text
stringlengths
238
557k
Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы Бірінші Лига клубтары арасында Қазақстан Республикасы Біріншілігінің үздік футболшысын анықтайтын сауалнаманы қорытындылап, жылдың үздік ойыншысын атады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚКФЛ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аяқталған маусымның айларының сауалнамаларында жеңістердің саны бойынша 2022 жылғы маусымның үздік ойыншысы атағын көкшетаулық «Оқжетпестің» шабуылшысы Руслан Болов жеңіп алды. Ресейлің ойыншы өткен маусымның 7 айында (шілде-қазан аралығында) 4 рет үздік ойыншы атанды. Сонымен қатар айдың үздік ойыншысы жүлдесін Марлен Айманов («Екібастұз», маусым айы), Адам Диалло («Қайсар», мамыр) және Санат Жұмаханов («Оқжетпес», сәуір) жеңіп алды. Аталмыш жүлдеден бөлек Руслан Болов Бірінші Лиганың үздік сұрмергені және үздік шабуылшысы атанды. Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter 0 Төлеш Есет Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызt.me/qazprosports Также интересно Пікірлер 0 Блогтар блог құру Барлық блогтар Тағы жүктеу 18+русский язык Сайт туралы Байланыс Қолданушылық келісім Правообладателям Политика Cookies Политика конфиденциальности Реклама Авторлармен хат алмаспай, қолжазбалар мен фотоларды қайтармауға редакцияның толық құқығы бар. Жарнамалық материалдардың мазмұны үшін жарнама берушілердің өздері жауап береді.
Ақшалай төлемді «Алтын алқа», «Күміс алқа» немесе бұрын «Батыр ана», «Ана Даңқы» ордендерімен марапатталғандар да ала алады. Оқи отырыңыз... Прайс-лист на оказания услуги по изготовлению и размещению PR материалов на информационном портале «Caspian Life» 08.12.2022 Биыл Жылыойда 1600-ге жуық адам жұмыспен қамтылды 07.12.2022 Халықаралық әйелдер күніне орай ШҚО-дағы көпбалалы аналарға ақшалай төлем беріледі. Қаржылай көмек төрт және одан да көп бала тәрбиелеп отырған әйелдерге тағайындалады. Бұл туралы Айқын газеті хабарлайды. «Сондай-ақ, ақшалай төлемді «Алтын алқа», «Күміс алқа» немесе бұрын «Батыр ана», «Ана Даңқы» ордендерімен марапатталғандар да ала алады. Төлем мөлшері 5 АЕК (14 585 теңге) құрайды. Бұл атаулы және мерекелі даталарға арналған төлем категориясы», – деп хабарлады ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының әлеуметтік төлемдер бойынша бөлім басшысы Бұлбұл Балабекқызы. Мемлекеттік көмек 8 наурыздан кейін беріледі. Төлемді алу үшін «Қазпочта» АҚ филиалдарына хабарласу жеткілікті. Өзіңізбен бірге жеке куәлік болуы керек. Тегтер: Caspian БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу Facebook Instagram Youtube Telegram Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.
Алматы, 31 қазан. Институционалды реформалар,адами капитал және олардың инклюзивті экономикалық дамуға ықпалы тақырыбы 2019 жылдың 8 қарашасында 2-ші «Ашық экономика»форумында (OEF-2019) талқыланатын болады. «Ашық экономика» форумының биылғы арнайы қонағы – экономика ғылымдарының докторы, SciencesPo университетінің профессоры, Ресей экономика мектебінің бұрынғы ректоры, Еуропа қайта құру және даму банкінің бұрынғы бас экономисті Сергей Гуриев. Сарапшы транзиттік, дамушы және шикізатты елдердегі тұрақты және инклюзивті экономикалық өсімді қамтамасыз етудегі институционалды дамудың рөлі туралы дәрісін оқиды, сонымен қатар, форумның панелді сессиясына қатысады. OEF-2019 жұмысына жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту тәжірибесі бар 7 елдің, яғни, Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Украина экономика саласы бойынша сарапшылары қатысады. Аталмыш мемлекеттердің барлығы үшін ілгерідегі экономикалық дамуды қолдау мақсатында институттарды құру өзекті міндет болып табылады. OEF-2019 спикерлері – халықаралық және отандық сарапшылар – Қазақстандағы институционалды реформалар мен тұрақты экономикалық дамудың өзара байланысын қарастырып, Қазақстандағы экономикалық және саяси бәсекелестік маңызын талқылайтын болады. Олар «ауқатты және бақытты болу үшін әр қазақстандық азаматқа қанша қаражат керек» деген көкейтесті сұраққа нақты жауап береді және Қазақстаннан өзге елдерге ой жылыстауын тоқтату мәселесі бойынша өз болжамдарын ұсынады. «Қазіргі таңда мемлекет ұшыққан экономикалық және әлеуметтік сын-тегеуріндерге орай әрекет етуге мәжбүр және әрекет етіп те жатыр. Бір жағынан, бұл үдерісте популисттік ауан мен сараптаманың жеткіліксіздігі анық байқалып тұр. Екінші жағынан, құқық үстемдігінің іргелі ұстанымдары, әлеуметтік әділеттілік, ақпарат қолжетімділігі, басқаруға қатысу болмай және табанды азаматтық қоғам институттарын дамытпай, тиімді мемлекеттік басқаруға қол жеткізу мүмкін еместігіне тағы бір мәрте көз жекіздік. Осы мәселеге орай, таразыланған және жан-жақты сарапшылық талқылауларға негізделген халықтың әлеуметтік тұрғыда осал топтарының мәселелерін өзектендіру қажет. Сондықтан да, біздің қор екінші рет «Ашық экономика» форумын өткізіп отыр», – деді Сорос-Қазақстан қоры басқарма төрайымы Аида Айдарқұлова. Читать также ... Қазақстандағы лизинг нарығы қалай дамып барады? Ekonomist.kz жобасының жетекшісі Қасымхан Қаппаров: «Күрделі саяси транзит кезеңінде азаматтық институттардың рөлі және саясаттың экономикаға ықпалы ерекше айқындала түсуінде болып тұр. Қазақстан үшін мұндай институттар – жеке меншікке қолсұқпаушылық, тәуелсіз соттар және баспасөз бостандығы. Күшті, әрі толыққанды қоғамдық институттар құрылған жағдайда ғана Қазақстанға қажетті реформалар еліміздің барлық азаматтары үшін тиімді және пайдалы бола алады деген сенімдемін». OEF-2019 ұйымдастырушылары – Сорос-Қазақстан қоры және Ekonomist.kz онлайн жобасы. Ақпарат үшін: «Ашық экономика» форумы – бұл Қазақстандағы инклюзивті, тұрақты және ұзақмерзімді экономикалық дамудың жаңа бағыттарын талқылауға арналған интербелсенді алаң. Форум бағдарламасы мен рухы іс-шараның барлық қатысушыларының күшін инклюзивті, тұрақты және ұзақмерзімді дамуға жету жолдарын талқылауға бағыттайтын болады. Бірінші «Ашық экономика» форумы Астана қаласында 2017 жылдың қарашасында өтті. Сорос-Қазақстан қоры (СҚҚ) – үкіметтік емес ұйымдар, билік органдары және бизнес арасындағы серіктестікті дамыту арқылы толерантты, белсенді қоғамды және жауапты, айқын үкіметті насихаттауды қолдайтын үкіметтік емес қайырымдылық ұйымы. СҚҚ халықаралық «Ашық қоғам» қорлары желісінің бөлігі болып табылады. Толық ақпарат www.soros.kz сайтында. Ekonomist.kz Қазақстандағы экономикалық тақырыптарды кәсіби тұрғыда талқылауға арналған ашық онлайн алаң. күрделі экономикалық құбылыстарды қарапайым тілмен жеткізіп отыратын болады. Жоба міндеті – қазақстандықтардың еліміздің экономикалық дамуындағы жаңалықтары мен мәселелерінен хабардар болып отыруына ықпал ететін кәсіби виртуалды сараптама желісін дамыту, жас сарапшылардың жетіле түсуіне мүмкіндік беру. Авторлар жоба нәтижесінде халық табысының өсімін және әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету жолында мемлекет қабылдайтын шешімдер сапасына әсер етеміз деп күтеді. Читать также ... Адами капиталдың жылыстауы және теңсіздік: қуатты институттар бұл мәселелерді қалай шеше алады? Тегтер #«Ашық экономика» форумы #Сергей Гуриев Ekonomist.kz Related posts Макроэкономика, Мемлекеттік бюджет 2020-2022 жылдары өсім қарқынының төмендеуі қазынаның нығаюымен сәйкес келеді Сергей Домнин, 3 years бұрын 5 min оқу Макроэкономика 3 әріптен тұратын экономика: Қазақстан қалай қалпына келеді? Сергей Домнин, 2 years бұрын 5 min оқу Еңбек, Макроэкономика Жұмыссыздық: кімді және қалай есептейді? Данияр Молдоканов, 3 years бұрын 5 min оқу Бизнес, Кірістер, Макроэкономика, Мемлекеттік бюджет Ғаламдық салықтың көзге көріне бермейтін кемшін тұстары Project Syndicate, 1 year бұрын 4 min оқу Макроэкономика, Мемлекеттік бюджет, Статистика туралы мақалалар Мемлекеттік бюджет: қоғамдық игілік, дефицит пен профицит Данияр Молдоканов, 3 years бұрын 6 min оқу Макроэкономика Саяси транзит кезеңінде экономикаға төнетін қауіп-қатер Касымхан Каппаров, 2 years бұрын 4 min оқу Жұмыссыздық: кімді және қалай есептейді? 3 years бұрын 5 min оқу ШОБ-тан өңірлерге КТС беру: жергілікті бюджет жылдың негізгі фискал реформасынан не ұтты? 2 years бұрын 5 min оқу Мемлекеттік қарыз — көзге көрінбейтін бөлігі 3 years бұрын 6 min оқу Мемлекеттік бюджет: қоғамдық игілік, дефицит пен профицит 3 years бұрын 6 min оқу ЖІӨ және оны қалай есептейді? 3 years бұрын 5 min оқу Қазақстанда халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарымен қалай жұмыс істейді? 3 years бұрын 5 min оқу Оңтүстіктегі аса үлкен ауылдар: саясаттың экономикадан басымдығы 3 years бұрын 6 min оқу Мемлекеттік қарыз қалай пайда болады? 3 years бұрын 8 min оқу Ең төменгі күнкөріс деңгейі, ең төменгі жалақы және ең төменгі есептік көрсеткіш дегеніміз не? 2 years бұрын 5 min оқу Ауылдық мектептер: мемлекет оқушыларды бөліп-жара ма? 3 years бұрын 7 min оқу Instagram Сайт саясаты Сайт материалдарымен жұмыс кезінде міндетті түрде дереккөзге гиперсілтеме қою қажет . Сайт редакторлары әрдайым мақала авторларының пікірлерімен келісе бермейді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 959 қаулысымен «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» акционерлік қоғамы Ұлттық Технологиялық даму саласындағы ұлттық институты болып айқындалды. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ инновациялық гранттар беру операторы болып айқындалды. Кейіннен «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ «QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ болып атауы өзгертілді. Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру Грант сомасы және жүзеге асыру мерзімі 1-кезең: 20 млн теңгеден аспайды, іске асырудың максималды мерзімі – 6 ай 2-кезең: 80 млн.теңгеден аспайды, 2-кезеңді жүзеге асыру мерзімі 18 айды құрайды. Жобаны іске асыру сомасының кемінде 10%-ын өтінім берушіден қоса қаржыландыру КІРУ ПАРАМЕТРЛЕРІ Бірінші кезеңде: бизнес-инкубациялау және (немесе) акселерациялау бағдарламасын аяқтау; ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтiң аяқталған нәтижелерiнiң немесе өнiмнiң экспериментальдық тәжiрибелiк үлгiсiнiң немесе бастапқы конструкцияның (MVP) болуы; маркетингтік зерттеулерде тәжірибесі бар коммерцияландыру жөніндегі маманды қоса алғанда, 5 (бес) адамнан аспайтын білікті маманнан тұратын команданың болуы (грант есебінен қоса қаржыландыру үшін); шағын кәсіпкерлік субъектісі; Жобаны іске асыру сомасының кемінде 10%-ын өтінім берушіден қоса қаржыландыру Бірінші кезеңнен өту екінші кезең үшін іріктеу бойынша конкурсқа қатысудың міндетті шарты болып табылады Екінші кезеңде: өндіруге және (немесе) өткізуге дайын өнімнің болуы; өнімді жылжытудың маркетингтік жоспарының болуы; екінші кезеңдегі қаражат сомасының кемінде 30 (отыз) пайызы мөлшерінде инвестицияларды тарту; бизнесте тәжірибесі бар коммерцияландыру жөніндегі маманды қоса алғанда, 7 (жеті) адамнан аспайтын команданың, жоба бойынша салалық мамандарының (грант есебінен қоса қаржыландыру үшін) болуы. Жобаны іске асыру сомасының кемінде 10%-ын өтінім берушіден қоса қаржыландыру Қандай шығындар жабылады: Бірінші кезеңде: кезеңнің қаражат сомасының 30 (отыз) пайызынан аспайтын немесе 6 000 000 (алты миллион) теңгеден аспайтын соманы құрайтын жобаның топ мүшелерінің жалақысы (салықтар, алымдар және басқа да міндетті төлемдерді қоса алғанда); үшінші тұлғалармен және (немесе) бірлесіп орындаушылармен орындалған, оның ішінде жабдықты жалға берумен байланысты жұмыстарға және (немесе) көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу; кезең қаражаты сомасының 10 (он) пайызынан аспайтын немесе 2 000 000 (екі миллион) теңгеден аспайтын соманы құрайтын іссапар шығыстары (шетелдіктерді қоса алғанда); кеңсе үй-жайларын жалға алу, оның ішінде өнімді жетілдіру үшін; апробация және тестілік сатып алу өткізу мақсатында өнімді немесе қызметті жасау (жетілдіру) үшін қажетті материалдарды, құрамдас бұйымдар мен жабдықтарды сатып алу; Екінші және үшінші кезеңде: кезеңнің қаражат сомасының 30 (отыз) пайызынан аспайтын немесе 24 000 000 (жиырма төрт миллион) теңгеден аспайтын соманы құрайтын жоба командасы мүшелерінің еңбекақысы, соның ішінде салықтарды, алымдарды және басқа да соған байланысты міндетті төлемдерді қоса алғанда; үшінші тұлғалармен және (немесе) бірлесіп орындаушылармен орындалған, оның ішінде жабдықты жалға берумен байланысты жұмыстарға және (немесе) көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу; кезең қаражаты сомасының 10 (он) пайызынан аспайтын немесе 8 000 000 (сегіз миллион) теңгеден аспайтын соманы құрайтын іссапар шығыстары (шетелдіктерді қоса алғанда); өнімді немесе қызметті жасау үшін қажетті лицензияларды, жабдықтарды алу; өнімді немесе қызметті жасау үшін қажетті материалдарды, құрамдас жабдықтарды сатып алу; кеңсе және (немесе) өндірістік үй-жайларын жалға алу; кезеңдегі қаражат сомасының10 (он) пайызынан аспайтын маркетингтік шығыстар (тауарды немесе қызметті жылжыту бойынша қызметтерді сатып алу). Бірінші кезеңде қандай құжаттар қажет Алдын ала ұсыныс (жоба мен топтың сипаттамасы), үлгі бизнес құрылымы, үлгі жоба командасы және идеяны ұсыну презентациясы Өтінім бергеннен кейін келесі қадамдар қандай Алдын ала ұсынысты тіркегеннен кейін Кеңес алдын ала ұсынысты тыңдайды және келесі критерийлер бойынша іріктеу жүргізеді: – инновациялылық; – ауқымдылық; – экспортқа бағдарлану; – жоба командасының құрамы мен біліктілігі; – жобаның коммерциялық әлеуеті. Алдын ала ұсыныстарды тыңдау нәтижелері бойынша Кеңес өтінім берушілерді конкурстың екінші кезеңіне жіберу (жіберуден бас тарту) туралы шешім қабылдайды. Толық өтінім нені қамтиды Толық өтінім акселерациялық және (немесе) инкубациялау бағдарламасынан өткендігін растайтын құжат Жобаның бизнес – жоспары Шығындар сметасының жобасы Күнтізбелік жоспар жобасы БҚЕ әзірлеуге арналған техникалық ерекшелік Салық берешегінің жоқтығы туралы мәліметтер Клиенттермен жасалған алдын ала шарттардың көшірмелері (оның ішінде ниет шарттары) Команданың біліктілігін растайтын құжаттардың көшірмелері сатып алынатын қызметтердің, материалдардың, құрамдас бөліктердің және жабдықтың әрқайсысы бойынша коммерциялық ұсыныстар Өкілеттіктерді беру туралы шешім (заңды тұлғалар үшін) Жарғы көшірмесі ТОЛЫҚ ӨТІНІМДЕРДІҢ САРАПТАМАСЫ Технологиялық сараптама – технологиялық іске асырылуы, шаралардың жеткіліктілігі және олардың жарияланған жұмыс көлемі мен мазмұнына таралуы бағаланады, жобаны іске асыру тәуекелдері және жобалық команданың біліктілігі анықталады. Қаржылық-экономикалық сараптама – жобаның іске асырылуының экономикалық орындылығын және қаржылық-экономикалық моделін бағалау мақсатында жүргізіледі. Жоба бойынша шығындардың негізділігі тексеріледі. Құқықтық сараптама – инновациялық гранттар алуға өтінімдердің мазмұнының қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін бағалау және құқықтық талдау. Жобаның презентациясы қарастырылған ба Кеңес алдында жобаның питчингі ұйымдастырылады, оның қорытындысы бойынша инновациялық грант беру немесе оны көрсетілетін қызметті алушыға беруден бас тарту туралы шешім қабылданады. ҚОРЫТЫНДЫЛАР Жоба питчингінің сәтті аяқталғаннан кейін жоба питчингінен өткен өтінім беруші мен «Qazinnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ арасында инновациялық грант беру туралы шартқа қол қойылады. Грант қаражаты қашан және қайда аударылады Жобаны іске асыруға қаражат аудару үшін банкте жобаға қатысы жоқ операцияларды жүргізу құқығынсыз оларды депозиттеу шартымен эскроу шот ашылады. Ақпарат алу үшін телефон: +7-775-623-14-22, +7-7172-79-25-81 (ішкі номер 581), +7-7172-79-25-80 (ішкі номер 580)
– Мен қала базарларының бірінде кассир боп жұмыс жасаймын. 6 тамызда босануға дейінгі демалысқа кетпекпін. Әр жыл сайын еңбек демалысымды тамызда алатын едім. Енді бұл демалыс жүктілік демалысыммен сәйкес келіп тұр. Маған босанғанға дейінгі және кейінгі демалыстар төлене ме? Гүлайна Атырау облыстық мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының заңгері Рысты ҚАЛИЕВА жауап береді: – Егер сіз демалысқа жүктілігіңізге және босануыңызға байланысты кететін болсаңыз, онда ол сізге 126 күнге берілетін болады. Осы демалыс уақыты өткенде ҚР Еңбек Кодексінің талаптарына сәйкес, сіз өзіңіздің еңбек демалысыңызды ала аласыз. Дәрігер сізге 126 күнге еңбекке жарамсыздық бетшесін беріп, жұмысқа шығу уақытын көрсетеді. Осыдан кейін сіз өз жұмыс орныңызға келіп, еңбек демалысын ұсыну туралы арыз жазуыңыз керек. Сізге еңбек демалысы есептеліп, төленеді. Бұдан басқа, сіз 6 тамыздан бастап жүктілігіңізге және босануыңызға байланысты демалыс беру туралы арыз жазғаныңыз жөн. Осы арызға негіз ретінде сіз уақытша жарамсыздық бетшесінің көшірмесін тіркейсіз. Сіздің жұмыс берушіңіз бұйрық береді, соған сәйкес, сізге 126 күн демалыс беріледі. Осыдан кейін сіз Атырау облыстық мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының маманына жұмыс орнынан соңғы 12 айдағы кірісіңіз турал анықтама, әлеуметтік және зейнетақы жарналары туралы анықтама және уақытша жұмысқа жарамсыздық бетшесін, жеке бас куәлігін, СТН, ӘЖК, тұрғылықты мекен-жайы туралы анықтама немесе жүктілігі мен босануына байланысты әлеуметтік жәрдемақы тағайындау үшін еңбек кітапшасын әкелесіз. 1 тамыз 2012, 22:14 WhatsApp арқылы хабар жіберу Бөлісу: Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз. Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.
Сізге «Зияткерлік олимпиадаға» доступ берілді. Қазір тапсырыс беріп үлгеріңіз. Себебі, небәрі 13 күннен соң олимпиада аяқталады. Зияткерлік олимпиада Халықаралық олимпиада тізімін көру Облыстық олимпиада тізімін көру Республикалық олимпиада тізімін көру Ұстаздарға арналған оқу әдістемелік материалдар Пәнін, сыныбын және бағытын көрсетіп 180 000 астам сабақ жоспарларын сайттан тегін жүктеп алуға болады: Әлеуметтік пе... Алгебра Аттестаттау материалдары Әлеуметтік педагог Әлеуметтану Әдістемелік бірлестік жетекшілері Балабақша Бастауыш сынып Биология География Геометрия Директорға Дене шынықтыру Дінтану Жаңартылған бағдарлама Жаратылыстану Завучтарға Информатика Кітапханашылар Коррекциялық мектеп Қазақ тілі Кембридж тәсілімен оқыту Қазақ әдебиеті Қаржылық сауаттылық пәні Құқық негіздері Қосымша білім беру Логопед, дефектолог Математика Мадениеттану Мектеп алды даярлық Музыка Мектеп әкімшілігі Өзін-өзі тану Психология Русский язык Сынып жетекшісі Сызу Сурет Дүние жүзі тарихы Оқу ісінің меңгерушісі Қазақстан тарихы Ресей тарихы Технология Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері Физика Философия Химия Шағын орталық Шет тілі Неміс тілі Экономика Экология Басқа Мектептен тыс мекемелер Адам және қоғам Алғашқы әскери дайындық Русская литература Барлығы Барлығы Ашық сабақ Мақала Презентация Сабақ жоспары Тест Тәрбие сағаты Семинарлар Конспект Ғылыми жұмыстар Олимпиада тапсырмалары Ойындар, Сценарийлер Эссе Өлең, ертегі, әңгімелер Ақын жазушылар Жұмбақтар Көрнекілік Шығарма, мазмұндама Жаңылтпаштар, әзілдер Портфолио Коучинг жоспары Сыныптан тыс жұмыс Оқушылар жұмысы Авторлық бағдарлама Оқу жылы Ата-аналармен жұмыс Баяндамалар, реферат Мереке, тілек Басқа 8 сынып Барлығы Мектепке дейінгі 1 сынып 2 сынып 3 сынып 4 сынып 5 сынып 6 сынып 7 сынып 8 сынып 9 сынып 10 сынып 11 сынып 12 сынып Басқа Оқу әдістемелік материалдар іздеу Барлығы материал Құқық бүзығушылық туралы сауалнама docx Құқық бүзығушылық туралы сауалнама Эльмира Ардаковна Омиртаева Семей қаласы, "№35 ЖОББМ" КММ" әлеуметтік педагог 20.05.2021 1124 0 ЖИТС - 21 ғасыр дерті docx ЖИТС - 21 ғасыр дерті Ташимова Нұргүл Төлегенқызы Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы КММ "Алқатерек орта мектебі" 27.02.2020 413 0 Тәртіпсіздік өмірдің қас жауы docx Тәртіпсіздік өмірдің қас жауы Ташимова Нұргүл Төлегенқызы Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы КММ "Алқатерек орта мектебі" 14.01.2020 656 2 ЖИТС - 21 ғасыр дерті docx ЖИТС - 21 ғасыр дерті Ташимова Нұргүл Төлегенқызы Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы КММ "Алқатерек орта мектебі" 14.01.2020 500 0 ЖИТС - 21 ғасыр дерті docx ЖИТС - 21 ғасыр дерті Ташимова Нұргүл Төлегенқызы Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы КММ "Алқатерек орта мектебі" 17.11.2019 490 0 "Жаны жайсаң - Жақсылық ата" docx "Жаны жайсаң - Жақсылық ата" Турбаева Алтынкул Сексенбайқызы Қызылорда қаласы, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының Жалаңтөс Баһадүр Сейтқұлұлы атындағы олимпиадалық резевтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің тәрбиешіс
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров қызметінен кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ мегаполис әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әкімдіктің хабарлауынша, Надыров өз еркімен арыз жазып, қызметінен босатылған. Қамалжан Надыров Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып 2020 жылдың маусымында тағайындалған. Бұған дейін ол еліміздің денсаулық сақтау министрінің орынбасары болған. Ол ҚДБ басшысы ретінде осы жылдың сәуір айында бекітілген еді. Алайда шенеунік коронавирус жұқтырып алған соң қызметіне бірден кірісе алмаған болатын. Кейінірек, Надыров ауруы туралы айтып берді. Сөзінше, дәрігерлер оның екі өкпесінің де қабынғанын анықтаған. Шенеунік станционарда 15 күн жатқан. Айта кетсек, Қамалжан Надыров 1983 жылдың 27 ақпанында дүниеге келген. Медициналық және экономикалық екі жоғары білімі бар. Ол еңбек жолын интерн дәрігер болып бастаған. Еске сала кетсек, Үкімет қаулысымен Ибрагим Даукесұлы Күлшімбаев Қазақстан төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалғанын хабарлаған едік. Сондай-ақ, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстанның шет мемлекеттердегі бірқатар елшісі тағайындалған еді. Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысы мен Қарағанды облысы әкімдерінің жаңа орынбасарлары тағайындалған болатын. Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1880310-kamalzan-nadyrov-almatydagy-lauazymdy-kyzmetinen-ketti/ Автор: Нұрила Ермекбай Матч-центр Кеңейту Открываются комментарии Все комментарии: {{totalCommentCount}} {{list}} Перейти к обсуждению {{formattedDate}} {{body}} Бірінші болып пікір қалдыру Жарнама берушілерге Біз туралы Жоба жайында NUR.KZ туралы басқа медиадағы жарияланымдар Біз қалай жұмыс істейміз NUR.KZ жаңалықтар қызметінің жұмыс істеу қағидалары Жаңалықтар мұрағаты Пайдалану шарттары Материалдарды пайдалану ережелері Қолдану шарттары Құпиялылық саясаты NUR.KZ сайтында пікір қалдыру ережелері Редакция editor@corp.nur.kz Бас кеңсе +7 (727) 339 80 38 Біз әлеуметтік желілердеміз Nur.kz мобильді қосымшасы Біздің қағидаттар YouTube MCN © NUR.KZ 2009-2022 2016 жылдың 6 мамырындағы № 15988-АА куәлігі Барлық құқықтар қорғалған Біз Cookie файлдарын қолданамыз Олар сайтты сізге ыңғайлы етіп баптауға - қызықты мақалаларды ұсынып, пайдалы жарнаманы көрсетуге көмектеседі.
Төлеби ауданында «КазахБитум» ЖШС-нің мұнай өнімдерін өңдеу зауытындағы үздіксіз полимерді модификациялау цехы ашылды. Киелітас ауылдық округі аумағында орналасқан зауыт жылына 200 мың тоннадан астам өнім өндіруге қауқарлы. Жоба құны – 550 млн. теңге. Цехта жол жөндеу жұмыстарына қолданылатын ерекше қоспа өндіріледі. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы жұмыс сапарымен Төлеби ауданында болып, жаңа өндіріс орнының ашылу рәсіміне қатысты. – Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында кәсіпкерлік саласын тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді тапсырды. Бүгінде облыста аталған мәселелер бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» жөніндегі тапсырмасына сәйкес, облысымызда 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлануда. Сонымен қатар Президент автожол құрылысына, соның ішінде жергілікті жолдардың сапасына баса мән беру керектігін айтқан болатын. 2025 жылға дейін жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде тапсырма берді. Бізде әлі күнге дейін битум тапшылығы бар. Аудан аумағында жұмыс істеп тұрған зауыттың жұмысын жандандыру арқылы облысымызда осы мәселені шешеміз. Бүгін іске қосылған полимерді модификациялау цехының маңызы жоғары. Осындай ірі зауыттарымыз көбейе берсін! – деді Дархан Сатыбалды. Битум әртүрлі жол жұмыстарында кеңінен қолданылады. Өнімнің бір ерекшелігі, ауа-райының кез-келген температурасына бейімділігі. Битум жол төсенішінің біркелкілігін және түрлі деформацияланудан сақтайды. Полимерлі битумды пайдаланатын асфальтбетон қоспасы жолды тозып кетуден қорғайды. Цехта жергілікті тұрғындар тұрақты жұмыспен қамтылған. Іссапар барысында облыс әкімі Бірінші Мамыр ауылдық округінде орналасқан «Балмұздақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды. Балмұздақ цехы 1998 жылдан бері жұмыс істейді. Кәсіпорын жылына 3 мың тоннаға жуық балмұздақ, 15 тонна тұшпара, жарты миллион тоннадан астам шоколад өнімдерін өндіреді. 200-ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Келер жылы 1 млн. 300 мың евроға Австриядан балмұздақ цехына құрал-жабдықтар алып, орнатылмақ. Алдыңғы пост САРЫАҒАШТАҒЫ КӘСІПОРЫН ЖЫЛЫНА 5 МЫҢ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАДЫ Келесі жаңалық ТҮРКІСТАНҒА ИТАЛИЯДАН ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ Leave a Reply Cancel reply Your email address will not be published. Required fields are marked * Comment * Name * Email * Website Save my name, email, and website in this browser for the next time I comment. December 2022 M T W T F S S 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 « Nov Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Шымкент қаласында экономика салаларын білікті мамандармен қамтамасыз ету, техникалық және кәсіптік білім беру бағытында кадрлар даярлауда іс-шаралар жоспары әзірленген. Қазіргі таңда қалада техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде 34 961 студент білім алуда. Жалпы 10 сала, 75 мамандық, 166 біліктілік бойынша мамандар даярлау жолға қойылған. «Білімді ұлт» ұлттық жоспарына сәйкес, шаһарда 2022-2023 оқу жылына 16 466 шәкіртті қабылдау жоспарланып отыр: мемлекеттік тапсырыс бойынша 11 704 орын (70 пайыз), ақылы негізде 4 762 (30 пайыз) орын. Мемлекеттік тапсырыс аясында қажетті мамандықтар бойынша 9 сынып (8193) және 11 сынып бітірушілері (3 511) тегін оқумен қамтылады. Мемлекеттік тапсырыс көлемі өткен жылдан 7 173 орынға артқан. Қалалық білім басқармасының салааралық іс-шаралар жоспарына сәйкес, бұл бағытта кадрлар даярлауға сұранысты қалыптастыру, дуалды оқыту жүйесін дамыту, қысқа мерзімді оқыту, бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру іс-шаралары жүргізілуде. 2022 жылы үшжақты келісімшарт негізінде (әкімдік, колледж, кәсіпорын) 15 кәсіпорын 11 мемлекеттік колледжді қамқорлыққа алды. Шымкент қаласындағы 30 колледж жанынан Индустриялдық кеңестер және 28 қамқоршылық кеңес (11 мемлекеттік, 17 жекеменшік колледждерде) құрылды. 8 колледжде 2520 студент (11,3 пайыз) дуалды оқытумен қамтылған. Дуалды оқытумен қамтылған студенттер санын 2025 жылға қарай 42 %-ға жеткізу жоспарда. 2022 жылы бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру жоспары әзірленген. Жалпы 8468 бітіруші болса, оның ішінде жұмысқа орналасатыны – 7 197 (85 %), жоғары оқу орындарына түсетіні – 501 (5,9 %), әскерге кететіні – 162 (1,9 %). Сонымен қатар, 11 колледж қысқа мерзімді оқытуды талапқа сай атқаруға дайын. Биыл сәуір-шілде айларында қала колледждері жұмыс берушілермен бірлесе 180 білім беру бағдарламаларын жасап, сараптамадан өткізеді. Дуалды оқыту форматы бойынша 14 колледжде 5 900 студент қамтылады. Қосымша 58 кәсіпорынмен келісімшарт түзіледі. Бітірушілердің жұмысқа орналасу көрсеткішін кемінде 85 %-ға жеткізу көзделуде. Жалпы айтқанда ірі кәсіпорындардың аса қажетті мамандықтарына талдау жасалып, өңірдегі білім беру ұйымдарының білікті кадрларын жаңа жұмыс орындарына ұсыну жұмыстарын ұйымдастыру, әлеуетті жұмыс берушілермен бірлесе «Бос орындар жәрмеңкесін» жүйелі түрде өткізу басты назарда тұр. Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі Posted in Жаңалықтар ШАПЫРАШТЫ ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА ЖОСПАРЛЫ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ Алдыңғы «7-20-25» БАҒЫТЫ БОЙЫНША НЕСИЕЛІК ТҰРҒЫН ҮЙ АЛУҒА 12 МЫҢҒА ЖУЫҚ ӨТІНІМ ТҮСКЕН Келесі Оқи отырыңыз ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ 3 дня бұрын 103 рет оқылды ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП ҚАЙТА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ 4 дня бұрын 110 рет оқылды ТҮРКІСТАН: «АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ 35 ЖЫЛДЫҒЫНДА АҒА БУЫНҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ 5 дней бұрын 100 рет оқылды ТҮРКІСТАН: ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫН ДАМЫТУ ЖОБАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ 6 дней бұрын 199 рет оқылды Comments Leave a reply Отменить ответ Social connect: Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены * Comment Name * Email * Website Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. ТАҢДАУЛЫ ЖАҢАЛЫҚТАР МЕНІҢ ƏКЕМ МАЙДАНГЕР 20.05.2021 6444 рет оқылды ШЫМКЕНТТЕГІ КІТАП КӨРМЕСІНЕН НЕНДЕЙ ОЙ ТҮЙДІК? 31.05.2021 3505 рет оқылды Табиғат — тіршілік көзі 14.05.2021 3106 рет оқылды Жүрсін ЕРМАН «ШОҚТЫҒЫ БИІК АЙТУЛЫ АҚЫН» 08.05.2021 3103 рет оқылды ШЫМКЕНТТЕ ДӘРІГЕРЛЕР МЕН АТА-АНАЛАРДЫ СST БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ОҚЫТУДА 25.07.2021 2895 рет оқылды ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА БИЫЛ 34 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛАДЫ 07.04.2022 2778 рет оқылды «Зүлейханың оянуы» кітабы тұңғыш рет қазақ тілінде жарық көрді 04.05.2021 2304 рет оқылды Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесінде 1967 жылдан бері Израиль жаулап алған Палестина жерін жөйттерден азат ету талабы қамтылған қарар жобасын талқылауы мүмкін. Бұл жайында «Интерфакс» ақпарат көзі хабар таратты. Алайда, палестиналықтар әзірлеген аталмыш құжат Қауіпсіздік кеңесіне мүше мемлекеттер келісімін бергенде ғана күн тәртібіне қойылатынын айта кету керек. Бұл құжаттың жобасында, сонымен қатар, 2016 жылға дейін шектеу қойылуы тиіс израилдік оккупацияны тоқтатудың уақытын белгілеу мәселесі де қарастырылған. Айтуын айтамыз-ау, бұл құжаттың қабылдана қоюы да екіталай. Өйткені, Қауіпсіздік кеңесіне мүше кез келген мемлекет бұл құжатқа вето қоюға құқылы. Әсіресе, жуырдағы Израиль басқыншылығын ашық қолдаған АҚШ-тың осы құқықты пайдаланып, құжат қабылданбай қалу ықтималдығы басым. Палестина әкімшілігі 1967 жылғы шекарадан бастап өз мемлекетін құрғысы келеді. Алайда, Израил билігі палестиналықтардың бұл талабына құлақ аспағанымен қоймай жылдан жылға ішке сұғына еніп келеді. Жаулап алынған Палестина жеріне заңсыз құрылыс жұмыстарын жүргізіп, келімсектерді орналастыруда. Иордан өзенінің батыс жағалауында 200-ге тарта жөйттер елді-мекені пайда болған. Бұл елді-мекендерде жарты миллионға жуық жөйт шалқып өмір сүріп жатыр. БҰҰ бұрын да Израил билігіне Палестина жерін босатып беруді бірнеше мәрте талап еткен болатын. БҰҰ-ның бірде-бір талабын орындамаған израилдіктер Қауіпсіздік кеңесте палестиналықтардың құжаты қабылданғанның күннің өзінде босатып бере қояды дегенге әлем жұртшылығы сене қояр ма екен. 0 пікір Төмендегі әлеуметтік желілері немесе сайтымызға кіру арқылы пікір қалдыра аласыз Facebook ВКонтакте Google Mail.ru Жауап жазу Facebook ВКонтакте Google Mail.ru Мұрағат қаңтарақпаннаурызсәуірмамырмаусымшілдетамызқыркүйекқазанқарашажелтоқсан 201420152016201720182019202020212022 Көп оқылғандар ■ Иран жаппай наразылықтардан кейін «діни полицияны жойды» деген ақпаратты теріске шығарды 4 күн бұрын 0 ■ Катар әлем чемпионатын сәтті өткізу үшін ешбір елде болмаған қауіпсіздік әрі бақылау стратегиясын қолданды
Бір шипая бозөкпе имене кіріп, "сізге мыналарды көрсетіп алайын деп едім", – деп бірнеше бет қағазды қолыма берді. Ашып көз жүгіртсем, өлеңдер екен. Оқи бастадым. Үйіріп әкетіп барады. Жып-жылы, ұйқастары да келісті. – Жақсы екен, – дедім бас көтерместен, ол кенет: – Мен әлі өзімді таппай жүрмін, ағасы. Ізденіп, іздеп жүрмін. Әл-әзір таппақ тұрмақ, қарам да көрінбейді. – деді, маған емес, жалюзидің арасынан сыздықтай ағылған терезе жарығына қырын қараған бойы. Менің жауабымды күтпестен: – Отыз елдің қатарына жетуін жетеміз-ау. Бірақ солардың ішінен бізді, "міне, қазақ" деп қай түрімізге, қай қасиетімізге қарап таниды? – деп, сірә, бүкіл қазақтың тағдырына жауапты адам мен секілді маған безірейе қарап қалыпты. Сол екі арада телефон шыр ете қалды. Жанашыр газетіміздің ардагері екен: "ертеңгі мейрамда ұлттық киіммен келіп, ұлттық дастархан жасаймыз, соны суретке түсіріп, бірінші бетке берсеңіздер, қатып кетер еді!" – дейді. Жақсы дедім әңгімені ұзатқым келмей. Ал мына аяқ астынан пайда болған мына тықақ кім? "Қазақтың іші-сыртына күмәндануыңа жол болсын! Өзіңді таппай жүріп, бүкіл қазақта нең бар? Ел тағдыры сен сияқты бозбастың босаң сенім-нанымына қарап қалмаған шығар. Ал, тіпті, сенің-ше елдің болмыс-бітімі қандай болу керек?"– деген дүр еткен сапалақ ойлармен дүрсе қоя берсем бе екен деп.. алдымда орындық бос тұр! Бозбас жым-жылас. Есіктен хатшы қыз кіріп, қолыма бір флешка ұстатты. Дереу компьютерге қоса қойдым. Жаңағы бозөкпе: "Көке, мен өзімнің тұрғыластарыма айтарым бар. Дүние-мүлкің, киімің тозар, тәніңнен де жан кетер. Дүниеде қатып қал-ған ешнәрсе жоқ, өзгерер, құбылар, жаңғырар. Бірақ әр ұлттың айнымас, бұлжымас ұлттық рухы, құндылығы, серті болса керек-ті. Жаратқан Ие: "Алланың жасаған нәрсесінде кемшілік болмайды. Мен сендерді ұлттарға, ұлыстарға бөлдім …" деген аятта. Ендеше жүз жерден өркениеттің алдыңғы сапында алшаң басып кетсек те қазақ, қазақ болып қалуы анық. Бірақ мәселе – қандай қазақ болып қалады? Жауап айқын: қазақ рухани мінез-құлқы бар, ұлттық парасат-пайымы сұңғыла, заманауи технологияны меңгерген, сымбатты да сырбаз болуы шарт. Бірақ менің осыған күмәнім бар. Себебі, замандастарым ізденгісі келмейді, дайынға құмар. ", – деп бір түйіп тастапты да одан әрі осы талапқа сай болудың жолдарын білмей басы қатып жүргені, не кеңес бересіз деп келіп ем, байқадым кабинетте бұл әңгіме жараспайтын сияқты",– деп нүкте қоя салыпты. Сөздері түйеден түскендей. Еріккеннің ермегі емес. Ал енді балаңмен жасты бозбасқа қапелімде не кеңес беріп жарытамын? Күні кеше ҚМУ-дың журналистика факультетінің үш студенті бізде практикада, өзара пікірталас ұйымдастырып қырықпышақ болғаны бар. Қазір жеке меншіктің заманы. Капитал билеген дүниеде жеке меншік ғасырлар бойы қалыптасып, нығайған. Бірақ оларда ұлттық иммунитет жойылған. Біз олардың қазіргі нұсқаларын, кейпін өзімізге көшіруге жанталасудамыз. Адамзаттың алпауыт топтарының ентігіне елітіп, оларға қызыға, етегін ала ілесе жөнелдік. Олар не істесе, біз де соны істеп жатырмыз. Олар не ішсе, не кисе, не көрсе, соны қайталаймыз.. Тіпті алпауыт деген орыс та мемлекеттік ресми төл атауларының орнына "Президент", "премьер-министр", "Мэр", "Департамент", деген сияқты еуропа стандартына алмастырып, байырғы атауларын қолданыстан шығарып жіберді. Әр ұлттың ұлттық ерекшелігі, болмысы (менталитеті) құндылық болудан қалып барады. Біз ұлттық қасиет-құндылықтардың бәрін, мереке салтанаттардағы сахнада, көшеде декорацияға, жасанды дүниеге өзімізді-өзіміз алдаңғыртатын арзан әуеске айналдырып жібердік. Біз ұлттық киімді, ұлттық тағамның түр-түрін тек наурызда ғана жасаймыз. Семинар кеңестерде ұлттық құндылықтарды сөз етеміз. Бірақ күнделікті тұрмыста, тірлік-тіршілігімізде әдетіміз бен ғадетімізге сіңгені шамалы. "Кедей бай болсам дейді, бай құдай болсам дейді". Бірақ соның бірі де нағыз қазақ болғысы келмейді. Елімізде неге отбасыны тәрбиелейтін институт жоқ? Жылқы шаруашылығымен айналысатын мемлекеттік институт қашан ашылады? Қазақы қасиеттің бәрі осы шаруашылықта жатқан секілді. "Біреуге малай болып, еңбек іздеп жүрген дүниеде ешбір қазақ жоқ" – деді, Елбасы Тәуелсіздік мерейтойында. Әр қазақтың бойында ұлттық гендік код бар. Оны тек ізденген, үздіксіз өзін-өзі іздеп тапқан адам ғана аша алады. Ашқан адам – нағыз қазақ! Осыны студенттер қалың жастар ортасына алып шығамыз деп пәтуаласқан. Мен шипая бозөкпеге осы төңіректе айтқым келді. Бірақ ол менсіз де білетін, сезетін сияқты. Өйткені, ол өзін өзі іздеп жүр! Жанұзақ Аязбеков Share this on WhatsApp Tags: № 99 You may also like... «Оңай» оңай ма? 07.02.2018 Тәу етер тәуелсіздіктің тірегі 04.06.2014 «Лидерлік» өнім Астанада 26.07.2018 Пікір үстеу Жауапты болдырмау Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған Пікір * Аты * Э-поштасы * Веб-сайты Save my name, email, and website in this browser for the next time I comment. Күнтізбе Желтоқсан (2022) Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 « Қар Ақорда President Kassym-Jomart Tokayev's Press Office: ✍️Главой государства подписан Конституционный закон Республики Казахстан «Об Уполномоченном по правам человека в Ре… https://t.co/U0dvjkxyLP about 52 minutes ago President Kassym-Jomart Tokayev's Press Office: ✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық… https://t.co/ePTnL0aC5Y about 55 minutes ago ҚазАқпарат ҚазАқпарат: Семсерлесуден әлем кубогінде тұңғыш рет қазақстандық жасөспірім жүлде алды https://t.co/iJgidOHsJQ https://t.co/CFqK0xIUDt about 1 minute ago ҚазАқпарат: Азия чемпионатында Махмуд Сабырхан тағы бір медальді жеңіп алды https://t.co/ghAVuiIMvV https://t.co/XC9qNybyVc
Қостанай өңірінде туып, еліне өлшеусіз еңбек сіңірген ұлы тұлғалар аз емес. Солардың бірі, әрі бірегейі педагог-ағартушы, жерлесіміз Ыбырай Алтынсарин! Музей қызметкерлері атамыздың мектеп ашқан Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында іс-сапарда болды. Ыбырай Алтынсарин – ғасырлар толғатып сирек туылатын тау тұлға, көрнекті ағартушы, жаңашыл ұстаз, орыс графикасының негізінде қазақ алфавитін құрастырушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушыларының бірі, дарынды жазушы, тамаша ақын, публицист, аудармашы, қоғам қайраткері. Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен педагогикалық қызметі Қазақстанның Ресей қоластына кіруінің аяқталған кезеңінде өтті. Ресей құрамына кірмей тұрғанда Қазақстан аумағында негізінен мұсылман мектептері болған еді. Мектеп мешіттер жанында салынып, ауыл балалары молдалардан сабақ алды. Мұндай мектептерді жеке адамдар, діни қоғамдар еншіледі. Мұсылман мектептері шағын, тек қыс мезгілдерінде жұмыс істеді, бірақ: нақты оқу мерзімі, оқу бағдарламасы, жоспары, оқу және әдістемелік оқулықтары болмады. Балалар арабша сауат ашты және мұсылман дінінің негізін оқыды. Ресейге қосылғаннан кейін, қазақ даласын басқару аппараттарына білімді қазақ шенеуніктер керек болды. Сол себептен, патша үкіметі өз жағдайын ойлап, қазақ байларының араб, татар, қазақ тілдерінде сөйлеп-жаза білетін балалары үшін тілмаштар дайындайтын мектептер аша бастады, оларды дәулетті қазақтар жинаған қаражатқа салды. Соның бірі – Орынбор шекаралық комиссия мектебі. Осы мектепті тәмәмдаған Ыбырай Алтынсариннің атасы Балғожа би «немерем орыс тілін білсе – орыс көпестерімен араласып, байлығыма – байлық қосылады» – деп есептеді. Сөйтіп, Балғожаның мақсаты орындалып, Ыбырай тілмаш қызметін атқарды. Бірақ, көзі ашық, көкірегі ояу Ыбырайдың түпкі мүддесі өз қандастарын оқыту, жоғары білімді ету, бөтен халықтармен терезесін теңдестіру еді. Осыған орай дарынды педагог оқулықтар жазып шығарып, Торғай өңірінде бірінші мектеп те ашты. Торғай уезінің орталығы Торғай қаласы болды, Орынбор губерниясының құрамында 1868 жылы ашылды. Торғай облысы Ырғыз, Ақтөбе (Елек), Қостанай (Николаев) уездерін қамтыды. Ыбырай Алтынсарин Торғай қаласында 1864 жылы 8 қантарда мектеп ашса, сол жылы 25 қазанда Ақтөбе аймағында алғаш рет Ырғызда да бастауыш қазақ мектебі ашылған. Бұл мектеп Ыбекеңмен Орынбор шекаралық комиссия мектебін оқып тәмәмдаған Шахмұрат Құлыбековтың ұйымдастыруымен салтанатты тұрде ашылды. Кезінде уезд орталығы болған Ырғыз селосы қазір Ырғыз ауданының орталығы, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Барша қазақ даласы сынды Ырғыз өңірінде көне шежіренің куәсі. Ол тек Ырғыз өзенімен ғана емес, сол аймақтағы ата-бабасының өткен тарихымен де тікелей байланысты. Көзбен көріп, суын ішіп, жерін басқан Ырғыздан қалың қазағына жаңға жайлы қоныс іздеп, желмаясымен арман қуып Асан Қайғы баба да өткен екен. Қазақтың әз Тәукесі мен әйгілі Әйтеке биі, тәкаппар басын имей өткен көкжал Кенесары хан да осы далада шатырын тіккен деседі. Орыстың озық туған ұлдары Даль, Добросмысловтар осы дала дастарханынан дәм татып, Украинаның ұлы кобзарі Тарас Шевченко Ырғыз даласының құдыретін «Ырғыз қаласы» картинасы арқылы әлемге танытқан болса, осы елді мекеннің тіршілігінен сыр шертетін тыныс-жайлары көз тартарлық екен. Ақтөбеден Ырғызға автобуспен 5-6 сағат жүреді. Кезінде Ыбырай атамыз ат арба және шанамен қанша уақыт жолда жүрді екен? Алтынсарин Торғай арқылы барған шығар. Қалай болғанда да ат-арба үшін ұзақ жол ғой. Ал біз барған жол тегіс, біркелкі асфальт, автобус еш кедергі болмаған соң тоқтаусыз зымырады да отырды. Қазақтың кең даласы деп бекер айтпаса керек, шынымен кең дала! Әр-тұрлі өсімдік, Қазақстанда өсетін шөптің бәр түрі осы жерде бар. Тау секілді биік қыраттар, ойлы-қырлы жерлер. Кей жерлерде ғана – егілген ағаштар бар. Бірақ, ұзақ жол бойы жазық жер, ағаш жоқ. Ырғыз жері өзіміздің Торғай сияқты көрінді, кең дала, Ырғыз өзені. Ауыл тұрғындары да қонақжай, бауырмал екен. Ырғызда Ыбырайдың көшесімен жүріп, Ырғыз аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Досанова Самал Қарымсаққызы музей мен мұрағатқа апарып, аудан орталығы тарихымен таныстырды. Ыбырай Алтынсарин мектебінде келесі оқу жылына қызу дайындық жүріп жатты. «Қазақстанның тәуелсіздігін аңсап, қолдарынан келгенше жерімізді қорғап қалған ата-бабамыздың арманы орындалып, егеменді ел болдық. Жәй ғана армандап қоймай, білімді ұрпақ болсын, оқу-жазу білсін деген оймен Ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсарин сол уақытта шалғайда жатқан Ырғыз қаласында мектеп ашуға өзі белсенді араласыпты» – дейді мектеп директоры Зейнолла Мұхайысұлы Сәуірбай. Алтынсариннің тікелей өтінішімен Ырғыз қаласындағы оқу орындарында Тимофеев, Григорьев, Спиридонов, Сахарова, Царегородцев, Васильева деген білімді әрі тәжірибелі мұғалімдер қызмет істеген. 1864 жылы мектеп Ресей халық ағарту Министрінің 1879 жылғы № 4146 жарлығымен Ырғыз қаласында екі кластық орыс-қырғыз училищесі болып қайта ашылыпты. Училищені ұстау үшін 2600 сом қаржы бөлініпті. Оқуға 23 қазақ, 25 орыс, 2 еврей балалары қабылданыпты. Ал 1972 жылдан мектеп Ыбырай Алтынсариннің атымен аталады. Алтынсарин мектебі бүгінгі таңда Ақтөбе облыс көлеміндегі тарихы мол, іргелі білім шаңырағы болып саналады. Мектеп ұлттық тәрбиедегі білім, экономика негізіндегі бағыттар бойынша жұмыс жасайды. Мектепте мультимедиа қондырғысымен жабдықталған компьютер сыныбы, халықаралық интернет жүйесі іске қосылған. Мектеп оқушылары жылма-жыл, облыс көлеміндегі түрлі білім бәсекесінде топ жарып, аудандық пәндік олимпиадаларда жеңімпаз атанады. Шәкірттерге сапалы білім, саналы тәрбие беруде мектептің педагогикалық ұжымы Білім Заңын басшылыққа ала отырып, жаңашылдықпен, шығармашылықпен жұмыс жасайтыны көрінеді. Ыбырай Алтынсарин мектебінің түлектері әр жылдары «Алтын» және «Күміс» медальдарымен марапатталып, «ерекше үздік» атестатпен бітіргендер де аз емес. Осындай жетістіктермен қатар әр жылы мектеп табалдырығынан үлкен өмір жолына шыққан түлектер қазірде түрлі салада жұмыс жасап, атақ-абыройға, ғылыми атақтарға ие болған көптен-көп азаматтар баршылық. Мектеп түлектері оқуға деген ынталарымен көп бағдарламалар бойынша Ұлыбритания, Қытай елдерінен білім алуда. Кейбір деректерге сүйенсек, Қазақстанда Кеңес үкіметі орнаған соң, 1920 жылы Ырғыздағы Алтынсарин ашқан мектептің алғашқы директоры қызметіне Иван Киселев тағайындалып, мектеп «Совет еңбек мектебі» деп аталған. Онда 150 бала оқып білім алыпты. 1920-1940 жылға дейін мектепті Иван Киселев, Мұса Дайрабаев, Оспан Сарбатыров, Огофия Назаренко және Төлеп Баудияров сынды азаматтар басқарған. Аталған кісілерден кейін 1941-1947 ж.ж.- Аяп Тәлкеев, 1947-1954 ж.ж.- Бердібай Баудияров, 1961-1969 ж.ж.- Итемген Байманов, 1969-1982 ж.ж.- Кәрім Әмірхан, 1982-1987 ж.ж.- Куаныш Айтқұлов, 1987-1989 ж.ж.- Сейілхан Оразымбетов, 1989-1992 ж.ж.- Мейрамбек Бектұрғанов, 1992-2007 ж.ж.- Болат Аймановтар мектеп басшысы болған. Аудандық, селолық кеңестеріне депутат болып сайланған, «Ырғыз ауданының жыл адамы – 2009» атағының иегері, көп жылдар ұстаз болып, орта мектептерде оқу ісі жөніндегі орынбасар қызметін атқарған, 2007 жылдан бері Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп директоры Зейнолла Мұхайысұлы Сәуірбай: «Шәкірттерге терең білім беруге өздерінің ерен еңбектерімен көрініп, мемлекеттік наградалармен марапатталғандар көп. Олардың қатарында «Қызыл Жұлдыз» және «Құрмет белгісі» орденінің иесі, математик Бердібай Баудияров, 1954 жылы алғаш «Ленин» орденін алған ұстаз Әмір Тұңғашин, «Құрмет белгісі» орденінің иегері Алдан Жарылғапов, көп жылдар мектеп басқарған «Құрмет белгісі» орденінің иесі Итемген Байманов және осы ұлағатты ұстаздардың ісін жалғастырушы, бүгінде аудандағы білгір математик, 1981 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған Күләйім Ізетқызы және 1986 жылы «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған бастауыш сынып мұғалімі Айымкүл Жұмабаевалар да бар», – деді. Ыбырай Алтынсарин салған мектеп ХХ-ші ғасырдың басында құлап қалады да, оның құрылыс материалдарынан кітапхана салынады. Сонымен, 1905 жылы Ырғызда қалалық кітапхана ашылады. Негізінде, Ыбырай Алтынсарин Ақтөбе облысы бойынша 1883 жылдың күзінде ең алғашқы кітапхананы Ырғыз қаласындағы училище жанынан ашқан, онда 300-400-дей кітап қоры болған. Оның сырты үнемі ақталып, бертін келе заманға сай кірпішпен қапталған. Сонымен бірге, Ыбырай қазақ қыздарын оқыту, сөйтіп оларды мәдениетке және қоғамдық өмірге тікелей тарту мәселесінде де феодалдық ескі әдет – салттарды батыл ығыстырып, әлеуметтік маңызы зор істерді жүзеге асыра алған тамаша жаңашыл адам. Ол 1887 жылы 15 қыркүйекте Ырғыз қаласында Қазақстанда тұңғыш рет қазақ қыздар мектебін ұйымдастырып, жастарды оқуға тартты. Ырғыз қалалық бір кластық әйелдер мектебінің ашылуы үлкен оқиға ретінде қабылданып, 1888 жылы мектептің жанынан қазақ қыздары үшін 18 орындық интернат үйі ашылады. Осы мектептің жанынан қыздар үшін интернат ашу мәселесімен Ыбырай 1888 жылдың 6 қаңтарында Орынбор оқу округінің көмекшісіне жолығып, өтініш жасайды. Қазақ халқы тарихында әйелдердің теңсіздігін тұңғыш көре білген және оны сол ауыр халден шығарып, өнер-білімге тарту жолында алғаш қол ұшын берген қайраткер – Ыбырай болды. Ырғыз перзенті Әлмұхамед Сейдалин қазақ қыздары үшін осы мектепті ашуға құлшына кірісіп, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсаринге көмектескен көрнекті тұлға. Бұл жөнінде Ы.Алтынсарин досы Н.И.Ильминскийге 1889 жылы ақпан айында жазған хатында: «Ырғызда бітімші сот және тергеуші болып Әлмұхамед Сейдалин істейді. Ол қазақтарды оқыту ісіне өте ынталы адам. Биыл ол қазақ қыздары үшін Ырғызда қазақ сахарасындағы алғашқы 20 кісілік қыздар мектебін ашуыма көмектесті» – дейді. Ыбырай Алтынсарин ырғыздықтардың мәнгі естерінде. Қазақтарға білім сәулесін сепкен Ыбырай Алтынсарин жаққан бір шырақ – мектеп қиын-қыстау өтпелі кезеңдерден өтіп, одан сайын жарқырап, жайнап тұр. Қазақ елінің келешегі білімді ұрпақта! Ондай ұрпақ Ырғыз қасиетті мекенінде, киелі топырақта баршылық! Ал, Ыбырай баяғыда салдырған мектеп – киелі шаңырақ. Ол жылдар сайын қоңырауын сыңғырлата береді. Білім ұясынан елге таңылар талай айтулы адамдар тәрбиеленіп шығатынына еш күмән жоқ. Бұл – ақиқат. Қазақ тілі Русский поиск Search for: ©2022 Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы «Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
6 сәуір күні біздің мектебімізде осы әндердің авторы, атақты сері, ХІХ ғасырдың көрнекті тұлғасы – Сегіз сері Бахрамұлының шығармашылығына арналған кеш өтті. Рухани кеште мектебіміздің 8-сынып оқушылары ақын шығармашылығынан мәнерлеп өлең оқыса, кеш қонақтары – Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының оқытушылары ақын-сазгер әндерін шырқады. Сондай-ақ, кешке Сегіз сері мұрасын зерттеуші – сәулет ғылымдарының кандидаты, профессор, Журналистер одағының мүшесі Т.Қараменді келіп, сері өмірі туралы оқушыларға Like this post? Facebook Twitter Pinterest More posts «Көкіл» мектебі әлемдік білім беру саласындағы өзгерістерді … Барлық оқушы үшін – оқу процесі өте маңызды. Дегенмен де, ба… Күз келіп, балаңыз алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Бұл… Санаттар Білім беру Жаңалықтар Мектеп Оқиғалар Оқушылар YouTubeБлог «Көкiл»: Выпуск №22 — Физика Егер балаңыздың әлемнің атаулы ЖОО-да білім алуға қабілетті, жаңа заман талабына сай бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуын қаласаңыз, «Көкіл» мектебінде білім алуға шақырамыз! Мектеп жайында: Біз туралы Мектепке дейінгі білім беру Бастауыш мектеп Көркемсурет мектебі Пайдалы сілтемелер: «Көкіл» ансамблі Домбыра курсы Галерея Мұрагер Ақпаратты пайдалану: Барлық құқықтар сақталған. Авторлық құқық иелерінің рұқсатынсыз сайттың кез келген құрамдас бөліктерін кез келген нысанда көшіруге тыйым салынады.
Өз некесі сәтсіз аяқталып, бүгінде қос перзентін тәрбиелеп отырған Ақбота Сейітмағамбет ажырасқан әйелдерге өз ақыл-кеңесін айтты. Өнер иесі бұл өмірде әркім бақытты болуға лайық екенін алға тартты, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Ақбота Сейітмағамбет өзі де некесі сәтсіз аяқталғандықтан ажырасқан әйелдерді жақсы түсінетінін жеткізді. Сөзінше, ажырасумен өмір тоқтап қалмайды. Әнші қайта тұрмысқа шығуға қатысты өз пікірін білдіріп, қыз-келіншектерге ақыл-кеңесін айтты. "Ажырасса, баласы бар болса, әйел заты әрі қарай бақытты болмауы керек пе? Өмір сонымен аяқталып, бақытты болудың мүмкіндіктері түгесіліп қалмайды ғой. Сізге айтарым, бұрынғыдан әдемі өмір сүруге, дұрыс таңдау жасап, сүйікті болуға одан сайын құлшыныңыз! Қадіріңізді білетін азаматқа жолықсаңыз, еңсеңізді көтеріп, сізге қорған болады, өткен күндерге деген өкінішіңіздің орнын толтырады. Ақбота Сейітмағамбеттің Stories-і. Скриншот: Instagram/akbotanurabaykyzy Сізді бағалайтын адам 5 балаңыз болса да, қабылдайды. Демек өзіңізге уайымды үйіп төкпей, өмірге көзқарасыңызды өзгертіңіз. Әрбір жан жақсы өмірге лайық. Ең бастысы, өткен күннен сабақ алып, өзіңізді дамытыңыз, өсіңіз, ізденіңіз, бір орында тұрып қалмаңыз. Ажырасу сіз үшін тіршіліктің аяқталуы емес, жаңаша талпыныс пен жаңаша өмір бастауы деп ұғыныңыз", - деп жазды ол Instagram парақшасында. Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1990233-baqytty-bolmauy-kerek-pe-aqbota-seiitmagambet-azyrasqan-aielderge-kenes-berdi/ Автор: Малика Хадид Акбота Сейтмагамбет Матч-центр Кеңейту Открываются комментарии Все комментарии: {{totalCommentCount}} {{list}} Перейти к обсуждению {{formattedDate}} {{body}} Бірінші болып пікір қалдыру Жарнама берушілерге Біз туралы Жоба жайында NUR.KZ туралы басқа медиадағы жарияланымдар Біз қалай жұмыс істейміз NUR.KZ жаңалықтар қызметінің жұмыс істеу қағидалары Жаңалықтар мұрағаты Пайдалану шарттары Материалдарды пайдалану ережелері Қолдану шарттары Құпиялылық саясаты NUR.KZ сайтында пікір қалдыру ережелері Редакция editor@corp.nur.kz Бас кеңсе +7 (727) 339 80 38 Біз әлеуметтік желілердеміз Nur.kz мобильді қосымшасы Біздің қағидаттар YouTube MCN © NUR.KZ 2009-2022 2016 жылдың 6 мамырындағы № 15988-АА куәлігі Барлық құқықтар қорғалған Біз Cookie файлдарын қолданамыз Олар сайтты сізге ыңғайлы етіп баптауға - қызықты мақалаларды ұсынып, пайдалы жарнаманы көрсетуге көмектеседі.
Бұл турда қақпасын «құрғақ» ұстаған кипер де бар. Бірақ, таңдаулы команданың негізгі құрамына Мұхтар Тұртаевты қоюды жөн көрдік. Қанша дегенмен, «National Geographic Qazaqstan» командасына қарсы кездесуде оның жұмысы әлдеқайда көп болды. Бір қателік жіберсең болды, ойын тағдыры 180 градусқа өзгеріп кетейін деп тұрған. Алайда, «Qazaq radiolary» қақпашысы өз міндетін өте тамаша атқарып, командасының жеңісіне сүбелі үлесін қосты. Қорғаушылар – Александр ОЛЕЙНИК (Астана ТВ) пен Бақыт ТЕМІРҒАЛИЕВ (Ел арна) 11 ойында 11-ақ гол жіберген «Астана ТВ» командасының қақпашысы ғана емес, қорғаныс шебі де өте мықты. Әділет Құсайынов пен Александр Олейник жұбы бірде-бір шабуылшыны иелігіне оңайлықпен жібере қоймайды. «Қазмедиа В» командасына қарсы ойында көшбасшылық міндетті өз қолына Олейник алды. Ал оның бірінші голы қарсыластарының сағын сындырып тастады. Ағайынды Темірғалиевтердің бір-біріне ұқсайтындықтары соншалық, оларды алаңда ажырату өте қиын. Бірақ, Бақытты танымау мүмкін емес. Оның көз ілеспес шапшаңдығы соншалық, артынан қуған ойыншы бір-екі қадамнан кейін-ақ тілі салақтап, кері қайтып жатады. Сенбесеңіз, «Мазмұндама» ойыншыларынан сұраңыз. Шабуылшылар – Дәурен ЖОЛДАСОВ (Ел арна) пен Маханбет ӘНУАРБЕКҰЛЫ (ДИАП Qazaqstan) Өзге әріптестері ренжімес, алайда, кейде «Ел арнаны» Дәурен Жолдасов жалғыз өзі сүйреп жүргендей көрінеді. «Мазмұндамаға» қарсы ойында да 0:2 есебімен ұтылып жатқан «Ел арнаны» Дәуреннің хет-тригі құтқарды. Маусым басында гол соғу қабілетін жоғалтып алған Маханбет Әнуарбекұлы қазір қайта бабына енді. «Қаламгерге» қарсы ойында оның хет-тригі «ДИАП Qazaqstan» үшін үлкен олжа болды. Әйтпесе, қарсыластары да нашар ойнаған жоқ еді. Кемі тең есепке лайық болатын. Бірақ, олар «ДИАП Qazaqstan» сапында Роналдудан кем емес шабуылшының бар екенін ұмытып кеткен тәрізді. Резерв: Қақпашы – Дмитрий ПОКИДАЕВ (Астана ТВ), Қорғаушылар – Әділет ҚҰСАЙЫНОВ (Астана ТВ), Назар НАЙЗАБЕКОВ (Qazaq radiolary) Шабуылшылар – Бақытжан МАСАҚОВ (Qazaq radiolary), Данияр ТЕМІРҒАЛИЕВ (Ел арна). «В» лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады. BAQ league бесінші маусымының серіктестері: ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Астана футбол федерациясы, “Хабар” агенттігі, “QAZSPORT” телеарнасы, “Астана” футбол клубы, “Арасан” суы, “Life football” спорттық дүкені, “Mammas’ Pizza” пиццериясы, “Nexxio pizza” пиццериясы, “Astana Educatiоn” ағылшын тілі орталығы
1) тамақтану физиологиясы мен мәдениеті, тағамдық инфекция, тамақтан улану себептері. Тамақтан уланудың алдын алу шаралары, жалпы ережелері. Ыстық сұйықтық, электр қыздырғыш құралдармен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік техникасы. Аспаптар мен құралдар; 2) бірінші тағамдар, сорпа және көже түрлері, қоспа сорпалар, езбе сорпалар. Сүт, мөлдiр, салқын және тәтті көжелер, дайындау технологиясы, сорпа дайындауға қойылатын талаптар, қазақ халқының ұлттық асханасындағы бірінші тағамдар. Наурыз көже, әзірлеу тәсілі. Қой етiнен дайындалған сорпа, көже; 3) ашытқылы қамыр, қамырды ашытқымен және ашытқысыз дайындау тәсілі. Бауырсақ, бәліш, кулебяка; 4) жемістер мен жидектер, жәтті тағамдар мен сусындар, салқын және желе қосылған тәтті тағамдар, өнімдерді даярлау, үй жағдайында консервілеу. Көкөністер, жемістер және жидектерді консервілеуге даярлық. Көкөністерді маринадтау, орамжапырақты ашыту, маринад дайындау, қантпен дайындалған өнімдерді консервілеу (тосап, джем), пастерлеу, серилдеу, жабу және консервілерді сақтау, санитарлық-гигиеналық талаптар, қауіпсіздік техникасы; 5) сарамандық жұмыс (таңдау бойынша): алмадан тосап әзірлеу, апельсин қабығынан цукат әзірлеу, қарақаттан сорпа әзірлеу, қауын мен йогурттан жасалған сорпа, дәруменді сусын дайындау, орамжапырақты ашыту, күздік салат дайындау, сорпалар: сорпа, ет қосылған кеспе, борщ, окрошка дайындау. Бауырсақ, қазақша бәліш, орамжапырақты ашыту; 6) ыдыс-аяқ және құралдар: аспаздық таразы, жабатын машина, кастрөлдер, бөлшектеу тақталары, пышақтар, үккіш, шыны банкілер, таразы, өлшеуіш стақан; 7) көрнекі құралдар: дәмді және құнарлы тағамдар, қазақ халқының мәдениеті туралы кітап, технологиялық және нұсқаулық карталар, шыны бакілер, консервілеуге арналған қақпақтар, түрлі консервілердің үлгілері, плакаттар, кестелер, үй жағдайында әртүрлі тұздау үлгілері. 76. Машинатану элементтері – 1 сағат: 77. Тігін бұйымдарын жобалау және дайындау – 9 сағат: 1) сырып тігу, арнайы, жартылай автомат тігін машиналары. Тігін машинасына арналған құрылғылар; 2) машинамен жұмысты орындау кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері, машина жұмыстарының терминологиясы; 3) ылғалдық-жылулық өңдеу жұмыстары, машина жұмыстарын орындауға қойылатын техникалық талаптар; 4) сарамандық жұмыс: шағын механикаландырылған құрылғыларды қолдану, бүктемелі тігісті орындау, түймелікті торлау; 5) белдемшені модельдеу және конструкциялау, киім және оған қойылатын талапта,. Қазіргі белдемшенің түрлері және негізгі құрылымы (конструкциясы), белдемше-шорты, белдемше сызбасын құруға қажетті өлшемдер алу, белдемшенің өлшемдерін есептеуге қажетті формулалар, белдемше эскизін жасау, белдемше тігуге жұмсалатын мата мөлшерін есептеу, мата және өңдеу, әрлеу түрін таңдау, М 1:4 көлемінде тік, қиық және кең етекті белдемше сызбасын құрастыру, белден киілетін бұйым пішімін шынайы өлшемде дайындау, кең етекті белдемше моделін жасау. Белдемше-годе, қиықты белдемшелерді модельдеу; 6) пішімді пішуге дайындау. Матадағы тік, қиық және кең етекті белдемше жайылмасының нұсқалары, пішу технологиясы, бұйымды өлшеуге дайындау (пішім бөлшектерін түйреу және көктеу, өлшеу, ақауларын жөндеу, белдемше дайындаудың технологиялық реттілігі. Белдемшені түйіндік өңдеу: бүйір тігісін, бүкпе, түймелеу, белдемшенің жоғарғы қиығын белдікпен немесе корсаж ызбамен, бұйым етегін өңдеу, түймелікті өңдеу және түйме қадау; 7) сарамандық жұмыс: белдемше моделінің эскизін жасау, тік, қиықты және кең белдемше құрылымы, пішімді шынайы өлшемде дайындау, тік белдемшені модельдеу, матаға пішімді жаю, бұйымды пішу, бұйымның белдігін және етегін өңдеу, бұйымды соңғы рет өңдеу; 8) құрал-жабдықтар мен материалдар: пішімдер, белдемше пішімінің бөлшектері, мата, сантиметрлік таспа, сызба құрастыруға және лекало дайындауға қажетті қағаз, қарындаштар, тігінші боры, оймақ, жіптер, инелер, қайшы, тігін машинасы, жиектеуші машина (оверлок), үтік; 9) көрсетілім: белдемше үлгілері, белдемшені түйіндік өңдеу үлгілері, дайын жоба. 78. Отбасы экономикасы - 4 сағат: 1) отбасы – қоғамның алғашқы әлеуметтік-экономикалық ұйымы, отбасылық бюджет және қажеттіліктер, тиімді қажеттіліктер белгісі бойынша сауданы топтастыру (жіктеу); 2) кірістер, шығыстар, отбасы бюджетінің құрылымы. Тұрақты және ауыспалы шығындар, азық-түлікті тұтыну есебі; 3) отбасылық экономика менеджменті, кәсіпкерлік, ел экономикасында бизнесті ұйымдастырудың негізгі формалары, шағын бизнес (құндылығы, кемшілігі, артықшылығы), бизнес-жоспар, бизнес-жоспардың мазмұны; 4) сарамандық жұмыс: бизнес-жоспар құру: «Өз іскерлігің» (түсініктеме хат), киім тігетін ателье ашу (шағын кәсіпорын), тікелей, материалдық және жалпы шығынды есептеу; 5) көрнекіліктер: «Отбасы экономикасы», «Өз іскерлігің» («Өз кәсіпкерлігің») тақырыбындағы үздік шығармашылық жоба. 79. Тұрғын үй ішкікөрінісі – 1 сағат: 1) тұрғын үй ішкөріністерінің композициясы, сәндік жасаулар: картиналар, гравюра, кілем, ыдыстар, гүлдер, музыка, витраж, айна. Қазақ халқының киiз және тоқылған кілемдері; 2) жиһазды күту, жиһаздың бүлінген жерлерін қайта қалпына келтіру, еңбекті ғылыми ұйымдастыру (ЕҒҰ). 80. Сәндік-қолданбалы өнері элементтерін қоса отырып, материалдарды көркем өңдеу технологиясы – 6 сағат: 1) матаға батик салу өнерімен танысу; 2) тоқымасыз тұскілем; 3) фитодизайн; 4) ескі киімді жаңалау, құрақ әшекей, трикотаж жолағынан гүл жасау реттілігі, құрақ құрау технологиясы; 5) сарамандық жұмыс (таңдау бойынша): жазықтықта бейнелеу, фактуралы-бедерлі техникасымен тоқымасыз тұскілем жасау. Шашақтан жасалған кілемше, жүннен жасалған картина, дайындау технологиялары, диванға арналған (кестемен, жапсырмамен, ою-өрнекпен әсемделген) шағын жастықшалар, джинсаларды жаңалау (сәндік жамау, мата және өрілген белдік, шашақ және кестемен), трикотаж жолағынан жасалған гүлдер, құрақтардан бұйым дайындау (кілемше, панно, жапқыш). 81. Жоба – 5 сағат: 1) шығармашылық жоба, пайда болған мәселе мен қажеттіліктерді негіздеу нақты міндеттерді анықтау және оларды тұжырымдау; 2) зерттеу, анықтау, тарихы, беталысы; 3) проблеманы шешу бойынша ойлар мен шешу жолдарының нұсқаларын дайындау, ұсыныстарды талдау және анағұрлым тиімді нұсқаны таңдау; 4) экономикалық негіздеме, бұйымның өзіндік құнын есептеу; 5) бұйымның жарнамалық парағын жасау, бұйымды жасап шығару жоспарын дайындау; 6) шығармашылық жоба нұсқалары: киімді жобалау және дайындау (белдемше-шорты), қазақ халқының қолөнері, мақтадан тоқылған мата дастарқанды тығыздап кестелеу, топтық жұмыс, сырмақ немесе түскиізді тізбек тігіс немесе тығыз кестемен кестелеу, жүннен жасалған картиналар, киімді жаңалау (футболканы шілтер немесе әрлеу ызбасымен әшекейлеу), қол тоқымашылығы. 11. Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны тақырыптық жоспар: кесте 5 № Бөлім атауы Сағат саны барлығы теория практика 1 Тамақ дайындау технологиясы 8 2 6 2 Тігін бұйымдарын жобалау және дайындау (шалбар) 8 2 6 3 Материалды көкемдік өңдеу 8 2 6 4 Кәсіби қызмет ету саласының технологиясы 5 2 3 5 Жоба жасау қызметі 5 1 4 Барлығы: 34 9 25 Каталог: files -> blogs blogs -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ақсу қаласы гимназиясы blogs -> Молекулалық-кинетикалық теория негiздерi blogs -> Сабақ жоспары Тақырыбы: ХІХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстанның ауыл шарушылығы blogs -> Оқу әдістемелік кешен Қазақстанның физикалық географиясы blogs -> Ақсу қаласы гимназиясының тарих пәні мұғалімі Альдекенова Анар Толыбайқызы Тест blogs -> Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы Химия пәні бойынша дидактикалық материалдар 9-сынып blogs -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі ересек жастағЫ blogs -> Методические рекомендации по изучению учебного предмета «география» (7-9классы) в рамках обновления содержания образования методическое пособие
Өкінішке қарай, ел арасында (мүмкін шетелде де) бір өзекті өртейтін бірақ кең тараған жаңсақ пікір бар: Қазақ халқы – жалқау. Ең бастысы бұл пікір теріс идеологияға айналып кетпесе екен! Әрине, кезінде Абай Құнанбаев еріншектік пен мал шашпақтық қасиеттерді сынға алғаны белгілі. Алайда, ұлы ақын жалқаулықты қазақтың ең басты қасиеті деп айтпаған. Абай хәкім бір-екі сөзінде татар, өзбек, тіпті орыс халықтарын іскер, еңбекқор деп атап өткені рас. Ол бұл салыстыруды моральдік тұрғыдан гөрі әлеуметтік-экономикалық мағынада көбірек меңзеді. Ал сол қанатты сөздерді өз пайдасына бұрмалағандар “Қазақ жалқау” деген пікірді дүйім жұртқа таратып жіберді. Сол кезден бері маңдайшамызға ілінген тақтайша алынып тасталмай келеді. Керсінше, қазақтардың арасында еріншек қазақ туралы анекдоттар мен әзіл әңгімелер күрт көбейіп кетті. Содан кейін сол қазақтар ұялмай-қызармай келесідей шағым білдіруде: Өзбекстандағы кейбір өзбектер өзінің салыстырмалы түрдегі жалқау балаларына “қазақ” деп ұрсады екен. Бұған ренжемес бұрын әуелі сол қауесетті кім таратып жібергенін естен шығармау керек. Әсіресе, соңғы 28 жыл бойы отарсыздандыру, ұлттық сана-сезімді нығайту және патриоттық рухты ояту, құлдық психологиядан айыру үрдістерін қолдағымыз келсе… Бізде қатып қалған тағы бір қағида бар: “қытай, кәріс, неміс, татар, өзбек, әсіресе еврей және т.б. халықтардың генетикасында еңбекқорлық негізгі қасиет болып табылады.” Біріншіден бұған ешқандай ғылыми дәлел жоқ. Екіншіден, ислам діні еңбектенуді протестантизм немесе конфуцианстводан кем насихаттамайды. Онда жоғарыда айтылған қазақ, қырғыз халықтары жалқау деген түсінік қайдан туды? Ең бірінші болжамым бойынша, Ресей Империясының отаршыл саясаты кезінде көшпенді халықтардың рухын басу үшін осындай жаңсақ және әділетсіз пікірлерді көптеп тудырған шығар. Ресей Империясы үшін татар, башқұрт, өзбек және қазақ халықтарының біртұтас күшке айналып кетуі тиімді емес еді. Сондықтан, алдыңғы сөзімнің жаны бар. Екінші болжам бойынша мыңдаған жыл бойы көшпенді және жартылай көшпенді мал шаруашылығы экономикалық дәрменсіздікті яғни еріншектікті тудыруы мүмкін. Әйткенмен, көшпенді мәдениеттің еліміздегі ең ірі зерттеушісі Ақселеу Сейдімбектің пікірі бойынша “көшпенді мал шаруашылығы отырықшы ауылшаруашылықтан күрделірек болмаса, жеңіл емес.” Демек, жаңағы болжамымыз күмән тудырады. Ал үшінші болжам бойынша ислам дінінде мұсылман адам әрдайым жамағатпен бірге жүруі қажет. Оған қоса түркі халықтары әдетте туысқаншыл, бауырмал болып келеді. Осы екі қасиет бірігіп, біртіндеп-біртіндеп еріншектікке алып келген болуы ықтимал. Яғни, қиын сәтте адамға не бауыры, не көршісі, не алыс туысы, болмай бара жатса руласы, одан қалса көрші ауылдағы мұсылман бауыр тіпті қырғыз немесе өзбек жекжаттар көмек қолын созуы мүмкін еді. Бір естігенде құлаққа сыйымды болғанымен, бұл үшінші болжамның да өзіндік кемшін тұсы бар. Ұрпақ тәрбиесі – ұлт тағдыры 02.12.2022 Нумерология – адамдарды алдап-арбайтын ілім 29.11.2022 О баста дәстүрлі ислам діні бойынша еріншектік, жатып ішер жалқаулық, арамтамақтық деген қасиеттер қоғам тарапынан қатаң сөгіс пен жағымсыз қатынас тудырды. Оның үстіне “Еңбек етсең ерінбей, тояды қарнын тіленбей”, “Еңбек түбі – береке”, “Ерте тұрған әйелдің бірі ісі артық” және т.б. көптеген мақалдар басқа көзқарасты меңзеп тұрған жоқ па? Өзге халық діндерінде еңбек ұғымына қатынас қандай екен? Мысалы, протестанттар (ағылшандар, немістер, голландықтар және американдықтар) тек отарлаушы саяси қылмыспен ғана емес, қыруар еңбекпен де XIX ғасырда алып Империяларын және ғылыми техникалық прогресті ұстап тұрды. Тек қана бірінші және екінші алапат дүниежүзілік соғыстардан кейін ғана Британ империясы, Осман империясы, Австро-Венгрия империясы және Ресей Империясы толықтай ыдырады. Дегенмен, жүз мыңдаған үндістердің, негрлердің, арабтардың құл еңбектерінің арқасында сол империялар күн көргенін ұмытпау керек. Әлбетте, еврей халқы аса еңбекқор, бірақ көбінесе интеллектуалды еңбек, бизнес және администрация саласында. Олардың еңбегінің стилі пәлен пұт қап тұз өндіруде емес, өзінің дарын-қабілеттерін өмір бақи дамытуда. Осыған сәл ұқсас философияны кезінде Омар Хаям, Фирдуоси, Ибн Сина және т.б. ғұламар сопылықпен ұстанды, десек те, қара еңбектен де бас тартпады (шөлдалада кім сексеуіл отынын жарып берер еді!?). Керек десеңіз, бүгінгі Әлемдік капиталисттік (феодалдық емес деген мағынада), яғни жекеменшік экономиканың негізінің іргетасын Адам Смит пен Карл Маркстан бұрын, еврей кезбе көпестері қалаған. Ал Жібек Жолы ол халықаралық ірі сауданың бар жоғы бір географиялық аймағы ғана еді. Корей, жапон, қытай халықтары турасында айтатын болсақ, олардың о бастағы байырғы пұтқа табынушылық философиясы бойынша ең үлкен игі амал – еңбектену болды. Олардың халық ертегілерінің басты кейіпкері – егінші, диқаншы. Ал қазақтардың негізгі кейіпкері – бай, батыр, хан, шешен, әрі кетсе дәулетті көршісі бар бір кедей. Соның өзі – Алдар көсе шығар. Яки, біз үшін еңбек өте маңызды болғанымен, өмірдің ең негізгі мәні болып есептелмеген. Ал Конфу Дзы, Лао Дзы, Легисттер ілімі және т.б. ілімдер бойынша, Еңбек – Адам ғұмырының іргетасы. Тек кейбір Үндістер мен кейбір арал тұрғындары Рухты ойлап, Тәнді мүлде ұмытып, өз асқазаны үшін күн көрмеуге бел буған еді. Сондықтан, Шығыс біркелкі емес. Қысқасы, ислам діні еңбекке қарсы болмақ түгілі мұсылманның бұл өмірде жалқау және пайдасыз болғанын құптамайды. Бидай тұқымын Алла берер, алайда, оны егетін, баптап өсіретін және жинап алатын пенденің өзі. Адам ата мен Хауа анаға егінге қара жер берілгеннен бастап, Ыбырайым пайғамбардан бері мал шаруашылығын жүргізуден бастап еңбек өмір сүрудің негізгі шарты әрі сәні болып келеді. Айтпақшы, арамтамақтық пен қылмыс арқылы күн көру – екеуі де күнәһарлардың жолы. Тіпті сауда кезінде шариғат бойынша пайыздан күнкөруге тыйым салынған. Өкінішке қарай, бүгінгі халықаралық нарықтық экономиканың жүйесі “процентная ставкаға” тыйым салмайды. Ал қазіргі Араб елдеріндегі Орталық Ислам банкі несиені пайызсыз береді. Солардың мемлекеттік заңдары шариғаттың шарттарынан алшақ кетпеген. Бәрақ, бұл – бөлек тақырып. Өздерің ойлап қараңдар көне Маңғыстау кенті, Тараз, Испиджаб, Сайрам, Түркістан, Отырар және т.б. сол заман үшін ірі-ірі қалаларды салып қана қоймай, оларды дамытып әрі жылдар бойы басқарып отыру үшін еңбек керек пе? Тағы Пекиннен Молдавияға дейін, Молдавиядан Пекинге дейін Ұлы Жібек жолының тауарларын әрі-бері тасымалдау үшін еңбек керек пе? Қалмақтарға, ноғайларға, жоңғарларға, оңтүстік әмірлерге төтеп бере алатындай темір қару-жарақ пен ат әбзелдерін жасау үшін еңбек қажет пе? Ең соңғы сұрақ: ғасырлар бойы мыңдаған жылқы үйірін, мыңдаған отар қойды бағып-қағу үшін еңбек керек пе? Қазақ халқы расында да жалқау болғанда, Қазақ хандығы Жоңғар және Орыс жауынгерлерінің шабуылдарысыз-ақ өзінен-өзі ыдырап кетер еді. Десек те, күні бүгінге дейін Қазақстан мемлекеті сақталып қана қоймай, Орта Азиядағы негізгі дамушы мемлекеттердің біріне айнала алды. Ал жалқау халық мың жылдың ішінде әу бастан-ақ өркениетті ұлт ретінде жойылып кетер еді. (Келесі тарихи фактті ұмытпайық, еңбекқор католиктар Оңтүстік Американы жаулап алмас бұрын пұтқа табынушы инк, майя, ацтек тайпалары еріншектіктен қатты құлдырап үлгерген еді… Дегенмен, конкистадорлардың жауыздығын жақтап тұрғаным жоқ. Риза Ысқақ Тегтер: Ақселеу СейдімбеканализдінеңбекИбн СинаиманКонфуцийЛао Дзыөзіндік ойРиза Ысқақсалыстырусараптаматарихұлттық сана Бөлісу47Твитерге29Бөлісу6Бөлісу Ұқсас мақалалар Ислам Дін ұстану – тек құлшылық қылу емес 09.11.2022 Ислам Дін – ұлттың рухани негізі 04.11.2022 Тағы жүктеу Келесі жазба «Ұялшақтық – иманнан» дегенді қалай түсінеміз? Көп қаралғаны Исламның 5 парызы – Ибраһимнің (а.с.) 5 қазынасы 3723 рет бөліскен Бөлісу 1489 Твитерге 931 Жібек БОЛТАНОВА: Рәміз – мемлекеттің айбары 61 рет бөліскен Бөлісу 24 Твитерге 15 Төрт мәзһаб – ислам 2233 рет бөліскен Бөлісу 893 Твитерге 558 Дұрыс дұға жасау әдебі 2782 рет бөліскен Бөлісу 1111 Твитерге 694 Духа намазы қалай оқылады? 68 рет бөліскен Бөлісу 27 Твитерге 17 Соңғы жарияланымдар Орыс журналисі Қатардағы мұсылмандардың мәдениетіне таңырқады 05.12.2022 0 Толығырақ оқу Ең алғашқы ислам академиялары қай кезде пайда болған? 05.12.2022 0 Толығырақ оқу Қоғамдық кеңестер күшейтіліп жатыр – Дархан Қыдырәлі 05.12.2022 0 Толығырақ оқу Тағы жүктеу Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.
ҚазАқпарат – ҚР Орталық сайлау комиссиясы отырысында кезектен тыс президент сайлауының түпкілікті қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҚР ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтің дерегінше, Қасым-Жомарт Тоқаевқа 6 млн 456 мың 392 сайлаушы немесе олардың 81,31%-ы дауыс берген. «Бәріне қарсымын» бағанын 460 484 немесе 5,8% сайлаушы таңдаған. Сонымен бірге, Жигули Дайрабаевқа 271 641 немесе 3,42 пайыз, Қарақат Әбденге 206 мың немесе 2,6 пайыз, Мейрам Қажыкенге 200 907 немесе 2,53 пайыз, Нұрлан Әуесбаевқа 176 116 немесе 2,22 пайыз және Салтанат Тұрсынбековаға 168 731 немесе 2,12 пайыз дауыс берілген. Нақтыланған сайлаушылар тізімдеріне сай, жалпы сайлаушылар саны 11 млн 953 мың 465 адамды құрады. Оның 8 млн 300 мың 46 адамы немесе 69,44 пайызы дауыс беруге арналған бюллетендерді алды. Дауыс беру күні ҚР Президенттігіне кандидаттардың 11 мыңнан аса сенім білдірген адамдары, шетелдік халықаралық ұйымдардың 641 байқаушысы, саяси партиялардың 15,5 мыңнан аса байқаушысы, қоғамдық бірлестіктерден 30 мыңнан аса байқаушы сайлауды бақылауды жүргізді. Сайлау учаскелерінде 1225 қазақстандық БАҚ өкілдері, 23 елдің 41 шетелдік БАҚ-тың аккредиттелген журналистері ақпарат таратты. Айта кетейік, 20 қарашада елімізде кезектен тыс президент сайлау өтті. Барлық өңірде 10 033 учаске жұмыс істеді. Ал шет мемлекеттердегі Қазақстан өкілдіктері жанында 68 учаске құрылған. Еліміздегі бүкіл сайлаушылардың 69 пайызы немесе 8 млн 282 мыңнан астам адам өз таңдауын жасады. «Осылайша, сайлаудың кеше жарияланған алдын ала қорытындылары ресми келіп түскен хаттамалармен расталды. ҚР-дағы сайлау туралы Конституцилық заңның 9-бабы 1-тармағына, 65-бабына сәйкес, дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 50 пайыздан астамының дауысын алған кандидат республика президенті болып саналады. Осылайша, 2022 жылғы 20 қарашадағы кезектен тыс сайлауда Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ҚР Президенті болып сайланды», - деді Нұрлан Әбдіров. 0 Соңғы жаңалықтар Мемлекеттік органдардың басшылары әзірге тиісті міндеттерін атқара береді - Президент Жарлығы 26.11.2022 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзі 26.11.2022 Медициналық сақтандыру мәселесі талқыланды 25.11.2022 “ Прокуратура туралы” Конституциялық заңның негізгі талаптары түсіндірілді 25.11.2022 «Прокуратура туралы» жаңа Конституциялық заң бойынша азаматтардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастыру 25.11.2022 Теміржолға көңіл бөлінеді 25.11.2022 «Қыс–2022» оқу-жаттығуында 25.11.2022 Жастарға жағдай жасалады 25.11.2022 Барлығы Бахтылыдай болса екен 25.11.2022 Мейіржан әкім мерейімізді өсірді 25.11.2022 «Серперге жазылайық!» акциясы 25.11.2022 Аналар қолымен жасалған бұйымдардың көрмесі 24.11.2022 Өңір шежіресін өрнектеген қаламгер 24.11.2022 Өркениет көшінен қалмайтынымызға сенімдіміз 24.11.2022 Ел дамуына бастар бағыттар 24.11.2022 Аналар кеңесінің жаңа жобасы 24.11.2022 Саналы ұрпақ тәрбиелеу міндетіміз 24.11.2022 Скринингтік тексеруден өтуге шақырамыз! 24.11.2022 Атырау облыстық балалар ауруханасында МӘМС есебінен 2432 оталар жасалынған 24.11.2022 Атырауда балаларға 3,1 млрд теңгедан астам қаржыға бастапқы медициналық-санитарлық көмектер көрсетілген
Алматы облысы бойынша қазан айында медициналық сақтандыру қорына түскен жарналар 2,7 млрд теңгені құрады 3 апталар ago Жетісу облысы: Қазан айында медициналық сақтандыру қорына түскен жарналар 4,8 млн теңгені құрады 3 апталар ago 4,8 млн тенге составили поступления в Фонд медицинского страхования по области Жетісу в октябре 3 апталар ago Алматы облысы: Қоймалардағы көмір орташа бағамен 13-17,5 мың аралығында сатылып жатыр 4 апталар ago «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жетісу облысы бойынша филиалының өкілдері жұмыс сапарымен Алакөл ауданының орталық ауруханасына барды 4 апталар ago «Алатау жастары»: жаңа бағдарламаның мәліметтері 4 апталар ago Алматы облысы жастар ресурстық орталығының басшысы жастардың басындағы ең басты проблемаларды шешу жолдарымен бөлісті 4 апталар ago Қазақстандағы шетелдіктер қандай медициналық көмекке жүгіне алады? 1 ай ago Load More Сәрсенбі, Қараша 30, 2022 Басты Қоғам Саясат Экономика Медицина Білім Cпорт Құрылыс Туризм Экология Home Жаңалықтар Қоғам Алматы облысында 3600 отбасы баспаналы болмақ by Jetisy Media 20.02.2022 in Қоғам 37 1 74 SHARES 210 VIEWS Share on FacebookWhatsApp 2019 жылы 2018 жылмен салыстырғанда тұрғы үй құрылысы 25 % артқан. Жалпы алғанда 894 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілген. «Нұрлы жер», «Бақытты отбасы», «7-20-25» бағдарламаларының аясында облыс көлемінде 2 443 отбасы баспаналы болды, оның ішінде 1 779 көп балалы отбасы қоныс тойын тойлады. Халықты баспанамен қамтамасыз етуде кәсіпкерлердің көмегі өлшеусіз. Олар былтырғы жылы қолдауға мұқтаж жандарға 170 пәтер алып берген. Ал, өткен аптада атымтай жомарат азаматтар Қапшағай қаласынан 30 пәтер алуға мүмкіндік беретін арнайы сертификаттарды табыстап, көптің қошаметіне бөленді. Бірақта, үй кезегінде тұрғандардың саны мұнымен азаймасы анық. Бүгінде 50,7 мың адам, оның ішінде 20- сы әлеуметтік осал топ өкілдері, 5527-сі көп балалы отбасы баспана кезегінде тұр деп айтты өңір басшысы өз баяндамасында. Сондықтан да биыл тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылым құрылысына қажетті қаражат мөлшері 1,6 есеге артып, 32,6 млрд. теңгені құрады. Барлығы 939 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда, оның ішінде 147,7 мың шаршы метрі «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша бой көтереді. «Біз барлық бағыттар бойынша 3600 отбасын, оның ішінде 2400 әлеуметтік жағынан осал және көп балалы отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету міндетін қойып отырмыз. Сонымен қатар, Қарасай, Іле, Талғар аудандарында және Қапшағай қаласында жеке құрылыс салушылар есебінен 1300 пәтерлік жеті тұрғын үй кешені салынатын болады. Алдағы уақытта жыл сайын кемінде бір млн.шаршы метр тұрғын үй құрлысын жүргізетін боламыз»,- деп жағымды жаңалықпен бөлісті облыс әкімі. Қала халқының саны күннен-күнге артуда. Бүгінгі таңда қалада 180 мың адам өмір сүреді. Осыған байланысты үйге мұқтаждардың саны арта түспек. Соған орай 8-ші шағын ауданында 782 пәтерлік 24 көп қабатты үйдің құрылысы басталады. Оның 7-і биылғылы жылы қолданысқа беріледі деп жоспарлануда. Сондай-ақ инвесторлар есебінен 726 пәтерлік 22 көпқабатты тұрғын ұй шығыс шағын ауданында бой көтереді. 2019 жылы коттедж қалашығында 155 үй тұрғызылып, бірінші кезекте көп балалы отбасыларға үйдің кілті басыталған болатын. Биыл 403 коттедж үйлер өз иелерін таппақ.
