text
stringlengths
3
252k
Қарағанды облысы – Қазақстан Республикасының орталығында орналасқан облысы. 1932 жылы 10 наурызда құрылған. Жер аумағы 239,0 мың км². Тұрғын саны 1 134 753 адам, орташа тығыздығы 1 км2-ге 4,7 адамнан келеді (2023). Солтүстігінде Ақмола, Павлодар, шығысында Абай облысы, батысында Ұлытау, оңтүстігінде Жамбыл, оңтүстік-шығысында Алматы, Жетісу, солтүстік-батысында Қостанай облыстарымен шектеседі. Облыста 7 аудан мен 6 облыстық маңызы бар қала бар. Әкімшілік орталығы — Қарағанды қаласы. ## Тарихы Қарағанды облысының тарихы 1932 жылдан бастау алады. Сол жылы орталығы Петропавл қаласы болып белгіленген Қарағанды облысы құрылды. Арада төрт жыл өткенде ол екіге бөлінді. Біреуі Солтүстік Қазақстан аталып, екіншісі Қарағанды қаласы және 14 аудан қараған жаңа аймаққа айналды. ҚОАК-тің Қарағанды облысы бойынша Ұйымдық комитетінің төрағасы, өлкелік партия комитетінің ұйымдастыру бюросының мүшесі Абдолла Асылбеков болды. Осы өңірдің тумасы, сол замандағы қоғамдық құбылыстардың, өзгерістердің ұйытқысы, ұлттық басшылық құрамның көрнекті өкілі Абдолла Әбдірахманұлы Асылбеков облыстық кеңес атқару комитетінің тұңғыш төрағасы болып сайланды. Бірақ ол 1937 жылдың зобалаңына ұшырап, нақақтан нақақ ауыр жазаға кесілді. 1938 жылдың қыркүйегінде Қарағандыда екі жылдық мұғалімдер институты құрылды. Ол кейін педагогикалық институттың, бұдан соң қазіргі Е.А.Бөкетов атындағы мемлекеттік университеттің негізін қалаған облыстағы тұңғыш жоғары оқу орны болды. Бұл уақытта қала тұрғындарының саны 162 мың адамға ұлғайып, бүгінгі орталық бөлігіндегі ғимараттар мен үйлердің салынуы басталды. 1939 жылы құрамынан Ақмола облысы бөлініп шығып, әкімшілік-аумақтық құрылымы жүйелене түсті. 1943 жылы Қарағандыда облыстар арасынан алғаш рет өткізілген әйгілі ақындар айтысы болды. Облыстың барлық қалаларына, аудан орталықтарына, ірі кәсіпорындарына радио арқылы тыңдатылған бұл айтыста атақты халық ақындары Доскей Әлімбаев, Шашубай Қошқарбаев, Қайып Айнабеков, Жолдыкей Нұрмағамбетов, Нартай Бекежанов,Ғабдиман Игенсартов, Нұрлыбек Баймұратов, Көшен Елеуовтер жыр додасын қыздырды. 1944 жылдың 31 желтоқсанында Теміртаудағы Қазақ металлургиялық қайта өңдеу зауытының бірінші мартен пешінің қатарға қосылып, қазақстандық тұңғыш болат алынды. 1947 жылы 12 миллион 565 мың тонна көмір өндіріліп, Қарағанды Одақтағы үшінші отын ошағы ретінде танылды. Қазақ металлургия зауытында екінші мартен пеші іске қосылып, экономиканың нығаюы басталды. 1949 жылдың 16-21 маусымы аралығында қалада «Орталық Қазақстанның өндіргіш күштерін зерттеп, игеру проблемалары» жөніндегі Қазақ КСР Ғылым академиясының көшпелі сессиясы өткізілуі аймақ ғылымының дамуына тың қозғау салды. Геология басқармасы құрылып, жаңа кен көздерін іздестіріп табу істерін кең ауқымды жүргізу жолға қойылды. 1949 жылдың 29 тамызында Семей полигонында тұңғыш атом бомбасының сыналуы облыс тарихындағы қаралы таңба болып қалды. Төрт жылдан кейін Дегелең тауы тұсында сутегі қаруы жарылып, Егіндібұлақ аймағы өңірі тұрғындарына тағы ауыр зардап әкелді. 1949-1962 жылдары бір кездегі әсем өңірдің ашық аспанында дүлей қарудың 266 жарылысы жасалды. Содан кейінгі уақытта да сынақтар тоқталмай, дала 300 рет ғаламат жарылыстардан сілкінді. 1950 жылдың 17 қазанында облыстағы екінші жоғары оқу орны — Қарағанды медициналық институты ашылды. Аймақтың өз білікті дәрігерлерін көптеп даярлауына мүмкіндік туды. Облыс елуінші жылдары тек өнеркәсібі дамуымен ерекшеленбей сондай-ақ ауыл шаруашылығын да өркендетті. 1956-1957 жылдары аймақта ірі қара саны — 36,5 мың, қой мен ешкі 358,7 мың басқа жетті. Сонымен қатар бұл кезеңде тұрғын үй құрылысы кең қанат жайды. Облыс бойынша 1958 жылы 1957 жылмен салыстырғанда осы мақсатқа жұмсалған қаржы мөлшері 13 пайызға өсіп, тұрғын үйлерді пайдалануға беру 28 пайызға артты. 1953 жылдың қыркүйегінде облыстағы үшінші жоғары оқу орны Қарағанды тау-кен институты (қазіргі мемлекеттік техникалық университет) тұңғыш рет студенттер қабылдады. Бұл жылы Ғабиден Мұстафиннің «Қарағанды» және Ғабит Мүсіреповтің «Оянған өлке» романдары қарағандылық оқырмандардың қолына тиді. Қарағандының түбіндегі Жауыртау етегінде туып-өскен Ғабиден Мұстафин бұдан соң аймақ өткендегісін баяндаған «Дауылдан кейін» және «Көз көрген» кітаптарын жазды. ### Тың Елуінші жылдардың орта шенінде облыстың топырағы құнарлы бөліктерінде тың игеру науқанының басталуы елеулі оқиғалардың бірі болды. Осынау іс жері егін өсіруге қолайлы Нұра және Осакаров аудандарында кең өріс алды. Алғашқы тың шаруашылықтары «Донской», «Родниковский», «Киевский», «Энтузиаст», «Шахтер», «Индустриальный», «Шербаковский», «Киргизия» т.б. құрылды. 1954 жылы Жезқазғанға қала мәртебесі берілді. 1957 жылдың 3 желтоқсанында Кеңес одағындағы ең ірі металлургиялық зауыт Қазақстан Магниткасында бірінші домнаның іргетасы қаланды. 1958 жылдың қазан айында облыс Ленин орденімен марапатталды. Ол астық және ауыл шаруашылығының басқа да өнімдерін өндірудегі зор жетістіктер үшін берілген еді. ### Қоныстандыру Орталық Қазақстанның этникалық құрылымының құрылуы мен дамуының тарихы ұзақ. Өлкені қоныстандыру әртүрлі уақыттарда және түрліше жүргізілді. Орталық Қазақстан аумағында адам баласы ежелгі кезеңнен өмір сүргені белгілі, бірақ, өлкені қоныстандыру және игеру үдерісі XX ғасырға дейін созылды. Бұл кезең Қазақстан аумағында өз позициясын нығайту мақсатында күрес жүргізген Ресей империясының аймақта өз қызметін жандандыруымен сипатталады. 1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы Жарғы» бойынша қазіргі Қарағанды облысының аумағы Баянауыл, Ақмола, Қарқаралы округтерінің құрамына кірді. Өз әсерінің күшін нығайту және өлкені игеруге қажетті жағдай жасау үшін патша үкіметі шекара бойына нығайтылған шептер ұйымдастырды. Осы шептер бойында сібір казактары мекендеген Қарқаралы (1824 ж.), Ұлытау (1841 ж.), Ақтау (1837 ж.) және тағы да басқа осылар сияқты алғашқы елді мекен-станицалар пайда болды. Орта жүздің ірі руларының бірі арғындардың негізгі бұқарасы Орталық Қазақстанда шоғырланғаны белгілі. Деректік мәліметтер бойынша олардың саны уездер бойынша келесідегідей болған: Қарқаралы уезінде – 87 381 шаруашылық, Ақмолада- шамамен 100 мың, Атбасарда – 32 207 болған. Бұнымен қоса осы жерлерде найман руынан шыққан қазақтар да көшіп-қонып жүрген. Атбасар уезінде олар 38 375 шаруашылық болды. ## Саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуы Орталық Қазақстан өнеркәсіптік даму деңгейі тұрғысында республика аймақтары арасында бірінші орын алады. Онда қуатты екі өнеркәсіптік торап құрылған. Бірі Қарағанды-Теміртау көмір-металлургиялық кешені, оған Қарағанды, Теміртау, Саран, Абай, Шахтинск, Ақтау, Жезқазған қалаларындағы электр энергетикасы, машина жасау, металл өңдеу, химия, жеңіл, азық-түлік өнеркәсібінің көптеген кәсіпорындары кіреді, екіншісі Балқаш түсті металлургия өнеркәсіптік кешені, ол негізінен мыс кендерін өндіру және өңдеуге тазартылмаған және тазартылған мысты, түсті прокатты, сондай-ақ марганец, қорғасын, мырыш және басқа полиметалл концентраттарын шығаруга маманданған. Осынау кәсілорындық торап Жезқазган, Балқаш, Сәтпаев, Қаражал қалаларының, Жәйрем, Жезді, Қоңырат, Саяқ, Ақшатау кенттерінін кеніштері мең шахталарын, байыту фабрикаларын, мыс қорыту зауыттарын, өнеркәсіптін химия, азық-түлік және басқа салаларын біріктірген. Облыс экономикасының қазіргі жағдайы экономикалық және әлеуметтік құрылымдардағы елеулі өзгерістермен сипатталады. Облыстың республикадағы өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлеміндегі үлес салмағы 15% пайыздан асып жығылады. Бүгінде аймақта 300-ден астам бірлескен және шетелдік кәсіпорындар жұмыс істейді. Олардың ішіндегі ең ірілері мыналар: «Қазақмыс» корпорациясы ААҚ, ол көп қырлы, өндірісі аяқталған циклды кен-металлургия кәсіпорны, әрі бірқатар зауыттар, кеніштер және энергетикалық нысаңдардьі біріктіреді; «Арселор Миттал» ААҚ, ол толық металлургиялық циклді кәсіпорындардын барлығының Қарағанды бассейнінің көмір шахталарының ЖЭО, қосалқы және басқа да қызмет көрсететін өндірістік инфрақұрылымының басын қосқан. Марганецтің ірі өндірушісі «Жәйрем КБК» ААҚ болып табылады. Мәшине жасау және металл өңдеудегі жетекші кәсіпорындар Пархоменко атындағы мәшине жасау зауыты, «Қарағандыкенмаш» НТЭК» ЖАҚ, «Қарағанды құю-мәшине жасау зауыты» ААҚ, «Техол» ЗПХ ЖАҚ, «Қазкарметавтоматика» ААҚ және басқа кәсіпорындар есептеледі. Резеңке және пластмасса бұйымдар шығаратын негізгі өнеркәсіптік кәсіпорындар қатарына «Қарағанды резеңке техника» ЖШС, «Саранрезеңкетехника» ААҚ, «Восход» ЖШС жатады. Химиялык өнеркәсіпте «Теміртау химия-металлургиялық зауыт», «Монета Дитерджентс жуғыш заттары зауыты» ЖШС жұмыс істейді. Құрылыс материалдарды өндірумен «Сеntral Аzia Cement» ААҚ және «Қарағанды асбоцементтік бұйымдары» ЖШС айналысады. Жеңіл өнеркәсіптің ірі кәсіпорындары «Гүлден» ЖШС және «Тоmiris» ЖШС, азық-түлік өндірісінде «Тұлпар» фирмасы саналады. Өндірістік мәселелерді шешу және тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, сондай-ақ жаңа технологияларды енгізу үшін тың өндірістік куаттар және нысандар іске қосылуда, әртүрлі мәшинелер мен тау-кен және өңдеу өнеркәсібінің техникалық жабдықтарына қосалқы бөлшектер өндіру және тұтыну тауарларын даярлау ауқымы ұлғая түсуде. ## Ұлттық-мәдени орталықтар Қарағанды облысы бойынша 55 ұлттық-мәдени орталықтар жұмыс істейді.20 орталықта кешкілік мектептер жұмыс жасайды.Әр мектепте оқып үйренушілер саны орта есеппен 25 адамды құрайды. Аса белсенді ұлттық-мәдени орталықтарға Қарағанды қаласы, Жезқазған қаласы, Сәтпаев, Теміртау, Бұхар-Жырау аудандары кіреді. Қарағанды облысы Қазақстан Республикасының орталығында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. 1932 жылы, 10 наурызда құрылған. Жерінің аумағы 428,0 мың км². Тұрғыны 1333, 6 мың адам. Солтүстігінде Ақмола, Павлодар, шығысында Шығыс Қазақстан, оңтүстігінде Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, батысында Ақтөбе, Қостанай облыстарымен шектеседі. Облыс 9 ауылдық, 2 қалалық, әкімшілік ауданға бөлінеді. 11 қала, 39 кент, 168 ауылдық әкімшілік округі бар. Әкімшілік орталығы-Қарағанды қаласы. Қарағанды облысы Сарыарқаның оңтүстік жарты бөлігінде орналасқан. Қиыр батысын Торғай қолатының шығысы мен Тұран ойпатының сотүстік-шығысы, солтүстігін Теңіз-Қорғалжын ойысы, Есіл жазығы, Ерейментау, Қызылтау және басқа ұсақ таулар, шығысында Ащысу, Дағанбай өзендерінің аңғары, оңтүстігін Бетпақдалада сазды шөлі мен Балқаш көлі алып жатыр. Бедері негізінен ұсақ шоқылы, төбелі-белесті болып келеді. Олардың арасында ерте кездегі өте биік қатпарлы таулардың жұрнақтары-гранитті тау массивтері көптеп кездеседі. Қарағанды облысының шығысын көтеріңкі келген Балқаш-Ертіс суайрығын құрайтын таулар тізбегі-Қарқаралы (Жиренсақал тауы, 1403 м), Кент тауы, Қу, Қарақуыс тауы, Қызылтас тауы, Қызыларай тауы т.б. көптеген таулар алып жатыр. Қарағанды облысы өзендерінің ішіндегі шаруашылыққа маңыздылары Балқаш-Ертіс су айрығынан басталып, Теңіз-Қорғалжын көліне құятын Нұра, оның сол салалары - Шерубайнұра және Құланөтпес пен Көң өзендері. Облыстың оңтүстік-шығысын Мойынты, Жәмші, Тоқырауын, Құсақ, т.б. өзендер суландырады. Қарағанды облысы - Қазақстанның ірі өнеркәсіп кен байлықтары мен ауылшаруашылығы шикізатының негізінде көмір өндіру, энергетика, қара және түсті металлургия , химия өнеркәсібі, машина жасау және металл өңдеу, құрылыс индустриясы, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері дамыған , облыс экономикасының ірі орталығы. Халқының саны 1 миллион 381,6 мың адам,оның ішінде 1 миллион 138,5 мың адам қалаларда тұрады. Облыста республика халқының 9% -ы тұрады. Тұрғындарының орташа тығыздығы 1 км².- 3,2 адамнан келеді. Қалалары : Қарағанды, Абай, Балқаш, Жезқазған, Қаражал, Қарқаралы, Приозёрск, Саран, Сәтбаев, Теміртау, Шахтинск. Қарағанды облысында қазақтардан (37,6 %) басқа көптеген ұлт өкілдері мекендейді: орыстар (43,6%), украинлар (5%), беларусьтер (4.0%), немістер.(0.2%) , басқалары (7.5%). Облыс республикадағы марганецтің баланстық қорының 100 пайызын, вольфрамның 80, молибденнің 64, қорғасынның 54, мырыштың 40, мыстың 36, көмірдің 32, соның ішінде коксті көмірдің 100, баридің 70 пайызының қоры бар. Кеңес өкіметі жылдары облыста жергілікті кен байлықтары мен ауыл шаруашылығы шикізатының негізінде көмір өндіру, энергетика, қара және түсті металлургия, химия өнеркәсібі, машина жасау және металл өңдеу, құрылыс индустриясы, жеңіл және тамақ-өнеркәсіптері дамып, облыс экономикасының негізгі салаларына айналды. Қарағанды облысы 2001 жылы республикада жалпы ішкі өнімнің 10,1% -ын (290,6 млрд.теңге) берді. Облыстың энергетикасы жергілікті көмірге негізделген. Ірі аудандық және жылу электр станциялары Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Балқаш, Тентек, Топар, Қаражал елді мекендерінде, ұсақтары Қарсақбай, Атасу, Жамбыл, Мойынты, Сарышағанда орналасқан. Өнеркәсіптің басты салаларының бірі-көмір өндіру, кокс шығару. Түсті металлургия мыс кендерін өндіру мен қорыту және полиметалл мен сирек кездесетін металл кентастарын шығару мен байыту салаларынан тұрады. Облыста мыс өнеркәсібі екі орталықта дамыған. Оның біріншісі «Қазақмысә корпорациясына қарайтын Жезқазған кен-металлургия комбинатында. Оның құрамында Жезқазған кентінде, Сәтбаев қаласында 10-ға жуық механикаландырылған шахталар, екі карьер, екі байыту фабрикасы, мыс қорыту зауыты бар. Екіншісі-«Балқашмыс» кен-металлургия комбинаты. Оның құрамында Қоңырат, Саяқ, Шатыркөл карьерлері, байыту фабрикасы, мыс қорыту, қақтау зауыттары бар. Жезқазған, Балқаш кен-металлургия комбинаттары мыс балқытумен қатар таза алтын, күміс, т.б. сирек металдар алумен шұғылданады. Полиметалл мен сирек кездесетін металдарды өндіру өнеркәсібі дамып келеді. Оныің ірі орталығыАқжол (қорғаысн, мырыш), Ақшатау, Жамбыл (вольфрам, молибден), Қарағайлы, Жоғарғы Қайрақты (полиметалл, сирек металдар). Облыста Балқаш, Жезқазған, Теміртау зауыттарынан шығатын газ, әк-тас, минералды түз кендерінің негізінде химия өнеркәсібі дамып келеді. Химия кәсіпорындарынан Теміртауда химияда химия- металлургия зауыты, «Қарағанды химя өнеркәсібі» ЖШС-і, Саранда екі машина жөндеу зауыттары бар. Машина жасау және металл өңдеу кәсіпорындары негізінен Қарағанды қаласында орналасқан. Мұнда құю-машина жасау зауыты, «Қарағанды кен-машина-ИТЭКС» ААҚ, Энергия, сауда-техника комбинаты,турбо-механикалық, Пархоменко атындағы машина жасау, көмір машинасын жасау, №1 машина жасау, тұрмыстықтехника заттары, Теміртауда «Шығысэнергияжөндеу-SEE», «Энергия жөндеу-Т» ЖШС-рі, «Энергоприбор» өндірістік кооперативі, Жезқазғанда «Салаларалық өндіріс-өндіру фирмасы» өндіріс кооперативі жұмыс істейді. Облыс қалаларында және кейбір ірі кенттерде,аудан орталықтарында тұрмыс қажетін өтеу комбинаттары, баспаханалар жұмыс істейді. Балқаш көлінде балық ауланады.Ол Шашубай кентіндегі (Балқаш қаласы жағалауында) балық зауытында өңделеді. Қарағанды облысында 95 аурухана, 359 амбулатория мен емхана болды Оларда 5777 дәрігер, 10866 орта медициналық мамандар жұмыс істеді. 298 кітапхана, қазақ, орыс драматетрлары, филармония, музыкалық комедия театры. 33 клуб пен мәдениет үйі, 8 мұражай, цирк бар. 1931 жылдан 2 облыстық («Орталық Қазақстан», «Индустриальная Караганда») және бір қалалық (Темиртауский рабочий») газеті шығады.Бір сөзбен айтқанда, Қарағанды қаласының облыс орталығы болуы оның жан-жақты, түрлі салада дамып, одан әрі өсіп өркендеуіне мүмкіндік берді. ## Әкімшілік бөлінісі Облыс құрылымы 7 аудан мен 6 облыстық бағыныстағы қаладан тұрады: ## Табиғаты Қарағанды облысы Сарыарқаның оңтүстік жарты бөлігінде орналасқан. Қиыр батысын Торғай қолатының шығысы мен Тұран ойпатының солтүстік-шығысы, солтүстігін Теңіз – Қорғалжын ойысы, Есіл жазығы, Ерейментау, Қызылтау және басқа ұсақ таулар, шығысында Ащысу, Дағанделі өзендерінің аңғары, оңтүстігін Бетпақдала сазды шөлі мен Балқаш көлі алып жатыр. Бедері негізінен ұсақ шоқылы, төбелі-белесті болып келеді. Олардың арасында ерте кездегі өте биік қатпарлы таулардың жұрнақтары – гранитті тау массивтері көптеп кездеседі. Мұндай аласа тауларды тауаралық кең жазықтар, өзен аңғарлары, көл ойыстары бөліп тұрады. Облыстың батыс бөлігін Ұлытау (1131 м), Арғанаты, Желдіадыр, т.б. таулар, ұсақ, орташа Абсолюттік биіктігі 300 – 500 м Сарысу төбелі-белесті жазығы алып жатыр. Қарағанды облысының шығысын көтеріңкі келген Балқаш – Ертіс суайрығын құрайтын таулар тізбегі – Қарқаралы (Жиренсақал тауы, 1403 м), Кент тауы (1469 м), Қу (1356 м), Қарақуыс тауы (1342 м), Қызылтас тауы (Қушоқы, 1283 м), Қызыларай тауы (Ақсораң, 1565 м, Сарыарқаның ең биік нүктесі), Кешубай (Сарыобалы, 1320 м), Қоңыртемірші тауы (Қарасораң, 1368 м), т.б. көптеген таулар алып жатыр. Шығыс бөлігі өзінің биіктігімен (орташа Абсолюттік биіктігі 500 – 1000 м) және жер бетінің қатты тілімденгендігімен ерекшеленеді. Облыстың бұл бөлігі солтүстіктен оңтүстікке қарай бірте-бірте аласарады. Үлкенді-кішілі ойыс пен қазаншұңқырлар бір-бірімен алмасып жатады. Аласа тау массивтерінің салыстырмалы биікт. 500 – 600 м, бұлардың арасында белесті қырат немесе көптеген шашыранды ұсақ шоқылар, дөңесті бұйраттар, адырлар кездеседі. Облыстың солтүстігінде Ерейментаудың оңтүстік сілемдері – Ақдің (899 м), Нияз (833 м), Айыртау (814 м), Желтау, т.б. таулар, Қарасор көлінің ойысы бар. Облыстың оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде Арал маңы Қарақұмы, Мойынқұм, Жетіқоңыр, Қарақойын, Сарықұм сияқты құм массивтері жайғасқан. ## Геологиялық құрылымы және пайдалы қазбалары Облыстың жер аумағы каледон және герцин құрылымдарын қамтитын Орталық Қазақстан палеозоидының ортаңғы бөлігінде орналасқан. Каледон қатпарлығына Шыңғыс-Тарбағатай мегаантиклинориі мен Шыңғысалды синклинориі және Семізбұғы синклинориі, каледонид пен герцинидтің орта тұсында орналасқан Қарағанды синклинориі герциндік Теңіз ойысы мен Карағанды синклинорийіне батыс бөлігінен келіп жалғасатын Сарысу-Теңіз көтерілімі жатады. Құрамына Спасск антиклинорийі, Қарасор және Өспен синклинорийі, Жоңғар-Балқаш қатпарлы жүйесінің сож. доғасы кіретін герциндік құрылым Қарағанды синклинориінен оңтүстікте орналасқан. Бұл құрылымдар түрлі құрамды құмтас, әктас, кварцит, жаңғыш тақтатас, вулканиттерден түзілген. Әртүрлі бағыттағы жарылыстары мен опарылыстары бар интрузиялар жыныстарды қатпарлыққа жаншып, қиып өткен. Геологиялық құрылымдар ішінде егжей-тегжейлі зерттелгені ендік бағытқа жақын созылып жатқан Қарағанды синклинорийі. Синклинорийдің орта тұсын Қарағанды көмір бассейні алып жатыр. Қарағанды синклинорийінің батыс бөлігі грабен-синклинальды девон және төменгі палеозойдың вулканогеңді-терригенді қабаттарынан түзілген майысулар мен көтерілімдердің кезектесіп отыруымен сипатталады. Мұнда Самар және Завьяловка тас көмір кен орындары орналасқан. Грабен-синклинальдар шығыс және батыс жағынан меридиан бағыттағы жарылыстармен шектелген. Бассейннен солтүстікке таман фамен және турней ярусының карбонатты жыныстарымен, сол сияқты төменгі карбонның көмірлі қабаттарынан түзілген брахисинклинальдардың және мульдалардың көтеріңкі учаскілерімен кезектесіп отыратыны байқалады. Бұл тұсқа көміріндегі күл мөлшері жоғары Қушоқы және Бөрілі кен орындарының қабаттары сай келеді. Қарағанды көмір бассейнінің оңтүстік жиегінде қорғасын-мырышты руда жүлгілері мен Жалайыр барит кені белгілі. Бассейннің түрлі бөліктерінен металлургия, химия және цемент өнеркәсібіне пайдалануға жарамды әктастың бірнеше кен орны анықталды. Бұлардың қатарына барланып, пайдалануға берілген Астахов, Сарыапан, Волын, Оңтүстік Топар әктас кен орындары жатады. Құмтас-қиыршықтас кенорындарының негізгі зерттелген бөлігі өзен аңғарларында шоғырланған. Юра шөгінділері үстіне жиналған саз балшық аязға төзімді құрылыс кірпішін, керамикалық бұйымдар, отқа төзімді материалдар даярлауға пайдаланылады. Актас, Сасыққарасу саз кені пайдаланылуда. Девон эффузияларынан құрылысқа жарамды тас кені жан-жақты зерттеліп, игерілуде. Қарағанды синклинорийінін оңтүстігін ала, Тектұрмас антиклинорийінен солтүстікке таман шығыс-солтүстік-шығыс бағытта ұзындығы 250 км, ені 5-15 км-лік Спасск жаншылу зонасы орналасқан. Бұл зонада Орталық Қазақстанның девондық жанартаулық белдеуінің жыныстары солтүстік-шығыс бағытқа қарай созылған. Мұнда 20 шақты жанартаулық-тұнбалы мыс кені (Жалғызтөбе, Жетімшоқы, Қызылшоқы, Қожақонған, Қызылөгіз, Көктал, Көктасжал, Сарыадыр, Алтынтөбе және т.б. кен орындары) және 250-ден астам мыс белгілері мен бірнеше геохимиялық аномалиялар анықталды. Пирофиллит, мәрмәр кендері де табылып, барланды (Спасск). Зонаның оңтүстігіне таман ендік бағытқа жақын силурдың терригендік жыныстарынан түзілген, кіші гранодиоритгі интрузияларымен байланысы бар Нұра синклинорийі өтеді. Гранит және жоғарғы фамен туфы, туфогенді құм тасы бар гранодиориттің солтүстік массивтерінде кремнийпиритті-магнетитті-гематитті кен орындары (Кентөбе темір кен орны) ұштасып жатыр. Облыс жерінде батыс жағынан қоршап жатқан Сарысу-Теңіз көтерілімі әр кездері грабен-синклиналь және горст-антиклиналь түзейтін қатпарлық пен жарылыстың бұзылуға жиі ұшырап отырған жанартаулық шөгінді және интрузивті жыныстардан түзілген. Көтерілімнің орталық бөлігін алып жатқан Шұбаркөл грабен-синклиналіне күлділігі аз (2-10%), қоры 2 млрд.т Шұбаркөл көмір кені орналасқан юра ойысы, ал Қызылжар горст-антиклиналіне Баршын липарит және кірпіштік саз кендері сай келеді. Шыңғысалды синклинорийі мен Шыңғыс-Тарбағатай мегаантиклинорийінің батыс бөлігін тұтас қамтитын палеозой жыныстарынан түзілген. Мұнда карбонның порфирлі гранитоидтарының ұсақ интрузияларымен байланысты келетін мысты-порфирлік типті плутогенді-гидротермальды рудалану (Көктасжал кен орны) және колчедандық типке жақындайтын ұсақ мыс кен орындары анықталған. Ұлытау-Жезқазған аймағының геологиялық құрылымы тау жыныстарының әр түрлі үш кешендерінен қалыптасқан: 1-кембрийге дейінгі күрделі дислокацияға ұшыраған метаморфтық жыныстар; 2-палеозойдың жанартаулық тұнба қатпарлы жыныстары; 3-мезозой және кайнозойдың құмтасты-сазды платформалық құрылымдары. Ұлытау-Жезқазған аймағы шегінде мыстың аса ірі кен орындары, марганецтің, қорғасын және мырыштың ірі кен орындары, темірдің, никельдің, кобальттың, көмірдің, асбестің құрылыстық және флюстік шикізаттардың орташа және шағын кен орындары, алтынның, хром, никель, мыс, платина руда түзілу белгілерінің, бейруда пайдалы қазбалары — магнезит, тальк, барит, кварц, флюорит, асбест шоғырланған. Қара және түсті металдар рудаларында күміс, рений, кадмий, таллий, германий және т.б. шашыранды элементтердің құнды қоспалары кездеседі. Темір рудалары ның жер бетіне шығып жатқан ірі орындары Қарсақбай зауыты ауданында 40 км-ге созылып жатыр. Мұнда Керегетас, Балбырауын, Қаратас, Қарашоқы және Сазтөбе кен орындары орналасқан. Керегетас және Балбырауын кен орындарының темірлі кварциттің қалынды ғы 10 м-ден 220 м-ге баратын 5-7 горизонты бар. Бүкіл 400 км-лік өн бойындағы темірдің қоры миллиард тонна деп бағаланып отыр. Ұлытау-Жезқазған аймағы марганец рудаларының қоры бойынша Қазақстанда негізгі аудандарға жатады. Жезді кен орны ауданында темірлі-марганецті руда белгілері бар Балажал, Емельяновское, Батыс Керегетас, Жаман Кергетас орыңдары белгілі. 20 ғ-дың 80-жылдарының ортасында Қаптыадыр тауының оңтүстігін ала Айдарлы фабен-синклиналінде марганецтің жаңа кен орындары (Богач, Тур 1, Тур II және т.б.) ашылды. Қазіргі танда мыс рудалы формацияларының ішіндегі өнеркәсіптік маңыздысы — Жезқазған рудалы формациясы. Осы формацияның Жезқазған, Жыланды тобы (Итауыз, Сарыоба, Қарашошақ, Қыпшақбай, Аралбай, Жаманайбат және т.б. ұсақ кен орындары төменгі, орта және жоғарғы карбон және төменгі пермьнің терригендік шөгінділеріне байланысты түзілген. Никель және кобальт кен орындары Шайтантас, Ешкіөлмес, Талдысай массивтерінің желмен үгілген гипербазиттері негізінде шоғырланған, бетін миоцен шөгінділері жапқан. Шу-Сарысу ойпаңының шығыс жапсарындағы кең алаптағы көне үгілу қыртысында бокситтің қоры анықталуда. Жезқазған-Ұлытау өңірінде жанғыш пайдалы қазындылардан Байқоңыр ауылының маңында юраның қоңыр көмір кені (Байқоңыр және Қияқты кені) кездеседі. Қоры 100 млн т. шамасында. Шұбаркөл кенішіндегі көмір қоры 1,7 млрд т. деп есептеледі. Байқоңыр поселкесінен оңтүстік-батысқа қарай 170 км жерден Оңтүстік-Торғай мұнай-газ провинциясы (Құмкел тобы) ашылды. Шу-Сарысу ойпаңынан 14 мұнайлы-газды мүмкіндігі мол құрылымдар анықталды және Шу көтерілімінен Придорожное газ кен орны ашылды. ## Геологиясы Жерінің геологиялық құрылымы каледон және герцин қатпарлығы кезеңінде қалыптасқан. Палеозой дәуірінің соңында континенттік түзілу кезеңі басталды. Өте ұзақ мерзімге созылған тегістелудің нәтижесінде пайда болған таулы өлке мезозой дәуірінде бірте-бірте қыраттарға айналды. Облыс жері негізінен палеозойдың метаморфтанған тақтатастарынан, кварциттерінен, құмтастарынан, әктастары және конгломераттарынан түзілген. Солармен бірге интрузивті (гранит, диорит, габбро, т.б.) және эффузивті жыныстар кең таралған. Байырғы жыныстарды неоген мен төрттік кезеңдердің сарғыш шөгінділерінің қалың қабаттары жауып жатыр. Облыс минералдық шикізат ресурстарына өте бай. Мұнда көмір, мыс, қорғасын, темір, мырыш, марганец, вольфрам кендерінің мол қоры бар. Күшәла, кобальт, никель, сирек металдар да кездеседі. Бейкентас шикізатынан – құрылыс тасы, әктас, цемент шикізатының, отқа төзімді саздың, пирофилиттің, құмның мол қорлары кездеседі. ## Климаты Климаты тым континенттік және өте құрғақ. Негізгі климат түзуші факторлардың бірі — күн сәулесінің ұзақтығы, ол жылына 2300-2500 сағат; ең жоғары орта айлық мәні шілдеге келеді. Жылдық жиынтық радиация мөлшері 110-120 ккал/см2, шашыранды радиация 45-50 ккал/см2. Облыс аймағы негізгі үш түрлі ауа массалары ықпалында болады: арктикалық, полярлық (қоңыржай белдеу ауасы), тропиктік. Жылдың суық мезгіліндегі ауа райының қалыптасуына азия антициклонының батыс тармағы үлкен әсерін тигізеді. Қыста ашық ауа райы басым. Ең суық ай - қантардың орташа температурасы Солтүстікте — 18°С, Оңтүстікте — 14°С байқалады. Абсолюттік минимум — 52°-44°С аралығында ауытқиды. Көктемде де антициклондық ауа райы режимі сақталып, құрғақ әрі желді ауа райы қалыптасады: күндіз өте жылы, түнде үсік байқалады. Жалпы көктемгі ауа райы тұрақсыздығымен ерекшеленеді. Жазда Орталық Қазақстанның дала аймағы тұсындағы ауа массалары қатты қызып, бұлтсыз, ашық әрі ыстық ауа райы орнайды. Ең жылы ай — шілденің орташа температурасы Солтүстікте + 18°С, Оңтүстік аймағында +22°С болады. Ең жоғары температура +40-43°С мөлшерінде. Жоғары температура (30°С және одан жоғары) шілдеде орта шамамен 7-8 күннен, 10-15 күнге дейін созылады. Ауа температурасының орташа жылдық мөлшері 1,2-3,5°С аралығында. Жылы мерзім ұзақтығы облыстың қыратты бөліктерінде (Қарқаралы, Ақтоғай таулы аймақтары) 198 күннен — 207-220 күнге (Ұлытау, Жаңаарқа, Шет аудандары) дейін ауытқиды. Аязсыз мерзім ұзақтығы тиісінше 90-100 және 110-135 күнге жақын. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығының ең жоғары мәндері қыста байқалады. Облыс аймағында қарашадан наурызға дейін оның орта айлық мөлшері 78-82%. Жылы мерзімде салыстырмалы ылғалдылық Солтүстік бағыттан Оңтүстікке қарай кемиді. Маусым-шілде айларында ең төмен орташа айлық мөлшері 53-58% байқалады. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері көпшілік жерде 200-300 мм, Шығыс бөлігінде 330 мм түседі. Ең жоғары айлық орташа мәні шілдеде 40-47 мм, ең төмені қаңтарда 8-18 мм. Көктемде жылдық жауын-шашынның 25% жауады. Жазда жауатын мөлшері (маусым-тамыз) 120 мм, яғни жылдық норманың 40%-ын құрайды, әрі нөсерлі болады. Қыркүйекте 23 мм, қазанда 27 мм жауын-шашын жауады. Ең бірінші қар жаууы қыркүйектің бірінші онкүндігінде байқалады. Желдің орташа жылдық жылдамдығы — 5,5 м/сек. Ең жоғары айлық орташа мәні наурызда — 6,8 м/сек, сәл төмен мөлшері ақпан мен желтоқсанға келеді (6,5 және 6,1 м/сек). Ең бәсең жел жылдамдығы тамызда — 4,3 м/сек. Жылы мерзімдегі жел режимінің қалыптасуы айқын білінбейтін төмен қысымды бариқалық өріспен байланысты. Қарашадан наурызға дейін айлық орташа жел жылдамдығы өсіп отырады; Қарағандыда оның ең жоғары көрсеткіші 37 м/сек. және шамамен 20 жылда бір қайталанады. Облыс аймағының басым бөлігінде күшті жел соғуы (15 м/с және одан жоғары) үш күннен аспайды. Ал Қарағандыда ондай күндер саны наурызда 5-6 күнге созылады. Қыста жиі боран байқалады, боранды күндер саны 21-38-ге дейін жетсе, кейде 50 күнге дейін барады. Жылы маусымда құрғақшылық, желді жағдайда шаңды дауыл қалыптасады. Жыл бойынша ондай күндер саны орта есеппен 1-ден (Қарқаралы) 12-17 күнге дейін (дала аймақтарында) байқалады. Шөлейтті, шөлді аймақтарында шаң дауылды күндер саны жылына 20-38 күнге дейін жетеді. Жазда, кейде көктем мен күз мезгілдерінде облыс аумағында найзағай байқалып, дауыл, нөсер жаңбыр, бұршақпен қабаттасады. Жылына найзағайлы күндер саны 20-24 күн, ал Қарқаралыда 28 күн мөлшеріңде. Ең жиі байқалатын кезең жаз, оның ішінде шілде айы (6-8 күн). Найзағайдың орташа ұзақтығы — 1,8 сағат. Бұршақ жылы мерзімде сирек байқалады; әрі біркелкі емес, ені мен ұзындығы бірнеше шақырым жолақпен жауып өтеді. Орта есеппен жыл бойы бұршақ жауған күндер саны 2-3, кейде 4-8-ге жетеді. Күз, көктем айларында жер беті қатты суынып, антициклондық ауа райы жағдайында тұман қалыптасады. Облыста жылына тұманды күндер саны 16-28 күн аралығында болса, Қарағандыда шамамен 37 күн, ал ең жоғары айлық орташа көрсеткіші — наурызда. Облыс климатының айқын білінетін ерекшелігінің бірі — қуаңшылық. Күшті қуаңшылық орта есеппен 10-12 жылда бір қайталанады. Сәуірден қыркүйекке дейін аңызақ жел соғатын күндер саны 60-100 күн аралығында. Аңызақ, құрғақ желдер жазда Солтүстіктен келген арктикалық ауа массаларынан қалыптасады. Ауыл шаруашылығына үлкен шығын әкеледі. Облыс аймағындағы қыс кейбір жылдары тым қатаң болып, 5-5,5 айға созылады. Тұрақты қар жамылғысы әдетте қарашаның ортасында қалыптасып, 110-150 күндей жатады. Қаңтарда аяз күшейеді, -25°С және одан төмен температуралы күндер саны аймақ бойынша қыс ішінде 40-50 күннен (Солтүстікте), 10—15 күнге дейін (Оңтүстікте) ауытқиды, ал кейбір жылдары айына 20-25 күнге дейін жетеді. Қар жамылғысының орташа қалыңдығы — 20-26 см-ден 10-15 смге Солтүстіктен Оңтүстікке өзгереді. Қарлы жылдары оның қалыңдығы таулы аймақтарда 40-50 см-ге жетеді. Көктем наурыздың екінші жартысында басталып, 1,5-2 айға созылады. Орташа тәуліктік ауа температурасының 0°С көтерілуі әдетте 4-10 сәуірде байқалады. Қар жамылғысының ерте еруі — 16-28 наурызда, кеш еруі — 20-25 сәуірде. Түнгі үсіктің түсуі мамырдың 23-28-нде аяқталады. Жазы 3-4 айға созылып, ыссы әрі құрғақ болады. Күзі қыркүйектің басынан қазанның аяғына дейін созылады, әрі жазға қарағанда қуаң келеді. Бұл айдың орташа температурасы Солтүстіктен Оңтүстікке қарай 10°-14°С аралығыңда өзгереді. Әдетте, айдың бірінші онкүндігінде түнде тұрақты үсік басталады. Жылу мен ылғал таралуына байланысты, облыс аймағы 4 климаттық ауданға бөлінеді: қоңыржай-салқын қуаң ұсақ шоқылы; қоңыржай-жылы қуаң ұсақ шоқылы; қоныржай-жылы өте қуан. Біріншісіне біршама ылғалды, алайда ылғалды өсімдіктің еркін өсуіне жеткіліксіз таулы аймақ (Қарқаралы, Ақтоғай) жатады. Гидротермиялық коэффициент (ГТК) — 0,7-0,8; әсерлі температуралар жиынтығы (яғни орта тәулік температурасы +10°С жоғары) 2000°С жуық. Өсімдіктердің өсіп-өну мерзім ұзақтығы орта шамамен 130 күн. Агроклиматтық жағдайы ерте себілетін жаздық дәнді дақылдар, қарақұмық, орамжапырақ, картоп, қияр т.б. өсіруге қолайлы. Жер бедеріне байланысты, көпшілік шаруашылықтар мал шаруашылығымен, онымен қоса, егіншілікпен шұғылданады. Қоныржай-жылы қуаң ұсақ шоқылы аудан — облыстың неғұрлым ойпаң өңірін қамтиды. Оған Бұқар жырау, Абай, Нұра, Осакаров ауданының Солтүстік-Шығыс, Қарқаралы ауданының Солтүстік-Шығыс кіреді. ГТК - 0,7-0,8. Әсерлі температуралар жиынтығы 2000-2200°С. Өсімдіктердің өсіп-өну мерзім ұзақтығы 130-135 күн. Қоңыржай-жылы өте қуаң ауданға Осакаров ауданының басым бөлігі, Жаңаарқа ауданының Солтүстік, Қарқаралы ауданының Оңтүстік-Шығысы жатады. ГТК — 0,5-0,7. Әсерлі температуралар жиынтығы (+10°С жоғары) 2000-2600°С. Осакаров ауданында егіншілік кеңінен дамыған. Жылы өте қуаң аудан облыстың Батыс және Оңтүстік аймақтарын (шөлейтті, шөлді) толығымен қамтиды. ГТК — 0,5-0,7. Әсерлі температуралар жиынтығы 2200-2800°С. Мұнда қой шаруашылығы басым дамыған. ## Өзендері мен көлдері Қарағанды облысы өзендерінің ішіндегі шаруашылыққа маңыздылары Балқаш – Ертіс суайрығынан басталып, Теңіз – Қорғалжын көліне құятын Нұра, оның сол салалары – Шерубайнұра және Құланөтпес пен Көң өзендері. Сонымен қатар Қарасор көлі алабының өзендері – Жарлы, Қарқаралы, Талды және Ертіс алабына жататын Есіл, Өлеңті, Шідерті, Түндік өзендерінің де маңызы айтарлықтай. Облыстың батыс жағын суландыруда Сарысудың, Терісаққан, Торғай, Ұлы Жыланшық өзендерінің Жоғарғы ағыстарының және Байқоңыр, Қалмаққырылған, т.б. көптеген кіші өзендердің маңызы өте зор. Облыстың оңтүстік-шығысын Мойынты, Жәмші, Тоқырауын, Қусақ, т.б. өзендер суландырады. Өзендерінің суы аз, тек көктемде қар еріген кезде ғана суы молаяды да біраз күн тасиды. Жаз ортасында кіші өзендер саязданып, сулары кермектеніп, қарасуларға бөлініп қалады, кіші өзендер тартылып қалады. Қарағанды облысында жалпы ауданы 926 км2 болатын 1910 көл бар (бұрынғы Теңіз ауданын қоспағанда). Олардың 90%-ы облыстың солтүстік аудандарында шоғырланған. Облысты екіге бөлетін 48 параллельден оңтүстікке қарай тек 108 көл ғана бар. Барлық көлдердің тек 131-інің ғана ауданы 1 км2-ден асады. Оларда 576 млн м3 су жиналады. Көлдердің көпшілігі көктемде суға толып, жазда құрғап, күзде сорға айналады. Ірілері: Балқаш, Қарасор, Қыпшақ, Керей, Қарақойын, Қияқты, Шошқакөл, Балықтыкөл, Шыбынды, Тассуат, Ащысу. Облыста 460 тоған мен бөген бар. Олардың ірілері: Нұра өзеніндегі Самарқан, Шерубайнұра, Жартас, Самар, Кеңгірдегі Кеңгір, Жезді, Атасудағы Қылыш, Сарысаздағы Ақтасты, Поливное, Қумоладағы Қарсақпай бөгендері. Ертіс – Қарағанды – Жезқазған каналдары Атасу кентіне дейін салынды. Оның бойында 6 бөген бар. Жер асты тұщы сулары кеңінен пайдаланылады. ### Көлдері Облыс аймағында 1600-ге жуық көл бар, оның ішінде 200-ден астамының ауданы 1 шаршы км-ден асады. Облыс жерінің онтүстік-шығыс бөлігінде су айдыны көлемі жағынан Қазақстаңдағы үшінші көл — Балқаш жағалауы кіреді. Көл Батыстан Шығысқа қарай созылыңқы (614 км) орналасқан. Ауданы 18,2 мың км2, су көлемі 106 км3, су айдынының теңіз деңгейінен биіктігі 342 м. Тереңдігі 6-12 м-ден (Батыс), 15 м-ге дейін (Шығыс) ауытқиды, ең терең жері — 26 м. Тұздылығы біркелкі таралмаған, Батыс бөлігі Іле өзенінің суымен тұщыланады, Шығысында тұздылық мөлшері 5г/л дейін жоғарылайды. Антропогендік әсерден Балқаш көлінің деңгейі 2 м төмендеп, суының сапасы да нашарлаған. Аласа таулы және қыратты суайрықтар мен үлкен тұйық ағынсыз алап көлдеріне қарағанда, анғарлық-арналық көлдер түрі көп тараған. Айдын ауданы 0,5-1,5 м2 ұсақ көлдер куаң жылдары жазда кеуіп қалады. Көлдер суының орта минералдылығы 1-10 г/л аралығында. Облыстың аласа таулы және қыратты Шығыс, Оңтүстік-Шығыс аймақтарындағы көлдердің қазаншұңқырлары кіші, таяз, аласа жағалаулы болып келеді. Қуаң жылдары олар құрғап қалады. Неғұрлым терең көлдерінің суы жыл бойы сақталады (Үлкенкөл). Үлкен тұйық ойыстардағы көлдер бежі және жер асты су ағындарының негізі болып саналады. Солардың бірі — Қаркаралы ауданында орналасқан Қарасор адырлы-жазықты тұйық ойыс. Ол өңірде 50-ге жуық (Қарасор, Саумалкөл, Балықтыкөл, т.б.) көлдер бар. Орта тереңдіктері 1 м, кей жерде 4-5м, орта тұздылығы 35-41 г/л. Көл түбінде емдеу мақсатында пайдаланатын күкіртгі-сутекті шипалы балшық тұнған. Облыстың Солтүстік-Батысында мына көлдер орналасқан — Шошқакөл, Барақкөл, Саумалкөл, Құнақай, Әжібексор, Тассуат т.б., Солтүстігінде Шыбынды, Қаракөл, Оңтүстік-Батысында — Дөңсары, Алакөл, орталық аймағында — Көктіңкөлі т.б. Тұздылығына байланысты олардың суы аса пайдаланылмайды. Облысты сумен тұрақты қамтамасыз етуде су қоймалары мен каналдардың маңызы зор. Су қоймалары: Самарқан (Нұра өзені), Шерубай-Нұра (Шерубай-Нұра өзені), Кеңгір (Кеңгір өзені), Жезді (Жезді өзені) т.б., сонымен қоса кіші өзендерде көптеген тоғандар салынған. 1973 жылдан бері облыс аймағында Ертіс—Қарағанды каналы жұмыс істейді. Бұл алып гидротехникалық құрылымның (суды төменнен жоғары деңгейге тасымалдайды) ұзындығы 458 км. Орта шамамен 75 м3/с су тасымалдап, Қарағанды, Теміртау сияқты ірі, және кіші қалаларды сумен қамтамасыздандырады. Су тасымалдау үшін 20-ға жуық насос стансалары іске қосылған. Облыс аймағында беткі су қорлары жеткіліксіз болғандықтан, жер асты суларының маңызы зор. Әр түрлі тереңдіктерде, яғни 10-100 м аралығында өспе су көздері мол. Бірақ көпшілік аймақта (шөлейтті, шөлді) олардың минералдылығы, оның ішінде кермектік қасиеті жоғары болғандықтан, ауыз су ретінде қолдану біраз қиындық келтіреді. Облыс аймағыңда 200-600 м жер қыртысы қабаттарында көзі тереңде жатқан жер асты сулары кең таралған. Олардың шаруашылықта кеңінен қолданылуы техникалық тұрғыдан әлі шешілмеген. Аймақта ғасырлардан бері пайдаланып келе жатқан көптеген құдықтар қолданылады (мал шаруашылығында). Олардың тереңдігі орта шамамен 4-10 м, сағатына шамамен 300-500 л су бере алады. ## Топырақтары Қарағанды облысының солтүстігіндегі дала белдемінде оңт-тің карбонатты қара және күңгірт қоңыр, қоңыр топырақтары қалыптасқан. Қарқаралы, Кент, Бақты, Қу, т.б. тауларда таудың қара топырағы тараған. Облыстың орталық өңірін алып жатқан шөлейтті белдемде сортаңды карбонатты қоңыр, ашық қоңыр топырақ басым. Облыстың оңтүстік шөл белдемінде сұр және сұрғылт қоңыр топырақ тараған. Өзен аңғарларында шалғынды қоңыр топырақ түрлері кездеседі. ## Халқы Қарағанды облысы халқының саны Қазіргі кезенде аймақтың демографиялық дамуының басты ерекшелігі тұрғындардың абсолютті санының динамикалық өзгеріп отыруымен сипатталады. Республика тұрғындарының 1989-1992 жыддар аралығында өсіп-енуінің орташа жылдық қарқыны 0,7%-ға жетсе, 1999 ж. орташа жылдық төмендеу қарқыны 0,9%ды құрады. Келесі жылдары тұрғындар санының төмендеу деңгені шұғыл түрде азайды. 2005 ж. алғаш рет тұрақты өсім көрсеткіші тіркелді. Бұл кезең халық санының азаюына себепші болған қолайсыз демографиялық жағдаймен сипатталады. Қазақстан Республикасы тұрғындар санының тіркелуі бойынша 1999 ж. Орталық Қазақстан тұрғындарының саны 1 410 218 адам, яғни 1989 жылмен салыстырғанда 19,1%, келесі жылдары тағы 5,6%-ға азайып, 2006 жылдың басында 1 331 702 адамға түсті. Аймақта қалаға шоғырлану үрдісі жалғасып жатыр. Облыс тұрғындарының құрамында кала тұрғындарының үлесі үнемі өсуде, ал ауыл тұрғындарының үлес салмағы керісінше азаюда. Мысалы, егер 1989 ж. қала мен ауыл тұрғындары санының қатынасы 82,1% және 17,9% болса, 2006 жылдың басында — 83,8% және 16,2% болды. Ұлттық құрылымда 1980 жылдың аяғында басталған аймақтың компоненттерінің абсолютті және қатысты көрсеткіштердің өзгеру үрдісі жалғасуда. Егер 1989 - 2005 ж. аралығында қазақтардың абсолютті саны 18,4%-ға өсіп, 551 536 адамға жетті, ал аймақ тұрғындарының құрамындағы үлесі 41,4%-ды құрады, бұл көрсеткіш 1989 ж. 25,8% болған еді. Орыстардың саны 553 058 адамға дейін немесе 48%-ға жуық азайған, ал үлес салмағы 41,5%-ға тең болды, бұл көрсеткіш 1989 ж. 46,9% болатын. Аймақтың басқа да көптеген этностарының абсолютті саны да азайды: немістер 4 есе (1899 ж. - 159 208 адам; 2005 жылдың басында - 40 135 адам); белорустар — 2 есеге жуық (35331 -ден 18229-ға); украиндықтар - 2 есе (128547-ден 67496-ға); татарлар - 1,5 есе (52769-дан 35640-қа); корейлер 1,1 есе (14672-ден 13519-ге-түскен) азайған. Аймақтың ұлттық құрамында төмендегі ұлттардың үлес салмағы да өзгерді: немістер 1989 жылғы 9,1%-дан 2005 жылдың басында 3%-ға; белорустар — 2%-дан 1,4%-ға; украиндар — 7,4%-дан 5,1%-ға; татарлар - 3%-дан 2,7%-ға; корейлер — 0,8%-дан 1%-ға дейін өзгерген. Орталық Қазақстан тұрғындарының табиғи қозғалыс ерекшелігі аталған аймақтың ұлттық құрамындағы орыс тұрғындарының үлес салмағының жоғары болу ерекшелігіне байланысты. Табиғи өсім қазақтар (13,5 промилле) мен өзбектер (22,0 промилле) арасында біршама жоғары деңгейде; жыл сайын орыстардың (-4,9 промилле), украиндар мен белорустардың (-8,6 промилле) сан жағынан азаюы байқалуда. 90-жылдардың 2-жартысында табиғи өсім коэффициенті бірыңғай теріс мәнге ие болды, яғни аймақта адамдар өлімі туу санына қарағанда жоғары еді. 2002 жылдан бастап, бұл көрсеткіштер тұрақты түрде оң динамиканы көрсете бастады, алайда өсім деңгейі төмен болды — 1,44 промилле (1000 тұрғынға шаққанда). Жалпы республика бойынша жүрген миграция үрдісі Орталық Қазақстан өнірінде қамтыды. 1991-2003 жылдар аралығында ішкі миграция сальдосы -313 838 адамды құрады. Халықтың орналасуы аймақ бойынша біркелкі емес. Облыс халқының орташа тығыздығы 1 шаршы км-ге 3,1 адамнан келеді. Қарағанды-Теміртау өнеркәсіпті ауданы аймағында бұл көрсеткіш 80 адамнан асты. Облыстың солтүстік және орталық бөлігінде халық тығыздығы 1 шаршы км-ге 5-6 адамнан келеді. Бұкар жырау, Осакаров және Абай аудандарының тұрғындары басқа аудандарға қарағанда тығыз орналасқан — 4,4; 3,5; 1 шаршы км-ге 8,9 адам. Ертіс — Қарағанды каналы аймағында, қала маңында халықтың тығыздығы біршама артты; облыс аумағының батыс бөлігінде 1 шаршы км-ге келетін орташа мөлшер 0,4 адамнан, кей жерлерде Ұлытау, Нұра ауданының батысында тығыздық көрсеткіші 1 адамнан да кем — 0,1 адам. Шығыс бөліктегі, негізінен ауыл шаруашылығына маманданған Қарқаралы ауданының жерінде халықтың орналасу тығыздығы 1 шаршы км-ге 1,3 адамнан келеді. Қарқаралы орманды шұратында халық жиірек қоныстанған. Жезқазған өңірінің солтүстік-батысыңда және ауылды жерлерде халықтың тығыздығы өте төмен. Мәселен, 1966 ж. әрбір шаршы километрге 1,36 адамнан келсе, бұл көрсеткіш 1976 ж. 1,48, ал 1988 ж. 1,58 адам болды. Жезқазған - Балқаш өңіріңде 5 қала, 4 аудан, 22 қалашық, 53 ауылдық аймақ бар. 1998 ж. 20-дан артық тұрғыны бар 256 елді мекен болды. Халықтың басым көпшілігі Жезқазған, Балқаш, Сәтбаев, Қаражал қалалары мен оның төңірегіне топтасқан. Онда әрбір шаршы километрде 18,8 адам тұрады. Ұлытау ауданында әрбір шаршы километрге 0,1 ғана адамнан, оның оңтүстігінде 1 шаршы километрге бір адамнан келеді. Ал халықтың тығыздығы Шет ауданында бір шаршы километрге 0,7 адам, Ақтоғай ауданында 0,4 адам, Жаңаарқа ауданында 0,5 адамнан келеді. Облыс жерінде 11 қала, 39 қалашық және 171 ауыл-селолық округтер (3 ірі қала - Қарағанды, Теміртау және Жезқазған, ауданы жағынан орташа 4 кала — Балқаш, Саран, Шахтинск, Абай және 4 шағын кала - Қарқаралы, Қаражал,Сәтбаев, Приозёрск) орналасқан. Аймақтағы ең ірі Қарағанды-Теміртау қалалық агломерациясы соғыстан кейінгі жылдары қалыптасып, дамыған Қарағанды мен Теміртауда бүкіл облыс халқының 42%-ы және қала халқының 70,5%-ы тұрады (2005). Мұның өзі бұл қалаларда халықтың көп шоғырланғандығын сипаттайды. Олардың төңірегіңде Саран (48,2 мың адам), Шахтинск (59,9 мың адам) қалалары және Қарабас, НовоДолинка, Топар, Южный, Ақтас, Долинка, Шахан, Ақтау, Мұстафин, Қушоқы сияқты кенттер орналасқан. Бұлардың барлығы көмір кен орындарының қарқынды игерілуіне, шахталар, қара және түсті металлургия, химия, машина жасау кәсіпорындарының салынуына байланысты пайда болды. Облыста 558 ауылдық елді мекендер бар (2004). Кеңшарлардың тарауы, шаруа қожалықтарының, өндірістік кооперативтердің, акционерлік қоғамдардың құрылуы, ауылда нарық катынастарының қиындықпен енгізілуі жекеменшік шаруашылықтардың көптеп жабылуына өз әсерін тигізді. Қазіргі уақытта тарихи қалыптасқан ауыл-селолық орналасу жүйесін қайта құру іске асырылуда. ## Флорасы Облыстың дала белдемінде, негізінен, бөрте жусан, бетеге, селеу және жіңішке қоңырбас, қозықұлақ, сарыбас беде, бұйырғын, жебіршөп, борпылдақ шөп, т.б. жазық жерінде қараған, тобылғы, итмұрын, қыраттарында жатаған арша, ырғай, тасжарған, т.б. бұталар өседі. Грунт суы таяу тауаралық өлкелер мен өзен аңғарларының жайылмаларын бидайық, шалғындық көде мен түлкі құйрық сияқты өсімдіктер жапқан. Қарқаралы, Кент, Қу, Бақты, Қызыларай, т.б. гранитті тауларда қарағай, ал олардың сайларында қайың, көктерек, өзен бойында түрлі тал, шілік өседі. Облыстың шөлейт белдемінде бетеге, селеу, т.б. түрлі шөп пен эфемерлер өседі. Шоқылардың тастақты беткейлерінде жусан басым. Шоқыаралық ойыстарда түрлі бұта кездеседі. Ұлытау, Қараағаш, Бектауата тауларында қайың, көк терек, қандыағаш, оңтүстігіндегі шөл далада жусан мен әр түрлі сораң шөп тараған. ## Фаунасы Облыс өңірін арқар, елік, бөкен, қарақұйрық, қасқыр, түлкі, қарсақ, борсық, аққұлақ, ақкіс, сасық күзен, ақ тиін, қоян, сарышұнақ, суыр, қосаяқ, көл қамыстарында жабайы шошқа, ондатр; құстардан дуадақ, тырна, құр, шіл, бүркіт, кезқұйрық, қарақұс, күйкентай, безгелдек, үкі, жапалақ, қасқалдақ, қаз, үйрек, шағала, т.б. су құстары мекендейді. Көлдері мен өзендерінде мөңке, оңғақ, лақа, алабұға, торта, шортан, аққайран, көкбас балықтары бар. Балқаш көлінде ақ амур, ақмарқа, табан, тұқы, жайын, көксерке, қаяз, пілмай жерсіндірілген. ## Өндірісі Кеңес өкіметі жылдары облыста жергілікті кен байлықтары мен ауыл шаруашылығы шикізатының негізінде көмір өндіру, энергетика, қара және түсті металлургия, химия өнеркәсібі, машина жасау және металл өңдеу, құрылыс индустриясы, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері дамып, облыс экономикасының негізгі салаларына айналды. Қарағанды облысының ауыл шаруашылығына пайдалануға жарамды жері 34257,1 мың га, оның ішінде егістік жер 1062,2 мың га, шабындық 389,6 мың га, жайылымы 31724,9 мың га жерді құрайды. Ауыл шаруашылығының басты салалары – жаздық астық өсіру, етті-сүтті сиыр, қой, жылқы өсіру. Өнеркәсіп орталықтарына таяу жерде қала маңына тән ауыл шаруашылығы дамыған (сүтті сиыр, құс, шошқа өсіру, картоп, көкөніс өсіру). 2002 ж. егістік аумағы (мың га) 1316,7 болды. Облысты қамтитын Сарыарқа темір жолының Ұзындығы 1827 км. Сарыарқа әуежайы облыс тұрғындарын көптеген шет елдермен және республиканың басқа қалаларымен байланыстырады. Облыс жері арқылы Павлодар – Шымкент мұнай құбыры өтеді. ## Әкімдерінің тізімі * Идеал Ғалиұлы Мүсәлімов (1990—1991) * Пётр Петрович Нефёдов (1992—1997) * Мәжит Төлеубекұлы Есенбаев (шілде 1997 — қазан 1999) * Камалтин Ескендірұлы Мұхамеджанов (қазан 1999 — 19 қантар 2006) * Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулин (19 қантар 2006 — 19 қараша 2009) * Серік Нығметұлы Ахметов (19.11.2009 — 01.2012) * Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайынов (20 қантар 2012 — 28 қантар 2013) * Бауыржан Түйтеұлы Әбдішев (29 қантар 2013 — 20 маусым 2014) * Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков (20 маусым 2014 — 14 наурыз 2017) * Ерлан Жақанұлы Қошанов (14 наурыз 2017 - 18 қыркүйек 2019) * Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек (18 қыркүйек 2019 – 8 желтоқсан 2022) * Ермағанбет Қабдулаұлы Бөлекпаев (8 желтоқсан 2022 жылдан бастап) ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Қарағанды облысының мемлекеттік мұрағаты * Қарағанды облысының жер-су аттары * Қарағанды облысының мәдениеті * Қарағанды облысындағы байланыс * Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы * Қарағанды облысындағы радиохабар тарихы * Қарағанды облысының ғарыш саласы * Қарағанды облысынан Ұлы Отан соғысына қатысушылар ## Сыртқы сілтеме * Өндірісті өлке өрнектері * Карағанды торабы (орыс.) * Қарағанды облысы Мұрағатталған 9 наурыздың 2017 жылы. в Ашық Тізімдеме Жобасы (ODP)
Әуезов сөйлемі мынадай мағыналарға жатуға мүмкін: * Ерболат Құдүриұлы Әуезов - тарихшы. * Мұханбетжан Таңатарұлы Әуезов – техника ғылымның докторы, профессор. * Мұхтар Омарханұлы Әуезов - жазушы. * Мұрат Мұхтарұлы Әуезов - қоғам қайраткері
Ауызбастырық (ғұрып). «Кер атты беріп тұрып: - Айта көрме, ауызбастырғымыз болсын, - деп аттандырды». («Ел аузынан» кітабынан). Біреуді сөзбен жығып, ұтып оны орнынан тұрмастай етіп өлең шығарғанда немесе өткір әзіл тастағанда (немесе ұятты іс істегенде) ұтылған адам өзінше әлгі сөзді басқа адамға таратпау үшін «ауызбастырық» береді. Ол бұл сөзді ешкімге айтпаңыз деген жалынуы, кешірім сұрауы болып табылады. «Ауызбастырық» алған адам әлгі сөзді ешкімге айтпауы керек. Сонда «ауызбастырық» та серттің бір түрі болып табылады. ## Дереккөздер
Ілияс Жансүгіров (5 мамыр 1894 жыл, Ақсу ауданы, Алматы облысы – 26 ақпан 1938 жыл, Алматы) — қазақ ақыны, драматург, прозаик, фельетоншы, сатирик, журналист, аудармашы және қоғам қайраткері. Қазақстан жазушылар одағының тұңғыш төрағасы. ## Қысқаша өмірбаяны * Алғашында өз әкесінен, ауыл молдаларынан сауат ашқан. Қарағаш ауылында жәдитше бастауыш мектепті бітіреді. Орта жүздің Найман тайпасы Матай руынан шыққан. * 1919 жылы Ташкентте екі жылдық мұғалімдік курсқа түседі. * Оқуын бітірген соң өз ауылында мұғалім болып, кейін «Тілші» газетінде қызмет атқарады. * 1922 жылы Алматыда Қазақ ағарту институтының меңгерушісі болып тағайындалады. * 1925 жылы Мәскеуге Журналистика институтына оқуға түседі. * 1928 жылы институт бітірген соң, "Еңбекші қазақ" газетіне қызметке жіберіледі. Жансүгіров шығармалық жұмыспен қатар Қазақстан Жазушылар одағын ұйымдастыру ісіне де белсене қатысқан. * Бұрынғы ҚазАПП (1926) таратылған соң 1932 жылы Жазушылар одағын ұйымдастыру комиссиясының төрағасы болып сайланады. * 1934 жылы өткен 1-съезде Қазақстан жазушылар одағының алғашқы төрағасы болып сайланды. * 1934–1937 жылдары Қазақ саяси баспасының редакторы болып қызмет етеді. * 1933–1936 жылдары Қазақ АКСР ОАК-нің мүшесі. * 1937 жылы НКВДмен тұтқындалды. * 1938 жылы ату жазасына кесілген. * 1958 жылы ҚазақКСР Жоғарғы сот шешімімен қылмыстық құрамның болмауына байланысты ақталды. ## Еңбектері Жансүгіров өлең жазуды 1912 жылы бастаған. Оның «Балдырған», «Қызыл жалау» атты өлең дәптерлері кейін 1957 жылы Ұлттық кітапханадан табылды. «Сарыарқаға», «Тілек» атты өлеңдері Жансүгіровтың жарық көрген алғаш туындылары еді. Олар 1917 жылы Семейдегі «Сарыарқа» газетінде жарияланған. 1923 жылы «Сана» журналында «Мерген Бөкен» әңгімесі басылып шықты. Содан кейін Жансүгіров өлеңдері «Тілші», «Ақжол», «Кедей еркі» газеттерінде жиі жарияланып жүрді. Кейіннен Жансүгіров халқының алдында қаламы ұшталған, ойы терең, талантты ақын ретінде белгілі болды. Жансүгіров шығармаларының бастау алар арнасы – қазақ халқының бай ауыз әдебиеті, Абай поэзиясы, орыс және дүние жүзі әдебиетінің озық үлгілері. Оның шығармалары сан салалы, көп қырлы. Жансүгіров халықтың бай фольклорын жинасуға, оның озық үлгілерін халық игілігіне айналдыруға, басылып кітап болып шығуына үлкен үлес қосқан. Олардың озық үлгілерін өзі жазған мектеп оқулықтары мен хрестоматияларына енгізіп, мектеп оқушыларының халықтық тарихынан, өткен өмірінен хабардар болуына зер салған. Жансүгіров әдебиет сынына да араласып, әдеби көркем сын жанрының дамуына ат салысты. Ол А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, Н.А Некрасовтың, Максим Горькийдің, Генрих Гейне мен Виктор Гюгоның, Ғ.Тоқайдың, К.Лахутидің шығармаларын қазақ тіліне аударып, қазақ әдебиетінің әлем әдебиетімен байланысын кеңейтті. 1936 жылы А.С.Пушкиннің 100-жылдығына Ілияс Жансүгіров «Евгений Онегин» романын аударып өзінің кітабына еңгізген. Бірақ соғыс жылдары ол роман басқа кісінің атымен шығыпты. Ілияс Жансүгіров ақталғаннан кейін оның туыстары соттасып сол романды Ілияс Жансүгіров аударғанын дәлелдеді. ### Библиография * 1917 жылы - «Сарыарқа» және «Тілек» өлеңдері. * 1923 жылы - «Байшұбар». * 1926 жылы - «Балаларға тарту». * 1928 жылы - «Сағанақ» атты алғашқы шығармалар жинағы. * 1929 жылы - «Күй» поэмасы. * 1931 жылы - «Кек» және «Турксіб» пьесасы. * 1934 жылы - «Күйші» поэмасы. * 1936 жылы - «Исатай - Махамбет» пьесасы. * 1936 жылы - «Құлагер» поэмасы. Оның сатира және сатиралық әңгімелері «Сөз Қaмысбаевқа!», «Ізет» ( «Құрмет»), «Шалғыбай» және т.б. «Ізет» жинағында жарияланды. Поэмалары * «Құлагер» - 1936 жылдың қараша айында "Социалистік Қазақстан" газетінің бірнеше шығарылымдарында жарияланды. * "Күй" - 1929 жылы жазылған. * "Күйші" - 1934 жылы жазылған. * "Дала" - 1930 жылы жазылған. Басында "Еңбекші Қазақ" газетінің бірнеше шығарылымдарына жарияланып, 1933 жылы Семейде және 1936 жылы Алматыда кітап болып басылды. * "Рүстем қырғыны" - 1926 жылы жазылғанмен, ақынның көзі тірісінде жарияланбаған. 1960 жылы шығармаларының екінші томында жарық көрді. * "Исатай" - 1960–1964 жылдар аралығында жарық көрген ақынның 5 томдық шығармалар жинағының 2-ші томында жарық көрген. * "Мақпал" - 1920 жылдың басында жазылған. * "Байкал" - 1937 жылы жазылған. * "Кәнпеске" - 1920 жылы "Еңбекші Қазақ" газетінде жарияланды. * "Қолбала" - 1964 жылы Алматы облысы, Ақсу аудандық "Өмір нұры" газетінде жарияланды. * "Қуат" - 1932 жылы "Әдебиет майданы" журналында, 1933 жылы Ұжымдық жинақта жарияланған. * "Мәйек" - 1929 жылы жазылып, 1931 жылы кітап болып басылды. * "Бақытты Жамал" - 1930 жылы жазылған. * "Жорық" - 1935 жылы жазылған. Лирикалық өлеңдері - "Әнші апама" (1909) - "Күзгі гүлге" (1912) - "Тілек" (1912) * 1915–1920 жылдары жарық көрген өлеңдер "Бір соқыр баланың арманы" (1915–1916), "Жыбырлақ" (1915–1916), "Қалпымыз" (1915–1916), "Жаңылғаным" (1915–1916), "Мұңды құс" (1915–1916), "Қосылыс" (1915–1916), "Игілік" (1915–1916), "Ішім еріп" (1915–1916), "Жанды сөз" (1915–1916), "Талғамалар" (1915–1916), "Замандасқа" (1915–1916), "Бұбұлға" (1915–1916), "Алдымда" (1915–1916), "Жаз-құдаша" (1915–1916), "Маңым" (1915–1916), "Шым-шытырық" (1915–1916), "Не күйде" (1919), "Арыным" (1920), "Бейсембек "Болыс" (1920), "Ортақшыл партияға" (1920), * 1921–1924 жылдары жарық көрген өлеңдер "Анам тілі" (1921), "Жас бұлбұлдарға" (1921), "Жарлылар ұйымының жетісі" (1921), "Жетім" (1921), "Ағынды менің Ақсуым" (1921), "Жалпы жасқа" (1921), "Қазақы қорытынды" (1921), () "Некешілдер" (1921), "Атадан да балаға ана жақын" (1921), "Тапанша" (1922), "Бұлт" (1922), "Жанартау" (1922), "Жастар ұраны" (1922), "Жазғы таң" (1922), "Жазғытұрым" (1922), "Жазғы шілде" (1922), "Егінші" (1922), "Күз" (1922), "Қыс" (1922), "Ақсабан" (1923), "Жауында" (1923), "Мезгіл суреттері" (1923), "Меніңше" (1923), "Жел" (1923), "Бөлек-салақ ойдан" (1923), "Жас жалшыға" (1923), "Тас" (1923), "Жайлау" (1923), "Көктемде" (1923), "Баспаханадағы қыр қазағы" (1923), "Кедей тойы" (1923), "Қойшы ойы" (1923), "Ұлы күн" (1923), "Май тойында" (1923), "Сапарда" (1923), "Жоқ" (1923), "Тұңғыш тоғысу" (1923), "Қосылыс" (1923), "Боранбай не ойлап жүр" (1923), "Ықшылбай" (1923), "Саудагер тамашасы" (1924), "Ит-ай" (1923), "Жарқынбай, Беркінбай" (1923), "Қырман" (1924), "Октябрь күні" (1924), "Орақ науқаны" (1924), "Ұлт отауын тіккендер" (1924), "Өк, көк өгіз" (1924), "Желді күн" (1924), "Бұлақ бойында" (1924), "Ойлану" (1924), "Саналы жастарға" (1924), "Көлге" (1924), "Біздің күз" (1924), "Ленин өлді" (1924), "Түн" (1924), "Ажырауда" (1924), "Лермонтов" (1924). * 1925–1930 жылдары жарық көрген өлеңдер "Ленин тірі" (1925), "Беташар" (1925), "Желді Қарағай" (1925), "Сабын" (1925), "Саптыаяқ" (1925), "Көш-қон" (1925), "Коммуна" (1925), "Сұрау" (1925), "Жетісу суреттері" (1925), "Оқимын" (1925), "Саудың сандырағы" (1925), "Өтініш" (1925), "Көш-жөнекей" (1925), "Тас шешей" (1925), "Бөбек бөлеу" (1926),"Жауын" (1926), "Заман" (1926), "Майдан" (1926), "Ауылдың алды" (1926), "Жүдеу жүрек" (1926), "Күн шыққанда" (1926), "Күнгей" (1926), "Ресей жері" (1927), "Шал мен кеіні" (1928), "Қазақ қызы" (1928), "Қақпан" (1928), "Бүгінгі дала" (1928), "Мавзолей" (1929), "Алатау" (1929), "Домбыра" (1929), "Қазақстан" (1929), "Шоқпарға" (1929), "Кәне, шыдар қай майдан?" (1929), "Гималай" (1929), "Серт" (1930), "Алтын қазан" (1930), "Ақын мен Мақым" (1930), "Түс" (1930), "Апырым-ай, жан қысылды-ау" (1930), "Жүр ме екен Сәуле" (1930), "Жаным жылама" (1930), * 1931–1937 жылдары жарық көрген өлеңдер "Тракторшыға" (1931), "Октябрь екпіні" (1931), "Жаңа тұрмыс" (1931), "Екпінділер мен прогульщик" (1932), "Социалды көмек" (1932), "Бесжылдықтың ерлері" (1932), "Бақыттымын" (1932), "Кавказ" (1932), "Үйге келем" (1934), "Үмітке" (1934), "Мәскеу-Қазақстан" (1934), "Тұлпарға" (1936), "Белорус халқына" (1936). Сатиралары "Ақым мен Мақым" (1930), "Бай бәйбіше" (1927), "Бақтың әдісі" (1923), "Басқа пәле тілден" (1935), "Борнабай не ойлап оқып жүр" (1923), "Газ емес, концерт" (1929), "Ит-ай" (1923), "Қуыршақ" (1929), "Құйрықты базар" (1927), "Құқ" (1928), "Өк, көк өгіз!" (1924), "Өлген молданың өсиеті" (1923), "Саясат қошқарлар" (1922), "Сұрпақпай Сұғанақ" (1928), "Сыншы-ақ" (1915), "Сонымен, кетіп барам..." (1929), "Сөз Қамысбаевқа" (1929), "Төрешілдіктің түрлері" (1929), "Шошқа" (1931), "Ұяның ұясы" (1928). ## Жансүгіров есімін арқалап жүрген нысандар Жетісу облысы Ақсу ауданында Ілияс Жансүгіров дүниеге келген ауылы өз атымен аталған (Жансүгіров ауылы). Бірнеше қалада мектептер мен көше атаулары Ілияс Жансүгіровтыі құрметіне аталған. Талдықорған қаласындағы Жетісу Мемлекеттік университеті Жансүгіров есімін арқалап жүр. Сонымен қатар, Талдықорғанда ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби-мемориалдық мұражай жұмыс істейді. ## Отбасы Ол 4 рет үйленді. * Бірінші әйелі (1912-1914) - Жамила, нағашысының жесірі (жергілікті байдың қызы) * Екінші әйелі (1922-1925) - Аманша Берентаева, аяғы ауыр және денсаулығы нашар болып, қайтыс болды. Босанардағы сырқаттарға төтеп бере алмады. Сол кезде Жансүгіров Мәскеудегі коммунистік журналистика институтында оқуға кетті. * Үшінші әйелі (1929-1931) - Фатима (Бәтима) Төребаева. Бәтима Төребаевадан ұлы Саят және қызы Сайра туады. Бәтима Мәскеуге оқуға кеткенде Ілияс Жансүгіров жақын досы, әйгілі мұғалім Біләл Сүлеевтің әйелі Фатима Ғабитовамен қарым-қатынас орната бастайды. 1931 жылы Жансүгіров Фатима Төребаевамен ажырасып, 1943 жылы Фатима туберкулезден қайтыс болды. * Төртінші әйелі (1932-1938) - Ғабитова Фатима Зайнуллиновна (1903-1961). Фатима Қапалдағы татар көпесінің қызы еді. Біләл Сүлеев тұтқындалған соң, Фатима Ілияспен отау құрады. Ілиясқа Үміт, Ильфа, Болат есімді үш бала сыйлады. 1938 жылы Ілияс қайтыс болғаннан кейін, Жансүгіровтың жақын досы Мұхтар Әуезов жесір қалған Фатиманы өз қамқорлығына алады. ### Фатима Ғабитовадан туған балалары: * Қызы - Үміт Жансүгірова (1933), дәрігер. * Қызы - Ильфа Жансүгірова-Жандосова (1935) - мұғалім, неміс тілінің мұғалімі, Ілияс Жансүгіров атындағы қордың бұрынғы президенті. * Ұлы - Болат Ілиясұлы Ғабитов-Жансүгіров (1937-2004) - танымал қазақстандық сценарист және кинодраматург. ### Фатима Төребаевадан туған балалары: * Саят Жансүгіров (1930–2021) - кенші, техника ғылымдарының кандидаты. ### Асырап алған балалары: Ілияс Жансүгіров Фатима Ғабитованың алғашқы жары һәм өзінің жақын досы Біләл Сүлеевтің екі баласын асырап алды. * Ұлы - Жәнібек Сүлеев (1923-1943) - Ұлы Отан соғысында Смоленск маңында қаза тапты. * Ұлы - Азат Сүлеев (1930-1997) - түрколог. ## Қазақ әдебиетіндегі орны Ілияс Жансүгіров қазақ әдебиетінің барлық жанрларында қалам тартып, елеулі туындылар берген әмбебап дарын. Әсіресе ол өзінің аса қуатты суреткерлік талантын поэзия жанрында көрсетіп, күллі қазақ әдебиетінің мақтанышына айналған туындылар берді. Ілияс әдебиетке халық фольклоры дәстүрінен, аз оқуымен және біршама кештеу - 20-жылдардың басында келді. Бірақ ол сол кездің өзінде халық өмірін жетік білетін, қазақ тілінің байлығын тамаша меңгерген бозбала еді. Өте қабілеттілігі мен ізденгіштігінің, жігершілігінің және жаңадан құрылып жатқан қоғамның қоңыр төбел ортадан шыққан талапты жастың оқып, білім алуына жылы қабақ танытуының арқасында, ол біршама қысқа уақыттың ішінде тез жетіліп, аршындап алға озды. Алматы, Ташкент, Мәскеу оқу орындарында жақсы мағынасындағы қомағайлықпен білім алды, өз бетімен де көп оқыды, орыс және әлем классикалық әдебиетін зерттей оқып, үздік туындыларын орыс тілінен қазақшаға аударды. Осы аралықта жазуға да төселіп, қоғамдық жұмыстарға, әдебиет ісіне белсене қатысты. Алғашқы жинағы 1928 жылы 34 жасында жарық көрген Ілияс 5-6 жылдың ішінде қатарынан арындап алға озып, Абайдан кейінгі дәуірдің аса көрнекті ақынына айналды. Прозалық, драматургиялық талантты кесек туындыларын айтпағанда, "Күй", "Күйші", "Құлагер" сияқты классикалық шығармалар тудырды. Ілияс поэзиясы — ойға - қанат, сезімге нәр беретін, ешқашан ескірмейтін, мәңгі жас поэзия. Қазақтың Абайдан кейінгі замандағы аса дарынды да арынды ақыны Ілияс Жансүгіровті, әдетте, өзі шалқар шабыт, керемет құштарлықпен көсіле жырлаған Ақан серінің Құлагеріне ұқсастырады. Айтты-айтпады, екеуінің дүлдүлдігінде ғана емес, тағдыр-талайында, қайғылы өлімдерінде де ұқсастық бар. Бәйгенің алдын бермейтін қас жүйріктерге ғана тән намыскерлікпен жанын сала зымырап бара жатқан Көктұйғынды омыраулап, кең тыныспен жүйткіп келе жатқан Құла пырақ межелі жер -Жыландысайға еңкейісте, үстіндегі баланың тізгінін босатып, тақымын сәл қымтып қалуы мұң екен, жұлдыздай аға жөнеледі. Сол сәтте қалтарыстан тап берген қарақшы кер құланы маңдайдан айбалтамен періп өтеді де, қайран тұлпар қара жер қақ айырылғандай гүрс етіп құлап қала береді. Кемеліне келіп, ақындық бәйгесінде арындап алға шыққан шағында Ілияс та тоталитарлық жүйенің құрбаны болып, мұрттай ұшты. Әйтсе де әмбебап дарын айналасы 10 жылда проза мен драматургияда, әсіресе поэзияда әдебиетіміздің алтын қорына жататын айтулы туындылар беріп, артына аса мол көркем мұра қалдырды. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Ілияс Жансүгіров * Ілияс Жансүгіров
Телқоңыр — Сүгірдің күйі. Күй асықпай, сабырлы ойналады. Әр ырғағында қазақтың ауылы, иіп тұрған бие, ерке мінезді құлын әсемдікпен суреттелген. Жетім құлынды құлыны бар биеге теліп өсіреді. ## Сілтемелер * Төлеген Момбековтың ойнауында ("Асыл мұра" жобасынан) - Телқоңыр Мұрағатталған 27 қыркүйектің 2007 жылы. (MP3 форматында}
Аты аңызға айналған ержүрек батырларымыздың бірі, XVIII ғасырдағы Қазақ елінің жоңғарларға қарсы ұлт-азаттық соғысындағы көрнекті қаһарман — Шапырашты Наурызбай Құттымбетұлы. Құттымбетұлы Наурызбай 1706 жылы Жетісу жерінде, Алатаудың баурайында дүниеге келген. Бұл кезде Ӏле, Талас, Алатау мен Қаратау аралығындағы қазақ пен қырғыз жоңғарларға тәуелді еді.Батырдың көзін ашқаннан естігені батырлар тұралы жырлар, аңыз әңгімелер болып, теңдессіз бай рухани ортада өсті. Екінші жағынан елге үстемдігін жүргізген басқыншы жаудың зорлығы мен зомбылығын да көрді. Мұның өзі жүрегінде оты бар жасты туған елін, атамекенін жаудан азат ету тұралы арманға жетеледі, батыр болуға құлшындырды.Наурызбай батырдың өмірі тұралы бүгінгі күнгі деректерде Шапырашты Наурызбай, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай бабаларымыз Абылай хан айналасындағы бас батырлар қатарында бағаланады. Бұқар жырау осы үш тұлғаның жанындағы мынадай ірі батырларды атайды: Шақшақұлы Жәнібек, Сіргелі Қара Тілеуке, Қарақалпақ Қылышбек, Текеден шыққан Сатай мен Бөлек, Қаумен, Дәулет, Жәпек, Сеңкібай, Шойбек, Таңсыққожа, Мәмбет, Молдабай, Есенқұл және басқалар.Әдеби-тарихи деректер мен ел есінде сақталған аңыз-әңгімелер Наурызбай батырдың бүкіл халықтың ықыласына бөленіп, мақтанышқа айналуы 1727-1731 жылдардың шамасы екендігіне мензейді. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қатарынан бірнеше рет қатты соққы беріп, ақыры үлкен жеңіске жетуі осы уақытқа сәйкес келеді. Алатау етегінде жоңғарлардың Шамалған, Қаскелең, Боралдай секілді атышулы батырлары өлім табатын сұрапыл шайқастарда Наурызбай бабамыз ересен ерлік көрсетеді. Қозыбасыда қалың қол бастап, бас батыр атағына ие болады. ## Карл Миллер күнделігі Наурызбай батырдың өмірінің бір сәті Ресей патшалығының 1742 жылы күзде жоңғар қонтайшысы Қалдан Серенге жіберген елшісі Карл Миллердің күнделігінде сақталған. 1742 жылы 6 қыркүйектің кешінде Карл Миллер Қарасу өзенінен өтіп, ертеңіне түске жуық Ұлы жүздің Өтеміс деген батырының ауылына келеді. Қасында Әбілқайыр ханның ұлы Ералы сұлтан бастаған топ пен жоңғардың қазақтарға келген екі жаушысы Қашқа мен Бурун болады. 16 қыркүйекте Ресей елшісі осы тобымен Шапырашты Наурызбай батырдың ауылына ат басын тірейді. Батыр орыс елшісінің қайдан келе жатқанын, қайда баратынын, не мақсатпен жүргенін, сапарға кімнің жібергенін сұрап, аулына келген жолаушылар тұралы толық білгісі келеді. Карл Миллер Ресей патшасының жарлығы бойынша Орынбордан генерал Неплюевтен Қалдан Серенге хат алып келе жатқанын, онда жоңғарлардың қазақтарға шабуылын тоқтатуы тұралы ақ патшаның талабы жазылғанын баяндайды. Ресей елшісінен Наурызбай батыр Неплюевтің Қалдан Серенге жазған хатын өзіне оқытуды талап етеді. Бұл талапқа байланысты К.Миллер хаттың мөрленген жабық қағазда екенін, оны бұзуға болмайтындығын айтқанда, Наурызбай былай деген екен:— Сенің айтқан сөзіңе сенейін бе, жоқ бастығыңның жазған хатына сенейін бе? Хатталмаған сөзіңе, оқымаған хатыңа қалай сенуге болады? ## Абылай ханның тұтқыннан босатылуы Сол жылғы 18 қыркүйекте Наурызбай батыр К.Миллермен тағы әңгімелеседі. Бұл жолы ол әңгімеге Мәмбетбай мен Келдібай деген екі биін қатыстырады. Ресей елшілігінің мақсаты тұралы әңгіме қайта басталады. Ол И.Неплюевтің қонтайшыға хатында анық көрсетілген-ді. Онда қазақтардың Ресей патшалығының қол астына қарайтыны тұралы мәліметтер де бар болатын. Сонымен бірге жоңғар тұтқынындағы Абылай ханды босатып, еліне қайтару тұралы да талап қойылған болатын. Бұл әңгімелердің мазмұнын Наурызбай батыр да Мәмбетбай мен Келдібай да мақұл көреді. Әңгіме соңында Наурызбай батыр Ресей елшісіне өзінің көңілі толғанын, оны енді жолынан қалдырмайтынын, сапарының сәтті болуын тілейтінін айтып, қанағаттанғандық сезімін білдіреді. 24 қыркүйекте Наурызбай батыр Ресей елшісін өз Ұлысының шекарасына дейін шығарып салады. К.Миллер бастаған елшіліктің нәтижесінде жоңғар билеушілері Қазақстанның мүддесін Ресей қорғайтынына көздері жетеді. Жоңғардың қазақтармен қарым-қатынас үшін жауапты нояны Сары Манжы К.Миллермен бірге қазақ даласын аралап келген өз адамдары Кашка мен Бурун ақпарын тыңдап, одан елшіліктің сөзіне құлақ қойып, істің жайын қонтайшыға мәлімдейді. Елшіліктің үсыныстары мен талаптары, тұжырымдары жоңғар басшысын ойға қалдырды. Ақырында қонтайшы Ресей талаптарын қабылдайтындықтарын білдіруге бет бұрады. Абылайды тұтқыннан босатып, еліне қайтарады. Осы оқиғадан кейін К.Миллер бастаған елшіліктің Ресей-Қазақстан-Жоңғария қарым-қатынасы аясында қазақтар үшін саяси-әлеуметтік маңызы жоғары келісімге қол жеткізуіне, Абылайдың тұтқыннан босануына Шапырашты Наурызбай батырдың қосқан үлесінің барына көзіміз жетеді. ## Шәді төренің мәліметі Шәді төренің дастанында да Шапырашты Наурызбай батырға қатысты бір мәлімет бар. Ол мәлімет бойынша Абылай хан қалмақтармен бітімге келеді де, Қытайға елші жібереді. Елшінің алдында Шәуешекте екі жаққа ортақ базар ашып, екі ел арасында сауда қарым-қатынасын орнату туралы келісімге қол жеткізу міндеті қойылды. Осы елшілік құрамындағы басты тұлғалардың бірі Шапырашты Наурызбай батыр болады. Шәді төре осы жайды былай сипаттаған: Шапырашты Наурызбай дүр бірісі, Найманнан Барлыбай бар екіншісі. Елшіге Кіші жүзден қосылды кеп, Тамадан Есет батыр деген кісі.Осы сапардан елшіліктің алдына қойған міндеті ойдағыдай жүзеге асып, олжалы оралады.Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай — үшеуі Абылай ханның ту ұстаушы бас батырлары болған.Бүгінгі ұрпақтың тарихи танымында Шапырашты Наурызбай батыр — осындай батыр, осындай ер. Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Қозыбасы тауында Шапырашты Наурызбай батырға ескерткіш орнатылған. Алматының бір үлкен көшесіне аты берілген. ## Қабдеш Жұмәділовтың Наурызбай батырды жоққа шығаруға тырысуы Жазушы Қабдеш Жұмәділов бірнеше рет Наурызбай, Қарасай батырлардың бар болғанын жоққа шығаруға тырысты. Мысалы "Общественная позиция" газетінің тілшісі Ж. Шөкеге берген сұхбатында: – Қабдеш аға, «Дарабозды» жазу үшін оншақты жыл мұрағаттарды ақтарып, біраз тарихи кітаптарды оқыдыңыз ғой. Қазақ тарихында Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Албан Қангелді мен Райымбек сияқты батырлар айтылады. Ал кейбір тарихшылар қытай немесе орыстың жазбаша тарихында Шапырашты Наурызбай батыр туралы ешқандай деректің жоқтығын айтып жүр. Сізге кездесті ме? – Жоқ, маған да кездеспеді. Бұқар жыраудың жырындағы батырлар – Қабанбай, Бөгенбай, Батыр Баян, Барақ, Олжабай, қаз дауысты Қазбек, Шақшақұлы Жәнібек – бәрі айтылады. Қарақалпақтан шыққан Қылышбек батыр да жырланады. «Дарабозда» осының бәрі бар. Ал мен шынымды айтайын: Шапырашты Наурызбайды саясат үшін ойдан қостым. Өйткені роман баспадан шығуы керек. Аяймын ба, кітапқа Наурызбайды солай қостым.проект «DAT» № 22 (150) 23 мамыр 2012 ж. Бұл пікірдің шындыққа жанаспайтындығын жоғарыдағы мәліметтер растайды. Сәкен Сейфуллин жинақтап, 1931 жылы сол кездегі бірегей "Қазақстан" баспасынан шыққан "Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары" жинағында Бұқар Жырау толғаулары да бар. Сондағы толғауда Абылай қалмақтың ханы Қалдарды жеңгенде Бұқар жыраудың айтқаны: — Қалдарменен ұрысып,Жеті күндей сүрісіп, Сондағы жолдас адамдар:Қаракерей қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай,Шақшақ ұлы Жәнібек, Сіргелі Қара Төлек,Қарақалпақ Қылышбек, Текеден шыққан Сатай, Бөлек,Шапырашты Наурызбай, Қаумен, Дәлет, Жепек батырқасында, Бақ — дәулеті басында,Сеңкібай мен Шойбек бар, Таңсық қожа Мәмбет бар,Қасқараудан Молдабай, Қатарда жақсы қалдырмай,Есенқұл батыр ішінде, Өңкей батыр жиылып,Абылай салды жарлықты. Қалдар ханды қашырып,Шеп салған жерді бұздырып, Ұрысты қатты қыздырып.Қасым ханның шешесін Хан Абылай алған-ды...Жабы деген қалмақ қа Тырнағын қатты батырды.Бұзылып қалмақ кеткен соң, Өңкей батыр жиыл, деп,— Хан Абылай шақырды! Бір төбеге жиылды,Құм төбедей үйілді, Бөліске олжа түссін деп,Хан Абылай бұйырды. Сондықтан Жұмәділовтың Бұқар Жырау Наурызбайды атамаған деген уәжі шындыққа сай емес және сонау 1931 жылы Сәкен Сейфуллин жазбаға түсірген толғау мәтіні дұрыс болуы керек, өйткені ол тұлға қазіргі "саясатты" ескермеді, Наурызбайды қосуға ешқандай мүддесі болмады. Қазақстан облыстарында, аудандарында Наурызбай батырдың аты көшелерге берілген, Наурызбай батырға арнап ескерткіштер орнатылған. ## Сілтемелер * Қазақ хандығы * Жоңғария ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер http://catalog.karlib.kz/irbis64r_01/Kraeved/Personalii_kaz/Bukar_zhyrau/Saken_zhigan_Bukhar_zhyrau_tolgaulary.pdf
Құрманғазы Сағырбайұлы (1823-1896) — қазақтың ұлы күйші-композиторы. Қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі. ## Өмірбаяны Туып-өскен жері Бөкей хандығы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына қарасты Жиделі деген жер. Топырақ бұйырған орны – Астрахан облысының бұрынғы «Шайтани батага», қазіргі «Құрманғазы төбе» деп аталатын жер. Шыққан тегі – Кіші жүз, он екі ата Байұлынан өрбіген Сұлтансиықтың Қызылқұрт бұтағы болып табылады. Құрманғазының жетінші атасы Ерші деген кісі от тілді, орақ ауызды, сөз дарыған адам болыпты. Ал, нағашы жұрты – Беріш руы. Қалмақ шапқыншылығы кезінде асқан ерлігімен көзге түскен Ағатай батырдың есімі исі Берішке ұран болған. Одан берідегі Өтеміс би, Махамбет Өтемісұлы, Исатай Тайманұлы бір ғана Беріш руының емес, исі қазақтың ардақты ұлдары. Құрманғазының әкесі Сағырбай (шын аты Дүйсенбай деген сөз бар) өнерге мойын бұра алмаған, шаруа адамы болыпты. Құрманғазының бесінші атасы Балтабай әулеті шетінен домбыраға тіл бітірген өнерпаз болса керек. Ал жетінші атасы Ерші деген кісі от тілді, орақ аңызды, сөз дарыған адам екен. Күні бүгінге дейін ел ішінде «Ершінің еркегін қойып, әуелі әйелімен айтысып ал» деген сөз бар. Құрманғазының нағашы жұрты - Беріш руы. Ерлік пен еркіндікті дәстүр еткен елдің қызы, Құрманғазының анасы Алқа да келін болып түскенше даланың ерке желіндей еркін өciп, еркек - шора болып, ойын - тойдың шырайын келтірген. Кейін Игіліктың қызы Әуеске үйленгенде Құрманғазы үшін Беріш руы енді қайын жұрты болады. Құрманғазының бала кезінен - ақ ең айтқыш тілі, ең сезімтал тілі қос ішекті домбыра көмейінен шығатын күй тілі еді. Сондықтан да, ол сахараның даңғыл көкірек дәулескер күйшісі Соқыр Есжанды алғаш көpiп тыңдасымен-ақ домбырасынын тілін мен дінін түсініп, ұйып тыңдайды. Сондықтан да, өзінің замандастары Шеркеш, Байжұма, Баламайсаң сияқты күйшілердің күйін құныра тартып, сол күйлерден уақыттың ең шыншыл сырын ұғады. Ал Құрманғазының ұстазы - Ұзақ болатын. 1830 жылы Беріштен шыққан Исатай Тайманұлы және оның жан досы, дауылпаз ақын, дәулескер күйші Махамбет Өтемісұлы бастаған Жәңгір-ханға шаруалар көтерілісінде Құрманғазы да болады. Сол жылдарында «Кішкентай» деген күй шығарады. 1857 жылы Құрманғазыны түрмеге отырғызады. Сібірге айдатайын деп жатқан жерден ол қашып құтылады. Екінші рет оны Орынбор түрмесіне қамайды, бірақ генерал-губернатор Перовскийдің қолдауымен құтқарылады. Түрме тақырыбына бірталай күй шығарады: «Қайран шешем», «Ертең кетем», «Кісен ашқан», «Түрмеден қашқан», «Арба соққан», «Перовский маршы», «Не кричи, не шуми», «Машина». 1880 жылы Астрахан түбіндегі Сақмар елді мекеніне қоныс аударады. Қауым арасында ерекше құрметке бөленген Құрманғазы, Дина Кенжеқызы Нұрпейісова, Ерғали Есжанов, Меңдіғали Сүлейменов сынды мирасқорларын жинайды. Сол дәуірде әйгілі болған Көкбала, Менетай, Менқара, Сүгірәлі, Торғайбай, Шора сынды домбыра тарту шеберлері де Құрманғазыны ұстаз тұтқан. Құрманғазы сахараның даңғыл көкірек дәулескер күйшісі Соқыр Есжанның алдын көріп, Дәулеткерей сияқты жайсаң күйшімен сырлас болып, Шеркеш, Байжұма, Баламайсан сияқты күйшілердің өнерінен өнеге алған. ## Өмірінің тарихы мен тізбесі * 1823 – қазіргі Атырау облысы, Құрманғазы ауданында дүниеге келген. * 1836-1840 – малшылықты қойып, өнер соңына түседі. Күйші Ұзақтың жанына еріп, ел аралайды. * 1830-1840 – композиторлық өрісі ашылып, ондаған күйлерін дүниеге әкеледі. * 1845-1850 – Жем, Сағыз бойы мен Маңғыстау, Үстірт өңірлерін аралайды. Адай жеріндегі үлкен нағашылары Төремұрат пен Нарынбайлардың елінде өмір сүреді. * 1850 – Маңғыстаудан келген соң, Орынбор түрмесіне қамалады. Көп ұзамай одан қашып шығады. * 1857 – 26 қыркүйекте Орда түрмесіне түседі. * 1857 – қараша айының басында абақтыдан қашады. * 1857-1860 – басқа ауылдарда жасырынып жүреді. * 1860-1863 – елге оралады. * 1864 – абақтыдан қашып кеткені үшін және “мал ұрлады” деген айыппен Орда абақтысына жабылып, онда 2 жыл 7 ай жатады. * 1868 – Журналист Н.Савичевпен кездеседі. * 1868 – Орал түрмесіне түседі. * 1870 – Астраханьнан шақырту келіп, қайтадан түрмеге жабылады.Онда Саранжап деген қалмақпен танысып, түрмеден қашып шығады. * 1882 – Краснояр түрмесінде жатады. * 1884 – билеуші Мақаш Бекмухаммедовтен көмек сұрап, “Ақ паспорт” алады. * 1885-90 – Сахмаға көшіп келеді “Демалыс” деген күй шығарады. * 1890-95 – жаймашуақ өмір кешіп, аң аулап, құс салады. Шәкірт тәрбиелейді. * 1896 – Астрахань облысы, Володар ауданындағы “Алтынжар” деген жерде қайтыс болады. ## Шығармалары Құрманғазының ғұмыр кешкен уақыты, әсіресе оң солын танып, өмір-тіршілікке белсене араласа бастаған кезі мейлінше күрделі еді. Бұл кезең патшалық Ресей жүргізген отаршыл саясаттың ең бір қарқын алған, әбден құныққан, шектен шыға басынған кезі болатын. Қашанда ел басына келген нәубеттің ауырлық тауқыметі ең алдымен еңсесі биік ерлердің иығына түсетін әдеті. Замана зобалаңы Құрманғазыны да от-жалынымен шарпып бағады. Оның «Түрмеден қашқан», «Кісен ашқан», «Ертең кетем», «Бозқаңғыр», «Пәбескі», «Терезеден-есіктен», «Бозшолақ», «Бұқтым-бұқтым», «Не кричи, не шуми», «Арба соққан», «Аман бол, шешем, аман бол!», «Қайран шешем» сияқты күйлері замана басқа салған зобалаңның бір-бір бекеті сияқты. Ол қатал тағдырдың кез келген талқысына өнерімен жауап беріп, өнерімен белгі қалдырып отырған. Құрманғазы өмірге ғашық күйші. Тіршіліктің нұрлы сәттеріне ол балаша қуанып, қалтқысыз сезімге бөлене алады. Оның «Қызыл қайың», «Ақжелең», «Адай», «Сарыарқа», «Балбырауын», «Серпер», «Назым», «Балқаймақ», «Бұлбұлдың құрғыры», «Ақсақ киік», «Төремұрат», «Қуаныш» сияқты күйлері өмірге іңкәр жанның жүрек лүпілі сияқты. Құрманғазыны суреткер ретінде айрықша даралап көрсететін қасиет – ол концептуалды күйші. Бір ұрпақ емес, екі ұрпақ емес, бірнеше ұрпақтың тағдырына ықпал ететін заманалық құбылыстарға бойлай үңіліп, ой толғау Құрманғазының рухани болмысына тән. Оның «Жігер», «Көбік шашқан», «Кішкентай», «Ақбай» сияқты күйлері өзі ғұмыр кешкен заманның тарихи-әлеуметтік болмысына берілген күйші философтың бағасы. Сол сияқты «Айжан-ай», «Айда бұлбұл, «Алатау», «Амандасар», «Бас Ақжелең», «Демалыс», «Лаушкен», «Ойбай, балам», «Саранжап»«Теріс қақпай», «Ұзак Ақжелең» күйлері кеңінен танымал.Құрманғазының асқақ рухы бір ғана музыка саласына сиятын құбылыс емес. Мұндай тегеурінді дарынның болмысы біртұтас ұлттың рухани болмысына айғақ бола алады. Ұлт тағдырындағы тарихи ұлы өзгерістердің барша қуаныш-қайғысы қашанда біртуар перзенттерінің тағдыр-талайымен шендесіп жатады. Бұл, орайда, Құрманғазы өзінің қайталанбас өнерімен ғана емес, өмірімен де туған халқының бүкіл қасиетіне, сол бір алмағайып аласапыран кезеңнің хал күйіне ең жарқын айғақ бола білді. Ол өзінің қанатты күйлерімен поэзиядағы Махамбет сияқты ғылымдағы Шоқан сияқты, майдан даласындағы Кенесары сияқты, өршіл рухына қылау түсірмей, замана тауқыметін қайыспай арқалап ғұмыр кешті. ## Күйлерінің шығу тарихы Құрманғазы күйшінің алғашқы шығармаларының бірі – “Кішкентай”. Бұл күй көтеріліс басшысы Исатайға арналған. Оның шығарған “Ақбай”, “Ақсақ киік”, “Көбік шашқан”, “Түрмеден қашқан”, “Адай” деген күйлерінде нұрлы болашақ, халық үміті, үстем тапқа деген ыза-кек шебер суреттеледі. Күйші “Сарыарқа” күйі арқылы туған жерді, кең байтақ даланы көз алдына келтіреді. Құрманғазы күйлері тыңдаушысын бай сазымен, кербез нақышымен, жігерлі қуатымен борандатып, ұшқыр екпінімен баурап əкетеді.Күйлерінің көпшілігінің тақырыбы бар, құрылымы жағынан бір жүйеге түскен ауқымды туындылар. Күйші домбыраның орындау əдістерін, аспаптың дыбыстық жəне техникалық бай мүмкіндіктерін мейлінше толық қолдана білген. Құрманғазы күйлерінің ерекшеліктеріне – күйдің шарықтау шегінің, яғни кіші саға мен үлкен сағаның жазыла түсуінің арқасында домбыра диапазоны толық игеріліп, күйдің өзіндік өлшемі мен ырғағы шығарманың өне бойында ауытқымай сақталып отырады. “Балбырауын”, “Ертең жетем”, “Бұқтым-бұқтым”, “Балқаймақ”, “Боз қаңғыр”, “Не кричи не шуми”, “Айжан-ай”, “Лаушкен” т. б. көптеген күйлері жайлы төменде толық анықтамалар беріледі: * Қайран шешем Ақбайдың шабармандары Құрманғазыны арбаға байлап жүргелі жатқанда шешесі Ақбаланы көреді. Əлпештеп өсірген анасына əлі күнге дейін қайырымды іс істемегеніне өкініп, енді тағы міне айдалып бара жатқанын ойлап, көзіне жас кеп, шешесінің қасына келеді. “Мен ұл таптым деп жүрсем, жаман, жасық немені туған екем ғой. Кімнің алдында көзіңнен жас шығарып тұрсың?” – деп, жағына шапалақпен тартып жібереді. Құрманғазы өзінің қателігін түсінеді. Орал түрмесінде жатқанда осының бəрін ойлап, шешесіне арнап “Қайран шешем” атты күйін шығарады. Күй күйшінің қапастағы халін баяндағандай баяу басталады да, бірте-бірте əсерленіп, шабыттана төгіледі. * Қапы Құрманғазы өштескен би оның соңына түсумен болады. Бір жиында домбыра тартып, Исатай, Махамбет толғауын айтып отырған Құрманғазыға “Сен Исатай Махамбеттің толғауын айттың”, деп кінə тағып күйшіні ұстатады. Міне, осы өкінішке байланысты “Қапы” деген күйін шығарған екен. * Қош аман бол Құрманғазы қапылыста ұсталып Орда түрмесіне жөнелтілейін деп тұрғанда “Қайтып көріскенше қош аман болыңдар, халқым” деп, “Қош аман бол” күйін тартыпты. “ * Қыз Данайдың қырғыны 1850 жылы Құрманғазы Жем өзенінің бойындағы Төремұрат, Өтен, Нарымбай ағаларымен барып қыз Данайды алып қайтады. Қыз соңынан шапқан қуғыншыларды Құрманғазы отауға жібермей келгенін қағып түсіріп, қорғап тұрады. Оның бұл батырлығына нағашылары риза болып, сый – құрмет жасайды. Шабыты шалқыған күйші осы қуанышқа арнап “Қыз Данайдың қырғыны” күйін шығарады. Құрманғазы күй арқылы ат тұяғының дүбірін, қиян-кескі ұрысты суреттейді. Арасында қыз Данайдың сұлулығын, сыңғырлаған күлкісін сазды дауыстармен бейнелей білген. Бұл күйдің шығуына байланысты Төремұрат ел жиып, мал сойып үлкен той жасайды. * Қызыл қайың Құрманғазы ен далада жалғыз өскен қызыл қайыңның бұтағын жамылып отырып, қуғыншылардан аман қалыпты, дейді. Кейін: “Менің елім де, жерім де, ағашым да пана екен. Анадай қамқор болып, жапырағымен жауып пана болған қызыл қайыңға арнап едім”, – деп осы күйді шығарған. * Көбік шашқан Каспий теңізі бір кезеңдерде деңгейі көтеріліп, жағадан шығып, тасып кетеді екен. Ғалымдардың айтуынша, бұл әрбір дәуірлік мерзім сайын болып тұратын құбылыс көрінеді. Міне, сондай құбылыс ХІХ ғасырдың екінші жартысында да болған. Мұны ұлы сазгер Құрманғазы мен суырыпсалма ақын Қашаған өз көздерімен көрген. Құрманғазы бір келгенде Қашаған тап болып, екеуі тасып жатқан теңізді жағалай жүріпті. Бұл жөнінде бір суретшінің салған суреті де бар. Қашаған халықты қиналысқа ұшыратқан осы тасқын жөнінде «Топан» атты дастан шығарды. Ақын пәлсапалық ұғыммен табиғаттың қасіретті құбылысын адамзаттың имандылық, нәпсілік қасиеттерінің жоғалуымен байланыстырады. Соның жазасы деп түйіндейді.Ал Құрманғазы асып-тасып, көбіктеніп, толқып жатқан теңізді көріп, оның халыққа залалы тигеніне жаны қиналады. Оған Қашаған дастаны да қатты әсер етеді. Сөйтіп, жүрек сыздатар сазды «Көбік шашқан» күйі шыққан. * Түрмеден қашқан Кітаптағы деректер бойыша, Құрманғазы күйді түрмеден қашқаннан кейін, тынығып жатқанда жазады. Күйші жастайынан өз елінің тәуелсіздігі үшін күреседі және сол жолында талай рет түрме тұтқыны болады. Сондай кездің бірінде, күйшінің түрмедегі досы, Лавочкинге анасы тамағына болат араны жасырып әкеліп береді. Сонда Құрманғазы, өзін жақтайтын түрме жасақтарының көмегімен түрмеден қашып кетеді. Шаршап, демалуға отырған күйші шабыттаным, "Түрмеден қашқан" күйін шығарады. ## Сыртқы сілтемелер * Құрманғазының ұрпақтары * Күй құдіреті ## Дереккөздер
Әміре Қашаубаев (1888, Дегелең тауының алабы, Қайнар ауылы, Абыралы ауданы, Шығыс Қазақстан облысы - 6 желтоқсан, 1934, Алматы) – атақты әнші, актер әрі музыкант. ## Өмірбаяны * Әкесі Қашаубай Орта жүздің Тарақты тайпасынан шыққан, анасы Тойған Орта жүздың Найман тайпасының Қаратай руынан шыққан, Әміре әншілік қабілетін ата-анасынан мұра етті: анасы Тойған бұлбұл дауысты музыкант, әкесі Қашаубай әншілік, серілік өнерімен халықты бірнеше рет қуантқан. * 12 жасқа толғанда (1900 ж.) Исабек деген байдың ат айдаушысы болып, ол жас әншіні той-жиындарда ән салғызады. * 1921 – 24 жылдары Семейде құрылған қазақ жастарының ағарту ұйымы «Ес - аймаққа» мүше болып, әншілік өнерін шыңдай түсті. * 1924 жылы осы қалада ұйымдастырылған халық өнерпаздарының байқауына қатысып, бас бәйгеге ие болды. * 1925 жылы Парижде өткен Бүкіл дүние жүзі сән өнері көрмесінде «Ағаш аяқ», «Қанапия», «Үш дос», «Жалғыз арша», «Қосбалапан», т.б. әндерді орындап, 2-бәйгемен қоса күміс медаль алды. «Париж апталығы» газеті мен «Ле мюзикаль» журналы оның сирек кездесетін талант екенін жазса, Сорбонна университетінің профессоры Перно фонографқа Әміренің орындауында бірнеше ән жазып алған. * 1927 жылы сәуір айында арнайы шақыртумен Мәскеу консерваториясының залында қазақ әндерін тамылжыта шырқады. Сол жылы Германияның Майндағы Франкфурт қаласында өткен Халықаралық музыкалық көрмеде концертке қатысып, қазақтың халық әндерін әлемге паш етті. Оның орындауындағы әндер дүние жүзі мәдениетінің ірі өкілдері Ромен Роллан, Анри Барбюс, т. б. тарапынан жоғары баға алған. Александр Затаевич Әміренің әншілік өнеріне тәнті болып, одан «Балқадиша», «Дударай», «Бес қарагер», «Көк көбелек», т.б. әндерді жазып алып, «Қазақтың 500 ән мен күйі» (1931) жинағында жариялады. Әміренің әншілік қабілетін кезінде қазақ әдебиеті мен өнерінің көрнекті өкілдері Мұхтар Әуезов, Сәкен Сейфуллин, Иса Байзақов, Әлкей Марғұлан, Жүсіпбек Елебеков, Құрманбек Жандарбеков пен Ахмет Жұбанов өте жоғары бағалаған. * 1926 жылы Қызылордада ашылған Қазақ драма театрының (қазіргі Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театры) алғашқы актерлерінің бірі болды. * 1934 жылы қазақ музыкалық театрына (қазіргі Қазақ опера және балет театры) ауысты. * 1934 жылы 6 желтоқсанда ауыр сырқатқа шалдыққан әнші Алматыда оқыстан қайғылы қазаға ұшырады. ## Қосымша деректер Шыққан тегі Орта жүз ішіндегі Тарақты руы. Кедей шаруа жанұясында туып өскен. Жастайынан әншілік өнерпаздығымен жұрт аузына ілігіп, ел аралап ән салып, қараөткелдік Сәтмағамбет, Ғазиз, баянауылдық Жаяу Мұса, Қали Байжанов, керекулік Майра Уәлиқызы сияқты арқалы әншілермен танысып, өнерін одан әрі шыңдай түседі. 1924 жылы Семейде өткен өнерпаздар байқауында Қалимен бірге бас жүлдеге ие болды. Әміре «Еңлік Кебекте» Жапалдың, «Айман Шолпанда» Жарастың рөлін ойнайды. Концерттік қойылымдарға жиі жиі шығып, халықтың ән өнерін насихаттауға айрықша үлес қосады. Әміренің әншілік өнері А.В.Луначарский, А.В.Затаевич, Г.Любимов сияқты өнердің парқын терең білетін мамандар тарапынан жоғары баға алған. Қазақтың «Ағаш аяқ», «Үш дос», «Қос барабан», «Қызыл бидай», «Смет», «Жалғыз арша» сияқты классикалық әндері Әміре айтқан үлгі өнегемен орнығып, кейінгі әншілердің репертуарларында жалғасын тауып келеді. Бұл ретте, Ж. Елебеков, М. Ержанов, Ж. Кәрменов, Қ.Байбосынов, М.Ешекеев, Б.Тілеуханов сияқты жез таңдай әншілердің Әміре өнерін жалғастырушы лайықты ізбасар болғанын атап айтқан жөн. ## Әміре Қашаубаев туралы толықтай ақпарат ### Әміре сахнада Ол халық сыймай отырған залды бір шолып өтіп, домбырасына қарады. Әміре залдағылардың құлағын жарып кететіндей бір-екі айқай дыбыстар алды, бірақ тек бастауы екен. Онысы залдың дыбыс ерекшелігін байқауы дегені болу керек. Енді аз ғана уақыт өткенде әнші залды да, онда құлаққа ұрған танадай болып тыңдап отырған көрерменді де ұмытып кеткендей болды. Әміренің даусы күннің күркірегеніндей кейде аспанды жерге түсіріп дүрілдеп, кейде баяу соққан желмен қозғалған бидайықтың шашағындай сусылдап, сыбырлап кетеді, - дейді 1927 жылы сәуір айында Мәскеуде болған бүкілодақтық кеңестер құрылтайында шыққан концертке жазылған бір мақалада. Әміренің аты тек Қазақстан емес, бүкіл Одаққа, бүкіл Еуропаға әйгі болды. Әміре арқылы қазақтың әншілік өнері мемлекттік шекраны сонау жиырмасыншы жылдардың ортасында-ақ аттап өтті, орыстың, батыстың ұлы мәдениет қайраткерлерінің ауыздарына түсті. Әміре - қазақтың қалай мақтасада,қалай мақтансада,сия беретін асқан өнерпазы. Әкесі Қашаубай кедей болып, күнбе-күнгі өмірді қуып жүрді. Қашаубай көп ұзамай Семейге көшіп барады. Қалада да кәсіп істеу оңай болған жоқ. Қашаубай әрең дегенде үй ішін асырап отырды. Бірақ жасынан бейнет шегіп, иықбасты болып қалған Қашаубай денесі нашарлап, қажып, бара-бара қара жұмысқа жарамайтын халге келді. Ал Әміренің шешесі Тойған да үй-ішінің ұсақ-түйегі болмаса білекпен келетін ауыр жұмысқа о да жарамай қалды. Мұның бәрі келіп, ақыры жас Әміренің мойнына үлкен ауыр бейнет қамытын кигізудің басы болды. Басқа амал болмаған соң жас Әміре Жаңа Семей жағында тұратын Исабек деген байдың көлік айдаушысы болады. Әміре ыңылдап әндетіп жүретін болды. Бара-бара Әміре дауыстап, өзінің үн қабілетінің барлығын сезіп, кей кездерде ат айдаушы екенін ұмытып кетіп, әннің қызығына түсіп, қожасынан, біздің тілімізбен айтқанда, қатаң сөгістер алып қалып жүрді. Бірақ оның бәрі де Әміре үшін мәнді нәрсе емес, әйтеуір аузының бостығы да әбиір болып, осы алған бетінен қайтпайды. Әкесінің айта қалғандай өнері жоқ болса да жаман Қашаубайдың баласының музыкаға деген қабілеті оның атшылығынан бұрын әнші бала, бері келе әнші жігіт деген атағын шығарды. Көшенің екі жағында тұрған, ашық қақпаның ішінде самауыр қайып жүген қыз-келіншек, кешкі тұрым әңгіме дүкен құрып отыратын үлкендер тобы, ойында жүрген бозбала фаетонның ешкісінде отырып, арбаның доңғалығының айналған ырғағымен қосылып, кешкі Ертісті жаңғыртып салып бара жатқан Әміренің әнің сілтідей тынып тыңдап тұрысты. Бүкіл Жаңа Семей болып Әмірені жақсы білетін болды. Ол арада болған ойын-сауық Әміресіз өтпейтін болды. Әншілігінің үстіне әсем мінезді, ақ көңіл жігіт халықтың назарын үнемі өзіне тез аударып алатын. Осындай екі бірдей қасиетінің арқасында Әміренің атағы көп ұзамай Ертісті кесіп өтіп, Семейдің қаласына жетуге айналды. Бұрынғы, бұрынғы ма, енді Қашаубайдың баласы бүкіл қаланы аузына қаратуға айналды. Мұның бәрі де Исабек байға ұнамай, ол қалайда Әміренің мына бір кедейге келіспейтін қылығын тоқтатқысы келді. Сондықтан бір жерге қадап қою мақсатымен, Әмірені тері күзеттіріп қояды. Ондағысы Әміренің жолын кесіп тастау әншіні сүйген халықтан айыру еді. Бірақ ол мақсатына Исабек жете алмады. Әміренің даусы түнгі Семейді тегіс аралап көше бойы қыдырып, сайрандаған жастар терезесін ашып қойған ән құмар үлкендер құлақтарын тосып тыңдап ләззат алды. Жаратылыстан күшті дауыс кешкітұрым салқынмен бұрынғыдан да дүрілдеп, мына байлаудан құтқар, еркіндікке жібер, қанатымды бір қарыштайын, аспанға бір шырқайын деген сияқты болып, Әміренің даусы өзінен бұрын Исабектің сасық иісті тері қоймасынан іргені аулақ сұрап тұрғандай, Арқаның жазығына, Ертістің еркін ағысына шыққысы келгендей кейіп білдіреді. Бұл кездерде Әміре аз да болса бірқатар ақылай табысқа ие болып, оларын үйіне беріп, өзі Семейден сыртқа шыққысы келеді. Қаншама қиын болғанмен, мейірімді әке-шеше өнерлі баланың алған маңдайын қақпайды. Әміре енді әніне бостандық алатын болды. Исабекпен есеп айырысып, Арқа әншілерінің Мекесі болған Қояндыға жол тартты. Бұл Әміре үшін үлкен игі сапар болды. Өйткені осы күнге дейін өзінің ғана білгенің айтып келген Әміре, не бір саңлақ, топтан озған ән иелеріне кездеседі. Жасы келіп қалса да, әлі қунақ, күлдіргі қалпынан таймаған, қарт дауысымен әлі де әннің нақысын бұзбай айтатын аға әнші Жаяу Мұсаны көрді. ### Семейде Семейде жүргенде оның Ақ сисасын, Гауһар қызын, Хаулауын, айтып, Жаяу Мұсаның өзің көрмеседе шығармашылық жүзіне қанық болатын. Енді міне, «құлақ естігенді, көз көреді» болып қарт әншінің өзің де көрді. Жас талапкер үшін бұл үлкен рухани олжа болды. Ал тап осы кезде нағыз бабында тұрған Бәпидің Мәдиі, Ғаббастың Айтпайы, Байжанның Қалиын естігенде Әміренің бұл күнге дейінгі орындап жүрген әндерінде көптеген кінәләр болып шықты. Ол бір дүниені сындырып алған жазықты баладай, үндемей құламенде, көзіменде бірге тыңдады. Мынау әннің базары Әмірені еліттіріп, енді қайтып Исабектің терісінің иісіне оралмастай іштей уәде айтты. Қандай жолмен болса да Әміре бұдан былай өзін бүтіндей ән өнеріне бағыштауға бел байлады.Жоғарыда айтылған әншілерден жаңа ән үйреніп, біраз репертуарын байытады. Әр әнді өзінің стилінде айтуға тырысты. Қабілетті әнші ол мақсатына жетіп қалды. Ол үш жасынан ән салып, Жаңа Семейдің шала қазақ, татарлар арасында «әнші бала» атанып, жасы он сегізге енді таянғанда мына Қондыға келуі, Әміре үшін ән дүниесін ашуын былай қойғанда басқа да, дүниелік, өмірлік үлкен жаңалықтар көрген жүрісі болды. Әміре қойын-қолтығын әнге толтырып қайтып Семейге келеді. Енді бұрынғы жәмшік, күзетші Әміре емес, ысылған өмір көрген жақсылардың қасында болған тәжірибелі Әміре болып келді. Семей оны бұрынғыдан да қызу қарсы алды. Әмірені енді жиі шақыратын болды. Семейге келіп жатқан атақты Майрамен кездесіп екі ән алыбы біресе домбырамен, біресе гармонға қосылып Семейдің ән базарын қыздыра түсті. Қазақтың кешегі заманда еңсесін бейнет басып, кеудесін көтере алмаған Әміре сияқты әншісі, қараңғылықты жарып шыққан Майра сынды өнершісі шүйделерін көтеріп, дауыстары бұрынғыдан да сыңғырлады. Әміренің күшті үні төңкерістің дүбіріне қосылғандай аңқылдап аспанға шығып, бір күні Мәскеуге де жетіпті. «Қазақ әншісі Әміре Қашаубаев Парижде болатын жержүзілік көрмеде қойылатын этнографиялық концертке қатысуға бара ме екен? Соның хабарын тез білдіруіңізді сұраймын.Жол қаражаты қалам ақысы төленеді. Мерзімі маусым, шілде айлары. РКФСР Халық Ағарту Комиссары-Луначарскийден Семейдің губерниялық бөліміне телеграмма келеді. Халық ағарту бөліміде, Әміре де сасып қалады. Бұлар осылай жүргендерінде Мәскеуден тағы: Әнші қазақ Әміре Қашаубаев туралы менің берген телеграммама жауапты тездетулеріңізді сұраймын. Парижде болатын біздің концерт мәселенің мемлекеттік маңызы бар деген Луначарскийдің қолымен телеграмма келді. Енді ойланатын кеңесетін уақыт жоқ. Телеграммадағыны тек орындау керек. ### Шетелде Әміре Мәскеуге жол тартты. Қояндыға барғаны Меккеге барғандай ұзақ сапар көрген Әміреге енді мына жол тіпті қызық сияқты көрінді. Парижде болатын коцертке қатысу үшін Мәкеуде Қазақстаннан басқа ұлт республикаларынан белгілі өнерпаздар келді. Бұл шеберлердің оның ішінде Әміренің Париж концертіне дайындық есебінде өткен Үлкен Театрдағы концертке шығуы үлкен табыс болды. Бұл жөнінде Правданың 1925 жылғы 26 шілде күнгі номерінде жазылған.Олардың жабайы өнерлері шығармашылығының көркемдік сатысы жағынан орындаушылықтан еуропалық шеберлердің тәуір деген нөмірлерінен кем түспейді, қолдарындағы аспаптарын салыстырсақ олар тағы бірінші орын алады: тыңдаушыларға эмоционалдық, эстетикалық әсер етуде олардың қолдарындағы қандай жұпыны құрал десеңізші – деп жазды. Айтушылар Әміре Ағаш аяқтың басындағы жоғарғы нотасын шырқап алғанда, партердің алдынғы қатарында отырған бір әйел Мынау не деген күшті дауыс деп шошып кетіп барып айтыпты деседі. Әміре этнографиялық ансамбільмен Парижге барады. Көздерімен көріп,есіткеннің жаңсақ жерлерін түзетіп алғысы келеді. Сонымен қатар олар бұл келе жатқан кеңес елің жайлайтың халықтың бірқатарының ғана өкілдері екенің жиылған жарнамалардан есітеді. Кеңес өнершілері Париждің залдарында 11 концерт береді. Сол концерттерде Әміре өзінің сүйікті әндері: Ағаш аяқ, Үш дос, Екі жирен, Дудар, Қос барабан, Қызыл бидай тағы басқаларын айтады. Ансамбльдің концерті бұрын-сонды ондай музыканы тыңдамаған Париж халқына қатты ұнайды. Неше түрлі ұлттардың әндері, олардың сан алуан түрлі аспаптары, түрлі-түсті киімдері, орындау шеберліктері кеңес өкілдерін үлкен табысқа бөлейді. Әсіресе бұрын аттары шықпаған Ресейді жайлайтын аз ұлттардың аз мерзім ішінде мұндай табысқа жетуіне дос сүйініп, дұшпан күйінеді. Бір кезде Ертістің асау толқынының аккомпанементімен ән шырқаған Әміренің енді Сена өзенінің сылдырап аққан дыбысына сиқырлы үнің қосуы тек ән өнеріндегі емес, халықтар достастығын нығайтуда өнердің үлкен рухани құралға айналғаны көрінді. Париждің газеттері өнершілердің концерттері жәйлі үзбей жазып отырды. Париж апталығы атты газеті өзінің 1925 жылы 31 шілдедегі нөмірінде: – деп жазды. Француздың белгілі музыка зерттеуші ғалымы Ле мюзи-каль журналында Әміренің сирек кездесетін музыкалық көрініс екенін жазды. Сорбонна университетінің профессоры Перно фонографқа Әміренің орындауында қазақтың бірнеше әндерін жазып алды. Бір айта кететін жай біз осы күнге шейін Әміренің сол фонографқа түскен әндерін шетелмен байланысты мекемелер арқылы қанша талаптансақ та, ала алмай жүрміз. Әміре Париждан елге келеді. Мәскеуде болып, одан туған қаласы Семейге келеді. Бірақ онда көп бола алмай, күзге қарай Қызылордаға келіп, ол кездегі Қазақстанның астанасында ашылғалы жатқан театр тобына кіріп, солармен бірге дайындық жұмысқа кіріседі. Келесі 1926 жылда қаңтардың 13 күні Мұхтар Әуезовтың «Еңлік-Кебек» пьесасымен қазақ тарихында бірінші рет кәсіпкерлік театрдың шымылдығы ашылғанда Әміре қойшы Жапалдың рөлін ойнайды. Оны сол кезде көрген адамдар әлі-күнгі аузынан тастамайды. Өйткені Әміре тек әнші емес, жақсы әртіс болды. Ол сахнада жасанды қимыл-қозғалыссыз, қандай бейнеде болсада, шын жүректен, нанымды, қарапайым атап келеді. Солай бола тұрса да Әміренің шын шүйдесі көтеріліп, шоқтығы аспанға шығатын кезеңі концерттерде болатын. Жарнамада Әміре шығады деген концерттер ол кезде үнемі лық толы болады екен. Күлкілі сөз шебері Қалибек поэзияның жас перісі, әнші Иса, характерлі нөмірлерді жандырып шығаратын Елубай, от боп жанған Құрманбек - бәрі бірінің артынан бірі шыққанда концерт жөнсіз көп уақытқа созылып, көрермен уақытын қалай өткенін сезбей де қалады екен. 1927 жылдың сәуір айында Әміре тағы Мәскеуге шақырылады. Онда, осы әңгіменің басында баяндалғандай кеңестер сьезінде концертке шығып, үлкен табысқа ие болады. Әміре сол жылдың жазында Алманияның мамырда Франкфурт қаласында болатын Жержүзілік музыкалық көрмеге шақырылады. Бүкілодақтық шетелмен байланыс жасаушы қоғам онда көрменің кеңестік бөлімін ашты. Бөлменің концерттерінде біздің әр ұлтымыздың өкілдері шықты. Шілденің 22 мен 31 арасында көркемде орыс музыкалық апталығы болып, онда қатысуға РКФСР-ға еңбегі сіңген әртіс, профессор Г.Любимов бастаған кеңестік этнографиялық ансамбль құрылды. Сол ансамбльдің ішінде Әміре де болды. Ансамбль Франкфурттың Үлкен театрында 9 концерт берді. Концерттер аса қызығұшылықпен қабылданды. «Франкфуртер цейтунг» газеті , - деп жазды. Кеңестер Одағы халықтарының өнерлерін екінші Қазақ халқының ән байлығына шетке көрсетуде өнер қайраткерлерінің ішінде Әміре жас ұланы болды. Әміре қайтып Қызылордадағы қазақ театрына келді. 1928 жылы театр Алматыға көшкенде Әміре де бірге келді. Әміре драма театрында бірнеше рөлдер атқарды. Әсіресе концерттерінде басты әртіс болып жүрді. 1933 жылы драма театры-ның бір бөлек адамвнан құрылған «Музыкалық студияның » ішінде бірінші болып Әміре кетті. Ол студия келесі 1934 жылдың қаңтарының 13 күні «Музыкалық театр» болып, Мұхтар Әуезовтың «Айман-Шолпан» атты музыкалы пьесасымен ашылды.Әміре «Айман-Шолпанда» басты рөлдің бірін атқарды. Бірақ өмірі ұзақ болмай сол жылдың күзінде қайтыс болады. Әміренің негізгі ресми қызметі театрда болғанымен, ол үнемі концерт беруде болатын. 1926 жылы Қ.Жандарбековпен бірге Шымкент, Ташкент қалаларында концерт берді. Қала халқы, оқушылар үлкен ынтамен қарсы алды. Әміренің залды күңірентіп жіберген ащы даусы мен сыңғыраған көмейінен бұралып шыққан үнге таңырқамаған жұрт қалмады. Әсіресе Әміреге бір риза болған жер, Қарқара жәрмеңкесінде болды. Әміре шығады дегенде жиналған жұрт қол соғып, сахнаға шығуын қошеметтеді. Біраз ән айтып кетпек болған еді, жұрт үсті-үстіне қол шапалақтап жібермеді. Әміре «Жалғыз арша», «Сырғақты», «Ісмет», «Қанапия» әндерін айтты. Қасында бір-екі жігіті бар, қалыпты Қыз Жібектің қисасын жазған Шайқы-Ыслам Жүсіпбекұлы келіп,сахнаның сыртында Әміреге танысып, рахмет айтты. Өзінің Екі естелік дегенінде Қалибек Қуанышбаев 1924 жылы Семейде өнерпаздардың ақпан айында болған жиналысында болғаның айтады. Ол Қарқаралы, Өскемен, Павлодар, Баян бәрі бір облыс екен. Павлодардан Майра, Семейден Әміре, Қарқаралыдан Қали Байжанов болады. Басқа әншілер жарысқа түсіп, кезектесіп ән орындағаннан кейін, топталып келе жатып, қарақшыға жақындағанда шұбалып, біртіндеп шыға бастайтын бәйгі аттарындай, аяғында Қали мен Әміре қалады. Бұлар баста әрқайсысы әртүрлі ән айтып, біресе домбырамен, біресе гармонмен сүйемелдеп, қыза-қыза екеуі сахнадан шықпай қояды. Қазақтың ескі әдеті қала ма, Қали айтқанда Қарқаралы, Павлодар, Баяндықтар қошеметтеп, Әміре айтқанда Семейдің көпшілігі шулап, айқайлап қостайды. «Ала қойды бөле қырыққан жүнге жарымайды» дегендей, екі әншінің бірінен бірін бөлмей, екеуінің де пірлі екенің көрген төреші топ, бірінші-екінші бәйгені қосып жіберіп Қали мен Әміреге бөліп береді. - дейді сол естелігінде Қ.Қуанышпаев. Әміренің қазақ әндерін көп ажарлағанын, байытқанын қазақтың тұңғыш режиссері, халық әртісі үлкен өнер қайраткері Жұмат Шанин де, ұлы жазушы Мұхтар Әуезовте айтып кетті. 1934 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Халық ағарту Комиссариатының үйінде көптеген өнерпаздар бас қосқан үлкен мәжіліс болды. Оған әншілерден: Әміре Қашаубаев, Темірболат Арғынбаев, Қуан Лекеров, Жүсіпбек Елебеков, Ғарифолла Құрманғалиев, т. басқалары келеді.Әнді сазбен асықпай қоңырлатып айтатын, баритон дауысты Темірболат салған жерден, қырандай аспандап, шырқап кететін Қуан, әр нотасынан Сахараның кең тынысы сахнаға ере келіп тұрған Манарбек, әнді еркелетіп, уілдетіп, лебізімен жыланды іңнен шығаратын Жүсіпбек, дауысының жоғарысы әйелдің сопраносының бақшасына кіріп кететін Ғарифулла, жүрекке жылы тиетін, жұмасақ меццо-сопрано Бибі-бәрі де,бәйгегі түсетін болғансын, бірінен-бірі оздырамын деп, бар шеберліктерін салып, не бір мықты әндерді коммиссианың алдына табақтай тартып жатыр. Әміре оқуы көп болмағанымен тоқығаны ескергені көп адам еді. Осы жолдардың авторы Алматының музыка техникумында істеп тұрған кезінде ол бір күні техникумға келіп, екі сағаттай сөйлесті. Әңгіменің мазмұны өзінің бұрынғы заман өктемдігімен оқи алмай қалғаны, енді мына бір кішкене қыздарын музыкаға оқытқысы келетіні болды. Бұл 1933 жылдың күзі болатын. Әміре - ұлы әнші, азамат. Оның өмірі мен қимылы әлі де зерттеле түседі. Ол жөнінде талай кітаптар, дастандар жазылмақ. Оның аты ән мектебінде мәңгі қалады. ## Әміре туралы жазылған шығармалар * Жүсіпбек Аймауытов "Әнші" әңгімесіндегі Әмірқан бейнесі * Ілияс Жансүгіров "Әнші" поэмасы * Қайнекей Жармағанбетовтың "Әнші азамат" повесі * Сәду Машақов пен Оразақын Асқардың поэмалары бар. * Жарқын Шәкәрім, «Әміре» зерттеу кітабы, 1977 жылы жарық көрді. * Жарқын Шәкәрім, «Ән жұлдызы» кітабы, 1978 жылы жарық көрді. * Жарқын Шәкәрім, книга «Амре Кашаубаев», год издания 1981 год. На русском языке. * Жарқын Шәкәрім, «Ән асқары Әміре» зерттеу кітабы, 1988 жылы жарық көрді. * Жарқын Шәкәрім, «Әміре Қашаубайұлы» зерттеу кітабы, 2006 жылы жарық көрді. * Жарқын Шәкәрім, 1974 жылы Мәскудегі Кинофото құжаттары және дыбыс жазбаларының Орталық архивінен Әміре Қашаубаев 1925 жылы орындаған, фонографқа жазылып алынған «Ағаш аяқ», «Дударай», «Бесқарагер», «Смет», «Жалғыз арша», «Балхадиша», «Үш дос» әндерінің үнтаспасын тауып, күйтабаққа аударып автор ретінде жарыққа шығарды. Күйтабақта Әлкей Марғұлан, Серке Қожамқұлов, Жүсіпбек Елебеков, Сапарғали Бегалин Әміре жайлы естеліктер айтты. * Жарқын Шәкәрім, «Әміре туралы шындық», мақала, «Егемен Қазақстан» газеті, 2013 жыл, 27 ақпан күні жарық көрді. * Әміре Қашаубаев туралы ақын Қайырбек Шағырдың "Ұлы тенор" поэмасы 2006 жылы жарық көрді. ## Дереккөздер
Нәрікбаев, Мақсұт Сұлтанұлы — Қазақ гуманитарлық заң университетінің ректоры, Халықаралық жоғары мектеп академиясының академигі. ## Қысқаша өмірбаяны 1940 ж. наурыздың 30-ында Алматы облысы, Талдықорған ауданы, Еркін аулында дүниеге келді. Уақ тайпасынан шыққан. 1958—59 жж. Украин КСР Днепродзержинск қаласының № 8 техникалық училищесінде оқыды. 1968 ж. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне түсіп, 1974 жылы аталған университетті заңгер мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1992—93 жж. Қазақстан Республикасы Президентінің Аппараты мемлекеттік құқықтық бөлімінің сектор меңгерушісі және құқық қорғау органдары бөлімінің меңгерушісі қызметтерінде еңбек етті. 1995 ж. қазан айында мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Бас прокуроры, ал 1996 ж. маусым айында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шешімімен Жоғарғы сотының төрағасы болып тағайындалады. 2001 ж. «Құқықтық Қазақстан үшін» атты қоғамдық бірлестік құрды. 2004 ж. сәуір айында «Қазақстан демократиялық партиясының» құрылтайында оның төрағасы болып сайланды. 2002 ж. желтоқсан айында Мақсұт Сұлтанұлы азаматтық қоғамды одан әрі демократиялау және дамыту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу жөніндегі тұрақты мәжілістің мүшесі болып тағайындалды. 2003 ж. сәуірдің 12-індегі Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Жоғарғы сот құрамындағы өзгерістер туралы» Жарлығымен Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы болып тағайындалды. 2004 ж. желтоқсан айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Демократия мәселелері жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі. 2008 ж. ақпанның 14-інде Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы міндетінен босатылды. Астанадан 17 шақырымдағы Ұлттық пантеонға жерленген. ## Дереккөздер ## Марапаттары Отан алдындағы еңбектері үшін «Парасат» орденімен, 5 медальмен марапатталды.
Тоқтарбайұлы Қобыланды (XV ғ.) – аты аңызға айналған халық батыры. Шыққан тегі – Қыпшақ, оның ішінде Қара Қыпшақ. Халық жадында сақталған әңгімелерде, халық шежірелерінде оны көбіне «Қара Қыпшақ Қобыланды» деп атайды. Шежіре деректеріне қарағанда, Қара Қыпшақ Қобыланды Жошы ханның Шайбан деген баласының тұқымы Әбілхайыр ханның тұсында (XV ғасыр) өмір сүрген, ханның белгілі қолбасшыларының бірі болған адам. Қазақ хандығының бөлінуіне де осы Қобыланды батыр себеп болған деседі. Бұл жөнінде Шәкәрім шежіресінде: «Біздің осындағы арғындардың атасы Дайырқожа Әбілхайыр ханның сүйікті қазысы екен. Билікті әділ айтқандықтан Ақжол би атаныпты. Және Қара Қыпшақ Қобыланды да ханның сүйікті адамы екен. Екеуі іштей жауласып жүргенде, бір күні Қобыланды Дайырқожаны далада өлтіріп кетіпті. Мұны әз-Жәнібек хан біліп, Қобыландыны шариғат бойынша қысас қылып өлтіруге сұрапты. Әбілхайыр берейін десе, көп қыпшақ бұзылатын болған соң, бере алмай, үш кісінің құнын ал деген соң, бұған Жәнібек өкпелеп, бөлініп кетеді» деген дерек беріледі. Бұл оқиғаның тарихи шындық екенін Дайырқожаның әкесі Қотан жыраудың өлген баласының денесін айналып, қайғырып, қан жұтып жүріп айтқан: "Қара Қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным?Сексен асып таянғанда тоқсанға,Тұра алмастай үзілді ме, жұлыным, —” деп басталатын толғауы да дәлелдей түседі.Қобыланды батыр жайында екінші бір дерек көзі — қазақ халқының қаһармандық жырларының бірі — "Қобыланды батыр" жыры. Бұл мазмұны жағынан да, басқа батырлық жырларға қарағанда шоқтығы биік тұрған халықтық шығарма, ерлік эпопеясы. Бұл жырдың оқиғаларына қарағанда, Қобыландының ерлік жолы қазақ елінің сол кездегі сыртқы жауы — қызылбастар (парсылар) мен олардың шапқыншылық жасаған ханы Қазанға қарсы күресінен басталады. Оның бұдан кейінгі шайқасқан батырларының атына қарап, олардың атақты Едіге батырдың тұқымдары екенін аңғаруға болады. Қобыланды батырдың Орақ батырмен дос болып, Алшағырмен жауығуы — Қазақ хандығының өзара іштей екіге бөлінген Ноғай ордасының бірін қолдап, екіншісімен соғысып жатқан тарихи кезеңін алға тартады. Мұның бәрі Қара Қыпшақ Қобыланды батырдың аңыздық негізде қиялдан туған кейіпкер емес, өмірде болған, ерлік істерімен еліне танылып, құрметіне бөленген хас батырларының бірі болғанын дәлелдейді. Және де қазақ халқының қалыптасуына үлкен үлесін қосты. ## Дереккөздер * http://referatikz.ru/load/aza_sha_referattar/aza_debieti/to_tarbaj_ly_obylandy/10-1-0-1915
Ақ Орда — Алтын Орданың шығысындағы протоқазақтық ұлыс, кейіннен тәуелсіз мемлекет. ## Мемлекет XIV-XV ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан Шағатай мен Жошы ұлыстары тарихы аясында дамыды. Бұл өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы түркілік ру-тайпалар қауымдыстығы ретінде жылқы шаруашылығы, қала мәдениеті мен сәулетшілік өнер, сауда-керуен жолдарын дамытумен болды. Көптеген ұлыстардың жегілікті билеуші әулет өкілдері, билері мен батырлары әлеуметтік ортасын құраған. Хандардың бір ордасы Ақ Орда деп аталды. Ол Жайық өзенінен Ертіске, Батыс Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін көшіп жүретін хандардың ордасы еді. Ақ Орданың орналасатын ірі қаласының бірі Сырдария өзенінің орта ағысы бойында орналасқан Сығанақ қаласы болды. Ақ Орданың халқы - ноғайлы-қыпшақтар жұрты болды. Ол қыпшақ қауымдыстығы құрамында арғын, жалайыр, наймандар, қоңыраттар, керейттер, үйсіндер, қарлұқтар болды. Ақ Орда хандары - Орда-Ежен, Сартақ, Баян, Сасы Бұқа хан, Ерзен, Мүбәрәк Қожа хан, Шымтай хан, Ұрыс хан, Құйыршық хан, Барақ, Керей, Жәнібек және т.б. ## Күшейген кезі Ақ Орданың күшейген кезі XIV ғ. II жартысы. 1361 жылы Ақ Орданың билеушісі болған Ұрыс хан өз жағдайын біраз күшейтіп, енді Алтын Орда тағын иемденуге күш салды. Сөйтіп, 1374-1375 жылдары Еділ бойымен жорыққа шыққан ол Сарайды өзіне қаратып, Хажы-Тарханды (Астраханды) қоршауға алды. Кама бұлғарларының жерін бағындырды. Бірақ Ұрыс ханның үстемдігі ұзаққа созылмай, келесі жылы ол Еділ бойынан кетіп, Алтын Ордадағы билікті Мамайға беруге мәжбүр болды. 1377 жылы Ұрыс хан қайтыс болды. Ақ Орда иелігі енді Ұрыс ханның баласы Темір Мәлікке көшті. Бірақ осы кезде Маңғыстау үстіртінің билеушісі — Жошы әулеті Түй хожа оғланның баласы Тоқтамыс Орта Азия әміршісі Ақсақ Темірге сүйеніп, Темір Мәліктің әскерін талқандайды. Өзін 1379 жылы Ақ Орда ханы етіп жариялайды. Ақ Орда әмірлерінің қолдауына ие болған ол, 1380 жылы Сарайды, Қажытарханды, Қырымды және Мамай Ордасын басып алды. Тоқтамыстың бұл табысы орыс жеріне басып кірген Алтын Орда ханы Мамайдың 1380 жылы Куликово даласында орыс әскерлерінен жеңілуі себебінен мүмкін болды. Тоқтамыс мұнымен тоқтаған жоқ. Атап айтқанда, Тоқтамыс Ақсақ Темірдің қамқорынан босануға тырысады. Бірақ, 1380, 1391, 1395-жылдары Ақсақ Темірдің Тоқтамысқа қарсы жасаған аса үлкен үш жорығынан кейін Алтын Орда тас-талқан болып қирайды. Темірдің басқыншылық соғыстарының нәтижесінде және ішкі талас-тартыстан XIV ғ. соңы мен XV ғ. бас кезінде Ақ Орда да әлсіреп қалады. ## Жаңа дәуір 1423-1424 жылдары Ұрыс ханның немересі Барақ өзінің бақталастарын жеңіп шығып, Ақ Орда да хандықты өз қолына алды. Алайда, Ақ Орданың басты қаласы Сығанақ, Сырдың орта ағысындағы аудандар Темір әулетінің қолында еді. 1425-1426 жылдары Барақ Ақсақ Темірдің немересі Ұлықбекке қарсы жорыққа аттанып, Сығанақты және Сыр бойындағы басқа да қалаларды босатты. Жорықта жүріп Барақ қаза тапқаннан кейін Шығыс Дешті Қыпшақтың билігі Шайбани әулетіне көшті. Барақ өлген соң олар Ақ Орданың елеулі бөлігін жаулап алды. Сөйтіп, 1227 жылы Жошы қайтыс болып, оның ұлысы екіге жіктелгенде пайда болған Ақ Орда екі ғасыр өмір сүрді. Ақ Орданың отырықшы аудандарында жерді шартты түрде иелену мен жеке меншіктің түрлері қалыптасты. Мал шаруашылығы да дамыды. Жер иеленушіліктің інжу, милк, сойырғал сияқты түрлері және тархандық сый тарту болған. Ақ Орданың еңбекші халқы хандар мен ақсүйектер пайдасына күпшір, зекет, тағар тәрізді салықтар төлеп тұрды. Ақ Орданың ресми тілі қыпшақ тілі болды. ## Тұжырымдар Әуезов «Әдебиет тарихы» атты монографиясында (1927) Ақ Орда тұсындағы тарихи оқиғаларды талдай келе, көп дәуір «исі түркі жұртының бірлігі мен елдігін ойлаған ұлы батырларды туғызды» деген пікір түйеді. Ондай шығармалардың қатарына «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Ер Сайын», «Шора батыр» жырларын жатқызады. Жазушы бұл тұжырымын: «Батырлар әңгімесінің басы ескі түркі бірлігінің заманындағы әңгімелерден шығады. Қазақ елінің ескілігі жалғыз қазақтікі емес, жалпы түрік жұртының ескілігі деп саналуға керек. Бұрынғы түрік, моңғол дәуірі жүрген заманда «Алтын Орда, Ақ Орда күндері» айтылатын жерлер бар. Ноғай, Қырым, Қыпшақ, Қырғыздардың бір жалаудың астында бір ел болып жүрген кездерін айтады. Бұл түрік жұрттарының жік-жікке бөлінбей тұрған күндері бірін-бірі жат демей, бауыр көріп журген кездері. Қазақтағы батырлар әңгімесінің осы кездерде шыққаны бір жік болып, кейінгі замандағы шыққандары екінші бір жік болады. "Алғашқы жіктегі - ұлы батырлар" деп одан әрі дамытады. Осы еңбекте түркі тілдес халықтардың бірлігін аңсаған тарихи жырларды ерекше бөліп қарағаны үшін оған 1927-1932 және 1945-1951 жылдары «Ұлтшыл - ұлы түрікшіл», «Алтын Орда» мен «Ақ Орда» дәуірінің тұсындағы хандықты көксеп отыр» деген айып тағылды. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * [1] — Ақ Орда-Ноғайлы дәуіріндегі Қазақстан.
Теңге нышаны — Қазақстан Республикасы ұлттық пұлы (теңге) нышаны. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі 2006 ж. қарашада «Теңге нышаны» жалпыұлттық конкурсын жариялап, 2007 ж. наурыздың 20-ында қорытынды шешім қабылдады. Бекітілген теңге нышанының авторлары — Санжар Әмірханов және Вадим Давиденко. ## Нышан сипаттамасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баспасөз жарияламасында былай делінген: Теңгенің көрсетілген графикалық бейнесі «т» дыбысының транскрипциясын білдіретін ежелгі түркі әліпбиінің нышаны болып табылады, «теңге» сөзі, …барлық түркі халықтары үшін қасиетті болып табылатын «аспан», …«Тәңірі» сөзі де осы әріптен басталады. Бұл нышан ақша бірлігі тұрақтылығының идеясын, жоғары әлеуетін, Қазақстан Республикасы ұлттық экономикасының даму және өсу динамикасын бейнелейтін болады. Идеограмма қазіргі замандағы қазақстандықтардың даму және прогресс жолындағы қозғалысын бейнелейтін болады. ## Пайдалануы Әзірше ресми мәлметтерді қатынауға мүмкін емес, бірақ қалыптасқан халықаралық дәстүр бойынша ақша нышаны (соның ішінде теңге нышаны да) санның алдына ешбір кемтіксіз қойылады. Мысалы: ₸1 234 567 890 = 1 234 567 890 теңге, пұл бағамы: €1 = ₸164,87. ## Түсініктемелер ## Сыртқы сілтемелер * ҚҰБ №12 баспасөз-релизі: «Теңге нышаны» конкурсының нәтижелері туралы(қолжетпейтін сілтеме) * «Теңге нышаны» конкурсына жіберілген жұмыстар Мұрағатталған 7 қарашаның 2007 жылы. (орысша) * Everson, Michael. 2008. Proposal to encode the Kazakh TENGE SIGN in the UCS Мұрағатталған 29 қыркүйектің 2017 жылы. (ағылш.) * Символ тенге для популярных шрифтов Мұрағатталған 17 шілденің 2009 жылы.
