text
stringlengths
347
53.1k
'''Өмірзақ Шеріпбайұлы Жолымбетов ''' (25 қараша 1939, Қызылорда облысы Арал ауданы Сексеуіл станциясы) ҚР ЕСЖ-сы (1999), профессор (2003), жазушы, спорт журналисі. == Өмірбаяны == === Спорттық === "Б" ЕСҚ РҚ- ның (1962) Қазақстанның атлетикадан құрама командасының мүшесі (1961- 64), Бүкілодақтық студенттер ойынына қатысушы (1962, Тбилиси). ХТ-дің жеңімпазы (1963, Ұланбатыр, МХР). КСРО халықтары III Спартакиадасына қатысушы (1963). Қазақ ДТИ-ның спорт факультеті (1962) мен ҚазМУ-дің журналистика факультетін (1974) бітірген. КЛКЖО Көкшетау және Қызылорда облыстық комитеттерінің спорт және бөлімдерінің меңгерушісі, Қызылорда облыстық спорт комитетінің терағасы, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері В.Моджеиконың және Әлемнің мәрте рекордшысы А.Колдоковтың алғашқы жаттықтырушысы, СШ-ін дайындады. === Журналистика === Республикалық жастар газеті "Лениншіл жаста" (1967-71) ҚазКСР Мемлекеттік телерадио комитетінде спорт редакциясын басқарды (1971- 96), ҚР қаржы министрлігінің аударма бөлімінің бастығы, республикалық қаржы-валюта бақылау комитетінің, жастар ісі, туризм және спорт министрлігінің баспасез хатшысы, Алматы облысы әкімшілігінің спорт жөніндегі бас маманы. Телерадио журналистерінің "Алтын Жүлдыз" республикалық конкурсының Гран-При жүлдегері (1995), "Қазақстан Республикасының таңдаулы спорт журналшысы" (1995), ЮНЕСКО (1995), С.Бердіқұлов атындағы сыйлықтың (2001) лауреаты. == Дереккөздер == Санат:Спорт журналистері Санат:Алфавит бойынша журналистер Санат:Қазақстан журналистері
'''"Қазақстан спорты"''' 25.02. 2000 жылы құрылған ақпараттық агенттік. Бірінші президенті Оразбекова Күләш Айтмолдақызы, профессор ҚР Журналистер одағының мүшесі. Бас директор Оразбеков Ануарбек Айтмолдаұлы. Агенттік 15.04.2000 жылы бастап "Pro Sport KAZAKSTAN" журналды және 13.09.2000 жылдан бастап "Pro Sport KZ" спорт газетін шығарады. Материалдардың негізгі тақырыптық бағыты әлемдік және Қазақстан спортының жетістіктерін, салауатты өмір салтын насихаттау. Журнал Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстанға таралды. "Pro Sport KZ" журналы ай сайын, "Pro Sport KZ" газеті аптасына екі рет шығады. Республика бойынша Агенттіктің меншікті тілшілерінің жеткілікті желісі құрылған. Қазақстан Республикасы мен әлемдегі спорттық оқиғалар жөніндегі ең жедел ақпараттар осы екі басылымының тақырыбы. Қазақстан спорттағы жағдайларға ерекше көңіл бөлінеді. Футболдан ұлттық біріншілік, әлемдік аренада Қазақстан спортшыларының өнер көрсетуі жөнінде белгілі жаттықтырушылар мен Әлем спортының жұлдыздарымен арнайы сұхбаттар, жедел материалдар жүйелі жарияланды. "Pro Sport KZ" газеті мен түрлі түсті "Pro Sport KZ" журналының басылымы кәсіби спортшылардың да, сондай спорт әуесқойларының да сұранысына ие. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Орал Гималұлы Қаймирасов ''' (7.05.1927- 15.05. 2009 Алматы РФ, Башкирия, Салават ауданы) белгілі спорт журналисі, ТААС, ҚазТАГ тілшісі (1963-98). Жас кезінен спортпен шұғылданды, коньки спорты, альпинизм, футболдан түрлі жарыстарда ойдағыдай өнер көрсетті, "С" ҚР-ның жастар құрама командасыныц құрамында ойнады. Тянь-Шань- ның, Памирдің, Кавказдың көптеген шыңдарына шығудың, халықаралық олимпиадалардың қатынасушысы, БД төрешісі. Кептеген очерктердің, келелі мақалалардың, репортаждардың авторы. == Дереккөздер == Санат:Алфавит бойынша журналистер Санат:КСРО журналистері
ғылым мен техниканың қашықтан басқару мақсатындағы ақпаратты (сигналдарды) техникалық құралдары мен әдістерін жасаумен айналысатын саласы. Телемеханика ақпаратты қашықтыққа жеткізумен тікелей байланысты техниканың басқа салаларынан (телефон байланысы, теледидар, т.б.) мынандай ерекшеліктері бар: өлшенетін шамаларды жеткізіп берудің жоғарғы дәлдігінің қажеттілігі; сигналдардың кешігуіне жол берілмеуі; басқару командаларын берудің жоғарғы сенімділігі; ақпаратты жинау мен қайта өңдеу процестерін автоматтандыру дәрежесінің жоғары болуы; Телемеханизация жекелеген немесе аумақта таратылып, басқарылатын нысандарды (мысалы, газ және мұнай құбырларын, энергетика жүйесін, басқаруда) біртұтас өндірістік кешенге біріктірудің қажеттігі, сондай-ақ адамның басқарылатын нысанда болуының қажетсіздігі (нысанда жұмыс істеудің денсаулыққа зиян келтіруі, мысалы, химиялық зауыттарда) немесе адамның онда болу мүмкіндігі жоқ жағдайда (нысанға қатынау мүмкіндігінің болмауы, мысалы, ұшқышсыз ғарыш аппаратын басқару кезінде) қолданылады. Телемеханика құралдары көмегімен басқару мен бақылауды оператор басқару пунктінен жүзеге асырады. Басқару нысандары бір орында немесе үлкен аумақта бір-бірден және топтасып орналасуы мүмкін. Бақылау пункті мен басқару пункті бірнеше метрден (мысалы, құрылыс кранын басқару кезінде) бірнеше мың км-ге (мысалы, автоматтық планетааралық стансаны басқару кезінде) дейін жетуі мүмкін. Телемеханикалық ақпаратты жеткізу үшін байланыс желілерін (сымдық және кабельдік), радиоарналарды, оптикалық және акустик. арналарды, т.б. пайдаланады. Телемеханикалық ақпарат телефон арналарымен де беріледі. Оператордың нысандарды басқаруда және олардың күйін қашықтықтан бақылауда пайдаланылатын құрылғылардың жиынтығы телемеханикалық жүйе деп аталады. Күрделі нысандарды басқару кезінде телемеханикалық сигналдардың үлкен ағындарын жедел өңдеу үшін “кеңесші” режимінде қызмет көрсететін ЭЕМ-дерді қолданады. Мұндай жүйелер телеақпараттық жүйелер деп аталады. Қашықтыққа берілетін сигналдары автоматты түрде (оператордың қатысуынсыз) шығарылатын жүйелер телеавтоматтық басқару жүйелері деп аталады (қаласы Автоматты басқару). Телемеханикалық бақылау кезінде ақпарат нысаннан операторға беріледі. Нысанның күйі туралы ақпарат оның параметрлерінің өзгерісін сезетін өлшеуіш келіп түседі. Мұнда ақпаратты беруді ыңғайлы ету үшін кодтау мен модуляциялауды пайдаланады. Қабылданған ақпарат кейін немесе декодталғаннан кейін оператор қабылдауға ыңғайлы түрде экрандық пульттерде, әр түрлі индикаторлық құрылғыларда бейнеленеді немесе ақпаратты жазу жүйелерінде автоматты түрде тіркеледі. Телемеханикалық жүйе аппаратурасы күрделі техникалық кешен болып табылады. Телемеханиканың бастапқы даму кезеңінде телемеханикалық жүйе аппаратурасы ең алдымен құрылғылар негізінде орындалады. Электрондық аспаптардың даму барысында аппаратура 20 ғасырдың 50-жылдары магниттік және шалаөткізгіш аспаптар негізінде жасалған сенімді, түйіспесіз құрылғылармен ығыстырылды. 20 ғасырдың 70-жылдары микроэлектронды элементтерге және телемеханикалық жүйені агрегаттық құру әдісіне көшу жүзеге асырылды; 20 ғасырдың соңғы жылдары компьютерлік техника мен қарқынды дамуына орай телемеханикалық жүйелерді компьютерлік және телекоммуникац. технологияларға көшіру басталды. Телемеханика жүйелері электр және қосалқы стансаларда, мұнай мен газ құбырларында, тасымалдау химия, металлургия, тау-кен өнеркәсібі ирригация, сумен жабдықтау жүйелерінде, байланыс желілерінде, т.б. кеңінен қолданылады. Телемеханикалық аппаратура көмегімен ғарыш кемелерінің ұшырылуы мен орбитаға шығуы бақыланады, борттық жүйелердің жұмысын сипаттайтын параметрлері өлшенеді, ғарышкерлердің денсаулықтарын үздіксіз бақылау жүргізіледі. Авиация мен ғарышта қолданылатын телемеханикалық басқару жүйелері радиобасқару және радиометрия деп аталады. Қазіргі кезде компьютерлік, қарқынды дамуы Телемеханиканың өзгеруіне ықпал етті; мысалы, соның бірі энергия (электр энегриясы, газ, мұнай, жылу энергиясы, т.б.) тасушыларды бақылау мен есепке алудың жүйесі (ЭБЕАЖ) кеңінен қолданылуда. Алматы энергетика және байланыс ин-тының қызметкерлері осындай жүйелерді кеден саласына, Шардара СЭСіне, Алматы 3-ЖЭО-сына енгізді, олар табысты жұмыс істеуде. ==Сілтемелер== Санат:Техника
'''Лифинцев Юрий (1.04.1952, Түрікменстан, Мары қаласы. Алматыға 1956 жылы көшіп келді 1975 жылы ҚазМУ- дің журналистика факультетін бітірді. "Дружные ребя¬та", "Спорт", "Казахстанская правда" газеттерінде істеді "Азия-спорт" халықаралық газетінің құрылтайшысы және редакторы болды. Әлемнің, Еуропаның, Азияның, Кеңестер Одағының О.о-дан (Сидней) хабарлар берді. С.Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (1996-97). == Дереккөздер == Санат:Алфавит бойынша журналистер Санат:КСРО журналистері Санат:Қазақстан журналистері
'''Әміре Дүрманұлы Айтбакин, Дүрмұхаммед''' (1861, Семей губерниясы, Павлодар уезі, Ақбеттау болысының 2-ауылында туған 1919 жылы Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында қайтыс болды) орысша білім алған қазақ дәрігері. Айтбакин Омбының оқытушылар семинариясын 1882 жылы тәмамдаған соң әскери прогимназияға оқытушы болған. Бір жылдан кейін кеңсесінің тілмашы қызметіне тағайындалады. Одан соң әскери губернатордың бұйрығымен Семейдегі облыс басқармада қазақ және татар тілдерінің тілмашы міндетін атқарады. Мемлекет жұмысын ыждағатпен атқарған азамат уезд бастығының аға көмекшісі болып, Қарқаралыға ауысады. 1888 жылы 20 мамырда Семейге шақырылып, губернатор кеңсесінде жыл аяғына дейін еңбек етеді. 1889 жылы Томск университетінің медицина факультетіне оқуға түседі. Айтбакин университетті күміс медальмен аяқтап, 1894 жылы Қарқаралы уезіне дәрігер болып тағайындалады. Қарқаралыда 1896 жылға дейін істеп, сол күзде Павлодар уезінің 3-теліміне дәрігер болып барады. 1898 жылдың 11 мамырында Өскемен уезінің 3-теліміне ауысады. Сол жылдары ол айналасы 500 шақырым аймақта, яғни қазіргі Қатонқарағай, Үлкен Нарын, Марқакөл, Күршім, Зайсан және Тарбағатай аудандарында мекендеген жергілікті халыққа қызмет көрсеткен. Дәрігерлік міндетін атқарумен бірге білімпаз зиялы қазақ уездеріне тарайтын орыс тіліндегі басылымдарға, «Дала уалаяты» және «Қазақ» газетіне әр түрлі емдеу тәсілдерін, жұқпалы аурулардан сақтану жайында мақалалар жазған. Айтбакин 1918 жылы Өскемен қаласындағы дәрігерлік қосынға ауысады. Уезд орталығына келген соң да ол әлеуметтік жұмыстарға белсене қатысады. Алайда 1919 жылдың күзінде осы өңірде айрықша өршіген жұқпалы індет сүзектен опат болып, Ертістің сол жағалауындағы Ахмер елді мекеніндегі мұсылмандар моласына жерленеді. Қаныш Имантайұлы жас күнінен үздік оқуымен, үлгі боларлық дәрігерлік қызметімен өз қатарынан дараланып алға шыққан Айтбакиннің өзін де, еңбегін де өнеге тұтқаны ауызекі естеліктер арқылы мәлім (мысалы, Халық жазушысы, баянауылдық Дихан Әбілевтің естелігінде бұл жайында кеңірек сөз болған). == Дереккөздер == Санат:Тұлғалар
'''Михаил Юрьевич Маркин''' (31.07.1972, Қызылорда облысы Байқоңыр қаласы). 1997- Қазақстан-1 теле арнасында "Футбол әлемі" бағдарламасының редакторы 1998-99 жылы "Гол" газетінің тілшісі. газетінің бөлім меңгерушісі. 2000 жылдан бас¬тап "Pro-Sport Kazakhstan" журналының тілшісі, "Овертайм" агенттігінің шолушысы, "Қайрат" командасының (2002) баспасөз атташесі футбол шолушысы және статист. "Қазақстан футболы: 1913-2003" анықтама серіктес авторы. == Дереккөздер == Санат:Спорт журналистері
'''Олимпиялық ант''', 1920 жылдан басталатын міндетті дәстүрдің бірі. Олимпиялық ойындардың салтанатты ашылуы кезінде ұйымдастырушы мемлекеттің ең атақты спортшыларының бірі мінберге көтеріліп, сол қолымен олимпиялық тудың бір шетінен ұстап тұрып салтанатты түрде: "Осы олимпиялық ойындарға қатысушылардың атынан осы Олимпиялық ойындардың таза спорттық рухта оның барлық талаптарына сәйкес өтөтіндігіне ант беремін" дейді. == Дереккөздер == Санат:Олимпиада ойындары
'''Академик В.Л.Комаров кеңес ғылымының ұйымдастырушысы және басшысы''' Сәтбаевтың мақаласы. Ғалымның 1989 жылы «Ғылым» баспасынан шыққан «Ғылым мен мәдениет туралы таңдамалы мақалалары» жинағына, 2007 жылы «Оңтүстік полиграфия» баспа үйінен шықкан шығармалар жинағының 1-томына енген. Бұл мақаласында Сәтбаев екі рет Сталиндік сыйлық алған, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Кеңестер Одағы Fылым академиясының президенті академик Владимир Леонтьевич Комаров жайында жазады. Оның алдыңғы қатарлы кеңес ғылымының жалпы жұрт таныған ұйымдастырушысы және басшысы екендігі жайлы айта отырып, шын мәнінде ғылым ордасы болып отырған КСРО Ғылым Академиясысын құру, оның жұмысын белгіленген бағыт бойынша жүргізіп отыру міндеті B.Л.Комаровқа жүктелгенін айтады. Ғылым Академиясы: ''«1934 жылы үкімет қарары бойынша Ғылым Академиясы еліміздің астанасы Москваға көшіп келді. 1936 жылы, академик А.П.Карпинский қайтыс болғаннан кейін, В.Л.Комаров бір ауыздан академияның президенттігіне сайланды. КСРО Ғылым Академиясы президенті қызметінде В.Л.Комаров дүние жүзіне атағы шыққан білімпаз, кеңес ғылымының басшысы және сол сияқты көрнекті мемлекет қайраткері екенін айқын көрсетіп, өзінің зор талантын кең өрістетті»'' дей келіп, академик В.Л.Комаровтың «Кеңестер Одағындағы ұлттық республикаларда алдыңғы қатарлы кеңес ғылымының ордаларын құру, өркендету ісіндегі жетекшілігі зор орын алады» деп, оның ғылым саласында атқарған ерен еңбегін жоғары бағалайды. == Дереккөздер == Санат:Ғылым Санат:Қаныш Сәтбаев мақалалары‎
Спортсшы Пааво Нурми алау ойындар ойынның дәстүрінің бірі. Ерте дүниеде Эллада жерінде Олимпиялық ойындар өткен Олимпия қаласының жүртында күн сәул есінен тұтанады. Содан кейін Олимпиядан кезекті олимпиялық ойындар отетін қаладағы стадионға қолдан-қолға ауысып алаулы эстафета өтеді. Бұл эстафетада ұшақтар, кемелер, машиналар, мотоциклдер және т.б. келіктер пайдаланылып, езінің жолын Олимпиялық ойындар ашылатын стадиондағы салтанатта аяқтайды, арнайы жасалған шарада қашан ойындар жабылғанша жанып тұрады. == Дереккөздер == Санат:Олимпиада ойындары
'''Академик Қаныш Сәтбаев''' Алматыда 1999 жылы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрген суретті альбом. Басылымның демеушісі «Шеврон Мұнайгаз» ИНК. Бас редакторы В.С.Школьник. Қаныш Сәтбаевтың ғұмырнамасы суреттер мен құжаттар негізінде баяндалған. Республиканың мемлекеттік мұрағатындағы, Ғылым Қаныш Сәтбаев атындағы мұражайдағы, оның туыскандарының, шәкірттерінің жеке барлық деректер толық қамтылған, бұл мұрағаттар ғалым ғұмырнамасын бұрын белгісіз болып келген жайттармен толықтырып, байыта түседі. Сәтбаевтың суреттерде бейнеленген қас-қағым сәттері, ол бағалаған, оқыған, өзгертулер енгізген, ескертпелер жасаған, қарарлар жазған құжаттардың фотокөшірмелері арқылы оқырман қауым оның шынайы бейнесін көре алады. Альбом түрлі түсті суреттермен әсем безендірілген. Көлемі 160 бет. Таралымы 1500 дана. == Дереккөздер == Санат:Кітаптар Санат:Қаныш Сәтбаев