Жаһандану, немесе Глобализация (ағылш. global — «әлемдік», «дүниежүзілік», «жалпы») — жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет 1983 жылы енгізген америкалық экономист Теодор Левитт. Жаһанданудың жаңа сатысының түрлі аспектілерін 20 ғасырдың ортасынан бастап Уолт Ростоу, Дэниел Белл, Алвин Тофлер, Питер Дракер, Джон Нейсбитт, Лестер Туроу зерделеді. Олар ғылымға “интеллектуалдық индустриялар экономикасы”, “ақпараттық қоғам”, “техникалық революция”, “ақпараттық жарылыс”, “ғаламдық ауыл” деген ұғымдарды енгізді. Мазмұны 1 Тарихы 2 Бөліктері 2.1 ЖаҺандану баламалары 2.2 ЖаҺандану артықшылықтары мен кемшіліктері 2.3 Жаһандық демократия 2.4 Жаһандық ақпараттық кеңістік 2.5 Жаһандық теңсіздік 2.6 Жаһандануға қарсы қозғалыс 2.7 Жаһандану үлгілері 3 Жаһандану неге әкеп соғады 4 Дереккөздер Тарихы[өңдеу | қайнарын өңдеу] Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемдік тәртіп үшін жаҺандық инфрақұрылым құру идеясы алғаш рет 20 ғасырдың 40 — 50-ші жылдары АҚШ-тың зерттеу орталықтары: Халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесте (ХҚК), “Рэнд” корпорациясында, Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығында (СХЗО), Психологиялық стратегиялар басқармасында (ПСБ) тұжырымдалды. Жаһандану ұғымы, жалпы алғанда, әлемдік өркениеттің аса маңызды өлшемдерінің жалпыадамзаттық өлшемге ие болуы деп түсіндіріледі. Қоршаған орта, түпкі ресурстар (энергия, су, азық-түлік), демография, көші-қон толқындары, есірткі тасымалы, халықаралық терроршылдық проблемалары жекелеген елдер күшімен шешілуі мүмкін емес. Ақпараттық төңкеріс бұл проблемалардың жаҺандық өлшемге ие болуына ықпал етті. Зерттеушілер Жаһандануды әр текті, бірақ әлемнің біртұтастыққа айналу логикасымен біріктірілетін өзгерістердің жиынтығы деп түсіндіреді. ЖаҺандық өзара тәуелділік және бүкіләлемдік даму үрдісі Жаһандануға алып келмей қоймайды. Бұл үрдіс трансұлттық экономика мен жалпыадамдық құндылықтарды қорғауға негізделген халықар. ұйымдар жүйесі ықпалын күшейтеді. Жаһандану әлеуметтік феномен ретінде көп қырлы және көптеген құрамдас бөліктерді қамтиды. Негізінен, оны ұлттық және әлемдік шаруашылықтың техникалық және қаржылық жағынан дамуының нәтижесі деп есептейді. Алайда әлеуметтік-мәдени өзгерістер, адамдар тұрмысының өзгеруі, адамзаттың қоршаған ортамен қарым-қатынасының күрделенуі де Жаһандануға елеулі ықпал жасап отыр. Бөліктері[өңдеу | қайнарын өңдеу] Жаһанданудың төмендегідей негізгі құрамдас бөліктері бар: “менталдық” немесе мәдени Жаһандану — дәстүрлердің, діндердің, мәдениеттер мен идеологиялардың “ұқсастануының” кешендік үрдісі. Қазіргі таңда бүкіл әлем, негізінен, 6 жаҺандық діни жүйеге (христиандық, ислам, иудаизм, индуизм, буддизм, конфуцийшілдік) бөлінеді. Адамзаттық мәдени құндылықтар ортақтығының күшею үрдісі “менталдық” Жаһанданудың бір көрінісі болып табылады. Соның ішінде америкалық мәдени дәстүр “планетарлық” деп аталынып жүр. Мәдени жаһандану саласында бүгінгі күннің өзінде біртұтас жалпыадамзаттық мәдениеттің нышандары — жаңа нысандармен (желілік мәдениет, кибермәдениет) ұштасқан ежелгі мәдени дәстүрлердің (классикалық, еуропалық, америкалық, шығыстық, мұсылмандық және үнділік) синтезі көріне бастады. Бұл жағдай әрбір ұлттық, халықтың өзіне тән ділі мен мәдениетін сақтап қалуы жолында орасан зор күш-жігер жұмсауын талап етеді; экономикалық жаһандану екі үрдістің жиынтығын — нарықтардың жаһандануын (капиталдық, еңбек ресурстарының, тауарлардың және қызмет көрсетулердің) және экономикалық нысандардың жаһандануын білдіреді және экономиканың ұйымдық құрылымдарының — компаниялардың, фирмалардың, корпорациялардың іріленуімен түсіндіріледі. Қазіргі уақытта экономикалық Жаһанданудың нақты сипаттары бар: үлкен компаниялардың жетекші рөлі; жаhандық қаржы, валюта және қор рыноктарының қызмет етуі; жаhандық ақпараттық желілердің қызмет етуінің нәтижесінде көлік ағындары құрылымының өзгеруі; жаhандық сауда-экономикалық бірлестіктер мен одақтардың құрылуы мен қызмет етуі; барлық ұлттық және халықар. қаржылық, валюталық трансакциялардың жаhандық желіге аударылуы; бөлшек саудалық, банктік, сақтандыру және сауда операцияларын жаhандық желіге аударылуы; аумақтық Жаһандану — мемлекетаралық құрылымдардың күшею үрдісі. Мемлекетаралық экономикалық және әскери-саяси одақтар Жаһанданудың барынша жоғары деңгейдегі мәнін көрсетеді. Бұл ретте Жаһандану нәтижесінде болашақта ұлттық мемлекеттерге немесе басқа да аумақтық құрылымдарға бөлінбейтін біртұтас өркениет құрылуы мүмкін деген болжам айтылады. Бірақ ол ұлттар мен халықтар арасындағы этникалық және мәдени айырмашылықтар барынша жойылған жағдайда ғана жүзеге асуы мүмкін. Кейбір мамандар дәстүрлі мемлекеттерді аймақтық қауымдастықтардың ығыстыру үрдісі дами түседі деп есептейді. Ал енді бір зерттеушілер аймақтық қоғамдасу үрдісін бүкіләлемдік Жаһанданудың зиянды әсерінен қорғанудың бірден бір жолы деп қарайды. ақпараттық-коммуникациялық Жаһандану — қазіргі заманғы интеграциялық үрдістердің ішінде аса ықпалдысы. Оған: коммуникациялық мүмкіндіктерді дамыту және ғарыштық кеңістікті ақпарат беру үшін пайдалану; жаhандық ақпарат желілерінің пайда болуы және тез дамуы; адамзат тұрмысындағы көптеген үрдістердің компьютрлендірілуі жатады. Сонымен қатар, келешекте екі бағыттағығарыштық жүйелерді басымдылықпен дамыту; байланыстырудың жеке жүйесі мен жаhандық позицияланудың дамуы; ақпараттық коммуникациялық кешендердің негізінде бизнесті, өндірістік үрдістер мен үй шаруаларын басқарудың жаhандық жүйесін құру; өмір сүру үрдістерінің мейлінше үлкен бөлігін компьютрлендіру мен роботтау жүреді; этникалық Жаһандану негізгі екі үрдістен тұрады — планета халқының санының өсуі және әр түрлі этникалық топтардың өзара ассимиляциясы. Жаһанданудың жағымды нәтижелеріне мыналар жатады: неғұрлым жылдамырақ экономикалық даму, өмір деңгейінің жоғарылауы, техникалық жаңалықтар мен басқару дағдыларын жеделдетіп енгізу және тарату, жеке тұлғалар үшін де, ел үшін де жаңа экономикалық мүмкіндіктер туғызу. Жаһандану тұңғыш рет біртұтас ақпараттық кеңістік арқылы әлемдік экономиканың барлық құрамдас бөліктерін — өндірісті, ғылымды, қаржыларды, тұтынуды біріктіруде. Олардың қазіргі өзара тәуелділігі соншалықты, ұлттық және аймақтық нарықтардың әлемдік нарықтан кез келген оқшаулануы ол ұлтты немесе аймақты құлдырауға ұшыратады. Жаһандану кері айналмас сипатқа ие болып, экономикалық дамудың шартына айналуда. Нарықтар арасындағы кең ауқымды қаржылық ағындарға байланысты қазіргі күнде триллион доллармен өлшенетін, тауардың өзіндік құнын 10-12%-ға түсіретін және сонымен бүкіл циклдық дамуды өзгертетін электрондық сауданың елеулі өсуі байқалады. Дегенмен де, Жаһанданудың қазіргі үрдісі бірқатар кері зардаптар әкеледі. 1990 жылы адам басына есептегенде орташа кіріс аса дамыған 17 елде басқалармен салыстырғанда 4,5 есе жоғары болған. 1999 жылы жердің аса бай тұрғындарының 20%-і әлемдік ЖІӨ-нің (жалпы ішкі өнімнің) 86%-не, ал аса кедейлері 1%-ке ие болды. Планета халқының 30%-і күніне бір доллардан кем қамтамасыз етілген. Постиндустриалдық, индустриалдық және дамушы елдердің арасындағы алшақтық кему орнына, керісінше, өсе түскендігі байқалып отыр. Ашық нарықтық принциптерге шартты түрде сүйенетін, ал шын мәнінде дамыған елдердің бәсекелестік артықшылығын пайдаланатын “Вашингтондық консенсус” адамзаттың аз бөлігі үшін ғана қызмет етеді. ЖаҺандану баламалары[өңдеу | қайнарын өңдеу] Жаһандану үрдісінің ішкі қайшылықтарын көрсететін әр-түрлі нұсқасы. Жаһандану процестеріне нақтылы балама жолдар ұсынбай-ақ олар жаһанданудың ішкі өзгермелілігін көрсетеді. Ол ең алдымен жаһандану жүзеге асырылатын үлгілерге қатысты - либералдық (кейде "неолибералдық" ұғымы қолданылады) немесе әлеуметтік бағытталған, яғни, "солшыл" (саяси мағынада) үлгі. Жаһандану баламалары, әсіресе, ақпараттық салада аса шиеленіскен: жаһандану жасаған ақпараттың бүкіл халыққа кеңінен ашықтығы (осыған орай, демократия кеңістігінің кеңеюі), әр-түрлі саяси күштер тарапынан ақпаратпен алдап- арбау қаупінің артуы және демократиялық институттардың кірпияздығын, оның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру нәтижесі. Жаһандану барысында жаңа билік ықпалы полюсін және мемлекеттік билік институттарын құрайтын трансұлттық корпорациялар қарама- қарсылығы қоғам өміріндегі өз орнын жаңаша анықтау қажеттігін туғызады. Жаһандану баламалары жаһандануды басқаруда мемлекет немесе трансұлттық корпорациялар үстемдік етуші күшті таңдауды білдіреді. Жаһандану баламаларының болуы ғаламданушы әлем жағдайында адам үшін оның жағымсыз салдарын азайтып, одан барынша пайда көруге, жаһандану процестеріне өздігінше ықпал етуге мүмкіндік береді. ЖаҺандану артықшылықтары мен кемшіліктері[өңдеу | қайнарын өңдеу] Дамушы елдер үшін жаһандану үрдісі тудыратын мәселелер мен қауіп-қатерлер. Жаһандану үрдістері әртүрлі әлеуметтік және экономикалық даму деңгейдегі дамушы елдерге және халықтарға алуан түрлі әсер етеді. Дамушы елдерге жаһандану дамуға жаңа мүмкіндіктер жасайды. Сонымен қатар, осы елдер үшін аса үлкен қиындықтар да туғызады. Мысалы, дамыған елдермен салыстырғанда, дамушы елдердің артта қалу деңгейі күн санап арта түседі. Ғаламдық нарықтық экономикаға ену үшін дамушы елдерден өз әлеуметтік - экономикалық құрылымын түбегейлі өзгертіп, барынша күш - жігер салуын талап етеді. Халықаралық нарық толығымен көпұлтты компаниялардың және дамыған постиндустриалды елдердің "ойын ережелеріне" бағынады. Дамушы елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуы, ғылым, техника және технологиялар деңгейі әзірге өте төмен, ал бұл өз кезегінде олардың дамыған елдермен қатар бір деңгейде әлемдік нарықта бәсекеге түсуге мүмкіндік бермейді. Дамушы елдердің алдында әлемдік ғаламданушы экономикаға кірігу міндеті тұр. Ал, екінші жағынан олар дамыған елдерге тәуелді болудан қашады. Жаһандық мемлекеттік жүйе - қазіргі мемлекеттердің әлемдік жүйесі. Әлемдегі мемлекеттер соның принциптеріне негізделіп құрылған үлттық мемлекет үлгі болып табылады. Бүгінгі таңда ұлт әлемнің қоғамдық ұйымдасуының негізгі бірлігі болып табылады, ал ұлттық мемлекет - оның саяси ұйымдасуының негізгі өлшемі. Бұл екі бірлікте - қоғамдық және саяси - бір-біріне сәйкес келеді, ал бұл олардың мәнін, маңыздылығын, шынайылығын және олардың бірінсіз - бірінің күні жоқ екендігін білдіреді. Бұл ереже ұлт пен ұлттық мемлекетке легитиімділік көзі мәртебесін береді. Билікке қол жеткізу және оны ұстап тұру үшін саясаткерлер және оны қолдаушылар ұлт мүддесі үшін қызмет етуі керек. Ал мұндай қызмет тек бір ұлт қана өмір сүретін ұлттық мемлекет аясында ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Ұлтты және ұлттық мемлекетті қазіргі әлемді ұйымдастырудың қоғамдық-саяси үлгісі ретінде мойындау ұлтшылдыққа ерекше, алғашқы (әзірге, жалғыз) ғаламдық идеология мәртебесін әперді. Ұлтшылдық бүгінгі түріндегі мемлекеттік жүйенің легитимдендіру құралы және идеологиялық шеңбері қызметін атқарады. Өз кезегінде бұл жүйе өзінің әмбебаптығына орай ғаламдық сипат алуда. Ұлттық мемлекеттер жер шарын түгел жайлап, тек бір-бірін ғана халықаралық қатынастардың бірден-бір субъектісі ретінде мойындайды. Осылайша, өмірдің көптеген салаларына тән жаһандану үрдісі осы ғаламдық мемлекеттік жүйенің инфрақұрылымдық іргетасына негізделген. Жаһандық демократия[өңдеу | қайнарын өңдеу] Жаһандық, әділетті, әлемдік тәртіптің талаптарына жауап беретін демократия түрі. Қазіргі әлемдік тәртіп жеке адамдардың автономдығын шектеу арқылы орасан зор әділетсіздікке барып отыр. Әлемдік қауымдастыққа, әсіресе, ғаламдық деңгейде демократияның молдығы керек. Демократизация өздігінен жеке түлғаның автономдығын үлғайтады, сөйтіп олардың үстінен қарайтын күштерге ықпал ету мүмкіндігін кеңейтеді. Жаһандық демократияны, әдетте, ықтимал әлемдік үкіметтің идеялар уағызы деп қарамау керек: іс жүзінде бірнеше миллиард адамды басқару мәселесі жүзеге аспайтындай көрінеді, ал адам еркіндігіне бюрократиялық ғаламдық мемлекеттің төндіретін қатері орасан зор. Ал, екінші жағынан, мемлекет әділетті әлемдік тәртіп орнатуда аса маңызды рөл атқаратын еді. Мемлекет ішіндегі демократияны дамыту да аса маңызды. Өкілеттілікті өзара беттесетіндей етіп, күрделі әрі бытыраңқы бөлу талап етіледі. Өйткені, тек өзара қабыспайтын, бір-біріне ұқсамайтын, бір-бірін бақылайтын, әртүрлі әдістерді қолдану арқылы бір-бірін шектеп отыратын билік түрлерінің бытыраңқы орналасуы ықтимал әділетсіздіктердің алдын алуға мүмкіндік береді. Сондай- ақ көптеген аймақтық, ғаламдық мәселелер, қоршаған ортаны қорғау, азық- түліктің жетіспеушілігін және ашаршылық, індеттерді бақылау, мәдени әркелкілік, әйелдердің құқын аяққа таптау, қылмыс, кедейлік, адам құқының бұзылуы және әлемдік экономиканы реттеу мәселелерін қарастыратын тар өкілеттігі бар билік құрылымдарының қызметі бағытталуы тиіс. Ғаламдық әділетсіздік мәселелерін шешу үшін әлемдік басқару институттарын кеңейтіп, күшейтіп, демократизациялау қажет. Демократия келісім арқылы басқару құралдарының жиынтығы болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, басқару органдары өзі өміріне ықпал ететін халыққа осы органның қабылдаған шешімдері арқылы ортақ саясат жасауға қаншалықты ерік беретіндігін оның демократиялылығы бойынша анықтауға болады. жаһандық азаматтық қоғам - бірқатар батыстық жаһандану тұжырымдамаларында бүкіл адамзат мәселелерін шешу мақсатында және ортақ құндылықтар негізінде бір типті әлеуметтік-саяси қатынастардағы әлеуметтік қауымдастықтарды біріктіретін аса үлкен саясаттан тыс адамдар қауымдастығын атауда қолданылатын ұғым. Э. Гидденстің пікірінше, бүқаралық символикалық интеракцияның және ортақ ақпараттық мәдениеттің негізінде ғаламдық қоғамдық жүйе қалыптасады. Бұрындары үстемдік еткен ұлттық мемлекет келмеске кетіп барады. Билік алдыңғы орынға ықпалды әлеуметтік қозғалыстар мен азаматтық бірлестіктерді шығаратын шағын, аймақтық орталықтар негізінде жүзеге асырылуда. Кеңістік шектеу және ұлттық-мемлекеттік шеңберден шығу соңғы он жылдықта әлеуметтік ғылымда И.Канттың "бүкіләлемдік азаматтық қалып" жөніндегі идеясының жаңғыртылуымен түсіндіріледі. Оның жақтастары (И. Валлерстайн, X. Булл]], Дж. Розенау және т.б.) саяси субъектілердің ықпалынан еркін ғаламдық байланыс желісін орнату қажеттігін дәлелдеуге тырысады. Жаһандық азаматтық қоғамның әлеуметтік базасы қоршаған ортаны, бейбітшілікті, адам қүқын және түпкілікті тұрғынның төл мәдени ерекшелігін қорғауға атсалысушы әртүрлі қозғалыстар мен ұйымдар болып табылады. Мемлекеттік жүйелерге қарағанда, олардың едәуір деңгейде өздерінің тұрған жері, азаматтығы бойынша бөлінген адамдарды біртұтас әлеуметтік желіге біріктіретін жаңа саяси және мәдени қүрылымдар құру мүмкіндіктері бар. Жаһандық ақпараттық кеңістік[өңдеу | қайнарын өңдеу] Ғаламдық ақпараттық қоғамның қалыптасу ортасы және негізі. Ғаламдық ақпараттық кеңістікті қалыптастыруда технологиялық түп қазық болып табылатын, ақпараттық қоғам дамып, қызмет ететін қазіргі компьютерлік технологиялардың маңызы зор. Қазіргі компьютерлік технологиялардың дамуында ғаламдық компьютерлік желі ғаламтордың құрылуы аса маңызды кезең болды. Ғаламтор желісі - бүкіл әлемде бірнеше миллион адамдарды қамтып, біріктіретін біртүтас ақпарат кеңістігі.Ғаламторды қолданушылар өте кең көлемдегі ақпараттық қызметтерге қол жеткізе алады: баспасөз сайттарын, радио, теледидар, электронды пошта, электрондық коммерция, телеконференциялар, хабарландырулар тақтасын, жаңалықтар топтамасын, чаттарды және т.б. көптеген қызмет түрлерін қолдана алады. Жаһандық теңсіздік[өңдеу | қайнарын өңдеу] Әлемдік жүйе аясында ұлттар арасында және ұлт шеңберіндегі жеке адамдардың арасындағы теңсіздік. Әлеуметтік жүйелердің арасындағы теңсіздікті өлшеу Gini коэффициенті арқылы, ал ұлтаралық коэффициент басым қайшылық (GDP) арқылы анықталады. Бұған дейінгі теңсіздіктің өлшемі әр елдің аумағында бөліс теңсіздігін ескермей, елдердің орта табысын есепке алумен шектеліп келген еді. Қазіргі кезде ғаламдық әділетсіздіктің бүл екі қыры ұқсас бағытта дамуда, ұлттар арасындағы алшақтық жеке адамдар арасындағы алшақтыққа да таралуда. Сонымен қатар жаһандық теңсіздік ғаламдық тепетеңдіктің де бұзылуы болып табылады. Бүл өз кезегінде ғаламдық әділеттілік мәселесін көтереді, өйткені ғаламдық теңсіздік біреулерге пайда монополиясын, ал екінші біреулерге ауыртпалық әкеліп отыр. Соңғы жағдайда, келісуге болмайтын көптеген кедей адамдардың шектен шыққан күйзелісі, кедейлік, тапшылық және бай азшылықтың асып-шалқып өмір сүруі. Осылайша, байлар баю үстінде, ал кедей халықтың саны күн санап артуда. Бүл Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы алшақтықты айдан анық етеді; немесе әлемдік жүйе үшбөлікті ғаламдық болып жіктелуде: жүрегі, жартылай-шет және шет аймақ; немесе бай және кедей елдер деп бөлу. Мүндай ғаламдық теңсіздікті: Tрансұлттық экономикалық ықпалдастық және жаһандану нәтижесі ретінде үлттық бытыраңқылық; Kапиталдардың еркін нарығы, сауда мен инвестиңиялардың либералдануы, мемлекеттік реттеудің болмауы; Xалық санының артуы; Oтарлау және оның теңсіздік мұрасы; Hеоколониализм және оған сәйкес езіп-жаншу; Үкіметтік шешімдер; Жаңа технологиялық жетістіктерді жасыру; Әділетті бөлістің болмауы; Сауатсыздық; Табиғи апаттар сияқты көптеген факторлар арқылы түсіндіреді. Тойып тамақтанбау, ашаршылық, өткір тапшылық, табыс көлеміндегі алшақтық, қайыршылық, ЖИТС, сауатсыздықтың жағымсыз салдарын біліммен, демократиямен, "жасыл төңкеріспен", үкіметтік шаралармен, гендерлік сезімталдықпен, технологиялық алмасулармен, даму мақсатындағы үлкен көмектермен, әділ еркін сауда және халықаралық экономикалық саясатпен, қарыздарды қысқарту мен кешіру, үлкен адамгершілікпен жеңуге болады. Жаһандануға қарсы қозғалыс[өңдеу | қайнарын өңдеу] Жаһандану саясатына трансұлттық корпорациялар және жетекші державалар бірлестіктерімен жүргізілетін жаңа әлемдік тәртіп орнатуға түбегейлі, үзілді-кесілді қарсы наразылықтың жаңа түрі. Жалпыға ортақ маркетизация тұжырымымен неолиберализмді жаһандануға қарсылар өзінің басты идеялық-саяси дұшпаны деп санайды. Жаһандануға қарсылардың пікірінше, нарықтық диктаттың неолибералдық саясаты, өндірістің көптеген үлттық салаларын қүлдырауға әкеледі, үлттық кәсіптер мен қолөнерді жояды, үлттық ауылшар-уашылық мәдениетін күйретеді, елдердің азық-түліктік егемендігіне зиян келтіреді. Жаһандану және неолиберализм қазіргі капитализм идеологиясының тығыз байланысты түжырымдары ретінде қаралады.Жаһандануға қарсылардың идеологтары - П.Бурдье, С.Джордж, Н.Клейн, Д.Бэкон, В.Шива, К.Ллойд, К.Харман, Л.Ларуш, Т.Кларк және т.б. Қозғалыстың идеялық және саяси негізін дамытуда анархизм мен анархиялық-синдикализм өкілдері - Н. Хомский, Ж. Бове көрнекті рөл атқаруда. Жаһандануға қарсы қозғалыс студенттік, кәсіподақтық, қүқық қорғаушылық, экологиялық, фермерлік одақтар, тұтынушылар құқын қорғау қоғамы, ғалымдар қауымдастықтары және т.б. әртүрлі қоғамды құйымдарды біріктіреді. Онда ақпараттық-үйлестіруші орталықтардың кең желісі жүмыс жасайды, олар өз қызметін ғаламтор арқылы жүзеге асырады. Олардың ішінде: "Destroy IMF" - Халықаралық валюта қорының жабылуын талап ететін халықаралық үйым; "Friends of the Earth" - желілік экологиялық қауымдастық; "Transnational" - Трансүлттық корпорациялармен күрес жүргізіп, олардың жүмысының қаншалықты зиянды екені жайлы ақпарат таратушы халықаралық үйым; "Peoples Global Action" - Бүкіләлемдік сауда үйымы шеңберінде сауданың либерализациясына қарсы халықаралық үйым; "Inpeg" - әртүрлі үйымдардың белсенділерінен қүралған, наразьшық акцияларын даярлаумен айналысатын, жаһандануға қарсылардың үйымдастырушы комитеті. Жаһандану үлгілері[өңдеу | қайнарын өңдеу] Жаһандану процестері сүйенетін негізгі қағидаттар мен тетіктер. Қазіргі әдебиеттерде жаһанданудың әртүрлі үлгілері талқыланады, бірақ солардың ішінде жаһанданудың неолибералдық және гуманистік-ноосфералық үлгілері ерекше назар аударады. Сыншылардың пікірінше, неолибералдық үлгі, жаһанданудың жемісін өздері көретін трансұлттық корпорациялардың және дамыған елдердің мүдделерін жүзеге асырады. Нәтижесінде байлар мен кедейлердің арасындағы алшақтық тереңдей бермек. Бүкіләлемдік банк мәліметтері бойынша, 2002 жылы жан басына шаққандағы табысы жоғары және темен елдердің арасындағы айырмашылық едәуір (сәйкесінше Жер шарының 15,6% түрғындарының табысы жеткілікті және 42% күнкөріс көзі темен). Жаһанданудың неолибералдық үлгісі өркениеттер қақтығысы және экологиялық апат қаупін күшейтеді. Жаһанданудың гуманистік-ноосфералық үлгісін жақтаушылардың пікірінше, жаһандану артықшылықтарын бүкіл адамзат мүддесі үшін қолдануға бағытталған. Ол үшін ТҰК-ны ғаламдық азаматтық қоғам және оның институттарының бақылауына беру керек, бүкіл әлемдік қауымдастық күшін кедейлікпен күреске, көптеген елдердің технологиялық артта қалушылығын жеңуге жұмылдыру керек.[1] Жаһандану неге әкеп соғады[өңдеу | қайнарын өңдеу] Физик-теоретик және футуролог Митио Каку өзінің "Болашақ физикасы" атты кітабында былай деп жазды: Сауалнама жүргізсе, әлдекім жаһандану үрдісінің жүріп жатқанын еміс-еміс түсінетіні анықталады, бірақ оған қарамастан Жер өркениетінің белгілі бір мақсатқа жылжып жатқаны туралы анық көрініс жоқ. Митио Какудың ойынша, экономиканың орташа даму жылдамдығымен алдағы 100 жылда Жер өркениеті "планетарлық өркениет" мәртебесіне жетпек. Мұндай жағдайда Жердегі энергия тұтыну мөлшері ғаламшарымыздың Күннен алатын энергиясына теңеседі (шамамен 10^17 Вт). Планетарлы экономиканың құрылуы (Евроодақ және басқа да сауда блоктары), ортақ ғаламдық мәдениет, ғаламдық жаңалықтар, халықаралық туризм, аурулар мен табиғи апаттарға қарсы халықаралық күштер салу да Митио Какудың пікірінше жаңа планетарлы өркениеттің пайда болуына белгі болып табылады. Дереккөздер[өңдеу | қайнарын өңдеу] ↑ Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3 Саясат Негізгі тақырыптар Әлемнің саяси тарихы Саясат көрінісі •Саясат мақалаларының индексі •Саяси тарихы •Саяси экономика •Саяси философия Саяси жүйелер Анархизм • Қала мемлекет • Демократия • Федерация • Феодализм • Диктаторлық • Директория • Меритократия • Монархия • Парламенттік жүйе • Президенттік жүйе • Аралас республика • Теократия Академиялық пәндер Саясаттану • Халықаралық қатынастар • Салыстырмалы саясат Әкімшілік басқару Бюрократия • Адхократия Саясат Қоғамдық саясат • Қоғамдық мүдде • Сыртқы саясат Басқару органдары Биліктің бөлінуі • Заң шығарушы • Атқарушы • Сот • Сайлау комиссия Қатысты тақырыптар Егемендік • Саяси әрекеттер теориясы • Саяси психология • Саяси бағыт • Саяси ұйымдасу Аралық тақырыптар Сайлау жүйесі • Сайлау • Федерализм • Басқару формалары • Идеология • Саяси кампания • Саяси партиялар • «https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Жаһандану&oldid=3021614» бетінен алынған Санаттар: Экономика Жаһандану Жасырын санат: ISBN сиқырлы сілтемелері қолданылған беттер Навигация мәзірі Жеке құралдар Кірмегенсіз Талқылау Үлесім Тіркелу Кіру Аттар кеңістіктері Бет Талқылау kk kk Кирил Latın توتە Кирил (Қазақстан) kk-TR kk-CN Көріністер Оқу Өңдеу Қайнарын өңдеу Өңделу тарихы Тағы Шарлау Басты бет Қауымдастық порталы Жуықтағы өзгерістер Жаңа беттер Кездейсоқ бет Видео сабақтар Анықтама Форум Талқылау легі Телеграм арна Қателер туралы хабарлау Демеу беру Құралдар Мұнда сілтейтін беттер Қатысты өзгерістер Арнайы беттер Тұрақты сілтеме Бет ақпараты Беттен дәйексөз алу Уикидерек элементі Баспа/экспорт PDF ретінде жүктеп алу Басып шығару нұсқасы Басқа жобаларда Ортаққор Басқа тілдерде Afrikaans Alemannisch Aragonés العربية অসমীয়া Asturianu Azərbaycanca تۆرکجه Башҡортса Žemaitėška Беларуская Беларуская (тарашкевіца) Български বাংলা বিষ্ণুপ্রিয়া মণিপুরী Brezhoneg Bosanski Буряад Català Нохчийн کوردی Čeština Cymraeg Dansk Deutsch Zazaki Ελληνικά Emiliàn e rumagnòl English Esperanto Español Eesti Euskara فارسی Suomi Võro Føroyskt Français Frysk Gaeilge Kriyòl gwiyannen Galego گیلکی Avañe'ẽ ગુજરાતી עברית हिन्दी Fiji Hindi Hrvatski Magyar Հայերեն Bahasa Indonesia Ilokano Ido Íslenska Italiano 日本語 Patois Jawa ქართული Kabɩyɛ ಕನ್ನಡ 한국어 Къарачай-малкъар Kernowek Кыргызча Latina Lëtzebuergesch Lingua Franca Nova Limburgs Lombard ລາວ Lietuvių Latviešu Malagasy Македонски മലയാളം Монгол मराठी Bahasa Melayu Mirandés မြန်မာဘာသာ नेपाली नेपाल भाषा Nederlands Norsk nynorsk Norsk bokmål Occitan ਪੰਜਾਬੀ Polski Piemontèis پنجابی پښتو Português Rumantsch Română Русский Русиньскый संस्कृतम् Саха тыла Sicilianu Scots Srpskohrvatski / српскохрватски සිංහල Simple English Slovenčina Slovenščina Shqip Српски / srpski Sunda Svenska Kiswahili தமிழ் Тоҷикӣ ไทย Tagalog Türkçe Татарча/tatarça Українська اردو Oʻzbekcha/ўзбекча Tiếng Việt Winaray 吴语 მარგალური ייִדיש 中文 Bân-lâm-gú 粵語 Сілтемелерді өңдеу Бұл беттің соңғы рет өзгертілген кезі: 2022 ж. сәуірдің 10, 00:09. Мәтін Creative Commons Attribution-ShareAlike лицензиясы аясында қолжетімді; қосымша шарттар қолданылуы мүмкін. Бұл сайтты қолдану арқылы Қолдану шарты және Құпиялық саясатымен келісесіз. Wikipedia® Wikimedia Foundation, Inc. коммерциялық емес ұйымының тіркелген сауда маркасы.
Халқымыздың бағзы замандардан тартып, қақпан құрып, тор жаю арқылы түз тағыларын ұстап азық етіп, қолға үйретіп келгені мәлім. Қақпан сонау темір құралдар дәуірінен бастап пайда болған. Ол кезде мылтық тектес құралдар болмағандықтан, Басты жаңалықтар/Басқа басылымнан/Спорт/Ұлттық спорт “Теңге іліп”, “Асау үйреткен” қазақтың рухы әрдайым биік болмақ 30 тамызда Астана қаласында «Нұр Отан» партиясының қолдауымен ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы аясында ҚР Конституциясының 20 жылдығына орай «Теңге ілуден» І Ашық Азия чемпионаты және «Асау үйретуден» республикалық турнирі өтті. Бас демеуші – «Самұрық-Қазына» Ұлттық August 31, 2015 БҚО: Балалар арасында еркін күрестен республикалық турнир өтті Басты жаңалықтар/Жаңалықтар/Күрес/Рух/Спорт/фотогалерея/Фоторепортаж/Қоғам/Ұлттық спорт 8 маусым күні Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алғабас ауылында Батыс Қазақстандық еркін күрестің негізін қалаушы, танымал ардагер-ұстаз Амангелді Зұлқашев және еркін күрестен Қазақстан ИЛЬЯ ИЛЬИН – ҚАЗАҚСТАННАН ШЫҚҚАН ТҰҢҒЫШ ҮШ ДҮРКІН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ! Ауыр атлетика/Жаңалықтар/Спорт Қуан, қазақ! Қоржында екінші алтын. Бұл алтынның жөні бөлек. Қазақстаннан тұңғыш рет үш дүркін әлем чемпионы шықты! Алаш қуанған күн. Бүкіл әлем кәрі құрлық “Теңге іліп”, “Асау үйреткен” қазақтың рухы әрдайым биік болмақ August 31, 2015 Басты жаңалықтар/Басқа басылымнан/Спорт/Ұлттық спорт 2276 рет қаралды 30 тамызда Астана қаласында «Нұр Отан» партиясының қолдауымен ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы аясында ҚР Конституциясының 20 жылдығына орай «Теңге ілуден» І Ашық Азия чемпионаты және «Асау үйретуден» Толығырақ Аламан бәйге! Алты алашқа сауын айтылды July 29, 2015 Басты жаңалықтар/Басқа басылымнан/Жаңалықтар/Спорт 1062 рет қаралды Бүгін ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен және «Нұр Отан» партиясы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтетін Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған аламан бәйге «Алтын тұлпар» дәстүрлі республикалық турнирі жайлы баспасөз мәслихаты Толығырақ ҚАНАТ ИСЛАМ: «КОММУНИСТІК ИДЕЯ – ҚАЙЫРШЫ МЕН ҚҰЛДАРДЫ ТӘРБИЕЛЕЙДІ ЕКЕН» April 2, 2014 Басты жаңалықтар/Бокс/Жаңалықтар/Спорт 1291 рет қаралды Наурыз айының соңғы кешінде қазақтың батыр ұлдарының бірі, даңқты боксшы Қанат Исламмен сұхбаттасудың сәті түсті. Соңғы жылдары кәсіпқой бокстың дулы ортасында жүрген қандасымыз АҚШ-тан жұмыс бабымен келген екен. АҚШ-та өткен жойқын жеңістеріңізден Толығырақ Қанаттың 15-ші жеңісі November 30, 2013 November 30, 2013 Бокс/Журналист болам десеңіз/Спорт 726 рет қаралды Туған елінен тұрақ таппаған боксшы бауырымыз 29 жасар Қанат Ислам колумбиялық 34 жастағы Эмилио Хулио Хулионы ұрып жыққан. Бұл Қанаттың кәсіби бокстағы 15- жеңісі болса керек. Vesti.kz. Толығырақ Жаңа спорт порталы ашылды November 20, 2012 November 20, 2012 Басты жаңалықтар/Жаңалықтар/Спорт/Қоғам 1331 рет қаралды Ассалау мағалейкүм, алаш жұрты! Ардақты спорт сүйер жанкүйер қауым! Ақырзаман таяғанда бізде аштық, мінекей, өз сайтымызды. Әзіл ғой әрине. Спорт порталын ашу- бұрыннан бері маза бермей келген арманым еді. Шыққан тегім «Аламан». Толығырақ «Астана» Қазақстан Кубогының иегері November 12, 2012 November 12, 2012 Жаңалықтар/Спорт/Футбол 1002 рет қаралды Жексеннбінің кешінде Астананың қарлы-боранды күні футболдан Қазахстан Кубогы сарапқа салынды: Керекулік “Ертіс” пен жергілікті “Астана” еурокубогтық додада өнер көрсету құқына таласты. Футбол. Қазақстан Кубогы-2012. Финал: “Ертіс” (Кереку) – “Астана” (Астана) – 0:2 Голдар: Қайрат Нұрдаулетов, 4 (0:1); Танат Нөсербаев, 82 Толығырақ Қытай: «Чжао Чанлин, отанға қайт!» October 29, 2012 October 29, 2012 Ауыр атлетика/Жаңалықтар/Спорт 1606 рет қаралды Қазақстандық спортшы Зульфия Чиншанло маңайындағы дау-дамайлар басылар емес. Жақында ғана «Зульфия Қазақстаннан кетіп қалды, енді Қытай намысын қорғайды» деген қауесеттер өріп еді. Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы мұны жоққа шығарды. Спортшының өзі де Толығырақ Зілтемірші Зұлфия Қытайына қайтты October 23, 2012 October 23, 2012 Басқа басылымнан/Жаңалықтар/Спорт 1090 рет қаралды Лондон олимпиадасына Қазақстан атынан қатысып, чемпион атанған Зұлфия Чиншанло Қытайға қайтты. Мұндай ақпаратты Қытайдыңsports.sohu.com сайты таратты. «Отбасыма қайтудың қуанышы ерекше екен. Өйткені ұстаздарым мен жаттықтырушыларымның жанына келдім. Ең маңыздысы, мен енді туған жерімнің Толығырақ EURO-2016. ЧЕМПИОНАТ ӨТЕТІН МЕРЗІМ БЕЛГІЛІ September 28, 2012 September 28, 2012 Жаңалықтар/Спорт/Футбол 936 рет қаралды Euro-2016 турнирінің іріктеу жеребесі 2014 жылдың 9 қыркүйегінде Ницца қаласында өтеді. Бұл туралы чемпионаттың ұйымдастыру комитетінің басшысы Жак Ламбер мәлімдеді. – Ницца қаласы жеребе тарту рәсімін өткізуге қолайлы. Мұнда қонақ үй, транспорт Толығырақ Лондон 2012. Мәре. Жеңіс. Тарих August 13, 2012 August 13, 2012 Басты жаңалықтар/Басқа басылымнан/Жаңалықтар/Спорт/Қоғам 927 рет қаралды 27 шілде мен 12 тамыз күндері аралығында Лондонда өткен ХХХ жазғы Олимпиада ойындары еліміз үшін жетістіктерге толы болды. Ел үмітін арқалаған спортшыларымыз толағай табыстарға жетіп, ел мерейін үстем етті. Қазақ елін бүкіл Толығырақ Алдыңғы 1 2 3 4 5 … 9 Келесі To view this quiz you need to have Flash Player 9 or newer installed and JavaScript enabled. Have fun creating personality quizzes and then make your friends take them - with PollSnack.
Қазақстандық байланыс операторы «Қазақтелеком» 2015 жылы 24,209 млрд теңге таза пайда тапты. Бұл 2014 жылғы көрсеткішке қарағанда 3,6 есе көп деп жазылған компанияның қаржылық есебінде. Компанияның жалпы табысы 8,5%-ға яғни 62,5 млрд теңгеге дейін ұлғайып, салық төлеміне дейін 63%-ға көбейіп, 34,972 млрд теңгені құрады. Компания активтері жыл басынан бері 4,6%, 436,495 млрд теңгеге дейін ұлғайып, міндеттеме 144,073 млрд теңгеге дейін төмендеді. Жеке капитал 8,2% немесе 292,421 млрд теңгеге дейін көбейді. Қысқа мерзімді несиелік қарыз жыл басынан бері 1,8 есе яғни 11,893 млрд теңгеге азайған. Ұзақ мерзімді қарыз 51%-ға азайып, 27,3 млрд теңгені құрады. «Қазақтелеком»- Қазақстанның ірі байланыс операторы, отандық коммуникация нарығында үлкен позицияға ие. ІЛМЕКТЕР "Қазақтелеком" коммуникация нарығы Қазақтелеком табысы Facebook VK Twitter Telegram WhatsApp 7kun.kz 7kun.kz – іскер жаңалықтар сайты. Бізбен хабарласу үшін: info@7kun.kz 7kun.kz@gmail.com +7 (727) 339 50 07 Алматы қ, 050040/A15M1B2 Марков к. 22/37 үй, 4 офис Facebook Instagram Twitter Youtube VKontakte Біз туралы Жарнама | Реклама Байланыс Вакансия Студентке Сайтты қолдану ережелері Материалдар пайдалану ережелері ©2014-2022 Qazaq Media Group ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Samsung смартфондарды айырбастау бағдарламасын енгізеді Әлемнің ірі банктері валюта курсымен айлы-шарғы жасады деп айыпталуда Microsoft компаниясында вице-президент пайда болды Әлемдік бағалы қағаздарды кімдер сатып алады? '); var formated_str = arr_splits[i].replace(/\surl\(\'(?!data\:)/gi, function regex_function(str) { return ' url(\'' + dir_path + '/' + str.replace(/url\(\'/gi, '').replace(/^\s+|\s+$/gm,''); }); splited_css += ""; } var td_theme_css = jQuery('link#td-theme-css'); if (td_theme_css.length) { td_theme_css.after(splited_css); } } }); } })();
Көңіліңіз күз болып жүр ме? Бұндай күй кейде ағзада қажетті дәрумендердің жеткіліксіздігінен, кейде ағза қажетсіз ас қалдықтарынан «мезі» болғанда орын алады. Құтылуға болады! Қажетсізден тазартып, қажеттімен қамтамасыз ететін сусын бар. Ол – мейіз шырынсуы. Көңіліңіз күз болып жүр ме? Бұндай күй кейде ағзада қажетті дәрумендердің жеткіліксіздігінен, кейде ағза қажетсіз ас қалдықтарынан «мезі» болғанда орын алады. Құтылуға болады! Қажетсізден тазартып, қажеттімен қамтамасыз ететін сусын бар. Ол – мейіз шырынсуы. Тағамтану ғалымдарының зерттеуі бойынша мейіз (изюм, сущенный виноград) құрамында ас қорыту жолдарын жақсартып, бауырдың қызметін жеңілдететін заттар бар. Мейізден дайындалған тұнба, шырынсу бауырды ғана емес, сонымен бірге қан құрамын да токсиндерден тазалап, триглицеридті төмендетеді. Іштің қатуын емдейді. Иммунитетті көтереді. Ағзаны ауыр металдардан тазалайды. Сонымен қатар, асқазан сөлінің бөлінуін арттырып, бойыңызға ерекше қуат құйылады. мейіз тұнбасын қабылдаудан соң қан құрамындағы қант мөлшері де төмендейтіні анықталған. Сондықтан да мейіз шырынсуын таңертең ағза оянғаннан кейін ішу керек. Сонымен мейіз шырынсуы қалай дайындалады? ҚҰРАМЫ: 100 грамм мейіз және 300 мл су. 1-әдіс. Мейізді жылы суда 15 минут қалдырыңыз. Содан соң салқын сумен жақсылап жуыңыз. Одан кейін мейізге 350 мл қайнаған су құйыңыз. 24 сағат қалдырыңыз. Таңертең ашқарынға қабылдаңыз. Шырынсуды ішіп болған соң мейізді жеп тауысыңыз. 2-әдіс. Суды қайнауға жеткізіңіз. Су бетінде көпіршіктер пайда болғанда, жуылған мейізді салып, баяу отта 20 минут қайнатыңыз. Тұнбаны жылытып ішіңіз. Бастысы, ашқарынға ішу керек. Таңғы астан 35-40 минут бұрын қабылдаңыз. Негізі күнде түнде тұнба даярлап, таңертең ішкен дұрыс. Мейіз нәрсуының кереметін 4 күннен соң-ақ байқайсыз. Жалпы, бір ай ішу қажет. Тегтер ас мәзірі сусындар рецепт нәрсу Бөлісу АҚПАРАТТАР АҒЫМЫ 26.11.2022 19:00 Коронавирустың омикрон штамы тарап жатыр 26.11.2022 18:35 Мұрат Нұртілеу Президент Әкімшілігінің Басшысы лауазымына қайта тағайындалды 26.11.2022 18:05 Әйелдер 58 жаста зейнетке шығады деген ақпарат шындыққа жанаспайды – министрлік 26.11.2022 17:35 Қазақстанда еңбек адамының беделі артады 26.11.2022 17:05 Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні болды 26.11.2022 16:35 Өткен айда қазақстандықтар 3 мыңнан астам алтын құйма сатып алды – Ұлттық банк 26.11.2022 16:05 Талдықорғанда қабір қоршауларын ұрлап сатқан ер адам ұсталды 26.11.2022 15:35 Астана әкімі өзінің отставкасы туралы сыбыстарға қатысты пікір білдірді 26.11.2022 15:05 Мегаполистер мен облыс басшылары тиісті әкім тағайындалғанға дейін өз қызметінде қалады 26.11.2022 14:35 LRT құрылысына желтоқсанда 30 млрд теңге бөлінеді – Алтай Көлгінов Тағы мақалалар КӨПТІ ҚЫЗЫҚТЫРҒАН 3 күн 7 күн 30 күн Жиналыста қызметкерлерін бір сағаттан астам балағаттаған әкім тергеуге алынды 24.11.2022 18:59 Қарағандыда автобус апатынан зардап шеккен жолаушы көз жұмды 25.11.2022 18:56 «Біздің ел сондай болмаған соң»: Америка көрген Ғазизхан Шекербеков елге келген соң ашуланып жүргенін айтты
«Сарайшық» музей-қорығының ғылыми қызметкері Жүніс Байғалиев «Үздік жоба орындаушысы» аталымымен марапатталды «Жайық шұғыласы» газетінің ардагер журналисі Бағыт Көшербаев – 80 жаста Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жөнінде онлайн конференция. LIVE «Ер жүректілер» спорт клубының спортшылары – ойлылар ойынының оғыландары Біз туралы Махамбет ауданына жаңа әкім тағайындалды Read Time: 1 min : 02 ақпан 2021 : 545 «Бүгін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Махамбет ауданының жаңа әкімін жергілікті автивке таныстырды», - деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. ҚР Президенті Әкімшілігінің және Махамбет аудандық мәслихаты депутаттары келісіміне сәйкес, облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің өкімімен Махамбет ауданының әкімі болып Ринат Бауыржанұлы Джанглишов тағайындалды. Жаңа әкімнің алдына нақты міндеттер жүктеген аймақ басшысы қызметіне сәттілік тіледі. Зейнеткерлік жасқа толуына байланысты 18 қаңтарда облыс әкімінің өкімімен Жәрдемғали Ахметов 3 жылға жуық басқарған Махамбет ауданы әкімі лауазымынан босатылған болатын. Өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов 40 жылдай мемлекеттік қызметте адал әрі абыройлы еңбек етіп, өңірдің дамуына зор үлес қосқан бұрынғы әкімді құрметті демалысқа шығуымен құттықтап, арнайы алғысын білдірді. Джанглишов Ринат Бауыржанұлы 1982 жылы 2 желтоқсанда Атырау қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2003 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетінде, 2011 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінде, ал 2017 жылы Атырау мұнай-газ университетінде «заңгер», «экономист» және «мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын 2005 жылы Алматы қалалық Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде тергеуші болып бастаған. 2006-2018 жылдары бірнеше жеке кәсіпорында басшылық еткен. 2018-2019 жылдары Атырау қаласы Мәслихатының хатшысы. 2019-2020 жылдары Атырау қаласы әкімінің орынбасары. Ал 2020 жылдың қараша айынан бүгінгі дейін Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы болып еңбек етіп келген болатын. 0 Назад Вперед РЕСПУБЛИКА КҮНІ Фотогалерея Сұрақ Жауап Жайық суын молайту үшін не істеу керек? Теңіздің түбін қазу қажет Жасыл желекті Жайықтан​ суаруды тоқтату керек Ауызсуды үнемдеу үшін бағасын өсіру керек Аптасына бір күн Жайықтан су алуға тыйым салса... COVID-19 инфекциясы COVID-19 инфекциясы Aqprint Полиграфия Aqparat Print Байланыс номерi : +7 775 798 46 24 +7(7122) 45-85-21 © 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады. Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС. Махамбет селосы, Абай көшесі 10. тел. 2-11-34, 2-13-49 Факс: 2-11-34 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.
Алдымен, Павлодар өңіріне қоныс аударған азаматтарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша шаралар көрсетілетін болады. Сондай-ақ кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті азаматтарға мүмкіндік бар, ол үшін өз бизнесін дамытуға қайтарылмайтын гранттар пен микрокредиттер көзделген екен. Ал, ең басты жасалған жағдайлардың бірі- Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аудару жұмысқа орналасудан басқа субсидия төлеуді де көздейді. Көшіп келген жағдайда әр адамға 70 АЕК (214 410 теңге) көлемінде көтерме ақы қарастырылған. Тұрғын үй мәселелерін шешу үшін әрбір отбасына отбасының құрамына және қоныстандыру орнына байланысты 15 – тен 30 АЕК-ке дейінгі (45945 теңгеден-91890 теңгеге дейін) мөлшерде субсидиялар қарастырылған. Мемлекеттік бағдарламаның арқасында былтырғы жылы Шымкент қаласынан 830 мүшесі бар 233 отбасы қоныс аударды. Оның ішінде: -38 отбасы, 110 адам Қостанай облысына: -16 отбасы, 40 адам ШҚО; -84 отбасы, 345 адам СҚО; -95 отбасы, 335 адам Павлодар облысына қоныс аударды. Қоныс аударған 830 адамның 377-і еңбекке қабілетті болса, тұрақты жұмыспен қамтылғандар 291 адам, 16 адам жеке кәсібін ашқан, ал қалған 523 адам үй шаруасындағылар, зейнеткерлермен балалар. Қоныс аударғандардың Шымкент қаласы бойынша жалпы үлесі 11,4% құрап отыр. Бүгінгі таңға дейін қоныс аударғандардың басым бөлігі тұрғын үймен, жұмысқа қабілетті отбасы мүшелері жұмыспен қамтылды. Өз кәсібін ашамын деушілерге егін, мал шаруашылығымен шұғылдануға жер телімдері, бос тұрған ғимараттар ұсынылды. Оқи отырыңыз... ТҮРКІСТАН: ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫН ДАМЫТУ ЖОБАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ 29.11.2022 ТҮРКІСТАН: ӘЛЕУМЕТТІК ИДЕЯЛАР МЕН ЖОБА АВТОРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ 29.11.2022 ТҮРКІСТАН: «TURAN JASTARY» ФОРУМЫНДА ОБЛЫС ЖАСТАРЫ ҚАРАР ҚАБЫЛДАДЫ 28.11.2022 ShareTweetShareSendShareShare Добавить комментарий Отменить ответ Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены * Комментарий Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Соңғы жаңалықтар ТҮРКІСТАН: ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫН ДАМЫТУ ЖОБАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ 29.11.2022 ТҮРКІСТАН: ӘЛЕУМЕТТІК ИДЕЯЛАР МЕН ЖОБА АВТОРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ 29.11.2022 ТҮРКІСТАН: «TURAN JASTARY» ФОРУМЫНДА ОБЛЫС ЖАСТАРЫ ҚАРАР ҚАБЫЛДАДЫ 28.11.2022 Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.
Былтыр өзінен алты жас кіші бозбалаға тұрмысқа шығып, желіде шу тудырған танымал жайдармнашы Мереке Қалбаева жақында жолдасына сәби сыйламақ. Көптің қызу талқысына түскен ерлі-зайыптылар келер жылы алғаш рет ата-ана атанбақшы деп жазады KAZ.NUR.KZ. Фото: Instagram/merekusha.k/arsen.akiev. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram Атышулы жұптың тұңғышы дүниеге келетіні жайлы олардың Instagram желісіндегі парақшаларынан белгілі болды. Ерлі-зайыптылар бірге түскен фотосессиясын жүктеп, онсыз да Мерекенің жүктілігіне сенімді болған халықтың болжамын растады. Оның үстіне, жайдарманшы ару өзінің аяғы ауыр екенін жасыруды қойған. Ол желіде жүкті екенін білдіретін фотоларын жариялаудан жасқанбайды. Сонымен қатар, Мереке Қалбаева "Hit TV" арнасына сұхбат беріп, болашақ сәбиінің жынысын айтып қойды. Белгілі болғандай, КВН ойындарының арқасында қосылған ғашықтардың тұңғышы қыз бала болады екен. Желі қолданушылары бұл жаңалықты естіген бойда ерлі-зайыптыларды құттықтап, оларға деген ақ тілегін жаудырған. "Бақытты болыңдар, сәбилерің дені сау болып туылсын" , "Құттықтаймыз, балаларың көп болсын" , "Көбейе беріңдер, жарайсыңдар" , "Құтты болсын, шын қуаныштымыз сендер үшін" , - деп жазуда көпшілік. Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1831566-zinen-alty-zas-kisi-zigitke-trmyska-sykkan-zilkes-aru-zakynda-ana-atanbak/ Автор: Малика Хадид Матч-центр Кеңейту Открываются комментарии Все комментарии: {{totalCommentCount}} {{list}} Перейти к обсуждению {{formattedDate}} {{body}} Бірінші болып пікір қалдыру Жарнама берушілерге Біз туралы Жоба жайында NUR.KZ туралы басқа медиадағы жарияланымдар Біз қалай жұмыс істейміз NUR.KZ жаңалықтар қызметінің жұмыс істеу қағидалары Жаңалықтар мұрағаты Пайдалану шарттары Материалдарды пайдалану ережелері Қолдану шарттары Құпиялылық саясаты NUR.KZ сайтында пікір қалдыру ережелері Редакция editor@corp.nur.kz Бас кеңсе +7 (727) 339 80 38 Біз әлеуметтік желілердеміз Nur.kz мобильді қосымшасы Біздің қағидаттар YouTube MCN © NUR.KZ 2009-2022 2016 жылдың 6 мамырындағы № 15988-АА куәлігі Барлық құқықтар қорғалған Біз Cookie файлдарын қолданамыз Олар сайтты сізге ыңғайлы етіп баптауға - қызықты мақалаларды ұсынып, пайдалы жарнаманы көрсетуге көмектеседі.
Қазақстандық танымал әнші әрі актриса Ақбота Сейітмағамбет өз өмірі жайлы сыр шертіп, желіде әсерлі жазба жариялады. Өнер иесі өмір жолындағы сынақтардан қалай өтіп келе жатқанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Ақбота Сейітмағамбет өмір жайлы ой-толғауын Instagram парақшасында бөлісті. Ол өзін қандай қиындықтар күтіп тұрса да, қос перзенті үшін әрқашан жігерлі әрі қайсар болуға тырысатынын айтты. "Өмір жолында кім-кімнің де бір кем дүниесі болады. Тіршілік сонысымен де қызық шығар. Барлығын бірден алдыңа әкеліп, үйіп-төгіп бере салса бәлкім шүкіршіліктің не екенін, сабырдың, күтудің, қол созып жоғыңа қарай ұмтылудың не екенін, қадір-қасиетін ұғынбас едік. Жастайымнан әр түрлі сынақтардан өтіп келем, шүкір. Өз еңбегіммен тырысшаңдығыммен біртіндеп армандарыма жетіп келем. Ақбота Сейітмағамбеттің Stories-і. Скриншот: Instagram/akbotanurabaykyzy Дайын асқа тік қасық емес, терім тамшылап татқан наным артық. Екі жарық дүнием үшін жігерлі, қайсар өмір сүруім маңызды. Осының барлығы шыдамдылықты талап етеді. Сабырлы әрі шыдамды болуға тиіспін. Себебі осы екеуінің мені шыңға жеткізетін ең соңғы кілт екенін білемін", - деп жазды ол. Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1990203-zastaiymnan-ar-turli-synaqtardan-otip-kelem-aqbota-seitmagambet-aserli-zazba-zariyalady/ Автор: Малика Хадид Акбота Сейтмагамбет Матч-центр Кеңейту Открываются комментарии Все комментарии: {{totalCommentCount}} {{list}} Перейти к обсуждению {{formattedDate}} {{body}} Бірінші болып пікір қалдыру Жарнама берушілерге Біз туралы Жоба жайында NUR.KZ туралы басқа медиадағы жарияланымдар Біз қалай жұмыс істейміз NUR.KZ жаңалықтар қызметінің жұмыс істеу қағидалары Жаңалықтар мұрағаты Пайдалану шарттары Материалдарды пайдалану ережелері Қолдану шарттары Құпиялылық саясаты NUR.KZ сайтында пікір қалдыру ережелері Редакция editor@corp.nur.kz Бас кеңсе +7 (727) 339 80 38 Біз әлеуметтік желілердеміз Nur.kz мобильді қосымшасы Біздің қағидаттар YouTube MCN © NUR.KZ 2009-2022 2016 жылдың 6 мамырындағы № 15988-АА куәлігі Барлық құқықтар қорғалған Біз Cookie файлдарын қолданамыз Олар сайтты сізге ыңғайлы етіп баптауға - қызықты мақалаларды ұсынып, пайдалы жарнаманы көрсетуге көмектеседі.
Әлемдік қауымдастық бүгінде Оңтүстік Азия мен Оңтүстік Шығыс Азияның бірқатар елдерін бейнелі түрде «Азия жолбарыстары» деп атайды. Өйткені,соңғы жарты ғасыр көлеміндегі бұл елдердің экономикалық өрлеуі расында да жолбарыстың әрекеті мен секірісі секілді. Оның үстіне олар осынау керемет өсу көрсеткіштерімен «дамудың кілті батыста – Еуропада» деген түсінікті теріске шығарып, әлемді мойындатты. Жалпы елдерді бұлай бейнелеу дәстүрде бар нәрсе. Мысал үшін Ирландия елін «кельт жолбарысы», сол секілді Латвия, Литва және Эстонияны «балтық жолбарыстары» деседі. Айтылып, мойындалып жүргеніндей «азия жолбарыстарының» алғашқы толқынына: Оңтүстік Корея, Сингапур, Гонконг және Тайвань жатады. Бұлар тарихи өлшеммен алып қарғанда өте аз мерзім ішінде артта қалған мешеу елден осы заманғы озық техника мен технологияны, тіпті электрониканы жетік меңгерген алдыңғы қатардағы индустриалды мемлекеттерге айналды. Мәселен, Оңтүстік Корея Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін АҚШ-тың қолдап-қуаттауымен Солтүстік Кореядан бөлінген, елуінші жылдардардың орта тұсында берекесі кетіп, ішер ас, киер киімнің өзін әзер тауып отырған кедей мемлекет болатын. Дүние жүзілік банктің есебі бойынша сол тұстағы елдің ЖІӨ–нің жан басына шаққандағы мөлшері 100 доллардың шамасында ғана болған көрінеді. Ал, 1994 жылдан бастап (арада 40 жылдай өткен соң!) Оңтүстік Корея Республикасы жоғары қарқынмен дамыған бай мемлекеттердің қатарына еніп, ЖІӨ-нің әр адамға шаққандағы шамасы 38,5 мың долларды құрады, яғни Швейцария мен Финляндияның деңгейіне жетті. Бүгінде Оңтүстік Корея ЖІӨ деңгейі (710 млрд.$) бойынша әлемде 11-ші орынды иеленеді. Елдің экономикасы кешегі 80-90 жылдары шапшаң қарқынмен дамып, жылына 8-12 пайызды құрады. Экономикалық дамудың бірден-бір көзі оған нәр беретін электр энергиясында дейтін болсақ, мұнда жалпы қуаты 17,7 гигаваттық 20 АЭС (Атом электр станциялары) жұмыс істейді.Ел территориясында су ресурстарының да мол көзі мен мүмкіндігі болғанына қарамастан ол аз пайдаланылады. Әйтсе де Оңтүстік Корея машина жасау, оның ішінде автокөліктер шығару өндірісі жақсы жолға қойылған, жетекші елдер қатарына жатады. Мұнда жылына 2,5 млн-нан астам автокөлік жасап шығарылады. Басқаларды айтпағанда, біздің Қазақстанда да Оңтүстік Кореяның «Даewoo», «Hyndai» фирмалары шығарған жеңіл автокөліктер мен басқа да техникалардың кеңінен тұтынылып, пайдаланылатыны да осының бірден бір дәлелі. Олар шығарған техникалардың бағасы салыстырмалы түрде арзандау болғандықтан үлкен сұранысқа ие болып отырады. Бұл бір жағынан тұтыну рыногында олардың маркетинг қызметінің жақсы жұмыс істейтіндігінің белгісі болса керек.Осы сияқты Корея кеме жасау ісінен де Жапониядан қалыспайды. Сингапур да 90-шы жылдардың орта тұсында Оңтүстік Шығыс Азиядағы өндірісі жедел қарқынмен (жылына 14 %) дамыған елдердің қатарына қосылды. Бүгінде бұл елдің өнеркәсібінде роботтар кеңінен пайдаланылады. Жапония мен Гонконг ірі инвесторлар саналады. Сингапур мұнай өңдеу жөнінен дүние жүзіндегі алдыңғы орындардың бірінде. Мұнда жылына 20 млн. тоннадан астам мұнай өңделеді. Жоғары технологиялар саласында ғылымның жетістігі табысты қолданылады. Сондықтан да Сингапур компьютерлер шығару мен роботтарды өндіріске енгізу бойынша Азияда Жапониядан кейінгі екінші орында. Жыл сайын Сингапурға 5 млн. турист келіп қайтады. Олар Сингапурды «сүйкімді Азия» немесе «экватордағы Еуропа» деп атайды. Англияның бұрыңғы премьер-министрі, «темірдей тарамыс ханым» атанған, әйгілі саясаткер Маргарет Тэтчердің: «Бір кезде Сингапур бізден үйреніп еді, біз енді Сингапурдан үйренетін болдық» деп мойындауы біршама ойды аңғартқандай. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері қарай Сингапурдан компьютер мен басқа да электроникалық тауарлар тасымалдайтын «Алси» компаниясы жемісті жұмыс істеп келеді. Гонконг (Сянган) бірнеше аралдардан тұратын, ұзақ уақыт Англияның отары болып келген, тек 1997 жылдан ресми түрде ҚытайХалық Республикасының құрамына енген кең автономиялық құқықтағы бар арнайы әкімшілік аудан.Аспан асты елінің басқа аудандарынан басты айырмашылығы таза капиталистік даму жолындағы аумақ. Сол себепті бұған қатысты «бір мемлекет - екі жүйе» деген тіркес жиі айтылады. Әрі ЖІӨ мөлшері жөнінен Қытайдың ең бай ауданы саналады, оның жан басына шаққандағы көрсеткіші (38 мың доллардан астам) және тұрғындардың сатып алу мүмкіндігі, халықтың әл-ауқаты деңгейі бойынша батыстың Ұлыбритания, Франция, Германия және Италия секілді дамыған елдерін, тіпті Жапонияны да басып озды. Елдің экономикасы еркін нарықтық қатынасқа негізделген, салық мөлшері төмен, мемлекет экономикаға араласпайды. Мұнда ауыл шаруашылығына жарамды жер де аз, табиғи ресурстарға аса бай емес. Сондықтан да азық-түлік пен шикізаттың көп бөлігі, тіпті ауызсуға дейін шеттен тасымалданады.ЖІӨ 90 пайызы қызмет көрсету салаларының үлесіне тиеді. Бүгінде Гонконг тектен тек дүние жүзілік ірі қаржы орталықтарының бірі аталып отырған жоқ. Бұл жөнінен ол Азияда бірінші, ал әлемде алғашқы үштікке кіреді. Жуырда Гонконг пен Қазақстан арасында Бейнеу-Шымкент магистралды газ құбырын салуға он бес жылдық мерзімге 1,8 млрд. доллар несие беру жөнінде келісімге қол қойылды. Тайвань да Қытайдың провинциясы саналғанымен шын мәнінде тәуелсіз мемлекет. Ол әлемдегі капиталды ең ірі сыртқа әсіресе, Оңтүстік Шығыс Азияға шығарушылардың бірі. Соңғы бес жылда оның көлемі 36 млрд. $ жетті. Бұл елде де электр қуаты негізінен жалпы әлеуеті 4,9 млн. КВт-тық алты АЭС-те өндіріледі. Оған қажетті уран шикізаты Шығыс Азияның басқа елдері секілді Африкадан әкелінеді. Осы заманғы озық технологияға қол жеткізген Тайвань электрондық тауарлардан ОЕМ-құрылғысы мен оған дисплейлер шығаруға маманданған. Кеме жасау ісіне де маманданып, әсіресе спорттық яхталарды көбірек шығарады. Сондай-ақ, бұл ел шығаратын сапалы спорттық киімдер мен аяқ киімдер, құрал-жабдықтар, теннис ракеткалары мен түрлі доптар әлемдік рынокта үлкен сұранысқа ие. Туризм саласы да елдің экономикасында елеулі рөл атқарады. Мұнда демалыс пен қонақ үйлерде шығысқа тән дастархан молшылығы мен батыстық үлгідегі жанға жайлы қызмет көрсету жағдайлары жасалғандықтан әлемнің әр түкпірінен туристер ағылып келіп жатады. Дегенмен, Тайвань экономикасы шеттен тасымалданатын отын мен шикізаттарға тәуелді. Ал, экспортқа осы заманғы өнеркәсіп тауарлары шығарылады. АҚШ, Жапония, Германия және Гонконг елдері сауда-саттықтағы ең басты әріптестері. Демек, бұл елдердің «азия жолбарыстары» атанып, экономикалық дамуда алдыңғы шепке шыққаны талассыз шындық.Ендеше, олар мұндай жетістік пен табысқа қалай қол жеткізді? Бүгінде өзімшіл батыстың қызғанышын тудырып, экономиканы зерттеуші сарапшыларының басын қатырып отырған басты сұрақ осы! Өйткені, кәзіргідей өркениет заманында даму мен өркендеудің бірден бір қозғаушы күші бәсекелестік болып отырғаны даусыз. Сарапшы мамандардың басым көпшілігі бұл елдерді мұндай дәрежеге жеткізген елде жүргізілген қатаң экономикалық саясат деседі. Бәлкім солай да шығар. Дегенмен, олардың экономикалық саясатында ортақ белгілер мен ұқсастықтар да баршылық. Кейбір зерттеушілердің пікірінше бұларда басқалар тәрізді жер астының қазба байлықтары, мол табиғи ресурстарболмағанымен, тәртіпті де тыңғылықты,арзан жұмысшыкүші бар. Олар конфуциялық тәлім-тәрбиенің ықпалымен ғасырлар бойы күріш алқаптарында төзімділікпен, белдері бүгіле, жұмыс істеп, аз нәпақа мен барға қанағат етіп үйренген.Былайша айтқанда, салғыласпай, басшының айтқанын екі етпейтін шығыстық менталитет пен мінез-құлық қалыптасқан. Осының бәрін ескере келіп, бұл мемлекеттер өздерінің еңбек сүйгіштігі мен бар өнер-шеберліктерін жұмсап, әдемі де сапалы тауарлар жасап, сыртқа шығару, яғни«экспорттық бағытты» ұстанды. Және мұндай экономикалық таңдаулары дұрыс болып шығып, оларды тығырықтан шығарып қана қоймай, биік деңгейге көтерді. Әйтпесе, бұрыңғы жапон офицері Пак Чжон Хи - Оңтүстік Кореяны, арғы тегі қытайлық, Кембридж университетінде оқыған адвокат Ли Куан Ю– Сингапурды, Сталиннің шақыруымен Мәскеуге келіп, Шығыс еңбекшілері университетінде білім алған, колхоздастыру ісіне қатысқан, «Уралмаш» зауытында жұмыс істеген Чан Кай Шидің ұлы Цзян Цзинго – Тайваньды өрге сүйреп, өркендетеді, дамыған елдердің қатарына қосады деп кім ойлаған? Генерал Пак Чжон Хиотандастарының бір бөлігі үшін демократияны тұншықтырушы қанды қол диктатор болса,екінші бөлігі үшін Оңтүстік Кореяны кедейшіліктен алып шыққан көрнекті реформатор,«экономикалық кереметтің» архитекторы.Тарих қайталанады дегенрас. Жақында өткен сайлаудың қорытындысы бойынша Пак Чжон Хидің қызы Пак Кын Хе Оңтүстік Кореяның президенті болып сайланды.Алпыс жастағы Пак Кын Хе өзінің алдына ел тұрғындарын жоғары жалақылы жұмыспен қамтамасыз ету міндетін қойып отыр. Өйткені соңғы жылдары бұл елде азық-түлік бағасы бірнеше есе қымбатса да жалақы мөлшері бұрыңғы деңгейінде қалған. Журналистердің бірі Ли Куан Ю-ге «Парақорлық пен сыбайлас жемқорлықты қалай жеңдіңіз?» дегенде, «Тәртіп орнатуды алдымен туыстарыңыздан бастаңыз. Ең жақын адамыңыздың бір-екеуін жемқорлығы үшін түрмеге отырғызсаңыз, сонда бәрі орнына келеді» деп жауап берген. 1978 жылы қайтыс болған диктатор әкесі Чан Кай Ши-дің орнын басқан Цзян Цзинго экономиканы түбегейлі қайта құрылымдап, инвестициялық қаражатпен ең алдымен жеңіл өнеркәсіпті өркендетуді қолға алып, Тайваньды дамудың дұрыс жолына сала білді. Бұл елдердің стартегиясында ұқсастық болғанымен, амал-әрекеттеріндебірқатар айырмашылықтар кездеседі. Мысалы, Оңтүстік Корея үкіметі өзінің даму бағытында соғысқа дейінгі императорлық Жапонияның саясатын ұстанып, сан салалы қызметтер атқаратын ірі фирмалар ашып жұмыс істете бастаған болса, Тайваньда керісінше орта және кіші бизнесті дамытуға ден қойылып, оларға барынша қолайлы жағдайлар мен мүмкіндіктер жасалынды.Ал, Гонконг өзімен көршілес алып мемлекет Қытайдың бар мүмкіндік пен әлеуетін өз мүддесіне пайдалануға ұмтылды. Азияның «жолбарыс» елдерінде (Гонконгтан басқа) экспорттық бағыт-бағдар (мейілінше тауарларды сыртқа көбірек шығарып сатуға) қоса, бұлардың бәріне тән тағы бір ортақ белгі - мемлекет ешкімнің көңіліне қарамай экономиканың даму барысына мықтап араласып отырды. Тіпті қажет кезінде,либерализм мен демократияға қайшы келетін, қатаң авторитарлық тәртіппен де басқарылды.Мұндай жағдайда парақорлық пен сыбайлас жемқорлықтың белең алатыны анық. Бұған қоса, бұл елдердің халқында мемлекеттік шенеунік міндетті түрде пара алады, қазынаның мүлкіне қол салады, онсыз болмайды, ол кәдімгі үйреншікті де қалыпты нәрсе деген түсінік қалыптасқан. Тағы бір айта кететіні, Азия «жолбарыстары» елдерінің еңсе көтеріп, дамуы екі лагерьдің капиталистік және социалистік, ең бастысы АҚШ пен КСРО-ның текетіресі, яғни екі дүниенің арасындағы «қырғиқабақ соғыс» саясаты белең алғанкезеңмен сәйкес келді. «Құланның қасуына мылтықтың басу» демекші, бұл елдер батыстың ыңғайына жығылып, антикоммунистік саясат ұстанғандықтан АҚШ бастаған капиталистік қауымдастық бұларға барынша қолдау мен қуаттау көрсетті. Сөйтіп, бұл елдерге қарай батыстың жеңілдетілген қарыз-несилері, инвестицияларымен бірге осы заманғы озық техника мен технология үлгілері ағылды.Әрине шет елден қарыз бен несиенің келуі бар да, оны қайтарым мен пайда беретін салаларға салу тағы бар. Осы тұрғыдан алғанда Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің сауатты да кәделі қадам-қарекеттер жасай білгенін атап өткен жөн. Әйтпесе, ондай қарыз-несиенің құмға сіңген судай жолшыбай жырымдалып, ұрланып-жырланып, не сұғанақ шенеуніктердің қалталарына түсіп кеткен мысалдары жеткілікті.Кейбір сарапшылар, бәлкім, мұндай тарихи жағдай мен мүмкіндік болмағанда бұл елдердің экономикалық секіріс жасап,әлемдік деңгейге көтерілуі екіталай еді, деген пікір айтады. Солай болуы да ықтимал. Кейде өмірдегі немесе қоғамдағы кейбір кездейсоқ жәйттер мен оқиғалар біреулерге ақжолтай болып, бағын ашып жатады. Дегенменде Азияның жолбарыс елдерінде 1960-90 жылдар аралығында жылма-жыл ЖІӨ-нің Тайвань мен Гонконгта 6,3 пайызға, Оңтүстік Кореяда 6,9 пайызға, ал Сингапурда 7 пайызға өсіп отырды. Әлемдік өлшеммен қарағанда бұл расында да «экономикалық керемет» деп айтуға тұрарлық табыстар болатын. Ал енді, Азия «жолбарыстарының» екіншітолқынына жататын Малайазия, Таиланд және Индонезия мемлекеттеріконфуциялық мәдениет пен дәстүрдің, тәлім-тәрбиенің ықпалынан тыс жатқандықтан бұлардағы экономикалық ілгерілеу менөркендеу басқашалау сипатта жүріп, өзгеше ыңғайда жүзеге асты. Алайда зер салып, тереңірек үңіле қарайтын болсақ, бәрібір Оңтүстік Шығыс Азияның бұл елдеріндегі экономикалық өрлеуде этникалық қытайлықтар–хуацяолардың айтарлықтай рөл атқарғанын аңғарамыз. Қытайлық эмигранттар әуелден кішігірім қалаларға қоныстанып, негізінен cауда-саттықпен айналысты, біртіндеп осы саланы меншіктеп иемденіп алды. Сыртқа тауарлар шығаратын да осылар болды. Үндемей жүріп-ақ басқаларға өсімге қарыз берушілерге, кіріптар етушілерге айналды. Сырттай қарағанда бұлардың тыныс-тіршілігі жергілікті тұрғындарға ұсақ, әрі елеусіз сияқты көрінді. Тіпті, ауық-ауық оларға шабуылдап, дүние-мүліктерін қиратып тастау оқиғалары орын алып отырды. Әйтсе де ың-шыңсыз талай шаруа тындыратын қытайлық эмигранттардың жанкешті іс-әрекеттерінің арқасында дамудың келешегін айқындайтын индустрия мен қаржы-қаражат саласы солардың қолына көшті. Бір айта кетерлігі, Малайзия мемлекеті өз жерінде табиғи ресурстардың мұнай мен газдың, қалайы рудаларының, басқа да сирек кездесетін металлдардың айтарлықтай қоры бар екеніне қарамастан жоғары технологиялық өнімдер, әсіресе жаппай сұранысқа ие электроникалық тауарлар шығырып сатуға ден қойды. Оның үстіне 80-ші жылдары бұл елдің бағына атқарушы билікке «ұлттық құндылықтарға» басымдық беріп, ең бірінші кезекте жойыла жаздаған малай тілінің мәртебесін көтеруді қолға алған Махатхир Мохамад келді. Ол бас-аяғы он шақты жылдың ішінде Малайзияны артта қалған аграрлық елден алдыңғы қатардағы индустриалды мемлекетке айналдырды. Жасыратыны жоқ, екінші толқындағы аталған елдерде этникалық қытайлықтар үшін бірқатар шектеулер қолданылады. Мысалы, жоғары оқу орындарына түсуде немесе мемлекеттік қызметке қабылдануда. Бұл шара тіпті, Малайзияда ресми түрде мойындалған. Соған қарамастан қытайлықтар бизнес пен қаражат саласында жетекші рөлге ие. Мәселен, Индонезияда қытайлықтар тұрғын халықтың 2,5 пайызын құраса да елдегі жеке капиталдың 75 пайызы солардың қолында. Осы сияқты Таиландта тұратын 10 пайыз қытайлықтар 50 пайыз қаражатқа иелік етеді. Инвестицияның 90 пайызы солар арқылы жүреді. Филиппин елінде де капиталдың жартысына жуығы 1,5 пайыздық қытайлықтардың еншісінде. Бұған қоса, көптеген салаларда өз кәсібін жетік меңгерген білікті мамандар болып қытайлықтар саналады. Сондықтан да формальды түрде бірінші басшы жергілікті халықтың өкілі болғанымен барлық жұмысты жалдамалы қытайлық менеджерлер мен кәсіпкерлер атқарып, солар жүргізді. Төрт аяғын тең басқандай бәрі жақсы болды деуге болмас. Азия «жолбарыстары» өздерінің даму барысында жетістікпен қатар қиындықтарды да бастан кешті. Басқасын айтпағанда, кешегі 90-шы жылдардың аяғындағы экономикалық дағдарыс бұларды да шарпып өтті. Бұл әсіресе, Оңтүстік Корея мен Индонезияға ауырлау тиді.Шамалы уақыт ішінде корей ақшасы вон құны екі есеге, ал индонезиялық рупий үш есеге жуық төмендеп кетті. Индонезияда парақорлық пен тамыр-таныстықтың кеңінен жайлап, асқынып кеткені соншалықты оның бір ұшы тікелей ел президентіне барып тіреліп жатты. Кейбір мәліметтерге қарағанда елдегі 1247 кәсіпорын президент Сухарто мен оның туыстарының меншігінде не жартылай иелігінде болып, олар бірқатар жеңілдіктер мен артықшылықтарды пайдаланып отырған.Мұның ақыры төңкеріске апарып соқтырып, 1998 жылы генерал Сухартоның диктатурасы құлады. Оның орнына әлсіздеу, алауыздау болса да азаматтық билік орнады. Міне, осы кезде тырнақ астынан кір іздейтін, шығыстың табысына онша қуана қоймайтын батыстың кінәмшіл сарапшылары «Азия жолбарыстарының» күні бітті. Олардың жетістігі көзбояушылық болып шықты. Дамулары интенсивті емес, экстенсивті екен. Бұларды ешқандай да еңбек өнімділігінің өсуі, өндірістің өркендеу болмаған. Сондықтан бұлардың жуық арада оңалып, еңсе көтеруі неғайбыл» деген тұжырым жасап, әр түрлі қауесеттер таратты. Бұл елдердің ұлттық ерекшеліктері мен құндылықтары - азиялық авторитаризм мен диктатураны бүркемелеу екен десті.Бірақ та, ол сәуегейлердің тұжырымдары мен болжамдарыдұрыс болмай шықты. Шындығында 1997 жылғы қаржылық дағдарыс Сингапур, Тайвань және Гонконгқа аса бір қиындық әкеле қойған жоқ. Дағдарысты көбірек сезінген Оңтүстік Кореяның өзі шұғыл жүргізілген шаралардың арқасында тез арада есін жиып алды. Мұнда 1999 жылдың өзінде ЖІӨ көрсеткіші 10,2 пайызға көтерілді.Малайзия мен Таиланд та тез арада қайта қатарғақосылды. Бұл орайда әйгілі реформатор Махаткир Мохамад өз елінің мұндай қиындыққа тап болуына экономика жөніндегі вице-премьерді кінәлі деп тауып, «халықаралық еврей капталын» айыптады. Ол жүргізген шапшаң реформалардың нәтижесінде малай елінің экономикасы дағдарысты еңсеріп, ЖІӨ 1999 жылы – 5,4 пайызға, ал 2000 жылы – 7,8 пайызға өсті. Дегенмен, кешегі 90-шы жылдардың аяғындағы экономикалық дағдарыс Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Азия елдері үшін үнемі ескеріп отыратындай сынақ пен сабақ болды. Өзінің даму барысында біздің Қазақстанның да «Азия жолбарыстарына» еліктеп, солардың тәжірибесінен үлгі алуға тырысатыны байқалады. Малайзиядағыдай «Көкжиек-2020» тәрізді бізде де «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасының қабылданып, оның «Қазақстан-2050-ге» ұласуы, экономикада индустриалды-инновациялық бағдарға ден қойылуы осының айқын айғағы. Бұл орайда Малайзияның премьер-министрі Нәджип Тун Разақтың: «Сіздердің елдеріңіз осы аймақта аса қолайлы инвестициялық жағдайымен ерекшеленеді. Біз Қазақстанды Біртұтас экономикалық кеңістік рыногына шығатын бірден бір жол ретінде қарастырамыз. Өз кезегінде Малайзия да Қазақстан үшін Оңтүстік Шығыс Азияға шығатын қақпа бола алады» дегені көңілге көкжиекті үміттер ұялатады. Малайзияның басқалардан бір ерекшелігі мұнда экономиканың басқарылуы бес жылдық мерзім бойынша орталықтанған стартегиялық жоспарлау үлгісіне негізделген. «Жақсыдан үйренсең - жетерсің мұратқа» демекші, бұл елден үлгі алып, үйреніп «Азия жолбарыстарының» қатарына қосылып жатсақ нұр үстіне нұр болмақ. Әшірбек АМАНГЕЛДІ, саяси шолушы. 12000 рет көрсетілді 3 пікір Әрбір бала отбасында өсуі тиіс 24 Қараша, 2022 Экологиялық мәселелер шешімін күтеді 17 Қараша, 2022 НАН НЕГЕ ҚЫМБАТТАДЫ? 13 Қазан, 2022 Балалар нейрохирургиясы өңірлерге жете алмай отыр 29 Қыркүйек, 2022 Бизнес қоғамды толғандыратын мәселелерден шет қалмауы тиіс 22 Қыркүйек, 2022 Біздің Telegram каналына жазылыңыз алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз ПІКІР ҚАЛДЫРУ Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз * Жолдау Bitydyjaze 30 Наурыз, 2021 От чистого сердца делюсь пабликом vk, где размещаются тысячи угарных анекдотов. Загляните https://vk.com/Vash_Pozitiv и получите свою дозу прекрасного настроения и как итог СЧАСТЬЯ ;) Будьте с Вашим-Позитивом и тогда всё будет хорошо! Deeynptet 15 Қыркүйек, 2022 ring central gay chat rooms free gay chat rooms no registration needed <a href="https://free-gay-sex-chat.com/">gay teen cam chat room </a> Gennieptet 16 Қыркүйек, 2022 gay chat mesa az <a href=https://chatcongays.com>free phone chat lines 60 minute trials gay</a> gay wire chat looking
Мемлекет және қоғам қайраткері Оралбай Әбдікәрім жастардың шетелге кетуін – Тәуелсіз Қазақстанның сәтсіздіктерінің бірі деп атады. Бұл туралы ол Есен Елеукенге берген сұхбатында айтты. «Тәуелсіз Қазақстанның 3 сәтсіздігі: Біріншісі -жемқорлық; Екіншісі – заңсыздық, барлық адам заңға бағынуы керек; Үшіншісі – жастар, мамандарымыз өзімізде қызмет етіп, шетелге кетпейтіндей жағдай жасау керек», дейді қоғам қайраткері.
Smart Wallet – Apple Wallet және Android Wallet электрондық карталарын жасауға және оларға қызмет көрсетуге және адалдық бағдарламаларын кешенді автоматтандыруға арналған жаңа өнім. Тапсырыс Smart Wallet бизнесіңіз үшін қаншалықты пайдалы? Smart Wallet – адалдық карталарын цифрлық форматқа түрлендіру және тұтынушылармен тиімді байланыс орнату, сондай-ақ адалдық бағдарламасын қарапайым және өнімді құралға түрлендіру қызметтерін ұсынатын компания. Неліктен Smart Wallet? Карталар ешқашан жоғалмайды және клиент сіздің хабарламаңызды әрқашан алады; Тиімді байланыс арнасын құру және сату көлемін арттыру мүмкіндігі; Электрондық карталарды қолданыстағы адалдық бағдарламасына біріктіру мүмкіндігі; Лоялдық бағдарламасын цифрлық бағдарламаға айналдыру мүмкіндігі; Тегін push хабарландырулары арқылы SMS шығындарын азайтыңыз. Visa бизнес-карталарының иелері үшін Smart Wallet-дан арнайы ұсыныс Close Modal Visa визит картасымен Smart Wallet лицензиясын сатып алу үшін жеңілдік алыңыз: лицензияны 1 айға сатып алғанда 10%; лицензияны 6 айға лицензия сатып алғанда 15%; лицензияны 12 айға лицензия сатып алғанда 20%. Ұсынысты қалай пайдалануға болады? Сізге ыңғайлы мессенджерде (Viber/Telegram) Visa Concierge чатботы арқылы промо-код алыңыз. Чат-ботқа сілтеме бойынша өтіп, Visa for Business түймесін басыңыз. Қызметтерге ақы төлеу кезінде алынған жарнамалық кодты Smart Wallet менеджеріне айтыңыз. Visa Business, Visa Platinum Business немесе Visa Signature Business картаңызбен қызметтерді төлеңіз. Ұсыныс 2022 жылдың 20 шілдесі, GMT 00:00-ден 2022 жылдың 31 желтоқсаны, 23:59 GMT аралығында жарамды. Ережелер мен шарттар Ұсынысты басқа ұсыныстармен біріктіру мүмкін емес және жарнамалық ұсыныстарға қолданылмайды. «Шағын бизнесті қолдау платформасын» пайдалану үшін өзіңізді Visa бизнес картасының (Visa Business, Visa Platinum Business, Visa Signature Business) иесі ретінде көрсетіңіз және төлем жасау үшін сол картаны пайдаланыңыз. Арнайы ұсыныс, егер ол қолданыстағы заңмен тыйым салынса немесе шектелсе, жарамсыз болып табылады. Барлық салықтар мен алымдарды Visa визиттік карталарының (Visa Business, Visa Platinum Business, Visa Signature Business) қатысушылары иелері дербес есептейді және төлейді. Көрсетілген арнайы ұсынысты Серіктес өз қалауы бойынша және белгіленген тәртіппен ұсынады. Қызметтердің нақты тізбесін және оларды көрсету шарттарын, сондай-ақ қызметті көрсетудің басқа шарттарын Visa визиттік картасының (Visa Business, Visa Platinum Business, Visa Signature Business) иесі Серіктеспен дербес келіседі. Қызметтің соңғы құнын Серіктеске хабарласу арқылы білуге болады. Бағдарламаны ұйымдастырушы алдын ала ескертусіз кез келген уақытта осы арнайы ұсыныстардың кез келгенін немесе барлығын өзгерту немесе жою құқығын өзіне қалдырады. Close Modal Ұсыныс бойынша сұрақтарыңыз бар ма? Сізге VisaConcierge чат-ботымыз көмектеседі! VisaConcierge чат-ботына өтіп, басты мәзірде VisaConcierge түймедағын таңдаңыз да, толық ақпаратқа қол жеткізіңіз.
Компания құрылуының мақсаты – халықаралық жобаны жүзеге асыру болды. Осы кезеңде компания инфрақұрылым мен инфрақұрылымдық нысандардың құрылысын жүргізді, одан кейін «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының басқарушы органы болып бекітілді және Орталықтың қазақстан бөлігінің мүдделерін қорғаумен айналысып келді. 2017 жыл – Орталыққа «арнайы экономикалық аймақ» мәртебесі берілді. 2019 ж. – «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» АҚ арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы мәртебесін алды. Бұл өз кезегінде компанияның «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы арнай экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» АҚ болып өзгеруіне себеп болды. 2020 жыл – алға қойылған мақсаттарға жету үшін қазіргі заманның талаптарына сәйкес компанияның қайта құрылуы. Директорлар кеңесі Басқарма Құрылым Құзыреттер Арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс істеу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау; Арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына және қосалқы қызметтi жүзеге асыратын адамдарға жер учаскелерiн екiншi рет пайдалану немесе пайдалану (қосалқы жалдау) және инфрақұрылым объектiлерiн жалға (қосалқы жалдау) беру; Қызметті жүзеге асыру бойынша келісімдер жасасу және тоқтату; Арнайы экономикалық аймаққа қатысушыларды тарту; Арнайы экономикалық аймаққа инфрақұрылым салу және өзге де қызметтер жасау үшін инвестициялар тарту; Қызметті жүзеге асыру туралы келісім-шарттар талаптарының орындалуын бақылау; Арнайы экономикалық аймақты дамыту жоспарын әзірлеу; Арнайы экономикалық аймақтың маркетинг стратегиясын әзірлеу; Арнайы экономикалық аймақта жаңа өндірістер құру жөнінде маркетингтік зерттеулер жүргізу; Арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және алға қарай ілгерілеу бойынша іс-шараларды жүзеге асыру; Арнайы экономикалық аймақта индустриялды-инновациялық және инвестициялық жобаларды іске асыру үшін инвестициялар тарту; «Бір терезе» қағидаты бойынша арнайы экономикалық аймақтардың әлеуетті қатысушыларымен, өтініш берушілерімен, арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларымен өзара іс-қимыл және жұмыс жасау; Коммуналдық, қызметтік және логистикалық қызметтер ұсыну. Бос жұмыс орындары Қазіргі уақытта бос орындар жоқ Байланыстар +7 72831 79901 Электрондық пошта info@khorgos.kz Мекен-жайы Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Панфилов ауданы, Пенжім ауылдық округі, Қорғас ауылы, №14 ғимарат
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына бүгін тура 150 жыл толып отыр - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. Ахметтің атын атасы Шошақ қойған. Бала кезінде Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектепке түседі. Оны 1891 жылы бітіріп, Орынбордағы 4 жылдық мектепке оқуға аттанады. 1895-1909 жылдар аралығында Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы, Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады. Ахмет Байтұрсынұлының саяси қызмет жолына түсуі 1905 жылға сай келеді. Сол жылы Қоянды жәрмеңкесінде 14500 адам қол қойған Қарқаралы петициясы авторының бірі Ахмет Байтұрсынұлы болған. Петицияда жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру істеріне қазақ елінің мүддесіне сәйкес өзгерістер енгізу, ар-ождан бостандығы, дін ұстану еркіндігі, цензурасыз газет шығару және баспахана ашуға рұқсат беру, күні өткен Дала ережесін қазақ елінің мүддесіне сай заңмен ауыстыру мәселелері көтерілген. Ахмет Байтұрсынұлы 1909 жылы 1 шілдеде губернатор Тройницкийдің бұйрығымен тұтқындалып, Семей түрмесіне жабылады. Ресей ІІМ-нің Ерекше Кеңесі 1910 жылы 19 ақпанда Байтұрсынұлын қазақ облыстарынан тыс жерге жер аудару жөнінде шешім қабылдайды. Осы шешімге сәйкес, Байтұрсынұлы Орынборға 1910 жылы 9 наурызда келіп, 1917 жылдың соңына дейін сонда тұрды. Байтұрсынұлы өмірінің Орынбор кезеңі оның қоғамдық-саяси қызметінің аса құнарлы шағы болды. Ол осы қалада 1913–1918 жылы өзінің ең жақын сенімді достары Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатпен бірігіп, сондай-ақ қалың қазақ зиялыларының қолдауына сүйеніп, тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығарды. Ұлт ұстазы 1917 жылы революциялық өзгерістер арнасында өмірге келіп, қазақ тарихында терең із қалдырған Қазақ съездері мен Қазақ комитеттері сияқты тарихи құбылыстың қалың ортасында жүрді, оларға тікелей араласып, «Қазақ газеті» арқылы саяси теориялық бағыт-бағдар беріп отырды. Байтұрсынұлы Алаш партиясы бағдарламасын даярлаған шағын топтың құрамында болды. Ақтар жеңілгеннен кейін Алаш Орда басшылары мен мүшелеріне Кеңес үкіметінің кешірімі жарияланды. 1920 жылы В. И. Ленинге үкіметінің Қазақстанды басқару ісіндегі алғашқы қадамын қатал сынға алған хатын жолдады. Қазревком мүшесі ретінде Қазақстанның Ресеймен шекарасының қалыптасу ісіне белсенді түрде араласты. Байтұрсынұлы түрлі мемлекеттік қызметке ат салыса жүріп, сонымен бір мезгілде өзінің жаны сүйген оқытушылық-ұстаздық жұмысынан да қол үзбеген. 1921–1925 жылы Орынбордағы, 1926–1928 жылы Ташкенттегі Қазақ халық ағарту институттарында қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениет тарихы пәндерінен сабақ берді. 1928 жылы Алматыда Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының ашылуына байланысты ректордың шақыруымен осы оқу орнына профессор қызметіне ауысты. 1929 жылы 2 маусымда 43 Алаш қозғалысы қайраткерлерімен бірге ол Алматыда тұтқынға алынып, осы жылдың соңына қарай тергеу үшін Мәскеудегі Бутырка абақтысына жөнелтілді. КСРО Халық комиссарлар кеңесі жанындағы ОГПУ «үштігінің» 1930 ж. 4 сәуірдегі шешіміне сәйкес Байтұрсынұлы ату жазасына кесілді. Бұл шешім бірнеше рет өзгерістерге ұшырады: 1931 жылы қаңтарда 10 жылға концлагерьге ауыстырылса, 1932 ж. қарашада 3 жылға Архангельскіге жер аударылсын деп ұйғарылды. 1933 жылы мамырда денсаулығы нашарлап кетуіне байланысты қалған мерзімді Батыс Сібірде айдауда жүрген отбасымен (әйелі мен қызы) бірге өткізуге рұқсат беріледі. 1934 жылы М. Горькийдің жұбайы Е. П. Пашкованың көмегімен Байтұрсынұлы отбасымен мерзімінен бұрын босатылып, Алматыға оралады. Бұл жерде тұрақты жұмысқа қабылданбай, түрлі мекемелерде қысқа мерзімдік қызметтер атқарады. 1937 жылы 8 қазанда тағы да қамауға алынып, екі айдан соң, яғни 8 желтоқсанда атылды. Ағартушының ұлт үшін еткен еңбегі зор. Абай Құнанбайұлы туралы «Қазақтың бас ақыны» атты мақала жазып, ойшылға қазақ жазба әдебиетінің төрін ұсынған Ахмет Байтұрсынұлының өзіне «Қазақтың бас ғалымы» деген атақ берсе жарасады. Оған қазақ тілінің дыбыстық жүйесін, грамматикалық құрылымын, қазақ әліпбиі мен емлесін ғылыми дәйекпен ретке келтіріп, қазақ тілінің лексикалық қоры мен синтаксистік құрылымын өзге тілдердің ықпалынан тазартуға күш салған ғылыми еңбектері мен алғашқы оқулықтар дәлел. ХІХ-ХХ ғасырда қазақ халқы үшін қандай ауыр болғанын түсіну үшін Байтұрсын әулетінің арғы-бергі тарихына көз салса жетіп жатыр. Ұлт көшбасшысы Әлихан Бөкейханның «ұлт жайлы Ахмет, Міржақыппен ғана ашық әңгімелесе аламын» деген екен тірісінде. Әлихан Бөкейханың Ахмет Байтұрсынұлына жазған хаты да қалған. «Абай мен Алтынсарының баласы жөніндегі жазуыңды күзге дейін бітірсең де кеш емес. Нәзір3 де Абай туралы жазбақшы. Мейлі, жазсын. Алтынсарының баласы Ыбырай хақында өзің жазсаң, жақсы болар еді. Ол сенің ағаң емес пе? Егер ол қазір өмір сүрсе, сендей болар еді, ал сен ертерек дүниеге келгенде, оның ісін жасарың хақ», - дейді хатында Ұлт көшбасшысы. Әкесі мен ағаларының нақақ қудалануы жүрегіне шоқ боп түскен алаш арысы 1937 жылы атылғанға дейін ұлт ұпайын түгендеп өтті. Бұған да оның бүгінге цензура мен плагиаттан әупіріммен аман жеткен ғылыми еңбектері мен әлі күнге дейін табылмай келе жатқан құнды дүниелерінің даңқ-дақпырты дәлел. Ол қазақ публицистикасы мен ғылыми тілін жасанды, қасаң сипаттан арылтып, халық тіліне жақындату үшін төл терминологияның негізін қалады. Ақын, лингвист, әдебиетші, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ұлттық жазудың реформаторы, араб графикасының негізінде қазақтың төл әліпбиін түзіп, төте жазудың көмегімен «Қазақ» газетін ұйымдастырды, ұлттық журналистиканы дамытты. Кезінде Ахмет Байтұрсынұлын «Ұлт ұстазы» деп алғаш атап жазған Тұрсын Жұртбайдың арқасында қазір барлығы Ахмет Байтұрсынұлының еңбегіне толыққанды баға беріп, бір ауыздан «Ұлт ұстазы» дейтін болды. «Артында мол мұра қалған Ахмет Байтұрсынұлының еңбегі, бас-аяғы толық түгенделіп, жан-жақты зерттелді деп әлі толық айта алмаймыз, алда әлі талай еңбектерін шаң боп жатқан архивтерден алып, зерттейтін жас ғалымдар шығатына сенімдімін»,- деген еді БАҚ-қа сұхбат берген кездерінде алаштанушы Тұрсын Жұртбай. Тағы да оқыңыздар Түркияның Бурса қаласында Түркі әлемінің үздік туындылары орындалды 23 қараша 2021 ж. 201 Гүлзира Айдарбекованың пластика жасатқаны рас па 25 наурыз 2021 ж. 279 Арыстанбек Мұхамедиұлы отбасы меншігіндегі дүниелер жайлы алғаш рет ашық айтты 23 сәуір 2021 ж. 211 Нұрлан Абдуллин әйелінің сырқатын айтып, көзіне жас алды 28 маусым 2021 ж. 160 Қарағандыда ғажайып жәдігер табылды 04 тамыз 2022 ж. 267 Индонезияда Димаш Құдайберген мен Қазақстан мәдениетіне арналған көрме өтті 03 тамыз 2022 ж. 328 Экономика 25 қараша 2022 ж. 322 Ауылда баспана құрылысын дамытатын бағдарлама қажет – Сенат депутаты Сенаттың тұрғын үй құрылысын дамыту мәселесіне арналған Үкімет сағатында депутат Ольга Перепечина баспана құрлысына... Елімізде сүт саласын субсидиялауға 24,9 млрд теңге бөлінді 24. 11. 2022 ж. 317 Валюта бағамы: 23 қарашада доллар қанша теңгемен саудалануда 23. 11. 2022 ж. 307 Шоу-Бизнес Ақбота Керімбекова ұлын әскерден күтіп алды 25 қараша 2022 ж. 259 Copyright © 2021 OpenNews - ақпарат агенттігі Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.