Шот-Аман (Шота) Ыдырысұлы Уәлихан (26 сәуір 1932 жыл, Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Сырымбет ауылы – 31 наурыз 2021 жыл) — сәулетші, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген сәулетшісі (1978), профессор, Шығыс елдері Халықаралық сәулетші академиясының академигі (2001). ## Қысқаша өмірбаяны 1932 жылы 26 сәуір күні Көкшетау облысының (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы) Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылында туған. Шот-Аман Уәлихан — төре руының өкілі, әйгілі қазақ пен ресей ғалымы Шоқан Уәлихановтың бауырының ұрпағы. Қазақ ақыны Бақытжан Қанапияновтың немере ағасы. Мәскеу сәулетшілік институтын бітірді. «Қазақстан қала құрылысын жобалау» институтының қызметкері, Алматы қаласының бас сәулетшісінің орынбасары, Қазақстан сәулетшілер одағы басқармасының төрағасы болды. Республикалық тарихи және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамының төрағасы. ## Жетістіктері Шот-Аман Уәлиханов бірнеше ірі ғимараттардың, 20 монумент пен ескерткіштің (басқалармен бірге) авторы. Солардың қатарында: Алматы қаласындағы «Динамо» стадионы (1958), «Универсам» дүкені (1979), «Казгипрозем» үйінің (1983 жыл) ғимараттары; Уәлиханов ескерткіші (1969 жылы; Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығы, 1970 жыл), Әліби Тоқжанұлы Жангелдин, Тоқаш Бокин (екеуі де 1975 жылы), Ғани Мұратбаев (1984 жыл), Шығыс Қазақстан облысы, Қарауыл ауылындағы Абай (1970), Көкшетау қаласындағы Талғат Бигелдинов (1998), Қостанай қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы (1999), Астана қаласындағы Кенесары Қасымұлы (2001), т.б. ескерткіштері; Дінмұхамед Қонаев бюсті (1985 жылы), Тәуелсіздік монументі (1996 жылы, жоба авторы әрі жетекшісі), т.б. Уәлиханов 1996 жылы Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттік елтаңбасы бойынша өткен байқауында ҚР сәулетшілер одағының алтын медалі мен дипломын алды, елтаңба авторы. Сондай-ақ ол Қазақстан сәулет және бейнелеу өнерінің көкейтесті мәселелерін көтерген көптеген ғылыми мақалалар; сонымен қатар бірқатар драмалық шығармалардың да (“Шоқан”, алғаш рет 1962 жыл қойылған; “Ағнұр”, 1982; “Тағдыр”, 1984; “Террор”, 2000) авторы; бірқатар пьесалары республикалық (Алматы) және облыстық (Көкшетау, Қарағанды, Шымкент) театрлары сахнасында қойылды. Халықаралық сәулетшілер одағының дүниежүзілік 12–13, 20-конгрестеріне (Мадрид, 1975 жыл; Мехико, 1978 жыл; Бейжің, 1999 жыл) қатысты. ### Негізгі шығармашылық жұмыстары * Алматыдағы Шоқан Уәлиханов (1969); * Әліби Жанкелдин (1975); * Тоқаш Бокин (1975) ескерткіштері; * «Динамо» стадионы құрлысының (шығармашылық топ құрамында) жобалары; * Алматы Тәуелсіздік монументі авторлар тобының жетекшісі (1998); * Қазақстан елтаңбасы. ## Марапаттары ### Атақтары * Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ### Премиялары * Қазақ КСР Мемлекеттік премиясы * Қазақстан Республикасы Мемлекеттік премиясы (1990) ### Марапаттары * Парасат ордені * Құрмет ордені * Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалі * Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі * Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл медалі * Қазақстан Конституциясына 20 жыл медалі ## Дереккөздер
Қошмұхамбет Дүйсебайұлы Кемеңгеров (15 шілде 1896, бұрынғы Ақмола облысы, Омбы уезі, Беке болысы, Қаржас ауылы – 21 қараша 1937, Омбы) – алаш қайраткері, ғалым, драматург, жазушы, журналист. Білім мен білікке ұмтылған Қошке Кемеңгерұлының тағдыр-талайы зиялыларымыздың жарқын ғұмырымен қат-қабат байланысып жатыр.Ол 1915 жылдан бастап 1930 жылға дейін үзіліссіз ұлт әдебиетіне, драматургиясына, журналистикасына, ғылымына айрықша үлес қосты. Осы уақыт аралығында Қошке өз қатарластарымен бірге отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күреске қатысты. Оның сан салалы ізденіске толы ұлтты дамыту жолындағы қызметін 30-жылдары басталған Кеңес өкіметінің репрессия науқаны үзді. ## Өмірбаяны Қошке Кемеңгерұлы 1896 жылы 15 шілдеде сол кездегі территориялық бөлініс бойынша Ақмола облысы, Омбы уезінің Қаржас ауылында дүниеге келді. Арғын тайпасының Сүйіндік руының Қаржас бөлімінен шыққан. Ата-бабасы мұнда Баянауылдың Сарытауынан қоныс аударған болатын. Деректерге қарағанда, Шорман би “Омбыға барғанда тамақ ішетін, намаз оқитын жерім жоқ” деп, баласы Мұса оқыған кадет корпусы көрінетін Ертістің сол жақ бетінен 250 сомға жер сатып алып, сол жерге 1849 жылы сенімді ағайыны Атанұлы Кемеңгерге, өзіне арнайы үй салдырып, қызметшілері үшін тұрғын жай, малы үшін қора-қопсы тұрғызады. Кемеңгер Дүйсенбай, Дүйсебай есімді екі ұл сүйген. Дүйсебайдан тарайтын Қошмұхамбет есейе келе қалам ұстағанда, жазғандарына “Қошке Кемеңгерұлы” деп қол қояды. Арғын тайпасы Сүйіндік руының Қаржас атасынан шыққан. Діндар Дүйсебай ерте жастан хақ жолына түсіп, бойдақ күнінде-ақ Меккеге барып келіп, қажы атанады. Осы қасиетті Меккеге барарда ол Атығайдың беделді мырзасы Қартабаймен сапарлас болады. Жас Дүйсебайды Қартабай қатты ұнатып, елге келгенде оған Жәмила есімді қызын өз қолымен ұзатады. Сонымен болашақ қаламгер көзі ашық, ауқатты, берекелі отбасында туып, жан-жақты тәрбие алды. ## Білімі Қисықтағы Қаржаста Белгібай молдадан оқыған Қошкені әкесі Омбы приход школына береді (Бұл кезде мұсылманша оқу орны – мектеп, медресе, орысша оқу орны – школа, училище аталған). Алғаш христиан дініне тарту үшін ашылған приход школдары мұсылмандардың ниетін аңғарғаннан кейін олардың балаларын “Божий Закон” сабағынан босатқан-ды. Жас Қошке осы школдан орыс тілін, басқа да пәндердің негіздерін үйреніп шығады. Мұнан кейін Қошке Омбының ветеринарлық-фельдшерлік школына түседі. Арнаулы оқу орны болғандықтан мұнда ол зоотехника, медицина негіздері бойынша сабақ алады. 1913 жылы аталған школдың 2-класын бітіргенде, Омбы ауылшаруашылық училищесіне түсуге аңсары ауады. Осы жылы аталған білім ордасына Қошкемен бірге Ахмет Әбдірахымұлы, Смағұл Қазыбекұлы, Мұхтар Саматұлы сынды шәкірттер де түседі. Бұлардан бір жыл бұрын училищеге Сүлембек Байжанұлы, Бірмұхамед Айбасұлы, Асфандияр Шорманұлы секілді қазақ балалары қабылданған екен. 1916 жылы бұл оқуға Смағұл Садуақасұлы түседі. 1920 жылы 7 желтоқсанда Қазақстанның Сібір ревкомындағы өкілеттігі Сібір ауылшаруашылық және өндіріс институтының басшылығына Қ.Кемеңгерұлы мен М.Сейітұлын ветеринария факультетінің медицина бөліміне курстан тыс қабылдауын өтініп, арнайы хат жолдайды. Қошке осында оқып жүргенде аталған институт аты “Батыс Сібір мемлекеттік медицина институты” болып өзгереді. Бұл уақыттағы мекені туралы қаламгер: “Әке-шешем Омбы уезі, Теке болысы, Қисық жайлауындағы №9 ауылда тұрады. Менің қазіргі мекен-жайым: Омбы қаласы,2-линия, 68-үй”,—деп жазады. Қ.Кемеңгерұлы ІІІ курсты тәмамдағаннан кейін 1924 жылдың 21 тамызында Орта Азия мемлекеттік университетінің медицина факультетіне ауысуға өтініш береді. Сол жылы ол Түркістан Республикасының орталығы Ташкентке кетеді. Мұрағатта мынандай мазмұнда жеделхат тіркелген: “Ташкент. “Ақ жол” газеті редакциясына. Қ.Кемеңгерұлына. Ол ІV курстың дәрісін түгел тыңдады. Омбы. Омбы көшесі, 26-үй. Соколова”. Бұл деректен Қошкенің Ташкентте “Ақ жол” төңірегіне тұрақтағаны байқалады. 1917-1918 жылдардағы саяси оқиғалар тұсында Қошке сергелдеңге түскен халық пен оқығандардың ішінде жүрді. Бұл кезде заман қатал, саясат құбылмалы еді. Осыған қарамай Алаш зиялылары сеңдей соғылысқан жұрттың арасынан бөлінбей, мәмілегерлік жолын іздеді. 1917 жылы сәуірде Қошмұхамбет Кемеңгерұлы Дінше Әділұлын ертіп, Ақмола облыстық қазақ комитеті атынан (Омбыдан) Ақмола қаласына келіп, уездік қазақ комитетін ашады. Оның төрағасы болып Сәкен Сейфоллаұлы тағайындалады. Қазақ комитетін құрушылар Ақмола шаһарында бірде медреседе, бірде қала басқармасының үйінде жиналып, аласапыран заманның қиындығынан халықты қалай аман сақтап қалу жолын ақылдасады. Қошке Ақмолада Сәкен ұйытқы болған “Жас қазақ” ұйымының жұмысына да қатысады. Бірақ облыстық қазақ комитеті мен уездік қазақ комитеті арасындағы кейбір маңызды мәселелер бойынша туған келіспеушіліктен соң және “Жас қазақ” басшылары Алаш Ордадан бойын аулақ салғаннан кейін 1917 жылы тамызда Қошке Омбыға қайтады. Сол жылы күз, қыс айларында Қ.Кемеңгерұлы Ақмола облыстық Алаш партиясы комитетін ашуға күш-жігер жұмсайды. Сөйтіп, өзі сол комитеттің мүшесі болады. Желтоқсанның 5-13 арасында Орынборда әйгілі Алаш Орда үкіметін жариялайтын ІІ жалпықазақ съезіне делегат ретінде қатысады. Жас тұрғысынан жиырмадан енді асқан ол күрестен де, ізденістен де шет қалмады. 1915-1916 жылдары Омбыдағы қазақ жастары сол жағалаудағы Қаржаста жасырын жиналатын болса, 17-жылғы өзгерістен соң қала ішінде ашық мәжіліс құрды. Алғашқы бас қосулардың нәтижесі – 1918-1919 жылдары Алаш Ордаға қалтқысыз жәрдем берген, ел бірлігі мәселесінде біршама тиянақты жұмыс жасаған “Жас азамат” ұйымы мен газеті еді. Қошке осы ұйымның алқасына кірді, оның Қызылжар қаласында шығып тұрған үні – “Жас азамат” газетіне редактор болды. “Қазақ”, “Сарыарқа”, “Абай” сынды ұлттық басылымдардың ізбасары іспеттес “Жас азамат” бетінде алаштың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған мақалалар нөмір құрғатпай шығып тұрды. Бұл газет большевиктердің имансыз әрекеттерін елге жария қылды. Сондай-ақ қиын кезде жастарды ауызбірлікке шақырды.1919 жылы Қошке Омбы политехника институтына оқуға түседі. Мұнда ол бірінші курсты ғана оқиды. 1920 жылы Ақмола облысына (орталығы – Омбы) қарайтын Петропавл (Қызылжар) уезіне мұғалімдікке шақырылады. Мұнда ол жаңадан құрылған, аты заманына сай “Қызыл мұғалімдер курсында” оқытушы ретінде дәріс оқи бастайды. Бұл шақта мұнда Мағжан да сабақ беретін. Осы оқуды тәмамдаған, кейін Омбыдағы қазақ педучилищесінің директоры болған Жүнісбек Жанғонақов естелігінде: “Курста 200 мұғалім оқыды. Қошмұхамбет жаратылыс пәнінен сабақ берді. Ол кісі әдебиет мәселесімен де шұғылданып жүретін еді. Қайсы уақытта өзінің жазған әңгіме, пьесаларын қолжазбасынан оқитын”, — деп жазады. ## Пьесалары Қызылжар қаласында Қошкенің драматургтік қабілеті де ұштала түсті. Осыған дейін “Әулие тәуіп” секілді пьесасын сахналатып үлгерген Қ.Кемеңгерұлы енді бұл саладағы шығармаларының тақырыбын кеңейтті. Оның қаламынан 1919-1920 жылы “Қасқырлар мен қойлар”, “Бостандық жемісі” атты қос пьеса дүниеге келді. Бұл екеуі де Қызылжардағы қалалық бақтың сахнасында қойылды. Ж.Жанғонақов 1916 жыл оқиғасы туралы “Қасқырлар мен қойлар” пьесасында өзі – урядник рөлін, ал кейін жазушы болған Сәбит Мұқанов – болыстың шабарманы рөлін ойнағанын айтады. ## Отбасы 1923 жылдың көктемінде Қ.Кемеңгерұлының жеке өмірінде үлкен оқиға болады: ол профессор Зарницынның жетекшілігімен Қызылжар жерінде халыққа ем-дом көрсетіп жүргенде Мұхамеджанқызы Зурамен көңіл қосып, шаңырақ көтереді. Бұл кезде Қошке студент-практикант еді. Тағдырдың жазғанына не шара, 1924 жылы наурызда Зура бала үстінде дүниеден озады. Осынау трагедия Қошкені есеңгіретіп тастайды.1925 жылы Қ.Кемеңгерұлы Гүлсім Жәмиқызына үйленеді. Гүлсімнен ол Зайра (1926-2011), Нарманбет (1927-2008), Сәуле (1928-1993) есімді үш перзент сүйеді. Олардан тараған ұрпақ бүгінде Ресейдің Омбы және Алматы, Көкшетау, Астана, Қарағанды облыстарында мекен етеді. ## Қ.Кемеңгерұлы Ташкентте Ол мұнда ұлтқа қызмет ету үшін көшті. 20-жылдары зиялылардың көбі негізінен Ташкентке орнықты. Мұндағы саясат райы салыстырмалы түрде Орынбордан тәуір еді. Түркістанда өкімет басындағылардың ескі оқығандарға ықыласы бөлек болды. Х.Досмұхамедұлы 1922 жылы құрған “Талап” қауымына елшіл азаматтар топтасқан еді. Бұл шақта мұнда Алаш арыстары баспасөз, оқу-ағарту салаларында қызмет жасайтын. Қ.Кемеңгерұлы бір кездері қайраткер Т.Рысқұлұлы көтерген Түркістан конфедерациясы идеясына сенді. Ташкентке табан тіреген Қошке мұнда 1921-22 жылдардан орныға бастаған Алаш зиялыларымен тығыз қарым-қатынас жасай бастады. Бұл кезде Ахмет пен Міржақып – Орынборда, ал Әлихан Бөкейхан Мәскеудегі “Күншығыс” баспасының қазақ секциясында қызметте еді. Ташкентте Қошке сондай-ақ Халел Досмұхамедұлы, Мұхтар Әуез, Мағжан Жұмабай, Жүсіпбек Аймауытұлы, Абдолла Байтасұлы, Даниял Ысқақұлы сынды арыстармен араласып тұрды. Қошкенің Түркістанға ат басын бұрған кезі әйгілі “Алқа” бағдарламасының оқығандар ортасында кеңінен талқыланған шағына тұспа-тұс келді. Бағдарламадағы мына жолдар Қошке мұратымен үндесіп жатты: “Жаңа әдебиеттің тартылса ағұзысы ғана тартылды, біссімілдәсі әлі басталған жоқ. Өміріміздің күнді һәм күңгірт дәуірлері болған һәм бар. Қазақтың өзінің жаратылысқа, өмірге, тұрмысқа көзқарасы, өзінше философиясы, терең сезімі болған һәм бар. Осылардың бірі туралы әлі айтарлық қалам тартылған жоқ. ...Осылар түспей, әдебиет өз әдебиетіміз бола алмақ емес”. Сәл кейінірек, 1926 жылы “Көркем әдебиет туралы” атты мақаласында осы ойды Қошке таратыңқырап, жүйелеп айтқаны мәлім. Оның көркемөнер табиғаты мен заңдылығы туралы пікірі әлі де көкейкесті. Ғұмырының Ташкент кезеңі Қ.Кемеңгерұлы шығармашылығының тынысын кеңейтті. Ол Омбыда бастаған “Қазақ тарихынан” зерттеуін аяқтап, Мәскеудегі “Күншығыс” баспасына тапсырды. Аталған баспадан сонымен бірге 1925 жылы қаламгердің “Бұрынғы езілген ұлттар” атты ғылыми еңбегі мен “Қазақша-орысша тілмашы” жарық көрді. Сөздікті түзуге Қ.Кемеңгерұлының жетекшілігімен Байғасқаұлы, Баймақанұлы, Дәулетбекұлы, Темірбекұлы, Сәрсенбайұлы қатынасқан. Қошке осы Ташкентте жүріп 2 кітаптан тұратын қазақ тілінен “Жабыропалықтар үшін оқу құралын” жазды. Оның біріншісі 1928 жылы Ташкентте, екіншісі 1929 жылы Қызылордада басылды. 1918-1919 жылы С.Садуақасұлы: “Жас талап Кемеңгерұлының прозасы келешегінен үміт күттіреді” деп жазғанындай-ақ, Қошке қаламынан оның өмірінің Ташкент жылдарында “Отаршылдық ұсқындары,” “Қанды толқын”, “Момынтай”, “Ерлік жүректе”, “Қазақ әйелдері”, “Жетім қыз”, “Дүрия”, “Назиха” тәрізді тумысы ерекше әңгімелер туды. Суреткер Қ.Кемеңгерұлы әріптесі Мұхтар Әуез, Жүсіпбек Аймауытұлы секілді прозада ұлттық нақышты сақтай отырып, көркем бейнелеудің биігіне ұмтылды.1925 жылы Қазақстан астанасы Ақмешітке көшті де, шойын жолдың бойындағы бұл қазақы елді мекен Қызылорда деген жаңа атау алды. Осында 1926 жылы 13 қаңтарда мемлекеттік ұлт театры Қ.Кемеңгерұлының “Алтын сақина” пьесасымен тұңғыш шымылдығын ашты. Осы қойылым драматургке игі әсер етіп, 1926 жылы “Парашылдар”, 1927 жылы “Ескі оқу”, 1930 жылы “Күнәсіз күйгендер” атты пьесалар жазып, көрерменге ұсынды. Талантты сыншы С.Садуақасұлы Қошкенің драматургиясын: “Жеке адамның ішкі сыры бұған анағұрлым танысырақ”,- деп бағалады. Қошке Кемеңгерұлы Ташкентте шебер журналист ретінде де қабілет-қарымын аңғартты. Ол Омбыдан келісімен “Ақ жол” газетінде қызмет істеді, сондай-ақ ғылыми-танымдық “Сана” журналының бірер санына редакторлық етті. “Ақ жол” тілшілерінің 1925 жылы өткен тұңғыш жиынын ұйымдастыруға атсалысты. Әлеумет, шаруашылық, ғылым-білім хақында алуан-алуан мақала жазды. Әдебиет жөніндегі айтыста сындарлы пікір білдірді.Күйбең журналистік, ағартушылық тіршіліктен қолы босағанда замандастары туралы жазбақ болған романына материал жинады. ҰҚК архивінен табылып отырған, 1925 жылы 16 наурызда Д.Әділұлына жазған хатында ол: “Сен өміріңде талай тарихты бастан кешірген жансың ғой. Менің ептеп қаламды ермек ететінімді білесің. Өмір жолыңмен танысқым келеді. Кішкене уақытыңды бөл. Есеп беру кезеңі туды. Мен қазақ зиялылары жөнінде роман жазуға отырдым” дейді. Ташкентте Қошке мен Гүлсімнің (Омбы зиялысының қызы) Зәйра, Нарманбет, Сәуле есімді үш перзенті дүниеге келді. ## Ұстаздық еңбегі Саяси сапырылыстарға толы 20-жылдардағы Ташкент тарихында Қошмұхамбет Кемеңгерұлы тек қаламгер ретінде ғана емес, ағартушы-педагог ретінде де қалды. Ол 1926 жылы Орта Азия университеті мен Түркістан әскери училищесінде дәріс оқығанын айтады. Қайраткер сондай-ақ САГУ-дың рабфагында, даярлық бөлімінде, шығыстану факультетінде, кеңестік шаруашылық пен құқық факультетінде, педагогика факультетінде қазақ тілінен дәріс оқыған. Университетте екі жыл қызмет жасағаннан кейін Қ.Кемеңгерұлы шындап ғылым жолына ден қойғысы келді. Бұл орайда ол түріктануды таңдады. 1928 жылы 23 қазанда Қошке Шығыстану факультетінің түріктану кафедрасына аспирант болып қабылданды. Аталған факультеттің аспирантурасында Қ.Кемеңгерұлымен қатар Мұхтар Әуез де оқыған. Бұл екі дарынды азаматқа А.Шмидт, М.Гаврилов, А.Дубсон сынды ғалымдар тәлімгерлік жасады.Нағыз ғылым ашық, жүйелі пікірсайыстан соң барып қана туады. Қошке тіл маманы ретінде Юдахин, Поливанов, Шмидт тәрізді тәлімгерлерімен қазақ тілінің күрделі мәселелері жөнінде айтысып қалып отырған. Мысалы, 1929 жылы мамыр айында болған орфографияға арналған конференцияда жаңа орфография мен термин жасау принциптері жөнінде Е.Омаров, Қ.Жұбанов, Қ.Кемеңгерұлы орнықты пікір білдіріп, бұра тартқан еуропалық ғалымдармен айтысқан. Бұл бесіктен белі шыққан, буыны бекіп келе жатқан тіл ғылымының еуроцентристік көзқараспен текетіресуінің көрінісі еді. Қошке осы Ташкентте жүріп, қазақ тілі білімінің проблемалары жөнінде бірқатар зерттеу жазды. САГУ-де оқыған Даниял Ысқақұлының айтуынша: “1927 жылы Ташкенттегі Казпедвузға С.Садуақасұлы директор болып келгенде, осы оқу орнына Қошкені оқытушы етіп алған”. Қ.Кемеңгерұлының ғылыми еңбегінің қатарына 1927 жылы Г.Архангельскийдің құрастыруымен орыс тілінде жарық көрген “Қазақ тілінің грамматикасы” да кіреді. Қошкенің редакциялауымен шыққан осы зерттеудің алғы сөзінде құрастырушы: “Настоящий труд представляет записки лекций по казахскому языку, читанные тов. Кеменгеровым – преподавателем казахского языка на б.Туркестанских Курсах Востоковедения РККА в 1924-1925 жж.”, деп жазып, ұстазына үлкен алғысын білдіреді. Ал, баспагер тарапынан жазылған сөзде А.Байтұрсынұлының бұл еңбекті жоғары бағалағаны айтылады. Қошке Кемеңгерұлы 24-30-жылдары тек бір Ташкентпен ғана тоқырап қалмады. Орынбор, Қызылорда, Семей, Шымкент қалаларына түрлі іссапармен барып, қаламгерлермен байланыс жасап тұрды. 1929 жылы жазда қаламгер Қызылтау, Сарытаудың топырағын соңғы рет басқан екен. ## Қуғын-сүргін 1930 жылы 13 қазанда Қ.Кемеңгерұлы “Кеңес өкіметіне қарсы әрекет жасаушы” деген жалған айыппен Ташкентте ұсталып, абақтыға жабылады. Осы кездегі көңіл күйін, шеккен мехнатын ол “Қамалдым өткелі жоқ терең жарға, Әділдік таба алмадым амал бар ма?” деп сипаттаса, немере ағасы Нұрмағамбетке жазған бір хатында “Құс – ауға, балық торға кездесті ғой, Тағдырдың жазуына жоқ қой шара” дейді.Осы 30-жылдың қазан айының соңында Қошке Ташкенттен Алматы абақтысына айдалды. Ол Алматы түрмесінде 1932 жылдың сәуір айының соңына дейін отырады. 20 сәуірде үштіктің шешімімен 58-баптың 10,11-тармағы бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырылып, Украинаның Валуйки қаласына жер аударылады. Қаламгер мұндағы темір жол жүйесінде дәрігер болды. Дәл осы жол құрылысында 1932-1933 жылдары С.Садуақасұлы инженер болып қызмет жасаған еді. Сондай-ақ Валуйки, Воронеж бағытында Х.Досмұхамедұлы, Ж.Досмұхамедұлы, Ж.Ақбайұлы, Е.Омарұлы, С.Қадырбайұлы, К.Тоқтыбайұлы, М.Тынышбай, Ж.Күдеріұлы, М.Мырзаұлы сынды азаматтар жер аударылған еді. 1935 жылы Қошке Кемеңгерұлы Валуйкиде мерзімін толық аяқтады. Заң бойынша енді ол елге қайтуға ерікті еді. Бірақ айлалы НКВД саяси тұтқындарды елден жырақ ұстауды қалады. Сол себепті Қ.Кемеңгерұлына толық ерік бермей, Омбының Шарбақкөліне қоныстануға рұқсат етті. Ол аудандық денсаулық сақтау бөліміндегі қарапайым қызметті таңдады. Зәйра Қошкеқызының естелігіне қарағанда, әкесі 1937 жылдың ортасында сонау Ташкенттен бастап жазған замандастары туралы романды аяқтаған, енді соны Алматы баспаларына жеткізудің жолын қарастырған. Сол кітап кейін қолжазба күйінде НКВД қармағына түскен. 1937 жылдың қара құйыны Шарбақкөлдегі дәрігер Қошкені қиналмай-ақ тапты. Қайраткерді ату туралы үкім 17 қарашада бекітіліп, 21 қарашада Омбыда орындалды. Қошкенің бақи дүниеге көшкенін туған-туыстары білмеді - тек бір Алла ғана білді. Қошке әділет, азаттық жолында шейіт болды. 1957 жылы 17 тамызда Сібір әскери округінің трибуналы әкесін ресми түрде ақтағанда, Зәйра, Нарманбет, Сәуле тоталитаризмнің жөн-жосығын білетін саналы азаматтар еді. Қазір олардан тараған ұрпақ ата аманатына адал, өскен-өнген. 1995 жылдан бері Қошкенің мұрасы бірнеше дүркін кітап болып шықты. 2004-2006 жылы “Алаш” баспасы қайраткердің үш томдық шығармалар жинағын жариялады. Қошкетану ғылымы да қалыптасып, салаланып келеді. ## Дереккөздер
Қожа Ахмет Ясауи, халық арасында Әзірет (Хазрет) Сұлтан атымен танымал (1093 немесе 1103, Сайрам — 1166, Түркістан) — ортаазиялық философ, ислам уағызшысы, сопылық ақын. ## Өмірбаяны Қожа Ахмет Ясауи – 1093 жылы туылған түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Кейбір деректерде Қожа Ахмет Ясауидың Ибраһим атты ұлы мен Гауhар Хошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығы айтылады. Қожа Ахмет Ясауидың ұрпағы негізінен осы қызынан тарайды. IX ғасырда Отырар, Исфиджаб, Баласағұн, Ясы, Сауран, Сығанақ Шаш, Сүткент, Жент, Кудур, Отлук, Өзкент, тағы да басқа Мауераннахр қалаларында ислам діні уағызшыларының белсенді әрекеттері саяси сипат алған болса, Х ғасырдан бастап ислам ілімі жолындағы тәлім-тәрбиелік ордалар – медресе-теккелер түбегейлі орнығып, исламдық-руханияттық ахлақи (моральдық) ұстанымдар қалыптаса бастады. Қожа Ахмет Ясауи дүниеге келмей тұрып, Исфиджабта исламдық фикһ (құқық) мектебі ханафи мазһабының ондаған өкілдері өмір сүрді. Ясауи ілімі осы саяси-әлеуметтік, тарихи шарттарға байланысты қалыптасты. Қожа Ахмет Ясауи ұстаздарының көшбасшысы – Арыстан баб. Кашифи “Рашахат-ул айн-ил хайат” атты еңбегінде Қожа Ахметтің Арыстан бабтың шәкірті болғандығы, одан заһир және батин ілімдерінің сыры мен мәнін үйренгендігі, оған 16 жыл қызмет еткендігі туралы мәлімет береді. Ясауидың “Диуани хикметінде” де Арыстан баб жиі ауызға алынады. Қожа Ахмет Ясауидың өмірі мен қызметі туралы Жазба деректерде (Хазини, “Жауаһир-ул Абра Мин Амуаж-ил Биһар”) оның Юсуф Хамаданидың шәкірті екендігін көрсететін деректер болғанымен, соңғы зерттеулерде оны теріске шығаратын тұжырымдар айтыла бастады. Қожа Ахмет Ясауидың алғашқы шәкірті – Арыстан бабтың ұлы Мансұр Ата, екінші шәкірті – Сайид Ата Хорезми, үшінші шәкірті – Сүлеймен Бақырғани. Осылардың ішіндегі ең көрнектісі – Бақырғани (Хакім Ата) (Кашифи, “Рашахат-ул айн-ил хайат”). Тағы бір танымал шәкірттерінің бірі Мұхаммед Данышменди сопы Қожа Ахмет Ясауидың “Мират-ул Қулуб” атты мұрасын хатқа түсірді. Сондай-ақ Садр Ата, Бадр Ата, Қажы Бекташ Әулие, Сары Салтұқ, Шейх Лұқпан Перенде сияқты тұлғалар да Қожа Ахмет Ясауидың шәкірттері саналады. А.Беннигсон Қожа Ахмет Ясауидың Шопан Ата және Зеңгі Баба атты да шәкірттерінің болғандығын айтады. Ясауи шәкірттері жөнінде Фуат Көпрулу: “Мутасаууфтардың (сопылардың) өмірбаяны жайлы еңбектерде Ирак, Хорасан және Мауераннахр сопыларынан басқа түркі шейхтары деп жүрген сопылардың барлығы дерлік Қожа Ахмет Ясауи тариқатының шейхтары еді” дейді. Ахметтің әкесі діндар, құдай жолын ұстаған атақты шайхылардың бірі болған секілді. Бұлай дейтін себебіміз, ақынның 149-хикметінде оның шыққан тегі туралы төмендегі сыр шертеді: ...Ысқақ баба жұрыны, шейх Ибраһим Құлыны,Машайықтар ұлығы - шейхым Ахмет Ясауи.….Ясы оның арасы, жатыр гауһар парасы,Машайықтар сарасы - шейхым Ахмед Ясауи. Ахмет Бұқар қаласында Юсуф Хамаданидан діни білім алғаннан кейін, Түркістанға келіп, сол кезде Орталық Азияда кең тараған сопылық, діни-тақуалық идеялардың ірі насихатшысына айналады. Ахмет Ясауидің ержете келе Түркістанға келуі дінге байланысты болса керек. Ақын өз өлеңдерінде Түркістанға келгені жайында былайша баяндайды:...Он жетімде Түркістанда тұрдым, мінеОн сегізде Шілтеменен шарап іштім,Рузы қылды, Жәннат кезіп қорлар құштым,Хақ Мұстафа жүздерін көрдім, міне. ## «Диуани Хикмет» Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы — «Диуани хикмет/ Диуани Хикмат» (Хикмат - жинақ). Бұл шығарма алғаш рет 1878 ж. жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Ыстамбұл, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайтара басылады. Соның бірі 1901 ж. Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шығарған нұсқасы болатын.Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұқара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.«Диуани Хикметтен» түркі халықтарына, соның ішінде қазақ халқына, ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады. Түркістан қаласында жерленген Қожа Ахмет Ясауи «әзіреті сұлтан» аталып, басына XIV ғ. аяғында атақты Әмір Темір күмбезді сағана орнаттырады. Жалпы дәстүрлі түркілік сопылық рух пен Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымы, оның ілімінің мәні мен маңызы “Диуани Хикмет”, “Мират-ул Қулуб”, “Пақырнама” сияқты мұраларынан көрінеді. Қожа Ахмет Ясауи сопылық ілімінің, дүниетанымы мен философиясының негізін моральдық-этикалық және сопылық хикметтер деп жіктеуге болады. Ясауи іліміндегі парасат ұғымы адамның адамгершілік ахлақи мәртебесіне және “инсани камил” дәрежесіне жету мәселесін қарастырады. Қожа Ахмет Ясауидың дүниетанымдық тұжырымдамасының теория негізін шариғат пен мағрифат құраса, ал тәжірибелік негізін тариқат белгілейді. Қожа Ахмет дүниетанымының мәні – “адамның өзін-өзі тануы” арқылы “Хақты тануы”. Бұл жолдың алғашқы мақамы (басқышы) – “тәуба”, соңғысы “құлдық” (убудийат, абд). Бұл жолдағы адам “жаратылған – мен” екендігінің ақиқатына, жаратылыс сырына көзі жеткенде, өзінің адамдық парызы – “Алла мен адамның және адам мен қоғамның” арасында “көпір – жол” болу екендігін ұғынады. Ясауи хикметтерінің мәні, философиясының өзегі – адам. Адам “кемелдікке” жетуі үшін қажетті білімді игеруі керек. Бұл білімнің қайнары – хикмет. Хикметтерде адам жаратылысы – Жаратқан иенің ұлылығын көрсететін, көркемдігі жағынан ең жоғарғы кейіпте жаратылған болмыс екендігі айқын көрсетілген. Қожа Ахмет Ясауи хикметтерінде адамның табиғаты Құранда айтылғандай – су мен топыраққа телінеді. “Асылын білсең су уа кил (топырақ) және килге (топыраққа) кетер йа” – дейді ол. Сопылық мағынада “топырақ” – адамның жаратылыс табиғаты, парасаттылық пен қарапайымдылық. Ал, нәпсіқұмарлық, менмендік, өркөкіректік – адамды адамшылықтан кетіретін қасиеттер. Қожа Ахмет Ясауидың кейбір хикметтерінде өзінің бүкіл болмысымен топыраққа айналғандығын білдіретін символдық ұғымдар қолданылады: “Басым топырақ, өзім топырақ, тәнім топырақ; Хаққа қауышар ма екем деп – рухым муштақ”. Бұл сопылық мағынада “уисал” (Хаққа қауышу) мақамын білдіреді. Топырақ болу, нәпсіден арылу – Хаққа қауышудың бірінші шарты. Осыдан кейін адам ақиқатқа жетіп, инсани кәміл дәрежесіне ұласып, өзінің Хаққа бастар “жол” екендігінің мәніне қанығады. “Топырақ болғыр әлем сені басып өтсін” дегендегі мақсат осыған саяды. Өйткені сопылық атауда әулиелер мен пірлердің қабірін де “топырақ” дейді. Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымында әулие – даңғыл жол, өйткені ол – халқына жақсы мен жаманның, ақиқат пен жалғанның арасын айыруға жөн сілтейтін, Алла рақметінің қоғамдағы көрінісі болып табылатын дана тұлға. ## Қожа Ахмет Ясауи ілімі Қожа Ахмет Ясауи ілімінде Хаққа қызмет ету халыққа қызмет етуден басталады. Ал, халыққа, ұлтына қызмет етудің шарты – топырақ сипатты болу, нәпсіні тыю. Топырақ сипатты болып, өзін халқына арнау кемелдікті білдіреді. Қожа Ахмет Ясауи кемелдікке жету үшін адамда ашқ (қуатты махаббат) пен дерт болу керек дейді. “Дертсіз адам адам емес, мұны аңла; Ашқсыз инсан хайуан жынысы, бұны тыңда”. Осы хикмет жолындағы “дертсіз адам” адамдық сезімнен жұрдай, өз ұлтының, қоғамының, Отанының алдында жауапсыз, мұңсыз, қара басының қамын күйттейтін жан. “Ашқсыз адам” – илаhи фитраттан, яғни Алла тарапынан адамға берілген құдайлық сыйдан мақрұм қалған, өзінің адамдық қадірін бағалай алмайтын, парасаттылыққа ұмтылмайтын, өзін қоршаған әлемге, адамға, табиғатқа, осының бәрін Жаратушы иеге мән бермейтін жан. Дертті адамның Қожа Ахмет Ясауи іліміндегі алатын орны ерекше. Ол хикметінде “Білімің – шырақ, халің – пілте, көз жасың – жағатын май” болсын дейді. Дертті, шерлі адам пілте болып жанып, ашқ отына түсіп, қоғамның кемшілік тұстары мен ақсаған руханиятын көріп, көз жасы, қайрат-жігерімен одан шығар жол, дауа іздейді. Шынайы ашққа осы дерт арқылы ұласады. Ал ашқ - кемелдікке жетелейтін күш-қуат көзі. Қожа Ахмет Ясауи ілімінде адамның жаратылыс мақсаты – Хаққа құлшылық ету (ибадат), ол “Сізді, бізді Хақ жаратты ибадат үшін” – дейді. Бұл ибадат (убудийат) – Хақты тану жолындағы ең жоғарғы мақам. Құдайлық ашқты, Аллаға деген махаббатпен тұтастықта көретін Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымы Алла жаратқан адам баласын кемсітпей, өзімен тең дәрежеде құрметтеуді парыз деп қарайды. “Сүннет екен кәпір де болса берме азар, Көңілі қатты ділазардан Құдай бизар” деген хикмет адамның тегі мен түсіне, діні мен діліне қарамастан оған құрмет көрсету, адам ретінде ардақтауды пайғамбарлық сүннет (жүйе, заң, қағида) ретінде танытады. Өйткені Қожа Ахмет Ясауи ілімі – дін, мәзһаб аясына сыймайтын шексіз ашқ (махаббат) жолы. Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымында “дертті адам”, “топырақ адам”, “кемел адам”, сондай-ақ, “ғарип адам” тұлғалары да дәріптеледі. Ғарип адамды кемелдік мәртебесіне жеткізіп, пайғамбардың қоғамдағы өкілі, ізбасары ретінде бағалайды (қ. Сопылық). Қожа Ахмет Ясауи өзін де ғарип ретінде көрсетеді: “Ғариппін ешкімім жоқ, бейшарамын hәм пақыр, Сенен басқа кімім бар, рақым ет Сен (Алла) таң сәріде” – деп рақымды тек Алладан ғана күтеді. Өйткені оны Алладан басқа шын ұғатын, қолдайтын ешкім жоқ. Оны ғарип қылып, жалғыздыққа итермелейтін күш оның дүниеге деген көзқарасы, илаhи ашқ – Хақ жолына деген ұмтылысы мен махаббаты. Ғариптік – адамның өз-өзімен іштей күресіп, санасын сансыратқан мәселелердің шешімін табу жолында рухымен тілдесу, өз әлімен ғана ләззат алу сияқты көңіл-күйді білдіретін психологиялық хал. Сондықтан да Қожа Ахмет Ясауи “Қай жерде ғарип көрсең һем дем болғыл” дейді. Яғни оларға дем бер, қолдау көрсет, қасынан табыл, құрметте дегені еді. Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымында өмір мен өлім мәселесінің мәні өзгеше. Ғазали “өлімнің ақиқатын түсіну үшін, өмірдің мәніне жету керек, ал рухты білмей тұрып, өмірді тани алмайсың” дейді. Оның ілімінде нәпсі – жамандықтың, рух – жақсылықтың қайнар көзі болып табылады. Жақсылық пен жамандық секілді нәпсі мен рухтың да қатар өмір сүруі мүмкін емес. Рухтың өмір сүруі үшін нәпсінің өлуі шарт. Өйткені өмірдің мәні рухтың тазалығында, яғни көңіл айнасының сафтығында жатыр. Рух тазалығын мақсат тұту “ашқ” мәртебесіне ұласып, Хақ дидарын көру болып табылады. “Муту қабла ан тамуту-топырақ болмақ; Ашқтар өлмес бұрын өледі екен...” “Құл Қожа Ахмет, нәпсіні тептім, нәпсіні тептім, Өлмес бұрын жан берудің дертін шектім, Дидар тілеп тәрк етсем масиуаны; Өлмес бұрын болмысыңды айла фәни...” Бұлар – “өлмес бұрын өлу” философиясына тән хикметтер. Қожа Ахмет Ясауи мұнда масиуаны (Хақтан басқа барлық дүниені) тәрк ету арқылы шынайы өмір мәнін ұғынуға шақырады. Оның көзқарасы бойынша, “шынайы өмір” деп, рухтың нәпсіден арылып, илаhи нұрлармен шайылуын айтады. Бұл ілім негізінде адамдарды “өлілер” және “тірілер” деп қарауға болады. Бұл жердегі “өлі” және “тірі” ұғымы рухқа байланысты. “Өлілер” – дүниеде нәпсінің құлы болып өткендер, олар тірі болса да өлікпен тең. “Тірілер” – нәпсілерін жою арқылы рухтарына “өмір” сыйлағандар, олар өлсе де мәңгілік өмірмен қауышқандар, бақи мәртебесіне жеткендер. Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымында физикалық өлім жоқ. Ол жай ғана рухтың тәннен айырылып, басқа бір халге ауысуы. Аллаға құлшылықтың ең жоғарғы халі – еркіндік. Рухани өмір ішкі рухқа қатысты болғандықтан,Қожа Ахмет Ясауи іліміндегі еркіндік мәселесі де адамның “ішкі еркіндігі” шеңберінде қарастырылады. Ішкі еркіндікті ислам ахлағында “моральдық еркіндік” дейді. Яғни, Хаққа толық құл болған адам ғана толық еркін, азат. Демек, Алладан басқа барлық нәрседен тазару шынайы еркіндікке ұласады. Сопы Хақ алдында құл, халық алдында азат, еркін. Рухани өлімнің нәтижесінде нәпсі үстемдік құрып, адамды өзіне құл етеді. Адам өзінің жаратылысын, табиғатын жатсына бастайды. Нәтижесінде рух еркіндіктен айырылады. Қожа Ахмет Ясауи әдісі бойынша, рухты еркіндікке қауыштырудың жолы – зухд Қожа Ахмет Ясауи ілімінде ішкі еркіндікке жетудің дәрежелері мен басқыштары айтылады. Бұлар сопылық дүниетанымдағы “халдер” мен “мақамат” категорияларының рет-ретімен жалғасуы арқылы жүзеге асады. Ішкі еркіндік жайындағы мәліметтің негізі – дін. Ал дін адамзатқа “ішкі құлдықтан” құтылу және “ішкі еркіндікке” жетудің жолын көрсететін Алла тарапынан берілген илаhи жолдағы Қожа Ахмет Ясауи ілімі бойынша, “өлілер” мен “тірілер” ұғымына сәйкес, еркіндік мәселесінде де адамдарды екі топқа бөліп қарауға болады. Бірінші топ – “еркіндікті аңсаушылар”. Бұлар тек қана Хаққа табынып, құлшылық етеді. Екінші топ – “еркіндіктен қорқатындар”. Бұлар – нәпсі, мансап, байлық, атақ, дүние, адамға, т.б. табынып, құлдық ұрады. Хикметтің басы – Алланы бар және бір деп білу. Қожа Ахмет Ясауи адам баласы осы шындықтан бейхабар қалғанда өзінің негізінен алыстай бастайтындығын айтады. Осы ақиқатты адам баласына ескертіп, тікелей еске салып отыратын таным көзі – Құран деп біледі. Сонымен қатар, Алланы танудың негізгі сыры адамның өзінде екендігін айтады. Адам – микрокосмос болса, рух, бүкіл әлем, болмыс – макрокосмос, Алланың аяттары, яғни белгілері. Адам – рух әлемінде Алламен болған сұхбат-антты бұзбай “Зікір” арқылы үнемі есте сақтаушы. Қожа Ахмет Ясауи іліміндегі зікір, уажд (экстаз), сама сияқты әдістер Алламен болған сертті ұмытпау үшін қолданылған. Адамның арабша “инсан”, яғни “ұмытшақ” екендігін ескергенде, Құранның бір аты болып табылатын зікір (еске алу) адамдық болмысты толықтырып, кемелдендіріп отыратын әдіс екендігі белгілі. Осы тұста “қалу бәла” серті (“...мен сендердің Жаратушың емес пе едім” деген Тәңірінің сұрағына рухтардың “Иә, әлбетте” деген жауап-серті) мен рух әлеміндегі онтол. және туыстық бірліктің адамзат арасында осы кезге жалғасып, сақталуына деген ұмтылыстың, тілектің жатқандығын байқау қиын емес. Жалпы сопылық дүниетанымға тән бұл теориялы-тұжырымдамалық ұстанымды Қожа Ахмет Ясауи түркілік дүниетаным негізінде жаңғыртты. Ислам тарихында дінді ұғынудың, қабылдаудың ерекше түрі ретінде пайда болған “сопылық ағым” ресми діндегі (қалам мен фикһ) қасаңдыққа қарсы бағыт ретінде бой көрсетті. Сол секілді Қожа Ахмет Ясауи ілімі де түркілік дүниетанымның негізгі категориясы болып табылатын әмбебаптыққа сай дамыды. Тәңірді жазалаушы, қорқыныш иесі ретінде ғана емес, Тәңірді сүю және оның үкімдерін құрметтеу арқылы Аллаға махаббатпен қауышу-ұласу әдістерін қалыптастырды. Өйткені сопылық дүниетанымда Алла – ғашық (сүюші), мағшуқ (сүйілуші) әрі ғашықтықтың өзі болғандықтан да, ғашықтық болмыс жаратылысының ең негізгі мұраты. Бұл адам бойында махаббат, жауапкершілік сезімді, иман, т.б. асыл құндылықтарды қалыптастырады. Адам хикмет арқылы, оның нәтижелі жемістерінің негізінде ғана мәнді, мағыналы өмір, “адамша тіршілік ету өнерін” меңгере алады (қазіргі “Диуани хикмет”). Қожа Ахмет Ясауи ілімінің танымдық тірегін құрайтын адамгершілік қағидалардың өзегі – ахлақ (мораль). Ахлақ – хикметтің нәтижесінде қалыптасқан рухани құндылықтар жиыны. Адам ахлақ арқылы адамдық болмысқа, мәнге ие болады. Яғни, адам ахлақтық-рухани құндылықтарды бойына сіңіргенде ғана “шындыққа”, “жан тыныштығына” қауышады. Қожа Ахмет Ясауи ілімінде “жан тыныштығы”, “шындыққа жету” адамгершілік қасиет пен сипатқа ұласу арқылы тариқатта жүзеге асады. Аллаға қауышудың жолы қоғамға, адамға қызмет ету – тікелей ахлақтық кемелдену арқылы өтеді. Нәтижесінде рухани тазалыққа, өзін-өзі меңгеруге қолы жетіп, “Кемел адам” тұрпаты қалыптасады. Көшпелі түркі қауымын имандылыққа шақыру арқылы Қожа Ахмет Ясауи ілімі барша түркі халықтары мәдениетіне үлкен өзгеріс енгізді. Дәстүрлі түркілік дүниетанымның негізі сыршылдық (мистика) дін екендігін ескерсек, сопылық танымның түркі мұсылмандығының ең маңызды ерекшелігін қалыптастырудағы себептерін ұғыну қиын емес. Бұл құбылыстың табиғилығын дін феноменол-сы тұрғысынан қарасақ, діндердің таралуындағы ескі ұстанымдардың толығымен жойылмайтынын, жаңалары сол құндылықтар, түсінік, ұғымдар негізінде өз орнын табатынын көруге болады. Көбінесе діндерде ескі ұстанымдар мистикалық институттармен тұтасып, “халық діндарлығы” түрінде тіршілігін жалғастырады. Бұл құбылыстың көрінісін Қожа Ахмет Ясауидың сопылық-моральдық ілімінен көруге болады. Оның “құрма” символизмі арқылы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарға байлануы, осы құбылысқа Арыстан бабтың “себеп” болуы, өмірін пайғамбар өміріне ұқсатуға тырысуы, пайғамбарға ұқсаудың ишараты ретінде ұлының атын Ибраһим қоюы, пайғамбар жасына келгенде тірідей “жерасты мешітіне”, яғни қылуетке түсуі, осының бәрі оның іліміндегі көшпелі түркілерге исламды таратудағы маңызды әдістемелік, құбылыстық ерекшелік әрі жаңалық болып табылады. Жергілікті халықтың салт-санасы мен сенім-нанымына, әдет-ғұрпына қайшы келмейтін діни-мистикалық мектептің негізін қалаған Қожа Ахмет Ясауи шығармашылығы сопылық ағымның түркілік дәстүріне даңғыл жол салды. “Ислам дінін тек араб тілі арқылы ғана тануға болады” деген түсінікті теріске шығарып, сопылық әдебиет ұстанымдарын көне түркі әдеби тіл – шағатай тілінде сөйлетті. Қасиетті кітаптың арабша мағынасын толықтай түсіндіру, шариғаттың қыр-сырын, дін қағидаларын қалың қауымға өз тілдерінде тереңнен таныту мақсатында хикметтерін жергілікті халыққа жақын айшықты поэзия тілімен жазды. Қожа Ахмет Ясауи түркі тілінде жатық әрі бейнелі жыр жазудың үлгісін жасап, түркі тілдерінің көркем шығармалар тудыру мүмкіндігінің мол екендігін дәлелдеді. Оның жазба әдебиет үлгісіндегі шығармалары түркі топырағында ертеден қалыптасқан суырыпсалмалық дәстүрдегі әдебиетке жаңа серпін, тың мазмұн алып келумен қатар, оны түр жағынан көркейтіп, кемелдендіре түсті. Сөйтіп, бұрыннан дидактикалық сипаты басым түркі әдебиеті насихаттық ой тұжырымдармен толыға түсті. Ол фольклор мен жазба әдебиеттің өзара жақындасуының, толысып, көркеюінің дәнекері бола отырып, шығармашылық әдебиетінде ертеден қалыптасқан, Құран Кәрімде баяндалатын тарихи аңыздар мен пайғамбарлар, әулие-әнбиелер жөніндегі әпсаналарды хикметтерінде ұтымды пайдаланды. Қожа Ахмет Ясауи шығармашылығы түркі-мұсылман әлеміне кеңінен танылып, Ясауише хикмет жазу дәстүрге айналды. Кіші Азияда Хаджи Бекташ Уали, Жүніс Әміре, Сүлеймен Бақырғани хикметтерінен Қожа Ахмет Ясауи сарыны байқалды. XII ғасырдан бері түркі халқының дүниетанымына елеулі ықпал еткен Қожа Ахмет Ясауи сарыны Асан Қайғыдан Абайға, сондай-ақ, күні бүгінге дейінгі қазақ ақындары шығармаларында көрініс тапқан. ## Галерея * * * ## Дереккөздер ### Дереккөздер Сілтемелер
Қаңлы мемлекеті - Қытай жазба деректерінде канцзюй деген атпен, б.з.д. 2 ғ. айтылады. Бүгінгі қазақ халын құраған ірі тайпалар қатарында қаңлылардың орны ерекше. Көрші елдер оларды кезінде "канх" деп атаса, бірде "қан" деп атады. Бұл атаудың шығуын бізге жеткен аңыздар кәдімгі арба атауымен байланыстырады. Сырдария, Талас өзендері бойында орналасты. Саны 600 мың адам, 120 мың әскерімен Орталық Азиядан келген. Астанасы Битян қаласы болған. ## Тарихы Б. з. б. II ғасырдың екінші жартысындағы «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталып кеткен тарихи оқиғалардың нәтижесінде Орталық Азияда жаңа мемлекеттік бірлестіктер, соның ішінде Үйсін, Янцай, Қаңлы мемлекеттері қалыптасады. Соңғысы Қазақстан тарихында елеулі рөл атқарды. Тарихнаманың ауқымды болғанына қарамастан, қаңлылардың зерттелуі әлі де қанағаттандырмайды. Бұған жазбаша деректемелердің мейлінше шектеулілігі себеп болды, оның үстіне деректер үздік-создық және қарама-қайшы, мұның езі мәселенің әркелкі түсіндірілуін туғызады. Мемлекеттің аумағы ұланбайтақ жерді: Ташкент жазирасы мен Сырдария, Жаңадария, Қуаңдария алабының ежелгі арналарын және Жетісудың онтүстік-батыс бөлігін қоса Оңтүстік Қазақстанды алып жатты. Ең құдіретті кезінде оған Сусе, Фумо, Юйни, Цзи, Юйцзянь сияқты бес «шағын иелік», сондай-ақ Янцай бағынды. Алайда олардың орналасуы даулы болып қалып отыр. Айтылған аймақта археологтар сол уақыттағы негізгі үш мәдениетті - қаңлы мәдениетіне баланатын Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар мәдениетін атап көрсетеді. Осы мәдениеттерді 70—80-жылдары белсенді түрде өрістетілген зерттеу қаңлы тұрғындарының материалдық мәдениетінің сипаты, шаруашылығы, қоленері туралы деректерді едәуір толықтыра түседі. Қытайдың тарихи хроникалық деректерінің ерекшеліктері мынадай: тек соларға ғана қарап бұл мемлекеттің пайда болған уақытын, оның нақты шекарасын, астанасы Битянь қаласының қайда екенін, тәуелді бес иеліктің қалай орналасқанын және басқа да көптеген нәрселерді айқын анықтау мүмкін емес. Орналасу мәселелері. Қаңлы мемлекеті мен оның иеліктерінің орналасу мәселелерінің тарихы И. Бичуриннен басталады, ол оның орналасқан жерін Сырдария өзенінің солтүстік жағындағы далалар деп белгілеген. «Шицзи» мәтініне «Давань туралы хикаяда» берген түсініктемесінде ол «Кангюй иелігі қазір қазақтың Ұлы жүзі мен Орта жүзі кешіп жүрген Сырдарияның солтүстік жағындағы далаларды алып жатыр» деп атап өткен. «Шицзиде» қаңлының орналасуы туралы былай делінген: «ҚаңлыДаванның солтүстік-батысында шамамен алғанда 2000 ли жерде жатыр. Бұл — әдетте 20 000 әскері бар юечжиліктерге ұқсайтын көшпелі иелік. Кангюй Даваньмен шектес және күшінің аз болуына қарай оңтүстікте юечжилердің билігін, шығысында ғұндардың билігін таниды». Үлкен Хань әулетінің келесі хроникасы «Цянь Ханьшудың» «жерге орналасуды суреттеу» деген тарауында қаңлыға арналған бөлім бар, онда сөзбе-сөз келтіргенде былай делінген: "Қаңлы билеушісі Лоюень елінде, Уананнан 12 300 ли жердегі Битянь қаласын мекендейді. Ол наместникке тәуелді емес. Әміршінің жазда болатын жеріне Лоюеннен жеті күнде жетуге болады. Халқы 120000 отбасынан, 600 000 адамнан тұрады; әскер саны 120 000 адам. Әдет-ғұрпы үлкен юечжимен бірдей. Қаңлы шығыс жағында ғұндарға бағынады...»6. Осы ғасырдың ортасына қарай олардың орналасу мәселелері жөнінде негізінен екі көзқарас: 1. Қаңлылар Ташкент жазирасынан Хорезмге дейінгі қос өзен арасындағы кең-байтақ жерді алып жатты; 2. Қаңлы иелігі Сырдария өзенінің сағасынан Ташкентке дейінгі алқапта шоғырланған, ал байырғы жерлері Сарысу өзенінің орта ағысынан сол өзен мен Шу өзенінде, Ұлытауға дейін орналасқан деген көзқарастар қалыптасты. ## Саяси тарихы Ертедегі алуан түрлі жазбаша деректемелерде Қаңлы елінің аты б. з. б. XIV ғасырдан бастап мәлім болғанымен, Орта Азиядағы б. з. б. IV ғасырдың аяғындағы оқиғаларды жақсы білетін антик авторлары қаңлыларды тоқталмайды. Сырдария бойындағы аймақта «Қан үйі» б. з. б. ΙΙΙ, дұрысында,ΙΙ ғасырда көтерілген деп жорамалдауға болады. Бұл сол кезеңдегі көшпелілер үстемдігінің күшеюінен болған еді.Егер б. з. б. II ғасырдың екінші жартысында Чжан-Цянь Қаңлы жерлерінің оңтүстігінде юечжиге, ал солтүстігінде ғұндарға тәуелді екенін айтса, біздің заманымыздағы I ғасырда мұндағы жағдай өзгереді. Егер Чжан Цянь юечжи әскерін 100-200 мың, ал қаңлы әскерін 90 мың деп хабарлаған болса, Цань-Хань-Шу енді қаңлы әскерін 120 мың, юечжи әскерін 100 мың дейді14.Бұл кезеңде Орта Азиядағы қос өзен аралығында юечжилердің негізгі бөлігінің оңтүстікке, сол жағалаудағы Бактрияға ығысуы, жерге отырықшылық орын алып, жеке-жеке бес иелікке бөлінгенін, мұның өзі қаңлымен салыстырғанда олардың әлсіреуіне әкеп соқпай қоймағанын, ал қаңлылардың алдынан оңтүстік пен батысқа экспансия үшін мүмкіндік ашылғанын атап өткен жөн. Сол кезде (б. з. б. II ғасырдың аяғы — I ғасырдың басы), қаңлылардың жоғарыда аталған тәуелді бес иелігі пайда болса керек, ол өзіне Янцайды (Арал-Каспий өңіріндегі сарматалан тайпалар одағы), Яньды (Орал өңіріндегі сармат тайпалары) бағындырып алды. Қытай жөнінде қаңлы билеушілері өздерін тәуелсіз, тіпті батыл ұстаған, бұл жөнінде б. з. б. I ғасырдың аяғында Батыс өлкесіндегі хань намеснигі императорға былай деп хабарлаған: «.. .Қаңлыға, керісінше (Үйсінмен салыстырғанда) өркөкірек, батыл және біздің елшілеріміз алдында бас июге ешбір көнбейді. Онда наместниктен жіберілген шенеуніктерді үйсіндердің елшілерінен төмен отырғызады. Тамақты әуелі солардың князьдары мен ақсақалдарына, сонан соң барып наместниктің елшілеріне тартады...»15. Ертеректе, Ферғана-Қытай соғысының барысында, қаңлылардың араласуы ғана ферғаналықтарды астанасының қиратылуынан құтқарып қалды және ферғаналықтарға тиімді бітім жасалуына жәрдемдесті16. Кейіннен, б. з. б. 47—46 жылдарда қаңлылардың билеушісі үйсінге қарсы күресінде солтүстік-ғұн шаньюйі Чжи Чжиді қолдады, ал үйсіндердің одақтасы ханьдық құдіретті Қытай болды17. Осының алдында ғұндардың державасы солтүстік және оңтүстік ғұндарға бөлінген еді. Оңтүстік ғұндардың жетекшісі шаньюй Хуханье, тегінде, ру ақсүйектері мен қатардағы қауым мүшелері көпшілік бөлігінің мүдделерін білдірген болар, Қытайға беріліп, онымен татулық және достық туралы шарт жасасты. Солтүстік ғұндардың билеушісі шаньюй Чжи Чжи оңтүстік ғұндарды бағындыруға сәтсіз әрекет жасап, император сарайымен қатынасын үзгеннен кейін байырғы ғұн иеліктерінен ығыстырылды. Ол Угэні, Гяньгуньді, Динлинді бағындырды, бірақ күш алған, оның үстіне Қытай қолдаған үйсіндерге қарсы тұра алмады. Өз кезегінде үйсіндер б. з. б. I ғасырдың орта шенінде қаңлылардың шығыстағы шекарасына қысым жасады. Сол кезде қаңлылар үйсіндерге де, Қытайға да бірдей қарсы тұра алатын күшпен одақ жасаспақшы болып ұйғарды.Мұндай күш солтүстік ғұндардың шаньюйі Чжи Чжи болатын. Чжи Чжиге кангюй билеушісі өз қызын ұзатып, өз иеліктерінің шығыс шептерінен жер бөледі, өз әскерінің бір бөлігін оның басқаруына береді. Үйсіннің жеріне Чжи Чжи бірқатар ойдағыдай шапқыншылық жасағанымен, бұл әскер үйсіндерді біржола жеңе алмайды. Қаңлылар шарттарын (державаның шығыстағы шекарасын қауіпсіздендіруді) Чжи Чжи объективті түрде орындай алмады да, соның негізінде жанжал тұтанды. Оны Чжи Чжидің қаңлылардың әдет-ғұрпын көрінеу ұстанғысы келмеуі ұшықтыра түсті. Ол Қаңлы билеушісінің қызын, сондай-ақ «атақты адамдарын және жүздеген қарапайым адамдарды өлтірді немесе оларды Дулай (Талас) өзеніне тастады»18.Чжи Чжи қаңлы билеушісінің ордасынан қуылып, Талас өзенінің бас жағына кетті де, сонда өзіне қала сала бастады. Жазбаша деректемелердің мәліметтеріне қарағанда, қала салуда күн сайын 500-ге дейін адам жұмыс істеген. Шаньюй құрылысқа қаржыны Ферғана мен Парфия билеушілерінен алым ретінде алып отырды, ол құрылысшы-шеберлерді де сол жақтан шақырып алса керек. Екі жыл бойы салынған қала мықтап бекітілді, ол екі қорғанмен қоршалды, оның сыртқысы ағаш, ал ішкісі мұнаралары бар топырақ болатын. Ішіне құрылыстар мен қамал орналасқан, шаньюй мен оның жақын төңірегіндегілер сонда тұрған. Чжи Чжидің күшеюі мен оның үйсіндерге шапқыншылықтарын жалғастыра беруі Қытай империясын едәуір аландатты. Чжи Чжиді дипломатиялық жолмен бейтараптандыру табысқа жетпеді де, қытайлар соғысқа дайындала бастады. Қытай шенеуніктерінің істің жайы туралы мынадай жазбалары сақталған: «Батыс өлке сюннулерге тиісті болатын, ал қазір Чжи Чжи шаньюйдің даңқты есімі алыс жерлерге мәлім. Ол басып кіру арқылы Үйсін мен Даюаньды ығыстыруда және Қаңлыны басып алу туралы ойынан қайтпауда. Егер ол бұл мемлекеттерді басып алса, бірнеше жылдан кейін барлық отырықшы елдерге қауіп төнеді. Мұның үстіне оның жауынгерлері тез әрі батыл қимылдайды, олар жақсы соғысады және бірнеше рет жеңіске жеткен. Әзірше малды күтіп отырғанда (ол армияны тамақтандыру үшін келіп-жетуге тиіс), Батыс өлке сөзсіз қауіп- қатерге ұшырайды. Олардың орналасқан жері Қытайдан алыс болғанымен, тағылардың өз қорғанысы үшін бекіністі қалалары жоқ. Егер әскерлерді әскери қоныстардан көтеріп, ннің халқы мен әскерлерін шабуылға шығуға мәжбүр етсе, оларды соның, Чжи Чжидің қалалары қабырғасы- на апарса, егер ол кашып кеткісі келмесе, пана таппай, Үйсін қорғанғысы келсе, өзін қорғай алмайды. Сонда мың рет басталған іс бір күнде тыңдырылады»19.Көп кешікпей қытай әскері жорыққа шықты. Ол Ұлы Жібек жолын бойлай екі бағытта жүрді. Үш отряд Қашғар, Ферғана арқылы, Шатқал жотасындағы Шанаш және Талас жотасындағы Қарабура асулары арқылы оңтүстік жолмен, үш отряд солтүстік жолмен—Шығыс Түркістаннан, үйсіндердің Чигучэн ордасы орналасқан Ыстықкөл қазан шұңқырындағы Бедел асуы арқылы өткен Гюлар, содан соң Шу аңғарымен Таласқа беттеді. Әскерлер Чжи Чжи қаласы қорғанының жанында қосылды. Шаньюйдің өзі қоршауға дайындалған еді, ол өз әскерлерін қабырғаларды бойлай орналастырды, ал қала қақпаларының екі жағына «балық қабыршағы» сияқты етіп әдеттен тыс сап түзеген жаяу жауынгерлер отрядын қойды. ## Археологиялық ескерткіштері Қоңыртөбедегі қаңлы обасынан табылған сасанилік бедерлі асыл тастар (б. з. IV—V ғғ.): 1 — сердолик, 2-4 — халцедон.Бір кездерде қаңлылар мекендеген аудандардан археологтар қоныстар мен қорымдар тапты. Бұл ескерткіштер Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар археологиялық мәдениеттеріне жатқызылды. Біріншісі - Ташкент жазирасына, екіншісі - Сырдарияның орта ағысындағы Қаратау беткейлерінен Таласқа дейінгі аудандарға, үшіншісі - Қуаңдария мен Жаңадария аңғарына таралған. Қаңлы дәуіріндегі Орталық Азия аймақтарына салыстырмалы сипаттама берген кезде Сырдарияның сағасынан Ферғанаға дейінгі біртұтас мәдени-шаруашылық өңір айқындалады. Ол өңірге отырықшы егіншілік-малшылық экономика, іргелі архитектурасы мен қорғаныс кұбылыстары, қоныстанудың жетекші үлгісі ретіндегі аздап бекініс жасалған қоныстар, қолөнердің нашар дамуы, ақша айналысының шектеулілігі және басқа да белгілер тән болған25.Шардараға жақын жердегі Ақтөбе қонысы қауыншы мәдениетінің, ең жақсы зерттелген ескерткіші болып табылады. Ол Сырдарияның сол жақ жағалауына орналасқан. Қала орны үш жағынан дуалмен, ал Сырдария жағынан қазылған ормен қоршалған. Қала орнының орталығында орналасқан биіктігі 20 метрге жуық дөңгелек төбе (шоқы, оба) ерекше көрінеді. Төбе аумағында және Ақтөбе 2-нің басқа бөліктерінде қазба жұмыстары жүргізілді. Қазбалардың біреуінен Сарай үйі толық аршылды. Ол тікбұрышты, көлемі 28x18,5 м болып шықты. Сарай шаршылап орналасқан бес жайдан, кіру кешені мен құрылысты батыстан шығысқа қарай орап өтетін екі дәлізден тұрған. Оның орталығында шаршы зал (3,6x3,6 м) бар, ол басқа жайлардың бәрімен арқан арқылы өтетін жолдармен байланысқан. Бір кездерде оның төбесі жалпақ етіп жабылған. Зал қабырғаларының биіктігі қазіргі кезде 6 метрге жетеді. Зал еденінің ортасында құдық бар. Үй солтүстік-батыс бұрышына салынған, мұржасыз камин үлгісіндегі ошақпен жылытылған. Залдың айналасына орналасқан жайлар дөгалана иіліп, ал олардың біреуі күмбездеп жабылған, бұл күмбез Орта Азия мен Қазақстандағы ертедегі үлгімен жабылған күмбездердің бірі болып табылады. Бөлмелердің бірінде баспалдақ бар, онымен көтеріліп үйдің шатырына шығады. Сарайдағы бүкіл құрылысы — қабырғалар, тіреулер, арқа жолдары тікбұрышты ұзынша және төрт бұрышты шаршылы шикі кірпіштерден қаланған. Қазба жұмыстарын жүргізген кезде керамиканың бай жиынтығы: көзелер, сапты аяқтар, табалар, құмғандар, шүмекті құмыралар жиналды, олар біздің заманымыздың I жартысындағы ескерткіштердің материалдарына ұқсас келеді. Керамикалық бұйымдардан басқа ұршық бастар, жебелердің үш қыры бар ұңғылы ұштары, алтын сырға, бір жүзді пышақтар, сүйек ұршықтар, қола сақина, қызыл шыныдан көз салынған алтын қапсырма табылды, олар біздің заманымыздағы I — IV ғасырларға жатады. ## Қауыншы мәдениеті Қауыншы және Отырар-Қаратау мәдениеті деп археологтар атайтын үлкен ескерткіштері сақталған. Жерлеу. Қаңлылар заманының қоныстары қасында үлкен зираттар орналасқан. Оларда түрлі аймақтарда әр түрлі жерлеу кұрылыстары тараған. Қаңлыларға тән ең сипаттысы үңгіп (екі түрлі), лақат жасап және жай шұңқырларға жерлеп, үстіне оба үю, сағана салу болып табылады.Қауыншы мәдениеті таралған өңірде Шәушіқүм, Жамантоғай, Төребайтұмсық қорымдары зерттелді. Сол кездегі Отырар-Қаратау, Жетіасар мәдениеттеріне жататын басқа зираттардағы сияқты, өліктер киімімен, жеке пайдаланатын заттарымен қоса жерленген. Қабірлерге тамақ салып, су құйылған керамика ыдыстар бірге салынған. Еркектердің қабірлерінен қару-жарақтар (семсерлер, қанжарлар, жебелердің ұштары, садақтардың сүйектен жасалған бастырмалары), әйелдердің қабірлерінен көбінесе әшекей заттары: моншақтар, айналар, сырғалар, киімге тігілген қалдықтар табылды. Жерлеу жарақтарынан алынған материалдарға салыстыра отырып жасалған талдау қабірдің мерзімін біздің заманымыздағы I мыңжылдықтың бірінші жартысы деп белгілеуге негіз береді.Отырар алқабы мен оған жақын аудандарда Көк-Мардан, Қыркескен, Мардан қорымдары зерттелді. Мұнда да жерлеу құрылыстарының алуан түрлі екені аңғарылды. Марданкүйік (Қоңыртөбе) қаласының орны маңындағы қорымды зерттеген кезде аса құнды материал алынды. Қаланың өзі біздің заманымыздағы I мыңжылдықтың бірінші жартысында пайда болған. Оның шығыс жағында көлемді зират орналасқан. Төбесі тапталып, опырылып қалған сопақша төбеге қазу жұмыстары жүргізілді. Оның биіктігі 2,5 метрге жетеді, көлемі 35x45 м. Онда төбенің төбесінен 0,4 метрден 1,5 метрге дейінгі тереңдікте жатқан қабірлер бар екені анықталды. Негізінен өлік тікбұрышты етіп қазылған қабір шұнқырларына жерленген. Шұнқырдың төменгі жағына шикі кірпіш қаланған, сағаналар да шикі кірпішпен жабылған. Жүзге тарта қабір тазартылды. Олардың ішінде 12 жағдайда керамика ыдыстарға жерлеу анықталды. Негізінен, бұлар — балалар, жасөспірімдер. Ал ересектер қабір шұңқырының түбіне, киімімен, жеке керек-жарақ заттарымен (сәндік заттар, қару) қосып жерленіп, керамика ыдыстарға (құмыраларға, саптыаяқтарға) тамақ салып, су құйып қойған. Жерлеу ғұрпы мен қоса салынған құрал-саймандарға жасалған талдау Қоңыртөбе қорымының аршылған қабірлерінің негізгі бөлігін отырықшы қаңлы тайпалары мәдениетінің соңғы кезеңіне жатқызуға және оның мерзімін біздің заманымыздағы III—V ғасырлар деп белгілеуге мүмкіндік береді. ## Жетіасар Жетіасардағы әрбір қала орнының төңірегінде мыңдаған жерлеу құрылыстары бар қорымдар орналасқан. Олар негізгі екі түрге: оба астына жерге көму және сағаналарға жатады. Олардың көпшілік бөлігі — оба астындағы жерден қазылған шұнқырлар. Обаның айналасында кішкене ор қазылғаны аңғарылады. Қабір шұнқырлары әдетте солтүстіктен оңтүстік бағытына ұзынынан бағдарланған. Өлген адамның мәйіті қамыстан тоқылған төсенішке ұзынынан жатқызылып оралып, шұңқырдың түбіне немесе лақатқа салынған. Қасына 2-3 керамика ыдыс қойылған. Еркектердің қабірінен әдетте пышақтар, семсерлер, сүйектен жасалған бастырмалары бар күрделі садақтар мен жебелер шықты. Әйелдердің қабірлерінде қола айналар, кабыршақтар, сырғалар, моншақтар, білезіктер жиі кездеседі.Жетіасардағы қабірлердің екінші тобы кірпіш сағаналар болып табылады. Жерлеу камерасына көлбеу дәліз-дромос апарады, ол да күмбез тәрізді етіп жабылған. Тікбұрышты камераның (орта есеппен 3,5x2 м) ішінде екі-үш қабырғаны бойлай жататын сәкілер салынған. Өлікті шиге немесе киізге орап, сәкіге қойған. Айналасына оған керекті заттар, тамақ салып, су құйған керамика ыдыс қойылған. Жер бетіндегі сағаналардың түрлері де жер астындағы сияқты, бірақ олар күйдірілген кесектен қаланған аласа цоколь-стилобаттарға тұрғызылып, олар да оба үйіліп жабылса керек. Қабірлерден табылған материалдарға талдау жасау жерден қазылған қабірлер Жетіасар мәдениетінің бүкіл бойында болған, ал сағаналардың пайда болуы неғұрлым соңғы кезеңге — біздің заманымыздағы II — IV ғасырларға жатады деген қорытындыға келуге негіз береді. Бұл орайда жерден қазылған қабірлер мен сағаналарға жерленгендер арасында қандай да болсын этникалық-мәдени, антропологиялық елеулі айырмашылықтар байқалмайды. Бұлардың біріншісі Ташкент аумағында, екіншісі Сырдың орта ағысысы мен Қаратаудан Таласқа дейінгі аралықта. Қауыншы мәдениетіне жататын Ақтөбе мекені көбірек зерттелді. Табылған ескерткіш - сарай крест тәрізді салынған бес үйден, екі дәлізден тұрады. Отырар-Қаратау мәдениетіне жататын ескерткіш - Отырар өңірі. Қазылған үйлер бір бөлмелі, екінші бөлме қойма болған. Ортада тікбұрышты жер ошақ жасалған. ## Шаруашылығы, кәсібі Қаңлылардың бір бөлігі көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Келесі бөлігі отырықшы егіншк болған. Қытай деректері олардың жылқы, түйе, қашыр, есек, сиыр өсіргенін айқындайды. Оларда негізгі малдардың бірі қой болған. Қаңлылардың жерінен алтын, асыл тастар, хош иісті шайлар, кілемшелер, қымбат аң терілері саудаға шығарылған.Қаңлылардың диқаншылықта қолданған кетпен, қолорақ, қолдиірмен, астық сақтайтын ыдыстары, ұралар мен қамбалар және астықтарда көптеп табылды. ## Дереккөздер
Қарахан мемлекеті (парсы: ایلک خانیان‎ ‎— Ilak-Khānīyān) (942–1212) — Орталық Азиядағы ортағасырлық мемлекет. Қарахан қағанаты Шығыс Түркістан, Жетісу, Сырдария, Талас, Шу өңірін құтты қоныс етті. Оның құрылуы 940 жылдан басталады. Қағанаттың орталық астанасы Шу өзені бойындағы Баласағұн, кейінірек Ордакент (Тараз) қаласы. Қарахан мемлекеті Үзген, Мерке, Құлан сияқты қалаларында ірі алыпсатар алпауыттар мен қолөнершілер мекендеген. Қарахан әулетінің негізін салушы Сатұқ Боғрахан (915–955 жж.) болып есептелінеді. Ол Қарлұқ хандығының іргесін көтеріп, мәртебесін асырушылардың бірі – Білге құл Қадыр ханның немересі. Сатұқ Тараз және Қашғар қалаларын өзіне қаратып, 942 жылы Баласағұндағы билеушіні құлатып, өзін жоғары қаған деп жариялайды. Мемлекеттің күшеюіне қарлұқ, шігіл, ягма тайпалары үлкен үлес қосты. Сатұқ өлгеннен кейін билік оның баласы Мұсаға көшті, ол 960 жылы Қарахан мемлекетінің халқын ислам дініне қаратты. Оның астанасы Қашғар болды. Сатұқтың екінші баласы Сүлеймен-ілек Баласағұнды иеленді. Кейін бұл өңірді оның ұлы Хасан Боғра-хан мұра етіп алды. Мұса өлген соң, Қарахан жеріндегі жоғарғы қаған атағы оның баласы Әли Арслан ханға көшті. 990 жылы Қарахан билеушілерінің бірі Хасан (Харун) Боғра хан Испиджабты бағындырды. Ал 992 жылы қарахандықтар шығыста Хотанды, батыста Бұхараны басып алды. 999 жылы Қарахан билеушісі Әли Арсланның баласы Насыр Орта Азиядағы Саманилер мемлекетіне соққы берді. Қарахан хандығы ұзақ соғыстардан кейін 1004–1005 жылдары Мәуеренахр жерін түгелдей өзіне қаратты. Осыдан кейін Қарахан мемлекеті XI-ғасырдың 30 жылдары Шығыс және Батыс қағанаты болып екіге бөлінді: Жетісу және Шығыс Түркістан жері Шығыс қағанатына қарап, оның орталығы әуелі Орда (Баласағұнға жақын), кейін Қашғар қаласы болды. Мәуеренахр жерлері — Батыс қағанатына қарап, оның орталығы Үзкент, кейінірек Самарқан болды. Қарахан мемлекетінде жоғарғы өкімет билігі хаканның қолында болған. Ол мұрагерлікке қалып отырған. Қарахан феодалдық қоғамының үстем тап өкілдеріне хаканның ұрпақтары тегіндер, ілек хандар, бектер, нәменгерлер, нөкерлер жатқан. Ханға ең жақын адамдардың бірі уәзір болған. Уәзір жоғарғы билеушінің ең жақын көмекшісі және кеңесшісі болып саналды. Хан сарайы, оның басты ордасы мемлекеттік және әкімшілік басқару орталығы болып есептелді. Қарахан мемлекетіндегі аса маңызды әлеуметтік-саяси институт әскери-мұралық жүйе болған. Мемлекет бірнеше үлестерге бөлінді. Олардың бастылары: Тараз, Испиджаб, Баласағұн. Хан мемлекеттік немесе әскери қызметі үшін феодалдарға жер беріп, сол жердегі халықтан салық жинауға рұқсат еткен. Мұндай жерлер икта, ал оны иеленуші араб терминімен муқта немесе иқтадар (парсы термині) деп аталған. Қарахандардағы жер иеленудің тағы бір көп тараған түрі әскери — үлестік жерлер. Ол әскери қызмет үшін берілген. Қарахан феодалдық қоғамында шаруаларды қанаудың бір түрі — жалға үлестік жер беру орын алған. Араб-парсы деректерінде үлестік жер алған шаруалар мұзарлар немесе барзұгар деп аталған. Үлескер жерден алынған өнімнің денін салық түрінде мемлекетке және жер иелеріне төлеп отырған. Шаруаларды қанаудың екінші бір түрі — коммендация жер иелігі. Оның мәні: әлсіз адам өзінің жер телімін күштінің қамқорлығына береді, ол күшті адам әлсіз адамды басқалардан қорғауға тиіс. Қазақстанның оңтүстік-шығыс және оңтүстік аудандарын мекендеген қарахандықтар көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Мал шаруашылығында жылқы өсіру жетекші орын алды. Қарахан мемлекетінің құрамына енген түркі тайпалары отар-отар қой ұстады, сондай-ақ түйе, ешкі, ірі қара өсірді. Отырықшы, жартылай отырықшы түрік тайпаларының біразы егіншілікпен де айналысты. Олар тары және басқа да дәнді дақылдар өсірді, отырықшылар қала мәдениетімен араласып, қала халқын толықтырды. Қалаларда қолөнер кәсібі, әсіресе көзешілік кеңінен дамыды. Олар аңшылықпен де айналысқан. Сондай-ақ Сырдария, Іле мен, Шу, Талас өзендерінен балық аулау айтарлықтай рөл атқарды. XI ғасырдың аяғына қарай Қарахан мемлекеті соғыстармен және феодалдық иеліктердің одан әрі бөлшектенуімен байланысты құлдырай түсті. XII ғасырдың 30-шы жылдары Шығыс Қарахан иелігін, Жетісуды және Қазақстанның оңтүстігін шығыстан келген кидандар жаулап алды.
Сәтбаев (Sätbajev, орыс. Сатпаев, Satpajev) сөйлемі мынадай мағыналарға жатуға мүмкін: * Қаныш Имантайұлы‎ Сәтбаев – геолог-ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик. Елді мекендер: * Сәтбаев – Абай облысы Ақсуат ауданындағы ауыл. * Сәтбаев‎ – Ұлытау облысындағы қала. * Сәтбаев‎ – Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық әкімдігіне қарасты ауыл. * Сәтбаев – Түркістан облысы Жетісай ауданындағы ауыл. Басқа мағыналар: * Сәтбаев (көшесі)‎
Ат мінгізіп, шапан жабу (салт). Құрметті қонаққа, ақынға, батырға, палуанға және сол сияқты елге еңбек сіңірген ардақты, айтулы азаматтарға ат мінгізіп, шапан жабу қазақ халқының ертеден келе жатқан аса лайықты, жарасымды ата салты яғни бұл «батыр», «ақын», «палуан» деген құрметті атақтардан кейінгі берілетін құрметтеу, сый-сияпат, марапат, мадақ (награда) белгісінің айғағы, ең жоғары құрметі ретінде беріледі.Ат мінгізу, шапан жабу салты қазіргі күнде де жарасымды жалғасын тауып келеді. Мысалы, Ұлытауға келгенде қазақ елінің тұңғыш президенті Н.Назарбаевқа Торғайда ақын С.Мәуленовке, Шымкентте жазушы Ш.Мұртазаға ат мінгізіп, шапан жабылуы ұлттық мәдениеттімізідің, салт-дәстүріміздің қадір-қасиетін көтере түскені сөзсіз. Әділін айтсақ, мұндай құрмет қазіргі күнгі «машина кілтін тапсырды» дегеннен әлдеқайда абыройлы да асқақ естіледі! ## Дереккөздер
Тұрар Рысқұлов (26 желтоқсан 1894, Жетісу облысы, Верный уезі Шығыс Талғар болысы – 10 ақпан 1938, Мәскеу) – Түркістан Кеңестік Федеративтік Республикасының мемлекет қайраткері және жазушы. ## Өмірбаяны ### Төңкеріске дейін Дулат тайпасының Шымыр руынан. Оның әкесі Рысқұл Жылқыайдарұлы 19 ғасырдың 80-жылдары патша әкімшілігінің озбырлығына шыдамай Сырдария облысының Черняев уезінен (қазіргі Түркістан облысы Түлкібас ауданы) Верный уезіне қоныс аударып келген болатын. Жаңа қонысында да әділетсіздік көрген Рысқұл 1904 жылы желтоқсанда халыққа тізесі батқан Саймасай Үшкемпіров деген болысты атып өлтіреді. Түрмеде жатып өш алушылардың жалғыз ұлы Тұрарға зияны тиер деп қауіптенген ол оны өзінің қасына алдыртады. «Түрме баласы» аталған Рысқұлов түрме үйлерін сыпырып, бастықтың атын айдап жүріп орыс тілін үйренеді. Әкесі 10 жылға сотталып Сахалинге жер аударылған соң Рысқұлов – «Қырғызбаев» деген жалған фамилиямен нағашыларының қолына келіп, Меркідегі орыс-түземдік бастауыш мектепте оқиды. Мұндай аралас мектептер белсенді миссионерлік мақсат ұстанған болатын. Әкесімен бірге Верный қаласының түрмесінде болған кезінде түрме бастығы Приходько жас Рысқұловты шоқындыруға әрекеттенсе, Меркідегі шәкірт кезінде де осындай әрекет оның алдынан тағы да шығады. 1910 жылы Рысқұлов Пішпектегі 1-дәрежелі ауыл шаруашылығы мектебіне қабылданып, оны 1914 жылы қазан айында бау-бақша өсіруші мамандығы бойынша бітіріп шығады. Бұл мектепті үздік бітірген оған Самара қаласындағы орта дәрежелі ауыл шаруашылығы училищесіне түсу үшін арнайы жолдама беріледі, бірақ училище директоры «қазақ – көшпелі, оған жер өңдеуді оқудың қажеті жоқ», – деп қабылдамай қояды. Тауы шағылған Рысқұлов 1915 жылы Ташкенттегі мұғалімдер семинариясына түсуге тырысады, бірақ оны мұнда да «бұратана» деген сылтаумен қабылдамайды. Ақыры ол оқу министріне арыздана жүріп, арнайы рұқсатпен емтихан тапсырады да, оқуға қабылданады. Күн көру үшін оқумен қатар Ташкент қаласының іргесіндегі Красноводск тәжірибе алаңында бағбан болып істеді. 1916 жылы жазда қазақ даласында ұлт-азаттық көтеріліс басталған кезде Рысқұлов оқуын тастап, Әулиеата уезіндегі Меркі ауылына аттанды. Ол Меркіге келген кезде халық ашық бас көтерулерге шығып, жер-жерде қарулы қақтығыстар өрши бастаған болатын. Ол Аққөз Қосанұлы бастаған көтерілісшілердің іс-әрекетіне ұйымдық сипат беріп, саяси бағдар сілтеді. Меркідегі көтерілістің өршіген кезінде Рысқұловты патша әкімшілігі тұтқындайды, бірақ оның іс-әрекетінен кінә таба алмай босатып жіберуге мәжбүр болады. 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін көктемде Рысқұлов Меркіге оралып, онда «Қазақ жастарының революциялық одағын» құрады. Осы жылы жазда Рысқұлов РСДЖП құрамына мүше болып қабылданды. ### Төңкерістен кейін 1918 жылы сәуірде Әулиеата уездік кеңесінің атқару комитеті төрағасының орынбасары болып сайланып, өз күш-жігерін ашаршылыққа ұшыраған халықты төніп тұрған ажал тырнағынан арашалап қалуға, орыстар мен қазақтардың арасындағы қарым-қатынасты реттеуге, кеңестерге жергілікті халық өкілдерін көптеп тартуға жұмсады. Әулиеата уездік төтенше комиссия ұйымдастырып, қарулы отрядпен бірге уезді аралап, орыстар мен қазақтардың өзара қырқысын тиюға, контрибуция ретінде тартылып алынған қазақтардың мал-мүліктерін өздеріне қайтарып бергізуге тырысты. Рысқұловтың ықпалымен Әулиеата уездік кеңесінің құрамы мен жұмыс тәсілі тез өзгере бастады. 1918 жылы 21 сәуірде уездік кеңестің мүшелігіне қазақтар арасынан депутаттар сайлау мақсатымен Әулиеата қаласында Рысқұлов ұйымдастырған қазақтардың жиыны болып өтті. Жиналыстың шешімі бойынша Әулиеата уездік кеңесінің 26 мүшесінің 15-і жергілікті халық өкілдері болды. Рысқұловтың жетекшілігімен Әулиеата қаласы маңында қоғамдық тамақтандыру орындары ұйымдастырылып, онда 20 мың адамға дейін ашыққан қазақтар тамақтандырылды. 1918 жылы шілдеде Әулиеата уездік кеңесінің атқару комитеті төрағасы болып сайланды. Уездік кеңестің сан түрлі қызметін ұйымдастыра отырып, Рысқұлов бұрынғысынша негізгі күш-жігерді ашаршылықпен күрес ісіне бағыттады. Сырттан келер көмектің жоқтығы оны тек ішкі резервтерді тиімді пайдалана білуге мәжбүр етті. Рысқұлов Әулиеата қаласының 52 орыс капиталисіне ашаршылыққа ұшыраған халықтың пайдасына 3 млн. сом салық төлеттірді. 1918 жылы қыркүйекте Рысқұлов Түркістан автономиялы Республикасының Денсаулық сақтау халық комиссары болып тағайындалды. Бұл комиссариатқа денсаулық ісімен шұғылданумен қатар аштықпен күресу міндеті де тапсырылған еді. Аштықпен күресуге Денсаулық сақтау халық комиссариатының күш-қуаты мүлдем жеткіліксіз болатын. Сондықтан да Рысқұлов аштықпен жүйелі түрде күресу үшін, құрамына түрлі комиссариаттардың өкілдері кіретін арнайы ұйым құруды талап етеді. Осыған орай 1918 жылы 28 қарашада ерекше Орталық Комиссия ұйымдастырылып, оның төрағасы болып Рысқұлов тағайындалды. Рысқұлов басшылық еткен ерекше комиссия Түркістан автономиялық республикасының 19 уездері мен қалаларында 923 мың адамға арналған тамақтандыру орындарын ашты. 1919 жылы 14 наурызда Түркістан Республикасы кеңестерінің 7 съезінде Орталық атқару комитеті төралқасы төрағасының орынбасары болып Рысқұлов сайланды. Осы жылы 14 – 31 наурыз аралығында Ташкент қаласында болып өткен Түркістан КП-ның 2 конференциясында ОК жанынан Мұсылман бюросын құру туралы шешім қабылданды. Рысқұлов Мұсылман бюросы қызметін жандандыра түсу мақсатымен оның ұйымдастыру, редакция-баспа, мәдени-ағарту және әскери бөлімшелерін құрды. 1919 жылы шілдеде Түркістан Республикасы атқару комитеті Әулиеата және Черняев уездеріндегі саяси-әлеуметтік және ұлтаралық қарым-қатынас жайымен танысу үшін онда арнайы комиссия аттандырды. Рысқұлов төрағалық еткен бұл комиссия Әулиеата атқару комитетінің мүшелерін өз міндеттерін іске асыра алмағаны үшін қатаң сынға алып, бұл комитеттің таратылғанын жариялады. Осыдан кейін Әулиеата уездік атқару комитетінің орнына Түркістан атқару комитетінің шешімімен Әулиеата уездік уақытша Революциялық комитет ұйымдастырылды. 1920 жылы 21 қаңтарда Рысқұлов Түркістан Орталық атқару комитетінің төрағасы болып сайланды. Ол атқару комитетін Түркістанның тарихи-объективті жағдайы мен ерекшелігін басшылыққа алып жұмыс істейтін органға айналдырды, жергілікті халықтардың құқығын қорғайтын ұйым дәрежесіне көтерді. Атқару комитетінің төрағасы ретінде Түркістан Республиканың Конституциясына сай берілген құқықтарын пайдалана отырып орыс шаруаларының қарусыздандырылуына, олардың экономикалық жағдайының жергілікті халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларымен теңестірілуіне, орыс шаруалары мен казактардың көшпелі халықтардан тартып алған жерлерін иелеріне кері қайтаруларына қол жеткізді. Ол Түркістан Республиканың саяси-мемлекеттік егемендігі жолында табанды күрес жүргізді. Республиканы түркі тілдес халықтардың ұлттық мемлекетіне айналдыруға, республика егемендігіне, яғни саяси, экономикалық, дипломатиялық, әскери және мәдени мәселелер бойынша нақты болуы тиіс дербестік құқықтарына ие болуға бар күш-жігерін жұмсады. 1924 жылы 4 ақпанда РКП(б) ОК шешіміне орай Рысқұлов Коминтерн атқару комитетінің құрамына қызметке жіберілді. Коминтерн атқару комитетінің Орталық-Шығыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып бекітілді. 1924 жылы жазда Коминтерн атқару комитетінің Моңғолиядағы өкілетті өкілі болып тағайындалды. Ол онда Моңғол Халық Республикасының аяғынан нық тұрған мемлекеттік ретінде қалыптасуына зор еңбек сіңірді. Ол Моңғолия Конституциясының жобасын әзірлеуге атсалысты. Моңғолия астанасының атын Уланбатор (Қызылбатыр) деп қоюды ұсынған Рысқұлов болатын. 1926 жылы наурызда Рысқұлов Қазақстанға жіберіліп, Қазақ өлкелік БК(б)П комитетінің Баспа бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. Осы жылы 19 сәуірде Рысқұлов Қазақ өлкелік БКП (б) комитеті қаулысымен «Еңбекші қазақ» газетінің жауапты редакторы болып бекітілді. Көп ұзамай 31 мамырда Бүкілодақтық орталық атқару комитетінің қаулысымен Ресей Федерациясы Халық комиссарлары кеңесі төрағасының орынбасары болып бекітілді. Бұл қызметіне қоса Рысқұлов Түрксіб темір жолын салуда үкімет комиссиясының төрағасы болып, оны 6 жылда аяқтау орнына 3 жылда пайдалануға берілуін ұйымдастырды. Маманданған қазақ жұмысшыларын қалыптастыруға, қазақ жастарын Ресей және шет ел оқу орындарында көптеп оқытуға көп көңіл бөлді. Қазақ өлкелік БК(б)П к-тін басқарған Ф.И. Голощекиннің «Қазақстанда кіші Қазан» төңкерісін жасау идеясына ашық қарсы шықты. Кеңестік ұжымдастыру саясатының зардаптарын жою, Қазақстандағы ашаршылықтың апатынан халықты құтқару жайында И.В. Сталинге нақты ұсыныстар жасады. Бірақ И.В. Сталин Рысқұловтан гөрі Ф.И. Голощекинге сенім артатындығын танытты. Рысқұлов қолынан келгенше ашаршылық тауқыметіне ұшырағандарға жәрдем көрсетуге талпынды. 1933 жылы Алматы облысының, қазіргі Өжет ауылының шетінде кетіп бара жатып, бір топ еңбекшіні көріп, сонау қиын-қыстау ашаршылық кезіңде, Мойынтұрық ауылының атын, Өжет етіп өзгертуді ұсынған. ### Соңғы күндері 1937 жылы 21 мамырда Кисловодскіде демалыста жүрген Рысқұлов «пантүрікшіл», «халық жауы» деген айыппен тұтқынға алынды. Кеңестік қуғын-сүргінге ұшыраған Рысқұлов Мәскеу түрмесінде жүрек ауруынан қайтыс болды. Рысқұловтың әйелі Әзиза да кеңестік қуғын-сүргін құрығына ілігіп, АЛЖИР-де 18 жыл айдауды бастан кешті. Ұлы Ескендір түрмеде қайтыс болды. Рысқұлов есімі КСРО Әскери коллегиясы Жоғырғы Сотының шешімімен 1956 жылы 8 желтоқсанда ақталды. Қазіргі кезде Жамбыл облысының бір ауданына Рысқұлов есімі берілген. Тараз қаласында Рысқұлов есімімен аталатын демалыс паркі бар, онда Рысқұловқа ескерткіш қойылған Қызыл граниттен жасалған Рысқұлов ескерткішінің архитекторы – А.Рыспаев, мүсіншісі – Ю.Баймұқашев. Алматы қаласындағы Басқару академиясына Рысқұлов есімі берілген. Көрнекті қазақ жазушысы, мемлекеттік қайраткері Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» (1-2 том кітабы), «Жұлдызды көпір», «Қыл көпір», «Тамұқ» атты роман хамсасында Рысқұлов келбеті сомдалған. ## Сыртқы сілтемелер * Рысқұловтың хаттары (басы) * Тұрар мұрасы тасада қалмасын * ТҰРАРТҰҒЫР(қолжетпейтін сілтеме) * ТАҒЫ ДА РЫСҚҰЛОВ ХАҚЫНДА(қолжетпейтін сілтеме) ## Дереккөздер
«Жібек Жолы» (Ұлы «Жібек Жолы») — Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шыңжаң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Атауды алманиялық ғалымдары Ф. фон Рихтһофен (F. von Richthofen) бен А. Һерман (А Hеrman) 19 ғасырда ұсынған.Ұлы Жібек жолы - адамзат өркениеті жасағын тарихи ескерткіштердің бірі. Біздің дәуірімізден бұрынғы II ғасырдан басталған бұл жол, Еуропа мен Азияның-Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырған көпір болған. Оның Қазақстан жерін кесіп өтетін тұсында, VI ғасырдан бастап екі бағыт: Сырдария және Тянь-Шань жолдары бағыттары кең өрістелген. Бірінші жол Қытайдан басталып, Шығыс Түркістан Қашқар арқылы Жетісуға, содан Сырдарияны жағалап, Арал маңынан әрі қарай Батыс елдеріне өткен. ## Тарихы Жол бұдан 3-4 мың жыл бұрын болған. Ол Қытайдың Хан патшалығы кезінде ғана өркендей бастаған, себебі Хан патшалығының Хан Уди патшасы Жаң Чянды батыс өңірге екі рет жіберіп, Орталық Азиядағы елдермен достасуға пейілді болған. Жаң Чян қазіргі Ферғана, Самарқан және Балқаш көлі сияқты жерлерге барған. Жаң Чянның сапары бұл жолды шығыс пен батыс үкіметтері арасындағы байланыс жолына айналдырған. Осыған орай саудагерлер де «Жібек жолында» ат ізін суытпаған. Жаң Чян батыс өңірге және Орта Азияға Қытайдың жібек өнімдерін ала барған;ал, елге қайтарында барған жерлерінің тауарлары және батыс өңірінің музыкасы сияқты алуан түрлі мәдениетті алып қайтқан. Жаң Чянның сапары қытайлықтардың батыс өңір мен Орта Азияны түсінуіне мүмкіндік берді. Ал Жаң Чян барған жерлердегі халық та Қытайдың өнімдері мен мәдениетіне қатысты түсінігін анағұрлым тереңдетті. Осылайша, бұл жол гүлденіп, көркейе бастады. Шығыс пен батыстың аралығындағы дәнекерге айналып, өркениеттерді өзара тоғыстырды. Осы жолды қорғау және дамыту мақсатында, Қытайдың әр дәуірдегі патшалары жол бойына қарауыл қойып, әскер тұрғызды. «Жібек жолы» іс жүзінде өзгермейтін тұрақты жол емес, қайта ол уақыт ізімен өзгеріп отырған, бірақ тарихтағы дәстүрлі сорабы өзгермеген:жол шығыста Чаң-аннан (қазіргі Ши-ан) басталып, Тарым ойпатынан өтіп, Памир үстіртінен асып, Орталық Азияны, Батыс Азияны кесіп өтіп, Жерорта теңізінің шығыс жағалауына дейін барады, жалпы ұзындығы 7000 км асады. Ерте кездегі «Жібек жолы» Шыңжаңнан 3 айрыққа бөлінген, Тянь-Шань тауының солтүстігіндегі ежелден бар дала жолы: Жемсары, Іле өңірін басып, Балқаш өңіріне барады, онан ары батыс солтүстікке жүргенде Қара теңіздің шығыс жағалауына жетеді. Оңтүстік айрығы Крораннан (Лулан) шығып Күнлүн тауының батысын қапталдап Жаркентке барады, онан ары жүргенде адырлардан асып, Орта Азияға, Батыс Азияға, Еуропаға дейін созылады. Кроранның батыс солтүстігіндегі Көншы өзенінің батысын бойлап, Иіңпанды, Күшарды басып Қашқар Жаңашар ауданына баратын жол солтүстік айрығы саналады, бұл жол да адырлардан асып, Еуропаға дейін барады. Кейін тағы 3 айрық жол пайда болды:Юймынның батыс солтүстігінен басталып, қазіргі Құмыл, Тұрпан, Жемсары сияқты жерлерді басып, бұрынғы дала жолына тұтасатын жол, бұл кейінірек «солтүстік жол» деп аталды. Тұрпаннан шығып, Тянь-Шань тауының оңтүстігін қапталдап, батысқа беттеп, Қарашәр, Күшәрді басып, бұрынғы солтүстік жол айрығымен тұтасатын жол кейінгі кездері «Орта жол» деп аталды. «Оңтүстік жол» бұрынғысымен ұқсас. 7 ғасыр кейін, теңіз қатынас-тасымалы дамығандықтан, «Жібек жолы» біртіндеп екінші орынға түсті, бірақ 13 ғасырға дейін шығыс пен батыс қатынасының маңызды жолы болып келді. 19 ғасыр басында, Иcпанияның елшісі Қытайдың 800 түйелік сауда керуенін өз көзімен көріп тұрып Самарқанның жағдайы туралы былай деп жазады: Төңіректің төрт бұрышынан келген тауарлар Самарқанға жиналыпты… Қытайдың торғын-торқалары көз жауын алады. Қытайдың торғын-торқасы осы жолмен Орта Азияға, Батыс Азияға және Еуропаға толассыз тасылды, сонымен тұт ағашын өсіру өнері де батысқа тарала бастады. Сондай-ақ Шыңжаңнан шығатын қас тасы, былғары, жүн әдиял сияқты тауарлар мен орта жазықтың темір ыдыстары, фарфор ыдыстары, сырлы ыдыстары, шабдолы, өрік, рауағаш, дәршен сияқты өнімдері батыс базарына қатар кірді. Орта Азияның, Батыс Азияның және Еуропаның әйнек, жақұт, экономикалық дақылдары және хош иісті заттары, дәрі материалдары, сондай-ақ Отқа табыну діні, Бұдда діні, Ислам діні сияқты діндер де Қытайға кірді және таралды. Шығыс пен батыс арасындағы экономикалық, мәдени ауыс-түйіс адамзаттың материалдық мәдениетін байытты. Шығыс пен батыстағы халықтар Жібек жолы арқылы сыртқы мәдениетті қабылдап, бұрынғыдан да салауатты мәдениет жарата алды. Жібек жолы тек сауда жолы болып қана қалмастан, дүниежүзі өркениетін тоғыстырып, адамзат қоғамының дамуына өшпес үлес қосты.Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларының Византия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістанмен тығыз сауда байланыстары болғандығын ежелгі қолжазбалардағы мәліметтер дәлелдейді. Шаштан (Ташкенттен) жол Гизгирдқа, Испиджабқа келіп, одан әрі керуен Таразға бағыт алған. Тараздан солтүстікте Адахкет, Дех-Нуджикет қалалары орналасқан қимақтарға, оңтүстікте өздерінің туған өлкесінде - Шельдяни, Куля және т.б. қалаларға тірелген. Сондай-ақ Тараздан Төменгі Барысханға, одан әрі Құлан, Мерке арқылы Аспараға жететін болған. X ғ. бастап Ӏле жазығындағы сауда жолы арқылы керуендер жүре бастайды. Осы жерден Ӏле Алатауының көпестері қазіргі Алматы мен Талғардың елді мекендеріне жолға шыққан. Талғарда жол қазіргі Шелек, Есік, Кеген аудандарында, Подгорныйға, одан әрі Шонжыға иек артады. Алакөл ауданында жол тармақталады. Екіөгіз, Қиялық, Көктем керуен жолдарымен Шығыс Түркістанға, Алтайға, Моңғолияға шығуға болатын еді. Сырдария қалаларын байланыстыратын жолдардың маңызы орасан зор. Ол Испиджабтан басталып, солтүстік-батыста - Арсубаникент, Арыс, Кедер, Шауғар, Сауран, Сығанаққа әкелетін. Сығанақтан Жентке және Янгикентке тірелген. Исфиджабтан солтүстікке қарай түскен жол Қүмкент, Аба - Ата, Созаққа барады. Одан әрі Орталық Қазақстанның жазық жерлері арқылы Кеңгір, Жезді, Нұра далаларына шығады. Атаулы керуен жолы XX ғ. басына дейін сақталып келді, тіпті, Ресей, Қазақстан және Орта Азияның қалалары мен елді мекендерін байланыстырып отырды, оған жақын жерлерде жәрмеңкелер ұйымдастырылды.Ұлы Жібек жолы көп халықтардың мәдениетін түйістіруімен бірге оның табиғатының ерекшеліктерін анықтауда тарихи қызмет атқарды. Бұл істе Қазақстан жерін мекендеген халықтардың еңбегі де бар. Олар тұрғын үйді (киіз үй), ат әбзелдерін жасау өнерін, кілем тоқуды, күмістен түрлі әсемдік бұйымдарды соғуды, бай ауыз әдебиетін мұра етіп қалдырған. Осының бір айғағы - Есік және Аралтөбе қорымдарынан табылған «Алтын киімді адам» ескерткіштері, Шығыс Қазақстандағы Берел қорымынан табылған олжалар, ежелгі Түрік жазба әдебиетінің орхон ескерткіштері. ## Орхон ескерткіштері Орхон ескерткіштері - бұл түрік қағанатының Орхон, Селенга, Тоғыл дарияларының бойында қалдырған жазу үлгілерінің тарихи-мәдени мұралары болып табылады. Байырғы түріктер бұдан 1200-1500 жыл бұрын түріктік дүниетанымының алтын бағанасы - Бөгү (Тәңірлік) дінін ұстанып, елдік құрып, төр (үкімет) орнатып, тілі мен дінінің, тарихы мен әдебиетінің алтын сандығы - байырғы түрік әліпбиін (БТА) жетілдіріп, далалық өмір мен қалалық салтты ұштастыра қалалар тұрғызып, сәулет өнерін шыңдап, өткен аруақтарына арнап мүсін қашап, ұрпағына мол тарихи-мәдени мұралар қалдырды.Байырғы түрік жазба ескерткіштері ұзақ ғасырлар бізге беймәлім болып келген. Бүгінгі күні бұл ғылымда жаңаша сипат алып біздің тарихымыздың мұраларының тереңде жатқанын байырғы түрік ескерткіштері, моңғол елінің аймағында табылған. Орталық Азия аймағында орналасқан байырғы түріктердің тарихи-мәдени мұралары ежелгі дәуірден түрік тектес тайпалар мен әр замандағы түрік қағанаттарының автохтонды (тұрғылықты) мекені болған Қазақстан, Моңғолия, Шығыс Түркістан, Қытай, Сібір (Алтай, Хакас, Тува), Қырғыз жерінде мол сақталған. Оларды зерттеу XVII ғасырдың 20 жылдарынан басталды.Біздің өткен тарихымызға, Орхон ескерткіштеріне ұшан-теңіз еңбек сіңірген ғалымдар Н. М. Ядринцев, В. В. Радлов, A. О. Гейкель және т.б. ## Қорқыт ата ескерткіші Қорқыт ата (VIII-IX ғ-да Сыр бойында өмір сүрген) - ақын, асқан күйші, аңыз кейіпкері. Қорқыт өз өмірінде үш хан тұсында (Инал, Көл-Еркен, Қаңлықожа) уәзірлік қызмет атқарған.Қорқыт әлеуметтік заң негізін жасап, ата-баба мекенін ұйық деп білу, оны сыртқы жау шабуылынан қорғау, жер- суды белгілі бір тәртіппен пайдалану, т.б. салаларға бөліп қарап, халық арасында туындаған кикілжіңдерді әділ шешіп отырған. Сырдария жағасында 1950 жылға дейін жергілікті халық қобыз атасы Қорқытқа теліген мазар тұрғызған. Қорқыт мазарын 19 ғасырда Ә. А. Диваев пен И. А. Кастенье зерттеді. 19 ғасырдың аяғында Қорқыттың сүйегі басқа жерге көшірілген. Сырдария арнасының ауытқуынан Қорқыт мазарының қалдығы 1960 жылы шайылып кетті.1980 жылы Қызылорда облысындағы Жосалы ауылынан 18 км жердегі байырғы Қорқыт ата мазары орнынан Қорқыт ата ескерткіші қайта тұрғызылды. ## Алаша хан күмбезі Алаша хан күмбезі - Х-ХІ ғасырлардағы архитектуралық ескерткіш. Қаракеңгір өзенінің оң жағалауында орналасқан. Пішіні төртбұрышты, биіктігі 10 м. Кірпіштер қолдан тоқылған кілем (алаша) өрнегімен қаланған. Алаша хан ел аузындағы аңыз бойынша қазақтардың басшысы, ақылды, батыр, байтақ далада тұңғыш рет ірі мемлекет құрған хан болған. ## Қожа Ахмет Ясауи кесенесі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі - көне архитектуралық ескерткіш. Әуелі Қарахан дәуірінде (XIIғ.) тұрғызылып, оның қираған іргесіне XIV ғасырдың аяқ шені мен XV ғасырдың басында Әмір Темірдің бұйрығымен салынған. Бұл кесене Түркістанда түркі халықтарының тәу ететін орталығы болған. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі - БҰҰ-ның дүниежүзілік ескерткіштері қатарына енгізілді. Бұл кесене - халық өнерінің лағыл маржанын біздің заманымызға дейін жеткізген ғажайып асыл туындылардың бірі. Сонымен бірге Жібек жолы бойында орналасқан Түркістан жеріндегі ірі қалалардың атқарған рөлі, көршілес елдермен байланыс жасауға қолайлылығы мен орналасу ерекшелігіне қысқаша мағлұматтар беріледі. ## Сарайшық Атырау қаласынан 55 шақырым жерде, Жайықтың оң жақ жағасында бір кездегі атақты Сарайджук (Сарайшық) қаласының қираған орны жатыр. Қаланың іргесі XI ғасырда қаланған, гүлденген дәуірі XIII-XIV ғасырлар аралығы. Қала Еуропа мен Азияны жалғастыратын керуен жолы бойында орналаскан. Мұнда салтанатты сарайлар, керуен-сарайлар, моншалар, мешіт-медреселер салынған. Қала Алтын Орда хандары жерленген қасиетті орынға айналған. ## Тараз Қазіргі Тараз қаласының орнындағы ежелгі қала. Бұл жайындағы алғашқы дерек грек елшісі Земархтың хабарламасында айтылады, ал 630 ж. Сюань Цзанның жазбасында ірі сауда қаласы ретінде сипатталады. Тараз VII- VIII ғасырда Ұлы Жібек жолында орналасқан сауда және қолөнер орталығына айналған. Мұнда оңтүстіктің күміс кендері мен терістіктегі қимақтарға баратын керуен жолдары тоғысатын.X ғасырдағы араб географы әл-Макдиси былай деп жазды: «Тараз - бақтары көп, халқы тығыз қоныстанған, қамал сыртынан терең орлар қазылған, төрт қақпасы және төңірегінде елді мекені бар ірі бекіністі қала».Тараз қазіргі Тараз қаласының орнында орналасқанын алғаш В. В. Бартольд дәлелдеген. Кейін археологтар М. Е. Массон, A. Н. Бернштам, Е. И. Агеева, Г. И. Пацевич, Т. Н. Сениговалар қаланың көлемін, құрылысын, мәдени қабаттарының калыңдығын анықтады. Соның нәтижесінде Тараздағы өмір б.з. I ғасырда пайда болып, XVI ғасырға дейін өмір сүрген деген қорытынды жасалды. ## Отырар Қазақстанның ортағасырлық ірі қалаларының бірі. Сырдарияның Арыс өзеніне құяр сағасына таяу орналасқан. Отырар қаласының аты VIII ғасырдан бастап аталғанмен, оның бастапқы тарихы б.з.б. II ғасырда Сырдарияның орта ағысында пайда болған Қаңлы (Кангюй) мемлекетінің тарихымен тығыз байланысты. IX ғасырдың ортасынан бастап Отырар (Фараб деп те аталған) Самани әулеті мемлекетінің ықпалында болды. Осы кезеңнен бастап бұл өлкеде сауда- саттық жасау, ғалымдардың «білім қууды көздеген» саяхаттары адамдардың ой-өрісін кеңейтті, өнердің, ғылым мен колөнер кәсіпшілігінің таралуына ықпалын тигізді. Энциклопедист-ғалым әл-Фарабидің осы қаладан шығуы кездейсоқ емес.Отырардың алып жатқан ауданы 200 гектарға жетіп, нағыз Шығыс қаласына айналды. Орта Азия мен Қазақстан қалаларының мәдениеті мен экономикасының дамуын моңғол шапқыншылығы тежеді. 1219 жылы күзде монғолдар қаланы қоршап, 6 айдан кейін басып кіріп, халқын қырғынға ұшыратты. Қазіргі кезде қала орны ғана сақталған. ## Құлан Орта ғасырдағы (VII-XII ғ.) шағын қаланың орны. Жамбыл облысындағы Тұрар Рысқұлов ауданының орталығы Құлан ауылы. Қала туралы алғашқы тарихи деректер VII ғасырдан бастап белгілі. Саяхатшылар Ибн Хордадбек, Құдам жолжазбаларында Құлан Тараз қаласының шығысына таман, Ұлы Жібек жолындағы қала деп көрсетіледі. Әл-Макдиси Құланды 10 ғасырда былай сипаттады: «Күмбезді мешіті бар, мықты қоршалған қамал. Бұл үлкен Тараз жолының бойында орналасқан бекіністі қала». 1963—65 ж. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының (ҰҒА) археологиялық экспедициясы (Қ. А. Ақышев) зерттеп, қазіргі Тұрар Рысқұлов ауданындағы Құлан ауылы маңындағы төбе-төбе үйінділерді ежелгі Құлан қаласының орны деген қорытындыға келді. ## Қойлық Қойлық Іле алабындағы аса ірі ежелгі қаланың орны (ІХ-ХІІІ ғ.). Қойлық Қарлұқ қағаны - Арыслан ханның ордасы болған. Бұл қала туралы моңғол қағаны Мөңкеге жіберілген француз елшісі Вильгельм де Рубрук 1253 жылы жолжазбаларында: «Біз сол жерден бұрын базары болған және оған көптеген көпестер қатынап тұрған Қойлық деген үлкен қала таптық» - деп жазады. Қаланың тұрған орны туралы түрліше жорамалдар бар. Қазақстан Республикасы ҰFA археологтары жүргізген соңғы жылдардағы археологиялық зерттеулер қаланың орны қазіргі Алматы облысы Сарқант ауданы Қойлық ауылы маңындағы қираған құрылыстар екенін анықтады. ## Саудакент Орта ғасырлардағы ірі қалалардың бірі. Қаратаудың солтүстік беткейінде қазіргі Байқадам кентінің маңында орналасқан. Ежелгі деректерде ол Сугулхан (X ғ.), кейінірек Сулхан (XIII ғ.) деген атпен белгілі. Саудакент VII-XII ғасырларда Қаратаудың солтүстік бөктері арқылы өтетін керуен жолы бойындағы ірі сауда мен қолөнердің орталығына айналған. Қаз.КСР Ғылым академиясының Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы қазба жұмыстары кезінде 11 мұнаралы дуалмен қоршалған ескі қаланың орнын аршып алған. Қала орнынан табылған құмыралар, қыштан жасалған түрлі ыдыс-аяқтар оның VI-XV ғасырларда өмір сүргенін дәлелдейді. ## Мәдениеттердің өзара қарым қатынасы Көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара байланысы шаруашылық, мәдени және саяси байланыс Көшпелілер мен отырықшылар арасындағы байланыс мәселесі тарих ғылымында әр түрлі пікірлер туғызып отыр. Біраз зерттеушілер көшпелілер мен отырықшылар қарым-қатынасын олардың арасындағы қырғи қабақ қақтығыстар, соғыстар, жаулап алу әрекеттерімен байланыстырады. Бұл ретте көшпелілер белсенді рөл атқарды деп есептейді. Енді бір топ зерттеушілер бұл қарым-қатынастағы көшпелілердің орнын төмендетіп көрсетуге тарысады. «Көшпелілер отырықшылардың мәдени жетістіктерін қиратушылар, не болмаса өздеріне қабылдап алушылар болды» деген пікірлер де жиі кездеседі. Көшпелі және отырықшы жұрттардың арасындағы қатынас әр заманда, әр түрлі аймақта әрқалай болды. Олардың карым-қатынасында қақтығыс, соғыстармен қатар бейбіт сабақтастық, шаруашылық, сауда, мәдени өзара әсерлер аз болған жоқ. Мал өнімдеріне мамандандырылған көшпелі экономика егіншілік өнімдерін, қолөнер бұйымдарын отырықшылардан алса, отырықшылар мал өнімдерін, кейбір қолөнер заттарын, қолөнерге қажетті шикізаттарды көшпелілерден алып отырды. Мұндай сауда, айырбас қатынастары, әсіресе отырықшы халықтар мен көшпелі елдер көршілес орналасқан шекаралық, аймақтарда пәрменді түрде іске асып отырды. Отырықшы елдерге жылқы малы, оны мініске, жегуге үйрету көшпелі малшы тайпалардан келді. Атты әскер дәстүрі, садақтың түрлері, қылыш, ат әбзелдері де көшпелілерден келген. Мысалы, VI ғасырда түркі тайпалары пайдаланған темір үзеңгілі ер тоқым келесі ғасырларда бүкіл Еуропаға таралды. Отырықшы елдер көшпелілердің қару-жарағына, киіміне еліктеді. Мысалы, VII—VIII ғасырлардағы түркілердің кісе белдіктері Қытайдан Иракқа дейінгі аралықта пайдаланылған. Таң әулеті кезіндегі Қытайда көшпелілердің киімі кең таралды, Еуропада орыс, поляк, венгр ақсүйектері киім киісінде, шаш қоюында көшпелілер үлгісіне еліктеді. Көшпелілерде б.з.д. 1-мыңжылдықта пайда болған өнердегі «аң стилі» Қытайдан Дунайға дейінгі аралықтағы отырықшы елдерге де кең таралды. Көшпелілердің өзіндік саяси мәдениеті болды. Олар ел басқарушыларын ерекше қасиетті адам, Тәңірдің жердегі өкілі деп түсінді, ерекше басқару жүйесі, империялық қызмет шендері, рәміздері, ел басқарудағы ерекше мұрагерлік дәстүрі болды. Осы мемлекеттік басқару тәртібін көшпелілер кейбір жаулап алған отырықшы елдердің саяси жүйесіне орнықтырып та отырды. Көшпелілер отырықшы халықтардың бір-бірімен мәдениет алмасуына, олардың бірінен екіншісіне мәдени үдерістердің ауысуына себепші болды. Көшпелілер миграциясы, олардың бір отырықшы елдерден кейін келесі бір отырықшы халықтарды жаулап алуы арқылы мәдени диффузия іске асып отырды. Ерте орта ғасырлар заманында көшпелілер отырықшылармен тек қана соғысып қойған жоқ, сонымен қатар өзара тығыз бейбіт байланыста болды. Көшпелілер отырықшы елдер шеберлеріне өздеріне қажетті құрал-сайман, жабдықтарға тапсырыс жасаумен қатар оларды қажетті шикізатпен қамтамасыз етіп отырды. Сонымен бірге көшпелілер отырықшылардан түрлі қолөнер түрін үйренді.Қала-дала байланыстары. IX—XII ғасырларда қалыптасқан қала мәдениеті жағдайында қолөнер мен сауда дамыған кезде отырықшы өркениет көшпелілердің экономикалық қарым-қатынастарының қажетті құрамды бөлігіне айналды. Бұл кездегі көшпелілер мен отырықшылардың қарым-қатынасы қалаларды жаулап алудан бастап, қарапайым айырбасқа дейін түрлі сипатта болды. Бұл кездегі қала мәдениетінің өсуі, мүлік теңсіздігінің күшеюі көшпелілерді қызықтыра түсті. Қалалар көшпелілердің сауда-саттық жасайтын орталықтарына айналды. Қарлұқтардың, тоғыз-оғыздардың жартылай отырықшылыққа айналуы жөнінде ортағасырлық авторлар жазған. Көшпелілердің Азия мен Еуропада қағанаттар түріндегі ерте мемлекеттіліктерінің пайда болуы 1-мыңжылдықтың екінші жартысындағы аймақтық әлеуметтік-саяси, экономикалық ерекшеліктерін анықтаушы фактор болды. Қыпшақтардың оңтүстік Ресей даласында пайда болуы Киев Русін өзінің оңтүстік-шығыс шекараларын қорғауды ұйымдастыруға, бекіністер салуға мәжбүр етті. Көшпелілер мен отырықшылардың шекаралық аймағының материалдық мәдениеті аралас болды. Аралдың шығыс маңы, Сырдың төменгі ағысы, Шу, Талас өңірі, Жетісу көшпелілер мен отырықшылардың ежелден және ұзақ уақыт тоғысқан аймағы болды. VII ғасырларда салынған Жетісу қалаларының көбі түрік қағандарының ордасы ретінде пайда болып қалыптасты. Жетісуда отырықшы мәдениет VI—XIII ғасырлар бойында көбейіп, қанат жая бастады. Түркеш, Қарлұқ, Қарахандар қағанаттарының халқы көшпелілер мен отырықшылардан тұрды. Қарлұқ, әсіресе Қарахандар дәуірінде көпшілік көшпелілер отырықшылыққа өтті. Осы кезеңде көп пайда болған қоныстар мен қалалардың ерекше түрі — төрткүлдер. Осы I кезеңдегі қала жұртының материалдық мәдениетінде қалалық жөне көшпелілік сипат араласты. Мысалы, ауланың ішінде киіз үй тігіп отыру салты, ауладағы кең мал қоралар, т. б. Жетісуда ортағасырлық қалалардың қирауының, қала мәдениетінің құлдырауының басты себебі — әскери саясат тәртібіне байланысты болды. Алдымен хорезмшахтың қидандарымен, одан соң наймандармен соғысы. Содан соң Жетісуды монғолдардың жаулап алуы. Соғыстардан, шапқыншылықтардан, ең алдымен, қалалар мен қоныстар қатты зардап шекті. Өндіріс, мәдениет ошақтары қиратылды, қала халқы жаппай Сырдария мен Ферғанаға қоныс аударды. Қалалардың қирауына ішкі, отырықшы иеліктердің өзара қақтығыстары да себеп болды. Іле даласында қала мәдениеті XIII ғасырда, Шу аңғарында — XIV ғасырда, Талас өңірінде XV ғасырда құлдырап, тоқырай бастады. Жетісуда кала мәдениетінің мүлде кұруы Ақсақ Темірдің Моғолстанмен соғыстарының салдарынан болды. Қазақстан аумағында исламды таратушылар арабтар емес, Орталық Азияның қалалық мәдениет орталықтарынан шыққан саманидтер болды. Араб мәдениетімен бірге араб жазуы, араб сәулет өнері, қыштан жасалған бұйымдары, эпиграфикасы келді. Мұсылмандық түркі қоғамының интеллектуалдық өміріне біршама өзгеріс әкелді. Арабтық, мұсылмандық мәдениетті меңгерген ғалымдар тобы қалыптасты: әл-Фараби (X ғ.), Жүсіп Баласағұни (XI ғ.), Махмуд Қашқари (XI ғ.), әл-Хорезми (XIV ғ.), т.б. Қазақстанда мұсылман дінін таратушы топтар пайда болды. Олар: хатибтар, мутаввалдар, молдалар, имамдар, т.б. Орта ғасырларда Месопотамия жерінен шыққан манихей діні қазақ жеріне Мәуереннахр отырықшылары арқылы келді. VIII ғасырда Батыс Түрік қағандары шығыстан келген манихей дініне қолдау жасады. Манихей дінінің Қазақстандағы орталығы Тараз қаласы болды. Осы қалада жазылған манихейліктердің «Екі негіз жөніндегі қасиетті кітабы» (VIII ғ.) «он оқ бұдұн елін» (түркілерді) дінге қарату мақсатын көздеген еді. Манихей дінінің негізгі қағидасы бойынша, өмір жағымды, таза күштер мен зиянды, кара ниетті күштердің күресінен тұрады. Олар ілгерілеушілікке, дамуға қарсы болды, отбасын, өмірдің қызығын тәрк етті. Мал етін жеуге қарсы болды, тек өсімдік тағамдарын пайдалануды уағыздады. Б.З. V ғасырында Қазақстан жеріне несториандық сарындағы христиан діні ене бастады. Несториандар қасиетті Мария Құдайды емес, адам бейнесіндегі Христосты туды деп мәлімдеді. Сол үшін қуғындалған Нестордың ізін қуушылар өз дінін шығыс елдеріне таратуға бет алды. Осы дінді әрі қарай таратушы Сириядан шыққан несториан-христиандар біртіндеп оны Бактрия, Парфия, Мәуереннахрға, Қазақ жеріне, одан Қытай мен Моңғолияға таратты. Несториандың христиандардың V—VIII ғасырларға жататын шіркеулері, ескерткіштері Тараздан, Меркеден, т.б. оңтүстік және Жетісудың ортағасырлық қалаларынан табылды. Орта ғасырларда бұл өңір халқы көне шамандық-тәңірлік дінмен қатар әр жерде буддизм, манихейлік, христиандық діндерді ұстанды. Бұл өңірде IX—X ғасырлардан бастап мұсылман діні кең таралып, негізгі дінге айнала бастады. Орта ғасырларда оңтүстік өңірде осындай діни синкретизмнің (күрделі араластықтың) пайда болуы да көшпелілер мен отырықшылардың мәдени қарым-қатынасының нәтижесі еді. Сонымен, көшпелілер мен отырықшы халықтардың арасында тығыз байланыс болған. Бұл байланыс бірде жаугершілік, бірде арагүдік қақтығыстар, алым-салық түрінде болса, ал көпшілік жағдайда бейбіт қарым-катынас, сауда, айырбас түрінде іске асты. Көшпелі мәдениет пен отырықшы өркениеттердің жиі, тығыз араласуына Ұлы Жібек сауда жолындағы қалалар үлкен өсер етті. Көшпелі және отырықшы шаруашылық-мәдени тұрпаттың өзара әсері, әсіресе олардың шекаралық аймақтарында күшті жүрді. Көшпелілер мен отырықшылар шаруашылық-экономикалық, мәдени байланыстары арқылы бір-бірінің мәдениетін байытты. ## Ұлы жібек жолының жолдары мен бағыттары Егер Жібек жолымен батыстан шығысқа қарай жүрсек, оның Қазақстандағы учаскесі Шаштан (Ташкент) шығып, Тұрбат асуы арқылы Исфиджабқа, Сайрам (Сарьямға) келеді. Ежелгі қаланың осы күнге дейін сақталған. Шымкент түбіндегі бір қыстақ тап осылай аталады, оның дәл кіндік тұсында Жібек жолындағы бір кездегі ең ірі орталықтардың бірі болған орта ғасырлық қала жұртының қалдығы сақталған. Исфиджабтан құлдарды, бөз маталарды, қару-жарақты, семсерлерді, мыс пен темірді әкетіп жатқан. Испиджабтан шыққан керуендер шығысқа қарай бет алып, Шараб және Будухкент қалалары арқылы Таразға барады екен. Қазақстанның аса ірі қалаларының бірі Тараз VI ғ. бұрын белгілі болған. 568 ж. түрік қағаны Дизабұл Византия императоры ІІ Юстинианның стратгі Земарх бастап келген елшілігін тап осы қалада қабылдаған. Бастаухаттар оны көпестер қаласы деп атаған.Осымен қатар ол түргештердің, содан кейін қарлықтар мен қарахандардың тарихи орталығы болған. Таразбен қатар Жамухат деген шаһар тұрған, ол да VI ғ. хатқа енген. Жамухаттың жәдігерліктері Талас алқабында, Жамбылға таяу жерде, Талас өзенінің бойындағы Михайловка селосына қарама-қарсы бетте жатыр, оның үйінділерін қазір Қостөбе деп атайды. Алқаптың жазық жағында Атлах қаласы бар, 751 ж. оның бінде осы араны ықпалында ұстау үшін арабтар қытай әскерімен шайқасқан болатын. Тараздан таяқ тастам жерде, Талас бойымен теріскейге қарай кететін сауда жолы үстінде Адақкет пен Нуджикес қаласы тұратын. Талас алқабының таулы бөлегінде сол сияқты Шелжі, Сұс, Күл және Текабкет деген қалалар болған. Бұлар күміс кендеріне жуық жерден қоныс тепкенді. Керуендер Талас алқабына Ферғана аймағынан Шатқал қыратындағы Шанаш асуы және Талас Алатауындағы Қарабура арқылы да өтіп келетін. Жолдың осы бөлігі Жібек жолының және Жетісулық бағыттарын біріктіретін. Тараздан шыққан жол шығысқа, Құлан қаласына қарай асатын Тараз бен Құлан аралығындағы территория қарлұқтарга жататын. Құланға бара жатқанда жол Касрибас, Күлшөп, Жолшөп сияқты қалалардан өтетін. Құланнан әрірек шығыста бір-бірінен фарсақтай жерде Меркі мен Аспара қалалары барды. Сосын сауда керуендері Нұзкент, Харраджуан, Жол қалаларына соғып өтіп жолдан кейін ол Сарығ, «түрік қағанының қыстағына» Қырмырауға баратын. Қырмыраудан жол салдырып отырып, Жетісудың ең ірі қаланың бірі — Науакентке (Қытайша Синчен) апаратын. Бұл екі атау да Жаңа қала деп аударылады. Науакент түрік қағандарының сарайы және соғдылардың қаласы болған. Жол Науакенттен шыққасын Пенджикент (Бунджикет) арқылы Жетісудың аса үлкен қаласы, Батыс Түріктерінің астанасы (кей түргештер, қарлықтар астанасы) Суябқа келеді. Бұл қала туралы қытай, араб саяхатшылары X ғ. дейін жазып келген. Соңынан астана рөлі Баласағұнға көшеді, тегі оның ертеректегі аты Беклиг немесе Семекна болса керек. Баласағұн қарахандардың, сосын қарақытайлардың астанасы ретінде белгілі, оны кейін XIII ғ. бас кезінде қарақытайлар қиратады. Қала содан қайта салынады, бірақ XIV ғ. тағы да ойрандалып, үйінділері ғана қалады. Бұл қалалардың тұрған жері кәзіргі Тоқмақ қаласына жақын жерде және орта ғасырдың көпке белгілі екі ескерткішіне — Ақбешім мен Боран қала жұртына сәйкес келеді. Суяб қаласынан керуен жолдың не солтүстік, не оңтүстік тармақтарымен жүріп, Ыссық көлдің жағалауына шығады. Оңтүстік жақпен жүрген керуендер Жоғарғы Барысхан деген үлкен қаланы басып өтеді, ал жолдың солтүстік тармағында шағын керуен сарайлар орны кездеседі, олардың аттары бізге дейін жетпеген. Сосын осынау екі айрық жол Бедел асуында бір-бірімен қосылады да, не осы асу арқылы, не Ташрабат арқылы Жібек жолы Қашғар мен Ақсудан барып шығады. Ал керуен жолы Ыссық көл қазан шұңқырынан Санташ асуы арқылы Қарқара жайлауына барып, төмендеп Іле алқабына түседі де, өзеннің оң жағалауын бойлап отырып, Үсек пен Хоргос алқаптарынан өтіп, Алмалық қаласына барады, ал сосын Такла-Макан шөлінің солтүстік жиегін айналып, Хами мен Тұрфан көгал аймақтарын басып, Дунхуан мен Қытайға жететін болған. X—XII ғғ. Жібек жолының бір тармағы күллі Іле алқабын оңтүстік-батыс жағынан көктей өтіп, солтүстік шығысқа қарай кетеді екен. Бұл тармақ Науакенттен басталып, Бунджикен және Қастек асуы арқылы жүріп, Іле Алатауының теріскей жоталарына әкелген. Әлгі асуға тағы бір жол Баласағұннан келетін болған. Бұл арадағы танымал белгі қасиетті Ұрын-Арж тауы екен. Жол Іле Алатауының баурайындағы, кәзіргі Қастек, Қаскелең мен Алматы орындарындағы шағын қалашықтар арқылы Талғар қаласының теріскей шетіне орналасқан Тәлхиз (Тәлхира) қаласына жеткен. Осы арада Талғар өзенінің оң жағалауындағы тау баурайында орта ғасырдың аса ірі қала жұртының ойран болған орны жатыр. Тәлхиз транзитті сауданың үлкен орталығы болған. Іле алқабына басқа жолмен де келе береді екен: Құлан мен Аспа-радан немесе Нұзкенттен шығып, Шудың орта және төменгі ағысындағы қалаларға барған. Сосын Тасөткел қайраңынан өтіп, жол Щу — Іле тауларының теріскей жоталарын жағалап келіп, Іле Алатауының теріскей бетіндегі қалаларды қуалай жүрген. Тәлхизден Жібек жолы екіге айрылады: оңтүстік желісі Есік пен Түрген, Шелек үстімен жүріп, Іленің Борохудзир маңындағы өткелінен өтіп, оның оң жағалауын қуалап, Хорғос арқылы Алмалыққа жетеді де, осындағы Ыссық көл жақтан келген жол тармағымен қосылады. Жолдың осы бөлігінен археологтар Есік, Түрген, Лауар сияқты кішкене қалалардың, үлкен қала Шелектік төбешіктеніп қалған орындарын тапты, Іленің оң жағымен жол қазіргі заман қыстағы Көктал мен Жаркент арқылы өтеді. Көктал маңында Ілебалық қаласының орны бар. Тәлхизден басталатын теріскей жолы Талғар өзенін қуалай жүріп, Іленің Қапшағай шатқалы маңындағы өткеліне дейін жеткен. Одан әрі жол Шеңгелді үстімен Алтын Емел белесінен асып, Көксу алқабына түседі де, Екіоғыз қаласына жетеді. Ол кәзіргі Дунғановка селосының орнында болған. Вильгельм Рубрук бұл қаланы Эквиус деп атаған. Іле алқабының ең үлкен қала жұртының бірі тап осы жерден табылған. Онда 1253 ж. болған В. Рубрук осынау қалада «сарациндер» (иран көпестері) тұрушы еді— деп жазады. Жол Екіоғыздан шығып, қарлықтар жабғысының астанасы Қаялыққа (Қойлақ) барады екен. Бұл шаһардың хан базарларымен аты шыққан. Онда мұсылмандармен бірге, өздерінің шіркеуі бар христиандар да тұрған. Ол жөнінде моңғол ханы Мөңкеге бара жатып, осы қалаға соғып кеткен, Людовик IX— елшісі, монах-сопы В. Рубрук хабарлайды. Қаялық — қарлықтар орталығы болған, IX г. —XIII ғ. бас кезінде Іле алқабының солтүстік-шығыс бөлегі қарлықтар қоластына қараған. Қаялық Қаратал өзені алқабында көзіргі Антонов селосының шет жағында тұрған. Рубруктың жазбаларына қарағанда, Каялыққа жақын-жуық жерде христиандар селосы болған, Жібек жолы сол арқылы өткен. Содан әрі қарай жол Тентек алқабымен жүріл, Алакөлді айналып өтіп, Жоңғар қақпасын басып Шихо алқабына жетеді, сосын Бесбалықты басып, Дунхуанға барады да, Ішкі Қытай жаққа шығандап кетеді екен. Алакөлдің оңтүстік-батыс шетінде бір қала болған, оны XIII ғ. саяхатшылары «Облыстың астанасы» деп атаған. Испиджаб қаласынан шығатын керуен жолы Арыс бойындағы Арсубаникетке, содан Отрар-Фарабқа иек артып, Сырдария бойымен жүріп, Арал өңіріне барған. Сырдария бойын қуалай жүретін керуен жолы үстіндегі қалалардың ірісі Отырар-Фараб пен Шавғар екен. Бірінші қаланың аты Арыстың Сырдарияға барып құятын жеріне жақын орналасқан, аса үлкен қала жұртының атында сақталып, осы күнге дейін жеткен. Отырар тоғыз жолдың торабында тұрған. Одан шыққан жолдың бір тармағы Шавгарға, екінші тармағы Сырдария өткелінен өтіп, Васиджа қаласына баратын болған. Одан Сырдариямен жоғары өрлеп, оғыздар қаласы Сүткентті басып, Шашқа, ал төмен қарай — Жентке кеткен. Ал Женттен Қызылқұм арқылы Хорезм мен Ургенішке қаражол тартылып, одан әрі Еділ бойы мен Кавказға асып кететін болған. Жібек жолының осы бөлігі XIII ғ. өзгеше жанданып кетеді және Жент, Сарайшық, Сарай-Бату, Каффу сияқты шулы-дулы шаһарлар үстімен жүретін болады. Шавғар VIII ғ. деректерінен белгілі, оған, әсілі, Түркістан төңірегінде орналасқан Шүйтөбе қала жұрты сәйкес келетін секілді. Казіргі Түркістан тұрған жерде, Шавгармен қатар X—XIII ғғ. Яссы шаһары ірге тебеді, атақты ақын, сопы Ахмет Яссауи сол шаһарда тұрып, уағыз-насихатын жүргізеді. Шавгардан шыға жол оғыздар астанасы — Янгикентке қарай тартатын. Осы арадан Қызылқұмды басып, тағы бір жол Хорезмге баратын. Әуелі, Шавгардан, кейінірек Яссыдан басталған жол Тұрлан асуы арқылы Қаратаудың солтүстік жоталарына шығып, Сырдарияны қуалап кететін жолмен жарыса (паралелль) жүретін. Ол жолда Созақ, Ұрысоған, Құмкент, Сүгүлкент қалалары бар еді. Бұл жол не Таластың төменгі жағынан шығып, содан жоғары өрлеп, Таразға баратын, не Билікөлдің батыс жағасымен жүріп, Берукет-Паркет, Хутукчин қалалары арқылы бұл да Таразға жететін. Жібек жолының Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу арқылы өтетін негізгі арқауынан жол тарамдалып, терістік пен шығысқа қарай, Орталық және Шығыс Қазақстан аудандарына, кейін Сарыарқа атымен мәлім болған Дешті-Қыпшаққа, Ертіс жағалауы мен Алтайға, Моңғолияға асып кетеді екен. Осы арамен атты көшпелілер тайпалары жүретін дала жолы өткен. Сөйтіп малға, жүн мен теріге, металға бай Орталық Қазақстан аймағы сауда-саттық байланыс жүйесіне, оның ішінде халықаралық жүйеге тартылып, көптеген керуен сүрлеулері арқылы Жібек жолы торабымен тоғысады. Жолдың Отырардан таралған бір желісі Арсубаникеттен өтіп, Арыстанды, Шаян алқаптарына, сосын Қаратаулық жатаған белесінен асып; ал Шавгар мен Яссыдан шыққан желісі Тұрлан асуынан асып, Сауран мен Сығанақ тармағы, Янгикент тармағы — бәр-бәрі тұс-тұстан Орталық Қазақстан жазығына шығып, Сарысу мен Кеңгір, Торғай мен Есіл бойларына баратын болған. Сол аймақтан орта ғасырдың: Болған-ата, Жаманқорған, Нөгербек-Дарасы, Домбауыл, Ормамбет сияқты қала жұрттарының қалдықтары табылған. Әсілі, орта ғасыр бастаухаттарында айтылатын. Жұбын, Конгликет, Ортау мен Кентау сияқты жайлауларды, Гарбиан мен Бақырлытау сияқты кен орындарын осы маңайдан іздеген жөн. Тараздан шыққан тағы бір сауда жолы Адахкес пен Дех-Нуджикес қалалары арқылы Ертіс жағасына, Қимақтар қағанының сарайына барып, одан әрі асып, Енисейдегі қырғыздар еліне тартатын болған. Іле алқабы Орталық Қазақстанмен Шу — Іле тауының теріскей жоталарымен жүріп Шуға шығады да, сосын оның бойын қуалап барып, Сарысу өзені жағалауына шыққан. Жолдың өзге бір желісі Теріскей-Іледегі Шеңгелді маңынан шығып, Көктал мен Бояулы керуен сарайлары арқылы Балқаш өңіріне, сосын Іледен тарайтын Ортасуды жиектеп, сол арадағы Ақтам қала жұртының орнын басып, көлдің түскейінен 8 шақырым бұғаз арқылы теріскейіне шығады. Керуендер бұғазды кешіп өтіп, Тоқырауын өзенінің құярлығына жуық жерден шығады екен дағы, оның бойын қуалап, әрі Ұлытау жоталарына қарай кетеді. Теріскей-Іле жолының бір желісі Алакөлді батыс жағынан айналып өтіп Тарбағатай арқылы Ертіске, қимақтар мемлекетінің жеріне жеткен. Тарбағатайда, Ертіс жағалауында Қимақтың Банджар, Ханауыш, Астұр, Сисан секілді қалалары және айналасы бекіністі қамалмен қоршалған, қақпалары темірмен құрсалған орасан зор қала — «қағандар астанасы» орналасқан еді. Қимақтың қалалары сауда жолдары арқылы Енисейдегі қырғыз, Моңғолиядағы ұйғыр қалаларымен, Шығыс Түркістанның көгалды аймақтарымен байланысып отырған. ## Ұлы жібек жолы Қазақстан жерінде. Қала мен дала Жүздесу мен тілдесу және алыс-беріс байланыстары б. з. дейінгі III—ІІ-мыңжылдықтарда басталған. Бадахшан тауынан лазурит және Хотан маңындағы Яркендария өзенінің жоғарғы жағынан нефрит кен орындары табылып, оларды өндіре бастауға сәйкес бұл байланыстар реттеліп, жөнге келтіріледі.Б. з. дейінгі І-мыңжылдықтың орта кезінде Қара теңіз өңірінен Дон бойына, содан Онтүстік Орал өңіріндегі савроматтарға, Ертіске, одан әрі созылып Алтайға, жоғарғы Ертіс пен Зайсан көлі алқабын мекендеген агрипейлер еліне кететін Дала жалы жұмыс істей бастаған еді. Осынау жолмен жібек, ұлпандар мен терілер, иран кілемері, асыл металдардан жасалған бұйымдар сауда арқылы таратылып жататын. Қымбат бағалы жібек түрлерін таратуға сақтар мен скифтердің көшпелі тайпалары да қатысқан, осылардың дәнекерлік демеуі арқасында сол кез үшін таңсық болған бұл тауар Орта Азия мен Орта теңіз аймағына дейін жеткен.Б. з. дейінгі II ғ. орта шенінде Жібек жолы елшіліктік және сауда-саттықтың тұрақты желісі ретінде қызмет атқара бастайды.Б. з. II—V ғғ. егер Шығыстан жүре бастасақ, Жібек жолы Қытайдың ежелгі астанасы Чаньаннан шығып, Ланчжоу маңындағы Хуанхэ өткеліне баратын да, одан әрі Нань-Шаннің солтүстік сілемдерімен жүріп отырып, Ұлы Қытай қамалының батыс шетінен, Яшма қақпасының шебінен барып шығады. Осы арадан сара жол екіге айырылып, Такла-Макан шөлін солтүстік жағынан айналып өтетін. Терістік жолы Хами, Тұрфан, Шихо көгал аймақтары арқылы Іле алқабына жететін орталығы жжол Чаоннан Қарашарға, Ақсуға, сосын Бедел асуы арқылы Ыссық көлдің оңтүстік жағалауына шығып, Дунхуан, Хотан, Яркенд, Бактрияларды басып өтіп, Үндістан Үндістан мен Орта теңіз аймағына қарай шырқап кететін; бұл Оңтүстік жолы деп аталатын. Ал, Солтүстік жолы Қашғардан Ферғанаға, одан әрі Самарқанд, Бұқар, Мерв арқылы Хамаданға, Сирияға баратын. XI—ХІІ ғғ. Қытайдан шығып, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы Батысқа қарай өтетін жол бәрінен де жанданып кетеді. Жолдың бұлай ауытқуын бірнеше себептермен түсіндіруге болады. Біріншіден, Жетісуда Орта Азиямен жүретін сауда жолдарын бақылайтын Түрік қағандарының ордалары болатын. Екіншіден, Ферғана арқылы жүретін жол VII ғ. ішкі қырқыс салдарынан қауыпты болып қалған еді, үшіншіден, аса бай түрік қағандары мен олардың айналасындағы кісілер, теңіздің арғы бетінен келген тауарларды аса көп тұтынатындар қатарынан саналатын.VII—XIV ғғ. елшілік және сауда керуендерінің дені Жібек жолымен жүретін. Сан ғасырлар бойы жол тынымсыз өзгеріп отырған, оның бір учаскелері айрықша маңыз алып, көркейіп жатса, екінші бір учаскелері жабылып, ондағы қалалар мен сауда бекеттрі қаңырап бос қалған. Мәселен, VI—VIII ғғ. негізгі күре жол Сирия — Иран — Орта Азия — Оңтүстік Қазақстан — Талас алқабы — Шу алқабы — Ыссық көл шұңқыры — Шығыс Түркістан болған. Осынау жолдың бір тармағы, дәлірек айтсақ, тағы бір бағыты Византиядан шығып, Дербент арқылы Каспий өңірі даласына — Маңғыстау — Арал өңірінен өтіп, Оңтүстік Қазақстанға жеткен. Бұл жол Сасанилар Иранына қарсы, Батыс түрік қағанаты мен Византия арасында сауда-елшілік одағы жасалған кезде, Иранды айналып өтетін болған. IX-—XII ғғ. жолдың бұл желісі, Орта Азия мен Таяу шығыс арқылы Кіші Азия мен Сирияға, Мысыр мен Византияға баратын жолға қарағанда, едәуір аз пайдаланылған, ал ХПІ—XIV ғғ. қайтадан жанданады. Құрлықтағы саяси хал-ақуал елшілер мен саудагерлердің және басқа да саяхат-серуенде жүрген кісілердің қай жолды таңдап алатынын анықтап отырған. Қазір Жібек жолының тарихын зерттеу, оны жаңғырту, осы жол бойындағы елдердің саяси, экономикалық, мәдени байланыстарын ұлғайту қайта 0олға алынып отыр. 1987 жылы ЮНЕСКО-ның бас конференциясының XXIV сессиясы «Ұлы Жібек жолын зерттеудің халықаралық жобасын» қабылдады. Оған Грекия, Португалия, Египет, Италия, Қытай, Индонезия, Моңғолия, Оман, Шри Ланка, бұрынғы Кеңестер Одағы қатысты. «Адамды қоршаған орта, жер мен теңіз қорлары», «Мәдениет және болашақ» атты бағдарламалар бекітілді. Осы бағдарламаларды іске асыруға қатысты. 1991 жылы Қазақстанда «Жібек жолы» атты Ұлттық комитет құрылды. Ұлы Жібек жолы көне дәуірде де, қазір де Еуразия халқы үшін мәдени байланыс, саяси рухани мәселелерді шешуде маңызы үлкен. ## Дереккөздер
Әсем қоңыр — Динаның күйі. 1937 ж. Дина көркемөнерпаздардың слетіне Алматыға келді. Ол мұндағы білім алып жатқан жастарды көреді. Олардың бақытты ұрпақ екенін көріп іштей сүйсінеді. Ол өзінің немересі Қоңырын еске алып, Қазақстанның бақытты балаларына арнап «Әсем қоңыр» күйін шығарады. «Әсем қоңыр» жарқын, көңілді шығарма. Бұл күй — төкпе күй түріне жатады. ## Сілтемелер * Күйдің ноталары Мұрағатталған 6 мамырдың 2021 жылы.
Қарақытайлар мемлекеті (1128-1213). Қарақытайлар. Олардың құрылуы Орталық Азияның қидан тайпаларымен тығыз байланысты. Қидандар (цидань, кита, хита) жазба деректерде түркі тілді тайпалар ретінде аталады. Бұл мемлекетте көбінеки керейіт, найман, сақа, меркіт секілдес тайпалықтардан тұрған (Тілеуберді Әбенайұлы Тыныбайын аударған П. Карпинидің басты еңбегінен). Әбенайұлы тіпті былай жазды: «Әз баба, яғни Қытан ұлысын, Қарақытай қағанатын құрушы, қаған әулетінің негізін салушы Тама Шор немесе АЗАУ Шор қаған қытандардың теле саласынан, керей арысынан, Йікшәрі қаласының иесі болған Еллік Мер атасынан шыққан. П. Карпини керей Оңхан мен Қарақытай Гүрханының байланысы туралы: «Оң ханның көкесі»» (Тілеуберді Әбенайұлы. Таныс та, бейтаныс Шыңғысхан әулеті және қытай жылнамаларындағы құнды деректер, соның ішіндегі “Бірінші, Ләу империясын құрушы халықтың этникалық тегі”. «Шыңғысхан» журналы, №4 (37), 2020). Шығыс Түрік қағанаты құрамындағы тайпалардың бірі болды. Олар Қытайдың солтүстік жағында Маньчжурия мен Уссури өлкесінің шекарасында мекендеген. 924 ж. Алтайдан бастап, Тынық мұхитқа дейінгі жер Қидан мемлекетінің (Ляо империясы) қол астына өтеді. 1125 ж. Сун Қытайы мен Жүжен мемлекетінің біріккен күші Ляо империясын құлатады. Қидандардың бір бөлігі Жүжендерге бағынады, ал қалғандары Елюй-Даши басқаруымен батысқа қарай Шығыс Түркістан мен Жетісуға таман жылжиды. Олар енисей қырғыздарының жерін басып өтіп, Еміл өзенінің бойына жетеді. Сол жерге аттас қала салады. Қидандардың батыс бөлігі Жетісудың бір бөлігіне қарап, жергілікті түркі тілдес халықпен араласып кетуі нәтижесінде, келімсектер қара қытай/қытан аталып кетеді. 1128 ж. Қарахандар әулетінен шыққан Баласағұнды иемденуші өздеріне қысым жасаушы қаңлылар мен қарлұқтарға қарсы шығады. Қарақытайлар көсемі Елу Дашы Баласағұнды басып алып, Жетісуда өз мемлекетін орнатады. Жетісу, оңтүстік Қазақстан, Мәуреннахр мен Шығыс Түркістан қарақытай мемлекетінің құрамына кіреді. Қарахандар әулетіне билік жүргізеді. Қарақытай мемлекетінің басшысы Гүрхан деп аталады. Оның ордасы - Шу озенінің алқабында болатын. Баласағұн орталық болып қала берді. Әскерде тәртіп қатал болған. Ел ішінде аула басынан салық жинай жүйесі енгізіледі - әр үйден бір динардан салық алып отырады. Гүрхан жақындарына жер-суды тарту етпейді, олар бәсекеші болып кетеді деп қауіптенді. Қарақытайлар Жетісудың оңтүстік бөлігін, Исфиджабтың солтүстік-шығыс аймағын, Құлжа өлкесін басқарады. Бірінші гүрхан Елюй-Даши 1143 ж. қайтыс болды. 1169 ж. оның баласы — Елюй-Чжилугу — таққа отырады. Өзі христиан болғандықтан, мұсылман дініне қарсы шығады. Оның Жетісудағы мұсылман халқын бағындыру саясаты қарсылыққа толы болды. 1208 ж. бастап Жетісуға қоңыс аударған найман тайпалары да осы ішкі саясатты бұзбайды. Жетісу аймағы өзара қырқыстар, мұсылмандық қозғалыстар орталығына айналады. Жетісудағы осы жағдай 1218 ж. дейін, яғни Шыңғыс-ханның әскері келгенше созылды.