'''Олимпиялық әдебиет''', Қазақстанда Э. Жолымбетовтың Мәскеу XX Олимпиялық ойындарды шақырады" (1979), "Бес шығыршық" (1993 кітаптарымен басталады. Содан кейін П. Матущактың "Казахстанские спортсмены на Олимпийских играх" (1998), Н. Жүнісбаевтың "Олимпийский маршрут" (1999), "Олимпийский маршрут продолжается" (2002), П. Матущак, Д. Тұрлыханов, Қ. Закарьяновтың "Олимпийская гордость Казахстана" (2004), (Олимпиялық алау Алматыда 2007), Э. Жолымбетов, А. Құлназаровтың "от древный Эллады до Афины" (2004), О. Епубаевтың және т.б. авторлардың еңбектері жарық керді. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Академик Қаныш Сәтбаев''' ғалымды еске түсіруге арналған жинақ. 1965 жылы «Ғылым» баспасынан орыс тілінде жарық көрген. Кітапқа Қаныш Сәтбаевпен бірге қызмет атқарған көрнекті ғалымдардың, оның шәкірттері мен өмірінің әр кезеңінде ғылыми, өндірістік және қоғамдық қызметте болған адамдардың мақалалары енгізілген. Бұл ұлы ғалымның өсу жолы, Қазақстан ғылымының жетекші салаларының басты-басты өркендеу сатылары және оны қалыптастыру ісіндегі Сәтбаевтың рөлі жан-жақты баяндалған. Ғалымның республиканың аса бай минералдық қорларын зерттеу, металлогендік ғылымының күрделі мәселелерін талдау барысындағы жемісті қызметі әр қырынан ашылады. Әсіресе оның аса қымбат Жезқазған мыс кен орындарын ашу, Жезқазған мыс қорыту комбинаты құрылысын салу және Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының Геологиялық институтын ашып, қалыптастыру жолындағы белсенді еңбегі ерекше атап көрсетілген. Кітапта Сәтбаевтың Жезқазған мыс кен орнын зерттеу мен игерудегі және Жезказған мыс қорыту комбинатының, Қазақ КСР Ғылым Академиясы Геологиялық ғылымдар институтының құрылысын жүргізудегі қызметіне елеулі орын берілген. Жинаққа Ш.Шокин, Ш.Есенов, П.Антропов, П.Тәжібаева, И.Бок, С.Бәйішев, И.Галузо, тағы басқалары көрнекті ғылымдардың мақалалары мен естеліктері енген. Жинақ Сәтбаевтың фотосуретімен ашылып, ғалым өмірінің әр кезеңінен елес беретін суреттермен, деректі құжаттармен, қолжазба көшірмелерімен көркемделген. Көлемі 19,3 баспа табақ, таралымы 5000 дана. == Дереккөздер == Санат:Кітаптар Санат:Қаныш Сәтбаев
'''Александр Владимирович Стрельников''' (18.06.1957, Гудермес, Шешенстан) халықаралық спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген жатықтырушысы,, Ұлттық бокс құрама командасының жатықтырушысы, екі дүркін әлем чемпионы, Ұлттық бокс құрама команданың капитаны Серік Сәпиевтің жеке жатықтырушысы. Александр Стрельников бокспен 1969 1980 жылдар аралығында шұғылданған. КСРО-ның бокс бойынша спорт шебері, халықаралық турнирлердің жеңімпазы, КСРО чемпионатының қола жүлдегері (1977, Бішкек) 1980 жылдан бері Абай қаласындағы жасөспірімдер спорт мектебінде жатықтырушы. ==Атақты шәкірттері== Александр Стрельниковтің атақты шәкіртерінің бірі, боксшы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері, Парасат орденінің кавалері (2008 жыл) Серік Сәпиев. Серік Сәпиевтің бірінші жатықтырушысы, әрі бүгінгі күнге дейін танымал спортшыған тәлім-тәрбие беріп келе жатқан Александр Стрельников: Серік менің алдыма кел­генде 11 жаста еді. Өзі нәзіктеу, тұйық болатын. Бірақ көзіне қарап-ақ тегін бала еместігін аңғардым. Жанарында бір ұш­қын бар. Уақыт оза байқасам, өнері аздап ағасына келіңкірейді. Бақтай да техникалық арсеналы өте бай, жылдам боксшы бола­тын. Сондай қасиеттер Серіктің де бойынан табылды. Сол кезде мен бұл жігіттің шабысы ширақ болатынын байқадым, дейді. == Дереккөздер == == Сыртқы сілтемелер == Санат:Бокс жатықтырушылары Санат:1957 жылы туғандар Санат:Қарағанды облысының құрметті азаматтары
Телескоп '''Телескоп''' туралы, ол сыңардүрбі (теле және грекше skopeo қараймын) аспан шырақтарын сәуле арқылы бақылауға арналған астрономиялық құрал. Телескоп гаммалық телескоп, рентген, ультракүлгін, оптикалық, инфрақызыл және радиотелескоп; оптикалық сұлбасы бойынша айналы (рефлектор), линзалы (рефрактор) және айналы-линзалы телескоп болып бөлінеді. Телескоптардың көмегімен фотографиялық, теледидарлық, т.б. сәуле қабылдағыштарды пайдалану арқылы фотографиялық, спектрлік, т.б. бақылаулар жүргізіледі. Телескоптар пайдалану ретіне қарай: астрофизикалық (жұлдыздарды, планеталарды, тұмандықтарды зерттейтін) телескоп, Күн телескопы, астрометрикалық телескоп, серіктік фотокамералар (Жердің жасанды серіктерін бақылайтын), сондай-ақ метеорларды бақылайтын метеор патрульдері мен кометаларды бақылайтын телескоп, т.б. болып бөлінеді. Күн телескопының трубасы қозғалмай не горизонталь не верткаль тұрады. Телескоптың (оптикалық рефрактордың) көмегімен алғашқы астрономиялық бақылауды Г.Галилей жүргізді. == Түрлері == Радиотелескоп *Радиотелескоп жер атмосферасының мөлдірлік терезесі диапазонында космостық обьектілердің кабылдауға және тіркеуге арналған кұрылғы. Күн телескопы *Күн телескопы арнайы күнді және күндегі дақтарды көруге арналған телескоп == Дереккөздер == Қазақ Энциклопедиясы, 8-том Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0
'''Академик Қаныш Сәтбаев атындағы Екібастұз институты (ЕИТИ)''' 1994 жылдың мамыр айында қаладағы ірі өндірістер «Екібастұз көмір» МАҚ, «Екібастұз энергоқұрылыс» ӨЭҰ, АҚ, ОЭҰ, АҚ-ның өтініштерімен және солардың ұйымдастырылған жоғары оқу орны. Негізгі мақсаты жергілікті жерде жоғары білімді инженер мамандарын дайындау. ғылым доктары, профессор М.П.Марденов. Институт ашылған уақытта күндізгі бөлімге 140 студент, сырттай оқу бөліміне 100 студент қабылданған, сонымен қатар Павлодар индустриялды институтының 2-6-курстарынан Екібастұз бөлімшесінде оқитын 188 студент осы оқу орнына ауысты. Сол кезде институтта ғылым доктары, 15 ғылым кандидаты қызмет етті. Қазіргі кезде институтта 120 жоғары білікті мамандар мен оқытушылар қызмет атқарады. Олардың ішінде ғылым доктарлары Екібастұз институты, профессорлар: М.П.Марденов, Б.Б.Бекетов, А.Кебина, Ө.Р.Жұмашев, С.Қ. Молдабаев, Е.В.Максимов, Б.Ж.Оңайбаев, Д.С.Ахметбаев, ғылым кандидаттары Ж.Қ.Қамбаров, С.И.Иманғожин, тағы басқалары ұстаздық етеді. Оқу үрдісіне Қазақстанның ірі ЖОО ғалымдары: ҰЕА академик, техника ғылым доктары Б.Р.Рақышев, ғылым доктары Т.Қ. Досымбетов, техника ғылым доктары А.Х.Тілеуов, С.Н.Асамбаев, қаладағы кәсіп- орындардың, мекемелердің, банктердің ең білікті мамандары тартылған. Институтта төрт академик жұмыс атқарады (М.П.Марденов, Е.В.Максимов, Б.Ж.Оңайбаев, 2009-10 оқу жылдарында институттың оқытушысы мен қызметкерлері кандидаты және доктары диссиртация қорғады. Қазіргі кезде күндізгі оқу бөлімінде 645 студент, сырттай оқу бөлімінде 1712 студент білім алуда. Мемлекеттік грант бойынша 249 студент оқиды. Институтта мемлекеттік тапсырыспен мамандар дайындалады және грант жыл сайын техника мамандықтарға көп бөлінеді. Соңғы 12 жылда институт 2400 маман дайындап шығарды, қазір олар республикалық әр саласында қызмет атқаруда. Институттың кейбір түлектері Канада, АҚШ, Германияда жұмыс істеуде. 2004 жылдан бастап 14 мамандық бойынша кәсіби мамандар дайындалуда (экономика, менеджмент, автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйе, тау-кен ісі, металлургия, көлік, көлік техникасы мен технологиясы, жылу энергетикасы, электр энергетикасы, технологиялық машиналар мен жабдықтандыру, құрылыс, тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану, информатика, кәсіби оқыту). *1998 жылы институтта инженер-техника колледж (ЕКИТИ) ашылды. Колледжде құрылысшы, сонымен қатар бухгалтерлер мен менеджерлерді дайындайды. *1999 жылдан бастап ЕИТИ ҚР-ның Білім мекемесі қауымдастығының мүшесі. *2001 жылы ҚР Білім және ғылым министрінің шешімімен онда аймақтық тестілеу Орталық ұйымдастырылды. Осы Орталық Екібастұз жастарының Республика көлеміндегі ЖОО-ға оқуға түсуіне жол ашты. *Институтта 2001 жылдан бастап дәстүрлі халықаралық ғылым-практика, конференция «Сәтбаев оқулары» өткізіледі. Осы конференцияға Қазақстанның, жақын және алыс шет елдердің ғалымдары қатысып, өз мақалаларын жариялап келеді. Институт ғалымдары Максимов, Оңайбаев Қазақстанның 10 патентін ұтып алды. Марденов, Кебина, Оңайбаев, тағы басқалары ғалымдардың монографиялары басылымға шықты. Институтта жас ғалымдар мен мамандардың кеңесі жұмыс істейді. Студенттер жоғары оқу орындары арасында өткізілетін конференциялар мен олимпиадаларға қатысып, жүлдегерлік сыйлықтармен оралуда. ЕИТИ-дің ғылым-зерттеу жұмысының негізгі бағыты Павлодар мен Екібастұз аймағындағы кен байлықтары мен минералдық шикізаттарын энергетикада, құрылыс саласында, жылу көлікте, металлургияда кешенді түрде пайдалану. Осы аталған ғылым-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру барысында институтта кеңес ережесі» және «Ғылыми-зерттеу жұмысының ережесі» тиімді қолданылуда. Оқу, әдебиеттерге бай (187000 дана кітап) кітапханасы бар. Барлық оқулықтардың электрондық түрлерін алып, қазіргі заманға сай оқу залында пайдалануға мүмкіндік жасалған. Қаланың көптеген мамандары осы кітапханада білімдерін жетілдіреді. Институт жыл сайын оқу зертханасын кеңейтіп, жаңа толықтырып Зертханалық жұмыстар мамандықтар бойынша зертханаларда және өндіріс алаңдарында өткізіледі. Институтта 159 компьютермен жабдықталған компьютерлік сыныптар жұмыс істейді. Барлық пәндерден сабақтар, дипломдық, курстық жұмыстар осы сыныптарда өткізіледі, жазылады, интернетті еркін пайдалануға болады. Институттың жеке сайты бар. Студенттер арасында жыл сайын дәстүрлі мерекелік іс-шаралар өткізіледі. Олар қала, республика деңгейінде өткізілетін және спорттық ойындарға белсенді қатысады. ЕИТИ студенттерінің мамандық бойынша практиканы қаланың ірі өндірістерінде («Богатырь Көмір» ЖШС, «Евразия энергетикалық ассоциациясы», ЖАҚ, тағы басқалары) өткізулеріне мүмкіндіктер жасалған. ЕИТИ Ресей, Германия, Дания мемлекеттерімен серіктестік қатынастар жүргізеді және Еуро Союз «TACIS» грантын алу бағдарламасы байқауына қатысады. ЕИТИ екі деңгейлік жоғары білім беру жүйесінде жұмыс атқарады (бакалавриат, магистратура), мамандарды мемлекеттік және халықаралық стандартен дайындайды. 2004-05 оқу жылында институт несиелік білім беру жүйесіне көшті, бүгінгі күні барлық күндізгі және сырттай оқитын студенттер мамандық бойынша осы жүйемен білім алуда. Техникалық материалдық базалар қазіргі заманға сай жаңа технология материалдармен жабдықталған. 2010 жылы институт Оксфорд (Ұлыбритания) Еуропалық білім беру сапасының белгісіне ие болды. 2011 жылы институт Президенті Марденов Ұлыбританиядағы «ЕВА» әлем ғалымдарының реестріне кіргізілді. == Дереккөздер == Санат:Қаныш Сәтбаев Санат:Жоғарғы оқу орындары
'''Қаныш Сәтбаев атындағы оқу тәрбие кешені''' алғаш рет Ақкелін болысында 1903 жылы бастауыш орыс-қазақ мектебі ашылды. Әліппе ұстатып, әріп танытқан мұғалімдері: Г.В.Терентьев, Б.Уәлиханов, С.Жуанышбаев. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған оқушылары: Ғазиза Имантайқызы Сәтбаева, Ғариф Зәркешұлы, Кәрім Зындаұлы, Ғабдұлғазиз Имантайұлы Сәтбаев, тағы басқалары Қаныш Сәтбаев онда 1905-11 жылы оқыған. *1933 жылы «Теңдік бастауыш мектебі», *1938— 39 жылы Жеті жылдық мектеп құрылды. Осы жылдары мектеп-интернат атанды. *1989 жылы 27 мамырда мектепте Қаныш Сәтбаев мұражайы ашылды. Мұражай ғалымның өмір деректері бойынша құжаттар, заттар, кітаптармен жабдықталған. Онда ғалымның қызы Шәмшиябану Қанышқызының пайдаланған заттары, құжаттары, кітаптары бар бұрыш *2008-09 оқу жылында мектепте 172 оқушы білім алды. Мектепте «Қаныштану» факультативтік сабағы жүргізіледі. Әр жылда дәстүрлі «Сәтбаев оқулары» жинағы шығарылып отырады. Сәтбаев оқыған қарашаңырақ түлектері сан салалы мамандық бойынша еңбек етеді. Қазірде осы мектептен нәр алып, сусындаған түлектердің 24-і ғылым саласында, 215-і мұғалімдік қызмет атқарады. == Дереккөздер == Санат:Қаныш Сәтбаев Санат:Білім мекемелері
'''Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп''' Павлодар облысы Баянауыл аудандық Теңдік ауылында 1992 жылға дейін негізгі орта мектеп ретінде қызмет етіп келді. *1991 жылы академик Қ.Сәтбаев аты берілді. Өз тарихын төңкеріске дейін Ақкелін болысында 1903 жылы ашылған орыс-қазақ мектебінен бастайды. *1933-38 жылы Сарықамыс бастауыш мектебі, *1938-62 жылы Теңдік жетіжылдық мектебі, *1962 жылдан сегізжылдық, кейіннен орта мектеп деп аталды. *2001 жылы жаңа ғимаратка көшіріліп, техника құралдармен және жиһаздармен қамтамасыз етілді. Мектепте компьютерлік сыныптар, мәжіліс және спорт залдары, 60 орындық асхана, еңбек-техника және қызмет көрсету кабинеттері, оргтехника түрлері және спорттық, ауыл шаруашылық жабдықтары бар. Осы мектеп түлектерінің ішінде еліне танымал болған мектеп бітірушілер қатарында Қ.Сәтбаев, Ж.Жандосов, ғалымдары Ақышев, Х.Оспанов, Г.Садықова, Е.Көкенов, тағы басқалары бар. == Дереккөздер == Санат:Қаныш Сәтбаев
'''Қаныш Сәтбаев және Қазақстан ғылымы''' Алматыдағы «Ғылым» баспасынан 1999 жылы орыс тілінде жарық көрген кітап. Қ.Сәтбаевтың туғанына 100 жыл толуына жариаланған. Бас редакторы академик А.А.Абдулин. бөлімнен тұрады. Кітапта жарияланған мақала, очерк, естеліктердің авторлары академик Сәтбаевтың замандастары, Қазақстан, Ресей, Украина ғылымы мен мәдениетінің қайраткерлері, белгілі адамдар, тұңғыш Қазақ КСР Ғылым Академиясының президентін, академигін жақсы білген, оны ұлы геолог, гуманист деп атаған ғалымдар, оның сан қырлы және қызықты өмірі мен шығармашылық қызметінен сыр шертеді. Сондай-ақ еңбекке академиктің бүгінгі Қазақстан ғылымы мен өндірісі үшін маңызын жоймаған негізгі іргелі мақалалары енгізілген. фотосурет берілген. Көлемі 18,3 баспа табақ. Таралымы 500 дана. == Дереккөздер == Санат:Кітаптар Санат:Қаныш Сәтбаев
'''Қаныш Сәтбаев жерлестері жадында''' Алматыдағы «Жібек жолы» баспа үйінде 1999 жылы қазақ тілінде жарық көрген жинақ. Құрастырушы Қаныш Сәтбаев атындағы Халықаралық қордың Павлодар бөлімшесінің директоры О.Қожанов. Қазақ КСР Ғылым Академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай жарық көрген естелік кітапта Қаныштың жерлестері, замандастары Ә.Маргұлан, Ш.Шөкин, Ә.Сағынов, Қ.Мақатов, А.Қайыпов, З.Ақышев, Қ.Cабаев, Қ. Жәмінов, Ғ.Бекжанов, О.Қожанов, К.Салықов тағы басқалары оның ғибратты өмірі, азаматтық келбеті, кісілік қадір- қасиеті жайында сыр шертіп, ой бөліседі. Алғы сөзін жазған Сәтбаевтанушы жазушы М.Сәрсеке. фотосурет берілген. Көлемі 6,3 баспа табақ. Таралымы 1000 дана. == Дереккөздер == Санат:Кітаптар Санат:Қаныш Сәтбаев
'''Қаныш Сәтбаевтың қоғамдық ғылымдар жөніндегі мұрасы''' -1997 жылы «Ғылым» баспасынан орыс тілінде жарық көрген зерттеу еңбек. Авторы тарих ғылым кандидаты. Ғ.О.Батырбеков. Жауапты редакторы ҚР Ғылым Академиясының академик М.Қ.Қозыбаев, пікір жазғандар: Ғылым Академиясының мүшесі К.Нүрпейісов, тарих ғылым кандидаты. Х.Әбжанов. Бұл ұлы ғалымның қоғамдық ғылымдар саласындағы ғылым қызметінің энциклопедиясын сипатын ашуға талпыныс жасаған тұңғыш ғылыми-зерттеу болып табылады. Кітап «Қ.Сәтбаевтың өмірбаянын зерттеудің жайы», «Қ.Сәтбаев және Қазақстанның Ғылым академиясы. Ғалымның қоғамдық қызметі», «Қ.Сәтбаев еңбектеріндегі Қазақстан экономикасы мәселелері», «Қ.Сәтбаевтың Орталық Қазақстандағы біздің заманымызға дейінгі ескерткіштерге байланысты зерттеулері», «Қ.Сәтбаев фольклор мен әдебиет туралы», «Қаныш Сәтбаев өнер туралы», «Академик Қаныш Сәтбаевтың есімін мәңгі есте сақтау тарихы» деген тараулардан тұрады. Зерттеуші осы аталған өзекті тақырыптар бойынша ұлы ғалымның қызметін нақты деректер мен құжаттарға сүйене отырып, жан-жақты ашуға күш салған. Кітапта ғалым өмірі мен қызметінің әр кезеңдеріне қатысты фото және құжаттық материалдар берілген. Еңбектің көлемі 12,75 бет. Таралымы 500 дана. == Дереккөздер == Санат:Кітаптар Санат:Қаныш Сәтбаев
'''Академиктің жастық шағы''' мақала. Авторы Н.Анов. 1965 жылы «Қазақстан» баспасынан «Өмір операциясы» атты очерктер жинағы орыс тілінде жарық көрді. Құрастырушы Жинақта 17 жазушы, журналистің мақалалары топтастырылған. Кітапта Қазақстан ғалымдарының еңбектері, олардың батыл ізденістері тартымды жазылған. Ановтың мақаласы осы жинаққа енген. Оқырман қауым бұл мақаладан Қазақстандағы ғылымның дамуы, Кеңес өкіметі кезіндегі ғалымдардың табыстары жайында мол мағлұмат алады. Мақалада, сондай-ақ Қаныш Сәтбаевтың жастық шағы, студенттік кезеңі, ұстазы М.А.Усов және ауданында атқарған жұмыстары жайлы баяндалады. Жинақ көпшілікке арналған. Көлемі 15,92 бет. Таралымы 50 мың дана. == Дереккөздер == Санат:Қаныш Сәтбаев
