға бағытталған, іс-шараларды қаржыландыру көлемі 2011 жылмен салыстырғанда 19,5 % ға өсті. Әлеуметтік саясаттың басты міндеті арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету жүйесін дамыту, сондай-ақ қиын тұрмыстық жағдайға тап болған тұлғаларға сапалы қызмет көрсетуді арттыру бойынша шаралар қабылдау болып табылады. 2012 жылғы 1 қаңтарға арнайы әлеуметтік көрсетілген : 1691 адам тұратын 11 медициналық-әлеуметтік мекемесінде, соның ішінде 19 мүгедек бала және психоневрологиялық сырқатымен ауратын 11 мүгедек барып жүрген күндізгі болу бөлімшелерінде; сауығудан 1981 мүгедек өткен, Қостанай және Жітіқара қалаларында орналасқан 2 оңалту орталықтарына; әлеуметтік қызмет көрсетілумен 2755 адам қамтылған, соның ішінде 2155 қарт, 143 мүгедек, 403 мүгедек бала және 18 жастан асқан психоневрологиялық сырқатымен ауратын 54 адам, аудан және қала әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері жанындағы 26 әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшелерінде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетулер ұсынылады; республикалық бюджет есебінен сомасы 54,9 млн. теңгеге 78 мүгедек бала үшін Арқалық, Лисаков, Рудный және Жітіқара қалалары жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің базасында психоневрологиялық патологиялары бар мүгедек балаларға арналған күндізгі бөлімшелері ашылды; «Қостанай қалалық мүгедектердің ерікті қоғамы» ҚБ мемлекеттік емес сектордағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде республикалық бюджет есебінен сомасы 5,3 млн. теңгеге жартылай стационар және үйдегі қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша қызметті іске асырады, ол жерде күндізі болу бөлімшесіне психоневрологиялық патологиясы бар 15 мүгедек бала барады және үйдегі қызмет көрсету жағдайында әлеуметтік қызметпен 1 және 2- топтың 10 мүгедегі қамтылған. 2012 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша облыс аймағында көрсетілетін арнайы әлеуметтік қызметтер: 1638 адам тұратын 11 медициналық-әлеуметтік мекеме, оның күндізгі келу бөліміне 20 мүгедек балалар және 10 психоневрологиялық аурумен ауыратын мүгедектер келіп тұрады; 2 оңалту орталығы, 1757 мүгедек сауықтырудан өткен Қостанай, Жітіқара қараларында орналасқан; Еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар аудандық және қалалық әкімдіктердің жанындағы бөлімдерде 26 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімдерінде әлеуметтік қызмет көрсетумен 2795 адамды қамтиды, оның ішінде 2245 қарттар, 120 мүгедек, 344 мүгедек балалар және 18 жастан асқан психоневрологиялық аурумен ауыратын 86 мүгедек. 2012 жылға медициналық-әлеуметтік ұйымдардың бюджеті 1853,3 млн. теңгені құрайды, былтырғы жылмен салыстырғанда 3,9 % ға көп (1780,1 млн. тенге), оның ішінде медициналық-әлеуметтік мекемелерді ұстау үшін- 1683,3 млн. теңге, оңалту орталықтарында мүгедектерді оңалту бойынша іс-шараларға – 170,0 млн. теңге. Арқалық, Лисаковск, Рудный және Жітіқара қалаларының еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері негізінде психоневрологиялық потологиясымен ауыратын мүгедек балаларға арналған күндізгі келу бөліміне Республикалық бюджет қаражаты есебінен 26,5 млн. теңге сомасында 96 келіп жүретін мүгедек балаларға бөлінді. БҰ «Үміт-Надежда» үкіметтік емес сектордағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар шеңберінде арнайы көмек көрсетеді: 14 бала келіп жүретін мүгедек балаларға арналған күндізгі келу бөлімі және 10 мүгедек орналасқан тірек қозғалғыш апараты бұзылған мүгедектер үшін күндізгі келу бөлімі; БҰ «Қостанай қалалық ерікті мүгедектер қоғамы» 1 және 2 топтағы 31 мүгедекке қызмет көрсететін үйде қызмет көрсету және қарт тұлғалар. Осы мақсатта республикалық бюджеттен 8,0 млн. теңге бөлінді. Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің өткізген реформасының шеңберінде әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінде «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалуы облыста арнайы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттары кезең-кезеңмен енгізіліп, халықты әлеуметтік қорғау аясында: 2009 жылы психоневрологиялық ауруымен ауратын балалар үшін; 2010 жылы психоневрологиялық интернаттардағы жобалық қуаттылық 817 койко-орындықтан 905 койко-орындыққа дейін көбейтілген, 18 жастан асқан психоневрологиялық паталогиялары бар азаматтар үшін. Қостанай психоневрологиялық интернат үйінің және Рудный психоневрологиялық интернат үйінің базасында 10 орындық жобалық қуаттылығындағы және психоневрологиялық паталогиялары бар мүгедек балаларға арналған 20 орындық жобалық қуаттылығындағы Қостанай балалар психоневрологиялық интернат үйінің базасында 18 жастан асқан азаматтарға арнап алғашқы рет күндіз болу бөлімшелері ашылды. 2011 жылы, қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат үйлерінде халықты әлеуметтік қорғау саласында Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарының енгізілуі басталды, ондағы жобалық алымдылық 607 керует-орыннан 635 керует-орынға дейін көбейтілді. 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қостанай және Рудный қалаларындағы тұрғылықты орны анықталмаған тұлғалар үшін 2 әлеуметтік машықтандыру орталықтарына уақытша келу жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтер стандарты енгізілді, сондай-ақ Рудный қаласында әлеуметтік машықтандыру орталықтарында түнгі келу бөлімі ашылды. Берілген Стандарттар шеңберінде 1207 тұлғаға қызметтер көрсетіліп, осыған республикалық бюджеттен 28,2 млн. теңге бөлінді. ^ Негізгі проблемаларды талдау Мүгедектердің еңбекке деген құқықтарын іске асыру тетігінің жоқтығы мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында маңызды проблемалардың бірі болып табылады, протездік-ортопедиялық және есту-протездік көмек көрсету бойынша қызметтерді уақытылы көрсетуде мүгедектердің қажеттілігі толығымен қанағаттандырылмайды. Қызметтердің осы түрлерін көрсету мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу мерзіміне тоқтатылады, бұл мүгедектер тарапынан наразылық тудырады. Осы проблеманы шешу протездік-ортопедиялық және есту-протездік көмекті көрсету бойынша қызметтерді Мемлекеттік сатып алу Заңының нормаларын қолданбай жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу тізбесіне кіргізу болып табылады. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету жүйесін кеңейту бойынша қабылданған шараларға қарамастан, арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетудің қол жетімділігін кеңейту және сапасын арттыру әлеуметтік қорғаудың негізгі міндеттері болып табылады. Қазіргі уақытта қолданылатын әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі мемлекеттік қатысудың басымдылығымен сипатталады, бұл өз кезегінде көрсетілетін қызметтердің қол жетімділігіне және сапасына ықпал етеді, жеке сектордың дамымағанына байланысты қызметтерді алушыларда қызметтерді жеткізушіні таңдау құқығы жоқ. Осыған орай арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетудің баламалы түрлерін және жеке сектор арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету рыногын дамыту қажет. ^ 2.3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау Әлеуметтік саланың дамуына ықпал ететін ішкі факторлар – арнаулы әлеуметтік қызметтерді, негізінен ауылдық жерде тікелей көрсететін білікті кадрлардың жетіспеушілігі болып табылады. Осыған орай әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттыру қажет. ^ Сыртқы факторлар. Әлеуметтік қамсыздандыруға мұқтаж мүгедектердің саны жыл сайын өседі. Тұрғылықты жері бойынша азаматтарды қызметтермен қамтамасыз ету және арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетудің енгізілетін стандарттарына сәйкес көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі адамдарға тең мүмкіндіктер беру өзекті міндеттерінің бірі болып табылады. Осыған орай арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету бойынша жеке сектордың қызметін белсендіру қажет. Әлеуметтік көмек көрсету жүйесінде әрі қарайғы өзгерістер қажеттілігі екінші стратегиялық бағытты таңдауға себепші болды - мүгедектерді, қарт азаматтарды және қиын тұрмыстық жағдайға тап болған азаматтарды әлеуметтік қолдау және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шараларды іске асыру. 