Қабанбай Қожағұлұлы, Қаракерей Қабанбай, Дарабоз — батыр, дарынды қолбасшы. Азан шақырып қойылған есімі — Ерасыл. Ол 1692 ж. қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы Барлық тауында өмірге келіп, 1770 ж. сонда дүние салған. Қабанбай Найман ішіндегі Қаракерей руының Байжігіт тармағынан. "Қазақта Найман Қабанбайдан асқан батыр жоқ, Үйсін Төле биден асқан би жоқ",-деген екен Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы.Жастайынан жаугершілік пен шапқыншылықтың зардабын көріп өскен Ерасыл бүкіл еліне, жұртына төнген зұлматтың қандай екенін, бойына сіңіріп, сезініп өскен қазақ ұлдарының бірі. Кейбір мәліметтерде Арқада туып, Арқадағы Есіл мен Нұра ортасындағы Қабанбайдың Үшбұлағы аталатын жерде дүниеден өткен деседі. Ал сүйегі Үшбұлақтан 3 шақырым жерде «Найман қорым» аталатын қырдың үстінде. Батырдың өмірбаянына қатысты тарихи деректерді Амангелді Төлемісов жинақтап, өз баяндамасында қалың қауымға ұсынды. «Ту көтеріп, ел қорғаған сүйікті батырына халық Ерасыл, Нарбала, Ізбасар, Қабанбай, Хан батыр, Дарабоз, Көкірек әулие деген ат-есімдер берген», – дейді тарихшы. Баяндамашының деректері бойынша, Қабанбай батыр Қытай жазбаларына 1757-1758 жылдардан бастап «қазақтың туму батұлы – яғни бас батыры» ретінде хатқа түсіп, Қазақ хандығының Абылай, Әбілпейізден кейінгі 3-ші ірі тұлғасы, кейде Абылай, Әбілпейіз, Әбілмәмбеттен кейінгі 4-ші ірі тұлғасы ретінде аталып отырады. Циянлұң патшаның 1760 жылы 25 наурыз күні Қазақ хандығына жолдаған хатында: «Қазақтың Әбілмәмбет, Абылай, Әбілпейіз және Қабанбайларына…» деген есімдердің аталуына қарап біз осындай тұжырымға келеміз. Мұның өзі сол Абылай заманында өткен қазақтың ұлы жыраулары Бұхар, Үмбетей, Саршуаш, кейінгі Мәшһүр Жүсіп, Құрбанғали аталарымыздың Қабанбай батырды бар батырдың басына қойып жырлаған жырларымен және жазба деректерімен бірдей шығып отыр. Орыс деректеріндегі Қабанбай батыр туралы деректерді тарихшы былай тізеді. «Орыс тарихшыларының жазбаларында Қабанбай батыр айрықша аталып отырады. Орыс тарихшысы Кузнецовтің 1750 жылдардағы жазбаларында: «Қазақ қолының солтүстік шығыс бөлігін Қабанбай батыр бастап, оңтүстік шығыс бөлігін Абылай бастап жоңғарларды шығысқа қарай тықсырып барады…» – деп жазса, тағы бір орыс тарихшысы Веляминов-Зернов 1752 жылдары Еділ қалмақтары Қытайға қоныс аудармақ болған кезде іргелес отырған Қарақалпақ елін өздерімен бірге зорлап көшіріп әкетпек, болғанда сол елді қалың қол бастап, құтқарып қалған адам қазақтың Қабанбай батыры екендігін жазған. Жеті жасында әкесі Қожақұл, он алты жасында ағасы Есенбай жоңғарлар қолынан қаза табады. Он алты жасар бала жау арасына жасырын барып, ағасын өлтірген жоңғар батырын өлтіріп, кек алған. Осыдан кейін Зайсандағы Керей ішіне кетіп, жездесі Бердәулеттің қолында болды. Осында жүріп жылқыға шапқан жабайы қабандарды жайратып, “Қабан батыр” атанды. * 1717 ж. Аягөз шайқасына, 1723 ж. Түркістан қорғанысына, 1726 ж. Бұланты шайқасына, 1730 ж. Аңырақай шайқасына, кейіннен Шыңғыстау, Ертіс бойындағы шайқастарға қатысып, Абылай ханның бас батырларының біріне айналды. * 1741 ж. Шыңғыстаудағы Шаған шайқасында ақбоз атпен топ жарып, жауға шапқаны үшін Дарабоз атанды. * 1751 ж. ол Сыр бойы, Шымкент, Сайрам, Ташкент қалаларын жоңғарлардан тазартып, Төле бидің билікке келуіне көмектесті. Жоңғарияға айдалып бара жатқан бірнеше мың қарақалпақты құтқарып қалады. * 1752 — 54 ж. Қабанбай басқарған қазақ әскері алдымен Іле, Балқаш, Қаратал өңірлерін жаудан тазартуға қатысты. Осыдан кейін Қарақол мен Нарынды, Үржар мен Қатынсуды, Алакөл мен Барлықты азат етіп, терістік бағыттағы Бөгембай әскеріне қосылды. Баспан-Базар, Шорға, Маңырақ шайқастарына қатысып, Зайсан, Марқакөл, Күршім өңірлерін азат етті. * 1756 ж. жоңғар билеушісі Әмірсананы қуып келген қытай әскерінің бетін қайтаруға атсалысты, Шонжы, Нарынқол, Кеген өңірлерін қырғыздардан қайтарып алуға қатысты. * 1758 ж. қыркүйекте Барлықтан Үрімжі қаласына 300 жылқы айдап барып, қазақ-қытай саудасын бастап берді. 500 адамдық қолмен келген қырғыз батыры Қарабекке ауырып жатқанына қарамастан қарсы шығып, жекпе-жекте Қарабекті өлтірген. Сол сәтте өзі де ат үстінен құлап түсіп, қазаға ұшырайды. Алматы облысындағы бұрынғы Андреев ауылына, Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданындағы Жарбұлақ ауылына, Алматы, Семей, Өскемен, Талдықорған қалаларындағы бір-бір көшеге, сондай-ақ Аякөз қаласында орналасқан танк дивизиясына есімі берілген. Үшарал қаласында батырға ескерткіш, Астана іргесінде ескерткіш-монумент орнатылған. * 1992 — 93 ж. бұрынғы Талдықорған және Семей облыстарында 300 жылдығы аталып өтіліп, үлкен ас берілді. Батырдың өмірі мен ерлік күресі Бұқар, Ақтамберді, Үмбетей, Дулат, Тәтіқара, т.б. ақын-жыраулар шығармашылығына арқау болған. Жазушы Қабдеш Жұмаділов “Дарабоз” тарихи романын жарыққа шығарды. ## Өмірбаян Қабанбай (Ерасыл) батыр — XVIII ғасырдағы қазақ батыры, әйгілі қол-басшы.Мәмбет — Қожақұл, одан Қабанбай батыр туған. 1691 жылы етегі Алакөлге малынып жатқан Тоқта-Барлық тауының маңында, Барқытбелдің күнгей жағына орналасқан Мәмбет ауылында Ерасыл (Қабанбай) дүниеге келген. Ол өзінің қайраттылығымен ғана басқа балалардан өзгеше болған жоқ, сонымен қатар оның арқасындағы қалың, қылдай түктері ерекшелендірді. XVIII ғасырдың бас кезінде, яғни 1702 жылы Барлықтағы алғашқы айқаста әкесі Қожақұл батыр аз адаммен қоршауда қалып, ақыры ауыр жарақаттан мерт болады. Ерасылдың он бірге жаңа толған кезі еді. Қожақұл батырдың көзі жұмылған соң бас иесінен айрылған Мәмбет ауылдарына жыл сайын ойраттар шабуыл жасап, тал түсте жылқыларын айдап әкете беретін әдет тапты. Сондай бір кезекті шапқыншылық кезінде қалмақтар жылқы күзетіп жүрген Қабанбайдың ағасы Есенбайды қолға түсіріп, қорлап өлтіреді. Аямас жауыздар қанжармен жас жігіттің қарнын жарып, шалажансар күйінде далаға тастап кетіпті. Есенбай жалғыз інісі Ерасылды маңдайынан шертпей, қатты еркелететін. Соның арқасында әкесінің де жоқтығы білінбей, жетімдік көрмей, бұла боп өскен еді. Аға өлімінен кейін, он алтыға жаңа толып, әлі оң-солын танып үлгермеген Ерасыл көзге қамшы тигендей мәңгіріп қалды. Әсіресе, қорлағаны, азаптап өлтіргені жанына қатты батты. Есенбайдай азаматтың қаны текке кетпес, қалмаққа қолма-қол аттанармыз, қарымта қайтарармыз деп ойланған. Жоқ, олай болмады. Бәрінен де елдің етекбастылығы, асықпайтын ағайынның керенаулығы көңілін қалдырды. Не керек, әйтеуір, іргедегі қалмаққа аттанып кек қайтаратын, тым құрыса жауға қыр көрсетіп, азаматтың құнын сұрайтын бір пенде табылмады. Ерасылдың күте-күте төзімі таусылып бітті. Ақыры тәуекелге бел байлаған Ерасыл не де болса қалмаққа жалғыз аттанбақ болды. Қанға — қан, жанға — жан! Ағасынан жаны артық па? Осы жолы не Есенбайды өлтірген қалмақты тауып, қанын ішеді. Не ағасының артынан бұл да мерт болады — екінің бірі! Ақыры кек алмай жаны жай таппасына көзі жетті де, жылқыдан төл аты — Ардакүреңді ұстап мініп, ешкімге жөнін айтпастан, шығысты бетке алып тартып отырды. Мөлшерлегеніндей-ақ, Сарыбелдің шығыс қапталына қалмақ ауылдары сұғына кіріп отыр екен. Ерасыл мал көздеп жүрген адам болып, алға қарай ішкеріледі. Қолында қаруы — әкесінен қалған төрт қырлы қаратамақ найза, қайқы қара қылыш пен екі жүзді алмас қанжары бар. «Жалғыздық жары — құдай деуші еді. Уа, пәруардігер, өзің жолымды оңғара көр!» деп тіледі ішінен. Өлже айқайлап дыбыс бергісі келді ме, әлде тынысы тарылып ауа қармағаны ма, сәл теңселіп тұрды да, қанжарды қайта суырып алған кезде, етбетінен күрс етіп құлап түсті. Ерасыл өзінің Ардакүреңіне мініп ауылдан ұзап кеткен соң, айырылысатын кезде Ердене жолдасының амандығын айту үшін Мәмбет ауылдарына қарай, ал Ерасыл із жасыру үшін Ертіс бойына ұзатылған әпкесіне қарай тартып, Керей еліне бет түзеді. Мұндағы апа-жездесінің қолында бірнеше жыл тұрып қалады. Бір күні Зайсан көлі жағасында жылқы қайырып жүріп, ойда жоқта бір тобыр жабайы шошқаға тап болғаны бар. Қамыс арасынан шыға келген құнан өгіздей қара қабан Ерасылға қарай оқтай атылды. Ерасыл да найзаны бар күшімен сермегенді, сірә, найзаның ұшы жүректі жарып өткен болар, қара қабан серең етіп құлап түсті. Ерасылдың аман екенін көріп, қуанған Бердәулет жездесі: батыр деп мына сені айт! Өзің нағыз қабан екенсің ғой! Уа, жарандар, бүгіннен бастап атын «Қабан батыр» деп атайық! — демесі бар ма. Жездесінің аузы мұндай дуалы болар ма, қуаныш үстінде айтылған бір ауыз сөз кешікпей бүкіл елге тарап, аяқ астынан «Қабанбай батыр» атанды. Сол жылы күзде Сауырдағы шайқаста Ерасыл ойрат батыры Долан Дошыға қарсы жекпе-жекке ел қойып алған осы жаңа атымен шықты. Содан Керей арасында бес жылдай тұрып, Ханбибіге үйленіп, кейін Байжігіт ішіне қайта оралған соң да бұл ат қалған жоқ. 1718 жылдың күзі, арада жеті жыл өткенде, Аягөз өзенінің бойында Арсалаңмен кездесті.— Қапы қалма, Арсалаң! Мен — қазақтың Қабанбай деген батырымын. Осыдан жеті жыл бұрын, он алты жасымда, ағаң Өлжежырғалды о дүниеге аттандырып едім. Міне, құдайдың құдіретін көрдің бе, сенің де ажалың менен болайын деп тұр… Ал енді шамаң болса, қорғанып бақ! Найзаны қолына мығым ұстаған Қабанбай кіндік тұстан, не қазан толмастан қадайтын кісіше, еңкейе шауып келді де, дәл қасына таяған кезде көз ілеспес жылдамдықпен өндіршекке ұрып кеп жіберді. Найзамен бауыздалған Арсалаң кескен теректей болып, ат үстінен сұлап түсті де, қорқырап қала берді. Кейін, ойрат қолын ойсырата жеңіп, Шаған шатқалынан айдап шыққанда, ақбоз атқа мініп дара шауып, қол бастаған батырдың Қабанбай екенін біліп, Абылай хан қатты разы болған екен.— Қайраусыз өтер қара қылышым-ай! Даңққа жеткізген дара бозым сен екенсің ғой! Егер биікке бекініп алған жау қамалына қалың қолды көтеріп сен шаппағанда, бүгінгі шайқастың немен бітері неғайбыл еді. Бүгіннен бастап Қабанбай атың хан ұранына айналып, жорықтағы есімің Дарабоз болсын! — деп құшағына алып, үстіне алтын зерлі тонын жапқан екен. ## Жоңғарларға қарсы күресі 1723 жылы Түркістан қорғанысына, 1726 жылы Бұланты шайқасына, 1730 жылы Аңырақай-Алакөл шайқасына, кейін Шыңғыстау, Ертіс бойындағы шайқастарға қатысып, Абылай ханның бас батырларының біріне айналады.1741 жылы Шыңғыстаудағы Шаған шайқасында ақбоз атпен топ жарып, жауға шапқаны үшін Дарабоз атанады.1751 жылы Арқадан Оңтүстік Қазақстанға — Ханбаба (Барақ сұлтанның үлкен ұлы) жорығы жасалды. Ұлы жүз жасағын өзіне қосып алған 2 түмен қазақ әскері, Сыр бойы, Шымкент, Сайрам, Ташкент қалаларын жоңғарлардан тазартып, Ташкентте Төле бидің билікке келуіне көмектесті. Шыршық өңірінде Жоңғарияға айдалып бара жатқан бірнеше мың қарақалпақты құтқарып қалады.XVIII ғасырдың орта шенінде қазақ хандары билік үшін жүргізген күрес шиеленіскен шағында Барақ сүлтан Кіші жүздің ханы Әбілқайырды өлтірген. Қабанбай батыр Барақ сұлтанға кінә тағып, оның Жоңғар хандығымен жақындасуына қарсы әрекет жасады. Осыған орай Қабанбай батыр тек Орта жүздің ішкі жағдайларына ықпал етіп қана қоймай, Кіші жүзде болып жатқан тарихи оқиғалардың да бел ортасында болды.1752-1754 жылдары Жетісу, Тарбағатай, Алтай өлкелерін жоңғарлардан азат ету жорықтарында Қабанбай басқарған қазақ әскері алдымен Ӏле, Балқаш, Қаратал өңірлерін жаудан тазартуға қатысқан. Осыдан кейін қазақ жасақтары Тарбағатайдың күнгейі мен теріскейінде екі бағытта шабуылға шыққан. Күнгейдегі өскер тобын басқарған Қабанбай сарбаздарымен Қаракөл мен Нарынды, Ұржар мен Қатынсуды, Алакөл мен Барлықты азат етіп, терістік бағыттағы Бөгенбай әскеріне қосылған.Баспан-Базар, Шорға, Маңырақ шайқастарына қатысып, Зайсан, Марқакөл, Күршім өңірлерін азат еткен. ## Қытай әскерлеріне қарсы күресі Қазақ жері басқыншылардан азат болғаннан кейін Қабанбай батыр 1756 жылы жоңғар билеушісі Әмірсананы қуып келген қытай әскерінің бетін қайтаруға ат салысты. Шығыс аймақтарға ел көшіру, қоныс бөлу ісіне араласты. Жоңғар үстемдігі кезінде қолдан шығып кеткен Шонжы, Нарынқол, Кеген өңірлерін қырғыздардан қайтарып алуға қатысқан.Қытаймен бітім жасалғаннан кейін, 1758 жылы қыркүйекте Барлық- тан Үрімжі қаласына 300 жылқы айдап барып, қазақ-қытай саудасын бастап берді.Әкесі Әтеке жырықтың кегін алу үшін 500 адамдық қолмен келген қырғыз батыры Қарабекке ауырып жатқанына қарамастан қол бастап қарсы шығып, Қабанбай жекпе-жекте Қарабекті өлтірген. Сол сәтте өзі де ат үстінен құлап түсіп, қазаға ұшыраған. 1769 жылы жетпістен асқан Қабанбай батыр төрт көздері түгел отырған жиында былай деп өз байламын естіртті.— Мен енді көп ұзамаймын. Әрі кетсе бір ай, әйтпесе шөп буыны қата жолға түсетін шығармын… Тоқтының сыртында Сарыбел деген асу бар. Сүйегімді сонда апарып қойыңдар! — деп сөзін қысқа қайырды. Батырдың сырқат екенін естіген Өтеке баласы Қарабек қырғыздың қалың қолын басқарып, Қабанбайды іздеп келе жатқанын жасырмай:— Маған неғұрлым Қабанбайдың амандығы керек. Оның ауылын көзі тірісінде шаппасам, кегім қайтпайды!- деп масайрады ол. «Ел шетіне жау тиді! Қырғыздар батырдың ауылын шапқалы келеді» дегенді құлақтары шалысымен, байырғы сарбаздардың бәрі атқа қонып қолдың саны мыңға жетті. Ал бұл кезде Қабанбайдың тұла бойын ыза мен намыс билеп алған еді. Қарабектің қаһарлы қаруы қылыш болса керек, ақ алмас «жан алғыш әзірейілің менмін» дегендей, көк жүзінде қалықтап келеді. «Я, алла, өзің медет бере гөр» деп қарт батыр терең тыныс тартып, бойындағы бар қуатын жинап алды да, ауыр сүңгіні құлаштай сақтырды. Көп көздеп жатпаса да, дағдылы қол мүлт кетпепті. Жебедей зулаған көк сүңгі ажал Қарабектің тура жүрек тұсына барып қадалды да, ат үстінен жұлып түсірді. Сол сәт Қабанбайдың ішкі құрылысынан әлдене үзілгендей болған, батырдың басы айналып, төңірегін түгел түнек жапқандай, әлдебір тұңғиыққа батып бара жатты. Алпыс жыл бойы аттан түспей, бар өмірін жауға қарсы қылыш сермеп өткерген ұлы қолбасы ажал жастығына алаңсыз бас қойған еді. Марқұмды, өз өсиеті бойынша, Жоңғар қақпасының сол жақ қапталындағы Сарыбелге жерледі. Белгі ретінде батырдың басына тас үйілді. Ұрпақ ауысып, ел жаңарды. Зират басына үйілген обалар мүжіліп, бірте-бірте жұрт жадынан өше бастады. Бабалардың салақтығынан кейінгі ұрпақ ұлы қолбасының нақты қай тұсқа жерленгенін таппай, сарсаңға түсіп сандаларыын ол кездегі адамдар қайдан білсін?!==Даңқты қолбасшы Қабанбай батырдың өмір сүрген жылдары, ұрыс алаңындағы ерліктері мен осы күнге дейін жарияланбаған мағлұматтар келесі ғылыми мақалада көрініс тапты. Мәселен, Қаракерей Қабанбай 108 жекпе-жек өткізіп, оның барлығында жеңіске жеткен. Көптеген әдеби-тарихи туындыларда Дарабоз батырдың образы әрқилы жасалды. Бұл туралы «Қазақ романдарындағы Қаракерей Қабанбай батыр бейнесі» баяндамасында Нұрдәулет Ақыш бірнеше шығарманы атап көрсетті. Бүгінгі әдебиетімізде қазақ тарихының қойнауынан сыр тартып, нақты деректерге сүйене отырып жазылған көлемді прозалық шығармалар қатары уақыт өткен сайын толығып келе жатқаны белгілі. Сондай көркем дүниелердің бірі – Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» тарихи трилогиясында, Софы Сматаевтың «Елім-ай», Әбіш Кекілбаевтың «Үркер», «Елең-алаң» романдары. «Бұл туындыларда Қаракерей Қабанбай образына қатысты жекелеген эпизодтар кезігіп қалып отырады. Ал Әнуар Әлімжанов «Жаушысында» бұл бейнені жасауды міндет деп санамаған сыңайлы. Насихаты жетіспегендіктен, осы кезеңдегі тарихи оқиғаларды көркем шындыққа айналдырған көлемді романдардың бірі – Жолдасбай Тұрлыбайұлының «Райымбек батыр» дилогиясы. Оқырман жұртшылық тарапынан аса ыстық лебізге ие бола қоймаса да, өз кезеңінің панорамалық келбетін біршама көрсете алған шығарма», – деп жазады баяндамасында Нұрдәулет Ақыш. «Романда Қабанбай – батыр ғана емес, елді аузына қаратқан би, шешен екеніндігін сездіретін штрихтар да кездеседі… Қазақ халқының тарихындағы елеулі жаугершілік кезеңдер туралы шоқтықты дүниелердің қатарында Қабдеш Жұмаділовтің Қаракерей Қабанбай батыр тұлғасын негізге ала отырып жазған «Дарабоз» дилогиясын атап өтуге тиіспіз. «Дарабоз» – Қаракерей Қабанбай батырдың жоңғарлармен болған бір шайқаста көзге түсуіне орай, қатты риза болып кеткен Абылай ханның қойған лақап аты. Жазушы Қабанбай тұлғасын біржақты суреттеумен шектеліп қалмай, оны әр қырынан ашып көрсетуді жөн санаған… Қабанбайдың көптеген жекпе-жектерінің ішінде қалмақтың Шамал ханымен жекпе-жегінің бояуы қанық, әсерлі. Ол ең соңғы мәрте қас жауы Балдыбектің баласы Қарабекке найза сілтеп барып, аттан құлап түседі. Өйткені жетпістен асқан дімкәс қарт Қабанбайды ауру әбден меңдеген болатын. Сөйтіп өмірінің соңғы күндеріне дейін елін, жерін қорғау жолында соғысып жүріп, ат үстінде найзасын қолында ұстап жүріп жан тапсырады» деп түрлі тарихи деректер келтіреді. Әсілі, бұған дейін батырдың тұлғасын ашатын талай дүние жазылды, мектеп жасындағы балалардың өзінен қазақ батырларын атап бер десе, Қаракерей Қабанбай батырдан бастайтыны шындық. ## Қаракерей Қабанбай батыр бейнесі Даңқты қолбасшы Қабанбай батырдың өмір сүрген жылдары, ұрыс алаңындағы ерліктері мен осы күнге дейін жарияланбаған мағлұматтар келесі ғылыми мақалада көрініс тапты. Мәселен, Қаракерей Қабанбай 103 жекпе-жек өткізіп, оның барлығында жеңіске жеткен. Көптеген әдеби-тарихи туындыларда Дарабоз батырдың образы әрқилы жасалды. Бұл туралы «Қазақ романдарындағы Қаракерей Қабанбай батыр бейнесі» баяндамасында Нұрдәулет Ақыш бірнеше шығарманы атап көрсетті. Бүгінгі әдебиетімізде қазақ тарихының қойнауынан сыр тартып, нақты деректерге сүйене отырып жазылған көлемді прозалық шығармалар қатары уақыт өткен сайын толығып келе жатқаны белгілі. Сондай көркем дүниелердің бірі – Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» тарихи трилогиясында, Софы Сматаевтың «Елім-ай», Әбіш Кекілбаевтың «Үркер», «Елең-алаң» романдары. «Бұл туындыларда Қаракерей Қабанбай образына қатысты жекелеген эпизодтар кезігіп қалып отырады. Ал Әнуар Әлімжанов «Жаушысында» бұл бейнені жасауды міндет деп санамаған сыңайлы. Насихаты жетіспегендіктен, осы кезеңдегі тарихи оқиғаларды көркем шындыққа айналдырған көлемді романдардың бірі – Жолдасбай Тұрлыбайұлының «Райымбек батыр» дилогиясы. Оқырман жұртшылық тарапынан аса ыстық лебізге ие бола қоймаса да, өз кезеңінің панорамалық келбетін біршама көрсете алған шығарма», – деп жазады баяндамасында Нұрдәулет Ақыш. «Романда Қабанбай – батыр ғана емес, елді аузына қаратқан би, шешен екеніндігін сездіретін штрихтар да кездеседі… Қазақ халқының тарихындағы елеулі жаугершілік кезеңдер туралы шоқтықты дүниелердің қатарында Қабдеш Жұмаділовтің Қаракерей Қабанбай батыр тұлғасын негізге ала отырып жазған «Дарабоз» дилогиясын атап өтуге тиіспіз. «Дарабоз» – Қаракерей Қабанбай батырдың жоңғарлармен болған бір шайқаста көзге түсуіне орай, қатты риза болып кеткен Абылай ханның қойған лақап аты. Жазушы Қабанбай тұлғасын біржақты суреттеумен шектеліп қалмай, оны әр қырынан ашып көрсетуді жөн санаған… Қабанбайдың көптеген жекпе-жектерінің ішінде қалмақтың Шамал ханымен жекпе-жегінің бояуы қанық, әсерлі. Ол ең соңғы мәрте қас жауы Балдыбектің баласы Қарабекке найза сілтеп барып, аттан құлап түседі. Өйткені жетпістен асқан дімкәс қарт Қабанбайды ауру әбден меңдеген болатын. Сөйтіп өмірінің соңғы күндеріне дейін елін, жерін қорғау жолында соғысып жүріп, ат үстінде найзасын қолында ұстап жүріп жан тапсырады» деп түрлі тарихи деректер келтіреді. Әсілі, бұған дейін батырдың тұлғасын ашатын талай дүние жазылды, мектеп жасындағы балалардың өзінен қазақ батырларын атап бер десе, Қаракерей Қабанбай батырдан бастайтыны шындық. ## Дереккөздер
Сүйінбай Аронұлы — 1815 жылы қазіргі Алматы облысы, Қарақастек ауылында дүниеге келген. Талантты, ұлы қазақ ақыны және айтыс аңызы. Ақын 1898 жылы туған жері Қарақастек ауылында дүниеден өтті. ## Өмірбаяны Сүйінбай Шапырашты (Ұлы жүздің )ішіндегі Екей руынан шыққан. Сүйінбай Жасынан жыраулығымен елге танылған. Сүйінбайдың шығармашылығы оның атасы Кусеп пен әкесі Аронның әсерінен қалыптасқан, олар поэтикалық талантымен және шеберлігімен танылған еді.Атақты Жамбыл aқын “Менің пірім – Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай” деп оны пір тұтып,ұстазы ретінде санаған. Күсептің үлкен ұлдары Жаңбыршы мен Жаманақ қазақ арасына жыршы, қобызшы, күйшілігімен белгілі болса, кенже баласы Арон (1750 – 1835) жастайынан өткірлігімен, мәмілегер шешендігімен ел аузына іліккен. Атадан балаға жалғасқан ақындық, шешендік өнер Сүйінбайға дарыған. Сүйінбайдың өзінен үлкен Жаманшал, Жұмық деген ағалары, Оспан атты інісі сыншыл, бірқақпай өлеңдерімен ауыл арасына танылған. Бұл жөнінде Жаманшал Сүйінбайға: “Отбасында мен жүйрікпін, шаршы топта сен жүйріксің” дейді екен. Тарихи деректерде Қоқан хандығы шапқыншылығының әсерінен жан-жаққа бытырай көшіп, қиын-қыстау кезеңде (1840 – 1860) іргесі ыдыраған қазақ руларының басын біріктіруде Сүйінбай мен Сарыбай бидің ықпалы зор болғандығы айтылады. Осы тұста ақын халықты қоқандықтарға қарсы тұрып, тәуелсіздік үшін күресуге шақырды. “Өтеген батыр”, “Саурық батыр”, “Сұраншы батыр”, “Жабай батыр”, “Қарасай батыр” сияқты толғаулар шығарды. Аумалы-төкпелі қоғамда өмір сүргендіктен, Сүйінбай сал-серіліктен гөрі қоғамдық-әлеуметтік істерге белсене араласқан. Өлеңдерінде Қоқан билеушілері мен жергілікті әділетсіз сұлтан, төрелерден, бай-болыстардан жасқанбай, турасын айтып отырған. Әсіресе, ақын Тезек төремен, қырғыз ақыны Қатағанмен айтыстарында, сондай-ақ “Датқаларға”, “Үмбетәліге”, “Төрт биге”, “Момын малын зұлымға алып беріп”, т.б. өлеңдерінде қиянатшылдықты, озбырлықты аяусыз сынға алған. Оның шешендік нақылдары, болыс-билерге арналған сықақ өлеңдері (“Мақсұтқа”, “Қасымға”, “Болыстарға баға”, т.б.) сaқталған. Қазақ халқының тарихи-қоғамдық даму сатылары мен өткен ғасырлардағы өмір шындығы ақын шығармаларында жан-жақты көркем суреттелген. Сүйінбай поэзиясы терең философиясымен, ой сұлулығымен, ақын тіліндегі соны поэтикалық өрнек-айшықтарымен ерекшеленді. М.Әуезов Сүйінбайды “айтыс өнерінің алтын діңгегі” атаған. Қазақ халқы әділет үшін күресте қорғаушысы, жақтасы болған ақиық ақынның өлең, толғау, айтыстарын күні бүгінге дейін сақтап, “Сүйінбай осылай деген” деп әрдайым зерделерінде тұтқан. Сүйінбайдың айтыстары мен өлең-толғауларын жинау, жариялау ісі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алына бастады. 1920 жылы Түркістан АКСР-і халық ағарту комиссариаты жанынан құрылған қырғыз (қазақ) ғылым комиссиясы ауыз әдебиеті үлгілерін жинау мақсатында Сырдария, Жетісу облыстарына экспедиция ұйымдастырып, этнограф ғалым Ә.Диваев Сүйінбайдың өлең-толғауларын, айтыстарын жазып алған. 1929 жылы алғаш рет “Жаңа әдебиет” журналында (ғ6) ақынның “Апырмау, мынау жатқан Сарыбай ма?” деген өлеңі басылды. Ақын шығармалары әр кезеңде жарық көрген хрестоматия оқулықтарға енгізіліп, ел ішінде насихатталды. С.Сейфуллин құрастырған “Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары” атты жинаққа (1931) “Шапырашты Сүйінбай ақынның қартайған шағында айтқаны” деген өлеңі енген. 1935 жылы Қ.Жансүгіров пен Ф.Ғабитованың құрастыруымен ақынның бір топ шығармасы “Сүйінбай ақын” деген атпен тұңғыш рет жеке жинақ болып жарық көрді. С.Мұқанов пен Қ.Бекхожин 1939, 1940, 1941 және 1944 жылы орта мектептің 8-сыныбына арналған хрестоматиясына Сүйінбайдың бірнеше өлеңін енгізген (“Сүйінбай мен Тезек төре”, “Сүйінбайдың Тезектің өлген баласына көңіл айтқаны”, “Кәрілік туралы”). Қазақстан ҒА құрылғаннан кейін (1946) Сүйінбай ақын мұрасын жинап, жариялаумен айналысқан ғалымдар Диваев, С.Бегалин, Б.Жақыпбаев, қырғыз фольклористері Ш.Уметәлиев пен Э.Мұқанбетовтардың еңбектерін айрықша атауға болады. Сондай-ақ Сүйінбай мұрасының біршамасы Ж.Жабаевтың мемориалдық мұражайының әдеби қорында сақтаулы. “Ақын жырлары”, “17 – 19 ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары”, “Үш ғасыр жырлайды” атты жинақтарда Сүйінбай шығарм-на кеңінен орын берілген, “Айтыс” жинағының 1-томында “Сүйінбай мен Тезек төренің айтысы” жарияланған. Сүйінбай ақынның “Ақиық” атты жинағына (1976) таңдаулы шығармаларымен қатар, тыңнан қосылған көптеген өлең-толғаулары, айтыстары енген, шығармалары жүйеге келтіріліп, тақырыптарға бөлінген, кітапқа көлемді ғылыми алғысөз жазылып, соңынан түсіндірме сөздік берілген. Мәскеуде “Әлем әдебиетінің кітапханасы” сериясымен жарыққа шыққан 200 томдық жинақтың 102-томында Сүйінбайдың “Кәрілік” атты өлеңі жарияланған. Бұл ақын шығармаларының дүниежүзілік сөз өнеріне қосылған асыл мұра, аса құнды әдеби ескерткіш екендігін танытады. Сүйінбайдың Малыбай, Жетібай, Әзірбай атты ұлдары, Бағжан, Қойжан деген қыздары болған. Ақынның сүйегі Қарақыстақ өзінің шығыс жағындағы биік жотаға қойылған, қабіріне кесене тұрғызылған. Алматы облысы филармониясы, сондай-ақ Алматы қаласындағы үлкен даңғыл, туған ауылы, ондағы мектеп, көшелер Сүйінбай есімімен аталады. Туған жерінде Сүйінбайдың мемориалдық мұражайы жұмыс істейді. ## Дереккөздер
Исатай Тайманұлы (1791–1838) – 1836–1838 жылдары Батыс Қазақстанда болған халық көтерілісінің саяси көсемі, қайсар қолбасшысы, халық батыры. Кіші жүз Байұлының Беріш руынан. Жоңғар шапқыншылығы кезінде атағы шыққан Ағатай батырдың ұрпағы. ## Өмірбаяны Халық батыры И.Тайманұлы 1791 жылы қазіргі Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тайсойған құмындағы "Тайман жалы" деген жерде дүниеге келген. Исатайдың анасы Есентемір руының Тағашы бөлімінен. И.Тайманұлының төртінші атасы Ағатайдың (Тайман-Бегәлінің -Боқай-Ағатай) есімі қалмақтарға қарсы соғыста көрсеткен ерлігі үшін Беріш руының ұранына айналған Исатайдың жастық шағында оған ықпал жасап, қамқорлық еткен әкесі, Тайманның інісі - Жабал Бегәліұлы. 1808 жылы Жабал бастаған Бегәлі ауылы Бақсай бекінісі тұсынан Жайықтан өтіп, Бөкей ханның қарауына кіреді. Хан орысша сауатты, саясаттан хабары бар, халық алдында беделді Жабалды Беріш аулына старшина етіп қояды. Жабал қайтыс болғаннан кейін, оның орнына старшина етіп И.Тайманұлын қоюды сұрап, хан Бөкей 1812 жылы 12 наурызда Орынбордағы Шекара коммссиясына ұсыныс жасайды. Шекара комиссиясы 1813 жылғы қараша айында Бөкей ханның ұсынысын қуаттап, құжаттарды әскери губернаторға жібереді. Генерал губернатор Г.С.Волконский 1814 жылы 12-қарашада Исатайды старшиналыққа бекіту туралы құжатқа қол қояды. ## Қызметі Ел ісіне ерте араласқан Исатайдың кемелденуіне қайын ағасы Жабай Бегалиннің көп көмегі тиеді. Ол кісі орысша оқыған, әжептеуір сауаты бар адам болған, старшын қызметін атқарған. Ол өлгеннен кейін оның орнына Бөкей хан Жабайдың тәрбиесін көрген Исатайды старшын етіп тағайындап, оны Орынбор шекара комиссиясы бекітеді. Күн санап ел арасында беделі асып бара жатқанын көре алмаған хан төңірегіндегілер оның беделін түсіру үшін түрлі жала жауып, ханға шағыстырып бағады. Соның салдарынан бас аяғы 4-5 жылдың ішінде бірінде старшын Өтеміс Құлманиязовты тонады деген, екіншісінде кісі өлтірді деген жаламен түрмеге қамалады. Оның алғашқысынан ақша беріп құтылса, екіншісінен Орынборға конвоймен айдалап бара жатқан жерінде, есебін тауып, қашып кетеді. Хан Бөкей Исатайдың басқаруына Каспий теңізінің солтүстік жағалауындағы Қарақамыс, Күйгін, Көлденең, Байсары, Кемелі аралдарын береді . Осылайша жасынан алымды, сөзге шешен, бірбеткей, өжет, қара қылды қақ жаратын, әділ Исатай 21 жасында Беріш руының старшинасы болып ел басқарады, Ордадағы беделді адамдардың біріне айналады. Хан тапсырмасымен ол Петербургке бара жатқан Бұхар елшісін Сарайшықта қарсы алып, Астраханға дейін қасына ереді. Орынбор шекаралық комиссиясының бастығы генерал Генстің Ішкі Ордаға келген сапарында оның қасында болады. Алайда, жас та болса, бас болған Исатайды көре алмаушылар көбейе түседі. Солардың жапқан жаласынан И.Тайманұлы 1818 жылы Сарайшық түрмесіне қамалады. Беріштің биі Жүзбатыр 20 мың сом ақша беріп, оны түрмеден босатып алады. Ішкі Ордадағы қара халықтың мұң-мұқтажын қорғап, сұлтандар мен билердің әділетсіздігін, зорлық-зомбылығын әшкерелеймін деп жүріп, Исатай 1824 жылы тағы да тұтқындалып, Орынбор түрмесіне жабылады. Бірақ, оған тағылған кінәлар дәлелденбей, ол босатылады. Ішкі Ордада патша үкіметінің отарлық мүддесін іске асырушы хан Жәңгірдің халыққа жасаған озбырлығына И.Тайманұлы әу бастан қарсы болады. Ханнан, оның қайын атасы Қарауылқожадан, сұлтандар мен билерден зәбір көрген қарапайым халық бірте-бірте Исатайдың айналасына жинала бастайды. Оның қоластындағыларға ханның әмірі жүрмейді, ал Исатай батырға Жәңгірдің әлі келмейді. Ханның төңірегінде негізінен төрелер, билер, қожалар, молдалар және соларға ерген аз ғана халық қалады. ## Исатайдың Жәңгір ханмен келіспеушілігі Исатайдың Жәңгір ханмен келіспеушілігі 19-ғасырдың 30-жылдарының орта кезінде одан әрі шиеленісе түседі. Оған себеп болған жағдай - 1833 жылы маусым айында Жәңгір ханның осыған дейін И.Тайманұлы басқарып келген Каспий теңізінің солтүстік жағалауындағы шөбі шүйгін, суы мол 5 аралды қайынатасы Қарауылқожа Бабажановтың билігіне беріп, Исатайды қарауындағы елімен шаруашылыққа қолайсыз, суы да, шөбі де аз, құм басқан Мыңтөбеге аударуы еді. Жәңгір ханның және басқа да феодалдардың халыққа жасап отырған қысымшылығы туралы И.Тайманұлы бастаған бір топ старшиналар Орынбордағы Шекара комиссиясына, тіпті губернатордың өзіне талай рет арыздар да жазады. Бірақ, одан ешқандай да қорытынды шықпайды. ## 1836-1837 жылдардағы Бөкей хандығындағы халық-азаттық көтеріліс Әртүрлі алым-салықтан күйзелген, жайылым жерден айырылған, казак әскерлері мен жергілікті феодалдардың екі жақты езгісінен әбден шыдамы таусылған бұқара халық қолдарына қару алып, көтеріліске шығады. Бұл - 1836-1837 жылдардағы Бөкей хандығындағы немесе Ішкі Ордадағы батыр Исатай Тайманұлы басқарған халық-азаттық көтеріліс еді. Көтерілістің қозғаушы күші, негізінен, қазақ шаруалары болды. Оның мақсаты - Жәңгір ханның халыққа жасап отырған озбырлығына шек қою, шаруалар жағдайын жақсарту, Қарауылқожаны, Балқы Құдайбергеновті биліктен тайдыру, жер мәселесінде белгілі бір келісімге келу болатын. Исатай Тайманұлы - осы көтерілістің сардары, көсемі, ал "Махамбет - ел-жұртты дабылдатып, көтеріліс рухын көтерген батыр-жырау, көтеріліс жыршысы" (М. Қозыбаев) болды. Жалпы, 1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілістің бүкіл барысында Махамбеттің трибун, жыршы-ақын ретінде Исатай батырдың оң қолы болғандығы тарихтан да белгілі. ## Көтерілістің басы Көтерілістің басы 1836 жылғы 24 наурызда Қарауылқожа Бабажановтың 800 адамды бастап, Манаш елді мекені маңындағы И.Тайманұлының ауылын қоршауы болып табылады. Алайда, Қарауылқожа тобы 200 сарбазбен өздеріне қарсы шыққан Исатайларға шабуыл жасауға бата алмай, кейін қайтуға мәжбүр болады. Бұрын ешкімнен тауы шағылмаған, қарамағындағы елге дегенін істеп әдеттенген Қарауылқожаның Исатайларға ештеңе істей алмауы бүкіл Бөкей хандығына тарайды. Үстем тапқа ызасы кернеген шаруалар әр жақтан Исатай батырдың қоластына жинала бастайды. 1836 жылғы маусымның соңы мен шілде айының басында И. Тайманұлы бастаған шағын топ ханға халық талабын жеткізу үшін Тасобадан Жасқұсқа аттанады. Исатайлардың келе жатқан хабарын естіген Жәңгір хан Астрахань әскери губернаторынан Орданы қорғау үшін әскер жіберуді сұрайды, сонымен бірге уақыт ұту мақсатында Исатайлардың талаптарын білу үшін оларға өзінің сенімді адамын жібереді. Исатайлар оған Қ.Бабажановты, Б.Құдайбергеновты қызмет орындарынан босату туралы және Исатайдың үлкен ұлы Жақияның қолымен жазылған басқа да талаптарды тапсырып, кейін қайтады. 1837 жылдың жазында Исатай батыр бастаған көтеріліс бүкіл Бөкей хандығына тарайды. Жәңгір хан мен оның айналасындағыларға наразылардың бәрі Исатайдың айналасына жиналады. Келген жігіттер атпен, азық-түлікпен, қару-жарақпен қамтамасыз етіледі. Осылайша, И.Тайманұлы белгілі бір тәртіпке негізделген азаматтық және әскери ұйымның басшысына айналады. Сұлтан М.Шөкиннің ханға "Көтерілген шаруалар ешкімге бағынбайды, өз алдына бір республика",-деп жазған мезгіл осы кез болуы керек. 1837 жылдың 16 қыркүйегі күні Исатай батыр бастаған 200-ден астам сарбаздар халыққа әбден жек көрінішті Қарауылқожа Бабажановтың ауылын шабады. Одан алынған мал мен дүние-мүлік шаруаларға таратылып беріледі. 1837 жылғы 17 қазанда көтерілісшілер Балқы Құдайбергеновтің, сұлтан М.Шөкиннің ауылдарын шауып, хан ордасы - Жасқұсқа бірте-бірте жақындай түседі. И.Тайманұлының үлкен қолды басқарып, Жасқұсқа келе жатқандығынан хабардар Жәңгір хан Орынбор және Астрахань әскери губернаторларына дереу хат жазып, өзін қорғауын сұрайды. Хан ордасын қорғауға Астраханьнан подполковник Алиев, ал Орынбордан подполковник Геке басқарған зеңбіректермен қаруланған әскерлер аттанады. Ал, 2000-нан астам қолмен хан ордасын қоршаған Исатай батыр біраз уақыт хан елшілерімен, кейін Гекенің елшілерімен нәтижесіз келіссөз жүргізеді. 1837 жылғы қараша айының соңында кең байтақ Қазақстанның шағын бөлшегі - Бөкей хандығындағы шаруалар қозғалысының жаңғырығы Ресей астанасы - Санкт-Петербургке де жетеді. Император И.Тайманұлы бастаған "бүлікшілерді" қатаң жазалауды талап етеді. Махамбет, Үбі, Сегізсері және басқа да батырлардың "хан ордасын шабайық" деген ұсынысын байсалды, сақ, ұстамды Исатай қабылдамайды. Себебі, орданы шапқан күннің өзінде де патша өкіметі оларды тыныштықпен жүргізбейтіндігін, өйткені, Жәңгір ханның артында патша өкіметі мен оның жазалаушы әскерлері тұрғандығын және сол әскерлерге қарсы тұрарлықтай өзінде күштің жоқтығын ескерген Исатай батыр халық талабын ханнан бір жағынан айбармен, екінші жағынан келіссөз арқылы орындатуға күш салады. Егер 18-ғасырдың 80-90-жылдарында Сырым Датұлы басқарған көтеріліс кезінде Нұралы хандықтан қуылса да, Есім хан өлтірілсе де көтерілісшілердің өздерінің түпкі мақсатына жете алмағандығын ескерсек, Исатай батырдың бұл шешімі елдің бүтіндігі мен халықты сақтау жолындағы үлкен көрегендік екендігін ерекше айтуымыз керек. Көтерілісшілер хан ордасын қоршаған кезде патша үкіметінің әскер жіберіп, Жәңгірді құтқаруға ұмтылуының өзі - Исатай батырдың шешімінің дұрыстығын байқатады. Ал, Исатайдың подполковник Гекемен келіссөз жүргізу себебі - күші басым Ресей әскерімен соғыспай, уақыт өткізіп, қыс түсе Жайық өзенінің шығыс бетіне, Кіші жүзге өтіп кетуді ойлағаны болу керек. ## Шешуші ұрыс Хан Жәңгір шақыртқан патша әскерімен Исатай батырдың іріктелген 500 сарбаздарының арасындағы шешуші ұрыс 1837 жылы 15 қарашада Тастөбе деген жерде болады. Көтерілісшілер қаншама ерлікпен шайқасса да, ұрыстыңтағдырын зеңбіректер шешеді. Зеңбіректердің жарылған оғы мен зіркіліне шыдай алмай көтерілісшілер кейін шегінуге мәжбүр болады. Осы ұрыста Исатайдың Мылқым деген әйелі, Ақай атты баласы қаза табады. Тастөбедегі шайқаста көтерілісшілер жағынан 60-қа жуық адам өледі. Исатай батырдың оң қолына оқ тиіп, астындағы аты жараланады. Осы ұрыстағы көтерілісшілердің ерлігіне подполковник Гекенің өзі де қайран қалады. Ол Орынбордағы әскери губернаторға "Исатайлардың өздері мен жанұясын қорғаймын деп шамадан тыс ерлікке, зеңбірекке қарсы шабуылға баруы, олардың соншама ашынғандықтарын көрсетеді",-деп жазған. Тастөбеде қолға түспеген Исатайдың басына, оны тірідей ұстағанға 500 күміс ақша тігіледі. "Оны өлтірген адамға сол ақшаның жартысы беріледі",- деп жарияланады. Егер С.Разин, Е.Пугачев сияқты шаруалар соғысының көсемдерін қиын-қыстау кезеңде қасындағы "жолдастары" патша өкіметіне ұстап берген болса, басына қаншама ақша тігілсе де ешкім Исатайды жазалаушылар қолына ұстап бермейді. Керісінше, халық оны және оның сарбаздарын қажетті азық-түлікпен, көлікпен қамтамасыз етіп отырды. Тіпті, аты жарапанып, жаяу соғысқан соңғы сәттерде де жолдастары Исатайды жау қолына қалдырмауға тырысады. Ішкі Ордада бытырап жүрген көтерілісшілердің басын біріктірудің мүмкіндігі жоқ екендігін түсінген И.Тайманұлы бір топ жолдастарымен бірге жазалаушылардан бой тасалай жүріп, Кіші жүзге өтігт кету үшін Жайықтың қатуын күтеді. 1837 жылдың 12 желтоқсанынан 13-не қараған таңда өзінің ескі досы Құрақ Маябасовтың көмегімен И. Тайманұлы бастаған 38 адам ұйтқып соққан боранды пайдаланып, қазіргі Махамбет ауданындағы Сарытоғай елді мекенінен сәл төмен маңда Жайықтың шығыс бетіне - Кіші жүзге өтеді. Олар қараңғылық пен боранның көмегімен арттарынан ілесе қуған казактар мен Баймағанбет сұлтанның адамдарын адастырып үш топқа бөлініп, Тайсойған жаққа бет алады. Өкінішке қарай, көп кешікпей, 14 және 24 желтоқсан күндері - Исатайдың әйелі Несібелі, балдызы Бағлан, балалары Жақия мен Дінбаян (Дүмбиян), небәрі 12 адам қуғыншылардың қолына түседі. Кіші жүзге өткен И.Тайманұлы бастаған шағын топ осы жерде патша өкіметінің отарлық саясаты мен сұлтан Баймағанбет Айшуақұлы бастаған жергілікті феодалдардың қарапайым халықты езіп-жаншуына қарсы азаттық күресті ұйымдастыруға кіріседі. Исатай батыр мен ақын Махамбет бүкіл Кіші жүзді аралап, патша өкіметінің отарлық саясатын және солардың қолшоқпары хандар мен сұлтандардың халыққа жасап отырған озбырлығын шаруаларға түсіндіріп, оларды қолдарына қару алып, өздерінің азаттығы үшін күреске шығуға шақырды. Сол мақсатпен Исатай Махамбетпен бірге Маңғыстауға барып, оның билеушісі Қ.Есімовпен күш біріктіруге уағдаласады Сонымен бірге Хиуа ханы Қайыпқали Есімовке патша әскерлерін тойтару үшін 20 мың әскер беруге уәде етеді. Кіші жүздегі көтерілісті ұйымдастыру барысында Исатай батырдың ел-елдің басын біріктірген шебер дипломат болғандығын байқаймыз. Мысалы, көтерілістің негізгі ошағы болған әлімдер мен Маңғыстау адайлары арасында көптен келе жатқан кикілжің болған. Көтеріліске қатысушы адайлық сарбаздардың Әлім жеріне келетін болуына байланысты Исатай Әлімдер мен Адайларды өзара келістіріп, татуластырады. Маңғыстау адайлары мен түрікмендердің арасында да көптен бері келіспеушілік болады. Ресейдің отарлық саясатына қарсы азаттық көтеріліске аттанған адайлардың тылын қауіпсіздендіру мақсатында Исатай түрікмендермен келіссөз жүргізіп, адайлар мен түрікмендерді де мәмілеге келтіріп, келістіреді. И.Тайманұлы бастаған көтерілісшілерге батыр Жоламан Тіленшиев би Жүсіп Құланов бастаған сарбаздар қосылады. Адай, Шеркеш, Таз, Шөмекей, Табын, Кете руларынан Исатай мен Қ.Есімовтың қоластына 3000-дай адам жиналады. Патша өкіметі И.Тайманұлының басқаруымен Кіші жүздің батыс бөлігінде болып жатқан халық наразылығының одан әрі өршуінен қауіптеніп, оны басудың қамына кіріседі. Өйтпеген жағдайда бұл көтеріліс Кіші жүзге қарай жақындап келе жатқан Кенесары Қасымов басқарған ұлт-азаттық көтеріліске ұласып, патша өкіметінің отаршылдық езгісіне қарсы халық-азаттық соғысқа айналуы әбден мүмкін еді. Егер оқиға дәл осылай өрбісе, онда Ресей империясының 19-ғасырдың 60-жылдарында Қазақстанды отарлауды аяқтауының өзі неғайбыл жағдайға айналған болар еді. Осыны ескерген Орынбор генерал -губернаторы 1838 жылғы шілде айының басында подполковник Геке басқарған зеңбіректермен қаруланған әскерлерді Исатайларға қарсы аттандырады. Сонымен бір мезгілде Горск қамалынан бір топ әскерді бастап Баймағанбет Айшуақов та шығады. Жазалаушылардың екі тобы 10 шілдеде Үлкен Қобда өзеніне жақын жерде кездеседі. ## Исатайдың қаза табуы Баймағанбет сұлтан әдейілеп жіберген Балта деген алдаушының сөзіне сеніп қалған аңғал Исатай батыр қасына 500 сарбаз алып, сұлтан Б.Айшуақовтың ауылын шаппақшы болып, негізгі қолдан бөлініп шығады. Жазалаушы әскерлердің келіп жеткендігінен бейхабар Исатайлар тобы 1838 жылғы 12 шілде күні Ақбұлақ өзенінінң жағасында Геке мен Баймағанбет сұлтанның біріккен әскерінінң үстінен шығады. Әскер күші жағынан тең емес шайқаста Исатай батыр бастаған көтерілісшілер асқан ерлік көрсетеді. Алайда, мұнда да Тастөбедегі сияқты ұрыс тағдырын зеңбіректер шешеді. Зеңбірек оғы түскен жерлерден атты сарбаздар бытырай қашады. Исатайдың атына да оқ тиіп, ол казактармен жаяу шайқасады. Махамбет пен Үбі Исатайға өз аттарын тосса да, "ат артына мінгесіп, елге күлкі болғанымнан өлгенім артық, одан да балаларымды сақтаңдар, өздерің қашып құтылыңдар", - деп оларды ілгері жібереді. Ақбұлақ өзенінің жағасындағы кескілескен шайқаста Исатай батыр да, оның 16 жасар ұлы Оспан да қаза табады. Осы шайқастың басы-қасында болған Исатайдың 14 жасар ұлы Досмағанбет астындағы атының жүйріктігі арқасында Махамбетпен бірге жау қолына түспей, құтылып кетеді. Исатай абайсызда қанжарын түсіріп алады. Орыс-казак әскер басы сол қанжармен Исатайдың басын шауып өлтіреді. Оны қанағат етпей оған екі оқ атады. Исатай батыр 12 шілде күні қапылыста қаза тапқаннан кейін, көтеріліс одан әрі дамымай, сарбаздар жан-жаққа бытырап кетеді. Қ.Есімов жазалаудан қорқып, Хиуаға қашады. ## Көтеріліс жеңіліске ұшырады Осылайша, бас-аяғы 6 айға жетпейтін қысқа уақытты қамтыған аумағы мен сарбаздардың саны жағынан Бөкей хандығындағы көтерілістен асып түсетін бүкіл Кіші жүз даласын дүр сілкінткен батыр Исатай Тайманұлы бастаған халық-азаттық көтеріліс жеңіліске ұшырайды. Ол заманда басқаша болуы мүмкін де емес еді. Көтерілісшілерге хан өкіметі мен сұлтандар, патша үкіметінің жақсы қаруланған, арнайы дайындықтан өткен әскерлері қарсы тұрды. Көтерілісшілер Қазақстанның басқа аймағындағы, соның ішінде К.Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалыспен байланыс жасап үлгермеді. Көтерілісшілердің қарау-жарағы да мейлінше нашар болды. Нақты бағдарламаның болжамауы ұйымшылдықтың жетіспеуі де жеңіліс себептерінің бірі болды. И.Тайманұлы бастаған көтеріліс жеңілгенмен, ол Қазақстанның батыс бөлігінің Ресей империясы құрамында кейінгі дамуында терең із қалдырды. Бұдан былай алым-салықтың мөлшерін жылдан-жылға көтере беруге белгілі дәрежеде шек қойылды; патша үкіметінің көтерілісті қолдаған қазақ ауылдарының старшындарымен санасуына тура келді; Ішкі Ордадағы хандық биліктің жойылуы тездеді. ## Исатай туралы Көтеріліс басшысы Исатай Тайманұлы басынан өткен көптеген ауыр әрі қауіпті оқиғаларға мойымай асқан қайсарлық көрсетіп, өз жауларымен өмірінің ақырына дейін алысып өтті. Тек Исатай ғана "өлгенінше көпті соңына ерте алды" (Х.Досмұхамедов). "Тып-тыныш әлемде,-деп жазды орыс журналисі Н.Савичев, -қап-қара тұнық аспанда кейде жарқырап, зулап, жан-жағына отын шашып, жұртты таңқалдырып келе жатқан метеорды көресің. Тап осы метеор сияқты жарқын бейнелі, абзал, терең ақыл-ойдың иесі, халық қамын ойлаған қажырлы батыр -Исатай".Қазақ кедейлерінінң көсемі И.Тайманұлының есімі - мәңгі халық есінде. Ақтөбе облысының Қобда ауданында Исатай батыр мен оның баласы Оспанға шайқас болған жерде ескерткіш орнатылған. Атырау облысы Исатай ауданының орталығы Аққыстауда да Исатай батырдың ескерткіші бар. Исатай ауданындағы теміржол станциясына, Атырау қаласындағы және Жұмыскер селосындағы орта мектепке батырдың есімі берілген. Батырдың туған жеріндегі "Тайман жалы" деп аталатын орынға мемориалдық тақта қойылып, Аққыстау селосында батырдың мемориалдық мұражайы ашылды. 1991 жылғы қыркүйек айында халық батыры И.Тайманұлының туғанына 200 жыл толуы республика көлемінде аталып өтті. Осы мерейтойға орай Қазақ КСР Ғылым Академиясының ұйымдастыруымен Алматы және Атырау қалаларында ғылыми-теориялық конференциялар өткізілді. И.Тайманұлы мен оның ұрпақтары туралы "Қазақфильм" киностудиясы "Мінгені Исатайдың Ақтабан-ай" атты деректі фильм түсірді. Халық батыры И.Тайманұлының 200 жылдық мерейтойын өткізу - қазіргі ұрпақтың батыр бабалар дәстүріне адалдығының айғағындай оқиға болды. Олай болса, Исатай Таймановтың батырлық өнегесі қазақ халқының мәңгі есінде. ## Дереккөздер
* Ғұсман Нығметұлы Әзірбаев - Ұлы Отан соғысы ардагері. * Ерден Нығметұлы Әзірбаев - химия ғылымдарының докторы. * Кенен Әзірбаев - сазгер. * Мардан Нығметұлы Әзірбаев - геолог.
Сара Алпысқызы Назарбаева (туған тегі — Қонақаева; 12 ақпан 1941 жыл, Қызылжар, Бұқар жырау ауданы, Қарағанды облысы) — қазақстандық қоғам қайраткері, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелі, Қазақстанның тұңғыш бірінші ханымы. ## Өмірбаяны Білімі жоғары, мамандығы инженер-экономист. Арғын тайпасының Қуандық руының Мұрат бөлімінен шыққан. Сара Алпысқызы «Бөбек» қайырымдылық қорының негізін қалаушы. Қор көмекке зәру панасыз балаларды өз қамқорлығына алып, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тұрғысына білім алып, тәрбиеленуіне мән береді. Қазақстанның бірінші ханымының бастамасымен елімізде жетім балаларды қорғау туралы Заң қабылданды. Осының нәтижесінде республиканың барлық өңірінде жетім балалар үшін отбасылық үлгідегі балалар қалашықтары құрылып, «Үміт», жасөскіндер үйлері ашылуда. Президент зайыбы республикамыздағы колледждер мен жоғары оқу орындары және училищелерде білім алып жүрген жатқан жетім балалардың жағдайларына ерекше назар ұстап келеді. Сара Алпысқызы осындай жастарға ай сайын «Бөбек» қоры арқылы қайырымдылық көмек көрсетеді. Президент зайыбы «Өзіңді өзің таны» атты балаларға рухани-адамгершілік білім беру және тәрбие беру идеясының авторы болып табылады. ### Сара Алпысқызының 70 жас толуына арналған шаралар Сара Алпысқызы Назарбаева 12 ақпан күні 70 жасқа толады. Сара Алпысқызы «Бөбек» қайырымдылық қорының негізін қалаушы. «Өзіңді өзің таны» атты балаларға рухани-адамгершілік білім беру және тәрбие беру идеясының авторы болып табылады. Өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілігін дамыту, қоғам туралы және бақытты балалық шақ туралы тұжырымдама дайындаған. Назарбаева С.А. қайырымдылық қызметі үшін «Достық» орденімен, Философияда өзіңді - өзің таны және оқу мәдениетіне қосқан үлесі үшін Шыңғыс Айтматов атындағы І – дәрежелі алтын медалімен, «Юнити» халықаралақ сыйлықтың, СОС Киндердорф Халықаралық қорының алтын медалі, БҰҰ – ЮНИСЕФ халықаралық қорының ескерткіш медалі, Исхан Дограмачи Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық сыйлығы, Халықаралық «Алтын жүрек» сыйлықтарымен марапатталған. Мемлекетіміздің бірінші ханымы Сара Назарбаеваның туған күні қарсаңында өмірі мен шығармашылығы жайлы аудан орталығы мектептерінің оқушылары және ұстаздар қауымы аудандық кітапханадан мәліметтер алуда. Кітапханаың оқу залында кітап көрмесі ұсынылып, Интернет залда пресс – релиздер шығарылды және ақпараттық сағаттар мен шолулар өткізілді. ## Дереккөздер
Тоқтарбайұлы Қобыланды (XV ғ.) – аты аңызға айналған халық батыры. Шыққан тегі – Қыпшақ, оның ішінде Қара Қыпшақ. Халық жадында сақталған әңгімелерде, халық шежірелерінде оны көбіне «Қара Қыпшақ Қобыланды» деп атайды. Шежіре деректеріне қарағанда, Қара Қыпшақ Қобыланды Жошы ханның Шайбан деген баласының тұқымы Әбілхайыр ханның тұсында (XV ғасыр) өмір сүрген, ханның белгілі қолбасшыларының бірі болған адам. Қазақ хандығының бөлінуіне де осы Қобыланды батыр себеп болған деседі. Бұл жөнінде Шәкәрім шежіресінде: «Біздің осындағы арғындардың атасы Дайырқожа Әбілхайыр ханның сүйікті қазысы екен. Билікті әділ айтқандықтан Ақжол би атаныпты. Және Қара Қыпшақ Қобыланды да ханның сүйікті адамы екен. Екеуі іштей жауласып жүргенде, бір күні Қобыланды Дайырқожаны далада өлтіріп кетіпті. Мұны әз-Жәнібек хан біліп, Қобыландыны шариғат бойынша қысас қылып өлтіруге сұрапты. Әбілхайыр берейін десе, көп қыпшақ бұзылатын болған соң, бере алмай, үш кісінің құнын ал деген соң, бұған Жәнібек өкпелеп, бөлініп кетеді» деген дерек беріледі. Бұл оқиғаның тарихи шындық екенін Дайырқожаның әкесі Қотан жыраудың өлген баласының денесін айналып, қайғырып, қан жұтып жүріп айтқан: "Қара Қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным?Сексен асып таянғанда тоқсанға,Тұра алмастай үзілді ме, жұлыным, —” деп басталатын толғауы да дәлелдей түседі.Қобыланды батыр жайында екінші бір дерек көзі — қазақ халқының қаһармандық жырларының бірі — "Қобыланды батыр" жыры. Бұл мазмұны жағынан да, басқа батырлық жырларға қарағанда шоқтығы биік тұрған халықтық шығарма, ерлік эпопеясы. Бұл жырдың оқиғаларына қарағанда, Қобыландының ерлік жолы қазақ елінің сол кездегі сыртқы жауы — қызылбастар (парсылар) мен олардың шапқыншылық жасаған ханы Қазанға қарсы күресінен басталады. Оның бұдан кейінгі шайқасқан батырларының атына қарап, олардың атақты Едіге батырдың тұқымдары екенін аңғаруға болады. Қобыланды батырдың Орақ батырмен дос болып, Алшағырмен жауығуы — Қазақ хандығының өзара іштей екіге бөлінген Ноғай ордасының бірін қолдап, екіншісімен соғысып жатқан тарихи кезеңін алға тартады. Мұның бәрі Қара Қыпшақ Қобыланды батырдың аңыздық негізде қиялдан туған кейіпкер емес, өмірде болған, ерлік істерімен еліне танылып, құрметіне бөленген хас батырларының бірі болғанын дәлелдейді. Және де қазақ халқының қалыптасуына үлкен үлесін қосты. ## Дереккөздер * http://referatikz.ru/load/aza_sha_referattar/aza_debieti/to_tarbaj_ly_obylandy/10-1-0-1915
Байқоңыр * Байқоңыр (қала) * Байқоңыр (ғарыш айлағы) * Байқоңыр (ауыл)‎ * Байқоңыр (метро бекеті) * Байқоңыр (планета) * Байқоңыр (өзен) * Байқоңыр ауданы
Әбілмәмбет хан (толық есімі Әбіл-Мұхаммед-Баһадүр-хан, жазба деректерде Абдулмамет, Абулмамет, Абульмагмет, Аймамбет, Оболмамет, Abul Mamet, XVII ғасырдың аяғы — 1770 немесе 1771, Түркістан) — сұлтан, 1739 жылдан бастап Орта жүздің, ал 1748 жылдан кейін қазақтың бас ханы. Орта жүздің ханы Болаттың үлкен ұлы, Тәуке ханның немересі. ## Өмірбаяны Сәмеке ханның тұсында Әбілмәмбет сұлтан арғын тайпасының құрамындағы атығай руын, қыпшақтардың бір бөлігін, уақтарды, керейлерді билеген. 1723 жылы қазақ даласына жоңғар қонтайшысы Цэван Рабданның үлкен ұлы Лоузан-Шононың жорығынан кейін Сырдария өңіріне, ал 1725 жылы Бұхар хандығының иеліктеріне бет алды. 1726-1727 жылдары Әбілхайыр, Сәмеке хандардың еділ қалмақтарына, жайық казактарына қарсы бағытталған жорығына қатысып, құрамы 500 сарбаздан тұратын, ал 1733 жылы башқұрт тайпаларына қарсы ұйымдастырылған жорығында 1000 адамдық топты басқарған. 1739 жылдың көктемінде Түркістан қаласында арғын, уақ, керей старшындарының және танымал батыр Нияз Барқыұлының қолдауымен хан тағына отырды. Абылай сұлтанмен бірге қазақтардың солтүстік-батыс аймақтарына қоныс аударған. 1740 жылдың 28 тамызында ресей патшайымы Анна Иоанновнаға ант берген.1740-1741 жылдары Орта жүздің қазақтары жоңғар нояндары Шара-Манджи, Септен және Қалдан Сереннің үлкен ұлы Лама-Доржидің жаңа жойқын соққыларына тап болды. Әбілмәмбет хан Кіші жүздің аумағына көшіп, Ілек және Жайық өзендерінің аңғарларын паналаған. Орта жүз билеушілерінің ұсынған бейбіт бітім-шартына жауап ретінде қонтайшы Қалдан Серен Әбілмәмбет пен Бараққа 1742 жылдың сәуір айында Түркістанға қайтып, Жоңғарияға аманат жіберіп, алман төлеуді талап етті. Қалыптасқан саяси жағдайға байланысты Әбілмәмбет хан талаптардың бір бөлігін орындай отырып, 1742 жылдың аяғында Түркістан аймағына қоныс аударып, ұлы Әбілпейізді Жоңғарияға аманат ретінде аттандырған. 1750-ші жылдары орын алған үзілісті ескермегенде 1743 жылдың күзінен өмірінің соңына дейін Түркістан қаласында тұрған. Қала үшін Сәмеке ханның ұлы Сейітпен 2 жыл бойы талас жүргізген. Жоңғар қонтайшысы Қалдан Сереннің көмегіне сүйенген Әбілмәмбет 1745 жылдың аяғында Түркістан қаласымен көршілес Сауран, Сығанақ, Созақ, Отырар және т.б. кішігірім кенттердің билеушісіне айналды. XVIII ғасырдың 50-ші жылдары Әбілмәмбеттің Түркістан аймағындағы жаңа қарсыласына Есім хан (1756-1798) айналды. Әбілмәмбет хан Түркістан қаласын 1758 жылы қалдыруға мәмбүр болған. Алайда, 1762 жылдың көктемінде Абылай сұлтанның, Қаз дауысты Қазыбек бидің делдалдық көмегінің арқасында бейбіт келісімге келді. Бітім шартқа сәйкес Түркістан қаласы мен көршілес елді-мекендер 2 бөлікке бөлінген. Әбілхайыр ханның өлімінен кейін шартты түрде қазақтың бас ханына айналды. XVIII ғасырдың 60-шы жылдары оның қол астында арғын тайпасының құрамындағы рулардың үлкен тобы, наймандардың кейбір рулары, уақ, керей, қыпшақ және 5000 отбасыдан тұратын қоңыраттар болған. Осы уақыттан бастап Түркістан қаласынан шықпастай өмір сүріп, 1770 жылдың аяғында немесе 1771 жылдың басында қайтыс болған. Кейбір деректерге сәйкес Қожа Ахмет Йассауи кесенесінде жерленген. Әбілмәмбет ханның әйелдері мен ұрпақтары туралы нақты тарихи деректер сақталған жоқ. Оның үлкен ұлы Болат арғындардың бір бөлігі мен қоңырат тайпасын, екінші ұлы Әбілпейіз сұлтан наймандардың үлкен бірлестігн, ал үшінші ұлы Тәуке сіргелі және сары-үйсіндердің жеке топтарын басқарған. ## Әдебиет * Андреев И.Г. Описание Средней орды киргиз-кайсаков / Составление, транскрипция скорописи XVIII в. и комментарии И.В. Ерофеевой. Алматы., 1998. * Бакунин В.М. Описание калмыцких народов, а особливо из них торгоутского, и поступков их ханов и владельцев. Элиста. 1995. * Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в пяти томах. Т.1.Алма-Ата, 1985. * Ерофеева И.В. Эпистолярное наследие казахской правящей элиты 1675-1821 гг. Сборник исторических документов в 2-х томах/Автор проекта, введения, биографий ханов, научных комментариев; составитель и ответственный редактор И.В.Ерофеева. Алматы: АО «АБДИ Компани», 2014. - 696 с. + вкл. 44 с. — ISBN 978-9965-832-26-0. * Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких орд и степей. Изд. 3-е / Сост. И.В. Ерофеева. Алматы, 2009. * Моисеев В.А. Джунгарское ханство и казахи. XVII-XVIII вв.Алма-Ата, 1991. * Рычков П.И. Топография Оренбургской губернии. Изд. 3-е. Уфа, 1999.
Теңге сөзінің мағыналары: • Қазақстан теңгесі — Қазақстан Республикасының ірі ақша бірлігі (1 теңге = 100 тиын);• Түрікмен теңгесі — Түрікменстанның ұсақ ақша бірлігі (1 манат = 100 теңге);• Теңге нышаны (₸) — Қазақстан теңгесінің нышаны.
Ең жоғары дәрежелi ерекшелiк белгiлерi - "Алтын Қыран" орденi, "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да ордендерi, медальдары, құрметтi атақтары және Құрмет грамотасы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары болып табылады. Қазақстан Республикасының азаматтары жемiстi мемлекеттiк, қоғамдық, шығармашылық қызметi, еңбектегi және жауынгерлiк ерлiктерi үшiн, олардың Республикаға сiңiрген еңбегiнiң танылуының белгiсi ретiнде мемлекеттiк наградалармен наградталады. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен Қазақстан Республикасына еңбек сiңiрген шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың да наградталуы мүмкiн. Мемлекеттiк наградалармен наградтауды Қазақстан Республикасының Президентi жүзеге асырады. ## Ең жоғары дәрежелі ерекшелік белгілері * Алтын Қыран ордені, * Халық қаһарманы, * Қазақстанның Еңбек Ері. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк марапаттарының атаулары мемлекеттiк тiлде белгiленедi. Мемлекеттiк марапаттарының сипаттамасын, "Алтын Қыран" орденi, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" кiтапшаларының, орден кiтапшаларының, медальдарға куәлiктердiң және құрметтi атақтар берiлгенi туралы куәлiктердiң үлгiлерiн, мемлекеттiк марапаттарға ұсыну және оларды тапсыру тәртiбiн, басқа да құжаттар мен ережелердi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi. Бір адам дәрежелері бар наградалардан басқа ең жоғары дәрежелі ерекшелік белгілерімен, сол орденмен немесе медальмен екі мәрте наградталмайды. Құрметті атақтар қайталап берілмейді. Ел мүддесін қорғау үстінде көрсеткен батылдығы, ерлігі, қаһармандығы үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау қайтыс болғаннан кейін де жүргізілуі мүмкін. ### Алтын Қыран "Алтын Қыран" орденiмен марапаттау үшiн кандидатураларды Қазақстан Республикасының Президентi анықтайды. Қазақстан Республикасының ең жоғары дәрежелi ерекшелiк белгiсi болып табылады. "Алтын Қыран" орденiмен азаматтар Қазақстан Республикасына сiңiрген мемлекеттiк ерекше еңбегi үшiн наградталады. "Алтын Қыран" орденiмен бұрын Қазақстан Республикасының немесе КСР Одағының ордендерiнiң бiрiмен наградталған азаматтар наградталады. Қазақстан Республикасының Президентi лауазымы бойынша айрықша үлгiдегi "Алтын Қыран" орденiнiң иегерi болып табылады. ### Халық қаһарманы Қазақстан Республикасына сiңiрген аса үздiк еңбегi, оның бостандығы мен тәуелсiздiгi жолындағы жауынгерлiк ерлiктерi үшiн берiледi. "Халық қаhарманы" атағына ие болған адамдарға айрықша ерекшелiк белгiсi - Алтын жұлдыз және "Отан ордені" тапсырылады. ### Қазақстанның Еңбек Ері Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін беріледі. "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған адамдарға айрықша ерекшелік белгісі — Алтын жұлдыз жөне "Отан" ордені тапсырылады. ## Ордендер ### «Отан» ордені Мемлекеттiк және қоғамдық қызметтегi; экономиканы, әлеуметтiк саланы, ғылым мен мәдениеттi дамытудағы; мемлекеттiк, құқық қорғау және әскери қызметтегi, демократия мен әлеуметтiк прогрестi дамытудағы айрықша еңбегi үшiн наградталады. ### Назарбаев ордені Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев орденімен Қазақстан Республикасының қалыптасуына, көркеюіне және даңқын шығаруға жәрдемдескен, мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі айрықша еңбегі үшін Қазақстан Республикасының азаматтары наградталады. ### «Барыс» ордені «Барыс» ордені - Қазақстан Республикасының мемлекеттігі мен егемендігін нығайту ісіндегі; бейбітшілікті, қоғамның топтасуы мен Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етудегі; мемлекеттік, өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық қызметтегі; халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы, ұлттық мәдениеттерді жақындастыру мен оларды өзара байытудағы, мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды нығайтудағы айрықша еңбегі үшін жүргізіледі. "Барыс" ордені үш дәрежеден тұрады: - I дәрежелі "Барыс"; - II дәрежелі "Барыс"; - III дәрежелі "Барыс". I дәреже орденнің жоғары дәрежесі болып табылады. Наградтау III дәреже, II дәреже, I дәреже ретімен жүргізіледі. Ерекше жағдайларда айрықша көзге түскені үшін Мемлекет басшысының шешімімен наградтау реттілік ескерілмей жүргізілуі мүмкін. ### «Даңқ» ордені "Даңқ" орденімен Қарулы Күштердің, басқа әскерлердің және әскери құрамалардың жоғары офицерлік құрамдағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының, прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдарының қызметкерлері: әскерлерге басшылық жасау және оларды басқару ісіндегі табыстары, әскерлердің жоғары жауынгерлік даярлығы және елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз еткені үшін; әскери, шекаралық және ішкі қызметті үздік ұйымдастырғаны, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз еткені, заңдылықты және қоғамдық тәртіпті сақтауды нығайтқаны үшін наградталады. "Даңқ" ордені екі дәрежеден тұрады: - I дәрежелі "Даңқ"; - II дәрежелі "Даңқ". I дәреже орденнің жоғары дәрежесі болып табылады. Наградтау II дәреже және I дәреже ретімен жүргізіледі. ### «Айбын» ордені "Айбын" орденімен Қарулы Күштердің, басқа әскерлердің және әскери құрамалардың әскери қызметшілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының, прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдарының қызметкерлері: - жауынгерлік әзірлікте, әскерлерді жоғары жауынгерлік даярлықта ұстауда және жаңа әскери техниканы игеруде, заңдылықты және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде қол жеткізген табыстары үшін; - әскери және қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы, сондай-ақ мемлекет мүддесін қорғау кезінде жасаған ерлігі үшін наградталады. Айбын" ордені үш дәрежеден тұрады:- I дәрежелі "Айбын"; - II дәрежелі "Айбын"; - III дәрежелі "Айбын". I және II дәрежелі "Айбын" ордендерімен офицерлердің кіші және аға құрамдарындағы адамдар наградталады. I дәреже орденнің жоғары дәрежесі болып табылады. Наградтау: II дәреже және I дәреже ретімен жүргізіледі. III дәрежелі "Айбын" орденімен сарбаздар, матростар, сержанттар, старшиналар наградталады. ### «Парасат» ордені "Парасат" орденiмен ғылым мен мәдениет, әдебиет пен өнер қайраткерлерi, мемлекет және қоғам қайраткерлерi, сондай-ақ Республиканың рухани және интеллектуалдық әлеуетiн дамыту мен молайтуға зор жеке үлес қосқан не адам құқықтарын және оның әлеуметтiк мүдделерiн қорғау жөнiндегi белсендi қызметi үшiн азаматтар наградталады. ### «Достық» ордені "Достық" орденiмен азаматтар қоғамда өзара татулықты сақтау жөнiндегi жемiстi жұмысы, халықтар арасында бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сiңiрген еңбегi үшiн наградталады. "Достық" ордені екі дәрежеден тұрады: - I дәрежелі "Достық"; - II дәрежелі "Достық". Наградтау реттілік ескерілмей жүргізілуі мүмкін. ### «Құрмет» ордені "Құрмет" орденiмен азаматтар экономиканы, әлеуметтiк саланы, ғылым мен мәдениеттi, бiлiм беру iсiн дамытуға сiңiрген еңбегi, мемлекеттiк органдардағы мiнсiз қызметi және белсендi қоғамдық қызметi үшiн наградталады. ### «Ел Бірлігі» ордені "Ел бірлігі" орденімен азаматтар ұлт бірлігін нығайту және қоғамдық татулықты қамтамасыз ету жолындағы жемісті еңбегі үшін наградталады. ### «Еңбек Даңқы» ордені "Еңбек Даңқы" орденімен өнеркәсіп, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру және басқа да салалардың жұмыскерлері кәсіпорындардағы, мекемелердегі, ұйымдардағы жемісті еңбегі үшін, сондай-ақ тиісті салалардағы жоғары көрсеткіштері үшін наградталады."Еңбек Даңқы" ордені үш дәрежеден тұрады:I дәрежелі "Еңбек Даңқы";II дәрежелі "Еңбек Даңқы";III дәрежелі "Еңбек Даңқы". I дәреже орденнің жоғары дәрежесі болып табылады. Наградтау III дәреже, II дәреже және I дәреже ретімен жүргізіледі. "Еңбек Даңқы" орденінің үш дәрежесінің иегерлері мәртебесі бойынша "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған адамдарға теңестіріледі. ## Медальдар * «Ерлігі үшін» * «Жауынгерлік ерлігі үшін» * «Ерен еңбегі үшін» * «Шапағат» медалі ## Құрметті атақтар * Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері * Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы * Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы * Қазақстанның халық әртісі * Қазақстанның халық жазушысы * Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері ## Көп балалы аналарға арналған марапаттар * «Алтын алқа» - жеті және одан да көп бала туған және тәрбиелеп өсiрген аналар наградталады. "Алтын алқа" алқасымен наградтау осы ананың жетінші баласы бiр жасқа жеткен және басқа балалары тiрi болған ретте жүргiзiледi. * «Күміс алқа» - алты бала туған және тәрбиелеп өсiрген аналар алтыншы баласы бiр жасқа жеткен және басқа балалары тiрi болған ретте наградталады. ## Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасымен экономикадағы, оқу-ағарту ісіндегі, әскери және өзге мемлекеттік, қоғамдық қызметтегі елеулі жетістіктерге жеткен азаматтар, сондай-ақ, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал еткен шығармашылық ұжымдар марапатталады. ## Мерекелік медальдар • Астана медалі • Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалі • Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 10 жыл медалі • Қазақстан темiр жолына 100 жыл медалі • 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 50 жыл мерейтойлық медалі • Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалі • Қазақстан Республикасының парламентіне 10 жыл медалі • 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл мерейтойлық медалі • Тыңға 50 жыл медалі • Астанаға 10 жыл медалі • 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл мерейтойлық медалі • Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі • Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне 20 жыл медалі • Теңгеге 20 жыл медалі • Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл медалі • Қазақстан Конституциясына 20 жыл медалі • Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл медалі • Астанаға 20 жыл медалі • Қазақстан Конституциясына 25 жыл медалі • Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл медалі ## Мемлекеттік сыйлықтар ### Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығы Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығы - республиканың экономикалық және әлеуметтік дамуын айтарлықтай жеделдетуге, қазақстандық ғылым мен техниканың әлемдегі озық жетістіктер деңгейіне шығуына әкелетін іргелі және қолданбалы зерттеулер саласындағы аса үздік нәтижелер үшін беріледі. Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның қызметін қамтамасыз етуді - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның қызметін қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығы Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығы - Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық Қазақстан Республикасының азаматтарына отандық мәдениетті дамытуға ерекше бағалы үлес деп танылған әдебиет пен өнер саласындағы аса үздік шығармалары үшін беріледі. Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық 2008 жылдан бастап беріледі. Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық 2015 жылдан бастап беріледі. Екі жылда бір рет әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы жеті мемлекеттік сыйлық және әдебиет пен өнер саласындағы үш мемлекеттік сыйлық беріледі. Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты және Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты Қазақстан Республикасының Президенті Тәуелсіздік күніне береді. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы Дарын мемлекеттiк жастар сыйлығы "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығы жемiстi ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды мемлекеттік қолдау мақсатында жыл сайын бекітілген номинациялар бойынша беріледі. Сыйлық алуға өтінімдер қабылдау аяқталған кезде 35 жасқа толмаған, халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдер мен көрмелердің лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейлердегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ қызметі инновациялық болып табылатын және тиісті сала мен тұтастай қоғамды дамытуға ықпал ететін кандидаттар үміткер болады. ## Салалық (ведомстволық) марапаттар Барлық айтылғандардан басқа Салалық (ведомстволық) марапаттар бар. Ведомстволық марапаттау туралы ұсыныс сіңірген еңбек жылдарына жету бойынша мемлекеттік, кәсіби, өзге де мерекелер және мерейтой күндерін мерекелеу жағдайы бойынша қаралады. Ведомстволық марапаттар ведомствосына байланысты жіктеледі: * «Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін» медалі * «МЕЙІРІМ – ӘЛЕМГЕ МАХАББАТПЕН» медалі * «Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін» медалі * «Экономика саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі * «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі * «Еңбек ардагері» медалі * «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі * «Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі * «Ғарыш саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі * «Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің еңбек сіңірген қызметкері» марапат белгісі * «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» марапат белгісі * «Әділет органдары жүйесінің құрметті қызметкері» марапат белгісі * «Заңгер» І, ІІ, ІІІ дәрежесі марапат белгісі: * 1) «Заңгер» І дәрежесі – әділет органдарының жүйесіндегі 12 жыл еңбегі үшін марапаттауға арналған; * 2) «Заңгер» ІІ степени – әділет органдары жүйесіндегі 10 жыл қызметі үшін марапаттауға арналған; * 3) «Заңгер» ІІІ дәреже– әділет органдары жүйесіндегі 7 жыл қызметі үшін марапаттауға арналған. * «Әділет органдарының үздігі» марапат белгісі * "Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төсбелгісі * «Қаржы қызметінің үздігі» марапат белгісі * «Салық қызметінің үздігі» марапат белгісі * «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» марапат белгісі * «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» марапат белгісі * «Құрметті авиатор» марапат белгісі * «Құрметті жолшы» марапат белгісі * «Құрметті автокөлікші» марапат белгісі * «Үздік автокөлікші» төсбелгісі * «Су көлігі саласының үздігі» марапат белгісі * «Еңбек сiңiрген энергетик» марапат белгісі * І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» марапат белгісі: * 1) І дәрежелі «Еңбек даңқы» марапат белгісі – металлургия өнеркәсібі саласындағы 12 жыл еңбек сіңірген қызметі үшін марапаттауға арналған; * 2) ІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» – металлургиялық өнеркәсіп саласындағы 8 жыл еңбегі үшін марапаттауға арналған; * 3) ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» – металлургиялық өнеркәсіп саласындағы 5 жыл қызметі үшін марапаттауға арналған. * І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Кенші даңқы» марапаттау белгісі:1) І дәрежелі «Кенші даңқы» – тау-кен өнеркәсібі және шахта құрылысы саласындағы 12 жыл қызметі үшін марапаттауға арналған;2) ІІ дәрежелі «Кенші даңқы» – тау-кен өнеркәсібі және шахта құрылысы саласындағы 8 жыл қызметі үшін марапаттауға арналған;3) III дәрежелі «Кенші даңқы» – тау-кен өнеркәсібі және шахта құрылысы саласындағы 5 жыл қызметі үшін марапаттауға арналған.І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Шахтер даңқы» марапаттау белгілері:«Шахтер даңқы» марапаттау белгісі үш дәрежеден тұрады:1) І дәрежелі «Шахтер даңқы» – көмір өнеркәсібіндегі саладағы 12 жыл еңбегі үшін;2) ІІ дәрежелі «Шахтер даңқы» – көмір өнеркәсібі саласындағы 8 жыл еңбегі үшін;3) ІІІ дәрежелі «Шахтер даңқы» – көмір өнеркәсібі саласындағы 5 жыл еңбегі үшін.«Құрметтi энергетик» марапат белгісі«Кен орнын алғаш ашушы» төсбелгісі«Құрметті кенші» төсбелгісі«Еңбек сіңірген геолог» төсбелгісі«Құрметті метролог» төсбелгісі«Гидрометеорология саласының үздігі» төсбелгісі«Энергия үнемдеу саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі«Құрметті машина жасаушы» марапат белгісі«Құрметті стандарттаушы» төсбелгісі«Еңбек сіңірген сауда қызметкері» төсбелгісі«Әділет органдары жүйесінің құрметті қызметкері" төсбелгісі«Атом саласының үздігі» марапат белгісі«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» марапат белгісі«Ы. Алтынсарин» марапат белгісі«Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» марапат белгісі«Білім беру ісінің құрметті қызметкері» марапат белгісі«Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі«Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісі«Архив саласының үздігі» төсбелгісі«Мәдениет саласының үздігі» марапат белгісі«Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісі«Туризм саласына сіңірген еңбегі үшін» марапат белгісі«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі«Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісі«Құрметті металлург» төсбелгісі«Туризм саласының үздігі» марапат белгісі«Экология саласының үздігі» марапат белгісі«Құрметті энергетик» төсбелгісі«Еңбек сіңірген энергетик» төсбелгісі«Монополияға қарсы қызметтің үздігі» төсбелгісі«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жүйесінің үздігі" төсбелгісі«Құрметті құрылысшы» марапат белгісі«Құрметті сәулетші» марапат белгісі«Химия өнеркәсібінің үздік қызметкері» марапат белгісі«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының құрметті қызметкері» марапат белгісі«Статистика үздігі» марапат белгісі«Үздік байланысшы» марапат белгісі«Жер қойнауының құрметті барлаушысы» марапат белгісі«Жер қойнауын барлаудың үздігі» марапат белгісі«Заң саласының үздігі» марапат белгісі«Су шаруашылығының ардагері» төсбелгісі«Су шаруашылығының үздігі» төсбелгісі«Үздік цифрландырушы»төсбелгісі * І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Кенші даңқы» марапаттау белгісі: * 1) І дәрежелі «Кенші даңқы» – тау-кен өнеркәсібі және шахта құрылысы саласындағы 12 жыл қызметі үшін марапаттауға арналған; * 2) ІІ дәрежелі «Кенші даңқы» – тау-кен өнеркәсібі және шахта құрылысы саласындағы 8 жыл қызметі үшін марапаттауға арналған; * 3) III дәрежелі «Кенші даңқы» – тау-кен өнеркәсібі және шахта құрылысы саласындағы 5 жыл қызметі үшін марапаттауға арналған. * І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Шахтер даңқы» марапаттау белгілері: * «Шахтер даңқы» марапаттау белгісі үш дәрежеден тұрады: * 1) І дәрежелі «Шахтер даңқы» – көмір өнеркәсібіндегі саладағы 12 жыл еңбегі үшін; * 2) ІІ дәрежелі «Шахтер даңқы» – көмір өнеркәсібі саласындағы 8 жыл еңбегі үшін; * 3) ІІІ дәрежелі «Шахтер даңқы» – көмір өнеркәсібі саласындағы 5 жыл еңбегі үшін. * «Құрметтi энергетик» марапат белгісі * «Кен орнын алғаш ашушы» төсбелгісі * «Құрметті кенші» төсбелгісі * «Еңбек сіңірген геолог» төсбелгісі * «Құрметті метролог» төсбелгісі * «Гидрометеорология саласының үздігі» төсбелгісі * «Энергия үнемдеу саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі * «Құрметті машина жасаушы» марапат белгісі * «Құрметті стандарттаушы» төсбелгісі * «Еңбек сіңірген сауда қызметкері» төсбелгісі * «Әділет органдары жүйесінің құрметті қызметкері" төсбелгісі * «Атом саласының үздігі» марапат белгісі * «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі * «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» марапат белгісі * «Ы. Алтынсарин» марапат белгісі * «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» марапат белгісі * «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» марапат белгісі * «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі * «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісі * «Архив саласының үздігі» төсбелгісі * «Мәдениет саласының үздігі» марапат белгісі * «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісі * «Туризм саласына сіңірген еңбегі үшін» марапат белгісі * «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі * «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісі * «Құрметті металлург» төсбелгісі * «Туризм саласының үздігі» марапат белгісі * «Экология саласының үздігі» марапат белгісі * «Құрметті энергетик» төсбелгісі * «Еңбек сіңірген энергетик» төсбелгісі * «Монополияға қарсы қызметтің үздігі» төсбелгісі * «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жүйесінің үздігі" төсбелгісі * «Құрметті құрылысшы» марапат белгісі * «Құрметті сәулетші» марапат белгісі * «Химия өнеркәсібінің үздік қызметкері» марапат белгісі * «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының құрметті қызметкері» марапат белгісі * «Статистика үздігі» марапат белгісі * «Үздік байланысшы» марапат белгісі * «Жер қойнауының құрметті барлаушысы» марапат белгісі * «Жер қойнауын барлаудың үздігі» марапат белгісі * «Заң саласының үздігі» марапат белгісі * «Су шаруашылығының ардагері» төсбелгісі * «Су шаруашылығының үздігі» төсбелгісі * «Үздік цифрландырушы»төсбелгісі ## Ордендердi, медальдарды және басқа да ерекшелiк белгiлерiн тағып жүру тәртiбi Ең жоғары дәрежелi ерекшелiк белгiлерi - "Алтын Қыран" орденi, Алтын жұлдыз сол жақ омырауға ордендер мен медальдардың үстiнен тағылады. Құрметтi атақтар белгiлерi оң жақ омырауға тағылады. Қазақстан Республикасының ордендерi мен медальдары сол жақ омырауғатағылады. Орден белгісін иық лентасына тағу кезінде ол оң иық арқылы өтеді. Осы орденнің жұлдызы сол жақ омырауға ордендерден солға қарай орналасады. Марапатталған адамдар ордендер мен медальдардың орнына белгіленген үлгідегі марапаттар рәмізін тағып жүре алады. Марапатталушыда бұрынғы КСРО-ның және өзге де шет мемлекеттердің мемлекеттік марапаттары болған жағдайда КСРО-ның және шет мемлекеттердің марапаттары белгіленген ретпен Қазақстан Республикасының марапаттарынан кейін тағылады. ## Мемлекеттiк марапаттардың және олармен марапатталған адамдардың мәртебесi Жоғары дәрежелі ерекшелік белгілері "Отан" орденіне немесе "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" орденіне ие болған азаматтарды марапаттау туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабына жазылады. Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабын жүргізу және сақтау ережесін, сондай-ақ оның сипаттамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. "Алтын алқа" алқасымен марапатталған немесе бұрын "Батыр-Ана" атағына ие болған көп балалы аналар белгіленген нормалар бойынша тұрғын үй алаңымен бірінші кезекте қамтамасыз етіледі. Отбасы мүшелерімен бірге тұрғын жайды ұстап-күтуге, сондай-ақ коммуналдық қызметке шығыстарды төлеу үшін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді. "Күміс алқа" алқасымен марапатталған көп балалы аналарға жеңілдіктер жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен белгіленуі мүмкін. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк марапаттарына ие болған адамдар олардың сақталуын қамтамасыз етуге тиiс. Мемлекеттiк марапаттар мен оларға қоса берiлген құжаттар жоғалған жағдайда марапатталған өздерiнiң марапаттарға құқығын сақтайды. Жоғалғандардың орнына "Алтын Қыран" орденiнiң, Алтын жұлдыздың, ордендердiң, медальдар мен омырауға тағатын ерекшелiк белгiлерiнiң дубликаттары, әдетте, берiлмейдi. Ерекшелiк ретiнде олар Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Мемлекеттiк марапаттар жөнiндегi комиссияның шешiмiмен өрт, жер сiлкiну және басқа да дүлей апаттар салдарынан жоғалған, яғни марапатталған адам оларды жоғалудан сақтап қала алмаған жағдайда ғана берiледi. Марапаттау туралы құжаттар жоғалған жағдайда олардың дубликаттары жергiлiктi атқарушы органдардың өтiнiшi бойынша Мемлекеттiк марапаттар жөнiндегi комиссияның шешiмiмен берiледi. Қайтыс болған марапатталған азаматтардың және қаза тапқаннан кейiн марапатталғандардың Қазақстан Республикасы ордендерi, медальдары, құрметтi атақтарына қоса берiлетiн омырауға тағатын белгiлерi, сондай-ақ оларды наградтау туралы құжаттар отбасына естелiк ретiнде сақтауға қалдырылады. Қайтыс болған кiсiнiң мұрагерлерiнiң келiсуiмен оның марапаттары мен марапатталуы туралы құжаттары сақтау және экспонат ретiнде көрсету үшiн мұражайларға берiлуi мүмкiн. Егер қайтыс болған кiсiнiң мұрагерлерi жоқ болса, оның марапаттары мен марапатталу туралы құжаттары Қазақстан Республикасының Президентiне қайтарылады. Мемлекеттік марапаттармен марапатталған Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдік азаматтардың және азаматтығы жоқ адамдардың марапатталуы туралы құжаттары болған жағдайда, бұл марапаттарды Республикадан тыс жерге алып кетуге құқығы бар. Бағалы металдардан жасалған мемлекеттік марапаттарды алып кету тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді. ## Қазақстан Республикасының мемлекеттiк марапаттарын айыру Қазақстан Республикасының мемлекеттiк марапаттарынан айыруды марапатталған адам қылмысы үшiн сотталған жағдайда - заңда белгiленген негiзде және тәртiппен соттың ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi жүргiзедi. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк марапаттарынан айырған кезде олар және оларға қоса берiлген құжаттар Қазақстан Республикасының Президентiне қайтарылуға тиiс. Заңсыз сотталған және толық ақталған азаматтардың мемлекеттiк марапаттарға құқығын соттың шешiмiмен Қазақстан Республикасының Президентi қайта қалпына келтiредi. ## Дереккөздер
Үйсін мемлекеті (б.з.д. VIII ғ. — б.з. V ғасырда) — Қазақстанды мекендеген тайпаларда мемлекеттіктің алғашқы белгілері болды. Бұлар сақтардың этномәдени мұрагерлері үйсіндер болатын. Қазақ мемлекеттігінің тағы бір қайнар көзі үйсіндер мемлекеті болып есептеледі. Үйсіндерде ежелгі өркениетке тән дамудың барлық белгілері байқалды. Бұл қалыпты даму белгілеріне мемлекеттік билік жүйесін, жазудың болғандығын, тұрақты әскерді, елшілік жоралғыларын және т.б. жатқызуға болады. Сақ дәуірінде болған малға, еңбек құралдарына және тұрмыс бұйымдарына деген жеке меншік үйсіндерде де кең қанат жайды. Қоғамның билеуші және бағынышты топтарға бөлінуі мейлінше айқын байқалды. Қоғам — ру ақсүйектері мен тәуелді ұсақ өндірушілер, жартылай тәуелді құлдарға бөлінді. Жерді жеке иеленумен қатар иерархиялық иелену түрі де дамыды (рулық, тайпалық, қауымдық). Ежелгі үйсіндерде әлеуметтік-экономикалық қатынастар өтпелі кезеңге тән сипатта болды. Дамудың мұндай ерекше түрінің болу себебі экономикалық кұрылысқа байланысты. Жартылай көшпелі және жартылай отырықшы үйсін коғамында өндірістің екі негізгі түрі болды: мал және жер. Мал түріндегі байлықтың жиналуы, мал-мүлік, жиһазға жеке меншіктің, тауар алмасудың дамуына әкелді. Әйтсе де көшпелі қоғам ерекшелігіне сай — әлеуметтік қатынастар аса ірі және шағын дәулетті мал иелерінің жеке меншік қатынастары түрінде дамыды. Рулық құрылыстың ыдырауы барысында туындаған таптық қатынастар құлиеленушілік сипатқа ие болды. Дегенмен ежелгі үйсін қоғамында құлдың еңбегін пайдалану өзіндік ерекше түрде дамыды; яғни, құл еңбегі өндірістің негізгі тірегіне айналған жоқ, ал құл иелену классикалық түрге жете алмады. Жазбаша және археологиялық деректерден ежелгі үйсін қоғамында б.з.д. II—I ғасырлардың өзінде-ақ жекелеген адамдардың қолында байлықтың шоғырланғандығы байқалды. Қытай деректерінде: «Үйсіндерде жылқы көп. Олардың ең бай адамдарында төрт-бес мың жылқы болады», — деп көрсетілген. Демек, малы көп дәулеттілер болса, малы аз немесе жоқ кедейлер тобының да болғандығы даусыз. Сонымен қатар үй малдарына салынған таңбалар, металдан, тастан және қыштан жасалған мөрлер де жеке меншіктің пайда болғандығын көрсетеді. Ертедегі жылнамашылардың мәліметіне қарағанда, үйсіндердің кейбір әскербасылары мен шенеуніктерінде, күнби сарайы жанындағы тағы да басқа лауазымды адамдардың алтын және мыс мөрлері болған. Үйсін мемлекетінің басында үлкен күнби тұрды. Кей зерттеушілер үйсін мемлекетінің ел-басын күнби деп те атап жүр. Қытай тілінде үйсін патшасын гуньмо деп атаған. Үлкен күнбиден кейінгі мемлекеттік лауазым күнби болды. Бұл — бас уәзір. Одан кейіңгі лауазым — тулы (дулы), бұл Қытай мемлекетіндегі үлкен уәзірмен дәрежелес болды. Әскер оң және сол қанатқа бөлінді, оларды екі қолбасы басқарды. Елдің жоғарғы сотының қызметін билер деп аталатын екі орынбасары атқарды, оларды даруға (дарту) деп атады. Абыз атанған лауазым діни басшылықты іске асырды. Бұдан кейінгі мемлекеттік лауазым — бүкіл ұлыстың шыбегі (биі) болды. Оның екі орынбасары болған. Ел билейтін лауазым иелерінің тапсырмаларын орындатып отыратын атқосшы мансаптары болды. Үйсін мемлекетінің астанасы Ыстықкөл жағалауындағы Чигучэн қаласы болды. ## Жағрапиясы Жетісу аймағында орналасты. Шекарасы батысында Шу, Талас өзендеріне, шығысында Тянь Шанның шығыс атырауларына, солтүстігінде Балқаш көлінен Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауына дейін созылған. Үйсін бірлестігі жайындағы алғашқы мәліметтер б.з.д. 1 ғасырдағы қытай жылнамаларында кездеседі (Үйсін). 630 мың халқы болған. 189 мың адамдай жасақ құрған. Бірлестіктің бекіністі астанасы — Шығу қ. Батыс пен Шығыс елдері аралығындағы «Ұлы Жібек жолы» торабына орналасқан. Мұның өзі бірлестіктің көрші елдермен (қытаймен, ғұн, қаңлы, алан, ұйғыр, қырғыз тайпаларымен) саяси, экономикалық және мәдени байланысты дамытуына мүмкіндік жасады. Астанасы Чигучен (Қызыл алқап) Ыстықкөлдің жағасына орналасты. ## Тарихы Үйсіндер туралы жазба деректі қытайлар қалдырды. Б.з.д. 2 ғасырда Жетісуға Чжан Цянь бастаған елші келді. Ол көптеген мәліметтер әкелді. Үйсіндер туралы (усунь-го) «үйсін мемлекеті» деп айтты. Мемлекетте 630 мың адам, 188 мың әскер барын да көрсетті. Үйсін патшасы гуньмо деп аталды. Мықты ел болған. Орталық Азия аумағындағы ертедегі алғашқы таптық бірлестіктердің бірі. Егер VIII ғасырдағы жазушылардың Бесбалықты «Үйсін князінің шекарасы» деп атайтынын ескерсек, үйсіндердің шығыс шегі бір кездерде Бесбалық ауданы арқылы өткен деген қорытынды жасау керек. Үйсіндер иеліктерінің шекарасы батысында Шу және Талас өзендерінің бойымен өткен. Қаратаудың шығыс беткейлеріне дейін созылып жатса керек. Үйсіндер иеліктерінің орталығы — Іле аңғары, дегенмен олардың ордасы — «Қызыл Аңғар қаласы» Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында орналасты. Чжан Цянның (б. з. б. II ғ.) хабарлауына қарағанда, үйсіндердін «бұрын» мекендеген жері шығыстағы алыс бір жерде болған, мұның шындықка жанаспайтыны анық. «Үйсін» терминінің мағынасы осы кезге дейін анықталмай отыр. Ол қытайдың иероглифтік жазбаларынан ғана мәлім, оның қазіргі айтылуы қазақ этнонимдерінің бірі — Ұлы жүз қазақтарының басты этникалық компоненті болып табылатын тайпаның өзін атайтынындай «үйсін» сөзіне сәйкес келеді. Бірқатар зерттеушілер бұл транскрипцияны Орта Азия тарихынан мәлім асиан этнонимі деп білуге бейім. Алайда соңғы зерттеулерде асиан термині ятии этнонимінің диалектілік нұсқаларының бірі болуы мүмкін деген басқаша түсініктеме айтылады, ал оның транскрипциясының дәстүрлі ертедегі кытайша түрі казіргі қытай тілінде айтылатын (юечжи) иероглифтері болған. Үйсін терминінің транскрипциясын түсіндірудің тағы бір нұсқасы бар. Қазір үйсіен деп айтылатын екі иероглиф ертедегі қытай тілінде асман, яғни асман, «аспан» делініп айтылған деп жорамалданады. Бұл айтылғандарды үйсін гуньмосына күйеуге берілген қытай ханшасының хатындағы: «Менің үйім мені… Аспан Еліне… күйеуге берді» деген сөздер растауы мүмкін. Бұл тұрғыдан алғанда, «көк тіреген таулар» дегенді білдіретін тянь-шань деген сөздің өзі де жергілікті атаудың аудармасы сияқты екенін атап өту маңызды. Үйсіндердің ертедегі этникалық-саяси тарихына байланысты оқиғалар жеткілікті зерттелмеген. Үйсіндер туралы алғашқы хабарлар б. з. д. II ғасырдың аяғында пайда болады. Қытай императорының сарайындағылар ғұндарға қарсы күресте одақтас іздеп, Батыс өлкеге Чжан Цянь бастаған елшілік жіберген. Чжан Цяньды сюнну-ғұндар тұтқынға алып, олардың елінде он шақты жылдай болады. Алайда ол кейіннен қашып шығып, Жетісуға барады, үйсіндер туралы алғашқы хабарды еліне сол жақтан апарған. Оның кезінде үйсіндер арасында сэ (сақтар) «тармағы» мен юечжилер мекендеген. Юечжилер туралы хабарлар Чжанье ауданындағы сюннулерден алынғандықтан, Чжан Цянь үйсіндердің өзі де бұрын Цилянь- шань мен Дуньхуан аралығында мекендеген деген қорытынды жасаған. Қазіргі деректер бойынша, үйсіндер Жетісуды қосқанда неғұрлым байтақ аумақты алып жатқан. Қытай үйсіндердің сюннулерге Ордоста соққы беруін қалады. Бұл пікір үйсіндердің нақ сол Чжан Цянь жазып алып, кейіннен шежіреге енгізілген генеалогиялық аңызының редакциясында да әз көрінісін тапқан. Оның айтуынша, үйсіндердің билеушісің бір кезде көршілері юечжилер өлтірген де, оның қаншық қасқыр мен қарға күзетіп жалғыз қалған ұлы есейген шағына дейін шаньюй ордасында тәрбиеленген. Ер жеткен соң гуньмо әкесін өлтіргені үшін кек қайтаруға шаньюйден рұқсат сұрап, юечжилерді талқандапты. Өз кезегінде Орта Азия юечжилерінің аман қалған бөлігі басқа тайпалармен одақтасып, б. з. б. 140 жылы Грек-Бактрия мемлекетін талқандаған. Үйсіндерде үштік жүйе болса керек. Сюннулер сияқты, олар да үш бөлікке: сол қанат, орталық және оң қанат болып бөлінген (олардың әрқайсысында он мыңнан жауынгер болған). Үйсіндер бірсыпыра уақыт бойы сюнну-ғұндарға саяси жағынан тәуелді болғандықтан, соңғы этноним белгілі бір уақыт бойы үйсіндердің өзін де тасасында ұстап келген деп санауға болады. Мүны грек-рим жазушыларының ертедегі ғұндар туралы хабарлары дәлелдейді. Мәселен, ғұндар туралы хронологиялық жағынан алғаш рет Страбонның айтқандарында, Бактрия патшалары «өз иеліктерін серлер мен фаундарға дейін жайды» делінген. Тегінде, Грек-Бактриясының иеліктері бір кезде Тарым ойпатының батыс шегінен әріге созылып жатса керек, демек, бұлайша салыстыру тарихи-географиялық тұрғыдан даулы. Кейінгі уақыттағы үйсіндер тарихы сақтармен және юечжилермен байланысты. Грек-рим авторлары енді «ғұн-үйсіндар» жайында айтады. Ғұндар атауының үйсіндерге де таралғанына қарамастан, олардың этникалық туыстығы туралы айтуға берік негіз жоқ, дегенмен мұны толық, бекерге шығаруға болмайды. Сюннулердің тілі әзірше белгісіз. Зерттеушілер қазіргі уақытта сюннулер тілін ежелгі түрік тіліне бәрінен де жақын «алтай» тобының тіліне жатқызуға бейім. Үйсіндер қазақ халқының қалыптасуына негіз болған ежелгі түркі тайпаларының бірі. Ежелгі қытай жазбаларында Үйсін атауы б.з.б. 2 ғасырдан бастап кездеседі. Ғұндардың күшеюінен қорыққан Қытай үкіметі өзіне одақтас іздеп, батыс елдеріне елшілік жіберді. Қытай елшісі келген кезде Үйсіндер Қытаймен және ғұндармен терезесі тең қуатты мемлекет болды (қ. Үйсін мемлекеті). Үйсіннің шығу тегі, таралуы, халықтардың тарихындағы рөлі жайында тарихи-генеалогиялық зерттеулерде талас пікірлер азды-кемді ұшырасады. Оған себеп — жазба дерек көздері. Оларда адамдардың есімі, лауазымы, қытай транскрипциясы бойынша жазылған. Атап айтқанда, 7 ғасырдағы Қытай жазушысы Чин-гу, «Батыс өлкенің өзге шетелдіктерінен Үйсіндердің едәуір айырмашылығы бар, олардың көзі көк, жирен сақалды» деп жазады (қ. Үйсін антропологиялық типі). Үйсіндердің шаруашылық жағдайы мен мәдениеті жайындағы деректер археол. қазбалардан анықталып отыр (қ. Үйсін дәуірінің ескерткіштері). Б.з.д. 105 жылдарда Үйсін күнбиіне ұзатылған Қытай императорының қызы киізбен ораған дөңгелек үйде тұратынын, ет, сүтпен қоректенетінін айтып, өлеңмен зарлы хат жазған. Жазба деректемелерде б.з.б. 1 ғасырда Үйсін халқының жалпы саны 630 мың адам (120 мың түтін) болғаны айтылады. Олар 188 мың 800 адамнан тұратын әскер ұстаған. Алғашында Бұлыңғыр өзеннің бойын мекендеген. Б.з.б. 2 ғасырдың орта шенінде Жетісуға, Іле бойына ығысқан. Дегенмен, олардың барлығы көшпеген деген ғылыми жорамал бар. Оны шығыстанушы С.Е. Малов Тоныкөк ескерткіштеріндегі Үйсін есімінің жазылуымен дәлелдейді. Жетісу Үйсіндерінің шығу тегін анықтау жолында А.Н. Бернштам, К.А. Ақышев, Г.А. Кушаевтар археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді. Шығыстағы Орхон-Енисей жазба ескерткіштеріндегі деректер де осындай бұлтартпас қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Бұл деректерге сүйенген Ресей ғалымдары Үйсіннің исседондармен туыс екенін дәлелдеп, оларды Тянь-Шань және Шығыс Түркістан тармағы деп бөледі. Б.з. 6 ғасырдан бастап Үйсін этнонимі тарихи әдебиетте кездеспейді. Бірақ одан тараған рулар дулат, албан, Шігіл (жікіл) Түрік қағандығы кезіндегі мемлекеттерді құруға қатысқан. 13 ғасырда Рашид әд-Диннің шығармасында Шағатай ұлысындағы Үйсін халқы туралы айтылады. Жетісу, Оңтүстік Қазақстанды мекендеген Ұлы жүз құрамындағы тайпалардың жалпы атауы ретінде халық арасында да, жазба әдебиетте де қолданылды. Қазақтың дәстүрлі шежіре деректері Үйсінді Шыңғыс хан заманындағы Майқы биден таратады. Ботбай руынан шыққан Диқанбай батырдың шежіресінде (Н.Аристов жазбасында) Майқы биден: Қаңлы, Бақтияр, Қырықжүз, Мыңжүз. Бақтиярдан: Үйсін, Ойсыл. Үйсіннен: Ақсақал (Абақ), Жансақал (Тарақ). Абақтан — Қараша, одан Бәйдібек, Байтулы. Ұлы жүздің негізін құраған тайпалар Бәйдібектің балалары болып саналады. Олар: албан, дулат, суан, шапырашты, сарыүйсін, ошақты, ысты. Ш.Уәлихановтың жазбаларында Үйсін — бұл тайпалардың ғана емес, Ұлы жүздің барлық тайпасының түп атасы. Онда Төбейден — Үйсін, одан — Қойылдыр (Қатаған, Шанышқылы), Мекрейіл (Жалайыр), Майқы (Абақ), Қоғам (Қаңлы) тарайды. Үйсін қырғыз халқының құрамында да бар. Солты тайпасының бір тармағы Усон, Қаракесек тармағы Сарыүйсін, Бағышындағы Қалша аталары Үйсін деп аталады. Сол сияқты Үйсін қарақалпақтардың құрамына да енген. Б.з.д. 73 жылға дейін үйсіндердің жері үш бөлікке: сол (шығыс) бөлікке, оң (батыс) бөлікке және гуньмоның өзіне қарайтын орталыққа бөлінген. Бұлар өзара қақтығысқа толы болды. Қытай ханшалары үйсін гуньмоларына ұзатылған. Олар Қытайдың Орта Азия, Батыс Азия және Еуропамен сауда байланысында маңызды рөл атқарды. Б.з.д. 2 ғасырда пайда болған Ұлы Жібек жолын ұстап тұрған осы үйсіндер болды. Үйсіндер туралы қытай деректерінде б.з. 3 ғасырына дейін айтылады. ## Мәдениеті Үйсін ескерткіштерін зерттеу барысында бұл мәдениеттің үш кезеңнен өткені анықталды: алғашқы кезең — б.з.б. 3-1 ғасырлар; орта кезең — б.з. 1-2 ғасырлар; соңғы кезең — б.з. 3-5 ғасырлар. Бұл кезеңдердегі бейіттердің қазылуында, жобалануында, қару-жарақ, сәндік бұйымдар мен тұрмыстық заттардың түрінде, жасалуында ерекшеліктер бар. Мал, егін шарушылығымен қатар қолөнер, үй кәсіпшілігі өркендеді. Әсіресе қыштан ыдыс-аяқ, құмыра жасау ісі өріс алды. Өндеу кәсібі дамыды. Темір мен қоладан еңбек құралдары, қару-жарақ, сәндік бұйымдар, алтын мен күмістен алқа, сырға, түрлі әшекейлі заттар жасалды. Тоқыма кәсібі, тері илеу, тас қашау, сүйек өңдеу өнері дамыды. ## Үйсіндердің салт-дəстүрі Үйсіндердің салт-дəстүрі туралы ғылыми деректер аз. Ертедегі үйсіндердің түсінігінше, өлген адам тіріледі деп сенген. Сондықтан да адамды жерлегенде оған о дүниеде керек болады-ау деген заттардың бəрін қосып көмген. Тірі кезінде пайдаланып жүрген заттардың бəрін қоса көмген. Көптеген бейіттерді қазғанда табылған заттар осыны дəлелдейді. Тамақ ішетін ыдыс-аяқтар, тұрмысқа қажетті басқа да бұйымдар жиі кездеседі. Ер адамдардың жанына сауыт-саймандар, қару-жарағы: садақ, жебелер, қанжар, найза, қамшы, пышақ секілді заттар қойылған. ## Діни нанымдары Табылған заттары мен əшекейлері, қару-жарағы жоғарғы көркемдігімен қатар үйсіндердің діни ұғымын, өмірге көзқарасын да көрсетеді. Диадемадағы жапырақтар əлемді тіршілік ағашының көзі, өмір нəрі, жан беруші əйел бейнесі болып табылады. Бұл ағаш жер ортасындағы тау шыңына өсіп, дүниенің төрт бұрышын жəне əлемнің үш бөлігін: тамыры тереңге кететін жер астын- о дүниені, адамдар мен жан-жануарлар өмір сүретін жер үстін- бұл дүниені, құдайлар мен құстар мекені- аспан əлемін жалғастырып тұр. ## Жерлеу орындары Бейіт басына тұрғызылған обаның үлкен-кішілігі марқұмның қоғамдағы алған орнының, байлығының қандай болғанын білдірген. Қазба жұмыстары кезінде үлкен обалардан үлкен əшекейлер, қару-жарақ, ыдыс-аяқ түрлері көп шығады. Теңлік қорымындағы қабірден киімге тігілген алтын қапсырмалар, алтын сырғалар, алтын сыммен оралған темір түйреуіш, қола айна табылды. Көлемі жағынан орташа обадан бірнеше қыш құмыралар, ағаш тостаған, қола сырға, түйреуіш, білезік шықты. Қару-жарақтан темір қанжар, пышақ, үш қырлы жалпақ жебе ұштары бар. Кішкентай обалардан бір-екі қыш ыдыс, темір пышақ, қола сырға, моншақ табылды. ## Археологиялық ескерткіштері Жетісу жерінде үйсіндердің обалары, қорымдары мекенжайлары зерттелді. Обалардың көбісі диаметрі 6-20 және биіктігі 0,5-1,5 м. Топырақ, тас қиыршық немесе топырақ-тас аралас үйінділер болып келеді. Қорымдары б.з.д. 3-2 ғғ. жататындары ерте кезеңі.-Қапшағай 3, Өтеген 3, Қызыл еспе. Оларға ортақ сипат қорымдар теріскейден түстікке қарай, әрқайсысында 5-6-дан обасы бар тізбек болып, созылып жататындай жоспарланған. Орта кезеңге жататындар б.з.д. 1 ғ-б.з. 1 ғ. деп есептеледі. Бұған Өтеген 1,2, Тайғақ 1, Қарлақ 1, Алтын Емел қорымдары. Олар жүйесіз түрде, үш обадан тізбектеліп орналасқан. Соңғы кезеңі 2-3 ғғ. деп саналатын кейінгі кезеңге Қапшағай 2, Шолақ Жиде 1, 2, Гүр қора 2, Қалқан 4 қорымдары жатады. Бұлардағы обалар жүйесіз, ретсіз жасалған, қабырлар жерден қазылған, үстері ағашпен бастырылмаған. Үйсіндердің алғашқы қонысы Шу алқабынан, Луговое аулынан табылды. Қабырғалары қам кірпіштен жасалған, едендері балшықпен сыланған, ортасында жер ошақ болған. ## Шаруашылығы Үйсін бірлестігінің халқы жартылай көшпелі ел болған. Мал бағып, жер өңдеуді кәсіп еткен. Археологиялық қазбалардан табылған материалдарға қарағанда, сол кездің өзінде-ақ жер өңдейтін тас тырма, тастан қашап жасалған қол диірменнің табылуы — сол замандағы тұрғындардың егіншілікпен айналысып, оның өнімдерін өндей білгендігінің бір дәлелі. Іле, Шу, Талас алабынан суландыру жүйесінің іздері табылды. Ежелгі үйсіндер б.з.д. 1 ғасырда, әсіресе б.з. 3-5 ғасырда егіншілікпен, бау-бақша, жеміс-жидек өсірумен шұғылданып, отырықшылыққа үйрене бастаған. Олар көшпелілер болғанымен, үй маңында егін де салған. Оған дән дақылдары салынған ыдыс-аяқтар, дәнүккіштер тас кетпендер табылуы дәлел. Байлар киімдерін жібек пен биязы жүн матадан, кедейлер жай қалың жүннен, былғары, қой терісінен тіктірген.Шу, Іле бойындағы елді мекендердің орнынан күйдірілмеген кірпіштен қаланың, таға тәрізді жасалған жер ошақтар, тік бұрышты тұрғын үйлер табылды. ### Мал шаруашылығы Үйсіндердің шаруашылығы аралас болған, яғни мал шаруашылығымен де, егіншілікпен де айналысқан. Дегенмен үйсіндердің негізгі шаруашылығы - жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды. Жетісудың жайлы табиғаты оларға көп мал ұстауға мүмкіндік берді. Үйсіндер қой, жылқы, сиыр, қос өркешті түйе, ешкі ұстаған. Көп өсіргені жылқы мен қой болды. Жылқының неше түрлі тұқымын өсірген. Оның ішінде асыл тұқымды арғымақтар да болған. Мысалы, Жетісудағы Теңлік қорымынан табылған алтын қапсырмада құйрық-жалы өрілген, омырауы шығыңқы, тұрқы ұзын нағыз сəйгүлік мінген салт атты бейнелеген. ### Егіншілік Үйсіндер суармалы егіншілікпен де, тəлімді егіншілікпен де айналысқан. Дəнді дақылдардан арпа, тары өсірген. Олардың егіншілікпен айналысқандығын қазба жұмысы кезінде тас кетпендер, орақтар мен дəнүккіштер табылуы дəлелдей түседі. Үйсіндер егіс алқабын өзен бойларына салған. Егісті суаруға арық суларын да қолданған. Ертедегі деректердің мəлімдеуінше, үйсіндер «ағаш егіп», «қалалар мен елді мекендер салған». Суармалы егістіктер, суландыру жүйесі, бау-бақшалар үйсіндердің астанасы Чигу қаласының айналасында орналасты. ## Қоғамы Үйсін қоғамында байлар, жасауылдар, абыздар, кедейлер болған. Әскер басылары мен шенеуніктердің қолында мөрі болған. Жеке меншік те өскен. Үйсін бірлестігінде малға жеке меншік болды. Ру-тайпаларының жайылымдары иелікке бөлініп, байлық тайпа көсемдерінің қолына жинақталды; тайпааралық қарым-қатынас өсті. Жеке меншіктің болғанын қыш ыдыстарға, сүйектен, металдан жасалған әр түрлі заттарға түсірілген таңбалардан байқаймыз. Қазылған обалардың аумағы әртүрлі. Кейбіреулерінің биіктігі 10-12 м, аумағы 40 м-ге дейін жетеді. Адам сүйегімен бірге көмілген заттардың санына, сапасына қарағанда, үлкен қорғандарға тайпа көсемдері, ақсүйектер, одан кішісіне қауымның қарапайым мүшелері жерленген. Билік мұрагерлік жолмен әкеден балаға ауысып отырған. Оған «бек» аталған ру, тайпа көсемдері бағынған. Үйсін бірлестігінде басқарудың ондық жүйесі қолданылды. Билеуші өзіне қарайтын жұртын балаларына бөліп, әрқайсысына он мыңнан жасақ, көші-қон жерін еншілеген. Үйсін бірлестігінде мемлекетке тән белгілер болды. Бектер өздерінің жайылымдық жерлерін өзгелерден қарулы күшпен қорғағаны жайында деректер бар. Мұның өзі әлеуметтік топтардың қалыптаса бастағанын аңғартады. ## Дереккөздер
Ант (ғұрып). Антпенен тарқайды,Жиылса кеңеске. (Абай) Ант, серт, уәде - халқымыздағы сенім кепілінің көрінісі. Ант жаудан өш алу, ел аралық уәде, келісім, адалдықтан айнымау сияқты маңызы жоғары жағдайларда ғана айтылады. «Уа айтылған ант, серттескен, уәде, алысқан қол қайда?!» деген жерде еш адам анттан аттап кете алмаған. Ел ішінде ант бұзған адамды «ант атқан» деп жек көреді. Ант – адалдық сөзі. Бірақ «адал болсаң да ант ішпе» дейді қазақ.
Мұқанов сөзі мынадай мағыналар білдіруі мүмкін: * Болат Мәжитұлы Мұқанов – ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы * Данияр Жексенұлы Мұқанов - футболшы, Қорғаушы. * Дымкеш Мұқанов – ғалым, техника ғылымдардарының докторы * Ғалымжан Мұқанов - қазақ тілі мен француз тілінің маманы, әдебиетші, аудармашы. * Кенжетай Бияшұлы Мұқанов - Ақтөбе облысы Алға ауданының әкіміұ. * Қажығалым Мұқанов - жазушы. * Құбай Мұқанов — өндірісті ұйымдастырушы, Социалистік Еңбек Ері * Мақсат Нұрдәулетұлы Мұқанов - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Стратегиялық зерттемелер және талдаулар орталығының меңгерушісі. * Марат Өмірбекұлы Мұқанов – медицина ғылымдарының докторы, профессор * Марат Сәбитұлы Мұқанов (баспагер) — "Таймас" Баспа үйінің" Бас директоры. * Марат Сәбитұлы Мұқанов (тарихшы) – тарих ғылымдарының докторы * Маубас Мұқанов - озат шопан, Социалистік еңбек ері * Мәлік Флоберұлы Мұқанов - суретші * Мұхамбетқали Мұқанов - Батыс Алашорданың мүшесі * Сағынғали Мұқанов — журналист, айтыскер ақын, педагог, * Сәбит Мұқанұлы Мұқанов — қазақтың әйгілі жазушысы, ақыны, қоғам қайраткері. * Флобер Темірғалиұлы Мұқанов - суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Қызыр Мамырбекұлы ماﻣﯩﺮﺑﻪك ﯗلى ﻗﯩﺰﯨﺮ‎) (1893 - 1931) — қазақ ақыны ## Шығармалары * Сәлиха - Сәмен (ٴساليقا-ساﻣﻪن‎) «Сәлиха-Сәмен» әсілінде ғашықтық дастан. 1946 жылы алғаш жарияланатын кезде авторы Әсет Найманбайұлы делініп, арада біраз дау туған екен. Ал оны Қызыр Мамырбекұлы жазған деушілер де көп болған. Авторы кім болса ол болсын, жергілікті халықтың аңызы бойынша оқиға осы Шіңгіл жерінде болған деседі. Жұрт соның куәсі етіп, Сәлиха мен Сәмен бекінген «Жаятас» деген жерді көрсетеді. Дастан - қосыла алмаған екі ғашықтың трагедисымен аяқталады. ## Дереккөздер
Ат құйрығын кесу (дәстүр). «Ат құйрығын кесіңдер, хан талау қылып алыңдар!» (Жанкісі). Ел арасында әртүрлі жағдайлармен қақтығысқан, енді көрместей болып біржола кетіскен, бітіспес адамдар өз елінен, туған-туысқандарынан безіп кетеді. Мұндай жағдайда ол өз атының қыл құйрығын кесіп, қолын төбесіне қойып елден шығады. Бұл енді келмеудің, ағайыннан, елден безінудің, ащы араздықтың, артына қарамай кетудің өліммен тең өте ауыр шарасы. «Ат құйрығын кесіп кетті» деген сөз осыдан шыққан. Мысалы Шәкәрімнің «Қалқаман-Мамыр» дастанында Қалқаман батыр өзін оққа байлаған ел-жұртынан осылай кеткен. «Ат құйрығын кеспе», «төбеңе қолыңды қойма» деген тыйым осындайдан қалған. ## Дереккөздер
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев, шын есімі – Ғабдулғани (12 сәуір 1899 жылы, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы – 31 қаңтар, 1964 жылы, Мәскеу) — геолог-ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев – Қазақ КСР Ғылым Академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі, Кеңес Одағы мен Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, қазақтың тұңғыш академигі. Ол Қазақстандағы ғылыми және техникалық дамудың көшбасшысы болды. Қазақтан шыққан тұңғыш ғылым докторы, Шығыс елдерінің ғалымдары арасында ғылым мен техника саласындағы КСРО алғашқы академигі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының және Қазақстандағы Ленин сыйлығының бірінші иегері болды. Жезқазған-Ұлытау ауданының жер қойнауын барлауы үшін Ленин орденімен марапатталды (1940). 1942 жылы геология-минералогия ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алды. «Жезқазған ауданының кен орындары» еңбегі үшін екінші дәрежелі Сталин сыйлығына ие болды (1942). КСРО Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі (1943). «Қазақ КСР ғылымына еңбегі сіңген қайраткер» (1943). Тыл ресурстарын жұмылдыруға қосқан үлесі үшін екінші Ленин ордені мен ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталды (1945). Қазақстан ҒА тың және тыңайған жерлерді игеруге қосқан үлесі үшін үшінші Ленин орденін алды (1957). Орталық Қазақстанның кешенді металлогеникалық болжамдық карталарын әзірлеуі үшін Ленин сыйлығын жеңіп алды (1958). Қазақстанның геологиялық ғылымын дамытуға және пайдалы қазбаларды зерттеуге сіңірген еңбегі үшін төртінші Ленин орденімен марапатталды (1963). 1924 жылы 25 жасында ғалым қазақ орта мектептерінің оқушылары үшін араб графикасында «Алгебра» оқулығын дайындады, бұл кітап математикалық білім берудің негізін қалады. Оның есімі бүгінде ғылыми институттарда, университеттерде және көшелерде мәңгілікке қалдырылған. Қаныш Сәтбаевтың туған күні 12 сәуір Қазақстанда Ғылым қызметкерлерінің күні ретінде бекітілді. ## Өмірбаяны ### Балалық шағы және білім алуы Қаныш Имантайұлы 1899 жылдың 12 сәуірінде қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында (бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Ақкелін болысы) Имантай бидің отбасында дүниеге келді. Нәрестеге - Ғабдул-Ғани деген есім берілді. Үлкен ұлы Ғабдул-Ғазизді еркелетіп Бөкеш деген сияқты, Ғабдул-Ғаниын да анасы Әлима "Ғаниым, Ғанышым" деп атаған. Бала облыстық мектепке барғанда журналға есімі Қаныш болып жазылып кеткен. Арғын тайпасы Сүйіндік руы Қаржас бөлімінен шыққан. Сауатын ауыл молдасынан ашқан болашақ ғалым, кейін Шорман ауылында орналасқан мектепке қатынай бастайды. Төрт жылдық бағдарламаны үш жылда аяқтайды. 1911 жылдан бастап Павлодардағы 2-сыныпты орыс-қазақ училищесіне аттанады. Аталған білім ордасын мерзімінен бір жыл бұрын бітіріп шығады. Одан кейін оның өмірінде немере ағасы, орыс филологиясының оқытушысы А.З. Сәтбаев (1937 жылы ол атылады) басқарған Семей мұғалімдер семинариясындағы кезең басталады. Семей қаласында Қаныш Сәтбаев Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовпен, демократ ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровпен кездескен, ал Мұхтар Әуезов және Әлкей Марғұланмен бірге оқыған. Семинарияда атақты ағайынды-өлкетанушы Белослюдовтар, ерлі-зайыпты ағартушылар – Назипа және Нұрғали Құлжановтар сабақ берді. 1914 жылы Семей мұғалімдер семинариясына түсіп, оны төрт жылда аяқтап, бастауыш мектептерге орыс тілінен сабақ беруге құқық беретін куәлікке ие болады. 1918 жылдың күзінде Земство басқармасының қаржысымен Алаш қалашағында ашылған, ауылдық қазақ мектептері үшін мұғалім болудан еңбек жолын бастайды. Курс бастығы - Троицк медресесін тәмамдаған Мәннан Тұрғанбаев, оқу ісінің меңгерушісі Павлодарда және Семейде өзімен сыныптас - Жүсіпбек Аймауытов. 1919 жылы қатты ауырып, ауруханаға түседі. Ауруханада емдеген дәрігер С.Н.Разумовский науқасқа бұдан былай Семейде қалуға болмайтындығын айтты. Жас талаптың денсаулығы сыр бергендіктен, диплом алу үшін емтиханды мерзімінен бұрын тапсырады. 1920-1921 жылдары Сәтбаев туған өлкесіне оралып, асқынған туберкулез дертінен қымыз ішіп емделеді. Осы кездерде ол  Шәрипа Омаровға үйленіп, ол некеден Ханиса атты қызды болады. Болашақта Ханиса Қанышқызы медицина ғылымдарының докторы, С.Н. Асфандияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеттің құрметті профессоры, Қазақ ССР ғылымға еңбек сіңірген қайраткері. ### Томск технология институты Томск технология институтының математика факультетіне оқуға дайындала бастайды. Оқуға түсу үшін математика мен ағылшын тілінен емтихан тапсыруы керек болатын. Осы мақсатта Томск университетінің математика факультетін бітірген Семейде еңбек ететін Ғарифолла Нығметулиннен қыс бойы математика пәні бойынша қосымша сабақ алады. 1921 жылы Сібір технологиялық институтының студенті, кейін тұңғыш қазақ математика профессоры Әлімхан Ермековтің арқасында жас Қаныш томскілік геология профессоры, болашақ академик М.А. Усовпен кездеседі. Бұл кездесудің Қаныш тағдырындағы мәні зор. Қаныш, Сібір технологиялық институтының студенті бола жүріп, өзінің өмірлік мұратына айналған жолды таңдайды. Соғыс зардаптарынан күйреген қаланың өмірі жаңадан қалпына келе бастаған кезде, қоғамда азық-түлік, отын және киім сияқты негізгі қажеттіліктердің тапшылығы сезіледі. Осындай ауыр кезеңде Қаныш М. Усовтың қамқорлығын көре отырып, ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым-қатынас әке мен ұл арасындағы туыстық қатынас сияқты жылылық пен сыйластыққа толы болады. Қаныш Томскіде ауыр науқас болған кезде, Усов оны жұбайымен бірге өз үйіне көшіп келуге көндіреді. Осы кезеңде Қаныш Таисиямен танысады, ол кейінірек технологиялық институттың тау-кен факультетінде оған серік болады. Таисия Қанышқа әйелі, досы және одақтасы ретінде қолдау көрсетеді. Бұл қарым-қатынастың нәтижесінде екі қыз дүниеге келеді. Үлкен қызы, Мейіз Қанышқызы, ата-анасының ізін қуып, геолог мамандығын таңдайды және осы салада ғылым докторы атанады. Алайда, екінші қызы Марияш, 12 жасында дүниеден озады. ### Ашаршылық кезеңде 1930-шы жылдары Қазақстанда болған жаппай ашаршылық - қазақ даласының тарихындағы ең ауыр кезеңдердің бірі болды. Бұл кезеңде көптеген ауылдар қаңырап, халық басынан асқан қиындықтар өткерді. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев осы қасіретті жылдары елдің қиын жағдайына бей-жай қарамады. Ол, өзі басқарған бөлімдегі жұмысшылар саны мыңға жеткен кезде, аштықтан зардап шеккендерге көмек көрсету қажеттігін түсінді және осы бағытта іс-қимыл жасады. Әпкесінің ауылына кездейсоқ барған кезінде Қ.Сәтбаев киіз үйлерде аштықтан көз жұмған адамдарды көріп, шалажансар балаларды кһреді. Арасында өз жиендері де болатын. Бұл жағдай қатты толғандырады және ол бұл балалардың барлығын өз қамқорлығына алуға шешім қабылдайды. Олардың қамқорлығына алынғандардың бірі, Кемал Ақышев кейіннен белгілі археолог ғалым болып шықты. Ол ғылым докторы атанып, Алматы маңында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде әлемге әйгілі "Алтын адамды" табуға үлес қосқан. ### Жезқазғандағы қызметі 1926 жылы Қ.И. Сәтбаев Томск технологиялық институтын табысты аяқтап, тау-кен инженер-геологы дипломын иеленген қазақтың алғашқы азаматы ретінде халық шаруашылығы Орталық кеңесінің қарамағына жіберіледі. Қаныш әлемдегі ең ірі мыс кен орны Қарсақпайда екендігін дәлелдеу үшін аттай 15 жылын сол жерде өткізеді. Мұнда ол «Атбасцветмет» трестінің геология бөлімін басқарды. Оның құрамына Қарағанды көмір бассейні, Успенский мыс руднигі, Спасск мыс балқыту зауытын қамтыған Спасск комбинаты мен салынып жатқан Қарсақпай мыс балқыту зауыты, Байқоңыр көмір шахталары, Жезқазған мыс кеніштері мен Қорғасын кен орнынан тұратын Қарсақпай комбинаты кіретін. Келесі жылы (1927 жылы) ол сол тресттің басқарма мүшесі болып сайланды. Атбасар трестінің қарамағында Карсакпай ауылындағы мыс кен орны және салынып жатқан мыс балқыту зауыты болды. Зауыт құрылысы он жыл бұрын басталған, ағылшындар Қарсақпай аймақты концессияға алып, мыс іздеуге кіріскен. Олар балқыту цехын салып, жабдықтың бір бөлігін орнатқан, бірақ көп мыс таба алмаған. Ақпан төңкерісі басталған кезде ағылшындар зауытты тастап кеткен, кейіннен совет үкіметі оны аяқтауды шешкен. Тресттің бас геологы ретінде Сәтбаев ол жерді тексеру үшін барып, құрылыс жұмыстарының жүрісі туралы білген. Кен орнымен және зауыт басшылығымен айналысқан мамандар аймақтағы мыс өндірісінің даму перспективасына өте скептикалық қарады. Олар, кеннің қоры тек келесі 10-15 жылға жететінін, одан артық еместігін айтты. Дегенмен, Сәтбаев олармен келіспеді. Ол Жезқазған ауданында алдыңғы уақытта анықталмаған үлкен мыс қоры бар деп санады. Геолкомнан бір бұрғылау станогын бөлуін сұрап, аймақта металдың бар-жоғын зерттеуге кірісті. Геолком басшылығы мен Жезказған ауданын жақсы білетін мамандар Сәтбаевтың идеясын сәтсіздікке ұшырайтынына сенімді болды. Алайда, жұмыстар басталғаннан кейін бір жыл өткен соң, Сәтбаев пласты он метрден асатын үлкен руда кенішіне тап болды. Ленинградта жүргізілген талдау нәтижелері бұл руда кенішінің бұрын белгісіз, мысқа бай екенін көрсетті. Осы жаңалықтың арқасында Сәтбаев 1928 жылы да іздеу жұмыстарын кеңейте алды. Тағы үш ірі кен орындарын анықтаған геолог 1929 жылы зерттеу жұмыстарын екі есе арттырады. Осы жылы тағы үш кен орны және бір жаңа руда алабы ашылды. Бұл жағдайларды ескере отырып, Сәтбаев «Қазақстанның Халық Шаруашылығы» журналында мақала жариялап, Жезказған әлемдегі ең бай мыс провинцияларының бірі екенін, тіпті Американың көптеген провинцияларынан да үлкен екенін мәлімдеді. Өз болжамдарына сүйене отырып, жақын жердегі Қарсақпай зауыты Жезказғаннан алынған руданың көлемін өңдей алмайтынын айтты. Сондай-ақ, ол аймақта су қоймасын салу және кең жолақты теміржол желісін тарту қажеттігін болжады. Бұл ұсыныстарымен ол жоғарғы органдарға тұрақты түрде жүгініп, баспасөз беттерінде сөз сөйлеп, тіпті аймақтың дамуын КСРО-ның бесжылдық экономикалық даму жоспарына енгізуді ұсынды. Сәтбаевтың ұсыныстары трест басшылығы мен Геолком тарапынан кері реакция тудырды. Жас геолог ұсынған Жезказған даму жоспарының орнына, олар 1930 жылғы зерттеу жұмыстарының көлемін өзгеріссіз қалдыруды ұсынды. Сәтбаев өз болжамжарының дұрыстығын дәлелдеуге тырысып, өз ұсыныстарын ВСНХ (Всесоюзный совет народного хозяйства)-ның тау-металлургиялық секторының отырысында қарауға қол жеткізді. Ұзақ талқылаулардан кейін ВСНХ Геолкомның пікірімен келісіп, Сәтбаевтың дәлелдерін жеткіліксіз деп тапты. ВСНХ шешімімен келіспеген Қаныш Имантайұлы 1930 жылдың көктемінде КСРО Госплан төрағасы Г. М. Кржижановскийдің қабылдауына түсіп, өз ұсыныстарын негіздеді. Осыдан кейін Жезқазғанға арналған зерттеуге қосымша қаржы, бұрғылау техникасы және мамандар бөлінді. Келесі екі жылда зерттеу жұмыстарының көлемі арта түсті. Сәтбаевты алаңдатқан аймақтағы су тапшылығы мәселесі шешімін тапты: ол келесі, 1933 жылы аймақта су іздеу мақсатында гидрогеологиялық зерттеулерді бастау туралы келісімге қол жеткізді. 1932 жылы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев қазақстандық геология ғылымында маңызды орын алатын «Жезқазған мыс-кен ауданы және оның минералды ресурстары» атты алғашқы ғылыми монографиясын жариялайды. Бұл еңбегінде ол Жезқазған кен орындарының аса бай екендігін ашып көрсетеді. Бұған дейін ағылшын мамандары мен Халық комиссарлары кеңесі жанындағы Геологиялық комитеттің қызметкерлері болжамдағандай, 60 мың тонна емес, айтарлықтай көбірек - 2 миллион тоннадан аса мыс қоры бар екендігін анықтайды. Бұл Қ.И. Сәтбаевтың ғылыми болжамының дәлдігін растайды. 1933 жылы басында ВСНХ Жезказғандағы барлау жұмыстарының қаржыландыруын күрт қысқарту туралы шешім қабылдады. Бөлінген қаржының тек бір пайызы ғана қалдырылды. Мұндай шешімге аймақтың дамымаған инфрақұрылымы себеп болды: ешқандай темір жол немесе автомобиль жолы жоқ, су мен басқа да тұрмыс үшін қажетті шарттар жетіспеді. Қызметкерлерді сақтап, жұмыстарды жалғастыру мақсатында Сәтбаев қосымша қаржыландыру көздерін іздеуге мәжбүр болды. Ол «Золоторазведка» және «Лакокрассырьё» трестерімен оларға қажетті пайдалы қазбаларды барлау туралы келісімге қол қойды. Алайда, жинақталған қаржы жұмыс көлемін сақтауға немесе одан әрі кеңейтуге жеткіліксіз болды. Сәтбаев М. А. Усов пен оның досы, профессор Владимир Алексеевич Ванюковтың көмегімен КСРО Ғылым академиясында сөз сөйлеп, Жезказған мыс рудасының қоры туралы жасаған қорытындыларының дұрыстығын дәлелдеді. 1934 жылы өткен Академияның үшінші сессиясында үшінші бесжылдық кезеңінде Жезказғанда мыс қорыту комбинатын салу қажеттігі туралы айтылды. Сессия Сәтбаевтың Жезқазған — Қарағанды — Балхаш темір жолын салу туралы ұсынысын да қолдады. Сәтбаев өз ұсыныстарын ауыр өнеркәсіп наркомы Григорий Константинович Орджоникидзеге жеткізді. 1936 жылдың 25 наурызында  ауыр өнеркәсіп халық комитетінің төрағасы Серго Орджоникидзе Жезқазған мыс балқыту комбинатын салу бойынша дайындық жұмыстарының басталуы туралы бұйрыққа қол қояды. Осыдан кейін аймақта кең көлемді зерттеу жұмыстары басталды. Кейінірек Жезказған мыс кен орны сол кездегі әлемдегі болжамды қоры бойынша ең ірісі болып шықты. Тек 1938 жылдың басында ғана мыс саласының басқарушы штабы түбегейлі қайта құрылып, Қ.И. Сәтбаев Жаңа ауыр өнеркәсіптің жаңа наркомы Л.М.Кагановичке шақырылады да, 1938 жылдың 10 ақпанында Жезқазған үшін тарихи мәнге ие КСРО НКТП бойынша №50 бұйрық дүниеге келді. Онда жоғары өндірістік қуатты жаңа Үлкен Жезқазған комбинатын жобалауға шұғыл кірісу қажеттігі туралы айтылды. 1939 жылғы 31 қаңтарда БКП(б) Орталық Комитетінің хатшысы Лазар Моисеевич Кагановичке жолдаған хатында Қаныш Сәтбаев Жезқазғанның келешегіне қатысты өз алаңдаушылығын білдіреді. Онда ол, Жезқазған кен орнының Қазақстандағы мыс өндірісі үшін аса маңызды, сенімді және стратегиялық ресурс екенін атап өтеді. Сәтбаевтың бұл әрекеті, оның айнымас сенімін, қажырлы еңбегін және Жезқазған кен орнының дамуына деген адалдығын көрсетеді. Ол Қазақстанның минералдық ресурстарын игеруде және ғылыми зерттеулерде көрсеткен ерекше жігері арқылы келешек ұрпаққа үлгі бола алды. ### Қазақстан археологиясына қосқан үлесі 1929 жылы Қ.И. Сәтбаев алғаш рет Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы Қарсақпай ауылына келіп, КСРО ауыр өнеркәсіп халық комиссариатының "Главцветмет" геологиялық барлау комбинатының бас геологы қызметіне тағайындалды. Геологиялық барлау жұмыстарының қаражаты аз болғанына қарамастан, оның жаяу әдіспен жүргізген зерттеулері пайдалы қазбалардың орналасқан жерлерін анықтап қана қоймай, ежелгі тарих ескерткіштерін, соның ішінде ежелгі кеніштер, қорғандар және жартастағы суреттерді табуға мүмкіндік берді . 1935 жылы бір экспедиция кезінде Сәтбаев араб әріптерімен жазылған жазуы бар тас плитаны тапты, онда Әмір Темірдің хан Тоқтамысқа қарсы жорығы туралы хат жазылған. Араб әліпбиін бала кезінен білетін Сәтбаев жазудың алғашқы жолдарын оқи алды, бірақ оны әрі қарай оқу үшін мамандардың көмегі қажет болды. Жазу кейіннен зерттелу үшін мемлекеттік «Эрмитаж» музейіне тапсырылды . Кейінірек Сәтбаев Алтыншоқы төбесіндегі қорған үлкен рәсімдік отқа арналған жылу-техникалық құрылыс деп болжам жасады. Бұл тұжырымдар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жобасы бойынша жүргізілген заманауи зерттеулермен расталды . Сәтбаев сондай-ақ Ұлытау, Арғанаты тауларының айналасында және Торғай өзенінің бастауында көптеген археологиялық ескерткіштерді ашты. Ол барлық олжаларды мұқият фотоға түсіруді талап етті, бұл археологиялық деректердің сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. 1935 жылы ағылшынның ағаш фотоаппараты отандық «Фотокор» фотоаппаратымен ауыстырылды, бұл суреттердің сапасын айтарлықтай жақсартты . Сәтбаев Қазақстан археологиясының қалыптасуында маңызды рөл атқарды, ол Қазақстан Ғылым академиясының Тарих, археология және этнография институтында археология секторын ұйымдастырды. Оның қызметі ұлттық археология мектебінің қалыптасуына және көптеген танымал археологтардың кәсіби өсуіне ықпал етті . Оның көп жылдық зерттеулерінің нәтижелері «Орталық Қазақстанның ежелгі мәдениеті» монографиясында жинақталған, онда қола дәуіріндегі металдарды өндіру және өңдеу процестері туралы мазмұнды қорытындылар ұсынылған . ## Ғылым академиясындағы қызметі Қазақстан ғылымының ірі ұйымдастырушысы ретінде танылған Сәтбаев, 130-дан астам еңбегін, негізінен Жезқазған кен орынына арнап жазды. Оның зерттеулері және жарияланымдары, әсіресе Жезқазған мыс кен орнының зерттелуі мен дамуына айтарлықтай үлес қосты. 1942 жылы Алматыға көшіп келгеннен кейін, Сәтбаевтың екі маңызды монографиясы жарық көрді. Олардың біріншісі - «Қазақстан мен Кеңес Одағының мыс құмдары» монографиясы, ол Жезқазған қаласындағы жұмыс істеу кезінде жинақталған материалдарға негізделген. Бұл еңбек, жер қойнауын зерттеушінің көпжылдық бақылауларының нәтижесінде жазылған, мыс кендерін тез арада барлау және анықтау бойынша геолог-іздеушілер үшін практикалық ұсынымдар береді. Екінші монографиясы - «Қазақстанда қара металлургияның дамыту мүмкіндіктері туралы», Қазақстанның темір рудасы кен орындарының геологиялық сипаттамасын береді және олардың ішінде металлургия өнеркәсібінің шикізат базасы бола алатын келешегі бар кен орындарын көрсетеді. Бұл еңбектер, мыс және темір рудасының тапшылығы кезеңдерінде өнеркәсіптің дамуына зор үлес қосқан. Соғыс қарсаңында, Қаныш Имантайұлы Сәтбаев өзінің маңызды еңбегі «Жезқазған аумағының кен орындары» деп аталатын көлемді монографиясын аяқтайды. Бұл зерттеу жұмысының бастамасы 1927-1928 жылдары «Жаңа мектеп» және «Народное хозяйство Казахстана» журналдарында, сондай-ақ басқа басылымдарда жарияланған мақалалардан алынған. Он бес жылдық зерттеулер мен жинақталған материалдар негізінде ол ірі монографияны құрады. 1942 жылы бұл еңбегі үшін ол Мемлекеттік (Сталиндік) екінші дәрежелі сыйлыққа лайық деп танылды. Бұл марапат, шын мәнінде, соғыстың ауыр күндерінде Қазақстанға арзан мыс өндіру арқылы үлкен үлес қосқан Жезқазған кен орынының құрметіне берілген. Осы уақытқа дейін, Сәтбаев қырықтан астам ғылыми еңбек жазды, олардың бірқатары диссертациялық жұмыс ретінде танылды. 1942 жылдың 17 тамызында Жоғары аттестациялық комиссия оның жұмыстар жиынтығын бағалау негізінде Қаныш Имантайұлына геология-минералогия ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін береді. Соғыс жылдары КСРО Ғылым Академиясының Төралқасының дерлік бүкіл құрамы Қазақстанға көшірілген болатын. 1941 жылдың ортасында, академиктердің отбасылары мен балалары Қазақ КСР-інің Бурабай шипажайына эвакуацияланып, ал кейбір ғылыми институттар Алматы қаласына - ол кездегі республиканың астанасына орналастырылды. Осының арқасында кеңес ғылымының көрнекті өкілдері Алатау етегіндегі қалада шоғырланды. Олар арасында металлургия саласының мамандары Алексей Александрович Байков және Иван Павлович Бардин, белгілі геолог Владимир Афанасьевич Обручев, кеншілер Леонид Дмитриевич Шевяков және Алексей Александрович Скочинский, химик Эдуард Васильевич Брицке, агрономдар Дмитрий Иванович Прянишников және Николай Васильевич Цицин, транспорт саласының ғалымдары Владимир Николаевич Образцов, топырақтанушы Леонид Иванович Прасолов, тарихшылар Анна Михайловна Понкратова және Николай Михайлович Дружинин болды. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев эвакуацияланған ғалымдарға ерекше көңіл бөліп, оларға қамқорлық көрсетті. Олардың көбі соғыс салдарынан тұрғын үй жағдайларынан айрылып, қалыпты өмір сүру ритмінен алшақтап қалған еді. Қаныш Сәтбаев және қазақстандық қоғамдастық оларға жағдай жасау үшін бар күш-жігерін салды. Алматыда тұрғын үй мәселесі өткір болғанымен, ғылыми қауымдастықтың мүшелері бір-біріне көмек көрсетіп, сырттан келген ғалымдарға баспана табуға көмектесті. Академиктер мен олардың отбасылары үшін республика Үкіметі Медеу шатқалындағы ең жақсы демалыс үйін бөлді, бұл оларға жаңа жағдайларға бейімделуге және ғылыми жұмыстарын жалғастыруға мүмкіндік берді. Қаныш Имантайұлының басшылығымен өткен ғасырдың 40-шы жылдары Қазақстанда Жезді марганец рудаларының кен орны ашылып, іске қосылды. Бұл кен орны Ұлы Отан соғысы жылдарында украиндық Никополь мен Грузиядағы Чиатур кен орнының уақытша қолдан шығып қалуына қарамастан, Кеңес Одағына броньды болат шығаруды жалғастыруға мүмкіндік берді. Соғыс жылдарында КСРО марганец кенінің 70,9% осы кен орнында алынды. ### Қазақ ССР Ғылым академиясының президенті 1946 жылдың маусым айында, көп жылғы дайындықтан кейін, Қаныш Имантайұлы Сәтбаев Қазақстан Ғылым Академиясының (Қазақстан ҒА) тұңғыш Президенті болып сайланды. Бұл оқиға 1944 жылы Қ.И. Сәтбаевтың жетекшілігімен, академияны құруға арналған Үкімет комиссиясының құрылуымен және КСРО Ғылым Академиясының Президенті С.И. Вавилов басқарған, КСРО ҒА-ның он бір академигін қамтитын комиссияның жұмысымен бастау алды. Академия құрылғанда, онда он сегіз Ғылыми Зерттеу Институты (ҒЗИ), сегіз сектор, жеті тәжірибелік станция және үш ботаникалық бақ болды. Қызметкерлердің жалпы саны 1400 адамды құрады, оның ішінде 57 ғылым докторы және 184 ғылым кандидаты болды. Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың ғылым мен Қазақстанның индустриялық дамуына қосқан үлесі, оның ғылыми басқару және өнеркәсіптік кешендерге тәжірибелік көмек көрсету саласындағы орасан зор ұйымдастырушылық қызметімен айқын көрінеді. Оның басшылығымен Қазақстан Ғылым Академиясында ядролық физика, математика және механика, гидрогеология және гидрофизика, мұнай және табиғи тұздар химиясы, химия-металлургия, тау-кен металлургия, ихтиология және балық шаруашылығы, эксперименттік биология, экономика, философия және құқық, әдебиет және өнер, тіл білімі салаларында жаңа академиялық институттар ашылды. 1947 жылы Қаныш Сәтбаевтың Англияға сапары кезінде Ұлыбританияның экс-премьер-министрі Уинстон Черчилльмен болған кездесуі ерекше оқиға болды. Черчилль қалжыңдап: «Барлық қазақтар сіз сияқты сұңғақ, батыр тұлғалы ма?» деп сұрағанда, Сәтбаев: «О, жоқ, Черчилль мырза, қазақтардың ішіндегі ең кішісі мен, менің халқым менен де биік» деп жауап берген. 1946 жылдың соңында Қазақстан Ғылым Академиясы және оның Президенті Сәтбаевтың үстінен қиын кезең басталды. Кейінгі жылдары, атап айтқанда 1951 жылы, Сәтбаев ұлтшылдық, партияға қабылданған кезде әлеуметтік шығу тегін жасырды, ұлтшылдарға қамқорлық көрсетті және 1917 жылы Алаш-Орда үкіметінде үгітші болғанын жасырды деген айыптар тағылды. Осы айыптаулардың нәтижесінде, 1951 жылы 23 қарашада Қазақстан Коммунистік Партиясының Орталық Комитеті бюросының шешімімен Сәтбаев Қазақ КСР Ғылым Академиясының Президент қызметінен және Төралқасының мүшелігінен алып тасталды. Бұл оқиғалар Сәтбаевтың ҚазКСР ҒА Геологиялық ғылымдар институтының директоры лауазымынан да босатылуы мүмкін екендігін көрсетті. Оның басқару стиліне сын айтылып, институтта түрлі комиссиялар мен тексерулер жүргізіле бастады. Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың күрделі кезеңдерінде КСРО Ғылым Академиясы оның кәсібилігі мен еңбекқорлығын жоғары бағалай отырып, қажетті қолдау көрсетті. Оның жеке басын жақсы тани отырып, КСРО ҒА Президенті А.Н. Несмеянов Сәтбаевқа Орал бөлімшесінің басшысы немесе КСРО ҒА Геологиялық-географиялық бөлімшесі төрағасының орынбасары лауазымын ұсынды. Дегенмен, Сәтбаев өзінің республикасына деген міндеттемесін басшылыққа ала отырып, бұл ұсыныстан бас тартып, 1952 жылдың сәуірінде үйіне оралды. КСРО Ғылым Академиясының қолдауы арқасында, Сәтбаев Геологиялық ғылымдар институтының директоры лауазымын сақтап қалды және Орталық Қазақстанның болжамды металлогениялық картасын құру бойынша жұмысын жалғастырды. 7 жылдан кейін, Сәтбаевтың Орталық Қазақстанның металлогениясы бойынша маңызды ғылыми еңбегі Ленин сыйлығына ұсынылды. Алайда, ол бұл сыйлықты жеке алудан бас тартып, металлогениялық картаны дайындауда ұжымның еңбегін ерекше атап өтті. Бұл әрекеті арқылы Сәтбаев ғылыми қауымдастықтағы ұжымдық еңбектің маңыздылығын және өзінің ұжымдық жетістіктерге деген сенімін көрсетті. 1954 жылы Қазақстан Коммунистік Партиясының Орталық Комитеті басшылығы ауысқан соң, 1951 жылы Сәтбаевқа тағылған айыптаулар қайта қаралып, ғалым кінәсіз деп табылды. 1955 жылдың маусымында ол қайтадан Қазақ КСР Ғылым Академиясының Президенті болып сайланды және 1956 жылы Қазақстан Коммунистік Партиясының Орталық Комитеті мүшесі атанды. Қазақстан аумағы арқылы Ертіс, Есіл, Орал, Сырдария және басқалары бар 2174 өзен ағып өтетіні белгілі. Алайда, өзендердің тек 5,5 пайызы ғана Орталық Қазақстанның үлесіне тиетін. Ғалым Ертіс-Қарағанды каналының құрылысын белсенді түрде қолдап, Кеңес Одағының түрлі инстанцияларында каналды жобалау ісін жандандыруға жан-жақты ықпал етті. 1959 жылдың жазында Қаныш Сәтбаев, КСРО Мемлекеттік жоспарлау комитетінің төрағасы Алексей Николаевич Косыгин алдында Ертіс-Қарағанды каналының құрылысының маңыздылығын негіздеп, оны келесі жеті жылдық жоспарға енгізуге көмек көрсетті. Бұл құрылыс бүгінде Қаныш Сәтбаев атымен аталады, оның Қазақстан экономикасы мен экологиясына қосқан үлесі зор. Сонымен қатар, Қаныш Имантайұлы Маңғышлақ түбегіндегі табиғи ресурстарды кешенді зерттеу жұмыстарын жетекшілік етті, мұндағы көмір, мұнай, газ және қара металлургия кен орындарының жаңа кен орындарын зерттеуге басшылық жасады. Бұл жұмыстар Қазақстан экономикасының дамуына және республиканың өнеркәсіптік базасының кеңеюіне елеулі үлес қосты. Қаныш Сәтбаевтың өміріндегі қиын кезеңдер, атап айтқанда 1937 жылы үш ағасының қуғын-сүргін кезінде атылып кетуі және 1951-1952 жылдары ұлтшылдыққа қарсы науқан кезінде Қазақстан Ғылым Академиясының Президенті қызметінен босатылып, қудалануы, оның денсаулығына ауыр әсер етті. Академик 1964 жылы 31 қаңтарда Мәскеу ауруханасында алпыс бес жасқа толар жылы дүниеден озды. Мәдени мұра және тарих Қаныш Сәтбаев Шоқан Уәлихановтың жазып алған «Едіге» жырының мәтінін қайта жаңғыртып, араб және татар тілдеріндегі қазақ оқырманына түсініксіз сөздерден тазартып, қазақ тілінің жаңа орфографиясына сай өңдеген. Сәтбаев Ұлытау өңіріндегі басты тарихи, мәдени және археологиялық ескерткіштерді зерттеуге зор көңіл бөлді. Оның «Жезқазған ауданындағы көне заман ескерткіштері» атты еңбегінде Ұлытау өңірінің ежелгі металлургия орталығы болуымен қатар, қазақ этносының саяси орталығы екендігі толық дәлелденген. Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың зерттеу сапарларының бірінде, жергілікті тұрғындардың Алтын шоқы шыңында араб жазуымен тас табылғаны туралы айтуы оның назарын аударды. Осы ақпаратқа сүйеніп, Сәтбаев аталған орынды зерттеуге шешім қабылдайды. Бұл тас, Әмір Темірдің қазақ даласына жасаған жорығы туралы ескерткіш болып шықты, ол Темірдің бұйрығымен орнатылған. Бұл ескерткішке Эрмитаж мұражайының директоры, академик Орбели зор қызығушылық танытып, 1936 жылы оны Ленинградқа (қазіргі Санкт-Петербург) әкеледі. Кейінгі зерттеулер нәтижесінде тастағы жазба 1391 жылға тиесілі екені анықталды, бұл Темірдің Дешті Қыпшаққа, Алтын Орда ханына қарсы жүргізген жорығының нақты дәлелі болды. Ұлытау таулары қазақ халқының негізгі тайпаларының аумақтарының бастау алған орны ретінде, қазақтардың ежелгі саяси орталығының маңызды көрсеткіші болып табылады. Бұл ауданда сақталған материалдық мәдениет ескерткіштері, атап айтқанда Кеңгір өзені маңындағы, Жезқазғаннан 65 км оңтүстікте орналасқан, «Алтын Орда стиліндегі» күйдірілген төртбұрышты кірпіштен жасалған үш кесене Ұлытаудың тарихи рөлін айқындайды. Халық аңызы бойынша, бұл кесенелер Алашахан, Шыңғыс ханың ұлы Жошы және сарай сазгері Домбауылдың молалары. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев, Қазақстанның индустриялық және ғылыми саласының дамуына қосқан үлесімен қатар, тарих саласындағы зерттеулері арқылы да құнды үлес қосты. Сондай-ақ, Қаныш Сәтбаевтың қызы, Шәмшия Қанышқызы Сәтбаева, белгілі әдебиет зерттеушісі, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі және Ш.Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты болып табылады. Ол өз кезегінде Қазақстан ғылымына зор үлес қосқан қайраткер ретінде танылған. Білім беру Қаныш Сәтбаев оқу-ағарту саласына да зор үлес қосты. Ол қазақ орта мектептерінің төменгі және жоғары сынып оқушыларына арналған «Алгебра» оқулығын дайындаған, бұл оқулық математикалық білім берудің негізін қалауға көмектесті. Бұл кітапты ғалым 1924 жылы 25 жасында қазақ тілінде араб графикасымен жазып шыққан екен. 592 беттік қолжазба артынша латын графикасына 1929 жылы (1400 бет) көшірілген. Музыкалық мұра Сәтбаев қазақ халқының музыкалық мұрасын зерттеу мен сақтауға да үлес қосты. Ол Александр Затаевичтің «500 қазақ әндері мен күйлері» жинағына қазақ халқының музыкалық мұрасының 25 әнін өзі орындап, оларға орыс тілінде ғылыми түсініктеме беріп, енгізген. Ғылыми мұрасы Сонымен қатар, Қаныш Сәтбаев минералдық шикізатқа бай Сарыарқа, кенді Алтай, Қарағанды, Қаратау сияқты аймақтарға да айрықша назар аударып, олардың кен орындарының стратиграфиясы, тектоникасы, құрылымы, металлогениясы, геохимиясы және пайда болу тегі туралы терең зерттеулер жүргізді. Осы зерттеулері арқылы ол ғылымға формациялық металлогендік анализдің кешенді әдісін енгізіп, Қазақстанның геологиялық ғылымында жаңа кезеңнің басталуына ықпал етті. Академик Қаныш Сәтбаевтың басшылығымен және көптеген тәжірибелі мамандардың қатысуымен бірнеше жылдар бойы атқарылған тынымсыз еңбек, Сарыарқаның металлогендік және болжам карталарының жасалуына әкелді. Осы карталарды пайдалану арқылы Сарыарқа аймағында көптеген жаңа қара, түсті және сирек метал кен орындары ашылды, біраз кендерге жаңа өндірістік баға берілді. Қаныш Сәтбаевтың бұл жұмыстары Қарағандыдағы металлургиялық завод салуды, Қостанай мен Алтайдағы темір және марганец кендерін, Қаратаудағы фосфорит кендерін игеруді, Ертіс-Қарағанды каналының қазылуын және бірқатар ғылыми зерттеу институттарының ашылуына бастау болды. Қаныш Сәтбаев Қазақстан ғалымдары арасындағы ақылшы және тәрбиеші ретінде танылды. Ол геология ғылымына қатысты әлемдік, одақтық және қазақстандық деңгейдегі комиссиялар мен комитеттерде мүшелік және басшылық қызметтер атқарды. Сондай-ақ, ол КСРО және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңестерінің депутаты, СОКП съездерінің делегаты, КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комитет президиумының мүшесі болды. Оның еңбегі төрт рет Ленин орденімен, Екінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен марапатталып, КСРО Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтардың иегері атанды. Қаныш Сәтбаев адамдардың талантын танып, жастарды дұрыс жолға бағыттай білді. Ол сонымен қатар, бірқатар жастарды ғылымға әкеліп, тәрбиеледі. Ол дайындаған ғылыми кадрлар кейіннен ірі ғалым болып қалыптасып, Қазақстан ғылымының дамуына айтарлықтай үлес қосқаны белгілі. Осындай адамдардың бірі – ғалым-энергетик Ш.Ш. Шөкин. Оның ықпалымен академик Әлкей Марғұлан сияқты ірі ғалымдар ғылыми қауымдастыққа қосылды. Әлкей Хаканұлы Марғұлан кейіннен археология саласындағы көшбасшы және қазақстандық археология ғылымының негізін қалаушы болып танылды. Сәтбаев, сондай-ақ, геолог Шахмардан Есеновтың кәсіби өсуіне негізгі ықпал етті. Ол Есеновтың талантын танып, кейіннен оны Қазақ КСР Геология министрі лауазымына тағайындауға көмектесті. Қаныш Сәтбаев Евней Букетовті де ғылымға бағыттап, 1960 жылы оны Қазақ ССР Ғылым Академиясының химия-металлургия институтының директоры етіп тағайындады. Евней Арыстанұлы кейін химия саласындағы маңызды жаңалықтардың авторы және КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты болды. Академиктің басшылығымен Алматыда Орта Азия геофизика тресі құрылды және Қазақ КСР Геология және жер қойнауын қорғау министрлігінің құрылуына мұрындық болды. Бұл қадамдар республикадағы геологиялық зерттеулердің тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқарды. Ол академияның құрылымдық бөлімдерін, оған қарайтын институттарды, зертханаларды, секторларды және ғылыми базаларды жоспарлауда негізгі рөл атқарды. Сонымен қатар, ғылыми кадрлар дайындау ісіне аса жауапкершілікпен қараған, ғылыми зерттеулерді халық шаруашылығы мүддесіне сай бағыттап, елдің экономикалық және мәдени дамуына үлес қосқан. Сәтбаевтың басшылығымен Жезқазған кен-металлургия комбинаты, Қарағанды және Балқаш металлургия зауыттары сияқты ірі өнеркәсіптік нысандардың құрылысы жүзеге асырылды. Ол Ертіс-Қарағанды арнасының салынуын, Маңғыстау, Мұғалжар, Торғай өңірлеріндегі табиғи байлықтарды зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға тікелей қатысқан. ### Ғылыми еңбектері * К проблеме большого Джезказгана, журнал Народное хозяйство Казахстана, №1-2, 74–83-бб. (1936) * «Орталық Қазақстанның металлогениялық болжам картасының методологиясы, нақты базасы мен негізгі тұжырымдары туралы» Главные закономерности пространственного размещения зон эндогенного оруднения в Центральном Казахстане, Советская геология, ҚазССР Хабаршысы. Геология сериясы, 1955, 20 шығ., 3–35-бб. (1955) * «Орталық Қазақстанда эндогендік кендену аймақтарының кеңістікте орналасуының негізгі заңдылықтары» О методологии, фактической базе и основных выводах металлогенических прогнозных карт Центрального Казахастана, Известия АН КазССР, (Советская геология, 1957, №58, 93–109-бб.) * «Түсті металдар кенін кешенді пайдалану бойынша Қазақстан Ғылым академиясының зерттеулері» Исследования Академии Наук Казахстана по комплексному использованию руд цветных металлов, Вестник АН КазССР, ҚазССР ҒА Хабаршысы. 1962, №12, 3–11-бб. (1962) ## Наградалары мен марапаттары * 1940 жылы Жезқазған-Ұлытау ауданының жер қойнауын барлағаны үшін Ленин орденімен марапатталды. * 1942 жылы геология-минералогия ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді. * Сол жылы «Жезқазған ауданының кен орындары» ғылыми еңбегі үшін екінші дәрежелі Сталин сыйлығына ие болды. * 1943 жылы КСРО Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі болып сайланған. * 1944 жылы «Қазақ КСР ғылымына еңбегі сіңген қайраткер» құрметті атағы берілген. * 1945 жылы тыл ресурстарын жұмылдырғаны үшін екінші Ленин орденімен және ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. * 1957 жылы Қазақстан ҒА тың және тыңайған жерлерді игеруге жұмылдыру үшін үшінші Ленин орденімен марапатталған. * 1958 жылы Қаныш Сәтбаев бастаған қазақстандық ғалымдар тобы Орталық Қазақстанның кешенді металлогеникалық болжамдық карталарын құру және әдістемені әзірлеуі үшін Ленин сыйлығына ие болған. * 1963 жылы Қазақстанның геологиялық ғылымын дамытуға және пайдалы қазбаларды зерттеуге сіңірген еңбегі үшін төртінші Ленин орденімен марапатталған. ## Отбасы Қаныш Сәтбаевтың әкесі - Имантай Сәтпаев, ауыл биі болған. Ол өмірінің ширек ғасырынан астам уақыт Нұрым деген әйелімен бірге өткізген. Осы некеден бір қызы дүниеге келіп, бала кезінде қайтыс болған. Әкесінің екінші әйелі - Әлима. Бұл некеден үш бала дүниеге келген: қызы Қазиза және екі ұлы, Бөкеш (Ғазиз) мен Қаныш.Қаныш Сәтбаев өзі бірнеше рет үйленген: * Бірінші некеден екі қызы: Ханифа (дәрігер және физиолог, 1921—2016), Шәмшиябану және ұлы Майлыбай (Мәлеш, 1924—1940) дүниеге келген. Майлыбай 16 жасында қайтыс болған. * Екінші әйелі Таисия Алексеевнадан (қыз кезіндегі тегі Кошкина) қыздары Мейіз, Мириам және бала кезінде қайтыс болған ұлы дүниеге келген. * Азаматтық некеден Камила Досовна Утегеновамен қызы Джамиля туған. ## Тарихи мұра ### Қаныш Сәтбаев есімі берілген нысандар Академик Қаныш Сәтбаевтың есімі Қазақстанның ғылыми және өндірістік әлемінде кеңінен танымал және құрметтеледі. Оның аты бірқатар білім беру мекемелеріне, кен-металлургия комбинаттарына, сондай-ақ Қазақстанның қалаларындағы көшелерге, мектептерге және аграрлық шаруашылық объектілеріне берілген. Қаныш Сәтбаевтың ғылыми және өндірістік жетістіктері елдің экономикасы мен білім беру саласын дамытудағы маңызды үлесін айқын көрсетеді. Сонымен қатар, Алатау жотасының биік шыңы мен мұздағы, сондай-ақ Қаратау жотасында орналасқан ванадий кенінің рудасынан табылған жаңа минерал – сәтбаевит Қаныш Сәтбаевтың есімімен аталады. Бұл ғалымның Қазақстанның геологиялық зерттеулеріне қосқан зор үлесін мәңгілікке есте сақтауға арналған. Қаныш Сәтбаевқа арналған бірнеше мұражайлар оның ғылыми және қоғамдық қызметіне, сондай-ақ жеке өміріне арналған экспозицияларымен келушілерге ғалымның мұрасын таныстырады. Бұл мұражайлар Қазақстанның мәдени және ғылыми өміріндегі Қаныш Сәтбаевтың орнын көрсете отырып, келешек ұрпаққа ғылымға деген құштарлықты және елінің дамуына үлес қосудың маңыздылығын насихаттайды. * Қазақстан Ғылым академиясының Геологиялық ғылымдар институты * Сәтбаев ғаламшары * Сәтбаев қаласы * Сәтбаев көшесі (Алматы) * Сәтбаев көшесі (Астана) * Академик Қаныш Сәтбаев даңғылы (Павлодар) * Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті * Академик Қ. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты * Сәтбаевтың мұздығы * «Сәтбаевит» минералы * «Академик Сәтбаев» гладиолиус гүлі ### Ескерткіштер * 1999 жылы ғалымның 100 жылдық мерейтойына орай Сәтбаев ескерткіші Алматыда қойылды. * 2011 жылы енді бір ескерткіш Қарағандының вокзал алдындағы алаңына орнатылды. * 2017 жылы академиктің мүсіні Степногорскте салтанатты түрде ашылды. * 2021 жылы Сәтбаевқа ескерткіш Астанада өзі аттас көшенің бойында қойылды. ### Сәтбаевтану * Медеу Сәрсеке. ЖЗЛ. Сәтпаев. Мәскеу, Молодая гвардия, 2003 жыл, ISBN 5-235-02625-X * "Қаныш" энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясының" редакциясы, 2011 жыл. * Артюхова О.А. Валукинский Николай Васильевич // Орталық Қазақстанның археологиялық мұрасы: зерттеу және сақтау: ғылыми мақалалар жинағы, Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының 70 жылдығына арналған. Жауапты редакторлар: А.З. Бейсенов, В.Г. Ломан. Алматы: НИЦИА «Бегазы-Тасмола», 2017. Т. 1. 80–87 беттер. * АКК – Қазақстанның археологиялық картасы. Алматы: ҚазКСР Ғылым академиясының баспасы, 1960. 450 бет. * Батырбеков Г.О. Академик Сәтбаев және оның замандастары. Алматы: «Рауан», 1999. 176 бет. * Бейсенов А.З., Жұмабекова Г.С., Базарбаева Г.А. Ел орталығындағы ежелгі мұраларды зерттеу жолы: Қазақстан Ғылым академиясының алғашқы археологиялық экспедициясының құрылу тарихы // Орталық Қазақстанның археологиялық мұрасы: зерттеу және сақтау: ғылыми мақалалар жинағы, Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының 70 жылдығына арналған. Жауапты редакторлар: А.З. Бейсенов, В.Г. Ломан. Алматы: НИЦИА «Бегазы-Тасмола», 2017. Т. 1. 11–64 беттер. * Григорьев А.П., Телицина Н.Н., Фролова О.Б. Әмір Темірдің 1391 жылғы жазуы // Азия және Африка елдерінің тарихының тарихнамасы және деректануы. 2004. Шығарылым 21. 3–24 беттер. * Крамаровский М.Г. Әмір Темірдің тасы // Алтын Орда. Тарих және мәдениет. Санкт-Петербург: «Славия», 2005. 167–170 беттер. * Қызласов И.Л. Археолог Леонид Романович Қызласов. Өмірбаяндық очерк // Орталық Қазақстанның археологиялық мұрасы: зерттеу және сақтау: ғылыми мақалалар жинағы, Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының 70 жылдығына арналған. Жауапты редакторлар: А.З. Бейсенов, В.Г. Ломан. Алматы: НИЦИА «Бегазы-Тасмола», 2017. Т. 1. 108–118 беттер. * Лозовский И.Т., Сипайлов Г.А. Қаныш Сәтбаевтың Томскідегі студенттік жылдары. Томск: ТПУ баспасы, 1999. 135 бет. * Марғұлан А.Х. Сарысу мен Ұлытау өзендерінің ескерткіштерін зерттеу // ҚазКСР Ғылым академиясының хабаршысы. 1948. No 2 (35). 53–60 беттер. * Марғұлан А.Х., Әкішев К.А., Қадырбаев М.К., Оразбаев А.М. Орталық Қазақстанның ежелгі мәдениеті. Алматы: «Ғылым», 1966. 435 бет. * Могильницкий В.Б. Сәтбаев жерінде. Қарағанды: Полиграфия, 1992. 157 бет. * Потанин Г.Н. Идыге туралы қазақ жырынан үзінділер (Ч. Валихановтың жазбаларынан) // Валиханов Ч.Ч. Шығармалар толық жинағы, 5 томдық. Алматы: Қазақ кеңестік энциклопедиясының бас редакциясы, 1985. Т. 5. 296–299 беттер. * Рогожинский А.Е. Бетпақдала шетіндегі Тамғалытас тасының белгілері мен жазулары // Орталық Қазақстанның археологиялық мұрасы: зерттеу және сақтау: ғылыми мақалалар жинағы, Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының 70 жылдығына арналған. Жауапты редакторлар: А.З. Бейсенов, В.Г. Ломан. Алматы: НИЦИА «Бегазы-Тасмола», 2017. Т. 2. 297–307 беттер. * Боранбаев С. Ұлы мұра // Индустриальная Караганда. 06.04.1999. * Сарсеке М. Феномен. Астана: «Фолиант», 2018. 960 бет. * Сәтбаев Қ.И. Ежелгі Жезқазған // Қазақстан правдасы. 1936. No 148. * Сәтбаев Қ.И. Қазақстан мыс қоры // Таңдамалы. 5 томдық. Шымкент: «Оңтүстік полиграфия», 2007. Т. 3. 155–162 беттер. * Сәтбаев Қ.И. Қарағанды бассейнінің түсті және қара металлургиясының дамуы // Таңдамалы. 5 томдық. Шымкент: «Оңтүстік полиграфия», 2007. Т. 3. 115–154 беттер. * Сәтбаев Қ.И. Жезқазған өңірінің тарихи-археологиялық деректері // Таңдамалы. 5 томдық. Шымкент: «Оңтүстік полиграфия», 2007. Т. 5. 44–52 беттер. * Сәтбаев Қ.И. Жезқазған ауданындағы ежелгі ескерткіштер // Таңдамалы. 5 томдық. Шымкент: «Оңтүстік полиграфия», 2007. Т. 5. 69–75 беттер. * Сәтбаева Ш.К. Ошақтың жарығы. Алматы: Қазақстан баспасы, 1999. 184 бет. * Усманова Э.Р., Жұмашев Р.М., Жұмабеков Ж.А., Антонов М.А., Қасбаров А.Р. Алтыншоқы төбесінің жұмбағы: Әмір Темірдің 1391 жылы Тоқтамысқа қарсы жорығының бір эпизоды туралы // Тарих, әдебиет, өнер журналы. Ресей Ғылым академиясы. 2018. Т. 13. 7–24 беттер. ## Сілтемелер * Қаныш Сәтбаев. «Қазақтың Қанышы». «Тарих. Тағдыр. Тұлға» YouTube сайтында * Е.Қ. Бейсембетов. Қазақстанның дамуында ұлы ғалымның рөлі * "Халқым менен де биік": Әйгілі ғалым Қаныш Сәтбаев туралы не білеміз? * Қаныш Сәтбаев туралы 15 қызықты факт ## Дереккөздер