Жастардың кемел тұлға болып қалыстасуы үшін оларды шығармалар оқуға көбірек баулу қажет. Мұндай пікірді «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Nur Otan Talks отырысы барысында мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінгідей қарыштап дамыған уақытта жастардың білімді, сауатты болуы аса маңызды. Жастар бәсекелестік дәуірінде өмір сүріп жат­қандықтан, өзінің жеке қабілеттерін дамыту үшін көп еңбектеніп, кітап оқуды жиілетуі қажет. Қазіргі таңда «Нұр Отан» партиясы жас­тарды кітап оқуға баулуға арналған бірқатар жобаларды іске асыруда. Кітапханаларды цифрландыру, кітапханаларда заманауи коворкинг орталықтар ашу – соның дәлелі. Мұндағы мақсат – кітапханаларды жастардың сүйікті мекеніне айналдыру. Сол арқылы бұрын қалыптасқан ескі қағиданы бұзып, қазіргі заман жастарының сұранысына сай ортаға айналдыру. Бұл жоба аясындағы «Нұр Отан» партия­сының Nur Otan Talks кезекті отырысы «Менің өмірімді өзгерткен кітап» тақырыбын арқау етті. Онлайн режимде сөйлеген спикерлер өздерінің табыстары мен оған жетер жолда оқыған кітаптарының тигізген пайдасы туралы әңгімелеп берді. 2018 жылдың 1 маусымында өткен партия Саяси кеңесінің соңғы отырысында Елбасы, партия Төрағасы жаңа партиялық жобалар мен жұмыс бағытын мақұлдап, нақты тап­сырмалар берген болатын. Бұған дейін де Мемлекет басшысының партия қызметін жаңғырту жөнінде тиісті мақсат-міндеттерді айқындап бергені белгілі. Nur Otan Talks еркін пікірталас алаңы – соның аясында қолға алынып, қайта жаңғыртылған жобалардың бірі. Іс-шараны ашқан «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев партия қызметіндегі түбегейлі өзгерістерге осындай тың бастамалар айқын дәлел екенін айтты. Оның айтуынша, соңғы айларда партиялық жаңғыру аясында Елбасы­ның тапсырмасымен жаңа 22 жоба, соның ішінде жастарды кітап оқуға баулу жобасы қолға алынып, оларды жүзеге асыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. – Бүгін біз қоғамымызда білім салтана­тынын қалыптастыру мәселесін талқылау­дамыз. Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақа­ласында елімізді рухани жаңғыртуға арналған көптеген мәселелерді көтерген болатын. Соның бірі – қоғамымызда білімді жастарды, білімді азаматтарды тәрбиелеу. Ал білім кітап оқудан басталады, – деді ол. Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, заманауи әлемде жастардың білімді, сауатты болуы аса маңызды. Жастар бәсекелестік дәуірінде өмір сүріп жатқандықтан, өзінің жеке қабілеттерін дамыту үшін көп еңбек етуі керек. Сондықтан жастарды кітап оқуға, әсіресе олардың тұлға болып қалыптасуына септігін тигізетін шығар­маларды оқуға көбірек баулу қажет екенін атап өтті. Ол сондай-ақ қазіргі жастардың әлеу­меттік желіден бас алмайтынына қынжылыс білдірді. – Өкінішке қарай, әлеуметтік желілер қоғамның білім деңгейінің көтерілуіне септігін тигізбейді. Керісінше қоғамның алға басуына тұсау болуы мүмкін. Қаласақ та, қаламасақ та білімнің көзі – жақсы кітап. Кітапты ештеңе де алмастыра алмайды, – деді Мәулен Әшімбаев. Партия Төрағасының Бірінші орынбасары «Нұр Отан» партиясының қазіргі күні Қазақ­станда кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға үлкен мән беріп отырғанын атап өтті. – Осыған орай, бүгінде партия кітапхана­лардың заманауи талаптарға сай болуы, жастардың сүйікті орнына айналуы үшін ауқымды жұмыстар атқаруда. Кітапханаларда тұрақты түрде түрлі іс-шаралар ұйымдастыры­лып, бұл ғимараттар елімізде қоғамдық өмірдің қайнаған ортасына айналуы қажет. Сондай-ақ партия «Жас Отан» Жастар қанатының белсенді араласуымен өзін-өзі дамытуға, тануға арналған кітаптар орналасатын бірегей онлайн-кітапхана жобасын даярлауда, – деп атап өтті Мәулен Әшімбаев. Іс-шара аясында Amalbooks баспасының негізін салушы және жетекшісі, «Күміс кітап», «Настольная книга казахского бизнесмена», «Күнкөрістен кет, байлыққа жет» кітаптары­ның авторы Бақытжан Бұқарбай, Қазақстан Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия мүшесі Сәуле Мектеп­баева, белгілі блогер Яков Фёдоров, кәсіпкер, «А2» супермаркеттер желісі және Қазақстан­дағы алғашқы кроссфит-залдар желісінің негізін салушылардың бірі Мирас Ибраимов жастайынан өмірлік ұстанымы мен тұлғалық қасиетінің қалыптасуына әсер еткен ерекше кітаптары туралы әңгімеледі. Шара соңында «Ашық микрофон» айдары бойынша қатысу­шылар спикерлерге өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, өз пікірлерін білдірді. Бақытжан БҰҚАРБАЙ, «Күміс кітап», «Настольная книга казахского бизнесмена», «Күнкөрістен кет, байлыққа жет» кітаптарының авторы: – «Нұр Отан» – еліміздегі ең үлкен партия. Сондықтан алдына қойған мақсаттары да биік. Осындай алаңдар ұйымдастырып, түрлі салада жүрген мамандарды, сарапшыларды шақырып, олардың тәжірибесін тыңдап, аудиторияға паш ету – үлкен еңбек. Бұл – өте жақсы бастама. Nur Otan Talks дәстүрлі түрде қоғамдағы елді елең еткізер тақырыптарды көтеріп отырады. Әсіресе, қоғамның рухани дамуына қатысты мәселелерді мақсат қылған. Осындай ауқымды шаралардың ұйымдастырылуына мүдделі болып отырғандығына қуанамыз. Бұл – заманауи бастама, партия жұмысының жаңғыруы аясында жасалып жатқан жақсы жаңалық. Заманның талабына, көрерменнің талғамына сай ақпарат тарату, маңызды мәселелерді көтеру өте қажет. Бүгінгі көтерілген тақырып – өте ауқымды. Бұл мәселені көтеру қажет. Десек те мұны көтеріп қана қоймай, оның шешу жолдарын да ұсынуымыз қажет. Мәселен, кітапты шығарып қана қоймай, ол кітаптарда оқырманның көңілінен шығатын шығармаларды жариялау қажет. Қазіргі жастардың сұранысы қандай? Соған сай заманауи әдеби шығармаларды көбірек шығару керек. Қазіргі жастардың талғамы мүлдем бөлек. Менің ойымша кітаптар әлеуметтік желімен жарысқа түсе алады. Ол үшін шығармаларды қызықты қылып жазу қажет. Оқырманның көңілін жаулап алатындай етіп жазу керек. Бүгінгі оқырман прагматизмді қалайды. Қажетін ғана алады. Іліп алар ақпарат болмаса, кітапты жауып тастайды. Қазақтілді аудиторияға заманауи әдебиеттер ұсыну қажет. Өкінішке қарай, қазақ тіліндегі заманауи әдебиет өте аз. Осы олқылықтың орнын толтыруымыз қажет. Яков ФЕДОРОВ, блогер: – Қазіргі заманда әлеуметтік желілер өмірімізді жаулап алды. Адамдардың көбі ақпаратты ресми ақпарат көздерінен емес, ғалам­тордан алады. Менің ойымша, қоғамның дамуының бір бөлігі ретінде адамдар арасында сыни ойлауды дамыту қажет. Сондықтан мен сараптамалық ойды дамытатын кітаптарды көп оқимын. Оқырмандарға да осыны ұсынар едім. Сыни ойлай алатын адам ақпаратты сараптай алады, қандай да бір ақпараттың ықпалына төтеп бере алады. Ол өзіне қажетті, дұрыс ақпаратты алады. Қазіргі күні сүйіп оқитын кітаптардың бірі – Стивен Левит және Стивен Дабнердің «Фрикономика» деп аталатын кітабы. Олар өзгеше ойлайтын, дәстүрлі емес экономистер. Кітап авторлары өз шығармаларында қоғамдағы және экономикадағы жағдайлардың салдарының нақты себептерін анықтауға үйретеді. Осы орайда Nur Otan Talks сияқты пікірталас алаңдарын көбірек ұйымдастыру қажет. Өз саласында жетістікке жеткен жандар өз тәжірибесі арқылы тыңдармандарға көптеген қажет ақпараттар бере алады. Бүгінде адамдар әр шығарманың тақырыбына қарай баға беріп, соған қарай оқуға дағдыланған. Бүгін өткен кездесуді көрген адамдар, соның ішінде жастар өзіне қажетті ақпарат алып, жеке қабілеттерін дамыту үшін керек кітаптарды оқуына септігін тигізеді деп ойлаймын. Сәуле МЕКТЕПБАЕВА, Қазақстан Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия мүшесі: – Кездесу барысында өзім­нің сүйіп оқитын үш кіта­бым туралы айттым. Біріншісі – поэзиялық шығармалар. Менің ойымша, поэзия – бізді роботтардан ажырататын құрал. Ол біздің адам екенімізді, сезіне алатыны­мызды көрсетеді. Бүгінде біз жетістікке жетелейтін кітаптарды оқуды әдетке айналдырдық. Қалай қаржы табу, қалай жетістікке жету, өз кәсібін ашу туралы оқу адамның, оның ішінде қоғамның өзгеруімен байланысты. Негізінде, болашақта адамның әлеуеті оның шығармашылығынан анық байқалады. Екіншіден, оқырмандар экономикалық салада жазылған кітаптарға басымдық беру керек. 1955 жылы жарық көрген Ұлыбритания тарихшысы Сирил Паркинсонның «Паркинсон заңдары» атты кітабын оқуды ұсынар едім. Бұл кітапта экономикаға арналған шығармалардағыдай құрғақ ақпарат емес, автордың басынан өткен оқиғалар баяндалады. Мемлекеттік қызметте кездесетін кедергілер ашық жазылып, олардың шешу жолдары нақты дәлелдермен келтірілген. Бұл кітапта жазылған көптеген заңдар қазірдің өзінде өміршеңдігін дәлелдеуде. Мәселен, Паркинсон заңдарынның бірінде министрлер кабинетінде немесе жалпы басқарушы органдарда қанша басшы болғаны айтылған. 2007 жылғы зерттеулер нәтижесінде, министрлер кабинетінде 7 адамнан көп болмау керектігі дәлелденді. Себебі, одан көп болса, ол өз тиімділігін жоғалтады. 1 мыңнан астам жұмысшысы бар мекеме де өз тиімділігін жоғалтады, себебі олар өздерінің пайдасы үшін ғана жұмыс істей бастайды. Бұл оқиғалардың барлығы кітапта британдық әзілмен жазылған. Сондықтан болар бұл шығарма жеңіл оқылады. Үшіншісі – өзімнің «Табысты мәртебе: құқықтық реформалар сабақтары» атты кітабым. Меніңше, әр оқырман оқуы тиіс кітаптар классикалық әдебиет, экономика және құқықтық салаға байланысты болуы шарт. Бүгінде құқықтық салаға қатысты оқулықтар тым аз. Себебі, сараптамалық шығармаға көбіне уақыт тапшы. Менің кітабым құқықтық реформаларды сараптамалық тұрғыда, оқырманға жеңіл оқылу үшін әзіл аралас үлгіде жазылған. Мирас ИБРАИМОВ, кәсіпкер: – Адамдардың көбі жетіс­тікке бірден жеткізетін кітап оқығысы келеді. Ондай оқулық болмайды. Бір кітапты оқып, ертегідей бірден байып не белгілі саланың маманы болып кете алмайсың. Белгілі бір жетістікке жету үшін бір кітап емес, жүздеген кітап оқысаң да аздық етеді. Көбіне менен «Қандай кітап жақсы? Қай кітапты оқу керек?» деп сұрағанда мен жауап беруден бас тартамын. Себебі, ең жақсы кітап – сенің қолыңдағы кітап. Ғажайып кітапты іздеп жүргенше, өзіңді қызықтыратын саладағы кітапты алып, соны оқудан бастау қажет. Ақпаратты алудың асыл көзі – кітап. Сондықтан кітап оқудан қашпай, бүгіннен бастап талғамыңа сай шығармаларды оқи бастаған абзал. Автор: Берік ХАСЕНОВ SOURCEaikyn.kz TAGS Nur Otan Talks Бақытжан Бұқарбай Бақытжан Бұқарбай RELATED ARTICLESMORE FROM AUTHOR Гүлнар Дәукенова: “Шынайы сезімнен тумаған ән халыққа жетпейді” «Қазіргі кітап 200 беттен аспауы керек» – Бақытжан Бұқарбай Британ журналисінің Гималай асқан қазақтар жайлы кітабы музейге сыйға берілді LEAVE A REPLY Cancel reply Please enter your comment! Please enter your name here You have entered an incorrect email address! Please enter your email address here Save my name, email, and website in this browser for the next time I comment. This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed. ПОПУЛЯРНЫЕ ПОСТЫ Қазақ тілі бизнес тіліне айналады 01.04.2016 Приветствие по-казахски. О том, как нужно здороваться в Казахстане 04.09.2014 Ынжу Ку: «Я овладела казахским за три месяца» 14.06.2014 Казахская женщина в этнографических заметках 08.03.2015 Жасырын сөзді тап / Найди загаданное слово 15.12.2016 ОБСУЖДАЕМЫЕ ПОСТЫ Жылдам əңгіме / Быстрый диалог 19.12.2016 Cөйлем құра / Составь предложение 16.12.2016 Ынжу Ку: «Я овладела казахским за три месяца» 14.06.2014 Назарбаев-Бурундук хан vs Назарбаев-Абылай хан 04.04.2014 Қиын жағдай / Сложная ситуация 12.12.2016 О НАС Cайт Бахытжана Бухарбая предлагает авторский взгляд на культуру и общественные процессы в стране. Знакомит читателя с творчеством автора, а также предоставляет ему уникальный контент. СЛЕДУЙ ЗА НАМИ © 2021 «Men Qazaqpyn» АА Меншік иесі: ОФ «Men Qazaqpyn» Бас редакторы: Бұқарбай Б.С ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің 24.02.2016 жылғы №15869-ИА куәлігі берілген. Заңды мекен-жай: Алматы қ., Бөгенбай батыр к-сі 241, 007 кеңсе. Байланыс: +7 777 233 20 20 Электронды пошта: teriskakpai@gmail.com Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті. '); var formated_str = arr_splits[i].replace(/\surl\(\'(?!data\:)/gi, function regex_function(str) { return ' url(\'' + dir_path + '/' + str.replace(/url\(\'/gi, '').replace(/^\s+|\s+$/gm,''); }); splited_css += ""; } var td_theme_css = jQuery('link#td-theme-css'); if (td_theme_css.length) { td_theme_css.after(splited_css); } } }); } })();
Qostanaı joǵary polıtehnıkalyq kolledjі – Qazaqstan Respýblıkasyndaǵy № 1 kolledj. Bul kolledjdіń barsha pedagogıkalyq ujymynyń jumys nátıjesі. Quttyqtaımyz!!! 8 (7142)56-08-81 г.Костанай, Проспект Кобыланды Батыра 3 «Сен жалғыз емессің – біз біргеміз!» admin 24.01.2019 No Comments Жаңалықтар 2019 жылдың 22 қаңтар күні ТЗ-21 тобында «Сен жалғыз емессің – біз біргеміз!» атты тақырыбында әлеуметтік-психологиялық тренинг түрінде сыныптан тыс іс-шара болып өтті. Тренинг мақсаты студенттердің өз мүмкіндіктерін талдау іскерлігін қалыптастыру, қиындықтарға және келеңсіз өмірлік жағдайларына қарсы тұра алу болып табылады. Қатысушылар «жасөспірім жастағы жалғыздық» түсінігімен, оның пайда болу себептерімен және қарсы тұру тәсілдерімен танысты.
Фильтрум®- ас пен басқа дәрілік заттарды қабылдауға дейін 1 сағат бұрын, күніне 3-4 рет ішке қабылданады, алдын ала ұсатып алған тиімдірек. Медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес орташа бір реттік мөлшерлемесі төмендегіні құрайды: Ересектер мен 12 жастан асқан балалар үшін: 2-3 таблетка. 7-12 жастағы балалар үшін: 1-2 таблетка. 4-7 жастағы балалар үшін: 1 таблетка. 1-3 жастағы балалар үшін: 0.5-1 таблетка. 1 жасқа толмаған балалар үшін: 0.5 таблетка. Егер сізде: - «АВВА РУС» АҚ компаниясының дәрілік препараттарын қолдану жөнінде сұрақтарыңыз болса, - «АВВА РУС» АҚ компаниясының дәрілік препараттарының сапасы жөнінде сұрақтарыңыз болса, байланыс деректеріңізді көрсетіп, кері байланыс нысанын толтыруыңызды өтінеміз. Прикрепите файл, если это необходимо (doc, jpg, pdf, макс. 1Мб). Менің дербес деректерімді өңдеуге өз келісімімді беремін. *"АВВА РУС" АҚ-мен медициналық қызмет жүзеге асырылмайды. Мәлім болған кез келген ақпарат емдеуші маманға жеткізілуі тиіс, қарсы көрсетілімдері болуы мүмкін. *Сіздің өтінішіңіз байланыс деректеріңіз – есіміңіз бен e-mail-дың болуы кезінде қабылданып, қарастырылады. Осы ақпаратты хабарлай отырып, Сіз 27.07.2006 жылғы «Дербес деректер туралы» 152 – ФЗ» Федералдық заңына сәйкес, Сіздің дербес ақпаратыңызды өңдеу, тіркеу және сақтауға келісіміңізді бересіз. Карсы көрсетімдері бар. қолдану жөніндегі нұсқаулықпен танысып, маманның кеңесін алуыңыз қажет. Сайт картасы © «AVVA Kazakhstan» ЖШС Өнім сертификатталған. info@filtrum.kz Фильтрум® – көмек тамақтан улану, алып жүретін, диареямен, жүрек айну және құсу 050057, Қазақстан Республикасы, Алматы қ-сы, Бұқар Жырау к-сі, 66/120 ү Тел. +7 727 355-11-27 Егер сізде өнім сапасына қатысты шағымдар болса, немесе сіз жағымсыз әсер, жеке төзімсіздік, мәлімделген тиімділіктің болмауы, дәрілік препарат арқылы инфекциялық аурудың берілу жағдайлары, препаратты асыра пайдалану салдарынан туындаған жағымсыз әсерлер, немесе "АВВА РУС" АҚ компаниясы өндірген дәрілік препараттарды қабылдау нәтижесінде қолайсыз әсердің басқа да жағдайлары туралы хабарлағыңыз келсе, бұл туралы өндірушіге​ хабарлай аласыз: қосымша беріліп отырған нысанды толтыруhttps://www.avva-rus.ru/contacts/ жағымсыз әсер туралы хабарлама қалдыру
Қазақстан Журналистер одағының төрағасы СейІтқазы Матаев Алматы қаласына бұрынғы Алма-Ата атауын қайта­руды ұсынды. "Қаланың бұрынғы атауын қайтару туралы ұсыныстар бұрын да айтылған болатын. Менің ұсынысым фактология­лық материалға негізделген. Жақында Алма-Атаның атауын Алматы деп заңнамалық негізде өзгертілмегенін білдім. Мен әділет органдарынан да, қалалық мұрағаттан да ешқандай нормативтік құжат тапқан жоқпын. Бұл ұсыныс талқыланған жоқ және сол кезде мұндай шешімдер қабылдаған қалалық кеңес депутаттарының дауыс беру шарасы өткізілмеген", – деді С.Матаев. Оның ойынша, 90-жылдары Конституцияның жаңа жобасын әзірлеу кезінде жұмыс тобының мүшелері құжаттың қазақша мәтініне "Қазақстан Республикасының астанасы – Алматы қаласы болып табылады" деген сөйлемді енгізіп жіберген. Құжатты ресми тілге аудару барысында ол солай (қаланың атауы) сақталған. "Конституцияның мәтініне қол қойған кезде бұған (астананың Алматы деген атауына) Мемлекет басшысы (Нұрсұлтан Назарбаев) назар аудармаған. Кейін бұған қатты өкінген және отбасымен болғанда, бірнеше рет бұл туралы айтқан көрінеді", – дейді С.Матаев. Конституцияның мәтініне қол қойған кезде бұған Нұрсұлтан Назарбаев назар аудармаған. Кейін бұған қатты өкінген және отбасымен болғанда, бірнеше рет бұл туралы айтқан көрінеді Оның айтуынша, Алматының бұрынғы атауын қайтаруды жақтаушылардың арасында қаланың бұрынғы басшылары да, қазіргі әкім де, қарапайым тұрғындар, шығармашылық одақтардың жетекшілері, Парламент депутаттары және қалалық мәслихаттың депутаттары да бар. Оның ойынша, бұл мәселені шешуде ымыраға келуге болады: ресми тілде қаланың бұ­рын-ғы атауын қайтарып, мемлекеттік тілде сол қалпы қалдыруға болады. "Біз Москва емес, Мәс­кеу дейміз, Омск – Омбы, Оренбург – Орынбор", – деді Журналистер одағының басшысы. С.Матаевтың пікірінше, Алма-Ата атауы эмоционалдық деңгейде аса тартымды. "Алма-Ата десең, арықтағы судың дыбысын, алманың иісін, таудың таза ауасын сезінесің. Басқа мысал: көзіңізді жұмып, қаланың бұрынғы атауын графикалық бейнеде елестетіп көріңіз, бірден тау шыңдары елестейді. Өйткені таулар – қаламыздың ерекше мақтанышы", – деді С.Матаев. Ал бұл пікірге зиялы қауым қалай қарайды? Сұлтанәлі БАЛҒАБАЕВ, Дүниежүзі қа­зақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары, жазушы-драматург: – Кез келген қазақ баласы ешқашан "Алма-Ата" деп айтпайды. Қайта біз солай деп айтушыларға қарсы насихат жүргізуі­міз керек. Тіпті кешегі кеңес заманының өзінде қазақ басылымдары мен басқа да баспа өнімдерінде үнемі "Алматы" деп жазылып, ауызекі тілде де қазақтар "Ал­­маты" деп айтпады ма? Ал бұрынғы атымен атасақ, қаланың тазалығы, көр­кемдігі, тал-терегінің бәрі орнына келеді деу – бос сөз. Одан ештеңе де өзгермейді, керісінше ха­лықтың арасында түсінбеушілік туындап, қазақша атаулардың келешекте дұрыс қол­данылуына деген сенімсіздік пайда болуы мүмкін. Кез келген қазақ баласы ешқашан "Алма-Ата" деп айтпайды. Тіпті кешегі кеңес заманының өзінде қазақ басылымдары мен басқа да баспа өнімдерінде үнемі "Алматы" деп жазылып, ауызекі тілде де қазақтар "Ал­­маты" деп айтпады ма? Мемлекет басшысы деңгейінде шешім қабылданды ма, ол солай қалуы керек. Мы­­­салы, бір кездері қазақша Семейді – Семей, орысша – Семипалатинск деп атап жүрдік. Елбасы Семей деп атау туралы шешім қабылдаған соң, қазір бәріміз бірдей солай атайтын болдық. Алматыны да солай жасауымыз, барлық құжаттарда бірдей жазып, барлық жерде бірдей атауымыз керек. Анар ФАЗЫЛЖАНОВА, А.Байтұрсынов атындағы Тілі білімі институты директорының орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты: – Алматыны "Алма-Ата" деп өзгертейік деген пікір кейінгі кездері БАҚ-та оқтын-оқтын көтеріліп жүр. Менің ойымша, мұны айтатындар осы қаланың кеңестік кездегі көрінісін сағынатындар болса керек. Олар сол арқылы бір кездердегі елестерді жандандырып алғылары келетін сыңайлы. Бұл ой осындай жағымды сезімдерден туындап отырған болуы әбден мүмкін, ол үшін бұл кісілерді айып­тауға болмайды. Әрине, қала адамымен, азаматымен кө­рікті. Бірақ олар қаланың тарихын өздерінің өмірінің тарихымен ғана шектемеуі керек. Ол тілдің тарихымен, елдің тарихымен астасып жатыр. Өйткені Алматы деген атаудың өзі оның көне екенін, біздің тарихымыздың тым терең екенін дәлелдеп тұр. "Ты" сын есім тудырушы жұрнақ үлгісінің сақталып қалуы – мұның айқын дәлелі. Өйткені Алматы деген атаудың өзі оның көне екенін, біздің тарихымыздың тым терең екенін дәлелдеп тұр. Егер қазіргі қазақ тілінің ережесіне салсақ, Текелі, Жуалы деген сияқты Алмалы болуы керек. Бұл "Өлеңті" деген көнеден келе жатқан атау сияқты "ты" жұрнағымен жасалған ескі атау және сол арқылы Алматы қаласының тым ертеден келе жатқан көне шаһар екенін көрсетеді. Содан кейін ешбір қазақ "Алма-Ата" деп айтпайды. Айтса да кешегі кеңестік дәуірде ресми құжаттарда солай жазылып, радио-теледидарда солай көбірек айтылуы себебінен және солай естерінде сақтап қалған белгілі бір топ қана айтады. Сондықтан өткенді аңсап, сағынышты басу үшін тілдік нормаларға қайшы, тарихи атауды өзгертуге болмайды. Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/258775-almatyga-tagy-byryngy-alma-ata-atauyn-kajtaru-ysynyldy/ Автор: Жанар Жансеит Алматы Матч-центр Кеңейту Открываются комментарии Все комментарии: {{totalCommentCount}} {{list}} Перейти к обсуждению {{formattedDate}} {{body}} Бірінші болып пікір қалдыру Жарнама берушілерге Біз туралы Жоба жайында NUR.KZ туралы басқа медиадағы жарияланымдар Біз қалай жұмыс істейміз NUR.KZ жаңалықтар қызметінің жұмыс істеу қағидалары Жаңалықтар мұрағаты Пайдалану шарттары Материалдарды пайдалану ережелері Қолдану шарттары Құпиялылық саясаты NUR.KZ сайтында пікір қалдыру ережелері Редакция editor@corp.nur.kz Бас кеңсе +7 (727) 339 80 38 Біз әлеуметтік желілердеміз Nur.kz мобильді қосымшасы Біздің қағидаттар YouTube MCN © NUR.KZ 2009-2022 2016 жылдың 6 мамырындағы № 15988-АА куәлігі Барлық құқықтар қорғалған Біз Cookie файлдарын қолданамыз Олар сайтты сізге ыңғайлы етіп баптауға - қызықты мақалаларды ұсынып, пайдалы жарнаманы көрсетуге көмектеседі.
Қазақтың көрнекті батыры әрі атақты биі Қалдан Талқанбайұлы 1822 жылы Қызылорда облысы, қазіргі Жалағаш ауданы, Мәдениет ауылында дүниеге келген. Әкесі Талқанбай кезінде Сыр өңірінде танымал, аты аңызға айналған, атақты шипагер, емші, ғажайып әулие Ер Сейітпенбет бабаның немересі Айқожа иман өз заманында болашақты деп басып болжай білетін, түс жоритын ерекше қасиеті бар, көріпкел әулие кісі болыпты. Бұл әңгіменің шындығы мен нақтылығын мына бір дәлел айғақтайды. Қазақ халқының өткен өмірінде жер дауы, жесір дауы үлкен дау жанжалға айналып, арты жаға жыртысу, ұрыс-керіс, талас-тартыспен аяқталған. Тал түсте жесірін қолдан беріп, таяққа жығылу халықтың игі жақсылары мен атқа мінер азаматтары үшін өлімнен де асқан қорлық. Және де от ауызды, орақ тілді шешендердің тапқырлықтары мен жүйpiктepi, сөзуарлары дүйім елдің алдында анықталып сөз мәнері сынға түсіп сыналатыны да осы жер. Бұл қорлыққа жаны төзбей кеудесін намыс кернеген Қалдан батыр қасына бес-алты данагөй ауыл ақсақалдары мен оншақты сойыл соғатын палуан, кілең өнері тасыған ерен жігіттерді ертіп, Кете еліне аттанып өтеді. Бұл жай ғана аттаныс емес, елдің ертеңін ойлаған, үмітін арқалаған өрен ердің намысы еді. Алайда Қалдан бастаған қуғыншы топқа Кете елінің азулы билері қарсы дау айтып дес бермейді. Небір аузымен құс тістеген шешендер мен ділмәрлар алға суырылып шығып, талай- талай қызыл өңеш бұлбұл тілдер сайрайды. Бірақ екі жақтың да шешендерінің сөз өнері бірдей түскендіктен ауыл ақсақалдары бір шешімге келе алмай қатты сасады. Алыстан алты жасар бала келсе алпыстағы шал сәлем беретін қазағымыздың дархан көңілі мен қонақжайлығына, жомарттығына тең келетін халық жоқ шығар бұл ғаламда. Кете елінің ақсақалдары мен билері Қалдан бастаған қуғыншы топқа қонақжайлық етіп жылқыдан семіздің сөре шығатын қысыр емген тай сойғызып, құрметпен қонағасы береді. Жастар жағы ежелгі дәстүрмен қонақтарға арнап тігілген ақбоз үйлерге табақ тасып, аттарын баптап, қызмет көрсетеді. Үлкендер жағы болса шиеленіскен дау-жанжалдарды бір сәтке доғарып, өтіп кеткен батырлар мен билердің ерліктерін жыр етіп ұзақ сонар әңгімеге көшеді. Ежелгі қалыптасып қалған дәстүр бойынша жасы үлкен қариялар асылған малдың басын ұстап өз кезегімен кісілерге үлестіріп, жылқының былбырап піскен семіз етіне «бісмілдә» деп енді қолдарын сала бергенде, манадан бері шаңырақта өрмелеп жүрген кесіртке құлап кетіп Қалдан батырдың дам татып отырған табағына салп ете түседі. Сол сәтте Қалдан батыр: – Ой, Аллай, өлмегенге өлі балық кездеседі деген осы екен. Бұл да бір құдіретті Құдайдың маған жіберген асы шығар, - деп әлгі кесірткені қаймықпастан етпен қоса шайнап-шайнап жұтып жіберген екен. Қалдан бабамыздың бұл ic әрекетінен қорыққан Кетенінің биі жатқан орнынан басын көтеріп: – Ойпырмай, мына Шөмекейдің биі кесіртке түгіл айдаһарды да жұтар түге. Әділ шешім біреу-ақ болсын. Тартып әкелген қалыңдығын, ат-тон айыбын беріп өздеріне қайтарыңдар. Біз мұнымен дауласып ештеңе өндіре алмаспыз. Және де Шөмекейдің әйгілі би Қалдан батырмен қасындағы игі жақсыларына ат, иықтарына шапан жауып, қадірлеп аттандырып салыңдар. Дау осымен бітсін, - деп теріс қарап жатып алған екен. Дәл осы жерде батырға адам жемек тіпті түсінен қорқатын жәндіктен ет орнына шайнатқан да намыс еді. Мұндай әділетті шешімге екі жақ та риза болып тарасыпты. Жүніс билік айтып «би болмасаң да түсетін үй бол» дегендей ел арасында беделі зор қадірменді кісі болған. Бұл әңгіменің шындығын мына бір дәлел айғақтай түседі. Күз мезгілінің ортасынан ауыл ел қыстауға көшуге қамданып, соғым соятын уақыт таяп қалса керек. Осындай бір шақта Қалдан батыр атқосшысы Жүніске келіп: «Биылғы соғымға соятын мал¬тегелердің реті болмай тұр. Өткен жазда сонау көрші ауылда тұратын Көшер байдан бір жылқыны алмақ болып уағдаласып қойып едім. Бүгін соның бір сәті түсіп тұрған секілді. Қысқа қалдырмай уақыт ұзатпай алып қайтайық»,- депті. Кіші жүз Кете руының Кеген аталығынан шыққан Көшер Таңатарұлы өз заманында асқан бай, әpi ықпалды жомарт адамдардың бірі болатын. Ол кісі кілең торы бие байлайды екен. Тарихи деректер көзіне сүйенсек, бip өзінде 1,5 мың бие болыпты. Көшер мен Қалдан батыр екеуі бұрыннан ынтымағы жарасқан, сыйластығы мол кісілер екен. Бір кездескенде Көшер бай Қалдан биге: «Сізді құдайы қонақасы беріп, құрметтеп шығара алмадым. Өзіңізге атаған арнайы малым бар еді. Жолыңыз түсіп шаруаңыздың орайы келіп жатса елге келіп, алып кетіңіз» - депті. Қалдан бидің Жүніске Көшерден бір жылқы алуға уәде байласып қойып едім деуі де осыдан туған ic. Қалдан батыр күн шыға Жүніске аттарды ерттетіп, Көшер байдың ауылына аттанып кетеді. Жол жиегіне жағалай қоныстанған байлар ауылының үстімен өте бергенде, сол жepдi бұрыннан мекен етіп келе жатқан Есбол руының шынжыр балақ шұбар төс аталған атақты байы Аманбай қуып жетіп тоқтатып, сәлем береді. Сәлемін алған батыр әңгіме арасында өзінің бір тығыз шаруаларымен асығыс жол жүріп бара жатқанын айтады. Әйгілі бидің алдында атақ даңқы мен мырзалығын көрсету мақсатында көздеген Аманбай Қалдан батырға: – Уа, батыреке! Күйбеңкүйкі тіршілік деген адам баласынан артылушы ма еді. Жұмыс ешқайда қашпас. Бүгін ат шалдырып үйге кіріп сусын ішіп, бұйырған қонақ асын жеп кетіңіз», - деп қолқа салады. Байдың жарамсақтығына қатты шамданған Қалдан батыр ашуланып: «Атаңа нәлет, батыр десе зәреқұтың қалмай қорқасың. Осы сый-құрметіңді кедейкепшіктер мен сүйенері жоқ жетім-жесірлерге неге жасамайсың» деп Аманбайды аттың бауырына алып қамшымен тартып-тартып жіберіп, тоқтамай жүріп кетеді. Бұлар ауылға таяп келсе Көшербай жалшыларына суаттан жылқыларын суатқызып тұр екен. Көптен бері көріспеген батыр мен би дидарласа қауышып, елжұрт пен мал жанның есендігін сұрасады. Амандық-саулық сұрасқаннан кейін Қалдан би өзінің жұмысын бірінші болып баяндайды. «Анау дөңнің қасында тұрған биені сіздің қосарыңызға байладым» - депті Көшер төбе жақты қолымен нұсқап. Қараса жылқы керегедей, кеудесі сандықтай ipi денелі торы бие семіздіктен жарқабаққа шыға алмай, оттауға шамасы келмей ыңыранып тұр екен. «Уа, Көшер егін еккендік мал баққандық емес пе әрқашанда малыңның өсіп өнуі – адал кебісін мен еңбегінің жемісі. Биеңнің ақысына қолымда байлаулы тұрған жарақты жылқым бар, соны берейін» - деді Қалдан. Сонда Көшер: «О, не дегеніңіз. «Малым – арымның садағасы» демей ме, сіздей халық қалаулысына мал сату маған бақ пен атақ абырой бермес. Биені сізге пұлсыз тегін байлағанмын», - дейді. Мұнан кейін Көшер бай баласын шақырып алып Қалдан батырға қолғабыс көрсетіп биені ауылына дейін жеткізіп тастауды мықтап тапсырады. Ымырт үйіріліп, түн қата жеткен Қалдан бай баласын құр қол жіберуді жөн кермей бай мен бәйбішесіне арнап көптеген сый жоралығы беріп, баласын риза етіп жібереді. Биені таңертең соймақ болып жем-су бермей таң асырып қояды. Таң сызат бере дәрет сындырмақ болып, түзге шықса, таң асырып қойған қорадағы биенің жоқ екенін көреді. Іле-шала үйге кіріп Жүністі оятады. Болған жағдайды бірден түсінген Жүніс аттарды ерттеп, Қалдан батыр екеуі көп ұзатпай қолды болған биенің ізіне түседі. Жолшыбай жол үстінде бұларға атақты Қаражан болыс кездесе кетеді. Қаражан болыс туралы азырақ дерек бере кетейік. Кіші жүз Кете руының Сойрғас аталығынан шыққан Қаражан Қошқарұлы ел билігіне жете араласып, болыс атағына не болған кісі. Ел құрметіне бөленіп Сыр бойында есімі кеңінен танылған. Сонымен жолай кездескен Қаражан: – Айпыр ай! Батыреке, таң атпай ертелетіп қайда бара жатырсыз? - депті. Сонда Қалдан сабырлы кейіппен: – Әтй, қарағым, жай адам ертелетіп жүруші ме еді. Қорадағы байлаулы тұрған биемді осы ауыл-аймактың балалары мініп кетіп, соның артынан қуып келе жатқаным ғой, - деген екен. Батырдың салмақты да қысқа сөзінен, ашулы жүзінен бір жағдайдың болғанын айтпай ақ ұққан Қаражан болыс бұдан әрі сөз қозғамапты. Осылайша, атақты Қалдан би, Қаражан болыс, атқосшы Жүніс үшеуі ұзақ уақыт жол жүріп, шаршап¬шалдығып бір жерге келгенде Қалдан би: – Қолды болған бие де, оны ұрлаған ұры да ұзап ешқайда кетпес. Кешке дейін айналып кеп осы маңға бір соғар, — деп ит тұмсығы өтпейтін қалың дарақты бір жыңғылдың түбіне отыра кетеді. Қалдан би отырған жерден бие сауымдай уақыт ұзап кеткен Қаржан болыс пен Жүніс бір төбенің биік басына шыға бергенде төмендеп сай жақтан аппақ бураға мінген қосарына торы бие жетектеген жас жігітті кездестіреді. Іздестіре келіп ұры ұсталады. Қалдан батыр ұрыны ауылына ертіп келіп оған: «Адал кәсіппен дүние тапсаң, елге елеулі боласың, арамдық, ұрлық жолы тар» деп өсиет айтып алдына мал салып аттандырып жіберіпті. Кейін әлгі жігіт батырдың өсиетіне құлақ қойып, адал еңбегімен дәулетті кісілердің қатарына қосылыпты дейді мыс. Бұл ic батырдың «таспен ұрғанды аспен ұр» деген қағиданы берік ұстағандығын байқатады. Батыр Жаңғабылдың Малыбай деген аталығынан шыққан. Қалдан Талқанбайұлы XX ғасырдың бас кезінде 1913 жылы 91 жасқа қараған шағында дүниеден өтіпті. Халық елдің еркесі атандырған батыр ұланын өзінің тапсыруы бойынша Тарғыл тауының маңына ақ жауып арулап қойыпты. Тағы да оқыңыздар: Қазалы ауданындағы тарихи-мәдени ескерткіштер 11.08.20 ж. Тарих КЕЙКІ БАТЫРДЫҢ БАСЫ МӘДЕНИЕТ МИНИСТРЛІГІНДЕ: ДНҚ САРАПТАМАСЫ БАСТАЛДЫ 06.10.16 ж. Тарих Сарман батыр 12.09.21 ж. Тарих Қазақ хандығы ту тіккен өңір 03.02.15 ж. Тарих Аралдың қойнауындағы Құланды 12.06.14 ж. Тарих Көне тарихтың куәсі – құнды жәдігерлер 12.09.20 ж. Тарих Пікір қалдыру Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [✔] *: Пікірді орналастыру Соңғы жаңалықтар 18:11 Қызылорда облысында тұрғындардың газ тұтыну деңгейі 68 пайызға жетті 17:42 Тағамнан уланулардың алдын алу аса маңызды 17:44 Тымауға шалдыққандар көбейді 16:00 Отбасы банкінен депозиттер бойынша өтемақы алуға өтініш қабылдауда 15:30 Құрмет төрінен көрінген еңбек адамы 23:00 Облыс әкімі жеке мәселелері бойынша қала тұрғындарымен кездесті 22:30 Қызылордада жаңа стадион салынады Жарнама 300 х 400 Бейнебаян Видео Желіде Bek Air ұшағының құлаған сәті түсірілген видео пайда болды Видео «Диета» тобы айтатын «Ләйла» әні өзбекті ме? тағы да бейнебаян Copyright © 2020 «Сейхун-инфо.кз» ақпарат агенттігі. Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті. Барлық құқықтар қорғалған.
Алматы облысында 10-сынып оқушысы миы шайқалып ауруханада жатыр. Анасының айтуынша, жоғарғы сыныптағы балалар ұлын соққыға жығып, ақша бопсаламақ болған. Полицияның дерегінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған деп хабарлайды КТК арнасы. Телеарнаның мәліметінше, оқиға Алматы облысы Есік қаласына қарасты Рахат ауылында кісі көп жүрмейтін көшелердің бірінде болған. "Келсем, балам құсып жатыр. Есінен танып, беті көгерген, аузы қанаған. Жедел жәрдем шақырдық. Алып кетті. Сол жерде естідім, балалардың ұрғанын, ақша сұрағанын", - дейді жәбірленушінің анасы. Қазір соққыға жығылған жасөспірім ауруханада жатыр. Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасының бөлім меңгерушісі Ахмед Даврешовтің айтуынша, бозбаланың миына зақым келген, беті, кеудесіндегі бұлшық еттері зақымдалған. Жақын күндері ол үйіне шығарылмақ. Бұл оқиғаға қатысты пікір білдірген Алматы облысы полиция департаментінің дерегінше, оқиға 6 желтоқсан күні болған. "Тексеру барысында оқиға сабақтан кейін сағат 13:30 шамасында 10, 11 сыныптарда оқитын екі оқушының арасында болғаны анықталды. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", - дейді Алматы облысы полиция департаментінің өкілі Ернар Сайдильдин. Телеарна бұл жайттан кейін мектеп директоры жұмысынан шеттетілгенін, ал тәрбие ісі жөніндегі орынбасары орнын босатқанын айта кетті. Дереккөз: КТК арнасы Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946470-kelsem-balam-qusyp-zatyr-almaty-oblysynda-soqqyga-zygylgan-oqusy-auruxanaga-tusti/ Автор: Гүлмира Ерубаева Алматинская область 18+ Кеңейту Открываются комментарии Все комментарии: {{totalCommentCount}} {{list}} Перейти к обсуждению {{formattedDate}} {{body}} Бірінші болып пікір қалдыру Жарнама берушілерге Біз туралы Жоба жайында NUR.KZ туралы басқа медиадағы жарияланымдар Біз қалай жұмыс істейміз NUR.KZ жаңалықтар қызметінің жұмыс істеу қағидалары Жаңалықтар мұрағаты Пайдалану шарттары Материалдарды пайдалану ережелері Қолдану шарттары Құпиялылық саясаты NUR.KZ сайтында пікір қалдыру ережелері Редакция editor@corp.nur.kz Бас кеңсе +7 (727) 339 80 38 Біз әлеуметтік желілердеміз Nur.kz мобильді қосымшасы Біздің қағидаттар YouTube MCN © NUR.KZ 2009-2022 2016 жылдың 6 мамырындағы № 15988-АА куәлігі Барлық құқықтар қорғалған Біз Cookie файлдарын қолданамыз Олар сайтты сізге ыңғайлы етіп баптауға - қызықты мақалаларды ұсынып, пайдалы жарнаманы көрсетуге көмектеседі.
Баланы қырқынан шығару - тіршілік цикліне қатысты атқарылатын рәсімнің бірі. Дәстүрлі ортада бала дүниеге келгеннен кырқынан шыққанға дейінгі алғашқы қырық күндік «өтпелі кезеңді» қауіпті, қатерлі санап, жаңа туған нәрестені шырақ жағып күзетіп, қасынан адам үзілмей бағады. Бала қырқынан шыққанша «сүт тырнағын», «қарын шашын» алмайды. Қырық күннен аман өткен нәрестені «қарақұлақтанды» деп қуанып, «қырқынан шығару» тойын жасайды. Баланы қырқынан шығарарда шомылдыратын ыдыстың түбіне күміс жүзік, күміс білезік, күміс сөлкебай сияқты заттар салып, 40 қасық таза су құяды. Қазақ ұғымында күміс - адалдықтың белгісі, күміс салыпған су — ең таза су (арам су, уланған ас құйылса күміс ыдыс қараяды) боп есептелінеді және оған жын-шайтан жоламайды. Қырық шелпек пісіріп, келген қауымға таратады. Кейбір өңірлерде оның бірнешеуін бесікке тізеді, оны қасқой кемпір шымшысын деп ырымдайтын болғандықтан, шымшыма нан деп атайды. Баланы қырқынан шығарған әйелдер білезік, сөлкебайларды бөлісіп алады. Баланы шомылдырып болған соң, «қарын шашын» алып, ақ шүберекке түйіп, тұмарша етіп, баланың оң жақ иығына немесе бесігіне қадап қояды, ал «сүт тырнағын» адам баспайтын жерге немесе «ұрпағы көп болсын», - деп жеміс ағашының түбіне көміп тастайды. Осы күні баланың ит көйлегі шешіледі. Ит көйлегіне әр алуан тәтті түйіп, бір иттің мойнына байлап қоя береді. Ауыл балалары сол итті қуып жүріп ұстап алып, тәттіні бөліп жейді. Баланың ит жейдесін киелі санап, ақсақалдар алыс жолға шыққанда, дауға барғанда қойындарына тығып алып жүрген. Бала таппаған, үнемі түсік тастаған әйелдер оны басына жастап жатады екен. Байырғы орта түсінігінде берілетін әшекейлер баланың денсаулығы мен өмірінің ақысы болып саналатындықтан, баланың анасы немесе әжесі «қырқынан шығару» мерекесіне келген әйелдерді, кіндік шешені ренжітпей, риза қылып, қалауын беріп аттандырған.[1] Мазмұны 1 Баланың қырқынан шығаруда орындалатын салт-дәстүрлер 1.1 Ұл баланы қырқынан шығару мерзімі 1.2 Қыз баланы қырқынан шығару мерзімі 1.3 Баланы шомылдыру 1.4 Сүт тырнағын алу 1.5 Қарын шашын алу 1.6 Ит көйлегін ауыстыру 2 Дереккөздер Баланың қырқынан шығаруда орындалатын салт-дәстүрлер[өңдеу | қайнарын өңдеу] Ұл баланы қырқынан шығару мерзімі[өңдеу | қайнарын өңдеу] Ұл баланы қырқынан 37, 39 күнде шығарады. Бұл ұл баланың қызға төлейтін қалың малы аз болсын деген ниетте істеледі. Ұлбаланы ерте жетіледі, жылдам өседі деген түсінікпен 40 күн толмай жатып қырқынан шығарған. Қыз баланы қырқынан шығару мерзімі[өңдеу | қайнарын өңдеу] Қыз баланы қырық күннен асырып 42-44 күнде қырқынан шығарады. Қыз бала, жеңілтек болып кетпесін, байсалды, ибалы да инабатты, орнықты болсын деп анық қырық күн (жұп санда 40, 42, 44) толғаннан кейін қырқынан шығару рәсімін орындаған. Баланы шомылдыру[өңдеу | қайнарын өңдеу] Бұл кәдеге жиналған ауыл әйелдері ыдысқа 40 қасық су құйып теңгелер салған суға баланы шомылдырады. Сүт тырнағын алу[өңдеу | қайнарын өңдеу] Баланың тырнағын алғаннан соң адам баспайтын жерге көміп тастайды. Қарын шашын алу[өңдеу | қайнарын өңдеу] Бұл шашты шүберекке түйіп, тұмарша етіп тігіп баланың оң иығына қадайды. Жалпы баланың шашын еш уақытта ашық-шашық жерге тастамайды. Адам аяғы баспайтын жерге көміп отырады. "Қарын шаштың қарғысы қатты болады" деген мақал да осы салтқа байланысты. Ит көйлегін ауыстыру[өңдеу | қайнарын өңдеу] Баланың қырқынан шыққанша киетін "ит көйлегіне" сәбиді қырқынан шығару үстінде түлі тәттілерді түйіп бір иттің мойнына Байлап қоя береді. Жас балалар итті қуып жетіп тәттілерді өзара бөлісіп алады. Бойына бала бітпей жүрген әйелдер қалап алатын дәстүр бар. Баланың анасы ит көйлекті жыртып береді. Дереккөздер[өңдеу | қайнарын өңдеу] ↑ Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз. Суретті мыннан табуға болады: осы мақаланың тақырыбына байланысты сурет Ортақ қорда табылуы мүмкін; мақаланың өзге тіл уикилеріндегі нұсқаларын қарап көріңіз; өзіңіз жасаған суретті жүктеңіз (авторлық құқықпен қорғалған сурет қоспаңыз!). Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. «https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Баланы_қырқынан_шығару&oldid=2879159» бетінен алынған Санат: Қазақ салт-дәстүрлері Жасырын санат: ISBN сиқырлы сілтемелері қолданылған беттер Уикилендіруі қажет мақалалар Еш медиа файлы жоқ мақалалар Аяқталмаған мақалалар Үлгісін дәлдеу қажет аяқталмаған мақалалар Навигация мәзірі Жеке құралдар Кірмегенсіз Талқылау Үлесім Тіркелу Кіру Аттар кеңістіктері Бет Талқылау kk kk Кирил Latın توتە Кирил (Қазақстан) kk-TR kk-CN Көріністер Оқу Өңдеу Қайнарын өңдеу Өңделу тарихы Тағы Шарлау Басты бет Қауымдастық порталы Жуықтағы өзгерістер Жаңа беттер Кездейсоқ бет Видео сабақтар Анықтама Форум Талқылау легі Телеграм арна Қателер туралы хабарлау Демеу беру Құралдар Мұнда сілтейтін беттер Қатысты өзгерістер Арнайы беттер Тұрақты сілтеме Бет ақпараты Беттен дәйексөз алу Уикидерек элементі Баспа/экспорт PDF ретінде жүктеп алу Басып шығару нұсқасы Басқа тілдерде Сілтеме қосу Бұл беттің соңғы рет өзгертілген кезі: 2021 ж. мамырдың 26, 16:11. Мәтін Creative Commons Attribution-ShareAlike лицензиясы аясында қолжетімді; қосымша шарттар қолданылуы мүмкін. Бұл сайтты қолдану арқылы Қолдану шарты және Құпиялық саясатымен келісесіз. Wikipedia® Wikimedia Foundation, Inc. коммерциялық емес ұйымының тіркелген сауда маркасы.
Авиакомпания флоты қауіпсіздіктің барлық талаптарына жауап беретін қазіргі заманғы әуе кемелерінен тұрады Prime Aviation – әрқашан биіктікте Қауіпсіз, жайлы және инновациялық флот Prime Aviation-ға дәстүрлі шығыс қонақжайлылығы мен жылулығымен қатар бірінші дәрежелі қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Airbus A320 Airbus A320 — заманауи және әмбебап корпоративті ұшақ. Ұшақ салоны өте кең және ені дәстүрлі жоғары деңгейлі іскери ұшақтардың енінен екі есе кең. Клиенттер өздеріне қажетті жайлылық шарттарын таңдай алады. Толығырақ білу Global 6000 Global 6000 Bombardier компаниясының ең салтанатты бизнес ұшағы. Бизнес-ұшақ ұзартылған ұшу қашықтығын, жаңартылған салон және жарықтандыру жоспарын, жоғары жылдамдық және заманауи байланыс жабдықтарын ұсынады. Толығырақ білу Challenger 604 Challenger 604 — орта және ұзақ рейстерге арналған іскери ұшақ. Ұшақ үлкен жүк салонымен қамтылған, үлкен жолаушылар салоны көлемі ерекшеленеді және ыңғайлы орындықтармен, диванмен және үстелдермен жабдықталған. Толығырақ білу Dash-8-300 Dash-8-300 — қысқа және орта бағыттарға арналған екі қозғалтқышты турбовинтті жолаушылар ұшағы. Бұл ұшақтың маңызды ерекшеліктерінің бірі – ұшу-қону жолақтары жоқ аэродромдарда пайдалануға рұқсат етілген. Толығырақ білу Dash-8-315 Dash-8-315 — қысқа және орта бағыттарға арналған екі қозғалтқышты турбовинтті жолаушылар ұшағы. Ұшақ американдық Honeywell компаниясының заманауи сандық авионикасымен жабдықталған. Бұл сериядағы ұшақтар өте сенімді және үнемді. Толығырақ білу МИ-172 МИ-172 — әлемдегі ең массивті екі қозғалтқыш тікұшақ болып саналатын Ми-18 тікұшағының терең модификациясы. Тікұшақты барлық климаттық жағдайларда пайдалануға болады. Төмен шу мен діріл деңгейлері ұшудың ыңғайлы болуын қамтамасыз етеді. Толығырақ білу МИ-8 МТВ МИ-8 МТВ — функционалдығы ерекше көп мақсатты тікұшақ. Тікұшақ қуатты күш қондырғысы және модификацияланған авионикасымен ерекшеленеді. Екі газтурбиналық қозғалтқышы бар. Жолаушыларды, жүктерді тасымалдау үшін және авиациялық жұмыстардың барлық түрлерінде қолданылады. Толығырақ білу AW 139 AgustaWestland AW139 — ағылшын-итальяндық көп мақсатты тікұшақ. Бұл Федералды Авиациялық Әкімшіліктің және Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігінің ережелеріне толық сәйкес келетін өз жіктелімінде жалғыз тікұшақ. Толығырақ білу Inspire 2 DJI DJI Inspire 2 — бұл жоғары сапалы кинематографиялық деңгейдегі аэротүсірілім үшін өте ыңғайлы кәсіби квадрокоптер. Дрон 108 км/сағ жылдамдыққа жетеді және жарты сағат ішінде ауада болады. Толығырақ білу Басты бет Біз туралы Қызметтер Флот Мансап Жаңалықтар Өтінім нысаны Байланысу Back to top of the page Office 300, Building 65, Nursultan Nazarbayev Avenue, Almaty, Kazakhstan, A05H8M5 +7 (727) 355 66 44 [email protected] Operations Department 24/7 for Ground Handling / Flight Ppermits / Fueling at All Airports in Kazakhstan
Мұнайлыдағы Жастар орталығында коворкинг бөлмесі ашылды. Бұл туралы «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Руслан Қонысов хабарлады. Оқи отырыңыз... Құрманғазы ауданында төгілген сұйықтық мұнай ма? 29.11.2022 Атырауда «Жаңа толқын — 2022» сайысы өтті 29.11.2022 Руслан ҚОНЫСОВ, «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры: Жастарға қолайлы жағдай жасау мақсатында коворкинг бөлмесі ашылып, компьютер, жиһаз, тоңазытқыш секілді техникалармен жабдықталды. Қазіргі таңда аудандағы жастар өзіне қолайлы қызметтерді орталықта алып, бос уақытын жастар үйінде өткізуге мүмкіндігі бар. Жастар орталығы аудандық және облыс деңгейінде мемлекеттік жастар саясатын асыруда 100% қызмет етуге қауқарлы. Мұнайлыда 14–29 жас аралығында 41 549 жас бар. Оның ішінде студеттер 3 625 болса, жұмыс істейтін жастар саны 23 248, жұмыссыз жастар 886, кәсіпкерлер 1 360, өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастар 1 268-ге жетіп отыр. Сондай-ақ, 30 волонтер бар. Жыл басынан бері жастарға патриоттық тәрбие беру, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бағыты бойынша 30-ға жуық онлайн шара өтті. Тегтер: ақтаужастарковоркингмаңғыстаумұнайлы БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу Facebook Instagram Youtube Telegram Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.
Бір адамдар биікке көтеріліп келе жатқан сияқты. Иə, иə, тоқтылар біз сіздер жайлы айтып отырмыз. Сəл шыдаңыз, сəл қиындықтан соң сіз өзіңіз мақтан тұтатын биіктікке шығасыз. Қиындықтан қорқып төмен түсуші болмаңыз. Торпақ Торпақтарды аяғынан шалу мүмкін деп ойлайсыз ба? Жоқ. Торпақтардың бүгінгі күні керемет өтпек, басқа адамдар сізді ренжітем деп те ойламасын. Егіздер Бақыт құсы - өте үлкен, əдемі құс. Бүгін сол құс сізді қанатына салып əлемді аралатпақ, яғни бүгін сізге бақыт қонады. Шаян Тегін нәрсе болмайды деп сізге ешқашан айтпады ма? Қымбат нəрсеге қол жеткізу үшін, тер төгу керек. Қанша тер төксеңіз, соның жемісін алдағы күндері көресіз. Арыстан Шекспир: "Махаббат өзің қуған адамдардан қашады, ал кім оны қаламаса соның мойнына оралады", - деп босқа айтпаған. Кішкене тоқтап, айналаңызға көз салыңыз, мүмкін махаббат сезімі сіздің мойныңызға оралар. Бикеш Бүгін қаһарлы мінезіңізді ұмытып, өзіңіздің жақын адамдарыңызды құшағыңызға алыңыз. Олардың сіз үшін қымбат екенін айтыңыз. Олардыңжауабы сізжі 1000 есе бақытты ететініне сеніңіз. Таразы Шынымен де сізді біреудің айтқан сөзі толғандыра ма? Есіңізде болсын, кімнің сыртынан сөз айтылса, демек сіздің сөз ацтқандардан биік болғаныңыз. Бұл тек көре алмайтындардыңқызғанышы. Сарышаян Бүгін көп əзілдемеуге тырысыңыз. Кей адамдардың көңіліне тиіп кетуіңіз мүмкін. Сол себепті абай болыңыз Мерген Жұмыстан бас алмайсың, бірақ бұл адамдарға жақсылық əкелетін жұмыс. Бүгін сіз күндей жарқырап, айналадағы адамдарға жылылық сыйлайсыз. Тауешкі Бүгін сіз əр адамның айтқанына көнгіш боласыз, яғни отырысқа ұсыныс аласыз! Сізді көңілді орта күтіп тұр, осы ортаға келгеніңіз үшiн өкінбейсіз! Суқұйғыш Бүгін сіз ешкімнің қалауына мəн бермейсіз. Сізде бүгін керемет күн болады. Өзінің қалауын орындатқан адам сондай бақытты. Балықтар Күні бойы шаршағаныңыз жетер, енді тек өзіңізге уақыт арнаңыз. Осы кешті ұмытпастай өткізуге ат салысыңыз! Тағы да оқыңыздар: Отандық БАҚ үш бірдей азаматтың қазасына орай Ішкі істер министріне ашық хат жолдады Қайрат Нұртас жолдасына 50 мың доллардың пәтерін сыйлады Үш азаматтың мерт болғанына байланысты Алматы облысы басшылығы пікір білдірді (видео) Бір телехикаяда екі жігітпен сүйіскен Кәмшат Жолдыбаева желі қолданушысының ашуына тиді ОҚО тұрғыны әйеліне орақ тығып өлтіргені үшін сотталып кетті Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1262392-26-qyrkuyekke-arnalghan-zhuldyz-zhoramal/ Автор: Айтолкын Кузербаева Матч-центр Кеңейту Открываются комментарии Все комментарии: {{totalCommentCount}} {{list}} Перейти к обсуждению {{formattedDate}} {{body}} Бірінші болып пікір қалдыру Жарнама берушілерге Біз туралы Жоба жайында NUR.KZ туралы басқа медиадағы жарияланымдар Біз қалай жұмыс істейміз NUR.KZ жаңалықтар қызметінің жұмыс істеу қағидалары Жаңалықтар мұрағаты Пайдалану шарттары Материалдарды пайдалану ережелері Қолдану шарттары Құпиялылық саясаты NUR.KZ сайтында пікір қалдыру ережелері Редакция editor@corp.nur.kz Бас кеңсе +7 (727) 339 80 38 Біз әлеуметтік желілердеміз Nur.kz мобильді қосымшасы Біздің қағидаттар YouTube MCN © NUR.KZ 2009-2022 2016 жылдың 6 мамырындағы № 15988-АА куәлігі Барлық құқықтар қорғалған Біз Cookie файлдарын қолданамыз Олар сайтты сізге ыңғайлы етіп баптауға - қызықты мақалаларды ұсынып, пайдалы жарнаманы көрсетуге көмектеседі.
Арақ 100 теңгеге қымбаттады. Бұл енді басқа азық-түліктер секілді инфляцияға ұшырағыш сирек кездесетін өнімнің бірі болса керек. Оның төмен болатын бастапқы бағасы 1999 жылдан бері өзгерген жоқ. Әрине, ол ащы су азық-түлік болып есептеле ме, әлде жоқ па, оның өзі бір мәселе. Дегенмен, кейбір адамдар үшін бұл мәселе де емес. Сондықтан да үкіметтің байырғы «алкоголь өнімдеріне төменгі баға тағайындау туралы» (САПП ҚР 1999 ж.,№49 475-бап) қаулысындағы алкоголь өнімдерінің бағасын көтеруді көздеген жүз тармағының бірден өзгеріске ұшырауы көпшілік үшін ауыр тиері анық. Енді ең демократиялық «жартылық» кем дегенде 300 теңге тұратын болады. Бұл алкоголь майданындағы бар жаңалық емес. Үкімет өзінің тағы бір қаулысымен есептеу-тексеру маркісінің түрі мен формасын, яғни, акциздерін өзгертті. Енді оның көлемі бұрынғыдан сәл үлкендеу және түсі көкшіл болып келеді. Құбылмалы бейнесі сақталып қалды. Спирттік сусындар сататын сатушылар енді ескі үлгідегі марканы жаңасына ауыстыруға тиісті. Атырау қаласы бойынша салық басқармасының акциздерді әкімшілдендіру бөлімінің бастығы Әділбек РАХМЕТОВ түсінік береді: - 2011 жылдың 1 наурызынан бастап 2007 жылы 15 сәуірде енгізілген есептік-тексеру маркілері бар алкоголь өнімдерін сату мерзімі бітеді. Олар содан кейін жаңа үлгідегі есептік-тексеру маркаларымен қайта маркіленуі керек. Естеріңізге салайын, есептік-тексеру маркасы тұтынушы ыдысына оны ашу барысында оның тұтастығы бұзылуы үшін, яғни, кейін оны тағы да қайталап қолдануына жол бермеу мақсатында төменгі жағына голограмма мықтап жапсырылады. Бұл сол қақпақ маңында болады. Үкіметтің бұл қаулысы күшіне 2011 жылдың 9 ақпанында енді. Алкоголь өнімдерін жеткізіп берушілердің қолына жаңа үлгідегі маркілер тиіп үлгерді. Спирттік ішімдіктерді сатушыларға жаңа маркіге ауыстырып алуға кеңес беремін, ауыстырылмаған жағдайда, яғни, ескі маркімен сататындарға айыппұл салынатын болады. Зульфия БАЙНЕКЕЕВА 9 наурыз 2011, 21:08 WhatsApp арқылы хабар жіберу Бөлісу: Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз. Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз. Басқа жаңалықтар №7 емханада Call-орталығы ашылды Бүгін, 00:05 102 просмотра Есірткілік мас күйде ұсталған жүргізуші мен жолаушыдан психотропты дәрілер тәркіленді Кеше, 23:50 113 просмотра
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Қазақ тілі ұлттық корпусы публицистикалық мәтіндер кіші корпусының тұсаукесер рәсімі өтті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". Елімізде қабылданған «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасының құрамында тіл саясатын іске асыруды көздейтін арнаулы бағыттың бірі - қазақ тілі ұлттық корпусының публицистикалық мәтіндер кіші корпусы. Лингвистикалық корпус – тілдік құбылыстарды (әсіресе сөз, фразаларды) іздеуді жеңілдететін белгілі бір тілдегі жазбаша және ауызша мәтіндердің электронды түрде жинақталған ақпараттық-анықтамалық базасы. Ол іздеу нәтижесін табиғи контексте көрсетеді. Корпустың мақсаты – тіл ресурстарын жинақтап, тілді нормаландыру, жүйелендіру, нәтижесін көпшілік тұтынушыға пайдалануға ұсыну. Корпустың тұсаукесер рәсімін Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Әділбек Қаба ашты. Ол өз сөзінде «Алдағы уақытта қазақ тілі ұлттық корпусы мәтіндік базасының көлемін арттырамыз. Корпус – дегеніміз белгілі бір тілдегі мәтіндердің электронды түрде жинақталуына негізделген ақпараттық-анықтамалық жүйе. Ұлттық корпустар тілді ана тілі немесе шеттілі ретінде үйрету үшін де маңызды» - деді. Таныстырылым барысында жоба жетекшісі филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Нұрлыхан Аитова «Әлемде оқулықтар мен оқу бағдарламалары қазір корпусқа бағытталған. Кез келген шетелдік, мектеп оқушысы, мұғалім, журналист, редактор және жазушы корпусты қолдана отырып, бейтаныс сөзді немесе грамматикалық форманың қолдану ерекшеліктерін тез және тиімді тексере алады. Ұлттық корпус алдымен тілдің лексикасы мен грамматикасын, ондағы жүздеген жылдар бойы болған өзгерістерді ғылыми зерттеу үшін қажет. Қазіргі технологиялық дамудың арқасында ақпаратты іздеуді оңтайландырды» - деп сөзін түйіндеді. Ал публицистикалық мәтіндер корпусы бұқаралық ақпарат құралдары материалдарын бір базаға жинақтап, оның теориялық және қолданбалы зерттеулерге пайдалануға, түрлі сөздіктер құрастыруға, тілді оқытуда қолдануға ыңғайлы әрі қолжетімді етеді. Бұл корпусқа «Егемен Қазақстан», «Ана тілі», «Қазақ әдебиеті», «Заң», «Түркістан» газеттерінің соңғы жылдардағы материалдары дереккөз ретінде алынды. Жобаны Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің мемлекеттік тапсырмасымен «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы әзірледі. Жоба жетекшісі – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Нұрлыхан Аитова, ІТ жабдықтау бойынша жетекшісі – Мөлдір Бақытқызы. Жоба жұмысына А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Назарбаев Университет, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Байішев университеті, «Minialgo» ЖШС, «Qazkitap баспасы» ЖШС-ы мамандары қатысты. Ұлттық корпус – қазақ тілінің бір жүйеге тоғыстырылған барша тілдік материалдарының базасы болуымен бірге мемлекеттік тілдің виртуалды кеңістіктегі қолданысын, семантикалық кеңістігін кеңейтудің, ақпараттық таралымын арттырудың, тілдік ресурсты жаппай қолжетімді етудің тетігі. Цифрландырылған жүйе түріндегі қазақ тілдегі мәтіндер базасы – ұлттық тіліміздің өмір сүруінің белгілі бір кезеңінде әдеби тіл стильдерінің, тілдік қолданыстардың барлық түрлерін жинақтап, тұтынушыларға жеткізуші ақпараттық-анықтамалық ашық жүйе. Ісшараға ғалымдар, тіл білімі және ІТ саласы мамандары, зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты. «Қазақ тілінің ұлттық кіші корпусы үлкен бастама. Әлем цифрландыруға көшіп жатқанда көштен қалмай ілесу, қазақ тілінің матрицасын жасау үлкен қадам. Жалпы жоба болашағынан үлкен үміт күтіп, сәттілік тілеймін», - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса. Корпус таныстырылымына Ресей, Башқұртстан, Татарстан, Қырғызстан ғалымдары қатысып, жобаға өз баға, ұсыныстарын білдірді. «Аталмыш корпустың орыс, ағылшын тілдерінде жұмыс жасауы өзге ұлт өкілдерінің қолдануына үлкен мүмкіндік береді. Бұл ерекше атап өтетін жетістік. Сонымен қатар, дизайны нақты, түсінікті, корпус стандарттарына сай және нұсқаулығы жоғары деңгейде жасалған. Меніңше мобилді нұсқасы іске қосылса, тұтынушылар үшін тиімді болар еді», - деді татар тілінің ұлттық корпусын әзірлеуші Мансур Сайхунов. Шара соңы пікір алмасып, ұсыныстар білдірумен жалғасты. Мамандар жаңа жобаға жоғары баға беріліп, жұмысына сәттілік тіледі. Бөлісу: 2119 рет оқылды 22.10.2022 Қазақ тілі мәңгілік мемлекеттік тіл тұғырында болады – Президент 31.08.2022 Мың жылда бір келетін ілім. Ғалым Ахмет Байтұрсынұлының еңбегі туралы айтты 24.08.2022 Димаштың жер-жердегі тыңдарманы үш апта бойы қазақ тілін үйренді 28.07.2022 Ұлт ұстазы атындағы республикалық байқау өз мәресіне жетті 16.06.2022 Үстірт жасалған тіл реформасының қажеті жоқ - Мемлекет басшысы 16.06.2022 Қазақ тілінде робототехника саласына қатысты жаңа терминдер пайда болды МАҢЫЗДЫ МАҚАЛАЛАР 03.12.2022 Роман Скляр жылу желілеріндегі апат толық жойылғанға дейін Екібастұзда болады 03.12.2022 Сол бір Желтоқсанды ұмыта алмаймын! 03.12.2022 Қоғамдық кеңестер күшейтіліп жатыр – Дархан Қыдырәлі Басқа да мақалалар АЙМАҚТАР ЖАҢАЛЫҚТАРЫ Қоғамдық кеңестер күшейтіліп жатыр – Дархан Қыдырәлі Семейдегі көшелердің бірінде жылу жүйесінен ақау шықты Шу қаласында жеке үй өртеніп, екі бала көз жұмды Басқа да мақалалар Қоғам Әдебиет Саясат Спорт Руханият U magazine Екінші республика Ұлт тарихы Өзге пайым Дызетер ҰЛТ TV Аймақ Ана тілі Экономика және бизнес Қылмыс Құрылтайшы: «Ult Media» Қоғамдық қоры 2012-2021 © Ұлт порталы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ83VPY00034425 куәлігі берілген. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған. Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Елімізде бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімін үш жасқа дейін ұзарту ұсынылды, деп хабарлайды, Opennews.kz ақпарат агенттігі. Қазақстан халықтық партиясы фракциясының депутаттары "Ана мен баланы дамытуға инвестиция" ұлттық жобасын қабылдауды ұсынды. Үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа жолдаған депутаттардың ұсынысын Айжан Сқақова оқып берді. Елімізде кедейшілікте өмір сүріп жатқан балалар саны көбеюде. Бұл мәселені жоюдың ұлттық стратегиясы мен бағдарламасы бойынша нақты шешім жоқ. Шын мәнінде бір миллион қазақстандық бала әлі де кедейлікте өмір сүруде. Бұл елдегі әрбір алтыншы баланың өмір сүру жағдайының нашар екенін көрсетеді. Бұл көрсеткіштердің артында миллиондаған кішкентай қазақтың өмірі жатыр,- деді ол. Сқақова атап өткендей, президент бастамасымен "Балаларға арналған ұлттық қор" жаңа бағдарламасы іске қосылғанымен, балалардың әлеуметтік жағдайын түбегейлі жақсартуға бағытталған мұндай жобаларды жүзеге асыруға үкіметте әлі стратегиялық көзқарас пен жаңа тәсілдер жоқ. Жәрдемақы түріндегі қолдау әдепкі бойынша маңызды, ол негізгі қажеттіліктерді қамтамасыз етеді және балаларды әлеуметтік қорғаудың жеткіліксіз шарасы, - деді ол. Тағы да оқыңыздар "Қанша шаңырақты шайқалтты" Қызылорда облысында тұрғындар стриптиз-шоу ұйымдастыратын клубты жабуды талап етті 07 шілде 2022 ж. 210 Шахтада адам денесі табылды 19 тамыз 2022 ж. 104 Шардаралық алаяқ мұғалімдердің шотынан 17 млн теңге жымқырған 07 ақпан 2022 ж. 173 Үш буынды модельдің жүргізілу барысы талқыланды 15 шілде 2022 ж. 148 Елбасыға бөлінетін қаржылық шығындарды шектеп жатырмыз - сенатор 19 мамыр 2022 ж. 174 Ақмолада газ баллоны жарылып, үш адам көз жұмды 17 қараша 2021 ж. 220 Экономика 06 желтоқсан 2022 ж. 242 Бір жылда Қазақстаннан Ресейге тауар экспорты 15% өсті Бір жылда Қазақстаннан Ресейге тауар экспорты 15% өсті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.... Елімізде көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы өседі 05. 12. 2022 ж. 278 Қарашада азық-түлік бағасы қай өңірде күрт өсті? 02. 12. 2022 ж. 260 Шоу-Бизнес Мадина - "Тікенек қатын" атанды 06 желтоқсан 2022 ж. 241 Copyright © 2021 OpenNews - ақпарат агенттігі Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығының жоғары дәрежелі маманы Арай Талғатқызымен сұхбат. Фото: 365info.kz Олжас Сәндібек Фото: 365info.kz 28.09.2022 18:51 1121 – Биыл ұлт ұстaзы Aхмет Бaйтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО aясындa хaлықaрaлық деңгейде aтaп өтiледi деп отырмыз. Оның aлғaшқы шaрaлaры ретiнде респyбликaның түкпiр түкпiрiнде түрлi формaттa өтiп те жaтыр. Бiрaқ ел aрaсындa Aхaңның тyғaн жылынa қaтысты екi түрлi пiкiр бaр. Aбaй мyзейiнiң қорындa осығaн қaтысты нaқты деректер бaр мa? – Кешегi Aбaй, Ыбырaй сaлғaн aғaртyшылық бaғытты жaлғaстырyшы iрi ғaлым-тiлшi, әдебиет зерттеyшi, түрколог, aқын-ayдaрмaшы Aхмет Бaйтұрсынұлы құжaттaр бойыншa Қостaнaй облысы, Торғaй aтырaбындaғы Сaртүбек деген жерде ел aрaсындa беделдi Шошaқұлы Бaйтұрсын шaңырaғындa 1873 жылы 18 қaңтaрдa дүниеге келген. Aлaйдa Aбaй мyзейiнiң қорындa сaқтaлғaн Aхметтiң өзi жaзғaн өмiрбaянындa мешiн жылы, Тосын болысы, Торғaй yезiнде 1872 жылы тyғaны жазылған. Биылғы жылы ұлт ұстaзы Aхмет Бaйтұрсынұлынa 150 жыл толып отыр. – Aхaның тyғaн жылы тyрaлы деректердi Aбaй мyзейiнiң қорынaн бекер сұрaп отырғaн жоқпын. Себебi aбaйтaнyдың бaсындa осы Бaйтұрсынұлы тұр. Жaлпы aлaш aрысының ғылыми-шығaрмaшылық мұрaсындa Aбaйдың aлaр орны ерекше ғой. – Дұрыс aйтaсыз. Aбaйды қaзaқтың бaс aқыны деп тaнығaн Aхмет Бaйтұрсынұлы ұстaз сөзiн қaшaндa ғибрaт тұтқaн. Ол «Қaзaқтың бaс aқыны» мaқaлaсындa: «Қaй жерде aқындaр жaйынaн я aқындaрдың сөздерi жaйынaн әңгiме болсa, Aбaйдың сөзiн мaқтaмaйтын aдaм болмaды. Aбaйдың сөзiн көрмей тұрғaндa, мaқтaғaндaрынa сенбей, қaзaқ үкiлеген өз құнaнын өзгелердiң тұлпaрынaн aртық көретiн мiнезi болyшы едi, мaқтaп отырғaн Aбaйы бiздiң Әбyбәкiр, Сейдaхмет, Aқмолдaлaрымыз сияқты бiреy ғой деп жүрдiм», - деп жaзaды. Aлaйдa 1903 жылы қолынa Aбaй сөздерi жaзылғaн дәптер түскенде, оқып бaсқa aқындaрдың сөзiндей емес екендiгiне көзi жетiп, кей сөздерiн ойлaнып дaғдылaнғaн aдaм болмaсa, мың қaйтaрa оқысa дa түсiне aлмaйды екен деген ойғa келедi. «Aбaй сөздерi жaлпы aдaмның түсiнyiне ayыр екенi рaс. Бiрaқ ол ayырлық Aбaйдың aйтa aлмaғaнынaн болғaн кемшiлiк емес, оқyшылaрдың түсiнерлiк дәрежеге жете aлмaғaнынaн болaтын кемшiлiк. Олaй болғaндa, aйып жaзyшыдa емес, оқyшыдa. Aбaйдың сөзiнiң дұрыс емес, қaте aйтылғaн, терiс aйтылғaн, жұмбaқ қылып, aшпaй aйтылғaн еш нәрсесi жоқ. Бәрi де дұрыс, түзy, тиiстi орнындa aйтылғaн сөздер. Оғaн оқyшылaр түсiнбесе, ол Aбaйдың үздiк, iлгерi кетiп, оқyшылaры шaңынa ере aлмaғaндығын көрсетедi», - деп пiкiр бiлдiрген. Aхмет Бaйтұрсынов Aбaймен тaнысa aлмaсa дa, aқынның шығaрмaлaрымен жете тaнысқaн, кейiн тiл тyрaлы жaзғaн оқyлықтaрынa кеңiнен пaйдaлaнғaн. Мысaлы, «Әдебиет тaнытқыш» оқyлығынa қaжеттi жерлерiне мысaлды Aбaй өлеңдерiнен көптеп келтiрген. Крылов мысaлдaрын Aхметтен бұрын Aбaй ayдaрyының өзi тұлғaлaр үндестiгi деyге болaды. Aбaй ayдaрмaлaры Крылов түпнұсқaсымен көбiнесе дәлме-дәл келедi. Aл Aхмет Бaйтұрсынов ayдaрмaлaрындa сюжет сaқтaлғaнымен, еркiндiк бaсым, тұрмысқa жaқын ойлaр aйтылaды. Aхмет Бaйтұрсынов поэзиясынa Aбaй үлгiсi қaтты әсер еткенi бiрнеше рет aйтылып тa, жaзылып тa жүр. Ол әсер, ең aлдымен, поэзиядa әлеyметтiк тaқырыпты көтерyде бiлiнедi. Aқынның жaриялaғaн поэтикaлық мұрaсының iшiнде мaхaббaт лирикaсы жоқ, зaмaндaс aрaсындa жиi кездесетiн әзiл-оспaқ, өлеңдер де жоқ. Aқындық «мен» aтынaн тyғaн өлеңдердiң өзiнде сол «мен»-нiң өз бaсындaғы қaйғы-қyaнышын, aрмaн-тiлегiн, өкiнiш-күйiнiшiн жырлay aрқылы әлеyметтiк мүдде-мұқтaждaр aйтылaды. Қaзaқ хaлқының тaғдыры, бүгiнгiсi мен ертеңгiсi – Бaйтұрсынов поэзиясының өзегi. Өзiнiң «Қaзaқтың бaс aқыны» мaқaлaсын «Aбaйды қолымыздaн келген қaдiрлi жұртқa тaнытy үшiн мұнaн былaй кейбiр өнегелi, өрнектi сөздерiн гaзетaғa бaсып, көпке көрсетпекшiмiз»,- деп aяқтaйды. Және бұл мaқсaтты қолдaн келгенше орындaды. Қaзaқ жұртынa Aбaйды тaнытқaн, Aбaйтaнy бaстayындa қaзaқтың бaс aқыны деп мойындaғaн Aлaш көсемi Aхмет Бaйтұрсынұлы 1882-1884 жылдaры әyелi көзi қaрaқты aдaмдaрдaн өз үйiнде хaт тaнып, aртынaн жaқын жердегi ayыл мектебiнен сayaт aшaды. 1886-1891 жылдaры Торғaй қaлaсындaғы екi сыныпты орысшa-қaзaқшa yчлищеде, 1891-1895 жылдaры Орынбордaғы мұғaлiмдiк мектепте оқып бiлiм aлaды. 1895 жылдaн бaстaп мұғaлiм болaды. Ayылдық, болыстық мектептерде бaлa оқытып, екi клaстық yчилищеде дәрiс бередi. Aлдынaн тaлaй қaзaқ бaлaсы бiлiмге сyсындaды. A.Бaйтұрсынов өз өмiрiнде 5 рет aбaқтығa отырғaн, 2 рет жер ayдaрылғaн. Өмiрiнiң соңындa Aлмaты aбaқтысының жер aсты подвaлындa aтылып, қaлa мaңынa жaсырын көмiлген. Aхaңның бaсынa ayыр жaлaлaр жaбылып, aтылып кетпегенде Aбaйды тaнытy тyрaсындa жaзғaн мaқсaттaрынa жетерi сөзсiз едi. – Жалпы қaзaқтa мерейтой тойлay деген aлғaш Aхметтiң 50 жaсын тойлayдaн бaстaлғaн екен. Сол кезде Сәкен Сейфyллин Aхметтiң ұлт aлдындaғы еңбегiне жоғaры бaғa берген едi дейдi деректер. – Ол рaс. Aхмет Бaйтұрсыновтың тaрихтaғы орнын, қоғaмдық iстерiн aйтқaн aдaмдaрдың бiрi – Сәкен Сейфyллин. Ол 1923 жылы «Еңбекшi қaзaқ» гaзетiне «Aхмет Бaйтұрсынұлы елyге толды» деген aрнayлы мaқaлa жaзaды. Сонымен қaтaр, Сәкен Сейфyллин 1923 жылдың бaс кезiнде Орынбор қaлaсындa өткен Aхмет Бaйтұрсынұлының 50 жaсқa толyы құрметiне орaй сaлтaнaтты жиынды ұйымдaстырyғa бaсшылық еттi. Осы жиынның aшылyындa: «Aхмет Бaйтұрсынұлы – ұлтын шын сүйетiн ұлтшыл. Ұлтын сүюдiң зорлығынaн «Aлaш» пaртиясындa болды, сол ұлт қaмы үшiн коммyнист пaртиясынa кiрдi. Бaйын, кедейiн aйырмaй қaзaқты ғaнa сүйетiн aдaл жүрек тaзa ұлтшыл жaзyшысы aз, әдебиетi нaшaр қaзaқ жaрлылaрынa «Оқy һәм тiл құрaлдaрымен» қылғaн қызметi тayдaй» деп сөз сөйлейдi. Сол жылы 25 жaстaғы Мұхтaр Әyезов «Aхaңның елy жылдық юбилейi» мaқaлaсындa: Aхaң aшқaн қaзaқ мектебi, Aхaң түрлеген aнa тiлi, Aхaң сaлғaн әдебиеттегi елшiлдiк ұрaны – «Қырық мысaл», «Мaсa», «Қaзaқ» гaзетiнiң 1916 жылдaғы қaн жылaғaн қaзaқ бaлaсынa iстеген еңбегi, өнер-бiлiм, сaясaт жолындaғы қaжымaғaн қaйрaтын бiз ұмытсaқ тa, тaрих ұмытпaйтын iстер болaтын. Оны жұрттың бәрi бiледi. Сондықтaн 50 жылдық тойын iстеп отырғaн Aхaңa бiздiң aйтaтын сөзiмiз: «Aхaң – еңбегi жaнғaн жaнның бiрi. Iстеген iсiнiң жемiсi – aртынaн келе жaтқaн жaстaр. Оның aрты Aхaң мектебiне тiзiлiп, кiрiп жaтқaн жaс бyын, жaңa өсiп келе жaтқaн қaзaқ әдебиетi Aхaңды өзiнiң бaсшысы деп сaнaйды», - деген екен. Биылғы жылы Мемлекет бaсшысының бaстaмaсымен ЮНЕСКО деңгейiнде aтaлып өтiлетiн ұлт ұстaзы Aхмет Бaйтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы мен қaзaқ әдебиетiнiң клaссигi, зaңғaр жaзyшы Мұхтaр Әyезовтiң 125 жылдық мерейтойының қaтaр келyi де рyхaни құбылыс. «Бaсқaдaн кем болмaс үшiн бiлiмдi, бaй һәм күштi болy керек. Бaй болyғa кәсiп, бiлiмдi болyғa оқy, күштi болyғa бiрлiк керек. Сол керектiң жолындa жұмыс iстеy керек», - деген ұлттық мәдениет пен әдебиеттiң, бiлiм мен ғылымның тyын көтерген, «қaзaғым» деп жүрегi соққaн, хaлқын aлғa жетелеyге ұмтылғaн, Aлaш көсемi, тiл бiлiмiнiң aтaсы – Aхмет Бaйтұрсынұлы. – Ахметті Семеймен баланыстыратын дүниелер аз емес қой. ХХ ғасырдың басында ұлт элитасы түгелдей дерлік Семейде шоғырланды. Алашорда үкіметі Алаш қаласы деп атап, автономияның астанасы қылды. Одан бөлек қуғынға ұшыраған кезде де Семейдің абақтысында жатты. Бүгінде Абай музейінде Ахметке қатысты құнды деректер бар ма? – Иә, Ахмет Байтұрсынұлы Семей абақтысында 1909 жылы 1 шілдеден 1910 жылғы 21 ақпанға дейін отырған. Қарақаралыда жүріп танысқан орыс қызы Александрамен (Бәдрисафа) де осы Семейде отау құрады. Ақын Семей қаласында Алаш зиялылары бас қосқан Бостандық үйі, қазіргі өлкетану музейінде де болған. Бүгінгі таңда Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығының қорында 2011 жылы премьер-министр тапсырған Ахметтің өз қолымен жазған өмірбаяны және Қазақстан Жазушылар одағы сыйға тартқан В.Суховтың туындысы, Ахмет Байтұрсынұлының портреті сақталған. Сондай-ақ бұл құнды жәдігерлер Абай музейінің бөлімдерінің бірі «Алаш арыстары – М.Әуезов» музей экспозициясында келушілер назарына ұсынылып келеді. Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға Алдыңғы жаңалық «AMANAT»-тың жаңа саяси тұғырнамасының жобасы талқыланды Келесі жаңалық Суға батқан балаларды құтқарған 8 жастағы оқушы марапатталды Ұқсас материалдар Суға батқан балаларды құтқарған 8 жастағы оқушы марапатталды 05.12.2022 Жабылған қаржы пирамидаларына да ақша салып жатқандар бар – агенттік 05.12.2022 «7-20-25» бағдарламасы бойынша несие беру тоқтаған жоқ 05.12.2022 Жаңалықтар Суға батқан балаларды құтқарған 8 жастағы оқушы марапатталды Бүгiн, 17:30 Жабылған қаржы пирамидаларына да ақша салып жатқандар бар – агенттік Бүгiн, 17:15 «7-20-25» бағдарламасы бойынша несие беру тоқтаған жоқ Бүгiн, 16:43 Қазақстанда қолма-қол ақшасыз төлемдер артуда Бүгiн, 16:30 «Омикрон» штамының мутацияға ұшыраған «Цербер» түрі жылдам таралады Бүгiн, 16:25 Такси жүргізушілері мен курьерлер арнайы салық төлейді Бүгiн, 16:23 Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтеру себебін түсіндірді Бүгiн, 16:09 Қазақстанда табиғи газ өндіру көлемі азайды Бүгiн, 15:50 Қандастарды қабылдау механизмі қайта қаралады Бүгiн, 15:25 Фоторепортаж: Екібастұзда бұзылған жылу жүйесі жөнделіп жатыр Бүгiн, 15:00 Мемлекет басшысы Грекияның Сыртқы істер министрін қабылдады Бүгiн, 14:37 Ұлттық банк базалық мөлшерлемені тағы да көтерді Бүгiн, 14:18 Қазақстан халқының 15% кедей санатында – депутат Бүгiн, 14:05 Ералы Тоғжанов құрметті профессор атанды Бүгiн, 13:45 "БИПЭК АВТО" компаниялар тобы басшыларының бірі ұсталды Бүгiн, 13:21 Мемлекеттік органдар жемқорларды өздері анықтай бастады Бүгiн, 13:03 Астана әуежайында бірнеше рейс тоқтатылды Бүгiн, 12:49 Жуырда көкпаршы қыз туралы фильм жарыққа шығады Бүгiн, 12:22 Елордада екінші ауысым оқушылары да онлайн оқиды Бүгiн, 12:05 Жедел штаб Екібастұздағы қазіргі жағдай туралы хабарлады Бүгiн, 11:55 Абай облысында жылу жүйесі сыр берді Бүгiн, 11:48 Екібастұздағы барлық білім мекемелеріне жылу берілді Бүгiн, 11:26 Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы өседі Бүгiн, 11:08 "Бастау" кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды Бүгiн, 10:50 5 миллион гектар жер мемлекетке қайтарылды Бүгiн, 10:28 Астана мен Анкараның арасында тікелей әуе рейсі ашылды Бүгiн, 10:08 Абай облысында алкогольді заңсыз өндірген жерасты цехы анықталды Бүгiн, 09:50 Коронавирус жұқтырған үш науқастың жағдайы ауыр Бүгiн, 09:32 Астанада бірінші ауысым оқушылары мектепке бармайды Бүгiн, 09:10 Екібастұзда кварталішілік желілер мен жылу қондырғылары қалпына келтірілді — Олег Крук Кеше, 20:50 Qatar-2022: Футболдан әлем чемпионаты туралы дерек Кеше, 20:36 Түркістанда «NURORDA» халықаралық мектебінің құрылысы басталды Кеше, 20:20 Жылытылған үйлердің саны артуда — Юрий Кусиди Кеше, 19:40 Grand Slam Tokyo: Қазақстан қоржынына бір қола жүлде түсті Кеше, 18:40 Димаш Құдайберген Екібастұз қаласында орын алған апат туралы ойымен бөлісті Кеше, 18:10 «Бастау» кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды Кеше, 17:40 Лионель Месси кезекті рекордын орнатты Кеше, 17:10 Екібастұзда бүгін кешке дейін 11 үйге жылу беріледі Кеше, 16:35 Алматыда шертпе күй дәстүрін меңгерген үздік домбырашылар марапатталды Кеше, 16:05 Атырау қаласында оқушы суға батқан балаларды құтқарды Кеше, 15:35 Маңғыстауда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар ұсталды Кеше, 14:55 Қазақстандық спортшылар 4 құрлық чемпионатында тағы 3 жүлдеге қол жеткізді Кеше, 14:30 Нұржігітов Тараз қаласындағы 15-шағын аудандағы жылу мәселесін жедел шешуді тапсырды Кеше, 13:50 Роза Бағлановаға арналған халықаралық вокалистер байқауы өз мәресіне жетті Кеше, 13:20 Жұманғарин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы жөнінде кеңес өткізді Кеше, 12:59 Қазақстандық Богдан Лукин семсерлесуден Әлем Кубогының жеңімпазы атанды Кеше, 12:30 Екібастұз қаласындағы апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда Кеше, 11:50 Елімізде мыңнан аса адам коронавирустан емделіп жатыр Кеше, 11:35 Жеке кәсіпкер Qyzylorda брендімен шоколад өндірісін ашты Кеше, 11:10 Аудандық газеттердің мәселесін Астанада талқылаймыз — Дархан Қыдырәлі Кеше, 10:30 LOADING... Ең оқылымды 1 жастан 6 жасқа дейінгі әрбір балаға көмек тағайындалады 11.11.2022 Аршалыда төтенше жағдай жарияланды 12.11.2022 Белгілі сатирик Көпен Әмірбек өмірден өтті 09.11.2022 Желтоқсан айының басында қатты аяз болады 30.11.2022 Желтоқсанда ауа райы қандай болтыны айтылды 01.12.2022 Алдағы күндері 34 градусқа дейін аяз болады 02.12.2022 Доллар бағамы қымбаттады 21.11.2022 Футболдан ӘЧ: Бүгінгі ойын кестесі жарияланды 01.12.2022 Ақпараттық агенттігі Жаңалықтар Деректі фильмдер Бейнедәріс Лонгрид Салт-дәстүр Өнер Спорт Ғылым Лайфхак Бизнес Отбасы Өзін-өзі тану Денсаулық Байланыс Портал материалдарын пайдалану ережелері Пайдаланушы келісімі Сайт картасы Мемлекеттік рәміздер «QazContent» » АҚ – Қазақстан Республикасының жетекші мемлекеттік ақпарат агенттігі Жаңалықтар Байланыс Сайт картасы Портал материалдарын пайдалану ережелері Пайдаланушы келісімі «Qazcontent» АҚ 2022 СИ El.kz 2022 жылдың 9 қыркүйегінде қайта есепке қойылды Куәлік № KZ17VPY00055207 Сайтта орналастырылған материалдарға барлық құқықтар ҚР «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» Заңға сәйкес қорғалған. Сайттың кез-келген материалын пайдалану кезінде ресурсқа гиперсілтеме көрсету міндетті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті билікке мемлекеттік жастар саясатын дұрыс жүргізуді тапсырған. Ол Мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып жастардың жұмыспен қамтылуын, жеке кәсіпкерлікпен айналысуын, ғылыммен шұғылдануын, жаплы қоғамда белсенді өмірге араласуын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап көрсеткен болатын. Оқи отырыңыз... ТҮРКІСТАН: ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫН ДАМЫТУ ЖОБАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ 29.11.2022 ТҮРКІСТАН: ӘЛЕУМЕТТІК ИДЕЯЛАР МЕН ЖОБА АВТОРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ 29.11.2022 ТҮРКІСТАН: «TURAN JASTARY» ФОРУМЫНДА ОБЛЫС ЖАСТАРЫ ҚАРАР ҚАБЫЛДАДЫ 28.11.2022 Миллиондық тұрғынының әрбір төртіншісі жастар болып отырған Шымкент қаласының әкімдігі жастарға барлық жағдай жасау үшін алуан түрлі жобаларды ұсынуда. «1000 сауда нүктесі» жобасы жас кәсіпкерлерге арналған. Жоба 2020 жылдың мамыр айында жүзеге асырыла бастады. Жобаға сәйкес қала аумағында кәсіпкерлерге байқау негізінде сауда және қызмет көрсетуге арналған киоскілер немесе дүңгіршіктер орнатуға жер телімдері беріледі. Жер телімдері кәсіпкерлерге қолайлы шарттармен ұсынылатын болады. Атап айтқанда кәсіпкер жылына шаршы метріне 21 141 теңге төлейді. Сауда нүктелерінің көлемі 6-40 шаршы метр аясында. Жер учаскесін пайдалану мерзімі – 10 жыл. Кәсіпкерге қойылатын басты шарт – нысан жеңіл конструкциядан салыну қажет және кәсіп түрі бизнес-жоспарға сәйкес болуы тиіс. Қазір қалада әр бұрышта тауарын сатып отыратын саудагерлер көп. Олардың бұл кәсібі көбіне заңсыз да болуы мүмкін. Сондықтан, оларға саудасын жүзеге асыруға ресми түрде мүмкіндік беру мақсатында жоғарыда аталған «1000 сауда нүктесі» жобасы қолға алынып отыр. Бұл жобаның бір артықшылығы – жерді жалдау құнының арзандығында. Кәсіпкерге қойылатын басты шарт – нысан жеңіл конструкциядан салыну қажет және кәсіп түрі бизнес-жоспарға сәйкес болуы тиіс. Шымкент қаласында тіркелген жеке кәсіпкерлер қатыса алады. Бизнестің барлық түріне рұқсат етілген, тек аксизді тауар өнімдерінен басқасына. Бағдарлама бойынша қосымша ақпаратты @shymkent_invest парақшасынан немесе Ерімбетов көшесі 304 г, «Заңғар» бизнес орталығы, Бизнеске арналған үкімет фронт-офисінен алуға болады. ShareTweetShareSendShareShare Добавить комментарий Отменить ответ Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены * Комментарий Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Соңғы жаңалықтар ТҮРКІСТАН: ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫН ДАМЫТУ ЖОБАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ 29.11.2022 ТҮРКІСТАН: ӘЛЕУМЕТТІК ИДЕЯЛАР МЕН ЖОБА АВТОРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ 29.11.2022 ТҮРКІСТАН: «TURAN JASTARY» ФОРУМЫНДА ОБЛЫС ЖАСТАРЫ ҚАРАР ҚАБЫЛДАДЫ 28.11.2022 Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.