3-стратегиялық бағыт. Белгіленген табалдырықты деңгейден төмен табыстары бар халықтың әлсіз жіктеріне әлеуметтік көмек көрсету 3.1. Саланы дамытудың негізгі параметрлері Елбасының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын іске асыру аясында, облыста халықтың әлеуметтік әлсіз жіктерін қолдау бойынша жұмыс жүргізледі. 2010 жылдың бюджетінде негізгі әлеуметтік төлемдерге 1,3 млрд. теңге жоспарланды. 2011 жылдың 1 қаңтарына негізгі әлеуметтік төлемдер (мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған балалар жәрдемақылары) бойынша бюджеттің шығыстары 1,3 млрд. теңгені құрады. 2011 жылдың бюджетінде негізгі әлеуметтік төлемдерге 0,9 млрд. теңге жоспарланды. 2011 жылдың 1 желтоқсанына негізгі әлеуметтік төлемдер (мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған балалар жәрдемақылары) бойынша бюджеттің шығыстары 0,7 млрд. теңгені құрады. 2011 жылдың қорытындысы бойынша жан басына шаққандағы табысы кедейлік деңгейінен төмен 7669 тұрмысы төмен азаматтарға 183,3 млн. теңге сомасына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі тағайындалды. Осы жәрдемақы түрін алушылардың саны өткен жылдың ұқсас мерзіміне қарай 19,1 %-ға немесе 1808 адамға (2010 жыл – 9477 алушы) азайды. 2010 жылмен (177,8 млн. теңге) салыстырғанда өскенін жалпы сомасы 5,5 млн. теңге. Жұмыспен қамтудың белсенді түрлерін пайдалану есебінен атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішінде жұмыссыз азаматтардың саны азайды. Сонымен, есеп беру мерзімі ішінде жұмыссыз азаматтардың үлесі 7,1 % құрады, бұл өткен жылдың салыстырмалы мерзімінен (2010 жыл – 9,7 %) 2,6 пайыздық тармаққа азырақ. 2012 жылдың бірінші желтоқсанындағы мемлекеттік атаулы көмек 5574 тұрмысы төмен азаматтарға арналған жан басына шаққандағы табыс кедейлік шегінен төмендерге 121,7 млн. теңге. Комектің осы түрін алатындар саны өткен жылмен салыстырғанда 26,7 % ға немесе 2029 адамға (2011 жыл -7603 алушылар) азайды. 2011 жылмен салыстырғанда (168,2 млн. теңге) жалпы арналған сомалар 46,5 млн. теңгеге азайды.атаулы әлеуметтік көмек алатындардың санында жұмысқа орналастырудың активті түрін пайдалану есебінен жұмысшы азаматтар саны азайды. Осылай есеп беру кезеңінде жұмыссыздар үлесі 5,0 % ды құрап , 2,2 пайыздық тармаққа өткен жылғы кезеңге қарағанда кеміді (2011 жыл - 7,2 %). 18 жасқа дейінгі балалары бар тұрмысы төмен отбасылардың табысын көбейту мақсатында айлық жан басына шаққандағы орташа табысы азық-түлік себеті құнынан төмен отбасыларға тағайындалады. Бір балаға жәрдемақы бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде тағайындалады. 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға жәрдемақылар 2011 жылға 487,1 млн. теңге жалпы сомасына 38390 балаға тағайындалған. 2010 жылмен салыстырғанда (529,0 млн. теңге) балалар жәрдемақыларының жалпы сомасы 41,9 млн теңге сомасына азайды. 2012 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша 18 ге толмаған балалары бар жанұялар үшін 29298 балалар үшін жалпы сомасы 371,2 млн. теңге. 2011 жылмен салыстырғанда (450,3 млн. теңге) балалар жәрдем ақысының жалпы сомасы 79,1 млн. теңгеге азайды. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем жасауға шығыстардың рұқсат етілетін үлесі отбасының жиынтық табысына қарай 15 % артатын тұрмысы төмен отбасыларға тұрғын үй көмегі төленеді. 2011 жылдың қорытындысы бойынша тұрғын үй жәрдемақыларымен 295,7 млн. теңге жалпы сомасына (2010 жыл 551,5 млн. теңге сомасына 26870 отбасына) 16839 отбасы қамтылды. Отбасылар саны 10031-ге және 255,8 млн. теңге сомасына азайды, бұл өткен жылдың ұқсас мерзіміне қарай 46,4 % құрады. Халықтың әлеуметтік қорғайтын қабатынматериялдыжағынан жақсарту мақсатында коммунальдық қызметтерді тұтыну және тұрғын үйдісақтау үшін төленетін шығындардың шекті мүмкіндігі 2012 жылы 15 % дан 10 ға дейін төмендеді. Осылай 2012 жылдың 1 желтоқсанына дейінгі жағдай бойынша тұрғын үй көмегі 12674 жанұяға жалпы сомасы 228,7 млн. теңге тағайындалған (2011жыл 1 желтоқсан - 16792 жанұяға 253,0 млн.теңге). Жанұялар саны 4118 ге азайып, сомасы 24,3 млн. теңгеге төмеп, 90,4 % ға өткен жылмен салытырғанда құрады. Жергілікті бюджет және бизнес құрылымдар қаражатынан тұрмысы төмен азаматтарды әлеуметтік қолдаудың қосымша түрлерін көрсету бойынша жұмыс жүргізіледі. 2011 жылдың қорытындысы бойынша 33,2 млн. теңге сомасына (2010 ж. – 47,9 млн. теңге сомасына 4040 адам) 3229 адам тегін тамақтандыруды алды. 2012 жалдың 11 айы ішінде тегін тамақтарды 2338 адам 28,2 млн. теңге сомасында алды(2011ж – 3155 адам 29,6 млн, теңге сомасына) 2011 жыл 3174 тұрмысы төмен азаматтарға 21,5 млн теңге қайырымдылық көмегі көрсетілді(2010 жыл – 4215 алушылар 30,4 млн. теңге сомасына). 1 желтоқсандағы жағыдайға қарай 2396 тұрмысы төмен азаматтарға 17,9 млн. теңге қайырымдылық көмегі көрсетілді.(2011жыл - 2869 алушыларға 18,5 млн. теңге сомасы). Көмек заттай және қаржылай түрде тұрмыстық қажеттілік үшін көрсетілді. 2011 жылы басқада нақты іс-шаралар бойынша 1746 адамды 19,1 млн. теңгеге қамтыды(2010 жыл - 4829 адамға 50,7 млн. теңге). 2012 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдайға байланысты басқада нақты іс-шаралар бойынша 1059 адамды қамтып, 12,2 млн. теңгені құрады( 2011жыл – 1586 адам 15,8 млн. теңге сомасына). 2011 жылдың қорытындысы бойынша жмысқа тұрған тұрмысы төмен азаматтар саны 381 адам, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орны – 80 адам, қоғамдық жұмыстарға жолданғандар саны 437 адамды құрады. 2012 жылдың 11 айы ішінде жұмысқа тұрғызылған тұрмысы төмен азаматтар саны 200 адам, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына - 39 адам, қоғамдық жұмыстарға 314 адам жіберілді. Облыс аймақтарындағы жұмыссыздарды өз еркімен жұмысқа орналасуды дамыту мақсатында қосалқы шаруашылықтары бар ұйымдарға әлеуметтік көмек көрсетіледі.Қайырымдылық көмек тұқым, азықтық және үй құстары, малдары үшін астық қалдықтары түрінде, ірі қара және құстарды алуға ақшалай немесе заттай түрде көмектер көрсетілді. 2011 жылы ішінде 162 жанұя 2,4 млн. теңге сомасында көмек алды. 2012 жылдың 1 желтақсанындағы жағдай бойынша 69 жанұя 1,3 млн. теңге сомасында көмектің осы түрін алды. 2012 жылдың 1 қаңтарында барлық қаржы көздерінен көрсетілген көмек сомасы бір тұрмысы төмен жанға 36878 теңгені құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен 2529,2 теңгеге көп болды (34348,8 теңге). 2012 жылдың 1 желтоқсанында барлық қаржы көздерінен көрсетілген көмек сомасы бір тұрмысы төмен жанға 32574,2 теңгені құрап, ол өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 757,1 теңгеге төмен (33331,3 теңге). 2012 жылдың 1 қаңтарына жағыдайы төмен тұрғындардың саны 5899 адамды құрап, (1716 жанұя) 2311 (28,1%) адамға 2010 жылдың (82100 адам 2324 жанұяға) көрсеткішінен төмен. 2012 жылдың 1 желтоқсанына тұрмысы төмендер саны 4587 адамды (1402 жанұя) құрап, 1337(22,6 %) алушыларға 2011жыл көрсеткішінен кем болды(5924 адам 1713 жанұяға). Осыдан басқа облыстың дәріхана мекендерімен дәріханаларында азаматтардың жеке категориялары бойынша дәрі-дәрмектік препораттар 15 жеңілдікпен өткізілді. Негізгі тауарлар мен азық-түліктерді өткізетін 25 әлеуметтік дүкендер және 94 сауда орындары 10-15 % ға база бағасынан төмен бағаға жұмыс істейді. 2011 жылы 4494 адамға қызмет көрсетілді.2012 жылдың 11 айы ішінде 2249 адамға қызмет көрсетілді. Кедейлік деңгейін төмендету бойынша өткен іс-шаралар жалпы қорытындысында, оның деңгейі 2012 жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша 0,7 % ды құрады (2010жыл - 0,9 %). 