Тойбастар - қыз ұзату, үйлену, т. б. тойларда айтылатын өлең түрі. Үйлену тойының ең соңғы күнінде жігіттер мен қыз-келіншектер жиналып, қоштасу кешін өткізеді. Сол кеште жастар жағы әр түрлі ұлттық ойындар ойнап, көңіл көтеріп өлең айтады. Той аяқталғанда тойбастар әні айтылады. Тойбастардың мазмұн-мақсаты той иесін мадақтап, отбасы құрғалы отырған екі жасқа игі тілек, бата, ақыл-кеңестер айту. Айтушының қабілетіне қарай жаттанды өлең түрінде де, жанынан шығарылып та айтыла береді. Өлең құрылысы, ұйқасы көбінесе қара өлең, жыр үлгісінде келеді. Тойбастар шілдехана, сүндетке отырғызу тойларында, үй-ішінің, ауылдың, қаланың басқа қуаныш-қызықтарында айтылады. Тойбастар жиын-тойдың аяқталғанын, бірақ қуаныштың алда да жалғаса беретінін білдіреді. ## Дереккөздер
Әлмерек абыз — қазақтың Ұлы жүз Үйсін тармағындағы Албан тайпасынан шыққан батыр, абыз. 1658 жылы қазіргі Алматы қаласындағы «Әлмерек тоған» (бұрынғы Гагарин ауылы) деген жерде дүниеге келген. 1756 жылы қайтыс болған. Әлмерек Абыз Қазақ-Жоңғар соғысына басынан аяғына дейін қатысқан батыр. Соғыс ақырына қарай қартая бастағанда әскерге сарбаз жаттықтырумен айналысады. Шәкірттерінен атақты Райымбек батыр, өз немересі Саурық батыр шыққан. М. Әуезовтың «Қилы заманында» айтылған Ұзақ батыр да осы кісінің тікелей ұрпағы. Сонымен қатар жаратлысынан бойына сіңген қасиетін пайдаланып әскерге емшілік жасау, халықтық емшілік, билік, имамдық, мұсылманша бала оқыту кәсіптерімен шұғылданған. Күші басым дұшпанды көз байлау арқылы жекпе-жекте сөзсіз жеңу әдісін қолданған және шәкірттеріне үйреткен. Райымбек батыр күші басым жаумен жекпе-жек шыққанда осы әдісті қолданып, ешбір жағдайда жекпе-жекте жеңілмей кеткен. Бейбіт заманда билік айтып, ел басқарған. Қазақ балаларын мұсылманша оқытып, Жетісу жеріне ислам дінін таратуға еңбек сіңірген. Қазақ-жоңғар соғысы біткеннен кейін батыс, солтүстік, оңтүстіктен келеген қазақ сарбаздарын жергілікті қыздарға үйлендіріп шекараға жақын жерге қазақтардың жиі қоныстануын ұйымдастырған. Албан, Суан тайпаларының ішінде Дулат, Адай т.б руларда болатын кіші рулар жиі кездеседі. Ол кісіден 12 ұрпақ тараған. 12 рулы ел Құрман деген Әлмеректің бір баласының атымен аталады. Әлмерек ұрпағы Құрмандар албанның ішіндегі ең көп тараған (Қабырға жетпес қара Құрман) руға жатады. Нақыл сөзі: Ошақтың үш аяғындай үш жүз бірге болса, қазақты ешбір жау ала алмайды. Бейіті Алматы қаласының шығыс жағында ГРЭС қалашығына шығар жолдың оң жағында, шағын өзен жағасындағы қырда тұр. Басына көгілдір күмбез қойылған. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Әлмерек абыз туралы материалы бар қазнеттегі торап Мұрағатталған 4 мамырдың 2012 жылы. * Әлмерек абыз туралы сілтемесі бар торап
Дәулеткерей Шығайұлы (1820, Орал облысы,Орда ауданы - 4.05.1887) — қазақтың аса көрнекті күйші-композиторы. ## Өмірбаяны Дәулеткерей Шығайұлы 1820 жылдар шамасында қазіргі Орал облысының Орда ауданында ауқатты отбасында дүниеге келген. Әкесі Шығай да, Бөкей ордасының ханы Жәңгір-Керей хан де оны бала жасынан ел билеуге, төрелік салтанат құруға тәрбиелеген. Алғашқы уакытта ол сол елдегі жеке-жеке руларды басқарып көреді. Бірақ билікте жүрген адамның амалсыздан қатігез болатынын ол нәзік жүрегімен ерте түсінеді. Туысы Жәңгір ханның қарапайым қазақтардың жерін тартып алып, шұрайлы, өзен-сулы жайылымдарды, қыстауларды кең даламызға бойлай еніп келе жатқан орыс отаршылдарына беруі Дәулеткерейдің де ызасын келтірген. Тікелей қатыспаса да XIX ғасырдың орта тұсындағы Исатай-Махамбет көтерілісіне тілектес болған деген дерек те бар. Мұны оның "Жігер" атты күйінен байқауға болады. Атақты музыка зерттеушісі, академик Ахмет Жұбановтың айтуына қарағанда, Дәулеткерейдің туған жиені, Кеңес өкіметінің тұсында өмір сүрген Науша Бөкейханов күйшінің елу шақты күйін тартады екен. Даңқты сазгер туралы, құнды деректер берген де сол кісі көрінеді. Дәулеткерей бала кезінде молдадан оқып, мұсылманша хат таныған. Ресейде білім алып, кейін генерал дәрежесіне дейін жеткен хан Жәңгір Ордада балалардың орысша білім алуына да жағдай туғызыпты. Дәулеткерей орысша үйреніп, оқи да, жаза да алатын болған. Кішкентайынан-ақ оқымысты бала атанған. Домбыраны тамаша орындаушы Мүсірәлі деген күйшіден шеберлікті үйренген. Оның үстіне сұлтандардың қысқы мекеніне айналған Ордаға қырқыншы жылдардың бас кезінде Саратовтан драма және эстрада артистері шақырылады екен. Дәулеткерей орыс және Еуропа музыкасымен жастайынан танысқан деген жорамал бар. Ол орыстың балалайкасында шебер ойнапты. Сондай-ақ гитара мен мандолинаны да тарта білген. 1854 жылы француз саяхатшысы Паули сызған суреттің нобайымен Чередеев салған акварельде күй тартып отырған Дәулеткерей, одан басқа да аспаптарда орындаушылар бейнеленген. Ең қызығы — ортада билеп жүрген еркек бейнесі бар. 1855 жылы Екінші Александр патшаның таққа отырып, тәж кию салтанатына қатысқан өкілдердің ішінде Дәулеткерей де бар еді. Оны делегация құрамына кіргізудегі мақсат — бірте-бірте ел басқару тәртібін үйрене берсін дегендік еді. Бірақ ол патша колонизаторларының сарайымен емес, озықойлы Ресеймен, Пушкин елімен танысуға келген-ді. Ол осы сапардан көрмегенін көріп, естімегенін өз қүлағымен естіп қайтады. Еуропа сазгерлерінің оркестр ойнаған шығармаларын тыңдайды. Өзі өлең жазбаса да поэзияны жүрегімен түсінетін күйші екі жылдан кейін Пушкинге, ақынның өзі оқыған лицей жанынан ескерткіш қоюға Бөкей ордасынан қаржы жиналған кезде, бірінші болып өз үлесін қосқан.Дәулеткерей 1861 жылы Қызылқұрт елінің билеушісі боп тағайындалған соң, бір жылдан кейін күй атасы Құрманғазымен кездескен. "Дәулеткерейдің Құрманғазымен әңгімелесіп, халық дәстүрі үлгісіндегі басқа да домбырашыларды көріп тануы, оның музыкалық творчествосына қатты әсер етеді", — деп жазады академик Ахмет Жұбанов. Құрманғазы және оның шәкірттерінің ең үздік музыкалық шығармалары дауылдатқан екпінімен, тастай тегеуірінділігімен, өршіл батылдығы, кең тыныстылығымен ерекшеленеді. Дәулеткерейдің халық тағдырын, елдің еркіндікке ұмтылу сезімін бейнелеген "Топан", "Жігер" атты күйлері тегеурінділігімен қоса тақсірет көрген ержүрек адамның салмақты, салиқалы тебіреніс-толғанысын бейнелейді. "Жігер" туралы Затаевич былай деп жазған: Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары қайтыс болған Дәулеткерей, ұзақ уақыт өмір сүрмесе де артына өлмес, өшпес мұра қалдырып кеткен ұлы күйшілердің бірі. ## Шығармашылығы Оның алғашқы шығармаларының бірі "Ақжелең". Бұл күй Ақбала деген өнерлі де сұлу қызға арналған. Дәулеткерейдің "Қоңыр", "Желдірме", "Керілме", "Ысқырма", "Қосішек" дейтін күйлері тіршілік-тұрмыстағы әр алуан көріністерді бейнелейді. "Жұмабике" деген күйінің тарихы былай: ол кезде қыздар кішкентайынан өзі білмейтін біреуге атастырылатын салт болған. Кейін бойжеткенде, өзі сүймесе де, сол жігітке ұзатылуға тиіс. Бұған наразы жігерлі қыздар Уақытша кеңес дейтін билігі бар мекемелерге арыз айтып баратын болған. Қыз сөзі расталып, шындықтың бет пердесі ашылса, азаттық алады екен. Міне, асқан әнші, ақындық өнері рулы елге ерте танылған, өз талабымен еркіндік алған Жұмабике деген қызға ризалық сезімін Дәулеткерей күй арқылы жеткізген. 1869 жылы қазақтың ұлы күйшісі Құрманғазы Сағырбайұлымен кездесуі Дәулеткерейдің шығармашылық өміріндегі ұмытылмас кезең болды, олар күй тілімен табысып, бір-біріне күйшілік өнерімен тікелей әсер етеді. Дәулеткерейдің көптеген күйлері халық арасына кеңінен тараған. Оның тұрмыстық жанрдағы «Желдірме», «Тартыс», «Ысқырма», «Қосалқа» күйлері; «Қыз Ақжелең», «Ақбала қыз», «Көркем ханым», «Қаражан ханым», «Құдаша», «Мұңды қыз», «Жұмабике» сияқты әйелдер бейнесін жасаған шығармалары бар. Орыс музыкасының әсерімен «Ващенко», «Қос ішек», «Қоңыр», «Топан» т. б. күйлерін, 1871 жылы досы С. Бабажановтың қазасына арнап «Салық өлген» атты жоқтау күйін шығарды. «Бұлбұл» күйі де осы кезеңде туды. Дәулеткерей өмірінің соңғы жылдарына жататын күйлерінде - терең мазмұн мен күрделі психологизм басым. Олардың қатарында халық симфонизмінің тамаша үлгілері саналатын «Демалыс», «Төндірме», «Керілме», «Жігер» сияқты күйлері бар. ## Дереккөздер
Исатай Тайманұлы (1791–1838) – 1836–1838 жылдары Батыс Қазақстанда болған халық көтерілісінің саяси көсемі, қайсар қолбасшысы, халық батыры. Кіші жүз Байұлының Беріш руынан. Жоңғар шапқыншылығы кезінде атағы шыққан Ағатай батырдың ұрпағы. ## Өмірбаяны Халық батыры И.Тайманұлы 1791 жылы қазіргі Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тайсойған құмындағы "Тайман жалы" деген жерде дүниеге келген. Исатайдың анасы Есентемір руының Тағашы бөлімінен. И.Тайманұлының төртінші атасы Ағатайдың (Тайман-Бегәлінің -Боқай-Ағатай) есімі қалмақтарға қарсы соғыста көрсеткен ерлігі үшін Беріш руының ұранына айналған Исатайдың жастық шағында оған ықпал жасап, қамқорлық еткен әкесі, Тайманның інісі - Жабал Бегәліұлы. 1808 жылы Жабал бастаған Бегәлі ауылы Бақсай бекінісі тұсынан Жайықтан өтіп, Бөкей ханның қарауына кіреді. Хан орысша сауатты, саясаттан хабары бар, халық алдында беделді Жабалды Беріш аулына старшина етіп қояды. Жабал қайтыс болғаннан кейін, оның орнына старшина етіп И.Тайманұлын қоюды сұрап, хан Бөкей 1812 жылы 12 наурызда Орынбордағы Шекара коммссиясына ұсыныс жасайды. Шекара комиссиясы 1813 жылғы қараша айында Бөкей ханның ұсынысын қуаттап, құжаттарды әскери губернаторға жібереді. Генерал губернатор Г.С.Волконский 1814 жылы 12-қарашада Исатайды старшиналыққа бекіту туралы құжатқа қол қояды. ## Қызметі Ел ісіне ерте араласқан Исатайдың кемелденуіне қайын ағасы Жабай Бегалиннің көп көмегі тиеді. Ол кісі орысша оқыған, әжептеуір сауаты бар адам болған, старшын қызметін атқарған. Ол өлгеннен кейін оның орнына Бөкей хан Жабайдың тәрбиесін көрген Исатайды старшын етіп тағайындап, оны Орынбор шекара комиссиясы бекітеді. Күн санап ел арасында беделі асып бара жатқанын көре алмаған хан төңірегіндегілер оның беделін түсіру үшін түрлі жала жауып, ханға шағыстырып бағады. Соның салдарынан бас аяғы 4-5 жылдың ішінде бірінде старшын Өтеміс Құлманиязовты тонады деген, екіншісінде кісі өлтірді деген жаламен түрмеге қамалады. Оның алғашқысынан ақша беріп құтылса, екіншісінен Орынборға конвоймен айдалап бара жатқан жерінде, есебін тауып, қашып кетеді. Хан Бөкей Исатайдың басқаруына Каспий теңізінің солтүстік жағалауындағы Қарақамыс, Күйгін, Көлденең, Байсары, Кемелі аралдарын береді . Осылайша жасынан алымды, сөзге шешен, бірбеткей, өжет, қара қылды қақ жаратын, әділ Исатай 21 жасында Беріш руының старшинасы болып ел басқарады, Ордадағы беделді адамдардың біріне айналады. Хан тапсырмасымен ол Петербургке бара жатқан Бұхар елшісін Сарайшықта қарсы алып, Астраханға дейін қасына ереді. Орынбор шекаралық комиссиясының бастығы генерал Генстің Ішкі Ордаға келген сапарында оның қасында болады. Алайда, жас та болса, бас болған Исатайды көре алмаушылар көбейе түседі. Солардың жапқан жаласынан И.Тайманұлы 1818 жылы Сарайшық түрмесіне қамалады. Беріштің биі Жүзбатыр 20 мың сом ақша беріп, оны түрмеден босатып алады. Ішкі Ордадағы қара халықтың мұң-мұқтажын қорғап, сұлтандар мен билердің әділетсіздігін, зорлық-зомбылығын әшкерелеймін деп жүріп, Исатай 1824 жылы тағы да тұтқындалып, Орынбор түрмесіне жабылады. Бірақ, оған тағылған кінәлар дәлелденбей, ол босатылады. Ішкі Ордада патша үкіметінің отарлық мүддесін іске асырушы хан Жәңгірдің халыққа жасаған озбырлығына И.Тайманұлы әу бастан қарсы болады. Ханнан, оның қайын атасы Қарауылқожадан, сұлтандар мен билерден зәбір көрген қарапайым халық бірте-бірте Исатайдың айналасына жинала бастайды. Оның қоластындағыларға ханның әмірі жүрмейді, ал Исатай батырға Жәңгірдің әлі келмейді. Ханның төңірегінде негізінен төрелер, билер, қожалар, молдалар және соларға ерген аз ғана халық қалады. ## Исатайдың Жәңгір ханмен келіспеушілігі Исатайдың Жәңгір ханмен келіспеушілігі 19-ғасырдың 30-жылдарының орта кезінде одан әрі шиеленісе түседі. Оған себеп болған жағдай - 1833 жылы маусым айында Жәңгір ханның осыған дейін И.Тайманұлы басқарып келген Каспий теңізінің солтүстік жағалауындағы шөбі шүйгін, суы мол 5 аралды қайынатасы Қарауылқожа Бабажановтың билігіне беріп, Исатайды қарауындағы елімен шаруашылыққа қолайсыз, суы да, шөбі де аз, құм басқан Мыңтөбеге аударуы еді. Жәңгір ханның және басқа да феодалдардың халыққа жасап отырған қысымшылығы туралы И.Тайманұлы бастаған бір топ старшиналар Орынбордағы Шекара комиссиясына, тіпті губернатордың өзіне талай рет арыздар да жазады. Бірақ, одан ешқандай да қорытынды шықпайды. ## 1836-1837 жылдардағы Бөкей хандығындағы халық-азаттық көтеріліс Әртүрлі алым-салықтан күйзелген, жайылым жерден айырылған, казак әскерлері мен жергілікті феодалдардың екі жақты езгісінен әбден шыдамы таусылған бұқара халық қолдарына қару алып, көтеріліске шығады. Бұл - 1836-1837 жылдардағы Бөкей хандығындағы немесе Ішкі Ордадағы батыр Исатай Тайманұлы басқарған халық-азаттық көтеріліс еді. Көтерілістің қозғаушы күші, негізінен, қазақ шаруалары болды. Оның мақсаты - Жәңгір ханның халыққа жасап отырған озбырлығына шек қою, шаруалар жағдайын жақсарту, Қарауылқожаны, Балқы Құдайбергеновті биліктен тайдыру, жер мәселесінде белгілі бір келісімге келу болатын. Исатай Тайманұлы - осы көтерілістің сардары, көсемі, ал "Махамбет - ел-жұртты дабылдатып, көтеріліс рухын көтерген батыр-жырау, көтеріліс жыршысы" (М. Қозыбаев) болды. Жалпы, 1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілістің бүкіл барысында Махамбеттің трибун, жыршы-ақын ретінде Исатай батырдың оң қолы болғандығы тарихтан да белгілі. ## Көтерілістің басы Көтерілістің басы 1836 жылғы 24 наурызда Қарауылқожа Бабажановтың 800 адамды бастап, Манаш елді мекені маңындағы И.Тайманұлының ауылын қоршауы болып табылады. Алайда, Қарауылқожа тобы 200 сарбазбен өздеріне қарсы шыққан Исатайларға шабуыл жасауға бата алмай, кейін қайтуға мәжбүр болады. Бұрын ешкімнен тауы шағылмаған, қарамағындағы елге дегенін істеп әдеттенген Қарауылқожаның Исатайларға ештеңе істей алмауы бүкіл Бөкей хандығына тарайды. Үстем тапқа ызасы кернеген шаруалар әр жақтан Исатай батырдың қоластына жинала бастайды. 1836 жылғы маусымның соңы мен шілде айының басында И. Тайманұлы бастаған шағын топ ханға халық талабын жеткізу үшін Тасобадан Жасқұсқа аттанады. Исатайлардың келе жатқан хабарын естіген Жәңгір хан Астрахань әскери губернаторынан Орданы қорғау үшін әскер жіберуді сұрайды, сонымен бірге уақыт ұту мақсатында Исатайлардың талаптарын білу үшін оларға өзінің сенімді адамын жібереді. Исатайлар оған Қ.Бабажановты, Б.Құдайбергеновты қызмет орындарынан босату туралы және Исатайдың үлкен ұлы Жақияның қолымен жазылған басқа да талаптарды тапсырып, кейін қайтады. 1837 жылдың жазында Исатай батыр бастаған көтеріліс бүкіл Бөкей хандығына тарайды. Жәңгір хан мен оның айналасындағыларға наразылардың бәрі Исатайдың айналасына жиналады. Келген жігіттер атпен, азық-түлікпен, қару-жарақпен қамтамасыз етіледі. Осылайша, И.Тайманұлы белгілі бір тәртіпке негізделген азаматтық және әскери ұйымның басшысына айналады. Сұлтан М.Шөкиннің ханға "Көтерілген шаруалар ешкімге бағынбайды, өз алдына бір республика",-деп жазған мезгіл осы кез болуы керек. 1837 жылдың 16 қыркүйегі күні Исатай батыр бастаған 200-ден астам сарбаздар халыққа әбден жек көрінішті Қарауылқожа Бабажановтың ауылын шабады. Одан алынған мал мен дүние-мүлік шаруаларға таратылып беріледі. 1837 жылғы 17 қазанда көтерілісшілер Балқы Құдайбергеновтің, сұлтан М.Шөкиннің ауылдарын шауып, хан ордасы - Жасқұсқа бірте-бірте жақындай түседі. И.Тайманұлының үлкен қолды басқарып, Жасқұсқа келе жатқандығынан хабардар Жәңгір хан Орынбор және Астрахань әскери губернаторларына дереу хат жазып, өзін қорғауын сұрайды. Хан ордасын қорғауға Астраханьнан подполковник Алиев, ал Орынбордан подполковник Геке басқарған зеңбіректермен қаруланған әскерлер аттанады. Ал, 2000-нан астам қолмен хан ордасын қоршаған Исатай батыр біраз уақыт хан елшілерімен, кейін Гекенің елшілерімен нәтижесіз келіссөз жүргізеді. 1837 жылғы қараша айының соңында кең байтақ Қазақстанның шағын бөлшегі - Бөкей хандығындағы шаруалар қозғалысының жаңғырығы Ресей астанасы - Санкт-Петербургке де жетеді. Император И.Тайманұлы бастаған "бүлікшілерді" қатаң жазалауды талап етеді. Махамбет, Үбі, Сегізсері және басқа да батырлардың "хан ордасын шабайық" деген ұсынысын байсалды, сақ, ұстамды Исатай қабылдамайды. Себебі, орданы шапқан күннің өзінде де патша өкіметі оларды тыныштықпен жүргізбейтіндігін, өйткені, Жәңгір ханның артында патша өкіметі мен оның жазалаушы әскерлері тұрғандығын және сол әскерлерге қарсы тұрарлықтай өзінде күштің жоқтығын ескерген Исатай батыр халық талабын ханнан бір жағынан айбармен, екінші жағынан келіссөз арқылы орындатуға күш салады. Егер 18-ғасырдың 80-90-жылдарында Сырым Датұлы басқарған көтеріліс кезінде Нұралы хандықтан қуылса да, Есім хан өлтірілсе де көтерілісшілердің өздерінің түпкі мақсатына жете алмағандығын ескерсек, Исатай батырдың бұл шешімі елдің бүтіндігі мен халықты сақтау жолындағы үлкен көрегендік екендігін ерекше айтуымыз керек. Көтерілісшілер хан ордасын қоршаған кезде патша үкіметінің әскер жіберіп, Жәңгірді құтқаруға ұмтылуының өзі - Исатай батырдың шешімінің дұрыстығын байқатады. Ал, Исатайдың подполковник Гекемен келіссөз жүргізу себебі - күші басым Ресей әскерімен соғыспай, уақыт өткізіп, қыс түсе Жайық өзенінің шығыс бетіне, Кіші жүзге өтіп кетуді ойлағаны болу керек. ## Шешуші ұрыс Хан Жәңгір шақыртқан патша әскерімен Исатай батырдың іріктелген 500 сарбаздарының арасындағы шешуші ұрыс 1837 жылы 15 қарашада Тастөбе деген жерде болады. Көтерілісшілер қаншама ерлікпен шайқасса да, ұрыстыңтағдырын зеңбіректер шешеді. Зеңбіректердің жарылған оғы мен зіркіліне шыдай алмай көтерілісшілер кейін шегінуге мәжбүр болады. Осы ұрыста Исатайдың Мылқым деген әйелі, Ақай атты баласы қаза табады. Тастөбедегі шайқаста көтерілісшілер жағынан 60-қа жуық адам өледі. Исатай батырдың оң қолына оқ тиіп, астындағы аты жараланады. Осы ұрыстағы көтерілісшілердің ерлігіне подполковник Гекенің өзі де қайран қалады. Ол Орынбордағы әскери губернаторға "Исатайлардың өздері мен жанұясын қорғаймын деп шамадан тыс ерлікке, зеңбірекке қарсы шабуылға баруы, олардың соншама ашынғандықтарын көрсетеді",-деп жазған. Тастөбеде қолға түспеген Исатайдың басына, оны тірідей ұстағанға 500 күміс ақша тігіледі. "Оны өлтірген адамға сол ақшаның жартысы беріледі",- деп жарияланады. Егер С.Разин, Е.Пугачев сияқты шаруалар соғысының көсемдерін қиын-қыстау кезеңде қасындағы "жолдастары" патша өкіметіне ұстап берген болса, басына қаншама ақша тігілсе де ешкім Исатайды жазалаушылар қолына ұстап бермейді. Керісінше, халық оны және оның сарбаздарын қажетті азық-түлікпен, көлікпен қамтамасыз етіп отырды. Тіпті, аты жарапанып, жаяу соғысқан соңғы сәттерде де жолдастары Исатайды жау қолына қалдырмауға тырысады. Ішкі Ордада бытырап жүрген көтерілісшілердің басын біріктірудің мүмкіндігі жоқ екендігін түсінген И.Тайманұлы бір топ жолдастарымен бірге жазалаушылардан бой тасалай жүріп, Кіші жүзге өтігт кету үшін Жайықтың қатуын күтеді. 1837 жылдың 12 желтоқсанынан 13-не қараған таңда өзінің ескі досы Құрақ Маябасовтың көмегімен И. Тайманұлы бастаған 38 адам ұйтқып соққан боранды пайдаланып, қазіргі Махамбет ауданындағы Сарытоғай елді мекенінен сәл төмен маңда Жайықтың шығыс бетіне - Кіші жүзге өтеді. Олар қараңғылық пен боранның көмегімен арттарынан ілесе қуған казактар мен Баймағанбет сұлтанның адамдарын адастырып үш топқа бөлініп, Тайсойған жаққа бет алады. Өкінішке қарай, көп кешікпей, 14 және 24 желтоқсан күндері - Исатайдың әйелі Несібелі, балдызы Бағлан, балалары Жақия мен Дінбаян (Дүмбиян), небәрі 12 адам қуғыншылардың қолына түседі. Кіші жүзге өткен И.Тайманұлы бастаған шағын топ осы жерде патша өкіметінің отарлық саясаты мен сұлтан Баймағанбет Айшуақұлы бастаған жергілікті феодалдардың қарапайым халықты езіп-жаншуына қарсы азаттық күресті ұйымдастыруға кіріседі. Исатай батыр мен ақын Махамбет бүкіл Кіші жүзді аралап, патша өкіметінің отарлық саясатын және солардың қолшоқпары хандар мен сұлтандардың халыққа жасап отырған озбырлығын шаруаларға түсіндіріп, оларды қолдарына қару алып, өздерінің азаттығы үшін күреске шығуға шақырды. Сол мақсатпен Исатай Махамбетпен бірге Маңғыстауға барып, оның билеушісі Қ.Есімовпен күш біріктіруге уағдаласады Сонымен бірге Хиуа ханы Қайыпқали Есімовке патша әскерлерін тойтару үшін 20 мың әскер беруге уәде етеді. Кіші жүздегі көтерілісті ұйымдастыру барысында Исатай батырдың ел-елдің басын біріктірген шебер дипломат болғандығын байқаймыз. Мысалы, көтерілістің негізгі ошағы болған әлімдер мен Маңғыстау адайлары арасында көптен келе жатқан кикілжің болған. Көтеріліске қатысушы адайлық сарбаздардың Әлім жеріне келетін болуына байланысты Исатай Әлімдер мен Адайларды өзара келістіріп, татуластырады. Маңғыстау адайлары мен түрікмендердің арасында да көптен бері келіспеушілік болады. Ресейдің отарлық саясатына қарсы азаттық көтеріліске аттанған адайлардың тылын қауіпсіздендіру мақсатында Исатай түрікмендермен келіссөз жүргізіп, адайлар мен түрікмендерді де мәмілеге келтіріп, келістіреді. И.Тайманұлы бастаған көтерілісшілерге батыр Жоламан Тіленшиев би Жүсіп Құланов бастаған сарбаздар қосылады. Адай, Шеркеш, Таз, Шөмекей, Табын, Кете руларынан Исатай мен Қ.Есімовтың қоластына 3000-дай адам жиналады. Патша өкіметі И.Тайманұлының басқаруымен Кіші жүздің батыс бөлігінде болып жатқан халық наразылығының одан әрі өршуінен қауіптеніп, оны басудың қамына кіріседі. Өйтпеген жағдайда бұл көтеріліс Кіші жүзге қарай жақындап келе жатқан Кенесары Қасымов басқарған ұлт-азаттық көтеріліске ұласып, патша өкіметінің отаршылдық езгісіне қарсы халық-азаттық соғысқа айналуы әбден мүмкін еді. Егер оқиға дәл осылай өрбісе, онда Ресей империясының 19-ғасырдың 60-жылдарында Қазақстанды отарлауды аяқтауының өзі неғайбыл жағдайға айналған болар еді. Осыны ескерген Орынбор генерал -губернаторы 1838 жылғы шілде айының басында подполковник Геке басқарған зеңбіректермен қаруланған әскерлерді Исатайларға қарсы аттандырады. Сонымен бір мезгілде Горск қамалынан бір топ әскерді бастап Баймағанбет Айшуақов та шығады. Жазалаушылардың екі тобы 10 шілдеде Үлкен Қобда өзеніне жақын жерде кездеседі. ## Исатайдың қаза табуы Баймағанбет сұлтан әдейілеп жіберген Балта деген алдаушының сөзіне сеніп қалған аңғал Исатай батыр қасына 500 сарбаз алып, сұлтан Б.Айшуақовтың ауылын шаппақшы болып, негізгі қолдан бөлініп шығады. Жазалаушы әскерлердің келіп жеткендігінен бейхабар Исатайлар тобы 1838 жылғы 12 шілде күні Ақбұлақ өзенінінң жағасында Геке мен Баймағанбет сұлтанның біріккен әскерінінң үстінен шығады. Әскер күші жағынан тең емес шайқаста Исатай батыр бастаған көтерілісшілер асқан ерлік көрсетеді. Алайда, мұнда да Тастөбедегі сияқты ұрыс тағдырын зеңбіректер шешеді. Зеңбірек оғы түскен жерлерден атты сарбаздар бытырай қашады. Исатайдың атына да оқ тиіп, ол казактармен жаяу шайқасады. Махамбет пен Үбі Исатайға өз аттарын тосса да, "ат артына мінгесіп, елге күлкі болғанымнан өлгенім артық, одан да балаларымды сақтаңдар, өздерің қашып құтылыңдар", - деп оларды ілгері жібереді. Ақбұлақ өзенінің жағасындағы кескілескен шайқаста Исатай батыр да, оның 16 жасар ұлы Оспан да қаза табады. Осы шайқастың басы-қасында болған Исатайдың 14 жасар ұлы Досмағанбет астындағы атының жүйріктігі арқасында Махамбетпен бірге жау қолына түспей, құтылып кетеді. Исатай абайсызда қанжарын түсіріп алады. Орыс-казак әскер басы сол қанжармен Исатайдың басын шауып өлтіреді. Оны қанағат етпей оған екі оқ атады. Исатай батыр 12 шілде күні қапылыста қаза тапқаннан кейін, көтеріліс одан әрі дамымай, сарбаздар жан-жаққа бытырап кетеді. Қ.Есімов жазалаудан қорқып, Хиуаға қашады. ## Көтеріліс жеңіліске ұшырады Осылайша, бас-аяғы 6 айға жетпейтін қысқа уақытты қамтыған аумағы мен сарбаздардың саны жағынан Бөкей хандығындағы көтерілістен асып түсетін бүкіл Кіші жүз даласын дүр сілкінткен батыр Исатай Тайманұлы бастаған халық-азаттық көтеріліс жеңіліске ұшырайды. Ол заманда басқаша болуы мүмкін де емес еді. Көтерілісшілерге хан өкіметі мен сұлтандар, патша үкіметінің жақсы қаруланған, арнайы дайындықтан өткен әскерлері қарсы тұрды. Көтерілісшілер Қазақстанның басқа аймағындағы, соның ішінде К.Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалыспен байланыс жасап үлгермеді. Көтерілісшілердің қарау-жарағы да мейлінше нашар болды. Нақты бағдарламаның болжамауы ұйымшылдықтың жетіспеуі де жеңіліс себептерінің бірі болды. И.Тайманұлы бастаған көтеріліс жеңілгенмен, ол Қазақстанның батыс бөлігінің Ресей империясы құрамында кейінгі дамуында терең із қалдырды. Бұдан былай алым-салықтың мөлшерін жылдан-жылға көтере беруге белгілі дәрежеде шек қойылды; патша үкіметінің көтерілісті қолдаған қазақ ауылдарының старшындарымен санасуына тура келді; Ішкі Ордадағы хандық биліктің жойылуы тездеді. ## Исатай туралы Көтеріліс басшысы Исатай Тайманұлы басынан өткен көптеген ауыр әрі қауіпті оқиғаларға мойымай асқан қайсарлық көрсетіп, өз жауларымен өмірінің ақырына дейін алысып өтті. Тек Исатай ғана "өлгенінше көпті соңына ерте алды" (Х.Досмұхамедов). "Тып-тыныш әлемде,-деп жазды орыс журналисі Н.Савичев, -қап-қара тұнық аспанда кейде жарқырап, зулап, жан-жағына отын шашып, жұртты таңқалдырып келе жатқан метеорды көресің. Тап осы метеор сияқты жарқын бейнелі, абзал, терең ақыл-ойдың иесі, халық қамын ойлаған қажырлы батыр -Исатай".Қазақ кедейлерінінң көсемі И.Тайманұлының есімі - мәңгі халық есінде. Ақтөбе облысының Қобда ауданында Исатай батыр мен оның баласы Оспанға шайқас болған жерде ескерткіш орнатылған. Атырау облысы Исатай ауданының орталығы Аққыстауда да Исатай батырдың ескерткіші бар. Исатай ауданындағы теміржол станциясына, Атырау қаласындағы және Жұмыскер селосындағы орта мектепке батырдың есімі берілген. Батырдың туған жеріндегі "Тайман жалы" деп аталатын орынға мемориалдық тақта қойылып, Аққыстау селосында батырдың мемориалдық мұражайы ашылды. 1991 жылғы қыркүйек айында халық батыры И.Тайманұлының туғанына 200 жыл толуы республика көлемінде аталып өтті. Осы мерейтойға орай Қазақ КСР Ғылым Академиясының ұйымдастыруымен Алматы және Атырау қалаларында ғылыми-теориялық конференциялар өткізілді. И.Тайманұлы мен оның ұрпақтары туралы "Қазақфильм" киностудиясы "Мінгені Исатайдың Ақтабан-ай" атты деректі фильм түсірді. Халық батыры И.Тайманұлының 200 жылдық мерейтойын өткізу - қазіргі ұрпақтың батыр бабалар дәстүріне адалдығының айғағындай оқиға болды. Олай болса, Исатай Таймановтың батырлық өнегесі қазақ халқының мәңгі есінде. ## Дереккөздер
Оралбай Әбдікәрімов (18 желтоқсан 1944 жыл, Нұра ауданы, Қарағанды облысы) — Қазақстанның мемлекеттік, саяси және қоғам қайраткері, Қазақстан президентінің кеңесшісі (2007), елдің мемлекеттік хатшысы (2004–2007), Сенат төрағасы (1999–2004), Президент Әкімшілігінің басшысы (1996–1997) және 1999–2004, 2007–2013 жылдары Сенатор. ## Жастық шағы және білімі Арғын тайпасы Қуандық руының Тоқа бөлімінен шыққан. Ұлты — қазақ. 1969 жылы Қарағанды ​​индустриалды педагогикалық тезникумын, 1974 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін және 1987 жылы Алматы жоғарғы партия мектебін бітіріп, білім алған. Мансабын 1963 жылы совхоз шопаны, тәрбиеші, кәсіптік-техникалық училищенің бригадирі болып бастады. КСРО Әскери теңіз флотында қызмет еткен. Әскери атағы — отставкадағы полковник. ## Саяси мансабы ### Кеңестік Қазақстандағы мансабы (1969–1991) 1969–1975 жылдар аралығында «Шахтинскжилстрой» тресі комсомол комитетінің хатшысы, нұсқаушы және Қазақстан Лениндік Коммунистік Жастар Одағы Қарағанды ​​облыстық комитетінің бөлім меңгерушісі мамандықтарында болды. 1980 жылы Қарағанды ​​қалалық партия комитеті төрағасының орынбасары, келесі жылдан 1985 жылға дейін Қарағанды ​​облыстық партия комитетінде нұсқаушы, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған. 1985–1989 жылдары аралығында Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің ұйымдастыру-партиялық және кадр жұмысы бөлімінің сектор меңгерушісі, инспекторы, меңгерушісінің орынбасары лауазымдарының иегері болған. 1989 жылдың желтоқсанынан 1991 жылдың қыркүйегіне дейін Әбдікәрімов Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің ұйымдастыру-партиялық және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі еді. Сонымен қатар сол жылдары ол ҚазКСР халық депутаттарын сайлау және кері шақырып алу жөніндегі Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары болған. 1990 жылы Қазақстан Коммунистік партиясы атынан Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды, депутаттығы 1992 жылға дейін жалғасты. ### Тәуелсіз Қазақстандағы мансабы (1991 бері) Қазақстанның тәуелсіздік алғанына дейін, 1991 жылдың қыркүйегінен бері және 1994 жылдың маусымына дейін Оралбай Әбдікәрімов Қазақстан президентi Аппаратының және Министрлер Кабинетiнiң Ұйымдастыру инспекциясы және аумақтық даму бөлiмiнiң ұйымдастыру жұмыстары және жергiлiктi әкiмшiлiктер бөлiмiнiң меңгерушiсi қызметін атқарған. 1994 жылдың маусымынан желтоқсанына дейін, жарты жыл бойы, Әбдікәрімов Президенттің өңірлердегі өкілдері тобы жетекшісінің орынбасары болды. Бұл жұмысының тоқтатылған салысымен ол Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Басшысының орынбасары — Президенттің өңірлердегі өкілдері тобының жетекшісі болып тағайындалды. Ол бұл қызметін 1995 жылдың наурызына дейін жалғастырған. 1995 жылдың наурызынан 1996 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметінде болды. Бұл қызметті аяқтағанына бір ай болғанда Қазақстан Парламентінің төменгі палатасы, Мәжіліс Аппаратының төрағасы болып тағайындалды. Бұл қызметін ол 1996 жылдың қазанына дейін жалғастырды. 1996 жылдың қазанынан келесі жылдың қазанына дейін, бір жыл бойы Президент Әкімшілігінің басшысы болып жұмыс істеген. Қазақстан Жоғарғы Кеңесі XXII-шақырылымының депутаты болған. 1999 жылдың қарашасында Президент жарлығымен 2-сайланым сенаторы болып тағайындалды. Сенаторлығына екі ғана күн болғанда, сол жылдың 1 желтоқсан күні Әбдікәрімов Сенат төрағасы болып сайланды. Сол жылы Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі болды, ол өзінің мүшелігін 2006 жылға дейін жалғастырды. 2002 және 2004 жылдар аралығында ЕЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының төрағасы болды. 2004 жылдың наурызында Президентпен Мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалған. Бұл қызметін ол 2007 жылдың 15 мамырына дейін жалғастырды. Мемлекеттік хатшы қызметі тоқтатылған салысымен Оралбай Әбдікәрімов Қазақстан президенті, Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі қызметіне тағайындалды. 2007 жылдың 28 тамызында "Нұр Отан" партиясынан Сенатор болып сайланды, депутаттығы 2013 жылдың тамызында аяқталды. Әбдікәрімов 2019 жылы Сенат жанындағы Сенаторлар Кеңесінің мүшесі болып тағайындалып, қайта саясатпен айналысуын бастады. Белгісіз жылдары "Жаңару" Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс" РҚБ төрағасы болған. ## Марапаттары және атақтары * Өзбекстан Республикасының құрмет грамотасы (1994) * II-дәрежелі Барыс ордені (2001) * Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Достастық ордені (2002) * ТМД ПАА-ның «Достық ағашы» («Древо дружбы») алтын медалі (2003) * I-дәрежелі Барыс ордені (2009) * Нұра ауданының құрметті азаматы * Кореяның Кьенг университетінің және Мәскеу мемлекеттік Лингвистика университетінің құрметті профессоры ## Отбасы Жұбайы — Жамал Ахметқызы Әбдікәрімова, көз дәрігері. 3 ұлы, 1 қызы және немерелері бар. Балалары: Әлім (1971 туған), Қайрат (1972 туған), Сержан (1976) және Айжан (1976 туған). Ұлы Сержан Оралбайұлы Әбдікәрімов (1976 жылы туған) да саясаткер, Қазақстанның Әзірбайжандағы бұрынғы елшісі (2019–2023). ## Қосымша ақпарат ## Дереккөздер
Қадырғали Жалаири (Қадыр Әлі Қосымұлы би, арғы тегі Жалайыр) деп аталған бұл кісі ХVI-ғасырдың ортасы мен ХVII-ғасырдың басында өмір сүріп (1530-1605 жылдары), қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған. Ресейдің атақты патшасы Борис Годуновтың қол астында жүріп, 1602 жылы "Жылнамалар жинағын" жазып бітірген. Бұл — қазақ тілінде жазылған тұңғыш ғылыми еңбек. "Жинақтың" тілдік құрылымын, жазу мәнерін зерттеп, көрнекті ғалым Р.Сыздықова арнайы кітап жазған ("Язык", "Жамиат-тауарих", "Жалаири", Алматы, 1989 жыл). Қадыр Әлі деректеріне Шоқан Уәлихановтан бермен қарай талай тарихшылар, зерттеушілер сүйеніп келеді. Туған жері — Қазақстан жеріндегі Сырдария бойы. Қадырғалидың ата-бабалары Қарахан әулеті билігінен бері үздіксіз хан сарайында қызмет етіп, ханның ақылшы-кеңесшісі, қол бастар батырлары болған. Оның өз атасы Темшік Шығай ханның батыры болса, әкесі Қосым бек лауазымын иеленген. ## Өмірбаяны Қадырғали Қосымұлы Жалайыри қазақтың ұлы хандарының бірі Тәуекел сарайында қызмет етіп, ақылшы, кеңесшілік рөл атқарған. Ана тілімен қатар араб, парсы тілдерін жақсы меңгергендіктен, асқан зор білімінің арқасында жас бекзадаларды оқытып, тәрбиелеген. Әсіресе оның үлкен үміт еткені — Оразмұхаммед сұлтан еді. Өзінің ғылыми еңбегінде бұл туралы былай дейді: "Менің аталарым Оразмұхаммед сүлтанның аталарына қызмет етті. Өзім Оразмұхаммедтің қасында болдым". ХVI-ХVII-ғасырларда жалайырлардың бір бөлігі Ұлытау, Көкшетау аймағында көшіп жүрген. Қазіргі географиялық картада, Арқа жақта Жалайыр, Керей көлі, Найман деген ұзыннан ұзақ бел-белестер бар. ХVIII-ғасырдағы Жоңғар қалмақтары жасаған жойқын шабуылда ("Ақтабан шүбырынды, алқакөл сүлама" заманында) Жалайырлар әуелі Бетбақдалаға ығысып, кейін құба қалмақтар жеңіліп, қазақтың кең даласы жаудан тазара бастаған соң, жылжи-жылжи Шу, Іле, Қаратал өзендерінің жағалауына келіп орналаса бастайды. Қазақ хандарының қыстық қонысы Түркістанда болған да, жазда Арқа жаққа, Көкшетауға көшіп барады екен. Хан-сұлтандар ол кезде аң аулауға жеке дара шықпайды, көп нөкер, саятшы ерткен. Бұл кезде бір орталыққа бағынып,жаңа күшейіп келе жатқан орыс патшалары оңтүстік-шығыстағы көршісі қазақ хандығымен қарым-қатынасын кеңейтуге мүдделі-түғын. Шығысында пайда болған үлкен мемлекет Жоңғар хандығы, оңтүстік батысында өзбек әмірлері, Жайықжақтан башқұр мырзалары тыныштық бермей отырған қазақ хандары да орыстармен сыпайы сауда-саттық қатынас жүргізіп жатқан. Оқта-текте Мәскеуге елшілері де барып қайтатын. Бірақ өздерін ішке кіргізбейтін. Сол кездердің өзінде-ақ қазақ хандығы әлсірей қалса, ұлан байтақдаланы иемдену сияқты түпкі арам ойы бар орыс патшалары сол елдің ішкі-сыртқы жағдайын, тарихын, салт-санасын, әскери күшін, қорғану қабілетін жете білуге тырысуы заңды еді. Осы мақсатпен олар ханның айналасындағы адамдардан түтқын алуды бұрыннан ойлап жүрген. Жас сұлтан Оразмұхаммедтің аңшылыққа құмар екенін, жылма-жыл ерте көктемде, күзде Ертіс, Тобыл бойын жағалап ит жүгіртіп, құс салатынын жансыздары арқылы біліп отырған Сібірдегі орыс әкімдері (патшаның тапсырмасы бойынша) аңдып жүріп, Тобыл алқабында қаршыға салып, көңіл көтеріп жүрген Оразмұхаммедті, Қадырғали Жалайри бастаған саятшы, нөкерлерімен қоса тұтқынға алады да, "аманат" ретінде Мәскеуге жөнелтеді. Бұл 1588 жыл еді. Оразмұхаммедтің хан ордасы адамы екенін, Қадырғали Жалайри Шығыс тарихын, мәдениетін жақсы білетінін, көп тілдерді игерген ғұлама екенін сезген соң, орыс патшасы оларды жақсы қабылдайды, өз маңайында ұстайды. Әскер өнерін жетік білетін батыр жігіт Оразмұхаммед 1590-91 жылдары орыстардың Шведтерге, Қырым хандығына қарсы жүргізген соғыстарына қатысып, ерлік көрсетеді. Соны ескерген жөне оның хан тұқымы екенін білетін патша Федор Иоанович 1592 жылы Ока өзені бойындағы мұсылмандар мекендейтін бұрынғы Қасымов хандығынан Оразмұхаммедке жер бөліп береді, 1600 жылы ұлы патша Борис Годунов Оразмұхаммедті Қасымов ханы етіп тағайындаған. Өзінің арғы тегі жалайыр екенін білді ме, жоқ па — әйтеуір Қадырғали Жалайри бек те зор құрметке бөленіп, бас уәзірлік қызметін атқарады. Қазақ елінің тарихы жөніндегі ғылыми еңбекті де Борис Годуновтың тапсырмасы бойынша жаздым деуі орынды. Себебі бұл еңбек ақ патшаға арналған және алғашқы тарауында соның билік жүргізу жүйесін бейнелейді. Қадырғали Жалайридің бұл шежіресі ертедегі қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи еңбек екені аян. Ш.Уәлиханов бұл кітаптың аңыздан гөрі ақиқаты басымырақ деп бағалаған. Байұзақ Албани: "Тарихнамада оның есімі Әбілғазы, Бабыр, Бенаи сияқты ғүлама тарихшылармен қатар аталады. Орыс ғалымдары Н.И.Ильминский, И.Н.Березин, В.В.Вельяминов-Зернов оның еңбегін жоғары бағалады", — дейді "Тарихи таным" атты кітабында. (195-бет). Оразмұхаммед пен Қадыр Әлі бастаған қазақтардың Ресейде болу оқиғасын көрнекті жазушы, көне тарихымыздың білгірі Мүхтар Мағауин "Аласапыран" атты романында кең және көркем баяндаған. Бұл романы үшін оған Мемлекеттік сыйлық берілгені белгілі. Соңғы кездері Қадыр Әлінің еңбегін әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық Университетінің профессоры М. Қойгелдиев арнайы зерттеп жүр. Байұзақ Албани былай дейді: "Ол жырақта жүрсе де, қазақ хандарының саяси-өлеуметтік жағдайлары, Қазақстанда рулық-патриархалдық қатынастардың қалыптасуы, хан төңірегіндегі сұлтандар мен қаршылар, бектер мен хафиздер т.б. жайында деректі мәліметтер жазып қалдырды. Автор жылнамада Шығыс елдеріне, оның шаһарларына шолу жасап, қазақ сахарасын мекендеген жалайыр, арғын, қыпшақ, қаңлы, найман, қоңырат, керейіт, алшын т.б. түркі ру-тайпаларына тарихи анықтама берді. Ол Рашид ад-Диннің парсы тіліндегі "Жамиат-тауарих" шежіре кітабына сүйене отырып, Шыңғысхан әулеті және оның өзі жайында аса мол деректер келтіреді, қазақ хандарының өмірбаянына тоқталады. Онда қазақ жері, оның қалалары, ХIII-ХVӀ ғ. аралығындағы қазақ жеріндегі оқиғалар, қазақ хандарының ішкі-сыртқы жағдайлары, әлеуметтік топтар және қазақжерін мекендеген ежелгі рулар бірлестігі жайында деректер бар. ## Қадырғали сол Қараша мырза ма? Тарихшылар Қадырғали Жалайыридың "Жамиғ-ат-Тауарихын" ғана төңіректеп жүр. Ал, орыс жылнамаларында Қараша мырза деп берілген ғалымның ханның ымыраға келгеніне қарамастан Ресей шеңгеліне түскен түркілерді үлкен көтеріліске бастағаны, Ермактың 5 қолбасшысының үшеуін өлтіргені әлі аз зерттелген, өзімізде аз насихатталған. Осыдан жеңілгеннен кейін Қазақ даласына қайта қашып, кейін Оразмұхамедке ілесіп аманатқа барған... "Түрлі дерт пен аштық әскерінің біразын жусатып салған Жармақ аңғалдық пен жеңілтектігінің де зардабын шекті. Мырза әлде кінәз Қараша өз Патшасына ескертпестен Тар Ұлыста, Искерде көп тыңшы ұстады, айналадағы барлық Жұртта оның тілекшісі, жақтасы, достары көп болды; өзін отанды құтқарушы көрсеткісі келді, уақытын күтті, сөйте жүріп түрлі сый-сыяпат, Ноғайлардан қорғау туралы өтініш айтып Ресейліктерді алдаумен болды, Жармаққа да адал дос болуға сөз берді. Содан Жармақ оған Иван Кольцо бастаған қырық сарбазын қонаққа жіберді. Осы бір топ адам отқаруды екі-үш мәрте гүрс еткізіп мыңдаған жабайыны тым-тырақай ете алар еді, тек тағдыры ажалға айдаған Козактар жалған достарына сеніп барып, қынадай қырылды, Жармақтың маңдайалды баһадүрлері, айқаста арыстанша алысқан ерлері Тар Ұлыста құрбандық қойдай қанға бөкті!.. Осыдан кейін бізге олжа салушы Татар, Сібір Естектері Ресейліктерге қарсы шығып, разьезде Атаман Яков Михайловты өлтірді, майдан алаңында Қарашаға қосылып Искер маңын түндей тұтты, Жармақ тар қоршауда қалғанын көрді."(Н.М. Карамзин) ## Жылнамалар жинағы "Жылнамалар жинағының" жалғыз көшірме данасын Қазан Университеті кітапханасына татар галымы И.Халфин тапсырған екен. Сол көшірмені шығыс қолжазбалар жинағына бастырғанда профессор И.Н.Березин былай деп алғы сөз жазыпты: "Біз шығармаға қандай ат берілгенін білмейміз, бірақ кітаптың негізгі бөлігі Рашид ад-Диннің әйгілі туындысының қысқаша аудармасынан тұрғандықтан, біз оның атын да қолжазбамызға бере аламыз". Сөйтіп, ол Қадыр Әлі еңбегін оның нағыз аты анықталатын көшірмесі табылғанша "Джами ат-Таварих" — "Жылнамалар жинағы" деп атауды ұсынған.М.Қойгелдиев былай дейді: "Өкінішке орай, қолжазбаның кейінірек Петербургтен табылган екінші көшірмесінде де еңбектің автор берген аты жоқ болып шықты да, ол сол "Джами ат-Таварих" — "Жылнамалар жинағы" атанған күйінде қала берді. Бұл жағдай тарихшы ғалымдар арасында Қадыр Әлі би еңбегінің дербес деректік мәнін тура бағалауға едәуір кедергі жасады, басқаша айтқанда, оны Рашид ад-Дин жұмысының түрікше нұсқасы ретінде ғана қарауға негіз болды". ("Қазақ тарихы" журналы, 4-нөмір, 1994 жыл.) Кейін «Жылнамалар жинағы» деген атпен әлемге әйгілі болған өзінің атақты еңбегін жазады. «Мен дүние жүзіндегі неше түрлі мемлекеттерді аралаған, әділ үкім, нақыл сөздерге қанық көптеген кітап оқыған адаммын» дейді ол өзі жайында. «Жылнамалар жинағы» - орта ғасырдағы қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи шығармалардың бірі. Мұнда қазақ хандығының Х ғасырдың басынан бергі ішкі-сыртқы жағдайлары, қазақ тайпаларының халық болып қалыптасуы, оның халықаралық жағдайлары, хандардың және олардың төңірегіндегі түрлі әлеуметтік топтардың саяси ахуалдары жөнінде аса құнды мәліметтер берілген. Еңбек үш бөлімнен тұрады: 1. Борис Годунов билігін бейнелеу. 2. Рашид ад-Диннің «Джами ат-Таварих» атты еңбегінің қысқаша аудармасы. 3. Орыс ханның Оразмұхаммед сұлтанға дейінгі қысқаша аудармасы. ## Күміс сандық құпиясы Қадыр Әліге аса жоғары баға берген үлы ғалымдарымыздың бірі — академик Әлкей Марғұлан, 1981 жылы "Қазақ әдебиеті" газетінің 1-нөмірінде жарияланған "Күміс сандық қүпиясы" атты көлемді мақаласында былай дейді: "Оразмұхаммедтің кітапханасында сақталған кітаптардың ең бағалысының бірі — өзіне дос болған серігі, әрі атақты биі, көркем тілде қазақша жазатын жазушы Қадырғали Жалайыридің шығармасы. Оның кітабы 1598 жылы жазылып біткен, әуелдегі аты қандай екені белгісіз. Жазудың бас-аяғы жоғалып кеткен... Шоқан оған зор ғылыми мән беріп, бүл қазақ тілінің жақсы бір мұрасы деп білген. Оның түсіндіруінше: "В отношении сведений о киргизах самое первое место занимает "Сборник летописей" издания Березина, замечательный тем более, что представляет единственные памятники прошедшей жизни казахов. Он написан в конце царствования Бориса Годунова... В нем степных уподоблений, поговорок бездна"... Оған бірінші көңіл қойған жазушы —Абылғазы. Бүл кісі Қадырғалидың кітабын Есім ханның үйінде қонақ болып, Түркістанда жатқанда оқыған болу керек. Есім — Тәуекелдің інісі, Оразмұхаммедтің ағасы. Москвадан қазақ елшілері алып келген Қадырғалидың кітабы Тәуекелде, Есімде болуы айдан анық. Сондықтан бұл кітапты Абылғазы бір ғана Түркістан қаласында оқиды. Орта Азияда өзге қалаларда бүл кітап болмаған. Ресейде бүл кітапты жақсы білген П.И.Рычков, Н.М.Карамзин оның керек жерін пайдаланып отырған. Абылғазы оқып шыққан бүл кітаптың бір көшірмесін Ибрагим Халифиннің Френге жазуынша, 1918 жылы Қазан Университетінің кітапханасы сатып алады... ## Жалайыр тайпасынан шыққан Қадырғали араб, парсы, түркі, орыс тілдерін бірдей жақсы білген... Қадырғали—Жалайыр тайпасынан шыққан қазақтың ойшыл ғалымы, жазушысы, өрнек қалдырған мәдениет мұрагері. Өзінің жазуында да жалайыр тайпасын жоғары көтеріп ардақтаған: "Алаш мыңы арасында үлығы тарақ тамғалы Жалайыр болған. Оның жазғандарын қазақ жазу мәдениетінің бірінші үлгісі деп тану керек". Соңғы жылдары қазақ ғалымдарының күш салуы арқасында Қадыр Әлі еңбегі өз халқымыздың алтын қазынасына айналғанын айта кеткен жөн. Еңбек үш бөлімнен тұрады: 1.Борис Годунов билігін бейнелеу. 2.Рашид ад-Диннің "Джами ат-Таварих" атты еңбегінің қысқаша аудармасы. 3. Орыс ханның Оразмұхаммед сұлтанға дейінгі қысқаша аудармасы. Бұларға қосымша алтынордалық ірі қайраткер Едіге батыр жайында дастаны берілген.Қадыр Әлінің бұл еңбекті жазудағы негізгі мақсаты — өз әміршісі Шыңғыс хан ұрпағы Ондан сүлтанның баласы Оразмұхаммедтің хан тағына лайық екенін дәлелдеу. Екінші бір мақсат: "... патша Борис Федоровичтің мәңгі әділдігін, ақтығын айту және тағы жоғары мәртебелі Оразмұхаммед ханды жоғары мәртебелі патшаның қүрметпен хандыққа отырғызғанын көрсету үшін жазылды". (И.Н.Березин. "Библиотека восточных источников". I том, Казань, 1854.) Одан әрі Қадыр Әлі былай дейді: "... бүкіл орыс патшасы Борис Федоровичтің үкім жарлығымен оңды-солды қаршыларды, қүрметті бектерді отырғызып, көше-көше, орам-орам мылтық андаздармен маңғазданып және саясатпен қол қусырып, бас иіп, игі жақсылар түрды. Осындай салтанатпен Оразмұхаммед Ондан Сұлтанұлын аса құрметтеп, көрініске алып, бұл жерде патша хазіреті таққа отырғызды" (Қасымов қаласында). (Қасым хандығы Мәскеуден 250 шақырым Оңтүстік шығыста, Ока өзенінің сол жағалауына орналасқан.) Орыс хан туралы былай деген: "Оны барлыгы аға тұтып, патшалыққа отырғызды. Одан соң Орыс хан Алатау төңірегіне қоныс тепті. Ол жер өте үлкен және биік тау еді. Онда жақсы жайылымдар, сулар мен бұлақтар да көп болған... Отырар, Сайрам шаһарлары... Шу, Талас, Ыстықкөл, Теклік әуләяттары болған. Халқы өте көп, іргелі, мықты, даңқты және батыр болған". Қадыр Әлі бұдан кейін Құйыршық хан, Барақ сұлтан, Кіші Жәнібек, Қасым хан жайында баяндайды. "Оразмұхаммед Орыс ханнан Жәнібек ханға дейін төртінші буын еді", — дейді. "Шығай хан батырлығымен мәлім болды. Оның ұлы Ондан сұлтан ержүрек, батыр, садақ атудың керемет мергені еді. Әрқашан сыртқы жауларға қарсы күресте көп ерлік көрсетті... Ақырында қалмақтармен шайқаста отыз жасқа келген жігіт шағында шаһит болды. Оның қабірі Қожа Ахмет Яссауи (қасында) жерленді". Жалпы, Қадыр Әлі еңбегі қай сұлтанның, қай ханның, қай жерде шаһит болғанын, жерленгенін көрсетуімен де қүнды. Тәуекел ханды "Ислам мемлекетінің басшысы" деп атаған. Онда сұлтан шаһит болғанда Оразмұхаммедтің он үш жаста жетім қалғанын айтады. "Он алты жасында жалпы христиан басшысы Борис Федоровичке қызмет істеуге дайын болды" дейді (Оразмұхаммед 1610 жылы Лжедмитрий мен Василий Шуйский арасындағы қантөгісте ерлікпен көз жүмған.). ## Қадырғали Жалайри еңбегінің маңызы "Қадырғали Жалайри еңбегінің қазақ халқының, қазақ хандығының қалыптасу процесін зерттеп білуде алатын орны ерекше, бұл мәселелерді анықтау барысында тарихшылар оған әлі талай рет оралатын болады, — дейді одан өрі М.Қойгелдиев. — Мәселен, Қадырғали бидің сол түстағы қазақ елін "Алаш мыңы" атау себебі ғылыми әдебиетте әлі күнге дейін жан-жақты баяндалған емес... Аса маңызды тарауларының бірі — "Орыс хан дастаны". Бұл дастаннан біз басқа еңбектерде кездесе бермейтін мынадай фактілерді байқаймыз: біріншіден, Жәнібек ұлысының, яғни қүдіретті Алтын Орданың ыдырау барысы, оған Фетка Науакрат бастаған әскердің "қосқан" үлесі, Фетка Науакрат деген кім, қайдан келген — бұл әлі анықталмаған мәселе. Екіншіден, осы Фетка Науакрат салған алаңнан кейін Орыс ханның Алатау жаққа кетіп, сонда орын тебуі. Ал бұл Орыс хан қазақ хандары династиясының негізін қалаушы болғандығы мәлім. Үшіншіден, Қадырғали би бұл дастанында Жетісудың сол тұстағы (ХIV-ғасыр) қалаларын атап, әскерін сипаттап, елінің ірі, ержүрек келетіні туралы да айтқан" (38-бет)."Қазақ тарихы" журналының сол нөмірінде Қадыр Әлі еңбегінің "Орыс хан және оның ұрпақтары" деген тарауы берілген. Жалпы, Қадыр Әлі еңбегі қолдан қолға көшірілгенде көп қателер кеткені анық, сонда да оған әлі талай тарихшы айналып соғары сөзсіз. Шығыс жылнамашыларының, әсіресе, Рашид әд-Диннің, Әбілғазының, Хайдар Дулатидің, Қадырғали Жалайырдің тағы басқа ғалымдардың жазбаша еңбектерін оқып отырғанда ағайын-туғандар бақ-дәулет, атақ-даңқ үшін қаншама ғасырлар бойы өзара қырғын соғыстар ашқанына көз жеткізу қиын емес. Бірақ, бүл — тарих. Ал тарихтан келер үрпақсабақалып, өсіп-өркендеуге тиіс. Ол үшін өткен тарихқа жиі-жиі көз жіберіп отыруымыз керек. Қадыр Әлі бидің еңбегі — бұл салада айрықша көзге түсетін інжу-маржан. ## Қосымша Қадырғали Қосымұлы (1530-1605 ж.ж.) қазақтың орта ғасырда өмір сүрген ғұлама ғалымы әрі атақты биі. Қадырғали бидің түп тегі ұлы жүздің тарақ таңбалы Жалайыр тайпасынан шыққан. Сондықтан да ол көбінесе "Қадырғали Жалайри" аталып кеткен. Ата-бабалары ертеде Сырдария бойын мекен етіп көшіп-қонып жүрген. Кейін Ескелді, Балпық билер, Орақ сияқты батырлардың басшылығымен Жалайыр әулеті осы күнгі Талдықорған облысына келіп қоныс тепкен. Қадырғали бидің ата-бабалары Қарахан дәуірінен бері ел басқарған ықпалды кісілер болған. Әкесі Қосым да беделді би. Оның әкесі Темшік, баһадур Анжы баһадур Адымшейх мырза ағасы Қараш бек Құбай Қамбар мырза Айтаулы бек Шейх Софы бек Тебребек Саба баһадур Сартақ ноян бәрі-бәрі батыр, бек, би болыпты. Ата, әке жанында жүріп, олардан тәрбие алған Қадырғали жас кезіненақ хан ордасындағы жас бекзадалардың ақылшысы, кейіннен ханның ордасындағы жас бекзадалардың ақылшысы. Кейіннен ханның кеңесші биі болады. Жалайыр елін қалмақтар шауып, берекесін алған жылдары оның аталары Көшім ханның қол астына барып қосылады. Онда барған соң да ол ханға ақылгөй би боп тұрады. Қадырғали би өзінің "Жами ат-тауарих" ("Жылнамалар жинағында") кітабында: "Менің аталарым Ораз Мұхамед сұлтанның аталарына қызмет етті. Әзім Ораз Мұхамедтің қасында болдым" деп жазады. Осыдан-ақ оның атақты Ораз Мұхамедпен қызметтес болып, орыс княздігімен қарым-қатынаста жүргені аян. Сібір сұлтаны Сейдектің де кеңесші биі болып тұрған. 1588-1598 жыл аралығынды Қадырғали Ораз Мұхамедпен бірге Мәскеуде патша сарайында қызметте болады. Орыс патшалығы мен шведтер және Қырым хандығы арасындағы соғысқа қатысады. Сол соғыста ерлік көрсеткені үшін орыс патшасы Ораз Мұхамед Сұлтанға Ока өзені жағалауынан жер бөліп беріп, өз алдына хандық құруға рұқсат берген. Ол хандықтың орталығы Қасым қал асы болған. Қадырғали сол Ораз Мұхамед басқарған хандықта уәзір, би болып қызмет атқарады. Қадырғали би сол жылдардан бастап ғылыммен айналыса бастайды. 1600-1602 жылдары Қасым қаласында ол өзінің "Жами ат-тауарих" атты кітабын жазып бітіреді. Енді оның атақ-даңқы осы тарихи шежіре кітабы арқылы бүкіл дүние жүзіне мөшһүр бола бастайды. Түрік тілінде жазылған, бұл еңбегінде қазақ сахарасында өмір сүріп, тіршілік еткен Үйсін, Жалайыр, Арғын, Қыпшақ, Қаңлы, Сіргелі, Қоңырат, Керей, Найман, Алшын т.б. түрік тектес ру-тайпалардың түп ата-тегін таратып ғылыми талдау жүргізеді. Оғыздар мен Қарахан дәуіріне сипаттама береді. Ертедегі және одан бергі хандар дәуірін әсіресе Шыңғыс хан және оның өулеті мен қазақ ұлыстарынан шыққан хандар, сұлтандар, бектер және олар билеген қазақ халықтарының ішкі-сыртқы шапқыншы жаулармен күресі т.б. саяси-әлеуметтік жайлары баян етілген. Қадырғали бидің бұл еңбегін кезінде Шоқан Уәлихановтан бастап көптеген халықтардың белгілі зерттеуші ғалымдары жоғары бағалған. Енді осы "Жылнамалар жинағынан" бірер үзінді келтірейік: "...Тоқтамыс хан Еділ бойында өтті: Тайқожа ұланның ұлы еді. Құтлу Қия ұлы Едіге Күчүк оның кеңесшісі, серігі еді. ...Тоқтамыс ханның мәлім, белгілі ұлдары мыналар: Аттарын таратып айтсақ Жалаладдин сұлтан, екіншісі Күшік сұлтан, үшіншісі Жафарберді сұлтан, төртіншісі Қалымберді сұлтан, бесіншісі Қадырберді хан, қызы Жанике атты еді. Оны Едіге би алды. Едіге Күчүк Жаникені алганда Қадырберді хан үш жасар еді. ...Темір-Қүтлу Едіге бекпен бірі хан, бірі бек еді. Заманында көбейіп; ұрпақ өсіріп өмір кешті. Темір-Құтлу ханның ұлы Темір хан. Оның ұлы Болат хан. Оның ұлы Кичик Мұхамед хан. Оның ұлы Ахмед хан. Сол Ахмед ханның үш әйелінен тоғыз ұлы болды. ...Қажы Керей ханның атасы Жанкерей Сұлтанды Қоңырат бектері өлтірген соң өлі жас Қажы Керей сұлтан қашып Чақырған байта жалданып жүргенде бектер өз араларында бірімен-бірі жараса алмай Қажы Керей Сұлтанды іздеп тауып хандыққа қойды... "Шежіреде Едіге бидің әуел бабасы АбуБакир (Мухаммед пайғамбардың ең 1-төрт Халифасының бірі) одан бірнеше ата-бабалардан соң Керемет-Әзіз, Жалаладдин келеді. Оның Адһам, Баба Тұқлас (Бабай Түкті Шашты Әзіз) деген екі ұлы болады. Баба ТҮклас Қатбада патша болады. Оның Терме деген ұлы Еділ Жайықта тұрып ңайтыс болды. Терменің ұлы Карачиде, Карачидің ұлы Ислам Қияда, оның ұлы Қадір Қияда Еділ-Жайықта тұрып қайтты. Қадір Қияның ұлы Қүтлу Қия Құмкентте қайтыс болды. Оның ұлы Едіге би, Алла оган рахымын жаудырсын... Баба Түкластың төрт ұлы бар еді. Бірі Қагбада, бірі Қагбаның жанында, бірі Үргеніште, бірі Қырымда жатыр. Енді бір деректе Баба Тұқластың (Абас, Ғабұл Рахманқожа, Терме деген) үш баласы болған дейді. Едіге би Тоқтамыс ханның ұлысын биледі. Едіге 63 жасында барып сарайдың қастандыгынан өлді. Едігенің Нұраддин мырза, Қасым мырза, Сейдутали мырза және жастай екеуі қайтыс болған. Осы бес ұл Қожаханың Бақтыла деген қызынан ту ған..." Қадырғали би бұл кітабының соңғы жагында өзінің жан досы әрі ұстзы Ораз Мұхамед туралы былай деп жазады:"Оның әкесі Ондан Сұлтан, оның әкесі Шығай хан, оның әкесі Иадік хан, оның әкесі Жәнібек хан, оның әкесі Барақ хан, оның әкесі Құйыршық хан, оның әкесі Орыс хан... Олардың әрбірі бірнеше ата болып өз уәлаяттарында патшалық қылып, атақты болып өтті. Олардың арасында аса белгілі болған Қасым хан еді. Ол Жаған бикемнен туған еді. Ұзақ уақыт атасының ұлысында патшалық етті. Төңірегіндегі уәлаяттарды өзіне қаратты... Ораз Мұхамед хан сегіз жасында өзара қақтығыста қаза болған ұлы бабасы Шығай ханнан айрылды. Он үш жасында әкесі Ондан Сұлтан шаһит болып одан айрылды. Бірақ уақыт тарлықта Сейдақ бидің алдында кіріптарлық шекті. Одан он алты жасында барлық христиан падишасы Борис Федоровичтың құлдығына әзір болды. Сол күннен қазірге дейін Борис патшаның қызметінде. Ұлы мәртебелі патша құлын жарылқады. ...Жиырма жасында ұлы мәртебелі Ораз Мұхамед хандыққа отырды. Алла дәрежесін ғұмылық етсін..." Соңғы кезде Қадырғали Жалайри би жөнінде жаңа деректер табылып жатыр. Соның бірі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Жанғара Дөдебаевтың Қадырғали би туралы "Алматы ақшамы" газетінде (30 шілде 1997) жарияланған мақаласы. Автор осы зерттеуінде (ол кезде өзінің арғы бабасы Қараш бек есімімен аталып жүрген Қадырғали бектің Сібірдегі атаман Ермак бастаған басқыншылығына қарсы қалай соғысқанын жан-жақты жазыпты. Осы зерттеу мақаласының соңын автор былайша тұжырымдайды: ...Сөйтіп, атаман Ермак бастаған шабуыл жеңіліс табады. Ермак опат болады. ...Атаманның сауыты Қайдауыл мырзаға, қафтаны Сейдекке сыйға тартылады, қылышы мен белдігі Қарашаға беріледі . Бұған Караганда, Ермак қолын жою жолындағы соғыста осы аталған үш адамның атқарған қызметі аса зор болғанға ұксайды. Ермак өлгеннен кейін бұлар Сібір хандыгындағы ең беделді, ықпалды кісілердін қатарында қалған. Сібір жылнамалары мен байырғы зерттеу еңбектерде атаман Ермак бас таған қарақшылардың жаулаушылық жорығына қарсы тұрып, оның бар ауыртпалығын тікелей көтерген бірден-бір ірі тұлға Қараша: * Ермактың шапқыншылығына, тонауына алғаш ұшыраған соның ұлысы; * Сібірге үлкен күшпен келген Сейдекті қарсы алып, соның тобына қосылатын осы азамат; * Атаман Ермакқа жансыз жіберіп, оның күшін екіге бөлетін, сөйтіп өз аулына атаман Иван Кольцо бастап келген қырық қарақшыны түгелдей қырып салатын тағы да сол; * Ермак бастаған қарақшылар қолында қалган Сібір астанасын қоршауға алып, бүкіл Сібір қарулы күшін жаулаушыларға қарсы Отан азаттығы үшін соғысқа көтеретін де осы жан; * Ермак бұзақыларынан Сібір астанасын азат ету жолындағы ұрыста жасақтары үлкен шығынға үшырап, екі батыр ұлы ерлікпен қаза табатын бек те осы; * ақырында, Ермактың белдігі мен қылышын беліне тагынатын қаһарман да сол; * Ораз Мұхамед ханзадамен, Сейдекпен бірге Данила Чулқовтың тұтқынына түсіп, Мөскеуге жеткізілетін де осы Қараша еді. Сібірдің азаттығы үшін осынша қан мен тер төккен батыр қолбасы, мемлекет қайраткері Қадырғали бек екені туралы қазақ ғалымдары осы күнге дейін екі ұшты пікірде. Біздіңше, татар ғалымы М. А. Усмановтың: "Сібірлік Қараша мен Қадырғали бек бір адам" , - деп тұжырымдауы дәлелді, дәйекті әрі онда үлкен шындық бар. Сібір тарихы туралы алғашқы дерек көздері мен зерттеулерде Ораз Мұхамедпен, Сейдекпен бірге Данила Чулқовтың түтқынына түсетін Қараша "Көшім ханның ақылғөй қарашасы" ("Царя Кучумова думной қарача") деп үзілді-кесілді, анық көрсетіледі ". ## Сілтемелер * «Жами ат-тауарих» * Жылнамалар жинағы * Қазақ хандығы ## Сыртқы сілтемелер Жалайыри ## Дереккөздер
Алматы облысы — Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлігі. Жерінің аумағы 105,3 мың км2. Облыс аумағында 9 аудан және 2 облыстық маңыздағы қала бар. Тұрғыны 1 505 984 адам (2023). Әкімшілік орталығы — Қонаев қаласы. Алматы облысы батысында Жамбыл, солтүстігінде Балқаш көлі арқылы Қарағанды, солтүстік-шығысында Жетісу облыстарымен, шығысында Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігінде Қырғызстан Республикасымен шектеседі. ## Тарихы Алматы облысының жері ежелден Сақ, Үйсін, Қаңлы тайпаларының, Ұлы жүз қазақтарының атамекені болды. 19 ғ-дың ортасында Жетісуды патшалық Ресей жаулап алды. 1848 ж. 10 қаңтарда отаршылық-әкімшілік құрылым — Ұлы Орда приставтығы құрылды. Ол 1856 ж. Алатау округі аталды. 1867 ж. Түркістан генерал-губернаторлығы құрылғанда қазіргі Алматы облысының бірталай бөлігі Верный уезі атанып, Жетісу облысының құрамына кірді. Сонымен қатар орталығы Верный (Алматы) бекінісі болып белгіленген жаңа облысқа Жаркент, Қапал, Сергиополь, Тоқмақ, Ыстықкөл уездері енді. 1882 – 97 жылдары Жетісу облысы Дала генерал-губернаторлығына қарады. 1897 ж. бастап ол Түркістан генерал-губернаторлығының, 1918 – 24 жылдары Түркістан АКСР-і құрамында болып келді. 1924 ж. Орта Азияда жүргізілген ұлттық-территориялық межелеу нәтижесінде Жетісу облысының қазақ аудандары Қазақ АКСР-іне енді. 1929 – 32 жылдары Алматы округі аталды. 1932 жылдың 10 наурызында Алматы облысы болып қайта құрылды. 1944 ж. 16 наурызда Алматы облысынан Талдықорған облысы бөлініп шықты. Талдықорған облысы 1959 – 1967 жылдары Алматы облысы құрамында болып, 1967 ж. 23 желтоқсанда қайта бөлінді. 1997 ж. 22 сәуірде Талдықорған облысы таратылып, оның аудандары Алматы облысына қосылды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 14 сәуірдегі "Алматы облысының әкімшілік орталығын көшіру туралы" № 585 Жарлығына сәйкес 2001 жылдан бастап Талдықорған қаласы облыс орталығы болды. ## Облысты басқарғандар ## Табиғаты Облыстың табиғаты мен жер бедері ала-құла. Балқаш және Алакөлге ұласатын солтүстігі көлбеуленген құмды жазық алқап. Бұл өңір негізінен антропогеннің аллювийлік және эолдық шөгінділерінен түзілген. Оның басым бөлігін Сарыесікатыраудың, Тауқұмның, Лөкқұмның, Қарақұмның, Қорғанқұмның қырқалы және төбешікті құмды алқаптары алып жатыр. Балқаш маңы жазығының Іле аңғары өтетін атыраулық бөлігі көне құрғақ арналармен тілімделген. Солтүстік шығыста Жетісу Алатауы мен Барлық тауының аралығында Жетісу (Жоңғар) қақпасы орналасқан. Облыстың шығысын Жетісу Алатауының сілемдері толығымен қамтыған. Олар тауаралық ойпаңдар мен қазаншұңқырлар арқылы бөлінген. Осы тұста Жетісу Алатауының ең биік тауы — Бесбақан (4442 м) орналасқан. Тау сілемдерінде 1300-ден астам мұздық бар, олардың жалпы ауданы 1,0 мың км2-ге жуық. Жетісу Алатауының кейбір сілемдері (Қолдытау, Алтынемел, Малайсары, Тышқантау, Текелі, Сайқан т.б.) өзен маңындағы жазық өңірлерге сұғына еніп жатыр. Облыстың оңт. және оңтүстік-шығысы Іле, Күнгей, Теріскей Алатаулары, Кетпен (Ұзынқара) жотасы және Солтүстік Тянь-Шань сілемдерінің т.б. жоталарынан құралған. Жетісу Алатауы мен Іле, Күнгей Алатаулары және Кетпен таулары аралығында Іле ойысы (аңғары) жатыр. Алматы облысының оңтүстік-батысын және батысын Шу, Іле таулы үстірттері мен далалары қамтыған (Жусандала, Бозой, Қараой үстірттері). ## Геологиясы Облыстағы таулар Тянь-Шань тау жүйесінен бой түзеген және кембрийге дейінгі кристалды тақта-тасты тау жыныстары қабаттарынан түзілген. Сондай-ақ мұнда конгломераттар, туфтар, әктастар, граниттер т.б. палеозой жыныстары кеңінен тараған. Тау етегі және облыстың биіктігі орташа өңірлері плейстоцен мен антропогендік шөгінділерден түзілген. Облыстағы таулардың алғашқы қалыптаса бастау кезеңі герцин қатпарлығымен тығыз байланысты. Одан кейінгі кезеңдерде бұл таулар бірте-бірте мүжіліп, адырлы жазық (пенеплен) қалыптасқан. Плейстоцен кезеңінің басында альпілік орогенез кезінде пенепленге айналған өңір тектоник процестер нәтижесінде кәдімгі тауларды түзген. Мұнда осы кезге дейін тектоникалық процестер жалғасуда. Оқтын-оқтын болатын жер сілкінулер — соның айқын дәлелі. Кен байлықтарынан облыс қойнауында полиметалл (Текелі), вольфрам (Бұғыты), молибден кентасының едәуір қоры, фарфор тастары (Қапшағай), барит, бентонит сазы (Ақсу, Алакөл аудандары), отқа төзімді балшық, кварц құмы, гипс, тас және қоңыр көмір (Ойқарағай, Тышқанбай), шымтезек, тұз кен орындары және минералды жерасты сулары бар. ## Климаты Алматы облысының климаты негізінен континенттік. Қысы қоңыржай салқын. Қаңтар айындағы орташа температура солтжазық бөлігінде — 10-16°С, оңтүстікте — 4-9°С. Жазы ыстық және қуаң. Шілде айының орташа температурасы солтүстігінде 25°С, оңтүстігінде 27°С. Бұл жазық өңірлерде жауын-шашынның орташа жылдық мөлш. 110-250 мм. Тау бөктерінің климаттық жағдайы жұмсақ. Қаңтар айының орташа температурасы — 5-9°С, жылымық жиі болып тұрады. Шілде айының орташа температурасы тау бөктерінде 21-23°С, тау аңғарларында 19-22°С. Жауын-шашын тау бөктерінде 400-600 мм, тау аңғарларында 700-1000 мм. Облыс жерінде жауын-шашын негізінен көктем мен жаз айының басында жауады. Солт. өңірдің жазығы мен тау бөктерлерінде қар жамылғысының орташа қалыңд. 10-30 см, тау беткейлерінде 40-100 см. Балқаш және Алакөл жағалауларында бриз желі соғады. ## Гидрографиясы Өзендері Балқаш — Алакөл тұйық алабында жатыр және жер беті ағын суына тапшы келеді. Олар қар, мұздық суларымен толысады. Ірі өзендері: Іле, Қаратал, Ақсу, Шелек, Шарын, Лепсі, Жаманты, Ырғайты, Шілікті, Түрген, Есік, Бүйен. Ірі көлі: Балқаш, Іле өзен бойында Қапшағай бөгені және СЭС-і салынған. Тау бөктерлерінде минералды бұлақ сулары көптеп кездеседі. ## Топырағы мен өсімдік дүниесі Облыстың топырақ және өсімдік жамылғылары вертикаль белдемдікке байланысты қалыптасқан. Жазық бөлігінде шөлдің де, даланың да қоңыр топырағы тараған. Онда жусан, өлеңшөп, жүзгін, сораң, сексеуіл, көктемде эфемер өсімдіктер басым тараған. Балқаш, Алакөл к-дерінің батпақты жағалауында, Іле өз-нің аңғары мен атырауында қамыс, құрақ өседі. Тау етегінде сұр және боз, қызыл қоңыр, тау беткейлері мен таулы үстірттерде таулы даланың қызыл қоңыр және қара топырақтары қалыптасқан. Мұндай жерлерде (биікт. 600-1300 м) астық тұқымдас өсімдіктері басым жусанды, бетегелі-боз далаға ауысады. Таулы бөлігінің бұдан жоғары жағында көктерек, қайың, алма ағашы, ал одан да жоғарырақта Тянь-Шань шыршасы, кейде биік таудың шалғыны өседі. Биік таудың альпілік шалғынында өлең шөп, алтай, қоғажайы, тастесер т.б. өсімдіктер басым. Бұл өңір — облыс малшыларының жазғы жайлауы. ## Жануарлар дүниесі Жазық жерінде қарақұйрық, бөкен, елік, қасқыр, жабайы шошқа, түлкі, борсық, жабайы мысық; кеміргіштерден: ондатр т.б. кездеседі. Таулы бөлігінде: барыс, сілеусін, қоңыр аю, ақкіс, арқар, тау ешкі, марал, аққұлақ, бұлғын; құстардан: дуадақ, үйрек, қаз, қырғауыл, кекілік, аққу, тырна, тау құры, бұлбұл, ұлар, альпілік қарға т.б. мекендейді. Бауырымен жорғалаушылардан: жылан, тасбақа, кесіртке, зиянды жәндіктерден: қарақұрт, бүйі т.б. кездеседі. Өзен-көлдері мен су айдындарында сазан, маринка, алабұға, аққайраң т.б. балықтар бар. ## Тұрғындары Тұрғындарының орташа тығызд. 1 км2-ге 7,3 адамнан (1997), тау етегінде (теңіз деңгейінен 500-900 м) 1 км2-ге 19 адамнан, Балқаш атырабында 1 км2-ге 2,6 адамнан келеді. Олардың 30,3 пайызы (Алматы қаласын қоспағанда) қалада тұрады. Қалалары: Талдықорған, Қапшағай, Текелі, Талғар, Жаркент, Үштөбе, Үшарал, Қаскелең, Есік, Сарқан. ## Халқы Алматы облысы халқының саны ## Әкімшілік бөлінісі ### Әкімшілік бөліну тарихы Алматы облысы 1932 жылы құрылып, құрамына Ақсу, Алакөл, Аягөз, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жаркент, Калинин, Кеген, Қаратал, Қастек, Қоңырат, Қордай, Лепсі, Октябрь, Талдықорған, Үржар, Шет, Шелек, Шұбартау, Шу, Іле аудандары енді. 1933 жылы Бөрлітөбе, Қоғалы аудандары құрылып, Калинин ауданы таратылды. Шет ауданы Қарағанды облысына берілді. 1934 жылы Қоңырат ауданы Қарқаралы округіне берілді. 1935 жылы Андреев, Қаскелең, Красногор, Мақаншы, Сарқан, Ұйғыр аудандары құрылып, Лепсі ауданы таратылды. 1936 жылы Дзержин, Нарынқол аудандары құрылды. 1939 жылы жаңа облыстардың құрылуына байланысты Семей облысына Аягөз, Мақаншы, Үржар, Шұбартау аудандары және Жамбыл облысына Красногор, Қордай, Шу аудандары берілді. Сондай-ақ облыс құрамында Алматы, Қапал аудандары құрылып, Қастек ауданы Жамбыл ауданы болып өзгертілді. 1942 жылы Қоғалы ауданы 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы аудан, ал Жаркент ауданы Панфилов ауданы болып өзгертілді. 1944 жылы Талдықорған облысы бөлініп шығып, құрамына Ақсу, Алакөл, Андреев, Бөрлітөбе, Дзержин, 28 гвардияшылар, Қапал, Қаратал, Октябрь, Панфилов, Сарқан, Талдықорған аудандары берілді. 1957 жылы Алматы ауданы таратылды. 1959 жылы Талдықорған облысы таратылып, Алматы облысына Ақсу, Алакөл, Андреев, Бөрлітөбе, Гвардия, Киров, Қапал, Қаратал, Панфилов, Сарқан, Талдықорған аудандары берілді. 1960 жылы Бөрлітөбе, 1961 жылы Талдықорған аудандары таратылды. 1963 жылы бұрынғы аудандардың орнына Ақсу, Алакөл, Балқаш, Гвардия, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Кеген, Қаратал, Қаскелең, Панфилов, Сарқан, Талдықорған, Шелек ауылдық аудандары құрылып, Андреев, Киров, Қапал, Нарынқол, Ұйғыр, Іле аудандары таратылды. 1964 жылы Андреев, Ұйғыр, 1966 жылы Нарынқол, Іле аудандары қайта құрылды. 1967 жылы Талдықорған облысы қайта құрылып, оған Ақсу, Алакөл, Андреев, Гвардия, Қаратал, Панфилов, Сарқан, Талдықорған аудандары берілді. 1969 жылы Талғар, 1972 жылы Күрті аудандары құрылды. 1993 жылы Нарынқол ауданының атауы Райымбек ауданы болып өзгертілді. 1997 жылы сәуірде Талдықорған облысы екінші рет таратылып, аумағы Алматы облысының құрамына енді. Мамыр айында Гвардия, Қапал, Кеген, Күртi, Үйгентас, Шелек аудандары таратылды. 1998 жылы Қаскелең ауданы Қарасай, 2000 жылы Талдықорған ауданы Ескелді ауданы болып өзгертілді. 2001 жылы Алматы облысының орталығы Алматы қаласынан Талдықорған қаласына көшірілді. 2018 жылы Кеген ауданы қайта құрылды. 2022 жылы бұрынғы Талдықорған облысының аумағында Жетісу облысы бөлініп шығып, Алматы облысының орталығы Қонаев қаласына көшірілді. 2024 жылы Алатау қаласы құрылды. ## Этникалық құрамы ## Экономикасы Алматы облысының экономикалық әлеуеті (потенциал) көп салалы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік пен байланыс және сауда құрылымдарынан тұрады. Өнеркәсіпте электр энергетикасы (1997 ж. жалпы өнеркәсіп өнімдегі үлесі 39,9 пайыз), машина жасау және металл өңдеу (6,5 пайыз), құрылыс материалдары (6,2 пайыз), тамақ өнеркәсібі (38,2 пайыз), ұн, жарма және құрама жем (5,5 пайыз) салалары жақсы дамыған. Облыста жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу, фарфор-фаянс өндірістері қалыптасқан. 1991 — 97 ж. өнеркәсіп өнімі 2,6 есе артты. Сонымен қатар қызылша, картоп, көкөніс, бақша жеміс-жидек және жүзім шаруашылықтары айрықша дамыған. Одан тыс мал ш., құс ш., бал, сүт және қымыз өндірістік шаруашылықтары бар. Балқаш, Алакөл к-дерінен сазан, көксерке, табан балық, алабұға ауланады. Алматы облысы Еуропа, Азия және Америка құрлықтарының қырық шақты елімен сауда қатынасын жасайды. Экспортқа шығарылған өнімдерге тері шикізаттары, жүн, аккумулятор, түсті металдар жатады. Сырттан электр аппараттары, есептеу техникасы т.б. құрал-жабдықтар алынады. Қазақстанның ішкі жиынтық өніміндегі облыстың үлесі 6,5 пайыз шамасында (1997). Жетісу бойынша археологологиялық бағыт және бағдар Жетісу (Алматы облысы) мәдениет және тарихи түрлі ескерткіштердің болуы территорияның туризмнің дамуына қолайлы жерлердің бірі. Жетісуда бір күннің ішінде барлық табиғи зоналарды шөлдерден Іле Алатауларына дейін баруға болады. Алматының жанында тарих және мәдениет ескерткіштерінің қатары бар. Бұл бірінші көпсаналы және түрлі образдағы сәулет ескерткіштері: Іле қорғандары және сақтардың алтын бұйымдары, Ұлы Жібек жолындағы ортағасырлы қалалар және қола дәуіріндегі таулы таулы суреттері (петроглифтер). Жетісу территориясындағы ежелгі қоныстар Берілген мекенде ежелгі адамның іздері тұрақ немес еңбектің тасты бұйымдары ретінде сақталған. Мекеннің қоныстануы бірнеше жүзжылдыққа созылды. Бұл малшылар тайпасы болды. Ауа райының жылынуымен қонысты тау бөктеріне аударып, одан кейін Тянь-Шань тауларына орын ауыстыратын. Жетісуда қола дәуірінің бірнеше қоныстары қазылған. Бұл балшық қоспасымен тастан жасалған жердегі қабырғалар тереңдігі 1-2 м шым үйлер және жер кепелері. Осындай қазбаларды Түрген шатқалындағы Асы жерінде (XII –X ғ.ғ.) және Көксу өзенінің бойындағы (X – IX ғ.ғ. Құйған және Талапты қоныстар). Жетісудағы ерте темір дәуіріндегі жүйенің іздерімен ең ірі қоныс Шарын-Сары-Тоғай өзенінің бойында орналасқан. Оның ұзындығы екі метрден астам. Сыртқы көріністе шойын қазанның, ыдыстар, құмыраның, сонымен қатар еңбектің тас құралдары суреттелген. Жетісу территориясындағы петроглифтері Тамғалы асқан құнды адамзат мұрасы ретінде ЮНЕСКО тізіміне енгізілді. Тамғалы шатқалы Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 180 шақырым жердегі түрлі жануарларды, құдайларды суреттейтін 4500 петроглифтерімен ежелгі орны орналасады. Шатқал б. э.д. XIV-XIII ғ.ғ. құрылған ежелгітүрік және Сақты қола дәуірінің петроглифтерін ұсынады. Суреттер шыңдардың бетінде орналасқандықтан бірден оңай оларды көруге болады. Ежелгі суретшілер түрлі жауралардың, аңды аңлау көрініс, мифологиялық сюжеттерді суреттеген болатын. Петроглифтер маңызды ақпаратты жеткізу үшін қызмет етті. Бұл өзінідік белгілі жүйе болды. Салатын орындар сакралды болып есептелді. Бұл ескерткіштер ашық аспанның астында орналасты. Алматы –Талдықорған 110 км созылған жол Қербұлак ауылына дейін 13 км қашықтықта Тамғалытас (Жазылған тастар) шатқалы Іле өзенімен қиылысқан жолда орналасты. Бұл жерде будда құдайлардың бейнелері бейнеленген тастарды көруге болады. Бұл мекенге буддизмді миссионерлер әкелген еді. Шатқалдың шыңында қызыл тас укесегі биіктігі оның екіэтажды үймен тең. Онда үш түрлі фигуралар: діни орналасқан, йогтармен тең төрт қолды Будда суреттелегн. Будда жақтарында оның айналатын тағы екі құдайдың бейнесі беріледі. Үш басты құдайдың шығысында вертикалды кесегеде айдаһарлар ханы бейнеленген. Ойжайлау шатқалы 15-20 км солтүстігінде Қордай орында Кіндіктас тауларында Отар бекетінен батысқа қарай 40 км жерде орналасқан. Ол теңізден 1200 км биіктіктегі кішкене шектелген шоқылар таулы аймақты ұсынады. Ежелгі өзендермен, далаларымен қиылысады. Сол жағалаудағы солтүстік-батыс бөлігіндегі шатқалдарда, шыңдарда петроглиф тер қашалған. Түрік уақытының композициясы шығыста қарай 50- 70 метр. Бұнда екі салт аттылар бейнесі суреттеледі. Ешкіөлмес жотасы Жетісу Алатауының батыс бөлігі. Бағыттың ені 30 км және Талдықорған қаласынан 30 км қашықтықта созылған. Жотаның солтүстік жағынан жазық далаға көтеріліп, оңтүстік жағынан Жетісу-Көксу сулы өзендердің бір саласына құяды. Теңіз деңгейінен тереңдігі 1300 м. құрайды. Ешкіөлмес жотасы және оң жағалуы Көксу өзенінің арасындағы жолында көптеген қола дәуірінен ортағасыр дәуіріне дейінгі археологиялық ескерткіштер қоныс ежелден мекендегенін хабарлайды. Ерте темір дәірінің қабірлері Осы уақытта Жетісу аймағында сақ тайпалары қоныстанған еді. Көптеген сақ-көшпенділер қорғандары өзінің мөлшерімен таң қалдырады: диаметрі шамамен 100 метр. Үлкен қорғандарды патшалық деп аталады. Көбі ежелден ұрланған болатын. Ыстық көл қаласының жанында белгілі қорғандар сақталып, жерленген ұлдар және бірнеше жүз алтын бұйымдар табылған. Бесшатыр қызықты қорғандары Алтын-Емел ұлттық саябағында бір жерде 31 қорған орналасқан. Ең үлкені - диаметрі 108 м, биіктігі 17 м. Қорғандар вертикалды және горизанталды орнатылған жеті тасты топтарымен шектелген. Қазақстан және Жетісудың ортағасырлы қалалар Тараз, Түркістан, Отрар ежелгі қалаларына соғатын Ұлы жібек жолы бойынша саяхат қызықты болып келеді. Жетісуда ең ірі Қоялық қаласының қалдықтры (қазіргі Қойлық ауылы) сақталған. Қаланың құрылыс қалдықтары биіктігі 5-тен 10 м дейін және периметр бойынша бірнеше километрге дейін жетеді. Шығыс Жетісудың қаласының жоспарлануы Батыстан ерекшеленеді. Шығыс Жетісу қалашықтарында қамалдар жоқ, болса да мөлшерімен кіші болады. VII ғасырдан бастап Жетісу қалалары салына басталып, олардың көбі X ғасырдан XIII ғасырға дейін салынды. Ортағасырлық қалалар керуен жолдарының бойында пайда болған. Бүгінгі күнге дейін Ұлы Жібек жолының бөліктері сақталды. Мысалы, Тараз қаласынан Құлан ауылына дейін, одан кейін Шу өзенінен Шу даласына дейін созылады. Шу өзенінің даласынан шығыс Жетісуға Қастек асуы арқылы жоғарыда орналасқан Қастек қалашығына дейін созылады. «Медеу» стадионы Медеу – Алматыдан 15 км орналасқан бейнелі шатқалы. Сұлу табиғаттан басқа – ең үлкен жоғарытаулы мұз айдыны Медеуді – қаланы селден қорғайтын инженер өнерінің шедеврі Бөгетін көріге болады. Бөгет коллекторының көлемі - 6 000 000 су кубометрі. Мұз айдынының 1972 жылы 1691,2 биіктікте бүкіл әлемге “сырғанау спортының рекордтарының жиынтығы” деп атайды. Медеу шатқалының жақсы климаты, сәулелі радиация деңгейі, атмосфералық қысым, желсіз, таза мұзды өзен барлық әлемнің туристерін қызықтырады. Қазақстан мәдениеті және тарихи мемлекеттік ескерткіштер тізіміне енгізілді. "Алтын-Емел" Ұлттық паркі Алматы қаласынан 300 км жердегі жабайы табиғатты сүйетіндерге жер үстіндегі жұмақ ашылып – оң жағалаудағы Іле өзенімен Қапшағай суқоймасынан жоғары орналасқан "Алтын-Емел" ұлттық паркі. Бұл мекен бай және ежелгі тарихымен, сақ мәдениетінің ескерткіштерімен құпиялы болып келеді. Саябақтың аймағында ежелгі керуен жолдары өтіп, қазақ хандарының орындары, Бесшатыр моласы (б.э.д. 3-4 ғасырда), ежелгі таулы суреттері, әуенді фонтаны, Қалқанның Үлкен және Кіші таулары, Қаратау және Ақтау тауларының айлы ландшафтары бар “Шолақ” тауы орналасқан. Белгілі “Әуенді бархан” құмды тауының биіктігі 120 метр және шамамен 3 км ұзындығы саябақтың бір бұрышында өзеннен бірнеше километрде немесе Үлкен және Кіші Қалқан таулары арасында орналасады. Бұл құмды тау ұсақ таза құмнан, желі болғанда тау “ән” салып, даусы бірнеше километрге жетеді және органның даусын еске түсіреді. Әуенді барханды барып, үш биіктіктің біріне көтерілгенді жақсы көретін туристтер Іле Алатауының жотасы көрінісін көре алады. Егер тау дыбыс білдірмесе, келушілер “дыбыс шығаратын”. Ол үшін таудың бағытымен жүгіру қажет. Аяқ астындағы құмды қозғалтып, гуілдеу жүреді. Кейде бархан дыбыстарды білдіруден басқа жерсілкініс әсерін көрсетіп, дірілдейді. Әнші бархан Іле өзенінің құмынан пайда болды.Екі бағытта да өзенде көзге көрінбейтін Барханның өзіндік құйрықтары тартылуда. Үлкен және Кіші қалқанның бір-біріне желдің әсерінен құмның тас жоталарға соғылып, қоныстануына байланысты қалыптасады. Көптеген ғасырлар мен ғасырлар бойы қуатты құм тау көтерілді, ол шамамен 3-5 мың жыл бойы қозғалыссыз қалады. Барханның биіктігі сол аймаққа белгілі, әрдайым өзгеріп тұратын климатқа, сондай-ақ жауын-шашын мөлшеріне, Іле өзеніндегі су деңгейіне және су астындағы таулардың ағып кетуіне байланысты. Аксу-Жабағылы Ақсу-Жабағылы қорығы – ЮНЕСКО қорғауымен Орталық Азияда жалғыз қорық. 70 жылдан астам таулы ормандарда кесілуден, ал өсімдік әлемі өндіріс қалдықтарымен ластанбаған. Айнала көк шөпке толы. Грейг қызғалдағы Қорық символы ретінде таңдалған. Аксу арнасының табиғаты ерекше – алып арнаның ұзындығы 15 км және тереңдігі 500 м. Табиғатының байлығы және түрлі болуы шамамен 1200 өсімдіктер түрлері, 42 жануарлар түрлері, 238 құстар түрлерін қамтиды. Түрген шатқалы "Түрген сарқырамасы" – Іле-Алатау ұлттық саябақтың құрамында сұлу шатқалында, Алматы облысының туристер баратын орындарының бірі. Бағыт Алматы қаласының орталығында басталады. Жолы бұрын керуендердің өтетін жолдарында Еуропаға шығыстан – Қытайдан және Үндістаннан келетін болған. Түрген шатқалында 7 сарқырама бар. Адамдар көп баратыны: біріншісі “Аюлы” және екіншісі “Тескенсу”. Алғашқы сарқырама (биіктігі 30 метр) жасыл шыршалар және шыңдар арасындағы бейнелі орында орналасқан. Шатқалда шыңдар жерсілкініс кезінде бөлініп, мұзды кезеңге дейін іздерді сақтаған. “Аюлы” сарқырамасына баратын көпірден жоғары 300 метрде “сұлулық көз” мұзды бұлақты суымен бұлақ орналасқан. Тескенсу сарқырамасы бұлақтан шамамен 2 сағаттық жерде орналасқан. Негізгі ағынның құлау биіктігі – 40 метрді , ал егер жалпы биіктікті санайтын болсақ – 74 метрді құрайды. Шатқал өзінің Шың-Түргендік жердегі шыршалы алаңды түкті құрайтын шыршаларымен белгілі. Жамбыл мұражайы Алматыдан батысқа қарай Жамбыл ауылына дейін – 70 км қашықтықты құрайды. Бағыт Алматы-Ташкент жолымен өтеді. Ғасырлар бұрын Қытайдан жерорта теңізіне және Орта Азияға және қайтадан оралатын түйелер жүктерімен, кішкене қоңырауларымен сыңғырлап, белгілі “Ұлы Жібек жолымен” өтетін, қазір бұрынғы автобустар жедел өтеді. Ұзынағаштан 56 километр жерде автомагистральдан оңтүстікке қарай Жамбыл ауылына жетеді. Жол таудың артында биіктікте сұрғылт граниттен жасалған ескерткіштен басталады. XX ғасырдың 60 жылдарында Жетісудың болашақ губернаторы және орыс әскері подполковнигі Г.А. Колпаковтың жетекшілігімен қазақ әскерімен бірігіп, Ұзынағаштың астындағы Қоқанды хандығын талқандайды. Тарихи жеңістің құрметіне орай алыстан көрінетін монумент салынды. Алматыдан 70 км қашықтықта жол сол бұрылады. Алдарыңызда алмалы саябақтың үстінен сәулелі күмбез Жамбыл кесенесі көрінеді. Теректермен отырғазылған ауылдың бас көшесі ақынның үй-мұражайына әкеледі. 12 бөлмеде экспозициялар орналасып, ғасырлы өмір сүрген халықтың ақынына арналып, оның биографиясымен шығармашылығын сипаттайды. Үй-мұражайдың әйнектерінен кесенеден кейін Майтөбе шоқысының төбесі көрінеді. Осы жерде Жамбыл жазда күнді жайлауда демалуды жақсы көріп және оны осы жерде жаңа өлеңдерді тудыратын. Жұлдыздай жарқ етіп... 1861 жылы көктемде қазақтың ағартушысы, географы және этнографы Шоқан Уалиханов, денсаулығына байланысты Санкт-Петербургтегі қызметін тастап, Жетісу еліне қайтып келеді. Ол өмірінің соңы 1865 жылға дейін Алтын Емел жотасының жоғары таулары Майтөбенің баурайындағы Тезек сұлтанның ауылында тұрған. Әйгілі ғалым Тезек сұлтан ауылынан алыс емес қыратында жерленген. 1881 ж. оның моласына тасты араб және орыс тілдерінде мәтін төсемнің үстіне жазылып, ал 1958 ж. Қазақстан үкіметі моласының жанында ескерткіш орналастырды. Сатылы постаменттің ортасында граниттен бесметрлі қоладан, қызыл әктастан «Шоқан Уалиханов 1835-1865» деген жазылым қойылды. Ескерткіштің оңтүстік-шығыс бөлігінде Алтын Емел жотасының қабырғасы тұр. Алматыдан экскурсия бағыты Сары-Өзек станциясына дейін ( 160 км ), одан кейін шығыс бағытта 15 км-ге дейін жүріп, оңтүстікке бұрылу қажет. Алыс жол Май-Төбе өзенінің бойымен созылып, 10 км кейін таулы суреттермен шатқалға өтіп, 10 км кейін Шанханай ауылына әкеліп, одан 2 км (оңтүстік-шығысқа қарай) жерде ғалым ексерткіші көрінетін жол торабына әкеледі. Ескерткіш – мүсінші Хәкімжан Наурызбаевтың жұмыстарының бірі. Шоқанның денесі қоладан құйылған. Ескерткіш өңделген қара габбродан жасалып, ескерткіштің сыртқы жағында Шоқан Уалихановтың суреттері және қазақ ұлттық оюлар қолданған. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтеме * Алматы облысы Мұрағатталған 9 наурыздың 2017 жылы. в Ашық Тізімдеме Жобасы (ODP)
Болат хан (туған жылы белгісіз - 1729) (1718-1729) — билік құрған - қазақ ханы. Тәуке ханның баласы. Ұйымдастырушылық, қолбасшылық қабілетімен ерекшеленбеген Болат мұрагерлік жолмен хан сайланған. Болат билік еткен тұста Орта жүз қазақтары бірнеше рет (1716, 1717, 1722, 1723) ойраттардың шапқыншылығына ұшырады. Болат жоңғар басқыншылары, башқұрттар мен Еділ бойы қалмақтарына карсы қазақ жасақтарын ортақ күш етіп жұмылдыра алмады. Болат жөнінде тарихи деректер аз кездеседі. Оның балаларының ішіндегі белгілісі — Әбілмәмбет хан. Жоңғар шапқыншылығы салдарынан қазақ халқы Ақтабан шұбырынды-Алқакөл сұламаға ұшырағаннан кейін Болат ханның билігі де жойылды.. ## Дереккөздер
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға сәйкес Қазақстан Республикасында ұлттық мерекелер, мемлекеттiк мерекелер, кәсiби және өзге де мерекелер атап өтiледi. * Ұлттық мерекелер — Қазақстан мемлекеттiлiгiнiң дамуына елеулi ықпал еткен, ерекше тарихи маңызы бар оқиғалардың құрметiне Қазақстан Республикасында белгiленген мерекелер. Ұлттық мерекелердi мейрамдау кезiнде орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдарда ресми iс-шаралар өткiзiледi. * Мемлекеттiк мерекелер — қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғаларға арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары дәстүрлi түрде атап өтетiн мерекелер. Мемлекеттiк мерекелердi мейрамдау кезiнде ресми iс-шаралар өткiзiлуi мүмкiн. * Кәсiби және өзге де мерекелер — ұлттық және мемлекеттiк мерекелер мәртебесi берiлмеген, азаматтардың жекелеген санаттары атап өтетiн мерекелер. Ұлттық және мемлекеттік мерекелiк даталар тiзбесiн «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заң, кәсіби мерекелік даталарды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы белгiлейдi. Қазақстан Республикасы ресми мейрамдарының тізімі: Қазақстан Республикасы ресми мейрамдарының тізімі: Қазақстан Республикасы ресми мейрамдарының тізімі: Қазақстан Республикасы ресми мейрамдарының тізімі: Қазақстан Республикасы ресми мейрамдарының тізімі: ## Түсініктемелер
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» ордені — «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңымен 2001 жылғы 1 қаңтарда белгіленген. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапаттау Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Отан алдында сіңірген ерекше еңбегін атап өту құрметіне азаматтардың мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген ерекше еңбегі үшін жүргізіледі. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 3 мамырдағы № 180-II Заңының негізінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне құрылған. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың орденімен Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін шет мемлекеттер мен үкімет басшылары марапатталуы мүмкін. Жоғары ерекшелік дәрежесімен марапатталған азаматтарды «Отан» орденімен немесе Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев орденімен марапаттау Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілейтін Қазақстан Республикасының Даңқ кітабына жазылады. ## Сипаттамасы Орден иық таспасындағы белгі мен жұлдыздан тұрады. Пішіні бойынша орден Қазақстан Президентінің белгісіне ұқсас: сәулелері көк эмальмен қапталған сегіз қырлыны құрайтын көп сәулелі жұлдыз. Сегіз ең ұзын сәуле ақ эмальмен қапталып, гауһар тастармен безендірілген. Орталық медальонда көк түстің аясында алтын түсті монограмма бар: «П» және «Н» әріптері сәндік түрде өрілген. Орталық медальон алтын алқагүл шоқтарымен қоршалған, ол өз кезегінде ақ жиекпен қоршалып, оның бойында алтын әріптермен «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» деген жазу бар. Медальон табиғи лағыл тастары бар алтын таспамен қоршалған. Орден жұлдызы — он алты бұрышты көп қырлы алтын, мұнда кезекпен сегіз жұлдыздың сәулесі басқаларына қарағанда қысқа. Ортасында Нұрсұлтан Назарбаевтың алтын кескіні бар көк эмальдан жасалған медальон. Орталық медальон ақ жиекпен қоршалған, оның бойында алтын әріптермен «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» деген жазу бар. Медальон табиғи рубиндері бар алтын лентамен қоршалған. Орден жұлдызы мен белгісі 750 дана алтыннан жасалған. Күнделікті киюге арналған орденнің миниатюрасы бар. ### Таспасы Бірінші үлгідегі орденнің муар лентасы алтын түсті ұлттық ою-өрнекті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының түсіне сәйкес келеді. Төртінші үлгідегі иық таспасы ені 100 мм көк түсті муар матадан тігіледі. ## Галерея * * * * * ## Тағы қараңыз * Қазақстанның мемлекеттік марапаттары
Сәулет Төлеген ұлы (1936, Құлжа ауданы) ساﯞﻟﻪت توﻟﻪﮔﻪن ﯗل‎ — ақын. ## Өмірбаяны * 1936 ж. Құлжа ауданында туған. * 1952 жылдан - 1956 жылға дейін Іле білім жұртында оқиды. * Одан соң Құлжа қазақ мектебінде мұғалім болады. * 1960 ж. бастап «Жаңа жазу газеті», «Іле газеті» редакцияларында істейді. * 1980 жж «Іле жастары» журналы, «Іле өрендері» газеті редакцияларында қызмет істейді. ## Дереккөздер
Алғашқы қазақстандық жоғары оқу орны 1928 жылы Алматы қаласында «Қазақ мемлекеттік университеті» деген атаумен құрылған. 1930 жылы ол Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтына айналды (қазір Абай атындағы ҚазҰПУ). 1934 жылы Қазақ мемлекеттік университеті қайта құрылды (қазір Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ). 2023-2024 жылғы оқу жылының басындағы ресми дерек бойынша республика аумағында 112 жоғары оқу орны жұмыс істейді, оның 67-сі (59,8%-ы) жеке меншікте болса, 44-і (39,3%-ы) мемлекет және 1-еуі (0,9%-ы) шетел меншігінде. Жоғары оқу орындарының ішінде 11 ұлттық жоғары оқу орны (оның 3-і ұлттық зерттеу университеті), 77 университет, 14 академия, 10 институт (консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище) бар. ## Мемлекеттік жоғары оқу орындары ### Дербес жоғары оқу орны ### Халықаралық жоғары оқу орны ### Ұлттық жоғары оқу орындары ### Аймақтардағы мемлекеттік жоғары оқу орындары ## Мемлекеттік органдардың жоғары оқу орындары ## Жекеменшік жоғары оқу орындары ### Университеттер ### Академиялар ### Институттар ## Шетелдік ЖОО филиалдары ## Жекешелендірілген жоғары оқу орындары * "М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті" АҚ — 2001 жылға дейін мемлекеттік жоғары оқу орны болды. 2021 жылы мемлекет меншігінде қалған 35% акциясы жеке меншікке өтті. 2023 жылғы дерек бойынша ең ірі акционерлері: Талғат Нәрікбаев (38%), "Павлодар Білім" ЖШС (35%). * "Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті" АҚ — 2001 жылға дейін мемлекеттік жоғары оқу орны болды. 2019 жылы мемлекет меншігінде қалған 35% акциясы жеке меншікке өтті. 2023 жылғы дерек бойынша акционерлері: "Білім бұлағы" ЖШС (65%), Арғын Айдар (35%). * "Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті" АҚ — 2001 жылға дейін мемлекеттік жоғары оқу орны болды. 2019 жылы мемлекет меншігінде қалған 35% акциясы жеке меншікке өтті. 2024 жылғы дерек бойынша ең ірі акционерлері: "Айтек-ITEC" ЖШС (80%), "IBCC" ЖШС (17,5%). * "Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы" АҚ — 2001 жылға дейін мемлекеттік жоғары оқу орны болды. 2019 жылы мемлекет меншігінде қалған 35% акциясы жеке меншікке өтті. 2020 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы мен Қазақ-Америка университеті біртұтас Халықаралық білім беру корпорациясына біріктірілді. 2024 жылғы дерек бойынша корпорация иесі — "Verum Holding Ltd." жеке компаниясы. * "Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті" КеАҚ — 1997 жылы ҚазҰТУ-дан қайта бөлініп шыққаннан бастап акцияларының бір бөлігі жеке меншікте, 2019 жылға дейін қалған 34% акциясы мемлекет меншігінде болды. 2023 жылғы дерек бойынша ең ірі акционерлері: "NNEF" қоғамдық қоры (34%), Александр Салдузи (30%), Эдгар Салдузи (28%). * "М. Тынышбаев атындағы ALT университеті" АҚ — 2001 жылы мемлекетке тиесілі акциялардың бір бөлігі жеке меншікке өтті. 2012 жылы жеке меншікте болған 65% акциясын "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы сатып алып, 2015 жылы өз үлесін 100%-ға дейін арттырды. 2018 жылы компания үлесі жеке меншікке сатылды. 2023 жылғы дерек бойынша жалғыз акционері — "Управляющая Компания КазАТК" ЖШС. 2023 жылдан бастап жоғары оқу орнын Қазақстан темір жолының меншігіне кері қайтару жүргізілуде. * "Қазақстан-Британ техникалық университеті" АҚ — 2001 жылы құрылған кезде акциялары Білім және ғылым министрлігіне, ал 2003-2018 жылдары "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясына тиесілі болды. 2023 жылғы дерек бойынша жалғыз акционері — "NNEF" қоғамдық қоры. * "Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы" АҚ — 2018 жылға дейін 100% акциясы мемлекетке тиесілі болды. 2023 жылғы дерек бойынша жалғыз акционері — "Қазақ инновациялық университеті" ЖШС. * "Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті" АҚ — 2009 жылы құрылған кезде 50% акциясы, кейін 2015 жылға дейін 33% акциясы "Зерде" ұлттық холдингіне тиесілі болды. 2023 жылғы дерек бойынша ең ірі акционерлері: "NNEF" қоғамдық қоры (85%), Мадина Бектұрғанова (10%). * "Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті" АҚ — 2015 жылға дейін 100% акциясы мемлекетке тиесілі болды. 2021 жылы бас лицензиясынан айырылды. * "ВШОЗ" Қазақстандық медицина университеті" ЖШС — 2015 жылға дейін 100% үлесі мемлекетке тиесілі болды. * "Қазақ спорт және туризм академиясы" КеАҚ — 2001 жылға дейін мемлекеттік жоғары оқу орны болды. 2015 жылы мемлекет меншігінде қалған 20% акциясы жеке меншікке өтті. 2023 жылғы дерек бойынша ең ірі акционерлері — Қайрат Закирьянов (30%), "Жарыс-СТ" ЖШС (29%), "Aktau Industries Service" ЖШС (20%), "Матай-KZ" ЖШС (19%). * "Нархоз университеті" КеАҚ — 2001 жылға дейін мемлекеттік жоғары оқу орны болды. 2023 жылғы дерек бойынша жалғыз акционері — Болат Өтемұратов. * "Алматы технологиялық университеті" АҚ — 1999 жылға дейін мемлекеттік жоғары оқу орны болды. 2023 жылғы дерек бойынша жалғыз акционері — "Ертам" ЖШС. ## Ерекше мәртебесі бар жоғары оқу орындары * Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (2001) * Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (2001) * Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті (2001) * Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті (2001) * С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті (2001) * Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (2001) * Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы (2001) * Қазақ ұлттық өнер университеті (2001) * Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (2003) * Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы (2006) * Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы (2015) * Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы (2016) * Қазақ ұлттық хореография академиясы (2016) * Ұлттық қорғаныс университеті (2018) * Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (2018) * Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (2020) ### Зерттеу университеттері * Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті (2014) * Назарбаев университеті (2015) * С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті (2019) * Қарағанды медицина университеті (2019) * Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті (2020) * С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті (2020) * Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (2022) * Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (2022) * М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті (2023) * Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (2024) ## Бұрынғы жоғары оқу орындары ### Біріктірілген мемлекеттік ЖОО-лар * Қаржы академиясы (Астана, 2020 жылы Еуразия ұлттық университетіне қосылды) * Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті (Қостанай, 2019 жылы Қостанай өңірлік университетіне қосылды) * Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті (Тараз, 2019 жылы Тараз өңірлік университетіне қосылды) * Қаржы полициясы академиясы (Қосшы, 2015 жылы Құқық қорғау органдары академиясына қосылды) * Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты (Ақтөбе, 2013 жылы Ақтөбе өңірлік университетіне қосылды) * Семей мемлекеттік педагогикалық институты (Семей, 2013 жылы Шәкәрім университетіне қосылды) ### Жабылған және лицензиясынан айырылған жекеменшік ЖОО-лар * Шет тілдер және іскерлік карьера университеті (Алматы, 2021) * «Орда» университеті (Шымкент, 2021) — Сол жылы «Мирас» университетімен бірікті * «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты (Қызылорда, 2021) * Орталық Азия университеті (Алматы, 2021) * Ақтау гуманитарлық-техникалық университеті (Ақтау, 2021) * «Астана» университеті (Астана, 2021) * Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті (Алматы, 2021) * Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті (Шымкент, 2020) * Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы (Алматы) * Қазақ инженерлік, қаржы-банк академиясы (Алматы) * «Алматы» университеті (Алматы) * Экономики және құқық академиясы (Алматы) * «Парасат» Қазақстан көпбейінді институты (Алматы) * Экономика және басқару академиясы - Еуразия нарық институты (Алматы) * Қазақ инженерлік-техникалық академиясы (Астана) * «Көкше» академиясы (Көкшетау) * Ө.А. Жолдасбеков атындағы Экономика және құқық академиясы (Талдықорған) * Қазақ инновациялық университеті (Семей) * Жамбыл гуманитарлық-техникалық университеті (Тараз) * Тараз техникалық институты (Тараз) ## Ескертпелер ## Дереккөздер
Қазақ тілі (төте: قازاق ٴتىلى‎, латын: qazaq tili) — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, сонымен қатар Ресей, Өзбекстан, Қытай, Моңғолия жəне т.б. елдерде тұратын қазақтардың ана тілі. Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына, соның ішінде қарақалпақ, ноғай, қарашай тілдерімен бірге қыпшақ-ноғай тармағына жатады. Сонымен қатар қырғыз, татар, башқұрт, қарашай-балқар, құмық, қарайым, қырымтатар тілдеріне жақын. Қазақ тілі диалектілерге бөлінбейтіні ғылыми түрде дәлелденген. Барлық өлкелердің қазақтары бір-бірін жақсы түсінеді. Бірақ кейбір ғалымдардың пікірінше қазақ тілі 3 диалектіге бөлінеді: солтүстік-шығыс, оңтүстік және батыс (ескі үш жүздің орналасқан аумағы бойынша). ## Фонетика Қазақ тілі буын үндестігіне негізделеді, яғни қазақтың төл сөздері не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып келеді және жуан дауысты буындардағы дауыссыз дыбыстар жуан түрде айтылады (мысалы: тыс, құрт), ал жіңішке дауысты буындарда жіңішке естіледі (мысалы: тіс, күрт). Қазақ тілінде екпін көбінесе соңғы буынға түседі. ### Дауысты дыбыстар Қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар: а, ә, е, и, о, ө, ұ, ү, у, ы, і, эДауысты дыбыс тіл, жақ және еріннің қатысына қарай жуан және жіңішке, ашық және қысаң, еріндік және езулік болып жіктеледі: ### Дауыссыз дыбыстар Дауыссыз дыбыс өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында кедергіге ұшырап шығуынан жасалады.Қазақ тілінде 26 дауыссыз дыбыс бар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ.Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай ұяң, үнді және қатаң болып үшке бөлінеді. Жоғарыда келтірілген мағлұмат Кеңес Өкіметі билік құрып тұрғанда, 1940-шы жылы еңгізілген Аманжол Сәрсеннің әліпбиі негізінде берілген. Бұл әліпбиді, тоталитарлық жүйе қазақ халқын орыстандыру саясатының құралы ретінде пайдаланған. Орыс тілінің дыбыстары қазақ әліпбиіне қосылған. Қазақ тілі туралы жалған мағлұмат ресми құжаттарда, Қазақстан тәуелсіздік алса да, осы уақытқа дейін өзгертілмей келеді. ## Нағыз қазақ тілі дыбыстық жүйесі Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін алғашқы құрған ғалым Ахмет Байтұрсынұлы: басқа дыбыстық жүйелер, бөтен тілдердің дыбыстары қосылған, жалған жүйелер. ### Дауысты дыбыстар Қазақ тіліне тән 9 дауысты дыбыс бар: о, ұ, а, ы, ө, ү, ә, і, еДауысты дыбыс тіл, жақ және еріннің қатысына қарай жуан және жіңішке, ашық және қысаң, еріндік және езулік болып жіктеледі: ### Дауыссыз дыбыстар Дауыссыз дыбыс өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында кедергіге ұшырап шығуынан жасалады.Қазақ тілінде 19 дауыссыз дыбыс бар: б, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, ш, у.Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай ұяң, үнді және қатаң болып үшке бөлінеді. Дауыссыз дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-бірімен жанасуы немесе толық қабысуы арқылы пайда болады. Дауыссыздардың басты ерекшеліктері: * дауыссыздардың жасалатын орны – ауыз және көмей қуыстары; * дауыссыз қатаңдарда мүлде үн болмаса, ұяңдарда – үннің қатысы жартылай болады да, ал үнділерде - бәсең үн болады; * дауыссыз қатаң және ұяңдардың ішкі сапасы – таза салдырдан тұрады деуге болады ал, үнділерде сөйлеу мүшелерінің (тіл, ерін, жақ) бір-біріне жуықтауы, түрленуі, көлемін өзгертуі көмей арқылы келген ауаға пәлендей кедергі бола алмайды; * дауыссыз қатаң және ұяңдарды - көтеруге, созуға, әуенін өзгертуге мүлде болмаса, ал үнділерді керісінше – көтеруге, созуға, әуенін өзгертуге болады; * дауыссыздардың үн сапасында - жаңғырық болмайды; * дауыссыздар сөз ішінде жалқы тұрып буын құрай алмайды. Осы 28 пәнем, Ахмет Байтұрсынұлы құрған, төте жазу дыбыс жүйесі болып табылады. Ахмет Байтұрсынұлы төте жазу дыбыстарын, арап таңбаларын ыңғайлап, белгілеген. Қазақ тілінің табиғи дұрыс дыбысталуына байланысты "Е" әрпі қазақ тілінде орыс тіліндегідей "Э" дыбысын береді (Екібастұз- Экибастуз). "Ж" әрпі орыс тіліндегі "ДЖ" аффрикатасы арқылы беретін дыбысты береді (оқылуы: джиһаз, джігіт, джан, мұғалджар - жазылуы: жиһаз, жігіт, жан, мүғалжар). Егер де Қ - әрпінен кейін дауыссыз дыбыс келсе Х секілді болып айтылады (Мақсат- Махсат). Кійрілше немесе латын таңбаларымен белгіленген, Байтұрсұн Ақымет пәнемдерін қолдана құрылған және Байтұрсұн Ақыметтің жазұу, оқұу ережелері негізіндегі, жазұу жүйелер Тұура Жазұу деп аталады. Байтұрсұн Ақымет дыбыс жүйесі. ( 28 пәнем, кійрілше таңбалау ) О, Ұ, А, Ы, Ө, Ү, Ә, І, Е, Й, У, Р, Л, Н, М, Ң, Б, Д, Ғ, Г, Ж, З, П, Т, Қ, К, Ш, С. ## Грамматика Қазақ тілінде сөз алдында тұратын көмекші сөздер (preposition) орнына, сөз артынан келетін шылау (postposition) не тиісті жалғау қолданылады (мысалы: қазақ тілі туралы мақаланы энциклопедияға қосу). Сан есімі бар зат есім жекеше түрінде беріледі (мысалы: «мен екі мақала жаздым», бірақ «мақалаларымда көп қате жіберіппін»). ### Сөз таптары Қазақ тілінде келесі сөз таптары бар * Зат есім (бет, қол) * Сын есім (қызыл, биік) * Сан есім (бір, жүз) * Есімдік (мен, сен) * Етістік (бару, жазу) * Үстеу (тез, таза) * Шылау (үшін, туралы) * Еліктеу сөз (күмп, тарс-тұрс, ыржың-ыржың) * Одағай (алақай, тәйт, құрау-құрау) ### Біріккен сөздер ### Септіктер Қазақ тілінде 7 септік бар. Төменде әр септіктің сұрақтары, жалғаулары мен мысалдары берілген: ## Жазуы Басты мақала: Қазақ жазуы Қазақ жазуы бірнеше рет өзгеріске ұшыраған. 1929 жылға дейін Қазақстанда қазақ араб жазуы пайдаланылды. XX ғасыр басында Ахмет Байтұрсынұлы ұсынысымен қазақ фонетикасының ерекшеліктері ескеріліп жасалған, араб графикасына негізделген ‘’төте жазу‘’ пайдаланылған. Қазіргі кезге дейін Қытай еліндегі қазақтар осы жазу үлгісін пайдаланады. 1929 жылдан 1940 жылға дейін латын графикасы қолданылып, 1940 жылдан қазірге дейін кирилл әліпбиі қолданылуда. 2025 жылдан қазақ тілі латын графикасына ауысуы жобалануда. Түркия мен Батыс елдердегі қазақтар әртүрлі латын жазуына негізделген әліпбиді пайдаланады.2000 жылдан бастап Тура Жазу енгізіле басталды, латын және кирилше түрінде. Тура Жазу Ахмет Байтұрсынұлы дыбыс жүйесін қолданады, оны енгізумен жекеменшік, мемлекеттік емес орталық айналысады. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Қазақ тілі білімі * Қазақ графикасы * Қазақ әліпбиі ## Сыртқы сілтемелер * Қазақ тілін үйрену сайты * Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Тіл порталы Мұрағатталған 13 сәуірдің 2019 жылы. * Бауыржан Момышұлы. Қазақ тілі туралы пікір («Ана тілі» газеті, 1944) * Қазақ тілі транслитераторы * Лұғат қазақ тілінің сөздіктер кешені онлайн сөздігі * Сөздік.кз онлайн сөздігі * Kazak language, alphabet and pronunciation * Course of Kazakh for Peace Corps Volunteers * Another course of Kazakh for PCV * Roman-Cyrillic characters converter for Kazakh alphabets Мұрағатталған 17 ақпанның 2006 жылы.
Ақорда резиденциясы — Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясы. Астана қаласы Есілдің сол жағалауындағы жаңа әкімшілік орталығының аумағында 2001 ж. қыркүйек айында салына бастады. Ғимараттың жалпы көлемі 36 720 m2. Қазақстан Республикасы Президентінің Ақордасының ресми тұсаукесері 2004 жылы желтоқсанның 24 күні өтті. Ғимарат қазіргі заманғы құрылыстың ең таңдаулы әдістерін қолдана отырып, монолит құйматастан салынған. Шатырсүмбіні қоса есептегендегі ғимараттың биіктігі 80 м. Қасбеттің қаптамасы қалыңдығы 20—40 см. болатын итальян мәрмәрынан жасалған. Ғимарат жер бетінде 5 және жер астындағы 2 қабаттан тұрады, оның ішінде жер бетіндегі 1-қабаттың биіктігі 10 м., қалған қабаттардың биіктігі 5 м. Жертөле қабаттарында техникалық қызмет, ас үй, асхана және гараж орналасқан. Бірінші қабатта жалпы ауданы 1800 м2 құрайтын, еденіне гранит төселген салтанатты хол орналасқан. Екінші қабатта қызметтік орынжайлар орналасқан. Үшінші қабатта: * киіз үйге ұқсатып жасалған, мәрмәр және гранит таспен өңделген Шығыс залы; * сыйлықтар мен сенім грамоталарын тапсыру залы; * екіжақты кездесулерге арналған «Алтын» зал; * камин залы; * қызметтік орынжайлар мен мәжіліс залдары орналасқан. Төртінші қабатта: * қызметтік орынжайлар мен мәжіліс залдары; * Саммиттің Үлкен залы; * кітапхана; * кіші Шығыс залы орналасқан. Барлық залдар ерекше мәнермен әрленген, люстралар мен жиһаз бар. Едендерге түрлі сортты мәрмәр, гранит тастары және көркем паркет төселген. Резиденцияны салу барысында әлемдік ірі өндірушілердің озық инженерлік құрал-жабдықтары пайдаланылған. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * http://www.akorda.kz/ ресми сайты
* Ақтық - (дәстүр, ырым). «Омбыдан тағып қайтқан ақтығыңды ақтағалы тұрсың ба?» деп оған ауыр сөз айтады. (Е.Саққұлақұлы). Тыңшылық жасап өсек –аяң жеткізгені, біреуді сүріндіру, ұтыстыру үшін немесе жағымсыз жасырын қызметі үшін берілетін сыйлықты «ақтық» деп атайды. Ел арасындағы жаман әдетке ертеде тыйым салынған. Анықталғандар айып төлеген. «Ақтық» берушілер де жазаға ұшыраған. Ал негізінде «ақтық» деген інгенін қайытқаны үшін бураның немесе биесіне шаптырғаны үшін айғырдың иесіне жасырын берілетін құны төмен кәде. * Ақтық - қайтыс болған жақын туған жанашырға немесе би, төрелер беретін мал. Ертеде ақтыққа атан түйе, жылқыға шамасы жетпегендер көбінесе қой атаған. Ешкі, сиыр бермейді. Қойды қазаға байланысты науқанға атап береді. Ауқаты аздар болса мата берумен шектеледі. Ақтық пен негізгі ашуы аза малы деп аталады. * Ақтық - тыңшылық жасап, өсек-аяң жеткізгені, біреуді сүріндіру, ұтыстыру үшін немесе жағымсыз жасырым қызметі үшін берілетін ақтық. Алайда, ел арасындағы осы жаман әдетке ертеден тыйым салынған. Анықталғандар айып төлеген. Ақтық берушілер де қатал жазаға ұшыраған. ## Дереккөздер
Мұхтар Қапашұлы Алтынбаев (10 желтоқсан, 1945, Қарағанды) — Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, армия генералы. ## Қысқаша өмірбаяны * 1945 ж. 10 желтоқсанда Қарағанды қаласында туған. Қазақ. * 1977 ж. — Армавир жоғары әскери ұшқыштар ӘШҚ училищесін бітірді. * 1985 ж. — Кеңестер Одағының Маршалы Г.К. Жуков атындағы ӘШҚ Әскери командалық академиясын бітірді. Саяси ғылымдарының кандидаты. * Еңбек жолын Қарағанды қаласының шахталарында бастады. * 1962 ж. қыркүйегінен 1966 ж. қазанына дейін жұмысшы, шахта қазушысы. * 1964 ж. өндіріс пен оқудан қол үзбестен ұшқыштар даярлау жөніндегі Қарағанды авиациялық орталығын бітірді. * 1965 жылдың желтоқсанынан ААФЖЕҚ Кинель-Черкасск авиациялық оқу-жаттығу орталығының курсант-ұшқышы. Әскери қызметке қабылданғаннан кейін әр түрлі жауапты басшылық лауазымдарда қызмет атқарды. * 1972—1975 жж. — авиациялық буынның командирі, авиациялық эскадрилья командирі, истребитель авиациясы полкі командирінің ұшу дайындығы жөніндегі орынбасары. * 1979 ж. желтоқсанында Уральск әскери округінің истребитель авиациясы полкінің командирі болады. М.Алтынбаевтың қолбасшылығы кезеңінде полкте бір де бір оқыс ұшу оқиғалары болған жоқ және еліміздің Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері арасындағы ең үздігі атанды. * 1982 ж. тамызынан — Кеңестер Одағының Маршалы Г.К. Жуков атындағы ӘШҚ Әскери командалық академиясының тыңдаушысы. * 1985—1988 жж. — дивизия командирінің орынбасары, Түркістан әскери округінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс дивизиясының командирі. * 1992 ж. ақпанында Түркістан әскери округінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс корпусының командирі болып тағайындалды. * Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін Мұхтар Қапашұлы өз Отанына оралады және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығына сәйкес құрылған егеменді мемлекеттің Қарулы Күштерінің қалыптасуына белсене қатысады. * 1992 ж. мамырында ӘШҚ әскерлерінің қолбасшысы — Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды. * 1993 ж. қарашасынан Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы — Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары. * 1994 ж. қыркүйегінен ҚР әскери-әуе күштерінің қолбасшысы. * 1996 ж. қазанынан — Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі. * 2000 ж. наурызынан — Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшысы. * 2001 ж. желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды. * 2007 ж. қаңтар-2010 ж. 11 наурыз аралығында — Штаб бастықтары комитетінің төрағасы — Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары. * 2010 ж. 8 сәуірден - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты. ## Марапаттары * Орденмен және көптеген медальдармен марапатталған. * Ұшқыш-мерген. Жетілдірілген соңғы МиГ және Су тектес истребительдердің қазіргі заманғы барлық түрлерін шектеусіз басқаруға рұқсаты бар. * АҚШ авиациялық базаларының бірінде атақты америка F-16 жойғыш ұшағымен ұшу өнерін көрсеткен жаңа тәуелсіз мемлекеттердің тұңғыш ұшқышы болып табылады. Осыған орай америка мамандары М.Алтынбаевтың кәсіби шеберлігіне жоғары баға берді. * Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 ж. мамырдың 6-ында № 112 Жарлығымен «Халық қаһарманы» атағы берілді және «Халық Қаһарманы» Алтын жұлдызы мен «Отан» ордені табыс етілді. ## Әскери атағы * Әскери атағы - армия генералы. Әскери ұшқыш-мерген. ## Отбасы * Үйленген. Жұбайы — Алтынбаева Гүлбану Рахымбайқызы. * Ұлы — Мүслім Мұхтарұлы Алтынбаев, әскери қызметші. ## Дереккөздер
1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс — 1916 ж. шілде айының бас кезінде пайда болды. ## Көтерілістің шығу себебі Көтерілістің шығу себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты және т.б. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 маусымда армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды. Шілденің басында қазақ даласында көп кешікпей қарулы көтеріліске айналған стихиялық бас көтерулер басталды. Ол біртіндеп ұйымдасқан сипат алды: Торғай мен Жетісуда оның танылған жетекшілері А. Иманов, Ә. Жанкелдин, Т. Бокин, Б. Әшекеев, Ө. Саурықов басшылық еткен ірі ошақтары пайда болды. Қазақ қоғамында патша жарлығы мен көтеріліске деген көзқарас бір мәнді болған жоқ: бай-феодалдардың бір бөлігі, жергілікті әкімшіліктің кейбір шенеуніктері патша жарлығын қолдап, оны орындауға шақырды. Қазақ интеллигенциясының кейбірі (Бокин, Ниязбеков, Жүнісов) жарлыққа қарсы шығып, оны орындауға қарсыластық көрсетуге шақырса, «Қазақ» гәзеті төңірегіндегі зиялылар (Ә. Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, М. Дулатов және т.б.) күші басым үкіметке қарсы шығудың халықты қырғынға ұшыратарын ескертіп, сабыр сақтауға шақырды. Көтерілістің аса ірі ошақтары Жетісу, Торғай болды. Жетісу облысында қарулы қарсыластық шілде-тамыз айларында жаппай қарқын алды. Шілденің 17 Жетісу мен Түркістан өлкесінде әскери жағдай жарияланды. Патша үкіметі мұнда ірі әскери күштерді жібере бастады. Қыркүйек, қазан айының басында жетісулық көтерілісшілер шегініп, Шығыс Түркістанға өтіп кетуге мәжбүр болды. Торғай көтерілісі (басшылары А. Иманов, Ә. Жанкелдин) 50 мыңдай адам қамтыған ірі қозғалыс болды. А. Иманов көтерілісшілерді ондыққа, елулікке, жүздікке, мыңдыққа бөлді. Арнайы мергендер бөлімшесі құрылды. А. Иманов бас сардар болды. Оның жанында әскери кеңес жұмыс істеді. Торғай облысындағы көтеріліс патша үкіметі құлатылғаннан кейін ғана тоқтады. 1916 ж. көтеріліс қазақ халқының көп ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында маңызды орын алды. Ол отарлауға және империалистік саясатқа қарсы өрбіді. Патшалық Ресейдің XX ғасырдың басында Орта Азияның шығыс аудандарын отарлауы өте күшті қарқынмен жүргізілді. Тек 1907 – 1912 жылдары империянның еуропалық бөліктерін бұл жаққа 2 млн 400 мың адам келіп қоныстанды. Әсіресе, Қазақстанда отарлау кең ауқымда жүргізілді. Қазақтардың жерлерінде патша өкіметі шаруаларды қоныстандыру үшін жер қорын жасап, 1916 жылға дейін олардың 45 млн десятина ең шұрайлы жерлерін тартып алды, сөйтіп жергілікті халықтар таулар мен шөл далаларға ығысуға мәжбүр болды. Бұл жерлерде не су, не мал жаятын жеткілікті шабындық болмады. ХІХ ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында бұрынғы Түркістан аймағында (Хиуа мен Бұқараны қоспағанда) 941 жаңадан қоныстанған поселкелер пайда болды. Бұл кезде Түркістанда орыс посекілерінің әрбір тұрғынына 3,17 десятина егін егетін жерден келсе, жергілікті тұрғындарға (қазақ, өзбек, қырғыз, және т.б.) 0,21 десятинадан ғана жер келді. Сөйтіп, ешқандай жері жоқ қазақ–қырғыз тақыр кедейлерінің үлкен тобы құрылды. Жетісу губерниясында көшіп келген орыс кулак шаруашылықтарының 90 проценттен астамы қазақ кедейлерінің жалдамалы еңбегін пайдалнады. Қазақ жерлерін күшпен тартып алу жергілікті халықтар мен орыс–украин қоныстанушыларының арасындағы қайшылықтарды шиеленістерді, жер мәселесі жөніндегі күштеу саясаты шеткі аймақтарда да кеңінен тарады. 1914 жылы патшалық Ресей дүниежүзілік соғысқа тартылды. Бұл Бірінші дүниежүзілік империалистік соғыс барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да асар ауыр зардаптарын тигізді. Ол патша чиновниктері мен жергілікті әкімдерінің және байлардың зорлық–зомбылығы мен озбырлығын күшейтті. Соғыс қажетіне Қазақстаннан орасан көп жылқы, ауыл шаруашылық өнімдері жөнетілді. Жергілікті халықтан алынатын салық 3 – 4 есе көбейді, шаруалардың ірі қара малы мен мал азығын соғыс қажетіне алу күшейді. Осынның бәрі егістік жердің қысқаруына, ірі қара мал басынның азаюына әкеп соқтырды. Елдің өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты. Қалалар мен ауылдардағы еңбекші бұқараның жағдайы күрт төмендеді. Соғыс жылдары тек Түркістаннан майдандағы әскерлердің қажеті үшін 40, 899, 044 пұт мақта, 38 мың шаршы метр киіз, 3 млн пұт мақта майы, 229 мың пұт сабын, 300 мың пұт ет, 473,928 пұт балық, 70 мың жылқы, 12797 түйе күштеп алынып, майдан аймақтарына жіберілді. Қазақ шаруаларын кәсіпорындарға, кулак шаруашылықтарына жалдап жұмыс істету күшейді. Дүниежүзілік империалистік соғыс елде өнеркәсіптің қирауына, ауыл шаруашылығының тоқырауына (дағдарысына), халық арасындағы аштыққа алып келді. Жергілікті жерлерде шенеуніктер мен әкімшіліктердің зорлап алымсалық жинауы өсті, халықтар арасындағы ұлттық бөлунішілік күшейді. Қазақ даласында жалпы ұлттық дағдарыспісіп жетілді. Соғыс ауртпалығы Қазақстанда жұмысшылар мен шаруалар қозғалысының өуіне түрткі болды. 1915 жылы маусым айында Екібастұз, Байқоңыр көмір кендерінде, Спасск мыс кен руднитінде, Орынбор –Ташкент темір жолында жұмысшылардың қозғалысы бой көтерді. Соғысқа қарсы, қымбатшылыққа және етек алып келе жатқан аштыққа қарсы қалалар мен деревняларда қала кедейлері мен майданға кеткен солдаттардың әйелдері ереуілге шықты. 1916 жылы қаңтар айында мұндай тоқулар Верный, Семей қалаларында болды. Орынбор облысы Ақ Бұлақ поселкесінің, Жетісу облысы Лепсі уезінің бірқатар селоларының кедейлері мен майданға кеткен әскерлердің әйелдері жергілікті саудагерлер мен көпестердің дүкендерін талқандады. Сөйтіп, қоғамдағы қанаушы таптар арасындағы қарама–қарсылық, бір–біріне қарсы шығу жалпы бұқаралық сипат алды. ## Кәсіпорын иелерінің, жергілікті буржуазия мен феодалдардың зорлық – зомбылығы 1916 жылы 25 мусымда патша өкіметінің «Бұратана халықты мемлекеттік қорғаныс жұмыстарына пайдалану тәртібі туралы ереже» қабылдауына байланысты тіпті күшейе түсті. Жұмыстан немесе әкімшілік ережелері мен талаптарын орындаудан бас тартқан жұмысшыларды түрмеге отырғызуға, немесе үш ай мерзімге тұтқынға алуға, болмаса айып ретінде ақша өндіріп алуға кесетін болды. Азық – түлік екі – үш есе қымбаттауы да халықтың наразлығына өршіте түсті. Қазақ жастарын майданға тыл жұмысына алу жөніндегі патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығы халықтың шыдамын тауысып, олардың отарлау езгісі мен орта ғасырлық қанауға қарсы көтерліуіне себеп болды. Жарлық бойынша Түркістан мен Дала өлкесінен майданға окоп қазуға 400 мың, соның ішінде Қазақстанның далалық облыстарынан – 100 мыңнан астам, Жетісудан 87 мың адам жіберу көзделді. Қазақтардың тууы туралы куәлігінің жоғын пайдаланып болыстық басқармалар мен ауыл старшындары жастарының асқандығына қарамастан кедей жігіттері майданға жұмысқа алынатын «қара тізімге қосты», ал феодалдар балаларының жасын өз бетінше үлкейтіп, немесе кішірейтіп көрсетіп, әскерге жібермеудің амалын жасап бақты. Мәселен, 60 жастағы кедей шалдары 30 жаста болып, 25 – 30 жастағы бай балаларды 50 жастағы болып болып жазылды. Майдан жұмысына қазақ жастарын алу туралы жарлық қазақ халқының зор наразлығына тудырды. Елде болыстық басқармаларды талқандау, ауыл старшындарын, қатігез байларды өлтіру, ірі феодалдардың иеліктеріне шабуыл жасау, жер сату жөніндегі құжаттарды, алым–салық қағаздарын т.б. жойып жіберу секілді ашу–ыза әрекеттері кең орын алды. Сойыл, кетпен, шалғы, мылтық, қылышпен қаруланған ел адамдары байлардың ауылдарын өртеп, малдарын әкетеуі жиілей түсті. Қазақстандағы бұл қозғалыс көпшілік аудандарында ұлт–азаттық сипатта болып, патша өкіметіне, отаршылдыққа, империалстік соғысқа және жергілікті жерлерде патша өкіметінің сүйеніш болып отырған феодал – байларға қарсы бағытталды. Бұл қозғалыста еңбекші халықтың өкілдері басқарды. Торғай даласында қазақ жастарын Әліби Жангелдин мен Амангелді Иманов, Орал облысы мен Бөкей ордасында Сейітқали Мендешев, Әбдірахман Әйтиев, Маңғыстауда – Жалау Мыңбаев, Ақтөбе даласында - Әділбек Майкөтев, Жетісуда – Тоқаш Бокин, Бекболат Әшекеев, ұзақ Саурықов, Тұрар Рысқұлов т.б. басқарды. Бұл арада тағы бір мәселенің бетін ашып кету қажет. Ол – 1916 жылы қазақ интелегенциясының көсемдері, яғни ұлт–азаттық қозғалысты бастаушылар, халық көтерілісіне қалай қарады? Олар патшаға қарсы қарулы көтерілісті жақтаған жоқ. Өйткені құр қол халық патшаның талай жыл үйретілген, мұздай қаруланған әскеріне көрсете алмай, тағыда қырғыеға ұшырайтынын сезді. Бірақ оларға тасқыны тау суындай дүркіреген стихияны – халық көтерілісін тоқтату мүнкін болмады. «Қазақ» газетінің ашық көтерілу қауіпті, одан да мобилизацияны кешеуілдетуді ұсынайық, жеңілдіктер сұрайық, ол екі ортада патша да бір жайлы болар деген сияқты шақырулары халықтың құлағына кіре қоймады. Бір сөзбен айтқанда, стихиялық халық көтерілісінен ұлт-азаттық қозғалыстың көсемдері бөлініп қалды. Өмір олардың болжамы дұрыс екендігін дәлелдеді. Қазақ халқы тағы бір қырғынды басынан өткізді, ал 1917 жыл 27 ақпанда бас–аяғы бірнеше айдан кейін патша да тағынан құлады. Осындай жағдайды ескермей кейінгі зерттеушілер тарапынан болашақ « Алаш » партиямының өкілдері 1916 жылы патшаны жақтады, тіпті көтерілісті басып, жанышты деген ұшқары жалған сөздер айтылды. Алашордалық көтеріліс кезіндегі тактикасын түсінбеді. Ал көтеріліс басылып, қазақ жігіттері майдандарға окоп қазуға жіберіле бастаған кезде, оларға бас – көз болып, кейін аман–есен оларды ауылға жеткізу қажет болған жағдайда Әлихан Бөкейхановтың өзі бастаған қазақ зиялылары (оқытушылар, заңгер т.б. ) серіктерімен бірге майданға (реквизициаланғандармен) атанды. Бұны нағыз патриотизм деп түсіну керек. Өйтпегенде сауатсыз, орыс тілін түсінбейтін көптеген қазақ жігітерінің елге оралуыекі талай еді. 1916 жылғы шілде, тамыз айларында көтеріліс бүкіл қазақ даласын қамтыды. Оны басу үшін патша өкіметі жазалаушы отрядтар жіберді. Оның құрамында жақсы қаруланған әскер бөлімдері, казак – орыс шоғырлары кірді. Көтерілісті басу үшін патша үкіметі өзінің ескі «бөліп ал да билей бер»деген тактикасында кеңінен қолданады. 1916 жылғы 23 тамызда Түркістан генерал–губернаторы Куропаткиннің жарлығымен майдан жұмыстарына шақырылуларудан қанаушы таптардың бірқатар өкілдері босатылды. Олар: Басқару органдарының (облыстық, ауылдық) қызметкерлері, жергілікті (бұратана) халықтың төменгі полицияда істеп жүргендері, имамдар, молдалар, медреседе істейтіндер, мекемелерде қаражат мәселесімен айналасатын бухгалтерлер мен есепшілер, мемлекеттік мекемелелерде қызмет істеп жүрген бұратана әкімшілігінің бұратана халықтың өкілдері, дворян және құрметті азаматтар әулетінен шыққан бұратана халықтық қозғалыстан бұратана әкімшілігінің, байлар мен мұсылман діні өкілдерінің аздаған тобын бөліп алуға мүнкіндік берді. ## Көтерілістің Жетісудағы орталығы 1916 жылғы ұлт–азаттық көтерілістің аса ірі орталығы Жетісу болды. Жағдайдың шиеленісуіне байланысты 1916 жылғы 20 шілдеде генерал Куропаткин Түркістан өлкесінің генерал–губернаторы болып тағайындалды. Ол кезде орасан зор аймақты түгелдей халық революциясының от–жалыны шарпыған еді. Мәселен, шілденнің 12–сінде Верный уезі Қорам болысының 68 жігіті А. Абдурасуловты, ал шілденің 16–сында көтерілісшілер Құрам болысының болысын өлтірді. Тамыздың 3 – інде Асы өзенінің аңғарында көтерілісшілердің 2 мың адамнан тұратын отряды уезд бастығының көмекшісі Хлыновскийдың отрядына шабуыл жасады . Тамыздың 6 – сында самсы аңғарында Ботбай, Шығыс және Батыс Қастек, Тайторов, Ырғайты болыстарының 5 мың адамдық көтерілісші жігіттері жазалау торядын қоршап алды. Сол күні Самсы станасасы көтерісшілердің қолында болды,тамыздың 8 – нде Ақсу жайлауында қазақ – қырғыз сьезі өтті. Олар Қордай көтерілісшілерін қолдауға, нарындықтарға ұран тастауға, қазақ көтерілісшілері көмекке өздерінің қарулы жігіттерінің жартысын жіберуге шешім қабылдады. Қазақ және қырғыз еңбекшілері қимылдары патша әкімшілігін мазасыздандырмай қоймайды. Генерал Куропаткин «Қандай амалды болса да қолданудан тайынбай, көтерілісшілерді бағындыруға», «Лаң салушыларға қарсы күресу үшін байырғы халықтың рулық немесе тайпалық араздығын» пайдалануға бұйрық берді. Өз кезеңінде Жетісу болысының генерал – губернаторы М.А. Фольбаум жергілікті казактардан жазалау отрядтарын ұйымдасытру үшін казак станциаларына асығыс түрде винтовкалар мен патрондар жіберді. Мұнымен шектелмей, генерал Куропаткинің тамыздың 12 – сіндегі нұсқауы бойынша қоныстанушылар ауылдарындағы орыс кулактары қаруландырылды. Жазалау отрядтарының жанынан, облыстың уездік қалаларында әскери дала соттары құрылды. Азғана уақыт ішінде көтеріліс Шу өзені мен Ыстықкөлге жаспарлас жатқан бүкіл аумақты қамтыды. Көтерілісшілер Қастек тауы өңіріне, Үлкен және кіші Кебен, Асы, Шілік, Сусамыр өзендерінің аңғарына, Талас өзенінің жоғарғы ағысына топталды. Олар телеграф желілерін қиратып, почта стансаларына, болыс ауылдарына шабуыл жасады. ## Сыртқы сілтемелер * Алашорда әскерінің ұраны: «Жасасын, Отанның адал ұлдары!» * Қазақ жерін отарлау қалай жүргізілді? Бекен Қайратұлы.(қолжетпейтін сілтеме) * Ашаршылықтың ащы шындығы * Ашаршылықтың ащы шындығы 2 * Ашаршылықтың ащы шындығы - 3 ## Дереккөздер
Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов (22 наурыз 1902 жыл — 31 желтоқсан 1985 жыл) — қазақтың халық жазушысы, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері. Қазақ КСР ҒА академигі (1958), Социалистік Еңбек Ері (1974), Қазақстан халық жазушысы. Қазақстан жазушылары Одағының төрағасы (1961), КСРО Жазушылар Одағының хатшысы, КСРО Жоғары Кеңесінің 5-шақырылымының және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі депутаты. ## Өмірбаяны Ғабит Мүсірепов бүгінгі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаңажол ауылында дүниеге келген. Орта жүздің керей тайпасының Сибан руынан шыққан. Алғашқыда ауыл молдасынан арабша хат танып, жастайынан әуелі екі жылдық ауылдық орыс мектебін, кейін төрт жылдық жоғары басқыш орыс мектебін бітіреді. Орыс мектебінде жүргенде орыстың атақты ақын жазушыларының шығармаларын оқып білуі, ауыл мектебінде өзін оқытқан әдебиетші мұғалім Бекет Өтетілеуовтың әсер-ықпалы болашақ жазушының әдебиетке ерекше ықылас аударуына септігін тигізеді. Орынбордағы рабфакта оқып жүргенде ол әдеби білімін, эстетикалық сезімін одан сайын жетілдіре түседі. Осында өткізген 1923 – 1926 жылдары Орынбордағы жұмысшы факультетінде Сәбит Мұқановпен бірге оқыды және Сәкен Сейфуллинмен танысты. 1927 жылы Омбы ауылшаруашылығы интернатын бітірді; 1927 – 1928 жылы Бурабай орман шарушылық техникумында оқытушы қызметінде; 1928 – 1932 жылдары Қазақ мемлекеттік баспасының бас редакторы қызметінде; 1933 жылы - Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариаты өнер секторының меңгерушісі қызметінде; 1934 жылдан “Қазақ әдебиеті” және “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) (1935) газеттерінде бас редактор қызметінде; 1936 жылы - Қазақ Өлкелік комитетінде баспасөз бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметінде; 1937 жылдан Қазақстан Компартиясы саяси-ағарту бөлімінің меңгерушісі қызметінде; 1938 –1955 жылдары бірыңғай шығармашылық жұмыстармен айналысқан; 1956 – 1957 жылы “Ара – Шмель” журналының бас редакторы; 1956 – 1961 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 1-хатшысы; 1958 жылдан КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы әдебиет, өнер және архитектура салалары бойынша Лениндік және Мемлекеттік сыйлық жөніндегі комитеттің мүшесі; 1964 – 1966 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 1-хатшысы болып; 1959–1985 жылдары КСРО Жазушылар одағы басқармасының хатшысы қызметтерін атқарған. ## Шығармашылығы Алғаш 1925 жылы «Едіге» әңгімесі «Еңбекші қазақ» газетінде жарияланды. Мүсіреповтің тұңғыш повестерінің қатарына 1928 жылы Қызылорда қаласында жарық көрген “Тулаған толқында” мен “Американ бидайығы” атты шығармалары жатады. Жас жазушының болашағынан үміт күттірген бұл туындылар азаматтық тақырыпты толғайды. “Тулаған толқында” повесі сюжеттік құрылысының босаңдығына қарамастан, жас қаламгердің пейзаждық, юморлық, диалог жасағыштық шеберліктерін байқатып, суреткерлік қырын танытқан шығармасы болды. М. әңгіме жанрының өркендеуіне үлкен үлес қосты. Алғашқы шығармаларынан-ақ жазушылық шеберлігімен танылды. “Қос шалқар” (1928), “Көк үйдегі көршілер” (1929), “Өмір ертегісі” (1930), “Алғашқы адымдар” (1932), “Шұғыла” (1934), “Үздіксіз өсу” (1934), “Жайлау жолында” (1936), “Тұтқын қыз” (1938), “Жеңілген Есрафил” (1939), тағы басқа әңгіме, повестерінде еңбек адамдарының қиындыққа толы қажырлы өмірі мен азамат соғысы, ұжымдастыру кезіндегі дүрбелең оқиғалар легі суреттеледі. Мүсірепов әр кезеңде жазылған ана тақырыбындағы туындыларында қазақ әйелінің жиынтық бейнесін жасады. Көптеген әңгіме, новеллаларында Әйел — Ананың бейнесін асқақтатып, әлем әдебиетіндегі Әйел — Ана тұлғаларының галереясын байыта түсті. Ол “Ананың анасы” (1933), “Өлімді жеңген ана” (1933), “Ашынған ана”, “Ананың арашасы” (1934), “Ер ана” (1942), “Ақлима” (1944), “Әмина”, “Ана жыры”, “Ана” шығармалары арқылы сөз өнеріне жаңа көркемдік өрнек әкелді. Ана жайында жазылған алғашқы әңгімелері М.Горький сарынында алынғанымен, ана бейнесі қазақы қасиеттерімен көркем өрнектелген. Мүсірепов қаламынан туған Қапия, Ақлима секілді ана образдары арқылы қазақ өмірінің шынайы көріністері сипатталады. Мүсіреповтің алғашқы романы — “Қазақ солдаты”. 1945 жылы “Қазақ батыры” деген атпен жарық көрген повесін жазушы өңдеп, толықтырып, 1950 жылы қайта жариялады. Бұл шығарма бүкіл қазақ әдебиетінің проза саласында II дүниежүзілік соғыс тақырыбына арналған тұңғыш туынды және қазақ әдебиетіндегі соғыс тақырыбында жазылған таңдаулы шығармалардың санатынан лайықты орнын алған аса елеулі еңбек болды. Романның басты кейіпкері — Қайрош Сарталиевтің прототипі Қайырғали Смағұлов 1941—45 жылдардағы соғысқа бастан-аяқ қатысып, Кеңес Одағының батыры атағына ие болған адам. Соғыс кезіндегі халықтың басқыншыларға қарсы патриоттық сезімі мен күресін шынайы бейнелеген романда жазушы өзіндік шығармашылық өрнекпен отты жылдардың көркем шежіресін жасады. Нақтылы кейіпкерлердің жинақталған бейнесі арқылы бүкіл халықтың, елдің ерлік бітімін көрсетті. “Оянған өлке” (1953) тарихи романында қазақ халқының 19 ғасырдағы өмірі үлкен суреткерлікпен өрнектелген, қазақ жеріне өндіріс орындарының орнай бастауы шынайы сипатталған. Шығармада жазушы ескілікті әдет-ғұрыптарды сынап, кейбір кертартпа дәстүрлердің қазақ даласында азая бастағандығын көрсетті. Қазақ топырағындағы Қарағанды шахтасы мен Ақбұйрат мыс қорыту зауытының құрылуы мен жаңа өмірге ұмтылған адамдар тағдыры, характер шиеленістері, түрлі қақтығыстар – барлығы романда көрініс тапты. Үш томға лайықталған еңбектің алғашқы кітабы Жұман мен Игілік секілді қазақ байларының, орыс байлары мен жұмысшы тобының тартысты қатынастарын жан-жақты көрсету арқылы қазақ даласының бүкіл бір дәуірін суреттейді. Көркем филос. толғауы басым роман қазақ прозасының шоқтығы биік туындысы ретінде танылды. “Оянған өлкенің” заңды жалғасы болып табылатын “Жат қолында” (1984) романы 30 жылдан соң жарық көрді. Бұл кітапты өз алдына дербес шығарма деуге де болады. Өйткені романда суреттелген өмір кезеңі де жаңа, кейіпкерлері де соны. Роман өндіріс ошақтарын ағылшындар мен француздардың билеп-төстеуі мен сол тұстағы (19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басы) халық тұрмысын тарихи тұрғыдан терең бейнелеуімен, Орталық Қазақстан өңіріндегі әлеум. өмірдің шындығын кең ауқымда байыпты түрде суреттеуімен құнды. Жазушы бейнелеп отырған дүбірлі оқиғаларға толы тарихи мезгіл сол тұста өмір сүрген жекелеген адамдардың сомдалған тұлғалары, сан алуан әрекеттері, тағдырлары арқылы оқырманның көңіл айнасынан өтіп, көз алдына елестеп отырады. Көлемді романдармен қатар Мүсірепов прозада шағын жанрды да дамыта түсті. “Автобиографиялық әңгіме” (1956), “Этнографиялық әңгіме” (1956), “Сөз жоқ, соның іздері” (1962), “Өмір жорығы” (1963), “Айгүл қойшының бір күні” (1964), “Айжан қойшының түндері”, “Бірінші фонтан”, “Қыран жыры” (1967), “Жапон балладасы” (1967), тағы басқа шығармаларында сан түрлі мәселелерді көтеріп, әрқилы образдарды жасады. “Арқаның, Көздің, Тастың әңгімелері” арқылы, ондағы көркем бейнелер негізінде адамзатқа шексіз қайғы-қасірет әкелуші адамдарды әшкереледі. Оның “Кездеспей кеткен бір бейне” повесі (1966, ҚР Мемл. сыйл., 1970) — классикалық шығарма. Повесть Мүсіреповтің шынайы сөз зергері ретіндегі қаламгерлік қарымын, талант қуатын танытты. Қара сөзбен жазылған поэма іспетті бұл шығармада азаматтық ерлік пен ақындық асыл өнер, адамгершілік биіктік пен махаббат терең лиризммен әсем өрнектелген. Адам бейнесін, мінез-құлқын, іс-әрекетін әдемі штрих-детальдармен беруде жазушы ірі көркемдік табысқа жеткен. Бас кейіпкер Еркебұланның жігерлі тұлғасы, оның рухани әлемінің алуан сырлары көркемдік бояумен әсем өрнектелген. Оның прототипі ретінде ақын Сәкен Сейфуллин алынған. Терең лиризммен, сан түрлі сезім толқындарымен тебірене жырланған Еркебұлан бейнесі қазақ әдебиетіндегі ұнамды образдар қатарын байытып, сөз өнерінде үлкен жетістік саналды. Қаламгердің көп ізденіс, үлкен дайындықпен келген образы — Ұлпан бейнесі (“Ұлпан” романы, 1974), ол — қазақ әдебиетіндегі қайталанбас, оқшау тұрған әдеби образ. Өзінің бар ерекшелігімен, көркемдік бітімімен, эстетикалық әсер-күшінің молдығымен көрінетін Ұлпан бейнесін жасауға жазушы өмір бойы іштей дайындалып, көп ізденіп, толғанғаны байқалады. Ол күнделігінде: “Менің ойымда Ұлпан 40 жыл бірге жасасып жүрді. Мен ол бейнені әр қырынан көрсетуге тырыстым – ойы, сезімі, сырт суреті, жас кезі, есейген кезі, мінезі, мейірімі, тағысын тағы.” деп жазды. Шығармадағы Ұлпан мен Есеней ойдан шығарылған образдар емес, тарихта болған адамдар. Сонымен қатар туынды арқауына алынған 19 ғасырдың 2-жартысындағы қазақ халқының әлеуметтік-тарихи өмірі тарихи жан-жақты зерделеніп, іріктелген оқиға, мәліметтер. Мүсіреповтің драматургия саласына сіңірген еңбегі де орасан зор. Оның “Қыз Жібек” (1934), “Қозы Көрпеш — Баян Сұлу” (1939), “Ақан Сері — Ақтоқты” (1941) пьесалары лиро-эпостық жырлар негізінде туындаған. Фольклорлық шығармалардың идеялық, тақырыптық желісін сақтай отырып, ол тың өрнекті дүниелер жасады. Жазушы пьесалары қазақ театры репертуарынан тұрақты орын алды. “Қозы Көрпеш — Баян сұлу” ұйғыр, корей театрларының сахналарында, Украинадағы Винницкий театрында және Мәскеу қаласындағы театрларда, Франциядағы Нанси қаласы театрында (1984) қойылды. Бұл спектакль Париж қаласында өткен театр фестивалінде 1-орын алды (1981). Мүсірепов сондай-ақ “Қыз Жібек”, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” сияқты опера либреттоларының да авторы. Ол тарихи тұлғалар өмірінен “Амангелді” (1939), “Ақан сері – Ақтоқты” (1942), “Болашаққа аманат”, “Қыпшақ қызы Аппақ”, “Қайран Майра” атты драмалық шығармалар жазды. Мүсірепов драматургиясы шиеленіскен әлеуметтік тартысқа құрылған, қимыл-әрекеттері ширақ, диалогтары дәлме-дәл, монологтары ақындық пафоспен рухтанған серпінді, тілі құнарлы да бейнелі: осы қасиеттер кейіпкерлер характерлерін терең ашуда қолайлы қызмет атқарған. Сценарийін Б.Майлин, В.Ивановпен бірігіп жазған “Амангелді” фильмі (1938) қазақ кино өнерінің алғашқы баспалдағы саналса, “Махаббат туралы дастан”, “Қыз Жібек” (1970) фильмдері қазақ кино өнерінің алтын қорынан орын алған туындылар.Мүсірепов – қазақ әдебиетінде очерк, публицистика жанрларын дамытуға да үлкен үлес қосты. Оның “Уақыт іздері” (1977) атты еңбегі идеялық соңдылығымен ерекшеленді. Жазушы очерктерінің басым көпшілігі мазмұн тереңдігімен, шынайы көркемдігімен өзі өмір сүрген заманның талабына толық үндес келіп отырды. Мүсірепов 1970 жылдан күнделік жазуды әдетке айналдырған. Оның архивінде (мұражайындағы) жазушының 300-ден астам қойын кітапшалары сақталған. 1997 ж. Мүсіреповтің “Күнделік” атты кітабы жарық көрді (құрастырған Ә.Нарымбетов). Жазушы қазақ әдебиеттану ғылымы мен сынының дамуына зор үлес қосты. Оның әдебиет мәселелері жайында жазған еңбектері 20 ғасырдың 20-жылдарынан бастап өмірінің соңғы кезеңіне дейін мерзімді баспасөз бетінде қазақ, орыс тілдерінде үздіксіз жарияланып тұрды. Әдеби-сын мақалалары “Суреткер парызы” (1970), “Заман және әдебиет” (1982), “Дәуір дидары” (1986), “Әдебиет – кәсіп емес, өнер” (1987) атты кітаптарында жинақталып, жарық көрді. Мұнда ол әдебиет пен өнердің 20 ғасырдағы даму кезеңіне, сондай-ақ олардың жекелеген елеулі құбылыстарына биік позиция тұрғысынан қарап, ғылыми топшылаулар жасады. Әдебиет тарихына талдау жасап, сөз өнерінің әрбір табысын халықтың рухани қазынасына қосылған құнды дүние ретінде бағалады. Жоғары көркемдік идея мен шығармашылық шеберлікті әдебиет пен өнердің әрбір туындысын талдау үстінде берік, айнымас өлшем ретінде ұстанып, әдеби шығарманың халықтық асыл мұра болып қалуы үшін белсенді түрде үздіксіз күресті. Көркем аудармада О. Генри, С.Тагарао, М.Горький, М.Шолохов, В.Василевская, И.Эренбург, У.Шекспир, А.Островский, Ж.Мольер, Я.Галан, К.Симонов, А.Леонов, А.Сафронов, А.Штейн, тағы басқа қаламгерлер пьесаларын қазақ тіліне аударды. Мүсірепов белгілі ғалым Г.Ломидзе атап көрсеткендей: “Ол керемет дәлдікпен әрі үйлесімділікпен жұмыс істейтін өте нәзік, өрнекті шебер. Мүсірепов қаламынан жанды бейне, тірі пішін сомдалып, ол суреттеген адам мінез-құлқы мен құбылыстарға кең тыныс, ауқымдылық тән” суреткер болды. ## Қоғам және мемлекет қайраткері Мүсірепов – көрнекті қоғам, мемлекет қайраткері. 1932 жылдың 4 шілдесінде ол республикаға танымал адамдармен бірлесе отырып, халықтың басына төнген аштық нәубеті жайында БКП(б) қазақ өлкелік комитетіне “Бесеудің хатын” жолдады. Хаттың мазмұны мен көтерген келелі мәселесі Мүсіреповтің қай кезеңде де болмасын халқының қамы үшін күресіп, қоғам алдындағы парызын адал орындаған азамат болғандығын айғақтай түседі. 1990 жылы Мүсірепов атындағы республикалық балалар мен жасөспірімдер театрында “Бесеудің хаты” спектаклін қойды, пьеса авторы – Ш.Мұртаза, қоюшы-режисер Р. Сейтметов). Мүсіреповтің қоғам қайраткері ретіндегі, қарапайым адам қатарындағы адамгершілік ұстанымдарын айғақтайтын іс-қимылдары жетерлік. Соның бірі 1937 жылы Қазақстан Жазушылар одағындағы жиналыста тағдыры талқыға түсіп, ұсталып бара жатқан Б.Майлинге араша түсіп, “Бейімбет жау болса, мен де жаумын” деген сөзі бүгінгі күні аңызға айналған. Осының салдарынан ол 1938 жылы партия қатарынан шығарылды. Ол сондай-ақ Азия және Африка елдері жазушыларының Ташкент, Бейрут, Дели, Алматы конференцияларының белсенді ұйымдастырушыларының бірі болды. Жазушы бейбітшілік күрескері ретінде Алматы мен Мәскеуде ғана емес, Париж, Рим, Джакарта, Токио, Каир, тағы басқа қалаларда өткен халықаралық конференцияларда сөз сөйлеп, күрделі мәселелерді көтерді. Ол 5-сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің, бірнеше мәрте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған. Бесінші сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің және 6, 7, 8, 9, 10, 11-сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.1974 – 75 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы қызметін атқарды. ## Сценарийлері * 1938 - Амангелді * 1942 - №12 әскери киножинақ * 1950 - Советтік Қазақстан * 1954 - Қозы Көрпеш - Баян Сұлу * 1969-1970 - Қыз Жібек * 1972 - Арман асуы * 1977 - Кездеспей кеткен бір бейне ## Марапаттары * "Кездеспей кеткен бір бейне" кітабы үшін 1968 ж. Абай атындағы республикалық сыйлық алды. * Қазақстан Академиясының Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығын (1977) алды. * 3 мәрте Ленин (1962, 1972, 1974), * 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту (1957), * “Халықтар достығы” (1982) ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған. * Мүсірепов есімі Солтүстік Қазақстан облысындағы бір ауданға, Алматыдағы бір бульварға, Нұр-Сұлтандағы көшелердің біріне берілді. * Қазақ мемлекеттік Балалар мен жасөспірімдер театрына есімі берілген, сондай-ақ театр алдына ескерткіш-мүсіні қойылған (2002). * 2002 жылы 100-жылдығы ЮНЕСКО деңгейінде тойланды. * 100-жылдығына орай пошта маркасы мен естелік тиыны шықты. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Автобиографиялық әңгіме * Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов Мұрағатталған 23 шілденің 2020 жылы.