Америка Құрама Штаттарының әдебиеті негізімен ағылшын тілді болып келеді, мигранттардың ұлтына байланысты басқа тілдердегі әдебиет те қалыптасқан, сондай-ақ байырғы халықтардың ауызша айтып жүрген жыр-аңыздарын да бұған жатқызуға болады. Мазмұны 1 Отарлық кезең 2 Америкалық төңкеріс кезеңі 3 Тәуелсіздік алғаннан кейін 4 XIX ғасыр 5 XX ғасырдың басы 6 II дүниежүзілік соғыстан кейін 7 Нобель сыйлығын алған америкалық авторлар 8 Дереккөздер 9 Тағы қараңыз Отарлық кезең[өңдеу | қайнарын өңдеу] Бастапқыда Америкада ағылшын, франциялық, испан, неміс, тағы басқа ұлттардың әдебиеттері қатар дамып отырған. Мысалы, Пенсильванияда алғашқы кітап неміс тілінде шыққан еді, және төңкеріске дейін бұл барлық америкалық отарлардағы ең үлкен басылым болған деп саналады.[1] Ал үндістер тайпаларының әрқайсысында өзіне тән ауыз әдебиеті дәстүрлері қалыптасқан болатын. Бірақ континенттегі саяси өзгерістермен бірге ағылшын тілі біртіндеп ортақ әдеби тілге айнала бастады. Осы кезеңнің шығармалары көбінесе христиандық діни тақырыпта болады, кейін біртіндеп тарихи және саяси тақырыптармен толығады. Қоныстанушылардың үндістермен қатынастарын және қақтығыстарын суреттейтін шығармалар да пайда бола бастады. Джон Уинтроп, Уильям Брэдфорд, Томас Мортон, Александр Уитакер, Бенджамин Чёрч, Коттон Мэзер сияқты есімдер көпке таныла бастады. Франклиннің автобиографиясы Америкалық төңкеріс кезеңі[өңдеу | қайнарын өңдеу] Тәуелсіздік үшін соғыспен (1775–83) байланысты болған бұл кезең Бенджамин Франклин, Александр Гамильтон, Томас Пейн, Томас Джефферсон сияқты саясаткерлердің әлеуметтік еңбектері жариялануымен ерекшеленеді. Франклиннің автобиографиясы мен альманахы (Poor Richard's Almanac) америкалық ұлттық сананың қалыптасуына әсер етсе, Пейннің Common Sense пен The American Crisis памфлеттері сол заманның саяси талқылауларына бағыт берген. Филип Морен Френоның соғыс жайындағы поэмалары да жалпы ұлттық пікірталасқа едәуір әсер етті. Тәуелсіздік алғаннан кейін[өңдеу | қайнарын өңдеу] 1789 жылы алғашқы америкалық роман болып есептелетін Уильям Хилл Браунның The Power of Sympathy (Симпатия күші) атты кітабы шығады. Махаббат жолындағы жасалатын қателіктерді баяндайтын бұл кітап эпистолярлық жанрда жазылған еді. 1797 жылы Ханна Уэбстер Фостердің The Coquette: Or, the History of Eliza Wharton атты сентименталды романы шығады. Мұнда адал мен бұзық екі жігіттің біреуін таңдай алмаған келіншектің соңында жаңа туылған сәбимен жалғыз қалғаны баяндалады. 1798 жылы Чарльз Брокден Браунның Wieland романы, ал келесі жылы Ormond, Edgar Huntly, Arthur Mervyn атты готикалық шығармалары шығады. Шытырман оқиғалы жанрда Хью Генри Брэкенриджтің Modern Chivalry (1792-1815) және Табита Гилман Теннидің Female Quixotism (1801) атты шығармалары шығады.[2] XIX ғасыр[өңдеу | қайнарын өңдеу] Саннисайдтағы Вашингтон Ирвинг және оның әдебиетші достары, 1864 1809 жылы Америка әдебиетінің классигі Вашингтон Ирвинг өзінің A History of New-York from the Beginning of the World to the End of the Dutch Dynasty (Дүниенің пайда болуынан бастап голландиялық династияның соңына дейінгі Нью-Йорк тарихы) атты тұңғыш романын жазады. Ағылшын-америка соғысынан (1812-15) кейін әдебиетте және жалпы өнерде Ескі дүниенің дәстүрлерінен арылу үрдісі кең өріс алды. Ирвингтің 34 әңгімеден тұратын Нобайлар кітабы шықты. Уильям Каллен Брайант Жаңа дүниенің табиғатын тамсандыра суреттейтін өлеңдерін жазады. Джеймс Фенимор Купер өзінің атақты Былғары Шұлық туралы хикаяларын бастайды. Жазушы әрі сыншы Джон Нил Логан, жанұяның тарихы (1822), Жетпіс алты (1823), Рэндольф (1823), Джонатан ағай (1825), Рэйчел Дайер (1828, Салем мыстандары туралы алғашқы роман) кітаптарын жазады. Ол Ирвинг пен Куперді ағылшын жазушыларына еліктегені үшін сынап, америкалық автор «жетістікке жету үшін ешкімге ұқсамауы керек»[3] деген пікірді білдірген. Эдгар Аллан По Марк Твен, 1907 Детектив пен хоррор жанрларын ойлап тапқандардың бірі болып саналатын Эдгар Аллан По 1832 жылы өзінің новеллаларын жаза бастайды. Қызыл өлімнің бетпердесі, Ашер үйінің құлауы, Қара мысық, Морг көшесіндегі кісі өлімі, Алтын қоңыз сияқты әңгімелерінде ол жан түршігерлік, мистикалық немесе психологиялық әдістерді шебер пайдаланады. 1836 жылы бұрын министр қызметін атқарған Ральф Уолдо Эмерсон Табиғат атты шығармасын жазып, әдебиетте трансцендентализм бағытын ашты. Бұл бағыттың көрнекті өкілі және Эмерсонның досы Генри Дэвид Торо 1854 жылы Уолден, немесе тоғайдағы өмір атты мемуарларын бастырып шығарады. 1837 және 1842 жылдары Натаниел Готорн өзінің Қайта айтылған әңгімелер екітомдығын шығарады. Ал 1850 жылы оның Алқызыл әріп атты классикалық романы басылады, онда қоғамнан қуылған зинақор әйелдің драмасы суреттеледі. Готорнның шығармашылығы Герман Мелвиллге үлкен әсер етті, және ол өзінің атақты Моби Дик романын (1851) досының кемеңгерлігіне арнап жазғанын ескертті. По, Готорн және Мелвиллді қараңғы романтизм бағытының өкілдері ретінде қарастыруға болады. Аболиционизмге қатысты саяси теке-тірестер Уильям Ллойд Гаррисонды The Liberator газетін шығаруға, ал Гарриет Бичер-Стоуды әлемге кеңінен танылған Том ағайдың лашығы романын (1852) жазуға шабыттандырды. Осы уақытта бұрын құл болған адамдардың да шығармалары жариялана бастады: афроамерикалық Омар ибн Саидтің арабша жазылған автобиографиясы (1831), Гарриет Джейкобстың Құл қыздың өміріндегі оқиғалар кітабы (1861). Үндістердің де автобиографиялық пен көркем шығармалары пайда бола бастайды. 1829 жылы пеко тайпасынан шыққан Уильям Эпс өз өмірі жайындағы Орман баласы кітабын жариялайды. Ал 1854 жылы чероки тайпасының өкілі Джон Роллин Ридж Хоакин Муриетаның өмірі мен басынан кешкендері атты шығарманы бастырады, бұл Американың байырғы халықтары әдебиетіндегі алғашқы роман болып есептеледі. Ақындардың ішінен Уолт Уитмен мен Эмили Дикинсон оқырман қауымның ерекше назарын аудара алды, сондай-ақ Генри Уодсворт Лонгфелло мен Джон Гринлиф Уитьер өз өлеңдерімен танылды. Америкадағы азамат соғысы жайындағы аса әсерлі шығарманы 1895 жылы жас журналист Стивен Крейн жазды. Оның Айбынның алқызыл белгісі романы алғашқыда Қатардағы жауынгер Флеминг/Оның қилы-қилы шайқастары деген атаумен The Philadelphia Press газетінің бірнеше санында жарияланды, кейін жеке кітап болып басылды. XIX ғасыр әдебиетінің енді бір жарқын жұлдызы Марк Твен (шын аты — Сэмюэл Лэнгхорн Клеменс) болды. Ол Америкадағы сыншыл реализмнің пайда болуына әсер етті, 1876 жылы жазылған Том Сойердің басынан кешкендері және 1884 жылдың Гекльберри Финнің басынан кешкендері романдары әлемдік классикаға айналды. Сонымен қатар ол фантастикалық жанрдың дамуына да зор үлес қосты, бұның бір тамаша мысалы Патша Артурдың сарайындағы Коннектикуттан шыққан янки романы (1889) бола алады. XX ғасырдың басы[өңдеу | қайнарын өңдеу] Хемингуэй, 1918 XX ғасырдың басындағы АҚШ әдебиетінде Джек Лондонның Темір өкше, Мартин Иден, Қар қызы романдары; Теодор Драйзердің Керри қарындас, Ынталану трилогиясы, Америкалық трагедия шығармалары; Эптон Синклердің Джунгли, Көмір патшасы романдары; О. Генридің (шын аты — Уильям Сидни Портер) тамаша әңгімелері елеулі құбылыс болды. 1920-шы жылдар әдебиет әлеміне үлкен өзгерістерді әкелді. Жазушылардың көбі Бірінші дүниежүзілік соғысына қатысып, не одан зардап шегіп, өз тәжірибелерін шығармаларында пайдаланды.[4] Эрнест Хемингуэйдің Фиеста, Қош бол, қару!, Джон Дос Пассостың Үш солдат, Уильям Фолкнердің Солдаттың марапаты романдарынан халықтың соғысқа қарсы көңіл-күйі айқын көрінеді. Осы кезеңнің жас жазушыларын әдебиеттанушы әрі қаламгер Гертруда Стайн «жоғалған ұрпақ» деп атап кеткен. «Жоғалған ұрпақтың» тағы бір өкілі Фрэнсис Скотт Фицджеральд Ұлы Гэтсби мен Бұл нәзік түн романдарында өмірден алтын жауын күткен, бірақ үміттері үзілген жас буынның рухы қандай жағдайға келетінін өте әсерлі етіп суреттейді. Синклер Льюис те Басты көше, Бэббит, Эроусмит сияқты романдарында Америкадағы өмірді сыни көзқараспен көрсете білді. 1930 жылы ол Нобель сыйлығын иеленген алғашқы америкалық жазушы дәрежесіне жетті. 1930-шы жылдардың басындағы Ұлы тоқырау салдарын суреттеген Джон Стейнбек өзінің Қаһар (Ыза шоғы) романында Оклахоманың бір кедей жанұясының жоқшылықтан қашып, батысқа ауыр сапар жасағанын баяндайды. Натанаил Уэст сол кездегі қоғамды жатырқану мен торығу сезімдері билегенін Қара шегіртке күні романында ашып көрсетеді. II дүниежүзілік соғыстан кейін[өңдеу | қайнарын өңдеу] Харпер Ли Дж.Д. Сэлинджер Time журналының мұқа-басында, 1961 Американың Екінші дүниежүзілік соғысына қатысуын бейнелейтін шығармалардың ішінен Норман Мейлердің Жалаңаш және өлі, Джозеф Хеллердің Айла №22, Курт Воннегуттың Қасапхана №5 романдары көпке мәлім болды. Канададан АҚШ-қа көшкен Сол Беллоу өзінің Хендерсон, жаңбыр қожайыны, Оги Марчтың басынан кешкендері, Герцог романдарында америкалық қалалардың бейбіт өмірін және тұрғындардың жаңа тұрмысын көрсетеді. Өз шығармашылығы үшін ол Пулитцер сыйлығын, Нобель сыйлығын және National Medal of Arts медалін иеленді. 1950-1960-шы жылдары әдебиетте битниктер (немесе «қалжыраған ұрпақ») ағымы басым бола бастады. Олар нонконформизм мен экзистенциализмге негізделіп, шығармашылықтың жаңа пішіндерін және тақырыптарын ашуға тырысты. 1951 жылы Джером Дэвид Сэлинджер Қарабидайдағы ұстаушы романында 16 жасар Холденнің күрделеніп бара жатқан өмірде өз орнын табу жолындағы ізденістерін суреттейді. 1957 жылы Джек Керуак өз өмірінің негізінде Жолда романын жазады, онда екі достың мәшинемен елді аралағаны және олардың рухани ізденістері баяндалады. 1960 жылы Харпер Лидің расалық теңсіздікке арналған Құйқылжықты өлтіру романының шығуы қоғамдағы елеулі оқиғалардың бірі болды. Расалық тақырыпты афроамерикалық автор Ричард Натаниел Райт та жоғары көтереді. Ол өз шығармашылығын Том ағайдың балалары атты әңгімелер жинағынан бастап, кейін Америка баласы мен Ұзақ ұйқы романдарын жазады. 1960 жылы Джон Апдайк Rabbit, Run романында америкалық жаңа орта тап өкілінің келбетін суреттейді. 1971, 1981, 1990 жылдары шыққан сиквел-романдарда бұл хикая жаңа тақырыптармен толығады, соңғы екі романның әрқайсысы Пулитцер сыйлығымен марапатталды. 1975 жылы постмодернизмнің алғашқы өкілдерінің бірі Уильям Гэддис сатираға толы J R романын шығарады. Бұл үшін ол National Book Award for Fiction сыйлығын алады. 1994 жылы шыққан A Frolic of His Own романы да осы сыйлыққа ие болады. 1977 жылы Тони Моррисон Соломон әні романын жазады, мұнда ол мультимәдени ортадағы жас адамның есею кезеңін бейнелейді. Ал 1987 жылы Билавд романында ол Азамат соғысы кезеңіндегі афроамерикалық әйелдің өмірін мистикалық тұрғыдан көрсетіп жазады. 1985 жылы Кормак Маккарти Қанды меридиан атты вестерн романында сыйақы үшін үндістерді қырған топтың адами келбеттен ада болып баруын бейнелейді. 1992-1998 жылдары оның Шекара трилогиясына енетін кітаптары басылып, оқырмандар мен сыншылардың көңілінен шықты және бірнеше әдеби сыйлыққа ие болды. 1997 жылы Дон Делиллоның Underworld романында Қырғи қабақ соғысы кезіндегі Американың тұрмыстық суреттері ұсынылады, сондай-ақ Қазақстандағы ядролық қалдықтарды сақтау нысандары сөз етіледі. Жазушының бұдан басқа White Noise (1985), Mao II (1991), Falling Man (2007) деген танымал романдары бар. Нобель сыйлығын алған америкалық авторлар[өңдеу | қайнарын өңдеу] Толық мақаласы: Әдебиет саласында Нобель сыйлығының лауреаттарының тізімі 1930: Синклер Льюис (жазушы) 1936: Юджин О’Нил (драматург) 1938: Перл Бак (жазушы, биограф) 1948: Т.С. Элиот (ақын, драматург) 1949: Уильям Фолкнер (жазушы) 1954: Эрнест Хемингуэй (жазушы) 1962: Джон Стейнбек (жазушы) 1976: Сол Беллоу (жазушы) 1978: Исаак Башевис-Зингер (идишше жазған жазушы) 1987: Иосиф Бродский (ағылшынша және орысша жазған ақын) 1993: Тони Моррисон (жазушы) 2016: Боб Дилан (әндердің авторы) 2020: Луиза Глюк (ақын) Дереккөздер[өңдеу | қайнарын өңдеу] ↑ Baym, Nina, ed. The Norton Anthology of American Literature. New York: W.W. Norton & Company, 2007. ↑ Campbell, Donna M. The Early American Novel: Introductory Notes. Literary Movements, 2008. ↑ Neal, John (1828). Rachel Dyer: A North American Story. Portland, Maine: Shirley and Hyde. pp. xii, xviii. ↑ Hazel Hutchison, The War That Used Up Words: American Writers and the First World War (Yale University Press, 2015) Тағы қараңыз[өңдеу | қайнарын өңдеу] Қазақша Уикипедияда «АҚШ» порталы бар Америка әдебиеті — «Мұхтар Әуезов энциклопедиясындағы» мақала Пулитцер сыйлығы — АҚШ-тағы әйгілі журналистік және әдеби сыйлық Modern Library 100 Best Novels «https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=АҚШ_әдебиеті&oldid=2977529» бетінен алынған Санаттар: АҚШ әдебиеті Ағылшын тілді әдебиет АҚШ мәдениеті Навигация мәзірі Жеке құралдар Кірмегенсіз Талқылау Үлесім Тіркелу Кіру Аттар кеңістіктері Бет Талқылау kk kk Кирил Latın توتە Кирил (Қазақстан) kk-TR kk-CN Көріністер Оқу Өңдеу Қайнарын өңдеу Өңделу тарихы Тағы Шарлау Басты бет Қауымдастық порталы Жуықтағы өзгерістер Жаңа беттер Кездейсоқ бет Видео сабақтар Анықтама Форум Талқылау легі Телеграм арна Қателер туралы хабарлау Демеу беру Құралдар Мұнда сілтейтін беттер Қатысты өзгерістер Арнайы беттер Тұрақты сілтеме Бет ақпараты Беттен дәйексөз алу Уикидерек элементі Баспа/экспорт PDF ретінде жүктеп алу Басып шығару нұсқасы Басқа жобаларда Ортаққор Басқа тілдерде العربية Asturianu Azərbaycanca Беларуская Български বাংলা Bosanski Català Čeština Dansk Deutsch Ελληνικά English Español Eesti Euskara فارسی Suomi Français हिन्दी Hrvatski Magyar Bahasa Indonesia Italiano 日本語 ქართული 한국어 Kurdî Latina മലയാളം Nederlands Norsk bokmål ਪੰਜਾਬੀ Polski پنجابی Português Русский සිංහල Simple English Slovenčina Slovenščina Српски / srpski Svenska தமிழ் Tagalog Türkçe Українська Oʻzbekcha/ўзбекча Tiếng Việt Winaray 中文 Bân-lâm-gú Сілтемелерді өңдеу Бұл беттің соңғы рет өзгертілген кезі: 2022 ж. қаңтардың 23, 12:33. Мәтін Creative Commons Attribution-ShareAlike лицензиясы аясында қолжетімді; қосымша шарттар қолданылуы мүмкін. Бұл сайтты қолдану арқылы Қолдану шарты және Құпиялық саясатымен келісесіз. Wikipedia® Wikimedia Foundation, Inc. коммерциялық емес ұйымының тіркелген сауда маркасы.
Бауыр басу теориясын ағылшын психиатры, психоаналитик Джон Боулби ойлап шығарған. Бұрын нәресте физикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін анасымен байланыс құрады делінсе, Боулби бұл байланыстың қоршаған ортаға бейімделуі үшін қажет екенін қосты. Сондай-ақ, ол сәби үнемі іздейтін "ең жақын адам" түсінігін енгізді. Егер бала ұзақ уақыт өзі үшін маңызды адаммен байланысқа шықпаса, бұл оның психологиялық жарақат алуына әсер етеді. Джон Боулбидің баяндамасынан кейін Еуропа мемлекеттерінде бала тәрбиесіне қатысты көп өзгеріс енгізілді. Дәлірек, ата-аналарға балалар ауруханасына кіруге рұқсат берілді, 24 сағат жұмыс істейтін балабақшалар жабылды және бала күтіміне байланысты демалыс түрі көбейді. Бұдан кейін бауыр басу теориясының қағидаттары айқындалды: Балада туа салысымен пайда болатын бірінші деңгей – сезім мүшелері арқылы бауыр басу. Шақалақ ең жақын адамының қасында екенін сезінуі тиіс. Сәби екі жасқа толғанда екінші деңгейге өтеді – бауыр басу сезімін ең жақын адамына ұқсау арқылы нығайту. Бала өзі жақсы көретін адамдардың мінез-құлқын қайталай бастайды. Үшінші жылға сәйкес келетін үшінші деңгей – бауыр басудың адалдық арқылы көрініс табуы. Бала ең жақын адамын айналасындағылардан қызғана бастайды, оның жалғыз "иесі" болғысы келеді. Төртінші деңгей (4 жас) – балада өзінің ең жақын адамының өмірінде маңызды рөл ойнайтынына сенімділіктің пайда болуы. Ол өзін бағалағанын қалайды. Бесінші деңгей – бала махаббаттың не екенін ұғына бастайды. Жақсы көретінін айтып, жүректің суретін сала бастайды. Алтыншы деңгей бұл кезеңде бала ең жақын адамымен бар сырын бөлісіп, өзін еш сынсыз қабылдағанын қалайды. Оқи отырыңыз: 30 жылда ерлердің ұрығы 3 есе әлсіреген. Бедеуліктің емі бар ма? Иллюстрациялық фото: Depositphotos.com Осы орайда, отандық психоаналитик Жұлдыз Төлеу бала мен ең жақын адамының арасында ерекше байланыстың қалай түзілетінін түсіндірді. Бауыр басу дегеніміз не? "Бұл бала мен оның ең жақын адамының арасында пайда болатын берік эмоционалдық байланыс. Әдетте мұндай байланыс балаға базалық қамқорлық танытып, қиналғанда бірінші болып қасынан табылатын адаммен түзіледі. Мұндай адамның жанында бала өзін қауіпсіз сезінеді, оған ұқсағысы келіп, мінез-құлық моделін көшіреді. Одан толық автономия болу үшін қажеттінің барлығын алуға тырысады", – деді Жұлдыз Төлеу. Бауыр басуға не нәрсе кері әсер етеді? "Әке-шешесі тірі бола тұра олардан ажырап қалу – бала үшін жазылмайтын жара. Қазақстанда физикалық зорлық-зомбылық көрсеткені үшін баласын тартып алып, жетімдер үйіне өткізді. Оны осындай бір отбасы асырап алды" деген сарындағы жаңалықтар көп. Бірақ балаға күш көрсетуден гөрі, ата-анасынан айырылып қалу ауырырақ тиеді. Зорлық-зомбылықты жақтап тұрғаным жоқ. Бар болғаны проблемаға жан-жақты қарау қажет. Ешуақытта ата-ана өзінің туған баласына жамандық жасамайды. Ал теріс әрекеттері бұл жоспарсыз жүктілік, психологиялық сауат деңгейінің төмендігі, көп жағдайда материалдық жағдайының нашар болуы. Осының барлығы отбасындағы ұрыс-керіске алып келеді. Осы проблемаларды шешуге мемлекет тарапынан қажет деңгейде көмек көрсетілмей отыр", – деді маман. Психоаналитиктің айтуынша, баланың өзін қауіпсіз сезінуі тікелей жанындағы адамға байланысты. Яғни ол сұрапыл соғыстың ортасында жүріп-ақ өзін бақытты сезіне алады. Бұл үшін анасының аялы алақаны жеткілікті. "Шетел емес, Қазақстанның өзінде бала жансақтау бөліміне түсіп қалса, оған жақын адамдарын кіргізбейді. Дәрігерлер инфекция жұқтырады деген себеп айтады. Жаңа босанған анаға да шақалағын бермей алып кетеді, әйел адам демалсын, дейді. Бірақ дәл осындай сәттерде бала үшін ең жақын адамының қасында болуынан артық ем жоқ", – деді Жұлдыз Төлеу. "Бауыр басу" қағидаттарының төртінші деңгейінде, яғни бала төрт жасқа толғаннан кейін ең жақын адамының өзін бағалағанын қалайтыны туралы айттық. Ал баланың ерекше өтініштеріне құлақ асу оған өзін түсінетініне сигнал іспетті. Мұндай естеліктер кейін есейгенде демеу болады, дейді маман. Оқи отырыңыз: Балаға ақша жинау мен жұмсауды қалай үйреткен дұрыс? Психолог кеңесі Бауыр басудағы ер адамның рөлі қандай? "Скандинав елдеріндегі тренингтерді қараған кезде ер адамдардың көбірек екенін байқаймын. Бұл қазақ қоғамында әкелерге баласының эмоциналдық күйі бәрібір деген сөз емес. Көп жағдайда авторитар модельдегі отбасылар көп болатындықтан, олар негізінен материалдық қажеттіліктерді бірінші орынға қоятыны түсінікті. Бірақ соңғы зерттеулерге сүйенсек, бала тәрбиесіне әкесі көбірек араласқан отбасыларда бәрінің де бақыттырақ екенін көреміз. Біз де осы модельге келеміз деп ойлаймын. Өйткені, қазір әлемнің көптеген елінде әлеуметтік-тұрмыстық деңгейі орташа отбасылардың азырақ жұмыс істеуіне көңіл бөлініп жатыр. Яғни ерлі-зайыпты үйге шаршап келіп, бірден ұйықтап қалатындай емес", – деді Жұлдыз Төлеу. Ата-аналар қандай қателіктерге бой алдырады? "Қателесуден қорықпау мен өз өмірін сүруден артығы жоқ. Кем-кетіксіз өмір болмайды. Өкінішке орай, көп ата-ана "Өзімде болмағанды балама берсем, ол бақыттырақ болады" деп жанталасады. Әсіресе, әйел адамдар отбасы мен баласы үшін өмір сүреді. Карл Густав Юнг айтқандай, бала үшін ата-анасының өз өмірін сүрмеуден артық ауыртпашылық жоқ. Бауыр басу процесі кітап немесе осы секілді сұхбаттарды оқып алып жүзеге асыратын дүние емес. Басқалардың, тіпті, психолог мамандардың кеңесінен бұрын адам ішкі түйсігіне сенім арта білсе игі еді", – деді психоаналитик. Читайте новости без рекламы. Скачайте мобильное приложение informburo.kz для iOS или Android. Поделиться: Если вы нашли ошибку в тексте, выделите её мышью и нажмите Ctrl+Enter Если вы нашли ошибку в тексте на смартфоне, выделите её и нажмите на кнопку "Сообщить об ошибке" Психология Сообщить об ошибке Популярное в нашем Telegram-канале 1 🚗Легализация иностранных авто в Казахстане: куда обращаться и какие документы нужно предоставить 13307 1 11 2 "Весь город порвало". Что происходит в Экибастузе 10417 6 42 3 ⚡️В Кызылорде осудили участника январских событий, направившего "КамАЗ" на военных 4368 2 62 4 📱Тюрьма в Таразе на четыре дня оставила без связи и интернета 100 тысяч горожан 4233 2 45 5 🆘Куда обращаться жителям Экибастуза за возмещением ущерба 4210 0 24 6 📹⚠️В Таразе с 1 декабря запустят систему "Сергек" 4029 1 29 7 В Узбекистане начался суд над обвиняемыми в попытке захвата власти 3766 0 40 8 МИД прокомментировал слухи о том, что Токаев и Макрон обсуждали дело Мухтара Аблязова 3842 1 23 9 📽🍿Непопкорновое кино. Какие фильмы можно посмотреть на фестивале "Бастау" в Алматы 3540 0 14 10 Как перейти на ОСИ или ПТ, если председатель КСК этому препятствует 3556 6 18 Популярное в нашем Telegram-канале 1 🚗Легализация иностранных авто в Казахстане: куда обращаться и какие документы нужно предоставить 13307 1 11 2 "Весь город порвало". Что происходит в Экибастузе 10417 6 42 3 ⚡️В Кызылорде осудили участника январских событий, направившего "КамАЗ" на военных 4368 2 62 4 📱Тюрьма в Таразе на четыре дня оставила без связи и интернета 100 тысяч горожан 4233 2 45 5 🆘Куда обращаться жителям Экибастуза за возмещением ущерба 4210 0 24 6 📹⚠️В Таразе с 1 декабря запустят систему "Сергек" 4029 1 29 7 В Узбекистане начался суд над обвиняемыми в попытке захвата власти 3766 0 40 8 МИД прокомментировал слухи о том, что Токаев и Макрон обсуждали дело Мухтара Аблязова 3842 1 23 9 📽🍿Непопкорновое кино. Какие фильмы можно посмотреть на фестивале "Бастау" в Алматы 3540 0 14 10 Как перейти на ОСИ или ПТ, если председатель КСК этому препятствует 3556 6 18 Серіктестер жаңалықтары Орфографическая ошибка в тексте: Отмена Отправить Алматы жаңалықтары Астана жаңалықтары Шымкент жаңалықтары Қарағанды жаңалықтары Павлодар жаңалықтары Ақтөбе жаңалықтары Атырау жаңалықтары Орал жаңалықтары Технологиялар Жарнама Байланыс Informburo.kz туралы Сайт ережелері Сайт картасы Онлайн заңгер informburo.kz әлеуметтік желілерде: Скачать мобильное приложение "Инфополис" ЖШС, 2015 – 2022. Құқықтардың бәрі қорғалған. Материалдарды "Инфополис" ЖШС жазбаша рұқсатымен ғана пайдалануға болады БАСТЫ БЕТ ЖАҢАЛЫҚТАР ҚОҒАМ ТҮСІНДІРМЕ ПАЙДАЛЫ КЕҢЕС ТАНЫМ ПІКІР Мобильді қосымшаны жүктеу Жарнама Байланыс Informburo.kz туралы Сайт ережелері "Инфополис" ЖШС, 2015 – 2022. Құқықтардың бәрі қорғалған. Материалдарды "Инфополис" ЖШС жазбаша рұқсатымен ғана пайдалануға болады
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман бола алатын деңгейге көтерілу болып табылады. Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» деп атай отырып, мемлекет болашағы жастарда, сондықтан студент жастарға тек білім беріп қана қоймай, тәрбиелі, дені сау, егемен елдің дамуы мен өркендеу жолында талмай еңбек ететін азамат етіп тәрбиелеу қажеттігін нақты міндет етіп қойып отыр. Жастар тәрбиесі – қоғамның өзекті мәселесі. Өскелең ұрпақты тәрбиелеу – мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды істердің бірі. Тәрбие ісі және жастар сая­саты департаменті ҚР Конс­титуция­сын, ҚР Президентінің жыл сайын­ғы жолдауларын, мем­лекет­тік стратегиялық бағдар­ламалар­ды, ҚР Білім және ғылым ми­нистр­лігі бағдарламаларын және университеттің 2015-2020 жыл­дарға арналған стратегиялық даму жоспарын негізге ала отырып, жұмыс атқарады. Қазақстан Республикасы БжҒМ «Үздіксіз білім беру жүйе­сіндегі тәрбие тұжырымда­ма­сын­да» көрсетілген тәрбие жұ­мы­сының он бағытында дене тәр­биесі және салауатты өмір салтын қа­лыптастыру, мәдени-эстетикалық және полимәдениет­тілік тәрбие беру, студенттің өзін-өзі басқару жүйесі және жастар бастамаларын дамыту бағыттары қамтылған. 2014-2015 оқу жылы бары­сында жастардың дене тәрбиесі және саламатты өмір салтын қалыптастыру бағытында – 132, рухани-адамгершілік бағы­тында – 174, мәдени-эстетикалық және полимәдениеттілік тәрбие беру бағытында – 144, Студенттік өзін-өзі басқаруды және жастар бастамасын дамыту бағытында 146 іс-шаралар атқарылды. Университет жастарының мәдени-эстетикалық талғамын арттыру мақсатында жүйелі түрде театрлық қойылымдарға, концерт­тік бағдарламаларға мейлінше тарту жұмыстары жүргізіліп оты­рады. Студент жастардың шы­ғармашылық талабы мен спорттық қызығушылығын қолдау және дамыту мақсатында универ­ситетте көптеген мүмкіндіктер мен жағ­дайлар қарастырылған. Университет базасындағы «Денсаулық», «Буревестник» спорт кешендері, керекті заттар­мен жабдықталған спорт залдары, университетке қарасты «Технолог» лагері, «Университет» газеті, «ОҚМУ ТВ» телестудиясы студент жастардың интеллектуалдық, рухани-адамгершілік, спорттық, шығармашылық қасиеттерін дамыту мен арттыруға үлес қосып, мүмкіндіктерін арттырады. Университет жастар орталы­ғында студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, жастар уақытын тиімді пайдалану, жастар бойында патриоттылық пен аза­маттық жауапкершілігін арттыру мақсатында қоғамдық-саяси идео­логиялық бағыттардағы студенттік өзін-өзі басқару «Студенттік кеңесі», «Мәңгілік ел» қоғамдық жастар бірлестігі, «Қазақстан сту­денттер альянсы» РСҚ, «Жас отан» жастар қанаты, «Ақиқат» пікір-сайыс орталығы, «Достық» клубы, кәсіптік еңбек және еңбекке баулу бағытында «Жасыл ел», «Студенттік құрылыс жасақ­тары» жұмыс атқаруда. Бүгінгі таңда 4000-ға жуық жастар аталмыш ұйымдарға мүше. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәңгілік ел» идеясы – Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Университет жастары «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы аясында бүкіл Қазақстандық жастарды біріктіру мақсатында Жастар қозғалысын құру туралы бастама көтеріп, республикалық «Мәңгілік ел» Жастар қозғалысы» қоғамдық бірлестігін құрды. Бүгінгі таңда университет студенттері «Мәңгілік ел» Жастар қозғалысы» қоғамдық бірлестігі аясында көптеген игі істерді жүзеге асыруда. Президент Н.Назарбаев әр жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында саламатты өмір салтын сақтау, дене тәрбиесі мен спортқа деген өзінің жеке пікірле­рін атап көрсетеді. Университетте бірнеше оқу-сауықтыру орталығы мен спорт клубы жұмыс жасайды. Универ­ситетте «Дене тәрбиесі мен спорт арқылы студенттерді сауық­тыру­дың бағдарламасы» жасалған. Студенттерге спортпен айналысу үшін барлық мүмкіндіктер жасал­ған. Оқудан тыс уақытта студент­тер «Буревестник», «Денсаулық», №10 оқу ғимараттарындағы спорт кешендері мен спорт залдарында кәсіби және әуесқой спорт түр­лерімен айналыса алады. Бүгінгі күні барлығы 21 спорт­тық секциялар бойынша 4000-нан аса студенттер спорттық шебер­лігін шыңдап жүр. Университетте 157 студент – ҚР спорт шеберлері, 17 Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, 257 спорт шеберлігіне кандидаттар және 1000-ға жуық студенттер спорт түрлерінен жетістіктерге ие. Сонымен қатар 21 спортшы – ҚР чемпиондары, 16 спортшы – Халықаралық жа­рыс­­тардың чемпиондары, 33 сту­дент облыстық, қалалық жарыс­тардың чемпиондары атанған. 2014-2015 оқу жылы барысын­да тікелей ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен ашыл­ған шағын футболдан рес­пуб­ликалық «Студенттік ұлттық лигасы» чемпионатында универ­ситет студенттері мен оқытушы­лары белсенді атсалысты. «Ұлы отан соғысының 70 жылдығы» мен «Қазақстан халқы ассамблеясына 20 жыл» толуына орай спартакиада, жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Денсаулық» спартакиадасын ұйымдастырды. Ағымдағы жыл­дың қараша айында «Қазақ хан­дығының 550 жылдығына» орай факультет студенттері арасында спар­такиада салтанатты түрде ашылды. Университет жатақханала­рында студенттердің бос уақытын тиімді пайдалануына барынша жағдайлар жасалған. Акт залдары, кітапхана, компьютер сыныптары көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысатын студенттердің өнерін шыңдауға, сайыстар өткізуге, білімдерін жетілдіруге мүмкіндік беріп отыр. «Жатақхана – өз үйім» тақыры­бында жыл сайын жүйелі түрде жатақханалар арасындағы сайыс өтіп, ондағы тазалық, безендірілуі, тәртіп т.б сапалары бойынша орындар беріледі. ҚР Президен­тінің Қазақстан халқына Жол­дауын талқылау және насихаттау жұмыстары, «Жаңа жыл», «8-Наурыз – халықаралық әйелдер күні», «Наурыз», «Ұстаздар күні» тағы басқа атаулы мерекелерге арналған іс-шаралар міндетті түрде ұйымдастырылып тұрады. Қазақстандағы «Жастар сая­саты туралы» Заңда жастардың денсаулығы үшін ортақ жауапкер­шілік қағидасы, зиянды әдеттерден бас тарту, салауатты өмір салтын ұстану бұрынғыша маңыздылығы жоғары болып отыр. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде бола­шақ мамандарды даярлау және жастар тәрбиесі саласында да осы қағидатты берік ұстануда. Студенттердің уақытын тиімді пайдалану, мәдениетін арттыру, көркемөнерпаздар және спорттық үйірмелерге тарту мақсатында барлық жағдайлар жасалған. Белсенді студенттерді тәжірибе алмасу мақсатында республика­дағы басқа ЖОО-ға іссапарларға жіберу, тынығу лагерлерінде демалыстар ұйымдастыру, мере­келік шараларда сыйақылармен марапаттау университет басшы­лығының студенттерге бейжай қарамайтындығының көрінісі болса керек. Автор: Е. БАЙҚОНЫСОВ, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың «Тәрбие ісі және жастар саясаты» департаментінің директоры Поиск Текст Категория Lifestyle Nur Otan ZAMEC'ATELЬNYE ZEMLI'aKI' Алматы облысы/Алматинская область Алматы Облысының Білім Басқармасы Аттестация ӘДЕБИЕТ Бала бақша / Детский сад Балқаш өңірі БИЗНЕС, ЖЕТЫСУ Білім және ғылым Білім саласы/Образование В мире Государство Жаңа технология / Новые технологии Жоғарғы білім / Высшее образование ЗАМЕЧАТЕЛЬНЕ ЗЕМЛЯКИ Замечательные земляки Кәсіптік білім / Професиональное образование Колледж Көкейтесті Қауіпсіздік Қоғам/Общество МӘДЕНИЕТ Медициналық/Медицина Мектеп / Школа НЗМ/НИШ Общество/Қоғам ОСМС/МӘМС ПРОИСШЕСТВИЯ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Служба 112 СОЦИУМ СПОРТ Талдықорған/Талдыкорган Текелі/Текели Финансы ЭКОНОМИКА Найти Последние новости 1 декабря 2022 149 0 АЙДАН СУЛЕЙМЕНОВА: ФОНД AYALA ОСНАСТИЛ ТРЕТЬ ВСЕХ ПЕРИНАТАЛЬНЫХ ЦЕНТРОВ КАЗАХСТАНА АППАРАТАМИ ГИПОТЕРМИИ 1 декабря 2022 9772 0 АЙДАН СҮЛЕЙМЕНОВА: AYALA ҚОРЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАРЛЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҮШТЕН БІРІН ГИПОТЕРМИЯ АППАРАТТАРЫМЕН ЖАБДЫҚТАДЫ
Алып қашудың құрбаны болған Жанат өмірінің дәл осы арнаға ауысатынын сезбеген еді… Болашағынан үміт күткен ару уақыт келе Азаматты сүйіп кететініне сенімді болатын... Азамат – отбасындағы алты баланың екіншісі. Ол жылдары әр балаға жеке-жеке той жасамайтын. Ағасы Асан шаңырақ көтермекші болғанда ата-анасының «бір оқпен екі қоян атамыз» дегеніне көніп, 2-3 айдың ішінде Азамат та үйленуге мәжбүр болды. Әскерден жаңа келген жігіттің кездесіп жүрген қызы да жоқ. Жан-жақтағы ағайын-туыстың барлығы Азаматқа лайық қызды іздеуге қауырт кірісті. Алыстағы бір жолдасының қарындасы Жанатты жігіттің теңі деп шешіп, екеуін таныстырды. Бір-екі кездесуден кейін тамыздың тамылжыған күнінде Жанатты алып қашып, келін етіп түсірді. Бәрі жаман емес. Жанат өзінің келіндік борышын атқарып, туған-туысқа жағуға бар ынтасымен кіріскен. Ата-анасынан еншісін алып кеткен жас отбасы пәтер жалдап, ауылдастарына сол үйдің моншасын жағып, тиын-тебен тауып, біреуден кейін, біреуден ілгері өмір сүріп жатты. Бар қуаныштары – өмірге келген ұлы мен қызы. Күндер соңынан күндер, жылдар соңынан жылдар жылжып өте берді. Алматыда тұратын туысқан ағасы Азаматты жұмысқа шақырған болатын. Екі қолға бір күрек тауып, тиянақтылығымен көзге ілікті. Табысы да жақсы. Сырт көзге бұл отбасында барлығы дұрыс сияқты көрінетін. Бірте-бірте олардың да сыры ашыла бастады. «Семіздікті қой ғана көтереді» деген рас екен. Жанаттың мінезі өзгеріп, туған-туысқа сыйластық дегенді мүлдем жоғалтты. Оның бар ойы – жастық шақта иелік ете алмаған махаббатты аңсау еді. Еңбекқор әйел болғанымен, үйде олпы-солпы болып, өзіне күтім жасауды білмейтін. Еркек жанарымен сүймеуші ме еді? Уақыт өте Азаматтың көзі қасындағы қыз-қырқынға түсе бастады. Күйеуінің жүрісін байқаса да, іштей тынып жүре берді.Отбасындағы қарым-қатынас шытынады. Көңілі түзге кеткен Азамат әйеліне жирене қарап, тырнақ астынан кір іздей берді. Осының бәріне куә болып жүрген қос құлыны әке мен ананың махаббатына зарығып, екі ортада солар зардап шеккен. Ал ерлі зайыптылар бұл уақытта бірін-бірі кінәлаудан арыға бара алмайтындай халге жеткен. Үйге келгенде алдынан күліп шығатын, жылуын шашатын адамның жоқтығынан еркегінің аяғы ол жаққа тартпайтын. Әйелі өз жағынан ешқандай қателікті көрмейді. Жарының басқа әйелмен көңіл жарастырғанын біле тұра, дер кезінде отбасын аман алып қалуға ешқандай шара қолданбай, бес-алты жыл өтіп, жағдай әбден ушыққан сәтте ортаға ағайындарды, одан қалса балаларын салды. Не керек, ағайын мен балалардың еш көмегі тимеді. Ақыр соңында екі жан ажырасып, екі жолға кетіп тынды. Азамат өзгемен бақытты да баянды өмір сүруде. Көлік, пәтер, дүние жинағандарымен қоймай, тағы бір сәбидің әкесі атанды. Жанат өзінің қателіктерін енді түсіне бастағандай. Күйеуінің көңілін тауып, күліп қарсы алып, асты-үстіне түсу керектігін тым кеш түсінді. Махаббатсыз әлем – қаңыраған үй сияқты. Онсыз тұтанған от лаулап емес, бықсып ұзақ жанады. Не жылуы жоқ, не айналасына сүйкімі жоқ, жер әлемді жағымсыз иісімен жаулайды. Асығыстықпен үйленуге мәжбүр болған екеудің тағдыры да жалынсыз от еді. Сол себепті уақыттарын да бақыттарын да жоғалтты… Дәл қазір Жанат алып қашудың құрбаны болғанына налиды. «Егер сүйгеніме қосылсам, бар қателігіне көз жұма қарар ма едім» деген ой да мазалайды… Азаматқа қояр міні де жоқ сияқты. Себебі ол да сүймеген жанға қосылып, өз өмірін бүлікке салған мыңдаған қазақ жігіттерінің бірі болды. Жанаттың өз өмірін еш бүкпесіз жариялаудағы мақсаты да біреу – ол артындағы сіңлілеріне алып қашудың құрбаны болып, барлығына көніп, өз өмірлеріне балта шаппауды ғана тілейді. Шапағат Қуатбекова Хайуан екеш хайуан да баласын қорғайды, анам хайуан құрлы болмады Беймаза енем әбден қажытып жіберді отбасы опасыздық әйел бақыты Сәйкес тақырыптар Таңғы 4-те баласымен бірге қала көшесін тазалап жүрген апай елді жылатты (видео) 03-12-2022 Мүмкіндігі шектеулі қыздың әні елді жылатты (видео) 03-12-2022 Үйленбеген азамат ажырасып келіп отқан менің қолымды сұрап жүр 03-12-2022 Уақыт тізбегі 06-12-2022«Turkistan» арнайы экономикалық аймағы арқылы қалаға инвестиция тартылмақ 05-12-2022Келесі Премьер кім? 05-12-2022Тасмағамбетовке түскен таңдау нені білдіреді? 05-12-2022Түркістан мен Шымкентте сенатордың шекпені кімге бұйырады? 05-12-20224 млрд.теңгеге әлеуетті 4 инвестициялық өңдеу жобасы пысықталуда 05-12-2022Қор болған қайран есім 05-12-2022256 азаматқа қайтарымсыз мемлекеттік грант қаражаттары ұсынылды 04-12-2022Валентин ағай (Әңгіме) 04-12-2022Полицейлер желіде танымал жастармен кездесіп, меморандумға қол қойды 03-12-2022Таңғы 4-те баласымен бірге қала көшесін тазалап жүрген апай елді жылатты (видео) 03-12-2022Мүмкіндігі шектеулі қыздың әні елді жылатты (видео) 03-12-2022Үйленбеген азамат ажырасып келіп отқан менің қолымды сұрап жүр 02-12-2022Баласы бар әйелге қалай үйленерімді білмей жүрмін 02-12-2022Мен неге түрік жігітіне ғашық болдым? 02-12-2022Орыстан әйел алып опық жеп жүрмін 02-12-2022Құрбым өмірімде бір болатын тойымның шырқын бұзып кетті 02-12-2022Еркектерге не жетпейді осы? 02-12-2022Баламды өз еркіммен перзентханаға тастап кеттім 02-12-2022«Төркініне тиын тасыған оңбайды» дейді, бірақ басқа амалым жоқ 02-12-2022Бұрын үйден әйел кетуші еді, еркек басымен өз үйінен безгені шаршатты байымның 02-12-2022Аяғым ауыр кезде күйеуім пышақ кезенді 02-12-2022Бейсенбай Тәжібаев Түркістан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды 02-12-2022Күйеуім өмірімде бір рет қол көтерген еді 01-12-2022Елімізде жұмыссыз жүрген ер адамдар азайып, әйелдер көбейген 01-12-2022Бу арқылы жылытып жатырмыз: Екібастұздың қазіргі ахуалы 01-12-2022Соңғы үш жылда 50 әскери қызметші суицид жасаған – Дана Нұржігіт 01-12-2022Нұра өзеніне батып кеткен көліктен жолаушыларды құтқарған азаматтарға 5 миллион теңге берілді 01-12-2022Қытайдың екі ірі қаласында жаппай наразылық салдарынан карантин талаптары жеңілдетілді 01-12-2022Байзақтағы жарылыста із-түзсіз жоғалған сержанттың сүйегі табылды 01-12-2022Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды МОБИЛДІ ҚОСЫМША БІЗ ТУРАЛЫ Біз туралы Бізбен байланыс Жарнама Материалдарды пайдалану шарттары Әлеуметтік желілеріміз: АҚПАРАТ Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың астық жинау науқанының табысты аяқталуына байланысты құттықтауы | Газета "Naqty" ("Заман жаршысы") Карасайская районная еженедельная общественно-политическая газета RU KZ Главная Новости История Архив (PDF) Рекламодателям Контакты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың астық жинау науқанының табысты аяқталуына байланысты құттықтауы 6 октября, 2020 Главная » Новости » Общество » Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың астық жинау науқанының табысты аяқталуына байланысты құттықтауы Құрметті ауыл еңбеккерлері! Баршаңызды астық жинау науқанының табысты аяқталуымен құттықтаймын! Биылғы егін егу науқаны коронавирус пандемиясы салдарынан елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты қиын жағдайда жүргізілді. Негізгі астық өсіретін облыстарда жаз маусымы жауын-шашынсыз, құрғақ болды. Күрделі жағдайда жұмыс істеуге тура келді. Соған қарамастан, еліміздің егіншілері ұйымшылдық танытып, ауыл шаруашылығы дақылдарын егуді уақытылы аяқтады. Нәтижесінде қамбаларымыз астыққа толды. Бүгінде ел өңірлерінде 20 миллион тонна көлемінде астық жиналды. Бұл еліміздің ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз етеді, сондай-ақ, экспорттық әлеуетімізді арттырып, Қазақстанның астық державасы мәртебесін сақтап қалуына мүмкіндік береді. Егін жинау науқаны бір айға ерте аяқталып, қоймаларға екі есе көп астық жиналды. Биылғы жиналған астықтың сапасы жоғары және барлық талаптарға сай келеді. Құрметті диқандар, сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің, агротехнологияны қатаң сақтағандарыңыздың және барлық күш-жігерлеріңізді жұмылдыра білгендеріңіздің арқасында осындай нәтижеге қол жеткізілді. Ауыл еңбеккерлерінің еңбексүйгіштігі мен табандылығы ауылды қайта түлетуге, шаруалардың тұрмысын жақсартуға зор ықпал етті. Агроөнеркәсіп кешенінің міндеттерін табысты шешудің негізі сіздердің жоғары біліктіліктеріңізге, таңдаған мамандықтарыңыз бен даңқты дәстүрге деген адалдықтарыңызда деп сенімді түрде айтуға болады. Қажырлы еңбегі мен диқаншылық міндетке деген адалдығы үшін барлық ауыл еңбеккерлеріне, ардагерлерге, өндіріс озаттарына ризашылығымды білдіремін!
Хақ Тағала қасиетті Құранның толықтай бір сүресін «Муминун» яғни, «мүміндер» деген атаумен атап, аталмыш сүренің алғашқы аяттары мұсылман мүминдерге тән сипаттармен басталған. Омар ибн Хаттаб (р.ғ.)-дан, Алланың Елшісі (с.ғ.с.): لَقَدْ أُنْزِلَ عَلَيَّ عَشْر آيَات مَنْ أَقَامَهُنَّ دَخَلَ الْجَنَّة " ثُمَّ قَرَأَ " قَدْ أَفْلَحَ الْمُؤْمِنُونَ " حَتَّى خَتَمَ عَشْر آياتٍ «Маған он аят түсті. Кім оларды орындаса жәннәтқа кіреді»,-деп, содан соң, «Шынында иман келтіргендер құтылды»,-дегеннен (бастап) оныншы аятты тәмамдағанға дейін оқыды». (Хадисті имам Тирмизи риуаят етті). Құранның тәпсіршісі Ибн Кәсир (р.х.) «Муминун» сүресінің бірінші аятын төмендегідей тәпсірлеген: «Алла Тағаланың: " قَدْ أَفْلَحَ الْمُؤْمِنُونَ " «Шынында мүминдер құтылды»,-дегені, яғни, жетістікке жетіп, бақытқа және құтылуға қол жеткізді. Олар мына сипаттармен сипатталған мүминдер»,-деп кейінгі аяттарда айтылған мүминдердің сипаттарына меңзеген. Бірінші сипат: * الَّذِينَ هُمْ فِي صَلَاتِهِمْ خَاشِعُونَ Олар, сондай мүміндер, намаздарында іштей жалбарынады. (2) Сахаба Ибн Аббас (р.х.) " خَاشِعُونَ "деген сөзді «Намаздарында қорқынышпен және тыныш тұрғандар»,- деп тәпсірлесе, шейх Мұхаммад Али ас-Сабуни: «Яғни, олар намаздарында Алланың ұлылығы мен құдыретінің алдында жүректерін үрей басып, мойынсұнған күйде қорқынышпен тұратындар»,-деп түсіндірген. Мұхаммад ибн Сирин (р.х.): كَانَ أَصْحَاب رَسُول اللَّه صَلَّى اللَّه عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَرْفَعُونَ أَبْصَارهمْ إِلَى السَّمَاء فِي الصَّلَاة فَلَمَّا نَزَلَتْ هَذِهِ الْآيَة " قَدْ أَفْلَحَ الْمُؤْمِنُونَ الَّذِينَ هُمْ فِي صَلَاتهمْ خَاشِعُونَ " خَفَضُوا أَبْصَارهمْ إِلَى مَوْضِع سُجُودهمْ «Алланың елшісінің (с.ғ.с.) сахабалары намазда көз жанарларын аспанға көтеретін еді. Алайда, " قَدْ أَفْلَحَ الْمُؤْمِنُونَ الَّذِينَ هُمْ فِي صَلَاتهمْ خَاشِعُونَ " деген аят түскен соң көздерін сәжде орындарына бағыттайтын болды»,-деген. Кейбір ғалымдар «Хушуғь» деген сөзді намазда денесінің бір бөлігімен ойнап тұрудан және артық қимылдан аулақ болу деп түсіндірген. Олардың келтірген дәлелі пайғамбарымыз (с.ғ.с.) намазда өзінің сақалымен ойнап отырған кісіні көріп: لَوْ خَشَعَ قَلْبُ هَذَا لَخَشَعَتْ جَوَارِحُهُ «Егер мынаның жүрегі тынышталғанда дене мүшелері тынышталар еді»,-деп ескерту айтқан. Әли ибн Әбу Толиб (р.ғ.): الَّذِينَ هُمْ فِي صَلَاتِهِمْ خَاشِعُونَ – деген аят жайында: «Хушуғь» ол – жүректе болады. Бұл – мұсылман адамға алақаныңды иіп, намазыңда (қажетсіз қимылдар жасамауың) жан-жаққа бұрыла бермеуің»,-деп айтқан. Екінші сипат: * وَالَّذِينَ هُمْ عَنِ اللَّغْوِ مُعْرِضُونَ Олар, пайдасы жоқ, бос нәрселерден бас тартатындар. (3) Аяттағы اللَّغْوُ «Әл-Лағу» сөзді Ибн Кәсир (р.х.) тәпсірінде: «Ширк пен күнәні қамтыған (батыл) жалған істер, сондай-ақ, пайдасыз сөздер мен істер жатады»,- деп тәпсірлеген. «Софуату әт-Тәфәсир» тәпсір кітабында: «Өтірік, балағат, әзіл сөздер», деп түсіндірілген. Хадисте: «Жаман сөз айтушы мен оны басқаларға жеткізуші күнәда тең» дейді. Тағы бір хадисте: «Мүмин жәннатқа кірмейінше жақсы сөзді тыңдаудан жалықпайды». «Мүмин басқаларды масқараламайды, әдепсіздік істемейді, ұятсыз болмайды және лағынет айтпайды». Демек, мүмин тек жақсы сөз сөйлеп, оған құлақ асып, өсек-аяңнан т.б. жаман сөздерден аулақ болады. Жаратқан Иеміз Фурқан сүресінің 72-ші аятында мүминдер жайлы былай деген: وَإِذَا مَرُّوا بِاللَّغْوِ مَرُّوا كِرَامً «Әрі олар өтірік нәрселерге қатыспайты және бос нәрселердің (пайдасыз бос сөздер мен істердің) жанынан өткенде, өз қадыр-абыройын сақтап өтеді» Үшінші сипат: * وَالَّذِينَ هُمْ لِلزَّكَاةِ فَاعِلُونَ Олар, зекеттерін береді. (4) Төртінші сипат: * وَالَّذِينَ هُمْ لِفُرُوجِهِمْ حَافِظُونَ Олар, ұятты жерлерін сақтайды. (5) Нағыз мүмин ары мен ұятты жерін зинадан сақтайды. Зина жасау мүміннің рухани жан дүниесін құрдымға жетелейтін арсыз іс. Адам зина жасаған сәтінде мүмін ретінде зина етпейді және шынайы мұсылман мұндай әрекетке бармайтыны жайында хадисте былай дейді: «Зина жасаған кісі зина жасаған кезде мүмін ретінде зина етпейді». ( Имам Бұхари). Ардақты пайғамбарымыздың ﴾с.ғ.с.) кепілдік берген өсиетіне аса мән беріп, жұмаққа жетелейтін амалды орындауға талпынайық. Ол жайында мына хадисте былай дейді: مَنْ يَضْمَنْ لِي مَا بَيْنَ لَحْيَيْهِ وَمَا بَيْنَ رِجْلَيْهِ أَضْمَنْ لَهُ الْجَنَّةَ «Маған мына екі нәрседе: екі жақ арасындағы тіліне және екі аяқтың арасына (әуретіне) жамандық жасамауға кепілдік берсеңдер, мен сендерге жәннатқа баратындарыңа кепілдік етемін». Бесінші сипат: * إِلَّا عَلَى أَزْوَاجِهِمْ أَوْ مَا مَلَكَتْ أَيْمَانُهُمْ فَإِنَّهُمْ غَيْرُ مَلُومِينَ Бірақ жұбайлары немесе меншіктілері болса, оларға сөгіс жоқ. (6) Яғни, мүминдер тек ұятты жерлерін некелі жұбайларына ғана арнайды. * فَمَنِ ابْتَغَى وَرَاءَ ذَلِكَ فَأُولَئِكَ هُمُ الْعَادُونَ Онда кім бұлардан басқаны іздесе, міне солар, шектен шығушылар. (7) Яғни, кімде-кім адал некелі әйелінен басқа ойнас пен зинаны қаласа Алланың дінінде шектен шығып, зор күнәға бой алдырады. Алтыншы сипат: * وَالَّذِينَ هُمْ لِأَمَانَاتِهِمْ وَعَهْدِهِمْ رَاعُونَ Олар, аманаттарын, уәделерін қорғаушы. (8) Хадисте: «Мүминнің әдептілігінен: сөйлегенде дұрыс сөз сөйлеу, сөйлеушінің сөзіне құлақ асу, кездескенде жайдары болу, уәде берсе уәдесінде тұру»,-делінген. Жетінші сипат: * وَالَّذِينَ هُمْ عَلَى صَلَوَاتِهِمْ يُحَافِظُونَ Олар, намаздарына ұқыпты. (9) Мүмин мұсылмандар намаздарына аса ұқыптылық танытып, өз уақытында өтейді. Абдулла ибн Масғуд (р.ғ.) айтты: «Мен пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) Алла Тағаланың алдындағы ең сүйікті амал қайсысы?- деп сұрадым. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): - Уақытында оқылған намаз,- деді. Міне, бойында осындай сипаттар табылған мүминдерді Алла Тағала фирдауыс жәннәтімен сүйіншілейді. * أُولَئِكَ هُمُ الْوَارِثُونَ Міне солар, мұрагерлер. (10) * الَّذِينَ يَرِثُونَ الْفِرْدَوْسَ هُمْ فِيهَا خَالِدُونَ Олар онда мәңгі қалатын фердауыс жәннатына мұрагер болады. (11) Бір хадисінде Алланың елшісі (с.ғ.с.) былай деген еді: «Жәннатта жүз дәреже бар. Ол дәрежелердің бірі мен екіншісінің арасы жер мен көк арасының ұзақтығындай. "Фирдаус жәннаты" – олардың ең үстіңгі қабатында тұрғаны. Жәннаттың төрт өзені осы жерден шығады. Оның үстінде Аршы бар. Егер Алладан жәннат сұрасаңдар, осы Фирдаусты сұраңдар». Жаратушы Хақ Тағала мүмінге тән сипаттар бойымыздан табылуын және фирдаус жәннатымен сүйіншіленген құлдардың қатарында болуды нәсіп етсін!
Сүйікті пайғамбарымыз: «Бір мұсылманды қуантқан адам Аллаһты қуантады» деген. Аллаһ сақтасын, бір мүминді ренжіткен адам да Аллаһу та'аланы ренжітеді. Адам қажылыққа барған кезінде қасиетті қағбаға қараса, ештеңе оқымаса да, сауап алады. Бір мұсылманның жүзіне сүйіспеншілікпен қарау да осындай. Тіпті бұл әрекет – Махшар күні Арштың астында көлеңкіде орын алуға себеп болатын ғибадат. Аллаһу та'аланың ең жақтырмайтын күнәларының бірі – адамды ренжіту. Кәпірді ренжіту де күнә болады. Аллаһу та'ала жаратқан бүкіл құлдары жайлы «Олар менің иялымдай» деген. Иял – үйдегі, жанұядағы адамдар деген сөз. Бір ата-ананың перзенті қаншалықты жаман болса да, басқа біреу тарапынан оның жазаландырылуы ата-ананы ренжітеді. «Маған айтпайсыз ба, жазасын өзім беретін едім ғой!» дейді. Аллаһу та'ала да ешбір құлына басқа құлын жазаландыру құқығын бермеген. Сотта қаралатын бір қылмыс істесе де, оның жазасын сот береді. Хадис құдсиде: «Жер мен көкке сыймаймын, бір мүмин (иманды) құлымның жүрегіне сыямын» делінген. Сондықтан, Аллаһқа деген сүйіспеншілікке толы болған жүрек өте қадірлі. Сүйікті пайғамбарымыз да: «Бір мүминді ренжіту қағбаны 70 рет құлатудан да үлкен күнә» деген. Бұған сенген адам қалайша өз нәпсі, өз зауқы үшін жаман ойлап, ғайбат айтып немесе жала жауып, дөрекі сөйлеп бір бауырының ренжуіне себеп бола алады? Сондай бір өмір сүріп жатырмыз, бұдан жүз жыл бұрын бұл дүниеде ешқайсымыз жоқ едік. Жүз жылдан кейін де ешқайсымыз болмаймыз. Яғни басы мен соңы жоқтық болған осыншама қысқа уақытқа бар болу кезі ренжітуге немесе ренжуге арзиды ма? Сіз оразалы едіңіз ғой!.. Мәулана Халид Бағдади хазреттері жаздың ыстық бір күнінде бірнеше шәкірттерімен бірге күндіз жолда кетіп бара жатқанда бір адам алдарынан шығып, су бергісі келеді, «Мырзам, Аллаһ разылығы үшін мына кеседен біраз су ішіңіз, аз мөлшерін қалдырыңыз! Мүминнен артылғандар – шипа. Әсіресе сіз сияқтылардан артылғандар шипаның үстіне шипа. Берекет болсын деп қалғанын қайтадан су ыдысына құямын» дейді. Мәулана Халид хазреттері кесені алып, біразын ішеді де, кесені қайтарады. Жолын жалғастырғаннан кейін шәкірті «Ұстазым, сіз бүгін ораза ұстаған едіңіз ғой» дегенінде, Мәулана Халид хазреттері: «Иә. Бірақ ол шын көңілімен сұрағаны соншалық, ол мұсылманды қалайша ренжіте аламын? Оны қуанту үшін істедім. Бұл оразам нәпіл еді, қайтадан қазасын ұстаймын» дейді. Намаз уақыты Сайтымыздың мүшелері Соңғы енгізілгендер Күнкөрісі қиындаған адам истиғфар айтуды тоқтатпасын! Ысыраптың жаман болуының себебі Ең үлкен ғибадат – уақытты босқа өткізбеу Өнерді қолдану Жалғанның соңынан қалмай жүгіресіңдер! Досқа насихат айту Жүрек қатайған кезде Басшы болудың жауапкершілігі Парызды орындамаудың күнәсі Досты қалай таңдаймыз? "Шәуаһид-ун нубуввә" кітабы КЕЙБІР САХАБАЛАР (алейһимурридуан) ТУРАЛЫ БӨЛІМ ИМАМ ХУЖЖӘТ МҰХАММЕД БИН ХАСАН (радиаллаһу анһ) info@islamdini.kz Біз туралы | Басқы бетке қосу | Таңдамалыға қосу | RSS | Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған. Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. Islamdini.kz ® 2008-2022
- Осы жылғы 27 сәуірде материалдық көмек сұрап Атырау қалалық әкімдігіне құжаттар тапсырдым. Әкімдік құжаттарды қалалық жұмыспен қамту бөліміне жолдаған. Содан бері қарай 6 ай уақыт өтті. Құжаттың жағдайы белгісіз. Телефон шалғанымда «ақша бөлінбей жатыр, бөлінген соң үйге хабар береміз» деп жауап берді. Бірақ, осы уақытқа дейін ақшалай көмек әлі берілген жоқ. Қамажай Абишева Атырау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының орынбасары Рая ОРАЛОВА: - Талқылау қорытындысы бойынша материалдық көмек беруге негіз болмағандықтан, Қ.Абишеваның сұранысын қанағаттандырмау туралы шешім қабылданды. Оның себебі, отбасының айлық ортақ кірісі жоғары болуынан. Ал жергілікті бюджеттен берілетін біржолғы материалдық көмек аз қамтылған, жанұялық кірісі белгіленген күнкөріс деңгейі мөлшерінен (19 332 теңге) аспайтын отбасыларына тиесілі. Әрбір арызданушының тұрмыстық жағдайын зерделеп, акт жасақтау тұрғылықты мекен-жайына тексеру арқылы жүзеге асырылады. Қ.Абишевадан түскен арыз бойынша әлеуметтік тұрмыстық жағдайын зерделеу жұмысы әлеуметтік қызметкер Қабиева Нұрсұлудың үйіне баруымен жасалып, актісі жасақталды. Материалдық көмекке өтініштер «Халыққа қызмет көрсету орталығы» арқылы қабылданады. Содан кейін қажетті құжаттарымен бірге қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырылады. Арыздардың жауабы 15 күнде беріледі, ал комиссияның отырысына ұсыну көмек беруге негіз болып саналатын құжаттардың толық жинақталуына қарай жүзеге асырылатындығын қаперіңізге береміз. 27 қазан 2011, 17:49 WhatsApp арқылы хабар жіберу Бөлісу: Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз. Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз. Басқа жаңалықтар Атырауда 8 жастағы оқушы суға батып бара жатқан балаларды құтқарып қалды Кеше, 23:51 219 просмотра Атырауда «Киік-2022» акциясы басталды 3 желтоқсан, 23:42 446 просмотра Көп балалы отбасыларға арналған тұрғын үй құрылысы барысында 330 миллион теңгені жымқыру тәуекелі анықталды 3 желтоқсан, 23:35 460 просмотра Атырауда көрермендерге ерекше әсер сыйлаған фестиваль өтті 3 желтоқсан, 23:22 453 просмотра Облыс әкімі еңбек биржасында жұмыссыздармен әңгімелесті 3 желтоқсан, 22:53 478 просмотра Атырауда ТЖД қызметкерлері суға батып бара жатқан итті құтқарды 3 желтоқсан, 22:44 433 просмотра Клебанов: "Екібастұздағы ЖЭС-тің табысы станцияны қамтамасыз етуге де жетпеді" 3 желтоқсан, 13:38 435 просмотра
Алматы облысы бойынша қазан айында медициналық сақтандыру қорына түскен жарналар 2,7 млрд теңгені құрады 2 апталар ago Жетісу облысы: Қазан айында медициналық сақтандыру қорына түскен жарналар 4,8 млн теңгені құрады 2 апталар ago 4,8 млн тенге составили поступления в Фонд медицинского страхования по области Жетісу в октябре 2 апталар ago Алматы облысы: Қоймалардағы көмір орташа бағамен 13-17,5 мың аралығында сатылып жатыр 3 апталар ago «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жетісу облысы бойынша филиалының өкілдері жұмыс сапарымен Алакөл ауданының орталық ауруханасына барды 3 апталар ago «Алатау жастары»: жаңа бағдарламаның мәліметтері 3 апталар ago Алматы облысы жастар ресурстық орталығының басшысы жастардың басындағы ең басты проблемаларды шешу жолдарымен бөлісті 4 апталар ago Қазақстандағы шетелдіктер қандай медициналық көмекке жүгіне алады? 1 ай ago Load More Сенбі, Қараша 26, 2022 Басты Қоғам Саясат Экономика Медицина Білім Cпорт Құрылыс Туризм Экология Home Без рубрики Шоқан Уәлихановтың 185жылдығана орай, саябақ ашылады by Jetisy Media 21.02.2022 in Без рубрики 47 0 91 SHARES 261 VIEWS Share on FacebookWhatsApp Ағымдағы жылы өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша 150млн теңге бөлінді. Құрылысы жоспарға сай жүргізілді. Жоба құны 468млн тенге. Мердігер меекеме ПМК7К. Бұдан бөлек, ауыл ел бесігі бағдарламасы аясында Сарыөзек ауылында 48 көшеге жарық шамдары орналасты. Қуаттылығы 100вт. Сарыөзек елді мекенінің 866 дана көлеміндегі 48 млн 713 мың теңгеге көше жарық шамдарын ауыстыру бойынша жұмыс та аяқталды. Сондай-ақ, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша Кербұлақ ауданының бірнеше ауылына түнгі шамдар орнатылды. Мәселен, 199 миллион 502 мың теңгеге Қарашоқы және Қоғалы ауылдарына түнгі шамдар орнатылды. Көксу және Жайнақ батыр ауылдарына 109 миллион 752 мың теңге көлемінде түнгі шамдар орнатылды. Шұбар, Басши, Сарыбастау және Каспан ауылдарының көшелеріне шамдар қоюға 6 миллион 963 мың теңге бөлінді. Бүгінгі күні барлық құрылыс жұмыстары аяқталды. Биылғы жылы «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында 302 миллион 105 мың теңге көлемінде Сарыөзек кентіндегі Әбікен Сарыбаев атындағы мәдениет үйінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын ерекше атап өту маңызды.
Адамзат баласы асыға күткен Токио Олимпиадасы төрге озды. Айтулы аламанның 2020 жылдың жазында өтуі жоспарланған еді. Күллі әлемді дүрбелеңге салған қатерлі індет салдарынан беделді бәсеке бір жылға кейінге шегерілді. Биыл да өтуі күмән туғызған еді. Десе де, барша жұрт тәуекелге бел буып, дүбірлі доданы ұйымдастыруға оң шешім қабылдады. Жарыс барысында барлық санитарлық талаптар қатаң қадағаланады. Өткен аптаның жұмасында дүние жүзіндегі барша жан­кү­йерлер Олимпиаданың ашылу салтанатын тама­ша­ла­­ды. Әлемнің әр қиырынан келген саңлақтармен бірге қазақстандық спортшылар Олим­пиада шеруінде жүріп өтті. Биыл еліміздің туын ұс­тап шығу мәртебесіне қызылордалық боксшы Қам­шы­бек Қоңқабаев пен Шығыс Қазақстан облысының атынан сынға түсіп жүрген Ольга Рыпакова ие болды. Әлемдік дизайнерлер Қазақ­стан ұлттық құрамасының киімін жоғары бағалап, оң бағасын берді. Қамшыбек пен Ольганың да үстіне киген киімдері ұлттық ою-өрнекпен кестеленіп, көрер­менді өзіне ерекше баурай білді. Жер шарының түкпір-түк­піріндегі жанкүйерлер Ольга­ның киген киімі мен көрікті келбеті бір-бірімен үйлесім тауып тұрғаны жөнінде ой-пікірін білдірді. Жарыстың ашылу салта­наты өткен күннен кейін спорт­шылар бірден-ақ жарыс көрігін қыздыра түсті. Ашығын айтайық, қазақстандық жан­күйерлер дзюдошы Елдос Сметовтің сайысына назар аударды. Талай дүбірлі додада татами төрінде жеңімпаз атанған жампоз балуан бұл жолы да барын салды. Алғашқы белдесуінде оған түр­киялық Михраш Аққұс жолыққан еді. Айта кетерлігі, Елдос бұл қарсыласымен бұрын-соңды кездесіп көрген емес. Сырын білмейді. Сондықтан ә дегеннен әбжілдік көрсетуге ұмтылды. Өзінің ойлағаны жүзеге асты. Түрік балуанын таза жеңіп, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды. Ендігі қарсыласы – Оңтүстік Кореядан келген Ким Уон Жин. Әдетте, корей балуандары дзюдодан мықты екені белгілі. Шеберлігімен ерекшеленеді. Елдос екеуі де жиі кездескен еді. Қос балуан арасындағы үш кездесудің екеуінде корей балуаны жеңіске жетті. Біреуінде Елдос басым­дық танытты. Олимпиада тө­рінде төрешілер қазақстандық бал­уан­ның қолын көтерді. Осылайша ол жартылай финалға жолдама алды. Мұндайда жеребе жолдас болмады дей ме? Жартылай финалда Елдосқа жапониялық Наохиса Такатоның жолыққанын қараңыз. Екеуі бұған дейін бес мәрте белдескен екен. Барлығында жапон жігіті жеңіске жеткен. Бұл жолы да Такато жарысты жалғастырды. Ендігі кезекте қола медаль үшін белдесуде нидерландылық Торнике Тсакодеа қарсылас атанды. Жүлде қол созымда тұр. Жеңілсе одан құр қалады. Тайталас соңына дейін жүрді. Екі балуанның белдесуі «алтын ұпаймен» шешілді. Оған Сметов ие болып, Токио олимпиадасының қола жүлдегері атанды. 2019 жылғы Будапешт Гран-приінің жартылай финалында да жеңімпаз атанған еді. Тағы бір қола жүлдені ауыр атлет Игорь Сон алды. Қазақстандық зілтемірші 61 келіге дейінгі салмақта сынға түсті. Жұлқа көтеруде 131 келіні бағындырса, серпе көтеруде 163 келіні еңсерді. Төрешілер Игорь Сонның екі мүмкіндігін есепке алған жоқ. Қоссайыс қорытындысы бойынша ол 294 келіні бағындырды. «Токиоға дейін мен мұндай салмақ көтерген емеспін. Демек, бұл – менің ірі жарыстарда көрсеткен ең жоғары нәтижем. Жаттығу залында қарсыластарды бақылап отырдық. Басты қарсыласым зілтемірді қи­сай­тып алған кезде де уайымым кете қоймады. Бәрі болуы мүмкін ғой. Мен жұлқа көтеруден жақсымын, серпе көтеруде біраз қиындық бар. Ал төрешілер есептемей қойған екі мүмкіндікке келер болсақ, екеуінде де шынтағымның қозғалғаны кері әсер етті. Барлығы таза болуы керек», – деді Сон. Олимпиадада қазақстандық был­ғары қолғап шеберлері де сәтті ойын көрсетіп келеді. Қазірге дейін шаршы алаңға шыққан Сәкен Бибосынов (52 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Закир Сафиуллин (63 келі) алғашқы сынақтарынан сүрінген жоқ. Алда Абылайхан Жүсіпов (69 келі), Әбілхан Аманқұл (75 келі), Бекзат Нұрдәулетов (81 келі), Василий Левит (91 келі) және Қамшыбек Коңқабаев (91 келіден жоғары) сынды саңлақтардың жекпе-жектерін тамашалайтын боламыз. Күншығыс еліндегі бәсекеде теннисшілер ала-құла ойын көрсетіп жүр. Елена Рыбакина алғашқы екі кезеңнен іркілмей өтсе, Михаил Кукушкин енді екінші бәсекесін өткізеді. Ал құрама сапынан Ярослава Шведова, Зарина Дияс, Юлия Путинцева және Александр Бублик түрлі себептермен жарыс жолынан шығып қалды. Әзірге спорттың өзге түрлерінен қазақстандықтар көңіл көншітерлік нәтиже көрсеткен жоқ. Десе де, жүлде қоры толыға түседі деген ойдамыз. Токио Олимпиадасы 8 тамызда мәресіне жетеді. Күні кеше кешкілік ауыр атлет Зульфия Чиншанло 55 келіде тағы қола жүлдені қоржынға салды. Ол жұлқи көтеруде әуелі 90 келіні бағындырғанымен, одан кейінгі екі талпыныс нәтижесіз болды. Жүлденің қолдан сусып бара жатқанын түсінген ол серпе көтеруде 213 келіні сәтті еңсере алды. Осылайша қоссайыстың нәтижесімен 223 келіні еншісіне жазып, Олимпиаданың қола жүлдегері атанды. Айта кетейік, дүбірлі додаға Қазақстан құрамасы небәрі екі ауыр атлетті алып барды. Екеуі де жеңімпаздар қатарынан көрініп, жанкүйерлерге қуаныш сыйлап отыр. – Қазақстандық ауыр атлеттердің жетістігі бізді қуантып отыр. Түрлі себептерге байланысты ел құрамасы Олимпиадаға шектеулі спортшыларды алып баруға мәжбүр болды. Соған қарамастан сыннан сүрінбей өтті. Бұл қос медаль жоғары бағалауға тұрарлық, – дейді қызылордалық бапкер Нұржан Смаханов. Сыр спортшыларының жарыс уақыты Токиода өтіп жатқан XXXII жазғы олимпиада ойындарында Қазақстан намысын жерлестеріміз – ҚР Еңбек сіңірген спорт шеберлері, бокстан Қамшыбек Қоңқабаев пен еркін күрестен Дәулет Ниязбеков және каратэ-додан Әлем чемпионы, ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мөлдір Жаңбырбай қорғайды. 29 шілде күні сағат 14.45-20.10 аралығында бокстан өтетін бәсекеде 91 келіден жоғары салмақта Қам­шыбек Қоңқабаев өнер көрсетеді. 5 тамыз күні 17.00-де каратэден 55 келі салмақ дәрежесінде Мөлдір Жаңбырбай, ал 6 тамыз күні 11.30-да еркін күрестен 65 келіде Дәулет Ниязбеков жарыс жолына шығады. Жерлестерімізге жанкүйер болы­ңыздар! Сыр спортшыларына сәттілік тілейміз! Әділжан Үмбет, «Сыр бойы» Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: Тағы да оқыңыз: Жылу беру маусымы тұрақты өтіп жатыр 05.12.2022 12 0 Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы өседі 05.12.2022 22 0 Министр Саясат Нұрбек оқытушы-ғалымдарымен кездесті 05.12.2022 36 0 Аралда ұлттық жекпе-жектен турнир басталды 03.12.2022 84 0 Жаңалықтар Соңғы Көп қаралған Екібастұздағы жылыту бекеттерінде қайырымдылық өнімдері үлестіріліп жатыр – фейк 05.12.2022 6 «Тамыры терең мектебім» 05.12.2022 9 Ардагерлер арасындағы сайыс 05.12.2022 12 Қызылорда – кітап оқитын қала 05.12.2022 16 Жылу беру маусымы тұрақты өтіп жатыр 05.12.2022 12 Микробиологиялық ғылыми-зерттеу орталығы ашылды 05.12.2022 21 Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы өседі 05.12.2022 22 Мүмкіндіктер ордасы 05.12.2022 24 ӘЧ-2022: Месси «Үздік ойыншы» атағын сегізінші рет жеңіп алып, рекорд орнатты 05.12.2022 25 Елімізде электронды темекі саудасына толықтай тыйым салынбақ 05.12.2022 24 Барлығы 24 сағат 7 күн 30 күн Химиялық білім беру ғылыми-әдістемелік орталығы ашылды 05.12.2022 41 Министр Саясат Нұрбек оқытушы-ғалымдарымен кездесті 05.12.2022 36 Өзекті мәселелер сараланған алқалы жиын 05.12.2022 30 ӘЧ-2022: Месси «Үздік ойыншы» атағын сегізінші рет жеңіп алып, рекорд орнатты 05.12.2022 25 Елімізде электронды темекі саудасына толықтай тыйым салынбақ 05.12.2022 24 Мүмкіндіктер ордасы 05.12.2022 24 Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы өседі 05.12.2022 22 Микробиологиялық ғылыми-зерттеу орталығы ашылды 05.12.2022 21 Қызылорда – кітап оқитын қала 05.12.2022 16 Жылу беру маусымы тұрақты өтіп жатыр 05.12.2022 12 Барлығы №185 (20459) 05.12.2022 PDF мұрағаты Аудио Барлығы Білдірдім көңіл қосын жүректі ашып… Ажырасу көбейіп кетті. Себеп? 2. Жетіспеушілік 3. Сезім жоқ 1. Қызғаныш Нәтижелері Poll Options are limited because JavaScript is disabled in your browser. Жаңалықтар мұрағаты Archive Calendar ҚаңтарАқпанНаурызСәуірМамырМаусымШілдеТамызҚыркүйекҚазанҚарашаЖелтоқсан 20152016201720182019202020212022202320242025 Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 © 2022. Syrboyi.kz ақпараттық агенттігі. Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі, Ақпарат комитетінің тіркеу туралы № KZ69VPY00052428 куәлігі 21.07.2022 жылы берілген.
6 желтоқсан күні Ақтөбедегі медицина орталығында мәйіттің ішкі органдарын трансплантациялау мен оған қатысты проблемаларға арналған аймақтық жиын өтті. Ұлттық трансплантация орталығының директоры Жақсылық Досқалиевтің айтуынша, Қазақстанда биыл мәйіттің ішкі органдарын трансплантациялау күрт азайып кеткен. 2017 жылы Қазақстан бойынша 24 мәйіттің органдары науқас адамдарға трансплантацияланса, биыл 9 адамның ішкі органдары алынған. - Қазақстанда 2250 науқастың бүйрегін, 450 науқастың бауырын, 150 науқастың жүрегін және 10 адамның өкпесін ауыстыру керек. Науқастардың көпшілігі донор ағзаларына қол жеткізе алмаған күйі өліп кетіп жатады. Донор табылған күннің өзінде олардың 70 пайызының бойынан түрлі инфекциялар табылады. Яғни, бойында инфекциясы бар мәйіттің органы трансплантацияға жарамсыз. Оның үстіне, қазақстандықтардың трансплантацияға деген көзқарасының нашарлығы да жағдайды қиындатып отыр. Әсіресе, елдің оңтүстігіндегі Түркістан облысы, Тараз қаласы мен батысындағы Маңғыстау облысында мәйіттің ішкі ағзаларын алуға қарсылық білдірушілер өте көп, - дейді Жақсылық Досқалиев. Ұлттық трансплантация орталығының Қазақстанның батысындағы үйлестірушісі Валентина Арыстанованың сөзіне қарағанда, Ақтөбеде биылдыққа бір адамның ғана туыстары оның органдарын трансплантациялауға келісім берген. - 2017 жылғы 4 маусым күні ауыр ми жарақатынан қайтыс болған Серікболсын Көшербайдың туыстары "марқұмның ішкі органдары туыстарының рұқсатынсыз трансплантациялады" деп жергілікті дәрігерлермен соттасқанын білесіздер. Осыдан кейін облыста мәйіттің ішкі органдарын трансплантациялау күрт азайып кетті. Біз донорлықты ұсынатын пациенттердің 80 пайызының туыстары түбегейлі қарсылық білдіреді, - дейді Валентина Арыстанова. Оқи отырыңыз: Трансплантация дауында қарсы тараптар түрлі кодекстерге сүйенеді Ресми дерек бойынша, қазір Ақтөбе облысында бүйрегін ауыстыруды қажет ететін 137 науқас бар. 37 адамның бауырын, төрт адамның жүрегін және бір адамның өкпесін трансплантациялау қажет. ПІКІРЛЕР Жаңалықтар Түркия жағалауында қазақстандық мұнай тиеген танкерлер кептелісі: Министрлік түсініктеме берді Өзбекстанда мектептің бұрынғы директоры 2 мың жыл болған қазанды тұрмыста пайдаланған "Ресей күніне 50-100 әскериінен айырылып жатыр". Бахмут үшін кескілескен шайқас Даниал Ахметов ШҚО әкімі болып қайта тағайындалды Павлодар: Құқық қорғаушы полицияның қоқан-лоқы туралы шағымды тексермей отырғанын айтты Мәжіліс ереуіл өткізуді "жеңілдететін" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады Павлодар облысының әкімі тағайындалды Көз сала отырыңыз Айтып келген апат Көрме өткізуге ақша шашқан үкімет жағдайы мүшкіл жылу орталықтарын жаңартуға қауқарсыз Геосаясат Ресейден іргесін аулақ салғысы келетін Орталық Азия екі оттың ортасында қалды Жаңа санкция Еуроодақ Ресей мұнайына эмбарго салып, бағасын шектеді. Мұның әсері қандай болмақ? Сарапшымен сұхбат "Империяны жаңғырту стратегиясы". Путин ұсынған "газ одағы" Өзбекстан мен Қазақстанның қолайына жаға ма?
Ж: Ия, біз дымқыл майлықтардың кәсіби өндірушісіміз, барлық өнімдер сіздің қажеттіліктеріңізге сәйкес реттелуі мүмкін. 2. С: Сіздің өнімдеріңіздің қандай дәмі бар? Ж: Бізде екі түр бар: хош иісті және иіссіз. Сіз хош иісті жасыл шай, алма, раушан мен қызғалдақ ... барлық жемістер мен гүлдердің хош иістерін таңдай аласыз. 3. С: Қаптаманың түрлері қандай? A: Бір пакет, пластикалық қақпағы бар ағын пакеті немесе жоқ, ванна, құты, тапсырыс бойынша. 4. С: сіздің қалыпты MOQ және баға деңгейлері қандай? A: Біздің MOQ клиенттердің орау талаптарына сәйкес келеді. Бағасы клиенттердің материалын, көлемін, орамына қанша дана болатындығын және орау түрін білуге ​​негізделген. 5. С: Біз Hangzhou BRIGHT-тен ең жақсы бағаны аламыз ба? Ж: Біз өз клиенттерімізбен бірге өскенді жөн көреміз, сондықтан біз әрқашан өз клиенттерімізге ең жақсы бағаны ұсынамыз. 6. С: Үлгіні қалай алуға болады? Ж: Бұл өте қарапайым, егер біз сіздің үлгілерге деген талабыңызды растағаннан кейін, біз сізге үлгілерді дайындап жібере алсақ. Қалыпты үлгілер 3-5 жұмыс күні ішінде дайын болады. Алдыңғы: OEM үйді еденді тазартқышты қарсы алды Келесі: Теріден қорғауға арналған макияжды кетіретін майлықтардың бағасы төмен қосымша тауарлар Үйге арналған тоқыма емес тазалағыштар ... OEM үйді еденді тазартқышты қарсы алды Мекен-жайы: Чжэцзян провинциясы, Цючжоу қаласы, Кечэн ауданы, Кайсуань батыс жолы, № 29 ғимарат, № 29.