2012 жылдың 1 желтоқсанына - 0,5 %. Облыс тұрғындары кірістерінің өсуі аясында ең төменгі күнкөріс деңгейі төмен тұрғындардың үлесі азайғаны байқалады,2011 жылғы көрсеткіш 4,6 % құрады, 2012 жылдың үшінші тоқсанында – 3,3 % (соңғы статистикалық көрсеткіштер бойынша). ^ 3.2. Негізгі проблемаларды талдау Халықты әлеуметтік қолдау жүйесін ұйымдастыруда өзгерістерге қарамастан, ол жетіспеушіліктер мен проблемалардың бір қатарына орай әрқашан тиімді болмайды, олардың бірі ұзақ уақыттан бері жұмыссыз болғанына орай толық немесе ішінара біліктілігін жоғалтқан тұлғалардың басымдығы болып табылады. Оқу орындарын бітірушілердің және біліктілігі төмен, ұзақ уақыт бойы жұмыс істемеген тұлғалардың еңбек рыногында талап етілмеуі және бәсекеге қабілетті еместігі жұмыссыздық себептерінің бірі болып табылады. Жыныстық-жастық, кәсіби және біліктілік тұрғысында сұраныс пен ұсыныстың сапалық сипаттамаларының айырмашылығы да зейнеталды жасындағы адамдардың, әсіресе әйелдердің жағдайын қиындатады. Әлеуметтік көмек алушыларда отбасының жағдайы, табыстары және шығыстары туралы дұрыс мәліметтерді беруінен басқа мемлекет алдында басқа міндеттемелері жоқ. Өзара міндеттемелердің жоқтығы және көмекті шартсыз беру тәртібі еңбекке деген ынтаны жоғалтуға және арқа сүйеушілік идеологияның пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін. Ең төменгі рұқсат етілетін деңгейде қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған әлеуметтік көмектің жекеленген түрлері бірін-бірі толықтырушы болып табылмайды, бұл әлеуметтік қолдау түрлерінің жүйелігі мен оңтайландыруына қайшы келеді. Әлеуметтік көмектің көлемі мен түрлерінде маңызды өңірлік саралау орын алады. Бір қатар жағдайларда халықтың жекелеген әлеуметтік әлсіз санаттары бірдей әлеуметтік бағыттағы бірнеше жәрдемақылардың (РБ-тен және жергілікті бюджет қаражаты есебінен жергілікті атқарушы органы шешімі бойынша) алушылары болады. ^ 3.3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау Ішкі факторлар. Облыстағы әлеуметтік-демографиялық процестердің талдауы өндірісті дамыту деңгейі, төлемге қабілетті сұраныс, демографиялық ахуал, жұмыссыздықтың болуы, инфляция сияқты факторлардың өмір сүру деңгейінің әсеріне көрсетеді. Облыста табыстардың және сатып алу қабілетінің өсу серпінділігі республика аймақтарына қарағанда төменірек, осыған орай Қостанай облысы үшін кедейлік проблемасы өзекті болып қалуда. Кедейлік деңгейі соңғы бірнеше жыл ішінде төмендеп келсе де, оның үлестік салмағы әлі де жоғары болып қалуда. Халықтың өмір сүру деңгейін төмендетуге әсер ететін жоғарыда аталған факторларды есепке ала отырып, 2015 жылға дейінгі облыстың әлеуметтік саясаты: жұмысқа орналастыру арқылы жұмыспен қамту саясатының белсенді шараларын кеңінен пайдалануына, қоғамдық жұмыстарды дамытуына, жұмыссыздардың кәсіби оқытуына, өз бетімен жұмыспен қамтуын дамытуына; халықтың тұрмысы төмен жіктерін әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етуіне; кедейлікті төмендету бойынша жұмысқа билік органдарының және мемлекеттік емес ұйымдарының үйлестірілген іс-әрекеттеріне; бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға бағытталады. ^ Сыртқы факторлар. Мемлекет өткізетін экономикалық реформалар, біріншіден бағалардың өсуі, қаржы дағдарысы адамдардың болашақта тұтыну негізі, ертеңгі күнге деген сенімділік ретіндегі жинаған ақшаларынан айырды. Өмір сүру деңгейінің төмендеуі жұмыс істейтін халық арасында да кеңінен таралады. Өндірістің тұрып қалуына байланысты қызметкерлерді қысқарту, ішінара жұмыспен қамтуға жіберу, кедейлікті және жұмыссыздықты көбейтуге әкеп соқтыруы мүмкін. Осыған орай, әлеуметтік көмек көрсету жүйесінде әрі қарайғы өзгерістер қажеттілігі үшінші стратегиялық бағытты таңдауға себепші болды – белгіленген табалдырықты деңгейден төмен табыстары бар халықтың әлсіз жіктеріне әлеуметтік көмек көрсету. 1 2 3 4 5 Похожие: «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі... Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысы 2012 жылғы 28 мамыр №453 Қызылорда облысының жұмыспен «Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға... Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысы 2012 жылғы 6 тамыз №526 Қызылорда облысының «Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға... «Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Миссиясы Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) – бұл облыстың әлеуметтік-экономикалық... Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары 2011-2015 жылдарға арналған «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары Жұмыспен қамтуды катамасыз ету, жұмыссыздар санын қысқарту, әлеуметтік жұмыс орындарын ашу, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды...
20 ақпанда Бішкекте өзіне өзі қол салмақ болған 17 жастағы бойжеткен 6-шы қабаттың терезесінен сыртқа секіріп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz. ІІМ баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады. Сағат 14:20-да Бішкектің Октябрь аудандық ішкі істер басқармасына суицид жасау әрекеті туралы хабар келіп түсті. "Тунгуч" ықшамауданында белгісіз бойжеткеннің көпқабатты үйдің алтыншы қабатынан секіргелі тұрғаны айтылған. Оқиға орнына полицейлер аттанды. "Бойжеткен алтыншы қабаттағы пәтерде болған. Пәтер есігі жабық болды. Қызға айтылған ақыл-кеңестер нәтиже бермеді. Полицейлер терезенің түбінде кілем жайып дайын тұрды. Төтенше қызметкерлері есікті бұзып кірген кезде қыз терезеден секіріп кетті. Алайда милиция қызметкерлері қыздың өмірін сақтап қалды. Жерде тартылған кілем соққыны жеңілдетті", – делінеді хабарламада.
Шаштың үздіксіз морт сынуы мен ұшталуынан шаршадың ба? Тоқта, шаштаразға қоңырау шалуға әлі ерте! Бізде үй жағдайында мұны ретке келтіретін бес тәсіл бар. 1. ШАШТАРЫҢДЫ ЖУАР АЛДЫНДА ЖАҚСЫЛАП ТАРА Егер де сен шаштарыңды таңертең немесе кешке жуатын болсаң, олар аса жақсы болып көрінбейтін шығар. Ұйықтап тұрғаннан кейінгі ұйпаланған немесе күні бойы ұйысып қалған шаштар – кінәлауға болмайды. Душ қабылдар алдында шаштарыңды тарап көр. Осы қарапайым дағды сүлгімен шаштарыңды сүрткеннен кейін оның сынуының немесе ұйпалануының алдын алуға көмектеседі. 2. ЖУЫЛМАЙТЫН ҚҰРАЛ ҚОЛДАН Кондиционер шаштарға жылтырлық беру және олардың ұйпалануының алдын алу үшін қажет. Бірақ, мәселе ұшталған шаштарға қатысты болғанда, сенің шаштарыңа одан да күштілеуі қажет болады. Ұзақ уақыт бойы қалпына келтіруге арналған жуылмайтын сарысу немесе жуылмайтын құрал қолданып көр. Кеңес береміз: Ұшталған шаштарға арналған «Эксперт-Қалпына келтіру» сарысу-күтімі және «Эксперт-Күтім» шашқа арналған СС-кремі. 3. ШАШТЫ ЫСТЫҚ АРҚЫЛЫ СӘНДЕУДЕН БАС ТАРТ (УАҚЫТША БОЛСА ДА) Фен, үтік немесе шаш бұйралайтын құрал — шашты ыстық арқылы сәндеу құралдары сенің шаштарыңа зақым келтіруі мүмкін. Оларды жиі қолданба, ал тіпті бұйра жасағың немесе шаштарыңа супер көлем бергің келсе, шаштарыңа әрқашан да құрғаныс құралдарын жақ. Тез арада сатып ал: шаш сәндеуге арналған жуылмайтын «Эксперт-Стайлинг» спрей-термоқорғанысы 4. ШАШҚА АРНАЛҒАН МАЙ ҚОЛДАНЫП КӨР Зақымдалған шаштарды қалпына келтіруге және күтім жасауға арналған мінсіз құрал, май шаштың әрбір талына сіңіп, оны ішінен нәрлендіреді. Біз саған Eleo майын ұсынамыз. Оның формуласы жеңіл, құрамында аргана мен раушанның табиғи майы, ошаған тамырының сығындысы және Ғ витамині бар, олар шашты ауырлатпай түбінен бастап ұшына дейін нәрлендіруге және қайта қалпына келтіруге көмектеседі. Саған қажетті: Eleo шашқа арналған қалпына келтіруші немесе қорғаныс майы. 5. АПТАСЫНА БІР РЕТ МАСКА ЖАҚ Сенің терің тәрізді шаштарыңа да ылғалдандыру мен нәрлендіру қажет. Шашқа арналған масканы өзіңнің бьюти-дағдыңа айналдыра және нәтижесімен рахаттан.