'''Қаныш Сәтбаев: хаттар мен Алматыдағы «Атамұра» баспасынан 1998 жылы орыс және қазақ тілдерінде жарық көрген жинақ. Құрастырушы тарих ғылым кандидаты Ғ.О.Батырбеков. Академик Қ.Сәтбаевтың 1920- 60 жылы жазған барлық хаттары, анықтамалары, жазбалары, ескертпелері хронологиялық тәртіппен берілген. Онда ғалымның бай өмір жолы мен қайраткерлік қызметі, қиын кезеңдердегі Қазақстан ғылымының қалыптасуы мен дамуы көрсетілген. Жинаққа Қазақстан Орталық мемлекеттік мұрағатынан алынған құжаттар мен бұрын жарияланбаған материалдар енгізілген. 31 фотосурет қамтылған. Көлемі 10,9 баспа табақ. Таралымы мың дана. == Дереккөздер == Санат:Кітаптар Санат:Қаныш Сәтбаев
'''Қаныш Сәтбаевтың мұражай-үйі''' Қарсақбай қаласында орналасқан. 1926 жылы институтты жаңа бітірген жас инженер- геолог Қаныш Сәтбаев «Атбасцветмет» тресіне жұмысқа орналасады. Бұл Жезқазған аймағының болашағы, әсіресе, барланған мыс кенінің болжамдары дүдәмал жағдайда тұрған кезең еді. Ол Қазақстан Халық Шаруашылық кеңесінің өкілі ретінде трестің геологиялық тобын басқаруға Қарсақбайға келгенде бұл өлке қазынасын қойнына бүгіп жатқан табиғаты қатал аймақ болатын. *1929 жылы Қарсақбай мыс зауыты мен «Атбасцветмет» тресі біріктіріліп, Қарсақбай мемлекеттік мыс комбинаты құрылды. Сәтбаев жаңа өндірістің бас геологы және геология бөлімінің бастығы қызметіне тағайындалды. Қарсақбайға келген үш жылдың ішінде ол Жезқазғанның болашақ мыс қоры кем дегенде миллион тоннадан астам екендігін дәлелдеді. «Жезқазған мүмкіндігі жағынан дүние жүзінің бай мыс аймақтарына жатады және болашақта Американың белгілі мыс орындарын басып озады» деп жазды жас геолог ең алғашқы мақалаларының бірінде. («Қарсақбай ауданы және оның 1928 жылы «Народное хозяйство» журналы, №1). *Шын мәнінде 1938 жылдың өзінде бұл өлкенің барланған мыс миллион тоннадан асты. Ғұлама ғалымның артында қалған ұлы істердің іргетасы Қазақстан түсті қарашаңырағы Қарсақбайда 1926—41 жылы Сәтбаев үй ішімен тұрған қарапайым да қасиетті шаңырақта қаланды. Алғашында ағылшын басқарушысы Бельдонға арнап салынған үй Сәтбаевтар әулетінің құтты ұясы болды. Осы үйде ғалымның балалары дүниеге келіп, ер жетті. Екі пәтерлі үйдің бір басындағы шағын үш бөлмеде сол жылдары Қарсақбай мыс комбинатының бас геологы басқарған геологиялық барлау кеңсесі орналасты. Сөйтіп, бұл шаңырақ Сәтбаев іргесін қалаған геология ғылымының ең алғашқы құтханасы болды. *1930 жылы болашақ Үлкен Жезқазғанның, *1942 жылы Жезді марганец кенішінің тағдырын шешкен еңбек Қазақстанның металлогендік болжам картасының алғашқы жоспар-жобалары осы үйдегі ғалымның жұмыс кабинетінде, бүгінде жәдігерге айналған жазу үстелінде шешілді. Табиғатынан көпшіл, ізгі мәдениетті, ғылымның сан саласынан ұшан- теңіз білімді Имантайұлының шаңырағында жасөспірім баладан ауыл ақсақалдарына дейін небір ғұламалар бас қосқан. Ғалым- инженердің үйінде үнемі бос кереуеттер тұрған. Экспедиясиясы геологтары, зертхана қызметкерлері, бұрғышылар, таяу ауылдардың тұрғындарына дейін осы үйде қона жатып, ұлы тұлғаның шапағатымен шаруаларын бітіріп кетіп жататын. *Қазақ әдебиетінің классигі С.Мұқанов 1928 жылы Қаныштың жанында бір айдай болып, ел аралады. Кейін «Есею жылдары» кітабында «Қоштасарда Қазақстанның жер астындағы бар байлығы осы кісінің басында сияқты көрініп кетті. Расында да солай еді» деп еске алады. *1969 жылы сәуірде Қаныш Сәтбаевтың туғанына 70 жыл толуына орай ұлы ғалым 15 жыл тұрған үй мен бұрынғы кеңсесінің қабырғасы қосылып, мемориалдық мұражай болып ашылды. Осылайша бүкіл қарсақбайлықтар үлкен шаңырақ санайтын киелі орын мәдениет ошағына айналды. Сәтбаевтың жеке мұрағатынан алынған, оның ұрпақтары жинақтап өткізген жәдігерлер мұражай қорының басты құндылығы. Мұражай экспозициясын құруға ғалымның қыздары Ханиса, Шәмшиябану, Мейіз көп еңбек сіңірген. Көрмелерде Сәтбаевтың өмірі мен қызметін жан-жақты көрсететін, өлкенің өндірістік тарихын сипаттайтын деректер, қолжазба құжаттар, минералдар үлгілері, ғалымның еңбектері, ол жайлы әдебиеттер мен әр жылдардағы баспа материалдары жинақталған. Кішігірім залды қамтитын мұражай экспонаттары құндылығы мен мазмұны жағынан ерекше бағалы. Ұлы ғалымның киім- кешектері, күнделікті қолданған, тұтынған заттарына дейін қаз-қалпында сақталған. Ғалымның зайыбы Таисия Алексеевна (Кош-кина) Сәтбаева қысылған сәтте тақтай ретінде геологтың сызба үстеліне қамыр жаяды екен. Үйдің ауласына Қаныш отырғызған көшеттер бәйтерекке айналған. Негізгі қорды құрайтын мыңға жуық жәдігерлердің барлығы дерлік түпнұсқа ретінде бағаланады. Ғалымның мұражай-үйін қатарында алғашкы директоры, қарт ұстаз Ахмет Жұмабаевтың есімі құрметпен аталады. *1983-95 жылы Қаныш Сәтбаевтың мұражай-үйі (қазіргі «Қазақмыс») бірлестігі мұражайының бөлімшесі болып келді. *1995 жылы Жездідегі тау-кен және балқыту ісі тарихы мұражайы мәдени-тарихи кешенінің құрамына енгізілді. Бүгінде ол кенді өңірдің халқы кие тұтатын, саяхатшылар арнайы іздеп келетін тарихи-танымдық орын. == Дереккөздер == Санат:Қарағанды облысы мұражайлары Санат:Қаныш Сәтбаев
Ресейдің Сібірлік әкімдері 1833 жылы Баянауыл округін құрар қарсаңында, яғни 1829 жылы Павлодармен аралықта Қалқаман Жамантұз Қайдауыл Жалғызқұдық Қарасор бекеттерін ашады. Павлодардан Қалқаман 40 шақырым ол кезде бір күндік жер. Баянауылға барғандар да, Баянауылдан қайткандар да Қалқаман бекетіне түнемей өте алмайды. Екібастұзды алғаш игере бастаған кепес Артемий Деров Омбыға (Транссібір жолына) көмір жеткізу үшін 1893-95 жылы Ертіске дейін темір жол салғанда Қалқаман бекет міндетін атқарады. Алтай түрлі түсті металдар тресі бұл темір жолды 1924 жылы бұзып, рельстерін Өскемен Ридцер темір жолын салуға пайдаланады да, Қалқаман қайтадан бұрынғы бекеттік міндетін атқарып қала береді. Қазақтар оны Ақбарақ деп атады. Өйткені жазықта ақ шағала жалғыз үй көзге алыстан ұшырасатын. «Ақбарақ көрінгенде болдырып келе жатқан атқа да жан бітеді» деген сөз сол уақытган қалған. Қаныш Ақбарақ табалдырығын тұңғыш рет 1911 жылы аттады. Содан кейін Павлодар Баянауыл, Баянауыл Павлодар аралығына сапар шеккен сайын мұнда екі реттен қонып жүрді. Қаныш Сәтбаев дала күзетшісі Ақбарақ-бекетті соңғы рет 1959 жылы көрген. Машинадан түсіп, төңірегін айналып көп жүріпті. Бүгінде Павлодар Баянауыл аралығында елді мекен жетерлік. Баска бекеттердің іргесі де қалмаған. Ал Ақбарақ-бекет сайын далада, күре жолдардан жырақта әлі түр. == Дереккөздер == Санат:Көлік және коммуникация
'''Телефильм''' теледидарлық хабар желісінде көрсету үшін (теледидардың техникалық мүмкіндігін және теледидар экранынан қабылдау ерекшелігін ескере отырып) дайындалған арнаулы фильм. Телефильм ұғымына көбіне кино түсіру аппараты мен кинопленкаға түсірілген фильмдер жатқызылады. Қазіргі кезде бұл ұғыммен магниттік видеофонограмма да Мұнда кескін мен дыбыс көмегімен магниттік лентаға жазылады. Телефильм жасау кезінде теледидар экранының бұрыштық өлшемі киноэкранға қарағанда кішірек болатындағыығы ескеріледі. Сондықтан телефильм кинофильмдерден өзінің көркемдігі жөнінен ерекшелеу (ұсақ детальдарының аз болуы, т.б.) болып келеді. Телефильм көбіне көп сериялы және толық метражды фильмдер болып дайындалады. Телефильм 35 мм және 16 мм-лік кинопленкаға түсіріледі. Телефильм түсіруде кескінді магниттік лентадан кинопленкаға көшіру тәсілі де (не керісінше) қолданылады. ==Сілтемелер== Санат:Техника
'''Анай Теліұлы''' (17 ғасырда өмір сүрген) Қаныш Сәтбаевтың жетінші атасы. Арғын Қаржастың. Құлықе бұтағынан тараған Телі (Телі тентек атанған) әкесінің інісі Бегім ерте өлген соң оның жесірін әмеңгерлік жолмен алып, содан Анай туған. Телінің Анайынан Мырзагүл, Құл, Жәдігер, Нияз, Тоқсан және Құдайқұл туады. ''«Анайдың қалмақ әйелінен Жәдігер, қазақ әйелінен Нияз, ал сарттан алған әйелінен Құл мен Қозған...»'' дейді Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (Көпейұлының шежіресі, 60 6ет). Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы Мұса Шормановты жоқтаған (1885 жылы) аза жырында: ''«Арғы атасы сұралса ізгі өткен мырза Анайды, Қаржастың қасқа-жайсаңы Анайдан өріп тарайды...»'', дейді. Анай Бұқар жыраудың әкесі Қалқаман батыр Жолымбетұлымен заманы бір әрі үшінші атасында туысады. Ол қазақтың жоңғар жұртымен екі жарым ғасырға созылған азаттық соғысы дәуірінде өмір сүріп, атамекенін жаудан қорғау үшін ғұмырын ат үстінде өткізген ірі тұлға. Өткен ғасырда Мұса Шорманов, Имантай Сәтбаев сияқты көзі қарақты адамдар жазып қалдырған шежірелерінде Қаржас ауылдары Қаратаудың түстік бөктерінен Бұхар хандығының иелігіндегі Елібай деген жерге босып барғанда (жоңғар қонтайшысы Қалдан-Бошоқтың 1681-85 жылы аралығында қазақ қоныстарына тұтқиылдан басып кірген жойқын шабуылынан кейін болса керек) көш бастаушы Қалқаман батырға серік болған рубасы Анай мырза екендігі айтылған. Анайдың үш әйелінен туған алты ұлынан әлденеше әулет өрбіген. Үлкені Мырзағұлдан қаржас руын Баянауылға бастап келген Сәти ер, одан да алты ауыл тарайды, біреуінен Шорман би Күшікұлы (Ш.Уәлихановтың нағашысы). Ортаншысы Жәдігер, оның төрт ауыл қонған ұрпағының бірі Сатай мырза, одан Сәхбаевтар әулеті тарайды. == Дереккөздер == Санат:Қаныш Сәтбаев
'''Олимпиялық қалашық''', ойындарға қатысушылар, ресми өкілдер, қызмет көрсетушілер орналасатын кешенді қалашық. Ол ХОК-тың атқару комитеті бекіткен және Олимпиялық хартияның талаптарына сай болуға тиісті. Алғашқы Олимпиялық ойындар өткен кезде әрбір ұлттық Олимпиялық комитет өздерінің құрама командаларының мүшелерін өздері орналастыратын. Ал 1924 жылы Париждегі IX Олимпиялық ойындар өткен кезде спортшылар ағаштан жасалынған шағын үйлерге жайғасты, соған байланысты осындай мекенжайлар кейін" олимпиялық қалашық" деп аталды. == Дереккөздер == Санат:Олимпиада ойындары
'''Олимпиялық қозғалыс''', әрбір жылда өтетін ойындардың арасында ХОК және ҰОК-ттер үнемі жұмыс істейді. Олар Олимпиялық ойынды насихаттайды. Оның қаһармандары туралы кітаптар, деректі фильмдер, жарнамалар шығарады. Спорт мектептерінде, секцияларында лекциялар оқылады. ҚР-да Олимпиялық қозғалысты насихаттап, оны ел арасында дәріптеуге күш салып жүрген адамдар бар. Атап айтқанда спорт қайраткері Қ. Әшляев, журналист Н.Жүнісбаев т.б. солардың қатарына жатқызуға болады. == Дереккөздер == Санат:Олимпиада ойындары
Олимпиялық ту '''Олимпиялық ту''', жиектері әдіптелмеген ортасына бес түсті олимпиялық белгі (эмблема) салынған үлкен ақ орамал. Оның сәні мен көлемі 1914 жылы Прагада өткен ҰОК-тің конгресінде Пьер Де Кубертен сыйлаған туға сәйкес келуге тиіс. 1920 жылдан бастап барлық Олимпиялық ойындардың салтанатты ашылуларында флагштотқа кетеріліп келеді. == Дереккөздер == Санат:Олимпиада ойындары
'''Олимпиялық филателия''', 1-ші Олимпиялық ойындар ашылғаннан кейінгі екінші күні 1896 жылы сәуірде алғашқы почта маркасы айналымға түсті. Ерте дүниедегі Эллин атлеттерінің жарыстарын; жұдырықтасу, диск лақтыру, күймемен жарысу, олимпиядағы стадион, Амфора, Гермес, Ника, Акрополь бейнеленген бұл маркалар тек Олимпиялық ойындар ғана емес, күллі спорттық филателияның бастауы болып саналады. Қазақстанда Ғ. Қосановтың, Б. Артаев, О. Шишигина және т.б. олимпиялық чемпиондар мен жүлдегерлердің құрметіне почта маркалары шығарылды. == Дереккөздер == Санат:Олимпиада ойындары Санат:Пошта
'''Олимпиялық хартия''' Олимпиялық ойындардың жарғысы осылай деп аталады. Хартияның негізгі қағидалары 1894 жылы Парижде өткен Халықаралық спорт конгресінде бекітілген. Кейін оған түзетулер мен толықтырулар енгізілді. Бірақ жарғының нөгізгі бағыттары сақталды. Хартия ХОК-тың, ҰОК-тың және халықаралық спорт өзара қатынастарын, ХОК-тың мүшелерін сайлаудың атқару комитеттері мүшелерінің сайлану тәртібін, төрағаның міндеттерін, Олимпиялық ойынға құрама командаларды жіберу қағидаларын, жарыстардың бағдарламасын, мәдени шаралардың өткізу ретін, ойындарға қатысушылардың, ресми өкілдерінің санын, ойындардың ашылу және жабылу салтанатын өткізу, марапаттау рәсімдерін белгілейді. Олимпиялық хартия бойынша ойындар мемлекеттердің арасындағы жарыс емес, жеке адамдардың арасындағы жарыстар болып есептелінеді. Бірақ 1908 жылдан бастап, ХОК ойындар туралы мәліметтерде, есептерде, әртүрлі кітаптарда ресми емес командалық есептер шығарылып жүр. == Дереккөздер == Санат:Олимпиада ойындары
Олимпиялық (белгі) эмблема '''Олимпиялық (белгі) эмблема''', ХОК бекіткен, өзара айқастырылған түрлі-түсті бес шығыршықтан тұрады. Жоғарғы жағында көк, қара, қызыл үш, төменгі жағында сары, жасыл, екі шығыршық. Олимпиялық белгіге SITIUS, ALTUS, FORTUS! "Тезірек, биігірек, күштірек деген ұран да енді. әрбір ойындардың өзіне тән белгісі болады. Мұнда міндетті түрде белгіленетін бес шығыршықтан басқа ойындардың өтетін жылы, ойындар өтетін қаланың белгісі көрсетіледі. Мысалы, Рим олимпиадасында қаншық қасқырдың емшегін еміп тұрған Ромул мен Рем, Мехико олимпиадасында ацтектердің күнтізбесі бейнеленген. == Дереккөздер == Санат:Олимпиада ойындары
Азия мемлекеттерінің спорттық ойындары''' бұл спорт шаралары Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Индонезия, Үндістан сияқты құрлық бойынша спорт әжептәуір жақсы дамыған елдермен бәсекеге түспей спорт жағынан кейіндеп қалған елдердің халықтары арасында дене тәрбиесін көтеруге байланысты ұйымдастырылған болатын. Мұның тағы да бір басты сылтауларының дамымаған осы мемлекеттердің көбісінің қаржы тапшылығына байланысты спортшыларының Олимпиялық ойындар, тіпті АО-ына да қатыса алмаулары еді. Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің спорттық ойындары алғаш рет 1959 жылы Таиландтың Бангкок қаласында етті. 1961 жылы Рангун қаласында еткен II ойындарға Бирма, Камбоджа, Лаос, Малайзия, Сингапур, Таиланд, Вьетнам мемлекеттерінің құрама командалары қатысты. Бұл ойындар экономикалық даму жағынан кейіндеп қалған Азия құрлығының елдерінде дене тәрбиесі мен спорттық дамуына, осы мемлекеттер құрама командаларының АО-ына, Олимпиялық ойынға қатысуына әжептәуір ықпал жасады. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Орталық азия мемлекеттерінің спорттық ойындары''', 1991 жылы КСРО мемлекетінің ыдырауына байланысты бұрын империяның құрамында болған Қазақстан, Өзбекстан, Кырғызстан, Тәжікстан, Түрікмен елдері спортшы- ларының арасында осы елдердің ұлттық Олимпиялық комитеттерінің (ҰОК) үсынысымен Халықаралық Олимпиялық Комитеті (ХОК) бекіткен кешенді спорт жарыстары. Бірінші ойындар 1995 жылы Ташкентте, екінші ойындар 1997 жылы Алматыда, 3-ші ойындар 1999 жылы Бішкекте етті. 4-ші ойындар 2001 жылы Ашхабад қаласында етуге тиісті болатын. Бірақ бұл ұсынысты Түрікмен үкіметінің басшылары қабылдамады да, кезекті ойындар өтпей қалды. 2003 жылы Орта Азия мемлекеттерінің құрама командаларын Душанбе қабылдады. 1997 және 1999 жылдардағы ойындардағыдай 2003 жылгы ойындарда да ҚР-ның құрама 48 алтын, 31 күміс, 31 қола медальдарға ие болып, жалпыкомандалық бірінші орынға ие болды. Душанбеден кейін бұл ойындар өткізілген жоқ. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Марат Өтеғалиұлы''' (10.10. 1960, Махамбет пос. Атырау облысы) ҚР-ның ЕСЖ-сы (2004), Ұлттық Олимпиялық комитетінің мүшесі. 1998-2001 жылдардың арасында облыстық спорт бас- қармасының төрағасы, "ҚР-ның спортына еңбек сіңірген қайраткері". Ол Суворов атындағы (1982-1985) әскери училищесін және Қазақ спорт және туризм академиясын, Атырау мұнай мен газ институтын экономист мамандығы бойынша бітірген. == Дереккөздер == Санат:Тұлғалар