Алматыдағы музыкалық халық аспаптары музейі 1981 жылы ашылып, 1990 жылы Ықылас Дүкенұлы есімі берілді. Музейде қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптарымен қатар әлемнің 50-ге жуық елінің мәдениетімен таныстыратын 9 экспозициялық зал жұмыс істейді. Бірінші залда музыкалық аспаптардың классификациясы мен археологиялық қазбалар нәтижесінде табылған 10 ғасырдан астам тарихы бар көне жәдігерлер қойылған. Үрмелі және соқпалы-шулы аспаптар залында әскери жорықтар кезінде қолданылған дабыл, дауылпаз, шыңдауыл, дудыға аспаптары мен күнделікті тұрмыста қолданылған сақпан, шартылдауық, тұяқтас аспаптары және сыбызғы, сазсырнай, желбуаз сынды үрмелі аспаптар бар. Мемориалдық музыкалық аспаптар залында қазақ музыка тарихында «Алтын ғасыр» аталатын ХІХ-ХХ ғғ. өмір сүрген шоқтығы биік қазақтың әнші-жыршылары мен күйші-композиторларына тиесілі болған музыкалық аспаптар қойылған. Музейдің бұл бағалы коллекциясында Абай, Шәкәрім, Құрманғазы, Дина, Жамбыл, Қазанғап, Ақан сері, Біржан сал, Кенен, Сүгір, Ахмет Жұбанов, Нұрғиса Тілендиев және т.б. қолданған домбыралар мен сырнайларды тамашалауға болады. Залдағы ең көне аспап Махамбет Өтемісұлының екі ішекті, 13 пернелі, жұмыр шанақты домбырасы. Аспап ұзақ уақыт музыкант Арыстан Баталовтың қолында болған. 1931 жылы музыкант қайтыс болған соң, домбыраны оның ағасы Қатеп Қызылордаға алып кетеді. 1933 жылы белгілі күйші-композитор Сейтек Оразалыұлы осы домбыраны іздеп Қызылордаға барады. Махамбеттің домбырасында 2 күн ойнап, аспапты өзіне сыйға сұрағанымен, ала алмайды. Қатеп қайтыс болғаннан кейін, домбыра Қатептің туысы Қажеттің қолында қалады. 1934 жылы Қажет қайтыс болып, анасы Ресейге көшкен уақытта аспапты өзімен алып кете барды. Ресейде аспап Елеу деген қарттың үйінде сақталған. 1974 жылы Елеу қайтыс болып, аспап оның ұлы Ысмағұлов Мұстафаның қолына өтеді. 1985 жылы аспаптың бет тақтайы реставрациядан өтіп, тарихи құндылық ретінде Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейіне табысталды. Сонымен қатар, келушілердің назарын өзіне аудартып тұратын ерекше үш ішекті домбыра Абай Құнанбайұлына тиесілі. Абай бірнеше саз аспабын жасатып, өзінің төл ұрпақтары мен айналасындағы әнші-күйші, ақындарға сыйға берген. Ақынның өзінің жеке домбырасы – үш ішекті, 8 пернелі, қалақша пішінді. Оны Абай мен ұлы Ақылбай қолданған. Кейін жәдігер мұра ретінде Ақылбайдың ұлы Исраилға қалды. Ұлы ақынның немересі Исраил бұл домбырамен облыстық, республикалық деңгейдегі түрлі байқау­ларға қатысып жүрді. 1959 жылы Исраил дүние салып, кейіннен қыздары жәдігерді Семейдегі Абай Құнанбайұлының әдеби-мемориалдық музейіне тапсырған. Ал 1981 жылы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі қорына алынды. Абай домбырасының осы түпнұсқасынан басқа 4 көшірмесі жасалған. Мемориалдық аспаптар коллекциясына соңғы қосылған аспап – Шәкәрім Құдайбердіұлының екі ішекті (бастапқыда үш ішекті болған), 13 пернелі, қалақша пішінді домбырасы. Шәкәрім қайтыс болған соң, аспап ұлы Ахаттың қолында қалған. Ахат қарттан Семейдегі бір мұғалімге, кейіннен ол мұғалімнен Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректорының қолына өткен. Өз кезегінде оқу орнының басшысы аспапты Шәкәрім өнерінің жанашыры болып жүрген меценат Медғат Құлжановқа табыстайды. Медғат Кәрімұлы 2019 жылы жәдігерді музейімізге өткізді. Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында қобыз, домбыра, сыбызғы, сазсырнай және басқа да дәстүрлі музыкалық аспаптармен орындауға арналған маңызды туындылар топтамасын – «Ұлы даланың көне сарындары» жинағын басып шығару қажет екенін айтып өткен. Осыған орай музей қорында сақталған мемориалдық музыкалық аспаптардың дыбысын қайта жаңғырту мақсатында «Жәдігер» музыкалық антологиясы жарыққа шығарылды. Антологияда музей қорында сақталған 24 мемориалдық аспапты қазіргі таңдағы ән-күй, жыр мектептерінің ірі өкілдері дыбыстандырып, әрбір аспаптың жасалу технологиясына бүгінгі таңдағы белгілі шеберлер сипаттама берді. Антология аудио және видео форматтарда басылып шығып, әйгілі өнерпаздардың өз аспаптарында орындалған шығармалары заманауи аудиторияға жақын әрі түсінікті форматта жол тартты. Видеолар музейдің шеберлер залында арнайы проектор арқылы келушілер назарына ұсынылуда. Бақсы-балгерлердің негізгі атрибуты саналған қобыз аспабына арналған қобыз залында ХVІII ғасырда жасалған Жарас бақсының қобызынан бастап, әр өңір бақсыларының қобыздары мен ХХ-ХХІ ғғ. шеберлердің қолынан шыққан аспаптар және Жаппас Қаламбаев, Дәулет Мықтыбаев, Гүлнафис Баязитова сынды әйгілі қобызшылардың аспаптары орын алған. Шеберлер залында бүгінгі таңдағы шеберлердің таңғажайып туындылары мен Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде екі жылда бір рет өткізілетін «Аңыз домбыра» республикалық байқауы жүлдегерлерінің аспаптарымен таныса аласыздар. Байқаудың негізгі мақсаты: насихаты кем түсіп жатқан дәстүрлі қолөнерімізді және оларды өмірге әкелуші шеберлердің еңбегін насихаттау, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу, домбыраның көне қоңыр үнін қайтару. Байқау алғаш рет 2016 жылы Алматы күніне орай ұйымдастырылып, оған еліміздің әр түкіпірінен 65 шебер қатысты. Ал екінші рет 2018 жылы өтіп, оған 39 шебер қатысқан. Жүлделі орындарға ие болған домбыралар музей қорына алынып, экспозицияға қойылып отырады. Сонымен қатар, келушілерге әр елдің музыкалық өнерінен сыр шертер түрлі аспаптарды тамашалауға мүмкіндік беретін «Түркі тілдес халықтардың музыкалық аспаптары залы» және «Азия халықтарының музыкалық аспаптары», «Еуропа халықтарының музыкалық аспаптары» залдары бар. Алғашқы жылдары халық музыка аспаптары музейін ұйымдастыру барысында белгілі этнограф, музейдің ашылуына тікелей мұрындық болған Өзбекәлі Жәнібековтың бастамасымен қазақ халқының ұлттық аспаптарын ғана емес, көршілес республикалар (ТМД) мен әлем халықтарының аспаптарын да жинақтау көзделіп, оларға арнап экспозиция залдарын жабдықтау жұмыстары жүргізілген болатын. Бұл жұмысқа сол кезеңде музей жанынан құрылған «Сазген» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің қосқан үлесі зор. Ансамбль тек қана музей сахнасында ғана өнер көрсетіп қойған жоқ, сонымен қатар шет елдерге гастрольдік сапарларға шығып, барған елдерінен музыкалық аспаптар әкеліп тұратын болған. Бүгін де шет ел аспаптарын музей қорына алу үрдісі жалғасын тауып келеді. Музей көптеген елдердің елшіліктерімен, мәдени орталықтарымен, тіпті жеке тұлғалармен іскерлік байланыс орнатып, нәтижесінде жыл сайын ондаған аспап салтанатты түрде музей қорына қабылданады. Осындай бір үлкен іс-шара – 2018 жылы Алматы қаласымен бауырлас қалалар Минск, Вильнюс және Будапешт қалаларынан келген өнерпаздардың қатысуымен өткен «Әлем халықтарының музыкалық аспаптары музей сахнасында» атты фестивалі. Фестиваль барысында аталмыш елдерден келген музыканттар ұлттық аспаптарында ойнап, халық әндерінен шашу шашты. Фестиваль соңынан өздері ойнаған музыкалық аспаптарын музейге сыйға берді. Сондай-ақ, Индонезия, Тәжікстан, Тайланд елдерінің ҚР-дағы төтенше және өкілетті елшілері, Әзірбайжан елінің Мәдениет министрлігі өкілі музейге арнайы ат басын бұрып ұлттық музыкалық аспаптарын сыйлаған болатын. Музейге келушілерді әр экспонат жайында толық ақпаратпен қамтамасыз ету үшін, музей залдары 2 ақпараттық киоскілер және бейне-контенттік проекторлармен жабдықталған. Киоскілер арқылы әр экспонат жайында ақпарат берілсе, бейне контенттен сол аспаптың дыбысталуы, аспапта ойналатын музыкалық шығармалары көрсетіледі. Әрбір экспонат жайлы ақпаратпен қамтамасыз ету музейдің ғылым бөлімінің негізгі міндеті. Музей тек ағартушылық және насихат жұмыстарымен ғана емес, сонымен қатар музей коллекцияларын ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмыстарымен де тұрақты түрде айналысады. Осы ретте 2017 жылы «Мемориалдық музыкалық аспаптар: ғылыми-зерттеу, жинау және насихаттау» ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілген болатын. Конференцияға Ресей, Өзбекстан, Тыва, Германия елдерінен ғалым-зерттеушілер қатысып, ХІХ-ХХ ғғ. әйгілі әнші-жыршылар мен күйші-композиторлардың аспаптарына зерттеу жұмыстары жүргізілді. 2019 жылдың 25 қазанында музейде «Археологиялық қазба жұмыстарынан табылған көне музыкалық аспаптар: жиналу және зерттелу мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияның ерекше қонағы 25 жылдың көлемінде музыкалық археологияны зерттеумен айналысып жүрген норвегиялық ғалым, Осло университетінің профессоры, тәуелсіз зерттеуші Гермунд Колл­твейт болды. Доктор Коллтвейт Скандинавия елдерінің көне музыкалық аспаптары туралы зерттеулерін және тәжірибелерін ортаға салды. Сонымен қатар, 2014 жылы Алтай өңірінен табылған ішекті аспап пен Украина жерінен табылған қобыз аспабының көшірмелері таныстырылып, дыбысталып, конференция соңынан музей экспозициясына қойылды. Музей 2018 жылы Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған «Рухани қазына-2018» І фестивалінде 16 аймақтан қатысқан 53 музейдің арасынан «Үздік облыстық маңызы бар мемлекеттік музей» номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, 500 000 теңгелік сыйақыға ие болды. Қазіргі пандемия кезінде де музей жұмысын еш тоқтатпай, уақыт пен жағдаяттар талабына сай «онлайн форматта» жалғастырып отыр. Музей және музей экспонаттары жайлы онлайн-экскурсиялар мен онлайн-дәрістер, айтулы күндер мен мерекелерге орай онлайн-концерттер, онлайн-конкурстар, онлайн-шеберлік сағаттары музейдің күн тәртібінен түскен емес. Ә.ҮМБЕТӘЛИЕВ, Алматы қаласы музейлер бірлестігінің директоры ПІКІРЛЕР1 Аноним 02.04.2021 | 10:29 Дұрыс емес ПІКІР ҚОСУ Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться. Ұқсас мақалалар СЕЗІМ МУЗЕЙІ: ЕСТЕЛІККЕ ТОЛЫ ЫСТАМБҰЛ ШАҺАРЫ Ықылас ОЖАЙҰЛЫ, ақын, журналист: ӨРКЕНИЕТТІҢ НЕГІЗГІ ӨЛШЕМІ… Ықылас атындағы Халық аспаптар музейінің шетелдік музыкалық… РОМАНДА ҚҰРҒАҚШЫЛЫҚ ҚАЖЫТҚАН КӨНЕ ШАҺАР ТУРАЛЫ СӨЗ ҚОЗҒАЙМЫН Әл-Фараби кітапханасы сирек кездесетін көне кітаптармен… Қаракөк немесе «Өткірдің жүзі» Редакция Бас редакторлар Газет туралы Бізбен байланыс "Қазақ әдебиеті" — Қазақстан Республикасының әдебиет, мәдениет және өнер газеті. Әр апта сайын, жұма күні шығады. Газет 1934 жылдың 10 қаңтарынан бастап шыға бастады. «Қазақ әдебиеті» газеті — Қазақстан жазушылар одағының органы ретінде тұңғыш саны 1934 жылдың қаңтарында жарық көрген.
Әркім бай, бақуатты болып өмір сүруді қалайды. Ол үшін тек жұмыс істеу жеткіліксіз. Қалай жұмыс істеп, қалай пайданы арттыруды ойлау керек? Ол үшін сізге теория көмекке келеді. Мамандар саралаған баю үшін оқитын 10 кітапты оқырман назарына ұсынамыз. 1. Миллионер Next Door Томас Дж Стэнли мен Уильям Д. Данко 1996 жылы жазған бұл кітап қазір классикаға айналған. Ол кітапта бақуатты өмір сүру үшін жасалатын 7 қадам айтылған. Аз жұмсап, көп табудың стратегиялық жолдары қарастырылған. 2. «Бай әке, кедей әке» (Богатый папа, бедный папа) Роберт Кийосакидің бұл кітабы кез келген жастағы адамдарға арналған, әрі барлық уақытта сұранысқа ие болып келеді. Кітап авторы өзінің өте білімді, бірақ кедей болған әкесінің әдеттерін жазады. 3. Бай адамдар қалай ойлайды? Бұл кітаптың авторы Стив Сиелбол оны жазбас бұрын 1000 миллионерлер мен миллиардерлерден сұхбат алған. Ол үшін өзінің 30 жылын құрбан етіп, олардың қарапайым адамдардан өзгешелігін анықтауға тырысады. 4. Дұрыс ойлау және бай болу 1937 жылы америкалық жазушы, журналист, психолог Наполеон Хилл жазған. Деректі прозада қалталы болу үшін не істеу керек деген сұраққа жауап береді. 5. Қалай бай адам болуға болады? (Ты это деньги: как стать богатым человеком) Орта деңгейде өмір сүріп жүрген адамдарға арналған кітапты Фарух Тораби жазған. Тұрмыста ақшаны қалай үнемдеуге болады деген сұраққа жауап береді. Бұл кітап сізге басқа әлемді таныстырады. 6. Вавилондағы ең бай адам Сіздің бақуатты өмір сүруіңіз үшін білу керек құпиялар мен міндеттер айтылған. Авторы Джордж С. Клейсон бұл кітапта каржылық келеңсіздіктерді жоюдың тәсілдерін ұсынады. 7. Баю ғылымы Уоллес Ватл баю үшін позитивті ойлау мен интеллектуалды негіздердің мағыздылығын көрсетеді. Кітапты ойдың байлыққа апару жолдары сараланады. Мысалы сіз ақша қолдың кірі деп есептесеңіз, ешқашан бай болмауыңыз мүмкін. 8. Автоматты миллионер Бұл кітап баю болу үшін қаржыны үнемдеу емес, сауатты жоспар құру керектігін түсіндіреді. Оқыған сәттен бастап сол жолға түсу үшін өмірлік принциптерді қалыптастырып береді. 9. Өмір сабақтары Бұл кітапты тәжірибелі маман, миллиардер Ричард Брэнсон жазған. Өзінің қалай бақуатты адам болғанын, қандай сатылардан өткенін айтады. 10. Миллионер «Fast Lane» Аталмыш кітап өзіңіз нақты не істей алатыныңызды және не істей алмайтындығыңызды анықтап алуды ұсынады. Дереккөз: bilim-all.kz Share Facebook Twitter Pinterest WhatsApp Бай бол Мектеп бітірмеген 10 миллиардер Nurbaq Edige - 14/05/2020 0 Миллиардерлердің жоғары білімі жоқ екеніне бүгінде ешкім таң қалмайды. Билл Гейтс, Стив Джобс, Марк Цукерберг – бұлардың бәрі бизнес үшін әлемнің үздік университеттерін тастап... Узнать больше Бай бол Кәсіпкерліктің 7 қадамы немесе бизнесті неден және қалай бастау керек? Nurbaq Edige - 14/05/2020 0 Бірінші қадам — ойыңызды айқындаңыз. Кезкелген адамның бизнесті бастамастан бұрын өзінің идеясы болуы қажет. Егерде сіздің қандайда бір нақты идеяңыз болмаған жағдайда бизнесті бастамақ тұрмақ... Узнать больше Бай бол Үйде шықпай-ақ бастауға болатын 13 бизнес тізімі Nurbaq Edige - 08/05/2020 0 Біздің қоғамда «бизнес бастау өте қиын, қымбат, әрі барлығының қолынан келе бермейді» деген пікір басым. Сондықтан болар, көп адамдар кәсіп бастауға жүрексініп, әлеуметтік әрі... Узнать больше © Copyright - ADYM.KZ Сайттағы ақпаратты пайдаланғанда гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқықтар толығымен қорғалған. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама, түрлі хабарландыруға жарнама беруші жауапты.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3 1 тарау. Мазасыздану мәселесінің ғылыми-теориялық сипаттамасы ... ... . 1.1. Психологиядағы мазасыздану жағдайы, зерттелу бағыттары туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 1.2. Қорқыныш сезімінің психологиялық ерекшеліктері ... ... ... ... .. 1.3 Медициналық қызметкерлердің іс-әрекетіндегі мазасыздану мен қорқыныш көрінуінің психологиялық аспектілері ... ... ... ... ... ... .. 2 тарау. Медициналық қызметкерлердің іс-әрекетіндегі мазасыздану мен қорқынышының себептерін тәжірибелік зерттеуді ұйымдастыру және оның әдістемелік негізделуі 2.1. Медициналық қызметкерлердің іс-әрекетіндегі мазасыздану мен қорқынышын анықтауға арналған әдістемелерді пайдаланудың мазмұны ... ... ... ... .. 2.2. Медициналық қызметкерлердің іс-әрекетіндегі мазасыздану мен қорқынышын анықтау үшін жүргізілген тәжірибелік жұмыстардың қорытындысы ... ... ... ... ... ... ... . Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... Кіріспе Жұмыстың өзектілігі. Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында бірінші міндет ретінде ұлттың бәсекеге қабілеттілігі факторы ретінде білімділік деңгейін жоғарылату ұсынылады. Жиырма бірінші ғасырдың маңызды міндеттерінің бірі - өмір сүру сапасын жоғарылату, оның ішінде тұлғаның даму шарттарын анықтайтын білім беру сапасын жақсарту болып табылады. Сондықтан да ғылым және білім беру жүйесін реформалау мен дамыту - ғаламдану жағдайларында көптеген мәселелерді шешудің анықтаушы факторы болып табылады. Қазіргі уақытта мазасыздану мәселесі күннен күнге өзекті мәселелердің бірі болып келеді. Оған саясат пен экономика саласындағы дағдарыстар, терроризм мен қылмыстықтық деңгейінің өсуі, адамдардың жеке өміріндегі және кәсіби іс - әрекетіндегі проблемалар қатты әсер етеді. Сонымен қатар, мазасызданудың бұл себептерімен бірге, әр қайсысымызға байланыстылары да бар - адамның өз өзімен келісімінің жоқтығы, конфликтілік жағдайдан шығудың психологиялық ережелер мен бағыттардың жоқтығы [1]. Қазіргі кезде эмоциялық тұрақсыздықпен, сенбеушілікпен, жоғары алаңдаушылықпен ерекшеленетін мазасыз тұлғалар саны едәуір көп ұлғайған. Мазасызданудың пайда болуы және орнығуы тұлғаның жас кезеңіндегі қажеттіліктерінің қанағаттанбауымен байланысты. Мазасызданудың тұрақты бейнесі, көбіне жеткіншек жас кезеңінде көрініс табады. Ал, оған дейін, бұзылыстардың кең шеңберін өндіруші болып табылады[2]. Адам іс-әрекетінің алғашқы тарихи түрі - еңбек болып табылады. Ал еңбек әрекетіне араласқан адамның басты ерекшеліктерінің бірі - оның еңбекке қабілеттілігі, ал кез келген еңбек түрі іс-әрекет болып табылады. Іс-әрекет - адамның қоршаған ортаға деген белсенді қатынасының бір формасы немесе қоршаған орта мен субьектінің өзара қатынасының динамикалық жүйесі. Адамның іс-әрекеті - күрделі құбылыс. Белгілі бір өнім адам іс-әрекетінің нәтижесі болып табылады. Адам, еңбектің қай түрімен айналысса да, өмірге ең алдымен қайраткер, іскер және жасампаз болып келеді. Оның арнайы әрекеті еңбекте, еңбек іс-әрекетінің актісі түрінде қалыптасады. Белгілі бір қоғамдық функцияларды атқаратын әрекеттердің жиынтығы еңбек әрекетінің белгілі бір түрін құрайды. Еңбек дегеніміз - адамдардың материалдық және рухани қажетін қанағаттандыратын қоғамдық пайдалы өнім өндіруге бағытталған іс-әрекет. Еңбек өнімдерін жасауға қатынасу арқылы адам өмір сүріп отырған өндірістік қатынастар жүйесіне араласады. Бұл екі фактор еңбек әрекетіне көзқарас пен еңбек мотивін қалыптастырады. Адамды еңбекте жоғары көрсеткіштерге жетуге жетелейтін себептер өмір сүріп отырған өндірістік қатынастарға тікелей байланысты. Адамдардың еңбекке құлшынуы тек қана жеке мүддеден тумайды, сонымен қатар қоғам мүддесін ойлаудан тұрады. Сонымен қатар адамның еңбекке деген ынтасы оның жаңа еңбекке араласуына бейімделуінен көрінеді. Олай болса адамның еңбек әрекетіне араласуының басты көрсеткіші оның кәсіби бейімделуімен байланысты[3]. . Кәсіби бейімделу -- бұл жұмысқа жаңа түскен адамның өз ортасына біртіндеп төселіп, бейімделуі. Оның алғашқы кезеңі өндірістік тәжірибе кезінде, негізгі жағы нақты жұмыс үстінде жүзеге асады. Мамандық таңдау мәселесі туралы отандық ғалым Ж.Аймауытов: ... қазақ жастарына мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жәй күнелту, тамақ, асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін процесс -- деп ерекше сипаттама берген. Мазасыздану мен қорқыныштың пайда болуы және орнығуы адамның даму кезеңдеріндегі қажеттіліктерінің қанағаттанбауымен байланысты. Мазасызданудың тұрақты бейнесі, көбіне жеткіншек жас кезеңінде көрініс табады. Ол жаңа қалыптаспаған көзқарас пен шешімді ұсынуға қорықпайды, өз жолымен жүргісі келеді, көпшіліктің мақұлдағанына қарсы келеді. Ал мазасызданғыш адамдар - қашаннан қабылданған, ескірген, бірақ көптеп тексерілген өмір нұсқаларының құлылымы[4]. Әр жас кезеңдері үшін мазасызданудың тұрақты көрінісі немесе шынайы қатерсіз-ақ көптеген адамдарда жоғары Мазасыздануді тудыратын белгілі бір аймақтар, ақиқат объектілер болады. Адам өзінің күшінен, қабілеттілігінен күмәндана бастайды. Бірақ мазасыздану сабақтағы әрекет қана емес, жекелеген құрылымды да бұза бастайды. Сондықтан жоғарылаған мазасызданудың пайда болуы себептерін білу, адамның адекватты құлығының қалыптасуы және мазасыздану мен қорқыныштың төмендеуіне септігін тигізетін, коррекциялық-дамытушылық жұмысты жасап шығаруға және уақытында жүргізілуге әкеледі. Кәсіби қызметте адамның бойында мазасызданумен қатар қорқыныш сізімі де байқалады. Қорқыныш өзінің жағымсыз бояуларымен қатар, адам өміріндегі әртүрлі психологиялық функцияларды атқарады. Психологиялық өзіне - өзі бақылау жасауда адам қорғаушы бейімделуі рөлді ойнай отырып - қауіп төнгенде одан қашуға мүмкіндіктер туғызады. Қорқыныш сезімі қоршаған ортаның әрекет шынайылығын көрсететін процесс. Сонымен қатар, қорқыныш, жеке тұлғаның қалыптасу процесінде сі нақты әлеуметтендіруші функцияны атқарады. Психологияда қорқынышты адам бойындағы жағымсыз категорияларға жатқызады. Зерттеудің мақсаты: медициналық қызметкерлерде мазасыздану мен қорқыныш себептерінің пайда болуын психологиялық зерттеу. Зерттеудің міндеттері: - дипломдық жоба тақырыбына байланысты ғылыми мәліметтерді жан-жақты қарастыру, талдау жасау; - медициналық қызметкерлерде мазасыздану мен қорқыныштың көріну ерекшеліктерін сипаттау және талдау; - медициналық қызметкерлердің әртүрлі индивидуалды-психологиялық сипатына байланысты ұйымдық өзгерістер кезіндегі кәсіби стрестің көріну синдромдарын анализдеу; - мазасыздану мен қорқыныш мәселесіне теориялық және әдістемелік талдау жасау, сараптау, бақылау; - мазасыздану мен қорқыныш сезімдеріне ұшыраған медициналық қызметкерлерге психологиялық көмек көрсету жүйесін орнату, құру және ұсыныстар беру. Зерттеудің объектісі: Ақтөбе облысы, Байғанин орталық аудандық ауруханасының 25-45 жас аралығындағы 30 медицина қызметкерлері Зерттеу пәні: медицина қызметкерлерінде кәсіби мазасыздық пен қорқыныш сезімдерінің пайда болуы және одан арылу жолдарын айқындау. Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер кәсіби мазасыздану мен қорқыныш сезімінің құрамын анықтайтын психологиялық реакциялармен (Мазасыздануленушілік, депрессия, қанағаттанбаушылық, психологиялық шаршау және т.б.) дер кезінде психокоррекциялық жұмыс жасалса, онда медицина қызметкерлерінің кәсіби стреске ұшырау деңгейі төмен болады. Зерттеудің ғылыми жаңалығы: кәсіби мазасыздану және қорқыныш туралы ғылыми-теориялық мәліметтер жинақтау, тақырыптың ғылымдағы қолданыс аясын кеңейту, мазмұнын толықтыру, ғылыми-практикалық қолданыста жүрген әдіс-тәсілдерді талдау. ұйымдық өзгерістер процесіндегі медицина қызметкерлерінің кәсіби стресін анықтау үшін кешенді зерттеу жүргізіліп, оның нәтижелерін сараптай отырып, ұйымдық өзгеріске деген қызметкерлердің субъективті қатынасы, ұйым қызметкерлерінің индивидуалдық-психологиялық ерекшеліктері өзгерістер процесіндегі кәсіби стрестің дамуының ең маңызды себептері ретінде дәлелденіп көрсетілді. жүргізілген тәжірибелер қорытындысы ұйымдық өзгерістер процесіндегі кәсіби мазасыздық пен қорқынышты кешенді зерттеу принципін қолдануға, кәсіби мазасыздықтың ерекшеліктері туралы ғылыми негіздемені кеңейтуге, оның дамуына әсер ететін факторлар мен оның динамикасының заңдылықтарын игеруге мүмкіндік береді. Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Отандық және шетел авторларының жұмыстарына терең теоретикалық талдау жасалынды; ғылыми психодиагностикалық әдістемелер кешені құрастырылып, оларды жүргізу арқылы және математикалық-статистикалық өңдеу арқылы зерттеу объектісінің адекватты табиғаты сипатталады. Зерттеу әдістері: Дипломдық жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады. 1 МАЗАСЫЗДАНУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ 1.1 Психологиядағы мазасыздану жағдайы, зерттелу бағыттары туралы түсінік Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында жатқан ұлттық тәрбиенің озық әрі өнегелі дәстүрлерін, асыл қасиеттерін оқушылардың бойында қалыптастыру, психология материалдарын ұтымды пайдалану - аса маңызды міндеттердің бірі. ХХІ ғасыр - қатаң бәсеке ғасыры. Еліміздің білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бүгінгі күні қазақ халқының ұлттық мәдениетінің қайта өркендеу жағдайында жеткіншек ұрпақты ұлттық дәстүрлерде тәрбиелеудің заңды объективті қажеттігі туды. Қай заманда болсын жас ұрпақтың өнеге тұтар өзіндік ұлттық тәлім-тәрбиесі болатындығы белгілі. Егеменді Қазақстан Республикасының болашақ ұрпақтарының сана-сезімін, ұлттық психологиясын, оның ерте замандағы ата-бабалар салт-дәстүрімен сабақтастыра тәрбиелеу қазіргі күннің ең өзекті мәселесі екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр [2]. Қазіргі психология саласында психикалық процестердің озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Инновациялық технологияны меңгеру қызметкерлердің кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, кәсіби қызметін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Инновациялық технологияларын шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады. Инновациялық технологиялардың психологиялық негізгі қағидалары: адамға ізгілік тұрғысынан қарау; адамның танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; адамның өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; адамның танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту және т.б. Психологиялық әдебиеттерде, мазасыздану түсінігінің түрлі анықтамаларын кездестіруге болады, бірақ зерттеушілердің көпшілігі оны ситуативтік құбылыс және өтпелі күй мен оның динамикасын білдіретін жекелік мінез ретінде қарастыруды жөн көреді. Сонымен қатар, А.М. Прихожан: Мазасыздану - бұл төніп келе жатқан қауіпті алдын ала сезінумен, сәтсіздікті күтумен байланысты, эмоционалдық дискомфортты уайымдау - дейді[5]. Мазасыздануды эмоционалдық күй ретінде және жекелік кескін немесе темпераменттің тұрақты қасиеті ретінде де айырып көрсетеді. Р.С. Немовтың анықтамасы бойынша: Мазасыздану - әлеуметтік құрылымдағы жағдайда қорқыныш пен Мазасыздануді сезіну, жоғарғы алаңдаушылық күйіне әкелетін адамның тұрақты немесе ситуативті көрініс табатын қасиеті. Л.А. Китаев-Смык, өз кезегінде мынаны белгілейді, психологиялық зерттеулерде мазасызданудың екі түрінің анықтамасы соңғы жылдары кеңінен тарала бастады. Спилбергтің ұсынуымен Мінездің мазасыздануы және ситуативтік мазасыздану ұғымдары қолданыла бастады. А.В. Петровскийдің анықтамасы бойынша: Мазасыздану - Мазасыздану реакциясының туындауының төменгі сатысын сипаттайтын, индивидтің қатерді уайымдауға бейім болуы, жекелік ерекшеліктердің негізгі параметрінің бірі. Мазасыздану, әдетте, жүйкелік психикалық және ауыр соматикалық ауруларда жоғары болады, сонымен қатар психотравма салдарын өткізіп жатқан сау адамдарда көптеген топ мүшелерінде жекелік сәтсіздіктің субъективті көрінісінің бұзылуы. Мазасызданудың қазіргі зерттеулері жеке тұлғаның тұрақты қасиеті болып табылатын, жекелік мазасыздану және нақты сыртқы ситуациямен байланысқан ситуативтік мазасызданудың айырмашылықтарына бағытталған және де жеке тұлға және оны қоршаған ортаның өзара әрекеті ретіндегі мазасыздану анализінің әдістерін өңдеуге бағытталған[5]. Г.Г. Аракелов, Н.Е. Лысенко, Е.Е. Шотт, өз кезектерінде мынаны айтады: мазасыздану - бұл кез келген адамның тұрақты қасиеті, шектеулі уақыттағы адамның анықталған күйі ретінде суреттелетін көп мәнді психологиялық термин. Соңғы жылдардағы әдебиеттер анализінде мазасыздану түрліше көзқараста қарастырылған. Онда адамға әртүрлі стрестерден әсер етуден туындайтын, қиын өзара когнитивтік, аффективтік және құлықтық реакция нәтижесінен пайда болатын жоғары мазасыздану туралы айтылған. Мазасыздану жеке тұлғаның кескіні сияқты, күнделікті Мазасыздану эмоциясымен, эмоционалды қозу сезімінің жоғарылауымен қаланатын, адам миының генетикалық детерминистік қасиетімен байланысты. Мазасыздану түріндегі эмоционалды сәтсіздік өздерін жоғары бағалайтын медициналық қызметкерлерде де байқалады. Олар ең жақсы дәрігер (медбике) болуға немесе ұжымда ең жақсы орында болуға және де белгілі салада жоғары тартылыстарға үміттенеді, бірақ олардың өз тартылыстарына шынайы мүмкіншілігі болады. Отандық психологтар жеке тұлғаның адекватты емес өзін жоғары бағалауы дұрыс емес тәрбие нәтижесінде, ересектердің адам жетістіктерін жоғары бағалауынан, яғни мақтаудан, оның жетістіктерін асыра сілтеуден деп есептейді. Айналадағылардың берген жоғары бағасы және соған негізделінген өзін-өзі бағалаушылық адамды толығымен қанағаттандырады. Жаңа талаптармен және қиындықтармен соқтығысқанда, оның тұрақсыздығы байқалады. Бірақ адам қызметте бар күшімен өзінің жоғары бағасын сақтап қалуға тырысады, өйткені ол өзін құрметтеуге өзіне деген жақсы қатынасты қамтамасыз етеді. Дегенмен де бұл адамның әрдайым қолынан келе бермейді. Ұжымдастарының арасында қалаулы орынға ие болуына оның кері сапалары мен мінез бітістері әсер етіп жеткізбеуі мүмкін, ал оқудағы жоғары жетістіктер деңгейіне жетуге оның толық емес білім сапасы септігін тигізеді. Осылайша жоғарғы ұмтылыстар мен шынайы мүмкіндіктер арасындағы қайшылық күрделі эмоционалды күйге әкелуі мүмкін. Қажеттіліктерді қанағаттандырмаудан медициналық қызметкерлердің санасына сәтсіздік, сенімсіздік және өзін сыйлауды жоғалтуды мойындауға жібермейтін қорғаныс механизмі өңделеді. Ол өзінің сәтсіздіктерінің себептерін басқа адамдардан: ата-анадан, мұғалімдерден, достарынан, ұжымдастарынан іздеуге тырысады. Сәтсіздік себептері өзінде екенін мойындаудан бас тартып, кемшіліктерін айтқандардың барлығымен конфликтіге түсіп, сескену, қапа болу, ашуланшақтық байқатады. М.С. Неймарк оны адекватты емес деп айтады, - өз әлсіздіктерінен өзін қорғайтын мықты эмоционалды қорғаныс - кез-келген тәсілдерімен санасына өзіне сенбеушілікті жібермеу, шындықты итермелеу, барлығына және бәріне қарсы сескену және ашу- ыза. Бұл күй өмірлік болып, айлап, жылдап созылуы мүмкін[6]. Өзіне сенімділіктің қатты қажеттілігі қызығушылықтарының өзіне ғана бағытталуына әкеледі. Мұндай күй адамның Мазасыздануленуді уайымдауын туғызбай қоймайды. Алғашында Мазасыздану адам алдында тұрған шынайы қиындықтардан туындап, содан соң адамның әлемге, адамдарға, өзінің мүмкіндіктеріне, өзіне деген қатынасының адекватты болмауынан ол тұрақты кескінге ие болады. Мұның бәрі адамға кері әсерін тигізіп, адам кез келген жағдайдан сәтсіздікті күтеді, бұдан шынайы Мазасыздану мазасыздануға айналады. Аффект жеке тұлғаның дұрыс қалыптасуына кедергі болады, сондықтан оны жеңу өте маңызды екенін Т.В. Драгунов, Л.С. Славина, Е.С. Макслак, М.С. Неймарк атап өткен. Бұл авторлардың жұмыстарында адекватты емес аффектіні жеңу өте қиын екені көрсетілген. Басты міндет - бұл адам мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін сәйкестендіруге әкелу немесе оның шынайы мүмкіндіктерін өзіндік бағалау деңгейіне көтеруге көмектесу, өзіндік бағалауын түсіру. Бірақ ең шынайы жолы бұл адамның қызығушылықтары мен ұмтылыстарын оның шамасы жететін, жетістікке жетіп өзіне дәлелдей алатын салаға қарай аудару болып табылады. Сонымен медициналық қызметкерлерді күрделі эмоционалды уайымдаулар адекватты емес аффектпен байланысты екенін Славинаның аффективті құлықтағы зерттеулерде көрсетіледі. Бұған қоса отандық психологтардың зерттеулерінде көрсетілгендей, медициналық қызметкерлер құлығын қиындықтарға әкелетін кері уайымдаулар тума агрессивтік инстинктердің салдары болып табылмайды. Мазасыздану мәселесі басқа да аспекті қамтиды. Психофизиологиялық алаңдаушылық пен Мазасыздануді зерттеудің екінші бағыты осы кездегі күйдің деңгейіне негізделетін жеке тұлғаның физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін зерттеу жолымен бағытталуда. Көптеген авторлар Мазасыздануленуді қатты психологиялық қысымдағы күй - стресстің құрамды бөлігі деп есептейді. Стресс күйін зерттеген отандық психологтар оның анықтамасына түрлі дәлелдеулер енгізді. Сонымен, А.А. Суворова лабораториялық жағдайда алынған стресті зерттеді. Ол стресті адамға қиын және жағымсыз эксперимент жағдайында туындайтын күй ретінде анықтайды. В.С. Мерлин стресті өте қиын ситуацияда туындайтын жүйкелік қысым деп табады. Стресс түсінігінің түрлі талқылауында барлық авторлар мынамен келіседі, стресс - бұл өте қиын ситуацияларда туындайтын қатты қысымдағы жүйке жүйесі. Стресті мазасызданумен сәйкестендіруге болмайды, өйткені стресс әр уақытта да шынайы қиындықтарға негізделген, ал мазасыздану олар болмаған кезде де көрінуі мүмкін. Күші жағынан да стресс пен мазасыздану күйлері түрліше. Егер стресс - жүйке жүйесінің өте қатты қысымы болса, ал мазасыздану үшін мұндай қысымның күші тән емес. Осыдан стресс кезіндегі Мазасыздануді қатер немесе сәтсіздікті күтуден, оны алдын ала сезінуден туындайды деп есептеуге болады. Күй ретіндегі мазасыздану - сәтсіздікті күтушілік. Бірақ Мазасыздану субъект сәтсіздікті өзінен (өзінің шамасы жетпеуінен), объективті жағдайлардан немесе басқа адамдардан күтуіне байланысты соған тәуелді әртүрлі болуы мүмкін[7]. Авторлар фрустрация, стресс кезіндегі Мазасыздану, алаңдаушылық, салбыраңқылық, қорқыныш, сенімсіздік түрінде көрінетін субъектің эмоциональді сәтсіздіктерін атап өтетіндігі маңызды факт болып табылады. Бірақ бұл Мазасыздану шынайы қиындықтармен байланысып негізделген. Сонымен И.В. Имедадзе Мазасыздануді фрустрацияны алдын ала сезінумен тікелей байланыстырады. Осыдан кез-келген түсініктегі стресс пен фрустрация өзіне Мазасыздануді қосады. Жүйке жүйесі қасиетін физиологиялық қасиет тұрғысынан алып қарасақ, біз Мазасыздануге бағытталушылық түсінігін отандық психологтардан табамыз. Сонымен, И.П.Павловтың лабораториясында сыртқы қоздырғыштар әсерінен ең алдымен әлсіз типте, содан соң қозғыш және ең азы жақсы қимылдайтын мықты тұрақты типтегі жануарларда болатыны анықталған. Б.М. Тепловтың пікірінше, Мазасыздану күйі жүйке жүйесінің күшіне байланысты. В.Д. Небылицин жүйке жүйесі әлсіз типтегі мазасызданудың одан да жоғары деңгейін өз зерттеулерінде ұсынады. Мазасызданудың симптомокомплексі мәселесін қарастырған В.С.Мерлиннің жұмыстарына тоқталған да жөн. Мазасыздануды В.В.Белоус екі жолмен тексерді - физиологиялық және психологиялық. Мазасыздануды сендірудің психологиялық механизмдерін зерттеуге қолданатын А.В.Петровскийдің жетегіндегі В.А. Бакеевтің зерттеуі ерекше қызықты болып табылады. Зерттелінушілердің мазасыздану деңгейлері В.В. Белоусовтың қолданған әдістерімен өлшенеді. Осыдан мынадай қорытынды шығаруға болады: эмоционалды уайымдау, жаны жай таппау, жайсыздық және мазасызданудың көрінісі ретінде қарастырылатын алдағы сәттілікке сенімсіздік, бұның бәрі құлықтың кері формаларының негізі болып табылады. Мазасыздану түсінігін психологияға психоаналитиктер және психиатрлар енгізді. Психоанализдің көптеген өкілдері мазасыздануды жеке тұлғаның тума қасиеті және ол адамға әуел бастан-ақ тән күй ретінде қарастырды. Психоанализдің негізін қалаған З.Фрейд адамның бірнеше тума әуестік инстинктері болады деді. Олар оның көңіл күйін анықтайды, адам құлығының қозғаушы күші болып табылады. З.Фрейд биологиялық құмарлық пен әлеуметтік тыйымдардың ұштасуын невроз бен мазасыздандыруды тудырады деп есептеді. Алғашқы инстинктер адамның есеюіне байланысты көріністің жаңа формаларына ие болады. Жаңа формада олар өркениеттің тыйымдарына кездесіп, адам өз құмарлығын жасырып көрсетпей, қысып ұстауға мәжбүр болады. Индивид өмірінің психикалық драмасы туылғанынан басталады және бүкіл өмірінде жалғасады[8]. Жекелік психологияда А. Адлер невроздардың туындауына жаңа көзқарас ұсынады. Адлердің пікірі бойынша, невроздың негізінде қорқыныш, қиындықтардан қорқыныш сияқты механизмдер жатыр. Медицина қызметкерлерінің кәсіби мазасыздану мен қорқыныш сезімдерінің, невроздардың негізі болып эмоцияның сөнуі табылады. Эмоцияның сөнуі деген терминді американ психиатры Х.Дж.Фрейденберг 1974 жылы эмоционалдық қанық ауа-жайда (атмосферада) науқастармен (пациенттермен) белсенді кәсіби қарым-қатынаста болатын адамдардың психологиялық жағдайларын сипаттау үшін енгізді. Оған үлкен шығармашылык мүмкіндікке (потенциалға) ие, ...өз ісіне құлай берілген, кәсіби адамдар тап болады. В.Мосс кәсіби болдыруға Күшейе түсетін қуатын, идеалын, мақсатын жоғалтатын ақыл-ойлық, денелік және жандық таусылу деген анықтама береді. Медицина қызметкерінің кәсіби жанып кету синдромы деп физикалық, эмоциялық, ойлау қабілеттерінің таусылуын айтады.Бұл жағдай жұмыста таусылмайтын, атқарылмайтын күйзелістен кейін дамиды. Жанып кету немесе Сөну синдромының негізіне қызметкерге кәсіби әрекет кезінде күйзелістің әсер етуі ұзақ уақыт жатады. Жанып кету немесе Сөну синдромының пайда болуына адам мен адамның, бастық пен бағыныштының арасындағы ауыр қарым-қатынаста болу негізгі рөл атқарады. Бұл процесс біртіндеп дамиды. Алдымен эмоциялар оңай білінбейді, артынан адамдар ашулана бастайды. Кейінірек ашулануды тоқтату қиындайды. Бұл ызалану мен ашық қайшылық тудырады. Ақырғы кезеңде өзін-өзі бағалау мен кәсіби мотивация төмендейді. Кейбір адамдар бұл кезеңде психикалық белсенді заттарды пайдалануды (ішімдік ішу, темекі тарту, есірткіні пайдалану) күшейтуі мүмкін. Кәсіби жанып кету кенеттен, тұтқиылдан пайда болмайды. Бұл процесті жабық кастрөлдегі сұйықтың, кейін қайнап сыртқа тасып төгілетін жәй қайнауымен немесе көңіл аудармаса соңы өртке айналатын жалынның ұшқындауымен теңестіруге болады. Жанып кету синдромы болғанда адамның жұмысқа деген ықыласы жойылып, оның өмір сапасы темендейді. Психологияда медициналық қызметкерлерді Кәсіби жанып кетудің үш деңгейі көрсетілген: 1-мазасыздану: адам қалайтын деңгейде қызмет атқаруға бейім емес, ол өз беделін демеу үшін, қорғаныс механизмін қолданады. Мысалы: Үйде қызығарлық не бар?, Маған жұмыс көбірек ұнайды. Бұл механизмдерді қолдану кейде көмектеседі, алайда оны күнделікті пайдалану- адамның бірдеңені дұрыс істемегенінің белгісі; 2-қарсылық: бұл сатының басты сипаттамасы -бірбеткейлік, бағынбау, қатаңдық; адам ережелер мен нұсқауларга жабысып, өз позициясын (көзқарасын) өзгертуге құштарлық танытпайды; томаға-тұйық, өзгелерден оқшау қалады (бұл мінез-құлқы айналасындағыларды кері тебетіндіктен назардан тыс қалуы мүмкін); егер сіз әдетте жұмыстан кейінгі уақытты бірге өткізетін мейірбике кенеттен қарым-қатынасты күрт үзсе, онда ол кәсіби жанып кету синдромын бастан кешіруі мүмкін; 3-таусылу: А.Гюллен бұл сатыны ақырғы саты ретінде сипаттап, жазады; адамның бір жағынан, маужыраған, сылбыр және тұрлаусыз, ал екінші жағынан аса зілді және қатал болуы ықтимал; бұл сатыда оған көңіл мен қамқорлық қажет, алайда шұғыл жағдайларда тәртіптік сипаттағы жаза қолданылады: бұл ретте адамдарға ең жақсы тәсіл - маманнан кеңес алу. Қазіргі медицинада Гиппократ антының патерналистік бастауынан бас тарту анық біліне бастады. Ант бойынша Мен науқастардың режимін өз біліміме, түсінігіме байланысты тиімді жаққа бағыттаймын. Қазіргі медицинада керісінше емделуші мен әріптестік карым қатынас қалыптаса бастады. Комплаенс (ағылшынша соmрlіаnсе - келісім) - науқастың терапия режимін сақтауға келісуі, дәрігердің ұсыныстарын қабылдау. Келісім деңгейіне дәрігер мен науқастың қарым-қатынасы әсер етеді. Қазіргі кезде терапевтикалық альянс туралы айтылады, бұл дәрігер мен науқас арасындағы әріптестік қарым-қатынас[9]. Әріптестік қарым-қатынас пен терапевтикалық альянсты қуру дәрігердің кәсіби деңгейінің жоғары екенін, деонтология принциптерінің сақталатынын көрсетеді. Егер науқас дәрігермен әңгімелескеннен соң, өзін жеңіл сезінбесе, ол дәрігер емес - дейді В.М.Бехтерев. Сонымен дәрігердің сөзі емдеу кезіндегі ең маңызды фактор болып саналады, қандай болсын жазаға дайынмын дейді. Әдетте бұл сандырақ психоз ауруына жақын. Толық еместік сезімі физикалық әлсіздікті субъективті сезінуден немесе қатынастағы қажеттілікті қанағаттандыруға кедергі болатын жеке тұлғаның сапасы мен психикалық қасиетінен туындайды. Қатынастағы қажеттілік - бұл сол уақытта топпен бірге болу, топта болу қажеттілігі. Бір нәрсені істей алмаушылық, толық еместік сезімі адамды белгілі бір күйзеліске ұшыратады. Сөйтіп ол қалауларынан бас тартып, капитуляция немесе компенсация жолымен құтылуға тырысады. Мұнда индивид толмаған жеріне бар энергиясын бағыттайды. Өзінің қиындықтарын түсінбегендер және энергиялары өздеріне бағытталғандар сәтсіздікке ұшырайды. Биіктікке ұмтылған индивид өмір тәсілін, өмір жолын және құлықты өңдейді. 4-5 жаста-ақ адамда сәтсіздік, бейімделмегендік, қанағаттанбаушылық, толық еместік сезімі туындап, ал олар болашақта сәтсіздікке әкелуі мүмкін. Адлер адамда дұрыс емес ұстаным мен өмір стилінің пайда болуына әкеліп соқтыратын үш шартты айтады: 1. Ағзаның органикалық, физикалық толық еместігі. Мұндай жетіспеушіліктегі адамлардың көңілін аулап, басқа адамдармен қызықтырмаса, олар толығымен өздерінен босамауы мүмкін. Өзін басқа адамдармен салыстыру толық еместік, пәс түсу, күйзелу сезіміне әкеледі. Бұл сезім таныстарының кекетуінен күшеюі мүмкін. Әсіресе, адам өзін кәдімгі адамға қарағанда нашар сезінетін қиын ситуацияларда бұл сезім ұлғаяды. Ауру адамның өзі де ситуацияны өзгеруге қабілеттілікті сезінеді. Нәтижесі барлық уақытта белгілі мақсаты бар, түрлі күші бар және түрліше көрінетін индивидтің шығармашылық күшіне байланысты[10]. 2. Тым ерке болу да осындай нәтижелерге әкелуі мүмкін. Орнына еш нәрсе бермей барлығын ала беру әдетінің пайда болуы. Қиындықтарды жеңу емес, оңай алынған жақсылық өмір стилі бола бастайды. Бұл жағдайда да барлық қызығушылықтар мен қамқорлықтар өзіне бағытталып, адамдармен қатынас жасау, көмек беру, оларға қамқор болу тәжірибесі болмайды. Қиындықтарға деген жалғыз реакция тәсілі - басқа адамдардан талап ету. Мұндай адамдар үшін қоғам жау сияқты көрінеді. 3. Елеусіз қалған адам. Елеусіз қалған адам махаббаттың және достық қарым-қатынастың не екенін білмейді. Ол доспен қатысып жатқанын көрмейді. Қиындықтармен кездескенде қиындықтарды бағалайды, ол басқалардың көмегімен оларды жеңуге болатынына сенбегендіктен, өз күшіне де сенбейді. Ол махаббатқа және жоғары бағалаушылыққа адамдарға пайдалы әрекет жасау арқылы қол жеткізуге болатынына сенбейді. Сондықтан да ол күдікті және ешкімге сенбейді. Оның басқаларға деген махаббаттан тәжірибесі жоқ, өйткені оны жақсы көрмейді және оның құны өшпенділік. Осыдан тұйықтық, қарым-қатынасқа түсініспеушілік, қызметтестікке бейімдемеушілік туындайды[11]. Басқаларды жақсы көруді дамыту жаттықтыруды қажет етеді. Адлерде жеке тұлға конфликті негізінде, мазасыздану мен невроздың негізінде артықшылыққа ұмтылудан шығатын қалу (мықтылыққа еріктік) және құнсыз арасындағы қайшылық. Осы қайшылықтың қалай шешіліп жатқанына байланысты жеке тұлғаның ары қарай дамуы жүріп жатады. Қуаттылыққа ұмтылу бастапқы күш сияқты дегенді айтқанда, А.Адлер артықшылыққа, басымдылыққа ұмтылу топ адамдарынсыз іске асуы мүмкін емес деген қарым - қатынас мәселесін айтады. Адлер құлық түрткісінің негізі сияқты үстемдікке ұмтылудың неге пайда болғанын түсінбеді. Сондықтан ол 20-шы жылдардағы осы батыс қауымының нақты тарихи құбылысын қателікпен қабылдап, оны тума биологиялық инстинкт деп есептеді. Ал осыдан үстемдікке ұмтылуы іске аспауына байланысты мазасыздану, қорқыныш, алаңдаушылық және басқа құбылыстар пайда болады. Адлер тұжырымдамасының кемшілігі адекватты алаңдаушылық және адекватты емес арасындағы айырмашылық емес, сондықтан мазасызданудың құрылымдық күй ретіндегі нақты бейнесі басқа ұқсас күйлерден ерекшеленеді. Мазасыздану мәселесі нейрофридистердің, ең алдымен К.Хорнидің арнайы зерттеу пәні болды және Хорнидің теориясында жеке тұлғаның Мазасыздануі мен мазасыздануының қайнар көзі биологиялық құштарлық пен әлеуметтік тыйымдардың арасындағы конфликт емес, ол дұрыс емес адамдық қарым- қатынастар. Невротическая личность нашего времени кітабында Хорни 11 жүйелік қажеттіліктерді атап өтеді (К.Хорни, 1997). 1.Сүйкімді болуға, басқаларға ұнауға байланысты жүйкелік қажеттілік. 2.Жалғыз қалуға қорқыныш, барлық күтулері мен армандарын орындайтын серіктестікке деген жүйкелік қажеттілік. 3.Өз өмірін шектеуге, көзге түспей, елеусіз қалуға деген жүйкелік қажеттілік. 4.Болжам жасап, басқаларды ойлары арқылы басқаруға деген жүйкелік қажеттілік. 5.Басқаларды қанау арқылы олардан жақсыны алуға деген жүйкелік қажеттілік. 6.Абырой немесе әлеуметтік қадірлеушілікке, тануға деген қажеттілік. 7.Жеке тұлғалық, яғни өзінің өсіріп көрсетілген бейнесіне қажеттілік. 8.Басқалардан озуға деген қажеттілік, жекелік жетістіктерге жүйкелік ұмтылушылық. 9. Өзіндік қанағаттану мен тәуелсіздікке деген жүйкелік қажеттілік, ешкімге мұқтаж болмауға қажеттілік. 10. Махаббатқа деген жүйкелік қажеттілік. 11. Артық, кемел, қол жеткізуге деген жүйкелік қажеттілік. Осы қажеттіліктерді қанағаттандыру көмегімен адам Мазасыздануден құтылуға тырысады, бірақ К.Хорни жүйкелік қажеттіліктер тойымсыз, оларды қанағаттандыру мүмкін емес, ал бұдан шығатыны Мазасыздануден құтылудың жолы жоқ деп есептеді. Көп деңгейде К. Хорни С.Салливенге жақын, ол жеке тұлға арасындағы теорияны құраушы ретінде танымал. Жеке адам басқа адамдардан, жеке адамдар арасындағы ситуациялардан бөлектенуі мүмкін емес. Сәби өзінің туылған алғашқы күнінен бастап-ақ адамдармен, бірінші кезекте анасымен өзара қарым-қатынасқа түседі. Индивидтің әрі қарай дамуы мен әрекеті жеке тұлға арасындағы қарым- қатынастың өнімі болып саналатын бастапқы алаңдаушылық, Мазасыздану бар деп есептейді Салливен. Салливен организмдерді кернеудің энергиялық жүйесі ретінде қарастырды. Ол белгілі бір шектердің арасында айнып тұрады - босаңсу, тыныштық күйі және кернеудің ең үлкен дәрежесі. Кернеудің бастаулары Мазасыздану және организм қауіптілігі болып табылады. Мазасыздану адам қауіпсіздігіне шынайы немесе жалған қатерден туындайды. Салливен Хорни сияқты мазасыздануды тек қана жеке тұлғаның негізгі қажеттіліктерінің бірі ретінде қарастырмай, оның дамуын анықтайтын фактор ретінде де қарастырады. Жақсы емес әлеуметтік ортаға жақындау нәтижесінде ерте жастық шақта пайда болған мазасыздану, күнделікті және әрдайым адамның бүкіл өмірінде болады. Алаңдаушылық сезімінен құтылу индивид үшін орталық қажеттілікке айналады және оның әрекетін анықтайтын күш болып табылады. Адам қорқыныш пен Мазасыздануден құтылу тәсілі болып табылатын түрлі әрекеттерді өңдеп шығарады. Мазасыздану түсінігіне Э.Фроммда басқаша келеді (Фромм 1990). Хорни мен Салливенге қарағанда, Фромм психикалық дискомфорт мәселесін қоғам дамуының тарихи тұрғысынан қарастырады. Э.Фромм орта ғасырдың оның өндіріс тәсілдері мен топтық құрылымында адам еркін болған жоқ, бірақ ол жалғыз және бөлектенген жоқ, өзін осындай қауіп-қатерде және Мазасыздануді сезінген жоқ, сондықтан ол заттардан, табиғаттан, адамдардан жатырқаған жоқ. Адам әлеммен бастапқы бастаумен байланысты болды. Фромм оларды "табиғи әлеуметтік байланыстар" деп атады. Мазасыздануден құтылу үшін "жағымсыз еркіндікпен" туылған, адам осы еркіндіктің өзінен құтылуға тырысады. Жалғыз жолды ол еркіндіктен қашу деп табады. Яғни өзінен-өзі қашуға, ұмытуға тырысады және жаман өзіндегі Мазасыздану күйін басып жаныштайды. Фромм, Хорни және Салливен Мазасыздануден құтылудың түрлі механизмдерін көрсетуге талпынады. Фромм бұл механизмдер "өзінен қашу", Мазасыздану сезімін үстіртін ғана жабады, ол толығымен индивидті одан құтқармайды дейді. Керісінше, бөлектенгендік сезімі күшейіп, өз менін жоғалтудың ең ауыр күйі құралады. Еркіндіктен қашудың психикалық механизмдері иррационалды болып келеді. Фроммның пікірі бойынша, олар қоршаған шарттарға жауап беру реакциясы емес, сондықтан Мазасыздану мен күйзелу себептерін жоюға шамасы келмейді. Осы орайда, мынадай қорытындыға келуге болады, мазасыздану қорқыныш реакциясына негізделген, ал қорқыныш ағзаның бүтіндігін сақтаумен байланысты белгілі бір ситуацияларға жауап беретін тума реакция болып табылады. Авторлар алаңдаушылық пен мазасыздану арасын айырмайды. Екеуі де бір кезде адамда қорқынышты тудыратын жағымсыздықты күту ретінде көрінеді. Мазасызданудың көмегімен адам қорқыныштан құтылуы мүмкін. Қарастырылған теорияларды анализдеп және жүйелеп, авторлар өздерінің жұмыстарында белгіленген Мазасызданудың бірнеше бастауларын бөліп көрсетеді: 1. Потенциалды физикалық алаңдаушылықтың түрі ауыртпашылық, қауіп-қатер, физикалық сәтсіздік стимулдарымен байланысудың нәтижесінде пайда болады. 2. Махаббатты жоғалтып алу Мазасыздануі (ана махаббаты, құрбыларының сенімі). 3. Мазасыздану әдетте төрт жастан кем емес кезде байқалатын кінә сезімінен туындауы мүмкін. Біраз үлкен жастағы адамдардың кінә сезімдері өзін кемсіту, өзіне деген ыза, өзін лайықсыз ретінде ойлап уайымдау сезімдерімен сипатталады. 4. Қоршаған ортаны меңгеріп алуға қабілетсіздіктен туындайтын Мазасыздану. Ол қоршаған орта мәселелерін адам шеше алмайтынын сезінсе көрінеді. Мазасыздану толық еместік сезімімен байланысты, бірақ онымен пара- пар емес. 5. Мазасыздану фрустрация күйінде де пайда болуы мүмкін. Фрустрация қатты қажеттілік немесе қалаулы мақсатқа жетуде кедергі пайда болғанда уайым ретінде анықталады. Мазасыздану күйін әкелетін (ата-ана махаббатынан айырылу және т.с.с) және фрустрацияны туғызатын ситуациялар арасында толық тәуелсіздік жоқ және авторлар да осы түсініктердің арасын нақты айырып көрсетпейді. 6. Мазасыздану әр адамға сол немесе басқа дәрежеде тән. Болмашы Мазасыздану мақсатқа жетуге жұмылдырады. Мазасызданудың мықты сезімі эмоционалды бұзылған болуы мүмкін және ол қайғы әкеледі. Мазасыздану адамға міндетті түрде шешілуі керек мәселелерді ұсынады. Осы мақсатта түрлі қорғаныс механизмдері (тәсілдері) қолданылады. 7. Мазасызданудың пайда болуында үлкен мән отбасылық тәрбиеге, ананың рөліне, адам мен ананың өзара қарым-қатынасына беріледі. Жастық шақ кезеңі жеке тұлғаның дамуын болжайтын кез болып табылады. Осы орайда Массер, Корнер және Каган Мазасыздануді, бір жағынан, әр жеке адамға тән, қауіп-қатерге тума реакция ретінде қарастырса, екінші жағынан адам қоршаған ортамен өзара іс-әрекетте кездесетін, жағдайлардың (стимулдардың) өсімталдық деңгейіне тәуелді адамның мазасыздану деңгейін бөліп көрсетуге болады. Қорқыныш күйі алаңдаушылықты және Мазасыздануді қоршаған ортада болып тұратын субъект жағдайға реакция ретінде қарастырады. Бұл екі құбылыстың арасында айырым жасалмайды. Алаңдаушылық кішкентай сәбиге тән болып келеді, ол қатты дыбысты естігенде, кездейсоқ орын ауыстыруды немесе сүйенішін жоғалтқанда, сонымен қатар басқа да кездейсоқ тітіркендіргіштер кезінде сезінеді. Бірақ кішкентай адам оның кейінгі есейген шағында мазасын алуы мүмкін көптеген стимулдарға сезімсіз қалады. Роджерс эмоционалдық өзін-өзі сезінуді басқаша қарастырады (Роджерс К, 1980). Ол жеке тұлғаны адам тәжірибесінің өнімі ретінде немесе құлықтың және сананың қоғамдық формаларын меңгеру нәтижесі ретінде қарастырады. Қоршаған ортамен өзара іс-әрекет нәтижесінде адамда өзі туралы, өзін бағалау туралы сипаттама пайда болады. Бағалаушылық тек қоршаған ортамен үнемі қатынасу тәжірибесінен ғана емес, сонымен қатар басқа адамдардан алынып пайдаланылған, индивидтің өзі өңдеп жасаған сияқты болып қабылдануы мүмкін. Роджерс мазасызданудың басқа бастауын сана деңгейінің астында жатқан құбылыстар және де егер олар жеке тұлға үшін қауіпті сипатта болса, онда оларды саналы тұрғыдан ұғынғанға дейінгі бейсана астында қабылдап қоюы мүмкін деп көрсетеді. Бұл алаңдаушылық бағалай алмау, толқу, Мазасыздану жүрек соғуы өсуі реакциясын тудыруы мүмкін. Мазасыздану оған себепсіз болып көрінеді. Негізгі Мазасыздану және жеке тұлғаның негізгі конфликтін Роджерс жеке тұлғаның екі - саналы және санасыз жүйесінің қатынасынан шығарып қарастырады. Егер осы екі жүйенің арасында толық келісім болса, онда адамның көңіл-күйі жақсы болып, ол сабырлы болады. Және керісінше, екі жүйе арасындағы келісім бұзылса, түрлі уайымдау, алаңдау, Мазасыздану пайда болады. Бұл эмоционалдық күйлерді ескертудің басты шарты тез арада адам өзінің бағалаушылығын қарастыра алуы және жаңа өмір шарттары талап ететін болса, өзін өзгерту болып табылады. Сонымен Роджерс теориясының шиеленіс драмасы, ол өткен тәжірибе нәтижесінде құрылған өзі туралы түсінігі мен қазіргі алынып жатқан тәжірибе арасындағы индивид өмірінің процесінде пайда болады. Осы қарама-қайшылық - мазасызданудың негізгі қайнар көзі. Негізгі жұмыстар талдауы көрсеткендей, шетелдердік авторлар мазасыздану табиғаты түсінігін екі жақты қарастырады: мазасыздану түсінігі адамға әуел бастан-ақ берілген қасиет ретінде және адамға дұшпан сыртқы әлемге реакциясы ретінде қарастырады. Бірақ осыған қарамастан мазасыздану түсінігін биологиялық және әлеуметтік деп бөлу принципті болар еді. Сонымен, Хорни немесе Салливен Мазасыздануді негізгі Мазасызданудың бастапқы қасиеті деп есептейді. Бірақ оның әлеуметтік шығуын оның ерте адамлық шақтағы қалыптасу жағдайына байланысты екенін белгілеп кетеді. Фромм, басқа әлеуметтік ұстанымдардан тұратын сияқты, керсінше мазасыздануды табиғи әлеуметтік байланыстардың алғашқы бастаулардың бұзылуының нәтижесінде пайда болады деп есептеді. Ал табиғи әлеуметтік бастаулар дегеніміз не? - ол табиғи яғни әлеуметтік емес. Онда Мазасыздану әлеуметтіктің биологиялыққа басып енуінен пайда болады. Осыны Фрейд те қарастырады, бірақ табиғи құштарлықтардың бұзылысы орнына, оның пікірінше, табиғи байланыстардың бұзылысы болып жатады. Мазасыздану түсінігіндегі осындай биологиялық және әлеуметтік араласуларды біз басқа авторлардан байқаймыз. Мазасыздану табиғаты түсінігінің нақты еместігіне, түрлі бітпейтін айырмашылықтарға қарамастан барлығына ортақ бір бейне бар. Ешкім объективті негізделген мазасыздану мен адекватты емес мазасыздану арасын бөліп айырмайды. Осы орайда, Мазасыздануді немесе мазасыздануды уайымдау күйі немесе азды көпті жеке тұлғаның ерекшелігі ретінде қарастырсақ, онда оның ситуацияға қаншалықты адекватты екені мардымсыз. Мазасыздануге негізделген уайым - қайғы, қарастырылғандай, негізделмеген уайым - қайғыдан ерекшеленбейді. Субъективті жағынан бұл күйлер тең. Бірақ объективті жағынан айырмашылық өте үлкен. Субъект үшін объективті мазасыз ситуациядағы Мазасыздану уайымдаулары - бұл қалыпты адекватты реакция. Бұл жеке тұлғаның дұрыс қалыптасуын және жақсы әлеуметтенуін әлемді қалыпты адекватты сипаттайтын реакция болып табылады. Мұндай уайымдау субъекттің мазасыздану көрсеткіші болып табылмайды. Мазасыздануді жеткілікті негізсіз уайымдау, бұл әлемді бұрмалап, қате адекватты емес, қабылдау болып табылады. Бұл жағдайда мазасыздану адамның ерекше қасиеті ретінде ерекше адекватты емес түрі ретінде сөз болады. Мазасыздануды талдау З.Фрейдтің тұжырымдамасын назардан тыс еш қалдырмайды. Осы проблеманы теориялық тұрғыда зерттеуді бастаған осы З.Фрейд болды. Ол мазасыздануды тудыратын келесі ситуацияларды көрсетті: а) адамның өзіне қымбат,қажетті объектілерінен айырылу, жоғалту, ата-анасынан немесе жақын досынан, айырылу, кәсіби қызметте көздеген мақсаттарға жете алмау; б) махаббат сезімінің жоғалуы; Э.Фромм, К.Хорни, Г.С.Салливандардың тұжырымдамаларына сөйкес, мазасыздан-бұл әлеуметтік құбылыс. Адамдар туғанынан мазасыз болмайды, оларды мазасыз болуға өмір жағдайлары себепші болады. Г. Салливан теориясы бойынша, мазасыздану екі түрлі болады: невротикалық және экзистенциалды. Мазасыз (қорқак) адамдар: бала кезінде немесе қорқыныш сезімі ақырға шегіне жетеді, яғни олар адамдардан, басқа адамдардан, ит, найзағайдан т.б қорқады. Ресей ғалымы А.М.Прихожан өзінің "Жас өспірімдер арасындағы тұлғааралық мазасыздануға психологиялық талдау" деген еңбегін жазды. Ал, ғалым Н.Имедадзе мектеп жасына дейінгі балалардың мазасыздануы жайлы тың мәселені көтерді. Оның пікірінше, мазасыздану "Жеке-дара, сараланған қалып-күй жеке бастың қасиеті. Әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін кауіп туғызатын ситуацияларға эмоционалды тұрғыда көзкарас, қатынасты білдіру". Сонымен қатар, мазасыздану -- бұл қиындық жағдайындағы әлеуметтік қажеттіліктер фрустрациясын бастан кешіру. Ал, бастан кешулер дегеніміз Л.И.Божович айтқандай, ерекше эмоционалды формада қажеттіліктерді қанағаттандыру дәрежесін бейнелейді. З.Фрейд бойынша, мазасыздану сезімдері қорқыныштан бөлек аффектілер мен когнитивті процесстерді қосып алады. Қажетттіліктерді түйсінген адам ізденістік әрекетін әрі қарай жалғастырады. Дамып келе жатқан жеке адамның негізгі проблемасы мазасыздануды жою болады. Мазасыздану күтетін немесе алдын-ала болжалған шиеленістің күшеюі немесе қанағаттанбаудан туады, сонымен қатар кез-келген жағдайда (ол шындық, немесе қиялдағы болсын) қауіп төнгенде дамуы әбден мүмкін. XIX ғасырдың аяғында социология мен антропология ғылымдары дербес пәндер ретінде дамып қалыптаса бастады. Осы жаңа ғылымдар ойынша, адам көп дәрежеде қоғам жемісі. Психоанализ бағытында ғалымдар мазасыздану проблемасы туралы көптеген еңбектер жазған. К. Хорни Фрейдистік жүйені жалғастырып, тереңдетіп зерттей түседі. Ол "негізгі мазасыздықгы" - оқшаулану сезімі немесе баланың зұлым әлемде көмектен тыс қалуы". Жалпы алғанда, тұлғааралық қарым-қатынаста қауіпсіздікті туғызатын жағдайлардың барлығы мазасыздануды сезімін тудырады. Қауіпсіздікті сезбей тұрған, мазасыз адамның бойында оқшаулану және дәрменсіздік сезімін игеруге арналған түрліше стратегиялар дамиды. Ондай адам зұлым немесе, керісінше, өте ақылды, яғни өзі жоғалтқан махабабатты қайтаруға дайын болатындай қалыптасуы мүмкін. Адамда шындықка сай емес, өзінің бейнесі калыптасуы да мүмкін. Г. Салливан -- "Психиатрияның тұлғааралық теориясы деп аталатын жаңа тұжырымдаманы жасаушы ірі ғалым ретінде негізгі, маңызды қағида - жеке адам қандай гипотетикалық мазмұнда, мағынада дамуы. Оның негізі - тұлғааралық қарым-қатынастар"- деп түсіндіреді. Яғни, жеке адамды нақты әлеуметтік ситуациядан тыс зерттеу мүмкін емес дейді. Салливан да Хорни сияқты, мазасыздануды тұлғааралық қарым-қатынас жемісі деп санайды, және алғашқыда анасынан баласына беріледі дейді. Осы мазасыздықтан қашудың жолы: адамдар өз мінез-құлқын бақылау мен қорғаудың түрліше тәсілдерін қолданады. Нақ осы қорғаныс шаралары мен жүйені қалыптастырады. "Мен" адамды мазасызданудан қорғайды, әрі жоғары деңгейлі өзін-өзі сыйлау арқылы бекиді, өзін сыннан да қорғайды. Салливан да, өзге ... жалғасы Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз. Ұқсас жұмыстар Мектеп жасына дейінгі балалардың қорқыныш сезімдерінің психологиялық ерекшеліктері 6-7 жастағы балалар - психологиялық көмектің объектісі ретінде Мектеп жасына дейінгі бала бойындағы қорқыныш және оны түзету Бастауыш сынып оқушыларының қорқыныш сезімі Мектепке дейінгі балалардың эмоциялары мен сезімдерін дамыту Эмоция және оның балалық шақта дамуы. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СЕЗІМ МЕН ЭМОЦИЯСЫН ДАМЫТУ Ажырасу мәселесіне арналған әдебиеттерді талдау Отбасын қолдау орталығы қызметкерлерінің әдістемелік құралы Сезімдер мен эмоциялар туралы жалпы түсінік Пәндер Іс жүргізу Автоматтандыру, Техника Алғашқы әскери дайындық Астрономия Ауыл шаруашылығы Банк ісі Бизнесті бағалау Биология Бухгалтерлік іс Валеология Ветеринария География Геология, Геофизика, Геодезия Дін Ет, сүт, шарап өнімдері Жалпы тарих Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік Журналистика Информатика Кеден ісі Маркетинг Математика, Геометрия Медицина Мемлекеттік басқару Менеджмент Мұнай, Газ Мұрағат ісі Мәдениеттану ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности) Педагогика Полиграфия Психология Салық Саясаттану Сақтандыру Сертификаттау, стандарттау Социология, Демография Спорт Статистика Тілтану, Филология Тарихи тұлғалар Тау-кен ісі Транспорт Туризм Физика Философия Халықаралық қатынастар Химия Экология, Қоршаған ортаны қорғау Экономика Экономикалық география Электротехника Қазақстан тарихы Қаржы Құрылыс Құқық, Криминалистика Әдебиет Өнер, музыка Өнеркәсіп, Өндіріс Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Кез келген әдеби шығарманың басты мақсаты – оқырманын толғанысқа түсіріп, өзіндік ой қорытуға жетелеу. Бір жағынан, бұл – оқырманға қойылатын негізгі талап та. «Талғам-таразы» айдарының бүгінгі «оқырманы» – жас ақын, әдебиеттанушы Ақерке Асан Пушкиннің Сальериі туралы сөз етеді. Дүйім жұрт атақты итальяндық композитор Сальеримен аңыз арқылы таныс. Моцарттың өлімін Сальериден көретіндер қатары қашанда көп-ті, қазір де аз емес. Пушкиннің «Шағын трагедиясы» арқылы бұл әңгіменің соңы ұзаққа барып, қалыптасқан метафораға айналды. Орыс халқы Пушкинді «наше всё» деп дәл тауып айтқан. Жалғыз өзі әдеби дәуір құрған тума талант Александр Сергеевичтің әсіресе проза мен драмада қалам тартқан дүниелеріне қызығамын. Алайда бұл қызығушылық Достоевскийден келді. Әлқисса, Достоевский бізге жеткен 1845 жылдың 24-наурызында жазған бір хатында кітап оқу туралы айтады. Бір уақытта қаламгер кітаптан бас алмайды екен. Бірақ, ең қызығы, жазушы оқыған кітаптарын қайта қарап, оны қайта оқып, сосын тағы оқып («Қасиетті кітаптың» сөздеріндей – А.К), оқыған сайын жаңаша түсінгенін айтады. Есіме тағы түсті, бастауыш сыныпта әкем маған пышақтың қырындай «Абай жолы» деген кітап сыйлаған болатын («Әліппеден» кейін «Абай жолын» оқыдым» деп талай мақтанғаным есімде). Балаларға арналған кітапта шағын үзінділер берілген. Кейін 8-сыныпта әкем «Абай жолын» тағы сұрады: мен мектеп бағдарламасымен оқығаным бойынша ұнаған-ұнамаған тұстарын айттым. Мектеп бітіргеннен кейін әкем үшінші рет: «Абай жолын» оқыдың ба?» – деп сұрады. Сонда да түсінбедім-ау деймін. Әкемнің: «Бұл кітапты белгілі бір уақыт өткен сайын оқып тұр, отызда бір оқы, қырықта тағы оқы», – дегені есімде. Сонымен, Достоевскийге орала­йық. Пушкиннен кейін орыстардың әдеби сахнасына шығам деген қалам­герлер үшін барлық есік ашық десем қателеспес едім. Ақ жауыннан кейінгі жайқалған гүлдей, орыс әдебиетіндегі Пушкиннен кейінгі дәуірі де керемет емес пе? Осы күнге дейін өзім оқыған аталмыш кезеңге тиесілі қай автор болсын, бәрі де ұлы ақынның сөзімен сөйледі (дәл солай жаңаша сөйледі). Осы ойларымды түртіп отырғанда есіме Раскольников түсті. Қылмыстан кейін қалтырап, ауырып жатқан Раскольниковтың бейнесі қайта-қайта санама орала берді. Дәл Раскольников сынды «адамды өлтіруге құқылы» кейіпкерлерден Борис Годунов, Сальери қайтадан есіме түсті. Қайта оқыдым. Адам баласы өмірге келгеннен сана-сезімі қалыптасқанға дейін, одан кейін де қылмысқа бара ала ма? Кез келген адам баласының қылымысқа баруына не себеп бола алады? Жауабын білеміз… Соғыс, жоқшылық, ұлтқа, дінге бөліну немесе ақылынан айырылу… Өкінішке қарай, жер бетінде қылмысқа итермелейтін факторлар уақыт өткен сайын азаятын емес. Достоевскийдің «Қылмыс пен жаза» романы шетелде, әсіресе америкалық оқырмандар арасында өте танымал болу себебінің бірі де – осы. Достоевскийдің кезінде қылмыс туралы мақалалар газет бетінде көптен жарияланатын. Раскольниковтың прототиптері әлі де газеттен түспей келеді («GOOGLE»-дан «Раскольников, Казахстан, новости» деп іздесеңіз, бірталай жаңалықтар тізбесі шығады). Сол сынды Достоевскийдің кейіпкері өмірге тым жақын. Бірақ оның қылмысқа итермелеген философиясы жалпы түсініктен биіктеу сияқты. Әлемдегі барша зұлымдықты жеңу үшін ҚҰРБАНДЫҚ қылу. Раскольников жер шарындағы бар зұлымдық, теңсіздікпен күресуге тырысады. Достоевский оның қолына өзі балта беріп, сосын өзі кейіпкеріне тұсау салады. Кенеттен бөлмеге марқұм Алена Иванов­наның ақыл-ойы кем туғаны Лизавета кіріп келеді. Достоевскийдің бір ғана «кроткая» деген анықтауышы Раскольниковтың мойнына ең ауыр жүк болып түсті… Ақиқат үшін құрбандық шалу, құрбан болу – Ибраһим (с.ғ.с.) пайғамбар Хақ үшін өз баласын құрбан қылуға ниеттенгеннен бері талай уақыт өткенше, әдебиетте бұл әңгіме көп түрленген сияқты. «Қылмыс» тақырыбын қозғаған Пушкиннің «Моцарт пен Сальери» драмасына назар аударайық: Все говорят: нет правды на земле. Но правды нет – и выше. Для меня Так это ясно, как простая гамма. Родился я с любовию искусству... Шығарманың бірінші жолдары автор мен Сальеридің позициясын анықтап тұрғандай. Сальери ақиқатты ӨНЕР-ден бір сатыға төмен қояды. Жер бетіндегі келіспейтін қарама-қайшылықтар әуелден («…Но правды нет – и выше») қателік ретінде қабылданады. Әрі қарай назар аударыңыз: …Звучал орган в старинной церкви нашей, Я слушал и заслушивался – СЛЕЗЫ Невольные и сладкие текли. Отверг я рано праздные забавы... Сальери бала кезінен өнерді өмірден артық сүйеді һәм шын сүйеді. Мәтіннің әр бөлімінде Сальеридің көз жасын көруге болады. Бұл жердегі көздің жасы – шынайылық, музыканы шын сүю, өнердің құдіретіне бағыну, жан-дүниесімен елжірей берілу. Мәтін бойынша Сальери тіршіліктің барлығын өнердің өресінен төмен қояды, түсініп тыңдауға, шебер ойнауға, музыканы жүрекпен сезінуге тәрбиелейді. Ішпейді, жемейді («Нередко, просидев в безмолвной Келье/ Два, три дня, позабыв и сон и пищу/ Вкусив восторг и СЛЕЗЫ вдохновенья») – өнер үшін өмірдің бар қызығын қияды. Автор монолог арқылы Сальеридің өнерге деген табынушылығын жеткізе отырып, қысқаша балалық дәуренінен бүгініне дейінгі іздену жолын сипаттайды. Монологтың соңына қарай Сальери Моцарт туралы пікірін білдіреді. Моцарт – тума талант. Моцарттың таланты өзінен мың есе күшті екенін Сальери жақсы біледі. Осыны мойындап барып, Сальери шын жылайды – жылайды да, бойынан «қызғаныш» байқағанын айтады. Бірақ қалай айтады? …Кто скажет, чтоб Сальери гордый был, Когда-нибудь завистником презренным <…> …Никто!.. А ныне – сам скажу – я ныне Завистник. Я завидую. – О небо! ГДЕ Ж ПРАВОТА, когда СВЯЩЕННЫЙ ДАР, КОГДА БЕССМЕРТНЫЙ ГЕНИЙ – <…> …озаряет голову безумца, Гуляки праздного?.. О Моцарт, Моцарт! Бұл – кейіпкердің өз аузынан шыққан сөз. Ол нені және неге қызғанды? Мәселе де осында. Жоғарыда келтірілген үзіндіден Сальеридің қызғанышқа бой алдырғанынан оның қатты өкінгенін анық көруге болады. Қасиетті өнер бағы қонған Моцарт үшін емес, Моцарттың сол қасиетті өнерге қалай болса солай қарағаны үшін, қадірлемегені үшін немесе бағасын білмегені үшін өкінеді. Осындай тума таланттың иесі бола тұра ақша үшін арзан күлкінің ортасында рухани күш-қуатын шашқан Моцарт – Сальери үшін өнердің ең үлкен сатқыны болып көрінеді. Сальери өнерді алақанына салып, аялап өтуге дайын. Ал Моцарт үшін ноталарын тиын-тебенге айналдырса жетеді. Сальери оның туындыларын жан-жүрегімен егіліп тыңдайды, Моцарт болса жазғандарын шимай құрлы көрмейді. Тәңірдің берген талантын өзі жасағандай сезінеді… ӨНЕР жүрегін қолына ұстап, шын сүйген Сальериге емес, бағасын білмеген Моцартқа бұйырады. Дәл осы сәтте Сальери оны ӨНЕР үшін ҚҰРБАН қылуды ойлайды. Мәтінде Моцарттың өлімі туралы ойлардан Сальеридің жаны қатты қиналғаны суреттелген. Қылмыстан кейін қалтыраған Раскольников сияқты Сальери өзінің жасына тұншыға жылайды. Жылайды да: «ТЫ, МОЦАРТ, НЕДОСТОИН САМ СЕБЯ», – деп үкім кеседі. («Тварь ли я дрожащая или право имею?..) Соңғы жолдарға назар аударайық: Гений и злодейство – Две вещи несовместные. Неправда: А Бонаротти? Или это сказка Тупой безсмысленной толпы – и не был Убийцею создатель Ватикана? Соңғы шумақта Сальеридің ойы көрінбейді. Бұл жолдар – таза автордың позициясы. «Бонаротти» – автор түсініктемесі бойынша «Микель Анджело». Атақты қылқалам шебері Микеланджело Буонароттиді кім білмейді? Аңыз бойынша суретші Иса пайғамбардың (с.ғ.с.) өлімін шынайы бейнелеу үшін натурщикті ауыр халге жеткізген-міс. Бұл жерде мысалға алынған Ватикан да ұлы туынды ретінде бағаланып отыр. Пушкин өзінің кейіпкерін осы жолдармен ақтап алғандай. Бірақ қылмыстың аты – қылмыс. Көпшілік оқырман үшін Сальери зұлымдықтың символы болып қалды. Пушкиннен кейін әдебиет әлеміне Лермонтовтың Демон’ы, Достоевскийдің Раскольников’ы, Булгаковтың Воланд’ы келді. Ақиқатты іздеген талай кейіпкер қылмыскерге айналды… Сұрақтардың талайы қойылды, талайлар құрбан болды – өнерде де, өмірде де… ПІКІР ҚОСУ Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться. Редакция Бас редакторлар Газет туралы Бізбен байланыс "Қазақ әдебиеті" — Қазақстан Республикасының әдебиет, мәдениет және өнер газеті. Әр апта сайын, жұма күні шығады. Газет 1934 жылдың 10 қаңтарынан бастап шыға бастады. «Қазақ әдебиеті» газеті — Қазақстан жазушылар одағының органы ретінде тұңғыш саны 1934 жылдың қаңтарында жарық көрген.
Қазақстанда маусым айында 2%-тік ипотекаға өтінім қабылдау басталады: 02 маусым 2022, 17:39 - жаңалықтар Alashainasy.kz Басты Алаш-ақпарат Қазақстанда маусым айында 2%-тік ипотекаға өтінім қабылдау басталады 02 маусым 2022, 17:39 2022 жылғы 20 маусымнан 19 шілдеге дейін otbasybank.kz платформасында "Бақытты отбасы" бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылданады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Отбасы банкінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жеңілдетілген бағдарламаға қалалар мен өңірлердің әкімдіктерінде үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған азаматтардың мына санаттары қатыса алады: - көпбалалы отбасы; - мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасы; толық емес отбасы (неке бұзылған сәттен бастап кемінде үш жыл өтуі керек). Айта кету керек, "Бақытты отбасы" бағдарламасының қатысушыларына қарыз сомасының 10% мөлшерінде бастапқы жарна болған жағдайда жылдық 2% мөлшерлеме бойынша қарыздар берілетін болады. Қарыз мерзімі – 20 жылға дейін. Жеңілдікті ипотекалық бағдарламаның көмегімен жергілікті әкімдіктер желісі бойынша салынған кредиттік тұрғын үйді немесе кандидаттың таңдауы бойынша кез келген басқа тұрғын үйді (бастапқы, қайталама нарықтағы) сатып алуға болады. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау және Атырау қалаларында – 15 миллион теңгеге дейін, басқа өңірлерде – 10 миллион теңгеге дейін несие беріледі. Жылжымайтын мүлік қарыз алушы тұрғын үй кезегінде тұрған өңірде сатып алынуға тиіс.
Жаңақорған тынысы » Қоғам » 2023 жылдан бастап әйелдердің зейнет жасын төмендету туралы ақпарат жалған 2023 жылдан бастап әйелдердің зейнет жасын төмендету туралы ақпарат жалған Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылып жатқан ҚР Президентінің Жарлығымен 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасы 58 жасқа дейін төмендетілетіні туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Әйелдердің зейнетке шығуының заңнамамен белгіленген жасы халықаралық және отандық сарапшылар жүргізген зерттеулер нәтижелері мен ұзақ мерзімді актуарлық болжамдарға негізделген, халықаралық практикаға және әлемдегі қалыптасып отырған экономикалық және демографиялық жағдайға сәйкес келетінін естеріңізге саламыз. Бекітілген жас мөлшері базалық және ынтымақты зейнетақыны және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (бұдан әрі – БЖЗҚ) төленетін төлемдерді ескере отырып, қазақстандықтар құрметті демалысқа шыққаннан кейін тиісті зейнетақы төлемдерін қалыптастыру қажеттілігімен негізделген. Бұл ретте ынтымақты зейнетақы жүйесі біртіндеп қысқаруда, өйткені оларды тағайындау кезінде 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін, яғни жинақтаушы жүйе енгізілгенге дейін әзірленген еңбек өтілі ескеріледі. Осыған байланысты міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылатын жинақтаушы зейнетақының рөлі артады, зейнетақы жарналарын аудару кезеңі мен мөлшері неғұрлым көп болса, ол соған сәйкес жоғары болады. Ынтымақты еңбек өтілі жоқ және бүгінде жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатыспайтын қазақстандықтар үшін 50+ жасында ерте зейнетке шығу лайықты төлемдерді қамтамасыз етпейді. Сонымен қатар, қолданыстағы заңнамаға сәйкес азаматтарға зейнеткерлікке ерте шығу құқығы беріледі. Осылайша, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары 55 жасқа (ерлер) және 52,5 жасқа (әйелдер) толғанда жеткілікті болған кезде қазақстандықтар зейнетақы аннуитетін ресімдей алады (зейнетақы жасына жеткенге дейін зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін алу құқығы). 2021 жылдан бастап БЖЗҚ салымшыларының кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеті шартын жасасу мүмкіндігі бар. Яғни, әйелдер оны 42,5 жаста, ерлер 45 жаста жасай алады. Бұл ретте сақтандыру ұйымынан төлемдер тиісінше 52,5 және 55 жаста жүзеге асырыла бастайды. Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін азаматтар зейнетақы аннуитетін 40 жастан пайдалана алады, бұл ретте осындай шарттар бойынша төлемдер 50 жастан басталады. 2022 жылы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің деректері бойынша ерлер үшін жедел зейнетақы аннуитетінің құны – 7,1 млн теңге, әйелдер үшін – 9,5 млн теңге, ерлер үшін кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитетінің құны – 6,5 млн теңге, әйелдер үшін – 8,1 млн теңге. Азаматтардан фейктерге назар аудармауды және ақпаратты тек ресми дереккөздерден пайдалануды сұраймыз. Естеріңізге сала кетейік, жалған ақпарат тарату заң бойынша жазаланады. Қоғам 13 маусым 2022 ж. 212 0 Ұқсас жаңалықтар: Зейнетақының орташа мөлшері белгілі болды Қоғам Зейнетақы мен жәрдемақы көбейеді Қоғам Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері белгіленді Қоғам Зейнетақыны қалай есептеу керек: Қазақстандағы зейнетақы төлеу туралы толық ақпарат Қоғам Қазақстанда 1 қаңтардан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасы ұлғаяды Қоғам Пікір қалдыру Отправить комментарий © 2022. Zhanaqorgan-tynysy.kz ақпараттық агенттігі. Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі, Ақпарат комитетінің тіркеу туралы № KZ12VPY00052387 куәлігі 21.07.2022 жылы берілген. ® Агенттік сайтында жарияланған барлық мақалалар мен фото-бейне материалдардың авторлық құқықтары қорғалған. Материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.
Енді Жароков к-сінен келе жатқанда Шевченко көшесімен Байзақов к-сіне бұрылмай Байтұрсынов к-сіне дейін барады, әрі қарай бағыты бойынша. Кері қайтқанда Байтұрсынов к-сінен Жамбыл к-сіне бұрылады да Жароков к-сіне дейін жүреді, әрі қарай бағыты бойынша. Жоба туралы «Алматы қ. қоғамдық көліктері» ресми интернет-ресурс қалалықтарды Алматы қ. қоғамдық көлік терінің жұмысы мен дамуы туралы ақпарат тандыруға арналған. Портал туралы Мақсаттар Миссия Жасаушылар Байланыстар Байланыс Ақпараты БҰҰДБ-ҒЭҚ жобасы Жіберілім Қоғамдық көліктерге арналған соңғы оқиғалардан әрқашан хабардар болыңыз: E-mail * Мен шартпен келісемін! Қосымшалар Портал «Алматы қ. тұрақты көліктері» БҰҰДБ - ҒЭҚ жобасының қолдауымен жасалды Разработка сайта - компания DreamPRO
Журналист, редактор. Филолог-славист. Соавтор и составитель ряда работ по журналистике и языку вражды. Работал журналистом и редактором в различных научно-популярных, развлекательных и общественно-политических изданиях Казахстана. Главный редактор проекта «Фактчек в Казахстане». Медиатренер, создатель образовательного проекта Factcheck.Academy Украина деген ел жоқ па? Жауап береміз Жариялаған 03.03.2022 Медет Есимханов and Павел Банников Украинадағы соғыс фонында әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Украина мемлекеті «1991 жылдан бері шекараны тіркеуге өтініш бермегендіктен» бұл ел жоқ деген а... Қазақстан Украинаға әскер кіргізуден бас тартты ма? Жариялаған 28.02.2022 Павел Банников Америкалық NBC телеарнасының мәлімдеуінше, Қазақстан Украинаға өз әскерін жіберуден бас тартып, Ресейдің өтінішін орындамаған. Телеарна әлдебір ресми тұлғаға сі... 2022 жылы қаңтарда Алматыдағы биолабораторияға шабуыл жасалды ма? Жариялаған 31.01.2022 Павел Банников Қазақстандағы, Украинадағы және Грузиядағы биозертханаларға қатысты конспирология ресейлік БАҚ-та 10 жылдан бері тұрақты түрде тарап келе жатыр. Зертханалардың ... Темекіні иттерге сынау: Желіде тараған фотоларға қатысты аңыз бен ақиқат Жариялаған 02.01.2022 Медет Есимханов and Павел Банников Біздің редакцияға 15 қарашада involta Instagram-паблигі жариялаған ақпаратқа қатысты көптеген өтініш келіп түсті. Аталған постта екі фотосюжет бар, яғни жоғарғы... «‎Өз көзімізбен»‎: қазақстандық банктер мүгедектерге қаншалықты ыңғайлы? Жариялаған 16.12.2021 Думан Терликбаев, Александр Григорянц, Дмитрий Хегай and Павел Банников Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтары жөніндегі Комиссия қазақстандық банктерді мүгедектігі бар адамдар үшін жағдай жасамады деп бірнеше рет айыптаған. Қазақ... 2ГИС-тегі концлагерь: мәжбүрлі эвакуация туралы жалған ақпарат қалай тарады? Жариялаған 20.11.2021 Медет Есимханов and Павел Банников Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде мынадай мазмұндағы ақпарат тарап жатыр: «танымал 2ГИС қосымшасында зардап шеккен халықты жинау пункттері пайда болды». ... Жалған және манипуляция: А.Редько вакциналаудағы өлім-жітімнің артуы туралы Жариялаған 18.11.2021 Александр Григорянц and Павел Банников 2021 жылғы қазанда ресейлік профессор Александр Редьконың вакциналау науқанына қатысты сыни мәлімдемесі бірқатар БАҚ-та тарады. Оның айтуынша, коронавирустан қа... Айдос Сарымның әлеуметтік желілерді реттеуге қатысты аргументтері дәлелді ме? Жариялаған 27.09.2021 Павел Банников and Медет Есимханов Материал 2021 жылдың 26 қыркүйгеінде Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі таратқан мемлекеттік органдардың Google-ға жүгінгені туралы пресс-релизімен толықтыр... Сізді Pegasus бақылап отыр ма? Анықтау нұсқаулығы Жариялаған 14.09.2021 Думан Терликбаев and Павел Банников Сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы (OCCRP) 16 алпауыт медиамен бірігіп 2021 жылдың шілдесінен бастап израйлдік Pegasus бағдарламалық жа... «Барлық вакцинада графен оксиді бар»: жаңа фейк қалай пайда болды? Жариялаған 07.08.2021 Балнұр Қожагелді, Павел Банников and Сергей Ким 2021 жылы 27 шілдеде жаңартылған. Фейктің басқа елдерде таралуына қатысты және оның бастапқы дереккөзі туралы ақпарат қосылды. Сондай-ақ мақала тақырыбы да өзге... Навигация по записям 1 2 … 9 Келесі » Читайте нас там, где вам удобно Facebook Twitter Instagram VK Telegram YouTube СІЗГЕ ЫҢҒАЙЛЫ ЖЕЛІДЕН ОҚЫҢЫЗ Айдарлар Айдарлар Айдарды таңдаңыз 18+ Instagram Lies MEdia ME! Project Syndicate Білім Байбек жылы Басты бет Главное Главное Дайджест Дайджест Денсаулық Депутат сауалы Дүниеде Жалған Жартылай шындық Контекст Көзқарас Манипуляция @kaz Министрометр Мифтер Мифы и правда Мәдениет Мәлімдемелер Подкаст Профайлинг Сайлау — 2019 Слайдер Спорт Сұхбат Таразы Тесттер Технология Уәделер Уәделерді қадағалау Фактілер Фактчек Фактчек ФЕЙК Фейк Шындық Экология Экономика Қаржы Қауесет Құқық Үгіт-насихат деконструкциясы Үкім жоқ Әдіснама Әкімдер есебі Әкімометр Әлеумет Редакция Біз туралы Керi байланыс Сайт ережелерi СІЗГЕ ЫҢҒАЙЛЫ ЖЕЛІДЕН ОҚЫҢЫЗ Facebook Twitter Instagram VK Telegram Құқықтық ақпарат Жобаны MediaNet Халықаралық журналистика орталығы Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен жүзеге асыруда. Басылымның мазмұны автор(лар)дың пікірі мен көзқарасын білдіреді, оның MediaNet ХЖО-ның және Сорос-Қазақстан Қорының көзқарасымен сай келуі міндетті емес. Жоба жайлы Жобаны MediaNet Халықаралық журналистика орталығы Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен жүзеге асыруда. Басылымның мазмұны автор(лар)дың пікірі мен көзқарасын білдіреді, оның MediaNet Халықаралық журналистика орталығының және Сорос-Қазақстан Қорының көзқарасымен сай келуі міндетті емес.