Серпер — Құрманғазы Сағырбайұлының күйі. Серпер - қаншама иілтсе де, қаншама еңсесін басса да сынбайтын, мойымайтын, қайта серпіп, бұрынғы қалпына келе беретін, болаттай берік, халықтың қайыспас ерекше ерлігіне арналған шығарма. ## Сыртқы сілтемелер Қали Жантілеуовтың орындауында ("Асыл мұра" жобасынан) - Серпер(қолжетпейтін сілтеме) (MP3 форматында)
Сәбит Мұқанұлы Мұқанов (1901 жылы 13 сәуірде туған, Ақмола губерниясы, Қызылжар уезі - 1973 жылы 18 сәуірде қайтыс болған, Алматы) — қазақтың әйгілі жазушысы, ақыны, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі (1954), 1936-1937 және 1943-1952 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы. ## Өмірі мен шығармашылығы Сәбит Мұқанов қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар (бұрынғы Ақмола губерниясы, Қызылжар уезі, Таузар болысына қарасты екінші ауыл) деген жерде кедей отбасында 13 сәуір (26 сәуір) 1900 жылы туған. Сәбит жеті жасқа келгенде әкесі – Мұқан, сегізге толғанда шешесі өледі де, Мұстафа деген ағасының қолында қалады. Жетімдіктің ауыр қасіретін тартқан Сәбит он жасынан бастап өз бетінше еңбек етеді. Керей тайпасының сибан шимойын руынан шыққан. Жоқшылық зардабынан Сәбит әркімнің есігінде жүріп, отыншы, сушы, қойшы, жылқышы болып күн кешіреді. Тапқаны тамағына жетпей, мұқтаждық қолын байлаған ол – жасында оқи алмайды. Бірақ, оқысам, білсем деген арманы ойынан бір кеткен емес. Өз бетінше ұмтылып, ауыл молдаларынан хат таниды, 15 жасында қисса, дастандар оқи алатын халге жетеді. Татар молдаларынан сабақ ала жүріп, «Шәкір – Шәкірат», «Зылиха – Жүсіп», «Зарқұм», «Сал-Сал», «Зейне – Зайнап», «Ләйлі – Мәжнүн», «Сейфул – Мәлік», «Бадүғұл – Жамал», «Алпамыс», «Ер Тарғын» жырларын, Ғабдолла Тоқаевтің шығармаларын тауып алып оқиды. Бұл дастандардың көпшілігін Сәбит ауыл ішінде көбінесе жатқа айтып жүреді. Өлең шығаруға талаптанады, ел аузына ілігеді, ауыл ішінде өлеңші бала атанады. Абай Құнанбаевтың 1909 жылы басылған өлеңдері жинағымен танысқан ол Абайдай ақын болуды аңсайды. Абай поэзиясы Сәбиттің ақындық талантына зор қозғау салады. Жасынан ел аузындағы жыр-толғауларды, қисса-дастандарды жаттап, мақамдап айтып үйренген. Қазан социалистік төңкерісінің жеңісі арқасында Сәбит Мұқанов та жалшылық қамытын біржола үзіп, аңсаған арманына жетті, жаңа өмір үшін күресушілердің алдыңғы қатарына саяси-әлеуметтік, қоғамдық істерге белсене қатынасты. Ол 1918 жылдың күзінде Омбы қаласындағы мұғалімдер курсына түсіп, онда бір жыл оқиды. Осы жылдары «Көңілім» (1917), «Зарығу» (1918), «Жоқшылыққа» (1918) өлеңдерін жазды. Білім ала жүріп, М.Жұмабаевқа хатшылық етті‚ оның педагогика тарихы курсынан оқыған лекцияларын қағазға түсірді. Өзі де алғашқы өлеңдерін Мағжанға оқып беріп‚ ақындық өнерін шыңдады. Сәбит курсты бітіргеннен кейін ауылда мұғалім болады, жергілікті «Совдеп» жұмысына белсене араласады. Совет үкіметіне жан таласа қарсы тұрған бай-кулактардың бандиттік топтарын талқандауға төтенше құрылған әскери бөлім қатарына кіреді. Көкшетау ревкомының төрағасы болып қызмет атқарады. 1920 жылы жаз айында Жұмабаевтың жетекшілігімен оқытушылар курсы қайта ашылып, күзге дейін сонда оқуын жалғастырды. 1920 жылы Бүкілодақтық Коммунист (большевиктер) партиясына мүшелікке өтіп, 1921-1922 жылдары Петропавл қалалық партия комитетінде істейді. Осы тұста Сәбит Мұқановтың өлең, мақалалары «Еңбекші қазақ», «Жас қайрат», «Лениншіл жас» газеттері мен «Қызыл Қазақстан», «Әйел теңдігі» журналдарында жиі басылды. 1922-1924 жылдары Оренбургтегі рабфакта оқып, орыс әдебиеті классиктерінің шығармаларымен де танысады. Партия орындарында қызмет атқара жүріп ол көп мәселелердің сырын ұғынады. Қазақ совет әдебиетінің өсуіне бөгет жасау ниетімен жаңашыл жас жазушыларды қақпайлап, тізгіндеп ұстамақ болған ұлтшыл-алашордашылардың зиянды әрекеттерін Сәбит дер кезінде байқап, Сәкен Сейфуллин бастаған советтік жас ақын-жазушылармен бірге тап жауларына қарсы күрес ашады. 1921 жылы коммунистік төтенше әскери бөлімнің жауынгері болды. 1921–22 жылдары әртүрлі қызметтер атқарады‚ ел арасында астық жинау жұмысын жүргізді‚ Ақмола губерниясы ГПУ-дің Көкшетау болысындағы оперативтік уәкілі және РК(б)П Ақмола губернаторлық комитетінің нұсқаушысы болып қызмет атқарды. С.Мұқанов жиырмасыншы жылдары бірнеше ұсақ өлеңдермен бірге, «Жетім қыз күйі», «Тұлпар жорығы», «Балбөпе», «Батырақ», «Октябрьдің өткелдері», «Қанды көл», «Құланның құны» дейтін поэмалары мен «Сұлушаш» романын жазды.1922 жылы Орынбордағы рабфакқа (жұмысшылар факультетіне) түсіп, оны 1926 жылы бітіреді. Баспасөз орындарында қызмет атқарды: Республикалық «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің бөлімін басқарды, Қазақстан Мемлекеттік баспасының бас редакторы (1926-28) болды, осы кезде ұлтшылдарды әйгілеуге арналған айтысқа қатынасады. 1928 жылы Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) университетінің филология факультетіне оқуға түсіп‚ аз уақыттан соң отбасы жағдайына байланысты Петропавл қаласына келіп‚ «Кеңес ауылы» газетінің редакторы және жазушылар бөлімінің жетекшісі болды. 1930 жылы жергілікті ақын-жазушылар шығармалары негізінде «Жарыс» атты альманах шығарып‚ Қазақстанның әр жеріндегі шығармашылық ұйымдарға үлгі көрсетті. 1932 жылы Мәскеудегі Қызыл профессорлар институтының әдебиет бөліміне түсіп, оны 1935 жылы бітіреді. 1935 жылы республикалық «Кеңес ауылы», «Қазақ әдебиеті» газеттерінің редакторы қызметін атқарды. Қазақстан Жазушылар одағын (1936–37, 1943–51) басқарды‚ ҚазПИ-де (1937-41, қазіргі ҚазҰПУ) профессор болып, қазақ әдебиетінен дәріс береді. Сәбит әр алуан қызметтер арқауымен қатар түрлі жанрда жаңа шығармаларын жариялады. Поэзияда: «Колхозды ауыл осындай», «Майға сәлем», «Сөз-советтік армия»; драматургияда: «Күрес күндерінде» (1938), «Алтын астық» (1939); прозада: «Жұмбақ жалау» (1938), «Менің мектептерім» (1940), «Балуан Шолақ» (1941) сықылды шығармалар осы жылдардың жемісі. Екінші Дүниежүзәлік соғысы күндерінде ақын азаматтық, саяси лириканы өткірлей түсті. 1943 – 1951 жылдары Сабит Мұқанов Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы болып істеді. Бұл тұста да ол жас ақын-жазушыларды баулып, үнемі көмек көрсетіп отырумен қатар, өз творчествосын да байытып, «Сырдария», «Тыңда туған байлық», «Мөлдір махаббат», «Есею жылдары» атты романдары мен «Саяхаттар» (1945), «Туған жердің тыңында» (1955), «Адам Атаның шоқысында», «Алыптың адамдары» тәрізді очерктерін жазды. 1950 жылы Сәбит Мұқановтың шығармашылық қызметінің 30 жылдығы, жасының 50-ге толуына арналған мерейтойына республика жұртшылығы салтанатпен өткізді. Қазақ совет әдебиетінің туып, қалыптасу процесінде үздіксіз сіңіріп келген еңбектері үшін Сәбит Мұқанов екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталды. 1960 жылы жазушының 60 жасқа толуына байланысты оның совет әдебиетіне қосқан зор үлесін атап, КСРО Жоғарғы Кеңесі Сәбит Мұқановты Ленин орденімен наградтады. ## Шығармаларынан ### «Менің мектептерім» Сәбит Мұқанов өз өмір өткелдерін әңгімелей отырып, сол кездегі халық басында болған ауыртпалықтарды сөз етті. Қазақ ауылының революцияға дейінгі тұрмысын суреттеуде жазушы балалық шағын бір шолып өтеді де, Мұқан мен Тұрағұлдың, Мұстафа мен Нұртазаның араларындағы қайшылықтардың бетін ашады. «Менің мектептерім» мен «Өмір мектебі» мемуалдық шығарма болғандықтан, басынан аяғына дейін сюжеттік желі үзілмей, біріне-бірі өрбіп отыра бермейді. Алайда, әңгімеге тікелей қатынасып, әр істің басы-қасында жүретін негізгі кейіпкердің типтік образы арқылы белгілі бір дәуірдің оқиғасын шығармадан айқын көруге болады. Мұның өзі шын мәнінде өмірбаяндық (библиографиялық) шығармалардың жанрлық ерекшелігінен келіп туады, өмір фактілері, тарихи оқиға басты кейіпкерлердің көз алдынан өтеді. Сондықтан да белгілі бір кездегі оқиға да, әдет-ғұрып, салт-сана да бұл романда әңгімешінің өмірге қоян-қолтық араласуы арқылы көрінген. Осыған орай шығармада жаңа адамдар, тың оқиғалар пайда болып отырады. Шығармаларда өмір күнделігі басты геройдың бір жүріп, бір тұрған еңбек адамдарының тұрмыс тіршіліктерінен де танылады. Бет қаритын шыңылтыр аяздарда, боранды күндерде бай малының соңында жүрген жалшылар мен еңбегі еш болған кедей шаруалардың ауыр тұрмысы тебірендірмей қоймайды. Орыс крестьяндарынан көргендерін тұрмыс тіршіліктеріне пайдаланып, егін егіп, өз беттерінше күн көрмекші болған кедей шаруаларды бұра бастырмай, жайқалған астықты жылқыға жеткізіп тастап отыратын Тұртай сияқты байлар да романда әшкереленеді. «Малы бағылмай бос жүретін кең жайлауға егін сеппе деп едім, тыңдамадыңдар, өз обалдарың өзіңе» деп қарап тұратын Нұртаза би де сол Тұртай, тұрағұлдардан асып кете алмайды. Қараңғылық жайлаған қазақ аулында дүмше молдалардың тигізген кесір-кесепаттары да аз емес. Сол бір ауырпалықтарды өз басынан кешірген басты герой үнемі кедей жалшылардың арасынан көрінеді де, болашаққа зор сенім артып отырады. ### «Өмір мектебі» «Өмір мектебінде» кала мен ауыл өмірі қатар суреттеледі, негізгі кейіпкерлер тап күресін жүргізушілер болып келеді. Жазушы «Менің мектептерімде» кісі есігінде жүрген кедей, жалшылардың айғағы ретінде көрінсе, екінші кітапта сол жалшылардың оқу оқып, әлеумет ісіне араласып жүргендіктерін елестетеді. Шығармада автор әрбір істің басы-қасынан көрініп, не сол жұмысты атқарушылардың бірі болғандығын үнемі аңғартып отырады. Октябрь революциясының жеңісі нәтижесінде туған жаңалықтар, Қазақстанда Совет үкіметінің орнауы бұл шығармада нақты және жан-жақты суреттелген. Романда әрбір эпизод әлеумет өмірінде болған үлкен оқиғалар тынысын аңғартып отырады. Кооператив ұйымдарын ашу, оқу-ағарту жұмыстарын жандандыру істері шығармада өзекті мәселе. Боржабай, Шегеннің Айсасы, Қазыбайдың сұлтаны сияқты байлар мен алаш партиясының мүшесі Абылай тәрізділердің бет пердесі ашыла түскен. Ел атынан сенім хат жазып, кооперацияға берілген товарлар мен ауыл шаруашылығына деген заттарды талғамай жұтып жататын олар Совет үкіметіне қарсы зиянкестік әрекеттерін жан таласа жүргізеді. Жаңа дүние құрушыларға кес-кестеп көлденең тұратын Абылай тәрізділердің құбылмалы екі жүзділігі де, бандиттердің зұлымдық әрекеттері де терең ашылған. Бұл шығармалар өз дәуірінің шежіресі есепті. Станция жұмыскері Бексеит пен Нұркиннің Омбыдағы колчактар ұясын талқандауға қатынасуы да бір кездегі тарихи жағдайдың айғағы. Романда халықтың мәдени тұрмысы мен өнерге деген құмарлығы кең суреттелген. Көңіл-күйін, жүрек сезімін ақтара жазған қыз бен жігіттің өлең хаттарында өмір қыспағының іздері жатса, Оспан мен Мақметті мұқату үшін шығарылған өлеңде поэзияны құрал ретінде жұмсаушылық, ән мен күй, өлеңге деген құмарлық, ұлттық дәстүр шығармадан өзекті орын алады. «Алуа басында нелер бір әдемі түндер болады. Кейбір айлы, жұлдызды немесе алашабыр бұлтты тымық түндерде ауылдан қалаға қарай беттеп шығып, жар қабақтана біткен жағадағы жұпар иісті жасыл шалғынның арасында бауырлай жата кетіп, жан-жағыңа көзіңді тіксең де, құлағыңды тіксең де нелер бір көркем суреттерді, нелер бір көркем дауыстарды естисің... Әлде қайдағы ауылдардан кейде екі әйел қосылып, кейде бір әйел мен бір еркек қосылып, кейде екі еркек қосылып, кейде әйелдердің я еркектердің бірнешеулері қосылып, кейде бірнеше еркектер мен бірнеше әйелдердің дауыстары сапырылып кетіп тымық түнде жұлдызды аспанға биіктеп көтерілген ән құлағыңа шалынса, ол алтыбақан тепкен қыз бозбалалардың әндері екенін айтпай-ақ шамалайсың... Әлдеқайдағы сайлардан кісінеген де шырқала, кейде баяулап естіліп жатады». («Өмір мектебі», 103-бет.) «Өмір мектебінде» халықтың рухани тұрмысы басты геройдың күрес жолдары арқылы көрінеді де, «Есею жылдары» атты үшінші кітапта тамырын тереңдете түседі. Совет үкіметін нығайту жолында болған әр алуан күресті арқау ететін бұл роман социялистік зор оқиғаларды қамтиды. ### «Есею жылдары» «Есею жылдарында» жазушы бұрыннан көтеріп келе жатқан тақырыбына қайта оралып, ұлтшыл, байшыл ақын-жазушыларға қарсы жүргізілген күрес өмір фактісіне сүйене отырып баяндайды. Еліміздегі мәдени революция кезінде әлеуметтік зор істер атқарған қоғам қайраткелері қатарында Сәкен Сейфуллин, Абдолла Асылбеков, Әбілқайыр Досов, Белаш, Зікірия Мухеев, Ораз Исаев, Жанайдар Садуақасов, Ораз Жандосов, Сейітқали Меңдешевтер есімі аталады. Негізгі кейіпкерлердің бірі болып отыратын жазушы шығарманың басынан аяғына дейін көрініп, үлкен тартыс, зор оқиғаға тікелей араласып жүреді. Солай бола тұрса да, автор кейде көргеннің куәсі болудан әрі аса алмай қалады. Романда сөз болатын кейіпкерлер саны өте көп, олардың көпшілігі жиын, митинг, мәжілістерде көрініс береді де, шығарма өрісінен шығып қалады. Бұл салада жазушының кейіпкерлерге деген субъективтік қатынасы да біраз әсер еткен. Ел біліп, жұрт таныған тарихи адамдардың қайсы бірі шығармадан өз орнын таппай жататындығы да бар. Дегенмен, бұл роман өз жаңалығымен, өзіндік өзгешелігімен танылған. Шығармада елімізде жүргізілген мәдени революцияның адам санасына әсері нақтылы характерді ашу үстінде көрінген. Әлеуметтік ішкі қайшылықтар роман сюжетінің тартыс желісін құрған. Совет мекемелеріне, үкімет орындарына орналасып алып ұлтшылдық уын себу үшін совет кадрларын қуғынға салған әрекеттерді шығармада терең ашылған. Социалистік құрылыстың әрбір саласынан көрінетін тарихи адамдардың мінез-құлқы мен іс-әрекеттерін жазушы ұтымды әңгімелеген. Революционерлердің социалистік құрылысты нығайту жолындағы, идеология майданындағы жүргізген күресін көркемдік шындыққа көтере суреттеген. Жазушы бір жүріп, бірге болған адамдар жайын сөз еткенде олардың характерлерін ашудан көрі өмірбаяндарына көбірек тоқтайды. Романда қаһармандардың арасындағы өзара кикілжің, атақ мансапқа таласу жақтары көп айтылған. Бұл ұнамды образдардың саяси, әлеуметтік мәселелерде атқарған зор істерін көрсетуге көлеңке түсірген. Сабит Мұқанов ақындық өнерін лирикадан бастап, жиырмасыншы жылдардың екінші жарымында көлемді поэмалар жазды. Ұлы Октябрь революциясына дейінгі қазақ әдебиетінде өріс алған поэзия жанры жас талантқа игі ықпал жасаған. Ол халық мұрасының асыл дәстүрлерінің де молынан үйренген. ## Халық ауыз әдебиеті үлгілерінің ықпалы Әдебиет тарихында белгілі бір кезең үшін құбылып болып оқырманын он сан ойға салып келетін шығармалар болды. Өзі құбылыс болумен бірге кезең үшін көркем сөзге талапкер жастарды даярлай келетіні бар. Қазақ совет әдебиетінің классиктерінң бірі – Сәбит Мұқановтың өлеңмен жазылған тұңғыш роман осындай шығарма санатына жатады. Қазақ совет әдебиетіндегі өлеңмен жазылған тұңғыш роман әдебиетке жаңа леп, тың тыныс ала келген. Бұл жауһар туынды күні бүгінге дейін оқырманның барша буынын сұлулыққа баулуда. Роман алпысыншы жылдарға дейін талай талапкердің әдебиетке келуіне айтарлықтай ықпал-әсер етті. Жастарды сұлулыққа құштарландыра, сөз құпиясын меңгеруде тәрбиеші болды. Мұның өзі қазақ совет әдебиетінің профессионалдық тәжірибесі аз, халықтың сан ғасырлардан бері рухани қажетін өтеп келе жатқан фольклордан әлі де іргесін бөлектеп үлгермеген сәтте дүниеге келген көркем шығарманың күні бүгінге дейін атқарған үлкен эстетикалық қызметін көрсетсе керек. Сондықтан тұтас бір халықты оқырмандық белгілі бір кезеңнен алып өткен, туған әдебиетіміздің қазір ағасына айналған ат төбеліндей аға буынын, сан-сапасы молайған кейінгі толқын қаламгерлерін тәрбиелеген , қазіргі салауатты көркем шығармамен бірге тәрбиелесіп келе жатқан романның қыр-сырына бүгінгі уақыт биігінен үңілуге, творчестволық тарихы, кейінгі тағдыры туралы қызыға әңгімелеуге болады. Жақында ғана жарық көргеніне елу жыл толған роман кейінгі ұрпақтан жаңаша сөз етуді тілейтіні де анық. Халық арасында айтылатын жыр негізінде эпикалық таптық туынды жазуды көздейді. Өйткені «Сұлушаш» эпосы жас ақынға өте жақын, етене таныс материал еді. Халық эпосы – «Сұлушаш» бала Сәбиттің талай-талай домбыраға қосып айтып тындаушыларын риза еткен, тіпті күндік дәм-тұзын айырған жыры. Ол кейін «панасыз жетім күнімде, халық жиналған жерлерде, немесе әдебиетке әуес жеке үйлерде жаттаған өлеңдерімді, әсіресе, хиссаларды айтып сонымен тамақ асырадым» («Өсу жолдарымыз», 654 бет) деп жазған, «Сұлушашты» ойға алғаны деп түсінуіміз керек. Халық эпосы Сәбитті осылайша сұлулыққа тәрбиелеген. Көкірегіне құлай жатталған жыр қашанғы айна-қатесіз қайталанып айтыла береді. Орындаушының көңіл-күйіне орай кейде асып-тасып толығып та, қысқарып та сан мәрте айтылған болар-ау?! Осы жайды назарға алсақ, Сәбит Мұқанов белгілі дәрежеде эпос («Сұлушаш») айтушысының біріне айналған екен. Эпос айтушысы – творчестволық тұлға. Жанынан алмай, жадынан қоспай айтпайды. Эпос және оның айтушыларының тарихи тәжірибесіне қарап, халықтың ғашықтық лиро-эпикалық жыры – «Сұлушаш» - Сәбитті, Сәбит – жырды байытты, дамытты, жетілдірді деп нық сеніммен айта аламыз. Дүниеге осылай келген шығарма жөнінде мақтаған, даттаған әр түрлі пікірлердің болғаны мәлім. Бір кезде айтылған сындарға назар аударсақ, көпшіліктің фольклорлық эпостан реалистік шығарма жасаудың мәніне жете түсінбегенін көреміз. Ауыз әдебиеті материалы негізінде жаңа заман, жарқын дәуір идеясын жырлау мүмкіндігін жете пайымдамаған. Уақытында әр қилы пікір тұғызып, әдеби айтысқа себепкер болған роман жайлы пікір одан бері де айтылып келеді. Бұл – шығарманың өміршендік сипатын танытса керек. әлі де бұл романды әдебиеттің әр түрлі мәселелеріне орайластыра зерттеу қажет. Рас, лиро-эпостық сюжетті пайдаланған автор аңыздық, фольклорлық сарындардан тысқары тұра алмады. Көптеген портреттерде, майдан сахнасында эпостық бейнелеу тәсілдері қолданылған. Алтайдың ата-анасының Тезек, Шұнақ аталуында да фольклорлық шартылық жатыр. Бірақ, сол кездегі эпикалық жанр табиғатын барлайтын болсақ адам характеріне нақты деталь негізінде назар салудан, идеяның образдар жүйесінде айтылуынан гөрі авторлық концепцияның ашық публицистік сарынға шығып кететінін байқар едік. Сондықтан романның жеке образдың жүйесіндегі фольклоризм элементтерін автордың саналы түрде барған әдеби тәсілі деп қарау жөн. Аға буын орыс әдебиеті мен ұлт әдебиеттерінің отызыншы жылдардағы даму тенденциясына назар аударғанда мұндай тәсілдің ортақ сипат алғанын байқаймыз. Содан соң автордың оқырманына қарайлайтыны болады. Сол кездегі оқырман ой-санасы, психологиялық көңіл күйін, аңсарын көркем әдебиетті қабылдау мүмкіндігін ескергенде, автор фольклорлық сарындарға әдейі барған. Бұл орайда да фольклорлық әуен-мотивтер әдеби тәсіл ретінде өзін-өзі ақтайды. ## Абай Құнанбаев, Владимир Маяковский, Максим Горький шығармашылықтарының әсері. Сәбит Мұқанов отызыншы жылдары көптеген сын мақалалар, әдебиет зерттеу еңбектерін жазды. Қазақстан жазушыларының II-III съездерінде әдебиет сыны, проза, поэзия жанрларының даму процестері жайында баяндамалар жасап, қазақ Совет әдебиетінің негізгі салаларынан теориялық мәселелер көтерді. Эпостық жырлар, ақындар айтысы жөнінде зерттеу жұмыстарын жүргізіп көлемді мақалалар жазды. Абай мұралары жөнінде көптеген еңбектер берді. Жазушы «XVIII-XIX ғ.ғ. қазақ әдебиеті тарихының очерктері» атты кітапта кейбір мәселелерді жаңсақ топшылап, қателіктер жіберді. Автор Абай творчествосы туралы жазылған еңбектерінде ертеректе жіберген ағат пікірлерін түзеп, өзінің «Жарқын жұлдыздар» атты еңбегінде ұлы ақынның мұрасын дұрыс бағалады. Әдебиет зерттеу мәселесінде теориялық жағынан тың пікірлер ұсынды. Жиырмасыншы жылдардың алғашқы жарымындағы шығармаларында Сәбит Мұқанов көбінесе өткен өмірдің ауыр қыспағын реалистікпен сипаттады. Бұдан кейінгі кезеңде ол үгіттік сипаты басым саяси-лирикалық шығармалар тудыра бастады. Жаңа өмірдің жарқын көрінісін беруде сюжеттік шығармалар жазып, теңдікке қолы жеткен бұкара халық өкілдерінің табысын жырлады. Отызыншы жылдардағы шығармаларында жазушы Владимир Маяковскийдің жалынды жырларынан, Максим Горький дәстүрінен үйрене отырып, оны өзінше меңгеріп, қазақ совет поэзиясына жаңалықтар енгізді, саяси лирикаларының идеялық-көркемдік сапасын жаңа белгі көтерді; поэзиялық шығармаларында жаңалықтар тудырып, түр мен мазмұн тұтастығын жетілдіре түсті. Сәбит Мұқановтың 1937 жылғы Семейге сапары Абайды жазаша ұғынуына бетбұрыс жасады. Абай шығармаларының 1939 жылы бірінші томы, 1940 жылы екінші томы шыққан академиялық басылымына жазған кіріспе сөзде Сәбит Мұқанов Абайды «халықтың ақыны» деп, өзінің бұрынғы пікірлеріне түбірлі түзетулер жүргізді. Мұның алдында біраз уақыт бұрын, 1934 жылы жазушылардың бірінші съездегі баяндамасында Абайды «қазақ феодализмінің либерал беті» деген болатын.1940 жылы Сәбит Мұқанов Семейге екінші рет келеді. Абайдың туғанына 95 жыл толуына арналған мерекелік шараларға қатынасып, ұйымдастыру, жұмыстарына басшылық етіп, баяндамалар жасайды. Абайтанудағы көзқарасының өзгеруі мен дамуы сапалана түседі және жеделдейді. 1945 жылы Абайдың туғанына жүз жыл толу мерекесіне арналып шығарылған академиялық толық жинақтың кіріспе сөзін Сәбит Мұқанов «Абай – қазақ халқының ұлы кеменгері» деп атап жазды. Осы жылы, Сәбит Мұқанов өзі Абай шығармаларының 1939 жылғы бірінші томына жазған алғы сөзінде ескерткеніндей, абайтанумен тиянақты шұғылданып, қалың кітап арнамақ жоспарын орындайды. 1945 жылғы толық жинақтағы кіріспе сөз сол «Абай Құнанбаев» атты монографияның арқауы екен. 1947 жылы Ғылым академиясының мерекелік сессиясында «Қазақтың ұлттық әдебиеті туралы» баяндама жазған Сәбит Мұқанов түпкілікті шешуші пікірін біржола қалыптастырады: «Абай қазақтың көлемдегі ғана ақын емес. Ол өз тұсындағы қазақ поэзиясын дүниежүзілік ең мәдениетті жазба поэзияның дәрежесіне түр жағынан да, мазмұны жағынан да жеткізген ақын». Әр ұлттың өнерлі иелерімен оның ішінде орыс әдебиетінің талантты қаламгерлерімен, белді зерттеушілерімен арадағы қарым-қатынас Сабит Мұқановтың жазушылық қаламының ұштаса түсуіне, көркемдік танымының кеңейе түсуіне әсері баса айтқан жөн сияқты. Сәбит Мұқанов үшін орыс әдебиеті қазақ әдебиетінің көркемдік талап-мұраттар тұрғысынан жаңа биіктерге көтерілуіндегі мектебіне айналды. Осы орайда -дейді Т.Кәкішев. Сәбиттің ең алғаш рет қарым-қатынасқа түскен орыс әдебиетінің қаламгері В.Маяковский болды. Сәбит Маяковскийді ең алғаш рет 1924 жылы тарих музейдің клубында әдебиеттік диспутта көреді. Маяковский онда өзінің творчесволық әдісін түсіндіре отыра, Пушкиннің «Чернь» өлеңін және өзінің «В. И.Ленин» атты поэмасынан үзінді оқиды. Соның бәрін тыңдап отырған Сәбит Мұқанов «Маяковскийдің кім екенін мен сонда ғана толық таныдым. Одан бұрын да, талай оқығышты көре жүре, мен өлеңді мұндай шебер оқушыны көрген мен «міне қайда оқу!»-дедім мен ішімнен,... оқыған поэманың бар сырын түгел түсініп. Оның оқу шеберлігі, дауыс қуаты, сөз мазмұны мені ғана емес, бүкіл залды билеп ап, қашан оқып болғанша жақтаушылары түгіл қарсылары да дыбыссыз тым-тырыс бола қалды»-деді. Сәбит Мұқановқа В.Маяковскийдің орыс поэзия әлеміндегі өзіндік ақындық үні, өзгеше қолтанбасы ерекше әсер етеді. Осы орайда Сәбит Мұқанов Маяковскийге еліктей, оны үлгі ете отырып қазақ поэзиясына жаңа тақырып, Маяковскийше соны ырғақ әкелді. Маяковский жаңашыл ақын ретінде орыс поэзиясының өлең құрылысының ырғағына жаңалық енгізгені мәлім. Онымен тұтас кезең ақындарының біразы оның ішінде оған Сәбит Мұқанов та айналып өте алмады. Оған Сәбиттің мына өлең жолдары куә: Тыңда,Даусын,Дүние!Деді,Әне,,«бір, екі, үш!»Бар емес пе,,Даусында,Зеңбіректен,Артық күш?, Даусын,Дүние! Даусын,Дүние! Дүние! Дүние! Дүние! Әне,,«бір, екі, үш!» Әне,,«бір, екі, үш!» «бір, екі, үш!» «бір, екі, үш!» «бір, екі, үш!» Даусында, Даусында, Артық күш?, Артық күш?, Бұл өлеңдегі тағы бір ерекшелік ретінде Маяковскийдегі өлең жолдарындағы паузаны көбірек қолдануды атауға болады. Қазақ өлең формасындағы жаңалықтардың бірі есебінде де атап өтуге тұрарлық.. Сәбит Мұқанов халық поэзиясының асыл дәстүрлерін молынан пайдаланып, орыстың классикалық, кеңес әдебиетінен үйрене отырып, поэзиялық күрделі табыстарға жеткен шығармаларының бірі «Майға сәлем» өлеңі. Бұл идеялық-көркемдік жағынан қазақ поэзиясы үшін жаңа, елеулі табыс болды. Осы өлеңімен ақын қазақ совет лирикасында жаңа бет ашты, соны ырғақ, жаңа образ жасады. Маяковский әдісін өз поэзиясында қолданған Сәбит «Гүл бағындай Отаным», «Н-тысяча», «Колхозды ауыл осындай», «Сөз-Советтік Армия», «Поэзия маршалы» шығармаларында пікір байлығын, көркем образды сөз мағынасын көтереді. Биыл... көктем кезінде... бір күн кешке,Қиял шалқып, әрбір ой түсіп еске,Түн бойы отырдым мен, шекпек болыпҚағазға сөзден сұлу көркем кесте.«Гүл бағындай Отаным» «Гүл бағындай Отаным» «Гүл бағындай Отаным» «Гүл бағындай Отаным» «Гүл бағындай Отаным» «Гүл бағындай Отаным» «Гүл бағындай Отаным» «Гүл бағындай Отаным» «Гүл бағындай Отаным» «Гүл бағындай Отаным» Сәбит Мұқановтың осы өлеңдері мен поэмалары – қазақ совет поэзиясында Маяковский дәстүрін кеңейте түскен және сол дәуірдегі әдебиетіміздің көркемдік амал-құралдарын молайта түскен шығармалар. Маяковскийден үйрену, әсер алу-дәл Маяковский болу емес. Әсер ала отырып өзінің күшін, қасиетін, қабілетін көрсету басым.Сәбит Мұқанов орыс әдебиетімен қарым-қатынасын еске алған кезде Горькийді айта кету керек. Горькийді Сәбит Мұқанов алғаш рет 1928 жылы Ленинград вокзалында көрген. 1930 жылы Москвадағы Марр атындағы Тіл білімі институтына түскен Сәбит Мұқанов келер жылы ИКП-ның әдебиет бөліміне ауысады. Сол жылы Горькийге барып жолығады. Горькийден алған әсерін былайша түйіндейді: «Горькийге кеңес ақын-жазушылары екі жақтан қызығу керек. Бірінші, Горькийдің барлық еңбегін бойына түгел сіңіріп, білімін Горькийше көтеріп, досқа да, дұшпанға да Горькийше қарай біліп, дәуірді Горькийше сүю, жазуды Горькийше жазу. Екінші, Горькийдің образын өз шығармаларында беруге тырысу»-деп өзінше түйіндейді. Қазақ әдебиетінде Горький дәстүрін қалыптасуын айтқанда Мұқановтың «Өмір мектебі» атты трилогиясын айрықша атаймыз. «Менің мектептерім» дейтін романында революция кезіндегі қазақ ауылының бейнесін көрсетуден басқа бір үлкен маңыз бар. Ол – жазушының проза жанрында Горький мектебінен оқып өскендігін көрсететін творчестволық жаңалық. Сәбит Мұқанов шығармаларында жазушы Маяковскийдің жалынды жырларынан Горький дәстүрінен үйрене отырып, оны өзінше меңгеріп қазақ совет поэзиясына жаңалықтар енгізді, саяси лирикаларының идеялық-көркемдік сапасын белге көтереді, поэзиялық шығармаларында жаңалықтар тудырып, түр мен мазмұн тұтастығын жетілдіре түсті. Осындай орыс әдебиетінің тұлғаларымен кездесіп, қарым-қатынас жасап жүрген Сәбит Мұқанов орыс әдебиетінің озық үлгілерінен, тәжірибесін өзінің шығармаларынан байқауға болады. Мысалы, Сәбит Мұқановтың «Ботагөз» романында қазақ халқының жаңа өмірі үшін әрекет еткен революциялық күрес көрсетіледі.Орыс әдебиетіндегі жетістіктерді тани білген, танып қана қоймай оны өз шығармашылығына шеберлікпен пайдалануға тырысқан Сәбит Мұқанов халқының тіршілігін, онда ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүр мен әдет-ғұрыпты өз туындыларына арқау еткен тұстарда ұлттық мінезді негізге ала отырып бере білді. Басынан бәлен дәуір өткерген, өсу мен дағдарысты кешірген орыс әдебиетінің тарихына үңіле қарап, көп мағлұмат алып қана қойған жоқ, жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ әдебиетінің тарихына жаңалық енгізуге тырысты. Қорыта келгенде орыс ақын-жазушыларының шығармашылығындағы озық дәстүрлерінен үйреніп қана қоймай, оқыған мен тоқығаннан қазақ әдебиетіне жаңаша сипат дарыта білген Сәбит Мұқановтың әдебиет әлдеміндегі қаржылы еңбегі қай уақытта өз құнын жоймайтыны анық. ## Еңбектері 1917 жылғы Қазан төңкерісін қазақ халқына келген теңдік‚ бостандық деп танып‚ әдебиетке кедейдің жырын жырлай келгендер ішінде коммунистік идеяға берілгендігімен ерекше көзге түскен Сәбит Мұқанұлы тек көркем шығарма жазумен ғана айналыспай, 1920-30 жылдары әдебиеттегі идеялық күреске белсене араласып‚ сын мен әдебиеттану саласында да қалам тартты. Сәбит Мұқанұлы әдебиетке араласқаннан бастап-ақ дәуір‚ заман алға қойған тақырыптарға қалам тербеді. Ол қазақ әдебиетінің барлық жанрында өндіре еңбек етті. Жазушы қаламынан туған әдеби мұра сан жанрлы, мол көлемді, идеялық-эстетик. мәні жоғары да бағалы. Оның артында қисапсыз мол мұра - 80 мың жолға жуық лирикалық өлең, жиырмаға тарта поэма, бірнеше повесть пен роман, көптеген әңгіме, очерктер, оннан астам пьеса, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар, қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын талдайтын монографиялар мен қазақ мәдениетінің тарихы және этнографиясы туралы зерттеу еңбектер‚ т.б. сан-салалы кітаптар қалды. Сәбит Мұқанұлы қазақтың 19 ғасырдағы ойшыл-ғалымы Ш.Ш.Уәлихановтың өмірі мен шығармаларын ұзақ жылдар бойы терең зерттеді. Осы жөнінде шығарма жазу мақсатын жүзеге асыру үшін Қытайда, Шыңжаң өлкесінде болып, Шоқанның сонда өткізген өмір кезеңдерін, бастан кешірген оқиғаларын зерттеп білді. Омбы және Ленинград қалаларының мұрағаттары мен кітапханаларында болып‚ Шоқан өміріне қатысты материалдар жинады. Соның нәтижесінде оның қаламынан «Жарқын жұлдыздар» атты зерттеу еңбегі туды. Сәбит Мұқанұлы әдебиеттану саласына да көп еңбек сіңірді. Ол өз ұлтының көркем мұрасын терең игерумен бірге‚ поэзия теориясының қағидалары мен ережелеріне‚ өлең құрылысына жіті көңіл бөлді. Орыс символизмінің әдеби‚ эстетикалық және философиялық мәндерін ұғына отырып‚ оны өз өлеңдерінде қолдана білді.С. Сейфуллин «Советстаны» мен І.Жансүгіровтің «Дала» поэмаларындағы фольклорлық ізденістерге‚ ұйқас‚ ырғақ‚ шумақ құрылысындағы соны өзгеріс-құбылыстарға зер салды. «Поэзия мәселесі» дейтін зерттеуінде (1933) «Маған қазақ өлеңінің 4 аяқты‚ 6 аяқты‚ 8 аяқты түрлері күрделі пікір айтуға қолды байлайтын секілденді. Сондықтан мен «Тұрмыс тұлпары» өлеңімнен бастап халық әдебиетінің шұбыртпалы түріне бет алғандай болдым. Маған шұбыртпалы түрдің («Қобыланды»‚ «Алпамыс») екпіні‚ ырғағы 6 аяқтардан күшті сияқтанды. Шұбыртпалы түрдің құшағы пікір құшақтауға кең тәрізденді» деп жазады. Ол сонымен қатар қазақ ауыз әдебиетін зерттеді, фольклор және көне жазба мұраларды жинап бастырды. Қазақтың батырлық және ғашықтық жырларының жанрлық ерекшеліктері мен композициялық‚ сюжеттік ұқсастықтарын салыстыра отырып‚ олардың халық шығармашылығындағы орнын анықтады. Эпикалық жырлардың жанрлық тарихи сипаттары мен әдебиеттегі орнын белгілеуде фольклорлық мұраны жариялау‚ зерттеу ғылымына өзіндік үлес қосты. 18-19 және 20 ғасырларлардағы әдебиет тарихы және ақын-жыраулар шығармашылығы туралы зерттеу еңбектер жазды. 1929 жылы «Еңбекші қазақ» газетінде «Әдебиет туралы ашық хат» жариялап‚ онда "Қазақстанда әдебиетті зерттеу жөнінде істелген іс атымен жоқ‚ сондықтан біздің міндетіміз аздап болса да‚ әліміз жеткенше осы істелмей жатқан іске атсалысу" деген пікірін білдірді. Сәбит Мұқанұлының қазақ әдебиеті туралы зерттеу нысандарын‚ негізінен‚ 18-19 ғасырлардағы қазақ әдебиеті, Шоқан Уәлиханов пен Абай Құнанбаев өмірі мен шығармашылығы‚ 20 ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті деп бөлуге болады. Оның «20-ғасырдағы қазақ әдебиеті» (1932) атты кітабы сол кезеңдегі қазақ әдебиетінің шындығы мен дамуы жайында жарияланған бірден-бір еңбек болды. Еңбекте А.Байтұрсынов‚ М.Дулатов‚ Ж.Аймауытов, Ғұмар Қараш‚ С.Торайғыров‚ С.Дөнентаев‚ Б.Күлеев‚ Жұмабаев‚ М.Әуезов‚ т.б. ақын-жазушылар шығармаларына кезеңнің саяси талабына сай сыншылдық көзқарас тұрғысынан келгенімен‚ көркемдік тұрғыдағы озық үлгілерін шынайы бағалады. Жұмабаев туралы «Ақындық жағынан келгенде Мағжан‚ әрине‚ қазақтың күшті ақындарынан саналады. Қазақтың тілін байыту ретінде‚ әдебиетке жаңа түрлер енгізу ретінде Мағжанның еңбегі көп‚ Абайдан кейін тіл өнегесінде Мағжаннан асқан ақын жоқ» атты пікірін ашық жазды. «Қазақтың 18-19 ғасырлардағы әдебиетінің тарихынан очерктер» (1942‚ кейін тыйым салынған) атты монографиясында ақын-жыраулар (Бұқар‚ Байтоқ‚ Жанұзақ‚ Махамбет‚ Шортанбай‚ Шернияз, Мұрат, т.б.) поэзиясы мен жыр-дастандарға‚ сондай-ақ атақты тарихи тұлғаларға (Абылай‚ Кенесары) қазақ халқының ұлт-азаттық күресі тұрғысынан қарады. Сәбит Мұқанов қазақ елінің мүддесі‚ халық тағдыры тұрғысынан патша өкіметінің отаршылдық саясатын сынға алды. Сонымен қатар ол осыған дейін бір жүйеге түсіп жіктелмеген‚ жеке ғылыми талдау жасалмаған қазақ халқының айтыс өнерін зерттеу нысанына айналдырды. Оның 1944-45 жылдары жазылып‚ 1961 жылы жарық көрген «Абай Құнанбаев» монографиясы автордың Абай туралы пікірлерінің және қазақ әдебиетінің өткені мен бүгіні жайлы көзқарастарының өсіп-жетілу кезеңдерін көрсетеді. Бұрынырақтағы «Қара тақтаға жазылып қалмаңдар‚ шешендер» («Еңбекші қазақ», 01.03.1923) атты мақаласында ол Абайды ескішіл‚ байшыл ақындар қатарына жатқызып‚ үстем тап ақыны деп санаған болса‚ аталған монографияға дейін Абай болмысын танытатын көптеген құнды мақалалар («Абайды тану жолындағы пікірлер» («Қазақ әдебиеті»‚ 29.11.1934)‚ «Абай – халық ақыны» («Әдебиет майданы»‚ 1937‚ № 4‚ 5)‚ «Абайдың шәкірттері туралы» («Әдебиет және искусство»‚ 1951‚ №7‚ т.б.) жазып‚ Абайтануға үлкен үлес қосты. Сондай-ақ оның «Саяхаттар» (1954), «Туған жердің тыңында» (1955), «Тыңда тұнған байлық» (1957), «Алыптың адымдары» (1959), «Замандас туралы аңыз» (1961) атты кітаптарында 200-ден астам әдеби-сын мақалалары жинақталған. Оның «Өсу жолдарымыз» (1960), «Жарқын жұлдыздар» (1964), «Халық мұрасы» (1974‚ «Қазақ қауымы»‚ 1995) атты монография, зерттеулері қазақ халқының мәдениеті, тілі, өнері, материалдық тұрмысы‚ т.б. туралы жазылған сүбелі еңбек болып саналды. Сәбит Мұқанов жаңа өмірге‚ бақытты өмірге қол жеткіземіз деп сендірген қоғамдық күштермен бірге социалистік идеяларға үн қосып‚ туған елінің мүддесіне‚ халық кәдесіне жарайтын жақсылық табуға ұмтылды‚ суреткерлік дарыны мен қайраткерлік қарымын сарқа жұмсап‚ аянбай еңбек етті. Осы жолда кеңестік идеологияны қолдамаған алашшыл ақын-жазушыларды сын тезіне алып‚ тапшылдық ұстанымдарын айқын танытты. Әйтсе де олардың жазушылық‚ ақындық талантын жоғары бағалады‚ оларды қазақ кеңес әдебиетіне қызмет етуге шақырды. Қазақ халқының ұлттық тілі мен мәдениетіне қатысты Кеңес өкіметінің әр кезеңдердегі солақай шешімдеріне қарсы шығып‚ өзі сенген биліктің сынына да ұшырады. Осы кезеңде Сәбит Мұқанұлына «Алашорда ақыны Мағжанға қамқорлық көрсетті‚ С.Сейфуллин бастаған ұлтшылдар тобында болды‚ буржуаздармен ымырашылдыққа барды» деген айыптар тағылып‚ саяси сенімсіздік көрсетілді. 1951 жылы 13-15 маусымда Қазақстан ҒА-сы мен Қазақстан Жазушылар одағының (Төралқа мүшелерінің) Абай Құнанбаевтың әдеби мұрасы жөнінде өткізген пікірталасынан кейін Әуезов‚ Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов‚ т.б. әдебиет зерттеушілерімен бірге Сәбит Мұқанұлының да Абайтанудағы «қателіктері» көрсетілді (Әуезовтің «Литературная газетаға» жазған ашық хаты‚ «Абай» журналы‚ № 2‚ 1996). 1956 жылы Қазақстан КП ОК қазақ баспасөздерін аудару арқылы дубляж жасауды ұсынғанда алғаш болып Сәбит Мұқанұлы қарсы шықты. 1956 жылы қазақ зиялы қауымы республиканың қоғамдық-саяси өмірінде қазақ тілінің мәртебесін көтеру туралы мәселе қойды‚ осыған орай Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесі сессиясында сөйлеген сөзінде Сәбит Мұқанұлы «Қазақ республикасында қазақ тілі мәртебесін төмендетуге‚ республикалық мекемелерде‚ жиналыстарда қазақтардың өз тілінде сөйлеуіне тыйым салуға ешкімге құқық берілмегендігі» туралы өткір пікір білдірді (ЦГАНИ‚ 708 қор‚ 30 оп.‚ 76 іс‚ 85-б.). Екі аптадан кейін Орталық комитетке «қазақ тілі тек қана тұрмыстық деңгейде қалып‚ мемлекеттік тіл ретінде өмір сүруін шын мәнінде тоқтатқандығын» баяндай келіп‚ оны қалпына келтіру жолдарын көрсеткен өткір хат жазды. Сәбит Мұқанұлы сонымен қатар қазақ әдебиеті мен мәдениетінің көркеюі‚ өсіп-өнуі жолында көптеген қазақ қаламгерлерінің әдебиет жолындағы бастапқы шығармашылық қадамдарына қолдау көрсетті‚ қарапайым халықпен тығыз байланыс орнатты. 1930-50 жылдар аралығында әдебиетке келген өз қатарластары мен жаңа толқын өкілдері Сәбит Мұқанұлы жанашырлығын көріп өсті. Сәбит Мұқанұлы есімі қазақ әдебиетінің «алыптар шоғыры» қатарында аталады. Оның шығармалары әлемнің 46 тіліне аударылды. 1956-66 жылдары Қазақстан КП ОК-нің мүшесі болды. 2-8-сайл. Қазақ КСР-і Жоғары Кеңесінің депутаты‚ КСРО Жазушылар одағының басқарма мүшесі болып, сондай-ақ Дүниежүзілік Бейбітшілікті қорғау комитетінің мүшелігіне қабылданып (1958-69)‚ Араб елдерімен достық және мәдени байланыстар қоғамы Қазақ бөлімшесінің төрағалығына да (1965-69) сайланды. ҚР Мемлекеттік сыйлығының 1-лауреаты атанды. Сәбит Мұқанұлы 2 рет Ленин, 2 рет Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталды. 100 жылдық мерейтойы қарсаңында қаламгердің есімі Алматы қаласы көшесіне, туған ауылына, ондағы мектепке, облыстық кітапханаға, облыстық драма театрына берілді. Алматы қаласындағы Сәбит Мұқанұлы атындағы көшеде ескерткіш мүсіні орнатылған (2000). ## Мұқановтың әдеби-мемориалдық мұражай үйі С.Мұқановтың әдеби мұрасын сақтап, насихаттауға арналған тарихи-мәдени мекеме. Алматы каласында, Төлебаев көшесі 125/3, С.Мұқановтың өзі 1965-1973 жылы тұрған үйінде 1978 жылы 21 қарашада ашылған. Мұражай үйі әдеби және мемориалдық бөлімдерден тұрады. Мұражайдың әдеби бөлімінде жазушының зерттеулері мен сын мақалалары, монографиялары, ҚР ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық дипломы және тағы басқы құжаттар бар. Оның 1922-1935 жылы Ленинградта (қазіргі Санкт-Петербург), Мәскеуде оқыған кезіндегі суреттер мен кұжаттар рет-ретімен орналастырылған. Мұнда Тәттімбет пен Үкілі Ыбырайдың фотосуреттері бар. Суретші Ү.Әжиевтің С.Мұқанов пен орыс жазушысы М.Горькийдің достығын бейнелейтін "М.Горький және С.Мұқанов" атты картинасы да осы залда. Жазушы наградалары - екі Ленин ордені, екі Еңбек Қызыл Ту," Құрмет белгісі" ордендері, КСРО медальдары, сондай-ақ оның Қазақстан Жоғары Кеңесінің депутаттығына бірнеше рет сайланған куәліктері қойылған. Мұражай экспозициясында түрлі қолжазбалар, жазушының поэзиялық, прозалық және әдеби сын шығармаларының басылымдары бар. Жазушының "Сұлушаш" (1928), "Адасқандар" (1931), "Жұмбақ жалау" (1938), "Балуан Шолақ" (1941), "Сырдария" (1948) романдары мен "Шоқан Уәлиханов" (1953), "Қашқар кызы" (1958), "Сәкен Сейфуллин" (1964) атты драмалық шығармалары туралы мол мәліметтер берілген. "Адасқандар" (1931) романының басты кейіпкері - Бүркіт (Сұлтанбек) пен Бәтестің (Бәтима) түпнұсқа суреттері, махаббат хикаясына байланысты көне күнделіктің мұқабасы, Қызылорда қаласындағы сотқа (1927) қоғамдық айыптаушы ретінде қатысқан С.Мұқановтың куәлігі қойылған. "Балуан Шолақ" романының (ҚХР, Шыңжаң) араб әрпімен басылған нұсқасы, Шәкәрімнің 1931 жылы ақпанда Сәбитке жазған хаты мен фотосуреті, кітабы, М.Жұмабаевтың "Шолпан" өлеңдер жинағы (1913), М.Дулатовтың "Бақытсыз Жамал" (1914) романы, Ж.Аймауытовтың "Мансапқорлар" (1925), т.б. Мұқановтың жеке мұрағатында сақталған кітаптар бар. Мұражайдың мемориалдық бөлімінде жазушының қабылдау бөлмесі, жұмыс орны, демалыс бөлмесі толық сақталған. 4 мыңға жуық кітабы бар кітапханасы да осы бөлімде. Тұрмыстық заттары, үй жиһаздары, шетелдерден келген түрлі сыйлықтар, картиналар, т.б. экспонаттар қойылған. Мұражайда түрлі дәрістер оқылып, кинофильмдер көрсетіледі. Кейін С. Мұқанов пен Ғ.Мүсірепов мұражай-үйлері әкімшілік басқару жағынан біріктіріліп (8.2.1999), "С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің мемлекеттік әдеби-мемориалдық мұражай кешені" деп аталды. Мұқановтың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында ғимарат күрделі жөндеуден өткізіліп, экспозициясы жаңартылды, 8 мыңнан астам экспонат жинақталды. (2000). ### Қысқаша биография * Сәбит Мұқанов ауыл Мәскеудегі Қызыл профессура институтын бітірген (1935). * 1935-36 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, * 1936–37, 1943 – 51 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, * 1937–41 жылдары ҚазҰПУ-дың проф-ы қызметтерін атқарған. * Алғашқы кітабы «Совет өкіметі және қазақ әйелі» (өлеңдер, мақалалар, аудармалар) 1924 жылы жарық көрген. * «Бай баласы» (1928), «Мөлдір махаббат» (1931), «Теміртас» (1935) романдары Қазақстандағы таптық күрес мәселелеріне арналған. * «Ботагөз» (1938), «Сырдария» (1947 – 48) романдарында қазақ халқының тарихы суреттелген. * «Өмір мектебі» автобиографиялық трилогиясына (1949 – 64) Қазақ КСР Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілген. * «Аққан жұлдыз» шығармасы (1967 – 70) қазақтың ағартушы-ғалымы Ш.Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығына арналған. * Қазақстан КП ОК-нің мүшесі (1956 – 66), 2 – 8 шақырылған Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты, Бүкілодақтық бейбітшілік қорғау комитетінің мүшесі болған. * Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығы (1967), * Қазақстан мемлекеттік сыйлығының (1967) иегері. 2 мәрте Ленин, 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту, т.б. ордендермен, медальдармен марапатталған. * Қазір Мұқанов тұрған үй мұражайға айналған (1975). ## Дереккөздер ## Әдебиеттер тізімі * Т.Нұртазин, Жазушы және өмір. Алматы, 1960. * Ергөбеков Қ. Сәбит Мұқанов. Алматы-Мектеп, 1989 * Нұрқатов А. С.Мұқановтың шығармашылық жолы, Алматы, 1956. * С. Мұқанов, Жарық жұлдыз, Алматы, «Санат», 1995. * Рымғали Нұрғали. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры, Астана, 2002. * «Сәбит Мұқановтың әдеби-мәдени мұрасы және қазіргі заман», II том, Петропавл, 2000. * К.Ергөбеков, С.Мұқанов тағлымы. Алматы, 1989.
Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы — Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының ең жоғарғы органы. Дүние Жүзі Қазақтарының Құрылтайы - Алматы қаласында 1992 жылы 28 қыркүйек пен 4 қазан аралығында дүние жүзі қазақтары өкілдерінің қатысуымен өткен құрылтай. Құрылтай қарсаңында қазақ ұлтының саны 10 млн. 537 мыңға жеткен. Дүние Жүзі Қазақтарының Құрылтайына ТМД елдерінен 350 адам және көптеген шет елдерден делегаттар қатынасты. Құрылтайға қатысушылар Түркістан, Жезқазған, Ұлытау сияқты еліміздің ежелгі саяси-әлеум., мәдени орталықтарында болып, ата жұртымен қауышты. Құрылтай жұмысын 200-ден астам журналистер, 50-ден аса телерадиокомпаниялар насихаттауға ат салысты. Дүние Жүзі Қазақтарының Құрылтайына қатысушылар Қазақстан халқына және дүние жүзінің басқа да халықтарына, мемлекеттеріне, олардың үкіметтеріне Үндеу қабылдады. Құрылтай күндері “Қазақтар: кеше, бүгін және ертең” деген тақырыпта ғылыми конференция болып өтті. Конференцияда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев “Құшағымыз бауырларға айқара ашық” деген тақырыпта баяндама жасады. Қазақ халқының тағдыры, ата-баба мұрасы, тілі, бүкіл дүние жүзіндегі қазақтарды біртұтас ұлттық мемлекетіне біріктірудің құқықтық негіздері, т.б. мәселелер жөнінде баяндамалар тыңдалды. Конференцияда Дүние жүзі қазақтарының қауымдастығы құрылып, оның төрағасы болып Н.Назарбаев сайланды. Бұл орталыққа ұлт өмірін жан-жақты зерттеп, қазақтардың әлеуметтік-экономика, мәдени, рухани тыныс-тіршілігіндегі мәселелерді шешу міндеттері жүктелді. Құрылтай шет елде жүрген қазақтарға олардың артында арқа сүйер іргелі елі барын танытты. ## Бірінші құрылтай 1992 жылы Қазақтардың бірінші Дүниежүзілік құрылтайы Алматыда өткізілді. Құрылтайға алыс және жақын шет мемлекеттерден, соның ішінде Түркия, Германия, Франция, Норвегия, Моңғолия, Қытай, Аустрия және басқа 33 елдерден 800-ден астам өкіл қатысты. Құрылтай күн тәртібіндегі (Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын құру, оның жарғысын қабылдау, басшы органдарын сайлау мәселелерді) талқылады. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы етіп сайлау туралы ұсыныс бірауыздан қабылданды. Қазақстан жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы Қалдарбек Найманбаев төрағаның бірінші орынбасары болып сайланды. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының басшылығын құрылтайға қатысушылар мына құрамда толық қолдады: * Нұрсұлтан Назарбаев — Төралқа төрағасы. * Қалдарбек Найманбаев — Төрағаның бірінші орынбасары. * Дәлелхан Жаналтай (Түркия), Мырзатай Жолдасбеков, Алтынбек Сәрсенбаев — Төралқа мүшелері. * Құрылтай таңбасының авторы - суретші Бейсен Серікбай ## Екінші құрылтай 2002 жылы келесі, екінші құрылтай Түркістанда өтті. Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден 400-ден астам өкіл қатысты. Дүниежүзі Қазақтарының Құрылтайы ІІ-ші рет, 2002 жылдың күзінде Түркістан қаласында өткен құрылтайда тарихи отанына оралуды аңсап жүрген қандастарымыздың қатарының толығуы жайында сөз болды. Түркістан көптеген тарихи кезеңдерді басынан өткерген қала болғаннан кейін әдейі таңдалса керек, оның алдында Түркістан қаласының 1500 жылдығы аталған. Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден 400-ден астам өкіл қатысты. Бұл құрылтайда оралмандардың елге оралу мәселесі қаралып, көші-қон квотасының мөлшерін ұлғайту жоспары қарастырылды. 2003 жылы 5 мың отбасы, 2004 жылы 10 мың отбасы, 2005 жылы 15 мың отбасы елге көшіп келді, жылына 50-60 мың оралман оралады. 1992 жылғы 14 желтоқсанда Алматыда Қазақстан халықтарының тұңғыш форумы өткізілді. Форумда негізінен мынандай мәселелер қаралды: 1. Жаңа көзқарас тұрғысынан интернационализм мен тату көршілік қатынас жағдайлары талқыланды. 2. Президенттің Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығы алғаш рет академик М. Сүлейменовке, халық жазушысы Д. Снегинге, жазушы, аудармашы Г. Бельгерге тапсырылды. 1993 жылы 17 желтоқсанда Қазақтардың дүниежүзілік қауымдастығының тұсау кесер салтанаты болды. Сол жылдың өзінде-ақ Қазақстанға Монғолиядан, Түркиядан, Ираннан және ТМД елдерінен 7,5 мың қазақ отбасы көшіп келді. ## Үшінші құрылтай 2005 жылы 27-28 қыркүйекте Қазақтардың үшінші Дүниежүзілік құрылтайы Астанада өткізілді. Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден, соның ішінде Ресейден, Қытайдан, Аустриядан, Чехиядан, Норвегиядан, Италиядан, Сингапурдан, Мысырдан, 300-ден аса өкіл, сондай-ақ Қазақстанның барлық облыстары мен Алматы және Астана қалаларынан 200-ден астам өкіл қатысты. Құрылтайда шетелде тұратын қазақ шетжұрты өкілдерін Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында оқыту үшін жағдай жасау, сондай-ақ тарихи отанына инвестициялар орналастыру мүмкіндіктері секілді мәселелер талқыланды. Бизнес байланысын нығайту, қазақ шетжұрты республиканың экономикасы туралы толығырақ ақпарат алуына ықпал ету, кәсіпкерліктің даму жағдайы, мемлекет пен бизнес-қоғамдастықтардың өзара қарым-қатынас секілді мәселелер қаралды. ## Тағы қараңыз * Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы * ресми сайты Мұрағатталған 5 желтоқсанның 2006 жылы. ## Дереккөздер
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия; 1835, Қостанай облысы, Сарыкөл ауданы, Құсмұрын жері — 10 сәуір 1865, Көшентоған, Жетісу) — қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен «Шоқан» аталып кеткен. ## Өмірбаяны Шоқан 1835 жылдың қараша айында Құсмұрын бекетінде қазіргі Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы Құсмұрын жерінде атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы сол кезде Аманқарағай дуанының (орталығы Қараоба мекені) аға сұлтаны болған. Округ орталығы 1844 жылы Құсмұрын қамалына ауысқаннан кейін дуан аты Құсмұрын болып өзгертілді. Шоқанның өз атасы Уәли Орта жүздің ханы болған. Арғы атасы Қазақ Ордасының Ұлы ханы Абылай, Шоқан оның шөбересі. Шоқанның балалық шағы қыс кезінде Обаған бойындағы Күнтимес ордасында, жазда Есілдің оң саласы Аққанбұрлық алабындағы ата жайлауда өткен. Әжесі Айғаным тұратын Сырымбеттегі хан ордасында да балдәурен күндерін өткізген.«Жеті жұрттың тілін білуге тиісті» хан тұқымы болғандықтан, Күнтимес ордасындағы әкесі ашқан ауыл мектебінде хат таныған Шоқан сол мектепте ортағасырлық қыпшақ-шағатай тілін меңгереді, парсыша, арабша тіл сындырады.Шоқанның жақын туыстарының естеліктеріне қарағанда, ол бала кезінен білімге бейім әрі құмар болған. Шоқан тарихи аңыз-әңгімелерге ерте бастан-ақ қызыққан. Ол жастайынан данагөй билердің әңгімелерін, акындардың өлең- жырларын зор ықыласпен тыңдап өсті. Оған тәрбие беруде сұлтан әулетінен шыққан әжесі Айғанымның ықпалы күшті болды. Ол жас Шоқанға ежелгі қазақ аңыздарын, аңыз-әңгімелерін, мақал-мәтелдері мен даналық сөздерін жиі айтып отыратын. Шоқан 12 жасына дейін Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. Шоқан ауылдық бастауыш мектепте оқып жүріп-ақ араб, парсы, шағатай тілдерінің негізін үйреніп алды.Шоқанның жақын туыстарының естеліктеріне қарағанда, ол бала кезінен білімге бейім әрі құмар болған. Шоқан тарихи аңыз-әңгімелерге ерте бастан-ақ қызыққан. Ол жастайынан данагөй билердің әңгімелерін, акындардың өлең-жырларын зор ықыласпен тыңдап өсті. Оған тәрбие беруде сұлтан әулетінен шыққан әжесі Айғанымның ықпалы күшті болды. Ол жас Шоқанға ежелгі қазақ аңыздарын, аңыз-әңгімелерін, мақал-мәтелдері мен даналық сөздерін жиі айтып отыратын. Шоқан 12 жасына дейін Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. Шоқан ауылдық бастауыш мектепте оқып жүріп-ақ араб, парсы, шағатай тілдерінің негізін үйреніп алды. Шоқанның ата-бабалары атақты сұлтандар әулетіне жатады. Оның арғы бабасы Абылай хан XVII ғасырдағы айбынды қазақ билеушілерінің бірі болды. Ал атасы Уәли хан патша үкіметі ресми түрде бекіткен қазақтың соңғы ханы еді. Шоқанның әкесі - Шыңғыс Уәлиханов білімді адам болған. Ол 1834 жылы Омбыда Сібірдің казак әскери училищесін бітіріп, орыс армиясында жоғары әскери шен - полковник атағын алды және Қазақстанды басқару аппаратында бірсыпыра жауапты қызметтер атқарды: Құсмұрын округінің аға сұлтаны, Сібір қырғыздарының облыстық басқармасының кеңесшісі, Көкшетау округінің аға сұлтаны болды. Россияның алдында сіңірген еңбегі үшін оған өмірлік мұра ретінде дворян атағы берілді. Шоқаннын анасы жағынан туыс нағашылары — Баянауыл өлкесіндегі атақты Шормановтар әулеті болатын. Шорманов Мұса орыс армиясының полковнигі, белгілі қазақ биі, Баянауыл сыртқы округының аға сұлтаны еді. ### Кадет корпусы 1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі сол кездегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір кадеті корпусына оқуға орналастырады. Шоқанның бүкіл келешегі мен ғылым, өнер жолындағы талантын ашуда бұл оқу орнының маңызы ерекше болды. Мұнда жабық әскери оқу орны болғанымен, көптеген пәндер әскери сабақтарға қоса орыс, батыс әдебиеті, географиясы мен тарихы, философия, физика, математика негіздері, шетел тілдері оқытылып, орыстың озық ойлы интеллигенттерінің өкілдері сабақ берген. Оқытушылар құрамында білімді және прогресшіл ой-пікірлі адамдар көп болған. Кадет корпусына алғаш оқуға түскен кезде Шоқан орыс тілін білмесе де өзінің зеректігімен тілді тез үйренді. Шоқанның корпуста бірге оқыған Г.Н. Потанин: «Өзінің орыс жолдастарын басып озып, Шоқан тез жетілді… Оған талайлар-ақ назар аударды. Ол сондай қабілетті еді және оқу орнына түспей тұрып ақ сурет сала білетін», дейді. Оған әсіресе орыс тілі мен әдебиеті оқытушысы, шығыстанушы Костылецкий мен тарих пәнінің оқытушысы Гонсевский күшті ықпал етті. Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Герцен, Белинский т.б. орыс классиктерін және батыс әдебиетінен Диккенс, Теккерей, Руссо шығармаларын, «Современник» журналын үзбей оқып, әлеуметтік өмірдің және әдебиет ағымының қай бағытта, қалай дамып бара жатқандығын аңғара алатын, өз кезінің саналы азаматының бірі болған. Сібір кадеті корпусында оқудың соңғы жылдарында-ақ, Шоқан саналы, терең ойлы, жан-жақты білімді, өзіндік қөзқарасы қалыптасқан, туған халқының қажет-мұқтаждарын пайымдап, түсіне алатын, оған барынша пайдалы қызмет етуге әзір екендігін танытты. Ол Косоплецкий, Тонеевский сияқты (орыс әдебиеті мен тілі, тарих пәні) оқытушыларының игі ықпалымен өзінің жоғары қабілеті мен дарындылығының арқасында орыс және дүние жүзі әдебиетінің озық үлгілерін оқып танысып, ғылыми пайымдау, тұжырымдар жасай білді. Оның зерттеушілік қабілеті де осы корпуста оқып жүргенде біртіндеп қалыптасып, дами түсті. Ол, әсіресе, жазғы демалыс кездерінде ел ішіндегі халық жырлары мен дастандарын жазып алып, аңыз-әңгімелерді жинауға қызықты. Мысалы, "Қозы Көрпеш-Баян сұлу жыры Шоқанның алғашқы жазған шығармаларының бірі болды. Шоқан жинаған қазақтың ауыз әдебиеті үлгілері нұсқаларын, "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жырын көрнекті шығыс зерттеушісі, Петербург университетінің профессоры И.И.Березин бұл зерттеулерге назар аударып, жазып алған. Шоқанның зерттеушілік қабілетін байқаған ғалым оны өз тарапынан ескі жазу ескерткіштерін зерттеу ісіне тартқан. Шоқанның "Профессор И.Н.Березинге хат", "Профессор И.И.Березиннің "хан жорықтары" кітабына рецензия" т.б. алғашқы ғылыми жұмыстарының өзінен-ақ, оның болашағы зор ғалым, зерттеуші болатындығы аңғарылатын. Шоқанның біліміне мұғалімдері мен құрбылары ерекше қызыққан, сол кездің алдыңғы қатарлы ой-пікірлерімен таныстығын жолдастарының көбі үлгі тұтып, мойындаған. Шоқан олардың Еуропа мәдениетіне бет бұруына себепші болған. "Бізден жасы кіші болса да, өзімізбен салыстырғанда, ол үлкен сықылды еді де, біздер оған қарағанда бала тәрізді едік, өзінің бізден артық білетіндігін не біздерден білімі жағынан жоғарлылығын білдіруге тырыспаса да, жай әңгіменің өзінде-ақ, оның білімінің бізден артықтығы танылып қалатын. Жалпы жолдастарына, соның ішінде маған, ол еріксіз "Еуропаға ашқан терезе" сықылды болды", – деп жазады Г.И.Потанин. Мұның өзі Шоқанның жолдастары арасында беделі ерекше зор болып, оның биік тұрғанын көрсетеді. Қырағы да зейінді Шоқанға сурет салу өнері сол кездің өзінде-ақ; халық өмірін бейнелеудің тамаша бір құралы болып табылады. Туған жері Сырымбеттің жазғы жайлаулар мен мекен қоныстарының суретін салумен шұғылданады. 1847-1852 жылдарда салған суреттерін Шоқан "корпустан елге демалысқа барған кезде салған суреттер" – деп атайды. Г.Н.Потанин: "Кадет корпусының соңғы курстарында оқып жүрген кезімізде Шоқан өзінің әңгімелерімен менің дәптерімді толтырды. Біз қазақтардың сұңқар салып, саят құру салтын толық жазып алдық. Шоқан сұңқарды қалай баптап күтудің әдісін өте жақсы білетін. Дауылпаз бен сұңқардың т.б. суреттерін салып, ол менің жазбамды толықтыра түсетін", – деп жазды. Мұның өзі Шоқан өнерінің жан-жақты екенін, оған курстастарының қызығып, ерекше құрметпен қарағанын дәлелдей түседі. Шоқан кадет корпусында оқып жүргенде-ақ, саяхатшылардың өмірі мен ісі туралы жазылған еңбектерге аса қызығушылықпен қарап, танысты. Осы еңбектердің ықпал әсерінен ол саяхатшы болуды, Орта Азияны арлап жан-жақты танысуды армандады. Демек, саяхатшылар өмірі жайлы жазылған еңбектер болашақ саяхатшыға бастау көзі болып, жол нұсқады. ## Қызмет жолы Кадет корпусын 1853 жылы он жеті жасында бітірген Шоқан Батыс Сібір генерал губернаторының кеңсесінде қызметке қалдырылады. Бір жылдан кейін Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік шығыс аудандарын басқаратын генерал губернатор Гасфорттың адьютанты болып тағайындалады. Осы қызметті атқара жүріп, ол Орта Азия халықтарының тарихын, этнографиясы мен жағрафиясын зерттеуге белсене араласады. 1854 жылы кадет корпусындағы ұстазы Костылецкийдің өтініші бойынша көрнекті шығыстанушы, Қазан университетінің профессоры Н.И.Березиннің тапсырмаларын орындайды. Березин Шоқан жинаған қазақтың ауыз әдебиеті нұсқалары, «Қозы Көрпеш Баян сұлу» жырымен таныс еді. Жас ғалым әйгілі профессор Березин бастырып шығарған "Тоқтамыс ханның жарлығы мен басқа да хан жарлықтары туралы еңбектерге тыңғылықты талдау жасайды. Бұл оның алғашқы ғылыми зерттеулерінің бірі еді. Жастығына қарамай, оның білімдарлығын, әсіресе, шығыс әдебиеті мен тарихын жақсы білетіндігін сол кездегі орыс ғалымдары да жоғары бағалап, мойындай бастайды.Өсімдіктер әлемінің қолайлы жағдайды талап ететіні сияқты қоғам да өзінің кедергісіз дамуы үшін қолайлы жағдайды талап етеді. Алайда ғалым табиғат зандары мен қоғам арасындағы айырмашылықты ажыратып көрсетеді. Табиғаттың дамуы физикалық зандарға негізделсе, қоғамда олар әлеуметтік зандардың күшімен, яғни қоғамдық өмірдің әртұрлі жақтарымен, тайпалық организм өмірінің шарттарымен толығады. ### Орынбор 1855 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторымен бірге Семей, Аягөз, Қапал арқылы Алматыға дейін келіп қайтады. Осы сапарында қазақ, қырғыз, ауыз әдебиетінің үлгілерін, тарихы мен этнографиясының материалдарын жинай жүреді. Бұл материалдар негізінде кейін ол «Тәңірі (құдай)», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» деген еңбектер жазады. Сол сапардан кейін оның әскери лауазымы бір сатыға жоғарылап, поручик шенін алады. 1856 жылы полковник М.М. Хоментовский басқарған әскери-ғылыми Ыстықкөл экспедициясына қатысып, қырғыз елін жете зерттейді. Қырғыздар мен Ұлы жүз қазақтарының тарихы, этнографиясы жайлы мәліметтер жинайды, ауыз әдебиетінің нұсқаларын жазып алады. Әлем ғалымдары арасында тұңғыш рет "Манас" эпосының ең шұрайлы бөлігі "Көкетай ханның ертегісі" жырын жазып алады. Манас - халық даналығының туындысы, барша халық ертегілерінің, хикаялары мен аңыздарының, география, дін және салт-сана, әдет-ғұрпы жөніндегі түсініктерінің энциклопедиялық жинағы - дала Илиадасы" деп бағалады. Қырғыздардың көне тарихы жөнінде жазған К.Риттердің, А. Гумбольттің, шығыстанушы ғалымдар Шотт пен Клапроттың еңбектеріне сын айтады, Бұдан кейін Құлжа қаласында болып, оның қорытындысында Шығыс Түркістанның өткені мен бүгіні туралы зерттеулер жазады. Осы сапарларда жинаған материалдарды ол «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы», «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қытай империясының батыс өлкесі және Құлжа қаласы» атты еңбектерін жазуға пайдаланады. Табиғатты және ел тұрмысын Шоқан жазушылық шеберлікпен суреттейді. Осыдан барып оны орыс достары «Қазақ тақырыбына жазатын орыс жазушысы» деп атаған. Тарих, география саласындаы даңқы Петербург ғалымдарына да жетіп, жиырмадан жаңа асқан жас Шоқанды Орыс География қоғамының толық мүшесі етіп сайлайды. Тамаша білім алып шыққан жас ғалым түрлі ғылыми экспедицияларға белсене қатысты. Бұл жөнінде ол Омбыда оқып жүрген жылдарында армандайтын. Қазақ даласын және онымен шекаралас жатқан елдердің аумағын, ондағы халықтардың тарихы мен жағдайын жаксы білетін Шоқанға орыс зерттеушілері де қатты қызығып, оның көмегіне мұқтаж болатын. 1855 жылы Шоқан Батыс Сібір генерал-губернаторы Г.Х. Гасфорттың Орталық Қазақстан, Тарбағатай мен Жетісу жеріне жасаған сапарына қатысады. Бұл сапарда қарапайым халықтың өмірімен танысып, қырғыздардын тарихи аңыз-әңгімелері мен жырларын жазып алды. Ш. Уәлиханов 1856 жылы аса көрнекті ғалым, белгілі географ П.С. Семенов-Тян-Шанскиймен танысты. Ол жас қазақ ғалымның қабілетіне шын ниетімен сүйсіне қайран қалды. 1857 жылы П.С. Семенов-Тян-Шанскийдің ұсынуымен Ш. Уәлиханов Орыс географиялық қоғамының толық мүшелігіне қабылданды. Шығыс Қазақстан мен Жетісуға, қырғыз еліне жасаған сапары Шоқанның ғалым ретіндегі даңқын арттырды. 1857 жылы Шоқан Алатау қырғыздарына сапар шегіп, оның тарихын, этнографиясын және халықтық поэзиясын зерттеді. Кырғыз халқының энциклопедиялық дастаны «Манасты» жазып алды. 1858-1859 жылдары Шоқан атақты Қашғария сапарына барып қайтты. Шоқанға дейін ол өлкеде бірде-бір зерттеушінің болып қайтуының сәті түспеген еді. Неміс ғалымы Р. Шлагингвейттің еуропалықтар үшін мүлде жабық өлкеге барып қайтпақ болған сапары қайғылы аяқталып, ол қатыгездікпен өлім жазасына душар болған-ды. Шоқан аса қиын құпия жағдайда өз өміріне қатер төндіре жүріп, Қашғария өлкесінің тарихы, этнографиясы, мәдениеті мен геологиясы, географиялық жағдайы жайлы Бұған дейін мүлде белгісіз аса құнды деректер жинап қайтты. Соның негізінде «Алтышардың немесе Қытайдың Нан-JIy провинциясының (Кіші Бұхараның) шығыстағы алты қаласының жағдайы туралы» деген атақты еңбегін жазды. Еңбекті Ресейде де, одан тыс жерлерде де шығысты зерттеуші ғалымдар жоғары бағалады. Патша үкіметі жас ғалымның ғылыми ерлік еңбегін жоғары бағалады. 1860 жылы Санкт-Петербургте ол орденмен марапатталып, әскери шені де жоғарылатылды. Оны орыс патшасы II Александрдің өзі қабылдады. Осы кездесу кезінде Шоқан патшаға орыс шенеуніктерінің қазақ халқына жақсы қарауы жайлы өз өтінішін батыл жеткізді. Петербургте болған кезінде (1859—1861 жылдары) Шоқан Уәлиханов әр түрлі әскери және ғылыми мекемелерде жұмыс істеді. Ол ресейлік шығыстанушылар мен дипломаттардың, жазушылар мен ақындардың сиынатын нағыз піріне айналды. Шоқан Қазақстан мен Орта Азияның және Шығыс Түркістанның карталарын жасаумен айналысып, қажымай-талмай еңбек етті. Шығыс елдерінің қолжазбаларын мұқият зерттеуді де жалғастырды. Оны Орыс географиялық қоғамы Шығыс тарихы туралы лекциялар оқуға шақырып тұрды. Алайда Петербургтың ылғалды ауа райы оның денсаулығына жақпады. Денсаулығының нашарлауына байланысты Отанына оралуға мәжбүр болды. Ол Омбыға барып, даладағы жергілікті баскару ісін қайта ұйымдастыру жөніндегі шараларға қатысты. Оның негізгі ойлары «Қырдағы мұсылманшылық туралы», «Қырғыздардың көші-қоны туралы», «Сот реформасы туралы жазбаларда» баяндалады.1864 жылы Шоқан генерал Черняевтың Оңтүстік Қазақстанға жасаған әскери экспедициясына қатысады. Бірақ әскери қызметі ұзаққа созылмады, генералдың жергілікті халыққа шектен тыс қатыгездік жасауы салдарынан әскер қатарынан өз еркімен кетті. ### Манас дастаны ### Қашғарияға сапары 1858 — 1859 жылдардағы Шоқанның Қашғарияға сапары ғалымдық, ағартушылық саласындағы еңбегінің жаңа белеске көтерілуіне жол ашты. Қашғария ол кезде Ресей тарапынан зерттелмеген өлке болатын. Саудагер ретінде Қашғарияға құпия барған Шоқан, өлкенің экономикалық саяси құрылымын зерттеп, оның тарихы мен этнографиясынан көптеген материалдар жинайды. Қашқарияға сапарынан «Алтышаһардың, яғни Қытайдың Нан лу уәлаятының шығыстағы алты қаласының жайы» атты еңбегі дүниеге келді. Бұл Шығыс Түркістан халықтарының тарихына, әлеуметтік құрылысына арналып, сол заман ғылымының биік деңгейінде жазылған әлемдегі тұңғыш зерттеу жұмысы еді. Қашғарияға сапарынан кейін Сыртқы істер министрлігі Азия департаментінің арнайы шақыруымен Петербургте келіп, сонда бір жылдай тұрып ғылыми жұмыстармен айналысады. Алайда туберкулез ауруы меңдегендіктен Петербургтен елге, Сырымбетке оралады. Туған халқының екі жақты қанауда езілгенін көріп, 1862 жылғы сайлауда Атбасар округының аға сұлтаны болуға талпынады. «Елдестеріме пайдамды тигізу үшін аға сұлтан болғым келді. Оларды шенеуніктерден, қазақ байларынан қорғамақ болдым. Сондағы ең алдымен көздегенім өз басымның мысалы арқылы жерлестеріме оқыған аға сұлтанның пайдалы екенін көрсету еді» деп жазады ол бұл туралы досы Достоевскийге. Бірақ ол бұл мақсатын орындай алмайды. Шоқан қарсыласынан көп дауыс алып жеңіске жеткенімен, генерал-губернатор оның халық арасында ықпалы мен беделі зор болып кетеді деп сескеніп, «науқасына байланысты қызметтен бас тартты» деген өтірік сылтаумен аға сұлтандыққа бекітпей қояды. 1864 жылы наурыз айында Шоқан полковник Черняевтің шақыруымен Әулиеата жорығына қосылады. Орыс империясының Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияны Ресей қарамағына бағындыру мақсатын көздеген бұл жорыққа аудармашы, жергілікті халықпен бейбіт мәмілегерлік келісімдер жасау үшін қатысқан ол, полковник Черняевтің Әулиеатаны (қазіргі Таразды) алу кезінде шәһар халқына жасаған жауыздығын көргесін, ренжіп, кейін қайтады. Содан Верный (қазіргі Алматы) қаласына келіп, одан әрі Тезек төренің ауылында (бұрынғы Талдықорған облысы, жазда Күреңбел жайлауы, қыс кезінде Алтынемел асуының күнгейі) тұрақтап қалады. Сонда Тезектің немере қарындасы Айсарыға үйленеді. Сөйтіп жүргенде ескі өкпе ауруы қайта қозып, Шоқан 1865 жылдың сәуірінде қайтыс болады. Оның сүйегі Алтынемел тауының баурайындағы Көшентоған деген жерге қойылады. ### Өлкетану өрісі Ұлытау-Жезқазған өңіріне сапар шегіп, Алаша хан мазары, Жұбан ана кесенесі, Аяққамыр күмбезі секілді сәулет ескерткіштеріне сипаттма берген. Ер Едіге, Қойлыбай бақсы, Байғозы, Жаулыбай және Оразымбет (Оразай) батырлар жайлы құнды тарихи деректер қалдырған. ### Шоқан және Достоевский ### Шоқан және Абай Қазақтың ұлы ойшыл-ағартушылары Шоқан мен Абайдың дүниетанымы мен шығармашылық бағытында, тарих пен заман мәселелерін түсінуі мен талдауыңа, әсіресе, мәдени мұраны меңгеру, дамыту, оны елдің рухани қажетіне жарату әрекетінде мол үндестік байқалады. Бұл Абай мен Шоқанның ауыз әдебиетінің асыл үлгілерін жас кезінен санаға сіңіріп, өшпес тағлым алуынан да, небір шешендер мен ақындардың тапқыр сөздерін естіп есуінен де, арғы түбі шығыс елдерінен таралған, араб, парсы, түркі тілдеріндегі қисса, дастан, аңыз, әпсана, ғазел мүлкін өздігінше ізденіп оқып, білімін байытуынан да, орыс және Еуропа кітаптары, соның ішінде олардағы фольклорлық нұсқалармен терең таныстығынан да көрінеді. Шоқан халық әдебиетін тарихты танудың аса бағалы ескерткіштері деп қараса, Абай көркемсөз байлығын жамағатты кәміл адамдық жолдарға баулып, тәрбиелеудің, жақсылықтарды өнеге етіп көрсетіп, зұлымдық, надандық атаулыны әшкерелеуің құралы санады. Абай осы мақсатты көздеп, езінің шығармаларында ауыз әдебиетінде қалыптасқан неше алуан нақыл сөздерді, мақал-мәтелдерді, тұрақты тіркестерді жаңғырта пайдаланды. Абайдың халық елеңдеріндегі дәстүрлі ұйқастар мен буындық өлшемдерді, арнау, толғау, жоқтау, жұбату секілді фольклорлық жанрларды қолдануы осыны көрсетеді. Шығыс фольклорындағы фабулаларға сүйеніп, «Ескендір», «Масғұт», «Әзімнің әңгімесі» тәрізді келемді туындылар жаратуы да ақынның жаһан халықтарының рухани қазынасын кең игергендігін дәлелдейді. Шоқан мен Абайдың қазақ тарихы туралы толғамдары өткеннің тәжірибесін қорыту, халықтың сенімді болашағы үшін жол іздеу талабынан туған. Шоқан секілді Абай да шығыс пен батыстың тарихи шежірелерімен жақсы таныс болған, тарихи құбылыстарды бірі ғалым сипатында, екіншісі суреткер кезімен бағалап отырғанымен, бұрынғы замандардың қалдырған сабақтарымен мүддесіне тарату мұраттары жақын, халықты ғасырлар бойында тұмшалап келген қараңғылық тұманынан арылтып, өркениеттің даңғыл жолына түсіру қажеттіктері мәселелерінде екеуінің ойлары өте орайлас шығады. Шоқан өзінің тарихи-этнографиялық, фольклорлық еңбектерінде қазақ халқын көркейтудің амалы оқу-білім жүйесін жақсартуда деп көрсетсе, бұл аң бар Абай шығармаларының өзекті жемісіне айналған. Түрік халықтарының генетикалық, мәдени бірлігін, тарихи тағдырластығын айтқанда ұлы ойшылдар үні бірдей шығады. Мұның бәрін Шоқан мен Абай өмір кешкен дәуірдің тарихи-әлеуметтік мұқтаждары мен сауаптарының сабақтастығынан туындаған құбылыстар деп те қарауға болады. Қазақ халқының тәуелсіздіктен айрылып, Ресейге бағынышты, кіріптар күн кешкен заманында қоғам көкжиегінде жарқырап шыққан қайраткерлердің қалдырған мұрасы өзінің тақырып кеңдігі, талдау тереңдігі, ойларының биіктігі жағынан 19 ғасырдағы әлемдік озық ескерткіштер қатарына қосылады ## Шоқан Уәлиханов шығармалары Шоқанның шығармаларын жинап бастыруда орыс ғалымдарының еңбегі аса зор. Орыс географиялық қоғамы басып шығарған Шоқан шығармаларына жазған алғы сөзінде академик Николай Иванович Веселовский: «Шоқан Уәлиханов Шығыстану әлемінде құйрықты жұлдыздай жарық етіп шыға келгенде, орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдары оны ерекше құбылыс деп түгел мойындап, түркі халқының тағдыры туралы онан маңызы зор, ұлы жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті!» деп жазды. Бірақ ол сол аз ғұмырында адам қабілетінің ғажайып мүмкіндіктерін, гуманизмнің биік өресін, ұлтжандылықтың жалтақсыз үлгісін, ғылыми қабілет пен алғырлықтың қайран қаларлық өнегесін барша болмысымен, нақтылы іс әрекетімен дәлелдеп үлгерді. Шоқаннан қалған мұраның бірі бейнелеу өнері туындылары. Олар Шоқанның осы өнер саласында қазақтың тұңғыш профессионал суретшісі болғанын дәлелдейді. Ғалым негізінен портрет, пейзаж және халықтың тұрмыс салтын бейнелеумен айналысты. Одан 150—дей сурет қалған. ### Психологияда қалдырған ізі Шоқан еңбектерінде психологиялық мәселелерге байланысты әр түрлі сипаттағы деректер баршылық. Осылардың ішінде басқа мәселелерден көбірек сөз болғаны — халқымыздың ұлттық санасы, оның ішінде өзіндік психологиялық ерекшеліктері туралы мәселе еді. Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстан тарихы мен этнографиясын зерттеген шовинистік рухтағы орыс ғалымдарының еңбектерінде халқымыздың ондаған ғасырлық тарихы бар мәдениетіне қиянат жасалып, тіпті ұлттық психологиямызға күйе жағылып, екінші сорттағы халық деп келгені белгілі. Осындай келеңсіз көзқарасқа қыр жағдайында туған халқының ұлттық ар-намысын қызғыштай қорғап, қазақ халқын "тағы халық" деп қарау мүлде қате, бұл білместіктен айтылған сөз, халқымыз ертеден елдігі, өзіндік өнері бар, ылғи да көшіп-қонудың салдарынан оқу-білімнен кенжелеу қалса да, рухани дүниесі бай, прогресс атаулыға ұмтылғыш, жаңалыққа бейім халық деп тебіренеді. Ол Шығыстың эпосына емес, индогермандық эпосқа ұқсайды", — деп ол түйіндей келе, ол қазақтардың рухани байлығын өркениеті аса бай ірі елдермен төркіндестіре қарайды Шоқан қазақ ақындарының төгілдіре жырлау қабілетін олардың негізгі ерекшеліктерінің бірі деп бағалады. Шоқан Уәлихановтың пікірінше, халықтық психологиясын көрсететін белгілердің бірі — сол халықтың тіл байлығы, сөз өнері, шешендік қасиеттері. Ол сөз өнері халық бойына біткен зор таланттың, керемет қабілеттің, ақындық қуаттың белгісі деп санады. "Халықтың тұрмысы мен әдет-ғұрпы, — деп жазды ол, — бәрінен де артық көрініс табады. Өткенді қастерлеу мен аңыздардың молдылығы — терістік және Орта Азия көшпелі халықтарының ерекше қасиеті. Қазақ тілінде араб тіліндегідей жасама бояу сөздер жоқ, ол нағыз таза тіл". Ғұлама ғалымның осы пікірлерін кең-байтақ өлкемізде болған орыс, украин, поляк зиялылары да қостайды. Шоқанның психологиялық пікірлерінің екінші бір арнасы оның дін жөніндегі толғаныстарымен астарласып жатады. Ғұлама ғалым алғашқы адамның қиялы мен діни сенімдері оның табиғатқа тікелей қатынастарының бейнесі ретінде пайда болғандығын айтады. Шоқан қазақ халқындағы шамандық ұғымдардың шығу тегін түсіндіргенде де, оның психологиялық жақтарын ашқанда да, материалистік позицияны берік ұстады. Шоқан туған халқының әдет-ғұрпының түрлі жақтарын таңдай келіп, қазақ арасындағы кейбір жағымсыз әдеттерді де мейлінше сынап, олардың психологиялық астарларына үңіліп, осы айтылғандардың қазақ қауымын ілгері бастырмай келе жатқан мерездер деп қарады. Мәселен, осындай кінәраттың бірі барымта екендігін, оны жұрттың көпшілігі баюдың мал жинаудың ең жеңіл әдісі деп қате түсініп жүргенін баса айтты. Ол мұндай "кәсіппен" айналысқан адамның еңбекке ынтасы болмайды, жан-жүйесі жұғымсыз, ұсқынсыз келеді. Белгілі бір кәсіппен айналысу уақытты, зор ынтаны керек етеді деп дұрыс тұжырымдады. Осылайша ол жастарды сұрқия кәсіптен бойын аулақ салуға шақырып, осынау жексұрын қасиеттің адамды арамтамақтыққа, еріншектікке итермелейтінін айта келіп, осы жаман әдеттің сайып келгенде қазақ даласында түрлі кәсіптің дамуына кедергі келтіретініне тоқталды. ## Шоқан Уәлиханов атындағы * Қазақстан Республикасының Ғылым академиясы, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнография институты ## Библиография * Шоқан Уәлиханов - шығыстанушы, Р.Б.Сүлейменов, В.А.Моисеев, "Ғылым" баспасы, Алматы, 1985 жыл * Ф.М. Достоеевский и Чокан Валиханов - Ауезов М.О., Москва, 1960 * Шоқан (Мұхаммед-Ханафия) Шыңғысұлы Уәлихановтың өмірі мен қызметі ## Дереккөздер
Махамбет Өтемісұлы (1804, Ішкі Бөкей Ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданының Нарын құмындағы Жасқұс — 20 қазан 1846, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысының Индер ауданы) — қазақтың әйгілі жырауы, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманұлы бастаған көтерілісті (1836–1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы. Ол Қазақ хандығының соңғы жырауы деп тануға болады. Байұлы ішіндегі Беріш руының Жайық бұтағынан. Нәдір деген кісіден Мәлі (кейбір деректе Құлмәлі, Құлманияз деп айтылады) туады. Мәлінің қазақ әйелінен Өтеміс пен Шыбынтай, қалмақ әйелінен Қобылай туған. Өтемістен - он ұл, Шыбынтайдан - төрт ұл, Қобылайдан - үш ұл туып, Мәлі ұлдың өзінен он жеті немере сүйген адам. Бұл әулет Тайсойған құмындағы іргелі ауылдардың бірі. Атасы Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған, Құлмәлінің тұқымынан би де, шешен де шыққан. Махамбет өзінің барша болмыс қасиеттерімен көшпелілер арасындағы көсем тұлғалардың бірі. Ол өзі туып өскен өңірдің Қамбар батыр, Ер Тарғын, Сыпыра жырау, Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Жиембет, Доспамбет сияқты біртуар тұлғаларының өлмес мұраларын көкірегіне тоқып өсті. Өзі өмір сүрген заманның ағымына жүйрік, қыр сырын жетік меңгерген, көзі ашық, көкірегі ояу, білімдар адам болған. Орыс, татар, араб тілдерін тәуір меңгерген. Мұны ол жазған хаттардан айқын аңғаруға болады. 1836—1838 жылы Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы, қозғалысты ұйымдастырушылардың бірі. Махамбет өзі Жәңгір ханның қудалауымен екі жыл түрмеде отырып, 1831 жылы қашып шыққан. Саналы өмірін патша өкіметінің отарлық саясатын жүзеге асырушы хан-сұлтандарға қарсы кекті жырлар толғайды, халықты күреске шақырады. Көтеріліс жеңіліспен аяқтапғаннан кейін Жем, Жайық, Маңғыстау, Хиуа елдерін сағалайды, жасақ жинап, көтерілісті жаңадан жандандыруға күш салады. Бұл ниеті нәтижесіз болды, Бөкей Ордасында қолға түсіп, Орынбор түрмесіне қамалады. Тұтқыннан босағаннан кейінгі өмірін Кіші жүздің батыс бөлігіндегі ел ішінде өткізеді. Бірақ, Жәңгір хан өлген соң аға сұлтан болған Баймағамбет Айшуақұлының жалдамалыларының қолынан қаза тапты. Махамбет — халықты патшалық, хандық өкіметке қарсы қарулы кетеріліске шақырған алғашқы қазақ ақыны. Оның бейнелі де жалынды негізінен Шалкиіз, Сыпыра, Доспамбет, Қазтуған сияқты батыр жыраулардың үлгісінде шығарылған көтеріліс туралы толғаулар. «Жәңгірге», «Баймағамбет сұлтанға» деген өлеңдерінде үстем тап өкілдерін бет-пердесін жырта шенесе, «Мұнар күн» өлеңінде ел басындағы ауыртпалықты күйзеле, ашына айтты. Исатай — ақынның кеп өлендерінің басты қаһарманы. «Тайманның ұлы Исатай», «Исатай деген ағам бар», «Исатай сөзі», «Тарланым», т.б. өлеңдерінде Исатайдың адамгершілігі, азаматтығы, батырлығы, қайсарлығы сипатталады. ## Қысқаша өмірбаяны Махамбет Өтемісұлы (1803, қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы - 20.10.1846, қазіргі Атырау облысы, Индер ауданы, Жарсуат ауылы Қараой жерінде)- ақын, күйші, Исатай Тайманұлы бастаған көтерілістің (1836–1838) көсемі әрі жалынды жыршысы. Бала кезінен мұсылманша, орысша оқыған.Әкесі Өтеміс елге ықпалды би болған. * 1824–1828 жылдары Орынбор қаласында Жәңгір-Керей ханның ұлы Зұлқарнайынның қасында болды. * 1829 жылы Махамбет Ішкі Ордаға Жайықтан жасырын өтті деген айыппен ұсталып, Калмыков бекетіндегі абақтыға 2 жылдай қамалды. * 1831 жылы түрмеден қашып шықты, бірақ артынша ақталды. * 1834 жылы Исатай батырмен бірігеді. Сол жылы 9 маусымда Жәңгір хан Махамбетті өз жағына тарту мақсатында старшын лауазымын ұсынды. Жер мәселесі, жайылымның тарлығы, орыс империясының қазақ хандығын жою мақсатындағы іс-қимылдары, сондай-ақ, Жәңгір ханның жерді туған-туыстарына бөліп беруі мен ел билігінде қайын атасы Қарауылқожаға үстемдік берген астамшылық әрекеттері бүліншіліктің туылуына себепші болды. Қарауылқожа мен Исатай-Махамбет арасындағы тартыс өршіл, наразылық үлкен қозғалысына айналды. Исатай атынан жазылған «Әй, Махамбет, жолдасым!» атты Махамбет толғауы,ондағы «Хан баласы жылады-ай, Жанымды қи деп сұрады-ай» деген жолдар хан ордасын қоршауға алған соғыс күндерінің (1837) шындығын сипаттайды. Осы жылдың қараша айында көтерілісшілер Бекетай құмында өздерінен күші әлдеқайда басым Гекке әскерімен соғысып, жеңіліс табады. Бұл оқиғалар Махамбеттің «Соғыс» жырында бейнеленіп, «Жабығу», «Ереуіл атқа ер салмай» туындыларында жеңілістің күйзелісті күйі шертіледі. * 1836 жылы 17-наурызда Жәңгір хан Махамбет пен Исатайды жолдастарымен ұстап әкелуді бұйырады. Бұл істі Қарауыл қожа Бабажановқа тапсырады. * 1836 жылы 4-сәуірде Киелімола деген жерде 522 адамнан тұратын отряд алып шыққан Қарауыл қожамен Исатай-Махамбеттің 200-ге жуық әскері кездеседі. Қарауыл қожа ұрыс ашуға бата алмай, кері қайтады. * 1836 жылы мамыр айында Махамбетті «Күшік Жапарұлын өлтірді» деп айыптап, Орынбор шекара комиссиясына Қарауыл қожа арыз түсіреді. * 1836 жылы маусым айында Исатай мен Махамбет хан ордасына талаптарын жолдайды. * 1836 жылы Жәңгір хан Орынбор шекаралық комиссиясына хат жолдап, Исатай мен Махамбетті қамауға алуды өтінеді. * 1837 жылы 17-ақпанда Исатай мен Махамбет Қарауыл қожаның ауылын шабады. * 1837 жылы наурыз айында Жәңгір атаман Покатиловке арыз жазып, Исатай мен Махамбетті «ұры» деп жазғырып, тез арада қамауға алуды талап етеді. * 1837 жылы күзде Исатай мен Махамбет 2000-нан астам әскермен келіп, хан ордасын қоршауға алады. * 1837 жылы қараша айында Бекетай құмында Геке әскерімен соғысып, жеңіліс табады. * 1837–1838 жылдары Жайықтың бергі жағына өтіп, Кіші жүздің арасында болады. Қол жинап, елді көтеріліске үгіттеумен айналысады. * 1838 жылы 12-шілдеде Ақбұлақ бойындағы шайқаста Исатай қазаға ұшырап, Махамбет Хиуа жақта 2 жылдай жасақ жинауға әрекет жасады. Бұл ниетінен әрекет шықпаған соң Бөкей ордасына жасырын өтіп, ел ішін паналады. Ақын өмірінде ауыр да сүргінді жылдар жалғасты. * 1841 жылы 4-наурызда белгісіз біреулердің көрсетуімен Тілекеев деген қазақтың үйінде отырған жерінде Махамбет қолға түсті. Орал әскерінің 40 мың адамнан құралған жасағы үй иесі мен Махамбетті тұтқындап, Калмыков ауылында (қазіргі Тайрақ ауданы) екі апта түрмеде ұстайды, кейін Орынборға айдатады (17.3.1841). Орынбор генерал-губернаторы Махамбет ісін әскери соттың қарауына тапсырды. * 1841 жылы 7-шілдеде сот «бүліншілікке» тағы араласса, қатаң жазалансын деген үкіммен тұтқыннан босатып, шекарадан өтпеуді қатаң ескертті. * 1841–1845 жылдар аралығындағы Махамбет өмірі туралы деректер аз. * 1846 жылы ақпанда Махамбет баласы Нұрсұлтанды оқуға орналастырмақ ниетпен Орынборға келді. Шекарадан өтуіне байланысты генерал-губернатор істі қайта қозғады, Кіші жүздің батыс бөлігінің әкімі Б.Айшуақов та Махамбетті қудалауын қоймады. Ол ақынның басына 1000 сом тігіп, оны ұстау үшін арнайы адамдардан (құрамында хорунжий Ықылас Төлейұлы, беріш руының биі Жаңаберген Боздақұлы, Табын Төрежан Тұрымұлы, беріш руының қазақтары Мұса Нұралыұлы, Жүсіп Өтеуліұлы бар) құралған қарулы жасақ жіберді. Махамбет хорунжий Тұрымұлының қолынан қаза тапты. ## Махамбет шығармалары Махамбет шығармалары - бұқара өмірінің рухани-поэтикалық шежіресі, шаруалар қозғалысының шынайы бейнесі. Ол Жыраулық поэзияның көркемдік әлемін байытып, шығармаларында ұлт-азаттық идеяларын көтерді, елдікті сақтап қалуға тақырлы. «Мұнар күн» жырында ол ел басына түскен ауыртпалықты ашына айтты. «Ереуіл атқа ер салмай», «Ұлы арман», «Жайықтың бойы көк шалғын», «Атадан туған ардақты ер» жырларында ақын алдағы күндеріне үмітпен, зор сеніммен қарады.«Біртіндеп садақ асынбай», «Арғымақ, сені сақтадым», «Арғымақтың баласы», «Азамат ердің баласы», «Қара нар керек біздің бұл іске», «Еменнің түбі - сары бал», «Жалған дүние», «Еріскедей ер болса», т.б. шығармаларында ұлт-азаттық қозғалыс рухы, ел тағдыры мен арман-мүддесі терең әрі шынайы суреттелген. «Халық қозғалса, хан тұрмайды тағында» дейді ол отты жырларында. Ақын өлеңдерінің басты қаһарманы Исатай батыр. «Исатай деген ағам бар», «Исатай сөзі», «Арғымаққа оқ тиді», «Тарланым», «Соғыс», т.б. өлеңдерінде Исатай батырдың көркем тұлғасы, адамгершілік, қайсарлық, тапқырлық қасиеттері жан-жақты сипатталды. Оның «Жәңгірге», «Баймағамбет сұлтанға» арнаған 106 өлеңдері патшаның жергілікті билеуші өкілдері - хан-сұлтандарға қарсы жазылған, олардың бет пердесін ашатын жырлар болды. Ақын өлеңдерін дәстүрлі үлгіге негіздей отырып, түр, мазмұн жағынан байыта, жетілдіре түсті. Махамбеттің лирикалық өлеңдері, көбіне, толғау, жыр, терме үлгісінде жазылды. Исатайға арнаған өлеңдерінде жоқтау сарыны басым. Махамбет шығармашылығы қазақ поэзиясы жанрларының қалыптасуына (сатира, элегия, монолог, арнау, т.б.), стилінің дараланып, поэтикалық тіл құралдарының артуына, философиялық тереңдіктің орнығуына үлес қосты. Халық нақылына құрылған философиялық толғаулары мен жігерге толы ерлік жырлары, жауынгер рухты биік өлеңдері ақын шығармашылығын жоғары деңгейге көтерді. Махамбет жырлары дәуір шындығын бейнелеп, көтеріліс айнасы болып қана қойған жоқ, асқақ рух пен болашаққа деген сенімнің ерекше үлгісін көрсетті («Мұңайма», «Желп-желп еткен ала ту», «Жайықтың бойы көк шалғын», «Ұл туса», «Толарсақтан саз кешіп»). Ақын жырларында орыс, араб, парсы сөздері көп кездесіп, шағатай тілінде жазылуымен ерекшеленеді. Махамбет жыраулық поэзия дәстүрін шебер дамыта отырып, қазақ өлеңінің табиғатын жаңартты. Махамбет шебер күйші де болған, оның 11 күйі«Шашақты найза, шалқар күй» деген атпен жарық көрді (1982). Ақын өлеңдерінің халық арасына тарауына Ш.Жарылғапұлы, Қуан ақын, кішкене Кобыланды, Қубала, Лұқпан, Мұрат, Ығылмандар әсер еткен. Алғаш «Мұрат ақынның Тұмар қажы оғлына айтқаны» деген жинақта (Қазан, 1908) Махамбеттің 100 жолдан астам екі толғауы басылды. Ғ.Мүштақ құрастырған «Шайыр яки қазақ ақыңдарының басты шығармалары» жинағында (Орынбор, 1911) Махамбет толғауынан үзінділер берілді. 1939 жылы Қ.Жұмалиев Махамбет өлеңдерінің жинағын шығарды. Ақынның 200 жылдық мерейтойы аталып өтіп (2003), 4 томдық жинағы жарық көрді. Ақын халық бұқарасының зор күшіне сенеді. Егер ел болып бірігіп, әділетсіз хандарға қарсы шықса, ханды тақтан тайдыратынына күмән келтірмейді. Махамбет халықтың ханнан көрген жәбір жапасын жырға қосып айтады. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Махамбет Өтемісұлының шығармалары(қолжетпейтін сілтеме) * Махамбет Өтемісұлының 200 жылдық мерейтойы Мұрағатталған 1 наурыздың 2007 жылы.