солға '''Теллур''' (латын. ''Tellurіum''; '''Te''') элементтердің периодтық жүйесінің VI тобындағы химиялық элемент, атомдық нөмірі 52, атомдық массасы 127,60. Табиғатта орнықты және массалық саны 107-ден 134-ке дейінгі 14 жасанды изотопы бар. Теллурды мажар геологы Ф.Мюллер (1740 1825) ашқан (1782). 1798 жылы неміс ғалымы М.Г. Клапрот (1743 1817) осы жаңалықты бекітіп, (латынша tellurіs Жер) элементке “теллур” атын берді. Жер қыртысындағы салмақ мөлшері 110–7%. Басты минералдары: алтаит, теллурвисмутит, тетрадимит, калаверит, креннерит, гессит, теллурит. Ерітінділері аморфты қоңырқай ұнтақ түрінде тұнады, кристалдық торы элемент химиялық тұрғыда өте маңызды болып табылады. Теллур күмістей сұр түсті, металдық жылтыры бар элемент, тығыздығы 6,24 г/см3, балқу 449,8С, қайнау 990С, Тотығу дәрежесі 2, +4, +6 сирек +2. Галогендермен, концентрлі HNO3, H2SO4-пен, қыздырғанда О2-мен әрекеттеседі. Теллурдың бірнеше әлсіз қышқылдары (H2Te, H2TeO3, H6TeO6) белгілі. Теллурды көбінесе мыс электролитті қоқырлардан алады. Оны шалаөткізгіш ретінде, қорғасынның механикалық қасиетін жақсарту, шойынды ағарту үшін, шыны-керамика өнеркәсібінде, т.б. қолданатыны белгілі. == Физикалық қасиеті == Теллур металл жылтырлығы бар нәзік күмістей ақ зат. Жұқа қабаттарда, жарықта қызыл-қоңыр, жұпта алтын-сары. Қыздырған кезде ол пластикке айналады. Кристалл торы алтыбұрышты. Жылулық кеңею коэффициенті 1,68 10−5 1. Диамагнетик. 0,34 эВ жолақ аралық жартылай өткізгіш, өткізгіштік түрі қалыпты жағдайда және жоғары температурада p, төмен температурада (өту шекарасы тазалығына байланысты -80 C-тан -100 C-қа дейін). Санат:Химиялық элементтер
'''Талғат Әбенұлы Өмірәлиев''' (13.11.1961, Талғар қаласы), ауыл спортының жанашыры, облыстық волейбол, футбол мүшесі. Сарқант, Талғар аудандарында әкім болды. Облыста мектеп оқушыларының "мың бала" спартакиадасын, футбол чемпионаттарын ұйымдастыруға, жоғары топтағы "Жетісу" әйелдер командасын құруға белсене атсалысты. Әкімнің қолдауымен Нұра, Гүлдала, Панфилов, Тұздыбастау ауылдарындағы мектептерде спорт залдары ашылды. == Дереккөздер == Санат:Тұлғалар Санат:Қазақстан аудандарының әкімдері
'''Поуэрлифтинг (күш үшсайысы)''', жеке спорт түрі ретінде 1970 жылдан дами бастады. Оған күш жаттығуларының үш түрі белтемірді иыққа салып зілтемірмен отырып-тұру, ұзынынан жайылған тақтай төсеніштен зілтемірді екі қолмен сығымдай көтеру, бел жазылғанша зілтемірді жерден жоғары тарту. Мұның алдыңғы екеуінен Әлем жарыстары жеке өтеді. Көпсайыс бойынша жеңімпаз үшсайыстың қорытындысымен анықталады. Арқасының немесе баска бір бұлшық еттерінің созылуына (жарақат алуына) байланысты кейде чемпиондар жеке жаттығулар бойынша анықталады. Поуэрлифтингтен жарыста салмақ дәрежелері бойынша сынға түседі. Ер кісілер 52,56,60,67, 5,75, 82, 5, 90, 100,- 125,+125 кг; әйелдер 44, 48, кг салмақ дәрежелеріне белінеді, республикалық, құрлықтық, әлемдік рекордтар есепке алынады. ==Қазақстандағы поуэрлифтинг == поуэрлифтинг''' 1988 жылдан бастап дамыды. Осы жылы желтоқсан айында Алматыда республикалық -чемпионаты өтті. Поуэрлифтинг секциялары Алматыда, Қарағандыда, Павлодар, Қостанай, Қызылорда қалаларында ашылды. Алғаш рет қарағандылықтар В. Боханов пен Ф.Тосуниди КСРОчемпиондары атанды. 1992 ж. Үндістанның Ожамшетлуря қаласында Азия чемпионаты өтіп осында республиканың құрамасы жалпыкомандалық бірінші орынды жеңіп алды. Өз салмақ дәрежелері бойынша Ф.Тосуниди, С.Шевченко, B. Шкирман, С.Рубцовтар Азия чемпионы атанды. Ал абсолютті чемпион атағына теміртаулық А. Сивоконь ие болды. 1993 ж. Швейцарияда өткен Әлем чемпионатында Қазақстанның тек алдарына АҚШ пен Финляндияның командаларын ғана салып үшінші орынға ие болды. Осы жылдары ҚР-ның ECШ- сы атағына C. Коржов (Алматы), К.Жүкенов, М. Кудрявцев, Б.Шейко, А.Никитин (барлықтары да Қарағанды облысынан) К.Жанпейісов (Алматы) ие болды. == Дереккөздер == Санат:Спорт Санат:Тұлғалар
'''Галина Анатольевна Муленкова''' (31.05.1958, Алматы қаласы), альпинизмнен, семсерлесуден, мәнерлеп сырғанаудан СШ-іне кандидат, Іле Алатауына шығушылардың бірі. Памирге (1986- 87), Орталық Тянь-Шаньға (1988 -90,1989-96), Алтайға (2002) жасалған экспедицияларға қатысты. "Хан Тәңірі" фестивалінің және Әлемнің ең жоғарғы биігіне алғашқы көтерілудің 50 жылдығына арналған Эверестке жақын треккингке қатысушысы. Шығармашылығы: "Альпинизм школа мужества" (1987), "Намаете, Эферест!" (1998), "Фестиваль это люди, горы песни" (2000) деректі фильмдерді, "Антрактида" (2002), "Гора сердце Евразий" (2002). Қазақстанның табиғаты туралы "Каньон Чарына", "Изумруды Небесных гор" (2003) фильмдері сценарийлердің ав¬торы. "Хабар Агенттігі" АК-ының тілшісі, спорт комментаторы. == Дереккөздер == Санат:Алфавит бойынша мәнерлеп сырғанаушылар Санат:КСРО мәнерлеп сырғанаушылары Санат:Алфавит бойынша альпинистер Санат:Спорт журналистері
'''Ғазиз Ақмұрзаұлы Нағыметов''' (21.12.1967, Қарағанды қаласы.), спорт журналисі. ҚазМУ-дің филология факультетін 1994 жылы бітірді. "Новое поколение" газетінде (1995-97), "Хабар-спорт" (1997), "Қазақстан (1998-99), "Қазақстан спорты" ақпараттық агенттігінде (2000) жұмыс жасады. тақырыбы сан алуан спорт әлеміндегі мәселелерден хабардар ету, талдау мақалалары, проектілер, сұхбат және репортаждар. == Дереккөздер == Санат:Алфавит бойынша журналистер Санат:Қазақстан журналистері
'''Әуетаяқ''' ертеде балалар қой жаюға шыққанда көктем, күз мезгілдерінде ойнайтын ұлттық ойын түрі. Ойын кең, үлкен алаңда ойналады, оған адамнан 10- 12 адамға дейін қатысуға болады және ойыншылар жұптасып бөлінеді. Жүргізуші бірінші жұпты шақырып, оларға жұмыр таяқ ұстатады, таяқтың ұзындығы 80 см, диаметрі 2-З см. Бірінші ойыншы 3-4 метр жерге ұзақтап, таяқты жоғарылата алға қарай лақтырады. Ал екінші ойыншы іле-шала қолындағы таяғын дәлдеп, ауадағы таяқты нысанаға ала лақтырады. Таяқ лақтыруды және оны көздеуді жеребе бойынша жүргізеді. Екі топқа бөлініп ойнаған ойыншылардың қайсысында дәл тигізгендері көп болса, соған ұпай беріледі де, жеңімпаз болып саналады. Жеңілген топ белгіленген жерге дейін жүгіреді немесе бірнеше өлең айтып, айыбын өтейді. Кейде жеңген топ жеңілгендерді таяқпен ұру арқылы да айып өтеу тәсілін қолданады. Жазық далада, таза ауада ойналатын әуетаяқ ойыны балаларды дәлдік пен шапшаңдыққа, жылдамдыққа баулиды және дене бітімін шыңдайды. Бұл ойын түрі қазақтар арасында кеңінен таралған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Әулие ағаш''' мола, бұлақ басына немесе айдалада жалғыз өскен, діңі ерекше үлкен, жуан ағаш. Ондай ағашты киелі санап, басына барып сыйынып, ырымдап ақтық (шүберек, әлем) байлайды. Мұндай ғұрыптық жосын әулие ағаш мифтік үш әлемді аспан әлемін, жерді, жер астын жалғастырып тұратын дәнекер функциясын атқарады деген көне наным-сенімнен бастау алады. Қазақ даласында әулие ағаштар көптеп кездеседі. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Әмин''' дұға оқып, бата қылу үстінде қол жайғанда айтылатын, қабыл болсын дегенді білдіретін діни ғұрыптық сөз. Қазақы ортада ас келгенде үлкен атадан немесе жасы үлкен қариядан бата алу мақсатында жас бала немесе бата тілеген адам қолын жайып ал әмин деп айтады, осы кезде ақсақал асқа, дастарқанға бата жасайды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Әуіт''' кішігірім өзен, бұлақ, сай, жылға аңғарларында бөгет салу жолымен жасалған, көлемі бір шаршыдан аспайтын суқойма, яғни, су жиналатын шұңқыр. Қазақ егіншілері егістік жерлерін сумен қарапайым тәсіл арқылы қамтамасыз ететін. Мұнда су көтеретін құрал қолмен жұмыс істеп, жақын жатқан бір арықтан екінші арыққа тасымалданатын, тек өздігінен ағып бара алмайтын жағдайда, осыдан су өз ағысымен егістікке баратын. Осындай жолмен қолмен суару ландшафтық аймағына байланысты бірнеше түрге бөлінді. Торғай өңірінде өзен, көлдерден арық арқылы тартылған су егіске жақын орналасқан әуітке жиналатын. Мұндағы су егістікке қарапайым су көтергіш құрал құлқауғаның көмегімен жеткізілетін. Онда жіп ұзын сырықтың екінші ұшына байланатын, ал салмақ екінші басында болады. Сырық мынадай жұмыс істеу тәсілімен орналастырылды: төмен түсіргенде шұқырдағы суды іліп, жоғары көтергенде дайындалған саз астауға құйылады, су егістіктен жоғары орналасқан соң, егіс даласын суғаруга қолайлы атыздарға бөліп су жібереді. Егіншілікті ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері, іс-тәжірибелері қандай деген сұрауға жауап ретінде әртүрлі тарихи, археологиялық деректер табуға болады. Бірақ қазылған арық, тартылған тоғандардың іздері көп жағдайда белгі-бедерсіз жоғалып кетіп жатады. Атыз, жап, ыза суы, топырақ суы, қарық суы, орақ суы тәрізді кәсіптік атаулардың қатарында егіншілік ұйымдастыру әдісіне қатысты сөздердің бірі әуіт бұл көне атау жергілікті тілде сақталып қалды. Байырғы Талас өңірінде Шұқырәуіт, Қызыләуіт тәрізді елді мекен атгары бар. Көктемде жиналған қар, жаңбыр, бұлақ суларын үлкен қазан шұңқырға, ойпаңға бөгеп, оны егіндікті, жайылым жер мен шабындықты қолдан суару үшін пайдаланып отырған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Полевая Галина Павловна''' (3.09.1958, Алматы қаласы), көркем гимнастика СШ-І (1974). Қазақстанның бірнеше дүркін командалық есепте Әлемнің КСРО құрама командасының мүшесі. КСРО халықтары Спартакиадасына қатысушысы (1979). "ЕР" ЕСҚ- ның бас жаттықтырушысы (1981- 84). 1992 жылдан "Қазақстан" телеарнасының спорт жаңалықтарын жургізушісі. 1997 жылдан "Хабар" агенттігінің спорт комментаторы. == Дереккөздер == Санат:Алфавит бойынша гимнасттар Санат:КСРО гимнастары Санат:Спорт журналистері
'''Қадырбек Рысбеков''' (16.06. 1962, Ақмола облысы Теңіз ауданы Жанбебек ауылы) спорт журналисі, Республикалық "Жас апаш", "Егемен Қазақстан" газеттерінің спорт шолушысы, "Ер Дәулет" агентігінің директоры (1984-99). 1999 жылы ҚР Туризм және спорт агенттігінің баспасөз хатшысы, республикалық спорт комитетінің орынбасары (2009) Шығармалары: Дәулет (1994), "Сұр- мерген Фервард" (1999), "Қазақ балуандар" (1998), "Казак боксшылары" (2000) жинақтарын құрастырушысы. == Дереккөздер == Санат:Алфавит бойынша журналистер Санат:Қазақстан журналистері
'''Темір ауданы''' Ақтөбе облысының батыс бөлігіндегі бөлініс. Орталығы Шұбарқұдық кенті. == Географиялық орны == Темір ауданы Мұғалжар, Байғанин, Ойыл, Қобда аудандарымен шектеседі. Аудан Ақтөбе облысының батысында, Мұғалжар тауының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Ең биік жері 355 (Бадамша ауылының тұсында). Оңтүстік-батысы сай-жыралармен тілімделген жазық болып келеді. == Тарихы == Ауданның іргесі 1869 жылы құрамында 17 болысы бар уезд орталығы болып қаланған. Ол қазіргі Мұғалжар, Темір, Ойыл, Байғанин, Қобда аудандарының оңтүстігін қамтыған. 1921 жылы 27 болыс болды және Ақтөбе губерниясындағы аудан орталығы, 1923 жылы Ақтөбе губерниясының іріленуіне байланысты Темір уезі (14 болыс) аталған. 1928 жылы уез таратылып, 1930 жылы ауданға айналды. 1935 жылы одан Жұрын ауданы бөлініп шықты. Қазіргі Темір ауданы 1972 жылы құрылған. == Пайдалы қазбалары == Жер қойнауынан мұнай, тас темір, құрылыс материалдары барланған. 1967 жылы алғаш рет Жаңажол мұнай-газ конденсат кен орны табылып, 3000 тереңдіктен алғаш рет жоғары дебитті мұнай ағымы алынды. Бұл кен орны 1983 жылдан бері игерілуде. == Климаты, топырағы, өсімдігі мен жануарлар дүниесі == Климаты тым континенттік, қысы суық, жазы ыстық, қуаң. Ауаның орташа жылдық температурасы қаңтар айында –15 17°C, шілдеде 22 24°С. Аудан жерімен Ойыл, Темір, Шилі, Құмды, Бабатай, Шығырлықұмды, т.б. өзендер ағып өтеді. Жер қыртысында негізінен қызғылт қоңыр, бозғылт қоңыр және сортаңды сұр топырақ басым. Оларда боз, бетеге, жусан, изен, сұлыбас, қамыс, құрақ өседі. Аңдардан қасқыр, қарсақ, борсық, жабайы шошқа, ақбөкен, ондатр, сарышұнақ, аламан тышқаны кездеседі. == Халқы == Тұрғынадар саны 37740 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (95,82%), орыстар (2,55%), украиндар (0,25%), немістер (0,05%), татарлар (0,08%), басқалары (0,53%). Тұрғын халықтың басым бөлігі автомобиль және темір жол және ірі өзен бойларында, мұнай өндіретін өңірлерде біршама тығыз қоныстанған. == Ауылдық округтер == Ауданда 25 елді мекен қалалық әкімдік пен ауылдық округке біріктірілген: Ауылдық округ/қала Халқы (2009) Елді мекендері Ақсай ауылдық округі 940 Ақсай, Бірлік, Шығырлы, Ащысай ауылдары Алтықарасу ауылдық округі 584 Алтықарасу, Еңбекші, Сарытоғай ауылдары Жақсымай ауылдық округі 984 Шұбарқұдық кәсіпшілігі, Жақсымай ауылдары Кеңесту ауылдық округі 526 Қопа, Қалмаққырған, Шитүбек ауылдары Кеңқияқ ауылдық округі 165 Кеңқияқ, Бәшенкөл ауылдары Қайыңды ауылдық округі 284 Құмқұдық, Бабатай, Шибұлақ ауылдары Сарыкөл ауылдық округі 571 Шұбарши кенті, Сарыкөл, Құмсай, Қопа ауылдары Тасқопа ауылдық округі 994 Тасқопа ауылы Темір қалалық әкімдігі 985 Темір қаласы, Жамбыл ауылы Шұбарқұдық ауылдық округі 11 199 Шұбарқұдық кенті == Ауыл шаруашылығы == Ауданда 1996 жылға дейін астық, оған қосымша биязы жүнді қой, етті-сүтті мал, жылқы, көкөніс, бақша өсіруге маманданған кеңшар, мал бордақылау бірлестігі болған. Нарықтық экономикаға өтуге байланысты олар түгелімен дерлік Нәтижесінде ауданның ауыл шаруашылығы саласында ЖШС және 384 шаруа қожалығы ұйымдастырылды (2005). Ауыл шаруашылығына жарамды жердің аумағы 1,261 миллион га, шабандығы 36,1 мың га, жайылымы 1,131 миллион га. Ауданда қой мен ешкінің саны 94,7 мың бас, жылқы 5,5 мың бас, түйе 0,45 мың бас болды (2005). == Өнеркәсібі, инфрақұрылымы == Өнеркәсіп саласында аудан аумағында бірнеше ірі кәсіпорындар бар. Олардың ішіндегі ірілері: “Қарақамыс”, ЖШС, “Көлік” АҚ, “Әлия жолдары”, “Шанс-1”, “Манас”, “Айқап”, “Сагор”, “Тасқұдық”, “Толғанай” ЖШС-лары, т.б. Білім беру, мәдениет мекемелерін жалпы білім беретін 32 мектеп, мәдениет үйі, 14 кітапхана құрайды. аурухана, ауданы аурухана, санэпидстанса, 17 пункт ел денсаулығын сақтауға қызмет етеді. Аудан аумағында археологиялық және табиғат жалпы саны 41. Аудан жерімен Атырау Қандыағаш темір жолы, Ақтөбе автомобиль жолы өтеді. == Дереккөздер == Санат:Темір ауданы
'''Баған өрнек''' киіз үй есігінің жақтауларына, ағаштан жасалған үй жиһаздарына, қақпаларға, адалбақанға, піспектің сабына, кебеже мен асадалдың аяқтары сияқты шаруашылық және тұрмыстық бұйымдарға ойылып салынады. Бір-біріне тізбектеле жалғасқан біртекті немесе әртүрлі (аралас) мотивтерден тұрады. Яғни бұйымның қолданыстық ерекшелігіне байланысты баған өрнек зооморфтық немесе көгерістік (біртекті), сондай-ақ, әртүрлі болуы мүмкін. Баған өрнек көбінесе бұйымға бойлата салынады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет Санат:Киіз үй