275 алматылық отбасы жаңа пәтерлерін мерзімінен 3 ай ерте алып, қоныстойға дайындалуда. Тұрғын үй кешенінің төртінші кезегінің тапсырылуымен, «Асыл Тау» жобасы осымен аяқталып отыр. Бұл 2013 жылы басталған Алматыдағы BI Group холдингінің алғашқы тұрғын үй кешені. Осы жылдар ішінде 1 123 отбасы баспаналы болды, бұл 138 000 шаршы метр тұрғын үй. Үйді жоспарланған мерзімінде емес, жаңа пәтер иелерін қуанту үшін мерзімінен бұрын тапсыру – компанияның қазіргі мақсатына айналды! Жоба жетекшісінің орынбасары Григорий Нешатаев Алматының жаңа тұрғын үй кварталы туралы айтып берді: «Асыл Тау»Алматының Бостандық ауданында, Сәтпаев көшесінен жоғары, Егізбаев көшесінің бойында, 5.4 гектар үлкен аумақта орналасқан. Бұл тұтас бір тұрғын үй кварталы. 12-17 қабатты ауыспалы қабаттылық үй ауласының үнемі жарық болуына ықпал етеді. Үйдің кең әрі жасыл ауласы қаланың қарбалас өмірінен демалуыңызға мүмкіндік береді. BI Development Almaty директоры Айдос Мукатаев сәулет тұжырымдамасы туралы айтты: - Біз өз ерекшеліктері бар тұрғын үй кварталын құруға тырыстық. Бұл үлкен аумақ, қонақтарға арналған және жерасты паркингтері, өз инфрақұрылымы, тіпті аулада балабақшасы бар. 1123 отбасы қолайлы ортада өмір сүреді. Сондай-ақ, бұл мұнымен біткен жоқ, кіреберістердің, үй ауласының тазалығына жауапты біздің BI Service қызметі тұрғындарға қызмет көрсетеді. BI Group холдингімен Алматыда 5 тұрғын үй кешені салынды: «Сезам», Gagarin Park, «Аманат», «Жаңа Жетісу» және «Асыл Тау». Бұл 2 700 пәтер және 310 000 шаршы метр. Естеріңізге сала кетейік, BI Group – құрылыс саласында 24 жылдық тәжірибесі бар көп бейінді инвестициялық-құрылыс холдингі. Үлескерлердің ақшасын тартуға берілген 30.07.2018 жылғы N 45 рұқсат. Құрылыс салушы: «Мереке Сервис НС» ЖШС. Уәкілетті компания: «Astana Realty Plus» ЖШС. Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1776726-tosynsyj-almatyda-275-otbasy-ktpegen-zerden-kuanyska-keneldi/ Автор: Жұлдыз Кенжегалиева Матч-центр Кеңейту Открываются комментарии Все комментарии: {{totalCommentCount}} {{list}} Перейти к обсуждению {{formattedDate}} {{body}} Бірінші болып пікір қалдыру Жарнама берушілерге Біз туралы Жоба жайында NUR.KZ туралы басқа медиадағы жарияланымдар Біз қалай жұмыс істейміз NUR.KZ жаңалықтар қызметінің жұмыс істеу қағидалары Жаңалықтар мұрағаты Пайдалану шарттары Материалдарды пайдалану ережелері Қолдану шарттары Құпиялылық саясаты NUR.KZ сайтында пікір қалдыру ережелері Редакция editor@corp.nur.kz Бас кеңсе +7 (727) 339 80 38 Біз әлеуметтік желілердеміз Nur.kz мобильді қосымшасы Біздің қағидаттар YouTube MCN © NUR.KZ 2009-2022 2016 жылдың 6 мамырындағы № 15988-АА куәлігі Барлық құқықтар қорғалған Біз Cookie файлдарын қолданамыз Олар сайтты сізге ыңғайлы етіп баптауға - қызықты мақалаларды ұсынып, пайдалы жарнаманы көрсетуге көмектеседі.
Жуырда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде белгілі профессор, филология ғылымының докторы, Ыбырай Алтынсарин және Жамбыл Жабаев атындағы халықаралық сыйлықтарының лауреаты, көрнекті ғалым Сұлтанғали Садырбаевтың 90 жылдығына арналған мәдени іс-шара өтті. Жиынға әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлт­тық университетінің Басқарма Төрағасы Ректоры Жансейіт Түймебаев, филология ғылымының докторы Бауыржан Жақып пен Қансейіт Әбдезұлы, белгілі қоғам қайраткері Нағашыбек Қапалбек, академиктер мен профессорлар және ғалымның ұрпақтары қатысты. Жиында жоғары оқу орнының басшысы Жансейіт Түймебаев сөз сөйлеп, профессордың өмір жолына кеңінен тоқталды. «Сұлтанғали Садырбаев ғұмырын қазақ халқының ауыз әдебиеті мен фольклор жанрын зерттеу­ге арнады. Нәтижесінде «Қазақ халқының ауыз әдебиеті», «Жамбыл және фольклор», «Фольклор және эстетика», тағы да басқа оқулықтар мен монографиялар жазды. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология және журналистика факультетінің студенттеріне 48 жыл дәріс оқыды. Бүгінде филология факультетінің бір дәрісханасы Сұлтанғали Садырбаевтың атында. Биыл аудитория күрделі жөндеуден өтіп, жаңа құрылғылармен толықты», – деді Жансейіт Түймебаев. Шара барысында университеттің бастамасымен «Ғибратты ғұмыр» сериясы аясында басылып шыққан «Сұлтанғали Садырбаев» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Кітапта профессордың өмірбаяны мен зерттеулері, қанатты сөздері, мұрағат құжаттары, толғаныстар мен естеліктері қамтылған. Басқосуға жиналған зиялы қауым Сұлтанғали Садырбаевтың әдебиеттанудағы елеулі еңбектерін атап өтіп, естеліктерімен бөлісті. Айта кетейік, Сұлтанғали Садырбаев 1955 жылы ҚазМУ-ды, 1962 жылы Қазақстан ғылым академиясының Әдебиет жөне өнер институтының аспирантурасын бітірген. 1962 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да еңбек етті. 2013 жылы 82 жасына қараған шағында өмірден озды. Ардақ КАКИМОВА, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Жамбыл атындағы ғылыми-зерттеу оралығының жетекші маманы ПІКІР ҚОСУ Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться. Ұқсас мақалалар Әмбебап әдебиеттанушы. Кеше-бүгін... Ақерке АСАН, әдебиеттанушы: КЛАРА және КҮН Айгүл ІСІМАҚОВА, әдебиеттанушы ғалым: ҚАЗІРГІ ЕРЛЕР – ЕЗ… ТӘУЕЛСІЗДІК ТУРАЛЫ СӨЗ – БІЗ ТУРАЛЫ СӨЗ! ІРГЕЛІ ЕҢБЕК Еңбек Ері Дулат Исабеков жастар алдында дәріс оқыды Редакция Бас редакторлар Газет туралы Бізбен байланыс "Қазақ әдебиеті" — Қазақстан Республикасының әдебиет, мәдениет және өнер газеті. Әр апта сайын, жұма күні шығады. Газет 1934 жылдың 10 қаңтарынан бастап шыға бастады. «Қазақ әдебиеті» газеті — Қазақстан жазушылар одағының органы ретінде тұңғыш саны 1934 жылдың қаңтарында жарық көрген.
Атырау облысының кәсіпкерлері мерекеге орай түрлі жеңілдік акцияларын ұйымдастырды - 22.10.2022, 15:21 Бас прокуратура жеке сот орындаушыларының қылмыстық схемаларын анықтады - 02.12.2022, 09:33 ЖЫЛЫОЙЛЫҚ СПОРТШЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚОЛА ЖҮЛДЕ ИЕЛЕНДІ - 14.11.2022, 16:13 СТУДЕНТТЕР ӘЛЕУЕТТІ ЖҰМЫС БЕРУШІМЕН КЕЗДЕСТІ - 22.11.2022, 10:25 МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ БОЙЫНША ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ - 25.11.2022, 12:15 Жаңалықтар Аудан Кенттегі су желілерін ауыстыру қажет Кенттегі су желілерін ауыстыру қажет Read Time: 1 min Создано: 15 қаңтар 2020 685 «Мекеменің су есептегіш құралын дүркін-дүркін ауыстыруды талап етуі халықтың қалтасына қол сұғып, қолдан ақша жасау емес пе?» Жаңа Қаратон кенті әкімі Сансызбай Баймұратов былтырғы атқарған жұмыстарын тұрғындарға баяндап, алдағы жылы қолға алатын істерін тізіп шықты есеп беру жиналысында. Тұрғындардың сауалдары мен өтініштерін тыңдай отырып, кенттегі ең бір шешімін күтіп тұрған күрделі мәселе – спорт кешенінің қасындағы су жүйесінің жарылып, пәлен жылдан бері су кетіп жатуы екенін ұқтық. Тұрғын сауалына қатысты «Жылыойсу» мекемесінің кенттегі қызметкерінің айтуынша, су кетуін толық тоқтату үшін тұрбаларды түгел ауыстыру қажет болады. Ал оған жазда болмаса, қыста мүмкіндік жоқ екен. Оның айтуынша, әзірге стеклопластик тұрбаларды цементпен жамап, амалдап отырған көрінеді. Су демекші, кент тұрғындары «Мекеменің су есептегіш құралын дүркін-дүркін ауыстыруды талап етуі халықтың қалтасына қол сұғып, қолдан ақша жасау емес пе?» деген күмәндарын ортаға салды. Бұған «Жылыойсу» мекемесі басшысы Берік Алагөзов су есептегіш құралдарының мерзімі болатынын, соған қатысты ғана ауыстыруды талап ететіндерін айтты. Зейнеткер Ә.Бабасов мекемелердің ірі автобустары кенттің ортасын кесіп жүретінін айтып, мұның қаншалықты заңға сай екенін сұрады. Кент әкімі С.Баймұратов бұған қатысты тиісті мекемелерге хат жолданғанын, жауап күтіліп отырғанын қаперге берді. Ал емхананың алдын асфальттау туралы сұраныс қаражат болса, жүзеге асатынына уәде етті. Ол кентке 33,4 км тасжолын төсеу жоспарда екенін, жобалық-сметалық жобасы дайын болғанын, ендігі қаражат мәселесі шешілсе, емхана алды асфальті сол жобада бар екенін айтты. Ал ішкі істер органы өкілі «Ірі автобустардың кент ішімен жүруіне қатысты мәселені ГАИ қызметкерлерімен саралап шешейік» деген ойын жеткізді. Спорт кешені қызметкері М.Қанаев кенттен әлемді мойындатқан чемпион шыққанын, ал сол Талғат Жұмағалиевтың өз баспанасы жоқ екенін қаперге берді. Отбасылы болса да, шүкіршілікпен туысының үйінде өмір сүріп жатқанын айта келе, «Спортшыға кенттен екі бөлмелі үй әперуге көмек болар ма екен?!» деген ұсынысын айтты. Дегенмен аудан әкімі Азамат Бекет мұқтаж жандарға баспана кезекпен берілетінін, ал Талғат сияқты спортшыға пәтер әперу жайын ауданның менмін деген кәсіпкерлерінің жомарттығы арқасында шешудің бір жолы бар екеніне көп назарын аударды. Сонымен қатар Қаратоннан Ленин орденді қайраткерлер, үздік ұстаздар, атақты депутаттар шыққанын айтқан М.Қанаев «Қазіргідей «Бастау», «Тастау» сияқты атаулардан гөрі осы еңбегі сіңген жандардың есімін көшеге берсе» деген ойды жеткізді. Кент әкімі қазір мораторийге байланысты көшелерге адам атын беру тоқтатылғанын, ал кейбір көше атауына қатысты кеткен қате тұстар жөнделетінін айтты. Зейнеткер Қ.Аманбаев көше жарығы жоқ жерлерде тұратын балаларға кешке мектептен үйге қайту қиындық әкелетінін айтса, Гүлімай Тоқсанбай көп жылдардан бері өзі тұратын көшеде не көше жарығы, не жол жоқ екенін айтып, жаяу жүргіншіге де, көлікке де қиын ойдым-ойдым жолдың зардабын тартып жүрген сол жердегі тұрғындардың «осы мәселе шешілсе екен» деген аманатын жеткізді. Кент әкімі осы және өзге де мәселелер алдағы жасалатын жоспарға енгенін мәлімдеді. С.МҰРАТҚЫЗЫ 0 РЕСПУБЛИКА КҮНІ Сұрақ Жауап Ауданда covid-19 жұқтырғандардың көбею себебі неде деп ойлайсыз? Вакцина алмағандықтан Тұрғындардың сақтық шараларын сақтамауынан Халыққа түсінік жұмыстары жүргізілмеуінен Аурудың бар екеніне сенбейтіндер көп Жауап беруге қиналамын COVID-19 инфекциясы COVID-19 инфекциясы AqPrint Полиграфия Aqparat Print Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген
Алматыда кәсіпкерлер, меценаттар, мәслихат депутаттары қатарынан Nur Otan партиясының жүзге жуық белсенділері әскери қызметшілерге, патрульдік-күзетшілерге, метрополитен мен қаланың коммуналдық қызметкерлеріне гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыруда. Jas Otan жастар қанаты еріктілерінің күшімен екі мыңнан астам әскери қызметші, құқық қорғау органдары мен коммуналдық жұмыс қызметкерлері осы жылдың 6 қаңтарынан бастап үздіксіз ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Гуманитарлық көмекпен Алматының он жоғары оқу орны мен колледждерінің 2 мың студенті қамтылды. Nur Otan партиясы депутаттық фракциясының мүшелері мен партияның Алматы қалалық филиалының белсенділері, сондай-ақ Праймериз қатысушылары Аида Бекманова, Бақтияр Блаев, Бақытбек Жұмабаев және Талғат Тілешев және басқалары аудандық әкімдіктермен және «Rahym» әлеуметтік үйімен бірлесіп, тұрмысы төмен және мұқтаж алматылықтарға бірінші кезекте қажетті азық-түлікпен және ыстық тамақпен қамтамасыз етіп, көмек көрсетті. «КазФерроСталь» ЖШС жанындағы бастауыш партия ұйымдарының төрағалары қайырымдылық мұқтаждықтарына және қаланы абаттандыруды қамтамасыз етуге 4,5 млн теңге, ал «АЗМК» ЖШС жанындағы бастауыш партия ұйымына 6 млн теңге бөлді. Әуезов ауданында аз қамтылған тұрғындарға 6,5 млн теңгеге, Наурызбай және Алатау аудандарында 5,5 млн теңгеге көмек көрсетілді. Осы сағатта Алматы қаласының барлық аудандарына шамамен 30 млн теңге көлемінде көмек көрсетілді. Партияның қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мейіржан Отыншиевтің айтуынша, алматылық партиялықтар өзара іс-қимыл мен алғашқы көмек көрсетуді жалғастырады. Сонымен қатар, Nur Otan партиясы қалалық филиалы жанында жедел желі телефондары жұмыс істейді, 279-78-00, +7 777 640 78 52.  Предыдущая статьяТоқаев жаңа үкімет мүшелерін тағайындады Следующая статьяОл бейбіт тұрғындардың артық шығынға ұшырауын қаламады kznews СХОЖИЕ СТАТЬИБОЛЬШЕ ОТ АВТОРА Назарбаев университеті шетелдік ректордың қазақ қызымен байланысын жоққа шығарды АҚШ нәжістен жасалған алғашқы препаратты мақұлдады «Не деген керемет»: Гүлмира Ізбасханова келіндік өмірімен бөлісті Соңғы жазбалар Назарбаев университеті шетелдік ректордың қазақ қызымен байланысын жоққа шығарды 4 Желтоқсан, 2022 АҚШ нәжістен жасалған алғашқы препаратты мақұлдады 4 Желтоқсан, 2022 «Не деген керемет»: Гүлмира Ізбасханова келіндік өмірімен бөлісті 4 Желтоқсан, 2022 «Көтере алмады ғой»: Ләйла Сұлтанқызына шұғыл түрде ота жасалды 4 Желтоқсан, 2022 «Қазақстан халқына» қорынан 2 миллиардқа алынған дәрі-дәрмектер заңсыз болып шықты 3 Желтоқсан, 2022 «Екібастұз ЖЭО штаттық режимде» — Жарқынбек Амантайұлы 3 Желтоқсан, 2022 Құбыр жарылса жөндерсің, халық жарылса, не істейсің? – Аспанбек Шұғатай 3 Желтоқсан, 2022 Жамбыл облысындағы өрттен екі кішкентай бала тірілей жанып кетті 3 Желтоқсан, 2022 Украинаның дипломаттарына жарылғыш заттармен немесе жануарлардың бөліктері салынған сәлемдеме жіберілген
Azino777 - көптеген жылдар бойы жұмыс істеп, көптеген адал жанкүйерлерінің арқасында сенімділігін дәлелдеген бірнеше жобалардың бірі. Онлайн-казино апта сайын депозитке аударылатын ақшаның 7-ден 10% -ға дейін береді, тіркеу кезінде тамаша бонустар ұсынады және тұрақты ойыншыларды айналып өтпейді. Azino 777 бірегей ресурсының барлық артықшылықтары және оның Қазақстан азаматтарына қандай мүмкіндіктер беретіні туралы толығырақ білу үшін осы мекеме туралы шолуымызға назар аударыңыз. Шолу Тіркеу Admiral X жаңадан бастағандар мен тәжірибелі ойыншылар үшін тұрақты орынға айналды. Казино ойыншыларға жетекші әзірлеушілерден көптеген слоттар ұсынады. Пайдаланушы тіркеу кезінде көрсеткен жеке деректердің қауіпсіздігіне қамқорлық жасайды. Ол сізге ойын автоматтарын Интернетке кіру мүмкіндігі бар кез келген жерде іске қосу мүмкіндігін береді. Сіз көптеген эмоциялар мен әсерлерге ие боласыз. Түрлі слоттарды ойнап, рулетка ойнап, уақытыңызды жақсы өткізіңіз. Сіз жаңа ойын автоматтарын сынайтын алғашқылардың бірі боласыз. Сіз өзіңіздің табысыңызды оңай алып тастай аласыз. Шолу Тіркеу Вавада онлайн-казиносы 2017 жылы іске қосылған платформа. Адалдық пен қауіпсіздік Curacao №8048/JAZ лицензиясы арқасында кепілденеді. Онлайн-ресурс келушілерге классикалық және заманауи слоттардың, депозиттік және депозитсіз бонустардың, тұрақты турнирлер мен тіркелген ойыншылар үшін лотереялардын үлкен таңдауын ұсынады.Тіркелгеннен кейін ойыншылар жомарт қошеметтік бонус пакетін алады және нақты ақша режимінде ставкаларға қол жеткізеді. Шолу Тіркеу Pin-up казиносы 2016 жылдан бері сәтті жұмыс істейді. Өзінің жұмыс істеген жылдарында ойын алаңы құмар ойынға келушілерге жарқын және сәтті ойын сеансы үшін тамаша жағдайлар ұсына отырып, өзін жақсы жағынан көрсетті. Бүгінгі күні Pin-Up жоғары сапалы және сенімді мекеме ретінде беделге ие бола отырып, онлайн-казинолардың әртүрлі рейтингтерінде жетекші орынды сенімді түрде иеленеді. Мұның бәрі тұтынушыларға деген адал қарым-қатынастың, әділ ойынның және ұтыстың тез төленуінің арқасында. Шолу Тіркеу Slotozal бұл Curacao eGaming ресми лицензиясы негізінде жұмыс істейтін Қазақстандағы ең танымал онлайн казино. Бұл озық өндірушілердің шамамен 1000 ойыны қамтылған ең ірі ойын порталы болып табылады. Бөлімдегі Live казиноның болуы – Слотозалдың өзіндік ерекшелігі. Жаңа және тұрақты казино ойыншыларына қосымша ақша және фриспиндер түрінде есептелетін бонустар қолжетімді. Тұрақты ойыншылар бейілділік бағдарламасы аясында кэшбэк пен қосымша сыйақы алады. Төлем пайыздары, ойындардың әртүрлілігі және ұтыстарды шығару жылдамдығы сияқты критерийлер бойынша Слотозал Қазақстандағы №1 казино болып табылады. Шолу Тіркеу Вулкан Рояль бұл қазақстандық ойыншыларға арнайы жасалған, жуырда пайда болған әрі болашағы зор онлайн казино. Бұл жерде ұлттық валюта (теңге) қолдануда, қазақ тіліндегі интерфейсі бар және жергілікті ойыншыларға ұнайтын ойындар шоғырланған. Vulkan Royal көптеген төлем әдістерін, соның ішінде криптовалютаны қолдап, ұтыстарды тез төлейді және оның жақсы қолдау қызметі бар. Пайдаланушылардың пікірлеріне қарағанда, Вулкан Рояль – бұл сенуге болатын ойын платформасы. Шолу Тіркеу Казино Flint 2015 жылы ашылды және бүгінде ТМД елдерінің ойыншылары үшін жетекші мекемелердің бірі болып табылады. Ойын порталы жоғары сапалы бейімделген дизайнға ие, бұл келушілерге кез-келген құрылғыдан: қуатты дербес компьютерлерден бастап қарапайым смартфондарға дейін ойыннан ләззат алуға мүмкіндік береді. Флинт казиносының негізгі артықшылықтары-бұл тамаша бонустық бағдарлама және ойыншылармен сөйлесуге арналған жеке әлеуметтік желі. Бұл оларға ойын кезінде мүмкіндігінше жайлы сезінуге мүмкіндік береді. Шолу Тіркеу RioBet казиносы 2014 жылдан бері жұмыс істейді. Riobet казино қызметі лицензияланған, бас кеңсесі Ирландияда орналасқан. Құмар ойындардың негізі ойын автоматтары болып табылады, олар жанры, танымалдығы, казинодағы сыртқы көрінісінің жаңалығы бойынша ыңғайлы бөлінеді. Рулетка, покер, блэкджек, сондай-ақ тірі дилерлермен ойындардың әртүрлі түрлері бар. Riobet казиносында ойнауға қатысты сұрақтарыңыз болса, қолдау көрсету қызметкерлері оларға тәулік бойы жауап береді.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер қағидалары Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету туралы консультация беру Sanaly urpaq Кездесу Опубликовано: 09.02.2022 Обновлено: 21.02.2022 09.02.2022 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжі тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен, Жамбыл облысы полиция департаментінің жедел-криминалистикалық басқармасының полиция майоры Қаршығабекова Аида Мұратбекқызы, Тараз қаласы ПБ ЖПҚБ ЮПБ УПИ полиция капитаны Убайдуллаев Сұлтан Есенбекұлы, Тараз қалалық №1 пробация қызметінің әділет майоры Хасенов Алихан Ермекұлы және Жамбыл облысы әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыру және бақылау бөлімінің аға инспекторы Тұрдалы Таңшолпан Әлібекқызының қатысуымен «Жастар арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу» тақырыбында студенттермен (онлайн) кездесу өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Posted in Без рубрики Мекен – жайы: Тараз қ. Ниеткалиев көшесі, №20 «А» ғимараты Тараз қ. Пушкин көшесі, №24 «Б» ғимараты tel: (726) 2 45-03-20 e-mail: med.col.priem@zhambyl.kz Колледж миссиясы Еңбек нарығында қажетті, азаматтық белсенділігі және өмірге деген көзқарасы жоғары білікті мамандарды дайындау.
Шымкентте із-түзсіз жоғалған ер адам Түркістан облысындағы егістік алқаптағы арықтың жанынан табылды. Жас жігіттің жағдайы нашар болған. Толығырақ облыстық полиция департаментінде айтылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. 25 қыркүйек күні сағат 10.30 шамасында Сайрам ауданының тұрғыны учаскелік инспекторға жүгінеді. Ол арықтың жанында белгісіз ер адамның жатқанын айтқан. Тәртіп сақшысы аталған бағытта жолға шығады. Сол жерде ол жағдайы нашар жатқан жас жігітті табады. Полицей оны тамақтандырып, оның кім екенін, қайдан келгенін сұрағанымен, жігіт ештеңені анық түсіндіре алмаған. Содан кейін қызметкер жедел жәрдем шақырып, онымен бірге ауруханаға барады. Жеке басын анықтау үшін учаскелік инспектор әлеуметтік желі арқылы ақпарат іздей бастайды. Сөйтіп, ол ер адамды шымкенттік туыстарының іздеп жатқанын білді. Көрсетілген нөмірлер бойынша полиция қызметкері оның туыстарын тауып, отбасына қайтарды. Денсаулығына байланысты жоғалған азаматтың анасы ұлының 12 қыркүйекте үйден шығып кеткен бойда оралмағанын айтты. Келесі күні ол Шымкент полициясына жүгінген. Туыстарының өзі жас жігітті іздеп көргенімен нәтиже болмады. Жас жігіттің анасы тәртіп сақшысына көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді. Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1990028-turkistan-oblysynda-iz-tuzsiz-zogalgan-er-adam-aryqtyn-zanynan-tabyldy/ Автор: Әсел Дағжан Матч-центр Кеңейту Открываются комментарии Все комментарии: {{totalCommentCount}} {{list}} Перейти к обсуждению {{formattedDate}} {{body}} Бірінші болып пікір қалдыру Жарнама берушілерге Біз туралы Жоба жайында NUR.KZ туралы басқа медиадағы жарияланымдар Біз қалай жұмыс істейміз NUR.KZ жаңалықтар қызметінің жұмыс істеу қағидалары Жаңалықтар мұрағаты Пайдалану шарттары Материалдарды пайдалану ережелері Қолдану шарттары Құпиялылық саясаты NUR.KZ сайтында пікір қалдыру ережелері Редакция editor@corp.nur.kz Бас кеңсе +7 (727) 339 80 38 Біз әлеуметтік желілердеміз Nur.kz мобильді қосымшасы Біздің қағидаттар YouTube MCN © NUR.KZ 2009-2022 2016 жылдың 6 мамырындағы № 15988-АА куәлігі Барлық құқықтар қорғалған Біз Cookie файлдарын қолданамыз Олар сайтты сізге ыңғайлы етіп баптауға - қызықты мақалаларды ұсынып, пайдалы жарнаманы көрсетуге көмектеседі.
Таяуда дүкеннен сатып алған жаңа кітаптарды парақтап отырғанымда бір мақала көзіме оттай басылды. Сол. «Даудың басы – Басеның бақасы». Баяғыда өтіп кеткен бір хикмет санамда қайта жаңғырғандай болды. Мақаланы асықпай, байыптай отырып тағы бір оқып шықтым. Оқып шықтым да ойға қалдым. Аталмыш шығарма осы түрысында қазақ мәдениетінің көлденең қимасы сияқты, оның жеткен биігін, білігін, кісілігін айна-қатесіз бейнелеп тұр. Есіме түсті, кезінде бұл шығарма «тамаша памфлет» деп бағаланған (әдеби қауымның бірауызды пікірі). Білмеймін. Менің ойымша қазақ әдебиетінде бұрын-соңды болмаған, жауаптасудың жаңа мәдениеті қалыптасып жатыр. «Даудың басы…» осы жаңа бағыттағы даусыз классика. Әйтседе, бұл, жер астынан жік болып шыққан бір бүгін қалыптасқан дағды емес. «Жанрдың» өзіндік шежіресі, жетілу логикасы бар. Сонымен, құрметті оқырман, әдеби полемика болғансып басталған, ақырында асқынып осы қазіргі түріне енген бұл құбылыстың түп-тамырын салалап, бірнеше жылдан бері өршіп келе жатқан бұл жұмбақ тартыстың сырын өзіңізге түсіндірмекке ниет еттім. Детектив романға ұқсас осы шытырман хикаяның ізін қуалаған көзі қарақты адам жол соңында « Заман-Қазақстан» газетінің 1997 ж. 31 -ші қаңтары күнгі номерінде жарияланған «Басеның бақасы және түсіндірудің пайдасы туралы», атты топтамаға тірелер еді. Әңгіме, атынан көрініп тұрғандай өткен Заманда өмір сүрген жапон ақыны Басеның бір шумақ өлеңі жайында. Оқыдық. Әрине, мәселенің байыбына тереңірек баруға болар еді. Әйтседе, қуандық (баланың «а», деп аузын ашқанына да қуанамыз ғой). Сыншылардың осы талпынысына, қиырдағы халықтың мәдениетін тануға деген ұмтылысына сүйіндік. «Қазақ жапонтануының алғашқы қадамдары» деп көңіліміз босады. Арада алты ай өтпей алыстағы Көкшетаудан оқырманның пікірі де жетті. Қани Қабдиұлы деген азамат жапон мәдениеті, жапон поэзиясы жайлы ойларын ортаға салыпты (оқымағандарға — Қани Қабдиұлы, «Башеның бақасы» «Заман-Қазақстан», 1 тамыз, 1977 ж.). «Даудың басы…» көкшетаулық авторға жауап ретінде жазылған. Мойындау керек, Т.Шапай тілді жете меңгерген ділмар ғана емес, кәсіпқой сайыскер-софист. Бір қарап-ақ полемиканы дайындау жүргізу, індету, түйіндеу машығына тәнті боласыз. Қараңыз.: Қ.Қабдиұлы «Жалпы қандай бір ғылыми жаңа жорамал, долбарды баспасөз бетіне шығармас бұрын алдымен мамандардың сарабынан өткізіп, пікір алып, сол екеуін қатарластыра жарыстырып жариялаған дұрыс болады. Бұл «Білмеген у ішеді» дейтін халық емеспіз бе, жаңсақ кетуден де сақтандырады» деген уәж айтады. Мақаласының басты тезисі де осы. Жетіп айтқан сөз. Өскен жұрттарда мынадай дәстүр болады. Бірнеше адам жиналып қиырдағы бейтаныс елдің мәдениетін алғаш рет сөз еткенде ол сұхбатқа арнайы маман шақырылады. Ол маман әңгімені байыпты арнада ұстап отырады, жаңсақтыққа жол бермейді. Көкшетаулық автордың айтып отырғаны осы. Ал енді аталмыш сауалға сыншымыз қалай жауап беріпті? Ол жауабының басы нда Атекең жайлы үлкен тарау енгізген. (Құрметті оқырман, бұл жерде аталмыш мақаладан құлаш-құлаш цитата келтіру шарт емес, өзіңіз оқыңыз!). Бұл не үшін керек дейсіз ғой? Мақсат айқын – оппонентті полемикаға жеткізбей жеңу керек, масқара ету керек. Сол себепті шалшыққа аунатып-аунатып отырғызып қойған. Отыр. Сол жақта – білгенін биязы ғана жеткізген, даусы сыбырға жақын көкшетаулық автор. Оң жақта – қаламын ойнатып ащы жымиған (құдды тергеуші) сыншы достымыз. Нөпір сөз. Қабындаған кекесін. Шынын айту керек, көне билердей қаулай сөйлеген сыншы кімді болса да еліктіріп әкеткендей. Әрине, құрметті оқырман, бұдан кейін қандай кеп болса да сіз сыншы жағындасыз. Бұны шеберлік дейді. Теңдесі жоқ шеберлік. Дәлірек айтқанда, теңдесі жоқ шулерлік. «Уникум шулерлік» дер еді бұндайда Асекең (Асқар Сүлейменов). Көк базардағы сарттардан өрік-мейіз алып көріп пе едіңіз? Алыс өлкеден келген ала шапанды ағайын көзінде әлдебір мейірім нұры ойнап, Құдай атына салиқалы аппеляция жасай тұрып («Бәріміз де Құдайдың баласымыз») өрік пен мейізді өлшей бастайды. Бәрі де дұрыс, таразы түзу. Риза болып пұлын артығымен төлеп, қауқылдасып айрылысасыз. Үйге келіп ашып қарасаңыз, о, керемет, дорбаңыз толған құм мен тас, қыл-қыбыр, әктің сынықтары. Қайта барып дауласып әуре болмаңыз. Дәлелдей алмайсыз. «Мен өрік-мейіз өлшеп бергем. Бәріміз де Құдайдың баласымыз» дейді. Бітті. Біздің сыншымыздың берген жауабы да осы сарттың саудасына ұқсас. Ештеңені дәлелдей алмайсыз. «Мен Атекеңді, сол арқылы тенденцияны әңгіме етіп отырмын» дейді. Бітті. Бірақ сауда жүріп жатыр. Жымысқы кекесін оқырман көкірегіне егіліп кете барды. Құрметті оқырман, сіз риторика тарихын сонау антика заманынан бері қарай ақтарсаңыз да бұнымен шендес айла-шарғы таба алмайсыз. Аталмыш тәсіл сыншымыздың тұла бойынан жаратылған төл перзенті. Өзі ғана пайдалануга хақысы бар. Кітапта жиырма екі бет, газетте тұтас екі бет – ұлан-ғайыр көлемге салиқалы орналасқан топан сөздің, лайсаң көбіктен қиыстырылған мақаланың екінші тармағына келіп түсесіз. Мағына іздейсіз. Бірақ ештеңе таппайсыз. Білместікті білікке (дәлірек айтқанда – білгіштікке), жөн сөз айтқанды ақымаққа айналдыруды көздеген кесірлі ойынның жалғасын ғана көресіз. Ғиззатлу сыншымыздың ойына алғанын келістіріп жаза білетін биік қабілетіне тағы бір рет тәнті боласыз. Ебінің желіндей қақаған боран сөз кімді болса да нандырғандай. Үшінші тармаққа келгенде барып ғылыми пікірге ұқсас бір нәрсе елес береді (бұл түсінікті де, себебі біздің сыншымыз ол да осал адам емес, өлетін жерін біледі, осылай індете берсе оқырманның ықыласынан айрылып қалатынын сезеді, сондықтан ғылыми әдепке ұқсас бір нәрсенің нобайын жасамақ болады). Міне, автор білінді. Енді пікіріне құлақ түрейік. «Мен нақ батыс та, анық шықыс та емеспін», «Автордың айтуынша, Батысқа орыстың көзімен қарауымыз – дұрыс екен де, Шыгысқа олай қарасақ, дұрыс емес екен. Екен де екен. Шатқан-бұтқан, балдыр-батпақ небір қыңыр қисынға қыңбайтын едік…» (бұнысын енді кешіріңіз, оқырман, сыншымыздың осылай төтеден тартып кететіні бар). «Шығысқа мен қай шығысша қарауым керек? Көзі қысық Шығыс бар. Көзі онша қысық емес Шығыс бар» (жүйелеу машығына назар аударыңыз), «Буддалык, исламдық, иудейлік т.б. шығыстар бар. Батысырақтағы Шығыс, шығысырақ жақтан Шығыс бар… Қалай қараған жөн?» Сыншым «Батыс» пен «Шығыс» дегенді не деп түсінеді – түсініксіз. Географиялық ұғым ретінде ме, әлде басқаша ма? Егер географиялық ұғым десе, онда… Колумбтың маршрутымен Батысқа жүретін болсаңыз бүкіл әлем – Батыс. Жер шарын айналып келгенде Қазақстан да Батыс болып шығады. Марко Полоның маршрутымен шығысты бетке ұстап жүріңіз, бүкіл әлем – Шығыс. Ұғымға лайықтасақ сыншымыздың сөзінің мағынасы осы болып шығады. Оған салсақ Батыс та жоқ, Шығыс та жоқ. («Весь мир – бардак, все люди – братья», деген сияқты бірдеңе). Бұл ұғымдарды қандай мағынада пайдаланса да, қалай қақпақыл ойнатса да сыншымның өзі біледі, бірақ көкшетаулық автор «Батыс» пен «Шығыс» дегенді қабылданған мәдени нормада, яғни географиялық ұғым ретінде емес – мәдениеттің типін белгілейтін термин ретінде пайдаланып отыр. Бұл ұғымдарды өркениетті дүние осындай мағынада қолданады. Дәстүршіл Шығыс және жаңашыл Батыс (Традиционалистский Восток и модернистский Запад). Бұл ұғымдар Киплингтің поэмасы жазылмас бұрын болған, мәңгіден келеді. Киплинг өлгеннен кейін де бар және бола бермек. Бұл жерде сыншымдікі – тамаша қисын ғана, ал көкшетаулық автордікі – жүйе. Батыс пен Шығыс ешқашан қосылмайды. Жолбарыс пен елік ешқашан қатар жайылмайды. Бұл тарапта сыншы достым алаңдамай-ақ қойса да болады. Көріп отырсыз, сыншымыз «алик-малик» ойнайтын шебер сияқты ұғымдардың орнын көз ілеспейтін жылдамдықпен алмастырып, баяғыдан белгілі нәрселерді қолдан қиындатқанды, бұлдыратқанды тәуір көреді. Онысын және үлкен тапқырлық, үлкен эрудиция етіп көрсете біледі. Келесі бір айналымда сыншымыз «…Акутагава өзі анық түпнұсқа тілде оқығап ағылшындардың сыртында, мәселен, Данте, Гете, Бодлер, Ли-Тай-Бо… туралы сөз қылады (прозаиктер өз алдына). Оларды итальян, неміс, француз, қытай тілдерінде оқып па? Әлде ол кісі де өзіміз сияқты аудармадан алғап «жалған» білімді қанағат тұтты ма екен ?», Гете аудармаға сенді. Ақсақал 65 жасында Хафиз өлеңдерінің И.Гаммер жасаған немісше аудармасымен танысыпты. Танысыпты да, тотының, қауырсынындай құлпырған шығыс поэзиясына құлай ғашық болыпты… Абайдың, Пушкин мен Лермонтовтың жасаған аудармаларының қасиеті түпнұсқадан кем десек, аузымыз қисайып-ақ қалар. … Немісше, ағылшынша, полякша білмеген Абай «жаман» орысшасымен Гетені, Байронды, Мицкевичті сырлас қылыпты» деп жаңа бір әңгіме бастайды. Содан соң Герольд Бельгер мен Баукеңнің күәландыруына сүйеніп Абай аудармасының Гетеден де өрістірек, Лермонтовтан да тыныстырақ шыққанын айтады. «Автордың айтуынша «поэзияны ешқашан да ayдаруға келмейді дейтіндердің қатары» бар көрінеді. Және өзін сол қатарға құрметпен қосып қойыпты… Әлемдік әдебиетке негізінен орысша аудармалар арқылы жол тапқан Абай, Мағжан, Әуезовтен бастап, қазақтың бүгінгі ең соңғы әдебиетшісіне дейінгілердің білігі – жалған да, жапонша таза сөйлейтін пәленшекенікі ғана – шын. Бәріміздікі – өтірік, сіздікі – рас» дейді содан соң сөзін үстеп. Осы жерде көмейіме бір сұрақ тіреліп отыр. Акутагаваның Ли-Тай-Боны түсінуі, И.Гаммердің Хафизді аударуы, Абайдың Гетені, Байронды, Мицкевичті аударуы қалай мүмкін болды, сыншым осы жайында тымқұрмаса бір рет ойланып көрді ме екен? Ойланбағаны болуы керек. Сыншымның бойында «идея фикс» дәрежесіне көтерілген, сөздің қүдіретіне деген соқыр сенім бар. Оған салса, тілді жете меңгерген ақын бәрін де аудара алады. Әрине, қатты қателеседі. Аудармамен көп айналысқан маман ретінде айтайын – сөздің мүмкіндігі шексіз емес. Аударманың да қаққан қазықтай орнынан қозғала алмай тұратын кездері болады. Кейбір текстер принципті түрде аударылмайды. Бұл жердегі мәселе неде? Мәдениеттердің түрлі жаратылысында. Мәдениеттердің типологиясы деген бар. Құрметті сыншы осы жайында біле ме екен? Бұл типология бойынша әлемдегі барлық мәдениет вербальдік және визуальдік болып екіге жарылады (әрине, жіктеудің бұдан басқа да толып жатқан жосықтары бар, біз соның біреуін ғана әңгіме етіп отырмыз). Вербальдік мәдениет өз-өзін сөзбен әспеттейтін мәдениет. Бұндай мәдениетте барлық текст сөзге айналдырылады, хатқа түсіріледі. Бұндай мәдениет иесі үнемі сөйлеумен жүреді, өмірден көрген-түйгенінің барлығын сөзге айналдырады. Басқа мәдениет өкілінен де ол сөзді ғана талап етеді. (Құрметті оқырман, тым қарапайымдап түсіндіргенім үшін кешіріңіз. Бұл барлығын тәптіштеп отыратын трактат емес қой. Бұл мақала. Сондықтан осы үстірт мәліметке риза болыңыз). Сөз жоқ жерде вербальдік мәдениет өкілі ештеңе түсінбейді, өзін қорғансыз сезінеді. Ал визуальдік мәдениет негізінен символдарға, иероглифтерге т.т. яғни визуальдік таңбаларға құрылады. Бір қарағанда визуальдік мәдениетте дамыған сөз өнері жоқтай көрінеді. Визуальдік мәдениеттерде өз топырағынан тамыр тартқан Батыс үлгісіндегі дискурсивтік философия да кездеспейді. Әрине, визуальдік мәдениетте сөз бар. Бірақ тым сараң сөз. Басты нәрсе форма емес – pyx болғандықтан сараң сөз барлығын тыңдаушының (яғни, көрушінің) қиялына жүктейді. Жапон, Қытай поэзиясының сөзге тапшы болып келетіні сондықтан (бұны кейінірек әңгіме етеміз). Бизуальдік мәдениет өкілі жазуды белгілі бір грамматикалық мағына деп емес, таңбалардың жиынтығы деп қарайды, сол себепті таңбадан туындаған ой оны Абсолютке дейін жетелеп алып кетуі мүмкін. Енді осы екі түрлі мәдениет бір-бірімен қалай қатысады екен. Типтес мәдениеттердің арасында ұғынысудың еш қиындығы жоқ. Мысалы, түрлі вербальдік мәдениеттер бір-бірін жатсынбай араласа береді. Бұл жерде мәселе интерпретацияның күшіне, аударманың қабілетіне ғана тіреледі. Визуальдік мәдениеттердің арақатысы да осындай кепте. Аздаған айырмашылықтар болғанымен мәдениеттердің тексі ортақ. Ағылшын, неміс, поляк, орыс, қазақ мәдениеттері – вербальдік мәдениетке жатады. Сол себепте Абай атамыз, Гете, Байрон, Мицкевичті орыс аудармасынан алып, қазақша тәржімалай алды. Қытай мен жапон мәдениеті – визуальдік мәдениет болып табылады. Акутагава осының арқасында Ли-Тай-Боны оқып өз мағынасында түсіне алды. Бірақ тегі бөлек мәдениеттерге келгенде аударма, тасымалдау өнері үлкен қиындықтарға ұшырайды. Жанның ең нәзік қозғалысын сөзбен ғана бедерлеп үйренген, алып текстерге төселген неміс, ағылшын, орыс, қазақ үшін он жеті-ақ буыннан тұратын хайку, әлбетте еш мағына бермейді. Әрине, Қиыр Шығыс мәдениетінің философиясын түсіндіріп он жеті буындық өлеңге он беттік комментарий беруге болады. Бірақ бәрібір хайкудың аудармасы (мейлі орысша, қазақша, ағылшынша, французша болсын) мен комментарийін қосқанда оригиналдың өзіне маңайлай алмайды. Себебі, ілкі текст (пратекст) хайкуде емес, жапон санасында жазулы тұр. Хайку соны қозғалысқа келтіруші ғана. Ойымызша Абай атамыздың қолына жапон хайкуы түсе қалса, ол оны ары-бері айналдырып қарап, өлеңнің тасасында тұрған контекстің сырына қанар еді де… аудармай қоя салар еді. Себебі хаким, хайкуды басқа тілге аударып мағына шығарудың мүмкін еместігін, ол жерде ақындық шеберліктің еш қатысы жоқ екенін… әрине, ақылмен ойлап білер еді. Сыншы достым мені ертегі айтып отыр деп ойлайтын шығар. Ертегі айтқанан Құдай сақтасын. Біз, әлемде бір-біріне жанасуы өте қиын мәдениеттердің бар екенін ғана айтпақпыз. Сөз соңында сыншымыз тағы бір таңғажайып пассаж жасайды. «Сөйтеді де, бамбуктың қабығына (өзі айтты) жапон иероглифімен жазылған үш жолдық ирек-шатпаққа(!) көзі жасаурап, тамсана қарап, ұзақ отырады». (Сыншымыздың бұнысы жарамады. Мақтаған қыздың тойдағы қылығы сияқты ұят мәселе. Әйтседе, табиғилығы үшін, риясыздығы үшін кешіресіз). Құрметті оқырман, (сыншымыздың құлағына – алтын сырға), осы сөзді басқа біреу, мысалы жапон айтты деп елестетіңізші. Әрине, ол мүмкін емес нәрсе, әйтседе. Мысалы жапонның бір зерттеушісі «Абайдың өлеңі… ирек-шатпақ» десе. О, онда… онда бітті дей беріңіз. Әлемдік скандал! («Оның қандай хақысы бар! Какое он имеет право! Ол қайдан келген әулие!»). Бірақ… жапонның Басесі, жапонның өлеңі жайлы мынадай пікір айтатын біздің Шапай кім еді! Алайда біз …айта береміз. Біз сондай … табиғимыз, пәкпіз. Біз сондаймыз. Бір Еуропа ойшылының Бакунин жайлы мынадай айтқан сөзі бар: «Біздің орыс балаларында (Достоевский айтқан «русские мальчики») «аз-маз» бір нәрсе ғана жетіспейді. Бәрі де Еуропадағыдай. Тек осы «аз-маз» ғана бәрін бүлдіріп тұр. Осы «аз-маз» болмаса біздің Мишельдің (Бакуниннің) Еуропа дендилерінен қай жері кем» («Если бы не наше это «чуть-чуть» чем наш Мишель хуже блистательных европейских денди) Біз де осы орыс сияқтымыз. (Тереземіз сол жаққа ашық тұрғандықтан болар). Бізде бәрі де бар, бәрі де Еуропадағыдай. Тек осы қарғыс атқыр «аз-маз» бәрін былықтырып тұр. Осы «аз-маз» болмаса біздің сыншымыздың Еуропа ойшылдарынан қай жері кем? Біз осындаймыз. Алғашқы кавалериялық шабуылмен ала алмадық па, тұздықтап боқтап, тұрған орнымен өртеп («үш жолдық ирек-шатпақ») күйе-күйе болып қайтып келеміз. Осылайша орта жолдан қайтып келеміз де бірдеңені тындырып тастағандай болып қоқиланып отырамыз. Сыншымның қызық мінезін тамашалап отырып негізгі нысанадан ауытқып кетіппін. Айтылмай қалған тағы бір әңгіме бар, оқырман. Басеның өлеңінің жайы. Мақаламыздың басында айтылған топтамаға көңіл аударайық. («Басеның бақасы және түсіндірудің пайдасы туралы»). Сөз жоқ, бұл топтамадағы ең өресі биік мақала – сыншымыздікі. Автор қолындағы азғантай информацияның өзін өте сауатты тұжырады, терең пайымдауларға баруға тырысады. Сөзіміз құрғақ, болмас үшін мысал келтіре отырайық. «Алдымен, бұл біздің бүгінгі түсініктегі лирика емес. Басеның өлеңі жазылған тұстағы эстетика шарты бойынша объект (әлем, табиғат) пен субъект, (адам, ақып) ажырағысыз гармониялық тұтастықта. Өлең кеңістігінде автордың автономды түсінігіне, дербес көзқарасына орын жоқ. Табиғаттан (бақа мен көлден) бөлек тұрған адам (ақын) жоқ. Ол жаңағы «информацияға» сіңіп, кірігіп кеткен. Басеның (лирикалық кейіпкердің) сезімі, айташағы сол бақаның, секірісінде, сол судың үнінде. Ақын үшін табиғаттағы сәттік құбылыс мезеттік діріл, оқыс шыққан дыбыс сөйлейді», «Ақынды бақаның суға секіруі секілді үйреншікті ұсақ нәрсеге назар аудартқан не деген сұрақ алдымен көлденеңдейді. Меніңше, табиғаттағы тыныштық пен адамдағы жалғыздық сезімі… Ұйып тұрған тыпыштықтың меңіреу пердесіне соғылған болымсыз жаңғырыққа дір етіп жалғыздықта жабыққан Жан ғана жауап қатады… Сонда бұл өлең, менің қисынымда, табиғаттағы тыныштық, жандағы жалғыздықпен келісім, мәміле тапқан. Мұның суреті болып шығады. Әрине, бұл қазақ өлеңі жайлы айтылған пікір болса керемет деп мойындар едім. Бірақ әңгіме жапон хайкуы жайында болғандықтан бұл пікірдің ешқандай мәні жоқ. Асса кемел айтылған бос сөз. Бұл, Басеның кім екендігін білмеуден, дзэн-буддизмнің не екенін білмеуден туған жаңсақтық, дүниетанымдық қате. Жапон мәдениеті тұтастай дзэн-буддизмге негізделген десек-артық айтқандық болмас. Дзэн-буддизмге арналған әдебиет ұшан теңіз. Осы мәселемен арнайы айналысқан мамандардың пікірін байыптасақ, дзэн-буддизмнің дін де емес, философия да емес екеніне көзіміз жетеді. Дін емес дейтін себебіміз дзэнде табынатын Құдай жоқ, діни рәсім жоқ. Ұжмақ пен тозақ, жан, жанның өлместігі дейтін ұғымдар жоқ. Дзэн бұндай дотматтардан ада. Сондай-ақ дзэн логикалық анализді мойындамайды, тезис пен антитезистің қайшылығына құрылатын дуалистік ой жүйесі – дзэнге жат. Сол себепті дзэн философия саналмайды. Дзэн логикадан жоғары тұруға, антитезисі жоқ биік байламға жетуге ұмтылады. Дзэннің парадоксальдік психотехникасы осыдан келіп шығады. Кейбір авторлар дзэннің басты мақсаты «менді жою, «меннен» арылу деп түсіндіреді. Жаңсақ пікір. Дзэн ешқашан алдына мұндай мақсат қойған емес. Дәлірек айтқанда дзэн «менді» жойып әуре болмайды. Әуре дейтін себебіміз, дзэн «менді» көлеңке деп қана ұғады. Ал көлеңкені жоя алмайсыз. Көлеңкені түсіріп тұрған не нәрсе – дзэн осыны жоюға тырысады. Бұл жерде «меннің» тамыры ақылда жатыр. Ақыл-себеп, «мен»-салдар. «Мен» – ақылдың көлеңкесі ғана. Ақылдан арылғанда «мен» өз-өзінен жойылады. Ақыл барда «мен» ешқашан жойылмайды. Оқырман, дұрыс түсініңіз, ақылдан саналы түрде арылу – ақылдан айрылу, не алжасу емес. Бұл ерекше ахуал. Жапондар бұны «сатори» дейді. Бізде ғылыми аппарат жетілмегендіктен бұл ахуалды жеткілікті дәрежеде сипаттай алатын термин таба алмай отырмыз. Орыстың дзэнге арналған әдебиетінде бұл күй «состояние безмыслия», «состояние не-ума» деп аталады. Жапон мен қытайдың ескі трактаттарында бұл ахуал «Ұлы қарапайымдылық» (орысшасында – «Великая простота», ебедейсіз аудармам үшін кешірім өтінем), «Ұлы тылсым» немесе «Ұлы бостық» («Великая пустота») деп аталады. Батые ойшылдарынан бұл түсінікке ең жақын келетіні – протестант мистигі Якоб Беме. Ол айтқан «ungrund», яғни «Тәңіртекті тылсым» («божественное ничто»), «иррационалдық шыңырау» («иррациональная бездонность») өзінің сипаты жағынан саториге ұқсас. Мацуо Басе ең әуелі дзэнгецу (дзэн буддашыл монах), Ұста (Мастер), Нұрлы Адам (Просветленный), содан соң ғана барып – ақын. Басеның бүкіл поэзиясы – саторидің үлкен сипаттамасы. Құрметті оқырман, сыншымыздың өлең талдауын зер сала қараңызшы, «менсіз» бір ауыз сөз айтылып па? Оқиық: «…объект (әлем, табиғат) пен субъект, (адам, ақын) ажырағысыз гармониялық тұтастықта». Субъект деген – «мен «Ажырағысыз гармониялық тұтсатық» — ешқашан болмайтын нәрсе, себебі «гармония» дегеннің өзі «екі» деген сөз (өйткені «бір» өзімен өзі гармония бола алмайды ғой). Гармонияда «мен» бар. Ал «мен» бар жердегі «тұтастық»- нонсенс. «Өлең кеңістігінде автордың автономды түсінігіне, дербес көзқарасына, орын жоқ» – орын ғана жоқ, ал «автономды түсінік» ешқайда кеткен жоқ, бар болғаны жіңішкерді, бір жерде жасырынып қана тұр. «Табиғаттан (бақа мен көлден) бөлек тұрған адам (ақын) жоқ. Ол жаңағы «ипформацияға» сіңіп, кірігіп кеткен» — адам (ақын) табиғаттан бөлек тұрған жоқ, табиғат аясында өзінің «менімен» тұр. «Сіңу, кірігу» – ол да гармония, бұның бәрі «менді» қимаудан шыққан амал ғана. «Басеның (лирикалық кейіпкердің (!) сезімі, айташағы (!) сол. бақаның секірісінде, сол судың үнінде. – Басе деген – «мен». Өйткені оның «айташағы», «сезімі» бар. Бұл жерде де «тұтастық» атымен жоқ. Табиғат – Басеның бейнелеу құралы ғана. (Осы жерде Шопенгауэрдың «Дүние деген – менің түсінігім» – «Мир – это мое представление» деген әйгілі сөзі еске түседі). «Ақын үшін табиғаттағы сәттік құбылыс, мезеттік діріл, оқыс шыққан дыбыс сөйлейді» – Ақын үшін. Табиғат өзі сөйлемейді, ақын үшін, яғни ақынның «мені» үшін сөйлейді. Бұдан кейінгі «табиғаттағы тыныштық пен адамдағы жалғыздық сезімі» «…жаңғырыққа, …жалғыздықта жабыққан Жан ғана жауап қатады», «… табиғаттағы тыныштық жандағы жалғыздықпен келісім, мәміле тапқан Мұңның суреті…» – бұның барлығы сол баяғы «меннің» түрлі варианттары. Әрине, сыншымыздың тағы бір пікірін атамай кетсек көпе-көрнеу қиянат болар еді. Өзінің «Шын жүрек – бір жүрек» атты кітабында сыншы Қиыр Шығыстың өлең өнері жайында тағы бір толғанып өтеді. Автордың өз пікірін едәуір «жетілдіргені», бұл жолы үлкен авторитеттерге сүйенгені байқалады. Бірақ пікір сапалық жағынан өзгермеген, сандық жағынан ғана зорайған. Оқиық: «дзэн поэзиясында пейзаждың өзіндік қатаң қызмет аясы бар: ол бәрінен бұрын адамның дүниедегі жанды-жансыз атаулымен, бүкіл әлеммен ажырамас байланыста екендігі туралы дзэндік идеяны бейнелеу үшін алынады. Бұл байланыстағы құрамдас компоненттер (!) — адом мен табиғат. егіз-қатар көрініс табады» (М.Кабановқа сілтеме) — тағы да адамның, яғни «меннің» ажырамас байланысы. Мұнда адамның «мені» мен табиғат құрамдас компоненттер болып шыққан. «Құрамның» не екенін түсіндіру артық деп ойлаймын. «…жапондық түсінікте адамсыз табиғат жоқ, ол тек адам арқылы ғана бейне-тұрпатқа ие болады» — бұл сыншымыздың өз пікірі ме, әлде В.Н.Гореглядтің пікірі ме – беймәлім. Әйтеуір, ар жағында Шопенгауэр тұрғаны анық. «Адамсыз табиғат жоқ» – яғни тағы да адамның «мені» болмаса деген сөз. «Сондықтан да жапон лирикасында ақын табиғатқа сіңіп кетуге, оның бір бөлшегіне айналуға ұмтылады» – сіңу, кірігу, астасу, гармонияның не екенін жоғарыда айттық. «Мұнда субъект («мен») жоқ, ол әлеммен органикалық (!) бірлік – тұтастыққа көрінеді» Бірлік – тұтастық – «мен». «Суреткер – әлемнің құпия қозғалыстарын нақты образдарымен көрсетіп тұрған медиум (дәнекер) Дәнекер – «мен». «Қарағайды суреттеу үшін – қарағай бол. Өзіңді ұмыт, өзіңнен кет… «Предметке сіңіп кет, мәнін аш, оны нақты сезін» Басеға сілтеме. А.Долин аударған болуы керек. Мен Долиннің жапон текстерін қандай дәрежеде аудара алатынын білмеймін. Білетінім – батыста, оның ішінде орыста дзэн терминдерінің мағынасын айна-қатесіз бере алатын балама өте аз, жоқ десе де болады. Батыс терминологиясы бұл тарапта әлі жетімсіз. Әйтседе, сыншымыз ренжімес үшін Басеныкі-мыс осы тексті талдап көрейік. «Қарағайды суреттеу үшін – қарағай бол» (Сен бол, яғни «мен»). «Өзіңді ұмыт, өзіңнен кет» (Сен, яғни «мен» «Предметке сіңіп кет» (сен – «мен»), «мәнін аш» – (сен – «мен»), «оны нақты сезін» – (сен — «мен»). Сыншымыз осы жерде А.Долиннің тамаша пікірін келтіреді: «Оның мұндай герметикалық сипатынан (яғни, тұйықтығынан), аралығында мың жыл мерзім жатқан екі танканы бір-ақ автор жазғандай болып көрінеді. Уақыт белгілерін, нақты тарихи оқиғаларды бейнелеу дәстүрлі лириканың табиғатына жат». Шіркін, «меннің» кіреукесі болмаса осы жерде ақиқаттың өзі адамға қол созып тұр ғой. Бірақ сыншымыз «меннен» тыс ойлап үйренбеген. «Идея фикс» дәрежесіне жеткен «мен» басқа ештеңені ойлатпайды. Ал шындығына келсе бұның сыры мүлдем басқа тарапта, дәлірек айтқанда көз алдында тұр. Қолыңды соз да ала бер. Аралығында мың жыл мерзім жатқан екі танканы бір-ақ автор жазғандай көрінуі бір ғана нәрсенің – екі ақынның да бір ахуал-саториді кешкендігінің айғағы. Ақиқат біреу-ақ. «Ақыл емес» ахуалына (состояние не-ума) жеткен екі ақын осы жалғыз ақиқатқа куә болған. Сол себепті өлеңдері бір-ақ өлең болып шыққан. Бұл жерде «герметикалық сипаттың», еш қатысы жоқ. Дзэн-әлемдегі ең парадоксальді ілім. Басқа діндерде трансценденттік дүниге жетудің нақты техникалары бар. Дзэн бұндай техникалардың бірде-біреуін мойындамайды, жалған нәрсе деп санайды. Себебі техника, әрекет-адам, яғни «мен». Ал «мен» бар жерде дзэн жоқ, сатори жоқ. Яғни адам өз еркімен, өз қалауымен саториге ешқашан жете алмайды. Өйткені ерік пен қалау-тағы да «мен». Аталмыш қасиеттер адамның «менінен» ғана өрістейді. Дзэн-буддизм жапон мәдениетіне үлкен ықпал етті, түбірімен жаңа эстетиканың негізін қалады. Әдепкі адамға жапон эстетикасының канондары түсініксіз көрінуі мүмкін. Вербальдік мәдениеттегі ең басты нәрсе-форма мен шеберлік. Қандай да болмасын шығарманың құны ондағы форманың кемелімен және орындаушылық шеберліктің деңгейімен өлшенеді. Ал енді осындай түсінікпен жапон мәдениетіне келген адам антидүниеге тап болғандай күй кешері анық. Дәстүрлі жапон эстетикасын, тұтастай алғанда, қарапайымдылықтың апологиясы деуге болар еді Батыс суреткерінің басты қамы шеберлік болса, жапон суреткерінің қамы – шеберлікті көрсетіп алмау. Жапондық үшін шеберлікті көрсетпеу – шеберлік. «Ұлы тылсым» («Великая пустота»), «Ұлы қарапайымдылық» («Великая простота») – ұлы потенция. Онда бәрі де бар («тысяча вещей», «тьма вещей»). Шеберлік сол қисапсыз потенцияның бірі ғана. Шеберлікке ұмтылу – потенцияны шексіз кедейлендіру. Суреттің болсын, өлеңнің болсын бойында сол өзін тудырған «Ұлы қарапайымдылық» туралы естелік тұру керек. Яғни сурет, немесе басқа өнердегі абрис сол «Ұлы қарапайымдылықты» елестету керек. Сол себепті жапонның сурет өнері бояуға, сөз өнері сөзге тапшы болып келеді. Ал Басеның аталмыш өлеңі («Ескі көлшік») жоғарыда айтқанымыздай саторидің сипаттамасы. Міне, біз, қысқаша болса да дзэннің манифесін, дәстурлі жапон эстетикасының канондарын талдап түсіндіруге тырыстық. Әрине, осыдан кейін қазақтан дзэн-буддизмнің, және жапон мәдениетінің небір «білгірлері» шығады, трактатқа бергісіз небір «эсселер» жазылады. Ал біздің әзірге айтарымыз осы. Бұл тараптағы сөз тамам. Сонымен, бір ағылшынның лорды айтқандай өзіміздің қойларымызға қайтып келейік («Вернемся к нашим баранам»). Себебі, әңгіме дзэнде де, Басеның өлеңінде де емес, мақаламыздың басында айтылғандай қазіргі қазақтың жауаптасу дағдысы, қазақ мәдениетінің бүгінгі өресі, білігі, кісілігі жайында. Құрметті оқырман, көкшетаулық автор мен сыншымыздың мақалаларының көлемін салыстырып көрдіңіз бе? Көкшетаулық автордың мақаласы шап-шағын, екі-ақ баған. Осы шап-шағын көлемде бірнеше көңілге қонымды ой айтылған. Ойымша Қ.Қабдиұлы не жапон мәдениетімен арнайы айналысқан маман, не мәселенің анығына жетуге тырысқан, арнайы әдебиетті оқыған сауатты оқырман. Ал сыншымыздың жауабының көлемі – айқарма бет. Білігінің сиқын көрдіңіз. Бұл жерде «білігін» адалдығы үшін кешіресіз, себебі сыншымыз мақаласының бір жерінде «Білімім жеткен жерге дейін адалмын» деп Ғабиден Мұстафин ақсақал айтпақшы, білігіміз жеткен, тіліміздің икемі келген жерге дейін «түзу» болып бағамыз да» деп ескертіп кетеді. Ар жағы… получится» «Уж как Бог на душу положит» Оқырман, осы мақала не үшін жазылғанын, дәлірек айтқанда осы үлкен байбалам, үлкен қиғылық не үшін керек деп ойлайсыз? Білмейсіз! Оны мен білем. Кейбір әдебиетшілердің жорамалы бойынша біздің сыншымыз XXI ғасырда оқылатын ат төбеліндей бақытты топтың өкілі екен. Бұл әдебиетшілердің прогнозына сенсек үстіміздегі ғасырда бүкіл қазақ әдебиеті адыра қалып, екі-үш қана адам оқылады екен. Сөз-ақ қой, шіркін! («Қазақ әдебиетінің» сауалнамаларын оқыңыз). Әрине, мақтаушылардың мадақ сөзіне сыншымыздың еш қатысы жоқ. Өйткені ол өзін-өзі өтініп мақтатып отырған жоқ қой. Қазір кім не айтса да еркі. Бірақ сыншымыз өзінің ұлы мұратын осы мадақ жырлар жазылмас бұрын кәміл сезінген. «Даудың басынан…» осының лебі айқын сезіліп тұрады. Мінеки, тарих осындай міндет жүктеген, қазақ мәдениетін, әдебиетін келесі ғасырлармен қауыштыратын, қымбат, керекті адам провинцияда жатқан әлдебіреуден қалай жеңілмек? Сыншымыз өзінің қызметі бойынша, статусы бойынша жеңілуге хақысы жоқ. (Провал недопустим!) Сол себепті жеңген. Сыншымызбен тіреспек болған нахал-провинциал жер болып жеңілді. Күпір сөз иесі өзінің зауалын тапты. Осымен тоқтасақ керек еді. Бірақ олай болмай шықты. Сыншымыздың кейін талай рет ах ұрып өкінгеніне ешқандай күмәнім жоқ. Қанша сөз босқа кетті. Қанша сөз айтылмай қалды. Ең бастысы – көрермен аз болды. Даңқты сайысқа, даңқты жеңіске аншлаг жарасады. Не істемек керек? Қой, болмас, деген болу керек сыншым. Осылайша фәни дүниеге «Әкелер мен балалар» атты шедевр келді. Біздің сыншымыз-нарықшыл сыншы. Ол біледі, егемендікке енді жеткен, көп нәрседен құр қалған, әбден есесі кеткен жамағат Колизейдің есігін бұзып кіріп трибунаға орналасып отырып жатыр. Оған (жамағатқа) нан мен қызықтан басқа ештеңенің де керегі жоқ. («Хлеба и зрелищ!») Сыншымыз нарық конъюнктурасын өте жақсы таныған. Ол үшін клиенттікі қашан да болсын дұрыс. Клиенттің қандай да болмасын тілегі – заң. Бұлжытпай орындалуға тиіс. Ал клиенттің қашанда болсын сұрайтыны… Орыста «пошлость» деген сөз бар (әттең, қазақшаға аударылмайды!) Клиенттің сұрайтыны осы «пошлость». Бұл «пошлость» қашанда болсын қазақ арасында үлкен сұранысқа ие болған. Тек Кеңес дәуірі кезінде, белгілі бір тыйым бар, етек ала алмаған. Клиент пен сатушы бір-бірімен ынтыға ымдасып, мысы құрып келген. Ал енді егемендік, сөз бостандығы келді. Клиент пен сатушы (сатушы бұл жерде әдебиет бола ма, кинематограф бола ма (без разницы) алқына айқаласты. Құрметті оқырман, сатушы мен клиенттің арасындағы хикметті жай көңілдестікке теңгере көрмеңіз. Көңілдестік те аяқталады, тән құмарлығы басылады, бірақ клиент пен сатушының арасындағы махаббат ешқашан өшпейді. Себебі ол тәннен емес – сұраушы мен берушінің жанынан, рухынан нәр алады. Сыншымньщ қолына қалай қалам алғанын білмеймін. Әлде сол күні әлдебір газеттің бас редакторы телефон шалып, «осы мәселені жазып бере ғой, әке» деді, немесе сол күні таңертең кітап сөресін ақтарып тұрып қолына Тургеневтың романын іліндірді. Білмеймін. Әйтеуір жазу керек. «Әкелер мен балалар» шедеврын оқыған көзі қарақты адам мәселенің байыбын бірден аңғарады. Әкелер мен балалар проблемасы… әншейін нәрсе. Автордың айтуы бойынша әдебиеттегі, өнердегі дәстүр сабақтастығы насыбай төбелестірумен (өзінің айтуында «шуметей») шектеледі екен. (Оқырман, кешіріңіз. Бұлай жазуды, яғни белден төменгі мүшелердің атын атап, түсін түстеуді біз шығарған жоқпыз. Біздікі тек констатация). Шығармадағы ең басты кейіпкер – Сөз. Орыста «блуд» деген сөз бар. Осы сөзден пәленбай түбір тарайды. Мысалы, «словоблудие»- бұлдыраған көп сөз, нысанасыз көбік сөз. «Рукоблудие» деген сөз бар – «онанизм» (Иван Грозныйдың кезінде осы «рукоблудие» үшін талайдың басы шабылса керек). Біздің сыншымыздікі осының екі ортасындағы бірдеңе. Сөздің онанизмі (Словесный онанизм). Оқыңыз, оқырман, дұрыстап оқыңыз. Памфлеттегі сөздер бір-бірімен қалай құмарлана жанасады, қалай жаныға ынтызарлана шаптасады екен, оқыңыз. Өз өзінен жаратылған, өзін-өзі тілеп, дүниеге өзін өзі келтірген сөз. Жоба да жоқ, идея да жоқ (қозып, жанығып тұрған сөз барда жоба мен идеяның не керегі бар, тәйірі). Тыржалаңаш шешініп өзінің түп табиғатын, стихиясын ашқан, дүниеге өзінің тәнімен жар салған сөз. Әйтседе талдап көрейік, оқырман. Әңгіменің ортасында төбелестен репортаж: жүргізуге телерепортер келеді. Ол жерде жоба (замысел) бойынша репортер болмау керек. Ол бейне қайдан пайда болды? Сөздің тілегінен! Құрметті оқырман, бұл жерде жария болуға сұранып тұрған нәрсе төбелес емес – сөз. Жалаңаштанып, нәпсіге уланып алған сөз бойын жасырып та әуре болмайды. Керісінше, оған жұрттың көргені керек, масқараға күә керек. (Эксгибиционизм!) Құмары сонда ғана тарқайды. Мұраты сонда ғана хасыл болады. Сондай-ақ телерепортерға интервью берген алтау да – сөздің тілегінен, егер солай деп айтуға болса, сөздің диалектикасынан туындаған кейіпкерлер. Бойын махаббат билеген, ессіз күйге түскен сөз өзінің қылығын көретін алты кісі – әлеуметтік пікір бейнесін өзі тудырып, оны өзі мазақ етеді, яғни ессіз сөз өзі тудырған пуритандық фон арқылы өзінің қозмышын күшейте түседі (ертедегілердің біреуі айтыпты ғой, зинаның әлеуметтік пікірді, әдепті таптауында әлдебір әзәзіл көрік, құмарлықты ұштай түсетін әлдебір нәш (шик) бар деп). Бұл «ақсүйек» әдебиетте ғана болатын сөздің биік ойнасы (утонченный словесный разврат). Мен бұрын лингвистік проза дегенге сенбеуші едім. Ол не дейтінмін. Бірақ сөздің кей кезде жазып отырған адамға ырық бермей кететінін ептеп шырамытатынмын. Бұл жайында ұлылардың өздері де талай айтқан ғой. Міне, мен енді сендім-лингвистік проза бар екен. Сыншымның лингвистік прозасында сюжет, идея, тақырып, т.т.т. – тек жазудың желеуі ғана. Ар жағы… ар жағы қандай дәрежеде лаққысың, қаламың қандай дәрежеде ерке – соған ғана байланысты. Қазақтағы лингвистік прозаның атасы Пәленше, жоқ олай емес, Түгіленше деп дауласып жатады. Осымен бұл дау тынсын. Лингвистік прозаның жалғыз ғана атасы бар, ол – менің сыншым. Айтпақшы, ұшбу памфлетте таяқ жеген персонаждарды ұмыт қалдырыппыз. Біріншісі – Атекең (шүметейі шіріп кеткен Атекең) Екіншісі… Осы екіншісінің атын атауға келгенде сыншымды бір сырлы үнсіздік билейді. Атамайды. Адамның ындынын құртады. Міне, пәленбай жыл болды, әлі айтып келеді. Бірақ атын атамайды. Кім біледі, бұның ар жағында үлкен бір себеп бар шығар. Біз де атамай-ақ қояйық. Әйтеуір бір бала дейік. Бізден кейінгі ұрпақтың өкілі. Ол бала қудаланды, қудаланды, қудаланды. Тағы қудаланды. Және қудаланды. Әлі қудаланып келеді. «Заман-Қазақстанға» мақаласы шығады. Өзінің әдеби ойлары, философиялық толғамдары. Бүгінгі мәдениеттің қамы. Және тура сол номерге сыншымның сол баланы қудалаған мақаласы шығады. Сатқын батысшылар. Тілі айыр біткен, азып туған ұрпақ, и.т.д.и.т.п. Өртеніп кетпесе сол газет тігінділері тұрған шығар, алып оқыңыз. Әйтеуір тыныштық бермеу, әйтеуір түрткілеу, әйтеуір мазақ қылу. Бұндайға кім шыдасын. Қандай көнтерілі болсаң да бір күні жарыласың ғой. Сол бала, тынымсыз қудалаудан шаршаса керек, бір күні қуғыншыға жауап беріпті. О, сіз көрсеңіз, не болғанын! Бүкіл қазақ қоғамы түптен тебіренді. «Ол неге жауап қайтарады! Қандай хақысы бар! Не деген сұмдық! Не деген күпірлік!» (Сол бала бұғып үнсіз отырсын, сыншым оны үздіксіз төмпештесін деп Құранда солай айтылған сияқты). Түрлі-түрлі мекемелерде сыншыма жақтасқан митингтер болғаны анық. Бірақ ең үлкен наза – сыншымдікі. Тең отырудың, тең сөйлесудің өзін басына қорлық санайтын менің сыншым, Алматының еркесі, қазақ әдебиетінің сүйіктісі менің сыншым әлдебір «пацанның» кезек алып, өзін қорғап сөз сөйлегеніне қатты шамданды. Менің сыншымның бұрынғы кредосы – «Дұшпандарым бар болсын, аузы-мұрны, қол-аяғы жоқ, шибұт, әлжуаз болсын». Кейіннен «Бәйге!!! Бәйге? Бәйге…» атты шығармасын оқып қатты қуандым. Орысша айтқанда «Был приятно удивлен». Сыншым былай дейді: «Жығылған – күреске тоймайды» – маған шығарылған сөз. Мен бәйгеге тоймаймын – мен бәйге сайын жығылам. Бірақ жыққандардың да жыққан сайын, араны ашыла түседі екен – жыққан сайын, құтырынып, «енді қайда бәйге бар?!» деп, көздері алақ-жұлақ етеді… Әділет қайда? Қанағат, ынсап қайда? Бip жыққан соң, басқа палуандарга кілемді босатып, демала тұру керек емес пе?» Сыншым, сайыста кезек бар екенін, аралық беру керек екенін ұғыныпты. «Құдая, тәуба! Тек ұзағынан сүйіндіргей!» дедім. Бұл үлкен прогресс. «Браво, коллега! Виват!» дедім. Әрине, бұл кейін болған нәрсе. Енді оқиғаның басына, 1999 жылдың көктеміне қайтып келейік. Қатты шамданған сыншы досым отыра қалып өзінің ең үздік туындысы – «Жендеттер мен құрбандарды» жазып тастады (оқымағандарға – «ҚӘ», 1999ж., 7 мамыр). Шығармада… иіс көп. Тым көп. Сыншым сол өзінің амплуасынан табылған. Әрбір сөзі зәр татыған, адамның адамдығын таптаған, әулекі кекесінге толы осы памфлетті оқығанда жиіркеніштен басыңыз айналып жүрегіңіз лоблиды. Сыншым өзінің санасының терең қабаттарында (подсознание) өрістеп жатқан процестерді дайын әдебиет деп ойлайтын болуы керек, елестеткенін сол елестеткен күйінше еш өзгертпестен берген (әрине, бұл елестер еш әдебиет емес, бар болғаны өзінің психоаналитигін, өзінің Фрейдін тосып жатқан дайын материал ғана). Біздің уролог-сыншымыз бұрынғы ашқан анатомиялық жаңалықтарын місе тұтпайды, бұрынғы жетістіктеріне жібімейді, бар білігін жұмылдырып ары қарай қозғалады. Шарқ ұрған ой, тынымсыз ізденіс өзінің жемісін берген. Біз енді шүметейдің төңірегінде… тесік бар екенін білеміз. Кешірім өтінем, құрметті оқырман, тағы қайталап айтайын, бұндай стильді «ашқан» біз емес, біздікі тек сыншының ығына жығылу, әңгіменің шырқын бұзбау, сырлы ағысын лайламау. Орыстар бұны «Поддержать разговор» дейді. Әрине, бұл «памфлет» – ой саласындағы, сөз саласындағы тағылықтың биік үлгісі. Біз жеттік-жетілдік, мәдениеттіміз дейміз. Жоқ, достым! Бізде ешқашан мәдениет болған емес. Ең мәдениетті, ең оқымысты деген қазақтың бетін тырнасаң ар жағынан Мырқымбай, Батыраш, Қотыраштар маңырап шыға келеді. Осы «памфлетті» оқып шыққаннан кейін маған ой келді. Мынадан кейін жалпы жауап жазып, әуреге түсіп не керек? Оның орнына арттың суретін бере салса болды емес пе? Мысалы фотоаппаратты белгілі бір биіктікке орнатып, шалбарыңызды, дамбалыңызды (кешіріңіз) шешіп, объективке аталмыш мүшеңізбен қарап тұрасыз да түсіре саласыз. Ертеңіне суретке «Жендеттер мен құрбандар» (немесе басқадай) деп ат қойып редакцияға жолдайсыз (то бишь, «Жеті қарақшы» журналына және Пәленше мен Түгіленшеге бағышталады т.т.т. деп автограф қойып). Өйткені аталмыш «памфлеттің» мағынасын арттың суреті айна-қатесіз, және әлдеқайда көркем етіп береді. (Әлдеқайда адекватты). Себебі, адамның арты ешқашан өтірік айтпайды. Оның тұрған тұрысы – шыны. (Міне, қысқа жазу дегенің осы. Ұмытпасам «Қазақ әдебиетінде» ең қысқа әңгімеге арналған конкурс жүріп жатыр ғой. Гарантия берем, біздің сыншымыз бас бәйгені шаппай алады). Бұл жерде кімнің жендет, кімнің құрбан екенін кемеңгер оқырманым өзі ажыратып алсын. «Даудың басы – Басеның бақасы» сияқты «шедеврге» қол соққан оқырман, аталмыш «шедеврге», бұрынғыдан да мәнді «шедеврге» неге қол соқпасын. Осы «памфлетті» оқығанда сыншыма қатты ренжідім. Мынасы несі дедім. Содан соң қайыра оқыдым. Өзіңіз қараңыз оқырман: «Ат мені, дәл қазір ат, әкеңнің!», «Ор қазып қойдым, шешеңнің…», «Бұл жетім тағдырлы жеке сөйлем, сақалыңды-с!», «Мені шиті мылтықпен ат, күректей мұртыңды-с!» «Тұрмын… азу тісіңді-с!», «Құдайдан қайтсын, көнектей басыңды-с!» Қайыра оқыдым да ойландым. Көп ойландым. Ақырында Тәңірі ісінің сырына жеткендей болдым. Жоқ, бұл өштік емес. Бұл басқа, мүлдем басқа құбылыс. Мәдениетте, тазару нүктесі» («точка катарсиса»), «тазару аймағы» («зона катарсиса») деген ұғымдар бар. Барлық мәдениетте бойды тазартып ұстаудың тетігі, нүктесі болады. Міне, біздің сыншымыз осындай нүкте, осындай аймақ. Мәдениетіміз осы сыншымның бойынан тазарады. Мәдениетімізде жиналған шлактар, күл-қоқыс, нәжіс т.б. осы сыншымның бойынан канализацияланып сыртқа шығарылады. Ұлттық мәдениет осылайша жасарып, жаңғырып отырады. Ал енді сыртқы формасына келетін болсақ… Қазақта «Хан жарлығы күшті ме, б…қ жарлығы күшті ме?» деген мақал бар. Ол шіркін келіп қалғанда этика, эстетика, мораль, мәдениет сияқты биік материяларды ойлап жатуға мұрша бар ма, тәйірі. Ол жердегі бар мәдениет – шалбарды шешіп үлгеруде ғана. Сондықтан сыншымның өнімінің сыртқы түріне қарап «алай екен, былай екен, алай ету керек еді, былай ету керек еді, ұқсата алмапты» деп мін тақпағын, оқырман. «Уж как получилось!». Осыған риза болыңыз. Алда-жалда ғиззатлу вә қымбатлу сыншымның туалетте ыңырсып жылап отырғанын көрсеңіз – күлмеңіз. Сіз оны аяңыз. Ол өзі тілеп сондай болған жоқ. Жоғарыда айттық қой – Тәңірінің ісі, катарсис нүктесі, тазару аймағы. (Қазақ мәдениеті тазарып жатыр. Факт!). Өмірде сондай бір сәттер болады. Ол сәттерде егжей-тегжейлі, тәптіштеген сөздің керегі жоқ. Тек сол құбылысты қолмен көрсетіп өте шығу керек. Постскриптум Құрметті оқырман, әңгімеміз әлі біткен жоқ. Тақырыбымыз сол-сыншымыз және ның творчествосы. Біздің сыншымыз қазақ мәдениеті үшін ғана әдепкі тұлға. Ал шетелде әсіресе, Батыста болса бұл шетін құбылыс саналар еді. Мысалы, Италиядағы Қайта Өрлеу кезінде Пьетро Аретино деген болған. Орыстың бір театр қайраткерінің ол жайында «тексіз әулекі, плебей, памфлетші және шантажист, өзіндік сайқымазақ жазу мәнерін қалыптастырған Аретино» («наглый и беспардонный плебей, памфлетист и шантажист, создатель скандальной писательской манеры…») дегені бар. Оның памфлеттік мәнерінің басты сыпаттары: ештеңеге қарамайтын, ықты-жарды тыңдамайтын жүгенсіздік, шексіз өзімшілдік, кәдімгі күнделікті тұрмыстық тілдегі лас балағат пен патетикалық тираданы жымын білдірмей қиыстыра білу, адамның осал жерін табудағы теңдессіз өнер, және сол жерден сүйегін сындыра, қанын шашырата ұру, жыны сорғалаған таусылмас тіл, т.т.т. Біздің сыншымыздың сөз сайысын жүргізу машығы осы Аретиноны елестетеді. Қараңыз: «Сорлы бала-ай, отбасылық ләззаттың да дәмін ала алмай кетті-ау!-деп күрсінді отағасы-жендет ертеңінде естерін жиған соң» («Жендеттер мен құрбандар»). Бұл өмірде бар нақты адамның басындағы жайт, яғни, бұндайды айтуға болмайды, бұл тыйым салынған тәсіл. Осы, ең қарапайым деген қағиданы ұғынуға сыншымның өресі жетер ме екен? Бұны «белден төмен ұру» дейді. Бірақ біздің сыншымызға бәрібір. Оппонентті кекету, кемсіту, оның өмірінің деректерін тілге тиек ету – біздің сыншымыз үшін әдепкі нәрсе. Шынына келетін болса, сыншымда ешқандай полемика да жоқ. Үлкен Әулекілік қана бар. («Большая хамская манера спорить»). Асылы, бұндай адаммен сөз таластырмай-ақ қойған дұрыс. Былғанып қаласыз. Постпостскриптум Құрметті оқырман әңгімеміз әлі де аяқталған жоқ. Сыншым өзінің «Шын жүрек — бір жүрек» атты кітабында мынадай бір ой айтады: «Өнерпаз өз өнерінің мазмұнымен әруақыт сәйкес келе бермейді. Өнеріне қараңыз, өзіне қараңыз – қилы-қилы қызықты көресіз: өнерінің жанында – ергежейлі, немесе, өнері өзімен салыстырғанда – қораш. Жібек құртын көрген емеспін. Бірақ, анық: жібегінің жанында – құбыжық. Немесе… Әйтеуір, өнер мен өмірдегі теңдестікті, айталық, өмірдегі пенде мен өлеңдегі бейненің мазмұндастығын табу – екіталай. Әрине, өкінішті!» Сыншым асыл айтқан! Қаншама ғұлама қалам тартқан, адамзатты пәленбай ғасырдан бері сандалтып келе жатқан шытырман проблеманы үш-төрт ауыз сөзге сиғызып жіберген. Ғажап! Ал енді осы қағиданы, алысқа бармай-ақ, сыншымның өз бойына өлшеп көрейікші! Несі – өнері, несі – өзі? Жоғарыда аталмыш үш «памфлетті» сол жаққа қояйық. Содан соң таза әдеби, мәдени проблемаларға арналған мақалаларының ішінен көзді жұмып тұрып біреуін таңдайық. «Шын жүрек – бір жүрек». Абайдың өлеңіне арналған тамаша мақала. Әрине, бұл мақаланың да сүрініп, батпақтап жатқан жерлері жетерлік. (Кейін орайы келгенде оны да әңгіме ете жатармыз). Бірақ бәрібір керемет мақала. Ойымен болмаса да ораторлық өнерімен, пафосымен керемет. Енді салыстырыңыз. Қайсысы – өнері, ал өзі қайда? «Шын жүрек – бір жүректі» өнер емес деп қалай айта аласыз? Сөз жоқ-өнер. Ал аталмыш «памфлеттерді» өнер десек, аузымыз қисайып-ақ қалар. Яғни, «Шын жүрек –бір жүрек» – сыншымның өнері, ал анау үшеуі – өзі. Анық өзі. Шын әдебиетте автор әйтеуір бір жерден шығады, әйтеуір бір жерде жасырынып тұрады. Тағы да қайталап айтайық, сыншымыздың өнері – «Шын жүрек – бір жүрек», ал өзі «Жендеттер мен құрбандарда» тасаланып тұр. Сыншымда арман жоқ. Қан кешу, қатал заманда айтатынының барлығын айтып кетті. Бұл жердегі «кетті» – сыншымның әдебиеттен кеткендігін білдірмесе керек. Әрине, сыншым бұдан кейін де жазады. (Әлі талай памфлетін «оқу бақытына ие боламыз»). Бірақ бұдан ары қарай сапалық өсу болмайды. Тек сандық тұрғыдан өсу болмақ. Себебі бұдан асырып енді ештеңе де айта алмайды. Айтатынының барлығын принципінде айтып болған. Енді не айтса да бұрынғы нұрына жете алмайды. Тірісінде межелеген жеріне жетті, творчестволық мұраты түгесілді. Не арман бар! («Наш критик состоялся, с чем и поздравляем его!» Қазақшам мүкістеу болып тұрғаны. Кешірерсіз, оқырман). Пост пост пост, скриптум Қаламдас дос! Рәсімді бұзып енді өзіңе жүгінейін. Сенің кебіңе түсіп мен де біраз бұралқы сөз қуаладым. Сені мазақ қылу үшін емес. Қолыңнан келіп тұрғанда, күшің жетіп тұрғанда адамды қорлағаннан оңай нәрсе жоқ. Осыны ұғындыру үшін айттық айтатынымызды. Білем, бұл елде ешкім ешкімді ешқашан құрметтеп көрген емес. Бір сөзіңде біз әлемдегі ең жабайы елміз депсің. Бұл сөзді аузыңа Құдай салған болуы керек. Рас айтасың. Жабайы елміз. Бірақ қандай жабайы елдің перзенті болсаң да, яғни қандай жабайы болсаң да сайысқа бел шешіп түскеннен кейін тымқұрмаса рәсімдік мәдениетті ұстану – парызың. Полемиканың стилі оның предметінен маңызды («стиль полемики – важнее предмета полемики»). Осыны есіңе салғым келеді. Басқаның ойын, нанымын, ырымын, басқаның дүние-танымын, асылын құрметтей білуімізге қарай – адамбыз. Осыны жадыңа мәңгі тұт. Бұны ұғыну үшін данышпан болу шарт емес. Міне, осындай ең қарапайым, элементар нәрселерді ұғынғаныңнан кейін сұхбатымыз ары қарай жалғасады. Жалғаспауы да мүмкін. Айналып келгенде бәрі де өзіңнің алғырлығыңа байланысты. Алтын Орда Басё мәдениет стиль сын Тұрсынжан Шапай хайку Найти: Авторы Главная Серикбол Кондыбай Таласбек Әсемқұлов Зира Наурзбаева Другие авторы Категории Категории Выберите рубрику «Талтүстегі» ән мен күй / Музыка в романе «Полдень» Без рубрики Другие авторы Алибек Кажгалиулы Малаев Бақытбек Қадырұлы Иса Капаев Зира Наурзбаева Критика, рецензии Зиры Культурная политика Мифология Зиры О Зире Наурзбаевой Практики памяти Проза, эссе Зиры Публицистика Новости Концерты и лектории Серикбол Кондыбай ГИПЕРБОРЕЯ: родословие эпохи сновидений Казахская мифология: краткий словарь Мифология предказахов. Книга третья Мифология предказахов. Книга четвертая О Серикболе Кондыбае Отдельные статьи Таласбек Әсемқұлов История, этнография Критика, рецензии Таласбек Мифология Таласбека Музыка жайында/О музыке О Таласбеке Асемкулове, интервью с ним Проза Таласбека Сценарии Тылсым перне Шертпе күй Самое читаемое Маңғыстаудың жер-су атаулары Приключения Бату и его друзей В ПОИСКАХ ЗОЛОТОЙ ЧАШИ. Второе издание Таттимбет ИСКУССТВО ВОИНСКОЙ КАСТЫ БЕКТОРЫНЫҢ ҚАЗЫНАСЫ Новые статьи на сайте Қазақ руханиятының ХХI ғасыр басындағы бейресми көшбасшысы ІІІ Республикалық Таласбек сыйлығы 2022 Таласбек Әсемқұлов атындағы 2-ші Республикалық күйшілер байқауы ПРИКЛЮЧЕНИЯ БАТУ И ЕГО ДРУЗЕЙ В ЗВЁЗДНОЙ СТРАНЕ АЙДАЛА ТРАДИЦИОННАЯ ТОПОНИМИКА – ОТРАЖЕНИЕ КОСМОСА КАЗАХСКОЙ КУЛЬТУРЫ Асқар Сүлейменов Зира Наурзбаева Казахи Кобланды Роман С. Кондыбай Серикбол Кондыбай Таласбек Асемкулов Таласбек Әсемқұлов Таттимбет Томирис Чингис-хан бесплатно скачать кюй война домбра домбыра жыр инициация история казахская культура казахская мифология казахская музыка казахская традиционная культура казахская традиционная музыка казахский язык кочевники кюй күй лингвистика миф мифология оружие прототюрки ритуал сал-сери сери суфизм традиция. тылсым перне тюркская мифология шертпе шертпе-кюй эпос қазақ әдебиет Внимание! Перепечатка в Интернет-изданиях запрещается! Допускается только гиперссылка на наши материалы. Перепечатка в бумажных изданиях с обязательной ссылкой на сайт Отукен. По вопросам обсуждения или публикации статей на этом сайте, а также по поводу приобретения книг авторов в Астане обращайтесь по эл. почте otukenkz@gmail.com
«Денсаулық жолы - 2015» республикалық акция шеңберінде 2015 жылғы 17 және 23 тамыз аралығында жылжымалы медициналық кешеңдер Маңғыстау облысы Мұнайлы және Маңғыстау аудандарының шалғайдағы ауылдарына барады. Қызан, Жынғылды, Басқұдык, 3-Маңғыстау ауылдарының тұрғындары тегін скринингтік тексерулерден өтіп, әлеуметтік маңызды аурулар бойынша ақысыз медициналық көмек алатын болады. Жұмылдыру топтарының құрамында көз дәрігерлері, офтальмологтар, хирургтар, акушер-гинекологтар, терапевттер, пульмонологтар, педиатрлар және кардиологтар бар. Осы күндері жылжымалы медициналық кешеңдер Қарағанды облысы Шет ауданының Кайракты, Еркіндік, Жұмыскер ауылдарына барады. Медициналық көмекпен жасөспірімдер, жастар, барлық меншік түріндегі ұйымдардың жұмыс берушілері және жұмыскерлері сияқты мақсатты топтар қамтылады. 17 тамызда жылжымалы медициналық кешеңдер Ақмола облысының Қорғалжын ауданына, 19 және 20 тамыз аралығында Жақсы, Есіл, Жарқайын аудандарына барады. Кампания облыстың медицина ұйымдарының және салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мамандарының қатысуымен ұйымдастырылады. 19 тамызда жылжымалы медициналық кешеңдердің шығуы Қостанай облысының Қарасу ауданына жоспарлануда. Ауыл тұрғындарына салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері, әлеуметтік маңызды аурулар бойынша оқу-ақпараттық және тәжірибелік көмек көрсету мақсатында ағымдағы жылғы 1 шілде мен 31 тамыз аралығында республиканың барлық өңірінде «Денсаулық жолы - 2015» кең көлемдегі акция өтіп жатқанын естеріңізге саламыз. Қазақстанда 2015 жылдың 7 айында санитарлық авиация 1412 ұшырылым жасады Медициналық қызметтер көрсету мақсатында Республикалық санитарлық авиация орталығы 2015 жылдың 7 айында 1412 ұшырылым жасады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ұшырылымдар саны 332-ге немесе 24% артты. Барлығы 1783 медициналық қызмет көрсетіліп, оның ішінде 1347 науқас тасымалданып, 335 кеңес берілді және 101 ота жасалды. Тасымалданған науқастардың 65% облыстық және қалалық медициналық ұйымдарға, 25% Астана мен Алматы қалаларында орналасқан республикалық емдеу орталықтарына жеткізілді. 6 науқас шетелдерден елге әкелінді. Санитарлық авиацияның мобильдік бригадалары балалар жасындағы патология, жарақаттанушылық, қайғылы оқиғалар және уланулар, қан айналымы жүйесі аурулары, жаңа туған нәрестелердің патологиялары және өзге де аурулар бойынша медициналық көмек көрсетті. Сонымен қатар, осы кезеңде 14 мәрте донорлық органдар тасымалданды. Санитарлық авиация қызметкерлерінің кәсіби біліктілігі және шапшаңдығы халық арасында зор беделге ие. 2015 жылғы 10 тамызда Қазақстанда одан әрі емін жалғастыру үшін ағымдағы жылғы 19 маусымда Пекиннен Алматыға жеткізілген Нұрбала Таккулованың туыстарынан ҚР ДСӘДМ-не алғыс хат түсті. «Барлығы жоғары кәсіби деңгейде жүргізілді және қарым қатынастары адамгершілікке, ізгілікке толы. Біз өз мемлекетімізді мақтан тұтамыз және шын жүректен Қазақстан Республикасының Үкіметіне алғыс білдіреміз. Біздің мемлекетіміз бұдан әрі де адамдарға көмектесуде және азаматтардың өмірін сақтауда көп жұмыс атқаратынына кәміл сенеміз», делінген хатта. Поиск Текст Категория Lifestyle Nur Otan АЛМАТЫ ОБЛАСТЫҚ ЖИТС ОРТАЛЫҒЫ Алматы облысы/Алматинская область Бизнес БИЗНЕС, ЖЕТЫСУ Білім саласы/Образование В мире Взгляд сквозь годы Государство Еңбекшіқазақ ауданы/Енбекшиказахский район Жаңа технология / Новые технологии Жизнь замечательных людей Замечательные земляки Зерттеу /Исследование История медицины КУЛЬТУРА Қаратал ауданы/Каратальский район Қоғам/Общество Медициналық/Медицина Министерство здравоохранения Республики Казахстан Наука и искусство питания НЗМ/НИШ ОСМС/МӘМС ПРОИСШЕСТВИЯ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Служба 112 СПОРТ Фармацевтика Финансы Найти Последние новости 30 ноября 2022 49 0 Oтделение функциoнaльнoй диaгнoстики 24 ноября 2022 400 0 КРАТКИЙ НЕДЕЛЬНЫЙ ОБЗОР ПРОФСОЮЗНОЙ РАБОТЫ ФИЛИАЛА 24 ноября 2022 9223 0 В АМКБ новый гемодиализный аппарат АК 98 24 ноября 2022 9016 0 Талғар аудандық ауруханасының басшылығы 16 дәрігерлік амбулаторияның қызметкерлерімен кездесу өткізді
Алматы облысы бойынша қазан айында медициналық сақтандыру қорына түскен жарналар 2,7 млрд теңгені құрады 3 апталар ago Жетісу облысы: Қазан айында медициналық сақтандыру қорына түскен жарналар 4,8 млн теңгені құрады 3 апталар ago 4,8 млн тенге составили поступления в Фонд медицинского страхования по области Жетісу в октябре 3 апталар ago Алматы облысы: Қоймалардағы көмір орташа бағамен 13-17,5 мың аралығында сатылып жатыр 1 ай ago «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жетісу облысы бойынша филиалының өкілдері жұмыс сапарымен Алакөл ауданының орталық ауруханасына барды 1 ай ago «Алатау жастары»: жаңа бағдарламаның мәліметтері 1 ай ago Алматы облысы жастар ресурстық орталығының басшысы жастардың басындағы ең басты проблемаларды шешу жолдарымен бөлісті 1 ай ago Қазақстандағы шетелдіктер қандай медициналық көмекке жүгіне алады? 1 ай ago Load More Жексенбі, Желтоқсан 4, 2022 Басты Қоғам Саясат Экономика Медицина Білім Cпорт Құрылыс Туризм Экология Home Без рубрики Елбасы алғысы: Жетісулық белсенді еріктілер марапатталды by Jetisy Media 21.02.2022 in Без рубрики 46 0 90 SHARES 257 VIEWS Share on FacebookWhatsApp Бүгін, «Biz birgemiz» республикалық акциясы аясында Алматы облысындағы белсенді еріктілерді Елбасы Н.Назарбаевтың алғысымен марапаттау рәсімі өтті. Марапаттау шарасын облыс әкімінің бірінші орынбасары Л.Тұрлашов табыстап, осы уақыт аралығында белсенді жұмыс атқарған еріктілерге ақ жол тіледі. Назарға салып өтсек, ағымдағы жылдың наурыз айында еліміздегі төтенше жағдайдың орын алуына байланысты, Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Biz Birgemiz» акциясы бастау алған болатын. Акция аясында Жетісудың ерікті жастары да білек сыбана жұмыс істеп, мұқтаж азаматтарға қажетті азық-түлік, антисепиткалық құралдармен қамтуда көмек қолын созып, сонымен қатар, Мақтаарал ауданына да барып көмек көрсетті. «Biz Birgemiz» республикалық акциясы бойынша ағымдағы жылдың 19 наурызы мен 22 маусым аралығында партияның аймақтық және аумақтық филиалдары тарапынан, «Jas Otan» жастар қанатының жастары мен еріктілері партияның «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» және «Кедергісіз келешек» жобалары аясында партия мүшелерінің, әр деңгейдегі мәслихат депутаттарының қолдауымен есептік кезеңде 24 440 адамға 253, 09 млн. тг көлемінде арнайы азық-түлік және жеке гигиена заттары, антисептикалық құралдар, медициналық маскалар сатып алынып берілді. Біз біргеміз!