Жаяу Мұса Байжанұлы (30 шілде 1835 жыл, Семей облысы, Баянауыл ауданы, Жасыбай көлінің жағасы, Ақшоқы алқабы – 1929 жыл) — қазақ халқының әйгілі әнші-сазгері, ақыны. Шыққан тегі — Орта жүз, Арғын ішіндегі Сүйіндік руының Айдабол бөлімі. ## Өмірбаяны Алғаш ауыл молдасынан оқып, сауат ашады. Оң-солын тани келе өнер-білім қуып, Қызылжар, Омбы қалаларына келеді. Омбыдағы орыс мектебінде оқиды, қала өнерпаздарымен араласып, домбыра, сырнай, скрипка аспаптарын тартуды меңгереді, өзінің сезім-күйін әнге қосуға машықтанады, музыкалық әдеби кештерге араласады. Бойындағы өнерін жұрт алдында көрсете бастайды. Қалада өткерген жылдарында Жаяу Мұса сол кездің саяси-әлеуметтік өмірін тереңірек танып, туған елінің бодандықтағы мүшкіл халіне ой зерделетіп, санасы толысқан шағында елге оралады. Ел ішіндегі әлеуметтік әділетсіздіктер мен сыртқы өктемдікті жай ғана бақылаушы болып қана қалмайды, өзінің ұстанымын тиісті жерінде өнерімен де, іс-әрекетімен де көрсетіп отырады. «Ақ сиса» сияқты әлеуметтік теңсіздікті әшкерелеген әндері ел ішіне тарай бастайды. Ақыры Жаяу Мұсаға «Патша саясатына наразы адам» деген айып тағылып, Тобылға жер аударылады. Тобыл түрмесінде ол генерал-губернаторға хат жазып, әскер қатарына сұранады. Мұсаның өтініші қабылданады. Осылайша, оның әскер қатарындағы әр қиырды шарлаған күрделі өмірі басталады. Тобыл, Орынбор, Қазан, Новгород, Мәскеу, Владимир, Петербор қалаларында, Польша, Литва жерінде болады. Кейін Қоқан хандығының саясатына қарсы жұмсалған полковник М.Черняевтің әскерінің құрамында Алатау, Әулие-ата, Шымкент жорығына қатысады. Осы жорықта Ресей әскерінің зорлықшыл әрекеттерін көзімен көрген Жаяу Мұса қатты налиды, ән-жырына қосады. ## Шығармалары Алыста жүріп, туған жерін сағынып «Сүйіндік» әнін шығарады. «Толғау», «Арап ұрыға», «Бозторғай», «Хаулау» әндеріне өмірден көрген сондай қиындық қиянаттар арқау болады. Өмірдің көп тауқыметін бастан өткеріп, еліне оралған Жаяу Мұса әлеуметтік-саяси теңсіздікке арналған әндер шығаруды одан әрі жалғастырады. Ақмола уезіне қарасты Құлбай деген байдың немере қызы Сапармен көңіл жарастырып, ұрпақ құрып, саясатшылықпен айналысады. Жаяу Мұса қазақтың ән өнерін мазмұн, түр жағынан байытып, шығармашылық жаңалықтар енгізіп, әуен сазын жаңа биіктерге көтерген аса дарынды композитор. Ол өз шығармаларында қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, өз заманының арман-аңсарын әнмен бедерлей білді. Оның әлеуметтік көзқарастары, азаматтық ұстанымдары сол кездің демократтық-ағартушылық озық идеяларымен астасып жатты. ## Дереккөздер
Жамбыл облысы — Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан облысы. Шығысында Алматы, батысында Түркістан, солтүстігінде Ұлытау және Қарағанды облыстарымен және оңтүстігінде Қырғызстанның Талас пен Шу облыстарымен көршілес болып табылады. Облыстың аты қазақ және кеңес ақыны Жамбыл Жабайұлының құрметіне қойылған. Жамбыл облысының территориясы Бетпақдаладан Тәңір тауына, Шудан Қаратауға дейін созылып жатыр. Жер аумағы — 144,2 мың км². Облыс орталығы, әрі ең үлкен қаласы — Тараз. Облыста барлығы 10 аудан, 4 қала, 150 ауылдық округте 367 ауыл бар. ## Географиясы Географиялық тұрғыдан облыс аумағы негізінен жазықтық. Климаты – едәуір құрғақ және континентальды. ## Табиғаты Облыстың айтарлықтай аумағын Бетпақдала және Мойынқұм алады, тек оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс шеті таулармен шектелген (Қаратау, Қырғыз және Шу-Іле Алатау таулары). Рельефтің бұл ерекшелігі облыс климатына әртүрлілік ендіреді. Табиғи ландшафтардың флорасы мен фаунасы кең және әртүрлі. Облыста өсімдіктердің 3 мыңнан астам түрі бар. Аң аулайтын өңірдің жалпы алаңы 13,9 мың га құрайды, онда жануарлардың 40-тан астам түрі мекендейді. 27,8 мың га алаңды құрайтын балық шаруашылық қоры 74 су айдынынан тұрады, оның ішінде 73 су айдыны балық шаруашылығына жарамды. Ірі бөгендерден Тасөткел және Теріс-Ащыбұлақ бар. Балық аулау кәсібінде толстолобик, ақмарқа, карп, сазан, көк серке, тыран балық, краль, торта балықтарын аулау кең таралған. Облыс аумағында 3 мемлекеттік табиғи (кешенді) қаумалы бар: * Мемлекеттік (кешенді) қаумал «Берікқара шатқалы» — 17,5 мың га алаңды алады, онда қызыл кітапқа енгізілген аса бағалы ағаш бұтасының және шөп өсімдігінің 50-ден астам түрін, ал жануарлардан – арқарды, үнді жайрасын, жұмақ шыбыншыны кездестіруге болады; * Жалпы алаңы 3,07 мың га құрайтын мемлекеттік табиғи (кешенді) қаумал «Қарақоңыз шатқалы» (ботаникалық), Зайлы Алатаудың батыс сілемінде орналасқан. Алма, шие, алша, жүзім ағаштарының жемісті көшеттері үйеңкі орманның, боз қарағанның, тұт ағашының, түйе жаңғағының алаңдарымен ауыстырылады; * Жалпы алаңы 1000 мың га құрайтын Андасай мемлекеттік (кешенді) қаумал (зоологиялық) Мойынқұм ауылынан батысқа Шу өзенінің жағасының бойында орналасқан. Өсімдік қабатында селеу шөбі, бетеге, қара сексеуіл, талдың ну бұтасы басымды. Жануарлар әлемінде арқарлар, құландар, жайрандар, еліктер, қабандар, қояндар, қырғауылдар, құрлар басым. ## Тарихы Облыстың әкімшілік орталығы Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан Тараз қаласы болып есептеледі. Тараз қаласы республиканың ежелгі қалаларының бірі болғандығын б.э.д. 1 ғасырдың ортасындағы қытай жазбаларынан көруге болады.Патшалық Ресейдің 1863-64 жылдары әскери жаулап алушылық әрекетінің нәтижесінде бұрын Қоқан хандығының қол астында болып келген Ұлы жүздің жерлері империяның құрамына кірген. Осы өңірлерде Сырдария және Жетісу уездері құрылып, олар Түркістан генерал-губернаторлығына бағынған.Үкіметтің 1867 жылғы 11 маусымда қабылдаған жаңа жерлерді басқару жөніндегі "Уаықтша Ережеге" сәйкес Әулиеата уезі құрылған, ол Сырдария облысына қараған. Оның аумағы батысында Түлкібас стансасы, шығысы Шу өзенінің батыс жағалауына, оңтүстігі Сусамыр алабына (қазіргі Қырғызстан Республикасының Талас облысы), солтүстігі Шудың төменгі ағысына дейінгі жерді алып жатқан. Орталығы Әулиета шаһары болған.1917 жылы Қазақ төңкерісінен кейін уезд - 1918 жылғы 30 сәуірде құрылған автономиялық Түркістан Кеңестік социалистік республикасының құрамында болған. 1924 жылы Орта Азиядағы Ұлттық-аумақтық межелеуге байланысты уезд Сырдария облысының, кейінірек Алматы округінің құрамын енген.1927 жылы әкімшілік-аумақтық аудандастыруға сәйкес уезд негізінде 6 аудан құрылған: Жамбыл, Луговой, Меркі, Сарысу, Талас, Свердлов. Олар Оңтүстік Қазақстан облысы құрамына кірген.Өлкенің өндіргіш күштерін шапшаң дамыту және оны әлеуметтік-мәдени тұрғыдан түлету жөніндегі проблемаларды шешу мақсатында 1939 жылғы 14 қазанда өз алдына Жамбыл облысы құрылған. Оның құрамына аталған 6 ауданнан басқа Алматы облысынан Қордай, Красногор, Шу, ал 1951 жылы Оңтүстік Қазақстаннан Жуалы ауданы алынған. ## Сәулеттік ескерткіштер Жамбыл облысында бірнеше сәулеттік ескерткіштер бар. Барлығы Алматы-Самара жолында немесе Тараз қаласының маңайында орналасқан. * Айша бибі кесенесі. Айша бибі ауылының орталығында Тараз қаласынан 12 км қашықтықта орналасқан. Айша бибі кесенесі – ХІ-ХІІ ғ.ғ. ортағасыр сәулет ескерткіштерінің бірі. Қараханидтер сәулет ескерткіштері ішінен Орта Азия және Қазақстан аумағында сәулет-құрылыс мәдениетінде бұл ескерткіш кереметі болып саналады. 60 түрлі ою-өрнектері бар эпиграфикалық белдеумен жасалған. Ескерткіш туристтерді тек қана ерекше сәулетімен ғана емес, сонымен қатар сұлу Айша-бибі мен батыр Қарахан арасындағы шексіз махаббаты туралы аңыз да қызықтырады. Айша әйгілі шығыс ақылшысы Зеңгі бабаның қызы болып келеді. Аңыз бойынша Айша өзінің ғашығы Қараханға бара жатқан жолында жыланның шаққанынан қайтыс болған. * Бабаджа Хатун кесенесі. Айша бибі мазары жанында орналасқан. Бұл кесене де XI- XIIғ.ғ. сәулет ескерткіші болып саналады. Кесене ерекше қарапайымдылығымен бағаланады. Соңғы жаңартылуы 2002 жылы болған. Эпиграфикалық жазба бойынша ол жерде жерленген әйел адамның атын оқып білген. Аңыз бойынша ол әйел Айшаның қамқоршысы болған. Ол Айшаны сапар кезінде қасында болған. Айша қайтыс болған соң, оның мазары үстінде жағылып тұрған алауды ұстап тұрған. Бұл екі кесене сәулет ескерткіші ретінде және қажылық дәстүрін өткізетін мұсылманның қасиетті жерлері болып есептеледі. Қарахан, Дауытбек және Тектұрмас кесенелері Тараз қаласының ортасында орналасқан. Осы кесенелердің алыс емес жерде Хал-Юнус шығыс моншасы орын тепкен. * ХІ ғ. Қарахан (Әулие-Ата) ортағасырда пайда болған Тараз қаласының аймағында мәдени-мемориальды комплекске кіреді. Алғашқы құрылыс қарахандықтар дәуірінде ХІ ғ. басталады. Құрылыста алғашқы жоспарлау және сәулет өнерінің принциптері сақталған. Ортағасырдағы мәдени сәулеттің типтік образы — монументалды порталды-куполды қамалды құрайды. Жерленген тұлғаның тарихы осы жерде қоныстанған Х-ХІІ ғ.ғ. Қарахандықтар хандығымен байланысты. Мұсылман әлемінде қасиеттісіне жатады. Соған байланысты «Әулие Ата» деген екінші атқа тең. Комплексті көптеген сенушілер аралайды. * Дауытбек кесенесі (Шамансұр) Қарахан кесенесімен бірге мемориалды-культті комплекске кіреді. Дәстүрлі порталды-куполды формасында ХІІІ ғ. ірі саяси басшының қабірінің үстінен салынған. Кесененің ортасында араб тілімен қашалған жазуы бар тасты ескерткіш орналасқан. Жазу жерленгеннің адамның аты мен қайтыс болған уақытын хабар етеді. Екі кесененің де территориясы да барлық жағынана жабдықталған. * ХІХ ғ. Кали-Юнус шығыс моншасы ХІХ ғ. Әулие Ата қаласының тұрғынымен құрылған монша. Салуда сәулет композицияның принциптері және ортағасырдағы шығыс моншалар жылыту жүйелері қолданылған. Бұл көптеген туристердің қызығушылығын оятады. XX ғ. елуінші жылдарына дейін монша істе болған. Қазіргі уақытта ол қалпына қайта келтіріліп, сәулет ескерткішіне айналдырылған. Монша туристік орынға айналған еді. * VIII-IХ ғ.ғ. Ақыртас сарайлық комплексі Жамбыл облысының және Қазақстан территориясында қызықты және құпиялы орындардың бірі. Ақыртас тарихы 130 жыл зерттеліп және қазір де зерттелуде. Қазіргі уақытта комплекс территориясында Қазақстан Республикасы ҰАҒ археология этнографиясы институтымен басқарылған археологиялық қазбалар жүргізілуде. Бұдан ірі «Мәдени мұра» республикалық бағдарламасы аясында музейлік комплексті құру жоспарланды. Археологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынған соңғы мәліметтер бойынша Ақыртасты Ұлы Жібек жолындағы ортағасыр қаласы Қасрибаспен теңестіреді. Ғалымдардың көпшілігі ойларынша Ақыртас 1714-1715 ж.ж. араб қолбасшысы Күтейбі бұйрығымен салынған. Сарай комплексінің іргетасының тереңдігі 4 м құрайды. * Тектұрмас сәулет кешені Х-ХIV ғғ. Бұл ежелгі діни орындарының бірі. VII-XІ ғғ. Ислам дінінің келуіне дейін комплекс құрыла бастаған болатын. Кесене ислам кезеңінде салынып, 1935 ж. жойылды. Қазіргі уақытта оны орнында ортағасыр типімен жаңа кесене қалпына келтірілді. Кесененің жанында қазақ батыры Мәмбеттің моласы бар. Кешен территориясы барлық жағынан жабдықталған. Кесене орнатылған таудың үстінен төменде жатқан Тараз қаласына сұлу көріністі көруге болады. Ежелгі қалаға атау болатын жанында ағып жатқан Талас өзені әсерді күшейтеді. Осы жерде Х-ХIII ғасырларды Тараз қаласы арқылы өтетін керуендер өтетін тас көпір орналасқан. ## Демографиясы Жамбыл облысы халқының саны 2011 жылдың 1 қаңтарына халық саны 1043,6 мың адамды құрайды. Халықтың құрамы 90-нан астам ұлттан тұрады, оның 71,4% -ы қазақтар. ## Әкімшілік бөлінісі Облыста 10 аудан, облыстық мәндегі Тараз қаласы және аудандық мәндегі Қаратау, Жаңатас, Шу сияқты үш қала, 367 елді мекен бар. ## Экономикасы Облыстың жалпы ішкі өнімі: * 23,8 % — өнеркәсіп * 20,2 % — ауыл шаруашылығы * 16,6 % — көлік және байланыс * 6,5 % — құрылыс өнімі * 9,2 % — сауда * 23,7 % — басқа салалар ## Әкімдері * Өмірбек Бәйгелді (1990—1995) * Амалбек Қозыбақұлы Тшанов (1995—1998) * Сарыбай Сұлтанұлы Қалмырзаев (1998—1999) * Серік Әбікенұлы Үмбетов (ақпан 1999 — 14 мамыр 2004) * Бөрібай Биқожаұлы Жексембин (14 мамыр 2004 — 30 қараша 2009) * Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев (30 қараша 2009 — 20 желтоқсан 2013) * Кәрім Насбекұлы Көкірекбаев (30 желтоқсан 2013 — 18 қаңтар 2018) * Асқар Исабекұлы Мырзахметов (18 қаңтар 2018 — 10 ақпан 2020) * Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев (10 ақпан 2020 — 7 сәуір 2022) * Нұрлан Молдиярұлы Нұржігіт (7 сәуір 2022 — 4 қыркүйек 2023) * Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев (5 қыркүйек 2023 жылдан бастап) ## Жамбыл облысынан шыққан атақты тұлғалар * Төле би (1663 – 1756) – қазақ халқының бас биі. * Жамбыл Жабайұлы (28.02.1846 – 22.06.1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. * Балуан Шолақ (1864 – 1919) – қазақтың халық композиторы, жауырыны жерге тимеген балуан. * Кенен Әзірбаев (08.05.1884 – 12.04.1976) – қазақтың әйгілі халық ақыны, композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. * Бауыржан Момышұлы (24.12.1910 – 10.06.1982) – қазақтың батыры, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик, Кеңес одағының батыры, жазушы. * Қайрат Рысқұлбеков (13.03.1966 – 21.05.1988) – Желтоқсан оқиғасына қатысушы, Халық Қаһарманы. * Асанбай Асқаров (15.09.1922 – 10.08.2001) – мемлекет қайраткері, Социалистік еңбек ері (1982), соғыс ардагері, ақын. * Шона Смаханұлы (05.10.1924 – 1988) – ақын, сықақшы. * Шерхан Мұртаза (28.09.1932 – 08.10.2018) – Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері. * Асанәлі Әшімұлы (08.05.1937) – кино және театр актері, КСРО халық әртісі (1980). * Берік Шаханұлы (1943-2020) - жазушы, прозаик «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты; «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері». Сарысу ауданының Құрметті азаматы Халықаралық "Махмұд Қашқари" сыйлығының лауреаты. * Амангелді Нақыпұлы Сембин (9.5.1945 - 2005) әнші, педагог, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1976). Мәскеу консерваториясының вокалдық бөлімін бітірген. Италияның Милан қаласындағы "Ла Скала" да ән шырқаған тұңғыш қазақ. * Дулат Каппарұлы Алиев (5.01.1948) сүретшi педагог. 1986 "Қазақстан Мемлекеттік Премиясының" иегері. Шығармалары Ресей "Третьяков галереясының" қорында. * Сарыбай Қалмырзаев (10.06.1949 – 27.07.2012) – мемлекет қайраткері * Алтынбек Қоразбаев (01.02.1948) – композитор, Қазақстанның халық әртісі (1993). * Тұңғышбай Жаманқұлов (02.10.1948) – кино және театр актері, Қазақстанның халық әртісі (1992) * Жақсылық Үшкемпіров (06.05.1951 — 2.08.2020) – қазақ халқынан шыққан алғашқы олимпиада чемпионы (Мәскеу, 1980), классикалық күрестен спорт шебері. * Серік Қонақбаев (25.10.1959) – бокстан Олимпиаданың күміс жүлдегері (Мәскеу, 1980). * Мейрамбек Бесбаев (08.11.1976) – әнші, “МұзАРТ” тобының мүшесі. * Бақтияр Артаев (14.03.1983) – бокстан Олимпиада чемпионы (Афины, 2004). * Ермахан Ыбрайымов (01.01.1972) – бокстан Олимпиада чемпионы (Сидней, 2000). * Ислам Байрамуков (12.06.1971) – еркін күрестен Олимпиаданың күміс жүлдегері (Сидней, 2000). * Болат Жұмаділов (22.04.1973) – бокстан Олимпиаданың екі дүркін күміс жүлдегері (Атланта, 1996,Сидней, 2000). * Болат Ниязымбетов (19.09.1972) – бокстан Олимпиаданың қола жүлдегері (Атланта, 1996). * Ақжүрек Таңатаров (03.09.1986) – еркін күрестен Олимпиаданың қола жүлдегері (Лондон, 2012). * Сейділда Байшақов (28.08.1950) – КСРО құрамасының және “Қайрат”, “Энергетик” (Тараз) командаларының қорғаушысы. * Олег Маскаев (02.03.1969) – кәсіпқой бокстың WBC жүйесі бойынша әлем чемпионы (2006-2008). * Алексей Ни (24.07.1961) – ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері. * Марат Мәзімбаев (03.01.1974) – қазақ халқынан шыққан алғашқы кәсіпқой бокстан әлем чемпионы (IBA, 2005-2007). * Олег Литвиненко (22.11.1973 – 18.11.2007) – Қазақстан құрамасының шабуылшысы, Қазақстан чемпионаттарының ең мерген футболшысы (148 гол). ## Сыртқы сілтемелер * Жамбыл облысы Мұрағатталған 9 наурыздың 2017 жылы. Ашық Тізімдеме Жобасы (ODP) * Жамбыл Облысы Әкімінің ресми сайты ## Дереккөздер
* Қазанғап Тілепбергенұлы * Қазанқап
Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков (26 шілде 1954, Бөрлі, Қарабалық ауданы, Қостанай облысы, Қазақ КСР) — Қазақстан мемлекеттік қайраткері, 2016–2018 жылдары Қазақстан Президенті Әкімшілігінің төрағасы, 2014–2016 жылдары Астана әкімі, Қазақстан Мемлекеттік хатшысы (2014) және Қорғаныс министрі (2009–2014) сияқты лауазымдарының иегері. ## Биографиясы Қыпшақ тайпасының Қарабалық руынан шыққан. 1954 жылы шілденің 26-ында Қостанай облысында туған. 1978 ж. Бүкілодақтық кинематография (Мәскеу қаласы) мемлекеттік университетін тәмамдаған, 1987 ж. Плеханов атындағы халық шаруашылығы институтында «материалдық-техникалық жабдықтаудың ұйымдастырушысы» мамандығы бойынша қайта даярлықтан өткен. * Қазақ КСР Мемкино жүйесінде, материалдық-техникалық жабдықтау органдарында жұмыс істеп, кәсіпорындарға басшылық еткен. * 1988—95 жж. көпсалалы «Цесна» корпорациясының басшысы. * 1995 ж. Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына сайланады. * 1996 ж. Ақмола облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалады. * 1997 ж. желтоқсанынан 2003 ж. маусымына дейін Астана қаласының әкімі. * 2003 ж. шілдесінен 2004 ж. желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрі. * 2004 ж. желтоқсанынан Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы. * 2008 ж. қаңтарынан Нұр Отан халық демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары. * 2008 ж. қараша айынан Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. * 2009-2014 жылдары – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі. * 2014 жылғы сәуір мен қазан аралығында – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы. * 2014-2016 жылдары – Астана қаласының әкімі. * 2016-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы. * 2020 жылдың қарашасынан – «ҚазТрансГаз» АҚ Директорлар Кеңесінің төрағасы. ## Марапаттары «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев», III дәрежелі «Барыс» ордендерiмен, басқа да үкіметтік наградалармен марапатталған. ## Әскери атағы Әскери атағы - запастағы полковник. ## Сүйіп оқитын әдебиеті Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи және көркем проза, поэзия (А. Құнанбаев, Ш. Айтматов, Э. Хэмингуэй және басқалары). ## Отбасы Үйленген. Жұбайы - Ибрагимова Ләззат (1955 жылы туған), экономист. Ұлы - Дәурен (1978 жылы туған). ## Дереккөздер
Төле Әлібекұлы (1663–1756) — қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, Қазыбек, Айтеке бидің қолдауымен үш жүзге төбе би болып сайланған. Артында "бүтін билікке Төле би жеткен" деген сөз қалған тарихи тұлға. "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Әлібекұлы Төле бидің атасы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде Есім ханды қолдаған (Қазыбек бек Тауасарұлының "Түп-тұқияннан өзіме дейін" кітабынан). Яғни Есім хан тұсындағы, халық аузында "Есім ханның ескі жолы" атанып кеткен қазақ халқының заңдар жинағын құрастыруға қатысқан билердің бірі деп айтуға толық негіз бар. Өз заманында Қазақ хандығының тұтастығы үшін күрескен қайраткер! Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15–20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайды. ## Өмірбаяны Төле би 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысы Шу өңірінде туған. Ұлы жүздегі дулат тайпасының жаныс руынан. Бала күннен жас Төле әкесіне еріп жүріп ел көреді, жұрт таниды, қазақ халқының ақындық-шешендік өнерінен тәлім алады. Он бес жасынан ел билігіне араласып, ақыл-парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түседі. ### Тауке ханның басқару кезінде Төле би Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билермен бірге Тәукені хан етіп көтеруге, үш жүздің ұлыстарын бір орталыққа бағындыруға, сөйтіп, бірегей қазақ хандығын нығайтуға, жоңғар шапқыншылығына қарсы бауырлас қазақ, қарақалпақ және өзбек халықтарының жауынгерлік одағын құруға бағытталған шараларды жүзеге асыруға қатынасты. Тәуке хан Төле биді Ұлы жүздің бас биі еткен. Төле би Қазыбек бимен және Әйтеке бимен бірлесе отырып, қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы болып табылатын Жеті жарғының қабылдануына атсалысты. Ордабасы жиыны кезінде Төле би басшылық жасап, жоңғар басқыншылығына қарсы бүкілхалықтық тойтарыс беруге ұйытқы болды. Шашырап кеткен қазақтардың басын қосып, Ресей мен Қытай секілді екі алпауыт мемлекет арасында оңтайлы саясатты жүргізген Абылай ханды өкіл бала етіп тәрбиелеп, азамат қатарына қосуда Төле бидің қызметі орасан. ### Абылай ханның басқару кезінде 1742 жылы Абылай тұтқиылдан шабуыл жасаған жоңғарлардың қолына түсіп қалғанда, оны тұтқыннан босатуда Төле би белсенділік танытты. Тарихи жырларда қазақ билеушілерінің атынан Әбілқайыр хан мен Төле бидің Орынбор әкімшілігінен Абылайды тұтқыннан босатуға ықпал жасауын өтінгендігі айтылады. Қазақтың үш жүзінен Төле би бастаған 90 адам елші боп барып, келіссөз жүргізіп, 1743 жылы 5 қыркүйекте Абылайды тұтқыннан шығарып алады. Төле би ішкі және сыртқы саясатта сара бағыт ұстанды. Хандық пен мемлекет тұтастығын, тәуелсіздігін діттеп, жаугершілікте дұшпан қолында қалған қалалар мен жерлерді қайтаруға күш салды. 1734 жылы Ресей патшасы Анна Ивановнаға және 1749 жылы Орынбор губернаторы И.Неплюевке хат жолдап, бодандықты қабылдауға ризашылық танытты. Бұл сол тарихи кезеңде шарасыздан жасалған қадам болатын. Ол жоңғар шапқыншылығынан титықтаған халықтың жағдайын жақсартуды бірінші кезекке қойды. 1748 жылы орыс сауда керуені тоналғанда, бұған кінәлі Қойгелді батырды билер алқасына шақыртып, оған бұл шығынды жұрт көзінше өтеттіреді. 1748 жылы Әбілқайыр хан қаза тапқанда, оның баласы Ералы сұлтан әкесінің құнын даулап Төле биге шағымданады. Төле би Әбілқайырдың өлімі үшін айыпкерлердің Жеті жарғы заңына сәйкес жеті құн төлеуі туралы шешім шығарады. Ералы айыпкерлерден екі құн алып, төрт құнды кешіреді де, әкесін өлтіруге қатысушылардың бірі Сырымбет батырды жетінші құн орнына өз қолымен өлтіреді. Әбілқайырдың балалары бұған да тоқтамай, Барақ сұлтанның жауапқа тартылуын Төле биден сұрайды. Бас сауғалап қашып жүрген Барақ сұлтан Төле биге өзі келіп, жасаған ісі үшін сотқа тартуды сұрайды. Төле би билер сотына қазақ билерінің ішінен Барақ сұлтанның ұсынуы бойынша төрт белгілі биді (Жалған би, Сырлыбай би, Даба би, Қабек мырза) қатыстырады, өз тарапынан бірнеше биді шақырады. Билер алқасында Төле би Барақ сұлтанды ақтап алады.Төле би Әбілқайыр ханның өлімі үшін жеті адамның құнын кескенде де, Барақ сұлтанды ақтап алғанда да, туысы Қойгелді батырға тоналған орыс сауда керуенінің өтеуіне екі мың жылқы төлеуге билік шығарғанда да елдің елдігін бұзбауды, әлі келгенше халықтың тыныш жағдайын, тұтастығын сақтауды көздеді. Төле бидің бұл секілді еларалық сипаттағы билігімен қатар ұлыс ішіндегі дауларды шешкен билігінен де оның мемлекеттік деңгейдегі парасаттылығы, ойының саралығы мен ниет-тілегінің тазалығы танылады. Төле би хан, сұлтандардың, бектер мен билердің өзара қырқысының ұлт тәуелсіздігі мен бостандығына ешнәрсе бермейтіндігін сезініп, татулықты жақтады. Оны елге танымал “Елге бай құт емес, би құт” дейтін қанатты сөзі айқын аңғартады. Бізге келіп жеткен аңыз-әңгімелерде Төле бидің ұлт бірлігін нығайтуды барынша жақтағандығы айтылады. Сондай аңыз-әңгімелердің бірінде Төле би өз көңілін сұрай келген Қазыбек, Көкі, Мәлік, Ержан билердің еліңізге қандай өсиет қалдырасыз деген сұрағына былай деп жауап берген екен: “Жүзге бөлінгендердің жүзі қара. Руға бөлінгендердің құруға асыққаны. Атаға бөлінгендер адыра қалады. Көпті қорлаған көмусіз қалады. Хан азса, халқын сатады. Халық азса, хандыққа таласады”. Төле бидің артында кейінгі ұрпаққа жарық жұлдыздай жол көрсетіп, жөн-жоба сілтейтін көптеген өсиет сөздері қалған. Оның шешендік сөздері айтпақ ойының ұшқыр да тапқырлығымен, тап басатын көркем теңеулерінің дәлдігімен, тілінің өткір де айқындылығымен ерекшеленеді. Оның Данагүл есімді келінінің де есімі көпке танымал. ## Шешендігі Төле би жас кезінде талай жасы үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп батасын алады. Төле бала әуелі әкесіне барыпты. Жасы жүзге тақап отырған әкесі ынтымақ, ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. Төле "Қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ" дегенді сұрайды. Сонда. әкесі әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады: - Балам, мынаны сындырып көрші.Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды.- Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы? Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт етіп оп-оңай сындыра береді. Әлібек би:- Бұдан не түсіндің, балам? - дейді.Сонда. Төле бала:- Түсіндім, әке бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды. "Саяқ жүрген таяқ жейді" демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады дегеніңіз ғой.- Бәрекелде, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауызбірлікке, ынтымаққа шақыра біл. "Бақ қайда барасың дегенде, ынтымаққа барамын" дегенінің мәнісі осы, - депті. Елдің Қазығұрт тауының бөктеріне көшіп-қонып жатқан көктеу кезі екен. Бір күні Төленің әкесі Әлібек биге екі даугер жүгініске келіпті. Біреуі:- Қырдан қуып індеткен түлкіме мынау таласып бермейді. Екіншісі:- Сыртынан жүні жетілсін деп бағып жүрген түлкім еді, оның үстіне жер де, ін де менікі, демек түлкі де менікі.Екеуі осылайша біраз дауласады. Әлібек би даугерлердің сөздерін тыңдап болған соң, баласына сілтеп, мұның билігін Төле берсін дейді. Даугерлер Төлеге келсе, ол бір шыбықты ат қылып далада "айт, шулеп" ойнап жүр екен. Алдына келіп дауларын баяндаған соң бала:- Түлкі арлан болса, сенікі, - дейді, "қырдан қуып келіп індеттім" деген жігітке.- Ұрғашы болса сенікі, - дейді "жер менікі" деген жігітке. Баланың бұл билігіне түсінбей әлгілер әкесіне қайтып келеді. - Балаңыздың сөзіне түсінбедік...- Тәлежан төресін дұрыс берген екен, - дейді Әлібек би. - Түлкінің ұланын тұз сақтайды, ұрғашысын ін сақтайды. Түлкі еркек болса, сенікі, сенің қырдан куып келіп індеткенің рас, түлкі саған тиеді, ал ұрғашы болса, жер иесі саған тиеді. Төленің жас кезі. Жотада мал бағып жүрсе, анадай жерде бес-алты аттылы кетіп бара жатады. Бала олардың алдынан шығып сәлем береді. Орталарындағы ақсақалды Қоңқа би деген жасы жетпістерге келген кісі екен. - Балам, бұл қай ауылдың малы?- Әлібек бидің.- Анау үйездеп жатқан жылқылар кімдікі?- Ол Жыланкөз байдікі.- Е, е, іздеп келе жатқанымыз сол Жыланкөз бай еді.- Менің де сол ауылға барар шаруам бар еді, сіздерге ілесе барайын, - дейді Төле бала.Олар жүріп келе жатып сәске түс кезінде көп жылқыны көреді. Жылқының көптігі соншалық, кіші бесінге дейін шетіне шыға алмайды. Сонда жолсерік бала:- Ата, мынау жылқы қандай байдың жылқысы болды екен? Білесіз бе? - деп сұрайды. Оған Қоңқа би:- Қарағым, бұл нысапсыз деген байдың жылқысы, - дейді.- Нысапсыз деген қандай бай?- Балам, айтайын: нысапсыз деген, осы малды жия берген, жия берген. Бұл нашарға, кедейге қайырымы жоқ, ат майын бермейтін байдың малы.Олар одан әрі жүріп келе жатады. Кенет кең далада жайқалып өсіп тұрған қалың егіннің үстінен түседі.- Ойпырым-ой, ата, мынау қандай адамның егіні болды екен? Көз жауын алып, жайқала өсіп тұр ғой, - дейді бала.- Ә, шырағым, бұл егін қайырсыз деген байдың егіні.- Қайырсыз деген бай ма? Қай ел болады, ата? - О, шырағым, айтайын. Бай бір өзі пәлен адам жалдап, осынша жерді айдатты. Арзанға жұмыс істетіп, еңбегін бір жеді. Енді егінді біреудің еңбегімен орғызып, қырманға салды. Бастыртып, қамбаға құйды. Мұның бәрін өзі істемеді, біреуге істетті. Сонан соң елде астық болмай калған жылы қымбатқа сатты. Өзі жан қинамай үйде май шайнап жатты. Келесі жылы тағы егін ектірді. Енді екі есе адам жалдады. Жылдан-жылға осылай кете берді. Одан жұртқа пайда жоқ. Ел ашыққанда, қымбатқа сатты. Мұның қайырсыз болатын себебі осы. Түсініп ал, балам. - Түсіндім, ата.Екеуі келе жатса, бір жерде көп адам жиналып, көр қазып жатады.- О, балам, - дейді Қоңқа би, - анау жиналған топ адам кімдер? Көзің жетік қой, қарашы? - дейді.Бала қарайды:- Ата, өлген адамды қойғалы жер қазып жатқан көрінеді. - Ендеше, сен барып біліп қайт. Көметіндері өлген адам ба, тірі адам ба екен? Соны сұрағын. Бала шабады да кетеді. Барып көр қазып жатқандарға сәлем береді.- Сіздердің жерлейтіндеріңіз өлген адам ба, тірі адам ба?Жақыны өліп, жаны күйіп тұрғандардың біреуі:- Не деп былшылдайды мынау? - Екінші бірі келіп, баланы қамшымен басына салып жібереді.- Иттің баласы, не оттап тұрсың?Бозбалалардың екеу-үшеуі оған жабыла кетіп еді, араларындағы бір қария кісі:- Тоқтаңдар, - дейді айқайлап: - Әуелі жөн сұрайық. Қайдан келе жатқан бала екен, білелік. Кәне, балам, сен не дедің? - дейді.- Көміп жатқандарыңыз өлі адам ба, тірі адам ба? - дедім.- Қарағым, осы сөзді өзің айтып тұрсың ба, жоқ басқа біреу айтқызды ма саған?- Қасымда үлкен кісі бар еді. Сол кісінің атқосшысы едім. Ол кісі:- Аналардың жерлейін деп жатқаны өлген адам ба екен, тірі адам ба екен, барып біліп келші? - деп жұмсады.- Апырым-ай, мұны сұраған қария тегін адам емес екен-ау. Қой, баланы ұрмаңдар, жігіттер. Мұнда бір мән бар. Сол қарияны біреуің барып шақырып келіңдер.Екі жігіт қарияға барып сәлем береді.- Ақсақал, бір қадірлі адамымыз қайтыс болып, соны қойып жатыр едік, ілгерінің жолы, өлікке құран оқып аттаныңыз. Қоңқа би:- Ә, ондай болса жарайды, - деп атының басын бұрып, әлгілерге барады. Өлікті қойып болған соң көпшілік:- Ақсақал, алыстан келе жатыр екенсіз. Өзіңіз де бір қадірлі кісі көрінесіз. Бұл кісі де қадірлі адамымыздың бірі еді. Мына баланы бізге жіберген екенсіз. Бала шауып келді де бізден:- Қойып жатқан өліктеріңіз өлген адам ба, болмаса тірі адам ба? - деді. Соны көңілімізге ауыр алып, осында бозбалаларымыз қол көтерді. Баладан мұны қалай сұрадың, өзің бе, жоқ саған біреу үйретті ме? - деп едік, "ақсақалым бар еді, сол кісі осылай сұра деп жұмсады" - деп шынын айтты. Тағы бір қария былай деп сұрады.- Сізден сұрайтынымыз, мұны қалай айттыңыз? Бұл өлі адам ба, жоқ тірі адам ба дегеніңіздің мәнісі қалай, түсіндіріңіз?- Ә, оны дұрыс сұрайсыңдар. Тірі адам ба дегенім, артында өзіндей болатын бала-шағасы бар ма, ас-су беретін мал-жаны бар ма дегенім. Ал өлі адам ба дегенім, өзіндей болып өсетін артында бала-шағасы жоқ болса, ас-суын беретін мал-жаны жоқ болса, мұның аты шын өлік, шырақтарым. Осының қайсысы білгім келіп еді. Бұл өлік осының қайсысы?- Уа, ата, артында баласы бар, ас-суына жарайтын мал-жаны бар дәулетті кісі. Қоңқа ақсақал құран оқып, бата қылады. Көпшілік:- Ауылға жүріңіз, мейман болыңыздар, - деп өтінеді.- Шырақтарым, маған ауылға қонуға болмайды. Мен түздің адамымын, - деп Қоңқа би атының басын бұрып жүріп кетеді. Жолда келе жатып бала тағы да:- Ата, түздің адамымын? - дегеніңіз қалай? - деп сұрайды.- Қарағым, өзің аңғарымпаз бала екенсің. Сенің атың кім?- Атым - Төле. - Төле қарағым, түздің адамымын дегенім - көпшіліктің халықтың адамымын дегенім...- Бата берейін, сені түзде кездестіріп, серік болдым. Мен секілді сенің де өмірің түзде өтсін, түздің адамы бол, балам, - деп бетін сипайды қарт. Төле би есейгенше сол жол үстінде жолыққан Қоңқа қартты үнемі құрметтеп еске алып, өзіне ұстаз тұтқан екен. Ертеде Шу өзенінің Балқашқа жақын жайылым алқабына үйсін мен арғын тайпаларының белді бектері таласыпты. Екі жақтың да билері бас қосып, кеңесіп, бәтуаласа алмайды. Көпшілікке еріп барған он бес жасар Төле билік айтушыларға көңілі толмайды. Ол:- Ақты ақ деп бағалар!О, игі жақсы ағалар!Өзегі талса ел біткен,Өзен бойын жағалар, - деп сөз бастай бергенде:- "Ата тұрып, ұл сөйлегеннен без, ана тұрып қыз сөйлегеннен без" деуші еді. Мына бала кім өзі? - дейді, төрде отырған би. Төле қасқая қарап тұрып: - О, би ата, он үште отау иесі демес пе, Кінәлімін бе, келіп қалсам он беске? Сөз сөйледім, бұйыра көрмеңіз айыпқа, Алакөз болу ағайын адамға лайық па? - деп, бір тоқталады да, төрде отырған биге былай деп сауал қояды:- О, игі асқар тауымыз, Әділ ме осы дауымыз? Жар астында тұрғанда, Жасырынып жауымыз?Сонда әлгі би:- Қой асығы демеңдер, Қолыңа жақса сақа ғой. Жасы кіші демеңдер, Ақылы асса аға ғой. - деген ғой, балам, билікті саған бердім, - дейді. Бала Төле жұлып алғандай: - Сары табақтан сарқыт қайтады деген. Билікті маған берсеңіз, Шу өзенінің оң жағын үйсін, сол жағын арғын жайласын, бұған қалай қарайсыздар? - дейді. Бұл шешімге екі жақ та риза болып, бітімге келеді. Сонда төрдегі би: - Үй баласы ма деп едім, Ел баласы екенсің. Ай маңдайлы арысым, Талабың алдан өтелетін. Ауылыңның таңы бол, Маңдайындағы бағы бол! - деп бала Төлеге бата берген екен. Осыдан бастап Төленің аты шығып, ел арасындағы дау-жанжал, келіссөзге араласып, билік айта бастапты. Төле бала ауыл сыртында қозы бағып жүргенде, жанынан өтіп бара жатқан қос аттының бірі: "Әлібек қартайыпты, әділдігінен айныпты" деп ренжіп бара жатқанын естіп қалады. Төле олардың алдарынан шығып, сәлем беріп: - Оу, ағалар, әкем Әлібектің билігіне ризамысыздар жоқ, наразымысыздар? - дейді. - Наразымыз, балам. Әкең әділ билік айтпады.- Ендеше қайтыңыздар.Екі жақ Әлібектің алдына қайта келгенде бала Төле:- Ата, билікке екі жақ бірдей риза болу керек. Әйтпесе, ол әділ билікке жатпайды. Жеңілген де, жеңген де шындықты мойындауы керек, - дейді.- Олай болса, балам, осы даудың билігін өзің айтып берші?Төле әуелі таластың мәнін сұрайды. Сонда дауды бастаған жігіт ботасында жоғалтқан түйесін жолда кезіккен керуен ішінен танығанын айтады.- Бұл өтірік айтып тұр, - дейді керуенбасы саудагер. -Ал, енді, жігітім, "тапқан қуанады, таныған алады"деген, сен таныдым дейсің, қалай таныдың? - Менің танығаным, - дейді ол. - Түйем туар уақтысына жақындаған кезде бошалап кетті. Бір жетіге дейін таптырмаған түйем тау баурайында боздап, ары-бері кезіп жүр екен. Ботасын қасқыр жесе де, шала туса да кетпес еді. Сонысына қарап, ботасын біреу алып кеткенін түсіндім. Содан бері жүргінші көрінген түйеге көз салып жүруші ем, көрген бойда Таныдым. Төле ойланып отырып:- Сол танып тұрған аруананың енесі бар ма? - дейді.- Бар.Төле қарсы жаққа қарайды.- Иә, саудагерім, сөйле.- Бұл өз түйемнің ботасы. Жалақорға тура сөзіңізді айтыңыз. Іштегі ботаны танимын дегенге адам сене ме?- Енесі бар ма түйенің?- Туған енесі бар.- Онда екеуің де енелерін алып келіңдер? Дауласқан екеу бесті атандарының енесін алдырады. Төле: - Атанды тізгіндеңдер де тақымына қыл бұрауды салыңдар, - дейді. Жұрт айтқанын лезде орындайды. Бесті атанның тақымына қыл шылбырды салып, шыңғырта бұрағанда, таныған жігіттің түйесі көзінен жас парлап, мұрындығын жұла-мұла бақырып жатқан атанның үстіне түсе қалады. Ал саудагердің түйесі орнынан қозғалмай, жайымен күйсеп тұра береді.- Ау, халайық, көріп тұрсыздар. Мына жануар шын анасы екен, не дейсіздер? - Рас, аруана ботасын танып тұр. Төлежанның бұл әділдігіне ризамыз, - деседі жұрт. Төле саудагерге қарап: - Ә, саудагерім, мынау хайуан да болса әділетін халықтың алдында көрсетті. Атанның кімдікі екеніне халықтың көзі жетті. Сен енді құтыла алмайтын болдың. Күнәні мойынға алған жеңіл. Мына халықтың алдына шығып шындығыңды айт. - Оу, халайық, осыдан бес жыл бұрын жайлаудан қалаға қайтып келе жатып, жапан түзде, бір төбенің баурайында боталаған түйенің үстінен түстім. Ботасы аяқтана алмай, жығылып, тұрып жатыр екен. Түйені алсам, сіңіре алмаймын. Жолда ел көріп. "Пәленше саудагер алып бара жатыр" дейді. Мына ботаны алып кетсем, ешкім білмейді. Алашаға ораймын да, қомның арасына таңа саламын. Бір жылдан кейін түйе боп шыға келеді. Бір түйе маған аз олжа ма деп сол ботаны алып кетіп ем. Кешсеңдер де, бас кессеңдер де өздерің біліңдер, - деп мойындапты. Міне, Төле би дауды осылай шешіп, жұртты риза етіпті. 1740 жылы жоңғар қалмақ билеушісі Қалдан Цереннің қолшоқпарлары Ұлы жүздің ханы Жолбарысты өлтіреді. Төле би бастаған ел Ташкенттен қуылады. Жау жағы Ташкентке Қоқым манапты әкімдікке тағайындайды. Бұл кезде Сыр бойы қалаларының біразы жоңғарлардың қоластында қалады. Осы тұста Күлтөбенің басында үлкен жиын ашылып, оған ел басшылары түгел жиналады. Сонда Қарабек батыр: - Жауға тізе бүгуден басқа амал жоқ, - деген пікір айтады. Қарабекке ашуланған Төле би: Атадан ұл туса игі,Өзі біліп тұрса игі.Ата жолын қуса игі.Жаудан бұққан немені,Өзіне келер ұятын,Ортасынан қуса игі! - деп, шырық бұзғандарды жиыннан қудырып жібереді. Сонан соң айналасындарыларға қарап: Уа, көсіле шабар жерің бар, Арылмайтын сорың бар...Ту көтерер ерің бар. Құлдық ұрсаң дұшпанға,Қол боларлық елің бар, Еркек болып туды деп,Атадан қалған жолың бар, Мына сені кім айтар?- Құлдық ұрсаң дұшпанға деп толғайды. Төленің осы төрелік сөзін өзгелер түгел құп алып, жауға қарсы күш біріктіріпті деседі. Жаңа жайлауға қоныстанған бір бай екі кедей жігітке құдық қаздырады. Құдық қазылып біткен соң жігіттер байдан ақысын сұрайды. Бай олардың біреуіне - саулық, екіншісіне қозы береді. Екінші жігіт оған наразы болады. Төлеге келіп шағым айтады. Төле байға құдық қазған екі адамның еңбегі бірдей екенін айтады. Бірақ құдық иесі өз дегенінен қайтпайды. - Адамның екі көзінің, екі қолының қайсысы кем? - дейді байға. - Ешқайсысының кемдігі жоқ. Екеуі де бірдей. Сөзіңізге жығылдым, биеке! Өкпелі жігітке қой берейін, - депті амалы құрыған бай. Іргелес отырған Жанту жөне Жантас аулының екі жігіті шабындыққа таласып қалады. Ақырында бірін-бірі көрмеуге серт берісіп, екеуі ат кекілін кеседі. Ай өтеді, жыл өтеді. Бірақ екеуі татуласпай қояды. Әкелері мен аталарының ақыл-кеңесіне мойынсұнбайды. Осыны естіген би араздасқан жігіттерді шақыртады. Төленің үйіне екі жақтан келген екі жігіт аттарын бір казыққа байлап үйге кіреді. Тізе бүгіп, биге қол беріседі: Би ләм-мим демей, екі жігітпен сыртқа шықса, екеуінің аттары бірін-бірі қасысып тұр дейді. - Япырм-ай, мына екеуінің татуын қарашы? - дейді Төле қасынып тұрған аттарды көріп. - Кекілдері де келісті екен. Бидің осы сөзінен екі жігіт қол алысып, татуласады. - Жолдарың болсын! - дейді оларға Төле би. Той-тамашада бір жас келіншек төңірегінен именіп, өлең айта алмай отырады. Еріне жаутаңдап қарай береді. Күйеуі жайсыз, оған өлең айтуға тыйым салып қойған екен. - Қыз кезінде алдына жан салмайтын әнші еді, енді суға түскен тауықтай боп отырғаны, - дейді Төлеге жақын отырған біреу сыбырлап. - Тұзаққа түскен бұлбұлдан, еркін жүрген торғай артық, - дейді би. - Ол не дегеніңіз, Төке? - Торға түскен бұлбұл қайдан сайрасын? Мұны есіткен әлгі келіншектің күйеуі Төле бидің алдына келіп, кешірім сұрайды. - Биеке, түсіндім сөзіңізге. Бұдан былай бұл мінезімді тастайын. Келініңіздің беті ашық! Таздар мен Сүлгетай елінің арасында біраз жылдан бері бітімі созылып келе жатқан жесір дауын шешіп аулына қайтып келе жатқан Төлe би қасындағылармен Бөген өзенінен өте бергенде анадай жерде келе жатқан бір топ қыз, келіншектерді байқайды. Жақындай бергенде әлгі кыз, келіншектер аттарынан түсіп, олардың алдын кесіп өтпей ізет қылып тұрып қалады. Төле би оларға жақындап барады: - Бәрекелді, өркендерің өссін, қай ауылдың балаларысыздар? Қыздардың біреуі: - Досай аулынанбыз,- деп жауап береді. - Алдақашан өтіп кететін едіңдер, аттарыңнан түсіп бізді неге тостыңдар, бір шаруаларың бар ма еді? - Шаруамыз жоқ, ата, - дейді әлгі қыз, - үлкен кісілер айтушы еді, кісінің алдын кесіп өтпе, оларға ізет қылып сәлем бер - деп, сіздердің жастарыңыз үлкен, араларыңызда касиетті қариялар бар шығар, жолын кеспейік, аттан түсіп сәлем берейік деп, сіздерді сыйлап тұрғанымыз ғой. Қыз жауабына риза болған Төле би, енді қыздың аты-жөнін білгісі келеді. - Рахмет, қызым, көп жаса, кімнің қызысың, атың кім? - Алакөздің қызымын, атым - Данагүл. - Бәрекелде, қызым, өркенің өссін! Атың даналы болса, ақылың саналы болар түбі, - дейді де, Төле би жүріп кетеді. Былай шыққан соң оған ой келеді, қасындағыларға: - Аттың басын қыз аулына бұрыңдар. Алакөз кандай адам екен, білейік. Сөйтеді де, бәрі Төрткүлдің жазық даласымен жүріп отырып, бір ауылға жетеді. Шеткері бір үйден Алакөздің үйі қайсы деп сұрайды. Ақ қалпақты жас жігіт: - Алакөз жәкемнің үйі анау түрған қараша үй, - деп сілтеп жібереді. Төле би бәрі сол үйге барып аттан түседі. Момақан ғана Алакөз байдың жылқышысы екен. Топ аттылыны көргенде сасқалақтап, қалбалақтап қалады. Көршісінен бір қой қарыз алып сояды, алдына барын жайып күтіп алады. Сол заматта "Алакөздің үйіне бір топ аттылы кеп түсті. ішінде атақты Төле би бар" деген сөзді естіп қара батырдың жылқылы байы Алакөздің үйіне барып, Тәкеңе сөлем береді. - Ау, биеке, менің сегіз қанат ақ үйім тұрғанда жылкышымның қара лашығына түскеніңіз калай? Мен сіздерді шақырып келіп тұрмын. Тай соямын, қымыз сапырамын. Алакөздің үйінде жағдайларыңыз болмайды, көне жүріңіздер? - дейді. Сонда Төле би: - Байеке, әуре болмаңыз. Сіздей байлардың үйіне түсіп жүрміз ғой. Бір жолы Алакөз сияқты кедейлердің де үйін көріп қойғанымыз теріс болмас, - деп оған көнбепті. Ет пісіп, кісілердің алдына табақ тартылыпты. Төле бидің алдына бас қойылыпты. Би "биссимилла" деп бастың құйқасынан дәм ауыз тиіпті де: - Алакөз інім, балаң бар ма? - Балам жоқ, Данагүл деген қызым бар. - Сол қызыңды бері шақыршы?Ошақ басында самаурын қайнатып, шешесіне қолқабыс тигізіп жүрген Данагүл үйге енеді. Төле би бастың құйқасын қасқалап кеседі де, бір кұлағын, тіліп, таңдайын алып қызға береді де, мынадай тілек айтады: - Шырағым, құлақ бергенім - бас ием бол дегенім. Тіл мен таңдай бергенім - іштегі құпиямды айттырмай тауып, шешіп отыратын шешен бол дегенім, - депті. Қыз: - Рахмет, ата, тілегіңіз қабыл болсын, - деп, шығып кетеді. Бата беріледі, дастарқан жиылады. Енді Төле би Алакөзге қарап: - Сенімен құда болғым келіп отыр, бұған қалай қарайсың? - дейді. Жаппарқұлда жан бар ма, бүкіл елді аузына каратып жүрген Төле бидей кісі солай деп қолқа салып отырған соң. Алакөз мақұлдап ризашылығын білдіреді. Көп үзамай-ақ екі жақ тойын жасап, Данагүл Төле биге келін боп түседі. "Келіннің аяғынан, қойшының таяғынан" демекші, Данагүл өзінің ақылды, әдептілігімен бір ғана би атасына емес, бүкіл ауылға жағады. Атасы билікпен, ел қамымен жүргенде, Данагүл ауыл адамдарын, өзінің құрбы-құрдас, абысын-ажындарына ақылшы, бас-көз боп жүреді. Данагүлдің ақылды, сезімталдығын, Төле би атасының ішкі ой-сезімін, емеурін-тұспалын айтқызбай түсінетінін ел былай аңыздайды: Бір жолы Төле би Мойынқұм жайлауындағы елдің дау-дамайын шешіп жүріп, аулына қайтпақ болады. Қасындағы жігітіне: - Қай жолмен жүрсек екен? Бір жол бар, ел жағалап жүретін. Онымен жүрсек ауылға он күнде жетеміз. Бір жол бар, шөл аралап жүретін. Ол жол төте ауылға бес-ақ күнде жетеміз. Жігіт: - Ел жағалап, қона жатып жүргенше, төтесінен күн-түн демей жүріп отырып, елге ертерек жеткен дұрыс-ау, биеке. Ауылда сізді күтіп түрған шаруа да аз емес шығар. - Сенің айтқаның жөн екен, олай болса тарт сол төте жолмен, - дейді би. Сонымен екеуі бұйрат-бұйрат құмды кешіп жүріп кетеді. Үшінші күні кұдық басында отырған жалғыз үй түйешіге кездеседі. Одан сусындап, аттарының белін суытып, жемдеп алады да, тағы ілгері жүреді. Түнделетіп саймен келе жатқанда бір топ қарақшылардың қолына түседі. Жол торып жүрген қарақшылар екеуін аясын ба, аттарынан аударып, киімдерін тонап алады. Екеуін екі түп сексеуілге матап тастайды. Олар өздерінің кім екенін қарақшыларға айтпайды. Төле қарақшыларға былай дейді: - Әй, жігіттер, сендерге біздің жанымыз керек пе, жоқ малымыз керек пе? Егер жан керек болса, көп азаптамай өлтіріңдер, ал мал керек болса, мәмлеге келейік, бізде сендерге жететін мал бар. Алдарыңа айдатып әкеп берейік, бізді босатыңдар. - Әрине, бізге мал керек, - дейді қарақшылардың бастығы, - біз осы шөл далада мал табу үшін жүрмегенде, не үшін жүрміз. Бірақ сендер малды қайдан тауып бересіңдер? Бізді алдап кетіп жүрерсіңдер. - Менің аулымда, - дейді Төле, - сендерге жететін мал табылады. Мен бай адаммын. Бірақ сендер енді ауылға жібермейсіңдер әрине, сенбейсіңдер. Олай болса былай етіңдер. Біреуің менің атыма мініңдер, киімімді киіңдер, мен хат жазып берейін. Хатты былай жазамын: "Кенже ұлыма құда түстім. Соған 40 қүнан атан, 20 бура, 8 ақбас атанымды осы барған адамнан айдатып жіберіңдер. Және оң босағамда тығулы жатқан алтынымды, сол босағамда жатқан күмісімді де қоса беріп жіберіңдер". Қарақшылар орталарынан екі жігітін шығарып, олардың киімін кигізіп, аттарына мінгізіп, қолдарына хатты беріп жібереді. Екеуі салып ұрып Төле бидің аулына жетеді. Хатты табыс етеді. Екі жігітгі "біз малымызды жинастырғанша, тыныға тұрыңдар" деп, бір оңаша үйге түсіреді. Ауыл адамдары хатты олай оқып, бұлай оқып ештеңе түсінбейді. Сенбейін десе, хатты өз қолымен жазыпты, киімін кигізіп, атын мінгізіп жіберіп отыр. Сенейін десе, "40 құнан атан, 20 бура, 8 ак бас атан, оң босағадағы алтын, сол босағадағы күміс" дегені несі? Деп бәрі дал болып отырғанда Данагүл келіп атасының хатын оқиды. - Сіздер атамның бұл хатына түсінбей отырсыздар. Мен білсем, ол кісі 40 қарақшының қолына түсіп калған болу керек. "40 құнан атан" дегені - 40 мықты жігіт, "20 бура" дегені - 20 палуан, "8 ақ бас атан" дегені - 8 ақсақал кісіні балам менен келінім ертіп келсін дегені ғой."Алтын дегені" - баласы, "күміс дегені" - келіні мен шығармын. Қой, тезірек аттанып барып құтқарып алайық. Данагүлдің тапқыр даналығына ауыл адамдары риза болып, оның айтқанын орындайды. Хатта көрсетілген малды екі қарақшыға айдатып, Төле бидің баласы мен келіні бірге жолға шығады. Олар ұзай берген соң артынан 40 жігіт, 20 палуан, 8 ақсакал, көрінбестен еріп отырады. Жақындай бергенде Данагүл екі карақшыға: - Сіздер озып барып хабар беріңіздер, біз малды жая жүріп кешке қарай жетеміз, - дейді. Екі қарақшы шабуылдап барып. "Мал келе жатыр" дейді. Өзге қарақшылар "мол олжаға кенелетін болдық" деп аттарын коя беріп, жайбарақат жата береді. Ел жатып, олар ұйқыға кіріскенде, 40 жігіт 20 палуан бәрі сау етіп, қарақшыларды сойылдап, байлап бәрін қолға түсіріп алады. Сонда Төле би пенде болған қарақшыларға: - "Келер кезек, өмір - біреу, кезек - екеу" деген осы, жігіттер! Кеше мені тұтқындап едіңдер, бүгін сендер қолға түстіңдер. Дүние кезек деген осы. Сендер шөліркеп жатқан жалғыз-жарымды тонайсыңдар. Елді зар жылатып малын талайсыңдар. Біреудің бермесін тартып аласыңдар. Адал еңбек етпейсіңдер. Шөл далада қаңғырып, қатын жоқ, бала жоқ, ит қорлықпен күн көресіңдер? Қанша жыл карақшылық қылсаңдар да құтаймайсыңдар. істегендерің ұрлық, ал ұрлық түбі - қорлық. Қойға шапқан касқырды ұрып ал ар болар. Сендер де бір - қасқыр да бір. Сендердей ұры-қары карақшыға не істесе де болар еді, өттең! Амал қанша, сендерге өлім сыйлағанша, өмір сыйлағым кеп тұр. Мен Төле деген билерің боламын. Тілімді алсаңдар, тәубаға келіңдер. Қарақшылықты қойыңдар! Адал еңбек етуді ойлаңдар. Бала-шағаға карап, ел қатарлы тірлік етіңдер, ұрпақ өсіріңдер! Үйлі-жайлы болып, мал жинап, егіс егіп күн көрейік десеңдер мен сендерге көмектесемін, камқор боламын, жер беремін, мал беремін. Егер менің айтқаныма көнбесеңдер, өз обалдарың өздеріңе! Кәне, не істейсіндер! Өлім керек пе, өмір керек пе!Төле би осылай дегенде, карақшылардың бастығы қара шойтпақ бұжыр бет нардай жігіт бидің алдына келіп басын иеді: - Айналайын би-аға, сіздің бұл сөзіңізге түсіндік: біз көндік. Рас айтасыз, ұрлық қылғаннан тапқан пайдамыз жоқ. Тек қана елдің қарғысына калдық. Осы қырық жігіт туғаннан карақшы боп туған жоқпыз. Біріміз ойдан, біріміз қырдан, жоқшылық, зомбылықтың салдарынан жиналып ұры-қары боп кетіп едік. Сөйтіп елден, үйден безіп, аш бөрідей шөл даланы кезіп, ұрлық-зорлықпен күнімізді өткізіп жүрдік. Енді міне, сіздей қамқор, әділ кісіге кездесіп тұрмыз. Лайым айтқаныңыз келсін. Біз сіздің соңыңыздан ердік. Сіз не десеңіз, соған көндік. Керсен алдыңызда, кездік қолыңызда, бар шынымыз, сізден тілегіміз осы, би-аға! - Бастықтарының осы тілегін мақұлдап, өзге жігіттер шу етіп, биге тұс-тұсынан өтініш-алғыстарый жаудырады.Төле би сөйтіп өзін тұтқындаған қырық қарақшыны тәубаға келтіріп, еліне ертіп барады. Біріне қой баққызады біріне түйе баққызады. Бірі егіс егіп, диқаншылықпен айналысып кетеді. Ұстагершілік, етікшілік, зергерлік қолынан келетіндеріне дүкен тұрғызып, жағдай жасайды. Бәрі де адал еңбекпен шұғылданып, Төле бидің ел-жұрттары атанып кетеді. Төле би мен Әйтеке би Ормамбет биге Қасқа көл дауы жайлы хат жазады. Ормамбет екеуіне хатпен жауап қайырады. Халық жиналып бір олай, бір былай сөйлесіп, ақырында үй тігіп сөйлесуге келіседі: Қасқа көл жағасында жиырма үй тігіледі. Ормамбет келіп Төле мен Әйтекеге сәлемдеседі. Сонда Төле: - Ей, Ормамбет! Мен әлі тірімін, өлгем жоқ. Бұдан бұрын неше сәлем айтсам да келген жоксың, ер кетер, жер жетер. Ей, Ормамбет, сен бізден кіші боласың, сен ілгері барасың, біз кейін келеміз, сен жас едің, көңілдегіңді аларсың! - дейді.Әйтеке де Төленің сөзін қостап: - Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін, батыр болсаң дұшпанға найзаң тисін. Бай болып пайдаң тимесе, батыр болып найзаң тимесе, жұрттан ала бөтен үйің күйсін, - деген. Бізге кейінгілер осыны айта ма деп қорқамын, - дейді. Сонда Ормамбет: - Екі би, айтқан сөзің жарасады, еншіге әркімдер-ақ таласады, бұл Қасқа көл орта жүздің көлі еді, айтқандарың қиянатқа жанасады. Қанағатсыз билерді қабан деген, қамшылатқан жүйрікті шабан деген, біреудің ақысына зорлық қылса, акыретте мұндай істер жаман деген, - дейді. Төле би айтады: - Ей, Ормамбет, сен бізге Қасқа көлді бер. Қасқа көл рас саған жақынырақ. Бардан пайда, жоқтан задал деген, не берсе қайырын тілеп көріңіз. Үш жүздің ортасында Қасқа көл бар, әр жерде су ішетін басқа көл бар, үш бөліп енші қылып алысайық, жер жетер, көңіліңді ұстама тар.Үшеуі олай сөйлесіп, былай сөйлесіп келісе алмайды. Ормамбет екі биге ырық бермеген соң, Төле қатты сөздер айтады. Дау бітпей, Ормамбет еліне қайтады. Үйіне келген соң даудың мән-жайын бастан-аяқ сөйлейді. Сонда Ормамбет бидің анасы:- Балам, карт билерді бекер ренжіткен екенсің, әліде болса, тілімді алсаң, Қасқа көлді бөліп бер, - дейді. Анасы айтып қоймаған соң Ормамбет көнеді. Үй тігіп, тоғыз бие сойып, Төле мен Әйтекені шақырады. Сонда Төле би:- Билер жақсы болса, білім иесі батыр даты, жаман болса сал бөкселі қатын даты. Әйел жақсы болса, елдің басшысы емес пе?! Бүрынғылар осылай демес пе? Қасқа көлді алам деп келіп едім, Ормамбет бермеген соң өліп едім. Жетпіс жасқа келгенде сөзім жерде калып, мәңгіде тірілмейтін өлік едім, жеңгей! Мені тірілттіңіз, енді балаңызға бата берейін, - дейді. Сөйтіп, билер Қасқа көлді ынтымақпен бөлісіп, ел ризаласып тарқапты. Сыйқым елінде бір байдың үлкен баласы ұрдажық даңғазалау екен. Көрші ауылдың өзі сұлу, ақылды қызын алмақ болады. Тәрбиелі қыз оның ниетіне қарсылық жасап, өзін аулақ ұстап жүреді. Бір жолы оңашада қызды ұстап алып, мойнына қыл шылбырды салып буындырмақ болады. "Шылбырыңды тарт әрі, мойнымның кытығы бар" депті сонда қыз өжеттеніп.Осы оқиға ауылға тарап кетеді. Жігіт әкесі намысқа тырысып Төлеге келеді. Бай қызының қалай болған күнде де баласының тұзағына түсетінін айтады.- Қыз тілімен түйілген түйінді, балаң тісімен шеше алмайды, - депті сонда шешен. Төле би заманы қиын кезеңде жаугершілікте өткен. "Ол кезде қазақ пен жоңғар хандықтары ұдайы жауласуда еді. Тәуке ханнан кейін қазақ хандығының ыдырай бастауына байланысты Төле би ендігі жерде Ұлы жүзді билеп, жоңғар басқыншыларына тәуелді болды. Оларға алым-салық төлеп түрғанымен Төле би саяси билікті өзінше жүргізді. Қазақ қауымдарын біріктіріп, оларды жоңғар феодалдары езгісінен азат етудегі оның қызметі айтарлықтай. Кейбір деректерге қарағанда, Абылай сұлтанның көтерілуіне Төле би ықпал жасаған. Төле бидің түйесін жайып жүрген Сабалақ атты баланың қалайша Абылай батыр (кейін хан) дәрежесіне жетуін ел әлі күнге дейін аңыздап келеді. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығын жеңуде Төле би шешуші рөл атқарғаньі тарихтан белгілі. Әсіресе қазақ халқының "Ақтабан шұбырынды" кезінде ол Абылай, Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек тағы сондай атақты батырлармен бірлесе, ақылдаса отырып, қалайда жауды жеңіп шығудың жолдарын қарастырды, яғни сол бір азаттық майданды өзі тікелей басқарды. Сондықтан ол бүкіл қазақтың Төбе биі аталды. Өзге билер оны ата санап, сыйлап, сөзін тыңдап өткен....Төле би өз дәуірінде белгілі батырлар мен билердің, тіпті хандардың бір сыпырасына акылшы болған. Оның Абылай, Жолбарыс, Өтеген, Тәттібай, Құттыбай сияқты батырлар, Тайкелтір, Есей, Досай тағы сондай би, шешендерді жас кезінде баулып, сынап тәрбиелегені, олардың болашағын болжағаны туралы аңыз, өңгімелер аз емес. Төле би бір жұма намазда өзінің би, болыс, жүз басы, мың басыларымен Түркістанға келіп, Қожа Ахмет Иассауи мешітіне кіреді, намазға тұрады. Намаз тамам болған соң, мешіт бөлмелерін аралап, құдайы садақасын беріп, көпшілікке қарап былай депті:- Біз бүткіл ұрпағымызбен Ақсақ Темірге алгыс айтуға тиіспіз. Және оның аруағы алдын да қарыздармыз. Ол біздің елге зор жаңалық әкелді. Қожа Ахмет Иассауи күмбезін тұрғызды. Мұндай ғажап күмбез бұрын-соңды жұртымызда бой көрсеткен емес. Бұған дейін даламыз өлі секілді еді. Ақсақ Темір сол әлі даламызды шырқ ұйқыдан оятып, екінші Мекке салдырды. Меккеде - Мұхаммед. Түркістанда - Қожа Ахмет. Бүл екеуінен құдіретті, киелі әулие жоқ. Осындай халқымызға жақсылық сыйлаған қолбасшының әруагына әр дайым дұға оқып, оны еске аламыз". - Мұндай ақылды нақыл сөз, өсиетнамаларды кезінде Төле би көп айткан. Төле би мен Орта жүздің аға биі Қазыбек Келдібекүлы, Кіші жүздің аға биі Әйтеке Бөйбекүлы бәрі Әз-Тәуке ханның бас кеңесшісі, ақылшысы болды. Төле би "Төукенің Түркістан қаласын орталық етіп, үш жүз ұлыстарын бір орталыққа бағындыруға, сөйтіп бірегей қазақ хандығын нығайтуға жоңғар-ойрат шапқыншылықтарына қарсы бауырлас қазақ, карақалпақ, кырғыз және өзбек халықтарының жауынгерлік одағын құруға бағытталған шараларын жүзеге асыруға қатынасады. Ол Россиямен Ұлы жүз арасындағы қарым-қатынастарды қалыптастыруға және оны нығайтуға көп еңбек сіңірді" Төле би қазақтың ежелгі құжаты "Жеті жарғы" әдет-ғұрып заңын жасауда жетекші рөл атқарған. "Жеті жаргыдағы" жер дауы, жесір дауы, күн дауы тағы осындай ел арасында бола беретін айтыс-тартыс, дау-дамайлардың көптеген тарам-тармақтары сол Төле би ұсынысымен қабылданғаны аян. Сол "Жеті жарғы" құжаты ел арасындағы әдет-ғұрып дәстүрлерін бұзушыларға тыйым салуда елеулі қызмет атқарады. Жоңғар шапқыншылығынан жосыла көшкен қазақ елінің алды Жиделі байсынға, Хиуа, Бұқар, Ташкентке жетіп бекініс құрғаны тарихтан мәлім. Қалдан Церен жендеттері өкшелей қуып, қазақтарды ол жерден де тайдырмақ болады. Тағы да көш-қон, тағы да босу. Осы бір қиын-кыстау кезеңде ел басшысы Тәуке хан қайтыс боп, Төле би жалғызсырап калады. Ол ел-жұртқа: "Енді жаумен табан тіресе күресеміз, көшпейміз. Арық казындар, егіншілік кәсіпке көшіңдер!" деп ұран тастап, өзі бастап көшпей Ташкентте отырып алады. Елді отырықшылыққа, егін егіп, тірлік етуге үндеген Төле бидің сол бастамасы шежіреші акын Қазанғап Байболұлының "Төле бидін тарихы" аталған дастанында былай жырланған: - Қоймайсың көш деп халқым-ау, Біреуің емес барлығын. Менде қасірет көбейді, Енді айтайын анығын. Әз Тәуке, Әзіз Төле би едім, жұбымнан мен айрылдым. Акылымнан егілдім Күтсем деймін моласын Көпшілік күйге саласың. Халайық, жолға кірсекші Жер емшегін емсекші. Орнықты болмай болмайды "Арпа-бидай - ас" деген, "Алтын-күміс - тас" деген. Қазыналы-гауһар зеріңнен Төрт түлік жиған малыңнан, Күндердің күні келгенде, Бір үзім артық наныңнан. Қалмасын деп ем бекерге Мынау жеті арығым,Аяқты малға сенбегін, Бір борандық деген сөз, Опасы аз жиған малыңның. Үш жүз боп енші бөлгенде, Бабама тиген жерағаш. Отырықшы ел болсаң, Тойынар еді қарны аш. Киінер еді жалаңаш, Тәңірі не дер бекерді. Еңбек етпей болмайды, Үлгілі сөз бұл рас. Болмайды бектік шын мирас, Осыны айтып болды да, Құшақтап Тәуке моласын, Төле би қатты жылады. Көшіп, қашып ілгері, Қазақ нені көрмеді? Қайда жүрсе Төле би, Отырықшыны ойлаған, Жобада сондай сөз еді. Төле биді тек қана қазақ халқы емес, өзбек, кырғыз, қарақалпақ, тәжік елдері де дуалы ауызды әулие кісі, бас биіміз деп, оның есімін осы кезге дейін қастерлеп еске алады. Тағы бір мынадай аңыз бар: Жоңғар басқыншылары өрттей қаптап, қазақ жерін таптап, келе жатады. Қамсыз малын бағып отырған ел тым-тырақай босып үдере көшеді. Сонда жалғыз-ақ бір үй түтінін түтетіп отыра береді. Жоңғар қоңтайшысы батырларын жұмсап:- Анау жалғыз үй неғып көшпей отыр, - барып біліп келіңдер! - дейді. Келсе, ол Төле бидің үйі екен. Жоңғар жігіттері өкіреңдеп:- Жұрттың бәрі көшіп кеткенде, сен кімсің, неғып отырсың?!Төле би олардың алдынан шығады:- Жігіттер, сабыр етіндер! Алдымен үлкен кісіге сәлем қайда? - Әдет- дәстүрден бір сүрінген олар сәлем беріседі.- Енді тыңдаңдар, - деп сөз бастайды Төле би - шаңырағыма қарлығаш ұя салып еді. Сол құс қашан сарыауыз балапандарын қанаттандырып өргізіп кеткенше мен еш жаққа көшпеймін. Қарлығаш - қасиетті құс, адам баласының досы. Сендер білесіңдер ме.Ертеде дүние жүзін топан су қаптағанда Нұх пайғамбардын кемесін суға батудан аман алып қалған осы қарлығаш! Адам баласына қастандық жасамақ болған жыланнан да корғап қалған осы қарлығаш! Мен жау келді деп үйімді жығып, оның ұясын бұзып балапандарын шырылдатар жайым жоқ! Сендердің де бала-шағаларыңды улатып-шулатып қырып, қырғын-сүргін қылып жатса, жақсы көресіңдер ме! Бар, хандарыңа осы сөзімді айтып барыңдар!Жоңғар жігіттері барып Төле бидің осы сөзін айтса, Қоңтайшысы:- Ол әулие адам екен, оған тимеңдер, оның төңірегіндегі елін де қозғамаңдар! - депті. Содан былай қарай Төле би "Қарлығаш әулие" атанып кетіпті.Тәуке хан өлген соң орнына оның баласы Болат хан сайланады. Ол "билер кеңесінде" әкесіндей басшылық ете алмайды. Бүкіл халық болып "билер кеңесін" басқаруды, өзге хан, билерге жетекшілік етуді Төле биге жүктеді. Сөйтіп ол ақылшы аға, Төбе би болып белгіленеді. Жауды қалайда тезірек жеңу, сөйтіп қазақ даласына бостандық орнату жолында билігімен бірге әскери басшылықты да өз қолына алады. Қазыбек биді Арка жағына, Жүсіп, Әйтеке билерді алшын, қыпшақтар арасына, Сасбұқа биді қарақалпақ, Көкім биді қырғыз елдеріне жібереді. Өзі Саржан, Есей, Досай, тағы бірқатар билермен Қаратау, Алатау елдерінен қол жинап, мың-мыңдап жасақ құрады. Ол жасақ әскерлерге Абылай, Бөгенбай, Қабанбай, Барақ, Жолбарыс, Малайсары, Сәмен, Тәттібай, Қойкелді, Саңырақ, Тайшық, Құдайназар, Жарықбас сияқты ержүрек атақты батырлар басшылық етеді. Міне, осындай зор дайындық пен ұйымдастырудың нәтижесінде қазақ халқы Жоңғар-ойрат шапқыншылығының быт-шытын шығарып жеңіп шыққан.Бейбіт тыныш жатқан ауылға жоңғарлар шауып, мал-мүлкін тонап, ел- жұртын қиратып кетеді. Жау қорлығынан тоз-тоз болған ел-жұрт таулы жерге қашып, жан сауғалайды. Босқын халық арасында екі қабат жас келіншек бесікті арқалап бара жатады. Қара жолда Төле мен үзеңгі қағысып келе жатқан егде кісі:- Мына бишараның көрпе-жастығын тастап, бос бесікті арқалап келе жатқанын-ай, - дейді.- Баланың бесігі - кең дүниенің есігі! - депті сонда ақылгөй Төле. Жаугершілік ойраны тынышталған бір күндері ел-жұрт малын, бала-шағасын іздестіре бастайды. Жұртта қалып кеткен бір кемпір екі-үш айлық нәрестені тауып алып бауырына басып, көш ізімен жүре береді. Бәрі бір ауылға келіп жетеді. Жап-жалаңаш бөбекті ешқайсысына бермейді. Екеуін ертіп биге келеді.Төле кемпір құшағында шырқырап жылап жатқан баланы әуелі аққұбаша келіншекке береді. Ол нәрестенің бетінен сүйіп, арқасынан қағады. Бірақ бала жылағанын қоймайды. Енді би баланы қара торы келіншекке ұстататады. Бұл келіншек нәрестені бауырына басып, құйрығын шөпілдетіп сүйген кезде бала жылағанын бірден қояды. - Бауырыңның жылуы кетпесін, - дейді би сонда қара торы келіншекке. Жорықтан оралған жігіт Төле үйіне келіп, жол үстінде көрген-білгенін әңгімелеп отырады.- Ауыл іргесіне жақындай бергенде екі-үш жасар баласын мойнына мінгізіп, бір арқа шеңгелді арқалап келе жатқан әйелді кездестірдім. Тікенек үстінде отырған баланы ерге отырғызып, алдыма алайын десем, шешесінің мойнынан айрылмай қойды.Сонда Төле би:- Кірпікшешен баласын арқалап жүріп өсіреді емес пе?- Бұл не дегеніңіз, биеке?- Ананың тікенектей арқасы балаға мамықтай жұмсақ тиеді, - дейді Төле. Жоңғарлармен ақтық айқасқа түскен кырық жігіт ауылға жеңіспен оралады. Екі-үш жыл қолында болған төрт түлік малды шұрқыратып айдап келеді. "Жаудан кайтқан мал олжа" деп халық малды бөлісіп алады. Ауылдың жалбыр шапаны, кен етікті, жалғыз есекті кедейі көп малдың ішінен өз түйесін тани кетеді. Бірақ түйені иемденген кісі оны кедейге бере қоймайды.Кедей Төле биге келіп, түйесінің белгілерін айтады. Оған байлардың жүгін артып, Самарқандқа екі-үш барып кайтқанын да тілге тиек етеді. "Әр сапарымда есекке мініп жетелеп жүрген түйем еді" деп те калады. Би түйені иемденіп жүрген адамға түйені жетектеп кел дейді. Ол түйені тайраңдатып қуып келеді. "Неге жетелеп келмедің" - деген сұрақ қойылған кезде түйенің жетекке жүрмейтінін айтады. Осы уәжден кейін би кедейге - түйені сен жетегіңе алып көрші, - дейді.Кедей есегіне мініп, түйе бұйдасын қолына алады. Сөйтіп ол жалғыз аяқ жолға түсісімен атан түйе артынан бүлкілдеп ере жөнеледі.- Түйе осы жігіттікі, - дейді Төле би калың жұртқа қарап. Бір төре кедей адамға егін ектіріп, ақы төлемей, өзі пайдаланып жүреді. Кедейге бала-шағасын асырау қиын болыпты. Келесі күзде егін жақсы шығып, кедей егінді төреге айтпай жинап алыпты. Төре кедейді ұрып, басын жарыпты. Таяқ жеген кедей Төле биге арыздана барыпты. Төле кедейдің жағдайын естіген болса керек. Төрені шақыртып алып: Таласқандарың кара жер, Қор болмасты ойласаң,Төрем, болдың босқа тер. Мүсәпірдің қақын бер, -Егіншіңмен айтысып, деген соң әлгі төре ұялып, кедейдің ақысын беріп риза қылыпты. Омаш ағашын өгізіне сүйретіп иен далаға шыкқан диқан Төлеге кездесе кетеді. Биден ол тары қандай жерге егілсе мол түсімді болатынын сұрайды. Ана жерге деп би алдындағы кұмдық жерді қамшы сабымен нұқып көрсетеді. Шаруа сол жерге тары тұқымын егеді. Орақ кезінде диқан мол түсімге қарық болып қалады. Қырманы тарыға үйдей боп үйіліп жатқан диқанға Төле келеді. - Құдайдың күні көп пе, әлде менің тарым көп пе? - дейді жалғыз өгізді шаруа дәулетіне мәз болып.- Әрине, сенің тарың көп, - депті сонда Төле.- Тарыны осы жерге егілгенде түсімді болатынын қайдан білдіңіз?- Тары өз жаулары: құрт-құмырысқасы, тышқаны, торғайы көп жерге жақсы шығады - депті Төле би. Қазығүрт тауының баурайында өткен ас-тойдан Түркістанға қайтып келе жатқан Төле би, Есейхан би бастаған бір топ игі жақсылар жолда Қарабас өзенінің бойындағы сазда бие байлап отырған Досай би аулына ат басын бұрады. Аталас, ағайын би, болыстар бірер күн қона жатып, ел жағдайынан біраз әңгіменің басын қайырады. Ел арасындағы кикілжің жанжал, кейбір бозбалалардың жағымсыз мінездерін есіткенде Төле би былайша термелепті: Арғымақ баптап не керек, Жабы қуып жеткен соң,Ағайын-туған не керек, Аңдысып күні өткен соң.Бес күн жалған өтеді, Ажал қуып жеткен соң.Бір төбенің басына тыға салып кеткен соң. "Сөйле, Төле" дейсіздер, Жастар бар ма тыңдайтын?Бұрынғыдай жұрт кайда, Айтатын оны біз қайда?.. Сол жолы Төле би өзінің Тұрсынбай, Құттыбай дейтін батыр жігіттеріне қарап былай депті дейді: - Асып тусаң Керей бол, Үш қазакқа мерей бол.Уақ болсаң Шоға бол, Даулы істе жорға бол.Арғын-Қыпшақ болсаң Алтай бол.Найман-Қоңырат болсаң Матай бол Байұлы болсаң Адай бол,Үйсін болсаң Ботбай бол Бұл алтауы болмасаң,Қалай болсаң солай бол? Ташкенттің Шыршық жағындағы қыстақта бір бай молда тұрады екен. Ол елге жағымсыз, тілемсек, өзі сараң және қарынды болыпты. Сол мінезі үшін ол бірер кездескеде Төле биден сөз естіп ықтап жүреді екен. Төле би түйесін бағып жүрген жігітін бір жақка жұмсап, түйесін өзі қайырып келе жатса, алдынан есек мінген баяғы сараң молда кездесе кетіпті. Ол Төле бидің түйеге мініп, түйесін өзі қайтарып жүргенін мазақ еткісі келеді:- Ау, биеке, түйені өзіңіз бағып жүргеніңіз қалай, түйешіңіз жоқ па еді?- Өз малый өзі баққан ар-намыс болып па!Төле бидің ел қамын ойлап, күн-түн ұйқыдан безіп, жүдеңкіреп жүрген кезі болса керек. Әлгі молда тағы да кекете сөйлепті:- Өзіңіз әбден арықтап, тұралап бітіпсіз ғой.Сонда Төле би оған:- Өлеңді жерде өгіз семіреді,Өлімді жерде молда семіреді, -деген, менің не үшін азып жүргенімді сендей ақымақ қайдан білсін, - деп жөніне жүре беріпті. - Ел басшысы болу, елге жағу қиын, - депті бір әңгімесінде Төле би, - ілгеріде бір ханның дүйім жұртқа атағы шығыпты. Түс-түстан сәлем беріп келушілер жыл бойында таусылмайды екен. Сол хан бір күні той жасайды.- Жұрт не айтар екен? - деп ол жасырын адам қойыпты. Күнде екі-үш ауылдан келіп, той ұзаққа созылады.- Па, мынау байлығын бір көрсетті, күнде той. Тамағы май, жей алмадык, - деп жұрт жақтырмапты.- Не деді ел? - деп хан сұраса. — Хан байлығын көрсетті. Еті семіз, тамағы майлы болып, жей алмадық деді, - дейді тыңшысы.Хан келесі жылы сынамақ болып тағы той жасайды.- Майды азырақ салыңдар, сойыс мал семіз болмасын, - дейді. Ел тағы келеді.- Уай, бұл хан жас күнінде жетім боп өскен кедей еді. Бұл баяғы кембағалдығын танытты, - дейді халық берген етін арықсынып.- Бүл әркімге бірдей жаға алмайсың деген мысал сөз. Бірақ барлық елге бірдей бола алғанға не жетсін. Бар қажыр-қайратты, ақылды соған жұмсау керек, - деп доғарыпты Төле би. Қарасай батыр Төленің әкесі Әлібекке келіп, конады. Екеуі әңгімелесіп отырғанда бес жастағы Төлені көріп, Қарасай маңдайынан сипап, "балам, сен үш жүзге билік айтарсың, мен өліп калармын. Кенже балам Көшекеге нақақтан бір күн дау жабысар, сонда сен арашалап аларсың" депті сәуегей баба.Төле би елу жасқа келіп Карасай айтқандай, елге тұтқа болған кезде Көшекенің ауылының сыртына кырғыздар бір жігітті өлтіріп тастап, күн даулап оны камалап жатыпты. Сонда "атамыз Қарасайдың сізге тапсырған аманаты бар еді" деп шадыраштылар Төле биге шауып барады. Төле би атқа қонып күн-түн демей Шымкенттен келіпті. Күн дауға шыққалы жаткан даугерлерге Көшеке "Құдай алдында мен ақпын" деп айтса сенбепті. Сонда Төле би даушыларға:- Егер Көшекенің осы антын аспаннан оның әкесі Қарасай қайталап айтса тарқайсыздар ма? - дейді. Даугерлер Аслан таудан "Көшеке ақ" деген үн шықса, күн дауды тастап кетеміз, - депті. Төле би:- Олай болса, ертең ертемен ауа тынық кезінде мынау іргелеріндегі тұрған Аспан тауға жиналыңдар. Көшеке де, мен де сонда барамыз, - дейді. Сөйтеді де өзінің қасына еріп жүрген батыр тұлғалы жігітін аруақтарша киіндіріп тау басындағыларға отырғызып қояды да, "Менің балам Көшеке ақ" деп ауық-ауық күңірентіп айқайлатып қояды.- Әне, Қарасай өулие айқайлап арашашы болып тұр, есіттіңдер ме? - десе, ауылдың аңқау шаруалары:- Есіттік, есіттік, ой аруағыңнан айналайын Қарасай баба! - деп дауласуды қойып еліне қайтыпты. Өзі ақын жанды Төле би ақын, жыраулар мен әнші, күйшілерді жақтай да жанай жүрген.Қай елде талантты ақын, өнерпаз бар деп естісе, оған арнайы ат жіберіп алдырыпты. Бірнеше күн олардың жырын, ән- күйін жалықпай тыңдайды. Үстіне шапан жауып, ат мінгізіп, сыйлап аттандыратын болғаны. Ол әсіресе, оңтүстік өңіріне атағы жайылған Жанкел ақынды қасынан тастамайды екен. Жанкел асқан айтыскер, хиссапаз, жүйрік жырау болумен бірге, ас» тапқыр шешен кісі еді.Бір жылы Тале би ер жетіп, азамат болған баласына отау тігіп, үйлендірмек болады да, өзінің ойлас, пікірлес билерін шакырады. Арқадан Қаз дауысты Қазыбек, Атыраудан Әйтеке, Алатаудан Ескелді, Есей, Қаратаудан Досай, тағы сондай бірқатар билер келеді. Кімде кандай жақсы қыз бар деп ақылдасып отырғанда, Қазыбектің бір жақын ағайына өзінің қызын атап, құда болмақ ойын білдіреді. Сөйтсе, ол қыздың жайын Жанкел ақын сырттан біледі екен. Ол дереу, домбырасын шертіп-шертіп жіберіп, жырлай жөнепті: Тобылғының түбінде торғай да бар, Бір жақсы мен бір жаман әрқайда бар.Екі жаман қосылса күнде керіс, Екі жақсы қосылар күн қайда бар?Мұңайтады жігітті малдың азы. Бейнет болар жігітке өмір - сауда,Көлдің сәйкес келмесе коңыр қазы әйел, еркек әр істі дана қылар.1с болар ма, жаманға шарақылар. Қандай еркек ақылды болғанменен бірақ әйел өмірін ада қылар... Жанкелдің осы өлеңінен ол қыздың қандай екенін анғарған Төле би: - Маңдайы тайқыдан, көкірегі қайқыдан, ерні түріктен, аузы бүріктен, көзі көктен, сылтау көптен сақта Құдайым! - депті. Ол кыздың дәл Төле би айтқандай ұсқынсыз екенін көріп жүрген Қаз дауысты Қазыбек бір сөзге келместен Төле бидің көріпкел әулие екеніне тәнті болыпты да:- Сылтауыңыз сұңқардай, қаз бен үйрек дегдардай екен. Бұл сөз осымен бітті, - депті. Төле бидің өзіне аумай тартқан бір ұлы 25 жасында кайтыс болады. Сонау Арқадан өзінің досы Қаз дауысты Қазыбек көңіл айтуға Түркістанға келе жатады. Қазыбектің келе жатқанын естіп, Төле би жылап жатқан ағайындарды тоқтатып таратыпты. Жақын жанкүйер мен қатын, бала, қыздарын да тоқтатып тастайды.- Көптен бері көрмеген жан жолдасым. Қаз дауысты Қазыбек келе жатыр дейді. Берік болындар, сыр алдырмаңдар, - деп Қазықұрттың жайлауында жатқан жылқыдан ту бие алдырады, Бөген-Шаянның сазына ақ үй тіктіріп, Қазыбектің алдынан екі жігітті тостырып, өзі алдынан шығып күтіп алады. Қазыбек жағы құшақтасып көрісіп, көңіл айтады. Төле би іштей қабылдаса да, сыр білдірмей, қайта көңілді сыңай білдіреді. Төле бидің бәйбішесі, өзге бала-шағасы, ағайын-жұрты да жылап-сықтамайды, бәрі жылы шыраймен Қазыбектерді сыйлап күте бастайды. Қазыбек жағы аң-таң, істің аяғын бағайық деген оймен отыра береді. Ал, Төле би болса, сән-салтанат құрғызып, ақын-жыршыға ән-жыр шерткізеді, өздерінің өткен-кеткен өмірлерін еткен билік, төрелігін айтып, екі күндей әңгіме-дүкен құрады. Екі күннен кейін аттанарда Төле би:- Ау, қадірлесім Қазыбек, бұйымтайың болса айт, - депті.Қазыбек:- Жүз көрген дидар ғанибет, ағаға сәлем бермек бізге міндет, - дей келдім, ешбір қалау жоқ, - депті.Төле би: іздеп келер інің бар болса. Бақытың барын содан біл. Аңсап келер ағаң бар болса, Аруағың барын содан біл.Аларды біліп, бермегеннен без, Ел-жұрты қашып, ермегеннен без. Үйіне қонақ қонбағаннан без, Көптің айтқанына болмағаннан без,- деп арғы атасы Жаныстан қалған наркескен қылышты Қазыбектің алдына қойып, бұлғын ішік жауыпты. Жолдастарына асыл шапандар кигізіпті.Сөйтіп, Қазыбектер енді жүрейін деп отырғанда, сырттан "Ой, бауырымдап" бір қауым ел ат қойып кеп қалады. Екі жақ азан-қазан кұшақтасып көрісіп көңіл айтысып жатады. Қазыбектер де олармен қайта көріседі. Енді кәдімгідей көңілдері босап, көздеріне жас алады. Қариялар тоқтам айтып, Құран оқиды. Қазыбек біраз сөйлеп болады да, сөзінің соңын: - Ау, Төке, тұғырдан ұшқансұңқарыңа. Тұмұйық жұтқан тұлпарыңа. Түбін берсін Құдайым!Сіздей қазақ болар ма, Ойламайтын уайым. Қош аман бол, арысым, Тілектес боп тұрайын! - деп түтіндеп аттаныпты, - деседі ел. Атақты Қаз дауысты Қазыбектің Әлімжан деген баласы қайтыс болғанда Төле би бір топ адамдарымен барып көңіл айтады. Сонда: -О, Қаз дауысты Қазыбагім!Қылыштың сабы кетіп, қабы қалды,Кім білген бұл ғұмырдың азы-көбін, Бедеудің жаны кетіп, жалы қалды. Батырдың ары кетіп, малы қалды. Өзі беріп ұлыңды өзі алды, Халықтың нәрі кетіп, сәні қалды. Бұл пенде бір Аллаға не Уа, Қазыбегім, нар көтермес қылады? -жұмыс болды...деп термелей сөйлеп, жұртты егілтіпті. Басын көтермей жатып қалған Қазыбек:- Е, е, қадірлі Теке, құдайға да, халқыма да ризамын. Әлімжаным туғанда Орта жүздің елі ғана құтты болсын айтып еді. Енді ол қайтыс болғанда үш жүздің баласы келіп қалып айтып жатыр. Бұған да шүкіршілік! - деп кеудесін көтеріпті. Аққоян жылы кар калың түсіп, көктем созылыңқырап шығыпты. Алшын аулы қыстан жұтап, ашаршылыққа ұшырапты. Күйзелген ел тоқшылық жаққа ауа көшпек болғанда, Әйтеке би оларға токтам салыпты.- Қоныс аударып, бекерге боспаңдар, одандағы Төле би еліне оншақты кісіні астық әкелуге жіберейік, - деп, өзінің баласын бас етіп ауыл адамдарын аттандырыпты. Төле би бұл кезде Ташкентті билеп тұр екен. Келген ағайындарды қарсы алып, тойындырыпты. Көлігі көтергенше астық жинап, өзін сыйлас биіне селемдемеге алты кап бидай, бір жылқы сойыс беріпті. Төле би алшын жігіттеріне біраз әңгіме, аталы сөз айтыпты. "Ал, жолдарың болсын, елдеріңе, Әйтекеңе сәлем айтыңдар" десе, Әйтекенің баласы отырған орнынан қозғала қоймапты. Төле би:- Е, е, балам, жайша тоқталдың ба? - деп сұрапты.Сонда ол:- Әлгінде айтқан аталы өсиетіңіздің аяғын біліп кетсем деп, соған қарап отырмын, - депті.- Пәлі, балам, сөздің қадірін білетін есті бала екенсің, енді ол әңгіменің мәнісін таратып берейін. Жігіт адамға басты кесір - еріншектік, ортаншы кесір - ұйқышылдық, кенже кесір - кежірлік, тілазарлық. Осы үш кесір,әдет бір адамда болса, ол адам өмір бойы оңбайды, - депті. Ошақты елінің бір батыры барымта кезінде Мамай Жәдігер аулының Құлназар деген жігітін өлтіріп, күн дауы басталады. Ақбура атасынан шыққан Бөрібай ақын сол оқиғаны былай жырлапты.Ошақты Құлназарға құн бермексің, Түлымды қыз бермексің,, айдарлы ұл бермексің,Алты атаң, алпыс жылқы пұл бермексің, Құлназар келіп елді ауылыңа ішім оттай күйеді баурыма.Алты атаң, алпыс жылқы пүл бермесең Егерде пүл бермесең, қүн бермесең,бермесең - Есекем таңба басар сауырыңа.Акынның Есекем деп отырғаны Есенбай, Есмамбет батырлар екен. Ошақты кісілері бұл сөзді құл атына қыстырмайды. Жыл артынан жыл жылжып өте беріпті. Сол құнды даулап 14 жасар Едіге атқа қоныпты. Оған жүз кісі еріпті. Олар Шу өзеніне жетіпті. Ошақты оларды қарсы алып, он кісіге бір үйден жүз кісіге он үй тігіпті. Ошақтылар Түркістаннан Төле би атасын алдыртыпты. Кіші жүз елінен басты-басты адамдарын ертіп Әйтеке би, Арқа жағынан атақты адамдарын ертіп Қаз дауысты Қазыбек би барыпты. Оларға да үй тігіліпті. Қымыз сапырылыпты, мал сойылыпты. Ас-судан кейін бәрі кешкі намазға тұрыпты. Қона жатыпты. Азанғы шай үстінде ауыл ағасы Төле би - Әділ бидің елін дау араламайды, әділ патшаньщ елін жау араламайды дегендей, бұл ел тыныш еді. Әзір ешкімге тиісе қойған жоқ еді. Ал ағайын алыстан ат сабылтып, тұс-тұстан кеп қалған екенсіңдер, не сөздерің бар. Айта отырындар? - деп сөз бастапты. Мамайдың бір ақыны осыдан он жыл бұрын айтқан Бөрібай ақынның елге тарап кеткен әлгі аяғын айтып салады. Осы кезде Төле би сөздің аржағын айтқызбастан отырған көшпілікке былай депті: - Бәрі түсінікті. Сөзді соза бермей, түйініне келейік. Алты атасын аркалап жүрген кім бар? Жеті атасын жетелеп жүрген кім бар? 'Алмасың болса мойным бар, асылың болса қойным бар. Бұл даудың кесімі осы болса қайтеді, ағайын!Аға бидің бұл шешімін бәрінен бұрын түсіне қойған Едіге бала:- О, қадірлі ата! Білек кімдікі болса, киіз сонікі ауыз кімдікі болса, сөз соныкі. Айтылған сөз - атылған ок, ол қайтып келмейді. Жарлық өзіңізден болды, енді жабық та өзіңізден болсын депті.Отырған игі жақсылар ата би мен бала бидің де, оған қосып аларымыз жоқ десіпті. Ертеңіне ошақты елі алты атан бастатып, жасауымен Мамай Жәдігер ауылына бір қыз ұзатыпты. Сол қыз он жылдан бері ала көз боп жүрген екі ел арасына дәнекер болыпты, өзара достасып, қарым-қатынас жасап кетіпті Әсте, "Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ" деген мақал Төле би сияқты ешкімге бұра тартпай, қара қылды қақ жара әділ сөйлейтін азаматтарға бағышталса керек. Өрбір дау-шар, екі ел арасындағы бітім- келісімді шешерде Төле би бір ауыл, бір ру емес, халықаралық, мемлекеттік мүдде қамын ойлай білген ірі түлға боп саналады. Бұған Төле бидің көптеген қызметі, кесімді әділ билігі дәлел. Бір мысал: 1743 жылы Төле би Түркістан өлкесінде бас би боп тұрғанда, оған Ресей патшалығының елшісі К. Миллер келіп жолығады. Миллер осыдан 4 жыл бүрын Әулиеата мен Түркістан шаһары арасында керуенін бастап келе жатқанда жолда Қойкелді батыр жасағы кездесіп, оларды тонап кеткенін баян етеді. Бір жағынан жоңғарлар, екінші жағынан қоқандар қазақ даласына көз тігіп, анталап тұрғанда, Ресей патшалығымен келісімге келіп, бірлесе күш косу қажеттігін сезінген Төле би ол дауды Ресей елшісі К. Миллердің пайдасына шешуді ойлайды. Сөйтеді де, өзінің туысы Қойкелді батырды шақыртып, билік мәжілісіне салады. Бұл мәжіліске К. Миллер, Жәнібек батыр, Қаз дауысты Қазыбек би, Түркістан шаһарын билеп тұрған Сейітхан, Ташкент бегі Қоқым би, Қарақалпақ биі Сасық би, Барақ Сұлтан т.б. беделді кісілер қатысады. Қандай дау болса да, айтыс тартыссыз шешілмейтіні белгілі. Бұл жолы да солай болады. Бір билер Қойкелді батырды жақтап сөйлейді. Енді бірі Миллердің талабын орынды деп табады. Сонда Төле би ортадан мынадай кесім шығарады.- Мен ел қамы үшін өз қолымды өзім кескелі отырмын. Қойкелді батыр бәріңнен маған жақын, жақын екен деп оны өзіме тартқам жоқ, Миллер мырза алыс, алыс екен деп көкірегінен итергем жок. Алдымен бір ауылдың емес, бүкіл халық қамын ойлайық. Жұртым-ау, мына жақтан жоңғарлар шабуылдап, мына жақтан Қоқандар қоқаңдап, ен даламызға көз тігіп отырғанда, бізге қол ұшын беретін дос керек емес пе? Осы мақсатпен біз орыс патшалығымен келісім-шарт жасастық қой. Сондықтан досыңа қимасыңды бер демекші, Миллер мырзаны ырза етейік. Қойкелді батыр екі мың жылқы төлеп орыс керуенініц шығынын төлесін. Тәйірі, мал деген қолдың кірі емес пе? Азар болса, қазақтың бір байының жылқысы кетердағы. Кейін ел болып оның орнын толтырармыз.Төле бидің осы билігіне бәрі тұрыпты. Қойкелді батыр да мойындапты. Әбілқайыр ханның бірқатар жүргізген саясатын, әсіресе Ресей патшалығына бар ықыласымен беріліп, соларға кең жол ашқан әрекеттерін Төле би қаламай оған карсы болады. 1748 жылы Әбілқайыр хан Төле би жіберген Барақ сұлтанды қабылдамайды, содан екеуінің арасы шиеленісе түседі. Сол жылы Әбілқайыр хан қайтыс болады. Әбілқайырдың Ералы деген баласы әкесінің құнын даулап Төле биге барады. Төле би өздері құрастырған "Жеті жарғы" заңына сүйеніп, хан өліміне жеті құн төлеуді бұйырады. Билік орындалады. Әбілқайырдың кекшіл балалары оның үстіне әкесін өлтіруге қатысқан Сырымбет батырды қапысын тауып өлтіреді. Онымен тынбай Барақ сұлтанды жауапқа тартуды сұранып, Төле биге тағы да жүгінеді. Төле би бұл билікке қатысу үшін Әйтеке би, Есейхан би, Жалған би, Досай би, Қаба би, Қарабек би тағы бірқатар хан, бектерді шақырып, сот жүргізеді. Бұл тартыстары біразға созылады. Ақырында Төле бидің корытынды билігі бойынша Әбілқайыр балаларының шағымы негізсіз, ағайын арасындағы алауыздық, бас араздық деп тауып, Барақ сұлтанның басын даудан арашалап алады.Бір Барақ сұлтан емес, Төле би - ұлы жүздің бас биі боп тұрғанда талай батыр, би, сұлтандарға ара түсіп, оларға қамқор болған. Сөйтіп оларды ел қорғау жұмысына жұмылдырған, батырлыққа, әділдікке, ел бірлігін сақтауға тәрбиелеген. Балқаштан Сарысуға дейінгі аралық - Түркістан, Сайрам, Ташкент калалары жау қолында қалады. Жау жағадан, бері етектен алған осындай алмағайып қиын шақта Төле би қайткенде өз ұлысын аман сақтап калу жолын ойлайды. Қойкелді, Бөлек, Тайлақ, Саңырақ секілді өз маңындағы батырлардың басқыншыларға қарсы күрестерін бағыттап отырады. Жауға қарсы қол бастауға қабілеті бар батыр ұландарды бауырына тартады. Олардың қатарында күш асқаннан сасып, бас сауғалап келген хан тұқымдары да, ақылы мен батырлығы сай түсіп, қарадан қара үзіп шыққан ханға бергісіз ержүрек ел ұландары да болған. Әйгілі Абылай батырдың Төле бидің қолында бой тасалап, тәрбие алуында осындай мән бар еді.Жау соққысынан ие жия алмаған қазақтардың бір тобы Бұқара мен Самарқанға, бір тобы Шыршық өзеніне асты, бір тобы Сауран айналып, Хиуаға ауды. "Ақтабан пгұбырынды, Алқакөл сұлама", "Сауран айналған", "Қайың сауған" деген атаулар қазақ халқының тарихи тағдырындағы осындай ең бір ауыр, трагедиялы кезеңнің шындығынан туған.Босқан, болдырған халық Орта Азия хандықтары тарапынан да қысым көреді: Бұлай барсаң Қоқан бар,Коқаңдаған әкең бар.Бұлай барсаң қалмақ бар,Күшіңді ептеп алмақ бар... - деген өлең жолдары қазақтардың ауыр жағдайынан басар жер, барар тау таппай қиналған, ширыққан шағынан хабар береді. Тұйықтан шығар жол іздеген ел басындағы қолында билігі бар азаматтар орыс патшасынан қолдау күтеді.Осындай қиын шақта Төле би 1733 жылы орыс патшасына хат жазып, өз ұлысы ғана емес, тұтас ел болып оның қол астына енуге даярлығын білдіреді. Хатта Қодар би, Сатай батыр, Ханкелді батыр, Бөлек батырмен қатар Төле би Құлеке батырдың да атын атайды. Сонымен бірге Төле би Бөлек батырды жоңғар қоңтайшысына елшілікке жібергенін жасырады.Аталған құжат Төле бидің сыртқы да, ішікі де саясатқа батыл, белсенді араласа бастағанын көрсетеді. Осыдан бастап Төле би сыртқы саяси қызметін өле-өлгенше саябырсытқан емес. 1734 жылы Анна Ионановна Төле бидің хатына жауап қайтарып, онда Ұлы жүз қазақтарын қамқорлығына алғаны туралы жазады..." Жасы тоқсан үшке келгенде Төле би баба төсек тартып жатып қалады. Өздерінің ақылгөй, батагөй қадірлі би атасын құрметтеп келіп оның көңілін сұрап қайтып жатады. Бір күні Шу, Жаңыл ақын барады. Жан аға, сұрамаппын аманыңды-ай, Естіп тұра алмадым хабарыңды-ай.Жатырсың шөккен нардай енді көлбеп, Тоздырдың қарсы жауды табаныңда-ай.Төле би ер Қазыбек, тілді Әйтеке, Асқартау - Қазықұрттай биік еді.деп мұңайып көзіне жас алғанда, Төле би бір жамбасынан аунап жатып - Қарағым Жаңыл, жүрген жолың даңғыл, ақыретің адал болсын!- деп ризашылығын білдіріпті.Сол жолы Жаңыл ақын Төле би атасының қасында көңілін аулап өлең жыр айтады. Аулына қайтарында сұрақ қояды: Көргелі келдік сізді біз.Жалпарынан дүниені,Әбден басып жүрдіңіз.Сізсіз шылбыр бермеді,Түгел қазақ еліңіз. Жаңыл осылай дегенде, Төле би басын көтеріп:- Жаңыл қалқам, баласың-ау, армансыз адам болушы ма едің: арманы біреу, екеу болса, менің арманым екеу, төртеу, тайын; мен қазақ, қырғыздың бір туғандай кезінде туылып, бөліне бастаған тұсында дүниеден кетіп барамын. Осы менің алдағы күндері халқымның күні қандай болмақ деп армандап кеттім. Төле бабамыз өзінен кейінгі би, шешендерге талай тәрбиелеген ара би ұстаз боп өткен. Ол талай жас билерге бата берер батагөй ел ағасы болған екен. Бұған Тайкелтір шешеннің тала баулығанын дәлел етсек те жеткілікті.Тайкелтір шешен жас кезінде жоғалған бір тайлағын іздеп кездейсоқ Төле бидің үйіне тап болады.- Ассалаумағалейкум!- Уағалейкумассалам! Сен кімнің баласысың?- Айдаболдың баласымын. - Балам, атың кім?- Тайкелтір,- Әкең саған болмас ат қойғаны қалай?- Тақсыр, әкем мен жақсы болсам, ата-бабаға атақ-абырой ат келтірсін, жаман болсам, тай келтірсін деп қойған болар.Төле би он екі жастағы баладан мұндай жауап күтпеген еді. Баланың тайсалмай жауап беріп тұрғанын ұнатып, қалың қабағын көтеріп тесіле қарапты.- Балам, жәй ел қыдырып шықтың ба? Бел сыдырып шықтың ба?- Бір тайлағым ауа жайылып желдеп кетіпті, соны іздеп Шу бойындағы қалың елді сүзіп келемін.- Балам, тайлағың табылар. Құдай айдап, ойда жоқ жерде біздің үйге кез болдың. Осында қонып, әкеңнің сыбағасын жеп кет. Әкең досым еді, ол Шудың аяғын, мен Шудың басын жайлап жатушы ек. Көптен қатыса алмай жүрміз. Әке, шешең аман ба?- Шүкір, ата, сіз үйғарсаңыз қонайын, - дейді бала.- Бәйбіше, Тайкелтірге қымыз құй, күн ыстық, шөлдеп келген шығар, - дейді Төле жанындағы жұбайына бұрылып.Бәйбішесі қымызын сапырып, алдын Төлеге ұсынып, екінші тостағанды балаға бергізеді, одан соң қымыз төрде жағалай отырған ақсақалдарға беріледі.Төле бидің сөзін ұйып тыңдап отырған шалдарға, оның осы бір балаға сонша ілтипат көрсеткені, адам тіл қата алмайтын Төлеге баланың тақылдап жауап беруі оларға шаншудай тиіпті. Бірақ Төледен батып ешкім ештеңе айта алмайды.Қымыз ішіліп, дастарқан жиналған соң қонақтарды күтіп жүрген орта бойлы дембелше жігіт бір сарбасты босағадан көлденеңдетіп "бата беріңіздер" дегенде, төрде күнімен қымыз алып отырған ақсақалдар ыңғайланып қолдарын көтере береді. Қонақ бала батаға кол көтермейді.- Балам, неге колыңды жаймайсың?- Мен бұл қойдың батасына қол көтермеймін, - дейді Тайкелтір байыппен. Шалдар "неге, неге" десіп қалады, Тайкелтір күле сөйлеп былай жауап береді.- Қой сіздерге арналса, баталарыңызды беріп сойғыза беріңіздер. Ал егер матан арнап әкелінген мал болса, батасын өзім беремін. Бірақ әлгінде Төле атамның "әкеңнің сыбағасын жеп кет" деген сөзі бар еді, мен бұл койдың кімнің сыбағасы екенін түсінбей отырмын.Төрде отырған қаба сақал қара шал не айтарын білмей сасқалақтап біресе Төлеге, біресе жанындағыларға жалтақтай карай береді.- Өзің бір тақылдаған пәле екенсің!- Ата, мен пәле емес, баламын.Бағанадан үндемей сөз сарынын байқап отырған Төле Тайкелтірдің мына сөзінен амалсыз тосылады.- Иә, Тайкелтір балам дұрыс айтады, әкесінің сыбағасын жеп кет дегенім рас. Айдаболдың осы дастарқаннан жылда жеп жүргені тоқты торым емес, қыстату бие, жазда - құлын, тай болатын. Бар! Қойды қоя бер де, жылқыдан бір құлын алып кел!.. Тоғыз жасар Жетес тоқсандағы Төле биге сәлем бере барыпты: сонда Төле би былай деген екен:- Бата - басқа, қына - тасқа, ақыл - жасқа, не қалайсың, балам? - депті.Сонда Жетес бала: - О, қасиетті, баба! - Ат берсеңіз өліп қалады, тон берсеңіз тозып қалады. Ат, тонға бергісіз өлмейтін, өшпейтін, өмірі естен кетпейтін бір өсиет айтсаңыз соған ризамын, - депті. Онда колыңды жай, балам, - деп Төле би: - Бір үйдің баласы болма, Көп үйдің санасы бол! Бір елдің атасы болма, Бар елдің данасы бол! Бір тонның жағасы болма, Көп көлдың ағасы бол! Ақты ақ деп бағала, аумин, Қараны карала Өзегің талса өзен бойын жағала, Басыңа іс түссе көпшілікті шағала.Өзіңе-өзің кәміл бол. . - Халқыңа әділ бол,Жауыңа катал бол! Досыңа адал бол! – аумин, деп бата беріпті. Өзінің саналы өмірінде Төле би бабамыз шындық, әділдік жолында қыруар қызмет атқарады. Сөйтіп, ол халқының бірлігі, тірлігі, тұрмысы, салт-сана дәстүрі үшін бүкіл ғұмырын арнады. Сол үшін де туған елі оны төбесіне көтеріп, кұрметтейді, шешімі мүлтіксіз жүзеге асып жатты. "Төбе би", "Әулие ата", "Қарлығаш өулие" деп атап кетті."Шындық шыңыраудан да алып шығады" демекші, Төле бидің саладағы бір әділ билігі жөнінде өзінің бір ұрпағы зерттеуші М.Қалдыбаев "Алматы ақшамы" газетінде (16 қаңтар, 1991) былайша баяндайды:"...Төле бидің ұлдарының бірі Жолан кең даламен жатып, киімдері жыртық-жыртық мүсәпір қарт кісіге: сақалы ұйпа-тұйпа, жағы суалып, көздері қызарып кеткен:- Ассалаумағалайкүм, ата жол болсың!- Әлей болсын, шырағым. Мен де бір мүсәпір едім, сініп, бүгілген белін қолымен ұстап жерге отыра кетті.Жолына түсіп қасына келді.- Ата, күн ыстық, жүріңіз, анау жиденің түбіне бара ғынан демей берді.- Қарағым-ай, өзің қандай мейірбан бала едің, көп сол жиденің түбінен көрдім ғой.Карт егіле жылап, екі қолымен басын ұстап, отырып қалды.Жолан ер үстіндегі қоржынын алып, торсықтағы қымызын ішіп, шөлін басып, үһ деп демін алған қарт жиде саясына өткен жайды баяндады:- Қарағым, балам, "өлмегенге өлі балық жолығады" жолыққаның жақсы болды, не істерімді білмей, есім шығып отыр едім. Өзім тақыр кедеймін. Бала-шағам көп. Көрші ауылда ұзатылған қызым бар. Үйде азығымыз таусылып, сол қызыма барып едім.- Бала-шағам аш, ептеп-септеп азық бер, дедім. - Жарайды, - деп күйеу бала мен қызым аздаған азық-түлік, киім-кешек тауып берді. Жаяу барған едім, жаяу қайттым. Қоржынымды ана-мұныға толтырып, иығыма асып, осы жерге азар деп жеткен едім. Мына жалғыз түп жиденің түбінде құр кұдық бар екен. Осында қондым. Қайғырып жатып, қалғып кетіппін. Біреу бассалып, тұншықтырып, катты соққылай бастады. Есімді жисам, қоржын жоқ. Жылап-жылап: - Енді қайттім? Үйдегі аш, жалаңаш балаларыма қалай көрінем? Қызыма қайта барғаныммен, сыры мәлім, соңғы азығын аузынан жырып бергенін білем. Әбден масқара болдым-ау, айдалада ұйықтап нем бар еді? - деп қайғырып отырмын, балам.-Ата, саспаңыз, бекер босқа жасып, жыламаңыз. Жасыңызды тыйыңыз. Бүл төңіректе біздің ауылдан басқа ауыл жоқ. Екеуміз мына атқа мінгеселік.Ерге қартты отырғызып, өзі артына мінгесіп, ауылына келді. Ақ сақалы омырауын жапқан атжақты, қыр мұрынды, кең жауырынды, өткір жанарлы Төле би бар жайды ұйып тыңдап:- Жарайды, қариям, қазір жұртты тегіс жинап хабарлаймын, - дейді.Көп кешікпей ел жиналып, әділ бидің үкімін күтті.Төле би орнынан тұрып, халық алдына келіп:- Оу, жұртым, түгел жиналдыңдар ма? Бір кісі келмей қалмасын, - деді.- Бәрі жиналды, биеке, - деп жұрт шулады. "Не болып қалды екен? Би бізді неге шақырды?" - деп бәрі аң-таң.Төле би кедей, мүсәпір қартты алқақотан отырған жұрттың алдына шығарып:- Иә, мүсөпір, сенің нең жоғалды? - деді.Менің аш балаларыма әкеле жатқан азығымды, киім-кешегімді біреу құр құдықтың жанындағы жалғыз жиденің түбінде ұйықтап жатқан жерімнен ұрып-соғып, тартып ап кетті.Жұрт тым-тырыс. Бәрі мұңайып, төмен қарап, үнсіз отыр.- Уа, халқым, - деді Төле би. - Мына кедейді жылатпа. Сорлының киімі мен азығын бер. Бермесіңе шындық қоймайды. Біреуің ұсталасың. Ұсынған мойынды қылыш кеспейді деген, алғаным рас еді деп мойында.Ешкім үндемеді:- Жоқ табылғанша бір адамды босатпаймын. Бұл жерден бірде бірің кетпейсің.Жүрт іштен тынып отыр. Ешқайсысында үн жоқ. Күн батуға таяды.- Ойпырым-ай, иттің баласы-ай, қайсысы алды екен? Алған соң шынын айтпай ма? Жұртты босқа иіріп қойғаны несі? Малымыз, үй-жайымыз қараусыз қалды-ау, - деген секілді күңкіл шықты. Бірін-бірі түртіп, тілсіз ыммен сырласып жатқандар да баршылық."Мен алып едім" деген жауап болмаған соң, Төле би мүсәпір қартқа қарап:- Сізді алғаш құр құдықтағы жалғыз жиденің түбінде тонады ғой. Қазір сол құдыққа жаяу барыңыз. Кімнің алғанын сол кұдық пен жалғыз түп жиденің өзі айтады. Оларда тіл жоқ емес, бар, - деді. Мүсәпір қарт топтан бөлініп, жаяу ұзай берді.- Сіз барып келгеніңізше ешкімді үйіне қайтармаймын. Егер кететін адам табылса, жоғалған мүлкіңізді сол адамға төлетемін.Жұрт бір-біріне қарап:- Ол құдық пен жидеге қанша уақытта барып келе алады, ол қай жерде екен? Жаяу қашан келеді? Білетіндер бар ма? - десті күңкілдеп. Көп ішінде отырған мүсәпір қарттың киімі мен азығын ұрлап алған адам байқамастан:- Ой, ол жиде мен құдыққа барып келгенше таң атады. Ұзақ жер ғой, - деп қалды. Кімнің аузынан қандай сөз шығады деп аңдып отырған Төле бидің жігіттері шап беріп ұстап, әлгіге:- Тұр орныңнан! Мына жұртқа жауап бер! - деді. - Ұзақ жер ғой деп сен біліп айтып тұрсың. Оның мүлкін сенен басқа ешкім алған жоқ.Төле би халықты үйлеріне қайтарып, кос атты қуғыншы жұмсап, кедей қартты алдыртты. Ұрыға:- Бер мынаның мүлкін! - деді бұйырып.- Алғаным жоқ!- Қазір мынаны дарға асыңдар!Екі жігіт білегінен ұстап сүйрей жөнелгенде:- Ататай, алып едім, жанымды киыңыз, өлтіре көрмеңіз! – деп жалынды.- Алған заттарымның бәрін қайтарайын.- Ой, жазған, халықты кинамай-ақ бірден мойындамайсың ба?Шындық айтқызбай коя ма? - деді Төле би суық жымиып. – Саған берер жазам бар.- Ататай, өтінемін, жанымды киыңызшы?- Саған жазам, бұдан былай ұрлық істемеймін деген уәдеңді бер.-Мақұл ата.Енді ұрлық істесем дарға асылайын...”Міне, осылай Төле бидің алдынан ешбір айыпкер,күнәкар қашып құтылмаған.Қайсысы болса да оның алдында кінасын мойындаған.Сөйтіп тура ақ жолға түскен.Ел қатарына қосылып адал еңбек еткен. Төле бидің даналығы, шешендік тапқыр сөздері, мақал-мәтел, нақылдары ел арасына мол таралған. Төле бидің өмірі, ел басқарудағы қызметі, ол айтып кеткен билік сөздер жөнінде кезінде Шоқан Уәлиханов, Россияның А. Левшин, Г. Потанин, А. Диваев және совет дәуірінде Б. Адамбаев, Ә. Мәметова, М. Қалдыбаев және осы еңбектің авторы, т.б. фольклоршы, тарихшылар да жинастырып, зерттеген. Қазақстанның мемлекеттік архиві мен Ғылым академиясындағы қолжазбалар қорында ел арасынан жинақталған мате- риалдар да баршылық. Халық аузында хатқа түспеген, жинала қоймаған Төле би мұралары әлі де аз емес. Оларды мұқият жинастырып, зерттеу, кітап етіп халықтың өзіне қайта ұсыну болашақ міндетіміз. ### Ескерткіштер Төле би Шымкент, Түркістан және Ташкент қалаларында көпшілік пайдаланатын ғимараттар салу ісіне белсене араласқан. Төле би халық арасында “Қарлығаш әулие”, “Қарлығаш би” деген атпен танымал. Оның бұлай аталуы жайлы да аңыз сақталған. Төле би Ташкенттегі Шайқантәуір зиратына жерленген. Қабірі Бабырдың нағашы атасы Жүніс хан мазарының қасында. Төле би қабіріне кесене салынған. Ғибратты ғұмыр кешкен бидің жарқын бейнесіне көптеген ақын мен жыраулар оралып, оның даналығын шығармаларына арқау етіп отырды. Өткен дәуірлерде А.Левшин, П.Маковецкий, Л.Баллюзек секілді, т.б. орыс зерттеушілері өз еңбектерінде Төле би есіміне ілтипат білдіріп, құрмет тұта атап өтті. Әр кезде Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Шәкерім Құдайбердіұлы, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Б.Адамбаев, Н.Төреқұлов, т.б. Төле биге байланысты әр тараптағы зерттеулері мен ой-қорытындыларын жариялады. Жамбыл облысында Төле би есімімен аталатын елді мекен бар. Түркістан облысында бір ауданға Төле би есімі берілген. Жамбыл, Түркістан облысында және Астана қаласында Төле биге ескерткіш қойылған. Алматыда, Шымкентте және бірқатар елді мекендерде Төле би есімімен аталатын көшелер бар. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Қазыбек би * Әйтеке би
Қайып хан (толық есімі Қайып-Мұхаммед Баһадүр хан, жазба деректерде Хаип-Багатур-салтан, Каиб, Ир-Гаип, Каипджан, Chaip, туған жылы белгісіз - 1718) - Кіші жүздің сұлтаны, 1704/09 жылдардан бастап Кіші жүздің құрамындағы негізгі рулық бірлестіктердің ханы, 1715 жылдың ортасынан бастап қазақтың бас ханы (үлкен хан). Құсрау сұлтанның ұлы, Сырдақ сұлтанның немересі, Есім ханның ұрпағы. ## Өмірбаяны Қайып ханның есімі жазба деректерде 1692 жылдан бастап кездеседі. XVII ғасырдың 90-шы жылдары Кіші жүз руларының бір бөлігі мен Қарнақ қаласын билеген. Сол кездегі орыс елшілік құжаттарында Тәуке ханның айналасындағы қазақ сұлтандарының арасындағы ең беделді әрі ең танымал тұлға ретінде аталып өткен. XVIII ғасырдың алғашқы онжылдығының ортасына қарай Кіші жүздің ханына айналды. Қол астындағы халықтан «баһадүр» лауазымына ие болған. Билік басындағы алғашқы жылдары жоңғарлармен және еділ қалмақтарымен үзіліссіз шайқастарға толы болды. Көршілес мемлекеттерден қолдау іздеу мақсатында осман сұлтаны ІІІ Ахметке 1711 және 1714 жылдары жіберілген елшіліктері нәтижесіз аяқталды. Уфаға 1715 жылдың 4 қыркүйегінде жеткен Қайып және Әбілқайыр хандар елшісінің мәлімдемесіне сәйкес Тәуке ханның өлімінен кейін хан тағын Қайып иеленді. Түркістан қаласы жаңа билеушінің ордасына айналды. 1716 жылы қазақ даласы жоңғар қолбасшысы Цэрэн-Дондобтың жойқын соққысына ұшыраған. Жоңғар шабуылдарымен қатар қазақтардың еділ қалмақтарымен, башқұрттармен, сібір және жайық казактарымен қарым-қатынастары шиеленісе түсті. Тұтқындармен алмасу, қазақтар мен ресей бодандарының арасындағы әскери қақтығыстарды реттеу, орыс көпестерінің қазақтармен саудасын дамытуға қолайлы жағдай жасау, керуен жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жоңғарларға қарсы әскери одақ құру мақсатында Қайып пен Әбілқайыр хандар 1715 жылдың күзінде Уфаға, 1716 жылдың көктемінде Қазанға Тойқоңыр Құлтабайұлын, ал 1716 жылдың күзінде Тобольск қаласына Бекболат Екешұлы мен Байдәулет Бөріұлын аттандырған. Қазақ елшілері қазан губернаторы П.С. Салтыков пен сібір губернаторы М.П. Гагаринге жоңғар қонтайшысына қарсы әскери қимылдар жасауды ұсынған. 1715-1716 жылдары өткен қазақ-орыс келіссөздері қалаған нәтижеге алып келмеді. Қайып хан 1717 жылдың көктем-жаз айларында Қарт-Әбілқайыр ханмен біріге отырып, ойрат тайпаларына қарсы әскери жорық ұйымдастырған. Әскери науқанның нашар ұйымдастырылуы, жоңғар қолбасшыларының тактикалық шеберлігі, Қайып және Қарт-Әбілқайыр хандардың арасындағы өзара келіспеушіліктің салдары қазақ әскерінің жеңілісіне алып келді. 1718 жылы көршілес ресей губернияларының басшылары мен орыс патшасына жоңғарларға қарсы әскери одақ құру ұсынысы іске асқан жоқ. 1716-1717 жылдардағы майдан даласындағы сәтсіздіктер Қайып ханның қазақ даласындағы беделінің түсуіне себеп болды. 1718 жылдың күзінде айналасындағы билеуші топтардың қолдауынан айырылып, сол жылдың қысында Орта жүздегі қарсыластарының қолынан мерт болды. Қайып ханның ұлы Батыр (1771 жылы қайтыс болған) 1748 жылдан бастап Кіші жүздің құрамындағы шекті, төртқара, шөмекей, қарасақал рулық-тайпалық бірлестіктерін басқарған. ## Әдебиет * Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в пяти томах. Т.1.Алма-Ата, 1985. * Витсен Н. Северная и Восточная Тартария, включающая области, расположенные в северных и восточных частях Европы и Азии. В трех томах / Пер. с голландского языка В.Г.Трисман. Т1. Амстердам, 2010. * Ерофеева И.В. Эпистолярное наследие казахской правящей элиты 1675-1821 гг. Сборник исторических документов в 2-х томах/Автор проекта, введения, биографий ханов, научных комментариев; составитель и ответственный редактор И.В.Ерофеева. Алматы: АО «АБДИ Компани», 2014. - 696 с. + вкл. 44 с. — ISBN 978-9965-832-26-0. * Моисеев В.А. Джунгарское ханство и казахи. XVII-XVIII вв.Алма-Ата, 1991.
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» ордені — «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңымен 2001 жылғы 1 қаңтарда белгіленген. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапаттау Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Отан алдында сіңірген ерекше еңбегін атап өту құрметіне азаматтардың мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген ерекше еңбегі үшін жүргізіледі. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 3 мамырдағы № 180-II Заңының негізінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне құрылған. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың орденімен Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін шет мемлекеттер мен үкімет басшылары марапатталуы мүмкін. Жоғары ерекшелік дәрежесімен марапатталған азаматтарды «Отан» орденімен немесе Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев орденімен марапаттау Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілейтін Қазақстан Республикасының Даңқ кітабына жазылады. ## Сипаттамасы Орден иық таспасындағы белгі мен жұлдыздан тұрады. Пішіні бойынша орден Қазақстан Президентінің белгісіне ұқсас: сәулелері көк эмальмен қапталған сегіз қырлыны құрайтын көп сәулелі жұлдыз. Сегіз ең ұзын сәуле ақ эмальмен қапталып, гауһар тастармен безендірілген. Орталық медальонда көк түстің аясында алтын түсті монограмма бар: «П» және «Н» әріптері сәндік түрде өрілген. Орталық медальон алтын алқагүл шоқтарымен қоршалған, ол өз кезегінде ақ жиекпен қоршалып, оның бойында алтын әріптермен «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» деген жазу бар. Медальон табиғи лағыл тастары бар алтын таспамен қоршалған. Орден жұлдызы — он алты бұрышты көп қырлы алтын, мұнда кезекпен сегіз жұлдыздың сәулесі басқаларына қарағанда қысқа. Ортасында Нұрсұлтан Назарбаевтың алтын кескіні бар көк эмальдан жасалған медальон. Орталық медальон ақ жиекпен қоршалған, оның бойында алтын әріптермен «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» деген жазу бар. Медальон табиғи рубиндері бар алтын лентамен қоршалған. Орден жұлдызы мен белгісі 750 дана алтыннан жасалған. Күнделікті киюге арналған орденнің миниатюрасы бар. ### Таспасы Бірінші үлгідегі орденнің муар лентасы алтын түсті ұлттық ою-өрнекті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының түсіне сәйкес келеді. Төртінші үлгідегі иық таспасы ені 100 мм көк түсті муар матадан тігіледі. ## Галерея * * * * * ## Тағы қараңыз * Қазақстанның мемлекеттік марапаттары
Кәдірәлі Есболат ұлы (1932, Күнес ауданы) ﻛﺎدﯨﺮالى ەسبولات ﯗلى‎ — ақын. ## Өмірбаяны * 1944 ж. ауылдық бастауыш мектепті бітіргеннен кейін, тұрмыс тақсыреті салдарынан оқи алмайды. * 1948 ж. 1951 ж. дейін аудандық орталау мектепте оқып, оқу тауысқан соң сол мектепте оқытушы болады. * 1960 ж. бері ақпарат саласында қызмет істеп келеді. * 1950-ші жылдардың бас шенінде әдебиет табалдырығынан аттағаннан бастап, бір талай әңгіме, очерк, фельетон және өлеңдер жазды. ## Дереккөздер
Б.з.д. 2 мыңжылдықтың алғашқы ширегі бітер кезде (Қола дәуірі) Еділ мен Алтай арасында мал шаруашылығымен айналасқан адамдар қола жасауды меңгерді. Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосынан қола дәуірі ескерткіштері алғаш рет табылды. Оны 1913 ж. Б.Г. Андрианов ашты. Ғылымда шартты түрде Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерін Андроново ескерткіштері деп атайды. Бұл атауды ғылыми айналымға 1927 жылы С. А. Теплоухов енгізген. 1927 жылы археолог М.П.Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тапты. Андронов ескерткіштері Қазақстан, Орта Азия, Сібір жерлерінен табылып отыр. Андроново мәдени-тарихи қауымының негізгі орталықтарының бірі Қазақстан аумағында болды. Батыстық андроноволықтар қима мәдениетінің туысқан тайпаларының ықпалына үнемі түсіп және өз тарапынан оларға тікелей ықпал жасап отырды. Археологиялық деректер Андроноволықтардың басым көпшілігі отырықшылық өмір сүргенін көрсетеді. Қоныс-мекендер кең жайылма шалғыны бар өзендердің жағаларына орналасты. Патриархаттық отбасылардың үйлері үлкен жер төбелер болды; олардың жанынан әр түрлі шаруашылық жайлар мен мал қамайтын қашалар салынды. Бұл қоныс-мекендерге мал бағу кәсібі едәуір басым малшылық-егіншілік шаруашылығының кешенді сипаты тән болды. Жалпы, Қазақстанда Андроново мәдениетімен бірге, қима мәдениет ескерткіштері Батыс Қазақстанда табылған. Қима мәдениетінің басты ерекшелігі — қайтыс болған адамдарды қиылған ағаштың арасына салуы. Андроново мәдениетінің ескерткіштері Қазақстанда мол кездесетін болғандықтан, осы хронологиялық кезеңді Андроново мәдениеті арқылы қарастырады. Андроново мәдениетінің ескерткіштерінің өте үлкен аумақта табылуына және оның ұзақ кезеңді қамтуына байланысты ғылымда қазір Андроново тарихи-мәдени қауымдастығы деген термин қолданылады. Андроноволықтарды басқа тайпалардан айыратын мәдениеттің ең басты этнографиялық белгілері жерлеу ғұрпы, геометриялық өрнекті балшық қыш ыдыстардың өзінше бір жиынтығы, металл бұйымдардың түрлері болып табылады. Андроново тайпалары тұрқы әр түрлі тас қоршаулар түрінде зираттар тұрғызды, олар тік бұрышталып, дөңгелектей, сопақталып қоршалатын болды. Кейде, әсіресе Орал өңірінде бұлардың орнына обалар үйілді. Өлген тайпалас адамдар не өртелді, не ерекше әдіспен бүйірінен жатқызылып, қол-аяғы бүктеліп, тас тақталардан жасалған «жәшікке» немесе қазылған төрт бұрышты шұңқырға салынып жерленді. Ыдыстар қолдан жапсырылып жасалды. Бұдан ертерек уақытта ыдыстардың түбі шығыңқы домаланып келетін болса, ол енді тайпақ болды. Олардың сырты тарақ тәрізді немесе тегіс қалыппен түсірілген күрделі геометриялық өрнектермен сәнделді. Сәндік заттардың Андроново тайпалары мәдениетінің тараған шегінен аспаған ерекше түрлері: алтын жапырақшадан бір жарым қайырым бүктеліп жасалған сырғалар, бас киімге және басқа да киімге тағылатын «көзілдірік тәрізді» және «табан із тәрізді» сәнді салпыншақтар, қақтама өрнекті тоталар, шеттері иректеліп түйілген білезіктер болды. Өндіріс техникасының дамығандығы және қола заттар мен балшық ыдыстар түрлерінің әдемілігі мәдениет деңгейінің жоғары болғанын көрсетеді. ## Этимологиясы Ескерткіштердің тұңғыш рет 1914 ж. Ачинск қаласының маңындағы Андроново ауылы маңынан табылуына байланысты осылай аталған. Бұл мәдениет Орталық Қазақстанды мекендеген тайпалар арасына кең тараған. Ол таралған аймағына және өзіндік белгілеріне қарай үш тарихи кезеңге бөлінеді: ерте кезеңі – б.з.б. XVIII-XVI ғасырлардағы Петров мәдениеті; орта кезеңі – б.з.б. XVI–XII ғасырлардағы Алакөл-Атасу, Федоров-Нұра мәдениеттері; соңғы кезеңі – б.з.б. XII–VIII ғасырлардағы Алексеев, Замараев, Сарығары, Беғазы-Дәндібай мәдениеттері. ## Ескерткіштері және оның зерттеушілері Андроново мәдениеті шартты түрде үш кезеңге бөлінеді. Ерте қола — б.з.д. XVIII-XVI ғғ, орта қола б.з.д. XV-XII ғғ., кейінгі қола б.з.д. XII-VIII ғғ. Андроново мәдениеті 8-9 ғасырға созылады (б.з.д. 17-9 ғасырлар). Андроново мәдениетінің алғашқы ескерткіштерін 1914 жылы А.Я. Тугаринов ашты. Содан бері өткен уақыттың ішінде орасан көп археологиялық материал жиналды. Бұл мәдениеттің ескерткіштерін кезеңдерге бөліп, топтастыруды бастаған С.А. Теплоухов болды. Әсіресе М.П. Грязновтың сіңірген еңбегі зор. Ол 30-жылдарда-ақ Андроново мәдениетінің тарихи құбылыс ретіндегі суреттемесін жасап берді және далалық қола дәуірінің хронологиялық үш кезеңін: алдыңғы, ортаңғы және соңғы кезендерін саралап берді. Кейін К.В. Сальников Орал сыртының Андроново мәдениетіне хронологиялық топтама жасады; оны бірінің орнын бірі басқан үш кезеңге бөліп, оларға шартты түрде мынадай аттар берді: Федоров кезеңі - б. з. б. XVIII — XVI ғасырлар, Алакөл кезеңі — б. з. б. XV — XII ғасырлар, Замараев кезеңі — б. з. б. XII — VIII ғасырлар. Андроново мәдениетін К.В. Сальниковтың кезеңдерге бөлуі тарих ғылымында дұрыс деп танылды және далалық қола дәуірінің ескерткіштерін зерттегенде осы мәдениеттің тараған аудандарының бәрінде қолданылды. Қазақстанның Андроново мәдениетін кезеңдерге бөлу мәселесін Ә. X. Марғұлан, К.А. Ақышев, А.Г. Максимова, С.С. Черников, A.M. Оразбаевтар айналысты. Қазіргі кезде К.В. Сальниковтың кезеңдерге бөлуі қайта қаралып, Э.А. Федорова-Давыдованың, B.C. Стоколостың, Г.Б. Зданович пен басқа да зерттеушілердің еңбектерінде нақтылана түсті. Зерттеушілердің көпшілігі Андроново мәдениеті неолит пен энеолит дәуірлеріндегі Қазақстан даласының солтүстік аймағының және Орал сырты мен Батыс Сібірдің іргелес аудандарының мәдениет жағынан, әрі, шыққан тегі жағынан туыс тайпаларының табиғи дамуы негізінде кұрылған деп есептейді. Сол кездің өзінде-ақ мал өсіру, қарапайым егіншілік және кен кәсібінің бастамасы мәлім болатын. Үй жанында мал бағу мен жайылмада кетпенмен егін салудың одан әрі дамуы отырықшылықтың ұлғаюына, үй кәсіпшіліктерінің шығуына, металлургияның дамуына жеткізді. Ұлан-ғайыр далалық аймақта осы материалдық игіліктерді шығаратын негізгі өндірістер прогресінің шамамен бір деңгейлес болуы Андроново мәдениетінің өзіне тән ерекшеліктерінің қалыптасуына, қоғамның әлеуметтік жағдайына жақын түрлеріне жеткізді. ### Орталық Қазақстан Бұл өңірден көптеген мекендер, қорымдар, көне рудниктер, құрбандық орындары, петроглифтер табылды. Орталық Қазақстанның Андроново мәдениетіне тән сипаты - оның мазарларының күрделілігі, тас өңдеумен байланысты құрылыс техникасының жетіле түскендігі. * Ертедегі Нұра кезеңі — жерлеу салтында крематация (мәйітті өртеу) басым болған. Мәйітті табытқа салып қою рәсімімен де жерлеу кездеседі. Керамика ыдыстардың жоғарғы жағы ғана әсемделеді. Қабір ішінде мәйітпен қатар үй жануарларының сүйектері де табылған. * Келесі — Атасу кезеңінде жерді игеру, оның ішінде шөлейт аудандарды да игеру кеңінен жүргізіледі. Тау-кен жұмыстарының көлемі күрт өседі. Мәйіттерді бір жамбасына бүк түсіріп жатқызып жерлеу жиірек ұшырасады. * Кейінгі кезеңі — Беғазы-Дәндібай мәдениеті. Оның ерекшелігі — мәйіттерді шалқасынан жатқызып қою. Мысалы: Ақсу-Аюлы −2 қабыры. Жер бетіне тастан қалап қабырғалы тұрғын үйлер салу рәсімі кең жайылады. Сондай-ақ ағаш та қолданылған. ### Солтүстік және Батыс Қазақстан Солтүстік Қазақстан жеріндегі қола ғасырын, соның ішінде Андроново мәдениетінің ескерткіштерін зерттеген ғалымдар - К. А. Ақышев, Ә. М. Оразбаев, Г. Б. Зданович, С. Я. Зданович және т. б. Солтүстік Қазақстанның қола ғасырының кезеңдерге бөлуді, Андроново мәдениетінің сатыларын, олардың хронологиялық мерзімдерін Геннадий Борисович Зданович көпжылдарға созылған Жабай-Покровка, Боголюбово, Куропаткино және тағы да басқа ескерткіштерде жүргізілген қазба жұмыстарының негізінде анықтады. Алексеев қонысы мен Тасты-бұтақ қорымы кеңінен мәлім болды. Топырағы төбешік болып үйілген, дөңгелек және тікбұрышты қоршаулары бар қорымдар көп кездеседі. Челябинск және Қостанай облыстарының шекарасына жақын Арқайым қонысы ежелгі қалалардың мысалы бола алады. Қазіргі Қостанай облысында Садчиков қонысы, Ақмола облысындағы, Зеренді ауданындағы Павловка (Шағалалы) қоныстары - Андроново тарихи-мәдени қауымдастығының айшықты ескерткіштері. ### Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу Ескерткіштері — Таңбалы, Қаратау сияқты тастағы суреттер, Таутары қорымы. Сырдарияның төменгі жағынан Арал алқабынан - Тегіскен кесенесі ашылды. ## Шаруашылығы Андроново қоныстары дала өзендері мен оның жағаларына егін, бау-бақша салып қоныстанған. Тары ботқасы күйген құмыралар табылды. Қоныстардың бәрінен табылған ортақ олжалар: дәнүккіштер, келсаптар, орақтар мен тас кетпендер. Мал өсіру маңызды рөл атқарған. Негізгі тамағы сүт болды, сүзбе, ірімшік жасаған. Ет өте аз болған, оны мейрамдарда ғана, құдай жолына құрбандық жасағанда ғана пайдаланған. Негізгі мал қой, сиыр, жылқы. Жылқының үш тұқымы болды: 1). биіктігі 128-136 см., басы үлкен, қалың жалды жатаған жылқы. Қазіргі моңғол жылқысына ұқсас. 2). Шоқтығы орташа не биік 136-152 см-ге дейін салмағы 350 килоға дейін жететін жылқылар. 3). Асыл тұқымды биіктігі 152-160 см., аяқтары жіңішке, сымбатты, қой мойынды жылқылар. Олар соғыс арбасына жегілетін болған. Андроноволықтар мал бағудың қыр-сырын жетік меңгергендер болды. Олар дүние жүзінде алғаш рет малды қолда ұстауды енгізді. Қыста төлді жылы жерде ұстаған, ол үшін үйдің бір жағын қоршап бөліп тастаған. Тұрғын үйлерге жалғаса мал қора салды. Андроноволықтар қос өркешті бактриан түйелерін өсірді. Ерте және орта қола кезеңдерінде, яғни б.з.д. 1 мыңжылдықтың басында андроноволықтар отырықшы болды. Аралас шаруашылықпен айналысқан. Малды үй іргесіне бағу нәтижесінде жайылым тез тозған. Сондықтан жайлаулық тәсілді ойлап табады. Бұл көктем, жаз айларында жастар мен ер адамдар алыс жайылымға малды айдап әкетсе, отбасылары егін өсірумен айналысты. ## Ежелгі кеншілер Кен өндіру б.з.-дан үш мың жыл бұрын пайда болды. Мысалы, Жезқазғанда осы кезде-ақ кен өндіріле бастады. Олар кенді тотықтандыру, қайлалау, отпен өндіру әдістерін меңгерді. Сондай-ақ әрбір отбасы өз ыдыс-аяқтарын өздері жасады. Әйелдер саз балшықты әзірлеп, одан ыдыс-аяқ істеп, оларды ошақтағы отқа, кейде таспен қоршалған шұңқырға алаулатып күйдірген. Ыдыстар әртүрлі сызықтармен, геометриялық ою-өрнектермен әсемделген. Андроноволықтар үй тіршілігіне қажетті нәрсені өздері жасады. Жіп иіру, тоқу, теріні өңдеу, киімді түрлі-түсті жіппен әдіптеп бәрін игерген. Матаға қажетті жіпті мал жүнінен игерген. Тоқыма станогы, ұршық болды. Олар өкшесіз аяқ киім киген, жүннен тоқыған, теріден тіккен құлақшын киген. Әйелдер көбіне ұзын жеңді етегі жер сызған жүн көйлек киіп жүрді. Әшекейлік бұйымдар сырға, салпыншақтар, моншақтар таққан. Ерлері қоладан үшкірлеп жасалған садақтармен қаруланды. ## Халық, қоғам, әдет-ғұрып Олар үлкен үйде отбасылық қауым болып өмір сүрді. Ағайын-туыстар шаруаны бірге атқарды. Обалар, қабірлер қазу ісінде өзгешеліктері болған. Бұл Андроново қоғамының біртекті болмағандығын көрсетеді. Байлар, текті адамдар өлгенде олар ерекше құлпытас орнатылған мазарларға жерленді. Жауынгерлер, патшалар, абыздар тәрізді әлеуметтік жік болған. ## Діни көзқарастары Қола дәуірі тұрғындарының діни көзқарастары қарапайым болды. Олар өлген адамдарын белгілі бір рәсімдермен жерледі. Мүрдені "Жер-ананың" қойнына анасының құрсағында жатқан қалыпта қоюға тырысқан. Андрондықтардың түсінігінше, өлген соң да "о дүниеде" тіршілік жалғасады. Сондықтан олар өлікпен бірге киім-кешегін , қару-жарағын, ыдыс-аяғын, тамағын қоса көмген. Андрондықтар күнге, отқа мінәжат еткен. Сонымен қатар олардың өмірінде бұрыннан келе жатқан тотемизм (шығу тегін жануармен байланыстыру), фетишизм (жансыз дүниеге сеніп, соның қасиетіне табыну), анимизм (жанға, рухқа сену) сияқты ғұрыптар да орын алды. Діни наным-сенімдері бойынша күнге, отқа, қасиетті жануарларға табынған. Олардың бейнелері көзенің сыртындағы өрнектерде, тастағы суреттерде, сынтастарда, әшекей бұйымдарда көптеп кездеседі. Бұл мәдениет кезіндегі тайпалардың тұрмыс-салты, кәсібі, қолөнері қазақ халқының тіршілігінде көп сақталған. ### Өнері Өліктер қабірде бастары батысқа немесе оңтүстік-батысқа қаратылып қойылды. Бұл о дүниемен байланыс жасайтын құдайға қарату деген мағынаны білдірді. Мәйіт бүктей жатқызылды. Сондай-ақ мәйітті өртеп жіберу де болды. Ол отқа табынудан шықса керек. Үй құрылысы да құрбандық шалудан басталған. Оған сүт толы ыдыстар, бұқа не бағлан шалынған. Тіпті балаларды да құрбандыққа шалған, оны үй едені астына көмген. Үйдің ошағы отбасының ең қасиетті жері болды. Сонымен қатар олардың өнері де жақсы дамыған, қыш-құмыраларды жасап қана қоймай олардың бетіне геометриялық фигураларды салған, құмыра сыртына әр түрлі бұйымдар жабыстырып әшекейлеген. Аң аулаудың құпияларын түсіне отыра, қару-жарақтың әрі ыңғайлы, әрі қолайлы түрлерін жасаған (қалайы пышақ, найза ұштары, жебенің бастары бәрі қалайыдан болған). ### Тастағы суреттер Қола дәуірінің жартастар бетіне салынып, кілегей қоңыр қабыршақпен жабылып қалған суреттерінің өзіндік ерекшелігі бар. Бұл суреттер — жануарлар, күн бейнелі адамдар, соғыс арбалары, шайқас көріністері туралы тасқа салынған суреттер олардың дүние-танымын көрсетеді. Жартастағы суреттер-петроглифтер Қазақстанда Таңбалы, Ешкіөлмес, Қаратау мен Маймақ, Тарбағатай мен Бөкентауда табылды. ## Дереккөздер
Ақ үй аманат (салт). Қазақ тарихы мен аңыз әңгімелерінде «ақ үй аманат» берген екен деген сөз жиі кездеседі. XVI-XVII ғасырлардағы жаугершілік замандарда екі жақ мәміліге келіп, іс бітімгершілікпен аяқталғанда осы салт сол үлкен жұмыстардың айғағы ретінде жүрген. Мұндайда негізінен кінәлі жақ өзінің жеңілгендігін мойындап бар сән-салтанат, дүние жиһазымен ақ орда яғни «ақ үй аманат» әкеліп тапсырады. Бұл тек жеңілу ғана емес, сол елді мойындаудың, бұдан былай тату көршіліктің (елдіктің) кепілі ретіндегі орны бөлек құжат әрі сый-сияпат десе де болады. «Ақ үй аманат» негізінен көшпелі елдің әсіресе түркі халықтарының арасында жиі болған. Бұл туралы ғалымдар Ш.Уәлихановтың, Ә.Марғұланның еңбектерінде жазылған. Мұндай жағдай өткен ғасырларда қазақ даласында жиі болып отырған. Мысалы: жоңғар-қазақ соғыстарында, қытай-қазақ шапқыншылығында, Хиуа хандығы мен қазақ хандығы арасында қақтығыстар да елшілер «ақ үй аманат» тапсырып бітім мен келісімге келген кездер көп болған. Мұндай жағдайдың басында мемлекет ішінде беделді би, батырлар мен шешендер, атақты ақсақалдар мен хандардың өздері де жүрген. «Ақ үй аманат» - ант, серт пен келісімнің, татулықтың айғағы.Оны бұзған ел басқа халықтар алдында үлкен кінәлі деп сыналған және одан сырт айналған. ## Дереккөздер
Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов (28 қараша, 1935 жыл, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы Қошалақ - 22 қараша, 1983 жыл, Алматы) — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының (мәтіні) авторы, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері. ## Өмірбаяны * Жұмекен атасы Нәжімеден Стамғазиевтің бауырында өсіп, тәрбие алған. Сөз бен тарих және туған халқының дәстүрлеріне деген ыстық сүйіспеншілік сезімді бала бойында қалыптастырған сол кісі. Немересіне өзінің атақты бабалары Қартпанбет жырау (алтыншы ата) мен оның әпкесі Қосуан (Махамбет Өтемісұлының туған шешесі) туралы сыр шертетін. Кіші жүздің Байұлы тайпасы Алаша руынан шыққан. * 1956-59 жылдары Қазақтың мемлекеттік консерваториясының халық аспаптар факультетінде оқыған. * 1959-74 ж.«Жазушы» баспасының редакторы * «Лениншіл жас» газетінде бөлім меңгеруші * Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші * 1974-78 ж, Қаз.КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитеттің редакторы * 1978-83 ж. «Мектеп» баспасында бөлім меңгеруші болып қызмет атқарған. ## Шығармашылығы Жұмекен Нәжімеденовтің алғашқы «Егіс» лирикалық жинағы 1961 жылы жарық көрді. Төрт жылдан кейін «Жоқ, ұмытуға болмайды» атты поэмалар жинағы шықты. Ж.Нәжімеденовтің тірі кезінде барлығы он өлеңдер жинағы мен «Ақ шағылдар» (1973ж), «Кішкентай» (1975 ж), «Атақ пен дақпырт» (1978ж) атты үш романы басылды. Ақын өлімінен кейін жарық көрген он жинағына тірі кезінде жарияланбаған өлеңдері, поэмалары, повестері мен романдары, мақалалары мен аудармалары және тоғыз күй енді. Оның шығармалары көптеген тілдерге аударылып, басылды. Ақын А.Вознесенскийдің, Е.Евтушенконың, Н.Хикмет пен Ә.Файзи шығармаларын аударған. Ақынның Ақынның орыс тіліне аударылған «Весенние ветры» (1969), «Мое рождение» (1982), «Тебе говорю, потомок» (1986), «Солнцеворог» (1994) атты өлеңдер жинақтары басылды. 2003 жылы Санкт - Петербург қаласында орыс тіліне аударылған таңдамалы өлеңдері топтастырылған «Я есть» атты өлеңдер мен поэмалар жинағы жарық көрді. ## Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны Жұмекен Нәжімеденов Қазақстанның қазіргі әнұран мәтінінің авторы. «Менің Қазақстаным» әні оның шығармашылық жолының басында, ақынның 21 жасында жазылған. Ол кісінің жұбайы Нәсіп апайдың айтуынша Жұмекен әнді осыдан 50 жыл бұрын, 1956 жылы Алматыда, белгілі шаңқобызшы Гүлсара Піржанованың үйінде жазған. Бұл өлең бір қарағанда Қазақстан миллиард пұт астық жинағанына арналып жазылған сияқты болып көрінгенімен , негізінен «ел, жер менікі» деген отаршыларға қарсылықтан туған. Оны сезіп қалған коммунистер әнді мүлдем шығармай тастауға айналғанда Жамал Омарова ара түсіп, эфирден шырқауға мүмкіндік алған. Сөйтіп халыққа жетпей жатып қудалана бастаған ән бағы жанып, бейресмиден тәуелсіздіктің арқасында ресми әнұранға айналды. 2006 жылдың 11 қаңтарында «Менің Қазақстаным» әні елдің мемлекеттік әнұраны сипатында алғаш рет астаналық «Ақорда» резиденциясының шаңырағы астында, Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Президенті лауазымына салтанатты түрде кірісу сәтінде орындалды. ## Шығармалары Елуінші жылдардың екінші жартысында, алпысыншы жылдардың басында Жұмекеннің өлеңдері республикалық баспасөзде жиі жарияланып жүрді.Алпысыншы жылдардан бастап өлеңдері мен шығармалары, үш романы, аударма кітаптары "Жазушы", "Жалын" баспаларынан жарық көрді: * "Балауса" (1961) * "Сыбызғы сыры" (1962) * "Өз көзіммен" (1964) * "Жоқ, ұмытуға болмайды" (1965) * "Жарық пен жылу" (1966) * "Күй кітабы" (1967) * "Мен туған күн" (1972) * "Мезгіл әуендері" (1968) * "Ұлым, саған айтам" (1970) * "Қызғалдақ жайлы баллада" (1971) * "Ақ шағыл" (1973) * "Кішкентай" (1975) * "Даңқ пен дақпырт" (1977) * "Жеті бояу" (1977) * "Шуақ" (1980) * "Темірқазық" (1981) * "Ашық аспан" (1981) * "Менің топырағым" (1985) * "Ұрпағым, саған айтам" (1988) кітаптары * үш томдық шығармалар жинағы (1996-1997) * "Мен — тамырмын" дастандар (2001) * "Қасірет пен қайсарлық" (2001) * "Жұмекен" (2002) * "Жаңғырық" (2003). * "Аспан шақырады" (2005) * "Домбыраның қоңыр үні: Көне замандардан бізге жеткен домбыраның бүгінгі акустикасы қандай?" (2007) Ақын жырлары бірнеше шет тілдеріне аударылған. * 1967 жылы "Жоқ, ұмытуға болмайды!" атты поэмасы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атанды. ## Дереккөздер
Асқар Ұзақбайұлы Мамин (23 қазан 1965, Астана) — қазақстандық экономист, саясаткер және Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі (2019—2022). «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы АҚ-ның президенті (2008-2016). Арғын тайпасы Қанжығалы руынан шыққан. ## Қысқаша өмірбаяны * Арғын тайпасы Қанжығалы руынан шыққан. * Целиноград инженерлік-құрылыс институтын бітірген. * Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын бітірген. Инженер-құрылысшы, экономист. * Еңбек жолын «Целинтяжстрой» тресінің құрастырушысы болып бастады. * Кейіннен кәсіпкерлікпен шұғылданды. * Ақмола арнайы экономикалық аймағы әкімшілік кеңесі төрағасының орынбасары * Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары болды. * Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі. * Индустрия және сауда бірінші вице-министрі. * 2005-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі болып қызмет атқарған. * 2006-2008 жылдары Астана қаласының әкімі. * 2008-2016 жылдары "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы АҚ-ның президенті болып қызмет етті. * 2016-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары болды. * 2019 жылдың 25-ші ақпаннан бастап 2022 жылдың 5 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрдің қызметінде болды. ## Марапаттары * «Ерен еңбегі үшін» медалі (1998) * «Құрмет» ордені (2006) * 2 дәрежелі «Барыс» ордені (2011) * «Астанаға 10 жыл» мерекелік медалі (2008) * 3 дәрежелі Әулие Маниил Московский кінәзі ордені (РПЦ, 2010) (Ресей) * Құрмет легионы ордені (2013) (Франция) * Мойындау кресті гранд-офицері (2013) (Латвия) * "Азаматтық қызметі үшін" орденінің үлкен кресті (2014) (Испания) * Астана қаласының Құрметті азаматы (2011) * Құрметті теміржолшы (2012) * Қазақстанның Құрметті құрылысшысы (2013) ## Дереккөздер Үлгі:Асқар Маминның министрлер кабинеті
-{SuperStar KZ}- — танымал британдық Pop Idol шоуына негізделіп шыққан реалити-шоу. Әр сенбі сайын 18:50 де Еуразия Бірінші арнасынан көрсетілген реалити шоу. Бұл жарыс-шоу Қазақстандағы жас әншілерді анықтау үшін ұйымдастырылған болатын. СМС немесе телефон арқылы дауыс беру әр сенбі сайын 22:40, ал қорытындысы 22:30 дан 23:00. SuperStar KZ — Қазақстандық телевидениядағы екінші сатып алынған лицензиялық жоба. SuperStar KZ орыс тілінде ұсынылған, ал әндері орыс, қазақ және ағылшын тілінде. ## -{SuperStar KZ}-. Бірінші маусым Бірінші маусым «Толық лицензия» бойынша жүрді және тоғыз айға созылды. Жоба 16 қаладағы тыңдаудан: Астана, Тараз, Ақтау, Семей, Павлодар, Атырау, Шымкент, Қызылорда, Талдықорған, Қарағанды, Көкшетау, Ақтөбе және Алматы, нәтижесінде жюрилер 5563 адамды тыңдады. Екінші кезең — Elimination, Алматы қаласында 27 тамыздан 3 күнге созылды. Бұл конкурс боынша 100 адамның ішінен 50 таңдап алынады. Үшінші кезең «Work Shop» — «Жұмыс дұкені» деп аталады. Бұл 2003 жылдың қараша айының 1 мен 30 аралығында бес апта бойы жүрді. Әр апта сайын Алматыға вокал, хореография және стиль боыйнша дәріс алған 10 конкурсант, ал сенбі сайын тікелей эфирден көрермендер олардың не үйренгенін көре алады. Әр ондықтан тек екеуі ғана шығады. Финалда 10 адам. Бірақ ұйымдастырушылар 13 желтоқсан күні жүргізді. «Бақытты билет» 8 қатысушыға финалға шығуға мүмкіндік берілді. 8 қатысушыларды таңдау келесідей болып өтті: жюри мүшелері әрқайсысы келісімсіз бір-бір қатысушыларды атады. Екі қатысушыны жюри бір бірімен талқылау арқылы таңдады. Әрі қарай финалды концерттер сериясы өтті. Ол жерде 12 финалисттердің ішінен әр апта сайын бір қатысушы жобадан кетіп отырды. Әр концерттің тақырыбы: * Top 12: Шетел хиттар. * Top 11: * Top 10: * Top 9: * Top 8: Қазақстандық хиттар. * Top 7: San Remo 80 жылдардағы Диско-хиттар. * Top 6: Совет кезеңіндегі хиттар. * Top 5: Шетелдік қазіргі хиттар * Top 4: Махаббат әндері. * Top 3: Ресейдің қазіргі хиттары. * Top 2: Grand Final Гранд-финалда телефон қоңырауы мен СМС саны — 622394 ке жетті. Ким Романға — 295807 дауыс, ал Алмас Кішкенбаетың еншісіне 326587 дауыс берілді. Айырмашылығы тек бес процент қана болды. -{SuperStar KZ}- Бірінші маусымның демеушілері Қазкоммерцбанк және Электроника Әлемі дүкендер желісі болған еді. ### Жүргізушілер * Серик Акишев * Ирина Кордюкова ### Жюрилер * Батырхан Шукенов — әнші және музыкант * Роман Райфельд — музыкалық сыншы * Арман Мурзагалиев — скрипач * Ләйла Сұлтанқызы — телерадио редакторы. ## -{SuperStar KZ}-. Екінші маусым SuperStar KZ. Екінші сезон. Тыңдау Тараз, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Өскемен, Павлодар, Қарағанды және соңғы нүктесі Астана қалаларында 2004 жылдың 23 мен 30 шілде аралығында өтті. SuperStar KZ екінші маусымының премьерасы 2004 жылы 25 қыркүйекте Бірінші Евразия Каналында болды. 2004 жылдың 6 қараша айында «Work shop» кезеңі өтті. Бес апта аралығында көрермендер конкурс қатысушыларын тікелей эфирден көре отырып бірден артынша ұнаған конкурсанттың ішінен көрермендер дауысын көбірек жинаған екі конкурсант қана финалға шыға алды.Олар Тараздық Алишер Каримов пен Шымкенттік Қайрат Түнтеков. Екеуі бірдей 3 әнді орындап, 19 жасар Қайрат Түнтеков бәйгеге жетті.-{SuperStar KZ}- екінші маусымының демеушілері Қазқоммерцбанк пен LG компаниясы табылады. ### Жүргізушілер * Эрик Соло * Үлпан Кураисова ### Жюрилер * Дариға Назарбаева — Қазақстан президенті Нұрсултан Назарбаевтың қызы * Алмас Амирсеитов — Premier Records KZ президенті * Олег Марков — бас продюсер * Диана Снегина — «Europa Plus Қазақстан» радиосында DJ ## -{SuperStar KZ}-. Үшінші маусым Үшінші маусымнаң тыңдау 2005 жылдың 2 қараша мен 7 қазан аралығанда болды. Төмендегі қалалардан 12000 адам тыңдалды: * Алматы: 7 қазан, 8 қазан, 1 қараша, 2 қараша * Ақтау: 10 қазан, 11 қазан * Ақтөбе: 13 қазан, 14 қазан * Павлодар: 15 қазан, 16 қазан * Қостанай: 18 қазан, 19 қазан * Қарағанды: 20 қазан, 21 қазан * Астана: 22 қазан, 23 қазан * Өскемен: 24 қазан, 25 қазан * Шымкент: 27 қазан, 28 қазан SuperStar KZ Үшінші маусымның премьерасы 2005 жылы 26 қарашада Бірінші Евразия Каналында болып өтті. 2006 жылдың 7 қарашында «Шынайы таңдау» Алматы турнирына келген SuperStar KZ 3 атағына үмтікер 143 адамнан жюри 40 көшбасшыны таңдады. Әдеттегідей қатысушыларды 5 топқа 8 адамнан бөліп, олардың музыкалық таланттар әр сенбі сайын бағаланып отырды. ### Бірінші топ (2006 7 қаңтар) * Адылжан Умаров — Любить Тебя by Santos және Юлия Началова * Аян Бирбаев — Айсұлу by Bangor * Данияр Отеген — I Believe I Can Fly by R. Kelly * Екатерина Реванова (Қарағанды) — Ландыш Серебристый by * Маржан Макишев — Лебединая Верность by Евгений Мартанов * Меруерт Мусрали - * Нуржан Керменбаев - * Зарина Елеусизов — All At Once by Whitney Houston Екінші топ (2006 14 қаңтар) * Алия Абилкаырова (Алматы қаласынан) — Je T’Aime by Lara Fabian * Алтынай Сапаргалиева (Жаңаөзен) — The Voice Within by Christina Aguilera * Арстан Мырзагереев (Қарағанды) — Где Же Ты? by K-7 * Даурен Оразбеков (Қарағанды) — Ночь Подруга by A-Studio * Гульмира Иржанова (Қостанай) — Underneath Your Clothes by Shakira * Гульмира Закирьянова (Қостанай) — Омiр-Өзен by Altinay Zhorabayeva * Сарман Тулебаев (Қарағанды) — Belle * Вячеслав Балашов (Өскемен) — Необыкноженные Глаза by Rashid Beibutov Үшінші топ (2006 21 қаңтар) * Анастасия Россошанская (Қарағанды) — Отпусти Меня by Valeriya * Ардак Кенжесарин (Павлодар) — Алатау by * Ирина Писарева (Павлодар) — Више Облаков by Сливки * Карлыгаш Тастамбекова (Алматы) - * Марат Оразбаев (Жанаөзен) — Разлука by 101 * Меруерт Ниязбаева (Қостаная) — I Have Nothing by Whitney Houston * Найля Заитова (Алматы) — Beautiful by Christina Aguilera * Ринат Малцагов (Павлодара) — Немного Жаль by Филипп Киркоров Төртінші топ (2006 28 қаңтар) * Дария Акпарова (Қарағанды) — I Will Survive by Gloria Gaynor * Динара Коскельдиева (Алматы) — Hero by Mariah Carey * Ерлан Алимов (Қостаная) — Ты Сделана Из Огня by Вадим Усланов * Мнаш Жанболатова (Алматы) — Стена by Лариса Долина * Тимур Калекперов (Өскемен) — Как Ты Красива Сегодня by Valeriy Meladze * Владимир Ким (Қарағанды) — Вечная Любовь by Andre Makarskiy * Заина Бейсембаева (Қарағанды) — Между Нами Зима by Дильназ Ахмадиева * Жанара Хамитова (Қарағанды) - Бесінші топ (2006 4 ақпан) * Анастасия Усова (Ақтөбе) — Adagio by Lara Fabian * Антон Ивлев (Қостанай) — Jamaica by Robertino Loreti * Асем Тасбулатова (Шымкент) — Жалт Етiп Өткен by Asem * Евгений Гартунг (из Рудный) — Текила-любовь by Валерий Меладзе * Ирина Кононова (Өскемен) — I Feel Good (I Got You) by James Brown * Марат Нигманов (Астана) — Серенада 2000 by Bravo * Тимур Ахметжанов (Ақтөбе) — Insatiable by Darren Hayes * Вера Кан (Алматы) — Герой Не Моего Романа by Юлия Началова Бақытты билет (2006 18 ақпан) * Анастасия Усова — Бақыт Күшағында by Shamshi Kaldayakova * Аян Бирбаев — As Long As You Love Me by Backstreet Boys * Данияр Отеген - * Дария Акпарова - * Ерлан Алимов — Сердце, Скажи by Иван Бреусов * Гульмира Иржанова — Don’t Speak by No Doubt * Марат Оразбаев — Я-Ето Ты by Мурат Насыров * Маржан Макишева — Karma by Alicia Keys * Мнаш Жанболатова - * Найля Заитова - * Сарман Тулебаев — Голос by Aleksandr Panayotov * Вера Кан — Иногда by ### Top 12/Тақырыптар * Топ 12: арнайы қонақ Tomas N'Evergreenге арналған концерт * Топ 11: Ресейлік хиттар * Топ 10: Советтік кинолар фестивалі * Топ 9: Латын америка хиттар * Топ 8: Қазақстандық хиттар * Топ 7: Шығыс хиттар * Топ 6: My Idol * Топ 5: 70-шы және үқөжы жылдардағы хиттар * Топ 4: Жаңа мыңжылдық хиттар * Топ 3: Love Songs * Топ 2: Grand Final ### Жүргізушілер * Сабина Саякова * Алан Черкасов ### Жюрилер * Нагима Ескалиева — Халық әртісі * Людмила Ким — VJ * Кайрат Кульбаев — HiT TV арнасының вице-президенті * Игорь Сырцов — KTK телеарнасынаң генерал директоры ## -{SuperStar KZ}-. Төртінші маусым 2007 жылдың бірінші жарты жылдығында өткен қорытынды маусым. Төртінші маусымның тыңдауы 30 қаңтар мен 14 ақпан аралығында келесідей қалаларда өткізілді: * Атырау: 30 қаңтар Жантөрин атандағы филармония * Орал: 30 қаңтар орталық жастар мәдениетінің сарайы * Қарағанды: 1 ақпан Қарағанды қаласының циркі * Ақтөбе: 2 ақпан Жубанов атындағы облыстық филормания * Павлодар: 2 ақпан «Баянаул» мәдени ойын сауық орталығы * Астана: 5 ақпан, 6 ақпан «Алатау» спорт кешені * Шымкент: 6 ақпан, 7 ақпан «Достык» қонақүй кешені * Тараз: 8 ақпан «Балашогун» мәдениет үйі * Өскемен: 9 ақпан «Большевик» ойын сауық орталығы * Алматы: 13 ақпан, 14 ақпан «Da freak» түнгі клубы SuperStar KZ төртінші маусымының премьерасы 2007 жылы 17 ақпанда Бірінші Евразия Каналынды болды. Төртінші маусымда ондық финалға қатысушыларды таңдау былайша жүргізілді, бірінші аптада 12 қыз, келесі аптад 12 жігіт шығанды. Осылардың ішінен 8 жігіт пен қызы шығады. Содан 8-ден 4 қатысушы және 8 финалист. Сонымен қатар екі қатысушыға финалға шығуға мүмкіндік бертін бақытты билет. ### Бірінші топ. (Қыздар. 2007 жыл 14 наурыз) * Дария Акпарова — Я всё поняла * Ардак Зинали — Туған Жер * Мариям Думанова' — Колыбельная * Аида Жакупова — Под испанским небом * Бану Лехавева — Аке Туралы Жай * Степанида Басюк — Ещё люблю * Елена Псарёва — This love * Гузель Лухманова — Маленький принц * Гулим Айтказина — Лебединая верность * Айнур Назарбекова — Мен Жайлы * Зарина Курманбаева — Я твоя * Альбина Оганесян — Останусь ### Екінші топ. (Жігіттер. 2007 жыл 31 наурыз) * Олег Карезин — Жан Сырым * Даулет Сулейменов — Since U’ve Been Gone * Талгат Кенжебулатов — Разлука * Анатолий Цой — Леди Дождя * Даулет Болатбаев — Кахаз Кеме * Владимир Ким — Я Не могу без тебя * Нурлан Толепбергенов — Суйгеным * Игорь Тухватов — Невозможно возможно * Олег Никитин — Cosa Sei * Азамат Берсембаев — Потому что я тебя люблю * Рустем Нургалиев — Я эту жизнь тебе отдам * Адылжан Умаров — Кто-то простит ### 8 — 4. (Қыздар. 2007 жыл 7 сәір) * Аида Жакупова — Ангел мой * Гулим Айтказина — Ангел хранитель мой * Мариям Думанова — Жаным * Альбина Оганесян — Зима * Елена Псарёва — Жан ана * Дария Акпарова — Because You * Степанида Басюк — Маххабат жылыны * Айнур Назарбекова — Не смотри ### 8 — 4. (Жігіттер. 2007 жыл 14 сәір) * Игорь Тухватов — Ты сделана из огня * Владимир Ким — Даже если ты уйдёшь * Адылжан Умаров — Sex bomb * Олег Никитин — Опера № 2 * Олег Карезин — Я от тебя схожу с ума * Даулет Болатбаев — Моя история * Анатолий Цой — Мама * Талгат Кенжебулатов — Стань для меня Бақытты билет бойынша финалға Олег Карезин мен Даулет Болатбаев шықты. 2007 жылдың 30 маусым SuperStar KZ 4 жеңімпазы Олег Карезин (59 %)! 2-ші орын Адылжан Умаров (41 %). ### Жүргізушілер * Ирина Кордюкова * Адиль Лиян ### Жюрилер * Нагима Ескалиева — халық әртісі * Тарас Бойченко - * Серик Акишев — тележүргізуші ## Статистикалық мәліметтер ### Үшінші маусым ### Төртінші маусым ## Сілтеме * SuperStar KZ Мұрағатталған 21 наурыздың 2018 жылы. — Ресми емес сайт * [1] Мұрағатталған 18 маусымның 2009 жылы. — Production studio SuperStar KZ 1 және 4. * [2] — Жеңімпаз төртінші сезон
Қазақстандағы 1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтеріліс - Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған шаруалар көтерілісі (1836-1838) ## Көтерілістің шығу себептері 1836—1838 жылдары Бөкей хандығында аса ірі халық-азаттық көтерілістерінің бірі болып өтті. Ол көтерілістің басты себебі жердің жетіспеушілігі еді. Мәселен, Ішкі Ордадағы 20 мыңға жуық отбасы шаруашылығы жер тапшылығынан зардап шекті. Ең жақын шұрайлы жерлердің бәрін де ірі помещиктер мен байлар өзара бөлісіп алып қойған болатын. Қатардағы қарапайым қазақтар жерді солардан жалға алып пайдаланды. Қазақ ақсүйектері орыс помещиктерінен жалға алған жерлерді өздерінің жеке қалауы бойынша қазақ ауылдарына көтеріңкі қымбат бағаға тағы да қайыра жалға беріп отырды. Сөйтіп қазақтардан әр түрлі айыппұлдар мен алым-салықты еселеп алып тұрды. Ресей помещиктері Юсупов пен Безбородконың Каспий теңізі жағасында көлемі орасан зор жер телімдері болды. Жайық әскери кеңесі Үлкен және Кіші Өзен бойындағы және Қамыс-Самара көлдерінің төңірегіндегі жерлерді өз пайдасына басып алды. Жайық бойындағы жерлерді Жайық қазақ әскерлері иемденді. Қазақтардың кесіп өтіп, жағалаудағы жайылымдарды пайдалануына қатаң тыйым салынды. Далалық қазақтар ішкі жақ бетке, ішкі жақ қазақтары далалық сыртқы жақ бетке өте алмады. Жердің жеткіліксіздігі салдарынан қазақтар жерді Астрахан губерниясының шаруаларынан, Жайық қазақтарынан, жер иеленуші ірі помещиктер мен қазақ байларынан қымбат бағамен жалға алып пайдалануға мәжбүр болды. Жәңгір хан тарапынан салынатын алым-салық түрлері де еңсені езіп жіберді. Ол өз жеке басының пайдасына жинап алынатын бірыңғай салық түрін енгізді. Патша үкіметі ханның өзі жасап алған фискальдық қаржы жүйесіне араласпады. 1836 жылы халық көтерілісі басталды. Оның қозғаушы күші қатардағы бақташы қазақтар болды. Көтеріліс туының астына бірқатар старшындар да жиналды. Сұлтандар мұның ақыры не болар екен деп, әліптің артын бағып, бейтарап қалды немесе көтерілісшілерге қарсы шықты. Халық көтерілісін елге белгілі беделді батырлар Исатай Тайманұлы (1791-1838) мен Махамбет Өтемісұлы (1803-1845) басқарды. Оның екеуі де беріш руының жайық атасынан болатын. Исатай Тайманұлы 1791 жылы дүниеге келген. 1808 жылы Жайықтың сол жағалауында қатты ашаршылық болған кезде оның руы жақсы жағдай іздеп, Ішкі Ордаға өтіп кетуге мәжбүр болған еді. Исатай 21 жасында өз руының жайық атасына старшын болып тағайындалады. Ол өз қандастарының арасында орасан зор бедел мен сый-құрметке бөленді. Исатай Тайманұлының ең жақын серігі ақын Махамбет Өтемісұлы болды. Ол татар және орыс тілдерін жақсы білетін. Біраз уақыт Орынбор қаласында тұрған. Махамбет Өтемісұлы белгілі орыс жазушысы әрі этнографы В. И. Дальмен жақсы таныс болды. В.И. Даль Орынбор генерал-губернаторының жанындағы ерекше тапсырмалар жөніндегі шенеунік қызметін атқаратын. Махамбет саяхатшы ғалым Г.С. Карелинмен де тығыз қарым-қатынас жасап тұрған. Г.С. Карелин әр кездері Ішкі Ордада және Орынборда қызмет істеген болатын. Махамбеттің патша әкімшілігінің қолшоқпары хан, сұлтандар мен оның төңірегіндегілердің озбырлығын айыптайтын жалынды жырлары барлық қазаққа таныс. «Өздеріндей хандардың,Қарны жуан билердіңАтандай даусын ақыртып,Лауазымын көкке шақыртып,Басын кессем деп едім,Еділдің бойы ен тоғай,Ел қондырсам деп едім,Жағалай жатқан сол елгеМал толтырсам деп едім!», — «Өздеріндей хандардың,Қарны жуан билердіңАтандай даусын ақыртып,Лауазымын көкке шақыртып,Басын кессем деп едім,Еділдің бойы ен тоғай,Ел қондырсам деп едім,Жағалай жатқан сол елгеМал толтырсам деп едім!», — «Өздеріндей хандардың,Қарны жуан билердіңАтандай даусын ақыртып,Лауазымын көкке шақыртып,Басын кессем деп едім,Еділдің бойы ен тоғай,Ел қондырсам деп едім,Жағалай жатқан сол елгеМал толтырсам деп едім!», — «Өздеріндей хандардың,Қарны жуан билердіңАтандай даусын ақыртып,Лауазымын көкке шақыртып,Басын кессем деп едім,Еділдің бойы ен тоғай,Ел қондырсам деп едім,Жағалай жатқан сол елгеМал толтырсам деп едім!», — «Өздеріндей хандардың,Қарны жуан билердіңАтандай даусын ақыртып,Лауазымын көкке шақыртып,Басын кессем деп едім,Еділдің бойы ен тоғай,Ел қондырсам деп едім,Жағалай жатқан сол елгеМал толтырсам деп едім!», — деп Махамбет халық-азаттық күрестің мақсаты туралы шабыттана жырлады. 1836 жылғы ақпанда көтерілісшілер Жәңгір ханға қарсы ашық- таншық шабуылға шықты. Мұның басты себебі Исатай Тайманұлының Хан ордасына қыр көрсетуі болды. Ол ханның шақыруына барудан үзілді-кесілді бас тартты. Оның үстіне, өзіне қарасты ауылдарды қыстаудан көшіріп алып, көтерілісшілердің үлкен жасағын топтастырды. 1836 жылғы көктемде көтерілісшілер қосынына Қарауылқожа Бабажанұлы бастаған қарулы хан жасағы жақын келді. Оған қарсы Исатай Тайманұлы жақсы қаруланған 200 жігітті өзі бастап шықты. Ол қолына ту ұстап шығып еді. Қарсыласын жекпе-жек шайқасқа шақырды. Бірақ Қарауылқожа Бабажанұлы да, оның төңірегіндегілер де жекпе-жек шайқастан бас тартты, батырдың ұсынысын қабыл алмады. Хан жасағы үлкен шайқасқа шығуға бата алмай шегініп кетті. Көтерілісшілер өздерінің қосынына қайтып оралды. Исатай Таймановтың көтерілістің басшысы ретіндегі атағы бүкіл Кіші жүзге мәлім болды. Жәңгір хан мен оның төңірегіндегілер Исатайға жала жабуға көшті. Бір барымта кезінде сойылға жығылып қаза тапқан бір жылқышы қарттың өліміне Исатайдың және оның адамдарының қатысы бар дегенді дәлелдеуге тырысты. Исатай Тайманұлы бұл жаланы Жәңгір ханның келісімімен Қарауылқожаның ұйымдастырғанын жақсы түсінді. Қарауылқожаның үстінен Жәңгір ханға шағым түсіру ұйғарылды. 1836 және 1837 жылдары шағым мен петиция беру арқылы Исатай Тайманұлы Жәңгір хан және оның төңірегіндегі жандайшаптарды қалың көпшіліктін көз алдында әшкерелемек болды. Шағым-петиция жолдау жаппай наразылық шеруіне ұласты. Мұндай алғашқы шеруге 1836 жылы өте көп адам қатысты, Жәңгір хан халықтың қаһарынан шошып кетті. Исатай батыр халық қалың жиналған Толыбай шатқалында өз өтінішін табыс етті. Жәңгір хан оның айтқан талаптарын түгел тындап шығып, қордаланып қалған проблемаларды 12 күннің ішінде шешуге уәде берді. Бірақ ол уәдесінде тұрмады. Сөйтіп Жәңгір хан халық алдындағы беделінен айырыла бастады. 1836 жылдың күзінде Исатай Тайманұлы әр түрлі рулардың ауылдарын аралап жүріп, Жайық қазақ әскерлерінің иемденіп отырған жерлерін өз беттерінше тартып алуға шақырды. Көтеріліс көсемінің халық арасындағы беделі мен абыройы күн санап арта берді. Көтерілісшілер хан жасағына есеңгірете тойтарыс берді. Ханның төңіресіндегі жандайшаптардың бірі би Б. Құдайбергенұлы серкеш руының қазақтарына шабуыл жасады. Серкештер көтерілісшілердің жағында еді. Исатай серкештерге шабуыл жасағандарды жазалау үшін құрамында 270 сарбазы бар қарулы жасақты жұмсады. Олар әлгі бидің ауылын шауып, толық күйзелтіп кетті. 1837 жылдың бас кезінде көтерілісшілерге байбақты руының бе- делді старшыны Жүніс Жантеліүлының қолы келіп қосылды. Енді көтеріліс аумағының шекарасы кеңейе түсті. Көтерілісшілердің қатары да ұдайы арта берді. Көтеріліс ауқымынан қауіптенген Орынбор шекара комиссиясы Исатай Таймановты ұстап алып, ісін сотта карауға тапсырма береді. Бұған қарсы көтерілісшілердің басшысы генерал-губернатор В.А. Перовскийге шағым жасады. Өлке басшысының қазақтарға деген көзқарасы жаман емес еді. Бірде үйлену тойын өткізіп жатқан қазақтарға шабуыл жасап, тонап кеткені үшін Перовскийдің жүзбасы Бухматов пен бір топ қазақты мың адамдық саптың ортасынан өткізе дүре соққызып, оларды әскери қызметтен біржола қуып жібергені белгілі болатын. Бірақ ол өлке билеушісі ретінде патша үкіметінің отаршылдық саясатын жүргізді. Исатай батыр оған жолданған өтініш-шағымында былай деп жазды: «Біздің өтініштеріміз бен шағымдарымызга ешкім де құлақ аспайды. Біздің мал-мүлкімізді талан-таражға салып, тонап кетеді. Сөйтіп біз император тақсырдың қол астына адал ниетпен берілгендігіміз жөнінде ант қабылдаған бола тұрсақ та, күн сайын қорқынышты үрей кешеміз». 1837 жылдың жазы мен күзінде көтерілісшілер ірі байлардың ауылдарына шабуылды күшейтті. Сол жылы күзде құрамында 200 сарбазы бар жасақ Қарауылқожа Бабажанұлының ауылын шауып, құл-талқан етіп кетті. 50 адам, соның ішінде 2 сұлтан тұтқынға алынды. Көтерілісшілердің елеулі күші бірте-бірте Хан ордасына жақындап келе жатты. Көтерілісшілер Жәңгір ханды жақтаушылардың мал-мүлкі мен шұрайлы жайылымдарын басып алумен болды. Көтерілісшілер Астрахан губерниясы Чернояр уезінің аумағын да басып өтті. Онда қалмақтар мен қарақалпақтардың және татарлардың ауылдарына шабуыл жасап, талқандап кетті. Көтерілісшілердің келесі бір шағын жасағы Балшықты қамалы маңында сұлтан Медетқали Шоқаұлының ауылын шауып кетті. Сұлтанның дүние-мүлкі мен малын олжалады. ## Көтерілісшілердің Хан ордасын қамауға алуы Исатай Тайманұлы бастаған көтерілісшілер 1837 жылғы қазанның аяқ кезінде Хан ордасына он шақырымдай жақын келді. Жәңгір хан да, оның төңірегіндегілер де қоршауда қалды. Көтерілісшілердің жалпы саны екі мың адамнан асатын еді. Алайда Исатайдың Хан ордасын күшпен басып алғысы келмеді. Көтерілісшілер Жәңгір ханнан Балқы және Қарауылқожа билерді өз төңірегінен қуып жіберуді, билікті ру старшындарының қолына беруді талап етті. Жәңгір ханда үрей қалмады. Ол көтерілісшілермен келіссөз жүргізуге көшті. Ханның қолына жаңа талап-петиция табыс етілді. Онда, егер ханға қойылып отырған талаптар орындалмайтын болса, көтерілісшілердің бүкіл ауыл-аймағымен Ішкі Орданы тастап, көтеріле көшіп кететіні ескертілді. Оған халық арасында ықпалды 300 рубасы мен старшын және батырлар қол қойды. Бұл жағдай Жәңгір ханның жағдайын күрт нашарлатып жіберді. Патша үкіметінің әкімшілігі де қатты алаңдады. Көтерілісшілер Жайықтан бұзып-жарып сыртқы бетке көшетіндей күн туа қалса, оған қарсы алдын ала шұғыл шаралар қабылдауға кірісті. Шекара бекінісі күшейтіле бастады. Исатай Тайманұлы ханмен екі арадағы шиеленісті жағдайды бейбіт келіссөздер арқылы шешуге болатынына патша әкімшілігін сендіруге тырысты. Батыр уақыттан ұтуды ойластырды. Қыс түсіп Жайықтың мұзы қатқан бойда оның сол жақ бетіне көшіп кетпек болды. Ал бұл екі арада Орынбор әкімшілігі мен Жәңгір хан қазақтардың әскери күштерін шұғыл түрде топтастырып үлгерді. Жазалау шараларын жүзеге асыратын Жәңгір хан жасақтары да әзір болды. Сөйтіп қысқа мерзімнің ішінде көтерілісшілерге қарсы 1000-нан астам адам шоғырландырылды. ## Тастөбе түбіндегі шайқас Шиеленістің қан майданда шешілетін уақыты таяп келді. 1837 жылғы 15 қарашада Тастөбе деген жерде көтерілісшілер мен жазалаушы отрядтар арасында кескілескен қанды шайқас болып өтті. Көк сүңгіні шебер пайдалана білудің, жарамды жақсы аттарды тандап мінудің, шайқас өткен жер жағдайымен бес саусақтай жақсы таныс болуының нәтижесінде көтерілісшілер ұрыстың алғашқы жартысында басымдық танытып, едәуір жеңіске жетті. Алайда көтерілісшілерді жазалаушылар зеңбірекпен толассыз атқылай бастады. Көтерілісшілер бұған шыдай алмай, кейін шегінуге мәжбүр болды. Олардың соңынан бірнеше шақырымға дейін қуғын жасалды. Ондаған адам қаза тапты. Қуғын кезінде көтерілісшілердің біраз малы жау қолында қалды. Тастөбе түбіндегі жеңілістен кейін көтерілісшілер шағын топтарға бөлініп, Ішкі Орда аумағына тарап кетті. Көтерілісшілердің күші әлсіреп, моральдық рухы да төмен түсті. Жазалаушы әскер барлық күшті көтерілістің басшысын қолға түсіруге жұмсап бақты. Исатайдың басына 500 сом күміс ақша тігілді. 1837 жылғы 13 желтоқсанға қараған түні көтерілісшілер Жайық өзенін кесіп өтті. Сарайшық бекінісінен сұлтан Баймағамбет Айшуақұлы 80 қазақ және өзінің адамдарымен көтерілісшілердің соңына түсті. Қуғын кезінде бірнеше көтерілісші тұтқынға алынды. Сұлтан Айшуақұлы қанша әрекет жасаса да көтеріліс басшысын қолына түсіре алмады. 1838 жылдың бас кезінде Исатай Тайманұлы өзінің қасына ерген жасағымен бірге Үлкен Борсықты құмындағы Шекті руының шетіне ілікті. Бұл жерде оған басқа да қазақтар топ-тобымен келіп қосылды. ## Көтерілісшілердің күшін біріктіру әрекеті Көктем шығысымен қазақтардың қозғалысы жер-жерде қайтадан күшейе түсті. Мәселен, Елек өзенінің бойында Жоламан Тіленішұлының жасағы іс-қимыл жасады. Арал-Каспий аралығында Жүсіп батырдың жасақтары пайда болды. Ал Орталық Қазақстан далаларында «бүлікшіл сұлтан» аганған Кенесары Қасымұлы бастаған аса қуатты көтеріліс кеңінен құлаш жайды. Міне, мұндай жағдайда Исатай Тайманұлы Хиуа хандығынан бөлініп шыққан сұлтан Қайыпқали Есімұлымен күш біріктіруге шешім кабылдады. Сұлтан өзін хан деп жариялады. Оның жасағында 3000- га жуық сарбаз бар еді. Бұл екі жасақ бір-бірімен Ойыл өзенінің сағасындағы шекті руының ауылдарында қосылды. Патша үкіметі үшін өте күрделі қауіпті жағдай қалыптасты. Оның үстіне бүкіл Кіші жүздің көтеріліске шыққан күштерін біріктіру ниеті де байқалды. Сондықтан Орынбор өлкесінің генерал-губернаторы қазақтардың қозғалысын басып-жаншу үшін ірі әскер құрамын аттандырды. Тау бекінісі жағынан бұған қосымша сұлтан Б. Айшуақұлының қосыны шықты. Оның құрамында Жайық полкінің 100 қазағы бар еді. Орынбордан шыққан подполковник Геке бастаған отрядта Орынбор қазақ полкінің екі жүз, Жайық қазақ полкінің жүз елу, шекара шебіндегі бекіністердің елу солдаты мен екі зеңбірегі болатын. ## Көтерілістің жеңіліске ұшырауының себептері мен салдары Жазалаушы отрядтың әскери-техникалық тұрғыдан басымдығы бірден байқалды. 1838 жылғы 2 шілде күні Қиыл және Ақбұлақ өзендерінің бойында көтерілісшілер мен жазалаушылар арасында шешуші шайқас өтті. Оның барысында көтерілістің басшысы Исатай Тайманұлы қаза тапты. Көтерілісшілердің қалған тобы кейін шегініп, дала қойнауына сіңіп кетті. Жазалаушы әскер олардың соңынан қуғын ұйымдастырды. Шайқаста көтерілісшілерден 80-ге жуық адам қаза тапты. Исатай Тайманұлының қазасынан кейін көтеріліс бәсең тарта бастады. Жекелеген жасақтар Төменгі Жайық шекара шебіне таяу жерлерде, Ойыл өзенінің бойында ғана іс-қимыл көрсетіп жүрді. Махамбет Өтемісұлы біраз уақыт бой тасалап, жасырынып жүруге мәжбүр болды. Кейінірек қазақтарды Жәңгір ханға және патша үкіметіне қарсы көтерілуге үгіттеді. 1845 жылы билеуші-сүлтан Баймағамбет Айшуақұлының адамдарымен қақтығыс кезінде қапылыста қазаға ұшырады. Көтеріліс басып-жаншылғаннан кейін оған қатысқандарды қуғындау басталды. Көптеген адамдарға өлімші етіп дүре соғылды. Көтерілісшілердің бірқатары каторгаға айдалды, мал-мүлкі тәркіленді. Көтеріліске неғұрлым белсене қатысқандар Шығыс Сібірге біржолата жер аударылды. Көтерілістің жеңіліске ұшырауының негізгі себептері мынада еді: ең алдымен, қозғалыс алдын ала мұқият ұйымдастырылмады, оның айқын бағдарламасы болмады, көтеріліс жергілікті шашыраңқы сипат алды. Көтерілістің басшылары Кенесары Қасымұлы мен Жоламан Тіленшіұлы бастаған жасақтарымен байланыс жасай алмады. Патша үкіметінің әскерлері мылтық, зеңбіректермен жарақтандырылған еді. Кейде зеңбіректен үсті-үстіне бірнеше оқ атудың өзі көтерілісшілерді кейін шегінуге мәжбүр етті. Қазақтардың қолында ондай қару болған жоқ. Көтерілістің жеңіліп қалуының басты себептерінің бірі бұл жолы да, Сырым Датұлының жасақтары сияқты, екі бағытта — әрі патша үкіметіне, әрі хан билігіне қарсы күрес жүргізілді. Мұның өзі көтеріліске қатысушылардың жағдайын әлде- қайда қиындата түсті. Оның үстіне, көтерілісшілерді казак жасақта- ры мен түрақты орыс армиясы бөлімшелері жан-жағынан түгелдей дерлік қоршауда ұстады. Кіші жүздің далалық бөлігіндегі қазақтардан көмек күту де мүмкін болмады. Өйткені Жайықтың сырт жағындағы қандастармен байланыс жасауға шекара шебіндегі орыс әскерлері жол берген жоқ. ## Көтерілістің тарихи маңызы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарған көтерілістің орасан зор тарихи маңызы болды. Бұл патша үкіметі құрған жаңа әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қазақтардың отаршылдыққа қарсы ірі баскөтеруі еді. Оның ұлт-азаттық сипаты басым болды. Көтеріліс аяусыздықпен басылғаннан кейін де жалғаса берді. 1842 жылы Жәңгір ханға қарсы Аббас Кошайұлы мен Лаубай Мантайұлы бастаған баскөтерулер болып өтті. Жәңгір хан көтерілісшілердің кейбір талаптарын орындауға мәжбүр болды. Атап айтқанда, халықтан жиналатын алым-салық көлемін едәуір жеңілдетті. Патша үкіметіне наразылық білдірген старшындардың пікірімен санасу керектігін түсінді. ## Дереккөздер
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы — бұрынғы КСРО құрамында болған одақтас республикалардың бірі; ол 1920 ж. 26 тамызда құрылды және алғашқы кезде Қырғыз АКСР-і деп аталып, РКФСР құрамына кірді, 1936 ж. 5 желтоқсанда одақтас республикаға айналды. КСРО-ның Азиялық бөлігінің оңтүстік-батысында орналасты, солтүстігінде РКФСР-мен, оңтүстігінде Түрікмен КСР-мен, Өзбек КСР-мен және Қырғыз КСР-мен, шығысында Қытаймен шектесті, батысында Каспий теңізі. Қазақ КСР-ы — жер көлемі жағынан РКФСР-ден кейінгі екінші, халқының саны жағынан РКФСР мен Украинадан кейінгі үшінші одақтас республика болды. Жері 2724,9 мың км². Астанасы — Алматы қаласы. Әкімшілік жағынан 19 облысқа, 210 ауданға бөлінді, 82 қаласы болды. ## Мемлекеттік құрылысы Қазақ КСР — жұмысшылар мен шаруалардың социалистік мемлекеті, КСРО құрамына кіретін одақтас кеңестік социалистік республика. Конституциясы Қазақ КСР Кеңестерінің Төтенше 10-съезінде 1937 ж. 26 наурызда бекітілген. Мемлекет өкіметтің Жоғары органы — бір палаталы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі, оны халық 27 мың тұрғыннан бір депутат есебімен 4 жылға сайланатын. Жоғарғы Кеңестің сессиялары аралығындағы мемлекет өкіметтің жоғары органы — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы болып тағайындалған. Жоғарғы Кеңес Республика үкіметін — Қазақ КСР Министрлік Кеңесін құрды, Қазақ КСР заңдарын қабылдады. Облыстар мен аудандарда, қалаларда, ауылдарда еңбекшілер депутаттарының тиісті Кеңестері өкіметтің жергілікті органдары болып табылатын. Оларды халық 2 жылға сайлайтын. КСРО Жоғарғы Кеңесінің Ұлттар Кеңесіне Қазақ КСР-ы 32 депутат жіберген. Жоғары сот органы — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 5 жылға сайлайтын Жоғарғы сот. Оның құрамында 2 сот коллегиясы (азаматтық және қылмыстық істер бойынша) және Пленум бар. Сонымен қатар Жоғарғы Соттың Президиумы құралды. Қазақ КСР прокурорын КСРО Бас прокуроры 5 жылға тағайындалатын болған. ### Ел басшылары Коммунистік партияның қырғыз өлкелік комитетінің хатшылары: ## Халқы Қазақ КСР-ның жергілікті халқы — қазақтар (1970 жылғы санақ бойынша, 4234 мың) болған. Республикада басқа халықтар да тұрған: орыстар (5522 мың), украиндар (933 мың, олар негізінен солтүстік облыстардағы игерілген тың және тыңайған жерлерде, сондай-ақ қалаларда тұрған), татарлар (288 мың), өзбектер (216 мың), белорустар (198 мың), ұйғырлар (121 мың, Іле өзені жоғарғы ағысының бойын мекендеген), корейлер (82 мың, көбінесе Алматы облысы және Қызылорда облыстарында), дүнгендер (17 мың) т. б. халықтар. 1913 жылғымен салыстырғанда, Қазақ КСР халқы 1974 жылға дейін 2,5 есе өскен. Республика халқы табиғи өсім және өнеркәсіптің қызу қарқынмен өркендеуіне, сондай-ақ тың және тыңайған жерлердің игерілуіне байланысты басқа республикалардан көшіп келген халық есебінен өскен. Халқының табиғи өсімі жағынан (1972 жыл әр мың адамға шаққанда 17,2 адамға өсті) Қазақ КСР басқа одақтас республикалардың көбінің алдында келді (КСРО-да орта есеппен 9,6 адам). Республика бойынша халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге 5,1 адамнан келген. Алайда халықтың орналасуы бірқалыпты емес болған. Қазақ КСР-ның оңтүстігіндегі тау бөктерлерінде, суармалы егіншілік дамыған шұраттардағы кей жерде халықтың тығыздығы 1 км-ге 100 адамнан асқан; сондай-ақ солтүстігінде де біршама жоғары деуге болған: қара топырақты орманды дала және дала өңірінде 1 км²-те 20 адамнан келген. Өнеркәсіп күшті дамыған қалалар мен аудандарда да халық едәуір тығыз орналасқан болатын. Ал Қазақ КСР-ның батыс, орталық; оңтүстік бөліктеріндегі орасан зор көлемді шөл және шөлейт жерлерде, бұған керісінше, халық сирек қоныстанған; бұл өңірлерде халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге 1,4-1,8 адамнан аспаған. 1972 ж. республиканың тұрғындарында 4971 мың адам (1940 жылдан 5,4 есе көп), оның ішінде өнеркәсіпте 1095 мың, құрылыста 568 мың, ауыл шаруашылығында 1002 мың, транспорт пен байланыста 588 мың адам жұмыс істеді. Шаруашылықтың барлық саласындағы жұмысшылар мен қызметкерлердің 48%-і әйелдер болды. Кеңес өкіметі тұсында, социал қоғам құрылысының барысында, қала мен ауыл халқының ара қатынасы өзгерді. Қазақ КСР -да жаңадан 200-ден астам қала және қ. т. поселке пайда болды. Қазан революциясына дейін 50 мыңнан артық халқы бар бірде-бір қала болмаған еді, 1974 ж. мұндай қалалардың саны 27-ге жетті, 100 мыңнан артық халқы бар 16 қала болды, оның ішінде 2 қаланың халқы 500 мыңнан асты (Алматы 813 мың. Қарағанды 559 мың). Орталық Қазақ КСР -да Қарағанды, Теміртау (192 мың), Балқаш (80 мың), Жезқазған (74 мың), Маңғыстауда — Шевненко (89 мың), Солтүстік Қазақ КСР-да —Рудный (105 мың), Ермак, Арқалық, Екібастұз, Оңтүстік Қазақ КСР-да — Қаратау, Кентау, Текелі секілді ірі индустрия орталықтары құрылды. Ескі қалалардың халқы да өсті: Алматыда 1926 ж. 45,4 мың халық тұрса, 1974 ж, 813 мың болған, Шымкентте 284 мың, Семейде 265 мың, Өскеменде 252 мың, Павлодарда 228 мың, Таразда 228 мың, Ақтөбеде 170 мың. ## Қазақ ССР-інің экономикалық жүйесі Қазақ ССР-інің экономикалық системасының негізін өндіріс құрал-жабдықтарына мемлекеттік және колхоздық-кооперативтік меншік формасындағы социалистік меншік құраған. Сондай-ақ кәсіподақ және өзге қоғамдық ұйымдарының уставтық міндеттерін жүзеге асыруға қажетті мүлік де социалистік меншік болып табылған. Қазақ ССР азаматтарының өзіндік меншігінің негізін еңбекпен тапқан табыстары құраған. Азаматтардың жеке меншігін және оған мұрагер болуын мемлекет қорған отырған. Колхоздардың және басқа кооперативтік ұйымдардың, олардың бірлестіктерінің уставтық міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті өндіріс құрал-жабдықтары, өзге де мүлкі сол ұйымның меншігі болып табылған. Колхоздардың алып отырған жері олардың тегін және мерзімсіз пайдалануына бектіліп берілген.