'''Бағана'''- тұрақты баспананың төбеге жабылған ағашын берік ұстап тұратын ұстын, тіреу (ағаш) діңгек. Қазақ түсінігінде үй тіреусіз, бақансыз болмауы керек. Яғни бағана ғұрыптық функция да аткарады. «Тіреусіз үй көр» деген тұрақты сөз тіркесі осыған байланысты қалыптасса керек. Сондықтан қыстық тұрақты баспана салған қазақтар үйдің төбе жабынына қарай арқалықтың бір жерінен ағаштан тіреу қойған және оны бақанға ұқсатып «бағана» алтыннан, күмістен жасалған бұйымның оймышталған бетіне жалатып, өрнектеп әшекейлейді. Қорытпаны пайдаланып, зергерлік бұйымдарды әшекейлеп безендіру тәсілін бағдар жүргізу, бағдарлау, қарала жүргізу, кавказдау деп атайды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Бағар көбейсін''' мал басы көбейіп, өсе берсін, бағатын мал мол болсын деген мағынада малшыларға қарата айтылатын тілек. Қазақы салт бойынша өрісте мал бағып жүрген малшымен кездескен кезде бағар көбейсін деп амандасу, сонымен қатар бата беруде бағар көбейсін деп айту игі тілектен туған. Диқанмен амандасқанда Қырман тасысын! Қыдыр дарысын! дейтіні сияқты бұл да малшымен амандасу салтында орныққан тілекті сөз басы. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Николай Дмитриевич Сафьянов''' (18.07. 1937) журналист, спорт фото тілшісі. 12 жастан бастап бокспен шұғылданды. ҚазДТИ-ді (1963), ҚазМУ-ді бітірген. "Ленинская смена" республикалық жастар газетінің фототілшісі болып істеді. Республикалық баспасез беттерінде боксты белсенді насихаттады. Бокс федерациясының президиумына сайланды халықаралық және қазақстандық фотокөрмелерге қатынасушы, суреттері 40-тан астам спорт түрлеріне арналған. Шығармашылығы: "Звезды Казахстанского ринга" (1998). == Дереккөздер == Санат:Спорт журналистері Санат:Алфавит бойынша журналистер
'''Бағзама''' жуылған кір суының атауы. Кір суы кез келген жерге төгілмейді. Ол үшін үйден аулағырақ жерден су төгуге арналған шұңқыр қазылады. Бұл кір суы төгілген жер лас және ондай жерге жын-шайтан үйір болады деген түсінікпен байланысты. Сондықтан кір суы төгілген шұңқырдың маңайында бала-шағаның ойнауына және кешқұрым әйел адамға қайталай кір суын төгуге тыйым салынған. Дәстүрлі орта ұғымында әйел адам кешқұрым кір суын төксе және түн мезгілінде кір жайса, оған күл-қоқыс, лас жерлерде жүретін жын-перінің салқыны тиеді-мыс. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Бағымшы''' той күтушісі, той қызметшісі. Үлкен той өткізу үшін бірер күн бұрын ауыл адамдары шақырылып, мәслихат өткізілген. Сол мәслихатта тойдың басталар, аяқталар уақыты, қонақтарды күтудің тәртібі, тойға сойылар мал саны, қонаққа қанша үй шақырушылар, хабаршылар, соның ішінде бағымшы тағайындау сияқты мәселелер егжей-тегжейіне дейін ойластырылып белгіленеді. Бағымшылар күтіп алушылар, қонақ көліктерін күтушілер, ошақ қазушылар, отыншылар, табақ тасушылар, қолға су құюшылар деген категорияларға бөлінеді. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Баданаз''' жаңғақ жемісті өсімдіктерге жататын жеміс ағашы, бұта және сол ағаштың жемісі. Баданаз тау беткейлерінде өседі. Баданазның жемісі ірі, етті, ішінде сүйегі болады. Шыбық күйінде отырғызылган баданазның күтімі жақсы болса, 5-6 жылда биіктігі м-ге дейін жететін ағаш болып жетіледі. Баданазның жемісін жеуге болады, ал тамырынан бұрынғы кезде бояу алған. Баданаз жемісінің үлкендігіне байланысты дөңгелек үлкен көзді адамды баданаз көз, үлкен «көзді» (қасты) жүзікті баданаз көз жүзік, ал кейбір тұрмыстық тұтыныс заттардың көлеміне байланысты оларды баданаздай деген анықтауыш арқылы сипаттаған. Мысалы, баданадай бұршақ, баданадай жүгері деген сияқты. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Базарлық''' алыс сапарға, сауда жолына шыққан адамдардың үйіне, көрші-қолаң, сыйлас адамдарына, жас балаларға, жерлестеріне әкелетін ірілі-ұсақты сыйлықтары, Базарлық әдетте өз елінде сирек кездесетін таңсық зат, бұйым түрінде болады. Дәстүрлі ортада базардан келе жатқан кісіден базарлық сұрау салты болған. Ескеріп базарлық әкелу жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі, қауым мүшелерінің арасында дәнекер, әлеуметтік, моральдық қатынастарды жүзеге асырудың бір тетігі ретінде де бағамдауға болады. == Дереккөздер == Санат:Қазақ салт-дәстүрлері
'''Базаршы''' базардан керек-жарағын алушы, яғни базарға сауда жасауға келген адам. Көшпелі тіршілік салтын ұстанған қазақтар әредік қалалар мен уақытша ашылатын базар, жәрмеңкелерге келіп, тұтынуға қажетті керек-жарағын сатып алып тұрған. Мұны дәстүрлі ортада базарлай келу, ал базарлаушы адамды базаршы деп атаған. Базаршы сауда-саттық жасауды кәсіп етпейді, пайда табуды көздемейді. Өзінің және ауылдастарының өндірген шаруашылық өнімдерін керекті бұйымдарға айырбастап, қажетін өтейді. Қазақта базаршыдан базарлық алу салты бар. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Аманкелді Муатқанұлы Сейітханов''' (11 мамыр 1969, Мақаншы селосы, Шығыс Қазақстан облысы 16 тамыз 2021) қазақстандық тележүргізуші, == Өмірбаяны == 1991-1994 жылдары «Спорт» газетінде істеп, 1994 жылы «Қазақстан» «Тұғыр» атты бағдарлама ашып, жүргізушісі болған. Ол телеарнадағы спорт бөлімінде бас редактордың орынбасары қызметін де қатар атқарды. Кейін «Құмсағат» бағдарламасының спорттық ақпараттар бойынша продюсері атанды. 1997 жылы «Хабар» арнасына ауысып, осы күнге дейін аталған агенттікте жұмыс істеп келді. Футболдан 1998 жылы Франциядағы Әлем чемпионатында қазақ тілінде комментатор болды. Одан кейін 1999 жылы Бангкоктегі Азия ойындарын, 2000 жылы Сиднейдегі Олимпия ойындарын, 2002 жылғы ақ Олимпиаданы «Хабар» арнасының эфирінде қазақша сөйлетті. 2019 жылы түсірілген "Бекзат" фильмінде өз-өзін сомдады. 2021 жылы 16 тамызда ауырып көз жұмды. == Марапатттары == 2000 жылы еліміздегі спорт журналистеріне берілетін Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты атанды. == Дереккөздер == == Сілтемелер == Фейсбуктегі профилі Санат:Қазақстан Санат:Спорт журналистері
'''Сәуірдің 17''' Григориан күнтізбесінде жылдың 107-ші күні (кібісе жылдарда 108-ші). Жылдың аяғына 258 күн қалады. == Мерекелер == Дүниежүзілік гемофилия күні. «Ту күні». Өртке қырсы қызмет күні. қарсы жеңіс күні (1961 жылдан). Тәуелсіздік күні (1946 жылдан). Балаларды қорғау күні. == Оқиғалар == == Туғандар == 1894 жыл Никита Сергеевич Хрущёв, КОКП ОК бірінші хатшы, 1958—64 жж. КСРО Министрлер Кеңесі төрағасы, Кеңес Одағы ері, үш рет Социалистік еңбек ері. == Қайтыс болғандар == 1892 жыл Макензи Александр, шотландиядан шыққан канадалық мемлекеттік қайраткер, Либералды партиядан шыққан Канаданың бірінші 1993 жыл Тұрғыт Озал, Түркияның саяси қайраткері == Сыртқы сілтемелер == == Дереккөздер == Санат:17 сәуір
Қарағанды вокзалы '''Қарағанды темір жол вокзалы''' Қарағанды темір жол стансасының вокзалы. Алдында вокзал алаңы орналасқан. Жолаушыларды қабылдап жөнелтеді және оларға қызмет көрсетеді. Ғимараттың жобасын «Ленгипротранс» институтты жасаған (авторы 1956 жылында вокзалда жолаушылардың күту залы, уақытша тоқтағандар мен балалы әйелдер дем алатын бөлмелері, байланыс бөлімшесі және телефонмен сөйлесетін пункті, анықтама бюросы,Темір жолы билеттерін сататын кассалары, дәрігерлік пункті, кол жүгін сақтайтын қоймалары, шаштаразы, азық-түлік сататын, дәріхана және газет-журнал киоскілері бар. Жолаушыларға арналған зал ішінде қала төңірегіңде қатынайтын поездарға билет сататын АБ-6,теңгелерді ұсактайтын автоматтар орнатылған. Вокзалдың іші және күту залдары мүсінші, ҚазКСР-інің еңбек сіңірген суретшісі барельефтерімен әшекейленген. Жыл сайын вокзал орта есептен 1,5 млн-ға жуық жолаушыға қызмет көрсетеді. ==Дереккөздер== Санат:Қарағанды
'''"Спорт"''', Республикалық спорт газеті 1959 жылдан бастап қазақ және орыс тілдерінде Алматыдан шығады. Мерзімдігі аптасына рет. 1991 жылға дейін көлемі жарты баспа табақ болып жарыққа шықты да, 1992 жылы көлемі екі есе ұлғайды. Тәуелсіздік жылдары бірнеше жылдай жарық көрді де, жабылып қалды. == Дереккөздер == Санат:КСРО газеттері Санат:Қазақстан газеттері Санат:Спорттық басылымдар
'''Талапбек Сұлтанбекұлы Сұлтанбеков''' (1.09.1930, Алматы облысы Ақсу селосы) Тоғызқұмалақ ұлттық ойыны бойынша, орыс және халықаралық дойбы бойынша СШ-і, КСРО Журналистер одағының мүшесі, тоғызқұмалақ пен дойбыдан Республика бірлестігінің президенті (1994-75), республикалық спорттық журналистиканың негізін салушылардың бірі. Мәскеудегі бірінші Бүкілодақтық шеруіне қатысушы (1964). Республикалық ғылыми- көпшілік жастар журналы "Білім және еңбекте" бас редакторының орынбасары (1959-62), бас редакторы (1962-69) болып қызмет істеді. Дене тәрбиесі мен спортты белсенді насихаттады. Р.Ақмамбетов секілді тоғызқұмалақтың тамаша ойыншыларының, Абайдың немерелерінің ойын партияларын жазып қалдырды. Халықаралық дойбыдан (1984,1951), тоғызқұмалақтан (1961, Қарағанды) командалық есептегі (Алматы қаласының командасының құрамында Ш.Ибраев, Т.Сұлтанбеков, Р.Кәрімбаев) командалық есепте республиканың қаламын ғылыми фантастика саласында ұштады. Шығармашылығы: "Көшпеліалтын", "Лұқпан Хакім". Спорттық тақырыптағы "Дойбы ойыны" (1954), "Шахмат ойнай білесің бе?" (1959), "Шах¬мат, дойбы, тоғызқұмалақ" (1967) кітаптардың авторы. == Дереккөздер == Санат:Алфавит бойынша Санат:Қазақстан Санат:Алфавит бойынша журналистер Санат:КСРО журналистері Санат:Қазақстан журналистері
'''Бахтияр 1962, Жамбыл облысы Сарысу ауданы Байқадам селосы) спорт журналисі, 1996 жылы бері республикалық жастар газеті "Жас Алашта" бөлім меңгерушісі. Спортшылар туралы көптеген көркем деректер мен келелі мақалалардың авторы. "Қазақ балуандары" және "Қазақ боксшылары" жинағын құрастыруға қатысты ("Ер Даулет" агенттігі). С.Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты 1991 және 1997). == Дереккөздер == Санат:Спорт журналистері
'''Сүгірәлі Тайжанов''' (15.11. 1939, Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Кептабан ауылы) дене тәрбиесінің жоғары санатты мұғалімі, ҰД төреші. 5-11 сыныптардың дене тәрбиесі оқулықтарының, олардың әдістемелік, дидактикалық құралдарының, Мемлекеттік стандарт пен оқу бағдарламасының авторы (1998-2008). "Қаз КСР білім ісінің үздігі", "ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері", "ҚР спортының құрметті қайраткері", Ы.Алтынсарин белгісімен марапатталған. 2001 жылдан бері ДТҰҒПО-ның аға ғылыми қызметкері. Шығармашылығы: Бастауыш сыныптардағы дене тәрбиесі (2004), Өмір қауіпсіздігі негіздері (2004), "Мектеп жасына дейін және кіші мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесі" (2008), "Дене тәрбиесін үйрету әдістері" (2008) және басқалар. == Дереккөздер ==
'''Мұратхан Тәнекеев''' (1.01. 1928, Жамбыл облысы Қордай ауданы Талапты ауылы 28.12.2000) педагогика ғылыми докторы, профессор, дене тәрбиесі мен спорт тарихы Бүкіл дүниежүзілік комитетінің корреспондент мүшесі 200-ден астам ғылыми еңбектердің, оның ішінде 28 кітап пен монографияның авторы. Оның жекелеген еңбектері ағылшын, француз, неміс және моңғол тілдерінде жарияланды. Ұзақ жылдар бойы отандық спорт ғылымының ірі өкілі ретінде халықаралық симпозиумдарда, дүниежүзілік конгрестерде өкілі болды. Шығармашылығы: "Қажымұқан", "Бәйгеден Олимпиадаға дейін", "Дене тәрбиесі мен спорт тарихы" және т.б. == Дереккөздер == Санат:Ғылым докторлары
'''Ғазизбек Тәшімбаев''' (10.05. 1938, Жамбыл облысы Талас ауданы Майтөбе ауылы). 1964- 2001 ж.ж. республикалық "Спорт" газетінің әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі, "Қазақстан" баспасы бас редакторының орынбасары, ҚазТАГ редакциясының меңгерушісі. Президент аппаратының кеңесшісі, Үкімет аппаратының баспасөз секторының меңгерушісі. Шығармашылығы: "Топжарғандар" (очерктер жинағы, 1968), "Күш атасы (1979) және атақты балуан Кажымұқан жөнінде естелік әңгімелердің үш жинағын шығарды", "Тамаша адамдардың өмірі" топтамасынан Сальвадор Алвенде және Геваре туралы деректі повестерді қазақ тіліне аударды. == Дереккөздер == Санат:Алфавит бойынша журналистер Санат:Қазақстан журналистері Санат:КСРО журналистері Санат:Алфавит бойынша тұлғалар
'''Виктор Сергеевич Ким''' (1963, Шымкент қаласы) ХДСШ-і. Ауыр атлетикадан және поуэрлифтингтен республиканың (1993-1996) чемпионы. Штангыны екі қолмен көтеруден Азия және Әлем чемпионатының (1996) күміс жүлдегері. == Дереккөздер == Санат:1963 жылы туғандар Санат:Шымкентте туғандар халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Санат:Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпиондары Қазақстан чемпиондары Санат:Штанга көтеруден Азия біріншілігінің күміс жүлдегерлері Санат:Штанга көтеруден Әлем біріншілігінің күміс жүлдегерлері
2012 жылғы '''Жазғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарына арналған спорттық нысандардың''' басым көпшілігі Лондон қаласында орналасқан. Бірақ та кейбір спорттық шаралар қаладан тыс жерлерде өтеді. Ойындар өткізіліп болғаннан кейін, белгілі бір нысандар қайта бұзылады, ал қалғандары күрделі жөндеуден өткізіледі. == Нысандар және инфрақұрылым == Сурет:Olympic Stadium, London, 16 April стадионы (Лондон) аренасы Сурет:Wembley Stadium стадионы Желкенді спорт түрінен сайысуға арналған айлақ 2012 жылы Олимпиадалық және Паралимпиадалық ойындар жаңа орындарда, әлдеқашан бар және тарихи нысандардарда, сонымен қатар заманауи құрылыстарда өткізілетін болады, соның ішіндегі ең танымалы Гайд Парк пен Атты Гвардия. Үлкен Лондонның маңында үш аймаққа бөлінген алып спорттық нысандар орналасады: #Олимпиадалық аймақ Олимпиадалық қалашық орналасқан жер; #Өзендік аймақ қала шығысындағы Темза өзінінің айналасы; #Орталық аймақ қаланың орталығы мен батыс аймағы. === Олимпиадалық аймақ === Олимпиада стадионы жеңіл атлетика, ашылу және жабылу салтанаты. Сулы орталық ашық суда жүзуден басқа барлық суға қатыстқы спорт түрлері. Лондондық велопарк велотрек және BMX. Ривербанк арена көгалдағы хоккей. Баскетболдық арена баскетбол, гандбол. Коппер бокс гандбол, қазіргі бессайыс. Олимпиада қалашығы (Лондон) === Өзендік аймақ === Көрме орталығы (Лондон) бокс, семсерлесу, дзюдо, үстел теннисі, таэквондо, ауыр атлетика мен күрес. O2 аренасы мен Гринвич аренасы бадминтон, баскетбол, гимнастиканың барлық түрі. Гринвичтік парк ат спорты және қазіргі бессайыстың кейбір бөліктері. Казармы королевской артиллерии нысана көздеу === Орталық аймақ === Уэмбли футбол. Уэмбли аренасы бадминтон, көркем гимнастика. Лаун-теннис пен крокеттің Бүкілағылшындық клубы теннис. Лордс крикет граунд садақ ату. Риджентс-парк велошоссе. Хорс Гардс Пэред жағажай волейболы. Гайд-парк триатлон мен ашық суда жүзу. Эрлс Корт волейбол. === Лондоннан тыс аймақтар === Қаладан тыс аймақтарда бірнеше спорттық стадиондар орналасады. Ұлыбританияның бес қаласында футбол бойынша іріктеу сындары өткізіледі: Хэмпден Парк, Глазго; Миллениум, Кардифф; Олд Траффорд, Манчестер; Сент-Джеймс Парк, Ньюкасл; Ковентри қаласының стадионы, Ковентри. Сонымен қатар Лондонның сыртында мынадай нысандар орналасады: Броксбурнның ескекпен кедергілер арқылы өту орталығы, Уэлтэм Кросс; Дорни Лейк, Дорни академиялық есу мен байдаркада және каноэде есу; Уэймут пен Портлендтың желкенді спорттының Ұлттық академиясы, Портленд аралы; Хадли қала сыртындағы паркі, Хадли қамалынан алыс емес маунтин-байк. == Дереккөздер == == Сыртқы сілтемелер == Olympic Park venues London 2012 сайтында View the Olympic Park Google Maps арнайы картасында Olympic And Paralympic Venues in London accessibility ''Inclusive London'' сайтында Санат:2012 жылғы Жазғы Олимпиада ойындары
'''Ғани Қазбекұлы Төлегенов''' (1.05.1962, Қостанай қаласы) КСРО және қазақстандық футболшы, жартылай қорғаушы, спорт журналисі. == Өмірбаяны == ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірді. === Футболшы === "СКИФ", "Монтажник", "Жетісу", "Намыс" шеберлер командасының ойнаған. СҚО "С" құрама командасының қатарында кәсіподақтардың ЕСҚ-да арасындағы КСРО біріншілігінің жеңімпазы (1981). Футболдан журналистердің "Пас от Озерова" халықаралық турнирінің жеңімпазы (1992, Мое.). === Журналистика === 1997 жылдан бастап Қазақ радиосы мен теледидарында "Спорт полюс Планета", "Планета футбол" бағдарламасын бірі, 2000 жылдан бері "Pro Спорт" газеті мен журналының тілшісі, халықаралық футбол бірлестігі (ФИФА) мақұлдаған "Айла- піарғылар" банкін құрудың авторы. == Дереккөздер == == Сілтемелер == Профилі Санат:Алфавит бойынша журналистер Санат:КСРО журналистері Санат:Қазақстан журналистері Санат:Алфавит бойынша тұлғалар Санат:Алфавит бойынша футболшылар Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Намыс ФК ойыншылары Санат:Жетісу ФК ойыншылары Санат:Яссы ФК ойыншылары Санат:СКИФ Алматы ФК ойыншылары