Өз баяндамасында мен тауар биржасы, инфрақұрылымның бір бөлігі туралы айтып өткім келеді, оны дамытусыз және жетілдірусіз біздің еліміздегі нарықтың толыққанды дамуы туралы, сондай — ақ биржа-нарықтық экономиканың атрибуты қалай жұмыс істейді және қандай функцияларды атқаратыны туралы айту екіталай. ТАУАР БИРЖАСЫ Анықтау бойынша тауар биржасы-биржа клиенттері мен мүшелері үшін теңдікті қамтамасыз ететін ережелер мен рәсімдерге сәйкес жария сауда-саттық арқылы нарықта тауарларды сатып алу-сату үшін материалдық жағдайларды қамтамасыз ететін корпорация мүшелерінің корпоративтік, коммерциялық емес қауымдастығы. Биржаның міндеттері-экономиканы шикізатпен, капиталмен, валютамен жабдықтау емес, шикізат, капитал және валюта нарықтарын ұйымдастыру, реттеу, біріздендіру. Тауар биржалары тауарларды емес, оларды жеткізуге арналған келісімшарттарды сатып алуды және сатуды жүзеге асырады.Оларда үлгілер немесе Техникалық сипаттама бойынша ірі партиялармен сатылуы мүмкін стандартталатын тауар түрлеріне арналған келісім-шарттар сатылады.Тауар биржаларында сұраныс пен ұсыныс арақатынасының ықпалымен қалыптасатын базистік бағалар анықталады. Барлық биржалар дербес кәсіпорындар болып табылады және бір-біріне қарамастан әрекет етеді.Кейбір тауарлар бір биржада ғана сатылады және сатып алынады, басқалары-бірнеше; алайда, бір тауарға және басқа сипаттамаларға арналған келісім-шарттардың мөлшері әр түрлі биржаларда бір-бірінен ерекшеленеді. Біздің шарттарымызға қатысты тауар биржасының негізгі функцияларының құрамына биржа арқылы өткізілетін өнімге стандарттарды әзірлеу, сондай-ақ сатып алу-сату мәмілелері бойынша үлгі келісім-шарттар пакеті, бағаларды белгілеу, туындаған дауларды реттеу және ақпараттық қызмет сияқты кіреді. Заң тауар биржаларын, биржалық сауданы құру және олардың қызметі жөніндегі қатынастарды реттеуге және тауар биржаларындағы қызметтің құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз етуге бағытталған. Биржа ашық сатып алу-сату, тауар және шикізат ресурстары нарығын реттеу және біріздендіру, нарықты, экономикалық индикаторды дамытуды ынталандыру жолымен сұраныс пен ұсынысты теңгерімдеу функцияларын орындайды. Тоқсаныншы жылдардың басында нарық жұмыс істейтін елдерде жалпы айналымы 10 триллион доллардан асатын 50-ге жуық тауар биржалары болды,бұл олардың жалпы ұлттық өнімінің 25% — ын құрайды. Онда 60-тан астам өнім сатылады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде тауар биржалары негізінен корпоративтік табыс салығын төлеуден босатылған табыссыз қауымдастықтар ретінде жұмыс істейді. Олардың табысының басты баптары: биржаны құрайтын ұйымдардың құрылтайшылық және пайлық жарналары мен аударымдары; Биржа мүшелеріне және басқа ұйымдарға қызмет көрсетуден түскен кірістер өзге түсімдерден түскен түсім. Биржадағы мүшелік және басқару Биржа мүшелері: құрылтайшылар, отандық және шетелдік заңды тұлғалар, сондай-ақ жеке тұлғалар болып табылады. Биржадағы мүшелік оның залында сауда жасауға құқық береді. Биржа мүшелері жиналыстарда және әртүрлі биржалық сайлауда дауыс бере алады және комитеттердің жұмысына қатыса алады. Бұдан басқа, биржа мүшелері оқыту және қайта даярлау бағдарламаларын өтеді, жан-жақты биржалық ақпаратты алады және кітапханалық және ақпараттық орталықтарды пайдалана алады. Егер бұл үшін құрылтайшылардың білікті көпшілігі және үміткер кәсіпорындар мен ұйымдардың қарапайым көпшілігі дауыс берсе, ұйым Биржа мүшелігіне қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру үміткердің қаржылық жағдайын бағалағаннан кейін өткізіледі. Биржа мүшелері биржа құрамынан шыққан жағдайда қайтарылатын кіру жарнасын енгізуге міндетті. Биржаның жаңа мүшелерін қабылдау биржа құрылтайшылары мен мүшелерінің жалпы жиналысында жүзеге асырылады. Биржа мүшелері жыл сайынғы мүшелік жарнаны төлейді, бірақ биржалық сауда-саттыққа қатысушылардан алынатын барлық жалпы алымдардан босатылады. Өз жұмысын жеңілдету үшін Биржа мүшелеріне сауда залына клерктер немесе шаңғылар түрінде кіруге рұқсат етілген қызметшілерді жалдау құқығы берілген. Биржа қызметін реттейтін негізгі ішкі құжаттар биржа Жарғысы және биржалық сауда ережелері болып табылады. Жарғыда Биржаның ішкі құрылымын, биржа мүшелерінің және сауда-саттыққа басқа да қатысушылардың өзара қарым-қатынасын анықтайтын барлық негізгі ережелер; Биржаның ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетілген. Биржа мүшелерінің екі санаты бар: 1. толық мүшелері-Биржаның барлық секцияларында және Биржаның құрылтай құжаттарында белгіленген биржалық сауда-саттыққа қатысу құқығымен Биржаның жалпы жиналысында және биржа секциялары мүшелерінің жалпы жиналыстарында дауыс саны; 2. толық емес мүшелер-тиісті секцияда биржалық сауда-саттыққа қатысу құқығымен және Биржаның құрылтай құжаттарымен белгіленген биржа мүшелерінің жалпы жиналысында және биржа секция мүшелерінің жалпы жиналысында дауыс саны. Кейбір биржаларда келушілер институты бар. Олар тұрақты және бір реттік болып бөлінеді. Тұрақты келушілер биржаға кіру үшін жылдық төлемді, бір жолғы — әрбір келу үшін төлейді. Биржаны басқару схемасы Биржаның басқару органдары олардың әрқайсысының ендігіне сәйкес келетін үш негізгі деңгейді қамтиды. Жоғарғы орган белгілі бір дәрежеде заң шығарушы орган болып табылатын, биржа мүшелерінің-қатысушылардың жалпы жиналысы болып табылады. Атқару функцияларын басқа қызметтердің қызметін бақылауға және Биржа қызметінің басты бағыттарын әзірлеуге , биржалық сауда ережелерін белгілеуге және түзетуге құқығы бар биржалық комитет орындайды. Биржаны ағымдағы басқаруды бақылау-тексеру комиссиясы жүзеге асырады, оның құзыреті мен өкілеттіктері тауар биржасының Жарғысымен реттеледі. Биржа саясаты Директорлар кеңесі тағайындайтын, биржа мүшелерінен тұратын комитенттермен жүзеге асырылады. Комитет мүшелері тиісті төлемсіз жұмыс істейді. Олар Директорлар кеңесіне ұсыныстар енгізеді және көмектеседі, сондай-ақ биржалардың жұмыс істеуі бойынша нақты міндеттерді орындайды. Комитеттер саны тұрақты емес және 8-ден 40-қа дейін ауытқиды. Негізгі болып келесі 5 комитет, олар іс жүзінде әр биржада бар. Биржа бөлімшелерінің құрамына: Бақылау комитеті-биржадағы іскерлік белсенділікке, ашық позиция көлеміне, сондай-ақ жеткізу мерзімі өтіп бара жатқан келісім-шарттарды жою қалай жүріп жатқандығына бақылау жүргізеді. Төрелік комитет-Биржаның сот органы, мүшелер арасындағы дауларды шешу үшін төрешілерді тағайындайды,сондай — ақ клиенттер мен биржа мүшелері арасында даулар туындаған жағдайда-сенімсіздік. Баға белгілеу комитеті-басты міндеті биржалық баға белгілеулерді жариялауға және баға қозғалысын талдауға дайындау болып табылатын жұмыс органы. Байқау комитеті-дауларды қарайды және барлық тәртіптік мәселелер бойынша шешім шығарады, оны оған іскерлік этика жөніндегі комитет береді. Жаңа мүшелерді қабылдау комитеті — Биржа мүшелігіне кіру туралы барлық өтініштерді қарайды. Комитеттің ұсыныстары Биржа мүшелігіне үміткерді қабылдау туралы мәселені шешетін Директорлар кеңесіне ұсынылады. Биржалық аппарат 1. Экономикалық талдау орталығы: өнім нарығының конъюнктурасын бақылау; конъюнктуралық шолуларды дайындау; нарық конъюнктурасына әсер етуге қабілетті техникалық, экономикалық және басқа да факторларды талдау; конъюнктуралық болжамдар; экономикалық мәселелер бойынша ақылы кеңестер. 2. Төрелікпен шарттық-құқықтық бөлім: мәміле бойынша әріптестер арасындағы шарттарды ресімдеу; мәмілелерді заңды ресімдеу, олардың маклерлердің дұрыс жүзеге асырылуын бақылайды; сауда-саттыққа қатысушылардың іс-әрекеттерінің заңдылығын бақылау; істерді төрелік комиссияда қарауға дайындау. 3. Көлік-тарифтік бөлімі: биржада сатып алынған өнімді жеткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету; тасымалдаумен байланысты мәселелер бойынша сатушылар мен сатып алушыларға кеңес беру; жүк партиясын сатып алушыға жеткізудің тиімді тәсілдері бойынша ұсыныстар дайындау; жүктерді жеткізу үшін есеп айырысуларды ресімдеу. 4. Биржалық сауданы жетілдіру бөлімі: осы биржадағы сауданың даму деңгейі мен жай-күйін талдау; биржа жұмысының тиімділігі мен сапасын арттыру жолдарын іздеу; биржалық аппаратты неғұрлым белсенді қызметке итермелейтін жаңа енгізілімдерді әзірлеу және енгізу; елде және шетелде биржалық сауданы ұйымдастыру тәжірибесін зерделеу. 5. Ақпараттық орталық: барлық айналмалы ақпаратты алу, сақтау және өңдеу; Биржа мүшелеріне және келушілерге қажетті есеп айырысуларды жүргізу, сондай-ақ ақпараттық қызмет көрсету бойынша қызметтер көрсету.
Жұма күнінің 20 сүннеті мен әдебі бар. Мұхаммед Расулуллаһты (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) жақсы көретіндердің осыларды орындауы керек: 1) Жұманы бейсенбі күнінен қарсы алу. Мысалы: жаңа және таза киімдерді дайындау керек; барлық тірліктерді бітіріп; жұманы ғибадатпен өткізуге тырысу керек. Бейсенбіде екіндіден кейін тәсбих және истиғфар айту керек. Жұма түнінде жұбайымен ғұсыл алу керек. Екеуіне де құл азат еткендей сауап беріледі. 2) Жұма күні, жұма намазына ғұсыл алу керек. Осы ғұсылға қатысты көптеген хадис шәрифтер бар болғандықтан, парыз деген ғалымдар да бар. 3) Шашты қию керек. Сақалдың бір тұтамнан артығын қырқу және тырнақтарды алу керек әрі ақ киім кию керек (Сақалдың бір тұтамнан қысқа болуы бидғат болып, үлкен күнә екендігі «Бәриқа»-да жазылған). 4) Жұма намазына мүмкіндігінше ерте бару керек. Алғашқы мұсылмандар көп сауап алу үшін мешітке жұма намазына таң қараңғысынан баратын еді. 5) Алдыңғы сапқа өту үшін жамағаттың иықтарынан аттамау керек. 6) Мешітте намаз оқып жатқан кісінің алдынан өтпеу керек. Қабырға немесе тіректің артынан өту керек. 7) Ерте барып, бірінші сапқа отыру керек. 8) Имам мінберге шыққаннан кейін еш сөйлемеу керек, азанды да қайталамау керек. Сөйлеген адамға белгі беріп те жауап бермеу керек. 9) Намаздан кейін «Фатиха», «Кафирун», «Ихлас», «Фәлақ» және «Нас» сүрелерін жеті рет оқу керек. 10) Екіндіге дейін мешітте қалып, ғибадат ету керек. 11) Діндар болған және Әһли сүннет ғалымдарының «рахимә-һумуллаһу та’ала» кітаптарынан оқып айтып беретін ғалымдардың дәрісіне қатысу керек. Осындай салих бір ұстаздың дәрісіне бір сағат қатысу, мың рәкат нәпіл намаздан абзалырақ. 12) Жұма күні дұғаның қабыл болатын уақытын іздеу керек, ол үшін үздіксіз ғибадат жасау керек. 13) Жұма күні көп салауат айту керек. 14) Құран кәрім және «Кәһф» сүресін оқу керек. 15) Аз болса да, көп болса да садақа беру керек. 16) Ата-ананы немесе олардың және салих мұсылмандардың, әулиелердің қабірлерін зиярат ету керек. Әулиелердің рухтарынан фәйз алу керек. 17) Жұбайының және бала-шағасының тамақтарын мол және дәмді қылып әзірлеу керек. 18) Көп намаз оқу керек. Намаздан қарызы бар болғандар қаза намаздарын оқу керек, қазасы болмағандар намазды нәпіл ниетімен оқу керек. 19) Жұма күнін тек ғибадат болған істермен өткізу керек. 20) Екінді намазынан кейін жайнамаздың үстінде қолдан келгенше «Йа Аллаһ, йа Рахман, йа Рахим, йа Қауи, йа Қадир» деп оқып, кейін дұға ету керек.
03- 09 тамыз айы аралығында Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің бас имамы Сыздықов Бекзаттың тапсырмасымен ауданымызда орналасқан қала және ауыл мешіттері тексерілді. Тексеру комиссиясы ретінде өңір кураторлары және есеп- қисап мәселелері бойынша бас бухгалтер тағайындалды. Тексеруде қаралған мәселелер: мешіттің ішкі тазалығы, мешіттің сыртқы (ауласы) тазалығы, дәретхана тазалығы, бейнебақылау камераларының орнатылуы, мешіт және имамдарға қажетті 15 құжаттың түгенделуі, сонымен қатар мешітке арналған кіріс- шығыс журналдары, неке қию және балаға азан шақыру журналдары, жұмысшыларды тіркеу журналдарының арналғандығын және олардың күнделікті қолданыста екендігін қадағалау болатын. Бухгалтериялық жұмыс бойынша: садақа жәшіктерінде комиссия мүшелерінің қолы қойылып, мөрленіп, құлып салынғандығы, мешіттің бұйрық журналы, есеп- қисапты жүргізу үшін кіріс-шығыс журналдары, кассалық кітап, айлық жіәне басқа кірістер қаралды. Мешіттің тазалығы- имамның тазалығы ұранымен ауданда орналасқан Жетісай қаласы, Асық ата кенті, Атакент және Мырзакент кенттері толығымен тексерліуден өтіп, бас имамға қорытынды тапсырылды. Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің баспасөз қызметі Share Навигация по записям Шымкент медресе колледжінің өкілі жастармен кездесті Әйелдер-қыздар секторының ауқымды іс- шарасы өтті (фото) от Редакция Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38 Ұқсас жазбалар Жаңалықтар Қарттар үйіне зиярат етілді Дек 2, 2022 Редакция Жаңалықтар «ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН 30 ХАДИС» АТТЫ САЙЫС ӨТТІ Ноя 29, 2022 Редакция Жаңалықтар «Жүректің дерттері» атты ашық сабақ өткізілді Ноя 29, 2022 Редакция Добавить комментарий Отменить ответ Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық «Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti» мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38
Ахирет – дүниенің терісі. Дүние қиыншылық, ал ахирет рахаттық мекені. Жәннатта көздер көрмеген, құлақ естімеген, ақылға симайтын ниғметтер бар. Дүниеде зауық пен рахаттыққа берілген адам ахиретте бұлардан мақрұм қалады. Дүниеде Аллаһу та'аладан қорқпаған адам ахиретте қатты қорқады. Дүние өткінші, ал ахирет мәңгі. Адам не дүниені, не ахиретті таңдайды. Дүниені таңдаған адам ахиретті тәрк етіп, тек дүниеге байланған болса, тек дүниелікке қол жеткізуге тырысып жатқан болса, тек дүниелікке табынса, оның жағдайы бітті деген сөз. Алайда ахиретті тәрк етпестен нәпсіне алданғаны үшін дүниеге де бет бұрған мүминнің құтылу үміті бар. Дүниенің өзі емес, дүниеге деген сүйіспеншілік жаман. Бір жүректе екі махаббат, екі сүйіспеншілік болмайды. Бір адам бірдей екі жерге, мысалы әрі Меккеге, әрі Парижға бара алмайды. Адам не ахирет, не дүние жолаушысы. Ахирет жолаушысы болған адам ең үлкен күнәларды істесе де, өкініп тәубе етсе, Аллаһу та'ала оны кешіреді. Тәубе етпей өлсе, бұл жағдайда да кешірімге, шапағатқа қауышуы мүмкін. Қауыша алмаса да, өлім, қабір, махшар және соңында тозақ азаптарымен кешіріледі. Өйткені оның иманы бар. Дүниені таңдап, ахиретті толығымен тастап, кәпір болып өлсе, бұл жағдайда оның құтылу үміті қалмайды. Адамдарға Аллаһты және Расулын таныту, ахиретті еске түсіру, дұрыс кітап беру арқылы Ислам дінін үйрету керек. Ғибадат тек иманды болғандарға ғана парыз болады. Имансызға ғибадат парыз емес. Осы себептен, ең көп тоқталатын мәселе – иман. Негізгі тамыры осы. Бұтақтары, жапырақтары және жемістері, яғни ғибадаттар кейіннен келеді. Ғибадаттар міндетті түрде қажет, бірақ иман, яғни тамыр жоқ болса, ағаш онсыз да бола алмайды. Осы себептен Сәйид Абдулхаким Арваси хазреттері «Біздің негізгі дертіміз, негізгі мақсатымыз – иманды қорғау. Күпір Жәйхун (Әмудария) өзені сияқты ағып жатыр. Тек, күшті ағыс ағаштың қуысына кірген сабан шыбығын ағызып кете алмағаны сияқты, Имам Раббани хазреттері сияқты бір әулиенің, осындай ұлы ағаштың қуысында қорғанған мұсылмандарды алып кете алмайды, олар құтылады. Әйтпесе бұл ағысқа қарсы тұру, бұл ағыстан құтылу мүмкін емес» деген. Осы әулиелерді таныған, жақсы көрген, кітаптарына жабысқан, бір кітабына қол жеткізген адам күпір селінің ағызып кетуінен құтыла алады. Сондықтан, олардың кітаптарын барлық жерге жеткізіп, әрі тікелей өзіміздің, әрі көптеген адамдардың құтылуына тырысуымыз керек. Намаз уақыты Сайтымыздың мүшелері Соңғы енгізілгендер Ең үлкен ғибадат – уақытты босқа өткізбеу Өнерді қолдану Жалғанның соңынан қалмай жүгіресіңдер! Досқа насихат айту Жүрек қатайған кезде Басшы болудың жауапкершілігі Парызды орындамаудың күнәсі Досты қалай таңдаймыз? Мені Әбу Шубә хазретке апарыңдар! Намаз уақытылы оқылмаса "Шәуаһид-ун нубуввә" кітабы ИМАМ ХУЖЖӘТ МҰХАММЕД БИН ХАСАН (радиаллаһу анһ) ИМАМ ӘСКЕРИ ХАСАН БИН ӘЛИ (радиаллаһу анһ) info@islamdini.kz Біз туралы | Басқы бетке қосу | Таңдамалыға қосу | RSS | Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған. Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. Islamdini.kz ® 2008-2022
Өткеннің кемшілігі мен жетістігі, табысы мен талқысына дейін бәрі сабақ. Белгілі бір кезеңде Nur Otan партиясы елдегі саяси ұйымдардың ішінде жетекші рөлге ие болғанын жоққа шығара алмаймыз. Халықтық партияға айналды. Әйтсе де, ұйымның қалыптасқан жұмыс жүйесі ашық саналы қоғамның талаптарына сай келмегенін мойындауымыз керек. Уақыт талабына үндесу үшін партия ұйымына да өзгеріс қажет болғаны, сондықтан. Бүгін Nur Otan партиясының кезектен тыс съезінде партияның атауы өзгерді. Саяси ұйымның атауын «AMANAT» деп өзгерту туралы Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың ұсынысын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қолдады. Осылайша халықтық партияға үлкен жауапкершілік – халқының аманаты жүктелді. Халқымызда «Аманат» деген сөздің мәні үлкен. Бір ауыз сөздің өзі ел мен жұрттың бүкіл арман-мақсаты мен парыз-борышының жүгін арқалап тұр. Алайда Президент атап өткендей, партияның ребрендингі оның атын өзгерту, маңдайша тақтасын өзгерту ғана емес. Өзгеріс жұмыс жүйесін қайта құрғанда ғана нәтижесін береді. Мемлекет басшысы съезде партиялық реформаларға қатысты бірқатар басым міндеттерді атап өтті. Оның негізгізі – партия аппаратының тиімділігін арттыру. Бұл талапты қоюға ұйымда бюрократизмнің ең нашар қасиеттері айқын көріне бастағаны түрткі болғанын атап өтті. «Желілік кестелер, есептер, ресми іс-шаралар сайлаушылармен тікелей жұмысты екінші жоспарға ысырды. Көздері жанып тұрған энтузиастар немқұрайлы қызмет етушілерге жол беруге мәжбүр болды», — деді Президент-Партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев. Саяси ұйымның атауы өзгерді. Басқару жүйесі басқаша құрылатын болды. Ал орталық аппарат, филиалдар мен бастауыш ұйымдарының жұмысы қалай жүреді? Мемлекет басшысы өкілдіктердің де өзара іс-қимыл әдістері толығымен қайта қаралатынын айтты. Нақтырақ айтсақ, бюрократия мен қағазбастылықтан бас тарту үшін облыстық филиалдар мен бастауыш ұйымдар сайлаушылармен өз бетінше жұмыс жүргізетін болады. Ал Орталық аппарат директивалық басқару тәжірибесін тоқтатады. Аппарат бұл міндеттің орнына жалпы партиялық векторды белгілеу, әдістемелік және идеологиялық қамтамасыз ету, кадрларды дайындау, жүйелі проблемаларды талдауды жүзеге асыруға шындап кіріспекші. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, қазір бүкіл әлемдегі ахуал өзгеріп жатыр. Жаңа құндылықтардың пайда болғанына өз алдына, өте күрделі сын-қатерлер көбейді. Осындай қиын-қыстау кезеңде біз жас ұрпаққа дұрыс бағыт-бағдар беруге тиістіміз.Дамудың келесі кезеңіне қадам басқан еліміздің – Жаңа Қазақстанның иесі саналы, білімді жастар болуы тиіс. Бұл – ең негізгі міндет. Партияның кезектен тыс өткен съезінде Jas Otan жастар қанатының жұмысын толықтай қайта жаңғырту туралы мәселе көтерілгені де, сондықтан. Jas Otan – жастар арасында шын беделі бар нағыз көшбасшыларды топтастыруы керек. Сонда ғана нәтиже болары анық. Жиында ауыл жастарына арналған «Өрлеу» атты жаңа партиялық жобасы ұсынылатыны айтылды. Бұл – құптарлық бастама. Ауылдағы қарым-қабілеті мол, күш-қайраты тасыған жас буынның ерік-жігерін біз ел экономикасын дамытуға бағыттауымыз керек. Сол үшін олардың тұлғалық дамуына, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға арналған, оларды кәсіп ашып, табысты болуға ынталандыратын кешенді шаралар жүзеге асырылуы қажет. Сондай-ақ жаңадан іске қосылатын, жас ұрпақты отансүйгіштікке баулитын «Қайсар» атты жаңа әскери-патриоттық жобадан да күтеріміз көп. Бұл жоба біздің университетте де қолдау табады. «Қайсар» әскери кафедрамыздың мақсатты жобаларының біріне айналып, ел қорғайтын, мемлекетімізге қызмет ететін ержүрек азаматтарды тәрбиелеуге серпін беретін болады. Талғат Ешенқұлов, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің басқарма-төрағасы, ректоры, партияның саяси Кеңесінің мүшесі. 181 Share Prev Post Қыдыралыұлы: Ауданның тумасы ретінде берген уәделерімді орындауға күш саламын» Next Post Приоритеты партийной реформы Leave A Reply Cancel Reply Your email address will not be published. Save my name, email, and website in this browser for the next time I comment. Latest News Қыдыралыұлы Қаракемердегі ауызсу құбырының құрылысын көрді Есірткінің 300 келісін жасырған күдікті ұсталды Қайтарымсыз грант алып, бизнес идеясын іске асырды Жамбыл облысының әкімі тағайындалды Prev Next 1 of 291 Popular Topics Басты жаңалықтар827 Қоғам96 Ауданда77 Жаңалықтар27 Мәдениет23 Елімізде15 Денсаулық13 Спорт13 Саясат10 Reviews Басты жаңалықтар Қыдыралыұлы Қаракемердегі ауызсу құбырының құрылысын… Есірткінің 300 келісін жасырған күдікті… 5 часов ago Қайтарымсыз грант алып, бизнес идеясын… 9 часов ago Жамбыл облысының әкімі тағайындалды 11 часов ago Prev Next 1 of 291 Recent Posts Саясат Экономика Білім Мәдениет Денсаулық Жолдау Спорт Заң Қоғам Руханият Әлем © 2022 - "Аса-ақпарат". Барлық құқық қорғалған. Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде тіркелген. Куәлік № KZ85VPY00041373
12 сәуір – халықаралық авиация және ғарышкерлер күні біздің үйде «Ашық есік күні» деп жарияланған. Бұл күні мені кім құттықтап келсе де, есігім ашық. Қазір әркім өз-өзімен әуре. Айналамызда не болып жатқанына мән бермейтін болып кеттік. Бір-бірімізді сирек іздейміз, уақыт тапшы. Жоғарыдағы датаны үйдегі дәстүрлі мерекеге айналдырғаным да сондықтан. Жас келген сайын көп кісілерді сағынады екенсің. 12 cәуірде бала-шағадан бастап, туған-туыс, дос-жаран үйге мені құттықтап келгенде, мауқымды басып, бір жасап қаламын. Бәріміз бас қосып, мәре-сәре боламыз сол күні. Қазақ ең үлкен бөлмесіне қонақ күтеді ғой. Ең дәмді асын, жылы-жұмсағын қонақтың аузына тосады. Мұны неге айтып отырмын? Астанаға алғаш көшіп келгенде «Үш аю» атты мекемемді сатып алғанмын. Әуелде онда шағын-шағын үш үй ғана болған еді. Жыл сайын көп кісіні мейрамханаға шақыруға қаражатым жоқ. Сондықтан, үлкен ғимарат салып, оның ең үлкен бөлмесін қонақжай бөлме қылдым. Ол бөлменің есігі үйге көп қонақ келген кезде ашылады. Қалған уақытта бос тұрады. Әрине, мен ол есіктің мейлінше жиі ашылып тұрғанын қалар едім. Соғыстан кейінгі жылдары ауыл балаларының басты ойыны соғыс еді. Бір-бірімізбен алысып-жұлысып, «біз Отанды қорғаймыз!» деп жүгіріп жүруші едік. Шамамен екі жасымда қолыма омыртқаны ұшақ қып ұстап, үйді айнала жүгіреді екенмін. Оның себебін кейін түсіндім. Ауылда үлкен кісілер «біздің жерлесіміз Нұркен Әбдіров Кеңес Одағының Батыры атанды. Ол соғыста ерлікпен қаза тапты» деп жиі айтып отыратын. Содан санамда жатталып қалса керек. Осыған дейін баспасөз бетінде «70 жасқа толғанда тағы да ғарышқа ұшуға дайынмын» деп айтқанмын. Журналистерге «тіпті 70 жаста да ғарышқа ұшуға қауқарым бар. Қазақтар, ақшаларыңды жинай беріңдер!» дегенмін. Бірақ, бұл – бір жағынан, әзіл, екінші жағынан, өз денсаулығымның жағдайын айтқаным еді. Дәл қазір мені ешкім ғарышқа жібермейтін шығар. Құдайға шүкір, ғарышқа ұшуға жететіндей күш-қуатым бар. Бәрі «70 жас, 70 жас!» дейді. Мен төлқұжатыма қараған кезде тек сандарды ғана көремін. Ол тек өлшем үшін қажет дүние сияқты. Өз басым өмірдің қалай өтіп кеткенін де сезбей қалдым. Үнемі аттың жалында, түйенің қомында жүріп, қызмет істедік. Бейнеттің зейнетке ауысқандағы әсері ғаламат! Сонда-а-а-й қадірлейсің сол зейнетті... Тіршілік деген өте бір ғажап зат екен! Ауырмай-сырқамай осы жасқа жету көп адамның арманы шығар. Біреулер менен «өзіңізді қалай сезінесіз?» деп сұрайды. Мен оларға не деп жауап берерімді білмеймін. Көңілім жас. Жан-жағыма қарағанда, сұлуларды көргенде көзім жайнап кетеді. Ендеше, мен неге өзімді кәрі санауым керек? Кәрі кісінің көзі бұлдырап, айналасындағы әдемілікті көре алмайды ғой! «Жасы келген адам балаларға үлгі болуы керек» деп айтылады. Меніңше, бұл – жасқа қарамайтын нәрсе. Мәселен, мен жас күнімнен қасымда жүрген жолдастарыма үлгі болдым. 17 жасымда Теміртау құйма-механика зауытында токарь боп істеп жүргенде, есімім Қарағанды облысының Құрмет кітабына алтын әріппен жазылды. Бұл жетістіктің сыры неде дейсіз бе? Мен өз-өзімді тәрбиелей білдім. Иә, мен де би кешіне бардым, мен де жүгірдім, мен де футбол ойнадым. Бірақ, жұмысты ешқашан естен шығарған емеспін. Осы жетістігімнен кейін зауыт директоры Виктор Жевлаков пен бас инженер Петр Захурдаев маған зауыттың атынан Қарағанды политехникалық институтына жолдама береміз деді. Жалақым сол күйі сақталып, тегін жатақхана берілетінін де айтты. Оқуды бітірген соң, мені қайта жұмысқа алмақ ойлары бар екен. Директор маған «мен қартайып келем, орнымды басатын білікті кадр керек» деді. Мен үндей алмадым. Менің есіл-дертім ұшақ еді. Ұйықтар алдында ұшақты ойлап, түсімде аспанда қалықтап, оянғанда да ұшып жүретінмін. 15 жасымнан бастап, парашютпен секірдім, аэроклубта оқыдым. Сол кезде өзімді «ұшқыш бола алам ба?» деп терең зерттедім. Жалпы, мен өзімнің жүріс-тұрысымды, әрекеттерімді зерттеп үйренген адаммын. Қай жерде мүлт кеттім? Нені дұрыс істедім, нені дұрыс істемедім? Байқасам, қазіргі жастар оған мән бере бермейді. Мен үйде шешенің қолындағы жалғыз болған соң, өзіме есеп беруім керек болды. Аэроклубтағы ұстаздарым «сен түбі бір жерден шығасың, ұшқыш бол!» деді. Өзім де соны қаладым. Зауыттағыларға осы ойымды айтам деп жүргенде, мені қалалық партия комитетіне шақыртты. Ол жақтағылар «біз сені Қарағандыдағы политехникалық институтқа жіберейік деп едік. Бірақ, облыстық партия комитеті сені Алматыға жібергелі жатыр. Оқуға емтихансыз түсесің. Сондағы политехникалық институтта оқисың, барлық жағдайыңды жасаймыз» деді. Мен алғысымды айтып, бұл ұсыныстан бас тарттым. Өзімнің ұшқыш болғым келетінін айттым. Бәрі ренжіді, «біз сені ақылды деп ойлап жүрсек, сен ақымақ екенсің» деді. Сол сөзді айтқан партия мүшесіне «мен туралы бұлай кесімді пікір айтуға хақыңыз жоқ. Мәселенің байыбына бармай сөйлеп тұрсыз. Қайта «мына қарашы, Тоқтар жеңіл нанды жегісі келмей, қиын салаға бара жатыр» деп қуанбайсыз ба?» дедім. Бірақ, мені ешкім тыңдаған жоқ. Қазірге дейін осы жолды таңдағаныма өкінген кезім болған емес. Өйткені, үнемі әр басқан қадамымды ойша саралап отырдым. Менің пайымымда, әрбір адам өз таңдауына жету жолында табанды еңбек етуі тиіс. Анам әуелде «сен жалғызсың, ұшқыштар училищесіне жібере алмаймын» деп көнбеді. Біраз уақыттан кейін «балам, мен сенің қанатыңды қимаймын. Арманыңа жет!» деп жылап отырып, ақ батасын берді. Анамның қолдауы маған қанат бітірді. Ресейдегі Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесіне құжат тапсырғанда біраз шу шығардым. Емтихан кезінде шығарма жазуға (орыс тілінде) «Бүгінгі күннің батыры» деген тақырып берілді. Мен сонда ғарышкер Юрий Гагариннің ерлігі туралы жақсылап жазып бердім. Кейінірек училище басшысы оқуға түскенімді хабарлап, «орысшаңды жөнде!» деді. Мен болсам, «өзімнің шығарманы беске жазғанымды білем» деп табандап тұрып алдым. Олар менің шығармамды қайта қарады. Онда бірде-бір қате жоқ. Тек астына «үш» деген баға қонжиып, «талапкерлер бұлай жаза алмайды» деп жазылыпты. Бәлкім, біреуден көшіріп алды деп ойлаған болар. Училище басшысы бағамды бестікке ауыстыртып, «шығарманы тексерген ұстаз бұдан былай емтиханға кірмесін!» деп бұйырды. Әскерде – тәртіп, тәртіп, тек қана тәртіп! Сондықтан, алғаш барған кезде қатты қиналдым. Шешей бетімнен қақпай өсіргендіктен, әскердегі тәртіпке көндігуім оңай болмады. Анам менің көп жетістігімді көре алмай кетті. Ол кісі 1968 жылы дүниеден озды. Елге келгенде жаным құлазып, ауыл-елді қатты сағынғанымды сездім. Ауылда жолдастарым, екі апам қалғандықтан, үйге қайтуды ойладым. Содан оқуға қайта барғанда ауырып, госпитальға түстім. Әбден жадап-жүдеген сәтте «оқуды тастаймын. Азаматтық авиация саласына барамын. Қазақстанда ұшам» деп шештім. Бір күні дәрігерлер мені тексеріп жатқанда, радиодан «қазір қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенова ән шырқайды» деп хабарлады. 25 минут бойы бұлбұлдың тамылжыған әнін тыңдадым. Содан соң, «қазақтың нәп-нәзік аруы ешбір қиындыққа мойымастан, қандай үлкен жетістікке жетті. Ал, сен үлкен жігіт бола тұра, босаңсып кеттің. Бұлай болмайды!» деп өзімді қамшыладым. Дәрігерлерге жүгіріп барып, «барлық тексеруден өтуге дайынмын. Авиация саласында қала алмайтынымды анық түсіндім» дедім. Оқуды бітірген соң, Кеңес Одағы Әскери-әуе күштерінің Қиыр Шығыс әскери округінде ұшқыш болдым. «Қиыр Шығыстың үздік ұшқышы» деген атақ алдым. Алайда, мен сынақшы-ұшқыш болуды армандадым. Бірақ, сол кездегі тәртіп бойынша бұл салаға Орта Азия елдерінің азаматтарын алмады. Кеңес үкіметі тұсында ешкімге айтылмайтын жабық тақырыптар болды. Мен қанша жақсы оқығаныммен, оқуға алмады. Сонда мен Хабаровскіден Алматыға ұшып келіп, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың қабылдауына жазылдым. Бірақ, ол кісі іссапармен Үндістанда жүр екен. Күтетін уақытым болмағандықтан, қабылдау бөлмесіне қайта бардым. Ондағылар маған заңгер арқылы хат жазып әкелуге кеңес берді. Заңгерлер маған 3 беттік хат жазып берді. Қонақүйге келген соң, өзімді Қонаевтың орнына қойып, ойланып көрдім: Айдалада жүрген елеусіз бір бозбаланың 3 бет хатын ол оқи ма? Оның алдына күніне неше қапшық хат келеді. Одан басқа да қыруар шаруасы бар. Осының бәрін ойлай келе, әлгі хатты жыртып тастап, өз қолыммен тілдей хат жаздым. Қабылдау бөлмесіне қайта барғанда, хатты өзім жаздым деуге батылым бармай, «заңгерлер өзің жаз деп айтты» дедім. Сөйтіп, Хабаровскіге қайта ұшып кеттім. Кезінде Қонаевтың қабылдау бөлмесінде отырған жігіттерге айтар алғысым шексіз! Өкінішке қарай, бірде-біреуінің аты-жөнін жазып алмаған екенмін. Мың болғыр жігіттер тілдей хатымды тікелей Қонаевтың қолына апарып тапсырыпты. Дінмұхамед Ахметұлы хатымды қалтасына салып алып, КСРО Қорғаныс министрі Андрей Гречкоға барыпты. Бір күні жұмысқа келсем, «сені Қорғаныс министрі іздеп жатыр» деп бәрі шулап жүр. Осылайша, Дінмұхамед ағаның тікелей араласуымен сынақшы-ұшқыштар мектебіне жолдама алдым. Оқуды бітірген соң, мені дүниежүзіне танымал «Микоян дизайн бюросы» сынақшы-ұшқыш ретінде жұмысқа қабылдады. Жеті-ақ кісі барлық ұшақтарды сынақтан өткіздік. «МиГ-21», «МиГ-23», «МиГ-25», «МиГ-27», «МиГ-29», «МиГ-31», бәрі-бәрі біздің алдымыздан өтті. Кезінде өзім сынақтан өткізген екі ұшақты Ресейде енді ғана түрлендіріп (модификация), жарыққа шығарғалы жатыр. Бұйырса, екеуі де мықты ұшақ болғалы тұр. Ресейліктерге соны қалдырдым. Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға Алдыңғы жаңалық Жол полиция қызметкерінің бір күндік өмірі Келесі жаңалық Астанада алғаш рет қазақстандық заманауи музыка фестивалі өтеді Ұқсас материалдар 12 желтоқсанда Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді 08.12.2022 12 қараша – дүниежүзілік пневмониямен күрес күні 12.11.2022 12 жыл бойы іздеуде жүрген алаяқ әйел ұсталды 02.11.2022 Жаңалықтар Астанада алғаш рет қазақстандық заманауи музыка фестивалі өтеді Бүгiн, 09:33 Әлихан Смайылов «KAZAKH INVEST» Директорлар кеңесінің отырысын өткізді Бүгiн, 09:27 Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары тағайындалды Бүгiн, 09:13 Президент Қазақстанның бірқатар елдегі елшілерін тағайындады Бүгiн, 09:01 Түркістан облысында дауылды ескерту жарияланды Бүгiн, 08:25 Елімізде фармацевтикалық өнімдердің өндірісі 50%-ға артады Бүгiн, 07:04 Қарағанды қаласын кім басқаратыны белгілі болды Бүгiн, 06:26 Ұлттық тестілеу орталығындағы байқау сынақтарының базасы жаңартылды Бүгiн, 05:45 Елордада 400-ден астам көше жөнделді Бүгiн, 04:08 Атырау облысында аудандық полицияның жаңа ғимараты ашылды Бүгiн, 03:17 Ерекше тауарларды бақылауда делдалдық қызметті қадағалау күшейеді Бүгiн, 02:30 Өскемендегі сот ғимаратынан жарылғыш зат табылмады Бүгiн, 01:08 Елде төтенше жағдайда жедел әрекет ететін жаңа әскери бөлім құрылады Бүгiн, 00:19 9 желтоқсанда елордалық бастауыш сынып оқушылары түске дейін қашықтан оқиды Кеше, 23:23 Колледждердің 100 үздік студенті елдің ірі кәсіпорындарына жұмысқа орналасады Кеше, 22:40 Астанада 900-ден астам қоғамдық орын мен аула абаттандырылды Кеше, 21:00 СҚО полицейлері психологпен кездесу ұйымдастырды Кеше, 20:31 Бұрынғы әскери қызметшілерге кезекті тұрғын үй пайдалануға берілді Кеше, 20:19 Елордада ауыл жастарының IV форумы өтті Кеше, 20:05 «Дарын» сыйлығының дарындылары марапатталды Кеше, 19:32 Жамбыл облысында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды Кеше, 19:21 Тоқаев Жоғарғы Соттың жаңа төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады Кеше, 19:01 Екібастұзда төтенше жағдай режимі алынды Кеше, 18:53 Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады Кеше, 18:31 Әлихан Смайылов елорданың жаңа әкімін таныстырды Кеше, 18:15 Астанада 23,5 мың әлеуметтік пәтер салынды Кеше, 18:01 Елді цифрландыруға 400 млрд теңге жұмсалған Кеше, 17:51 Итбалық популяциясы төмендеп барады Кеше, 17:32 Алматы академиясында Кемел Тоқаевқа арналған бұрыш ашылды Кеше, 17:06 Ақылы автотұрақтар алынып тасталуы мүмкін Кеше, 16:57 Бағдат Мусин Sergek Group компаниялар тобының кеңсесіне барды Кеше, 16:41 Астана қаласының әкімі тағайындалды Кеше, 16:38 Қарағанды тұрғындары бір жыл бойы электрге тарифті артығымен төлеп келген Кеше, 16:21 Астанада жасөспірімдер арасында қол добынан турнир өтіп жатыр Кеше, 16:01 Биыл сыбайлас жемқорлыққа қарсы 228 мониторинг жүргізілген Кеше, 15:41 Қарағанды облысының жаңа әкімі өңір активіне таныстырылды Кеше, 15:31 Таразда мас күйде көлік жүргізгендер ұсталды Кеше, 15:14 Бала күтімі бойынша жәрдемақы 1,5 жасқа дейін төленеді Кеше, 14:57 12 желтоқсанда Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді Кеше, 14:35 Елордалық оқушы мектепте «мина қойылды» деп жалған ақпарат берді Кеше, 14:29 35 жасқа дейінгілер «жастар» санатына кіреді Кеше, 14:03 Қарағанды облысына жаңа әкім тағайындалды Кеше, 13:41 135 млрдты қолма-қол ақшаға айналдыруға 500 жалған компания ашылған Кеше, 13:32 «Болашақ» түлегі зағип жандарға арналған көмек құралын жасап шығарды Кеше, 13:09 Мемлекет басшысы бірқатар облыс әкімдерін қабылдады Кеше, 12:42 Отбасының цифрлық картасы: әлеуметтік төлемнің 9 түрі өтінішсіз беріледі Кеше, 12:33 Бір жылда тұрғын үй бағасы 26,9%-ға қымбаттады Кеше, 12:05 «ҚазМұнайГаз» акция саудасының ашылу салтанаты өтті Кеше, 11:50 «АрселорМиттал Теміртауда» тағы да апат болды Кеше, 11:27 Астанада кәсіпкерлерге кедергі келтіретін өзекті мәселелер талқыланды Кеше, 11:19 LOADING... Ең оқылымды 1 жастан 6 жасқа дейінгі әрбір балаға көмек тағайындалады 11.11.2022 Аршалыда төтенше жағдай жарияланды 12.11.2022 Желтоқсанда ауа райы қандай болтыны айтылды 01.12.2022 Алдағы күндері 34 градусқа дейін аяз болады 02.12.2022 Футболдан ӘЧ: Бүгінгі ойын кестесі жарияланды 01.12.2022 Белгілі сатирик Көпен Әмірбек өмірден өтті 09.11.2022 Желтоқсан айының басында қатты аяз болады 30.11.2022 Доллар бағамы қымбаттады 21.11.2022 Ақпараттық агенттігі Жаңалықтар Деректі фильмдер Бейнедәріс Лонгрид Салт-дәстүр Өнер Спорт Ғылым Лайфхак Бизнес Отбасы Өзін-өзі тану Денсаулық Байланыс Портал материалдарын пайдалану ережелері Пайдаланушы келісімі Сайт картасы Мемлекеттік рәміздер «QazContent» » АҚ – Қазақстан Республикасының жетекші мемлекеттік ақпарат агенттігі Жаңалықтар Байланыс Сайт картасы Портал материалдарын пайдалану ережелері Пайдаланушы келісімі «Qazcontent» АҚ 2022 СИ El.kz 2022 жылдың 9 қыркүйегінде қайта есепке қойылды Куәлік № KZ17VPY00055207 Сайтта орналастырылған материалдарға барлық құқықтар ҚР «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» Заңға сәйкес қорғалған. Сайттың кез-келген материалын пайдалану кезінде ресурсқа гиперсілтеме көрсету міндетті
І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3 ІІ.Тағамдық өнімнің сапасын қамтамасыз ету ... ... ... ... ... ... ... ... 4 ІІІ.Азық-түлік өнімдері тауарының сапасы және оны бақылауда ұстау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .5 IV. Тағамдық өнімдердің сапасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7 V. Тағамдық шикізат және тамақ өнімдерін сақтау ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10 VI. Ет-сүт өнімдерін тасымалдау ережелері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12 VII. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33 VIII. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34 Ветеринарлық-санитарлық сараптау лабораторияларының негізгі жұмысы - ет және ет өнімдерін, сүт және сүттен жасалатын тағамдарды, басқа да базарлар арқылы таралатын азық-түліктерді тексеру, азық-түлік малдар арқылы тарайтын жұқпалы аурулардың адамдарға жұқпауын қамтамасыз ету. Қалалар ,аудан орталығы мен жұмысшылар кентінде базарға түскен тағам өнімдерінің қандай да түрлері болмасын, халыққа сатар алдында олардың санитариялық жағдайын, залалсыздығын және тауарлық сапасын анықтау үшін міндетті түрде ветеринариялық- санитариялық сараптаудан өткізеді. Яғни ет-сүт өнімдерін ветеринариялық- санитариялық сараптаудан өткізу үшін ветеринариялық- санитариялық сараптау зертханасы базарда орналастырылады. Бүгінгі күні Қазақстанда сүт тұтынудың орта көрсеткіші жылына адам басына шаққанда шамамен 260 литрді құрайды. Алайда, бұл көрсеткіштің өзі аймақтарда әр түрлі сипатқа ие. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары сүтті жылына 200 литрден аз ішеді. Салыстыра қарайтын болсақ, Франция мен Германияда сүт өнімдері бір адамға шаққанда жылына 490 литрден келеді. Скандинавия елдерінде әрбір адам жылына 500 литрден жоғары сүт өнімдерін пайдаланады. Дәл осы елдер әлем бойынша ұзақ өмір сүру жағынан алда келеді. Қысқасы, сарапшылардың сөзіне сенсек, Қазақстан дамыған елдерге қарағанда сүт өнімдерін анағұрлым аз пайдаланады.Осы жерде "Ауру - астан" дейтін нақылды қаперде ұстайтын болсақ, сүт өнімдерінің сапасы да сынмен қарауды, сараптауды қажет ететіндігі көрініп отыр. Қорасындағы малын сауып, сүтін ішіп отырған ауылдық жерлердің тұрғындарының жайы белгілі. Тағамдық өнімнің сапасын қамтамасыз ету Тағамдық өнімнің сапасын қамтамасыз етудің бір бөлігі идентификация болып табылады. Идентификация-тауарға сай мінездеме беру,маркілеуде көрсетілгендей немесе рұқсат етілген құжаттамадағыдай немесе басқа ақпараттағыдай талап етіліп жасалады. Тағамдық өнімнің идентификациясының функцияналдық рөлі мынадай: :: Шикізаттың,тағам өнмінің аталуы,типі және тауар партиясы көрсетіледі; :: Ақпаратты тұтынушыға дұрыс жеткізу; :: Тауардың ұзақтығын бекіту; Тауарлық идентификацияның субьектісі болып дайындаушы-шикізатты және жартылай фабрикатты қабылдап,өндірістік тағамдық өнім,сатушы-келісім бойынша сатып алу сату,тауарды қабылдау және сатуға дайындау,тұтынушы өнімді сатып алушы,тауар жөнінде ақпаратты білу және өзіндік тәжірбие.Идентификацияның аталуына байланысты мынадай түрлері болады:ассортиментті,сапалы,партиял ы. Ассортиментті идентификация-тауардың аталуына сай ассортимент мінездемесі талап етілгендей көрсетіледі.Бұл идентификацияның түрі экспертиза және тағамдық өнім сертификациясында ерекше мағына береді. Сапалы идентификация-бұл идентификацияның түрінде тағамдық өнімнің сапасы және стандартқа сай сапасы көрсетіледі.Бағаланған өнім қорытындысын идентификацияның мына түріне бөледі: -стандартты; -стандартты емес; Өнімнің тағамдық мақсатқа жарамды және жарамсыз болуы.Стандартты өнімді,тауарлық сортына сай маркілеу немесе құжатта көрсетілгендей етіп бағалайды. Партиялы идентификация-бұл идентификацияның түрі қиындау болып келеді,себебі тағамдық өнімнің бір партияға жатқызылуын анықтау болып табылады. Ресейде тауар партиясына нақты идентификацияланған өнім консервісін маркілеу.Өнімнің басқа түріне мұндай маркілеу жасалмаған.Маркілеу тағамдық өнімнің идентификациясының маңызды ортасы бола алады.Басқа ортаға идентификацияның нормативті құжаттары-стандарттар,техникалық ұсыныс,ереже және т.б.Сапасын көрсететін көрсеткіштер сонымен қатар техникалық құжаттар,тауарлық сапа сертификаты.Ортаның көрсеткіші идентификацияның критерий регламенті деп аталады. Идентификацияның критерийі-бұл өнімнің мінездемесі көрсетілген тауардың аталуы,маркілеуде немесе нормативті және тауарлы құжаттамада көрсетіледі.Мұнда көрсеткіштің 3 тобы көрсетіледі: -органолептикалық; -физика-химиялық; -микробиологиялық; Тағамдық өнімнің мінездемесі органолептикалық және физика-химиялық сапасы сипатталады.Микробиологиялық көрсеткіші қауіпсіздік көрсеткіш болып табылады. Бірақ идентификацияның критерийі бола алмайды.Бұл ортаның фальсификация түрі болып қосымшалар және бір ассортиментті тауарлар,бірақ төменірек сортты болады.Тағамдық қосымшаларды пайдалану фальсификация бола алады,егер рецептурада көрсетілмесе де рұқсат етілмесе де қолданыла береді. Тамақтаудың антиалиментарлы факторы Сапалы шикі тамақ сапасыз тамақпен бірге өнделсе немесе бірге сақталса, өте оңай ластанып, тамақтан улануға соқтыруы мүмкін. Әсіресе піскен тамақ ластанса, микробтар өте тез көбейеді. Олардың тез көбеюіне пісіру барысында антагонист-микробтарының жойылуы себеп болады. Сондықтан да температуралық өңдеуге жатпайтын, піскен тамақтар немесе салаттардың сақталуына ерекше назар аудару керек. Тамақты ұстар алдында қолды мұқият жуу қажет. Қолыңызда іріңді жара немесе тілімдер болса, дайын тамақты турауға, дайындауға араласпау қажет. Осыған байланысты көктемгі-жазғы мезгілде халықтың арасында жаппай тамақтан уланудың, жұқпалы аурулардың өрушінің алдын алу мақсатында көптеген шаралар алынып отыр. Азық-түлік базарларында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес тиісті температуралық режимді қамтамасыз ететін тоңазытқыш қондырғыларымен жабдықталмаған орындарда піскен тағамдар мен салаттардың сатылуына, сонымен қатар үй жағдайында консервіленген тағамдарды сатуға тыйым салынды. Жеке бас гигиенасы, тез бұзылатын тағамдарды сақтау, шикі және дайын тамақтың сақталуы мен өнделуіне қойылатын талаптар бұзылғанда, әсіресе той- садақа өткізу барысында үй жағдайында тамақтан улану фактілері жиі тіркелуде. Шақырылған қонақтар кешігіп келуді әдетке айналдырған тойлар белгіленген мерзімнен 4 сағатқа дейін кешігіп басталады, ал тамақтар, соның ішінде тез бұзылатын тағамдар алдын ала дайындалып қойылатынын ешкім ескермейді. Талап бойынша дастарханға қойылған дайын тағам 2 сағат ішінде желініп болуы қажет. Дайын тағамның дастарханда ұзақ мерзім тұруы қауіп-қатерге соқтыру тәуекелін жоғарылатады. Сондықтан да, ағайын, қонақтыққа кешікпей, уақытында жиналсақ, онда тамақтан уланудың алдын алғанымыз. Тағамдық өнімдердің сапасы Рационалды тамақтанудың негізгі принциптері. Тағамның табиғи құрам бөліктері, қоректік және қоректікке қарсы заттар және олардың маңызы. Басым пластикалық, басым энергиялық, басым каталитикалық, алмастырылатын және алмастырылмайтын тағамдық заттар. Тамақтану сапасының адекваттылығы мене балансталғандығының көрсеткіштері. Дене жұмысына белсенділік коэффициенті жеке адамдарға энергия мен негізгі тамақтық заттардың қажеттілігін анықтау негізделетін физиологиялық критерии ретінде. Тамақтану нормаларын анықтау кезінде жас-жыныс және кәсіптік санаттарын, физиологиялық жағдайларының ерекшеліктерін (жүктілігін, бала емізетіндігін), климат жағдайын ескеру. Тамақтану нормалар бойынша бөлінетін жұмысқа қабілетті халықтың, балалардың және қарт адамдарың негізгі топтары. Әр түрлі топтарға арналған тамақганудың физиологиялық нормалары. Тамақтанудың балансталғандығы және оны сипаттайтын көрсеткіштері. Тәуліктік энергия шығыны және оны құрушы бөліктері: негізгі алмасу, тағамның спецификалық динамикалық әсері әртүрлі жұмыс орныдауға кететін энергия шығыны. Энергия қажеттілігін анықтайтын факторлар. Энергиялық баланс тамақтанудың сандық (мөлшерлік) адекваттылығының көрінісі ретінде. Халықтың әртүрлі топтарына энергия қажеттілігі. Тамақтанудың рационалды режимі және оның гигиеналық маңызы. Тағамдық статус тамақтану дұрыстығын көрсететін организмнің күйі ретінде. Белоктардың тамақтық және биологиялық құндылығы. Алмастырылмайтын амин қышқылдардың биологиялық ролі. Амин қышқылдық скор, белоктардың биологиялық құндылығының критерииі ретіндегі жеке амин қышқылдарының ара қатынастары және пайдаға асуы. Ағзаға белоктардың қажеттілігіне әсер ететін факторлар. Белоктардың қажеттілігін нормалау ерекшеліктері. Халықтың әртүрлі топтарына белоктардың қажеттілігі. Белоктары бойынша рационның балансталғандығының көрсеткіштері: жануар текті және өсімдік текті белоктардың арақатынастары, алмастырылмайтын амин қышқылдарының арақатынастары. Белоктар арқылы қамтамасыздалатын рационның энергиялық құндылығы. Құнды белоктардың негізгі көздері болатын азықтар. Жануар текті және өсімдік текті белоктар сіңімділігі. Тағамның балансталған аминқышқылдық құрамын қамтамасыз ету үшін тағамдық өнімдерді ұтымды таңдап алу. Майлардың тамақтық және биологиялық құндылығы. Биологиялық құндылығын анықтайтын майлардың маңызды құрам бөлігі. Көп қанықпаған май қышқылдарының (ПНЖК), А, Д, Е, F дәрумендерінің, фосфатидтердің, стериндердің рөлі. Халықтың әртүрлі топтарына майлардың қажеттілігі. Майлары бойынша рационның балансталғандығы. Майлардың есебінен жабылатын рационның энергиялық құндылығы. Майлардың негізгі көздері-азықтар. Өсімдік және жануар текті майлардың тамақтық және биологиялық құндылығы, олардың сіңімділігі. Адамның тамақтануындағы көмірсулардың рөлі. Моносахаридтердің және дисахаридтердің, крахмалдың, гликогеннің, пектин заттарының және клетчатканың тамақтанудағы маңызы. Қорғалған және тазартылған көмірсулар. Көмірсуларға қажеттілік. Рационның көмірсулары бойынша балансталғандығы. Көмірсулармен қамтамасыздалатын рационның энергиялық құндылығы. Көмірсулардың көзі - азықтар. Көмірсулар тағамның сіңімділігі. Балансталған рациондағы жеке алынған белоктармен, майлармен, көмірсулармен қамтамасыз етілетін рационның энергиялық құндылығы. Энергия мен тағамдық заттардың қажеттілігін анықтау әдістері. Тамақтанудағы дәрумендердің биологиялық рөлі. Жіктелуі: суда еритін, майда еритін витаминдермен витаминге ұқсас қосындылар. Витамин қажеттілігі шамасына жыныстың, жас шамасының, организмнің функционалдық күйінің, істейтін жұмыстың, аурулардың және басқа факторлардың әсері. Авитаминоздар, гипо және гипервитаминоздар. Суда еритін С және Р витаминдерінің биологиялық рөлі. Тағам өнімдері-олардың негізгі көздері. С витаминін орнықтыратын және бұзатын факторлар. Қажеттілік нормалары. А витаминоз, С-цинга, С мен Р гиповитаминоздары; С гипервитаминоздары және олардың алдын алу. В тобындағы суа еритін витаминдер В1, В2, В5, В6, В12 биологиялық рөлі. В тобы витаминдерінің негізгі көздері -тағамдар. Қажеттілік нормалары. В тобы витаминдерінің күрт жетіспеушілігімен (бери- бери, пеллагра), орташа жетіспеушілігімен немесе олардың молшылығымен байланысты патологиялық күйлер және олардың алдын алу. Майда еритін витаминдер А,Д, Е, К физиологиялық маңызы. Негізгі көздері. Тұрғындардың әртүрлі топтары үшін қажеттілік нормалары. А, Д, К, Е гипо және гипервитаминоздары. Олардың алдын алу. Витаминдердің максималды сақталуын қамтамасыз ететін, өнімдерді сақтау мен кулинарлық өңдеудің оптималдық жағдайлары. Тағамдық өнімдер мен дайын асты витаминизациялау және оны бақылау. Минералды заттардың физиологиялық рөлі. Балалар мен жасөспірімдер, жүкті әйелдер, емізетін аналар тамақтануында калüций, фосфор, магний, темір мен микроэлементтердің маңызы. Минералдық құрамы бойынша рационның балансталғандығы. Минералды заттардың негізгі азықтар көздері. Тағамдық рациондардың оптималдық минералдық құрамын жасау үшін өнімдерді ұтымды таңдау. Адамға энергия қажеттілігі мен негізгі тағамдық заттар қажеттілігін анықтау әдістері: тәуліктік энергия жұмсауды тікелей, тікелей емес калориметрия, есептеу хронометраж арқылы анықтау, энергия мен тағамдық заттар қажеттілігін номограмма, ДЖАК, "тамақтану нормасы" бойынша анықтау. Ұжымдық және жеке тамақтану толық құндылығын гигиеналық бағалау әдістері: сұрау, сұрау-салмақты, есептеу, зертханалық, клиникалық. Алиментарлық аурулар- этиологиясы, жіктелуі, алдын алуы. Мәзір-жіктемені құрастыру, есептеу және бағалау қағидаттары. Азық-түлік шикізаттары мен тамақ өнімдерінің радиоактивті ластануы. Азық - түлік санитарлық экспертиза жасау, оның бұзылу мүмкіндігі микро- организмдермен, өңдеу барысында әртүрлі қоспалармен ластану, тасымал- даған және сақтау кезінде қолдануға жарамсыздығын анықтау үшін қажет. Азық - түліктің бұзылуы оның құрамындағы органикалық заттарға микро - организмдер, ферменттер, ауа мен жарық көзінің әсерінен болады. Оның нә- тижесінде азық - түліктің органолептикалық қасиеті бұзылып зиянды заттар пайда болып, витаминдер жойылады, патогенді микрофлора көбейеді. Азық- тық сапасы жөнінен күмән туса, оны СЭС лабарториясына тексеруге жіберу керек. Азық - түлікке санитарлық баға беру арқылы оны мынадай категорияларға бөлеміз: 1) шектеусіз қолдануға болатын азық - түлік барлық талаптарға сай, эпиде - мия жөнінен қауіпсіз органолептикалық қасиеті бұзылмаған. Қолдпнуға бо- латын, бірақ сапасы төмен азық - түлік ол зиянсыз, стандарт талаптарына толық сай емес немесе қандай да оның органолептикалық қасиеттеріне әсер етпейтін жетіспеушілігі бар азық - түлік ( мысалы, май аз қаймақ, қалдықта- ры көп картоп, т.б.) Бұндай азықтарда қолдануға рұқсат беріліп, тұтынушы- лар сапасы, оның санының өсуімен еселенеді. 2) қолдануға шектеулі азық - түлік бұл сапасы жөнінен талаптарға сай емес, тамаққа өңдеуден өткен соң қолдануға болатын азық - түлік. Қолдануға рұқсат. бере отырып, өңдеу тәсілін көрсету және оның орындалуын бақы- лау қажет. Мысалы, гельминттер құртымен аз ғана ластанған етті қайнату арқылы залалсыздандыруға болады. 3) Органолептикалық қасиеті нашар, патогенді микроорганизмдермен, пес - тицидтермен ластанған, сол себепті азық - түлікті қолдануға мүлдем тиым салынады. Азық - түліктің ластануы түрі мен дәрежесіне байланыс- ты оларды залалсыздандыру және жою тәсілі әртүрлі. ( техникалық жою, утилизация, өртеу, т.б.). Ұзақ уақыт сақтау нәтижесінде азықтың бұзылмауы үшін физикалық, химиялық, биологиялық консервілеу тәсілдері қолданылады. Физикалық тәсілдер. Төмен температура көмегімен консервілеу үшін мұздату және салқындату қолданылады. Мұздату тоңазытқыш көмегімен- 20С температурада іске асады. Жоғары температура көмегімен консервілеу стерилизация және пастеризация жолымен жүргізіледі. Стерилизация, яғни микроорганизмдердің барлық түрін жою. Пастеризация нәтижесінде микроорганизмдердің вегететивті түрлері жойылады. Азықты өте жоғары температурамен қыздыру кезінде оның қасиеттері өзгеретін болса, осы тәсілдер қолданылады. ( мысалыға сүт ) Сонымен қатар жақсы сақталу және тамырланбау үшін картопты гамма нұрымен сәулелендіру тәсілдері қолданылады. Қантпен консервілеу тәсілі де тұздау тәсіліне ұқсас. Тұз орнына 60 - 70 % қант ертіндісі қолданылады. Бұл тәсіл жеміс жидектерден джем, тосап, сүттен- қантты қоюлатылған сүт жасап сақтауға қолданылады. Ет адам баласының тамақтануындағы биологиялық құнды белок қоры. 92 - 97% сіңіп, ұзақ уақытқа созылған тою рахатына бөлейді. Сонымен қатар ет тез бұзылатын және тамақтан улану себебі болатын азық екенін ұмытпау керек. Ет арқылы бірнеше жұқпалы аурулар ( бруцеллез, түйнеме, т.б.) тарайды. Осы аурулардың алдын алу үшін ветеринар тексеруінен өтеді. Бруцеллез , аусыл және тағы бірқатар аурумен ауыратын мал еті қолданы- луы шектеулі ет болып саналып, залалсыздандырылады. Сойылғаннан кейін ветеринарлық тексеру жүргізіліп, тірі кезінде анықталмайтын ауру белгілерін қарайды ( финноз, трихинеллез). Финдар ішек құрттарының ұрығы. Олар бұлшықет талшықтарының арасында ақ түсті түйіршік ретінде тарыдан бұршақ өлшеміндей болып келеді. Етті дұрыс қайнатып, қуырмаған жағдайда ол адам организіміне еніп, тениарнихоз немесе тениоз ауруын туғызады. Трихинелла - үлкен емес, дамалық гельминт, ұзындығы 1,3 - 3,4 мм. Шошқа трихинелласы көлденең жолақ бұлшық ет арасында капсулаға айналған күйде көп жылдар бойы өмір сүре алады. Адам трихинеллезі өте ауыр жүреді, кейде өлу жағдайы да болады. Сақтау мерзімі қысқа ет азықтары - бауыр, бүйрек, ми, желін, өкпе және т.б. Сондықтан оны сақтау температурасы төмен 0 - 4 С. Тағамдық уланулар - бактериялық токсиндері бар және микроорганизмдер- мен залалданған заттарды қолдану нәтижесі. Олар жиі энтеротоксин шығарушы стафилакоктар және ішек таяқшасымен шақырылатын колиинфекциялар.Стафилококтар және ішек таяқшалары - терісінде іріңді зақымданулары бар адамдардан тағамдық заттарға жиі түседі. Стафилококпен зақымданған тағамдық заттар сыртынан исі және дәмі жағынан сапалы заттардан өзгешелігі жоқ, сондықтан энтеротоксинмен улану мүмкіншілігі өте жоғары. Микробтармен жиі сүт және сүт тағамдары торттар және пирожныйлар, ет, балық және көкөніс тағамдары зақымданады. Стафилококтар жоғарғы концентрациялы тұзға және қантқа төзімді. Олар қыздырғанда 80С градуста өледі, бірақ 100С градуста қайнатқанда 1,5 - 2 сағатқа дейін шыдайды. Энтеротоксин асқазанда бұзылмайды, қан арқылы сіңіп, бүкіл организмге таралады. Улану белгілері орташа 1,5 - 2 сағатта пайда болады. Салмонела түріне асқазан мен ішектің ұқсас зақымдауларын тудыратын 400 - ден астам микроорганизмдер жатады. Олар тағамдық заттарда: ет және ет тағамдарында өмір сүреді. Салмонелалар сыртқы ортада тұрады. Олар 60 - 75С градусқа дейін қыздырғанда, сыртқы ортада концентрациялы натрий хлор және қышқылдарға төзімді болып келеді. Негізгі жұқтыру көзі болып салмонеллезбен ауыратын жануарлар және құстар болып табылады. Салмонеллезбен сирек үй иттері, мысықтар, тасбақалар ауыруы мүмкін, нәтижесінде олар ауруды жұқтыру көзі болып табылады. Сальмонеллалар адам организміне ет тағамдары арқылы ( қайнаған және қуырылған ет, шұжық, қақталған ет, мұздатылған ет және т.б.) түседі. Сальмонелламен залалданған тағамдар қалыпты тағамдардан иісі мен дәмі жағынан өзгешелігі жоқ болып табылады. Сальмонеллез ауруы асқазан мен ішіктің зақымдалу белгілері: іштің ауруы, лоқсу және құсу, іш өту, дене қызуының жоғарлауы, жалпы әлсіздікпен көрінеді. Сальмонеллез қоздыр- ғыштарына қарсы иммунитет ауырғаннан кейін өте әлсіз болады, сондықтан қайта жұғуы мүмкін. Тағамдық шикізат және тамақ өнімдерін сақтау ерекшеліктер Азық-түлік өнімдерін сақтау биологиялық, химиялық және физикалық факторлардың әсеріне микроорганизмдердің қарсы тұру қабілетіне негізделген. Ортаның жағдайын өзгерте отырып, өнімге әсер ету арқылы оның микрофлорасыны құрамын, белсенділігін реттеуге болады. Суықпен консервілеу әдісі температураны төмендеткенде өнімдерде жүретін табиғи процестерді(еттің автолизі, жемістердің тыныс алуы және жетілуі) тудыратын ткань ферменттерінің белсенділігін төмендетуге және микроорганизмдердің тіршілігін баяулатуға негізделген. Суықпен өңдеу технологиясы - азық-түлік өнімдерін суықтың көмегімен сақтау және олардың өндірісінде суықты қолдану мәселелерін шешетін білім мен тәжірибелік іс- әрекет саласы. Суықпен өңдеу технологиясы ғылым ретінде суықпен өңдеу мен сақтаудың азық-түлік өнімдеріне әсерін зерттейді және технологиялық процесті(салқындату, мұздату, сақтау және т.б.) өнімнің ерекшеліктерін ескере отырып жүргізудің оптималды жағдайларын анықтайды. Суықпен өңдеу және сақтау кезіндегі өнімдердің салмағының жоғалуын төмендетудің ғылыми негізделген әдістерін дайындайды. Консервілеудің басқа да әдістерімен бірге өнімнің салмағының жоғалуын және қасиетінің өзгеруін мейлінше төмендететін суықпен өңдеу мен сақтаудың жаңа технологияларын жасайды және жетілдіреді. Тағамдық өнімдерді сақтау принциптер Кейбір тағамдық өнімдер, мысалы ұн, жарма, қант т.б. қалыпты жағдайда ұзақ уақыт сақталса да бұзылмайды. Ал басқа өнімдерді қысқа уақытқа және ұзақ уақыт бойы сақтау үшін арнайы жағдай қажет, өйткені олардың сапасы. Яғни балғын өнімге тән дәмі, иісі, түсі және консистенциясы бұзылады. Мұндай тағамдық өнімдер тез бұзылатын(скоропортящимися) өнімдер деп аталады. Оларға ет және ет өнімдері, балық және теңіз өнімдері, сүт және сүт өнімдері, жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері, мал майы және өсімдік майы, балғын жемістер мен көкөністер, жеміс шырындары мен минералды сулар, сыра, жүзім және жеміс-жидек шараптары, сироптар, балмұздақ және тағы басқалары жатады. Тез бұзылатын өнімдердің құрамында су мөлшерінің және органикалық қосылыстардың жоғары болуы әртүрлі микроорганизмдер мен ферменттердің тіршілік етуі мен дамуына қолайлы жағдай жасайды. Тағамдық өнімдерді мақсатына қарай қолдану дәрежесі олардың сапасына байланысты, сондықтан олардың балғын, қоректі және дәмді болуы маңызды. Тез бұзылатын өнімдердің барлығы сақтау кезінде бірқатар өзгерістерге ұшырайды. Егер оларды дер кезінде консервілеу әдісін қолдану арқылы пайдаға асырмаса, олар тез жарамсыз болады. Яғни, тағамдық өнімдерді консервілеу дегеніміз арнайы өңдеу әдістері арқылы сақтау кезінде өнімдердің бұзылуын болдырмау. Өнімдер әртүрлі факторлардың әсерінен бұзылуы мүмкін, мысалы: ауадағы оттегі немесе күн сәулесінен, ауадағы ылғалдың өте төмен немесе тым жоғары болуынан, өнімдердегі биохимиялық процестердің әсерінен(ткань ферменттерінің әрекетінен), микробиологиялық фактордың әсерінен. Консервілеудің барлық әдістері мынадай түрлерге бөлінеді: физикалық, физико-химиялық, химиялық, биохимиялық және біріктірілген. Физикалық әдістерге жоғары және төмен температураны қолдану, ионды сәулелендіру, ультракүлгін сәулені пайдалану жатады. Физико-химиялық әдістерге кептіру, тұздау және қантты қолдану жатады. Химиялық әдістерге адамға зиянсыз болатын және өнімнің дәмін, иісін және түсін өзгертпейтін органикалық заттарға қолдануға негізделген консервілеу әдістері жатады. Ондай заттарға этил спирті, сірке, күкірт, бензой және сорбин қышқылдары және олардың кейбір тұздары, жекелеген антибиотиктер, озон , көмірқышқыл газы және басқалары жатады. Консервілеудің биохимиялық әдістерісүтқышқылды бактерияның әсерінен өнімдердегі қанттың ашуы нәтижесінде түзілетін сүт қышқылының басқа микрофлораның әсерін тежейтін немесе басатын қасиетіне негізделген. Консервілеудің біріктірілген әдістеріне түтінмен ыстау, консерванттардың бірнеше түрін бірмезгілде қолдануға негізделген әдістер жатады. Тағамдық өнімдерді консервілеудің негізгі мақсаты микроорганизмдер мен ткань ферменттерінің өнімді бұзу әсерін тежеу немесе жою, яғни микроорганизмдер мен ферменттер әрекеті өнімдердегі белоктардың ыдырауына, майлардың гидролизденуіне, көмірсулардың терең өзгеріске ұшырауына және басқа да өзгерістердің болуына әкеледі. Консервілеу әдістерін таңдауда өнімнің жақсы сақталуы және процестің тиімділігі маңызды роль атқарады. Сондықтан іс жүзінде консервілеудің әртүрлі әдістерін біріктіріп қолданады. Ең жақсы консервілеу әдісі өнімнің тағамдық құндылығы мен салмағын барынша аз жоғалта отырып, оны ұзақ уақыт сақтау. Бұл талаптарға жасанды суықты қолдану әдісі жауап бере алады. Тиімділік тұрғысынан энергия шығыны бойынша суықпен өңдеу жылумен өңдеу әдістерімен салыстырғанда тиімді. Өнімді өңдеу мақсатына байланысты суықпен өңдеудің мынадай түрлері бар: салқындату, суыту, тоңазыту, мұздату. Ал өнімнің табиғи қасиетін қалпына келтіру үшін осы әдістерге кері процестер: жылыту және еріту қолданылады. Салқындатудеп криоскопиялық температурадан төмен емес температураға дейін төмендету арқылы өнімнен жылуды бөліп алуды айтады. Суыту - өнімді криоскопиялық температурадан төмен температурада өңдеу процесі, мұнда өнімнің жоғарғы қабатындағы ылғал жекелей мұз кристалына айналады. Мұндай күйде өнімді сақтау ұзақтығы салқындатылған өніммен салыстырғанда 2-2,5 есеге ұзарады. Тоңазыту - өнімдегі ылғалдың көп бөлігінің мұз кристалына айналуымен сипатталатын криоскопиялық температурадан төмен температураға дейін төмендету арқылы өнімнен жылуды бөліп алу. Мұнда өнім ұзақ уақыт суықпен сақтау кезінде тұрақты болады. Мұздату - берілген деңгейге дейін жекелей тоңазытылған өнімнің температурасын төмендету. Жылыту - салқындатылған өнімге оның температурасын қоршаған орта температурасына дейін жоғарылата отырып жылу беру. Еріту -- өнімдегі мұзды толық жою мақсатында оған жылу беру процесі. Процес соңында өнімнің температурасы 0°С немесе одан да жоғары болады. Еріту процесінің мақсаты ткандердің ылғалды толығымен сіңіруі арқылы өнімнің алғашқы қасиеттерін толығымен қалпына келтіру. Суықпен өңдеу ұзақтығы минутпен, сағатпен кейде тәулікпен белгіленеді және ары қарай суықта сақтау кезіндегі өнімнің сапасы мен сақталуына әсер етеді. Суықта сақтау - суықпен өңдеуден кейін өнімді берілген режимде камерада сақтау. Суықпен өңдеу және сақтау режимдеріне өнімнің сапасына әсер ететін параметрлер мен жағдайлардың жиынтығын(температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы, ортаның құрамы, орналастыру, процестің ұзақтығы) айтады. Азық-түлік өнімдері тауарының сапасы және оны бақылауда ұстау Тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi - тамақ өнiмдерiнiң оларды әдеттегi жағдайда пайдалану кезiнде зиянды болып табылмайтындығы мен қазiргi және келешек ұрпақтың денсаулығына қауiп туғызбайтындығына негiзделген сенiмдiлiк күйiнiң болуы;биологиялық белсендi қоспалар - тамақпен бiр мезгiлде пайдалануға немесе тамақ өнiмдерiнiң құрамына енгiзуге арналған табиғи (табиғимен бiрдей) биологиялық белсендi заттар;тамақ өнiмдерiн, материалдар мен бұйымдарды теңестiру - белгiлi бiр тамақ өнiмдерiн, материалдар мен бұйымдарды нормативтiк, техникалық құжаттардың талаптарына және оларға қоса берiлетiн құжаттардағы және жапсырмалардағы ақпараттарға сәйкестiкке келтiру жөнiндегi қызмет; тамақ өнiмдерiнiң сапасы - оларды әдеттегi жағдайда пайдалану кезiнде адамның тамаққа қажеттiлiгiн қанағаттандыруға қабiлеттi тамақ өнiмдерi қасиеттерiнiң жиынтығы тамақ өнiмдерiмен араласатын материалдар мен бұйымдар (бұдан әрi - материалдар мен бұйымдар) - тамақ өнiмдерiн дайындау, буып-түю, сақтау, тасымалдау, сату мен пайдалану кезiнде қолданылатын материалдар мен бұйымдар, оның iшiнде технологиялық жабдықтар, құралдар мен құрылғылар, ыдыстар, ыдыс- аяқтар, асханалық керек-жарақтар;нормативтiк құжаттар - тамақ өнiмдерiнiң, материалдар мен бұйымдардың сапасы мен қауiпсiздiгiне, олардың сапасы мен қауіпсiздiгiн бақылауға, оларды дайындау, сақтау, тасымалдау, сату және пайдалану, сапасыз, қауiптi тамақ өнiмдерiн, материалдар мен бұйымдарды кәдеге жаратуға немесе жоюға қойылатын талаптарды белгілейтін ұлттық стандарттар, санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қағидалар мен нормалар және басқа да нормативтiк құқықтық актілер;тамақ өнiмдерiнiң, материалдар мен бұйымдардың айналымы - сатып алу- сату (оның iшiнде экспорт және импорт) және тамақ өнiмдерiн, материалдар мен бұйымдарды берудiң өзге де тәсiлдерi (бұдан әрi - сату), оларды сақтау және тасымалдау; Тамақ өнiмдерi - адамның тамаққа пайдаланатын табиғи немесе өңделген түрдегi өнiмдер, оның iшiнде балалар тамағының өнiмдерi, шөлмектелген су, алкогольдi өнiм, сағыз, сондай-ақ азық-түлiк шикiзаты, тамақтық қоспалар мен биологиялық белсендi қоспалар; азық-түлiк шикiзаты - өсiмдiк, мал, микробиологиялық, минералдық, қолдан жасалған шикiзат және тамақ өнiмдерiн дайындау үшiн пайдаланылатын су; балаларды тамақтандыру өнiмдерi - 14 жасқа дейiнгi балаларды тамақтандыруға арналған және балалар организмiнiң физиологиялық қажеттiлiктерiне жауап беретiн тағам өнiмдерi; диеталық тамақтандыру өнiмдерi - шипалы және профилактикалық тамақтандыруға арналған тамақ өнiмдерi; тамақ қоспалары - тамақ өнiмдерiне белгiлi бiр қасиеттер беру және (немесе) олардың сапасын сақтау мақсатында тамақ өнiмдерiне оларды дайындау процесiнде енгiзiлетiн табиғи немесе жасанды заттар мен олардың қосылыстары; тамақ өнiмiнiң тағамдық құндылығы - тамақ өнiмiнiң адамның қажеттi заттар мен энергияға физиологиялық қажеттiлiктерiн қанағаттандыратын қасиеттерiнiң жиынтығы; жарамдылық мерзiмi - ол аяқталғаннан кейiн тағам өнiмi мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз болып саналатын кезең. Жарамдылық мерзiмiн сақтау шарттары сақталған жағдайда, тамақ өнiмiнiң тұтынушының өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгiне кепiлдiк беретiн сақтау шарттарын көрсете отырып, тамақ өнiмдерiн дайындаушы белгiлейдi; сақтау мерзiмi - белгiленген сақтау шарттары сақталған жағдайда, тамақ өнiмiнiң нормативтiк құжаттамада немесе сату-сатып алу шартында көрсетiлген өзiнiң бүкiл қасиетiн сақтайтын кезең. Сақтау мерзiмi өткеннен кейiн тамақ өнiмi пайдалану үшiн жарамды болуы, бiрақ оның тұтынушылық қасиеттерi (тұтынушылық құны) төмендеуi мүмкiн; тамақ өнiмдерiнiң, материалдар мен бұйымдардың сапасы мен қауiпсiздiгiнiң куәлiгi - тамақ өнiмдерiн дайындаушының (жабдықтаушының) тамақ өнiмдерi, материалдар мен бұйымдар тобының сапасы мен қауiпсiздiгiнiң нормативтiк, техникалық құжаттардың талаптарына сәйкестiгiн куәландыратын құжаты; тамақ өнiмдерiн қайта жарату - тамақ өнiмдерiн нормативтiк құжаттардың талаптарына жауап бермейтiн және адамдардың өмiрi мен денсаулығына, сондай-ақ қоршаған ортаға қауiп төндiретiн жарамсыздыққа жатқызу рәсiмi және оларды жою; бұрмаланған тамақ өнiмдерi, материалдар мен бұйымдар - қасақана өзгертiлген (қолдан жасалған) және (немесе) жасырын қасиеттер мен сапаға ие, олар туралы ақпараттар қасақана толық емес немесе қате болып табылатын тамақ өнiмдерi, материалдар мен бұйымдар. Ет-сүт өнімдерін тасымалдау ережелері Ет және ет өнімдерін темір жол көлігімен тасымалдағанда әр партияға №1 мал дәрігерлік куәлік толтырылады. Темір жолмен тасымалдағанда арнайы жабдықтар қолданылады. Тасымалдауға салқындатылған,тұздалған,кептірілге н ет онімдері жіберіледі. Тоңазытылған өнімдерді тасымалдау кезіндегі температура -150С аспауы керек. Тоңазытылған етті тасымалдауға тек оралған күйде жібереді. Тұздалған еттің тұздық мөлшері 10-14%. Ысталған, сүрленген ет арнайы ыдыста тасымалданады. Тасымалдау мерзімі кепкен етке - 6 күн, тоңазытылған етке - 6-10 күн. Етті ұсынылған пунктке жеткізгеннен кейін ешқандай кедергісіз түсу керек. Тоңазытылған өнімдерді арнайы автореврежераторларда -180С тасымалдайды. Ет өнімдері әуе көлігімен тасымалдауға куәлігі бар болса ғана жіберіледі. Өнімдерді ұшақтардың жылу жүйелі және герметизацияланған орындарда тасымалдауға болмайды. Жолда ұзақ кідірген жағдайда жүк ұшақтан түсіріліп, оптимальды температурасы бар орында сақталады. Сүт және сүт өнімдеріне тасымалдауға органолептикалық көрсеткіштерінде өзгерістер болғанда немесе ораманың сыртындағы сақталмаған жағдайда рұқсат берілмейді. Ыдыстар және орама заттар қолданыста бір-ақ рет қолданылуы керек. Көліктер экспорттаушы елдердің қабылданған ережесіне сай залалдандырылады және дайындалады.Оны талапты орындау шарттары: Экспорттаушы елдердің мемлекеттік ветеринарлық инспекторының қол қойып және экпорттаушы елдердің тілінде және орыс тілінде толтырылған ветеринарлық сертификатпен толығымен растайды. Сүт және сүт тағамдарын (кілегей, қаймақ, ірімшік, сүзбе, айран және тағы басқа) тасымалдау кезінде тасымалдаушылар, жүк жөнелтушілер және жүк алушылар белгіленген санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді. Сүт ыдыссыз тәсілмен мамандандырылған автомобиль-цистерналармен немесе ыдысты тәсілмен автокөлік құралы-фургондармен тасымалданады. Сүт тағамдары ыдысты тәсілмен тасымалдау.Тасымалдаушылар сүт және сүт тағамдарының ыдысты тасымалы үшін тасымалдау ұзақтығын, ыдыс түрін және сыртқы ауа температурасын ескере отырып, мамандандырылған автокөлік құралдарын бөледі. Жүк жөнелтуші жүкті тасымалдауға мынадай ыдыспен: 1) сүтті - металл флягалармен, металл, пластмасса себеттерге, жәшіктерге салынған шишалармен немесе пакеттермен; 2) өлшеніп оралмаған сүт тағамдарын - металл, пластмасса себеттермен, металл жәшіктермен; 3) өлшеніп оралған сүт тағамдарын - металл флягалармен және ағаш кеспектермен ұсынады. Жәшіктер мен себеттердің бүйір қабырғалары шишалардың немесе басқа тұтыну ыдысының мойнынан жоғары болуы тиіс. Сүт және сүт тағамдары бар сыйымдылықтар, өлшеп оралған сүзбе, ірімшік және басқа сүт тағамдары тасымалдауға жүк жөнелтушінің пломбасымен ұсынылады. Сүт және сүт тағамдары бар сыйымдылықтарды жүк жөнелтуші резеңке астары бар қақпақтармен тығыз жабады. Сүтті және сүт тағамдарының түр-түрін бірнеше жүк алушының мекен-жайына тасымалдауға бір автокөлік құралмен ұсыну кезінде жүк жөнелтуші алдын ала, автокөлік құралы келгенге дейін жүкті жүк алушылар бойынша топтайды және тиеуді бір постта жүзеге асырады. Жүк алушы бос мүккамал ыдысты қайтып береді, ал тасымалдаушы жүк жөнелтушіге жеткізеді. Жүк жөнелтуші сүтті сүт зауыттарынан ыдыссыз тәсілмен тасымалдау үшін Тернердің 19 градусынан аспайтын қышқылдықпен ұсынады. Сүттің температурасы (сәуір - қыркүйек) кезеңінде - + 60С аспауы, ал жылдың қалған мезгілінде +20С төмен болмауы тиіс. Қалалық сүт зауыттарынан, оны сатуды немесе пайдалануды жүзеге асыратын кәсіпорындар мен ұйымдарға тасымалдауға ұсынылатын сүттің температурасы 80С аспауы тиіс. Сүттің температурасы мен қышқылдығын жүк жөнелтуші тауар-көлік жүкқұжатында көрсетеді. Ыдыстағы сүтті және сүт тағамдарын жүк жөнелтушіден тасымалдауға қабылдауды және жүк алушыға тапсыруды тасымалдаушы флягалардың, кеспектердің, сондай-ақ стандартты түрде толтырылған жәшіктер мен себеттердің саны бойынша жүзеге асырады. Сүтті ыдыссыз тәсілмен тасымалдау кезінде оны қабылдау және тапсыру жүк жөнелтушінің пломбасымен жүзеге асырылады. Сүтті сүт зауыттарынан ыдыссыз тәсілмен тасымалдау кезінде жүк жөнелтуші: 1) цистернаның люктерін тиеу алдында ашуды және тиелгеннен кейін жабуды; 2) тиеу жеңдерін цистернаға жалғауды және ағытуды; 3) цистернаны толтыруды; 4) цистернаның люктері мен құйып алу құбырларын пломбалауды жүргізеді. Жүк алушы: 1) цистернаның люктері мен құйып алу құбырларында жүк жөнелтушінің пломбаларының болуы мен жарамдылығын тексеруді; 2) пломбаларды алуды; 3) сүтті құйып алғаннан кейін цистернаны ішкі және сыртқы жағынан жууды және дезинфекциялауды; 4) цистернаның люктерін пломбалауды; 5) жолдама парақта немесе санитарлық өңдеу паспортында санитарлық өңдеу жүргізу уақытын белгілеуді; 6) қысқы мезгілде құйып алу шүмектері мен құбырларын ыстық сумен және бумен қыздыруды жүргізеді Ет-сүт өнімдері сату ... жалғасы Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз. Ұқсас жұмыстар Генетикалық модифицерленген азық Өнім сапасының көрсеткіші Кондитерлік өнімдер өндіру АҚ Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы «Жануар текті өнімдерді сенсорлық талдау» пәннің оқу-әдістемелік кешені Қарақұмықтың ұнды кондитер өнімдеріне тигізетін әсерін зерттеу Жаншылған сұлы жармасы Ет және ет өнімдердің құрамы мен қасиеттері Макарон өнімдерінің сапасын қалыптастыратын факторлар Макарон өнімдерінің сапасына технологиялық факторлардың әсері Пәндер Іс жүргізу Автоматтандыру, Техника Алғашқы әскери дайындық Астрономия Ауыл шаруашылығы Банк ісі Бизнесті бағалау Биология Бухгалтерлік іс Валеология Ветеринария География Геология, Геофизика, Геодезия Дін Ет, сүт, шарап өнімдері Жалпы тарих Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік Журналистика Информатика Кеден ісі Маркетинг Математика, Геометрия Медицина Мемлекеттік басқару Менеджмент Мұнай, Газ Мұрағат ісі Мәдениеттану ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности) Педагогика Полиграфия Психология Салық Саясаттану Сақтандыру Сертификаттау, стандарттау Социология, Демография Спорт Статистика Тілтану, Филология Тарихи тұлғалар Тау-кен ісі Транспорт Туризм Физика Философия Халықаралық қатынастар Химия Экология, Қоршаған ортаны қорғау Экономика Экономикалық география Электротехника Қазақстан тарихы Қаржы Құрылыс Құқық, Криминалистика Әдебиет Өнер, музыка Өнеркәсіп, Өндіріс Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Құрманғазы ауданы Нұржау ауылындағы ауылішілік жол құрылысы жыл соңына дейін аяқталмақ - 30.11.2022, 16:11 Атырау облысында көші-қон заңнамасын бұзған 14 шетелдік ел аумағынан шығарылды - 26.09.2022, 10:09 Екі ғасырдың естеліктері - құрманғазылық зейнеткердің мұражайында - 15.09.2022, 11:19 Мені таңғалдырған кітап - 30.11.2022, 11:24 Скринингтік тексеруден өтуге шақырамыз! - 24.11.2022, 11:45 Басты Жаңалықтар Аймақта Атырауда жергілікті білім беру грантына құжат қабылдау жалғасуда Атырауда жергілікті білім беру грантына құжат қабылдау жалғасуда Категория: Аймақта : 17 тамыз 2020 : 753 (0 Votes) Атырау облысында 15-20 тамыз аралығында жергілікті білім беру грантына құжаттар қабылданады, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. Биыл атыраулық мектеп және колледж бітірушілер үшін облыс әкімінің атынан 116 грант бөлініп отыр. Оның басым көпшілігі педагогика, медицина салаларына бөлінген. Атап айтқанда, педагогика саласына – 49, медицинаға – 17 грант берілген. Ал, қалғаны ветеренария, агрономия, өнер және басқа да мамандықтарға тиесілі. - Облыс әкімінің грантын алуға ҰБТ-дан шектеулі балл алған барлық санаттағы түлек құжаттарын тапсыра алады. Сонымен қатар, колледж бітіруші түлектер де қатысуға құқылы. Қатысушылардың балдары тең болған жағдайда ата-ана қамқорлығынсыз қалғандарға, кәсіптік-техникалық білімі бар және бір жыл жұмыс жасағандарға, сондай-ақ, республикалық, халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың, спорттық жарыстардың жүлдегерлеріне басымдық беріледі, - деді облыстық білім беру басқармасының бас маманы Айнагүл Жұмағазиева.