Кейбір өсуді реттеуші заттар организмнің өзінде түзіледі, сондықтан оларды фитогормондар дейді. Оларға ауксиндер, гиббереллиндер, цитокининдер, абсциз қышқылы (АБҚ) жатады. Өсу процесіне әсер ететін химиялық жасанды қосылыстарды өсуді реттеуші химиялық заттар деп атайды. Өсімдіктің өсуі кезіндегі клетканың созылу фазасы физологиялық активті қосылыстар — ауксиндер қатынасында өтеді. 1939 жылы Н.Г.Холодныйдың зерттеу жұмысының нәтижесінде колеоптиль ұшында өсуге өсер ететін зат бар екендігін анықтап, оны ауксин деп атайды. Ауксиндер тамыр ұшына да жиналады, ол қышқыл формуласы — С18Н3205. Ауксиндер химиялық табиғаты жағынан индолил — 3 — сірке қышқылы. Өсімдіктерде ол триптофан амин қышқылынан түзіледі. Бұдан алдымен индолилпирожүзім қышқылы пайда болад. Кейін келе жүгері тұқымының ұрық бөлімінде ауксинге ұқсас қосылыс табылып, оны ауксин «б» деп атайды (формуласы С18Н30О4). Жақын жылдары зең саңырауқұлақтар денесінен гетероауксин (С10Н9О2К) табылды, оны /3 — индолил сірке қышқылы (ИСҚ) деп те атайды. Ауксиндер сабақ пен тамыр ұшында синтезделіп, морфологиялық жоғарғы мүшелерден өсуші мүшелерге келеді. Өсімдік тозаңында да ауксин көп кездеседі. Ауксиндердің химиялық құрамы анықталғандықтан, қазір оны қолдан синтездейді. Ауксиндермен өндеу нәтижесінде өсімдіктің эмбриональды ұлпаларының өсуі, тамыр байлауы ұлғаяды, өсімдіктің гүлдеу мерзімі бұрын басталады. Кезінде Ч. Дарвин колеоптил үшы қабылдаған фототропикалық тітіркенудің организмнің негізгі бөлігіне берілуі белгілі бір материалдық фактор арқылы жүреді деген ұйғарғымға келген болатын. Дарвиннің осы қағидасына сүйене отырып, кейбір биологтар өсімдіктегі барлық зат алмасу процесінің өзгеруін осы ауксиндердің қызметіне байланысты, бағынышты, яғни барлық мүше пайда болу процестерін бағыттап отыратын арнаулы өсу заттары бар деген пікірді кең таратты. Мысалы, неміс ғалымы Сакс, голланд ғалымы Вент (ризокаллин, каулокаллин, филлокаллин), М.Х. Чайлахян, неміс ғалымы Габерланд (кесілген жерде тоздың пайда болуы некрогормин бөлініп, оның клетка бөлінуіне әсер етуіне байланысты). Кейін жарақаттанған клеткадан дикарбон қышқылы СООН СН = (СН2)8— СООН бөлінді. Бұл зат травмотин қышқылы деп аталады, бірақта оның клетканың бөлінуіне қандай әсер ететіндігі әлі белгісіз. Ал, шындығында өсу органикалықзатты биосинтездеудің барлық комплексіне тәуелді, соның нәтижесі. Тірі организмдегі зат алмасу процесі куат алмасуымен байланысты болғандықтан, өсу куат қайнары — тыныс алумен байланысты. Тыныс алуда түзілген көптеген тұрақсыз аралық өнімдер есебінен клеткада бірқатар биологиялық синтездер жүреді. Міне, осының ішінде жоғарыда аталған физиологиялық активті қосылыстар да түзіледі. Демек, өсімдіктің өсуі биологиялық айналыс нәтижесінде түзілген ферменттердің, витаминдердің және ауксиндердің де активтілігіне байланысты. Сөйтіп, ауксиндер барлық жоғары сатыдағы өсімдіктерде және төменгі сатыдағы өсімдіктердің көпшілігінде, сондай-ақ бактерияларда да түзіледі. Кейінгі жылдары зерттеушілер мұнай құрамынан НРВ — өсімдіктің өсуіне әсер ететін (өсуді 2-3 есе тездететін) физиологиялық активті қосылыста бөліп алды. Ол мұнай стимуляторы ауыл шаруашылығына ендіріліп, пайдаланылуда. Күнделікті тіршілік — өмір қазір ғалымдар алдына ауылшаруашылық өсімдіктерінен мол өнім алу жолдарын іздестіру керек екендігін мақсат етіп қоюда. Ауыл шаруашылығының тек өсімдіктер саласында ғана емес, сол сияқгы мал шаруашылығында да өсуді реттеуші заттар кеңінен қолданылуда. Гиббереллиндер. Жапон ғалымы Куросава 1926 жылы Gibberella саңырауқұлағы өсірілген ортаның сүзілген тұнбасының күріш пен жүгері өскіндерінің өсуіне әсері бар екендігін анықтады. Одан кейін сол елдің ғалымдары Ябута мен Сумики одан әрі тәжірибе жұмыстарын жалғастырып саңырауқұлақ өскен ортадан заттарды бөліп алып, химиялық қүрамын анықтап, оларды гиббереллиндер деп атады. Бұл фитогормон кейін жоғары сатыдағы өсімдіктерден де табылды. Соңғы кездегі мәліметтерге сәйкес гиббереллиндердің 60-тан аса түрі белгілі. Олардың молекулалық құрылыстары өте ұқсас, құрамында 19 немесе 20 көміртегі атомдары бар екі алты мүшесі және екі бес мүшелі сақиналардан тұратын дитерпиноидтар.
Multiply BTC – Freebitcoin веб-сайтындағы «Көбірек-Аз» деген атпен белгілі ойын. Ойынның принципі мен мәні келесідей: экранда қандай сан түсетінін болжау керек – көрсетілгеннен көп немесе аз. Бұл Multiply BTC ойыны мұқият ойнаған жағдайда бастапқы BTC балансын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар келесі бонустарды тегін алуға мүмкіндік береді: 1 лотерея билеті және әрбір ойналған 0,00000500 BTC үшін 1 марапат ұпайы; Әрбір тігілген 0,00500000 BTC үшін 1 Алтын билет. Бұл билет сізге бас жүлдені – құны 200 000 доллардан асатын Lamborgini автокөлігін ұтып алу мүмкіндігін береді. Multiply BTC ойынын ойнау үшін Freebitcoin ресми веб-сайтына өтіп, тіркеліп, жеке шотыңызды енгізіп, «BTC көбейту» бөліміне өтуіңіз керек. FreeBitco.in веб-сайтына өтіңіз Freebitcoin-де Multiply BTC қалай ойнауға болады Multiply BTC ойынында 2 режимде ойнау мүмкіндігі бар: Manual Bet – қолмен ойын режимі және Auto Bet – автоматты режимде ойын. BTC көбейту ойынын Manual Bet режимінде қалай ойнауға болады “BET AMOUNT” ставканың өлшемін көрсету керек, мұнда MIN (ең төменгі ставка) = 0,00000001 BTC, MAX = ағымдағы балансқа тең ставка, 2X – ағымдағы ставканы 2 есеге арттыру, /2 – азайту ағымдағы ставка 2 есе. “BETS ODS” бөлімінде коэффициентті немесе «ҰТУ МҮМКІНДІГІ» бөлімінде ұтыс пайызын көрсету керек. Сондай-ақ, бұл элементті өзгертусіз қалдыруға болады. Мұнда ереже қолданылады: ұту мүмкіндігі неғұрлым жоғары болса, бір раундта соғұрлым аз сома аласыз. Әрі қарай, егер сан көрсетілгеннен жоғары болады деп ойласаңыз, «BET HI» түймесін немесе ағымдағы саннан төмен болады деп ойласаңыз, «BET LO» түймесін басу керек. Егер сіз нөмірді дұрыс тапсаңыз, сіз ұтыс аласыз. Автоматты ставка режимінде BTC көбейту ойынын қалай ойнауға болады «BASE BET» ішінде бастапқы ставканы, «BET ODDS» -те ұтыс коэффициентін және «NO. OF ROLLS» – жүйе ойнағысы келетін айналымдар саны. Сондай-ақ, «BET ON» абзацында сіз қай сандар төмендейтінін көрсетуіңіз керек: «HI» – алдыңғысынан көп, «LO» – алдыңғысынан аз. “STOP BETTING AFTER” тармағында қажет болған жағдайда ойындар санының аяқталуын күтпестен ойынды тоқтату шарттарын көрсетіңіз.