'''Сайын Сүлейменұлы Тұрсынов''' (25.01.1936, Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы селосы) ҚазМУ- дің журналистика факультетін бітірді (1959). 1959 жылдан республикалық "Спорт" газетінде тілші, әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың бірінші орынбасары. "ҚазКСР дене тәрбиесінің еңбек сіңірген қайраткері" (1992). С.Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (1999). == Дереккөздер == Санат:Алфавит бойынша журналистер Санат:КСРО журналистері Санат:Қазақстан журналистері
Сурет:Osaka Station 2010 темір жол стансасы '''Темір жол стансасы''' темір жол көлігі аялдайтын, темір жол көлігіне және жолаушыларға түрлі қызметтер: жүктерді қабылдайтын, жүк тиеу-түсіру, сақтау және жеткізу жұмыстары жүргізілетін, локомотивтер мен вагондар құрастырылатын, тағы басқа техникалық қызмет көрсетілетін, тасымал үдерісін басқаратын кәсіпорын. Ол жұмыс сипатына қарай тораптық, аралық, бөліктік, сұрыптау, жүк және жолаушыларға арналған темір жол стансасына, атқарылатын жұмыстың көлемі мен сипатына қарай жоғары және сыныпты темір жол стансасынана бөлінеді. Қазақстандағы ірі темір жол стансасыналары Арыс, Шымкент, Тараз, Шу, Алматы-1, Семей, Защита, тағы басқа. ==Дереккөздер== *«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия Бас редактор Ә. Нысанбаев Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том Санат:Транспорт Санат:Темір жол
'''Борис Константинович Цыбин''' (11 наурыз 1935 жыл, Саратов, РСФСР, КСРО) КСРО-лық волейболшы, футболшы, спорт журналисі. == Өмірбаяны == Волейболдан "Динамо" (Алмаы) командасында ойнаған, республикалық чемпионатының бірнеше дүркін күміс жүлдегері. Саратов университетінің физика жене геофизика факультетін бітірген, Туланың көмір кен орындарында жұмысшы, бұрғылау шебері болып істеді. Волейболдан КСРО жасөспірімдер командасының мүшесі (1954), "Сокол" (Саратов) футбол командасының қақпашысы, "Б" класы командалары арасындағы КСРО чемпионатына қатысушы. КСРО Журналистер одағының мүшесі. Спорт тақырыбы бойынша 12 деректі кинофильмдердің авторы. 1974- 90 жылдары Қазақстан бойынша "Советский спорт" газетінің меншікті тілшісі, Қазақстан халықтары Ассамблеясы кеңесінің мүшесі. ҚР-дағы славян қозғалысының жетекшісі, "Достық" орденінің, "Астана" медалінің иегері. ҚР Ішкі істер министрлігі үздігі, Ішкі істер қызметінің полковнигі. == Дереккөздер == Санат:Алфавит бойынша волейболшылар Санат:КСРО волейболшылары Санат:Спорт журналистері Санат:Алфавит бойынша футболшылар Санат:КСРО футболшылары Санат:Сокол Саратов ФК ойыншылары Санат:Алфавит бойынша журналистер
'''Павел Валерьевич Цыбулин''' (8.07.1976, Алматы қаласы) Футболдан СШ-і (1993). ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген (1997). 1997 жылдан бері теледидардың 31 арнасының спорт шолушысы. Қазақстан Журналистер одағы С.Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (1994-97). == Дереккөздер == Санат:8 шілдеде туғандар Санат:1976 жылы туғандар Санат:Футболдан спорт шеберлері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:31 арна журналистері Санат:Қазақстан журналистер одағы сыйлығының иегерлері
'''Михаил Григорьевич Чекуров''' (27.07.1947, Алматы қаласы.), спорт журналисі ALPS мүшесі (1994). "Вечерний Спорт KZ", "С понедельника", "Немецкая волна", "Футбол", "Советский спорт", "Спортивные игры" газеттері және журналдарында қызмет атқарды. Өз мақалаларында спорт статистикасына көп көңіл аударды. Допты және кегалдағы хоккей, волейбол, баскетбол және регби бойынша спорттық бағдарламаны 1996 жылы спорт бөлімдерінің телевизиялық конкурсын жеңіп алып, Атлантадағы жазғы О.о-ға берілген жалғыз жолдаманың иесі болды. С.Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты. == Дереккөздер == Санат:Спорт журналистері Санат:Қазақстан журналистері Санат:Алфавит бойынша журналистер
'''Совет Оспанқалиұлы Шманбаев''' (28.12.1938, Карағанды облысы Ақтоғай поселкесі 12.03.2000, Алматы қаласы), спорт журналисі. "Социалистік Қазақстан" (1992 жылдан бері "Егемен Қазақстан") республикалық газетінде қырық жыл шамасындай спорт шолушысы болып істеді. Газет беттерінде Қазақстан спортының көкейтесті мәселелерін жиі көтерді, спортшылар туралы очерктердің, суреттемелердің үлкен шебері, Әлемнің түрлі елдеріндегі спорттық жарыстардан жазылған жедел суреттемелері оқырмандардың арасында зор қызығушылығын тудырды "Олимпиада оттары" (Алматы 1978, Т.Жанузақовтың серіктес авторлығымен). == Дереккөздер == Санат:Алфавит бойынша журналистер Санат:КСРО журналистері Санат:Қазақстан журналистері
'''"KZ және спорт айдыны"''', аптасына бір рет шығатын республикалық газет. Алғашқы нөмірі Алматыда 1959 жылы желтоқсанда жарық керді. "С." еңбекшілердің денсаулығын жақсарту женіндегі құжаттарды, дене тәрбиесі және спорт мәселелерін насихаттайтын мақалалар әлемі, Азия, Еуропалық чемпионаттар, біріншіліктер, жарыстардан мақалалар жариялайды. спартакиадаға, республикамызда өткізілетін сайыстар мен бәсекелерге газет бетінен кең орын беріледі. Қазақстанда дене тәрбиесі саласындағы көпшілік- ұйымдастыру туралы жазылады. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Спорттық бәсеке''', жекпе- жек түрінде (күрестің әртүрінде грек-рим, ерікті, дзюдо және бокс, семсерлесу т.б.) спортшылардың. Оның ішінде спорттық Снарядтарды (теннистен, стол теннисінен, бадминтоннан жекелей кездесу) пайдаланып, сондай-ақ шахмат пен дойбыдан (тақтадағы жүрістер жүйесінде байқалатын идеялардың қарсылығы есебінде) жарысу. С.с.баскетбол, волейбол, қол добы, секілді командалық спорттық жарыстардағы ең негізгі бөліктердің бірі болып табылады. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Спорттық биоритм''', қоршаған ортаның өзгеруіне байлаысты адамның мінез-құлқында кездесетін жағдай. Спортшының биоритмі бірқалыпты болған жағдайда оның нәтижелері де біркелкі тұрақты болады. Биоритмнің көтерілу деңгейі әр спорт түрлерінде әрқилы. Шеберлік деңгейі жоғары спортшылар ерлер арасында екінші жылдан үшінші жылға өткенде, әйелдер арасында екінші жылға өткенде бірқалыпқа түседі. Қысқа қашықтыққа жүгіруде 16- 22 жастың теміршар серпу мен балға лақтырудан 22 жастан кейін, тіпті 30-дан аса, жүзуде 13-14, гимнастикада 17-20 жаста биоритм күшті болады және жоғары көрсеткіштерге жетуге ықпал жасайды. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Спорт ерікті, қоғамдық спорт ұйымдары. Спорт бірлестіктер елімізде жеке спорт түрлерін дамытып, басқарады. Мысалы, республикалық бірлестік өзінің спорт түрі бойынша аудандық, облыстық, өлкелік секцияларын біріктіреді. Біздің елімізде спорттық медицина және баспасөз бен радио және спорттық кино, телевизия, спорт журналистерінің дене тәрбиесі мен спортты насихаттау жөніндегі республикалық бірлестіктері бар. Бірлестікте пленумдар, семинарлар, кеңестер өткізіліп тұрады. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Ұпай есептегіш''', ойынның кейбір түрлері (баскетбол, волейбол, теннис және т.б.) бо¬йынша командалық немесе жеке қатысушылық ұтқан ұпай санын керсететін аспап. Ұпай есептегіш механикалық және электрлік болады. Соңғысы, әдетте арақашықтықтан басқарылатын болып шығарылады. Ұпайларды есептейді әдетте керсеткіш қалқандарға орнатады. Сандардың көлемі олардың 100 метрге дейінгі қашықтықтан көрінуін қамтамасыз етеді. Механикалық есептегіштерден ең көп тарағандары теннис пен үстел теннисіне арналған есептегіштер. Электрлі көрсеткіш тақтадағы керсеткіштері терешілер апқасының үстелінде болатын тетік (пульт) арқылы төрешілерді өзгертеді. Есептегіштер 1-ден және 0-ге дейінгі сандардың тиісті үйлесімділігін бейнелейтін электр шамдарының жиынтығы бар, тік бұрышты бірнеше жарық желісінен тұрады. Осындай бірнеше жарық желісі кез келген есепті құрастыруға мүмкіндік береді. Гимнастика, суға секіру және мәнерлеп сырғанау бойынша жарыстардың есебін керсету күрделі болып келеді. Мұнда бірнеше т-ші беретін ұпайларды бір мезгіле көрсету қажет. Бұл жағдайда төрешілер өз сандарын жинақтайды. Бас тілшінің пәрмені бойынша сандар бірнеше жарық желілерінде бір мезгілде жарқырап көрінеді. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Спорт жарыстары''', дене тәрбиесі жүйесіндегі педагогикалық процестің дене дамуының жан-жақтылығы мен еркі күшті шыныққан адамдарды тәрбиелеуге бағытталған шара. Алдына қойған мақсаты мен жеңімпаздарды анықтауға байланысты Спорт жарыстары былайша жіктеледі: жекелей есеп бойынша Спорт жарыстары қорытындысында қатысқан барлық спортшылардың орындары; есеп бойынша Спорт жарыстары жекелей нәтижелермен қатар, барлық командалардың алған орындары анықталады, командалық есеп бойынша тек қана командалардың алған орындары анықталады. Комплексті Спорт жарыстары бағдарламасына спорттың көптеген түрлері енген спартакиадалар, ойындар, универсиадалар да жатады. Олар: ресми чемпионаттар мен біріншіліктерде ауданның, қаланың, облыстың, республиканың, құрлықтыңжәне Әлемнің чемпионы мен жеңімпаздарының (жас¬тар, жасөспірімдер арасында), жүлдегерлерінің атақтары сарапқа салынады; дәстүрлі Спорт жарыстары, мұнда тағайындалған жүлделер сарапқа салынады. Жолдастық немесе матчтық Спорт жарыстары алдын ала шақырылған командалар мен ұйымдардың құрамалары катысады, Спорт жарыстарына қатысушылардың спорттық дәрежелерін анықтау мақсатында өтеді. == Дереккөздер == Санат:Спорт
Қазақ темір жолы басқармасы мен жолдық кәсіподақ комитетінің газеті. Алғашқы саны Алматы қ-нда 1934 ж. қыркүйекте Түрксіб деген атпен жарық көрді. 1935 ж. деп аталды. Екі рет үзілістен кейін (1963 69, 1970 73) 1974 ж. қаңтарынан қайта шыға бастады. == Дереккөздер == Санат:Қазақстан темір жолы Санат:Қазақстан газеттері Санат:Қазақ тілді газеттер
'''Картингпен жарысу''', қорабы жоқ ашық кішкентай машиналармен жарысу техниканың дамуына байланысты шыққан спорт түрлерінің бірі. Мұнымен көбінесе балалар мен жасөспірімдер, жастар айналысады. Картингтің құрылысы, басқарылуы автобильге ұқсас, бензиннің жеңу күшімен жүреді, шапшаңдығы баяу. Жарыстар арнайы салынған тректерде, тректе, уақытша тректе және машиналар жүрмейтін асфальт төселген кең алаңдарда өтеді. Картингтің өз алдына жеке бірлестігі (федерация) жоқ, автоспорт бірлестіктеріне немесе техникалық спорт клубтарына бағынады. Жарысқа қатысушыларға сынға түсер алдында бәсеке ететін жолмен танысуға уақыт берілген. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Кептер жарыстыру''', спорттың бұл түрі көптеген елдерде кептер өсіруші әуесқойлардың әсіресе балалар мен арасында тараған. Әр адам өзі бағып отырған кептерді төрешілер белгілеген жерге алып келеді де барлықтары бір мезетте қолдарындағы құстарын ұшырады. Ұшқан кептер иесінің үйін табуға тиісті. Ең аз уақытта өз ұясын тапқан кептер жеңіске жетті деп есептелінеді. Кептерді күтіп алушы оның ұшып келгендігі туралы төрешілер орталығына телефонмен хабарлайды. Дәл осындай ережемен кең далада иесін тез табатын, бүркіт, сұңқар және тағы басқа жарыстарды өткізуге болады. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Жарысқа дайындық''', мұқият жоспарланады. Оның барысында спортшы күн тәртібін қатаң сақтайды. Жарысқа катысу қарсаңында әр адам өзінің мүмкіндігін байқап көреді. Жарыс қарсаңында қатты қобалжымау керек, оның алдында бір күн демалу, салмағын үйреншікті жағдайда бірқалыпты ұстау керек. Ұйқы қанық болуға тиіс. Жарысқа дайындық күндері күн ге қыздырынуға болмайды, тамақтану режимін дұрыс ұстаған жөн. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Жарыстық әдіс''', біріншілік немесе жоғары жетістікке жету үшін күрес, жарыс жағдайларында дене жаттығуларын орындау. Жарыс талаптар қояды, кейде дене және рухани күштің қиын да, қатаң сынағы болып табылады. Жарыстың барысында ерік қасиеттері мен сезім айқын көрініс береді. Жарыс өтетін күні, спортшы өзін сергек, қандай қиындық болса да оны жеңуге дайын сезінуге тиіс. Жарыс өтетін жерге барар алдында спорт құрал- жабдықтарын, киімдерін мұқият тексереді, сосын асықпай жарыс басталудан сағат бұрын келеді. Асықпай жеткілікті дәрежеде қыздырынып бәсекеге түседі. Қатты қобалжыған жағдайда психологпен ақылдасады, ауырыңқырып тұрса дәрігерден көмек сұрайды. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Спорт жабдықтары''', спорт түрлерін жабдықтау үшін құрылғылар: қақпалар, торлар, қалқандар, бағандар, тосқауыл, кедергілер және басқалар. Боксшылардың шаршы алаңы, гимнастикалық және күрес кілемдері, тұғырлар және с.с.; жаттығу сабақтары мен спорт жарыстарына қызмет ететін арнайы техника (мәреде суретке түсіру аспабы, ақпараттық тақтасы, түрліше тренажерлер және т.б. Олимпиялық жарыстар үшін спорттық снарядтар мен жабдықтар ХСФ-ры ережелер мен талаптарға сәйкес дайындалады, оны ХСФ-на сәйкес келетін спорт түрлері бо¬йынша, ресми халықаралық жарыстар үшін, өнімдері мақұлданған фирмалар жасайды. Жеке пайдаланатын спорттық снарядтарды (Мысалы, жеңіл атлетикалық, шаңғылар, қайықтар және т.б.) спортшылар өзінің жеке мүлкі есебінде О.о-ға әкелуге құқылы және төрешілер алқасынан өткізіледі, егер халықаралық стандарттарға сәйкес келсе рұқсат белгісін алады. О.о-дың ұйымдастыру комитеті (ХСФ-мен алдын ала келісім бойынша). Спорттық снарядтар мен жабдықтарды шығаратын белгілі бір фирмаларды бекітіп, осы фирмаларға арнайы жабдықтаушы атағын береді. О.о-ды арнайы арасына төмендегідей ірі шетелдік фирмалар бар: '''"L.F. Adoltt AC"''' көгалдағы хоккей алаңы үшін "Полиграс" синтетикалық жамылғыны; '''"AMPRO Corportlon"''' (АҚШ сырықпен биіктікке секірудегі жерге түсу үшін орынды; '''"Anti Manutactuing СО"''' (АҚШ жүзу үшін толқынды бөлетін жапсарды; '''"Asics Corporation"''' (Жап.) антенналары бар волейбол торларын; '''"ВАТ Taratlex"''' (фр.) волейбол және гандбол алаңдары үшін "тарафлекс" синтетикалық жамылғысын; '''"Ernst Spicth"''' (Герм.) стенд ату үшін жабдықтарды; (Венг.) электронды ақпараттық көрсеткіш тақтаны; ''' Cantabrain eta"''' (Ұлыб.) жеңіл атлетикалық снарядтар мен жабдықтарды; '''"Hans Raj Mahajan Sone PVT, ltd"''' (Үндістан) көгалдағы хоккей үшін доптарды; '''"Carmilli S.P.A."''' (Ит.) өсушілер үшін тренажерлерді; эргометрлерді; '''"The Cooper Group tnc"''' (Канада) өлшейтін рулетка; балуандарды '''"Misuno sporting guds"''' (Жап.) желкенді регата мен олимпиялық алау эстафетасы үшін спорт формасын; '''"Mono Rubber S.P.A."''' (Ит.) мұнара жамылғысын (суға секіру) '''"Motokov"''' (Чехия) газондарды күту үшін машиналарды; '''"Myojyo Rubber Lndastry Co, Ltd"''' (Жап.) волейбол доптарын '''"Wavimor"''' (Польша) көмекші яхталарды, '''"Торнадо"''' катомаранын; (Фр.); гимнастикасы төсеніштерді; '''"Schelde (Нндер.); волейбол мен баскетбол үшін жабдықтарды; '''"Swiss timin Ltd"''' (Швеция); хронометражды '''"Tachikara Со, Ltd"''' (Жап.); баскетбол доптарын; '''"3M Company"''' (АҚШ- Швейцария) жеңіл атлетикалық стадиондар үшін "тартан" синтетикалық жамылғысын. '''"VEB Lehrgerate und Reparturwerk Mittenwalde"''' (Германия); == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Спортқа жаттығу''', спортшылардың шеберліктерін шыңдап, бапқа енгізу үшін алдына койған мақсаты, межесі бар күнделікті жүргізілетін спорттық- педагогикалық жұмыс. Ол жеке тұлғаны қалыптастыру оған қажетті білім мен тәжірибе беру өзі таңдаған спорт түрінен жоғары нәтижелер көрсету үшін елімізді жаттығу жасаудың жүйесі Көптеген жаттығушылар ғалымдармен бірлесе отырып спорттың ілімін, тәсілдерін іске асырып қазақстандык жаттығу жүйесін жасаған. Жаттығулар нәтижелі болу үшін жаттығушылар қауымы, педагогтермен, медицина мамандарымен бірлесіп жұмыс істейді. Халықаралық деңгейде жоғары нәтижелерге жетудің жолдары өте күрделі. == Дереккөздер == Санат:Спорт