Әбілхан Қастеев (1904 —1973 жж.) — қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Туып-өскен жері — Алматы облысына қарасты Жаркент төңірегі. Топырақ бұйырған жері — Алматы қаласы. Қазақстанның халық суретшісі (1944). Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы (1945-1956). ## Өмірі Ұлы жүздің Суан руының Елшібек тармағынан шыққан. Еңбек жолын Түрксіб темір жол құрылысында жұмысшы болып бастады. Мәскеудегі көркемсурет студияcында Н.Г.Хлудов пен И.Бродскийден сабақ алды (1929-1936). Халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге келтірген. Әбілхан қолөнерге, одан соң суретшілік өнерге жастайынан бейім болған. Анасы Айғанша кілем, алаша, бау-басқұр тоқуға, сырмақ сыруға, шым ши жасауға шебер адам болыпты. Әбілхан осы халық өнеріне бала кезінен көз қанықтырып, анасына ою-өрнектер салуға көмектесіп, сурет өнеріне қолын үйретіп өседі. Оның 1930-1931 жылдары салған "Қарындастың портреті", "Автопортрет" атты туындылары тұпнұсқаға ұқсастығымен және кейіпкер болмысын ашуға деген талпынысымен ерекшеленеді. Ол бірте-бірте ел өмірінің алуан салалы тіршілік-тынысына ден қойып, тарихи-әлеуметтік өзгерістерге суреткер зердесімен қарай бастайды. Оның "Мектепте" (1930), "Түрксіб" (1932), "Жамбылдың портреті" (1937), "Ескі және жаңа тұрмыс" (1937-1941), "Амангелді сарбаздары" (1970), "Жас Абай" (1945) сияқты туындылары дарынды суретшінің өткен мен бүгінді шыншылдықпен бедерлеген көркем шежіресі іспеттес. Әбілхан — туған жердің әсем табиғатын, оның дидарындағы адам қолының жасампаз өзгерістерін зор шабытпен бедерлей алған суреткер. Оның "Биік таулы мұз айдын" (1954), "Гүл ашқан алма" (1958), "Менің Отаным" (1959), "Жайлаудағы авто-дүкен" (1963), "Қапшағай ГЭС-і" (1972) сияқты полотнолары эпикалық қарымымен, шыншылдығымен назар аудартады. Әбілхан Қастеев суретші ретінде өзіндік дара қолтаңбасымен ғана ерекшеленіп қоймай, туған жері мен өскен елін перзенттік махаббатпен жырлай алған біртуар суреткер. Әбілхан ағаның жүз жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде атап өтілуі: барша қазақ көркемөнеріне деген құрмет. Осы бір қарапайым да қасиетті қылқалам шеберінен біз көп өнеге алдық. Ол — бұрын сурет өнеріне қойылған тыйымды тұңғыш тойтарып, төл өнерді төрге сүйреген жан. Бір бастаған картинасын аяқтамай орнынан тұрмайтын төзімді адам еді. Әбекеңнің үйінде әңгімелесіп отырғанда: "Мен жақсы көрмейтін адамдарымды қолдан тұншықтырып өлтірдім!" — дегені бар. Ал өзінің құмырсқаға қиянаты болмаған. Мұның мәнісі — ұнатпаған адамды кескіндеген жоқпын дегенге саяды. Шынында да, суретші қаламына іліккен адамның рухани ғұмыры ұзарып, тарихта қалады. Біз кеткен соң да сурет өнері жасай береді. Жалпы, суретте тіл жоқ, түсінісу бар. Басқаша айтқанда, суреттің тілі де — тілсіз тіл, оны кез келген ұлт ұғады. Бірақ әрқалай ұғады. Маған айрықша ұнайтын суретшім — Верещагин. Ол өзі көрген соғыс сұрапылын жазған. Қастеев те солай, өз көргенін көркемсуретке көшірген. Өлмейтіндігі де содан. Олардың суреті — келешекке ғұмыр... Әбілхан аға сурет салудан қолы босай қалса, бір минут та бір орында байыз тауып отыра алмайды екен. Ананы жөндеп, мынаны жасап жіберу... Жаңа үйге көшіп барған бұларға көрші-қолаң ерекше бір таңданыспен қарап жүрді. Бірде Әбілхан аға қолына кетпенін ұстап, бақшасында жұмыс істеп жүрсе, бір көршісі қашаның арғы жағынан сығалап тұрса керек. Амандықтан соң көршісі: "Осы үйге бір үлкен, атақты суретші көшіп келді дейді. Сіз білетін шығарсыз ол кісіні. Қандай екен өзі?" деп қызығушылығын жасыра алмапты. Аңыздай көрінген адамы мұнша қарапайым болар деп ойламаған шығар, мүмкін, ол. — Бәріміз отбасымызбен көшеге шыққанда бір кварталды қырық минутта әрең жүріп өтуші едік. Әкемді білмейтін адам кемде-кем. Амандық-саулық сұрасқан ел, — деп Гүлнәзия апай сол күндерді сағына есіне алды. — Мысық екеш мысыққа дейін әкемді төңіректеп жүруші еді. Өзі де тарлау үйімізде ауылдастар бар, біз бар, бәріміз мәз-мейрам боп жатқан күндердің бірінде әкем үкі алып келіпті. Кептерлеріміз тағы бар... Жан-жануарларды жанындай сүйетін әкем құмырсқаның тірлігіне де таңданып, осы бір жәндіктен үлгі алыңдар деп отыратын. Ол, әсіресе, "Жолбарыс" деп аталатын итіне көп көңіл бөліп, назар аударатын-ды.Жаны нәзік ағаның жүрегі де нәзік еді. Бірнеше рет инфаркт алған. Ауруханадан үйге алып келе жатқан мәшине бұрылыстан көрінгенде, алдымен Жолбарыс алдынан жүгіріп шығады. Екеуі үнсіз ұғысады. Әбілхан аға дүние салардан бір күн бұрын Жолбарыс та жоғалып кетіпті. Жақсы ит өлігін көрсетпейді... Бұл — қазақтың жеті қазынасының бірі дейтін иттің де иесінің өмірден өтерін, елдің бір қазынасы — талантты ұлынан айырыларын соқыр түйсігі арқылы сезінуінің белгісі екен-ау. Әбілхан ағаның жүрегі таза таңданыстан жаралған. Ол аспандағы ұшаққа қарап, "бәленбай тонна ауада қалай қалқып тұр" деп, адамзат ақылына тағы бір таңданады. Табиғаттың әрбір жаратылысына үңіліп тұрып, "қандай ғажап система" дейді ол. Осы таңданысының барлығы қылқаламынан сурет болып төгілді емес пе? Бұл да ұлыларға ғана тән ерекшелік шығар."Ер адамның Құдайы ішінде". Әбілхан ағаның сөзі. "Құдай бақты барлық адамға бірдей береді. Оны ұстай алу — өзіңнің құзырыңдағы іс. Ұшырып алсаң — өзіңнен басқа ешкім кінәлі емес" дейді. Қастеевті Қастеев еткен де дәл осы ұстаным, дәл осы — әфсана. Туғанына 100 жыл толып отырған ұлттың дара тұлғаларының бірі Әбілхан ағаның сүйікті қызы Гүлнәзия апайдың сағынышты әңгімелерінің ішінен қарапайым әкенің әлемін ойып алдық. Даңқ тұғырына мәңгі көтерілген Қастеевтің қарапайым әлемін қазақтың дана қарттарын, ауылдың сол бір қазына қарттарын сағынғандықтан ба, аралай бергің келеді екен. Балалары мен ошағына бақыт, кең байтақ Отанына мерей сыйлаған сирек тұлга Ә. Қастеевтің жеке мұражайын ашу — бар, жоғын түгендеп жатқан елдің атқарылар бір ісі екені көрініп тұр. Ендеше суреттерінің өзінен "даланың иісі бұрқырап" тұрған данамызға лайықты құрмет жасау парыз. ## Танымал туындылары «Колхоздағы сүт ферма», «Мақта жинау», «Колхоздың тойы», «Қыз алып қашу», «Сатып алынған қалыңдық», «Алтын астық», «Ақсай карьері», «Медеу мұз айдыны», «Түрксіб», «Талас жағалауы», «Қапшағай даласы». Сонымен қатар Кенесары Қасымов, Абай, Шоқан Уәлиханов, Жамбылдың портреттері; ерекше танымал болып табылатын портреті – «Амангелді Иманов» портреті сияқты танымал суреттері бар. ## Марапаттары мен лауазымы * "Қазан төңкерісі" орденімен, "Еңбек Қызыл Ту" орденімен екі рет, «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. * Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері (1942). * Қазақ КСР халық суретшісі (1944). * Шоқан Уалиханов атындағы Қазақ КСР-нің мемлекеттің премиясы (1967), «Қа­зақсан жерінде» атты туындылары үшің. * 2004 жылы Ә.Қастеевтің 100 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 50 теңгелік естелік монетаны айналымға шығарды. * 2014 жылы Алматыда Қастеев үй-мұражайы ашылды. ## Естелік * Кастеев атымен ҚР мемлекеттік өнер мұражайы, сонымен қатар бірнеше қалалардағы көшелер аталған. * Шымкент қаласындағы көркемөнер колледжі Қастеев атымен аталған, 2009 жылы колледж алдында суретшінің ескерткіші ашылды. * 2004 жылы Қастеевке арналға пошта маркілері шығарылды. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Абылхан Кастеев — Алматы: «Әдебиет әлемі», 2014. * Әбілхан Қастеевтің бейнелеу өнеріндегі ерекшелігі Мұрағатталған 17 қарашаның 2021 жылы. * Удивительная жизнь Абылхана Кастеева Мұрағатталған 24 қарашаның 2021 жылы. (фоторепортаж) * Абылхан Кастеев. Первый народный * Суретші Әбілхан Қастеев YouTube сайтында
Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов (22 наурыз 1902 жыл — 31 желтоқсан 1985 жыл) — қазақтың халық жазушысы, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері. Қазақ КСР ҒА академигі (1958), Социалистік Еңбек Ері (1974), Қазақстан халық жазушысы. Қазақстан жазушылары Одағының төрағасы (1961), КСРО Жазушылар Одағының хатшысы, КСРО Жоғары Кеңесінің 5-шақырылымының және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі депутаты. ## Өмірбаяны Ғабит Мүсірепов бүгінгі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаңажол ауылында дүниеге келген. Орта жүздің керей тайпасының Сибан руынан шыққан. Алғашқыда ауыл молдасынан арабша хат танып, жастайынан әуелі екі жылдық ауылдық орыс мектебін, кейін төрт жылдық жоғары басқыш орыс мектебін бітіреді. Орыс мектебінде жүргенде орыстың атақты ақын жазушыларының шығармаларын оқып білуі, ауыл мектебінде өзін оқытқан әдебиетші мұғалім Бекет Өтетілеуовтың әсер-ықпалы болашақ жазушының әдебиетке ерекше ықылас аударуына септігін тигізеді. Орынбордағы рабфакта оқып жүргенде ол әдеби білімін, эстетикалық сезімін одан сайын жетілдіре түседі. Осында өткізген 1923 – 1926 жылдары Орынбордағы жұмысшы факультетінде Сәбит Мұқановпен бірге оқыды және Сәкен Сейфуллинмен танысты. 1927 жылы Омбы ауылшаруашылығы интернатын бітірді; 1927 – 1928 жылы Бурабай орман шарушылық техникумында оқытушы қызметінде; 1928 – 1932 жылдары Қазақ мемлекеттік баспасының бас редакторы қызметінде; 1933 жылы - Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариаты өнер секторының меңгерушісі қызметінде; 1934 жылдан “Қазақ әдебиеті” және “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) (1935) газеттерінде бас редактор қызметінде; 1936 жылы - Қазақ Өлкелік комитетінде баспасөз бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметінде; 1937 жылдан Қазақстан Компартиясы саяси-ағарту бөлімінің меңгерушісі қызметінде; 1938 –1955 жылдары бірыңғай шығармашылық жұмыстармен айналысқан; 1956 – 1957 жылы “Ара – Шмель” журналының бас редакторы; 1956 – 1961 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 1-хатшысы; 1958 жылдан КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы әдебиет, өнер және архитектура салалары бойынша Лениндік және Мемлекеттік сыйлық жөніндегі комитеттің мүшесі; 1964 – 1966 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 1-хатшысы болып; 1959–1985 жылдары КСРО Жазушылар одағы басқармасының хатшысы қызметтерін атқарған. ## Шығармашылығы Алғаш 1925 жылы «Едіге» әңгімесі «Еңбекші қазақ» газетінде жарияланды. Мүсіреповтің тұңғыш повестерінің қатарына 1928 жылы Қызылорда қаласында жарық көрген “Тулаған толқында” мен “Американ бидайығы” атты шығармалары жатады. Жас жазушының болашағынан үміт күттірген бұл туындылар азаматтық тақырыпты толғайды. “Тулаған толқында” повесі сюжеттік құрылысының босаңдығына қарамастан, жас қаламгердің пейзаждық, юморлық, диалог жасағыштық шеберліктерін байқатып, суреткерлік қырын танытқан шығармасы болды. М. әңгіме жанрының өркендеуіне үлкен үлес қосты. Алғашқы шығармаларынан-ақ жазушылық шеберлігімен танылды. “Қос шалқар” (1928), “Көк үйдегі көршілер” (1929), “Өмір ертегісі” (1930), “Алғашқы адымдар” (1932), “Шұғыла” (1934), “Үздіксіз өсу” (1934), “Жайлау жолында” (1936), “Тұтқын қыз” (1938), “Жеңілген Есрафил” (1939), тағы басқа әңгіме, повестерінде еңбек адамдарының қиындыққа толы қажырлы өмірі мен азамат соғысы, ұжымдастыру кезіндегі дүрбелең оқиғалар легі суреттеледі. Мүсірепов әр кезеңде жазылған ана тақырыбындағы туындыларында қазақ әйелінің жиынтық бейнесін жасады. Көптеген әңгіме, новеллаларында Әйел — Ананың бейнесін асқақтатып, әлем әдебиетіндегі Әйел — Ана тұлғаларының галереясын байыта түсті. Ол “Ананың анасы” (1933), “Өлімді жеңген ана” (1933), “Ашынған ана”, “Ананың арашасы” (1934), “Ер ана” (1942), “Ақлима” (1944), “Әмина”, “Ана жыры”, “Ана” шығармалары арқылы сөз өнеріне жаңа көркемдік өрнек әкелді. Ана жайында жазылған алғашқы әңгімелері М.Горький сарынында алынғанымен, ана бейнесі қазақы қасиеттерімен көркем өрнектелген. Мүсірепов қаламынан туған Қапия, Ақлима секілді ана образдары арқылы қазақ өмірінің шынайы көріністері сипатталады. Мүсіреповтің алғашқы романы — “Қазақ солдаты”. 1945 жылы “Қазақ батыры” деген атпен жарық көрген повесін жазушы өңдеп, толықтырып, 1950 жылы қайта жариялады. Бұл шығарма бүкіл қазақ әдебиетінің проза саласында II дүниежүзілік соғыс тақырыбына арналған тұңғыш туынды және қазақ әдебиетіндегі соғыс тақырыбында жазылған таңдаулы шығармалардың санатынан лайықты орнын алған аса елеулі еңбек болды. Романның басты кейіпкері — Қайрош Сарталиевтің прототипі Қайырғали Смағұлов 1941—45 жылдардағы соғысқа бастан-аяқ қатысып, Кеңес Одағының батыры атағына ие болған адам. Соғыс кезіндегі халықтың басқыншыларға қарсы патриоттық сезімі мен күресін шынайы бейнелеген романда жазушы өзіндік шығармашылық өрнекпен отты жылдардың көркем шежіресін жасады. Нақтылы кейіпкерлердің жинақталған бейнесі арқылы бүкіл халықтың, елдің ерлік бітімін көрсетті. “Оянған өлке” (1953) тарихи романында қазақ халқының 19 ғасырдағы өмірі үлкен суреткерлікпен өрнектелген, қазақ жеріне өндіріс орындарының орнай бастауы шынайы сипатталған. Шығармада жазушы ескілікті әдет-ғұрыптарды сынап, кейбір кертартпа дәстүрлердің қазақ даласында азая бастағандығын көрсетті. Қазақ топырағындағы Қарағанды шахтасы мен Ақбұйрат мыс қорыту зауытының құрылуы мен жаңа өмірге ұмтылған адамдар тағдыры, характер шиеленістері, түрлі қақтығыстар – барлығы романда көрініс тапты. Үш томға лайықталған еңбектің алғашқы кітабы Жұман мен Игілік секілді қазақ байларының, орыс байлары мен жұмысшы тобының тартысты қатынастарын жан-жақты көрсету арқылы қазақ даласының бүкіл бір дәуірін суреттейді. Көркем филос. толғауы басым роман қазақ прозасының шоқтығы биік туындысы ретінде танылды. “Оянған өлкенің” заңды жалғасы болып табылатын “Жат қолында” (1984) романы 30 жылдан соң жарық көрді. Бұл кітапты өз алдына дербес шығарма деуге де болады. Өйткені романда суреттелген өмір кезеңі де жаңа, кейіпкерлері де соны. Роман өндіріс ошақтарын ағылшындар мен француздардың билеп-төстеуі мен сол тұстағы (19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басы) халық тұрмысын тарихи тұрғыдан терең бейнелеуімен, Орталық Қазақстан өңіріндегі әлеум. өмірдің шындығын кең ауқымда байыпты түрде суреттеуімен құнды. Жазушы бейнелеп отырған дүбірлі оқиғаларға толы тарихи мезгіл сол тұста өмір сүрген жекелеген адамдардың сомдалған тұлғалары, сан алуан әрекеттері, тағдырлары арқылы оқырманның көңіл айнасынан өтіп, көз алдына елестеп отырады. Көлемді романдармен қатар Мүсірепов прозада шағын жанрды да дамыта түсті. “Автобиографиялық әңгіме” (1956), “Этнографиялық әңгіме” (1956), “Сөз жоқ, соның іздері” (1962), “Өмір жорығы” (1963), “Айгүл қойшының бір күні” (1964), “Айжан қойшының түндері”, “Бірінші фонтан”, “Қыран жыры” (1967), “Жапон балладасы” (1967), тағы басқа шығармаларында сан түрлі мәселелерді көтеріп, әрқилы образдарды жасады. “Арқаның, Көздің, Тастың әңгімелері” арқылы, ондағы көркем бейнелер негізінде адамзатқа шексіз қайғы-қасірет әкелуші адамдарды әшкереледі. Оның “Кездеспей кеткен бір бейне” повесі (1966, ҚР Мемл. сыйл., 1970) — классикалық шығарма. Повесть Мүсіреповтің шынайы сөз зергері ретіндегі қаламгерлік қарымын, талант қуатын танытты. Қара сөзбен жазылған поэма іспетті бұл шығармада азаматтық ерлік пен ақындық асыл өнер, адамгершілік биіктік пен махаббат терең лиризммен әсем өрнектелген. Адам бейнесін, мінез-құлқын, іс-әрекетін әдемі штрих-детальдармен беруде жазушы ірі көркемдік табысқа жеткен. Бас кейіпкер Еркебұланның жігерлі тұлғасы, оның рухани әлемінің алуан сырлары көркемдік бояумен әсем өрнектелген. Оның прототипі ретінде ақын Сәкен Сейфуллин алынған. Терең лиризммен, сан түрлі сезім толқындарымен тебірене жырланған Еркебұлан бейнесі қазақ әдебиетіндегі ұнамды образдар қатарын байытып, сөз өнерінде үлкен жетістік саналды. Қаламгердің көп ізденіс, үлкен дайындықпен келген образы — Ұлпан бейнесі (“Ұлпан” романы, 1974), ол — қазақ әдебиетіндегі қайталанбас, оқшау тұрған әдеби образ. Өзінің бар ерекшелігімен, көркемдік бітімімен, эстетикалық әсер-күшінің молдығымен көрінетін Ұлпан бейнесін жасауға жазушы өмір бойы іштей дайындалып, көп ізденіп, толғанғаны байқалады. Ол күнделігінде: “Менің ойымда Ұлпан 40 жыл бірге жасасып жүрді. Мен ол бейнені әр қырынан көрсетуге тырыстым – ойы, сезімі, сырт суреті, жас кезі, есейген кезі, мінезі, мейірімі, тағысын тағы.” деп жазды. Шығармадағы Ұлпан мен Есеней ойдан шығарылған образдар емес, тарихта болған адамдар. Сонымен қатар туынды арқауына алынған 19 ғасырдың 2-жартысындағы қазақ халқының әлеуметтік-тарихи өмірі тарихи жан-жақты зерделеніп, іріктелген оқиға, мәліметтер. Мүсіреповтің драматургия саласына сіңірген еңбегі де орасан зор. Оның “Қыз Жібек” (1934), “Қозы Көрпеш — Баян Сұлу” (1939), “Ақан Сері — Ақтоқты” (1941) пьесалары лиро-эпостық жырлар негізінде туындаған. Фольклорлық шығармалардың идеялық, тақырыптық желісін сақтай отырып, ол тың өрнекті дүниелер жасады. Жазушы пьесалары қазақ театры репертуарынан тұрақты орын алды. “Қозы Көрпеш — Баян сұлу” ұйғыр, корей театрларының сахналарында, Украинадағы Винницкий театрында және Мәскеу қаласындағы театрларда, Франциядағы Нанси қаласы театрында (1984) қойылды. Бұл спектакль Париж қаласында өткен театр фестивалінде 1-орын алды (1981). Мүсірепов сондай-ақ “Қыз Жібек”, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” сияқты опера либреттоларының да авторы. Ол тарихи тұлғалар өмірінен “Амангелді” (1939), “Ақан сері – Ақтоқты” (1942), “Болашаққа аманат”, “Қыпшақ қызы Аппақ”, “Қайран Майра” атты драмалық шығармалар жазды. Мүсірепов драматургиясы шиеленіскен әлеуметтік тартысқа құрылған, қимыл-әрекеттері ширақ, диалогтары дәлме-дәл, монологтары ақындық пафоспен рухтанған серпінді, тілі құнарлы да бейнелі: осы қасиеттер кейіпкерлер характерлерін терең ашуда қолайлы қызмет атқарған. Сценарийін Б.Майлин, В.Ивановпен бірігіп жазған “Амангелді” фильмі (1938) қазақ кино өнерінің алғашқы баспалдағы саналса, “Махаббат туралы дастан”, “Қыз Жібек” (1970) фильмдері қазақ кино өнерінің алтын қорынан орын алған туындылар.Мүсірепов – қазақ әдебиетінде очерк, публицистика жанрларын дамытуға да үлкен үлес қосты. Оның “Уақыт іздері” (1977) атты еңбегі идеялық соңдылығымен ерекшеленді. Жазушы очерктерінің басым көпшілігі мазмұн тереңдігімен, шынайы көркемдігімен өзі өмір сүрген заманның талабына толық үндес келіп отырды. Мүсірепов 1970 жылдан күнделік жазуды әдетке айналдырған. Оның архивінде (мұражайындағы) жазушының 300-ден астам қойын кітапшалары сақталған. 1997 ж. Мүсіреповтің “Күнделік” атты кітабы жарық көрді (құрастырған Ә.Нарымбетов). Жазушы қазақ әдебиеттану ғылымы мен сынының дамуына зор үлес қосты. Оның әдебиет мәселелері жайында жазған еңбектері 20 ғасырдың 20-жылдарынан бастап өмірінің соңғы кезеңіне дейін мерзімді баспасөз бетінде қазақ, орыс тілдерінде үздіксіз жарияланып тұрды. Әдеби-сын мақалалары “Суреткер парызы” (1970), “Заман және әдебиет” (1982), “Дәуір дидары” (1986), “Әдебиет – кәсіп емес, өнер” (1987) атты кітаптарында жинақталып, жарық көрді. Мұнда ол әдебиет пен өнердің 20 ғасырдағы даму кезеңіне, сондай-ақ олардың жекелеген елеулі құбылыстарына биік позиция тұрғысынан қарап, ғылыми топшылаулар жасады. Әдебиет тарихына талдау жасап, сөз өнерінің әрбір табысын халықтың рухани қазынасына қосылған құнды дүние ретінде бағалады. Жоғары көркемдік идея мен шығармашылық шеберлікті әдебиет пен өнердің әрбір туындысын талдау үстінде берік, айнымас өлшем ретінде ұстанып, әдеби шығарманың халықтық асыл мұра болып қалуы үшін белсенді түрде үздіксіз күресті. Көркем аудармада О. Генри, С.Тагарао, М.Горький, М.Шолохов, В.Василевская, И.Эренбург, У.Шекспир, А.Островский, Ж.Мольер, Я.Галан, К.Симонов, А.Леонов, А.Сафронов, А.Штейн, тағы басқа қаламгерлер пьесаларын қазақ тіліне аударды. Мүсірепов белгілі ғалым Г.Ломидзе атап көрсеткендей: “Ол керемет дәлдікпен әрі үйлесімділікпен жұмыс істейтін өте нәзік, өрнекті шебер. Мүсірепов қаламынан жанды бейне, тірі пішін сомдалып, ол суреттеген адам мінез-құлқы мен құбылыстарға кең тыныс, ауқымдылық тән” суреткер болды. ## Қоғам және мемлекет қайраткері Мүсірепов – көрнекті қоғам, мемлекет қайраткері. 1932 жылдың 4 шілдесінде ол республикаға танымал адамдармен бірлесе отырып, халықтың басына төнген аштық нәубеті жайында БКП(б) қазақ өлкелік комитетіне “Бесеудің хатын” жолдады. Хаттың мазмұны мен көтерген келелі мәселесі Мүсіреповтің қай кезеңде де болмасын халқының қамы үшін күресіп, қоғам алдындағы парызын адал орындаған азамат болғандығын айғақтай түседі. 1990 жылы Мүсірепов атындағы республикалық балалар мен жасөспірімдер театрында “Бесеудің хаты” спектаклін қойды, пьеса авторы – Ш.Мұртаза, қоюшы-режисер Р. Сейтметов). Мүсіреповтің қоғам қайраткері ретіндегі, қарапайым адам қатарындағы адамгершілік ұстанымдарын айғақтайтын іс-қимылдары жетерлік. Соның бірі 1937 жылы Қазақстан Жазушылар одағындағы жиналыста тағдыры талқыға түсіп, ұсталып бара жатқан Б.Майлинге араша түсіп, “Бейімбет жау болса, мен де жаумын” деген сөзі бүгінгі күні аңызға айналған. Осының салдарынан ол 1938 жылы партия қатарынан шығарылды. Ол сондай-ақ Азия және Африка елдері жазушыларының Ташкент, Бейрут, Дели, Алматы конференцияларының белсенді ұйымдастырушыларының бірі болды. Жазушы бейбітшілік күрескері ретінде Алматы мен Мәскеуде ғана емес, Париж, Рим, Джакарта, Токио, Каир, тағы басқа қалаларда өткен халықаралық конференцияларда сөз сөйлеп, күрделі мәселелерді көтерді. Ол 5-сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің, бірнеше мәрте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған. Бесінші сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің және 6, 7, 8, 9, 10, 11-сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.1974 – 75 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы қызметін атқарды. ## Сценарийлері * 1938 - Амангелді * 1942 - №12 әскери киножинақ * 1950 - Советтік Қазақстан * 1954 - Қозы Көрпеш - Баян Сұлу * 1969-1970 - Қыз Жібек * 1972 - Арман асуы * 1977 - Кездеспей кеткен бір бейне ## Марапаттары * "Кездеспей кеткен бір бейне" кітабы үшін 1968 ж. Абай атындағы республикалық сыйлық алды. * Қазақстан Академиясының Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығын (1977) алды. * 3 мәрте Ленин (1962, 1972, 1974), * 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту (1957), * “Халықтар достығы” (1982) ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған. * Мүсірепов есімі Солтүстік Қазақстан облысындағы бір ауданға, Алматыдағы бір бульварға, Нұр-Сұлтандағы көшелердің біріне берілді. * Қазақ мемлекеттік Балалар мен жасөспірімдер театрына есімі берілген, сондай-ақ театр алдына ескерткіш-мүсіні қойылған (2002). * 2002 жылы 100-жылдығы ЮНЕСКО деңгейінде тойланды. * 100-жылдығына орай пошта маркасы мен естелік тиыны шықты. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Автобиографиялық әңгіме * Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов Мұрағатталған 23 шілденің 2020 жылы.
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия; 1835, Қостанай облысы, Сарыкөл ауданы, Құсмұрын жері — 10 сәуір 1865, Көшентоған, Жетісу) — қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен «Шоқан» аталып кеткен. ## Өмірбаяны Шоқан 1835 жылдың қараша айында Құсмұрын бекетінде қазіргі Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы Құсмұрын жерінде атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы сол кезде Аманқарағай дуанының (орталығы Қараоба мекені) аға сұлтаны болған. Округ орталығы 1844 жылы Құсмұрын қамалына ауысқаннан кейін дуан аты Құсмұрын болып өзгертілді. Шоқанның өз атасы Уәли Орта жүздің ханы болған. Арғы атасы Қазақ Ордасының Ұлы ханы Абылай, Шоқан оның шөбересі. Шоқанның балалық шағы қыс кезінде Обаған бойындағы Күнтимес ордасында, жазда Есілдің оң саласы Аққанбұрлық алабындағы ата жайлауда өткен. Әжесі Айғаным тұратын Сырымбеттегі хан ордасында да балдәурен күндерін өткізген.«Жеті жұрттың тілін білуге тиісті» хан тұқымы болғандықтан, Күнтимес ордасындағы әкесі ашқан ауыл мектебінде хат таныған Шоқан сол мектепте ортағасырлық қыпшақ-шағатай тілін меңгереді, парсыша, арабша тіл сындырады.Шоқанның жақын туыстарының естеліктеріне қарағанда, ол бала кезінен білімге бейім әрі құмар болған. Шоқан тарихи аңыз-әңгімелерге ерте бастан-ақ қызыққан. Ол жастайынан данагөй билердің әңгімелерін, акындардың өлең- жырларын зор ықыласпен тыңдап өсті. Оған тәрбие беруде сұлтан әулетінен шыққан әжесі Айғанымның ықпалы күшті болды. Ол жас Шоқанға ежелгі қазақ аңыздарын, аңыз-әңгімелерін, мақал-мәтелдері мен даналық сөздерін жиі айтып отыратын. Шоқан 12 жасына дейін Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. Шоқан ауылдық бастауыш мектепте оқып жүріп-ақ араб, парсы, шағатай тілдерінің негізін үйреніп алды.Шоқанның жақын туыстарының естеліктеріне қарағанда, ол бала кезінен білімге бейім әрі құмар болған. Шоқан тарихи аңыз-әңгімелерге ерте бастан-ақ қызыққан. Ол жастайынан данагөй билердің әңгімелерін, акындардың өлең-жырларын зор ықыласпен тыңдап өсті. Оған тәрбие беруде сұлтан әулетінен шыққан әжесі Айғанымның ықпалы күшті болды. Ол жас Шоқанға ежелгі қазақ аңыздарын, аңыз-әңгімелерін, мақал-мәтелдері мен даналық сөздерін жиі айтып отыратын. Шоқан 12 жасына дейін Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. Шоқан ауылдық бастауыш мектепте оқып жүріп-ақ араб, парсы, шағатай тілдерінің негізін үйреніп алды. Шоқанның ата-бабалары атақты сұлтандар әулетіне жатады. Оның арғы бабасы Абылай хан XVII ғасырдағы айбынды қазақ билеушілерінің бірі болды. Ал атасы Уәли хан патша үкіметі ресми түрде бекіткен қазақтың соңғы ханы еді. Шоқанның әкесі - Шыңғыс Уәлиханов білімді адам болған. Ол 1834 жылы Омбыда Сібірдің казак әскери училищесін бітіріп, орыс армиясында жоғары әскери шен - полковник атағын алды және Қазақстанды басқару аппаратында бірсыпыра жауапты қызметтер атқарды: Құсмұрын округінің аға сұлтаны, Сібір қырғыздарының облыстық басқармасының кеңесшісі, Көкшетау округінің аға сұлтаны болды. Россияның алдында сіңірген еңбегі үшін оған өмірлік мұра ретінде дворян атағы берілді. Шоқаннын анасы жағынан туыс нағашылары — Баянауыл өлкесіндегі атақты Шормановтар әулеті болатын. Шорманов Мұса орыс армиясының полковнигі, белгілі қазақ биі, Баянауыл сыртқы округының аға сұлтаны еді. ### Кадет корпусы 1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі сол кездегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір кадеті корпусына оқуға орналастырады. Шоқанның бүкіл келешегі мен ғылым, өнер жолындағы талантын ашуда бұл оқу орнының маңызы ерекше болды. Мұнда жабық әскери оқу орны болғанымен, көптеген пәндер әскери сабақтарға қоса орыс, батыс әдебиеті, географиясы мен тарихы, философия, физика, математика негіздері, шетел тілдері оқытылып, орыстың озық ойлы интеллигенттерінің өкілдері сабақ берген. Оқытушылар құрамында білімді және прогресшіл ой-пікірлі адамдар көп болған. Кадет корпусына алғаш оқуға түскен кезде Шоқан орыс тілін білмесе де өзінің зеректігімен тілді тез үйренді. Шоқанның корпуста бірге оқыған Г.Н. Потанин: «Өзінің орыс жолдастарын басып озып, Шоқан тез жетілді… Оған талайлар-ақ назар аударды. Ол сондай қабілетті еді және оқу орнына түспей тұрып ақ сурет сала білетін», дейді. Оған әсіресе орыс тілі мен әдебиеті оқытушысы, шығыстанушы Костылецкий мен тарих пәнінің оқытушысы Гонсевский күшті ықпал етті. Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Герцен, Белинский т.б. орыс классиктерін және батыс әдебиетінен Диккенс, Теккерей, Руссо шығармаларын, «Современник» журналын үзбей оқып, әлеуметтік өмірдің және әдебиет ағымының қай бағытта, қалай дамып бара жатқандығын аңғара алатын, өз кезінің саналы азаматының бірі болған. Сібір кадеті корпусында оқудың соңғы жылдарында-ақ, Шоқан саналы, терең ойлы, жан-жақты білімді, өзіндік қөзқарасы қалыптасқан, туған халқының қажет-мұқтаждарын пайымдап, түсіне алатын, оған барынша пайдалы қызмет етуге әзір екендігін танытты. Ол Косоплецкий, Тонеевский сияқты (орыс әдебиеті мен тілі, тарих пәні) оқытушыларының игі ықпалымен өзінің жоғары қабілеті мен дарындылығының арқасында орыс және дүние жүзі әдебиетінің озық үлгілерін оқып танысып, ғылыми пайымдау, тұжырымдар жасай білді. Оның зерттеушілік қабілеті де осы корпуста оқып жүргенде біртіндеп қалыптасып, дами түсті. Ол, әсіресе, жазғы демалыс кездерінде ел ішіндегі халық жырлары мен дастандарын жазып алып, аңыз-әңгімелерді жинауға қызықты. Мысалы, "Қозы Көрпеш-Баян сұлу жыры Шоқанның алғашқы жазған шығармаларының бірі болды. Шоқан жинаған қазақтың ауыз әдебиеті үлгілері нұсқаларын, "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жырын көрнекті шығыс зерттеушісі, Петербург университетінің профессоры И.И.Березин бұл зерттеулерге назар аударып, жазып алған. Шоқанның зерттеушілік қабілетін байқаған ғалым оны өз тарапынан ескі жазу ескерткіштерін зерттеу ісіне тартқан. Шоқанның "Профессор И.Н.Березинге хат", "Профессор И.И.Березиннің "хан жорықтары" кітабына рецензия" т.б. алғашқы ғылыми жұмыстарының өзінен-ақ, оның болашағы зор ғалым, зерттеуші болатындығы аңғарылатын. Шоқанның біліміне мұғалімдері мен құрбылары ерекше қызыққан, сол кездің алдыңғы қатарлы ой-пікірлерімен таныстығын жолдастарының көбі үлгі тұтып, мойындаған. Шоқан олардың Еуропа мәдениетіне бет бұруына себепші болған. "Бізден жасы кіші болса да, өзімізбен салыстырғанда, ол үлкен сықылды еді де, біздер оған қарағанда бала тәрізді едік, өзінің бізден артық білетіндігін не біздерден білімі жағынан жоғарлылығын білдіруге тырыспаса да, жай әңгіменің өзінде-ақ, оның білімінің бізден артықтығы танылып қалатын. Жалпы жолдастарына, соның ішінде маған, ол еріксіз "Еуропаға ашқан терезе" сықылды болды", – деп жазады Г.И.Потанин. Мұның өзі Шоқанның жолдастары арасында беделі ерекше зор болып, оның биік тұрғанын көрсетеді. Қырағы да зейінді Шоқанға сурет салу өнері сол кездің өзінде-ақ; халық өмірін бейнелеудің тамаша бір құралы болып табылады. Туған жері Сырымбеттің жазғы жайлаулар мен мекен қоныстарының суретін салумен шұғылданады. 1847-1852 жылдарда салған суреттерін Шоқан "корпустан елге демалысқа барған кезде салған суреттер" – деп атайды. Г.Н.Потанин: "Кадет корпусының соңғы курстарында оқып жүрген кезімізде Шоқан өзінің әңгімелерімен менің дәптерімді толтырды. Біз қазақтардың сұңқар салып, саят құру салтын толық жазып алдық. Шоқан сұңқарды қалай баптап күтудің әдісін өте жақсы білетін. Дауылпаз бен сұңқардың т.б. суреттерін салып, ол менің жазбамды толықтыра түсетін", – деп жазды. Мұның өзі Шоқан өнерінің жан-жақты екенін, оған курстастарының қызығып, ерекше құрметпен қарағанын дәлелдей түседі. Шоқан кадет корпусында оқып жүргенде-ақ, саяхатшылардың өмірі мен ісі туралы жазылған еңбектерге аса қызығушылықпен қарап, танысты. Осы еңбектердің ықпал әсерінен ол саяхатшы болуды, Орта Азияны арлап жан-жақты танысуды армандады. Демек, саяхатшылар өмірі жайлы жазылған еңбектер болашақ саяхатшыға бастау көзі болып, жол нұсқады. ## Қызмет жолы Кадет корпусын 1853 жылы он жеті жасында бітірген Шоқан Батыс Сібір генерал губернаторының кеңсесінде қызметке қалдырылады. Бір жылдан кейін Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік шығыс аудандарын басқаратын генерал губернатор Гасфорттың адьютанты болып тағайындалады. Осы қызметті атқара жүріп, ол Орта Азия халықтарының тарихын, этнографиясы мен жағрафиясын зерттеуге белсене араласады. 1854 жылы кадет корпусындағы ұстазы Костылецкийдің өтініші бойынша көрнекті шығыстанушы, Қазан университетінің профессоры Н.И.Березиннің тапсырмаларын орындайды. Березин Шоқан жинаған қазақтың ауыз әдебиеті нұсқалары, «Қозы Көрпеш Баян сұлу» жырымен таныс еді. Жас ғалым әйгілі профессор Березин бастырып шығарған "Тоқтамыс ханның жарлығы мен басқа да хан жарлықтары туралы еңбектерге тыңғылықты талдау жасайды. Бұл оның алғашқы ғылыми зерттеулерінің бірі еді. Жастығына қарамай, оның білімдарлығын, әсіресе, шығыс әдебиеті мен тарихын жақсы білетіндігін сол кездегі орыс ғалымдары да жоғары бағалап, мойындай бастайды.Өсімдіктер әлемінің қолайлы жағдайды талап ететіні сияқты қоғам да өзінің кедергісіз дамуы үшін қолайлы жағдайды талап етеді. Алайда ғалым табиғат зандары мен қоғам арасындағы айырмашылықты ажыратып көрсетеді. Табиғаттың дамуы физикалық зандарға негізделсе, қоғамда олар әлеуметтік зандардың күшімен, яғни қоғамдық өмірдің әртұрлі жақтарымен, тайпалық организм өмірінің шарттарымен толығады. ### Орынбор 1855 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторымен бірге Семей, Аягөз, Қапал арқылы Алматыға дейін келіп қайтады. Осы сапарында қазақ, қырғыз, ауыз әдебиетінің үлгілерін, тарихы мен этнографиясының материалдарын жинай жүреді. Бұл материалдар негізінде кейін ол «Тәңірі (құдай)», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» деген еңбектер жазады. Сол сапардан кейін оның әскери лауазымы бір сатыға жоғарылап, поручик шенін алады. 1856 жылы полковник М.М. Хоментовский басқарған әскери-ғылыми Ыстықкөл экспедициясына қатысып, қырғыз елін жете зерттейді. Қырғыздар мен Ұлы жүз қазақтарының тарихы, этнографиясы жайлы мәліметтер жинайды, ауыз әдебиетінің нұсқаларын жазып алады. Әлем ғалымдары арасында тұңғыш рет "Манас" эпосының ең шұрайлы бөлігі "Көкетай ханның ертегісі" жырын жазып алады. Манас - халық даналығының туындысы, барша халық ертегілерінің, хикаялары мен аңыздарының, география, дін және салт-сана, әдет-ғұрпы жөніндегі түсініктерінің энциклопедиялық жинағы - дала Илиадасы" деп бағалады. Қырғыздардың көне тарихы жөнінде жазған К.Риттердің, А. Гумбольттің, шығыстанушы ғалымдар Шотт пен Клапроттың еңбектеріне сын айтады, Бұдан кейін Құлжа қаласында болып, оның қорытындысында Шығыс Түркістанның өткені мен бүгіні туралы зерттеулер жазады. Осы сапарларда жинаған материалдарды ол «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы», «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қытай империясының батыс өлкесі және Құлжа қаласы» атты еңбектерін жазуға пайдаланады. Табиғатты және ел тұрмысын Шоқан жазушылық шеберлікпен суреттейді. Осыдан барып оны орыс достары «Қазақ тақырыбына жазатын орыс жазушысы» деп атаған. Тарих, география саласындаы даңқы Петербург ғалымдарына да жетіп, жиырмадан жаңа асқан жас Шоқанды Орыс География қоғамының толық мүшесі етіп сайлайды. Тамаша білім алып шыққан жас ғалым түрлі ғылыми экспедицияларға белсене қатысты. Бұл жөнінде ол Омбыда оқып жүрген жылдарында армандайтын. Қазақ даласын және онымен шекаралас жатқан елдердің аумағын, ондағы халықтардың тарихы мен жағдайын жаксы білетін Шоқанға орыс зерттеушілері де қатты қызығып, оның көмегіне мұқтаж болатын. 1855 жылы Шоқан Батыс Сібір генерал-губернаторы Г.Х. Гасфорттың Орталық Қазақстан, Тарбағатай мен Жетісу жеріне жасаған сапарына қатысады. Бұл сапарда қарапайым халықтың өмірімен танысып, қырғыздардын тарихи аңыз-әңгімелері мен жырларын жазып алды. Ш. Уәлиханов 1856 жылы аса көрнекті ғалым, белгілі географ П.С. Семенов-Тян-Шанскиймен танысты. Ол жас қазақ ғалымның қабілетіне шын ниетімен сүйсіне қайран қалды. 1857 жылы П.С. Семенов-Тян-Шанскийдің ұсынуымен Ш. Уәлиханов Орыс географиялық қоғамының толық мүшелігіне қабылданды. Шығыс Қазақстан мен Жетісуға, қырғыз еліне жасаған сапары Шоқанның ғалым ретіндегі даңқын арттырды. 1857 жылы Шоқан Алатау қырғыздарына сапар шегіп, оның тарихын, этнографиясын және халықтық поэзиясын зерттеді. Кырғыз халқының энциклопедиялық дастаны «Манасты» жазып алды. 1858-1859 жылдары Шоқан атақты Қашғария сапарына барып қайтты. Шоқанға дейін ол өлкеде бірде-бір зерттеушінің болып қайтуының сәті түспеген еді. Неміс ғалымы Р. Шлагингвейттің еуропалықтар үшін мүлде жабық өлкеге барып қайтпақ болған сапары қайғылы аяқталып, ол қатыгездікпен өлім жазасына душар болған-ды. Шоқан аса қиын құпия жағдайда өз өміріне қатер төндіре жүріп, Қашғария өлкесінің тарихы, этнографиясы, мәдениеті мен геологиясы, географиялық жағдайы жайлы Бұған дейін мүлде белгісіз аса құнды деректер жинап қайтты. Соның негізінде «Алтышардың немесе Қытайдың Нан-JIy провинциясының (Кіші Бұхараның) шығыстағы алты қаласының жағдайы туралы» деген атақты еңбегін жазды. Еңбекті Ресейде де, одан тыс жерлерде де шығысты зерттеуші ғалымдар жоғары бағалады. Патша үкіметі жас ғалымның ғылыми ерлік еңбегін жоғары бағалады. 1860 жылы Санкт-Петербургте ол орденмен марапатталып, әскери шені де жоғарылатылды. Оны орыс патшасы II Александрдің өзі қабылдады. Осы кездесу кезінде Шоқан патшаға орыс шенеуніктерінің қазақ халқына жақсы қарауы жайлы өз өтінішін батыл жеткізді. Петербургте болған кезінде (1859—1861 жылдары) Шоқан Уәлиханов әр түрлі әскери және ғылыми мекемелерде жұмыс істеді. Ол ресейлік шығыстанушылар мен дипломаттардың, жазушылар мен ақындардың сиынатын нағыз піріне айналды. Шоқан Қазақстан мен Орта Азияның және Шығыс Түркістанның карталарын жасаумен айналысып, қажымай-талмай еңбек етті. Шығыс елдерінің қолжазбаларын мұқият зерттеуді де жалғастырды. Оны Орыс географиялық қоғамы Шығыс тарихы туралы лекциялар оқуға шақырып тұрды. Алайда Петербургтың ылғалды ауа райы оның денсаулығына жақпады. Денсаулығының нашарлауына байланысты Отанына оралуға мәжбүр болды. Ол Омбыға барып, даладағы жергілікті баскару ісін қайта ұйымдастыру жөніндегі шараларға қатысты. Оның негізгі ойлары «Қырдағы мұсылманшылық туралы», «Қырғыздардың көші-қоны туралы», «Сот реформасы туралы жазбаларда» баяндалады.1864 жылы Шоқан генерал Черняевтың Оңтүстік Қазақстанға жасаған әскери экспедициясына қатысады. Бірақ әскери қызметі ұзаққа созылмады, генералдың жергілікті халыққа шектен тыс қатыгездік жасауы салдарынан әскер қатарынан өз еркімен кетті. ### Манас дастаны ### Қашғарияға сапары 1858 — 1859 жылдардағы Шоқанның Қашғарияға сапары ғалымдық, ағартушылық саласындағы еңбегінің жаңа белеске көтерілуіне жол ашты. Қашғария ол кезде Ресей тарапынан зерттелмеген өлке болатын. Саудагер ретінде Қашғарияға құпия барған Шоқан, өлкенің экономикалық саяси құрылымын зерттеп, оның тарихы мен этнографиясынан көптеген материалдар жинайды. Қашқарияға сапарынан «Алтышаһардың, яғни Қытайдың Нан лу уәлаятының шығыстағы алты қаласының жайы» атты еңбегі дүниеге келді. Бұл Шығыс Түркістан халықтарының тарихына, әлеуметтік құрылысына арналып, сол заман ғылымының биік деңгейінде жазылған әлемдегі тұңғыш зерттеу жұмысы еді. Қашғарияға сапарынан кейін Сыртқы істер министрлігі Азия департаментінің арнайы шақыруымен Петербургте келіп, сонда бір жылдай тұрып ғылыми жұмыстармен айналысады. Алайда туберкулез ауруы меңдегендіктен Петербургтен елге, Сырымбетке оралады. Туған халқының екі жақты қанауда езілгенін көріп, 1862 жылғы сайлауда Атбасар округының аға сұлтаны болуға талпынады. «Елдестеріме пайдамды тигізу үшін аға сұлтан болғым келді. Оларды шенеуніктерден, қазақ байларынан қорғамақ болдым. Сондағы ең алдымен көздегенім өз басымның мысалы арқылы жерлестеріме оқыған аға сұлтанның пайдалы екенін көрсету еді» деп жазады ол бұл туралы досы Достоевскийге. Бірақ ол бұл мақсатын орындай алмайды. Шоқан қарсыласынан көп дауыс алып жеңіске жеткенімен, генерал-губернатор оның халық арасында ықпалы мен беделі зор болып кетеді деп сескеніп, «науқасына байланысты қызметтен бас тартты» деген өтірік сылтаумен аға сұлтандыққа бекітпей қояды. 1864 жылы наурыз айында Шоқан полковник Черняевтің шақыруымен Әулиеата жорығына қосылады. Орыс империясының Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияны Ресей қарамағына бағындыру мақсатын көздеген бұл жорыққа аудармашы, жергілікті халықпен бейбіт мәмілегерлік келісімдер жасау үшін қатысқан ол, полковник Черняевтің Әулиеатаны (қазіргі Таразды) алу кезінде шәһар халқына жасаған жауыздығын көргесін, ренжіп, кейін қайтады. Содан Верный (қазіргі Алматы) қаласына келіп, одан әрі Тезек төренің ауылында (бұрынғы Талдықорған облысы, жазда Күреңбел жайлауы, қыс кезінде Алтынемел асуының күнгейі) тұрақтап қалады. Сонда Тезектің немере қарындасы Айсарыға үйленеді. Сөйтіп жүргенде ескі өкпе ауруы қайта қозып, Шоқан 1865 жылдың сәуірінде қайтыс болады. Оның сүйегі Алтынемел тауының баурайындағы Көшентоған деген жерге қойылады. ### Өлкетану өрісі Ұлытау-Жезқазған өңіріне сапар шегіп, Алаша хан мазары, Жұбан ана кесенесі, Аяққамыр күмбезі секілді сәулет ескерткіштеріне сипаттма берген. Ер Едіге, Қойлыбай бақсы, Байғозы, Жаулыбай және Оразымбет (Оразай) батырлар жайлы құнды тарихи деректер қалдырған. ### Шоқан және Достоевский ### Шоқан және Абай Қазақтың ұлы ойшыл-ағартушылары Шоқан мен Абайдың дүниетанымы мен шығармашылық бағытында, тарих пен заман мәселелерін түсінуі мен талдауыңа, әсіресе, мәдени мұраны меңгеру, дамыту, оны елдің рухани қажетіне жарату әрекетінде мол үндестік байқалады. Бұл Абай мен Шоқанның ауыз әдебиетінің асыл үлгілерін жас кезінен санаға сіңіріп, өшпес тағлым алуынан да, небір шешендер мен ақындардың тапқыр сөздерін естіп есуінен де, арғы түбі шығыс елдерінен таралған, араб, парсы, түркі тілдеріндегі қисса, дастан, аңыз, әпсана, ғазел мүлкін өздігінше ізденіп оқып, білімін байытуынан да, орыс және Еуропа кітаптары, соның ішінде олардағы фольклорлық нұсқалармен терең таныстығынан да көрінеді. Шоқан халық әдебиетін тарихты танудың аса бағалы ескерткіштері деп қараса, Абай көркемсөз байлығын жамағатты кәміл адамдық жолдарға баулып, тәрбиелеудің, жақсылықтарды өнеге етіп көрсетіп, зұлымдық, надандық атаулыны әшкерелеуің құралы санады. Абай осы мақсатты көздеп, езінің шығармаларында ауыз әдебиетінде қалыптасқан неше алуан нақыл сөздерді, мақал-мәтелдерді, тұрақты тіркестерді жаңғырта пайдаланды. Абайдың халық елеңдеріндегі дәстүрлі ұйқастар мен буындық өлшемдерді, арнау, толғау, жоқтау, жұбату секілді фольклорлық жанрларды қолдануы осыны көрсетеді. Шығыс фольклорындағы фабулаларға сүйеніп, «Ескендір», «Масғұт», «Әзімнің әңгімесі» тәрізді келемді туындылар жаратуы да ақынның жаһан халықтарының рухани қазынасын кең игергендігін дәлелдейді. Шоқан мен Абайдың қазақ тарихы туралы толғамдары өткеннің тәжірибесін қорыту, халықтың сенімді болашағы үшін жол іздеу талабынан туған. Шоқан секілді Абай да шығыс пен батыстың тарихи шежірелерімен жақсы таныс болған, тарихи құбылыстарды бірі ғалым сипатында, екіншісі суреткер кезімен бағалап отырғанымен, бұрынғы замандардың қалдырған сабақтарымен мүддесіне тарату мұраттары жақын, халықты ғасырлар бойында тұмшалап келген қараңғылық тұманынан арылтып, өркениеттің даңғыл жолына түсіру қажеттіктері мәселелерінде екеуінің ойлары өте орайлас шығады. Шоқан өзінің тарихи-этнографиялық, фольклорлық еңбектерінде қазақ халқын көркейтудің амалы оқу-білім жүйесін жақсартуда деп көрсетсе, бұл аң бар Абай шығармаларының өзекті жемісіне айналған. Түрік халықтарының генетикалық, мәдени бірлігін, тарихи тағдырластығын айтқанда ұлы ойшылдар үні бірдей шығады. Мұның бәрін Шоқан мен Абай өмір кешкен дәуірдің тарихи-әлеуметтік мұқтаждары мен сауаптарының сабақтастығынан туындаған құбылыстар деп те қарауға болады. Қазақ халқының тәуелсіздіктен айрылып, Ресейге бағынышты, кіріптар күн кешкен заманында қоғам көкжиегінде жарқырап шыққан қайраткерлердің қалдырған мұрасы өзінің тақырып кеңдігі, талдау тереңдігі, ойларының биіктігі жағынан 19 ғасырдағы әлемдік озық ескерткіштер қатарына қосылады ## Шоқан Уәлиханов шығармалары Шоқанның шығармаларын жинап бастыруда орыс ғалымдарының еңбегі аса зор. Орыс географиялық қоғамы басып шығарған Шоқан шығармаларына жазған алғы сөзінде академик Николай Иванович Веселовский: «Шоқан Уәлиханов Шығыстану әлемінде құйрықты жұлдыздай жарық етіп шыға келгенде, орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдары оны ерекше құбылыс деп түгел мойындап, түркі халқының тағдыры туралы онан маңызы зор, ұлы жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті!» деп жазды. Бірақ ол сол аз ғұмырында адам қабілетінің ғажайып мүмкіндіктерін, гуманизмнің биік өресін, ұлтжандылықтың жалтақсыз үлгісін, ғылыми қабілет пен алғырлықтың қайран қаларлық өнегесін барша болмысымен, нақтылы іс әрекетімен дәлелдеп үлгерді. Шоқаннан қалған мұраның бірі бейнелеу өнері туындылары. Олар Шоқанның осы өнер саласында қазақтың тұңғыш профессионал суретшісі болғанын дәлелдейді. Ғалым негізінен портрет, пейзаж және халықтың тұрмыс салтын бейнелеумен айналысты. Одан 150—дей сурет қалған. ### Психологияда қалдырған ізі Шоқан еңбектерінде психологиялық мәселелерге байланысты әр түрлі сипаттағы деректер баршылық. Осылардың ішінде басқа мәселелерден көбірек сөз болғаны — халқымыздың ұлттық санасы, оның ішінде өзіндік психологиялық ерекшеліктері туралы мәселе еді. Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстан тарихы мен этнографиясын зерттеген шовинистік рухтағы орыс ғалымдарының еңбектерінде халқымыздың ондаған ғасырлық тарихы бар мәдениетіне қиянат жасалып, тіпті ұлттық психологиямызға күйе жағылып, екінші сорттағы халық деп келгені белгілі. Осындай келеңсіз көзқарасқа қыр жағдайында туған халқының ұлттық ар-намысын қызғыштай қорғап, қазақ халқын "тағы халық" деп қарау мүлде қате, бұл білместіктен айтылған сөз, халқымыз ертеден елдігі, өзіндік өнері бар, ылғи да көшіп-қонудың салдарынан оқу-білімнен кенжелеу қалса да, рухани дүниесі бай, прогресс атаулыға ұмтылғыш, жаңалыққа бейім халық деп тебіренеді. Ол Шығыстың эпосына емес, индогермандық эпосқа ұқсайды", — деп ол түйіндей келе, ол қазақтардың рухани байлығын өркениеті аса бай ірі елдермен төркіндестіре қарайды Шоқан қазақ ақындарының төгілдіре жырлау қабілетін олардың негізгі ерекшеліктерінің бірі деп бағалады. Шоқан Уәлихановтың пікірінше, халықтық психологиясын көрсететін белгілердің бірі — сол халықтың тіл байлығы, сөз өнері, шешендік қасиеттері. Ол сөз өнері халық бойына біткен зор таланттың, керемет қабілеттің, ақындық қуаттың белгісі деп санады. "Халықтың тұрмысы мен әдет-ғұрпы, — деп жазды ол, — бәрінен де артық көрініс табады. Өткенді қастерлеу мен аңыздардың молдылығы — терістік және Орта Азия көшпелі халықтарының ерекше қасиеті. Қазақ тілінде араб тіліндегідей жасама бояу сөздер жоқ, ол нағыз таза тіл". Ғұлама ғалымның осы пікірлерін кең-байтақ өлкемізде болған орыс, украин, поляк зиялылары да қостайды. Шоқанның психологиялық пікірлерінің екінші бір арнасы оның дін жөніндегі толғаныстарымен астарласып жатады. Ғұлама ғалым алғашқы адамның қиялы мен діни сенімдері оның табиғатқа тікелей қатынастарының бейнесі ретінде пайда болғандығын айтады. Шоқан қазақ халқындағы шамандық ұғымдардың шығу тегін түсіндіргенде де, оның психологиялық жақтарын ашқанда да, материалистік позицияны берік ұстады. Шоқан туған халқының әдет-ғұрпының түрлі жақтарын таңдай келіп, қазақ арасындағы кейбір жағымсыз әдеттерді де мейлінше сынап, олардың психологиялық астарларына үңіліп, осы айтылғандардың қазақ қауымын ілгері бастырмай келе жатқан мерездер деп қарады. Мәселен, осындай кінәраттың бірі барымта екендігін, оны жұрттың көпшілігі баюдың мал жинаудың ең жеңіл әдісі деп қате түсініп жүргенін баса айтты. Ол мұндай "кәсіппен" айналысқан адамның еңбекке ынтасы болмайды, жан-жүйесі жұғымсыз, ұсқынсыз келеді. Белгілі бір кәсіппен айналысу уақытты, зор ынтаны керек етеді деп дұрыс тұжырымдады. Осылайша ол жастарды сұрқия кәсіптен бойын аулақ салуға шақырып, осынау жексұрын қасиеттің адамды арамтамақтыққа, еріншектікке итермелейтінін айта келіп, осы жаман әдеттің сайып келгенде қазақ даласында түрлі кәсіптің дамуына кедергі келтіретініне тоқталды. ## Шоқан Уәлиханов атындағы * Қазақстан Республикасының Ғылым академиясы, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнография институты ## Библиография * Шоқан Уәлиханов - шығыстанушы, Р.Б.Сүлейменов, В.А.Моисеев, "Ғылым" баспасы, Алматы, 1985 жыл * Ф.М. Достоеевский и Чокан Валиханов - Ауезов М.О., Москва, 1960 * Шоқан (Мұхаммед-Ханафия) Шыңғысұлы Уәлихановтың өмірі мен қызметі ## Дереккөздер
Ыбырай Алтынсарин (1841–1889 жылдары) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері. Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркінпайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар Ыбырай Алтынсарин бос уақытының бәрін сол кітапханада өткізді.Білгеннің үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік кредосына айналды.Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады.Алған білімін өз халқының пайдысына асыруға талпынды. ## Өмірбаяны Ыбырай 1841 жылы қазан айының 20-сында қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келеді. Үш-төрт жасында әкесі Алтынсары қайтыс болып, атасы Балғожаның қолында өсіп, тәрбиеленеді. Қыпшақ тайпасының ұзын руынан шыққан.Атасы Балғожа би өз аймағының атақты кісілерінің бірі болған. Ел ішіндегі көп билікті қолында ұстаған би, Орынбор әкімшілігінің алдында да беделді, белгілі кісі болған.Замана бет алысын өзінше болжаған Балғожа табысқа жетудің ендігі жолы – оқу деп біледі. Сөйтіп, немересі кішкентай Ыбырайды Орынборда ашылады деп күтілген орыс-қазақ мектебіне күні бұрын жаздырып қояды. Бидің ондағы мақсаты, әрине, немересінің бала оқытып, педагог болуы емес, әкімшілік орындарда жұмыс істеп, шенеунік, орысша оқыған "төре" болып шығуы, ата-анасын асырауы. Балғожа бұл ойын Орынборда оқып жүрген жасөспірім Ыбырайға жолдаған өлең-хатында былайша білдірген: Әлгі мектеп ақыры 1850 жылы ашылады да, оған қабылданған отыз қазақ баласының бірі – тоғыз жасар Ыбырай болады. Ыбырай мектепте сабақты ынта қойып оқиды, 1857 жылы оқуын "өте жақсы" деген бағамен бітіріп шығып, 1859 жылдың тамызына дейін өзінің туған елінде тілмаштық қызмет атқарады. Қалада оқып, қазақ даласына беймәлім жаңалықтардан хабардар болып, ой-өрісі кеңейген зерделі бозбаланың екі жылдай елде болуы — қазақ қоғамының жағдайын тереңірек түсініп, жаңаша сезінуіне, өзіндік ойға келуіне мүмкіндік береді.1859 жылы Ыбырай Алтынсарин атасының жақсы танысы, сыйлас кісісі — Орынбордағы Шекаралық комиссияның төрағасы, шығыстанушы белгілі ғалым, профессор В.В.Григорьевпен жақын танысады. Ол Ыбырайға қамқорлықпен қарап, оған өзінің бай кітапханасын еркін пайдалануына жағдай жасайды. Ыбырай Григорьевтің кітапханасынан орыс жазушыларының шығармаларын, орыс және дүние жүзі ағартушы-педагогтерінің еңбектерін, ұлы адамдардың өмірі жайындағы кітаптарды алып, бас алмай оқыған. Мерзімдік басылымдарды оқып тұрған.Өз бетімен көп ізденіп, білім қорын молайта келе, Ыбырай өзінің алдына тілмаш болуды емес, туған халқына пайдалырақ басқа бір қызмет істеуді мақсат етіп қояды. Оның ынтасы ағартушылыққа ауады. 1860 жылы Жайықтың шығысындағы қазақтар үшін төрт бастауыш мектеп ашылған кезде, Ыбырай өзі сұранып, Торғай мектебіне мұғалім болуға рұқсат алып, сонда келеді. Бірақ мектеп бірден ашыла қоймайды. Бұл аралықта, Ыбырай ел ішінде мектептің пайдасын түсіндіріп, біраз баланы өз үйінде оқытады.Торғай мектебі 1864 жылы ғана ашылады. "Осы жылы қаңтардың 8-і күні көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды. Оған 14 қазақ баласы кірді. Бәрі де жақсы, есті балалар. Мен балаларды оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай қызу кірістім", – деп жазады, ол белгілі шығыстанушы, профессор Н.И.Ильминскийге жолдаған хатында. Ыбырай мектептегі сабақ пен тәрбие жұмысын сол кездегі орыс мектептері үлгісінде құрады. Сабақты қазақ тілінде жүргізе отырып, ол балаларға орыс тілін үйретуге, пән негіздерінен білім беруге тырысады. Тәрбие жұмысын адамгершілігі мол, жаңа ұрпақ тәрбиелеп шығаруға бейімдейді.Ыбырай мәдениет пен білім жолына халқының өте ынталы екенін жақсы ұғады. Бұл оны жігерлендіре түседі. "Қазақтар мені құшағын жая қарсы алды. Мектепке балаларын беруге ынталы адамдар толып жатыр", – деп жазады ол бір хатында. Ыбырай Н.И.Ильминскийге жазған әлгі хатында тағы да былай дейді: "Қазақ даласын үш жылдай аралаған Сіздің қазақ халқы ұғымтал, ақылды, дарынды, бірақ оқымаған халық дейтініңізге мен сенемін. Қазақ халқы қарапайым, өнері жоқ халық, бірақ біз қарапайымдылықтың өзінен де көп жақсылық табамыз". Туған халқы туралы мұндай ой Ыбырайдың демократтық көзқарасына негіз болды және оны сеніммен жұмыс істеуге шабыттандырды. Сонымен бірге Ыбырай ел ішіндегі әлеуметтік теңсіздік, әділетсіздікті де көре білді. Әкімдердің зорлықшыл сорақы қылықтарын сынға алды. Олардан қарапайым халықты корғады."Қызмет бабында мен қазақтармен жиі-жиі ұстасып қаламын, — деп жазды ол 1864 жылы Ильминскийге, олардың ішінде менің өз туысқандарым да бар. Олардың сырын жақсы білемін, көбін тіпті жек көремін, қазақ арасындағы қызмет адамдарын да көңілім тіпті сүймейді. Олар кедей қазақтарды — қарсылық көрсете алмай, қаскырдың аузында жем болатын қорғансыз момындарды — адамшылықтың шегінен шыға, арсыздықпен тонайды, талайды. Соларды көргенде... өте қатты күйінемін... Осы елдің күшті жемқорларының бірі өздерінің істеп жүрген істерін менің жақтырмайтынымды біліп қалды... Сондықтан ол мені бұл арадан қуып жіберудің амалын істеп жүр".Ыбырайдың ағартушылық, демократтық көзқарастары осылайша қалыптасып, дамыды. Қоғамдық әділетсіздік пен адам бойындағы ұнамсыз мінездерге қарсы күресу үшін, ол ел ішінде білім, өнер тарату ісін кеңейте беру керек деп ұғады. Сол ниетпен бар күш-жігерін мектеп ісіне, бала оқыту жүйесін жақсартуға жұмсайды.1876 жылы Ыбырай Петербург, Қазан қалаларына барады. Орыстың ағартушылық жүйесін, орыс ағартушы дарының еңбектерін зерттейді. Қазақ тілінде оқу құралдарын жасауды ойлайды.1879 жылы Ыбырай Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады. Бұл оның ағартушылық қызметінің кең өріс алуына жол ашады. Ол еуропалық үлгідегі мектептер ашу ісімен шұғылданады. 1879-1883 жылдар аралығында Торғай облысының төрт уезінде (Торғай, Ырғыз, Троицк, Ақтөбе) жаңа мектептер ашады. 1883 жылы Торғай қаласында қолөнер мектебі ашылды. Ол қазақ даласындағы техникалық білім беретін тұңғыш оқу орны болды.Ыбырай қазақ қыздарын оқыту ісіне ерекше көңіл бөледі. Бұған ескішіл әдет-салттарға қарсы күрестің бір жолы есебінде қарайды. 1887 жылы Ырғызда қыздар мектебін ұйымдастыруы – оның ағартушылық аса зор еңбегі.Қазақ даласында мектептер санының артуына байланысты Ыбырай мұғалімдер даярлайтын мектеп ашуды қолға алды. 1881 жылы Омбы қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылды.Ыбырай мектептер ашу ісімен ғана шектеліп қалмады. Ол сол мектептердегі тәлім-тәрбие, оқу жұмысына айрықша мән берді. Оқу-тәрбие ісін жаңа бағытта ұйымдастырды. Бұл ретте ол мұғалімнің атқаратын рөлін жоғары бағалады. "Халық мектептері үшін ең керектісі – мұғалім, – деп жазды ол. Тамаша жақсы педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, әбден мұқият түрде жүргізілетін инспектор бақылауы да мұғалімге тең келе алмайды".Ыбырай туған халқын ерекше сүйді, оның болашағына зор сеніммен қарады. Сондықтан халық ағарту ісін айрықша шабытпен жүргізді. 1883 жылы Торғай облысының әскери губернаторына жолдаған баяндамасында ол: "Қазақтарға – осы дарынды, ақыл-есі мол халыққа – кешікпей рухани және қоғамдық даму жолына түсетін дұрыс бағыт беру — қалай дегенмен де аса қажет болып отыр", – деп жазды.Осы жолда Ыбырай көп қиыншылықтар да кездестірді. Ел ішіндегі ескішілдік, парақорлық пен өсек-аяң оның жанын күйзелтті. "Заман осылай болған соң, амалын тауып, мүмкіндігі бар жерде қазақ халқының елдігін бұзып, болашағын бүлдіріп жатқан жауыздыққа қарсы күресе беру керек" деп санады.Мәдениетті де талантты педагог-жазушы әрі мінезге бай, адамгершілік, жолдастық қасиеті мол Ыбырай орыс зиялыларының арасында мейлінше беделді, сыйлы болған.Оқулық жасау жолында оқулыққа Ыбырай мектепте қазақ балаларына білім мен тәрбие берудің басты құралы деп қарайды. Ол балаларға ана тілін таза және ұқыптылықпен үйретеді, шағын көркем шығармалар арқылы оларды жақсы мінез-құлыққа баулуды көздейді. Ыбырай балаларды мазмұны олардың білімін көтеретін, тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды... қазақтың өз тілінде... басып шығару керек деп білді. Өзі 1876 жылдан бастап "Қазақ хрестоматиясын" жазуға кірісіп, оны 1879 жылы Орынборда бастырып шығарды. "Бұл кітапты кұрастырғанда мен, – деп жазды. Ыбырай хрестоматиясының алғы сөзінде, – біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын көздедім". "Қазақ хрестоматиясы" балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгіме-новеллалардан құрастырылды. Олардың бірқатарын өзі жазды, біразын сол кездегі орыс оқулықтарынан еркін аударып алды. Хрестоматияға қазақтың халық әдебиетінің үлгілерін де іріктеп кіргізді. ## Ағартушылық еңбегі Ыбырай «Қазақ хрестоматиясына» кірген өлеңдерінде де халық-ағарту идеясын көтерді. Оның "Кел, балалар, оқылық!", "Өнер-білім бар жұрттар" өлеңдері осындай мақсатта туған."Кел, балалар, оқылық!" өлеңі жастарды оқуға, білім алуға шақырады: Өлеңнің әр шумағында оқудың әр жақты пайдасын айта отырып, ақын соңғы жолдарды ылғи қайталап отырады. Сөйтіп, ақын, бір жағынан, жастарды оқуға, білім алуға үндесе, екінші жағынан, оқу, өнер, ғылым-білімге, оның жалпы халық үшін керектігіне еш мән бермейтін ескі көзқарасқа соққы береді. Өмірдегі сарқылмайтын мол байлық – білім екендігін айта келіп, білімге адамның қолы жету үшін, ерінбей оқу, қажымай еңбек ету керектігін түсіндіреді.Ыбырай "Өнер-білім бар жұрттар" атты өлеңінде оқу, білім алудың мақсатын кеңінен сөз етеді. Өлеңнің негізгі идеясы – қазақ қауымына озық мәдениетті елдерді үлгі етіп көрсету. Ыбырай жастардың оқыған адам болғандағы мақсаты өз халқының бір керегіне жарау, оны "тастан сарай салдырып, айшылық алыс жерлерден көзіңді ашып-жұмғанша, жылдам хабар алғызатын" елдердің қатарына жеткізу деп білді. Келешекке сенімі мол Ыбырай өмір көркі, болашақтың иесі – жастар деп ұқты. Бұл өлеңдердегі: жақсы мен жаманды, білімділік пен надандықты салыстыра суреттеу әдісі де жас балаларға оларды айқынырақ таныту мақсатын көздейді. Сондықтан Ыбырай өз дәуірі оқырмандарының ұғымына жеңіл етіп, салыстырулар жасайды. Бұл өлеңдердің көп тіркестері бүгінде мақал-мәтелге айналып кетті.Ыбырайдың "Өзен", "Жаз" деген өлеңдері табиғат көріністерін суреттеуге арналған. Мұндай тұтас лирикалық, пейзаждық өлеңдер Ыбырайға дейінгі қазақ поэзиясында кездеспейді. Оқырмандардың көңілін табиғаттың сұлу көріністеріне аудару арқылы ел сүю, жер сүю, Отан сүюге тәрбиелейтін патриоттық өлеңдер орыстың демократтық, гуманистік әдебиетінің үлгісі болатын. Ыбырай өлеңдері – туған ел табиғатын жырлап, сол арқылы өзінің жас шәкірттерінің бойында табиғатты, Отанды сүю сезімдерін тәрбиелеуге жасаған елеулі қадамы. Екі өлеңінде де Ыбырай табиғат көрінісін жалаң алмай, адамдардың тіршілігімен байланыстыра көрсетеді. Сол арқылы табиғат пен адамның байланысын, табиғаттың адам ісіне, еңбекке, ой-сезіміне тигізер жанды әсерін бейнелейді. Ақын тау өзенін нақты әрі әсерлі суреттеген. Бүкіл тіршіліктің "өзеннен рақат тауып" жатқанын нақты сипаттау оқырман көңіліне жағымды сезім ұялатады."Жаз" өлеңінде көктемгі табиғаттың келісті суреттері бар. "Ұшпақтың күн сәулесі жерге түсіп", "Аспаннан рақымменен күн төнгенде", "Ұйқыдан көзін ашқан жас балаша, жайқалып шыға келер жердің гүлі", "Кеш болса, күн қонады таудан асып, шапаққа қызыл алтын нұрын шашып", т.б. суреттер мен бейнелі сөздер Ыбырайдың табиғат көріністерін сезінуінің тереңдігін, суреткерлігін көрсетеді. Ақын бар тіршілікті көктем күнінің мейірімді шағымен байланыста бейнелейді. Қырдағы жаз көріністеріне сүйсіну, мал бакқан елдің қыстан қысылып шығып, жазда тынысының кеңуі, қуаныш-шаттығы көңілді әсерге бөлейді. Шақырып, тұрар күліп: "Кел, – деп, – мұнда..." Бұл өлеңдер арқылы Ыбырай қазақтың жазба әдебиетінде табиғат лирикасын бастады. Оны кейін Абай әлемдік поэзияның биік деңгейіне жеткізді:Еңбекті сүю және қадірлеу – Ыбырай әңгімелерінің негізгі тақырыбы. Оны жазушы шағын әңгімелерде үгіт, өсиет түрінде берсе, кей шығармаларында халықтың қоғамдық санасын тәрбиелейтін реалистік суреттер арқылы бейнелейді."Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш" әңгімесінде Ыбырай ең кішкентай жәндіктердің өзі де тіршілік үшін тыным таппай еңбек етіп жүргендігін көрсете келіп, оларды балаларға үлгі етеді. "Қарлығаш, өрмекші ғұрлы жоқпысың, сен де еңбек ет, босқа жатпа", – дейді."Атымтай жомарт" әңгімесінде жазушы халық арасындағы Атымтай жомарт туралы аңыздарға жаңаша мазмұн беріп, өзінше қорытады. Атымтайды ол еңбек адамының үлгісі етіп көрсетеді. Еш нәрсеге мұқтаждығы жоқ болса да, Атымтай ылғи жұмыс істейді. "Күн сайын өз бейнетіммен, тапқан пұлға нан сатып алып жесем, бойыма сол нәр болып тарайды. Еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі өзгеше болады", – дейді ол. "Әке мен бала" әңгімесінде мынадай бір жай сөз болады. "Бір адам он жасар баласын ертіп, егістен жаяу келе жатса, жолда қалған бір ескі тағаны көріп, баласына айтты: "Анау тағаны, балам, ала жүр", – деп. Бала әкесіне: "Сынып қалған ескі тағаны не қылайын", – деді. Әкесі үндемеді. Тағаны өзі алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң әкесі кайырылып, тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз өткен соң, шие сатып отырғандардан 3 тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бір-бірлеп алып жеп, баласына қарамай аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артынан келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен. Жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Біраздан соң және бір шие, одан біраз өткен соң және бір шие, сонымен, бала әрбір шие тастаған жерге бір еңкейіп, шие теріп жеді. Ең соңында әкесі тоқтап, баласына шиені орамалымен беріп тұрып: «Көрдің бе, бағана тағаны жамансынып, жерден бір иіліп көтеріп алуға еріндің. Енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп, бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Бұдан былай есіңде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың; азға қанағат етпесең, көптен құр қаларсың», — деді. Кейде сәл нәрсені қомсынып, оған көңіл бөлмеушілік, аз жұмысты қиынсынып, бойкүйездікке салынушылық өмірде аз кездеспейді. Бұл – жақсы әдет емес. Сондықтан балалардың бойкүйез, жалқау болмауына, еңбекқор болуына Ыбырай ерекше мән берген. «Бай баласы мен жарлы баласы» атты әңгімесінде Ыбырай еңбекке деген коғамдық, таптық көзкарасты бейнелейді. Көшкен елдің жұртында қалған екі баланың бір тәулік ішінде басынан кешкендерін суреттеу аркылы сол балалардың өмір тануы, тіршілікке икемділігі жайлы мәселеге әлеуметтік мән береді. Жазушының шығармаға жасы құрбы екі баланы алып, оларды бай мен кедейдің өкілі етіп суреттеуінің сыры да оның идеясынан айқын көрінеді. Жарлы баласы Үсен – тұрмыстың ауыртпалығын көре жүріп, ысылған еңбек адамы. Ауылдары көшіп кетіп, жұртта қалған екі баланың далада тамақ тауып жеуіне, ауылдың калай қарай көшкенін аңғаруына, түнде далада түнегенде ит-құстан сақтануына Үсеннің тапқырлығы мен еңбекқұмарлығы себеп болады. Ал бай баласы Асан – өмір үшін күресудің жолын білмейтін, шыдамсыз, еңбекке икемі жоқ жан. Кісі еңбегімен күн көріп, бейқам болып өскен бай баласының басына күн туғандағы дәрменсіздігін суреттеу арқылы жазушы келешек Үсендер жағында екенін аңғартады. Сөйтіп, жастарға өмірден еш нәрсе үйренбей, жалқау болып өскен бай баласындай болмай, қиыншылыққа төзімді, өнерге бейім, еңбек сүйгіш жарлы баласы Үсендей болып өсуді уағыздады."Жаздың бір әдемі күнінде бір кісі өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағашты көріп жүрді. «Мына ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неліктен кисық біткен?» – деп сұрады баласы. «Ата-анаңның тілін алсаң, ана ағаштай сен түзу кісі болып өсерсің. Бағусыз кетсең, сен де мына қисық ағаштай болып, бағусыз өсерсің. Мынау ағаш – бағусыз өз қалпымен ескен», – деді атасы. «Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой», – деді баласы. «Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым, бұдан сен өзің де ғибрат алсаң болады, сен жас ағашсың, саған да күтім керек. Мен сенің қате жеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы, түзу кісі болып өсерсің», – деді. Ыбырай «Бақша ағаштары» атты әңгімесінде осылай деп жазды. Яғни тәрбиенің үлкен рөл атқаратынын көрсеткен. Соның бірі – талап. Талап етіп талпынбаса, адам баласы алға баспаған болар еді. "Талапты ерге нұр жауар" деген халық мақалы да өмір тәжірибесінен туған. Жастық шақ – жігер-қайраттың мол кезі, бойдағы жақсы қасиеттерді жарыққа шығарып қалатын кез, ол үшін талап керек. Талаптан да, өмірден керегіңді ал. «Талаптың пайдасы» деген әңгімесінде Ыбырай сол идеяны көтереді. I Петр патша шіркеуге барып ғибадат етіп тұрғанда, арт жақта бір баланың сурет салып тұрғанын көріп, қасына келіп, не салып жатқанын сұрағанда бала: «Сіздің суретіңізді салып жатырмын!» – дейді. Петр суретті көрсе, мәз еш нәрсесі жоқ екен. Бірақ ақылды Петр патша ол баланың суретке талабы бар екенің аңғарып, сурет салатын оқуға бергізеді. Кейін сол бала үлкен суретші болады. азушының бұл арадағы көздегені - жас баланың талабын, сол талаптың арқасында неге қолы жеткенін көрсету, кім талап етсе, сол мақсатына жететіндігін дәлелдеу. Мейірімділік баланың отбасына деген махаббатынан басталады. Әркім алдымен өз ата-анасын, туғандарын жақсы көреді, сыйлайды. Ыбырай ата-ана мен бала арасындағы осындай жылы қарым-қатынасқа ерекше мән береді. «Мейірімді бала» әңгімесінде 13 жасар қыздың әкесінің орнына, өз қолын кесуді сұрағанын жазады. Қыз: «Тақсыр, жұмыс істеп, бала-шағаларын асырайтын атамның қолын қалдырып, мына менің қолымды кесіңіз», – дейді. Жазушы «Аурудан аяған күштірек» деген әңгімесінде аяғы сынған Сейіт деген бала, ауруы қанша батса да, анасын қиналтпау үшін қабақ шытпағандығы айтылады. «Ауырмақ түгіл, жаным көзіме көрініп тұр, бірақ менің жанымның қиналғанын көріп, әжем де қиналып, жыламасын деп жатырмын», – дейді ол. Алғашқы әңгімедегі қыз да, соңғы әңгімедегі Сейіт те шын мәніндегі мейірімді қылықтарымен ерекшеленеді, мұның негізінде жалпы адамды сүйетін жақсы сезімдер жатыр. ## Шығармалары * Начальное руководство к обучению киргизов русскому языку, Оренбург, 1879; * Қазақ хрестоматиясы, Орынбор, 1906; Мәктубат, Қазан, 1896, 1899; * Киргизская хрестоматия, Оренбург, 1879, 1906; * Таңд. шығ. 3 томдық, А., 1943, 1953; * Собрание сочинений в 3-х т. Т.1–3, А.-А., 1975, 1978; * Әңгімелер, А., 1980. * Өлеңдер * Азған елдің хандары * Балғожа бидің баласына жазған хаты * Жаз * Кел, балалар, оқылық * Қарлығаш * Қарға мен түлкі * Әй, достарым * Әй, жігіттер * Өзен * Өнер - білім бар жұрттар * Өсиет өлеңдер * Әңгімелер * Ізбасты * Айуанның естесі көп бірақ адамдай толық ақылы жоқ * Алтын -айдыр * Алтын шеттеуік * Асыл шөп * Ақымақ дос * Білгеннің пайдасы * Бір уыс мақта * Бай баласы мен жарлы баласы * Байұлы * Баланың айласы * Бақша ағаштары * Данышпан қазы * Дүние қалай етсең табылады * Жаман жолдас * Жамандыққа жақсылық * Жан-жануарлардың дауласқаны * Жиренше шешен * Жомарт * Жәнібек батыр * Зеректік * Киіз үй мен ағаш үй * Лұқпан әкім * Малды пайдаға жарату * Мейірімді бала * Мұжық пен жасауыл * Мұңсыз адам * Надандық * Оқудағы балалардың үйішіне жазған хаты * Петр патшаның тергелгені * Полкан деген ит * Салақтық * Сараңдық пен жинақтылық * Сауысқан мен қарға * Сақып * Силинші деген ханым * Сәтемір хан * Таза бұлақ * Талаптың пайдасы * Тышқанның өсиеті * Түлкі мен ешкі * Тәкәпәршілік * Шеше мен бала * Қанағат * Қарға мен құрт * Қыпшақ Сейітұлы * Үнді * Үш ұры * Әділдік * Әдеп * Әке мен бала * Әлім кісі * Өрмекші, құмырсқа,қарлығаш * Өтіріктің залалы ## Дереккөздер Қазақстан тарихы (XVIII ғасыр — 1914 жыл). Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. 2-басылымы, өңделген. Алматы: Атамұра, 2012. — 344 бет, суретті, карталы. ## Сілтемелер * Ыбырай Алтынсарин * Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар және жасөспірімдер кітапханасы Мұрағатталған 31 наурыздың 2022 жылы.
Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова (шын есімі Ілия, майдандас достары «Лия» деп атапты) (1925 ж. 15 маусым (кейбір деректерде 25 қазан, 20 сәуір), Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қаз КСР – 1944 ж. 14 қаңтар, Псков облысы Новосокольники ауданы, Казачиха ауылы, РКФСР) — қазақ Кеңес Одағының Батыры (1944), мерген, ефрейтор. ## Өмірбаяны 1925 ж. 25 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында дүниеге келген. Жетіру тайпасы Табын руынан шыққан. Бала кезінде анасынан айырылып (1933 ж.), кейіннен Алматыда ағасының қолында тұрған, ал 1935 ж. бастап Ленинград, Красногвардейский ауданы, Гурдин көшесіндегі №46-шы балалар үйінде тәрбиеленген. Санкт-Петербургтегі 9-орта мектебінде оқыды. Оқудағы озаттығы және үлгілі тәртібі үшін Әлия Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері – Артекке жіберіледі. Артекте батырлар тақтасына Рубен Ибаррури, Тимур Фрунзе сияқты батырлармен қатар Әлия Молдағұлованың да суреті енгізілген. Соғыс басталған соң балалар үйімен бірге Ярославль облысының Вятское селосына эвакуацияланған. Вятское орта мектебінен 7-сыныпты бітірісімен Рыбинск авиациялық техникумына түседі, бірақ көп ұзамай (1942) ЖШҚӘ-ға (Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскері) майданға жіберу туралы өтініш жібереді. 1943 ж. Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 ж. бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. 1944 ж. 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты. Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 ж. 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы берілді. Ленин орденімен марапатталды. Новосокольники ауданының Монакова ауылында жерленген. Әлия есімімен көшелер, ондаған мектептер (Мәскеудегі № 891 орта мектебі, Шымкенттегі № 29 орта мектебі, Новосокольники № 72 орта мектебі, Оралдағы № 38 орта мектебі), Әскери-теңіз флотының кемелері, Каспий жүк таситын теплоходы аталған. Ақтөбе, Астана, Алматы, Мәскеу, Санкт-Петербург , Новосокольники қалаларында ескерткіштер орнатылған. Ақтөбеде облыстық мемориалды музей жұмыс жасайды. ## Әлия атындағы ескерткіштер * Новосокольники қаласы (авторы М.Әйнеков) * Ақтөбе (Л.Рапутов, Е.Штамм) * Ақтөбедегі Мемориалды кешен (авторы Б.Әбішев) * Әліпбайсай ауылы (Б.Әбішев) * Алматыдағы “Шығыстың қос жұлдызы” атанған Әлия мен Мәншүкке арналған мемориалдық кешен * Мәскеуде ескерткіш (Б.Әбішев) * Мемориалдық музейдегі бюсті (О.Шанов). ## Ә.Молдағұлова атындағы көшелер Ақтөбе, Мәскеу, Санкт-Петербург, Тараз, Астана қалаларында ## Суреттері “Әлия” (С.Әлімбетов), “Мәңгілікке сапар” (А.Ануфриев), “Ауыл Бұлақ” (А.Корват), “Мерген Әлия Молдағұлова” (А.Сапугов), “Мерген Әлия”/күріштен жасалған/ (Ф.Терещенко), “Әлия” (О.Нұржұмаев), “Бұлақтағы Әлияның үйі” (Н.Өтегенов), “Соңғы көктем” (Т.Телеушев). ## Гобелендер “Әлия” (М.Нартов, Н.Рахманқұлов), триптих “Әлия” (Б.Атыраубаев). ## Әлияға арналған мұражайлар Облыстық мемориалдық музей /Ақтөбе қаласы/, №891 Мәскеу орта мектебінде, №140 Санкт-Петербург орта мектебінде, Әліпбайсайдағы патриоттық орталығы. ## Әлия туралы шығармалар “Әлия-Мәншүк” жинағы, “Песнь Праматери Хобды” (А.Утегенов), “Гүл-ғұмыр” поэмасы, ән “Он тоғыз жас” (Е. Ашықбаев), ”Қызғалдақ-ғұмыр Әлия” мен “Сағыныш”әні (Г.Аймаханова), “Әлия” әні (Б.Тәжібаев пен С.Байтереков), “Ару қыз, ержүрек қыз, Әлия қыз” әні (композитор Қ. Қожанбаев), “Әлия”әні (Ә.Садуакасова), “Әлия”деректі повесі (Ә.Оралбай), “Әлия-Мәншүк” поэмасы (Т.Молдағалиев), “Әлияның жүрегі” (Я.Хелемский), “Әлия Молдағұлқызы” повесі (Ж.Жұмақанов), “Әлия” дастаны (С.Жиенбаев), “Шығыс шынары” повесі (Ә.Нұрмаханова), “Әлия” поэмалары (К.Деркаченко, Р.Трофимов), балет “Әлия” (М.Сағатов), “Әлия” атты деректі фильм (режиссер Ю.Пискунов) және «Снайперлер» фильмі (реж. Б. Шәмшиев), “Әлия” спектаклі (Ә.Тарази), “Жарық жұлдыздар” поэмасы (С.Жиенбаев). Сейдолла Бәйтерековтің “Әлия” әнін орындаған әнші Роза Рымбаева дүниежүзілік байқауда лауреат атанды. ## Дереккөздер
* Алтынсарин – Қостанай облысы Қамысты ауданындағы ауыл. * Алтынсарин – Қостанай облысы Қостанай ауданындағы ауыл. * Алтынсарин – Түркістан облысы Жетісай ауданындағы ауыл.
Амангелді Смағұлұлы Шабдарбаев (1 тамыз 1950, Қаскелең ауданы, Алматы облысы, Қазақ КСР) — Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы. ## Қысқаша өмірбаяны 1950 ж. тамыздың 1-і Алматы облысының Қаскелең ауданында дүниеге келген. Ысты руынан шыққан. Қазақ дене шынықтыру институтын, Мәскеу қаласындағы КСРО МҚК Жоғары курстарын бітірген, оқытушы-жаттықтырушы, заңгер мамандықтарының иесі. 1974 ж. КСРО Қарулы Күштерінде қызмет еткен. 1976 ж. Қазақ КСР Мемлекеттік қауіпсіздік комитетіне қызметке ауысады. Қызметін жедел уәкіл және аға жедел уәкіл лауазымдарында атқарды. 1986 ж. мемлекеттік қауіпсіздік органдарынан қызметтен кетеді. «Қазмұнайжолқұрылысы» тресінде бастапқыда шебер, кейін бастықтың орынбасары болып жұмыс істейді. 1992 ж. Қазақстан Республикасы Президентінің дербес Күзет қызметін құрудың ұйытқысы болды. 1995 ж. қарашада ҚР Мемлекеттік Тергеу комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалады. 1997 ж. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «А» Қызметіне басшылық жасайды. Орталық мемлекеттік органдарды жаңа астанаға көшіру кезеңінде А.С.Шабдарбаев Президенттің Күзет қызметі бастығының орынбасары болып қайта оралады. 2002 ж. қаңтардан — ҚР Президенті Күзет қызметінің бастығы. 2006 ж. наурыздың 2-інде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен генерал-лейтенант А.С. Шабдарбаев ҚР ҰҚК төрағасы болып тағайындалды. ## Марапаттары II дәрежелі «Даңқ» орденімен, сондай-ақ ТМД елдерінің көптеген үкіметтік және ведомстволық наградаларымен марапатталған. ## Үйлік жағдайы Үйленген, төрт баласы бар. ## Сыртқы сілтемелер * Ұлттық қауіпсіздік комитеті ## Сілтемелер * ҰҚК * Даңқ * Қазақстан * ТМД ## Дереккөздер
Қазыбек би, Қазыбек Келдібекұлы — қазақ халқының XVII–XVIII ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүз арғын тайпасының қаракесек руына кіретін болатқожа атасынан шыққан ол 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек – есімдері елге белгілі әділ билер болған. Қаз дауысты Қазыбектің оқыған жерлері, алған білімі туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен, ел аузындағы әңгіме, аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәміздерін, ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығын айқын аңғартады. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткен. Би Әз Тәукенің тұсында хан кеңесінің белді мүшелерінің бірі болса, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай ел билеген кезеңдерде де мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі-сыртқы саясатта ақыл-кеңестер беріп отырған. Бидің жастық шағы мен бүкіл саналы өмірі қазақ елінің өз ішінде рулық-тайпалық алауыздықтар мен хандық билікке таластың неғұрлым өршіген, көрші мемлекеттердің көз тігуі жиілеп, Жоңғар шапқыншылығы үдей түскен кезеңге тап келді. Ел аузындағы аңыз-әңгімелерге қарағанда, ол Тәуке ханның белгілі би-батырлары бастаған елшілігіне ілесіп алғаш рет қалмақ қоңтайшысы Цэван Рабданға барғанында 14 жаста екен. Қылышынан қан тамған қаһарлы қалмақ ханының алдында қазақ билері жасқаншақтық танытып, күмілжіңкіреп қалған сәтте жасөспірім Қазыбек: “Дат, тақсыр!” деп жұлқынып алға шығады да: “Қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзасына жылқының қылын таққан елміз.Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз.Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз.Бірақ асқақтаған хан болса – хан ордасын таптай білген елміз.Атадан ұл туса – құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса – күң боламын деп тумайды, ұл мен қызын жатқа құл мен күң етіп отыра алмайтын елміз.Сен темір болсаң, біз көмірміз – еріткелі келгенбіз, қазақ-қалмақ баласын теліткелі келгенбіз.Танымайтын жат елге — танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең – шабысқалы келгенбіз.Сен қабылан болсаң, мен арыстан – алысқалы келгенбіз, тұтқыр сары желіммен жабысқалы келгенбіз.Бітім берсең – жөніңді айт, бермесең – тұрысатын жеріңді айт!” – депті. Жас баланың бұл сөздерінен бас алыспақ батырлықты да, ынтымаққа шақырған ізгілікті де аңғарған қалмақ ханы әділдікке жығылып, өжеттігі мен шешендігіне риза болып: “Дауысың қаздың дауысындай екен, бұдан былай сенің есімің Қаз дауысты Қазыбек болсын”, – деген екен. Соның арқасында елшілік жау қолындағы 90 тұтқынды шабылған мал, тоналған мүлігімен шашау шығармай қайтарып алып, елге олжалы оралған екен. Қазыбек бұдан кейін де жоңғарларға екі рет елшілікке барып, ел намысына дақ түсірмей, көздеген мақсатын орындап қайтқан. Тәуке хан үйсін Төле, алшын Әйтеке, арғын Қазыбек билерге жаңа заң жобасын – “Жеті жарғыны” жасатып, Күлтөбенің басында бүкіл халық алдында қабылдатты. Сөйтіп, ұлы үш бидің көмегімен ел ішіндегі әдет-ғұрып нормалары, жер-су, қоныс иеліктерінің мөлшері, жесір дауы, құн төлеу, кек алу, ұрлық-қарлыққа тыйым салу, ағайын-туыс, ру арасындағы дау-дамайлар, ел бірлігі, мемлекет басқару, Отан қорғау, сыртқы жаулардың шабуылдарына тойтарыс беру, ұрпақ тәрбиесі, т.б. мәселелердің шешілу жүйесі жаңаша белгіленді. Ел “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” нәубетіне ұшырап, қатты күйзеліске түскен кезеңде Қазыбек би өзге де билермен бірге Сәмеке, Әбілмәмбет хандардың, Барақ, Батыр, Абылай сұлтандардың арасын жарастыруға күш салды, оларды өзара ынтымаққа шақырды. Орыс патшасымен достық қарым-қатынас орнатуды жақтады. Абылай сұлтан тұтқынға түсіп қалғанда Қазыбек би Абылайды құтқару үшін қолдан келген барлық дипломаттық айла-әрекеттерін жасаған. Би 1762 жылы Абылай сұлтанға Қытай боғдыханынан іргені аулақ салуға кеңес берген. Қазыбек мемлекет істерімен қатар руаралық, сұлтандар арасындағы кикілжің тартыстарға да әділ билігін айтып отырған. Орыс патшасының өктемдігіне қарсы 1740 жылғы башқұрттар көтерілісінің басшысы Қарасақалдың Қабанбай батырға бармас бұрын Қазыбек биге келіп паналағаны белгілі. Ал Барақ сұлтан қысастықпен 1748 жылы 24 тамызда Кіші жүз ханы Әбілқайырды өлтіргенде, мұны ел бірлігіне іріткі салатын қылмыс деп бағалаған. Би 18-ғасырдың 40-жылдарының басында Сыр бойынан Арқаға қарай көшіп, Ұлытау, Қарқаралы өңірін қоныс қылып, Семізбұғы тауының беткейлерін жайлаған. Қазыбектен: Бекболат, Қазымбет, Базаргелді, Барқы, Сырымбет есімді бес ұл, Маңқан (Қамқа) деген бір қыз туған. Қазыбек ұрпақтары ата-баба жолын қуып, сөз ұстаған парасатты әділ қазылар атанған. Баласы Бекболат, одан кейінгі Тіленші, Алшынбайлар да дүйім жұртты аузына қаратқан әділ де тура билер болған. Белгілі әнші-композитор Мәди Бәпиұлы да Қазыбек бидің ұрпағы. Қазыбек би 1764 жылы Семізбұғы тауының етегіндегі Теректі қыстағында 97 жасында дүниеден өткен. Денесін баласы Бекболат Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне апарып жерлеп, басына құлпытас орнатқан. Қазыбек бидің қайраткерлік қызметі мен шешендік өнері туралы Алексей Левшин, Шоқан Уәлиханов, Шаһабуддин Маржани, Балтабай Адамбаев, Нысанбек Төреқұлов, т.б. зерттеулері сақталған. Жазушы Софы Сматаевтың “Елім-ай” романында кемеңгер бидің келісімді тұлғасы жасалған. Қарағанды облысында бір ауданға, Алматы, Шымкент қалаларында көшелерге би есімі берілген, ел ордасы – Астанада ескерткіш орнатылған. Қазыбек бидің әдеби мұрасы әр жылдарда баспадан жарық көрген шешендік сөздер жинақтарына енгізілген. ## Қосымша ақпараттар Қазыбек Келдібекұлы (1667-1764) Сырдария жағалауындағы ауылда туып, жастық шағын Қаратау, Ұлытау атырабында өткізсе керек. Қазақ шежіре деректері бойынша, Қазыбек Арғынның Қаракесек (Болатқожа) руынан. Сол Қаракесектің бір атасынан Бұлбұл, одан Шаншар туады. Бұларда оқыған, тоқығаны көп, ақылгөй абыз, шешен би көп өткен. Шаншардың екінші әйелі Айбикеден Келдібек, Тыныбек, Жәнібек, Есіркеп (оларды ел "төрт бегі" деп те атаған) тарайды. Келдібек кезінде аузына ел қаратқан белгілі шешен, би бопты. Ол отыз жасқа келгенше үйленбей жүріп алыпты. Оның себебін ел былай аңыз етеді: Бұлбұл бабасы түсінде - сен қатын алмайсың, ешбір әйелге көзіңді салмайсың. Алатын әйелің мынадай болады: ұзын бойлы сары қыз, оң аяғы ақсақ, оң жақ құлағының түбінде танадай меңі, екі емшегінің арасында алақандай қалы болады. Сен соған үйлен - депті. Айтқанындай Келдібек сол қызға кеш жөнекей кездесіп, танысады. Ол қыздың аты Тоқмейіл екен. Айттырып алмақ боп жүргенде әке-шешесі: - Балам-ау, басқа сұлу қыздар тұрғанда, өзі түсі келмеген қыз екен, уәделескен құда, жегжаттарды қайтеміз? - дегенде, Келдібек: Қаймағын піскен сүттің алдым қалқып, Аяғы ақсақ болғанмен, ақылы артық. Көзі қыли, сөзі мен ісі түзу. Сөйлескеннен өн бойым кетті балқып, - депті. Тағы бірде құрбы-құрдастары Келдібектің үйінде отырып, оны кекетіп, келемежге айналдыра беріпті. Сонда жаңа түскен жас келіншек әдеппен сыпайы ғана: Көзім қыли, жасырмаймын, ақсақпын. Келдікеңмен сондай тату жақсы-ақпын. Татулықтың белгісіндей тамаша, Төрт Бошанды билейтін ұл таппақпын, - дегенде, әлгілер "бұл тегін адам емес екен, қалжыңды қояйық" десіпті. Айтқанындай-ақ, Тоқмейіл анадан атақты Қазыбек би дүниеге келеді. Сол Тоқмейілден Қазыбек, Сәдімбек, Асан, Балапан, Үсен, Бөдене деген алты ұл туады. Бұларды ел "ақсақтың алтауы" деп атап кетеді. Қазыбек туғанда анасы: "Айналып-толғанып өсірсем, Ақ сүтімді кешірсем, Адалдан болар нәсібің. Тіліңнен болар кәсібің", - депті. Сәдімбек туғанда айтыпты: "Осы шіркін ызақор болар, емшегімді емерде, ашуланып тырналаушы еді" депті. Асан туғанда "осы шіркін даңғой болады-ау" депті. Балапан туғанда, "осы шіркін шешен болар" депті. Үсенге "кербез боларсың" депті. Бөдене туғанда "батыр болар ма екенсің" депті. Бәрі сол дауагер анасының айтқанындай боп ержетіпті. Қазыбек бала жасынан шешендік өнерге бейім өседі. Ол ел арасындағы айтылып жүрген дана сөздерді, мақал-мәтел, нақылдарды өткендегі ақын» жыраулардың тақпақ, терме, толғауларын, шешен, билердің ұтымды сөздерін есіне сақтап жүреді. Әсіресе, әке тәрбиесі оған мол өсер етеді. Жасынан ел билігіне араласады.[7][өңдеу] Қазыбек би жайлы әңгімелер[өңдеу] Қазыбек би жайлы әңгіме Қазыбектің шешен алғырлык, әділдік қасиеті жеті жасынан-ақ көзге көріне бастапты деседі бір аңызда. Ертеде ас беріліп, бәйге жарыс болып жатқанда бір құла қасқа жүздеген аттан озып келеді. Тойханада жүрген бір жігіт: - Мынау менің тай күнінде жоғалтқан бөсірем, - деп, оның шылауына орала кетеді. Бөйгеге қосып тұрған адам: - Өзімнің құла биемнен туған атым, - деп оған жеңістік бермейді. Осы арада дау-жанжал туады. Көпшілік ол екеуін: - Келдібек биге жүріңдер, - деп ертіп барады. Келдібек екі жағын сұрастыра келіп, не істерін білмей отырып қалады. Сонда әкесінің жанында отырған жеті жасар Қазыбек екі даугерге қарап: - Қандай дәлелдерің бар, айтып көріңдерші? - дейді. Құла қасқаны бәйгеге қосқан кісі: - Енесін бір көрсем, одан туған төлді дөп айта аламын. "Тай күнінде жоғалтқан бөсірем" деген жігіт: - Мал бағып өскен қазақпыз ғой. Енесін көріп төлін, төлін көріп енесін айнытпай табамын. - Олай болса, - дейді Қазыбек бала, - анау көгендеулі тұрған қозы, лақтан, екеуің екі қозы ағытып әкеліңдер?! Екі жігіт жарайды деп, көгеннен екі қозы жетектеп келеді. - Енді, - дейді Қазыбек, - екеуің өріске барып, осы екі қозының енесін танып әкеліңдер? Екеуі өріске барып, екі саулықты әкеледі. - Қозыны енесіне салыңдар, - дейді бала. Ат қосқан жігіт қозысын енесіне салса, әлгі әкелген саулығы алмайды, қозы да жеріп қашады. Ал, "тайында жоғалтқан бөсірем" деген жігіт қозысын саулыққа салса, иіскелеп, қозыны емізіп тұра қалады. Сонда Қазыбек атқа иелік етіп жүрген кісіге: - Ал, ағайын, мына жігіттің мал тапқыштық қасиетіне күмәніңіз бар ма? - деп сұрайды. Ол төмен қарап үндемей қалады. Қазыбек көпшілікке қарап: - Қане жұртшылық, бұған сіздер қалай қарайсыздар? - дегенде, айнала төңіректеп тұрғандар: - Бала дөп шешім айтты, атасына рахмет, бәйге құла тай күнінде жоғалтқан жігіттікі, - десіп, тарапты. Қазыбек би жайлы әңгіме Ертеде бір байдың Ақбалық деген жалғыз қызы толықсып бой жеткен шағында, мырза-серілердің бірін де қаламай өз үйінің кедейліктен басқа міні жоқ қойшысы Қозыбаққа ғашық бопты. Қыздың әкесі момындау, бірақ ағалары "бесқасқа" атанған "сен тұр мен атайындар" екен. Ата-ана, жақын туыстары Ақбалықты жылатпай өзінің сүйгеніне қосыпты. Ақбалық төркінінен түк жасау алмай, қотан шетіне отау тіктіріпті. Бұған намыстанған ру басшылары Қаз дауысты Қазыбекті шақыртады. Қазыбек қызды сынау үшін әдейі бір топ кісімен Ақбалықтікіне кеп түсе қалады. Қозыбақ койын жусатып тастап, үйіне жаңа келген екен. Қазыбек би амандық үстінде Ақбалық сұлуды қағытып: - Е, қарындас, мәнді сөзден мән шығады, бимәнді сөзден не шығады? Жапалақ аққуды іліпті, одан не мән шығады?! - дейді. Ақбалық сұлу осы арада мүдірместен: - Рас, мәнді сөзден мән шығады, мәнсіз сөзден не шығады? Жапалақтың аққуды ілгеніне таңырқайсыз, оның тағы да бір сарыала қаздан дәмесі бар, - депті. Қазыбек қыздың қойшыны шын ықыласымен сүйгеніне риза болып, намыс қуған ағайын-жұртына: Байлық мұрат емес, Жоқтық ұят емес, Теңін тапқанды тегін бер, Қосағымен қоса ағарсын, - деп, тоқтам салып кетіпті. Қазыбек би жайлы әңгіме Қаз дауысты Қазыбек, Жәнібек, Әлібек үшеуі ел аралап келе жатқанда жол бойында бір қария жолығады. Қарияға сәлем беріп, Жәнібек мынадай сауал қояды: - Уа, ақсақал, ауыл берекесі қайтсе кетеді? Ақсақал сәл ойланып, былай дейді: - Ауыл ақсақалы шала болса, Жігіттері алты ауыз ала болса, Ә десе, мә дейтін. Жасы үлкеніне жасы кішісі сен десе. Сол ауылдың берекесі кетеді. Қаз дауысты Қазыбек тұрып: Келінің керіске сай болса, Қызың сумақай болса, Сол үйдің берекесі түгел кетеді, — Әйелің жақсы болса, Досың жаныңа жиналып, Рахаттанар қонағың. Әйелің жаман болса. Досың сенен безініп, Үйіңнен кетер қонағың, - - Уа, қария үй берекесі қайтсе кетеді? - дейді. - Әйелің қабағын түйіп керілсе, Шай құйып беруге ерінсе, Ұлың ұрысқа сай болса, деген екен қария саспастан. Әлібек мынадай сұрақ қояды: - Ия, ақсақал, не жақсы? Ақсақал мүдірмей жауап беріпті: - Атың жақсы болса, Тіршілікте мінген пырағың. Балаң жақсы болса, Жанып тұрған шырағың. - Ал, не жаман? - Атың жаман болса, Тіршілікте көрген азабың, Балаң жаман болса, Ғұмырлық көрген азабың. депті. Аксақалдың мағыналы жауабына тапқырлығына риза болған билер ауылдарына ертіп барып, қонақ етіп, тон кигізіп, ат мінгізіп жіберіпті. Қазыбек би жайлы әңгіме Бұқар жыраудың қартайған кезінде көңілін сұрамақ болып Қаз дауысты Қазыбек би келеді. Төсекте жатқан Бұқар жырау: - Бірден онға дейін санның мағынасын маған ешкім айтып бере алмады, Қазыбек, сен айтып берші? - деген. Сонда Қазыбектің берген жауабы: - Бір дегеніңіз - бірлігі кеткен ел жаман. Екі дегеніңіз - егесіп өткен ер жаман. Үш дегеніңіз - үш бунақты шідерден шошынар ат жаман. Төрт дегеніңіз - білікті адамнан белгілі бала тумаған жаман. Алты дегеніңіз - аймағын билей ал маған кісі жаман. Жеті дегеніңіз - жетем деген мақсатына жете алмаған жаман. Сегіз дегеніңіз - серкесіз бастаған қой жаман. Тоғыз дегеніңіз - толғанғаныңыз. Он дегеніңіз - өткеніңіз, о дүниеге жеткеніңіз. Қазыбек би жайлы әңгіме (Тағы бір нұсқа) Қаз дауысты Қазыбек ел аралап жүріп бір үйге түсіпті. Ерінің үйде жоғына қарамастан, әйелі қонақтарды жақсы күтіпті. Сонда Қазыбек "Әйелі мұндай, мұның ері қандай екен?" - деп, отырғанда үйіне ері келеді. Қараса, ері ұя бөріктеу ғана адам екен, Қазыбек әзілдеп, жолдастарына қарап былай депті: - Жарандар, бұл сөзімнің мәнісі бар, Мәнсіздің мәндіменен не ісі бар? Құданың құдіретіне қарап тұрсам, Жапалақ үйрек алған бір ісі бар. Сонда әйел Қазыбектің сөзіне түсініп қалып: - Биеке, ол сөзіңнің мәнісі бар, Мәнсіздің мәндіменен көп ісі бар. Жапалақ ілген құсын місе тұтпай, Әлде де қоңыр қаздан дөмесі бар, - депті. Сонда Қазыбек әйелге риза болып: Балаң жаман болса, Көрінгеннің мазағы емес пе! Атың жаман болса, Шыбын жанның азабы емес пе! Қатын жаман болса, Бұл жалғанның тозағы емес пе! Туған балаң жақсы болса, депті. Тән мен жанның шырағы емес пе! Мінген атың жақсы болса, Бұл дүниенің пырағы емес пе! Алған жарың жақсы болса, Жиғаның мен мейманыңның тұрағы емес пе! - боп бас қосып: "Қалмақта шынымен-ақ ұлымыз құл, қызымыз күң болып кеткені ме? Қол жинап, бір шайқассақ қайтеді?" - деп Абылайдың алдына келіпті. Сонда Абылай: "Біз өлі де тілі өткір елші жіберіп сынасқанымыз жоқ, іріктеп елші жіберейік, оған есе бермесе, шайқасайық!" - дейді. Осыған халық бәтуа қылып, сөз байласады. Бұл жұмысты Қаракесек Келдібек биге жүктейді. Келдібек өзі бара алмай, өзіндей кісі таба алмай, ақыры Қазыбек деген баласын жіберіп сынамақшы болып, оның үйіне келсе, Қазыбек үйде жоқ екен, оны желі басынан табады. Балам жөн айтуға, жол айтуды біле ме екен деп сынайды. - Балам, сен кімнің баласысың, жөніңді айтшы? - дейді. - Атым Қазыбек, әкем Келдібек, Шаншардың немересі боламын, - дейді баласы. - Балам, сенің осылай асық ойнап, тай үйретіп жүргенің жақсы ма, жоқ жақсылардың қасына еріп ел танып, жер танып, сөз танығаның жақсы ма? - Балалық дәуір де өтеді екен, оны да тастағым келмей түр, бірақ жақсылардың қасына еріп ел танып, жер танып, сөз таныған теріс болмас, - дейді Қазыбек. - Олай болса, балам, үйге қайтшы! - дейді әкесі. ...Қасына он кісі ертіп, астына "Телқоңыр" дейтін тайды ерттетіп беріп, Келдібек баласын қалмақ ханына жібереді. "Телқоңырды" мін деуінде де себеп бар екен. Бір күні Келдібек жылқысын қаптатып келе жатып, қара жал құла қулықтың іші жер сызып, жылқыға ере алмай, ептеп басып келе жатқанын байқайды: "Мынаның ішінде тас бар ма, тұлпар бар ма? Бір құлынды мұнша неге ауырлайды жануар!" - дейді. Күндердің күнінде бие құлындап, құлын биенің мойнына артылып ойнап жүреді. Келдібек: - Бұған бір қулықтың сүті не болады дейсің, екі биенің сүтін емсін, қызыл тарлан бас мама сүтті бие еді, соның құлынын өздерің сойып же дағы, соған теліп жібер, - дейді жылқышыға. Құлын сол екі биенің сүтін емгендіктен "Телқоңыр" атаныпты. Келдібектің тауға-тасқа салса қайтпайтын бір жарамды жігіті бар екен. Ат-тонын сайлап, кісісін онға толтырып, сол жігітті Қазыбекке қосып беріпті. - Қанша айтқанмен мынау бала ғой, бақылап жүрерсің, - деп тапсырыпты жігітке баласын. Сөйтіп: - Бар, Абылай ханға сәлем бер! - деп коя беріпті. Абылай бастаған топ бір дөңнің басына шығып тұр екен, самсап тұрған сары қолға атының маңдайын тура қойып, жетіп келіп, Қазыбек Абылайға сәлем беріпті. Абылай сәлемін алған соң: - Сен кімнің баласысың? - деп сұрапты. - Атым Қазыбек, әкем Келдібек, - депті бала. - Мен ауылда жүргенде балалардың басшысы едім, енді ағаларымның атшысы болайын деп келдім. Тай бәйгесі мен құнан бәйгесін көріп едім, енді ат бәйгесіне қосылайын деп келдім, - дейді бала. Сонда Абылай қарқ-қарқ күліп: - Жарайды, балам, жарайды, барсаң бар. Тайың да жақсы екен, сөзің де жақсы екен! - дейді. Сонымен Абылай: "Жүріңдер, мен сендерді біраз жерге шығарып салып қайтайын", - дейді. Қол дабылды қағып жіберіп жүріп кетеді. Ыңғай жаратып, таңдап мінген қаз мойын, қамыс құлақтар, еттері қызып, біреуі желіп, біреуі жорғалап келеді. Телқоңырдың еті қызған сайын аузынан көбік шашып, алды-артын орап, ортекедей ойнап отырады. Ауыздығымен алысып, баланың колын қиып жібере жаздап келе жатқанда, Абылайдың балаға тағы да назары ауады. - Балам, сен бері келші? - деп Қазыбекті қасына шақырып алады. - Сен шыныңды айтшы, атшы болғың келе ме, басшы болғын келе ме? - дейді. Сонда бала: - Тәуірі, мен жол көрген ағаларымның қасында басшы болып не қылайын, атшы болсам да жарар! - дейді. Сонда Абылай бір төбенің басына жұртты иіре тұра қалып: - Ал, жігіттер, барыңдар! Жолдарың болсын, алдарың олжаға толсын, басшыларың Тайкелтір би болсын, хандарың Қарқаралы хан Бертіс болсын, батырларың Малайсары болсын, атшыларың мына Қазыбек бала болсын. Үлкендеріңді кішілерін сыйлаңдар. Көп арасында мына Қазыбек сықылды кішінің де сөзін тыңдаңдар. Жат елдің алдында жақсы елдің баласы құсап тұрыңдар. Калмақтың ханы Қоңтажы тасып жүрген хан еді! "Қол бастайтын батырмын, жол бастайтын көсеммін, сөз бастайтын батыр болу да қымбат, жол бастайтын көсем болу да қымбат. Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан. Елдесе алмай жауласа кетсек, сендердің шеберсіздіктеріңнен болады. Жауды алмас қылышпен де көндіруге болады, өткір сөзбен де көндіруге болады; мылтықпен дөпдеп атып жығуға да болады, сөзбен дөпдеп айтып жығуға да болады. Ауыздан шыққан сөз атылған оқпен бірдей, қайтып ала алмайсыңдар. Сөз сөйлегенде ойлап сөйлеу керек, - дейді. Сонда Бертіс тұрып: - Хандық дәуірді басынан өткізген біз осы жолы сауын сүт қылып қайнатпасақ бізден қатын артық; қасықтай қанымызды, шыбындай жанымызды салып көрерміз, - деп міндетіне алғандай болады. Сонымен Абылай қош айтысып қайтып кетіпті, елшілер ілгері жүріп кетіпті. Елшілер бірнеше қиыншылықты бастан өткізеді, аязды күні аттарына қар тепкізеді, әлденеше қиын асу белдерден де асады, суы ащы көлдерден де асады. Сұрай-сұрай Тарбағатай тауының таң жағында, Алтай тауының оң жағында отырған хан ордасына барып жетеді. Кешке жақын Қазыбек жетіп барып: "Қазақ елінің елшісі келдік, қайда орналасамыз?" - деп ханға хабар айтады. Сонда хан ордада уәзірлерімен бас қосып отыр екен. - Сойыс қылып шығынданбай-ақ бөліп-бөліп қонақ қылыңдар, - деп оннан-бестен отырған уәзірлеріне хан табыс қылады. Сонда Қазыбек: "Менің жүз атым бар, жүз кісі атшым жоқ, атты тарата алмаймын, бір жерден орын берсін", - дейді. Басқасының албарына барлық ат сыймай, хан өз албарына байлатқан екен. Қазыбек аттарды оннан топтап байлатып, ат үстінде тұрып реттеткен екен. Сонда ханның әйелі: "Тайға мініп бала да келген бе?" - деп далаға шығып назар салып, Қазыбекке қарап тұрыпты. Сол күні кешке хан ордасына уәзірлерін, билерін жиып, ханымын қасына алып кеңесіпті. Сөзді өзі бастап: - Қазақ халқы бізді қамап келіп жатыр, тайға мінгізіп бір баланы да жіберіпті. Абылайдың бізді келеке қылғаны ғой! Менің ойым мынау: келекеге келген қылып, осылардың кісілерін қырып тастап, аттарын жылқыға қоса салсақ қайтеді? - депті. Барлық қалмақ "мақұл-мақұл" деп шу ете түсіпті. Сонда ханым тұрып: - Хан, ол дұрыс болмас. Қазақ деген қабырғалы қалың ел ғой. "Елшіге өлім жоқ" деген. Жат елдің елшісі келгенде, хандық қасиетіңді сақтап, сөзін тыңдау керек. Сен жүз кісіні өлтіріп жайлана алмассың, жүз атты жылқыға қосып бай бола алмассың. Тай деген тұлпар болып жүрмесін, бала дегенің сұңқар болып жүрмесін, байқау керек, - деген екен. Сонда хан тұрып: - Олай болса, елшілерді ертең ордаға жинаңдар, өзіме өзі, сөзіме сөзі сай келетін адамы болса оны көрейін, сай келмейтін болса жазасын сол арада берейін, - деп уәзірлерін таратыпты. Ертеңіне хан ерте тұрып, өзінің бір данышпан сыншы қариясы бар екен, сол сыншысын шақыртып алып: - Мынау қазақ елшілері келіп жатыр, олардың сөзіне есе берсек, сүбемізді суырып кететіні бар ма екен, сен барып осыларды сынап келші, - дейді. Қария: "Жарайды", - деп қолына таяғын алып, көпшілікке келіп әрқайсысымен екі-үш ауыз сөзге келіп, бұлардың ішінен ештеңе таба алмағандай болады. "Алыстан келген ел ғой, ат-тоны қандай, сайлы ма екен", - деп аттың ішін аралайды. Аттың ішіне барса, Қазыбек аттың ішінде шалқасынан түсіп ұйықтап жатыр екен. Екі қолы екі жақта, екі аяғы екі жақта, аузынан жалын атқылап жатыр. Қария баланы ары-бері айналып тұрып қалады. Осыны ханға айтып барады: - Мен мынау көпшіліктің ішінен сен шошитындай адам таба алмадым, бірақ мен басқа бір нөрседен шошып келдім, - депті. Хан "неден шошыдың?" - дейді. - Жылқының ішінде бір бала жатыр, екі аяғы екі жақта, екі қолы екі жақта, құлаш ұрып жатыр екен. Аузынан жалыны атқылап тұр екен. "Аузым жеткенше сөйлеймін, қолым жеткенше сермеймін, аяғым жеткенше жүремін, төңіректің төрт бұрышына болса да сөйлесуге жараймын, халықты қара шыбындай аузыма үймелетемін", - деп тұр екен, - дейді. Сонда хан тұрып: - Сен де аузыңды басып, ақылыңнан шатасып жүр екенсін. Ол өзі бала болса, өзі аттың ішінде жатса, бұл жолы атына ие болып қайтар. Ол ер жетіп сүбемізді суырғанша талай өмір өтер. Олай болса, бұларды қамамайық, - дейді хан. Сонан соң олардың да ыңғайлы атқа мінгендей, ықшам киім кигендей жігіттері келіп: "Сөзге дәмелің қалмандар" деп шақырып келеді. Қазыбек те аттың ішінде қалмай, жігіттермен бірге хан ордасына кіріп келеді. Сонда хан тұрып ашулы жүзбен, түсін суытып, мұртын тікірейтіп: - Ия, қазақтар, неменеге келдіңдер, айтатындарың болса, айтыңдар, - депті. Бұлардың басшысы асып айтпайтын бұқпа кісі екен, "ә" дегеннен шарқылдасып, шаңқылдасып қайтеміз деген кісіше: Өлеңді өзгеге бердік, Өрлікті төменге бердік. Алдияр тақсыр, алдыңа келдік. Берсең алдық, Бермесең қалдық, Сөзді өзіңе салдық! - деп, үш-төрт ауыз тақпақпен сөзді тастай берді. Сонда асып тұрған тәкаппар Қоңтажы хан мерейі үстем болып:- Олай болса, кешке шейін бір жауап қайтарармын, жауап қайтпай қалатын күн болса, ат-тонның амандығында елді тапқан да теріс болмас, - депті. Сөйтіп, Тайкелтір үш-төрт ауыз тақпақпен сөзді тастай беріп еді, хан оны екі ауыз сөзбен үзіп тастады. Үзілген сөзді жалғап қазақ жағынан ешкім ештеңе дей алмады. Қазақ-қалмақ таразыға бір түскендей болды. Қазақ елшілері тығырыққа тығылғандай болып қалды. Сонда Қазыбек есік жақта отыр еді, айнала бір қарап, ешкім ештеңе демеген соң, орнынан атып тұрып: - Ерден ердің несі артық, Ептестірген сөзі артық. Малдан малдың несі артық, Бір-ақ асым еті артық, Жерден жердің несі артық. Бірақ уыс шөбі артық. Міндетіне алған сөзден, Шегінген жігіттен, Өлген аюдың өті артық, - дейді. Содан кейін Қоңтажыға жетіп келіп, қарысып тұрып: - Ел ебелек емес, ер кебенек емес, дат! - дейді. Сонда хан: - Өй, өзің жөніңді айтшы, атың кім? - депті. - Атым Қазыбек, әкем Келдібек, халқым қазақ, руым Қаракесек, - депті. - Дауысың қаз дауысындай қаңқылдап тұр екен, ал датыңды айтшы! - депті хан. Сонда Қазыбек: - Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәмі, тұзын ақтай білген елміз, асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз. Сен қалмақ та, біз қазақ, Қарпысқалы келгенбіз, Сен темір де біз көмір, Еріткелі келгенбіз, Екі еліктің лағын Теліткелі келгенбіз. Танымайтын жат елге Танысқалы келгенбіз, Танысуға келмесең, Шабысқалы келгенбіз, Сен қабылан да, біз арыстан, Алысқалы келгенбіз, Жаңа үйреткен жас тұлпар, Жарысқалы келгенбіз, Тұтқыр сары желімбіз Жабысқалы келгенбіз, Берсең жөндеп бітімді айт, Бермесең дірілдемей жөніңді айт, Не тұрысатын жеріңді айт! - депті. Сонда Қолғажы не дерін білмей сасып қалыпты. - Өзің сөзге келетін бала болатын болсаң, отырған орның қандай төмен еді, былай жоғары шықшы, жоғары! - деп қолтығын аша беріпті. Сонда Қазыбек: - Біздің қазақтың әдетінде жасына қарай отырып, жағына қарай сөз сөйлей береді, өзімнен үлкен ағаларым төрде отырса, маған төбеде отырғанмен бірдей, - деп жалт бұрылып орнына қайта барып отырады. Сонда Қазыбектің сөзі ханның басынан асып, хан не дерін білмей қалады. - Осылардың өздері келгелі әр үйде қонақтап жүр, алыстан келген елші ғой, ашулары бойында тұр екен, қонақ үйге алып барып, бір жерден күтімге алындар, - депті. Сонда хан нөкерлері: - Ал, қазақтар, қонақ үйіне жүріңдер, бір жерден күтім көріңдер, - деп алып шығып кетіпті. Қазақтар шығып кетеді, қалмақ бірыңғай қалып қояды. Барлық қалмақ жиылып, ханның қасына келіп: - Бір жұдырықтай баладан қарасуға түсіп, осынша дірілдеп кеткеніңіз не? - деді. Сонда Қонтажы тұрып: - Сендер білген жоқсындар. Сөзді өңменімнен сұғып айтқан кезде, екі иығымнан екі аю аузынан от шашып "тыпыр" етші, "көрейін" деп тұрды. Мінеки, мен содан қатты сескендім. Сендерге көрінбегенмен маған көрінді. Менің енді бұған қайтарып айтар сөзім жоқ, мал мен жанын есептеп алдына салып беріңдер, - деді. Мал, жанды есептеп, адамдарын қайтарған хан: - Мен хан болғалы, басыма бақыт қонғалы ешбір адамға тізе бүгіп көрген жоқ едім, жығылғанымды білдіріп, сіздерге біраз сый қылайын, - деп бұлардың басшы адамының әрқайсысына бір тоғыздан сый беріпті. Қазыбекке қарап: - Жаным, Қазыбек, сен жаңа үйреткен жас тұлпар екенсің, сенің айтқан сөзіңнен менің буыным шыдамай, сіресіп тұра алмадым. Сондықтан саған екі түрлі белгі беремін. Біреуі - сенің даусың қаздың даусындай қаңқылдап шығады екен, сондықтан сенің атың бұдан былай "Қаз дауысты Қазыбек" болсын: Екінші - Тоқсан жеті жүлдені саған арнап байладым, бұдан былай сен екі сыбағалы бол! - депті. Сүйтіп есеп-қисап бітіп, қазақтар қайтпақшы болды. Мал мен жанды алдына өрістетіп салып, олармен хан қош айтыспақ болып еріп шықты. Содан қош айтысамыз деп бір төбенің басына иіріле тұра қалды. Сонда қазақтын бір жас жігіті ортаға шығып айқай салыпты. - Уа, жиылған халайық, менің айтпағым мынау, - депті. — Мен басында қазақтың жылқышысы едім. Жылқы бағып жүріп жылқыммен қалмақтын қолына түстім. Мұнда келгеннен кейін бір уәзір ұрып тонымды тартып алды, өз ықтиярыммен бермеп едім, сабап тісімді сындырды. Атымды алып жаяу қалдым, тісім сынып сөзім бұзылды, осыған жиылған көпшілік не дейді екен? - депті. Сонда Қоңтажы тұрып: - Бұл немене, басында бір бітім болғаннан кейін аяғыңда еселеп даулай беру дұрыс бола ма? Тон дегенін бір тоқтышақтың терісі шығар, ат дегенің сырты түкті, іші боқты бір тай шығар; ал тіс сынса ауыз ішінде, қол сынса жең ішінде емес пе? - депті. Қазақ, қалмақ таразыға тағы түскендей болып қалады. Ешкім ештеңе дей қоймайды, сонда Қазыбек бала кейінірек тұр екен, атты борбайға тартып жіберіп, Қоңтажы ханның қасына жетіп келіп: - Тісі сынса - ауыз ішінде, қолы сынса - жең ішінде жүре беру керек деген не сөз! Оның үстіндегі жалғыз тоны жанат емей немене? Аузындағы отыз тіс, болат емей немене? Астындағы жалғыз ат қанат емей немене? Ханның бізбен қарыспай бітіскендігі рас болатын болса, жанатынан айырмай, болатынан майырмай, қанатынан қайырмай алғанын қайыру керек, қазақ қалмақтың сатып алған құлы емес. Бұл да біреудің ардақтап асыраған ұлы. Ерікті ұл азат болып қайтуы керек, - депті. Сонда Қоңтажы Қазыбек сөйлесе, аруағы асып кетіп, аузына сөз түспейді екен: - "Мә, жанатыңа жанатым", - деп жанат ішігін шешіп береді, "Мә, болатыңа болатым" деп болат семсерін береді: "Мә, қанатыңа қанатым" деп астындағы қарақасқа тұлпарын түсіп береді. Өзі ашынып тұрған жігіт осы жолы теңдікке колы тиетініне көзі жеткеннен кейін, жанат ішікті киіп, болат семсерді асынып, қара қасқа тұлпарға қарғып мініп алып: - Ал, менің де дауым бітті, енді қош айтысуларыңа болады, - депті. Сонда, мал-жанын түп-түгел қайырып алып, Қазыбек бастаған қазақ елшілері көшкен елдей гулеп жүріп кеткен де, қасында бір топ кісісі бар Қоңтажы танқалғандай мең-зең болып бір дөңнің үстінде қала беріпті. Қазыбек би жайлы әңгіме (Тағы бір нұсқа) Қазыбек би әйгілі боп тұрған шағында еліне жайлы қоныс іздеп Сарыарқаны шолып қайтуға кетеді. Соны сырттан есіткен қалмақ Қоңтажы дереу қалың қол аттандырып Қазыбекке қараған елді шаптырып алады. Ханның қолы малмен коса жүзге тарта ер балаларды да байлап әкетеді. Оның ішінде Қазыбектің өз баласы Қазымбет те кетеді. Өйткені Қазыбектің тұқымынан біреуді қайтсе де байлап әкелу жөнінде ханның тікелей тапсырмасы болған екен. Сарыарқаны қоныстыққа ұнатып елге қайтқан Қазыбек шабылған елін көрген соң, өзі басшы болып қалмаққа екінші рет жол тартыпты. Он төрт жасар бала күннің өзінде-ақ нелер тапқыр сөздер айтып бетін қайтарып тастаған Қазыбектен жасқанып Қоңтажы хан бітім жасауға көнеді. Әр түрлі балалардың ішінен өзіне керегін алып кету мақсатымен әртүрлі қулыққа салады. Сонда ханның көздегені Қазымбетті қайтармау екен. "Тірі емес" деп балаға күн төлеу ниетін білдіреді. Сонда Қазыбек тұрып Қоңтажыға: - Жүмыр басы, екі аяқты бозымның өзін қайыр. Төрт аякты малымның көзін қайыр. Ерім үшін күн алмай өлісемін, бозымның көзі жок болса, екі есе құн аламын. Бұл айтқаным болмаса, тал түсте талап аламын - дегенде, Қоңтажы: - Қазыбек би, ерің үшін күн алмай өлісемін дегеніңді жөн дедік. Ал бозымның төлеуін екі есе кып аламын дегеніңе жол болсын! - депті. Сонда Қазыбек: - Бозымның төлеуі екі есе болатын себебі: белеңнен шыға келген қалың топтың ішінде онын жарык еткен айбыны Қонтайжыдай жанды сескендіреді. Төлеуі толык болса, ендігәрі есте жүреді, - дейді. Сонымен Қазыбек бұл жолы да шапқыншылыққа түскен балалармен коса малдың көзі барының көзін, көзі жоғының толык төлеуін алып қайтады. Үшінші билігі: осы бітімнен қайтып келе сала Қазыбек елін Сарыарқаға көшіріп, бұл жерді ата мекендік коныс етеді. Бірақ әлі де ол қонысқа көшіп болмаған елдің соңғы бөлегін, сондай-ақ, Қазыбекке ниеттес кіші жүздің бір бөлегін Қоңтажы тағы шаптырын алады. Қазыбекке шабылған елден хабар- шы келеді. Сонымен Қазыбек тағы да қалмаққа тартады. Би бұл жолы Қоңтажының алдына серт қойып, мұндай шабыншылықты ендігөрі қайтала- майтындай етуге немесе бір жола бітіспекке беттеп аттанады. Қоңтажының ордасына таяп келгенде, өткелде тұрған бір жастау қыз Қазыбектің қайда бара жатқан жөнін сұрапты. Қазыбек қызға Қоңтажы ханға елшілікпен бара жатқанын айтыпты. Қыз оған: - Елші болсаң қазақтың Қазыбегі боларсың, есебің бітсе мені де еске аларсың, - депті. Қазыбек Қоңтажының ордасына түсіп: - О хан, сен ел шабуды коймадың, мен елшілікке келуден танбадым, — дейді. Қоңтажы бұған: - Қазыбек би, дұрыс айтасың, сенің қаршадай 14 жасар күніңде айтқан сөздеріңді есітіп: "Шіркін-ай, мынадан бір тұқым алар ма еді", - деп ойла- дым. Содан барып Қазымбеттей ұлыңды алдырдым. Бірақ сен келіп "ерімнің өзі қайтпай тұрып бітім етпеймін" дедің. Не бізге тіліңді кесіп тастап кетпедің. Содан кейін менен іргенді аулақ салып әрі көштің. Сені қайта бір келтіру үшін мен артта қалған елінді шаптырып алдым. Ендігі сөздің турасы сенімен достасуға құмармын. "Даудың артын қыз бітейді, судың артын шым бітейді", - деуші еді. Сондыктан не қыз ал, не қыз бер депті. Қазыбек ханға: - Саған беретін қызым жоқ, қыз берсең алайын, - дейді. Хан Қазыбектен "ұлың нешеу еді" деп сұрайды. Қазыбек: - Бір жарым ұлым бар, - деп жауап береді. Хан бұған таңданып: - Бір жарымы қалай? Сенде дырдай бес ұл бар деп еститін едім дейді. Қазыбек оған: - Менің елге ие болатын ұлым біреу-ақ, аты - Бекболат, соны бүтінге есептедім. Ал, қатынға ғана ие болатын үшеуін есепке алып жүргенім жоқ, - деп Қоңтажыға қарапты. Қоңтажы өз қызын беріп, оны Бекболатқа қосуды өтініпті. Сонымен қазақ пен қалмақтың шабыншылығы тоқталған екен деседі. Қазыбек осы сапарында хан ордасына бара жатқанда жолыққан жас қызды ала келіп: "Осыны тәрбиеле", - деп оны да Бекболаттың қолына тапсырыпты. Қазыбек би жайлы әңгіме Қаз дауысты Қазыбектің баласы Бекболат он сегіз ағайынды екен. Соның кенже інісі жорықта жүргенде, Абылайдың бір үйір жылқысын абайсызда қолына түсіріп, алып кетіпті. Оны Абылай біліпті. "Мені басынғаны ғой", - деп намыстана аттанып, Бекболаттың ауылына келіп түсіпті. Бекболат Абылайдың алдында жорғалап: ...Тоғыз айыппен жолыңызды алып, кешіңіз, байқаусызда балалықпен болған ғой, - дейді. Ханның қасындағы Бекболатпен бақ күндес кісілер: - Бұл сізге кыр көрсеткені деп білідіз, мұны басуыңыз керек, - деп шағыстырып, өшіктіреді. Абылай: - Мен малға уана алмаймын, тентек ініңді өлтірмей ашуды баса алмаймын, - дейді. - Өз інімді өлтіруге мен де ұстап бере алмаймын, - дейді Бекболат. Абылай үндемей кетіп қалады. Қайтадан үш жүз кісімен келіп Бекболаттың інісін ұстап алып, мойнына арқан салып ала жөнеледі. Сол күні түсте бір көгал сазға келіп қонған соң, Абылай: - Соңымыздан ешкім келмес пе екен, қарап тұрыңдар, - дейді. Өлден уақытта: " - "Бір қарайған көрінеді", - деген соң Абылай: - Ол Бекболат болар, келген соң түс деп атын ұстаңдар, - дейді. Айтқанындай Бекболат екен. Ол түспей атының басын теріс қаратып тұрып: - Ай, Абылай, мұнан бұрын жолдасқа мен қандай едім, қасыңдағылар қандай еді? - дейді. - Сен бір төбе, бұлар бір төбе еді, - дейді Абылай. Сонда Бекболат келген жағына шауып кетіп, өлден уақытта қайта шауып келіп, әлгіндей теріс қарап тұрып: - Орал таудың ор түлкісі, Ақиық келсе, тек кетпес, Айнала қуса ит жетпес. Сондадағы мерт етпес! Орал таудың ақ иығы, - деп байлаулы тұрған інісін шешіп алып жөнеле беріпті, хан қарсылық жасатпапты. Бекболат кеткен соң, қасындағылардың түсіне алмай таңырқап отырғанын біліп, Абылай: - Бекболат, бір төбе, басқалар бір төбе дегенге сендер намыстанғандай болдындар-ау, Бекболаттың келіп кетуінен не сезіп отырсыңдар? Жаңа ол не айтып кетті? - депті қасындағы билеріне. - Сол арасын аңғара алмай отырмыз! - деген соң, Абылай: - Білмесеңцер, енді онымен таласып өкпелемеңдер, - деп Бекболаттың сөзін былай түсіндіріпті. - "Орал таудың ор түлкісі" деп ол өзін айтты. "Айнала қуса ит жетпес" деп сендерді айтты. "Орал таудың ақ иығы" деп мені айтты". "Ак иык келсе, тек кетпес" - деп келіп қалған соң, ашумен інімді алған шығарсың" дегені. "Сондадағы мерт етпес" дегені ханнан халык күшті, халықтан биліксіз, хан да болсаң ақылыңа салып, інімді жібер, жөбірің болса, айып алып бітіресің дегені" депті. Айтқанындай артынан Бекболат тоғыз айыбын жіберіпті. "Көп қорқытады, терең батырады" деген сол. Абылай сықылды азуы алты қарыс хан да қалың қазақтан қаямығып, райынан қайтыпты дейді. Қазыбек би жайлы әңгіме Жантай деген бай малшысымен төбелесіп, сол төбелесте байдың бір күрек тісі сынады. Жалшы "сенен шығамын" деп ақысын сұрайды. Бай "тісімді сындырдың, соның төлеуі үшін алдым" деп ақысын бермейді. Екеуі Қазыбекке келеді. Жантай тұрып: - Мынау менің жалшым еді, өзіммен төбелесіп, бір күрек тісімді сындырды. Бұның құнын сұрасам бермейді. Жалға жүрген ақымды бер деп жүр, - дейді. Сонда жалшы тұрып: Мен жалға жүрдім Жантайға, Мен күшіме жарытпадым. Бір тай алмақ болып алты айға. Содан барып төбелес туды, Бір асына жарытпады, Жазым болып күрек тіс сынды. - Байдың аты бай емес пе, ақымды бермейді, үйінен куады. Би ата, әділдігіңізге жүгінгелі келдім, - деп сөзін аяктапты. Бұл дауға Қазыбек мынадай билік айтыпты: - Ас адамнық арқауы еді. Жантай асқа жарытпаған соң жалшыға күш қайдан дарысын. "Аш кісі ұрысқақ" деген төбелестің шығуына да өзің себепкер болғансың. Сондыктан мынаның ақысын бер, күрек тісің күнсыз. Еркектің қалған тісі аман болса, бір күрек тістен келер кемшілік жоқ, Ал әйелдің күрек тісі, әрі көркі, әрі жіп қиятын қаруы, - дейді.[өңдеу] Қазыбек би жайлы әңгіме (Тағы бір нұсқа) Қазыбек беріде елге белгілі болған кезде екі әйел бал ата дауласып, алдына келіп жүгінеді. Әйелдердің біреуі: - Мынау баламды есін білмейтін жас күнінде жоғалтым. Соны мына әйел тауып алды ма, өлде үрлап алды ма, оны білмеймін, өйтеуір асырап алыпты. Бүгін танып, сұрасам "өз балам" деп бермейді. Екінші әйел тұрып: - Бала өзімдікі, өзім талтым, мынау босқа жармасып тұр. - Қазыбек екі әйелдің сөздерін тыңдап болып, біраз ойланып отырып қалады. Содан кейін: - Бірің балаңды жоғалтқаныңды, енді бірің тапқаныңды растап шығарлык мұнда басқа куә жок. Сондықтан мұнда мынадай билік еткім келеді, - дейді де, баланың екі қолынан екі әйелге ұстатып қойып, қара балтаны жоғары көтеріп: "екеуіңе қақ бөліп беремін, осыған ризасыңдар ма?" - дейді. Сонда бал аға ие болып жүрген әйел: - Біреуге тірі кеткенше, жартысы болса да өзімде қалсын, бөлсең бөл! - деп безеріп тұрып алады. Ал, баланы таныған әйел: - Ойбай, биеке-ай! Қайда жүрсе де, тірі болсын, шаба көрмеңіз! - деп безек қағады. Содан барып Қазыбек: - Бала мына жоғалтқан әйелдікі, өйткені ол баланың тірілігін тілеп түр, баласын өзіне бер, - деп билік айтады Қазыбек би жайлы әңгіме Қазыбек пен Әйтеке екеуі бас қосып ақылдысатын бір мөселе болып, бір орынды уағда қып, ел атасы деп, Төле бидің алдына бармаққа сөз байлапты. Аталған күнде Төле бидің аулына кеп түсіпті. Сәлемдесіп, амандасып дал ада отырғанда Төле сөз бастайды. - Уа, өлеумет, күс үшса қанаты талатын, жүрсе тұяғы күйетін ит арқасы қиян қашық жерден келіп отырсыңдар, осы аттың күші қай жерінде? - дейді. Сонда біреу "аттың күші алдында" дейді, біреу "аттың күші артында", енді біреу "аттың күші ортасында" дейді. Төле ортасында дегенге қадала бір қарады да: - Аттың күші алдында да болмай, артында да болмай, ортасында болатын себебі қалай? - дейді. - Бас - басшы, арт қосшы, астында төрт тіреуі бар - ортасы арқалық емес пе? Күш ортасында болатын себебі сол, - дейді соңғы айтушы. Тағы да Төле: - Бұрынғылар айтқан екен, "би екеу болса, да у төртеу болады" деп, үш ел өр жаққа тартып, дау бітімі бытырамасқа төбе би атап қойса қалай болар еді? - дейді. Оған қауым "дұрыс" дейді. Бірақ, төбе билікке талас туады. Ұлы жүз: "Біз боламыз, өйткені жасымыз үлкен ағамыз", Кіші жүз: "Біз боламыз, өйткені қара шаңырақтағы кенжелік жолымыз бар", - дейді. Сонда манаты аттың күші ортасында деген жігіт отырып: - Аға төреші болмайды - алдында қаймығары жоқ, іні төреші болмайды - артында қайрылары жоқ. Айбар қылар алдында ағасы бар, қаймығарлық артында інісі бар, екі жағынан да сүйеуі бар, билікті айтатын тебе билік ортаншы үлға лайык! - дейді. Төле қарт сонда жігіттерден жен сұрайды. "Аттың күші басында" деген ұлы жүз жігіті, "Аттың күші артында" деген Әйтеке, ал "аттың күші ортасында" деген жігіт Қазыбек болЫн шығады. "Қой асығы демеңдер, Қолыңа жақса сақа кой. Жасы кіші демеңдер, Акылы асса аға ғой", - деген бұрынғылардың айтуы бар еді, уа, жаным, Қазыбек, төбе билікті саған бердік, айтқан сөздеріңнің бөрі жоба болсын, - деп Төле оң жағына отырғызып, батасын береді. Қазыбек би жайлы әңгіме Жоңғарлардың қолбасшысы Сары Манжы бастаған отыз мыңдай ойрат Сарыарқаны шарлап одан Қаратау атырабын Түркістан төңірегін түгелдей жаулап алған ғой. Сол шайқас кезінде Қалдан Cереннің батыр баласы Шарышпен Абылай батыр жекпе-жек айқасып, Шарышты мерт кылады. Қалың ойрат жабылып Абылай мен оның біраз жігіттерін қолға түсіріп әкетеді. Оларды арашалап қалуға қазақтардың шамасы келмей қалады. Сонымен бір жылдай уақыт өтеді. Абылай батыр аяқ-колы кісендеулі жата береді. Артынан іздеп барған қазақтың белді адамдарын жоңғар Қонтайшысы маңайлатпапты. Енді ел-жұрт боп ақылдасып "Көне, Абылайды кім құтқарып әкеледі?" дегенде, Халық бір ауыздан "Қазыбек би барсын, одан басқа адамның реті жоқ" десіпті. Осы көпшілік өтінішімен Қазыбек Жоңғарияға елшілікке аттаныпты. Қазыбектің асқан алғырлық, батылдык, шешендік қабілетін бұрыннан білетін Қонтайшы бұл жолы онымен көп тіресе алмапты. Барынша күтіп сыйлапты да, мынадай шарткойыпты: Біріншіден, Әбілхайыр, Әбілмәмбет хандар, Барақ сұлтан, Жәнібек батыр тағы сол сиякты он атақты кісілерің бір-бір жігіттен кепілдік берсін. Екіншіден, орыс патшалығынан қол үзесіңдер, Жоңғарияға қосыласыңдар сонда ғана Абылай батырларың қайтарылады. Оған коса Түркістан оныц төңірегіндегі отыз екі қала өздеріңе беріледі, - дейді. Қаз дауысты Қазыбек қайтып келеді. Ел басшылармен ақылдасыпты. Бүткіл халық қамы үшін қорған болған Абылайдай батыр үшін Қонтайшы талабын жартылай орындауға бекінеді. Сөйтеді де Әбілмәмбет пен Барақ сұлтанға бір-бір жігіт аманатқа бергізеді. Ресей патшалығына да, Жоңғарияға да өзірше беріле қоймайтындығын білдіреді. Егер бұған көнбеген күнде орыстармен бірлесіп шабуылға шығатындығын ескертеді. Қазыбектін мұнысы айла-тәсіл, Қонтайшыны үрейлендіру еді. Қонтайшы Қазыбектің бұл шартын ары-бері ойластырады да, "қазақтар орыстармен бірігіп кетсе, халім мүшкілге айналар" деп қауіптенеді де, Қазыбекпен келісімге келеді. Абылай батырды тұтқыннан босатады. Түркістанды және оның атырабындағы отыз екі шаһарды қайтып береді. Әбілмәмбет Түркістанға хан сайланады. Абылай батыр Арқа жағына сұлтан боп белгіленеді. Бұл кезде Қаз дауысты Қазыбек аулы Ұлытауды жайлапты. Мінеки, ақылгөй абыз, бітімгер Қазыбек баба Абылай ханды жоңғар тұтқынынан осылай құтқарған екен. Қазыбек би жайлы әңгіме Қыпшақ пен Қаракесек елдері жайлауға таласыпты. Осы дауды шешуге ел-жұрт Қаз дауысты Қазыбекті алдырыпты. Аман-саулықтан кейін Қыпшақтың биі: - Арғынның арык биі сөйле. - депті. Сонда Қазыбек: - Арық емес қатумын, Жетімдік көрсе қыз азады, Бала кезден татумын. Жаугершілік кезде ер азады, Көшершілік кезде түйе азады, Ермен бірге ел азады, Көктемде бие азады, Тағындағы хан азады, - депті де, ен жайлауды екі елге қақ бөліп беріп елдің бәрін риза етіпті.[8] Қазыбек би жайлы әңгіме Бағаналы Борбас дейтін байдың "Шаппай бер" атанған, талай сәйгүлікке дес бермеген қара қасқа жорғасы болған. Бір ұлан-асыр тойда жорғаға көзі түсіп қызыққан Ахмет хай қара қасқаны қалап алуға көңілі кеткен. Қарамағындағы Өменке, Құлтас, Жйнтас дейтін билерге "жорғаны сұрап келсеңдерші" деген екен: "Тамырын басып көрейін", "Мә деп бере койса, сұрайын". "Баруын барайын, бірақ сараң бай ұстата коймайды ғой" деп салғыртсыпты. Олардың сыңайың сезген соң: - Қауқары тышқан аулауға ғана келетін баршын тартқан бүркіттей көрі қулар не тындырар дейсің, - деп хан бала шағынан сөз сайысына түсіп, талай шешенді мүдірткен, жалынды жас - Шорман бала биді жұмсапты. Балаби Борбастыкіне барса, жоғарыда аты аталған үш би бабдікіне конақ болып отыр екен. Он жеті жасар бала жігітті көрген бай: Көне, кекеткенді кой, Жөн сөзге көш! - Табындағы би азады. Сендей бейқам би, Арғынның түбін қазады! - Қандай бүйымтайың бар еді, сөйлей отыр? - дегенде Шорман бала: - Ханнан сәлем әкелдім, Бағаналы Борбасым. Қасым жомарт сиякғы, Даңқың аян болғасын. Қалауын айтты қармаулы, Салмағы зіл-қорғасын. Берсін деді ренжімей, Қара қасқа жорғасын. Хан да жомарт өзіңдей, Жанар таудың көзіндей Айтқаны ғибрат халыққа, Осы үш бидің сөзіндей. Жорғаңыз да дүлдүл ғой, Көздің жауын арбайтын. Жауға мініп барсаң да, Ешқандай мін таңбайтын. Шыныдай мүзға салсаң да, Тас тұяғы таймайтын. Құбылып басып ойнайтын, Қылығына ???? Тұғырдаяқан тұйғындай, Көк аспанда ойнайтын. Қапшын болсаң, құтылып, Қусаң, жетпей қоймайтын, Қарқынынан танбайтын, Жыл мінсең арып-талмайтын. Қара қасқа жорғаны. Сыйладым деп ханыма, Жөнің бар жанға байлайтын, - депті. Айтпайын десе, елге сор, Отыз тістен шыққанды, Отыз рулы ел білер. - Ауруын жасырған ажалсыз өледі, Зорлыктан қорыққан амалсыз көнеді. Айтайын десе, бұған сор, Мына билерге рай бермей отыр едім, "Сұрауы келіссе, бермейтін дүние болмайды" деген рас екен. Жарайды. Ханның қалауын алып қайт. "Береген қолым алаған" деген бар. Оның да бір қымбат-қимасы бар шығар... Үш биді куә қылғандай, "Ханым да жомарт" дедің ғой", - депті Борбас бай. ## Қосымша ақпараттар Қазыбек Келдібекұлы (1667-1764) Сырдария жағалауындағы ауылда туып, жастық шағын Қаратау, Ұлытау атырабында өткізсе керек. Қазақ шежіре деректері бойынша, Қазыбек Арғынның Қаракесек (Болатқожа) руынан. Сол Қаракесектің бір атасынан Бұлбұл, одан Шаншар туады. Бұларда оқыған, тоқығаны көп, ақылгөй абыз, шешен би көп өткен. Шаншардың екінші әйелі Айбикеден Келдібек, Тыныбек, Жәнібек, Есіркеп (оларды ел "төрт бегі" деп те атаған) тарайды. Келдібек кезінде аузына ел қаратқан белгілі шешен, би бопты. Ол отыз жасқа келгенше үйленбей жүріп алыпты. Оның себебін ел былай аңыз етеді: Бұлбұл бабасы түсінде - сен қатын алмайсың, ешбір әйелге көзіңді салмайсың. Алатын әйелің мынадай болады: ұзын бойлы сары қыз, оң аяғы ақсақ, оң жақ құлағының түбінде танадай меңі, екі емшегінің арасында алақандай қалы болады. Сен соған үйлен - депті. Айтқанындай Келдібек сол қызға кеш жөнекей кездесіп, танысады. Ол қыздың аты Тоқмейіл екен. Айттырып алмақ боп жүргенде әке-шешесі: - Балам-ау, басқа сұлу қыздар тұрғанда, өзі түсі келмеген қыз екен, уәделескен құда, жегжаттарды қайтеміз? - дегенде, Келдібек: Қаймағын піскен сүттің алдым қалқып, Аяғы ақсақ болғанмен, ақылы артық. Көзі қыли, сөзі мен ісі түзу. Сөйлескеннен өн бойым кетті балқып, -депті. Тағы бірде құрбы-құрдастары Келдібектің үйінде отырып, оны кекетіп, келемежге айналдыра беріпті. Сонда жаңа түскен жас келіншек әдеппен сыпайы ғана: Көзім қыли, жасырмаймын, ақсақпын. Келдікеңмен сондай тату жақсы-ақпын. Татулықтың белгісіндей тамаша, Төрт Бошанды билейтін ұл таппақпын, - дегенде, әлгілер "бұл тегін адам емес екен, қалжыңды қояйық" десіпті. Айтқанындай-ақ Тоқмейіл анадан атақты Қазыбек би дүниеге келеді. Сол Тоқмейілден Қазыбек, Сәдімбек, Асан, Балапан, Үсен, Бөдене деген алты ұл туады. Бұларды ел "ақсақтың алтауы" деп атап кетеді. Қазыбек туғанда анасы: "Айналып-толғанып өсірсем, Ақ сүтімді кешірсем, Адалдан болар нәсібің. Тіліңнен болар кәсібің", - депті. Сәдімбек туғанда айтыпты: "Осы шіркін ызақор болар, емшегімді емерде, ашуланып тырналаушы еді" депті. Асан туғанда "осы шіркін даңғой болады-ау" депті. Балапан туғанда, "осы шіркін шешен болар" депті. Үсенге "кербез боларсың" депті. Бөдене туғанда "батыр болар ма екенсің" депті. Бәрі сол дауагер анасының айтқанындай боп ержетіпті. Қазыбек бала жасынан шешендік өнерге бейім өседі. Ол ел арасындағы айтылып жүрген дана сөздерді, мақал-мәтел, нақылдарды өткендегі ақын» жыраулардың тақпақ, терме, толғауларын, шешен, билердің ұтымды сөздерін есіне сақтап жүреді. Әсіресе, әке тәрбиесі оған мол өсер етеді. Жасынан ел билігіне араласады.