Шығыс Қазақстан облыстық драма театры «ШҚО кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігімен өзара тиімді ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Шығыстың өнер ғибадатханасы мен салалық кәсіподақтарының ынтымақтастық мәселелері осы уақытқа дейін талқыға салынған, бірақ бұл идея бүгін ғана және алғашқы рет жүзеге асты. Біріншіден, өткен жылы қабылданған республика кәсіподақтары жұмысының жаңа стратегиясы, екіншіден, театрдың қазіргі әлеуметтік саясаты ынтымақтастықты жандандырды. Бүгінгі таңда ШҚО кәсіподақ орталығы 14 салалық кәсіподақты біріктіреді. Бұл 130 мыңнан астам адам. Аумақтық бірлестіктің төрағасы Темірбек Қасымжановтың айтуынша, олардың әрқайсысының мүдделері қорғалуда. - Бүгінгі меморандум біздің міндеттерімізге тікелей жауап береді және жемісті ынтымақтастық пен өзара іс-қимылдың негізін қалайды, - деп атап өтті Темірбек Жұмақұлұлы. - Алдағы уақытта әрбір салалық кәсіподақта меморандумды жүзеге асырудың егжей-тегжейлі жоспары әзірленеді. Адамдарды өнерге баулу - олардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін маңызды. - Бүгінгі қол қойылған меморандум айтарлықтай нәтиже беретініне сенімдімін,-деді Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының Бас директоры Руслан Қайырсынов. - Кәсіподақ орталығымен біздің ортақ мақсаттарымыз, міндеттеріміз бар. Біз театрдың барлық қызметкерлерінің кәсіподақта болуына және жоғары әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз етілуіне мүдделіміз. Кездесуге, сондай-ақ, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ ШҚОФ төрағасы Түсіпхан Түсіпбеков қатысты. Театр қызметкерлері – кәсіподақ мүшелері оған ойда жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Жалпы, диалогқа қатысушылар мәдениет саласындағы мемлекеттік саясаттың негізі – Мәдени құндылықтар мен игіліктердің барлығына қол жетімділік жағдайларын қамтамасыз ету екенін атап өтті.
Қуаныштан көз жасымды бір төгіп алдым - Қалдыбек Құрманәлі: 15 маусым 2022, 16:11 - жаңалықтар Alashainasy.kz Басты Шоу-бизнес Өркениет Қуаныштан көз жасымды бір төгіп алдым - Қалдыбек Құрманәлі 15 маусым 2022, 16:11 Бүгін Мемлекет басшысы композитор, қазіргі Әнұранымыздың авторы Шәмші Қалдаяқовқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы» Жарлыққа қол қойды. Осы орайда белгілі композитор, шәмшітанушы, композитор Қалдыбек Құрманәліге хабарласып, сүйінші сұрадық. Ол жақында ғана көзі тірісінде-ақ «Қазақ вальсінің королі» атанған Шәмшіге ең жоғары атақтың берілуіне күш салып, сол жолда бір топ қазақ зиялыларының атынан Президентке хат жолдаған болатын. –Қалеке, құтты болсын! Көңіл күйіңіз қалай? – Рақмет бауырым! Қазір ғана естіп, қуаныштан бір жылап алдым. Бұл Мемлекет басшысының Шәкеңе деген ерекше құрметі деп білемін. Қазақ халқы Шәмшідей дара таланттың еңбегінің осылайша өз деңгейінде бағалануын 30 жыл күтті десек болады. Осы күнге жету үшін қаншама жыл неше есіктерді қақтық десеңізші. Бүгін, міне таланттың еңбегін туған халқы, Мемлекет басшысы өз деңгейінде бағалап, әділ бағасын беріп отыр. Бұл жерде әділет салтанат құрды деп ойлаймын. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаға, біздердің жазған хатымызға қолдау көрсетіп, тілегімізді орындағаны үшін алғысым шексіз. – Енді қандай арманыңыз бар? – Ендігі арман сол Президентке бір топ зиялылардың атынан жазған ашық хатта көрсетілген екінші мәселе – Шәкеңе Шымкент қаласынан бір ауданның аты берілсе. Президентіміз біздің бұл ұсынысымызды да қолдайды деп сенемін. Бізбен жасаған шағын сұхбатын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қалдыбек Құрманәлі: «Өздеріңіз білесіздер, былтыр жүрегіме ота жасады. Сол кезде өліп кеткенімде осы күнді халқыммен бірге көре алмас едім. Сондықтан тағдырыма да, менің сауығып кетуімді тілеген халқыма да дән ризамын» деген сөзімен аяқтады.
ЭБКФ ДЕКАНАТЫ ЭБКФ КАФЕДРАЛАРЫ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КАБИНЕТТЕР Кеңес беру кестесі Факультет туралы 1966 жылы экономикалық жалғыз факультет болды және КСРО Орталық одағының Қарағанды кооперативтік институтының негізі ретінде алынды. Факультет құрамына Саяси экономика, Жоғары математика, Экономикалық география және экономикалық тарих, шет тілдері, КОКП тарихы, өнеркәсіптік және азық-түлік тауарларының тауартану, дене тәрбиесі кафедралары кірді. 1970 жылы ол жоғары білікті 190 сауда экономистін шығарды, олар республиканың тұтыну кооперациясының дамуына үлкен үлес қосты, кооперативті өндірісті, ауылшаруашылық өнімдерін дайындауды және ауылдық Сауданы ұйымдастырушы болды. Олардың ішінде қазіргі Қазтұтынуодағының басқарма төрағасы-Х. Ашляев; Павлодар облыстық тұтынушылар одағының төрағасы және Қазтұтынуодағының Басқарма төрағасының орынбасары – Е.Әлиақпаров; Павлодар облыстық тұтынушылар одағының басқарма төрағасының орынбасары – Е. Қадырбаев; кооперативтік колледждің директоры болып жұмыс істеді. Факультет түлектері университет ректоры экономика ғылымдарының докторы, профессор Е.Б. Аймағамбетов; университеттің академиялық мәселелер және стратегиялық даму жөніндегі проректоры э.ғ.к., профессор Р. О. Бугубаева. Түлектер елдегі және шетелдегі барлық шаруашылық салаларында жұмыс істейді, ҚР Президенті мен Үкіметінің аппараттарында, министрліктерде, ведомстволарда, компанияларда жұмыс істейді. Оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие процестері іске асырылатын факультеттің негізгі негізін кафедра меңгерушілері, ғылыми-әдістемелік бюроның, Кураторлар кеңесінің, Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағалары құрайды. Факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамы тәжірибелі оқытушылардан тұрады. Университетте бірнеше жыл бойы өткізілген «озық факультет» байқауының нәтижелері бойынша экономика, басқару және кәсіпкерлік факультеті бірнеше рет осы атаққа ие болды. Жоғары білікті оқытушылар ұжымының болуы және олардың мақсатты жұмысының арқасында факультетте жүзеге асырылатын «Экономика» («Экономика және менеджмент»), «Менеджмент» («жобалау-инновациялық менеджмент»), «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Халықаралық қатынастар», «Әлемдік экономика» (World Economy – «International Business»), «Экология» («экологиялық менеджмент»), «бағалау»білім беру бағдарламаларының бәсекелестік артықшылықтары қалыптасты. Соңғы жылдары факультеттің барлық білім беру бағдарламалары «жоғары оқу орындарының Бас рейтингісінің» мәліметтері бойынша Қазақстан бойынша үздік ондыққа кіреді. «Экономика», «Менеджмент», «мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды даярлау үш деңгейлі жүйе бойынша жүргізіледі: бакалавриат, магистратура, PhD докторантура. Оқытуды жақын және алыс шетелдердің жетекші ғылыми орталықтары мен университеттерінде қайта даярлаудан өткен, елімізге танымал профессорлар мен доценттер жүргізеді. Университеттің алтын шежіресіне 2013 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы, 2014 жылғы жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпазы, 2014 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионатының алтын медалінің иегері Абылайхан Жүсіпов бітіруші спортшылардың есімдері жазылған. Сондай-ақ, спортшы 2017 жылы ересектер арасында Азия чемпионатында күміс, 2017, 2019 жылдары әлем чемпионатында қола алды. Ол 2016 жылы Рио қаласында өткен Жазғы Олимпиада ойындарында ерлер арасында жартылай орта салмақта өнер көрсетті. Ол ұлттық құраманың көшбасшыларының бірі. 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Токиода өтетін 2020 жылғы Олимпиадаға лицензия жеңіп алды. Коронавирустық пандемиямен байланысты әуесқой бокстағы жарыстардың тоқтап қалуына байланысты боксшы ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінен Танзаниядан келген тәжірибелі Мешак Мванкемваға қарсы кәсіби рингте жекпе-жек өткізуге рұқсат алды, ол қазірдің өзінде 30-дан астам жекпе-жек өткізді. Бірінші орта салмақтағы жекпе-жек жоспарланған алты раундтың барлығын ұзартты. Абылайхан бұл жекпе-жекті төрешілердің шешімімен жеңді. Ходжабекова Айжан – ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Әлем чемпионаттарының жүлдегері, 2019 жылғы ҚР чемпионы, Президент Кубогының финалисі, бокстан әйелдер арасындағы Спартакиаданың жеңімпазы. Ахатова Людмила және Киреев Владислав – биатлоннан ҚР спорт шеберлері. ҚР Ұлттық құрамасының мүшелері. ҚР бірнеше дүркін чемпиондары. Дүниежүзілік Универсиадаға қатысушылар. Азия Чемпиондары. Бакалавриат пен магистратураның барлық бағдарламаларының студенттеріне Қазақстанның және шетелдердің жоғары оқу орындарымен университетаралық келісімдер шеңберінде Академиялық ішкі және сыртқы ұтқырлық бағдарламаларына қатысу үшін кең мүмкіндіктер беріледі. Университет Германия, Ұлыбритания, Испания, Чехия, АҚШ, Канада, Ресей және т.