Футболдан австралиялық жаттықтырушы спорт түрлерінің қыр-сырына мақыштандыратын спорт маманы. Бұрын дене тәрбиесі жоғары оқу орындарындағы спорт жоғары жаттықтырушылар мектептерінде дайындалды. Мұндай факультет Қазақ дене тәрбиесі институтында 1958 жылы ашылды, Мәскеу, Киев, Ленинград қалаларында жоғары жаттықтырушылар мектептері болды. Шеберлік деңгейі жоғары (Ә., Азия О.о- дардың чемпиондарын) тәрбиелеу ұстаздан асқан білімдарлықты, жан-жақтылықты қажет ететін күрделі жұмыстардың бірі. Сондықтан спорт өнеріне үйреткендердің бәрін жаттықтырушы деп атауға болады. Оларды былай жіктеуге болар еді: үйретуші, тәрбиелеуші және жаттықтырушы. Нағыз кемелденген жаттықтырушының адам анатомиясынан, патологиялық физиологиядан, генетикадан, биофизикадан, биохимиядан, психологиядан, дене тәрбиесі мен спорттық ілімнен мол хабары болуы керек. Сонымен қатар ол тәрбиелі, парасатты, білімі жан-жақты, ұлтжанды, тәрбиелі, өз шәкірттерінің арасында, қоғамда беделді де адам болуға тиісті. Кез келген қоғам, мемлекет, үкімет басшылары жас ұрпақтың, саңлақ спортшылардың ұстазы "КСРО-ның еңбек сіңірген "ҚазКСР-інің еңбек сіңірген "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы" құрмет атақтарды тағайындаған. Атақты чемпиондары мен спорт жұлдыздарын тәрбиелеген көптеген жаттықтырушылар өз мемлекеттерінің жоғары наградаларымен, ордендерімен, медальдарымен басқа да құрметті атақтармен марапатталған. == Дереккөздер == Санат:Спорт
Жаттығулардың максаттары орындалу үшін алдымен мынадай мәселелер шешілуге тиісті: 1. Өзі таңдаған спорт түрінің әдістері мен жаттығу тәсілдерін үйрену. 2. адам ағзасының мүмкіншілігін жетілдіру жолында алға қойған мақсаттарды орындау. 3. психиканы кемелдендіру, дұрыс тәрбие алу, спорт саласындағы озық жетістіктерді үнемі пайдаланып отыру. 4. ілімге сүйене отырып жаттығуларды пайдалы ұйымдастыра білу. 5. жаттығулардың тиімділігін арттыру үнемі жақсы бапта болу. Осы мәселелердің жиынтығы жаттығулардың мазмұнын байытады, жоғары көрсеткіштерген жол ашады. === Жаттығулардың жүйелері=== Жаттығулардың жүйелері, осы жүйелер арқылы әдістік, тәсілдік психологиялық дайындықты дамытуға болады. Оның салалық жүйелері бір- бірлерімен тығыз байланысты. Бұлар былайша жіктеледі: 1. Жарыста өнер көрсететін жаттығуларға, мысалы ауыр атлетикада зілтемірді жұлқи және серпи көтеру, қайық есуде, байдарка, каноэ, академиялық қайық есу, атлетикада секіру, жүгіру түрлері және т.б. Мұны спорттық жаттығулардың яки айналысатын "түрі" деп атауға болады. 2. Арнайы дайындық жаттығулары, мұны белгілі спорт түрлерінен нәтижелерге жетуге дайындық жаттығулары деп атауға болады. 3. Жалпы дайындық жаттығулары, мұны белгілі спорт түрлерінде нәтижелерді жақсартуға көмектесетін жан-жақты жаттығулар тобы. жүйе== жүйе, бұл жүйені пайдаланбай спортта үздік нәтижелерге жетуге болмайды. Олар: спортшының күнделікті режимді сақтауы, жеке басының гигиенасы, спорттық жаттығу орындарының гигиенасы және оларға қойылатын талаптар, тамақтану, биологиялық заттарды, пайдалану, таза ауа (оттегі, иондалған ауа), су процедуралары, физиотерапия, сылау (массаждар, пневмомассаж, гидромассаж, вабомассаж) және т.б. ==Психологиялық әсер ету жүйесі== Психологиялық әсер ету жүйесі, мұның түрлері кептеген идеимоторлық жаттығулар қиялдау арқылы ойда бекіту), бұлшық еттердің реалекциясы), ұйқы, бұлшық еттерде аутогендік жаттығулармен әсер ету, музыка таңдау, көркем және арнайы әдебиеттерден оқу, психоги- гиенаның талаптарын орындау. ==Педагогикалық тәрбие жүйесі== Педагогикалық тәрбие жүйесі, ең алдында спортшының бойында елжандылықты, Отанды сүюге тәрбиелеу. Қазақстан Республикасының Әнұранын жатқа білу, айту, халықтың сақтау, орындау, мемлекеттік мерекелерді, заңдарды қастерлеу, республикада тұратын басқа ұлттар өкілдерін де құрметтеу. жүйе== жүйе, бұған жаттығатын жарыстар ететін спорт құрылыстары, тренажерлер, ақпарат құралдары, киім-кешектер эстетикасы, техникалық, байланыс аппараттары жатады. Кұрылыстар мен құралдардың заман талабына сай, сапасының жоғары болуы, жоғары спорттық нәтижелерге жақсы әсер етеді. Спортшы киген киімдердің, пайдаланатын ыңғайлы, әдемі, жазда терлетпейтін, қыста тоңдырмайтын болуы шарт. Сонымен қатар спортшы өзінің өнерін қайталап көріп, қарсыластарының нәтижелері туралы мәліметтер алып отыруға тиіс. Олардың өнер көрсетуі теледидардан көрсетіліп, газеттерге жарияланып, олардың спорттық жолдары туралы кітаптар жазылып, фотоальбомдар шыгарылып отырса құба-құп. Соңғы уақытта барлық елдерде компьютерлік диагностика кеңінен пайдалана бастады. Бұл арқылы спортшы ішкі дене мүшелерінің қайсысына күш түскенін, спорттық бабының деңгейін біле алады. Сонымен қатар спортшы жасайтын қимылдардың дағдысын қалыптастыруда тренажерлердін де маңызы зор. Мысалы, жүзгіштердің, ауыр атлеттердің, ескекшілердің, жеңіл атлеттердің қимылдарында бұлшық еттерге нағыз жаттығу кезіндегідей күш түсіретін изокенетикалық тренажерлер қазіргі жаттығуларда кеңінен қолданыла бастады. Жаттығу жүйелерін жақсы білу спортшы үшін уақыттың да негізгі талабы. ===Жаттығу қағидалары=== Жаттығу қағидалары, бұл қағидалар спорт саласында бұрыннан қалыптасқан барлық спорт түрлерімен айналысушылар үнемі орындап отыруға тиісті заңдылықтар. Бұл қағидалар талай рет тәжірибеден өткен, олар жаттығуларды өткізудің негізі, талабы, заңдылықтары болып табылады. Бұл қағидалар белгілі педагогикалық қағидалармен бірлесіп, қабысып жатады. Осы негізгі талаптарды өзінің бұлжытпай орындаған жаттығушы ғана үлкен табыстарға жетеді. Бұл қағидаларға мыналар жатады: ==Біртіндеп үйрену қағидасы== Біртіндеп үйрену қағидасы, педагогикада "қарапайымнан күрделіге" деген қағида бар. Бұл спорт жаттығуларында үнемі қолданылады. алғашқы қарапайым түрі бірте-бірте күрделеніп үлкен шеберлікке ұласады. Бұған айлап, жылдап уақыт кетеді, тамшылап талай тер төгеді. Содан барып спортшы Олимп биігіне кетеріледі. ==Жан-жактылық қағидасы== Жан-жактылық қағидасы, адам ағзасы дамуының физиологиялық ерекшеліктеріне сүйене отырып дене және жан дамуының ең жоғары сатысына кетерілу, бұл арада ми мен жүйке тығыз байланысты болады. ==Жекешілдік қағидасы== Жекешілдік қағидасы, үйреткен жаттығуларды спортшылардың барлықтары бірдей қағып алып сол бойда орындап кетеді деп ойлау қате. Бұл әр спортшының бейімділігіне, қабілетіне, дене мүшелерінің ерекшеліктеріне байланысты нәрсе. Жаттығушы үйреткен кезде осы ескеріп әр спортшыға оны бейімдеу керек. Шын мәнінде осы негізгі қағидалардың барлығы өзара байланысып жатады. ==Көзбен көру қағидасы== Көзбені көру қағидасы, ұстаз қандай жаттығулар үйрететінін шәкірттеріне көзбен көрсетуі керек. Мұнда алдымен қажет қимылды өзі орындайды, басқаларға орындатқызады, суреттер, сызбалар, кинопленка арқылы көрсетеді, оның санасында бекуіне жағдай туғызады. ==Қайталау қағидасы== Қайталау қағидасы, бір рет орындағын жаттығу сол күйінде жатталып қатып қалмайды. Әрбір жаттығу санада әбден бекігенше сан мәрте қайталанады. Орындалатын жаттығу неғүрлым жеңіл болса, ол соғүрлым жиі кайталанады, сосын барып әбден бекіп дағдыланғаннан кейін барып басқа одан да күрделірек көшу керек. Қайталаулардың жиілігі мен олардың арасындағы уақыт кеңістігі (демалу) бір- бірлеріне тығыз байланысты. Шеберлік ескен сайын қайталаулар да жиілеп жаттығулар арасындағы уақыт та азая түседі. ==Саналылық қағидасы== Саналылық қағидасы, жаттықтырушы мен спортшылар өздерінің алдарына қойған мақсаттарын айқындай білуге тиіс. Әрбір жаттығуға саналы түрде қарап оны спорттың ілімі мен тәсілдеріне тығыз байланыстыра білген ұстаз жақсы нәтижелерге жетіп езінің тәжірибесін басқаларға үйрете алады. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Жаттығу жоспарлары''', әрбір ұстаз езінің шәкірттерінің жаттығулары жоспарлай білуге тиіс. Алдымен ең үлкен жоспар жылға жасалады. Бұл Олимпиялық аралық (Олимпиялық цикл) деп аталады. Бұл бір Олимпиядалық ойындар аяқталғаннан кейінгі екінші ойындар басталғанға дейінгі уақыт. Мұнда негізгі мақсат айқындалып оған жетудің жолдары белгіленеді. Осы негізгі жоспарға сәйкес жылдық жоспар жасалынады, одан барып әр тоқсанға, айға, аптаға, әрбір жаттығуға жоспар құрылады. Осы жоспарларда белгіленген межелерді спортшы өзінің жаттығу күнделігіне толтырып отырады. Жаттықтырушы алға қойған мақсаттары мен жоспарларды спортшымен бірігіп отырып жасайды. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Жаттығу кезеңдері''', әрбір үлкен жарыстардан (ел, Олимпиядалық ойындардан) кейін жаттығушы қайтадан жоспар жасайды, онда спортшының қолы жеткен табыстары есепке алынып соның негізде алдағы уақытта шығатын жаңа биіктер белгіленеді. Әр сынның спортшы үшін үлкен куш пен қуатты талап ететіні белгілі. Әрине қалыпқа келу үшін жүйке мен бұлшық еттерді демалдыру қажет. Демалған соң жаттығу кезеңдері басталады. Оның алғашқысы дайындық кезеңі, екіншісі, жарыстарға катысу, үшіншісі ауыспалы кезең. ==Дайындық кезеңі== '''Дайындық кезеңінде''', спортшы үлкен жүктемелерді орындауға бейімделе бастайды, айналысатын спорт түрлерінің әдістері мен тәсілдерін дұрыс орындауды жетілдіреді. Бұл кезең екі жалпы дайындық және арнайы дайындық бөліктерден тұрады. Әр бөліктегі мерзім шамамен 2-2,5 ай. Жарыстарға қатысу айдан 4,5 айға созылады. Осы уақыттар спорт¬шы "спорттық бапқа" бірте-бірте жақындап, жауапты жарыстарға қатысады. Осы кезеңде спорт түрлерінің әдістері мен тәсілдерін үйрену тереңдеп, жаттығулар күрделене түседі. Бұл кезеңдегі жарыстар әр спорт түрі үшін әртүрлі. Мысалы, футболшылар, көгалдағы хоккейшілер үшін негізгі ойындар жаз, күз айларында өтеді. Шаңғы, конькишілер, хоккейшілер жарыстары негізінен қыс айларында. Гимнасттар, ауыр атлеттер, ұзақ қашықтықтарға жүгірушілерге жарыстар жиі қатысу тиімсіз. Осыған байланысты жаттығу кезеңдері толқын тәрізді бірде жоғары көтеріліп, бірде төмен түсіп өзгеріп отырады. ==Ауыспалы кезең== Ауыспалы кезең, бір жылдық жоспарда 1,5 айға, жарты жылдық жоспарды 3-4 аптаға созылады. Бұл негізінен жауапты жарыстардан кейін маусымды аяқтап жаңа жоспарларға көшу уақыты. Мұнда футболдан чемпионат, баскетболдан, волейболдан, гандболдан турлар, спорттың жаздық түрлерінен жаз, қыстық түрлері үшін маусымдар аяқталады. Бұл кезеңде жүктелердің көлемі азаяды, спортшы негізінен белсенді түрде демалуға ауысады. Қайткен жағдайда да спортшы негізінен белсенді түрде демалуға ауысады. Белсенді демалу таза ауада, табиғат аясында етсе өте дұрыс. Жаттығу кезеңдерін дұрыс ұйымдастыру, бірінен екіншісіне дұрыс ауысып жоғары көрсеткіштер мен үздік нәтижелерге жетуге мүмкіндік туғызады. == Дереккөздер == Санат:Спорт
Темірқазық (Alpha Ursae Minoris) Хаббл ғарыштық телескопты көрген. Жетіқарақшы мен Темірқазық Солтүстік жартышардағы жұлдыздар ағыны, ортада Темірқазық Кіші аю шоқжұлдызындағы 2-ші жұлдыздық шамада көрінетін жарық жұлдыз. Ол дүниенің солтүстік полюс нүктесіне өте жақын орналасқан және солтүстік жарты шардан көрінеді. Темірқазық үш жұлдыздан тұрады. Оның ең жарығы айнымалы жұлдыз деп есептеледі. Қазіргі Темірқазық Кіші аю жұлдызы есептеледі. Әдетте ауырлық күштің әсерінде ғаламшардың өз өсінде айналуы кеңістікте өзгеріс туғызады, оны әдетте өстік прецессия (axial precession) деп атайды. Жершарының айналу өсінің өзгеруіне ілесіп оның "темірдей қазығы" (полюс нүктесі) да тарихта түрліше болған, болашақта да түрліше болады. Шамамен 4800 жылдың алдында, Полюс нүктесі жұлдызы Айдаһар жұлдызы болған. Ежелгі грекиялық жазбалар бойынша "темірдей қазық" Кіші аю жұлдызы болғаны анықталған. 2100 жыл өткенде қазіргі Кіші аю мен темірқазық бағытының бұрышы ең кішкене болды (27'38"). Яғни, кезекте осы Кіші аю жұлдызы жер үшін қозғалмайтын полюс жұлдызы есебінде жер шарының "темірдей қазығы" есептеледі, әрі ресми түрде ''Темірқазық жұлдызы'' деп аталады. 31 ғасырдан кейін Цефей жұлдызы жер шарының "темірдей қазығы" болады. 14000 жыл шамасында уақыт өткен соң Лира жұлдызы жер шарының "темірдей қазығы" болады. == Темірқазық жұлдызының маңызы == Темірқазық жұлдызы ежелден тартып ғарыштық жетектеуіш (аспан денелерін күзету арқылы бағытты ажырату) жолбелгісі есептеледі. Онымен алыс сапарға шығушылар, теңізшілер жақсы таныс болған. Қазақта "Темірқазықты білсең жолыңнан адаспайсың" деген мәтел бар. "Компас" секілді бағыт айыру құралдары болмаған замандарда солтүстік жарты шардың адамдары ашық түнде көбінесе Темірқазыққа қарап барар бағытын тапқан. == Қазақ әдебиетінде кездесетін Темірқазық тақырыбы == Темірқазықтың навигациялық жұлдыздар санатына жатуы ғана емес, оның қашанда бір тұстан тұрақты көрінуі де көптеген халықтардың мәдениетінде өзіндік маңызға ие символ белгіге, мәдени білім-тәрбиенің маңызды мазмұнына айналған. Темірқазық жұлдызы төңірегіндегі қозғалыс Қазақ мифологиясында Темірқазық пен жетіқарақшы туралы ертегі айтылады. Аңыз бойынша Темірқазық Тәңірінің құдіретімен аспанға қағылған ат байлайтын алтын қазық болып, ол дүниенің кіндігі есептеледі. Оған Ақбозат пен Көкбозат арқандаулы тұрады, олар түнімен Темірқазықты айнала оттап жүреді. Ал, шөміш пішінді Жетіқарақшы болса олардың соңынан аңдиды да жүреді. Негізі Темірқазықты төңіректеп әр түні бір айналып шығатын Жетіқарақшы (Үлкен Аю, ондағы жеті жұлдыз Үлкен аю α、β、γ、δ、ε、ζ және жұлдыздары) және Қара құрт (Кассиопея шоқжұлдызы, әрібіне ұқсайтын, Темірқазықтың бір шетінде Жетіқарақшыға қарсы орналасқан бес жұлдыз) шоқжұлдыздары орналасқан. Темірқазық төңірегіндегі жұлдыздардың әр түн сайынғы Темірқазықты өзек өс етіп айналуы Жер шарының өз өсінен айналуынан екені белгілі. Ал, сол жұлдыздардың өзіндегі өзгерістер мен қозғалыстар аралықтың тым алыс болуына байланысты жай көзге көрінетіндей шамада емес. Қазақтың жауынгер ақыны Махамбет Өтемісұлының «Ерлердің ісі бітер ме!» деген өлеңінде «Темірқазық жастанбай, қу толағай бастанбай» деген өлең жолдары кездеседі. Мұндағы «Темірқазық жастану» сол жұлдызы самсыған түнде батырлардың далаға түнеуі мағынасын береді. Ондайда адам басы бейне қу толағай секілді қатып қалады дегенді айтса керек. == Физикалық құрылымы == Темірқазық және оның серік жұлдызы, Хаббл ғарыш телескопы түсірген сурет Темірқазық (α Кіші аю жұлдызы) үш жұлдыздың бірлігі. Олардың негізгісі (Кіші аю жұлдызы) болса сары түсті Цефеид жұлдызы, ал келесі Темірқазық жұлдызы сары түсті Ергежейлі болып, ол 2400 AU қашықтықтан орағыта айналып жатыр. Темірқазық жұлдызын 1780 жылы Уильям Гершель байқаған болып, қазіргі кішкентай телескоптармен де көруге болады. 1929 жылы Темірқазық жұлдызының спектрлі қосары бар екені белгілі болды, ол ергежейлі серік есептеледі және Кіші аю Pα, немесе Кіші аю aα жұлдызы деп аталады. 