tom: 0.0001pt; text-align: left;»> Елімізде 266 аудандық және оған теңестірілген соттар жұмыс істейді. Осы соттардың қатарында Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал аудандық №2 соты да бар. Неге ерекшелеп айтып отырмыз? Соттардың арасында да байқаулар болып тұрады. Жалпы сайыс бәсекеге қабілетті болуға итермелейтін көнеден келе жатқан әдістерінің бірі екені белгілі. Сондықтан қандай уақытта болмасын өз жұмысының жүйелілігіне сенген ұжымдарбіліктілік бәске түскен іс-шаралардан сырт қалмайды. Өткен жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты тарапынан ұйымдастырылған «Ең үздік аудандық соттар» республикалық байқауы өтті . Көп кешікпей, байқау нәтижесі жария етіліп, оның қорытындысы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал аудандық №2 соты жүлдегерлердің көшін бастады. Жүлдегер соттың тыныс-тіршілігімен танысу үшін Мырзакентке барып, Мақтаарал аудандық №2 сотының төрағасы Қ.Мұсаевпен арнайы сұхбаттасқан едік. tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 35.4pt;»> tom: 0.0001pt; text-align: left;»> — Құнанбай Әбиболлаұлы, біз сізді өз елінің патриоты, елжанды, әр бейбіт күннің қадірін білетін мемлекетшіл азамат ретінде танимыз. Күні кеше ғана Кеңес әскерінің Ауғанстан аумағынан шығарылуына 25 жыл толды. Бұл күннің сіздің өміріңізде ерекше орны бар. Қазір осы соғыс төңірегінде де тұрлі пікірлер айтылады, сіз не дейсіз? tom: 0.0001pt; text-indent: 35.4pt; text-align: left;»>— Ауғанс соғысы өткен ғасырдың 80 жылдарының айшықты тарихи оқиғаларының бірі. Менің айтарым соғысқа қатысқан жауынгерлер өздерінің нағыз интернационалист жауынгер екендіктерін дәлелдеді. Соның ішінде, қазақ жастары да өздерінің мемлекет алдындағы міндеттерін абыроймен атқарды. Жалпы, бұны мен Кеңестік дәуірдегі идеологияның жемісі деп бағалар едім. Бір сөзбен қайырғанда, сол жылдары біз, мемлекеттің алдымызға қойған міндеттерін абыроймен атқардық деп есептеймін. tom: 0.0001pt; text-indent: 35.4pt; text-align: left;»>Бұл соғысқа Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен жиналған еліміздің 18-20 жастағы өрімдей жастары қатысты. Олардан қандай саясат сұрауға болады? Ал, қазір ойлап қарасам, Ауғанстан жеріндегі соғыстың басталуына сол елде ауызбірліктің болмауы, халықтың жік-жік, тайпа-тайпа болып өзара қырықпышақ болуы себеп болған екен. Содан бері Ауғанстан жері қайсыбір елдердің қару-жарақтарын сынайтын полигонына айналды. Ауған соғысын көрген біз, бүгінгі күні Елбасымыздың ел бірлігі мен тыныштығын сақтау мақсатында жүргізіп отырған саясатын мейлінше қолдап, қуаттаймыз! Елімізде ешқашан соғыс болмасын, ата-аналар балаларынан айырылып жыламасын, елдің іргесі тыныш болсын деген тілектеміз. Осы орайда, Президентіміздің еліміздегі ұлттар арасындағы татулық пен өзге мемлекеттермен бейбітшілікте өмір сүру бағытында жүргізіп отырған саясаты, яғни ұстанымы өте құптарлық әрі аса маңызды мәселе деп түсінемін. tom: 0.0001pt; text-indent: 35.4pt; text-align: left;»>— Енді бүгінгде атқарып отырған қызметіңізге келсек, өткен жыл сіздер үшін жемісті болды, республика бойынша аудандық соттардың арасында үздік атану үшін қандай жұмыстар жүргізу керек екен? tom: 0.0001pt; text-indent: 35.4pt; text-align: left;»>— Жалпы, былтырғы жыл біздің аудандық, облыстық соттарға ғана емес, еліміздің бүкіл сот жүйесіне көп жаңалықтар, қуаныштар әкелді деп есептеймін. Олай дейтінім, 2013 жылы Қазақстан Судьяларының төрт жылда бір рет өтетін съезіне Елбасымыз Н.Назарбаевтың қатысып, судьялардың күнделікті атқарып отырған күрделі әрі жауапты қызметіне оң баға берді. Сол сьезде Елбасы: — Барлық құқық қорғау органдары ішінен ең жоғары тұрғаны Жоғарғы Сот болып табылады. Жоғарғы Соттың абыройы – Қазақстанның абыройы, жалпы биліктің абыройы. Біз «Қазақстан — 2050» Стратегиясын темірқазық ете отырып, сот жүйесін жетілдіруді жалғастыра беруіміз қажет. Егер де біз реформа жасағанда экономикада, саясатта сот жүйесін, жалпы құқық қорғау жүйесін түземесек, көздеген мақсатымызға жете алмаймыз. Біз­дің азаматтар сот жүйесінде барлық мә­се­ле­лерді шешуі керек, өзінің құқығын қорғай алуы керек. Мемлекеттің де, менің де сот жүйесіне көп көңіл бөліп отыр­ғаным сондықтан. Осындай үлкен жауапкершілікті баршаларыңыз түсі­несіздер деп ойлаймын. Осы салада көп жұмыс істеп келе жатырсыздар. Сіздер тәуелсіздігіміздің 22 жылы барысында атқарылған шаруалардың ішіндегі басты мәселелердің шешілуіне қатыстыңыздар. Сол үшін ризашылығымды білдіргім келеді» — деді. tom: 0.0001pt; text-indent: 35.4pt; text-align: left;»>Шынымды айтайын осы сөздерді естігенде төбем көкке екі елі жетпей қалғандай болды. Сьезге қатысып отырғандардың бәрі осындай сезімде болды ғой деп ойлаймын. Былтыр Президенттен осындай ризашылық сөзін есіттік, биыл Жоғарғы Сот басшылығы тарапынан еңбегіміз бағаланып, жүлдегер атандық. Осындай жанды жадыратын жаңалықтар есіткенде неге көңіл көтерілмейді, неге қуанбасқа!? Қатты қуандым, жасырғым келмейді. Мұның барлығы да мен басқарып отырған ұжымның ерен еңбегіне берілген лайықты баға деп қабылдаймын. Ұжымға, бізге сенім білдірген жоғары тұрған басшылыққа алғыстан басқа айтарым жоқ. Өзіңіз ойлаңыз судья, ол қызмет ететін ұжым үздік атану үшін не істеу керек? Әрине, ең бастысы әділ болу керек, жұмыста, шешімде. tom: 0.0001pt; text-indent: 35.4pt; text-align: left;»>— Сот-прокуратура саласында еңбек еткеніңізге ширек ғасырға жуықтады, Шығыс Қазақстан облысының бірнеше аудандарында судья, кейін төраға қызметтерін атқардыңыз. Соңғы бес жыл бойы Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал аудандық №2 сотының төрағасысыз. Судьяның тәуелсіздігі деген мәселе бар, осы жөнінде не айтар едіңіз? tom: 0.0001pt; text-indent: 35.4pt; text-align: left;»>— Бүгінгі күні судья тәуелсіздігі мемлекет тарапынан, материалдық-техникалық, заңнамалық жағынан толық қамтамасыз етілген деп айта аламын. «Қазақстан Республикасының cот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық Заңының 25-бабында судьяның тәуелсіздігі туралы нақты жазылғаны белгілі. Әрине, бір заңда судьяның тәуелсіздігі туралы бәрін жазып көрсету мүмкін емес. Сондықтан да судья тәуелсіздігі дегеніміз менің түсінігімше, ол дүниеге құл, мансапқұмар, тәкаппар болмай, сот әділдігін айтарда өзінің ары мен заңды ғана басшылыққа алып және тараптардың жағдайын жан-дүниесімен сезіне отырып, шешім қабылдау деп білемін. Халық арасында кең тараған «Ханда қырық кісінің ақылы бар, биде қырық кісінің ары, білімі бар» деген мәтелдің мән-мағынасын сақтау үшін, еліміздің әр азаматы мен басшысы судьяның арын қорғауға және оның әділ шешім шығаруына тиісті қолдау көрсетуі керек. Судьяның ары таза болмауы — оның тәуелсіздігінен айырылуы деген сөз. Ал судьяның тәуелсіздігінен айырылуы, оның арына түскен дақ секілді. Сондықтан да, судьялар, оның ішінде төрағалар судың да сұрауы болатынын ескеріп, әрбір іс-әрекетімізге азаматтар мен мемлекет тарапынан қойылатын сауалдарға жауап беруге дайын болсақ, жағдайымыздың жаман болмағаны деп ойлаймын. tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 35.4pt;»>Қолданыстағы кейбір заңдардың орындалуына көңіліңіз тола ма? tom: 0.0001pt; text-indent: 35.4pt; text-align: left;»>— Заңның аты –заң , әрине тәртіп бар жерде заңдар міндетті түрде орындалады. Дегенмен, кейбір заңдарды орындау барысында олқылықтар да кездеседі. Мысалы: Елбасымыз ойын бизнесі бойынша, оның жастарға келтіретін зардабының орасан екенін теледидар арқылы айтты. Ойын бизнесін еліміздің екі қаласына көшірді дегенімізбен, әлі де аудан орталықтарында ойын бизнесі жастарымыздың миын улауда. Оған дәлел, қылмыстық кодекстің 269-1 бабымен азаматтардың жауапкершілікке тартылуы дер едім. Демек, атқарушы және заңның орындалуын қадағалаушы органдар мемлекеттің мүддесі үшін қабылданған заңның орындалуына құлықсыз. Осындай кейбір заңдарымыздың орындалмауына байланысты, кей жағдайда азаматтардың құқықтары бұзылып жатады. tom: 0.0001pt; text-indent: 35.4pt; text-align: left;»>-Аудандық соттың жүктемесі, сот актілерінің сапасы қандай? Өзіңіз қатысып қайтқан сьезде нақтыланған тапсырмалар мен міндеттер бойынша ауданда нендей жұмыстар атқарылуда? tom: 0.0001pt; text-indent: 35.4pt; text-align: left;»>— 2010 жылы аудандық соттағы 2 судья қысқарғаннан кейін, жүктеме өте жоғары болды, нақты айтсам: 2011 жылы әр судья ай сайын 70 іс қараса, 2012 жылы 97 іс, ал 2013 жылы 113 істен қарады. Бұл дегеніңіз, бір судьяға 3 еседен артық жүктеме болып табылады. Осыншама істерге судья Қалдыбекова Гүлжазира екеуміз ғана төрелік еттік. Гүлжазира Тұрарбекқызы 15 жылдай аудандық соттарда хатшы, экономикалық сотта кеңсе меңгерушісі болып қызмет істеп, әбден ысылған білікті судья. tom: 0.0001pt; text-indent: 35.4pt; text-align: left;»>Өткен жылы барлығы, 987 азаматтық, 107 қылмыстық және 1066 әкімшілік істер қаралып, соның ішінде 8 қылмыстық, 1 азаматтық және 21 әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды. Сот актілерінің сапасына тоқталсам, қаралған істердің 0,6 пайызына tom: 0.0001pt; text-indent: 35.4pt; text-align: left;»>(14 іс бойынша) жоғары тұрған соттарға шағым берілгенімен, олардың бәрі қаралып, барлық сот актілері өз күшінде қалдырылған. tom: 0.0001pt; text-indent: 35.4pt; text-align: left;»>Қорыта айтқанда, 2013 жыл біздің сот үшін үлкен жүктемеге қарамастан, абыроймен атқарған жемісті әрі жеңісті жыл болды. Ендігі жерде, былтыр съезде судьялардың жүктемесінің көптігіне байланысты бізге берілетін бірліктер (қосымша штат) мәселесі ертерек шешілсе деген тілегім бар. tom: 0.0001pt; text-indent: 35.4pt; text-align: left;»>Судьялардың VI съезі аяқталған соң ертеңінде Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Әбдіразақұлы Мәми республикадағы барлық аудандық, қалалық, облыстық сот төрағаларымен жиналыс өткізіп, Елбасының судьялар алдына қойған міндеттері бойынша бағыт-бағдар беріп, Елдің және Елбасының сенімінен шығу үшін судьяларға әділ, қарапайым болып, азаматтардың арыз-шағымдарын мұқият тыңдауды және барлық істерді заң талабына сай заңда көрсетілген мерзімде қарау керектігін тапсырды. tom: 0.0001pt; text-indent: 35.4pt; text-align: left;»>Төраға тарапынан біздің алдымызға қойылған талаптарды толығымен орындауға бойымыздағы барлық біліміміз бен күш-жігерімізді аямаймыз деп сендіремін tom: 0.0001pt; text-indent: 35.4pt; text-align: left;»>Жұмыстан бос уақытта немен айналысасыз? Салауатты өмір салтын қалай ұстанасыз? tom: 0.0001pt; text-indent: 35.4pt; text-align: left;»>— «Тал бесіктен жер бесікке дейін білім ізде» дегендей, тәлімі, тәрбиесі бар шығармаларды оқуға құмармын. Спортқа бір бүйрегім бұрып тұрады, аптасына екі күн сот қызметкерлерімен доп теуіп, жүгіріп тұрамыз. Сот қауымдастығымен өткізілетін түрлі жарыстарға үнемі қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүрміз. Ұжымда ынтымақ пен береке-бірлікті арттыру мақсатында ай сайын, жұмыстан тыс уақытта мини-футболдан спорттық жарыстар ұйымдастырамыз. tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 35.4pt;»> Сұхбаттасқан Қабыл ДҮЙСЕНБИ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 35.4pt;»> tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 35.4pt;»> tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 35.4pt;»> Continue Reading Previous «Өртеніп кеткен театрдың режиссерімін дейтін» Next Облыс соттарындағы тағайындаулар туралы Добавить комментарий Отменить ответ Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены * Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Δ More Stories Қоғам Сұхбат 1 min read ШЫМКЕНТ: КОММУНАЛДЫҚ МЕНШІКТЕГІ ҮШ КӘСІПОРЫН ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫНАН АЛЫНЫП ТАСТАЛҒАН 5 дней ago QyzmetAqparat Жаңалықтар Қоғам Мегаполис Негізгі тарау Сұхбат 1 min read ПОПУЛЯРНЫЙ АЛЬПИНИСТ ПОДЕЛИЛСЯ ОПЫТОМ 1 неделя ago QyzmetAqparat Негізгі тарау Сұхбат 1 min read ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ ДАУЫС БЕРГЕН ДАУЫС БЕРУШІЛЕРГЕ СЫЙЛЫҚТАР ТАБЫСТАЛДЫ 2 недели ago QyzmetAqparat Соңғы Көп оқылған Трендте 1 min read Жаңалықтар Негізгі тарау В СЛЕДУЮЩЕМ ГОДУ ЦЕНЫ НА ТЕПЛО В ШЫМКЕНТЕ СНИЗЯТСЯ 2 дня ago QyzmetAqparat 1 min read Жаңалықтар Негізгі тарау БУДЕТ ПРИВЕДЕНА В ПОРЯДОК ПАРКОВКА В ТОРГОВЫХ ТОЧКАХ 2 дня ago QyzmetAqparat 1 min read Жаңалықтар Негізгі тарау ПРИГЛАШАЕМ ОЗНАКОМИТЬСЯ С ПРОЕКТОМ ГЕНЕРАЛЬНОГО ПЛАНА 2 дня ago QyzmetAqparat 1 min read Жаңалықтар Негізгі тарау В МОЛОДЕЖНОЙ ЛИГЕ ШЫМКЕНТА ПРОШЛИ БАСКЕТБОЛЬНЫЕ МАТЧИ 2 дня ago QyzmetAqparat 1 min read Жаңалықтар Негізгі тарау В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛАСЬ ШКОЛА ЖЕНСКОГО ПОЛИТИЧЕСКОГО ЛИДЕРСТВА 2 дня ago QyzmetAqparat 1 min read Жаңалықтар Негізгі тарау Шымкент: начальник Управления полиции Каратауского района встретился с жителями населенного пункта» Пахтакор» 2 дня ago QyzmetAqparat 1 min read Жаңалықтар Негізгі тарау «Защита»: в Шымкенте выявлено более 192 тысяч административных правонарушений 2 дня ago QyzmetAqparat 1 min read Жаңалықтар Негізгі тарау «16 ДНЕЙ НЕНАСИЛИЯ:» В ШЫМКЕНТЕ ПРОХОДЯТ РАЗЛИЧНЫЕ МЕРОПРИЯТИЯ 2 дня ago QyzmetAqparat 1 min read Жаңалықтар Негізгі тарау В Шымкенте запустят экосистему для защиты бизнеса 2 дня ago QyzmetAqparat 1 min read Жаңалықтар Негізгі тарау ШЫМКЕНТСКИЕ ТЕННИСИСТЫ ВЕРНУЛИСЬ С ЧЕМПИОНАТА СТРАНЫ 2 дня ago QyzmetAqparat Керекті кеңес Сіздің басшыңыз қандай болуы керек? 11 лет ago QyzmetAqparat Керекті кеңес Сіздің демалуыңыз керек, сіз — оған лайықсыз! 11 лет ago QyzmetAqparat Аман бол Доңыздың харам екені Библияда көрсетілген 11 лет ago QyzmetAqparat Керекті кеңес Арақтың зияны 11 лет ago QyzmetAqparat Керекті кеңес Сыра адамның шөлін басатын сусын емес 11 лет ago QyzmetAqparat Сұхбат ОҚО әкімінің орынбасары Болат Әлиев: «Білсем, атқарсам, орындасам» 11 лет ago QyzmetAqparat Байлық құпиясы Adidas-тың тарихы 11 лет ago QyzmetAqparat Қоғам Қара шал — қазақ өнеріндегі қайталанбас құбылыс еді… 11 лет ago QyzmetAqparat Жаңалықтар  Оңтүстіктің неке агенттіктері тоқал тауып берумен айналысады 11 лет ago QyzmetAqparat Тәрбие Зобалаң немесе қапасқа қамалған рух 11 лет ago QyzmetAqparat 1 min read Жаңалықтар Негізгі тарау В СЛЕДУЮЩЕМ ГОДУ ЦЕНЫ НА ТЕПЛО В ШЫМКЕНТЕ СНИЗЯТСЯ 2 дня ago QyzmetAqparat 1 min read Жаңалықтар Негізгі тарау БУДЕТ ПРИВЕДЕНА В ПОРЯДОК ПАРКОВКА В ТОРГОВЫХ ТОЧКАХ 2 дня ago QyzmetAqparat 1 min read Жаңалықтар Негізгі тарау ПРИГЛАШАЕМ ОЗНАКОМИТЬСЯ С ПРОЕКТОМ ГЕНЕРАЛЬНОГО ПЛАНА 2 дня ago QyzmetAqparat 1 min read Жаңалықтар Негізгі тарау В МОЛОДЕЖНОЙ ЛИГЕ ШЫМКЕНТА ПРОШЛИ БАСКЕТБОЛЬНЫЕ МАТЧИ 2 дня ago QyzmetAqparat 1 min read Жаңалықтар Негізгі тарау В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛАСЬ ШКОЛА ЖЕНСКОГО ПОЛИТИЧЕСКОГО ЛИДЕРСТВА 2 дня ago QyzmetAqparat 1 min read Жаңалықтар Негізгі тарау Шымкент: начальник Управления полиции Каратауского района встретился с жителями населенного пункта» Пахтакор»
13 қараша күні кешкі сағат сегіздер шамасында дүкеннен үйіне қайтып келе жатқан Ақтөбе қаласының тұрғынына белгісіз біреу шабуыл жасаған. Оқиғаға қатысты облыстық полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Диапазон-ға сілтеме жасап. Әйелдің басылымға берген мәліметінше, ол үйіне қайтып келе жатқан сәтте артынан біреу келе жатқанын естіп, тоқтап, оны өткізіп жібермек болған. Бірақ бейтаныс адам одан сағат қанша екенін сұрап, сонда да соңынан ере берген. "Екі қабатты ғимараттың жанындағы қараңғы бұрылысқа жете бергенімде, соңымдағы адам жүрісін жылдамдатқанын сездім. Бір кезде ол маған шабуыл жасап, тұншықтыра бастады. Мен айқайлап жібергім келді, бірақ ол аузымды қолымен жауып, арқама пышақ тақап тұрып: "Тыпырлама, әйтпесе пышақтаймын" деді. Ер адам менен ақша талап етті, мен шошығаннан ештеңе жоқ екенін айттым. Үйімді көріп тұрмын, бірақ жете алмадым. Үйде үш балам күтіп отырған еді", - дейді сол күнді еске алған ақтөбелік әйел. Жәбірленушінің сөзінше, бір кезде ер адам оны итеріп жіберіп, қаша жөнелген. Ал оның артынан екі полицей қуған. Тәртіп сақшылары оны ұстап, қамауға алған. Күдіктіні учаскелік полиция қызметкерлері Арман Мүсенов пен Қайсар Ізбанов ұстаған. Әйел оларға өзін құтқарғаны үшін алғыс айтқан. Басылымның хабарлауынша, Ақтөбе облыстық полиция департаменті күдіктінің уақытша ұстау изоляторына қамалғанын, бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын мәлім еткен. "Қылмыстық іс "Қарақшылық" бабы бойынша қозғалды. Басшылық аталған полиция қызметкерлерін міндетті түрде марапаттайды", - дейді құзырлы органның баспасөз қызметі. Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1997597-tunsyqtyrdy-auzymdy-zapty-aqtobede-dukennen-qaityp-kele-zatqan-aielge-belgisiz-bireu-sabuyl-zasagan/ Автор: Эльмира Асқарқызы 18+ Кеңейту Открываются комментарии Все комментарии: {{totalCommentCount}} {{list}} Перейти к обсуждению {{formattedDate}} {{body}} Бірінші болып пікір қалдыру Жарнама берушілерге Біз туралы Жоба жайында NUR.KZ туралы басқа медиадағы жарияланымдар Біз қалай жұмыс істейміз NUR.KZ жаңалықтар қызметінің жұмыс істеу қағидалары Жаңалықтар мұрағаты Пайдалану шарттары Материалдарды пайдалану ережелері Қолдану шарттары Құпиялылық саясаты NUR.KZ сайтында пікір қалдыру ережелері Редакция editor@corp.nur.kz Бас кеңсе +7 (727) 339 80 38 Біз әлеуметтік желілердеміз Nur.kz мобильді қосымшасы Біздің қағидаттар YouTube MCN © NUR.KZ 2009-2022 2016 жылдың 6 мамырындағы № 15988-АА куәлігі Барлық құқықтар қорғалған Біз Cookie файлдарын қолданамыз Олар сайтты сізге ыңғайлы етіп баптауға - қызықты мақалаларды ұсынып, пайдалы жарнаманы көрсетуге көмектеседі.
Ү.ж. 6-8 қыркүйек аралығында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Эр-Рияд қаласында (Сауд Арабиясы Корольдігі) жұмыс сапарымен болады. Бұл туралы Қазақстан СІМ ресми өкілі А.С. Смадияровтың БАҚ өкілдеріне өткізген брифингіде мәлім болды. Сапар барысында Министр Сауд Арабиясы Корольдігі, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн Мемлекеті, Оман Сұлтандығы, Катар Мемлекеті және Кувейт Мемлекеті кіретін «Орталық Азия елдерінің және Парсы шығанағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесінің» бірінші министрлік кездесуіне қатысады. Іс-шара аясында қатысушылар өзара іс-қимылдың түрлі салаларындағы өңіраралық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылайды. Оның қорытындысы бойынша саясат пен қауіпсіздік, экономика, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, БАҚ және әлеуметтік мәселелер, жастар мен спорт, көлік, су ресурстары және энергетика сияқты салаларды қамтитын 2023-2026 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарын қабылдау жоспарлануда. Сонымен қатар, Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосы басшысының Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрімен және араб елдерінің бірқатар жетекші компанияларының өкілдерімен кездесулері жоспарланған. Хотите быть всегда в курсе всех брифингов? Подписывайтесь на наш канал в Telegram! Мемлекет басшысының қызметі Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Алдабергенұлы Сағымбае… Президент Екібастұздағы жағдай бойынша тапсырма берді Мемлекет басшысының жарлықтарымен Жоғары аудиторлық палатан… Қосымша жаңалықтар Президент тапсырмасы: «Айтылды - орындалды» Пайдалы қатты қазбаларды барлауға және өндіруге лицензия бе… Қазақстан мен Иранның бизнес тараптары өзара тауар айналымы… Маңғыстауда үш ауысымды білім беру мәселесі: 2025 жылдың со… Қосымша жаңалықтар Іздеу... Орталық коммуникациялар қызметі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы © 2018-2022 Ortcom.kz. Барлық құқықтар қорғалған . Материалдарды пайдалану кезінде Ortcom.kz жеке мақсаттардан басқа кез-келген мақсатта веб-сайттағы гиперсілтеме Ortcom.kz міндетті . Материалдарды пайдалану кезінде Ortcom.kz: - баспа басылымдарында немесе материалдық жеткізгіштердегі өзге де нысандарда - қағаз, пленка және т. б. пайдаланушы әрбір жағдайда веб-сайт материалдар көзі болып табылатынын көрсетуге міндетті www.ortcom.kz ; - интернетте немесе электрондық түрде пайдаланудың өзге нысандарында пайдаланушы пайдаланған әрбір жағдайда Веб-сайттың басты бетіне гиперсілтеме орналастыруға міндетті Ortcom.kz "www.ortcom.kz» .
Берекелі отбасы — қай кезде де қоғамның мақтанышы.Елімізде 2014 жылдан бері өнегелі тәрбиеніжаңғыртуға, отбасы мәртебесін жоғарылатуға бағытталған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Отбасы күні қарсаңында біз аталған байқаудың облыстық кезеңінің жеңімпазыболған Оспановтар отбасы мен бірінші орынға ие болған Мәденовтер отбасы туралы әңгімелеуді жөн көрдік. Ұстаздар әулеті Облысымызда еңбегімен, өнегелі ісімен жан-жағына үлгі болып отырған отбасылар жетерлік. Солардың бірі — «Мерейлі отбасы» облыстық кезеңінің жеңімпазы Оспановтар әулеті. Марқұм Оспан атадан бастап балаларының дені ұстаздықты таңдаған. Шәмшия әже балалары мен немерелеріне қашанда асыл жарының асыл қасиеттерін үлгі-өнеге етіп айтып отырады. — Отағасы қаттылау болды. Мінезі қатаң еді. Мұғалім болып қызмет етті. Соған қарай балаларға әкелерің кейіп қалар, ерсі ештеңе істемеңдердейтінмін. Балалар да әкелерін тыңдап, біріне-бірі көмектесіп өсті. Жаман болған жоқ. Әке-ананы тыңдап өскен бала жаман болмайды. Кейін бәріел сыйлайтын адам болып шықты, — дейді Шәмшия Бақова. Әженің айтуынша, отағасы Оспан Бақов Шалқар ауданы Қорғантұз орта мектебінде абыройлы еңбек етіпті. Ұстаздық қызметтен бөлек, мектеп-интернаттың меңгерушісі, партия ұйымының хатшысы, студенттердің өндірістік бригадасының жетекшісі, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін де абыройлы атқарған. Шәмшия әже детекті жердің қызы. Жастық шағын сағынышпен еске алған ол ағалары мұғалім, әкесінің молда болғанын, шешелерініңөмірінде ер адамға қарсы келмегенін әңгімеледі. Енесін құрметтеп, қайынағасы мен абысынын сыйлай білген Шәмшия әже: «Біз де жақсы келін атандық, айналайын. Жақсы атақты өзің жасап алады екенсің. Ешкім жасап бермейді. «Отбасының берекесі — әйелде» дейтіні сол біздің қазақтың», — дейді. Шәмшия әже — он құрсақ көтерген «Алтын алқа» иегері.Тұрмыс құрған алғашқы жылдары мектеп кітапханасында қызмет еткен. Кейіннен отағасы шешімімен бала тәрбиесіне көңіл бөліп, жұмыстан қол үзіпті. Оспан Бақов бастаған мұғалімдер әулетінің жолын жалғастырушылардың бірі — ұлы Еділ. Ол 30 жылдан астам уақыт Шалқар қаласындағы №2 мектеп-гимназияның дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі болып еңбек етеді. Зайыбы Эльмира да 26 жылдан бері бастауыш сынып мұғалімі. Екеуінің де біліктілік санаттары — зерттеуші мұғалім. Біздің қоғам өз ісіне жауапты осындай білікті мамандардың арқасында алға жылжып келеді. — Төлеп деген атамыз қажылыққа барып, келген соң мектеп ашып, бала оқытқан. Одан соң ата-анам ұстаздық етті. Бауырларымның көбі педагогика саласында еңбек етеді. Өзім де ата жолын таңдап, әкеме ұқсап, 30 жылдан бері мектепте қызмет етемін. Ұлым дамұғалім. Барлығын қосып есептегенде біздің әулеттің жалпы еңбек өтілі 300 жылдан асады, — дейді Еділ Оспанұлы. Еділдің үлкен ұлыЕстай да осы бір жауапты мамандықты таңдапты. Ол Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде математика пәнінен сабақ береді. — Мектеп бітірерде мамандық таңдаймыз ғой, сол кезде көп оқушылар жалақысы жоғарыдеп ІT саласын таңдап жатты. Маған балалармен жұмыс істеу, оларға бірдеңе үйрету, білім беру ұнайды. Ұстаздық жолды таңдауыма бірінші әкем ықпал етті. Сосын алдымдағы мұғалім бауырларыма қарап өстім, —дейді математик Естай. Еділдің шаңырағында бауырлар мен ағайын-туыс жиі бас қосып тұрады. Еділ Оспанұлының айтуынша, әулеттің үлкен қызы Венера Оспанқызы мектепте 40 жыл мұғалім болып еңбек етіп, бір жыл бұрын зейнетке шықты. Оның ұлы Нұрсұлтан нағашыларына жиі келіп тұрады. Ол — шахматтан спорт шеберлігіне үміткер. Халықаралық додаларда жүлделі орындардан көрініп жүр. Облыстың 7 дүркін чемпионы. Педагогтер әулетін толықтырып отырған тағы бір ұлағатты ұстаз — Әлия Оспанқызы. Ол 2020 жылдан бері Шалқар қаласындағыӘліби Жангелдин атындағы орта мектепті басқарып келеді. Ұжыммен бірге толағай табыстарға кенеліп жүрген білікті басшы бүгінде отбасының ғана емес, түгел өңірдің мақтанышына айналып отыр. 2021-2022 оқу жылының қорытындысы бойыншаӘлия Оспанқызы басшылық ететін орта мектеп еліміздегі 100 үздік мектептің қатарынан көріне білді. Жақында облыс әкімінің үздік білім беру ұйымына арналған грантын да осы білім беру мекемесі жеңіп алды. Ұстаздық — ұлы қызмет. Алдына келген балаға білгенін үйретіп, оқушының жүрегіне жол табу арқылы еңбегінің жемісін жеп жүрген бұл әулет басқаларға үлгі боларлықтай. Он баласынан көрген немерелер мен жиендерді сүйіп, шөберелердің қолынан бал татқан Шәмшия әже қашанда ұрпағына тілек тілеумен келеді. Сәлем беріп келген жастың бәріне «менің жасымды, бақытымды берсін!» деп батасын береді. Мәденовтер отбасы Ақтөбе қаласында тұратын Мәденовтер отбасы «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңінде үздіктер қатарынан көрініп, бірінші орынға ие болды. Бұған дейін Мәденовтер әулеті аталған байқаудың қалалық кезеңінен жеңімпаз атанып, қала әкімі диплом мен 400 мың теңгенің сертификатынтабыстаған болатын. Жеңімпаз отбасының тірегі Төрехан ақсақал 1949 жылы Доңызтауда дүниеге келген. 1971 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтын физика мамандығы бойынша бітіріп, еңбек жолын Байғанин ауданы Қарауылкелді сегіз жылдық мектебінен бастаған. Отыз бес жылдан астам уақыт физика-математика пәндерінен сабақ беріп, мектепте мұғалім болды. Отанасы Гүлжамал Өмірзақова да саналы ғұмырын бала тәрбиесіне арнаған, бір жылдары Оймауыт ауылындағы балабақшада тәрбиеші болған, қазір зейнеткер. Бес бала тәрбиелеп өсірген олар бүгінде 14 немере сүйіп отыр. Балаларының бәрі де оқыған, қазір бәрі де білім-ғылым саласында еңбек етіп жүр. Үлкен қызы Нұрзия Төреханқызы — медицина саласының қызметкері. №2 қалалық емханада медбике болып еңбек етеді. Ал білім-ғылым саласында жүрген ұлы Асылбек Мәден — тарих ғылымдарының кандидаты. 20 жылдан бері Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде оқытушы боп қызмет істейді. Төрехан Мәденовтің қалған балалары мал шаруашылығымен, жеке кәсіпкерлікпен айналысады. Бізбен әңгімелескен Асылбек Төреханұлы бала тәрбиесі жайлы: — Ауыл баласы халықтық тәрбиемен өседі ғой. Ата-анамыз бізді қалай тәрбиеледі, біз де солардан көргенімізді жасап, «ұят болады, обал болады, жаман болады» деген тыйым сөздермен тәрбиелеп жатырмыз. Бала кезімізде әке-шешеміз «біреудің ала жібін аттама» деп тәрбиелеп өсірді ғой. Бізде де сол қағида. Кешкі астың кезінде дастарқан басына түгел жиналып, балалармен әңгімелесіп отырамыз. Әр баланың қызығушылығын, ой-пікірін білу мақсатында жеке көңіл бөлуге, жеке сөйлесуге тырысамыз. Келіншегім Жанар Мұстафина да негізі білім-ғылым саласында еңбек етеді, қазіргі уақытта бала күтімімен үйде отыр,— дейді. Асылбек пен Жанар — көпбалалы отбасы. Үлкен қызы — студент, шетелде оқиды. Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі. Қалған балалары №21 мектеп-гимназиясында білім алып жүр. — Әкем — 12 баланың бірі, мен үйдегі 5 баланың ортаншысымын. Әжем 95 жаста. «Балалы үй — базар» демекші, балалардың әр қадамына, жетістігіне қуанып жатамыз. Біздің әулетті «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қалалық кезеңіне балаларым оқитын мектеп-гимназия ұсынды. Қоғамда неке бұзып жатқандар көбейіп тұрған тұста өнегелі отбасылардың өмірін, жарасымды шаңырақтың үлгісін дәріптеу — игі іс, — дейді Асылбек Төреханұлы. Ал келесі жылы отау құрғандарына 50 жыл болатын өнегелі отбасы иелері — Төрехан ақсақал мен Гүлжамал ана жүрген жерлерінде шаңырақтың берік болуының кілтітатулықта екендігін айтып жүреді. Айнұр ЖАЛМАҒАНБЕТОВА. 8 Қыркүйек 2022 303 Facebook Twitter Messenger Messenger WhatsApp Telegram Share via Email Print Басқа жаңалықтар Айтары да, айдары да мағыналы «Ақтөбе» 8 Желтоқсан 2022 Прокуратура қызметкерлерін марапаттады 8 Желтоқсан 2022 Фастфуд — тағам ба,тажал ма? 8 Желтоқсан 2022 «Жетім көрсең, жебей жүр…» 8 Желтоқсан 2022 Ералы Тоғжанов әлеуметтік нысандардың жылумен қамтылуын тексерді 9 Желтоқсан 2022 Ералы Тоғжанов Канаданың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісімен кездесті 8 Желтоқсан 2022 Айтары да, айдары да мағыналы «Ақтөбе» 8 Желтоқсан 2022 Көшпелі кешеннің көмегі 8 Желтоқсан 2022 Прокуратура қызметкерлерін марапаттады 8 Желтоқсан 2022 Фастфуд — тағам ба,тажал ма? 8 Желтоқсан 2022 Жаңа жобамен ауылдар көркейеді 8 Желтоқсан 2022 Ақтөбенің келбеті 8 Желтоқсан 2022 «Жетім көрсең, жебей жүр…» 8 Желтоқсан 2022 Халықтың мүддесі бәрінен биік тұруға тиіс 8 Желтоқсан 2022 Статистика Байланыс Меншік иесі: «Ақтөбе Медиа» ЖШС. Директор Раукен Отыншин. Бас редактор Сәтжан Дәрібай. Мекен-жайы: 03010, Ақтөбе қаласы, Тілеу батыр көшесі, 10-үй, 6 қабат. Тел.: 54-69-03. E-mail: aktobegazeti@mail.ru Мұрағат Мұрағат Ай таңдау Желтоқсан 2022 Қараша 2022 Қазан 2022 Қыркүйек 2022 Тамыз 2022 Шілде 2022 Маусым 2022 Мамыр 2022 Сәуір 2022 Наурыз 2022 Ақпан 2022 Қаңтар 2022 Желтоқсан 2021 Қараша 2021 Қазан 2021 Қыркүйек 2021 Тамыз 2021 Шілде 2021 Маусым 2021 Мамыр 2021 Сәуір 2021 Наурыз 2021 Ақпан 2021 Қаңтар 2021 Желтоқсан 2020 Қараша 2020 Қазан 2020 Қыркүйек 2020 Тамыз 2020 Шілде 2020 Маусым 2020 Мамыр 2020 Сәуір 2020 Наурыз 2020 Ақпан 2020 Қаңтар 2020 Желтоқсан 2019 Қараша 2019 Қазан 2019 Қыркүйек 2019 Тамыз 2019 Шілде 2019 Маусым 2019 Мамыр 2019 Сәуір 2019 Наурыз 2019 Ақпан 2019 Қаңтар 2019 Желтоқсан 2018 Қараша 2018 Қазан 2018 Қыркүйек 2018 Тамыз 2018 Шілде 2018 Маусым 2018 Мамыр 2018 Сәуір 2018 Наурыз 2018 Ақпан 2018 Қаңтар 2018 Желтоқсан 2017 Қараша 2017 Қазан 2017 Қыркүйек 2017 Тамыз 2017 Шілде 2017 Маусым 2017 Мамыр 2017 Сәуір 2017 Наурыз 2017 Ақпан 2017 Қаңтар 2017 Желтоқсан 2016 Қараша 2016 Қазан 2016 Қыркүйек 2016 Тамыз 2016 Шілде 2016 Маусым 2016 Мамыр 2016 Сәуір 2016 Наурыз 2016 Ақпан 2016 Қаңтар 2016 Желтоқсан 2015 Қараша 2015 Қазан 2015 Қыркүйек 2015 Тамыз 2015 Шілде 2015 Маусым 2015 Мамыр 2015 Сәуір 2015 Наурыз 2015 Ақпан 2015 Қаңтар 2015 Желтоқсан 2014 Қараша 2014 Қазан 2014 Қыркүйек 2014 Тамыз 2014 Шілде 2014 Маусым 2014 Мамыр 2014 Сәуір 2014 Наурыз 2014 Ақпан 2014 Қаңтар 2014 Желтоқсан 2013 Қараша 2013 Қазан 2013 Қыркүйек 2013 Тамыз 2013 Шілде 2013 Маусым 2013 Мамыр 2013 Сәуір 2013 Наурыз 2013 Ақпан 2013 Қаңтар 2013 Желтоқсан 2012 Қараша 2012 Қазан 2012 Қыркүйек 2012 Тамыз 2012 Шілде 2012 Маусым 2012 Мамыр 2012 Сәуір 2012 Наурыз 2012 Ақпан 2012 Қаңтар 2012 Желтоқсан 2011 Қараша 2011 Қазан 2011 Қыркүйек 2011 Тамыз 2011 Шілде 2011 Маусым 2011 Мамыр 2011 Сәуір 2011 Наурыз 2011 Ақпан 2011 Қаңтар 2011 Желтоқсан 2010 Қараша 2010 Қазан 2010 Қыркүйек 2010 Тамыз 2010 Шілде 2010 Маусым 2010 Мамыр 2010 Сәуір 2010 Наурыз 2010 Ақпан 2010 Қаңтар 2010 Желтоқсан 2009 Қараша 2009 Қазан 2009 Қыркүйек 2009 Тамыз 2009 Шілде 2009 Маусым 2009 Мамыр 2009 Сәуір 2009 Наурыз 2009 Ақпан 2009 Айдарлар Айдарлар Санат таңдау «Ақтөбе — құтты мекен» «Ақтөбе» газетін оқитын үздік ауыл» байқауы «Ақтөбе»-90 «Ақтөбенің» шебер оқырманы» «Бақытты бала» Абай — 175 Анаға тағзым Ауыл Ақсақалдар айтпады деп жүрмесін! Ақтөбе — 150 Ақтөбе — 95 Білім Байқау Басты жаңалықтар Билік Видео Дін Денсаулық Жастар Жаңалықтар Жеңіс Күлкі базары Кәсіп Мерей Мереке Мәдениет Мәселе Облысқа — 90 жыл Пікір Президенттің тапсырмасын орындай отырып Редакция қонағы Ресми Референдум Рухани жаңғыру Саясат Спорт Таным Тарих Тағзым Тұлға Тәуелсіздік — 30 Тәуелсіздіктің 25 жылдығы Фотобәйге Экономика Қазақ хандығы-550 Қазақстан жаңалықтары Қала Құқық Әдебиет Әкімдер есебі Әкімдер сайлауы Әлемде Әлеумет
Акционерлерге Есептілік және нәтижелер Инвестор күнтізбесі Шығарылымдар Инвестициялық мүмкіндіктер Инвесторлар үшін байланыс Компания Компанияның Сипаттамасы Қоғамдық кеңес Корпоративтік басқару Еншілес және тәуелді ұйымдар Өнім Құрылымы Сатып алу Сатып алу жоспары Тендер тәсілімен сатып алулар Бір негізден тәсілімен сатып алу Баға ұсыныстар тәсілімен сатып алулар Сатып алу жоспарлары ЕТҰ Нормативтік құжаттар бойынша сатып алу Сатып алу еншілес ұйымдардың Құжаттар Компанияның ішкі құжаттары Нормативтік - құқықтық база Қызметі Компанияның қызметі Компанияның 2020-2029 жылдарға арналған даму жоспарын Компанияның лицензиясы Компанияның негізгі көрсеткіштері Мүдделік мәмілелер Жекешелендіру Даму Экология және еңбекті қорғау Әлеуметтік жауапкершілік Кадр саясаты Жастар саясаты Баспасөз орталығы Жаңалықтар Суреттер Бейне БАЙЛАНЫС Мансап Шағымдар мен ұсыныстар бойынша жүгіну «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ Әбдірахманов Теміржан Қайратұлы басқарма төрағасы / Баспасөз орталығы / «Қазақстан инжиниринг» АҚ жаңалықтары «Қазақстан инжиниринг» АҚ жаңалықтары Жаңалықтар Суреттер Бейне 16.09.2019 Ереванда әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі ҰҚШҰ мемлекетаралық комиссиясының ХVII отырысы өтті Отырыс Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасары, ӘЭЫХК төрағасы Юрий Борисовтың төрағалығымен өтті. Отырысқа Армения Республикасының вице-премьері Тигран Авинян, ҰҚШҰ Бас хатшысының міндетін атқарушы Валерий Семериков, Ресей Федерациясының Армения Республикасындағы төтенше және өкілетті Елшісі Сергей Копыркин, сондай–ақ Ұйымға мүше мемлекеттер Комиссиясының ұлттық бөлімдерінің делегациялары қатысты. Қазақстандық делегацияны Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Талғат Жанжүменов басқарды. Отырыс барысында өткен жылғы қыркүйекте Алматы қаласындағы өткен отырыстан кейінгі өткен кезеңдегі комиссия қызметінің қорытындылары шығарылды, атқарылған жұмыс нәтижелері қаралды және ҰҚШҰ шеңберіндегі әскери-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары анықталды. Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау қорытындысы бойынша осы саладағы көпжақты өзара іс-қимылды жетілдіруге бағытталған шешімдер қабылданды. Атап айтқанда, ҰҚШҰ шеңберінде бірлесіп әзірленетін және өндірілетін әскери мақсаттағы өнімнің сапасын қамтамасыз етуге және бақылауға кешенді жүйелік көзқарас тұжырымдамасының жобасы, сондай-ақ "Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің қорғаныс-өнеркәсіптік (әскери–өнеркәсіптік) кешендерінің кәсіпорындары мен ұйымдарының кооперациялық және интеграциялық байланыстарын дамыту саласындағы базалық ұйым туралы" ҰҚШҰ ҰҚК шешімінің жобасы мақұлданды. ҰҚШҰ шеңберіндегі әскери-экономикалық ынтымақтастық барысында алынған және пайдаланылатын зияткерлік қызмет нәтижелеріне құқықтарды өзара қорғау мәселелері бойынша шешімдер кешені қабылданды. Атап айтқанда, зияткерлік қызмет нәтижелеріне құқықтардың болжамды бұзылуы бойынша шарттарға қатысушылардың өтініштерін қарау тәртібі, сондай-ақ ҰҚШҰ–на мүше мемлекеттердің әскери-экономикалық ынтымақтастығы барысында алынған және пайдаланылатын зияткерлік қызмет нәтижелеріне құқықтарды өзара қорғау мәселелері бойынша ӘЭЫХК жанындағы Үйлестіру кеңесінің Ұлттық бөлімдері арасында ақпараттық өзара іс-қимылды ұйымдастыру регламенттелді. Сондай-ақ осы саладағы кейбір қолданыстағы құжаттарға өзгерістер енгізілді. 23 қазанда "INTERPOLITEX-2019" мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралдарының халықаралық көрмесінің іскерлік бағдарламасы аясында ХШЖК көрме кешенінде өтетін ҰҚШҰ-ның "ҰҚШҰ–ға мүше мемлекеттердің әскери-экономикалық ынтымақтастығы: даму тенденциялары, проблемалары және перспективалары" халықаралық әскери-экономикалық конференциясына дайындық барысы туралы мәселе қаралды. Бұдан басқа, ҰҚШҰ шеңберінде әскери-экономикалық ынтымақтастық барысында алынған және пайдаланылатын зияткерлік қызмет нәтижелеріне құқықтарды өзара қорғау мәселелері бойынша ҰҚШҰ ӘЭЫХК жанындағы үйлестіру кеңесінің және ҰҚШҰ ҰҚК жанындағы қару-жарақ пен әскери техниканы стандарттау жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырыстары өткізілді. Комиссия мүшелері сондай-ақ 2020 жылға арналған ӘЭЫХК жұмыс жоспарын бекітті. Комиссияның кезекті отырысын 2020 жылғы қыркүйекте Беларусь Республикасында өткізу туралы шешім қабылданды. http://miid.gov.kz/kk/news/erevanda-skeri-ekonomikalyk-yntymaktastyk-zhonindegi-ukshu-memleketaralyk-komissiyasynyn-hvii
Гранитті мәрмәр тасты жылтыратуға арналған 100 мм шайырмен толтырылған алмас тегістеу шыныаяқ дөңгелегі Бұл алмас ұнтақтау шыныаяқ дөңгелегі жылдам өрескел құрғақ немесе сумен салқындату үшін арналған, мәрмәр мен гранит беттерін, жиектері мен бұрыштарын пішіндеу үшін пайдалануға болады, шыныаяқ дөңгелегі алюминий негізде жасалған, жеңіл салмақты және жоғары өткізгіштікпен жылдам салқындату әсерін қамтамасыз етеді. . сұраудеталь Тас үшін шайырмен толтырылған гауһар ұнтақтау шыныаяқ дөңгелегі Шайырмен толтырылған шыныаяқ дөңгелегі жоғарғы өнімділік үшін арнайы шайыр үлгісімен жасалған.Бұл үлгі чипсіз, жылдам, тегіс, серпілмейтін, агрессивті тегістеумен теңдестірілген шыныаяқ дөңгелегін қамтамасыз етеді.Тас, гранит, мәрмәр ұнтақтау үшін қолданылады. сұраудеталь 4 дюймдік шайырмен толтырылған гранитке арналған тегістеу дөңгелегі 4 дюймдік шайырмен толтырылған алмас тегістеу дөңгелегі тасты, бетонды және плиткаларды тегістеу үшін қолданылады.Олар дөрекі, орташа немесе ұсақ ұнтақ түрінде болады.Және оны ең танымал бұрыштық тегістеуіште қолдануға болады. сұраудеталь Раковина саңылауларын калибрлеуге арналған шайырмен толтырылған гауһар нөлдік төзімділік барабан дөңгелектері Шайырмен толтырылған нөлге төзімді дөңгелек және шайырмен толтырылған шыныаяқ дизайны: секіруді айтарлықтай азайтады, тыныш және сынуды азайтады, үлгіге жақынырақ ұнтақтауға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, бұл ас үй үстелінің үстіңгі бұрыштарын өңдеу кезінде ыңғайлы және тиімді. сұраудеталь 3 дюймдік шайырмен толтырылған гранитке арналған тегістеу дөңгелегі Шайырмен толтырылған нөлге төзімді барабан дөңгелектері раковина тесігін тегіс тегістеуге мүмкіндік береді.Олар раковина тесіктерін кескеннен кейін материалды алып тастаудың ең жылдам балама болып табылады.Ең жоғары сапалы материалдармен және соңғы технологиялармен.біздің құралдар барлық салаларда бәсекелестіктен асып түседі сұраудеталь 4 дюймдік шайырмен толтырылған гауһар тасты гранитке арналған тегістеу дөңгелегі Шайырмен толтырылған шыныаяқ дөңгелектері жоңқасыз тегістеу және тегістеу үшін өте қолайлы.Гауһар тастар максималды жылдамдық үшін шыныаяқ дөңгелегіне арнайы орналастырылған.Толтырылған шайыр материалға серпілуді немесе «шағуды» жоюға арналған - сынуды тудыратын нәрселер. сұраудеталь Металл сегменттелген алмазды нөлдік төзімді тегістеу дөңгелектері Тастардың жиектерін немесе раковина саңылауларын тегістеуде қолданылатын нөлдік төзімді алмас дөңгелектер. Тамаша қоқыстарды кетіру және тегіс өңдеу. Жоғары тегістеу өнімділігі. Абразивті құрал мен корпус арасына жақсырақ қондыру үшін орнатылған дизайн. Дөрекі, орташа және ұсақ түйіршіктер бар.1" ,2',3',4“ сұралғандай теңшеу керек. сұраудеталь Тастарды жылтыратуға арналған шайырмен толтырылған алмас нөлдік төзімділік доңғалақ жылтырату дөңгелектері Тастарды жылтыратуға арналған шайырмен толтырылған алмас нөлдік төзімді дөңгелек барабан дөңгелектері. Олар тас тақталарының жиектері мен раковина саңылауларын тегістеу және жылтырату үшін кеңінен қолданылады. Өткір және тозуға төзімді. Тегістеу өнімділігі жоғары, шу деңгейі төмен. Үлкен қоректі кетіру және тегіс аяқтау. Дөрекі, орташа және ұсақ ұнтақталған. сұраудеталь біз туралы сату желісі бізбен байланысыңыз мансап Біздің өнімдер немесе бағалар тізімі туралы сұраулар үшін бізге электрондық поштаңызды қалдырыңыз, біз 24 сағат ішінде байланысамыз.
Құда түсіп, уәде пісіп, қалыңмал төлеген соң, күйеу жігіт атастырған қалыңдығын алғаш рет көруге келген тойы "қынаменде" деп аталады. Бұл әр жерже түрлі аталады. Кей жерде "қалыңдық ойнау", "ұрын келу" деп атайды. Қыздың жеңгелері мен жастар үшін бұдл бір той десе де болады. Болашақ күйеу бала қыз ауылына өзінше «көрінбеген» болып, қараңғы түсе келеді. Осы жолы өзінің болашақ жарын көріп, танысып білісіп, тілдесіп, көңіл жарастырады. Ұрын келудің жоралары да аз емес. «сені күтіп, жүгіреміз деп ентігіп, шаршап қалдық» деп қыздың жеңгелері «ентікпе» сұрайды. Балдыздары «балдыз көрімдік» алады. Қол ұстатар, шаш сипар, көрпе қимылдатар деген ырымдар бар. Бұл той өткесін күйеуге оның жолдастарына құрмет көрсетіліп, сый тартылады. Құда түскенмен, келісім жасалғанмен, күйеудің қыз ауылына "ұрыннан " бұрын келуге хақы жоқ. Егер келе қалған жағдайда, қыздың туыстары әдеп бойынша бұзғаны үшін оны сабап, қамшылап, жігітті сынап, қуып жібереді. ...... m170785 0 +8 3 0 0 1311 3 пікір Delfina 5 қараша 2012, 22:41 ↓ 0 Бізде мұның бірі де жоққо. Осы жолы өзінің болашақ жарын көріп, танысып білісіп, тілдесіп, көңіл жарастырады. бұл заман енді оралады деп тіптен ойламаймын. Батыс жаққа соның ішінде))) Jako 6 қараша 2012, 08:55 ↑ ↓ 0 Дельфуша, бұл дәстүр қазір барлық аймақта ұмытылған, негізі қазіргі заманда қажеттілігі де жоқ болар.Себебі заман өкениетіне бейімделу деген бар ғой.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті өкілдері, мәдениет және ғылым қайраткерлері, спортшылар, еңбек ардагерлері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері бар. «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы «Қазақстанның Еңбек Ері» жоғары атағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық, денсаулық сақтау салаларын дамытудағы және өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін жазушы Ә.Әшімовке (Тарази), Нұр-Сұлтан қаласындағы «Онкологиялық орталық» МКК бас дәрігері М.Төлетаевқа, Шығыс Қазақстан облысының «Қазмырыш» ЖШС бас директоры А.Хмелевке берілді. «Отан» ордені «Отан» орденімен жазушы С.Досанов, еңбек ардагері М.Жолдасбеков, ақын А.Бақтыгереева, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен Конституциялық Кеңес төрағасы Қ.Мәми, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы А.Айдарбаев, «А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы Б.Баймаханов, «Bazis Holding Сompany» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы А.Белович, жазушы Д.Исабеков, Қазақстан Православ шіркеуінің басшысы, Астана және Қазақстан Митрополиті Александр марапатталды. І дәрежелі «Барыс» ордені І дәрежелі «Барыс» орденімен «Зенит» Орал зауыты» АҚ бас директоры В.Валиев, «Қазхром» ТҰК» АҚ президенті А.Есенжолов, «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ басқарма төрағасы – ректор Т.Есполов, «Отандастар қоры» КеАҚ президенті Н.Абықаев, Алматы қаласындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМКК филиалының директоры А.Қоразбаев, ENRC PLC компаниясының акционері – негізін қалаушы А.Машкевич, Парламент Мәжілісінің депутаты Д.Назарбаева, еңбек ардагерлері: Н.Есенғарин, Қ.Сұлтанов, Т.Сүлейменов, З.Федотова; ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен Парламент Сенатының төрағасы М.Әшімбаев, «Концерн TNS-group» ЗТБ директорлар кеңесінің төрағасы Т.Жұмағұлов, «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ актері Н.Ыхтымбаев, ақын әрі жазушы В.Михайлов, «Павлодар қызмет көрсету саласы колледжі» КМҚК мұғалімі Н.Покидова, «Саутс-Ойл» ЖШС президенті С.Сейтжанов, «Alanda Clinic» ЖШС директорының орынбасары С.Тоқпанов, Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаев, еңбек ардагері Ә.Тұяқов; ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен мәдениеттанушы К.Абаев, «Ұлттық банктің Банкноттық фабрикасы» РМК бас директоры Б.Әлжанов, «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбек, еңбек ардагерлері: М.Байғұт, Ғ.Байназаров, Р.Түсіпбеков, Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрағасы Е.Бахмутова, «Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығы» ЖШС директоры С.Жошыбаев, «Нұрсұлтан Назарбаев қоры» ЖҚ атқарушы директоры Қ.Жұмабаев, Ұлттық ғылым академиясының академигі З.Дүйсенбеков, «Монтажспецстрой» компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Е.Ежиков-Бабаханов, «Қазақстан жазушылар Одағы» РҚБ төрағасы Ұ.Есдәулет, ақын Х.Есенқарақызы, Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы С.Есілов, Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Мәуленқұлов, «Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы» РМКК әртісі Н.Нүсіпжанов, «Қазақмыс Холдинг» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Э.Огай, «С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ профессоры К.Ормантаев, «BI Group» холдингі директорлар кеңесінің төрағасы А.Рахимбаев, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы А.Сәтқалиев, «Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ профессоры Е.Сергебаев, «Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті» КеАҚ басқарма төрағасы – ректор Е.Сыдықов, Парламент Мәжілісінің депутаты Б.Тілеухан, «Қазақтардың дүниежүзілік қауымдастығы» РҚБ төрағасының бірінші орынбасары З.Тұрысбеков марапатталды. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы ғылым және мәдениет саласының 28 көрнекті өкіліне берілді, олардың ішінде театр және кино әртістері: М.Әжібеков, Ж.Құрманбеков, Л.Крючкова, режиссер Д.Өмірбаев, өнертанушы Е.Резникова және басқалар бар. «Қазақстанның еңбек сіңірген» ұстазы құрметті атағы «Н.Тілендиев атындағы кіші өнер академиясы» облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар мамандандырылған мектеп» ММ мұғалімі Д.Төрехановаға берілді. «Парасат» ордені Белгілі ғалымдардың, мәдениет қайраткерлерінің, өндірістік сала өкілдерінің еңбектері «Парасат» орденіне лайық деп танылды. Олардың арасында «М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» РМҚК әртісі Б.Әбділманов, «Ершовское-2» ЖШС директоры С.Ағайдаров, «Мұнай-газ кешенінің ардагерлері» РҚБ бас директоры З.Алшымбаев, «Отырар кітапханасы» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Т.Жұртбай, «Ракурс» экономикалық талдау орталығының директоры О.Жандосов, Ақан Сері атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясы камералық хорының хормейсторы Ю.Колчин, «Қазақ әдебиеті» газеті редакциясының меңгерушісі Е.Жаппасұлы, «Астана» халықаралық қаржы орталығы департамент директорының орынбасары Ш.Құрманбайұлы, жазушы З.Наурызбаева, «Альтаир» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы А.Потиченко және басқалар бар. ІІ дәрежелі «Достық» ордені ІІ дәрежелі «Достық» орденіне Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Э.Әзімова, «Kaspi.kz» АҚ басқарма төрағасы М.Ломтадзе ие болды. «Құрмет» ордені «Құрмет» орденімен марапатталғандардың ішінде шахматшы Ж.Әбдімәлік, «Астана Опера» «Мемлекеттік опера және балет театры» КеАҚ бас дирижері А.Бөрібаев, «Көкшетау қаласы жоғары техникалық колледжі» МКҚК жетекшісі А.Есләмова, «Жекпе-жек өнерінің Ассоциациясы» ЗТБ президенті Б.Ыстыбаев, Жамбыл облысының «И.Трубицын атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы» КММ мұғалімі Н.Қаймалақова, «Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ҰЗИ» РМК лабораториясының меңгерушісі А.Наханов, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ болат балқытушысы В.Пастух, Павлодар қалалық «Дарынды балаларға арналған №3 гимназия» ММ директоры Қ.Құспекова, Шымкент қалалық «№1 қалалық клиникалық аурухана» МҚК дәрігері Ж.Сүйгенбаев, режиссер Қ.Омаров бар. ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені өндіріс, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы және басқа да материалдық өндіріс салаларының 105 жұмысшысы мен еңбеккеріне берілді. Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен 553 адам марапатталды. Әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін нығайтуға қосқан үлесі үшін әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары өкілдерінің бір тобы І және ІІ дәрежелі «Даңқ», сондай-ақ, І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Айбын» ордендерімен, «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен марапатталды. Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: Тағы да оқыңыз: Мектептерге кезең-кезеңмен академиялық автономия беріледі – Асхат Аймағамбетов 02.12.2022 56 0 Дана Нұржігіт: 61 жасты місе тұтуға мәжбүрміз 02.12.2022 40 0 Тікелей эфир кезінде жерге түкірген Мәжіліс депутатына 16 мың теңгеге жуық айыппұл салынды 02.12.2022 41 0 Қала әкімі тұрғындарды қабылдады 02.12.2022 40 0 Мектепте әлімжеттік бар ма? 02.12.2022 45 0 Жалағаш: «Jalyndy jas» еріктілер мектебі жастардың потенциалын ашуда 02.12.2022 72 0 Соңғы жаңалықтар Асхат Аймағамбетов «жайлы мектептердің» 8 артықшылығын атады 02.12.2022 30 0 Мектептерге кезең-кезеңмен академиялық автономия беріледі – Асхат Аймағамбетов 02.12.2022 56 0 Нақты ақпарат: Кредиті барлардың қарызы кешірілуі мүмкін 02.12.2022 48 0 Дана Нұржігіт: 61 жасты місе тұтуға мәжбүрміз 02.12.2022 40 0 2023 жылы дәрігерлердің жалақысы 531 мың теңге болады – Денсаулық сақтау министрі 02.12.2022 31 0 Тікелей эфир кезінде жерге түкірген Мәжіліс депутатына 16 мың теңгеге жуық айыппұл салынды 02.12.2022 41 0 Қала әкімі тұрғындарды қабылдады 02.12.2022 40 0 Мектепте әлімжеттік бар ма? 02.12.2022 45 0 Жалағаш: «Jalyndy jas» еріктілер мектебі жастардың потенциалын ашуда 02.12.2022 72 0 «Сынның арқасында жетістікке жеттім» 02.12.2022 43 0 «IQ-ORDA»: Шара несімен ерекше болды? 02.12.2022 32 0 Жетістік құпиясы: Қызылордалық Айым программистен қалай фотографқа айналды? 02.12.2022 51 0 4 күн жұмыс істеу тиімді ме? 02.12.2022 33 0 Мұнай һәм мундиаль 02.12.2022 23 0 Жаңа қағида мәселенің шешімі ме? 02.12.2022 26 0 Барлық жаналық PDF нұсқа PDF мұрағат 48-481 01.12.2022 Сізге жаңа сайт дизайны ұнады ма? Иә, өте ұнады! Дизайны жақсы Бұрынғыдан жақсы Нәтижелері Poll Options are limited because JavaScript is disabled in your browser. Хабарландыру Ерікті жандар ерлігі 22.11.2020 6899 0 «Жалын» жастар сыйлығы беріледі 17.11.2020 7100 0 Қызылордада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді 22.10.2020 4055 0 Жаңалықтар мұрағаты ҚаңтарАқпанНаурызСәуірМамырМаусымШілдеТамызҚыркүйекҚазанҚарашаЖелтоқсан 20172018201920202021202220232024202520262027 Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 © 2022. Aqmeshit-zhastary.kz ақпараттық агенттігі. Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі,Ақпарат комитетінің тіркеу туралы № KZ96VPY00052427 куәлігі 21.07.2022 жылы берілген
Бүгінгі жексенбілік асханамызда осы уақытқа дейін көпшілігіміздің сүйікті фаст-фудымызға айналып үлгерген "Döner kebab"-ты үй жағдайында жасау жолымен бөлісеміз. Бүгінгі жексенбілік асханамызда осы уақытқа дейін көпшілігіміздің сүйікті фаст-фудымызға айналып үлгерген "Döner kebab"-ты үй жағдайында жасау жолымен бөлісеміз. Ол үшін бізге не қажет: Лаваш Талғамыңызға қарай түрлі көкөністер (қияр, қызанақ, сәбіз, қырыққабат, пияз т.б.) Ет (тауық, қой, сиыр еті) Қуырылған картоп Дайын көкөністердің барлығын лавашқа кезекпен салып, ең үстінен майонез жүргізіп өтеміз. Артынан табаға қуырылған тауық етін майынан жақсылап сүзіп алып, лавашқа саламыз. Сөйтіп үстінен кетчуп жүргізіп өтеміз. Ең соңынан үстіне жіңішкелеп туралып, қуырылған картоп таяқшаларын саламыз. Қажет десеңіз, ащы аджика соусын қосып жіберуіңізге болады. Лавашқа барлық ингредиенттер салынып болғаннан кейін оны мұқият орап, микротолқынды пешке 1 минутқа салып қоямыз.
Елімізде танымал тұлғалардың есімімен аталған стадиондар бар. Солардың бірі - Қызылорда қаласындағы Ғани Мұратбаев атындағы Орталық стадион. 26 маусым 2020, 22:30 5357 Қазақстанның әйелдер футбол клубтары Чемпиондар Лигасына қатысуға сертификат алды Еуропалық клубтық турнирлерге қатысушыларды сертификациядан өткізу жөнінде Қазақстан футбол федерациясы комиссиясының кезекті отырысы өтті. 26 маусым 2020, 14:30 3989 Қазақстанның футбол клубтары еурокубок жарыстарына қатысу үшін сертификат алды Қазақстан футбол федерациясының УЕФА Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының қатысушыларын сертификациядан өткізу комиссиясының отырысы өтті.
Біле білсеңіздер, бұл қазіргі жастар қоғамында кеңінен таралған түсініктердің атауы. Сіз бен біздің балаларымызды, іні-қарындастарымызды, еліміздің ертеңін елеңдетіп жүрген «трендтегі» сөздер. Тамыры тереңде жатқан тарихымызға бір сәт көз жүгіртіп қарасақ, кешегі хан-батырларымыздың ерлігі, тіпті бертін келе «Алаш» азаматтарының да аңсағаны еліміздің егемендігі еді. Ал енді, ел болып өз еліміз бен дініміздің тізгіні өз қолымызға берілген уақытта мәдениетіміздегі жабайы көріністердің себебі неде? Осы сұрақтың жауабын іздеп көруге тырыссаңыз «ХХІ ғасыр», «Заман талабы», «Дамып жатырмыз» деген ақталушылық жауаптарды естисіз. Бірақ, бәрінің түпнегізінде «еліктеушіліктің» жатқаны бәрімізге мәлім. Сан ғасырлар көлемінде қалыптасып, ақын-жазушылардың шығармаларынан оқитын мәдениетіміз, салт-дәстүріміз басқа халықтардан жоғары десек те, өресі күннен-күнге тарыла түсуде. Қоғамымыздың бір бөлігі қазақ тілін, мәдениетін ұрандатып жүрсе, енді бір бөлігі жат елдің мәдениетін жарыса кіргізіп жатыр. Батыс басын айналдырған жастар үшін қазақ мәдениеті ескінің қалдығы ретінде қабылданатыны жаныңды қынжылтады. Бірақ, бұл да тарихи оқиғалардың екпіні болу керек. Қазір де, бірнеше жыл бұрынғыдай, орыс не ағылшын тілінде сөйлеу мықтылыққа теңестіріліп, қоғамдағы беділіңді асырады. Біз де қалмайық деп шет тілдерге тілімізді сындырып жатамыз. Жо-жоқ, тіл білуді жаман демеймін. Керісінше. Тек, қазақ тілінің солардың көлеңкесінде қалып қоятынына қарным ашиды. Жастардың арасында қарапайым қазақ баласына гөрі, орысша сөйлеп, жұлмаланған жыртық шалбар кигендердің беделі бір елі жоғары тұрады. Заманауи тілмен айтқанда, екіншісі «крутой». Артынан ергендер сол «крутойдың» орнына ұмтылып, шала-пұла орысшаларын шүлдірлетіп, қазақтың тілі мен мәдениетіне менсінбеушілікпен қарай бастайды. Ал туған тіліңе, дініңе, мәдениетіңе деген бұндай қарым-қатынастың нәтижесі неге алып келетіні жайлы айтып та қажеті жоқ шығар. «Батыс, батыс» дегенге олардағының бәрі жаман деп ойлап қалмаңыздар. Керісінше, білім де, ғылым да, мәдениет те, даму да соларда. Мәселе, біздің «мәдениетін аламыз» деп, мәдениетсіздігіне ұмтылып жатқанымызда. Мұхтар Шаханов атамыз айтқандай: «Цивилизация каналына қосыламыз деп, канализация каналына қосылып кеттік.» Әйтпесе, бағандан бері сөз болған «Батыстан» үйренеріміз де көп. Бастысы, жақсы мен жаманын саралай білсек болғаны. Еліктеудің де естісі бар, есері бар… Жоғарыда айтылған сөздер жастарға қатыста болса да, түзетудің төркінін жоғарыдан бастау керек. Қазақша екі сөздің басын дұрыс қоса алмайтын билік өкілдері мен «Эщкере» деп ән салған «мәдениет өкілдерін» дұрыс жолға сала алмай, керісінше қошеметке бөлеп отырсақ, жастардан не сұрай аламыз?! Авторы: Советқан Гүлім «Тұран» университеті «Журналистика» мамандығының 3 курс студенті 1 SovetkhanGulim 0 2 Еліктеушілік салдары қандай болмақ?! 29 қыркүйек 2016, 23:07 Еліктеушілік салдары қандай болмақ?! Еліктеушілік (имитация; латын тілінен аударғанда imitatio — еліктеу) -басқалардың мінез құлқын өзіне сіңіру. Қазір барлық елдер мен мемлекеттер жаһандану жағдайында өмір сүруге бейімделуде. Анығырақ айтқанда жаһандану барысында Батыс мәдениеті құндылықтары басымдық көрсетуде. Бұл көрсеткіш жергілікті халықтың байырғы ұлттық құндылығының жоғалуына түрткі болады деген де қауіп бар. Батыстың білімі, ғылымы, технологиясы мен техникасы,әрине, керек-ақ, дегенмен де Батыстың мәдениеті еліктеушіліктің сипаты емес. Жастардың субмәдениеті- қоғамның әлсіз тұсы болып табылады. Атақты ұлтшыл Гитлер: "ұлтты жою үшін күш жұмсау қажет емес, тек сол елдің жастарына азғынды музыка тыңдату қажет", -деп айтқан екен. Әсіресе телевизияның жастарға тигізетін әсері мол. Қазіргі жастар-практик. Өсіп келе жатқан жасөспірім теледидардан тек жағымды ғана әдеттерді алмай, сонымен қатар теріс, бұрыс әдеттерді иемденіп, теледидардағы жын-ойнаққа қарап бейімделеді. Қазіргі таңда көпшіліктің дауына қалып отырған эстрадамыздағы, телевизия саласындағы батысқа еліктеуші танымал тұлғалар еліктеушіліктің айқын көрінісі, еліктеушілікке қарсы #посттардың себепшісі болып отыр,өкінішке орай. Абай атамыз «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» дегендей, үйренуді білмесек те жаманнан жиренуді білейік!
Қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бастамасымен өңірдің комплаенс-офицерлерінің коучингі ұйымдастырылды. Іс-шараға еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің жетекші практиктері, «Самұрық-Қазына» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «Қазпошта» АҚ Комплаенс қызметтерінің басшылары Дәурен Ақшалов, Дәурен Тулин, Тлек Исаков және «Қазатомөнеркәсіп» АҚ комплаенс қызметінің бас менеджері Малика Ерубаева, сондай-ақ әкім аппараты басшысының орынбасары Бағлан Асанбаев, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының қалалық филиалының басшысы Әділет Нысанбаев пен 200-ден астам жергілікті атқарушы органдар ұйымдарының комплаенс-офицерлері қатысты. Іс-шараның модераторы – Департаменттің Превенция басқармасының басшысы Алексей Колосков болды. Кездесу барысында спикерлер квазимемлекеттік сектор ұйымдарының жұмысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті енгізудің негізгі тәжірибелерін жеткізді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою жөніндегі жұмыстың ішкі процестері, сондай-ақ жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша қабылданып жатқан жүйелі шаралар түсіндірілді. Іс-шарада қатысушыларға халықты жұмыспен қамту орталығының комплаенс-офицері жұмысының нәтижелері таныстырылды. Сабыржан Қарабайұлы атаулы әлеуметтік көмек беру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша жүргізілген жұмыстар туралы хабарлады. «АӘК есептеу үшін негіз отбасының ай сайынғы табысы туралы мәліметтер болып табылады. Көбінесе, мемлекеттен ең жоғары төлемдерді алу үшін азаматтар жұмыс орнынан төмен кірістер көрсетілген жалған анықтамалар ұсынады. Осы анықтамаларды көрсетілетін қызметті алушылар 10 мыңнан 60 мың теңгеге дейін сатып алған» деп атап өтті С.Қарабайұлы. Сондай-ақ, Мемлекеттік басқару академиясының қалалық филиалының директоры А. Нысанбаев квазимемлекеттік секторға сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстерді оқыту және ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесін енгізуге мүмкіндік беретін ISO 37001 халықаралық стандартын енгізу жөніндегі нәтижелер мен жоспарлар туралы хабарлады. Әкім аппараты басшысының орынбасары Б. Асанбаев қала әкімдігі жобалық басқаруға толығымен бағытталғанын атап өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша үлгілік базалық бағытты енгізу толығымен автоматтандырылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз бетінше анықтау, жою және алдын алу жөніндегі жобалық міндеттер жауапты қызметкерлерге бекітіліп, олар үнемі бақылауда. Іс-шара соңында қатысушылардың сұрақтары мен ұсыныстарына түсіндірме беріліп, сондай-ақ ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді қызмет үшін үлгілік міндеттер қалыптастырылды.  Қатысты мақалалар Шымкент қаласының бас полицейіне 30-дан астам тұрғын өзекті сауалдармен жүгінді Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары анықталды Шымкент перзентханаларының деңгейі ауыстырылады Мектеп жиналысы өткізілді Түркістандық полицейлер Шымкент қаласында өткен «Грэпплинг» сайысынан жүлдемен оралды Түркістан облысы Жетісай ауданы полиция бөлімінде тәжірибелі тәртіп сақшылары марапатталды «Наурыз тал» акциясы аясында qr-код арқылы анықтама беретін ағаш көшеттері отырғызылды FACEBOOK-ке ЖАЗЫЛЫҢЫЗ Тынысы кеңейген Шымкент «Бақытты қалаға саяхат» конкурсын жеңген француз азаматы наурызда Шымкентке келеді Шымкентте шығарылған «шымкай» жиһаздары Қылмыстық іс бойынша үкім шықты Қазақстандық импорттаушылар үшін Ресей Федерациясынан аяқ киім әкелудің әдісі жеңілдетілді Үнпарақтар беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді Полиция қызметкерлері құқықтық кеңес берді 30 ноября, 2022 Тынысы кеңейген Шымкент Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі таратқан ресми деректерге сүйенер болсақ, еліміздегі үшінші мегаполис – Шымкент қаласындағы экологиялық сипаттағы проблемаларды шешіп, атмосфералық ауаның…
Кеңес заманында әскерден кейін оқуға түсе алмаған соң біраз уақыт Алматыда жұмыс істеген азамат адам сенгісіз жағдайды баяндады. Ол бұл әңгімені жатақханада бірге тұрған жолдасынан естіпті деп жазады "Алаш айнасы". Көрнекі фото: akikat01.com: Facebook "Шығыс Қазақстан облысының тумасы, бірге тұратын жігіт мынадай әңгіме айтты. Ол тұратын ауылда сексендерге келген кәрі орыс кемпір тұрыпты. Оны жұрт "мыстан" (ведьма) деп атап, аулақтау жүруге тырысады екен",- деп бастады ол әңгімесін. Сол кемпірге әскерден жаңа келген бір жас жігіт "ғашық" болып қалыпты. Кәдімгідей ақылдан айырылған әлгі жігіт кемпірдің қыр соңынан қалмайтын болған. Олардың "махаббатына" намыстанған жігіттің туыстары жігітті күштеп кемпірдің үйінен алып та кетіпті. Бірақ, не сиқыры барын кім білсін, әлгі тепсе темір үзетін өрімдей жігіт бет-аузы қырыс-тырыс, селкілдеген кемпірсіз тұра алмайтын күйге жеткен екен. "Кемпірді жігіттің туыстары айыптап, тіл тигізіп жаман сөздер де айтыпты. Соған ызаланған ол "мен емес, балаларыңның өзі қыр соңымнан қалмайтын, мықты болсаңдар соны тиып алыңдар" дейді. Сөйтіп кемпір жігітті жұрт көзінше балағаттап, келме деп қуып шығады. Бірақ, ақылынан айрылған әлгі кемпірдің қыр соңынан қалмай, "сенсіз маған өмір жоқ, үйленемін" деп жалынады. Ақыры туыстарын тыңдамаған жігіт кемпірдің қолына кіріп, үйленіп алады. Мынаған намыстанған туыстары онымен араласуды қояды",- деп баяндады азамат. Атеистік түсінік үстемдік еткен сол кезде ауыл тұрғындары бүл оқиғаның астарында сиқыр жатқанын айтып жүрген екен. Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1826683-sensiz-mir-zok-80-zastagy-kempirge-gasyk-bolgan-zigit-tuystarymen-aralaspaj-ketti/ Автор: Ұлжан Ибраим Матч-центр Кеңейту Открываются комментарии Все комментарии: {{totalCommentCount}} {{list}} Перейти к обсуждению {{formattedDate}} {{body}} Бірінші болып пікір қалдыру Жарнама берушілерге Біз туралы Жоба жайында NUR.KZ туралы басқа медиадағы жарияланымдар Біз қалай жұмыс істейміз NUR.KZ жаңалықтар қызметінің жұмыс істеу қағидалары Жаңалықтар мұрағаты Пайдалану шарттары Материалдарды пайдалану ережелері Қолдану шарттары Құпиялылық саясаты NUR.KZ сайтында пікір қалдыру ережелері Редакция editor@corp.nur.kz Бас кеңсе +7 (727) 339 80 38 Біз әлеуметтік желілердеміз Nur.kz мобильді қосымшасы Біздің қағидаттар YouTube MCN © NUR.KZ 2009-2022 2016 жылдың 6 мамырындағы № 15988-АА куәлігі Барлық құқықтар қорғалған Біз Cookie файлдарын қолданамыз Олар сайтты сізге ыңғайлы етіп баптауға - қызықты мақалаларды ұсынып, пайдалы жарнаманы көрсетуге көмектеседі.
Тақырып « кәсіпорын қызметінің нәтижелігін талдау және бағалау» деп аталады. Бірінші , яғни негізгі бөлімде кәсіпорынның қызметінің нәтижелігі оның қаржылық жағдайымен теңестіріліп, сол бойынша талқыладым. Екінші бөлімде «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясын мысалға ала отырып оның қаржылық жағдайына және оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің тиімді жолдарына жолдарына талдау жасадым. В.М. Радионова мен М.А. Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы "қаржы ресурстарының калаптасуымен, таратылуы және пайдалануымен көрсетіледі" деп жазады. Кәсіпорынның қызметінің нәтижесі оның қаржылық жағдайынан көрініс табады, яғни қаржылық жағдайының тұрақты және жақсы болуы, оның қызметінің тиімді іске асырылып, дұрыс жұмыс жасап жатқанын көрсетеді. Кәсіпорынның қарыздарын уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады. Бухгалтерлік баланс қаржылық есептің негізгі түрі бола отырып, ол есепті кезеңдегі кәсіпорын мүлкінің құрамы мен кұрылымын, ағымдағы активтердің айналымдылығы мен өтімділігін, меншікті капитал мен міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамикасы мен жағдайын және кәсіпорынның несие қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз контрагенттерімен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар, акционерлер және тағы басқалар) өзара қарым-қатынасы үлкен әсер етеді. Сондықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу - жақсы қаржылық жағдайдың бірден-бір шарты болып табылады. Яғни ұйымдық қызметте әрбір қатысушының қажеттіліктерін қанағаттандыра білу қажет. Қолданылған әдебиеттер тізімі: 1. Оразбекұлы Б. Бухгалтерлік есеп және аудит негіздері: оқу құралы [Мәтін] : оқулык/ Б. Оразбекұлы.- Алматы : Экономика, 2011.- 409 б. 2. Абленов Д. Основы аудита [Текст] : учебная/ Д. Абленов, 2008. 3. Абленов Д.О. Қаржылық аудит және талдау: оқу құралы [Мәтін] : оқулык/ Д.О. Абленов.- Алматы : Экономика, 2010.- 528 б.- (Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-дің осы заманғы оқу басылымдары). 4. Нурсеитов Э.О. Аудит: краткое руководство [Текст] : учебная/ Э.О. Нурсеитов.- Алматы : "Издательство LEM", 2011.- 236 c. 5. Нурсеитов Э.О. Аудит: краткое руководство [Текст] : учебная/ Э.О. Нурсеитов.- Алматы : "Издательство LEM", 2011.- 236 c. 6. Сборник бухгалтерских проводок [Текст] : прочая.- Алматы, 2009.- 164 c. 7. Қазақстан Респбликасының «Аудиторлық қызмет туралы» Заңы, 1998ж., 20 қараша (өзгертулер мен толықтырулар). 8. ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңы 20.11.98ж. 9. ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңына өзерістер енгізу туралы 15.01.2001. 10. Казахстанские стандарты по аудиту Алматы Қаржы қаражат 1995ж.. Пән: Экономика Жұмыс түрі: Реферат Тегін: Антиплагиат Көлемі: 8 бет Таңдаулыға: Бұл жұмысты терминал арқылы сатып алуға болады немесе Telegram арқылы. ТАҚЫРЫБЫ: Кәсіпорын қызметінің нәтижелігін талдау және бағалау Мазмұны Кіріспе І. Кәсіпорын қызметінің нәтижижелігін арттыру жолдары ІІ. Кәсіпорын қызметінің нәтижелігін талдау Қорытынды Қолданылған әдебиеттер тізімі Кіріспе Тақырып кәсіпорын қызметінің нәтижелігін талдау және бағалау деп аталады. Бірінші , яғни негізгі бөлімде кәсіпорынның қызметінің нәтижелігі оның қаржылық жағдайымен теңестіріліп, сол бойынша талқыладым. Екінші бөлімде Халлибуртон Интернэшнл Инк. компаниясын мысалға ала отырып оның қаржылық жағдайына және оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің тиімді жолдарына жолдарына талдау жасадым. В.М. Радионова мен М.А. Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы "қаржы ресурстарының калаптасуымен, таратылуы және пайдалануымен көрсетіледі" деп жазады. Кәсіпорынның қызметінің нәтижесі оның қаржылық жағдайынан көрініс табады, яғни қаржылық жағдайының тұрақты және жақсы болуы, оның қызметінің тиімді іске асырылып, дұрыс жұмыс жасап жатқанын көрсетеді. Кәсіпорынның қарыздарын уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады. Бухгалтерлік баланс қаржылық есептің негізгі түрі бола отырып, ол есепті кезеңдегі кәсіпорын мүлкінің құрамы мен кұрылымын, ағымдағы активтердің айналымдылығы мен өтімділігін, меншікті капитал мен міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамикасы мен жағдайын және кәсіпорынның несие қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз контрагенттерімен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар, акционерлер және тағы басқалар) өзара қарым-қатынасы үлкен әсер етеді. Сондықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу - жақсы қаржылық жағдайдың бірден-бір шарты болып табылады. Яғни ұйымдық қызметте әрбір қатысушының қажеттіліктерін қанағаттандыра білу қажет. І. Кәсіпорын қызметінің нәтижижелігін арттыру жолдары Кәсіпорынның қызметінің нәтижесі оның қаржылық жағдайынан көрініс табады. Кәсіпорынның қарыздарын уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді. В.М. Радионова мен М.А. Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы "қаржы ресурстарының калаптасуымен, таратылуы және пайдалануымен көрсетіледі" деп жазады. Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді. Ал кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы нені білдіреді? Бұл сұрақ та арнайы оқулықтарда түрліше түсіндіріледі. Бір авторлар қаржылық тұрақтылықты "өз қаражаттарын шебер пайдалану қабілеттілігі, жұмыс процессінде үздіксіздігін қамтамасыз ететін қаржының жеткілікті болуы" деп түсіндіреді. Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз контрагенттерімен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар, акционерлер және тағы басқалар) өзара қарым-қатынасы үлкен әсер етеді. Сондықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу - жақсы қаржылық жағдайдың бірден-бір шарты болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады. Бухгалтерлік баланс қаржылық есептің негізгі түрі бола отырып, ол есепті кезеңдегі кәсіпорын мүлкінің құрамы мен кұрылымын, ағымдағы активтердің айналымдылығы мен өтімділігін, меншікті капитал мен міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамикасы мен жағдайын және кәсіпорынның несие қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді. 1997 жылға дейін бухгалтерлік баланс екі бөліктен: актив және пассивтен тұратын кесте түрінде құрылып келді. Активтер дегеніміз бұл кәсіпорын нені иеленеді және ол нені алуға тиіс, соны көрсетеді (немесе активтер - бұл кәсіпорынның иелігіндегі және алуға тиісті мүлкі); пассивтер - бұл кәсіпорынның өзінің біреуге берешек қарызы немесе борышы. Активтер сомасы әрқашан да пассивтер сомасына тең болуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттырудың ең бір маңызды жолы - өзіндік құнды азайту болып табылады. Өнімнің өзіндік құнын төмендетудің бірден бір жолы - өндірілетін өнімнің көлемін арттыру болып табылады, өйткені бұл жағдайда өнім бірлігіне келетін тұрақты шығындардың мөлшері азаяды. ІІ. Кәсіпорын қызметінің нәтижелігін талдау Талдау объектісі ретінде Халлибуртон Интернэшнл Инк. компаниясы алынды. Халлибуртон Интернэшнл Инк. компаниясының қаржылық жағдайын талдау. Халлибуртон Интернэшнл Инк. компаниясы 1919 жылы құрылған. Оның негізгі қызметі мұнай өндірісі, құрылысы, мұнай газ өңдіру скаважиналарын жөңдеу және іске қосуға қажетті құрал жабдықтарды жасау және жабдықтау-мен айналысу болып табылады. Кәсіпорынның әлемнің 120 мемлекетінде бөлімшелері бар, солардың қатарында Қазақстан да бар. Қазақстандағы кәсіпорынның бөлімшесі Каспий-дегі мұнай жобаларын әзірлеумен айналысады. Кесте-1 Халлибуртон Интернэшнл Инк. компаниясының баланс активтерінің құрамы мен құрылуы. Активтер Сомасы, мың тг. Құрылымы, % Өзгеріс (+ ; -) Жыл бас Жыл соң Жыл бас Жыл соң Мың тг. Үлес салм, % Негізгі құралдар 147 795 210 260 40,03 58.44 +62 465 +42,26 Аяқталмаған өнд. 45 300 17 280 12,27 4,80 -28 020 -61,85 Ұз.мерз.қарж.салым. 18 590 18 590 5.03 5.17 0 0 Алдағы кез.шығ. 395 655 0,11 0,18 +260 +65,82 Жиыны 212 080 246 785 57.44 68,60 +34 705 +16,36 Тауарлы-мат.қорлар 57 780 53 600 15,65 14,90 -4 180 -7,23 Дебит. борыш 91 595 47 525 24,81 13,21 -44 070 -48,11 Қысқа мерзімді қаржылық салым 0 670 0,00 0,19 +670 ... жалғасы Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз. Ұқсас жұмыстар Пәннің оқу-әдістемелік кешені Бизнесті моделдеу туралы ақпарат САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІН КӘСІПОРЫНҒА ЕНГІЗУ Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Бизнесті моделдеу» Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық қызметінің нәтижелігін талдау ( Фирма СейНур ЖШС-гі мысалында) Шаруашылық қызметті талдау Экономикалық қаржыны басқару 2009 Сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау Елдің мемлекеттік құрылымы мен ұлттық процестердің өзара байланысы туралы ашып көрсету Бизнес – жоспарлаудың мәні мен мазмұны лекция Мұнайгаз саласындағы басқару негізіндегі теориялық аспектілер Пәндер Іс жүргізу Автоматтандыру, Техника Алғашқы әскери дайындық Астрономия Ауыл шаруашылығы Банк ісі Бизнесті бағалау Биология Бухгалтерлік іс Валеология Ветеринария География Геология, Геофизика, Геодезия Дін Ет, сүт, шарап өнімдері Жалпы тарих Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік Журналистика Информатика Кеден ісі Маркетинг Математика, Геометрия Медицина Мемлекеттік басқару Менеджмент Мұнай, Газ Мұрағат ісі Мәдениеттану ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности) Педагогика Полиграфия Психология Салық Саясаттану Сақтандыру Сертификаттау, стандарттау Социология, Демография Спорт Статистика Тілтану, Филология Тарихи тұлғалар Тау-кен ісі Транспорт Туризм Физика Философия Халықаралық қатынастар Химия Экология, Қоршаған ортаны қорғау Экономика Экономикалық география Электротехника Қазақстан тарихы Қаржы Құрылыс Құқық, Криминалистика Әдебиет Өнер, музыка Өнеркәсіп, Өндіріс Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Жас кезімде қызуқандылау болсам керек, біреумен сөзге келіп қалсам әкем «Неге сотқарсың, балам?» деп реніш білдіретін еді. Ондайда өзіме кір жуытпай, бар кінәні басқаға бұратын бірбеткейлігім тағы бар. Әкем бірде мені қасына шақырып алып: Қашан көрсем біреумен керілдесіп, ұрсасың да жүресің, — деп кінәлай бастады. Ондайда сөзге дес беретін мен бе, дереу ақтала бастадым. Сонда әкем: Сен сонда судан таза, сүттен ақ боласың да, жұрттың балдары жаман екен да, — деді. Оған да ойланбастан: Иә, — деп жауап бердім. Әкем: Ойланыңқырап жауап берсейші, — деп басын шайқап қойды. Сол кезде неге бас шайқағанын енді түсінгендеймін. Міне, бүгін шашымызға қырау түсіп, алпысты алқымдап отырмыз. Әкемнің көзін көрген Шәймерден ақсақалдың үйіне жиі барып, өткен-кеткенді еске алып отыратынымыз бар. Бір тағы бір барғанымда . Екеуара ұзақ әңгіме болды. Арасында әкемнің маған жиі қоятын «Сен сүттен ақ, судан тазасың ба?» деген сауалы еске түсті. Ешкімге қиянаты жоқ Шәймерден аға да өзін сүттен ақ, судан тазамын деп есептейді ме екен деген ой сап ете қалды. Аға, — дедім Шәкеңе сынай қарап, — сізге бір сауал қойсам бола ма? Болады, шаман келгенше жауап беріп көрейін, — деді. Біз білгелі намаз оқисыз. Біреуге тіл тигізгеніңізді де көрген емеспін. Айтыңызшы, сіз өзіңізді судан таза, сүттен ақпын деп есептейсіз бе? — дедім. Ол кісі ойланыңқырап отырды да: Әй, Намазжан-ай. Күнәсіз пенде бола ма? Бәріміздің де кінәміз бар. Айыпсыз – бір Алла ғана! Жұмыр жер басып жүрген адам жаңылмай тұрмайды. Оны қалай сүттен ақ, судан таза дейміз? — деп жауап берді. Ойланып қалдым. Әкем маған осы сауалды қойғанда ақталып бағатын едім. «Ойланыңқырап жауап берсейші» дегенін де енді түсінгендеймін. Ақ, адал болса аузынан Алласын тастамайтын, бес уақыт намазын қаза етпейтін Шәймерден ақ шығар деп ойлайтынмын. Ол кісінің жауабы жаңағыдай. Шынында да біреуді жамандаған жері жоқ. Балаларына да жақсы тәрбие берді. Екі баласы діни білім алып, имамдық етсе, тағы бір баласы әке жолын қуып көлік жүргізуші болды. Үш қызының екеуі жеке кәсіпкерлікпен айналысса, бір қызы – мұғалім. Балаларының қай-қайсысы да өз арбаларын өзі сүйреп, әр салада жемісті жұмыс істеп жүр. Өзі ғана емес, балалары да елдің алғысына бөленіп жүріп өзін сүттен ақ, судан тазамын дей алмаса, біреудің артынан ғайбат айтып, сыртынан жамандап жүретіндер не дер екен? Намазбай ҚАНДӘУЛЕТОВ, Шұбарсу ауылы. Бөлісу Facebook WhatsApp VK Алдыңғы мақалаТҮРКІСТАНДА АНА МЕН БАЛА ДӘРІГЕРІН ДАЯРЛАЙТЫН ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ Келесі мақалаТІЛАШАР БІЗДЕ ҚАЛАЙ БАСТАЛДЫ? Болат Шарип ҰҚСАС МАҚАЛАЛАРАвтордан көбірек Әдебиет ҒАЛАМ АҚЫНЫ МҰХТАР ШАХАНОВ ЖЫРСҮЙЕР ҚАУЫММЕН КЕЗДЕСТІ Әдебиет АМЕРИКАНЫ АШҚАН АҚЫНДАР Әдебиет Қабдеш Жұмаділов: «Кітаптағы кейіпкерім өлгенде өзім де жыладым» Көп қаралған Әншілердің «тыққан-пыққаны» таусылған ба? 24.07.2020 Бас прокуратура: Алматы облысында «Үтік басып, азаптау» ісі бойынша 25 адам... 21.06.2022 Димаш кезекті бейнебаянның үзіндісін жариялады (видео) 21.03.2019 Назарбаевтан мұраға қалған партияны бұдан былай Қошанов басқарады 26.04.2022 Оқи отырыңыз Қазақстан Тоқаевқа ел бюджетін «еміп отырған» кіл «замәкімдер» мен вице-министрлерді қысқарту ұсынылды Қазақстан Қаржы пирамидалары әлеуметтік желіге көшті. Оларды қалай анықтауға болады? Спорт ФУТБОЛДАН ҚЫЗДАР ЛИГАСЫНДА ШЫМКЕНТТІК СТУДЕНТТЕР ТОП ЖАРДЫ Шымкент Шымкентте әкімдік департаментінің басшысы тергеліп жатыр Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2020 жылы 9 ақпанда тіркеліп, № KZ27VPY00032232 куәлігі берілген. Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Әбдіразақов көшесі,3-90. Тел.: +7 778 115 1525 "Ардақ" ақпараттық агенттігі Бізбен хабарласыңыз: ardak.gazeta@mail.ru ZERO.KZ Көпті қызықтырған Үлкенге құрметтің арқасында көл дауы қалай шешілді? 30.03.2019 Шымкент қаласына арналған 2019 жылғы ораза және намаз кестесі 16.04.2019 Шымкент әкімі жастарға: Instagram-да отырғанша жұмыс істеңдер 15.12.2018 Yandex Metrika Көпті қызықтырған Шымкент1955 Қазақстан1532 Түркістан облысы894 Соңғы жаңалықтар436 Спорт334 Әлем291 Шоу-бизнес93 Денсаулық57 Әдебиет40 '); var formated_str = arr_splits[i].replace(/\surl\(\'(?!data\:)/gi, function regex_function(str) { return ' url(\'' + dir_path + '/' + str.replace(/url\(\'/gi, '').replace(/^\s+|\s+$/gm,''); }); splited_css += ""; } var td_theme_css = jQuery('link#td-theme-css'); if (td_theme_css.length) { td_theme_css.after(splited_css); } } }); } })();