б. шетел университеттерімен ынтымақтастық туралы 100-ден астам меморандумды жүзеге асыруда. Әріптес университеттермен ынтымақтастық туралы шарттар ғылыми зерттеулер, ақпараттық материалдар мен әдебиеттермен алмасу, конференцияларға қатысу, Бірлескен фандрайзинг саласындағы әріптестікті көздейді. Тығыз және жемісті ынтымақтастық біздің серіктестеріміз тарапынан ҚЭУ студенттерінің ұтқырлығын қолдауға көмектеседі. Заманауи материалдық-техникалық, оқу-әдістемелік базаларға, жоғары білікті профессорлық-оқытушылық құрамға ие бола отырып, факультет инновациялық міндеттерді шеше отырып, университет миссиясын жүзеге асырады. ЭБФ оқу бағдарламалары Экономика, басқару және кәсіпкерлік факультеті қазіргі уақытта сұранысқа ие мамандықтар бойынша магистр, бакалаврлар дайындайды. Факультет мамандықтары – жоғары кәсіби және өмірлік ұстанымы барлардың болашағына кепіл. Экономика, басқару және кәсіпкерлік факультетінің құрамына 7 кафедра кіреді: - Қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасы - Шетел және орыс тілдері кафедрасы - Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар кафедрасы - Экономикалық теория, Мемлекеттік және жергілікті басқару кафедрасы - Экономика және кәсіпкерлік кафедрасы - Экология және бағалау кафедрасы - Менеджмент және инновациялар кафедрасы Біз әлеуметтік желілердепіз Құрметті талапкерлер! Өз атымнан сонымен бірге экономика, басқару және кәсіпкерлік факультетінің барлық оқытушылары мен қызметкерлері атынан сіздерді Қарағанды экономикалық университетіне қош келдіңіздер деп құттықтауға рұқсат етіңіздер! Әрбіреуіңіз қай жерге оқуға түсү және өз болашағымды қай мамандықпен байланыстыру секілді өте жауапты таңдаулар алдында тұрсыздар. Қабылданған шемідеріңіз ойланған және сараланған болуы тиіс. Оқу барысы қызықты да танымды болуы қажет, сонымен бірге болашақ кәсібіңіз қанағаттанарлы және жемісті мансап, лайықты еңбекақы жоғарғы әлеуметтік мәртебе мен қоғамда белгілі бір бедел алып келуі тиіс. Факультет табалдырығын аттап өткеннен кейін, Сіздер білім мен шығармашылық басшылық ететін ерекше өмірге түскеніңізді дереу сезінесіздер. Біздің факультетте оқудың ерекшелігі тек білім алуда ғана емес, сонымен қатар өзіңізді жаңадан тану, өзіндік даму болып саналады. Экономика, басқару және кәсіпкерлік факультеті Мемлекеттік білім стандарттарына сәйкесті кәсіби маманданған қызметкерлерді дайындайды. Қарағанды экономикалық университетінде студенттерді тиімді қолдау және ынталандыру жүйесі жұмыс істейді. Экономика, басқару және кәсіпкерлік факультетіне түсіп, сіздер халықаралық бағдарламалар мен жобаларға қатыса аласыздар. Факультет бірнеше жетекші ресейлік және батыс еуропалық университеттерімен қарым- қатынастар орнатып, бағдарламаларды жүзеге асырады. Біз сіздермен ХХI ғасырда өмір сүреміз. Бұл ғасыр жаһандандыру ғасыры, мұнда экономистерге қойылатын барлық талаптар әмбебап болып табылады. Сіздердің аттарыңыз біздің беделді түлектеріміз тізімінде ерекше орынға ие болатынында менің күмәнім жоқ. Ол, әрине, сіздердің бұл өмірде белгілі бір жетістіктерге жету мақсатыңыз бен өз парасатыңыз және шығармашылық қабілеттеріңізді дамыу нәтижесінде ғана мүкін болады. Ең бастысы, бұл өмірдегі көптеген заттар сіздерден, сіздің ықыластарыңыз, оптимизм, мақсаттылық пен бірізділігіңізге байланысты екенін түсіну.
Қызылорда облысында төтенше жағдай салдарынан жұмысын уақытша тоқтатқан бірқатар кәсіпкерлер 42500 теңге әлеуметтік төлемге қол жеткізді, деп хабарлайды zakon.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. Олардың қатарында Қызылорда қаласында мектептерде асхананы тамақ өнімдерімен қамтамасыз ететін кәсіпкер Роза Қадылкұрманова да бар. Кәсіпкер облыс орталығындағы №43, 136 мектептерде аталған жұмыспен айналысатын. "Төтеннен келген қауіпті індет барлық салаға кері әсерін тигізді. Еліміздегі, өңірдегі карантин кезінде біздің де тыныс-тіршілігіміз тоқтап қалды. Бұл сәтте мемлекет тарапынан табыссыз қалған қазақстандықтарға қолдау көрсетілуі зор қамқорлық деп түсінемін. Мен және өзіммен бірге жұмыс жасайтын ұжым мүшелері де аталған төлемге қол жеткізді. Осы орайда Мемлекет басшысына, Үкіметке, барлық жанашыр азаматтарға алғыс білдіремін. Еліміз бұл қиындықты тезірек жеңіп шығады деп сенемін", - деді кәсіпкер. Қызылордалық тағы бір кәсіпкер Гауһар Қалымбетова да мемлекет тарапынан көрсетілген қамқорлыққа дән риза екенін жеткізді. Ол визажист кәсібімен айналысатын еді. Қазір ол жұмысы тоқтап тұр. "Қиындық ешкімге де оңай соғып жатқан жоқ. Табыссыз қалған азаматтарға мемлекет тарапынан тиісті қолдау жасалды. Осы орайда халыққа берілген төлем көп отбасының мұң-мұқтажын шешуге оң септігін тигізді. Алдағы жарқын күндерде елімізде көптеген игілікті істерге жол ашылады деген үміттемін. Еліміз дамып, өркендей берсін", - деді ол. Төтенше жағдайда мұқтаж азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік қолдау негізінде 98 мыңнан астам азаматқа төлем түскен.
Экономиканы кредиттеу көлемі бір айда шамамен өзгерген жоқ және 2020 жылғы шілденің соңында 13 932,0 млрд теңгені құрады. Заңды тұлғаларға берілген кредиттердің көлемі 7 132,0 млрд теңгеге дейін 0,1%-ға азайды, жеке тұлғаларға – 6 800,0 млрд теңгеге дейін 0,2%-ға ұлғайды. Ұлттық валютамен кредиттер көлемі бір айда 11 738,1 млрд теңге болды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 0,4%-ға азайды, ал жеке тұлғаларға 0,2%-ға ұлғайды. Шетел валютасымен кредиттер көлемі 2 194,0 млрд теңгеге дейін 0,4%-ға өсті. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 0,4%-ға, жеке тұлғаларға – 0,1%-ға ұлғайды. Теңгемен кредиттердің үлес салмағы 2020 жылғы шілденің соңында 84,3%-ды (2019 жылғы желтоқсанда – 83,4%-ды) құрады. Ұзақ мерзімді кредиттер көлемі бір айда 11 921,9 млрд теңгеге дейін 0,4%-ға ұлғайды, қысқа мерзімді кредиттер көлемі 2 010,2 млрд теңгеге дейін 2,0%-ға азайды. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2020 жылғы шілдеде 2 175,6 млрд теңгеге дейін (экономикаға кредиттердің жалпы көлемінен 15,6%) 1,3%-ға ұлғайды. Салалар бойынша бөлуде банктердің экономикаға кредиттерінің айтарлықтай сомасы өнеркәсіп (жалпы көлемдегі үлесі – 13,4%), сауда (11,9%), құрылыс (5,0%) және көлік (3,6%) сияқты салаларға тиесілі. 2020 жылғы шілдеде банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 11,9%-ды (2019 жылғы шілдеде – 12,0%), жеке тұлғаларға – 16,7% (18,9%) құрады
Облыстық перзентханада екі апталық шеберлік сабағы өтіп, Вильнюстен шақырылған медбикелер науқас және шала туған сәбилерге күтім жасау жөніндегі тәжірибелерімен бөлісті. Облыстық перзентхананың бас дәрігері Ұлжан ХАСАНОВАНЫҢ айтуынша, дұрыс күтім жасау – шала туған сәбилердің тіршілік ету қабілетінің басты факторы боп табылады. 2 апта бойына осы мәселе бойынша облыстық және қалалық перзентханалардың, қала мен облыстағы барлық аудандардың емдеу мекемелеріндегі 55 медбике біліктіліктерін көтерді. Атап айтқанда, олар дүниеге келген сәбидің жағдайын бағалаудың, өкпелеріне жасанды тыныс беріліп жатқан сәбилерге және өте шала туған сәбилерге күтім жасаудың теория мен тәжірибе жүзіндегі жаңа әдістерін үйренді. - Перзентханамызда даму ақауымен туған балаларға хирургиялық көмек көрсетіледі. Осыған байланысты операциядан кейінгі кезеңде балаларға күтім жасау, госпитальдық жұқпалы аурулардың алдын алу сабақтары өткізіліп, сонымен қатар науқас сәбидің туыстары мен қызметкерлердің өзара қарым-қатынасы туралы мәселелер қаралды. Бүгінде шеберлік сабағынан кейін медбикелеріміз үйренген дағдыларын өз жұмыстарына қолдануда, - дейді Ұ. Хасанова. Белоруссия, Литва және Германиядан келген мамандар қатысқан алдыңғы шеберлік сабақтары секілді, осы шеберлік сабағын өткізу «ЭксонМобил» компаниясының қаржылық қолдауының арқасында мүмкін болды. Тренингтер 2013 жылы да жалғасын табады. Бұдан басқа, «ЭксонМобил» Құрманғазы, Қызылқоға, Жылыой, Индер және Мақат аудандарының орталық ауруханаларының, №1, 2 және 5 қалалық емханалардың, сонымен қатар қалалық және облыстық перзентханалардың баланстарына фетальды мониторлар табыс етті. Хасанованың айтуынша, осы аппараттың көмегімен акушер-гинекологтар ұрықтың жүрек қызметіндегі өзгерістерді дер кезінде анықтап, шұғыл медициналық көмек көрсету шараларын ала алады екен. Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА 11 сәуір 2013, 00:00 WhatsApp арқылы хабар жіберу Бөлісу: Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз. Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.