2006 жылы қаңтарда NASA жариялаған Хаббл ғарыш телескопының суретеріне негізделгенде, Темірқазық (Кіші аю жұлдызы) жұлдызындағы осы үш жұлдызды анық ажыратуға болады. Темірқазық жұлдызы Ергежейліге 18.5 AU шамасында жақын орналасқан, бұл шамамен күн мен Уран ғаламшарының арасындағы қашықтық. Осы арқылы Темірқазық жұлдызының жарығы қалай жасырылатынын аңғаруға болады. Темірқазықтың үш жұлдызы Hipparcos спутниктік өлшеуіне негізделгенде, Темірқазық пен Жер шарының шынайы арақашықтығы 434 жарық жылы. Басқа да деректерге негізделгенде, Темірқазық жұлдызы F7 күйіндегі Аса алып жұлдыз (Ib), немесе жарқыраған алып жұлдыз (II) есептеледі. Екі кішкентай серік жұлдыздары: Темірқазық жұлдызы болса F3V Негізгі тізбекті жұлдызы болып 2,400 AU қашықтықтан өз өсінде орағытып айналады. Таяудағы зерттеу мен күзетулер бойынша Темірқазық және түріндегі тұрақты жұлдыздардан құралған, әлдеқашан күйреп жемірілген галактиканың бөлігі есептеледі. Темірқазық Бірінші Цефеид жұлдызына тән. Цефейд жұлдыздарының жарығы айырықша жойқын болғандықтан, жұлдызара қашықтықты өлшеудің таптырмас орайы есептеледі. Темірқазық бізге жақынырақ ол туралы зерттеу де көбірек қолға алынды. 1900 жылдары оның жарық шамасының өзгеріс периоды 3.97 күн болып, жарық өзгерісі орта есеппен %(шамамен 0.15 магнитуда) болған. Бірақ XX ғасырда оның амплитудасы шұғыл құлдырап, 1990 жылда өзгеріс мөлшері түсті және осы маржаны сақтауда. Дегемнен, осы аралықта жарқырауы 15% артты, периоды да жыл сайын секундқа артты. Таяуда хабарлауынша, Темірқазықтың жарық шамасы Птолемей күзеткен кездегіден 2.5 есе артты (Қазір деңгейлі жұлдыз, ал ол заманда Темірқазық (Кіші аю жұлдызы) деңгейлі жұлдыз болған. Астроном Edward Guinan-ның айтуынша бұл өзгеріс нәтижесі шынында таңғаларлық, "Егер бұл рас болса, бұл ставка жылдамдығының өзгерісі теорияда мөлшерленген жұлдыздар өзгерісінен 100 есе артық болуы мүмкін." == Темірқазықтың солтүстік полюсті көрсетуі == өс етіп Аспанның айналуы Темірқазық (Кіші аю жұлдызы) негізінен жердің өз өсінде айналуының қиыр солтүстік полюсінің аспанында тұрғандығы себепті ол жер бетінен қарағандағы аспанда қозғалмайтын нүкте есептеледі. Ал солтүстік жартышардағы тұрақты жұлдыздар түгелдей оны төңіректеп айналып жүреді. Демек ол Астрономиялық жетектеуіш жұлдыз, және Аспан денелерін өлшеудің таптырмас тұғыр нүктесі есептеледі. Бұған ең ежелгі жазбалардан бері қарай нақты дәлел келтіруге болады. Қазір Темірқазық жұлдызы (Кіші аю жұлдызы) солтүстік полюс нүктесінен бар болғаны 0.7° (ай диаметрінің 1.4 есесіндей) ауытқиды. Ол өз кезегінде екі рет солтүстік полюсті дәл көрсеткен. Қалған уақыттарда ол негізінен солтүстік полюсті меңзейді. Әрине, жер шары полюсінің өзгерісіне орай Кіші аю жұлдызы мәңгі-бақи солтүстік полюсті көрсетіп, Темірқазық болып тұра бермейді. ӨЗ өсінде домалаған Жер шары түмен жылдар бойындағы тербелу мен ауытқу шамасының артуына ілесіп, оның полюс орбитасы бір шеңберді сызады. Осы шеңберге тұспа-тұс келген тұрақты жұлдыздар, мысалы Тубан, Лира секілділер өткенде және болашақта жер шары полюсі бағытталатын Темірқазық бола алады. Болашақта, қазіргі Темірқазық тіпті де полюске туралана түседі, 2100 жылдары шамасында ол полюсті көрсетуі ең төменгі ауытқуға (0.5°-тан кіші) жетеді. Темірқазықтың жаз кешіндегі айналу бағыты Солтүстік жарты шарда Темірқазықты әйгілі Жетіқарақшы арқылы және онымен қарсы жақта параллел жатқан Кассиопея (Қара құрт) шоқжұлдызының пішіні арқылы бірден байқауға болады. Эквадор сызығының оңтүстік бөлігінде негізінен Темірқазық көрінбейді. Кіші аю жұлдызы Темірқазық ретінде кейде аспандағы ең жарық жұлдыз деп те сипаттайтындар болған. Өйткені оның төңірегінде жарық жұлдыздар жоқ болған соң қарағанда біршама жарық есептеледі. Дегенмен оның жарқырау шамасы аспанда 48 орында (өзінен артық 47 жарық жұлдыз бар) тұрады, демек ол соншылық жарық жұлдыз есептелмейді. Аспанда ең жарық жұлдыз (Күнді айтпағанда) әрине әйгілі Сүмбіле жұлдызы екені бастан белгілі. Оңтүстік жарты шардың, Оңтүстік полюстің дәл осылай айырықша бағаланған темірқазық жұлдызы жоқ. Дегенмен бұлдыраңқы Сигма Октанта (σ Octantis) жұлдызын оңтүстік полюс нүктесі бағытына ең жақындеп есептеп, оны оңтүстік жарты шардың Темірқазығы деп атауды ұсынушылар бар. Бірақ оған салыстырғанда Оңтүстік Крест жұлдызы оңтүстік жарты шардың полюс нүктесін тіпті де дәлрек көрсетеді. == Арақашықтық == Темірқазық қашықтығын есептеудің ұқсамаған нәтижесі жыл қашықтықly(pc) түсіндіру 433 ly(133 pc) Hipparcos спутингі 2006 330 ly(101 pc) Тurner 2008 359 ly(110 pc) Usenko Klochkova 2012 323 ly(99 pc) Тurner қатарлылар Көптеген есептеулерді өзара біріктіргенде, Темірқазықтың бізден арақашықтығы 434 жарық жыл (133 секундтық парық) екен. Ол жер шарына ең жақын Цефеид жұлдызы. Цефеид жұлдызы дегеніміз жарқырауы өте күшті, жарық жарқырауының ауытқуы мен пульсациялық циклі арасындағы байланысы айқын жұлдыз болып, ол Құс жолындағы және Құсжолы сыртындағы жұлдыздардың қашықтығын есептеуге қолайлы және сенімді жұлдыз. Темірқазық жұлдызы жерге ең жақын цефеид жұлдызы ретінде тұрақты санасу көрсеткіші етіп, басқа әлемдік қашықтықтарды есептеуге тіке пайдалануға болады. Hipparcos спутингінің 1989-1993 жылдар аралығындағы өлшеуі мен есептеуіне негізделгенде арақашықтықтың дұрыс есептелу дәлдігі 0.97 Milliarcsecond -ке жеткізілді. Бірақ кейбір зерттеулер арақашықтық шамасына күдік туғызады, өйткені аталған жұлдыз Цефеид жұлдызы ғана емес, ол және Қосаржұлдыз есептеледі. == Мәдениет саласында == Мың жылдық астрология картасы *Жұлдызнамада (астрология), балгерлікте Темірқазық жұлдызы 15 Behenian бұлжымас жұлдыздарының (Behenian fixed stars) бірі болып, оның сырлы таңбасы 30px болды. *Үнді мифологиясы бойынша Дхрува ханзада мәңгі өмір сүретін және жарқырай беретін Темірқазыққа айналған. Дхруваның өмірі кешірмелері туралы мифтерге сүйеніп үнділер балаларын қайтпас-қайсар болуға, көңілді де жайдары болуға, істі табандылықпен істеуге, жүректі болуға үйретеді. («The Bhāgavata Purāṇa» 4-ші тарау) Демек бұл қасиеттер өз кезегінде Темірқазықтың дарытатын қасиеті дегенді де білдіреді. == Дереккөздер == Санат:Кіші Аю шоқжұлдызының жұлдыздары
'''Жаттығу мазмұны''', дайындық кезеңдері күнделікті жаттығулардан құралады. Әрбір жаттығу үш бөлімнен тұрады: қорытынды бөлім. Бойжазбада бұлшық еттерді қыздырып, буындарды созып спортшы негізгі бөлімге дайындалады. Мұнда негізінен жүктеме кезінде жасалатын жаттығулар өтеді. Спортпен жаңадан айналысушылар үшін бұл ұзағырақ жасалады. Себебі мұнда жан-жақты дайындайтын жаттығулардың саны көп болады. Негізгі бөлімде жаттығудың мазмұны ашылып, алға қойған міндет орындалады, спорт түрінің басты әдістері мен тәсілдері үйретіледі, қажыр-қайрат, күш пен шапшаңдыққа, шыдамдылық, ептілікті дамытуға көңіл белінеді. Қорытынды бөлімде жаттығу барысында қозған организм бірте-бірте бірқалыпқа, жайбарақат жағдайға түсуге тиіс. Содан кейін барып спортшы жуынып, жаттығу киімдерін ауыстырып үйіне қайтады. Жаттығу бөлімдеріне кететін уақыт мынадай: Дайындық бөлімі 20-30 минут Негізгі бөлім 70-80 мин Қорытынды бөлім 10-20 минут Барлығы сағат. == Дереккөздер == Санат:Спорт
Хан ван Мегерен (1945) ''Меегерен Хан ван''' (шын аты Хенрикус Антониус ван Меегeрен) (Meegeren, Han van Henricus Antonius van Meegeren) (10 қазан 1889 жыл, Девентер, Нидерландия 30 желтоқсан 1947 жыл, Амстердам), голландиялық өнер бұрмалаушысы Кем дегенде бұрынғы 14 шебердің танымал туындыларына көшірме жасап, оларды сату арқылы табыс тапқан; сыншылар оның «Христос ученики Эммаусе» картинасын Ян Вермеердің өнер туындысы ретінде қабылдаған. Екінші Дүниежүзілік Соғыстан кейін нацистік басшылар ұрлап әкеткен өнер туындыларын иелеріне қайтару жөніндегі комиссия құрылған кезде оның қызметі әшкереленді. Г.Геринг жинаған суреттердің ішінен Вермеердің жұмысын тауып алған комиссия Меегреннің ізіне түседі. Оған деген айып тағылып, ол туындыларға көшірме жасағанын мойындады. Меегерен үкім шығарылғанға дейін жүрек талмасынан қайтыс болады. 1889 жылы 10 қазанда католиктер отбасында дүниеге келген. Ол бала күнінен картиналарға әуестенген. Әкесі ұлының коркем онерге махаббаты бар екенін біле тұра, Ханды Дельфтский атындағы техникалық университетке сәулетші мамандығы бойынша оқуға жіберді. Ван Меегерен бейнелеу өнеріне деген махаббаты бар екенін көрсетіп және білімін жетілдірді.Ван Меегеран білімін жетілдіргеніне байланысты көркемөнер және сәулетші бөлімшесіндегі оқытушының көмекшісі болып орналасты. Ол шіркеудің суретін акварельмен салғаны үшін Алтын медальмен марапатталды. == Отбасы жайлы == Меегерен Анне де Вогтқа үйленді. Көп ұзамай екі баланың әкесі атанды: Жак және Паулин.Меегерен өзінің шығармаларын көркем әдебиет көрмелеріне қоя бастады. Содан кейін суретшінің отбасында қиындықтар басталды. Осыған байланысты ол ішімдікке салынды. Ол 1925 жылы ай бойы Италияда саяхаттап жүрді және Итальяндық шеберлердің суреттерін зерттеді. 1922 жылы Библия тақырыбында көрме өткізді және барлығы сатылып кетті. Ол 1923 жылы ресми түрде Анна мен ажырасты. == Дереккөздер == Санат:1889 жылы туғандар Санат:1947 жылы қайтыс болғандар Санат:Голландия суретшілері
'''Жаттығу гигиенасы''', ішкі, сыртқы ортаның, күнделікті күн тәртібін ұстаудың адам организміне тигізетін әсерін әрбір спортшы жақсы білуге тиісті. Ac қабылдау, үй шаруасымен, оқу, қызмет, демалу, ұйықтау уақыты спортшыда барлығы да белгіленген мезгілде орындалуға тиіс. Күн тәртібін ұстамау, бұзу күшті қалпына келтіруге кері әсерін тигізеді. Сондықтан жаттығу мен демалудың арақатынасын ретке келтіріп отыру спортшы үшін өте пайдалы, оның уақытын қалыпқа түсіріп отырады. Оның әрбір күні гигиеналық процедуралардан таңертеңгілік бойжазбадан, сібізгі (душ) қабылдаудан басталады. Күн сайын әр мезгілде ас ішуге -1,5 сағат уақыт кетеді. Жаттығудың дәл қарсаңында ас қабылдаудың пайдасы жоқ, жаттығу кезінде спортшы өзін ауыр сезінеді. Таңертеңгі ас пен жұмыстың басталуының арасы 30-50 мин. түскі ас пен сәл демалуға 1-1,5 сағат уақыт кетеді. Жаттығу өткізу үшін қолайлы уақыт түске дейін 10-14 сағаттың, кешкісін 18-21 сағаттың арасы. Жаттығу жиындары кезінде спортшылардың көңілін аударып жүйкеге демалыс беру үшін мәдени қызметтерге күн сайын 2-3 сағат бөлу қажет. Спортшыға темекі шегу, құрамында алкоголь бар ішімдіктерді ішуге болмайды. Бұлшық еттердегі қан айналымын жақсарту үшін спортшы үлкен жүктемелерден кейін денесін сылатып (массаж жасатып) өзін өзі сылаумен айналысып отырғаны жөн. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Спортшының өзін-өзі бақылауы''', спортшының дене тәрбиесі және спортпен шұғылдануына байланысты өзінің дене жағдайын бақылауы. Спортшының өзін-өзі бақылаудың маңызды толықтырылуы, онымен қатар жүргізіледі. Спортшы түрлі жаттығулар мен жарыстардан кейін өзінің шаршау дәрежесін, спорттық жұмыс қабілетін, тәбетін, ұйқысын, көңіл-күйін қадағалайды. Сондай-ақ дене жағдайының нақты көрсеткіштерін: дене салмағын кезеңдік өзгерістерін, тамыр соғысының жиілігін және өкпенің ауа сыйымдылығының өзгерістерін, қол басының күшін өлшеуді жүйелі анықтап отыру да пайдаланылады. Спортшы қыздар бұдан басқа жаттығу сабақтары және жарыстармен байла-нысты гинекологиялық саладағы өзгерістерді де белгілейді. Тыныштық жағдайда да, сондай-ақ жаттығудан кейін де (қыздырыну, машықтану және басқа) мүмкіндігінше бір жағдайда (бір сағаттарда бір ғана құрамы дене жүктемелерінен кейін бірдей уақыт аралығында өлшеу жүргізіледі. Спортшының өзін-өзі бақылауы мәліметтері өзін-өзі бақылау күнделігінде белгіленеді оны әр спортшы жүйелі және уақытты жүргізуге тиіс. Күнделікте сондай-ақ өткізген жарыстары мен жаттығулары, спорттық нәтижелері, демалудың сипаты мен ұзақтығы туралы жазылуы керек. Спортшының өзін-өзі бақылауы күнделігінде дәрігер белгіленген емдеу-сауықтыру шаралары, оны спортшының орындауы мен нәтижелері де белгіленеді. Спортшының өзін-өзі бақылауы спортшыны өз денсаулығы қадағалауға, жеке гигиена ережелері режимді қатаң сақтауға, шамадан тыс жаттығу мен артық қиналуды болдырмау үшін дене жаттығуларын реттеуге үйретеді, оның мәліметтері дәрігерге спортшының жағдайын толықтай бағдарлауға, ал оның дайындықтың әр сатысындағы жаттығу жүктемесін дұрыс белгілеуге көмектеседі. Қыздыруда, спорттық жеке сабақтарды өткізуде жаяу, шаңғымен серуендеуде де спортшының өзін-өзі бақылауы пайдалы. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Спорт спортшының керсеткіштеріне қарай разрядтар және атақтар беру жүйесі. Қазақстанда спорттың 58 түрінен жасөспірімдер мен ересектер үшін 3, 2, 1-разрядтары, спорт шеберлігіне кандидат, спорт шебері, халықаралық дәрежедегі және еңбек сіңірген спорт шебері, дойбы мен шахматтан гроссмейстер атақтары беріледі. Сонымен қатар Президенттік кепсайысынан спорт шебері және кейбір ұлттық спорт түрлерінен разрядтар мен республикалық спорт шебері атағы беріледі. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Спорттық клубтар''', олардың қайсыбір спорт қоғамына қатыстылығы немесе спорттық қызығушылығы, жас топтары бойынша спортты сүйетіндерді біріктіретін қоғамдық ұжымдар. Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің спорт комитеті 1997 жылы құрылды. Әскери қызметшілердің дене дайындығы, жоғары дәрежелі спортшылардың дайындығы, жоғары дәрежелі спортшылардың дайындығын жеделдіру, жоғары жетістіктер спортын дамыту мәселелерімен айналысады. Барлық кезде де ЦСКА-ның негізгі міндеттері халықаралық жоғары дәрежедегі спортшыларды дайындаудың ілімі мен тәжірибесі болады, кейінгі уақытта таулы-шөлді далалық жерлердің күрделі жағдайларында міндеттерін шешуге қабілетті ҚР Қарулы Күштерінің бүкіл адам құрамы дене дайындығының күн сайынғы жауапты міндеттері де қосылады. Әскердің дене жоғары дәрежедегі спортшыларды дайындау жөніндегі Спорттық клубтар жұмысының сан-салалы, ерекше, өзгеше бөлігі. Қарулы Күштердің дене дайындығын нығайту мен әскер спортшыларының спорттағы табыстарына әртүрлі уақыттарда: А. Красенко, Г. Брушко, М. Бычков, М. Оленин, Н. Попов, Г. Александров, В. Мокроносов, Н. Пуч- канев, В. Гаенко, А. Глухов, Рыбников және өзге де көптеген спортшылар елеулі үлес қосты. Қорғаныс Министрлігінің ЦСКА спорт комитетінде АДК-нің оқу спорттық базасы, тау шаңғы базасы мен қала маңындағы шаңғымен түғырдан секіру кешендері бар, Тамаровский кеңшарында, Баянкөл шатқалында, Атырау қаласы мен Ыстықкөлдегі Тамға поселкесінде де оқу-жаттығу орталықтары бар. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Спорт спорттың әр түрінен жаттығуларды, жарыстарды ұйымдастырып, өткізу үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін бұйымдар. Спорттық жабдықтар мен жататындар спорт снарядтары, спорт киімдері, аяқкиімдері, төрешілердің ақпараттар беретін, аппараттар және басқалар. Спорттық снарядтар спорттың кейбір түрлерінің негізгі заттары: доптар, имек таяқтар, спорт ойындары үшін қалақшалар; нысананы көздеп ататын спорттық құралдар (винтовкалар, пистолеттер, мылтықтар), садақтар, семсерлесу (шаншитын, семсерлесетін қылыштар) құралдары, және атлетикалық найза, диск, балға, сырық; гимнастикалық қоссырық, шығыршық, бөрене, белтемір; ауыр атлетикалык штанга, коньки (жүгіретін, мәнерлеп сырғанайтын, хоккей ойнайтын), шаңғылар (жүгіретін, тау спорты, секіру үшін) және басқалар. ерекше топты құрайды: су (академиялық, байдаркалар, каноэлар) және желкенді қайықтар, шаналар (оның ішінде шана-бобслей), велосипедтер және т.б. == Дереккөздер == Санат:Спорт