[1] ## Қазыбек би жайлы әңгімелер ### Қазыбек би жайлы әңгіме Қазыбектің шешен алғырлык, әділдік қасиеті жеті жасынан-ақ көзге көріне бастапты деседі бір аңызда. Ертеде ас беріліп, бәйге жарыс болып жатқанда бір құла қасқа жүздеген аттан озып келеді. Тойханада жүрген бір жігіт: - Мынау менің тай күнінде жоғалтқан бөсірем, - деп, оның шылауына орала кетеді. Бөйгеге қосып тұрған адам: - Өзімнің құла биемнен туған атым, - деп оған жеңістік бермейді. Осы арада дау-жанжал туады. Көпшілік ол екеуін: - Келдібек биге жүріддер, - деп ертіп барады. Келдібек екі жағын сұрастыра келіп, не істерін білмей отырып қалады. Сонда әкесінің жанында отырған жеті жасар Қазыбек екі даугерге қарап: - Қандай дәлелдерің бар, айтып көріңдерші? - дейді. Құла қасқаны бәйгеге қосқан кісі: - Енесін бір көрсем, одан туған төлді дөл айта аламын. "Тай күнінде жоғалтқан бөсірем" деген жігіт: - Мал бағып өскен қазақпыз ғой. Енесін көріп төлін, төлін көріп енесін айнытпай табамын. - Олай болса, - дейді Қазыбек бала, - анау көгендеулі тұрған қозы, лақтан, екеуің екі қозы ағытып әкеліңдер?! Екі жігіт жарайды деп, көгеннен екі қозы жетектеп келеді. - Енді, - дейді Қазыбек, - екеуің өріске барып, осы екі қозының енесін танып әкеліңдер? Екеуі өріске барып, екі саулықты әкеледі. - Қозыны енесіне салыңдар, - дейді бала. Ат қосқан жігіт қозысын енесіне салса, әлгі әкелген саулығы алмайды, қозы да жеріп қашады. Ал, "тайында жоғалтқан бөсірем" деген жігіт қозысын саулыққа салса, иіскелеп, қозыны емізіп тұра қалады. Сонда Қазыбек атқа иелік етіп жүрген кісіге: - Ал, ағайын, мына жігіттің мал тапқыштық қасиетіне күманыңыз бар ма? - деп, сұрайды. Ол төмен қарап үндемей қалады. Қазыбек көпшілікке қарап: - Қане жұртшылық, бұған сіздер қалай қарайсыздар? - дегенде айнала төңіректеп тұрғандар: - Бала дөл шешім айтты, атасына рахмет, бәйге құла тай күнінде жоғалтқан жігіттікі десіп, тарапты. ### Қазыбек би жайлы әңгіме Ертеде бір байдың Ақбалық деген жалғыз қызы толықсып бой жеткен шағында, мырза-серілердің бірін де қаламай өз үйінің кедейліктен басқа міні жоқ қойшысы Қозыбаққа ғашық бопты. Қыздың әкесі момындау, бірақ ағалары "бесқасқа" атанған "сен тұр мен атайындар" екен. Ата-ана, жақын туыстары Ақбалықты жылатпай өзінің сүйгеніне қосыпты. Ақбалық төркінінен түк жасау алмай, қотан шетіне отау тіктіріпті. Бұған намыстанған ру басшылары Қаз дауысты Қазыбекті шақыртады. Қазыбек қызды сынау үшін әдейі бір топ кісімен Ақбалықтікіне кеп түсе қалады. Қозыбақ койын жусатып тастап, үйіне жаңа келген екен. Қазыбек би амандык үстінде Ақбалык сұлуды қағытып: - Е, қарындас, мәнді сөзден мән шығады, бимөнді сөзден не шығады? Жапалақ аққуды іліпті, одан не мән шығады?! - дейді. Ақбалық сұлу осы арада мүдірместен: - Рас, мәнді сөзден мән шығады, мәнсіз сөзден не шығады? Жапалақтың аққуды ілгеніне таңырқайсыз, оның тағы да бір сарыала қаздан дәмесі бар,- депті.Қазыбек қыздың қойшыны шын ықыласымен сүйгеніне риза болып намыс қуған ағайын-жұртына:Байлық мұрат емес, Жоқтык ұят емес, Теңін тапқанды тегін бер, Қосағымен коса ағарсын, - деп, тоқтам салып кетіпті. ### Қазыбек би жайлы әңгіме Қаз дауысты Қазыбек, Жәнібек, Әлібек үшеуі ел аралап келе жатқанда жол бойында бір қария жолығады. Қарияға сәлем беріп, Жәнібек мынадай сауал қояды: - Уа, ақсақал, ауыл берекесі қайтсе кетеді? Ақсақал сәл ойланып, былай дейді: - Ауыл ақсақалы шала болса, Жігіттері алты ауыз ала болса, Ә десе, мә дейтін. Жасы үлкеніне жасы кішісі сен десе. Сол ауылдың берекесі кетеді. Қаз дауысты Қазыбек тұрып: Келінің керіске сай болса, Қызың сумақай болса, Сол үйдің берекесі түгел кетеді, — Әйелің жақсы болса, Досың жаныңа жиналып, Рахаттанар қонағың. Әйелің жаман болса. Досың сенен безініп, Үйіңнен кетер қонағың, - - Уа, қария үй берекесі қайтсе кетеді? - дейді. - Әйелің қабағын түйіп керілсе, Шай құйып беруге ерінсе, Ұлың ұрысқа сай болса, деген екен қария саспастан. Әлібек мынадай сұрақ қояды: - Ия, ақсақал, не жақсы? Ақсақал мүдірмей жауап беріпті: - Атың жақсы болса, Тіршілікте мінген пырағың. Балаң жақсы болса, Жанып тұрған шырағың. - Ал, не жаман? - Атың жаман болса, Тіршілікте көрген азабың, Балаң жаман болса, Ғұмырлық көрген азабың. депті. Аксақалдың мағыналы жауабына тапқырлығына риза болған билер ауылдарына ертіп барып, қонақ етіп, тон кигізіп, ат мінгізіп жіберіпті. ### Қазыбек би жайлы әңгіме Бұқар жыраудың қартайған кезінде көңілін сұрамақ болып Қаз дауысты Қазыбек би келеді. Төсекте жатқан Бұқар жырау: - Бірден онға дейін санның мағынасын маған ешкім айтып бере алмады, Қазыбек, сен айтып берші? - деген. Сонда Қазыбектің берген жауабы: - Бір дегеніңіз - бірлігі кеткен ел жаман. Екі дегеніңіз - егесіп өткен ер жаман. Үш дегеніңіз - үш бунақты шідерден шошынар ат жаман. Төрт дегеніңіз - білікті адамнан белгілі бала тумаған жаман. Алты дегеніңіз - аймағын билей ал маған кісі жаман. Жеті дегеніңіз - жетем деген мақсатына жете алмаған жаман. Сегіз дегеніңіз - серкесіз бастаған қой жаман. Тоғыз дегеніңіз - толғанғаныңыз. Он дегеніңіз - өткеніңіз, о дүниеге жеткеніңіз. ### Қазыбек би жайлы әңгіме (Тағы бір нұсқа) Қаз дауысты Қазыбек ел аралап жүріп бір үйге түсіпті. Ерінің үйде жоғына қарамастан, әйелі қонақтарды жақсы күтіпті. Сонда Қазыбек "Әйелі мұндай, мұның ері қандай екен?" - деп, отырғанда үйіне ері келеді. Қараса, ері ұя бөріктеу ғана адам екен, Қазыбек әзілдеп, жолдастарына қарап былай депті: Жарандар, бұл сөзімнің мәнісі бар, Мөнсіздің мәндіменен не ісі бар? Құданың құдіретіне қарап тұрсам, Жапалақ үйрек алған бір ісі бар.Сонда әйел Қазыбектің сөзіне түсініп қалып: - Биеке, ол сөзіңнің мәнісі бар, Мәнсіздің мәндіменен көп ісі бар. Жапалақ ілген құсын місе түтпай, Әлде де қоңыр қаздан дөмесі бар, - депті. Сонда Қазыбек әйелге риза болып: Балаң жаман болса, Көрінгеннің мазағы емес пе! Атың жаман болса, Шыбын жанның азабы емес пе! Қатын жаман болса, Бұл жалғанның тозағы емес пе! Туған балаң жақсы болса, депті. Тән мен жанның шырағы емес пе! Мінген атың жақсы болса, Бұл дүниенің пырағы емес пе! Алған жарың жақсы болса, Жиғаның мен мейманыңның тұрағы емес пе! - боп бас косып: "Қалмақта шынымен-ақ ұлымыз құл, қызымыз күң болып кеткені ме? Қол жинап, бір шайқассақ қайтеді?" - деп Абылайдың алдына келіпті. Сонда Абылай: "Біз өлі де тілі өткір елші жіберіп сынасқанымыз жоқ, іріктеп елші жіберейік, оған есе бермесе сонсын шайқасайық!" - дейді. Осыған халык бөтуа қылып, сөз байласады. Бұл жұмысты Қаракесек Келдібек биге жүктейді. Келдібек өзі бара алмай, өзіндей кісі таба алмай, ақыры Қазыбек деген баласын жіберіп сынам ақшы болып оның үйіне кел се, Қазыбек үйде жок екен, оны желі басынан табады. Балам жөн айтуға, жол айтуды біле ме екен деп сынайды. - Балам, сен кімнің баласысың, жөніңді айтшы? - дейді. - Атым Қазыбек, әкем Келдібек, Шаншардың немересі боламын, - дейді баласы. - Балам, сенің осылай асық ойнап, тай үйретіп жүргенің жақсы ма, жок, жақсылардың қасына еріп ел танып, жер танып, сөз танығаныц жақсы ма? - Балалық дәуір де өтеді екен, оны да тастағым келмей түр, бірақ жақсылардың қасына еріп ел танып, жер танып, сөз таныған теріс болмас, - дейді Қазыбек.- Олай болса, балам, үйге қайтшы! - дейді әкесі. ...Қасына он кісі ертіп, астына "Телкоңыр" дейтін тайды ерттетіп беріп Келдібек баласын қалмақ ханына жібереді. "Телқоңырды" мін деуінде де себеп бар екен. Бір күні Келдібек жылқысын қаптатып келе жатып, қара жал құла қулықтың іші жер сызып, жылқыға ере алмай, ептеп басып келе жатқанын байқайды: "Мынаның ішінде тас бар ма тұлпар бар ма? Бір құлынды мұнша неге ауырлайды жануар!" - дейді. Күндердің күнінде бие кұлындап құлын биенің мойнына артылып ойнап жүреді. Келдібек: - Бұған бір кулықтың сүті не болады дейсің, екі биенің сүтін емсін, қызыл тарлан бас мама сүтті бие еді, соның құлынын өздерің сойып же дағы, соған теліп жібер дейді жылқышыға. Құлын сол екі биенің сүтін емгендіктен "Телқоңыр" атаныпты. Келдібектіңтауға-тасқа салса қайтпайтын бір жарам- ды жігіті бар екен. Ат-тонын сайлап, кісісін онға толтырып сол жігітті Қазыбекке қосып беріпті. - Қанша айтқанмен мынау бала ғой, бақылап жүрерсің, - деп тапсырыпты жігітке баласын. Сөйтіп: - Бар, Абылай ханға сәлем бер! - деп коя беріпті. Абылай бастаған топ бір дөңнің басына шығып түр екен, самсап тұрған сары қолға атының маңдайын тура қойып, жетіп келіп, Қазыбек Абылайға сәлем беріпті. Абылай сөлемін алған соң: - Сен кімнің баласысың? - деп сұрапты. - Атым Қазыбек, әкем Келдібек, - депті бала. - Мен ауылда жүргенде балалардың басшысы едім, енді ағаларымның атшысы болайын деп келдім. Тай бәйгесі мен құнан бәйгесін көріп едім, енді ат бәйгесіне қосылайын деп келдім, - дейді бала. Сонда Абылай қарк- қарк күліп. - Жарайды балам, жарайды, барсаң бар. Тайың да жақсы екен, сөзің де жақсы екен! - дейді. Сонымен Абылай: "Жүріңдер, мен сендерді біраз жерге шығарып салып қайтайын", - дейді. Қол дабылды қағып жіберіп жүріп кетеді. Ыңғай жаратып, таңдап мінген қаз мойын, қамыс құлақтар, еттері қызып, біреуі желіп, біреуі жорғалап келеді.Телқоңырдың еті қызған сайын аузынан көбік шашып, алды-артын орап, ортекедей ойнап отырады. Ауыздығымен алысып, баланың колын қиып жібере жаздап келе жатқанда, Абылайдың балаға тағы да назары ауады. - Балам, сен бері келші? - деп Қазыбекті қасына шақырып алады. - Сен шыныңды айтшы, атшы болғың келе ме, басшы болғын келе ме? - дейді.Сонда бала: - Тәуірі, мен жол көрген ағаларымның қасында басшы болып не қылайын, атшы болсам да жарар! - дейді. Сонда Абылай бір төбеніц басына жұртты иіре тұра қалып: - Ал, жігіттер, барыңдар! Жолдарың болсын, алдарың олжаға толсын, басшыларың Тайкелтір би болсын, хандарың Қарқаралы хан Бертіс болсын, батырларың Малайсары болсын, атшыларың мына Қазыбек бала болсын. Үлкендеріңді кішілерін сыйландар. Көп арасында мына Қазыбек сыкылды кішінің де сөзін тыңдаңдар. Жат елдің алдында жақсы елдің баласы құсап тұрындар. Калмақтың ханы Қоңтажы тасып жүрген хан еді! "Кол бастайтын батырмын, жол бастайтын көсеммін, сөз бастайтын батыр болу да қымбат, жол бастайтын көсем болу да қымбат. Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан. Елдесе алмай жауласа кетсек, сендердің шеберсіздіктеріңнен болады. Жауды ал мае қылышпен де көндіруге болады, өткір сөзбен де көндіруге болады; мылтыкпен дөлдеп атып жығуға да болады, сөзбен дөлдеп айтып жығуға да болады. Ауыздан шыққан сөз атылған оқпен бірдей, қайтып ала алмайсыңцар. Сөз сөйлегенде ойлап сөйлеу керек, - дейді. Сонда Бертіс тұрып: - Хандық дәуірді басынан өткізген біз осы жолы сауын сүт қылып қайнатпасақ бізден қатын артык; қасықтай қанымызды, шыбындай жанымызды салып көрерміз, - деп міндетіне алған дай болады. Сонымен Абылай кош айтысып қайтып кетіпті, елшілер ілгері жүріп кетіпті. Елшілер бірнеше қиыншылықты бастан өткізеді, аязды күні атта- рына қар тепкізеді, өлденеше қиын асу белдерден де асады, суы ащы көлдер- ден де асады. Сұрай-сұрай Тарбағатай тауының таң жағында, Алтай тауының оң жағында отырған хан ордасына барып жетеді. Кешке жақын Қазыбек жетіп барып: "Қазақ елінің елшісі келдік, қайда орналасамыз?" - деп ханға хабар айтады. Сонда хан ордада уәзірлерімен бас косып отыр екен. - Сойыс қылып шығынданбай-ақ бөліп-бөліп қонақ қылыңдар, - деп оннан-бестен отырған уәзірлеріне хан табыс қылады. Сонда Қазыбек: "Менің жүз атым бар, жүз кісі атшым жок, атты тарата алмаймын, бір жерден орын берсін", - дейді. Басқасының албарына барлық ат сыймай, хан өз албарына байлатқан екен. Қазыбек аттарды оннан топтап байлатып, ат үстінде тұрып реттеткен екен. Сонда ханның әйелі: "Тайға мініп бала да келген бе?" - деп дал аға шығып назар салып, Қазыбекке қарап тұрыпты. Сол күні кешке хан ордасына уәзірлерін, билерін жиып, ханымын қасына алып кеңесіпті. Сөзді өзі бастап: - Қазақ халқы бізді қамап келіп жатыр, тайға мінгізіп бір баланы да жіберіпті. Абылайдың бізді келеке қылғаны ғой! Менің ойым мынау: келе- кеге келген қылып, осылардың кісілерін қырып тастап, аттарын жылқыға қоса салсақ қайтеді? - депті. Барлық қалмақ "мақұл-мақұл" деп шу ете түсіпті. Сонда ханым тұрып: - Хан, ол дұрыс болмас. Қазақ деген қабырғалы қалың ел ғой. "Елшіге өлім жок" деген. Жат елдің елшісі келгенде, хандық қасиетіңді сақтап, сөзін тыңдау керек. Сен жүз кісіні өлтіріп жайлана алмассың, жүз атты жылқыға қосып бай бола алмассың. Тай деген тұлпар болып жүрмесін, бала дегенің сүңқар болып жүрмесін, байқау керек, - деген екен. Сонда хан тұрып: - Олай болса, елшілерді ертең ордаға жинаңдар, өзіме өзі, сөзіме сөзі сай келетін адамы болса оны көрейін, сай келмейтін болса жазасын сол арада берейін, - деп уәзірлерін таратыпты.Ертеңіне хан ерте тұрып, өзінің бір данышпан сыншы қариясы бар екен, сол сыншысын шақыртып алып: - Мынау қазақ елшілері келіп жатыр, олардың сөзіне есе берсек, сүбемізді суырып кететіні бар ма екен, сен барып осыларды сынап келші, - дейді. Қария: "Жарайды", - деп колына таяғын алып, көпшілікке келіп өрқайсы- сымен екі-үш ауыз сөзге келіп, бұлардың ішінен ештеңе таба алмағандай болады. "Алыстан келген ел ғой, ат-тоны қандай, сайлы ма екен", - деп аттың ішін аралайды. Аттың ішіне барса, Қазыбек аттың ішінде шалқасынан түсіп үйықтап жатыр екен. Екі қолы екі жақта, екі аяғы екі жаісға, аузынан жалын атқылап жатыр. Қария баланы ары-бері айналып тұрып қалады. Осыны ханға айтып барады: - Мен мынау көпшіліктің ішінен сен шошитындай адам таба алмадым, бірақ мен басқа бір нөрседен шошып келдім, - депті. Хан "неден шошыдын?" - дейді. - Жылқының ішінде бір бала жатыр, екі аяғы екі жақта, екі колы екі жақта, құлаш ұрып жатыр екен. Аузынан жалыны атқылап түр екен. "Аузым жеткенше сөйлеймін, қолым жеткенше сермеймін, аяғым жеткенше жүремін, төңіректің төрт бұрышына болса да сөйлесуге жараймын, халыкты қара шыбындай аузыма үймелетемін", - деп түр екен, - дейді. Сонда хан тұрып: - Сен де аузыңды басып, ақылыңнан шатасып жүр екенсін. Ол өзі бала болса, өзі аттың ішінде жатса, бұл жолы атына ие болып қайтар. Ол ержетіп сүбемізді суырғанша талай өмір өтер. Олай болса, бұларды қамамайық, - дейді хан. Сонан соң олардың да ыңғайлы атқа мінгендей, ықшам киім кигендей жігіттері келіп: "Сөзге дөмелің қалмандар" деп шақырып келеді. Қазыбек те аттың ішінде қалмай, жігіттермен бірге хан ордасына кіріп келеді. Сонда хан тұрып ашулы жүзбен, түсін суытып, мұртын тікірейтіп: - Ия, қазақтар, неменеге келдіңдер, айтатындарың болса, айтыңдар, - депті. Бұлардың басшысы асып айтпайтын бұқпа кісі екен, "ө" дегеннен шаркылдасып, шаңқылдасып қайтеміз деген кісіше: Өлеңді өзгеге бердік, Өрлікті төменге бердік. Алдияр тақсыр, алдыңа келдік. Берсең алдык, Бермесең қалдық, Сөзді өзіңе салдық! - деп, үш-төрт ауыз тақпақпен сөзді тастай берді. Сонда асып тұрған төқаппар Қоңтажы хан мерейі үстем болып:- Олай болса, кешке шейін бір жауап қайтарармын, жауап қайтпай қалатын күн болса, ат-тонның амандығында елді тапқан да теріс болмас, - депті. Сөйтіп, Тайкелтір үш-төрт ауыз тақпақпен сөзді тастай беріп еді, хан оны екі ауыз сөзбен үзіп тастады. Үзілген сөзді жалғап қазақ жағынан ешкім ештеңе дей алмады. Қазақ-қалмақ таразыға бір түскендей болды. Қазақ елшілері тығырыққа тығылғандай болып қалды. Сонда Қазыбек есік жақта отыр еді, айнала бір қарап, ешкім ештеңе демеген соң, орнынан атып тұрып: - Ерден ердің несі артық, Ептесірген сөзі артық. Малдан малдың несі артық, Бір-ақ асым еті артық, Жерден жердің несі артық. Бірақ уыс шөбі артық. Міндетіне алған сөзден, Шегінген жігіттен, Өлген аюдың өті артық, дейді. Содан кейін, Қоңтажыға жетіп келіп, қарысып тұрып: - Ел ебелек емес, ер кебенек емес, дат! - дейді. Сонда хан: - Өй өзің жөніңді айтшы, атың кім? - депті. - Атым Қазыбек, әкем Келдібек, халқым қазақ, руым Қаракесек, - депті. - Дауысың қаз дауысындай қаңқылдап тұр екен, ал датықды айтшы! - депті хан. Сонда Қазыбек: - Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соктықпай жай жатқан елміз. Елімізден күг-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дүшпан басынбаған елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дөмі, тұзын ақтай білген елміз, асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, кун боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз. Сен қалмақ та, біз қазақ, Қарпысқалы келгенбіз, Сен темір де біз көмір, Еріткелі келгенбіз, Екі еліктің лағын Теліткелі келгенбіз. Танымайтын жат елге Танысқалы келгенбіз, Танысуға келмесең, Шабысқалы келгенбіз, Сен қабылан да, біз арыстан, Алысқалы келгенбіз, Жаңа үйреткен жас тұлпар, Жарысқалы келгенбіз, Тұтқыр сары желімбіз Жабысқалы келгенбіз, Берсең жөндеп бітімді айт, Бермесең дірілдемей жөніңді айт, Не тұрысатын жеріңді айт! - депті. Сонда Қолғажы не дерін білмей сасып қалыпты. - Өзің сөзге келетін бала болатын болсаң, отырған орның қандай төмен еді, былай жоғары шықшы, жоғары! - деп қолтығын аша беріпті. Сонда Қазыбек: - Біздің қазақтың әдетінде жасына қарай отырып, жағына қарай сөз сөйлей береді, өзімнен үлкен ағаларым төрде отырса, маған төбеде отыр- ғанмен бірдей, - деп жалт бұрылып орнына қайта барып отырады. Сонда Қазыбектің сөзі ханның басынан асып, хан не дерін білмей қалады. - Осылардың өздері келгелі өр үйде қонақтап жүр, алыстан келген елші ғой, ашулары бойында тұр екен, қонақ үйге алып барып, бір жерден күтімге алындар, - депті. Сонда хан нөкерлері: - Ал, қазақтар, қонақ үйіне жүріңдер, бір жерден күтім көріңдер, - деп алып шығып кетіпті. Қазақтар шығып кетеді, қалмақ бірыңғай қалып қояды. Барлық қалмақ жиылып, ханның қасына келіп: - Бір жұдырықтай баладан қарасуға түсіп, осынша дірілдеп кеткеніңіз не? - деді. Сонда Қонтажы тұрып: - Сендер білген жоқсындар. Сөзді өңменімнен сұғып айтқан кезде, екі иығымнан екі аю аузынан от шашып "тыпыр" етші, "көрейін" деп тұрды. Мінеки, мен содан қатты сескендім. Сендерге көрінбегенмен маған көрінді. Менің енді бұған қайтарып айтар сөзім жоқ, мал мен жанын есептеп алдына салып беріңдер, - деді.Мал, жанды есептеп, адамдарын қайтарған хан: - Мен хан болғалы, басыма бақыт қонғалы ешбір адамға тізе бүгіп көрген жоқ едім, жығылғанымды білдіріп, сіздерге біраз сый қылайын, - деп бұлардың басшы адамының өр қайсысына бір тоғыздан сый беріпті. Қазыбекке қарап: - Жаным, Қазыбек, сен жаңа үйреткен жас тұлпар екенсің, сенің айтқан сөзіңнен менің буыным шыдамай, сіресіп тұра алмадым. Сондыктан саған екі түрлі белгі беремін. Біреуі - сенің даусың қаздың даусындай қаңкылдап шығады екен, сондыктан сенің атың бүдан былай "Қаз дауысты Қазыбек" болсын: Екінші - Токсан жеті жүлдені саған арнап байладым, бүдан былай сен екі сыбағалы бол! - депті. Сүйтіп есеп-кисап бітіп, қазақтар қайтпақшы болды. Мал мен жанды алдына өрістетіп салып, олармен хан қош айтыспақ болып еріп шықты. Содан қош айтысамыз деп бір төбенің басына иіріле тұра қалды. Сонда қазақтын бір жас жігіті ортаға шығып айқай салыпты. - Уа, жиылған халайық, менің айтпағым мынау, - депті. — Мен басында қазақтың жылқышысы едім. Жылқы бағып жүріп жылқыммен қалмақтын қолына түстім. Мұнда келгеннен кейін бір уәзір ұрып тонымды тартып алды, өз ықтиярыммен бермеп едім, сабап тісімді сындырды. Атымды алып жаяу қалдым, тісім сынып сөзім бұзылды, осыған жиылған көпшілік не дейді екен? - депті. Сонда Қоңтажы тұрып: - Бұл немене, басында бір бітім болғаннан кейін аяғыңда еселеп даулай беру дұрыс бола ма? Тон дегенін бір тоқтышақтың терісі шығар, ат дегенің сырты түкті, іші боқты бір тай шығар; ал тіс сынса ауыз ішінде, қол сынса жен ішінде емес пе? - депті. Қазақ, қалмақ таразыға тағы түскендей болып қалады. Ешкім ештеңе дей қоймайды, сонда Қазыбек бала кейінірек түр екен, атты борбайға тартып жіберіп, Қоңтажы ханның қасына жетіп келіп: - Тісі сынса - ауыз ішінде, колы сынса - жең ішінде жүре беру керек деген не сөз! Оның үстіндегі жалғыз тоны жанат емей немене? Аузындағы отыз тіс, болат емей немене? Астындағы жалғыз ат қанат емей немене? Ханның бізбен қарыспай бітіскендігі рас болатын болса, жанатынан айырмай, болатынан майырмай, қанатынан қайырмай алғанын қайыру керек, қазақ қалмақтың сатып алған құлы емес. Бұл да біреудің ардақтап асыраған ұлы. Ерікті ұл азат болып қайтуы керек, - депті. Сонда Қоңтажы Қазыбек сөйлесе, аруағы асып кетіп, аузына сөз түспейді екен: - "Мә, жанатыңа жанатым", - деп жанат ішігін шешіп береді, "Мө, болатыңа болатым" деп болат семсерін береді: "Мө, қанатыңа қанатым" деп астындағы қарақасқа тұлпарын түсіп береді. Өзі ашынып тұрған жігіт осы жолы теңдікке колы тиетініне көзі жеткеннен кейін, жанат ішікті киіп, болат семсерді асынып, қара қасқа тұлпарға қарғып мініп алып: - Ал, менің де дауым бітті, енді қош айтысуларыңа болады, - депті. Сонда, мал-жанын түп-түгел қайырып алып, Қазыбек бастаған қазақ елшілері көшкен елдей гулеп жүріп кеткен де, қасында бір топ кісісі бар Қоңтажы танқалғандай мең-зең болып бір дөңнің үстінде қала беріпті. ### Қазыбек би жайлы әңгіме (Тағы бір нұсқа) Қазыбек би әйгілі боп тұрған шағында еліне жайлы қоныс іздеп Сарыарқаны шолып қайтуға кетеді. Соны сырттан есіткен қалмақ Қоңтажы дереу қалың қол аттандырып Қазыбекке қараған елді шаптырып алады. Ханның қолы малмен коса жүзге тарта ер балаларды да байлап әкетеді. Оның ішінде Қазыбектің өз баласы Қазымбет те кетеді. Өйткені Қазыбектің тұқымынан біреуді қайтсе де байлап әкелу жөнінде ханның тікелей тапсырмасы болған екен. Сарыарқаны қоныстыққа ұнатып елге қайтқан Қазыбек шабылған елін көрген соң, өзі басшы болып қалмаққа екінші рет жол тартыпты. Он төрт жасар бала күннің өзінде-ақ нелер тапқыр сөздер айтып бетін қайтарып тастаған Қазыбектен жасқанып Қоңтажы хан бітім жасауға көнеді. Әр түрлі балалардың ішінен өзіне керегін алып кету мақсатымен әртүрлі қулыққа салады. Сонда ханның көздегені Қазымбетті қайтармау екен. "Тірі емес" деп балаға күн төлеу ниетін білдіреді. Сонда Қазыбек тұрып Қоңтажыға: - Жүмыр басы, екі аяқты бозымның өзін қайыр. Төрт аякты малымның көзін қайыр. Ерім үшін күн алмай өлісемін, бозымның көзі жок болса, екі есе құн аламын. Бұл айтқаным болмаса, тал түсте талап аламын - дегенде, Қоңтажы: - Қазыбек би, ерің үшін күн алмай өлісемін дегеніңді жөн дедік. Ал бозымның төлеуін екі есе кып аламын дегеніңе жол болсын! - депті. Сонда Қазыбек: - Бозымның төлеуі екі есе болатын себебі: белеңнен шыға келген қалың топтың ішінде онын жарык еткен айбыны Қонтайжыдай жанды сескендіреді. Төлеуі толык болса, ендігәрі есте жүреді, - дейді. Сонымен Қазыбек бұл жолы да шапқыншылыққа түскен балалармен коса малдың көзі барының көзін, көзі жоғының толык төлеуін алып қайтады. Үшінші билігі: осы бітімнен қайтып келе сала Қазыбек елін Сарыарқаға көшіріп, бұл жерді ата мекендік коныс етеді. Бірақ әлі де ол қонысқа көшіп болмаған елдің соңғы бөлегін, сондай-ақ, Қазыбекке ниеттес кіші жүздің бір бөлегін Қоңтажы тағы шаптырын алады. Қазыбекке шабылған елден хабар- шы келеді. Сонымен Қазыбек тағы да қалмаққа тартады. Би бұл жолы Қоңтажының алдына серт қойып, мұндай шабыншылықты ендігөрі қайтала- майтындай етуге немесе бір жола бітіспекке беттеп аттанады. Қоңтажының ордасына таяп келгенде, өткелде тұрған бір жастау қыз Қазыбектің қайда бара жатқан жөнін сұрапты. Қазыбек қызға Қоңтажы ханға елшілікпен бара жатқанын айтыпты. Қыз оған: - Елші болсаң қазақтың Қазыбегі боларсың, есебің бітсе мені де еске аларсың, - депті. Қазыбек Қоңтажының ордасына түсіп: - О хан, сен ел шабуды коймадың, мен елшілікке келуден танбадым, — дейді. Қоңтажы бұған: - Қазыбек би, дұрыс айтасың, сенің қаршадай 14 жасар күніңде айтқан сөздеріңді есітіп: "Шіркін-ай, мынадан бір тұқым алар ма еді", - деп ойла- дым. Содан барып Қазымбеттей ұлыңды алдырдым. Бірақ сен келіп "ерімнің өзі қайтпай тұрып бітім етпеймін" дедің. Не бізге тіліңді кесіп тастап кетпедің. Содан кейін менен іргенді аулақ салып әрі көштің. Сені қайта бір келтіру үшін мен артта қалған елінді шаптырып алдым. Ендігі сөздің турасы сенімен достасуға құмармын. "Даудың артын қыз бітейді, судың артын шым бітейді", - деуші еді. Сондыктан не қыз ал, не қыз бер депті. Қазыбек ханға: - Саған беретін қызым жоқ, қыз берсең алайын, - дейді. Хан Қазыбектен "ұлың нешеу еді" деп сұрайды. Қазыбек: - Бір жарым ұлым бар, - деп жауап береді. Хан бұған таңданып: - Бір жарымы қалай? Сенде дырдай бес ұл бар деп еститін едім дейді. Қазыбек оған: - Менің елге ие болатын ұлым біреу-ақ, аты - Бекболат, соны бүтінге есептедім. Ал, қатынға ғана ие болатын үшеуін есепке алып жүргенім жоқ, - деп Қоңтажыға қарапты. Қоңтажы өз қызын беріп, оны Бекболатқа қосуды өтініпті. Сонымен қазақ пен қалмақтың шабыншылығы тоқталған екен деседі. Қазыбек осы сапарында хан ордасына бара жатқанда жолыққан жас қызды ала келіп: "Осыны тәрбиеле", - деп оны да Бекболаттың қолына тапсырыпты. ### Қазыбек би жайлы әңгіме Қаз дауысты Қазыбектің баласы Бекболат он сегіз ағайынды екен. Соның кенже інісі жорықта жүргенде, Абылайдың бір үйір жылқысын абайсызда қолына түсіріп, алып кетіпті. Оны Абылай біліпті. "Мені басынғаны ғой", - деп намыстана аттанып, Бекболаттың ауылына келіп түсіпті. Бекболат Абылайдың алдында жорғалап: ...Тоғыз айыппен жолыңызды алып, кешіңіз, байқаусызда балалықпен болған ғой, - дейді. Ханның қасындағы Бекболатпен бақ күндес кісілер: - Бұл сізге кыр көрсеткені деп білідіз, мұны басуыңыз керек, - деп шағыстырып, өшіктіреді. Абылай: - Мен малға уана алмаймын, тентек ініңді өлтірмей ашуды баса алмаймын, - дейді. - Өз інімді өлтіруге мен де ұстап бере алмаймын, - дейді Бекболат. Абылай үндемей кетіп қалады. Қайтадан үш жүз кісімен келіп Бекболаттың інісін ұстап алып, мойнына арқан салып ала жөнеледі. Сол күні түсте бір көгал сазға келіп қонған соң, Абылай: - Соңымыздан ешкім келмес пе екен, қарап тұрыңдар, - дейді. Өлден уақытта: " - "Бір қарайған көрінеді", - деген соң Абылай: - Ол Бекболат болар, келген соң түс деп атын ұстаңдар, - дейді. Айтқанындай Бекболат екен. Ол түспей атының басын теріс қаратып тұрып: - Ай, Абылай, мұнан бұрын жолдасқа мен қандай едім, қасыңдағылар қандай еді? - дейді. - Сен бір төбе, бұлар бір төбе еді, - дейді Абылай. Сонда Бекболат келген жағына шауып кетіп, өлден уақытта қайта шауып келіп, әлгіндей теріс қарап тұрып: - Орал таудың ор түлкісі, Ақиық келсе, тек кетпес, Айнала қуса ит жетпес. Сондадағы мерт етпес! Орал таудың ақ иығы, - деп байлаулы тұрған інісін шешіп алып жөнеле беріпті, хан қарсылық жасатпапты. Бекболат кеткен соң, қасындағылардың түсіне алмай таңырқап отырғанын біліп, Абылай: - Бекболат, бір төбе, басқалар бір төбе дегенге сендер намыстанғандай болдындар-ау, Бекболаттың келіп кетуінен не сезіп отырсыңдар? Жаңа ол не айтып кетті? - депті қасындағы билеріне. - Сол арасын аңғара алмай отырмыз! - деген соң, Абылай: - Білмесеңцер, енді онымен таласып өкпелемеңдер, - деп Бекболаттың сөзін былай түсіндіріпті. - "Орал таудың ор түлкісі" деп ол өзін айтты. "Айнала қуса ит жетпес" деп сендерді айтты. "Орал таудың ақ иығы" деп мені айтты". "Ак иык келсе, тек кетпес" - деп келіп қалған соң, ашумен інімді алған шығарсың" дегені. "Сондадағы мерт етпес" дегені ханнан халык күшті, халықтан биліксіз, хан да болсаң ақылыңа салып, інімді жібер, жөбірің болса, айып алып бітіресің дегені" депті. Айтқанындай артынан Бекболат тоғыз айыбын жіберіпті. "Көп қорқытады, терең батырады" деген сол. Абылай сықылды азуы алты қарыс ханда қалың қазақтан қаямығып, райынан қайтыпты дейді. ### Қазыбек би жайлы әңгіме Жантай деген бай малшысымен төбелесіп, сол төбелесте байдың бір күрек тісі сынады. Жалшы "сенен шығамын" деп ақысын сұрайды. Бай "тісімді сындырдың, соның төлеуі үшін алдым" деп ақысын бермейді. Екеуі Қазыбекке келеді. Жантай тұрып: - Мынау менің жалшым еді, өзіммен төбелесіп, бір күрек тісімді сындырды. Бұның құнын сұрасам бермейді. Жалға жүрген ақымды бер деп жүр, - дейді. Сонда жалшы тұрып: Мен жалға жүрдім Жантайға, Мен күшіме жарытпадым. Бір тай алмақ болып алты айға. Содан барып төбелес туды, Бір асына жарытпады, Жазым болып күрек тіс сынды. - Байдың аты бай емес пе, ақымды бермейді, үйінен куады. Би ата, әділдігіңізге жүгінгелі келдім, - деп сөзін аяктапты. Бұл дауға Қазыбек мынадай билік айтыпты: - Ас адамнық арқауы еді. Жантай асқа жарытпаған соң жалшыға күш қайдан дарысын. "Аш кісі ұрысқақ" деген төбелестің шығуына да өзің себепкер болғансың. Сондыктан мынаның ақысын бер, күрек тісің күнсыз. Еркектің қалған тісі аман болса, бір күрек тістен келер кемшілік жоқ, Ал әйелдің күрек тісі, әрі көркі, әрі жіп қиятын қаруы, - дейді. ### Қазыбек би жайлы әңгіме (Тағы бір нұсқа) Қазыбек беріде елге белгілі болған кезде екі әйел бал ата дауласып, алдына келіп жүгінеді. Әйелдердің біреуі:- Мынау баламды есін білмейтін жас күнінде жоғалтым. Соны мына әйел тауып алды ма, әлде ұрлап алды ма, оны білмеймін, әйтеуір асырап алыпты. Бүгін танып, сұрасам "өз балам" деп бермейді. Екінші әйел тұрып: - Бала өзімдікі, өзім таптым, мынау босқа жармасып тұр. - Қазыбек екі әйелдің сөздерін тыңдап болып, біраз ойланып отырып қалады. Содан кейін:- Бірің балаңды жоғалтқаныңды, енді бірің тапқаныңды растап шығарлык мұнда басқа куә жок. Сондықтан мұнда мынадай билік еткім келеді, - дейді де, баланың екі қолынан екі әйелге ұстатып қойып, қара балтаны жоғары көтеріп: "екеуіңе қақ бөліп беремін, осыған ризасыңдар ма?" - дейді. Сонда балаға ие болып жүрген әйел: - Біреуге тірі кеткенше, жартысы болса да өзімде қалсын, бөлсең бөл! - деп безеріп тұрып алады. Ал, баланы таныған әйел: - Ойбай, биеке-ай! Қайда жүрсе де, тірі болсын, шаба көрмеңіз! - деп безек қағады. Содан барып Қазыбек: - Бала мына жоғалтқан әйелдікі, өйткені ол баланың тірілігін тілеп тұр, баласын өзіне бер, - деп билік айтады. ### Қазыбек би жайлы әңгіме Қазыбек пен Әйтеке екеуі бас қосып ақылдысатын бір мәселе болып, бір орынды уағда қып, ел атасы деп, Төле бидің алдына бармаққа сөз байлапты. Аталған күнде Төле бидің аулына кеп түсіпті. Сәлемдесіп, амандасып далада отырғанда Төле сөз бастайды. - Уа, әлеумет, құс ұшса қанаты талатын, жүрсе тұяғы күйетін ит арқасы қиян қашық жерден келіп отырсыңдар, осы аттың күші қай жерінде? - дейді.Сонда біреу "аттың күші алдында" дейді, біреу "аттың күші артында", енді біреу "аттың күші ортасында" дейді. Төле ортасында дегенге қадала бір қарады да:- Аттың күші алдында да болмай, артында да болмай, ортасында болатын себебі қалай? - дейді. - Бас - басшы, арт қосшы, астында төрт тіреуі бар - ортасы арқалық емес пе? Күш ортасында болатын себебі сол, - дейді соңғы айтушы. Тағы да Төле: - Бұрынғылар айтқан екен, "би екеу болса, дау төртеу болады" деп, үш ел әр жаққа тартып, дау бітімі бытырамасқа төбе би атап қойса қалай болар еді? - дейді. Оған қауым "дұрыс" дейді. Бірақ, төбе билікке талас туады. Ұлы жүз: "Біз боламыз, өйткені жасымыз үлкен ағамыз", Кіші жүз: "Біз боламыз, өйткені қара шаңырақтағы кенжелік жолымыз бар", - дейді. Сонда манаты аттың күші ортасында деген жігіт отырып: - Аға төреші болмайды - алдында қаймығары жоқ, іні төреші болмайды - артында қайрылары жоқ. Айбар қылар алдында ағасы бар, қаймығарлық артында інісі бар, екі жағынан да сүйеуі бар, билікті айтатын тебе билік ортаншы ұлға лайық! - дейді. Төле қарт сонда жігіттерден жен сұрайды. "Аттың күші басында" деген ұлы жүз жігіті, "Аттың күші артында" деген Әйтеке, ал "аттың күші ортасында" деген жігіт Қазыбек болып шығады. "Қой асығы демеңдер, Қолыңа жақса сақа кой. Жасы кіші демеңдер, Акылы асса аға ғой", - деген бұрынғылардың айтуы бар еді, уа, жаным, Қазыбек, төбе билікті саған бердік, айтқан сөздеріңнің бөрі жоба болсын, - деп Төле оң жағына отырғызып, батасын береді. ### Қазыбек би жайлы әңгіме Жоңғарлардың қолбасшысы Сары Манжы бастаған отыз мыңдай ойрат Сарыарқаны шарлап одан Қаратау атырабын Түркістан төңірегін түгелдей жаулап алған ғой. Сол шайқас кезінде Қалдан Cереннің батыр баласы Шарышпен Абылай батыр жекпе-жек айқасып, Шарышты мерт кылады. Қалың ойрат жабылып Абылай мен оның біраз жігіттерін қолға түсіріп әкетеді. Оларды арашалап қалуға қазақтардың шамасы келмей қалады. Сонымен бір жылдай уақыт өтеді. Абылай батыр аяқ-колы кісендеулі жата береді. Артынан іздеп барған қазақтың белді адамдарын жоңғар Қонтайшысы маңайлатпапты. Енді ел-жұрт боп ақылдасып "Көне, Абылайды кім құтқарып әкеледі?" дегенде, Халық бір ауыздан "Қазыбек би барсын, одан басқа адамның реті жоқ" десіпті. Осы көпшілік өтінішімен Қазыбек Жоңғарияға елшілікке аттаныпты. Қазыбектің асқан алғырлық, батылдык, шешендік қабілетін бұрыннан білетін Қонтайшы бұл жолы онымен көп тіресе алмапты. Барынша күтіп сыйлапты да, мынадай шарткойыпты: Біріншіден, Әбілхайыр, Әбілмәмбет хандар, Барақ сұлтан, Жәнібек батыр тағы сол сиякты он атақты кісілерің бір-бір жігіттен кепілдік берсін. Екіншіден, орыс патшалығынан қол үзесіңдер, Жоңғарияға қосыласыңдар сонда ғана Абылай батырларың қайтарылады. Оған коса Түркістан оныц төңірегіндегі отыз екі қала өздеріңе беріледі, - дейді. Қаз дауысты Қазыбек қайтып келеді. Ел басшылармен ақылдасыпты. Бүткіл халық қамы үшін қорған болған Абылайдай батыр үшін Қонтайшы талабын жартылай орындауға бекінеді. Сөйтеді де Әбілмәмбет пен Барақ сұлтанға бір-бір жігіт аманатқа бергізеді. Ресей патшалығына да, Жоңғарияға да өзірше беріле қоймайтындығын білдіреді. Егер бұған көнбеген күнде орыстармен бірлесіп шабуылға шығатындығын ескертеді. Қазыбектін мұнысы айла-тәсіл, Қонтайшыны үрейлендіру еді. Қонтайшы Қазыбектің бұл шартын ары-бері ойластырады да, "қазақтар орыстармен бірігіп кетсе, халім мүшкілге айналар" деп қауіптенеді де, Қазыбекпен келісімге келеді. Абылай батырды тұтқыннан босатады. Түркістанды және оның атырабындағы отыз екі шаһарды қайтып береді. Әбілмәмбет Түркістанға хан сайланады. Абылай батыр Арқа жағына сұлтан боп белгіленеді. Бұл кезде Қаз дауысты Қазыбек аулы Ұлытауды жайлапты. Мінеки, ақылгөй абыз, бітімгер Қазыбек баба Абылай ханды жоңғар тұтқынынан осылай құтқарған екен. ### Қазыбек би жайлы әңгіме Қыпшақ пен Қаракесек елдері жайлауға таласыпты. Осы дауды шешуге ел-жұрт Қаз дауысты Қазыбекті алдырыпты. Аман-саулықтан кейін Қыпшақтың биі: - Арғынның арык биі сөйле. - депті. Сонда Қазыбек: - Арық емес қатумын, Жетімдік көрсе қыз азады, Бала кезден татумын. Жаугершілік кезде ер азады, Көшершілік кезде түйе азады, Ермен бірге ел азады, Көктемде бие азады, Тағындағы хан азады, - депті де, ен жайлауды екі елге қақ бөліп беріп елдің бәрін риза етіпті. ### Қазыбек би жайлы әңгіме Бағаналы Борбас дейтін байдың "Шаппай бер" атанған, талай сәйгүлікке дес бермеген қара қасқа жорғасы болған. Бір ұлан-асыр тойда жорғаға көзі түсіп қызыққан Ахмет хай қара қасқаны қалап алуға көңілі кеткен. Қарамағындағы Өменке, Құлтас, Жйнтас дейтін билерге "жорғаны сұрап келсеңдерші" деген екен: "Тамырын басып көрейін", "Мә деп бере койса, сұрайын". "Баруын барайын, бірақ сараң бай ұстата коймайды ғой" деп салғыртсыпты. Олардың сыңайың сезген соң: - Қауқары тышқан аулауға ғана келетін баршын тартқан бүркіттей көрі қулар не тындырар дейсің, - деп хан бала шағынан сөз сайысына түсіп, талай шешенді мүдірткен, жалынды жас - Шорман бала биді жұмсапты. Балаби Борбастыкіне барса, жоғарыда аты аталған үш би бабдікіне конақ болып отыр екен. Он жеті жасар бала жігітті көрген бай:Көне, кекеткенді кой, Жөн сөзге көш! - Табындағы би азады. Сендей бейқам би, Арғынның түбін қазады! - Қандай бүйымтайың бар еді, сөйлей отыр? - дегенде Шорман бала: - Ханнан сәлем әкелдім, Бағаналы Борбасым. Қасым жомарт сиякғы, Даңқың аян болғасын. Қалауын айтты қармаулы, Салмағы зіл-қорғасын. Берсін деді ренжімей, Қара қасқа жорғасын. Хан да жомарт өзіңдей, Жанар таудың көзіндей Айтқаны ғибрат халыққа, Осы үш бидің сөзіндей. Жорғаңыз да дүлдүл ғой, Көздің жауын арбайтын. Жауға мініп барсаң да, Ешқандай мін таңбайтын. Шыныдай мүзға салсаң да, Тас тұяғы таймайтын. Құбылып басып ойнайтын, Қылығына ????Тұғырдаяқан тұйғындай, Көк аспанда ойнайтын. Қапшын болсаң, құтылып, Қусаң, жетпей қоймайтын, Қарқынынан танбайтын, Жыл мінсең арып-талмайтын. Қара қасқа жорғаны. Сыйладым деп ханыма, Жөнің бар жанға байлайтын, - депті. Айтпайын десе, елге сор, Отыз тістен шыққанды, Отыз рулы ел білер. - Ауруын жасырған ажалсыз өледі, Зорлыктан қорыққан амалсыз көнеді. Айтайын десе, бұған сор, Мына билерге рай бермей отыр едім, "Сұрауы келіссе бермейтін дүние болмайды" деген рас екен. Жарайды. Ханның қалауын алып қайт. "Береген қолым алаған" деген бар. Оның да бір қымбат-қимасы бар шығар... Үш биді куә қылғандай, "Ханым да жомарт" дедің ғой", - депті Борбас бай. ## Тағы қараңыз * Төле би * Әйтеке би ## Сыртқы сілтемелер * Арық емес, қатумын ## Дереккөздер
Салқам Жәңгір хан (1610—1652) — 1643–1652 жылдары билік құрған қазақ ханы, Есім ханның ұлы. Ол хан тағына Есім хан өмірден өткен соң отырды. Жәңгір хан бойы аласа, бірақ толық денелі кісі болған. Сондықтан да халық оны «Салқам Жәңгір» атап кеткен. Оның тұсында Батыр қонтайшы басқарып тұрған жоңғар-ойраттардың күшеюі байқалды. Олар Қазақ хандығына үздіксіз шабуыл жасап тұрды. ## Өмірбаяны Жәңгір ханның билік еткен жылдары жоңғар феодалдарының қазақ жерін жаулап алуға жасаған үздіксіз жорықтар кезеңіне сай келеді. Кейбір мәліметтерге сәйкес Жәңгір ханның ордасы Түркістанға таяу маңда орналасыпты. Жәңгір хан Бұхара хандығымен одақтастық келісімге келіп, жоңғар басқыншыларына қарсы күрес жүргізді. Сонымен бірге, ол қырғыздармен де осындай қарым-қатынас орнатуға ұмтылды. Мұның бәрі жоңғар шабуылынан қорғану мақсатынан туып еді. Дәл осы кезеңде Қазақ хандығы мен ойрат жоңғарлары арасындағы қарулы қақтығыстар жиілей түсті. Екі жақтың басшылары көшіп-қонуға жайлы жерлер және Сырдария өзені бойындағы сауда орталықтары үшін күрес жүргізді. Сол кезеңдегі тарихи мәліметтер бойынша, Жәңгір хан тұсында қазақтар мен ойрат жоңғарлары арасында үш ірі шайқас болған: * Бірінші шайқас — 1635 жылы * Екінші шайқас — 1643–1644 жылдары * Үшінші шайқас — 1652 жылы 1635 жылғы шайқаста қазақ әскерлеріне Батыр қонтайшы бастаған жер қайысқан қалың қол қарсы тұрды. Бұл ұрыстың нақты нәтижелері жөнінде мәліметтер жоқ, бірақ шайқас кезінде Жәңгір ханның тұтқынға түсіп, біраз уақыттан соң қашып құтылғаны туралы деректер кездеседі. Сол кезден бастап Жәңгір хан жоңғарларға үнемі шабуыл жасап тұрады. Екінші ірі шайқас 1643-ші жылы қыста Батыр қонтайшының қазақ жеріне шабуыл жасауынан басталады. Жоңғарлар Жетісу өңірінің үлкен бөлігін жаулап алып, он мыңға жуық адамды тұтқынға түсіреді. Салқам Жәңгір хан жоңғарларға тойтарыс беру үшін 600 сарбазымен Орбұлақ өзенінің бойына беттейді. Осы жерде әйгілі Орбұлақ шайқасы өтеді. Жәңгір ханға көмекке 20 мың сарбазымен Самарқан билеушісі Жалаңтөс Баһадүр келеді. Жалаңтөс Баһадүр қолының көмегі арқасында Жәңгір хан бұл шайқаста жеңіске жетеді. Батыр қонтайшы шегінуге мәжбүр болады. Жеңіліске ұшыраған жоңғарлар бұл ұрыста он мыңға жуық адамынан айырылады. Сақталып қалған тарихи мәліметтер бойынша, бұл шайқаста Жәңгір хан зор қолбасшылық дарын мен әскери шеберлік таныта білген. Жәңгір хан жоңғарларға қарсы күресте моғолдар жағынан көмек алу үшін біраз әрекет етті. Олармен тату көршілік қарым-қатынас орнату үшін екі рет елші жіберді. Бұл дипломатиялық тапсырма Жәңгір ханның ұлдары Тәуке мен Апақ сұлтандарға жүктелді. 1643–1644 жылдардағы шайқаста толық жеңілмеген жоңғарлар болашақта болатын соғысқа мұқият дайындала бастады. Жоңғар қонтайшысы 1643–1644 жылдардағы жеңілістен кейін бытыраған иеліктерін біріктіріп, Сібірдегі орыс қалаларынан қару-жарақтар және оқ-дәрілер сатып алады. 1652 жылы қазақтар мен жоңғарлар арасындағы үшінші ірі шайқаста қазақ әскерлері жеңіліске ұшырап, Жәңгір хан Очирицу Цецену ханның ұлы Галдаман Нойонның қолынан қаза табады. ## Дереккөздер
Әбдірәхім Шаңбаев (ٵبدﯨﺮاﺣﯩﻢ شاﯕﺒﺎﻳﻪﯙ‎) — көрнекті ақын, журналист (1930-1985). ## Өмірбаяны 1930 ж. Тарбағатай аймағының Шәуешек ауданындағы Абдыра деген жерде малшы отбасында дүниеге келген. 1937 ж. әкесі оны жаңаша бастауыш мектепке беріп, 1946 ж. дейін орталық мектепте оқыды. 1948 ж. бастап қоғамдық қызметтерге араласады. 1953 ж. Қытай коммунистік партиясына мүше болады. Қоғам табалдырығын аттағаннан кейін Әбең оқу-ағарту шебінде және басқа да қоғамдық қызметтерде болады. 1955 ж. «Шинжяң газетіне» орналасады. Онан кейін соң «Іле газеті» қазақ редакциясында тілші, редактор, редакция бөлімінің орынбасар бастығы болып өмірінің соңына дейін қызмет істеп келді. 1979 ж. Қытай жазушылар одағы Шинжяң бөлімшесінің мүшелігіне қабылданды. Соңғы тыныша дейін ақпарат саласы мен әдебиет бау-бақшасына адал терін аямай төккен ақын ұзақ аурудан айыға алмай 1985 ж. 23 мамыр күні Құлжа қаласында қайтыс болды. ## Шығармалары
Қазақтың саз аспаптары — ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа мирас болып, көнеден келе жатқан мәдени мұралардың бірі. Ертеде саз аспаптарды ағаштан, түрлі өсімдіктерден, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізінен, қылынан және басқа да түрлі заттардан жасаған. Халқымыздың жыр аңыздарынан, дастандарынан және өткен ғасырлардағы саяхатшылардың, ғалымдардың еңбектерінен көне аспаптардың сипаттамаларын, суреттерін кездестіреміз. Қазақтың музыка аспаптарын Мәскеу, Санкт-Петербург, Алматы, Семей қалаларындағы мұражайларынан да кездестіруге болады. Осы кезде байырғы аспаптардың түрлері 20-дан аса болғандығы анықталып отыр. Ертеде музыка аспаптарын жұртқа хабар бергенде, аңшылар құсты, аңды үркіткенде, бақсылар сарын айтқанда, әскери жорықтарда ұран салғанда пайдаланған. ## Топтастырылуы Аспаптарды бес топқа бөлуге болады: * үрмелі аспаптар - дыбысын үру арқылы шығарылатын аспаптар: сазсырнай, қоссырнай, қамыс сырнай, мүйіз сырнай, сыбызғы, адырна, ұран, керней; * ішекті аспаптар - дыбысы ішек арқылы шығарылатындарға жататындар: жетіген, шертер, екі және үш шекті домбыралар, қылқобыз; * жіңішке сым арқылы дыбысы шығарылатын аспап: шаңқобыз немесе шаңқауыз; * ұрмалы аспаптар - аспапқа тартылған көн арқылы дыбыс шығарылатындарға жататындар: даңғыра, дауылпаз, шыңдауыл, дабыл , кепшік, шың; * аспаптың басына тағылған шынжырлар, қоныраулар арқылы дыбыс шығарылатын тобы — асатаяқтың бірнеше түрлері. ## Жеке түсініктемелер Шертер - екі немесе үш ішекті, саусақпен шертіп ойнайтын аспап. Шертердің шанағы терімен қапталады. Оны көбінесе мал бағатын бақташылар тартатын болған. Асатаяқ - сілку арқылы үн шығаратын көне музыкалық аспап. Ұзындығы -110-130 см. Тұтас ағаштан арнайы қалыпта жасалады. Басы күрек тектес. Бас жағына түрлі темір сақиналардан сылдырмақтар тағылып, өрнектермен әшекейленеді. Асатаяқ өзіндік үнімен ерекшеленеді. Аспапты ырғап, шайқап ойнайды. Асатаяқ аспабын ертеде көбінесе бақсылар қолданған. Қазіргі кезде көне үлгілері қайта жасалып, ұрмалы музыкалық аспаптар тобына қосылды. Домбыра - қазақ халқының арасына өте ерте және кең тараған, ғасырлар сырын сақтаған қос ішекті, шертіп ойнайтын музыкалық аспаптың бірі. Өзіне тән ерекшелігі бар, ішекті-шертпелі аспаптар тобына жатады. Домбыра әр түрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып немесе құралып жасалады. Мойнына он тоғыздан жиырма екі санына дейін пернелер байланады. Арнайы құлақ күйге келтіріледі.Домбыраның екі ішектісінен басқа да үш ішекті, қос жақты, кең шанақты қуыс мойын, шіңкілдік деп аталатын түрлері де бар. Даусы майда, қоңыр, құлаққа жағымды. Дауылпаз - ұрып ойналатын көне музыкалық аспаптың бірі. Халық тұрмысында кеңінен қолданылған. Әсіресе, бұрынғы кезде, жаугершілікте дабыл қағып, белгі беру үшін пайдаланылған. Аспаптың жасалу құрылысыы анағұрлым күрделі. Ол тұтас ағаштан ойылып жасалады. Бет шанағы терімен қапталады. Иыққа асып алу үшін қайыстан арнайы аспалы бау бекітіледі. Дауылпаз ағаш тоқпақпен ұру арқылы дыбысталады. Қазіргі кезде дауылпаз аспабы көптеген фольклорлық ансамбльдерде кеңінен қолданылып жүр.Дауылпаз тектес аспаптар түрлі атпен басқа халықтарда да кездеседі. Айталық, өзбек халқында "Тәбльбасс", қырғызда "Доолбас" деп аталады. Жетіген - қазақ хылқының өте ерте заманнан келе жатқан жеті ішекті шертпелі музыка аспабы. Аспап ағаштан құрастырылып жасалады. Құрылысы өте қарапайым. Жетіген аспабы талай жүздеген жылдар өтсе де, баяғы қарапайым күйінде. Жетілдірілген түрінде он үш ішек байланып, арнайы тиектер қойылған. Аспаптың үні өте нәзік, құлаққа жағымды. Ел арасында аспаптың шығуы жайында көптеген аңыздар айтылады. Сол бір аңыздың бірінде: өткен заманда өмір сүрген бір қарияның жеті баласынан айырылған қасіретті қайғысынан туындаған деседі. Бізге "жетіген" деген атау осылай жеткен. Қазіргі кезде жетіген аспабы көптеген ансамбльде ойналып, кеңінен насихатталып келеді. Желқобыз - үрмелі аспаптар тобына жататын, ерте заманнан келе жатқан, ел көзіне еленбеген көне музыкалық аспаптың бірі. Аспап иленген мал терісінен жасалады. Сырт көрінісі меске ұқсас. Аузын бекітіп тұратын тығыны, әуен шығаратын екі сырнай түтікшесі болады. Мойынға асып алып жүруге ыңғайлап, қайыстан арнайы бау тағылады. Ұстап жүруге өте жеңіл. "Желбуаз" аспабын белгілі композитор Н.Тілендиев "Отырар сазы" оркестірінде қолданды. Қылқобыз - ерте заманнан келе жатқан қазақ халқының екі ішекті ысқышпен ойналатын аспабының бірі. Өзіндік жасырын сыры мол, адамның еркіне көне қоймайтын, күрделі аспап. Ішегі жылқының қылынан жасалады. Қобыз аспабының екі ішектісімен бірге - үш, төрт ішектілері және "нар қобыз", "жез қобыз" деп аталатын түрлері де бар. Қобызды ағаштан шауып немесе құрап жасайды. Беті жартылай терімен қапталады. Ол дыбыстың жаңғырып шығуы үшін керек. Ерте заманда қобызды тек бақсы-балгерлер ғана ұстаған. Халық аңызында қобызды пайда болуы Қорқыт ата есімімен тығыыз байланысты екені де айтылады. Шаңқобыз - бітімі бөлек, ойналуы ерекше қазақ халқының көне музыкалық аспабы. Үні құлаққа жағымды, адам даусына жақын. Аспапта ойнау ерін мен тістің арасындағы қуысқа тікелей байланысты. Ойнау кезінде орындаушы оң қолымен тілшенің ұшын шалып отырып, шапшаңдата дыбыстайды. Дыбысы тілшені қозғалысқа келтіргенде шығады. Аспапта жеке ән-күй орындап қана қоймай, басқа да көне музыка аспаптарымен бірге халық әуендерін сүйемелдеуге болады. Шаңқобыз аспабының құрылысы қарапайым, жұқа тақтайшадан жасалады. Қоңырау - қазақ халқының ертеден келе жатқан сылдырмақты музыкалық аспабының бірі. Бұл аспап дыбысы сыңғырлап шығатын металдардан әр түрлі көлемде жасалады. Сырт көрінісі шар тәріздес, іші қуыс, ортасында тілшесі болады. Аспаптың жеті музыкалық дыбыс қатары бар. Ертеде үй тұрмысында, малшылар арасында көп қолданылған. Далада бос жайылып жүрген малдың мойнына қоңырау таққан, өйткені қасқыр металдан шыққан дыбыстан қатты қорқады. Қоңырауды сол сияқты мектептеде қолданады. Бұл аспап арнайы кішкене балғашамен ұру арқылы дыбысталады. ### Қазіргі жағдай Көне музыка аспаптарының табылуымен байланысты музыка мамандарының алдына жаңа міндеттер жүктелді. Ол міндеттер көне аспаптарды жетілдіріп жасап шығару, орындаушыларды тәрбиелеу, түрлі ансамбльдер ұйымдастыру, т.б. Қазақ музыка аспаптарының үнін жақсарту мақсатымен 1932 жылы Алматы қаласында, 1947 жылы Осакаровкада, 1957 ж. Алматы консерваториясының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) жанынан шеберханалар ашылды. Қазақтың халық аспаптар оркестріне домбыра мен қобыздың алғашқы үлгілерін (жаңадан жасатып) ұсынған профессор А.Жұбанов болды. Музыкалық аспап жасау шеберлері Оразғазы Бейсембайев пен Абузар Аухадиев көне аспаптардың біраз түрлерін жаңартып жасап шығарды. Шеберлер Қ.Қасымов, А.Ермеков, Э.И.Романенко, О.Бейсенбаев, А.Ауқадиев, т.б. музыкалық аспаптардың алғашқы үлгілерін жасады. Жетігенді, шертерді, үш шекті домбыраны, сыбызғыны, шаңқобызды, қылқобызды, асатаяқтың көптеген түрлерін меңгеріп ансамбльге қосып, жеке ән-күй орындап жүрген жас музыканттарымыз да бар. Орындалатын көне күйлердің кейбірі халқымыздың өткендегі тұрмыс салтын, табиғатын бейнелейтін, осы күнге дейін ұмытылып қалып тартылмай келген. ## Галерея * Қазақ музыкалық аспаптар * * * ## Тағы қараңыз * Қазақтың халық музыка аспаптары мұражайы ## Дереккөздер * Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Сақтар (сақалар) — б.з.б. 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан аумағын мекен еткен ежелгі тайпа. Олар қуатты тайпалық одақтары массагеттер, исседондар, аландар, каспийлер, сарматтардан тұрған. ## Атауы Бұл халық өзін өзі сақа, сақ деп атаған, (аккад. ashkuza; қыт. 塞 — Sai, көне қытайша: *sək). Оларды көне гректер скифтер (гр. skythai) деп атаған. Ол туралы грек тарихшысы Геродот өзінің «Тарих» деген еңбегінде, 5 томында, жағырапияшы Страбон «Жағырапиясында» жазып қалдырған. Сақ тайпасының әртүрлі атаулары болған. Ежелгі гректер оларды "азиялық скифтер", ал парсылар - "Құдыретті еркектер" деп атаған. ## Қоныстанған жерлері Б. з. б. I-мыңжылдықта Солтүстік Үндістанды, Ауғанстанды, Орта Азияны және Қазақстанның оңтүстігін қамтитын кең-байтақ аумақта жинақтап алғанда «сақ» деп аталатын көптеген тайпалар мекендеген. Геродот (б. з. б. V ғ.) және баска антик тарихшылары оларды Азия скифтері деп атаған. Fылымда сақтардың бұл топтарының Орта Азия мен Қазақстан аумағында шоғырланғаны туралы көптеген болжамдар бар. Олардың біреуіне сәйкес Шаш (Ташкент ауданы), Солтүстік Қырғызстан аумағында және Қазақстанның оңтүстігінде тиграхауда-сақтар мекендегені, бұл сақ тайпаларының этникалық аумағы кеңірек болған, оған Оңтүстік Орал өңірі мен Таулы Алтайда мекендеген. Ахемендік Иранның сына жазу ескерткіштерінде Сақтар үш топқа бөлінеді. Олар: хаумаварға Сақтар (хаому шарабын ішетіндер немесе амюрийліктер); тиграхауда Сақтар (шошақ бөріктілер); парадарая Сақтар (теңіздің арғы жағындағылар). Бұлар Орта Азияның оңтүстігін, Арал теңізінің төңірегін, Сырдария бойын, Жетісу алқабын мекендеген. Сақтар одақтарына яқсарт, массагеттер, исседон, дайлар, астақ, қамақ, аримаспы сияқты көптеген көне тайпалар біріккен. Бұлар Кавказ (Қапқаз) тауын «Қаз» тауы деп атаған. Сақ жерінде Яқсарт (Сырдария), Оқсус (Өкіссу – Әмудария) үлкен өзендер болған. Сырдарияны Бақтиярлар (бақтрлар) Яқсарт, ал Сақтар Сілес (Сіле, Сілеті) деп атаған. Сақтардың б.з.б. мәдениетті ел болғаны туралы дерек мол. Археологтар Қазақстанның оңтүстік ауданы мен Қырғызстан, Тәжікстан және Алтай жерлерінен Сақтар тайпаларының қорғандары мен обаларын тапты. Парсы патшасы Дараявауштың Парсаға (гр. Persepolis) жақын Накширустамдағы тас жазуларында сақтарды үш топқа бөліп көрсеткен: * парадарая (теңіздің арғы бетіндегі сақтар) — еуропалық сақтар-скифтер немесе Арал теңізі, Сырдарияның арғы жағындағылар; * хаомаварга (хаома сусынын жасайтын сақтар) — Ферғана алқабын мекендеушілер; * тиграхауда (шошақ бөрікті сақтар) — Сырдарияның орта ағынын және Жетісуды мекендеушілер. ## Тарихы Парсылардың патшасы II Құрыш, Лүдия патшасы Кройсоспен б.з.б. 558—529 жж. соғысқанда, сақтармен одақтасқан. Кейін Құрыш сақтарды, соның ішіндегі массагеттерді өзіне бағындаруды ұйғарды. Құрыш сөйтіп, Сақ жеріне басып кірді. Алайда парсылар сақтарды жеңдік деген кезде, сақ жауынгерлері тұтқиылдан бас салады. Құрыш та, әскерлері де өлтіріледі. Тұмар туралы аңыз осы кезде шықты. Бұл аңыз расқа тән — Құрыш ұлы Қамбуджия — массагеттерге өкілдерін жіберіп әкесі мәйітін кері алған. Сына жазуы мәтіндерінің кейбір этнонимдері грек деректемелеріндегі тайпалар аттарымен иланымды ұқсастырылады. Мәселен, Геродоттың өз айтуы бойынша Ахаменид державасының оныншы әкімшілік округіне кірген (Геродот, Ш, 92) ортокқарибантийлері тиграхауда-сакқтарға, амюргийлік сақтар — хаумаварга-сақтарға (Геродот, VIII, 64), ал дайлар — Авестаның және Ксеркс жазбасына сәйкес келеді. Басқа да грек авторларының көпшілігі сияқты, Геродот та кейде «азиялық скифтер» деген терминді қоса отырып, сақтарды скифтер деп атайды. Бұл атау грек тарихшыларына жақсы таныс Солтүстік Қара теңіз өңірі мен Алдыңғы Азияның көшпелі скиф тайпаларына қарап айтылды. Бірақ грек деректемелерінде ахаменидтік сына жазуларында кездеспейтін басқа атаулар да бар, олар: массагеттер, савроматтар (кейінгі кезде сарматтар), аргиппейлер, аримаспылар, ассилер, пасиандар, сақарауылдар (сақарауықтар) және басқалары. Парсы және антик деректемелеріндегі тайпаларды Қазақстан мен Орта Азияның осы заманғы қартасына орналастыру туралы мәселе әлі түпкілікті шешілген жоқ. Теңіздің арғы жағындағы сақтарды оқшаулап бөлуде таяу уақытқа дейін екі көзқарас болып келді. Бірінші көзқарас (В.В. Струве) тұрғысынан, парадрайа сақтарды Арал теңізінен шығысқа таман және Әмудария мен Сырдария өзендерінің төменгі бойларына орналастыру керек еді. Мәселені бұлайша қоюға I Дарийдің сақтарға қарсы жорығының жүрген жолы туралы әңгімелейтін Бехистун жазбасының бесінші бағанының екінші жартысын қайта құруды ұсыну негіз болды. Бехистуннан алынған мәтінінін қалпына келтірілген бөлігін, ал одан кейін Нақши-Рүстем және Персепол жазуларын антик деректемелерінің мәліметтерімен салыстыру негізінде — парадрайа сактардың және «Соғдының ар жағындағы» сақтардың массагетгерге, дайларға, каспилерге сәйкестігі туралы болжам жасалды. В.В. Григорьев басқаша көзқарасын айтады, оған карағанда парадрайа сақтар деп Оңтүстік Ресей және онымен шектес аймақтар аумағын мекендеген еуропалық скифтерді түсіну кажет болады. Бехистун жазбасын жаңадан зерттеу және аудару Бехистун жазбасының V бағанасын баскаша карап, басқаша түсіндіруге әкеп соқты. Қазіргі уақытта парадрайа сақтарды Қара теңіздің солтүстік төңірегіне орналасты деу дұрысырақ деп саналады. Орта Азия мен Қазақстан сақтарының басқа екі тобы (хаумаварға мен тиграхауда) Таяу Шығыстың қалықтарына көбірек мәлім болған. Кир мен Дарий жорықтар жасаған тиграхауда сақтар Ахаменид бедерлері мен мөрлерінде бірнеше рет бейнеленген. Олардың Скунха деп аталатын көсемінің тұлғасы баска да бағындырылған халықтардың патшаларымен бірге I Дарийдің бұйрығы бойынша Ирандағы Бехистун деген жердегі жартасқа қашап салынған.Ежелгі Шығыстың ең көне және аса маңызды саяси кұжаттарының бірі деп әбден орынды саналатын Бехистун жазбасының сақ көсемін тұтқынға алумен байланысты оқиғаларға арналған V бағанасының 20—30-жолында былай делінген: «Дарий патша былай дейді: содан кейін мен әскеріммен Сақтарға аттандым. Шошақ бөрік киетін сақтар шайқасқа шықты. Мен теңізге жеттім де, бүкіл әскеріммен арғы бетке өттім. Сөйтіп мен сақтардың бір бөлігін ойсырата талқандадым да, екінші бөлігін тұтқынға алдым...Скунха деген көсемін қолға түсіріп, маған әкелді. Сол жерде мен өз дегеніммен екінші біреуін (олардың) көсемі қылып тағайындадым. Бұдан кейін ел маған қарады». Бұл мәтін шошақ бөрік киетін тиграхауда сақтар туралы ақпарат беретін, сақталып қалған бірден-бір жазбаша құжат болып табылады. Онда тиграхауда сақтар жері басталатын бір судың бар екендігі де айтылады. Сақтар мен массагеттер еліне Ахаменид патшалары Дарий мен одан бұрынғы II Кирдің жорықтары тарихи анықталған фактілер қатарына жатады. Осы оқиғалар туралы егжей-тегжейлі әңгімелейтін Геродот массагеттер жерін Каспий теңізінен шығысқа таман, «Арақыс озенінң арғы жағындағы күннің шығу бағыты бойынша орналастырады (Геродот, I, 201, 204). II Кир мен I Дарий жорықтарының жолдары талас туғызады. Біреулер Дарий өзінің ізашарының жүрген жолын кайталай отырып, сақтармен Әмударияның арғы жағында Арал теңізі маңында кездесті деп санайды, екінші біреулер II-Кир массагеттермен Үзбой өзені арғы жағында (Әмударияның бүгінде тартылып қалған батыс саласы) шайқасты, ал Дарий сақтар жеріне Әмударияның орта тұсынан өтті деп санайды. Бір нәрсе айқын: пікірлердің қайшылықтарына қарамастан, екі жорықта массагет сақтар тайпаларына қарсы бағытталған; бұлардың жері Геродоттың ортоқарибантийлерінің немесе Бехистун жазбасындағы тиграхауда сақтардың жерімен толық немесе ішінара сәйкес келеді деп топшылау керек. Жағырапиялық жағынан алғанда, бұл — Каспийдің шығыс төңірегі мен Үзбойдан Сырдария өзеніне дейін қоса алғандағы Арал өңірінің аймағы. Массагет одағы, сірә, дербиктер, әбийлер, апасиақтар сияқты тайпаларды да біріктірсе керек. Сондай-ақ тиграхауда сақтар Шашты, Таң-Шаңды және Жетісуды мекендеген деген пікір де бар. Страбонның айтуы бойынша, массагеттерден солтүстікке таман, «Меотидадан жоғары» (Страбон, XI, 9,2) жерлерде дай тайпалары қоныстанған. Сырдарияның арғы жағындағы олар Ескендір Зұлқарнайын замандастарына да мәлім болды. Антик авторлар оларды, бұрынырақта Геродоттың жазғанындай, массагеттердің иелігіндегі жерлерде орналастырады. «Дақ» атауы неғұрлым ертеректегі деректемелер- «Авеста» мен Ксеркстің «дэвтер» туралы жазбасында да мәлім. Мұның бәрі дақтардың (дайлардың) әуелде массагеттердің солтүстігіне таман аймақты мекендегенін, не массагеттердің бірлестігіне кіргенін көрсетеді. Б.з.б. III-ғасырдың орта шенінде дайлар тарих ересінде массагеттердің орнын алып, Каспий маңының оңтүстік-шығысынан, Парфия шекарасынан келіп шығады. Осы уақыттан бері «көптеген скифтер, Каспий теңізінен бастап, дайлар деп аталады» (Страбон, XI, 8,2). Парсы сына жазуларының хаумаварға сақтар ең ірі тайпа немесе тайпалар тобы болып, грек деректемелерінде амюргий сақтар деп аталады. Көптеген зерттеушілер амюргий сактарды ежелгі Бақтрия және Маргиана аймақтарына (Әмудария мен Мұрғаб өзендерінің жағалауы) орналастырады. Бұлар ертедегі парсылар танысқан алғашқы сақ тайпалары еді. Геродот былай деп жазады: «Бұл — амюргий сақтар деп аталған тайпа (ол шын мәнінде, скифтік тайпа). Өйткені парсылар скифтердің бәрін сақтар деп атайды. ## Скифтердің тайқазаны Скифтер тайқазан жасап, оған жылқының етін асып, аталарына ас берген. Сол дәстүр қазақтарда бүгінге дейін сақталып келеді. Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауидің мавзолейінде тұрған тайқазан-скиф дәуірінен бері үзілмей келе жатқан дәстүріміздің белгісі. Ариант деген патша скифтердің санын білмек болып, “Әрбір скиф бір-бір жебенің ұшын әкелсін!” деп бұйырады. Жиналған жебенің көптігі сонша, патша жебенің ұшындағы жезді балқытып, қазан құяды. Скифтердің тайқазанын көзімен көрген Геродот былай деп жазыпты: “Ол қазанды көрмесеңіздер мен суреттеп берейін: оған 600 құман су еркін сыяды, ал скифтердің бұл ыдысының қалыңдығы алты елі”. Скифтердің тағы бір дәстүрі – бие сауып, қамыз ашытқан. ## Сақтар туралы ежелгі тарихшылардың пікірлері “Сақтар – садақпен, қылышпен, сауытпен, жез балтамен қаруланған тамаша атты және жаяу әскерлер; ұрыстарда алтын белдік тағынып, алтын таңғыш байлап жүреді. Аттарының жүгендері, тізгендері де алтынмен әшекейленген. Оларда күміс жоқ, темір аз, ал жез бен алтын көл-көсір.” (Страбон, ежелгі грек географы, тарихшы) “Егер сен өзіңнің барлық байлығыңнан бас тартып, садақпен жіне жебемен жарақтанып, сақтардың арасында өмір сүрсең, онда сен еркін адам болар едің.” (Анахарсис, сақ ғұламасы “Олармен еуропалық патшалықтар да теңдесе алмайды. Тіпті Азияда да скифтерге жеке-дара қарсы тқра алатын халық жоқ.” (Фукидид, ежелгі грек тарихшысы) “Иә, шындығында, дәл солар ғана, түркілер – бұл тарихтың көшбасшылары, оның басты қайраткерлері болды.” (Алексей ОКЛАДНИКОВ, академик-ғалым, тарихшы) “Сақтардың арасында еш қызғаныш, ауыр ұрыс-керіс жоқ. Ешкім де ешкімді жек көрмейді, керісінше, мүмкіндігі келгенше бір-біріне көмектеседі және қолдау білдіреді. Олар өзара дос және азық-түліктерінің аздығына қарамастан, бір-бірімен шын пейілдерімен бөліседі.” (Плано КАРПИНИ, итальян саяхатшысы) ### Кир әскерінің басып кіруі Б.з.б. 530 жылы сақ жеріне Кир бастаған парсы әскерлері басып кірді. Бұд кезде сақтардың билеушісі Тұмар еді. Кир әскерлерімен Сырдарияға дейін келіп, өз елшілерін Тұмарға жібереді. Бірақ Тұмар "әйел болса да, жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ" деп жазады Рим тарихшысы Помпей Трог. Сақ патшайымы Тұмар келіссөз жүргізуден бас тартады. Парсы патшасы Кир сақтарға қарсы шабуылға шығады. Өз жерінде соғысуға қолайлы деп есептеп, Тұмар парсылардың судан өтуіне әдейі мүмкіндік береді. Кир әскерін өзеннен өткізіп, біршама жер жүргеннен кейін қостарын тікті. Келесі күні ол қулық ойлады: әдейі қорыққан болып, лагерін тастап, қаша бастаған сыңай танытты. Патшайымның баласы Ыспарғапис жаудың соңынан қуып, тәжірибесіз жас болғандықтан, торуылға түсіп қалады. Баласының қайтыс болғанын естіп, Тұмар қалың әскермен Кир жаққа аттанады. ## Шырақтың ерлігі Кир қайтыс болғаннан кейін 11 жыл өткен соң б.з.б. 519 жылы парсылар сақтарға қарсы қайта шабуылға шығады. Бұл жорықты I Дарий патша басқарады. "Мен әскеріммен сақ жеріне жорыққа шықтым" деген I Дарий сөздері Бехистун жазбаларында айтылады. Сақтарды Скунха атты көсемі басқарады. Скунха соғыста жеңіліп, парсы әскері Сырдариядан өтеді. Осы соғыстағы таңғажайып оқиғалардың бірін ежелгі грек тарихшысы Полиен былай деп суреттейді: "Шырақ есімді бір сақ өзінің денесін қанжармен жаралап, парсыларға қашып барып, өзінің көсемінен жәбір көрген етіп көрсетеді. Парсы әскерлерін сақтарға бастап апарамын деп алдап, оларды сусыз шөлде адастырып кетеді. Сосын Шырақтың алдағанын білген парсы әскерлері оны өлтіреді. Осының зардабынан I Дарий қырғынға ұшырап, ары қарай соғысқа шыдай алмай, Парсыстанға қайтып кетеді" деп жазған Құрыштың Орта Азиядағы басқыншылық жорықтарын Дараявауш I (521—486 жж. ЗБ) жалғастырды. Парсылар сақтарды аз уақыт бағындырады. 6 ғ. соңы — 5 ғ. басында (500—449 жж. ЗБ) ежелгі Шығыстағы юнан-парсы соғысында сақ тайпалары парсылар жағында болды. 490 ж. юнан-парсы әскерінің Марафон жерінде болған соғысында сақтар парсылармен бірге юнандарға қарсы соғысты. 4 ғ. 330 жж. Ескендір Зұлқарнайынның македон әскерлері Ахаменидтердің ең соңғысы Дараявауш III Кодоманның армиясын талқандап, Орта Азияға басып кіреді. Олар Марақандты (Самарқан) алып, Сырдарияға келеді. Сыр бойына бекіну үшін, Александрия Эсхата (Шеткі Александрия) деген қала салады. Алайда македондықтар жеңгенімен, ыстық табиғатқа шыдамаулары, Ескендірдің ауырып қалуы македондықтар Самарқанға шегінуге мәжбүр етті. Ескендір 323 ж. Бабыл қаласында сүзектен өлді. Оның ала-құла империясы ыдырап кетті. Бірақ хаомаварга сақтарының қоныстанған аумағы Бактрия мен Маргиана деңгейімен шектеліп қалмайды. Амюргийлік сақтар бірлестігінің құрамына сына жазуы деректемелерінің «Соғдының ар жағындағы» сақтар да кірген деп топшылауға негіз бар. Олар Сырдарияның арғы бетінде, осы күнгі Ташкент облысы аудандарында және ішінара Ферғана алқабында тұрған". Көне парсы сына жазулары мәтіндерінде сақтардан солтүстікке таман өмір сүрген тайпалар мен халықтар туралы ештеңе айтылмайды. Тек Авестада ғана сайрим деген атау айтылады, бірақ бұл халыктың қай жерді мекендегені туралы ешқандай мәлімет жоқ. Ежелгі грек деректемелеріндегі мәліметтер көбірек, оларда Авестаның сайримдерімен салыстыруға болатын савроматтар тайпасы туралы айтылады. Савроматтар туралы алғашкы деректер Геродотта бар: «Танаис өзенінің (қазіргі Дон өзенінің) арғы жағы енді скиф өлкесі емес, бірақ ондағы алғашқы жер иеліктері савроматтардың қолында. Савроматтар Меотия көлі ойпатынан бастап солтүстікке қарай он бес күнде жүріп өтуге болатын жерді мекендейді...» Мұның өзі Донның құйылысынан Еділдің сағасына дейінгі аумаққа сәйкес келеді. Алайда «сақтар», «скифтер», кейініректегі «түркілер» терминдері сияқты, «савроматтар» терминін де авторлар көбіне екі мағынада: тайпалардың өз атаулары ретінде және тілі мен мәдениеті жағынан туыстас тайпалардың үлкен тобын біріктіретін термин ретінде қолданған. Грек-латын деректемелері көбіне бұл этнонимді жиынтық мағынада, савромат бірлестігінің әр түрлі тайпалар құрамын тікелей көрсете отырып (Үлкен Плиний, Эфор, Псевдо-Скилак, Эвдокс) колданады. ## Соғыстары Көне жазбаларға қарағанда Ахамен әулетінің патшалары II Кир, I Дарий сақтардың әр түрлі тайпаларымен жауласып, бірде жеңіп, бірде жеңіліп отырған. Сақтар парсы әскерінің құрамында грек-парсы соғыстарына қатысты, Ахамендердің әскери құрамында қызмет атқарды. Ескендір, кейіннен Селевкилер де сақтарға қарсы соғысты. Б.з.б. 2 ғ-дың орта шенінде көшпелі тайпалардан ығысқан сақтар соғыса отырып Дрангиан жеріне орын тепті де, бұл араны Сақстан атады (бүгінгі Иран, Ауғанстан жеріндегі Сейстан). Бүгінгі Орта Азияның, Пәкістанның, Ауғанстанның, Солтүстік Үндістанның жеріндегі сақтар б.з.б. 1 ғ-дың ортасына дейін-ақ жергілікті халықтармен сіңісіп кетті. Сақтар тілі 10 ғ-ға дейін сақталды. Бүгінгі түркі халықтарының тілінде «сақ» сөзі жиі ұшырасады. Мәселен, жақұттардың өздерінше атауы сақа, қазақта: сақа адам, сақшы, сақ сөздерінің сақталуы да бұлар сақтардың ұрпағы екенінің бір дәлелі. ## Археологиялық ескерткіштері Бұлар қорымдар, жартастағы суреттер, сақ бұйымдарының көмбелері. ### Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан Бұл сақ тайпалары мекендеген аса көлемді аймақ: тиграхаудтар — Жетісуда, ал массагеттер Арал өңірі мен Сыр бойында. Іле алқабында Бесшатыр, Есік, Түрген, Кеген, Алексеев обалары осы алқаптан табылды. Жетісудағы сақ мәдениеті екі кезеңді: ерте кезеңі (б.з.д. VIII-VI ғғ) және кейінгі кезең (б.з.д. V-I ғғ.). Соңғы кезеңдегі патша обасына Бесшатыр қорымы мен Есік обасы жатады. Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жағалауындағы Шылбыр деген жерде, 31 обадан тұрады. Қорымның барша обалары екі топқа бөлінеді, үлкен обалар — диаметрі 45 м-105 м-ге дейін. Биіктігі 6-18 м. Салынған уақыты б.з.д. V ғ. ### Шығыс Қазақстан Алтай аясынан, Шыңғыстау мен Тарбағатай бөктерлерінен кездеседі. Үлкен патша обалары бар. Ол Шілікті алқабында шоғырланған. Бұл өңірдің мәдениеті үш кезеңнен тұрады. Мәйемір кезеңі (б.з.д. VII-VI ғғ), берел кезеңі (б.з.д. V-IV ғғ.), құлажүргін кезеңі (б.з.д. III-I ғғ.). Мәйемір кезеңінің соңында салт кісіні атымен бірге қоятын қабырлар пайда болады. ### Орталық Қазақстан Бұл жерден Тасмола мәдениеті (б.з.д. VII-III ғғ.) ашылды. Зерттеуді археологтар Ә. Марғұлан, М. Қадырбаев жүргізді. Бұл обалардың ерекшелігі — оларда тас жалы, «мұрты» болады. Бірнеше нұсқалардан тұрады. Негізгі обаға жанаса немесе оның шығыс бетінде, иек астында кіші оба тұрады, одан шығысқа қарай доғаша иіліп, ені 1,5-2 м, ал ұзындығы 2-200 м дейін кейде одан ұзыны да болады, екі жал кетеді. Үлкен обаға үйілген төбе астында жерден қазылған қабырда өлген кісінің мәйіті жатады, ал кіші қорғанда үйінді астындағы қабырға ат пен ағаш ыдыс-аяқтар қойылады. ### Арал өңірі Арал өңірі сақтар мәдениеті Тегіскен, Ұйғарақ, Оңтүстік Тегіскен қорымдары. ### Батыс Қазақстан Еділ мен Жайық арасындағы аймақтан қорымдардың көп шоғырланған жері — Үлкен және Кіші өзеннің бойлары, Қамыс-Самар көлдерінің өңірлері, Елек, Шаған, Ембі жағалаулары. Обалардың көбінде үйінділері бар, ал олардың аса үлкендері орлармен қоршалған. Тас үйінділері немесе топырақ пен уақ тастар араластырылған үйінділері бар обалар сирек кездеседі. Қабырлар шығыстан батысқа қарай ыңғайлай қазылады, ал өлгендер молаларда емес, обалар үйінділері астындағы арнайы дайындалған алаңдарға қойылады. ## Ауыл шаруашылығы Мал шаруашылығымен де егін өсірумен де айналысқан. Жылқы өсірген. Екі тұқымы болғаны анықталды. Оның біреуі басы үлкен, аяғы жуан, денесі шомбал, жатаған жылқы, ал екіншісі шоқтығы биік бойшаң, сымбатты жылқы, оны қарулы жауынгерлер мінетін болған. Қой бағумен де айналысқан. Сақтарда маңдай алды дөңестеу ірі қойлар көп тараған. Олар қазақтың кәзіргі құйрықты қойлары тұқымына жақын болған. Түйе шаруашылығы да кең дамыды. Ал сиырдың көшпелі тіршілікке бейімделген мұндай тұқымының өзгеден айырмасы — өнімділігі төмен, тірілей салмағы аз, жемшөпті көп талғамайтын. Суықта сыр бермейтін, жүні қалың, тебін малы болды. Егіншілік пен суару. Қыстау маңындағы егін сақтарды астықпен қамтамасыз еткен. Олар тары, арпа, бидай еккен. Оңтүстік Сырдария алқабында сақтардың Шірік Рабат, Бәбіш-молла, Баланды секілді қоңыстарында табылған. ## Кәсіпшілігі Сақ тайпалары арасында металл өндіру және өңдеу, әсіресе қола құюға байланысты кәсіптері дамыған. Б.з.д. 1 мыңжылдықта Қазақстан мен Орта Азияны мекендеген сақ тайпалары темірден заттар жасауды меңгерді. Темір мен мыс, қалайы мен қорғасын, алтын мен күміс өндіру жоғары дәрежеде дамыған. Мәселен, Имантау кен орнында 3 млн. пұт мыс кені, ал Жезқазған мен Үспенскіден 10 мың және 26 мың пұт кен өндірілген, сонда сол кеннің көбісі сақтар заманында өндірілгені анықталды. Сақ зергерлері қоладан қанжарлар, оқ жебелері мен сүңгі ұштарын, аттың қайыс әбзелдерін, әшекейлер мен айна, қазандар мен құрбандық ыдыстарын жасаған. ### Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығына сипаттама Тарихтың атасы Геродот сақтар туралы: "Киімі мен өмір сүру дағдысы скифтерге ұқсас. Олар егін екпейді, үй малдары мен өзеннен аулайтын балықтарды азық етеді. Сүт ішеді." деп жазған.Сақтардың көпшілігі көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Сақтар екі, төрт, алты доңғалақты арбаларға екі, үш жұп өгіз немесе ат, түйе жегіп, көшіп қонған. Ер азаматтар ат үстінде, ал әйелдер мен балалар және қарт адамдар кигізбен жабылған ат арбада отырған.Сақтар аңшылыққа және соғысқа арнап арбалар да жасаған. Олар екі доңғалақты және доңғалақтары құрылысының әртүрлі болуымен ерекшеленеді. Соғыс арбаларына көбіне ат жегілген. Ал жүк арбаларын қос ат немесе түйе сүйрейтін. ### Сақтардың шаруашылығы Сақтардың негізгі шаруашылығы мал шаруашылығы болып, жылқы, қой, түйе, сиыр өсірген. Олар бұл малдардың етімен, сүтімен тамақтанып, терісі мен жүнін күнделікті тұрмыста пайдаланған. Табынның негізі жыл бойы өрісте жайылып, тебіндеуге бейімделген, төзімді жылқы болған. Сақ ақсүйектері неғұрлым тұрқы биік ат ұстап, оларды соғыс жорықтарына пайдаланған. Киіз басу, арқан есу және жіп иіру үшін қойдың жүнін пайдаланған. Сақтар құйрықты және биязы қойларды көп өсірген. Мал шаруашылығымен бірге сақтар егіншілікпен айналысты. Археологтар қазіргі Қызылорда облысындағы Шірік-Рабат қалашығының жанындағы малшылар қоныстарының маңынан суару арналарының іздерін тапқан. Сақтар қарабидай, арпа, тары өсірген. Қосымша кәсіп ретінде балық аулай білген. ## Саудасы Еуразия далаларын сақтар билеген кезде батыс пен шығысты, Жерорта теңізі мен Қытайды байланыстырған халықаралық өтпелі сауда басталады. Б.з.д. 1 мыңжылдықтың орта кезінде дала жолы пайда болады. Геродот жазуына қарағанда, дала жолы Қаратеңіз өңірімен жүріп, Дон жағалауына сосын Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтар жерінен Ертіс бойына, одан әрі Алтайдағы аргиппейлер еліне жеткен, содан әрі Моңғолия мен Қытайға қарай кететін болған. Осы жолдың бір бөлігі Қазақстан жерімен өткен. ## Қоғамы Сақ қоғамында халықтың үш тобы болды деген болжам бар. Ол рим тарихшысы Куинт Күрсий Руф айтқан аңызға сүйеніп айтылады. Бұлар: * жауынгерлер — сүңгі мен оқ («ратайштар-арбада тұрғандар»), * абыздар — құрбандық табағы және айрықша бас киімі бар, * қауымшыл сақтар, яғни «сегізаяқтар» (соқаға жегетін екі өгізі барлар). Осы үш жіктің өзіне тән дәстүрлі түсі болған. Жауынгерлерге — қызыл, сары-қызыл; абыздарға-ақ; қауымшылдарға-сары мен көк түстер. Сондай-ақ көсемдер мен патшалар да болды. Олар әскери жіктердің өкілдері болды. Гректер оларды басилепс — патша деп атаған. Патшаның белгісі - жебелі садақ. ## Мәдениеті Сақтар аң стилін Алдыңғы Азия мен Иранға жорық жасаған кезінде қабылдаған. Бұл өнер б.з.д. 7-6 ғасырда қалыптасқан. Аң стилі дегеніміз - түрлі жануарлардың бейнелерін ыдыс-аяққа, киімге, тұрмыс заттарына, түрлі әшекейлерге, қару-жараққа салған. Сақтар күнге, найзағайға, жел-дауылға табынған. Сақтар мифологиясында сәйгүлік ат Күнмен, отпен байланысты болған. Дүниені жаратқан көк тәңірісі Митра, жердікі Варуна, жер астынікі Индира секілді құдайлар болған. ### Қолөнер кәсібі Сақтарда қолөнер ісі жақсы дамыған. Қолөнер шеберлері қауым мүшелеріне қажетті бұйымдарды жасады. Зергерлер алтын, күмісті балқытып, қалыпқа құюмен айналысты. Зергерлік өнерде ағаштан ойып жасалған бейнелер мен сәндік бұйымдарды алтынмен аптау ісі жақсы дамыған. Түрлі түсті сердолик, халцедон, ағат, ақық сияқты тастардан сақ шеберлері әшекей бұйымдарды жасаған. Асыл тастардан көз салынған алқа, сақина-сырғалар, өңіржиектер мен белдіктер жасалған.Ұсталар тастан, саздан жасалған қалыптарды пайдалана отырып, қазандарды құйды, қару-жарақ соқты. Атты әскерлерге қажетті семсерлер мен найзалар, қанжар, жебе ұштарын дайындады. ### Діни нанымдары мен ғұрыптары Сақтардың әлем құрылымы жағынан үш түсінігі бар. Олар: аспан әлемі, жер әлемі және жер астында әлем бар деп сенген. Сақтардың түсінігінде әлемнің төрт бұрышы оң, сол, артқы және алдыңғы жағы болған. Сақтардың ғарыш туралы түсінігі Есік қорғанынан табылған сақ ханзадасының бас киімінде бейнеленген. Бұлар - күн, қанатты пырақтар және 4 алтын жебенің суреті. Бұл Құдайдың әлемге билік жүргізуінің ерекше белгісі болып саналады. ## Дереккөздер
«Халық қаһарманы» Алтын жұлдызы — Қазақстан Республикасы жоғары дәрежелік ерекше белгісі. «Халық қаһарманы» aтағы 1993 ж. белгіленген. Атақ Қазақстан Республикасына ciңірген аса көрнекті қызметі үшін оның бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы азаматтық және жауынгерлік ерліктері үшін беріледі. «Халық қаһарманы» атағына ие болған адамдарға айрықша ерекшелік бeлгici — Алтын жұлдыз және «Отан» ордені тапсырылады. ## Тағы қараңыз * Қазақстанның мемлекеттік марапаттары ## Дереккөздер
Ақ жол (ырым). Бұл «ақ жол» емі жаралы адамннан гөрі, төре тұқымынан шыққан қатындарға үлкен сын» (І.Есенберлин). Бұл ырым бойынша күйеуінің «көзіне шөп салмаған әйел» жаралы адамның үстінен аттап өтсе ауру жазылады. Егер аттаған әйел күнәлі болса ауру табан астында өледі. Жазушы І.Есенберлиннің «Қаһар» романында осы ырым туралы жазылған. Осында: Жанайдар артық туды жатырынан,Оқ тиді Жанайдардың балтырынан.Аттайтын бір де қатын табылмады,Төрелер түңіліп тұр қатынынан! деген өлең елге ауыздан ауызға тарап кетіпті. Егер ол əйел күнəсіз болса, денедегі оқ кері шығады деген ұғым болған. Ешбір дəрісіз, құралсыз тек адалдығымен шипагер болғандықтан, əйелдердің бұл емін «ақ жол емі» деп атаған. Автор бұған былай деп түсінік беріп кетеді: «Ақ жол» емі төре тұқымының әйел жыныстысын бозбалашылықтан, ерлерінің көзіне шөп салушылықтан сақтау үшін Абылайдың өзі шығарған ем болатын. («Қаһар»,626 б.). «Ақ жол» ырымы емнен гөрі әйелдің пәктігін сынауға арналған болу керек. ## Дереккөздер
«Шапағат» медалі — «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік марапаттары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы № 2676 Заңының негізінде белгіленген Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаты. ## Медаль туралы ереже Медаль азаматтарға белсенді және жемісті қайырымдылық қызметі мен мейірімділігі үшін беріледі. Медаль Өскемендегі Қазақстан теңге сарайында дайындалды. ## Галерея * * ## Тағы қараңыз * Қазақстанның мемлекеттік марапаттары
Өмірзақ Естайұлы Шөкеев (12 желтоқсан, 1964 жыл, Түркістан) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, экономист-математик, экономика ғылымдарының кандидаты. Бұрын Шөкеев Түркістан облысының әкімі (2019–2022; 2006–2007), Премьер-министрдің орынбасары — Ауыл шаруашылығы министрі (2017–2019), Самұрық-Қазына төрағасы (2011–2017), Астана әкімі (2004–2007), Қостанай облысының әкімі (1998–2004) және Экономика және сауда министрі (1995–1997) сияқты түрлі лауазымның иегері болған. ## Өмірбаяны Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан. ### Білімі және бастапқы мансабы Шөкеев 1964 жылғы 12 желтоқсанда, Түркістан қаласында туған. 1986 жылы Мәскеу экономикалық-статистикалық институтында білім алып, экономист және математик болды. Кейін ол осы университетте аспирантурасын жасады. 1991 жылы ол Экономика ғылымдарының кандидаты болса, 2002 жылы ол сол саладағы доктор лауазымына қол жеткізді. Өз мансабын Шөкеев 1986 жылы, Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы Автоматтандырылған жоспарлау және басқару жүйелері ғылыми-зерттеу институтының (АЖБЖ ҒЗИ) кіші ғылыми қызметкері ретінде бастады. Бұл қызметте ол 1988 жылға дейін атқарды. 1991–1992 жылдары аралығында ол АЖБЖ ҒЗИ ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері болса, 1992–1993 жылдары Қазақстан президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің консультанты болды. 1993 жылы Президент аппараты мен Министрлер Кабинетiнiң Қаржы және еңбек бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары бола тұрды. 1993 және 1995 жылдары ол Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметінде болған. ### Саяси мансабы 1995 жылғы қарашада Шөкеев Экономика министрі болып тағайындалды. Қызметін атқара жүріп, 1997 жылғы шілдеде 1997 жылғы қазанда үкімет тарағанға дейін Қазақстан премьер-министрінің орынбасары болды. 1997 жылғы ақпаннан қарашаға дейін Шөкеев Президент жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің, одан кейін 1997 жылғы қарашадан 1998 жылғы тамызға дейін Қазақстанның тұрақты дамуы жөніндегі Ұлттық кеңестің мүшесі болды. 1997 жылғы наурызда Шөкеев «Қазақойл» Бақылау кеңесінің төрағасы болды және бұл қызметті 1997 жылғы желтоқсанға дейін атқарды. 1998 жылғы сәуірде Шөкеев Қазақстан Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары болды. 1998 жылғы 19 тамызда Шөкеев Қостанай облысының әкімі болып тағайындалды. Кейін 2004 жылғы 20 наурыздан бастап 2006 жылғы 20 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалғанға дейін Астана әкімі қызметін атқарды. 2007 жылғы 27 тамызда Шөкеев 2009 жылғы 3 наурыздан бастап Премьер-министрдің бірінші орынбасары болғанға дейін Мәсімовтің кабинетінде Қазақстан премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды, бұл оны 2004 жылдан бері осындай лауазымды атқарған алғашқы адам болды. 2011 жылғы 26 желтоқсанда қызметінен босатылып, келесі күні 27 желтоқсанда Шөкеев «Самұрық-Қазына» Директорлар кеңесінің төрағасы және мүшесі болды. 2017 жылғы 15 желтоқсанда Шөкеев Ауыл шаруашылығы министрі болды. 2019 жылғы 21 ақпанда үкімет отставкасының жариялағанынан кейін ол 2019 жылғы 25 ақпаннан 2022 жылғы 26 тамызға дейін Шөкеев Түркістан облысының әкімі қызметінде болды. 2019 жылғы наурыздан Өмірзақ Шөкеев — Нұр Отан партиясы саяси кеңесі бюросының мүшесі. ## Өз өмірі Өмірзақ Шөкеевтің кәсіпкер бауыры бар: Серік Естайұлы Естаев. Шөкеев үйленген, оның жұбайы — Мұхамеджанова Зәуре Советқалиқызы. Оның үш баласы бар: екі қыздары — Нұрбала, Нұргүл және бір ұлы — Нұрасыл. ## Марапаттары Шөкеевтің марапаттары және атақтары: * Назарбаев ордені (2005); * Парасат ордені (1991); * Барыс ордені (2012); * Астанаға 10 жыл медалі (2008); * 1-дәрежелі Еуразиялық Одақты құруға сіңірген еңбегі үшін медалі (2015); * Шымкент қаласының құрметті азаматы (2007). ## Дереккөздер
Сырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы — 1783–1797 жылдары Сырым Датұлының басқаруында болған Кіші жүзінің қазақтарының қозғалысы. Емельян Пугачёв бастаған шаруалар көтерілісі басылғаннан кейін патша үкіметі Кіші жүз қазақтарының көшпелі қауымына отаршылдық езгіні күшейтіп жіберді. Сондықтан да қазақтардың көтеріліске шығуы тіпті де кездейсоқ нәрсе емес еді. Оның өзіндік себептері болды. * Біріншіден, шекара шебінің ішкі жағына уақытша өткен қазақтарға қойылатын талаптар тым қатайтыла түсті. Онда кез келген қазақты оның кездейсоқ басқа бір руласы жасаған құқық бұзушылық әрекеті үшін ұстап алып, айыптауға болатын еді. * Екіншіден, Орал казак әскерлері тарапынан бұрынғысынша дала төсіндегі «әскери іздестірулер» тоқтатылмады. * Үшіншіден, Нұралы ханның және оның төңірегіндегілердің беделі жыл өткен сайын төмендей берді. Ол бірте-бірте патша үкіметінің қолындағы қуыршақ қолшоқпарға айнала бастады. Мәселен, Нұралы хан Орынбордан жыл сайын жалақы алып тұрды. Олардың тарапынан халықтың мұң-мұқтажына көңіл бөлінбеді. Ханның отбасындағылар мал жайылымдарын өздерінше және өз пайдаларына қалай қаласа, солай бөліске салды. Көтерілісті халыққа кеңінен танымал батыр Сырым Датұлы басқарды. Ол Кіші жүздің ішіндегі он екі ата Байұлы бірлестігінің байбақты руынан шыққан ірі тұлға болатын. (Датұлы Емельян Пугачев бастаған шаруалар көтерілісінің барысында өзін шебер дипломат, әскери қолбасшы әрі көрнекті ұйымдастырушы ретінде көрсете білді. Көтерілісшілердің жетекшісі әрі шешен, әрі би ретінде өз даңқын асырған еді. Асқан ақылдылығы мен тапқырлығы үшін бала кезінде-ақ «Бала би» атанған болатын.Сырым Датұлының дене күші де зор еді. Жеке өз басының ерлігі мен қайыспас қайсар батырлығы, ерекше ерік күші таңғалдыратын. Өз замандастарының арасында ат құлағында ойнайтын шабандоздығымен де ерекшеленетін. XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген ағылшын журналисі Д.Ч.Бульжер былай деп жазды: «...Сырым батыр — жігерлі, терең ойлы, қайратты, батыл, тапқыр, айлалы ерекше тұлға. Ол халықтың сүйіспеншілігіне бөленген, халық оған табынған десе де болады». Көтеріліске қарапайым көшпелі қазақтардың едәуір бөлігі, старшындар, билер және батырлар белсене қатысты. Олардың бәрі де Кіші жүздегі барлық рулық бірлестіктердің, әсіресе Ресеймен шектес жерлердегі рулардың өкілдері болатын. Өйткені жайылым тапшылығының ауыртпалығын көтерген де, Орал қазақ әскерлерінің шектен шыққан озбырлығын көрген де солар болатын. Көтерілісшілердің арасында сұлтандар тобынан шыққандар да бар еді. Мәселен, атақты батырдың жақын серіктерінің бірі Айшуақ сұлтанның ұлы Жантөре болды. Көтерілісшілердің қойған ең басты талабы патша үкіметінің қазақ жерлерін тартып алуын тоқтату, сұлтандардың, ханның және олардың айнала төңірегіндегілердің озбырлығына тыйым салу болды. ## Шығу себебі 1782 жылдың аяқ кезінде патша үкіметінің жарлығы шығып, онда қазақтардың Жайықтың оң жағалауындағы аймақтарға қыс мезгілінде жайылымдық жерлерді жалға алу арқылы ғана уақытша өтуіне рүқсат етілді. Орал казактары бұл жарлықты өз мүддесіне пайдалана қойды - қазақтардың жерін қазақтардың жалға алуына тыйым салынды. Орал шекара шебіндегі бекіністердің күзеті күшейтілді. Қазақтар аманат беруге тиісті болды. 1782-1783 жылдың қысында шекара шебінің ішкі жағында казактар қазақтардың 4 мыңнан астам жылқысын күшпен тартып алды. Қыстың өте суық болуы жағдайды одан сайын қиындатып жіберді. Жұт басталды. Дала тұрғындарының 10 000-нан астам жылқысы мен сиыры қырылып қалды. Міне осындай қиын-қыстау жағдайда Кіші жүздің шекара шебіне таяу ауылдарында бұқаралық қозғалыс басталып, ол көп ұзамай азаттық күресіне ұласты. 1783 жылдың көктемінде қазақтар Орал шекара шебіне шабуыл жасай бастады. Қазақ жасағы Гирьял бекінісіндегі солдаттарды тұтқынға алып, малдарын айдап кетті. Орынбордың солтүстік-шығысында тама руының жасақтары шабуылдаумен болды. Орынбор коменданты қазақ даласына Орынбор қазақтарының жазалаушы әскерлері мен башқұрттардың 1500 сарбазын жіберді. Қазақ көтерілісшілері оларға табандылықпен қарсылық көрсетті. Қазақтардың тастан тұрғызған бекінісі дұшпанның баса-көктеп бірден лап қойған шабуылы кезінде алынды. Тұтқынға алынған 56 адам қазыналық жұмыстарды атқаруға жіберілді. ## Алғашқы кезеңі 1783 жылдың жазында казақтардың әскери бекіністер мен сауда керуендеріне шабуылы жиілей түсті. Мұның өзі орыс мемлекетінің Орта Азия хандықтарымен жасалатын сауда-саттық деңгейін құлдырата төмендетіп жіберді. Қарағай бекінісіне бірден лап қойған шабуыл жасалды. Көтерілісшілер Орынбор мен Елек қорғанысының екі арасын байланыстыратын даңғыл жолды өз бақылауларына алды. Көтерілісшілердің Ор (Жаманқала) қамалы мен Төменгі Орал аймағындағы қимылы ерекше белсенді болды. 1785 жылы қазақ жасақтары Төменгі Орал шекара шебінің аймағында патша үкіметінің әскерлерімен кескілескен шайқасқа түсті. Сырым Датұлы 2700 сарбазы бар жасаққа, старшын Барақ Жанұзақұлы 2000, Тіленші батыр 1500 сарбазы бар жасақтарға басшылық етті. Бұларға қарсы казактардың үш отряды жасақталды. 1785 жылы ру старшындарының Нұралы ханмен және оның төңірегіндегілермен арадағы күресі күшейе түсті. Ханның халық көтерілісін басып-жаншып тоқтатуға мұршасы келмеді. Ол - ол ма, көтерілісшілер халыққа жексұрын болған оны орнынан түсіруді талап етті. Қазақтардың да, отаршыл билеушілердін де көз алдында өзінің беделінен жұрдай болған Нұралы хан 1786 жылы Кіші жүзден біржолата қуылды. Ол ендігі жерде патша билігінің қамқорлығына алынды. Біраз уақыт Сергей Калмыков бекінісінде жасырын тұрды. Содан кейін 1790 жылы Уфаға жер аударылған Нұралы хан ақырында сонда қайтыс болды. ### Барон Игельстромның реформалары және Кіші жүзде хан билігін жою әрекеттері Қалыптасқан жағдайда патша үкіметінің алдында тұрған ендігі міндет Кіші жүз қазақтарын басқарудың жаңа түрлерін ойлап табу еді. 1784 жылы Орынбор губерниясының бастығы болып О.Г. Игельстром келді. Ол аймақты басқару жөніндегі икемді саясат жүргізуге қабілетті адам ретінде белгілі болатын. Кіші жүз қазақтары арасындағы жағдайды тез түсініп үлгерді. Билікті билер кеңесіне беруді жақтаған Сырым батырдың ықпалын әлсіретуге тырысты. 1786 жылы О. Игельстром хан билігін реформалаудың жобасын ұсынды. Ол реформаның мәні хан билігін толығынан жою, Орынборда Шекаралық сотбилігін орнату еді. Кіші жүзді рулық-тайпалық жүйе бойынша — Әлімұлы, Байұлы және Жетіру етіп үшке бөлу ұсынылды. Оның әрқайсысында сот билігін жүзеге асыратын әкімшілік органдар - ру ақсақалдары кіруге тиісті «расправалар» құрылатын болды. Оның құрамына төраға, оның ақсүйектерден тағайндалатын екі орынбасары және бір молда енгізілетін болды. Олардың атқаратын жұмысы үшін қазына есебінен жалақы төлеу көзделді. II Екатерина Игельстромның бұл ұсынысын қолдады. Кіші жүз аумағында екі не үш қала, бірнеше мешіт, ақсүйектердің балалары оқитын мектептер салынатын болды. Бұл шаралардың бәрі де Кіші жүз қазақтарының Ресей империясынан іргесін аулақ салып, саяси оқшаулануын жоюға тиіс еді. Бірақ Игельстромның реформасы Кіші жүздегі сұлтандар мен старшындардың наразылығын туғызды. Өйткені олар қазақ даласындағы өз ықпалынан айырылғысы келмеді. Орта жүз бен Ұлы жүздегіШыңғыс әулеттері де осылай деп ойлап, олармен ынтымақтастық танытты. Сондықтан да Игельстром ұсынған жаңа басқару органдары өмірге бейім болмай шықты. Әкімшілік орган — расправалар іс жүзіде бас қосып жиналған жоқ, ешқандай жұмыс та атқармады. Хандықты қолдаушы сұлтандар Батыр сұлтанның ұлы Қайыпты хан сайлады. 1786 жылы старшындардың съезі өтті. Онда тек қана Шекаралық сот құруға келісім берілді. Соттың құрамына алты ру старшыны сайланды. Жаңа әкімшілік орган құрамына сайланғандардың арасында Тіленші, Жәнібек және Тілеп сияқты беделі күшті қазақтар да болды. Мұның өзі лауазымды әкімшілік қызметінде қазақ ру старшындарының сұлтандарды ығыстырып, ауыстыра бастағанын көрсетті. Алайда мұндай сайлау Кіші жүздің үш-ақ руында болып өтті. Сөйтіп Шекаралық сот Кіші жүздің бүкіл руларымен жоғары дәрежелі билер тобы арқылы байланыс жасай алмады. Соның салдарынан Кіші жүздегі саяси жағдайға ықпал ету мүмкін болмай қалды. Сұлтандар қазақ даласында расправалар құруға үзілді-кесілді қарсыболды. Шекаралық соттың құрылуын пайдалана қойған старшындар жер туралы, Еділ мен Жайық арасында қысқы кездегі мал жайылымының көлемін ұлғайту туралы мәселе қоя бастады. Олар сонымен қатар бос жатқан жайылымдарды жалға беру тәртібін жоюды да ұсынды. Генерал-губернатор бос жатқан жайылымдарды жалға алып, оған ақы төлеу тәртібін ғана жойды. Ал жеке меншіктегі жерлерді жалға беру тәртібі сақталып қалды. Сонымен қатар Шекаралық шептің ішкі жағына өту үшін аманат тапсыру тәртібі орнатылды. 1786—1787 жылдардың қысында қазақтардың Еділ мен Жайық аралығына жаппай көшуі басталды. Старшындар өздерінің талаптарын күшейте түсті. Олар Кіші жүзден Ресейге кашып кеткен құлдарды қайтару мәселесін де қозғады. Игельстром старшындардың талабын ішінара ғана қанағаттандырды. Бірақ қазақтардың шекара шебіндегі бекіністерге шабуыл жасауын токтатуды шарт етіп қойды. Қазақ старшындары бұған жауап ретінде шекара шебіндегі әкімшілік пен Орал қазақтарының тарапынан қазақтарға күш көрсетіп, озбырлық жасауын тоқтатуды талап етті. Жаңа әкімшілік орган - «расправалардың» құрылуы сұлтандарды Кіші жүз қазақтарын билеу жүйесінен шеттетуде елеулі рөл атқарды. Бұл жағдай сұлтандардың патша үкіметіне қарсы наразылығын күшейтті. Өйткені олар өздерінің артықшылықтарынан айырыла бастаған болатын. Сөйтіп Кіші жүзде өкімет билігін жүзеге асыру мәселесі жөнінде сұлтандар мен старшындар арасындағы күрес одан әрі жалғаса түсті. Старшындар мен сұлтандардың қарама-қарсылығыбасталды. Сырым батыр патша үкіметінің ықпалынан біржолата шығып кетуге бағытталған шаралар қабылдай бастады. Мұның өзі патшаүкіметіне тіпті де ұнаған жоқ. Игельстромның реформасы іске аспай қалды. Сырым Датұлы Хиуа хандығымен қазақтарға қару-жарақ, атты әскер, азық-түлікпен көмектесу, көтеріліс жеңіліп қалған жағдайда көшіп-қонып жүру үшін Хиуа хандығының бір шетінен мал жайылымын беру жөнінде келіссөздер жүргізді. 1789 жылы Игельстром Кіші жүз қазақтарын басқарудың жаңа жобасын ұсынды. Онда патша үкіметінің қалауы ескерілді: хан билігін қайтадан қалпына келтіру және Кіші жүзді одан сайын бөлшектеп алты расправа құру көзделді. Хан басқаратын бас басқарма құрылды. Сырым батырға прокурор қызметі ұсынылды. Жаңа жоба бойынша патша үкіметі Кіші жүзде хан мен сұлтандардың құқығына шек қоюдан бас тартты. Бірақ бұл жоба да іске асқан жоқ. Енді патша үкіметі қазақтардың Еділ мен Жайық аралығындағы мал жайылымдарын пайдалану құқықтарына шек қоюға тырысты. Мұның өзі бұл аймақтағы қарама-қарсылықты күшейте түсті. Қазақтар Орал шекара шебіндегі бекіністерге шабуыл жасауды жиілетіп жіберді. 1791 жылы Ералы сұлтан Кіші жүздің ханы болып сайланды. Ал ол қайтыс болғаннан кейін Нұралы ханның ұлы Есім сұлтан хан болды. 1792 жылы Сырым Датұлы құрамында 1000 сарбазымен Елек қорғанысына шабуыл жасады. Содан соң Красногорск бекінісін бірден лап қойған шабуыл арқылы алмақ болды. Бірақ мықтап нығайтылған бекіністер мен жақсы қаруланған қорғанысшылар көтерілісшілердің жоспарын жүзеге асыртпады. Қазақ жасақтары әсіресе 1796 жылы ерекше белсенділік танытты. Өйткені бұл жылғы қыста болған жұтта мал жаппай қырылып, халықтың жағдайы нашарлап кеткен еді. ## Ақырғы кезеңі 1797 жылдың көктемінде Сырым Датұлының жасақтары хан ордасына шабуыл жасап, Есім ханды өлтіреді. Бұған жауап ретінде патша үкіметі қазақ даласына жазалаушы отрядтар жіберді. Бірақ олар көтерілісшілерді кездестіре алмады. Кіші жүзде хан тағына талас басталды. Игельстром Кіші жүзді басқаруды Хан кеңесіне тапсыруды ұсынды. Сөйтіп 1797 жылдың тамыз айынан бастап Хан кеңесі жұмыс істей бастады. Отаршыл өкімет билігі қартайып қаусап отыріан Айшуақ сұлтанның кандидатурасын қолдады. Бірақ сұлтандардан ғана тұратын қазақ ақсүйектері дәстүрлі халық жиынын өткізбей-ақ Қаратай сұлтанды хан сайлауға асықты. Мұның өзі сұлтандардың Хан кеңесіне деген қарсылығын білдіруі еді. Өйткені Хан кеңесінде старшындардың ықпалы күшті болып шығатын еді. Сырым Датүлы Хан кеңесінің құрамына сайланбай қалды да, Сырдария өзені бойына көшіп кетті. Онда ол Әлімұлы старшындарының қолдауына ие болды да, Хан кеңесінің алдына Кіші жүздегі жағдайды жақсарту жөнінде мәселе қойды. Сырым батыр руаралық барымтаны және Орал қазақтарымен қақтығысты тоқтатуға күш салды. 1797 жылы Айшуақ сұлтан хан болып сайланды. Бұл кандидатураны сұлтандар да, ру старшындары да қолдады. Хан жасы жетіп қартайған адам еді. Ол қазақтардың арасында бәлендей рөл атқара алған жоқ. Кіші жүздегі сұлтандар мен ру старшындарының өзара татуласуы Сырым Датұлын өзінің төңірегіне ру старшындарын бұрынғысынша топтастыру, сұлтандарға және патша әкімшілігіне қарсы күресін жалғастыра беру мүмкіндігінен айырды. Сырым батыр Хиуа хандығына көшіп кетті. Халық аузындағы аңызға қарағанда, Сырым Датұлы кейбір мәліметтерге қарағанда 1802 жылы өзінің саяси қарсыластарының қолынан қаза тапқан көрінеді. ## Дереккөздер
Хасенов тегі бойынша төмендегі мағына білдіруі мүмкін: * Әбікен Хасенов - - қазақтың күйші-домбырашысы, шертпе күйдің шебері, актер, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген артисі. * Әбілда Хасенов - шопан. 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту, I дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерінің иегері. * Әмеди Хасенов - тіл білімі маманы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор. * Ермекбай Қайыпұлы Хасенов * Жармұхан Хасенұлы Хасенов * Манап Хасенов * Мәди Хасенов * Мұқаш Хасенов * Мұхамметқали Хасенов * Нұркенже Хасенов
Аты теріс - дәстүрлі неке-отбасылық қатынастарда қалыптасқан әйелдердің сөйлеу мәдениетінде орын алған табудың (тыйымның) баламасы, тұспал атауы. Жасы мен жолы үлкен, көзі тірі, тіптен дүниеден өтіп кеткен ата-апаларының аттарын атамай тұспалдап айтқан. Жанама немесе телінген есімі жоқ адам туралы сөз сөйлеу, баяндау, қажет болған жағдайда әйел әдебі бойынша оның атын атамай «аты теріс» (аттеріс) деп тергейтін болған. Бұл анықтама тіркеске қосымша аты теріс көрші, аты теріс бала, Атайдың аты теріс тамыры, балалардың (отағасының) бұрынғы өткен аты теріс әжелері және т.б. жолдармен білдірген. «Тентегім, сен теріс айтып жатырсың» (М.Әуезов). Халық дәстүрінде адамға құрмет көрсетудің жолдары көп. Соның бірі – ат тергеу. Ұлт дәстүрі бойынша әйелдер атасының, қайнаға, қайынсіңлісінің атын атамай, өзіне лайықты ат қойып «мырза қайнаға», «бай атам», «би атам», «жалқы бала», «тентегім», «еркем», әйел болса «шебер шешей», «ақ әже», «сырғалым», «шашбаулым», «күлімкөзім» деп атайды. Жеңгелер жағы небір күлкілі аттар да қоя береді. Мысалы: тапалды «сұңғағым», жайбасарды «жүйрігім» дейді. Мұның бәрі шын мәнінде сыйластық пен құрметтің ерекше белгісі болып табылады. Ер адамдар да ақсақалдар мен өзінен үлкендерді «ата», «әке», Ереке, Аха, Жәке, Сәке деп құрметтеген. Бұл да осы ғұрыптың бір түрі. Ат тергеу – біздің халқымыздың адам сыйлау жөніндегі ізеттілік, көргендік, кішіпейілділік қасиеттерінің биік көрінісі. Өзінен үлкен адамның атын тура атау анайылық болып табылады.Халық аузында мынадай қызықты әңгіме бар: Бір келіншек «сарқыраманың ар жағында, сылдыраманың бер жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр! Білемені жанымаға жанып-жанып тез келіңдер!», - депті. Сөйтсе ол Өзенбай, Қамысбай, Қойлыбай, Қасқырбай, Қайрақбай, Пышақбай деген қайны, қайнағаларының атын атай алмай тұр екен!Жолаушылар су әкеле жатқан әйелден: «бұл кімнің ауылы» деп жөн сұрапты. Сонда келіншек «өзінде ғана бардай, өзгеде жоқтай атамның ауылы» депті. Сөйтсе бұл Көтібар ауылы екен.«Ат тергеу» басқа жағдайларда да қолданылады. Мысалы, халық қасқырды «ит-құс» деп, қорасан, шешек,қызылша сияқты ауруларды «әулие» деп атайды. Ол осындай пәле-жала бізден аулақ болсын деген ырым. ## Дереккөздер
Бауыржан Момышұлы (24 желтоқсан 1910, Көлбастау – 10 маусым 1982, Алматы) — қазақтың әйгілі әскери қолбасшысы, Ұлы Отан соғысында даңқы шыққан стратег және тактик, жазушы, Кеңес Одағының Батыры Батыс майданындағы 16 армияның 316-атқыштар дивизиясындағы (1941 жылдың қарашасынан бастап 8-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы) 1073 атқыштар полкінің (1941 жылдың қарашасынан 19 гвардиялық полкі) және батальон командирі. Ұлы Отан соғысына генерал-майор И.В. Панфилов басқарған әйгілі дивизиясының құрамында 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап қатысты. Батальон командирі ретінде аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Мәскеу үшін шайқаста 27 рет ұрысқа қатысты. 1941 жылдың 16-18 қараша күндері вермахтың Мәскеу бағытында екінші мәрте жасаған жорығы кезінде аға лейтенант Момышұлы басқарған батальон дивизиядан қашықта, Матронино деревнясының жанында Волоколамск тас жолында асқан ерлікпен ұрыс жүргізді. Білікті комбаттың басшылығы арқасында 3 күн бойы фашистер шабуылын тойтарып, батальон үлкен шығынсыз, ұрысқа қабілетті жағдайда қоршаудан шығады. Бауыржан Момышұлы — әскери педагогика мен әскери психологияны байытушы баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға. Оның атақ, даңқы, батырлығы А.Бектің «Волоколамск тас жолы» атты кітабында суреттелді. Кітап неміс, чех, еврей, ағылшын, француз, т.б. шет тілдеріне аударылды. Соғыстан кейін Бауыржан Момышұлы Совет Армиясы Бас штабының Жоғары әскери академиясын бітіреді. Әскери-педагогикалық жұмыспен айналасып, Совет Армиясы әскери академиясында сабақ береді. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен оған «Халық қаһарманы» деген атақ берілді. ## Өмірбаяны ### Балалық шағы Бауыржан Момышұлы 1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау ауылында туған. Дулат тайпасының Шымыр руынан. Имаш бабасы 1911 жылы 92 жасында дүниеден өткен. Әкесі Момыш өз бетімен ескіше сауат ашқан, кирил алфавитімен оқуды меңгерген сол кезеңдегі көзі қарақты адамдардың бірі болған. Ел арасында ағаш ұстасы және етікші, зергерлігімен танымал болатын. Имаш атасы қартайған кезінде барлық шаруашылықты Момыш ұлына табыстаған. Әжесінің есімі - Қызтумас, қартайған шағында ағайын-туыс "сары кемпір" деп атаған. Анасы Рәзия дүниеден ерте өтіп, Бауыржан 3 жасынан бастап Қызтумас әжесінің қолында өседі. 1921 жылы бастауыш класты оқуға Аса интернатына түседі. 1924 жылдан бастап жеті жылдық мектепті Шымкент қаласында оқиды. Бұл сол өңірдегі 1924 жылы ашылған алғашқы жетіжылдық мектеп болатын. Бауыржанмен бір сыныпта Әбділда Тәжібаев пен Құрманбек Сағындықов оқиды. 1928 жылы мектепті үздік бітіріп, Орынбор қаласындағы Қазақ Педагогикалық институтына оқуға түседі. Институт директоры Тоқтыбаев деген кісі болатын. Жас баланың қатты суықта жұқа киіммен жүргенін көріп, өзінің кабинетіне шақыртып алады. Баланың қолына бухгалтерияға қағаз жазып беріп, осы қағаз бойынша ақша алатындығын және сол ақшаға ауылға қайтатындығын айтады. Осындай тұрмыс жағдайына байланысты оқудан кетеді. ### Соғысқа дейінгі өмірі * 1928-1930 жылдары бастауыш мектепте ұстаздық етеді. Біраз уақыт аудандық атқару комитетінің жауапты хатшысы ретінде қызмет атқарады. Аудандық милицияда 6 айдай жұмыс істейді. * 1932-1934 жылдар аралығында Қызыл Армия қатарында қызмет етеді. 1933 жылы полк мектебін бітіреді. * Туған ауылына қайтып оралып, бірнеше жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. * Атқару комитетіндегі қызметімен көзге түскен Бауыржан Тимофей Дубовиктің қолдауымен Шымкент өнеркәсіп банкінің экономисі болады. Осы қызметте жүрген уақытта 1936 жылы Республикалық банктің меңгерушісі Б.М.Барханның жолдамасымен Ленинградтағы Финанс академиясының жанындағы бір жылдық курсты бітіреді. Біліктілігін бағалаған басшылық оны КСРО өнеркәсіп банкінің республикалық басқармасына аға консультант ретінде тағайындайды. * 1936 жылы жаңадан құрылып жатқан бөлімге взвод командирлігіне шақырылады. Бұл кезде рота командирі, полк штабы бастығының көмекшісі болады. * 1939 жылы әкесі Момыш қайтыс болады. ### Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары * 1941 жылы Қазақ әскери комиссариатының нұсқаушысы қызметін атқарады. Ұлы Отан соғысына 1941 жылдың қыркүйегінен бастап қатысты. 316 атқыштар дивизиясының жасақталуына белсене атсалысып, сол дивизия құрамында майданға аттанады. * 1941 жылдың 26 қарашасында маршал Рокоссовский полк командирі етіп тағайындайды. * 1941-1945 жылдары Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияның батальон, полк командирі, соғыстың соңғы жылдары аталған дивизияның командирі болады. * 1942 жылдың 6 маусымында "Қызыл Жұлдыз" орденімен марапатталады. * 1944 жылы денсаулығына байланысты Алматы госпиталіне жіберіледі. * 1945 жылдың 16 қаңтарында Алматыға келген Бауыржанды ғалымдар соғыс туралы әңгіме-лекция өткізуге шақыртып, кездесу ұйымдастырады. Осы лекцияның стенограммасы кейінрек "Соғыс психологиясы" деген атпен кітап болып басылды. Алғашында тек орыс тілінде жарық көрген бұл еңбек, 2010 жылы Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына орай қазақ тілінде де жарық көрді. Соғыс кезінде жеке басының қаһармандық ерлігімен және ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен ерекше көзге түседі. Бірнеше рет жау қоршауынан жауынгерлерін аман-есен алып шығады. Мәскеу түбіндегі шайқастағы ерлігі сол кездің өзінде Одақ көлеміне аңыз болып жайылады. Осының негізінде орыстың белгілі жазушысы А.Бек «Волоколамское шоссе» (қазақшасы «Арпалыс») повесін жазды. Бұл шығарма кейін бірнеше тілге аударылады. Жауынгерлік іс-қимылдарға қатысты ұрыстан шығу, шегініс жасау тәсілдерінің арнайы тарау болып әскери жарғыға енуі, тактикада «ошақты» және «икемді қорғаныс» ұғымдарының қалыптасуы Бауыржан Момышұлының осындай тәжірибелерінің жиынтығы болып табылады. Бауыржан Момышұлы жау шептеріне ішкерлей еніп ұрыс жүргізу теориясын соғыс тәжірибесінде алғаш қолданушылардың және оны дамытушылардың бірі болды. Мәскеу үшін шайқас Мәскеу түбіндегі шайқас Бауыржан Момышұлының өміріндегі ерекше кезең болды. Жас сардар, 1073 атқыштар полкінің батальон командирі, аға лейтенант Бауыржан Момышұлы сарбаздармен қақаған қыста Мәскеу түбінің омбы қарына малтыға жүріп, бес рет қоршауды жарып шығып, жалпы саны 27 рет қол бастап ұрысқа кіріп, соғыс тарихында болмаған тактикалық маневрлер жасап, әскери өнерге жаңалық енгізген. Командир Момышұлы жетік стратег, асқан тактик, психолог еді. 1941 жылдың 16-18 қараша күндері аралығында вермахтың Мәскеуге екінші дүркін шабуылы кезінде Б.Момышұлы басқарған батальон өз дивизиясынан қашықта Матронино селосының маңында Волоколамск тас жолыда аса ерлікпен соғысты. Комбаттың дарынды басшылығының арқасында неміс әскері бұл маңда 3 күнге іркіліп қалды. Бұл ерлігінен соң жас комбат өз сарбаздарын қоршаудан соғысқа қабілетті жағдайда алып шықты. Алайда аласапыран шақта қысылтаяң жағдайға ұшыраған кейбір полктердің батальон, роталарымен байланысы үзіліп, жауынгерлердің қай жерде, қандай халде екенін білу қиынға соғады. Сондай жағдайға ұшырағандардың бірі – Бауыржан басқарған бірінші батальон еді. Баукең енді шегінудің нақты жоспарын жасайды. Батальонның алдында жүретін он бес адамнан құрылған (алдыңғы жақты барлайтын) барлаушы қойып, взвод-взводпен бөлек-бөлек болып, бірінің ізімен бірін жүргізе жылжуды ұйғарады. Батальон алдындағы барлаушыларды аға лейтенант Рахимов пен саяси жетекші Мұхаметқұл Сләмқұлов басқарады. Күндіз жау көзіне түспеу үшін жауынгерлеріне түнделетіп жүруді бұйырады. Күндіз қалың тоғайда тыныстап, түнде барлаушылар арқылы белгіленген бағытпен сақтана жүріп отырған жауынгерлер табандылық пен төзімділік көрсетіп, қалың қарағайлы тоғай ішінің қалың қарын омбылай жүре отырып, екі күннен кейін Новлянск пен Ивановск деревняларының аралығынан шығады. Барлаушылардың айтуынша, осы Ивановск деревнясында панфиловшылардың 1075-полкінің бірінші батальоны тұрады екен. Бұлар әлі шайқасқа қатыспағандықтан тың тұрады. Әдісқой, тәжірибелі комдив И.В. Панфилов бұл полкті уақытша әдейі резервте ұстап тұр екен. «Б.Момышұлы басқарған батальон түгелдей жау қолынан қаза тауып, жойылып кетті» деген лақапты естіген олар түгелдей аман оралған жауынгерлерді зор қуанышпен қарсы алды. Бауыржан бастаған батальон жауынгерлерін көргенде И.В.Панфилов қуанғаннан көзіне жас алады. Иван Васильевич көптен көрмеген бауырын кездестіргендей Бауыржанды қаусыра құшақтай алып, бетінен сүйіп: «Жарайсың, сұңқарым!» деп арқасынан қағады. 19 гвардиялық атқыштар полкінің командирі ретінде 1941 жылдың 26-30 қараша күндері гвардия капитан Момышұлы Мәскеу облысының Соколово деревнясының маңында неміс әскерінің шабуылын 4 тәулік бойы қайтарып, сәтті ұрыс жүргізді. 1941 жылдың 5 желтоқсанында омыртқаға оқ тиіп, жарақат алды. Әзілхан Нұршайықовтың "Ақиқат пен Аңыз" кітабында Бауыржан өзін санбатқа жеткізгенде дәрігерлер дереу госпитальға апару керек деп шешкендігін, бірақ ол тапаншамен дәрігерді қорқытып, оқты сол жерде шығаруды бұйырғанын айтады. Оқты алып, жараны таңғаннан кейін капитан Бауыржан Момышұлы ұрыс алаңына қайта оралады. Кеңес әскерлерінің 1942 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы ұрыстарында 8-гвардиялық дивизияның Бауыржан Момышұлы басқарған полк жауынгерлері ерекше көзге түсті. Дивизия екі ай ішінде батысқа қарай 500-600 шақырым алға басып, фашистердің мыңдаған солдаты мен офицерлерін саптан шығарады, жаудың көптеген техникасын жойып жіберді. 1944 жылы Комдив болып жүрген кезінде Дубровка деревнясының маңында болған ұрыс кезінде тағы қатты жараланады. Өз айтуынша құйымшақпен жерден шығып тұрған темірге құлаған екен. Біраз уақыт атқа отыра алмай және шалқасынан жата алмай жүрді, бірақ госпитальге бармады. Сол уақыттан 1944 жылдың наурызына дейін госпитальде жатады. Сол жылы Бас Штабытың Әскери Академиясының жанындағы офицерлердің біліктілігін арттыру курстарын бітіріп шығады. 1945 жылдың 21 қаңтарынан бастап гвардия полковник Бауыржан Момышұлы Екінші Прибалтика майданының, 6 гвардиялық армиясының, 2 гвардия атқыштар полкінің 9 гвардия атқыштар дивизиясын басқарды. 1945 жылдың ақпан-наурыз айларында Бауыржан Момышұлы басқарған дивизия Приекуле станциясының солтүстік-батыс жағында орналасқан неміс әскерінің үш бекінісін бұзып өтеді. Дивизия шабуылының нәтижесінде 15 елді мекен босатылды, ал жау әскеріне үлкен зиян тиген болатын. Бауыржан Момышұлының қатардағы жауынгерлер жайлы айтқан нақылға бергісіз сөздері халқымыздың есінде. Даңқты қолбасшы солдаттың мінез-құлқын, парасатын, елі үшін шыбын жанын қиятын ерлігін ерекше бағалай білген. Соның арқасында оларды ерлік жеңістерге бастап, жігерлендіріп отырған. Бауыржан Момышұлы соғыс жылдарында адуынды да қатал әскери басшы болып қана қойған жоқ, сонымен қатар қарамағындағы жауынгерлер мен офицерлердің ақылгөй жетекшісі, зерделі де білгір, байыпты да мейірман тәрбиешісі де бола білді. Гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының 1990 жылдың 12 желтоқсанында туғанына 80 жыл толуына орай Кеңес Одағының Батыры деген жоғары атақ берілді. Б.Момышұлының «Әділет қашанда жеңеді, ол кешіксе де келмей қоймайды» деген сөзі шындыққа айналып, ел тілегі орындалды. ### Соғыстан кейінгі жылдары * 1946-1948 жылдары Ворошилов атындағы әскери академияның тыңдаушысы болады. * 1948-1950 жылдары 49-атқыштар бригадасы командирінің орынбасары қызметін атқарады. * 1952 жылы Кеңес Әскері Бас Штабының жанындағы Жоғары әскери академияны тәмамдайды. * 1953 жылы академик Ван-Чон-Худың басқаруымен келген Қытай делегациясымен кездеседі. * Соғыстан кейін 1950-1955 жылдары Кеңес Әскері әскери академиясында сабақ береді. * 1955 жылы желтоқсан айы соңында (45 жасқа толғанда) полковник атағымен отставкаға шыққан cоң, елге оралады. Елде біраз уақыт жұмыс табылмайды. Өмірбек Жолдасбек Қазақ Ұлттық Университетінің әскери кафедрасына жұмысқа алмақ болады. Алайда оған да қарсылық болған көрінеді. Батыр енді толықтай шығармашылықпен айналысады. Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өміріндегі көрген білгендерін шығармаларына арқау етеді. Оның қаламынан туған, өмір шындығының негізіндегі тамаша романы мен әңгіме, повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналады. Олар бірнеше қайтара басылып шығарылды. Кубаға сапары Бауыржан Момышұлы 1963 жылы Фидель Кастроның шақыруымен Куба еліне барады. Сапар барысында Куба басшысы Фидель Кастромен кездесудің реті келмеді, бірақ інісі Рауль Кастромен кездесіп, ол кісіге үлкен әсер қалдырды. Куба әскерилерінің (негізінен әртүрлі аудиторияның) алдында дәріс оқыды (“Куба кездесулері” (“Кубинские встречи”; орысша дайындалған баяндама, 11-21 қараша 1963 жылғы жазбалардан деген мәліметтермен 1986 жылғы Алматының “Жазушы” баспасында басылған орыс тіліндегі қос томдық шығармалар жинағының екінші томына 13 беттік мәтін боп кірді; алғаш сол жылы жарияланды)). Кубаға барған саяхаты жайында "Куба әсерлері" (1975 жылы “Ұшқан ұя” жинағына үш әңгіме (“Жол үстінде”, “Олар менің есімде”, “Ол екеуміз”), “Ұшқан ұя” хикаятымен бірге кіргізілді, соның ішінде сапарнама мәтін көлемі – 130 бет) атты сапарнамалық кітап жазады. Бауыржан Момышұлы Фидель Кастро мен Эрнесто Че Гевараның үлгі тұтқан тұлғасы болған. 1963 жылы қарашада (11-21 қараша) Куба үкіметінен бірнеше қайтара шақыру келгендіктен, 10 күндік сапармен барып келеді. 1982 жылы 10 маусымда 71 жасына қараған шағында Алматыда дүние салады. Кеңсай зиратына қойылды. Батырдың 100 жылдығы 2010 жылы қыркүйектің 14-і күні Алматыда «Қазақтың Бауыржаны» атты деректі фильм көпшілікке таныстырылды. Фильмді үкімет тапсырысымен Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына арнап режиссер Қалила Омаров түсірді . 2010 жылы желтоқсанның 10-ы күні Алматыдағы 28 панфиловшылар саябағында кеңес-герман соғысының қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлына тұрғызылған ескерткіш салтанатты жағдайда ашылды. Жалпы биіктігі 6 метрлік ескерткіштің тұғыры граниттен, ал батырдың мүсіні қоладан құйылған.. 2010 жылы Республика бойынша Бауыржан Момышұлының 100-жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өтті. 2010 жылы қыркүйек айында Бауыржан Момышұлының 30 томдық шығармалар жинағы жарыққа шықты (Алматыдағы “Өнер” баспасы басып шығарды). ## Бауыржан Момышұлының әдеби шығармашылығы Бауыржан Момышұлы жігіттік шағында-ақ ғашықтық жырлар, достарына, жерлестеріне арнау өлеңдер жазған. Оның алғы шептен жазған мақалалары мен өлеңдері, аудармалары майдан газеттерінде, «Социалистік Қазақстан», «Казахстанская правда», «Қазақ әдебиеті» және басқа басылымдарда жарық көріп тұрған. Майданда ол күнделік жазып, ұрыс алаңында көрген-білгенін, басынан өткен жайттарды қағазға түсірді. Ол кез-келген жағдайда қарда да, жаңбырда да және тіпті қоршауда қалған кезде де жазба жүргізді. Осылайша, ол 38 жауынгерлік жазба кітапша жазды. Онда соғыс барысы, сарбаздардың ойы мен әрекеті туралы айтылады. Оның негізгі әдеби шығармалары оқырманды шыншылдығымен таңғалдырады. «Бір түннің тарихы» оның дарынды жазушы екенін жариялаған алғашқы туындысы. Бауыржан соғыс уақытында «Серігім», «Жазушыға», «Қалыбек аға», «Біреулерге», «Омарбекке», «Жардың мұңы», «Ғ-ға», «Ана тілін ардақта», «Досыма», «Толғау» атты өлеңдер жазған. 1952-1956 жылы «Офицердің күнделігі», «Бір түннің тарихы», «Біздің семья» деген алғашқы кітаптары жарық көрді. ### Шығармалары ## Отбасы * Бибіжамал Мұқанқызы Момышкеліні — Бауыржаннан екі жас кіші, ақсары, сұлу кісі. Бибіжамал Мұқанқызынан тұңғыш баласы Бақытжан Момышұлы дүниеге келді. * Коркина Клавдия Григорьевна — опера театрының әртісі, сыған қызы. Бұл кісіден Елена Бауыржанқызы дүниеге келді (16.09.1947 жылғы) * Бақытжамал Қалибекқызы — шет тілдер институтының аспиранты, 13 жыл бірге болды. * Бақытжан Момышұлы - Бауыржан Момышұлының ұлы. * Зейнеп Ахметова Бауыржанкеліні (1945 жыл, 18 қаңтарда туған) — келіні, Бақытжан Момышұлының жұбайы, жазушы, қазақы дәстүрлерді насихаттаушы. Қайын атасы туралы мемуар кітаптар мен мақалалар жазады. ## Бауыржан Момышұлының аты берілген нысандар Қазақстанда батырдың атымен Алматы, Тараз, Атырау, Семей қалалары және Жамбыл облысы Аса ауылындағы көшеге батырдың аты берілген: ### Астана қаласында * Бауыржан Момышұлы атындағы даңғыл ### Алматы қаласында * Бауыржан Момышұлы атындағы көше * Бауыржан Момышұлы атындағы метро бекеті * №131 мектеп-лицейі және «Жас Ұлан» әскери мектебі ### Шымкент қаласында * Бауыржан Момышұлы атындағы даңғыл * №44 және № 120 мектептер ### Жамбыл облысында * Жамбыл облысының бұрынғы Бурное ауылы Бауыржан Момышұлы ауылы болып өзгертілген. * Бауыржан Момышұлы ауылдық округі * №45 қазақ классикалық гимназиясына Бауыржан Момышұлының есімі берілген және мектептің алдында Бауыржан Момышұлының бюсті орналастырылған. * Тараз қаласында Бауыржан Момышұлы атындағы Жеңіс саябағы бар. ### Ескерткіштер * * * * ## Марапаттары Соғыс кезінде * 1942 жылы 6 маусымда «Қызыл ту» орденімен; * 1944 жылы 6 маусымда «Мәскеуді қорғағаны үшін» медалімен; * 1945 жылы шілдеде 1 дәрежелі «Отан соғысы», «Құрмет Белгісі» ордендерімен, «Қызыл жұлдыз» орденімен 2 рет марапатталды Соғыстан кейін * 1970 жылы «Еңбек Қызыл ту» орденімен, «Құрмет белгісі» орденімен * КСРО Президентінің 1990 ж. 11 желтоқсандағы жарлығымен Б. Момышұлына 1941-1945 жылдары соғыста неміс-фашист басқыншыларына қарсы күресте асқан ерлігі мен қаһармандығы үшін «Кеңес Одағының Батыр атағы» берілді (медаль №11637). * 2000 жылы «Ғасыр адамы» деп танылды ## Қызықты деректер Ұлы Отан соғысы жылдарында екі қазақ қана дивизия басқарған. Оның біріншісі Бауыржан Момышұлы болса, екіншісі Әбілқайыр Баймолдин. Бауыржан Момышұлы үш қыздан кейін, әкесінің 53 жасында дүниеге келген. ## Бауыржан Момышұлы туралы * 1967 «За нами Москва», Режиссері: Мәжит Бегалин, Бауыржан Момышұлын сомдаған: Кәукен Кенжетаев * 2010 - Қазақтың Бауыржаны (Деректі фильм) Қазақфильм. Қалила Нематұлы Омаров * 2013 - Бауыржан Момышұлы (телесериал) Режиссері: Ақан Сатаев. * Ақиқат пен аңыз - авторы Әзілхан Нұршайықов * Волоколамск тас жолы - авторы Александр Бек * Восхождение к отцу - авторы Бақытжан Момышұлы * Во имя отца - авторы Бақытжан Момышұлы * Сыновья великого волка - авторы Бақытжан Момышұлы * Шуақты күндер - авторы Зейнеп Ахметова ## Бауыржан Момышұлының қанатты сөздері ## Тағы қараңыз * Сабыр Омарұлы Рахимов * Рақымжан Қошқарбаев * Иван Васильевич Панфилов * Панфиловшылар дивизиясы * Александр Альфредович Бек ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Бауыржан Момышұлы. Қазақ тілі туралы пікір * Бауыржан Момышұлы туралы 13 дерек * Өн-бойы ар-намыстан жаралған * «Бiр адамды екi қайтара сынаудың қажетi жоқ» Мұрағатталған 19 сәуірдің 2017 жылы.
Ақсай Қазақ автономиялық ауданы — Қытай Халық Республикасының Гансу өлкесінде 1954 жылы 27 сәуірде құрылған әкімшілік аудан. Орталығы — Боложаңзы. Жер көлемі 33733 км2. Ауданда қазақтардан басқа қытай, ұйғыр, дүңгендер мекендейді. Қазақтар саны 2847 адам (1991 ж.). Аудан Гансу, Шыңжаң және Цинхай өлкелерінің тоғысқан жерінде орналасқан. Жер бедері күрделі, айналасы тау, биік үстірт, құмды шөл дала. Ауасы құрғақ, жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 110 мм. Аудан табиғи ресурстарға бай. Тұрғындары мал шаруашылығымен, балық аулаумен айналысады.1934 — 1939 ж. Шыңжаң губернаторының қазақтарға қолданған қатаң саясатының нәтижесінде Алтай аймағының Баркөл аудандағы қазақтардан 30 мыңға жуық адам Шыңжаңның шығысындағы Гансу өлкесіне босып кетті. Қазақтар губернатор Шың Шысайдың,Ма Буфаң әскерлерінің шабуылына ұшырады. 1950 ж. ҚХР үкіметі Гансудегі Шыңжанға қайтқысы келген қазақтарды қайтарып, қалғанын сонда орналастырды. Ауданға қарасты 4 ауыл, 13 қыстақ бар. 1955 жылы тұңғыш ауылдық мектеп ашылды. Қазақ мектептерінде қазақ тілінде білім беріледі. 1972 жылдан кәсіби қазақ ойын-сауық ұжымы жұмыс істейді. Мұндағы қазақтар дінін, ұлттық салт-дәстүрлерін сақтаған.
Қазанғап Тілепбергенұлы(1854 – 1921) – қазақтың әйгілі күйші-композиторы. ## Шежіресі Шежіре дерегі бойынша, Ұлы жүз Ақарыстан тараған ұрпақтың бірі — Кейкі би, одан Төбей туған. Төбейден Майқы, Қоғам, Мекіре, Құйылдар деген төрт ұл туады. Осылардың Қоғамынан Қаңлы мен Шанышқылы туған. Шанышқылыдан Қорбақа, Дарқан, Қырықсадақ, Бектау деген төрт ұл туады. Осылардың ішіндегі Қырықсадақтан Қазанғаптың аталары өрбіген. ## Өмірбаяны Туып-өскен жері — Шалқар ауданы ның (Айшуақ ауылына қарасты Ақбауыр деген жері. Топырақ бұйырған жері — сол Ақбауыр маңы, Айшуақ ауылының іргесі. Шыққан тегі — Ұлы жүз құрамындағы байырғы тайпалардың бірі — Шанышқылы. Кіші жүздің Ресейге бодан болуы, ел ішіндегі әлеуметтік-саяси құрылымға ертерек өзгеріс енгізіп, бұрынғы ру аралық пәтуә-бірлік шырқының ертерек бұзылуына себепші болды. Әрідегі Сырым батыр, онан соң Исатай мен Махамбет Өтемісұлы бастаған жойқын көтерілістер, берідегі Бекет батыр бастаған көтеріліс Қазанғаптың жөргектен құлағына сіңісті болған, қала берді көзі көрген заманалық тауқымет айғағы болатын.Бойы өсіп, бұғанасы қатып үлгермей-ақ Қазанғаптың маңдайына қойшылық өмір бұйырған. Қой соңында өткізген он жылда ол домбыраны жан серігі етіп, өзінің сезім-түйсігін күй тілінде сыртқа шығаруды машық етеді. Содан, оң-солын тани бастағанда күйге біржола өмірін арнамақ болып, әке- шешесінен рұқсат алады. Доңызтау-Аққолқада — Төреш, Бесқалада — Орынбай, Құрманияз, Орынборда — Үсен төре сияқты әйгілі домбырашылармен кездеседі. Арал алабын, Үстірт, Маңғыстау аймағын, Ақтөбе, Ырғыз, Қостанай, Троицк, Орынбор төңірегін шарлап, ел ішіндегі күй сарындарын көкірегіне армансыз сіңіреді. Небір додалы күй сайыстарына түсіп, өнерін шыңдайды. Мұның бәрі Қазанғап бойындағы тегеурінді дарынның жарқырай көрінуіне, шабыт тұғыры болуына себепші болады.Қазанғап қарақалпақтар ортасында болған кезінде Балжан деген қызбен көңіл жарастырып, бас құрауға уәде байласады. Алайда жоқ-жітік тірлік кешкен қарт әке-шешенің жағдайымен Қазанғап уөделі уақытта Балжанға келе алмайды. Кейін тагдыр айдап, тұрмысқа шыққан Балжанға ұшырасады. Сонда Балжан: Қазанғап адалдық пен сұлулық айғағындай Балжан аруды өмір бойы күй арқауы, шабыт түғыры етіп өткен. Қазанғап шығарған күйлердің ішінде Балжанға арналған күйлер циклы қазақ күй өнерінің ең бір шуақты шоғырына жатады. ## Шығармашылығы Жалпы, Қазанғап — эпикалық күйші. Оның күйлері қазақтың өткеніне де, бүгініне де, болашағына да терең бойлайды. Қазанғап күйлері халық тарихының артта қалған алмағайып кезеңі туралы "Ноғайлы босқыны" деп, он алтыншы жылғы патша жарлығын жарадай сезіне отырып, "Жұртта қалған", "Окоп" деп күңіренеді. Қазан төңкерісінен кейінгі ел өмірінің түбірлі өзгерістерін ұлы көшке теңеп, "Қызыл керуен" деп бебеулейді. Ал "Майда қоңыр", "Учитель", "Өтті-ау дүние", "Көкіл" сияқты күйлері өмірдің мәні мен сөні туралы, бүгін мен болашақтың қамы туралы таусыла толғанады. Қазанғаптың күйшілік болмыеына ден қойғанда, оны да XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында қазақ халқының рухани әлемінде көрініс тапқан антиутопиялық ағымның, кертолғау сарынының, зар заман тақырыбының аса дарынды өкілі деп таныған жөн. ## Дереккөздер
Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (шын есімі Мәнсия) — 1922 ж., Орал облысы Бөкей Ордасы ауданы — 1943 ж. қазанның 16-ы — қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры (1944). ## Балалық кезі * Шын есімі Мәнсия. Анасы еркелетіп Моншағым дей бергеннен, Мәнсияның тілі келмей өзін Мәншүк деп кеткен. Байұлы тайпасы, Шеркеш рынан шыққан.. Мәншүктің өз әкесі - Жиенғали Мәметов. Бірақ Жиенғалидің інісі Ахмет Мәметовте бала болмаған соң, 1925 жылы Мәншүкті сол кісінің қолына берген. * Ахмет Саратов қаласында оқып жүргендіктен, Мәншүкті өзімен бірге сол жаққа алып кетеді. Көп ұзамай аласапыран заман басталады да, Ахмет бірнеше жыл ағасымен хабар алыса алмай қалады. Кейін 1931 жылы Алматыға келгеннен соң, жылдың соңында бір-ақ естиді: ағасы Жиенғали аштықтан көз жұмған екен. Ахмет Мәметов - қазақтан шыққан алғашқы дәрігерлердің бірі, өзі Алашордашы, Бейімбет Майлин, Құдайберген Жұбановтармен жақын араласқан. Сондықтан да, 1938 жылдың қаңтар айында ұсталып кетеді. * Ахметтің әйелі Әмина Мәметова - Әбілқайыр ханның тұқымы. Атасы молда, әкесі елге сыйлы адам болған, өзі патша заманында әйелдер гимназиясында оқыған, Саратовта аспирантура бітірген, елге келген соң әдебиет пәнінің мұғалімі болып, сол кездегі газеттерге сыни мақала жазып тұрған. ## Өмірбаяны * Ұлы Отан соғысы басталған кезде Мәншүк Алматы медициналық институтында оқып жүрді. * 1942 ж. тамызда ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-інші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты. * Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты. ## Оған көрсетілген құрмет * Павлодар облысының колхозшылары Батыр қыздың құрметіне Мәншүк атындағы танк колоннасын құруға қаражат жинады. * Туған жерінде оған ескерткіш орнатылған. * Невель, Алматы, Орал, т. б. қалаларда Мәншүк атында көшелер бар. * Республиканың ондаған мектептері, Қызылорда қыздар педагогикалық училищесі Мәншүк есімімен аталады. * Қаһарман қыздың өмірі мен өшпес ерлігі жайлы «Мәншүк туралы жыр» (авторы — А. Михалков-Кончаловский, режиссері М. Бегалин) атты көркем фильм түсірілді. * * ## Дереккөздер