Бүгінде туризм-кірістілік пен жұмыспен қамтудың жоғары әлеуеті бар ең серпінді дамып келе жатқан сала. Визалық режимді жеңілдету, ЭКСПО мен Универсиаданы өткізу, туристік инфрақұрылымды, жаңа тартымды нысандарды құру, халықаралық іс-шараларды өткізу, қаланы шет елдерде ілгерілету арқасында қалада туристер саны жыл сайын артып келеді. Мәселен, 2018 жылы ғана Алматы қаласына келетін туристер саны 11,8% – ға өскенін көрсетті және алғаш рет 1,1 млн.туристі құрады. Бұл елге келгендердің бестен бір бөлігі. Қала тұрғындары мен туристер үшін жайлы қалалық орта құру мақсатында «адамдар үшін қала» жобасы бойынша 2 жыл ішінде тарихи орталықтың 60% – ы кешенді түрде жаңғыртылды. Тротуарлар мен жасыл аймақтар кеңейтілуде, жеке қызмет көрсету нысандарының сапасы түбегейлі өзгеруде. Өткен жылы Алматыда жұмыс істейтін агенттіктер үшін БҰҰ өңірлік хабының жаңа ғимараты ашылды. Коммуналдық меншікке берілген Балуан Шолақ спорт кешенінде елдегі жалғыз туристік хаб ұйымдастырылған, онда туристік операторлар, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, қолөнер орталығы, туристерге арналған демалыс аймақтары және т.б. орналасқан. 2018 жылы қалаға 365 мың шетелдік турист келді. Бұл елімізге келген туристердің 44% – ы Алматыға келеді деген сөз. Айта кету керек, шетелдік туристердің көпшілігі көшпелі мәдениетке, Алматының 1000 жылдық тарихына қызығушылық танытады. Сондықтан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Боралдай сақ қорғандары» сақ мәдениеті орталығын, «Сақ қорғаны» және Райымбек батыр музейлерін, «Қазақфильм» аумағында «Ethnoland»этно-мәдени кешенін салу жоспарлануда. Оқиғалық туризм шеңберінде жыл сайын Халықаралық джаз фестивалі, spirit of Tengri, Star of Asia, Оркестрлер шеруі, Алматы Көктөбе Опера, Apple Fest, Tour of Almaty, Almaty Maraphon, Almaty Mount Fest сияқты халықаралық ауқымдағы кемінде 50 іс-шара өткізіледі. Оқиғалар туризмін ілгерілету үшін туристік Оқиғалар күнтізбесі әзірленді, онда қаланың 2019 жылдың соңына дейін өтетін барлық негізгі іс-шаралары көрсетілген. Күнтізбе біздің барлық ақпарат арналарымызда, БАҚ – та, әлеуметтік желілерде, белгілі халықаралық платформаларда таратылады. Жүргізілген жұмыс есебінен 2018 жылы орналастыру орындарының саны 102 бірлікке артып, 286 орналастыру орнын құрады, ал соңғы 4 жылда қонақ үйлердің саны орташа есеппен 25 бірлікке ұлғайды. 2017 жылмен салыстырғанда төсек-орындардың жалпы саны 26% – ға артып, 19,4 мың адамды құрады, бұл қалаға бір уақытта 19 мыңнан астам турист қабылдауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, қонақ үйлердің нөмірлік қоры 22,7% – ға артып, 10,8 мыңды құрады. Қалада соңғы жылдары туристік бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасалатынын ескере отырып, туристік салаға жеке инвесторлар тарапынан елеулі қызығушылық байқалады. Мәселен, 2018 жылдың қорытындысы бойынша туризмге инвестициялар 28,7% – ға өсіп, 77,2 млрд.теңгені құрады.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында 18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай Түркістан қаласындағы №16 Т.Бигелдинов атындағы жалпы орта мектебінде көрме ұйымдастырды. Көрмеге Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен оның айналасындағы тарихи ескерткіштер, қорық-музейге қарасты көне қалалардың тарихынан сыр шертетін суреттер мен мәліметтер қойылды. Еліміздің тарихи-мәдени мұрасының ең құнды жәдігерлері тарихи ескерткіштер десек, өткен тарих қойнауынан сыр шертетін олар бүгінгі ұрпаққа көп мағлұмат берері сөзсіз. «Әзірет Сұлтан» қорық-музейі құрамында 99 тарихи-мәдени ескерткіш және 24 мыңнан аса жәдігер бар. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК – республикадағы іргелі музейлердің бірі. Қорық-музей ақын, ислам дінінің көрнекті жаршысы, «Түркістан пірі» атанған ғұлама Қожа Ахмет Ясауи (Әзірет Сұлтан) құрметіне арнап, ХIV ғасырдың соңында Әмір Темір салдырған кесене негізінде Түркістан қаласында 1978 жылы 30 қыркүйекте «Республикалық Қожа Ахмет Ясауи кесенесі сәулет ғимараты музейі» ретінде ашылды. 1989 жылы тамыздың 28 күні Қазақ ССР Министрлер кеңесінің №256 қаулысымен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» болып құрылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 24.07.2015 жылғы «ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің республикалық мемлекеттік мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы» №585 қаулысымен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК болып қайта құрылған. Мұнда 1 халықаралық, 20 республикалық, 7 жергілікті маңызға ие ескерткіш, алдын-ала есепке алынған 71 ескерткіш бар. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі Алдыңғы ақпарат Түркістанда «Өзбекәлі Жәнібеков оқулары: Ұлт рухын ұлықтаған Өзбекәлі Жәнібеков» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтті
Халқымыздың ғасырлар бойғы билік жүйесі, тұрмыс салты, өмірлік тәжірибесі, өзара қарым-қатынасы негізінде қалыптасып, дамып, кемелденген өнері – шешендік. Оның қоғамдық, әлеуметтік және саяси мән-маңызы, рөлі мен қызметі айрықша. Шешендік өнер – тарих, этнография, мәдениет, педагогика, психология, филосифия, діни ұстаным, т.б. сан алуан саланы қамтитын, көп ғасырлық тарихы бар, ұлттық болмысымызды айшықтайтын ереше өнер түрі. Алайда бүгінгі буын шешен сөйлеуге дағдылану түгелі, тіл тазалығын, сөйлеу мәнері мен мәдениетін дұрыс сақтай алмайтын күйге түсті. Бабалардың бай мұрасын жас ұрпақ санасына терең әрі жан-жақты сіңіріп, өнеге мен тәрбиенің алтын қазығына айналдыра отырып, өмірде қолдануға бағыттау, ынталандыру – ұлт жанашырларының басты міндеті һәм жауапкершілігі. Қарапайым халық түгелі, атқамінерлердің ана тілінде жөнді сөйлей алмай, халықпен тіл табыса алмауы – бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналды. Осындай олқылықтардың орнын толтырып, келеңсіз кемшіліктерді бүгінгі буыннан батап түзету мақсатында «Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қорының» демеушілігі, Абай атындағы РММИ-дың ұйымдастыруымен ІІ республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауы өткізілмек. Оған еліміздің 14 облысы, 3 қаласы, республикалық мектеп-интернаты мен білім беру ұйымдарынан іріктелген оқушылар қатысып, үш кезең бойынша жарысқа түседі. Қатысушылар би-шешендерден оқып білгенін мәнерлеп жатқа айтып, сауатты сөйлем құрау мен белгілі тақырып төңірегінде мағыналы, көркем ойға құрылған ой-пікірлерін ауызша жеткізуден жарысады. Сөз жүйріктерінің өнеріне академик, профессорлар, әдебиет пен өнердің майталман мамандары қазылық жасап баға береді. Бас жүлде иесіне 50 000 теңге сыйақы беріледі. Өзгеде де жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар мен алғыс хат табысталады. Қызықтың көкесі осы байқауда болады! Жоба жетекшісі әрі демеушісі: «Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қоры» Ұйымдастырушы: Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты. Мекен-жайы: Алматы қаласы, Медеу ауданы, Митин көшесі, 6-үй. Уақыты: 05 қараша күні, 09:30 – 18:00 Байланыс: 8705 330 99 55 (Жарқын) ruh.kz Send an email 04.11.2019 63 Facebook Twitter VKontakte Odnoklassniki Skype Messenger Messenger WhatsApp Telegram Хатпен жіберу Басып шығару
Өткен аптада ұлттық валютамыз әр түрлі бағыттағы серпінділігін көрсетті: долларға (-0.80%) және рубльге (-1.40%) қатысты босаңдық танытса, еуро (+0.40%) және юаньға (+0.53%) қатысты керісінше нығайды. Жыл басынан бері теңге долларға қатысты 10.50%-ға, рубльге қатысты 38.02%-ға, юаньға қатысты 2.79%-ға әлсіреп, еуроға қатысты керісінше +0.04%-ға нығайды. Теңге бағамының шетел валюталарына қатысты апталық ауытқуы аздап төмендеді: ол долларға қатысты 0.39%-ды, рубльге қатысты 0.78%-ды құрады. Апта ішінде ұлттық валютаның әлсіреуі негізінен биржадағы сауда көлемінің аздығы аясында орын алды. Өткен аптада USDKZT жұбының сауда көлемі оған дейінгі аптамен салыстырғанда 7.58%-ға азайып (2022 жылғы орташа апталық сауда көлемімен салыстырғанда 34.0%-ға төмен), 372.95 млн долларды құрады. Сауда көлемінің екі есеге дейін өсуі оған дейінгі аптаның қысқа болғанына және салық аптасынан кейін келгеніне байланысты болды. Теңге индексі Теңге индексі бір апта ішінде 0.8%-ға, ал жыл басынан бері 13.3%-ға төмендеп, 78.67 пунктті құрады. Индекс өсіп жатқан доллардың және төмендеп жатқан мұнай бағасы тарапынан түскен қысымның әсерінен түсіп жатыр. Индекстің ағымдағы деңгейі өзінің тамыздың басындағы деңгейіне сәйкес келеді. Ол кезде мұнай бағасы 4 долларға жоғары, ал доллар индексі 106.6 пункт болған еді. Қазіргі теңгерімсіздіктің себебі – еуро. Ол 485 теңгеден 475 теңгеге дейін түсіп кетті. Дегенмен негізгі себеп – ішкі валюта нарығы тиімділігінің төмендігі деуге болады. Яғни теңге бағамының қалыптасуына сыртқы емес, ішкі факторлар (валюталық болжамдар, валюта нарығында сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы және бсқ.) едәуір ықпал етеді. Айта кетелік, соңғы 2 аптада теңге бағамының нарықтың сыртқы жағдаятына сезімталдығы күшейіп келеді. Жаз маусымында бұлай болмаған еді. Jusan Analytics ой-пікірі Өткен аптада теңге бағамы бір доллар үшін 473-тен 477 теңгеге дейін әлсіреді. Бұл бағамның қазір жаз мезгіліне қарағанда сыртқы жағдаятқа сезімталдығының арта бастағанына байланысты. USDKZT жұбы бойынша сауда көлемінің төмендігі және оның құбылмалылығы валюталық болжам бойынша белгісіздіктің байқала бастағанын және доллар индексінің жоғарғы мәніне жауап ретінде нарыққа қатысушылардың аңысын аңдау саясатын ұстанғанын білдіреді. Инфляцияның бәсеңдеу қарқынының күткеннен төмендігін ескерсек, ФРЖ өзінің алдағы отырысында негізгі мөлшерлемені батыл түрде көтеруі ықтимал. Осылайша дамушы елдердің валюталарына және капиталдың жылыстауына әсер етеді. Сонымен қатар Энергетика министірінің таяуда Қашағанның жұмысы тек ағымдағы жылдың қазанына қарай қалпына келтірілетіндігі туралы мәлімдемесі ішкі факторлар тарапынан қосымша қысым тудырады. Нәтижесінде біздің пікірімізше босаңсып жатқан ұлттық валютаның жыл соңына дейін қайта нығаюына айқын негіз жоқ.
Менің студенттік өмірім Менің есімін Рахат . Мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің медицина және денсаулық сақтау факультетінің стоматология мамандығына т... - Аллаев Рахат Менің университетім-менің мақтанышым! Мен Туркменістаның Дашогуз қаласынан келдим. Аты жөнім Аллаев Рахат Сейітназар ұлы болады. Мен осы жылы Ал-Фара... - Аллаев Рахат Менің университетім-менің мақтанышым! Мен Туркменістаның Дашогуз қаласынан келдим. Аты жөнім Аллаев Рахат Сейітназар ұлы болады. Мен осы жылы ҚазНУ "...
Маңғыстауда бүтін бір отбасы қара жамылды. Әулет айдың-күннің аманында тұңғышы Дастан ұлынан айырылып қалды. Қан жұтқан отбасы бүгінде перзентін жер қабіріне тапсырды. Оқи отырыңыз... 24.11.2022 24.11.2022 Жантүршігерлік қайғылы оқиға 22 күн бұрын Жетібай аулында орын алған. Әкесінің айтуынша, аталған елді-мекеннің ауыл жастары ұлын аяусыз ұрып- соққан. Ол, ауыр халде ауруханаға түсіп , тілге келместен қайтыс болды. Отағасы кінәлілер тиісті жазасын алса екен деп қалайды. Сайлаубай ҚАЛИЕВ, марқұмның әкесі Қазіргі уақытта бес бала ұсталды деп жатыр. 5 бала қамауда отыр дейді. Олар енді әлі де көп. 20-30 бала дейді. Тергеушілер енді тергеп жатыр. Енді сол әділдігін беретін шығар деп өзім солай деп ойлаймын. Менің айтатыным жастарға не боп барады. Қатігездік. Қазақпыз ғой бір туған. Қанымыз бір жанымыз бір. Неге бір-бірімізді анандай қылып қатігездікпен адады бір аяушылық болу керек қой. Былай жалғаса берсе ертең жастармыз қандай болады. Көзі тірісінде пысық, нағыз еңбекқор жас жігіт еді дейді ата-анасы. Көрші-қолаңға көмектесіп, қол ұшын беріп, қолда барын аямайтынды. Тіпті, еріктілер қатарында болып, қоғамдық жұмыстарда белсенді болды. Ол, небәрі 23 жасында бұ фәнимен қош айтысты. Тұңғышынан көз жазып қалған анасы, өзін қоярға жер таппай зар еңіреп отыр. Марқұмның арманы көп еді. Осы көктемде шаңыраққа келін түсіріп, ата-анасын қуынтқысы келді. Алайда, бала арманы орындалмай кетті. Ауыл жұртының айтуынша, бұл топтық төбелес болған. Онда марқұм Дастаннан бөлек, тағы 3 бала пышаққа түскен деседі. Тергеушілердің мәліметінше кісі өліміне қатысты күдіктілер қамауда. Төбелеске қатысы бар күдіктілердің туған-туыс ағайындары отбасының қайғыларына ортақтасып көңіл сұрамаған. Ал, марқұм Дастанның артында қарындасы мен інісі қалды. Ал, енді ата –анасы ұл-қызының амандығын тілеп отыр. Тегтер: Caspian БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу Facebook Instagram Youtube Telegram Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.
АҚШ билігі ирандық Махса Аминидің өліміне байланысты Иранның моральдық полициясына санкциялар енгізді. Бұл туралы елдің Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Сондай-ақ, Санкциялар Иранның құрлық күштерінің қолбасшысы генерал Киюмарс Хейдариге, барлау және қауіпсіздік министрлігіне, Басиж қарсыласу күштеріне және елдің құқық қорғау күштеріне қарсы енгізілді. Жалпы, Иранның күш құрылымдарының жеті басшысы шектеулерге ілінді. Олар елдегі соңғы тәртіпсіздіктер кезінде наразылық білдірушілерге қарсы күш қолданғаны үшін айыпталып отыр. Атап айтқанда, Иранның моральдық полициясының басшысы "Иран әйелдеріне теріс пиғыл танытқаны және зорлық-зомбылық жасағаны, сондай-ақ Иранда бейбіт наразылық білдірушілердің құқықтарын бұзғаны үшін" жазаланады. Еске салайық, 22 жастағы ирандық хиджабты дұрыс кимегені үшін моральдық полиция ұстап, кейін қайтыс болған Махса Аминидің өлімі Иранда наразылық толқынын тудырды.